Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының кейбір қаулыларына қаржы ұйымдарының мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2026 жылғы 2 қазандағы № 139 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 6 қазанда № 40099 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз.

      Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының қаржы ұйымдарының мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін қаулыларының тізбесі (бұдан әрі - Тізбе) бекітілсін.

      2. Банктерді реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы 2026 жылғы 21 қазаннан бастап қолданысқа енгізілетін Тізбеге 1-қосымшаны қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және дамыту
Агенттігінің Төрағасы
М. Абылкасымова

  Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
  дамыту Агенттігінің
Басқармасының
2026 жылғы 2 қазандағы
№ 139 қаулысымен
бекітілді

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының қаржы ұйымдарының мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін қаулыларының тізбесі

      1. "Кредиттік бюро қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат және кредиттік тарихтардың деректер базасын, пайдаланылатын ақпараттық жүйелерді қорғау және олардың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі кредиттік бюроға және үй-жайларға қойылатын талаптарға кредиттік бюроның сәйкестігі туралы актіні беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 30 наурыздағы № 32 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20239 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Кредиттік бюро қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат және кредиттік тарихтардың дерекқорын, пайдаланылатын цифрлық жүйелерді қорғау және олардың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі кредиттік бюроға және үй-жайларға қойылатын талаптарға кредиттік бюроның сәйкестігі туралы актіні беру шарттары мен қағидаларын бекіту туралы";

      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 4) тармақшасына және "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына, "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 2-тармағына сәйкес Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Кредиттік бюро қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат және кредиттік тарихтардың дерекқорын, пайдаланылатын цифрлық жүйелерді қорғау және олардың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі кредиттік бюроға және үй-жайларға қойылатын талаптарға кредиттік бюроның сәйкестігі туралы актіні беру шарттары мен қағидалары бекітілсін.";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Кредиттік бюро қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат және кредиттік тарихтардың деректер базасын, пайдаланылатын ақпараттық жүйелерді қорғау және олардың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі кредиттік бюроға және үй-жайларға қойылатын талаптарға кредиттік бюроның сәйкестігі туралы актіні беру қағидалары Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының қаржы ұйымдарының мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметін реттеу мәселелері жөніндегі қаулыларының тізбесіне (бұдан әрі – Тізбе) 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру қағидаларын, сондай-ақ микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға уәкілетті органның рұқсатын беру үшін қажетті құжаттар тізбесін, микроқаржы ұйымын банкке айналдыруға уәкілетті органның рұқсатын алуға арналған өтініштің, рұқсаттың нысандарын және мәліметтердің нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2022 жылғы 22 қарашадағы № 93 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30714 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру қағидаларын, сондай-ақ микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға уәкілетті органның рұқсатын беру үшін қажетті құжаттар тізбесі, микроқаржы ұйымын банкке айналдыруға уәкілетті органның рұқсатын алуға арналған өтініштің, рұқсаттың нысандары және мәліметтердің нысандары Тізбеге 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      көрсетілген қаулымен бекітілген Микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға уәкілетті органның рұқсатын беру үшін қажетті құжаттардың тізбесі Тізбеге 3-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      көрсетілген қаулымен бекітілген микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат алуға арналған өтініш нысаны Тізбеге 4-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      көрсетілген қаулымен бекітілген микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат нысаны Тізбеге 5-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      көрсетілген қаулымен бекітілген микроқаржы ұйымының акцияларын кемінде 10 (он) пайыз мөлшерінде иеленетін акционер - жеке тұлға туралы мәліметтер нысаны Тізбеге 6-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      көрсетілген қаулымен бекітілген микроқаржы ұйымының акцияларын кемінде 10 (он) пайыз мөлшерінде иеленетін акционер - заңды тұлға туралы мәліметтер нысаны Тізбеге 7-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      3. "Банктік және микроқаржы активтерін сататын электрондық сауда алаңы операторының қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат беру шарттары мен қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2024 жылғы 31 шiлдедегi № 47 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34857 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Банктік және микроқаржы активтерін сататын электрондық сауда алаңы операторының қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат беру шарттары мен қағидаларында:

      5, 6, 7, 8, 9, 10, 11 және 12-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Уәкілетті органның хат-хабарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті қызметкері өтініш, құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдауды, тіркеуді және оператордың қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат беруге жауапты бөлімшеге (бұдан әрі - жауапты бөлімше) орындауға жіберуді жүзеге асырады. Өтініш уәкілетті органның жұмыс уақыты аяқталғанға дейін екі сағат бұрын келіп түссе, онда мерзімі келесі жұмыс күнінен басталады. Өтініш жұмыс күні аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының Еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес демалыс және мереке күндері келіп түскен кезде өтініштерді қабылдау және тіркеу келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      6. Жауапты бөлімшенің қызметкері құжаттар келіп түскеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Өтініш беруші ұсынған өтініште және (немесе) құжаттарда қателер немесе дәлсіздіктер анықталған, олар нысаны мен мазмұны бойынша талаптарға сәйкес келмеген, өтініш беруші Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайларда, уәкілетті орган өтінішті цифрлық күту парағы арқылы қабылдайды.

      Осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген негіз бойынша өтініш беруші ұсынған құжаттар (оның ішінде түпнұсқалары) өтінішті және (немесе) құжаттарды портал арқылы беру жағдайларын қоспағанда, уәкілетті органның оларды сақтауға қабылдауынсыз өтініш берушіге қайтарылуға жатады.

      Бұл ретте өтініш берушіге анықталған кемшіліктерді жою үшін ақылға қонымды мерзім белгіленеді, ол Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 5-тармағында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетудің жалпы мерзіміне енгізілмейді және одан аспауға тиіс.

      Кемшіліктер жойылған жағдайда өтініш беруші бастапқы жүгінген күн мемлекеттік қызметті алуға өтінішті және (немесе) құжаттарды қабылдаған күн болып есептеледі.

      Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің өтуі анықталған кемшіліктер жойылған сәттен бастап жаңартылады.

      Анықталған кемшіліктер белгіленген мерзімде жойылмаған жағдайда уәкілетті орган өтініш пен құжаттарды қабылдаудан бас тартады.

      7. Өтініш беруші ұсынған құжаттардың толықтығы фактісі анықталғаннан кейін немесе уәкілетті орган мемлекеттік қызмет көрсету процесін қалпына келтіру туралы шешім шығарғаннан кейін жауапты бөлімше 15 (он бес) жұмыс күні ішінде құжаттарды Мемлекеттік реттеу туралы заңға сәйкестігі тұрғысынан қарайды және өтініш беруші ұсынған құжаттарды Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша банктік және микроқаржы активтерін сататын электрондық сауда алаңының жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін электрондық сауда алаңының операторына қойылатын талаптарға өтініш берушінің сәйкестігі туралы актіні (бұдан әрі – сәйкестік туралы акт) алу үшін уәкілетті органның комиссиясына (бұдан әрі – Комиссия) жібереді.

      8. Уәкілетті орган өтініш беруші берген өтініште және (немесе) құжаттарда қателер немесе дәлсіздіктер анықталған, олар нысаны мен мазмұны бойынша талаптарға сәйкес келмеген, Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда мемлекеттік қызмет көрсету процесін тоқтата тұруға міндетті.

      Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін тоқтата тұру уәкілетті орган өтініш берушіге пошта, факсимильді байланыс, электрондық пошта, электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы және (немесе) портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету процесін тоқтата тұру туралы хабарлама жіберген күннен басталады. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің өтуі уәкілетті орган мемлекеттік қызмет көрсету процесін қайта бастау туралы шешім шығарған күннен бастап қайта басталады.

      9. Қағидалардың 8-тармағының бірінші бөлігінде көзделген негіз бойынша мемлекеттік қызмет көрсету процесін тоқтата тұрған жағдайда, өтініш беруші ұсынған құжаттар (оның ішінде түпнұсқалары) өтінішті және (немесе) құжаттарды портал арқылы беру жағдайларын қоспағанда, уәкілетті органның оларды сақтауға қабылдауынсыз өтініш берушіге қайтарылуға жатады.

      Құжаттарды қайта ұсынуды өтініш беруші тоқтата тұру мерзімі шегінде анықталған кемшіліктерді жойғаннан кейін жүзеге асырады.

      Қағидалардың 8-тармағының бірінші бөлігінде көзделген жағдайда - анықталған кемшіліктер көрсетілетін қызметті беруші белгілеген ақылға қонымды мерзімде жойылғанға дейін мемлекеттік қызмет көрсету процесі тоқтатыла тұрады.

      Осы тармақтың үшінші бөлігінде көзделген тоқтата тұру мерзімі Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 5-тармағында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетудің жалпы мерзімінен аспауға тиіс.

      10. Уәкілетті орган өтініш берушінің өтінішхаты бойынша немесе өз бастамасы бойынша одан әрі қызмет көрсету процесіне уақытша кедергі келтіретін еңсерілмейтін күш әрекет еткен жағдайларда мемлекеттік қызмет көрсету процесін тоқтата тұруға құқылы. Мемлекеттік қызмет көрсетудің келешектегі процесіне уақытша кедергі келтіретін еңсерілмейтін күштің іс-қимылдары төтенше жағдай енгізу, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай қатері немесе туындауы деп түсініледі.

      11. Комиссия 40 (қырық) жұмыс күні ішінде өтініш берушіні тексеруді, сәйкестік туралы актіні дайындауды және оған қол қоюды жүзеге асырады.

      Сәйкестiк туралы актiнi Комиссия жасайды және тексерiлетiн өтiнiш берушiнiң өкiлiне қол қоюға жiбередi. Егер Комиссия мүшесі қабылданған шешіммен келіспесе және сәйкестік туралы актіге қол қоймаса, онда ол Комиссияға өзінің бас тарту себептері туралы ақпаратты жазбаша нысанда ұсынады, ол сәйкестік туралы актіге қоса беріледі.

      Сәйкестік туралы акт Комиссия мүшелерінің үштен екісінің қолы болған кезде жасалған болып есептеледі.

      5 (бес) жұмыс күні ішінде өтініш берушіден қол қойылған сәйкестік туралы актіні алмаған жағдайда, актіні алмау фактісі туралы тиісті белгі қойылады және Қағидалардың 12-тармағына сәйкес шешім қабылданады.

      12. Комиссияның өтініш беруші ұсынған құжаттарды қарау нәтижелері бойынша жауапты бөлімше Комиссия сәйкестік туралы актіні ұсынғаннан кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде оператордың қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсаттың жобасын не оператордың қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат беруден бас тартуды дайындайды және уәкілетті органның уәкілетті тұлғасына қарауға жібереді. Уәкілетті органның уәкілетті тұлғасы оператор қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат жобасына не оператор қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат беруден бас тартуға қол қояды.

      Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартқан кезде өтініш берушімен тыңдау жүргізілмейді.";

      1-қосымша Тізбеге 8-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      4-қосымша Тізбеге 9-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      4. "Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға лицензия беру қағидаларын, Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың банк операцияларын жүргізу үшін біліктілік талаптарын, сондай-ақ көрсетілген біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2026 жылғы 31 наурыздағы № 29 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 38308 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға лицензия беру қағидаларында:

      7 және 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Көрсетілетін қызметті берушінің хат-хабарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті қызметкері банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыруға арналған лицензия беру туралы өтініш түскен күні оны қабылдауды, тіркеуді және орындау үшін мемлекеттік қызметті көрсету үшін жауапты бөлімшеге (бұдан әрі – жауапты бөлімше) жіберуді жүзеге асырады. Егер өтініш көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс күні аяқталғанға дейін екі сағат бұрын келіп түссе, онда мерзімі келесі жұмыс күнінен басталады. Көрсетілетін қызметті алушының өтініші жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Мерекелер туралы заң) сәйкес демалыс және мереке күндері келіп түскен кезде өтініштерді қабылдау келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      Жауапты бөлімшенің қызметкері банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыруға арналған лицензия беру туралы өтініш тіркелген күннен кейінгі 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы берген өтініште және (немесе) құжаттарда қателер немесе дәлсіздіктер анықталған, олардың нысаны мен мазмұны бойынша талаптарға сәйкес келмеген, көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті цифрлық күту парағы арқылы қабылдайды.

      Портал арқылы өтініш және (немесе) құжаттар беру жағдайларын қоспағанда, осы тармақтың үшінші бөлігінде көзделген негіз бойынша көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттар (оның ішінде түпнұсқалары) көрсетілетін қызметті берушінің оларды сақтауға қабылдауынсыз көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылуға жатады.

      Бұл ретте көрсетілетін қызметті алушыға анықталған кемшіліктерді жою үшін ақылға қонымды мерзім белгіленеді, ол Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 5-тармағында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетудің жалпы мерзіміне енгізілмейді және одан аспауға тиіс.

      Кемшіліктер жойылған жағдайда көрсетілетін қызметті алушы бастапқы жүгінген күн мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтінішті және (немесе) құжаттарды қабылдаған күн болып есептеледі.

      Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің өтуі анықталған кемшіліктер жойылған сәттен бастап жаңартылады.

      Анықталған кемшіліктер белгіленген мерзімде жойылмаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтініш пен құжаттарды қабылдаудан бас тартады.

      8. Ұсынылған құжаттардың толықтығы және (немесе) қолданылу мерзімінің аяқталмау фактісі анықталған кезде жауапты бөлімшенің қызметкері мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі ішінде оларды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан қарайды.

      Көрсетілетін қызметті алушы берген өтініште және (немесе) құжаттарда қателер немесе дәлсіздіктер анықталған, олардың нысаны мен мазмұны бойынша талаптарға сәйкес келмеген, Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне сәйкес құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету процесін тоқтата тұруға міндетті.

      Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін тоқтата тұру көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушыға пошта, факсимильді байланыс, электрондық пошта, электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы және (немесе) портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету процесін тоқтата тұру туралы хабарлама жіберген күнінен басталады. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің өтуі көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету процесін қайта бастау туралы шешім шығарған күннен бастап қайта басталады.

      Осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген негіз бойынша мемлекеттік қызмет көрсету процесі тоқтатыла тұрған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттар (оның ішінде түпнұсқалары) өтінішті және (немесе) құжаттарды портал арқылы беру жағдайларын қоспағанда, көрсетілетін қызметті берушінің оларды сақтауға қабылдауынсыз көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылуға жатады.

      Құжаттарды қайта ұсынуды көрсетілетін қызметті алушы тоқтата тұру мерзімі шегінде анықталған кемшіліктерді жойғаннан кейін жүзеге асырады.

      Осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген жағдайда мемлекеттік қызмет көрсету процесі көрсетілетін қызметті беруші белгілеген ақылға қонымды мерзімде анықталған кемшіліктер жойылғанға дейін тоқтатыла тұрады.

      Осы тармақтың алтыншы бөлігінде көзделген тоқтата тұру мерзімі Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 5-тармағында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетудің жалпы мерзімінен аспауға тиіс.

      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының өтінішхаты бойынша немесе өз бастамасы бойынша одан әрі қызмет көрсету процесіне уақытша кедергі келтіретін еңсерілмейтін күш әрекет еткен жағдайларда мемлекеттік қызмет көрсету процесін тоқтата тұруға құқылы. Мемлекеттік қызмет көрсетудің кейінгі процесіне уақытша кедергі келтіретін еңсерілмейтін күштің іс-қимылдары деп төтенше жағдай енгізу, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай қатері немесе туындауы түсініледі.

      Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартқан кезде көрсетілетін қызметті алушымен тыңдау жүргізілмейді.

      Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды қарау нәтижелері бойынша жауапты бөлімше банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыруға лицензия беру туралы бұйрықтың жобасын не лицензия беруден дәлелді бас тарту жобасын дайындайды және уәкілетті тұлғаның қарауына жібереді. Көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасы Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 11-тармағында көзделген негіздер бойынша банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыруға лицензия беру не банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыруға лицензия беруден дәлелді бас тарту туралы бұйрыққа қол қояды.

      Жауапты бөлімшенің қызметкері көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасы тиісті шешім қабылдаған күннен кейінгі 3 (үш) жұмыс күні ішінде (мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі шегінде), көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы көрсетілетін қызметті алушыға банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыруға лицензияны қоса бере отырып, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыруға лицензия беру не банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыруға лицензия беруден дәлелді бас тарту туралы хабарлама жібереді.

      Порталда лицензияның электрондық көшірмесін қоса бере отырып, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыруға лицензия беру туралы хабарлама не банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыруға лицензия беруден дәлелді бас тарту көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.";

      11 және 12-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Хат-хабарларды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыруға лицензияны қайта ресімдеу туралы өтініш келіп түскен күні оны қабылдауды, тіркеуді және жауапты бөлімшеге орындауға жіберуді жүзеге асырады. Егер өтініш көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс күні аяқталғанға дейін екі сағат бұрын келіп түссе, онда мерзім келесі жұмыс күнінен басталады. Көрсетілетін қызметті алушының өтініші жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және мерекелер туралы заңға сәйкес демалыс және мереке күндері келіп түскен кезде өтініштерді қабылдау келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      Жауапты бөлімшенің қызметкері банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыруға арналған лицензияны қайта ресімдеу туралы өтініш тіркелген күннен кейінгі 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы берген өтініште және (немесе) құжаттарда қателер немесе дәлсіздіктер анықталған, олардың нысаны мен мазмұны бойынша талаптарға сәйкес келмеген, көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті цифрлық күту парағы арқылы қабылдайды.

      Портал арқылы өтініш және (немесе) құжаттар беру жағдайларын қоспағанда, осы тармақтың үшінші бөлігінде көзделген негіз бойынша көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттар (оның ішінде түпнұсқалары) көрсетілетін қызметті берушінің оларды сақтауға қабылдауынсыз көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылуға жатады.

      Бұл ретте көрсетілетін қызметті алушыға анықталған кемшіліктерді жою үшін ақылға қонымды мерзім белгіленеді, ол Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 5-тармағында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетудің жалпы мерзіміне енгізілмейді және одан аспауға тиіс.

      Кемшіліктер жойылған жағдайда көрсетілетін қызметті алушы бастапқы жүгінген күн мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтінішті және (немесе) құжаттарды қабылдаған күн болып есептеледі.

      Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің өтуі анықталған кемшіліктер жойылған сәттен бастап жаңартылады.

      Анықталған кемшіліктер белгіленген мерзімде жойылмаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтініш пен құжаттарды қабылдаудан бас тартады.

      12. Ұсынылған құжаттардың толықтығы және (немесе) қолданылу мерзімінің аяқталмау фактісі анықталған кезде жауапты бөлімшенің қызметкері мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі ішінде оларды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан қарайды.

      Көрсетілетін қызметті алушы берген өтініште және (немесе) құжаттарда қателер немесе дәлсіздіктер анықталған, олардың нысаны мен мазмұны бойынша талаптарға сәйкес келмеген, Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне сәйкес құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету процесін тоқтата тұруға міндетті.

      Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін тоқтата тұру көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушыға пошта, факсимильді байланыс, электрондық пошта, электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы және (немесе) портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету процесін тоқтата тұру туралы хабарлама жіберген күнінен басталады. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің өтуі көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету процесін қайта бастау туралы шешім шығарған күннен бастап қайта басталады.

      Осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген негіз бойынша мемлекеттік қызмет көрсету процесі тоқтатыла тұрған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттар (оның ішінде түпнұсқалары) өтінішті және (немесе) құжаттарды портал арқылы беру жағдайларын қоспағанда, көрсетілетін қызметті берушінің оларды сақтауға қабылдауынсыз көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылуға жатады.

      Құжаттарды қайта ұсынуды көрсетілетін қызметті алушы тоқтата тұру мерзімі шегінде анықталған кемшіліктерді жойғаннан кейін жүзеге асырады.

      Осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген жағдайда мемлекеттік қызмет көрсету процесі көрсетілетін қызметті беруші белгілеген ақылға қонымды мерзімде анықталған кемшіліктер жойылғанға дейін тоқтатыла тұрады.

      Осы тармақтың алтыншы бөлігінде көзделген тоқтата тұру мерзімі Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 5-тармағында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетудің жалпы мерзімінен аспауы тиіс.

      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының өтініші бойынша немесе өз бастамасы бойынша одан әрі қызмет көрсету процесіне уақытша кедергі келтіретін еңсерілмейтін күш әрекет еткен жағдайларда мемлекеттік қызмет көрсету процесін тоқтата тұруға құқылы. Мемлекеттік қызмет көрсетудің кейінгі процесіне уақытша кедергі келтіретін еңсерілмейтін күштің іс-қимылдары деп төтенше жағдай енгізу, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай қатері немесе туындауы түсініледі.

      Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартқан кезде көрсетілетін қызметті алушымен тыңдау жүргізілмейді.

      Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды қарау нәтижелері бойынша жауапты бөлімше банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыруға лицензияны қайта ресімдеу не банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыруға лицензия беруден дәлелді бас тарту туралы бұйрықтың жобасын дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының қарауына жолдайды. Көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасы банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыруға лицензияны қайта ресімдеу туралы бұйрыққа не банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыруға лицензияны қайта ресімдеуден дәлелді бас тартуға қол қояды.

      Жауапты бөлімшенің қызметкері көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасы тиісті шешім қабылдаған күннен кейінгі 1 (бір) жұмыс күні ішінде (мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі шегінде), көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы көрсетілетін қызметті алушыға банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыруға арналған лицензияны қайта ресімдеу туралы хабарламаны банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыруға арналған лицензияны қайта ресімдеуден дәлелді бас тартуды қоса бере отырып жібереді.

      Порталда қайта ресімделген лицензияның электрондық көшірмесін қоса бере отырып, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыруға лицензияны қайта ресімдеу туралы хабарлама не банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыруға лицензияны қайта ресімдеуден дәлелді бас тарту көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.";

      1-қосымша Тізбеге 10-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      3-қосымша Тізбеге 11-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      көрсетілген қаулымен бекітілген Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың банк операцияларын жүргізу үшін біліктілік талаптары, сондай-ақ көрсетілген біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесі Тізбеге 12-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      5. "Банктің ірі қатысушысы, банк холдингінің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы, сақтандыру холдингінің, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру, келісімді қайтарып алу қағидаларын және көрсетілген келісімді алу үшін ұсынылатын құжаттарға қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2026 жылғы 31 наурыздағы № 30 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 38324 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Банктің ірі қатысушысы, банк холдингінің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы, сақтандыру холдингінің, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру, келісімді қайтарып алу қағидаларында және көрсетілген келісімді алу үшін ұсынылатын құжаттарға қойылатын талаптарда:

      5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Хат-хабарларды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері өтініш келіп түскен күні оны қабылдауды, тіркеуді және мемлекеттік қызметті көрсетуге жауапты бөлімшеге (бұдан әрі - жауапты бөлімше) орындауға жіберуді жүзеге асырады. Егер өтініш көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс күні аяқталғанға дейін екі сағат бұрын келіп түссе, онда мерзім келесі жұмыс күнінен басталады.

      Көрсетілетін қызметті алушының өтініші жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес демалыс және мереке күндері келіп түскен кезде өтініштерді қабылдау келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      6. Жауапты бөлімшенің қызметкері көрсетілетін қызметті алушының қаржы ұйымының, банк немесе сақтандыру холдингінің ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге арналған құжаттарын алған сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.";

      8, 9, 10 және 11-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Көрсетілетін қызметті алушы берген өтініште және (немесе) құжаттарда қателер немесе дәлсіздіктер анықталған, олардың нысаны мен мазмұны бойынша талаптарға сәйкес келмеген, Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне сәйкес құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету процесін тоқтата тұруға міндетті.

      Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін тоқтата тұру көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушыға пошта, факсимильді байланыс, электрондық пошта, электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы және (немесе) портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету процесін тоқтата тұру туралы хабарлама жіберген күнінен басталады. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің өтуі көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету процесін қайта бастау туралы шешім шығарған күннен бастап қайта басталады.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген негіз бойынша мемлекеттік қызмет көрсету процесі тоқтатыла тұрған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттар (оның ішінде түпнұсқалары) өтінішті және (немесе) құжаттарды портал арқылы беру жағдайларын қоспағанда, көрсетілетін қызметті берушінің оларды сақтауға қабылдауынсыз көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылуға жатады.

      Құжаттарды қайта ұсынуды көрсетілетін қызметті алушы тоқтата тұру мерзімі шегінде анықталған кемшіліктерді жойғаннан кейін жүзеге асырады.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген жағдайда – көрсетілетін қызметті беруші белгілеген ақылға қонымды мерзімде анықталған кемшіліктер жойылғанға дейін мемлекеттік қызмет көрсету процесі тоқтатыла тұрады.

      Осы тармақтың бесінші бөлігінде көзделген тоқтата тұру мерзімі Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 5-тармағында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетудің жалпы мерзімінен аспауға тиіс.

      9. Уәкілетті орган "Уәжді пайымдауды қалыптастыру және пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 12 қарашадағы № 189 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19643 болып тіркелген) сәйкес өтініш берушіге қатысты уәжді пайымдауды қалыптастырған кезде өтініш берушінің құжаттарын қарау мерзімін тоқтата тұрады. Бұл мерзім уәжді пайымдау жобасын өтініш берушіге жіберген кезден бастап уәкілетті орган уәжді пайымдау қабылдаған күнге дейін тоқтатыла тұрады.

      10. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартқан кезде көрсетілетін қызметті алушымен тыңдау жүргізілмейді.

      Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды қарау нәтижелері бойынша жауапты бөлімше көрсетілетін қызметті беруші Басқармасының қаржы ұйымының ірі қатысушысы, банк немесе сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуге келісім беру не беруден бас тарту туралы қаулысының жобасын дайындайды және көрсетілетін қызметті беруші Басқармасының қарауына жолдайды.

      11. Көрсетілетін қызметті берушінің басқармасы Қағидаларға 1-қосымшаның 11-тармағында көзделген негіздер бойынша қаржы ұйымының ірі қатысушысы, банк немесе сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуге келісім беру не келісім беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды.";

      34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "34. Өтініш беруші акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) он немесе одан да көп пайызын тікелей немесе жанама иеленетін тұлғалар және өтініш берушіге қатысты бақылауды жүзеге асыратын тұлғалар туралы мәліметтер мынадай ақпаратты қамтиды:

      1) заңды тұлғалар үшін:

      заңды тұлғаның атауы және орналасқан жері;

      заңды тұлғаның жарғысында көзделген қызмет түрлерін көрсете отырып, мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы деректер (қызметтің негізгі түрлерін атап көрсету);

      жарғылық капиталға қатысу сомасы (иеленген акциялардың құны (мың теңгемен));

      акциялар санының дауыс беретін акциялардың жалпы санына қатынасы немесе жарғылық капиталға қатысу үлесі (пайызбен): жеке (тікелей немесе жанама) немесе бірлесіп иелену (пайыз, заңды тұлғаның атауы (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда));

      2) жеке тұлғалар үшін:

      тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), тұрғылықты жері және заңды мекенжайы;

      жеке сәйкестендіру нөмірі (болған жағдайда);

      жарғылық капиталға қатысу сомасы (иеленген акциялардың құны (мың теңгемен));

      акциялар санының дауыс беретін акциялардың жалпы санына қатынасы немесе жарғылық капиталға қатысу үлесі (пайызбен): жеке (тікелей немесе жанама) немесе бірлесіп иелену (пайыз, заңды тұлғаның атауы (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда).

      Өтініш беруші - заңды тұлға көрсетілген ақпараттың тексерілгені және дұрыс және толық болып табылатыны туралы растаманы қамтитын осы мәліметтерді заңды тұлға - өтініш беруші акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) он немесе одан да көп пайызын тікелей немесе жанама иеленетін тұлғаларға және осы өтініш беруші - заңды тұлғаға қатысты бақылауды жүзеге асыратын тұлғаларға қатысты қаржы ұйымының ірі қатысушысының, банк холдингінің немесе сақтандыру холдингінің мәртебесін алған кезде ұсынады.";

      38-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "38. Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының өтініші бойынша немесе өз бастамасы бойынша одан әрі қызмет көрсету процесіне уақытша кедергі келтіретін еңсерілмейтін күш әрекет еткен жағдайда мемлекеттік қызмет көрсету процесін тоқтата тұруға құқылы. Мемлекеттік қызмет көрсетудің кейінгі процесіне уақытша кедергі келтіретін еңсерілмейтін күштің іс-қимылдары деп төтенше жағдай енгізу, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай қатері немесе туындауы түсініледі.";

      1-қосымша Тізбеге 13-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      4-қосымша Тізбеге 14-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      5-қосымша Тізбеге 15-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      6-қосымша Тізбеге 16-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      7-қосымша Тізбеге 17-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      6. "Банкті, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалын ашуға рұқсат беру қағидаларын, Банктерге, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің филиалдарына банк лицензиясын беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2026 жылғы 3 сәуірдегі № 41 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 38337 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Банкті, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалын ашуға рұқсат беру қағидаларында:

      6, 7 және 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Хат-хабарларды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері өтініш келіп түскен күні оны қабылдауды, тіркеуді және мемлекеттік қызметті көрсетуге жауапты бөлімшеге (бұдан әрі - жауапты бөлімше) орындауға жіберуді жүзеге асырады. Егер мемлекеттік қызметті көрсетуге өтініш көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс күні аяқталғанға дейін екі сағат бұрын келіп түссе, онда мерзім келесі жұмыс күнінен басталады.

      Көрсетілетін қызметті алушының өтініші жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес демалыс және мереке күндері келіп түскен кезде өтініштерді қабылдау келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      7. Жауапты бөлімшенің қызметкері өтініш тіркелген күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Уәкілетті орган мемлекеттік қызметтер көрсету үшін пайдаланылатын цифрлық жүйелерден немесе цифрлық құжаттар сервисінен құжаттарда көрсетілген мәліметтерді:

      жеке тұлғаның - Қазақстан Республикасы резидентінің жеке басын куәландыратын;

      Қазақстан Республикасының резиденті жеке тұлғада алынбаған немесе өтелмеген соттылығының жоқ екенін растайтын;

      Қазақстан Республикасының резиденті - заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы.

      8. Ұсынылған құжаттардың толықтығы фактісі анықталғаннан кейін жауапты бөлімше 50 (елу) жұмыс күні ішінде құжаттардың Қазақстан Республикасының банк заңнамасының талаптарына сәйкестігі мәніне қарайды.

      Уәкілетті орган өтінішті қарау мерзімін мынадай жағдайлардың кез келгенінде тоқтата тұруға құқылы:

      ұсынылған құжаттарда және (немесе) мәліметтерде қамтылған өтініш беруші және (немесе) оның құрылтайшылары туралы дәйексіз деректерді (мәліметтерді) анықтау;

      ұсынылған құжаттар және (немесе) мәліметтер мазмұнының Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмеуі;

      ұсынылған құжаттар мен мәліметтердегі деректердің (мәліметтердің) дұрыстығын тексеруді жүзеге асыру қажеттігі.

      Өтініш берушінің ұсынылған құжаттарға және (немесе) мәліметтерге уәкілетті органның ескертулерін жою мерзімі он жұмыс күнінен аспайды.

      Өтінішті қарау мерзімі өтініш беруші ұсынылған құжаттарға және (немесе) мәліметтерге уәкілетті органның ескертулерін жойғаннан және уәкілетті орган көрсетілген құжаттардағы және (немесе) мәліметтердегі деректердің (мәліметтердің) дұрыстығын тексеруді аяқтағаннан кейін немесе өтініш беруші осы тармақтың үшінші бөлігінде белгіленген мерзім ішінде түзетілген (нақтыланған) құжаттарды және (немесе) мәліметтерді ұсынбаған жағдайда қайта басталады.

      Көрсетілетін қызметті алушы берген өтініште және (немесе) құжаттарда қателер немесе дәлсіздіктер, олардың нысаны мен мазмұны бойынша талаптарға сәйкес келмеуі, мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне сәйкес құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету процесін тоқтата тұруға міндетті.

      Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін тоқтата тұру көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушыға пошта, факсимильді байланыс, электрондық пошта, электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы және (немесе) портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету процесін тоқтата тұру туралы хабарлама жіберген күнінен басталады. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің өтуі көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету процесін қайта бастау туралы шешім шығарған күннен бастап қайта басталады.

      Осы тармақтың бесінші бөлігінде көзделген негіз бойынша мемлекеттік қызмет көрсету процесі тоқтатыла тұрған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттар (оның ішінде түпнұсқалары) өтінішті және (немесе) құжаттарды портал арқылы беру жағдайларын қоспағанда, көрсетілетін қызметті берушінің оларды сақтауға қабылдауынсыз көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылуға жатады.

      Құжаттарды қайта ұсынуды көрсетілетін қызметті алушы тоқтата тұру мерзімі шегінде анықталған кемшіліктерді жойғаннан кейін жүзеге асырады.

      Осы тармақтың бесінші бөлігінде көзделген жағдайда - көрсетілетін қызметті беруші белгілеген ақылға қонымды мерзімде анықталған кемшіліктер жойылғанға дейін мемлекеттік қызмет көрсету процесі тоқтатыла тұрады.

      Осы тармақтың тоғызыншы бөлігінде көзделген тоқтата тұру мерзімі Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 5-тармағында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетудің жалпы мерзімінен аспауы тиіс.

      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының өтініші бойынша немесе өз бастамасы бойынша одан әрі қызмет көрсету процесіне уақытша кедергі келтіретін еңсерілмейтін күш әрекет еткен жағдайда мемлекеттік қызмет көрсету процесін тоқтата тұруға құқылы. Мемлекеттік қызмет көрсетудің кейінгі процесіне уақытша кедергі келтіретін еңсерілмейтін күштің іс-қимылдары деп төтенше жағдай енгізу, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай қатері немесе туындауы түсініледі.

      Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартқан кезде көрсетілетін қызметті алушымен тыңдау жүргізілмейді.

      Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды қарау нәтижелері бойынша жауапты бөлімше көрсетілетін қызметті беруші Басқармасының Қазақстан Республикасының резиденті емес банктің филиалын ашуға рұқсат беру не беруден бас тарту туралы қаулысының жобасын дайындайды және көрсетілетін қызметті беруші Басқармасының қарауына жолдайды. Көрсетілетін қызметті берушінің басқармасы Қағидаларға 3-қосымшаның 11-тармағында көзделген негіздер бойынша Қазақстан Республикасының резиденті емес банктің филиалын ашуға рұқсат беру туралы не Қазақстан Республикасының резиденті емес банктің филиалын ашуға рұқсат беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      Жауапты бөлімшенің қызметкері жауапты бөлімше көрсетілетін қызметті беруші Басқармасының қаулысын алған күннен кейінгі 4 (төрт) жұмыс күні ішінде (мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі шегінде), көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" портал арқылы көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған электрондық құжат нысанында банкті, Қазақстан Республикасының резиденті емес банктің филиалын ашуға рұқсат беру туралы хабарламаны немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тартуды жолдайды.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Уәкілетті орган Қағидаларда көзделген, өшірілген, қосып жазылған не сызып тасталған сөздері бар құжаттардың электрондық көшірмелерін қарауға қабылдамайды.".;

      3-қосымша Тізбеге 18-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      4-қосымша Тізбеге 19-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      көрсетілген қаулымен бекітілген Банктерге, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің филиалдарына банк лицензиясын беру қағидаларында:

      8, 9 және 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Хат-хабарларды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері банктік лицензия алуға өтініш келіп түскен күні оны қабылдауды, тіркеуді және мемлекеттік қызметті көрсетуге жауапты бөлімшеге (бұдан әрі – жауапты бөлімше) орындауға жіберуді жүзеге асырады.

      Егер мемлекеттік қызметті көрсетуге өтініш көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс күні аяқталғанға дейін екі сағат бұрын келіп түссе, онда мерзім келесі жұмыс күнінен басталады.

      Көрсетілетін қызметті алушының банктік лицензиясын алуға өтініш жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Мерекелер туралы заң) сәйкес демалыс және мереке күндері келіп түскен кезде өтініштерді қабылдау келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      Жауапты бөлімшенің қызметкері банктік лицензия алуға өтініш тіркелген күннен кейінгі 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы берген өтініште және (немесе) құжаттарда қателер немесе дәлсіздіктер анықталған, олардың нысаны мен мазмұны бойынша талаптарға сәйкес келмеген, көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті цифрлық күту парағы арқылы қабылдайды.

      Осы тармақтың бесінші бөлігінде көзделген негіз бойынша көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттар (оның ішінде түпнұсқалары) өтінішті және (немесе) құжаттарды портал арқылы беру жағдайларын қоспағанда, көрсетілетін қызметті берушінің оларды сақтауға қабылдауынсыз көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылуға жатады.

      Бұл ретте көрсетілетін қызметті алушыға анықталған кемшіліктерді жою үшін ақылға қонымды мерзім белгіленеді, ол Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 5-тармағында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетудің жалпы мерзіміне енгізілмейді және одан аспауға тиіс.

      Кемшіліктер жойылған жағдайда көрсетілетін қызметті алушы бастапқы жүгінген күн мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтінішті және (немесе) құжаттарды қабылдаған күн болып есептеледі.

      Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің өтуі анықталған кемшіліктер жойылған сәттен бастап жаңартылады.

      Анықталған кемшіліктер белгіленген мерзімде жойылмаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтініш пен құжаттарды қабылдаудан бас тартады.

      9. Ұсынылған құжаттардың толық болу фактісі анықталғаннан кейін жауапты бөлімше мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі ішінде құжаттарды Қазақстан Республикасы банк заңнамасының талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды.

      Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартылған кезде көрсетілетін қызметті алушымен тыңдау жүргізілмейді.

      Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды қарау нәтижелері бойынша жауапты бөлімше банк лицензиясын беру (қайта ресімдеу) туралы не банк лицензиясын беруден дәлелді бас тарту туралы бұйрықтың жобасын дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының қарауына жібереді. Көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасы Қағидаларға 1-қосымшаның 11-тармағында және Қағидаларға 2-қосымшаның 11-тармағында көзделген негіздер бойынша банк лицензиясын беру (қайта ресімдеу) туралы бұйрықтың жобасына не банк лицензиясын беруден (қайта ресімдеуден) дәлелді бас тартуға қол қояды.

      Жауапты бөлімшенің қызметкері көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасы тиісті шешім қабылдаған күннен кейінгі 3 (үш) жұмыс күні ішінде (мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі шегінде) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы көрсетілетін қызметті алушыға банк лицензиясын қоса бере отырып, банк лицензиясын беру туралы хабарлама немесе банк лицензиясын беруден дәлелді бас тарту жібереді.

      Порталда банк лицензиясын беру туралы хабарлама банк лицензиясының электрондық көшірмесін не банк лицензиясын беруден дәлелді бас тартуды қоса бере отырып, көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында "жеке кабинетке" жіберіледі.

      Уәкілетті орган мынадай жағдайлардың кез келгені болған жағдайда, Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 5-тармағы 1) және 2) тармақшаларында көзделген өтінішті қарау мерзімін тоқтата тұруға құқылы:

      ұсынылған құжаттарда және (немесе) мәліметтерде қамтылған өтініш беруші және (немесе) оның құрылтайшылары туралы дәйексіз деректердің анықталуы;

      ұсынылған құжаттар және (немесе) мәліметтер мазмұнының Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмеуі;

      ұсынылған құжаттар мен мәліметтердегі деректердің дұрыстығын тексеруді жүзеге асыру қажеттілігі.

      Өтініш берушінің ұсынылған құжаттарға және (немесе) мәліметтерге уәкілетті органның ескертулерін жою мерзімі он жұмыс күнінен аспайды.

      Өтінішті қарау мерзімі өтініш беруші ұсынылған құжаттарға және (немесе) мәліметтерге уәкілетті органның ескертулерін жойғаннан және уәкілетті орган көрсетілген құжаттардағы және (немесе) мәліметтердегі деректердің дұрыстығын тексеруді аяқтағаннан кейін немесе өтініш беруші түзетілген (нақтыланған) құжаттарды және (немесе) мәліметтерді осы тармақтың жетінші бөлігінде белгіленген мерзім ішінде ұсынбаған жағдайда қайта басталады.

      Көрсетілетін қызметті алушы берген өтініште және (немесе) құжаттарда қателер немесе дәлсіздіктер, олардың нысаны мен мазмұны бойынша талаптарға сәйкес келмеуі, мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне сәйкес құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету процесін тоқтата тұруға міндетті.

      Мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтата тұру көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға пошта, факсимильді байланыс, электрондық пошта, электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы және (немесе) портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету процесін тоқтата тұру туралы хабарлама жіберген күннен басталады. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің өтуі көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету процесін қайта бастау туралы шешім шығарған күннен бастап қайта басталады.

      Осы тармақтың тоғызыншы бөлігінде көрсетілген негіз бойынша мемлекеттік қызмет көрсету процесі тоқтатыла тұрған жағдайда, портал арқылы өтініш және (немесе) құжаттар берілген жағдайларды қоспағанда, көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттар (оның ішінде түпнұсқалары) көрсетілетін қызметті берушінің оларды сақтауға қабылдауынсыз көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылуға жатады.

      Құжаттарды қайта ұсынуды көрсетілетін қызметті алушы тоқтата тұру мерзімі шегінде анықталған кемшіліктер жойылғаннан кейін жүзеге асырады.

      Мемлекеттік қызмет көрсету процесі анықталған кемшіліктер осы тармақтың тоғызыншы бөлігінде көзделген жағдайда көрсетілетін қызметті беруші белгілеген ақылға қонымды мерзімде жойылғанға дейін тоқтатыла тұрады.

      Осы тармақтың он үшінші бөлігінде көзделген тоқтата тұру мерзімі Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 5-тармағында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетудің жалпы мерзімінен аспауға тиіс.

      10. Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының өтінішхаты бойынша немесе өзінің бастамасы бойынша одан әрі қызмет көрсету процесіне уақытша кедергі келтіретін еңсерілмейтін күштің орын алуы жағдайында мемлекеттік қызмет көрсету процесін тоқтата тұруға құқылы. Одан әрі мемлекеттік қызмет көрсету процесіне уақытша кедергі келтіретін еңсерілмейтін күш жағдайлары деп төтенше жағдай енгізу, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай қаупі немесе оның туындауы түсініледі.";

      17 және 18-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Көрсетілетін қызметті берушінің хат-хабарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті қызметкері банк лицензиясын қайта ресімдеу туралы өтініш түскен күні оны қабылдауды, тіркеуді және орындау үшін жауапты бөлімшеге жіберуді жүзеге асырады. Егер мемлекеттік қызмет көрсету туралы өтініш көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс күні аяқталғанға дейін екі сағат бұрын келіп түссе, онда мерзім келесі жұмыс күнінен басталады. Көрсетілетін қызметті алушының өтініші жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының заңына сәйкес демалыс және мереке күндері түскен жағдайда өтініштерді қабылдау келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      Жауапты бөлімшенің қызметкері банк лицензиясын қайта ресімдеу туралы өтініш тіркелген күннен кейінгі 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толық болуын тексереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы берген өтініште және (немесе) құжаттарда қателер немесе дәлсіздіктер анықталған, олар нысаны мен мазмұны бойынша талаптарға сәйкес келмеген, көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайларда көрсетілетін қызметті беруші өтінішті цифрлық күту парағы арқылы қабылдайды.

      Өтінішті және (немесе) құжаттарды портал арқылы беру жағдайларын қоспағанда, осы тармақтың үшінші бөлігінде көзделген негіз бойынша көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттар (оның ішінде түпнұсқалары) көрсетілетін қызметті берушінің оларды сақтауға қабылдауынсыз көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылуға жатады.

      Бұл ретте көрсетілетін қызметті алушыға анықталған кемшіліктерді жою үшін ақылға қонымды мерзім белгіленеді, ол Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 5-тармағында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетудің жалпы мерзіміне енгізілмейді және одан аспауға тиіс.

      Кемшіліктер жойылған жағдайда мемлекеттік қызметті алуға өтінішті және (немесе) құжаттарды қабылдау күні көрсетілетін қызметті алушының бастапқы өтініш берген күні болып есептеледі.

      Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің өтуі анықталған кемшіліктер жойылған сәттен бастап қайта басталады.

      Анықталған кемшіліктер белгіленген мерзімде жойылмаған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші өтініш пен құжаттарды қабылдаудан бас тартады.

      18. Ұсынылған құжаттардың толық болу фактісі және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттар анықталғаннан кейін жауапты бөлімше мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі ішінде құжаттарды Қазақстан Республикасы банк заңнамасының талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды.

      Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартылған кезде көрсетілетін қызметті алушымен тыңдау жүргізілмейді.

      Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды қарау нәтижелері бойынша жауапты бөлімше банк лицензиясын қайта ресімдеу туралы не банк лицензиясын қайта ресімдеуден дәлелді бас тарту туралы бұйрықтың жобасын дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының қарауына жібереді. Көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасы банк лицензиясын қайта ресімдеу туралы бұйрықтың жобасына не банк лицензиясын қайта ресімдеуден дәлелді бас тартуға қол қояды.

      Жауапты бөлімшенің қызметкері көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасы тиісті шешім қабылдаған күннен кейінгі 3 (үш) жұмыс күні ішінде (мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі шегінде) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы көрсетілетін қызметті алушыға қайта ресімделген банк лицензиясын қоса бере отырып, банк лицензиясын қайта ресімдеу туралы хабарлама не Қағидаларға 1-қосымшаның 11-тармағында және Қағидаларға 2-қосымшаның 11-тармағында көзделген негіздер бойынша банк лицензиясын қайта ресімдеуден дәлелді бас тарту жібереді.

      Порталда банк лицензиясын қайта ресімдеу туралы хабарлама қайта ресімделген банк лицензиясының электрондық көшірмесін не банк лицензиясын қайта ресімдеуден дәлелді бас тартуды қоса бере отырып, көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанында "жеке кабинетке" жіберіледі.";

      1-қосымша Тізбеге 20-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      2-қосымша Тізбеге 21-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      9-қосымша Тізбеге 22-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      10-қосымша Тізбеге 23-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      11-қосымша Тізбеге 24-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      7. "Банкті (банк холдингін) ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру не рұқсат беруден бас тарту, оның ішінде банкті банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым ретінде ерікті түрде қайта құру шарттары не банкті ислам банкіне айналдыруға рұқсат беру және рұқсат беруден бас тарту, банкті ерікті түрде таратуға рұқсат беру, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының қызметін ерікті түрде тоқтатуға рұқсат беру қағидалары, сондай-ақ жеке тұлғалардың депозиттерін қайтару, оларды басқа банкке немесе Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалына аудару тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2026 жылғы 3 сәуірдегі № 49 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 38342 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      Банкті (банк холдингін) ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру не рұқсат беруден бас тарту, оның ішінде банкті банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым ретінде ерікті түрде қайта құру шарттары не банкті ислам банкіне айналдыруға рұқсат беру және рұқсат беруден бас тарту, банкті ерікті түрде таратуға рұқсат беру, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының қызметін ерікті түрде тоқтатуға рұқсат беру қағидаларында, сондай-ақ жеке тұлғалардың депозиттерін қайтару, оларды басқа банкке немесе Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалына аудару тәртібінде:

      5, 6, 7 және 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Хат-хабарларды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері банкті (банк холдингін) ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат алу туралы өтінішхат немесе банкті ислам банкіне айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру туралы өтініш келіп түскен күні оларды қабылдауды, тіркеуді және мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты бөлімшеге (бұдан әрі – жауапты бөлімше) орындауға жіберуді жүзеге асырады.

      Егер мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш немесе өтінішхат көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс күні аяқталғанға дейін екі сағат бұрын келіп түссе, онда мерзім келесі жұмыс күнінен басталады.

      Көрсетілетін қызметті алушының өтініші немесе өтінішхаты жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері келіп түскен кезде өтінішхаттарды, өтінішті қабылдау келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      6. Жауапты бөлімшенің қызметкері банкті (банк холдингін) ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат алу туралы өтінішхат немесе ислам банкіне айналдыру нысанында банкті ерікті түрде қайта ұйымдастыруға өтініш тіркелген күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде ұсынылған құжаттардың толық болуын тексереді.

      Уәкілетті орган тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден "цифрлық үкімет" шлюзі арқылы Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғасын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы құжаттарда көрсетілген мәліметтерді алады.

      Ұсынылған құжаттардың толықтығы фактісі анықталғаннан кейін жауапты бөлімше 40 (қырық) жұмыс күні ішінде құжаттарды Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды.

      Уәкілетті орган көрсетілетін қызметті алушы берген өтініште, өтінішхатта және (немесе) құжаттарда қателер немесе дәлсіздіктер, олардың нысаны мен мазмұны бойынша талаптарға сәйкес келмеуі, Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне сәйкес құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған жағдайда мемлекеттік қызмет көрсету процесін тоқтата тұруға міндетті.

      Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін тоқтата тұру уәкілетті орган көрсетілетін қызметті алушыға пошта, факсимильдік байланыс, электрондық пошта, электрондық құжат айналымы жүйесі және (немесе) портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету процесін тоқтата тұру туралы хабарлама жіберген күннен басталады. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің өтуі уәкілетті орган мемлекеттік қызмет көрсету процесін қайта бастау туралы шешім шығарған күннен бастап қайта басталады.

      7. Қағидалардың 6-тармағының үшінші бөлігінде көзделген негіз бойынша мемлекеттік қызмет көрсету процесі тоқтатыла тұрған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттар (оның ішінде түпнұсқалар) өтінішті, өтінішхатты және (немесе) құжаттарды портал арқылы беру жағдайларын қоспағанда, уәкілетті орган оларды сақтауға қабылдамай, көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылуға тиіс.

      Құжаттарды қайта ұсынуды тоқтата тұру мерзімі шегінде анықталған кемшіліктер жойылғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушы жүзеге асырады.

      Мемлекеттік қызмет көрсету процесі Қағидалардың 6-тармағының төртінші бөлігінде көзделген жағдайда – көрсетілетін қызметті беруші белгілеген ақылға қонымды мерзімде анықталған кемшіліктер жойылғанға дейін тоқтатыла тұрады.

      Осы тармақтың үшінші бөлігінде көзделген тоқтата тұру мерзімі Мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 5-тармағында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетудің жалпы мерзімінен аспауға тиіс.

      Уәкілетті орган көрсетілетін қызметті алушының өтінішхаты бойынша немесе өз бастамасы бойынша қызмет көрсетудің одан әрі процесіне уақытша кедергі келтіретін еңсерілмейтін күш қолданылған жағдайларда мемлекеттік қызмет көрсету процесін тоқтата тұруға құқылы. Мемлекеттік қызмет көрсетудің одан әрі процесіне уақытша кедергі келтіретін еңсерілмейтін күштің әрекеттері деп төтенше жағдайдың енгізілуі, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайдың қаупі немесе туындауы түсініледі.

      8. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартқан кезде көрсетілетін қызметті алушымен тыңдау жүргізілмейді.

      Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды қарау нәтижелері бойынша жауапты бөлімше банкті (банк холдингін) ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру (беруден бас тарту) туралы көрсетілетін қызметті беруші Басқармасының қаулысының жобасын дайындайды және көрсетілетін қызметті беруші Басқармасының қарауына жібереді. Көрсетілетін қызметті берушінің Басқармасы банкті (банк холдингін) ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру (беруден бас тарту) туралы шешім қабылдайды.

      Жауапты бөлімшенің қызметкері жауапты бөлімше көрсетілетін қызметті беруші Басқармасының қаулысын алғаннан кейін 4 (төрт) жұмыс күні ішінде (мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі шегінде) көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" портал арқылы банкті (банк холдингін) ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру туралы хабарлама не Басқарма қаулысының электрондық көшірмелерін қоса бере отырып, көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап жібереді.";

      14 және 15-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Жауапты бөлімшенің қызметкері банкті ерікті түрде таратуға рұқсат беру туралы өтініш тіркелген күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Уәкілетті орган "цифрлық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғасын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы құжаттарда көрсетілген мәліметтерді алады.

      Уәкілетті орган өтініште және (немесе) өтініш беруші ұсынған құжаттарда қателер немесе дәлсіздіктер, олардың нысаны мен мазмұны бойынша талаптарға сәйкес келмеуі, Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне сәйкес құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған жағдайда мемлекеттік қызмет көрсету процесін тоқтата тұруға міндетті.

      Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін тоқтата тұру уәкілетті орган көрсетілетін қызметті алушыға пошта, факсимильдік байланыс, электрондық пошта, электрондық құжат айналымы жүйесі және (немесе) портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету процесін тоқтата тұру туралы хабарлама жіберген күннен басталады. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің өтуі уәкілетті орган мемлекеттік қызмет көрсету процесін қайта бастау туралы шешім шығарған күннен бастап қайта басталады.

      Осы тармақтың үшінші бөлігінде көзделген негіз бойынша мемлекеттік қызмет көрсету процесі тоқтатыла тұрған жағдайда көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттар (оның ішінде түпнұсқалары) өтінішті және (немесе) құжаттарды портал арқылы беру жағдайларын қоспағанда, уәкілетті орган оларды сақтауға қабылдамай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылуға тиіс.

      Құжаттарды қайта ұсынуды тоқтата тұру мерзімі шегінде анықталған кемшіліктер жойылғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушы жүзеге асырады.

      Мемлекеттік қызмет көрсету процесі осы тармақтың үшінші бөлігінде көзделген жағдайда – анықталған кемшіліктер көрсетілетін қызметті беруші белгілеген ақылға қонымды мерзімде жойылғанға дейін тоқтатыла тұрады.

      Осы тармақтың жетінші бөлігінде көзделген тоқтата тұру мерзімі Мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 5-тармағында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетудің жалпы мерзімінен аспауға тиіс.

      Уәкілетті орган өтініш берушінің өтінішхаты бойынша немесе өз бастамасы бойынша қызмет көрсетудің одан әрі процесіне уақытша кедергі келтіретін еңсерілмейтін күш қолданылған жағдайларда мемлекеттік қызмет көрсету процесін тоқтата тұруға құқылы. Мемлекеттік қызмет көрсетудің одан әрі процесіне уақытша кедергі келтіретін еңсерілмейтін күштің әрекеттері деп төтенше жағдайдың енгізілуі, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайдың қаупі немесе туындауы түсініледі.

      15. Ұсынылған құжаттардың толықтығы фактісі анықталғаннан кейін жауапты бөлімше күнтізбелік 40 (қырық) күн ішінде құжаттарды Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды.

      Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартқан кезде көрсетілетін қызметті алушымен тыңдау жүргізілмейді.

      Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды қарау нәтижелері бойынша жауапты бөлімше банкті ерікті түрде таратуға рұқсат беру (беруден бас тарту) туралы көрсетілетін қызметті беруші Басқармасының қаулысының жобасын дайындайды және көрсетілетін қызметті беруші Басқармасының қарауына жібереді. Көрсетілетін қызметті берушінің Басқармасы банкті ерікті түрде таратуға рұқсат беру (беруден бас тарту) туралы шешім қабылдайды.

      Жауапты бөлімшенің қызметкері жауапты бөлімше көрсетілетін қызметті беруші Басқармасының қаулысын алғаннан кейін күнтізбелік 4 (төрт) күн ішінде (мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі шегінде) көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" портал арқылы банкті (банк холдингін) ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру туралы хабарлама не Басқарма қаулысының электрондық көшірмелерін қоса бере отырып, көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап жібереді.";

      20 және 21-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "20. Жауапты бөлімшенің қызметкері Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының қызметін ерікті түрде тоқтатуға рұқсат беру туралы өтініш тіркелген күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Уәкілетті орган тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден "цифрлық үкімет" шлюзі арқылы Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының есептік тіркеу туралы құжаттарында көрсетілген мәліметтерді алады.

      Уәкілетті орган өтініште және (немесе) көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарда қателер немесе дәлсіздіктер, олардың нысаны мен мазмұны бойынша талаптарға сәйкес келмеуі, мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне сәйкес құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған жағдайда мемлекеттік қызмет көрсету процесін тоқтата тұрады.

      Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін тоқтата тұру уәкілетті орган көрсетілетін қызметті алушыға пошта, факсимильдік байланыс, электрондық пошта, электрондық құжат айналымы жүйесі және (немесе) портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету процесін тоқтата тұру туралы хабарлама жіберген күннен басталады. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің өтуі уәкілетті орган мемлекеттік қызмет көрсету процесін қайта бастау туралы шешім шығарған күннен бастап қайта басталады.

      Осы тармақтың үшінші бөлігінде көзделген негіз бойынша мемлекеттік қызмет көрсету процесі тоқтатыла тұрған жағдайда көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттар (оның ішінде түпнұсқалары) өтінішті және (немесе) құжаттарды портал арқылы беру жағдайларын қоспағанда, уәкілетті орган оларды сақтауға қабылдамай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылуға тиіс.

      Құжаттарды қайта ұсынуды тоқтата тұру мерзімі шегінде анықталған кемшіліктер жойылғаннан кейін өтініш беруші жүзеге асырады.

      Мемлекеттік қызмет көрсету процесі осы тармақтың үшінші бөлігінде көзделген жағдайда – анықталған кемшіліктер көрсетілетін қызметті беруші белгілеген ақылға қонымды мерзімде жойылғанға дейін тоқтатыла тұрады.

      Осы тармақтың жетінші бөлігінде көзделген тоқтата тұру мерзімі Мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 5-тармағында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетудің жалпы мерзімінен аспауға тиіс.

      Уәкілетті орган көрсетілетін қызметті алушының өтінішхаты бойынша немесе өз бастамасы бойынша қызмет көрсетудің одан әрі процесіне уақытша кедергі келтіретін еңсерілмейтін күш қолданылған жағдайларда мемлекеттік қызмет көрсету процесін тоқтата тұруға құқылы. Мемлекеттік қызмет көрсетудің одан әрі процесіне уақытша кедергі келтіретін еңсерілмейтін күштің әрекеттері деп төтенше жағдайдың енгізілуі, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайдың қаупі немесе туындауы түсініледі.

      21. Ұсынылған құжаттардың толықтығы фактісі анықталғаннан кейін жауапты бөлімше күнтізбелік 40 (қырық) күн ішінде құжаттарды Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды.

      Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды қарау нәтижелері бойынша жауапты бөлімше Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының қызметін ерікті түрде тоқтатуға рұқсат беру (беруден бас тарту туралы) туралы көрсетілетін қызметті беруші Басқармасының қаулысының жобасын дайындайды және көрсетілетін қызметті беруші Басқармасының қарауына жібереді. Көрсетілетін қызметті берушінің Басқармасы Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының қызметін ерікті түрде тоқтатуға рұқсат беру (беруден бас тарту) туралы шешім қабылдайды.

      Жауапты бөлімшенің қызметкері жауапты бөлімше көрсетілетін қызметті беруші Басқармасының қаулысын алғаннан кейін күнтізбелік 4 (төрт) күн ішінде (мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі шегінде) көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" портал арқылы банкті (банк холдингін) ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру туралы хабарлама не Басқарма қаулысының электрондық көшірмелерін қоса бере отырып, көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап жібереді.

      Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартқан кезде көрсетілетін қызметті алушымен тыңдау жүргізілмейді.";

      3-қосымша Тізбеге 25-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      5-қосымша Тізбеге 26-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

  Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі
Басқармасының мемлекеттік
қызметтер көрсету саласындағы қаржы ұйымдарының қызметін
реттеу мәселелері бойынша
өзгерістер енгізілетін
қаулыларының тізбесіне
1-қосымша
Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту агенттігі
Басқармасының
2020 жылғы 30 наурыздағы
№ 32 қаулысымен
бекітілген

Кредиттік бюро қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат және кредиттік тарихтардың дерекқорын, пайдаланылатын цифрлық жүйелерді қорғау және олардың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі кредиттік бюроға және үй-жайларға қойылатын талаптарға кредиттік бюроның сәйкестігі туралы актіні беру шарттары мен қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Кредиттік бюро қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат және кредиттік тарихтардың дерекқорын, пайдаланылатын цифрлық жүйелерді қорғау және олардың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі кредиттік бюроға және үй-жайларға қойылатын талаптарға кредиттік бюроның сәйкестігі туралы актіні беру шарттары мен қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 4) тармақшасына (бұдан әрі – Кредиттік бюро туралы заң), "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң) және "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді.

      Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпарат уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында орналастырылады, тиісті нормативтік құқықтық акт бекітілген немесе өзгертілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде "цифрлық үкіметтің" цифрлық инфрақұрылымының операторына және Бірыңғай байланыс орталығына жіберіледі.

      2. Кредиттік бюро қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат және кредиттік тарихтардың дерекқорын, пайдаланылатын цифрлық жүйелерді қорғау және олардың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі кредиттік бюроға және үй-жайларға қойылатын талаптарға кредиттік бюроның сәйкестігі туралы актіні беруді (бұдан әрі – рұқсат, мемлекеттік көрсетілетін қызмет) қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган, көрсетілетін қызметті беруші) жүзеге асырады.

      Қағидаларда пайдаланылатын ұғымдар Кредиттік бюро туралы заңда, Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңда және "Киберқауіпсіздік туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көрсетілген мәндерде қолданылады.

2-тарау. Рұқсат беру тәртібі

      3. Заңды тұлға (бұдан әрі – өтініш беруші, көрсетілетін қызметті алушы) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша берілетін рұқсатты алу үшін уәкілетті органға "цифрлық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал, өтініш) арқылы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша рұқсат беру туралы өтінішті жібереді.

      Мемлекеттік қызмет көрсетуге қажетті құжаттар тізбесі, мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту негіздері, көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтер және мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес "Кредиттік бюро қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат және кредиттік тарихтардың дерекқорын, пайдаланылатын цифрлық жүйелерді қорғау және олардың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі кредиттік бюроға және үй-жайларға қойылатын талаптарға кредиттік бюроның сәйкестігі туралы актіні беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде (бұдан әрі – Тізбе) келтірілген.

      4. Көрсетілетін қызметті берушінің хат-хабарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті қызметкері өтініш түскен күні оны қабылдауды, тіркеуді және мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты бөлімшеге (бұдан әрі – жауапты бөлімше) орындауға жіберуді жүзеге асырады. Өтініш көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс уақыты аяқталуға екі сағат қалғанда түскен жағдайда, мерзімді есептеу келесі жұмыс күнінен басталады. Өтініш жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері түскен кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өтінішті қабылдау мен тіркеу келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      Өтініш беруші портал арқылы өтініш жіберген кезде "жеке кабинетте" нәтижені алу күні мен уақытын көрсете отырып, мемлекеттік қызмет көрсетуге сұратуды қабылдау туралы мәртебе автоматты түрде көрсетіледі.

      5. Жауапты бөлімшенің қызметкері өтініш тіркелген күннен кейінгі 1 (бір) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Ұсынылған құжаттардың толықтығы фактісі анықталған жағдайда, жауапты бөлімшенің қызметкері 2 (екі) жұмыс күні ішінде құжаттардың Кредиттік бюролар туралы заң талаптарына сәйкестігін қарайды және көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес кредиттік тарихтардың дерекқорын, пайдаланылатын цифрлық жүйелерді қорғау және олардың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі кредиттік бюроға және үй-жайларға қойылатын талаптарға кредиттік бюроның сәйкестігі туралы актіні (бұдан әрі – сәйкестік туралы акт) алу үшін уәкілетті органның комиссиясына (бұдан әрі – Комиссия) жібереді.

      Ұсынылған өтініште және (немесе) құжаттарда қателер немесе дәлсіздіктер анықталған, олардың нысаны мен мазмұны бойынша қойылатын талаптарға сәйкессіздігі Тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес топтамасы ұсынылған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету процесін тоқтата тұруға міндетті.

      Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін тоқтата тұру көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету процесін тоқтата тұру туралы көрсетілетін қызметті алушыға хабарлама жіберген күнінен басталады. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің ағымы көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету процесін қайта бастау туралы шешім қабылдаған күнінен бастап қайта басталады.

      Қағидалардың осы тармағының үшінші бөлігінде көзделген негіздеме бойынша мемлекеттік қызмет көрсету процесі тоқтатыла тұрған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттар (оның ішінде түпнұсқалары), портал арқылы өтініш және (немесе) құжаттар берілген жағдайларды қоспағанда, көрсетілетін қызметті берушінің сақтауына қабылданбай, көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылуға тиіс.

      Құжаттарды қайта ұсынуды көрсетілетін қызметті алушы анықталған кемшіліктерді жойғаннан кейін тоқтата тұру мерзімі шегінде жүзеге асырады.

      Мемлекеттік қызмет көрсету процесі осы тармақтың үшінші бөлігінде көзделген жағдайларда – анықталған кемшіліктер көрсетілетін қызметті беруші белгілеген ақылға қонымды мерзімде жойылғанға дейін тоқтатыла тұрады.

      Осы тармақтың үшінші бөлігінде көзделген тоқтата тұру мерзімі Тізбенің 5-тармағында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетудің жалпы мерзімінен аспауға тиіс.

      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының өтінішхаты бойынша немесе өз бастамасы бойынша қызмет көрсетудің бұдан былайғы процесіне уақытша кедергі келтіретін еңсерілмейтін күш қолданылған жағдайда мемлекеттік қызмет көрсету процесін тоқтата тұруға құқылы. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бұдан былайғы процесіне уақытша кедергі келтіретін еңсерілмейтін күштің қолданылуы деп төтенше жағдайдың енгізілуі, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайдың туындау қаупі немесе туындауы түсініледі.

      6. Комиссия 10 (он) жұмыс күні ішінде өтініш берушіні тексеруді, сәйкестік туралы актіні дайындау мен қол қоюды жүргізеді.

      Сәйкестік туралы актіні Комиссия Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасайды және тексерілетін кредиттік бюроның өкіліне қол қоюға жіберіледі.

      Сәйкестік туралы акті Комиссия мүшелерінің үштен екісінің қолы болған жағдайда жасалған болып саналады.

      Комиссия және оның құрамы туралы ереже, сондай-ақ тексеру жүргізу регламенті уәкілетті органның бұйрығымен бекітіледі.

      7. Жауапты бөлімшенің қызметкері Комиссия сәйкестік туралы актіні ұсынғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде оны қарайды.

      Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды және актіні қарау нәтижелері бойынша жауапты бөлімше осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша рұқсаттың жобасын не рұқсат беруден бас тарту туралы дәлелді жауаптың жобасын дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасына қарауға жібереді. Көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасы рұқсаттың жобасына не рұқсат беруден бас тарту туралы дәлелді жауаптың жобасына қол қояды.

      Жауапты бөлімшенің қызметкері көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасы рұқсаттың жобасына не рұқсат беруден бас тарту туралы дәлелді жауаптың жобасына қол қойғаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" сәйкестік туралы актінің электрондық көшірмесін қоса бере отырып, көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған электрондық құжат нысанында рұқсат беру туралы хабарламаны не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты жібереді.

      8. Рұқсат және сәйкестік туралы актіні уәкілетті орган шектеусіз мерзімге береді.

      9. Мемлекеттік қызмет көрсету кезеңі туралы ақпарат мемлекеттік қызмет көрсету мониторингінің цифрлық жүйесінде автоматты режимде жаңартылады.

3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      10. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану жазбаша түрде жүргізіледі.

      Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды көрсетілетін қызметті берушінің жоғары тұрған лауазымды адамы, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізеді.

      Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнінің бас әріптері, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

      Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты: 8-800-080-7777 немесе 1414 телефоны бойынша Бірыңғай байланыс орталығына хабарласу арқылы алуға болады.

      Шағымды портал арқылы жіберген кезде, көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинеттен" көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу барысында жаңартылатын өтініш туралы ақпаратқа (жеткізілгені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгілер, қарау туралы жауап немесе қараудан бас тарту) қол жеткізуге болады.

      Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен шағымы ол тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралады.

      Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен шағымы ол тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралады.

      11. Шағымда:

      1) көрсетілетін қызметті алушының толық атауы, пошталық мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің атауы және (немесе) шешіміне, іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған жағдайда);

      3) шағым беруші тұлға өзінің талаптары мен дәлелдемелерін негіздейтін мән-жайлар;

      4) шағымның шығыс нөмірі және берілген күні;

      5) шағымға қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетіледі.

      Шағымға көрсетілетін қызметті алушы не оның өкілі болып табылатын тұлға қол қояды.

      12. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.

  Кредиттік бюро қызметін жүзеге
асыру құқығына рұқсат және
кредиттік тарихтардың деректер
базасын, пайдаланылатын
цифрлық жүйелерді қорғау
және олардың сақталуын
қамтамасыз ету жөніндегі
кредиттік бюроға және үй-
жайларға қойылатын талаптарға
кредиттік бюроның сәйкестігі
туралы актіні беру шарттары
мен қағидаларына
1-қосымша
  нысан

Қазақстан Республикасының елтаңбасы Уәкілетті органның толық атауы Кредиттік бюро қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат

Рұқсаттың нөмірі____________

Берілген күні 20__ жылғы "____"

___________________________________________________________________________ (кредиттік бюроның толық атауы)

      Төраға (Төрағаның орынбасары)

      Мөр орны

      Алматы қаласы

  Кредиттік бюро қызметін жүзеге
асыру құқығына рұқсат және
кредиттік тарихтардың деректер
базасын, пайдаланылатын
цифрлық жүйелерді қорғау
және олардың сақталуын
қамтамасыз ету жөніндегі
кредиттік бюроға және үй-
жайларға қойылатын талаптарға
кредиттік бюроның сәйкестігі
туралы актіні беру шарттары
мен қағидаларына
2-қосымша
  нысан

____________________________________________________________ -ға

(уәкілетті органның толық атауы)

________________________________________________________________-дан

(өтініш берушінің/көрсетілетін қызметті алушының толық атауы)

Кредиттік бюро қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат және кредиттік тарихтардың деректер базасын, пайдаланылатын цифрлық жүйелерді қорғау және олардың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі кредиттік бюроға және үй-жайларға қойылатын талаптарға кредиттік бюроның сәйкестігі туралы актіні беру туралы өтініш

      Кредиттік бюро қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат және кредиттік тарихтардың

      деректер базасын, пайдаланылатын цифрлық жүйелерді қорғау және олардың

      сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі кредиттік бюроға және үй-жайларға қойылатын

      талаптарға кредиттік бюроның сәйкестігі туралы актіні беруді сұраймын.

      Өтініш беруші туралы мәліметтер:

      1. Өтініш берушінің орналасқан жері (нақты мекенжайы)

      ____________________________________________________________________

      (индексі, облысы, қаласы, ауданы, көшесі, үйдің нөмірі, бизнес-сәйкестендіру нөмірі,

      телефон нөмірі, факсы)

      2. Кредиттік бюроның бірінші басшысы және бас бухгалтері туралы мәліметтер

      ____________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған жағдайда), туған күні мен жылы, байланыс

      телефондарының нөмірлері), жеке сәйкестендіру нөмірі (бар болған жағдайда)

      3. Кредиттік бюроның акционерлері (құрылтайшылары, қатысушылары) туралы

      мәліметтер:

      жеке тұлғалар үшін: тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған жағдайда), туған күні мен

      жылы, жеке сәйкестендіру нөмірі (бар болған жағдайда)

      ______________________________________________________________________;

      заңды тұлғалар үшін: толық атауы, мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы

      мәліметтер, жарғылық капиталдың мөлшері, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бар болған

      жағдайда)

      ___________________________________________________________________.

      4. Толық төленгенін растайтын құжаттардың деректемелерін көрсете отырып,

      жарғылық капиталдың мөлшері: төлем тапсырмалары, кассалық кіріс ордерлері

      (акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлғаларды

      қоспағанда)

      ____________________________________________________________________.

      5. Жарияланған акциялардың шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің

      нөмірі және күні (акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды

      тұлғалар үшін)

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________.

      6. Жіберілетін құжаттардың тізбесі, олардың әрқайсысы бойынша даналары мен

      парақтарының саны

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________.

      Өтініш беруші өтінішке қоса берілетін құжаттардың (ақпараттың) дәйектілігін

      толығымен растайды.

      Өтініш беру үшін өтініш беруші уәкілеттік берген адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол

      бар болса), лауазымы

      _____________________________________________________________________

      (қолы)

      Цифрлық жүйелерде қамтылатын, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді

      пайдалануға келісемін.

      20___ жылғы "____" ___________

  Кредиттік бюро қызметін жүзеге
асыру құқығына рұқсат және
кредиттік тарихтардың деректер
базасын, пайдаланылатын
цифрлық жүйелерді қорғау және олардың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі кредиттік бюроға және үй-жайларға қойылатын
талаптарға кредиттік бюроның
сәйкестігі туралы актіні беру шарттары мен қағидаларына
3-қосымша

"Кредиттік бюро қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат және кредиттік тарихтардың деректер базасын, пайдаланылатын цифрлық жүйелерді қорғау және олардың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі кредиттік бюроға және үй-жайларға қойылатын талаптарға кредиттік бюроның сәйкестігі туралы актіні беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі

11.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы

Кредиттік бюро қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат және кредиттік тарихтардың дерекқорын, пайдаланылатын цифрлық жүйелерді қорғау және олардың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі кредиттік бюроға және үй-жайларға қойылатын талаптарға кредиттік бюроның сәйкестігі туралы актіні беру

22.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрлерінің (бар болса) атауы

Жоқ

33.

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі

44.

Мемлекеттік қызметті жəне оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету тәсілдері

"Цифрлық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал).

5.

Мемлекеттік қызметті жəне оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзімі

Порталға жүгінген күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні. Осы мерзім "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-2-бабында белгіленген жағдайларда тоқтатыла тұрады.

66.

Мемлекеттік қызметті жəне оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нысаны

Электрондық (ішінара цифрландырылған)

7.

Мемлекеттік қызметті жəне оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесі

Кредиттік тарихтардың дерекқорын, пайдаланылатын цифрлық жүйелерді қорғау және олардың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі кредиттік бюроға және үй-жайларға қойылатын талаптарға кредиттік бюроның сәйкестігі туралы актімен қоса, кредиттік бюро қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат не кредиттік тарихтардың дерекқорын, пайдаланылатын цифрлық жүйелерді қорғау және олардың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі кредиттік бюроға және үй-жайларға қойылатын талаптарға кредиттік бюроның сәйкестігі туралы актімен қоса, мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің нысаны: электрондық

88.

Мемлекеттік қызметті жəне оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін

99.

Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектісінің жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі ас үзілісімен, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден жұмаға дейін;
2) порталдың – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

110.

Мемлекеттік қызметті жəне оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

1) Кредиттік бюро қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат және кредиттік тарихтардың дерекқорын, пайдаланылатын цифрлық жүйелерді қорғау және олардың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі кредиттік бюроға және үй-жайларға қойылатын талаптарға кредиттік бюроның сәйкестігі туралы актіні беру шарттары мен қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қазақ немесе орыс тілдеріндегі кредиттік бюро қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат және кредиттік тарихтардың дерекқорын, пайдаланылатын цифрлық жүйелерді қорғау және олардың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі кредиттік бюроға және үй-жайларға қойылатын талаптарға кредиттік бюроның сәйкестігі туралы актіні беру туралы өтініш;
2) белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуден өткен құрылтай құжаттарының электрондық көшірмелері.

 
11.

Мемлекеттік қызметті жəне оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер

1) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес субъектілердің осы санаты үшін тыйым салынған қызметтің белгілі бір түрін жүзеге асыру;
2) кредиттік тарихтардың дерекқорын, пайдаланылатын цифрлық жүйелерді қорғау және олардың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі кредиттік бюроларға және үй-жайларға қойылатын талаптарды сақтамау;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметтің осы түрімен айналысуына тыйым салатын, соттың заңды күшіне енген шешімінің болуы;
4) кредиттік тарихтардың дерекқорын құру үшін пайдаланылатын цифрлық жүйелерді және көрсетілген цифрлық жүйелерді қорғау құралдарын қалыптастыру және пайдалану кезінде қолданылатын бағдарламалық қамтамасыз етуді қорғау бойынша "Кредиттік бюролардың, ақпарат берушілердің және кредиттік есептерді алушылардың қызметін ұйымдастыру кезінде цифрлық технологияларды пайдалануға және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, сондай-ақ Кредиттік бюролардың ақпарат берушілерге және кредиттік есептерді алушыларға қоятын талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 қыркүйектегі № 228 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17702 болып тіркелген) белгіленген ұйымдастырушылық, техникалық шараларды және технологиялық талаптарды кредиттік бюроның орындамауы.

 
12.

 
Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтердің ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де талаптар

Мемлекеттік қызмет көрсету орнының мекенжайы көрсетілетін қызметті берушінің ресми интернет-ресурсында орналастырылған. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинеті" арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары көрсетілетін қызметті берушінің ресми интернет-ресурсында орналастырылған.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

  Кредиттік бюро қызметін жүзеге
асыру құқығына рұқсат және
кредиттік тарихтардың деректер
базасын, пайдаланылатын
цифрлық жүйелерді қорғау және олардың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі кредиттік бюроға және үй-жайларға қойылатын талаптарға кредиттік бюроның сәйкестігі туралы актіні беру шарттары мен қағидаларына
4-қосымша
Нысан

_____________________________________ (кредиттік бюроның атауы)

кредиттік тарихтардың деректер базасын, пайдаланылатын цифрлық жүйелерді қорғау және олардың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі кредиттік бюроға және үй-жайларға қойылатын талаптарға сәйкестігі туралы

Акт

________________________

20__ жылғы "__" _________

жасалған орны

берілген күні

      Осы кредиттік тарихтардың деректер базасын, пайдаланылатын цифрлық жүйелерді

      қорғау және олардың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі кредиттік бюроға және үй-

      жайларға қойылатын талаптарға кредиттік бюроның сәйкестігі туралы актіні мынадай

      құрамдағы комиссия жасады:

      уәкілетті органның өкілдері:

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________.

      Комиссияның жұмысына кредиттік тарихтарды қалыптастыру және оларды пайдалану

      жүйесі қатысушысының өкілдері қатысады:

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________.

      Комиссия тексерген объектілердің және зерделеген құжаттардың толық сипаты:

      ____________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________.

      Кредиттік тарихтарды қалыптастыру және оларды пайдалану жүйесі қатысушысының

      өкілдері түсіндірмелерінің қысқаша мазмұны:

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________.

      Комиссияның кредиттік бюроның техникалық және өзге құжаттарын тексеруінен,

      оның техникалық үй-жайларын, электрондық-компьютерлік жабдығын, байланыс

      жүйелері мен қорғаныш құрылғыларын және кредиттік тарихтарды қалыптастыру

      және оларды пайдалану жүйесіндегі жұмысқа арналған өзге объектілерді тексеруінен

      мыналар анықталды:

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (қойылатын талаптарға сәйкестігі (сәйкессіздігі) және ұйымның цифрлық қызметтер

      нарығындағы қызметін бастауы (жалғастыруы) үшін жеткіліктілігі (жеткіліксіздігі)

      Кредиттік бюро комиссияның актісіне қоса берілетін мынадай техникалық

      құжаттаманы және өзге де құжаттарды ұсынды:

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________.

      Комиссия мүшелері:

      ________ ____________________________________________________________

      (лауазымы) (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған жағдайда))

      __________________________

      келісілді (келісілген жоқ)

      _____ _______________________________________________________________

      (лауазымы) (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған жағдайда))

      __________________________

      келісілді (келісілген жоқ)

      __________ ___________________________________________________________

      (лауазымы) (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған жағдайда))

      __________________________

      келісілді (келісілген жоқ)

      Комиссия жетекшісі:

      ______________________________________________________________

      (электрондық цифрлық қолтаңба)

  Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының мемлекеттік
қызметтер көрсету саласындағы қаржы ұйымдарының қызметін
реттеу мәселелері бойынша
өзгерістер енгізілетін
қаулыларының тізбесіне
2-қосымша
Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту Агенттігінің
Басқармасының 2022 жылғы 22
қарашадағы № 93 Қаулыға
1-қосымша

Микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Микроқаржылық қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-1-бабы 1-тармағының үшінші бөлігіне, 27-бабы бірінші бөлігінің 4-5) тармақшасына (бұдан әрі – Микроқаржылық қызмет туралы заң), "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 7-тармағының екінші бөлігіне, 13-бабына (бұдан әрі – Банктер туралы заң), "Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 1-1) тармақшасына (бұдан әрі – Мемлекеттік реттеу туралы заң), "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң), "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 2-тармағына (бұдан әрі – Рұқсаттар туралы заң) сәйкес әзірленді және қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган, көрсетілетін қызметті беруші) микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат (бұдан әрі – айналдыруға рұқсат, мемлекеттік қызмет) беру тәртібін айқындайды.

      Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпарат уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында орналастырылады, тиісті нормативтік құқықтық акт әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде "цифрлық үкіметтің" цифрлық инфрақұрылымының операторына және Бірыңғай байланыс орталығына жіберіледі.

      2. Қағидаларда Микроқаржылық қызмет туралы заңда, Банктер туралы заңда, Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңда, Рұқсаттар туралы заңда және "Киберқауіпсіздік туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көрсетілген мәндерде қолданылатын ұғымдар пайдаланылады.

      3. Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі Қағидаларға қосымшада келтірілген.

2-тарау. Микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру тәртібі

      4. Айналдыруға рұқсат алу үшін өтініш беруші уәкілетті органға осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша банкке айырбастау нысанында микроқаржы ұйымын ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат алу үшін өтінішті (бұдан әрі – өтініш) Қағидаларға қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 10-тармағында көзделген құжаттар мен мәліметтерді және осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес банкке айырбастау нысанында микроқаржы ұйымын ерікті түрде қайта ұйымдастыруға уәкілетті органның рұқсатын беру үшін қажетті құжаттар тізбесін қоса бере отырып ұсынады.

      5. Қоса берілген құжаттарымен бірге өтініш қағаз тасымалдағышта немесе "цифрлық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы ұсынылады. Өтінішпен бір мезгілде "Банктің ірі қатысушысы, банк холдингінің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы, сақтандыру холдингінің, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру, келісімді қайтарып алу қағидаларын және көрсетілген келісімді алу үшін ұсынылатын құжаттарға қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2026 жылғы 31 наурыздағы № 30 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 38324 болып тіркелген) (бұдан әрі – №30 қаулы) белгіленген талаптарға сәйкес банктің, банк холдингінің ірі қатысушысы мәртебесін иелену туралы өтініш беріледі.

      Уәкілетті орган өшіріп тазартылған, үстеме жазылған сөздері не сызылған сөздері және оларда келісілмеген өзге де түзетулері бар құжаттарды қарауға қабылдамайды.

      6. Шет мемлекеттердің құзыретті органдары немесе лауазымды адамдары берген құжаттар Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес заңдастыруға не апостильдеуге жатады (Қазақстан Республикасының бейрезидент жеке тұлғасының жеке басын куәландыратын құжаттарды қоспағанда). Шет тілінде ұсынылатын көрсетілген құжаттар қазақ тіліне және қажет болған жағдайда орыс тіліне аударылады және Қазақстан Республикасының нотариат туралы заңнамасына сәйкес нотариаттық куәландыруға жатады.

      7. Уәкілетті органның хат-хабарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті қызметкері өтініш келіп түскен күні оны қабылдауды, тіркеуді және мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты бөлімшеге (бұдан әрі – жауапты бөлімше) орындауға жіберуді жүзеге асырады. Өтініш жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес демалыс және мереке күндері келіп түскен кезде өтінішті қабылдау және тіркеу келесі жұмыс күні жүзеге асырылады. Егер өтініш уәкілетті органның жұмыс уақыты аяқталуға екі сағат қалғанда түскен жағдайда, мерзім келесі жұмыс күнінен басталады.

      8. Жауапты бөлімшенің қызметкері өтініш тіркелген күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Уәкілетті орган мемлекеттік қызметтер көрсету немесе цифрлық құжаттар сервисі үшін пайдаланылатын цифрлық жүйелерден мынадай:

      жеке тұлға - Қазақстан Республикасы резидентінің жеке басын куәландыратын;

      жеке тұлға - Қазақстан Республикасы резидентінде алынбаған немесе өтелмеген соттылығының жоқтығын растайтын;

      заңды тұлға - Қазақстан Республикасы резидентін мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы құжаттарда көрсетілген мәліметтерді алады.

      Өтініш беруші ұсынған өтініште және (немесе) құжаттарда қателер немесе дәлсіздіктер анықталған, олардың нысаны мен мазмұны бойынша қойылатын талаптарға сәйкессіздігі, өтініш беруші мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне сәйкес құжаттардың толық емес пакетін ұсынған жағдайларда, уәкілетті орган өтінішті цифрлық күту парағы арқылы қабылдайды.

      Осы тармақтың төртінші бөлігінде көзделген негіздеме бойынша өтініш беруші ұсынған құжаттар (оның ішінде түпнұсқалары), портал арқылы өтініш және (немесе) құжаттар берілген жағдайларды қоспағанда, уәкілетті органның сақтауына қабылданбай, өтініш берушіге қайтарылуға тиіс.

      Бұл ретте өтініш берушіге анықталған кемшіліктерді жою үшін ақылға қонымды мерзім белгіленеді, ол Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 5-тармағында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетудің жалпы мерзіміне қосылмайды және одан аспауға тиіс.

      Кемшіліктер жойылған жағдайда, мемлекеттік қызметті алуға өтінішті және (немесе) құжаттарды қабылдаған күн өтініш берушінің алғашқы жүгінген күні болып есептеледі.

      Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің ағымы анықталған кемшіліктер жойылған сәттен бастап қайта басталады.

      Белгіленген мерзімде анықталған кемшіліктер жойылмаған жағдайда, уәкілетті орган өтініш пен құжаттарды қабылдаудан бас тартады.

      9. Өтініш беруші ұсынған құжаттардың толықтығы фактісі анықталған кезде жауапты бөлімше 50 (елу) жұмыс күні ішінде құжаттарды Қазақстан Республикасының микроқаржылық қызмет туралы заңнамасының және банк заңнамасының талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды.

      10. Өтініш беруші ұсынған өтініште және (немесе) құжаттарда қателер немесе дәлсіздіктер анықталған, олардың нысаны мен мазмұны бойынша қойылатын талаптарға сәйкессіздігі, өтініш беруші мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне сәйкес құжаттардың толық емес топтамасын ұсынған жағдайда, уәкілетті орган мемлекеттік қызмет көрсету процесін тоқтата тұрады.

      Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін тоқтата тұру уәкілетті органның мемлекеттік қызмет көрсету процесін тоқтата тұру туралы хабарламаны пошта, факсимильдік байланыс, электрондық пошта, электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы және (немесе) портал арқылы өтініш берушіге жіберген күнінен басталады. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің ағымы уәкілетті органның мемлекеттік қызмет көрсету процесін қайта бастау туралы шешім қабылдаған күнінен бастап қайта басталады.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген негіздеме бойынша мемлекеттік қызмет көрсету процесі тоқтатыла тұрған жағдайда, өтініш беруші ұсынған құжаттар (оның ішінде түпнұсқалары), портал арқылы өтініш және (немесе) құжаттар берілген жағдайларды қоспағанда, уәкілетті органның сақтауына қабылданбай, өтініш берушіге қайтарылуға тиіс.

      Құжаттарды қайта ұсынуды өтініш беруші анықталған кемшіліктерді жойғаннан кейін тоқтата тұру мерзімі шегінде жүзеге асырады.

      Мемлекеттік қызмет көрсету процесі осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген жағдайда – анықталған кемшіліктер көрсетілетін қызметті беруші белгілеген ақылға қонымды мерзімде жойылғанға дейін тоқтатыла тұрады.

      Осы тармақтың бесiншi бөлігінде көзделген тоқтата тұру мерзімі Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 5-тармағында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетудің жалпы мерзімінен аспауға тиіс.

      11. Уәкілетті орган өтініш берушінің өтінішхаты бойынша немесе өз бастамасы бойынша қызмет көрсетудің бұдан былайғы процесіне уақытша кедергі келтіретін еңсерілмейтін күш қолданылған жағдайларда мемлекеттік қызмет көрсету процесін тоқтата тұруға құқылы. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бұдан былайғы процесіне уақытша кедергі келтіретін еңсерілмейтін күштің қолданылуы деп төтенше жағдайдың енгізілуі, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайдың туындау қаупі немесе туындауы түсініледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды қарау нәтижелері бойынша жауапты бөлімше уәкілетті орган Басқармасының қарауына айналдыруға рұқсат беру (беруден бас тарту) туралы уәкілетті орган Басқармасы қаулысының жобасын дайындайды және жібереді.

      Айналдыруға рұқсат беру (беруден бас тарту) туралы шешімді уәкілетті органның Басқармасы қабылдайды.

      Жауапты бөлімшенің қызметкері жауапты бөлімше уәкілетті орган Басқармасының қаулысын алғаннан кейін 4 (төрт) жұмыс күні ішінде (мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі шегінде) көрсетілетін қызметті алушыға айналдыруға рұқсатты және уәкілетті орган Басқармасы қаулысының көшірмесін қоса бере отырып, айналдыруға рұқсат беру туралы хабарламаны не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты жібереді.

      Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартқан кезде көрсетілетін қызметті алушымен тыңдау жүргізілмейді.

      12. Микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша беріледі.

      Уәкілетті орган көрсетілген айналдыруға рұқсатты берумен №30 қаулыда көзделген тәртіппен келісім береді.

      13. Айналдыруға рұқсаттың уәкілетті орган банк операцияларын жүргізуге лицензия беру туралы шешім қабылдағанға дейін заңды күші болады.

      14. Айналдыруға рұқсаттың қолданыс мерзімі айналдыруға рұқсат берілген күннен бастап 1 (бір) жыл. Уәкілетті орган бұл мерзімді микроқаржы ұйымын банкке айналдыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында көзделген іс-шараларды іске асыру туралы есепті қарау және микроқаржы ұйымының Микроқаржылық қызмет туралы заңның 25-3-бабының 4-тармағына сәйкес уәкілетті органның ескертулерін жою мерзіміне тоқтата тұрады.

      15. Уәкілетті орган рұқсат беруге негіз болған дәйексіз мәліметтер анықталған жағдайда микроқаржы ұйымын банкке айналдыруға берілген рұқсатты кері қайтарып алады.

      Микроқаржы ұйымын банкке айналдыруға берілген рұқсатты кері қайтарып алған немесе микроқаржы ұйымы аталған рұқсатты ерікті түрде қайтарған кезде уәкілетті орган рұқсатты кері қайтарып алуға негіз болып табылатын факт анықталған немесе микроқаржы ұйымы рұқсатты ерікті түрде қайтару туралы өтініш берген күннен бастап екі ай ішінде бұрын берілген рұқсаттың күшін жою туралы шешім қабылдайды.

      Айналдыруға рұқсатты кері қайтарып алған немесе микроқаржы ұйымы банкке ерікті түрде қайтарған кезде № 30 қаулыға сәйкес берілген рұқсат беру құжаттарын уәкілетті орган осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген мерзімде күшін жоюға тиіс.

      16. Микроқаржы ұйымы уәкілетті органның микроқаржы ұйымын банкке айналдыруға берілген рұқсатында көрсетілген айналдыру мерзімі өткенге дейін өзіне берілген айналдыруға рұқсатты ерікті түрде қайтаруға құқылы.

      17. Микроқаржы ұйымы микроқаржы ұйымын банкке айналдыруға берілген рұқсатты ерікті түрде қайтарған кезде, бұрын микроқаржы ұйымын банкке айналдыруға берілген рұқсаттың және № 30 қаулыға сәйкес берілген келісімнің күші жойылған болып саналады.

      18. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды көрсетілетін қызметті берушінің жоғары тұрған лауазымды адамы, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізеді.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралады.

      19. Шағымда:

      1) шағымды қарастыратын органның атауы;

      2) көрсетілетін қызметті алушының атауы, пошталық мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, орналасқан жері;

      3) көрсетілетін қызметті берушінің атауы және (немесе) шешіміне, іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) дау айтылып отырған лауазымды тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған жағдайда);

      4) шағым беруші тұлға өз талаптары мен дәлелдемелерін негіздейтін мән-жайлар;

      5) шағымның берілген күні;

      6) шағымға қоса берілетін құжаттардың тізбесі;

      7) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де мәліметтер көрсетіледі.

      Шағымға көрсетілетін қызметті алушы не оның өкілі болып табылатын адам қол қояды.

      20. Заңда жоғары тұрған органға шағымдану қажеттілігінсіз сотқа жүгіну мүмкіндігі көзделген жағдайда, әкімшілік актісіне, әкімшілік іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) дау айтылып отырған әкімшілік орган, лауазымды адам пікірмен (жауаппен) қатар сотқа жоғары тұрған әкімшілік орган басшысының, лауазымды адамның уәжді ұстанымын ұсынады.

  Микроқаржы ұйымын банкке
айналдыру нысанында ерікті
түрде қайта ұйымдастыруға
рұқсат беру қағидаларына
қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы

Микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру

2.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің (бар болса) атауы

Жоқ

3.

Қызмет көрсетушінің атауы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі

4.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету тәсілдері

"Цифрлық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал); қызметті көрсетушінің кеңсесі.

5.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзімі

Қызмет көрсетушіге құжаттар топтамасын өткізген күннен бастап немесе көрсетілетін қызметті алушы порталға құжаттардың толық топтамасын ұсынған күннен бастап 65 (алпыс бес) жұмыс күні ішінде.
Осы мерзім "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-2-бабында көзделген жағдайларда тоқтатыла тұрады.

6.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нысаны

Электрондық (ішінара цифрландырылған) / қағаз нысанында

7.

Мемлекеттік және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесі

Микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру туралы хабарлама (микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат қоса беріледі) не көрсетілетін қызметті беруші Басқармасының тиісті қаулысының көшірмесі қоса берілген мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту.

8.

Мемлекеттік қызметті жəне оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін

9.

Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектісінің жұмыс кестесі

Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.

10.

Мемлекеттік қызметті жəне оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Көрсетілетін қызметті алушы порталға жүгінген кезде:
1) көрсетілетін қызметті алушының бірінші басшысының немесе өтініш беруге уәкілеттік берілген адамның (адамның өтініш беруге және оған қоса берілетін құжаттарға өкілеттігін растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып) электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат түріндегі осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша банкке айналдыру нысанында микроқаржы ұйымын ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат алу үшін өтініш;
2) өтініш беруге уәкілеттік берілген адам туралы ақпаратты қамтитын, банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыру туралы көрсетілетін қызметті алушы акционерлерінің жалпы жиналысы шешімінің электрондық көшірмесі;
3) осы қаулыға 5 және 6-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының акцияларына 10 (он) пайыздан кем мөлшерде иелік ететін акционерлер – жеке және заңды тұлғалар туралы мәліметтердің электрондық көшірмесі;
4) көрсетілетін қызметті алушының үлестес тұлғалары туралы мәліметтердің электрондық көшірмесі (қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында мәліметтер болмаған жағдайда);
5) "Микроқаржылық қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Микроқаржылық қызмет туралы заң) 25-3-бабының талаптарына сәйкес келетін, көрсетілетін қызметті алушыны банкке айналдыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының электрондық көшірмесі;
6) көрсетілетін қызметті алушы акционерлерінің жалпы жиналысы бекіткен, банк лицензиясын алғаннан кейінгі кейінгі бес жылға арналған банктің бизнес-жоспарының электрондық көшірмесі. Бизнес-жоспардың мазмұнына қойылатын талаптар банктің егжей-тегжейлі құрылымын, қызмет стратегиясын, қызметінің бағыттары мен ауқымын, қаржылық перспективаларын (бюджетті, есептік балансты, алғашқы бес қаржылық (операциялық) жылға арналған пайда мен залалдар туралы шотты), маркетинг жоспарын (банк клиенттерін қалыптастыруды), еңбек ресурстарын тарту жоспарын, тәуекелдерді басқаруды ұйымдастыруды егжей-тегжейлі ашуды қоса алғанда, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2026 жылғы 31 наурыздағы № 30 "Банктің, банк холдингінің ірі қатысушысы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы, сақтандыру холдингінің, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру, оны кері қайтарып алу қағидаларын және аталған келісімді алу үшін ұсынылатын құжаттарға қойылатын талаптарды бекіту туралы" қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2026 жылғы 3 сәуірде № 38324 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 30 Қаулы) белгіленеді;
7) Қазақстан Республикасының банк заңнамасына сәйкес келтіру мақсатында енгізілген өзгерістері мен толықтырулары бар жарғы жобасының электрондық көшірмесі;
8) өтініш беруші банктің немесе банк холдингінің ірі қатысушысы мәртебесін иеленуі қажет болған жағдайда, №30 қаулыға сәйкес ұсынылатын құжаттар мен мәліметтер.
Жеке басты куәландыратын, Қазақстан Республикасының резиденті – жеке тұлғада алынбаған немесе өтелмеген соттылығының жоқтығын растайтын құжаттар, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы құжаттар туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "цифрлық үкіметтің" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден алады.
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жүгінген кезде:
1) көрсетілетін қызметті алушының лауазымды тұлғасының немесе көрсетілетін қызметті алушы өтінішке қол қоюға уәкілеттік берген адамның қолымен куәландырылған осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша банкке айналдыру нысанында микроқаржы ұйымын ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат алу үшін өтініш;
2) өтініш беруге уәкілеттік берілген адам туралы ақпаратты қамтитын, банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыру туралы көрсетілетін қызметті алушы акционерлерінің жалпы жиналысы шешімінің көшірмесі;
3) осы қаулыға 5 және 6-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының акцияларына 10 (он) пайыздан кем мөлшерде иелік ететін акционерлер – жеке және заңды тұлғалар туралы мәліметтер;
4) көрсетілетін қызметті алушының үлестес тұлғалары туралы мәліметтер (қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында мәліметтер болмаған жағдайда);
5) Микроқаржылық қызмет туралы заңның 25-3-бабының талаптарына сәйкес келетін, көрсетілетін қызметті алушыны банкке айналдыру жөніндегі іс-шаралар жоспары;
6) көрсетілетін қызметті алушы акционерлерінің жалпы жиналысы бекіткен, банк лицензиясын алғаннан кейінгі кейінгі бес жылға арналған банктің бизнес-жоспары. Бизнес-жоспардың мазмұнына қойылатын талаптар банктің егжей-тегжейлі құрылымын, қызмет стратегиясын, қызметінің бағыттары мен ауқымын, қаржылық перспективаларын (бюджетті, есептік балансты, алғашқы бес қаржылық (операциялық) жылға арналған пайда мен залалдар туралы шотты), маркетинг жоспарын (банк клиенттерін қалыптастыруды), еңбек ресурстарын тарту жоспарын, тәуекелдерді басқаруды ұйымдастыруды егжей-тегжейлі ашуды қоса алғанда, № 30 Қаулымен белгіленеді;
7) Қазақстан Республикасының банк заңнамасына сәйкес келтіру мақсатында енгізілген өзгерістері мен толықтырулары бар жарғы жобасы;
8) өтініш беруші банктің немесе банк холдингінің ірі қатысушысы мәртебесін иеленуі қажет болған жағдайда, №30 қаулыға сәйкес ұсынылатын құжаттар мен мәліметтер.
Жеке басты куәландыратын, Қазақстан Республикасының резиденті – жеке тұлғада алынбаған немесе өтелмеген соттылығының жоқтығын растайтын құжаттар, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы құжаттар туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "цифрлық үкіметтің" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден алады.

11.

Мемлекеттік қызметті жəне оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер

1) банк атауының "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 3-тармағындағы талаптарға сәйкес келмеуі (бұдан әрі – Банктер туралы заң);
2) банктің (банк холдингінің) ірі қатысушысы мәртебесін иеленетін микроқаржы ұйымы акционерлерінің қаржылық жағдайының тұрақсыздығы. Қаржылық жағдайдың тұрақсыздығы деп Банктер туралы заңның 11-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында белгіленген белгілердің бірінің болуы түсініледі;
3) құрылтайшы-жеке тұлғаның не құрылтайшы-заңды тұлғаның атқарушы органы не басқару органы бірінші басшысының:
жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы бар болуы;
уәкілетті орган немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы банкті төлемге қабілетсіз банктер санатына жатқызу не оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымын таратуға және (немесе) олардың қаржы нарығындағы қызметін жүзеге асыруын тоқтатуға алып келген, оларды лицензиядан айыру туралы шешім қабылдағанға дейін не Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін бір жылдан аспайтын кезеңде қаржы ұйымының, оның ішінде Қазақстан Республикасы бейрезидент-қаржы ұйымының басқару органының бірінші басшысы, атқарушы органының бірінші басшысы немесе оның орынбасары, бас бухгалтері лауазымын атқаруы.
Көрсетілген талап уәкілетті орган немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы банкті төлемге қабілетсіз банктер санатына жатқызу не оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымын таратуға және (немесе) олардың қаржы нарығында қызметін жүзеге асыруын тоқтатуға алып келген, оларды лицензиядан айыру туралы шешім қабылдағаннан кейін не Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін бес жыл бойы қолданылады. Осы тармақшаның мақсаттары үшін қаржы ұйымы деп Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы да, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы да, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалы да түсініледі;
4) Банктер туралы заңның 9-бабында белгіленген талаптардың сақталмауы;
5) №30 қаулыға сәйкес уәкілетті органның банктің, банк холдингінің ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беруден бас тартуы;
6) банктің бизнес-жоспары және өтініш беруші ұсынған өзге де құжаттар мыналарды:
алғашқы үш қаржылық (операциялық) жыл өткеннен кейін банктің қызметі рентабельді болатынын;
банктің тәуекелді шектеу жөніндегі талаптарды сақтауға және тиісті басқару құрылымын құруға ниетті екенін;
банктің өз қызметінің жоспарларына сәйкес келетін ұйымдық, есептік және бақылау құрылымы бар екенін көрсетпеуі;
7) көрсетілетін қызметті берушінің ұсынылған құжаттар бойынша ескертулерін ол белгілеген мерзімде жоймау;
8) көрсетілетін қызметті алушыны банкке айналдыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының Микроқаржылық қызмет туралы заңның 25-3-бабында көзделген талаптарға сәйкес келмеуі;
9) көрсетілетін қызметті алушыны банкке айналдыру салдарларының қаржылық болжамы банкке айналдыру салдарынан көрсетілетін қызметті алушының қаржылық жағдайының нашарлауын және (немесе) құрамына банк және (немесе) банк холдингі кіретін банк конгломератының пруденциалдық нормативтерді сақтамауын болжауы;
10) көрсетілетін қызметті алушының микроқаржы ұйымын банкке айналдыруға рұқсат беру туралы өтініш берілген күннің алдындағы соңғы үш ай ішінде және (немесе) өтінішті қарау кезеңінде белгіленген пруденциалдық нормативтерді және (немесе) басқа да сақталуы міндетті нормалар мен лимиттерді сақтамауы;
11) өтініш берілген күні және құжаттарды қарау кезеңінде микроқаржы ұйымында Микроқаржылық қызмет туралы заңның 28-бабында көзделген жазбаша нұсқама түріндегі қолданыстағы қадағалап мән беріп ықпал ету шарасының және (немесе) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 211-бабының бірінші, 3-1, төртінші бөліктерінде және 227-бабының үшінші бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жазалардың болуы;
12) Микроқаржылық қызмет туралы заңның 25-1-бабының шарттарын сақтамау;
13) мемлекеттік қызметті көрсету үшін талап етілетін, қолжетімділігі шектелген дербес деректерге қол жеткізуге "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін көрсетілетін қызметті алушы келісімінің болмауы.

12.

Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтердің ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де талаптар

Мемлекеттік қызмет көрсету орнының мекенжайы көрсетілетін қызметті берушінің ресми интернет-ресурсында орналастырылған.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығынан алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары көрсетілетін қызметті берушінің ресми интернет-ресурсында орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

  Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының мемлекеттік
қызметтер көрсету саласындағы қаржы ұйымдарының қызметін
реттеу мәселелері бойынша
өзгерістер енгізілетін
қаулыларының тізбесіне
3-қосымша
Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту Агенттігінің
Басқармасының 2022 жылғы 22
қарашадағы № 93 Қаулыға
2-қосымша

Микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға уәкілетті органның рұқсатын беру үшін қажетті құжаттар тізбесі

      Микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      Көрсетілетін қызметті алушы порталға жүгінген кезде:

      1) көрсетілетін қызметті алушының бірінші басшысының немесе өтініш беруге уәкілеттік берілген адамның (адамның өтініш беруге және оған қоса берілетін құжаттарға өкілеттігін растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып) электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат түріндегі осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша банкке айналдыру нысанында микроқаржы ұйымын ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат алу үшін өтініш;

      2) өтініш беруге уәкілеттік берілген адам туралы ақпаратты қамтитын, банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыру туралы көрсетілетін қызметті алушы акционерлерінің жалпы жиналысы шешімінің электрондық көшірмесі;

      3) осы қаулыға 5 және 6-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының 10 (он) пайыздан кем мөлшердегі акцияларына иелік ететін акционерлер – жеке және заңды тұлғалар туралы мәліметтердің электрондық көшірмесі;

      4) көрсетілетін қызметті алушының үлестес тұлғалары туралы мәліметтердің электрондық көшірмесі (қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында мәліметтер болмаған жағдайда);

      5) "Микроқаржылық қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Микроқаржылық қызмет туралы заң) 25-3-бабының талаптарына сәйкес келетін, көрсетілетін қызметті алушыны банкке айналдыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының электрондық көшірмесі;

      6) микроқаржы ұйымы акционерлерінің жалпы жиналысы бекіткен, банк лицензиясын алғаннан кейінгі келесі бес жылға арналған банктің бизнес-жоспарының электрондық көшірмесі. Бизнес-жоспардың мазмұнына қойылатын талаптар банктің егжей-тегжейлі құрылымын, қызмет стратегиясын, қызметінің бағыттары мен ауқымын, қаржылық перспективаларын (бюджетті, есептік балансты, алғашқы бес қаржылық (операциялық) жылға арналған пайда мен залалдар туралы шотты), маркетинг жоспарын (банк клиенттерін қалыптастыруды), еңбек ресурстарын тарту жоспарын, тәуекелдерді басқаруды ұйымдастыруды егжей-тегжейлі ашуды қоса алғанда, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2026 жылғы 31 наурыздағы № 30 "Банктің, банк холдингінің ірі қатысушысы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы, сақтандыру холдингінің, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру, оны кері қайтарып алу қағидаларын және аталған келісімді алу үшін ұсынылатын құжаттарға қойылатын талаптарды бекіту туралы" қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 38324 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 30 Қаулы) белгіленеді;

      7) Қазақстан Республикасының банк заңнамасына сәйкес келтіру мақсатында енгізілген өзгерістері мен толықтырулары бар жарғы жобасының электрондық көшірмесі;

      8) өтініш беруші банктің немесе банк холдингінің ірі қатысушысы мәртебесін иеленуі қажет болған жағдайда, №30 қаулыға сәйкес ұсынылатын құжаттар мен мәліметтер.

      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жүгінген кезде:

      1) көрсетілетін қызметті алушының лауазымды тұлғасының немесе көрсетілетін қызметті алушы өтінішке қол қоюға уәкілеттік берген адамның қолымен куәландырылған осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша банкке айналдыру нысанында микроқаржы ұйымын ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат алу үшін өтініш;

      2) өтініш беруге уәкілеттік берілген адам туралы ақпаратты қамтитын, банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыру туралы көрсетілетін қызметті алушы акционерлерінің жалпы жиналысы шешімінің көшірмесі;

      3) осы қаулыға 5 және 6-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының акцияларына 10 (он) пайыздан кем мөлшерде иелік ететін акционерлер – жеке және заңды тұлғалар туралы мәліметтер;

      4) көрсетілетін қызметті алушының үлестес тұлғалары туралы мәліметтер (қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында мәліметтер болмаған жағдайда);

      5) Микроқаржылық қызмет туралы заңның 25-3-бабының талаптарына сәйкес келетін, көрсетілетін қызметті алушыны банкке айналдыру жөніндегі іс-шаралар жоспары;

      6) көрсетілетін қызметті алушы акционерлерінің жалпы жиналысы бекіткен, банк лицензиясын алғаннан кейінгі келесі бес жылға арналған банктің бизнес-жоспары. Бизнес-жоспардың мазмұнына қойылатын талаптар банктің егжей-тегжейлі құрылымын, қызмет стратегиясын, қызметінің бағыттары мен ауқымын, қаржылық перспективаларын (бюджетті, есептік балансты, алғашқы бес қаржылық (операциялық) жылға арналған пайда мен залалдар туралы шотты), маркетинг жоспарын (банк клиенттерін қалыптастыруды), еңбек ресурстарын тарту жоспарын, тәуекелдерді басқаруды ұйымдастыруды егжей-тегжейлі ашуды қоса алғанда, № 30 Қаулымен белгіленеді;

      7) Қазақстан Республикасының банк заңнамасына сәйкес келтіру мақсатында енгізілген өзгерістері мен толықтырулары бар жарғы жобасы;

      8) өтініш беруші банктің немесе банк холдингінің ірі қатысушысы мәртебесін иеленуі қажет болған жағдайда, №30 қаулыға сәйкес ұсынылатын құжаттар мен мәліметтер.

  Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының мемлекеттік
қызметтер көрсету саласындағы қаржы ұйымдарының қызметін
реттеу мәселелері бойынша
өзгерістер енгізілетін
қаулыларының тізбесіне
4-қосымша
Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту Агенттігінің
Басқармасының 2022 жылғы 22
қарашадағы № 93 Қаулыға
  3-қосымша

      Нысан

Микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат алуға арналған өтініш

      _____________________________________________________________________

      (микроқаржы ұйымының атауы, микроқаржы ұйымы өкілінің бизнес сәйкестендіру

      нөмірі (бар болса), тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))

      ______________________________________________________________________

      (өтініш берушінің осы өтінішті микроқаржы ұйымының атынан беруге өкілеттігін

      растайтын нотариат куәландырған немесе өзге түрде куәландырылған құжатқа

      сілтеме)

      __________________________________________________________________

      (өтініш берушінің жұмыс орны және ол атқаратын лауазымы, тұрғылықты жері,

      заңды мекенжайы)

      _________________________________________________________________

      микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыру

      туралы 20__ жылғы "___" _______ №

      ___________________________________________________________________

      (микроқаржы ұйымының атауы)

      шешіміне сәйкес________________________________________________

      (шешімді кім қабылдады)

      микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға

      рұқсат беруді

      ____________________________________________________________________

      (микроқаржы ұйымының атауы мен орналасқан жері)

      __________________________________________________________________-ға

      ___________________________________________________________________

      сұрайды.

      (құрылатын банктің атауы)

      Осымен, осы өтінішпен бір мезгілде уәкілетті органға ірі қатысушы, банк холдингі мәртебесін иелену туралы өтініш (қажеттісі таңдалсын) жіберілгенін растаймын.

      Микроқаржы ұйымының лауазымды тұлғасы не микроқаржы ұйымы құжаттарға қол қоюға уәкілеттік берген адам өтінішке қоса берілетін құжаттар мен мәліметтердің дәйектілігін, сондай-ақ уәкілетті органға осы өтінішті қарауға байланысты сұратылатын ақпаратты уақтылы ұсынуды растайды.

      Цифрлық жүйелерде қамтылатын, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

      Қосымша (жіберілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі, олардың әрқайсысы бойынша даналары мен парақтарының саны көрсетілсін):

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      (микроқаржы ұйымының лауазымды тұлғасының не микроқаржы ұйымы құжаттарға

      қол қоюға уәкілеттік берген адамның қолы, күні)

  Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі
Басқармасының мемлекеттік
қызметтер көрсету саласындағы қаржы ұйымдарының қызметін
реттеу мәселелері бойынша
өзгерістер енгізілетін
қаулыларының тізбесіне
5-қосымша
Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту Агенттігінің Басқармасының
2022 жылғы 22 қарашадағы
№ 93 Қаулыға 4-қосымша

      Нысан

(қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген бланкінде басып шығарылады)

Микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға арналған рұқсат № ______ __ жылғы "____" ____________

      Осы рұқсат

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (микроқаржы ұйымының атауы)

      микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға

      берілді.

      Микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта

      ұйымдастыруға арналған рұқсаттың қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу,

      бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган банк операцияларын жүргізуге

      лицензия беру туралы шешім қабылдағанға дейін, айналдыру мерзімі өткенге дейін

      заңды күші бар.

      Микроқаржы ұйымын банкке айналдыру мерзімі осы рұқсат берілген күннен бастап

      бір жыл.

      Төраға

      (Төрағаның орынбасары) ________________________

      _________________________________ (қолы) (тегі, аты-жөні)

      Мөр орны

  Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі
Басқармасының мемлекеттік
  қызметтер көрсету саласындағы қаржы ұйымдарының қызметін
реттеу мәселелері бойынша
өзгерістер енгізілетін
қаулыларының тізбесіне
6-қосымша
Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту Агенттігінің Басқармасының
2022 жылғы 22 қарашадағы
№ 93 Қаулыға 5-қосымша

      Нысан

     


Микроқаржы ұйымының 10 (он) пайыздан аз мөлшердегі акцияларына ие акционер – жеке тұлға туралы мәліметтер

      _________________________________________________________________

      (микроқаржы ұйымының атауы)

      20___ жылғы "___" __________________

      1. Акционер _____________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған жағдайда)

      2. Туған күні_________________________________________________

      3. Туған жері _______________________________________________

      _______________________________________________________________

      4. Азаматтығы __________________________________________________

      5. Жеке басын куәландыратын құжаттың деректері ____________________

      _______________________________________________________________

      6. Жеке сәйкестендіру нөмірі немесе жеке тұлға резиденті болып табылатын

      мемлекетте жеке тұлға үшін қалыптастырылатын өзге де бірегей нөмір (бар болған

      жағдайда)

      _______________________________________________________________

      7. Тұрғылықты жері және заңды мекенжайы __________________________

      8. Телефон нөмірі (қаланың коды, жұмыс және үй)________________

      _______________________________________________________________

      9. Жұбайы (зайыбы), жақын туыстары (ата-анасы, аға-інісі, әпке-сіңлісі (қарындасы),

      балалары) және жекжаттары (жұбайының (зайыбының) ата-анасы, аға-інісі, әпке-

      сіңлісі (қарындасы), балалары) туралы мәліметтер

№

Тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған жағдайда)

Туған жылы

Туыстық қатынастар

Жұмыс орны мен лауазымы

1

2

3

4

5






      10. Еңбек қызметі туралы мәліметтер

      Бұл тармақта акционер – жеке тұлғаның еңбек қызметі, сондай-ақ оның басқару

      органына мүше болуы туралы, оның ішінде жоғары оқу орнын аяқтаған кезден бастап,

      сондай-ақ акционер – жеке тұлға еңбек қызметін жүзеге асырмаған кезең туралы

      мәліметтер көрсетіледі.

№

Жұмыс істеген кезеңі (күні, айы, жылы)

Жұмыс орны (ұйымы Қазақстан Республикасының бейрезиденті болған жағдайда, ұйымының тіркелген елі көрсетіледі)

Лауазымы

Тәртіптік жаза қолданудың болуы

Жұмыстан шығу, лауазымнан босату себептері

1

2

3

4

5

6







      11. Оларға қатысты акционер – жеке тұлға ірі акционер болып табылатын не мүліктегі тиісті үлеске құқығы бар заңды тұлғалар туралы мәліметтер

№

Заңды тұлғаның атауы және орналасқан жері (заңды тұлғаның БИН-і ол бар болса)

Мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы деректер, заңды тұлға қызметінің жарғылық түрлері (негізгі қызмет түрлерін көрсету)

Жарғылық капиталға қатысу үлесі немесе акционер – жеке тұлғаға тиесілі акциялар санының заңды тұлғаның орналастырылған акцияларының жалпы санына (артықшылық берілген және сатып алынғандарын шегергенде) арақатынасы (пайызбен)

1

2

3

4





      Ескертпе: 4-бағанда акционер – жеке тұлғаның сенімгерлік басқаруындағы үлесті, сондай-ақ иелену нәтижесінде акционер – жеке тұлға өзге тұлғалармен бірлесіп ірі қатысушы болып табылатын акциялар (үлестер) санын есептегендегі үлесті көрсету қажет.

      12. Акционер – жеке тұлғаның уәкілетті орган немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымы олардың таратылуына және (немесе) қаржы нарығындағы қызметін тоқтатуға әкеп соқтырған оның резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы реттеу режимін қолдану туралы шешім, қаржы ұйымын, оның ішінде Қазақстан Республикасы бейрезидент қаржы ұйымын лицензиядан айыру туралы шешім қабылдағанға дейін немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымы оның резиденті болып табылатын мемлекеттің заңнамасында белгіленген тәртіпте қаржы ұйымын, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы немесе оны төлемге қабілетсіз (банкрот) деп тану туралы сот актісі заңды күшіне енгенге дейін бір жылдан аспайтын кезеңде қаржы ұйымының, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымының басқару органының бірінші басшысы, атқарушы органының бірінші басшысы немесе оның орынбасары, бас бухгалтері лауазымын атқарған-атқармағандығы туралы мәліметтер.

      Осы тармақтың мақсаттары үшін қаржы ұйымы деп Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалы, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалы да түсініледі.

      ____________________________________________________________________

      (иә (жоқ), ұйымның

      ________________________________________________________________ атауы,

      лауазымы, жұмыс істеу кезеңін көрсету)

      13. Акционер – жеке тұлғаның бұрын қаржы ұйымының басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері, ірі қатысушысы (ірі акционері) – жеке тұлға, ірі қатысушының (ірі акционердің) – заңды тұлғаның басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері болған-болмағандығы туралы, мынадай мән-жайлардың бірі болған кезде:

      невыплата купонного вознаграждения по выпущенным эмиссионным ценным бумагам длилась в течение четырех и более последовательных периодов;

      қатарынан төрт және одан да көп кезең бойы шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша купондық сыйақы төлеу бойынша дефолтқа жол берген;

      дефолтқа жол берілген шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша купондық сыйақы төлеу бойынша берешегінің сомасы купондық сыйақының төрт еселенген және (немесе) одан да көп мөлшерін құрайтын;

      шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша негізгі борышты төлеу бойынша

      дефолттың мөлшері республикалық бюджет туралы заңда төлеу күніне белгіленген

      айлық есептік көрсеткіштен он мың есе асып түсетін соманы құрайтын;

      ___________________________________________________________________

      (иә (жоқ), ұйымның

      ________________________________________________________________ атауы,

      лауазымы, жұмыс істеу кезеңін көрсету)

      14. Акционер – жеке тұлға тағайындалған (сайланған), оны келісу үшін құжаттарды берген күнге дейін үш жыл ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін жауапкершілікке тартылды ма не сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жазаға тартылды ма

      ____________________________________________________________________

      (иә (жоқ), құқық бұзушылықтың, қылмыстың қысқаша сипаттамасы

      ____________________________________________________________________

      жауапкершілікке тартылу негіздерін көрсете отырып,

      ____________________________________________________________________

      әкімшілік жаза қолдану туралы актінің немесе сот шешімінің деректемелері)

      15. Акционер – жеке тұлғаға қатысты белгілі бір мемлекеттік қызметті алуды талап ететін қызметке немесе қызметтің жекелеген түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімі (үкімі) бар ма немесе соның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылған сот шешімі бар ма

      16. Мәліметтерге:

      акционер – жеке тұлғаның жеке басын растайтын құжаттың көшірмесі (азаматтығы жоқ шетелдіктер үшін);

      акционер – жеке тұлғаның азаматтығы бар елде (шетелдіктер үшін) не тұрақты тұратын елінде (азаматтығы жоқ адамдар үшін) олардың азаматтығы бар еліндегі (олар тұрақты тұратын елдегі– азаматтығы жоқ адамдар үшін) мемлекет орган берген, акционер – жеке тұлғада қылмыстары үшін алынбаған немесе өтелмеген соттылығының жоқ екендігі туралы мәліметтерді растайтын құжат. Акционер-жеке тұлға соңғы 10 (он) жылда үнемі өзінің азаматтығы бар елдің аумағынан тыс жерде тұрған болса, акционер-жеке тұлға соңғы 10 (он) жылда үнемі тұрған елде оның қылмыстар үшін алынбаған немесе өтелмеген соттылықтың жоқ екендігі туралы құжаттың электрондық көшірмесі ұсынылады. Көрсетілген құжатты ұсыну күні өтінішті берген күннің алдындағы 3 (үш) айдан аспайды (ұсынылатын құжатта оның өзге қолданылу мерзімі көрсетілген жағдайларды қоспағанда). Егер мемлекеттік органы қылмыстар үшін алынбаған немесе өтелмеген соттылықтың жоқ екендігия туралы мәліметтерді растауға уәкілетті елдің заңнамасында оларға қатысты көрсетілген мәліметтер сұратылатын адамдарға растайтын құжаттар беру көзделмесе, онда азаматтығы бар елдің (шетелдіктер үшін) немесе тұрақты тұратын елдің (азаматтығы жоқ адамдар үшін) мемлекеттік органы тиісті растауды уәкілетті органның атына хат арқылы жібереді.

      Осы ақпаратты өзім тексергенімді және оның дәйекті және толық болып табылатынын растаймын, сондай-ақ банк акционерлеріне қойылатын талаптарға сәйкестігімді, мінсіз іскерлік беделімнің болуын растаймын.

      Цифрлық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді айырбастауға және пайдалануға рұқсат беру үшін қажетті дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім беремін.

      Тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған жағдайда)

      ____________________________________________________________________

      (акционер – жеке тұлға өз қолымен баспа әріптерімен толтырады)

      Қолы ______________________

      Күні _________________________

  Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі
Басқармасының мемлекеттік
  қызметтер көрсету саласындағы қаржы ұйымдарының қызметін
реттеу мәселелері бойынша
өзгерістер енгізілетін
қаулыларының тізбесіне
7-қосымша
Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту Агенттігінің
Басқармасының 2022 жылғы 22
қарашадағы № 93 Қаулыға
6-қосымша

      Нысан

Микроқаржы ұйымының 10 (он) пайыздан аз мөлшердегі акцияларына ие акционер – заңды тұлға туралы мәліметтер

      ___________________________________________________________________

      (микроқаржы ұйымының атауы)

      20___ жылғы "___" ___________________

      1. Акционер ____________________________________________________ (атауы)

      2. Орналасқан жері және нақты мекенжайы ______________________________

      ____________________________________________________________________

      (пошта индексі, облыс, қала, көше, телефон нөмірі)

      3. Мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы мәліметтер _________

      ____________________________________________________________________

      (құжаттың атауы, берілген күні мен нөмірі, кім берді)

      4. Бизнес-сәйкестендіру нөмірі немесе Қазақстан Республикасының бейрезиденті

      заңды тұлға резиденті болып табылатын мемлекетте заңды тұлға үшін

      қалыптастырылатын өзге де бірегей нөмір (бар болған жағдайда)

      ___________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      5. Қызмет түрі ________________________________________________

      __________________________________________________________________

      (негізгі қызмет түрлері көрсетіледі)

      6. Қазақстан Республикасының резиденті немесе бейрезиденті __________

      7. Оларға қатысты акционер – заңды тұлға ірі акционер болып табылатын не мүліктегі

      тиісті үлеске құқығы бар заңды тұлғалар туралы мәліметтер:

№

Заңды тұлғаның атауы және орналасқан жері (заңды тұлғаның БИН-і ол бар болған жағдайда)

Мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы деректер, заңды тұлға қызметінің жарғылық түрлері (негізгі қызмет түрлерін көрсету)

Жарғылық капиталға қатысу үлесі немесе акционер – заңды тұлғаға тиесілі акциялар санының заңды тұлғаның орналастырылған акцияларының жалпы санына (артықшылық берілген және сатып алынғандарын шегергенде) арақатынасы (пайызбен)

1

2

3

4





      Ескертпе: 4-бағанда акционер – заңды тұлғаның сенімгерлік басқаруындағы үлесті,

      сондай-ақ иелену нәтижесінде акционер – заңды тұлға өзге тұлғалармен бірлесіп ірі

      қатысушы болып табылатын акциялар (үлестер) санын есептегендегі үлесті көрсету

      қажет.

      8. Соңғы 3 (үш) күнтізбелік жыл ішінде акционер – заңды тұлғада ірі қаржылық

      проблемалар, соның ішінде банкроттық, консервациялау, санациялау туындады ма

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (олардың туындау себептері, осы проблемаларды шешу нәтижелері)

      9. Акционер-заңды тұлғаның атқарушы органының бірінші басшысы (атқарушы

      органның функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын тұлға)

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған жағдайда)

      Туған күні _________________________________________________

      Туған жері _________________________________________________

      Азаматтығы ________________________________________________

      Жеке басын куәландыратын құжаттың деректері_________________

      ___________________________________________________________

      Жеке сәйкестендіру нөмірі немесе жеке тұлға резиденті болып табылатын мемлекетте

      жеке тұлға үшін қалыптастырылатын өзге де бірегей нөмір (бар болған жағдайда)

      _______________________________________________________________

      Тұрғылықты жері және заңды мекенжайы__________________________

      ____________________________________________________________________

      Білімі

№

Оқу орнының атауы

Оқуға түскен жылы – бітірген жылы

Мамандығы

Білімі туралы дипломның деректемелері (күні мен нөмірі ол бар болған жағдайда)

1

2

3

4

5






      Акционер-заңды тұлғаның атқарушы органы бірінші басшысының (атқарушы

      органның функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын тұлғаның) жұбайы (зайыбы),

      жақын туыстары (ата-анасы, аға-інісі, әпке-сіңлісі (қарындасы), балалары) және

      жекжаттары (жұбайының (зайыбының) ата-анасы, аға-інісі, әпке-сіңлісі (қарындасы),

      балалары) туралы мәліметтер

№

Тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған жағдайда)

Туған жылы

Туыстық қатынастар

Жұмыс орны мен лауазымы

1

2

3

4

5






      Еңбек қызметі туралы мәліметтер

      Бұл абзацта акционер – заңды тұлғаның атқарушы органы бірінші басшысының

      (атқарушы органның функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын тұлғаның) бүкіл

      еңбек қызметі (сондай-ақ басқару органына мүше болуы) туралы, оның ішінде жоғары

      оқу орнын аяқтаған кезден бастап, сондай-ақ еңбек қызметі жүзеге асырылмаған кезең

      туралы мәліметтер көрсетіледі.

№

Жұмыс істеген кезеңі (күні, айы, жылы)

Жұмыс орны (егер ұйым Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын болса, ұйымның тіркелген елі көрсетіледі)

Лауазымы

Тәртіптік жаза қолданудың болуы

Жұмыстан шығу, лауазымнан босату себептері

1

2

3

4

5

6







      Акционер – заңды тұлғаның атқарушы органының бірінші басшысы (атқарушы

      органның функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын тұлға) ірі акционер болып

      табылатын не мүліктегі тиісті үлеске құқығы бар заңды тұлғалар туралы мәліметтер.

№

Заңды тұлғаның атауы және орналасқан жері (заңды тұлғаның БИН-і ол бар болған жағдайда)

Мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы деректер, заңды тұлға қызметінің жарғылық түрлері (негізгі қызмет түрлерін көрсету)

Жарғылық капиталға қатысу үлесі немесе тиесілі акциялар санының заңды тұлғаның дауыс беретін акцияларының жалпы санына арақатынасы (пайызбен)

1

2

3

4





      Акционер – заңды тұлғаның атқарушы органының бірінші басшысының (атқарушы органның функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын тұлғаның) уәкілетті орган немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы банкке реттеу режимін қолдану туралы шешім, қаржы ұйымын, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымын, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалын, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалын таратуға және (немесе) қаржы нарығындағы қызметін жүзеге асыруды тоқтатуға алып келген, оларды лицензиядан айыру туралы шешім қабылдағанға дейін не қаржы ұйымын, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымын Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің заңнамасында белгіленген тәртіппен мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы сот актісі заңды күшіне енгенге дейін бір жылдан аспайтын кезеңде басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органның басшысы, оның орынбасары немесе мүшесі, қаржы ұйымының бас бухгалтері лауазымын атқарған-атқармағандығы туралы мәліметтер.

      Осы жоғарыда көрсетілген абзацтың мақсаттары үшін қаржы ұйымы деп Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалы, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы, Қазақстан Republicасының бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалы да түсініледі.

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (иә (жоқ), ұйымның атауын, лауазымын, жұмыс

      ____________________________________________________________________

      кезеңін көрсету)

      Акционер – заңды тұлғаның атқарушы органының бірінші басшысының (атқарушы органның функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын тұлғаның) бұрын қаржы ұйымының басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері, ірі қатысушысы (ірі акционері) – жеке тұлға, ірі қатысушының (ірі акционердің) – заңды тұлғаның басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері болған-болмағандығы туралы, мынадай мән-жайлардың бірі болған кезде шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша купондық сыйақы төлеу бойынша дефолтқа жол берген эмитент – заңды тұлға бойынша мәліметтер:

      қатарынан төрт және одан да көп кезең бойы шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша купондық сыйақы төлеу бойынша дефолтқа жол берілген;

      дефолтқа жол берілген шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша купондық сыйақы төлеу бойынша берешегінің сомасы купондық сыйақының төрт еселенген және (немесе) одан да көп мөлшерін құрайтын;

      шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша негізгі борышты төлеу бойынша дефолттың мөлшері республикалық бюджет туралы заңда төлеу күніне белгіленген айлық есептік көрсеткіштен он мың есе асып түсетін соманы құрайтын;

      __________________________________________________________________

      (иә (жоқ), ұйымның атауы, лауазымы, жұмыс істеу кезеңін көрсету)

      Акционер – заңды тұлғаның атқарушы органының бірінші басшысы (атқарушы

      органның функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын тұлға) сот талқылауларында

      жауапкер ретінде тартылды ма

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (иә (жоқ), күнін, ұйымның атауын, сот талқылауындағы жауапкерді,

      ____________________________________________________________________

      қаралатын мәселені және сот шешімін көрсету)

      Акционер – заңды тұлғаның атқарушы органының бірінші басшысы (атқарушы

      органның функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын тұлға) өтініш берілген күнге

      дейін үш жыл ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін жауапкершілікке

      тартылды ма не сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік

      жазаға тартылды ма

      ____________________________________________________________________

      (иә (жоқ), құқық бұзушылықтың қысқаша сипаттамасы, жауапкершілікке тартылу

      негіздерін көрсете отырып, әкімшілік жаза қолдану туралы актінің деректемелері)

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      10. Акционер-заңды тұлғаның басқару органының бірінші басшысы (осындай

      орган болған жағдайда) ____________________________

      ____________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған жағдайда)

      Туған күні __________________________________________________

      Туған жері ________________________________________________

      Азаматтығы ____________________________________________________

      Жеке басын куәландыратын құжаттың деректері ______________________

      _______________________________________________________________

      Жеке сәйкестендіру нөмірі немесе жеке тұлға резиденті болып табылатын мемлекетте

      ол үшін қалыптастырылатын өзге де бірегей нөмір (бар болған жағдайда) ___________

      Тұрғылықты жері және заңды мекенжайы____________________________

      ____________________________________________________________________

      Білімі

№

Оқу орнының атауы

Оқуға түскен жылы – бітірген жылы

Мамандығы

Білімі туралы дипломның деректемелері (күні мен нөмірі ол бар болған жағдайда)

1

2

3

4

5






      Акционер – заңды тұлғаның басқару органы бірінші басшысының (осындай орган

      болған кезде) жұбайы (зайыбы), жақын туыстары (ата-анасы, аға-інісі, әпке-сіңлісі

      (қарындасы), балалары) және жекжаттары (жұбайының (зайыбының) ата-анасы, аға-

      інісі, әпке-сіңлісі (қарындасы), балалары) туралы мәліметтер

№

Тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған жағдайда)

Туған жылы

Туыстық қатынастар

Жұмыс орны мен лауазымы

1

2

3

4

5






      Еңбек қызметі туралы мәліметтер

      Бұл абзацта акционер – заңды тұлғаның басқару органы бірінші басшысының

      (осындай орган болған кезде) бүкіл еңбек қызметі, сондай-ақ микроқаржы ұйымының

      басқару органына мүше болуы туралы, оның ішінде жоғары оқу орнын аяқтаған

      кезден бастап, сондай-ақ еңбек қызметі жүзеге асырылмаған кезең туралы мәліметтер

      көрсетіледі.

№

Жұмыс істеген кезеңі (күні, айы, жылы))

Жұмыс орны (ұйымы Қазақстан Республикасының бейрезиденті болған жағдайда, ұйымының тіркелген елі көрсетіледі)

Лауазымы

Тәртіптік жаза қолданудың болуы

Жұмыстан шығу, лауазымнан босату себептері

1

2

3

4

5

6







      Акционер – заңды тұлғаның басқару органының бірінші басшысы (осындай орган

      болған кезде) ірі акционер болып табылатын не мүліктегі тиісті үлеске құқығы бар

      заңды тұлғалар туралы мәліметтер

№

Заңды тұлғаның атауы және орналасқан жері (заңды тұлғаның БИН-і ол бар болған жағдайда)

Мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы деректер, заңды тұлға қызметінің жарғылық түрлері (негізгі қызмет түрлерін көрсету)

Жарғылық капиталға қатысу үлесі немесе тиесілі акциялар санының заңды тұлғаның дауыс беретін акцияларының жалпы санына арақатынасы (пайызбен)

1

2

3

4





      Акционер – заңды тұлғаның басқару органының бірінші басшысы (осындай орган болған кезде) уәкілетті орган немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы банкке реттеу режимін қолдану туралы шешім, қаржы ұйымының, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымының лицензиясынан айыру туралы шешім қабылдағанға дейін немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымы оның резиденті болып табылатын мемлекеттің заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымының мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы сот актісі заңды күшіне енгенге дейін бір жылдан аспайтын кезеңде қаржы ұйымының, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымының басқару органының бірінші басшысы, атқарушы органының бірінші басшысы немесе оның орынбасары, бас бухгалтері лауазымын атқарған-атқармағандығы туралы мәліметтер.

      Жоғарыда көрсетілген абзацтың мақсаттары үшін қаржы ұйымы деп Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалы, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалы да түсініледі.

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      (иә (жоқ), ұйымның атауын, лауазымын, жұмыс

      ______________________________________________________ кезеңін көрсету)

      Акционер – заңды тұлғаның басқару органының бірінші басшысының (осындай орган құрылған жағдайда) бұрын қаржы ұйымының басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері, ірі қатысушысы (ірі акционері) – жеке тұлға, ірі қатысушының (ірі акционердің) – заңды тұлғаның басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері болған-болмағандығы туралы, мынадай мән-жайлардың бірі болған кезде:

      қатарынан төрт және одан да көп кезең бойы шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша купондық сыйақы төлеу бойынша дефолтқа жол берілген;

      дефолтқа жол берілген шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша купондық сыйақы төлеу бойынша берешегінің сомасы купондық сыйақының төрт еселенген және (немесе) одан да көп мөлшерін құрайтын;

      шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша негізгі борышты төлеу бойынша дефолттың мөлшері республикалық бюджет туралы заңда төлеу күніне белгіленген айлық есептік көрсеткіштен он мың есе асып түсетін соманы құрайтын эмитент – заңды тұлға бойынша мәліметтер.

      _______________________________________________________________

      ______________ (иә (жоқ), ұйымның атауын, лауазымын, жұмыс кезеңін көрсету)

      Акционер – заңды тұлғаның басқару органының бірінші басшысы (осындай орган

      болған кезде) сот талқылауларында жауапкер ретінде тартылды ма _______

      ___________________________________________________________________

      (иә (жоқ), күнін, ұйымның атауын, сот талқылауындағы жауапкерді,

      ____________________________________________________________________

      қаралатын мәселені және сот шешімін көрсету)

      Акционер – заңды тұлғаның басқару органының бірінші басшысы (осындай орган

      болған кезде) өтініш берілген күнге дейін 3 (үш) жыл ішінде сыбайлас жемқорлық

      қылмыс жасағаны үшін жауапкершілікке тартылды ма не сыбайлас жемқорлық құқық

      бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жазаға тартылды ма ___________________

      ____________________________________________________________________

      (иә (жоқ), құқық бұзушылықтың қысқаша сипаттамасы, жауапкершілікке тартылу

      негіздерін көрсете отырып, әкімшілік жаза қолдану туралы актінің деректемелері)

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      11. Акционер – заңды тұлғаға қатысты қызметке немесе қызметтің жекелеген түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімі (үкімі) бар ма.

      12. Мәліметтерге:

      акционер – заңды тұлғаның құрылтайшылық құжаттарының көшірмесі, олар қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында болмайтын болса;

      аудиторлық ұйым куәландырған, соңғы 2 (екі) аяқталған қаржылық жыл үшін қаржылық есептілік (болатын болса шоғырландырылған есептілікті қосқанда). Аудиторлық ұйымның соңғы аяқталған қаржы жылы үшін қаржылық есептілігін куәландыру жөніндегі талап өтініш берілген жылдың бірінші тоқсанында өтініш берілген жағдайларға қолданылмайды.

      акционер-заңды тұлғаның атқарушы органының (атқарушы органның функцияларын жеке іске асыратын) және басқару органының (осындай орган болған кезде) бірінші басшыларының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (шетелдіктер, азаматтығы жоқ тұлғалар үшін);

      атқарушы органның бірінші басшысында (атқарушы органның функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын тұлғада) және басқару органының бірінші басшысында (осындай орган болған кезде) азаматтығы бар елдегі (шетелдік азаматтар үшін) немесе тұрақты тұратын елдегі (азаматтығы жоқ тұлғалар үшін) қылмыстары үшін алынбаған немесе өтелмеген соттылығының жоқтығы туралы мәліметтерді растайтын, олардың азаматтығы бар елдің (азаматтығы жоқ тұлғалар үшін – олар тұрақты тұратын елдің) мемлекеттік органы берген құжат. Аталған тұлғалар соңғы 10 (он) жыл ішінде өзінің азаматтығы бар елден тыс жерде тұрақты тұрған жағдайда, олар соңғы 10 (он) жыл ішінде тұрақты тұрған елдегі қылмыстары үшін алынбаған немесе өтелмеген соттылығының жоқтығы туралы құжаттың электрондық көшірмесі де ұсынылады. Аталған құжаттың берілген күні өтініш берілген күннің алдындағы 6 (алты) айдан аспауға тиіс (ұсынылатын құжатта оның қолданылуының өзге мерзімі көрсетілген жағдайларды қоспағанда). Егер қылмыстары үшін алынбаған немесе өтелмеген соттылығының жоқтығы туралы мәліметтерді растауға мемлекеттік органы уәкілеттік берілген елдің заңнамасында аталған мәліметтер сұратылатын тұлғаларға растаушы құжаттар беру көзделмесе, онда тиісті растау азаматтығы бар елдің (шетелдік азаматтар үшін) немесе тұрақты тұратын елдің (азаматтығы жоқ тұлғалар үшін) мемлекеттік органының хатымен уәкілетті органның мекенжайына жіберіледі.

      Осы ақпаратты акционер-заңды тұлғаның тексергенін және оның дәйекті және толық болып табылатынын растаймын, сондай-ақ банк акционерлеріне қойылатын талаптарға сәйкестігімді, мінсіз іскерлік беделімнің болуын растаймын.

      Цифрлық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді айналдыруға және пайдалануға рұқсат беруге қажетті дербес деректерді жинау мен өңдеуге келісім беремін.

      "___" _____________ 20___ года

      Акционер – заңды тұлғаның атқарушы органының бірінші басшысының (атқарушы

      органның функцияларын жеке іске асыратын) қолы

      ____________________________________________

      Акционер – заңды тұлғаның басқару органының (осындай орган болған жағдайда)

      бірінші басшысының қолы

      ____________________________________________

  Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі
Басқармасының мемлекеттік
қызметтер көрсету саласындағы қаржы ұйымдарының қызметін
реттеу мәселелері бойынша
өзгерістер енгізілетін
қаулыларының тізбесіне
8-қосымша
Банктік және микроқаржы активтерін сататын электрондық сауда алаңы операторының қызметін жүзеге асыру
құқығына рұқсат беру шарттары мен қағидаларына 1-қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі

1

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы

Банктік және микроқаржы активтері сатылатын электрондық сауда алаңының операторы қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат беру

2

Мемлекеттік қызметтің кіші түрінің (бар болса) атауы

Жоқ

3

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі

4

Мемлекеттік қызметті жəне оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету тәсілдері

"Цифрлық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал); көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі.

5

Мемлекеттік қызметті жəне оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзімі

Өтініш беруші құжаттарды берген күннен бастап 70 (жетпіс) жұмыс күні ішінде
Осы мерзім "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапты қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-2-бабында көзделген жағдайларда тоқтатыла тұрады

6

Мемлекеттік қызметті жəне оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нысаны

Электрондық (ішінара цифрландырылған)/қағаз түрінде

7

Мемлекеттік қызметті жəне оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесі

1) банктік және микроқаржы активтерін сататын электрондық сауда алаңы операторының қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат беру не оператор қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат беруден бас тарту туралы хабарлама;
2) Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес сәйкестік туралы актіні қоса бере отырып, Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша банктік және микроқаржы активтерін сататын электрондық сауда алаңы операторының қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат.

8

Мемлекеттік қызметті жəне оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

тегін

9

Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектісінің жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Мерекелер туралы заң) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбіден жұмаға дейін, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес;
2) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталған соң, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және Мерекелер туралы заңға сәйкес демалыс және мереке күндері өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

10

Мемлекеттік қызметті жəне оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат түріндегі өтініш (мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну процесін автоматтандыру кезінде).
2) қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында құрылтай құжаттары болмаған немесе уәкілетті органның оларды "цифрлық үкіметтің" веб-порталы арқылы алуы мүмкін болмаған жағдайда, олардың нотариат куәландырған электрондық көшірмелері.

11

Мемлекеттік қызметті жəне оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер

Уәкілетті орган оператор қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат беруден кез келген мынадай негіздер бойынша бас тартады:
1) өтініш берушінің "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес тыйым салынған қызмет түрін жүзеге асыруы;
2) өтініш берушінің Заңның 15-18, 15-19-баптарында және нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) өтініш берушіге қатысты өтініш берушіге оператор қызметін жүзеге асыруға тыйым салатын заңды күшіне енген сот шешімі болатын болса;
4) уәкілетті органның ұсынылған құжаттар бойынша ескертулерді белгіленген мерзімде жоймауы.

12

Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтердің ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де талаптар

Мемлекеттік қызмет көрсету орнының мекенжайы көрсетілетін қызметті берушінің ресми интернет-ресурсында орналастырылған. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинет", сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары көрсетілетін қызметті берушінің ресми интернет-ресурсында орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

  Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі
Басқармасының мемлекеттік
қызметтер көрсету саласындағы қаржы ұйымдарының қызметін
реттеу мәселелері бойынша
өзгерістер енгізілетін
қаулыларының тізбесіне
9-қосымша
Банктік және микроқаржы
активтерін сататын электрондық сауда алаңы операторының қызметін жүзеге асыру
құқығына рұқсат беру
шарттары мен қағидаларына
4-қосымша

      нысан

(Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның бланкісінде басылады)

Банктік және микроқаржы активтерін сататын электрондық сауда алаңы операторының қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат

Нөмір ____________

Берілген күні 20__ жылғы "____"

      ________________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      (өтініш берушінің толық атауы)

      банктік және микроқаржы активтерін сататын электрондық сауда алаңы

      операторының қызметін жүзеге асыру құқығына осы рұқсат берілді.

      Төраға (Төрағаның орынбасары)

      Мөр орны

  Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі
Басқармасының мемлекеттік
қызметтер көрсету саласындағы қаржы ұйымдарының қызметін
реттеу мәселелері бойынша
өзгерістер енгізілетін
қаулыларының тізбесіне
10-қосымша
Банк операцияларының
жекелеген түрлерін жүзеге
асыратын ұйымдарға лицензия беру қағидаларына
1-қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі

1.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы

Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыруға арналған лицензия беру

2.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрлерінің (бар болса) атауы

1. Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыруға лицензия беру;
2. Лицензияны қайта ресімдеу;
3. Лицензияның телнұсқасын беру

3.

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – уәкілетті орган).




4.

Мемлекеттік қызметті жəне оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету тәсілдері

"цифрлық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал);
қызметті көрсетушінің кеңсесі.

5.

Мемлекеттік қызметті жəне оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзімі

Көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген күннен бастап:
1) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыруға лицензия (бұдан әрі - лицензия) беру кезінде - 30 (отыз) жұмыс күні ішінде;
2) лицензияны қайта ресімдеу кезінде - 15 (он бес) жұмыс күні ішінде;
3) лицензияның телнұсқаларын беру кезінде - 2 (екі) жұмыс күні ішінде.
Осы мерзім "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапты қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-2-бабында көзделген жағдайларда тоқтатыла тұрады

6.

Мемлекеттік қызметті жəне оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нысаны

Мемлекеттік қызметтің барлық кіші түрлері бойынша: электрондық (ішінара цифрландырылған) және қағаз түрінде.

7.

Мемлекеттік қызметті жəне оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесі

Лицензияны немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тартуды қоса бере отырып, лицензия беру, лицензияны қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру туралы хабарлама.

8.

Мемлекеттік қызметті жəне оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

1) лицензия беру үшін лицензиялық алым 400 (төрт жүз) айлық есептік көрсеткішті құрайды;
2) лицензияны қайта ресімдегені үшін лицензиялық алым осы тармақтың 1) тармақшасында белгіленген мөлшерлеменің 10 (он) пайызын құрайды;
3) лицензияның телнұсқасын беру үшін лицензиялық алым осы тармақтың 1) тармақшасында белгіленген мөлшерлеменің 10 (он) пайызын құрайды.
Лицензиялық алымды төлеу екінші деңгейдегі банктер, Қазақстан Республикасының аумағында ашылған Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің филиалдары немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол ақша немесе қолма-қол ақшасыз нысанда, сондай-ақ "цифрлық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы қолма-қол ақшасыз нысанда жүзеге асырылады.

9.

Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектісінің жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Мерекелер туралы заң) сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ге дейін;
жолданымдарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру кестесі сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін;
2) портал – жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты болатын техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және Мерекелер туралы заңға сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

10.

Мемлекеттік қызметті жəне оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Көрсетілетін қызметті алушы банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыруға лицензия алу үшін портал арқылы алғаш рет жүгінген кезде:
1) Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға лицензия беру қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат түріндегі банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыруға лицензия беру туралы өтініш (тұлғаның өтініш беруге өкілеттіктерін растайтын құжаттардың және оған қоса берілетін құжаттар мен мәліметтердің көшірмелерін қоса бере отырып), онда өтініш беруші өз қызметін жүзеге асырудың жоспарлы басталуына байланысты барлық ұйымдастырушылық-техникалық іс-шаралардың орындалуын да растайды;
2) "цифрлық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыру құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
3) осы тармақтың екінші бөлігінің 3), 4), 5), 6), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың электрондық көшірмелері.
Көрсетілетін қызметті алушы банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыруға лицензия алу үшін көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне алғаш рет жүгінген кезде:
1) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыруға лицензия беру туралы өтініш (өтініш беруге тұлғаның өкілеттігін растайтын құжаттарды және оған қоса берілетін құжаттар мен мәліметтерді қоса бере отырып), онда өтініш беруші оның ішінде өз қызметін жүзеге асырудың жоспарланған басталуына байланысты барлық ұйымдастыру-техникалық іс-шаралардың орындалуын растайды;
2) "цифрлық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, банктік жекелеген түрлерін жүзеге асыру құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
3) көрсетілетін қызметті алушының тиісті органының банк операцияларының жекелеген түрлерін жоспарланған жүзеге асыру туралы шешімінің көшірмесі, сондай-ақ жарғының көшірмесі (салыстырып тексеру үшін жарғының түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда нотариат куәландырған);
4) Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың банк операцияларын жүргізуге арналған біліктілік талаптарына, сондай-ақ осы қаулыға 2-қосымшада белгіленген көрсетілген біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесіне 1-қосымшаға сәйкес құжаттарды ұсынған күннің алдындағы күнгі жағдай бойынша заңды тұлға болып табылатын банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның акционері (қатысушысы) туралы мәліметтер (бұдан әрі - Біліктілік талаптары);
5) жеке басын куәландыратын құжаттың электрондық көшірмесін қоса бере отырып, Біліктілік талаптарына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның басшы қызметкерлері, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның акционері (қатысушысы) - заңды тұлғасының басшы қызметкерлері туралы, жеке тұлға - акционер (қатысушы) туралы мәліметтер (шетелдік азаматтар, азаматтығы жоқ адамдар үшін);
6) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның қызметкерлерінде акционердің басшы қызметкерлерінің жоқ екендігі туралы құжаттың көшірмесі (қатысушы) - банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның заңды тұлғасы, (қатысушы) - жеке тұлғаның азаматтық еліндегі қылмыстары үшін алынбаған немесе өтелмеген соттылығы (шетел азаматтары үшін) немесе тұрақты тұратын елінде (азаматтығы жоқ адамдар үшін)(азаматтығы жоқ адамдар үшін - олардың тұрақты тұратын елдері). Егер банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның басшы қызметкері, акционердің басшы қызметкері (қатысушы) - банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның заңды тұлғасы, акционер (қатысушы) - жеке тұлға соңғы 10 (он) жыл ішінде азаматтығы елінен тыс жерде тұрақты тұрса, сондай-ақ ол соңғы 10 (он) жыл тұрақты тұрған елде қылмыстары үшін алынбаған немесе өтелмеген соттылығының жоқ екендігі туралы құжаттың электрондық көшірмесі ұсынылады. Көрсетілген құжаттардың берілген күні өтініш берілген күннің алдындағы 3 (үш) айдан аспайды (ұсынылатын құжатта оның қолданылуының өзге мерзімі көрсетілген жағдайларды қоспағанда). Егер мемлекеттік органы алынбаған немесе өтелмеген соттылығының жоқ екендігі туралы мәліметтерді растауға уәкілетті елдің заңнамасында көрсетілген мәліметтер сұратылып отырған адамдарға растайтын құжаттарды беру көзделмесе, азаматтығы бар елдің, ол соңғы 10 (он) жылда тұрақты тұрған елдің (шетелдік азаматтар үшін) немесе тұрақты тұратын елдің (азаматтығы жоқ адамдар үшін) мемлекеттік органының хаты арқылы уәкілетті органның атына жіберіледі;
7) көрсетілетін қызметті алушының басшы қызметкерлерінің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын бөлімшелер қызметкерлерінің тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) көрсетілген өтініш берушінің штат кестесі;
8) барлық жоспарланатын банк операцияларын жүзеге асыруды ескере отырып, таяудағы үш жылға арналған даму стратегиясының көшірмесі өтініш берушінің ұйымдық құрылымы, өтініш берушінің өтініш берілетін қаржы жылына арналған бюджеті туралы ақпаратты, оның ішінде өтініш берушінің 3 (үш) қаржы (операциялық) жылына арналған пруденциялық нормативтерді орындауы туралы болжамды деректерді қамтиды.
9) "Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-3-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына және "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Мемлекеттік реттеу туралы заң) 5-бабына сәйкес ең төменгі мөлшерін уәкілетті орган белгілеген жарғылық капиталдың төленгенін растайтын құжаттардың көшірмелері.
Қор биржасы, орталық контрагенттің функцияларын жүзеге асыратын клирингтік ұйым, орталық депозитарий және бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар ұйымдар 1), 2), 3) және 8) тармақшаларда көрсетілген құжаттарды ұсынады.
Көрсетілетін қызметті алушы лицензияның телнұсқасын беру үшін (егер бұрын берілген лицензия қағаз нысанда ресімделген болса) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жүгінген кезде:
1) лицензияның телнұсқасын беру қажеттілігін негіздей отырып, еркін нысандағы өтініш (адамның өтініш және оған қоса берілетін құжаттарды беруге өкілеттігін растайтын құжаттарды және мәліметтерді қоса бере отырып);
2) "цифрлық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, лицензияның телнұсқасын беру үшін лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі.
Көрсетілетін қызметті алушы лицензияны қайта ресімдеу үшін порталға жүгінген кезде:
1) өтініш берушінің ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат түрінде Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыруға лицензияны қайта ресімдеу туралы өтініш (тұлғаның өтініш беруге өкілеттігін растайтын құжаттарды және оған қоса берілетін құжаттар мен мәліметтерді қоса бере отырып);
2) "цифрлық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
3) мемлекеттік цифрлық жүйелерде ақпараты бар құжаттарды қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпаратты қамтитын құжаттардың электрондық көшірмелері.
Көрсетілетін қызметті алушы лицензияны қайта ресімдеу үшін көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жүгінген кезде:
1) Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыруға лицензияны қайта ресімдеу туралы өтініш (тұлғаның өтініш беруге өкілеттігін растайтын құжаттарды және оған қоса берілетін құжаттар мен мәліметтерді қоса бере отырып);
2) лицензияның түпнұсқасы (егер бұрын берілген лицензия қағаз нысанда ресімделген болса);
3) "цифрлық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
4) мемлекеттік цифрлық жүйелерде ақпараты бар құжаттарды қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпаратты қамтитын құжаттардың көшірмелері.

11.

Мемлекеттік қызметті жəне оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер

1) Қазақстан Республикасының заңдарында осы санаттағы заңды тұлғалар үшін қызмет түрімен айналысуға тыйым салынған
2) лицензиар тиісті келісуші мемлекеттік органнан өтініш берушінің лицензиялау кезінде қойылатын талаптарға сәйкес еместігі туралы жауап алды;
3) өтініш берушіге қатысты қызметті немесе лицензиялауға жататын жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру немесе тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) бар;
4) сот орындаушысының ұсынысы негізінде сот өтініш беруші-борышкерге лицензия беруге уақытша тыйым салады;
5) өтініш беруші лицензия алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігі анықталған;
6) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты заңды күшіне енген сот шешімі бар, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқығынан айырылған;
7) "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімінің болмауы;
8) көрсетілетін қызметті алушының Біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі;
9) көрсетілетін қызметті алушының уәкілетті орган белгілеген мерзімде уәкілетті органның ескертулерін жоймауы немесе көрсетілетін қызметті алушының уәкілетті органның ескертулерін ескере отырып пысықталған құжаттарды уәкілетті орган белгілеген мерзім өткеннен кейін ұсынуы;
10) өтініш берушінің даму стратегиясының және (немесе) өзге де ұсынылған құжаттардың уәкілетті органның тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесіне қойылатын талаптарына сәйкес келмеуі және (немесе):
алғашқы үш қаржылық (операциялық) жыл өткеннен кейін өтініш берушінің қызметі рентабельді болатындығын;
өтініш берушінің оның даму стратегиясына сәйкес келетін ұйымдық құрылымына ие болатындығын растайтын мәліметтер ұсынбауы;
11) өтініш берушінің банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыруға құқығы бар тұлғалар тізбесіне сәйкес келмеуі;
12) өтініш беруші Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін лицензиялық алым енгізбеген

12.

Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтердің ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де талаптар

Мемлекеттік қызмет көрсету орнының мекенжайы көрсетілетін қызметті берушінің ресми интернет-ресурсында орналастырылған.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинеті" арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет мәселелері бойынша Бірыңғай байланыс орталығынан алу мүмкіндігіне ие.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондары көрсетілетін қызметті берушінің ресми интернет-ресурсында орналастырылған. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет мәселелері бойынша Бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777 немесе 1414.

  Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі
Басқармасының мемлекеттік
қызметтер көрсету саласындағы қаржы ұйымдарының қызметін
реттеу мәселелері бойынша
өзгерістер енгізілетін
қаулыларының тізбесіне
11-қосымша
  Банк операцияларының
жекелеген түрлерін жүзеге
асыратын ұйымдарға
лицензия беру қағидаларына
3-қосымша

      нысан

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы

Уәкілетті органның толық атауы

Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыруға арналған лицензия

      Лицензияның нөмірі ________Берілген күні "____" ___________ жылғы

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның атауы)

      Осы лицензия банк операцияларының жекелеген түрлерін (ұлттық және (немесе)

      шетел валютасымен) жүзеге асыруға құқық береді:

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыруға бірінші рет алынған

      лицензия туралы деректер:

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      (нөмірі, күні, лицензияны берген мемлекеттік органның атауы)

      Төрағаның (Төрағаның орынбасары)

      ________________________________________ __________________

      (қолы немесе электрондық цифрлық қолтаңба) (тегі, аты және әкесінің аты (ол болған

      жағдайда)

      Мөр орны (қағаз нысаны үшін)

      Алматы қаласы

  Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі
Басқармасының мемлекеттік
қызметтер көрсету саласындағы қаржы ұйымдарының қызметін
реттеу мәселелері бойынша
өзгерістер енгізілетін
қаулыларының тізбесіне
12-қосымша
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының
2026 жылғы 31 наурыздағы
№ 29 қаулысымен бекітілген

Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың банк операцияларын жүргізуге қойылатын біліктілік талаптары, сондай-ақ көрсетілген біліктілік талаптарына сәйкес келуін растайтын құжаттардың тізбесі

р/с№

Біліктілік талаптары

Біліктілік талаптарына сәйкес келуін растайтын құжаттар

1

2

3

1.

Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның акционері (қатысушы) - заңды тұлғасының басшы қызметкерлерінде, сондай-ақ акционер (қатысушы) - жеке тұлғаның "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау мен қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі – Мемлекеттік реттеу туралы заң) 9-4-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында көзделген мінсіз іскерлік беделінің болуы

Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның акционері (қатысушысы) - заңды тұлғасының басшы қызметкерлері туралы, акционер туралы мәліметтер Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың банк операцияларын жүргізуге арналған біліктілік талаптарына, сондай-ақ жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін қоса бере отырып, көрсетілген біліктілік талаптарына сәйкес келуін растайтын құжаттар тізбесіне 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеке тұлға (шетелдік азаматтар, азаматтығы жоқ адамдар үшін);
азаматтығы бар елінде (шетел азаматтары үшін) немесе тұрақты тұратын елінде (азаматтығы жоқ адамдар үшін) қылмыстары үшін алынбаған немесе өтелмеген соттылығының жоқ екендігі туралы олардың азаматтығы елінің (азаматтығы жоқ адамдар үшін - олардың тұрақты тұратын елінің) мемлекеттік органы берген құжаттың көшірмесі. Егер банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның акционері (қатысушысы) - заңды тұлғасының басшы қызметкері, акционер (қатысушы) жеке тұлға соңғы 10 (он) жыл ішінде азаматтығы бар елінен тыс жерде тұрақты тұрған жағдайда, сондай-ақ ол соңғы 10 (он) жыл тұрақты тұрған елде қылмыстары үшін алынбаған немесе өтелмеген соттылығының жоқ екендігі туралы құжаттың көшірмесі ұсынылады. Көрсетілген құжаттардың берілген күні өтініш берілген күннің алдындағы 3 (үш) айдан аспайды (ұсынылатын құжатта оның қолданылуының өзге мерзімі көрсетілген жағдайларды қоспағанда). Егер мемлекеттік органы алынбаған немесе өтелмеген соттылығының жоқ екендігі туралы мәліметтерді растауға уәкілетті елдің заңнамасында көрсетілген мәліметтер сұратылып отырған адамдарға растайтын құжаттарды беру көзделмесе, онда тиісті растау азаматтығы бар елдің, ол соңғы 10 (он) жылда тұрақты тұрған елдің (шетелдік азаматтар үшін) немесе тұрақты тұратын елдің (азаматтығы жоқ адамдар үшін) мемлекеттік органының хаты арқылы уәкілетті органның атына жіберіледі.

2.

Ұйымның банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыруды жоспарлы бастауына байланысты талаптарды және барлық ұйымдастыру-техникалық іс-шараларды орындау, оның ішінде:
1) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес келетін үй-жайды, жабдықты және бухгалтерлік есепті және бас бухгалтерлік кітапты жүргізуді автоматтандыру жөніндегі бағдарламалық қамтамасыз етуді дайындау;
2) "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Банктер туралы заң) сәйкес банк операцияларын жүргізудің жалпы шарттарын айқындайтын қағидаларды бекіту;
3) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыруға байланысты ішкі құжаттарды бекіту.

Өтініш беруші, оның ішінде банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыруды жоспарлы бастауға байланысты барлық ұйымдастыру-техникалық іс-шаралардың орындалуын растайтын өтініш.

3.

Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыру үшін қажетті персоналды, оның ішінде банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның басшы қызметкерлерін жалдау.

Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымда банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын бөлімшелердің басшы қызметкерлері мен қызметкерлерінің тегін, атын және әкесінің атын (олар болған кезде) көрсете отырып штат кестесін бекіту

4.

Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның басшы қызметкерлерінің Банктер туралы заңның 45-бабының 7 және 8-тармақтарында, сондай-ақ Мемлекеттік реттеу туралы заңның 9-4-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келуі.

Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың банк операцияларын жүргізуге арналған біліктілік талаптарына, сондай-ақ көрсетілген Біліктілік талаптарына сәйкес келуін растайтын құжаттар тізбесіне 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның басшы қызметкерлері туралы мәліметтер:
жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (шетелдік азаматтар, азаматтығы жоқ адамдар үшін);
азаматтығы бар елінде (шетел азаматтары үшін) немесе тұрақты тұратын елінде (азаматтығы жоқ адамдар үшін) олардың азаматтығы бар елінің мемлекеттік органы (азаматтығы жоқ адамдар үшін - олардың тұрақты тұратын елі) берген қылмыстары үшін алынбаған немесе өтелмеген соттылығының жоқ екендігі туралы құжаттың көшірмесі. Егер банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның басшы қызметкері соңғы 10 (он) жыл ішінде азаматтығы бар елден тыс жерде тұрақты тұрса, сондай-ақ ол соңғы 10 (он) жыл тұрақты тұрған елде қылмыс жасағаны үшін алынбаған немесе өтелмеген соттылығының жоқ екендігі туралы құжаттың көшірмесі ұсынылады. Көрсетілген құжаттардың берілген күні өтініш берілген күннің алдындағы 3 (үш) айдан аспайды (ұсынылатын құжатта оның қолданылуының өзге мерзімі көрсетілген жағдайларды қоспағанда). Егер мемлекеттік органы алынбаған немесе өтелмеген соттылығының жоқ екендігі туралы мәліметтерді растауға уәкілетті елдің заңнамасында көрсетілген мәліметтер сұратылып отырған адамдарға растайтын құжаттарды беру көзделмесе, онда тиісті растау азаматтығы бар елдің, ол соңғы 10 (он) жылда тұрақты тұрған елдің (шетелдік азаматтар үшін) немесе тұрақты тұратын елдің (азаматтығы жоқ адамдар үшін) мемлекеттік органының хаты арқылы уәкілетті органның атына жіберіледі.

5.

"Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-3-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына және Мемлекеттік реттеу туралы заңның 5-бабына сәйкес уәкілетті орган белгілеген жарғылық капиталдың ең аз мөлшерін төлеу.

"Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-3-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына және Мемлекеттік реттеу туралы заңның 5-бабына сәйкес уәкілетті орган белгілеген жарғылық капиталдың ең аз мөлшерін төлегенін растайтын құжаттың көшірмесі.

6.

Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыруға құқылы Банктер туралы заңның 22-бабы 8-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген тұлғалар тізбесіне сәйкес келуі, сондай-ақ аталған бапқа сәйкес осы тұлғалар үшін рұқсат етілген банк операцияларының түрлеріне сәйкес келуі.

Көрсетілетін қызметті алушының тиісті органының банк операцияларының жекелеген түрлерін жоспарланған жүзеге асыру туралы шешімінің көшірмесі, сондай-ақ жарғының көшірмесі (салыстырып тексеру үшін жарғының түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда нотариалды куәландырылған).

  Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі
Басқармасының мемлекеттік
қызметтер көрсету саласындағы қаржы ұйымдарының қызметін
реттеу мәселелері бойынша
өзгерістер енгізілетін
қаулыларының тізбесіне
13-қосымша
Банктің ірі қатысушысы, банк холдингінің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы, сақтандыру холдингінің, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру, келісімді қайтарып алу қағидалары және көрсетілген келісімді алу үшін ұсынылатын құжаттарға қойылатын талаптарға
1-қосымша

Мемлекеттік қызметтер көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі

1.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы

Банктің және (немесе) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы және (немесе) банк және (немесе) сақтандыру холдингінің мәртебесін иеленуге келісім беру

2.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрлерінің (бар болса) атауы

Банктің ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру;
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру;
Инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру;
Банк холдингі мәртебесін иеленуге келісім беру;
Сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуге келісім беру.

3.

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – уәкілетті орган)




4.

Мемлекеттік қызметті жəне оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету тәсілдері

"Цифрлық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал)

5.

Мемлекеттік қызметті жəне оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзімі

Порталға өтініш берген күннен бастап 50 (елу) жұмыс күні ішінде.
Осы мерзім "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Мемлекеттік реттеу туралы заң) 9-5-бабының 15-тармағында көзделген жағдайда тоқтатыла тұрады.
Уәкілетті орган банкті, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ашуға рұқсат алу шеңберінде берілген банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, банк холдингінің ірі қатысушысы мәртебесін алу туралы өтінішті порталға жүгінген күннен бастап 65 (алпыс бес) жұмыс күні ішінде қарайды.
Уәкілетті орган микроқаржы ұйымын банкке айырбастау нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат алу шеңберінде берілген банктің ірі қатысушысы немесе банк холдингі мәртебесін иелену туралы өтінішті порталға жүгінген күннен бастап 65 (алпыс бес) жұмыс күні ішінде қарайды.

6.

Мемлекеттік қызметті жəне оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нысаны

Электрондық (ішінара цифрландырылған)

7.

Мемлекеттік қызметті жəне оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесі

Банктің, банк холдингінің ірі қатысушысы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингінің ірі қатысушысы, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру туралы хабарлама не көрсетілетін қызметті беруші Басқармасының тиісті қаулысының көшірмесін қоса бере отырып, мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту.

8.

Мемлекеттік қызметті жəне оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік қызметтің барлық кіші түрлері бойынша тегін

9.

Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектісінің жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Мерекелер туралы заң) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;
2) портал – жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты болатын техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және Мерекелер туралы заңға сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

10.

Мемлекеттік қызметті жəне оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Көрсетілетін қызметті алушы - жеке тұлға банктің ірі қатысушысы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы немесе инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім алу үшін жүгінген кезде:
1) банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының мәртебесін иеленгісі келетін адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының (жеке тұлғалар үшін) ірі қатысушысы мәртебесін иелену туралы өтініш;
2) банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының акцияларын иелену талаптары мен тәртібін растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері;
3) банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының акцияларын иелену үшін пайдаланылатын қаражаттың көздері (шығу тегі) туралы мәліметтердің электрондық көшірмесі, сондай-ақ осы мәліметтерді растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері.
Жеке тұлға банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының акцияларын сыйға тарту, өтеусіз алынған мүлікті сатудан түскен табыс түрінде алынған қаражат есебінен иеленген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы сыйға тартушы адам және сыйға тартушы адамда осы қаражаттың, мүліктің пайда болу көздері туралы мәліметтерді де береді;
4) Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш беруші ірі қатысушы болып табылатын заңды тұлғалар бойынша мәліметтердің электрондық көшірмесі.
Егер өтініш беруші Қазақстан Республикасы бейрезидент-заңды тұлғасының ірі қатысушысы болып табылатын жағдайда, өтініш берушінің Қазақстан Республикасының бейрезидент-заңды тұлғасында ірі қатысуын растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері қосымша ұсынылады;
5) Қағидалардың 35-тармағында көзделген мәліметтерді көрсете отырып, банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының қаржылық жай-күйі ықтимал нашарлаған жағдайда банкті, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын, инвестициялық портфельді басқарушыны қайта капиталдандыру жоспарының электрондық көшірмесі;
6) Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының кірісі және мүлкі, сондай-ақ барлық міндеттемелері бойынша берешегінің болуы туралы мәліметтердің электрондық көшірмесі.
Қазақстан Республикасының резидент жеке тұлғасы банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иелену туралы уәкілетті органға өтініш берген күннің алдындағы күнтізбелік отыз күннен ерте емес Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен жасалған, салық органының қабылдағаны туралы белгісі бар активтер мен міндеттемелер туралы декларацияның электрондық көшірмесін де (нотариат куәландырған немесе мемлекеттік кірістер органы растаған) ұсынады.
Активтер мен міндеттемелер туралы декларациядағы мәліметтер активтер мен міндеттемелер туралы декларация тапсырған айдың бірінші күні көрсетіледі.
Көрсетілген мәліметтерге көрсетілетін қызметті алушының қаржылық жағдайына талдау жүргізу үшін қажетті құжаттар, сондай-ақ бағалаушы өтініш берілген күннің алдындағы соңғы алты ай ішінде айқындаған мүліктің құнын растайтын құжаттар қоса беріледі;
7) еңбек қызметі, мінсіз іскерлік беделі туралы мәліметтерді қоса алғанда, өтініш беруші - жеке тұлға туралы мәліметтердің электрондық көшірмесі Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша беріледі.
Қазақстан Республикасының бейрезидент-жеке тұлғалары мінсіз іскерлік беделін растау үшін азаматтығы бар елдің немесе тұрғылықты тұратын елдің, ал азаматты жоқ адамдар – олардың тұрғылықты тұратын елінің құзыретті мемлекеттік органы берген алынбаған немесе өтелмеген соттылығының жоқ екендігі туралы мәліметтерді растайтын құжаттың электрондық көшірмелерін ұсынады. Көрсетілген құжатты беру күні өтініш берілген күннің алдындағы алты айдан аспайды (ұсынылған құжатта оның қолданысының өзге мерзімі көрсетілген жағдайларды қоспағанда). Егер мемлекеттік органы қылмыстар үшін алынбаған немесе өтелмеген соттылығының жоқ екені туралы мәліметтерді растауға уәкілетті елдің заңнамасында олар туралы көрсетілген мәліметтер сұратылатын тұлғаларға растайтын құжаттар беру көзделмесе, онда тиісті растау азаматтығы бар елдің (шетелдік азаматтар үшін) немесе тұрғылықты тұратын елдің (азаматтығы жоқ адамдар үшін) мемлекеттік органының хатымен уәкілетті органға жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы - Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғасы банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы, банк холдингі, сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуге келісім алу үшін жүгінген кезде:
1) көрсетілетін қызметті алушының бірінші басшысының не оның міндетін атқарушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған, Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы, банк холдингі немесе сақтандыру холдингі (заңды тұлғалар үшін) мәртебесін иелену туралы өтініш;
2) банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының акцияларын иелену туралы көрсетілетін қызметті алушының тиісті органы шешімінің электрондық көшірмесі (шешім қаржы есептілігі депозитарийінің интернет-ресурсында болмаған жағдайда);
3) өтініш беруші акцияларының он немесе одан да көп пайызын (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) тікелей немесе жанама иеленген тұлғалар және Қағидалардың 34-тармағында көзделген ақпаратты қамтитын өтініш берушіге қатысты бақылауды жүзеге асыратын тұлғалар туралы мәліметтердің электрондық көшірмесі, сондай-ақ осы мәліметтерді растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері;
4) көрсетілетін қызметті алушының үлестес тұлғалары тізімінің электрондық көшірмесі (тізім қаржы есептілігі депозитарийінің интернет-ресурсында болмаған жағдайда);
5) осы тармақтың бірінші бөлігінің 2), 4), 5) тармақшаларында көрсетілген мәліметтер мен құжаттар;
6) аудиторлық есептермен расталған соңғы екі қаржы жылындағы көрсетілетін қызметті алушының жылдық қаржылық есептілігінің (көрсетілетін қызметті алушының еншілес ұйымдары болған жағдайда шоғырландырылған қаржылық есептілігінің) электрондық көшірмесі, сондай-ақ өтініш бергенге дейінгі соңғы аяқталған тоқсандағы көрсетілетін қызметті алушының қаржылық есептілігінің электрондық көшірмесі.
Ағымдағы жылғы 1 қаңтардан 1 маусымға дейінгі кезеңде соңғы аяқталған қаржы жылы үшін қаржылық есептілікті растайтын аудиторлық есеп болмаған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы өтініш берер алдында соңғы аяқталған қаржы жылы мен соңғы аяқталған тоқсан үшін қаржылық есептіліктің (көрсетілетін қызметті алушының еншілес ұйымдары болған жағдайда шоғырландырылған қаржылық есептіліктің) электрондық көшірмелерін, сондай-ақ соңғы аяқталған қаржы жылының алдындағы екі жыл үшін аудиторлық есептермен расталған жылдық қаржылық есептіліктің (көрсетілетін қызметті алушының еншілес ұйымдары болған жағдайда шоғырландырылған қаржылық есептіліктің) электрондық көшірмелерін ұсынады.
Осы тармақшада көрсетілген қаржылық есептілік, егер көрсетілетін қызметті алушы бір жылдан кем заңды тұлға ретінде тіркелген және оның ірі қатысушысы көрсетілетін қызметті алушы ірі қатысушы мәртебесін иеленуге өтініш берген сол қаржы ұйымының ірі қатысушысы мәртебесі бар тұлға болып табылған жағдайда, осы қаржылық есептілік қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында орналастырылған жағдайда ұсынылмайды, сондай-ақ қаржылық есептілік көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымы болып табылған жағдайда және осы қаржылық есептілік Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымының немесе шетелдік қор биржасының интернет-ресурсында қазақ, орыс немесе ағылшын тілінде қолжетімді болған жағдайларды ұсынылмайды;
7) еңбек қызметі, мінсіз іскерлік беделі туралы мәліметтерді қоса алғанда, Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш берушінің басшы қызметкерлері туралы қысқаша деректер.
Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын өтініш берушінің басшы қызметкерлері бойынша өтініш беруші олардың мінсіз іскерлік беделін растау үшін азаматтығы бар елдің немесе тұрғылықты тұратын елдің, ал азаматтығы жоқ адамдар - олардың тұрғылықты тұратын елінің құзыретті мемлекеттік органы берген алынбаған немесе өтелмеген соттылығының жоқ екендігі туралы мәліметтерді растайтын құжаттарды, (көрсетілген құжаттардың берілген күні өтініш берілген күннің алдындағы алты айдан астам);
8) тұлғаның өтініш беруге өкілеттігін растайтын құжаттардың және оларға қоса берілетін құжаттардың электрондық көшірмелері.
Көрсетілетін қызметті алушы - Қазақстан Республикасының бейрезидент-заңды тұлғасы банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы, банк холдингі, сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуге келісім алу үшін жүгінген кезде:
1) көрсетілетін қызметті алушының бірінші басшысының не оның міндетін атқарушы тұлғаның ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат түріндегі Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы, банк холдингі немесе сақтандыру холдингінің (заңды тұлғалар үшін) мәртебесін иелену туралы өтініш;
2) осы тармақтың екінші бөлігінің 2), 3), 4), 5), 6), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген мәліметтер мен құжаттар;
Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымы өтініш берушісінің басшы қызметкерлері бойынша өтініш беруші Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша олардың мінсіз іскерлік беделін растайтын мәліметтерді ұсынады.
Осы тармақтың екінші бөлігі 7) тармақшасының мақсаттары үшін Қазақстан Республикасының бейрезидент-заңды тұлғасының (Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымының) басшы қызметкерлері деп басқару органының басшысы, оның орынбасары және басқару органының мүшелері, атқарушы органның басшысы, оның орынбасары және атқарушы органның мүшелері, бас бухгалтер танылады;
3) өтініш беруші резиденті болып табылатын мемлекеттің құзыретті мемлекеттік органы (қаржылық қадағалау органы) берген Қазақстан Республикасының аумағында өз қызметін жүзеге асыратын банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының акцияларын иеленуге келісімнің (рұқсаттың) электрондық көшірмесі не резиденті өтініш беруші резиденті болып табылатын мемлекеттің құзыретті мемлекеттік органынан (қаржылық қадағалау органынан) осындай келісімнің (рұқсаттың) талап етілмейтіні туралы растаманың электрондық көшірмесі;
4) көрсетілетін қызметті алушы резиденті болып табылатын мемлекеттің заңнамасы бойынша көрсетілетін қызметті алушының қаржылық қызметті жүзеге асыруына арналған лицензияның (рұқсаттың) электрондық көшірмесі не егер көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымы болып табылса, лицензияның (рұқсаттың) талап етілмейтіні туралы көрсетілетін қызметті алушы резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы берген растаманың электрондық көшірмесі;
5) құрылтай құжаттарының нотариат куәландырған электрондық көшірмесі.
Көрсетілетін қызметті алушы:
- тізбесін уәкілетті орган "Болу қажеттілігі қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілетін заңды тұлғалар және мемлекеттер үшін ең төменгі рейтингіні, осы рейтингіні беретін рейтингтік агенттіктер тізбесін белгілеу туралы"
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2026 жылғы 14 сәуірдегі № 64 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 38437 болып тіркелген) (бұдан әрі – №64 қаулы) сәйкес белгілейтін рейтингтік агенттіктердің бірінің "А-"-тен төмен емес кредиттік рейтингі бар Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі банк холдингі мәртебесін иеленуге келісім алу үшін,
- тізбесін уәкілетті орган № 64 қаулыға сәйкес белгілейтін рейтингтік агенттіктердің бірінің "А-"-тен төмен емес кредиттік рейтингі бар Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру ұйымы сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуге келісім алу үшін жүгінген кезде:
1) көрсетілетін қызметті алушының бірінші басшысының не оның міндетін атқарушы тұлғаның ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы, банк холдингі немесе сақтандыру холдингі (заңды тұлғалар үшін) мәртебесін иелену туралы өтініш;
2) осы тармақтың бірінші бөлігінің 5) тармақшасында, осы тармақтың екінші бөлігінің 2), 3), 6), 8) тармақшаларында, осы тармақтың үшінші бөлігінің 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген құжаттар мен мәліметтер.
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қосымша шарттар:
1) оларға қойылатын талаптар Қағидалардың 36-тармағында белгіленген таяудағы 5 (бес) жылға арналған бизнес-жоспарды мына көрсетілетін қызметті алушылар құжаттар мен мәліметтерге қосымша ұсынады:
- дауыс беретін акциялардың 25 (жиырма бес) немесе одан да көп пайызын иелену үлесі бар банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы немесе инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иеленгісі келетін ниетті жеке тұлғалар;
- банк немесе сақтандыру холдингі мәртебесін иеленгісі келетін заңды тұлғалар;
2) егер көрсетілетін қызметті алушы - жеке немесе заңды тұлға уәкілетті органның алдын ала жазбаша келісімін алмай, сыйға тарту шартының, сенімгерлік басқару шартының негізінде немесе мұраны қабылдау нәтижесінде, ол Мемлекеттік реттеу туралы заңның 9-5-бабының 9-тармағында белгіленген талапқа сәйкес тиісті мәртебе иелену туралы өтінішті ұсынған кезде банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысының, банк холдингінің, сақтандыру холдингінің белгілеріне сәйкес келген жағдайда:
банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының акцияларына қатысты сыйға тарту, сенімгерлік басқару, мұрагерлік шарттары мен тәртібін растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері;
осы тармақтың бірінші бөлігінің 4), 5), 6), 7) тармақшаларда көзделген құжаттар;
егер көрсетілетін қызметті алушы заңды тұлға болып табылған жағдайда осы тармақтың екінші бөлігінің 8) тармақшасында көзделген құжаттар;
осы тармақтың үшінші бөлігінің 3) тармақшасында көзделген құжат - егер көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының бейрезидент - заңды тұлғасы болып табылған жағдайда;
растайтын құжаттардың электрондық көшірмелерін қоса бере отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бағалаушы айқындаған сыйға тарту шартының, сенімгерлік басқару, мұрагерлік шартының мәні болып табылатын акциялардың құны туралы мәліметтердің электрондық көшірмесі.
Көрсетілетін қызметті алушыға банктің ірі қатысушысы немесе банк холдингі мәртебесін алу қажет болған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы банк ашуға рұқсат беру туралы өтінішке осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасын және екінші бөлігінің 2) тармақшасын қоспағанда, осы тармақтың бірінші, екінші, үшінші, төртінші бөліктерінде көзделген құжаттар мен мәліметтерді қоса береді.
Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) құжаттары туралы мәліметтер көрсетілетін қызметті берушіге "цифрлық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден ұсынылады.

11.

Мемлекеттік қызметті жəне оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер

Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы немесе инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы (бұдан әрі – қаржы ұйымының ірі қатысушысы), банк холдингі, сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуге келісім беру бойынша:
1) Мемлекеттік реттеу туралы заңның 9-4-бабы 2-тармағының 4), 5), 6) және 7) тармақшаларында белгіленген талаптарды сақтамау (жеке тұлғаға немесе көрсетілетін қызметті алушы-заңды тұлғаның басшы қызметкерлеріне қатысты);
2) көрсетілетін қызметті алушының тұрақсыз қаржылық жағдайы.
көрсетілетін қызметті алушы – заңды тұлға көрсетілетін қызметті алушының орнықсыз қаржылық жағдайы деп мынадай белгілердің біреуінің болуы түсініледі:
көрсетілетін қызметті алушының ірі қатысушысы ірі қатысушы мәртебесін иеленуге көрсетілеьтін қызметті алушы өтініш берген қаржы ұйымының ірі қатысушысы мәртебесіне ие тұлға болып табылатын жағдайларды қоспағанда, өтініш берілген күнге дейін 2 (екі) жылдан аз уақыт бұрын құрылған;
көрсетілетін қызметті алушының міндеттемелері басқа заңды тұлғалардың акцияларына және жарғылық капиталына қатысу үлесіне орналастырылған активтер сомасын шегергенде және қаржы ұйымының акцияларын иеленуге болжанатын активтерінен асып түседі;
аяқталған 2 (екі) қаржы жылының әрқайсысының нәтижелері бойынша шығындар;
көрсетілетін қызметті алушының міндеттемелерінің мөлшері қаржы ұйымының қаржылық жағдайына айтарлықтай қауіп төндіреді;
көрсетілетін қызметті алушының қаржы ұйымы алдында мерзімі өткен және (немесе) банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының балансынан тыс берешегінің болуы;
көрсетілетін қызметті алушының қаржы ұйымының, банк холдингінің, сақтандыру холдингінің ірі қатысушысы мәртебесін иеленуінің қаржылық салдарын талдау көрсетілетін қызметті алушының қаржылық жай-күйінің нашарлауын болжайды;
көрсетілетін қызметті алушының мүлкінің құны (көрсетілетін қызметті алушының міндеттемелерін шегергенде) қаржы ұйымының акцияларын иелену үшін жеткіліксіз;
уәжді пайымдауды пайдалана отырып анықталған, көрсетілетін қызметті алушының орнықсыз қаржылық жағдайының бар екенін және (немесе) банкке және (немесе) оның депозиторларына, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына және (немесе) оның клиенттеріне, инвестициялық портфельді басқарушыға және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының салымшыларына шығын келтіру ықтималдығын куәландыратын өзге де негіздер;
3) ұсынылған құжаттардың Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеуі немесе ұсынылған құжаттар бойынша уәкілетті органның ескертулерін жоймау;
4) көрсетілетін қызметті алушының қаржы ұйымының ірі қатысушысы, банк холдингі, сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуі нәтижесінде Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының талаптарын бұзу;
5) қаржы ұйымының ірі қатысушысы, банк холдингі, сақтандыру холдингі мәртебесін иеленетін тұлға "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Банктер туралы заң) 9-бабының 4-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, тізбесі "Банктік және сақтандыру қызметі, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың қызметі және бағалы қағаздар нарығындағы өзге де лицензияланатын қызмет түрлері, акционерлік инвестициялық қорлардың қызметі және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қызметі мақсаттары үшін офшорлық аймақтардың тізбесін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2026 жылғы 20 наурыздағы № 15 қаулысына сәйкес белгіленетін оффшорлық аймақтарда тіркелген заңды тұлға болып табылатын жағдайда;
6) көрсетілетін қызметті алушының Банктер туралы заңның 6-бабы 3-тармағының үшінші бөлігінде көзделген талапты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында қаржы ұйымының ірі қатысушыларына, банк холдингтеріне, сақтандыру холдингтеріне қойылатын өзге де талаптарды сақтамауы;
7) көрсетілетін қызметті алушының қаржы ұйымының ірі қатысушысы, банк холдингі, сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуінің қаржылық салдарын талдау қаржы ұйымының қаржылық жағдайының нашарлауын болжайды;
8) көрсетілетін қызметті алушы-Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымында мұндай лицензия (рұқсат) осындай мемлекеттің заңнамасы бойынша талап етілетін жағдайларда өзі резиденті болып табылатын мемлекеттің заңнамасы бойынша қаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензияның (рұқсаттың) болмауы;
9) Мемлекеттік реттеу туралы заңның 9-5 - бабы 4 - тармағының екінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, көрсетілетін қызметті алушы - Қазақстан Республикасының бейрезидент-заңды тұлғасында не оның бас ұйымында тізбесін уәкілетті орган № 64 қаулыға сәйкес белгілейтін рейтингтік агенттіктердің бірінің ең төмен қажетті рейтингінің болмауы;
10) қаржы ұйымының қаржылық жағдайы нашарлауы мүмкін болған жағдайда қаржы ұйымын қайта капиталдандырудың ұсынылған жоспарының тиімсіздігі;
11) көрсетілетін қызметті алушы - жеке тұлғаның, көрсетілетін қызметті алушының басшы қызметкері - заңды тұлғаның мінсіз іскерлік беделінің болмауы;
12) көрсетілетін қызметті беруші немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы оларды таратуға және (немесе) қызметті жүзеге асыруды тоқтатуға әкелген реттеу режимін банкке қолдану, қаржы ұйымын, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымын лицензиядан айыру туралы қаржы нарығында не қаржы ұйымын, оның ішінде қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енген немесе оны Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымы резиденті болып табылатын Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе мемлекеттің заңнамасында белгіленген банкрот деп тану туралы шешім қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде көрсетілетін қызметті алушы бұрын ірі қатысушы - жеке тұлға не ірі қатысушы - заңды тұлғаның бірінші басшысы және (немесе) қаржы ұйымының, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымының басшы қызметкері болып табылған не болып табылатын жағдайлар. Көрсетілген талап көрсетілетін қызметті беруші немесе резиденті Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымы болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы банкке реттеу режимін қолдану, оларды таратуға және (немесе) қаржы нарығында қызметін жүзеге асыруды тоқтатуға әкелген қаржы ұйымын, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымын лицензиядан айыру туралы шешім қабылдағаннан кейін немесе қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымы немесе оны Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің заңнамасында белгіленген тәртіппен банкрот деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін он жыл ішінде қолданылады.
13) банк холдингі, сақтандыру холдингі мәртебесін иеленгісі келетін Қазақстан Республикасы бейрезидент-қаржы ұйымының Мемлекеттік реттеу туралы заңның 9-5-бабының 6-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келмеуі;
14) көрсетілетін қызметті алушы - Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымы өзінің орналасқан елінде шоғырландырылған негізде қадағалауға жатпайтын жағдайлар;
15) Қазақстан Республикасының бейрезидент-банк конгломератына қатысушы елдердің заңнамасы олардың және банк конгломератының Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген талаптарды орындау мүмкін болмайтындығына байланысты банк конгломератына шоғырландырылған қадағалау жүргізудің мүмкін болмауы;
16) банкті, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ашуға рұқсат беруден бас тарту үшін негіздердің болуы;
Егер банк, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы еншілес банкті, еншілес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құру, сатып алу не банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жарғылық капиталына елеулі қатысуды иелену үшін басқа банктің ірі қатысушысы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, банк холдингі, сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуге ниетті болған жағдайда, уәкілетті орган ұсынылған құжаттарды қарау кезінде "Банкке, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына еншiлес ұйымды құруға немесе иеленуге, ұйымның капиталына елеулі қатысуына, банктің стрестік активтерді басқару жөніндегі еншілес ұйымды құруға немесе иеленуге рұқсат беру, еншілес ұйымды құруға, иеленуге, ұйымның капиталына елеулі қатысуға берілген рұқсатты кері қайтарып алу және (немесе) күшін жою қағидаларын бекіту туралы"
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2026 жылғы 31 наурыздағы № 31 қаулысында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 38321 болып тіркелген) көзделген бас тарту негіздерін ескереді. Еншілес ұйымды құруға, сатып алуға, ұйымның капиталына елеулі қатысуға рұқсат беруден бас тарту негіздері болған кезде уәкілетті орган банктің ірі қатысушысы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, банк холдингі, сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуге келісім беруден бас тартады;
17) "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес айқындалған көрсетілетін қызметті алушының бенефициарлық меншік иесі-заңды тұлғаның қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға саласындағы қылмыстар үшін алынбаған немесе өтелмеген соттылығының болуы;
18) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық дәйексізсіз анықтау;
19) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
20) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алумен байланысты арнайы құқығынан айырылған заңды күшіне енген сот шешімінің болуы;
21) "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес ұсынылатын көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімінің болмауы.

12.

Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтердің ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де талаптар

Мемлекеттік қызмет көрсету орнының мекенжайы көрсетілетін қызметті берушінің ресми интернет-ресурсында орналастырылған. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинеті" арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет мәселелері бойынша Бірыңғай байланыс орталығынан алу мүмкіндігіне ие.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондары көрсетілетін қызметті берушінің ресми интернет-ресурсында орналастырылған. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет мәселелері бойынша Бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777 немесе 1414.

  Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі
Басқармасының мемлекеттік
қызметтер көрсету саласындағы қаржы ұйымдарының қызметін
реттеу мәселелері бойынша
өзгерістер енгізілетін
қаулыларының тізбесіне
14-қосымша
Банктің ірі қатысушысы, банк холдингінің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы, сақтандыру холдингінің, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру, келісімді қайтарып алу қағидалары және көрсетілген келісімді алу үшін ұсынылатын құжаттарға қойылатын талаптарға
4-қосымша

      Нысан

Өтініш беруші олардың ірі қатысушысы болып табылатын заңды тұлғалар бойынша мәліметтер

№

Заңды тұлғаның атауы және орналасқан жері

Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы деректер, жарғылық қызмет түрлері (негізгі қызмет түрлері көрсетілсін)

Жарғылық капиталға қатысу сомасы (сатып алынған акциялардың құны (мың теңгемен)

1

2

3

4





      кестенің жалғасы 

Акциялар санының дауыс беруші акциялардың жалпы санына арақатынасы немесе жарғылық капиталға қатысу үлесі (пайызбен),

Жеке иелік ету

Бірлесіп иелік ету

тікелей

жанама

пайыз

заңды тұлғаның атауы (тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда)

5

6

7

8

      Осы ақпараттың тексерілгенін және дәйекті және толық болып табылатынын

      растаймын.

      Өтініш беруші

      ________________________________________________________________

      (тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда)

      ______________________

      (қолы)

  Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі
Басқармасының мемлекеттік
қызметтер көрсету саласындағы қаржы ұйымдарының қызметін
реттеу мәселелері бойынша
өзгерістер енгізілетін
қаулыларының тізбесіне
15-қосымша
Банктің ірі қатысушысы, банк холдингінің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы, сақтандыру холдингінің, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру, келісімді қайтарып алу қағидалары және көрсетілген келісімді алу үшін ұсынылатын құжаттарға қойылатын талаптарға
5-қосымша
  нысан

Өтініш берушінің кірістері мен мүлкі туралы мәліметтер, сондай-ақ оның барлық міндеттемелері бойынша нақты берешегі туралы ақпарат

      1. Тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда)

      __________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      2. Есепті кезең

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      3. Өтініш берушінің кірістері мен мүлкі, сондай-ақ оның барлық міндеттемелері

      бойынша бар берешегі туралы ақпарат:

№

Атауы

Өлшем бірлігі

Өткен есепті кезең үшін

Саны

Кірістер (берешек) сомасы
Актив құны (теңге)

1.

Есепті кезеңде алынған кірістер:


X


1.1

Жалақы


X


1.2

Ұйымдардың жарғылық капиталына қатысу үлестерінен (акцияларынан) түскен дивидендтер мен кіріс


X


1.3

Салымдар бойынша сыйақы


X


1.4

Мүлікті жалға беруден түскен кіріс


X


1.5

Кәсіпкерлік қызметтен түскен кіріс


X


1.6

Мүлікті өткізуден түскен кіріс


X


1.7

Кірістің басқа да түрлері (талдамасымен)


X


2.

Мүлік:




2.1

Ақша:


X


ұлттық валютада, оның ішінде:


X


банктік шоттардағы қолма-қол ақшамен


X


шетел валютасында, оның ішінде:


X


банктік шоттардағы қолма-қол ақшамен


X


2.2

Бағалы қағаздар (эмитенттің атауын көрсете отырып), оның ішінде жай акциялар, артықшылықты акциялар, облигациялар




2.3

Қаржы ұйымының ірі қатысушысына тиесілі акциялар санының ұйымның (атауын көрсету) дауыс беретін акцияларының жалпы санына арақатынасы немесе олардың, оның ішінде Қазақстан Республикасы бейрезиденттерінің жарғылық капиталына қатысу үлестері (пайызбен)

X



2.4

Жылжымайтын мүлік (атауы мен орналасқан жерін көрсете отырып)




2.5

Өзге де мүлік (талдамасымен)




2n



X


3.

Барлық міндеттемелер бойынша берешек


X


3.1

Өтелмеген қарыздар


X


3.2

Қарыздар бойынша мерзімі өткен берешек


X


3.3

Міндеттемелер бойынша өзге берешек (талдамасымен)


X


3n



X


      кестенің жалғасы

Есепті кезең үшін

Есепті кезеңдегі өзгерістер

Саны

Кіріс (берешек) сомасы
Актив құны (теңге)

Саны

Кіріс (берешек) сомасы
Актив құны (теңге)

X


X


X


X


X


X


X


X


X


X


X


X


X


X


X


X






X
X
X
X
X


X
X
X
X
X


















X


X


X


X


X


X


X


X


X


X


X


X


      Ескертпе: Банктің ірі қатысушысы, банк холдингі, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы, сақтандыру холдингі, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иелену үшін "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік кірістер органдарына активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсынатын айдың 1 (бірінші) күнінің алдындағы 12 (он екі) айға тең кезең есепті кезең болып табылады.

      Осы ақпараттың тексерілгенін және дәйекті және толық болып табылатынын растаймын.

      Өтініш беруші

      __________________________________________________________________

      (тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда)

      __________________

      (қолы)

  Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі
Басқармасының мемлекеттік
қызметтер көрсету саласындағы қаржы ұйымдарының қызметін
реттеу мәселелері бойынша
өзгерістер енгізілетін
қаулыларының тізбесіне
16-қосымша
Банктің ірі қатысушысы, банк холдингінің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы, сақтандыру холдингінің, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру, келісімді қайтарып алу қағидалары және көрсетілген келісімді алу үшін ұсынылатын құжаттарға қойылатын талаптарға
6-қосымша

      нысан

Жеке тұлға – өтініш беруші туралы мәліметтер, заңды тұлға – өтініш берушінің басшы қызметкерлері туралы қысқаша деректер

      1. Өтініш беруші ірі қатысушы, банк немесе сақтандыру холдингі мәртебесін

      иеленетін қаржы ұйымының толық атауы

      __________________________________________________________________

      2. Тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда)

      __________________________________________________________________

      3. Заңды тұлға – өтініш берушінің лауазымы және толық атауы (заңды тұлға – өтініш

      берушінің басшы қызметкері толтырады)

      _________________________________________________________________

      4. Жеке сәйкестендіру нөмірі (болған жағдайда)

      __________________________________________________________________

      5. Азаматтығы __________________________________________________

      6. Жеке басын куәландыратын құжаттың деректері (шетел азаматтарына, азаматтығы

      жоқ тұлғаларға) _____________________________________________

      7. Тұрғылықты жері және заңды мекенжайы

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      8. Телефон нөмірі (үй, жұмыс телефоны)

      __________________________________________________________________

      9. Өтініш беруші ірі қатысушы, банк немесе сақтандыру холдингі мәртебесін

      иеленетін қаржы ұйымының және онымен үлестес заңды тұлғалардың жарғылық

      капиталында қатысуы туралы мәліметтер:

№

Заңды тұлғаның атауы және орналасқан жері

Заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы деректер, жарғылық қызмет түрлері (негізгі қызмет түрлері көрсетілсін)

Жеке тұлға-құрылтайшыға тиесілі акциялар санының жарғылық капиталға қатысу үлесі немесе заңды тұлғаның дауыс беруші акцияларының жалпы санына арақатынасы (пайызбен)

1

2

3

4





      10. Өтініш беруші ірі қатысушы, банк немесе сақтандыру холдингі мәртебесін

      иеленетін қаржы ұйымының және онымен үлестес заңды тұлғалардың жарғылық

      капиталында оның жұбайының, жақын туыстарының (ата-аналары, аға-інілері, апа-

      қарындастары (сіңлілері), балалары) және жекжаттарының (жұбайының (зайыбының)

      ата-аналары, інілері (ағалары), апа-қарындастары (сіңлілері), балалары) қатысуы

      туралы мәліметтер:

№

Тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда)

Туған жылы

Туыстық қатынасы

Жұмыс орны және лауазымы

Заңды тұлғаның атауы

Жарғылық капиталға қатысу сомасы (сатып алынған акцияларының құны (мың теңгемен)

1

2

3

4

5

6

7

      кестенің жалғасы

Акциялар санының дауыс беруші акциялардың жалпы санына арақатынасы немесе оның жарғылық капиталға қатысу үлесі (пайызбен)

Жеке иелік ету

Бірлесіп иелік ету

тікелей

жанама

пайызы

заңды тұлғаның атауы (тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда)

8

9

10

11

      11. Еңбек қызметі туралы мәліметтер

 №

Жұмыс кезеңі (күні, айы, жылы)*

Жұмыс орны**

Лауазымы

Тәртіптік жазалардың болуы

Жұмыстан шығу, лауазымынан босатылу себептері

1

2

3

4

5

6

      Ескертпе: осы тармақта жеке тұлға - өтініш берушінің немесе заңды тұлға - өтініш берушінің басшы қызметкерінің еңбек қызметi (сондай-ақ басқару органындағы мүшелігі), оның iшiнде заңды тұлға - өтініш берушідегі лауазымын көрсете отырып, жоғарғы оқу орнын аяқтаған сәттен бастап еңбек қызметi туралы мәліметтер, сондай-ақ жеке тұлға - өтініш берушінің немесе заңды тұлға - өтініш берушінің басшы қызметкерінің еңбек қызметі жүзеге асырылмаған кезең көрсетіледі.

      * қаржы ұйымдарындағы (оның ішінде шыққан елінің заңнамасы шеңберінде қаржылық қызметті жүзеге асыру жөніндегі өкілеттіктері бар Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымдарындағы), банк немесе сақтандыру холдингтеріндегі, халықаралық қаржы ұйымдарының біріндегі, аудиторлық ұйымдардағы, қаржылық қызметтерді және (немесе) қаржы ұйымдарына аудит жүргізу жөніндегі қызметтерді реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті органдардағы, сондай-ақ қаржы ұйымдарының (оның ішінде шыққан елінің заңнамасы шеңберінде қаржылық қызметті жүзеге асыру жөніндегі өкілеттігі бар Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымдарының) басқару органдарына, банк немесе сақтандыру холдингтеріндегі мүшелігі туралы мәліметтерде күні, айы, жылы көрсетіледі. Қалған жағдайларда жылы көрсетіледі.

      ** егер қаржы ұйымы Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылған жағдайда, қаржы ұйымының тіркелген елі көрсетіледі.

      12. Жеке тұлға - өтініш беруші заңды тұлға-өтініш берушінің басшы қызметкерінің осыған дейін Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі резиденті болып табылатын мемлекеттің уәкілетті органы немесе қаржылық қадағалау органы банкке реттеу режимін қолдану, қаржы ұйымын, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымын, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалын, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалын таратуға және (немесе) қаржы нарығындағы қызметті жүзеге асыруды тоқтатуға әкеп соққан лицензиядан айыру туралы шешім қабылдағанға дейін немесе қаржы ұйымын, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі резиденті болып табылатын мемлекеттің заңнамасында белгіленген тәртіппен банкрот деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін немесе Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтату туралы сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін бір жылдан аспайтын кезеңде қаржы ұйымының басшысы, басқару органының мүшесі, атқарушы органның басшысы, оның орынбасары немесе атқарушы органның мүшесі, бас бухгалтері, бас бухгалтерінің орынбасары, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының басшысы, басшының орынбасары, бас бухгалтері, бас бухгалтерінің орынбасары, жеке тұлға-ірі қатысушы, заңды тұлға – қаржы ұйымының ірі қатысушысы (банк холдингі), оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымының басшысы болып табылғандығы туралы мәліметтер.

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      (иә (жоқ), ұйымның атауын, лауазымын, жұмыс кезеңін көрсету)

      13. Мынадай:

      қатарынан төрт және одан астам кезең ішінде шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша купондық сыйақыны төлемеген;

      дефолтқа жол берілген шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша купондық сыйақы төлеу бойынша берешек сомасы купондық сыйақының төрт еселенген және (немесе) одан көп мөлшерін құрайтын;

      шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша негізгі борышты төлеу бойынша дефолт мөлшері төлем жасау күніндегі республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштен он мың есе асатын соманы құрайтын міндеттемелердің бірі болған жағдайда жеке тұлға – өтініш беруші немесе заңды тұлға – өтініш берушінің басшы қызметкері осыған дейін қаржы ұйымының басшысы, басқару органының мүшесі, атқарушы органның басшысы, мүшесі, бас бухгалтері, эмитент – заңды тұлғаның ірі қатысушысы (ірі акционердің) жеке тұлғасы, ірі қатысушысының (ірі акционердің) басшысы, басқару органының мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері (оның орынбасары) болғандығы туралы мәліметтер

      __________________________________________________________________

      (иә (жоқ), ұйымның атауы, лауазымы, жұмыс кезеңі көрсетілсін)

      14. Жеке тұлға - өтініш берушіге, заңды тұлға - өтініш берушінің басшы қызметкеріне қатысты белгілі бір мемлекеттік қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) немесе оның негізінде мемлекеттік қызметті алуға байланысты арнаулы құқықтан айырылған сот шешімі бар ма

      __________________________________________________________________

      (иә (жоқ), заңды күшіне енген сот шешімінің күні мен нөмірі көрсетілсін)

      15. Жеке тұлға - өтініш беруші, заңды тұлға - өтініш берушінің басшы қызметкері уәкілетті органға банктің ірі қатысушысы, банк холдингі, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы, сақтандыру холдингі, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру туралы өтініш берген күніне дейін 3 (үш) жыл ішінде сыбайлас жемқорлық қылмысты жасағаны үшін жауапкершілікке не сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жазаға тартылды ма.

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      (иә (жоқ), құқық бұзушылықтың, қылмыстың қысқаша сипаты,

      __________________________________________________________________


      __________________________________________________________________

      жауапкершілікке тартудың негіздерін көрсете отырып).

      16. Жеке тұлға - өтініш беруші, заңды тұлға - өтініш берушінің басшы қызметкері ірі қатысушы немесе басшы қызметкер болған кезеңде заңды тұлғаның қаржылық жағдайының нашарлауының немесе банкроттығы фактілерінің болуы:

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      17. Өтініш беруші ірі қатысушы, банк немесе сақтандыру холдингі мәртебесін иеленетін қаржы ұйымымен үлестес болуы (болмауы):

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      (иә (жоқ), үлестестік белгілері көрсетілсін)

      18. Өзге де ақпарат (болған жағдайда):

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      Осы ақпараттың тексерілгенін және оның дәйекті әрі толық болып табылатынын растаймын, сондай-ақ жеке тұлға - өтініш берушіге, заңды тұлға -өтініш берушінің басшы қызметкеріне қойылатын талаптарға сәйкестігін және мінсіз іскерлік беделінің болуын растаймын.

      Дербес деректерді жинауға және өңдеуге және цифрлық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

      Тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда)

      ____________________________________________________________

      (жеке тұлға - өтініш беруші немесе заңды тұлға - өтініш берушінің басшы қызметкерінің өз қолымен баспа әріптерімен толтырады)

      Қолы _________________

      Күні____________________

  Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі
Басқармасының мемлекеттік
қызметтер көрсету саласындағы қаржы ұйымдарының қызметін
реттеу мәселелері бойынша
өзгерістер енгізілетін
қаулыларының тізбесіне
17-қосымша
Банктің ірі қатысушысы, банк холдингінің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы, сақтандыру холдингінің, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру, келісімді қайтарып алу қағидалары және көрсетілген келісімді алу үшін ұсынылатын құжаттарға қойылатын талаптарға
7-қосымша

      нысан

Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымы-өтініш берушінің басшы қызметкерлерінің мінсіз іскерлік беделін растайтын мәліметтер

      1. Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымы - өтініш берушінің толық

      атауы

      __________________________________________________________________

      2. Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымы - өтініш беруші банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы, инвестициялық портфельді басқарушы немесе банк холдингі, сақтандыру холдингі мәртебесін иеленетін банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының толық атауы _______________________________________________________________


№

Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымы - өтініш берушінің басшы қызметкерінің лауазымы

Жеке сәйкестендіру нөмірі немесе резиденті жеке тұлға болып табылатын мемлекетте жеке тұлға үшін қалыптастырылатын өзге де бірегей нөмір (болған жағдайда)

Азаматтығы

Жеке басын куәландыратын құжаттың деректері (шетелдік азаматтар, азаматтығы жоқ адамдар үшін)

1

2

3

4

5

6

      Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымы - өтініш беруші

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      (өтініш берушінің атауы)

      Қазақстан Республикасының бейрезиденті (бейрезиденттері) болып табылатын өтініш беруші - заңды тұлғаның аталған басшы қызметкерінің (қызметкерлерінің) "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-4-бабының 2-тармағының 1), 4), 5), 6) және 7) тармақшаларында белгіленген талаптарға сәйкестігін растайды.

      Азаматтығы бар елдің (шетелдік азаматтар үшін) немесе тұрғылықты тұратын елдің (азаматтығы жоқ адамдар үшін), сондай-ақ осы басшы қызметкер (қызметкерлер) соңғы 10 (он) жыл ішінде тұрақты түрде тұрған елдің алынбаған немесе өтелмеген соттылығының жоқтығын Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымы-өтініш беруші тексерді

      __________________________________________________________________

      (өтініш берушінің атауы)

      Осы ақпаратты Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымы - өтініш беруші тексерді және ол анық әрі толық болып табылады.

      Атқарушы органның басшысы (атқарушы органның қызметтерін жеке-дара жүзеге асыратын тұлға) немесе оның міндетін атқарушы тұлға.

      ___________________________ (қолы)

  Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту агенттігі Басқармасының қаржы ұйымдарының мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін қаулыларының тізбесіне
18-қосымша
Банкті, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалын ашуға
рұқсат беру қағидаларына
3-қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі

1

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы

Банкті, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалын ашуға рұқсат беру

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрлерінің (бар болса) атауы

Банкті ашуға рұқсат алу үшін;
Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалын ашуға рұқсат алу үшін.

3

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – уәкiлеттi орган).

4

Мемлекеттік қызметті жəне оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету тәсілдері

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің барлық кіші түрлері бойынша "цифрлық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал).

5

Мемлекеттік қызметті жəне оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзімі

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің барлық кіші түрлері бойынша порталға өтініш берген күннен бастап 65 (алпыс бес) жұмыс күні ішінде.
Бұл мерзім "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Банктер туралы заң) 10-бабының 8-тармағында, 16-бабының 6-тармағында, "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-2-бабында көзделген жағдайларда тоқтатыла тұрады.

6

Мемлекеттік қызметті жəне оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нысаны

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің барлық кіші түрлері бойынша электрондық (ішінара цифрландырылған).

7

Мемлекеттік қызметті жəне оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесі

Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша банкті, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалын ашуға рұқсатты қоса бере отырып, банкті, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалын ашуға рұқсат беру туралы хабарлама не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

8

Мемлекеттік қызметті жəне оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің барлық кіші түрлері бойынша тегін

9

Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектісінің жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Мерекелер туралы заң) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі - жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес;
2) порталдың – жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты болатын техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және Мерекелер туралы заңға сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін жіберу келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

10

Мемлекеттік қызметті жəне оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Көрсетілетін қызметті алушы банк ашуға рұқсат алу үшін жүгінген кезде:
1) Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат түрінде қазақ және орыс тілдерінде банк ашуға рұқсат беру туралы өтініш (өтініш берушінің осы өтінішті беруге өкілеттіктерін растайтын құжаттардың электрондық көшірмелерін және оған қоса берілетін құжаттарды қоса ұсыну арқылы);
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ресімделген құрылтай жиналысы хаттамасының (жалғыз құрылтайшысы шешімінің) электрондық көшірмесі;
3) осы Мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне (бұдан әрі – Тізбе) 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша банктің жарғылық капиталындағы үлесі 10 (он) пайыздан аз құрылтайшы-жеке тұлға туралы мәліметтердің электрондық көшірмелері;
4) Тізбеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша банктің жарғылық капиталындағы үлесі 10 (он) пайыздан аз құрылтайшы-заңды тұлға туралы мәліметтердің электрондық көшірмелері, оның ішінде құрылтайшы-заңды тұлғаның аудиторлық есептермен расталған соңғы екі қаржы жылындағы жылдық қаржылық есептілігінің (құрылтайшы-заңды тұлғада еншілес ұйымдар болған жағдайда шоғырландырылған қаржылық есептіліктің) көшірмелері, сондай-ақ өтініш беру күнінің алдындағы соңғы аяқталған тоқсандағы құрылтайшы-заңды тұлғаның қаржылық есептілігінің көшірмесі.
Ағымдағы жылғы 1 қаңтардан бастап 1 маусым аралығындағы кезеңде соңғы аяқталған қаржы жылындағы қаржылық есептілікті растайтын аудиторлық есеп болмаған жағдайда, құрылтайшы-заңды тұлға өтініш беру күнінің алдындағы соңғы аяқталған қаржы жылындағы және соңғы аяқталған тоқсандағы қаржылық есептіліктің (құрылтайшы-заңды тұлғада еншілес ұйымдар болған жағдайда шоғырландырылған қаржылық есептіліктің) көшірмелерін, сондай-ақ соңғы аяқталған қаржы жылының алдындағы аудиторлық есептермен расталған екі жылдағы жылдық қаржылық есептіліктің (құрылтайшы-заңды тұлғада еншілес ұйымдар болған жағдайда шоғырландырылған қаржылық есептіліктің) көшірмелерін ұсынады.
Осы тармақшада көрсетілген қаржылық есептілік мынадай жағдайларда ұсынылмайды:
осы қаржылық есептілік қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында болған кезде;
құрылтайшы - заңды тұлға Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымы болып табылса және осы қаржылық есептілік Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымының немесе шетелдік қор биржасының интернет-ресурсында қазақ, орыс немесе ағылшын тілінде орналастырылса және қолжетімді болса;
5) "Банкке, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына еншiлес ұйымды құруға немесе иеленуге, ұйымның капиталына елеулі қатысуына, банктің стрестік активтерді басқару жөніндегі еншілес ұйымды құруға немесе иеленуге рұқсат беру, еншілес ұйымды құруға, иеленуге, ұйымның капиталына елеулі қатысуға берілген рұқсатты кері қайтарып алу және (немесе) күшін жою қағидаларын бекіту туралы"
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2026 жылғы 31 наурыздағы № 31 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 38321болып тіркелген) сәйкес банк еншілес банк құруға немесе басқа банктің капиталына қомақты қатысуға рұқсат алған жағдайда, еншілес ұйым құруға, иеленуге немесе ұйымның капиталына қомақты қатысуға рұқсат алуға арналған өтініш;
6) "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы заңының (бұдан әрі – Мемлекеттік реттеу туралы заң) 9-5-бабы 8-тармағының 1) тармақшасында, 10-тармағының 1) тармақшасында және 14-тармағында көзделген құжаттар мен мәліметтерді қоспағанда, өтініш беруші банктің ірі қатысушысы немесе банк холдингі мәртебесін алған жағдайда "Банктің ірі қатысушысы, банк холдингінің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы, сақтандыру холдингінің, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру, келісімді қайтарып алу қағидаларын және көрсетілген келісімді алу үшін ұсынылатын құжаттарға қойылатын талаптарды бекіту туралы"
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2026 жылғы 31 наурыздағы № 30 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 38324 болып тіркелген) айқындалған тәртіптен құжаттар мен мәліметтердің электрондық көшірмелері;
7) құрылатын банктің акцияларын иелену (жарғылық капиталын төлеу) үшін жеке тұлға пайдаланатын қаражат көздерін (шығу тегін) растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері.
Жеке тұлға құрылатын банктің акцияларын иелену (жарғылық капиталын төлеу) үшін пайдалануы мүмкін қаражат көздері Мемлекеттік реттеу туралы заңның 9-5-бабының 7-тармағында айқындалған;
8) резиденті көрсетілетін қызметті алушы болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы берген Қазақстан Республикасының аумағында өз қызметін жүзеге асыратын банктің акцияларын иеленуге келісімнің (рұқсаттың) электрондық көшірмесі не резиденті көрсетілетін қызметті алушы болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органынан мұндай келісімнің (рұқсаттың) талап етілмейтіні туралы растаманың көшірмесі (Қазақстан Республикасының бейрезидент заңды тұлғалары үшін);
9) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ресімделген құрылтай шартының электрондық көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқа ұсынылған жағдайда нотариат куәландырған).
Көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалын ашуға рұқсат алу үшін жүгінген кезде:
1) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш берушінің ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат түріндегі (өтініш берушінің осы өтінішті беруге өкілеттігін растайтын құжаттардың және оған қоса берілетін құжаттардың электрондық көшірмелерін қоса бере отырып) Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалын ашуға рұқсат беру туралы қазақ немесе орыс тілдеріндегі өтініш;
2) көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының аумағында филиал ашу туралы шешімінің электрондық көшірмесі, ол сондай-ақ мынадай мәселелер бойынша шешімдерді қамтиды:
- Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің Қазақстан Республикасының аумағында оның филиалының қызметін жүзеге асыру процесінде туындайтын міндеттемелер бойынша жауапкершілікті қабылдауы туралы және осындай міндеттемелерді Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің балансында есепке алу туралы;
- "Банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Банктер туралы заң) 72-бабы 4-тармағына сәйкес резерв ретінде қабылданатын Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының активтерінің мөлшерін бекіту туралы;
3) Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің құрылтай құжаттарының нотариат куәландырған көшірмелерінің электрондық көшірмелері;
4) резиденті Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы берген Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалын ашуға келісімнің (рұқсаттың) электрондық көшірмесі не резиденті Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органынан осындай келісімнің (рұқсаттың) талап етілмейтіні туралы растаманың көшірмесі;
5) резиденті Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы берген, лицензия (рұқсат) шеңберінде рұқсат етілген банк операцияларының және өзге де операциялардың тізбесін көрсете отырып, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің банк қызметін жүзеге асыруға арналған қолданыстағы лицензиясының (қолданыстағы рұқсатының) электрондық көшірмесі;
6) аудиторлық есептермен расталған соңғы екі қаржы жылындағы Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің жылдық қаржылық есептілігінің (Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінде еншілес ұйымдар болған жағдайда шоғырландырылған қаржылық есептіліктің) электрондық көшірмелері, сондай-ақ өтініш беру алдындағы соңғы аяқталған тоқсандағы Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің қаржылық есептілігінің электрондық көшірмесі.
Ағымдағы жылғы 1 қаңтардан 1 маусымға дейінгі кезеңде соңғы аяқталған қаржы жылындағы қаржылық есептілікті растайтын аудиторлық есеп болмаған жағдайда, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі соңғы аяқталған қаржы жылындағы және өтініш беру алдындағы соңғы аяқталған тоқсандағы қаржылық есептіліктің (Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінде еншілес ұйымдар болған жағдайда шоғырландырылған қаржылық есептіліктің) көшірмелерін, сондай-ақ соңғы аяқталған қаржы жылының алдындағы екі жылдағы аудиторлық есептермен расталған жылдық қаржылық есептіліктің (Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінде еншілес ұйымдар болған жағдайда шоғырландырылған қаржылық есептіліктің) көшірмелерін ұсынады.
Осы тармақшада көрсетілген қаржылық есептілік осы қаржылық есептілік Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің немесе шетелдік қор биржасының интернет-ресурсында қазақ, орыс немесе ағылшын тілінде орналастырылған және қолжетімді болған жағдайларда ұсынылмайды;
7) Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) он немесе одан да көп пайызын тікелей немесе жанама иеленетін тұлғалар және Қазақстан Республикасының бейрезидент банкіне қатысты бақылауды жүзеге асыратын тұлғалар туралы мәліметтер, сондай-ақ осы мәліметтерді растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері.
Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) он немесе одан да көп пайызын тікелей немесе жанама иеленетін тұлғалар және Қазақстан Республикасының бейрезидент банкіне қатысты бақылауды жүзеге асыратын тұлғалар туралы мәліметтер мынадай ақпаратты қамтуға тиіс:
заңды тұлғалар үшін:
заңды тұлғаның атауы және орналасқан жері;
мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы деректер, заңды тұлға қызметінің жарғылық түрлері (қызметтің негізгі түрлерін атап көрсету);
жарғылық капиталға қатысу сомасы (сатып алынған акциялардың құны (мың теңгемен);
акциялар санының дауыс беретін акциялардың жалпы санына арақатынасы немесе жарғылық капиталға қатысу үлесі (пайызбен): жеке (тікелей немесе жанама) немесе бірлескен иелену (пайыз, заңды тұлғаның атауы (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда);
жеке тұлғалар үшін:
тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), тіркелген және тұратын мекенжайы;
жеке сәйкестендіру нөмірі немесе резиденті жеке тұлға болып табылатын мемлекетте жеке тұлға үшін қалыптастырылатын өзге де бірегей нөмір (болған кезде);
жарғылық капиталға қатысу сомасы (сатып алынған акциялардың құны (мың теңгемен);
акциялар санының дауыс беретін акциялардың жалпы санына қатынасы немесе жарғылық капиталға қатысу үлесі (пайызбен):
жеке (тікелей немесе жанама) немесе бірлескен иелену (пайыз, заңды тұлғаның атауы (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда);
8) Тізбеге 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің басшы қызметкерлері туралы қысқаша деректер.
Осы тармақшаның мақсаттары үшін Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің басшы қызметкерлері деп басқару органының басшысы, оның орынбасары және басқару органының мүшелері, атқарушы органның басшысы, оның орынбасары және атқарушы органның мүшелері, бас бухгалтер танылады.
Осы тармақтың екінші бөлігінің 7) тармақшасында көрсетілген мәліметтерді растайтын құжаттарды, сондай-ақ осы тармақтың екінші бөлігінің 8) тармақшасында көзделген құжаттарды ұсыну туралы талаптар тізбесін "Болу қажеттілігі қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілетін заңды тұлғалар және мемлекеттер үшін ең төменгі рейтингіні, осы рейтингіні беретін рейтингтік агенттіктер тізбесін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2026 жылғы 14 сәуірдегі № 64 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 38437 болып тіркелген) сәйкес уәкілетті орган белгілейтін рейтингтік агенттіктердің бірінің "А-"-тен төмен емес кредиттік рейтингі болған кезде Қазақстан Республикасының бейрезидент банкіне қолданылмайды.
Уәкілетті орган банкті, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалын ашуға рұқсат беру туралы шешім қабылдау үшін қажетті қосымша ақпарат немесе құжаттарды сұратуға құқылы.

11

Мемлекеттік қызметті жəне оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер

Банк ашуға рұқсат беру кезінде:
1) банк атауының Банктер туралы заңның 7-бабы 3-тармағының талаптарына сәйкес келмеуі;
2) банк құрылтайшысының қаржылық жағдайының тұрақсыздығы.
Банктер туралы заңның 11-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында белгіленген белгілердің болуы деп қаржылық жағдайдың тұрақсыздығы түсініледі;
3) банк құрылтайшысы - жеке тұлға не құрылтайшы - заңды тұлғаның атқарушы органының және (немесе) басқару органының бірінші басшысының (атқарушы органның функцияларын жеке дара жүзеге асыратын адам):
заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар болған жағдайларда;
уәкілетті орган немесе резиденті Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымы болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы оларды таратуға және (немесе) қаржы нарығындағы қызметті жүзеге асыруды тоқтатуға не қаржы ұйымын, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімінің заңды күшіне енуіне немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе резиденті Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымы болып табылатын мемлекеттің заңнамасында белгіленген тәртіппен төлемге қабілетсіз (банкрот) деп тануға әкеп соққан банкке реттеу режимін қолдану, қаржы ұйымын, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымын лицензиясынан айыру туралы шешім қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде қаржы ұйымының, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымының басқару органының бірінші басшысы, атқарушы органның бірінші басшысы немесе оның орынбасары, бас бухгалтері, бас бухгалтердің орынбасары қызметінде болған жағдайларда.
Осы тармақшаның үшінші абзацында көзделген банкті ашуға рұқсат беруден бас тарту үшін негіз Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің уәкілетті органы немесе қаржылық қадағалау органы тиісті шешім қабылдағаннан кейін немесе тиісті сот актісі заңды күшіне енгеннен кейін он жыл ішінде қолданылады.
Осы тармақшаның мақсаттары үшін қаржы ұйымы деп Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерінің филиалы түсініледі.
4) Банктер туралы заңның 9-бабының талаптарын сақтамау;
5) Банктер туралы заңның 10-бабында және Мемлекеттік реттеу туралы заңның 9-5-бабында белгіленген талаптарды сақтамау;
6) уәкілетті органның банктің (банк холдингінің) ірі қатысушысы мәртебесін алуға келісім беруден бас тартуы;
7) уәкілетті органның еншілес банкті құруға немесе басқа банктің капиталына қомақты қатысуға рұқсат беруден бас тартуы;
8) Банктер туралы заңның 10-бабы 8-тармағының үшінші бөлігінде көзделген мерзімде ұсынылған құжаттар және (немесе) мәліметтер бойынша уәкілетті органның ескертулерін жоймау;
9) көрсетілетін қызметті алушы рұқсат алу үшін ұсынған құжаттардағы және (немесе) мәліметтердегі деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі;
10) "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Дербес деректер туралы заң) 8-бабына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге ұсынылатын көрсетілетін қызметті алушының келісімінің болмауы.
Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалын ашуға рұқсат беру кезінде:
1) Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалы атауының Банктер туралы заңның 14-бабының 2-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
2) Қазақстан Республикасының аумағында филиал ашатын Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің басшы қызметкерінде мінсіз іскерлік беделдің болмауы;
3) Банктер туралы заңның 15-бабында белгіленген талаптарды сақтамау;
4) Қағидаларда көзделген мерзімде ұсынылған құжаттар және (немесе) мәліметтер бойынша уәкілетті органның ескертулерін жоймау;
5) рұқсат алу үшін ұсынылған құжаттардағы және (немесе) мәліметтердегі деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі;
6) Дербес деректер туралы заңның 8-бабына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге ұсынылатын көрсетілетін қызметті алушының келісімінің болмауы.

12

Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтердің ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де талаптар

Мемлекеттік қызметтер көрсету орындарының мекенжайы көрсетілетін қызметті берушінің ресми интернет-ресурсында орналастырылған. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинеті" арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары көрсетілетін қызметті берушінің ресми интернет-ресурсында орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

  Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне 1-қосымша

      Нысан

  "Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту агенттігі" республикалық мемлекеттік
мекемесі (БСН 191240019852)

Банктің жарғылық капиталына қатысу үлесі 10 (он) пайыздан аз құрылтайшы - жеке тұлға туралы мәліметтер

__________________________________________________________________

(банктің атауы)

20___ жылғы "___" _____________________ 

      1. Құрылтайшы _________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

      2. Туған күні ____________________________________________________

      3. Туған жері ___________________________________________________

      _______________________________________________________________

      4. Азаматтығы __________________________________________________

      5. Жеке басын куәландыратын құжаттың деректері____________________

      ________________________________________________________________

      6. Жеке сәйкестендіру нөмірі немесе резиденті жеке тұлға болып табылатын

      мемлекетте жеке тұлға үшін қалыптастырылатын өзге де бірегей нөмір (болған кезде)

      ____________________________________________________________________

      7. Тұрғылықты жері және заңды мекенжайы __________________________

      ____________________________________________________________________

      8. Телефон нөмірі (қаланың коды, жұмыс және үй) ___________________

      ____________________________________________________________________

      9. Жұбайы (зайыбы), жақын туыстары (ата-анасы, аға-інісі, әпке-сіңлісі (қарындасы),

      балалары) және жекжаттары (жұбайының (зайыбының) ата-анасы, аға-інісі, әпке-

      сіңлісі (қарындасы), балалары) туралы мәліметтер

№

Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

Туған жылы

Туыстық қатынастар

Жұмыс орны мен лауазымы

1

2

3

4

5






      10. Еңбек қызметі туралы мәліметтер

      Бұл тармақта құрылтайшы - жеке тұлғаның еңбек қызметі, сондай-ақ ұйымның басқару органына мүше болуы туралы, оның ішінде жоғарғы оқу орнын аяқтаған кезден бастап, сондай-ақ құрылтайшы - жеке тұлға еңбек қызметін жүзеге асырмаған кезең туралы мәліметтер көрсетіледі.

№

Жұмыс істеген кезеңі (күні, айы, жылы)

Жұмыс орны (ұйымы Қазақстан Республикасының бейрезиденті болған жағдайда, ұйымының тіркелген елі көрсетіледі)

Лауазымы

Тәртіптік жаза қолданудың болуы

Жұмыстан шығу, лауазымнан босату себептері

1

2

3

4

5

6







      11. Оларға қатысты құрылтайшы - жеке тұлға ірі акционер болып табылатын не мүліктегі тиісті үлеске құқығы бар заңды тұлғалар туралы мәліметтер

№

Заңды тұлғаның атауы және орналасқан жері
(болған жағдайда заңды тұлғаның БСН)

Мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы деректер, заңды тұлға қызметінің жарғылық түрлері (негізгі қызмет түрлерін көрсету)

Жарғылық капиталға қатысу үлесі немесе құрылтайшы - жеке тұлғаға тиесілі акциялар санының заңды тұлғаның орналастырылған акцияларының жалпы санына (артықшылық берілген және сатып алынғандарын шегергенде) арақатынасы (пайызбен)

1

2

3

4





      Ескертпе: 4-бағанда құрылтайшы - жеке тұлғаның сенімгерлік басқаруындағы үлесті, сондай-ақ иелену нәтижесінде құрылтайшы - жеке тұлға өзге тұлғалармен бірлесіп ірі қатысушы болып табылатын акциялар (үлестер) санын есептегендегі үлесті көрсету қажет.

      12. Құрылтайшы-жеке тұлғаның уәкілетті орган немесе резиденті Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымы болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы оларды таратуға және (немесе) қаржы нарығындағы қызметті жүзеге асыруды тоқтатуға не қаржы ұйымын, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімінің заңды күшіне енуіне немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе резиденті Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымы болып табылатын мемлекеттің заңнамасында белгіленген тәртіппен оны төлемге қабілетсіз (банкрот) деп тануға әкеп соққан қаржы ұйымына, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымына реттеу режимін қолдану туралы, лицензиядан айыру туралы шешім қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде қаржы ұйымының, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымының басқару органының бірінші басшысы, атқарушы органының бірінші басшысы немесе оның орынбасары, бас бухгалтері, бас бухгалтердің орынбасары қызметінде болғаны туралы мәліметтер.

      Осы тармақшаның мақсаттары үшін қаржы ұйымы деп Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерінің филиалы да түсініледі.

      __________________________________________________________________

      (иә (жоқ), ұйымның

      __________________________________________________________________

      атауы, лауазымы, жұмыс істеу кезеңі көрсетілсін)

      13. Төмендегі мән-жайлардың бірі болған кезде:

      қатарынан төрт және одан да көп кезең ішінде шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша купондық сыйақы төлемеу;

      дефолтқа жол берілген шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша купондық сыйақы төлеу бойынша берешек сомасының купондық сыйақының төрт еселенген және (немесе) одан да көп мөлшерін құрауы;

      шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша негізгі борышты төлеу бойынша дефолт мөлшерінің республикалық бюджет туралы заңда төлеу күніне белгіленген айлық есептік көрсеткіштен он мың есе асып түсетін соманы құрауы жағдайында құрылтайшы-жеке тұлғаның бұрын қаржы ұйымының басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері, шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша купондық сыйақы төлеу бойынша дефолтқа жол берген заңды тұлға - эмитенттің ірі қатысушысының (ірі акционерінің) жеке тұлға - ірі қатысушысы (ірі акционері), басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері болғаны туралы мәліметтер

      __________________________________________________________________

      (иә (жоқ), ұйымның

      __________________________________________________________________

      атауы, лауазымы, жұмыс істеу кезеңі көрсетілсін)

      14. Құрылтайшы – жеке тұлға қызметті алушының банк ашуға өтініш берген күніне дейінгі үш жыл ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін жауапкершілікке тартылды ма немесе сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жазаға тартылды ма

      __________________________________________________________________

      (иә (жоқ), құқық бұзушылықтың, қылмыстың қысқаша сипаттамасы, жаза қолдану туралы актінің немесе сот шешімінің деректемелері, жауапкершілікке тарту негіздерін көрсете отырып)

      15. Құрылтайшы - жеке тұлғаға қатысты белгілі бір мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) немесе оның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқығынан айырылған сот шешімі бар ма.

      16. Мәліметтерге:

      құрылтайшы - жеке тұлғаның жеке басын растайтын құжаттың көшірмесі (азаматтығы жоқ шетелдік азаматтар үшін);

      құрылтайшы - жеке тұлғада азаматтығы бар елде (шетелдік азаматтар үшін) немесе тұрғылықты тұратын елде (азаматтығы жоқ адамдар үшін) қылмыстары үшін алынбаған немесе өтелмеген соттылығының жоқ екендігі туралы мәліметтерді растайтын, олардың азаматтығы бар елдің (олар тұрғылықты тұратын елдің - азаматтығы жоқ адамдар үшін) мемлекеттік органы берген құжат қоса беріледі. Егер құрылтайшы-жеке тұлға соңғы 10 (он) жыл ішінде азаматтығы бар елден тыс жерде тұрақты тұрған жағдайда, сондай-ақ құрылтайшы-жеке тұлға соңғы 10 (он) жыл тұрақты тұрған елде қылмыстары үшін алынбаған немесе өтелмеген соттылығының жоқ екендігі туралы құжаттың электрондық көшірмесі ұсынылады. Көрсетілген құжатты беру күні өтініш берілген күннің алдындағы 6 (алты) айдан аспайды (ұсынылған құжатта оның қолданылуының өзге мерзімі көрсетілген жағдайларды қоспағанда). Егер мемлекеттік органы қылмыстар үшін алынбаған немесе өтелмеген соттылығының жоқ екені туралы мәліметтерді растауға уәкілетті елдің заңнамасында олар туралы көрсетілген мәліметтер сұратылатын тұлғаларға растайтын құжаттар беру көзделмесе, онда тиісті растау азаматтығы бар елдің (шетелдік азаматтар үшін) немесе тұрғылықты тұратын елдің (азаматтығы жоқ адамдар үшін) уәкілетті органының хатымен уәкілетті органның атына жіберіледі.

      Осы ақпаратты өзім тексергенімді және оның дәйекті және толық болып табылатынын растаймын, сондай-ақ банк құрылтайшыларына қойылатын талаптарға сәйкестігін растаймын.

      Мемлекеттік қызмет көрсетуге қажетті дербес деректерді жинау мен өңдеуге және цифрлық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісімімді беремін.

      Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

      __________________________________________________________________

      (құрылтайшы - жеке тұлға өз қолымен баспа әріптерімен толтырады)

      Қолы ______________________

      Күні _________________________

  Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне 2-қосымша
Нысан
"Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі"
Республикалық мемлекеттік
мекемесі (БСН 191240019852)

Банктің жарғылық капиталына қатысу үлесі 10 (он) пайыздан аз құрылтайшы - заңды тұлға туралы мәліметтер

_______________________________________________________________
(банктің атауы)
20___ жылғы "___" ___________________

      1. Құрылтайшы______________________________________________ (атауы)

      2. Орналасқан жері және нақты мекенжайы

      ____________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      (пошта индексі, облыс, қала, көше, телефон нөмірі)

      3. Мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы мәліметтер

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (құжаттың атауы, берілген күні мен нөмірі, кім берді)

      4. Бизнес сәйкестендіру нөмірі немесе резиденті Қазақстан Республикасының

      бейрезидент заңды тұлғасы болып табылатын мемлекетте заңды тұлға үшін

      қалыптастырылатын өзге де бірегей нөмір (болған кезде)

      ___________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      5. Қызмет түрі

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      (қызметтің негізгі түрлері көрсетіледі)

      6. Қазақстан Республикасының резиденті немесе бейрезиденті _________

      7. Оларға қатысты құрылтайшы - заңды тұлға ірі акционер болып табылатын не

      мүліктегі тиісті үлеске құқығы бар заңды тұлғалар туралы мәліметтер

№

Заңды тұлғаның атауы және орналасқан жері
(болған жағдайда заңды тұлғаның БСН)

Мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы деректер, заңды тұлға қызметінің жарғылық түрлері (негізгі қызмет түрлерін көрсету)

Жарғылық капиталға қатысу үлесі немесе құрылтайшы - заңды тұлғаға тиесілі акциялар санының заңды тұлғаның орналастырылған акцияларының жалпы санына (артықшылық берілген және сатып алынғандарын шегергенде) арақатынасы (пайызбен)

1

2

3

4





      Ескертпе: 4-бағанда құрылтайшы - заңды тұлғаның сенімгерлік басқаруындағы үлесті, сондай-ақ иелену нәтижесінде құрылтайшы - заңды тұлға өзге тұлғалармен бірлесіп ірі қатысушы болып табылатын акциялар (үлестер) санын есептегендегі үлесті көрсету қажет.

      8. Соңғы күнтізбелік 3 (үш) жылда құрылтайшы - заңды тұлғада ірі қаржылық проблемалар, оның ішінде банкроттық, консервация рәсімдерін қолдану, заңды тұлғаға қатысты санация болды ма

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      (олардың туындау себептері, осы проблемаларды шешу нәтижелері)

      9. Атқарушы органның бірінші басшысы (атқарушы органның функцияларын жеке

      дара жүзеге асыратын тұлға)

      ________________________________________________________________

      __________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

      Туған күні __________________________________________________

      Туған жері _________________________________________________

      Азаматтығы ____________________________________________________

      Жеке басын куәландыратын құжаттың деректері

      ______________________________________________________________

      ____________________________

      Жеке сәйкестендіру нөмірі немесе резиденті жеке тұлға болып табылатын мемлекетте

      жеке тұлға үшін қалыптастырылатын өзге де бірегей нөмір (болған кезде)

      _________________________________________________________________

      Тұрғылықты жері және заңды мекенжайы

      _______________________________________________________________

      _________________________________

      Білімі

№

Оқу орнының атауы

Қабылданған жылы - аяқтаған жылы

Мамандығы

Білім туралы дипломның деректемелері (болған жағдайда күні және нөмірі)

1

2

3

4

5






      Жұбайы (зайыбы), жақын туыстары (ата-анасы, аға-інісі, әпке-сіңлісі (қарындасы), балалары) және құрылтайшы - заңды тұлғаның атқарушы органының бірінші басшысының (атқарушы органның функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын тұлғаның) жекжаттары (жұбайының (зайыбының) ата-анасы, аға-інісі, әпке-сіңлісі (қарындасы), балалары) туралы мәліметтер

№

Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

Туған жылы

Туыстық қатынастар

Жұмыс орны мен лауазымы

1

2

3

4

5






      Еңбек қызметі туралы мәліметтер

      Осы абзацта құрылтайшы - заңды тұлғаның атқарушы органының бірінші басшысының (атқарушы органның функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын тұлғаның) бүкіл еңбек қызметі (сондай-ақ басқару ұйымның органына мүше болуы), оның ішінде жоғарғы оқу орнын аяқтаған кезден бастап еңбек қызметі туралы мәліметтер, сондай-ақ еңбек қызметін жүзеге асырмаған кезең көрсетіледі.

№

Жұмыс істеген кезеңі (күні, айы, жылы)

Жұмыс орны (қаржы ұйымы Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын болса, қаржы ұйымының тіркелген елі көрсетіледі)

Лауазымы

Тәртіптік жаза қолданудың болуы

Жұмыстан шығу, лауазымнан босату себептері

1

2

3

4

5

6













      Оларға қатысты құрылтайшы - заңды тұлғаның атқарушы органының бірінші басшысы (атқарушы органның функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын тұлға) ірі акционер болып табылатын не мүліктегі тиісті үлеске құқығы бар заңды тұлғалар туралы мәліметтер

№

Заңды тұлғаның атауы және орналасқан жері (болған жағдайда заңды тұлғаның БСН)

Мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы деректер, заңды тұлға қызметінің жарғылық түрлері (негізгі қызмет түрлерін көрсету)

Жарғылық капиталға қатысу үлесі немесе тиесілі акциялар санының заңды тұлғаның дауыс беретін акцияларының жалпы санына арақатынасы (пайызбен)

1

2

3

4









      Құрылтайшы - заңды тұлғаның атқарушы органының және (немесе) басқару органының бірінші басшысының уәкілетті орган немесе резиденті Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымы болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы оларды таратуға және (немесе) қаржы нарығындағы қызметті жүзеге асыруды тоқтатуға не қаржы ұйымын, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімінің заңды күшіне енуіне немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе резиденті Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымы болып табылатын мемлекеттің заңнамасында белгіленген тәртіппен оны төлемге қабілетсіз (банкрот) деп тануға әкеп соққан қаржы ұйымына, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымына реттеу режимін қолдану туралы, лицензиядан айыру туралы шешім қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде қаржы ұйымының, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымының басқару органының бірінші басшысы, атқарушы органының бірінші басшысы немесе оның орынбасары, бас бухгалтері, бас бухгалтердің орынбасары қызметін атқарғаны туралы мәліметтер.

      Осы тармақшаның мақсаттары үшін қаржы ұйымы деп сондай-ақ Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің филиалы, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерінің филиалы түсініледі.

      __________________________________________________________________

      (иә (жоқ), ұйымның атауын лауазымын, жұмыс істеген кезеңін көрсету)

      Төмендегі мән-жайлардың бірі:

      қатарынан төрт және одан да көп кезең ішінде шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша купондық сыйақы төлемеу;

      дефолтқа жол берілген шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша купондық сыйақы төлеу бойынша берешек сомасының купондық сыйақының төрт еселенген және (немесе) одан да көп мөлшерін құрауы;

      шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша негізгі борышты төлеу бойынша дефолт мөлшерінің республикалық бюджет туралы заңда төлеу күніне белгіленген айлық есептік көрсеткіштен он мың есе асып түсетін соманы құрауы жағдайы болған кезде құрылтайшы - заңды тұлғаның атқарушы органының бірінші басшысының (атқарушы органның функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын тұлғаның) бұрын қаржы ұйымының басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері, шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша купондық сыйақы төлеу бойынша дефолтқа жол берген заңды тұлға - эмитенттің ірі қатысушысының (ірі акционерінің) жеке тұлға - ірі қатысушысы (ірі акционері), басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері болғаны туралы мәліметтер

      __________________________________________________________________

      (иә (жоқ), ұйымның атауын,

      __________________________________________________________________

      лауазымын, жұмыс істеген кезеңін көрсету)

      Құрылтайшы - заңды тұлғаның атқарушы органының бірінші басшысы (атқарушы органның функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын тұлға) сот талқылауларына жауапкер ретінде тартылды ма

      __________________________________________________________________

      (иә (жоқ), күнін, ұйымының атауын, сот талқылауындағы жауапкердің

      __________________________________________________________________

       атын, қаралатын мәселені және сот актісін көрсету керек)

      Құрылтайшы - заңды тұлғаның атқарушы органының бірінші басшысы (атқарушы органның функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын тұлға) өтініш берген күнге дейін үш жыл ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін жауапкершілікке не сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жазаға тартылды ма

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      (иә (жоқ), құқық бұзушылықтың қысқаша сипаттамасы, жауапкершілікке тарту

      негіздерін көрсете отырып, тәртіптік жаза қолдану туралы актінің деректемелері)

      10. Басқару органының (ол құрылған жағдайда) бірінші басшысы

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

      Туған күні

      __________________________________________________________________

      Туған жері

      __________________________________________________________________

      Азаматтығы

      __________________________________________________________________

      Жеке басын куәландыратын құжаттың деректері

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      Жеке сәйкестендіру нөмірі немесе жеке тұлға резиденті болып табылатын мемлекетте

      жеке тұлға үшін қалыптастырылатын өзге де бірегей нөмір (болған кезде)

      _______________________________________________

      Тұрғылықты жері және заңды мекенжайы ____________________________

      __________________________________________________________________

      Білімі

№

Оқу орнының атауы

Түскен жылы - аяқтаған жылы

Мамандығы

Білімі туралы дипломның деректемелері (болған жағдайда күні және нөмірі)

1

2

3

4

5






      Құрылтайшы - заңды тұлғаның басқарушы органының (ол құрылған жағдайда) бірінші басшысының жұбайы (зайыбы), жақын туыстары (ата-анасы, аға-інісі, әпке-сіңлісі (қарындасы), балалары) және жекжаттары (жұбайының (зайыбының) ата-анасы, аға-інісі, әпке-сіңлісі (қарындасы), балалары) туралы мәліметтер

№

Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

Туған жылы

Туыстық қатынастар

Жұмыс орны мен лауазымы

1

2

3

4

5











      Еңбек қызметі туралы мәліметтер

      Осы абзацта құрылтайшы - заңды тұлғаның басқарушы органының (ол құрылған жағдайда) бірінші басшысының бүкіл еңбек қызметі (сондай-ақ басқару органындағы мүшелігі), оның ішінде жоғарғы оқу орнын аяқтаған кезден бастап еңбек қызметі туралы мәліметтер, сондай-ақ еңбек қызметін жүзеге асырмаған кезең көрсетіледі.

№

Жұмыс істеген кезеңі (күні, айы, жылы)

Жұмыс орны (егер ұйым Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын болса, ұйымның тіркелген елі көрсетіледі)

Лауазымы

Тәртіптік жазалардың болуы

Жұмыстан шығу, лауазымнан босату себептері

1

2

3

4

5

6







      Оларға қатысты құрылтайшы - заңды тұлғаның басқарушы органының (ол құрылған жағдайда) бірінші басшысы ірі акционер болып табылатын не мүліктегі тиісті үлеске құқығы бар заңды тұлғалар туралы мәліметтер

№

Заңды тұлғаның атауы және орналасқан жері (болған жағдайда заңды тұлғаның БСН)

Мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы деректер, заңды тұлға қызметінің жарғылық түрлері (негізгі қызмет түрлерін көрсету)

Жарғылық капиталға қатысу үлесі немесе тиесілі заңды тұлғаның акциялары санының дауыс беретін акцияларының жалпы санына арақатынасы (пайызбен)

1

2

3

4





      Құрылтайшы - жеке тұлғаның уәкілетті орган немесе резиденті Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымы болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы оларды таратуға және (немесе) қаржы нарығындағы қызметті жүзеге асыруды тоқтатуға не қаржы ұйымын, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімінің заңды күшіне енуіне немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе резиденті Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымы болып табылатын мемлекеттің заңнамасында белгіленген тәртіппен оны төлемге қабілетсіз (банкрот) деп тануға әкеп соққан қаржы ұйымына, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымына реттеу режимін қолдану туралы, лицензиядан айыру туралы шешім қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде қаржы ұйымының, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымының басқару органының бірінші басшысы, атқарушы органының бірінші басшысы немесе оның орынбасары, бас бухгалтері, бас бухгалтердің орынбасары қызметін атқарғаны туралы мәліметтер.

      Осы тармақшаның мақсаттары үшін қаржы ұйымы деп сондай-ақ Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің филиалы, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерінің филиалы түсініледі.

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      (иә (жоқ), ұйымның атауын, лауазымын, жұмыс істеген кезеңін көрсету)

      Төмендегі мән-жайлардың бірі:

      қатарынан төрт және одан да көп кезең ішінде шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша купондық сыйақы төлемеу;

      дефолтқа жол берілген шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша купондық сыйақы төлеу бойынша берешек сомасының купондық сыйақының төрт еселенген және (немесе) одан да көп мөлшерін құрауы;

      шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша негізгі борышты төлеу бойынша дефолт мөлшерінің республикалық бюджет туралы заңда төлеу күніне белгіленген айлық есептік көрсеткіштен он мың есе асып түсетін соманы құрауы жағдайы болған кезде құрылтайшы - заңды тұлғаның атқарушы органының бірінші басшысының (атқарушы органның функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын тұлғаның) бұрын қаржы ұйымының басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері, шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша купондық сыйақы төлеу бойынша дефолтқа жол берген заңды тұлға - эмитенттің ірі қатысушысының (ірі акционерінің) жеке тұлға - ірі қатысушысы (ірі акционері), басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері болғаны туралы мәліметтер

      __________________________________________________________________

      (иә (жоқ), ұйымның атауын, лауазымын, жұмыс істеген кезеңін көрсету)

      Құрылтайшы - заңды тұлғаның басқару органының (ол құрылған жағдайда) бірінші басшысы сот талқылауларына жауапкер ретінде тартылды ма _____________________________________________________

      __________________________________________________________________

      (иә (жоқ), күнін, ұйымының атауын, сот талқылауындағы жауапкердің атын, қаралатын мәселені және сот актісін көрсету керек)

      Құрылтайшы - заңды тұлға басқару органының (ол құрылған жағдайда) бірінші басшысы өтініш берген күнге дейін 3 (үш) жыл ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін жауапкершілікке не сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жазаға тартылды ма

      __________________________________________

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      (иә (жоқ), құқық бұзушылықтың қысқаша сипаттамасы жауапкершілікке тартылу негіздерін көрсете отырып, тәртіптік жаза қолдану туралы актінің деректемелері)

      11. Құрылтайшы - заңды тұлғаға қатысты белгілі бір мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) немесе оның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқығынан айырылған сот шешімі бар ма.

      12. Мәліметтерге:

      қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында болмаған немесе оларды көрсетілетін қызметті берушінің порталы арқылы алуға мүмкіндік болмаған жағдайда, құрылтайшы - заңды тұлғаның құрылтай құжаттарының көшірмелері;

      құрылтайшы-заңды тұлғаның соңғы екі қаржы жылы үшін аудиторлық есептермен расталған жылдық қаржылық есептілігінің (құрылтайшы-заңды тұлғада еншілес ұйымдар болған жағдайда шоғырландырылған қаржылық есептіліктің) көшірмелері, сондай-ақ өтініш берудің алдында соңғы аяқталған тоқсан үшін құрылтайшы-заңды тұлғаның қаржылық есептілігінің көшірмесі қоса беріледі.

      Ағымдағы жылғы 1 қаңтар мен 1 маусым аралығында соңғы аяқталған қаржы жылы үшін қаржылық есептілікті растайтын аудиторлық есеп болмайтын жағдайда, құрылтайшы-заңды тұлға соңғы аяқталған қаржы жылы үшін және өтініш берудің алдындағы соңғы аяқталған тоқсан үшін қаржылық есептіліктің (құрылтайшы-заңды тұлғада еншілес ұйымдар болған жағдайда шоғырландырылған қаржылық есептіліктің) көшірмелерін, сондай-ақ соңғы аяқталған қаржы жылының алдындағы екі жыл үшін аудиторлық есептермен расталған жылдық қаржылық есептіліктің (құрылтайшы-заңды тұлғада еншілес ұйымдар болған жағдайда шоғырландырылған қаржылық есептіліктің) көшірмелерін ұсынады.

      Қаржылық есептілік мынадай жағдайларда:

      осы қаржылық есептілік қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында болған кезде;

      құрылтайшы-заңды тұлға Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымы болатын уақытта және аталған қаржылық есептілік осы Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымының немесе шетелдік қор биржасының интернет-ресурсында орналастырылған және қазақ, орыс немесе ағылшын тілдерінде қолжетімді болған жағдайда ұсынылмайды.

      құрылтайшы - заңды тұлғаның (шетелдік азаматтар, азаматтығы жоқ адамдар үшін) атқарушы органының (атқарушы органның функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын тұлғаның) және басқару органының (ол құрылған жағдайда) бірінші басшыларының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      атқарушы органның (атқарушы органның функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын тұлғаның) және басқару органының (ол құрылған жағдайда) бірінші басшысының азаматтығы бар елде (шетелдік азаматтар үшін) немесе тұрғылықты тұратын елде (азаматтығы жоқ адамдар үшін) қылмыстары үшін алынбаған немесе өтелмеген соттылығының жоқ екендігі туралы мәліметтерді растайтын, олардың азаматтығы бар елдің (олар тұрғылықты тұратын елдің - азаматтығы жоқ адамдар үшін) мемлекеттік органы берген құжат қоса беріледі. Егер көрсетілген тұлғалар соңғы 10 (он) жыл ішінде азаматтығы бар елден тыс жерде тұрақты тұрған жағдайда, олар соңғы 10 (он) жыл тұрақты тұрған елдегі қылмыстары үшін алынбаған немесе өтелмеген соттылығының жоқ екендігі туралы құжаттың электрондық көшірмесі де ұсынылады. Көрсетілген құжатты беру күні өтініш берілген күннің алдындағы 6 (алты) айдан аспайды (ұсынылған құжатта оның қолданылуының өзге мерзімі көрсетілген жағдайларды қоспағанда). Егер мемлекеттік органы қылмыстар үшін алынбаған немесе өтелмеген соттылығының жоқ екені туралы мәліметтерді растауға уәкілетті елдің заңнамасында олар туралы көрсетілген мәліметтер сұратылатын тұлғаларға растайтын құжаттар беру көзделмесе, онда тиісті растау азаматтығы бар елдің (шетелдік азаматтар үшін) немесе тұрғылықты тұратын елдің (азаматтығы жоқ адамдар үшін) уәкілетті органының хатымен уәкілетті органның атына жіберіледі.

      Осы ақпаратты құрылтайшы - заңды тұлға тексергенін және оның дәйекті және толық болып табылатынын растаймын, сондай-ақ банк құрылтайшыларына қойылатын талаптарға сәйкестігін растаймын.

      Мемлекеттік қызмет көрсетуге қажетті дербес деректерді жинауға және өңдеуге және цифрлық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісімімді беремін.

      20___ жылғы "___" _____________

      Құрылтайшы - заңды тұлғаның атқарушы органының бірінші басшысының (атқарушы

      органның функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын тұлғаның) қолы

      ____________________________________________

      Құрылтайшы - заңды тұлғаның басқару органының (ол құрылған жағдайда) бірінші

      басшысының қолы

      ____________________________________________

  Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне 3-қосымша

      нысан

Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің басшы қызметкерлері туралы қысқаша деректер

Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің толық атауы ______________________________________________________________

№

Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі басшы қызметкерінің лауазымы

Жеке сәйкестендіру нөмірі немесе резиденті жеке тұлға болып табылатын мемлекетте жеке тұлға үшін қалыптастырылатын өзге де бірегей нөмір (болған кезде)

Азаматтығы

Жеке басын куәландыратын құжаттың деректері (шетелдік азаматтар, азаматтығы жоқ адамдар үшін)

1

2

3

4

5

6

      Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі

      __________________________________________________________________

      (өтініш берушінің атауы)

      Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің көрсетілген басшы қызметкерінің (қызметкерлерінің) "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-4-бабы 2-тармағының 1), 4), 5), 6) және 7) тармақшаларында белгіленген талаптарға сәйкестігін растайды.

      Азаматтығы бар елде (шетелдік азаматтар үшін) немесе тұрғылықты тұратын елде (азаматтығы жоқ адамдар үшін), сондай-ақ осы басшы қызметкер (қызметкерлер) соңғы 10 (он) жыл ішінде тұрақты түрде тұрған елде алынбаған немесе өтелмеген соттылығының жоқтығын Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі тексерді

      ____________________________________________________________________

      (өтініш берушінің атауы)

      Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі тексерді және ол дәйекті әрі толық

      болып табылады.

      Атқарушы органның басшысы (атқарушы органның қызметтерін жеке-дара жүзеге

      асыратын тұлға) немесе оның міндетін атқарушы тұлға.

      ____________________________

      (қолы)

  Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының қаржы ұйымдарының мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін қаулыларының тізбесіне
19-қосымша
Банкті, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалын ашуға рұқсат беру қағидаларына 4-қосымша

      нысан

(Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның бланкінде басылады) Банкті, Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің филиалын ашуға рұқсат (дұрысын таңдау)

      __ жылғы "___" ____________ № ______

      Осы рұқсат

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (банктің, Қазақстан Республикасы бейрезидент банкі филиалының атауы) ашуға

      берілген рұқсаттың қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және

      қадағалау жөніндегі уәкілетті орган

      ____________________________________________________________________


      ___________________________________________________________________

      (банктің, Қазақстан Республикасы бейрезидент банкі филиалының атауы)

      банк операцияларын жүргізуге арналған лицензия беру туралы шешім қабылдағанға

      дейін немесе "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы"

      Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 2 немесе 3-тармақтарында, 18-

      бабының 2 және 3-тармақтарында көзделген жағдайлардың бірі басталғанға дейін

      заңды күші бар.

      Төраға (Төрағаның орынбасары)

      ________________________________________ __________________

      (қолы немесе электрондық цифрлық қолтаңбасы) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған

      жағдайда)

      Мөр орны (қағаздағы нысан үшін)

  Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының қаржы ұйымдарының мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін қаулыларының тізбесіне
20-қосымша
Банктерге, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің филиалдарына банк лицензиясын беру қағидаларына
1-қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі

1.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы

Банктерге, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің филиалдарына банк операцияларын және өзге де операцияларды жүзеге асыруға арналған лицензияны (базалық, әмбебап) беру

2.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрлерінің (бар болса) атауы

Көрсетілетін қызметті алушы - Қазақстан Республикасының резиденті
базалық банк лицензиясын немесе әмбебап банк лицензиясын алу үшін алғаш рет жүгінген кезде;
Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы әмбебеп банк лицензиясын алу үшін алғаш рет жүгінген кезде;
Көрсетілетін қызметті алушы операциялардың қосымша түрлерін жүзеге асыруға арналған банк лицензиясын алу үшін жүгінген кезде;
Көрсетілетін қызметті алушы банк лицензиясының телнұсқасын алу үшін жүгінген кезде;
Көрсетілетін қызметті алушы банк лицензиясын қайта ресімдеу үшін жүгінген кезде.

3.

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі - уәкiлеттi орган)

4.

Мемлекеттік қызметті жəне оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету тәсілдері

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің барлық кіші түрлері бойынша: "цифрлық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал); көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі.

5.

Мемлекеттік қызметті жəне оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзімі

Құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған күннен, сондай-ақ порталға өтініш берген күннен бастап:
1) банк лицензиясын беру кезінде - 30 (отыз) жұмыс күні ішінде;
микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыру шеңберінде банк лицензиясын беру кезінде - 10 (он) жұмыс күні ішінде;
2) банк лицензиясын қайта ресімдеген кезде, оның ішінде базалық банк лицензиясын әмбебап банк лицензиясына қайта ресімдеген кезде:
- 15 (он бес) жұмыс күні ішінде;
- базалық банк лицензиясын әмбебап банк лицензиясына қайта ресімдеу кезінде өтініш берушінің операциялардың қосымша түрлерін жүргізуге арналған банк лицензиясын алуы бір мезгілде қажет болған кезде - 30 (отыз) жұмыс күнінен кешіктірмей;
көрсетілетін қызметті алушы бөліну немесе бөлініп шығу нысанында қайта ұйымдастырылған жағдайда лицензияны қайта ресімдеу кезінде - 30 (отыз) жұмыс күнінен кешіктірмей;
3) банк лицензиясының телнұсқасын беру кезінде - 2 (екі) жұмыс күні ішінде.
Осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген мерзімдер "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Банктер туралы заң) 19-бабы 17-тармағының бесінші бөлігінде, "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапты қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-2-баптарында көзделген жағдайда тоқтатыла тұрады.

6.

Мемлекеттік қызметті жəне оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нысаны

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің барлық кіші түрлері бойынша көрсетілетін электрондық (ішінара цифрландырылған) /қағаз түрінде.

7.

Мемлекеттік қызметті жəне оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесі

Банк лицензиясын беру, банк лицензиясын қайта ресімдеу, банк лицензиясын қоса бере отырып, банк лицензиясының телнұсқасын беру туралы хабарлама не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап.

8.

Мемлекеттік қызметті жəне оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

1) банк лицензиясын бергені үшін лицензиялық алым 800 (сегіз жүз) айлық есептік көрсеткішті құрайды (әрбір банк операциясы үшін жеке);
2) банк лицензиясын қайта ресімдеу үшін лицензиялық алым осы тармақтың 1) тармақшасында белгіленген мөлшерлеменің 10 (он) пайызын құрайды (әрбір банк операциясы үшін жеке);
3) банк лицензиясының телнұсқасын бергені үшін лицензиялық алым осы тармақтың 1) тармақшасында белгіленген мөлшерлеменің 10 (он) пайызын құрайды.
Лицензиялық алым төлемі екінші деңгейдегі банктер, Қазақстан Республикасының аумағында ашылған Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдары немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол ақшамен немесе қолма-қол ақшасыз нысанда, сондай-ақ "цифрлық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы қолма-қол ақшасыз нысанда жүзеге асырылады.

9.

Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектісінің жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті берушінің - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Мерекелер туралы заң) сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі - жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;
2) порталдың - жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты болатын техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және Мерекелер туралы заңға сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін жіберу келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

10.

Мемлекеттік қызметті жəне оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Көрсетілетін қызметті алушы - Қазақстан Республикасының резиденті базалық банк лицензиясын немесе әмбебап банк лицензиясын алу үшін порталға алғаш рет жүгінген кезде:
1) көрсетілетін қызметті алушының бірінші басшысының не өтініш беруге уәкілетті адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат түріндегі Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әмбебап банк лицензиясын немесе базалық банк лицензиясын (банк үшін) алуға өтініш (тұлғаның өтініш беруге өкілеттігін растайтын құжаттардың және оған қоса берілетін құжаттар мен мәліметтердің көшірмелерін қоса бере отырып);
2) көрсетілетін қызметті алушы жарғысының нотариат куәландырған көшірмесінің электрондық көшірмесі;
3) "цифрлық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы көрсетілген алым төленген жағдайларды қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
4) Банктер туралы заңның 45-бабында және "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Мемлекеттік реттеу туралы заң) 9-4-бабында белгіленген талаптарға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының басшы қызметкерлері лауазымдарына ұсынылатын адамдарды келісу үшін көзделген құжаттардың электрондық көшірмелері;
5) уәкілетті органның тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесіне қойылатын талаптарына сәйкес келетін көрсетілетін қызметті алушының таяудағы үш жылға арналған даму стратегиясының электрондық көшірмесі.
Көрсетілетін қызметті алушының даму стратегиясына көрсетілетін қызметті алушының ұйымдық құрылымы, көрсетілетін қызметті алушының өтініш берілетін қаржы жылындағы бюджеті туралы ақпарат, оның ішінде көрсетілетін қызметті алушының пруденциялық нормативтерді орындауы туралы болжамды деректер, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының бас ұйымының банк холдингі мәртебесін иеленуі банк конгломератын құруға алып келетін жағдайда, құрамына көрсетілетін қызметті алушы кіретін банк конгломераты пруденциялық нормативтерінің болжамды есебі енгізіледі;
6) қызметкерлердің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса) көрсетілген көрсетілетін қызметті алушының штат кестесінің электрондық көшірмесі;
7) ең төмен мөлшері "Әмбебап банк лицензиясы бар банкі, базалық банк лицензиясы бар банкі, ислам банкі сақтауға міндетті пруденциялық нормативтер мен лимиттерді, олардың шекті мәндерін және есеп айырысу әдістемелерін бекіту туралы"
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2026 жылғы 28 сәуірдегі № 85 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 38587 болып тіркелген) (бұдан әрі - № 85 қаулы) сәйкес белгіленген банктің жарғылық капиталының төлегенін растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері.
Қазақстан Республикасының резиденті - көрсетілетін қызметті алушы базалық банк лицензиясын немесе әмбебап банк лицензиясын алу үшін көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне алғаш рет жүгінген кезде:
1) Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әмбебап банк лицензиясын немесе базалық банк лицензиясын (банк үшін) алуға өтініш (тұлғаның өтініш беруге өкілеттігін растайтын құжаттардың көшірмелерін және оған қоса беретін құжаттар мен мәліметтерді қоса бере отырып);
2) көрсетілетін қызметті алушы жарғысының нотариат куәландырған көшірмесі;
3) "цифрлық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы көрсетілген алымды төлеу жағдайларын қоспағанда, қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжат;
4) Банктер туралы заңның 45-бабында және Мемлекеттік реттеу туралы заңның 9-4-бабында белгіленген талаптарға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының басшы қызметкерлері лауазымына ұсынылатын тұлғаларды келісу үшін көзделген құжаттар;
5) уәкілетті органның тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесіне қоятын талаптарына сәйкес келетін көрсетілетін қызметті алушының алдағы үш жылға арналған даму стратегиясының көшірмесі.
Көрсетілетін қызметті алушының даму стратегиясына көрсетілетін қызметті алушының ұйымдық құрылымы, көрсетілетін қызметті алушының өтініш берілетін қаржы жылындағы бюджеті туралы ақпарат, оның ішінде көрсетілетін қызметті алушының пруденциялық нормативтерді орындауы туралы болжамды деректер, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының бас ұйымының банк холдингі мәртебесін иеленуі банк конгломератын құруға алып келетін жағдайда, құрамына көрсетілетін қызметті алушы кіретін банк конгломераты пруденциялық нормативтерінің болжамды есебі енгізіледі;
6) қызметкерлердің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса) көрсетілген көрсетілетін қызметті алушының штат кестесі;
7) ең төмен мөлшері № 85 қаулыға сәйкес белгіленген банктің жарғылық капиталының төленгенін растайтын құжаттардың көшірмелері.
Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің филиалы әмбебап банк лицензиясын алу үшін алғаш рет порталға жүгінген кезде:
1) әмбебап банк лицензиясын алуға өтініш, Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша, көрсетілетін қызметті алушының бірінші басшысының не өтініш беруге уәкілетті тұлғаның ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат түрінде (тұлғаның өтініш беруге өкілеттігін растайтын құжаттардың және оған қоса берілетін құжаттар мен мәліметтердің көшірмесін қоса бере отырып);
2) осы тармақтың бірінші бөлігі 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында көзделген құжаттар;
3) Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің басқару органы бекіткен филиал туралы ереженің нотариат куәландырған көшірмесінің электрондық көшірмесі;
4) Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің Қазақстан Республикасының аумағында оның филиалының қызметін жүзеге асыру процесінде туындайтын міндеттемелер бойынша жауапкершілікті қабылдау туралы және осындай міндеттемелерді Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің балансында есепке алу туралы жазбаша міндеттемесінің (растамасының) электрондық көшірмесі;
5) рұқсат етілген операциялар түрлерінің тізбесін көрсете отырып, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы берген Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің қолданыстағы лицензиясының (қолданыстағы рұқсаттың) электрондық көшірмесі.
Көрсетілген лицензия (рұқсат), егер Банктер туралы заңның 16-бабының 1-тармағында көзделген Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің филиалын ашуға рұқсат беру туралы өтініш берілгеннен кейін Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі жүзеге асыруға құқылы операциялар түрлерінің тізбесі өзгертілген не Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі жаңа лицензия (жаңа рұқсат) алған жағдайда ұсынылады.
Қазақстан Республикасының бейрезидент банк филиалы әмбебап банк лицензиясын алу үшін алғаш рет көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жүгінген кезде:
1) тұлғаның өтініш беруге өкілеттігін растайтын құжаттардың және оған қоса берілетін құжаттар мен мәліметтердің көшірмелерін қоса бере отырып, Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әмбебап банк лицензиясын алуға өтініш (Қазақстан Республикасының бейрезиденті банк филиалы үшін);
2) осы тармақтың екінші бөлігінің 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында көзделген құжаттар;
3) Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің басқару органы бекіткен филиал туралы ереженің нотариат куәландырған көшірмесі;
4) Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің Қазақстан Республикасының аумағында оның филиалының қызметін жүзеге асыру процесінде туындайтын міндеттемелер бойынша жауапкершілікті қабылдау туралы және осындай міндеттемелерді Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің балансында есепке алу туралы жазбаша міндеттемесі (растауы);
5) рұқсат етілген операциялар түрлерінің тізбесін көрсете отырып, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы берген Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің қолданыстағы лицензиясының (қолданыстағы рұқсаттың) көшірмесі.
Көрсетілген лицензия (рұқсат), егер осы Заңның 16-бабының 1-тармағында көзделген Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің филиалын ашуға рұқсат беру туралы өтініш берілгеннен кейін Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі жүзеге асыруға құқылы операциялар түрлерінің тізбесі өзгертілген не Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі жаңа лицензия (жаңа рұқсат) алған жағдайда ұсынылады.
Көрсетілетін қызметті алушы операциялардың қосымша түрлерін жүзеге асыруға арналған банк лицензиясын алу үшін портал арқылы жүгінген кезде:
1) көрсетілетін қызметті алушының бірінші басшысының не өтініш беруге уәкілетті адамның ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат түріндегі Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша (тұлғаның өтініш беруге өкілеттігін растайтын құжаттардың және оған қоса берілетін құжаттар мен мәліметтердің көшірмесін қоса бере отырып) операциялардың қосымша түрлерін жүзеге асыруға банк лицензиясын алуға өтініш;
2) Банктер туралы заңның 88-бабында көзделген қаржылық орнықтылықты қалпына келтірудің жаңартылған жоспарының электрондық көшірмесі;
3) "цифрлық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы көрсетілген алымды төлеу жағдайларын қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжат.
Көрсетілетін қызметті алушы операциялардың қосымша түрлерін жүзеге асыруға арналған банк лицензиясын алу үшін көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе арқылы жүгінген кезде:
1) Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша операциялардың қосымша түрлерін жүзеге асыруға банк лицензиясын алуға өтініш (тұлғаның өтініш беруге өкілеттігін растайтын құжаттардың және оған қоса берілетін құжаттар мен мәліметтердің көшірмелерін қоса бере отырып);
2) Банктер туралы заңның 88-бабында көзделген қаржылық орнықтылықты қалпына келтірудің жаңартылған жоспарының көшірмесі;
3) "цифрлық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы көрсетілген алымды төлеу жағдайларын қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжат.
Көрсетілетін қызметті алушы банк лицензиясының телнұсқасын алу үшін (егер бұрын берілген банк лицензиясы қағаз нысанда ресімделген болса) портал арқылы жүгінген кезде:
1) көрсетілетін қызметті алушының бірінші басшысының не өтініш беруге уәкілетті тұлғаның ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш (тұлғаның өтініш беруге өкілеттігін растайтын құжаттардың және оған қоса берілетін құжаттар мен мәліметтердің көшірмелерін қоса бере отырып);
2) "цифрлық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы көрсетілген төлеу жағдайларын қоспағанда, лицензияның телнұсқасын берген кезде жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі.
Көрсетілетін қызметті алушы банк лицензиясының телнұсқасын алу үшін (егер бұрын берілген банк лицензиясы қағаз нысанда ресімделген болса) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе арқылы жүгінген кезде:
1) көрсетілетін қызметті алушының бірінші басшысы не өтініш беруге уәкілетті тұлға қол қойған еркін нысандағы өтініш (тұлғаның өтініш беруге өкілеттігін растайтын құжаттардың және оған қоса берілетін құжаттар мен мәліметтердің көшірмелерін қоса бере отырып);
2) "цифрлық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы көрсетілген алымды төлеу жағдайларын қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжат.
Көрсетілетін қызметті алушы банк лицензиясын қайта ресімдеу үшін портал арқылы жүгінген кезде:
1) көрсетілетін қызметті алушының бірінші басшысының не өтініш беруге уәкілетті адамның ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат түріндегі Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әмбебап банк лицензиясын, базалық банк лицензиясын қайта ресімдеу туралы өтініш (тұлғаның өтініш беруге өкілеттігін растайтын құжаттардың және оған қоса берілетін құжаттар мен мәліметтердің көшірмелерін қоса бере отырып);
2) "цифрлық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, банк лицензиясын қайта ресімдеу кезінде жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
3) мемлекеттік цифрлық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, банк лицензиясын қайта ресімдеуге негіз болған өзгерістер туралы ақпаратты қамтитын құжаттардың электрондық көшірмелері;
4) лицензияланатын қызмет түрінен бір немесе одан да көп банктік және (немесе) өзге де операциялар алып тасталған жағдайда банк лицензиясының түпнұсқасы (егер бұрын берілген банк лицензиясы қағаз нысанда ресімделген болса) көрсетілетін қызметті алушының кеңсесіне жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы банк лицензиясын қайта ресімдеу үшін көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүгінген кезде:
1) Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әмбебап банк лицензиясын, базалық банк лицензиясын қайта ресімдеу туралы өтініш (тұлғаның өтініш беруге өкілеттігін растайтын құжаттардың және оған қоса берілетін құжаттар мен мәліметтердің көшірмелерін қоса бере отырып);
2) лицензияланатын қызмет түрінен бір немесе одан да көп банк операцияларын және (немесе) өзге де операциялар алып тасталған жағдайда банк лицензиясының түпнұсқасы (егер бұрын берілген банк лицензиясы қағаз нысанда ресімделген болса);
3) "цифрлық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, банк лицензиясын қайта ресімдеу кезінде жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
4) мемлекеттік цифрлық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, банк лицензиясын қайта ресімдеуге негіз болған өзгерістер туралы ақпаратты қамтитын құжаттардың көшірмелері.
Көрсетілетін қызметті алушы базалық банк лицензиясын әмбебап банк лицензиясына қайта ресімдеу үшін портал арқылы жүгінген кезде:
1) көрсетілетін қызметті алушының бірінші басшысының не өтініш беруге уәкілетті адамның ЭЦҚ-мен куәландырылған, Қағидаларға 14-қосымшаға сәйкес нысан бойынша базалық банк лицензиясын әмбебап банк лицензиясына қайта ресімдеу туралы өтініш (тұлғаның өтініш беруге өкілеттігін растайтын құжаттардың және оған қоса берілетін құжаттар мен мәліметтердің көшірмелерін қоса бере отырып);
2) "цифрлық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, банк лицензиясын қайта ресімдеу кезінде жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
3) банк лицензиясының түпнұсқасы (егер бұрын берілген банк лицензиясы қағаз нысанда ресімделген болса) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы базалық банк лицензиясын әмбебап банк лицензиясына қайта ресімдеу үшін көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүгінген кезде:
1) Қағидаларға 14-қосымшаға сәйкес нысан бойынша базалық банк лицензиясын әмбебап банк лицензиясына қайта ресімдеу туралы өтініш (тұлғаның өтініш беруге өкілеттігін растайтын құжаттардың және оған қоса берілетін құжаттар мен мәліметтердің көшірмелерін қоса бере отырып);
2) банк лицензиясының түпнұсқасы (егер бұрын берілген банк лицензиясы қағаз нысанда ресімделген болса);
3) "цифрлық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, банк лицензиясын қайта ресімдеу кезінде жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі.

11.

Мемлекеттік қызметті жəне оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушының Банктер туралы заңның 19-бабында және 112-бабының 5-тармағында белгіленген талаптардың кез келгенін сақтамауы;
2) банк құрамына кіретін банк конгломератының өтініш бергенге дейінгі алты ай кезеңде пруденциялық нормативтер мен лимиттерді сақтамауы;
3) Банктер туралы заңның 72-бабының 4-тармағында белгіленген резерв ретінде қабылданатын Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының активтерін қалыптастыру бойынша талапты орындамау;
4) Банктің жарғылық капиталының Банктер туралы заңның 8-бабының талаптарына сәйкес келмеуі;
5) Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінде резиденті Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы берген Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыруды жоспарлап отырған операциялардың түрлеріне ұқсас банк қызметін жүзеге асыруға қолданыстағы лицензияның (қолданыстағы рұқсаттың) болмауы;
6) көрсетілетін қызметті алушыға Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалын ашуға бұрын берілген рұқсаттың күшін жою;
7) көрсетілетін қызметті алушының даму стратегиясының және (немесе) өзге де ұсынылған құжаттардың уәкілетті органның тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесіне қойылатын талаптарына сәйкес келмеуі және (немесе):
алғашқы үш қаржылық (операциялық) жыл өткеннен кейін көрсетілетін қызмет алушының қызметі рентабельді болатыны;
құрамына көрсетілетін қызметті алушы кіретін көрсетілетін қызметті алушы және (немесе) банк конгломераты пруденциялық нормативтер мен лимиттерді орындайтын болады;
көрсетілетін қызметті алушыда оның даму стратегиясына сәйкес ұйымдық құрылымы бар;
8) тағайындауға (сайлауға) ұсынылатын кандидаттар санынан көрсетілетін қызметті алушының басшы қызметкерінің келісілмеуі (банк лицензиясын алғаш рет алуға өтініш білдірген көрсетілетін қызметті алушы үшін);
9) Банктер туралы заңның 45-бабы 4-тармағының екінші бөлігінде белгіленген Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының басшы қызметкерлерінің қатарында Қазақстан Республикасының резиденттері - екі басшы қызметкерден кем болмауы жөніндегі талапты сақтамау;
10) көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) мәліметтердің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмеуі;
11) банк лицензиясын алу үшін ұсынылған құжаттардағы және (немесе) мәліметтердегі деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі;
12) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты лицензиялауға жататын қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) бар;
13) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты көрсетілетін қызметті алушы оның негізінде мемлекеттік қызметті алуға байланысты арнайы құқығынан айырылатын заңды күшіне енген сот шешімінің болуы;
14) көрсетілетін қызметті алушының "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге ұсынылатын келісімінің болмауы.

12.

Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтердің ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де талаптар

Мемлекеттік қызмет көрсету орнының мекенжайы көрсетілетін қызметті берушінің ресми интернет-ресурсында орналастырылған.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары көрсетілетін қызметті берушінің ресми интернет-ресурсында орналастырылған. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша Бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

  Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының қаржы ұйымдарының мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін қаулыларының тізбесіне
21-қосымша
Банктерге, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің филиалдарына банк лицензиясын беру қағидаларына
2-қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі

1.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы

Исламдық банк операцияларын және өзге де операцияларды жүзеге асыруға арналған лицензия беру

2.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрлерінің (бар болса) атауы

Көрсетілетін қызметті алушы – Қазақстан Республикасының резиденті исламдық банк операцияларын және өзге де операцияларды жүзеге асыруға лицензия алу үшін алғаш рет жүгінген кезде;
Қазақстан Республикасының бейрезидент ислам банкінің филиалы исламдық банк операцияларын және өзге де операцияларды жүзеге асыруға лицензия алу үшін алғаш рет жүгінген кезде;
Әмбебап банк лицензиясы бар көрсетілетін қызметті алушы исламдық банк операцияларын жүзеге асыруға арналған қосымша лицензия алу үшін алғаш рет жүгінген кезде;
Көрсетілетін қызметті алушы операциялардың қосымша түрлерін жүзеге асыруға арналған банк лицензиясын алу үшін жүгінген кезде;
Көрсетілетін қызметті алушы банкті ислам банкіне айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыру кезінде лицензия алу үшін жүгінген кезде;
Көрсетілетін қызметті алушы лицензияның телнұсқасын алу үшін жүгінген кезде;
Көрсетілетін қызметті алушы лицензияны қайта ресімдеу үшін жүгінген кезде.

3.

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – уәкілетті орган).




4.

Мемлекеттік қызметті жəне оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету тәсілдері

Мемлекеттік қызметтің барлық кіші түрлері бойынша: "цифрлық үкіметтің" веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі – портал); көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі.

5.

Мемлекеттік қызметті жəне оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзімі

Құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған күннен, сондай-ақ порталға өтініш берген күннен бастап:
1) исламдық банк операцияларын және өзге де операцияларды жүзеге асыруға арналған лицензия, банк/әмбебап банк лицензиясы бар Қазақстан Республикасы бейрезидент банкі филиалының исламдық банк операцияларын жүзеге асыруға арналған лицензиясын (бұдан әрі – лицензия) беру кезінде: 30 (отыз) жұмыс күні ішінде;
2) лицензияны қайта ресімдеу кезінде: 15 (он бес) жұмыс күні ішінде; көрсетілетін қызметті алушы бөліну немесе бөлініп шығу нысанында қайта ұйымдастырылған жағдайда лицензияны қайта ресімдеу кезінде – 30 (отыз) жұмыс күнінен кешіктірмей;
3) лицензияның телнұсқасын беру кезінде – 2 (екі) жұмыс күні ішінде. Осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген мерзімдер "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Банктер туралы заң) 19-бабы 17-тармағының бесінші бөлігінде және "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-2 баптарында көзделген жағдайда тоқтатыла тұрады.

6.

Мемлекеттік қызметті жəне оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нысаны

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің барлық кіші түрлері бойынша көрсетілетін электрондық (ішінара цифрландырылған) /қағаз түрінде.

7.

Мемлекеттік қызметті жəне оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесі

Лицензия беру, лицензияны қайта ресімдеу, лицензияны қоса бере отырып, лицензияның телнұсқасын беру туралы хабарлама не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

8.

Мемлекеттік қызметті жəне оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

1) лицензияны бергені үшін лицензиялық алым 800 (сегіз жүз) айлық есептік көрсеткішті құрайды (әрбір банктік операциясы үшін жеке);
2) лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензиялық алым осы тармақтың 1) тармақшасында белгіленген мөлшерлеменің 10 (он) пайызын құрайды;
3) лицензияның телнұсқасын бергені үшін лицензиялық алым осы тармақтың 1) тармақшасында белгіленген мөлшерлеменің 10 (он) пайызын құрайды.
Лицензиялық алымды төлеу екінші деңгейдегі банктер, Қазақстан Республикасының аумағында ашылған Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдары немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол ақшамен немесе қолма-қол ақшасыз нысанда, сондай-ақ "цифрлық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы қолма-қол ақшасыз нысанда жүзеге асырылады.

9.

Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектісінің жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті берушінің - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Мерекелер туралы заң) сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі - жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;
2) порталдың - жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты болатын техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және Мерекелер туралы заңға сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін жіберу келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

10.

Мемлекеттік қызметті жəне оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Қазақстан Республикасының резиденті - көрсетілетін қызметті алушы исламдық банк операцияларын және өзге де операцияларды жүзеге асыруға арналған лицензия алу үшін алғаш рет порталға жүгінген кезде:
1) көрсетілетін қызметті алушының бірінші басшысының не өтініш беруге уәкілетті адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат түріндегі Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының бейрезидент ислам банктері, ислам банктерінің филиалдары жүзеге асыратын исламдық банк операцияларын және өзге де операцияларды жүзеге асыруға лицензия алуға өтініш (тұлғаның өтініш беруге өкілеттігін растайтын құжаттардың және оған қоса берілетін құжаттар мен мәліметтердің көшірмелерін қоса бере отырып);
2) көрсетілетін қызметті алушы жарғысы көшірмесінің нотариат куәландырған электрондық көшірмесі;
3) көрсетілген алымды "цифрлық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
4) Банктер туралы заңның 45-бабында және "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі-Мемлекеттік реттеу туралы заң) 9-4-бабында белгіленген талаптарға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының басшы қызметкерлері лауазымдарына ұсынылатын адамдарды келісу үшін көзделген құжаттардың электрондық көшірмелері;
5) уәкілетті органның тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесіне қойылатын талаптарына сәйкес келетін көрсетілетін қызметті алушының таяудағы үш жылға арналған даму стратегиясының электрондық көшірмесі;
Көрсетілетін қызметті алушының даму стратегиясына көрсетілетін қызметті алушының ұйымдық құрылымы, көрсетілетін қызметті алушының өтініш берілетін қаржы жылына арналған бюджеті туралы ақпарат, оның ішінде көрсетілетін қызметті алушының пруденциялық нормативтерді орындағаны туралы болжамды деректер, сондай-ақ егер көрсетілетін қызметті алушының бас ұйымы банк холдингі мәртебесін иеленуі банк конгломератын құруға әкелген жағдайда, оның құрамына көрсетілетін қызметті алушы кіретін банк конгломератының пруденциялық нормативтерінің болжамды есебі енгізіледі.
6) қызметкерлердің тегі, аты және әкесінің аты (егер олар жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса) көрсетілген көрсетілетін қызметті алушының штат кестесінің электрондық көшірмесі;
7) ең төмен мөлшері "Әмбебап банк лицензиясы бар банкі, базалық банк лицензиясы бар банкі, ислам банкі сақтауға міндетті пруденциялық нормативтер мен лимиттерді, олардың шекті мәндерін және есеп айырысу әдістемелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2026 жылғы 28 сәуірдегі № 85 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 38587 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 85 қаулы) сәйкес белгіленген банктің жарғылық капиталына төленгенін растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері;
8) исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңес туралы ереженің электрондық көшірмесі;
9) Банктер туралы заңның 36-бабының  2 және 3-тармақтарында белгіленген талаптарға сәйкестігін растайтын исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңестің басшысы мен мүшелерінің лауазымдарына тағайындалған адамдар туралы мәліметтердің электрондық көшірмелері.
Қазақстан Республикасының резиденті - көрсетілетін қызметті алушы исламдық банк операцияларын және өзге де операцияларды жүзеге асыруға арналған лицензия алу үшін алғаш рет көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жүгінген кезде:
1) Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша исламдық банк операцияларын және өзге де операцияларды жүзеге асыруға арналған лицензия алуға өтініш (адамның өтініш беруге өкілеттігін растайтын құжаттардың және оған қоса берілетін құжаттар мен мәліметтердің көшірмелерін қоса бере отырып);
2) көрсетілетін қызметті алушы жарғысының нотариат куәландырған көшірмесі;
3) көрсетілген алымды "цифрлық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжат;
4) көрсетілетін қызметті алушының басшы қызметкерлері лауазымына ұсынылатын тұлғаларды Банктер туралы заңның 45-бабында және Мемлекеттік реттеу туралы заңның 9-4-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келісу үшін көзделген құжаттар;
5) уәкілетті органның тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесіне қойылатын талаптарына сәйкес келетін көрсетілетін қызметті алушының алдағы үш жылға арналған даму стратегиясының көшірмесі; Көрсетілетін қызметті алушының даму стратегиясына көрсетілетін қызметті алушының ұйымдық құрылымы, көрсетілетін қызметті алушының өтініш берілетін қаржы жылына арналған бюджеті туралы ақпарат, оның ішінде көрсетілетін қызметті алушының пруденциялық нормативтерді орындағаны туралы болжамды деректер, сондай-ақ егер көрсетілетін қызметті алушының бас ұйымы банк холдингі мәртебесін иеленуі банк конгломератын құруға әкелген жағдайда, оның құрамына көрсетілетін қызметті алушы кіретін банк конгломератының пруденциялық нормативтерінің болжамды есебі енгізіледі.
6) қызметкерлердің тегі, аты және әкесінің аты (егер олар жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) көрсетілген көрсетілетін қызметті алушының штат кестесі;
7) ең төмен мөлшері №85 қаулыға сәйкес белгіленген банктің жарғылық капиталына төленгенін растайтын құжаттардың көшірмелері;
8) исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңес туралы ереженің көшірмесі;
9) Банктер туралы заңның 36-бабының 2 және 3-тармақтарында белгіленген талаптарға сәйкестігін растайтын исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңес басшысы мен мүшелерінің лауазымдарына тағайындалған адамдар туралы мәліметтер.
Қазақстан Республикасының бейрезидент ислам банкінің филиалы исламдық банк операцияларын және өзге де операцияларды жүзеге асыруға арналған лицензия алу үшін алғаш рет порталға жүгінген кезде:
1) көрсетілетін қызметті алушының бірінші басшысының не өтініш беруге уәкілеттік берілген адамның ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат түріндегі Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының бейрезидент ислам банктері, ислам банктерінің филиалдары жүзеге асыратын исламдық банк операцияларын және өзге де операцияларды жүзеге асыруға арналған лицензия алуға өтініш (өтініш беруге адамның өкілеттігін растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып және оған қоса берілетін құжаттар мен мәліметтер);
2) осы тармақтың бірінші бөлігінің 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында көзделген құжаттар;
3) Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің басқару органы бекіткен филиал туралы ереженің нотариат куәландырған көшірмесінің электрондық көшірмесі;
4) Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің Қазақстан Республикасының аумағында оның филиалының қызметін жүзеге асыру процесінде туындайтын міндеттемелер бойынша жауапкершілікті қабылдау туралы және осындай міндеттемелерді Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің балансында есепке алу туралы жазбаша міндеттемесінің (растауы) электрондық көшірмесі;
5) рұқсат етілген операциялар түрлерінің тізбесін көрсете отырып, резиденті Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы берген (берген) Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің қолданыстағы лицензиясының (қолданыстағы рұқсатының) электрондық көшірмесі. Көрсетілген лицензия (рұқсат), егер Банктер туралы заңның 16-бабы 1-тармағында көзделген Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалын ашуға рұқсат беру туралы өтініш берілгеннен кейін Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі жүзеге асыруға құқылы не Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі жаңа лицензия алған операциялар түрлерінің тізбесі өзгертілген жағдайда ұсынылады (жаңа рұқсат);
6) исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңес не Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінде тұрақты жұмыс істейтін өзге де осыған ұқсас орган туралы ереженің (басшылықтың) электрондық көшірмесі;
7) исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңестің не Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінде тұрақты жұмыс істейтін өзге де ұқсас органның басшысы мен мүшелерінің лауазымдарына тағайындалған адамдар туралы мәліметтердің электрондық көшірмелері.
Қазақстан Республикасының бейрезидент ислам банкінің филиалы исламдық банк операцияларын және өзге де операцияларды жүзеге асыруға арналған лицензия алу үшін алғаш рет көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жүгінген кезде:
1) Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ислам банктері, Қазақстан Республикасының бейрезидент ислам банктерінің филиалдары жүзеге асыратын исламдық банк операцияларын және өзге де операцияларды жүзеге асыруға арналған лицензия алуға өтініш (адамның өтініш беруге өкілеттігін растайтын құжаттардың және оған қоса берілетін құжаттар мен мәліметтердің көшірмелерін қоса бере отырып);
2) осы тармақтың екінші бөлігінің 3), 4), 5) және 6) тармақшаларда көзделген құжаттар;
3) Қазақстан Республикасының бейрезидент банктің басқару органы бекіткен филиал туралы ереженің нотариат куәландырған көшірмесі;
4) Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің Қазақстан Республикасының аумағында оның филиалының қызметін жүзеге асыру процесінде туындайтын міндеттемелер бойынша жауапкершілікті қабылдау туралы және осындай міндеттемелерді Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің балансында есепке алу туралы жазбаша міндеттемесі (растауы);
5) рұқсат етілген операциялар түрлерінің тізбесін көрсете отырып, резиденті Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы берген (берген) Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің қолданыстағы лицензиясының (қолданыстағы рұқсатының) көшірмесі.
Көрсетілген лицензия (рұқсат), егер Банктер туралы заңның 16-бабының 1-тармағында көзделген Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалын ашуға рұқсат беру туралы өтініш берілгеннен кейін Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі жүзеге асыруға құқылы не Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі жаңа лицензия алған операциялар түрлерінің тізбесі өзгертілген жағдайда ұсынылады (жаңа рұқсат);
6) исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңес не Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінде тұрақты жұмыс істейтін өзге де осыған ұқсас орган туралы ереженің (басшылықтың) көшірмесі;
7) исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңестің не Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінде тұрақты жұмыс істейтін өзге де осыған ұқсас органның басшысы мен мүшелерінің лауазымдарына тағайындалған адамдар туралы мәліметтер.
Көрсетілетін қызметті алушы - әмбебап банк лицензиясы бар банк исламдық банк операцияларын жүзеге асыруға қосымша лицензия алу үшін алғаш рет порталға жүгінген кезде:
1) исламдық банк операцияларын жүзеге асыруға қосымша лицензия алуға өтініш, Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының бірінші басшысының не өтініш беруге уәкілетті тұлғаның ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат түрінде (тұлғаның өтініш беруге өкілеттігін растайтын құжаттардың және оған қоса берілетін құжаттар мен мәліметтердің көшірмелерін қоса бере отырып);
2) Банктер туралы заңның 88-бабында көзделген жаңартылған қаржылық орнықтылықты қалпына келтіру жоспарының электрондық көшірмесі;
3) "цифрлық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы көрсетілген алымды төлеу жағдайларын қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжат;
4) исламдық банк операцияларын жүзеге асыруға лицензия алу ниеті туралы банк акционерлерінің жалпы жиналысы шешімінің электрондық көшірмесі;
5) Банктер туралы заңның 19-бабының 15-тармағы 3) тармақшасында көзделген талаптарды есепке ала отырып, жарғы көшірмесінің нотариат куәландырған электрондық көшірмесі;
6) исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңес туралы ереженің электрондық көшірмесі, сондай-ақ исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңестің басшысы мен мүшелерінің лауазымдарына тағайындалған адамдар туралы Банктер туралы заңның 36-бабының 2 және 3-трмақтарында белгіленген талаптарға сәйкес келетінін растайтын мәліметтер;
7) уәкілетті органның тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесіне қойылатын талаптарына сәйкес келетін таяудағы үш жылға арналған исламдық банк операцияларын дамыту стратегиясының электрондық көшірмесі;
8) ең төмен мөлшерін уәкілетті орган белгілеген, исламдық банк операциялары үшін бөлінген активтердің қалыптасуын растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері.
Көрсетілетін қызметті алушы - әмбебап банк лицензиясы бар банк исламдық банк операцияларын және өзге де операцияларды жүзеге асыруға қосымша лицензия алу үшін алғаш рет көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жүгінген кезде:
1) Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша исламдық банк операцияларын жүзеге асыруға қосымша лицензия алуға өтініш (тұлғаның өтініш беруге өкілеттігін растайтын құжаттардың және оған қоса берілетін құжаттар мен мәліметтердің көшірмелерін қоса бере отырып);
2) Банктер туралы заңның 88-бабында көзделген қаржылық орнықтылықты қалпына келтірудің жаңартылған жоспарының электрондық көшірмесі;
3) "цифрлық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы көрсетілген алымды төлеу жағдайларын қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжат;
4) исламдық банк операцияларын және өзге де операцияларды жүзеге асыруға лицензия алу ниеті туралы банк акционерлерінің жалпы жиналысы шешімінің электрондық көшірмесі;
5) Банктер туралы заңның 19-бабы 15-тармағының 3) тармақшасында көзделген талаптарды ескере отырып, жарғының нотариат куәландырған көшірмесі;
6) исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңес туралы ереженің көшірмесі, сондай-ақ Банктер туралы заңның 36-бабының 2 және 3-тармақтарында белгіленген талаптарға сәйкестігін растайтын исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңестің басшысы мен мүшелерінің лауазымдарына тағайындалған адамдар туралы мәліметтер;
7) уәкілетті органның тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесіне қойылатын талаптарына сәйкес келетін алдағы үш жылға арналған исламдық банк операцияларын дамыту стратегиясының көшірмесі;
8) ең аз мөлшерін уәкілетті орган белгілеген, исламдық банк операциялары үшін бөлінген активтердің қалыптасуын растайтын құжаттар.
Көрсетілетін қызметті алушы - әмбебап банк лицензиясы бар Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы исламдық банк операцияларын жүзеге асыруға қосымша лицензия алу үшін алғаш рет порталға жүгінген кезде:
1) көрсетілетін қызметті алушының бірінші басшысының не өтініш беруге уәкілетті адамның ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат түріндегі Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша исламдық банк операцияларын жүзеге асыруға қосымша лицензия алуға өтініш (тұлғаның өтініш беруге өкілеттігін растайтын құжаттардың және оған қоса берілетін құжаттар мен мәліметтердің көшірмелерін қоса бере отырып);
2) Банктер туралы заңның 88-бабында көзделген қаржылық орнықтылықты қалпына келтірудің жаңартылған жоспарының электрондық көшірмесі;
3) "цифрлық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы көрсетілген алымды төлеу жағдайларын қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжат;
4) исламдық банк операцияларын және өзге де операцияларды жүзеге асыруға лицензия алу ниеті туралы Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің басқару органы шешімінің электрондық көшірмесі;
5) Банктер туралы заңның 19-бабы 15-тармағының 3) тармақшасында көзделген талаптарды ескере отырып, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы туралы ереженің нотариат куәландырған көшірмесінің электрондық көшірмесі;
6) исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңес не Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінде тұрақты жұмыс істейтін өзге де осыған ұқсас орган туралы ереженің (нұсқаудың) электрондық көшірмесі, сондай-ақ исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңестің басшысы мен мүшелерінің лауазымдарына тағайындалған адамдар не Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінде тұрақты жұмыс істейтін өзге де осыған ұқсас орган туралы мәліметтер;
7) уәкілетті органның тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесіне қойылатын талаптарына сәйкес келетін алдағы үш жылға арналған исламдық банк операцияларын дамыту стратегиясының көшірмесі; 8) ең аз мөлшерін уәкілетті орган белгілеген, исламдық банк операциялары үшін бөлінген активтердің қалыптасуын растайтын құжаттар.
Көрсетілетін қызметті алушы – әмбебап банк лицензиясы бар Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы исламдық банк операцияларын жүзеге асыруға қосымша лицензия алу үшін алғаш рет көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жүгінген кезде:
1) Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша исламдық банк операцияларын жүзеге асыруға қосымша лицензия алуға өтініш (тұлғаның өтініш беруге өкілеттігін растайтын құжаттардың және оған қоса берілетін құжаттар мен мәліметтердің көшірмелерін қоса бере отырып);
2) Банктер туралы заңның 88-бабында көзделген қаржылық орнықтылықты қалпына келтірудің жаңартылған жоспарының көшірмесі;
3) "цифрлық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы көрсетілген алымды төлеу жағдайларын қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжат;
4) исламдық банк операцияларын және өзге де операцияларды жүзеге асыруға лицензия алу ниеті туралы Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің басқару органы шешімінің көшірмесі;
5) Банктер туралы заңның 19-бабы 15-тармағының 3) тармақшасында көзделген талаптарды ескере отырып, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы туралы ереженің нотариат куәландырған көшірмесі;
6) исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңес не Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінде тұрақты жұмыс істейтін өзге де осыған ұқсас орган туралы ереженің (нұсқаудың) көшірмесі, сондай-ақ исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңестің басшысы мен мүшелерінің лауазымдарына тағайындалған адамдар не Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінде тұрақты жұмыс істейтін өзге де осыған ұқсас орган туралы мәліметтер;
7) уәкілетті органның тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесіне қойылатын талаптарына сәйкес келетін алдағы үш жылға арналған исламдық банк операцияларын дамыту стратегиясының көшірмесі;
8) ең аз мөлшерін уәкілетті орган белгілеген, исламдық банк операциялары үшін бөлінген активтердің қалыптасуын растайтын құжаттар.
Көрсетілетін қызметті алушы операциялардың қосымша түрлерін жүзеге асыруға арналған банк лицензиясын алу үшін портал арқылы жүгінген кезде:
1) көрсетілетін қызметті алушының бірінші басшысының не өтініш беруге уәкілетті тұлғаның ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат түріндегі Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша операциялардың қосымша түрлерін жүзеге асыруға арналған банк лицензиясын алуға өтініш (тұлғаның өтініш беруге өкілеттігін растайтын құжаттардың және оған қоса берілетін құжаттар мен мәліметтердің көшірмелерін қоса бере отырып) (ислам банкі, Қазақстан Республикасының бейрезидент ислам банкінің филиалы үшін);
2) Банктер туралы заңның 88-бабында көзделген қаржылық тұрақтылықты қалпына келтірудің өзекті жоспарының электрондық көшірмесі;
3) көрсетілген алымды "цифрлық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжат. Көрсетілетін қызметті алушы операциялардың қосымша түрлерін жүзеге асыруға банк лицензиясын алу үшін көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүгінген кезде:
1) Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша операциялардың қосымша түрлерін жүзеге асыруға арналған банк лицензиясын алуға өтініш (ислам банкі, Қазақстан Республикасының бейрезидент ислам банкі филиалы үшін) (адамның өтініш беруге өкілеттігін растайтын құжаттардың және оған қоса берілетін құжаттар мен мәліметтердің көшірмелерін қоса бере отырып);
2) Банктер туралы заңның 88-бабында көзделген қаржылық тұрақтылықты қалпына келтірудің өзекті жоспарының көшірмесі;
3) көрсетілген алымды "цифрлық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжат. Көрсетілетін қызметті алушы банкті ислам банкіне айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыру кезінде исламдық банк операцияларын және өзге де операцияларды жүзеге асыруға лицензия алу үшін портал арқылы жүгінген кезде:
1) көрсетілетін қызметті алушының бірінші басшысының не өтініш беруге уәкілетті адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат түріндегі Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының бейрезидент ислам банктері, ислам банктерінің филиалдары жүзеге асыратын исламдық банк операцияларын және өзге де операцияларды жүзеге асыруға арналған лицензия алуға өтініш (тұлғаның өтініш беруге өкілеттіктерін растайтын құжаттардың және оған қоса берілетін құжаттар мен мәліметтердің көшірмелерін қоса бере отырып);
2) ислам банкі жарғысының нотариат куәландырған көшірмесінің электрондық көшірмесі;
3) жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығына арналған лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжат;
4) исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңес туралы ереженің электрондық көшірмесі;
5) Банктер туралы заңның 36-бабында белгіленген талаптарға сәйкестігін растайтын исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңестің басшысы мен мүшелерінің лауазымдарына тағайындалған адамдар туралы мәліметтер;
6) исламдық банк операцияларын және өзге де операцияларды жүзеге асырудың жалпы шарттары туралы қағидалардың электрондық көшірмесі;
7) ислам банкінің ішкі кредит саясаты туралы ережелердің электрондық көшірмесі. Көрсетілетін қызметті алушы банкті ислам банкіне айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыру кезінде исламдық банк операцияларын және өзге де операцияларды жүзеге асыруға лицензия алу үшін көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүгінген кезде:
1) Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша исламдық банк операцияларын және өзге де операцияларды жүзеге асыруға арналған лицензия алуға өтініш (тұлғаның өтініш беруге өкілеттігін растайтын құжаттардың және оған қоса берілетін құжаттар мен мәліметтердің көшірмелерін қоса бере отырып);
2) ислам банкі жарғысының нотариат куәландырған көшірмесі;
3) жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығына арналған лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжат;
4) исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңес туралы ереже;
5) Банктер туралы заңның 36-бабында белгіленген талаптарға сәйкестігін растайтын исламдық қаржыландыру қағидаттары бойынша кеңес басшысы мен мүшелерінің лауазымдарына тағайындалған адамдар туралы мәліметтер;
6) исламдық банк операцияларын және өзге де операцияларды жүзеге асырудың жалпы шарттары туралы ереже;
7) ислам банкінің ішкі кредит саясаты туралы қағидалар. Көрсетілетін қызметті алушы лицензияның телнұсқасын алу үшін портал арқылы жүгінген кезде (егер бұрын берілген лицензия қағаз нысанда ресімделген болса):
1) көрсетілетін қызметті алушының бірінші басшысы не өтініш беруге уәкілетті тұлға қол қойған еркін нысандағы өтініш (тұлғаның өтініш беруге өкілеттігін растайтын құжаттардың және оған қоса берілетін құжаттар мен мәліметтердің көшірмелерін қоса бере отырып);
2) "цифрлық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, лицензияның телнұсқасын беру кезінде жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі.
Көрсетілетін қызметті алушы лицензияның телнұсқасын алу үшін көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүгінген кезде (егер бұрын берілген лицензия қағаз нысанда ресімделген болса):
1) көрсетілетін қызметті алушының бірінші басшысы не өтініш беруге уәкілетті тұлға қол қойған еркін нысандағы өтініш (тұлғаның өтініш беруге өкілеттігін растайтын құжаттардың және оған қоса берілетін құжаттар мен мәліметтердің көшірмелерін қоса бере отырып);
2) "цифрлық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, лицензияның телнұсқасын беру кезінде жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі.
Көрсетілетін қызметті алушы лицензияны қайта ресімдеу үшін портал арқылы жүгінген кезде:
1) көрсетілетін қызметті алушының бірінші басшысының не өтініш беруге уәкілетті адамның ЭЦҚ-мен куәландырылған Қағидаларға 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ислам банктері, Қазақстан Республикасының бейрезидент ислам банктерінің филиалдары жүзеге асыратын исламдық банк операцияларын және өзге де операцияларды жүзеге асыруға арналған лицензияны қайта ресімдеу туралы өтініш (тұлғаның өтініш беруге өкілеттігін растайтын құжаттардың және оған қоса берілетін құжаттар мен мәліметтердің көшірмелерін қоса бере отырып);
2) "цифрлық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеу кезінде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
3) мемлекеттік цифрлық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеуге негіз болған өзгерістер туралы ақпаратты қамтитын құжаттардың электрондық көшірмелері;
4) лицензияланатын қызмет түрінен бір немесе одан да көп банктік және өзге де операциялар шығарылған жағдайда лицензияның түпнұсқасы (егер бұрын берілген лицензия қағаз нысанда ресімделген болса) көрсетілетін қызметті алушының кеңсесіне жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы лицензияны қайта ресімдеу үшін көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүгінген кезде:
1) Қағидаларға 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ислам банктері, Қазақстан Республикасының бейрезидент ислам банктерінің филиалдары жүзеге асыратын исламдық банк операцияларын және өзге де операцияларды жүзеге асыруға лицензияны қайта ресімдеу туралы өтініш (адамның өтініш беруге өкілеттігін растайтын құжаттардың және оған қоса берілетін құжаттар мен мәліметтердің көшірмелерін қоса бере отырып);
2) лицензияланатын қызмет түрінен бір немесе одан да көп банк операцияларын және өзге де операциялар шығарылған жағдайда лицензияның түпнұсқасы (егер бұрын берілген лицензия қағаз нысанда ресімделген болса);
3) "цифрлық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеу кезінде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
4) олардағы ақпарат мемлекеттік цифрлық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеуге негіз болған өзгерістер туралы ақпаратты қамтитын құжаттардың көшірмелері.
Көрсетілетін қызметті алушы исламдық банк операцияларын жүзеге асыруға арналған қосымша лицензияны қайта ресімдеу үшін портал арқылы жүгінген кезде:
1) көрсетілетін қызметті алушының бірінші басшысының не өтініш беруге уәкілетті адамның ЭЦҚ-мен куәландырылған, Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша исламдық банк операцияларын жүзеге асыруға қосымша лицензияны қайта ресімдеу туралы өтініш (адамның өтініш беруге өкілеттігін растайтын құжаттардың және оған қоса берілетін құжаттар мен мәліметтердің көшірмелерін қоса бере отырып);
2) "цифрлық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, банк лицензиясын қайта ресімдеу кезінде жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
3) олардағы ақпарат мемлекеттік цифрлық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, банк лицензиясын қайта ресімдеуге негіз болған өзгерістер туралы ақпаратты қамтитын құжаттардың электрондық көшірмелері;
4) лицензияланатын қызмет түрінен бір немесе одан да көп исламдық банк операциялары алып тасталған жағдайда банк лицензиясының түпнұсқасы (егер бұрын берілген банк лицензиясы қағаз нысанда ресімделген болса) көрсетілетін қызметті алушының кеңсесіне жіберіледі. Көрсетілетін қызметті алушы исламдық банк операцияларын жүзеге асыруға арналған лицензияны қайта ресімдеу үшін көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүгінген кезде:
1) Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша исламдық банк операцияларын жүзеге асыруға қосымша лицензияны қайта ресімдеу туралы өтініш (тұлғаның өтініш беруге өкілеттігін растайтын құжаттардың және оған қоса берілетін құжаттар мен мәліметтердің көшірмелерін қоса бере отырып);
2) лицензияланатын қызмет түрінен бір немесе одан да көп исламдық банк операциялары алып тасталған жағдайда банк лицензиясының түпнұсқасы (егер бұрын берілген банк лицензиясы қағаз нысанда ресімделген болса);
3) "цифрлық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, банк лицензиясын қайта ресімдеу кезінде жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
4) олардағы ақпарат мемлекеттік цифрлық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, банк лицензиясын қайта ресімдеуге негіз болған өзгерістер туралы ақпаратты қамтитын құжаттардың электрондық көшірмелері.

11.

Мемлекеттік қызметті жəне оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушының Банктер туралы заңның 19-бабында және 112-бабының 5-тармағында белгіленген талаптардың кез келгенін сақтамауы;
2) банк құрамына кіретін банк конгломератының өтініш бергенге дейінгі алты ай кезеңдегі пруденциялық нормативтер мен лимиттерді сақтамауы;
3) Банктер туралы заңның 72-бабының 4-тармағында белгіленген резерв ретінде қабылданатын Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының активтерін қалыптастыру жөніндегі талапты орындамау;
4) Банктің жарғылық капиталының Банктер туралы заңның 8-бабының талаптарына сәйкес келмеуі;
5) Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы берген (берген) Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыруды жоспарлап отырған операциялардың түрлеріне ұқсас банк қызметін жүзеге асыруға қолданыстағы лицензияның (қолданыстағы рұқсаттың) болмауы;
6) көрсетілетін қызметті алушыға Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалын ашуға бұрын берілген рұқсаттың күшін жою;
7) көрсетілетін қызметті алушының даму стратегиясының және (немесе) өзге де ұсынылған құжаттардың уәкілетті органның тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесіне қойылатын талаптарына сәйкес келмеуі және (немесе):
алғашқы қаржылық (операциялық) үш жыл өткеннен кейін қызмет алушы рентабельді болатындығын; құрамына көрсетілетін қызметті алушы кіретін көрсетілетін қызметті алушы және (немесе) банк конгломераты пруденциялық нормативтер мен лимиттерді орындайтын болатындығын; көрсетілетін қызметті алушының оны дамыту стратегиясына сәйкес келетін ұйымдық құрылымы болатындығын растайтын мәліметтерді ұсынбау;
8) тағайындауға (сайлауға) ұсынылатын кандидаттар арасынан көрсетілетін қызметті алушының басшы қызметкерін келіспеу (банк лицензиясын алғаш рет алуға өтініш білдірген көрсетілетін қызметті алушы үшін);
9) Банктер туралы заңның 45-бабы 4-тармағының екінші бөлігінде белгіленген Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының басшы қызметкерлерінің қатарында Қазақстан Республикасының резиденті екі басшы қызметкерден кем болмауы жөніндегі талапты сақтамау;
10) көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) мәліметтердің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмеуі;
11) банк лицензиясын алу үшін ұсынылған құжаттардағы және (немесе) мәліметтердегі деректердің (мәліметтердің) анық еместігі;
12) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты лицензиялауға жататын қызметке немесе қызметтің жекелеген түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) бар;
13) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген шешімі бар, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алуға байланысты арнайы құқығынан айырылады;
14) "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" 8-бабына сәйкес ұсынылатын көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімінің болмауы.
Көрсетілетін қызметті беруші осы мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінің 8-тармағының он бірінші және он екінші бөліктерінде көрсетілген құжаттар тиісінше ресімделмеген жағдайда, банк лицензиясын қайта ресімдеуден бас тартады.

12.

Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтердің ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де талаптар

Мемлекеттік қызметтер көрсету орындарының мекенжайы көрсетілетін қызметті берушінің ресми интернет-ресурсында орналастырылған.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинеті" арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары көрсетілетін қызметті берушінің ресми интернет-ресурсында орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414

  Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қаржы ұйымдарының қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін қаулыларының тізбесіне
22-қосымша
Банктерге, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің филиалдарына банк лицензиясын беру қағидаларына 9-қосымша

      нысан

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы

Уәкілетті органның толық атауы

Банк операцияларын және өзге де операцияларды жүзеге асыруға арналған лицензия (Базалық банк лицензиясы/Әмбебап банк лицензиясы) (қажетін таңдау)

      Лицензия нөмірі Берілген күні ____ жылғы "___" ________

      ____________________________________________________________________

      (банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының атауы)

      Осы _____________________________________________________

      (базалық банк лицензиясы/әмбебап банк лицензиясы)

      операциялардың мына түрлерін:

      (ұлттық және (немесе) шетел валютасында)

      банк операцияларын:

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      өзге де операцияларды:

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      жүзеге асыруға құқық береді.

      ____________________________________________________________________

      Бірінші рет алынған лицензия туралы деректер:

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (лицензия берген мемлекеттік органның нөмірі, күні, атауы)

      Төраға

      (Төрағаның орынбасары) _________________ ___________________

      (қолы немесе электрондық цифрлық қолтаңба) (тегі, аты және әкесінің аты (ол болған

      жағдайда)

      Мөр орны (қағаздағы нысан үшін)

      Алматы қаласы

  Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қаржы ұйымдарының қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін қаулыларының тізбесіне
23-қосымша
Банктерге, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің филиалдарына банк лицензиясын беру қағидаларына
10-қосымша
нысан

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы

Уәкілетті органның толық атауы

Исламдық банк операцияларын және өзге де операцияларды жүзеге асыруға арналған лицензия

      Лицензия нөмірі Берілген күні _________ жылғы "___" ______

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (ислам банкінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент ислам банкі филиалының

      атауы)

      Осы лицензия (ұлттық және (немесе) шетел валютасында) мынадай:

      1) "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан

      Республикасы Заңының 22-бабы 4-тармағының бірінші бөлігіне сәйкес исламдық банк

      операцияларын:

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________;

      2) "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан

      Республикасы Заңының 22-бабының 2, 3-тармақтарына сәйкес банк операцияларын

      және өзге де операцияларды:

      банк операцияларын:

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________;

      өзге де операцияларды:

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________.

      жүзеге асыруға құқық береді.

      Алғаш рет алынған лицензия туралы деректер:

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (күні, нөмірі, лицензия берген мемлекеттік органның атауы)

      Төраға

      (Төрағаның орынбасары) _________________ __________________

      (қолы немесе электрондық цифрлық қолтаңбасы) (тегі, аты және әкесінің аты (ол

      болған жағдайда)

      Мөр орны (қағаздағы нысан үшін)

      Алматы қаласы

  Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қаржы ұйымдарының қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін қаулыларының тізбесіне
24-қосымша
Банктерге, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің филиалдарына банк лицензиясын беру қағидаларына
11-қосымша

      нысан

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы

Уәкілетті органның толық атауы

Әмбебап банк лицензиясы бар банктің/Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының исламдық банк операцияларын жүзеге асыруға арналған лицензиясы (қажетін таңдау)

      Лицензия нөмірі Берілген күні ____жылғы "___" ________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының атауы)

      Осы лицензия "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы"

      Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабы 4-тармағының бірінші бөлігіне сәйкес

      исламдық банк операцияларының (ұлттық және (немесе) шетел валютасында) мына

      түрлерін:

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      жүзеге асыруға құқық береді.

      Алғаш рет алынған банк лицензиясы туралы деректер:

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (нөмірі, күні, лицензия берген мемлекеттік органның атауы)

      Төраға

      (Төрағаның орынбасары) _________________ ___________________

      (қолы немесе электрондық цифрлық қолтаңбасы) (тегі, аты және әкесінің аты

      (ол болған жағдайда)

      Мөр орны (қағаздағы нысан үшін)

  Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қаржы ұйымдарының қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін қаулыларының тізбесіне
25-қосымша
Банкті (банк холдингін) ерікті түрде қайта ұйымдастыруға
  рұқсат беру не рұқсат беруден
  бас тарту, оның ішінде банкті
  банк операцияларының
  жекелеген түрлерін жүзеге
  асыратын ұйым ретінде ерікті
  түрде қайта құру шарттары не
  банкті ислам банкіне айналдыруға рұқсат беру және
  рұқсат беруден бас тарту, банкті
  ерікті түрде таратуға рұқсат
  беру, Қазақстан Республикасының бейрезидент-
  банкі филиалының қызметін
  ерікті түрде тоқтатуға рұқсат
  беру қағидалары, сондай-ақ
  жеке тұлғалардың депозиттерін
  қайтару, оларды басқа банкке
  немесе Қазақстан Республикасы
  бейрезидент-банкінің
  филиалына аудару тәртібіне
  3-қосымша

"Банкті (банк холдингін) ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі

1.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы

Банкті (банк холдингін) ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру

2.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрлерінің (бар болса) атауы

Банкті (банк холдингін) біріктіру, қосу, бөлу, бөліп шығару, қайта құру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру;
Банкті ислам банкіне айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру;

3.

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі




4.

Мемлекеттік қызметті жəне оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету тәсілдері

"Цифрлық үкімет" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал)

5.

Мемлекеттік қызметті жəне оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзімі

Порталға жүгінген күннен бастап 60 (алпыс) жұмыс күні ішінде.
Аталған мерзім "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-2-бабында көзделген жағдайларда тоқтатыла тұрады.

6.

Мемлекеттік қызметті жəне оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нысаны

Электрондық (ішінара цифрландырылған).

7.

Мемлекеттік қызметті жəне оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесі

Көрсетілетін қызметті берушінің Басқарма қаулысының көшірмелерін қоса бере отырып, банкті (банк холдингін) ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру туралы хабарлама не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Қызмет көрсету нәтижесінің нысаны: электрондық

8.

Мемлекеттік қызметті жəне оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін

9.

Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектісінің жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті берушінің - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі - жұма аралығында сағат 9.00-ден18.30-ға дейін;
2) порталдың – жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты болатын техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін жіберу келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

10.

Мемлекеттік қызметті жəне оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Банкті (банк холдингін) біріктіру, қосу, бөлу, бөліп шығару, қайта құру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті алушының акционерлері (қатысушылары) өтінішхатқа қол қоюға уәкілеттік берген адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша банкті (банк холдингін) ерікті түрде қайта ұйымдастыруды жүргізуге рұқсат алу туралы өтінішхат;
2)көрсетілетін қызметті алушының жоғары органының оны ерікті түрде қайта ұйымдастыру туралы шешімінің өтінішхат беруге уәкілетті тұлға туралы ақпарат қамтылған электрондық көшірмесі. Біріктіру немесе қосу нысанында қайта ұйымдастыру жағдайында қайта құрылатын банктер акционерлерінің бірлескен жалпы жиналысы шешімінің электрондық көшірмесі де ұсынылады;
3) көрсетілетін қызметті алушыны ерікті түрде қайта ұйымдастыру жүргізген кезде депозиторлардың мүдделерін сақтауға бағытталған барлық жоспарланған іс-шараларды толыққанды сипаттай отырып, көрсетілетін қызметті алушыны ерікті түрде қайта ұйымдастырудың болжанған талаптарын, нысандарын, тәртібі мен мерзімдерін сипаттайтын құжаттардың электрондық көшірмелері;
4) көрсетілетін қызметті алушыны ерікті түрде қайта ұйымдастырғаннан кейінгі және (немесе) көрсетілетін қызметті алушыны ерікті түрде қайта ұйымдастыру нәтижесінде құрылған заңды тұлғалардың көрсетілетін қызметті алушының есеп айырысу балансын қоса алғанда, ерікті түрде қайта ұйымдастыру салдарының қаржылық болжамының электрондық көшірмесі;
5) қайта ұйымдастырылатын банктердің атқарушы органдарының бірінші басшылары қол қойған қосу туралы шарттың электрондық көшірмесі (қосу нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат алған жағдайда қоса беріледі);
6) жеке тұлғалардың депозиттерін аудару туралы шарттың және жеке тұлғалардың депозиттерін басқа банкке немесе Қазақстан Республикасы бейрезиденті-банкінің филиалына қабылдау-өткізу актісінің электрондық көшірмесі (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға қайта ұйымдастыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат алған жағдайда қоса беріледі).
Банкті ислам банкіне айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті алушының акционерлері өтінішке қол қоюға уәкілеттік берген адамның ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанында Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша банкті ислам банкіне айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру туралы өтініш;
2) банк акционерлері жалпы жиналысының банкті ислам банкіне айналдыру туралы шешім қабылданған жалпы жиналысының шешімі;
3) Банктер туралы заңның 110-бабының талаптарына сәйкес келетін банкті ислам банкіне айналдыру жөніндегі іс-шаралар жоспары;
4) уәкілетті органның тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесіне қойылатын талаптарына сәйкес келетін исламдық банк операцияларын дамытудың алдағы үш жылға арналған стратегиясының көшірмесі;
5) қаржылық орнықтылықты қалпына келтіру жоспары.

11.

Мемлекеттік қызметті жəне оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер

Банкті (банк холдингін) ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту негіздері:
1) қайта ұйымдастырылатын банктердің (банк холдингтерінің) жоғары органдарының тиісті шешімдерінің болмауы;
2) болжанған қайта ұйымдастыру нәтижесінде депозиторлар мүдделерінің бұзылуы;
3) болжанған қайта ұйымдастыру нәтижесінде пруденциялық нормативтердің және (немесе) уәкілетті орган белгілеген лимиттердің, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген маркропруденциялық нормативтердің және (немесе) лимиттердің бұзылуы;
4) болжанған қайта ұйымдастыру нәтижесінде Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасы талаптарының бұзылуы.
Банкті ислам банкіне айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту негіздері:
1) уәкілетті органның ұсынылған құжаттар бойынша ескертулерін ол белгілеген мерзімде жоймауы;
2) банкті ислам банкіне айналдыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының Банктер туралы заңның 110-бабында көзделген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) исламдық банк операцияларын дамыту стратегиясының уәкілетті органның тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесіне қойылатын талаптарына сәйкес келмеуі;
4) банкті ислам банкіне айналдыру салдарларының қаржылық болжамы банкті ислам банкіне айналдыру салдарынан банктің қаржылық жай-күйінің нашарлауын болжайды;
5) банктің және (немесе) банк конгломератының пруденциялық нормативтерді және (немесе) лимиттерді бұзуы және (немесе) банкте банкті ислам банкіне айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру туралы өтініш берілген күннің алдындағы қатарынан күнтізбелік үш ай ішінде "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының кодексі 213-бабының алтыншы және сегізінші бөліктерінде, 227-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық үшін әкімшілік жазаның болуы;
6) банкті ислам банкіне болжанған айналдыру нәтижесінде банк депозиторларының және банктің өзге де кредиторларының мүдделерінің бұзылуы.

12.

Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтердің ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де талаптар

Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің ресми интернет-ресурсында орналастырылған.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы "жеке кабинеті" арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары көрсетілетін қызметті берушінің ресми интернет-ресурсында орналастырылған.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

  Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қаржы ұйымдарының қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін қаулыларының тізбесіне
  26-қосымша
  Банкті (банк холдингін) ерікті
  түрде қайта ұйымдастыруға
  рұқсат беру не рұқсат беруден
  бас тарту, оның ішінде банкті
  банк операцияларының
  жекелеген түрлерін жүзеге
  асыратын ұйым ретінде ерікті
  түрде қайта құру шарттары не
  банкті ислам банкіне
  айналдыруға рұқсат беру және
  рұқсат беруден бас тарту, банкті
  ерікті түрде таратуға рұқсат
  беру, Қазақстан
  Республикасының бейрезидент-
  банкі филиалының қызметін
  ерікті түрде тоқтатуға рұқсат
  беру қағидалары, сондай-ақ
  жеке тұлғалардың депозиттерін
  қайтару, оларды басқа банкке
  немесе Қазақстан Республикасы
  бейрезидент-банкінің
  филиалына аудару тәртібіне
  5-қосымша

"Банкті ерікті түрде таратуға, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының қызметін ерікті түрде тоқтатуға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі

1.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы

Банкті ерікті түрде таратуға, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының қызметін ерікті түрде тоқтатуға рұқсат беру

2.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрлерінің (бар болса) атауы

Банкті ерікті түрде таратуға рұқсат беру; Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының қызметін ерікті түрде тоқтатуға рұқсат беру.

3.

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – уәкілетті орган)

4.

Мемлекеттік қызметті жəне оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету тәсілдері

"Цифрлық үкімет" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы.

5.

Мемлекеттік қызметті жəне оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзімі

Порталға өтініш берген күннен бастап 2 (екі) ай ішінде.
Аталған мерзім "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-2-бабында көзделген жағдайларда тоқтатыла тұрады.

6.

Мемлекеттік қызметті жəне оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нысаны

Электрондық (ішінара цифрландырылған)

7.

Мемлекеттік қызметті жəне оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесі

Банкті ерікті түрде таратуға, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының қызметін ерікті түрде тоқтатуға рұқсат беру туралы хабарлама немесе көрсетілетін қызметті беруші Басқармасы қаулысының көшірмесін қоса бере отырып, мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Қызметті көрсету нәтижесінің нысаны: электрондық

8.

Мемлекеттік қызметті жəне оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін

9.

Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектісінің жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі - жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;
2) порталдың – жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты болатын техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін жіберу келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

10.

Мемлекеттік қызметті жəне оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Банкті ерікті түрде таратуға рұқсат алу үшін көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде:
1) банктің акционерлері өтінішхатқа қол қоюға уәкілеттік берген адамның электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша банкті ерікті түрде таратуға рұқсат беру туралы өтінішхат;
2) таратудың себептерін және өтінішхатты беруге уәкілетті тұлғаны міндетті түрде көрсете отырып, акционерлердің жалпы жиналысының банкті ерікті түрде тарату туралы шешімінің электрондық көшірмесі;
3) Банктер туралы заңның 117-бабының 1-тармағының 117-бабының 1-тармағының екінші бөлігінің талаптарын сақтай отырып, жеке тұлғалардың депозиттерін аудару туралы шарттың және депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылатын басқа банкке немесе Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің филиалына жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдау-өткізу актісінің электрондық көшірмесі.
Көрсетілетін қызметті алушы жеке тұлғалардың депозиттерін оларды тікелей төлеу арқылы қайтарған жағдайда көрсетілген құжаттар ұсынылмайды. Көрсетілген жағдайда уәкілетті органға жеке тұлғалардың депозиттері бойынша ақшаның тікелей төленгенін растайтын электрондық құжат ұсынылады;
4) акционерлердің жалпы жиналысында бекітілген банктің өз қызметін тоқтату мерзімі мен дайындық кезеңдері (таратудың негізгі іс-шаралар жоспары) көрсетілген іс-шаралар тізбесінің электрондық көшірмесі;
5) өз міндеттемелері бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыру үшін банк қаражатының жеткіліктілігін куәландыратын, банктердің аудитін жүргізуге өкілетті тәуелсіз аудиторлық ұйым куәландырған соңғы есеп беру күніне жасалған баланстық есептің электрондық көшірмесі;
6) тәуелсіз бағалаушы жүргізген, банк активтерінің құнын бағалау жөніндегі есептің электрондық көшірмесі.
Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының қызметін ерікті түрде тоқтатуға рұқсат алу үшін көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде:
1) өтінішхатқа қол қоюға уәкілеттік берген адамның ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының қызметін ерікті түрде тоқтатуға рұқсат беру туралы өтінішхат;
2) қызметін тоқтатудың себептерін және өтінішхатты беруге уәкілетті тұлғаны міндетті түрде көрсете отырып, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының қызметін ерікті түрде тоқтату туралы Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің тиісті органының шешімінің электрондық көшірмесі;
3) Банктер туралы заңның 129-бабының 1-тармағының екінші бөлігінің талаптарын сақтай отырып, жеке тұлғалардың депозиттерін аудару туралы шарттың және депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылатын басқа банкке немесе Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің филиалына жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдау-өткізу актісінің электрондық көшірмесі.
Көрсетілетін қызметті алушы жеке тұлғалардың депозиттерін оларды тікелей төлеу арқылы қайтарған жағдайда көрсетілген құжаттар ұсынылмайды. Көрсетілген жағдайда уәкілетті органға жеке тұлғалардың депозиттері бойынша ақшаның тікелей төленгенін растайтын электрондық құжат ұсынылады;
4) Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің шешімімен бекітілген Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының өз қызметін тоқтату мерзімі мен дайындық кезеңдері (Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының қызметін тоқтатудың негізгі іс-шаралар жоспары) көрсетілген іс-шаралар тізбесінің электрондық көшірмесі;
5) Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының оның міндеттемелері бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыру үшін қаражатының жеткіліктілігін куәландыратын активтер мен міндеттемелер туралы, соңғы есепті күнгі жағдай бойынша жасалған, банктердің аудитін жүргізуге құқылы тәуелсіз аудиторлық ұйым растаған есептің электрондық көшірмесі;
6) Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің филиалы активтерінің құнын бағалау туралы, тәуелсіз бағалаушы жүргізген есептің электрондық көшірмесі.
Шет тілінде ұсынылған құжаттар қазақ және орыс тілдеріне аударылады және Қазақстан Республикасының нотариат туралы заңнамасына сәйкес нотариаттың куәландыруына жатады.

11.

Мемлекеттік қызметті жəне оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер

1) ұсынылған құжаттардың толық болмауы немесе тиісінше ресімделмеуі;
2) өз міндеттемелері бойынша есеп айырысу үшін Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің филиалы қаражатының жеткілікті болмауы;
3) жеке тұлғалардың депозиттерін тікелей төлем жасау арқылы қайтару не оларды депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысушылар болып табылатын басқа банкке немесе Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің филиалына аудару шараларын қабылдамауы.

12.

Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтердің ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де талаптар

Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің ресми интернет-ресурсында орналастырылған.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы "жеке кабинеті" арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары көрсетілетін қызметті берушінің ресми интернет-ресурсында орналастырылған.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады