ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 31 мамырдағы № 192 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32659 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі 190-бабының 4-тармағына және "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау және төлеу қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау және төлеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 190-бабының 4-тармағына және "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау және төлеу тәртібін айқындайды.";
2-тармақта:
7) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 10-1) тармақшамен толықтырылсын:
"10-1) Отбасының цифрлық картасы - әлеуметтік-еңбек саласы платформасында іске асырылған, "цифрлық үкімет" платформасынан және мемлекеттік органдардың цифрлық жүйелерінен алынатын деректер негізінде адамдардың (отбасылардың), отбасы мүшелерінің, үй шаруашылығының тізімдерін қалыптастыруды және оларды әлеуметтік саламаттылық деңгейі бойынша бөлуді қамтамасыз ететін талдамалық шешім;";
4-тармақта:
екінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
"Жәрдемақы тағайындау үшін өтініш беруші Мемлекеттік корпорацияға немесе портал арқылы (мемлекеттік қызметті көрсетудің мәртебесі туралы ақпарат алу үшін) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 10-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып ұсынады.
Кодекстің 190-бабының 3-тармағының 2-1), 6) және 8) тармақшаларында көрсетілген, егер олар Кодекстің 207-бабының 1-тармағына сәйкес жасына байланысты зейнетақы алушылар болып табылмайтын адамдар болса Мемлекеттік корпорацияға немесе портал арқылы (мемлекеттік қызметті көрсетудің мәртебесі туралы ақпарат алу үшін) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 10-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып ұсынады.";
төртінші, бесінші және алтыншы бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік корпорацияның қызметкері егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметті көрсеткен кезде цифрлық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша немесе электрондық келісімін алады.
Өтініш беруші талап етілген құжаттарды ұсынғанда өтініш берушіге:
Мемлекеттік корпорацияда – тиісті құжаттардың қабылдағаны туралы қолхат;
портал арқылы – өтініш берушінің "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы статус көрінеді.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі Мемлекеттік корпорацияның жұмыс кестесіне сәйкес өзінің жеке басын куәландыратын құжатты (немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжатты) немесе тиісті өкілеттігі көрсетілетін, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес берілген құжат негізінде әрекет ететін оның өкілін куәландыратын құжатты көрсеткен кезде беріледі.";
сегізінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Кодекстің 190-бабы 3-тармағының 8) тармақшасында көрсетілген "Халық қаһарманы" атағына ие болған адамдарға және "Қазақстанның Еңбек Ері" атағына ие болған адамдарға жәрдемақыны проактивті қызмет арқылы тағайындау порталда алушының ұялы байланысы абоненттік құрылғысының телефон нөмірі тіркелген кезде алушының өтінішінсіз жүзеге асырылады.";
тоғызыншы бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Кодексте көзделген негіздер бойынша жәрдемақыны тағайындауға құқық пайда болған кезде көрсетілетін қызметті алушыға порталда тіркелген телефон нөміріне Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің "Е-макет" автоматтандырылған цифрлық жүйесі (бұдан әрі – "Е-макет" АЦЖ) арқылы жәрдемақыны тағайындау және тіл таңдау мүмкіндігі туралы хабарлама жіберіледі.";
5-тармақтың бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Кодекстің 190-бабы 3-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген адамдарға жәрдемақы тағайындау үшін мемлекеттік органдардан және (немесе) ұйымдардан осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес мәліметтер сұратылады.
Мәліметтер болмаған жағдайда, өтінішке осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 10-тармағында көрсетілген құжаттар қоса беріледі.";
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Өтініш беруші жәрдемақы тағайындау үшін Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесіне жүгінген кезде жәрдемақы тағайындауға үміткер, оларды алып жүрген, сондай-ақ оларды қайта тағайындауға жүгінген Кодекстің 190-бабының 3-тармағының 2-1), 6) және 8) тармақшаларында көрсетілген адамдар, егер олар Кодекстің 207-бабының 1-тармағына сәйкес жасына байланысты зейнетақы алушылар болып табылмаса, отбасы мүшелері, үй шаруашылықтары Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын мерзімдер мен тәртіпте дербес деректерді, оның ішінде банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жинауға, өңдеуге, тексеруге, өзектендіруге және беруге, сондай-ақ мемлекеттік қатысуы бар кредиттік бюродан кредиттер бойынша берешек сомасы, кредиттер бойынша мерзімдік (ай сайынғы) төлем, мерзімі өткен және (немесе) қалдық берешек сомасы туралы мәліметтерді алуға келісім береді.
Адамның (отбасының), отбасы мүшелерінің, үй шаруашылығының осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген келісімнің болмауы жәрдемақыны төлеуді тоқтата тұру шарты болып табылады.
Жәрдемақы тағайындауға өтінішті қабылдаудан бас тартуға:
1) жәрдемақы тағайындау, төлеу немесе тағайындауға өтініш беру фактілерін растайтын мәліметтерді уәкілетті мемлекеттік органның цифрлық жүйесінен алу;
2) өтініш берушінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды және (немесе) жәрдемақы тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдану күніне қолданылу мерзімі өтетін құжаттарды ұсынуы;
3) жеке басын куәландыратын құжат бойынша мәліметтердің (мемлекеттік цифрлық жүйелерден алынған мәліметтермен расталатын, оны Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ауыстырудан басқа) оны тағайындау үшін қажетті құжаттарға сәйкес келмеуі;
4) жәрдемақы тағайындау құқығының болмауы;
5) өтініш берушінің жәрдемақы тағайындау үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімінің болмауы негіз болып табылады.";
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Өтінішті қабылдаған Мемлекеттік корпорация бөлімшесінің маманы өтініш берушіден жәрдемақы тағайындау үшін қабылданатын құжаттар топтамасының, мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың цифрлық жүйелерінен алынған мәліметтердің толықтығын тексереді, сканерлеу сапасын және құжаттардың электрондық көшірмелерінің өтініш беруші осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне сай ұсынған тұпнұсқаларына сәйкестігін қамтамасыз етеді.
Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған өтініште және (немесе) құжаттарда қателер немесе дәлсіздіктер анықталған, олардың нысаны мен мазмұны бойынша талаптарға сәйкес келмеген жағдайларда, Мемлекеттік корпорация бөлімшесінің маманы анықталған кемшіліктерді өтініш қабылданған күннен бастап екі жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жою үшін өтінішті цифрлық күту парағы арқылы қабылдайды және осы Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үрдісінің тоқтатыла тұрғаны туралы хабарлама жібереді, ол мерзім мемлекеттік қызмет көрсетудің жалпы мерзіміне кірмейді.
Осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген негіз бойынша, көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттар (оның ішінде түпнұсқалар) көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) Мемлекеттік корпорацияның сақтауына қабылданбай, көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылуға тиіс, бұған өтініш және (немесе) құжаттар портал, стационарлық абоненттік құрылғы, ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы, сондай-ақ орталық мемлекеттік органдар айқындаған өзге де цифрлық объектілер арқылы берілген жағдайлар кірмейді.
Көрсетілетін қызметті алушы анықталған кемшіліктер тоқтата тұру мерзімі шегінде жойылғаннан кейін құжаттарды қайта ұсынады.
Кемшіліктер жойылған жағдайда мемлекеттік қызметті алуға өтінішті және (немесе) құжаттарды қабылдау күні болып көрсетілетін қызметті алушының бастапқы жүгінген күні есептеледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің өтуі анықталған кемшіліктер жойылған сәттен бастап қайта басталады.
Анықталған кемшіліктер белгіленген мерзімде жойылмаған жағдайда Мемлекеттік корпорация бөлімшесінің маманы осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
Құжаттардың электрондық көшірмелері Мемлекеттік корпорация бөлімшесі маманының ЭЦҚ-сымен расталады, содан кейін өтініш беруші ұсынған түпнұсқа құжаттар мен өтініш өтініш берушіге қайтарылады.";
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті орган осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 11-тармағымен көзделген негіздер бойынша жәрдемақыны тағайындаудан бас тартады.";
10-тармақ алып тасталсын;
12-тармақта:
үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Бұл ретте, уәкілетті мемлекеттік органның цифрлық жүйесі:
осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың цифрлық жүйелеріне осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде көзделген қажетті мәліметтерді алу туралы сұрау салуды;
Кодекстің 190-бабының 3-тармағының 2-1), 6) және 8) тармақшаларында көрсетілген, егер олар Кодекстің 207-бабының 1-тармағына сәйкес жасына байланысты зейнетақы алушылар болып табылмайтын адамдар болса осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес әлеуметтік саламаттылық деңгейін айқындау үшін Отбасының цифрлық картасына сұрау салу;
жәрдемақыларды тағайындау, төлеу, сондай-ақ жәрдемақы тағайындауға өтініш беру фактілерінің болмауын тексеруді жүзеге асырады.";
алтыншы, жетінші, сегізінші және тоғызыншы бөліктері алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы он бірінші және он екінші бөліктермен толықтырылсын:
"Проактивті форматта жәрдемақыны тағайындауды қарауға уәкілетті мемлекеттік орган Ұлттық Банктің келісімі бойынша айқындаған мерзімдер мен тәртіппен цифрлық жүйелерде қамтылған банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді, сондай-ақ мемлекеттік қатысуы бар кредиттік бюродан алынатын кредиттер бойынша берешек сомасы, кредиттер бойынша мерзімдік (ай сайынғы) төлем, мерзімі өткен және (немесе) кредиттер бойынша қалдық сомасы туралы мәліметтерді қоса алғанда дербес деректерді жинауға, өңдеуге, тексеруге, өзектендіруге және беруге адамның (отбасының) отбасының кәмелетке толған мүшелерінің, үй шаруашылығының берген келісімі негіз болып табылады.
Егер SMS-хабарлама жіберілгеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде проактивті қызмет көрсетуге келісім, сондай-ақ жәрдемақы тағайындау үшін қажетті өзге де мәліметтер қызмет алушыдан және отбасының кәмелетке толған барлық мүшелерінен, оның ішінде қолжетімділігі шектеулі мәліметтерді қоса алғанда, алынбаса, жәрдемақы тағайындауға өтінішті проактивті тәртіппен қарау тоқтатылады.";
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"14. Мемлекеттік корпорациядан құжаттарды алғаннан кейін жәрдемақыны тағайындау жөніндегі уәкілетті орган бөлімінің (басқармасының) жәрдемақы тағайындау функциясын жүзеге асыратын маманы екі жұмыс күні ішінде:
Мемлекеттік корпорация филиалынан келіп түскен электрондық шешім жобасы бар ЭІМ-ді қарайды (есептеудің дұрыстығын, сканерленген құжаттардың сапасын тексереді);
ЭІМ осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне толық сәйкес келгенде жәрдемақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім жобасын ЭЦҚ арқылы куәландырады;
жәрдемақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы электрондық шешім жобасы бар ЭІМ-ді автоматты режимде жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті орган бөлімінің (басқармасының) бастығына (басшысына) жібереді.
Жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті орган бөлімі маманының ЭЦҚ-сымен куәландырылған жәрдемақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы электрондық шешім жобасы бар ЭІМ мемлекеттік қызметті көрсету бойынша осы кезеңдегі рәсімнің нәтижесі болып табылады.
Жәрдемақы тағайындау жөніндегі функцияны жүзеге асыратын жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті орган бөлімінің (басқармасының) бастығы (басшысы) бір жұмыс күні ішінде:
тиісті функцияны жүзеге асыратын бөлім (басқарма) маманынан келіп түскен электрондық шешімнің жобасы бар ЭІМ-ді қарайды (есептеудің дұрыстығын, сканерленген құжаттардың сапасын тексереді);
ЭІМ осы Қағидаларға толық сәйкес келсе, жәрдемақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім жобасын ЭЦҚ арқылы куәландырады;
жәрдемақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы электрондық шешім жобасы бар ЭІМ-ді автоматты режимде жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті органның басшысына жібереді.
Жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті органның бөлімі (басқармасы) бастығының (басшысының) ЭЦҚ-сымен куәландырылған жәрдемақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы электрондық шешім жобасы бар ЭІМ мемлекеттік қызметті көрсету бойынша осы кезеңдегі рәсімнің нәтижесі болып табылады.
Жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті органның басшысы бір жұмыс күні ішінде:
тиісті функцияны жүзеге асыратын бөлім (басқарма) бастығынан (басшысынан) келіп түскен электрондық шешім жобасы бар ЭІМ-ді қарайды (есептеудің дұрыстығын, сканерленген құжаттардың сапасын тексереді);
ЭІМ мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне толық сәйкес келгенде жәрдемақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешімді ЭЦҚ арқылы қабылдайды;
қабылданған шешімді автоматты режимде Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесіне жібереді.
ЭЦҚ-мен куәландырылған кезде жәрдемақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарлама Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесіне автоматты түрде жіберіледі.
Жәрдемақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдау және қабылданған шешімді автоматты режимде төлеуге жіберу мемлекеттік қызмет көрсету бойынша осы кезеңдегі рәсімнің нәтижесі болып табылады.
Жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті орган келіп түскен ЭІМ-ді төрт жұмыс күні ішінде қарайды және осы Қағидаларға 14-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жәрдемақыны тағайындау (өзгерту, қалпына келтіру, тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдайды.";
16-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"16. Жәрдемақы тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылданғанда, жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті орган шешімде осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес бас тарту негіздемесін көрсетеді.";
21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"21. Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі осы Қағидаларға 24-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті органның төлемді тоқтата тұру туралы шешімінің негізінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 5 қазандағы № 870 қаулысымен бекітілген Жәрдемақы тағайындау, төлеуді тоқтата тұру, қайта бастау және тоқтату шарттары, сондай-ақ жерлеуге арналған біржолғы төлемді тағайындау шарттарының (бұдан әрі – Шарттар) 29-тармағында көрсетілген шарттардың туындауы туралы мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап жәрдемақы төлемін тоқтата тұрады.
Кодекстің 190-бабы 3-тармағының 2-1), 6) және 8) тармақшаларында санамаланған адамдарға, егер олар Кодекстің 207-бабының 1-тармағына сәйкес жасына байланысты зейнетақы алушылар болып табылмайтын адамдар болса, Шарттардың 4 және 6-тармақтарында көрсетілген шарттардың туындауы туралы мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап жәрдемақы төлемі тоқтатыла тұрады.";
мынадай мазмұндағы 21-1-тармақпен толықтырылсын:
"21-1. Жәрдемақыны төлеу Шарттардың 30-тармағына сәйкес қайта басталады.
Кодекстің 190-бабы 3-тармағының 2-1), 6) және 8) тармақшаларында санамаланған адамдарға, егер олар Кодекстің 207-бабы 1-тармағына сәйкес жасына байланысты зейнетақы алушылар болып табылмайтын адамдар болса, жәрдемақы төлемі Шарттардың 5-тармағына сәйкес қайта басталады.";
22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"22. Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі осы Қағидаларға 25-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті органның төлемді тоқтату туралы шешімінің негізінде оны тағайындау үшін негіздер жойылған немесе алушы қайтыс болған жағдайда, оның ішінде "Жеке тұлғалардың мемлекеттік дерекқоры" цифрлық жүйесінен алынған мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап жәрдемақы төлеуді тоқтатады.";
мынадай мазмұндағы 24-1-тармақпен толықтырылсын:
"24-1. Кодекстің 190-бабы 3-тармағының 2-1), 6) және 8) тармақшаларында көрсетілген, егер олар Кодекстің 207-бабының 1-тармағына сәйкес жасына байланысты зейнетақы алушылар болып табылмаса, жәрдемақы алушылар болып табылатын адамдар отбасыларының саламаттылық деңгейі туралы мәліметтер Отбасының цифрлық картасынан "Е-макет" АЦЖ-ға әрбір кейінгі айдың 25 (жиырма бесінші) күні ай сайын беріледі.
"Е-макет" АЦЖ Отбасының цифрлық картасынан алынған мәліметтер негізінде 1 (бір) жұмыс күні ішінде жәрдемақы алушының әлеуметтік саламаттылық деңгейін көрсетіп, тиісті деңгейлерге жатқызылған адамдар (отбасылар, үй шаруашылықтары) тізімін қалыптастырады.
Жәрдемақы алушы "А" немесе "В" саламаттылық деңгейіне жатқызылған жағдайда, жәрдемақы төлеу Отбасының цифрлық картасындағы әлеуметтік саламаттылық деңгейі өзгерген айдан кейінгі айдың 1 (бірінші) күнінен бастап тоқтатыла тұрады.
Төлемі тоқтатыла тұрған алушыға "Е-макет" АЦЖ Отбасының цифрлық картасынан саламаттылық деңгейінің өзгеруі туралы мәліметтер түскен сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 13-қосымшасына сәйкес жәрдемақы төлемінің тоқтатыла тұрғаны туралы хабарламаны және (немесе) хабарламаның толық мәтіні бар хатты бір уақытта:
1) порталдағы жеке кабинетке;
2) "цифрлық үкіметтің" мобильді қосымшасына;
3) ұялы байланыс абоненттік құрылғысына;
4) екінші деңгейдегі банктердің қосымшаларына жібереді.
Өтініш беруші отбасының саламаттылық деңгейі туралы мәліметтермен порталда орналасқан жеке кабинеті арқылы танысады.";
мынадай мазмұндағы 24-2-тармақпен толықтырылсын:
"24-2. Жәрдемақы алушы жәрдемақыны алудан ерікті түрде бас тарта алады.
Жәрдемақыдан ерікті түрде бас тарту үшін жәрдемақы алушы жәрдемақыны тағайындау жөніндегі уәкілетті органға Мемлекеттік корпорация арқылы немесе порталдағы "жеке кабинет" арқылы осы Қағидаларға 21-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішпен жүгінеді.
Ерікті түрде бас тарту өтініш тіркелгеннен кейінгі айдың бірінші күнінен бастап жәрдемақы төлемін тоқтатуға негіз болып табылады.
Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі уәкілетті органның жәрдемақы төлемін тоқтату туралы шешімі негізінде жәрдемақы төлемін осы Қағидаларға 25-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тоқтатады.
Жәрдемақы алудан ерікті түрде бас тарту тұлғаны (отбасын), отбасы мүшелерін, үй шаруашылығын жәрдемақыны қайта тағайындау үшін қайта жүгіну мүмкіндігінен айырмайды.
Бұл ретте жәрдемақы төлеу жүгінген күннен бастап жүргізіледі.";
көрсетілген Қағидаларға 2-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Қағидаларға 3-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Қағидаларға 4-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Қағидаларға 10-қосымша осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Қағидаларға 13-қосымша осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Қағидалар осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес 21-1-қосымшамен толықтырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік көмек департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы тармақтың 1) және 2) тармақшалары орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне олардың орындалуы туралы ақпаратты ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілетін осы бұйрықтың 1-тармағының он бесінші, он алтыншы, он жетінші, он сегізінші, он тоғызыншы, жиырмасыншы, жиырма үшінші, жиырма төртінші, отыз жетінші, отыз сегізінші, отыз тоғызыншы, қырқыншы, қырық бірінші, қырық екінші, қырық үшінші, қырық төртінші, қырық бесінші, қырық тоғызыншы, елуінші, елу бірінші, елу екінші, елу төртінші, елу бесінші, елу тоғызыншы, алпысыншы, алпыс бірінші, алпыс екінші, алпыс үшінші, алпыс төртінші, алпыс бесінші, алпыс алтыншы, алпыс жетінші, алпыс сегізінші, алпыс тоғызыншы, жетпісінші, жетпіс бірінші, жетпіс екінші, жетпіс үшінші, жетпіс төртінші, жетпіс бесінші, жетпіс алтыншы, жүз жетінші, жүз сегізінші абзацтарын қоспағанда, 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізіледі.
"Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 31 мамырдағы № 192 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32659 болып тіркелген) бекітілген Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау және төлеу қағидаларына 3-қосымшаның реттік нөмірі 5 және 11-жолдары 2027 жылғы 1 қаңтарға дейін мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
"
5
|
Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзімі
|
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1) көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорацияға немесе проактивті қызмет арқылы жүгінген кезде – өтініштерді тіркеудің электрондық журналдарында құжаттардың топтамасын тіркеген сәттен бастап – 8 (сегіз) жұмыс күні;
2) құжаттардың топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты Мемлекеттік корпорацияда – 15 минут, көрсетілетін қызметті берушіде – күту үшін уақыт талап етілмейді;
3) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты Мемлекеттік корпорацияда – 20 минут, көрсетілетін қызметті берушіде – 30 минут.
|
";
"
11
|
Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер
|
1) арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындауға растайтын құжаттарды ұсынбау;
2) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
3) өтініш берушінің және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған құжаттардың, деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
4) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы;
5) "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-2-бабы 2-тармағының 4) тармақшасында көзделген негіз бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтата тұру мерзімі өткеннен кейін анықталған кемшіліктердің жойылмауы.
|
".
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі
|
А. Ертаев
|
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі
| |
Қазақстан Республикасы |
| |
Еңбек және халықты |
| |
әлеуметтік қорғау министрі |
| |
2026 жылғы 14 қазандағы |
| |
№ 404 |
| |
Бұйрыққа 1-қосымша |
| |
Арнаулы мемлекеттік |
| |
жәрдемақы тағайындау |
| |
және төлеу қағидаларына |
| |
2-қосымша |
| |
Нысан |
| |
Ауданның коды ______________ |
| |
Қазақстан Республикасы |
| |
Халықты әлеуметтік қорғау |
| |
саласындағы реттеу және |
| |
бақылау комитетінің |
| |
___________________ облысы |
| |
(қаласы) |
| |
бойынша департаменті |
Өтініш
Азамат (ша) _____________________________________________________
________________________________________________________________
(өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда))
Туған күні _____ жылғы "__" ___________, мынадай мекенжай бойынша тұратын:
_______________________________________________________________
Жеке шотының № _______________________________________________
Банктің атауы __________________________________________________
Жеке сәйкестендіру нөмірі _______________________________________
Жеке куәлігінің (паспортының) деректері: № _______________________
кім берген ____________________, берілген күні ____________________
Маған ________________________________________________________
_____________________________________________________________
(санатын көрсету) ретінде арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындауды сұраймын.
Жасына байланысты зейнетақы, мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы, мемлекеттік арнайы жәрдемақы (керектісінің астын сызу) аламын.
Сіз арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны өзге негіздер бойынша аласыз ба
______________________________________________________________
(иә, жоқ; алатын болсаңыз, қандай негіз бойынша екенін көрсету)
Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау үшін қажетті менің дербес деректерімді Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын мерзімдер мен тәртіпте дербес деректерді, оның ішінде банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді, сондай-ақ мемлекеттік қатысуы бар кредиттік бюродан кредиттер бойынша берешек сомасы, кредиттер бойынша мерзімдік (ай сайынғы) төлем, мерзімі өткен және (немесе) қалдық берешек сомасы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасының заңнамасында жол берілетін кез келген тәсілмен жинауға, өңдеуге, сақтауға, пайдалануға, тексеруге, жаңартып отыруға және беруге келісім беремін.
Цифрлық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.
Жәрдемақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдау жөнінде ұялы телефонға sms-хабар жіберу арқылы хабардар етуге келісім беремін.
Төленетін жәрдемақының тоқтатылуына, тоқтатыла тұруына, мөлшерінің өзгеруіне әкеп соғатын барлық өзгерістер туралы, сондай-ақ тұрғылықты жерімнің (оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерге шығу), анкеталық деректерімнің, банктік реквизиттерімнің өзгеруі туралы Мемлекеттік корпорация бөлімшесіне он жұмыс күні ішінде хабарлауға міндеттенемін.
Мемлекеттік бюджеттен және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақыларды және (немесе) әлеуметтік төлемдерді есептеу үшін жеке банк шоты және (немесе) электрондық ақшаның электрондық әмияны ашылғанда, осы шоттағы ақшаны, оның ішінде электрондық әмияндарындағы электрондық ақшаны үшінші тұлғалардың өндіріп алуына жол берілмейді.
Өтініш беруші Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесіне ұсынылған құжаттардың түпнұсқалығын қамтамасыз етеді.
Өтініш берушінің байланыс деректері:
үй телефоны __________ ұялы ___________ Е-маіl ___________________
20___ жыл "___" ____________
Өтініш берушінің қолы __________________________________________
Азамат (ша) ___________________________________________________
өтініші 20___ жылғы "___" ____________ № ___________ қабылданды.
Құжаттарды қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), лауазымы және қолы
______________________________________________________________
______________________________________________________________
Өтінішке қоса берілген құжаттардың тізбесі:
№ р/с
|
Құжаттың атауы
|
Құжаттағы парақтар саны
|
Ескертпе
|
|
|
|
|
| |
Қазақстан Республикасы |
| |
Еңбек және халықты |
| |
әлеуметтік қорғау министрі |
| |
2026 жылғы 14 қазандағы |
| |
№ 404 |
| |
Бұйрыққа 2-қосымша |
| |
Арнаулы мемлекеттік |
| |
жәрдемақы тағайындау және |
| |
төлеу қағидаларына |
| |
3-қосымша |
"Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі
1
|
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы
|
Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау
|
2
|
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің (бар болса) атауы
|
1. Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау;
2. Жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген адамдарға арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау;
3. Жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген адамдарға арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау;
4. Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) жауынгерлердің екінші рет некеге тұрмаған жесірлеріне арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау;
5. Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан қайтыс болған мүгедектігі бар адамның немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген қайтыс болған адамның екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығуы, жұмыста мертігуі және басқа да себептер (құқыққа қарсы келетіндерді қоспағанда) салдарынан болған мүгедектігі бар адам деп танылған, қайтыс болған Ұлы Отан соғысы қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушінің, "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына) арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау;
6. Кеңес Одағының Батырлары, Социалистік Еңбек Ерлері, үш дәрежелі Еңбек Даңқы орденінің иегерлеріне арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау;
7. Қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау;
8. Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау;
9. 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдарға арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау;
10. 1988-1989 жылдары Чернобыль АЭС-ындағы апаттың салдарларын жоюға қатысушылардың қоныс аудару күні құрсақта болған балаларын қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймақтарынан Қазақстан Республикасына қоныстанғандардың (өз еркімен кеткендердің) қатарындағы адамдарға арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау;
11. Саяси қуғын-сүргін құрбандары, мүгедектігі бар немесе зейнеткер болып табылатын саяси қуғын-сүргіндерден зардап шеккен адамдарға арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау;
12. "Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы" құрметті атағына ие болған адамдарға арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау;
13. "Халық қаһарманы" атағына ие болған адамдарға арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау;
14. "Қазақстанның Еңбек Ері" атағына ие болған адамдарға арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау;
15. Басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау.
|
3
|
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы
|
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелері
|
4
|
Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету тәсілдері
|
1) Мемлекеттік корпорация арқылы: барлық кіші түрлер;
2) "цифрлық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы – барлық кіші түрлер (мемлекеттік қызметті көрсетудің мәртебесі туралы ақпарат алу үшін);
3) ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы:
"Халық қаһарманы" атағына ие болған адамдарға арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау;
"Қазақстанның Еңбек Ері" атағына ие болған адамдарға арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау.
|
5
|
Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзімі
|
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1) көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорацияға немесе проактивті қызмет арқылы жүгінген кезде – өтініштерді тіркеудің электрондық журналдарында құжаттардың топтамасын тіркеген сәттен бастап – 8 (сегіз) жұмыс күні;
2) құжаттардың топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты Мемлекеттік корпорацияда – 15 минут, көрсетілетін қызметті берушіде – күту үшін уақыт талап етілмейді;
3) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты Мемлекеттік корпорацияда – 20 минут, көрсетілетін қызметті берушіде – 30 минут.
|
6
|
Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нысаны
|
Электрондық (ішінара цифрландырылған)/ қағаз түрінде/ проактивті:
"Халық қаһарманы" атағына ие болған адамдарға арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау;
"Қазақстанның Еңбек Ері" атағына ие болған адамдарға арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау.
Электрондық (ішінара цифрландырылған)/ қағаз түрінде:
Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау;
жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген адамдарға арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау;
жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген адамдарға арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау;
Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) жауынгерлердің екінші рет некеге тұрмаған жесірлеріне арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау;
Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан қайтыс болған мүгедектігі бар адамның немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген қайтыс болған адамның екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығуы, жұмыста мертігуі және басқа да себептер (құқыққа қарсы келетіндерді қоспағанда) салдарынан болған мүгедектігі бар адам деп танылған, қайтыс болған Ұлы Отан соғысы қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушінің, "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына) арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау;
Кеңес Одағының Батырлары, Социалистік Еңбек Ерлері, үш дәрежелі Еңбек Даңқы орденінің иегерлеріне арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау;
қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау;
Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау;
1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдарға арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау;
1988-1989 жылдары Чернобыль АЭС-ындағы апаттың салдарларын жоюға қатысушылардың қоныс аудару күні құрсақта болған балаларын қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймақтарынан Қазақстан Республикасына қоныстанғандардың (өз еркімен кеткендердің) қатарындағы адамдарға арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау;
саяси қуғын-сүргін құрбандары, мүгедектігі бар немесе зейнеткер болып табылатын саяси қуғын-сүргіндерден зардап шеккен адамдарға арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау;
"Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы" құрметті атағына ие болған адамдарға арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау;
басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау.
|
7
|
Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесі
|
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:
жәрдемақыны тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарлама.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны:
электрондық және (немесе) қағаз түрінде.
Порталда жәрдемақыны тағайындау туралы ақпарат өтініш берушінің "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
Мемлекеттік корпорация көрсетілетін қызметті алушының мобильді телефонына sms-хабар жіберу арқылы көрсетілетін қызметті алушыны қабылданған шешім туралы хабардар етеді.
Проактивті қызмет арқылы қызмет көрсетілгенде қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының мобильді телефонына sms-хабар жіберу арқылы ұсынылады.
|
8
|
Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері
|
Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
|
9
|
Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және цифрлық объектілерінің жұмыс графигі
|
Жұмыс кестесі:
1) Мемлекеттік корпорацияда – өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің дайын нәтижелерін беру Мемлекеттік корпорация арқылы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мерекелік күндерден басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда үзіліссіз сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, Мемлекеттік корпорацияның халыққа қызмет көрсететін кезекші бөлімдері дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін жүзеге асырылады.
Қабылдау "электрондық кезек" тәртібінде, өтініш берушінің жеделдетіп қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады, электрондық кезекті портал арқылы броньдауға болады;
2) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы;
3) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, түскі үзілісті ескере отырып, көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден жұмаға дейін өтінішті қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібінде көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің www.enbek.gov.kz интернет-ресурсында, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде;
2) Мемлекеттік корпорацияның www.gov4c.kz интернет-ресурстарында орналастырылған.
|
10
|
Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі
|
Мемлекеттік корпорацияға немесе көрсетілетін қызметті берушіге:
1. Өтініш беруші (немесе нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) мемлекеттік қызметті көрсету үшін Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде осы Қағидаларға 1-қосымшасының нысанына сәйкес, көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде – осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті, сондай-ақ мынадай құжаттарды ұсынады:
1) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (жеке куәлік, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, шетел азаматының тұруға ықтиярхаты, не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін);
2) осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің реттік нөмірі 10-жолдың 2-тармағында көрсетілген жәрдемақы алуға құқығын растайтын құжаттар.
Көрсетілген құжаттарда қамтылған ақпаратты мемлекеттік цифрлық жүйелер растағанда, өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжатты, тұрғылықты тұратын жерін растайтын құжатты, Қазақстан Республикасының аумағында 2007 жылғы 13 тамыздан кейін жүргізілген тіркеулер бойынша баланың (балалардың) тууы туралы куәлігін (куәліктері) не туу туралы акті жазбасынан үзінді көшірмені, неке қию туралы куәлікті (Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылғы 1 маусымнан кейін жүргізілген тіркеулер бойынша), медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімшесінің мүгедектік туралы анықтамаларын көрсетілетін қызметті беруші "цифрлық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден алады.
Көрсетілетін қызметті берушілер бірреттік құпиясөз беру жолымен немесе порталдың хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу жолымен порталда тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімімен, іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен цифрлық құжаттарды алады.
2. Жәрдемақы алу құқығын растайтын құжаттар:
1) Ұлы Отан соғысының ардагерлері үшін – Ұлы Отан соғысы ардагерінің куәлігі;
2) Кеңес Одағының Батырлары, Социалистік Еңбек Ерлері, үш дәрежелі Еңбек Даңқы орденінің иегерлері үшін – награданың куәлігі;
3) "Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы" құрметті атағына ие болған адамдар үшін – "Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы" құрметті атағы берілгенін растайтын құжат;
4) "Халық қаһарманы" атағына ие болған адамдар үшін – "Халық қаһарманы" атағы берілгенін растайтын құжат;
5) "Қазақстанның Еңбек Ері" атағына ие болған адамдар үшін – "Қазақстанның Еңбек Ері" атағы берілгенін растайтын құжат;
6) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген адамдар үшін:
Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес Ұрыс қимылдары жүрген қалалар мен жүргізілген кезеңдер тізбесінің және Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес Ұрыс қимылдары болған мемлекеттер, аумақтар және жүргізілген кезеңдер тізбесінің негізінде:
майдандағы армия бөлiмдерiнің әскери қызметшілеріне қалалардың қорғанысына қатысқаны үшін белгiленген жеңiлдiкті шарттармен зейнетақы тағайындау үшiн 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн еңбек сіңірген жылдарына есептеліп жазылған, сол қалаларда Ұлы Отан соғысы кезеңінде қызмет өткерген әскери қызметшiлер, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары үшін – 1992 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша қолданыста болған нысандар бойынша бұрынғы КСР Одағының тиісті органдары берген куәлік;
Ұлы Отан соғысы кезеңінде майдандағы армия құрамына кiрген әскери бөлiмдерде, штабтарда, мекемелерде штаттық лауазымдар атқарған не сол кезеңдерде майдандағы армия бөлiмдерiнің әскери қызметшілеріне қалалардың қорғанысына қатысқаны үшін белгiленген жеңiлдiкті шарттармен зейнетақы тағайындау үшiн 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн еңбек сіңірген жылдарына есептеліп жазылған, сол қалаларда болған Кеңес Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, бұрынғы КСР Одағының iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк әскерлерi мен органдарының еріктi жалдамалы құрамының адамдары үшін – 1992 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша қолданыста болған нысандар бойынша бұрынғы КСР Одағының тиісті органдары берген куәлік;
Ұлы Отан соғысы кезеңінде майдандағы армия мен флоттың құрамына кiрген бөлiмдердiң, штабтар мен мекемелердiң құрамында полк балалары (тәрбиеленушiлерi) және юнгалар ретiнде болған адамдар үшін – 1992 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша қолданыста болған нысандар бойынша бұрынғы КСР Одағының тиісті органдары берген куәлік;
Екiншi дүниежүзiлiк соғыс жылдарында шет елдердiң аумағында партизан отрядтары, астыртын топтар және басқа да фашизмге қарсы құралымдар құрамында фашистiк Германия мен оның одақтастарына қарсы ұрыс қимылдарына қатысқан адамдар үшін – 1992 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша қолданыста болған нысандар бойынша бұрынғы КСР Одағының тиісті органдары берген куәлік;
бұрынғы КСР Одағы Қатынас жолдары халық комиссариатының, Байланыс халық комиссариатының, кәсiпшiлiк және көлiк кемелерiнiң жүзу құрамы мен авиацияның ұшу-көтерілу құрамының, Балық өнеркәсiбi халық комиссариатының, теңiз және өзен флотының, Солтүстiк теңiз жолы бас басқармасының ұшу-көтерілу құрамының арнаулы құралымдарының Ұлы Отан соғысы кезеңінде әскери қызметшiлер жағдайына көшiрiлген және ұрыс майдандарының тылдағы шекаралары, флоттардың жедел аймақтары шегiнде майдандағы армия мен флот мүдделерi үшін мiндеттер атқарған қызметкерлерi, сондай-ақ Ұлы Отан соғысының бас кезiнде басқа мемлекеттердiң порттарында еріксіз ұсталған көлiк флоты кемелерi экипаждарының мүшелерi үшін – 1992 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша қолданыста болған нысандар бойынша бұрынғы КСР Одағының тиісті органдары берген куәлік;
Ленинград қаласындағы қоршау кезеңінде қаланың кәсiпорындарында, мекемелерi мен ұйымдарында жұмыс iстеген және "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған азаматтар үшін – "Ленинградты қорғағаны үшін" медаліне немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісіне қоса берілетін куәлік немесе 1992 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша қолданыста болған нысандар бойынша бұрынғы КСР Одағының тиісті органдары берген куәлік;
Екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезеңiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерьлердегі, геттолардағы және басқа да мәжбүрлеп ұстау орындарындағы кәмелетке толмаған тұтқындар үшін – жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқын куәлігі немесе екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлерде, гетто және басқа еріксіз ұстау орындарында мәжбүрлеп ұсталғандығы туралы архивтік анықтама немесе 1992 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша қолданыста болған нысандар бойынша бұрынғы КСР Одағының тиісті органдары берген куәлік;
1986 – 1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы (бұдан әрі – Чернобыль АЭС) апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтарға тiкелей қатысқан адамдар үшін – Чернобыль АЭС-ындағы апаттың зардаптарын жоюға қатысушы куәлігі немесе Чернобыль АЭС-ындағы апаттың немесе азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқанын, ядролық сынақтарға тікелей қатысқанын растайтын құжат немесе жергілікті әскери басқару органынан азаматтық немесе әскери тағайындау объектілеріндегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан фактісін растайтын, ядролық сынақтарға тікелей қатысқанын растайтын анықтама;
7) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген адамдар үшін:
бұрынғы КСР Одағын қорғау, әскери қызметтің өзге де міндеттерін басқа кезеңдерде атқару кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа да мемлекеттерде әскери қызметін өткеру кезінде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген әскери қызметшілер үшін – әскери қызметшілер қатарындағы мүгедектігі бар адам екендігі туралы куәлігі (Кеңес Армиясы мүгедегінің жеңілдіктерге құқығы туралы), жараланғаны, контузия алуы, мертігуі, мүгедектігі туралы анықтама, жергілікті әскери басқару органынан соғыс қимылдарына қатысқан фактісін растайтын анықтама немесе 1992 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша қолданыста болған нысандар бойынша бұрынғы КСР Одағының тиісті органдары берген куәлік;
қызметтік міндеттерін атқару кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан не майданда болуына немесе ұрыс қимылдары жүргізілген мемлекеттерде қызметтік міндеттерін орындауына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген, бұрынғы КСР Одағының мемлекеттік қауіпсіздік органдарының және ішкі істер органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары үшін – 1992 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша қолданыста болған нысандар бойынша бұрынғы КСР Одағының тиісті органдары берген куәлік, жаралануы, контузия алуы, мертігуі, мүгедектігі туралы анықтама, ішкі істер органдарының, Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің тиісті анықтамасы;
басқа елдердегі майдандағы әскери контингенттерге қызмет көрсеткен және ұрыс қимылдары жүргізілген кезеңде жаралануы, контузия алуы, мертігуі не ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген тиісті санаттардағы жұмысшылар мен қызметшілер үшін – 1992 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша қолданыста болған нысандар бойынша бұрынғы КСР Одағының тиісті органдары берген куәлік, жаралануы, контузия алуы, мертігуі, мүгедектігі туралы анықтама, тиісті санатын және басқа елдерде қимыл жасаған әскер құрамдарына қызмет көрсету салдарынан мүгедектігі бар адам болуын растайтын құжат;
1944 жылғы 1 қаңтар – 1951 жылғы 31 желтоқсан аралығындағы кезеңде Украина КСР, Беларусь КСР, Литва КСР, Латвия КСР, Эстония КСР аумағында болған халықты қорғаушы жойғыш батальондардың, взводтар мен отрядтардың жауынгерлері мен командалық құрамы қатарындағы, осы батальондарда, взводтарда, отрядтарда қызметтік міндеттерін атқару кезінде жаралануы, контузия алуы немесе мертігуі салдарынан мүгедектік белгіленген адамдар үшін – 1992 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша қолданыста болған нысандар бойынша бұрынғы КСР Одағының тиісті органдары берген куәлік, жаралануы, контузия алуы, мертігуі, мүгедектігі туралы анықтама, жергілікті әскери басқару органынан соғыс қимылдарына қатысқан фактісін растайтын анықтама;
Чернобыль АЭС-ындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынақтардың салдарынан мүгедектік белгіленген адамдар және мүгедектігі ата-анасының бірінің радиациялық сәуле алуымен генетикалық байланысты олардың балалары үшін – 1992 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша қолданыста болған нысандар бойынша бұрынғы КСР Одағының тиісті органдары берген куәлік, Чернобыль АЭС-ындағы апаттың немесе азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарынан мүгедектігі жөніндегі халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органы аумақтық органының анықтамасы немесе Радиациялық әсерге байланысты аурудың себептік байланысын анықтау жөніндегі Өңірлік сараптама кеңесінің қорытындысы;
8) басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері үшін:
Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес Басқа мемлекеттер аумағында жүргізілген ұрыс қимылдары кезеңдері тізбесінің және Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес Ұрыс қимылдары болған мемлекеттер, аумақтар және жүргізілген кезеңдер тізбесінің негізінде:
басқа мемлекеттердің аумақтарындағы ұрыс қимылдарына қатысушылар, атап айтқанда:
бұрынғы КСР Одағының үкiметтік органдарының шешiмдерiне сәйкес басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысқан Кеңес Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, Мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетiнiң әскери қызметшiлерi, бұрынғы КСР Одағы Iшкi iстер министрлiгiнiң басшы және қатардағы құрамының адамдары (әскери мамандар мен кеңесшiлердi қоса алғанда);
оқу жиындарына шақырылған және Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде жiберiлген әскери мiндеттiлер;
Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде осы елге жүк жеткiзу үшiн жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерi;
бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмалармен ұшқан ұшу құрамының әскери қызметшiлерi;
Ауғанстандағы кеңестік әскери контингентке қызмет көрсеткен, жарақат, контузия алған немесе мертіккен не ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталған жұмысшылар мен қызметшiлер үшін – 1992 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша қолданыста болған нысандар бойынша бұрынғы КСР Одағының тиісті органдары берген куәлік;
жергілікті әскери басқару органынан басқа мемлекет аумағында соғыс қимылдарына қатысқандығын растайтын анықтама немесе басқа мемлекеттердің аумағында ұрыс қимылдарына қатысқандығы туралы белгі соғылған әскери билет, Ауғанстандағы кеңес әскери құрамына қызмет көрсеткендігін растайтын құжат және жараланған, контузия алған немесе мертіккендігін растайтын медициналық құжаттар, ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы КСР Одағының ордендеріне және медальдарына қоса берілетін куәлік;
1992 жылғы қыркүйек – 2001 жылғы ақпан аралығындағы кезеңде Тәжікстан-Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын күзетуді күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерді орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілері үшін – Тәжікстан-Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын күзетуге қатысқандығын растайтын жергілікті әскери басқару органынан анықтама;
2003 жылғы тамыз – 2008 жылғы қазан аралығындағы кезеңде Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға бітімгерлер ретінде қатысқан Қазақстан Республикасының әскери қызметшілері үшін – Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға бітімгерлер ретінде қатысқандығын растайтын жергілікті әскери басқару органынан анықтама;
1986 – 1991 жылдар аралығындағы кезеңде Таулы Қарабақтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілер, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары үшін – Таулы Қарабахтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқандығын растайтын жергілікті әскери басқару органынан анықтама;
9) Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабар-ошарсыз кеткен) жауынгерлердің екінші рет некеге тұрмаған жесірлері үшін – әскери қызметшінің қайтыс болғандығы туралы куәлік немесе хабарлама, немесе жергілікті әскери басқару органынан хабар-ошарсыз кету фактісі туралы анықтама, әскери қызметшіге туыстық жақындығын растайтын құжат (неке туралы куәлік, балалардың туу туралы куәлігі);
10) Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан қайтыс болған мүгедектігі бар адамның немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген қайтыс болған адамның екінші рет некеге тұрмаған зайыбы (жұбайы), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығуы, жұмыста мертігуі және басқа да себептер (құқыққа қарсы келетіндерді қоспағанда) салдарынан болған мүгедектігі бар адам деп танылған, қайтыс болған Ұлы Отан соғысы қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушінің, "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған зайыбы (жұбайы) үшін – неке туралы куәлік, жұбайының (зайыбының) қайтыс болғандығы туралы куәлік, жұбайының (зайыбының) мүгедектігін растайтын құжат;
11) Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттердегi ұрыс қимылдары кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі, ауруға шалдығуы салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасылары үшін – қаза тапқан (қайтыс болған) адамның өлімі туралы хабарлама немесе куәлік, әскери қызметшінің қаза тапқан немесе хабар-ошарсыз кеткен фактісі туралы жергілікті әскери басқару органынан анықтама, қаза тапқан адаммен туыстық жақындығын растайтын құжат (неке туралы куәлік, балалардың туу туралы куәлігі);
резервтегі әскери қызметті өткеріп жүрген әскери қызметшілерді қоспағанда, бейбіт уақытта әскери қызметін, арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметін өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің отбасылары үшін – қаза тапқан (қайтыс болған) адамның өлімі туралы хабарлама немесе куәлік, резервтегі әскери қызметті өткеріп жүрген әскери қызметшілерді қоспағанда, әскери қызметшінің бейбіт уақытта әскери қызметін өткеру кезінде қаза тапқан фактісі туралы жергілікті әскери басқару органынан анықтама, арнаулы мемлекеттік органдар қызметкердің бейбіт уақытта арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметін өткеру кезінде қаза тапқан фактісі туралы арнаулы мемлекеттік органдарынан анықтама, қаза тапқан адаммен туыстық жақындығын растайтын құжат (неке туралы куәлік, балалардың туу туралы куәлігі);
қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан ішкі істер органдары қызметкерлерінің отбасылары үшін – қаза тапқан (қайтыс болған) адамның өлімі туралы хабарлама немесе куәлік, қызмет міндеттерін атқару кезінде қаза табу фактісін растайтын ішкі істер органдарынан анықтама немесе құжат, қаза тапқан адаммен туыстық байланысын растайтын құжат (неке туралы куәлік, балалардың туу туралы куәліктері);
Чернобыль АЭС-ындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жою кезiнде қаза тапқан адамдардың отбасылары үшін – қаза тапқан адамның өлімі туралы куәлік, Чернобыль АЭС-ындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жою кезінде қайтыс болғанын растайтын құжат, қаза тапқан адаммен туыстық жақындығын растайтын құжат (неке туралы куәлік, балалардың туу туралы куәлігі);
сәуле ауруының салдарынан қайтыс болғандардың немесе қайтыс болған мүгедектігі бар адамдардың, сондай-ақ қайтыс болуы белгіленген тәртіппен Чернобыль АЭС-ындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың және ядролық сынақтардың әсеріне байланысты болған азаматтардың отбасылары үшін – сәуле ауруының салдарынан қайтыс болған адамның немесе қайтыс болған мүгедектігі бар адамның, сондай-ақ өлімі Чернобыль АЭС-ындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың әсер етуіне белгіленген тәртіппен байланысты болған азаматтың өлімі туралы куәлік, өлімнің радиациялық әсер ету салдарынан болғанын растайтын құжат, қаза тапқан адаммен туыстық жақындығын растайтын құжат (неке туралы куәлік, балалардың туу туралы куәлігі);
12) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар үшін – 1992 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша қолданыста болған нысандар бойынша бұрынғы КСР Одағының тиісті органдары берген куәлік немесе наградтау куәлігі, немесе архивтік анықтама, немесе наградталу фактісі туралы жазбасы бар еңбек кітапшасы;
13) 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдар үшін – еңбек кітапшасы немесе 1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамырды қоса алғанда, жұмысы туралы мәліметтерді қамтитын өзге де құжаттар, 1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамырды қоса алғанда, әскери қызмет кезеңі туралы мәліметтерді қамтитын әскери билет немесе анықтама.
Сондай-ақ, 1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамырды қоса алғанда, жұмысы туралы мәліметтерді қамтитын құжаттарға:
жұмыс орны, сондай-ақ архив мекемелері берген жұмыс кезеңдері туралы мәліметтері бар құжаттар; бұйрықтардан, жеке шоттары мен жалақы төлеуге арналған ведомостардан үзінді көшірмелер; коммунистік партия немесе кәсіподақ мүшелерінің мүшелік билеттері немесе есеп карточкалары; қызметін бұрын қолданыста болған заңнамаға сәйкес жүзеге асырып келген жұмыс өтілін белгілеу жөніндегі, зейнетақы тағайындау жөніндегі комиссиялардың шешімдері; сот шешімдері; арнайы комиссиялардың шешімдері; 1998 жылға дейін берілген жеңілдіктерді алуға құқығы туралы куәлік; фабрика-зауыт училищелерінде оқу фактісін растайтын анықтамалар жатады.
14) 1988 – 1989 жылдары Чернобыль АЭС-ындағы апаттың салдарларын жоюға қатысушылар қатарындағы, қоныс аудару күні құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймақтарынан Қазақстан Республикасына қоныс аударылған (өз еркімен кеткен) адамдар үшін – Чернобыль АЭС-ындағы аварияны жоюға қатысушының куәлігі немесе Чернобыль АЭС-ындағы аварияны жоюға қатысу фактісін растайтын жергілікті әскери басқару органынан анықтама, балалардың туу туралы куәлігі;
15) саяси қуғын-сүргін құрбандары, мүгедек болып қалған немесе зейнеткер болып табылатын саяси қуғын-сүргіннен зардап шеккен адамдар үшін – мүгедектігі туралы анықтама, зейнеткерлік куәлік, ақталған азаматтың куәлігі немесе прокуратура органдарынан немесе ішкі істер немесе ұлттық қауіпсіздік органдарынан ақталғаны туралы анықтамалары немесе ақталғаны туралы соттың шешімі.
Проактивті қызмет арқылы жәрдемақы тағайындау үшін:
проактивті қызмет көрсетуге көрсетілетін қызметті алушының келісімі, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланысының абоненттік құрылғысы арқылы банктік шот нөмірін растауы немесе ұсынуы.
3. Порталда ақпарат алу үшін: өтініш берушінің ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу.
|
11
|
Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер
|
1) арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындауға растайтын құжаттарды ұсынбау;
2) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
3) өтініш берушінің және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған құжаттардың, деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
4) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы;
5) "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-2-бабы 2-тармағының 4) тармақшасында көзделген негіз бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтата тұру мерзімі өткеннен кейін анықталған кемшіліктердің жойылмауы.
|
12
|
Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар
|
1. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің www.enbek.gov.kz интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде;
2) Мемлекеттік корпорацияның www.gov4c.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
2. Өзіне-өзі қызмет көрсетуді, өз бетінше жүріп-тұруды, бағдарлауды жүзеге асыру қабілетін немесе мүмкіндігін заңнамада белгіленген тәртіппен толық немесе ішінара жоғалтқан өтініш берушілер 1414, 8 800 080 77 77 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы жүгінгенде мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдауды Мемлекеттік корпорацияның қызметкері тұрғылықты жеріне барып жүргізеді.
Физикалық тұрғыдан мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін пандустың, шақыру түймесінің, зағиптар мен нашар көретіндерге арналған тактильді жолдың, күту залының, үлгі құжаттары бар тіректің болуы қажет.
3. Өтініш берушінің ЭЦҚ-сы болған кезде мемлекеттік көрсетілетін қызметті тағайындау туралы ақпаратты портал арқылы электрондық нысанда алады.
Өтініш берушінің мемлекеттік қызметті көрсету статусы туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинеті", көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондай-ақ "1414", 8-800-080-7777 бірыңғай байланыс орталығы арқылы алады.
4. "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес проактивті көрсетілетін қызмет арқылы жәрдемақы тағайындалған кезде "Халық қаһарманы" атағына ие болған адамдарға және "Қазақстанның Еңбек Ері" атағына ие болған адамдарға жәрдемақы тағайындау туралы өтінішті беру талап етілмейді.
5. Цифрлық құжаттар сервисі мобильдік қосымшада және пайдаланушылардың цифрлық жүйелерінде авторизацияланған субъектілер үшін қолжетімді.
Субъект мобильдік қосымшада және пайдаланушылардың цифрлық жүйелерінде қолжетімді әдістермен авторландырудан өтеді, бұдан әрі "Цифрлық құжаттар" бөлімінде одан әрі пайдалану үшін қажетті құжатты қарайды.
|
| |
Қазақстан Республикасы |
| |
Еңбек және халықты |
| |
әлеуметтік қорғау министрі |
| |
2026 жылғы 14 қазандағы |
| |
№ 404 |
| |
Бұйрыққа 3-қосымша |
| |
Арнаулы мемлекеттік |
| |
жәрдемақы тағайындау және |
| |
төлеу қағидаларына |
| |
4-қосымша |
Мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың цифрлық жүйелеріне сұрау салу
1. Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі өтініш берушіден өтініш берушінің санатына байланысты жәрдемақы тағайындауға құжаттарды қабылдаған кезде өтініш берушінің жеке сәйкестендіру нөмірі бойынша "цифрлық үкімет" шлюзі арқылы мемлекеттік органдардың цифрлық жүйелеріне мынадай:
1) жеке басын куәландыратын;
2) өтініш берушінің тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгені туралы;
3) Осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мүгедектігі туралы анықтамалар;
4) жәрдемақы беру жөніндегі уәкілетті ұйымның банктік реквизиттері туралы;
5) уәкілетті мемлекеттік органның цифрлық жүйесінен Мемлекеттік корпорация бөлімшесінің коды туралы;
6) отбасының саламаттылық деңгейін анықтау үшін Отбасының цифрлық картасына сұрау салуларды қалыптастырады.
Мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың цифрлық жүйелерінен және екінші деңгейдегі банктердің цифрлық жүйелерінен сұратылатын мәліметтерді растайтын электрондық құжаттар тиісті мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың, екінші деңгейдегі банктердің және "цифрлық үкімет" шлюзінің ЭЦҚ-мен , сондай-ақ сұрау салуды жүзеге асырған Мемлекеттік корпорация бөлімшесінің ЭЦҚ-мен куәландырылады.
| |
Қазақстан Республикасы |
| |
Еңбек және халықты |
| |
әлеуметтік қорғау министрі |
| |
2026 жылғы 14 қазандағы |
| |
№ 404 |
| |
Бұйрыққа 4-қосымша |
| |
Арнаулы мемлекеттік |
| |
жәрдемақы тағайындау және |
| |
төлеу қағидаларына |
| |
10-қосымша |
| |
Нысан |
_______________________________________ (жәрдемақы түрін көрсету) тағайындауға өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы № ______ қолхат 20___ жылғы "___" _____________
Азамат (ша) ____________________________________________________
(өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда))
Туған күні ____ жылғы "___" ___________
Қорғаншы_____________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда))
Жүгінген күні 20___ жылғы "___" ____________
Төлем тағайындау үшін арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау, төлеу немесе тағайындауға өтініш беру фактілерін растайтын мәліметтерді уәкілетті мемлекеттік органның цифрлық жүйесінен алу; өтініш берушінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды және (немесе) арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдану күніне қолданылу мерзімі өтетін құжаттарды ұсыну; жеке басын куәландыратын құжат бойынша мәліметтердің (мемлекеттік цифрлық жүйелерден алынған мәліметтермен расталатын, оны Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ауыстырудан басқа) оны тағайындау үшін қажетті құжаттарға сәйкес келмеу; арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау құқығының болмау; өтініш берушінің арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімінің болмауы; анықталған кемшіліктер белгіленген мерзімде жойылмауы себебі бойынша арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындауға өтініш қабылдаудан бас тартылды.
_______________________________________________________________
(жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) және лауазымы)
| |
Қазақстан Республикасы |
| |
Еңбек және халықты |
| |
әлеуметтік қорғау министрі |
| |
2026 жылғы 14 қазандағы |
| |
№ 404 |
| |
Бұйрыққа 5-қосымша |
| |
Арнаулы мемлекеттік |
| |
жәрдемақы тағайындау және |
| |
төлеу қағидаларына |
| |
13-қосымша |
| |
Нысан |
Мемлекеттік қызмет көрсету процессін тоқтата тұру туралы хабарлама
"Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 18-2-бабының 1-тармағын және 2-тармағының 4) тармақшасын басшылыққа ала отырып, қызметті беруші
______________________________________
(қызметті берушінің толық атауы)
________________________________________ себепті, атап айтқанда:
1) _____________________________________;
2) _____________________________________;
3) _____________________________________.
байланысты мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін тоқтата тұрады.
Осыған байланысты Сізге осы хабарламаны алған күннен бастап 2 жұмыс күні ішінде анықталған кемшіліктерді жою және түзетілген құжаттарды қайта ұсыну қажет.
Осы хабарлама әрбір тарап үшін бір-бірден екі данада жасалды.
__________________________________________
Мемлекеттік корпорация басшысының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы
Орындаушы:__________________________
__________________________________________
Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы
Қабылдадым: ______________________________
__________________________________________
Қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы
Берілген күні "___" _________ 20__ жыл
| |
Қазақстан Республикасы |
| |
Еңбек және халықты |
| |
әлеуметтік қорғау министрі |
| |
2026 жылғы 14 қазандағы |
| |
№ 404 |
| |
Бұйрыққа 6-қосымша |
| |
Арнаулы мемлекеттік |
| |
жәрдемақы тағайындау және |
| |
төлеу қағидаларына |
| |
21-1-қосымша |
| |
Нысан |
Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төлемінен ерікті түрде бас тарту туралы өтініш
____________________________________________
(жәрдемақының атауын көрсету)
Қазақстан Республикасы Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің
________________________________ облысы (қаласы) бойынша департаменті
Бөлімше коды: __________________________________________
Өтініш беруші туралы мәліметтер (құсбелгімен белгіленеді):
мүгедектігі бар адам _________ қорғаншы
(қамқоршы) _________
заңды өкіл
______________________________________________
Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда):
________________________________________________________
Туған күні: _____ __ жылғы "____" _____________
________________________________ жәрдемақы төлемінен ерікті түрде бас тартамын.
(жәрдемақының атауы)
Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы
алушы туралы мәліметтер:
Жеке сәйкестендіру
нөмірі: ______________________________
Жеке басын куәландыратын
құжаттың түрі: ______________________________
Құжаттың сериясы: __________ Құжаттың
нөмірі: ______________________________
Кім берген:
________________________________________________________
Берілген күні:_____ жылғы "___"
______________
Тұрғылықты жерінің мекенжайы:
Облыс ______________________________________________
қала (аудан) _____________________________ ауыл
____________________ көшесі (шағын аудан) __________ үй _____ пәтер ____
Жәрдемақыны тағайындау үшін
қайта жүгіну мүмкіндігі туралы хабардар етілдім.
Бұл ретте жәрдемақы төлеу
жүгінген күннен бастап жүргізіледі.
Өтініш берушінің қолы ______________________________
Өтінішке қол қойылған күні мен уақыты:
_____ жылғы ____. _____. ___________ сағат ____