Қолданушылар назарына!
Қолданушыларға ыңғайлы болуы үшін ЗҚАИ мазмұнды жасады.
Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша "шетелдіктер", "Шетелдіктер", "Шетелдіктің", "шетелдікке", "Шетелдік не", "шетелдіктің", "шетелдікті", "шетелдік болып табылса", "шетелдік немесе", "шетелдік, сол сияқты", "шетелдіктерді", "шетелдік азаматтарды беруге", "шетелдіктерге" деген сөздер тиісінше "шетел азаматтары", "Шетел азаматтары", "Шетел азаматының", "шетел азаматына", "Шетел азаматы не", "шетел азаматының", "шетел азаматын", "шетел азаматы болып табылса", "шетел азаматы немесе", "шетел азаматы, сол сияқты", "шетел азаматтарын", "шетел азаматтарын беруге", "шетел азаматтарына" деген сөздермен ауыстыру көзделген – ҚР 11.06.2026 № 307-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
ЖАЛПЫ БӨЛІК
1-БӨЛIМ. НЕГIЗГI ЕРЕЖЕЛЕР
1-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ-ПРОЦЕСТІК ЗАҢНАМАСЫ
1-бап. Қылмыстық сот ісін жүргізу тәртібін айқындайтын заңнама
1. Қазақстан Республикасының аумағында қылмыстық сот ісін жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасының Конституциясына және халықаралық құқықтың жалпыға бірдей танылған қағидаттары мен нормаларына негізделген Қазақстан Республикасының конституциялық заңдарында, Қылмыстық-процестік кодексінде айқындалады. Қылмыстық сот ісін жүргізу тәртібін реттейтін өзге де заңдардың ережелері осы Кодекске енгізілуге жатады.
2. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттық және өзге де міндеттемелері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының және Жоғарғы Сотының қылмыстық сот ісін жүргізу тәртібін реттейтін нормативтік қаулылары қылмыстық-процестік құқықтың құрамдас бөлігі болып табылады.
3. Егер қылмыстық іс бойынша іс жүргізу барысында азаматтық немесе әкімшілік құқыққа сәйкес шешілуге тиісті мәселені қарау қажеттігі туындаса, ол азаматтық немесе әкімшілік іс жүргізу тәртібімен шешіледі.
4. Осы Кодекске өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу мынадай:
1) Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне, Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне енгізілетін өзгерістерге және (немесе) толықтыруларға байланысты;
2) Қазақстан Республикасы Президентінің заң шығару бастамасы тәртібімен әзірленетін заң жобаларын қоспағанда, Қазақстан Республикасының басқа да заңдарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу көзделмейтін заңмен жүзеге асырылады.
Ескерту. 1-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 05.11.2022 № 157-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі); 16.07.2025 № 210-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.06.2026 № 307-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.2-бап. Қылмыстық сот ісін жүргізуде артықшылық күші бар құқықтық нормаларды қолдану
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында жоғары заңдық күшке ие және тікелей қолданылады. Осы Кодекстің қағидалары мен Қазақстан Республикасының Конституциясы арасында қайшылықтар болған жағдайда Қазақстан Республикасы Конституциясының ережелері қолданылады.
2. Осы Кодекстің қағидалары мен Қазақстан Республикасының конституциялық заңы арасында қайшылықтар болған жағдайда конституциялық заңның ережелері қолданылады. Осы Кодекстің қағидалары мен өзге де заңдар арасында қайшылықтар болған жағдайда осы Кодекстің ережелері қолданылады.
3. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар осы Кодекс алдында басымдыққа ие және, халықаралық шартта оны қолдану үшін заң шығару талап етілетіндігі туындайтын жағдайларды қоспағанда, тікелей қолданылады.
3-бап. Қылмыстық-процестік заңның кеңістікте қолданылуы
1. Қазақстан Республикасының аумағында қылмыстық сот ісін жүргізу, қылмыстық құқық бұзушылық жасалған жерге қарамастан, осы Кодекске сәйкес жүргізіледі.
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Кодекстің кеңістікте қолданылуының өзгеше қағидалары белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
4-бап. Қазақстан Республикасының аумағында шет мемлекеттің қылмыстық-процестік құқығын қолдану
Қазақстан Республикасының аумағында шет мемлекеттің тергеп-тексеру органдары мен сотының немесе олардың тапсырмасы бойынша қылмыстық процесті жүргізетін органның шет мемлекеттің қылмыстық-процестік құқығын қолдануға, егер бұл Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта көзделген болса, жол беріледі.
5-бап. Қылмыстық-процестік заңның уақыт тұрғысында қолданылуы
1. Қылмыстық сот ісін жүргізу процестік әрекетті орындау, процестік шешімді қабылдау кезіне қолданысқа енгізілген қылмыстық-процестік заңға сәйкес жүзеге асырылады.
2. Дәлелдемелердің жол берілетіндігі олар алынған кезде қолданылып жүрген заңға сәйкес айқындалады.
6-бап. Қылмыстық-процестік заңның шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға қатысты қолданылуы
1. Шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға қатысты қылмыстық сот ісін жүргізу осы Кодекске сәйкес жүзеге асырылады.
2. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында белгіленген дипломатиялық немесе өзге де артықшылықтар мен иммунитеттерге ие адамдарға қатысты немесе олардың қатысуымен жүзеге асырылатын қылмыстық сот ісін жүргізудің ерекшеліктері осы Кодекстің 57-тарауына сәйкес айқындалады.
7-бап. Осы Кодекстегі кейбір ұғымдарды түсіндіру
Осы Кодекстегі ұғымдардың, егер заңда ерекше нұсқаулар болмаса, мынадай мағынасы бар:
1) адамды ұстап беру (экстрадициялау) – қылмыстық жауаптылыққа тарту немесе үкімді орындау үшін іздестіріліп жатқан адамды мемлекетке ұстап беру;
2) айыптаушы тарап – қылмыстық қудалау органдары, сондай-ақ жәбірленуші (жекеше айыптаушы), азаматтық талапкер, олардың заңды өкілдері және өкілдері;
3) алқаби – соттың қылмыстық істі осы Кодексте белгіленген тәртіппен қарауына қатысуға шақырылған және ант қабылдаған Қазақстан Республикасының азаматы;
4) апелляциялық саты – бірінші сатыдағы соттың заңды күшіне енбеген үкімдеріне, қаулыларына апелляциялық шағымдар мен прокурордың апелляциялық өтінішхаттары бойынша істі мәні бойынша қарайтын сот;
5) арнаулы білім – адам кәсіптік оқудың не практикалық қызметтің барысында алған, қылмыстық сот ісін жүргізу міндеттерін шешу үшін пайдаланылатын, қылмыстық процесте жалпыға бірдей белгілі емес білім;
6) арнаулы ғылыми білім – мазмұнын сот-сараптамалық зерттеулердің әдістемелерінде іске асырылған ғылыми білім құрайтын арнаулы білім саласы;
7) арыз иесі – сотқа немесе қылмыстық қудалау органдарына қылмыстық құқық бұзушылық туралы хабарлаған не өзінің нақты немесе болжалды құқығын немесе өзі өкілдік ететін тұлғаның құқығын қылмыстық сот ісін жүргізу тәртібімен қорғау үшін жүгінген тұлға;
8) басты сот талқылауы – бірінші сатыдағы соттың қылмыстық істі мәні бойынша қарауы;
9) бірінші сатыдағы сот – сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталғаннан кейін не сот актісінің күшін жоғары тұрған сот жойғаннан кейін не оның күші жекеше айыптаушының шағымы бойынша жойылғаннан кейін келіп түскен қылмыстық істерді соттылығына сәйкес қарайтын аудандық және оларға теңестірілген соттар (қалалық, мамандандырылған ауданаралық соттар, гарнизондардың әскери соттары), сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамдардың, жедел-іздестіру қызметінің, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің заңдылығына қадағалауды жүзеге асыратын прокурордың шешімдеріне және әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдарды қарайтын, осы Кодексте көзделген жағдайларда процестік әрекеттерді санкциялайтын, сондай-ақ осы Кодексте көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыратын мамандандырылған тергеу соттары, мамандандырылған ауданаралық тергеу соттары;
10) ғылыми-техникалық құралдар – дәлелдемелерді табу, тіркеу, алып қою және зерттеу үшін құқыққа сыйымды түрде қолданылатын аспаптар, арнаулы құрылғылар, материалдар;
11) жақын туыстар – ата-аналар, балалар, асырап алушылар, асырап алынғандар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек ағалы-інілер мен апалы-сіңлілер, ата, әже, немерелер;
12) жасырын тергеу әрекеті – осы Кодексте көзделген тәртіппен және жағдайларда, сотқа дейінгі іс жүргізу барысында, мүдделеріне қатысы бар тұлғаларға алдын ала хабарламай жүргізілетін әрекет;
13) заңды өкілдер – күдіктінің, айыпталушының, жәбірленушінің, азаматтық талапкердің ата-аналары (ата-анасы), асырап алушылары, қорғаншылары, қамқоршылары, сондай-ақ күдіктіні, айыпталушыны немесе жәбірленушіні қорғап немесе асырап отырған ұйымдар мен адамдардың өкілдері;
14) кассациялық саты – істі бірінші және апелляциялық сатылардағы соттардың үкімдеріне, қаулыларына кассациялық шағымдар, ұсынулар, наразылықтар бойынша қарайтын сот;
15) электрондық құжат – ақпарат электрондық-цифрлық нысанда ұсынылған және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған құжат;
16) қаулы – соттың үкімнен басқа кез келген шешімі, анықтаушының, анықтау органының, тергеушінің, прокурордың қылмыстық іс бойынша іс жүргізу барысында қабылдаған шешімі;
17) қорғау – қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп күдік келтірілген, айыпталған адамдардың құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз ету, күдікті, айыптауды теріске шығару немесе жұмсарту, сондай-ақ қылмыстық қудалауға құқыққа сыйымсыз түрде ұшыраған адамдарды ақтау мақсатында қорғаушы тарап жүзеге асыратын процестік қызмет;
18) қорғаушы тарап – күдікті, айыпталушы, сотталушы, сотталған адам, ақталған адам, олардың заңды өкілдері, қорғаушы, азаматтық жауапкер және оның өкілі;
19) қорытынды шешім – қылмыстық процесті жүргізетін органның іс бойынша іс жүргізудің басталуын немесе жалғастырылуын болғызбайтын, сондай-ақ істі мәні бойынша түпкілікті түрде болмаса да шешетін кез келген шешімі;
20) құзыретті орган – осы Кодекстің 12-бөліміне сәйкес құқықтық көмек көрсету туралы сұрау салумен (тапсырмамен, өтінішхатпен) өтініш жасайтын немесе сұрау салудың (тапсырманың, өтінішхаттың) орындалуын қамтамасыз ететін, қылмыстық процесті жүргізетін орган;
21) құқықтық көмек – бір мемлекеттің құзыретті органдарының екінші мемлекеттің құзыретті органдарының немесе халықаралық сот мекемелерінің сұрау салуы (тапсырмасы, өтінішхаты) бойынша істі сотқа дейінгі тергеп-тексеру, сотта талқылау немесе сот актісін орындау үшін қажетті процестік әрекеттерді жүргізуі;
22) қылмыстық қудалау (айыптау) – қылмыстық заңда тыйым салынған іс-әрекетті және оны жасаған адамды, соңғысының қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәлілігін анықтау мақсатында, сондай-ақ осындай адамға жаза немесе өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын қолдануды қамтамасыз ету үшін айыптаушы тарап жүзеге асыратын процестік қызмет;
23) қылмыстық қудалау органдары (лауазымды адамдары) – прокурор (мемлекеттік айыптаушы), тергеуші, анықтау органы, анықтаушы;
24) қылмыстық процеске қатысатын өзге де адамдар – сот отырысының хатшысы, аудармашы, куә, куәгер, сарапшы, маман, сот приставы, медиатор;
25) қылмыстық процеске қатысушылар – қылмыстық қудалауды және сотта айыптауды қолдауды жүзеге асыратын органдар мен адамдар, сондай-ақ қылмыстық іс бойынша іс жүргізу кезінде өз құқықтары мен мүдделерін немесе өздері өкілдік ететін құқықтар мен мүдделерді қорғайтын тұлғалар: прокурор (мемлекеттік айыптаушы), тергеуші, анықтау органы, анықтаушы, күдікті, қорғалуға құқығы бар куә, айыпталушы, олардың заңды өкілдері, қорғаушы, азаматтық жауапкер, жәбірленуші, жекеше айыптаушы, азаматтық талапкер, олардың заңды өкілдері және өкілдері;
26) қылмыстық процесті жүргізетін орган – сот, сондай-ақ сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде прокурор, тергеуші, анықтау органы, анықтаушы;
27) қылмыстық іс – бір немесе бірнеше қылмыстық құқық бұзушылық бойынша қылмыстық қудалау органы және (немесе) сот жүргізетін оқшауландырылған іс жүргізу;
28) мемлекеттік айыптау – прокурордың бірінші және апелляциялық сатыдағы соттағы, қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамды қылмыстық жауаптылыққа тарту мақсатында айыптауды дәлелдеуден тұратын процестік қызметі;
29) нақты ұстап алу – жүріп-тұру бостандығын қоса алғанда, ұстап алынған адамның бостандығын шектеу, оны белгілі бір орында мәжбүрлеп ұстау, анықтау және тергеу органдарына мәжбүрлеп жеткізу (қолға түсіру, үй-жайға қамау, қандай да бір жерге баруға немесе орнында қалуға мәжбүрлеу және сол сияқтылар), сондай-ақ ұстап алынған адамға қандай да бір процестік мәртебе берілуіне немесе өзге де формальды рәсімдердің орындалуына қарамастан, көрсетілген шектеулер нақты болған кезден бастап адамның бас бостандығын минутқа дейінгі дәлдікпен елеулі түрде шектейтін қандай да бір өзге де әрекеттер;
30) наразылық, прокурордың өтінішхаты – прокурордың қылмыстық іс бойынша тергеу судьясының сот шешіміне өз құзыреті шегінде және осы Кодексте көзделген тәртіппен енгізетін, тиісінше прокурорлық қадағалау және ден қою актісі;
31) орталық орган – осы Кодексте көзделген тәртіппен мемлекет атынан шет мемлекеттің құзыретті органының немесе халықаралық сот мекемесінің сұрау салуын (тапсырмасын, өтінішхатын) қарауға және оның орындалуын ұйымдастыру мақсатында шаралар қолдануға немесе құзыретті органның құқықтық көмек көрсету туралы сұрау салуын (тапсырмасын, өтінішхатын) шет мемлекетке жіберуге уәкілеттік берілген орган;
32) өкілдер – жәбірленушінің, азаматтық талапкердің, жекеше айыптаушының, азаматтық жауапкердің заңды мүдделерін заңның немесе келісімнің күшіне орай білдіруге уәкілеттік берілген адамдар;
33) өтінішхат – тараптың немесе арыз иесінің қылмыстық процесті жүргізетін органға жолдаған, процестік әрекеттер жүргізу немесе процестік шешім қабылдау туралы өтінуі;
ЗҚАИ-ның ескертпесі!33-1) тармақпен толықтыру көзделген – ҚР 16.07.2025 № 210-VIII (01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
34) прокуратура органының басшысы – өз құзыреті шегінде әрекет ететін Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры, Қазақстан Республикасының Бас әскери және Бас көлік прокуроры, облыстардың прокурорлары мен оларға теңестірілген прокурорлар және олардың орынбасарлары, сондай-ақ өңірлер мен гарнизондардың әскери прокурорлары, өңірлік көлік прокурорлары, аудандардың, қалалардың прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлар мен олардың орынбасарлары;
35) процесс прокуроры – прокуратураның басшысы осы Кодекске сәйкес қылмыстық іс бойынша заңдардың қолданылуын қадағалауды жүктеген прокурор;
36) процестік әрекеттер – осы Кодекске сәйкес қылмыстық сот ісін жүргізу барысында жүргізілетін әрекеттер;
37) процестік келісім – қылмыстық процестің кез келген сатысында прокурор мен күдікті, айыпталушы немесе сотталушы немесе сотталған адам арасында осы Кодексте көзделген тәртіппен және негіздер бойынша жасалатын келісім;
38) процестік шешімдер – қылмыстық процесті жүргізетін органдардың қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді жүзеге асыруға байланысты шығарылған актілері;
39) санкция – қылмыстық қудалау органының сотқа дейінгі іс жүргізу барысында процестік әрекет жасауына соттың рұқсаты;
40) сот – сот билігі органы, Қазақстан Республикасының сот жүйесіне кіретін, істі алқалы түрде немесе жеке-дара қарайтын, кез келген заңды түрде құрылған сот;
40-1) сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есеп – сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның жиналған нақты деректерге негізделген, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтау және айыптау актісін жасау және істі сотқа жіберу үшін істі прокурорға жіберу туралы қысқа тұжырымдары;
Ескерту. 40-1) тармақпен толықтырылды – ҚР 27.12.2021 № 88-VII Заңымен (мынадай:ішкі істер органдарының, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің және экономикалық тергеу қызметінің тергеушілері тергеп-тексеретін, оның ішінде басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істермен біріктірілген аса ауыр қылмыстар туралы істерге қатысты 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап;
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 3-бабының 29) тармағында көзделген, оның ішінде басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істермен біріктірілген сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы істерге қатысты 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін;
алдын ала тергеу нысанында аяқталған өзге де қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істерге қатысты 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есепті жасауы, прокурордың айыптау актісін жасауы және прокурор айыптау актісін жасаған кезден бастап адамды айыпталушы деп тану бөлігінде)
41) сотқа дейінгі іс жүргізу – қылмыстық істі сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталғаннан бастап оны прокурор мәні бойынша қарау не іс бойынша іс жүргізуді тоқтату үшін сотқа жібергенге дейін іс бойынша іс жүргізу, сондай-ақ жекеше айыптаушының және қорғаушы тараптың қылмыстық іс бойынша материалдар дайындауы;
42) судья – сот билігін жүргізуші; осы лауазымға заңда белгіленген тәртіппен тағайындалған немесе сайланған кәсіби судья (соттың төрағасы, сот алқасының төрағасы, тиісті соттың судьясы);
43) сұрау салушы тарап – құзыретті органы сұрау салумен (тапсырмамен, өтінішхатпен) өтініш жасайтын мемлекет немесе халықаралық сот мекемесі;
44) сұрау салынатын тарап – құзыретті органына сұрау салу (тапсырма, өтінішхат) жолданатын мемлекет;
45) тараптар – сот талқылауында жарыспалылық және тең құқылық негізінде айыптауды (қылмыстық қудалауды) және айыптаудан қорғауды жүзеге асыратын органдар мен тұлғалар;
46) тергеулік – осы қылмыстық құқық бұзушылықты тергеп-тексеруді қандай да бір қылмыстық қудалау органының құзыретіне жатқызатын, осы Кодексте белгіленген белгілердің жиынтығы;
47) тергеу судьясы – сотқа дейінгі іс жүргізу барысында осы Кодексте көзделген өкілеттіктерді жүзеге асыратын бірінші сатыдағы сот судьясы;
48) төрағалық етуші – қылмыстық істі алқалы түрде қарау кезінде төрағалық ететін не істі жеке-дара қарайтын судья;
49) тұрғынжай – бір немесе бірнеше адамның уақытша немесе тұрақты тұруына арналған үй-жай немесе құрылыс, оның ішінде: меншікті немесе жалға алынған пәтер, үй, саяжай үйі, мейманхана нөмірі, каюта, купе; көппәтерлі тұрғын үйді қоспағанда, оларға тікелей жалғасатын верандалар, террасалар, галереялар, балкондар, мансардалық құрылыстар, тұрғын құрылысының жертөлесі және шатыры, сондай-ақ өзен немесе теңіз кемесі және басқалар;
50) туыстар – арғы атасы бір, үлкен атасы мен үлкен әжесіне дейін туыстық байланыстағы адамдар;
51) түнгі уақыт – жергілікті уақыт бойынша сағат жиырма екіден алтыға дейінгі уақыт аралығы;
52) үкім – айыпталушының кінәлілігі немесе кінәсіздігі және оған жаза қолдану немесе қолданбау туралы мәселе бойынша бірінші, апелляциялық сатыдағы сот шығарған сот шешімі;
53) алып тасталды - ҚР 07.11.2014 № 248-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі);54) хаттама – қылмыстық процесті жүргізетін орган жасайтын процестік әрекет тіркелетін процестік құжат, ал осы Кодекстің баптарында тікелей көзделген жағдайларда – сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның процестік шешімі;
55) шағым – процеске қатысушылардың анықтау, алдын ала тергеу органдарының, прокурордың немесе соттың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне ден қою актісі, сондай-ақ тұлғаның қылмыстық қудалауды жекеше немесе жекеше-жариялы тәртіппен жүзеге асыру туралы талабы;
56) іздестіру шаралары (іс-шаралары) – анықтау органының қылмыстық процесті жүргізетін органнан жасырынып жүрген және (немесе) қылмыстық жауаптылықтан жалтарып жүрген адамдардың, хабарсыз кеткен адамдардың, іс үшін маңызы бар нәрселер мен құжаттардың тұрған жерін анықтауға, сондай-ақ қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамдарды анықтауға бағытталған, қылмыстық процесті жүргізетін органның тапсырмасы бойынша орындалатын әрекеттері;
57) іс бойынша іс жүргізу – нақты қылмыстық іс бойынша оның сотқа дейінгі және соттағы іс жүргізуі барысында жүзеге асырылатын процестік әрекеттер мен шешімдердің жиынтығы;
58) экстрадициялық қамақ – шет мемлекеттің құзыретті органының адамды күзетпен қамау туралы шешімін орындау бойынша соттың іздестірілудегі адамға қатысты оны шет мемлекетке ұстап беру (экстрадициялау) мақсатында қолданатын қамтамасыз ету шарасы.
Ескерту. 7-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 07.11.2014 № 248-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 31.10.2015 № 378-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 11.07.2017 № 91-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.12.2017 № 118-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 12.07.2018 № 180-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 09.06.2021 № 49-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2021 № 88-VII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); 21.11.2024 № 136-VIII (01.07.2025 бастап қолданысқа енгізіледі); 16.07.2025 № 210-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.2-тарау. ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСТІҢ МІНДЕТТЕРІ МЕН ҚАҒИДАТТАРЫ
8-бап. Қылмыстық процестің міндеттері
1. Қылмыстық құқық бұзушылықтардың жолын кесу, оларды бейтараптықпен, тез және толық ашу, тергеп-тексеру, оларды жасаған адамдарды әшкерелеу және қылмыстық жауаптылыққа тарту, әділ сот талқылауы және қылмыстық заңды дұрыс қолдану, адамдарды, қоғамды және мемлекетті қылмыстық құқық бұзушылықтардан қорғау қылмыстық процестің міндеттері болып табылады.
2. Қылмыстық істер бойынша іс жүргізудің заңда белгіленген тәртібі адамды және азаматты негізсіз айыптау мен соттаудан, оның құқықтары мен бостандықтарын заңсыз шектеуден қорғауды, ал кінәсіз адам заңсыз айыпталған немесе сотталған жағдайда, оны дереу және толық ақтауды қамтамасыз етуге, сондай-ақ заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуға, қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алуға, құқықты құрметтеу көзқарасын қалыптастыруға ықпал етуге тиіс.
9-бап. Қылмыстық процестің қағидаттары және олардың мәні
1. Қылмыстық процеске қатысушылардың құқықтары мен міндеттерін іске асырудың жалпы шарттарын және қылмыстық процестің өзінің алдында тұрған міндеттердің шешілуін қамтамасыз ететін қылмыстық процесс сатыларының, институттары мен нормаларының жүйесі мен мазмұнын айқындайтын оның іргелі бастаулары қағидаттар болып табылады.
2. Қылмыстық процестің қағидаттарын бұзу оның сипаты мен елеулі болуына қарай процестік әрекетті немесе шешімді заңсыз деп тануға, осындай іс жүргізу барысында шығарылған шешімдердің күшін жоюға не осы тұрғыда жиналған материалдарды дәлелдемелік күші жоқ деп немесе іс бойынша болып өткен іс жүргізуді жарамсыз деп тануға әкеп соғады.
1. Сот, прокурор, тергеуші, анықтау органы және анықтаушы қылмыстық істер бойынша іс жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының Конституциясы, осы Кодекс, осы Кодекстің 1-бабында көрсетілген өзге де нормативтік құқықтық актілер талаптарын дәлме-дәл сақтауға міндетті.
2. Соттар адамның және азаматтың Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіретін заңдарды және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi, олардың жекелеген ережелерін қолдануға құқылы емес. Егер сот қолданылуға тиіс заң немесе өзге де нормативтiк құқықтық акт, оның жекелеген ережелері адамның және азаматтың Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіреді деп тапса, ол iс бойынша iс жүргiзудi тоқтата тұруға және осы актiнi немесе оның жекелеген ережелерін конституциялық емес деп тану туралы ұсыну жасаумен Қазақстан Республикасының Конституциялық Сотына жүгінуге мiндеттi.
3. Қылмыстық істер бойынша іс жүргізу кезінде соттың, қылмыстық қудалау органдарының заңды бұзуына жол берілмейді және ол заңда белгіленген жауаптылыққа, заңсыз актілерді жарамсыз деп тануға және олардың күшін жоюға әкеп соғады.
4. Осы Кодекс нормаларының коллизиясы болған жағдайларда, олардың қылмыстық процестің қағидаттарына сай келетіндері қолданылуға жатады, ал нормаларда тиісті регламенттеу болмаған кезде сот ісін жүргізу мәселелері тікелей қылмыстық процесс қағидаттары негізінде шешіледі.
Ескерту. 10-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 05.11.2022 № 157-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі); 11.06.2026 № 307-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.11-бап. Сот төрелігін соттың ғана жүзеге асыруы
1. Қазақстан Республикасында қылмыстық істер бойынша сот төрелігін сот қана жүзеге асырады. Сот өкілеттігін кімнің де болса иемденіп алуы заңда көзделген қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғады.
2. Соттың үкімінсіз және заңға сәйкес емес түрде ешкімді де қылмыстық құқық бұзушылық жасауға кінәлі деп тануға, сондай-ақ қылмыстық жазаға тартуға болмайды.
3. Соттың құзыреті, оның юрисдикциясының шектері, қылмыстық сот ісін жүргізуді жүзеге асыру тәртібі заңда айқындалады және оны өз бетінше өзгертуге болмайды. Қылмыстық істерді қарау үшін қандай атаумен болсын төтенше немесе арнаулы соттар құруға жол берілмейді. Төтенше соттардың, сондай-ақ өзге де заңсыз құрылған соттардың үкімдері мен басқа да шешімдерінің заңдық күші болмайды және олар орындалуға жатпайды.
4. Өзінің соттылығына жатпайтын іс бойынша қылмыстық сот ісін жүргізуді жүзеге асыратын, өз өкілеттіктерін асыра қолданған немесе осы Кодексте көзделген қылмыстық процесс қағидаттарын өзгедей түрде бұзған соттың үкімі мен басқа да шешімдері заңсыз болады және олардың күші жойылуға жатады.
5. Соттың қылмыстық іс бойынша үкімі мен басқа да шешімдерін тиісті соттар ғана осы Кодексте көзделген тәртіппен тексере алады және қайта қарай алады.
12-бап. Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғау
1. Әркімнің өз құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғауға құқығы бар.
2. Ешкімнің өзі үшін заңмен көзделген соттылығы оның келісімінсіз өзгертіле алмайды.
3. Мемлекет заңда белгіленген жағдайларда және тәртіппен әркімнің сот төрелігіне қол жеткізуін және оған келтірілген залалдың өтелуін қамтамасыз етеді.
13-бап. Жеке бастың абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеу
1. Қылмыстық іс бойынша іс жүргізу кезінде қылмыстық процеске қатысатын адамның абыройын түсіретін немесе қадір-қасиетін кемітетін шешімдер мен әрекеттерге тыйым салынады, жеке өмір туралы мәліметтерді, сол сияқты адам құпия сақтау қажет деп санайтын жеке сипаттағы мәліметтерді осы Кодексте көзделмеген мақсаттар үшін жинауға, пайдалануға және таратуға жол берілмейді.
2. Адамға қылмыстық процесті жүргізетін органдардың заңсыз әрекеттерінен келтірілген моральдық зиян заңда белгіленген тәртіппен өтелуге жатады.
14-бап. Жеке басқа қолсұғылмаушылық
1. Осы Кодексте белгіленген негіздер мен тәртіп бойынша болмаса, ешкімді де қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдікпен ұстап алуға, күзетпен қамауға алуға немесе өзгеше түрде бас бостандығынан айыруға болмайды.
2. Күзетпен ұстауға және үйқамаққа алуға осы Кодексте көзделген жағдайларда ғана және күзетпен қамауға не үйқамаққа алынған адамға сотқа шағым жасау құқығын бере отырып, соттың санкциясымен ғана жол беріледі.
Осы Кодексте адамды соттың санкциясынсыз жетпіс екі сағаттан аспайтын мерзімге ұстап алуға жол берілетіні тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, адам соттың санкциясынсыз – қырық сегіз сағаттан аспайтын мерзімге, ал кәмелетке толмаған адам жиырма төрт сағаттан аспайтын мерзімге ұсталуға ұшырауы мүмкін.
Күзетпен ұсталмаған адамды сот-психиатриялық және (немесе) сот-медициналық сараптамалар жүргізу үшін медициналық ұйымға мәжбүрлеп орналастыруға соттың шешімімен ғана жол беріледі.
3. Әрбір ұстап алынған адамға ұстап алудың негіздері, сондай-ақ оған қылмыстық заңда көзделген қандай іс-әрекетті жасады деп күдік келтірілгені туралы дереу хабарланады.
4. Сот, қылмыстық қудалау органдары, күзетпен ұстау орны әкімшілігінің, медициналық ұйымның басшысы заңсыз ұстап алынған немесе күзетпен ұсталып отырған немесе медициналық ұйымға заңсыз орналастырылған не заңда немесе үкімде көзделгендегіден артық мерзімге күзетпен ұсталып отырған адамды дереу босатуға міндетті.
5. Қылмыстық процеске қатысатын адамдардың ешқайсысын азаптауға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе қадір-қасиетін қорлайтын қарым-қатынас немесе жазалау түрлеріне ұшыратуға болмайды.
6. Ешкімді де адамның өміріне немесе денсаулығына қауіп төндіретін процестік әрекеттерге қатысуға тартуға болмайды. Жеке басқа қолсұғылмаушылықты бұзатын процестік әрекеттер осы Кодексте тікелей көзделген жағдайларда және тәртіппен ғана адамның не оның заңды өкілінің еркіне қарсы жүргізілуі мүмкін.
7. Адамды, сондай-ақ қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдік бойынша ұстап алынған адамды күзетпен ұстау оның өмірі мен денсаулығына қатер төндірмейтін жағдайларда жүзеге асырылуға тиіс.
8. Азаматқа бас бостандығынан заңсыз айыру, оны өмірі мен денсаулығына қауіпті жағдайларда ұстау, оған қатыгез қарым-қатынас жасау салдарынан келтірілген зиян осы Кодексте көзделген тәртіппен өтелуге жатады.
Ескерту. 14-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 21.12.2017 № 118-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).15-бап. Қылмыстық істер бойынша іс жүргізу кезінде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау
1. Қылмыстық процесті жүргізетін орган қылмыстық процеске қатысатын азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, оларды жүзеге асыру үшін жағдай жасауға, қылмыстық процеске қатысушылардың заңды талаптарын қанағаттандыруға уақтылы шаралар қолдануға міндетті.
2. Азаматқа қылмыстық іс бойынша іс жүргізу кезінде оның құқықтары мен бостандықтарын бұзу салдарынан келтірілген зиян осы Кодексте көзделген негіздер бойынша және тәртіппен өтелуге жатады.
3. Жәбірленушіні, куәны немесе қылмыстық процеске қатысатын өзге де адамдарды, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерін немесе өзге де жақын туыстарын өлтірумен, күш қолданумен, мүлкін жоюмен немесе бүлдірумен не өзге де құқыққа қарсы қауіпті әрекеттермен қорқытты деп пайымдауға жеткілікті негіздер болған кезде қылмыстық процесті жүргізетін орган өз құзыреті шегінде бұл адамдардың өмірін, денсаулығын, абыройын, қадір-қасиетін және мүлкін қорғауға заңда көзделген шараларды қолдануға міндетті.
16-бап. Жеке өмiрге қол сұғылмау
Ескерту. 16-баптың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР 11.06.2026 № 307-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Жеке өмірге қол сұғылмау құқығына, жеке және отбасы құпиясының болу құқығына, цифрлық технологияларды қолдануды қоса алғанда, дербес деректерді заңсыз жинаудан, өңдеуден, сақтаудан және пайдаланудан қорғау құқығына заңмен кепілдік беріледі.
Әр адамның банк операцияларының, жеке салымдар мен жинақтардың, жазысқан хаттардың, телефон арқылы сөйлескен сөздердің, пошта хабарламаларының және байланыс құралдары, оның ішінде цифрлық технологияларды қолдану арқылы берілетін өзге де хабарламалардың құпия болуына құқығы бар.
2. Қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді жүзеге асыру кезінде әркімге жеке (жеке және отбасылық) өміріне қолсұғылмаушылық құқығы қамтамасыз етіледі. Бұл құқықты шектеуге заңда тікелей белгіленген жағдайларда және тәртіппен ғана жол беріледі.
3. Заңда көзделген жағдайлардан басқа, ешкім адамның келісімінсіз оның жеке өмірі туралы ақпарат жинауға, сақтауға, пайдалануға және таратуға құқылы емес.
4. Адамның жеке өмірі туралы осы Кодексте көзделген тәртіппен алынған ақпаратты қылмыстық процесс міндеттерін орындаудан басқаға пайдалануға болмайды.
Ескерту. 16-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 07.11.2014 № 248-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 11.06.2026 № 307-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.17-бап. Тұрғынжайға қолсұғылмаушылық
Тұрғынжайға қол сұғылмайды. Тұрғынжайға онда тұратын адамдардың еркіне қарсы кіруге, оған қарап-тексеру мен тінту жүргізуге заңда белгіленген жағдайларда және тәртіппен ғана жол беріледі.
18-бап. Меншікке қолсұғылмаушылық
1. Меншікке заңмен кепілдік беріледі. Ешкімді де соттың шешімі болмайынша өз мүлкінен айыруға болмайды.
2. Процестік әрекеттер барысында адамдардың екінші деңгейдегі банктерде және Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарында орналастырылған салымдарына және басқа да мүлкіне тыйым салу, сондай-ақ оларды алып қою осы Кодексте көзделген жағдайларда және тәртіппен жүргізілуі мүмкін.
Ескерту. 18-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 02.01.2021 № 399-VI (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.19-бап. Кінәсіздік презумпциясы
1. Әркім өзінің қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәлілігі осы Кодексте көзделген тәртіппен дәлелденгенге және соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін кінәсіз болып саналады.
2. Ешкім де өзінің кінәсіздігін дәлелдеуге міндетті емес.
3. Күдіктінің, айыпталушының, сотталушының кінәлілігіне сейілмеген күмән олардың пайдасына түсіндіріледі. Қылмыстық және қылмыстық-процестік заңдарды қолдану кезінде туындаған күмәндар да күдіктінің, айыпталушының, сотталушының пайдасына шешілуге тиіс.
4. Айыптау үкімі болжамдарға негізделе алмайды және ол жол берілетін және анық дәлелдемелердің жеткілікті жиынтығымен расталуға тиіс.
20-бап. Қайтадан соттауға және қылмыстық қудалауға жол бермеушілік
Ешкімді де бір сол қылмыстық құқық бұзушылық үшін қайтадан қылмыстық жауаптылыққа ұшыратуға болмайды.
21-бап. Сот төрелігін заң мен сот алдындағы теңдік бастауларында жүзеге асыру
1. Сот төрелігі баршаның заң мен сот алдында теңдігі бастауларында жүзеге асырылады.
2. Қылмыстық сот ісін жүргізу барысында ешкімді де шыққан тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге де мән-жайлар бойынша қандай да бір кемсітушілікке ұшыратуға болмайды.
3. Қылмыстық қудалаудан артықшылықтары немесе иммунитеті бар адамдарға қатысты қылмыстық сот ісін жүргізудің шарттары Қазақстан Республикасының Конституциясында, осы Кодексте, заңдарда және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда айқындалады.
22-бап. Судьялардың тәуелсіздігі
1. Судья сот төрелігін іске асыру кезінде тәуелсіз болады және Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңға ғана бағынады.
2. Соттың сот төрелігін іске асыру жөніндегі қызметіне қандай да бір араласуға жол берілмейді және ол заң бойынша жауаптылыққа әкеп соғады. Нақты істер бойынша судьялар есеп бермейді.
3. Судьялар тәуелсіздігінің кепілдігі Қазақстан Республикасының Конституциясында және заңда белгіленген.
23-бап. Сот ісін жүргізуді тараптардың жарыспалылығы мен тең құқылығы негізінде жүзеге асыру
1. Қылмыстық сот ісін жүргізу айыптаушы және қорғаушы тараптардың жарыспалылығы мен тең құқылығы қағидаты негізінде жүзеге асырылады.
2. Қылмыстық қудалау, қорғау және соттың істі шешуі бір-бірінен бөлінген және оларды әртүрлі органдар мен лауазымды адамдар жүзеге асырады.
3. Адамның қылмыстық құқық бұзушылықты жасаудағы кінәлілігін дәлелдеу және оның өзін қорғайтын дәлелдерін теріске шығару міндеті – қылмыстық қудалау органдарына, ал сотта іс жүргізу кезінде мемлекеттік және жекеше айыптаушыларға жүктеледі.
4. Қорғаушы қорғалуға құқығы бар куәгерді, күдіктіні, айыпталушыны, сотталушыны, сотталған адамды, ақталған адамды қорғаудың заңда көзделген барлық құралдары мен тәсілдерін пайдалануға міндетті.
5. Сот қылмыстық қудалау органы болып табылмайды, айыптаушы немесе қорғаушы тарап жағында әрекет етпейді және құқық мүдделерінен басқа қандай да болсын мүдделерді білдірмейді.
6. Сот объективтілікті және бейтараптылықты сақтай отырып, тараптардың өз процестік міндеттерін орындауы және өздеріне берілген құқықтарды жүзеге асыруы үшін қажетті жағдайларды жасауға міндетті.
7. Қылмыстық процеске қатысатын тараптар тең құқылы, яғни оларға Қазақстан Республикасының Конституциясына және осы Кодекске сәйкес өз ұстанымын қорғауға бірдей мүмкіндіктер берілген. Сот процестік шешімді тек тараптардың әрқайсысына бірдей негізде зерттелуіне қатысу қамтамасыз етілген дәлелдемелерге ғана негіздейді.
8. Тараптар қылмыстық сот ісін жүргізу барысында өзінің ұстанымын, оны қорғаудың тәсілдері мен құралдарын дербес және сотқа, басқа да органдар мен адамдарға тәуелсіз таңдайды. Сот тараптың өтінішхаты бойынша оған осы Кодексте көзделген тәртіппен қажетті материалдарды алуға жәрдем көрсетеді.
9. Мемлекеттік айыптаушы және жекеше айыптаушы белгілі бір адамды қылмыстық қудалауды жүзеге асыра алады немесе заңда көзделген жағдайларда қылмыстық қудалаудан бас тарта алады. Күдікті, айыпталушы, сотталушы өзінің кінәсін еркін түрде теріске шығаруы немесе өзін кінәлімін деп мойындауы, жәбірленушімен татуласуы, процестік келісімді, медиация тәртібімен татуласуға қол жеткізу туралы келісімді жасасуы мүмкін. Азаматтық талапкер талап қоюдан бас тартуға немесе азаматтық жауапкермен татуласу келісімін жасасуға құқылы. Азаматтық жауапкер талап қоюды мойындауға немесе азаматтық талапкермен татуласу келісімін жасасуға құқылы.
10. Сот тараптардың істі бірінші және апелляциялық сатыларында қарау құқығын қамтамасыз етеді; сотталушы мен оның қорғаушысы және процеске басқа да қатысушылар істі кассациялық тәртіппен қарау кезінде, жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша іс жүргізуді жүзеге асыру және үкімді орындауға байланысты мәселелерді қарау кезінде қатысуға жіберіледі. Сот әрбір қылмыстық істі қараған кезде айыптаушы тарап атынан мемлекеттік не жекеше айыптаушы өкілдік етуге тиіс. Сот істі қарағанда тараптардың қатысуы міндетті болатын басқа да жағдайлар осы Кодексте айқындалады.
Ескерту. 23-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР 31.10.2015 № 378-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 16.07.2025 № 210-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.24-бап. Iстің мән-жайларын жан-жақты, толық және объективті зерттеу
1. Сот, прокурор, тергеуші, анықтаушы істі дұрыс шешуге қажетті және жеткілікті мән-жайларды жан-жақты, толық және объективті зерттеу үшін заңда көзделген барлық шараларды қолдануға міндетті.
Бұл ретте сот істе бар және ұсынылған дәлелдемелерді осы Кодексте көзделген тәсілдермен зерттейді. Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің толымсыздығын жою мақсатында сот өз бастамасы бойынша қосымша дәлелдемелер жинауға құқылы емес.
2. Қылмыстық қудалау органдары нақты деректерді айқындайды, солардың негізінде іс үшін маңызы бар мән-жайлар анықталады.
3. Қылмыстық істі қарайтын сот объективтілік пен бейтараптылықты сақтай отырып, айыптаушы және қорғаушы тараптарға олардың істің мән-жайларын жан-жақты және толық зерттеуге деген құқықтарын жүзеге асыруы үшін қажетті жағдай жасайды.
4. Осы Кодекстің 380-бабының екінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, сот істе бар және сот отырысында тараптар ұсынған дәлелдемелерді зерттеудің қажеттілігі мен жеткіліктілігі мәселелері бойынша тараптардың пікірімен байланысты емес.
5. Іс бойынша күдіктіні, айыпталушыны, сотталушыны әшкерелейтін де, ақтайтын да, сондай-ақ олардың жауаптылығы мен жазасын жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар анықталуға жатады. Қылмыстық процесті жүргізетін орган күдіктінің, айыпталушының, сотталушының кінәсіздігі немесе кінәлілік дәрежесінің аздығы туралы, сондай-ақ оларды ақтайтын не олардың жауаптылығын жеңілдететін дәлелдемелердің бар-жоғы туралы барлық мәлімдемелерді, сондай-ақ дәлелдемелердің жиналуы мен бекітілуі кезінде тергеудің рұқсат етілмеген әдістерінің қолданылғаны туралы мәлімдемелерді тексеруге тиіс.
25-бап. Дәлелдемелерді ішкі сенім бойынша бағалау
1. Судья, прокурор, тергеуші, анықтаушы дәлелдемелерді қаралған дәлелдемелердің жиынтығына негізделген өзінің ішкі сенімі бойынша бағалайды, бұл ретте ол заң мен ар-ожданды басшылыққа алады.
Алқаби дәлелдемелерді қаралған дәлелдемелердің жиынтығына негізделген өзінің ішкі сенімі бойынша бағалайды, бұл ретте ол ар-ожданды басшылыққа алады.
2. Ешқандай дәлелдемелердің күні бұрын белгіленген күші болмайды.
26-бап. Қорғалуға құқығы бар куәнің, күдіктінің, айыпталушының қорғалу құқығын қамтамасыз ету
Ескерту. 26-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
1. Қорғалуға құқығы бар куәнің, күдіктінің, айыпталушының қорғалуға құқығы бар. Олар бұл құқықты осы Кодексте белгіленген тәртіппен жеке өздері де, сол сияқты қорғаушының, заңды өкілінің көмегімен де жүзеге асыра алады.
2. Қылмыстық процесті жүргізетін орган күдіктіге, айыпталушыға олардың құқықтарын түсіндіруге және олардың күдіктен, айыптаудан заңда тыйым салынбаған барлық құралдармен қорғану мүмкіндігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ олардың жеке бас құқықтары мен мүліктік құқықтарын қорғауға шаралар қолдануға міндетті.
3. Осы Кодексте көзделген жағдайларда қылмыстық процесті жүргізетін орган іске күдіктінің, айыпталушының қорғаушысының қатысуын қамтамасыз етуге міндетті.
4. Қорғалуға құқығы бар куәнің, күдіктінің, айыпталушының қорғаушысы мен заңды өкілінің қылмыстық сот ісін жүргізуге қатысуы алдыңғыларға тиесілі құқықтарды кемітпейді.
5. Қорғалуға құқығы бар куә, күдікті, айыпталушы қылмыстық қудалау органдарына айғақтар беруге, қандай да бір материалдарды ұсынуға, оларға қандай да бір жәрдем көрсетуге мәжбүр етілмеуге тиіс.
6. Күдіктінің, айыпталушының олармен бірлесіп қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп айыпталған адамға қатысты қылмыстық істі қарау кезінде де өздеріне тиесілі қорғалу құқығының барлық кепілдіктері сақталады.
Ескерту. 26-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.27-бап. Білікті заң көмегіне құқықты қамтамасыз ету
1. Әркімнің қылмыстық процесс барысында осы Кодексте көзделген тәртіппен білікті заң көмегін алуға құқығы бар.
2. Заңда көзделген жағдайларда азаматтарға ақы төленбейтін білікті заң көмегі көрсетіледі.
Ескерту. 27-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 11.06.2026 № 307-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.28-бап. Куәлік айғақтар беру міндетінен босату
1. Ешкім өзіне, жұбайына (зайыбына) және аясы осы Кодексте айқындалған өзінің жақын туыстарына қарсы айғақтар беруге міндетті емес.
2. Діни қызметшілер тәубаға келу үстінде өздеріне ішкі сырын ашқан адамдарға қарсы куәлік беруге міндетті емес.
3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген жағдайларда көрсетілген адамдар айғақтар беруден бас тартуға құқылы және бұл үшін оларды қандай да бір жауаптылыққа тартуға болмайды.
1. Қылмыстық істерді талқылау барлық соттарда және сот сатыларында ашық жүргізіледі. Сот талқылауының жариялылығын шектеуге ол мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны қорғау мүдделеріне қайшы келгенде ғана жол беріледі. Іске қатысатын адамдардың өмірінің интимдік жақтары туралы мәліметтердің жария етілуін болғызбау мақсатында, кәмелетке толмағандардың қылмыстық құқық бұзушылықтары туралы істер бойынша, жыныстық қылмыстар туралы істер бойынша және басқа да істер бойынша, сондай-ақ оны жәбірленушінің, куәның немесе іске қатысатын басқа да адамдардың, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерінің немесе жақын туыстарының қауіпсіздігі мүдделері талап ететін жағдайларда, соттың уәжді қаулысы бойынша жабық сот талқылауына жол беріледі. Қылмыстық қудалауды жүзеге асыратын органның әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне берілген, тергеу судьясы шешетін шағымдар да жабық сот отырысында қаралады.
2. Жабық отырыста істерді талқылау осы Кодексте белгіленген барлық қағидалар сақтала отырып жүзеге асырылады.
3. Соттың үкімі және іс бойынша қабылданған қаулылар барлық жағдайларда көпшілік алдында жарияланады. Жабық сот отырысында қаралған істер бойынша үкімнің кіріспе және қарар бөліктері ғана көпшілік алдында жария етіледі.
30-бап. Қылмыстық сот ісін жүргізу тілі
1. Қазақстан Республикасында қылмыстық сот ісін жүргізу қазақ тілінде жүргізіледі, сот ісін жүргізуде қазақ тілімен қатар ресми түрде орыс тілі, ал қажет болған кезде басқа тілдер де қолданылады.
2. Қылмыстық процесті жүргізетін орган істі орыс тілінде немесе басқа тілдерде жүргізу қажет болған кезде сот ісін жүргізу тілін өзгерту туралы уәжді қаулы шығарады.
3. Іс бойынша іс жүргізілетін тілді білмейтін немесе жеткілікті түрде білмейтін іске қатысатын адамдарға ана тілінде немесе өздері білетін басқа тілде мәлімдеме жасау, түсініктемелер және айғақтар беру, өтінішхаттар мәлімдеу, шағымдар беру, сот актілеріне дау айту, іс материалдарымен танысу, сотта сөз сөйлеу; осы Кодексте белгіленген тәртіппен аудармашының, есту қабілеті бойынша мүгедектігі бар адамдар үшін ымдау тілі маманының көрсететін қызметтерін тегін пайдалану құқығы түсіндіріледі және қамтамасыз етіледі.
4. Қылмыстық сот ісін жүргізуге қатысатын адамдарға істің олар үшін қажетті, басқа тілде жазылған материалдарын қылмыстық сот ісін жүргізу тіліне аудару тегін қамтамасыз етіледі. Сот процесіне қатысатын адамдарға сотта айтылғандардың басқа тілде болған бөлігінің сот ісін жүргізу тіліне аудармасы өтеусіз қамтамасыз етіледі.
5. Қылмыстық процесті жүргізетін органдар процеске қатысушыларға осы Кодекске сәйкес оларға сот ісін жүргізу тілінде табыс етілуге тиіс құжаттарды табыс етеді. Бұл ретте қылмыстық сот ісін жүргізу тілін білмейтін адамдар үшін құжаттардың сот ісін жүргізудің осы адамдар таңдаған тілінде жазылған, куәландырылған көшірмесі қоса беріледі.
Ескерту. 30-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 27.06.2022 № 129-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.31-бап. Процестік әрекеттер мен шешімдерге шағым жасау бостандығы
1. Сот пен қылмыстық қудалау органының әрекеттері мен шешімдеріне осы Кодексте белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.
2. Әрбір сотталған адамның, ақталған адамның үкімді жоғары тұрған сотқа осы Кодексте белгіленген тәртіппен қайта қаратуға құқығы бар.
3. Шағымды оны берген немесе өзінің мүддесінде шағым берілген тұлғаға зиян келтіретіндей етіп қолдануға жол берілмейді.
3-тарау. ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚУДАЛАУ
32-бап. Жекеше, жекеше-жариялы және жариялы қудалау және айыптау істері
1. Жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтың сипатына және ауырлығына қарай қылмыстық қудалау мен сотта айыптау жекеше, жекеше-жариялы және жариялы тәртіппен жүзеге асырылады.
2. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 114 (бірінші және екінші бөліктерінде), 123 (бірінші бөлігінде), 131, 147 (бірінші және екінші бөліктерінде), 149 (бірінші бөлігінде), 150 (бірінші бөлігінде), 198 (бірінші бөлігінде), 199(бірінші бөлігінде), 321 (бірінші бөлігінде)-баптарында, сондай-ақ осы баптың үшінші бөлігінде көзделген жағдайды қоспағанда, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 152-бабында (бірінші және екінші бөліктерінде) көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер жекеше айыптау істері болып есептеледі. Осы істер бойынша іс жүргізу жәбірленушінің шағымы бойынша ғана басталады және оның айыпталушымен, сотталушымен татуласуына орай тоқтатылуға жатады.
3. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 108-1 (бірінші бөлігінде), 109-1 (бірінші бөлігінде), 110 (бірінші бөлігінде), 115, 115-1, 120 (бірінші бөлігінде), 121 (бірінші бөлігінде), 121-1, 125-1 (бірінші бөлігінде), 126 (бірінші бөлігінде), 138, 139, 145, 148 (бірінші бөлігінде), 152 (үшінші бөлігінде), 153 (бірінші бөлігінде), 154, 155 (бірінші бөлігінде), 157 (бірінші бөлігінде), 158 (бірінші бөлігінде), 159, 187, 189 (бірінші және екінші бөліктерінде), 190 (бірінші бөлігінде), 195 (бірінші бөлігінде), 198(екінші бөлігінде), 199 (екінші бөлігінде), 201 (бірінші бөлігінде), 202 (бірінші бөлігінде), 204, 205 (бірінші бөлігінде), 206 (бірінші бөлігінде), 207 (бірінші бөлігінде), 208 (бірінші бөлігінде), 209(бірінші бөлігінде), 211 (бірінші бөлігінде), 223, (бірінші және екінші бөліктерінде), 248 (бірінші бөлігінде), 250, 251 (бірінші бөлігінде), 317 (бірінші бөлігінде), 319 (бірінші және екінші бөліктерінде),321 (екінші бөлігінде), 345 (бірінші бөлігінде), 389(бірінші бөлігінде)-баптарында, сондай-ақ, егер бұл соттың жұмысқа қайта орналастыру туралы шешімін орындамаумен байланысты болса, 152 (бірінші бөлігінде)-бапта көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер жекеше-жариялы айыптау істері болып есептеледі. Осы істер бойынша іс жүргізу жәбірленушінің шағымы бойынша ғана басталады және Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 68-бабында көзделген жағдайларда ғана жәбірленушінің күдіктімен, айыпталушымен, сотталушымен татуласуына орай тоқтатылуға жатады.
4. Прокурор жекеше және жекеше-жариялы айыптау ісі бойынша және іс-әрекет дәрменсіз немесе тәуелді күйдегі не басқа да себептермен өзіне тиесілі құқықтарды өз бетінше пайдалануға қабілетсіз адамның мүдделерін қозғаса, жәбірленушінің шағымы болмаған кезде не қоғамның немесе мемлекеттің мүдделері қозғалатын жекеше-жариялы айыптау ісі бойынша іс жүргізуді бастайды не жалғастырады.
5. Қылмыстық құқық бұзушылық туралы хабар Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелгеннен және кезек күттірмейтін тергеу әрекеттері жүргізілгеннен кейін жәбірленушінің шағымы болмаған кезде жекеше және жекеше-жариялы айыптау және қудалау істері бойынша іс жүргізу хабар тіркелген кезден бастап үш тәуліктен кешіктірмей осы Кодекстің 35-бабы бірінші бөлігінің 5) тармағында көзделген негіздер бойынша тоқтатылуға жатады.
6. Осы баптың екінші және үшінші бөліктерінде көрсетілгендерді қоспағанда, қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер жариялы айыптау істері болып есептеледі. Бұл істер бойынша қылмыстық қудалау жәбірленушінің шағым бергеніне-бермегеніне қарамастан жүзеге асырылады.
Ескерту. 32-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 03.07.2017 № 84-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.07.2018 № 180-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 01.04.2019 № 240-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 26.06.2020 № 349-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.04.2024 № 72-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.04.2024 № 74-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.07.2024 № 113-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.07.2025 № 210-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.33-бап. Коммерциялық немесе өзге де ұйымның арызы бойынша қылмыстық жауаптылыққа тарту
1. Егер Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 9-тарауында көзделген іс-әрекет коммерциялық ұйымның немесе мемлекеттік кәсіпорын болып табылмайтын өзге де ұйымның мүдделеріне ғана зиян келтірсе және басқа ұйымдардың мүдделеріне, сондай-ақ азаматтардың, қоғамның немесе мемлекеттің мүдделеріне зиян келтірмесе, қылмыстық жауаптылыққа тарту осы ұйым немесе уәкілетті орган басшысының, құрылтайшысының (қатысушысының) арызы немесе олардың келісуі бойынша жүзеге асырылады.
2. Алып тасталды – ҚР 02.07.2021 № 62-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.Ескерту. 33-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 02.07.2021 № 62-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
34-бап. Қылмыстық қудалауды жүзеге асырудың жалпы шарттары
1. Қылмыстық қудалау органы қылмыстық сот ісін жүргізу міндеттерін орындау мақсатында қылмыстық құқық бұзушылық белгілерін тапқан әрбір жағдайда өз құзыреті шегінде қылмыстық құқық бұзушылық оқиғасын белгілеу, қылмыстық құқық бұзушылық жасауға кінәлі адамдарды әшкерелеу, оларды жазалау үшін заңда көзделген барлық шараларды қолдануға, сол сияқты кінәсіз адамды ақтау үшін шаралар қолдануға міндетті.
2. Қылмыстық қудалау органы жәбірленушінің сот төрелігіне қол жеткізуін қамтамасыз ету және қылмыстық құқық бұзушылықпен келтірілген зиянды өтеткізу үшін шаралар қолдануға міндетті.
3. Қылмыстық қудалау органы қылмыстық процестегі өзінің өкілеттіктерін қандай да болсын органдар мен лауазымды адамдарға тәуелсіз және осы Кодекстің талаптарына қатаң сәйкес түрде жүзеге асырады.
4. Қылмыстық іс бойынша объективті тергеп-тексеру жүргізуге кедергі келтіру мақсатында қылмыстық қудалау органына қандай да бір нысанда ықпал ету заңда белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
5. Қылмыстық қудалау органының заңға сәйкес қойған талаптары барлық мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен азаматтардың орындауы үшін міндетті және олар белгілеген мерзімде, бірақ үш тәуліктен кешіктірілмей орындалуға тиіс. Күдіктіні ұстап алу, күзетпен ұстау туралы шешім қабылдау қажет болған жағдайда, қылмыстық қудалау органының талабы жиырма төрт сағат ішінде орындалуға тиіс. Көрсетілген талаптарды дәлелді себептерсіз орындамау заңда белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
35-бап. Іс бойынша іс жүргізуді болғызбайтын мән-жайлар
1. Қылмыстық іс:
1) қылмыстық құқық бұзушылық оқиғасының болмауынан;
2) іс-әрекетте қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауынан;
3) егер рақымшылық жасау актісі жасалған іс-әрекет үшін жаза қолдануды жойса, соның салдарынан;
4) қылмыстық жауаптылыққа тартудың ескіру мерзімінің өтуіне орай;
5) осы Кодекстің 32-бабының төртінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Кодекстің 32-бабының екінші және үшінші бөліктерінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша жәбірленушінің шағымының болмауынан, сондай-ақ осы Кодекстің 32-бабының төртінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Кодекстің 32-бабының екінші бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша жекеше айыптаушы айыптаудан бас тартқан кезде;
6) егер жасаған іс-әрекеті үшін қылмыстық жауаптылықтың күшін жоятын заң қолданысқа енгізілген болса не Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты осы қылмыстық іс бойынша қолданылуға тиіс, іс-әрекеттің қылмыстық құқық бұзушылық ретінде саралануы оған байланысты болатын заңды немесе өзге де нормативтік құқықтық актіні, оның жекелеген ережелерін Конституцияға сәйкес келмейді деп таныған жағдайда;
7) егер адамға қатысты соттың нақ осы айыптау бойынша заңды күшіне енген үкімі не соттың қылмыстық қудалаудың мүмкін еместігін белгілейтін, күші жойылмаған қаулысы бар болса;
8) егер адамға қатысты қылмыстық қудалау органының нақ осы күдік бойынша қылмыстық қудалауды тоқтату туралы күші жойылмаған қаулысы бар болса;
9) іс бойынша іс жүргізу өзіне медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын қолдану үшін қажет болған жағдайларды қоспағанда, егер қылмыстық заң тыйым салатын іс-әрекетті есі дұрыс емес күйде жасаған адамға қатысты болса;
10) қылмыстық қудалаудан артықшылықтары немесе иммунитеті бар адамды қылмыстық жауаптылыққа тартуға уәкілетті органның немесе лауазымды адамның келісім беруден бас тартуына байланысты;
11) іс бойынша іс жүргізу қайтыс болған адамды ақтау немесе істі басқа адамдарға қатысты тергеп-тексеру, сондай-ақ заңсыз жолмен табылған мүлікті, тәркіленуге жататын, келтірілген зиянның өтелуін қамтамасыз ететін ақша қаражатын және өзге де құндылықтарды анықтау үшін қажет болған жағдайларды қоспағанда, қайтыс болған адамға қатысты;
12) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ережелеріне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылуға жататын адамға қатысты тоқтатылуға жатады.
2. Іс бойынша іс жүргізу қылмыстық құқық бұзушылық оқиғасының немесе қылмыстық құқық бұзушылық құрамының жоқтығы дәлелденген кезде де, егер қосымша дәлелдемелер жинау үшін барлық мүмкіндіктер қолданылса, олардың болуы дәлелденбеген кезде де осы баптың бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақтарында көзделген негіздер бойынша тоқтатылады.
3. Іс бойынша іс жүргізу осы баптың бірінші бөлігінің 2) тармағында көзделген негіз бойынша және күдіктінің, айыпталушының немесе сотталушының зиян келтіруі құқыққа сыйымды болып табылған не күдікті, айыпталушы немесе сотталушы іс-әрекетті Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне сәйкес оны қылмыстық құқық бұзушылық деп тануды және қылмыстық жауаптылықты жоққа шығаратын мән-жайлар кезінде жасаған жағдайларда тоқтатылады.
4. Егер арыз иесі қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адам ретінде тікелей көрсететін адам (қорғалуға құқығы бар куә), күдікті, айыпталушы, сондай-ақ сотталушы немесе оның заңды өкілдері, ал осы баптың бірінші бөлігінің 11) тармағында көзделген жағдайларда, осы Кодекстің 66-бабының екінші бөлігінде санамаланған, адвокатпен қатар күдіктіні, айыпталушыны, сотталушыны қорғауды жүзеге асыру құқығы бар адамдар бұған қарсылық білдірсе, қылмыстық істі осы баптың бірінші бөлігінің 3), 4) және 11) тармақтарында көрсетілген негіздер бойынша тоқтатуға жол берілмейді. Бұл жағдайда іс бойынша іс жүргізу жалғастырылады және оған негіздер болған кезде адамды жазадан не қылмыстық жауаптылықтан босата отырып, айыптау үкімін шығару арқылы аяқталады.
Қылмыстық істі осы баптың бірінші бөлігінің 3), 4), 9), 10) және 11) тармақтарында көрсетілген негіздер бойынша тоқтату туралы шешім қабылдау үшін жәбірленушінің немесе оның өкілінің келісімі талап етілмейді.
Қылмыстық істі тоқтату сонымен бір мезгілде қылмыстық қудалауды тоқтатуға әкеп соғады.
5. Іс-әрекет жасалған кезде заңға сәйкес қылмыстық жауаптылық жүктеу мүмкін болатын жасқа толмаған адамға қатысты қылмыстық істі тоқтату туралы шешім осы баптың бірінші бөлігінің 2) тармағында көрсетілген негіз бойынша қабылдануға жатады. Іс-әрекет жасалған кезде заңға сәйкес қылмыстық жауаптылық басталатын жасқа толса да, психикалық дамуы жағынан психикасының бұзылуына байланысты емес артта қалуы салдарынан өз әрекеттерінің (әрекетсіздігінің) іс жүзіндегі сипаты мен қоғамдық қауіптілігін толық түйсіне алмаған және оларды игере алмаған, кәмелетке толмаған адамға қатысты қылмыстық істі тоқтату туралы шешім де осы негіз бойынша қабылдануға жатады.
6. Қылмыстық қудалау органы қылмыстық қудалауды болғызбайтын мән-жайларды анықтағанда сотқа дейінгі іс жүргізудің кез келген сатысында қылмыстық істі тоқтату туралы қаулы шығарады.
Прокурор істі басты сот талқылауында қарау басталғанға дейін оны соттан кері қайтарып алуға және осы бапта көзделген негіздер бойынша тоқтатуға да құқылы. Прокурор істі соттан кері қайтарып алғаннан кейін оны тоқтату үшін ол бойынша жаңадан сотқа дейінгі іс жүргізу өткізуге және оны сотқа қайтадан жіберуге жол берілмейді.
7. Мемлекеттік айыптаушы сотта қылмыстық қудалауды болғызбайтын мән-жайларды анықтағанда айыптаудан бас тарту туралы мәлімдеуге міндетті. Мемлекеттік айыптаушының айыптаудан бас тарту туралы мәлімдемесі, егер жекеше айыптаушы айыптауды қолдауын жалғастырса, қылмыстық істі қарауды жалғастыруға кедергі келтірмейді.
8. Сот қылмыстық қудалауды болғызбайтын мән-жайларды анықтағанда қылмыстық істі тоқтату туралы мәселені шешуге міндетті.
9. Қылмыстық қудалау органдары және соттар қылмыстық іс тоқтатылған кезде, адамның әрекеттерінде әкімшілік немесе тәртіптік құқық бұзушылық белгілері болған кезде материалдарды әкімшілік немесе тәртіптік жауаптылыққа тарту туралы мәселені шешу үшін он тәулік ішінде уәкілетті органдарға (лауазымды адамдарға) жіберуге міндетті.
Ескерту. 35-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 07.11.2014 № 248-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 02.07.2021 № 62-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.11.2022 № 157-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.01.2023 № 188-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.06.2026 № 307-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.36-бап. Қылмыстық қудалауды жүзеге асырмауға мүмкіндік беретін мән-жайлар
1. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 65-бабының бірінші бөлігінде, 66, 67, 67-1-баптарында, 68-бабының екінші, үшінші бөліктерінде, 83-бабының бірінші, үшінші бөліктерінде, сондай-ақ 441, 442, 444 – 448, 453-баптарының ескертпелерінде көзделген жағдайларда, қылмыстық қудалау органы, сот тиісті мән-жайлар болған кезде өз құзыреті шегінде адамды қылмыстық жауаптылықтан босата отырып, қылмыстық қудалауды тоқтатуға құқылы. Мұндай жағдайларда сот қылмыстық жауаптылықтан босата отырып, айыптау үкімін шығаруға да құқылы.
2. Мемлекеттік айыптаушы сотта қылмыстық қудалауды жүзеге асырмауға мүмкіндік беретін мән-жайларды анықтағанда айыпталушыны қылмыстық қудалаудан бас тартатынын мәлімдеуге құқылы. Мемлекеттік айыптаушы мәлімдеген қылмыстық қудалаудан бас тарту жекеше айыптаушының қылмыстық іс материалдарын пайдалана отырып, айыпталушыны қылмыстық қудалауды жалғастыруына кедергі келтірмейді.
3. Қылмыстық іс тоқтатылғанға дейін күдіктіге, айыпталушыға, сотталушыға істі тоқтатуға негіз, оның құқықтық салдары және істі осы негіз бойынша тоқтатуға қарсылық білдіру құқығы түсіндірілуге тиіс.
4. Қылмыстық істі тоқтату туралы жәбірленуші және (немесе) оның өкілі хабардар етіледі, олар қаулыға осы Кодексте көзделген тәртіппен прокурорға не сотқа шағым жасауға құқылы.
5. Қылмыстық істі осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген негіздер бойынша тоқтатуға, егер күдікті, айыпталушы, сотталушы немесе жәбірленуші бұған қарсылық білдірсе, жол берілмейді. Мұндай жағдайда іс бойынша іс жүргізу әдеттегі тәртіппен жалғастырылады.
6. Егер сот кеңесу бөлмесіне кеткенге дейін соттың депозитіне Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 69-бабында көзделген кепіл енгізілген жағдайда, сот кепілгерлік белгілеп, адамды жазасын өтеуден босата отырып, айыптау үкімін шығаруға құқылы.
Сот іс бойынша басқа қорытынды шешім қабылдаған жағдайда, кепіл нысанасы кепіл енгізген адамға дереу қайтарылады. Кепіл нысанасы қайтарылған кезде, оның сақталуын қамтамасыз етуге жұмсалған сома кепіл берушіден өндіріп алынбайды. Кепіл нысанасын қабылдау, бағалау, сақтау, қайтару, өткізу, оған өндіріп алуды қолдану және оны мемлекет кірісіне айналдыру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
Егер айыпталушы немесе жәбірленуші бұған қарсы болса, кепілгерлік белгілей отырып, адамды жазасын өтеуден босатуға жол берілмейді.
Ескерту. 36-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 07.11.2014 № 248-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 01.04.2019 № 240-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 12.07.2023 № 23-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. 4-тарау. АҚТАУ. ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСТІ ЖҮРГІЗЕТІН ОРГАННЫҢ ЗАҢСЫЗ
ӘРЕКЕТТЕРІМЕН КЕЛТІРІЛГЕН ЗИЯНДЫ ӨТЕУ
37-бап. Күдікті, айыпталушы, сотталушы ретінде тартылған адамды ақтау
1. Сот бойынша ақталған адам, сол сияқты өздеріне қатысты қылмыстық істі осы Кодекстің 35-бабы бірінші бөлігінің 1), 2), 5), 6), 7) және 8) тармақтарында көзделген негіздер бойынша тоқтату туралы соттың, қылмыстық қудалау органының қаулысы шығарылған күдікті, айыпталушы, сотталушы ақталуға, яғни олардың құқықтары қалпына келтірілуге тиіс және оның Қазақстан Республикасының Конституциясында кепілдік берілген құқықтары мен бостандықтарын қандай да бір шектеуге болмайды.
2. Сот, қылмыстық қудалау органы осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген адамды ақтау және оған қылмыстық процесті жүргізетін органның заңсыз әрекеттерінің салдарынан келтірілген зиянды өтеу бойынша заңда көзделген барлық шараларды қолдануға тиіс.
38-бап. Қылмыстық процесті жүргізетін органның заңсыз әрекеттері салдарынан келтірілген зиянды өтеткізуге құқығы бар адамдар
1. Адамға заңсыз ұстап алудың, күзетпен ұстаудың, үйқамақтың, лауазымынан уақытша шеттетудің, арнаулы медициналық ұйымға орналастырудың, соттаудың, медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолданудың салдарынан келтірілген зиян қылмыстық процесті жүргізетін органның кінәсі бар-жоғына қарамастан, толық көлемде республикалық бюджеттен өтеледі.
2. Қылмыстық процесті жүргізетін органның тиісті заңсыз әрекеттері салдарынан келтірілген зиянды өтеткізуге:
1) осы Кодекстің 37-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген адамдардың;
2) егер осы Кодекстің 32-бабының төртінші бөлігінде көзделген мән-жайлардың жоқтығына қарамастан, қылмыстық қудалауды болғызбайтын мән-жайлар анықталған кезден бастап сотқа дейінгі тергеп-тексеру тоқтатылмаса, өздеріне қатысты қылмыстық іс осы Кодекстің 35-бабы бірінші бөлігінің 5) тармағында көзделген негіздер бойынша тоқтатылуға жататын адамдардың;
3) өздеріне қатысты қылмыстық іс осы Кодекстің 35-бабы бірінші бөлігінің 3) және 4) тармақтарында көзделген негіздер бойынша тоқтатылуға тиіс, бірақ қылмыстық қудалауды болғызбайтын мән-жайлар анықталған кезден бастап тоқтатылмаған және мұндай адамдардың қылмыстық істі тоқтатуға келіскеніне қарамастан, қылмыстық қудалау заңсыз жалғастырылған адамдардың;
4) жасаған іс-әрекетінің саралануы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің оны жасағаны үшін күдік келтіру немесе айыптау кезінде осы Кодексте ұстап алуға немесе күзетпен ұстауға жол берілмейтін неғұрлым жеңіл қылмыстық құқық бұзушылық үшін жауаптылықты көздейтін бабына өзгертілген не осы бап бойынша неғұрлым жеңіл жаңа жаза тағайындалған немесе үкімнен айыптау бөлігі алып тасталған және осыған байланысты жазасы төмендетілген жағдайларда, сол сияқты соттың медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын немесе мәжбүрлеп тәрбиелік ықпал ету шараларын қолдану туралы заңсыз шешімінің күші жойылған жағдайда қамаққа алуға, бас бостандығынан айыруға сотталған, ұстап алынған немесе күзетпен ұсталған адамның құқығы бар. Қамаққа алудың немесе бас бостандығынан айырудың нақты өтелген мерзімі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің кінәлі адам жасаған іс-әрекет жаңадан сараланған бабында көзделген қамаққа алу немесе бас бостандығынан айыру түріндегі жазаның ең жоғары мөлшерінен асатын бөлігінде заңсыз өтелген болып есептеледі;
5) қылмыстық іс бойынша іс жүргізу барысында заңды негізсіз тиісті мерзімінен артық күзетпен ұсталған, сол сияқты кез келген өзге де процестік мәжбүрлеу шараларына заңсыз ұшыраған адамның;
6) өзіне қатысты кейіннен сот тәртібімен заңсыз деп танылған жасырын тергеу әрекеттері жүргізілген адамның құқығы бар.
3. Азамат қайтыс болған жағдайда, зиянды өтеткізу құқығы белгіленген тәртіппен – оның мұрагерлеріне, ал төленуі тоқтатыла тұрған зейнетақылар мен жәрдемақыларды алу бөлігінде – отбасының асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша жәрдемақымен қамтамасыз етілетін адамдар тобына жататын мүшелеріне ауысады.
4. Егер сотқа дейінгі тергеп-тексеру және сот талқылауы барысында адамның ерікті түрде өзіне өзі жала жабу жолымен ақиқатты анықтауға кедергі келтіргендігі және сол арқылы осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген салдарлардың басталуына ықпал еткендігі дәлелденсе, оған зиян өтелмеуге тиіс.
5. Осы баптың екінші бөлігінің 3) тармағында көрсетілген мән-жайлар болмаған кезде осы баптың қағидалары адамға қатысты қолданылған процестік мәжбүрлеу шараларының немесе шығарылған айыптау үкімінің күші рақымшылық жасау немесе кешірім жасау актілерінің шығуына, ескіру мерзімдерінің өтуіне, қылмыстық жауаптылықты жоятын немесе жазаны жеңілдететін заңның қабылдануына байланысты жойылған немесе олар өзгертілген жағдайларға қолданылмайды.
6. Өзге мән-жайлар зиянды өтеткізуге негіз болып табылмайды.
Ескерту. 38-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 21.12.2017 № 118-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).39-бап. Зиянды өтеткізу құқығы және талап қою мерзімдері
1. Қылмыстық процесті жүргізетін орган адамды толық немесе ішінара ақтау туралы шешім қабылдай отырып, оның зиянды өтету құқығын тануға тиіс. Ақтау үкімінің немесе сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тоқтату туралы, өзге де заңсыз шешімдердің күшін жою немесе оларды өзгерту туралы қаулының көшірмесі мүдделі тұлғаға табыс етіледі не пошта арқылы жіберіледі. Сонымен бір мезгілде оған зиянды өтеу туралы талаптар қою тәртібі мен мерзімдері түсіндірілген хабарлама жіберіледі. Залалды өтетуге құқығы бар қайтыс болған адамның мұрагерлерінің, туыстарының немесе асырауындағылардың тұрғылықты жері туралы мәліметтер болмаған кезде, оларға хабарлама қылмыстық процесті жүргізетін органға олар өтініш жасаған күннен бастап бес тәуліктен кешіктірілмей жіберіледі.
2. Осы Кодекстің 38-бабының екінші және үшінші бөліктерінде көрсетілген адамдардың мүліктік зиянды толық көлемде өтеткізуге, моральдық зиянның салдарын жойғызуға және еңбек, зейнетақы, тұрғынжай және өзге де құқықтарын қалпына келтіртуге құқығы бар. Соттың үкімі бойынша құрметті, әскери, арнаулы немесе өзге де атақтан, сыныптық шеннен, дипломатиялық дәрежеден, біліктілік сыныптан, сондай-ақ мемлекеттік наградалардан айырылған адамдардың атағы, сыныптық шені, дипломатиялық дәрежесі, біліктілік сыныбы қалпына келтіріліп, мемлекеттік наградалары қайтарып беріледі.
3. Қылмыстық процесті жүргізетін органның заңсыз әрекеттерімен келтірілген зиянды өтеткізу туралы талаптар осы тарауда көзделген тәртіппен құқықтарды қалпына келтіру тәртібі түсіндірілетін хабарлама алынған күннен бастап алты ай ішінде қойылуы мүмкін. Осы мерзім дәлелді себеппен өткізіп алынған жағдайда, оны мүдделі тұлғалардың арызы бойынша сот қалпына келтіруі мүмкін.
Ескерту. 39-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.1. Осы Кодекстің 38-бабының екінші бөлігінде көрсетілген адамдарға келтірілген мүліктік зиян:
1) олар айырылған жалақыны, зейнетақыны, жәрдемақыларды, өзге де қаражаттар мен табыстарды;
2) соттың үкімі немесе өзге де шешімі негізінде заңсыз тәркіленген немесе мемлекеттің кірісіне айналдырылған мүлікті;
3) соттың заңсыз үкімін орындау үшін өндіріп алынған айыппұлдарды; заңсыз әрекеттерге байланысты адам төлеген сот шығындары мен өзге де сомаларды;
4) заң көмегін көрсету үшін адам төлеген сомаларды;
5) қылмыстық қудалау салдарынан шегілген өзге де шығыстарды өтеуді қамтиды.
2. Осы Кодекстің 38-бабының екінші бөлігінде көрсетілген адамдарды күзетпен ұстауға, қамаққа алуды немесе бас бостандығынан айыруды өтеу орындарында ұстауға жұмсалған сомалар, бұл адамдарды қылмыстық қудалауға байланысты сот шығындары, сол сияқты олардың күзетпен ұсталуы, қамаққа алуды немесе бас бостандығынан айыруды өтеуі уақытында қандай да бір жұмыстарды орындағаны үшін алған жалақысы қылмыстық процесті жүргізетін органның заңсыз әрекеттерінің салдарынан келтірілген зиянды өтеу төлеміне жататын сомадан шегеріле алмайды.
3. Осы Кодекстің 38-бабының екінші және үшінші бөліктерінде аталған адамдар осы Кодекстің 39-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген құжаттардың көшірмелерін зиянды өтеу тәртібі туралы хабарламамен бірге алған кезде қылмыстық істі тоқтату туралы үкім шығарған, қаулы шығарған сотқа, не адамның тұрғылықты жері бойынша сотқа не сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тоқтату туралы қаулы шығарған органның орналасқан жері бойынша сотқа мүліктік зиянды өтеттіру туралы не өзге де заңсыз шешімдердің күшін жою немесе оларды өзгерту туралы талаппен жүгінуге құқылы. Егер жоғары тұрған сот қылмыстық істі тоқтатса немесе үкімді өзгертсе, зиянды өтеу туралы талап үкім шығарған сотқа жіберіледі. Кәмелетке толмаған адамның атынан зиянды өтеу туралы талапты оның заңды өкілі мәлімдеуге құқылы.
4. Судья арыз түскен күннен бастап бір айдан кешіктірмей қажет болған жағдайларда қаржы органдарынан және әлеуметтік қорғау органдарынан есеп-қисап сұрата отырып, зиянның мөлшерін айқындайды, содан кейін инфляцияны ескере отырып, осы зиянды өтеу үшін төлем жүргізу туралы қаулы шығарады. Егер сот істі апелляциялық немесе кассациялық тәртіппен қарау кезінде тоқтатса, істі бірінші сатыда қараған соттың судьясы көрсетілген әрекеттерді сот талқылауын өткізбестен жеке-дара жүргізеді.
5. Соттың мүліктік зиянды өтеу үшін төлем жүргізу туралы заңды күшіне енген қаулысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес орындалады.
6. Алып тасталды - ҚР 07.11.2014 № 248-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).7. Қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді жүзеге асыратын органдардың заңсыз әрекеттерімен заңды тұлғаларға келтірілген зиянды өтеу туралы талап осы бапта көзделген тәртіппен қаралады және мемлекет зиянды белгіленген көлемде өтейді.
Ескерту. 40-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 07.11.2014 № 248-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 31.10.2015 № 378-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі; 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.41-бап. Моральдық зиянның салдарын жою
1. Қылмыстық процесті жүргізетін, адамды ақтау туралы шешім қабылдаған орган келтірілген зиян үшін одан ресми түрде кешірім сұрауға міндетті.
2. Келтірілген моральдық зиян үшін ақшалай мәнде өтемақы туралы талаптар азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қойылады.
3. Егер адам заңсыз қылмыстық қудалауға ұшырап, ал қылмыстық қудалау, ұстап алу, күзетпен ұстау, лауазымынан уақытша шеттету, медициналық ұйымға мәжбүрлеп орналастыру, соттау және оған қатысты қолданылып, кейіннен заңсыз деп танылған басқа да әрекеттер туралы мәліметтер масс-медиада, сондай-ақ онлайн-платформалар арқылы жарияланса, онда осы адамның талап етуі бойынша, ал ол қайтыс болған жағдайда, оның туыстарының немесе оның құқықтарын қалпына келтіру туралы шешім қабылдаған, қылмыстық процесті жүргізетін органның талап етуі бойынша тиісті бұқаралық ақпарат құралдары бір айдың ішінде бұл туралы қажетті хабар жасауға міндетті.
4. Қылмыстық процесті жүргізетін орган осы Кодекстің 38-бабының екінші және үшінші бөліктерінде көрсетілген адамдардың талап етуі бойынша он төрт күндік мерзім ішінде олардың жұмыс істейтін, оқитын, тұрғылықты жері бойынша заңсыз шешімдердің күші жойылғаны туралы жазбаша хабарлама жіберуге міндетті.
Ескерту. 41-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 19.06.2024 № 94-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.42-бап. Құқықтарды талап қою тәртібімен қалпына келтіру
Егер зиянды өтеу туралы талапты осы тарауда көзделген тәртіппен беруге арналған алты айлық мерзім өткізіп алынса, адам азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен сотқа жүгінуге құқылы.
5-тарау. ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС БОЙЫНША ІС ЖҮРГІЗУ
42-1-бап. Қылмыстық сот ісін жүргізу форматы
1. Қазақстан Республикасында қылмыстық сот ісі қағаздағы және (немесе) электрондық форматтарда жүргізіледі.
2. Қылмыстық процесті жүргізуші адам техникалық мүмкіндіктерді ескере отырып, қылмыстық сот ісін электрондық форматта жүргізуге құқылы, бұл туралы уәжді қаулы шығарады.
Қылмыстық сот ісін одан әрі электрондық форматта жүргізу мүмкін болмаған жағдайда, қылмыстық процесті жүргізуші адам қағаздағы форматқа көшеді, бұл туралы уәжді қаулы шығарады.
Қылмыстық процесті жүргізу форматы туралы қаулыға қылмыстық процеске қатысушылар осы Кодекстің 100-бабында көзделген тәртіппен шағым жасай алады.
3. Қылмыстық сот ісі қағаз форматта жүргізілген кезде сотқа дейінгі тергеп-тексеру органы процестік шешімдер қабылдауға және оларды прокурорға келісуге не бекітуге жіберуге, сондай-ақ осы Кодексте көзделген жағдайларда, құпиялылықты сақтауды талап ететіндерін қоспағанда, қабылданған шешімдер туралы прокурорды хабардар етуге және процестік шешімдер мен қылмыстық істің басқа да материалдарының көшірмелерін электрондық форматта жіберуге құқылы.
Ескерту. 5-тарау 42-1-баппен толықтырылды - ҚР 21.12.2017 № 118-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 19.12.2020 № 384-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.07.2025 № 210-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.43-бап. Қылмыстық істерді біріктіру
1. Бір немесе бірнеше қылмыстық құқық бұзушылықты сыбайласып жасаған бірнеше адамға қатысты қылмыстық істер, бірнеше қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамға қатысты істер, сондай-ақ осы қылмыстарды күні бұрын уәде бермей жасырғандығы немесе олар туралы айтпағандығы үшін күдік келтірілетін, айыпталатын адамға қатысты істер бір іс жүргізуге біріктірілуі мүмкін.
Бір іс жүргізуде пара алу, пара беру, парақорлықта делдалдық ету немесе параға коммерциялық сатып алу жөніндегі өзара байланысты қылмыстар туралы қылмыстық істер де біріктірілуі мүмкін.
2. Күдікті анықталмаған, бірақ бірнеше қылмыстық құқық бұзушылықты бір адам немесе адамдар тобы жасады деп пайымдауға жеткілікті негіздер болған жағдайларда да қылмыстық істерді біріктіруге жол беріледі.
3. Қылмыстық істерді біріктіру қылмыстық процесті жүргізетін органның қаулысы негізінде жүргізіледі. Қылмыстық қудалау органы шығарған қаулының көшірмесі жиырма төрт сағаттың ішінде прокурорға және қорғаушы тарапқа жіберіледі.
4. Мыналар:
1) әртүрлі адамдарға қатысты бірдей күдіктенулер, айыптаулар;
2) жекеше айыптау ісі қаралып жатқан жағдайлардан басқа, бір-біріне қатысты қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп айып тағылған адамдарға қатысты күдіктенулер, айыптаулар;
3) біреуі бойынша қылмыстық қудалау – жекеше тәртіппен, ал екіншісі бойынша – жариялы тәртіппен жүзеге асырылатын істер;
4) бірге қаралуы істі объективті қарауға кедергі келтіруі мүмкін барлық басқа да күдіктенулер, айыптаулар бір іс жүргізуге біріктірілмеуге тиіс.
5. Алып тасталды – ҚР 16.07.2025 № 210-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.6. Қылмыстық процеске қатысушылардың құқығы адамдарға өздеріне қатысты біріктірілген істер бойынша ғана тиесілі болады.
Ескерту. 43-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 16.07.2025 № 210-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.44-бап. Қылмыстық істі бөлектеп алу
1. Сот, қылмыстық қудалау органы қылмыстық істен:
1) мемлекеттік құпияларды қорғауға байланысты жабық сот талқылауы үшін негіздер өздеріне қатысты болатын, бірақ басқа күдіктілерге, айыпталушыларға қатысты емес жекелеген күдіктілерге немесе айыпталушыларға;
2) ересектермен бірге қылмыстық жауаптылыққа тартылған кәмелетке толмаған күдіктіге немесе айыпталушыға;
3) қылмыстық жауаптылыққа тартылуға жататын жекелеген анықталмаған адамдарға қатысты, сондай-ақ осы Кодекстің 45-бабында көзделген басқа да жағдайларда;
4) прокурор ынтымақтастық туралы процестік келісім жасасқан күдіктіге, айыпталушыға, сотталушыға қатысты басқа қылмыстық істі жеке іс жүргізуге бөлектеп алуға құқылы.
2. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру немесе күзетпен ұстау мерзімдері аяқталып келе жатқан көп эпизодты қылмыстық істі тергеп-тексеру жағдайында тергеуші, анықтаушы, анықтау органы күдіктену бөлігінде тергеп-тексеру жан-жақты, толық және объективті жүргізілді деп тани отырып, істің бір бөлігін, егер бұл істің қалған бөлігін тергеп-тексеруге және қарауға кедергі келтірмесе, сотқа жіберу үшін жеке іс жүргізуге бөлектеп алуға құқылы.
3. Егер қылмыстық іс бойынша тергелетін іске байланысты емес қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бар әрекеттер туралы мәліметтер алынса, олар туралы барлық материалдар осы Кодексте көзделген тәртіппен сотқа дейінгі жаңа тергеп-тексеру бастау үшін дереу бөлектеп алынуға тиіс.
4. Қылмыстық істерді бөлектеп алуға, егер бұл мән-жайларды зерттеу мен істі шешудің жан-жақтылығына, толықтығына және объективтілігіне әсер етпесе, жол беріледі.
5. Iсті бөлектеп алу қылмыстық процесті жүргізетін органның қаулысы негізінде жүзеге асырылады. Қылмыстық қудалау органы шығарған қаулының көшірмесі жиырма төрт сағаттың ішінде прокурорға жіберіледі. Қаулыға төлнұсқалар немесе көшірмелер түрінде бөлектеп алынатын материалдардың тізбесі қоса берілуге тиіс.
6. Бөлектеп алынған іс бойынша іс жүргізудің мерзімі қылмыстық құқық бұзушылық туралы арыз, хабар жаңа қылмыстық құқық бұзушылық бойынша, Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркелген күннен бастап есептеледі. Қалған жағдайларда мерзім негізгі қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған кезден бастап есептеледі.
Ескерту. 44-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 12.07.2018 № 180-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.45-бап. Іс бойынша сот ісін жүргізуді тоқтата тұру және сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімдерін үзу
1. Қылмыстық іс бойынша іс жүргізу:
1) айыпталушы соттан жасырынған не оның жүрген жері басқа себептермен анықталмаған;
2) сотталушының психикасының уақытша бұзылуы немесе өзге де ауыр науқасы заңда көзделген тәртіппен куәландырылған;
3) сотталушы Қазақстан Республикасынан тыс жерде болған;
4) қылмыстық іс бойынша одан әрі іс жүргізуге уақытша кедергі келтіретін еңсерілмейтін күштің әрекеті;
5) осы Кодекстің 59-тарауында көзделген тәртіппен құқықтық көмек алуға байланысты процестік әрекеттер орындалып жатқан;
6) сотта прокурор сотталушының дәлелдемелердің заңсыз әрекеттерді қолдана отырып немесе қатыгез қарым-қатынас жасала отырып алынғаны туралы арызын қараған және оның шешіміне шағым жасалған жағдайларда, егер бұл ретте басты сот талқылауын жалғастыру мүмкін болмаса, сот қаулысымен тоқтатыла тұрады.
2. Сот осы қылмыстық істе қолданылуға тиіс, Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіретін заңды немесе өзге де нормативтік құқықтық актіні, оның жекелеген ережелерін конституциялық емес деп тану туралы ұсынумен Қазақстан Республикасының Конституциялық Сотына өтініш жасаған жағдайда, сот іс бойынша іс жүргізуді толықтай немесе тиісті бөлігінде тоқтата тұруға міндетті.
Егер Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты осы қылмыстық іс бойынша қолданылуға тиіс заңды немесе өзге де нормативтік құқықтық актіні, оның жекелеген ережелерін конституциялық емес деп тану туралы ұсынуды басқа соттың бастамасымен іс жүргізуге қабылдаса, сот іс бойынша іс жүргізуді тараптардың өтінішхаты бойынша толықтай немесе тиісті бөлігінде тоқтата тұруға міндетті.
3. Сотта қылмыстық іс бойынша іс жүргізу, егер жекеше айыптау ісі бойынша жекеше айыптаушы өзінің ауыр науқас екендігіне, Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде іссапарда болуына немесе азаматтық борышын орындауына байланысты сотта қылмыстық қудалауды жүзеге асыра алмаған жағдайда да, сот қаулысымен толықтай немесе тиісті бөлігінде тоқтатыла тұрады.
4. Қылмыстық іс бойынша іс жүргізу оны тоқтата тұруға негіз болған мән-жайлар жойылғанға дейін тоқтатыла тұрады, бұл ретте істі сотта қарау мерзімі үзіледі. Олар жойылған соң, іс жүргізу соттың қаулысымен қайта басталады.
5. Процеске қатысушыларға іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру немесе қайта бастау туралы хабарланады.
6. Тоқтатыла тұрған іс, егер іс бойынша ескіру мерзімінің өтуін үзу туралы мәліметтер болмаса, қылмыстық заңда белгіленген ескіру мерзімінің аяқталуы бойынша тоқтатылуға жатады.
7. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімдері:
1) қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адам анықталмаған;
2) күдікті, айыпталушы Қазақстан Республикасынан тысқары жерде болған;
3) күдікті, айыпталушы қылмыстық қудалау органдарынан жасырынған не олардың болатын жері басқа да себептер бойынша анықталмаған;
4) күдіктінің, айыпталушының жүйкесінің уақытша бұзылуы немесе өзге де ауыр науқасы заңда көзделген тәртіппен куәландырылған;
5) осы Кодекстің 59-тарауында көзделген тәртіппен құқықтық көмек алуға байланысты процестік әрекеттер орындалған;
6) хабарсыз кеткен адам табылмаған;
7) күдіктінің, айыпталушының қылмыстық қудалаудан иммунитеттен айыру не оларды шет мемлекетке ұстап беру (экстрадициялау) туралы мәселені шешуге байланысты іске нақты қатысу мүмкіндігі болмаған;
8) қылмыстық іс бойынша одан әрі іс жүргізуге уақытша кедергі келтіретін еңсерілмейтін күш әсер еткен;
9) қылмыстық іс бойынша сараптама тағайындалған жағдайларда үзіледі.
7-1. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімдерін үзу іс бойынша "Жедел-іздестіру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қажетті іздестіру іс-шараларын және жасырын тергеу әрекеттерін жүргізуге және олардың нәтижелерін қылмыстық іс материалдарына қосып тігуге кедергі келтірмейді.
8. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімдерін үзу туралы қаулы шығарылғаннан кейін сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам бір тәулік ішінде оны прокурорға келісу үшін жібереді.
8-1. Прокурор сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімдерін үзу туралы қаулыны үш тәулік ішінде келіседі не уәжді қаулымен оны келісуден бас тартады және қажетті тергеу әрекеттерін және процестік әрекеттерді жүргізу туралы көрсете отырып, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамға қайтарады.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімдерін үзу туралы қаулы прокурормен келісілген жағдайда сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам бұл туралы процеске қатысушыларды хабардар етеді.
Қылмыстық істің материалдарын талап етіп алдыру және зерделеу қажет болған жағдайларда, келісу немесе келісуден бас тарту туралы шешімді прокурор он тәулік ішінде қабылдайды.
9. Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің үзілген мерзімдері оларды үзуге негіз болған мән-жайлар жойылған кезден бастап, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның қаулысымен қайта басталады, бұл туралы прокурор жазбаша хабардар етіледі.
Ескертпе: Қылмыстық іс бойынша одан әрі іс жүргізуге кедергі келтіретін еңсерілмейтін күштің әрекеті деп табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды түсінген жөн.
Ескерту. 45-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 19.12.2020 № 384-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2021 № 88-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.11.2022 № 157-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі); 11.06.2026 № 307-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.46-бап. Қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді аяқтау
Қылмыстық іс бойынша іс жүргізу:
1) қылмыстық іс бойынша іс жүргізудің толық тоқтатылғаны туралы қаулы күшіне енген;
2) егер іс бойынша үкімді немесе басқа да қорытынды шешімді орындау бойынша арнаулы шаралар қабылдау талап етілмесе, ол күшіне енген;
3) егер іс бойынша үкімді немесе басқа да қорытынды шешімді орындау бойынша арнаулы шаралар қабылдау талап етілсе, оның орындауға келтірілгені туралы растау алынған кезден бастап аяқталады.
1. Қылмыстық сот ісін жүргізу барысында осы Кодексте және басқа да заңнамада көзделген, мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын, алынатын мәліметтерді қорғау жөніндегі шаралар қолданылады.
2. Қылмыстық процесті жүргізетін орган мемлекеттік құпияларды немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді хабарлауды немесе беруді ұсынған тұлғалар көрсетілген талапты орындаудан мемлекеттік құпияларды немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны сақтау қажеттігіне сілтеме жасай отырып бас тарта алмайды. Қылмыстық процесті жүргізетін орган тұлғадан көрсетілген хабарларды немесе мәліметтерді алғанға дейін тиісті процестік әрекеттің хаттамасында жазба жасауға және тұлғадан көрсетілген мәліметтерді қылмыстық іс бойынша іс жүргізу үшін ғана алу қажеттілігі туралы және алынған мәліметтерге қатысты құпиялықты заңда көзделген тәртіппен сақтау туралы қол қойдыра отырып, онымен таныстыруға міндетті.
3. Қылмыстық процеске қатысушыларды мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерге жіберу тәртібі заңнамада айқындалады.
4. Егер алқабилер қатысатын сот қарайтын қылмыстық істің материалдарында мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтер болған жағдайда, сот әкімшілігі саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган төрағалық етушінің жазбаша өкімі бойынша алқабилерді мемлекеттік құпияларға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жіберуді ресімдейді.
5. Мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қамтитын дәлелдемелер соттың жабық отырысында зерттеледі.
6. Заңмен қорғалатын өзге де құпияларды құрайтын, сондай-ақ жеке өмірдің интимдік жақтарын ашатын мәліметтерді қамтитын дәлелдемелер көрсетілген мәліметтердің жариялану қаупі төнген адамдардың өтінішхаты бойынша соттың жабық отырысында зерттелуі мүмкін.
7. Жеке өмірге қолсұғылмаушылықты бұзудың, жеке немесе отбасылық құпияны жариялаудың салдарынан адамға келтірілген зиян заңда көзделген тәртіппен өтелуге жатады.
8. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерінің құпиялығын сақтау тәртібі осы Кодекстің 201-бабында айқындалады.
9. Істегі қылмыстық процеске қатысушыларға табыс етілуге жататын, мемлекеттік құпияларды немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтер бар процестік құжаттардың көшірмелері олармен танысқаннан кейін іспен бірге сақталады және сот отырысы кезінде қылмыстық процеске қатысушыларға табыс етіледі.
10. Сот үкімде немесе қаулыда мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын іс материалдарына сілтеме жасай отырып, олардың мазмұнын ашпайды.
Ескерту. 47-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 21.11.2024 № 136-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.6-тарау. ПРОЦЕСТІК МЕРЗІМДЕР
1. Осы Кодексте белгіленген мерзімдер сағаттармен, тәуліктермен, айлармен, жылдармен есептеледі.
2. Мерзімдерді есептеу кезінде мерзімнің өтуі басталатын сағат пен тәулік есепке алынбайды. Бұл қағиданың ұстап алу, күзетпен ұстау, үйқамақ және медициналық мекемеде немесе ерекше режиммен ұстайтын білім беру ұйымында болу кезіндегі мерзімдерді есептеуге қатысы жоқ.
3. Мерзімді есептеу кезінде оған жұмыстан тыс уақыт та кіреді.
4. Тәуліктермен есептелетін мерзім оның соңғы тәуліктерінің жиырма төрт сағатында бітеді. Айлармен есептелетін мерзім оның соңғы айының тиісті айы мен күнінде бітеді. Егер мерзімнің аяқталуы тиісті күні жоқ айға тура келетін болса, онда мерзім осы айдың соңғы күнінде бітеді. Жылдармен есептелетін мерзім оның соңғы жылының тиісті айы мен күнінде бітеді. Егер мерзімнің аяқталуы тиісті күні жоқ айға тура келетін болса, онда мерзім осы айдың соңғы күнінде бітеді. Ұстап алу, күзетпен, ұстау, үйқамақ және медициналық мекемеде немесе ерекше режиммен ұстайтын білім беру ұйымында болу кезіндегі мерзімдерді есептеу жағдайларын қоспағанда, мерзімнің соңғы күні жұмыс істемейтін күнге тура келсе, онда одан кейінгі жұмыс күні мерзімнің аяқталу күні болып есептеледі.
5. Адамды қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдік бойынша ұстап алған кезде мерзім осы шара нақты қолданылған кезден (минутына дейін дәлдікпен сағаттан) бастап есептеледі. Күзетпен ұстау, үйқамақ, сондай-ақ медициналық мекемеде немесе ерекше режиммен ұстайтын білім беру ұйымында болу мерзімдерін есептеу кезінде мерзімнің бірінші тәулігі мерзімге қосылады.
49-бап. Мерзімді сақтау және ұзарту
1. Егер шағым, өтінішхат немесе өзге де құжат мерзім аяқталғанға дейін поштаға тапсырылса, оны қабылдауға уәкілетті тұлғаға берілсе немесе мәлімделсе, ал күзетпен ұсталатын не медициналық ұйымға орналастырылған адамдар үшін, егер шағым немесе өзге де құжат күзетпен ұстау орнының немесе медициналық ұйымның әкімшілігіне мерзім аяқталғанға дейін тапсырылса, мерзім өткізіп алынған болып есептелмейді. Шағымды немесе өзге де құжатты поштаға тапсыру уақыты – пошта мөртабаны бойынша, ал оларды қабылдауға уәкілетті тұлғаға немесе күзетпен ұстау орнының немесе медициналық ұйымның әкімшілігіне тапсыру уақыты осы ұйымдар кеңсесінің немесе лауазымды адамдарының қойған белгісі бойынша айқындалады.
2. Лауазымды адамдардың белгіленген мерзімді сақтауы процестік құжаттардағы тиісті нұсқаумен расталады. Қылмыстық сот ісін жүргізуге қатысатын адамдарға табыс етілуге жататын құжаттардың алынғандығы олардың іске қоса тігілген қолхатымен расталады.
3. Процестік мерзімдер осы Кодексте белгіленген жағдайларда және тәртіппен ғана ұзартылуы мүмкін.
50-бап. Мерзімді өткізіп алудың салдары және оны қалпына келтіру тәртібі
1. Қылмыстық процеске қатысушылардың мерзім аяқталғаннан кейін жасаған процестік әрекеттері жарамсыз болып есептеледі.
2. Дәлелді себеппен өткізіліп алынған мерзім мүдделі тұлғаның өтінішхаты бойынша, іс жүргізуінде іс жатқан анықтаушының, тергеушінің, прокурордың немесе судьяның қаулысымен қалпына келтірілуі мүмкін. Бұл ретте мерзім, егер қылмыстық процесті жүргізетін органның тиісті шешімінде өзгеше көзделмесе, басқа тұлғалар емес, оны өткізіп алған тұлға үшін қалпына келтіріледі.
3. Белгіленген мерзімді өткізіп алып шағым жасалған шешімді орындау мүдделі тұлғаның өтінішхаты бойынша өткізіп алынған мерзімді қалпына келтіру туралы мәселе шешілгенге дейін тоқтатыла тұруы мүмкін.
4. Мерзімді қалпына келтіруден бас тартуға осы Кодексте белгіленген тәртіппен шағым жасалуы, ол прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қаралуы мүмкін.
Ескерту. 50-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 11.07.2017 № 91-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). 2-БӨЛІМ. ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСКЕ ҚАТЫСАТЫН МЕМЛЕКЕТТІК
ОРГАНДАР МЕН АДАМДАР
7-тарау. СОТ
1. Сот билігі органы бола отырып, сот қылмыстық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асырады.
2. Кез келген қылмыстық істі соттың заңды, тәуелсіз, құзыретті және бейтарап құрамы ғана қарай алады, бұл осы Кодексте белгіленген:
1) нақты істердің соттылығын айқындау;
2) нақты қылмыстық істерді қарау үшін соттың құрамын жасақтау;
3) судьяларға қарсылық білдіру;
4) істі шешу функциясын айыптау және қорғау функцияларынан бөлектеу қағидаларын сақтау арқылы қамтамасыз етіледі.
3. Қазақстан Республикасында қылмыстық істер бойынша сот төрелігін:
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты;
қылмыстық істер жөніндегі кассациялық сот (бұдан әрі – кассациялық сот);
облыстық және оларға теңестірілген соттар, Әскери сот;
аудандық және оларға теңестірілген соттар;
қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттар, мамандандырылған тергеу соттары, мамандандырылған ауданаралық тергеу соттары, қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соттар, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттар, гарнизондардың әскери соттары жүзеге асырады.
Ескерту. 51-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 12.07.2018 № 180-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.11.2024 № 136-VIII (01.07.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.1. Бірінші сатыдағы соттарда қылмыстық істерді қарауды – судья жеке-дара, ал аса ауыр қылмыстар бойынша:
1) төтенше ахуал жағдайларында және жаппай тәртіпсіздіктер барысында жасалған адам өлтіру;
2) бейбітшілікке және адамзат қауіпсіздігіне қарсы, конституциялық құрылыс негіздеріне және мемлекет қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар;
3) террористік және экстремистік қылмыстар;
4) соғыс уақытында немесе ұрыс жағдайында жасалған әскери қылмыстар;
5) қылмыстық топ құрамында жасалған қылмыстар;
6) кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы аса ауыр қылмыстар туралы істерді қоспағанда, айыпталушының өтінішхаты бойынша сот алқабилердің қатысуымен бір судья және он алқаби құрамында жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 116 (екінші және үшінші бөліктерінде), 125 (үшінші бөлігінің 1) тармағында), 128 (төртінші бөлігінің 1) тармағында), 132 (бесінші бөлігінде), 135 (төртінші бөлігінің 1) тармағында), 146 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 160, 163, 164 (екінші бөлігінде), 168, 249 (екінші бөлігінде), 317 (төртінші бөлігінде), 335 (төртінші бөлігінде), 337 (төртінші және алтыншы бөліктерінде), 345 (төртінші бөлігінде), 345-1 (төртінші бөлігінде), 346 (бесінші және алтыншы бөліктерінде), 380-1 (екінші бөлігінің 6) тармағында)-баптарында көзделген қылмыстар туралы қылмыстық істерді де айыпталушының өтінішхаты бойынша сот алқабилердің қатысуымен бір судья және он алқаби құрамында қарайды.
2. Ауыр және аса ауыр қылмыстар туралы қылмыстық істерді апелляциялық тәртіппен қарау құрамында алқаның кемінде үш судьясы болатын алқалы түрде жүзеге асырылады, ал қысқартылған тәртіппен немесе бұйрықтық іс жүргізу тәртібімен қаралған қылмыстық теріс қылықтар және онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар туралы істер бойынша, үкімді орындау мәселелері бойынша соттың үкімдеріне, қаулыларына, тергеу судьясының қаулыларына берілген шағымдарды, прокурорлардың өтінішхаттарын қарау кезінде судья жеке-дара жүзеге асырады.
Апелляциялық алқаның төрағасы іссапарда, демалыста болуына немесе сырқаттанып қалуына байланысты болмаған кезде көрсетілген істерді алқалы түрде қарау кезінде оған сот төрағасы апелляциялық алқа төрағасының міндеттерін атқаруды жүктеген алқа судьясы төрағалық етеді.
Егер апелляциялық алқаның төрағасы осы Кодекстің 87-бабында көзделген негіздер бойынша немесе өзге де мән-жайлардың болуына байланысты істі апелляциялық сатыда қарауға қатыса алмаса, онда оның тапсырмасы бойынша осы істі алқалы қарау кезінде алқа судьяларының бірі төрағалық етеді.
3. Кассациялық сатыдағы сотта істерді қарау сот төрағасының не оның тапсырмасы бойынша судьялардың біреуінің төрағалық етуімен судьялардың тақ санды (кемінде үш) алқалы сот құрамымен жүргізіледі.
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты сот актілерінің күшін жойған және істі жаңадан қарауға жіберген жағдайларда кассациялық саты істі сот төрағасының төрағалық етуімен судьялардың тақ санды (кемінде бес) алқалы құрамымен қарайды.
4. Істерді Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотында қайта қарау Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының не оның тапсырмасы бойынша судьялардың біреуінің төрағалық етуімен судьялардың тақ санды (кемінде бес) алқалы құрамында жүргізіледі.
5. Істерді жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қараған кезде соттың құрамы осы Кодекстің 504-бабында көзделген қағидаларға сәйкес айқындалады.
6. Үкімді орындау және есі дұрыс емес адамдарға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы істерді қарау кезінде туындайтын мәселелерді қарауды тиісті соттың судьясы жеке-дара жүзеге асырады.
7. Бір алқада судьялардың саны олардың істі қарауға қатысуға кедергі болатын мән-жайларға байланысты істі алқалы түрде қарауды қамтамасыз етуге жеткіліксіз болған жағдайларда, тиісінше Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, облыстық және оған теңестірілген соттың төрағалары істі қарауға қатысуға басқа алқаның судьяларын тартуға құқылы.
Ескерту. 52-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 07.11.2014 № 248-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 31.10.2015 № 378-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 11.07.2017 № 91-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.12.2017 № 118-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 292-VІ (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізілетін, қылмыстық құқық бұзушылықтар құрамдарын алқабилер қатысатын соттың қарауына жатқызу туралы ережелерді қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2020 № 393-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2021 № 88-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.12.2022 № 175-VII (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі); 21.11.2024 № 136-VIII (01.07.2025 бастап қолданысқа енгізіледі); 16.07.2025 № 210-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.53-бап. Соттың өкілеттіктері
1. Сот билігінің органы ретіндегі соттың өкілеттіктері заңда айқындалады.
2. Тек сот қана:
1) адамды қылмыстық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп тануға және оған жаза тағайындауға;
2) адамға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын не мәжбүрлеп тәрбиелік ықпал ету шараларын қолдануға;
3) төмен тұрған сот қабылдаған шешімнің күшін жоюға немесе оны өзгертуге;
4) сот актілерін жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарауға;
5) күдіктіге, айыпталушыға қатысты тергеуші, анықтаушы, анықтау органы, прокурор таңдаған күзетпен ұстау, үйқамақ, экстрадициялық қамақ, кепіл түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялауға және олардың мерзімдерін ұзартуға;
5-1) жасырын тергеу әрекеттерін жүргізуді және оның мерзімдерін ұзартуды санкциялауға, сондай-ақ адамды оған қатысты жүргізілген жасырын тергеу әрекеттері туралы хабардар ету мерзімін ұзартуға, сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының адамды оған қатысты жүргізілген жасырын тергеу әрекеттері туралы хабардар етпеуіне келісім беруге;
6) күдіктіге, айыпталушыға қатысты лауазымынан уақытша шеттету және жақындауға тыйым салу түрінде процестік мәжбүрлеу шараларын санкциялауға;
7) күзетпен ұсталмайтын адамды сот-психиатриялық және (немесе) сот-медициналық сараптама жүргізу үшін медициналық ұйымға мәжбүрлеп орналастыруға;
8) мәйітті эксгумациялауды санкциялауға, халықаралық іздестіру жариялауға, мүлікке тыйым салуға, қарап-тексеруге, тінтуге, алуға және жеке тінтуге;
9) үлгілерді мәжбүрлеп алуды және мәжбүрлеп куәландыруды санкциялауға құқықты.
3. Сот осы Кодексте көзделген жағдайларда және тәртіппен:
1) қылмыстық қудалау органының, прокурордың шешімдері мен әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) жасалған шағымдарды қарайды;
2) прокурордың, қорғаушының өтінішхаты бойынша куә мен жәбірленушінің айғақтарын сақтауға қояды;
3) ақшалай және әкімшілік өндіріп алуларды қолданады;
4) үкімді орындауға байланысты мәселелерді қарайды;
5) прокурордың заңсыз жолмен алынған мүлікті үкім шығарылғанға дейін тәркілеу туралы өтінішхатын қарайды.
4. Егер істі сотта қарау кезінде қылмыстық құқық бұзушылық жасауға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын бұзуға ықпал еткен мән-жайлар, сондай-ақ сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында жол берілген басқа да заң бұзушылықтар анықталса, сот жекеше қаулы шығарып, онда қажетті шаралар қолдануды талап ететін осы мән-жайлар мен заң бұзу фактілеріне тиісті ұйымдардың немесе тұлғалардың назарын аударады. Егер сот мұны қажет деп тапса, басқа жағдайларда да жекеше қаулы шығаруға құқылы.
5. Төмен тұрған соттың (судьяның) атына жекеше қаулы шығарылмайды. Төмен тұрған сот жол берген, үкімнің, қаулының күшін жоюға немесе оны өзгертуге әкеп соққан, заң бұзушылықтар туралы жоғары тұрған сот сатысының сот актілерінде көрсетіледі. Басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтар не әкімшілік немесе тәртіптік жауаптылыққа әкеп соғатын іс-әрекеттер құрамын құрайтын іс-әрекеттер жасау фактілері анықталған кезде сот заңда көзделген шараларды қолдану үшін тиісті прокурордың атына жекеше қаулы шығарады.
6. Заңда көзделген жағдайларда, судьяның қаралып жатқан істер бойынша, жедел-іздестіру, қарсы барлау қызметін және жасырын тергеу іс-қимылдарын ұйымдастыру, нақты жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шаралары және жасырын тергеу іс-қимылдары, ақпарат көздері мен оларды алу тәсілдері туралы жария етуге жатпайтын мәліметтерді қоспағанда, анықтау органдарының қаралып жатқан іске қатысты жедел есепке алу істерін, қарсы барлау қызметінің және жасырын тергеу іс-қимылдарының материалдарын талап етіп алдыруға және олармен танысуға құқығы бар.
Ескерту. 53-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 31.10.2015 № 378-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) ; 28.12.2016 № 36-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін екі ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.12.2017 № 118-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.1. Өз құзыреті шегінде істі жеке-дара қарайтын, соттың отырысын дайындау немесе оның үкімінің немесе басқа да шешімінің орындалуын қамтамасыз ету жөнінде өкім жасау әрекеттерін жүзеге асыратын, осы Кодекстің 53-бабының үшінші бөлігінде көрсетілген өтінішхаттар мен шағымдарды шешетін судьяға соттың өкілеттіктері тиесілі болады.
2. Iсті судьялар алқасының құрамында қарайтын судья қаралатын іске байланысты туындайтын барлық мәселелерді шешу кезінде төрағалық етушімен және басқа да судьялармен тең құқықтарды пайдаланады. Судья қаралатын мәселелер бойынша басқа судьялардың пікірімен келіспеген кезде, өзінің ерекше пікірін жазбаша баяндауға құқылы, ол конвертке салынып мөрленіп, қылмыстық іске қосып тігіледі. Тек жоғары тұрған соттың ғана істі қарау кезінде конвертті ашуына және судьяның ерекше пікірімен танысуына жол беріледі.
3. Тергеу судьясы – бірінші сатыдағы соттың судьясы, оның өкілеттігіне қылмыстық сот ісін жүргізуде адамдар құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің сақталуына сот бақылауын осы Кодексте көзделген тәртіппен жүзеге асыру жатады. Тергеу судьясын алмастыру қажет болған кезде ол қайта тағайындалуы мүмкін.
Ескерту. 54-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 12.07.2018 № 180-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.55-бап. Тергеу судьясының өкілеттіктері
1. Сотқа дейінгі іс жүргізу барысында тергеу судьясы осы Кодексте көзделген жағдайларда мынадай:
1) күзетпен ұстауды санкциялау;
2) үйқамақты санкциялау;
3) лауазымынан уақытша шеттетуді санкциялау;
4) жақындауға тыйым салуды санкциялау;
5) экстрадициялық қамақты санкциялау;
5-1) жасырын тергеу әрекеттерін жүргізуді, жасырын тергеу әрекеттерін жүргізу мерзімдерін ұзартуды санкциялау;
5-2) осы Кодекстің 234-бабының үшінші бөлігінде көзделген жағдайларда, прокурордың өтінішхаты бойынша жасырын тергеу әрекеттерін тоқтату;
6) күзетпен ұстау, үйқамақ, экстрадициялық қамақ мерзімдерін ұзарту;
7) кепіл қолдануды санкциялау;
8) мүлікке тыйым салуды санкциялау;
9) күзетпен ұсталмайтын адамды сот-психиатриялық және (немесе) сот-медициналық сараптама жүргізу үшін медициналық ұйымға мәжбүрлеп орналастыру;
10) бұрын өзіне қатысты күзетпен ұстау қолданылған адамның психикалық ауру фактісі анықталған кезде, оны ауруларды қатаң оқшаулау жағдайында ұстауға лайықталған, психиатриялық көмек көрсететін арнаулы медициналық ұйымға ауыстыру;
11) мәйітті эксгумациялау;
12) күдіктіге, айыпталушыға халықаралық іздеу жариялау мәселелерін қарайды;
13) қарап-тексеруді санкциялау;
14) тінтуді санкциялау;
15) алуды санкциялау;
16) жеке тінтуді санкциялау;
17) мәжбүрлеп куәландыруды санкциялау;
18) үлгілерді мәжбүрлеп алуды санкциялау мәселелерін қарайды.
2. Осы Кодексте көзделген жағдайларда тергеу судьясы:
1) анықтаушының, анықтау органының, тергеушінің және прокурордың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне жасалған шағымдарды қарайды;
2) тез бұзылатын немесе қылмыстық істі мәні бойынша шешкенге дейін ұзақ сақталуы елеулі материалдық шығындарды қажет ететін заттай дәлелдемелерді өткізу туралы мәселені қарайды;
3) сотқа дейінгі іс жүргізу барысында жәбірленуші мен куәның айғақтарын сақтауға қояды;
4) адвокаттар мен прокурорларды қоспағанда, сотқа дейінгі іс жүргізуде процестік міндеттерді орындамайтын немесе тиісінше орындамайтын тұлғаларға ақшалай өндіріп алуды қолданады;
5) прокурордың ұсынуымен қылмыстық іс бойынша процестік шығындарды өндіріп алу туралы мәселені қарайды;
6) сұрау салуды орындаудан бас тартылған не ол бойынша үш тәулік ішінде шешім қабылданбаған жағдайда, қорғаушы, жәбірленушінің өкілі ретінде қатысатын адвокаттың уәжді өтінішхаты бойынша, мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қоспағанда, қылмыстық іс үшін маңызы бар кез келген мәліметтерді, құжаттарды, нәрселерді талап етіп алдыру және қылмыстық іске қосып тігу туралы мәселені қарайды;
7) қорғаушы, жәбірленушінің өкілі ретінде қатысатын адвокаттың уәжді өтінішхаты бойынша сараптама тағайындау не қылмыстық қудалау органының, жасырын тергеу әрекеттерін қоспағанда, оның ішінде, егер қылмыстық қудалау органы осындай өтінішхатты қанағаттандырудан негізсіз бас тартса не ол бойынша үш тәулік ішінде шешім қабылдамаса, өзге тергеу әрекеттерін жүргізуі туралы мәселені қарайды;
8) қылмыстық процесті жүргізетін органға айғақ беруі үшін келуін қамтамасыз ету қиындық тудыратын, бұрын өздері жауап алған куәні, қорғаушы ретінде қатысатын адвокаттың өтінішхаты бойынша, мәжбүрлеп әкелу туралы мәселені қарайды;
8-1) сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының уәжді өтінішхаты бойынша адамды оған қатысты жүргізілген жасырын тергеу әрекеттері туралы хабардар ету мерзімін бір жылға дейін ұзарту туралы мәселені қарайды;
8-2) сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының уәжді өтінішхаты бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының адамды оған қатысты жүргізілген жасырын тергеу әрекеттері туралы хабардар етпеуіне келісім береді;
9) осы Кодексте көзделген өзге де өкілеттіктерді орындайды.
3. Алып тасталды - 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.Ескерту. 55-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 31.10.2015 № 378-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 11.07.2017 № 91-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.12.2017 № 118-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 09.06.2021 № 49-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
56-бап. Тергеу судьясының өкілеттіктерін жүзеге асырудың жалпы шарттары
1. Тергеу судьясы өз өкілеттіктерін осы Кодекстің осы бабының қағидаларына және тиісті баптарында көзделген ерекшеліктерге сәйкес жүзеге асырады.
2. Тергеу судьясы өз құзыретіне жатқызылған мәселелерді сот отырысын өткізбей, жеке-дара қарайды.
Егер заңды және негізді шешім қабылдау үшін маңызы бар мән-жайларды зерттеу қажет болса, не прокурордың немесе қорғау тарапының өтінішхаты болса, тергеу судьясы тиісті тұлғалардың және прокурордың қатысуымен сот отырысын өткізу туралы мәселені шешеді.
Осы Кодекстің 55-бабы бірінші бөлігінің 1), 2), 5) және 6) тармақтарында, екінші бөлігінің 2) және 3) тармақтарында көрсетілген мәселелерді қарау кезінде сот отырысын өткізу міндетті.
Қорғау тарапының, жәбірленуші өкілінің өтінішхаты бойынша осы Кодекстің 55-бабы екінші бөлігінің 1) тармағында көрсетілген мәселені қарау үшін сот отырысын тағайындау, сол бір мәселе бойынша қайта берілген, жаңа дәлелдер қамтылмаған шағымдарды қоспағанда, қорғау тарапы, жәбірленушінің өкілі әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешіміне шағым жасайтын адамдарды тергеу судьясының тыңдауы қажет болған жағдайда міндетті болып табылады.
Сот отырысы тағайындалған жағдайда оның уақыты мен орны туралы қорғау тарапына, жәбірленушінің өкіліне және прокурорға алдын ала хабарланады.
Сот отырысы тергеу судьясының өкімі бойынша бейнебайланыс режимінде өткізілуі мүмкін. Сот отырысы барысында хаттама жүргізіледі.
ҚР Конституциялық Сотының 04.12.2025 № 76-НҚ нормативтік қаулысымен осы кодекстің 56-бабы екінші бөлігі бірінші абзацының, 161, 162 және 163-баптарының ережелері екі немесе одан көп адамның меншігіндегі мүлікке тыйым салу рәсімін жүзеге асыру үшін қолданылған кезде олар төмендегідей түсіндірмеде ҚР Конституциясына сәйкес келеді деп танылды:1) қаралып отырған қылмыстық-процестік нормалар үкімнің азаматтық талап қою, басқа да мүліктік өндіріп алулар немесе мүлікті ықтимал тәркілеу бөлігінде орындалуын қамтамасыз ету мақсатында ғана мүлікке тыйым салуды қолдану мүмкіндігіне жол береді;
2) сотқа келіп түскен материалдарда ортақ меншік құқығындағы мүліктің күдікті (айыпталушы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінде тікелей аталған өзге де тұлға) деп танылмаған адамға тиесілігі туралы мәліметтердің болуы заңды және негізді шешім қабылдау үшін едәуір маңызы бар елеулі мән-жай және, тиісінше, сот отырысында тең меншік иесіне сотқа өз ұстанымын айту мүмкіндігін бере отырып, осындай мүлікке тыйым салуды қолдану мәселесін зерттеуге негіз болып табылады.
3. Тергеу судьясы:
1) сотқа дейінгі іс жүргізуді жүзеге асыратын органнан қаралып жатқан мәселе бойынша қосымша ақпаратты талап етуге;
2) тиісті сотқа дейінгі іс жүргізудің барлық материалдарымен танысуға және оларды зерттеуге;
3) процеске қатысушыларды сот отырысына шақыруға және олардан қылмыстық іс бойынша қажетті ақпаратты алуға құқылы.
4. Тергеу судьясы осы Кодекске сәйкес істі мәні бойынша шешу кезінде сотта қараудың нысанасы болуы мүмкін мәселелерді алдын ала шешуге, осы Кодекстің 55-бабы екінші бөлігінің 7) тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, тергеп-тексеру бағыты және тергеу әрекеттерін жүргізу туралы нұсқаулар беруге, сотқа дейінгі іс жүргізуді жүзеге асыратын адамдардың және қадағалаушы прокурордың, сондай-ақ істі мәні бойынша қарайтын соттың орнына әрекет жасауға және шешім қабылдауға тиіс емес.
5. Күдікті өзіне азаптау және басқа да заңсыз әрекеттер қолданылғаны туралы арызданған немесе онда күш қолданудың іздері болған кезде тергеу судьясы қадағалаушы прокурорға көрсетілген фактілерді дереу тексеруді жүзеге асыруды тапсыруға міндетті.
6. Адамның құқықтары мен бостандықтарын, ұйымдардың заңмен қорғалатын мүдделерін заңсыз шектеу немесе өзге де бұзу фактілері анықталған кезде тергеу судьясы заң бұзушылыққа жол берген тұлғалардың жауаптылығы туралы мәселені шешу үшін жекеше қаулы шығарады.
Ескерту. 56-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 07.11.2014 № 248-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 21.12.2017 № 118-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 09.06.2021 № 49-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.57-бап. Iс бойынша төрағалық етуші
1. Қылмыстық істі судьялар алқасының құрамында қараған кезде соттың төрағасы, сот алқасының төрағасы не заңда көзделген тәртіппен осыған уәкілеттік берілген судьялардың біреуі төрағалық етеді.
Iсті жеке-дара қарап жатқан судья төрағалық етуші болып есептеледі.
2. Төрағалық етуші сот отырысының барысына басшылық етеді, қылмыстық істің әділ қаралуын қамтамасыз ету және осы Кодекстің басқа да талаптарының, сондай-ақ сот отырысына қатысушы барлық тұлғалардың тиісті мінез-құлқының сақталуы үшін барлық шараларды қолданады.
3. Сот отырысына төрағалық етушінің өкімдері процестің барлық қатысушылары және сот залында қатысып отырған өзге де тұлғалар үшін міндетті.
8-тарау. ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚУДАЛАУ ФУНКЦИЯЛАРЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРАТЫН
МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАР МЕН ЛАУАЗЫМДЫ АДАМДАР
1. Прокурор – өз құзыреті шегінде жедел-іздестіру қызметінің, анықтаудың, тергеудің және сот шешімдерінің заңдылығын қадағалауды, сондай-ақ мемлекет атынан қылмыстық процестің барлық сатыларында қылмыстық қудалауды және Қазақстан Республикасы Конституциясының 84-бабына және осы Кодекске сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыратын лауазымды адам: осы Кодексте белгіленген өкілеттіктерге сәйкес әрекет ететін Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасары, орынбасарлары, олардың аға көмекшілері мен көмекшілері, прокуратура органдарының инвесторлардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствосының бірінші басшысы, оның орынбасарлары, Қазақстан Республикасының Бас әскери және Бас көлік прокурорлары, астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың прокурорлары және олардың орынбасарлары, құрылымдық бөлімшелердің бастықтары, олардың орынбасарлары, аға көмекшілер мен көмекшілер, басқармалар мен бөлімдердің аға прокурорлары мен прокурорлары, өңірлер мен гарнизондардың әскери прокурорлары, өңірлік көлік прокурорлары, аудандардың, қалалардың прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлар, олардың орынбасарлары, аға прокурорлар мен прокурорлар. Соттың қылмыстық істі қарауына қатысатын прокурор айыптауды қолдау арқылы мемлекеттің мүддесін білдіреді және мемлекеттік айыптаушы болып табылады.
2. Прокурор күдіктіге, айыпталушыға, сотталушыға немесе олардың әрекеттері үшін мүліктік жауаптылықта болатын тұлғаға:
1) өзінің дәрменсіз күйіне, күдіктіге, айыпталушыға, сотталушыға тәуелді болуына немесе өзге де себептер бойынша талап қою және оны қорғау құқығын өз бетінше пайдалануға қабілетсіз жәбірленушінің;
2) мемлекеттің мүдделерін қорғап талап қоюға құқылы.
3. Негіздер болған кезде және осы Кодексте көзделген тәртіппен, прокурор өз қаулысымен істерді өзінің іс жүргізуіне қабылдауға және бұл ретте, тергеушінің өкілеттіктерін пайдалана отырып, тергеп-тексеруді жеке өзі жүргізуге құқылы. Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің заңдылығын қадағалауды осыған уәкілеттік берілген прокурор жүзеге асырады.
4. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру және соттың істі қарауы кезіндегі прокурордың өкілеттіктері 158 (сегізінші бөлікте), 165 (сегізінші бөлікте), 186 (екінші және үшінші бөліктерде), 187 (сегізінші бөлікте), 190 (жетінші бөлікте), 192, 192-2 (алтыншы және жетінші бөліктерде), 193, 194 (үшінші бөлікте), 195 (бесінші бөлікте), 196 (екінші бөлікте), 202, 203, 234 (екінші, үшінші және төртінші бөліктерде), 290, 301, 302, 302-1, 303, 304 және 305, 321 (алтыншы бөлікте), 337, 414 (екінші бөлікте), 428 (алтыншы бөлікте), 429 (жетінші бөлікте), 478 (бесінші бөлікте), 480 (алтыншы бөлікте), 484, 486, 494 (бесінші бөлікте), 502 (бірінші бөлікте), 518 (бесінші бөлікте)-баптарда, 57, 58, 59, 60, 61, 62, 63-тарауларда, 628 (бірінші бөлікте), 643 (сегізінші бөлікте), 668 (алтыншы бөлікте)-баптарда, сондай-ақ осы Кодексте белгіленген өзге жағдайларда айқындалады.
5. Прокурор өзінің процестік өкілеттіктерін жүзеге асырған кезде тәуелсіз болады және заңға ғана бағынады.
6. Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры өз құзыреті шегінде осы Кодекстің нормаларын қолдану мәселелері бойынша, оның ішінде қылмыстық сот ісін электрондық форматта жүргізу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілер қабылдайды.
Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры өз құзыреті шегінде қабылдаған нормативтік құқықтық актілер қылмыстық қудалау органдарының орындауы үшін міндетті.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын органдардың нормативтік құқықтық актілері олардың құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының Бас Прокурорымен келісу бойынша қабылданады.
Ескерту. 58-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 31.10.2015 № 378-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 11.07.2017 № 91-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.12.2017 № 118-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.07.2018 № 180-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.12.2018 № 210-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 27.12.2021 № 88-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.07.2023 № 23-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.07.2025 № 210-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.06.2026 № 307-VIII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңдарымен.59-бап. Тергеу бөлімінің бастығы
1. Тергеу бөлімінің бастығы – сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын органның тергеу бөлімшесінің бастығы және оның өз құзыреті шегінде әрекет ететін орынбасарлары.
2. Тергеу бөлімінің бастығы:
1) тергеу жүргізуді немесе сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеруді тергеушіге тапсыруға;
2) тергеушінің өз іс жүргізуіндегі істер бойынша тергеу әрекеттерін орындауының уақтылығына, тергеушінің тергеп-тексеру және күзетпен ұстау мерзімдерін сақтауына, прокурор нұсқауларының, басқа да тергеушілер тапсырмаларының орындалуына бақылау жасауды жүзеге асыруға;
ЗҚАИ-ның ескертпесі!2-1) тармақпен толықтыру көзделген – ҚР 16.07.2025 № 210-VIII (01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
3) тергеп-тексеру жүргізуді бірнеше тергеушіге тапсыруға;
4) тергеушіні іс бойынша іс жүргізуден шеттетуге;
5) қылмыстық істерді зерделеуге және олар бойынша нұсқаулар беруге;
6) өз құзыреті шегінде өзіне бағынысты, алдын ала тергеуді жүзеге асыратын органның бір тергеу бөлімшесінен қылмыстық істі алуға және алдын ала тергеуді жүзеге асыратын, өзіне бағынысты осы не өзге органның басқа тергеу бөлімшесіне беруге;
ЗҚАИ-ның ескертпесі!7) тармаққа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 01.07.2026 № 331-VIII (01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
7) прокурорға сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есеппен, сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру хаттамасымен бірге қылмыстық істерді, сондай-ақ бұйрықтық іс жүргізу тәртібімен аяқталған қылмыстық істерді жіберуге;
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР 27.12.2021 № 88-VII Заңымен (мынадай:ішкі істер органдарының, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің және экономикалық тергеу қызметінің тергеушілері тергеп-тексеретін, оның ішінде басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істермен біріктірілген аса ауыр қылмыстар туралы істерге қатысты 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап;
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 3-бабының 29) тармағында көзделген, оның ішінде басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істермен біріктірілген сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы істерге қатысты 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін;
алдын ала тергеу нысанында аяқталған өзге де қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істерге қатысты 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есепті жасауы, прокурордың айыптау актісін жасауы және прокурор айыптау актісін жасаған кезден бастап адамды айыпталушы деп тану бөлігінде).
8) тергеушінің негізсіз процестік шешімінің күшін жою туралы өтінішхатпен прокурорға өтініш жасауға;
8-1) прокурорға тергеу судьясының қаулысына өтінішхат келтіру туралы өтініш жасауға;
9) өз құзыреті шегінде анықтау органдарына орындау үшін міндетті тапсырмалар мен нұсқаулар беруге;
10) тергеушінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне шағымдарды қарауға уәкілетті.
3. Тергеу бөлімінің бастығы өз қаулысымен істі өзінің іс жүргізуіне қабылдауға және бұл ретте тергеушінің өкілеттіктерін пайдалана отырып, тергеп-тексеруді жеке өзі жүргізуге құқылы.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!4-бөлікке өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 01.07.2026 № 331-VIII (01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
4. Тергеу бөлімі бастығының іс бойынша нұсқаулары тергеушінің осы Кодекстің 60-бабында белгіленген дербестігін, оның құқықтарын шектей алмайды. Нұсқауларды орындау міндетті, бірақ ол жөнінде жоғары тұрған тергеу бөлімінің бастығына немесе прокурорға шағым жасалуы мүмкін. Күдіктінің іс-әрекетінің саралануы және күдік келтіру көлемі, қылмыстық істі сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есеппен бірге прокурорға жіберу немесе қылмыстық істі тоқтату туралы нұсқауларды қоспағанда, тергеушінің тергеу бөлімі бастығының әрекеттеріне шағым жасауы олардың орындалуын тоқтата тұрмайды.
Ескерту. 4-бөлік жаңа редакцияда – ҚР 27.12.2021 № 88-VII Заңымен (мынадай:ішкі істер органдарының, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің және экономикалық тергеу қызметінің тергеушілері тергеп-тексеретін, оның ішінде басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істермен біріктірілген аса ауыр қылмыстар туралы істерге қатысты 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап;
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 3-бабының 29) тармағында көзделген, оның ішінде басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істермен біріктірілген сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы істерге қатысты 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін;
алдын ала тергеу нысанында аяқталған өзге де қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істерге қатысты 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есепті жасауы, прокурордың айыптау актісін жасауы және прокурор айыптау актісін жасаған кезден бастап адамды айыпталушы деп тану бөлігінде).
Ескерту. 59-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 11.07.2017 № 91-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.12.2017 № 118-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.12.2020 № 384-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2021 № 88-VII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңдарымен.
1. Тергеуші – қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді өз құзыреті шегінде жүзеге асыруға уәкілетті лауазымды адам: ішкі істер органдарының тергеушісі, ұлттық қауіпсіздік органдарының тергеушісі және экономикалық тергеу қызметінің тергеушісі, сондай-ақ осы Кодексте көзделген жағдайларда – прокурор.
2. Тергеуші өз қаулысымен істі өзінің іс жүргізуіне қабылдап, ол бойынша алдын ала тергеуді жүзеге асыруға және осы Кодексте көзделген барлық тергеу әрекеттерін орындауға құқылы.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!3-бөлікке өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 01.07.2026 № 331-VIII (01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
3. Тергеуші істің мән-жайларын жан-жақты, толық және объективті зерттеу үшін барлық шараларды қолдануға, адамның қылмыстық құқық бұзушылық жасағанын көрсететін оған қатысты жеткілікті дәлелдер жиналған адамды күдіктінің іс-әрекетін саралау, осы Кодекске сәйкес оған бұлтартпау шараларын таңдау, қылмыстық құқық бұзушылықтың мән-жайлары баяндалған, жинақталған дәлелдер сипатталған сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есепті жасау арқылы қылмыстық қудалауды жүзеге асыруға міндетті.
Осы Кодексте көзделген жағдайларда, тергеуші прокурорды процестік келісім жасасуға мүмкіндік беретін мән-жайлардың анықталғаны туралы хабардар етеді. Осы Кодексте көзделген негіздер болған кезде тергеуші бұйрықтық іс жүргізуді қолданады.
Ескерту. 3-бөлікке өзгеріс енгізілді – ҚР 27.12.2021 № 88-VII Заңымен (мынадай:ішкі істер органдарының, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің және экономикалық тергеу қызметінің тергеушілері тергеп-тексеретін, оның ішінде басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істермен біріктірілген аса ауыр қылмыстар туралы істерге қатысты 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап;
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 3-бабының 29) тармағында көзделген, оның ішінде басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істермен біріктірілген сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы істерге қатысты 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін;
алдын ала тергеу нысанында аяқталған өзге де қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істерге қатысты 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есепті жасауы, прокурордың айыптау актісін жасауы және прокурор айыптау актісін жасаған кезден бастап адамды айыпталушы деп тану бөлігінде).
4. Үкімнің азаматтық талап қою, басқа да мүліктік өндіріп алулар немесе мүлікті ықтимал тәркілеу бөлігінде орындалуын қамтамасыз ету мақсатында тергеуші күдіктінің немесе оның әрекеттері үшін заң бойынша материалдық жауаптылықта болатын тұлғалардың мүлкін анықтау үшін шаралар қолдануға міндетті.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!5-бөлік жаңа редакцияда көзделген – ҚР 16.07.2025 № 210-VIII (01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
5. Қылмыстық істер бойынша тергеп-тексеру жүргізген кезде тергеуші қылмыстық жолмен табылған не қылмыстық жолмен табылған қаражатқа сатып алынған, басқа тұлғалардың меншігіне берілген мүлікті анықтау үшін де шаралар қолдануға міндетті.
6. Тергеуші анықтау органдарының кезек күттірмейтін тергеу әрекеттерін орындауын күтпей-ақ, кез келген сәтте өз қаулысымен істі өзінің іс жүргізуіне қабылдауға және оны тергеп-тексеруге кірісуге құқылы.
7. Заңда прокурордың келісімін, соттың санкциясын немесе соттың шешімін алу көзделген жағдайларды қоспағанда, тергеуші сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізу кезінде барлық шешімді өзі дербес қабылдайды және олардың заңды және уақтылы орындалуы үшін толық жауапты болады. Тергеушінің қызметіне заңсыз араласу қылмыстық жауаптылыққа алып келеді.
Қылмыстық іс бойынша тергеуші өз өкілеттіктері шегінде шығарған қаулы, сондай-ақ қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысындағы тапсырмалар мен нұсқаулар барлық ұйымдардың, лауазымды адамдардың және азаматтардың орындауы үшін міндетті.
8. Тергеуші тергеп-тексерілетін іс бойынша прокурордың процестік шешімдерімен, әрекеттерімен (әрекетсіздігімен) келіспеген жағдайда, ол жоғары тұрған прокурорға бұл жөнінде шағым жасауға құқылы.
Прокурордың процестік шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) жоғары тұрған прокурорға шағым жасау олардың орындалуын тоқтата тұрмайды.
9. Тергеушінің өзі тергеп-тексеретін істер бойынша анықтау органдарының тергеп-тексеріліп жатқан іске қатысты жедел есепке алу істерімен және жасырын тергеу әрекеттерінің материалдарымен танысуға, оларды осы Кодексте белгіленген тәртіппен осы іске қосып тігу үшін талап етіп алдыруға, анықтау органдарына орындау үшін міндетті, іздестіру, тергеу және жасырын тергеу әрекеттерін жүргізу туралы тапсырмалар мен нұсқаулар беруге және олардан тергеу әрекеттерін жүргізуге жәрдемдесуді талап етуге құқығы бар.
Ескерту. 60-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 07.11.2014 № 248-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 11.07.2017 № 91-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.12.2017 № 118-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 27.12.2021 № 88-VII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); 12.06.2026 № 312-VIIІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.1. Қылмыстық құқық бұзушылықтың сипатына қарай анықтау органдарына:
1) заңда белгіленген құзыретіне сәйкес қылмыстық құқық бұзушылық белгілері мен оларды жасаған адамдарды табу, қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу мақсатында қажетті қылмыстық-процестік және іздестіру іс-шараларын қолдану;
2) алдын ала тергеу жүргізілетін істер бойынша осы Кодекстің 196-бабында көзделген тәртіппен қылмыстық-процестік және іздестіру іс-шараларын орындау;
3) алдын ала тергеу жүргізу міндетті емес істер бойынша осы Кодекстің 191-бабында көзделген тәртіппен анықтау;
4) осы Кодекстің 190-бабында белгіленген сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеруді жүзеге асыру;
5) қылмыстық теріс қылық бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді хаттамалық нысанда жүзеге асыру;
ЗҚАИ-ның ескертпесі!6) тармаққа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 16.07.2025 № 210-VIII (01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
6) осы Кодекстің 189-бабының үшінші және бесінші бөліктерінде көзделген жағдайларда алдын ала тергеу ісін жүргізу жүктеледі.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!7) тармақшамен толықтыру көзделген – ҚР 16.07.2025 № 210-VIII (01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
2. Мыналар анықтау органдары болып табылады:
1) ішкі істер органдары;
2) ұлттық қауіпсіздік органдары;
3) алып тасталды – ҚР 12.06.2026 № 312-VIIІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;3-1) экономикалық тергеу қызметі;
4) алып тасталды - ҚР 07.11.2014 № 248-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі);5) әскери қызметшілер, әскери бөлімдердің, құрамалардың, мекемелердің азаматтық персонал адамдары өз қызметтік міндеттерін орындауына байланысты немесе осы бөлімдер, құрамалар және мекемелер орналасқан жерде жасаған барлық қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша – әскери полиция органдары;
арнаулы мемлекеттік органдардың әскери қызметшілері мен қызметкерлері жасаған барлық қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша – Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери полиция органдары;
азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның азаматтық қорғаныстың басқару органдары мен әскери бөлімдерінің әскери қызметшілері жасаған барлық қылмыстық құқық бұзушылық туралы істер бойынша да – Қарулы Күштердің әскери полиция органдары;
6) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы заңнаманы бұзу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының континенттік қайраңында жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша – шекаралық қызмет органдары;
7) өздеріне бағынысты әскери қызметшілер жасаған барлық қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша, әскери бөлімдердің, құрамалардың, мекемелердің азаматтық персонал адамдары өз қызметтік міндеттерін орындауына байланысты немесе осы бөлімдер, құрамалар және мекемелер орналасқан жерде жасаған қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша – әскери полиция органы болмаған жағдайда, әскери бөлімдердің, құрамалардың командирлері, әскери мекемелер мен гарнизондардың бастықтары;
8) өздерінің қызметкерлері болу елдерінде жасаған қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша – Қазақстан Республикасы дипломатиялық өкілдіктерінің, консулдық мекемелерінің және өкілетті өкілдіктерінің басшылары;
9) күзетілетін іс-шаралар өткізілетін аймақта жасалған және тізбесі заңда белгіленген күзетілетін адамдарға тікелей қарсы бағытталған қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі;
10) алып тасталды - ҚР 07.11.2014 № 248-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі);11) өртке байланысты қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша – мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары.
3. Көлік қатынасы болмаған кезеңде – анықтау органының барлық қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу және кезек күттірмейтін тергеу әрекеттерін орындау жөніндегі құқықтары мен міндеттері алысқа жүзу сапарындағы теңіз кемелерінің капитандарына, геологиялық-барлау партияларының, осы баптың екінші бөлігінде тізбеленген анықтау органдарынан алыстағы басқа мемлекеттік ұйымдар мен олардың бөлімшелерінің басшыларына да жүктеледі.
Ескерту. 61-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 07.11.2014 № 248-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.06.2021 № 58-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 14.03.2023 № 206-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 18.03.2025 № 175-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.06.2026 № 312-VIIІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.62-бап. Анықтау органының бастығы
1. Осы Кодекстің 191-бабында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында анықтау органы бастығының өкілеттіктеріне өз құзыреті шегінде Бас анықтау органы басқармасының (департаментінің), анықтау органы басқармасының, бөлімінің (бөлімшесінің) бастығы және олардың орынбасарлары ие болады.
2. Анықтау органының бастығы қылмыстық құқық бұзушылық белгілерін және оларды жасаған адамдарды анықтау, қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу мақсатында қажетті жедел-іздестіру, қылмыстық-процестік, оның ішінде жасырын тергеу әрекеттерін жүргізуді ұйымдастырады. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру органына жедел-іздестіру іс-шараларының, жасырын тергеу әрекеттерінің нәтижелерін осы Кодексте белгіленген тәртіппен ұсынады.
3. Анықтау органының бастығы алдын ала тергеу органдарының тергеулігіне жататын қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша:
1) кезек күттірмейтін тергеу әрекеттерін жүргізуді қамтамасыз етеді;
2) прокурордың, тергеу бөлімі бастығының, тергеушінің тапсырмаларын, оның ішінде жекелеген тергеу ісін және өзге де әрекеттер жүргізу және жәбірленушілерді, куәларды, қылмыстық сот ісін жүргізуге қатысатын басқа да адамдарды қорғау шараларын қолдану туралы тапсырмаларын орындауды ұйымдастырады;
3) сот тапсырмаларының орындалуын ұйымдастырады.
Анықтау органының бастығы прокурордың процестік шешімдерімен, әрекеттерімен (әрекетсіздігімен) келіспеген жағдайда, ол жоғары тұрған прокурорға бұл жөнінде шағым жасауға құқылы.
4. Сотқа дейінгі тергеп-тексерілуін анықтау органдары жүзеге асыратын қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша анықтау органының бастығы анықтаушылардың әрекеттерінің уақтылығын және заңдылығын бақылайды және:
1) олардың іс жүргізуіндегі істерді тексеруге;
2) жекелеген тергеу және өзге де процестік әрекеттерді жүргізу, күдіктінің іс-әрекетін саралау, істерді, материалдарды бір анықтаушыдан екіншісіне беру туралы нұсқау беруге;
ЗҚАИ-ның ескертпесі!2-1) тармақпен толықтыру көзделген – ҚР 16.07.2025 № 210-VIII (01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
3) анықтауды бірнеше анықтаушыға тапсыруға;
4) сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастауға және бұл ретте істі өзінің іс жүргізуіне қабылдап не жекелеген процестік әрекеттерді орындай отырып, анықтауды жеке өзі жүргізуге;
5) анықтаушының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне шағымдарды қарауға;
6) прокурорға тергеу судьясының қаулысына өтінішхат келтіру туралы өтініш жасауға құқылы.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!5-бөлікке өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 01.07.2026 № 331-VIII (01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
5. Анықтау органының бастығы мүлікке тыйым салуды қолдану, халықаралық іздестіру жариялау, күзетпен ұсталмайтын күдіктіні, айыпталушыны стационарлық сот-медициналық немесе сот-психиатриялық сараптама жүргізу үшін медициналық ұйымға жіберу, күдіктіге, айыпталушыға қатысты күзетпен ұстау түрінде бұлтартпау шарасын таңдау, күзетпен ұстау мерзімін ұзарту; күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын өзгерту немесе оның күшін жою; тінту жүргізу; күдіктіні, айыпталушыны лауазымынан шеттету; жақындауға тыйым салу; күдіктіні, айыпталушыны этаппен апару; күдіктіге, айыпталушыға іздестіру жариялау жөнінде өтінішхат қозғау туралы қаулыларды келіседі; қылмыстық теріс қылық туралы хаттаманы келіседі; қылмыстық құқық бұзушылықтар жасады деп күдік келтірілген адамдарды ұстап алу туралы хаттаманы, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тоқтату туралы қаулыны бекітеді; сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есепті, сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру хаттамасын, айыптау хаттамасын келіседі және қылмыстық істі прокурорға жібереді; прокурорға қылмыстық теріс қылықтар туралы хаттамалық нысандағы және бұйрықтық іс жүргізу тәртібіндегі қылмыстық істерді жібереді; бұйрықтық іс жүргізуді қолдану туралы қаулыларды келіседі және оларды прокурорға жібереді; қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін мән-жайларды жою жөнінде шаралар қабылдауды қамтамасыз етеді.
Осы Кодексте көзделген жағдайларда анықтау органының бастығы прокурорды процестік келісім жасасуға мүмкіндік беретін мән-жайлардың анықталғаны туралы хабардар етеді.
Осы Кодексте көзделген негіздер болған кезде анықтау органының бастығы бұйрықтық іс жүргізуді қолданады.
Ескерту. 5-бөлік жаңа редакцияда – ҚР 27.12.2021 № 88-VII Заңымен (мынадай:ішкі істер органдарының, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің және экономикалық тергеу қызметінің тергеушілері тергеп-тексеретін, оның ішінде басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істермен біріктірілген аса ауыр қылмыстар туралы істерге қатысты 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап;
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 3-бабының 29) тармағында көзделген, оның ішінде басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істермен біріктірілген сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы істерге қатысты 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін;
алдын ала тергеу нысанында аяқталған өзге де қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істерге қатысты 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есепті жасауы, прокурордың айыптау актісін жасауы және прокурор айыптау актісін жасаған кезден бастап адамды айыпталушы деп тану бөлігінде).
6. Анықтау органы бастығының іс бойынша нұсқаулары анықтаушының осы Кодекстің 63-бабында белгіленген дербестігін, оның құқықтарын шектей алмайды. Нұсқаулар жазбаша нысанда беріледі және олардың орындалуы міндетті, бірақ бұл жөнінде прокурорға шағым жасалуы мүмкін. Осы Кодекстің 63-бабының алтыншы бөлігінде көзделген жағдайды қоспағанда, анықтаушының прокурорға анықтау органы бастығының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасауы олардың орындалуын тоқтата тұрмайды.
Ескерту. 62-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 11.07.2017 № 91-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.12.2017 № 118-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 19.12.2020 № 384-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2021 № 88-VII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); 16.07.2025 № 210-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.1. Анықтаушы – іс бойынша өз құзыретінің шегінде сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыруға уәкілетті лауазымды адам.
2. Анықтаушы өз қаулысымен істі өзінің іс жүргізуіне қабылдап алуға және осы Кодексте айқындалған нысандарда сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыруға, заңда тергеу және басқа да процестік әрекеттерді анықтау органы бастығының бекітуі не келісуі көзделген не прокурордың келісімі, соттың, тергеу судьясының санкциясы немесе соттың шешімі көзделген жағдайларды қоспағанда, оларды жүргізу туралы шешімді дербес қабылдауға құқылы.
3. Алдын ала тергеу жүргізу міндетті емес істер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде анықтаушы осы Кодекстің 190, 191, 192-1 және 192-2-баптарында көзделген ерекшеліктерді қоспағанда, алдын ала тергеу жүргізу үшін осы Кодексте көзделген қағидаларды басшылыққа алады.
4. Анықтаушы, алдын ала тергеу жүргізілетін істер бойынша анықтау органы бастығының тапсырмасы бойынша кезек күттірмейтін тергеу әрекеттерін жүргізуге уәкілетті, ол туралы жиырма төрт сағаттан кешіктірмей прокурор мен алдын ала тергеу органын хабардар етуге міндетті.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!5-бөлікке өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 16.07.2025 № 210-VIII (01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
5. Анықтаушы соттың, прокурордың, алдын ала тергеу органының және анықтау органының жекелеген тергеу әрекеттерін жүргізу туралы, қылмыстық процеске қатысатын адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын қолдану туралы тапсырмаларын орындауға міндетті. Үкімнің азаматтық талап қою, басқа да мүліктік өндіріп алулар немесе мүлікті ықтимал тәркілеу бөлігінде орындалуын қамтамасыз ету мақсатында анықтаушы күдіктінің немесе олардың әрекеттері үшін заң бойынша материалдық жауаптылықта болатын тұлғалардың мүлкін анықтауға шаралар қолдануға міндетті.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!6-бөлікке өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 01.07.2026 № 331-VIII (01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
6. Анықтау органы бастығының нұсқаулары анықтаушы үшін міндетті. Анықтау органы бастығының қылмыстық істер жөніндегі нұсқауларына прокурорға шағым жасалуы мүмкін. Нұсқауларға шағым жасалуы, күдіктінің іс-әрекетін саралау және күдік көлемі, қылмыстық істі айыптау хаттамасымен, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есеппен бірге прокурорға жіберу немесе қылмыстық істі тоқтату туралы нұсқауларды қоспағанда, олардың орындалуын тоқтата тұрмайды.
Ескерту. 6-бөлікке өзгеріс енгізілді – ҚР 27.12.2021 № 88-VII Заңымен (мынадай:ішкі істер органдарының, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің және экономикалық тергеу қызметінің тергеушілері тергеп-тексеретін, оның ішінде басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істермен біріктірілген аса ауыр қылмыстар туралы істерге қатысты 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап;
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 3-бабының 29) тармағында көзделген, оның ішінде басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істермен біріктірілген сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы істерге қатысты 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін;
алдын ала тергеу нысанында аяқталған өзге де қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істерге қатысты 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есепті жасауы, прокурордың айыптау актісін жасауы және прокурор айыптау актісін жасаған кезден бастап адамды айыпталушы деп тану бөлігінде).
Ескерту. 63-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2017 № 84-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.07.2018 № 180-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2021 № 88-VII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңдарымен.
9-тарау. ӨЗ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МҮДДЕЛЕРІН НЕМЕСЕ ӨЗДЕРІ ӨКІЛДІК
ЕТЕТІН ҚҰҚЫҚТАР МЕН МҮДДЕЛЕРДІ ҚОРҒАП ПРОЦЕСКЕ ҚАТЫСУШЫЛАР
1. Мыналар:
1) өзіне қатысты күдікті ретінде тану туралы прокурормен келісілген қаулы шығарылған;
1-1) прокурор адамды күдікті деп тану туралы қаулыны келісуден бас тартқан кезге дейін осы Кодекстің 202-бабының 1-2-бөлігінде көзделген тәртіппен күдікті ретінде жауап алынған;
2) осы Кодекстің 131-бабының тәртібімен ұстап алынған;
3) өзіне қатысты күдіктінің іс-әрекетін саралау туралы прокурор не сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам прокурормен келісілген қаулы шығарған;
4) қылмыстық теріс қылық немесе осы Кодекстің 191-бабының екінші – 11-1-бөліктерінде көрсетілген қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасады деген күдіктің болуына байланысты жауап алынған адам күдікті болып табылады.
2. Қылмыстық қудалау органы ұстап алу кезінде, күдіктінің қатысуымен кез келген тергеу әрекеттерін жүргізуді бастамас бұрын дереу күдіктіге бостандығын шектеу негіздерін және оның осы Кодексте көзделген құқықтарын түсіндіруге міндетті, ол туралы ұстап алу хаттамасында, күдіктіден жауап алу хаттамасында және адамды күдікті деп тану және күдіктінің іс-әрекетін саралау туралы қаулыларда белгі жасалады.
3. Күдікті ұстап алынған жағдайда ұстап алу туралы хаттама жасалған кезден бастап жиырма төрт сағаттан кешіктірілмей, оның өзі таңдаған немесе тағайындалған қорғаушымен алғашқы жауап алуға дейін оңаша және құпия кездесу құқығы қамтамасыз етіле отырып, одан жауап алынуға тиіс. Ұстап алынған күдікті өзінің тұрғылықты жеріне немесе жұмыс орнына өзінің ұсталғандығы және ұсталып отырған жері туралы телефон арқылы немесе өзге де тәсілмен дереу хабарлауға құқылы.
Ұстап алу туралы хабар сотқа дейінгі тергеп-тексеруге кедергі келтіруі мүмкін деп пайымдауға негіздер болған кезде, ұстап алуды жүзеге асырған қылмыстық қудалау органының лауазымды адамы ұстап алынған адамның кәмелетке толған отбасы мүшелерін, жақын туыстарын өзі хабардар ете алады. Мұндай хабарлау кейінге қалдырылмай жасалуға тиіс.
Осындай хабарлау фактісі туралы ұстап алу хаттамасында белгі жасалады, онда ұстап алынғаны туралы хабарлаудың уақыты мен тәсілі көрсетіледі.
4. Күдікті қылмыстық қудалау органына келуден жалтарған жағдайда, одан күдіктің мәні бойынша ол күштеп әкелінгеннен кейін дереу, ал қалған жағдайларда – қорғаушымен оңаша кездесу құқығын сақтай отырып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталардан кешіктірілмей жауап алынуға тиіс.
5. Күдіктіден оған қарсы қолда бар күдікке қатысты, сол сияқты іс бойынша маңызы бар, оған белгілі өзге де мән-жайлар және дәлелдемелер жөнінде жауап алынуға тиіс.
6. Егер күдікті бірінші жауап алу басталғанға дейін өзінің айғақтар беруден бас тарту құқығын пайдаланбаса, оған өзінің айғақтары қылмыстық процесте, оның ішінде кейіннен ол осы айғақтардан бас тартқан кезде де дәлелдемелер ретінде пайдаланылуы мүмкін екендігі туралы ескертілуге тиіс.
7. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру органы күдікті негізсіз деп тапса, осы Кодексте белгіленген тәртіппен оған қатысты қолданылған процестік мәжбүрлеу шараларының күшін жоюға дереу шаралар қолдануға міндетті.
8. Адамның күдікті жағдайында болуы ол айыпталушы мәртебесін алған немесе оған қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру тоқтатылған кезден бастап тоқтатылады.
9. Күдікті:
1) ұстап алуды жүзеге асырған адамнан өзіне тиесілі құқықтар туралы түсіндірме алуға;
2) өзіне не үшін күдік келтірілгенін білуге;
3) өз бетінше немесе өзінің туыстары немесе сенім білдірген адамдары арқылы қорғаушы шақыруға құқылы. Егер қорғаушыны күдікті, оның туыстары немесе сенім білдірген тұлғалары шақырмаса, қылмыстық қудалау органы осы Кодекстің 67-бабының үшінші бөлігінде көзделген тәртіппен қорғаушының қатысуын қамтамасыз етуге міндетті;
4) іс бойынша азаматтық талап қойылуына байланысты өзін азаматтық жауапкер деп таныған жағдайда оның құқықтарын пайдалануға;
5) таңдаған немесе тағайындалған қорғаушысымен, оның ішінде жауап алу басталғанға дейін оңаша және құпия кездесуге;
6) күдікті қорғаушыдан бас тартқан жағдайларды қоспағанда, қорғаушысы қатысып отырған кезде ғана айғақ беруге;
7) күдікті, азаматтық жауапкер деп тану туралы, іс-әрекетін саралау туралы қаулылардың, ұстап алу хаттамасының, бұлтартпау шарасын таңдау және оның мерзімін ұзарту туралы өтінішхаттың және қаулының, қылмыстық істі тоқтату туралы қаулының көшірмелерін алуға;
8) айғақ беруден бас тартуға;
9) сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамнан кепіл түріндегі бұлтартпау шарасын және күзетпен ұстауға байланысты емес басқа шараларды қолдану тәртібі мен шарттары туралы түсіндірме алуға;
10) дәлелдемелерді ұсынуға;
11) өтінішхатты, оның ішінде қауіпсіздік шараларын қолдану туралы өтінішхатты және қарсылық білдірулерді мәлімдеуге;
12) ана тілінде немесе өзі білетін тілде айғақ беруге;
13) аудармашының тегін көмегін пайдалануға;
13-1) өзіне қатысты сотқа дейінгі пробацияны жүргізу үшін пробация қызметіне жүгінуге;
14) өз өтінішхаты бойынша немесе қорғаушысының не заңды өкілінің өтінішхаты бойынша жүргізілетін тергеу әрекеттеріне қылмыстық қудалау органының рұқсатымен қатысуға;
15) заңда көзделген жағдайларда, оның ішінде медиация тәртібімен жәбірленушімен татуласуға;
16) тергеп-тексерудің кез келген сатысында жазалаудың түрі мен шарасы туралы өз ұсыныстарын баяндай отырып, прокурорға процестік келісім жасасу туралы өтінішхат мәлімдеуге не оны жасасуға келісім білдіруге және процестік келісімді жасасуға;
16-1) қылмыстық теріс қылық немесе онша ауыр емес қылмыс туралы іс бойынша бұйрықтық іс жүргізуді қолдану туралы өтінішхат мәлімдеуге;
17) өзінің қатысуымен жүргізілген тергеу әрекеттерінің хаттамаларымен танысуға және хаттамаларға ескертулер беруге;
ҚР Конституциялық Сотының 04.05.2024 № 43-НҚ нормативтік қаулысымен осы кодекстің 64-бабы тоғызыншы бөлігінің 17) тармағы және 70-бабы екінші бөлігінің 5) тармағы Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келеді деп танылды.18) тергеушінің, анықтаушының, прокурордың және соттың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне шағым келтіруге;
19) өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін заңға қайшы келмейтін өзге де тәсілдермен қорғауға;
20) сараптама тағайындалған және жүргізілген кезде, сондай-ақ өзіне сарапшының қорытындысы ұсынылған кезде осы Кодекстің 274, 286-баптарында көзделген әрекеттерді жүзеге асыруға;
21) тергеп-тексеру аяқталғаннан кейін осы Кодексте белгіленген тәртіппен іс материалдарымен танысуға және одан, мемлекеттік құпияларды немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, кез келген мәліметтерді көшіріп алуға, сондай-ақ ғылыми-техникалық құралдарды пайдалана отырып, олардың көшірмелерін түсіруге;
22) қылмыстық қудалауды тоқтатуға қарсылық білдіруге;
23) жасырын тергеу әрекеттеріне қатысты мәселелерді қоспағанда, өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын процестік шешімдердің қабылданғаны туралы өзін қылмыстық процесті жүргізетін органның кейінге қалдырмай хабардар етуіне, сондай-ақ олардың көшірмелерін алуға;
24) өзіне қарсы айғақ берген куәден қосымша жауап алу туралы, өзі көрсеткен адамдарды куә ретінде шақыру және олардан жауап алу, олармен беттестіру туралы өтінішхат беруге құқылы.
10. Күдіктінің қорғаушысының немесе заңды өкілінің болуы күдіктінің қандай да бір құқығын жоюға немесе шектеуге негіз бола алмайды.
Ескерту. 64-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 30.12.2016 № 39-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.12.2017 № 118-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.12.2020 № 384-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2021 № 88-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.06.2026 № 307-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.1. Өзіне қатысты:
ЗҚАИ-ның ескертпесі!1) тармақ жаңа редакцияда көзделген – ҚР 01.07.2026 № 331-VIII (01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1) прокурор айыптау актісін жасаған;
Ескерту. 1) тармақ жаңа редакцияда – ҚР 27.12.2021 № 88-VII Заңымен (мынадай:ішкі істер органдарының, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің және экономикалық тергеу қызметінің тергеушілері тергеп-тексеретін, оның ішінде басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істермен біріктірілген аса ауыр қылмыстар туралы істерге қатысты 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап;
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 3-бабының 29) тармағында көзделген, оның ішінде басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істермен біріктірілген сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы істерге қатысты 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін;
алдын ала тергеу нысанында аяқталған өзге де қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істерге қатысты 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есепті жасауы, прокурордың айыптау актісін жасауы және прокурор айыптау актісін жасаған кезден бастап адамды айыпталушы деп тану бөлігінде).
2) прокурор бұйрықтық іс жүргізуді қолдану туралы қаулыны, қылмыстық теріс қылық туралы хаттаманы, сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру хаттамасын, айыптау хаттамасын бекіткен және қылмыстық істі қылмыстық заңның тиісті бабы (баптары) бойынша сотқа жіберу туралы шешім қабылдаған;
3) сотқа дейінгі тергеп-тексеру осы Кодекстің 617-бабының төртінші бөлігінде көзделген тәртіппен процестік келісім жасасу арқылы аяқталған адам айыпталушы болып танылады.
4) алып тасталды - ҚР 19.12.2020 № 384-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.2. Өзіне қатысты сот талқылауы тағайындалған, ал жекеше айыптау істері бойынша өзіне қатысты шағымды сот өзінің іс жүргізуіне қабылдаған айыпталушы сотталушы деп аталады.
3. Өзіне қатысты айыптау үкімі шығарылған сотталушы сотталған адам деп аталады.
4. Өзіне қатысты ақтау үкімі шығарылған айыпталушы ақталған адам деп аталады.
5. Айыпталушы осы Кодекстің 64-бабының тоғызыншы бөлігінде көзделген құқықтарды пайдалануға, сондай-ақ:
1) өзінің не үшін айыпталып отырғанын білуге;
ЗҚАИ-ның ескертпесі!2) тармаққа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 01.07.2026 № 331-VIII (01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
2) прокурор жасаған айыптау актісінің, прокурор бекіткен қылмыстық теріс қылық туралы хаттаманың, сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру хаттамасының, айыптау хаттамасының көшірмелерін алуға;
Ескерту. 2) тармақ жаңа редакцияда – ҚР 27.12.2021 № 88-VII Заңымен (мынадай:ішкі істер органдарының, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің және экономикалық тергеу қызметінің тергеушілері тергеп-тексеретін, оның ішінде басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істермен біріктірілген аса ауыр қылмыстар туралы істерге қатысты 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап;
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 3-бабының 29) тармағында көзделген, оның ішінде басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істермен біріктірілген сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы істерге қатысты 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін;
алдын ала тергеу нысанында аяқталған өзге де қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істерге қатысты 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есепті жасауы, прокурордың айыптау актісін жасауы және прокурор айыптау актісін жасаған кезден бастап адамды айыпталушы деп тану бөлігінде).
3) өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін заңға қайшы келмейтін құралдармен және тәсілдермен қорғауға және қорғануға дайындалу үшін жеткілікті уақыт пен мүмкіндікке ие болуға;
4) іс бойынша азаматтық талап қойылуына байланысты өзін азаматтық жауапкер деп таныған жағдайда оның құқықтарын пайдалануға;
5) тергеп-тексерудің кез келген сатысында процестік келісім жасасу туралы өтінішхат мәлімдеуге немесе оған келісім білдіруге және процестік келісім жасасуға, процестік келісімнің көшірмесін алуға;
6) осы Кодексте көзделген жағдайларда, қылмыстық істі алқабилер қатысатын соттың қарауы туралы өтінішхат мәлімдеуге;
7) қорғау актісіне қол қоюға құқылы.
6. Сотталушының:
1) бірінші және апелляциялық сатылардағы сотта істі соттың талқылауына қатысуға;
2) қорғаушы тараптың барлық құқықтарын, сондай-ақ соңғы сөз құқығын пайдалануға;
3) сот талқылауының кез келген сатысында процестік келісім жасасу туралы өтінішхат мәлімдеуге немесе оған келісім білдіруге және процестік келісім жасасуға;
4) жасалған процестік келісімнен сот шешім қабылдау үшін кеңесу бөлмесіне кеткен кезге дейін бас тартуға;
4-1) қорғау актісіне қол қоюға;
5) жария сот талқылауын талап етуге;
6) істі тоқтатуға қарсылық білдіруге құқығы бар.
7. Сотталған адамның немесе ақталған адамның:
1) сот отырысының хаттамасымен танысуға және оған ескертулер беруге;
2) соттың үкіміне, қаулысына, судьяның қаулысына шағым жасауға және шағым жасалған шешімдердің көшірмелерін алуға;
3) іс бойынша келтірілген шағымдар, прокурордың өтінішхаттары және наразылықтар туралы білуге, оларға қарсылықтар беруге;
4) келтірілген шағымдардың, прокурор өтінішхаттарының және наразылықтардың сотта қаралуына қатысуға;
5) ынтымақтастық туралы процестік келісім жасасу туралы өтінішхат мәлімдеуге немесе оған келісім білдіруге және процестік келісім жасасуға құқығы бар.
8. Айыпталушыда қорғаушысының немесе заңды өкілінің болуы айыпталушының қандай да бір құқығын жоюға немесе шектеуге негіз бола алмайды.
Ескерту. 65-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 11.07.2017 № 91-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.12.2017 № 118-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.12.2020 № 384-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2021 № 88-VII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); 16.07.2025 № 210-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.65-1-бап. Қорғалуға құқығы бар куә
1. Егер адам қылмыстық құқық бұзушылық туралы арызда және хабарда оны жасаған адам ретінде көрсетілсе не қылмыстық процеске қатысатын куә оған қарсы айғақтар берсе, бірақ бұл адамға процестік ұстап алу қолданылмаса не оны күдікті деп тану туралы қаулы шығарылмаса, онда ол қорғалуға құқығы бар куә мәртебесін алады.
2. Қорғалуға құқығы бар куәнің:
1) сотқа дейінгі іс жүргізуді жүзеге асыратын адамнан өзіне тиесілі құқықтар туралы түсіндірме алуға;
2) сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамнан қорғалуға құқығы бар куәнің мәртебесі туралы түсіндірме алуға;
3) осы Кодексте көзделген жағдайларда сараптама тағайындау туралы қаулымен танысуға;
4) осы Кодексте көзделген жағдайларда сараптаманың қорытындысымен танысуға;
5) айғақтар беруден бас тартуға;
6) өз бетінше немесе өзінің туыстары немесе сенім білдірілген адамдары арқылы қорғаушыны шақыруға құқығы бар. Егер қорғалуға құқығы бар куә, оның туыстары немесе сенім білдірілген адамдары қорғаушыны шақырмаса, қылмыстық қудалау органы осы Кодекстің 67-бабының үшінші бөлігінде көзделген тәртіппен оның қатысуын қамтамасыз етуге міндетті;
7) қорғаушысының қатысуымен айғақтар беруге;
8) ана тілінде немесе өзі білетін тілде айғақтар беруге;
9) аудармашының тегін көмегін пайдалануға;
10) жауап алу хаттамасына өз айғақтарын өз қолымен жазуға;
11) жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шараларының және жасырын тергеу әрекеттерінің материалдарын, сондай-ақ оларда қамтылған дербес деректерді қоспағанда, осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген құжаттармен танысуға;
12) өзінің қатысуымен жүргізілген тергеу әрекеттерінің хаттамаларымен танысуға және оларға ескертулер беруге, дәлелдемелер ұсынуға;
13) өзінің құқықтары мен заңды мүдделеріне қатысты, оның ішінде сараптама жүргізу және қауіпсіздік шараларын қолдану туралы өтінішхаттар мәлімдеуге;
14) қарсылық білдірулерді мәлімдеуге;
15) өзіне қарсы куә болғандармен беттесуге;
16) анықтаушының, тергеушінің, прокурордың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым келтіруге құқығы бар.
3. Қорғалуға құқығы бар куә: соттың, прокурордың, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның шақыруы бойынша келуге; тергеу әрекеттері жүргізілген кезде және сот отырысы уақытында белгіленген тәртіпті сақтауға міндетті.
3-1. Қорғалуға құқығы бар куәнің құқықтары мен міндеттері оның қатысуымен болатын алғашқы процестік әрекет басталар алдында түсіндіріледі.
3-2. Егер қорғалуға құқығы бар куә бірінші жауап алу басталғанға дейін айғақтар беруден бас тарту құқығын пайдаланбаса, оның айғақтары қылмыстық процесте, оның ішінде кейіннен осы айғақтардан бас тартқан кезде де дәлелдемелер ретінде пайдаланылуы мүмкін екендігі туралы оған ескертілуге тиіс.
4. Осы Кодекстің 223 және 271-баптарында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, қорғалуға құқығы бар куәні сараптамаға немесе куәландырылуға тартуға болмайды.
5. Қорғалуға құқығы бар куәге қылмыстық процесті жүргізетін органның шақыруы бойынша дәлелді себептерсіз келмегені үшін осы Кодекстің 160-бабында белгіленген тәртіппен ақшалай өндіріп алу қолданылуы мүмкін.
6. Адам күдікті мәртебесін алған немесе оған қатысты қылмыстық қудалауды бастауға негіздердің жоқтығы туралы қаулы шығарылған кезден бастап қорғалуға құқығы бар куә жағдайында болмайды.
Ескерту. 65-1-баппен толықтырылды – ҚР 09.06.2021 № 49-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 16.07.2025 № 210-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.1. Қорғаушы – қорғалуға құқығы бар куәның, күдіктінің, айыпталушының, сотталушының, сотталған адамның, ақталған адамның құқықтары мен мүдделерін заңда белгіленген тәртіппен қорғауды жүзеге асыратын және оларға қылмыстық іс бойынша іс жүргізу кезінде және осы Кодексте көзделген өзге де жағдайларда заң көмегін көрсететін адам.
2. Адвокат қорғаушы ретінде қатысады. Адвокат қылмыстық процеске қорғаушы ретінде қатысқан кезде қорғалуға құқығы бар куәның, күдіктінің, айыпталушының, сотталушының, сотталған адамның, ақталған адамның жазбаша арызы бойынша оларды адвокатпен қатар қорғауды мына адамдардың біреуі: жұбайы (зайыбы) немесе жақын туысы, қорғаншысы, қамқоршысы не қорғалатын адамды қорғаншылыққа немесе асырауына алған ұйымның өкілі жүзеге асыра алады. Шетелдік адвокаттардың іске қорғаушылар ретінде қатысуына, егер бұл Қазақстан Республикасының тиісті мемлекетпен жасасқан халықаралық шартында өзара түсіністік негізде көзделсе, заңнамада белгіленген тәртіппен жол беріледі.
3. Адамның қорғалуға құқығы бар куә, күдікті, айыпталушы мәртебесін алған кезінен бастап, сондай-ақ қылмыстық процестің кез келген келесі кезінде қорғаушы қылмыстық процеске қатысуға құқылы.
4. Егер қорғалуға құқығы бар куәлардың, күдіктілердің, айыпталушылардың, сотталушылардың біреуінің мүддесі екіншісінің мүддесіне қайшы келетін болса, бір сол адам олардың екеуіне бірдей қорғаушы бола алмайды.
5. Адвокаттың өзі мойнына алған қорғалуға құқығы бар куәны, күдіктіні немесе айыпталушыны, сотталушыны, сотталған адамды, ақталған адамды қорғаудан бас тартуға құқығы жоқ.
Ескерту. 66-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 16.07.2025 № 210-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.67-бап. Қорғаушының міндетті қатысуы
1. Қорғаушының қылмыстық іс бойынша іс жүргізуге қатысуы, егер:
1) бұл туралы қорғалуға құқығы бар куә, күдікті айыпталушы, сотталушы, сотталған адам, ақталған адам өтінішхат берсе;
2) қорғалуға құқығы бар куә, күдікті айыпталушы, сотталушы, сотталған адам, ақталған адам кәмелеттік жасқа толмаса;
3) қорғалуға құқығы бар куә, күдікті айыпталушы, сотталушы, сотталған адам, ақталған адам дене немесе психикалық кемістігі салдарынан өзінің қорғалу құқығын өз бетінше жүзеге асыра алмаса;
4) қорғалуға құқығы бар куә, күдікті айыпталушы, сотталушы, сотталған адам, ақталған адам сот ісі жүргізілетін тілді білмесе;
5) адамға жазалау шарасы ретінде он жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыру немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру тағайындалуы мүмкін болатын қылмыс жасады деп күдік келтірілсе, айып тағылса;
6) күдіктіге, айыпталушыға, сотталушыға, сотталған адамға бұлтартпау шарасы ретінде күзетпен ұстау қолданылса немесе олар стационарлық сот-психиатриялық сараптамаға мәжбүрлеп жіберілсе;
7) күдіктілердің, айыпталушылардың, сотталушылардың, сотталғандардың, ақталғандардың мүдделері арасында қайшылықтар болып, олардың біреуінің қорғаушысы болса;
8) қылмыстық процеске жәбірленушінің (жекеше айыптаушының) немесе азаматтық талапкердің өкілі қатысса;
9) іс сотта қаралған кезде оған мемлекеттік айыптауды қолдайтын прокурор (мемлекеттік айыптаушы) қатысса;
10) күдікті, айыпталушы, сотталушы, сотталған адам, ақталған адам Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде болса және қылмыстық қудалау органдарына немесе сотқа келуден жалтарса;
11) процестік келісім және оны жасасу туралы өтінішхат мәлімделсе, міндетті.
2. Қорғаушының қатысуы осы баптың бірінші бөлігінің 1) – 6), 10) тармақтарында көзделген жағдайларда – адамды күдікті, айыпталушы, сотталушы, сотталған адам, ақталған адам деп таныған кезден бастап, 7) тармағында көзделген жағдайларда – күдіктілердің, айыпталушылардың, сотталушылардың, сотталғандардың, ақталғандардың мүдделері арасында қайшылық анықталған кезден бастап, 8), 9) тармақтарда көзделген жағдайларда – іске жәбірленушінің өкілі, прокурор қатысқан кезден бастап, 11) тармақта көзделген жағдайларда – күдікті, айыпталушы, сотталушы, сотталған адам процестік келісім жасасу туралы өтінішхат мәлімдеген кезден бастап қамтамасыз етіледі.
Осы баптың бірінші бөлігінің 1) – 4) тармақтарында көзделген жағдайларда қорғалуға құқығы бар куәнің қорғаушысының қатысуы оның қорғалуға құқығы бар куә ретінде алғашқы жауап алуы жүргізілген кезден бастап қамтамасыз етіледі.
3. Егер осы баптың бірінші бөлігінде көзделген мән-жайлар болған кезде қорғаушыны күдіктінің, айыпталушының, сотталушының, сотталған адамның, ақталған адамның, қорғалуға құқығы бар куәнің өзі, олардың заңды өкілдері, сондай-ақ олардың тапсыруы бойынша басқа да тұлғалар шақырмаса, қылмыстық процесті жүргізетін орган процестің тиісті сатысында қорғаушының қатысуын қамтамасыз етуге міндетті, бұл туралы ол адвокаттардың кәсіби ұйымы үшін міндетті қаулы шығарады.
Ескерту. 67-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2021 № 89-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.07.2025 № 210-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.68-бап. Қорғаушыны шақыру, тағайындау, алмастыру, оның еңбегіне ақы төлеу
1. Қорғаушы ретінде адвокатты қорғалуға құқығы бар куә, күдікті, айыпталушы, сотталушы, сотталған адам, ақталған адам, олардың заңды өкілдері, сондай-ақ қорғалуға құқығы бар куәның, күдіктінің, айыпталушының, сотталушының, сотталған адамның, ақталған адамның тапсыруы бойынша немесе келісуімен басқа да тұлғалар шақырады. Күдікті, қорғалуға құқығы бар куә, айыпталушы, сотталушы, сотталған адам, ақталған адам қорғалу үшін бірнеше адвокатты қорғаушы ретінде шақыруға құқылы.
2. Қорғалуға құқығы бар куәнің, күдіктінің, айыпталушының, сотталушының, сотталған адамның, ақталған адамның өтініші бойынша қорғаушының қатысуын қылмыстық процесті жүргізетін орган тиісті қаулыны адвокаттардың кәсіптік ұйымына қағаз жеткізгіште не заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы электрондық құжат нысанында жіберу арқылы қамтамасыз етеді.
3. Таңдалған немесе тағайындалған қорғаушы ұзақ мерзім (кемінде бес тәулік) бойы қатыса алмайтын жағдайларда, қылмыстық процесті жүргізетін орган қорғалуға құқығы бар куәға, күдіктіге, айыпталушыға, сотталушыға, сотталған адамға, ақталған адамға басқа қорғаушыны шақыруды ұсынуға немесе адвокаттардың кәсіби ұйымы немесе оның құрылымдық бөлімшелері арқылы қорғаушыны тағайындау шараларын қолдануға құқылы. Қылмыстық процесті жүргізетін органның қорғаушы ретінде белгілі бір адамды шақыруға ұсыныс жасауға құқығы жоқ.
4. Ұстап алу немесе күзетпен қамауға алу жағдайында, егер күдікті, айыпталушы, сотталушы, сотталған адам, ақталған адам таңдаған қорғаушы жиырма төрт сағаттың ішінде келе алмайтын болса, қылмыстық процесті жүргізетін орган күдіктіге, сотталушыға, сотталған адамға, ақталған адамға басқа қорғаушыны шақыруды ұсынады, ал одан бас тартылған жағдайда, адвокаттардың кәсіби ұйымы немесе оның құрылымдық бөлімшелері арқылы қорғаушыны тағайындау шараларын қолданады.
5. Адвокаттың еңбегіне ақы төлеу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізіледі. Қылмыстық процесті жүргізетін орган осыған негіздер болған кезде күдіктіні, айыпталушыны, сотталушыны, сотталған адамды, ақталған адамды заң көмегіне ақы төлеуден толық немесе ішінара босатуға міндетті. Бұл жағдайда еңбекке ақы төлеу мемлекет есебінен жүргізіледі.
6. Адвокат сотқа дейінгі тергеп-тексеруге немесе сотқа осы Кодекстің 67-бабының үшінші бөлігінде көзделген, тағайындау бойынша қатысқан жағдайда да адвокаттардың еңбегіне ақы төлеу жөніндегі шығыстар мемлекеттің есебіне жатқызылуы мүмкін.
7. Егер қылмыстық іс бойынша іс жүргізуге бірнеше қорғаушы қатысқан жағдайда, өзіне қорғаушының қатысуы қажетті процестік әрекет оған тиісті қорғалуға құқығы бар куәнің, күдіктінің, айыпталушының, сотталушының, сотталған адамның, ақталған адамның қорғаушыларының түгел қатыспауынан заңсыз болып таныла алмайды.
8. Адвокат "Адвокаттық қызмет және білікті заң көмегі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген адвокат куәлігін және қорғау (өкілдік ету) туралы жазбаша хабарламаны көрсеткен кезде іске қорғаушы ретінде кіріседі. Адвокаттың нақты істі жүргізуге өкілеттіктерін растайтын өзге құжаттарды талап етуге тыйым салынады. Осы Кодекстің 66-бабының екінші бөлігінің ережелеріне сәйкес басқа адам өзінің қылмыстық процеске қорғаушы ретінде қатысу құқығын растайтын құжатты (неке туралы куәлікті, күдіктімен, айыпталушымен, сотталушымен, сотталған адаммен, ақталған адаммен туыстық қатынастарын растайтын құжатты, қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдардың шешімдерін) ұсынады.
Ескерту. 68-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 05.07.2018 № 177-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); 09.06.2021 № 49-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.07.2025 № 210-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.06.2026 № 307-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.1. Қорғалуға құқығы бар куә, күдікті, айыпталушы, сотталушы іс бойынша іс жүргізудің кез келген сәтінде қорғаушыдан бас тартуға құқылы. Осындай бас тартуға қылмыстық іс бойынша іс жүргізуге қатысушы қорғаушының не осы Кодекстің 67-бабының үшінші бөлігінде белгіленген тәртіппен тағайындалған қорғаушының қатысуымен қорғалуға құқығы бар куәнің, күдіктінің, айыпталушының, сотталушының бастамасы бойынша ғана жол беріледі. Қорғаушыдан заң көмегіне ақы төлеу үшін қаражаттың жоқтығы себептерінен бас тарту қабылданбайды. Бас тарту жазбаша нысанда ресімделеді немесе тиісті тергеу немесе сот әрекетінің хаттамасында көрсетіледі.
2. Осы Кодекстің 67-бабы бірінші бөлігінің 2), 3) 4) және 5) тармақтарында (адамға жазалау шарасы ретінде өмір бойына бас бостандығынан айыру тағайындалуы мүмкін қылмыстарды жасады деп күдік келтірілген кезде), 6) тармағында (күдіктіні стационарлық сот-психиатриялық сараптамаға мәжбүрлеп жіберу кезінде) көзделген жағдайларда, қылмыстық процесті жүргізетін орган күдіктінің, айыпталушының қорғаушыдан бас тартуын қабылдай алмайды.
3. Қорғаушыдан бас тарту адамды бұдан әрі қорғаушыны қылмыстық іс бойынша іс жүргізуге қатысуға жіберу туралы өтінішхат беру құқығынан айырмайды. Қорғаушының процеске кірісуі осы уақытқа дейін тергеп-тексеру немесе сот талқылауы барысында жасалған әрекеттерді қайталауға әкеп соқпайды.
Ескерту. 69-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2021 № 89-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.07.2025 № 210-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.70-бап. Қорғаушының өкілеттіктері
1. Қорғаушы күдікті, айыптауды теріске шығаратын немесе күдіктінің, айыпталушының жауаптылығын жеңілдететін мән-жайларды анықтау мақсатында қорғаудың барлық заңды құралдары мен тәсілдерін пайдалануға және оларға қажетті білікті заң көмегін көрсетуге міндетті.
2. Қорғаушы:
1) күдіктімен, айыпталушымен саны мен ұзақтығы шектелмейтін оңаша және құпия кездесуге;
2) осы Кодексте көзделген тәртіппен, қылмыстық іс материалдарына міндетті түрде қоса тігілуге жататын, заң көмегін көрсету үшін қажетті нәрселерді, құжаттарды, мәліметтерді, сондай-ақ өзге де деректерді жинауға және ұсынуға;
3) күдіктіден, айыпталушыдан жауап алуға, сондай-ақ олардың қатысуымен немесе олардың өтінішхаты не қорғаушының өз өтінішхаты бойынша жүргізілетін өзге де тергеу әрекеттеріне және процестік әрекеттерге, оның ішінде қарап-тексеруге, тінтуге, алуға қатысуға, күдікті деп тану, күдіктінің іс-әрекетін саралау туралы қаулыларды жариялау кезінде күдіктіге қатысуға, сондай-ақ осы қаулыларды прокурор келіскеннен кейін олардың көшірмелерін алуға;
4) қарсылық білдірулерді мәлімдеуге;
5) жедел-іздестіру және қарсы барлау іс-шаралары, жасырын тергеу әрекеттері туралы деректер қамтылған іс материалдарын қоспағанда, іске кіріскен кезден бастап, өзінің қорғауындағы адамға қатысты істің мынадай материалдарымен:
адамның жасалған қылмыстық құқық бұзушылық туралы арызында, хабарында қамтылған дербес деректерді қоспағанда, осындай арыздармен, хабарлармен;
оларда қамтылған дербес деректерді қоспағанда, қылмыстық құқық бұзушылық туралы мәліметтердің табылғанын растайтын, қолдарында бар құжаттар мен өзге де материалдарды (олар болған кезде) қоса бере отырып, қылмыстық құқық бұзушылықтың анықталғаны туралы баянатпен;
қорғауындағы адамның қатысуымен жүргізілген тергеу әрекеттерінің және процестік әрекеттердің хаттамаларымен;
өзінің қорғауындағы адамға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының:
бұлтартпау шарасын қолдану және бұлтартпау шарасын қолдануға санкция беру туралы сот алдында өтінішхатты қозғау;
сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдарын іс жүргізуге қабылдау;
тергеу, жедел-тергеу тобын құру;
қылмыстық іс бойынша сот ісін жүргізу тілін белгілеу;
оларда қамтылған дербес деректерді қоспағанда, жәбірленуші деп тану;
азаматтық талапкер деп тану;
күдікті деп тану;
күдіктінің іс-әрекетін саралау;
бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтінішхатты қозғау;
қорытынды беру үшін маманды тарту;
сот сараптамасын тағайындау;
мүлікке тыйым салуды қолдану;
сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімдерін үзу;
сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тоқтату;
тоқтатылған сотқа дейінгі тергеп-тексеруді қайта бастау;
қорғау тарапының шағымдарын, өтінішхаттарын қарау нәтижелері;
тінту, алу (олар аяқталғаннан кейін) жүргізу;
тергеу экспериментін жүргізу;
сараптамалық зерттеу үшін үлгілер алу туралы қаулылармен танысуға, сондай-ақ ғылыми-техникалық құралдардың көмегімен олардың көшірмелерін түсіруге не сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамнан оларды алуға құқылы.
Сонымен қатар, ғылыми-техникалық құралдардың көмегімен:
маман, сарапшы қорытындысының, өзінің қорғауындағы адамға қатысты қорытынды берудің мүмкін еместігі туралы хабардың;
тергеу әрекеттерін жүргізудің аяқталғаны және қылмыстық іс материалдарымен танысу құқығын түсіндіру туралы хабарламаның көшірмелерін түсіруге құқылы.
Мемлекеттік құпияларды немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді және айыптау куәларының тізімін қоспағанда, сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталғаннан кейін қылмыстық істің барлық материалымен танысуға, одан кез келген көлемде кез келген мәліметтерді жазып алуға, ғылыми-техникалық құралдардың көмегімен көшірмелерін түсіруге құқылы;
6) өтінішхаттарды, оның ішінде қауіпсіздік шараларын қолдану туралы өтінішхатты мәлімдеуге;
7) кез келген сатыдағы сотта істі алдын ала тыңдауға, сот талқылауына қатысуға, сот жарыссөздерінде сөйлеуге, істі жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта бастау кезінде, соттың бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтінішхаттарды қарауы кезінде, күзетпен ұстау, үйқамақ мерзімін ұзарту туралы өтінішхаттарды қарау кезінде, тергеу судьясы қорғаушы тараптың шағымдары мен өтінішхаттарын қараған кезде, айғақтар сақтауға қою кезінде сот отырысына қатысуға;
8) сот отырысының хаттамасымен танысуға, бұл ретте хаттаманың соңына өз қолын қоюға құқылы, ал сот отырысы хаттамасының бір бөлігімен танысқан кезде осы бөліктің соңына қол қоюға және оған ескерту енгізуге;
9) өзіне және өзінің қорғауындағы адамға табыс етілуге жататын процестік құжаттардың көшірмелерін алуға;
10) қылмыстық процесті жүргізетін адамның және қылмыстық процеске қатысатын өзге де адамдардың заңсыз әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) қарсылық білдіруге, бұл қарсылықтарды процестік құжаттарға енгізуді талап етуге;
11) анықтаушының, тергеушінің, прокурордың және соттың әрекеттері (әрекетсіздігі) мен шешімдеріне шағым келтіруге және оларды қарауға қатысуға;
12) заңға қайшы келмейтін кез келген басқа да қорғау құралдары мен тәсілдерін пайдалануға;
13) қорғауындағы адамның қатысуымен процестік әрекеттің өткізілетін уақыты мен орны туралы, сондай-ақ қорғаушы тараптың шағымдарын, бұлтартпау шарасын қолдану, күзетпен ұстау мерзімін ұзарту, айғақтарды сақтауға қою туралы өтінішхаттарды қарауға байланысты барлық сот отырыстары туралы қылмыстық процесті жүргізетін орган арқылы күні бұрын хабардар етілуге құқылы.
3. Іске қорғаушы ретінде қатысатын адвокат осы баптың екінші бөлігінде көзделген құқықтармен қатар, сондай-ақ:
1) тергеу судьясы алдында куәның және жәбірленушінің айғақтарын сақтауға қою туралы өтінішхат беруге;
2) сұрау салуды орындаудан бас тартылған не ол бойынша үш тәулік ішінде шешім қабылданбаған жағдайда тергеу судьясы алдында, мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қоспағанда, күдіктіге, айыпталушыға, қорғалуға құқығы бар куәға білікті заң көмегін көрсету және олардың мүдделерін қорғау үшін қажет кез келген мәліметтерді, құжаттарды, нәрселерді талап етіп алдыру туралы өтінішхат беруге;
3) жасырын тергеу әрекетін қоспағанда, оның ішінде қылмыстық қудалау органы осындай өтінішхатты қанағаттандырудан негізсіз бас тартса не ол бойынша үш тәулік ішінде шешім қабылданбаса, тергеу судьясының алдында сараптама тағайындау не сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының тергеу әрекетін жүргізуі туралы өтінішхат беруге;
4) істің мән-жайлары туралы бірдеңе білетін адамдардан сұрақ алуға, оның ішінде ғылыми-техникалық құралдарды пайдалана отырып, сұрақ алуға және осылайша алынған нақты деректерді іс материалдарына қосып тігу туралы өтінішхат беруге;
5) сарапшының, маманның іс бойынша қорытындыларын шарттық негізде алуға және осындай қорытындыларды іс материалдарына қосып тігу туралы өтінішхат беруге;
6) тергеу судьясы алдында өзі бұрын сұрақ алған айғақ беру үшін келуін қамтамасыз ету қиындық туғызатын куәны қылмыстық процесті жүргізетін органға мәжбүрлеп әкелу туралы өтінішхат беруге құқылы.
4. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам жауап алуды аяқтағаннан кейін тергеу әрекеттерін жүргізуге қатысатын қорғаушы жауап алынып жатқан адамдарға сұрақтар қоюға құқылы. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның қорғаушының сұрақтарын қабылдамауына болады, бірақ берілген сұрақтардың бәрін хаттамаға енгізуге міндетті. Қорғаушы тергеу әрекетінің хаттамасына оның жазбаларының дұрыстығы мен толықтығына байланысты жазбаша ескертулер жасауға құқылы.
Қорғаушы ретінде процестік әрекетті жүргізуге қатысатын адвокат сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның қатысуымен қорғалатын адамның өтініші бойынша қысқаша консультациялар беруге құқылы.
5. Қорғаушы: өзінің қорғауындағы адамның мүдделеріне қарсы қандай да бір әрекеттер жасауға және оған тиесілі құқықтарды жүзеге асыруына кедергі келтіруге; қорғауындағы адамның ұстанымына қарамастан, оның қылмыстық құқық бұзушылыққа қатысы барын және оны жасауда кінәлі екенін мойындауға, қорғауындағы адамның жәбірленушімен татуласқаны туралы мәлімдеуге; азаматтық талап қоюды мойындауға; қорғауындағы адам берген шағымдар мен өтінішхаттарды кері қайтарып алуға; заң көмегін көрсетуге өтініш білдіру және оны жүзеге асыруға байланысты өзіне белгілі болған мәліметтерді жариялауға құқылы емес.
6. Қорғаушының осы Кодексте көзделген басқа да құқықтары бар және басқа да міндеттері болады.
Ескерту. 70-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 31.10.2015 № 378-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 21.12.2017 № 118-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 09.06.2021 № 49-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.07.2025 № 210-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.1. Қылмыстық құқық бұзушылық өзіне тікелей моральдық, тәндік немесе мүліктік зиян келтірді деп пайымдауға негізі бар тұлға қылмыстық процесте жәбірленуші деп танылады.
1-1. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам осы баптың бірінші бөлігінде көзделген жағдайларда адамды жәбірленуші деп дереу тануға міндетті.
2. Есі дұрыс емес адам жасаған, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде тыйым салынған іс-әрекетпен оған зиян келтірілген жағдайларда да тұлға жәбірленуші деп танылады.
3. Тұлға қылмыстық процесте тиісті қаулы шығарылғаннан кейін жәбірленуші деп танылады. Егер қылмыстық процесс барысында оның бұл жағдайда болуына негіздер жоқ екені анықталса, қылмыстық процесті жүргізетін орган өз қаулысымен тұлғаның жәбірленуші ретінде қатысуын тоқтатады.
4. Жәбірленушіге қылмыстық процесте азаматтық талап қою құқығы түсіндіріледі және оған қылмыстық құқық бұзушылықпен келтірілген мүліктік зиянды, сондай-ақ оның осы Кодексте белгіленген қағидалар бойынша өкілге арналған шығыстарын қоса алғанда, қылмыстық процеске қатысуына байланысты шеккен шығыстарын өтеу қамтамасыз етіледі.
5. Жәбірленушінің өзіне моральдық зиянды өтеу туралы талап қоюы қылмыстық процесте қаралады. Егер ол мұндай талап қоймаса не ол қараусыз қалдырылса, онда жәбірленуші оны азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен беруге құқылы.
6. Жәбірленушінің:
1) келтірілген күдік пен тағылған айыптау туралы білуге;
2) ана тілінде немесе өзі білетін тілде айғақ беруге;
3) дәлелдемелерді ұсынуға;
4) өтінішхаттар мен қарсылық білдірулерді мәлімдеуге;
5) аудармашының тегін көмегін пайдалануға;
6) өкілінің болуына;
7) қылмыстық қудалау органы одан дәлелдеу құралы ретінде алып қойған немесе өзі ұсынған мүлікті, сондай-ақ қылмыстық заңмен тыйым салынған іс-әрекетті жасаған адамнан алып қойылған, өзіне тиесілі мүлікті алуға, өзіне тиесілі құжаттардың төлнұсқаларын алуға;
8) заңда көзделген жағдайларда күдіктімен, айыпталушымен, сотталушымен татуласуға, оның ішінде медиация тәртібімен татуласуға;
8-1) қылмыстық теріс қылық немесе онша ауыр емес қылмыс туралы іс бойынша бұйрықтық іс жүргізуді қолдануға келісім білдіруге;
9) өзінің қатысуымен жүргізілген тергеу әрекеттерінің хаттамаларымен танысуға және оларға ескертулер беруге, ғылыми-техникалық құралдарды қолдана отырып, хаттамалардың көшірмелерін түсіруге және алуға;
10) өз өтінішхаты не өз өкілінің өтінішхаты бойынша жүргізілетін тергеу әрекеттеріне тергеушінің немесе анықтаушының рұқсатымен қатысуға;
11) мемлекеттік құпияларды немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, тергеп-тексеру аяқталғаннан кейін осы Кодексте белгіленген тәртіппен істің материалдарымен танысуға және одан кез келген мәліметтерді жазып алуға, сондай-ақ ғылыми-техникалық құралдарды пайдалана отырып, көшірмелерін түсіруге;
12) өзіне және өзінің отбасы мүшелеріне қауіпсіздік шараларын ұсыну, жеке өмірінің мән-жайларын жария етпеу туралы, күдіктіге қатысты жақындауға тыйым салуды қолдану туралы өтінішхаттар мәлімдеуге;
13) өзін жәбірленуші деп тану немесе одан бас тарту, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тоқтату туралы қаулылардың, айыптау актісінің, сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру хаттамасының, айыптау хаттамасының көшірмелерін, сондай-ақ бірінші, апелляциялық және кассациялық сатылардағы соттың үкімі мен қаулысының көшірмелерін алуға;
14) бірінші, апелляциялық және кассациялық сатылардағы сотта істі соттың талқылауына қатысуға;
15) сот жарыссөздерінде сөйлеуге;
16) айыптауды, оның ішінде мемлекеттік айыптаушы айыптаудан бас тартқан жағдайда да қолдауға;
17) сот отырысының хаттамасымен танысуға, бұл ретте хаттаманың соңына өз қолын қоюға, ал сот отырысы хаттамасының бір бөлігімен танысқан кезде осы бөліктің соңына қол қоюға; ал сот отырысында аудио-, бейнетіркеу қолданылған жағдайда – хаттаманың соңына қол қоюға, хаттамаға ескертулер беруге құқылы;
18) анықтаушының, тергеушінің, прокурордың және соттың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешіміне шағым жасауға және заңда белгіленген жағдайларда оларды қарауға қатысуға;
19) соттың үкімі мен қаулысына шағым жасауға;
20) іс бойынша келтірілген шағымдар, прокурордың өтінішхаттары және наразылықтар туралы білуге, оларға қарсылықтар беруге және оларды қарауға қатысуға;
21) өз құқықтары мен заңды мүдделерін заңға қайшы келмейтін өзге де тәсілдермен қорғауға;
22) тараптардың процестік келісім жасасу ниеті, оның шарттары мен салдары туралы білуге, қылмыспен келтірілген залалды өтеу бойынша өз шарттарын ұсынуға не оны жасасуға қарсылық білдіруге;
23) Қазақстан Республикасының Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы заңнамасына сәйкес өтемақы алуға;
24) Қазақстан Республикасының адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы заңнамасына сәйкес арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді алуға құқығы бар.
Осы Кодекстің 76-бабының екінші бөлігінде көзделген жағдайларда, жәбірленушіге ақы төленбейтін білікті заң көмегі ұсынылады.
7. Жәбірленушінің, ал ол қайтыс болған жағдайда – оның құқықтық мирасқорларының аса ауыр қылмыспен келтірілген мүліктік зиян үшін, егер осындай қылмысы үшін сотталған адамның осы қылмыспен келтірілген залалды өтеу үшін жеткілікті мүлкі болмаса, бюджет қаражаты есебінен ақшалай өтемақы алуға құқығы бар. Мұндай жағдайда бюджет қаражаты есебінен ақшалай өтемақы төлеу туралы мәселені үкім шығарған сот жәбірленушінің не оның құқықтық мирасқорының арызы бойынша шешеді. Көрсетілген жағдайларда, егер залал бір жүз елу айлық есептік көрсеткіштен аспаса, жәбірленушінің залалды толық көлемде өтеткізуге құқығы бар.
8. Жәбірленуші: қылмыстық процесті жүргізетін органның шақыруы бойынша келуге, іс бойынша барлық белгілі мән-жайларды шынайы хабарлауға және қойылған сұрақтарға жауап беруге; өзіне іс бойынша белгілі мән-жайлар туралы мәліметтерді жария етпеуге; тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде және сот отырысы уақытында белгіленген тәртіпті сақтауға міндетті.
9. Жәбірленуші шақыру бойынша дәлелді себептерсіз келмеген кезде ол осы Кодекстің 157-бабында көзделген тәртіппен мәжбүрлеп әкелуге ұшырауы және оған осы Кодекстің 160-бабында көзделген тәртіппен ақшалай өндіріп алу қолданылуы мүмкін.
10. Жәбірленуші айғақтар беруден бас тартқаны және көрінеу жалған айғақтар бергені үшін заңға сәйкес қылмыстық жауаптылықта болады.
11. Салдарында адам қайтыс болған қылмыстар туралы істер бойынша жәбірленушінің осы бапта көзделген құқықтарын қайтыс болған адамның жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) жүзеге асырады. Егер жәбірленушінің құқықтарын беруге қылмыстық құқық бұзушылық арқылы моральдық зиян келтірілген бірнеше адам үміткер болып отырса, олардың бәрі не олардың арасындағы келісім бойынша олардың біреуі жәбірленуші болып таныла алады.
12. Қылмыстық құқық бұзушылықпен өзіне мүліктік зиян келтірілген заңды тұлға жәбірленуші болып танылуы мүмкін. Бұл жағдайда жәбірленушінің құқықтары мен міндеттерін заңды тұлғаның өкілі жүзеге асырады.
Ескерту. 71-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 31.10.2015 № 378-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 11.07.2017 № 91-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.12.2017 № 118-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.01.2018 № 132-VI (01.07.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 27.12.2021 № 88-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.07.2024 № 111-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.07.2025 № 210-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.06.2026 № 307-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.1. Жекеше айыптау ісі бойынша сотқа шағым берген және сотта айыптауды қолдайтын тұлға, сондай-ақ жариялы және жекеше-жариялы айыптау істері бойынша мемлекеттік айыптаушы айыптаудан бас тартқан жағдайда, сотта айыптауды жеке өзі қолдайтын жәбірленуші жекеше айыптаушы болып табылады.
2. Жәбірленуші кәмелетке толмаған немесе әрекетке қабілетсіз болған жағдайда, оның өтінішхатты, өтінуді мәлімдеген немесе шағым берген заңды өкілі жекеше айыптаушы болып саналады.
3. Жекеше айыптаушы жәбірленушінің барлық құқықтарын пайдаланады және барлық міндеттерін көтереді, сондай-ақ оған осы Кодекстің 411-бабының үшінші және бесінші бөліктерінде көзделген құқықтар беріледі.
4. Жекеше айыптаушы өзіне тиесілі құқықтарды пайдаланады және өзіне жүктелген міндеттерді жеке өзі немесе, егер бұл құқықтар мен міндеттердің сипатына сәйкес келсе, өкілі арқылы атқарады.
1. Қылмыстық құқық бұзушылықпен немесе есі дұрыс емес адамның іс-әрекетімен келтірілген мүліктік немесе моральдық зиянды өтеу туралы азаматтық талап қойған жеке немесе заңды тұлға азаматтық талапкер болып танылады.
2. Азаматтық талапкердің өзі қойған талапты қолдау мақсатында:
1) күдіктің, айыптаудың мәнін білуге;
2) дәлелдемелерді ұсынуға;
3) қойылған талап бойынша түсініктеме беруге;
4) қылмыстық іске қосып тігу үшін материалдарды ұсынуға;
5) өтінішхаттар мен қарсылық білдірулерді мәлімдеуге, ана тілінде немесе өзі білетін тілде айғақтар мен түсініктемелер беруге;
6) аудармашының тегін көмегін пайдалануға, өкілінің болуына;
7) өзінің қатысуымен жүргізілген тергеу әрекеттерінің хаттамаларымен танысуға;
8) өзінің өтінішхаты бойынша немесе өкілінің өтінішхаты бойынша жүргізілген тергеу әрекеттеріне прокурордың, тергеушінің немесе анықтаушының рұқсатымен қатысуға;
8-1) қылмыстық теріс қылық немесе онша ауыр емес қылмыс туралы іс бойынша бұйрықтық іс жүргізуді қолдануға келісім білдіруге;
9) тергеп-тексеру аяқталғаннан кейін істің азаматтық талап қоюға қатысты материалдарымен танысуға және одан, мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қоспағанда, кез келген мәліметті және кез келген көлемде жазып алуға;
10) өзінің мүддесін қозғайтын қабылданған шешімдер туралы білуге және мәлімделген азаматтық талап қоюға қатысты процестік шешімдердің көшірмелерін алуға;
11) азаматтық талап қоюдың кез келген сот сатысында қаралуына қатысуға;
12) сот жарыссөздерінде сөйлеуге;
13) сот отырысының хаттамасымен танысуға және оған ескертулер беруге;
14) қылмыстық процесті жүргізетін органның әрекеттері (әрекетсіздігі) мен шешімдеріне шағым келтіруге;
15) соттың үкімі мен қаулыларына азаматтық талап қоюға қатысты бөлігінде шағым жасауға;
16) азаматтық талап қою бөлігінде іс бойынша келтірілген шағымдар, прокурордың өтінішхаттары және наразылықтар туралы білуге және оларға қарсылықтар беруге;
17) мәлімделген шағымдардың, прокурор өтінішхаттарының және наразылықтардың сотта қаралуына қатысуға;
18) алып тасталды - ҚР 10.01.2018 № 132-VI Заңымен (01.07.2018 бастап қолданысқа енгізіледі);19) қауіпсіздік шараларын қолдану туралы мәлімдеуге құқығы бар.
3. Азаматтық талапкер осы Кодекстің 71-бабының сегізінші бөлігінде көзделген міндеттерді көтереді.
4. Азаматтық талапкер, сондай-ақ заңда көзделген басқа да құқықтарға ие болады және басқа да міндеттерді көтереді.
Ескерту. 73-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 11.07.2017 № 91-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.12.2017 № 118-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.01.2018 № 132-VI (01.07.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.1. Қылмыстық істе өзіне талап қойылған жеке немесе заңды тұлға азаматтық жауапкер болып танылады.
2. Азаматтық жауапкердің өзіне қойылған талапқа байланысты өз мүдделерін қорғау мақсатында:
1) күдіктің, айыптаудың және азаматтық талап қоюдың мәнін білуге;
2) талап қоюға қарсылық білдіруге, қарсы талап қоюды беруге;
3) қойылған талаптың мәні бойынша түсініктемелер мен айғақтар беруге;
4) өкілінің болуына;
5) қылмыстық іске қосып тігу үшін материалдарды ұсынуға;
6) өтінішхаттар мен қарсылық білдірулерді мәлімдеуге;
6-1) қылмыстық теріс қылық немесе онша ауыр емес қылмыс туралы іс бойынша бұйрықтық іс жүргізуді қолдануға келісім білдіруге;
7) тергеп-тексеру аяқталғаннан кейін азаматтық талап қоюға қатысты материалдармен танысуға және одан, мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қоспағанда, кез келген мәліметті және кез келген көлемде жазып алуға;
8) өзінің мүдделерін қозғайтын қабылданған шешімдер туралы білуге және мәлімделген азаматтық талап қоюға қатысты процестік шешімдердің көшірмелерін алуға;
9) азаматтық талап қоюдың кез келген сот сатысында қаралуына қатысуға;
10) сот жарыссөздерінде сөйлеуге, қылмыстық процесті жүргізетін органның әрекеттері (әрекетсіздігі) мен шешімдеріне шағым келтіруге;
11) сот отырысының хаттамасымен танысуға және оған ескертулер беруге;
12) соттың үкімі мен қаулысына азаматтық талап қоюға қатысты бөлігінде шағым жасауға;
13) азаматтық талап қою бөлігінде іс бойынша келтірілген наразылықтар, прокурордың өтінішхаттары және шағымдар туралы білуге және оларға қарсылықтар беруге;
14) мәлімделген шағымдардың, прокурор өтінішхаттарының және наразылықтардың сотта қаралуына қатысуға;
15) қауіпсіздік шараларын қолдану туралы мәлімдеуге құқығы бар.
3. Азаматтық жауапкер осы Кодекстің 71-бабының сегізінші бөлігінде көзделген міндеттерді көтереді.
4. Азаматтық жауапкер, сондай-ақ заңда көзделген басқа да құқықтарға ие болады және басқа да міндеттерді көтереді.
Ескерту. 74-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 11.07.2017 № 91-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.12.2017 № 118-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.75-бап. Кәмелетке толмаған күдіктінің, айыпталушының, сотталушының, сотталған адамның заңды өкілдері
1. Кәмелетке толмаған немесе есі дұрыс еместігін жоққа шығармайтын психикасының бұзылуынан зардап шегетін адам жасаған қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша іске қатысуға олардың заңды өкілдері осы Кодексте көзделген тәртіппен тартылады.
2. Егер сотқа дейінгі іс жүргізу немесе сот талқылауы осы Кодексте көзделген жағдайларда күдіктінің, айыпталушының, сотталушының, сотталған адамның қатысуынсыз жүзеге асырылса, қылмыстық іске олардың заңды өкілдері қатыса алады.
76-бап. Жәбірленушінің, азаматтық талапкердің және жекеше айыптаушының өкілдері
1. Қылмыстық процесте жәбірленушінің, азаматтық талапкердің және жекеше айыптаушының заңды мүдделерін білдіруге заң күшімен құқықты және қылмыстық процесті жүргізетін органның қаулысымен процеске қатысуға жіберілген адвокаттар мен өзге де тұлғалар жәбірленушінің, азаматтық талапкердің және жекеше айыптаушының өкілдері бола алады.
2. Кәмелетке толмағандар болып табылатын немесе сот ісін жүргізу тілін білмейтін не өзінің дене немесе психикалық жағдайы бойынша өз құқықтары мен заңды мүдделерін өз бетінше қорғау мүмкіндігінен айырылған жәбірленушілердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін процеске міндетті түрде қатысуға олардың заңды өкілдері мен өкілдері тартылады.
Мұндай жағдайларда жәбірленушінің өкілі ретінде жәбірленуші не оның заңды өкілі таңдаған адвокат жіберіледі. Егер адвокатты жәбірленушінің өзі немесе оның заңды өкілі шақырмаса, қылмыстық процесті жүргізетін орган адвокаттардың кәсіби ұйымы немесе оның құрылымдық бөлімшесі үшін міндетті қаулы шығару арқылы адвокаттың қатысуын қамтамасыз етеді. Қылмыстық процесті жүргізетін орган жәбірленушінің өкілі ретінде нақты адвокатты шақыруды ұсынуға құқылы емес.
Жәбірленушіде немесе оның заңды өкілінде қаражат болмаған жағдайда, адвокаттың еңбегіне ақы төлеу осы Кодексте белгіленген тәртіппен бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.
3. Жәбірленушінің, азаматтық талапкердің және жекеше айыптаушының заңды өкілдері мен өкілдері өздері өкілі болып отырған жеке және заңды тұлғалар сияқты, осы Кодексте көзделген шектерде, процестік құқықтарға ие болады.
4. Жәбірленушінің, азаматтық талапкердің, жекеше айыптаушының өкілі өзі өкілі болып отырған процеске қатысушының мүдделеріне қайшы қандай да бір әрекеттер жасауға құқылы емес.
5. Жәбірленушінің, азаматтық талапкердің және жекеше айыптаушының процеске өзінің қатысуы оларды осы іс бойынша өкілге ие болу құқығынан айырмайды.
Ескерту. 76-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 16.07.2025 № 210-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.77-бап. Азаматтық жауапкердің өкілдері
1. Қылмыстық процесте азаматтық жауапкердің заңды мүдделерін білдіруге заң күшімен құқықты және қылмыстық процесті жүргізетін органның қаулысымен процеске қатысуға жіберілген адвокаттар және өзге де тұлғалар азаматтық жауапкердің өкілдері болып танылады.
2. Азаматтық жауапкердің өкілдері Азаматтық іс жүргізу кодексіне сәйкес өздері өкілі болып отырған жеке немесе заңды тұлғалар сияқты процестік құқықтарға ие болады.
3. Азаматтық жауапкердің өкілі өзі өкілі болып отырған процеске қатысушының мүдделеріне қайшы қандай да бір әрекеттер жасауға құқылы емес.
4. Азаматтық жауапкердің процеске жеке өзінің қатысуы оны осы іс бойынша өкілге ие болу құқығынан айырмайды.
10-тарау. ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСКЕ ҚАТЫСАТЫН ӨЗГЕ ДЕ АДАМДАР
78-бап. Куә
1. Іс үшін маңызы бар қандай да бір мән-жай белгілі болуы мүмкін кез келген адам айғақтар беру үшін куә ретінде шақырылуы және одан жауап алынуы мүмкін.
2. Мыналар:
1) қылмыстық іс бойынша іс жүргізуге қатысуына байланысты, сондай-ақ сот шешімін шығару кезінде туындаған мәселелерді кеңесу бөлмесінде талқылау барысында өздеріне белгілі болған істің мән-жайлары туралы – судья, алқаби;
2) төрешінің міндеттерін атқаруға байланысты өзіне белгілі болған мән-жайлар туралы — төреші;
3) өзінің міндеттерін орындауына байланысты өзіне белгілі болған мән-жайлар туралы – күдіктінің, айыпталушының, сотталушының, сотталған адамның қорғаушысы, сол сияқты олардың заңды өкілдері, жәбірленушінің, азаматтық талапкердің және азаматтық жауапкердің өкілі, сондай-ақ куәнің адвокаты;
4) тәубаға келу үстінде өзіне белгілі болған мән-жайлар туралы – діни қызметші;
5) өзінің жасының толмауына не психикалық немесе дене кемістіктеріне байланысты іс үшін маңызы бар мән-жайларды дұрыс қабылдауға және олар туралы айғақ беруге қабілетсіз адам;
6) заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, медиацияны жүргізуге байланысты өзіне белгілі болған мән-жайлар туралы – медиатор;
7) ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіретін жағдайларды қоспағанда, өз қызметін жүзеге асыруға байланысты өзіне белгілі болған мән-жайлар туралы – ұлттық алдын алу тетігінің қатысушысы;
8) лауазымдық міндеттерін орындауына байланысты өзіне белгілі болған мән-жайлар туралы Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл куә ретінде жауап алынуға жатпайды.
3. Куәнің:
1) қылмыстық жазаланатын іс-әрекет немесе әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін оның өзін, жұбайын (зайыбын) немесе жақын туыстарын қудалауға әкеп соғатын айғақтар беруден бас тартуға;
2) өзінің ана тілінде немесе өзі білетін тілде айғақтар беруге;
3) аудармашының тегін көмегін пайдалануға;
4) өзінен жауап алуға қатысатын аудармашыға қарсылық білдіруді мәлімдеуге;
5) жауап алу хаттамасына айғақтарды өз қолымен жазуға;
6) анықтаушының, тергеушінің, прокурордың және соттың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым келтіруге, өзінің құқықтары мен заңды мүдделеріне қатысты, оның ішінде қауіпсіздік шараларын қолдану туралы өтінішхаттар мәлімдеуге құқығы бар.
Куәнің өз адвокатының қатысуымен айғақ беруге құқығы бар. Адвокаттың сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам белгілеген уақытта келмеуі куәдан жауап алуды жүргізуге кедергі келтірмейді.
Куәның қылмыстық іс бойынша іс жүргізу кезінде шеккен шығыстарын оған өтеу қамтамасыз етіледі.
4. Куә:
1) анықтаушының, тергеушінің, прокурордың және соттың шақыруы бойынша келуге;
2) іс бойынша болғанның бәрін шынайы түрде хабарлауға және қойылған сұрақтарға жауап беруге;
3) егер өзіне бұл туралы анықтаушы, тергеуші немесе прокурор ескерткен болса, іс бойынша өзіне белгілі мән-жайлар туралы мәліметтерді жария етпеуге;
4) тергеу әрекеттерін жүргізген кезде және сот отырысы уақытында белгіленген тәртіпті сақтауға міндетті.
5. Алып тасталды – ҚР 09.06.2021 № 49-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.6. Алып тасталды – ҚР 09.06.2021 № 49-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
7. Куә осы Кодекстің 223 және 271-баптарында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, сараптамаға немесе куәландырылуға тартылмайды.
8. Куә жалған айғақтар бергені, айғақтар беруден бас тартқаны үшін Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде көзделген қылмыстық жауаптылықта болады. Айғақтар беруден жалтарғаны немесе қылмыстық процесті жүргізетін органның шақыруы бойынша дәлелді себептерсіз келмегені үшін куәға осы Кодекстің 160-бабында белгіленген тәртіппен ақшалай өндіріп алу қолданылуы мүмкін.
Ескерту. 78-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 08.04.2016 № 489-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) ; 28.12.2016 № 36-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін екі ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 09.06.2021 № 49-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.12.2021 № 91-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.1. Сарапшы ретінде арнаулы ғылыми білімі бар, іске мүдделі емес адам шақырылуы мүмкін. Сараптама жүргізу тапсырылуы мүмкін адамға қойылатын өзге де талаптар осы Кодекстің 273-бабының бірінші бөлігінде белгіленеді.
2. Сарапшыны шақыру, сараптаманы тағайындау және жүргізу осы Кодекстің 35-тарауында, сондай-ақ 373-бабында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
3. Сарапшының:
1) сараптаманың нысанасына жататын материалдармен (іс материалдарымен) танысуға;
2) қорытынды беру үшін өзіне қажетті қосымша материалдарды беру туралы, сондай-ақ қауіпсіздік шараларын қолдану туралы өтінішхаттар мәлімдеуге;
3) қылмыстық процесті жүргізетін органның рұқсатымен процестік әрекеттерді жүргізуге және сот отырысына қатысуға және оларға қатысатын тұлғаларға сараптама нысанасына қатысты сұрақтар қоюға;
4) өзі қатысқан процестік әрекеттің хаттамасымен, сондай-ақ тиісті бөлігінде сот отырысының хаттамасымен танысуға және өзінің әрекеттері мен айғақтарының толық және дұрыс тіркелуіне қатысты, хаттамаларға енгізілуге жататын ескертулер жасауға;
5) сараптаманы тағайындаған органның келісімі бойынша, сот-сараптамалық зерттеу барысында анықталған, іс үшін маңызы бар, сот сараптамасын тағайындау туралы қаулыда қамтылған мәселелердің шегінен шығатын мән-жайлар бойынша өз құзыреті шегінде қорытынды беруге;
6) ана тілінде немесе өзі білетін тілде қорытынды ұсынуға және айғақтар беруге; аудармашының тегін көмегін пайдалануға; аудармашыға қарсылық білдіруді мәлімдеуге;
7) қылмыстық процесті жүргізетін органның және іс бойынша іс жүргізуге қатысатын өзге де тұлғалардың сараптама жүргізу кезінде өзінің құқықтарына қысым көрсететін шешімдері мен әрекеттеріне шағым жасауға;
8) сараптама жүргізу кезінде шегілген шығыстарға өтем және егер сот сараптамасын жүргізу өзінің лауазымдық міндеттерінің шеңберіне кірмейтін болса, орындалған жұмысы үшін сыйақы алуға құқығы бар.
4. Сарапшы:
1) қылмыстық процесті жүргізетін органды хабардар етпестен, процеске қатысушылармен сараптама жүргізуге байланысты мәселелер бойынша келіссөздер жүргізуге;
2) зерттеу үшін материалдарды өз бетінше жинауға;
3) егер сараптама тағайындаған органның бұған арнайы рұқсаты болмаса, объектілерді толық немесе ішінара жоюға не олардың сыртқы түрін немесе негізгі қасиеттерін өзгертуге әкеліп соғуы мүмкін зерттеулер жүргізуге құқылы емес.
5. Сарапшы:
1) қылмыстық процесті жүргізетін органның шақыруы бойынша келуге;
2) өзіне ұсынылған объектілерге жан-жақты, толық және объективті зерттеу жүргізуге, қойылған мәселелер бойынша негізделген және объективті жазбаша қорытынды беруге;
3) осы Кодекстің 284-бабында көзделген жағдайларда қорытынды беруден бас тартуға және қорытынды берудің мүмкін еместігі туралы уәжді жазбаша хабар жасауға және оны қылмыстық процесті жүргізетін органға жіберуге;
4) жүргізілген зерттеуге және берілген қорытындыға байланысты мәселелер бойынша айғақтар беруге;
5) зерттеуге ұсынылған объектілердің сақталуын қамтамасыз етуге;
6) істің мән-жайы туралы мәліметтерді және сараптама жүргізуге байланысты өзіне белгілі болған өзге де мәліметтерді жария етпеуге;
7) сараптаманы тағайындаған органға шығыстар сметасын және сараптама жүргізуге байланысты шегілген шығыстар туралы есепті ұсынуға міндетті.
6. Сарапшы көрінеу жалған қорытынды бергені үшін заңда белгіленген қылмыстық жауаптылықта болады.
7. Сот сараптамасы органдарының қызметкері болып табылатын сарапшы өз қызметінің сипатына қарай өзінің құқықтарымен және міндеттерімен танысқан және көрінеу жалған қорытынды бергені үшін қылмыстық жауаптылық туралы ескертілген деп есептеледі.
1. Қылмыстық іс бойынша іс жүргізуге маман ретінде қатысу үшін қылмыстық процестің қатысушыларына өзінің арнайы құзыретіне кіретін мәселелерді түсіндіру, сондай-ақ ғылыми-техникалық құралдарды қолдану жолымен дәлелдемелерді жинауда, зерттеуде және бағалауда жәрдем көрсету үшін қажетті арнаулы білімі бар, іске мүдделі емес адам тартылуы мүмкін. Кәмелетке толмаған адамның қатысуымен болатын тергеу және өзге де процестік әрекеттерге қатысатын педагог та, психолог та, сол сияқты оны сарапшы етіп тағайындаған жағдайларды қоспағанда, тергеу және өзге де процестік әрекеттерге қатысатын дәрігер де мамандар болып табылады.
2. Қазақстан Республикасының құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органы уәкілетті бөлімшесінің сотқа дейінгі тергеп-тексеруді, Қазақстан Республикасының аумағында заңдылықтың сақталуын жоғары қадағалауды жүзеге асыру, сотта мемлекеттің мүдделерін білдіру және мемлекет атынан қылмыстық қудалауды жүзеге асыру жөніндегі өкілеттіктері жоқ қызметкері зерттеу жүргізу және қорытынды беру үшін маман ретінде тартылуы мүмкін.
ҚР Конституциялық Сотының 20.07.2023 № 24 нормативтік қаулысымен осы кодекстің 80-бабының екінші бөлігі төмендегідей түсіндірмеде Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келеді деп танылды:Қазақстан Республикасының құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органы уәкілетті бөлімшесінің қызметкерін, егер осы қызметкер іске мүдделі емес адам болып табылса, дәлелдемелерді жинауға, зерттеу мен бағалауға жәрдем көрсету үшін қажетті арнайы білімі мен құзыреті болса, маман ретінде тартуға жол беріледі. Мұндай бөлімшенің функционалдық мақсаты Қазақстан Республикасының аумағында заңдылықтың сақталуына жоғары қадағалауды, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді және сотта мемлекеттік айыптауға қолдау көрсетуді жүзеге асырмай, қызметкерлерінің арнайы білімі мен құзыреті негізінде зерттеулер жүргізу болуға тиіс.
3. Маманның:
1) зерттеу нысанасына жататын материалдармен танысуға;
2) қорытынды беру үшін өзіне қажетті қосымша материалдар беру туралы өтінішхаттар мәлімдеуге;
3) өзінің шақырылу мақсатын білуге;
4) егер тиісті арнаулы білімі мен дағдысы болмаса, іс бойынша іс жүргізуге қатысудан бас тартуға;
5) тергеу немесе сот әрекетіне қатысушыларға қылмыстық процесті жүргізетін органның рұқсатымен сұрақтар қоюға; олардың назарын дәлелдемелерді жинауға, зерттеу мен бағалауға және ғылыми-техникалық құралдарды қолдануға жәрдем көрсету, істің материалдарын зерттеу, сараптама тағайындауға материалдар дайындау кезіндегі өзінің әрекеттеріне байланысты мән-жайларға аударуға;
6) қылмыстық процесті жүргізетін органның, соттың тағайындауы бойынша іс материалдарына, салыстырма зерттеулерді қоспағанда, оның барысы мен нәтижелерін осы Кодекстің 199-бабының тоғызыншы бөлігінде көзделген тәртіппен қылмыстық іске қосып тігілетін хаттамада не ресми құжатта көрсете отырып, объектілердің толық немесе ішінара жойылуына не олардың сыртқы түрінің немесе негізгі қасиеттерінің өзгеруіне әкеп соқпайтын зерттеулер жүргізуге құқығы бар. Қазақстан Республикасының құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органы уәкілетті бөлімшесінің маманы қылмыстық процесті жүргізетін органның рұқсатымен сот-сараптамалық зерттеулердің барысы мен нәтижелерін осы Кодекстің 117-бабының талаптарына сәйкес ресімделген маманның қорытындысында көрсете отырып, осы объектілер бойынша оны жүргізуді жоққа шығармайтын көлемде осы объектілердің ішінара жойылуына әкелетін салыстырмалы зерттеулер жүргізуге;
7) өзі қатысқан тергеу әрекетінің хаттамасымен, сондай-ақ тиісті бөлігінде сот отырысының хаттамасымен танысуға және өзінің қатысуымен жүргізілген әрекеттердің барысы мен нәтижелерінің тіркелуінің толықтығы мен дұрыстығына қатысты, хаттамаға енгізілуге жататын мәлімдемелер мен ескертулер жасауға;
8) қылмыстық процесті жүргізетін органның әрекеттеріне шағым келтіруге;
9) аудармашының тегін көмегін пайдалануға;
10) аудармашыға қарсылық білдіруді мәлімдеуге;
11) қауіпсіздік шараларын қолдану туралы өтінішхат мәлімдеуге;
12) егер іс бойынша іс жүргізуге қатысуы оның лауазымдық міндеттерінің шеңберіне кірмейтін болса, өзінің тергеу немесе сот әрекеттеріне қатысуына байланысты шеккен шығыстарына өтем және орындаған жұмысы үшін сыйақы алуға құқығы бар.
4. Маман:
1) қылмыстық процесті жүргізетін органға хабардар етпестен, процеске қатысушылармен зерттеу жүргізуге байланысты мәселелер бойынша келіссөздер жүргізуге;
2) зерттеу материалдарын өз бетінше жинауға құқылы емес.
Осы шектеулер осы баптың екінші бөлігінде көрсетілген адамдарға қолданылмайды.
5. Маман:
1) қылмыстық процесті жүргізетін органның шақыруы бойынша келуге;
2) дәлелдемелерді жинауға, зерттеу мен бағалауға жәрдем көрсету үшін арнаулы білімін, дағдысын және ғылыми-техникалық құралдарды пайдалана отырып, тергеу әрекеттерін жүргізу мен сот талқылауына қатысуға;
3) өзі орындаған әрекеттерге қатысты түсінік беруге, ал осы баптың екінші бөлігінде көзделген жағдайда зерттеу жүргізуге және қорытынды беруге;
4) істің мән-жайлары туралы мәліметтерді және іске қатысуына байланысты өзіне белгілі болған өзге де мәліметтерді жария етпеуге;
5) тергеу әрекеттері жүргізілген кезде және сот отырысы уақытында тәртіп сақтауға;
6) зерттеуге ұсынылған объектілердің сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.
6. Өзінің міндеттерін орындаудан дәлелді себептерсіз бас тартқаны немесе жалтарғаны үшін маманға осы Кодекстің 160-бабында белгіленген тәртіппен ақшалай өндіріп алу қолданылуы мүмкін.
Көрінеу жалған қорытынды берген жағдайда маман заңда белгіленген қылмыстық жауаптылықта болады.
Ескерту. 80-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 16.07.2025 № 210-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.1. Аударма жасау үшін білу қажет тілді меңгерген және күдікті, айыпталушы, сотталушы, олардың қорғаушылары не жәбірленуші, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер немесе олардың өкілдері, сондай-ақ куәлар және өзге де процеске қатысушылар іс бойынша іс жүргізілетін тілді білмеген жағдайларда, сол сияқты жазбаша құжаттарды аудару үшін тергеу және сот әрекеттеріне қатысуға тартылған, іске мүдделі емес адам аудармашы ретінде шақырылады.
2. Қылмыстық процесті жүргізетін орган адамды аудармашы етіп тағайындау туралы қаулы шығарады.
3. Аудармашының:
1) аударманы жүзеге асыру кезінде қатысатын адамдарға аударманы нақтылау үшін сұрақтар қоюға;
2) жүргізуіне өзі қатысқан тергеу әрекеттерінің немесе өзге де процестік әрекеттердің хаттамасымен, сондай-ақ тиісті бөлігінде сот отырысының хаттамасымен танысуға және аударманың толықтығы мен дұрыстығына қатысты, хаттамаға енгізілуге жататын ескертулер жасауға;
3) егер оның аудару үшін қажетті білімі болмаса, іс бойынша іс жүргізуге қатысудан бас тартуға;
4) қылмыстық процесті жүргізетін органның әрекеттеріне шағым келтіруге;
5) егер іс бойынша іс жүргізуге қатысу оның лауазымдық міндеттерінің шеңберіне кірмейтін болса, өзінің тергеу әрекеттеріне және өзге де процестік әрекеттерге қатысуына байланысты шеккен шығыстарына өтем және орындаған жұмысы үшін сыйақы алуға;
6) қауіпсіздік шараларын қолдану туралы өтінішхат мәлімдеуге құқығы бар.
4. Аудармашы:
1) қылмыстық процесті жүргізетін органның шақыруы бойынша келуге;
2) өзіне тапсырылған аударманы дәл және толық орындауға;
3) өзінің қатысуымен жүргізілген тергеу әрекеттерінің хаттамасында, сондай-ақ процеске қатысушыларға олардың ана тіліндегі немесе олар білетін тілдегі аудармасымен бірге табыс етілетін процестік құжаттарда аударманың дұрыстығын өзінің қолымен куәландыруға;
4) аудармашы ретінде тартылуына байланысты өзіне белгілі болған істің мән-жайлары туралы мәліметтерді немесе өзге де деректерді жария етпеуге;
5) тергеу әрекеттері жүргізілген кезде және сот отырысы уақытында тәртіп сақтауға міндетті.
5. Дәлелді себептерсіз келуден немесе өзінің міндеттерін орындаудан бас тартқаны немесе жалтарғаны үшін аудармашыға осы Кодекстің 160-бабында көзделген тәртіппен ақшалай өндіріп алу қолданылуы мүмкін. Көрінеу дұрыс аудармаған жағдайда аудармашы қылмыстық жауаптылықта болады.
6. Осы баптың қағидалары сөйлеу және (немесе) есту қабілетінен толық айырылған адамдардың ым-белгілерін түсінетін және іс бойынша іс жүргізуге қатысу үшін шақырылған адамға қолданылады.
Ескерту. 81-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 27.06.2022 № 129-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.1. Қылмыстық қудалау органы осы Кодексте көзделген жағдайларда тергеу әрекетін жүргізу фактісін, оның барысы мен нәтижелерін куәландыру үшін тартқан адам куәгер болып табылады.
2. Өздерінің қатысуымен болып жатқан әрекеттерді толық және дұрыс қабылдауға қабілетті және осы Кодекстің 90-бабына сәйкес өздеріне қарсылық білдірілуге жатпайтын, іске мүдделі емес және қылмыстық қудалау органдарынан тәуелсіз кәмелеттік жасқа толған азаматтар ғана куәгер бола алады.
3. Тергеу әрекеттерін жүргізуге кемінде екі куәгер қатысады.
4. Куәгердің:
1) тергеу әрекеттерін жүргізуге қатысуға;
2) тергеу әрекеті жөнінде хаттамаға енгізілуге жататын мәлімдемелер мен ескертулер жасауға;
3) өзі қатысқан тергеу әрекетінің хаттамасымен танысуға;
4) қылмыстық қудалау органының әрекеттеріне шағым келтіруге;
5) қылмыстық іс бойынша іс жүргізу кезінде өзі шеккен шығыстарға өтем алуға;
6) қауіпсіздік шараларын қолдану туралы өтінішхатты мәлімдеуге құқығы бар.
5. Куәгер:
1) қылмыстық қудалау органының шақыруы бойынша келуге;
2) тергеу әрекетін жүргізуге қатысуға;
3) тергеу әрекетінің хаттамасында осы әрекеттің жүргізілу фактісін, оның барысы мен нәтижелерін өзінің қолымен куәландыруға;
4) анықтаушының, тергеушінің, прокурордың рұқсатынсыз сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдарын жария етпеуге;
5) тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде тәртіп сақтауға міндетті.
6. Дәлелді себептерсіз келуден немесе өзінің міндеттерін орындаудан бас тартқаны немесе жалтарғаны үшін куәгерге осы Кодекстің 160-бабында көзделген тәртіппен ақшалай өндіріп алу қолданылуы мүмкін.
83-бап. Сот отырысының хатшысы
1. Сот отырысының хаттамасын жүргізетін, сондай-ақ сот отырысының аудио-, бейнетіркелуін қамтамасыз ететін, қылмыстық іске мүдделі емес мемлекеттік қызметші сот отырысының хатшысы болып табылады.
2. Сот отырысының хатшысы:
1) өзі хаттамалауды қамтамасыз етуі қажетті барлық уақытта сот отырысының залында болуға және сот отырысынан төрағалық етушінің рұқсатынсыз кетпеуге;
2) хаттамада соттың әрекеттері мен шешімдерін, соттың отырысына қатысушы барлық тұлғалардың өтінішхаттарын, қарсылықтарын, айғақтарын, түсініктемелерін, сондай-ақ сот отырысының хаттамасында көрсетілуге жататын басқа да мән-жайларды толық және дұрыс жазуға;
3) сот отырысының хаттамасын осы Кодексте белгіленген мерзімде дайындауға;
4) төрағалық етушінің заңды өкімдеріне бағынуға;
5) жабық сот отырысына қатысуына байланысты өзіне белгілі болған мән-жайлар туралы мәліметтерді жария етпеуге міндетті.
3. Сот отырысының хатшысы сот отырысы хаттамасының толықтығы мен дұрыстығы үшін жеке жауаптылықта болады.
4. Сот отырысының хаттамасына анық емес не шындыққа сай келмейтін мәліметтерді енгізген жағдайда, хатшы заңда көзделген жауаптылықта болады.
1. Өзіне соттар қызметінің белгіленген тәртібін қамтамасыз ету жөніндегі заңмен жүктелген міндеттерді орындайтын лауазымды адам сот приставы болып табылады.
2. Сот приставы сот талқылауы кезінде залдағы тәртіпті сақтап тұрады, төрағалық етушінің өкімдерін орындайды және соттарда судьяларды, куәларды және процеске басқа да қатысушыларды қорғауды жүзеге асырады, оларды бөгде адамдардың ықпалынан қорғайды, соттың процестік әрекеттер жүргізуіне жәрдемдеседі, сотқа келуден жалтарған адамдарды күштеп әкелуді жүзеге асырады, өзіне заңмен жүктелген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
1. Тараптар заң талаптарына сәйкес медиацияны жүргізу үшін тартатын тәуелсіз жеке тұлға медиатор болып табылады.
2. Медиатор:
1) медиация тараптарына қылмыстық процесті жүргізетін орган беретін ақпаратпен танысуға;
2) медиация тараптары болып табылатын қылмыстық процеске қатысушылар туралы деректермен танысуға;
3) қылмыстық-процестік заңға сәйкес кездесулердің саны мен ұзақтығын шектемей, медиация тараптары болып табылатын қылмыстық процеске қатысушылармен оңаша және құпия кездесуге;
4) тараптарға медиация тәртібімен татуласуға қол жеткізу туралы келісім жасасуға жәрдемдесуге құқылы.
3. Медиатор:
1) медиация жүргізген кезінде медиация тараптарының келісуімен ғана әрекет жасауға;
2) медиация басталғанға дейін медиация тараптарына оның мақсаттарын, сондай-ақ олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіруге;
3) медиация рәсімін өткізуге байланысты өзіне белгілі болған мәліметтерді жария етпеуге міндетті.
4. Медиатор тараптардың келісуімен медиация рәсімін қылмыстық құқық бұзушылық туралы арыз бен хабар тіркелген кезден бастап және қылмыстық процестің үкім заңды күшіне енгенге дейінгі кейінгі сатыларында жүзеге асыруға құқылы.
11-тарау. ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСКЕ ҚАТЫСУ МҮМКІНДІГІН
БОЛҒЫЗБАЙТЫН МӘН-ЖАЙЛАР. ҚАРСЫЛЫҚ БІЛДІРУ
86-бап. Қарсылық білдіру және қылмыстық процеске қатысудан шеттету туралы өтінішхаттар мен оған қатысудан босату
1. Судья, прокурор, тергеуші, анықтаушы, қорғаушы, жәбірленушінің (жекеше айыптаушының), азаматтық талапкердің, азаматтық жауапкердің өкілі, куәгер, сот отырысының хатшысы, сот приставы, аудармашы, сарапшы, маман қылмыстық іс бойынша іс жүргізуге өздерінің қатысуын болғызбайтын мән-жайлар бар болған кезде қылмыстық іс бойынша іс жүргізуге қатысудан шет қалуға міндетті не оларға қылмыстық процеске қатысушылардың қарсылық білдіретіні мәлімделуге тиіс.
2. Қылмыстық процесті жүргізетін орган іс бойынша іс жүргізуден шеттету туралы мәлімделген қарсылық білдірулер мен өтінішхаттарды өз құзыретінің шегінде шешуге немесе адамның қылмыстық процеске қатысуын болғызбайтын мән-жайлар анықталған кезде тиісті қаулы шығару арқылы оны өз бастамасы бойынша іс жүргізуге қатысудан шеттетуге құқылы. Егер процеске өзге де қатысушыларға қатысты қарсылық білдірулерді шешуге уәкілетті адамға қарсылық білдірумен бір мезгілде процеске басқа да қатысушыларға қарсылық білдіру мәлімделсе, онда бірінші кезекте осы уәкілетті адамға қарсылық білдіру туралы мәселе шешіледі.
3. Егер қылмыстық сот ісін жүргізуге бір мезгілде бірнеше адамның қатысуы олардың туыстық қатынастарына немесе басқа да жеке тәуелділік қатынастарына байланысты бола алмайтын жағдайда, процеске қатысушы жағдайына басқалардан кейінірек ие болған адамдар қылмыстық процестен шет қалуға тиіс. Егер туыстық немесе басқа да жеке тәуелділік қатынастармен байланысты адамдар соттың құрамында болса, төрағалық етуші таңдаған адам қылмыстық іс бойынша іс жүргізуден шеттетілуге жатады.
4. Қылмыстық процеске қатысуын осы Кодексте көзделген қандай да бір мән-жайлар жоққа шығармайтын сот отырысының хатшысын, сот приставын, аудармашыны, маманды, сарапшыны олардың өтінуі бойынша өздерінің процестік функцияларын орындауына кедергі келтіретін дәлелді себептерінің болуына орай мұндай қатысудан қылмыстық процесті жүргізетін орган босатуы мүмкін.
87-бап. Судьяға қарсылық білдіру
1. Судья, егер ол:
1) осы Кодекске сәйкес қылмыстық іс соттылығына жатқызылған судья болып табылмаса;
2) осы қылмыстық іс бойынша тергеу судьясы ретінде қатысқан болса, тергеу судьясының қаулыларына шағымдарды, прокурордың өтінішхаттарын қараған болса;
3) осы іс бойынша жәбірленуші, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер болып табылса, куә ретінде шақырылса не шақырылуы мүмкін болса;
4) осы қылмыстық іс бойынша іс жүргізуге сарапшы, маман, аудармашы, куәгер, сот отырысының хатшысы, анықтаушы, тергеуші, прокурор, қорғаушы, күдіктінің, айыпталушының заңды өкілі, жәбірленушінің, азаматтық талапкердің немесе азаматтық жауапкердің өкілі ретінде қатысса;
5) жәбірленушінің, азаматтық талапкердің, азаматтық жауапкердің немесе олардың өкілдерінің туысы, күдіктінің, айыпталушының немесе оның заңды өкілінің туысы, прокурордың, қорғаушының, тергеушінің немесе анықтаушының туысы не процеске қатысушылардың қайсыбіреуінің жекжаты болса;
6) егер судья осы іске жеке, тікелей немесе жанама түрде мүдделі деп санауға негіз болатын өзге де мән-жайлар болса, істі қарауға қатыса алмайды.
2. Қылмыстық істі қарайтын соттың құрамына туыстық немесе басқа да жеке тәуелділік қатынастарымен байланысқан адамдар кіре алмайды.
3. Қылмыстық істі бірінші сатыдағы сотта қарауға қатысқан судья бұл істі апелляциялық, кассациялық сатылардағы сотта қарауға, істі Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотында қайта қарау кезінде қатыса алмайды, сол сияқты өзінің қатысуымен шығарылған үкімнің немесе істі тоқтату туралы қаулының күші жойылған жағдайда істі бірінші сатыдағы сотта жаңадан қарауға қатыса алмайды.
4. Істі апелляциялық сатыдағы сотта қарауға қатысқан судья өзінің қатысуымен қабылданған апелляциялық үкімнің, қаулының күші жойылғаннан кейін осы істі бірінші және апелляциялық сатыларда қарауға, сондай-ақ істі кассациялық сатыда қарау кезінде, істі Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотында қайта қарау кезінде қатыса алмайды.
5. Істі кассациялық сатыдағы сотта қарауға қатысқан судья өзінің қатысуымен қабылданған қаулының күші жойылғаннан кейін бұл істі бірінші, апелляциялық және кассациялық сатыларда қарауға, істі Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотында қайта қарау кезінде қатыса алмайды.
6. Iсті алдыңғы сот сатыларында қарауға қатысқан судья сол істі кассациялық сатыда қарауға, істі Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотында қайта қарау кезінде қатыса алмайды. Істі кассациялық сатыда қарауға, істі Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотында қайта қарау кезінде қатысқан судья сол істі төмен тұрған сатылардағы соттарда қарауға қатыса алмайды.
7. Істі бірінші, апелляциялық және кассациялық сатылардағы сотта қарауға, істі Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотында қайта қарау кезінде қатысқан судья осы істі жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қарауға қатыса алмайды.
7-1. Егер судья қылмыстық құқық бұзушылыққа басқа сыбайлас қатысушыларға қатысты бірінші сатыдағы сотта қылмыстық істі қарауға бұрын қатысқан болса, ол жаңадан келіп түскен қылмыстық істі қарау кезінде бірінші сатыдағы сотқа қатыса алмайды.
7-2. Егер апелляциялық және кассациялық сатының судьясы қылмыстық құқық бұзушылыққа басқа сыбайлас қатысушыларға қатысты қылмыстық істі алдыңғы қарауға қатысқан болса, ол тиісінше апелляциялық және кассациялық сатыдағы сотқа қатыса алмайды.
8. Қарсылық білдіру қылмыстық процестің кез келген сатысында судьяның іске қатысуын болғызбайтын мән-жайлар туралы белгілі болғанда мәлімделуге тиіс.
9. Судьяға қарсылық білдіру, сондай-ақ қарсылық білдірілуге жататын сот талқылауына қатысушылар туралы мәселені сот кеңесу бөлмесінде қаулы шығару арқылы шешеді.
10. Судьяға мәлімделген қарсылық білдіруді қалған судьялар қарсылық білдірілген судьяның қатысуынсыз шешеді, ол судьялар кеңесу бөлмесіне кеткенге дейін өзіне мәлімделген қарсылық білдіру жөнінде өзінің түсініктемесін көпшілік алдында айтуға құқылы. Бірнеше судьяға немесе соттың бүкіл құрамына мәлімделген қарсылық білдіруді сот толық құрамда көпшілік дауыспен шешеді. Дауыстар тең болған кезде судьяға қарсылық білдірілген болып саналады.
11. Бұлтартпау шараларын қолдану немесе тергеу әрекеттерін жүргізу туралы өтінішхатты шешетін, сондай-ақ шағымдарды осы Кодекстің 106-бабында көзделген тәртіппен қарайтын тергеу судьясына мәлімделген қарсылық білдіруді осы тергеу судьясы қаулы шығара отырып жеке-дара шешеді. Iсті осы Кодекстің 52-бабының бірінші бөлігіне сәйкес жеке-дара қарайтын судьяға мәлімделген қарсылық білдіруді сол соттың төрағасы немесе осы соттың басқа судьясы, ал олар болмаған жағдайда, жоғары тұрған соттың судьясы шешеді. Қарсылық білдіру туралы мәлімдеме қанағаттандырылған жағдайда, қылмыстық іс, шағым не өтінішхат белгіленген тәртіппен басқа судьяның іс жүргізуіне беріледі.
12. Қарсылық білдіруді қабылдамау немесе қанағаттандыру туралы қаулы шағым жасауға (прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қарауға, наразылық білдіруге) жатпайды. Қаулымен келіспеу туралы дәлелдер апелляциялық шағымға, прокурордың өтінішхатына немесе сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарау туралы кассациялық шағымға, наразылыққа енгізілуі мүмкін.
Ескерту. 87-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 31.10.2015 № 378-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 11.07.2017 № 91-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.12.2020 № 384-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2021 № 88-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.11.2024 № 136-VIII (01.07.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.88-бап. Прокурорға қарсылық білдіру
1. Прокурор осы Кодекстің 87-бабының бірінші және екінші бөліктерінде көзделген мән-жайлардың кез келгені болған кезде қылмыстық процеске қатыса алмайды.
2. Прокурордың сотқа дейінгі тергеп-тексеруге қатысуы, сол сияқты оның сотта айыптауды қолдауы оның осы қылмыстық іске одан әрі қатысуына кедергі болып табылмайды.
3. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде прокурорға қарсылық білдіру туралы мәселені – жоғары тұрған прокурор, ал сотта іс жүргізу кезінде істі қараушы сот шешеді.
Ескерту. 88-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 16.07.2025 № 210-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.89-бап. Тергеушіге және анықтаушыға қарсылық білдіру
1. Осы Кодекстің 87-бабында көзделген негіздер болған кезде тергеуші және анықтаушы істі тергеп-тексеруге қатыса алмайды.
2. Осы қылмыстық іс бойынша бұрын жүргізілген тергеп-тексеруге тергеушінің және анықтаушының осындай тиісті түрде қатысуы олардың осы қылмыстық іс бойынша іс жүргізуге одан әрі қатысуын болғызбайтын мән-жай болып табылмайды.
3. Тергеушіге немесе анықтаушыға қарсылық білдіру туралы мәселені тергеу бөлімінің бастығы немесе анықтау органының бастығы не прокурор шешеді.
90-бап. Куәгерге қарсылық білдіру
1. Осы Кодекстің 87-бабында және осы баптың екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде көзделген мән-жайлардың кез келгені болған кезде куәгер сотқа дейінгі тергеп-тексеруге қатыса алмайды.
2. Қылмыстық процесті жүргізетін органға жеке өзі немесе қызметі бойынша тәуелді болса, куәгер сотқа дейінгі тергеп-тексеруге қатыса алмайды. Сонымен қатар құқық қорғау органдарының, соттардың қызметкерлері, арнаулы заң оқу орындарының білім алушылары, пробациялық бақылаудағы сотталғандар және басқа қылмыстық істер бойынша қылмыстық жауаптылыққа тартылатын адамдар куәгер ретінде қатыса алмайды.
3. Куәгерлердің қандай да біреуінің қатысуы жүйелі сипат алған жағдайларды қоспағанда, куәгердің осының алдында тергеу әрекеттерін жүргізуге қатысуы, оның осы қылмыстық іс бойынша басқа тергеу әрекетін жүргізуге қатысуын болғызбайтын мән-жай болып табылмайды.
4. Куәгерге қарсылық білдіруді тергеу әрекетін жүргізетін адам шешеді.
5. Өзінің іс бойынша іс жүргізуге қатысуын болғызбайтын мән-жайларды жасырғаны және іс жүргізуге қатысудан осы Кодекстің 86-бабының бірінші бөлігінде көзделген өзін өзі шеттету міндетін орындамағаны үшін куәгер осы Кодекстің 160-бабында көзделген тәртіппен жауаптылықта болады.
91-бап. Сот отырысының хатшысына және сот приставына қарсылық білдіру
1. Сот отырысының хатшысы және сот приставы:
1) осы Кодекстің 87-бабында көзделген мән-жайлардың кез келгені болған кезде;
2) олардың құзыретті еместігі анықталса, қылмыстық іс бойынша іс жүргізуге қатыса алмайды.
2. Адамның осының алдында сот отырысына сот отырысының хатшысы немесе сот приставы ретінде қатысуы оның сот отырысына осындай тиісті түрде одан әрі қатысуын болғызбайтын мән-жай болып табылмайды.
3. Сот отырысының хатшысына және сот приставына қарсылық білдіру туралы мәселені істі қараушы сот шешеді.
92-бап. Аудармашыға және маманға қарсылық білдіру
1. Аудармашы және маман:
1) осы Кодекстің 87-бабында көзделген мән-жайлардың кез келгені болған кезде;
2) егер олардың құзыретті еместігі анықталса, қылмыстық іс бойынша іс жүргізуге қатыса алмайды.
2. Адамның осының алдында аудармашы немесе маман ретінде қатысуы олардың осы қылмыстық іс бойынша іс жүргізуге осындай тиісті түрде одан әрі қатысуын болғызбайтын мән-жай болып табылмайды.
3. Аудармашыға және маманға қарсылық білдіру туралы мәселені қылмыстық процесті жүргізетін орган шешеді.
93-бап. Сарапшыға қарсылық білдіру
1. Сарапшы:
1) осы Кодекстің 87-бабында көзделген мән-жайлардың кез келгені болған кезде;
2) егер ол анықтаушыға, тергеушіге, прокурорға, судьяға, күдіктіге, айыпталушыға, олардың қорғаушыларына, заңды өкілдеріне, жәбірленушіге, азаматтық талапкерге, азаматтық жауапкерге немесе олардың өкілдеріне қызметтік немесе өзге де тәуелді жағдайда болған болса немесе болып отырса;
3) егер ол нәтижелері қылмыстық қудалауды бастау үшін негіз болған ревизия немесе басқа да тексеру әрекеттерін жүргізген болса;
4) егер оның құзыретті еместігі анықталса;
5) егер ол іске, осы Кодекстің 222-бабына сәйкес сот медицинасы саласындағы дәрігер-маманның адамның мәйітін қарап-тексеруге қатысу жағдайларын қоспағанда, маман ретінде қатысса, қылмыстық іс бойынша іс жүргізуге қатыса алмайды.
2. Тірі адамға, сондай-ақ мәйітке сараптама жүргізуге сараптама тағайындалғанға дейін тиісті адамға медициналық көмек көрсеткен дәрігер сарапшы ретінде қатыса алмайды.
3. Адамның осы іске осының алдында сарапшы ретінде қатысуы, оның қатысуымен жүргізілген сараптамадан кейін қайталап сараптама тағайындалатын жағдайларды қоспағанда, оған іс бойынша сараптама жүргізуді тапсыруды болғызбайтын мән-жай болып табылмайды.
4. Сарапшыға қарсылық білдіру туралы мәселені қылмыстық процесті жүргізетін орган шешеді.
94-бап. Қорғаушыны, жәбірленушінің (жекеше айыптаушының), азаматтық талапкердің немесе азаматтық жауапкердің өкілін қылмыстық іс бойынша іс жүргізуге қатысудан шеттету
1. Қорғаушы, сондай-ақ жәбірленушінің (жекеше айыптаушының), азаматтық талапкердің, азаматтық жауапкердің өкілі мына мән-жайлардың кез келгені болған кезде:
1) егер ол бұрын іске судья, прокурор, тергеуші, анықтаушы, сот отырысының хатшысы, сот приставы, куә, сарапшы, маман, аудармашы немесе куәгер ретінде қатысса;
2) егер ол осы істі тергеп-тексеруге немесе соттың қарауына қатысқан немесе қатысып отырған лауазымды адаммен туыстық немесе басқа да жеке тәуелділік қатынастарда болса;
3) егер ол қорғалушымен немесе сенім білдірушімен мүдделері қарама-қарсы адамға заң көмегін көрсетіп жүрсе немесе бұрын көмек көрсеткен болса, сол сияқты мұндай адамдармен туыстық немесе өзге де жеке тәуелділік қатынастарда болса;
ҚР Конституциялық Сотының 09.10.2024 № 53-НҚ нормативтік қаулысымен осы кодекстің 94-бабы бірінші бөлігінің 3) тармағы қорғалушымен мүдделері қарама-қарсы адаммен туыстық қатынастардағы қорғаушының қылмыстық іс бойынша іс жүргізуге қатысуына тыйым салу бөлігінде Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келеді деп танылды.4) егер ол заңның немесе сот шешімінің күшіне орай қорғаушы немесе өкіл болуға құқылы болмаса, қылмыстық іс бойынша іс жүргізуге қатыса алмайды.
2. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде қорғаушыны, жәбірленушінің (жекеше айыптаушының), азаматтық талапкердің немесе азаматтық жауапкердің өкілін қатысудан шеттету туралы мәселені – прокурор, ал сотта іс жүргізу кезінде істі қарайтын сот шешеді.
12-тарау. ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСКЕ ҚАТЫСАТЫН АДАМДАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
95-бап. Судьялардың, алқабилердің, прокурорлардың, тергеушілердің, анықтаушылардың, қорғаушылардың, сарапшылардың, мамандардың, сот отырысы хатшыларының, сот приставтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету
1. Судья, тергеу судьясы, алқаби, прокурор, тергеуші, анықтаушы, қорғаушы, сарапшы, маман, сот отырысының хатшысы, сот приставы, сол сияқты олардың отбасы мүшелері мен жақын туыстары мемлекеттің қорғауында болады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде санамаланған адамдарға мемлекет сотта қылмыстық істерді немесе материалдарды қарауға, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізуге байланысты олардың өміріне қолсұғушылыққа немесе өзге де күш қолдануға қарсы қауіпсіздік шараларын қолдануды заңда көзделген тәртіппен қамтамасыз етеді.
96-бап. Жәбірленушілердің, куәлардың, күдіктілердің, айыпталушылардың және қылмыстық процеске қатысатын басқа да адамдардың қауіпсіздігі шараларын қолдану міндеті
1. Қылмыстық процесті жүргізетін орган, егер қылмыстық іс бойынша іс жүргізуге байланысты күдіктіге, айыпталушыға, жәбірленушіге, куәге, қылмыстық процеске қатысатын басқа да адамдарға, сондай-ақ олардың отбасы мүшелері мен жақын туыстарына қатысты күш қолданудың немесе қылмыстық заңда тыйым салынған өзге де іс-әрекеттің жасалу қатері туралы деректер болса, олардың қауіпсіздігі шараларын қолдануға міндетті.
Мәліметтерге қолжетімділікті шектеу түріндегі қауіпсіздік шарасы мемлекеттік құпияларды не іске қатысатын адамдар өмірінің интимдік жақтары туралы мәліметтерді жария етуден қорғау мақсатында қолданылуы мүмкін.
2. Өздерімен процестік келісім жасалған күдіктінің, айыпталушының, сотталушының не сотталған адамның, оның жақын туыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажет болған кезде, көрсетілген адамдардың келісуі бойынша осы Кодексте және заңдарда көзделген мемлекеттік қорғау және қауіпсіздік шаралары қолданылады.
3. Қылмыстық процесті жүргізетін орган осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көрсетілген адамдардың ауызша (жазбаша) арызының негізінде немесе өз бастамасы бойынша олардың қауіпсіздігі шараларын қабылдап, ол туралы тиісті қаулы шығарады.
4. Қылмыстық сот ісін жүргізуге қатысатын адамдардың, олардың отбасы мүшелерінің және жақын туыстарының өздерінің қауіпсіздігі шараларын қолдану туралы арыздарын қылмыстық процесті жүргізетін орган оларды алған кезден бастап жиырма төрт сағаттан кешіктірмей қарауға тиіс. Арыз иесіне тиісті қаулының көшірмелері табыс етіле отырып, ол қабылданған шешім туралы дереу хабардар етіледі.
5. Арыз иесі өзінің қауіпсіздігі шараларын қолдану туралы өтінішхатын қанағаттандырудан бас тартылғанына орай прокурорға немесе сотқа шағым жасауға құқылы.
6. Қауіпсіздік шараларын қолданудан бас тарту, егер бұрын берілген арызда көрініс таппаған мән-жайлар туындаса, көрсетілген шараларды қолдану туралы өтінішхатпен қайтадан өтініш жасауға кедергі келтірмейді.
Ескерту. 96-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 03.01.2023 № 188-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.97-бап. Жәбірленушілердің, куәлардың, күдіктілердің және қылмыстық процеске қатысатын басқа да адамдардың қауіпсіздігі шаралары
1. Қылмыстық процесті жүргізетін орган куәлардың, күдіктілердің және қылмыстық сот ісін жүргізуге қатысатын басқа да адамдардың, олардың отбасы мүшелерінің және жақын туыстарының қауіпсіздігі шараларын қамтамасыз ету мақсатында:
1) күш қолданудың немесе қылмыстық заңда тыйым салынған басқа да іс-әрекеттердің қатерін төндіріп отырған адамға оны қылмыстық жауаптылыққа тарту ықтималдығы туралы ресми ескертпе жасайды;
2) қорғалатын адам туралы мәліметтерге қолжетімділікті шектейді;
3) оның жеке қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы қаулы шығарады;
4) қылмыстық процеске қатысушыларға қатысты күш қолдану (қолдануды ұйымдастыру) немесе өзге де қылмыстық іс-әрекеттер жасау (жасауды ұйымдастыру) ықтималдығын болғызбайтын бұлтартпау шараларын күдіктіге, айыпталушыға қатысты осы Кодексте көзделген тәртіппен қолданады;
5) жақындауға тыйым салу түріндегі процестік мәжбүрлеу шарасын қолданады.
2. Қылмыстық процесті жүргізетін орган шығарған ескертпе адамға қолын қойғыза отырып хабарланады.
3. Қорғалатын адам туралы мәліметке қолжетімділікті шектеу қылмыстық процестің басынан бастап адамның арызы бойынша орын алуы мүмкін және қылмыстық істің материалдарынан адамның сауалнамалық деректері туралы мәліметтерді алып, оларды негізгі іс жүргізуден бөлек сақтаудан, бұл адамның бүркеншік ат пайдалануынан тұрады. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам осы шараны қолдану туралы қаулы шығарады, онда қорғалатын адамның жеке басы туралы деректерді құпия сақтау туралы қабылданған шешімнің себептері жазылады, қорғалатын адамның қатысуымен жүргізілетін тергеу әрекеттері хаттамаларында пайдаланылатын бүркеншік аты және қол қою үлгісі көрсетіледі. Қорғалатын адамның қатысуымен процестік әрекеттер қажет болған жағдайда, оны тануды болғызбайтын жағдайларда жүргізіледі. Қаулы және негізгі іс жүргізуден бөлектелген материалдар мөрленген конвертке салынып, ол одан әрі қылмыстық істі тергеген органда сақталады және оның мазмұнымен сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамнан басқа прокурор және сот таныса алады.
4. Куәгерлердің, күдіктілердің, айыпталушылардың, жәбірленушілердің және қылмыстық сот ісін жүргізуге қатысатын басқа да адамдардың, олардың отбасы мүшелері мен жақын туыстарының жеке қауіпсіздігі шараларын қамтамасыз ету тәртібі "Қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында айқындалады.
4-1. Қылмыстық қудалау органы "Қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттік қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағы бірінші бөлігінің 3) тармақшасында көзделген қауіпсіздік шараларын қабылдаған кезде құпиялылық сақтала отырып, жиырма төрт сағат ішінде қадағалаушы прокурор хабардар етіледі.
5. Қауіпсіздік шараларының қолдануына қарамастан, қылмыстық қудалау органы бұған негіздер болған кезде жәбірленушіге, куәға, күдіктіге, қылмыстық сот ісін жүргізуге қатысатын басқа да адамға қатысты қылмыстық заңда тыйым салынған іс-әрекеттің жасалу қатерінің анықталуына байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастауға міндетті.
6. Қауіпсіздік шараларының күші оларды қолдану қажеттілігі жойылғанда сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның, прокурордың, соттың уәжді қаулысымен, соттың үкімімен, ал қорғалатын адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзушылықтар анықталған жағдайда прокурордың не соттың қаулысымен жойылады. Қорғалатын адам өзінің қауіпсіздігі шараларының күшінің жойылғандығы немесе қылмыстық процеске қатысатын адамдарға ол туралы деректердің ашылғандығы туралы дереу хабардар етілуге тиіс. Қорғалатын адамның "Қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттік қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 2-тармағы бірінші бөлігінің 3) тармақшасында көзделген жеке қауіпсіздік шарасын қолдану туралы не қауіпсіздік шараларының күшін жою туралы шешімге сотқа немесе прокурорға шағым беруі шағым жасалатын шешімнің орындалуын тоқтата тұрады.
Ескерту. 97-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 12.07.2018 № 180-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2021 № 88-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.01.2023 № 188-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.98-бап. Сот талқылауына қатысатын адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету
1. Төрағалық етуші сот талқылауына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін соттың жабық отырысын өткізеді, сондай-ақ осы Кодекстің 97-бабының бірінші, екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде көзделген шараларды қолданады.
2. Сот қорғалатын адамның, айыптаушы тараптың өтінішхаты бойынша, сондай-ақ адамның, оның отбасы мүшелері мен жақын туыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында өз бастамасы бойынша куәдан:
1) қорғалатын адамның жеке басы туралы деректерді жарияламастан, бүркеншік атты пайдалана отырып;
2) қалған қатысушылардың қорғалатын адамды дауысы, акценті және сыртқы белгілері: жынысы, ұлты, жасы, бойы, дене бітімі, мүсіні, жүрісі бойынша тануы мүмкін болмайтын жағдайларда;
3) оны сот талқылауына басқа қатысушылардың көзіне көрсетпей, оның ішінде бейнебайланыс арқылы да, жауап алу туралы қаулы шығаруға құқылы.
Судья қорғалатын адамның негізгі іс жүргізуден бөлектелген сауалнамалық деректерін және жеке басын куәландыратын құжаттарын жария етпестен, сот отырысының өзге қатысушыларына, оның ішінде сот отырысының хатшысына ұсынбастан және сот отырысының хаттамасында және (немесе) сот актілерінде көрсетпестен, олармен танысу арқылы жауап алынатын адамның жеке басына жеке өзі көз жеткізеді.
3. Төрағалық етуші:
1) бейне-, дыбыс жазуды жүргізуге және жауап алуды түсіріп алудың өзге тәсілдерін жүргізуге тыйым салуға;
2) сот отырысы залынан адвокатты қоспағанда, сотталушыны, қорғаушы тараптың өкілдерін шығарып жіберуге құқылы.
4. Сот процеске қатысушылардың қандай да біреуі болмағанда немесе олардың көзбен көріп отыруынан тыс жауап алған қорғалатын адамның айғағын төрағалық етуші осы қорғалатын адам туралы мәліметтерді көрсетпестен, сотта барлық қатысушылар қатысып отырған кезде хабарлайды.
5. Қажет болған жағдайларда, сот процеске қатысушылардың және заңда көзделген өзге де адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде басқа да шараларды қолданады.
6. Сот талқылауына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы сот қаулысын орындау қылмыстық қудалау органдарына, жазаны орындайтын мекемеге немесе органға, сондай-ақ сот приставына жүктеледі.
13-тарау. ӨТІНІШХАТТАР. ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС БОЙЫНША ІС ЖҮРГІЗУДІ
ЖҮЗЕГЕ АСЫРАТЫН МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАР МЕН ЛАУАЗЫМДЫ АДАМДАРДЫҢ ӘРЕКЕТТЕРІ (ӘРЕКЕТСІЗДІГІ) МЕН ШЕШІМДЕРІНЕ ШАҒЫМ ЖАСАУ
99-бап. Қылмыстық процеске қатысушылардың өтінішхаттарын қараудың міндеттілігі
1. Қылмыстық процеске қатысушылар сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамға, прокурорға, судьяға (сотқа) қылмыстық процесс барысында маңызы бар мән-жайларды анықтау, өтінішхатпен жүгінген тұлғаның немесе өздері өкілдік ететін тұлғаның құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету үшін процестік әрекеттерді жүргізу немесе процестік шешімдерді қабылдау туралы өтінішхаттармен жүгінуге құқылы.
2. Өтінішхаттар процестің кез келген сатысында мәлімделуі мүмкін. Өтінішхатты мәлімдеген тұлға қандай мән-жайларды анықтау үшін әрекет жүргізуді немесе шешім қабылдауды өтінетінін көрсетуге тиіс. Жазбаша өтінішхаттар қылмыстық істің материалдарына қоса тігіледі, ауызша өтінішхаттар тергеу әрекетінің немесе сот отырысының хаттамасына енгізіледі.
3. Өтінішхаттың қабылданбауы оны қылмыстық сот ісін жүргізудің келесі кезеңдерінде қайталап мәлімдеуге немесе қылмыстық процесті жүргізетін басқа орган алдында мәлімдеуге кедергі келтірмейді.
4. Өтінішхат ол мәлімделген бойда қаралуға және шешілуге жатады. Өтінішхат бойынша шешімді дереу қабылдау мүмкін болмаған жағдайларда, ол мәлімделген күннен бастап үш тәуліктен кешіктірілмей шешілуге тиіс.
5. Егер өтінішхат істің мән-жайларын жан-жақты, толық және объективті зерттеуге, процеске қатысушылардың немесе басқа да тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге ықпал ететін болса, ол қанағаттандырылуға тиіс. Өзге жағдайларда өтінішхатты қанағаттандырудан бас тартылуы мүмкін. Қылмыстық процесті жүргізетін орган келуін тараптар қамтамасыз еткен адамдардан мамандар немесе куәлар ретінде жауап алу туралы өтінішхаттарды қанағаттандырудан бас тартуға құқылы емес. Қылмыстық процесті жүргізетін орган тараптың көрсеткен адамдарының жауап алуға келуін қамтамасыз етуіне жәрдем көрсетуге, оның ішінде заңда көзделген процестік мәжбүрлеу шараларын қолдана отырып, жәрдем көрсетуге міндетті.
6. Қылмыстық процесті жүргізетін орган өтінішхатты қанағаттандырудан толық немесе ішінара бас тарту туралы уәжді қаулы шығарып, ол өтінішхатты мәлімдеген тұлғаға жеткізіледі. Өтінішхат жөніндегі шешімге осы Кодексте белгіленген шағым беру мен оны қараудың жалпы қағидалары бойынша шағым жасалуы мүмкін.
100-бап. Органдар мен лауазымды адамдардың шешімдері мен әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасау
1. Егер жүргізілген процестік әрекеттер процеске қатысушылардың, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың мүдделерін қозғайтын болса, олар сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның, прокурордың, соттың немесе судьяның шешімдері мен әрекеттеріне осы Кодексте белгіленген тәртіппен шағым жасауы мүмкін.
2. Шағымдар осы қылмыстық іс бойынша шағымдарды қарауға және шешім қабылдауға заңмен уәкілеттік берілген мемлекеттік органға немесе лауазымды адамға беріледі.
3. Шағымдар ауызша және жазбаша болуы мүмкін. Ауызша шағымдар арыз иесі және шағымды қабылдап алған лауазымды адам қол қоятын хаттамаға кіргізіледі. Тиісті лауазымды адамдардың қабылдауында азаматтар ауызша айтқан шағымдар жазбаша түрде ұсынылатын шағымдармен бірдей жалпы негізде шешіледі. Шағымға қосымша материалдар қоса тіркелуі мүмкін.
4. Қылмыстық процесс жүргізілетін тілді білмейтін адамның шағымды ана тілінде немесе өзі білетін тілде беру құқығы қамтамасыз етіледі.
5. Шағым берген тұлға оны кері қайтарып алуға құқылы. Күдікті, айыпталушы қорғаушының шағымын кері қайтарып алуға құқылы; азаматтық талапкер, жәбірленуші (жекеше айыптаушы), азаматтық жауапкер өзінің заңды өкілден басқа өкілінің шағымын кері қайтарып алуға құқылы. Күдіктінің, айыпталушының мүддесінде берілген шағым тек солардың келісуімен ғана кері қайтарылып алынуы мүмкін. Шағымды кері қайтарып алу, осы Кодексте тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Кодекстің 102-бабында көрсетілген мерзімдер өткенге дейін оны қайтадан беруге кедергі келтірмейді.
101-бап. Ұстап алынған немесе күзетпен ұсталатын адамдардың шағым жолдау тәртібі
1. Алдын ала қамауға алу орындарының әкімшілігі қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдік бойынша ұстап алынған немесе бұлтартпау шарасы ретінде күзетпен ұсталатын адамдардың қылмыстық процесті жүргізетін органға жолданған шағымдарын оған дереу беруге міндетті.
2. Ұстап алынған немесе күзетпен ұсталатын адамдардың азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе қадір-қасиетті қорлайтын қарым-қатынас түрлеріне, сондай-ақ тергеушінің, анықтаушының, анықтау органы бастығының әрекеттеріне немесе шешімдеріне шағымдарын қамауға алу орындарының әкімшілігі – дереу прокурорға, ал прокурордың әрекеттері мен шешімдеріне шағымдарды жоғары тұрған прокурорға беруге міндетті. Өзге шағымдарды қамауға алу орындарының әкімшілігі олар келіп түскен кезден бастап бір тәуліктен кешіктірмей іс жүргізуінде іс жатқан адамға немесе органға береді.
102-бап. Шағымдарды берудің мерзімдері
Анықтаушының, анықтау органының, тергеушінің, прокурордың, судьяның немесе соттың әрекеттеріне және шешімдеріне шағымдар сотқа дейінгі бүкіл тергеп-тексеру және сот талқылауы барысында берілуі мүмкін. Қылмыстық істі сотқа дейінгі сатыда тоқтату туралы шешімге шағымдар қылмыстық қудалау органының тиісті қаулысы шығарылған не оны прокурор бекіткен кезден бастап бір жыл ішінде берілуі мүмкін. Бірінші, апелляциялық немесе кассациялық сатылардағы соттар шығарған сот актілеріне шағымдар осы Кодексте белгіленген мерзімдерде беріледі.
103-бап. Шағым берілуіне байланысты шешімнің орындалуын тоқтата тұру
Осы Кодексте көзделген жағдайларда шағым беру шағым жасалған шешімнің орындалуын тоқтата тұрады. Өзге жағдайларда шағым келтіру, егер шағымды қараушы адам осыны қажет деп тапса, шағым жасалған шешімнің орындалуын тоқтата тұруға әкеп соғуы мүмкін.
104-бап. Шағымдарды қараудың жалпы тәртібі
1. Шағымды қарауды өздерінің әрекеттеріне шағым жасалған анықтаушыға, тергеушіге, прокурорға немесе судьяға, сол сияқты шағым жасалған шешімді бекіткен лауазымды адамға тапсыруға тыйым салынады.
2. Тергеу бөлімінің бастығы, анықтау органының бастығы, прокурор немесе судья шағымды қарай отырып, онда жазылған барлық дәлелдерді тексеруге, қажет болған кезде қосымша материалдарды талап етіп алдыруға, тиісті лауазымды адамдардан, жеке немесе заңды тұлғалардан шағым жасалған әрекеттер мен шешімдерге қатысты жазбаша түсініктемелер алуға міндетті.
3. Шағымды қараушы тергеу бөлімінің бастығы, анықтау органының бастығы, прокурор немесе судья өз өкілеттіктері шегінде қылмыстық процеске қатысушылардың, сондай-ақ өзге де жеке немесе заңды тұлғалардың бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіруге дереу шара қолдануға міндетті.
4. Егер шағым жасалған, құқыққа сыйымсыз іс-әрекеттермен немесе шешімдермен жеке немесе заңды тұлғаға моральдық, дене немесе мүліктік зиян келтірілсе, оған осы Кодекстің 4-тарауында көзделген зиянның өтелуіне немесе жойылуына құқығы және сол құқықты жүзеге асырудың тәртібі түсіндірілуге тиіс.
Ескерту. 104-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.105-бап. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамдардың, тергеу бөлімі бастығының, анықтау органы бастығының, прокурордың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне өздерінің құқықтары мен мүдделерін немесе өздері білдіретін құқықтар мен мүдделерді қорғайтын тұлғалар берген шағымдарды қарау тәртібі
1. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамдардың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне өздерінің құқықтары мен мүдделерін немесе өздері білдіретін құқықтар мен мүдделерді қорғайтын тұлғалар берген шағымдар тергеу бөлімінің бастығына, анықтау органының бастығына, прокурорға, сотқа беріледі.
Өзінің жеке әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) немесе шешімдеріне шағым түскен, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам шағымды өзінің түсіндірмелерімен бірге тергеу бөлімінің бастығына, анықтау органының бастығына дереу жіберуге міндетті.
Тергеу бөлімі бастығының, анықтау органы бастығының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне шағымдар прокурорға беріледі. Өзінің жеке әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) немесе шешімдеріне шағым түскен тергеу бөлімінің бастығы немесе анықтау органының бастығы шағымды өзінің түсіндірмелерімен бірге тиісті прокурорға дереу жіберуге міндетті.
Прокурордың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне шағымдар жоғары тұрған прокурорға беріледі. Осы Кодекстің 106-бабында көрсетілген мәселелер бойынша шағымдар сотқа беріледі және осы бапта көзделген тәртіппен қаралады.
1-1. Шағымды қабылдаудан және тіркеуден бас тартуға жол берілмейді және ол заңда белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
Өзінің құқықтары мен мүдделерін немесе өзі білдіретін құқықтар мен мүдделерді қорғайтын адамның тергелетін қылмыстық істің мәні жөніндегі шағымдары, сондай-ақ оған жауап және шағымды қарау нәтижелері бойынша қабылданған шешім қылмыстық іс материалдарына қосып тігіледі.
2. Прокурор, тергеу бөлімінің бастығы, анықтау органының бастығы шағымды алған кезден бастап жеті тәулік ішінде оны қарауға және шағым берген тұлғаны қабылданған шешім туралы хабардар етуге міндетті. Ұстап алу, күдікті деп тану, күдіктінің іс-әрекетін саралау, лауазымнан шеттету, санкцияланбаған қарап-тексеруді, тінтуді, алуды жүргізу, мүлікке билік етуді уақытша шектеу, мүлікпен мәмілелер және өзге де операциялар жасауды тоқтата тұру кезіндегі заңды бұзушылық туралы шағымдар алынған кезінен бастап үш тәулік ішінде қаралуға жатады. Шағымды тексеру үшін қосымша материалдарды талап етіп алдыру не өзге де шаралар қабылдау қажет болатын айрықша жағдайларда шағым берген тұлғаға бұл жөнінде хабарлай отырып, шағымды он бес тәулікке дейінгі мерзімде қарауға жол беріледі.
3. Шағымды қарау нәтижесінде тергеу бөлімінің бастығы, анықтау органының бастығы прокурордың алдында шағым жасалған шешімнің күшін жою немесе оны өзгерту туралы өтінішхат беруге, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның орындауы үшін міндетті нұсқаулар, анықтау органына тапсырмалар беруге құқылы.
Шағымды қарау нәтижесінде шағым жасалған шешімнің күшін жойып немесе оны өзгертіп, шағымды толық немесе ішінара қанағаттандыру туралы не шағымды қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім қабылдануы мүмкін.
Бұл ретте, бұрын шығарылған шешім, егер бұл шағым берген тұлғаның немесе соның мүддесіне орай шағым берілген тұлғаның жағдайын нашарлатуға алып келетін болса, өзгертілмейді.
4. Шағым берген тұлға шағым бойынша қабылданған шешім және одан әрі шағым жасау тәртібі туралы хабардар етілуге тиіс. Шағымды қанағаттандырудан бас тарту уәжді болуға тиіс.
Ескерту. 105-бап жаңа редакцияда - ҚР 11.07.2017 № 91-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 02.07.2021 № 62-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.07.2025 № 210-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.106-бап. Прокурордың, қылмыстық қудалау органдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне жасалған шағымдарды сотта қарау тәртібі
1. Құқықтары мен бостандықтарын прокурордың, тергеу және анықтау органдарының әрекеті (әрекетсіздігі) және шешімі тікелей қозғайтын тұлға, сол сияқты оның қорғаушысы (қорғаушылары) қылмыстық құқық бұзушылық туралы, сондай-ақ сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басталуында, тергеп-тексеру мерзімдерін үзуде, қылмыстық істі тоқтатуда, сот-медициналық сараптама жүргізу үшін медициналық ұйымға мәжбүрлеп орналастыруда, тінтуді және (немесе) алуды жүргізуде, өзге де әрекеттерді (әрекетсіздіктерді) жасауда және шешімдерді қабылдауда заңның бұзылуы туралы арызды қабылдаудан бас тартуға шағыммен сотқа жүгінуге құқылы. Шағымды осы баптың тәртібімен қарау кезінде сот осы Кодекске сәйкес қылмыстық істі мәні бойынша шешкен кезде сот қарауының нысанасы болып табылуы мүмкін мәселелерді алдын ала шешпеуге тиіс.
2. Сот шағымды қараған кезде істегі бар дәлелдемелерге баға бермей, арыз иесі өз шағымында көрсеткен барлық мән-жайларды анықтаушының, тергеушінің, прокурордың тексергенін және ескергенін анықтауға тиіс. Бұл ретте сот кінәнің дәлелденгені немесе дәлелденбегені, жиналған дәлелдемелердің жол берілетіндігі немесе жол берілмейтіндігі туралы түйін жасамай, іс бойынша шешім қабылдау үшін материалдық-құқықтық және процестік негіздердің бар екенін не жоқ екенін тексеруге тиіс.
3. Сот тексеруінің шектері осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген әрекеттерді жасау (әрекетсіздік) және шешімдерді қабылдау кезінде заң нормаларының сақталуын анықтаумен шектеледі.
4. Шағым келтіру шағым жасалып отырған әрекеттің жүргізілуін және шағым жасалып отырған шешімнің орындалуын тоқтата тұрмайды.
5. Шағым қылмыстық процесті жүргізетін орган тұрған жердегі аудандық сотқа, тұлғаның келіспеген шешіммен танысқан күнінен бастап он бес тәулік ішінде не прокурордың өз атына берілген шағымды қанағаттандырудан бас тартатыны туралы хабарламасы алынғаннан кейін дәл сол мерзімде немесе, егер прокурорға берілген шағымға жауап алынбаған болса, шағым берілгеннен кейін он бес тәулік өткен күннен бастап берілуі мүмкін.
6. Шағымды тергеу судьясы үш тәулік ішінде сот отырысын өткізбей жеке-дара қарайды. Егер заңды және негізді шешім қабылдау үшін маңызы бар мән-жайларды зерттеу қажет болса, тергеу судьясы шағымды он тәулік ішінде жабық сот отырысында тиісті тұлғалар мен прокурордың қатысуымен қарайды, олардың келмеуі шағымды қарауға кедергі келтірмейді. Тергеу судьясының өкімі бойынша сот отырысы бейнебайланыс режимінде өткізілуі мүмкін. Сот отырысының барысында хаттама жүргізіледі. Қажет болған кезде тергеу судьясы қосымша материалдарды талап етіп алдырып, тиісті тұлғаларды шақыруға және олардан сұрақ алуға құқылы. Әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне шағым жасалып отырған лауазымды адамдар соттың сұрау салуы бойынша үш тәулік ішінде мұндай әрекеттерді (әрекетсіздікті) жасауға және шешімдерге негіз болған материалдарды сотқа ұсынуға міндетті.
7. Сот отырысын өткізу кезінде тергеу судьясы қандай шағымның қаралуға жататынын хабарлайды, осыдан кейін, егер арыз иесі сот отырысына қатысып отырған болса, ол шағымды негіздейді, содан соң басқа да келген адамдар тыңдалады, олар сотқа дәлелдемелер беруге құқылы. Шағым жасалған әрекеттердің (әрекетсіздіктің) немесе шешімдердің заңдылығын дәлелдеу ауыртпалығы оларды жасаған немесе қабылдаған тұлғаға жүктеледі.
8. Тергеу судьясы шағымды қарау нәтижелері бойынша:
1) заңсыз деп танылған процестік шешімнің күшін жою туралы;
2) тиісті лауазымды адамның әрекеттерін (әрекетсіздігін) заңсыз немесе негізсіз деп және оның жол берілген бұзушылықты жою міндетін тану туралы;
3) прокурорға азаматтың немесе ұйымның құқықтары мен заңды мүдделерінің жол берілген бұзылуын жою міндетін жүктеу туралы;
4) шағымды қанағаттандырусыз қалдыру туралы тиісті қаулы шығарады.
Ескерту. 106-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 16.07.2025 № 210-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.107-бап. Тергеу судьясының қаулыларына, санкцияларына шағым жасау, прокурордың өтінішхатын келтіру
Ескерту. 107-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
1. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында күдікті, оның қорғаушысы, заңды өкілі, жәбірленуші, оның заңды өкілі, өкілі, тергеу судьясының актісімен құқықтары мен бостандықтары тікелей қозғалатын адам тергеу судьясының мынадай:
1) күдіктіні күзетпен ұстау, экстрадициялық қамақ, үйқамақ, кепіл түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау немесе күзетпен ұстау, үйқамақ мерзімін ұзарту туралы;
2) күдіктіні күзетпен ұстауға, экстрадициялық қамаққа, үйқамаққа, кепілге санкция беруден бас тарту немесе күзетпен ұстау, үйқамақ мерзімін ұзартудан бас тарту туралы;
3) санкцияланған бұлтартпау шарасының күшін жою немесе күшін жоюдан бас тарту туралы;
4) мүлікке тыйым салу не тыйым салудан бас тарту туралы;
5) эксгумациялау не одан бас тарту туралы;
6) халықаралық іздестіру жариялау не одан бас тарту туралы;
7) сот-медициналық және (немесе) сот-психиатриялық сараптама жүргізу үшін адамды медициналық ұйымға мәжбүрлеп орналастыру не одан бас тарту туралы;
8) кепіл нысанасын мемлекет кірісіне айналдыру немесе одан бас тарту туралы;
9) прокурордың, қылмыстық қудалау органдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне шағымдарды қарау жөніндегі;
10) қарап-тексеруді, тінтуді, алуды, жеке тінтуді, мәжбүрлеп куәландыруды, үлгілерді мәжбүрлеп алуды санкциялау не санкциялаудан бас тарту туралы;
11) сараптама тағайындау не тағайындаудан бас тарту, не жасырын тергеу әрекеттерін қоспағанда, қылмыстық қудалау органының өзге де тергеу әрекеттерін жүргізуі туралы қаулысына, санкциясына шағым жасауға, ал прокурор өтінішхат келтіруге құқылы.
1-1. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында прокурор тергеу судьясының:
1) жасырын тергеу әрекеттерін санкциялау не санкциялаудан бас тарту туралы;
2) жасырын тергеу әрекеттерінің мерзімдерін ұзарту не ұзартудан бас тарту туралы;
3) адамды оған қатысты жүргізілген жасырын тергеу әрекеттері туралы хабардар ету мерзімдерін ұзарту не ұзартудан бас тарту туралы;
4) сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының адамды оған қатысты жүргізілген жасырын тергеу әрекеттері туралы хабардар етпеуіне келісетіні туралы не сотқа дейінгі тергеп-тексеру органына мұндай келісім беруден бас тарту туралы;
5) прокурордың жасырын тергеу әрекеттерін тоқтату туралы өтінішхатын қанағаттандырудан бас тарту туралы;
6) осы Кодекстің 235-бабында белгіленген тәртіппен жүргізілген жасырын тергеу әрекеттерін тоқтату және алынған нәтижелерді дәлелдемелер ретінде пайдалануға жол бермеу туралы қаулысына, санкциясына өтінішхат келтіруге құқылы.
2. Тергеу судьясының осы баптың қағидаларына сәйкес шығарған қаулысына жария етілген кезінен бастап үш тәулік ішінде тергеу судьясы қаулы шығарған сот арқылы облыстық және оған теңестірілген сотқа осы баптың бірінші бөлігінде аталған тұлғалар шағым жасауы, сондай-ақ оған прокурор өтінішхат келтіруі мүмкін. Дәлелді себеппен өткізіліп алынған мерзім мүдделі тұлғаның өтінішхаты бойынша осы Кодекстің 50-бабына сәйкес қалпына келтірілуі мүмкін.
3. Шағым беру немесе прокурордың өтінішхатын келтіру осы Кодекстің 55-бабы бірінші бөлігінің 8) және 10) тармақтарында және осы баптың бірінші бөлігінің 1), 2), 7) және 10) тармақтарында көрсетілген мәселелер бойынша қаулыда көрсетілген шешімдердің орындалуын тоқтата тұрмайды.
4. Шағым жасауға, прокурордың өтінішхатын келтіруге арналған мерзім өткеннен кейін материалдар шағыммен, прокурордың өтінішхатымен бірге облыстық немесе оған теңестірілген сотқа жіберіліп, бұл жөнінде арыз иесіне және әрекеттері (әрекетсіздігі) мен шешімдеріне шағым жасалған тұлғаға және прокурорға хабарланады. Облыстық немесе оған теңестірілген соттың шағымды, прокурордың өтінішхатын қарау нәтижелері бойынша қабылдаған шешімі түпкілікті болып табылады.
ҚР Конституциялық Сотының 17.08.2023 № 25 нормативтік қаулысымен осы кодекстің 107-бабының төртінші бөлігі және 484-бабы екінші бөлігінің 3) тармағы Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келеді деп танылды.5. Облыстық немесе оған теңестірілген соттың судьясы осы баптың екінші және үшінші бөліктерінде көзделген қағидалар мен мерзімдерді сақтай отырып, шағым, прокурордың өтінішхаты сотқа келіп түскен кезден бастап үш тәуліктен кешіктірмей тергеу судьясы қаулысының, санкциясының заңдылығын және негізділігін тексеруді жүзеге асырады.
Облыстық немесе оған теңестірілген сот судьясының шағымды, прокурордың өтінішхатын қарау нәтижелері бойынша шығарылған қаулысы жария етілген кезінен бастап заңды күшіне енеді.
6. Осы баптың бірінші бөлігінің 1), 2) және 11) тармақтарында көрсетілген, егер тергеу судьясы оларды ашық сот отырысында қараған болса, ашық сот отырысында қаралуға тиіс мәселелерді қоспағанда, қарау жабық сот отырысында өтеді.
Сот отырысына прокурор және күдіктінің қорғаушысы қатысады. Отырысқа күдікті, оның заңды өкілі, жәбірленуші, оның заңды өкілі, өкілі және шағым жасалған шешімде құқықтары мен мүдделері қозғалатын басқа адамдар да қатыса алады, шағымды, прокурордың өтінішхатын қарау уақыты мен орны туралы уақтылы хабарланған кезде олардың келмей қалуы бұлардың сотта қаралуына кедергі болмайды.
Осы баптың бірінші бөлігінің 10) тармағында көзделген жағдайда, жабық сот отырысына қатысатын адамдар тізбесін шағымды, өтінішхатты қарайтын судья айқындайды.
Осы баптың 1-1-бөлігінде көзделген мәселелерді қарау осы Кодекстің 234-бабына сәйкес жүргізіледі.
7. Сот тараптардың дәлелдерін тыңдап, ұсынылған материалдарды қарап шығып, мынадай:
1) тергеу судьясының қаулысын, санкциясын өзгеріссіз қалдыру туралы;
2) тергеу судьясының қаулысын, санкциясын өзгерту туралы;
3) тергеу судьясы қаулысының, санкциясының күшін жою және жаңа қаулы шығару туралы уәжді қаулылардың бірін шығарады.
8. Сот қаулысының көшірмесі сотқа дейінгі тергеп-тексеру органына, сондай-ақ прокурорға, күдіктіге, қорғаушыға және адамды күзетпен ұстау орыны әкімшілігінің өкіліне жіберіледі және дереу орындалуға жатады.
Осы баптың бірінші бөлігінің 10) тармағында және 1-1-бөлігінде көзделген жағдайларда, сот қаулысы прокурорға табыс етіледі (жіберіледі).
9. Шет мемлекеттің аумағында қылмыс жасады деп айыпталған немесе сотталған адамды ұстап беру (экстрадициялау) туралы шешімге шағым жасау және оның заңдылығы мен негізділігін соттың тексеруі осы Кодекстің 92-бабында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
Ескерту. 107-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 31.10.2015 № 378-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 11.07.2017 № 91-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.12.2017 № 118-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 12.07.2018 № 180-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 19.12.2020 № 384-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.07.2025 № 210-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.108-бап. Сот үкіміне, қаулыларына шағымдар, прокурордың өтінішхаттары
Бірінші сатыдағы соттардың үкіміне, қаулыларына шағымдар, прокурордың өтінішхаттары осы Кодекстің 48-тарауының қағидаларына сәйкес беріледі. Заңды күшіне енген сот шешімдерін қайта қарау туралы шағымдар, наразылықтар, өтінішхаттар осы Кодекстің 52-тарауында белгіленген қағидаларға сәйкес беріледі.
Ескерту. 108-бап жаңа редакцияда - ҚР 11.07.2017 № 91-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). 14-тарау. ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСКЕ ҚАТЫСАТЫН АДАМДАР ТУРАЛЫ
ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
109-бап. Процеске қатысушы деп тануды талап ету құқығы
1. Қылмыстық процестің қатысушысы болып табылмайтын адамдардың осы Кодексте көзделген негіздер болған кезде, өздерін күдіктілер, жәбірленушілер, жекеше айыптаушылар, азаматтық талапкерлер, азаматтық жауапкерлер, олардың заңды өкілдері және өкілдері деп тануды талап етуге құқығы бар. Көрсетілген адамдардың арыздарын (өтінішхаттарын) қылмыстық процесті жүргізетін орган оларды алған кезден бастап үш тәуліктен кешіктірмей қарауға тиіс. Қабылданған шешім туралы арыз иесі дереу хабардар етіледі, оған тиісті қаулының көшірмесі жіберіледі.
2. Арыз иесі өз өтінішхатын қанағаттандырудан бас тартылуына немесе оны шешудің кейінге қалдырылуына тиісті қаулының көшірмесін алғаннан кейін бес тәуліктің ішінде прокурорға, сотқа шағым жасауға құқылы. Егер қаулының көшірмесі шағым берілген кезден бастап он тәуліктің ішінде алынбаса, арыз иесі осы әрекетсіздікке сотқа шағым жасауға немесе өзін процеске қатысушы деп тану туралы арызбен прокурорға өтініш жасауға құқылы.
Егер қайтыс болған немесе қылмыстық құқық бұзушылық салдарынан өз еркін саналы түрде білдіру қабілетін жоғалтқан адамның жақын туысы, жұбайы (зайыбы) оның құқықтық мирасқоры болғысы келсе, өзін жәбірленуші деп тануды талап ете алады. Көрсетілген өтінішхатты қылмыстық процесті жүргізетін орган осы баптың бірінші бөлігінде көзделген тәртіппен қарайды.
110-бап. Қылмыстық процеске қатысатын адамдарға құқықтары мен міндеттерін түсіндіру және оларды жүзеге асыру мүмкіндігін қамтамасыз ету міндеті
1. Қылмыстық процеске қатысатын әрбір адамның өз құқықтары мен міндеттерін, өзі таңдаған ұстанымның құқықтық салдарын білуге, сондай-ақ өзінің қатысуымен өтіп жатқан процестік әрекеттердің мәні және өзіне танысу үшін ұсынылған қылмыстық іс материалдарының мазмұны бойынша түсіндірме алуға құқығы бар.
2. Қылмыстық процесті жүргізетін орган қылмыстық іс бойынша іс жүргізуге қатысатын әрбір адамға оған тиесілі құқықтар мен оған жүктелген міндеттерді, оның ішінде кәмелетке толмағандар қатысқан істер бойынша – олардың өкілдеріне істі кәмелетке толмағанның істері жөніндегі мамандандырылған сотта не кәмелетке толмағандардың тұрғылықты жері бойынша сотта қарату құқығын түсіндіруге, оларды жүзеге асыру мүмкіндігін осы Кодексте көзделген тәртіппен қамтамасыз етуге тиіс. Қылмыстық процесті жүргізетін орган адамның өтінуі бойынша оның құқықтары мен міндеттерін қайталап түсіндіруге міндетті.
3. Қылмыстық процесті жүргізетін орган процеске қатысушыларға қарсылық білдіру мәлімделуі мүмкін адамдардың тегін және олар туралы басқа да қажетті деректерді хабарлауға міндетті.
4. Қылмыстық процеске қатысушы жағдайына ие болған адамға ол қатысатын процестік әрекетті жүргізу басталғанға дейін және ол процеске қатысушы ретінде қандай да бір ұстанымын білдіргенге дейін оның құқықтары мен міндеттері міндетті түрде түсіндіріледі. Сот отырысына келген процеске қатысушыға сот оған тиесілі құқықтар мен оған жүктелген міндеттерді, олар сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында түсіндірілмегеніне қарамастан, түсіндіруге міндетті.
5. Қылмыстық процесті жүргізетін орган куәгердің, аудармашының, маманның, сарапшының қатысуымен өтетін әрбір процестік әрекет басталар алдында олардың міндеттері мен құқықтарын түсіндіруге міндетті. Куәнің құқықтары мен міндеттерін оған қылмыстық тергеу органы одан бірінші рет жауап алар алдында түсіндіруге және сот отырысында қайталап түсіндіруге тиіс.
3-БӨЛІМ. ДӘЛЕЛДЕМЕЛЕР ЖӘНЕ ДӘЛЕЛДЕУ
15-тарау. ДӘЛЕЛДЕМЕЛЕР
1. Заңды түрде алынған, олардың негізінде анықтау органы, анықтаушы, тергеуші, прокурор, сот осы Кодексте айқындалған тәртіппен Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде көзделген іс-әрекеттің бар екенін немесе жоқ екенін, күдіктінің, айыпталушының немесе сотталушының бұл әрекетті жасағанын немесе жасамағанын, оның кінәлілігін не кінәсіздігін, сондай-ақ істі дұрыс шешу үшін маңызы бар өзге де мән-жайларды анықтайтын нақты деректер қылмыстық іс бойынша дәлелдемелер болып табылады.
2. Қылмыстық істі дұрыс шешу үшін маңызы бар нақты деректер: күдіктінің, айыпталушының, жәбірленушінің, куәнің, қорғалуға құқығы бар куәнің, сарапшының, маманның айғақтарымен; сарапшының, маманның қорытындысымен; заттай дәлелдемелермен; процестік әрекеттердің хаттамаларымен және өзге де құжаттармен белгіленеді.
112-бап. Дәлелдемелер ретінде жол берілмейтін нақты деректер
1. Нақты деректер, егер олар осы Кодекстің талаптары бұзыла отырып алынса, алынған нақты деректердің анықтығына сотқа дейінгі тергеп-тексеру немесе істі сотта қарау кезінде процеске қатысушыларды заңмен кепілдік берілген құқықтарынан айыру немесе құқықтарына қысым көрсету арқылы немесе қылмыстық процестің өзге де ережелерін бұзу арқылы ықпал етсе немесе ықпал етуі мүмкін болса, оның ішінде:
1) азаптауды, зорлық-зомбылықты, қорқытуды, алдауды, сол сияқты өзге де заңсыз әрекеттер мен қатыгез қарым-қатынасты қолдану арқылы;
2) қылмыстық процеске қатысатын адамға өз құқықтары мен міндеттері жөнінде түсіндірмеу, толық немесе дұрыс түсіндірмеу салдарынан туындаған оның жаңылысуын пайдалану арқылы;
3) осы қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді жүзеге асыруға құқығы жоқ адамның процестік әрекетті жүргізуіне байланысты;
4) қарсылық білдірілуге жататын адамның процестік әрекетке қатысуына байланысты;
5) процестік әрекетті жүргізу тәртібін елеулі түрде бұзу арқылы;
6) белгісіз көзден не сот отырысында анықтала алмайтын көзден;
7) дәлелдеу барысында қазіргі заманғы ғылыми білімге қайшы келетін әдістерді қолдану арқылы алынса, дәлелдемелер ретінде пайдалануға жол берілмейді деп танылуға тиіс.
2. Қылмыстық процесте нақты деректердің дәлелдемелер ретінде пайдаланылуына жол бермеуді, сондай-ақ оларды шектеп пайдалану мүмкіндігін анықтау органы, анықтаушы, тергеуші, прокурор немесе сот өз бастамасы бойынша немесе тараптың өтінішхаты бойынша белгілейді. Анықтау органы, анықтаушы, тергеуші, прокурор немесе судья дәлелдемелерге жол бермеу туралы мәселені шеше отырып, әрбір жағдайда жол берілген бұзушылықтың нақты қалай көрініс тапқанын анықтауға және уәжді шешім қабылдауға міндетті.
3. Егер күдіктінің, қорғалуға құқығы бар куәнің, жәбірленушінің және куәнің айғақтары, сарапшының, маманның қорытындысы, заттай дәлелдемелер, тергеу және сот әрекеттерінің хаттамалары және өзге де құжаттар қылмыстық іс материалдарының тізімдемесіне енгізілмесе, оларды айыптау негізіне жатқызуға болмайды. Күдіктінің одан куә ретінде алдын ала жауап алу барысында берген айғақтары дәлелдемелер ретінде таныла алмайды және оларды оның жұбайына (зайыбына) және жақын туыстарына қарсы қолдануға, сондай-ақ оны айыптау негізіне жатқызуға болмайды.
4. Қылмыстық-процестік заңды бұза отырып алынған нақты деректер дәлелдемелер ретінде жол берілмейтін деректер деп танылады және олар айыптау негізіне жатқызыла алмайды, сондай-ақ осы Кодекстің 113-бабында көрсетілген кез келген мән-жайларды дәлелдеу кезінде пайдаланыла алмайды.
5. Осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген бұзушылықтар арқылы алынған нақты деректер тиісті бұзушылықтар және қылмыстық істі тергеп-тексеру барысында оларға жол берген тұлғалардың кінәлілігі фактісінің дәлелдемелері ретінде пайдаланылуы мүмкін.
Ескерту. 112-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 09.06.2021 № 49-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.07.2025 № 210-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.113-бап. Қылмыстық іс бойынша дәлелденуге жататын мән-жайлар
1. Қылмыстық іс бойынша:
1) оқиға және қылмыстық заңда көзделген қылмыстық құқық бұзушылық құрамының белгілері (оның жасалған уақыты, орны, тәсілі және басқа да мән-жайлары);
2) қылмыстық заңмен тыйым салынған іс-әрекетті кімнің жасағаны;
3) адамның қылмыстық заңмен тыйым салынған іс-әрекетті жасаудағы кінәлілігі, оның кінәсінің нысаны, жасалған іс-әрекеттің себептері, заңдық және іс жүзіндегі қателіктері;
4) күдіктінің, айыпталушының жауаптылық дәрежесі мен сипатына әсер ететін мән-жайлар;
5) күдіктінің, айыпталушының жеке басын сипаттайтын мән-жайлар;
6) жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтың салдарлары;
7) қылмыстық құқық бұзушылықтан келтірілген зиянның сипаты мен мөлшері;
8) әрекеттің қылмыстық құқыққа қайшылығын жоққа шығаратын мән-жайлар;
9) қылмыстық жауаптылық пен жазадан босатуға әкеп соғатын мән-жайлар дәлелденуге жатады.
2. Кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша дәлелденуге жататын қосымша мән-жайлар – осы Кодекстің 531-бабында, ал есі дұрыс емес адамдардың қоғамға қауіпті іс-әрекеттері туралы істер бойынша осы Кодекстің 510-бабында көрсетілген.
3. Қылмыстық іс бойынша басқа да мән-жайлармен қатар Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 48-бабына сәйкес тәркіленуге жататын мүліктің заңсыз, оның ішінде қылмыстық құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынғанын немесе осы мүліктен түскен кірістер болып табылатынын не қылмыстық құқық бұзушылық жасау қаруы немесе құралы ретінде не экстремистік немесе террористік әрекетті не қылмыстық топты қаржыландыру немесе өзгедей қамтамасыз ету үшін пайдаланылғанын немесе пайдалануға арналғанын растайтын мән-жайлар дәлелденуге жатады.
4. Қылмыстық іс бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасауға ықпал еткен мән-жайлар да анықталуға жатады.
Ескерту. 113-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.114-бап. Дәлелдемелерсіз анықталатын мән-жайлар
Мына мән-жайлар, егер тиісті құқықтық рәсімдер шеңберінде:
1) жалпыға белгілі фактілер;
2) қазіргі заманғы ғылымда, техникада, өнерде, кәсіпте жалпыға бірдей қабылданған зерттеу әдістерінің дұрыстығы;
3) заңды күшіне енген сот актісімен белгіленген мән-жайлар;
4) адамның заңды білуі;
5) адамның өз қызметтік және кәсіби міндеттерін білуі;
6) арнаулы даярлығы немесе білімі бар екендігін растайтын құжатты ұсынбаған және арнаулы даярлық немесе білім алған оқу орнын немесе басқа да мекемені көрсетпеген адамда арнаулы даярлықтың немесе білімнің болмауы керісінше дәлелденбесе, дәлелдемелерсіз анықталған мән-жайлар болып саналады.
115-бап. Күдіктінің, жәбірленушінің, куәнің айғақтары
1. Күдіктінің, жәбірленушінің, куәнің айғақтары – олардың сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында осы Кодекстің 26-тарауында белгіленген тәртіппен жауап алуда жазбаша немесе ауызша нысанда хабарлаған мәліметтері.
2. Күдікті өзіне қарсы күдік жөнінде, сол сияқты өзіне белгілі, іс бойынша маңызы бар өзге де мән-жайлар мен дәлелдемелер туралы айғақтар беруге құқылы.
3. Күдіктінің қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы өз кінәсін мойындауы оның кінәлі екендігі іс бойынша қолда бар дәлелдемелер жиынтығымен расталған кезде ғана айыптау негізіне жатқызылуы мүмкін.
4. Жәбірленушіден іс бойынша дәлелденуге жататын кез келген мән-жайлар туралы, сондай-ақ оның күдіктімен, басқа жәбірленушілермен, куәлармен өзара қарым-қатынасы туралы жауап алынуы мүмкін. Егер жәбірленуші өзінің хабардар болған көзін көрсете алмаса, ол хабарлаған мәліметтер дәлелдеме бола алмайды.
5. Куәдан іске қатысты кез келген мән-жайлар туралы, оның ішінде күдіктінің, жәбірленушінің жеке басы мен өзінің олармен және басқа да куәлармен өзара қарым-қатынасы туралы жауап алынуы мүмкін. Егер куә өзінің хабардар болу көзін көрсете алмаса, ол хабарлаған мәліметтер дәлелдеме бола алмайды. Куә ретінде жауап алынуға жатпайтын адамдардың хабарлары дәлелдеме болып табылмайды.
6. Күдіктінің жеке басын сипаттайтын деректер туралы айғақтар айыптау негізіне жатқызыла алмайды және олар жаза тағайындауға немесе жазадан босатуға байланысты мәселелерді шешу үшін ғана дәлелдемелер ретінде пайдаланылады.
7. Жауап алу кезінде осы Кодексте белгіленген тәртіппен қылмыстық іс үшін маңызы бар мән-жайларды дұрыс қабылдауға немесе қайталап айтуға қабілетсіз деп танылған адамның айғақтары дәлелдеме болып табылмайды.
8. Құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдарға құпия негізде жәрдем көрсететін адам тікелей қабылдаған нақты деректер аталған адамның келісімімен одан куә, жәбірленуші, күдікті, айыпталушы ретінде жауап алынғаннан кейін дәлелдемелер ретінде пайдаланылуы мүмкін.
Қылмыстық топқа ендірілген адамдар тікелей қабылдаған нақты деректер осы адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, жедел-іздестіру, қарсы барлау қызметін не жасырын тергеу іс-қимылдарын жүзеге асыратын органның лауазымды адамынан куә ретінде жауап алынғаннан кейін дәлелдемелер ретінде пайдаланылуы мүмкін.
Ескерту. 115-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.12.2016 № 36-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін екі ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).116-бап. Сарапшының қорытындысы және айғақтары
1. Сарапшының қорытындысы – осы Кодекстің талаптарына сәйкес ресімделген, сот-сараптамалық зерттеудің барысы мен нәтижелері көрсетілетін құжат.
2. Сарапшының ауызша түсіндірмелері ол бұрын берген қорытындыны түсіндіру бөлігінде ғана дәлелдемелер болып табылады.
3. Сарапшының қорытындысы қылмыстық процесті жүргізетін орган үшін міндетті болып табылмайды, алайда оның қорытындымен келіспеуі уәжді болуға тиіс.
4. Сарапшының айғақтары – қорытындыны алғаннан кейін оның берген қорытындысын түсіндіру немесе нақтылау мақсатында жүргізілген жауап алуда ол хабарлаған мәліметтер.
117-бап. Маманның қорытындысы және айғақтары
1. Маманның қорытындысы – осы баптың үшінші бөлігінің талаптарына сәйкес ресімделген және маманның алдына қылмыстық процесті жүргізетін адам немесе тараптар қойған мәселелер бойынша зерттеулердің мазмұны мен түйіндерін көрсететін, жазбаша түрде ұсынылған ресми құжат.
Зерттеуді тағайындау, қорытынды берудің мүмкін еместігі туралы хабар дайындау тәртібі, зерттеуді тағайындау және жүргізу кезіндегі күдіктінің, айыпталушының, жәбірленушінің және оның өкілінің, куәның, қорғаушының құқықтары мен міндеттері, өздеріне қатысты зерттеу жүргізілетін тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерінің кепілдіктері, процеске қатысушылардың зерттеу жүргізу кезінде қатысу құқығы, зерттеу объектілеріне қойылатын құқықтық талаптар, күдіктіге, жәбірленушіге маманның қорытындысын ұсынудың тәртібі мен құқықтық салдарлары, зерттеу үшін үлгілер алудың негіздері мен тәртібі маманның зерттеу жүргізу ерекшеліктері ескеріле отырып, осы Кодекстің 34 және 35-тарауларында белгіленеді.
2. Қажетті зерттеулерді жүргізгеннен кейін маман өз атынан жазбаша қорытынды жасайды және оны өзінің қойған қолымен куәландырады.
Қазақстан Республикасының құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органының уәкілетті бөлімшесінің қызметкері жасаған, маманның жазбаша қорытындысы көрсетілген бөлімшенің мөрімен расталады.
Маманның қорытындысы электрондық құжат түрінде ресімделуі мүмкін.
3. Маманның қорытындысында: оның ресімделген күні, зерттеу жүргізілген мерзімдер мен орын; тергеу әрекеті хаттамасының деректемелері, оған маманның қорытындысы, зерттеуді жүргізген маман туралы мәліметтер (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), білімі, мамандығы, мамандығы бойынша жұмыс өтілі, ғылыми дәрежесі және ғылыми атағы, атқаратын лауазымы) қоса беріледі; маманның өзіне көрінеу жалған қорытынды бергені үшін қылмыстық жауаптылық туралы ескертілгені туралы оның қойған қолымен куәландырылған белгі; маманның алдына қойылған мәселелер; зерттеу объектілері, олардың жай-күйі, қапталуы, мөрмен бекемделуі; қолданылған әдістер көрсетіле отырып, зерттеулердің мазмұны мен нәтижелері; жүргізілген зерттеулердің нәтижелерін бағалау, маманның алдына қойылған мәселелер бойынша түйіндерінің негіздемесі мен тұжырымдалуы көрсетілуге тиіс.
4. Маманның қорытындысын көрнекілейтін, осы баптың екінші бөлігінде көзделген тәртіппен куәландырылған материалдар (фотокестелер, схемалар, графиктер, кестелер және басқа да материалдар) қорытындыға қоса беріледі және оның құрамдас бөлігі болып табылады. Қорытындыға зерттеуден кейін қалған объектілер, оның ішінде үлгілер де қоса берілуге тиіс.
5. Маманның ауызша түсіндірмелері оның бұрын берген қорытындысын түсіндіру бөлігінде ғана дәлелдемелер болып табылады.
6. Маманның айғақтары – қорытындыны алғаннан кейін, оның берген қорытындысын түсіндіру немесе нақтылау мақсатында жүргізілген жауап алуда ол хабарлаған мәліметтер.
7. Маманның қорытындысы қылмыстық процесті жүргізетін орган үшін міндетті болып табылмайды, алайда оның қорытындымен келіспеуі уәжді болуға тиіс.
Ескерту. 117-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 12.07.2018 № 180-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.1. Мыналар заттай дәлелдемелер деп танылады:
1) егер қылмыстық құқық бұзушылық жасаудың қаруы немесе өзге де құралы болды деп пайымдауға негіз болса, нәрселер;
2) қылмыстық құқық бұзушылықтың іздері сақталып қалған немесе сақталуы мүмкін нәрселер;
3) қоғамға қауіпті қолсұғушылық объектілері болған нәрселер;
4) қылмыстық құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған ақша, құндылық пен өзге де мүлік;
5) қылмыстық құқық бұзушылықты табу, істің нақты мән-жайларын анықтап алу, кінәлі адамды анықтау не оның кінәлі екенін теріске шығару немесе жауаптылықты жеңілдету құралдары болуы мүмкін ақша, құндылық, өзге де мүлік, нәрселер, құжаттар.
2. Осы Кодекстің 221-бабының төртінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, заттай дәлелдемелер қылмыстық процесті жүргізетін органның қаулысымен не осы Кодекстің 527-бабының талаптарына сәйкес жасалған хаттамамен іске қоса тігіледі және үкім немесе істі тоқтату туралы қаулы заңды күшіне енгенге дейін сонда болады. Заттай дәлелдемелерді қарап-тексеру және оларды сақтау тәртібі осы Кодекстің 221-бабында айқындалады.
3. Қылмыстық істі тоқтату туралы шешім шығару немесе үкім шығару кезінде заттай дәлелдемелер туралы мәселе шешілуге тиіс. Бұл ретте:
1) қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамға тиесілі, қылмыстық құқық бұзушылық жасау қарулары және (немесе) құралдары Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 48-бабы негізінде тәркіленуге жатады;
1-1) мүлкінің құқыққа қарсы мақсаттарда пайдаланылуы туралы білмеген не білмеуге тиіс болған адамға заңды негіздерде тиесілі, қылмыстық құқық бұзушылық жасау қарулары және (немесе) құралдары осы адамға қайтарылуға жатады;
1-2) өзге жағдайларда қылмыстық құқық бұзушылық жасау қарулары және (немесе) құралдары тиісті мекемелерге белгілі бір адамдарға беріледі немесе жойылады;
2) ұстауға тыйым салынған немесе ұстауға шектеу қойылған заттар тиісті мекемелерге берілуге жатады немесе жойылады;
3) құндылығы жоқ және пайдалануға келмейтін заттар жойылуға жатады, ал мүдделі тұлғалардың немесе мекемелердің өтінішхаты болған жағдайда, оларға берілуі мүмкін;
4) заңды иесіне қайтарылуға жататын мүлікті және одан түсетін кірістерді қоспағанда, қылмыстық жолмен табылған не қылмыстық жолмен табылған қаражатқа алынған ақша және өзге де мүлік, сондай-ақ заңсыз кәсіпкерліктің және контрабанданың нәрселері соттың шешімі бойынша мемлекеттің кірісіне айналдырылуға жатады; қалған заттар заңды иелеріне беріледі, ал иелері анықталмаған кезде мемлекеттің меншігіне өтеді. Бұл заттардың тиесілігі туралы дау туындаған жағдайда, дау азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен шешілуге жатады;
5) заттай дәлелдемелер болып табылатын құжаттар дәлелдемелерді сақтаудың бүкіл мерзімі ішінде іспен бірге қалады не осы Кодекстің 120-бабының төртінші бөлігінде көзделген тәртіппен мүдделі жеке немесе заңды тұлғаларға беріледі.
4. Соттың, прокуратура, қылмыстық қудалау және сот сараптамасы органдарының қылмыстық істер бойынша заттай дәлелдемелерді, құжаттарды алып қою, есепке алу, сақтау, беру және жою тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
Ескерту. 118-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.10.2019 № 268-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 27.12.2021 № 88-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.119-бап. Процестік әрекеттердің хаттамалары
1. Қылмыстық процесті жүргізетін адам тікелей қабылдаған мән-жайларды куәландыратын, осы Кодекстің қағидаларына сәйкес жасалған тергеу әрекеттерінің хаттамаларында, осы Кодекстің 527-бабында көзделген талаптарға сәйкес жасалған хаттамада қамтылған, сондай-ақ қарап-тексеру, куәландыру, алу, тінту, ұстап алу, мүлікке тыйым салуды қолдану, тануға ұсыну, үлгілерді алу, мәйітті эксгумациялау, айғақтарды сол жерде тексеру, құжаттарды ұсыну, тергеу эксперименті, жасырын тергеу әрекеттерінің нәтижелерін зерттеу, тергеу әрекеті барысында маман жүргізген заттай дәлелдемелерді зерттеу кезінде анықталған, сондай-ақ сот отырысының сот әрекеттерінің барысы мен олардың нәтижелері көрсетілетін хаттамасында қамтылған нақты деректер қылмыстық іс бойынша дәлелдемелер болып табылады.
2. Қылмыстық құқық бұзушылық туралы ауызша арызды қабылдау кезінде жасалған хаттамаларда, ұсынылған нәрселер мен құжаттарда, айыбын мойындап келуінде, тұлғаларға тиесілі олардың құқықтары мен оларға жүктелген міндеттерді түсіндіруде қамтылған нақты деректер дәлелдемелер ретінде пайдаланылуы мүмкін.
Ескерту. 119-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 27.12.2021 № 88-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.120-бап. Құжаттар
1. Егер жеке, заңды тұлғалар және лауазымды адамдар құжаттарда баяндаған немесе куәландырған мәліметтердің қылмыстық іс үшін маңызы бар болса, құжаттар дәлелдемелер деп танылады.
2. "Жедел-іздестіру қызметі туралы", "Қарсы барлау қызметі туралы" Қазақстан Республикасы заңдарының талаптары сақтала отырып алынған, құқыққа қайшы әрекеттер туралы нақты деректер тіркелген материалдар құжаттар болып табылады және қылмыстық процесте дәлелдемелер ретінде пайдаланылуы мүмкін.
3. Құжаттар жазбаша да, өзге нысанда да тіркелген мәліметтерді қамтуы мүмкін. Құжаттарға, сонымен бірге, осы Кодекстің 122-бабында көзделген тәртіппен алынған, талап етіп алдырылған немесе ұсынылған түсініктемелер, түгендеулердің, ревизиялардың актілері, анықтамалар, салықтық тексерулер актілері, салық қызметі органдарының қорытындылары, сондай-ақ компьютерлік ақпаратты қамтитын материалдар, фото- және кинотүсірілімдер, дыбыс- және бейнежазбалар да жатады.
4. Құжаттар іске қосып тігіледі және оны сақтаудың бүкіл мерзімі ішінде сонда сақталады. Алып қойылған және іске қосып тігілген құжаттар ағымдағы есепке алу, есептілік үшін және заңды иесінің өтінішхаты бойынша өзге де құқыққа сыйымды мақсаттарда талап етілген жағдайда, олар оған қайтарылуы немесе уақытша пайдалануға, оның ішінде электрондық жеткізгіштерден берілуі, егер бұл іс үшін залалсыз болатын болса, не олардың көшірмелері, қажет болған кезде нотариус куәландырған көшірмелері беріп жіберілуі мүмкін.
Берілетін құжаттардың көшірмесін жасауға, нотариустың олардың көшірмелерінің дұрыстығын куәландыруға байланысты шығыстар өтінішхат бастамашысының есебінен жүзеге асырылады.
Қылмыстық іс үшін маңызы жоқ құжаттар заңды иесіне қайтарылады.
5. Құжаттардың осы Кодекстің 118-бабында көрсетілген белгілері болған жағдайларда, олар заттай дәлелдемелер деп танылады.
Ескерту. 120-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 28.12.2016 № 36-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін екі ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.01.2019 № 217-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.16-тарау. ДӘЛЕЛДЕУ
1. Дәлелдеу істі заңды, негізді және әділ шешу үшін маңызы бар мән-жайларды анықтау мақсатында дәлелдемелерді жинаудан, зерттеуден, бағалаудан және пайдаланудан тұрады. Дәлелдеу осы Кодекстің 23-тарауында көзделген тәртіппен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша ғана жүргізіледі.
2. Күдіктінің, айыпталушының қылмыстық жауаптылық негіздерінің және кінәсінің бар екенін дәлелдеу міндеті айыптаушыда болады.
Ескерту. 121-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 21.12.2017 № 118-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).122-бап. Дәлелдемелерді жинау
1. Дәлелдемелерді жинау сотқа дейінгі тергеп-тексеру және сот талқылауы процесінде осы Кодексте көзделген процестік әрекеттерді жүргізу арқылы жүргізіледі. Дәлелдемелерді жинау оларды табуды, бекітуді және алып қоюды қамтиды.
2. Қылмыстық процесті жүргізетін орган процеске қатысушылардың өтінішхаттары немесе өз бастамасы бойынша өзінің іс жүргізуіндегі қылмыстық іс бойынша жауап алу немесе сарапшы немесе маман ретінде қорытынды беру үшін осы Кодексте белгіленген тәртіппен кез келген адамды шақыруға; осы Кодексте көзделген процестік әрекеттерді жүргізуге; коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді берудің және жария етудің Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртібін сақтай отырып, жеке, заңды тұлғалардан және лауазымды адамдардан, сондай-ақ жедел-іздестіру немесе қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын органдардан іс үшін маңызы бар құжаттар мен нәрселерді беруді талап етуге; уәкілетті органдар мен лауазымды адамдардан ревизиялар мен тексерулер жүргізуді талап етуге құқылы. Кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне ревизиялар мен тексерулер жүргізу туралы сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының талаптары прокурормен келісілуге тиіс. Сот өз бастамасымен дәлелдемелер жинауға құқылы емес.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру органы прокурордың санкциясымен өзінің іс жүргізуіндегі қылмыстық іс бойынша заңды тұлғалардан, лауазымды адамдардан, кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың басшыларынан:
1) "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабына сәйкес банк құпиясын құрайтын мәліметтерді;
2) қарыз алушылар туралы, микрокредиттердің мөлшері туралы, қарыз алушыға қатысты микрокредит беру туралы шарттың өзге де талаптары туралы, микроқаржы ұйымы жүргізетін операциялар туралы мәліметтерді;
3) борышкер, кредитор, берешек, банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт шеңберінде кредитормен міндеттемелерге байланысты үшінші тұлғалар туралы, берешекті өндіріп алу туралы жасалған шарттардың талаптары туралы мәліметтерді және коллекторлық қызметті жүзеге асыру кезінде коллекторлық агенттік алған және (немесе) жасаған өзге де мәліметтерді;
4) тауар биржасында коммерциялық құпияны құрайтын мәліметтерді сұратуға да құқылы.
3. Осы Кодексте белгіленген тәртіппен сотқа дейінгі тергеп-тексеруге немесе сот талқылауына қатысуға жіберілген қорғаушы, жәбірленушінің өкілі Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етпеу туралы тәртіпті сақтай отырып, жәбірленушіні қорғауды, оның мүдделерін білдіруді жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтерді:
1) заңды тұлғалардан, оның ішінде мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктерден анықтамаларды, мінездемелерді, өзге де құжаттарды талап етіп алуға құқылы. Көрсетілген тұлғалар қорғаушыға, жәбірленушінің өкіліне олар сұратқан құжаттарды немесе олардың расталған көшірмелерін он тәулік ішінде беруге міндетті.
Күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы мәселені қарау кезінде талап етіп алдырылатын анықтамалар, мінездемелер және өзге де құжаттар қорғаушыға жиырма төрт сағат ішінде ұсынылады;
2) осы Кодекстің 272-бабының бесінші, тоғызыншы және оныншы бөліктеріне сәйкес шарттық негізде сот сараптамасын жүргізуге бастамашылық жасау;
3) сот сараптамасы органына не осы Кодекстің 273-бабы бірінші бөлігінің 2) және 3) тармақтарында аталғандардың арасындағы адамға шарттық негізде сот сараптамасын жүргізу туралы сұрау салу жіберу;
4) шарттық негізде маман тарту арқылы, оның ішінде ғылыми-техникалық құралдарды пайдалана отырып алуға құқылы.
Маманды шарттық негізде тартқан кезде қорғаушы, жәбірленушінің өкілі оның осы Кодекстің 80-бабында көзделген құқықтары мен міндеттерін және Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 420 және 423-баптары бойынша қылмыстық жауаптылықты қолхат ресімдей отырып түсіндіреді.
Көрсетілген қолхат бір тәулік ішінде сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамға іс материалдарына қоса тіркеу үшін жіберіледі;
5) қылмыстық іске қатысты ақпаратты білуі ықтимал адамдардың келісуімен, оларға сұрау салу арқылы, оның ішінде ғылыми-техникалық құралдарды пайдалана отырып алуға құқылы.
4. Дәлелдемелер ретінде қылмыстық іске қосып тігу үшін ауызша да, жазбаша да, не электрондық құжат нысанындағы мәліметтерді, сондай-ақ нәрселер мен құжаттарды күдікті, айыпталушы, қорғаушы, жекеше айыптаушы, жәбірленуші, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер және олардың өкілдері, сондай-ақ кез келген азаматтар мен ұйымдар беруге құқылы.
5. Осы баптың үшінші бөлігі 1) тармағының талаптарын орындамау заңда белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
Ескерту. 122-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 31.10.2015 № 378-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) ; 28.12.2016 № 36-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін екі ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.12.2017 № 118-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 09.06.2021 № 49-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.07.2025 № 210-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.06.2026 № 307-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.123-бап. Дәлелдемелерді бекіту
1. Нақты деректер процестік әрекеттердің хаттамаларында тіркелгеннен кейін ғана дәлелдемелер ретінде пайдаланылуы мүмкін.
2. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында хаттамаларды жүргізу жауаптылығы анықтаушыға, тергеушіге және прокурорға, ал сотта – сот отырысына төрағалық етуші мен хатшыға жүктеледі.
3. Тергеу және сот әрекеттеріне қатысушыларға, сондай-ақ сот талқылауында тараптарға осы әрекеттердің барысы мен нәтижелері тіркелген хаттамалармен танысу, хаттамаларға толықтырулар мен түзетулер енгізу, осы әрекетті жүргізудің тәртібі мен шарттары жөнінде ескертулер мен қарсылықтар айту, хаттамадағы жазбаларға өз редакциясын ұсыну, анықтаушының, тергеушінің, прокурордың немесе соттың назарын іс үшін маңызы болуы мүмкін мән-жайларға аудару құқығы қамтамасыз етілуге тиіс. Хаттамада тергеу және сот әрекеттеріне қатысушыларға олардың құқықтары түсіндірілгені туралы белгі жасалады.
4. Ауызша айтылған толықтырулар, түзетулер, ескертулер, қарсылықтар, өтінішхаттар мен шағымдар хаттамаға енгізіледі, ал жазбаша нысанда баяндалғандары хаттамаға қоса беріледі. Сызып тасталған немесе кіріктіріліп жазылған сөздер немесе басқа да түзетулер туралы хаттама соңында қойылған қолдар алдында ескертпе жасалады.
5. Тергеу әрекетінің хаттамасымен танысқан адамдар хаттаманың әрбір бетіне мәтіннің соңғы жолының астына және хаттаманың соңына өзінің қолын қояды. Сот отырысы хаттамасының бір бөлігімен танысу кезінде әрбір беттің соңына не осы бөліктің соңына қолын қоюға құқылы.
6. Анықтаушы, тергеуші, прокурор немесе сот ескертулермен немесе қарсылықтармен келіспеген жағдайда, бұл туралы қаулы шығарады.
7. Заңда көзделген жағдайларда процеске қатысушылардың немесе басқа да адамдардың қайсыбіреуі тергеу әрекетінің хаттамасына қол қоюдан бас тартқан кезде анықтаушы, тергеуші немесе прокурор хаттамаға бұл туралы белгі жасайды, оны өзінің қолымен куәландырады.
8. Заңда көзделген жағдайларда сот отырысының хаттамасында жазылған сот әрекеті туралы жазбаларға қол қоюдан бас тартылған кезде осы хаттамада белгі жасалып, оны сот отырысына төрағалық етуші мен хатшы өз қолдарымен куәландырады.
9. Хаттамаға қол қоюдан бас тартқан адам бас тартуының себебін түсіндіруге құқылы және бұл түсініктеме хаттамаға енгізілуге тиіс.
10. Егер процестік әрекетке қатысушы өзінің дене кемістігі салдарынан хаттаманы өзі оқи алмаса немесе оған қол қоя алмаса, онда оның келісімімен оның қорғаушысы, өкілі немесе оның өзі сенім білдіретін басқа жеке тұлға хаттаманы дауыстап оқиды және оған қол қояды, хаттамада бұл туралы белгі жасалады.
11. Дәлелдемелерді бекіту үшін хаттамалар жасаумен қатар дыбыс-, бейнежазба, кино-, фототүсіру, бедерлер, баспа-таңбалар, жоспарлар, схемалар дайындау және ақпаратты түсіріп алудың басқа да тәсілдері қолданылуы мүмкін. Тергеу әрекетіне немесе сот талқылауына қатысушының дәлелдемелерді бекітудің көрсетілген тәсілдерін қолданғаны туралы пайдаланылған ғылыми-техникалық құралдардың техникалық сипаттамалары келтіріле отырып, тиісінше тергеу әрекетінің хаттамасында немесе сот отырысының хаттамасында белгі жасалады.
12. Фонограммалар, бейнежазбалар, кинофильмдер, фотосуреттер, бедерлер, баспа-таңбалар, жоспарлар, схемалар, тергеу немесе сот әрекетінің барысы мен нәтижелерін басқа да бейнелеулер хаттамаға қоса беріледі. Әрбір қосымшада оған қатысты тергеу немесе сот әрекетінің атауы, орны, күні көрсетілген түсіндірме жазба болуға тиіс. Бұл жазбаны іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында – прокурор, анықтаушы немесе тергеуші және қажет болған жағдайларда, куәгерлер, ал сотта сот отырысының төрағалық етушісі мен хатшысы өз қолдарымен куәландырады.
124-бап. Дәлелдемелерді зерттеу
Iс бойынша жиналған дәлелдемелер жан-жақты және объективті түрде зерттелуге жатады. Зерттеу алынған дәлелдемені талдауды, оны басқа дәлелдемелермен салыстыруды, оларды тексеру үшін қосымша дәлелдемелер жинауды, дәлелдемелер алу көздерін тексеруді қамтиды.
125-бап. Дәлелдемелерді бағалау
1. Әрбір дәлелдеме – оның қатыстылығы, жол берілетіндігі, анықтығы, ал барлық жиналған дәлелдемелер өз жиынтығында қылмыстық істі шешу үшін жеткіліктілігі тұрғысынан бағалануға тиіс.
2. Судья, прокурор, тергеуші, анықтаушы дәлелдемелерді осы Кодекстің 25-бабына сәйкес заң мен ар-ожданды басшылыққа ала отырып, дәлелдемелерді жиынтығымен жан-жақты, толық және объективті қарауға негізделген өздерінің ішкі сенімі бойынша бағалайды.
3. Егер дәлелдеме осы іс үшін маңызы бар мән-жайлардың бар екендігі туралы түйіндерді растайтын, теріске шығаратын немесе күмән туғызатын нақты деректерді білдіретін болса, ол іске қатысты дәлелдеме деп танылады.
4. Егер дәлелдеме осы Кодексте белгіленген тәртіппен алынған болса, ол жол берілетін дәлелдеме деп танылады.
5. Егер тексеру нәтижесінде дәлелдеменің шындыққа сәйкес келетіндігі анықталса, ол анық дәлелдеме деп танылады.
6. Егер дәлелденуге жататын мән-жайлардың барлығы және әрқайсысы туралы ақиқатты ешқандай күдіксіз және даусыз белгілейтін, іске қатысты жол берілетін және анық дәлелдемелер жиналса, дәлелдемелердің жиынтығы қылмыстық істі шешу үшін жеткілікті деп танылады.
Ескерту. 125-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 12.07.2018 № 180-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.126-бап. Дәлелдеу процесіндегі ғылыми-техникалық құралдар
1. Қылмыстық процесті жүргізетін орган, қорғаушы, жәбірленушінің өкілі болып табылатын адвокат, сондай-ақ сарапшы және маман қылмыстық іс бойынша дәлелдеу процесінде ғылыми-техникалық құралдарды осы Кодексте көзделген процестік міндеттерін өздері орындауы кезінде пайдалана алады.
2. Қылмыстық процесті жүргізетін орган, қорғаушы, жәбірленушінің өкілі болып табылатын адвокат ғылыми-техникалық құралдарды пайдаланған кезде жәрдем көрсету үшін маманды тартуы мүмкін.
3. Егер ғылыми-техникалық құралдар:
1) заңда тікелей көзделсе немесе оның нормалары мен қағидаттарына қайшы келмесе;
2) ғылыми тұрғыдан дәрменді болса;
3) қылмыстық іс бойынша іс жүргізудің тиімділігін қамтамасыз ететін болса;
4) қауіпсіз болса, олар қолдануға жарамды деп танылады.
4. Қылмыстық процесті жүргізетін органның ғылыми-техникалық құралдарды пайдалануы ғылыми-техникалық құралдардың деректері, оларды қолданудың шарттары мен тәртібі, бұл құралдар қолданылған объектілер және оларды пайдаланудың нәтижелері көрсетіле отырып, тиісті процестік әрекеттердің хаттамаларында және сот отырысының хаттамасында, ал қорғаушы, жәбірленушінің өкілі болып табылатын адвокаттың оларды пайдалануы сұрау салу актісінде көрсетіледі.
Ескерту. 126-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 09.06.2021 № 49-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.1. Соттың қылмыстық іс бойынша заңды күшіне енген үкімі, сондай-ақ қылмыстық істі мәні бойынша шешетін басқа да шешімі анықталған мән-жайларға да, олардың соттың үкімі мен шешімі шығарылған адамға қатысты құқықтық бағалануына қатысты да барлық мемлекеттік органдар, жеке және заңды тұлғалар үшін міндетті. Бұл ереже соттың үкімі мен басқа да шешімдерін кассациялық тәртіппен, сондай-ақ жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша тексеруге, олардың күшін жоюға және оларды өзгертуге, істі Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотында қайта қарау кезінде кедергі болмайды.
2. Соттың азаматтық іс бойынша заңды күшіне енген шешімі сотқа дейінгі тергеп-тексеру немесе қылмыстық іс бойынша іс жүргізу кезінде қылмыстық процесті жүргізетін орган үшін оқиғаның немесе әрекеттің орын алғаны не алмағаны туралы мәселе жөнінде ғана міндетті және ол сотталушының кінәлілігі немесе кінәсіздігі туралы түйіндерді алдын ала шешпеуге тиіс.
ҚР Конституциялық Сотының 14.07.2023 № 23 нормативтік қаулысымен осы кодекстің 127-бабының екінші бөлігі Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келеді деп танылды.3. Соттың заңды күшіне енген, өзінде талап қоюды қанағаттандыру құқығы танылатын үкімі сот үшін оның азаматтық істі қарауы кезінде осы бөлігінде міндетті.
4. Нақ сол күдік бойынша қылмыстық қудалаудың тоқтатылғаны туралы қаулыдан басқа, қылмыстық қудалау органы қаулысының сот үшін міндетті күші болмайды.
ҚР Конституциялық Сотының 05.07.2024 № 47-НҚ нормативтік қаулысымен осы кодекстің 127-бабының төртінші бөлігі төмендегідей түсіндірмеде Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келеді деп танылды:"Қылмыстық қудалау органы қаулысының сот үшін преюдициялық маңызы болмайды. "Нақ сол күдік бойынша қылмыстық қудалаудың тоқтатылғаны туралы қаулыдан басқа," деген ескертпені іс бойынша іс жүргізуді болғызбайтын және өзіне қатысты қылмыстық қудалау органының нақ сол күдік бойынша қылмыстық қудалауды тоқтату туралы Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 8) тармағына сәйкес қабылданған, күші жойылмаған қаулысы бар адамды соттауға жол бермейтін мән-жай ретінде түсіну керек.".
Ескерту. 127-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 31.10.2015 № 378-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 21.11.2024 № 136-VIII (01.07.2025 бастап қолданысқа енгізіледі); 16.07.2025 № 210-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен..
4-БӨЛІМ. ПРОЦЕСТІК МӘЖБҮРЛЕУ ШАРАЛАРЫ
17-тарау. КҮДІКТІНІ ҰСТАП АЛУ
128-бап. Ұстап алу негіздері
1. Қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы күдіктіні ұстап алу – қылмыстық қудалау органы қылмыстың жолын кесу және оған күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану туралы мәселені шешу мақсатында немесе адамның жасырынуы не неғұрлым ауыр қылмыс жасауы мүмкін деп пайымдауға негіздер болса, қылмыстық теріс қылық бойынша іс жүргізуді қамтамасыз ету үшін қолданатын процестік мәжбүрлеу шарасы.
2. Қылмыстық қудалау органының лауазымды адамы, мына негіздердің бірі:
1) осы адам қылмыс жасау кезінде немесе тікелей оны жасағаннан кейін ұсталған;
2) көзімен көргендер (куәлар), оның ішінде жәбірленушілер қылмыс жасаған адам ретінде осы адамды тікелей көрсетсе не ол адамды осы Кодекстің 130-бабында көзделген тәртіппен ұстап алған кезде;
3) осы адамда немесе оның киімінде, өзінің бойында немесе тұрғынжайында қылмыстың анық іздері табылған кезде;
4) жедел-іздестіру, қарсы барлау қызметінің және (немесе) жасырын тергеу іс-қимылдарының заңға сәйкес алынған материалдарында адамға қатысты ол жасаған немесе жасауға дайындап жатқан қылмыс туралы анық деректер болғанда, бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындалуы мүмкін қылмыс жасады деп күдік келтірілетін адамды ұстап алуға құқылы.
3. Осы баптың екінші бөлігінің 1) тармағында көзделген негіздерді қоспағанда, адамдарды қылмыс жасады деген күдікпен ұстап алу кейінге қалдыруға болмайтын қажетті тергеу әрекеттері өткізілгеннен кейін жүргізіледі.
4. Адамға қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп күдік келтіруге негіз беретін өзге де деректер болған кезде, егер ол адам жасырынуға әрекет жасаса не оның тұрақты тұрғылықты жері болмаса немесе күдіктінің жеке басы анықталмаса не сотқа күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтінішхат жіберілсе ғана ұстап алынуы мүмкін.
5. Қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп күдік келтірілген адамды ұстап алу мерзімі нақты ұстап алған кезден бастап есептеледі және жетпіс екі сағаттан аспауға тиіс.
Ескерту. 128-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.12.2016 № 36-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін екі ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).1. Жеткізу – адамның қылмыстық құқық бұзушылыққа қатыстылығын анықтау мақсатында үш сағаттан аспайтын мерзімге қолданылатын процестік мәжбүрлеу шарасы.
2. Адамның қылмыстық құқық бұзушылыққа қатысы бары расталған жағдайда, қылмыстық қудалау органы осы Кодекстің 131-бабында көзделген тәртіппен ұстап алуды жүзеге асыруға құқылы, бұл ретте жеткізу мерзімі осы Кодекстің 131-бабының төртінші бөлігінде көзделген ұстап алудың жалпы мерзіміне қосылады.
3. Жеткізу мерзімі аяқталған соң, бұдан әрі процестік ұстап алу жағдайларын қоспағанда жеткізу негіздері мен уақыты көрсетіле отырып, адамға жеткізілгендігі туралы дереу анықтама беріледі.
Ескерту. 129-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 16.07.2025 № 210-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.130-бап. Азаматтардың қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамдарды процестік емес ұстап алуға құқығы
1. Жәбірленушінің, сондай-ақ кез келген өзге азаматтың қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамды оның өзге де қолсұғушылықтар жасау мүмкіндігінің жолын кесу мақсатында ұстап алуға және оны қылмыстық қудалау органына немесе өзге де мемлекеттік билік органына беру не жеткізу үшін оның жүріп-тұру еркіндігін шектеуге құқығы бар.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген жағдайларда, ұстап алынған адам қарсылық көрсеткен кезде оған Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 33-бабында көзделген шектерде дене күші мен басқа да құралдар қолданылуы мүмкін. Егер ұсталған адамда қару немесе қылмыстық іс үшін маңызы бар өзге де қауіпті заттар бар деп пайымдауға негіз болса, оны ұстап алған азамат ұстап алынған адамның киімін қарап-тексеруге және онда бар нәрселерді құқық қорғау органдарына немесе өзге де мемлекеттік билік органына беру үшін алып қоюға құқылы.
131-бап. Қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп күдік келтірілген адамды процестік ұстап алу тәртібі
1. Адамды қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдік бойынша ұстаған сәтте қылмыстық қудалау органының лауазымды адамы оның бостандығын шектеу негіздерін, қандай қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдік бойынша ұстап алынғанын ауызша хабарлайды, оған қорғаушы шақыру құқығын, үнсіздік сақтау құқығын және оның айтқандары сотта оған қарсы қолданылуы мүмкін екендігін түсіндіреді.
Егер ұстап алынған адам қазақ және (немесе) орыс тілдерін білмесе не ұстап алу кезінде алкогольден, есірткіден, уытқұмарлықтан масаң күйде не психосоматикалық ауру жағдайында өзіне түсіндірілген құқықтарын барабар қабылдай алмаса, онда күдіктінің құқықтарын түсіндіру одан күдікті ретінде жауап алу басталғанға дейін тиісінше аудармашының (қажет болған кезде) және (немесе) қорғаушының қатысуымен жүзеге асырылады, бұл туралы жауап алу хаттамасында белгі жасалады.
2. Анықтау органының лауазымды адамы, анықтаушы, тергеуші осы Кодекстің 129-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімде ұстап алу хаттамасын жасайды. Күдіктінің жалпы денсаулық жағдайын және дене зақымдануының бар-жоғын анықтау үшін ол осы Кодекстің 223-бабында көзделген тәртіппен куәландырылуға жатады.
Ұстап алу хаттамасында мынадай мәліметтер көрсетіледі:
1) күдіктінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде);
2) күдіктіні кімнің ұстап алғаны, ұстап алу негізі, уәждері, орны, нақты ұстап алу және жеткізу уақыты (сағаты мен минуты көрсетіле отырып);
3) күдіктінің құқықтары түсіндірілгені туралы мәліметтер;
4) жеке тінту нәтижелері;
5) ұстап алынған адамның денсаулық жағдайы туралы мәліметтер;
6) хаттаманың жасалған уақыты мен орны;
7) ұстап алу мерзімі.
Хаттамаға оны жасаған лауазымды адам, күдікті және қорғаушы (ол қатысқан кезде) қол қояды.
Хаттамаға медициналық куәландыру қорытындысы қоса беріледі.
3. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам жүргізілген ұстап алу туралы прокурорға ұстап алу хаттамасы жасалған кезден бастап он екі сағаттың ішінде жазбаша хабарлауға міндетті.
4. Мынадай:
1) аса ауыр ауыр қылмыс жасады деген күдік бойынша ұстап алу;
2) террористік немесе экстремистік қылмыс жасады деген күдік бойынша ұстап алу;
3) жаппай тәртіпсіздік барысында қылмыс жасады деген күдік бойынша ұстап алу;
4) қылмыстық топ құрамында қылмыс жасады деген күдік бойынша ұстап алу;
5) есірткі, психотроптық заттардың, прекурсорлардың және сол тектестердің заңсыз айналымына байланысты, кәмелетке толмағандарға жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстар, сондай-ақ адам өліміне алып келген қасақана қылмыс жасады деген күдік бойынша ұстап алу кезінде;
6) жердің шалғайлығы немесе тиісті қатынас жолдарының жоқтығы салдарынан, сондай-ақ төтенше жағдай немесе төтенше ахуал жағдайларында адамды тергеу судьясына уақтылы жеткізуді қамтамасыз ету мүмкін болмаған кезде жетпіс екі сағаттан аспайтын мерзімге ұстап алуға жол берілетін жағдайларды қоспағанда, адам қылмыс жасады деген күдік бойынша – қырық сегіз сағаттан аспайтын мерзімге, ал кәмелетке толмаған адам жиырма төрт сағаттан аспайтын мерзімге ұстап алынуы мүмкін.
Ескерту. 131-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 07.11.2014 № 248-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 21.12.2017 № 118-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 11.06.2026 № 307-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.132-бап. Ұстап алынған адамның жеке басын тінту
Ұстап алуды жүзеге асыратын адам ұстап алынған адамда қару не қару ретінде пайдаланылуы мүмкін немесе қолдануға тыйым салынған нәрселер және дәлелдеуде пайдаланылуы мүмкін өзге де нәрселер бар не ол өзінің қылмыстық құқық бұзушылық жасағандығын әшкерелейтін дәлелдемелерден құтылуға әрекет жасайды деп пайымдауға негіз болған жағдайларда немесе өзге де қажетті жағдайларда осы Кодекстің 255-бабында көзделген қағидаларды сақтай отырып, ұстап алынған адамның жеке басына дереу тінту жүргізуге құқылы.
133-бап. Қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдік бойынша ұстап алынған адамды босату негіздері
1. Қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдік бойынша ұстап алынған адам, егер:
1) қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдік расталмаса;
2) ұстап алынған адамға күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын не қамаққа алу не Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге шығарып жіберу түріндегі жазаны қолдануға негіздер болмаса;
3) ұстап алу осы Кодекстің 131-бабының талаптарын елеулі түрде бұза отырып жүргізілген болса;
4) ұстап алу үшін заңды негіздер болмаса, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асырып жатқан адамның немесе прокурордың қаулысы бойынша босатылуға жатады.
2. Егер нақты ұстап алынған кезден бастап – қырық сегіз сағат ішінде, ал кәмелетке толмағандарға қатысты жиырма төрт сағат ішінде ұстап алынған адамды ұстау орнының бастығына күдіктіні күзетпен ұстауды санкциялау туралы сот қаулысы келіп түспесе, ұстап алынған адамды ұстау орнының бастығы, осы Кодекстің 131-бабы төртінші бөлігінің 1) – 6) тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, оны өзінің қаулысымен дереу босатады және бұл туралы іс жүргізуінде іс жатқан адамды және прокурорды хабардар етеді.
Осы Кодекстің 131-бабы төртінші бөлігінің 1) – 6) тармақтарында көзделген жағдайларда, егер ұстап алынған адамды ұстау орнының бастығына нақты ұстап алынған кезден бастап жетпіс екі сағат ішінде күдіктіні күзетпен ұстауды санкциялау туралы сот қаулысы келіп түспесе, ол осы адамды өзінің қаулысымен дереу босатады және бұл туралы іс жүргізуінде іс жатқан адамды және прокурорды хабардар етеді.
3. Осы баптың екінші бөлігінің талаптары орындалмаған кезде ұстап алынған адамды ұстау орны әкімшілігінің басшысы заңда белгіленген жауаптылықта болады.
4. Ұстап алынған адам босатылған кезде оған оны кімнің ұстап алғаны, ұстап алудың, жеткізудің негіздері, орны мен уақыты, босатудың негіздері мен уақыты көрсетілген анықтама беріледі.
5. Осы баптың бірінші бөлігінің 3) және 4) тармақтарында көзделген жағдайларда, заңсыз ұстап алу барысында не одан кейін ұстап алынған адамның қатысуымен жүргізілген тергеу әрекеттері нәтижесінде алынған деректер дәлелдемелер ретінде жол берілмейтін деректер деп танылады.
Ескерту. 133-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 21.12.2017 № 118-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).134-бап. Қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдік бойынша ұстап алынғандарды күзетпен ұстау тәртібі
Қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдік бойынша ұстап алынғандар уақытша ұстау изоляторларында ұсталады. Қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдік бойынша ұстап алынған әскери қызметшілер мен жазасын бас бостандығынан айыру түрінде өтеп жүрген адамдар да тиісінше гауптвахталарда және қылмыстық-атқару жүйесінің бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны орындайтын мекемелерінде ұсталуы мүмкін. Осы Кодекстің 61-бабы екінші бөлігінің 9) тармағында және үшінші бөлігінде көзделген жағдайларда, қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдік бойынша ұстап алынғандар анықтау органының бастығы айқындайтын арнайы бейімделген үй-жайларда ұсталады. Төтенше жағдай режимі жағдайларында қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдік бойынша ұстап алынғандар жергілікті жердің коменданты айқындаған, осы мақсаттарға бейімделген үй-жайларда ұсталуы мүмкін. Қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдік бойынша ұстап алынған адамдарды күзетпен ұстаудың тәртібі мен шарттары Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.
135-бап. Күдіктінің туыстарына оның ұстап алынғаны туралы хабарлау
Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам ұстап алынған күдіктінің отбасының кәмелетке толған мүшелерінің қайсыбіріне, ал олар болмаған кезде – басқа туыстарына немесе жақын адамдарына оның ұстап алынғаны және ұсталып отырған жері туралы кейінге қалдырмай хабарлауға немесе күдіктінің өзіне мұндай хабарлау мүмкіндігін беруге міндетті. Шетел азаматының ұстап алынғаны туралы сол мемлекеттің елшілігі, консулдығы немесе өзге де өкілдігі дереу хабардар етілуге, ал ол мүмкін болмаған жағдайда, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі мен Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірлескен бұйрығымен белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі арқылы да жиырма төрт сағат ішінде хабардар етілуге тиіс.
18-тарау. БҰЛТАРТПАУ ШАРАЛАРЫ
136-бап. Бұлтартпау шараларын қолдану үшін негіздер
1. Күдікті, айыпталушы қылмыстық қудалау органдарынан немесе соттан жасырынып жүр не істі объективті тергеп-тексеруге немесе сотта талқылауға кедергі келтіреді не қылмыстық әрекетпен айналысуды жалғастырады деп пайымдауға жеткілікті негіздер болған кезде, сондай-ақ қылмыстық процесті жүргізетін орган үкімнің орындалуын қамтамасыз ету үшін өз өкілеттіктері шегінде осы адамдарға осы Кодекстің 137-бабында көзделген бұлтартпау шараларының бірін қолдануға құқылы.
1-1. Күдіктіге, айыпталушыға қатысты бұлтартпау шарасын таңдау кезінде, егер қатаңдығы неғұрлым жеңіл бұлтартпау шарасы болса, мұндай шараны қолдану мүмкіндігін қарау қажет.
2. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99, 106, 107, 108-1 (екінші бөлігінде), 109-1 (екінші бөлігінде), 110, 120, 121 (3-1-бөлігінде), 122, 123, 124, 170 (төртінші бөлігінде), 175, 177, 178, 184, 255 (төртінші бөлігінде), 263 (бесінші бөлігінде), 286 (төртінші бөлігінде), 297 (төртінші бөлігінде), 297-1 (төртінші бөлігінде), 298 (төртінші бөлігінде), 299 (төртінші бөлігінде)-баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасады деп күдік келтірілетін, айыпталатын адамдарға жасалған қылмыстың ауырлығы және (немесе) қылмыстық құқық бұзушылықтың саралануы уәжімен бұлтартпау шарасы ретінде күзетпен ұстау қолданылуы мүмкін.
3. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 217, 218, 218-1, 231, 234, 248 және 249-баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтардан басқа, экономикалық қызмет саласында қылмыстар жасады деп күдік келтіріліп, айыпталып жатқан адамдарға, осы Кодекстің 147-бабы бірінші бөлігінің 4) және 5) тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылмайды.
ҚР Конституциялық Сотының 10.06.2026 № 85-НҚ нормативтік қаулысымен осы Кодекстің 136-бабының бірінші бөлігі төмендегідей түсіндірмеде ҚР Конституциясына сәйкес келеді деп танылды: сотталушының үйқамаққа немесе өзге де бұлтартпау шарасына байланысты сот жүктеген шектеулер мен міндеттерді бұзатын әрекеттерді жасауы оны сол бір қылмыстық іс бойынша, сондай-ақ бұған біріктірілген немесе одан бөлініп алынған қылмыстық іс бойынша қылмыстық-процестік заңда көзделген шекті жол берілетін мерзімнен артық мерзімге он екі ай мерзім өткеннен кейін қайтадан күзетпен ұстауға негіз болмайды.Ескерту. 136-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 21.12.2017 № 118-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.07.2018 № 180-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.07.2023 № 23-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.04.2024 № 72-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.01.2025 № 150-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
137-бап. Бұлтартпау шаралары және қосымша шектеулер
1. Мыналар:
1) ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлқы туралы қолхат;
2) жеке кепілгерлік;
3) әскери қызметшіні әскери бөлім қолбасшылығының байқауда ұстауына беру;
4) кәмелетке толмаған адамды қарауда ұстауға беру;
5) кепіл;
6) үйқамақ;
7) күзетпен ұстау бұлтарпау шаралары болып табылады.
2. Әскери қызметшіні әскери бөлім қолбасшылығының байқауда ұстауына беруді және күзетпен ұстауды қоспағанда, қажет болған кезде бұлтартпау шарасы қолданылған адамға қатысты электрондық бақылау құралдары қолданылуы мүмкін.
Бұлтартпау шарасын қолдану туралы қаулыда электрондық бақылау құралдарын қолдану және күдіктіге, айыпталушыға олардың мақсатын түсіндіру туралы белгі жасалады.
3. Электрондық бақылау құралдарын қолдануға оларды айналасындағылардың байқауынан жасыру шаралары қолданылған жағдайда жол беріледі, ол күдіктінің, айыпталушының баратын жерлері және олардың жүріп-тұратын жолдары, сондай-ақ жасы, денсаулығының жай-күйі, отбасы жағдайы мен өмір салты ескеріліп жүзеге асырылуға тиіс.
4. Электрондық бақылау құралдарын қолдану тәртібін, шарттары мен негіздерін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
138-бап. Бұлтартпау шарасын таңдау және қосымша шектеулер белгілеу кезінде ескерілетін мән-жайлар
1. Бұлтарпау шарасын және оның дәл қайсысын қолдану қажеттілігі туралы мәселені шешкен кезде осы Кодекстің 136-бабында көрсетілген негіздерден басқа, сондай-ақ осы Кодекстің 137-бабының екінші бөлігінде көрсетілген қосымша шектеулерді белгілеген кезде сондай-ақ мыналар:
1) жасалған қылмыстың ауырлығы;
2) күдіктінің, айыпталушының жеке басы, оның жасы;
3) денсаулық жағдайы;
4) отбасы жағдайы, отбасында асырауындағы адамдардың бар-жоғы;
5) күдіктінің, айыпталушының әлеуметтік байланысының орнықтылығы;
6) күдіктінің, айыпталушының беделі;
7) айналысатын ісі;
8) күдіктінің, айыпталушының тұрақты жұмыс орнының немесе оқуының бар-жоғы;
9) мүліктік жағдайы;
10) тұрақты тұрғылықты жерінің бар-жоғы және басқа да мән-жайлар ескерілуге тиіс.
2. Осы Кодекстің 136-бабында санамаланған негіздер болмаған кезде, жасалған қылмыстың ауырлығы күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын таңдау үшін жалғыз негіз бола алмайды.
Ескерту. 138-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 12.07.2018 № 180-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.139-бап.Күдіктінің іс-әрекетін саралау туралы қаулы шығарылғанға дейін бұлтартпау шарасын қолдану
1. Осы Кодекстің 136-бабында көзделген негіздер болған айрықша жағдайларда және осы Кодекстің 138-бабында көрсетілген мән-жайлар ескеріле отырып, күдіктінің іс-әрекетін саралау туралы қаулы шығарылғанға дейін күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы қолданылуы мүмкін. Бұл ретте күдіктінің іс-әрекетін саралау туралы қаулы – бұлтартпау шарасы қолданылған кезден бастап он тәуліктен кешіктірілмей, ал Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 173, 179, 181, 184, 255 –268 және 272-баптарында көзделген қылмыстардың ең болмағанда біреуі жасалған жағдайларда – отыз тәуліктен кешіктірілмей, ал егер күдікті ұстап алынып, содан кейін күзетпен қамалған болса, ұстап алынған кезден бастап дәл сондай мерзімде жариялануға тиіс. Егер осы мерзімде күдіктінің іс-әрекетін саралау туралы қаулы шығарылмаса және жарияланбаса, бұлтартпау шарасының күші дереу жойылады.
2. Күдіктіге оның іс-әрекетін саралау туралы қаулы жарияланған кезде оған бұлтартпау шарасы ретінде күзетпен ұстауды қолдану туралы мәселені сот осы Кодекстің 147-бабында көзделген тәртіппен қайтадан қарайды. Егер осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім аяқталғанға дейін жиырма төрт сағат ішінде күзетпен ұстау орнының бастығына соттың күдіктіні күзетпен ұстауды санкциялау туралы қаулысы келіп түспесе, күзетпен ұстау орнының бастығы ол туралы іс жүргізуінде қылмыстық іс жатқан органды немесе адамды, сондай-ақ прокурорды хабардар етуге міндетті. Егер осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім аяқталған бойда бұлтартпау шарасының күшін жою немесе айыпталушыны күзетпен ұстауды соттың санкциялағаны туралы тиісті шешімдер келіп түспесе, күзетпен ұстау орнының бастығы оны өзінің қаулысымен босатып, оның көшірмесін жиырма төрт сағаттың ішінде іс жүргізуінде қылмыстық іс жатқан органға немесе адамға және прокурорға жібереді.
3. Осы баптың екінші бөлігінің талаптары орындалмаған кезде күзетпен ұстау орны әкімшілігінің басшысы заңда белгіленген жауаптылықта болады.
140-бап. Бұлтартпау шараларын қолдану тәртібі
1. Күдіктіге, айыпталушыға бір мезгілде екі және одан да көп бұлтартпау шараларын қолдануға болмайды.
2. Қылмыстық процесті жүргізетін орган бұлтартпау шарасын қолдану туралы қаулы шығарады, онда адамға күдік келтіріліп, ол айыпталып отырған қылмыстық құқық бұзушылықты көрсету және осы бұлтартпау шарасын қолданудың негіздері қамтылады. Қаулының көшірмесі өзіне қатысты қаулы шығарылған адамға табыс етіледі және сонымен бір мезгілде оған осы Кодексте көзделген, бұлтартпау шарасын қолдану туралы шешімге шағым жасау тәртібі түсіндіріледі.
Осы Кодекстің 139-бабында көзделген жағдайлардан басқа, күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы оның іс-әрекетін саралау туралы қаулы шығарылғаннан кейін ғана қолданылады.
3. Күзетпен ұстауға байланысты емес бұлтартпау шарасын қолданған кезде күдіктінің, айыпталушының, сотталушының тиісті мінез-құлқын қамтамасыз ету үшін оларға:
1) сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамға, прокурорға не сотқа олар белгілеген уақытта келу;
2) қылмыстық процесті жүргізетін органның рұқсатынсыз тұрақты немесе уақытша тұрғылықты жерінен кетпеу;
3) қылмыстық процесті жүргізетін адамды, прокурорды тұрғылықты жерінің, жұмыс орнының өзгергені туралы хабардар ету;
4) белгілі бір адамдармен араласпау және белгілі бір жерлерге бармау;
5) психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтарынан (ауруларынан) емделу курсынан өту;
6) электрондық бақылау құралдарын тағып жүру міндеттерінің бірі немесе бірнешеуі жүктелуі мүмкін.
4. Күдікті, айыпталушы осы Кодекстің 141, 142, 143, 144, 145 және 146-баптарында көзделген шараларды бұзатын іс-әрекеттерді жасаған жағдайда оларға неғұрлым қатаң бұлтартпау шарасы қолданылады, ол туралы күдіктіге, айыпталушыға тиісті қаулының көшірмесін табыс ету кезінде жариялануға тиіс. Осы Кодекстің 156, 165-баптарында көзделген процестік мәжбүрлеу шараларын бұзған жағдайда, күдіктіге, айыпталушыға бұлтартпау шарасы таңдалады.
ҚР Конституциялық Сотының 10.06.2026 № 85-НҚ нормативтік қаулысымен осы Кодекстің 140-бабының төртінші бөлігі төмендегідей түсіндірмеде ҚР Конституциясына сәйкес келеді деп танылды: сотталушының үйқамаққа немесе өзге де бұлтартпау шарасына байланысты сот жүктеген шектеулер мен міндеттерді бұзатын әрекеттерді жасауы оны сол бір қылмыстық іс бойынша, сондай-ақ бұған біріктірілген немесе одан бөлініп алынған қылмыстық іс бойынша қылмыстық-процестік заңда көзделген шекті жол берілетін мерзімнен артық мерзімге он екі ай мерзім өткеннен кейін қайтадан күзетпен ұстауға негіз болмайды.Ескерту. 140-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 07.07.2020 № 361-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
141-бап. Ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат
Ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат қылмыстық процесті жүргізетін органның күдіктіден, айыпталушыдан анықтаушының, тергеушінің немесе соттың рұқсатынсыз тұрақты немесе уақытша тұрғылықты жерінен (елді мекеннен) кетпеуі, істі тергеп-тексеруге және сотта талқылауға кедергі келтірмеуі, қылмыстық процесті жүргізетін органның шақыруы бойынша белгіленген мерзімде келуі жөнінде жазбаша міндеттеме алуынан тұрады.
1. Жеке кепілгерлік күдіктінің, айыпталушының тиісті мінез-құлқын және олардың қылмыстық процесті жүргізетін органның шақыруы бойынша келуін сенімге лайық адамдардың өз жауапкершілігіне алатыны туралы жазбаша міндеттеме қабылдауынан тұрады. Кепілгерлердің саны екеуден кем болмайды.
2. Бұлтартпау шарасы ретінде жеке кепілгерлікті таңдауға кепілгердің жазбаша өтінішхаты бойынша және өзіне қатысты кепілгерлік беріліп отырған адамның келісуімен ғана жол беріледі.
3. Кепілгер жеке кепілгерлік туралы қолхат береді, онда ол өзі кепілгер болып отырған адамға қатысты күдіктің мәні, күдікті, айыпталушы алдын алу үшін осы бұлтартпау шарасы қолданылған әрекеттерді жасаған жағдайда кепілгердің өзіне ақшалай өндіріп алуды қолданудан тұратын жауапкершілігі түсіндірілгендігін растайды.
4. Кепілгер қылмыстық іс бойынша іс жүргізудің кез келген сәтінде кепілгерліктен бас тартуға құқылы. Бұл жағдайда, бас тартылған кезден бастап қырық сегіз сағат ішінде күдіктіге, айыпталушыға қатысты осы Кодекстің 136-бабы бірінші бөлігінің талаптары ескеріле отырып, өзге бұлтартпау шарасы таңдалуға тиіс.
5. Күдікті, айыпталушы алдын алу үшін жеке кепілгерлік қолданылған әрекеттерді жасаған жағдайда, сот әрбір кепілгерге осы Кодекстің 160-бабында көзделген тәртіппен ақшалай өндіріп алуды қолдануы мүмкін.
143-бап. Әскери қызметшіні әскери бөлім қолбасшылығының байқауда ұстауы
1. Әскери бөлім қолбасшылығының әскери қызметшілер болып табылатын күдіктілерді, айыпталушыларды байқауда ұстауы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жарғыларында көзделген және осы адамның тиісті мінез-құлқын және оның қылмыстық процесті жүргізетін органның шақыруы бойынша келуін қамтамасыз ете алатын шараларды қолданудан тұрады.
2. Әскери бөлімнің қолбасшылығына осы бұлтартпау шарасы таңдалған күдіктің мәні туралы хабарланады. Әскери бөлімнің басшылығы осы бұлтартпау шарасын таңдаған органға байқауда ұстаудың орнатылғаны туралы жазбаша хабарлайды.
3. Күдікті, айыпталушы алдын алу үшін осы бұлтартпау шарасы таңдалған әрекеттерді жасаған жағдайда, әскери бөлімнің қолбасшылығы ол туралы осы бұлтартпау шарасын таңдаған органға дереу хабарлауға міндетті.
4. Өздеріне жүктелген байқауда ұстау жөніндегі міндеттердің орындалмауына кінәлі адамдар заңнамада көзделген тәртіптік жауаптылықта болады.
5. Осы бұлтартпау шарасы қолданылған кезеңде күдіктіні, айыпталушыны жауынгерлік кезекшілікке, жауынгерлік немесе қарауыл қызметін, гарнизон нарядының немесе бөлімнің (бөлімшенің) тәуліктік нарядының құрамында қызмет атқаруға тартуға жол берілмейді.
Ескерту. 143-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 18.03.2025 № 175-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.144-бап. Кәмелетке толмаған адамды қарауда ұстауға беру
1. Кәмелетке толмаған адамды ата-анасының, қорғаншыларының, қамқоршыларының немесе басқа да сенімге лайық адамдардың, сондай-ақ ол тұрып жатқан, бала құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды заңға сәйкес жүзеге асыратын ұйым әкімшілігінің қарауда ұстауына беру көрсетілген адамдардың қайсыбірінің өзіне кәмелетке толмағанның тиісті мінез-құлқын және оның қылмыстық процесті жүргізетін органның шақыруы бойынша келуін қамтамасыз ету, оның ішінде оның үйден тыс жерде болуын шектеу және қылмыстық процесті жүргізетін органның рұқсатынсыз басқа жерге баруына жол бермеу жөнінде жазбаша міндеттеме қабылдауынан тұрады.
2. Кәмелетке толмаған адамды ата-анасының және басқа да тұлғалардың қарауда ұстауына беру олардың жазбаша өтінішхаты бойынша ғана мүмкін болады.
3. Қарауда ұстауға қабылдау туралы қолхат алынған кезде ата-аналар, қорғаншылар, қамқоршылар, бала құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды заңға сәйкес жүзеге асыратын ұйым әкімшілігінің өкілдері кәмелетке толмаған адам жасады деп күдік келтірілген қылмыстық құқық бұзушылықтың сипаты туралы және олардың қарауда ұстау бойынша өздеріне қабылдаған міндеттерін бұзған жағдайдағы жауаптылығы туралы хабардар етіледі.
4. Қарауына кәмелетке толмаған адам берілген тұлғалар өздері қабылдаған міндеттемелерді орындамаған жағдайда, оларға осы Кодекстің 160-бабында көзделген тәртіппен ақшалай өндіріп алу қолданылуы мүмкін.
1. Кепіл сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның, прокурордың немесе соттың шақыруы бойынша оларға күдіктінің, айыпталушының келуі жөніндегі міндеттерін орындауын қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ олардың жаңа қасақана қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу мақсатында сот депозитіне күдіктінің, айыпталушының өзінің не басқа адамның ақша енгізуінен тұрады. Тыйым салынатын басқа да құндылықтар, жылжитын және жылжымайтын мүлік кепіл ретінде қабылдануы мүмкін. Кепілдің құндылығын және ауыртпалықтың жоқ екендігін дәлелдеу кепілгерге жүктеледі. Осы Кодекстің 148-бабының тоғызыншы бөлігінде көзделген жағдайларда кепіл қолданылмайды.
2. Кепіл тергеу судьясының санкциясымен не соттың қаулысы бойынша ғана қолданылады.
Бұлтартпау шарасы ретінде кепілді таңдау кезінде сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам осы Кодекстің 140-бабына сәйкес сот алдында осы шараны қолдануға санкция беру жөнінде өтінішхат қозғау туралы қаулы шығарады және оны сотқа жібереді. Қаулыға өтінішхаттың негізділігін растайтын қылмыстық іс материалдарының куәландырылған көшірмелері қоса беріледі.
Қаулының көшірмесі бір мезгілде прокурорға жіберіледі.
3. Кепілдің мөлшері күдіктің ауырлығы, күдіктінің, айыпталушының жеке басы, қылмыстық іс-әрекеттің сипаты, кепіл берушінің мүліктік жағдайы ескеріле отырып айқындалады және: онша ауыр емес қылмыс жасады деп күдік келтірілген кезде – айлық есептік көрсеткіштің отыз еселенген мөлшерінен кем, бірақ айлық есептік көрсеткіштің бір жүз жиырма еселенген мөлшерінен көп; ауырлығы орташа қылмысты абайсызда жасады деп күдік келтірілген кезде – айлық есептік көрсеткіштің бір жүз жиырма еселенген мөлшерінен кем, бірақ айлық есептік көрсеткіштің екі жүз еселенген мөлшерінен көп; ауырлығы орташа қылмысты қасақана жасады деп күдік келтірген кезде – айлық есептік көрсеткіштің екі жүз еселенген мөлшерінен кем, бірақ айлық есептік көрсеткіштің үш жүз елу еселенген мөлшерінен көп; ауыр қылмыс жасады деп күдік келтірілген кезде – айлық есептік көрсеткіштің үш жүз елу еселенген мөлшерінен кем, аса ауыр қылмыс жасады деп күдік келтірілген кезде айлық есептік көрсеткіштің бес жүз еселенген мөлшерінен кем бола алмайды.
Кепіл ретінде кепіл берушінің келісімімен құны қылмыстың тиісті санаты бойынша кепілдің ең жоғары мөлшерінен асатын өзге де мүлік берілуі мүмкін.
Айрықша жағдайларда кепіл мөлшері мыналарға:
1) асырауында кәмелетке толмаған балалары, қарт ата-анасы, мүгедектігі бар туыстары бар, сондай-ақ қорғаншы және қамқоршы болып табылатын адамдарға;
2) алып тасталды – ҚР 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.3) халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына жататын, сондай-ақ бюджет есебінен әртүрлі әлеуметтік көмек түрлерін алатын адамдарға;
4) кәмелетке толмағандар мен зейнеткерлік жастағы адамдарға қатысты төменгі мөлшерден аз мөлшерде, бірақ қылмыстардың тиісті санатындағы кепілдің ең төменгі мөлшерінің жартысынан аз емес мөлшерде қолданылуы мүмкін не осы сомаға баламалы өзге де мүлік қабылдануы мүмкін.
4. Күзетпен ұсталмайтын күдікті, айыпталушы, сотталушы не басқа тұлға кепіл түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалған, қолданылған күннен бастап бес тәуліктен кешіктірмей тиісті шотқа қаражат салуға және растайтын құжатты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамға, прокурорға, сотқа ұсынуға міндетті.
Тергеу судьясының кепіл енгізу туралы қаулысы орындалмаған жағдайда, сотқа дейінгі іс жүргізуді жүзеге асыратын адам бұлтартпау шарасын өзгерту туралы мәселеге бастамашылық жасайды.
5. Кепіл ретінде басқа да құндылықтар, жылжитын немесе жылжымайтын мүлік берілген кезде кепіл беруші сол мерзімде оларды құқық белгілейтін құжаттарымен бірге қылмыстық процесті жүргізетін органға беруге міндетті.
Осы Кодекстің 128-бабында көзделген тәртіппен ұсталған күдіктіге кепіл түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған жағдайда, кепіл іс жүзінде енгізілгенге дейін тергеу судьясы осы Кодекстің 148-бабының жетінші бөлігінде көзделген тәртіппен күзетпен ұстау немесе үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасын қолданады.
Бұрын таңдалған күзетпен ұстау немесе үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы кепілмен ауыстырылған жағдайда, күдікті, айыпталушы кепіл іс жүзінде енгізілгеннен кейін ғана күзетілуден босатылады. Егер бұл кезге қарай осы Кодексте көзделген күзетпен ұстау мерзімдері біткен болса, онда олар кепіл енгізілгенге дейін ұзартылады.
6. Кепіл түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған кезде күдіктіге, айыпталушыға – олардың міндеттері және оларды орындамаудың салдары, ал айыпталушы, күдікті болып табылмайтын кепіл берушіге – адамның қандай қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп күдік келтірілетіні, айыпталатыны, жасалған іс-әрекет үшін заңда көзделген жаза, күдіктінің, айыпталушының тиісті мінез-құлқын қамтамасыз ету жөніндегі міндеттер және олардың шақыру бойынша келуі, сондай-ақ осы міндеттерді орындамаудың салдары түсіндіріледі.
7. Кепілдің қабылданғаны туралы хаттама жасалады, онда күдіктіге, айыпталушыға шақыру бойынша келу және қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауға жол бермеу туралы міндеттің түсіндірілгені, ал кепіл берушіге күдікті, айыпталушы шақыру бойынша келуден жалтарған және қасақана қылмыстық құқық бұзушылық жасаған жағдайларда кепіл мемлекеттің кірісіне айналдырылатыны туралы ескертілгені атап көрсетіледі. Хаттамаға осы бұлтартпау шарасын таңдаған лауазымды адам, күдікті, айыпталушы, сондай-ақ кепіл беруші басқа тұлға болса, ол қол қояды. Хаттама және соттың депозитіне кепілдің енгізілгені туралы құжат іс материалдарына қосып тігіледі, ал кепіл берушіге хаттаманың көшірмесі табыс етіледі.
8. Тергеу судьясының күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған адамға қатысты осы Кодекстің 148-бабының сегізінші бөлігінде көзделген тәртіппен шығарылған қаулысына сәйкес кепіл енгізілген жағдайда, күзетпен ұстау орнының бастығы күдіктіге, айыпталушыға кепіл жөніндегі міндеттерді және оларды орындамаудың салдарын түсіндіруді жүзеге асырады.
Күзетпен ұстау орнының бастығы күдіктіні, айыпталушыны күзетпен ұстаудан босатуды кепіл енгізілгенін растайтын құжатты алғаннан кейін жүзеге асырады, бұл жөнінде сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам, қадағалаушы прокурор және тергеу судьясы дереу хабардар етіледі.
9. Егер күдікті, айыпталушы өздеріне жүктелген міндеттерді бұзбаса, бірақ күдіктіге, айыпталушыға қатысты неғұрлым қатаң бұлтартпау шарасы қолданылса, қылмыстық іс бойынша үкім немесе іс жүргізуді тоқтату туралы қаулы шығарылса, кепіл берушіге кепіл нысанасы дереу қайтарылады.
Егер күдікті, айыпталушы кепіл беруші болып табылса, сот азаматтық талап қоюдың, процестік шығындардың және өзге де мүліктік өндіріп алу қажеттігінің болуы кезінде кепіл тағдыры туралы мәселені қарай отырып, прокурордың өтінішхаты бойынша кепіл нысанасына не оның бір бөлігіне өндіріп алуды қолдану туралы шешім қабылдауға құқылы.
Күдікті, айыпталушы болып табылмайтын кепіл беруші енгізген кепіл нысанасына өндіріп алуды қолдану оның келісімімен ғана жүргізілуі мүмкін.
10. Күдікті, айыпталушы үшін кепіл енгізген тұлға күдіктінің, айыпталушының қылмыстық процесті жүргізетін органға келуі жөніндегі міндеттерді орындауын бұдан әрі қамтамасыз етуге жағдайы келмейтіні туралы жазбаша өтініш жасаған жағдайда, егер күдікті, айыпталушы көрсетілген міндеттерді бұзбаған болса, кепіл нысанасы дереу қайтарылуға жатады.
Қылмыстық істі түпкілікті шешетін үкім немесе қаулы шығарылған кезде, тиісінше, сот немесе қылмыстық қудалау органы сонымен бір мезгілде кепіл нысанасының тағдырын шешеді.
11. Күдікті, айыпталушы кепілмен қамтамасыз етілген міндеттерді дәлелді себептерсіз орындамаған жағдайда, прокурор тергеу судьясына кепілді мемлекет кірісіне айналдыру туралы өтінішхат жібереді.
Сот тиісті шешім қабылдайды, оған кепіл беруші осы Кодекстің 107-бабында көзделген тәртіппен жоғары тұрған сотқа шағым жасауы мүмкін.
12. Кепіл нысанасы қайтарылған кезде кепіл берушіден кепілдің сақталуын қамтамасыз етуге жұмсалған сома өндіріп алынады.
13. Кепіл нысанасын қабылдау, бағалау, сақтау, қайтару, өткізу, оған өндіріп алуды қолдану және кепілді мемлекет кірісіне айналдыру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
Ескерту. 145-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 07.11.2014 № 248-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.07.2017 № 84-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.12.2017 № 118-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.07.2018 № 180-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 27.06.2022 № 129-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.07.2025 № 210-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.1. Үйқамақ күдіктіні, айыпталушыны күзетпен ұстамай, бірақ осы Кодекстің 147-бабында көзделген тәртіппен судья белгілеген шектеулер қолданыла отырып, оларды қоғамнан оқшаулауды білдіреді.
2. Күдіктіге, айыпталушыға, сотталушыға қатысты үйқамақ қолданылған кезде бір немесе бірнеше шектеу:
1) шұғыл жағдайлар мен төтенше жағдайларды қоспағанда, қылмыстық процесті жүргізетін органның рұқсатынсыз тұрғынжайдан барлық уақытта немесе белгілі бір уақытта шығуға тыйым салу;
2) осы бөліктің 5) тармағында және осы баптың үшінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, қылмыстық процесті жүргізетін органның рұқсатынсыз телефон арқылы сөйлесуге, хат-хабар жөнелтуге және байланыс құралдарын пайдалануға тыйым салу;
3) осы баптың үшінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, қылмыстық процесті жүргізуші органның рұқсатынсыз белгілі бір адамдармен араласуға және кімді болса да үйінде қабылдауға тыйым салу;
4) электрондық бақылау құралдарын қолдану және осы құралдарды өзімен бірге алып жүру міндетін жүктеу;
5) бақылау мақсатындағы телефон қоңырауларына немесе өзге де бақылау сигналдарына жауап беру, анықтау органына немесе күдіктінің, айыпталушының немесе сотталушының мінез-құлқын қадағалауды жүзеге асыратын басқа да органға телефон шалу немесе оларға белгілі бір уақытта жеке өзінің келу міндеттерін жүктеу;
6) күдіктіге, айыпталушыға немесе олардың тұрғынжайына байқау орнату, сондай-ақ олардың тұрғынжайына немесе оларға тұрғынжай ретінде бөліп берілген үй-жайға күзет қою;
7) күдіктінің, айыпталушының мінез-құлқын және қоғамнан оқшаулануын қамтамасыз ететін басқа да шаралар қолданылуы мүмкін.
Қажет болған кезде күдіктінің, айыпталушының мінез-құлқын қадағалау орнатылады.
Қамақтағы адамның тұрғынжайдан шығуына белгіленген шектеулерді сақтауын қадағалауды жүзеге асырған кезде қылмыстық процесті жүргізетін орган тәуліктің кез келген уақытында оның тұрғылықты жерінде болуын тексеруге құқылы. Тексеру күндізгі уақытта екі реттен артық және түнгі уақытта бір реттен артық жүргізілмейді. Лауазымды адамның қамақтағы адамның тұрғынжайында болуына осы адамның және онымен бірге тұратын адамдардың келісімімен жол беріледі және ол отыз минуттан аспауға тиіс.
ҚР Конституциялық Сотының 11.04.2023 № 9 нормативтік қаулысымен осы кодекстің 146-бабы екінші бөлігі 1), 2) және 3) тармақтарының ережелері Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты берген төмендегідей түсіндірмеде Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келеді деп танылды:үйқамақ кезінде көзделген, соттар жеке не тұтастай қолданатын шектеулер тұтқындалған адамның және оның қорғаушысының өмір сүру және денсаулығын сақтау, құқық субъектісі ретінде танылу, өзінің құқықтары мен бостандықтарын заңға қайшы келмейтін барлық тәсілдермен қорғау, сот арқылы қорғалу және білікті заң көмегін алу құқықтарын қоса алғанда, Қазақстан Республикасының Конституциясында кепілдік берілген құқықтарының, сондай-ақ олардан туындайтын, Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінде бекітілген процестік құқықтарының сақталуын қамтамасыз етуге тиіс..
3. Соттың үйқамақ туралы қаулысында күдіктіге, айыпталушыға қолданылатын нақты шектеулер белгіленеді, сондай-ақ қадағалауды жүзеге асыратын орган немесе лауазымды адам көрсетіледі.
Үйқамақ кезінде көзделген, соттар жеке не тұтастай қолданатын шектеулер қамаққа алынған адамның өмір сүру, денсаулығын қорғау, сот арқылы қорғалу және білікті заң көмегін алу құқықтарын, сондай-ақ осы Кодексте бекітілген, олардан туындайтын процестік құқықтарды бұзбауға тиіс.
Күдіктінің, айыпталушының бірге тұратын отбасы мүшелерімен, өзінің заңды өкілімен немесе белгіленген тәртіппен іске кіріскен қорғаушысымен, қылмыстық процесті жүргізетін органмен және сотқа дейінгі тергеп-тексерудің заңдылығын қадағалауды, сондай-ақ қамаққа алынған адамның мінез-құлқын қадағалауды жүзеге асыратын адамдармен байланыстарды жүзеге асыру мүмкіндігі, өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін шағымдар мен өтінішхаттар беруі, шұғыл қызметтерді шақыру, процестік әрекеттер мен сот отырыстарына қатысу үшін байланыс құралдарын пайдалануы шектелмейді.
Күдікті, айыпталушы байланыс құралдарын пайдаланудың әрбір жағдайы туралы қамаққа алынған адамның мінез-құлқын қадағалауды жүзеге асыратын органға хабарлауға міндетті.
4. Үйқамақтың мерзімі, оны ұзарту тәртібі осы Кодекстің 151, 152 және 547 – 551-1-баптарында белгіленген қағидаларда айқындалады.
5. Үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасын орындау тәртібі сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыруға уәкілеттік берілген мемлекеттік органдардың бірлескен бұйрығымен айқындалады.
Ескерту. 146-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 12.07.2018 № 180-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.12.2021 № 91-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.07.2025 № 210-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.1. Бұлтартпау шарасы ретінде күзетпен ұстау тек судьяның санкциясымен және басқа, қатаңдығы неғұрлым жеңіл бұлтартпау шараларын қолдану мүмкін болмаған кезде заңмен бес жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген қылмысты жасады деген күдіктіге, айыпталушыға, сотталушыға қатысты ғана қолданылады. Айрықша жағдайларда бұл бұлтартпау шарасы, егер:
1) оның Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұрғылықты жері болмаса;
2) оның жеке басы анықталмаса;
3) ол бұрын таңдалған бұлтартпау шарасын немесе процестік мәжбүрлеу шарасын бұзса;
4) ол қылмыстық қудалау органдарынан немесе соттан жасырынуға әрекет жасаса немесе жасырынса;
5) оған ұйымдасқан топтың немесе қылмыстық қоғамдастықтың (қылмыстық ұйымның) құрамында қылмыс жасады деген күдік келтірілсе;
6) оның бұрын жасалған ауыр немесе аса ауыр қылмысы үшін сотталғандығы болса;
7) оның қылмыстық әрекетті жалғастырып жүргендігі туралы деректер бар болса, заңда бес жылға дейін мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген қылмысты жасады деп күдік келтірілетін, айыпталатын, сотталатын адамға қатысты қолданылуы мүмкін.
1-1. Осы баптың бірінші бөлігінің 1) тармағында көзделген мән-жай күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын таңдау үшін бірден-бір негіз болып табылмайды.
2. Бұлтартпау шарасы ретінде күзетпен ұстауды таңдау қажет болған кезде сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам осы Кодекстің 140-бабына сәйкес сот алдында осы шараны қолдануға санкция беру туралы өтінішхатты қозғау туралы қаулы шығарады. Қаулыға өтінішхаттың негізділігін растайтын қылмыстық іс материалдарының расталған көшірмелері қоса беріледі.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам сот алдында күзетпен ұстауға санкция беру туралы өтінішхатты қозғау туралы қаулыда осы бұлтартпау шарасын таңдау себептерін және қатаңдығы неғұрлым жеңіл бұлтартпау шараларын қолданудың мүмкін еместігін негіздеуге міндетті.
Қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп күдік келтірілген адам ұстап алынған мерзім ішінде прокурор осы Кодекстің 131-бабында көзделген тәртіппен өтінішхаттың негізділігін растайтын қылмыстық іс материалдарымен танысуға құқылы және күдікті ұсталып отырған жерде одан жауап алуға құқылы.
3. Прокурор сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның өтінішхатын зерделеу нәтижелері бойынша өтінішхатқа келісім білдіреді не оны қолдаудан уәжді қаулымен бас тартады және (немесе) өзге бұлтартпау шарасын таңдау туралы мәселені шешеді. Қаулының көшірмесі мүдделі адамдарға жіберіледі.
Прокурор ұстап алу мерзімі өтерден кемінде сегіз сағат бұрын тергеу судьясына өтінішхаттың негізділігін растайтын қылмыстық іс материалдарының көшірмелерін қоса бере отырып, күзетпен ұстауды санкциялау жөнінде өтінішхат қозғау туралы қаулыны ұсынуға міндетті.
4. Алып тасталды - ҚР 21.12.2017 № 118-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).Ескерту. 147-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 07.11.2014 № 248-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.07.2017 № 84-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.12.2017 № 118-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.07.2018 № 180-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
148-бап. Тергеу судьясының күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтінішхаттарды қарауы
1. Күзетпен ұстауды санкциялау құқығы – тергеу судьясына, ал осы Кодекстің 107-бабы жетінші бөлігінің 2) және 3) тармақтарында көзделген жағдайларда – облыстық және оған теңестірілген соттың судьяларына тиесілі.
2. Тергеу судьясы материалдар сотқа келіп түскен кезден бастап сегіз сағаттан кешіктірілмейтін мерзімде, осы Кодекстің 56-бабында айқындалған тәртіпті сақтай отырып, күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтінішхатты прокурордың, күдіктінің, айыпталушының, оның қорғаушысының қатысуымен қарайды.
Тергеу судьясы қорғаушыны түскен материалдармен таныстырады.
Сот отырысына заңды өкіл мен өкіл де қатысуға құқылы, сот отырысының орны мен уақыты туралы сот оларға уақтылы хабарлаған жағдайда, олардың келмеуі сот отырысын өткізуге кедергі болмайды.
Сот отырысы барысында хаттама жүргізіледі.
3. Күзетпен ұстауға санкция беруге байланысты мәселелерді шешкен кезде тергеу судьясы көрсетілген бұлтартпау шарасын таңдау кезінде ескерілетін мән-жайларға қатысты іс материалдарын зерттеумен қатар, адамға қылмыс жасады деп күдік келтірудің негізділігін тексереді.
Қажет болған жағдайда судья қылмыстық істі талап етіп алдыруға құқылы.
4. Тергеу судьясының күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтінішхатты күдіктінің, айыпталушының қатысуынсыз қарауына күдіктіге, айыпталушыға іздестіру жарияланған немесе олар Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерде болған және сот отырысының уақыты мен орны туралы тиісінше хабарланған кезде қылмыстық процесті жүргізетін органға келуден жалтарған жағдайларда ғана жол беріледі. Ұстап алынған жағдайда күдікті, айыпталушы таңдалған бұлтартпау шарасын қолданудың негізділігін қарау үшін тергеу судьясына жеткізіледі.
5. Тергеу судьясы отырыстың басында қандай өтінішхаттың қаралуға жататынын хабарлайды, сот отырысына келген адамдарға олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді. Содан кейін прокурор күдіктіні күзетпен ұстауды бұлтартпау шарасы ретінде таңдаудың қажеттігін негіздейді, содан соң күдікті, айыпталушы және сот отырысына келген басқа да тұлғалар тыңдалады.
Прокурордың осы өтінішхатын қарау барысында күдікті, айыпталушы, сондай-ақ олардың мүддесінде қорғаушы осы Кодекстің 137-бабының бірінші бөлігінде көзделген өзге бұлтартпау шарасын қолдану туралы өтінішхат мәлімдеуге құқылы.
6. Тергеу судьясы үйқамақты, кепілді қолдануды санкциялаудан бас тарту туралы қаулы шығарған жағдайда, прокурор осы Кодекстің 107-бабында белгіленген қағидалар бойынша оған өтінішхат келтіруге құқылы.
7. Тергеу судьясы күдіктіні, айыпталушыны күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция беру туралы өтінішхатты қарау қорытындысы бойынша мынадай:
1) күзетпен ұстауға санкция беру туралы;
2) екі ай мерзімге күзетпен ұстауға санкция беру үшін жеткілікті негіздер болмаған жағдайда, он тәулікке дейінгі мерзімге күзетпен ұстауға санкция беру туралы;
3) күзетпен ұстауға санкция беруден бас тарту туралы қаулылардың бірін шығарады. Тергеу судьясы осы бұлтартпау шарасына санкция беруден бас тартқан жағдайда, осы Кодекстің 137-бабының бірінші бөлігінде көзделген өзге бұлтартпау шарасын таңдауға құқылы.
7-1. Тергеу судьясы күзетпен ұстауды санкциялау туралы қаулыда осы бұлтартпау шарасын таңдау себептерін және қатаңдығы неғұрлым жеңіл бұлтартпау шараларын қолданудың мүмкін еместігін көрсетуге міндетті.
8. Тергеу судьясы, аса ауыр қылмыстар туралы істерді қоспағанда, күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы қаулы шығарған кезде осы баптың тоғызыншы бөлігінде көзделгеннен басқа жағдайларда, күдіктінің, айыпталушының осы Кодекстің 140-бабының үшінші бөлігінде көзделген міндеттерді орындауын қамтамасыз ету үшін жеткілікті болатын кепіл мөлшерін айқындауға міндетті.
Тергеу судьясының, соттың қаулысында кепіл енгізілген жағдайда күдіктіге, айыпталушыға осы Кодекстің 140-бабында көзделген міндеттердің қайсысы жүктелетіні, оларды орындамаудың салдары, кепіл мөлшерін таңдаудың негізділігі, сондай-ақ оны қолдану мүмкіндігі көрсетіледі.
Күдікті, айыпталушы не басқа тұлға кепілді кез келген уақытта тергеу судьясының, соттың күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы қаулысында белгіленген мөлшерде енгізуге құқылы.
9. Тергеу судьясы, сот күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция беру туралы қаулы шығарған кезде мынадай:
1) адамға жәбірленушінің өліміне әкеп соққан қасақана қылмыстар жасады деп күдік келтірілген, айып тағылған;
2) адамға қылмыстық топтың құрамында қылмыс; террористік және (немесе) экстремистік қылмыстар; Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 1, 4, 5, 11 және 17-тарауларында көзделген аса ауыр қылмыстар, сондай-ақ төтенше жағдайларда немесе жаппай тәртіпсіздіктер барысында жасалған аса ауыр қылмыстар, соғыс уақытында немесе ұрыс жағдайында жасалған аса ауыр әскери қылмыстар жасады деп күдік келтірілген, айып тағылған;
3) күдікті, айыпталушы сот ісін жүргізуге кедергі жасайды немесе тергеуден және соттан жасырынады деп пайымдауға жеткілікті негіздер болған;
4) күдіктінің, айыпталушының қылмыстық әрекетті жалғастыруы туралы деректер болған;
5) күдікті, айыпталушы тергеп-тексеріліп жатқан қылмыстық іс бойынша бұрын таңдалған кепіл түріндегі бұлтартпау шарасын бұзған жағдайларда, кепіл белгіленбейді.
10. Өзіне қатысты тергеу судьясының қаулысы шығарылған адамға сол қаулы дереу табыс етіледі, сондай-ақ сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамға, прокурорға, жәбірленушіге және күдікті, айыпталушы отырған күзетпен ұстау орны мекемесінің бастығына жіберіледі және дереу орындалуға жатады.
11. Күдіктіні, айыпталушыны күзетпен ұстауды санкциялау немесе одан бас тарту туралы қаулыға осы Кодекстің 107-бабында көзделген тәртіппен шағым жасалуы, ол прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қаралуы мүмкін.
12. Күзетпен ұстауды санкциялаудан бас тарту туралы қаулының күші жойылған жағдайда, облыстық немесе оған теңестірілген соттың күдіктіні, айыпталушыны күзетпен ұстауды санкциялау туралы мәселені қарауы осы Кодекстің 107-бабында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
13. Тергеу судьясы, сот күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялаудан бас тарту туралы қаулы шығарғаннан кейін күзетпен ұстау қажеттігін негіздейтін жаңа мән-жайлар туындаған кезде ғана сотқа нақ сол қылмыстық іс бойынша нақ сол адамға қатысты көрсетілген бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтінішхатпен қайтадан жүгінуге болады.
14. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам бұлтартпау шарасы ретінде күзетпен ұстаудың қолданылатыны туралы осы Кодекстің 135-бабында белгіленген тәртіппен – күдіктінің туыстарын, ал ол шетел азаматына қатысты қолданылған жағдайда Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі арқылы осы мемлекеттің елшілігін, консулдығын немесе өзге өкілдігін де хабардар етуге міндетті.
Ескерту. 148-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 31.10.2015 № 378-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.07.2017 № 84-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.07.2017 № 91-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.07.2018 № 180-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.149-бап. Бұлтартпау шарасы ретінде күзетпен ұстау қолданылған күдіктілерді ұстау
Бұлтартпау шарасы ретінде күзетпен ұстау қолданылған күдіктілер тергеу изоляторларында ұсталады. Оларды ұстаудың тәртібі мен жағдайлары заңнамада айқындалады.
150-бап. Бұлтартпау шарасы ретінде күзетпен ұстау қолданылған күдіктілерді, айыпталушыларды және сотталушыларды ұстап алынғандар ұсталатын орындарда ұстау
1. Өздеріне қатысты бұлтартпау шарасы ретінде күзетпен ұстау қолданылған күдіктіні, айыпталушыны, сотталушыны тергеу изоляторына жеткізу жердің шалғайлығына немесе тиісті қатынас жолдарының болмауы немесе тергеу әрекеттерін жүргізу немесе істі сотта қарау қажеттігі салдарынан мүмкін болмаған жағдайларда, мұндай адамдар сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның прокурор не тергеу судьясы не сот бекіткен қаулысымен отыз тәулікке дейін – уақытша ұстау изоляторларында, ал әскери қызметшілер гауптвахтада ұсталуы мүмкін.
Мұндай адамдарды күзетпен ұстаудың тәртібі мен жағдайлары заңнамада айқындалады.
2. Өздеріне қатысты бұлтартпау шарасы ретінде күзетпен ұстау қолданылған күдіктіні, айыпталушыны және сотталушыны тергеу әрекеттерін жүргізу үшін бір тергеу изоляторынан екінші бір тергеу изоляторына ауыстыру (этаппен апару) прокурордың қаулысы бойынша не сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның прокурор бекіткен қаулысы бойынша жүзеге асырылады.
151-бап. Күзетпен ұстау мерзімдері және оларды ұзарту тәртібі
1. Осы Кодексте көзделген ерекше жағдайлардан басқа, сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде күзетпен ұстау мерзімін екі айдан асыруға болмайды.
2. Судья санкциялаған күзетпен ұстаудың қысқа мерзімін екі айға дейін ұзарту қажет болған кезде прокурор ол аяқталардан бір тәулік бұрын тергеу судьясына қосымша жиналған материалдары бар тиісті өтінішхатты енгізеді. Тергеп-тексеруді екі айға дейінгі мерзімде аяқтау мүмкін болмаған жағдайда және бұлтартпау шарасын өзгерту немесе оның күшін жою үшін негіздер болмаған кезде бұл мерзімді сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның өңірлер мен гарнизондардың әскери прокурорымен, өңірлік көлік прокурорымен, аудандық және оған теңестірілген прокурормен келісілген уәжді өтінішхаты бойынша тергеу судьясы – үш айға дейін, ал тергеп-тексеруді үш ай мерзімде аяқтау мүмкін болмаған жағдайда және күдіктіні, айыпталушыны одан әрі күзетпен ұстау қажет болған кезде сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның Бас әскери прокурормен, Бас көлік прокурорымен, облыс прокурорымен және оған теңестірілген прокурорлармен және олардың орынбасарларымен келісілген уәжді өтінішхаты бойынша тергеу судьясы тоғыз айға дейін ұзартуы мүмкін.
3. Күзетпен ұстау мерзімін тоғыз айдан астам, бірақ он екі айдан асырмай ұзартуды аудандық және оған теңестірілген соттың тергеу судьясы аса ауыр қылмыстар, қылмыстық топтың құрамында қылмыстар, сондай-ақ өзге де террористік және (немесе) экстремистік қылмыстар жасады деп күдік келтірілген адамдарға қатысты істің ерекше күрделілігіне орай, қылмыстық істі өзінің іс жүргізуіне қабылдаған тергеу бөлімі бастығының не прокурордың не тергеу, жедел-тергеу тобы басшысының Бас әскери прокурормен, Бас көлік прокурорымен, облыс прокурорымен және оған теңестірілген прокурорлармен келісілген уәжді өтінішхаты бойынша жүзеге асыруы мүмкін.
4. Аудандық және оған теңестірілген соттың тергеу судьясының күзетпен ұстау мерзімін он екі айдан астам, бірақ он сегіз айдан аспайтын мерзімге ұзартуына айрықша жағдайларда, аса ауыр қылмыстар, қылмыстық топтың құрамындағы қылмыстар, сондай-ақ өзге де террористік және (немесе) экстремистік қылмыстар жасады деп күдік келтірілген адамдарға қатысты, қылмыстық қудалау органының орталық аппаратының тергеу бөлімшесі басшысының не қылмыстық істі өзінің іс жүргізуіне қабылдаған прокурордың, тергеу, жедел-тергеу тобы басшысының Бас әскери прокурор, Бас көлік прокуроры, облыс прокуроры және оған теңестірілген прокурор бекіткен және Қазақстан Республикасының Бас Прокурорымен, оның орынбасарларымен келісілген уәжді өтінішхаты бойынша жол беріледі.
5. Күзетпен ұстау мерзімін одан әрі ұзартуға жол берілмейді, күзетпен ұсталып отырған күдікті, айыпталушы дереу босатылуға жатады.
6. Күзетпен ұстау мерзімін үш айға дейін ұзарту туралы өтінішхат келісу үшін өңірлер мен гарнизондардың әскери прокурорларына, өңірлік көлік прокурорларына, аудандық (қалалық) прокурорға және оған теңестірілген өзге де прокурорларға күзетпен ұстау мерзімі аяқталардан он тәулік бұрын ұсынылады және прокурор өтінішхатты ол келіп түскен кезден бастап үш тәуліктен аспайтын мерзімде қарайды.
7. Күзетпен ұстау мерзімін үш айдан астам мерзімге ұзарту туралы өтінішхат келісу үшін прокурорға күзетпен ұстау мерзімі аяқталардан он бес тәулік бұрын ұсынылуға тиіс және прокурор өтінішхатты ол келіп түскен кезден бастап бес тәуліктен аспайтын мерзімде қарайды.
8. Күзетпен ұстау мерзімін он екі айдан астам мерзімге ұзарту туралы өтінішхат келісу үшін прокурорға күзетпен ұстау мерзімі аяқталардан жиырма тәулік бұрын ұсынылуға тиіс және ол келіп түскен кезден бастап бес тәуліктен аспайтын мерзімде қаралады.
9. Күзетпен ұстау мерзімін ұзарту туралы өтінішхатты қарап, прокурор сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның қаулысына келісім береді және оны күзетпен ұстау мерзімін ұзартудың негізділігін растайтын қылмыстық істің материалдарымен бірге тиісті сотқа дереу жібереді не оны келісуден уәжді түрде бас тартады. Прокурор күзетпен ұстау мерзімін ұзарту туралы өтінішхатты қолдамаған жағдайда, күдікті, айыпталушы күзетпен ұстау мерзімі аяқталғаннан кейін дереу босатылуға жатады.
10. Күзетпен ұстау мерзімін үш айға дейін ұзарту туралы өтінішхат сотқа – күзетпен ұстау мерзімі аяқталардан жеті тәулік бұрын, күзетпен ұстау мерзімін үш айдан астам мерзімге ұзарту туралы өтінішхат – он тәулік бұрын, күзетпен ұстау мерзімін он екі айдан астам мерзімге ұзарту туралы өтінішхат – он бес тәулік бұрын ұсынылады.
11. Қылмыстық іс материалдарымен танысу кезеңінде күдіктінің күзетпен ұстауда болу мерзімін санкциялау туралы өтінішхат күзетпен ұстау мерзімі аяқталардан бес тәулік бұрын келісу үшін прокурорға ұсынылуға тиіс және оны прокурор келіп түскен кезден бастап бір тәуліктен асырмай қарайды.
Прокурор қылмыстық іс материалдарымен танысу кезеңінде күдіктінің күзетпен ұстауда болуы мерзімін санкциялау туралы өтінішхатты қарап, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның қаулысымен келіседі және оны күзетпен ұстау мерзімін санкциялау қажеттігін растайтын қылмыстық іс материалдарымен бірге дереу сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталған жер бойынша аудандық және оған теңестірілген соттың тергеу судьясына жібереді. Прокурор күдіктінің күзетпен ұстауда болуы мерзімін санкциялау туралы өтінішхатты қолдамаған жағдайда, ол күзетілуден дереу босатылуға жатады.
12. Қылмыстық іс материалдарымен танысу кезеңінде күдіктінің күзетпен ұстауда болу мерзімін санкциялау туралы өтінішхат тергеу судьясына күзетпен ұстау мерзімі аяқталардан үш тәулік бұрын ұсынылады.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!13-бөлікке өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 01.07.2026 № 331-VIII (01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
13. Прокурордың сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есеппен бірге келіп түскен қылмыстық істі зерделеуі және оның айыптау актісін жасауы кезеңінде күдіктінің күзетпен ұстауда болу мерзімін санкциялау туралы өтінішхатты прокурор күзетпен ұстау мерзімі аяқталғанға дейін үш тәуліктен кешіктірмей тергеу судьясына ұсынады.
Ескерту. 13-бөлікпен толықтырылды – ҚР 27.12.2021 № 88-VII Заңымен (мынадай:ішкі істер органдарының, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің және экономикалық тергеу қызметінің тергеушілері тергеп-тексеретін, оның ішінде басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істермен біріктірілген аса ауыр қылмыстар туралы істерге қатысты 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап;
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 3-бабының 29) тармағында көзделген, оның ішінде басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істермен біріктірілген сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы істерге қатысты 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін;
алдын ала тергеу нысанында аяқталған өзге де қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істерге қатысты 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есепті жасауы, прокурордың айыптау актісін жасауы және прокурор айыптау актісін жасаған кезден бастап адамды айыпталушы деп тану бөлігінде).
Ескерту. 151-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 27.12.2021 № 88-VII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); 16.07.2025 № 210-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
152-бап. Тергеу судьясының күзетпен ұстау мерзімін ұзарту туралы өтінішхатты қарауы және мерзімдерді есептеуі
1. Күзетпен ұстау мерзімін ұзарту туралы өтінішхат тергеу судьясының жеке-дара қарауына жатады. Сот отырысына міндетті түрде прокурор қатысады. Отырысқа сондай-ақ күдіктінің қорғаушысы, заңды өкілі, жәбірленуші, оның заңды өкілі және өкілі қатыса алады, өтінішхаттарды қарау уақыты туралы уақтылы хабарланған кезде олардың келмеуі өтінішхаттарды сотта қарауға кедергі болмайды.
Сот күзетпен ұстау мерзімін ұзарту туралы мәселені қарауға өзіне қатысты өтінішхат берілген адамды қатыстыру қажет деп тануға және тергеп-тексеруді жүзеге асыратын органға оны сот отырысына жеткізуді жүктеуге құқылы.
Күзетпен ұсталу мерзімін ұзартуға прокурор өтінішхат беріп отырған адам сот отырысына қатысуға құқылы, бұл жағдайда, сот тергеп-тексеруді жүзеге асыратын органға оны сот отырысына жеткізуді жүктеуге құқылы.
2. Судья отырыстың басында қандай өтінішхаттың қаралуға жататынын жариялайды, келген адамдарға олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді, содан кейін енгізілген өтінішхат бойынша тараптардың күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын сол қалпында қалдыру қажеттігі тұрғысындағы дәлелдерін тыңдап:
1) күдіктіні, айыпталушыны күзетпен ұстау мерзімін ұзарту туралы өтінішхатты қанағаттандыру;
2) күдіктіні, айыпталушыны күзетпен ұстау мерзімін ұзарту туралы өтінішхатты қанағаттандырудан бас тарту және бұлтартпау шарасының күшін жою немесе оны неғұрлым жеңілдеуіне өзгерту және оны қамаудан босату туралы қаулылардың бірін шығарады.
3. Күзетпен ұстау мерзімін ұзарту туралы өтінішхат келіп түскен күнінен бастап үш тәуліктен аспайтын мерзімде қаралуға жатады.
4. Күзетпен ұстау орны әкімшілігінің басшысы күдіктіні, айыпталушыны күзетпен ұстау мерзімі аяқталардан жиырма төрт сағат бұрын іс жүргізуінде қылмыстық іс жатқан органға немесе адамға, сондай-ақ прокурорға ол туралы хабарлауға міндетті. Егер күзетпен ұстаудың заңда белгіленген мерзімі аяқталғанға дейін күдіктіні, айыптаушыны босату туралы не оларды күзетпен ұстау мерзімін ұзарту туралы тиісті шешім келіп түспесе, күзетпен ұстау орны әкімшілігінің басшысы оларды өзінің қаулысымен босатып, оның көшірмесін жиырма төрт сағат ішінде іс жүргізуінде қылмыстық іс жатқан органға немесе адамға және прокурорға жолдайды.
5. Күзетпен ұстау орны әкімшілігінің басшысы осы баптың төртінші бөлігінің талаптарын орындамаған кезде заңда белгіленген жауаптылықта болады.
6. Күзетпен ұстау мерзімі күдіктінің күзетпен қамалған кезінен бастап оған тергеу әрекеттерін жүргізу аяқталғаны туралы хабарлағанға және қылмыстық іс материалдарымен танысу құқығы түсіндірілгенге дейін есептеледі. Адамды күдікті ретінде ұстап алу уақыты, соттың шешімі бойынша психиатриялық немесе өзге де медициналық ұйымда мәжбүрлі түрде болу уақыты күзетпен ұстау мерзіміне есептеледі.
Күдіктінің және оның қорғаушысының қылмыстық іс материалдарымен танысу кезеңінде күдіктіні күзетпен ұстауды тергеу судьясы осы Кодекстің 148, 151-баптарында көзделген тәртіппен санкциялайды және оның мерзімін ұзартады.
Күдіктінің және қорғаушының қылмыстық іс материалдарымен танысу кезеңінде күдіктінің күзетпен ұстауда болуы осы Кодекстің 151-бабының бірінші – төртінші бөліктерінде белгіленген мерзімге кірмейді, бірақ оны сот жаза тағайындау кезінде ескереді.
ҚР Конституциялық Сотының 18.07.2025 № 74-НҚ нормативтік қаулысымен осы кодекстің 152-бабының алтыншы бөлігі ҚР Конституциясына сәйкес келеді деп танылды.ЗҚАИ-ның ескертпесі!
7-бөлікке өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 01.07.2026 № 331-VIII (01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
7. Күдіктінің және қорғаушының қылмыстық іс материалдарымен танысу кезеңінде, сондай-ақ прокурордың сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есеппен бірге келіп түскен қылмыстық істі зерделеуі кезеңінде күдіктінің күзетпен ұстауда болу мерзімін санкциялау туралы өтінішхат осы бапта көзделген тәртіппен және мерзімдерде қаралуға жатады.
Күдіктінің қылмыстық іс материалдарымен танысу кезеңінде, сондай-ақ прокурордың сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есеппен бірге келіп түскен қылмыстық істі зерделеуі кезеңінде күзетпен ұстауда болу мерзімін тергеу судьясы қылмыстық істің көлемін, іске қатысатын адамдардың санын және күдіктінің және оның қорғаушысының іспен танысу уақытына әсер ететін өзге де мән-жайларды, сондай-ақ прокурордың қылмыстық істі зерделеуін және айыптау актісінің жасалуын ескере отырып айқындайды.
Ескерту. 7-бөлік жаңа редакцияда – ҚР 27.12.2021 № 88-VII Заңымен (мынадай:ішкі істер органдарының, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің және экономикалық тергеу қызметінің тергеушілері тергеп-тексеретін, оның ішінде басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істермен біріктірілген аса ауыр қылмыстар туралы істерге қатысты 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап;
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 3-бабының 29) тармағында көзделген, оның ішінде басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істермен біріктірілген сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы істерге қатысты 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін;
алдын ала тергеу нысанында аяқталған өзге де қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істерге қатысты 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есепті жасауы, прокурордың айыптау актісін жасауы және прокурор айыптау актісін жасаған кезден бастап адамды айыпталушы деп тану бөлігінде).
8. Прокурор қылмыстық істі қосымша тергеп-тексеру жүргізу үшін қайтарған жағдайда, ол бойынша күдіктіні күзетпен ұстаудың шекті мерзімі аяқталмаған болса, ал бұлтартпау шарасын өзгертуге негіздер болмаса, прокурордың уәжді өтінішхаты бойынша тергеу судьясы күзетпен ұстау мерзімін бір ай шегінде ұзарта алады.
Сот қылмыстық істі осы Кодексте көзделген негіздер бойынша прокурорға қайтарған кезде, егер күдіктіні күзетпен ұстаудың шекті мерзімі аяқталмаған болса, ал бұлтартпау шарасын өзгертуге негіздер болмаса, нақ сол сот күзетпен ұстау мерзімін істі прокурор алған кезден бастап бір ай шегінде ұзартады.
9. Күдікті, айыпталушы сол бір іс бойынша, сондай-ақ онымен біріктірілген немесе одан бөліп алынған қылмыстық іс бойынша қайтадан күзетпен қамалған жағдайда, күзетпен ұстау мерзімі күзетпен өткізілген уақыт ескеріле отырып есептеледі.
10. Шет мемлекет іздестіріліп жатқан адамды Қазақстан Республикасына ұстап берген (экстрадициялаған) жағдайда, күзетпен ұстау мерзімі ол Қазақстан Республикасының аумағына келген күннен бастап есептеледі, ал адамды шет мемлекеттің аумағында экстрадициялық қамақ тәртібімен күзетпен ұстау уақыты жаза тағайындалған кезде жалпы күзетпен ұстау мерзіміне есептеледі.
11. Күдіктіні, айыпталушыны күзетпен ұстаудың осы бапта белгіленген мерзімін есептеу мен ұзарту тәртібі үкімнің күшін кассациялық сатысында іс жүргізудің нәтижесінде немесе бас бостандығынан айыру түрінде жазасын өтеп жатқан адамға қатысты жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша жою кезінде де қолданылады.
Ескерту. 152-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 31.10.2015 № 378-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 12.07.2018 № 180-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2021 № 88-VII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңдарымен.153-бап. Бұлтартпау шарасының күшін жою немесе оны өзгерту
1. Бұлтартпау шарасының қажеттігі болмай қалған кезде оның күші жойылады немесе ол осы Кодекстің 136 және 138-баптарында көзделген негіздер мен мән-жайлар өзгерген кезде қатаңдығы неғұрлым жеңіл немесе неғұрлым ауыр шараға өзгертіледі.
2. Бұлтартпау шарасының күшін жою немесе оны өзгерту қылмыстық процесті жүргізетін органның уәжді қаулысы бойынша жүргізіледі.
3. Қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу барысында прокурордың келісуі немесе нұсқауы бойынша таңдалған бұлтартпау шарасының күші прокурордың келісуімен ғана жойылуы немесе ол өзгертілуі мүмкін.
4. Қылмыстық қудалау органының бұлтартпау шарасын өзгерту не оның күшін жою туралы қаулысына шағым жасау осы Кодекстің 100 – 106-баптарында көзделген тәртіппен жүргізіледі.
5. Тергеу судьясы санкциялаған бұлтартпау шарасының күшін жоюды сотқа дейінгі тергеп-тексеру органы прокурордың келісуімен жүргізеді.
Тергеу судьясы санкциялаған бұлтартпау шарасын тергеу судьясының санкциялауына да жататын бұлтартпау шарасына өзгерту, осы Кодекстің 145-бабының сегізінші бөлігінде көзделген жағдайды қоспағанда, тергеу судьясының санкциясымен жүргізіледі.
Тергеу судьясы санкциялаған бұлтартпау шарасын тергеу судьясының санкциялауына жатпайтын бұлтартпау шарасына өзгертуді сотқа дейінгі тергеп-тексеру органы прокурордың келісуімен жүргізеді.
6. Кепіл, күзетпен ұстау немесе үйқамақ түріндегі бұлтартпау шараларының күшін жою туралы қаулыға шағым жасау осы Кодекстің 106-бабында көзделген тәртіппен жүргізіледі.
ҚР Конституциялық Сотының 10.06.2026 № 85-НҚ нормативтік қаулысымен осы Кодекстің 153-бабының бірінші бөлігі төмендегідей түсіндірмеде ҚР Конституциясына сәйкес келеді деп танылды: сотталушының үйқамаққа немесе өзге де бұлтартпау шарасына байланысты сот жүктеген шектеулер мен міндеттерді бұзатын әрекеттерді жасауы оны сол бір қылмыстық іс бойынша, сондай-ақ бұған біріктірілген немесе одан бөлініп алынған қылмыстық іс бойынша қылмыстық-процестік заңда көзделген шекті жол берілетін мерзімнен артық мерзімге он екі ай мерзім өткеннен кейін қайтадан күзетпен ұстауға негіз болмайды.Ескерту. 153-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 03.07.2017 № 84-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.07.2017 № 91-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.12.2017 № 118-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2021 № 88-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
154-бап. Қамқоршылыққа және мүлкінің қаралуына құқық
1. Ата-анасының немесе асыраушысының күзетпен ұсталуының, сол сияқты қылмыстық процесті жүргізетін органның басқа да әрекеттерінің нәтижесінде қараусыз, күтусіз және күнкөріс қаражатынсыз қалған кәмелетке толмағандардың, сондай-ақ еңбекке қабілетсіз адамдардың өздеріне қамқоршылық жасалуына құқығы бар, оны көрсетілген орган бюджет қаражаты есебінен қамтамасыз етуге міндетті. Қылмыстық процесті жүргізетін органның еңбекке қабілетсіз адамдарды қарау, күту және мемлекеттік әлеуметтік көмек органдарына немесе медициналық ұйымға уақытша орналастыру жөніндегі тапсырмасы қорғаншы және қамқоршы орган, сондай-ақ аталған ұйымдардың басшылары үшін міндетті. Қылмыстық процесті жүргізетін орган кәмелетке толмаған және еңбекке қабілетсіз адамдарға қамқоршылық жасауды осы адамдардың келісімімен олардың туыстарына сеніп тапсыруға құқылы.
2. Күзетпен ұсталуының, сол сияқты қылмыстық процесті жүргізетін органның басқа да әрекеттерінің нәтижесінде мүлкі қараусыз қалған адамның өз мүлкінің және өзіне тиесілі жануарлардың қарауда болуына құқығы бар, оны көрсетілген лауазымды адам осы адамға оның өтінуі бойынша және оның есебінен қамтамасыз етуге міндетті. Қылмыстық процесті жүргізетін органның адамның мүлкі мен оған тиесілі жануарларға қарауды ұйымдастыру жөніндегі тапсырмасы тиісті мемлекеттік органдар мен ұйымдар үшін міндетті.
3. Қылмыстық процесті жүргізетін орган бұлтартпау шарасы ретінде күзетпен ұстау қолданылған адамға немесе басқа да мүдделі адамға осы бапқа сәйкес қолданылған шаралар туралы дереу хабарлайды.
19-тарау. ӨЗГЕ ДЕ ПРОЦЕСТІК МӘЖБҮРЛЕУ ШАРАЛАРЫ
155-бап. Өзге де процестік мәжбүрлеу шараларын қолдану үшін негіздер
1. Қылмыстық процесті жүргізетін орган осы Кодексте көзделген қылмыстық істер бойынша тергеп-тексерудің, сот талқылауының тәртібін, үкімнің тиісті түрде орындалуын қамтамасыз ету мақсатында күдіктіге, айыпталушыға, сотталушыға осы Кодекстің 18-тарауында көзделген бұлтартпау шараларының орнына немесе солармен қатар өзге де процестік мәжбүрлеу шараларын: келу туралы міндеттемені, күштеп әкелуді, лауазымынан уақытша шеттетуді, мүлкіне тыйым салуды, жақындауға тыйым салуды қолдануға құқылы.
2. Қылмыстық процесті жүргізетін орган осы Кодексте көзделген жағдайларда жәбірленушіге, куәға және іске қатысатын басқа да адамдарға процестік мәжбүрлеу шараларын: келу туралы міндеттемені, күштеп әкелуді, ақшалай өндіріп алуды қолдануға құқылы.
156-бап. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамға және сотқа келу туралы міндеттеме
1. Бұлтартпау шарасын қолдануға қажеттік болмаған, бұлтартпау шарасы қолданылмаған күдікті, айыпталушы тергеу әрекеттеріне немесе сот талқылауына қатысудан жалтаруы мүмкін деп пайымдауға жеткілікті негіздер болған кезде не олар шақыру бойынша дәлелді себептерсіз іс жүзінде келмеген кезде аталған адамдардан шақыру бойынша қылмыстық қудалау органына немесе сотқа уақтылы келу, ал тұрғылықты жерін өзгерткен жағдайда ол туралы дереу хабарлау жөнінде жазбаша міндеттеме алып қойылуы мүмкін. Келу туралы міндеттеме алып қойылған кезде күдіктіге, айыпталушыға оны орындамаудың осы Кодекстің 140-бабының төртінші бөлігінде көзделген салдарлары туралы ескертіледі.
2. Қылмыстық қудалау органына не сотқа келу туралы жазбаша міндеттеме жәбірленушіден де және куәдан да алынуы мүмкін.
3. Келу туралы міндеттеме орындалмаған кезде осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген адамдарға осы Кодекстің 160-бабында көзделген тәртіппен ақшалай өндіріп алу қолданылуы және бұлтартпау шарасы қолданылуы мүмкін.
4. Келу туралы міндеттеме орындалмаған кезде осы баптың екінші бөлігінде көрсетілген адамдарға осы Кодекстің 160-бабында көзделген тәртіппен ақшалай өндіріп алу қолданылуы мүмкін.
1. Күдікті, айыпталушы, сотталушы, сондай-ақ куә, жәбірленуші шақыру бойынша дәлелді себептерсіз келмеген жағдайда, олар сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның, соттың уәжді қаулысы бойынша күштеп әкелінуі (мәжбүрлеп жеткізілуі) мүмкін.
2. Шақырту туралы тиісті түрде хабарланған адамның келмеуінің дәлелді себептері болып: адамды келу мүмкіндігінен айырған ауруы, жақын туыстарының қайтыс болуы, дүлей зілзала, адамды белгіленген уақытта келу мүмкіндігінен айыратын өзге де себептер танылады. Күдікті, айыпталушы, сотталушы, сондай-ақ куә және жәбірленуші шақыру бойынша белгіленген мерзімде келуге кедергі келтіретін дәлелді себептер туралы өздерін шақырған органға хабарлауға міндетті.
3. Күштеп әкелу туралы қаулы күдіктіге, айыпталушыға, сондай-ақ куәға және жәбірленушіге оны орындаудың алдында хабарланады, бұл олардың қаулыға қол қоюымен куәландырылады.
4. Күштеп әкелуді түнгі уақытта жүргізуге болмайды.
5. Он төрт жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар, ал он сегіз жасқа толмаған адамдар – олардың заңды өкіліне хабарланбастан, жүкті әйелдер, сондай-ақ дәрігердің куәландыруына жататын денсаулық жағдайы бойынша өзінің жатқан орнынан кете алмайтын немесе кетпеуге тиіс науқастар күштеп әкелінуге жатпайды.
6. Соттың күштеп әкелу туралы қаулысын – сот приставы немесе ішкі істер органы; прокурордың, анықтаушының, тергеушінің қаулысын анықтау, алдын ала тергеу жүргізетін орган немесе ішкі істер органы орындайды.
158-бап. Лауазымынан уақытша шеттету
1. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде – тергеу судьясы немесе сот ісін жүргізу кезінде сот, күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын таңдау үшін негіздер болмаған кезде күдікті, айыпталушы, сотталушы осы лауазымда қала отырып, істі тергеп-тексеруге және сотта талқылауға, қылмыспен келтірілген залалды өтеуге кедергі келтіреді немесе осы лауазымда болуымен байланысты қылмыстық іс-әрекетпен айналысуды жалғастырады деп пайымдауға жеткілікті негіздер болған кезде, күдіктінің әрекетін саралау туралы қаулы шығарылғаннан кейін күдіктіні, айыпталушыны, сотталушыны лауазымынан шеттетуге құқылы.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген мән-жайлар болған кезде, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам сот алдында лауазымынан уақытша шеттету жөнінде өтінішхат қозғау туралы қаулы шығарады және оны тергеу судьясына жібереді.
Қаулыға қылмыстық істің лауазымынан шеттету қажеттігін растайтын материалдарының куәландырылған көшірмелері қоса беріледі.
Қаулының көшірмесі бір мезгілде прокурорға жіберіледі.
3. Алып тасталды - ҚР 21.12.2017 № 118-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).4. Лауазымнан уақытша шеттетуді санкциялау туралы өтінішхатты тергеу судьясы өтінішхат сотқа келіп түскен кезден бастап жиырма төрт сағат ішінде тараптардың қатысуынсыз жеке-дара қарайды.
5. Тергеу судьясы өтінішхатты және істің ұсынылған материалдарын қарап шығып, лауазымнан уақытша шеттетуді санкциялау не санкциялаудан бас тарту туралы қаулы шығарады. Лауазымнан уақытша шеттетуді санкциялау немесе одан бас тарту туралы қаулыға осы Кодекстің 107-бабында көзделген тәртіппен шағым жасалуы, ол прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қаралуы мүмкін.
6. Күдіктіні, айыпталушыны, сотталушыны лауазымынан уақытша шеттету туралы қаулы оның жұмыс орны бойынша ұйым басшысына жіберіледі, ол қаулыны алғаннан кейін үш тәулік ішінде оны орындауға және лауазымынан шеттету туралы өтінішхат мәлімдеген адамға ол туралы хабарлауға міндетті.
7. Лауазымынан шеттетілген күдіктінің, айыпталушының, сотталушының, егер олар өздеріне байланысты емес мән-жайлар бойынша басқа лауазымда істей алмаса немесе басқа жұмысқа кіре алмаса, ең төмен бір жалақы мөлшерінен кем емес, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақыға құқығы бар.
8. Лауазымынан уақытша шеттетудің күшін жоюды осы шараға қажеттілік жойылған кезде – прокурордың келісуі бойынша қылмыстық қудалау органының уәжді қаулысымен, не қылмыстық істі сотта қарау барысында сот жүзеге асырады.
Ескерту. 158-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 11.07.2017 № 91-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.12.2017 № 118-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2021 № 88-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.07.2025 № 210-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.Осы Кодекстің 65-1, 71, 78, 80, 81, 82, 90, 142, 144, 156 және 165-баптарында көзделген процестік міндеттерді орындамағаны және сот отырысында тәртіп бұзғаны үшін, адвокатты, прокурор мен сотталушыны қоспағанда, қорғалуға құқығы бар куәге, жәбірленушіге, куәге, маманға, аудармашыға және өзге де адамдарға осы Кодекстің 160-бабында белгіленген мөлшерде және тәртіппен ақшалай өндіріп алу қолданылуы мүмкін.
Ескерту. 159-бап жаңа редакцияда – ҚР 09.06.2021 № 49-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.160-бап. Ақшалай өндіріп алуды қолдану тәртібі
1. Осы Кодекстің 159-бабында аталған жағдайларда сот ақшалай өндіріп алуды қолданады.
2. Егер тиісті бұзушылыққа сот отырысы барысында жол берілсе, онда сот өндіріп алуды осы бұзушылық анықталған сол бір сот отырысында қолданады, соттың ол туралы қаулысы шығарылады.
3. Тиісті бұзушылыққа сотқа дейінгі іс жүргізу барысында жол берілген болса, онда сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам немесе прокурор бұзушылық туралы хаттама жасап, оны тергеу судьясына жібереді, ол оны сотқа келіп түскен кезден бастап бір тәулік ішінде қарайды. Сот отырысына өзіне ақшалай өндіріп алу қолданылуы мүмкін тұлға шақыртылады. Бұзушылық жасаған адамның дәлелді себептерсіз келмей қалуы хаттаманы қарауға кедергі болмайды.
4. Судья хаттаманы қарау нәтижесі бойынша елу айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде ақшалай өндіріп алуды қолдану немесе оны қолданудан бас тарту туралы қаулы шығарады. Қаулының көшірмесі хаттаманы жасаған адамға және ақшалай өндіріп алу қолданылған адамға жіберіледі.
5. Сот ақшалай өндіріп алу қолданылған кезде қаулының орындалуын үш айға дейінгі мерзімге кейінге қалдыруға немесе ұзартуға құқылы.
1. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам үкімнің азаматтық талап қою, басқа да мүліктік өндіріп алулар немесе мүлікті ықтимал тәркілеу бөлігінде орындалуын қамтамасыз ету мақсатында мүлікке тыйым салуды қолдану шараларын қабылдауға міндетті.
Егер азаматтық талап қоюды қамтамасыз ету негіздері сот тергеуі сатысында туындаса, сот үкім заңды күшіне енгенге дейін оны қамтамасыз ету шараларын қабылдауға құқылы.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам кейінге қалдыруға болмайтын жағдайларда прокурордың келісуімен, егер мүліктің меншік иесінің жеке басы анықталса, оны жиырма төрт сағат ішінде хабардар ете отырып, мүлікке билік етуге он тәуліктен аспайтын мерзімге уақытша шектеу белгілеуге құқылы.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам мүлікке билік етуге уақытша шектеу белгіленген мерзім өткенге дейін қаржы ұйымдарын және мүлікті және (немесе) мүлікке құқықтарды тіркеу саласындағы уәкілетті органдарды немесе өзге де уәкілетті органдар мен ұйымдарды бұл туралы хабардар ете отырып, осы Кодекстің 162-бабында көзделген тәртіппен сот алдында мүлікке тыйым салуды қолдану туралы өтінішхатты қозғау туралы қаулы шығаруға не белгіленген уақытша шектеуді алып тастауға міндетті.
Мүліктің меншік иесін оған тиесілі мүлікке билік етуге уақытша шектеу белгіленгені туралы хабардар ету мына жағдайларда:
1) террористік немесе экстремистік қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша;
2) қылмыстық топ жасаған қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша;
3) егер мүліктің меншік иесін мүлікке билік етуге уақытша шектеу белгіленгені туралы хабардар ету қылмыстық іс бойынша жүргізіліп жатқан жасырын тергеу іс-шаралары туралы ақпараттың ашылу қаупін туғызса, жүргізілмейді.
2. Мүлікке тыйым салу оның меншік иесіне немесе иеленушісіне арналған, осы мүлікке билік етуге, ал қажет болған жағдайларда оны пайдалануға тыйым салудан не мүлікті алып қоюдан және оны сақтауға беруден тұрады.
3. Тәркіленуге жататын мүлікті қарап-тексеру және сақтау тәртібі осы Кодекстің 221-бабында айқындалады.
4. Үкімді күдіктінің, айыпталушының немесе олардың әрекеттері үшін заң бойынша материалдық жауаптылықта болатын, Қазақстан Республикасының қаржы ұйымдарының қызметін реттейтін заңдарында көзделген жағдайларда міндеттемелері қайта құрылымдануға жататын, қаржы ұйымдарының кредиторлары болып табылатын тұлғалардың мүлкіне тыйым салу туралы азаматтық талап қою бөлігінде орындауды қамтамасыз ету шараларын қолдануға жол берілмейді.
5. Азаматтық талапкер немесе прокурор қойған азаматтық талапты қамтамасыз ету үшін тыйым салынған мүліктің құны талап қоюдың бағасынан аса алмайды.
6. Бірнеше күдіктінің, айыпталушының немесе олардың әрекеттері үшін жауап беретін тұлғалардың әрқайсысынан тыйым салынуға жататын мүліктің үлесін айқындау кезінде күдіктіге, айыпталушыға таңылған қылмыстық құқық бұзушылықты жасауға қатысу дәрежесі ескеріледі, алайда, егер басқаларда мүлік болмаса, азаматтық талап қоюды қамтамасыз ету үшін тиісті тұлғалардың бірінің мүлкіне де толық мөлшерде тыйым салынуы мүмкін.
7. Бірінші қажеттілік заттары болып табылатын мүлікке және тізбесі Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын өзге де заттарға тыйым салынбайды.
Мүлікке билік етуге уақытша шектеу, мүлікпен мәмілелер және өзге де операциялар жасауға шектеулер белгілеуге, мемлекеттік бюджеттен және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді, табиғи немесе техногендік сипаттағы төтенше жағдай салдарынан зардап шеккен жеке тұлғаларға материалдық залалдың өтелуін және мемлекеттік бюджеттен және (немесе) қайырымдылық ұйымдарынан қажетті көмектің берілуін, Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 112-бабы 4-тармағының 1) тармақшасына сәйкес берілетін материалдық көмекті, тұрғын үй төлемдерін, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін біржолғы зейнетақы төлемдерін, нысаналы активтерді, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім беру ақысын төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін нысаналы жинақ төлемдерін, тұрғын үй жағдайларын жақсартуға білім беру жинақтау салымынан төленетін жинақ төлемдерін немесе білім беру жинақтау сақтандыруы шарты бойынша сақтандыру төлемдерін есепке жатқызуға арналған банктік шоттардағы ақшаға және (немесе) электрондық ақшаның электрондық әмияндарындағы электрондық ақшаға, жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғынжайға ақы төлеуге арналған субсидиялар түрінде алынған, ұлттық даму институты мәртебесіне ие тұрғын үй құрылысы жинақ банкіндегі банктік шоттағы ақшаға, банктік шоттардағы әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының активтеріне және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне бөлінетін трансферттерге, тұрғын үй төлемдерін, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану есебінен жинақталған тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы түріндегі, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім беру ақысын төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін нысаналы жинақ төлемдері түріндегі, тұрғын үй жағдайларын жақсартуға білім беру жинақтау салымынан төленетін жинақ төлемдері немесе білім беру жинақтау сақтандыруы шарты бойынша сақтандыру төлемдері түріндегі тұрғын үй құрылысы жинақ банктеріндегі банктік шоттардағы ақшаға, берілген банктік қарыздар бойынша кепіл нысанасы болып табылатын тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы түріндегі тұрғын үй құрылысы жинақ банктеріндегі банктік шоттардағы ақшаға, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізу мақсатында жасалатын шарттар бойынша міндеттемелердің орындалмауы туралы істер бойынша сот шешімдері негізінде өндіріп алуларды қоспағанда, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге арналған жинақтар түріндегі екінші деңгейдегі банктердегі банктік шоттардағы ақшаға, нотариус депозиті шарттарында енгізілген, "Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасалған білім беру жинақтау салымы туралы шарт бойынша банктік шоттардағы ақшаға, уәкілетті мемлекеттік орган лицензиядан айырған және (немесе) мәжбүрлеп тарату (қызметін мәжбүрлеп тоқтату) процесінде тұрған банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының ақшасына, жеке сот орындаушысының өндіріп алушылардың пайдасына өндіріп алынған сомаларды сақтауға арналған ағымдағы шотындағы ақшаға, инвестициялық портфельді басқарушының орындалмаған міндеттемелері бойынша, осы инвестициялық портфельді басқарушы клиенттерінің ақшасын есепке алуға арналған банктік шоттардағы ақшаға, номиналды ұстаушы функцияларын жүзеге асыратын тұлғаның орындалмаған міндеттемелері бойынша, осы номиналды ұстаушы функцияларын жүзеге асыратын тұлға клиенттерінің ақшасын есепке алуға арналған банктік шоттардағы ақшаға, қаржы құралдарымен жасалатын мәмілелер бойынша клирингтік қызметті жүзеге асыру үшін банктік шоттардағы ақшаға, сондай-ақ әлеуетті өнім берушілердің немесе өнім берушілердің "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік сатып алуға қатысу шеңберінде қамтамасыз ету шаралары ретінде ақша енгізуіне арналған мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың банктік шотындағы ақшаға, "Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сот арқылы банкроттық рәсімінде ақшаны есепке жатқызу үшін қаржы басқарушысының ағымдағы шотындағы ақшаға тыйым салуға жол берілмейді.
Осы бөліктің екінші абзацының ережесі атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган, оның аумақтық органдары лицензиясының қолданысы тоқтатыла тұрған немесе тоқтатылған не лицензиясынан айырылған жеке сот орындаушысының өндіріп алушылардың пайдасына өндіріп алынған сомаларды сақтауға арналған көрсетілген ағымдағы шоты бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру бойынша қоятын шектеулерге қолданылмайды.
8. Егер басқа тұлғалардағы мүлік күдіктінің, айыпталушының қылмыстық әрекеттері нәтижесінде алынған не қылмыстық құқық бұзушылық қаруы немесе құралы ретінде не экстремизмді, терроризмді, ұйымдасқан топты, заңсыз әскери құралымды, қылмыстық қоғамдастықты қаржыландыру үшін пайдаланылған немесе пайдалануға арналған деп пайымдауға жеткілікті негіздер болса, ол мүлікке тыйым салу қолданылуы мүмкін.
9. Тыйым салынуға жататын мүлік жасырылуы немесе жоғалтылуы мүмкін деп пайымдауға негіз болған жағдайларда сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам прокурорды және сотты жиырма төрт сағат ішінде хабардар ете отырып, он тәуліктен аспайтын мерзімге мүлікпен мәмілелер және өзге де операциялар жасауды тоқтата тұруға не мүлікті алып қоюға құқылы.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам мүлікпен мәмілелер және өзге де операциялар жасауды тоқтата тұру не оны алып қою мерзімі өткенге дейін қаржы ұйымдарын және мүлікті және (немесе) мүлікке құқықтарды тіркеу саласындағы уәкілетті органдарды немесе өзге де уәкілетті органдар мен ұйымдарды бұл туралы хабардар етіп, осы Кодекстің 162-бабында көзделген тәртіппен сот алдында мүлікке тыйым салуды қолдану туралы өтінішхатты қозғау туралы қаулы шығаруға не мүлікпен мәмілелер және өзге де операциялар жасауды тоқтата тұрудың күшін жоюға және (немесе) оны қайтаруға міндетті.
10. Мүлікке билік етуге уақытша шектеу белгіленген, мүлікпен мәмілелер және өзге де операциялар жасау тоқтатыла тұрған мерзім өткен және тергеу сотының мүлікке тыйым салуды қолдануды санкциялауы туралы қаулы келіп түспеген жағдайларда, қаржы ұйымдары және мүлікті және (немесе) мүлікке құқықтарды тіркеу саласындағы уәкілетті органдар сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамды дереу хабардар ете отырып, мүлікке билік етуге уақытша шектеуді, мүлікпен мәмілелер және өзге де операциялар жасауды тоқтата тұруды өз бетінше алып тастауға міндетті.
ҚР Конституциялық Сотының 04.12.2025 № 76-НҚ нормативтік қаулысымен осы кодекстің 56-бабы екінші бөлігі бірінші абзацының, 161, 162 және 163-баптарының ережелері екі немесе одан көп адамның меншігіндегі мүлікке тыйым салу рәсімін жүзеге асыру үшін қолданылған кезде олар төмендегідей түсіндірмеде ҚР Конституциясына сәйкес келеді деп танылды:1) қаралып отырған қылмыстық-процестік нормалар үкімнің азаматтық талап қою, басқа да мүліктік өндіріп алулар немесе мүлікті ықтимал тәркілеу бөлігінде орындалуын қамтамасыз ету мақсатында ғана мүлікке тыйым салуды қолдану мүмкіндігіне жол береді;
2) сотқа келіп түскен материалдарда ортақ меншік құқығындағы мүліктің күдікті (айыпталушы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінде тікелей аталған өзге де тұлға) деп танылмаған адамға тиесілігі туралы мәліметтердің болуы заңды және негізді шешім қабылдау үшін едәуір маңызы бар елеулі мән-жай және, тиісінше, сот отырысында тең меншік иесіне сотқа өз ұстанымын айту мүмкіндігін бере отырып, осындай мүлікке тыйым салуды қолдану мәселесін зерттеуге негіз болып табылады.
Ескерту. 161-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 26.07.2016 № 12-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.07.2017 № 88-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.12.2017 № 114-VI (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 21.12.2017 № 118-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.12.2018 № 208-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.12.2019 № 284-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 26.06.2020 № 349-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2020 № 397-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 399-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 02.07.2021 № 62-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.11.2021 № 72-VII (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі); 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2022 № 177-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2022 № 179-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.04.2023 № 223-VII (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі); 16.11.2023 № 40-VIII (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі); 16.05.2024 № 82-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 22.11.2024 № 138-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.01.2025 № 153-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.03.2025 № 172-VIII (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі); 30.06.2025 № 204-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.06.2025 № 205-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.07.2025 № 210-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
162-бап. Мүлікке тыйым салу тәртібі
1. Мүлікке тыйым салу қажет болған кезде сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам сот алдында күдіктінің немесе олардың әрекеттері үшін заң бойынша материалдық жауаптылықта болатын тұлғалардың мүлкіне тыйым салу туралы өтінішхатты қозғау туралы қаулы шығарады.
Қаулыға өтінішхаттың негізділігін растайтын, қылмыстық істің куәландырылған көшірмелері қоса беріледі.
Қаулыда қылмыстық құқық бұзушылықтың қысқаша фабуласы, саралануы, күдікті, айыпталушы немесе қылмыстық құқық бұзушылықпен немесе есі дұрыс емес адамның Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде тыйым салынған іс-әрекетімен келтірілген зиян үшін жауапты тұлға туралы деректер, қойылған талап болған кезде тыйым салу ұсынылатын мүліктің құны, оның тұрған жері және мүлікке тыйым салу қажеттігі туралы түйіндер қамтылады.
2. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның мүлікке тыйым салуды қолдану жөнінде өтінішхат қозғау туралы қаулысы және оның материалдары тыйым салынуға жататын мүлік анықталған кезден бастап қырық сегіз сағаттан кешіктірілмей тергеу судьясына ұсынылуға тиіс. Қаулының көшірмесі бір мезгілде прокурорға жіберіледі.
3. Алып тасталды - ҚР 21.12.2017 № 118-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).4. Алып тасталды - ҚР 21.12.2017 № 118-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
5. Алып тасталды - ҚР 21.12.2017 № 118-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
ҚР Конституциялық Сотының 04.12.2025 № 76-НҚ нормативтік қаулысымен осы кодекстің 56-бабы екінші бөлігі бірінші абзацының, 161, 162 және 163-баптарының ережелері екі немесе одан көп адамның меншігіндегі мүлікке тыйым салу рәсімін жүзеге асыру үшін қолданылған кезде олар төмендегідей түсіндірмеде ҚР Конституциясына сәйкес келеді деп танылды:
1) қаралып отырған қылмыстық-процестік нормалар үкімнің азаматтық талап қою, басқа да мүліктік өндіріп алулар немесе мүлікті ықтимал тәркілеу бөлігінде орындалуын қамтамасыз ету мақсатында ғана мүлікке тыйым салуды қолдану мүмкіндігіне жол береді;
2) сотқа келіп түскен материалдарда ортақ меншік құқығындағы мүліктің күдікті (айыпталушы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінде тікелей аталған өзге де тұлға) деп танылмаған адамға тиесілігі туралы мәліметтердің болуы заңды және негізді шешім қабылдау үшін едәуір маңызы бар елеулі мән-жай және, тиісінше, сот отырысында тең меншік иесіне сотқа өз ұстанымын айту мүмкіндігін бере отырып, осындай мүлікке тыйым салуды қолдану мәселесін зерттеуге негіз болып табылады.
Ескерту. 162-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 21.12.2017 № 118-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
163-бап. Мүлікке тыйым салуды санкциялау тәртібі
1. Мүлікке тыйым салуды санкциялау құқығы –тергеу судьясына, ал осы Кодекстің 107-бабы жетінші бөлігінің 2) және 3) тармақтарында көзделген жағдайларда облыстық және оған теңестірілген соттың судьяларына тиесілі.
2. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның мүлікке тыйым салуды қолдану жөнінде өтінішхат қозғау туралы қаулысы материалдар сотқа келіп түскен кезден бастап жиырма төрт сағат ішінде сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілген жер бойынша не күдіктінің, айыпталушының мүлкі табылған жер бойынша тергеу судьясының жеке-дара қарауына жатады.
3. Алып тасталды - ҚР 21.12.2017 № 118-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).4. Тергеу судьясы мүлікке тыйым салуды санкциялау туралы өтінішхатты қарап, мүлікке тыйым салуды санкциялау туралы не санкциялаудан бас тарту туралы қаулы шығарады.
Мүліктің ықтимал тәркіленуін қамтамасыз ету үшін мүлікке тыйым салу туралы мәселені шешу кезінде тергеу судьясы мүліктің күдіктіге, айыпталушыға тиесілі екенін және оның қылмыстық құқық бұзушылық жасау кезінде пайдаланылғанын не қылмыстық құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынғанын куәландыратын нақты мән-жайларды көрсетуге тиіс.
Мүліктің қылмыстық жолмен алынғаны туралы анық деректер бар болған, бірақ бұл мүлікті анықтау мүмкін болмаған кезде тергеу судьясы оған құны бойынша баламалы басқа мүлікке тыйым салуға құқылы.
5. Мүлікке тыйым салу туралы қаулыда тыйым салынуға жататын мүлік, сотқа дейінгі іс жүргізу барысында оның қаншалықты анықталғаны, сондай-ақ азаматтық талап қоюды қамтамасыз етуде тыйым салу жеткілікті болатын мүліктің құны, іс бойынша түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мүлікті сақтау орны туралы мәлімет көрсетілуге тиіс.
Қажет болған кезде мүлікке тыйым салу туралы қаулы орындалуы үшін тиісті уәкілетті органға немесе ұйымға жіберілуі мүмкін.
6. Тергеу судьясының мүлікке тыйым салу туралы өтінішхатты қарау нәтижелері бойынша шығарылған қаулысы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамға, күдіктіге немесе қылмыстық құқық бұзушылықпен немесе есі дұрыс емес адамның Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде тыйым салынған іс-әрекетімен келтірілген зиян үшін жауаптылықта болатын тұлғаға, сондай-ақ прокурорға, азаматтық талапкерге, жәбірленушіге жіберіледі.
7. Судьяның мүлікке тыйым салуды қолдану туралы қаулысын сот орындаушысы орындайды.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам тергеу судьясының мүлікке тыйым салуды қолдануды санкциялаудан бас тарту туралы қаулысы заңды күшіне енген күннен кейін он тәулік ішінде мүлікке билік етуге белгіленген шектеуді алып тастайды, мүлікпен мәмілелер және өзге де операциялар жасауды тоқтата тұрудың күшін жояды және (немесе) алып қойылған мүлікті иесіне қайтарады.
8. Сот орындаушысы судьяның мүлікке тыйым салу туралы қаулысын орындау үшін мүліктің бар-жоғын тексереді, оның тізімдемесін жасайды, билігінде осы мүлік жатқан тұлғаларға мүлікті талан-таражға салуға немесе онымен өзге де әрекеттер жасауға жол берілмейтіні туралы жазбаша түрде ескертеді не тыйым салынуы мүмкін мүліктің жоқ екені туралы акт жасайды.
9. Мүлікке тыйым салған кезде мүліктің құнын айқындайтын маман қатысуы мүмкін.
10. Мүліктің меншік иесі немесе иеленушісі қандай нәрселерге бірінші кезекте тыйым салу қажеттігін ұсынуға құқылы.
11. Тыйым салынған мүлік алып қойылуы не тергеу судьясының қалауы бойынша жергілікті әкімшіліктің, тұрғынжай-пайдалану ұйымының өкіліне, осы мүліктің иеленушісіне немесе өзге де тұлғаға сақтауға берілуі мүмкін, оларға мүліктің сақталуына жауапты екендігі ескертілуге тиіс, бұл туралы қолхат алынады.
12. Екінші деңгейдегі банктердегі, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарындағы және кредиттік мекемелердегі шоттар мен салымдардағы ақшаға және өзге де құндылықтарға тыйым салу кезінде осы шот бойынша шығыс операциялары тыйым салынған қаражат шегінде тоқтатылады.
13. Мүлікке тыйым салуға қажеттілік жойылған кезде бұл шараның күші жойылады. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезеңінде тергеу судьясы санкциялаған мүлікке тыйым салудың күшін жою қылмыстық қудалау органының уәжді қаулысы негізінде прокурордың келісімімен жүргізіледі.
ҚР Конституциялық Сотының 04.12.2025 № 76-НҚ нормативтік қаулысымен осы кодекстің 56-бабы екінші бөлігі бірінші абзацының, 161, 162 және 163-баптарының ережелері екі немесе одан көп адамның меншігіндегі мүлікке тыйым салу рәсімін жүзеге асыру үшін қолданылған кезде олар төмендегідей түсіндірмеде ҚР Конституциясына сәйкес келеді деп танылды:1) қаралып отырған қылмыстық-процестік нормалар үкімнің азаматтық талап қою, басқа да мүліктік өндіріп алулар немесе мүлікті ықтимал тәркілеу бөлігінде орындалуын қамтамасыз ету мақсатында ғана мүлікке тыйым салуды қолдану мүмкіндігіне жол береді;
2) сотқа келіп түскен материалдарда ортақ меншік құқығындағы мүліктің күдікті (айыпталушы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінде тікелей аталған өзге де тұлға) деп танылмаған адамға тиесілігі туралы мәліметтердің болуы заңды және негізді шешім қабылдау үшін едәуір маңызы бар елеулі мән-жай және, тиісінше, сот отырысында тең меншік иесіне сотқа өз ұстанымын айту мүмкіндігін бере отырып, осындай мүлікке тыйым салуды қолдану мәселесін зерттеуге негіз болып табылады.
Ескерту. 163-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 21.12.2017 № 118-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.07.2018 № 180-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 399-VI (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.07.2021 № 62-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
164-бап. Тергеу судьясының мүлікке тыйым салуды санкциялау не санкциялаудан бас тарту туралы қаулысын прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қарау және оған шағым жасау
Ескерту. 164-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 11.07.2017 № 91-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Тергеу судьясының күдіктінің, айыпталушының, оның әрекеттері үшін заң бойынша материалдық жауаптылықта болатын тұлғаның мүлкіне тыйым салуды санкциялау немесе одан бас тарту туралы қаулысына осы Кодекстің 107-бабында көзделген тәртіппен шағым жасалуы, сондай-ақ ол прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қаралуы мүмкін.
2. Тергеу судьясының мүлікке тыйым салуды санкциялаудан бас тарту туралы қаулысының күші жойылған жағдайда, облыстық немесе оған теңестірілген соттың мүлікке тыйым салуды санкциялау туралы мәселені қарауы осы Кодекстің 107-бабында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
Ескерту. 164-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 11.07.2017 № 91-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.07.2018 № 180-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.165-бап. Жақындауға тыйым салу
1. Жақындауға тыйым салу жәбірленушіні және іске қатысатын өзге адамдарды қорғау мақсатында күдіктінің, айыпталушының, сотталушының оларды іздестіруін, олардың ізіне түсуін, оларға баруын, олармен телефон арқылы сөйлесуін және өзге де тәсілдермен қарым-қатынас жасауын шектеуден тұрады.
Жақындауға тыйым салуды тергеу судьясы санкциялайды не оны сот қолданады.
2. Отбасына және кәмелетке толмағандарға қарсы күш қолданумен немесе оны қолданамын деп қорқытумен байланысты қылмыстық құқық бұзушылықтың нақты қаупі болған не оны күдікті, айыпталушы жасаған кезде сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам жәбірленушінің немесе қорғалуға жататын өзге адамның жазбаша арызы бойынша сот алдында жақындауға тыйым салуды санкциялау жөнінде өтінішхат қозғау туралы қаулы шығарады және оны сотқа жібереді.
Қаулыға қылмыстық істің жақындауға тыйым салуды қолдану қажеттігін растайтын материалдарының куәландырылған көшірмелері қоса беріледі.
Қаулының көшірмесі бір мезгілде прокурорға жіберіледі.
3. Алып тасталды - ҚР 21.12.2017 № 118-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).4. Жақындауға тыйым салуды санкциялау туралы өтінішхатты тергеу судьясы өтінішхат сотқа келіп түскен кезден бастап жиырма төрт сағат ішінде жеке-дара қарайды.
5. Тергеу судьясы өтінішхатты және істің ұсынылған материалдарын қарап шығып, жақындауға тыйым салуды санкциялау не санкциялаудан бас тарту туралы қаулы шығарады. Жақындауға тыйым салуды санкциялау немесе одан бас тарту туралы қаулыға осы Кодекстің 107-бабында көзделген тәртіппен шағым жасалуы, ол прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қаралуы мүмкін.
6. Жақындауға тыйым салу туралы қаулыда осы процестік мәжбүрлеу шарасын қолданудың негіздері және жақындауға тыйым салу түрлері, сондай-ақ оның сақталуын бақылау жүктелетін орган көрсетілуге тиіс. Жақындауға тыйым салу туралы қаулының көшірмесі прокурорға, күдіктіге, айыпталушыға, қорғаушыға, қорғалатын адамға және бақылауды жүзеге асыратын органға тапсырылады.
7. Жақындауға тыйым салу бұзылған кезде күдіктіге, айыпталушыға осы Кодекстің 160-бабында көзделген тәртіппен ақшалай өндіріп алу қолданылуы, сондай-ақ бұлтартпау шарасы қолданылуы мүмкін.
8. Жақындауға тыйым салудың күшін жоюды осы шараға қажеттілік жойылған кезде – прокурордың келісуі бойынша қылмыстық қудалау органының уәжді қаулысымен, не қылмыстық істі сотта қарау барысында сот жүзеге асырады.
Ескерту. 165-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 11.07.2017 № 91-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.12.2017 № 118-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.07.2018 № 180-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2021 № 88-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.5-БӨЛІМ. ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСТЕГІ МҮЛІКТІК МӘСЕЛЕЛЕР
20-тарау. ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСТЕГІ АЗАМАТТЫҚ ТАЛАП ҚОЮ
166-бап. Қылмыстық процесте қаралатын азаматтық талап қоюлар
1. Қылмыстық процесте жеке және заңды тұлғалардың тікелей қылмыстық құқық бұзушылықпен немесе есі дұрыс емес адамның қоғамға қауіпті іс-әрекетімен келтірілген мүліктік және моральдық зиянды өтеу туралы, сондай-ақ жәбірленушіні жерлеуге, емдеуге кеткен шығыстарды, оған сақтандыру өтемі, жәрдемақы немесе зейнетақы ретінде төленген сомаларды, сондай-ақ өкілдік етуге жұмсалған шығыстарға қоса, анықтау, алдын ала тергеу ісін жүргізуге және сотқа қатысуға байланысты шеккен шығыстарды өтеу туралы азаматтық талап қоюлары қаралады.
2. Қылмыстық іс бойынша берілген азаматтық талап қоюды дәлелдеу осы Кодексте белгіленген қағидалар бойынша жүргізіледі.
Егер азаматтық талап қоюға байланысты туындаған құқықтық қатынастар осы Кодексте реттелмеген болса, онда азаматтық іс жүргізу заңнамасының нормалары осы Кодекске қайшы келмейтін бөлігінде қолданылады.
3. Егер, осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген тұлғалар қылмыстық іс бойынша іс жүргізу барысында азаматтық талап қоймаса немесе оны қойғаннан кейін кері қайтарып алса немесе оны сот қараусыз қалдырса, олар оны азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қоюға құқылы. Талапкердің азаматтық талап қоюды кері қайтарып алу туралы немесе оны қараусыз қалдыру туралы арызын сот осы Кодекске және азаматтық іс жүргізу заңнамасының нормаларына сәйкес шешеді.
4. Азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қабылданған азаматтық талап қою бойынша шешім қылмыстық сот ісін жүргізу барысында нақ осы талапты нақ осы адамдарға нақ осы негіздер бойынша қою үшін кедергі келтіретін негіз болып табылады.
1. Азаматтық талапты қылмыстық құқық бұзушылықпен немесе есі дұрыс емес адамның қылмыстық жазаланатын іс-әрекетімен тікелей мүліктік немесе моральдық зиян келтірілген тұлға не оның өкілі сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған кезден бастап сот тергеуі аяқталғанға дейін қоюы мүмкін.
Осы Кодекстің 58-бабының екінші бөлігінде көзделген жағдайларда, прокурор азаматтық талап қоюға құқылы.
Салдарында адам қайтыс болған қылмыстар туралы істер бойынша азаматтық талапты қайтыс болған адамның осы Кодексте көзделген жәбірленуші құқықтарын жүзеге асыратын жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) қоя алады.
2. Азаматтық талап күдіктіге, айыпталушыға, сотталушыға немесе оның әрекеттері немесе есі дұрыс емес адамның әрекеттері үшін материалдық жауаптылықта болатын тұлғаларға қойылады.
Азаматтық талап қойған тұлға – азаматтық талапкер деп, өзіне талап қойылған тұлға азаматтық жауапкер деп аталады. Көрсетілген тұлғалар қылмыстық іс бойынша іс жүргізу барысында процестік құқықтарды пайдаланады және осы Кодексте азаматтық талапкер мен тиісінше азаматтық жауапкер үшін белгіленген процестік міндеттерді көтереді.
3. Талапкер қылмыстық істе азаматтық талап қойған кезде мемлекеттік баж төлеуден босатылады.
4. Азаматтық талап қоюдың соттылығы ол берілген қылмыстық істің соттылығымен айқындалады және қылмыстық іспен бірге қаралады.
5. Азаматтық талап қою азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қаралатын талап қоюларға қойылатын талаптарға сәйкес жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында қойылады.
6. Күдікті адамның анықталмауы қылмыстық істе азаматтық талап қоюға кедергі болмайды.
7. Азаматтық талап қоюдың негіздерін және талап қою талабының мөлшерін нақтылау қажет болған кезде тұлға талап қоюды толықтыруға құқылы.
8. Қылмыстық қудалаудан артықшылықтарының немесе иммунитетінің болуына байланысты күдікті деп танылуға жатпайтын адамға азаматтық талап азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қойылуы мүмкін.
Ескерту. 167-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 31.10.2015 № 378-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).168-бап. Залалды өтеудің негіздері, шарттары, көлеміжәне тәсілі туралы қағидаларды қолдану
1. Қылмыстық істе қойылған азаматтық талапты қарау кезінде залалды өтеу негіздері, шарттары, көлемі мен тәсілі азаматтық, еңбек және басқа да заңнама нормаларына сәйкес айқындалады.
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Кодексте қамтылғаннан өзгеше қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
169-бап. Талап арызды қайтару, талап қоюдан бас тарту
1. Азаматтық талапкер қылмыстық процестің кез келген сатысында талап қою арызын қайтарып алу туралы мәлімдеуге құқылы. Талап қою арызын қайтарып алу туралы мәлімдеме жазбаша түрде не электрондық құжат нысанында беріледі және қылмыстық іске қоса тігіледі. Егер талап қою арызын қайтарып алу туралы мәлімдеме сот отырысында мәлімделсе, онда ол сот отырысының хаттамасына енгізіледі.
2. Азаматтық талапкердің қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу сатысында талап қоюдан бас тарту туралы арызы жазбаша түрде не электрондық құжат нысанында беріледі және қылмыстық іс материалдарына қоса тігіледі. Егер азаматтық талапкердің талап қоюдан бас тартуы сот отырысында білдірілсе, онда ол сот отырысының хаттамасына енгізіледі.
3. Сот талап қоюдан бас тартуды сот талқылауының кез келген сәтінде, бірақ сот үкімді қаулы ету үшін кеңесу бөлмесіне кеткенге дейін қабылдайды.
Сот талап қоюдан бас тартуды қабылдағанға дейін азаматтық талапкерге талап қоюдан бас тартуды қабылдау ол бойынша іс жүргізуді тоқтатуға әкеп соғатынын және нақ осы тараптар арасындағы нақ осы нысана туралы дау бойынша және нақ осы негіздер бойынша, оның ішінде азаматтық сот ісін жүргізу тәртібінде, сотқа қайталап жүгінуді болғызбайтынын түсіндіруге міндетті.
4. Егер азаматтық талапкердің талап қоюдан бас тартуы заңға қайшы болса немесе кімнің болса да құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін бұзатын болса, сот бұл әрекетті қабылдамайды.
Ескерту. 169-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 31.10.2015 № 378-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).170-бап. Азаматтық талап қою бойынша шешімдер
1. Сот қылмыстық істегі азаматтық талап қоюды қарау қорытындылары бойынша:
1) азаматтық талап қоюды толық немесе ішінара қанағаттандыру туралы;
2) азаматтық талап қоюды қанағаттандырудан бас тарту туралы;
3) азаматтық талапкердің азаматтық талап қоюды қанағаттандыру құқығын тану және оның мөлшері туралы мәселені азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен соттың қарауына беру туралы;
4) азаматтық талап қоюдан бас тартуды қабылдау және ол бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы;
5) азаматтық талап қою бойынша татуласу келісімін немесе дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді бекіту және ол бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы;
6) азаматтық талап қоюды қараусыз қалдыру туралы шешімдердің бірін шығарады.
Іс бойынша іс жүргізуді осы Кодекстің 35-бабы бірінші бөлігінің 3), 4) тармақтарында көрсетілген негіздер бойынша тоқтату туралы қаулы шығарған кезде сот азаматтық талап қоюды толық қанағаттандырады.
2. Сот айыптау үкімін қаулы еткен немесе есі дұрыс емес адамға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы қаулы шығарған кезде азаматтық талап қоюды толық немесе ішінара қанағаттандырады не оны қанағаттандырудан бас тартады.
Азаматтық талап қою толық немесе ішінара қанағаттандырылған жағдайларда сот үкімде оны азаматтық талап қою бөлігінде ерікті түрде орындау үшін мерзімді белгілейді және көрсетеді. Соттың үкімі ерікті түрде орындау үшін берілген мерзім ішінде азаматтық талап қою бөлігінде орындалмаған жағдайда, сот үкімді азаматтық іс жүргізу заңнамасында белгіленген тәртіппен азаматтық талап қою бөлігінде мәжбүрлеп орындату үшін жібереді. Мәжбүрлеп орындату Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
3. Сот қылмыстық істі талқылауды кейінге қалдырмай азаматтық талап қою бойынша егжей-тегжейлі есеп-қисап жүргізу мүмкін болмаған кезде азаматтық талапкердің талап қоюды қанағаттандыру құқығын тани алады және оның мөлшері туралы мәселені азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен соттың қарауына бере алады.
4. Сот ақтау үкімін қаулы еткен, сол сияқты есі дұрыс емес адамға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану жөніндегі істі тоқтату туралы қаулы шығарған кезде, егер қылмыстық құқық бұзушылық оқиғасы немесе Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде тыйым салынған іс-әрекет анықталмаса не сотталушының немесе өзіне қатысты медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы мәселе шешілген адамның қылмыстық құқық бұзушылық немесе Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде тыйым салынған іс-әрекетті жасауға қатысқаны дәлелденбесе не кінәсі анықталмаса, азаматтық талап қоюды қанағаттандырудан бас тартады.
5. Сот татуласу келісімін бекіткен, медиация тәртібімен татуласуға қол жеткізілген не азаматтық талап қоюдан бас тартуды қабылдаған жағдайларда, сот азаматтық талап қою бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы шешім қабылдайды.
6. Сот талап қоюды:
1) сотталушы қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты ақталған;
2) жасаған іс-әрекетінің сипатына және өзінің жай-күйіне қарай қоғам үшін қауіп төндірмейтін және мәжбүрлеп емдеуге мұқтаж емес есі дұрыс емес адамға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдануға негіздер болмауына байланысты іс тоқтатылған;
3) іс осы Кодекстің 35-бабы бірінші бөлігінің 5), 7), 8) тармақтарында көрсетілген негіздер бойынша тоқтатылған;
4) азаматтық талапкердің бұл туралы өтінішхаты болған жағдайларда, қараусыз қалдырады.
Азаматтық талап қоюды заңда көзделмеген өзге негіздер бойынша қараусыз қалдыруға жол берілмейді.
171-бап. Азаматтық талап қоюды қамтамасыз ету
Азаматтық талапкер азаматтық талап қойған кезде қылмыстық қудалау органы оны қамтамасыз ету шараларын қолдануға міндетті. Егер мұндай шаралар қолданылмаған болса, сот басты сот талқылауына дайындалу кезінде осы Кодекстің 325-бабына сәйкес қылмыстық қудалау органын оларды қолдануға міндеттейді. Азаматтық талап сот талқылауы сатысында қойылған кезде сот азаматтық талап қоюды қамтамасыз ету туралы қаулы шығарады.
172-бап. Соттың үкімін және қаулысын азаматтық талап қою бөлігінде орындау
Сот азаматтық талап қоюды толық көлемде немесе ішінара қанағаттандыру туралы шешім қабылдаған кезде соттың үкімін, қаулысын азаматтық талап қою бөлігінде ерікті түрде орындау үшін мерзім белгілеуге құқылы, бұл ретте азаматтық іс жүргізу заңнамасында көзделген орындауды кейінге қалдыру және мерзімін ұзарту қағидалары қолданылуы мүмкін. Сот актісін азаматтық талап қою бөлігінде мәжбүрлеп орындату Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасында көзделген тәртіппен жүргізіледі.
173-бап. Жәбірленушілерге өтемақы қоры
1. Жәбірленушілердің Қазақстан Республикасының Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы заңнамасында көзделген жағдайларда және тәртіппен өтемақы алуға құқығы бар.
2. Мәжбүрлі төлемді сот Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 98-1 және 98-2-баптарына сәйкес өндіріп алады.
3. Өтемақы ретінде төленген ақшаны өтеу жөніндегі міндетті сот "Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мөлшерде:
1) кінәлі адамға;
2) қылмыс жасауда кінәлі деп танылған кәмелетке толмаған адамның заңды өкілдеріне;
3) жеке тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылығымен келтірілген зиян үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес материалдық жауаптылықта болатын заңды тұлғаға жүктейді.
4. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді осы Кодекстің 35-бабы бірінші бөлігінің 3), 4) және 12) тармақтарында, 36-бабының бірінші бөлігінде көзделген негіздер бойынша тоқтату туралы қаулы осы баптың үшінші бөлігінде аталған тұлғалардан "Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мөлшерде Жәбірленушілерге өтемақы қорына азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен ақшаны өндіріп алу үшін негіз болып табылады.
5. Жәбірленушілерге өтемақы қорынан жәбірленушілерге төленген ақша олардың өтемақы алу үшін анық емес мәліметтерді ұсыну фактісі анықталған, сондай-ақ қылмыстық құқық бұзушылықтар "Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабында көзделмеген құрамдарға қайта сараланған және қылмыстық құқық бұзушылық оқиғасының болмауынан қылмыстық іс тоқтатылған не соттың ақтау үкімі заңды күшіне енген жағдайларда, жәбірленушіден өндіріп алуға жатады.
Ескерту. 173-бап жаңа редакцияда - ҚР 10.01.2018 № 132-VI Заңымен (01.07.2018 бастап қолданысқа енгізіледі). 21-тарау. ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС БОЙЫНША ІС ЖҮРГІЗУ БАРЫСЫНДА
ЕҢБЕККЕ АҚЫ ТӨЛЕУ ЖӘНЕ ШЕККЕН ШЫҒЫСТАРДЫ ӨТЕУ
174-бап. Заң көмегіне ақы төлеу
1. Қылмыстық іс бойынша іс жүргізуге қатысатын тұлғалардың қорғаушысы мен өкілінің еңбегіне ақы төлеу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
2. Осы Кодексте көзделген жағдайларда, адвокат сотқа дейінгі іс жүргізуге не сотқа клиентпен шарт жасаспай, тағайындау бойынша қорғаушы ретінде не жәбірленушінің (жекеше айыптаушының) өкілі ретінде қатысқанда адвокаттардың еңбегіне ақы төлеу жөніндегі шығыстар бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
3. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген жағдайларда, қылмыстық процесті жүргізетін орган бұған негіздер болған кезде күдіктіні, айыпталушыны, сотталушыны заң көмегіне ақы төлеуден толық немесе ішінара босатуға құқылы, бұл туралы уәжді қаулы шығарады.
Ескерту. 174-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2017 № 84-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).175-бап. Аудармашының, маманның, сарапшының орындаған жұмысы үшін сыйақы алуы
1. Қылмыстық іс бойынша іс жүргізу кезінде тиісті жұмысты орындайтын аудармашы, маман, сарапшы:
1) егер жұмысты қызметтік тапсырма тәртібімен орындаса – жұмыс орны бойынша жалақы;
2) егер орындалған жұмыс олардың лауазымдық міндеттерінің аясына кірмесе және оны жұмыстан тыс уақытта орындаса – Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген мөлшерлемелер шегінде бюджет қаражаты есебінен сыйақы;
3) егер жұмысты тараппен уағдаластық бойынша орындаса – осы тараппен жасалған шартта айқындалған мөлшерде сыйақы алады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінің 2) тармағында көзделген жағдайда, сыйақы аудармашы, маман, сарапшы шотты бергеннен кейін шығарылған қылмыстық процесті жүргізетін органның қаулысы негізінде төленеді.
176-бап. Қылмыстық сот ісін жүргізуге қатысатын тұлғалардың шеккен шығыстарын өтеу
1. Қылмыстық сот ісін жүргізу тәртібімен жәбірленушінің, азаматтық талапкердің, олардың заңды өкілдерінің, қылмыстық процесті жүргізетін органның тағайындауы бойынша қорғаушы немесе жәбірленушінің (жекеше айыптаушының) өкілі ретінде заң көмегін көрсететін адвокаттардың, осы Кодекстің 67-бабының үшінші бөлігінде және 76-бабының екінші бөлігінде көзделген жағдайларда куәгердің, аудармашының, маманның, сарапшының, куәнің, сотқа шақырылған, бірақ алқабилер алқасының құрамына іріктеп алынбаған алқабиге кандидаттың мынадай шығыстары:
1) қылмыстық процесті жүргізетін органның шақыртуы бойынша келуге байланысты шығыстары:
теміржол, су, автомобиль (таксиді қоспағанда) көлігімен және сол жерде бар басқа да көлік түрлерімен жол жүру құны, ал қылмыстық процесті жүргізетін органның келісімімен – әуе көлігімен жол жүру құны;
қызметтік іссапарларға ақы төлеу үшін қабылданған нормалар бойынша ұйым, жұмыс беруші осы шығыстарды өтемейтін жағдайда тұрғын үй-жайды жалдау құны;
2) қылмыстық процесті жүргізетін органның талабы бойынша бұл адамдардың тұрақты тұрғылықты жерінен тысқары жерде тұруы қажет болған кезде және тәуліктік ақыны ұйым, жұмыс беруші өтемейтін жағдайда – тәуліктік ақы;
3) орташа жалақысын ұйым, жұмыс беруші сақтайтыннан басқа жағдайларда, қылмыстық процесті жүргізетін органның талабы бойынша қылмыстық сот ісін жүргізуге қатысуға кеткен барлық уақыт үшін орташа жалақы;
4) тұлғаның қылмыстық процесті жүргізетін органның талабы бойынша тергеу ісіне немесе басқа да процестік әрекетке қатысуы салдарынан сапасын жоғалтқан немесе жоғалған мүлікті қалпына келтіруге немесе сатып алуға арналған шығыстар бюджет қаражаты есебінен өтелуге жатады.
2. Мемлекеттік органдар мен ұйымдар жәбірленушінің, оның заңды өкілінің, куәгердің, аудармашының, маманның, сарапшының, куәның, сотқа шақырылған, бірақ алқабилер алқасының құрамына іріктеп алынбаған алқабиге кандидаттың қылмыстық процесті жүргізетін органның талабы бойынша қылмыстық сот ісін жүргізуге қатысуға кеткен барлық уақыты ішіндегі орташа жалақысын сақтауға міндетті.
3. Маман мен сарапшыға оларға тиесілі химиялық реактивтер мен тапсырылған жұмысты орындау кезінде жұмсалған басқа да шығыс материалдарының құны да, сондай-ақ жұмысты орындау үшін олардың жабдықты, коммуналдық және басқа да қызметтерді пайдаланғаны үшін төлеген ақысы өтеледі.
4. Осы баптың бірінші бөлігінде санамаланған тұлғалардың қылмыстық іс бойынша іс жүргізу кезінде шеккен шығыстары олардың арызы бойынша қылмыстық процесті жүргізетін орган қаулысының негізінде, заңнамада белгіленген мөлшерде өтелуге жатады. Көрсетілген шығыстарды төлеу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды. Көрсетілген шығыстар осы баптың бірінші бөлігінде санамаланған тұлғаларды тергеу әрекетіне қатысуға не осы Кодексте көзделген басқа жағдайларда тартқан тараптың есебінен өтелуі де мүмкін. Осы баптың бірінші бөлігінің 1), 2) және 4) тармақтарында көзделген шығыстарды қылмыстық процесті жүргізетін орган заңнамаға сәйкес өз бастамасымен өтеуі мүмкін.
Ескерту. 176-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2017 № 84-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).22-тарау. ПРОЦЕСТІК ШЫҒЫНДАР
Процестік шығындар:
1) куәларға, жәбірленушілерге және олардың өкілдеріне, сарапшыларға, мамандарға, аудармашыларға, куәгерлерге осы Кодекстің 174, 175-баптарында көзделген тәртіппен төленетін сомалардан;
2) тұрақты жалақысы жоқ куәларға, жәбірленушілерге және олардың өкілдеріне, куәгерлерге оларды әдеттегі айналысатын кәсібінен қол үздіргені үшін төленетін сомалардан;
3) жұмыс істейтін және тұрақты жалақысы бар куәларға, жәбірленушілерге және олардың заңды өкілдеріне, куәгерлерге олардың қылмыстық процесті жүргізетін органға шақыртылуына байланысты кеткен барлық уақыты ішінде толық ала алмаған жалақысын өтеу үшін төленетін сомалардан;
4) сарапшыларға, аудармашыларға, мамандарға олардың сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында немесе сотта өз міндеттерін қызметтік тапсырма тәртібімен орындағаннан басқа жағдайларда орындағаны үшін төленетін сыйақыдан;
5) күдікті, айыпталушы немесе сотталушы заң көмегі көрсетілгені үшін ақы төлеуден босатылған не адвокат анықтауға, алдын ала тергеуге немесе сотқа тағайындау бойынша қатысқан жағдайда, қорғаушының заң көмегін көрсеткені үшін төленетін сомалардан;
6) жәбірленушінің өкілі (жекеше айыптаушы) заң көмегі көрсетілгені үшін ақы төлеуден босатылған жағдайда, ол төлейтін сомалардан;
7) заттай дәлелдемелерді сақтауға және жіберуге жұмсалған сомалардан;
8) сот сараптамасы органдарында сараптама жүргізуге жұмсалған сомалардан;
9) тергеуден немесе соттан жасырынған күдіктіні, айыпталушыны, сотталушыны іздестіруге байланысты жұмсалған, Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіпке сәйкес есептелген сомалардан;
10) күдікті, айыпталушы, сотталушы тергеушіге немесе сотқа дәлелді себепсіз келмеген жағдайда, оларды күштеп әкелуге байланысты, сондай-ақ сотталушының сотқа дәлелді себепсіз келмеуіне не оның мас күйде келуіне байланысты сот талқылауын кейінге қалдыруға байланысты жұмсалған сомалардан;
11) қылмыстық іс бойынша іс жүргізу кезінде шеккен өзге де шығыстардан құралады.
178-бап. Процестік шығындарды өндіріп алу
1. Процестік шығындарды өндіріп алу туралы мәселені сот қылмыстық іс бойынша түпкілікті шешім шығарған кезде қарайды. Егер іс бойынша іс жүргізу қылмыстық процестің сотқа дейінгі кезеңінде аяқталса, тергеу судьясы процестік шығындарды өндіріп алу туралы мәселені прокурордың ұсынуы бойынша қарайды. Сот процестік шығындарды күдіктіге, айыпталушыға, сотталған адамға жүктеуі мүмкін немесе олар мемлекет есебіне қабылданады.
2. Сот аудармашыға төленген сомаларды қоспағанда, процестік шығындарды сотталған адамнан өндіріп алуға құқылы. Процестік шығындар жазадан босатылған сотталған адамға да жүктелуі мүмкін.
3. Іске аудармашының қатысуына байланысты процестік шығындар мемлекет есебіне қабылданады. Егер аудармашы өз функцияларын қызметтік тапсырма тәртібінде орындаса, оның еңбегіне ақы төлеуді мемлекет аудармашы жұмыс істейтін ұйымға өтейді.
4. Күдіктінің, айыпталушының, сотталушының қорғаушысы немесе жәбірленушінің өкілі (жекеше айыптаушы) ретінде ақы төленбейтін білікті заң көмегін көрсеткен адвокаттың іске қатысуына байланысты процестік шығындар, осы Кодекстің 67-бабының үшінші бөлігінде және 76-бабының екінші бөлігінде көзделген жағдайларда, бюджет қаражатының есебіне жатқызылады.
5. Сотталушы ақталған немесе іс осы Кодекстің 35-бабы бірінші бөлігінің 1), 2) тармақтарына сәйкес тоқтатылған жағдайда, процестік шығындар мемлекет есебіне қабылданады. Егер сотталушы ішінара ғана ақталса, сот оны ол кінәлі деп танылған айыптауға байланысты процестік шығындарды төлеуге міндеттейді.
6. Процестік шығындар өндіріп алынуға тиіс адам мүліктік жағынан дәрменсіз болған жағдайда, олар мемлекет есебіне қабылданады. Егер процестік шығындарды төлеу сотталған адамның асырауындағы адамдардың материалдық жағдайына айтарлықтай әсер ететін болса, сот сотталған адамды процестік шығындарды төлеуден толық немесе ішінара босатуға құқылы. Бұйрықты іс жүргізу тәртібімен айыптау үкімін шығарған кезде сот сотталған адамның мүліктік жағдайын ескере отырып, оны процестік шығындарды төлеуден толық немесе ішінара босатуға құқылы.
7. Iс бойынша бірнеше сотталушыны кінәлі деп тани отырып, сот процестік шығындар олардың әрқайсысынан қандай мөлшерде өндірілуге тиіс екенін белгілейді. Бұл ретте сот сотталған адамның кінәсінің сипатын, оның қылмыстық құқық бұзушылық үшін жауаптылық дәрежесін және мүліктік жағдайын ескереді.
8. Сот кәмелетке толмағандардың қылмыстық құқық бұзушылықтары туралы істер бойынша процестік шығындарды төлеуді кәмелетке толмаған адамның ата-анасына немесе оларды алмастыратын тұлғаларға жүктей алады.
9. Сотталушы жекеше айыптау ісі бойынша ақталған кезде сот процестік шығындарды шағымы бойынша іс жүргізу басталған тұлғадан толық немесе ішінара өндіріп алуға құқылы. Іс тараптардың татуласуына байланысты тоқтатылған кезде процестік шығындар сотталушыдан өндіріп алынады.
10. Күдікті, айыпталушы қайтыс болған жағдайда, олардың мұрагерлері процестік шығындарға байланысты міндеттемелер бойынша жауаптылықта болмайды.
11. Процестік шығындарды өндіріп алу құқығы соттың тиісті шешімі заңды күшіне енген күннен бастап үш жыл өткен соң ескіруіне орай тоқтатылады.
12. Процестік шығындар туралы деректер болған жағдайда, осы баптың алтыншы бөлігінде көрсетілген жағдайды қоспағанда, қылмыстық қудалау органы процестік шығындарды өндіріп алуды қамтамасыз ету шараларын қолдануға міндетті.
Ескерту. 178-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 12.07.2018 № 180-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.06.2026 № 307-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. ЕРЕКШЕ БӨЛІК
6-БӨЛІМ. ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС БОЙЫНША СОТҚА ДЕЙІНГІ ІС ЖҮРГІЗУ
23-тарау. СОТҚА ДЕЙІНГІ ТЕРГЕП-ТЕКСЕРУДІҢ БАСТАЛУЫ
179-бап. Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басталуы
1. Қылмыстық құқық бұзушылық туралы арыздың, хабардың Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелуі не кезек күттірмейтін бірінші тергеу әрекеті сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басталуы болып табылады.
Мынадай:
1) қолданыстағы заңнаманы бұзушылықтар туралы, тексерулер, ревизиялар, аудит актілерімен және олардың болуы қылмыстық құқық бұзушылықтың міндетті белгісі болып табылатын басқалармен расталған нұқсан туралы, елеулі зиян не заңсыз кіріс, медицина немесе фармацевтика қызметкерінің кәсіптік міндеттерін орындамағаны, тиісінше орындамағаны, медициналық көмек көрсетуге міндетті адамның науқасқа оны көрсетпеуі, клиникалық зерттеулер жүргізу және профилактиканың, диагностиканың, емдеудің және медициналық оңалтудың жаңа әдістері мен құралдарын қолдану тәртібін бұзу туралы мәліметтері жоқ;
2) жазбаша нысанда жасалған және сот жарамсыз, жалған немесе өтірік деп танымаған азаматтық-құқықтық мәмілелерді орындамауға немесе тиісінше орындамауға негізделген бұзушылықтар жөнінде;
3) мынадай:
салықтық тексеру актісі, тұжырымдарында қылмыстық құқық бұзушылық белгілерінің барын көрсететін жеткілікті деректер қамтылған мемлекеттік кіріс органдары маманының қорытындысы (анықтамасы) қоса берілмей;
мемлекеттік кіріс органдарының салықтық тексеру нәтижелеріне сотқа дейінгі шағым жасау кезінде уәкілетті органның шешімі шығарылғанға дейін, ал сотқа шағым жасау жағдайларында сот актісі заңды күшіне енгенге дейін;
іс-әрекетті қылмыстық топтың құрамында жасау белгілері болған, сондай-ақ есепке жазу іс жүзінде жұмыстар орындалмаған, қызметтер көрсетілмеген, тауарлар тиеп-жөнелтілмеген мәмілелер бойынша жүргізілген не тапсырылуы міндетті болатын декларация ұсынылмаған не салық салынатын басқа да объектілерді және (немесе) басқа да міндетті төлемдерді жасыру арқылы декларацияға кірістері және (немесе) шығыстары туралы көрінеу бұрмаланған деректер енгізілген жағдайларды қоспағанда, салықтардың және (немесе) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің және өсімпұлдың есепке жазылған сомалары толық өтелген кезде салықты және (немесе) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуден жалтару фактілері жөнінде;
4) залалдың, елеулі зиянның не кәсіпкерлік субъектісі алған заңсыз кірістің болуы қылмыстық құқық бұзушылықтың міндетті белгісі болып табылған кезде олардың болуының расталмаған белгілері бар құқық қорғау органының немесе арнаулы мемлекеттік органның уәкілетті бөлімшесі маманының қорытындысына негізделген;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қаралатын азаматтық-құқықтық дау бар қылмыстық құқық бұзушылық туралы арыз, хабар немесе баянат тіркелуге жатпайды.
Осы бөліктің екінші абзацының 1) және 2) тармақтарында көрсетілген талаптар шарттық міндеттемелердің жосықсыз орындалғаны туралы ұжымдық, көптеген арыздар беру жағдайларына қолданылмайды.
2. Осы Кодекстің 184-бабының бірінші бөлігінде көзделген жағдайларда прокурор, тергеуші, анықтаушы, анықтау органы қылмыстық құқық бұзушылық туралы арыз және хабар тіркелгенге дейін қылмыстық құқық бұзушылық іздерін анықтау мен бекіту бойынша кезек күттірмейтін тергеу әрекеттерін жүргізеді. Сонымен бір мезгілде олар қылмыстық құқық бұзушылық туралы арыздың және хабардың Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелуіне, оның ішінде байланыс құралдарын пайдалана отырып тіркелуіне шара қолдануға міндетті.
3. Жекеше айыптау істерін қоспағанда, қылмыстық құқық бұзушылық туралы барлық арыздар, хабарлар бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуге міндетті.
4. Келіп түскен арызда, хабарда әкімшілік құқық бұзушылық не тәртіптік теріс қылық белгілері туралы мәліметтер болған кезде жолданым үш тәуліктің ішінде ілеспе хатпен тиісті уәкілетті мемлекеттік органға немесе лауазымды адамға беріледі.
5. Келіп түскен арызда, хабарда олар бойынша қылмыстық қудалау жекеше тәртіппен жүзеге асырылатын мәліметтер болған кезде материалдар соттылығы бойынша тиісті сотқа жіберіледі, ол туралы арыз иесі хабардар етіледі.
6. Кезек күттірмейтін тергеу әрекеттерін жүргізу арызды, хабарды осы баптың төртінші және бесінші бөліктерінде көзделген тәртіппен қарауға кедергі болмайды.
Ескерту. 179-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 21.12.2017 № 118-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 07.07.2020 № 361-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.07.2024 № 113-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.07.2025 № 210-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.180-бап. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастауға себептер
1. Іс бойынша іс жүргізуді болғызбайтын мән-жайлар болмаған кезде, қылмыстық құқық бұзушылық белгілерін көрсететін жеткілікті деректер, атап айтқанда:
1) жеке тұлғаның арызы не мемлекеттік органның лауазымды адамының немесе ұйымда басқару функцияларын орындайтын адамның қылмыстық құқық бұзушылық не адамның хабарсыз кеткені туралы хабары;
2) кінәсін мойындап келу;
3) масс-медиадағы және онлайн-платформалардағы хабарлар;
4) қылмыстық қудалау органы лауазымды адамының дайындалып жатқан, жасалып жатқан немесе жасалған қылмыстық құқық бұзушылық туралы баянаты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастауға себептер болып табылады.
Осы Кодекстің 185-бабы бірінші бөлігінің екінші және үшінші абзацтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыруға себеп болған кезде анықтаушы, анықтау органы, тергеу бөлімінің бастығы, тергеуші, прокурор өз құзыреті шегінде және осы Кодексте белгіленген тәртіппен өз қаулысымен қылмыстық істі іс жүргізуге қабылдайды.
2. Осы баптың бірінші бөлігінің 1) тармағында көзделген себеппен тергеп-тексеріліп жатқан іс бойынша хабарсыз кеткен адамға қатысты қылмыстық құқық бұзушылық жасау белгілерін көрсететін деректер анықталған жағдайда, іс-әрекет Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің тиісті бабы бойынша сараланады.
3. Қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арызды, хабарды немесе баянатты қабылдау және тіркеу тәртібін, сондай-ақ Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімін жүргізу тәртібін Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры айқындайды.
Ескерту. 180-бап жаңа редакцияда - ҚР 28.12.2016 № 36-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін екі ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгеріс енгізілді – ҚР 19.06.2024 № 94-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.181-бап. Қылмыстық құқық бұзушылық туралы арыз, хабар
1. Қылмыстық құқық бұзушылық туралы жеке тұлғаның арыздары ауызша және жазбаша не электрондық құжат нысанында болуы мүмкін.
Жазбаша арызға не электрондық құжат нысанындағы арызға оны берген адам осы баптың екінші бөлігінде арыз иесі туралы айтылған мәліметтерді көрсете отырып қол қоюға тиіс.
2. Қылмыстық құқық бұзушылық туралы ауызша арыз оны қабылдаудың жеке хаттамасына енгізіледі, онда арыз иесі, оның тұрғылықты жері немесе жұмыс орны, сондай-ақ оның жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер қамтылуға тиіс. Хаттамаға арыз иесі және арызды қабылдаған лауазымды адам қол қояды.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде немесе сот талқылауы барысында жасалған, қылмыстық құқық бұзушылық туралы ауызша арыз тиісінше тергеу әрекетінің хаттамасына немесе сот отырысының хаттамасына енгізіледі.
3. Қылмыстық құқық бұзушылық туралы мемлекеттік органның лауазымды адамының хабары және заңды тұлғаның арызы растайтын құжаттар мен материалдарды қоса бере отырып, жазбаша нысанда беріледі.
4. Мемлекеттік органның лауазымды адамын қоспағанда, арыз иесі көрінеу жалған сөз жеткізгені үшін қылмыстық жауаптылық туралы ескертіледі, бұл туралы арызда не хаттамада белгі жасалып, ол арыз иесінің қолымен куәландырылады.
5. Қылмыстық құқық бұзушылық белгілерін көрсететін жеткілікті деректер болмаған кезде қылмыстық құқық бұзушылық фактілерін анықтау үшін уәкілетті органдардың ревизиялар мен тексерулер жүргізуін талап ететін арыздар мен хабарлар Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелместен, үш тәулік ішінде уәкілетті мемлекеттік органдарға қарау үшін жіберіледі.
6. Қылмыстық құқық бұзушылық туралы анонимді хабар сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастауға себеп бола алмайды.
Ескерту. 181-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 31.10.2015 № 378-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).182-бап. Кінәсін мойындап келу
1. Кінәсін мойындап келу – адам әлі күдікті деп танылмаған не ол осы қылмыстық құқық бұзушылықты жасады деген күдікпен ұстап алынбаған кезде, адамның қылмыстық қудалау органына өзі жасаған немесе дайындап жатқан қылмыстық құқық бұзушылық туралы жеке өзі, ерікті түрде, жазбаша немесе ауызша хабарлауы.
2. Ауызша арыз осы Кодекстің 181-бабының екінші бөлігінде белгіленген тәртіппен қабылданады және хаттамаға енгізіледі.
3. Егер кінәсін мойындап келген кездегі арызда қылмыстық құқық бұзушылықтың сыбайлас қатысушылары көрсетілсе, арыз иесі көрінеу жалған сөз жеткізгені үшін қылмыстық жауаптылық туралы ескертіледі.
183-бап. Масс-медиадағы және онлайн-платформалардағы қылмыстық құқық бұзушылық туралы хабар
Ескерту. 183-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 19.06.2024 № 94-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Масс-медиадағы және онлайн-платформалардағы хабар масс-медиада, телекоммуникация желілерінде немесе онлайн-платформаларда жарияланғанда немесе таратылғанда, ол сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басталуына себеп бола алады.
2. Қылмыстық құқық бұзушылық туралы хабарды жариялаған немесе таратқан масс-медиада немесе онлайн-платформада басқарушылық функцияларды орындайтын адамдар сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастауға құқығы бар органның талабы бойынша жасалған хабарды растайтын қолда бар құжаттар мен өзге де материалдарды беруге, сондай-ақ ол адамның мәліметтерді ақпарат көзін құпия ұстау талабымен беру жағдайларын қоспағанда, бұл мәліметтерді берген адамды атауға міндетті.
Ескерту. 183-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 19.06.2024 № 94-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.184-бап. Қылмыстық құқық бұзушылықтың анықталғаны туралы баянат
1. Қылмыстық құқық бұзушылық туралы мәліметтерді анықтау мына жағдайларда:
1) өзінің лауазымдық міндеттерін атқару кезінде анықтау органының қызметкері, тергеуші, прокурор қылмыстық құқық бұзушылықтың куәсі болғанда не қылмыстық құқық бұзушылықтың ізін немесе салдарын ол жасалған бойда анықтағанда;
2) қылмыстық қудалау органының лауазымды адамы, прокурор өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде қылмыстық құқық бұзушылық туралы мәліметтерді алғанда, олар сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басталуына себеп болады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген жағдайларда, көрсетілген адамдар қылмыстық құқық бұзушылық туралы мәліметтердің анықталғанын растайтын қолдарындағы құжаттарды және өзге де материалдарды қоса бере отырып, қылмыстық құқық бұзушылықтың анықталғаны туралы баянат толтырады.
3. Қылмыстық құқық бұзушылықтың анықталғаны туралы баянат соттың тиісті мәліметтер қамтылған жекеше қаулысы, жекеше ұйғарымы келіп түскен жағдайда жасалуы мүмкін.
Ескерту. 184-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.185-бап. Қылмыстық құқық бұзушылық туралы арызды, хабарды немесе рапортты қабылдау міндеттілігі
Ескерту. 185-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 26.07.2016 № 12-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Қылмыстық қудалау органы дайындалып жатқан, жасалған не жасалып жатқан кез келген қылмыстық құқық бұзушылық туралы арызды, хабарды қабылдауға және тіркеуге міндетті. Арыз иесіне қылмыстық құқық бұзушылық туралы қабылданған арыздың немесе хабардың тіркелгені туралы құжат беріледі.
Экстремистік және террористік қылмыстар туралы істер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыруға себептер болған кезде қылмыстық қудалау органдары прокурордың келісуімен арызды, хабарды немесе баянатты тіркеу мерзімін прокурор айқындаған мерзімге кейінге қалдыруға құқылы.
Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерін барлау-нұқсан келтіру әрекетінен қорғау мақсатында қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын орган, қарсы барлау іс-шараларын жүргізу барысында алынған материалдар бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыруға себептер болған кезде қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын органдар мен Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірлескен нормативтік құқықтық актісінде айқындалатын тәртіппен арызды, хабарды немесе баянатты тіркеу туралы шешім қабылдайды.
2. Қылмыстық құқық бұзушылық туралы арызды және сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастаудың осы Кодекстің 180-бабының бірінші бөлігінде көзделген басқа да себептерін қабылдау мен тіркеуден бас тартуға жол берілмейді және ол заңда белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады, сондай-ақ оған осы Кодексте көзделген тәртіппен прокурорға не сотқа шағым жасалуы мүмкін.
3. Сот қылмыстық істі талқылау кезінде қылмыстық құқық бұзушылық белгілерін анықтағанда, оны жекеше қаулымен прокурордың назарына жеткізуге міндетті не қылмыстық құқық бұзушылық туралы арызды, хабарды қабылдаудан, тіркеуден бас тарту фактілерін, оларды қабылдау мен тіркеудегі өзге де бұзушылықтарды анықтағанда, бұл туралы жекеше қаулымен прокурордың назарына жеткізуге міндетті.
Ескерту. 185-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 26.07.2016 № 12-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) ; 28.12.2016 № 36-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін екі ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.12.2017 № 118-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.186-бап. Қылмыстық құқық бұзушылық туралы тіркелген арызды немесе хабарды тергеулігі бойынша беру
1. Қылмыстық құқық бұзушылық туралы тіркелген арыздар немесе хабарлар:
1) қылмыстық құқық бұзушылық осы ауданнан, астанадан, облыстан, республикалық маңызы бар қаладан тысқары жерде жасалғанда және сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізу үшін қылмыстық құқық бұзушылық жасалған жерде тергеу әрекеттерін жүргізу қажет болғанда;
2) қылмыстық іс бойынша тергеп-тексеру жүргізу басқа қылмыстық қудалау органының айрықша тергеулігіне жататын болғанда, тергеулігі бойынша берілуге жатады.
2. Қылмыстық қудалау органының басшысы арыздарды, хабарларды қолда бар материалдармен бірге прокурор арқылы тергеулігі бойынша жібереді.
3. Осы баптың бірінші бөлігінің қағидалары кезек күттірмейтін тергеу әрекеттерін жүргізу талап етілетін қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздар, хабарлар келіп түскен жағдайларға қолданылмайды. Мұндай жағдайларда жиналған материалдар арыз, хабар тіркелген кезден бастап бес тәуліктің ішінде тергеулігі бойынша беру үшін прокурорға беріледі.
4. Арыздар, хабарлар оқиға болған орынды, жерді немесе үй-жайды қарап-тексеру кезінде анықталған не ұйымдар, лауазымды адамдар немесе азаматтар берген нәрселермен және құжаттармен бірге тергеулігі бойынша беріледі.
5. Жәбірленушілердің (жекеше айыптаушылардың) жекеше айыптау тәртібімен қудаланатын қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздары ғана соттылығы бойынша берілуге жатады.
Ескерту. 186-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 11.06.2026 № 307-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 24-тарау. СОТҚА ДЕЙІНГІ ТЕРГЕП-ТЕКСЕРУ ЖҮРГІЗУДІҢ
ЖАЛПЫ ШАРТТАРЫ
1. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 160, 161, 162, 163, 164, 165, 166, 167, 168, 169, 170, 171, 172, 173, 175, 176, 177, 178, 179, 180, 181, 184, 185, 186 (екінші бөлігінде), 189 (үшінші бөлігінің 2) тармағында, үшінші бөлігінің 2) тармағында көзделген белгілер болған жағдайда төртінші бөлігінде), 190 (үшінші бөлігінің 2) тармағында, үшінші бөлігінің 2) тармағында көзделген белгілер болған жағдайда төртінші бөлігінде), 216 (екінші бөлігінің 4) тармағында), 217 (үшінші бөлігінің 3) тармағында), 218 (үшінші бөлігінің 1) тармағында), 218-1 (төртінші бөлігінің 1) тармағында), 234 (үшінші бөлігінің 1) тармағында), 249 (үшінші бөлігінің 2) тармағында), 255 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 257, 260, 267, 270, 275, 291 (екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде жаппай жоятын қаруды, сол сияқты жаппай жоятын қару жасау кезінде пайдаланылуы мүмкін материалдарды немесе жабдықтарды жымқыруға не қорқытып алуға қатысты), 307 (үшінші бөлігінің 3) тармағында), 360, 361, 362 (төртінші бөлігінің 3) және 4) тармақтарында), 364, 365, 366, 367, 368, 369, 370, 375, 392 (екінші бөлігінде), 396 (екінші бөлігінде), 445 (екінші бөлігінде), 458 (екінші, үшінші, төртінші және бесінші бөліктерінде)-баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы қылмыстық істер бойынша алдын ала тергеуді Ұлттық қауіпсіздік комитетінің тергеушілері жүргізеді. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 205 (үшінші бөлігінде), 206 (екінші, 2-1 және үшінші бөліктерінде), 207 (екінші, 2-1 және үшінші бөліктерінде), 208 (екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 209 (екінші және үшінші бөліктерінде), 210(екінші және үшінші бөліктерінде)-баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша, егер олар ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілеріне қатысты жасалса, алдын ала тергеуді ұлттық қауіпсіздік органы жүзеге асыруы мүмкін. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 437 (үшінші бөлігінде), 438 (үшінші бөлігінде), 439 (үшінші бөлігінде), 441 (үшінші бөлігінде), 442 (үшінші бөлігінде), 443 (екінші бөлігінде), 459 (үшінші бөлігінде)-баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша, егер олар ұрыс жағдайында жасалса, алдын ала тергеуді Ұлттық қауіпсіздік комитетінің тергеушілері жүргізуі мүмкін. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің өзге баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша, егер оларды тергеп-тексеру ұлттық қауіпсіздік органдарының тергеулігіне жатқызылған қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша алдын ала тергеу жүргізумен тікелей байланысты болса және қылмыстық істі жеке іс жүргізуге бөліп алу мүмкін болмаса, алдын ала тергеуді ұлттық қауіпсіздік органы жүргізуі мүмкін.
2. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99, 100, 101, 102, 103, 104, 105, 106, 107 (екінші бөлігінде), 110 (екінші бөлігінде), 116, 118 (үшінші бөлігінде), 120, 121, 122, 123 (екінші бөлігінде), 124, 125, 125-1 (екінші және үшінші бөліктерінде), 126 (екінші және үшінші бөліктерінде), 127, 128, 129, 132, 133, 134, 135, 141, 143 (екінші және үшінші бөліктерінде), 144, 146 (азаптауларға байланысты емес қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе қадір-қасиетті қорлайтын қарым-қатынас жағдайларында үшінші және төртінші бөліктерінде), 147 (бесінші бөлігінде), 148, 150 (екінші бөлігінде), 151, 155 (екінші бөлігінде), 156 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 157, 188 (екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 188-1, 191 (екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 192, 193, 194 (екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 200 (екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 201 (екінші бөлігінде), 202 (екінші және үшінші бөліктерінде), 203 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде), 205 (үшінші бөлігінде), 206 (екінші, 2-1 және үшінші бөліктерінде), 207 (екінші, 2-1 және үшінші бөліктерінде), 208 (екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 209 (екінші және үшінші бөліктерінде), 210 (екінші және үшінші бөліктерінде), 211 (екінші және үшінші бөліктерінде), 212 (екінші бөлігінде), 213 (екінші және үшінші бөліктерінде), 251, 252 (екінші бөлігінде), 254, 261, 268, 269-1 (екінші және үшінші бөліктерінде), 271, 272, 273, 274 (екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 277, 278, 279, 280, 281, 282, 288 (екінші және үшінші бөліктерінде), 293 (екінші және үшінші бөліктерінде), 294 (екінші бөлігінде), 295 (үшінші бөлігінде), 295-1 (екінші және үшінші бөліктерінде), 296 (төртінші бөлігінде), 297 (бірінші және екінші бөліктерінде), 297-1 (бірінші және екінші бөліктерінде), 298, 299 (екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 300 (екінші және үшінші бөліктерінде), 301, 302, 303 (екінші бөлігінде), 304, 305, 306 (екінші және үшінші бөліктерінде), 308 (екінші және үшінші бөліктерінде), 309 (екінші және үшінші бөліктерінде), 310 (екінші бөлігінде), 312, 314 (екінші бөлігінде), 315 (екінші бөлігінде), 317 (екінші, үшінші, төртінші және бесінші бөліктерінде), 318, 319 (бесінші бөлігінде), 320 (екінші бөлігінде), 322 (екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 323, 324, 325 (екінші және үшінші бөліктерінде), 326 (екінші және үшінші бөліктерінде), 327, 328 (екінші және үшінші бөліктерінде), 329, 330, 331 (бірінші бөлігінде), 332, 333, 334 (үшінші бөлігінде), 335, 337, 338, 339, 339-1, 340 (төртінші бөлігінде), 341 (екінші бөлігінде), 342 (төртінші бөлігінде), 343 (екінші және үшінші бөліктерінде), 344, 346 (бесінші және алтыншы бөліктерінде), 348 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 349 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 350 (екінші және үшінші бөліктерінде), 351 (екінші және үшінші бөліктерінде), 352-1 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 353 (екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 354 (екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 355, 356 (екінші бөлігінде), 358 (үшінші, төртінші және бесінші бөліктерінде), 359 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 376 (екінші және үшінші бөліктерінде), 377, 380, 380-1, 380-2, 380-3 (төртінші, бесінші және алтыншы бөліктерінде), 382 (екінші бөлігінде), 386 (екінші бөлігінде), 388, 389 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 399 (үшінші бөлігінде), 401, 402 (екінші бөлігінде), 404 (бірінші бөлігінде), 407 (үшінші бөлігінде), 408, 409, 411, 426 (екінші бөлігінде), 428 (үшінші бөлігінде), 428-1 (үшінші бөлігінде), 429, 437 (үшінші бөлігінде), 438 (1-1, екінші және үшінші бөліктерінде), 439 (1-1, екінші және үшінші бөліктерінде), 440 (төртінші бөлігінде), 441 (үшінші бөлігінде), 442 (екінші және үшінші бөліктерінде), 443 (екінші бөлігінде), 446 (екінші бөлігінде), 449 (үшінші бөлігінде), 453 (екінші бөлігінде), 454 (бірінші бөлігінде), 459 (үшінші бөлігінде), 462 (екінші және үшінші бөліктерінде), 463 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 464 (екінші және үшінші бөліктерінде), 465, 466 (төртінші және бесінші бөліктерінде)-баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы қылмыстық істер бойынша алдын ала тергеуді ішкі істер органдарының тергеушілері жүргізеді.
3. Алып тасталды – ҚР 12.06.2026 № 312-VIIІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.3-1. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 203 (1-1-бөлігінде), 214 (екінші бөлігінде), 214-1 (екінші бөлігінде), 214-2 (екінші бөлігінде), 216 (бірінші бөлігінде, екінші бөлігінің 1) және 2) тармақтарында, үшінші бөлігінде), 220, 221, 223-224, 226 (екінші бөлігінде), 228 (екінші және үшінші бөліктерінде), 229 (екінші және үшінші бөліктерінде), 230 (екінші және үшінші бөліктерінде), 231, 234 (екінші бөлігінде, үшінші бөлігінің 2) тармағында), 235-1, 236 (екінші және үшінші бөліктерінде), 237, 238, 239 (екінші бөлігінде), 243 (бірінші бөлігінде), 244, 245 (екінші және үшінші бөліктерінде), 248 (екінші және үшінші бөліктерінде), 249 (бірінші, 1-1 және екінші бөліктерінде, үшінші бөлігінің 1) тармағында), 253, 307 (бірінші және екінші бөліктерінде, үшінші бөлігінің 1) және 2) тармақтарында)-баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша алдын ала тергеуді экономикалық тергеу қызметінің тергеушілері жүргізеді.
4. Алып тасталды – ҚР 12.06.2026 № 312-VIIІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.4-1. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 147 (үшінші бөлігінде), 195 (үшінші, төртінші және бесінші бөліктерінде), 196 (үшінші, төртінші бөліктерінде), 198 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 199 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 217 (екінші бөлігінде, үшінші бөлігінің 1) және 2) тармақтарында), 217-1 (екінші бөлігінде), 232, 232-1 (екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы және жетінші бөліктерінде), 233-1 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 250, 301-1 (үшінші бөлігінде)-баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша алдын ала тергеуді сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастаған ішкі істер органдары немесе экономикалық тергеу қызметі жүргізеді.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189 (екінші бөлігінде, үшінші бөлігінің 1) және 3) тармақтарында, төртінші бөлігінде), 190 (екінші бөлігінде, үшінші бөлігінің 1), 3) және 4) тармақтарында, төртінші бөлігінде)-баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша алдын ала тергеуді ішкі істер органдары, ал мемлекетке залал келтірілген жағдайда – экономикалық тергеу қызметі жүргізеді.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 217 (екінші бөлігінде, үшінші бөлігінің 1) және 2) тармақтарында), 217-1 (екінші бөлігінде)-баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты алдын ала тергеуді экономикалық тергеу қызметі жүргізеді.
4-2. Алып тасталды – ҚР 12.06.2026 № 312-VIIІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.4-3. Алып тасталды – ҚР 12.06.2026 № 312-VIIІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
5-бөліктің бірінші абзацы жаңа редакцияда көзделген – ҚР 12.06.2026 № 312-VIIІ (01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
5-бөліктің бірінші абзацы 31.12.2026 дейін тоқтатыла тұрады, тоқтатыла тұрған кезеңінде осы редакцияда қолданыста болады – ҚР 12.06.2026 № 312-VIIІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
5. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 149 (екінші және үшінші бөліктерінде), 174, 182, 255 (бірінші және екінші бөліктерінде), 256, 259, 269, 276 (екінші және үшінші бөліктерінде), 283, 284, 285, 286 (екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 287 (төртінші және бесінші бөліктерінде), 290 (екінші бөлігінде), 291, 297 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 297-1 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 362 (бірінші, үшінші бөліктерінде және төртінші бөлігінің 1) және 2) тармақтарында), 370-1, 370-2 (екінші және үшінші бөліктерінде), 371, 388-1, 394 (екінші және үшінші бөліктерінде), 404 (екінші және үшінші бөліктерінде), 405, 413, 414 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде), 415, 416 (екінші, үшінші, төртінші және бесінші бөліктерінде), 418, 437 (төртінші және алтыншы бөліктерінде), 438 (төртінші бөлігінде), 439 (төртінші бөлігінде), 441 (төртінші бөлігінде), 442 (төртінші бөлігінде), 444, 450, 451, 452, 452-1, 453 (үшінші бөлігінде), 454 (екінші бөлігінде), 455, 456, 457, 459 (төртінші бөлігінде)-баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша алдын ала тергеуді сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастаған ішкі істер немесе ұлттық қауіпсіздік органдары жүргізеді.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 412, 412-1 және 433-баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша осы органның қызметкері болып саналмайтын адамға қатысты алдын ала тергеп-тексеруді сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастаған ішкі істер органдары немесе ұлттық қауіпсіздік органдары жүргізеді.
6. Алып тасталды – ҚР 12.06.2026 № 312-VIIІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.7. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 218 (бірінші және екінші бөліктерінде, үшінші бөлігінің 2) және 3) тармақтарында), 218-1 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде, төртінші бөлігінің 2) және 3) тармақтарында), 258, 262, 263, 264, 265, 266, 416 (бірінші және алтыншы бөліктерінде), 417, 419 (екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 420, 421, 422, 423, 424, 425, 432, 434, 435-баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша алдын ала тергеуді сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастаған ұлттық қауіпсіздік, ішкі істер органдары немесе экономикалық тергеу қызметі жүргізеді.
8. Түрлі алдын ала тергеу органдарының тергеулігіне жататын қылмыстық істерді бір іс жүргізуге біріктірген кезде тергеулікті прокурор айқындайды.
Ескерту. 187-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 07.11.2014 № 248-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 13.11.2015 № 400-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 419-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 22.12.2016 № 28-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2017 № 84-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.12.2017 № 128-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.07.2018 № 180-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.01.2019 № 217-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 01.04.2019 № 240-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.10.2019 № 268-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 290-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 25.05.2020 № 332-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 06.10.2020 № 365-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2020 № 393-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2021 № 62-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2021 № 88-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.07.2022 № 136-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.07.2022 № 139-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.11.2022 № 157-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.12.2022 № 173-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.01.2023 № 186-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.01.2023 № 188-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 17.03.2023 № 212-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.03.2023 № 216-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.07.2023 № 23-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.07.2023 № 23-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.04.2024 № 74-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.05.2024 № 82-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.07.2024 № 111-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.07.2024 № 113-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.01.2025 № 150-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.07.2025 № 210-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.01.2026 № 252-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.06.2026 № 312-VIIІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.188-бап. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілетін жер
1. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру қылмыстық құқық бұзушылық жасалған ауданда (астанада, облыста, республикалық маңызы бар қалада) жүргізіледі.
2. Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің жедел және толық болуы мақсатында ол қылмыстық құқық бұзушылық анықталған орын бойынша, сондай-ақ күдікті немесе куәлардың көпшілігі не қылмыстық құқық бұзушылық ақпараттандыру объектілері, оның ішінде Интернет желісі арқылы жасалған жағдайда жәбірленуші тұратын жерде жүргізілуі мүмкін.
3. Тергеу әрекеттерін басқа ауданда (астанада, облыста, республикалық маңызы бар қалада) жүргізу қажет болған жағдайда, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам оларды жеке өзі жүргізуге не бұл әрекеттерді жүргізуді сол ауданның (астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың) тергеушісіне немесе анықтау органына тапсыруға құқылы. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам жасырын тергеу әрекеттерін немесе іздестіру іс-шараларын жүргізуді сотқа дейінгі тергеп-тексеру орнындағы немесе олар жүргізілетін жердегі анықтау органына тапсыра алады. Жасырын тергеу әрекеттерін жүргізуді қоспағанда, тапсырма он тәуліктен аспайтын мерзімде орындалуға тиіс.
4. Тергеушінің, прокурордың тергеу әрекеттерін жүргізу туралы тапсырмаларын орындаған кезде анықтау органының қызметкері тергеушінің өкілеттіктерін пайдаланады.
Ескерту. 188-баптың орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тілінде өзгермейді - ҚР 28.12.2018 № 210-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 16.07.2025 № 210-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.06.2026 № 307-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.189-бап. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру нысандары
1. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру анықтау, алдын ала тергеу нысанында және хаттамалық нысанда жүргізіледі.
2. Анықтау нысанындағы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді осы Кодекстің 191-бабының екінші – он екінші, жиырма бесінші және жиырма алтыншы бөліктерінде көрсетілген қылмыстар бойынша қылмыстық қудалау органы жүргізеді.
3. Алдын ала тергеу нысанындағы сотқа дейінгі тергеп-тексеру осы Кодекстің 32-бабының екінші бөлігінде көрсетілген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істерді қоспағанда, осы Кодекстің 187-бабында көрсетілген қылмыстар бойынша, кәмелетке толмағандар немесе дене бітімінің немесе психикасының кемістіктеріне байланысты өзінің қорғалу құқығын өздері жүзеге асыра алмайтын адамдар жасаған барлық қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша, сондай-ақ қылмыс жасады деп күдік келтірілген адам белгісіз болған анықтау істері бойынша жүзеге асырылады.
4. Қылмыстық теріс қылықтар туралы істер бойынша анықтау органының бастығы осы Кодекстің 526-бабында белгіленген мерзімдерде іс бойынша дәлелденуге жататын мән-жайлардың толық және жан-жақты анықталуын қамтамасыз ету мүмкін болмаған жағдайда, бір тәулік ішінде прокурорды хабардар ете отырып, осы баптың үшінші және бесінші бөліктерінде көзделген тәртіппен анықтауды не алдын ала тергеуді тағайындауға міндетті.
5. Анықтау органының бастығы осы Кодекстің 192-бабының екінші бөлігінде белгіленген мерзімде істің мән-жайының жеткілікті және толық зерттелуін қамтамасыз ету мүмкін болмаған жағдайларда да алдын ала тергеу жүргізуді тағайындауға құқылы.
6. Қылмыстық қудалау органы осы Кодекстің 191-бабының он алтыншы – жиырма төртінші бөліктерінде көзделген қылмыстық теріс қылықтар бойынша, сондай-ақ сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру істері және анықтау істері бойынша хаттамалық нысанда сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізеді.
Ескерту. 189-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 29.06.2021 № 58-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2021 № 88-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.190-бап. Сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру
1. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жеделдетілген тәртіппен аяқталуы мүмкін.
2. Онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар, сондай-ақ ауыр қылмыстар бойынша, егер жиналған дәлелдемелермен қылмыс фактісі мен оны жасаған адам, оның өз кінәсін толық мойындағаны, келтірілген залал (зиян) мөлшерімен (сомасымен) келіскені анықталса, бұл жөнінде күдіктіні хабардар ете отырып және оған бұл шешімнің құқықтық салдарын түсіндіре отырып, сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру жүргізілуі мүмкін.
3. Сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тергеу он бес тәулік ішінде аяқталуға тиіс.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған кезден бастап үш тәулік ішінде жасырын тергеу әрекеттері санкцияланған жағдайда қылмыстық іс олар аяқталғаннан кейін он бес тәулік ішінде, бірақ арыз, хабар Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелген кезден бастап екі айдан кешіктірілмей жеделдетілген тәртіппен аяқталуы мүмкін.
4. Сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру кезінде сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтың мән-жайларын анықтайды және күдіктінің оны жасауға қатысқанын растайтын дәлелдемелерді жинайды.
4-1. Сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру аяқталғаннан кейін сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам күдіктіні, егер іске қатысатын болса, оның қорғаушысын, сондай-ақ жәбірленушіні, оның өкілін, азаматтық талапкерді, азаматтық жауапкерді, олардың өкілдерін іс бойынша тергеу әрекеттерін жүргізудің аяқталғаны туралы хабардар етеді.
Хабарламада танысу орны және олар қылмыстық іс материалдарымен таныса алатын мерзім туралы хабархат қамтылады.
4-2. Осы баптың 4-1-бөлігінде көзделген талаптар орындалғаннан кейін сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам осы Кодекстің 527-бабының бірінші, 1-1 және 1-2-бөліктерінде көзделген тәртіппен сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру хаттамасын жасайды.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам күдіктіден, сондай-ақ жәбірленушіден, оның өкілінен, азаматтық талапкерден, азаматтық жауапкерден немесе олардың өкілдерінен ауызша немесе жазбаша өтінішхат келіп түскен жағдайда, оларға сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру хаттамасын және қылмыстық істің материалдарын танысу үшін ұсынады, бұл туралы сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру хаттамасында олардың қолтаңбаларымен және қорғаушының (ол қатысқан кезде) қолтаңбасымен куәландырылатын тиісті белгі жасалады.
Азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер немесе олардың өкілдері істің азаматтық талап қоюға қатысы бар бөлігіндегі материалдарымен танысады.
Сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру хаттамасымен және іс материалдарымен танысқаннан кейін қылмыстық іс анықтау ісі бойынша – анықтау органының бастығына, алдын ала тергеу ісі бойынша тергеу бөлімінің бастығына жіберіледі.
4-3. Анықтау органының бастығы сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру хаттамасын және оған қоса берілген материалдарды зерделеп, мынадай әрекеттердің біреуін жасайды:
1) сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру хаттамасын келіседі және қылмыстық істі прокурорға жібереді;
2) сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру хаттамасын келісуден бас тартады және қылмыстық істі анықтау жүргізу үшін қайтарады.
Тергеу бөлімінің бастығы сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру хаттамасын және оған қоса берілген материалдарды зерделеп, мынадай әрекеттердің біреуін жасайды:
1) сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру хаттамасын және қылмыстық істі прокурорға жібереді;
2) қылмыстық істі алдын ала тергеу жүргізу үшін қайтарады.
5. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам тек нәтижелері қылмыстық құқық бұзушылық іздерін және күдікті, айыпталушы кінәсінің өзге де дәлелдемелерін ресімдейтін тергеу әрекеттерін және өзге де процестік әрекеттерді ғана жүргізуге құқылы.
6. Сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру:
1) олардың ішінде біреуі болса да аса ауыр болып табылған жағдайда, қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығына қатысты;
2) сот ісі жүргізілетін тілді білмейтін адамдарға қатысты;
3) қылмыстық қудалаудан артықшылықтары мен иммунитеті бар адамдарға қатысты;
4) қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайлас қатысушылардың біреуі болса да өз кінәсін мойындамаған жағдайда;
5) кәмелетке толмағандар немесе дене бітімінің немесе психикасының кемістіктеріне байланысты өзінің қорғалу құқығын өздері жүзеге асыра алмайтын адамдар жасаған қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша қолданылмайды.
7. Прокурор сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру хаттамасымен бірге қылмыстық істі алып, ол бойынша үш тәуліктен кешіктірмей мынадай әрекеттердің біреуін жасайды:
1) сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру хаттамасын бекітеді, өз қарарымен айыпталушыны сотқа береді және қылмыстық істі сотқа жібереді;
2) істі анықтау не алдын ала тергеу жүргізу үшін жібереді;
3) қылмыстық істі толық көлемде не бір бөлігінде тоқтату туралы қаулы шығарады;
4) сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексерудің жаңа хаттамасын жасайды;
5) өз қалауы немесе қорғаушы тараптың өтінішхаты бойынша процестік келісім жасасу туралы мәселені шешеді.
8. Прокурор сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру хаттамасының айыпталушыға табыс етілуін қамтамасыз етеді. Айыпталушының құқықтары түсіндірілгені қамтылған айыпталушының сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру хаттамасын алғаны туралы қолхат іске қоса тігіледі.
Ескерту. 190-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 27.12.2021 № 88-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.01.2023 № 188-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.07.2025 № 210-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.191-бап. Анықтау нысанында және хаттамалық нысанда жүргізілетін сотқа дейінгі тергеп-тексеру
1. Осы баптың екінші – он екінші, жиырма бесінші және жиырма алтыншы бөліктерінде көрсетілген құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша алдын ала тергеу жүргізу міндетті емес және анықтау материалдары істі сотта қарау үшін негіз болып табылады.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!2-бөлікке өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 12.06.2026 № 312-VIIІ (01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
2. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 107 (бірінші бөлігінде), 108-1 (екінші бөлігінде), 110 (бірінші бөлігінде), 112, 113, 114 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 117 (екінші бөлігінде), 118 (екінші бөлігінде), 119 (екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 125-1 (бірінші бөлігінде), 126 (бірінші бөлігінде), 136, 137 (екінші бөлігінде), 139, 140 (үшінші бөлігінде), 142, 143 (бірінші бөлігінде), 146 (бірінші бөлігінде), 147 (төртінші бөлігінде), 153, 158 (екінші бөлігінде), 188 (бірінші бөлігінде), 191 (бірінші бөлігінде), 194 (бірінші бөлігінде), 200 (бірінші бөлігінде), 201 (бірінші бөлігінде), 202 (бірінші бөлігінде), 207 (бірінші бөлігінде), 209 (бірінші бөлігінде), 210 (бірінші бөлігінде), 212 (бірінші бөлігінде), 247 (үшінші бөлігінде), 252 (бірінші бөлігінде), 274 (бірінші бөлігінде), 287 (екінші және үшінші бөліктерінде), 288 (бірінші бөлігінде), 290 (бірінші бөлігінде), 293 (бірінші бөлігінде), 295 (бірінші және екінші бөліктерінде), 299 (бірінші бөлігінде), 299-1, 300 (бірінші бөлігінде), 308 (бірінші бөлігінде), 309 (бірінші бөлігінде), 310 (бірінші бөлігінде), 311, 313, 313-1 (екінші және үшінші бөліктерінде), 314 (бірінші бөлігінде), 315 (бірінші бөлігінде), 316 (үшінші бөлігінде), 319 (бірінші, екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 321 (екінші бөлігінде), 322 (бесінші бөлігінде), 334 (бірінші және екінші бөліктерінде), 340 (екінші және үшінші бөліктерінде), 341 (бірінші бөлігінде), 342 (екінші және үшінші бөліктерінде), 345 (екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 345-1, 346 (бірінші, екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 347, 348 (екінші бөлігінде), 349 (екінші бөлігінде), 350 (бірінші бөлігінде), 352-1 (екінші бөлігінде), 357 (бірінші бөлігінде), 358 (екінші бөлігінде), 359 (екінші бөлігінде), 372, 379, 380-3 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде), 386 (бірінші бөлігінде), 387, 390 (екінші және үшінші бөліктерінде), 398 (үшінші бөлігінде), 399 (бірінші және екінші бөліктерінде), 407 (бірінші бөлігінде), 426 (бірінші бөлігінде), 427, 428 (бірінші бөлігінде), 428-1 (бірінші және екінші бөліктерінде), 430, 431, 464 (бірінші бөлігінде)-баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша анықтауды ішкі істер органдары жүргізеді. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188 (бірінші бөлігінде), 252 (бірінші бөлігінде), 290 (бірінші бөлігінде), 345 (екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 348 (екінші бөлігінде), 350 (бірінші бөлігінде), 398 (үшінші бөлігінде)-баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша, егер олар күзет іс-шаралары өткізілетін аймақта жасалған және тізбесі заңда белгіленген күзетілетін адамдарға тікелей қарсы бағытталған болса, анықтауды Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі жүргізе алады.
3. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 214 (бірінші бөлігінде), 214-1 (бірінші бөлігінде), 214-2 (бірінші бөлігінде), 233, 234 (бірінші бөлігінде), 245 (бірінші бөлігінде), 248 (бірінші бөлігінде), 301-1 (екінші бөлігінде)-баптарында көзделген құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша анықтауды экономикалық тергеу қызметі жүргізеді.
4. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 437 (екінші бөлігінде), 439 (бірінші бөлігінде), 440 (2-1 және үшінші бөліктерінде), 441 (бірінші және екінші бөліктерінде), 442 (бірінші бөлігінде), 446 (бірінші бөлігінде), 447 (екінші бөлігінде), 448 (екінші бөлігінде), 449 (екінші бөлігінде), 453 (бірінші бөлігінде), 459 (бірінші және екінші бөліктерінде), 461, 462 (бірінші бөлігінде), 463 (екінші бөлігінде), 466 (екінші және үшінші бөліктерінде)-баптарында көзделген құқық бұзушылық туралы істер бойынша, сондай-ақ әскери қызметшілер; әскери бөлімдердің, құрамалардың, мекемелердің азаматтық персоналының адамдары өз қызметтік міндеттерін орындауға байланысты немесе осы бөлімдер, құрамалар және мекемелер орналасқан жерде жасаған, осы баптың екінші, үшінші, жетінші – тоғызыншы, он бірінші, он екінші бөліктерінде көрсетілген құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша анықтауды әскери полиция органдары жүргізеді.
5. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 445-бабында (бірінші бөлігінде) көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы, осы баптың төртінші бөлігінде көрсетілген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдардың әскери қызметшілері мен қызметкерлері жасаған, осы баптың екінші, үшінші, жетінші – тоғызыншы, он бірінші, он екінші бөліктерінде көрсетілген барлық өзге де қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша анықтауды Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери полициясы органдары жүргізеді.
6. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 396-бабында (бірінші бөлігінде) көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша анықтауды шекара қызметінің органдары жүргізеді.
7. Алып тасталды - ҚР 07.11.2014 № 248-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).8. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189 (бірінші бөлігінде), 190 (бірінші бөлігінде), 217 (бірінші бөлігінде), 217-1 (бірінші бөлігінде), 286 (бірінші бөлігінде)-баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша анықтауды сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастаған ішкі істер органдары немесе экономикалық тергеу қызметі жүргізеді.
Кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 217 (бірінші бөлігінде), 217-1 (бірінші бөлігінде)-баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша анықтауды экономикалық тергеу қызметі жүргізеді.
9. Алып тасталды - ҚР 07.11.2014 № 248-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).10. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 392-бабында (бірінші және 1-1-бөліктерінде) көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша анықтауды сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастаған ішкі істер немесе шекара қызметінің органдары жүргізеді.
11. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 385 (бірінші және екінші бөліктерінде)-бабында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша анықтауды сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастаған ішкі істер, ұлттық қауіпсіздік органдары, экономикалық тергеу қызметі немесе егер олар күзет іс-шаралары өткізілетін аймақта жасалған және тікелей тізбесі заңда белгіленген күзетілетін адамдарға қарсы бағытталған болса, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі жүргізеді.
11-1. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 394 (бірінші бөлігінде)-бабында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық туралы істер бойынша анықтауды сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастаған Қазақстан Республикасының ішкі істер немесе ұлттық қауіпсіздік органдары жүргізеді.
12. Алып тасталды - ҚР 07.11.2014 № 248-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).13. Осы бапта көрсетілген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша анықтау құқық қылмыстық бұзушылық жасады деп күдік келтірілген адам белгілі болған кезде жүргізіледі.
14. Анықтау осы тараудың баптарында көзделген алып тастаулар ескеріле отырып, осы Кодексте алдын ала тергеу үшін белгіленген қағидалар бойынша жүргізіледі.
15. Осы баптың он алтыншы – жиырма төртінші бөліктерінде көрсетілген қылмыстық теріс қылықтар туралы істер бойынша анықтау жүргізу міндетті емес және жиналған материалдар істі сотта қарау үшін негіз болып табылады.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!16-бөлікке өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 12.06.2026 № 312-VIIІ (01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
16. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 108-1 (бірінші бөлігінде), 109-1, 111, 115, 115-1, 117 (бірінші бөлігінде), 118 (бірінші бөлігінде), 119 (бірінші бөлігінде), 121-1, 137 (бірінші бөлігінде), 138, 140, 145, 150 (1-1-бөлігінде), 152 (бірінші бөлігінде, егер бұл соттың жұмысқа қайта орналастыру туралы шешімін орындамаумен байланысты болса, үшінші бөлігінде), 154, 155 (бірінші бөлігінде), 156 (бірінші және екінші бөліктерінде), 158 (бірінші бөлігінде), 159, 183, 187, 204 (бірінші бөлігінде), 205 (бірінші және екінші бөліктерінде), 206 (бірінші бөлігінде), 208 (бірінші бөлігінде), 211 (бірінші бөлігінде), 213 (бірінші бөлігінде), 247 (бірінші және екінші бөліктерінде), 276 (бірінші бөлігінде), 288 (төртінші бөлігінде), 289, 294 (бірінші бөлігінде), 295-1 (бірінші бөлігінде), 296 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде), 301-1 (бірінші бөлігінде), 303 (бірінші бөлігінде), 306 (бірінші бөлігінде), 313-1 (бірінші бөлігінде), 316 (бірінші және екінші бөліктерінде), 317 (бірінші бөлігінде), 320 (бірінші бөлігінде), 322 (бірінші бөлігінде), 325 (бірінші бөлігінде), 326 (бірінші бөлігінде), 328 (бірінші бөлігінде), 331 (екінші бөлігінде), 336, 340 (бірінші бөлігінде), 342 (бірінші бөлігінде), 345 (бірінші бөлігінде), 349 (бірінші бөлігінде), 351 (бірінші бөлігінде), 352-1 (бірінші бөлігінде), 354 (бірінші бөлігінде), 356 (бірінші бөлігінде), 357 (екінші бөлігінде), 358 (бірінші бөлігінде), 359 (бірінші бөлігінде), 376 (бірінші бөлігінде), 381, 383, 384, 389 (бірінші және екінші бөліктерінде), 391, 395, 397, 398 (бірінші және екінші бөліктерінде), 400, 402 (бірінші бөлігінде), 403, 406, 407 (екінші бөлігінде), 410, 436-баптарында көзделген қылмыстық теріс қылықтар бойынша хаттамалық нысандағы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді ішкі істер органдары жүргізеді.
17. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 222, 225, 226 (бірінші бөлігінде), 227, 228 (бірінші бөлігінде), 229 (бірінші бөлігінде), 230 (бірінші бөлігінде), 236 (бірінші бөлігінде), 239 (бірінші бөлігінде), 242, 243 (екінші бөлігінде), 246-баптарында көзделген қылмыстық теріс қылықтар бойынша хаттамалық нысандағы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді экономикалық тергеу қызметі жүргізеді.
18. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 186 (бірінші бөлігінде), 458 (бірінші бөлігінде)-баптарында көзделген қылмыстық теріс қылықтар бойынша хаттамалық нысандағы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді Ұлттық қауіпсіздік комитетінің органдары жүргізеді.
19. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 195 (бірінші және екінші бөліктерінде), 196 (бірінші және екінші бөліктерінде), 198 (екінші бөлігінде), 199 (екінші бөлігінде), 232-1 (бірінші бөлігінде), 233-1 (бірінші және екінші бөліктерінде)-баптарында көзделген қылмыстық теріс қылықтар бойынша хаттамалық нысандағы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді ішкі істер органдары не экономикалық тергеу қызметі жүргізеді.
19-1. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 363, 370-2 (бірінші бөлігінде), 414 (төртінші бөлігінде)-баптарында көзделген қылмыстық теріс қылықтар бойынша хаттамалық нысандағы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді ішкі істер органдары не ұлттық қауіпсіздік органдары жүргізеді.
19-2. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 419-бабында (бірінші бөлігінде) көзделген қылмыстық теріс қылықтар бойынша хаттамалық нысандағы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді ішкі істер органдары, ұлттық қауіпсіздік органдары немесе экономикалық тергеу қызметі жүргізеді.
20. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 437 (бірінші және бесінші бөліктерінде), 438 (бірінші бөлігінде), 440 (бірінші және екінші бөліктерінде), 443(бірінші бөлігінде), 447 (бірінші бөлігінде), 448 (бірінші бөлігінде), 449 (бірінші бөлігінде), 460, 463 (бірінші бөлігінде), 466 (бірінші бөлігінде)-баптарында көзделген қылмыстық теріс қылықтар бойынша, сондай-ақ әскери қызметшілер; әскери бөлімдердің, құрамалардың, мекемелердің азаматтық персоналының адамдары өз қызметтік міндеттерін орындауға байланысты немесе осы бөлімдер, құрамалар және мекемелер орналасқан жерде жасаған, осы баптың он алтыншы, он жетінші, он тоғызыншы, жиырма екінші – жиырма төртінші бөліктерінде көрсетілген істер бойынша хаттамалық нысандағы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді әскери полиция органдары жүргізеді.
21. Осы баптың жиырмасыншы бөлігінде көзделген қылмыстық теріс қылықтар бойынша, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдардың әскери қызметшілері мен қызметкерлері жасаған, олар бойынша анықтау жүргізу міндетті емес және жиналған материалдары істі сотта қарау үшін негіз болып табылатын барлық өзге де қылмыстық теріс қылықтар бойынша хаттамалық нысандағы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери полициясы органдары жүргізеді.
22. Алып тасталды - ҚР 07.11.2014 № 248-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).23. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 269-1 (бірінші бөлігінде), 287 (бірінші бөлігінде), 345 (бірінші бөлігінде), 348 (бірінші бөлігінде), 352-1 (бірінші бөлігінде), 353 (бірінші бөлігінде), 378, 382 (бірінші бөлігінде), 390 (бірінші бөлігінде)-баптарында көзделген қылмыстық теріс қылықтар туралы істер бойынша хаттамалық нысандағы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді ішкі істер органы не егер олар күзету іс-шаралары өткізілетін аймақта жасалған және тікелей тізбесі заңда белгіленген күзетілетін адамдарға қарсы бағытталған болса, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі жүргізеді.
24. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 385 (үшінші бөлігінде)-бабында көзделген қылмыстық теріс қылық туралы іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді ішкі істер, ұлттық қауіпсіздік органдары, экономикалық тергеу қызметі не егер ол күзету іс-шаралары өткізілетін аймақта жасалған және тізбесі заңда белгіленген күзетілетін адамдарға тікелей қарсы бағытталған болса, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі жүргізеді.
25. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары анықтауды Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 292-бабында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша жүргізеді.
26. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 204-бабында (екінші бөлігінде) көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша анықтауды сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастаған ішкі істер органдары немесе мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары жүргізеді.
Ескерту. 191-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 07.11.2014 № 248-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 22.12.2016 № 28-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2017 № 84-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.07.2018 № 180-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.01.2019 № 217-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.10.2019 № 268-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 04.05.2020 № 321-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.12.2020 № 384-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2020 № 393-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 401-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.06.2021 № 58-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2021 № 88-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2021 № 98-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.07.2022 № 136-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.07.2022 № 139-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.01.2023 № 186-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 17.03.2023 № 212-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.04.2024 № 72-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.04.2024 № 74-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.05.2024 № 82-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.07.2024 № 111-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.07.2024 № 113-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 18.03.2025 № 175-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.07.2025 № 210-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.01.2026 № 252-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.06.2026 № 312-VIIІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.192-бап. Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің мерзімі
1. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру қылмыстық істің күрделілігі, тергеу әрекеттерінің көлемі және істің мән-жайларын зерттеудің жеткіліктілігі ескеріле отырып, қисынды мерзімде, бірақ Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде белгіленген қылмыстық қудалаудың ескіру мерзімінен аспайтын мерзімде аяқталуға тиіс.
Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің қисынды мерзімін айқындаған кезде қылмыстық істің құқықтық және нақты күрделілігі, сотқа дейінгі іс жүргізуге қатысушылардың процестік құқықтарды іске асыруы, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның өз өкілеттіктерін сотқа дейінгі іс жүргізуді уақтылы жүзеге асыру мақсатында іске асыру тәсілі сияқты мән-жайлар ескеріледі.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!2-бөлікке өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 01.07.2026 № 331-VIII (01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
2. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімі арыз бен хабар Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелген кезден бастап қылмыстық іс қылмыстық істі тоқтату туралы қаулымен, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есеппен, бұйрықтық іс жүргізуді қолдану туралы қаулымен, қылмыстық теріс қылық туралы қаулымен, сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру хаттамасымен, айыптау хаттамасымен немесе істі медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы мәселені қарау үшін сотқа беру туралы қаулымен прокурорға жіберілген күнге дейін не прокурор істі сотқа жібере отырып, кінәні мойындау туралы мәміле немесе кінәні мойындау және заңсыз иемденілген активтерді қайтару туралы мәміле нысанындағы процестік келісім жасасқан күнге дейін есептеледі.
Бірнеше іс біріктірілген іс бойынша іс жүргізу мерзімі уақыты бойынша қылмыстық істің бірінші жүргізілуі басталған күннен бастап есептеледі. Егер біріктірілген істердің біреуі бойынша бұлтартпау шарасы ретінде күзетпен ұстау не үйқамақ қолданылса, сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімі көрсетілген бұлтартпау шаралары қолданылған істі сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған күннен бастап есептеледі.
Анықтау істері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру бір айдан және алдын ала тергеу істері бойынша екі айдан аспауға тиіс. Прокурор сотқа дейінгі тергеп-тексерудің ақылға қонымды мерзімін белгілей отырып, осы мерзімдерді қайта қарауға құқылы.
Ескерту. 2-бөлік жаңа редакцияда – ҚР 27.12.2021 № 88-VII Заңымен (мынадай:ішкі істер органдарының, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің және экономикалық тергеу қызметінің тергеушілері тергеп-тексеретін, оның ішінде басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істермен біріктірілген аса ауыр қылмыстар туралы істерге қатысты 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап;
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 3-бабының 29) тармағында көзделген, оның ішінде басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істермен біріктірілген сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы істерге қатысты 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін;
алдын ала тергеу нысанында аяқталған өзге де қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істерге қатысты 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есепті жасауы, прокурордың айыптау актісін жасауы және прокурор айыптау актісін жасаған кезден бастап адамды айыпталушы деп тану бөлігінде).
3. Осы баптың екінші бөлігінде көрсетілген мерзімге:
1) қылмыстық процеске қатысушылардың осы Кодекстің 190, 192-2 және 296-баптарында көзделген тәртіппен қылмыстық іс материалдарымен танысқан;
2) қылмыстық істің қорғалуға құқығы бар куәнің, күдіктінің, жәбірленушінің шағымы бойынша сотта және прокуратурада болған;
3) сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның процестік шешімдерін және (немесе) әрекеттерін бекіту не келісу туралы мәселені қарауға байланысты қылмыстық істің прокурорда болған;
4) процестік келісім жасасу туралы өтінішхатты қарауға байланысты қылмыстық істің прокурорда болған уақыты кірмейді.
4. Осы баптың екінші бөлігінде белгіленген сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімін тергеушінің, анықтау органы бастығының уәжді өтінішхаты бойынша:
істің күрделілігіне байланысты өңірлер мен гарнизондардың әскери прокуроры, өңірлік көлік прокуроры, аудандық және оларға теңестірілген прокурор – қисынды, бірақ үш айдан аспайтын мерзімге;
істің ерекше күрделілігіне байланысты немесе қылмыстық істің материалдарын қылмыстық қудалауды жалғастыру үшін шет мемлекетке жіберу туралы мәселені шешу кезінде – Бас әскери прокурор, Бас көлік прокуроры, облыс прокуроры мен оған теңестірілген прокурор және олардың орынбасарлары қисынды, бірақ он екі айдан аспайтын мерзімге ұзартуы мүмкін.
5. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімін одан әрі ұзартуға айрықша жағдайларда ғана жол беріледі және оны Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры, оның орынбасарлары қисынды, бірақ осы баптың бірінші бөлігінде белгіленгеннен аспайтын мерзімге жүзеге асыра алады.
6. Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің мерзімін ұзарту туралы қаулыны тергеу бөлімінің, анықтаудың бастығы, прокурор өңір мен гарнизонның әскери прокурорына, өңірлік көлік прокурорына, ауданның прокурорына, Бас әскери прокурорға, Бас көлік прокурорына, облыстың прокурорына және оларға теңестірілген прокурорларға сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімі аяқталардан – бес тәуліктен кешіктірмей, Қазақстан Республикасының Бас Прокурорына, оның орынбасарларына – он тәуліктен кешіктірмей ұсынуға міндетті.
7. Прокурор істі қосымша тергеп-тексеру үшін қайтарған, қылмыстық істі үзу немесе тоқтату туралы қаулының күші жойылған не сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімдерін үзу туралы қаулыны келісуден немесе қылмыстық істі тоқтату туралы қаулыны бекітуден бас тартылған кезде сотқа дейінгі тергеп-тексеру прокурор белгілеген, бірақ іс қылмыстық қудалауды жүзеге асыратын адамға келіп түскен кезден бастап бір айдан аспайтын мерзімде жүргізіледі. Мерзімді одан әрі ұзарту жалпы негіздерде және осы бапта көзделген тәртіппен жүргізіледі.
8. Күдікті, жәбірленуші тергеп-тексерудің негізсіз созылуына шағым жасауға және қылмыстық қудалауды жүзеге асыратын адамның оның барысында істі тергеп-тексеруді толық көлемінде аяқтауына қажетті белгілі бір мерзімді белгілеу туралы өтінішхатты прокурорға мәлімдеуге немесе осы Кодексте көзделген тәртіппен сотқа шағым жасауға құқылы.
Ескерту. 192-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 19.12.2020 № 384-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2021 № 62-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2021 № 88-VII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); 12.07.2023 № 23-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.07.2025 № 210-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.192-1-бап. Анықтау барысында дәлелденуге жататын мән-жайлар
1. Анықтау барысында осы Кодекстің 113-бабына сәйкес: қылмыстық құқық бұзушылық оқиғасы, қылмыстық заңда тыйым салынған іс-әрекетті жасаған адам, адамның кінәлілігі, залалдың сипаты мен мөлшері және іс бойынша маңызы бар өзге де мән-жайлар дәлелденуге жатады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген мән-жайларды анықтау үшін қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп күдік келтірілген адамнан сотталғандығының болуы немесе болмауы туралы анықтамалар, оның жұмыс немесе оқу орнынан мінездемелер, іс үшін маңызы бар өзге де материалдар талап етіп алдырылуы; жәбірленушіден, куәдан жауап алу және басқа да қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуі мүмкін.
Ескерту. 192-1-баппен толықтырылды – ҚР 27.12.2021 № 88-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.192-2-бап. Айыптау хаттамасын жасау және қылмыстық істі сотқа жіберу үшін прокурорға беру
1. Анықтау аяқталған соң сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам күдіктіні, егер іске қатысатын болса, оның қорғаушысын, сондай-ақ жәбірленушіні, оның өкілін, азаматтық талапкерді, азаматтық жауапкерді, олардың өкілдерін іс бойынша тергеу әрекеттерін жүргізудің аяқталғаны туралы хабардар етеді.
Хабарламада танысу орны және олар қылмыстық іс материалдарымен таныса алатын мерзім туралы хабархат қамтылады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген талаптар орындалғаннан кейін сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам айыптау хаттамасын жасайды.
3. Айыптау хаттамасында мыналар көрсетіледі:
1) оның жасалған уақыты мен орны, хаттаманы кімнің жасағаны;
2) күдіктінің жеке басы туралы деректер;
3) қылмыстық құқық бұзушылықтың жасалған орны мен уақыты, оқиға, оның тәсілдері, себептері, салдары және басқа да елеулі мән-жайлар;
4) қылмыстық құқық бұзушылықтың болғанын және құқық бұзушының кінәлілігін растайтын нақты деректер;
5) Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтың саралануы;
6) егер бар болса, куәлардың және жәбірленушілердің тегі, аты, әкесінің аты (олар болған кезде), мекенжайлары;
7) келтірілген залал мөлшері;
8) қылмыстық құқық бұзушылық іздерін тіркеу кезінде пайдаланылған болса не оларда іздер тіркелсе, ғылыми-техникалық құралдар мен электрондық жеткізгіштер;
9) заттай дәлелдемелер (олар болған кезде), олардың сақталу орны туралы мәліметтер;
10) азаматтық талап қоюды қамтамасыз ету және сот үкімін орындау үшін қабылданған шаралар;
11) күдіктіден өндіріп алынуға жататын процестік шығындар мен сомалар, мәлімделген талап қою.
Айыптау хаттамасына қылмыстық құқық бұзушылық жасау фактісін растайтын құжаттар да қоса беріледі.
4. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам күдіктіден, сондай-ақ жәбірленушіден, оның өкілінен, азаматтық талапкерден, азаматтық жауапкерден немесе олардың өкілдерінен ауызша немесе жазбаша өтінішхат түскен жағдайда, оларға айыптау хаттамасын және қылмыстық іс материалдарын танысу үшін ұсынады, бұл туралы айыптау хаттамасында олардың қолтаңбаларымен және қорғаушының (ол қатысқан кезде) қолтаңбасымен куәландырылатын тиісті белгі жасалады.
Азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер немесе олардың өкілдері істің азаматтық талап қоюға қатысы бар бөлігіндегі материалдарымен танысады.
Айыптау хаттамасымен және іс материалдарымен танысқаннан кейін қылмыстық іс анықтау органының бастығына жіберіледі.
5. Анықтау органының бастығы айыптау хаттамасын және оған қоса берілген материалдарды зерделеп, мынадай әрекеттердің біреуін жасайды:
1) айыптау хаттамасын келіседі және қылмыстық істі прокурорға жібереді;
2) айыптау хаттамасын келісуден бас тартады және қылмыстық істі анықтау жүргізу үшін қайтарады не осы Кодекстің 189-бабының бесінші бөлігінде көзделген тәртіппен алдын ала тергеп-тексеруді тағайындайды.
6. Прокурор айыптау хаттамасымен бірге қылмыстық істі алып, ол бойынша үш тәуліктен кешіктірмей мынадай әрекеттердің біреуін жасайды:
1) айыптау хаттамасын бекітеді, өзінің қарарымен айыпталушыны сотқа береді және қылмыстық істі сотқа жібереді;
2) істі анықтау немесе алдын ала тергеу жүргізу үшін жібереді;
3) қылмыстық істі тоқтату туралы қаулы шығарады;
4) қылмыстық қудалауды толық көлемде не бір бөлігінде тоқтату туралы қаулы шығарады;
5) жаңа айыптау хаттамасын жасайды;
6) өз қалауы немесе қорғаушы тараптың өтінішхаты бойынша процестік келісім жасасу туралы мәселені шешеді.
7. Прокурор айыптау хаттамасының айыпталушыға табыс етілуін қамтамасыз етеді. Айыпталушының құқықтары түсіндірілгені қамтылған айыпталушының айыптау хаттамасын алғаны туралы қолхат іске қоса тігіледі.
Ескерту. 192-2-баппен толықтырылды – ҚР 27.12.2021 № 88-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 03.01.2023 № 188-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.07.2025 № 210-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.193-бап. Прокурордың сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысындағы өкілеттіктері
1. Прокурор, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің заңдылығын қадағалауды, сондай-ақ қылмыстық қудалауды жүзеге асыра отырып:
1) қылмыстық құқық бұзушылық туралы арызды тіркейді және оны қылмыстық қудалау органына береді не өзінің іс жүргізуіне қабылдайды және сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асырады;
2) қылмыстық құқық бұзушылық туралы арызды және қылмыстық қудалаудың бір органынан келіп түскен, қолдағы материалдарды тергеулігі және соттылығы бойынша береді;
3) қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздарды және хабарларды қабылдау және тіркеу кезінде заңдылықтың сақталуын тексереді;
3-1) сотқа дейінгі тергеп-тексеру заңдылығының сақталуын тексеру нәтижелері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің ақылға қонымды мерзімдерін белгілеуге құқылы;
4) оқиға орнын қарап-тексеруге қатысуға құқылы, сондай-ақ осы Кодексте көзделген өз өкілеттіктері шеңберінде басқа да әрекеттерді жүзеге асырады;
ЗҚАИ-ның ескертпесі!5) тармаққа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 16.07.2025 № 210-VIII (01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
5) қандай да бір тергеу әрекеттерін жүргізу туралы жазбаша нұсқаулар береді;
6) осы Кодексте көзделген жағдайларда сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның әрекеттерін және (немесе) шешімдерін келіседі, бекітеді;
Прокурордың келісуі мен бекітуі – қаулыны электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландыру арқылы, ал қағаз түрінде ресімделген, оның ішінде құпиялылықты сақтауды талап ететін процестік шешімдер мен әрекеттер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның қаулысына өзінің қолымен расталатын "Келісемін", "Бекітемін" белгілерін қою арқылы жүзеге асырылады;
7) осы Кодексте белгіленген жағдайларда және тәртіппен жасырын тергеу әрекеттерінің нәтижелерін сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдарына іске қосып тігу туралы жазбаша нұсқаулар береді;
8) қылмыстық қудалаудан иммунитеті мен артықшылықтары бар адамдарды қол сұғылмаушылығынан айыруға және қылмыстық жауаптылыққа тартуға келісім алу үшін ұсыну енгізеді;
9) қылмыстық қудалау органдарынан қылмыстық істерді, құжаттарды, материалдарды, оның ішінде жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шараларының және жасырын тергеу іс-қимылдарының нәтижелерін тексеру үшін алады, мерзімдері үзілген қылмыстық істерді одан әрі тергеп-тексеру жүргізу үшін жібереді;
9-1) осы Кодекстің 231-бабының 7) және 9) тармақтарында көзделген заңсыз жасырын тергеу әрекеттерін тоқтатады;
10) тергеушінің, анықтаушының, анықтау органының заңсыз қаулыларының, сондай-ақ тергеу бөлімі мен анықтау органы бастықтарының, төмен тұрған прокурордың қаулылары мен нұсқауларының күшін жояды;
11) қылмыстық істі қосымша тергеп-тексеру жүргізу үшін қайтарады;
11-1) сотқа дейінгі тергеп-тексеруді толық көлемде немесе нақты адамдарға қатысты тоқтатады;
12) сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын органнан істі алып қояды және осы Кодексте белгіленген тергеулігіне сәйкес оны басқа сотқа дейінгі тергеп-тексеру органына береді; тергеп-тексерудің объективті және жеткілікті болуын қамтамасыз ету қажеттілігіне байланысты ерекше жағдайларда, қылмыстық қудалау органының не қылмыстық процеске қатысушының жазбаша өтінішхаты бойынша істі бір органнан екінші органға береді не өзінің іс жүргізуіне қабылдайды және оларды осы Кодексте белгіленген тергеулігіне қарамастан тергеп-тексереді;
12-1) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 17-тарауында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыруға құқылы.
Бас Прокурор ерекше жағдайларда өз бастамасы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізуді осы Кодексте белгіленген тергеулігіне қарамастан прокурорға тапсыруға құқылы;
13) осы Кодексте белгіленген жағдайларда және тәртіппен сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімдерін ұзартады, сондай-ақ осы Кодекстің 192-бабының жетінші және сегізінші бөліктерінде көзделген жағдайларда тергеп-тексеру мерзімін белгілейді;
14) осы Кодексте тергеу судьясының кұзыретіне жатқызылған мәселелер қаралған кезде сот отырыстарына қатысады;
15) күзетілудегі адамдарды ұстаудың заңнамада белгіленген тәртібі мен шарттарының сақталуын тексереді;
ЗҚАИ-ның ескертпесі!16) тармақ жаңа редакцияда көзделген – ҚР 01.07.2026 № 331-VIII (01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
16) айыптау актісін жасайды;
Ескерту. 16) тармақ жаңа редакцияда – ҚР 27.12.2021 № 88-VII Заңымен (мынадай:ішкі істер органдарының, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің және экономикалық тергеу қызметінің тергеушілері тергеп-тексеретін, оның ішінде басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істермен біріктірілген аса ауыр қылмыстар туралы істерге қатысты 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап;
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 3-бабының 29) тармағында көзделген, оның ішінде басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істермен біріктірілген сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы істерге қатысты 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін;
алдын ала тергеу нысанында аяқталған өзге де қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істерге қатысты 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есепті жасауы, прокурордың айыптау актісін жасауы және прокурор айыптау актісін жасаған кезден бастап адамды айыпталушы деп тану бөлігінде).
16-1) қылмыстық теріс қылық туралы хаттаманы, сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру хаттамасын, айыптау хаттамасын, бұйрықтық іс жүргізуді қолдану туралы қаулыны бекітеді, өз қарарымен айыпталушыны сотқа береді және қылмыстық істі мәні бойынша қарау үшін сотқа жібереді;
17) сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның қылмыстық істі не қылмыстық қудалауды толық көлемде немесе бір бөлігінде тоқтату туралы қаулысын бекітеді;
18) сот қаулысы бойынша нәтижелерін сот прокурордың өтінішхаты бойынша іс материалдарына қоса тігетін тергеу әрекеттерін жүргізуді ұйымдастырады;
19) процестік келісімге бастамашылық етеді және оны жасасады;
20) осы Кодексте көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
1-1. Прокурор азаптаулар туралы істер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асырады.
2. Прокурорлардың сотқа дейінгі тергеп-тексеру сатысындағы өкілеттіктерінің аражігін ажыратуды Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры айқындайды.
Прокуратура органы басшысының айрықша өкілеттіктеріне:
1) ынтымақтастық туралы процестік келісім жасасу;
2) тергеушінің, анықтаушының, анықтау органының заңсыз қаулыларының, сондай-ақ тергеу бөлімі мен анықтау органы бастықтарының, төмен тұрған (бағынышты) прокурордың қаулылары мен нұсқауларының күшін жою;
3) сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамнан не органнан қылмыстық істі алып қою және оны сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізу үшін басқа адамға не органға беру;
4) қылмыстық қудалаудан артықшылықтары бар адамдарды қол сұғылмаушылығынан айыруға және қылмыстық жауаптылыққа тартуға келісім алу үшін ұсыну енгізу;
5) қылмыстық істерді тергеп-тексеру мерзімдерін ұзарту;
6) тергеушінің, анықтаушының, анықтау органының, тергеу бөлімі және анықтау органы бастықтарының, сондай-ақ төмен тұрған прокурордың әрекеттері мен шешімдеріне шағымдарды қарау;
7) заңдылық бұзылған кезде тергеушіні, анықтаушыны қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуден шеттету;
8) процесс прокурорының қылмыстық істі қосымша тергеп-тексеру жүргізу үшін қайтару туралы қаулысын бекіту;
ЗҚАИ-ның ескертпесі!9) тармаққа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 01.07.2026 № 331-VIII (01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
9) айыптау актісін жасау;
Ескерту. 9) тармақ жаңа редакцияда – ҚР 27.12.2021 № 88-VII Заңымен (мынадай:ішкі істер органдарының, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің және экономикалық тергеу қызметінің тергеушілері тергеп-тексеретін, оның ішінде басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істермен біріктірілген аса ауыр қылмыстар туралы істерге қатысты 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап;
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 3-бабының 29) тармағында көзделген, оның ішінде басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істермен біріктірілген сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы істерге қатысты 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін;
алдын ала тергеу нысанында аяқталған өзге де қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істерге қатысты 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есепті жасауы, прокурордың айыптау актісін жасауы және прокурор айыптау актісін жасаған кезден бастап адамды айыпталушы деп тану бөлігінде).
9-1) бұйрықтық іс жүргізуді қолдану туралы қаулыны, қылмыстық теріс қылық туралы хаттаманы, сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру хаттамасын, айыптау хаттамасын бекіту және қылмыстық істі мәні бойынша қарау үшін сотқа жіберу;
10) сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның қылмыстық істі не қылмыстық қудалауды толық көлемде немесе бір бөлігінде тоқтату туралы қаулысын бекіту;
11) осы Кодекстің нормалары осы міндетті прокуратура органының басшысына тікелей жүктеген жағдайларда, адамды күдікті деп тану туралы және күдіктінің іс-әрекетін саралау туралы қаулыларды келісу жатады.
Прокуратура органы басшысының осы бөліктің 2), 3), 6), 7), 8), 9), 9-1) және 10) тармақтарында санамаланған өкілеттіктерін қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатысының заңдылығын қадағалауды қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, олардың орынбасарлары, Бас әскери прокуратураның, Бас көлік прокуратурасының, облыстар прокуратураларының құрылымдық бөлімшелерінің және оларға теңестірілген прокуратуралардың басшылары жүзеге асыруы мүмкін.
Ескерту. Екінші бөліктің үшінші абзацы жаңа редакцияда – ҚР 27.12.2021 № 88-VII Заңымен (мынадай:ішкі істер органдарының, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің және экономикалық тергеу қызметінің тергеушілері тергеп-тексеретін, оның ішінде басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істермен біріктірілген аса ауыр қылмыстар туралы істерге қатысты 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап;
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 3-бабының 29) тармағында көзделген, оның ішінде басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істермен біріктірілген сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы істерге қатысты 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін;
алдын ала тергеу нысанында аяқталған өзге де қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істерге қатысты 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есепті жасауы, прокурордың айыптау актісін жасауы және прокурор айыптау актісін жасаған кезден бастап адамды айыпталушы деп тану бөлігінде).
3. Прокуратура органының басшысы нақты қылмыстық іс бойынша осы бапқа сәйкес қадағалауды жүзеге асыратын прокурорды (процесс прокуроры) айқындауға құқылы.
Процесс прокуроры қылмыстық іс бойынша қадағалауды сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған кезден бастап жүзеге асырады, осы баптың екінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, осы баптың бірінші бөлігінде көзделген өкілеттіктерді пайдаланады және бірінші сатыдағы сотқа мемлекеттік айыптаушы ретінде қатысады.
Процесс прокуроры алмастырылмайды, бірақ Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының нормативтік құқықтық актілерінде көзделген жағдайларда, прокуратура органы басшысының шешімі бойынша басқа процесс прокурорымен ауыстырылуы мүмкін.
4. Прокурордың сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамға, қылмыстық қудалау органының бастығына осы Кодексте көзделген тәртіппен берген нұсқаулары міндетті болып табылады, бірақ оларға жоғары тұрған прокурорға шағым жасалуы мүмкін. Алынған нұсқауларға жоғары тұрған прокурорға шағым жасау олардың орындалуын тоқтата тұрмайды.
Ескерту. 193-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 07.11.2014 № 248-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) ; 28.12.2016 № 36-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін екі ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.07.2017 № 91-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.12.2017 № 118-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 12.07.2018 № 180-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 19.12.2020 № 384-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2021 № 62-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2021 № 88-VII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); 05.11.2022 № 157-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.01.2023 № 188-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.07.2025 № 210-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.194-бап. Тергеу, жедел-тергеу тобының сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізуі
1. Іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру ол күрделі немесе үлкен көлемді болған жағдайда тергеушілер және анықтау органының қызметкерлері тобына (тергеу, жедел-тергеу тобына) тапсырылуы мүмкін, бұл туралы қаулы шығарылады. Бұл туралы шешімді тергеу бөлімінің немесе анықтау органының бастығы қабылдауға құқылы. Қаулыда тергеп-тексеру жүргізу тапсырылған барлық тергеушілер, анықтау органының қызметкерлері, оның ішінде топ жетекшісі – тергеуші көрсетілуге тиіс.
Күдікті, жәбірленуші, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер және олардың өкілдері тергеушілер, анықтау органының қызметкерлері тобының тергеп-тексеретіні туралы қаулымен танысуға тиіс және оларға осы топ жетекшісіне, сондай-ақ топ құрамындағы кез келген тергеушіге, анықтау органының қызметкеріне қарсылық білдіру құқығы түсіндіріледі.
2. Топқа сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын бірнеше органның тергеушілері, анықтау органының қызметкерлері кіруі мүмкін. Мұндай топты құру туралы шешім прокурордың нұсқауы бойынша да, тергеу бөлімі немесе анықтау органы бастықтарының бастамасы бойынша да қабылдануы мүмкін. Мұндай шешім осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген талаптарды сақтай отырып шығарылатын бірлескен қаулымен ресімделеді.
3. Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры, оның орынбасары, Бас әскери прокурор, Бас көлік прокуроры, облыстардың прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлар айрықша жағдайларда тергеп-тексерудің толық және объективті болмау фактілері, істің күрделілігі мен маңыздылығы анықталған кезде прокурорлар, сондай-ақ сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын бір немесе бірнеше органның тергеушілері, анықтаушылары мен жедел қызметкерлері арасынан топ құра алады, бұл ретте прокурорды осы топтың жетекшісі етіп тағайындап, бұл шешімді өз қаулысымен ресімдейді.
Ескерту. 194-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 27.12.2021 № 88-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.07.2025 № 210-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.195-бап. Топ жетекшісінің өкілеттіктері
1. Топ жетекшісі өз қаулысымен істі өзінің іс жүргізуіне қабылдайды, топтың жұмысын ұйымдастырады, басқа тергеушілер мен анықтау органдары қызметкерлерінің әрекеттеріне басшылық жасайды.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!2-бөлікке өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 01.07.2026 № 331-VIII (01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
2. Қылмыстық қудалауды, қылмыстық істі толықтай немесе бір бөлігінде тоқтату туралы, медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану үшін істі сотқа жіберу туралы, қылмыстық істерді біріктіру және бөлу туралы, сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімін ұзарту, сот санкциялайтын бұлтартпау шараларын қолдану және оларды ұзарту туралы өтінішхат қозғау туралы қаулыларға, сондай-ақ айыптау хаттамасына, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есепке топ жетекшісі қол қояды.
Ескерту. 2-бөлік жаңа редакцияда – ҚР 27.12.2021 № 88-VII Заңымен (мынадай:ішкі істер органдарының, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің және экономикалық тергеу қызметінің тергеушілері тергеп-тексеретін, оның ішінде басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істермен біріктірілген аса ауыр қылмыстар туралы істерге қатысты 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап;
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 3-бабының 29) тармағында көзделген, оның ішінде басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істермен біріктірілген сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы істерге қатысты 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін;
алдын ала тергеу нысанында аяқталған өзге де қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істерге қатысты 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есепті жасауы, прокурордың айыптау актісін жасауы және прокурор айыптау актісін жасаған кезден бастап адамды айыпталушы деп тану бөлігінде).
3. Алып тасталды – ҚР 27.12.2021 № 88-VII Заңымен (мынадай:
ішкі істер органдарының, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің және экономикалық тергеу қызметінің тергеушілері тергеп-тексеретін, оның ішінде басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істермен біріктірілген аса ауыр қылмыстар туралы істерге қатысты 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап;
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 3-бабының 29) тармағында көзделген, оның ішінде басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істермен біріктірілген сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы істерге қатысты 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін;
алдын ала тергеу нысанында аяқталған өзге де қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істерге қатысты 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есепті жасауы, прокурордың айыптау актісін жасауы және прокурор айыптау актісін жасаған кезден бастап адамды айыпталушы деп тану бөлігінде).
4. Топ жетекшісі осы Кодексте белгіленген тәртіппен қылмыстық іс бойынша басқа тергеушілер жүргізетін тергеу әрекеттеріне қатысуға, тергеу әрекеттерін жеке өзі жүргізуге және шешімдер қабылдауға құқылы.
5. Жетекші болып тағайындалған прокурор тергеушінің осы Кодексте көзделген барлық өкілеттіктерін пайдаланады.
Ескерту. 195-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 27.12.2021 № 88-VII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.196-бап. Анықтау органдарының алдын ала тергеу жүзеге асырылатын істер бойынша қызметі
1. Алдын ала тергеудің жүзеге асырылуы қажет қылмыс белгілері болған жағдайда, анықтау органы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастауға және қылмыс іздерін анықтау және бекіту бойынша кезек күттірмейтін тергеу әрекеттерін: қарап-тексеруді, тінтуді, алуды, куәландыруды, күдіктілерді ұстап алу мен олардан жауап алуды, жәбірленушілер мен куәлардан жауап алуды және басқа да тергеу әрекеттерін жүргізуге құқылы. Анықтау органы анықталған қылмыстық құқық бұзушылық және сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басталғаны туралы прокурорды дереу хабардар етеді.
2. Кезек күттірмейтін тергеу әрекеттері орындалған соң, бірақ сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған күннен бастап бес тәуліктен кешіктірмей анықтау органы тергеулігі туралы мәселелер болмаған кезде бұл туралы жиырма төрт сағат ішінде прокурорды жазбаша хабардар ете отырып, істі дәл осы органның тергеушісіне беруге міндетті. Іс бойынша іс жүргізуді болдырмайтын мән-жайлар анықталған жағдайда, анықтау органы қылмыстық істі тоқтатуға құқылы. Қалған жағдайларда қылмыстық іс тергеулігін айқындау үшін прокурорға беріледі.
3. Iсті тергеушіге бергеннен кейін анықтау органы ол бойынша тергеу әрекеттерін, жасырын тергеу әрекеттерін, сондай-ақ іздестіру шараларын тек тергеушінің тапсырмасы бойынша ғана жүргізе алады. Қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамды табу мүмкін болмаған істі тергеушіге берген жағдайда, анықтау органы тергеушіні нәтижелері туралы хабардар ете отырып, қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамды анықтау үшін іздестіру шараларын қолдануға міндетті.
Ескерту. 196-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.197-бап. Тергеу әрекеттерін жүргізудің жалпы қағидалары
1. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам заңда көзделген тергеу әрекеттеріне қатысуға адамдарды тарта отырып, олардың жеке басына көз жеткізеді, оларға құқықтары мен міндеттерін, сондай-ақ тергеу әрекетін жүргізу тәртібін түсіндіреді.
2. Кейінге қалдырылмайтын жағдайларды қоспағанда, тергеу әрекетін түнгі уақытта жүргізуге жол берілмейді.
3. Тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде ғылыми-техникалық құралдар қолданылуы және қылмыстық құқық бұзушылықтың іздері мен заттай дәлелдемелерді анықтаудың, тіркеу мен алудың ғылыми негізделген тәсілдері пайдаланылуы мүмкін.
4. Тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде азаптауға, зорлық-зомбылық көрсетуге, қорқытуға және өзге де заңсыз шараларды, қатыгез қарым-қатынасты қолдануға, сол сияқты оған қатысатын адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруге жол берілмейді.
5. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам тергеу әрекеттеріне қылмыстық қудалау органының басқа да қызметкерлерін тартуға құқылы.
6. Осы Кодекстің 255-бабы үшінші бөлігінің 2) тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, 220-бабының он үшінші және он төртінші бөліктерінде, 252-бабында, 254-бабының төртінші бөлігінде, 255-бабында көзделген тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде куәгерлерді тарту міндетті болады.
Қалған жағдайларда тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде олардың барысы мен нәтижелерін тіркейтін ғылыми-техникалық құралдар міндетті түрде қолданылады.
Ғылыми-техникалық тіркеу құралдары болмаған немесе оларды қолдану мүмкін болмаған жағдайда, тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде куәгерлер тартылады.
Әрекеттердің барысы мен нәтижелерін тіркейтін ғылыми-техникалық құралдарды қолдану тәртібін Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры тиісті мемлекеттік органдармен келісу бойынша айқындайды.
7. Кәмелетке толмағанның қатысуымен тергеу әрекетін жүргізу кезінде оның заңды өкілдері қатысуға құқылы, сондай-ақ осы Кодексте көзделген жағдайларда педагог және (немесе) психолог тартылады.
Ескерту. 197-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 07.11.2014 № 248-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 16.07.2025 № 210-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.198-бап. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру процесінде шығарылатын шешімдер
1. Осы Кодексте осы адамның процестік әрекет хаттамасында шешімді көрсете отырып, жеке қаулы шығармай шешім қабылдау мүмкіндігі тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, сотқа дейінгі тергеп-тексеру процесінде осы Кодекске сәйкес қандай да бір процестік шешімді қабылдау кезінде сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам қаулы шығарады, онда оның жасалған орны мен уақыты, осы адамның тегі және лауазымы, қабылданатын шешімнің мәні мен негіздері, осы Кодекстің қаулы шығаруға негіз болған баптары көрсетіледі.
2. Анықтау органының бастығы, тергеу бөлімінің бастығы, прокурор, тергеу судьясы шығаратын шешімдер, осы Кодекстің нормаларында аталған адамдардың қаулы шығару қажеттігі тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, қарармен ресімделуі мүмкін.
Ескерту. 198-бап жаңа редакцияда – ҚР 27.12.2021 № 88-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.199-бап. Тергеу әрекетінің хаттамасы
1. Тергеу әрекетінің хаттамасы тергеу әрекетін жүргізу барысында немесе ол аяқталған бойда жасалады.
2. Хаттама қолмен жазылуы, машинкамен не компьютермен басу тәсілі арқылы жасалуы мүмкін. Хаттаманың толық болуын қамтамасыз ету үшін стенографиялау, киноға түсіру, дыбыс- және бейнежазба немесе өзге де ғылыми-техникалық құралдар қолданылуы мүмкін. Стенографиялық жазба, дыбыс- және бейнежазба материалдары немесе өзге де ақпарат жеткізгіштер хаттамаға қосып тігіледі және іспен бірге сақталады.
3. Хаттамада: тергеу әрекетін жүргізу орны мен күні; оның басталу және аяқталу уақыты минутына дейінгі дәлдікпен; тергеу әрекетін жүргізген адамның лауазымы мен тегі, тергеу әрекетіне қатысқан әрбір адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) көрсетіледі.
Хаттамада процестік әрекеттер олардың болған ретімен, оларды жүргізу кезінде анықталған іс үшін елеулі мән-жайлар, сондай-ақ тергеу әрекетін жүргізуге қатысқан адамдардың мәлімдемелері жазылады.
Тергеу әрекетінің барысы мен нәтижелері дыбыс-, бейнежазба құралдарының көмегімен толық тіркелген жағдайда, тергеу әрекетін жүргізетін адам алынған нақты деректерді және іс үшін маңызы бар анықталған мән-жайларды қысқаша баяндаумен шектелуге құқылы.
4. Осы Кодекстің 97-бабы қолданылған жағдайда, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам тергеу әрекетінің хаттамасында жәбірленушінің, оның өкілінің, сондай-ақ куәлардың (куәгерлердің) жеке басы туралы деректерді келтірмейді, қорғалатын адам өзі қатысатын тергеу әрекеттерінің хаттамаларында таңдайтын адамның бүркеншік аты мен қоятын қолын қолданады.
5. Егер тергеу әрекетін жүргізу кезінде фотосуретке түсіру, киноға түсіру, дыбыс- және бейнежазба немесе өзге де ғылыми-техникалық құралдар қолданылса не іздің баспа-таңбалары мен бедерлері әзірленсе, сызбалар, схемалар, жоспарлар жасалса, онда хаттамада сондай-ақ оны жүргізу барысында қолданылған ғылыми-техникалық құралдар, оларды пайдалану талаптары мен тәртібі, осы құралдар қолданылған объектілер және алынған нәтижелер көрсетілуге тиіс. Хаттамада бұған басқа ғылыми-техникалық құралдарды қолданудың алдында бұл туралы тергеу әрекетін жүргізуге қатысқан адамдардың хабардар етілгені аталуға тиіс.
6. Хаттама танысу үшін тергеу әрекетін жүргізуге қатысқан барлық адамдарға ұсынылады. Оларға хаттамаға енгізілуге жататын ескертулер жасау құқығы түсіндіріледі. Хаттамаға енгізілген барлық ескертулер, толықтырулар, түзетулер келісілуге және осы адамдардың қолдарымен куәландырылуға тиіс.
7. Хаттамаға оны жасаған лауазымды адам, жауап алынған адам, аудармашы, маман, куәгерлер және тергеу әрекетін жүргізуге қатысқан барлық өзге де адамдар қол қояды. Тергеу әрекетінің хаттамасына қол қоюдан бас тартылған немесе қол қою мүмкін болмаған жағдайда, бұл фактіні куәландыру осы Кодекстің 123-бабының жетінші және оныншы бөліктеріне сәйкес жүргізіледі.
8. Хаттамаға тергеу әрекетін жүргізу кезінде орындалған фотографиялық негативтер мен суреттер, кинотаспалар, диапозитивтер, фонограммалар, бейнежазба кассеталары, өзге ақпарат жеткізгіштер, сызбалар, жоспарлар, схемалар, іздің баспа-таңбалары мен бедерлері қоса тіркеледі.
9. Егер тергеу әрекетін жүргізу барысында маман өз зерттеу нәтижелері бойынша ресми құжат жасаса, осы құжат хаттамаға қоса тіркеледі, бұл туралы хаттамаға тиісті жазба жасалады.
Ескерту. 199-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 17.03.2023 № 212-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.200-бап. Қылмыстық құқық бұзушылықтар және басқа да заң бұзушылықтар жасауға ықпал еткен мән-жайларды жою жөніндегі ұсыну
1. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам қылмыстық іс бойынша іс жүргізу кезінде қылмыстық құқық бұзушылық жасауға ықпал еткен мән-жайларды анықтай отырып, тиісті мемлекеттік органдарға, ұйымдарға немесе онда басқарушылық функцияларды орындайтын адамдарға осы мән-жайларды немесе басқа да заң бұзушылықтарды жою жөніндегі шаралар қолдану туралы ұсыну енгізуге құқылы.
2. Ұсынулар қолданылған шаралар туралы міндетті түрде хабардар етіле отырып бір ай мерзімде қаралуға тиіс.
201-бап. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерін жария етуге жол бермеу
1. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жария етілмеуге тиіс. Олар, егер бұл тергеп-тексеру мүдделеріне қайшы келмесе және басқа тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзуға байланысты болмаса, прокурордың рұқсатымен қандай көлемде жария ету мүмкін деп танылса, сол көлемде жария етілуі мүмкін.
2. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам қорғаушыға, куәларға, жәбірленушіге, азаматтық талапкерге, азаматтық жауапкерге немесе олардың өкілдеріне, сарапшыға, маманға, аудармашыға, куәгерлерге және тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде қатысқан басқа да адамдарға өзінің рұқсатынсыз істегі мәліметтерді жария етуге жол берілмейтіні туралы ескертеді, бұл туралы көрсетілген адамдардан жауаптылық туралы ескертіле отырып қолхат алынады.
3. Мыналар:
1) осы Кодексте көзделген тәртіппен процеске қатысушылардан шығатын сұрау салуларда, өтінішхаттарда, арыздарда, шағымдарда және өзге де процестік құжаттарда баяндалған қылмыстық іс бойынша мәліметтерді беру;
2) қылмыстық іс бойынша мәліметтерді оған қорғаушы, жәбірленушінің өкілі, шарттық негізде сарапшы, маман ретінде қатысуға тартылатын адамға, ол Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 423-бабы бойынша жауаптылықпен таныстырылған және тиісті қолхат ресімделе отырып, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның не прокурордың келісуінсіз көрсетілген мәліметтерді жария етпеу туралы жазбаша міндеттемені берген жағдайда, беру;
3) активтерді қайтару жөніндегі уәкілетті органға қылмыстық іс жүргізу барысында алынған активтерді заңсыз иемденуге және шығаруға байланысты мәліметтерді ұсыну сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерін жария ету болып табылмайды.
Ескерту. 201-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 09.06.2021 № 49-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.07.2023 № 23-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.25-тарау. Адамды күдікті деп тану және күдіктінің іс-әрекетін саралауды, қылмыстық құқық бұзушылықты саралауды айқындау
Ескерту. 25-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 19.12.2020 № 384-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
202-бап. Адамды күдікті деп тану туралы жариялау
1. Адамның қылмыс жасағанын көрсететін, оның ішінде осы Кодекстің 128-бабы екінші бөлігінің 1) – 4) тармақтарында көзделген деректер болған кезде, егер бұл ретте оған процестік ұстап алуды қолданудың қажеттігі болмаса, сотқа дейінгі тергеп-тексеру органы адамды күдікті деп тану туралы қаулы шығарады, ол соның негізділігін растайтын қылмыстық іс материалдарымен бірге дереу прокурорға келісу үшін жіберіледі.
1-1. Прокурор адамды күдікті деп тану туралы қаулыны келісу туралы дереу шешім қабылдайды не уәжді қаулымен оны келісуден бас тартады.
1-2. Кейінге қалдыруға болмайтын жағдайларда, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам адамды күдікті деп тану туралы қаулыны келісу үшін дереу прокурорға жібере отырып, адамды күдікті деп тану туралы қаулы шығаруға және осы Кодекстің 209 және 216-баптарында көзделген қағидалар бойынша одан жауап алуға құқылы.
Қаулыға қылмыстық іс материалдары және адамнан күдікті ретінде жауап алу хаттамасы қоса беріледі.
Прокурор қылмыстық іс материалдарын және адамнан күдікті ретінде жауап алу хаттамасын зерделеп шығып, дереу:
1) адамды күдікті деп тану туралы қаулыны келіседі;
2) жүргізілген жауап алуды дәлелдеме ретінде қолдануға жол берілмейді деп тани отырып, адамды күдікті деп тану туралы қаулыны келісуден бас тарту туралы уәжді қаулы шығарады және қылмыстық іс материалдарын сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамға, қажет болған кезде белгілі бір тергеу әрекеттерін және (немесе) процестік әрекеттерді жүргізуін көрсете отырып қайтарады. Прокурор осы қаулыны келісуден бас тартқан кезде адамның күдікті жағдайында болуы тоқтатылады.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам прокурор қабылдаған шешім туралы күдіктіні немесе өзіне қатысты прокурор күдікті деп тану туралы қаулыны келісуден бас тартқан адамды хабардар етеді.
2. Адамды күдікті деп тану туралы қаулыда:
1) оның жасалған уақыты мен орны; қаулыны кімнің жасағаны; күдікті деп танылатын адамның тегі, аты және әкесінің аты (ол болған кезде), оның туған күні, айы, жылы және туған жері;
2) адамға қандай қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп күдік келтірілетіні көрсетілуге тиіс.
Кәсіптік және қызметтік міндеттерін орындауға байланысты қылмыстар жасаған кезде адвокатты, прокурорды, тергеушіні, анықтаушыны, тергеу бөлімінің бастығын, анықтау органының бастығын күдікті деп тану туралы қаулы прокуратура органының басшысымен келісіледі.
Адамды күдікті деп тану туралы қаулы сол адамға жарияланады. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам өзіне қатысты күдікті деп тану туралы қаулы шығарылған адамға күдіктінің құқықтарын түсіндіруге, бұл туралы қаулыда белгі жасауға және оған сол қаулының көшірмесін табыс етуге міндетті.
3. Алып тасталды - ҚР 19.12.2020 № 384-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.Ескерту. 202-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 19.12.2020 № 384-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2021 № 88-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
203-бап. Күдіктінің іс-әрекетінің саралануын айқындау
1. Адамның қылмыс жасағаны туралы күдікті растайтын оған қатысты жеткілікті дәлелдемелер болған кезде прокурор, Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам күдіктінің іс-әрекетін саралау туралы уәжді қаулы шығарады. Іс-әрекетті саралау туралы қаулы қисынды мерзімде шығарылуға тиіс.
Адвокат, прокурор, тергеуші, анықтаушы, тергеу бөлімінің бастығы, анықтау органының бастығы кәсіптік және қызметтік міндеттерін орындауға байланысты қылмыстар жасаған кезде, олардың іс-әрекетін саралау туралы қаулы прокуратура органының басшысымен келісіледі.
1-1. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам, осы баптың 1-3-бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, күдіктінің іс-әрекетін саралау туралы қаулы шығарылғаннан кейін оны дереу прокурорға келісу үшін жібереді.
1-2. Прокурор күдіктінің іс-әрекетін саралау туралы қаулыны келісу туралы дереу шешім қабылдайды не уәжді қаулымен оны келісуден бас тартады.
1-3. Осы Кодекстің 128-бабының тәртібімен ұстап алынған күдіктінің іс-әрекетін саралау туралы қаулы шығарылған жағдайда, қаулының заңдылығын тексеруді және оны келісуді прокурор күзетпен ұстауды немесе үйқамақты санкциялау туралы өтінішхатты келісу туралы мәселені шешумен бір мезгілде жүзеге асырады.
2. Прокурор, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам күдіктіге оған күдіктінің іс-әрекетін саралау туралы қаулы жарияланатын күн туралы хабарлайды және сонымен бір мезгілде оған қорғаушы шақыру не оның қатысуын қамтамасыз ету туралы өтіну құқығын түсіндіреді.
3. Осы Кодекстің қағидаларына сәйкес қорғаушының қатысуы міндетті болатын істер бойынша прокурор, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам, егер қорғаушыны күдіктінің өзі, оның заңды өкілі не оның тапсырмасы немесе оның келісімі бойынша басқа адамдар шақырмаған болса, оның келуін қамтамасыз ету бойынша шаралар қолданады.
4. Күдіктінің іс-әрекетінің саралануын айқындаған кезде іс материалдарына, егер ол бұрын жасалмаған болса, жеке басты куәландыратын құжаттың прокурор, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам куәландырған көшірмесі қоса беріледі.
5. Күдіктінің, айыпталушының жеке басын куәландыратын құжаты болмаған не жоғалған, оны жоғалтқан жағдайда, оны құжаттауды уәкілетті орган сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын мемлекеттік органдармен келісу бойынша белгіленген тәртіппен жүргізеді.
Ескерту. 203-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 19.12.2020 № 384-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.204-бап. Күдіктінің іс-әрекетін саралау туралы қаулы
1. Күдіктінің іс-әрекетін саралау туралы қаулыда:
1) оның жасалған уақыты мен орны; хаттаманы кімнің жасағаны; күдіктінің тегі, аты және әкесінің аты (ол болған кезде), туған күні, айы, жылы және туған жері;
2) қылмыстың жасалған уақыты, орны, сондай-ақ осы Кодекстің 113-бабына сәйкес дәлелденуге жататын өзге де мән-жайларды көрсете отырып, осы адам жасады деп күдік келтірілген қылмыстың сипаттамасы;
3) адамға оны жасады деп күдік келтіріліп отырған қылмыс үшін жауаптылықты көздейтін қылмыстық заң (бап, бөлік, тармақ) көрсетілуге тиіс.
2. Бірнеше қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп күдік келтірілген кезде күдіктінің іс-әрекетін саралау туралы қаулыда қылмыстық заң баптарының (бөліктерінің, тармақтарының) әрқайсысы бойынша адамның нақты қандай әрекеттер (әрекетсіздік) жасады деп күдік келтірілетіні көрсетілуге тиіс.
3. Алып тасталды - ҚР 19.12.2020 № 384-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.Ескерту. 204-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 19.12.2020 № 384-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
205-бап. Күдіктінің келу міндеттілігі
1. Өзіне қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалмаған күдікті жазбаша хабарлама-шақыру қағазы арқылы жауап алуға шақырылады. Хабарлама телефонограмма немесе жеделхат және өзге де байланыс құралдары арқылы да берілуі мүмкін.
2. Шақыру қағазында кімнің, қайда және кімге шақырылатыны, келетін күні мен сағаты, сондай-ақ келмей қалуының салдары көрсетілуге тиіс.
3. Шақыру қағазы күдіктіге одан қолхат ала отырып табыс етіледі, ал ол уақытша болмаған жағдайда, күдіктіге беру үшін отбасының кәмелетке толған мүшесіне табыс етіледі немесе тұрғын үй-пайдалану ұйымына немесе тұрғылықты жері бойынша әкімшілікке не жұмыс орны бойынша әкімшілікке беріледі, олар жауап алуға шақырылып отырған күдіктіге шақыру қағазын беруге міндетті. Күдікті басқа байланыс құралдарын пайдалану арқылы да шақырылуы мүмкін. Күдікті Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде болған және сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдарына келуден жалтарған жағдайларда, хабарлама республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында, сондай-ақ жалпыға қолжетімді телекоммуникациялық желілерде, ал оның тұрып жатқан жері белгілі болған жағдайда, күдіктінің тұрып жатқан жері бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
4. Өзіне қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалмаған күдікті сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның шақыруы бойынша белгіленген мерзімде келуге міндетті.
5. Күдікті белгіленген мерзімде келмеу себептері және дәлелді себептері бар екендігі туралы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамды хабардар етуге міндетті.
6. Дәлелді себептерсіз келмеген жағдайларда, күдікті күштеп әкелінуі мүмкін.
7. Қамаудағы күдікті күзетпен ұстау орнының әкімшілігі арқылы шақырылады және жеткізіледі.
206-бап. Күдіктіге оның іс-әрекетін саралау туралы қаулыны жария ету тәртібі
1. Күдіктінің іс-әрекетін саралау туралы қаулы, егер қорғаушының қатысуы заң бойынша міндетті болса немесе бұл туралы күдікті өтінішхат берсе, қорғаушының қатысуымен және қаулы шығарылған кезден бастап жиырма төрт сағаттан кешіктірілмей жария етіледі. Күдікті немесе оның қорғаушысы келмей қалған жағдайда, қаулы жиырма төрт сағат өткеннен кейін де жариялануы мүмкін.
2. Күштеп әкелінген күдіктіге қаулы ол күштеп әкелінген күні жарияланады. Бұл ретте сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам күдіктінің іс-әрекетін саралау туралы қаулыны жариялау кезінде қорғаушының қатысуы заң бойынша міндетті болған жағдайларда қорғаушының қатысуын қамтамасыз ету шараларын қолдануға тиіс.
3. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам күдіктінің жеке басына және қорғаушының қорғауды жүргізу туралы тапсырмасына көз жеткізгеннен кейін күдіктіге және оның қорғаушысына күдіктінің іс-әрекетін саралау туралы қаулыны жариялайды.
4. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам күдіктіге күдік келтірудің мәнін түсіндіруге міндетті.
5. Осы баптың үшінші және төртінші бөліктерінде көрсетілген әрекеттерді орындау күдіктінің іс-әрекетін саралау туралы қаулыны жариялау күні мен сағаты көрсетіле отырып, осы қаулыға күдіктінің, қорғаушының және тергеушінің қойылған қолдарымен куәландырылады.
6. Күдікті қол қоюдан бас тартқан жағдайда, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам және егер ол күдіктінің іс-әрекетін саралау туралы қаулыны жариялау кезінде қатысқан болса қорғаушы күдіктінің іс-әрекетін саралау туралы қаулыда күдіктіге қаулы мәтінінің жария етілгенін куәландырады.
7. Күдіктіге күдіктінің іс-әрекетін саралау туралы қаулының көшірмесі табыс етіледі.
8. Күдікті Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде болған және қылмыстық қудалау органдарына келуден жалтарған жағдайда – сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам, ал қорғаушы келген жағдайда – қорғаушы да, күдіктінің іс-әрекетін саралау туралы қаулыда оның Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде болуына және сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдарына келуден жалтаруына байланысты күдікті деп жариялау мүмкін еместігін куәландырады.
Егер күдіктінің тұрып жатқан жері белгілі болса, қаулының көшірмесі оған байланыс құралдарын пайдалану, оның ішінде пошта арқылы да жіберіледі. Қажет болған жағдайда сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам прокурордың келісімімен республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында, күдіктінің тұрып жатқан жері бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында, сондай-ақ жалпыға қолжетімді телекоммуникациялық желілерде күдіктінің іс-әрекетін саралау туралы хабарламаны жариялауды ұйымдастыруға құқылы.
207-бап. Күдіктінің іс-әрекетін саралауды, қылмыстық құқық бұзушылықты саралауды өзгерту немесе толықтыру
Ескерту. 207-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 19.12.2020 № 384-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Егер сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізу кезінде күдіктінің іс-әрекетін саралауды, қылмыстық құқық бұзушылықты саралауды өзгерту немесе толықтыру үшін негіздер туындаса, прокурор, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам осы Кодекстің 204-бабының талаптарын сақтай отырып, күдікті адамға қатысты, ал егер күдікті адам анықталмаған болса – осы баптың 1-1-бөлігін сақтай отырып, прокурормен келісуге жататын тиісінше күдіктінің іс-әрекетін саралау туралы жаңа қаулы не қылмыстық құқық бұзушылықты саралау туралы жаңа қаулы жасауға міндетті.
Күдіктінің іс-әрекетін саралауды өзгерту немесе толықтыру туралы қаулы күдіктіге осы Кодекстің 205, 206-баптарында белгіленген тәртіппен жарияланады.
Күдіктінің іс-әрекетін түпкілікті саралау және қылмыстық құқық бұзушылықты саралау соңғы қаулының шығарылған күні бойынша айқындалады.
1-1. Қылмыстық құқық бұзушылықты саралауды өзгерту немесе толықтыру туралы қаулыда: оның жасалған орны мен уақыты; қаулыны кімнің жасағаны; анықталмаған адам жасаған қылмыстық құқық бұзушылықтың жасалған уақыты мен орны, сондай-ақ осы Кодекстің 113-бабына сәйкес дәлелдеуге жататын өзге де мән-жайлар көрсетіле отырып, оның сипаттамасы; жасалған іс-әрекет сараланатын қылмыстық заң (бап, бөлік, тармақ) көрсетілуге тиіс.
2. Егер сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында жария етілген күдік қандай да бір бөлігінде расталмаса, тергеуші өзінің қаулысымен осы бөлікте қылмыстық қудалауды тоқтатады, бұл туралы қабылданған шешімнің көшірмесін табыс ете отырып, күдіктіні және процестің басқа да қатысушыларын хабардар етеді.
Ескерту. 207-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 19.12.2020 № 384-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.26-тарау. ЖАУАП АЛУ ЖӘНЕ БЕТТЕСТІРУ
208-бап. Жауап алуға шақыру тәртібі
1. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам куәны, жәбірленушіні, күдіктіні жауап алуға шақыру қағазы арқылы шақырады.
Шақыру қағазында жауап алуға шақырылатын адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), адамды шақырып отырған адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), лауазымы, жауап алуға келетін мекенжай мен уақыты (күні, сағаты), адвокат шақыру құқығы, сондай-ақ дәлелді себептерсіз келмеудің салдары көрсетіледі.
Шақыру қағазы жауап алуға шақырылатын адамға одан қолхат ала отырып табыс етіледі не байланыс құралдарының көмегімен беріледі. Жауап алуға шақырылатын адам уақытша болмаған жағдайда, шақыру қағазы оның отбасының кәмелетке толған мүшесіне немесе тұрғылықты жері бойынша тұрғын үй-пайдалану ұйымына немесе әкімшілікке не жұмыс орны бойынша әкімшілікке немесе сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның тапсырмасы бойынша өзге адамдар мен ұйымдарға табыс етіледі, олар шақыру қағазын жауап алуға шақырылатын адамға беруге міндетті.
Жауап алынатын адам өзге байланыс құралдарын пайдалана отырып шақырылуы мүмкін.
Күзетпен ұсталып отырған күдікті жауап алуға күзетпен ұстау орнының әкімшілігі арқылы шақырылады және жеткізіледі.
2. Жауап алуға шақырылатын адам белгіленген мерзімде келуге не сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамды келмеу себептері туралы алдын ала хабардар етуге міндетті. Жауап алуға шақырылатын адам дәлелді себептерсіз келмеген жағдайда күштеп әкелінуі мүмкін не оған осы Кодексте көзделген өзге де процестік мәжбүрлеу шаралары қолданылуы мүмкін.
3. Он сегіз жасқа толмаған адам жауап алуға оның заңды өкілдері арқылы, ал олар болмаған кезде қорғаншы және қамқоршы орган арқылы не оның жұмыс немесе оқу орны бойынша әкімшілігі арқылы шақырылады.
4. Әскери қызметші жауап алуға әскери бөлім қолбасшылығы арқылы шақырылады.
209-бап. Жауап алу орны, уақыты мен ұзақтығы
1. Жауап алу сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілген жерде жүргізіледі. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам, егер оны қажет деп тапса, жауап алуды жауап алынатын адам тұратын жерде жүргізуге құқылы.
2. Жауап алу кейінге қалдыруға болмайтын жағдайларды қоспағанда, күндізгі уақытта жүргізіледі.
3. Жауап алу үзіліссіз төрт сағаттан артық жүргізілмеуге тиіс. Жауап алуды демалу мен ас ішуге арналған кемінде бір сағат үзілістен кейін жалғастыруға жол беріледі, бұл ретте жауап алудың бір күн ішіндегі жалпы ұзақтығы сегіз сағаттан аспауға тиіс. Медициналық көрсетілімдер болған жағдайда, жауап алудың ұзақтығы дәрігердің жазбаша қорытындысының негізінде белгіленеді.
3-1. Мыналардан:
1) жүкті әйелден не асырауында жас баласы бар әйелден;
2) елу сегіз және одан үлкен жастағы әйелдерден;
3) алпыс үш және одан үлкен жастағы ер адамдардан үздіксіз жауап алу – үш сағаттан, ал жауап алудың жалпы ұзақтығы бес сағаттан аспауға тиіс.
4. Кәмелетке толмаған адамнан жауап алу тәуліктің күндізгі уақытында жүргізіледі және үзіліссіз екі сағаттан артық, жалпы алғанда күніне төрт сағаттан артық жүргізілмейді. Кәмелетке толмаған адамның қажығаны анық болған жағдайда, жауап алу осындай уақыт өткенге дейін де үзілуі мүмкін.
Ескерту. 209-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.210-бап. Жауап алуды жүргізудің жалпы қағидалары
1. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам жауап алу алдында жауап алынатын адамның жеке басына көз жеткізуге тиіс. Егер жауап алынатын адамның іс бойынша іс жүргізіліп отырған тілді білетіні-білмейтініне күмән келтірсе, оның айғақтарды қай тілде бергісі келетіні анықталады. Қажет болған жағдайларда оны аудармашымен тегін қамтамасыз етеді.
2. Жауап алуға шақырылған адамға одан кім ретінде, қандай қылмыстық іс бойынша жауап алынатыны хабарланады, осы Кодексте көзделген құқықтары мен міндеттері түсіндіріледі, бұл туралы хаттамада белгі жасалады.
Бір іс бойынша шақырылған адамдар басқа жауап алынатын адамдардан бөлек жауап береді. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам бір іс бойынша жауап алуға шақырылған адамдардың жауап алу басталғанға дейін бір-бірімен сөйлесе алмауы үшін шаралар қолданады.
3. Жауап алу жауап алынатын адамға істің өзіне белгілі болған мән-жайларын айтуды ұсынудан басталады. Егер жауап алынатын адам іске мүлде қатысы жоқ мән-жайлар туралы айтатын болса, оған бұл туралы ескертілуге тиіс.
4. Еркін баяндау аяқталғаннан кейін жауап алынып отырған адамға айғақтарды нақтылауға және толықтыруға бағытталған сұрақтар қойылуы мүмкін. Жетелеуші сұрақтар қоюға тыйым салынады.
5. Егер айғақтар цифрлық деректермен немесе есте сақтауға қиын өзге де мәліметтермен байланысты болса, жауап алынатын адам құжаттар мен жазбаларды пайдалануға құқылы, олар жауап алынатын адамның өтінішхаты бойынша немесе оның келісімімен хаттамаға қоса тігілуі мүмкін.
6. Егер жауап алу барысында жауап алынып отырған адамға заттай дәлелдемелер мен құжаттар көрсетілсе, басқа тергеу әрекеттерінің хаттамалары жария етілсе және тергеу әрекетінің дыбыс- және (немесе) бейнежазба, киноға түсіру материалдары тыңдатылып-көрсетілсе, онда бұл туралы жауап алу хаттамасында тиісті жазба жасалады. Бұл ретте хаттамада жауап алынып отырған адамның оған көрсетілген дәлелдемелер, жария етілген хаттамалар, тыңдатылып көрсетілген тергеу әрекеттерінің дыбыс- және (немесе) бейнежазбалары, кино түсірілімдер бойынша берген айғақтары көрсетіледі.
7. Сөйлеу және (немесе) есту қабілетінен толық айырылған куәдан, жәбірленушіден, күдіктіден, айыпталушыдан жауап алу сурдоаударма дағдыларын меңгерген адамның қатысуымен жүзеге асырылады. Бұл адамның жауап алуға қатысуы хаттамада көрсетіледі.
8. Жауап алынатын адамның психикалық немесе өзге ауыр науқасы болған кезде одан жауап алу дәрігердің рұқсатымен және оның қатысуымен жүзеге асырылады.
9. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның шешімі бойынша, сондай-ақ күдіктінің, айыпталушының, куәнің немесе жәбірленушінің өтінуі бойынша жауап алу кезінде дыбыс- және бейнежазба қолданылуы мүмкін. Жауап алынатын адамға мұндай дыбыс- және бейнежазбаның қолданылатыны туралы жауап алу басталғанға дейін хабарланады.
10. Дыбыс- және бейнежазба жауап алудың барысын толығымен көрсетуге және жауап алынатын адамдардың айғақтарын толық қамтуға тиіс. Жауап алудың бір бөлігін дыбыс- және бейнежазбаға түсіруге, сондай-ақ сол жауап алудың барысында берілген айғақтарды жазып алу үшін арнайы қайталауға жол берілмейді.
11. Жауап алу аяқталғаннан кейін дыбыс- және бейнежазба толығымен жауап алынып отырған адамға тыңдатылып-көрсетіледі. Айғақтардың дыбыс- және бейнежазбасына жауап алынып отырған адам жасаған толықтырулар да фонограммаға және бейнеграммаға енгізіледі. Дыбыс- және бейнежазба жауап алынатын адамның олардың дұрыстығын куәландыратын мәлімдемесімен аяқталады.
12. Жауап алу барысында дыбыс- және бейнежазба қолданылып алынған айғақтар жауап алу хаттамасына енгізіледі. Жауап алу хаттамасы, сондай-ақ: дыбыс- және бейнежазбаның қолданылғаны және бұл туралы жауап алынып отырған адамға хабарланғаны туралы белгіні; ғылыми-техникалық құралдар, дыбыс- және бейнежазба жағдайлары мен оны тоқтата тұру фактілері, тоқтатудың себептері мен ұзақтығы туралы мәліметтерді; жауап алынып отырған адамның дыбыс- және бейнежазбаны қолдану себебі жөніндегі мәлімдемесін; жауап алынып отырған адамға дыбыс- және бейнежазбаның тыңдатылып көрсетілгені туралы белгіні; жауап алынып отырған адамның және сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның хаттаманың және дыбыс- және бейнежазбаның дұрыстығын куәландырғанын қамтуға тиіс. Фонограмма мен бейнеграмма іспен бірге сақталады және олар сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталғаннан кейін мөрмен бекітіледі.
Ескерту. 210-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 27.06.2022 № 129-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.210-1-бап. Адвокаттың қылмыстық іске қатысты ақпаратты білуі ықтимал адамға сұрау салу тәртібі
1. Қорғаушы, жәбірленушінің өкілі ретінде іске қатысатын адвокат қылмыстық іске қатысты ақпаратты білуі ықтимал адамның ерікті келісімі негізінде оған сұрау салу жүргізуге құқылы.
2. Сұрау салуды жүргізу алдында адвокат қылмыстық іске қатысты ақпаратты білуі ықтимал адамға:
1) адвокатқа мәжбүрлеусіз ерікті түрде түсініктер беру, оның ішінде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет немесе әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін оның өзін, жұбайын (зайыбын) немесе жақын туыстарын қудалауға алып келуі мүмкін түсініктер беруден бас тарту құқығын;
2) өзінің ана тілінде немесе өзі білетін тілде түсініктер беру құқығын;
3) сұрау салу актісінде түсініктерді өз қолымен жазу құқығын;
4) сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның және прокурордың келісуінсіз, қылмыстық іс бойынша адвокаттан өзіне белгілі болған мәліметтерді жария етуге жол берілмейтіндігін және Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 423-бабы бойынша жауаптылық туралы түсіндіруге міндетті.
3. Осы баптың екінші бөлігінде көрсетілген әрекеттерден кейін адвокат сұрау салынатын адамға іс бойынша өзіне белгілі болғанның барлығын айтып беруді және сұрақтарға жауап беруді ұсынады. Осылайша алынған түсініктер және осы баптың екінші бөлігінде көзделген құқықтар мен міндеттерді түсіндіру сұрау салу актісінде бекітіледі, ол міндетті түрде сұрау салынған адамға оқу үшін көрсетіледі және оның қолтаңбасымен, сондай-ақ сұрау салуды жүргізген адвокаттың қолтаңбасымен куәландырылады.
4. Сұрау салу барысы мен нәтижелері жазбаша түрде не электрондық жеткізгіште көрсетіледі, олар адвокаттың өтінішхаты бойынша осы Кодексте көзделген тәртіппен қылмыстық іске қоса тіркелуге жатады.
5. Сұрау салуды жүргізу кезінде ғылыми-техникалық құралдарды қолдану міндетті болып табылады. Мұндай жазба үшін қолданылған техникалық құралдар туралы мәліметтер сұрау салу актісінде міндетті түрде көрсетілуге жатады.
Ескерту. 210-1-баппен толықтырылды – ҚР 09.06.2021 № 49-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.211-бап. Қосымша және қайталап жауап алу
1. Қосымша және қайталап жауап алу осы Кодекстің 210-бабында көзделген қағидалар сақтала отырып жүргізіледі.
2. Қосымша жауап алу мынадай:
1) жауап алынған адам тергелетін істің мән-жайлары бойынша бұрын берген айғақтарын олардың жеткілікті түрде анық немесе толық болмауына қарай нақтылауға немесе толықтыруға ниет білдірген;
2) бұрын жауап алынған адамға іс үшін елеулі жаңа сұрақтар туындаған жағдайларда жүзеге асырылады.
3. Қайталап жауап алу мынадай:
1) бастапқы жауап алуды жүргізудің процестік нормалары елеулі түрде бұзылған;
2) жауап алынған адам бұрын берген айғақтарынан бас тартқан және жаңа айғақтар беруге ниет білдірген жағдайларда жүзеге асырылады.
1. Жауап алудың барысы мен нәтижелері осы Кодекстің 199-бабының талаптары сақтала отырып жасалатын хаттамада көрсетіледі.
Айғақтар бірінші жақтан және мүмкіндігінше сөзбе-сөз жазылады. Сұрақтар мен олардың жауаптары жауап алу кезіндегі реті бойынша жазылады. Хаттамада жауап алуға қатысқан адамдардың сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам қабылдамаған немесе жауап алынып отырған адам жауап беруден бас тартқан сұрақтары да, оларды қабылдамаудың немесе олардан бас тартудың уәждері көрсетіле отырып, қамтылуға тиіс.
2. Бірінші жауап алу хаттамасында жауап алынып отырған адамның жеке басы туралы деректер, оның ішінде: тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), туған уақыты мен жері, азаматтығы, ұлты, білімі; отбасылық жағдайы, жұмыс орны, қызмет түрі немесе лауазымы, тұрғылықты жері, сондай-ақ осы Кодекстің 199-бабы төртінші бөлігінің қағидаларына сәйкес істің мән-жайлары бойынша қажет болуы мүмкін басқа да мәліметтер көрсетіледі.
Кейінгі жауап алулар кезінде жауап алынып отырған адамның жеке басы туралы деректерді, егер олар өзгермеген болса, оның тегін, атын, әкесінің атын (ол болған кезде) көрсетумен шектелуге болады.
Күдіктіден жауап алу хаттамасында бұрын сотталғандығының бар-жоғы көрсетіледі.
3. Жауап алынып отырған адам схемалар, сызбалар, суреттер, диаграммалар жасай алады, олар хаттамаға қоса тіркеліп, онда бұл туралы белгі жасалады.
4. Хаттамада жауап алуға қатысқан барлық адамдар көрсетіледі. Олардың әрқайсысы хаттамаға, сондай-ақ оған жасалған барлық толықтырулар мен нақтылауларға қол қоюға тиіс.
5. Еркін баяндаудан кейін жауап алынып отырған адам өз айғақтарын өз қолымен жазуға құқылы. Жауап алынып отырған адам айғақтарын өз қолымен жазғаннан және оларға қол қойғаннан кейін сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам толықтырушы және нақтылаушы сұрақтар қоюы мүмкін.
6. Жауап алу аяқталғаннан кейін хаттама оқып шығу үшін жауап алынып отырған адамға ұсынылады не оның өтінуі бойынша жарияланады. Жауап алынып отырған адамның хаттамаға толықтыру мен нақтылау енгізу талабы міндетті түрде орындалуға тиіс.
7. Айғақтармен танысу фактісін және олардың жазылуының дұрыстығын жауап алынып отырған адам хаттаманың соңында өз қолын қою арқылы куәландырады. Жауап алынып отырған адам сонымен қатар хаттаманың әрбір бетіне де қол қояды. Жауап алынып отырған адам хаттамаға қол қоюдан бас тартқан жағдайда, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам бас тарту себептерін анықтайды, оларды хаттамаға енгізеді және хаттаманы өзінің қолымен куәландырады.
8. Егер жауап алынып отырған адам дене бітімінің кемістігінен немесе өзге де себептердің салдарынан хаттамаға өзі қол қою мүмкіндігінен айырылса, оның өтінуі бойынша хаттамаға қорғаушы, жауап алынып отырған адам сенетін өкіл немесе өзге адам қол қояды, бұл туралы хаттамада белгі жасалады.
9. Егер жауап алуға аудармашы не сурдоаударма дағдыларын меңгерген адам қатысса, онда олар да хаттаманың әрбір бетіне және тұтас хаттамаға қол қояды. Олар жауап алынатын адамның өз қолымен жазған айғақтарының аудармасына да қол қояды.
213-бап. Ғылыми-техникалық құралдарды пайдалана отырып, бейнебайланыс режимінде жауап алудың, беттестірудің (қашықтықтан жауап алу, беттестіру) ерекшеліктері
Ескерту. 213-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді – ҚР 16.07.2025 № 210-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Жәбірленушіден, куәдан, қорғалуға құқығы бар куәдан, күдіктіден жауап алу, сондай-ақ беттестіру олар аумағында болатын не тұратын ауданның не астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың сотқа дейінгі тергеп-тексеру органына оларды шақыру арқылы ғылыми-техникалық құралдар пайдаланыла отырып, бейнебайланыс режимінде (қашықтықтан жауап алу, беттестіру) жүргізілуі мүмкін. Қашықтықтан жауап алу, беттестіру барысында процестік әрекетке қатысушылар жауап алынып жатқан адамның айғақтарын тікелей трансляциядан бірден қабылдайды.
Қашықтықтан жауап алу, беттестіру:
1) адамның денсаулық жағдайы немесе басқа да дәлелді себептер бойынша қылмыстық істі тергеп-тексеру (қарау) жеріндегі қылмыстық процесті жүргізетін органға тікелей келуі мүмкін болмайтын;
2) адамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажет болатын;
3) жас немесе кәмелетке толмаған куәдан, жәбірленушіден жауап алу жүргізілген;
4) сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімінің сақталуын, істің сотта қаралуын қамтамасыз ету үшін қажет болған;
5) жауап алу қиын немесе артық шығындармен байланысты болады деп пайымдауға негіз беретін себептер болған жағдайларда жүргізіледі.
2. Қашықтықтан жауап алуды жүргізу туралы шешімді сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам өз бастамасымен немесе тараптың немесе қылмыстық процеске басқа да қатысушылардың өтінішхаты бойынша немесе прокурордың нұсқауы бойынша осы Кодекстің 188-бабында көзделген тәртіппен тапсырма жібере отырып, қабылдайды.
Қашықтықтан жауап алған кезде ғылыми-техникалық құралдар мен технологияларды пайдалану бейне мен дыбыстың тиісті сапасын, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге тиіс.
3. Бейнебайланыс режимінде жүргізілген тергеу әрекетінің барысы мен нәтижелері осы Кодекстің 199-бабының талаптарына сәйкес тапсырманы орындайтын сотқа дейінгі тергеп-тексеру органы жасайтын хаттамада көрсетіледі. Қашықтықтан жауап алу, беттестіру хаттамасында көмегі арқылы тергеу әрекеті жүргізілетін ғылыми-техникалық дыбыс- және бейнежазба құралдары туралы мәліметтер көрсетіледі.
Жауап алынатын адамның хаттамаға толықтырулар мен нақтылаулар енгізу туралы талаптары міндетті түрде орындалуға жатады.
Хаттама оған қол қойылғаннан кейін істі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамға жіберіледі.
4. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында адамнан оның өтінішхаты бойынша оны тануды болдырмайтын сыртқы келбеті мен дауысы өзгертіле отырып, бейнебайланыс режимінде жауап алынуы мүмкін.
Ескерту. 213-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 16.07.2025 № 210-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.06.2026 № 307-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.214-бап. Куәдан және жәбірленушіден жауап алудың ерекшеліктері
1. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам жауап алу алдында куәнің, жәбірленушінің күдіктіге қандай қатысы бар екенін анықтайды, оларға процестік құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді, айғақтар беруден бас тартқаны үшін қылмыстық жауаптылығы туралы ескертеді. Бұл ретте сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам куәнің, жәбірленушінің өзінің, жұбайының (зайыбының), жақын туыстарының қылмыстық құқық бұзушылық жасағанын әшкерелейтін, сондай-ақ ал діни қызметшінің тәубеге келу үстінде өзіне сырын ашқан адамдарға қарсы айғақтар беруден бас тартуға құқылы екенін түсіндіруге міндетті. Бұл құқықты пайдаланбаған куәге, жәбірленушіге олардың көрінеу жалған айғақтар бергені үшін қылмыстық жауаптылығы туралы ескертіледі.
2. Егер куә жауап алуға заң көмегін көрсету үшін шақырылған адвокатпен бірге келсе, онда адвокат жауап алу кезінде қатысады. Жауап алу аяқталғаннан кейін адвокат жауап алудың мәні бойынша ескертулер беруге және жауап алу хаттамасына енгізілуге тиіс өтінішхат мәлімдеуге құқылы.
3. Қалған жағдайда куә мен жәбірленушіден жауап алу осы Кодекстің 210-бабының қағидалары бойынша жүргізіледі.
214-1-бап. Қорғалуға құқығы бар куәдан жауап алу ерекшеліктері
1. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам жауап алуды бастаудың алдында қорғалуға құқығы бар куәға қылмыстық құқық бұзушылықты жасаған адамды көрсететін қылмыстық құқық бұзушылық туралы арыздың, хабардың не куәлік айғақтардың мәнін хабарлайды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам сондай-ақ қорғалуға құқығы бар куәға оның айғақтар беруден бас тарту құқығын қоса алғанда, осы Кодекстің 65-1-бабының екінші бөлігінде көзделген құқықтарын түсіндіреді.
2. Қалған жағында қорғалуға құқығы бар куәдан жауап алу осы Кодекстің 210-бабының қағидалары бойынша жүргізіледі.
Ескерту. 26-тарау 214-1-баппен толықтырылды - ҚР 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); өзгеріс енгізілді – ҚР 09.06.2021 № 49-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.215-бап. Кәмелетке толмаған куәдан немесе жәбірленушіден жауап алу ерекшеліктері
1. Он төрт жасқа дейінгі куәдан немесе жәбірленушіден жауап алуға қатысу үшін, ал сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның қалауы бойынша он төрт жастан он сегіз жасқа дейінгі куәдан немесе жәбірленушіден жауап алуға қатысу үшін педагог және (немесе) психолог шақырылады. Кәмелетке толмаған куәдан немесе жәбірленушіден жауап алу кезінде оның заңды өкілдері қатысуға құқылы.
2. Он алты жасқа дейінгі куәлар мен жәбірленушілерге олардың айғақтар беруден бас тартқаны және көрінеу жалған айғақтар бергені үшін жауаптылығы туралы ескертілмейді. Мұндай куәлар мен жәбірленушілерге процестік құқықтары мен міндеттерін түсіндіру кезінде оларға тек қана шындықты айту қажеттігі көрсетіледі. Кәмелетке толмаған куә мен жәбірленушіге оның өзінің немесе жақын туыстарының қылмыстық құқық бұзушылық жасағанын әшкерелейтін айғақтар беруден бас тарту құқығы түсіндіріледі.
3. Осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген адамдардан жауап алу кезінде қатысып отырғандарға жауап алынып отырған адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзушылық туралы, хаттамаға енгізілуге тиіс ескертулер жасау, сондай-ақ сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның рұқсатымен жауап алынып отырған адамға сұрақ қою құқығы түсіндіріледі. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам қойылған сұрақты қабылдамауға құқылы, бірақ оны хаттамаға енгізуге және қабылдамаудың себебін көрсетуге тиіс.
216-бап. Күдіктіден жауап алу ерекшеліктері
1. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам жауап алудың алдында күдіктіге оның қандай қылмыстық жазаланатын әрекетті жасады деп күдік келтіріліп отырғанын хабарлайды, сондай-ақ оған айғақтар беруден бас тарту құқығын қоса алғанда, осы Кодекстің 64-бабында көзделген құқықтарды түсіндіреді.
2. Cотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам күдіктіге оған келтірілген күдіктің мәнін түсіндіре отырып, күдіктінің қылмыстық құқық бұзушылық жасауда өзін толық немесе ішінара кінәлі деп мойындайтынын не өз кінәсін мойындамайтынын анықтайды.
Күдіктінің жауап беруден бас тартуы оның өз кінәсін мойындамауы ретінде бағаланады.
3. Жауап алу күдіктіге келтірген күдік жөнінде және іс үшін маңызы болуы мүмкін барлық басқа мән-жайлар бойынша айғақтар беруін ұсынудан басталады.
4. Осы Кодекстің 67-бабында көзделген жағдайларда, осы Кодекстің 69-бабы екінші бөлігінің ережелерін ескере отырып, қорғаушының қатысуы міндетті.
5. Қалған жағдайларда күдіктіден жауап алу осы Кодекстің 210-бабының қағидалары бойынша жүргізіледі.
217-бап. Тергеу судьясының жәбірленушіден, куәдан жауап алу ерекшеліктері (айғақтарды сақтауға қою)
1. Прокурор, тергеуші, анықтау органының бастығы, қорғалуға құқығы бар куә, күдікті, іске қорғаушы ретінде қатысатын адвокат, сондай-ақ жәбірленушінің өкілі болып табылатын адвокат, егер жәбірленуші, куә болып табылатын адамнан сотқа дейінгі тергеп-тексеру не сот отырысы барысында неғұрлым кешірек жауап алу объективті себептерге (Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде тұрақты тұруы, шетелге шығуы, денсаулығының ауыр жағдайы, қауіпсіздік шараларын қолдану) байланысты мүмкін болмауы ықтимал деп пайымдауға негіз болған жағдайда, сондай-ақ психикасын жарақаттаушы әсер етуді болдырмау үшін кәмелетке толмаған куәлар мен жәбірленушілерден кейіннен жауап алуды болдырмау мақсатында тергеу судьясының олардан жауап алуы туралы өтінішхат беруге құқылы.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам жолданымға қылмыстық істің жәбірленушінің, куәнің айғақтарын сақтауға қою қажеттігін растайтын материалдарын қоса береді.
2. Тергеу судьясы өтінішхатты алынған кезінен бастап жиырма төрт сағат ішінде қарайды және оның нәтижелері бойынша өтінішхатты қанағаттандыру не қанағаттандырудан бас тарту туралы уәжді қаулы шығарады. Өтінішхат қанағаттандырылған жағдайда, тергеу судьясы алғаш мүмкіндік болған кезде жауап алу уақытын тағайындайды, бұл туралы прокурорға, қорғалуға құқығы бар куәға, күдіктіге және іске қорғаушы ретінде қатысатын адвокатқа, сондай-ақ жәбірленушінің өкілі болып табылатын адвокатқа хабарланады. Тергеу судьясының өтінішхатты қанағаттандырудан бас тарту туралы қаулысына осы Кодекстің 107-бабында көзделген тәртіппен шағым жасалады және осы қаулы прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қаралады. Тергеу судьясының өтінішхатты қанағаттандырудан бас тартуы айғақтарды сақтауға қою туралы өтінішхатты сотқа жіберу үшін негіздердің бар екенін көрсететін мән-жайлар туындаған жағдайда, осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген адамдардың қайтадан жүгінуіне кедергі болмайды. Кәмелетке толмағандардың айғақтарын сақтауға қою туралы өтінішхат міндетті түрде қанағаттандыруға жатады.
3. Тергеу судьясының жәбірленуші мен куәдан жауап алуы прокурордың, қорғалуға құқығы бар куәнің, күдіктінің (ол болған жағдайда), қорғаушы ретінде қатысатын адвокаттың, жәбірленушінің өкілі болып табылатын адвокаттың, ал қажет болған жағдайларда процеске басқа да қатысушылардың қатысуымен жүргізіледі. Егер қорғалуға құқығы бар куәнің, күдіктінің жауап алуға қатысуы жәбірленушінің, куәнің қауіпсіздігіне қатер төндіретін болса, олар жауап алуға шақырылмайды. Айғақтарды сақтауға қою кезінде адамдардың сот отырысына қатысу үшін келуін қамтамасыз ету тергеу судьясына өтініш мәлімдеген адамдарға жүктеледі. Егер қорғалуға құқығы бар куәнің жауап алуға шақырылуы қылмыстық іс бойынша жүргізіліп жатқан жасырын тергеу іс-шаралары туралы ақпараттың ашылу қаупін туғызса, ол жауап алуға шақырылмайды. Қорғалуға құқығы бар куәнің, күдіктінің қорғаушысы адамды шақыру үшін тергеу судьясына адамның жауап алуға келуін қамтамасыз етуге көмек көрсету туралы өтініш мәлімдеуі мүмкін.
Прокурордың, қорғаушының, жәбірленушінің өкілі болып табылатын адвокаттың, күдіктінің дәлелді себептер бойынша келмей қалуына байланысты жауап алуды жүргізу, егер осы баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацында санамаланған мән-жайлар бұған кедергі келтірмесе, кейінге қалдырылуы мүмкін.
ҚР Конституциялық Сотының 22.05.2023 № 15 нормативтік қаулысымен осы кодекстің 217-бабының үшінші бөлігі Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келеді деп танылды.4. Тергеу судьясының жауап алуы мен жауап алу хаттамасын жүргізуі осы Кодекстің 347, 369, 370, 371-баптарының қағидалары сақтала отырып жүргізіледі.
5. Жауап алынатын адамның тергеу судьясы сақтауға қойған айғақтары тіркелген сот отырысының хаттамасына судья мен сот отырысының хатшысы қол қояды. Айғақтарды сақтауға қою кезінде болған процеске қатысушылар сот отырысы хаттамасының көшірмесін алуға және оған қол қойылғаннан кейін бес тәулік ішінде өз ескертулерін келтіруге құқылы. Тергеу судьясы хаттамаға ескертулерді келіп түскен күні қарап, олардың қабылданғаны немесе қабылданбағаны туралы қаулы шығарады. Содан соң сот отырысының хаттамасы, егер хаттамаға ескертулер келтірілген болса, осы ескертулер және судьяның оларды қарау туралы қаулысы қылмыстық іс материалдарына қосып тігу үшін сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамға жіберіледі.
Ескерту. 217-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 07.11.2014 № 248-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 09.04.2016 № 501-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.07.2017 № 91-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.12.2017 № 118-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 09.06.2021 № 49-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.07.2025 № 210-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.1. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам бұрын жауап алынған екі адам арасында, егер олардың айғақтарында елеулі қайшылықтар болса, осы қайшылықтардың себептерін анықтау үшін беттестіру жүргізуге құқылы.
2. Осы Кодексте көзделген жағдайларда беттестіруге қорғаушы, педагог және (немесе) психолог, дәрігер, аудармашы және жауап алынып отырған адамның заңды өкілі қатыса алады.
3. Беттестіруді бастау алдында беттестіріліп отырған адамдардың бірін-бірі білетін-білмейтіндігі және олардың арасында қандай қарым-қатынас бар екені анықталады. Куә мен жәбірленушіге олардың айғақтар беруден бас тартқаны, айғақтар беруден жалтарғаны және көрінеу жалған айғақтар бергені үшін қылмыстық жауаптылығы туралы ескертіледі, сондай-ақ жауап алынатын адамдарға – олардың өзіне, жұбайына (зайыбына) және өзінің жақын туыстарына қарсы, ал діни қызметшілерге – тәубеге келу үстінде оларға сырын ашқан адамдарға қарсы куәлік етпеу құқығы түсіндіріледі.
4. Беттестіруге шақырылған адамдарға анықтау үшін беттестіру жүргізіліп отырған істің мән-жайлары туралы айғақтар беру кезек-кезегімен ұсынылады. Содан кейін сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам сұрақтар қояды. Беттестіруге шақырылған адамдар сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның рұқсатымен бір-біріне сұрақтар қоя алады.
5. Беттестіру жүргізу кезінде сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам іске қоса берілген заттай дәлелдемелер мен құжаттарды көрсетуге құқылы.
6. Беттестіруге қатысқан адамдардың алдыңғы жауап алуда берген айғақтарын жариялауға олар беттестіруде айғақтар бергеннен және олар хаттамаға енгізілгеннен кейін рұқсат етіледі.
7. Беттестірудің барысы мен нәтижелері осы Кодекстің 199-бабында көзделген қағидалар бойынша жасалатын хаттамада көрсетіледі.
8. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам беттестіруге қатысқандарды хаттаманың мазмұнымен таныстырады. Жауап алынған адамдардың хаттамаға түзетулер мен толықтырулар енгізуді талап етуге құқығы бар. Беттестіру хаттамасына сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам және жауап алынған адамдар қол қояды. Әрбір жауап алынған адам өз айғақтарына және хаттаманың әрбір бетіне қол қояды.
27-тарау. ҚАРАП-ТЕКСЕРУ, КУӘЛАНДЫРУ
Қылмыстық құқық бұзушылықтың іздерін және өзге де материалдық объектілерді табу және анықтау, оқиғаның жағдайын анықтау және іс үшін маңызы бар мән-жайларды айқындау мақсатында сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам жергілікті жерді, үй-жайларды, нәрселерді, құжаттарды, тірі адамдарды, мәйіттерді, жануарларды қарап-тексеруді жүргізеді. Қарап-тексеруді жүзеге асыратын адамның нұсқаулары осы тергеу әрекетінің барлық қатысушылары үшін міндетті.
220-бап. Қарап-тексеруді жүргізудің жалпы қағидалары
1. Қарап-тексеру бұған қажеттілік туындаған кезде, әдетте, кейінге қалдырылмай жүргізіледі.
2. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам жасалған қылмыстық құқық бұзушылық туралы арыз немесе хабар ала отырып, оқиға орнына дереу келуге және қарап-тексеру жүргізуге міндетті.
3. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның уақтылы келуі мүмкін болмаған жағдайда, қарап-тексеруді арыз немесе хабар келіп түскен анықтау органының анықтаушысы немесе өзге қызметкері жүргізуге міндетті.
4. Анықтау органдарының қызметкерлері қарап-тексеруді жүргізу кезінде жәрдем көрсетуге және сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның тапсырмасы бойынша оқиға орнын күзету, көзбен көргендерді анықтау және қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамдарды табу және ұстап алу, зардап шеккендерді көшіру, қаза болғандарды тасымалдау, жалғасып жатқан қылмыстық құқық бұзушылықтардың жолын кесу және қайталануының алдын алу және оқиғаның өзге салдарларын жою жөніндегі қажетті іс-шараларды жүргізуге міндетті.
5. Қарап-тексеру оның барысы мен нәтижелерін тіркейтін ғылыми-техникалық құралдар қолданыла отырып, ал осы баптың он үшінші және он төртінші бөліктерінде көзделген жағдайда куәгерлердің қатысуымен жүргізіледі.
6. Қажет болған кезде қарап-тексеру күдіктінің, жәбірленушінің, куәнің, сондай-ақ маманның қатысуымен жүргізіледі.
7. Табылған іздерді және өзге де материалдық объектілерді қарап-тексеру тергеу әрекеті жүргізілетін жерде жүзеге асырылады. Егер қарап-тексеруге ұзақ уақыт талап етілсе немесе қылмыс анықталған жерде қарап-тексеру елеулі түрде қиын болса, объектілер ол жерден алынып, қапталып, мөрленіп және бүлдірілмей, қарап-тексеруге ыңғайлы басқа жерге жеткізілуге тиіс.
8. Қарап-тексеру кезінде табылғанның және алып қойылғанның барлығы куәгерлерге, қарап-тексерудің басқа да қатысушыларына көрсетілуге тиіс, бұл туралы хаттамада белгі жасалады.
9. Іске қатысы бар объектілер ғана алып қойылуға жатады. Алып қойылған объектілер қапталады, мөрленеді және сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның және куәгерлер тартылған кезде олардың қол қоюы арқылы расталады.
10. Қарап-тексеруге қатысатын адамдар сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның назарын, өз пікірлері бойынша, істің мән-жайларын анықтауға ықпал ететіннің барлығына аударуға құқылы.
11. Қарап-тексеру кезінде қажет болған жағдайларда қарап-тексерілетін объектілерге өлшеу жүргізіліп, олардың жоспарлары мен схемалары жасалады, сондай-ақ суретке түсіру және өзге де құралдармен түсіріп алу жүргізіледі, бұл туралы хаттамада белгі жасалып, оған көрсетілген материалдар қоса тіркеледі.
12. Тірі адамды қарап-тексеру оның киген киімдерін және денесінің ашық бөліктерін көзбен шолу, сырттай қарап-тексеру нысанында жүргізіледі, оның барысы мен нәтижелері тергеу әрекетінің хаттамасында көрсетіледі.
13. Тұрғын үй-жайды қарап-тексеру онда тұратын кәмелетке толған адамдардың келісуімен немесе тергеу судьясының санкциясымен ғана жүргізіледі. Егер онда тұратын адамдар кәмелетке толмағандар болса немесе олардың психикалық немесе өзге де ауыр науқастардан зардап шегетіні көрінеу белгілі болса немесе олар қарап-тексеруге қарсы болса, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам мәжбүрлеп қарап-тексеру туралы қаулы шығарады, оған тергеу судьясынан санкция алынуға тиіс. Санкция беруден бас тартылған жағдайда, қарап-тексеру жүргізілмейді.
13-1. Тұрғын үй-жайды мәжбүрлеп қарап-тексеру жүргізу қажет болған кезде, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам қарап-тексеру жүргізу туралы қаулы шығарады және оны тергеу судьясына жібереді.
Қаулыға қылмыстық істің қарап-тексеру жүргізу қажеттігін растайтын материалдарының куәландырылған көшірмелері қоса беріледі.
Қаулының көшірмесі бір мезгілде прокурорға жіберіледі.
13-2. Алып тасталды - ҚР 21.12.2017 № 118-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).13-3. Материалдар сотқа келіп түскен соң тергеу судьясы қарап-тексеруді жүргізу туралы қаулыны дереу қарайды.
13-4. Тергеу судьясы қаулыны және ұсынылған материалдарды қарап шығып, қарап-тексеруді санкциялайды не оны санкциялаудан уәжді қаулымен бас тартады. Тергеу судьясының шешімі сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамға жіберіледі.
14. Егер тұрғын үй-жай оқиға орны болса және оны қарап-тексеруді кейінге қалдыруға болмаса, онда тұрғын үй-жайды қарап-тексеру кейіннен материалдарды бір тәуліктік мерзімде тергеу судьясына жібере отырып, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның қаулысы бойынша жүргізілуі мүмкін.
Қаулының көшірмесі бір мезгілде прокурорға жіберіледі.
Тергеу судьясы жүргізілген қарап-тексерудің заңдылығын тексереді және оның заңды немесе заңсыз екені туралы қаулы шығарады, ол қылмыстық істің материалына қоса тігіледі.
Жүргізілген қарап-тексерудің заңсыз екені туралы шешім қабылданған жағдайда, оның нәтижелері іс бойынша дәлелдемелер ретінде жіберіле алмайды.
15. Тұрғын үй-жайды қарап-тексеру кезінде онда тұратын кәмелетке толған адамның қатысуы қамтамасыз етілуге тиіс. Оның қатысуы мүмкін болмаған жағдайда, жергілікті атқарушы органның өкілдері шақырылады.
16. Ұйымдардың үй-жайлары мен аумағындағы, сондай-ақ дара кәсіпкерлер кәсіпкерлік қызметте не жеке практикамен айналысатын адамдар пайдаланатын үй-жайлар мен аумақтардағы қарап-тексеру олардың әкімшілігі өкілдерінің не үй-жайлар, аумақтар иелерінің, пайдаланушыларының немесе жалға алушыларының қатысуымен жүргізіледі. Олардың қатысуы мүмкін болмаған жағдайда жергілікті атқарушы органның өкілдері шақырылады.
16-1. Егер осы баптың он алтыншы бөлігінде аталған адамдар қарап-тексеруге қарсылық білдірсе, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам мәжбүрлеп қарап-тексеру туралы қаулы шығарады, оны тергеу судьясы санкциялауға тиіс.
Санкция беруден бас тартылған жағдайда қарап-тексеру жүргізілмейді.
16-2. Тергеу судьясының осы баптың он алтыншы бөлігінде көрсетілген үй-жайлар мен аумақтарды мәжбүрлеп қарап-тексеруді санкциялау тәртібі осы баптың 13-1, 13-3 және 13-4-бөліктерінде көзделген қағидалар бойынша жүзеге асырылады.
16-3. Ұйымдар, сондай-ақ дара кәсіпкерлер кәсіпкерлік қызметте не жеке практикамен айналысатын адамдар пайдаланатын үй-жай немесе аумақ оқиға орны болып табылған жағдайларда, оларды қарап-тексеруге тергеу судьясының санкциясы талап етілмейді.
17. Дипломатиялық өкілдіктер орналасқан үй-жайлардағы, сол сияқты дипломатиялық өкілдіктердің мүшелері мен олардың отбасылары тұратын үй-жайларды қарап-тексеру тек дипломатиялық өкілдік басшысының немесе оны алмастыратын адамның өтініші бойынша немесе оның келісуімен және қатысуымен ғана жүргізіледі. Дипломатиялық өкілдің келісімі Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі арқылы сұратылады. Қарап-тексеру жүргізілген кезде прокурордың және Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі өкілінің қатысуы міндетті.
18. Егер бірінші қарап-тексеру кезінде объектінің бөлшектері қандай да бір себептер бойынша зерттелмеген болса, оларды қосымша қарап-тексеру жүргізіледі.
19. Нақ сол объектіні қайтадан қарап-тексеру:
1) бастапқы қарап-тексеру жағдайлары объектінің тиімді қабылдануы үшін қолайлы болмаған ретте;
2) егер бастапқы қарап-тексеруден кейін жаңа мәліметтер алынуы мүмкін болса;
3) егер бастапқы қарап-тексеру сапалы жүргізілмеген жағдайда, өткізілуі мүмкін.
Ескерту. 220-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 31.10.2015 № 378-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 21.12.2017 № 118-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәнтінге өзгеріс енгізілмеді - 12.07.2018 № 180-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 02.07.2021 № 62-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.221-бап. Заттай дәлелдемелерді қарап-тексеру және сақтау
1. Оқиға орнын, жергілікті жерді немесе үй-жайды қарап-тексеру кезінде табылған, тінту, алу, тергеу эксперименті немесе басқа тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде алынған не сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның талап етуі бойынша ұйымдар және азаматтар ұсынған нәрселер осы Кодекстің 220-бабының қағидалары бойынша қарап-тексерілуге жатады.
2. Көрсетілген нәрселер қарап-тексерілгеннен кейін осы Кодекстің 118-бабының қағидаларына сәйкес заттай дәлелдемелер деп танылуы мүмкін. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам нәрсені заттай дәлелдеме ретінде тану және оны іске қоса тіркеу туралы қаулы шығарады. Осы қаулыда заттай дәлелдемені іспен бірге қалдыру немесе оны иесіне немесе өзге адамдарға немесе ұйымдарға сақтауға өткізу туралы мәселе шешілуге тиіс.
3. Егер нәрселерді ауқымды болуына немесе өзге де себептерге байланысты қылмыстық іспен бірге сақтау мүмкін болмаса, олар фото- немесе бейнетүсіру құралдарымен түсіріп алынуға, мүмкіндігінше мөрленуге және сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам көрсеткен орында сақталуға тиіс. Iске заттай дәлелдеменің үлгісі қоса тіркелуі мүмкін. Істе заттай дәлелдеменің табылған жері туралы тиісті анықтама болуға тиіс.
Заттай дәлелдемелерді алып қою, сақтау, беру және жою, сондай-ақ сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізетін орган алып қойған ұлттық және шетелдік валютадағы ақшаны сақтау тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
4. Тез бұзылуға бейім заттай дәлелдемелер, егер иесіне қайтарылуы мүмкін болмаса, жергілікті атқарушы орган айқындайтын тиісті ұйымдарға мақсатына сай пайдалану не алынған сомаларды сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізетін органның депозитіне сала отырып, өткізу үшін тапсырылады. Сақталуы елеулі материалдық шығындарды талап ететін заттай дәлелдемелер, егер иесіне қайтарылуы мүмкін болмаса, не олардың иесі анықталмаған жағдайда, өткізіледі. Заттай дәлелдемелер алынған сомаларды сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізетін органның депозитіне сала отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өткізіледі. Негіздер болған кезде пайдаланылған немесе өткізілген заттай дәлелдемелер иесіне сондай түрдегі және сападағы нәрселермен өтеледі немесе соңғысына соттың шешімі бойынша мемлекеттік бюджет есебінен олардың құны төленеді.
Әрбір атауы (түрі) бойынша аса ірі мөлшерге жатқызудың белгіленген шегінен асатын мөлшердегі есірткі, психотроптық заттар сот сараптамасы жүргізілгеннен кейін заттай дәлелдемелер деп танылып, іске үлгі ретінде қоса берілгендерін қоспағанда, прокурордың келісімімен қылмыстық қудалау органы қаулысының негізінде Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жойылуға тиіс. Есірткі заттарды жою туралы, прокурормен келісілген қаулы және заң талаптарына сәйкес және жою кезінде бейнетіркеуді қолдана отырып жасалған, оны іс жүзінде жою туралы акт қылмыстық іске қоса тігіледі.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның қылмыстық іске қосып тігу үшін прокурормен келісілген тиісті қаулының негізінде маманның міндетті түрде қатысуымен және бейнежазбаны қолданып, алып қойылған есірткі, психотроптық заттардың жалпы көлемінен әрбір атауы (түрі) бойынша тиісті есірткі, психотроптық заттар үшін заңда белгіленген аса ірі мөлшерге тең шамасында үлгілер іріктеп алынуға, олар қапталып, мөрленуге тиіс, қаптамада заттың атауы және оның көлемі туралы жазба жасалып, қаптамада қамтылғанның анықтығы осы әрекетке қатысқан адамдардың қойған қолдарымен куәландырылады.
Бақыланатын жеткізілім немесе өзге де жасырын тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде заңсыз айналымнан алып қойылған есірткі заттарын немесе психотроптық заттарды пайдалану қажет болған жағдайда, оларды жою тиісті жасырын тергеу әрекеттері аяқталғанға дейін прокурордың келісімімен жүргізілмеуі мүмкін.
5. Анықтау органы істі сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамға немесе бір анықтау органынан басқа анықтау органына не сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын бір адамнан екіншісіне берген кезде, сол сияқты іс прокурорға және сотқа жіберілген кезде заттай дәлелдемелер, осы баптың үшінші және төртінші бөліктерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, белгіленген тәртіпке сәйкес жөнелтіледі. Заттай дәлелдемелер қапталған және мөрленген түрде оларды даралайтын белгілері көрсетіліп, қамтылған тізімдемемен қоса беріледі.
6. Қылмыстық іс тоқтатылған кезде заттай дәлелдемелердің және мұндай деп танылмаған нәрселердің тағдыры туралы мәселе осы Кодекстің 118-бабы үшінші бөлігінің қағидалары бойынша шешіледі.
Ескерту. 221-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.222-бап. Адамның мәйітін қарап-тексеру
1. Адамның мәйітін ол табылған жерде сыртынан қарап-тексеру оның жалпы қағидалары сақтала отырып және сот медицинасы саласындағы маман дәрігердің, ал оның қатысуы мүмкін болмаған жағдайда өзге дәрігердің міндетті түрде қатысуымен жүргізіледі. Адамның мәйітін қарап-тексеру үшін басқа мамандар да тартылуы мүмкін.
2. Адамның мәйітін қосымша немесе қайталап қарап тексерген жағдайда, сот медицинасы саласындағы маман дәрігердің қатысуы міндетті.
3. Танылмаған адамның мәйітін фотосуретке түсіру, оған дактилоскопия жасау, сондай-ақ сараптамалық зерттеу жүргізу үшін үлгілер алу міндетті болып табылады.
4. Адамның мәйітін сырттай қарап-тексеру кейіннен сот-медициналық сараптаманың жүргізілуін алмастыра алмайды және жоққа шығармайды.
5. Мәйітті қарап-тексеру процесінде азаматтардың қайтыс болған адамды тану туралы мәлімдемелері кейіннен мәлімдеушіден куә ретінде жауап алынып, сол тергеу әрекетінің хаттамасына енгізіледі, бұл адам мәйітін бұдан әрі басқа адамдарға тану үшін көрсетуді жоққа шығармайды.
1. Адам денесіндегі ерекше белгілерді, қылмыстық құқық бұзушылық іздерін, денсаулыққа келтірілген зиянның белгілерін табу, мас болу жағдайын немесе іс үшін маңызы бар өзге де қасиеттер мен белгілерді анықтау үшін, егер бұл үшін сараптама жүргізу талап етілмесе, күдіктіге, жәбірленушіге, куәға, арыз иесіне және арыз иесі қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адам ретінде тікелей көрсеткен адамға куәландыру жүргізілуі мүмкін.
2. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам куәландыру жүргізу туралы қаулы шығарады, ол күдікті, айыпталушы үшін, сондай-ақ арыз иесі қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адам ретінде тікелей көрсеткен адам үшін міндетті болып табылады.
Жәбірленушіні, куәні, арыз иесін мәжбүрлеп куәландыру осы Кодекстің 220-бабының 13-1, 13-3 және 13-4-бөліктерінде көзделген тәртіппен, тергеу судьясының санкциясымен жүргізіледі.
3. Куәландыруды сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам дәрігердің немесе басқа маманның қатысуымен жүргізеді.
4. Егер куәландыру адамның денесін жалаңаштаумен ұштастырылатын болса, онда сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам жынысы басқа адамды куәландыру кезінде қатыспайды. Бұл жағдайда куәландыруды сот медицинасы саласындағы маман немесе дәрігер жүргізеді.
Ескерту. 223-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 21.12.2017 № 118-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).224-бап. Қарап-тексеру, куәландыру хаттамасы
1. Қарап-тексерудің, куәландырудың барысы мен нәтижелері тергеу әрекетін жүргізетін адам жасаған хаттамада осы Кодекстің 199-бабының талаптары сақтала отырып, көрсетіледі.
2. Хаттамада қарап-тексеру немесе куәландыру кезінде жүргізілген барлық әрекеттер, сол сияқты қарап-тексеру немесе куәландыру кезінде анықталғандардың барлығы олар жүргізілген ретпен және қарап-тексеру немесе куәландыру кезінде анықталған күйінде сипатталады. Хаттамада қарап-тексеру немесе куәландыру кезінде алып қойылған барлық объектілер санамаланады және сипатталады.
3. Хаттамада: қарап-тексеру немесе куәландыру қай уақытта, қандай ауа райы кезінде және жарықтың түсуі қандай болғанда жүргізілгені; қандай ғылыми-техникалық құралдар қолданылғаны және қандай нәтижелер алынғаны; көрсетілген тергеу әрекетін жүргізуге кімдердің тартылғаны және олардың қалай қатысқаны; қандай объектілердің мөрленгені және қандай мөрмен бекітілгені; қарап-тексеруден кейін адамның мәйіті немесе іс үшін маңызы бар нәрселер қайда жіберілгені көрсетілуге тиіс.
28-тарау. ЭКСГУМАЦИЯ
225-бап. Эксгумациялау үшін негіздер
1. Егер:
1) адамның мәйітін қарап-тексеру, оның ішінде оны қосымша немесе қайталап қарап-тексеру;
2) тану үшін көрсету;
3) сараптама үшін үлгілер алу және сараптама жүргізу;
4) іс үшін елеулі маңызы бар өзге де мән-жайларды анықтау талап етілгенде, адамның мәйітін жерленген жерінен шығарып алу (эксгумация) жүргізіледі.
2. Эксгумация сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның сот санкциялаған уәжді қаулысы негізінде жүргізіледі. Эксгумацияның жүргізілетіні туралы қайтыс болған адамның туыстарының біреуі хабардар етіледі.
Эксгумациялау туралы қаулы адам жерленген жердің әкімшілігі үшін міндетті болып табылады.
226-бап. Эксгумациялау туралы қаулыны санкциялау тәртібі
1. Эксгумациялау жүргізу қажет болған кезде сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам эксгумациялау жүргізу туралы қаулы шығарады және оны тергеу судьясына жібереді.
Қаулыға қылмыстық істің эксгумациялау жүргізу қажеттігін растайтын материалдарының куәландырылған көшірмелері қоса беріледі.
Қаулының көшірмесі бір мезгілде прокурорға жіберіледі.
2. Алып тасталды - ҚР 21.12.2017 № 118-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).3. Эксгумациялауды санкциялау туралы өтінішхатты тергеу судьясы материалдар сотқа келіп түскен кезден бастап жиырма төрт сағат ішінде тараптардың қатысуынсыз жеке-дара қарайды.
4. Тергеу судьясы өтінішхатты және істің ұсынылған материалдарын қарап шығып, эксгумациялауды санкциялайды не оны санкциялаудан уәжді қаулымен бас тартады, ал сот отырысы өткізіліп жатқан жағдайда эксгумациялауды санкциялау не санкциялаудан бас тарту туралы қаулы шығарады.
Тергеу судьясы шешімінің немесе қаулысының көшірмесі эксгумациялау туралы қаулы шығарған сотқа дейінгі тергеп-тексеру органына орындау үшін жіберіледі.
5. Эксгумациялау жүргізу немесе одан бас тарту туралы шешімге осы Кодекстің 107-бабында көзделген тәртіппен шағым жасалуы, осы шешім прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қаралуы мүмкін.
Ескерту. 226-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 11.07.2017 № 91-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.12.2017 № 118-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.227-бап. Эксгумациялауды жүргізу тәртібі
1. Эксгумациялауды, сотқа дейінгі тергеп-тексеру органы жергілікті санитариялық-эпидемиологиялық қызметке алдын ала хабарлай отырып, адам жерленген жердің әкімшілігі сот медицинасы саласындағы маманның қатысуымен жүргізеді.
Эксгумациялауды жүргізу кезінде эксгумациялау туралы қаулы шығарған, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам қатысады.
2. Адамның мәйітін тану мен қарап-тексеру, үлгілер алу эксгумациялау орнында жүргізілуі мүмкін.
3. Эксгумациялаудан кейін адамның мәйіті өзге де зерттеулер жүргізу үшін медициналық ұйымға жеткізілуі мүмкін.
4. Анықтау органдары эксгумациялау жүргізуде сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамға жәрдемдесуге міндетті.
5. Эксгумациялаудың барысы мен нәтижелері осы Кодекстің 199-бабының талаптары сақтала отырып жасалатын хаттамада көрсетіледі.
Хаттамада:
1) тергеу әрекеті жүргізілген күн, уақыт пен орын;
2) сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) және лауазымы;
3) эксгумациялауға қатысқан сот медицинасы саласы маманының лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде);
4) қайтыс болған адамның қатысқан жақын туыстарының немесе заңды өкілдерінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), туған жылы, айы, күні, туған жері, тұрғылықты жері;
5) эксгумациялау жүргізу кезінде қатысқан өзге де адамдар туралы мәліметтер;
6) жүргізілген фотосуретке түсіру, дыбыс-, бейне- және кинотүсіру немесе өзге де жазып алатын ғылыми-техникалық құралдардың пайдаланылғаны туралы белгі және олар туралы мәліметтер;
7) жерленген адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), қайтыс болған күні, сондай-ақ эксгумациялау кезіндегі барлық әрекеттер мен барлық табылғандар олардың жүргізілу және табылу ретімен;
8) тергеу әрекетіне қатысатын адамдардың ескертулері;
9) эксгумациядан кейін адам мәйіті жіберілген мекеме не осы тергеу әрекетін жүргізу кезінде табылған, іс үшін маңызы бар, өзге де нәрселер көрсетіледі.
6. Тергеу әрекетіне барлық қатысушылар эксгумациялау туралы хаттамаға қол қояды. Егер хаттама бірнеше бетте жасалса, тергеу әрекетіне қатысушылар оның әрбір парағына қол қояды.
Егер эксгумациялау кезінде фотосуретке түсіру, бейне- және кинотүсіру немесе өзге де жазып алатын ғылыми-техникалық құралдар пайдаланылған болса, онда фотосуреттер, таспалар немесе өзге де ақпарат жеткізгіштер хаттамаға қоса беріледі.
7. Егер мәйітті тану, қарап-тексеру, үлгілер алу басқа жерде жүргізілген болса, бұл туралы жеке хаттама жасалады.
228-бап. Эксгумациялаудан кейін адамның мәйітін жерлеу
Эксгумациялаудан және одан кейінгі процестік әрекеттерден кейін адамның мәйітін жерлеуді оның қаулысы бойынша эксгумация жүргізілген адамның қатысуымен жерлеу орнының әкімшілігі жүргізеді. Адамның мәйітін жерлеу туралы хаттама жасалады.
29-тарау. ТАНУ
1. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам бұрын байқалған адаммен немесе объектімен ұқсастықты немесе айырмашылықты анықтау мақсатында адамды немесе нәрсені тану үшін куәға, жәбірленушіге, күдіктіге көрсете алады. Тану үшін мәйіт те көрсетілуі мүмкін.
2. Танушы адамдардан тиісті адамды немесе нәрсені қандай жағдайда байқағаны туралы, қандай белгілері мен ерекшеліктеріне қарай тани алатыны туралы алдын ала жауап алынады.
230-бап. Тану үшін көрсету тәртібі
1. Танылуға тиіс адам танушы адамға жынысы бір, сыртқы пішіні мен киімінде айқын айырмасы жоқ өзге адамдармен бірге көрсетіледі. Тану үшін көрсетілетін адамдардың жалпы саны кемінде үш адам болуға тиіс. Бұл қағида адам мәйітін тану үшін көрсетуге қолданылмайды.
2. Тергеу әрекетіне өздерінің арасында танылуға тиіс адам болған өзге де адамдардың қатысуы тек олар ерікті түрде келіскен кезде және танушы адам олармен көрінеу таныс болмаған жағдайда ғана мүмкін болады.
3. Әдетте мәйіттің жеке өзі көрсетіледі. Апаттар туралы істер және құрбан болғандардың саны айтарлықтай болған басқа да істер бойынша мәйітті тану үшін көрсету жалпы қаза болғандармен бірге жүргізілуі мүмкін. Қажет болған жағдайларда, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның нұсқауы бойынша мәйітті танушы адамға көрсетудің алдында маман мәйітті гримдейді ("жасандырады"). Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның адам мәйіті қойылған жерде сақталуын қамтамасыз ету туралы нұсқауы тану үшін көрсетуді жүргізуге қажетті уақыт кезеңінде орындалуға міндетті.
4. Егер танушы адам куә немесе жәбірленуші болса, оған тану үшін көрсетудің алдында айғақтар беруден бас тартқаны үшін, көрінеу жалған айғақтар бергені үшін қылмыстық жауаптылығы туралы ескертіледі, оған – өзіне, жұбайына (зайыбына) және өзінің жақын туыстарына, ал діни қызметшіге тәубеге келу үстінде өзіне сырын ашқан адамдарға қарсы куәлік етпеу құқығы түсіндіріледі.
5. Тану үшін көрсетуді бастаудың алдында сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам танылуға тиіс адамға өзге де адамдар арасында кез келген орынды таңдап алуын ұсынады, бұл хаттамада көрсетіледі.
6. Адамды тану үшін көрсету мүмкін болмаған кезде тану үшін көрсету сыртқы пішіні танылуға тиіс адаммен мүмкіндігінше ұқсас, бір мезгілде кемінде үш басқа адамның фотосуреттерімен бірге көрсетілетін оның фотосуреті, сондай-ақ дыбыс және бейне жазба бойынша жүргізілуі мүмкін.
7. Нәрсе кемінде үш біртектес нәрселер тобында көрсетіледі. Нәрсені тану үшін көрсету кезінде соған ұқсас объектілерді таңдап алу мүмкін болмаған немесе қиын болғанда тану үшін көрсету жалғыз көрсетілген дана бойынша жүргізіледі.
8. Танушы адамға өзі ол туралы айғақтар берген адамды немесе нәрсені көрсету ұсынылады. Жетелеуші сұрақтар қоюға жол берілмейді.
9. Егер танушы адам өзіне көрсетілген адамдардың біреуін немесе нәрселердің бірін көрсетсе, оған бұл адамды немесе нәрсені қандай белгілері немесе ерекшеліктері бойынша танығанын түсіндіру ұсынылады.
10. Тану үшін көрсету оның барысы мен нәтижелерін тіркейтін ғылыми-техникалық құралдар қолданыла отырып жүргізіледі.
11. Танушы адамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ дауыс, сөйлеу, жүріс ерекшеліктері бойынша тану кезінде адамды тану үшін көрсету танылуға тиіс адамның танушы адамды көзбен шолып байқауын болдырмайтын жағдайларда жүргізілуі мүмкін. Танушы адамға тану үшін көрсетілген адамдарды жеткілікті түрде көзбен шолып байқау мүмкіндігі қамтамасыз етілуге тиіс.
12. Адамды сол бір белгілері бойынша сол бір танушы адамның қайталап тануы жүргізілмейді.
13. Тану үшін көрсету туралы осы Кодекстің 199-бабының талаптары сақтала отырып, хаттама жасалады. Хаттамада танудың шарттары, барысы, нәтижелері көрсетіледі және танушы адамның түсініктемелері мүмкіндігінше сөзбе-сөз жазылады. Егер адамды тану үшін көрсету танылуға тиіс адамның танушы адамды көзбен шолып байқауын болдырмайтын жағдайда жүргізілсе, бұл да хаттамада көрсетіледі.
30-тарау. ЖАСЫРЫН ТЕРГЕУ ӘРЕКЕТТЕРІ
231-бап. Жасырын тергеу әрекеттерінің түрлері
1. Осы тараудың ережелеріне сәйкес мынадай жасырын тергеу әрекеттері:
1) адамды немесе орынды жасырын аудио- және (немесе) бейнебақылау;
2) электр (телекоммуникация) байланыс желілері арқылы берілетін ақпаратты жасырын бақылау, ұстап қалу және түсіріп алу;
3) абоненттер және (немесе) абоненттік құрылғылар арасындағы қосылулар туралы ақпаратты жасырын алу;
4) компьютерлерден, серверлерден және ақпаратты жинауға, өңдеуге, жинақтауға және сақтауға арналған басқа да құрылғылардан ақпаратты жасырын түсіріп алу;
5) пошта жөнелтілімдерін және өзге де жөнелтілімдерді жасырын бақылау;
6) орынға жасырын кіру және (немесе) оны тексеру;
7) адамды немесе орынды жасырын байқауға алу;
8) алып тасталды - ҚР 03.07.2017 № 84-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);9) жасырын бақыланатын сатып алу жүзеге асырылады.
10) алып тасталды - ҚР 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.Ескерту. 231-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2017 № 84-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
232-бап. Жасырын тергеу әрекеттерін жүргізу шарттары мен негіздері
1. Егер қылмыстық іс бойынша дәлелденуге жататын мән-жайларды, қылмыстық процеске тартылған тұлғалардың мүдделерін қозғайтын фактілер туралы мәліметтерді оларға хабарламай алу қажет болғанда, осы тарауда көзделген жасырын тергеу әрекеттері жүргізіледі.
2. Пошта жөнелтілімдерін және өзге де жөнелтілімдерді жасырын бақылауды қоспағанда, жасырын тергеу әрекеттерін сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының тапсырмасы бойынша құқық қорғау органының немесе арнаулы мемлекеттік органның уәкілетті бөлімшесі жедел-іздестіру қызметінің нысандары мен әдістерін пайдалана отырып жүргізеді.
3. Осы Кодекстің 231-бабының 1) – 6) тармақтарында көзделген жасырын тергеу әрекеттері мамандандырылған тергеу сотының, мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының тергеу судьясының санкциясымен жүргізіледі, оны алу тәртібі осы Кодекстің 234-бабында белгіленген.
4. Жасырын тергеу әрекеттері мына негіздердің бірі болған кезде:
1) жасалғаны үшін санкциясы бір жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейтін қылмыстар туралы істер бойынша;
2) қылмыстық топ дайындайтын және жасайтын қылмыстар бойынша жүргізіледі.
5. Осы баптың төртінші бөлігінде көзделмеген басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтарды анықтау, олардың жолын кесу және оларды ашу үшін осы Кодекстің 231-бабының тек 7) – 9) тармақтарында көзделген жасырын тергеу әрекеттері жүргізілуі мүмкін.
6. Жекелеген адамдардың өміріне, денсаулығына, меншігіне қатер төнген жағдайда, олардың арызы бойынша немесе жазбаша келісуімен, сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының қаулысы негізінде, қаулы шығарылған кезден бастап жиырма төрт сағаттың ішінде прокурорды міндетті түрде хабардар ете отырып, осы Кодекстің 231-бабының 1) және 2) тармақтарында көзделген жасырын тергеу әрекеттерін жүргізуге рұқсат етіледі.
7. Жасырын тергеу әрекеттері:
1) қылмыстық құқық бұзушылық туралы арызда, хабарда оны дайындап жатқан, жасап жатқан немесе жасаған адам ретінде көрсетілген не өзіне қатысты оның тергеліп жатқан құқық бұзушылыққа қатысы бар не дайындалып жатқан, жасалып жатқан немесе жасалған қылмыстық құқық бұзушылық туралы мәліметтерге ие деп пайымдауға өзге де негіздер бар адамға;
2) күдіктіге;
3) жәбірленушінің жазбаша келісімі бойынша оған;
4) егер үшінші тұлғаның іс үшін маңызы бар ақпаратты алатыны немесе беретіні туралы мәліметтер болса, үшінші тұлғаға;
5) егер онда болып жатқан немесе болуы болжанатын мән-жайлардың іс үшін маңызы болатын болса, жерге қатысты жүргізіледі.
Ескертпе!ҚР Конституциялық Соты 232-баптың 8-бөлігінің конституциялылығын тексеру жөнінде іс жүргізу бастады.
8. Заң көмегін көрсететін адвокаттар ауыр немесе аса ауыр қылмыс дайындап жатыр немесе жасады деп пайымдауға негіз болған жағдайларды қоспағанда, оларға қатысты жасырын тергеу әрекеттерін жүргізуге тыйым салынады.
9. Осы Кодексте көзделмеген мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу үшін жасырын тергеу әрекеттерін жүзеге асыруға, сондай-ақ оларды жүргізу барысында алынған ақпаратты пайдалануға жол берілмейді.
10. Жасырын тергеу әрекеттерін жүргізу тәртібін Қазақстан Республикасының Бас Прокурорымен келісім бойынша құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдар айқындайды.
Ескерту. 232-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 21.12.2017 № 118-VI (01.03.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 12.07.2018 № 180-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) ); 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 16.07.2025 № 210-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.233-бап. Жасырын тергеу әрекетін жүргізу туралы қаулы
1. Жасырын тергеу әрекетін жүргізу тапсырылған органның уәкілетті лауазымды адамы осы Кодекстің 198-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келуге тиіс қаулы шығарады.
Қаулыда:
1) оның жасалған орны мен уақыты;
2) қаулы шығарған адамның лауазымы, тегі мен аты-жөні, жеке қойған қолы;
3) алып тасталды - ҚР 21.12.2017 № 118-VI Заңымен (01.03.2018 бастап қолданысқа енгізіледі);4) аясында жасырын тергеу әрекеттерін жүргізу болжанып отырған қылмыстық істің нөмірі;
5) қаулы шығаруға негіз болған осы Кодекстің баптары;
6) қылмыстық іс фабуласының қысқаша сипаттамасы;
7) жасырын тергеу әрекетін жүргізу қажеттігінің негіздемесі;
8) өзіне қатысты жасырын тергеу әрекетін жүргізу жоспарланып отырған адам, орын немесе зат туралы мәліметтер;
9) жасырын тергеу әрекетін жүргізу мерзімі;
10) жасырын тергеу әрекетін жүргізу тапсырылатын орган туралы мәліметтер қамтылуға тиіс.
2. Өзіне қатысты жасырын тергеу әрекеті жүргізілетін объектінің шифрын ашуды болғызбау мақсатында қаулыда нақты деректердің орнына бүркеншік атты, шартты атауды көрсетуге жол беріледі. Құпиялық талаптары сақтала отырып, деректерді өзгерту туралы прокурормен келісілетін тиісті қаулы шығарылады.
Ескерту. 233-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 21.12.2017 № 118-VI Заңымен (01.03.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).234-бап. Жасырын тергеу әрекеттерін санкциялау
1. Жасырын тергеу әрекеттері сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның не осы Кодексте тиісті қаулы шығаруға уәкілеттік берілген өзге де лауазымды адамдардың уәжді қаулысы негізінде мамандандырылған тергеу сотының, мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының тергеу судьясының санкциясымен жүргізіледі.
2. Жасырын тергеу әрекетін жүргізу туралы қаулы шығарылғанынан кейін жиырма төрт сағат ішінде көрсетілген тергеу әрекетін жүргізудің негізділігін растайтын материалдармен бірге тергеу судьясына ұсынылады.
Жасырын тергеу әрекетін санкциялау тиісті қаулы сотқа келіп түскен кезден бастап он екі сағат ішінде жүргізіледі.
Қосымша материалдарды талап етіп алдыру қажет болған жағдайларда, қаулыны белгіленген мерзімнен асырып, бірақ жиырма төрт сағаттан аспайтын мерзімде қарауға жол беріледі.
Шығарылған қаулы негізсіз болған жағдайда, тергеу судьясы оны санкциялаудан бас тартады.
Жасырын тергеу әрекетін санкциялау барысында берілген ақпараттың анықтығына күмән болған кезде, тергеу судьясы қаулыны санкциялап, жиырма төрт сағат ішінде оның заңдылығын процестік прокурордың тексеруіне бастама жасауға құқылы.
Процестік прокурор бес тәулік ішінде тиісті тексеру жүргізіп, оның нәтижелері туралы тергеу судьясын хабардар етуге міндетті.
Егер тексеруде жасырын тергеу әрекетін жүргізу туралы қаулының заңсыз екені анықталған жағдайда, прокурор тергеу судьясына тиісті өтінішхат енгізуге міндетті.
3. Тергеу судьясы осы Кодекстің 231-бабының 1), 2), 3), 4), 5) және 6) тармақтарында көзделген жасырын тергеу әрекеттерін прокурордың өтінішхаты бойынша тоқтатуы мүмкін. Осы Кодекстің 231-бабының 7) және 9) тармақтарында көзделген жасырын тергеу әрекеттерін прокурор тоқтатуы мүмкін.
4. Судьяға қатысты жасырын тергеу әрекетін санкциялауды астананың мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының тергеу судьясы сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының Қазақстан Республикасының Бас Прокурорымен келісілген қаулысы бойынша жүргізеді.
Қазақстан Республикасының Бас Прокурорына қатысты жасырын тергеу әрекетін санкциялауды астананың мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының тергеу судьясы сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасарымен келісілген қаулысы бойынша жүргізеді.
5. Жасырын тергеу әрекеті аяқталған күннен бастап екі тәуліктен кешіктірілмей, уәкілетті прокурор оны жүргізу нәтижелері туралы хабардар етіледі.
Ескерту. 234-бап жаңа редакцияда - ҚР 21.12.2017 № 118-VI (01.03.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 12.07.2018 № 180-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 291-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 05.11.2022 № 157-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.235-бап. Кейінге қалдыруға болмайтын жағдайларда жасырын тергеу әрекеттерін жүргізу
1. Кейінге қалдыруға болмайтын жағдайларда, тергеу судьясын жиырма төрт сағат ішінде хабардар ете отырып және санкцияны кейіннен осы Кодекстің 234-бабында көзделген тәртіппен ала отырып, осы Кодекстің 232-бабының үшінші бөлігінде көрсетілген жасырын тергеу әрекеттерін жүргізуге жол беріледі.
2. Тергеу судьясы ұсынылған материалдарды зерделеп шығып, кейінге қалдыруға болмайтынына келіскен жағдайда – жасырын тергеу әрекетін жүргізу туралы қаулыны санкциялайды, ал оған келіспеген жағдайда оны тоқтату және алынған нәтижелерді дәлелдемелер ретінде пайдалануға жол берілмейтіні туралы қаулы шығарады.
Ескерту. 235-бап жаңа редакцияда - ҚР 21.12.2017 № 118-VI Заңымен (01.03.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).236-бап. Жасырын тергеу әрекеттерін жүргізу мерзімдері
1. Санкциялануға жататын жасырын тергеу әрекеті отыз тәуліктен аспайтын мерзімде жүргізіледі.
2. Жасырын тергеу әрекеттерін жүргізуді жалғастыру қажет болған кезде оларды жүргізуге бастамашы болған орган мерзім аяқталардан үш тәулік бұрын оны отыз тәуліктен аспайтын мерзімге ұзарту қажеттігі туралы уәжді қаулы шығарады және оны санкциялау үшін тергеу судьясына жібереді.
Тергеу судьясының санкциясы алынғаннан кейін қаулы жасырын тергеу әрекетін жүзеге асыратын уәкілетті органға орындау үшін жіберіледі. Тергеу судьясы жасырын тергеу әрекетінің жүргізілуін ұзартуды санкциялап, бұл ретте қаулыда көрсетілгеннен аз мерзім белгілеуі мүмкін. Жасырын тергеу әрекетін жүргізуді жалғастыруға қажеттілік болмаған кезде, тергеу судьясы қаулыны санкциялаудан бас тартады және жасырын тергеу әрекеті тоқтатылады.
Жасырын тергеу әрекетін одан әрі жүргізуге қажеттілік жойылған кезде, сотқа дейінгі тергеп-тексеру органы оның жүргізілуін өзі дербес тоқтатады.
3. Алып тасталды - ҚР 21.12.2017 № 118-VI Заңымен (01.03.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).4. Жасырын тергеу әрекеті тәуліктің кез келген уақытында және оның бүкіл жүргізілу мерзімі ішінде үздіксіз жүзеге асырылуы мүмкін.
Ескерту. 236-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 21.12.2017 № 118-VI Заңымен (01.03.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).237-бап. Жасырын тергеу әрекеттерінің нәтижелерін ұсыну
1. Жасырын тергеу әрекеттерін жүргізу аяқталғаннан кейін оны жүргізу барысында алынған, іс үшін маңызы бар барлық материалдар құпиялық сақтала отырып, ілеспе хатпен сотқа дейінгі тергеп-тексеру органына беріледі.
2. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру органы кез келген уақытта құқық қорғау органының немесе арнаулы мемлекеттік органның уәкілетті бөлімшесінен олар жүргізіп жатқан іс-шараның нәтижелерін зерттеу, бағалау және тергеп-тексеру материалдарына қосып тігу үшін талап етіп алдыруға құқылы.
238-бап. Жасырын тергеу әрекетін жүргізу нәтижесінде алынған ақпаратты зерттеу және оны дәлелдемелер ретінде пайдалану
1. Жасырын тергеу әрекетінің нәтижелерін зерттеуді сотқа дейінгі тергеп-тексеру органы осы Кодекстің 47 және 124-баптарының талаптарын сақтай отырып, қажет болған кезде маманды және анықтау органының тиісті қызметкерін тарта отырып жүргізеді.
Зерттеу нәтижелері туралы осы Кодекстің 47 және 199-баптарының талаптары сақтала отырып хаттама жасалады, онда жүргізілген жасырын тергеу әрекетінің нәтижелері көрсетіледі.
2. Тергеуге қатысы бар нақты деректер хаттамаға қосып тігіледі.
239-бап. Жасырын тергеу әрекеттерінің нәтижелерін бағалау және дәлелдеуде пайдалану
1. Жасырын тергеу әрекеттерінің нәтижелері осы Кодекстің 25 және 125-баптарында көзделген қағидалар бойынша бағаланады.
2. Жасырын тергеу әрекеттерінің нәтижелерін зерттеу хаттамалары, дыбыс жазбалары мен бейнелердің жазбалары, фотосуреттер, ғылыми-техникалық құралдардың көмегімен тіркелген басқа да нәтижелер, алып қойылған нәрселер мен құжаттар немесе олардың көшірмелері дәлелдеуде тергеу әрекеттерінің нәтижесінде алынған дәлелдемелермен бірдей пайдаланылады.
3. Егер дәлелдеуде қандай да бір адамның құпия тіркелген сөздері немесе әрекеттері пайдаланылса, ол адамнан бұл туралы міндетті түрде жауап алынуға тиіс. Адамды оған айтпастан алынған нақты деректермен таныстыруы кезінде, бұл адамға жүргізілген жасырын әрекет туралы олар осы адамға қаншалықты тікелей қатысы болса, сол шамада хабарланады және мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны жария етуді болғызбайды.
240-бап. Жасырын тергеу әрекеттерінің хаттамаларына қоса тіркелмеген материалдармен танысу
1. Тергеуші, анықтаушы қылмыстық процесте дәлелдемелік маңызы жоқ деп таныған жасырын тергеу әрекеттерінің нәтижелері тергеп-тексеру материалдарына қоса тігілмейді және құқық қорғау органының немесе арнаулы мемлекеттік органның уәкілетті бөлімшесінде бөгде адамдардың олармен танысу мүмкіндігін болдырмайтын жағдайларда, осы баптың 1-1 және алтыншы бөліктерінде көзделген мәселелер түпкілікті шешілгенге дейін сақталады, содан соң тиісті акт жасала отырып жойылады.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру органы қылмыстық процесте дәлелдемелік маңызы жоқ деп таныған жасырын тергеу әрекеттерінің нәтижелері жойылатын күннен екі ай бұрын тиісті прокурор хабардар етіледі.
1-1. Осы бапта көзделген жағдайларды қоспағанда, сотқа дейінгі тергеп-тексеру органы адамды оған қатысты жасырын тергеу әрекеті жүргізілген қылмыстық іс бойынша қорытынды шешім шығарылған кезден бастап алты айдан кешіктірілмейтін мерзімде бұл туралы жасырын тергеу әрекетінің нәтижелерімен таныстырмастан, хабардар етуге тиіс.
Бұл мерзімді мамандандырылған тергеу сотының, мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының тергеу судьясы сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының уәжді өтінішхаты бойынша бір жылға дейін ұзартуы мүмкін.
Мамандандырылған тергеу сотының, мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының тергеу судьясы сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының уәжді өтінішхаты бойынша адамды:
1) террористік немесе экстремистік қылмыс туралы қылмыстық іс бойынша;
2) қылмыстық топ жасаған қылмыс туралы қылмыстық іс бойынша;
3) егер хабардар ету мемлекеттік құпияларды жария ету қатерін төндірсе;
4) егер хабардар ету қызметті құпия негізде және астыртын нысанда жүзеге асыратын адамдардың және өзге де адамдардың қауіпсіздігіне қатер төндірсе, оған қатысты жүргізілген жасырын тергеу әрекеті туралы хабардар етпеуге келісуі мүмкін.
2. Өзіне қатысты жасырын тергеу әрекеттері жүргізілген адам тергеп-тексеруге қоса тігілмеген мәліметтермен мемлекеттік құпиялардың және заңмен қорғалатын өзге де құпияның жария болуын болдырмайтын шекте танысу туралы өтінішхат беруге құқылы. Өтінішхатты – тергеуші, анықтаушы, прокурор, ал істі сот қараған кезеңде өтінішхаттар түскен кезде – сот қарайды.
3. Тергеуші, анықтаушы, прокурор, сот өтінішхатты материалдардың қылмыстық процестегі ықтимал маңызын және жол берілген адам құқықтарын шектеулерді ескере отырып бағалайды.
Тергеуші, анықтаушы, прокурор, сот, егер бұл қылмыстық процеске тартылған қандай да бір адамның өміріне, денсаулығына немесе заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі қауіп төндіруі мүмкін болса немесе егер ол үшінші тұлғаның жеке өмірінің құпиясын қозғайтын болса, іске қоса берілмеген материалдармен танысу туралы өтінішхатты қанағаттандырудан бас тартуға құқылы.
4. Іске қоса берілмеген материалдармен танысқаннан кейін адам оларды қылмыстық істің материалдарына қоса беру туралы өтінішхат бере алады. Тергеушінің, анықтаушының, прокурордың өтінішхатты қанағаттандырудан бас тартуына осы Кодекстің 105 және 106-баптарында көзделген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін, судьяның бас тартуына істі сотта қарау аяқталған сот актісіне шағыммен бірге шағым жасалады.
5. Сот талқылауы кезінде мәлімделген, жасырын тергеу әрекетінің іске қоса берілмеген материалдарымен танысу туралы өтінішхат бойынша шешімді осы істі қарайтын соттың дәл сол құрамы қабылдайды.
6. Өзіне қатысты жасырын тергеу әрекеттері жүргізілген адамның осы баптың 1-1-бөлігінде көзделген хабардар ету кезінен бастап он бес тәулік ішінде осы Кодекстің 106-бабында көзделген тәртіппен мамандандырылған тергеу сотына, мамандандырылған ауданаралық тергеу сотына тиісті жасырын тергеу әрекеттерін жүргізуді заңсыз деп тану және келтірілген нұқсанды (ондай болған кезде) өтеткізу туралы арызбен жүгінуге құқығы бар.
Ескерту. 240-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 21.12.2017 № 118-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.07.2018 № 180-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.241-бап. Қылмыстық процесте ақпаратты қорғау жөніндегі іс-шаралар
1. Жасырын тергеу әрекетін жүргізу фактісі туралы мәліметтер және оны жүргізу нәтижесінде алынған ақпарат жасырын тергеу әрекеті аяқталғанға дейін құпия болып табылады, оларды жария еткені үшін лауазымды адамдар немесе оны жүргізуге тартылған адамдар заңда белгіленген жауаптылықта болады.
2. Жасырын тергеу әрекеттерін жүргізу әдістері, оларды жүргізетін адамдар, оның ішінде қызметін құпия немесе конспирациялық нысанда жүзеге асыратын адамдар туралы мәліметтер, мемлекеттік құпияны құрайды және жария етілуге жатпайды.
3. Егер жасырын тергеу әрекеті негізінде алынған мәліметтер адамның жеке өмірінің құпиясын қозғайтын немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияға қатысты болса, сотқа дейінгі тергеп-тексеру органы олардың таратылуын шектеу үшін заңда көзделген барлық құралдарды пайдаланады.
242-бап. Адамды немесе орынды жасырын аудио- және (немесе) бейнебақылау
1. Адамды жасырын аудио- және (немесе) бейнебақылау – қажет болған кезде жасырын кіру және (немесе) зерттеу арқылы бейне-, аудиотехниканы не өзге де арнайы ғылыми-техникалық құралдарды пайдаланумен бір мезгілде олардың мазмұнын материалдық жеткізгіште тіркеп жүргізілетін, адамның сөйлеген сөзін және өзге де ақпаратты, сондай-ақ оның іс-әрекеттерін жасырын бақылау.
2. Орынды жасырын аудио- және (немесе) бейнебақылау – қажет болған кезде орынға жасырын кіру және (немесе) орынды зерттеу арқылы бейне-, аудиотехниканы не өзге де арнайы ғылыми-техникалық құралдарды пайдаланумен бір мезгілде олардың мазмұнын материалдық жеткізгіште тіркеп жүргізілетін, нақты белгілі бір жерде болып жатқан сөйлесулерді және басқа да дыбыстарды және (немесе) оқиғаларды жасырын бақылау.
3. Тергеуші, анықтаушы адамға немесе орынға жасырын аудио-, және (немесе) бейнебақылау жүргізу қажет деп тауып, анықтау органына тиісті тапсырма береді.
4. Техникалық құралды табыс ету хаттамасы құрал табыс етілген адамның, анықтау органы қызметкерінің және (немесе) тергеушінің, анықтаушының қолдарымен куәландырылады.
5. Адамды немесе орынды жасырын аудио-, бейнебақылау аяқталғаннан кейін уәкілетті орган тергеушіге, анықтаушыға іс үшін маңызы бар аудио-, бейнежазбаларды ілеспе хатпен бірге мөрленген түрде береді, онда жазбаның негізі, басталу және аяқталу уақыты, ұзақтығы көрсетілуге тиіс.
243-бап. Электр (телекоммуникациялық) байланыс желілері арқылы берілетін ақпаратты жасырын бақылау, ұстап қалу және түсіріп алу
1. Электр (телекоммуникациялық) байланыс желілерін жасырын бақылау – телефон арқылы немесе дыбыстық ақпаратты жеткізуге мүмкіндік беретін басқа құрылғылар арқылы берілетін дыбыстық ақпаратты ғылыми-техникалық құралдарды және (немесе) компьютерлік бағдарламаларды қолдана отырып, қажет болған кезде жасырын кіру және (немесе) тексеру арқылы жүргізілетін жасырын тыңдау және (немесе) жазып алу.
Электр байланыс желілері арқылы берілетін ақпаратты ұстап қалу және түсіріп алу – сымды, радио, оптикалық және басқа да электр-магниттік жүйелер, оның ішінде цифрлық технологияларды қолдану арқылы берілетін белгілерді, сигналдарды, дыбыстық ақпаратты, жазбаша мәтінді, суреттерді, бейнекөріністерді, дыбыстарды және басқа да ақпаратты ұстап қалу және түсіріп алу.
2. Тергеуші, анықтаушы электр (телекоммуникациялық) байланыс желілері арқылы берілетін ақпаратты жасырын бақылауды, ұстап қалуды және түсіріп алуды қажет деп тауып, анықтау органына тиісті тапсырма береді.
3. Жасырын тергеу әрекетінің нәтижелері тиісті материалдық жеткізгіште тіркеледі, ол қапталып, мөрленеді және жасырын тергеу әрекетін жүргізген уәкілетті органның лауазымды адамының қойған қолымен куәландырылады.
Материалдық жеткізгіш тергеушіге, анықтаушыға беріледі.
Ескерту. 243-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 11.06.2026 № 307-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.244-бап. Абоненттер және (немесе) абоненттік құрылғылар арасындағы қосылулар туралы ақпаратты жасырын алу
1. Абоненттер және (немесе) абоненттік құрылғылар арасындағы қосылулар туралы ақпаратты жасырын алу – абоненттер және (немесе) абоненттік құрылғылар (пайдалану жабдықтары) арасындағы қосылулардың күні, уақыты, ұзақтығы туралы мәліметтерді алу.
2. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру органы тергеу судьясының санкциясы алынғаннан кейін қаулыны орындау үшін құқық қорғау органының немесе арнаулы мемлекеттік органның уәкілетті бөлімшесіне жібереді, оның қызметкері талап етілетін, кез келген материалдық ақпарат жеткізгіште тіркелген ақпаратты беруге міндетті.
Көрсетілген ақпарат оның берілген кезеңі және абоненттердің және (немесе) абоненттік құрылғылардың нөмірлері көрсетілетін ілеспе хатпен бірге мөрмен жабылған түрде беріледі.
Ескерту. 244-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 21.12.2017 № 118-VI Заңымен (01.03.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).245-бап. Компьютерлерден, серверлерден және ақпаратты жинауға, өңдеуге, жинақтауға және сақтауға арналған басқа да құрылғылардан ақпаратты жасырын түсіріп алу
1. Компьютерлерден, серверлерден және ақпаратты жинауға, өңдеуге, жинақтауға және сақтауға арналған басқа да құрылғылардан ақпаратты жасырын түсіріп алу – компьютерлерден, серверлерден және ақпаратты жинауға, өңдеуге, жинақтауға және сақтауға арналған басқа да құрылғылардан ақпаратты арнайы ғылыми-техникалық құралдармен және (немесе) компьютерлік бағдарламалармен, қажет болған кезде жасырын кіру және қарап-зерттеу арқылы жүргізілетін жасырын түсіріп алу.
2. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру органы компьютерлерден, серверлерден және ақпаратты жинауға, өңдеуге, жинақтауға және сақтауға арналған басқа да құрылғылардан ақпаратты жасырын түсіріп алу қажет деп тауып, анықтау органына тиісті тапсырма береді.
3. Компьютерлерден, серверлерден және ақпаратты жинауға, өңдеуге, жинақтауға және сақтауға арналған басқа да құрылғылардан ақпаратты жасырын түсіріп алу нәтижелері тиісті материалдық жеткізгіште тіркеледі, ол қапталып, мөрленеді және жасырын тергеу әрекетін жүргізген уәкілетті органның лауазымды адамының қойған қолымен куәландырылады.
Материалдық жеткізгіш тергеушіге, анықтаушыға беріледі.
246-бап. Пошта жөнелтілімдері мен өзге де жөнелтілімдерді жасырын бақылау
1. Хаттарда, жеделхаттарда, радиограммаларда, бандерольдарда, сауқаттарда және басқа да пошта жөнелтілімдерінде іс үшін маңызы бар мәліметтер, құжаттар және нәрселер қамтылған деп пайымдауға жеткілікті негіздер болған кезде оларға қатысты жасырын бақылау жүзеге асырылуы мүмкін.
2. Тергеуші, анықтаушы пошта жөнелтілімдері мен өзге жөнелтілімдерді жасырын бақылауды қажет деп тауып, уәжді қаулы шығарады.
Қаулыда: пошта-телеграф жөнелтілімдерін кідірту жөнінде міндет жүктелетін байланыс мекемесінің атауы, пошта-телеграф жөнелтілімдері жасырын бақылануға жататын адамдардың тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), олардың мекенжайы, жасырын бақылау қолданылатын пошта-телеграф жөнелтілімдерінің түрі, осы бақылау қолданылатын мерзім көрсетілуге тиіс.
Көрсетілген қаулы тергеу судьясына ұсынылады және ол санкция берген жағдайда, оны тергеуші, анықтаушы орындау үшін пошта мекемелеріне немесе жөнелтілімдерді жеткізу бойынша қызметтер көрсететін тұлғаларға жібереді.
3. Пошта мекемелері немесе жөнелтілімдерді жеткізу бойынша қызметтер көрсететін тұлғалар тергеушіні, анықтаушыны өздерінің иелігінде бақылануға жататын пошта жөнелтілімі мен өзге де жөнелтілімнің бар екендігі туралы дереу хабардар етеді.
Тергеуші, анықтаушы хабарламаны алған кезден бастап жиырма төрт сағат ішінде, қажет болған кезде пошта мекемесінің уәкілетті қызметкерінің немесе жөнелтілімдерді жеткізу бойынша қызметтер көрсететін тұлғаның қатысуымен жөнелтілімді қарап-тексереді және (немесе) оның құрамымен танысады, осы жөнелтілімнің құрамын тіркеп немесе онсыз, оны одан әрі жеткізу туралы шешім қабылдайды.
4. Пошта жөнелтілімі мен өзге де жөнелтілімді қарап-тексерудің және (немесе) олармен танысудың әрбір жағдайында тергеуші, анықтаушы осы Кодекстің 199-бабының талаптарын сақтай отырып, хаттама жасайды, онда іс-шараны жүргізуге қатысқан тұлғалардың деректері, қарап-тексеруге және (немесе) таныстырылуға жатқызылған пошта жөнелтілімі мен өзге де жөнелтілімнің атауы және түрі, жөнелтілімнің құрамын тіркеп немесе онсыз, оны одан әрі жеткізу туралы мәліметтер көрсетіледі.
5. Тергеуші, анықтаушы қажет болған жағдайларда пошта-телеграф жөнелтілімдерін қарап-тексеруге және алуға қатысу үшін тиісті маманды, сондай-ақ аудармашыны шақыруға құқылы.
6. Пошта жөнелтілімдері мен өзге жөнелтілімдерді жасырын бақылау шарасына қажеттілік жойылған кезде, бірақ кез келген жағдайда да тергеп-тексеру аяқталуынан кешіктірмей тергеуші (анықтаушы) тергеу судьясының санкциясымен осы шараның күшін жояды, бұл туралы пошта мекемесі немесе жөнелтілімдерді жеткізу бойынша қызметтер көрсететін тұлға үш тәулік ішінде хабардар етіледі.
Ескерту. 246-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 21.12.2017 № 118-VI Заңымен (01.03.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).247-бап. Орынға жасырын кіру және (немесе) оны қарап-зерттеу
1. Орынға жасырын кіруді және (немесе) оны қарап-зерттеуді уәкілетті орган тұрғын, қызметтік, өндірістік үй-жайларды, ғимаратты, құрылысты, қойманы, көлік құралын немесе жергілікті жер учаскесіне кіру, қажет болған кезде оларды қарап-зерттеу, сондай-ақ тергеу әрекеттерін дайындау және жүргізу арқылы жүзеге асырады.
2. Осы іс-шара аяқталғаннан кейін уәкілетті орган тергеушіге (анықтаушыға) барлық алынған материалдарды мөрленген түрде толық көлемде ілеспе хатпен бірге ұсынады.
248-бап. Адамды немесе орынды жасырын байқауға алу
1. Осы Кодекстің 232-бабының жетінші бөлігінде көрсетілген адамдарды немесе орынды жасырын байқауға алу, қажет болған кезде, сөйленетін сөзге және өзге де дыбыстық ақпаратқа аудиожазбаны жүзеге асырмай, бейне-, фотобайқау техникалық құралдары пайдалана отырып жүзеге асырылады.
2. Адамды немесе орынды жасырын байқауға алуды жүзеге асыратын уәкілетті органның лауазымды адамы байқауға алынатын адаммен немесе орынмен байланыс жасаған өзге де адамдарды байланыс жасалған кезден бастап қырық сегіз сағат бойы жасырын байқауға алуды жүзеге асыруға құқылы.
3. Адамды немесе орынды жасырын байқауға алу нәтижесінде күн сайынғы есеп жасалады, оған алынған нәрселер мен құжаттар қоса беріледі.
4. Осы іс-шара аяқталғаннан кейін уәкілетті орган тергеушіге, анықтаушыға барлық алынған материалдарды мөрленген түрде толық көлемде ілеспе хатпен бірге ұсынады.
Ескерту. 248-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 07.11.2014 № 248-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).249-бап. Жасырын бақыланатын жеткізілім
Ескерту. 249-бап алып тасталды - ҚР 03.07.2017 № 84-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
250-бап. Жасырын бақыланатын сатып алу
1. Жасырын бақыланатын сатып алу жасалатын немесе жасалған қылмыстық құқық бұзушылық туралы нақты деректерді жалған мәміле ахуалын жасау жолымен алу мақсатында жүргізіледі.
Бұл ретте өзіне қатысты оның қылмыстық құқық бұзушылыққа қатыстылығы бар деп пайымдауға жеткілікті негіздер бар адамнан еркін өткізуге тыйым салынған немесе айналымы заңмен шектелген, сондай-ақ қылмыстық қолсұғушылық объектілері немесе құралдары болып табылатын нәрселер немесе заттектер ақылы түрде сатып алынады.
2. Уәкілетті органның қызметкеріне немесе жасырын тергеу әрекетіне қатысуға ерікті түрде ниет білдірген адамға оның барысы мен нәтижелерін тіркеудің ғылыми-техникалық және өзге де құралдарын, сондай-ақ еркін өткізуге тыйым салынған не айналымы заңмен шектелген немесе қылмыстық қолсұғушылық объектілері және (немесе) құралдары болып табылатын нәрселерді немесе заттектерді ақылы түрде сатып алу үшін ақша қаражатын беру туралы осы Кодекстің 199-бабына сәйкес жеке хаттамалар жасалады.
3. Уәкілетті органның қызметкерінен немесе жасырын тергеу әрекетіне қатысуға ерікті түрде ниет білдірген адамнан сатып алынған нәрселерді және заттектерді алу, сондай-ақ оларды қарап-тексеру нәтижелері туралы осы Кодекстің 199 және 219-баптарының қағидаларына сәйкес хаттама жасалады.
251-бап. Жасырын ендіру және (немесе) қылмыстық әрекетті имитациялау
Ескерту. 251-бап алып тасталды - ҚР 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
31-тарау. ТІНТУ ЖӘНЕ АЛУ
1. Тінту іс үшін маңызы бар нәрселерді немесе құжаттарды табу және алып қою, оның ішінде тыйым салынуға жататын мүлікті табу мақсатында жүргізіледі.
2. Тінту жүргізуге көрсетілген нәрселердің немесе құжаттардың белгілі бір үй-жайда немесе өзге орында не нақты адамда болуы мүмкін деп пайымдауға жеткілікті деректердің болуы негіз болып табылады.
3. Тінту іздестіріліп жатқан адамды және адам мәйітін табу үшін жүргізілуі мүмкін.
Алу, егер іс үшін маңызы бар белгілі бір нәрселер мен құжаттардың қайда және кімде екені анық белгілі болса, оларды, сондай-ақ тәркіленуге жататын мүлікті алып қою мақсатында жүргізіледі.
254-бап. Тінту мен алуды жүргізу тәртібі
1. Тінту мен алуды сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам уәжді қаулы бойынша жүргізеді. Тінту жүргізу туралы, сондай-ақ мемлекеттік құпияларды немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны қамтитын құжаттарды, заттарды, олардың ішіндегі ақпаратты алу туралы қаулыны тергеу судьясы санкциялауға тиіс.
Тінту мен алуды жүргізу туралы қаулыны санкциялау осы Кодекстің 220-бабының 13-1, 13-3 және 13-4-бөліктерінде көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
Тінту және алу қисынды мерзімде жүргізілуге тиіс.
2. Тұрғын үй-жайда онда тұрып жатқан адамдардың еркінен тыс алу осы Кодекстің 220-бабының он үшінші, 13-1, 13-3 және 13-4-бөліктерінің қағидалары бойынша жүргізіледі.
3. Айрықша жағдайларда, іздестіріліп жатқан және (немесе) алып қойылуға жататын объект оны табуды ұзаққа созудан жоғалуы, бүлінуі немесе қылмыстық мақсатта пайдаланылуы мүмкін болғанда не іздестіріліп жатқан адам жасырынуы мүмкін болғанда тінту және алу тергеу судьясының санкциясынсыз, осы Кодекстің 220-бабының он төртінші бөлігінде көзделген тәртіппен жүргізілуі мүмкін.
4. Тінту куәгерлердің қатысуымен, ал қажет болған жағдайларда маманның және аудармашының қатысуымен жүргізіледі.
Алу оның барысы мен нәтижелерін тіркеудің ғылыми-техникалық құралдары міндетті түрде қолданыла отырып жүргізіледі, қажет болған кезде оған маман және аудармашы тартылуы мүмкін.
5. Тұрғын үй-жайларда, ұйымдардың үй-жайларында тінту немесе алу осы Кодекстің 220-бабының он бесінші және он алтыншы бөліктерінде көрсетілген адамдардың қатысуымен жүргізіледі.
6. Дипломатиялық өкілдіктер орналасқан үй-жайларда, сондай-ақ дипломатиялық өкілдіктердің мүшелері мен олардың отбасылары тұрып жатқан үй-жайларда тінту және алу осы Кодекстің 220-бабының он жетінші бөлігінде белгіленген талаптар сақтала отырып жүргізіледі.
7. Тінтуді немесе алуды жүргізу басталғанға дейін сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам оларды жүргізу туралы қаулыны көрсетуге міндетті.
8. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам тінтуге кіріскенде іс үшін маңызды болуы мүмкін, алынуға жататын нәрселер мен құжаттарды ерікті түрде беруді ұсынады. Егер олар ерікті түрде берілсе және алынуға жататын нәрселер мен құжаттардың жасырылып қалғанына күмәндануға негіздер болмаса, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам одан әрі іздеу жүргізбеуге құқылы.
Тінту хаттамасында адамның табу үшін тінту жүргізілуі мүмкін нәрселер мен құжаттарды өз еркімен бергені туралы міндетті түрде көрсетіледі.
9. Егер жабық үй-жайлар мен қоймалардың иесі оларды ерікті түрде ашудан бас тартса, тінту жүргізген кезде олар ашқызылуы мүмкін. Бұл ретте есік тиектерін және басқа нәрселерді қажетсіз бұзуға жол берілмеуге тиіс.
10. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам алуды жүргізу кезінде алынуға жататын нәрселер мен құжаттарды беруді ұсынады, ал бұдан бас тартылған жағдайда алуды мәжбүрлі түрде жүргізеді.
11. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам тінту мен алу кезінде сол үй-жайда тұрып жатқан адамның немесе басқа да адамдардың жеке өмірінің анықталған мән-жайларының, сондай-ақ мемлекеттік құпияларды немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны қамтитын мәліметтердің жарияланбауына шаралар қолдануға міндетті.
12. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам тінту немесе алу жүргізіліп жатқан үй-жайда немесе орында болған адамдарға және осы үй-жайға немесе орынға келген адамдарға тінту немесе алу аяқталғанға дейін ол жерден кетуге, сондай-ақ бір-бірімен немесе өзге адамдармен сөйлесуге тыйым салуға құқылы.
13. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам тінту мен алуды жүргізу кезінде іске қатысы болуы мүмкін нәрселер мен құжаттарды алып қоюмен шектелуге тиіс. Айналымына тыйым салынған заттар мен құжаттар олардың іске қатысы бар-жоғына қарамастан алып қойылуға жатады.
14. Тінту кезінде алып қойылатын нәрселер мен құжаттар куәгерлерге және басқа да қатысып отырған адамдарға көрсетіледі, тінту орнында қапталады, мөрленеді және куәгерлер мен оған қатысып отырған адамдардың қойған қолдарымен куәландырылады.
15. Алу кезінде алып қойылатын нәрселер мен құжаттар қатысып отырған адамдарға көрсетіледі, алу орнында қапталып, мөрленеді және оған қатысып отырған басқа адамдардың қойған қолдарымен куәландырылады.
16. Қажет болған жағдайларда тінту жүргізілген кезде фотосуретке түсіру, кинотүсіру және бейнежазба жүргізіледі.
Ескерту. 254-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 31.10.2015 № 378-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 21.12.2017 № 118-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2021 № 62-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.07.2025 № 210-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.1. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам осы Кодекстің 252-бабында көзделген негіздер болған кезде және 254-бабының талаптарын сақтай отырып, тінтілетін адамның денесіндегі немесе денесінің ішіндегі, оның киіміндегі нәрселер мен құжаттарды және оның жанындағы нәрселерді табу және алып қою мақсатында жеке басына тінту жүргізуге құқылы.
2. Жеке басын тінтуді тінтілетін адаммен жынысы бір адам ғана және сондай жыныстағы куәгерлердің және қажет болған кезде мамандардың қатысуымен жүргізеді.
3. Жеке басты тінту, мына жағдайлардың біреуі болған кезде:
1) егер осы Кодекстің 254-бабының талаптары сақтала отырып тінту жүргізіліп жатқан үй-жайдағы немесе өзге орындағы адам іс үшін маңызы болуы мүмкін құжаттарды немесе нәрселерді өзінде жасырып отыр деп пайымдауға жеткілікті негіздер болса;
2) егер ол адам ұстап алынған немесе күзетпен қамалған кезде жүргізілген болса, арнайы қаулы шығарылмай және тергеу судьясының санкциясынсыз жүргізілуі мүмкін. Бұл жағдайда жеке басын тінту куәгерлердің қатысуынсыз жүргізілуі мүмкін.
Тінтілетін адамның денесінің ішіндегі нәрселерді табу қажет болған кезде жеке басын тінтуге тиісті бейіннің мамандары қатысады.
Ескерту. 255-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 31.10.2015 № 378-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 16.07.2025 № 210-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.256-бап. Тінту немесе алу хаттамасы
1. Тінтуді немесе алуды жүргізетін адам осы Кодекстің 199-бабында көзделген талаптарды сақтай отырып, хаттама жасайды.
2. Хаттамада нәрселердің немесе құжаттардың қай жерде және қандай жағдайларда табылғаны, олардың ерікті түрде берілгені немесе мәжбүрлі түрде алып қойылғаны көрсетілуге тиіс. Барлық алып қойылған нәрселер хаттамада саны, мөлшері, салмағы, даралайтын белгілері және мүмкіндігінше құны дәл көрсетіле отырып, тізбеленуге тиіс.
3. Егер тінту немесе алу жүргізілген кезде алып қойылуға жататын нәрселерді немесе құжаттарды жою немесе жасыру әрекеттері жасалған болса, бұл хаттамада қолданылған шаралар көрсетіле отырып, жазылуға тиіс.
4. Тінту немесе алу хаттамасының көшірмесі олар жүргізілген адамға не оның отбасының кәмелетке толған мүшесіне, ал олар болмаған жағдайда тұрғын үй пайдалану ұйымының немесе жергілікті атқарушы органның өкіліне қолхат алына отырып табыс етіледі. Егер тінту немесе алу ұйымда жүргізілсе, онда хаттаманың көшірмесі оның өкілдеріне қолхат алына отырып табыс етіледі.
32-тарау. АЙҒАҚТАРДЫ СОЛ ЖЕРДЕ ТЕКСЕРУ ЖӘНЕ НАҚТЫЛАУ.
ТЕРГЕУ ЭКСПЕРИМЕНТІ
257-бап. Айғақтарды сол жерде тексеру және нақтылау
1. Жәбірленушінің, куәнің, күдіктінің айғақтарын тергелетін оқиғамен байланысты жерде тексеру және нақтылау:
1) айғақтардың анықтығын оларды болған оқиғаның жағдайымен салыстыру арқылы анықтау;
2) тексерілетін әрекеттер жасалған маршрутты және орынды нақтылау;
3) жаңа нақты деректерді анықтау мақсатында жүргізіледі.
2. Айғақтарды сол жерде тексеру және нақтылау бұрын жауап алынған адамның зерттеліп отырған оқиғаның жағдайы мен мән-жайларын сол жерде баяндап-көрсетуі; іс үшін маңызы бар нәрселерді, құжаттарды, іздерді іздеп табуы және көрсетуі; белгілі бір іс-қимылды бейнелеп-көрсетуі; зерттеліп отырған оқиғада қайсы бір нәрселердің қандай рөл атқарғанын көрсетуі; оқиға орнындағы жағдайдың өзгеруіне назар аударуы; өзінің бұрынғы айғақтарын нақтылауы және айқындауы болып табылады. Бұл әрекеттерге сырттан қандай да бір араласуға және жетелеуші сұрақтар қоюға жол берілмейді.
3. Бірнеше адамның айғақтарын сол жерде бір мезгілде тексеруге және нақтылауға жол берілмейді.
4. Айғақтарды тексеру және нақтылау жауап алынып отырған адамға оның айғақтары тексерілетін маршрут пен орынды ерікті түрде көрсетуді ұсынудан басталады. Айғақтар баяндалғаннан және іс-қимылдар бейнелеп-көрсетілгеннен кейін айғақтары тексеріліп отырған адамға сұрақтар қойылуы мүмкін. Бұл адам, сондай-ақ процеске қатысатын өзге де адамдар жүргізіліп отырған тергеу әрекетіне байланысты өздерінен қосымша жауап алуды талап етуге құқылы.
5. Айғақтарды сол жерде тексеру және нақтылау барысында табылған, іс бойынша дәлелдемелік маңызы болуы мүмкін нәрселер мен құжаттар алып қойылып, қапталады және мөрленеді, оларды алып қою фактісі хаттамада көрсетіледі.
6. Айғақтарды сол жерде тексеру және нақтылау кезінде өлшеу, фотосуретке түсіру, дыбыс- және бейнежазба, киноға түсіру жүргізіледі, жоспарлар мен схемалар жасалады. Қажет болған жағдайларда айғақтарды сол жерде тексеру және нақтылау маманды тарта отырып жүргізілуі мүмкін. Айғақтарды сол жерде тексеру және нақтылау кезінде дыбыс- және бейнежазба құралдары міндетті түрде пайдаланылады және осы Кодекстің 210-бабында көрсетілген қағидалар бойынша жүргізіледі.
7. Айғақтарды сол жерде тексерудің және нақтылаудың жүргізілгені туралы осы Кодекстің 199-бабының талаптары сақтала отырып хаттама жасалады.
Ескерту. 257-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 16.07.2025 № 210-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.1. Тергеу эксперименті іс үшін маңызы бар мәліметтерді зерттелетін оқиғаның белгілі бір іс-қимылдарын, жағдайын, мән-жайларын жаңғырту және тәжірибе жүргізу арқылы тексеру мен нақтылау мақсатында жүргізіледі. Эксперимент жүргізу кезінде, атап айтқанда, қандай да бір фактілерді қабылдау, белгілі бір іс-қимылдардың жасалу мүмкіндігі, қандай да бір оқиғаның басталуы тексерілуі, сондай-ақ болған оқиғаның реті және іздердің пайда болу тетігі анықталуы мүмкін.
2. Тергеу эксперименті оның барысы мен нәтижелерін тіркеп-белгілеудің ғылыми-техникалық құралдары міндетті түрде қолданыла отырып жүргізіледі. Қажет болған жағдайда тергеу экспериментіне қатысуға маман, сарапшы тартылуы мүмкін. Күдіктіні, жәбірленушіні, куәгерді және тәжірибелік іс-қимылдарды жүргізетін адамдарды тарту олардың келісімімен жүзеге асырылады. Экспериментке қатысушыларға оның мақсаттары мен жүргізу тәртібі түсіндіріледі.
3. Тергеу экспериментін, егер бұл ретте оған қатысатын адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірілмесе, олардың абыройы мен қадір-қасиеті кемсітілмесе, оларға материалдық залал келтірілмесе, жүргізуге жол беріледі.
4. Тергеу эксперименті жаңғыртылатын оқиғалар немесе іс-қимылдар болған жағдайларға барынша ұқсас жағдайларда жүргізіледі.
5. Тергеу экспериментінің жүргізілгені туралы осы Кодекстің 199-бабының талаптары сақтала отырып, хаттама жасалады. Хаттамада тергеу экспериментінің шарттары, барысы мен нәтижелері егжей-тегжейлі баяндалады және мыналар: эксперименттің қандай мақсатпен, қашан, қайда және қандай жағдайларда жүргізілгені; оқиғаның жағдайы мен мән-жайларын жаңғыртудың нақты неден көрінгені; қандай іс-қимылдар, қандай ретпен жүргізілгені, оны кімнің және қанша рет жасағаны; қандай нәтижелер алынғаны көрсетіледі.
Ескерту. 258-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 16.07.2025 № 210-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.33-тарау. НӘРСЕЛЕР МЕН ҚҰЖАТТАРДЫ БЕРУ
259-бап. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамға нәрселер мен құжаттарды оларға иелік ететін адамдардың бастамасы бойынша беру
1. Тараптар, сондай-ақ өзге де адамдар, кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың басшылары мен басқа да лауазымды адамдары сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамға өздерінің пікірі бойынша іс үшін маңызы болуы мүмкін нәрселерді және құжаттарды беруге құқылы.
2. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам осы Кодекстің 220-бабының қағидалары бойынша берілген нәрсені, құжатты қарап-тексеруді жүргізуге және егер нәрсенің немесе құжаттың іс үшін маңызы бар немесе одан әрі маңызы болуы мүмкін деп пайымдауға негіздер болса, оны қабылдауға міндетті. Осы іс үшін маңызы болмаса да, бірақ айналымнан алып қойылған нәрселер де, құжаттар да қабылдап алынуға тиіс.
Іс үшін маңызы жоқ және айналымнан алынбаған нәрсе, құжат берілген жағдайда, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам нәрсені, құжатты қарап тексергеннен кейін тиесілігі бойынша дереу қайтарады.
260-бап. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның талап етуі бойынша нәрселер мен құжаттарды беру
1. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам тінтуді немесе алуды жүргізбей-ақ, кәсіпорынның, мекеменің, ұйымның басшысынан, сол сияқты азаматтардан тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде уақытша пайдалану үшін қажетті нәрселер мен құжаттарды беруді талап етуге құқылы. Мұндай нәрселер мен құжаттарға:
1) эксперимент жүргізу кезінде зерттелетін оқиғаның жағдайы мен шарттарын жаңғыртуға арналған сол тектестер немесе макеттер;
2) тану үшін ұсынылған нәрсемен немесе құжатпен біртектес нәрсе немесе құжат;
3) егер сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамда не оның тапсырмасы бойынша әрекет етуші маманда, сарапшыда немесе сарапшылық мекемеде олар жоқ болса, тергеу әрекеттерін не сараптамалық зерттеу жүргізу кезінде қолдануға арналған құрылғылар, құралдар, аспаптар, материалдар жатады.
Қажеттілігі өткеннен кейін бұл нәрселер, құжаттар тиесілілігі бойынша қайтарылуға жатады.
2. Мемлекеттік органдардың, кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың басшылары және лауазымды адамдары сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның прокурормен келісілген талабы бойынша өз құзыреті шегінде жоспардан тыс тексеру, құжаттамалық ревизия немесе өзге де қызметтік тексеру жүргізуге және ревизия немесе тексеру актісін барлық қосымшаларымен бірге белгіленген мерзімде ұсынуға міндетті.
3. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам ревизия немесе тексеру актісінде не басқа құжатта белгіленген қағидалардан ауытқушылықтарды, олқылықтарды, қайшылықтарды және басқа да кемшіліктерді таба отырып, құжаттағы атап өтілген кемшіліктердің жойылуын талап етуге құқылы.
Ескерту. 260-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 16.07.2025 № 210-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.261-бап. Нәрселер мен құжаттарды беру хаттамасы
1. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам заттай дәлелдемелер ретінде маңызы болуы мүмкін нәрселер мен құжаттардың берілгені туралы осы Кодекстің 199-бабының қағидаларына сәйкес хаттама жасайды.
Хаттамада, сондай-ақ:
1) нәрсені немесе құжатты берген тұлға туралы мәліметтер;
2) осы тұлғаның нәрсені немесе құжатты іске қосып тігу туралы өтінішхаты;
3) нәрсені немесе құжатты қарап-тексерудің, ал егер ол пошта арқылы берілген болса, онда қаптаманы да қарап-тексерудің барысы мен нәтижелері;
4) осы нәрселердің белгілері, қасиеттері, техникалық сипаттамалары, егер олардың іс үшін мәні болса, талап етіп алдырылған нәрселер пайдаланылған іс жүргізу кезінде тергеу әрекетінің хаттамасында көрсетіледі;
5) нәрсенің немесе құжаттың сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамға іс жүзінде берілгені не нәрсенің немесе құжаттың оны берген тұлғаға қайтарылғаны көрсетілуге тиіс.
2. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам заттай дәлелдеме ретінде маңызы болуы мүмкін нәрсені немесе құжатты берген тұлғаға хаттаманың қол қойылып куәландырылған көшірмесін береді.
3. Егер қабылданған нәрсе немесе құжат пошта арқылы келіп түскен болса, жөнелтушіге хаттаманың көшірмесі немесе оның үзінді көшірмесі жіберіледі, ал пошталық квитанция хаттамаға қоса беріледі. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам пошта арқылы келіп түскен нәрсені немесе құжатты іске қатысты емес деп есептеген және оны пошта арқылы жөнелтушіге қайтарған жағдайда да, квитанция хаттамаға қоса тігіледі.
4. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам берілген нәрсені немесе құжатты заттай дәлелдеме ретінде іске қосып тігу туралы өтінішхатты қанағаттандырудан бас тарту туралы қаулы шығарады. Жазбаша дәлелдемелер ретінде берілген, ревизиялардың және басқа да қызметтік тексерулердің актілері арнайы ресімделмей-ақ іске қосып тігіледі.
5. Тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде уақытша пайдалану үшін талап етіп алдырылған нәрселерді алу мен қайтару хаттамада көрсетіледі және нәрсені берген тұлғаның қолымен куәландырылады.
34-тарау. ҮЛГІЛЕРДІ АЛУ
262-бап. Үлгілерді алудың негіздері
1. Қылмыстық процесті жүргізетін орган, егер тірі адамның, мәйіттің, жануардың, өсімдіктің, нәрсенің, материалдың немесе заттектің қасиеттерін көрсететін үлгілерді сараптамалық зерттеу сарапшының алдына қойылған мәселелерді шешу үшін қажет болса, оларды алуға құқылы.
2. Үлгі ретінде, атап айтқанда:
1) қан, шәует, шаш, тырнақ қиындылары, дененің сыртқы тері қабаттарының микроскопиялық қырындылары;
2) сілекей, тер және басқа да шығындылар;
3) тері бедерінің ізі, тістің қалыбы;
4) қолжазба мәтін, бұйымдар, адамның дағдысын бейнелейтін басқа материалдар;
5) дауыс фонограммасы;
6) материалдардың, заттектердің, шикізаттың, дайын өнімнің сынамалары;
7) гильзалардың, оқтардың, қарулар мен механизмдер іздерінің үлгілері алынады.
3. Үлгілер алу туралы уәжді қаулы шығарылады, онда: үлгілерді алатын адам; үлгілер алынатын адам (ұйым); нақты қандай үлгілердің қандай мөлшерде алынуға тиіс екені; өзінен үлгілерді алу үшін адамның қашан және кімге келуі керек екені; үлгілер алынғаннан кейін олардың қашан және кімге ұсынылуға тиіс екені көрсетілуге тиіс.
263-бап. Үлгілер алуға құқығы бар адамдар мен органдар
1. Егер бұл үлгілер алынатын басқа жынысты адамды жалаңаштаумен ұштаспайтын және ерекше кәсіби машықтарды талап етпейтін болса, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам жеке өзі, қажет болған кезде дәрігердің, өзге маманның қатысуымен үлгілерді алуға құқылы. Өзге жағдайларда үлгілерді сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның тапсырмасымен дәрігер немесе маман алуы мүмкін.
2. Үлгілерді алу сараптамалық зерттеудің бір бөлігі болып табылған жағдайларда, оны сарапшы жүргізуі мүмкін.
3. Зерттеу процесінде сарапшы эксперименттік үлгілерді дайындауы мүмкін, ол туралы қорытындыда хабарланады. Қылмыстық процесті жүргізетін орган осындай үлгілерді дайындау кезінде қатысуға құқылы, бұл оның өзі жасайтын хаттамада көрсетіледі.
Зерттеу жүргізгеннен кейін сарапшы үлгілерді қапталған және мөрленген түрде өзінің қорытындысына қоса береді.
264-бап. Өздерінен үлгілер алуға жол берілетін адамдар
1. Үлгілер күдіктіден, айыпталушыдан, жәбірленушіден, сондай-ақ өзіне қатысты медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану жөнінде іс жүргізіліп отырған адамнан алынуы мүмкін.
2. Оқиға орнындағы немесе заттай дәлелдемелердегі іздерді өзге адамның қалдыруы мүмкін екені туралы жеткілікті деректер болған кезде үлгілер сол адамнан, бірақ одан көрсетілген іздердің пайда болуы мүмкін мән-жайлар туралы куә (жәбірленуші) ретінде жауап алынғаннан кейін ғана алынуы мүмкін.
265-бап. Үлгілерді алу тәртібі
1. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам өзіне адамды шақыртып немесе ол тұрған жерге келіп, оны үлгілер алу туралы қаулымен немесе өзіне келіп түскен сот қаулысымен қолын қойғыза отырып таныстырады, осы адамға, маманға олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді, егер қарсылық білдірулер мәлімделген болса, олар туралы мәселені шешеді. Содан кейін сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам немесе прокурор қажетті әрекеттерді жасайды және сараптамалық зерттеу үшін үлгілер алады. Бұл ретте ауыртпайтын және адамның өмірі мен денсаулығы үшін қауіпті емес ғылыми-техникалық құралдар қолданылуы мүмкін.
2. Мәйіттен үлгілер алу, сондай-ақ шикізаттың, өнімнің, басқа да материалдардың сынамаларын үлгілер ретінде алу тиісінше эксгумациялау, алу немесе тінту жүргізу арқылы жүзеге асырылады.
3. Алынған үлгілер қапталады, мөрленеді және үлгілерді алған адамның қолымен куәландырылады. Содан кейін сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам немесе прокурор оларды алынған үлгілер хаттамасымен бірге тиісті сарапшыға жібереді және ол үлгілерді алған адамның қолымен куәландырылады.
Егер үлгілерді алу соттың қаулысы бойынша жүзеге асырылса, онда осы қаулыны орындаған тергеуші, анықтаушы немесе прокурор үлгілерді оларды алу хаттамасымен бірге сотқа жібереді. Сот тараптардың қатысуымен үлгілерді қарайды, олардың төлнұсқалығы мен сақталғанына көз жеткізеді, содан кейін үлгілерді осы қаулымен және оларды алу хаттамасымен бірге тиісті сарапшыға береді.
266-бап. Дәрігердің немесе басқа маманның үлгілерді алуы
1. Қылмыстық процесті жүргізетін орган үлгі алынуға тиісті адамды, сондай-ақ одан үлгіні алу туралы қаулыны дәрігерге немесе басқа маманға жібереді. Дәрігерге, басқа маманға қарсылық білдіру туралы мәселені қаулы шығарған орган шешеді.
2. Дәрігер немесе басқа маман қажетті әрекеттерді жүргізеді және сарапшылық зерттеу үшін үлгілер алады. Бұл ретте ауыртпайтын және адамның өмірі мен денсаулығы үшін қауіпті емес ғылыми-техникалық құралдар қолданылуы мүмкін. Үлгілер қапталып, мөрленеді, үлгілерді алған адамның қолымен куәландырылады және қылмыстық процесті жүргізетін органға жіберіледі.
3. Егер жануарлардан зерттеу үшін үлгілерді алу қажеттігі туындаса, қылмыстық процесті жүргізетін орган тиісті қаулыны ветеринарға немесе басқа маманға жібереді.
267-бап. Үлгілерді алу кезінде жеке бастың құқықтарын қорғау
Үлгілерді алудың әдістері мен ғылыми-техникалық құралдары адамның өмірі мен денсаулығына қауіпсіз болуға тиіс. Ауырсыну сезімдерін туғызатын күрделі медициналық емшараларды немесе әдістерді қолдануға тек үлгілер алынуға тиісті адамның жазбаша келісуімен, ал егер ол кәмелетке толмаған болса немесе психикалық аурудан зардап шегетін болса, оның заңды өкілдерінің келісуімен ғана жол беріледі.
268-бап. Үлгілерді алу туралы қаулының орындалу міндеттілігі
1. Күдіктіден, айыпталушыдан үлгілер мәжбүрленіп алынуы мүмкін.
2. Күдікті, айыпталушы өзін қылмыстық құқық бұзушылықтар жасады деп әшкерелейтін айғақтарды тексеруді табанды түрде талап еткен, сондай-ақ венерологиялық аурулар мен өзге де жұқпалы аурулардың диагностикасы іс үшін маңызы болғанда осындай диагностика үшін үлгілер алу қажет болған жағдайларды қоспағанда, жәбірленуші мен куәдан үлгілер олардың келісімімен ғана алынуы мүмкін.
3. Осы баптың екінші бөлігінде көрсетілген жағдайларда жәбірленушіден, куәдан, сондай-ақ арыз иесінен және арыз иесі қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адам деп тікелей көрсеткен адамнан үлгілерді мәжбүрлеп алуға осы Кодекстің 220-бабының 13-1, 13-3 және 13-4-бөліктерінде көзделген тәртіппен, тергеу судьясының санкциясымен немесе соттың қаулысы бойынша ғана жол беріледі.
Ескерту. 268-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 21.12.2017 № 118-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).269-бап. Үлгілер алу хаттамасы
1. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам үлгілерді алып, хаттама жасайды, онда үлгілерді алу үшін жасалған барлық әрекеттер жүргізілу ретімен, бұл ретте қолданылған ғылыми-зерттеу және басқа әдістер мен рәсімдер, сондай-ақ үлгілердің өзі сипатталады.
2. Егер үлгілерді қылмыстық процесті жүргізетін органның тапсырмасы бойынша дәрігер немесе басқа маман алса, онда ол бұл туралы ресми құжат жасайды, оған көрсетілген әрекетке қатысушылардың барлығы қол қояды және ол осы Кодекстің 199-бабының тоғызыншы бөлігінде белгіленген тәртіппен қылмыстық іске қосып тігу үшін қылмыстық процесті жүргізетін органға беріледі.
3. Хаттамаға алынған үлгілер қапталған және мөрленген түрде қоса беріледі.
35-тарау. СОТ САРАПТАМАСЫ
270-бап. Сараптаманы тағайындау
Iс үшін маңызы бар мән-жайлар сарапшының материалдарды арнайы ғылыми білімдер негізінде жүргізетін зерттеуінің нәтижесінде алынуы мүмкін жағдайларда сараптама тағайындалады. Қылмыстық сот ісін жүргізуге қатысатын өзге адамдардың мұндай білімінің болуы қылмыстық істі жүргізетін адамды тиісті жағдайларда сараптама тағайындау қажеттігінен босатпайды.
271-бап. Сараптаманы міндетті түрде тағайындау
1. Егер іс бойынша:
1) өлімнің себептерін;
2) денсаулыққа келтірілген зиянның сипаты мен ауырлық дәрежесін;
3) іс үшін маңызды болып, бірақ жасы туралы құжаттар болмаған немесе күмән туғызған жағдайларда, күдіктінің, қорғалуға құқығы бар куәнің, айыпталушының, жәбірленушінің жасын;
4) күдіктінің, қорғалуға құқығы бар куәнің, айыпталушының есінің дұрыстығы немесе қылмыстық процесте өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін өзі қорғау қабілеті күмән туғызғанда, олардың психикалық немесе физикалық жай-күйін;
5) жәбірленушінің, куәнің іс үшін маңызы бар мән-жайларды дұрыс қабылдау және олар туралы айғақтар беру қабілеті күмән туғызған жағдайларда, олардың психикалық немесе физикалық жай-күйін;
6) істің басқа дәлелдемелерімен анық белгіленбейтін өзге мән-жайларын анықтау қажет болғанда, сараптаманы тағайындау және жүргізу міндетті.
2. Егер Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде өмір бойына бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген қылмысты жасады деп күдік келтірілетін, айыпталатын адамның психикалық жай-күйіне күмән туындаса, сот-психиатриялық сараптаманы тағайындау мен жүргізу міндетті.
Ескертпе. Осы баптың бірінші бөлігінің 4) және 5) тармақтарында санамаланған негіздер бойынша күдіктіге, айыпталушыға, жәбірленушіге, куәға қатысты амбулаториялық сот-психиатриялық сараптама тағайындалады және жүргізіледі. Егер сарапшы стационарлық сот-психиатриялық сараптама жүргізбей және сынақтан өтушіні стационарлық қарап-зерттеуге орналастырмай, қорытынды беру мүмкін еместігі туралы мәлімдесе, онда қылмыстық іс бойынша осы Кодекстің 279-бабында көзделген тәртіппен стационарлық сот-психиатриялық сараптама тағайындалады.
Ескерту. 271-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 09.06.2021 № 49-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.12.2021 № 89-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.272-бап. Сараптама тағайындау тәртібі
1. Қылмыстық процесті жүргізетін орган, тергеу судьясы сараптама тағайындау қажет деп тауып, бұл туралы қаулы шығарады, онда: сараптаманы тағайындаған органның атауы, сараптаманы тағайындау уақыты, орны; сараптаманың түрі; сараптаманы тағайындау үшін негіздер; сараптамаға жіберілетін объектілер және олардың шығу тегі туралы ақпарат, сондай-ақ зерттеу барысында көрсетілген объектілерді ықтимал толық немесе ішінара жоюға, олардың сыртқы түрін немесе негізгі қасиеттерін өзгертуге рұқсат; сот сараптамасы органының атауы және (немесе) сот сараптамасын жүргізу тапсырылған адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) көрсетіледі.
2. Қылмыстық процесті жүргізетін органның, тергеу судьясының сараптама тағайындау туралы қаулысы ол жіберілген және бұл өздерінің өз құзыретіне кіретін органдардың немесе адамдардың орындауы үшін міндетті.
3. Осы Кодекстің 271-бабы бірінші бөлігінің 2), 3) және 5) тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, жәбірленушіге, куәға қатысты сот сараптамасы олардың келісуімен немесе олардың заңды өкілдерінің келісуімен жүргізіледі, көрсетілген адамдар келісімді жазбаша түрде береді.
4. Сараптаманы тағайындаған адам сот сараптамасының тағайындалғаны туралы қаулымен күдіктіні, айыпталушыны, оның қорғаушысын, жәбірленушіні, оның өкілін, сондай-ақ сараптамаға ұшырайтын куәны, оның ішінде қорғалуға құқығы бар куәны оның заңды өкілін таныстырады және оларға осы Кодекстің 274-бабында көзделген құқықтарын түсіндіреді. Бұл туралы сараптама тағайындаған адам және қаулымен таныстырылған адамдар қол қоятын хаттама жасалады.
5. Сараптама өздерінің құқықтары мен мүдделерін немесе өздері өкілдік ететін құқықтар мен мүдделерді қорғайтын процеске қатысушылардың бастамасы бойынша тағайындалуы мүмкін. Өздерінің құқықтары мен мүдделерін немесе өздері өкілдік ететін құқықтар мен мүдделерді қорғайтын процеске қатысушылар қылмыстық процесті жүргізетін органға өздерінің пікірі бойынша сарапшының қорытындысы берілуге тиіс мәселелерді жазбаша түрде ұсынады, зерттеу объектілерін көрсетеді, сондай-ақ сарапшы ретінде шақырылуы мүмкін адамды атайды. Шешу үшін ұсынылған мәселелер қылмыстық іске немесе сот сараптамасының нысанасына жатпайтын жағдайларды қоспағанда, қылмыстық процесті жүргізетін органның сараптама тағайындаудан бас тартуға құқығы жоқ. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам өтінішхат келіп түскен кезден бастап үш тәулік ішінде өтінішхатты қанағаттандырудан бас тарту туралы уәжді қаулы шығарады.
6. Тергеу судьясы осы Кодекстің 55-бабы екінші бөлігінің 7) тармағында көзделген тәртіппен сараптама тағайындау туралы мәселені шешкен кезде қорғаушы тарапқа сарапшының алдына қойылуы қажет сұрақтарды жазбаша нысанда беруін ұсынады және олар бойынша процеске қатысушылардың пікірін тыңдайды.
Тараптар қай объектілердің сарапшылық зерттеуге жататынын, сондай-ақ сараптама жүргізуді кімге тапсыруға болатынын көрсетуге және сарапшыға қарсылық білдіруді мәлімдеуге құқылы.
Тергеу судьясы сараптама тағайындаған кезде сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам өзінің іс жүргізуінде жатқан қажетті нәрселерді, материалдарды сарапшының билігіне береді.
7. Алып тасталды – ҚР 09.06.2021 № 49-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.8. Алып тасталды – ҚР 09.06.2021 № 49-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
9. Өзінің бастамасы бойынша сараптама тағайындалған процеске қатысушы сарапшылық зерттеу объектілері ретінде нәрселерді, құжаттарды ұсынуы мүмкін. Қылмыстық процесті жүргізетін орган оларды осындай нәрселер, құжаттар қатарынан уәжді қаулымен алып тастауға құқылы.
10. Қылмыстық процесті жүргізетін орган ұсынылған сұрақтарды қарап, олардың қылмыстық іске немесе сот сараптамасының нысанасына қатысы жоқтарын алып тастайды, сарапшыға қарсылық білдіру негіздерінің бар-жоғын анықтайды, содан кейін осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген талаптарды сақтай отырып, сараптама тағайындау туралы қаулы шығарады.
11. Сараптаманы жүргізуге байланысты шығыстарды өтеу, сондай-ақ сарапшының еңбегіне ақы төлеу осы Кодекстің 21-тарауының қағидалары бойынша жүргізіледі. Қорғаушының немесе жәбірленуші өкілінің сұрау салуы бойынша сараптама жүргізілген жағдайларда, шығыстарды өтеу өзінің мүддесі үшін сараптама жүргізілген адамға жүктеледі.
12. Осы Кодекстің 272-1-бабының бірінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, қылмыстық процесті жүргізетін орган, егер сараптама жүргізілгенде күдіктінің, сараптамаға тартылатын қорғалуға құқығы бар куәнің, жәбірленушінің, айыпталушының, куәнің қатысуы қажет деп танылса, оларды сарапшыға жеткізуді қамтамасыз етеді. Осы Кодекстің 55-бабы бірінші бөлігінің 9) тармағында көзделген жағдайларда сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам сот алдында күзетпен ұсталмайтын адамды сот-психиатриялық және (немесе) сот-медициналық сараптама жүргізу үшін медициналық ұйымға мәжбүрлеп орналастыру туралы өтінішхат енгізеді.
Ескерту. 272-бап өзгеріс енгізілді - ҚР 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 09.06.2021 № 49-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.272-1-бап. Қорғаушы, жәбірленушінің өкілі болып табылатын адвокаттың сот сараптамасын жүргізу туралы сұрау салуы
1. Қорғаушы, жәбірленушінің өкілі болып табылатын адвокаттың сұрау салуы негізінде осы Кодекстің 122-бабы үшінші бөлігінің 3) тармағында көзделген тәртіппен сот сараптамасын жүргізу қылмыстық процесті жүргізетін органнан зерттеу объектілерін талап ету қажет болмаған жағдайда жүргізіледі.
2. Сұрау салуда: адвокаттың тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), сараптаманы тағайындау уақыты, орны; сараптама түрі; сараптама тағайындау үшін негіздер; сараптамаға жіберілетін объектілер және олардың шығу тегі туралы ақпарат, сондай-ақ зерттеу барысында көрсетілген объектілерді ықтимал толық немесе ішінара жоюға, олардың сыртқы түрін немесе негізгі қасиеттерін өзгертуге рұқсат; ол сот сараптамасын жүргізуді тапсыруға ниет білдірген сот сараптамасы органының, ұйымының атауы және (немесе) адамның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) көрсетіледі.
Сұрау салуға қорғау (өкілдік ету) туралы жазбаша хабарлама да қоса беріледі.
3. Қорғаушы, жәбірленушінің өкілі болып табылатын адвокаттың сот сараптамасын жүргізу туралы сұрау салуын жіберу туралы қылмыстық процесті жүргізетін адам бір мезгілде хабардар етіледі, ол сарапшыға қарсылық білдіруге осы Кодекстің 93-бабында көзделген негіздердің бар-жоғын тексереді, сондай-ақ қажет болған кезде сарапшыға қосымша сұрақтар жібереді.
4. Қорғаушы, жәбірленушінің өкілі болып табылатын адвокат сарапшыға сот сараптамасын жүргізу туралы сұрау салуды және сараптама объектілерін табыс етеді, оған осы Кодекстің 79-бабында көзделген құқықтар мен міндеттерді түсіндіреді және қолхат ала отырып, көрінеу жалған қорытынды бергені үшін қылмыстық жауаптылық туралы ескертеді.
Көрсетілген қолхат қорғаушы, жәбірленушінің өкілі болып табылатын адвокаттың хаты негізінде қылмыстық іс материалдарына қоса тігіледі. Сарапшының арыздары, өтінішхаттары және оларды қабылдамау уәждері де осылайша қоса тіркеледі.
5. Қорғаушы, жәбірленушінің өкілі болып табылатын адвокаттың сұрау салуы негізінде берілген сарапшы қорытындысы екі данада жасалады, оның біреуі – қылмыстық процесті жүргізетін адамға, екіншісі сот сараптамасын жүргізу туралы сұрау салудың бастамашысына жіберіледі.
6. Қорғаушы, жәбірленушінің өкілі болып табылатын адвокаттың сұрау салуы бойынша сот сараптамасын жүргізу кезінде оны жүргізуге байланысты шығыстарды өтеу, сондай-ақ сарапшының еңбегіне ақы төлеу осы Кодекстің 21-тарауының қағидалары бойынша жүргізіледі. Шығыстарды өтеу өзінің мүдделерінде сот сараптамасы жүргізілген адамға жүктеледі.
Ескерту. 272-1-баппен толықтырылды – ҚР 09.06.2021 № 49-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 16.07.2025 № 210-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.273-бап. Сот сараптамасын жүргізу тапсырылуы мүмкін адамдар
1. Сот сараптамасын жүргізу:
1) сот сараптамасы органдарының қызметкерлеріне;
2) лицензия негізінде сот-сараптама қызметімен айналысатын адамдарға;
3) заңда көзделген тәртіппен және шарттарда біржолғы тәртіппен өзге адамдарға тапсырылуы мүмкін.
2. Сараптама жүргізу процеске қатысушылар ұсынған адамдардың біреуіне тапсырылуы мүмкін.
3. Қылмыстық процесті жүргізетін органның, тергеу судьясының сараптама жүргізу тапсырылған адамды шақыру туралы талабы көрсетілген адам жұмыс істейтін ұйымның басшысы үшін міндетті.
Ескерту. 273-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 10.02.2017 № 45-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).274-бап. Күдіктінің, айыпталушының, жәбірленушінің, куәнің (оның ішінде қорғалуға құқығы бар куәнің), қорғаушының және жәбірленуші өкілінің сараптама тағайындау және жүргізу кезіндегі құқықтары
Ескерту. 274-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді – ҚР 16.07.2025 № 210-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Сараптама тағайындау және жүргізу кезінде жәбірленушінің, күдіктінің, айыпталушының, қорғаушының және жәбірленуші өкілінің:
1) сараптама жүргізілгенге дейін оның тағайындалғаны туралы қаулымен, сараптама объектілерінің шығу тегі туралы ақпаратпен танысуға, өздеріне тиесілі құқықтарға түсіндірме алуға құқығы бар, бұл туралы хаттама жасалады;
2) сарапшыға қарсылық білдіруді немесе сот сараптамасы органын сараптама жүргізуден шеттету туралы өтінішхатты мәлімдеуге;
3) өздері көрсеткен адамдарды немесе нақты сот сараптамасы органдарының қызметкерлерін сарапшылар ретінде тағайындау, сондай-ақ сараптаманы сарапшылар комиссиясының жүргізуі туралы өтінішхат беруге;
4) сарапшы алдына қосымша мәселелер қою немесе қойылған мәселелерді нақтылау туралы өтінішхат беруге;
5) сараптама жүргізілген кезде қылмыстық процесті жүргізетін органның рұқсатымен, осы Кодекстің 278-бабында көзделген тәртіппен қатысуға;
5-1) сарапшының қосымша материалдар беру туралы өтінішхатын қанағаттандыру не оны қанағаттандырудан бас тарту туралы қаулымен танысуға;
6) сарапшының қорытындысымен не осы Кодекстің 284-бабында көзделген тәртіппен қорытынды берудің мүмкін еместігі туралы хабармен танысуға құқығы бар.
2. Санамаланған құқықтарға куә, оның ішінде қорғалуға құқығы бар, сараптамаға ұшырайтын куә да және, егер өзінің психикалық жай-күйі мүмкіндік берсе, өзіне қатысты медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану жөнінде іс жүргізілетін адам да ие болады.
3. Егер сараптама адамды күдікті деп танығанға дейін немесе күдіктінің іс-әрекетін саралау туралы қаулы шығарылғанға дейін жүргізілген болса, қылмыстық қудалау органы оны сараптама тағайындау туралы қаулымен, сарапшының қорытындысымен таныстыруға және оған осы Кодекстің 286-бабында көзделген құқықтарын түсіндіруге міндетті.
4. Жәбірленушілер мен куәларға, сондай-ақ қылмыстық құқық бұзушылықтың жасалуынан зардап шеккен адамға және өзіне қатысты күдікті деп тану туралы мәселе шешіліп жатқан адамға сараптама олардың жазбаша келісуімен ғана жүргізіледі. Егер осы адамдар кәмелетке толмаған немесе сот оларды әрекетке қабілетсіз деп таныған болса, сараптама жүргізуге жазбаша келісімді олардың заңды өкілдері береді. Көрсетілген қағида осы Кодекстің 271-бабында көзделген жағдайларда сараптама жүргізуге қолданылмайды.
5. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көрсетілген адамдар мәлімдеген өтінішхаттар қанағаттандырылған жағдайда, қылмыстық процесті жүргізетін орган тиісінше сараптама тағайындау туралы өзінің қаулысын өзгертеді немесе толықтырады. Өтінішхаттарды қанағаттандырудан бас тартылған жағдайда, ол уәжді қаулы шығарып, оны өтінішхатты мәлімдеген адамға қол қойғыза отырып, жария етеді.
Ескерту. 274-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 16.07.2025 № 210-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.275-бап. Өздеріне қатысты сот сараптамасы жүргізілетін адамдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне кепілдік беру
1. Тірі адамдарға сот сараптамасын жүргізу кезінде:
1) олардан мәліметтер алу мақсаттарында оларды заңмен кепілдік берілген құқықтарынан айыруға немесе құқықтарына қысым көрсетуге (оның ішінде алдау, азаптау, қатыгез қарым қатынас, зорлық-зомбылық, қорқыту және өзге де заңсыз шаралар қолдану арқылы);
2) көрсетілген адамдарды медициналық технологияларды, фармакологиялық және дәрілік заттарды клиникалық зерттеулердің субъектілері ретінде пайдалануға;
3) хирургиялық араласуды көздейтін зерттеу әдістерін қолдануға тыйым салынады.
2. Сот сараптамасын тағайындаған орган өзіне қатысты сот сараптамасы жүргізілетін адамға сот-сараптама зерттеуінің баламалы әдістерін қоса алғанда, пайдаланылатын әдістері туралы, ықтимал ауырсыну сезімдері мен жанама әсерлер туралы қолжетімді нысанда хабарлауға тиіс. Көрсетілген ақпарат өзіне қатысты сот сараптамасы жүргізіліп жатқан адамның заңды өкілінің өтінішхаты бойынша оған да беріледі.
3. Өзіне қатысты сот сараптамасы жүргізіліп жатқан адамға медициналық көмек заңда көзделген негіздер бойынша және тәртіппен ғана көрсетілуі мүмкін.
4. Медициналық ұйымға орналастырылған адамға шағымдар және өтінішхаттар беру мүмкіндігі беріледі. Осы Кодексте көзделген тәртіппен берілген шағымдарды және өтінішхаттарды медициналық ұйымның әкімшілігі жиырма төрт сағат ішінде адресатқа жібереді және олар цензураға жатпайды.
5. Өзі келісім берген адамға қатысты жүргізілетін сот сараптамасы көрсетілген адамның бастамасы бойынша оның кез келген сатысында тоқтатылуы мүмкін.
276-бап. Сот сараптамасы органының сараптама жүргізуі.Сот сараптамасы органы басшысының құқықтары мен міндеттері
1. Сараптама сот сараптамасы органына тапсырылған кезде қылмыстық процесті жүргізетін орган, тергеу судьясы сараптаманы тағайындау туралы қаулыны және қажетті материалдарды оның басшысына жібереді. Сараптаманы сот сараптамасы органының қаулыда көрсетілген қызметкері жүргізеді. Егер қаулыда нақты сарапшы көрсетілмесе, сарапшыны таңдауды сот сараптамасы органының басшысы жүзеге асырады, бұл туралы сараптаманы тағайындаған адамға үш күн мерзімде хабарлайды.
2. Сараптама жүргізу тергеу судьясының қаулысымен тағайындалған жағдайда, қылмыстық процесті жүргізетін орган сот сараптамасы органының басшысына қажетті материалдарды, нәрселерді жолдайды.
3. Сараптама қорғаушының немесе жәбірленуші өкілінің сұрау салуы бойынша жүргізілген жағдайда, қажетті материалдарды қорғаушы немесе жәбірленушінің өкілі береді.
4. Сот сараптамасы органының басшысы:
1) егер: осы сот сараптамасы органында қажетті арнаулы ғылыми білімі бар сарапшы болмаса; осы сот сараптамасы органының материалдық-техникалық базасы мен жағдайлары нақты сарапшылық міндеттерді шешуге мүмкіндік бермесе; сот сарапшысының алдына қойылған мәселелер оның құзыретінің шегінен тыс болса; сараптама жүргізуге арналған материалдар осы Кодекстің талаптары бұзыла отырып ұсынылған жағдайда, дәлелдерді көрсете отырып, қылмыстық процесті жүргізетін органға сот сараптамасын тағайындау туралы қаулыны орындамастан және зерттеуге ұсынылған объектілерді қайтаруға;
2) егер осы сот сараптамасы органында жұмыс істемейтін адамдардың арнаулы ғылыми білімі қорытынды беру үшін қажет болса, қылмыстық процесті жүргізетін адам алдында оларды сот сарапшылары комиссиясының құрамына енгізу туралы өтінішхат беруге құқылы.
Сот сараптамасы органы басшысының заңда көзделген өзге құқықтары да бар.
5. Сот сараптамасы органының басшысы:
1) сараптама жүргізу үшін қажетті объектілерді өздігінен талап етіп алдыруға;
2) осы сот сараптамасы органының қызметкерлері болып табылмайтын адамдарды қылмыстық процесті жүргізетін органмен келіспей, сараптама жүргізуге тартуға;
3) сарапшыға нақты сараптама бойынша қорытындылардың мазмұнын алдын ала шешетін нұсқаулар беруге құқылы емес.
6. Сот сараптамасы органының басшысы:
1) сот сараптамасын тағайындау туралы қаулыны және зерттеу объектілерін алғаннан кейін, сараптама жүргізуді осы Кодекстің 272-бабы бірінші бөлігінің талаптарын ескере отырып, осы сот сараптамасы органының нақты сарапшысына немесе сарапшылар комиссиясына тапсыруға;
2) сот сарапшысының тәуелсіздігі қағидатын бұзбай, сот сараптамасын жүргізу мерзімінің сақталуын, жүргізіліп жатқан зерттеулердің жан-жақтылығын, толықтығы мен объективтілігін, сот сараптамасы объектілерінің сақталуының қамтамасыз етілуін бақылауды қамтамасыз етуге;
3) сараптама жүргізуді ұйымдастыруға байланысты өзіне белгілі болған мәліметтерді жария етпеуге;
4) зерттеулер жүргізу үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз етуге міндетті.
Ескерту. 276-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 18.04.2017 № 58-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).277-бап. Сот сараптамасы органынан тыс жерде сараптама жүргізу
1. Егер сараптама жүргізуді сот сараптамасы органының қызметкері болып табылмайтын адамға тапсыру көзделсе, қылмыстық процесті жүргізетін орган оны тағайындау туралы қаулы шығарылғанға дейін өзі сараптама жасауды тапсыруға ниеттенген адамның жеке басына көз жеткізуге және сарапшыға қарсылық білдіру үшін осы Кодекстің 93-бабында көзделген негіздердің бар-жоғын тексеруге тиіс.
2. Қылмыстық процесті жүргізетін орган, тергеу судьясы сараптама тағайындау туралы қаулы шығарады, оны сарапшыға тапсырады, оған осы Кодекстің 79-бабында көзделген құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді және оның көрінеу жалған қорытынды бергені үшін қылмыстық жауаптылығы туралы ескертеді. Бұл әрекеттердің орындалғаны туралы қылмыстық процесті жүргізетін орган, тергеу судьясы сараптама тағайындау туралы қаулыда сарапшының қолымен куәландырылатын белгі жасайды. Сарапшы жасаған мәлімдеме мен оның өтінішхаттары да осылайша тіркеледі. Сараптаманы тағайындаған адам сарапшының өтінішхатын қабылдамау туралы уәжді қаулы шығарады.
278-бап. Процеске қатысушылардың сот сараптамасын жүргізу кезінде қатысуы
1. Қылмыстық процесті жүргізетін орган сараптама жүргізу кезінде қатысуға, сарапшының жүргізіп жатқан әрекеттеріне қатысты түсіндірмесін алуға құқылы. Сараптама жүргізу кезінде қылмыстық процесті жүргізетін органның қатысу фактісі сарапшының қорытындысында көрсетіледі.
2. Өздерінің құқықтары мен мүдделерін немесе өздері өкілдік ететін құқықтар мен мүдделерді қорғайтын процеске қатысушылар сараптама жүргізу кезінде қылмыстық процесті жүргізетін органның рұқсатымен қатыса алады. Бұл жағдайда қылмыстық процесті жүргізетін органның қатысуы міндетті.
3. Қылмыстық сот ісін жүргізетін орган тиісті өтінішхатты қанағаттандырған кезде оны мәлімдеген адамға сараптаманың жүргізілетін орны мен уақыты хабарланады. Хабарланған адамның келмеуі сараптаманы жүргізуге кедергі келтірмейді.
4. Сот сараптамасын жүргізу кезінде қатысып отырған процеске қатысушылар зерттеулер барысына араласуға құқылы емес, бірақ олар сот сараптамасының нысанасына қатысты түсініктемелер бере алады.
5. Егер сот сараптамасын жүргізу кезінде қатысып отырған процеске қатысушы сот сарапшысының қызметіне кедергі келтірсе, соңғысы зерттеуді тоқтата тұруға және қылмыстық процесті жүргізетін органның не сараптама тағайындаған адамның алдында көрсетілген процеске қатысушыға сот сараптамасын жүргізу кезінде қатысуға берілген рұқсаттың күшін жою туралы өтінішхат беруге құқылы.
6. Сот сарапшысы қорытынды жасаған кезде, сондай-ақ, егер сот сараптамасын сот сарапшылары комиссиясы жүргізсе, сот сарапшыларының кеңесу және түйіндерді тұжырымдау сатысында процеске қатысушылардың қатысуына жол берілмейді.
7. Сот психиатриялық және сот психологиялық-психиатриялық сараптаманың жүргізілуі құпиялық жағдайында жүзеге асырылады.
8. Адамға қатысты оны жалаңаштаумен ұштасатын сот-сараптамалық зерттеулер жүргізу кезінде тек сол жыныстағы адамдар ғана қатыса алады. Осы шектеу көрсетілген зерттеулерді жүргізуге қатысатын дәрігерлерге және басқа да медицина қызметкерлеріне қолданылмайды.
279-бап. Сараптама жүргізу үшін медициналық ұйымға орналастыру
1. Егер адамға қатысты сот сараптамасын жүргізу сот-сараптамалық зерттеулерді стационар жағдайында жүргізуді көздейтін болса, онда күдікті, жәбірленуші, куә сараптама тағайындау туралы қаулының негізінде медициналық ұйымға орналастырылуы мүмкін.
Осы Кодекстің 271-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, жәбірленушіні, куәні медициналық ұйымға орналастыруға оның жазбаша келісуімен ғана жол беріледі.
Егер көрсетілген адам кәмелетке толмаған немесе сот оны әрекетке қабілетсіз деп таныған болса, жазбаша келісімді заңды өкілі береді. Заңды өкіл қарсылық білдірген немесе ол болмаған жағдайда, жазбаша келісімді қорғаншылық және қамқоршылық органы береді.
2. Күзетпен ұсталмайтын күдіктіні, сондай-ақ жәбірленушіні, куәні сот-медициналық немесе сот-психиатриялық сараптама жүргізу үшін медициналық ұйымға жіберу осы Кодекстің 14-бабының екінші бөлігінде көзделген тәртіппен жүргізіледі.
2-1. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген жағдайларда сот сараптамасын тағайындаған орган (адам) сот сараптамасын жүргізу үшін медициналық ұйымға мәжбүрлеп орналастырылған адамның орналасқан жері туралы оның отбасының кәмелетке толған мүшелерінің бірін, басқа да туыстарын немесе жақын адамдарын, ал олар болмаған кезде аталған адамның тұрғылықты жері бойынша ішкі істер органын жиырма төрт сағат ішінде хабардар етуге міндетті.
3. Өздеріне қатысты сараптама жүргізілетін адамдарды медициналық ұйымда ұстау қағидалары Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау туралы заңнамасында айқындалады.
4. Стационарлық сот-медициналық немесе сот-психиатриялық сараптама жүргізу үшін күдіктіні медициналық ұйымға орналастыру кезінде оған күдіктінің іс-әрекетін саралау туралы қаулы жария етілуге тиісті мерзім санкция алынған күннен бастап сарапшылар комиссиясының күдіктінің психикалық жай-күйі туралы қорытындысы алынғанға дейін үзіледі.
5. Өзіне қатысты сот-медициналық немесе сот-психиатриялық сараптама жүргізілетін адамның медициналық ұйымда болуының жалпы мерзімі отыз тәулікке дейін болады. Сот-сараптамалық зерттеулерді аяқтау мүмкін болмаған жағдайда, көрсетілген мерзім осы Кодекстің 14-бабы екінші бөлігінің талаптарына сәйкес сарапшының (сарапшылар комиссиясының) уәжді өтінішхаты бойынша отыз тәулікке ұзартылуы мүмкін.
Сот сараптамасына ерікті түрде тартылатын адам үшін көрсетілген мерзімді ұзартуды оның келісуімен сот сараптамасы органы басшысының не сот сараптамасы органының қызметкері болып табылмайтын сот сарапшысының (сот сарапшыларының) уәжді өтінішхаты бойынша сот сараптамасын тағайындаған орган (адам) жүзеге асырады.
Сот сараптамасын жүргізу үшін медициналық ұйымға мәжбүрлеп орналастырылған адамдардың онда болу мерзімін ұзарту заңда белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
Өтінішхат сараптаманың жүргізілу мерзімі аяқталардан үш тәуліктен кешіктірмей сотқа ұсынылуға және ол алынған күннен бастап үш тәулік ішінде шешілуге тиіс. Сот мерзімді ұзартудан бас тартқан жағдайда, адам медициналық ұйымнан шығарылуға тиіс. Медициналық ұйымның басшысы мәлімделген өтінішхат пен оның сотта қаралу нәтижелері туралы өзіне қатысты сараптама жүргізілетін адамға, оның қорғаушысына, заңды өкіліне, өкіліне, сондай-ақ қылмыстық процесті жүргізетін органға хабарлайды.
6. Медициналық ұйымда өзіне қатысты сот сараптамасы жүргізілетін адам, оның қорғаушысы, заңды өкілі, өкілі сараптаманың жүргізілу мерзімін ұзарту туралы қаулыға осы Кодексте көзделген тәртіппен шағым жасауға құқылы.
Ескерту. 279-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 10.02.2017 № 45-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).280-бап. Сараптама объектілері
1. Заттай дәлелдемелер, құжаттар, адамның денесі мен психикасының жай-күйі, мәйіттер, жануарлар, үлгілер, сондай-ақ қылмыстық іс материалдарындағы сараптама нысанасына жататын мәліметтер сараптама объектілері болып табылады.
2. Сараптамалық зерттеу объектілерінің анықтығы мен жол берілетіндігіне сараптаманы тағайындаған адам, орган кепілдік береді.
3. Сараптамалық зерттеу объектілері, егер олардың көлемі мен қасиеттері мүмкіндік берсе, сарапшыға қапталған және мөрленген түрде беріледі. Қалған жағдайларда сараптаманы тағайындаған адам сарапшыны зерттеу объектілері тұрған жерге жеткізуді, оларға кедергісіз қол жеткізуді және зерттеу жүргізу үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз етуге тиіс.
4. Сот сараптамасы объектілерімен жұмыс істеу тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленеді.
5. Сараптама жүргізу кезінде оның объектілері сараптаманы тағайындаған органның рұқсатымен зерттеулер жүргізу және қорытынды беру үшін қаншалықты қажет болса, сол шамада ғана бүлдірілуі немесе пайдаланылуы мүмкін.
Көрсетілген рұқсат сот сараптамасын тағайындау туралы қаулыда немесе сот сарапшысының өтінішхатын қанағаттандыру туралы не оны қанағаттандырудан ішінара бас тарту туралы уәжді қаулыда қамтылуға тиіс.
281-бап. Жеке-дара және комиссиялық сараптама
1. Сараптаманы сарапшы жеке-дара не сарапшылар комиссиясы жүзеге асырады.
2. Комиссиялық сараптама күрделі сараптамалық зерттеулер жүргізу қажет болған жағдайларда тағайындалады және оны бір мамандықтағы кемінде екі сарапшы жүргізеді.
3. Есінің дұрыстығы туралы мәселе бойынша сот-психиатриялық сараптама жүргізу үшін кемінде үш сарапшы тағайындалады.
4. Комиссиялық сот сараптамасын жүргізу кезінде сот сарапшыларының әрқайсысы сот-сараптамалық зерттеуді тәуелсіз және дербес түрде толық көлемінде жүргізеді. Сараптама комиссиясының мүшелері алынған нәтижелерді бірлесіп талдайды және ортақ пікірге келгенде қорытындыға не қорытынды берудің мүмкін еместігі туралы хабарға қол қояды. Сарапшылар арасында келіспеушілік болған жағдайда, олардың әрқайсысы немесе сарапшылардың бір бөлігі жеке қорытынды береді не пікірі комиссияның басқа мүшелерінің қорытындыларына сәйкес келмеген сарапшы оны қорытындыда жеке тұжырымдайды.
5. Қылмыстық процесті жүргізетін органның, тергеу судьясының комиссиялық сараптама жүргізу туралы қаулысы сот сараптамасы органының басшысы үшін міндетті. Сот сараптамасы органының басшысы ұсынылған материалдар бойынша комиссиялық сараптама жүргізу туралы өз бетінше шешім қабылдауға және оны жүргізуді ұйымдастыруға құқылы.
1. Кешенді сараптама іс үшін маңызы бар мән-жайларды анықтау үшін әртүрлі білім салалары негізінде зерттеу қажет болғанда тағайындалады және оны түрлі мамандықтағы сарапшылар өз құзыреті шегінде жүргізеді.
Кешенді сараптаманы бір сарапшы өзінің түрлі сарапшылық мамандықтар бойынша зерттеу жүргізуге құқығы болған жағдайда жүргізе алады.
2. Кешенді сараптаманың қорытындысында әрбір сарапшының қандай зерттеуді, қандай көлемде жүргізгені және оның қандай түйіндерге келгені көрсетілуге тиіс. Әрбір сарапшы қорытындының осы зерттеулер мазмұндалған бөлігіне қол қояды.
3. Сарапшылардың әрқайсысы жүргізген зерттеулер нәтижелерінің негізінде олар анықтау үшін сараптама тағайындалған мән-жай туралы ортақ түйінді (түйіндерді) тұжырымдайды. Ортақ түйінді (түйіндерді) алынған нәтижелерді бағалауға құзыреті бар сарапшылар ғана тұжырымдап, қол қояды. Егер комиссияның түпкілікті түйінінің немесе оның бір бөлігінің негізі сарапшылардың бірі (жекелеген сарапшылар) анықтаған фактілер болса, онда бұл туралы қорытындыда көрсетілуге тиіс.
4. Сарапшылар арасында келіспеушіліктер туындаған жағдайда, зерттеулердің нәтижелері осы Кодекстің 281-бабының төртінші бөлігіне сәйкес ресімделеді.
5. Сот сараптамасы органына тапсырылған кешенді сараптама жүргізуді ұйымдастыру органның басшысына жүктеледі. Сот сараптамасы органының басшысы сондай-ақ ұсынылған материалдар бойынша кешенді сараптама жүргізу туралы өз бетінше шешім қабылдауға және оны жүргізуді ұйымдастыруға құқылы.
283-бап. Сарапшы қорытындысының мазмұны
1. Қажетті зерттеулер жүргізілгеннен кейін оның нәтижелерін ескере отырып, сарапшы (сарапшылар) өз атынан қорытынды жасап, оны өзінің қойған қолымен және жеке мөрімен растап, сараптаманы тағайындаған адамға жібереді. Сараптаманы сот сараптамасы органы жүргізген жағдайда, сарапшының (сарапшылардың) қойған қолы көрсетілген органның мөрімен расталады. Сарапшының (сарапшылардың) қорытындысы электрондық құжат түрінде ресімделуі мүмкін.
2. Сарапшының қорытындысында: оның ресімделген күні, сараптаманы жүргізу мерзімдері мен орны; сот сараптамасын жүргізу негіздері; сараптаманы тағайындаған орган туралы мәліметтер; сараптаманы жүргізу тапсырылған сот сараптамасы органы және (немесе) сарапшы (сарапшылар) туралы мәліметтер (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), білімі, сарапшылық мамандығы, мамандығы бойынша жұмыс өтілі, ғылыми дәрежесі және ғылыми атағы, атқаратын лауазымы); өзінің көрінеу жалған қорытынды бергені үшін қылмыстық жауаптылығы туралы ескертілгені туралы сарапшының (сарапшылардың) қойған қолымен куәландырылған белгі; сот сарапшысының (сарапшылардың) алдына қойылған мәселелер; сараптама жүргізу кезінде қатысқан процеске қатысушылар туралы және олар берген түсіндірмелер туралы мәліметтер; зерттеу объектілері; олардың жай-күйі, қаптамасы, мөрленгені, куәгерлердің қатысуы кезінде олардың қойған қолдарымен расталғаны; пайдаланылған әдістемелер көрсетіле отырып, зерттеулердің мазмұны мен нәтижелері; жүргізілген зерттеулердің нәтижелерін бағалау, сарапшының (сарапшылардың) алдына қойылған мәселелер бойынша түйіндерінің негіздемесі мен тұжырымдалуы көрсетілуге тиіс.
3. Егер зерттеу барысында осы Кодекстің 284-бабында көрсетілген мән-жайлар анықталса, қорытындыда қойылған мәселелердің барлығына немесе кейбіреуіне жауап берудің мүмкін болмауының негіздемесі қамтылуға тиіс.
4. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген тәртіппен куәландырылған, сарапшының қорытындысын көрнекілейтін материалдар (фотокестелер, схемалар, графиктер, кестелер және басқа да материалдар) қорытындыға қоса беріледі және оның құрамдас бөлігі болып табылады. Сондай-ақ қорытындыға зерттеуден кейін қалған объектілер, оның ішінде үлгілер қоса берілуге тиіс.
Ескерту. 283-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 07.11.2014 № 248-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 12.07.2018 № 180-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.284-бап. Қорытынды берудің мүмкін еместігі туралы хабар
Егер сарапшы зерттеу жүргізгенге дейін өзінің алдына қойылған мәселелер өзінің арнаулы ғылыми білімдерінің аясынан тыс екеніне немесе өзіне ұсынылған зерттеу объектілері не материалдары қорытынды беру үшін жарамсыз немесе жеткіліксіз екеніне және толықтырыла алмайтынына не ғылым мен сот сараптамасы тәжірибесінің жайы қойылған мәселелерге жауап қайтаруға мүмкіндік бермейтініне көзі жеткізсе, ол қорытынды берудің мүмкін еместігі туралы хабар жазып, оны сараптама тағайындаған адамға жібереді.
285-бап. Сарапшыдан және маманнан жауап алу
1. Сарапшыдан немесе маманнан жауап алу:
1) сарапшының немесе маманның қорытындысына байланысты іс үшін елеулі мәні бар, қосымша зерттеуді қажет етпейтін мәселелерді анықтау;
2) сарапшы, маман қолданған әдістерді және пайдаланылған терминдерді нақтылау;
3) қорытындының құрамдас бөлігі болып табылмайтын, бірақ сарапшының немесе маманның сотқа дейінгі процеске қатысуына байланысты басқа да фактілер мен мән-жайлар туралы ақпарат алу;
4) сарапшының немесе маманның біліктілігін анықтау мақсатында жүргізіледі.
2. Сарапшы мен маманнан жауап алу осы Кодекстің 210-бабының қағидалары бойынша жүргізіледі.
3. Сарапшыдан, маманнан олар қорытынды бергенге дейін жауап алуға тыйым салынады.
4. Сарапшыдан тірі адамдарға қатысты сот-психиатриялық, сондай-ақ сот-медициналық сараптама жүргізуге байланысты өзіне белгілі болған, өзінің қорытындысына қатысы жоқ мән-жайлардың себептері бойынша жауап алынбайды.
286-бап. Күдіктіге, айыпталушыға, жәбірленушіге сарапшының қорытындысын көрсету
1. Сарапшының қорытындысы немесе оның қорытынды берудің мүмкін еместігі туралы хабары, сондай-ақ сарапшыдан жауап алу хаттамасы сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталғанға дейін күдіктіге, айыпталушыға, жәбірленушіге не осы Кодекстің 274-бабының бірінші және екінші бөліктерінде көрсетілген өзге адамдарға ұсынылады, олар өз ескертулерін ұсынуға, сарапшының түйіндері бойынша қарсылықтарын мәлімдеуге, сарапшыдан жауап алу, қосымша немесе қайталама сараптама, сондай-ақ жаңа сараптамалар тағайындау туралы өтінішхаттарын мәлімдеуге құқылы. Мұндай өтінішхат қанағаттандырылған немесе қабылданбаған жағдайда, қылмыстық қудалау органы тиісті қаулы шығарады, ол өтінішхатты мәлімдеген адамға одан қолхат алып хабарланады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген адамдарды сарапшының қорытындысымен және одан жауап алудың хаттамасымен таныстыру туралы хаттама жасалады, хаттамада олардың жасаған мәлімдемелері немесе қарсылықтары көрсетіледі.
3. Осы баптың қағидалары күдіктінің іс-әрекетін саралау туралы қаулы немесе күдікті, жәбірленуші деп тану туралы қаулы шығарылғанға дейін сараптама жүргізілген жағдайларда да қолданылады.
287-бап. Қосымша және қайталама сараптамалар
1. Қорытындының анықтығы немесе толықтығы жеткіліксіз болған, сондай-ақ алдыңғы зерттеуге байланысты қосымша мәселелерді шешу қажеттігі туындаған кезде қосымша сараптама тағайындалады.
2. Қосымша сараптама жүргізу нақ сол не өзге сарапшыға тапсырылуы мүмкін.
3. Сарапшының алдыңғы қорытындысы жеткілікті түрде негізді болмағанда не оның түйіндері күмән туғызған не сараптаманы тағайындау мен жүргізу туралы процестік нормалар елеулі түрде бұзылған жағдайларда, дәл сол объектілерді зерттеу және дәл сол мәселелерді шешу үшін қайталама сараптама тағайындалады.
4. Қайталама сараптама тағайындау туралы қаулыда алдыңғы сараптаманың нәтижелерімен келіспеу себептері келтірілуге тиіс.
5. Қайталама сараптама жүргізу сарапшылар комиссиясына тапсырылады. Алдыңғы сараптаманы жүргізген сарапшылар қайталама сараптама жүргізген кезде қатысып, комиссияға түсініктемелер бере алады, бірақ олар сараптамалық зерттеуге және қорытынды жасауға қатыспайды.
6. Қосымша және қайталама сараптамалар жүргізу тапсырылған кезде сарапшыға (сарапшыларға) алдыңғы сараптамалардың қорытындылары берілуге тиіс.
7. Қосымша және қайталама сараптамалар осы Кодекстің 270, 272 – 284-баптарының талаптары сақтала отырып тағайындалады және жүргізіледі.
8. Екінші немесе реті бойынша келесі сараптама олардың біреуі – қосымша сараптамаға, ал өзгелері қайталама сараптамаға жататын бірнеше негіздер бойынша тағайындалса, осындай сараптама қайталама сараптама жүргізу қағидалары бойынша жүргізіледі.
36-тарау. СОТҚА ДЕЙІНГІ ТЕРГЕП-ТЕКСЕРУДІ ТОҚТАТУ ЖӘНЕ ҚАЙТА
БАСТАУ, КҮДІКТІГЕ, АЙЫПТАЛУШЫҒА ІЗДЕСТІРУ ЖАРИЯЛАУ, ЖОҒАЛҒАН ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕРДІ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ
288-бап. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тоқтату туралы қаулы
1. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тоқтату туралы уәжді қаулы шығарылады.
2. Қаулының кіріспе бөлігінде оны жасау уақыты мен орны, тоқтату туралы шешім қабылдаған адамның тегі және лауазымы көрсетіледі.
3. Қаулының сипаттау-уәждеу бөлігінде қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп күдік келтірілген адам туралы, күдіктің мәні, қылмыстық заңға сәйкес саралануы және қолданылған бұлтартпау шарасы көрсетіле отырып, қылмыстық істі тоқтатуға негіз болған мән-жайлар жазылады.
4. Қаулының қарар бөлігінде сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тоқтатуға негіз болған осы Кодекстің бабына (бөлігіне, тармағына) сілтеме жасала отырып, істі тоқтату туралы шешім, сондай-ақ бұлтартпау, мүлікке тыйым салу, лауазымынан уақытша шеттету, сөйлесулерді тыңдау мен жазу шарасының, процеске қатысушылардың құқықтарын шектейтін басқа да процестік мәжбүрлеу шараларының, тергеу және процестік әрекеттердің күшін жою, заттай дәлелдемелердің тағдыры туралы нұсқау, сондай-ақ егер қорғалатын адамға қатысты жеке қауіпсіздік шаралары қолданылған болса, олардың күшін жою немесе жүзеге асырылуын жалғастыру туралы шешім баяндалады.
5. Іс бойынша бірнеше күдікті, айыпталушы тартылып отырса, ал тоқтатудың негізі барлық күдіктілерге, айыпталушыларға қатысты болмаса, қылмыстық қудалау тек жеке күдіктілерге, айыпталушыларға қатысты тоқтатылады.
Жекелеген күдіктілерге, айыпталушыларға қатысты қылмыстық қудалауды тоқтату тиісті қылмыстық құқық бұзушылық бойынша анықталмаған өзге де адамдарға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жалғастыру үшін кедергі болып табылмайды.
6. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру осы Кодекстің 35-бабы бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақтарында және үшінші бөлігінде көзделген негіздер бойынша тоқтатылған кезде өзіне қатысты осы шешім қабылданған адамның кінәлі еместігіне күмән келтіретін тұжырымдауларды қаулыға қосуға жол берілмейді.
Ескерту. 288-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 03.01.2023 № 188-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.289-бап. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның сотқа дейінгі тергеп-тексеру тоқтатылғаннан кейінгі әрекеттері
1. Қылмыстық істі тоқтату туралы шешім қабылданған жағдайда сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам бір тәулік ішінде қаулы мен қылмыстық істі прокурорға бекіту үшін жібереді.
Қылмыстық іс бір бөлігінде не жекелеген күдіктілерді қылмыстық қудалау толық көлемде немесе бір бөлігінде тоқтатылған кезде прокурорға бекіту үшін қаулы жіберіледі.
2. Прокурор бекіткен қаулы келіп түскеннен кейін сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізген адам күдіктіні, оның қорғаушысын, заңды өкілін, жәбірленушіні және оның өкілін, азаматтық талапкерді, азаматтық жауапкерді және олардың өкілдерін сотқа дейінгі тергеп-тексерудің тоқтатылғаны және оны тоқтату негіздері туралы хабардар етеді.
Аталған адамдарға істің материалдарымен танысу құқығы және сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тоқтату туралы қаулыға шағым жасау тәртібі түсіндіріледі. Осы адамдардың өтінішхаты бойынша оларға прокурор бекіткен сотқа дейінгі тергеп-тексеруді немесе қылмыстық қудалауды тоқтату туралы қаулының көшірмесі табыс етіледі.
Ескерту. 289-бап жаңа редакцияда - ҚР 19.12.2020 № 384-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.290-бап. Прокурордың қылмыстық іс тоқтатылған кездегі әрекеттері
1. Келіп түскен қылмыстық істі оны тоқтату туралы қаулымен бірге немесе қылмыстық істі бір бөлігінде не жекелеген күдіктілерді қылмыстық қудалауды тоқтату туралы қаулыны зерделеу нәтижелері бойынша прокурор олар келіп түскен кезден бастап он тәулік ішінде мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
1) қылмыстық істі не қылмыстық қудалауды толық көлемде немесе бір бөлігінде тоқтату туралы қаулыны бекітеді;
2) уәжді қаулымен қаулыны бекітуден бас тартады және қажетті тергеу және процестік әрекеттерді жүргізу туралы көрсете отырып, оны сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамға қайтарады;
3) осы Кодекстің 35 және 36-баптарында көзделген өзге де негіздер бойынша қылмыстық істі не қылмыстық қудалауды толық көлемде немесе бір бөлігінде тоқтатады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінің 1) және 3) тармақтарында көзделген шешімдер қабылданған жағдайда қаулы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізген адамға мүдделі адамдарды хабардар ету, сондай-ақ заттай дәлелдемелердің тағдыры, бұлтартпау шараларының, мүлікке тыйым салудың, лауазымнан уақытша шеттетудің, басқа да процестік мәжбүрлеу шараларының күшін жою, қауіпсіздік шараларының күшін жою немесе оларды одан әрі жүзеге асыру туралы шешімдерді орындау үшін жіберіледі.
Күдіктіге қатысты таңдап алынған күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасының күші жойылған жағдайда прокурор қаулының көшірмесін дереу күзетпен ұстау орнының әкімшілігіне орындау үшін жібереді.
3. Осы Кодекстің 289-бабының екінші бөлігінде көрсетілген адамдардың өтінішхаты бойынша прокурор оларға тоқтатылған қылмыстық істің материалдарымен танысу мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
Ескерту. 290-бап жаңа редакцияда - ҚР 19.12.2020 № 384-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.291-бап. Тоқтатылған сотқа дейінгі тергеп-тексеруді немесе қылмыстық қудалауды қайта бастау
1. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді немесе қылмыстық қудалауды ол тоқтатылғаннан кейін қайта бастау прокурор не сот оны тоқтату туралы қаулының күшін жойғаннан кейін жүзеге асырылады.
Кінәні мойындау және заңсыз иемденілген активтерді қайтару туралы процестік келісімнің шарттары орындалмаған кезде сотқа дейінгі тергеп-тексеруді немесе қылмыстық қудалауды тоқтату туралы қаулы шығарған сот прокурордың өтінішхаты бойынша осындай қаулының күшін жояды.
2. Іс бойынша іс жүргізудің қайта басталғаны туралы күдікті, айыпталушы, олардың қорғаушылары, жәбірленуші және оның өкілі, заматтық талапкер, азаматтық жауапкер немесе олардың өкілдері, сондай-ақ өздерінің арызы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған адам немесе ұйым жазбаша хабардар етіледі.
3. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді қайта бастау, егер адамды қылмыстық жауаптылыққа тартудың ескіру мерзімі аяқталмаса ғана орын алуы мүмкін.
4. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру осы баптың ережелеріне сәйкес қайта басталған жағдайда, прокурор күзетпен ұстауды немесе үйқамақты қоспағанда, уәжді қаулысымен бұлтартпау шарасын таңдауға құқылы.
5. Егер прокурор күзетпен ұстау немесе үйқамақ түрінде бұлтартпау шарасын таңдау қажет деп тапса, ол тиісінше осы Кодекстің 146 және 147-баптарын басшылыққа алады.
Ескерту. 291-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 19.12.2020 № 384-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.07.2023 № 23-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.292-бап. Күдіктіге, айыпталушыға іздестіру жариялау
1. Күдіктіні, айыпталушыны іздестіру оның тұрған жерін анықтау, ұстап алу және сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын органның қарауына беру шараларын қолдануды көздейді.
Күдіктінің іс-әрекетін саралау туралы қаулы шығарылғаннан кейін оған қатысты, сондай-ақ айыпталушыға қатысты іздестіру жариялануы мүмкін.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам күдіктіге, айыпталушыға іздестіру жариялау туралы қаулы шығарады, онда олардың жеке басы туралы белгілі болған барлық мәліметтер, іздестіруді жүргізу негіздері көрсетіледі және іздестіру жүргізуді анықтау органдарына тапсырады.
2. Осы Кодекстің 136-бабында көрсетілген негіздер болған кезде іздестіру жарияланған күдіктіге, айыпталушыға қатысты ол табылған жағдайда бұлтартпау шарасы таңдалуы мүмкін. Осы Кодекстің 147-бабында көзделген жағдайларда тергеу судьясының санкциясы бойынша күзетпен ұстау түрінде бұлтартпау шарасы қолданылуы мүмкін.
Іздестіріліп жатқан адамға қатысты бұлтарпау шарасын таңдау туралы қаулы, сондай-ақ тиісті жағдайларда оны санкциялау туралы соттың қаулысы іздестіруді жүзеге асыратын органға жіберіледі.
3. Күдікті, айыпталушы анықталған жағдайда, ол осы Кодекстің 131-бабында белгіленген тәртіппен ұстап алынуы мүмкін.
4. Халықаралық іздестіру жариялау үшін негіздер болған кезде қылмыстық қудалау органы күдіктіге, айыпталушыға халықаралық іздестіру жариялау туралы жеке қаулы шығарады.
Халықаралық іздестіру жариялау туралы қаулыны санкциялау осы Кодекстің 56-бабының екінші бөлігінде көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
Ескерту. 292-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 07.11.2014 № 248-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).293-бап. Жоғалған қылмыстық істі не оның материалдарын қалпына келтіру
1. Жоғалған қылмыстық істі не оның материалдарын қалпына келтіру – прокурордың, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның қаулысы бойынша, ал қылмыстық іс немесе материалдар сот ісін жүргізу барысында жоғалған жағдайда прокурорға орындау үшін жіберілетін сот шешімі бойынша жүргізіледі.
2. Қылмыстық істі қалпына келтіру осы Кодексте белгіленген тәртіппен дәлелдемелер деп танылуы мүмкін қылмыстық іс материалдарының сақталған көшірмелері, оның ішінде электрондық немесе қағаз жеткізгіштердегі мәліметтер бойынша не қылмыстық процесті жүргізетін органның процестік әрекеттер жүргізу арқылы, сондай-ақ ақпараттық-есепке алу құжаттарының, өзге қажетті материалдардың негізінде жүргізіледі.
3. Қылмыстық істі қалпына келтіру кезінде анықтау, алдын ала тергеу және күзетпен ұстау мерзімдері осы Кодекстің 151, 192-баптарында белгіленген тәртіппен есептеледі.
4. Егер жоғалған қылмыстық іс бойынша күзетпен ұстаудың шекті мерзімі өтіп кетсе, күдікті дереу босатылуға жатады.
37-тарау. ТЕРГЕУ ӘРЕКЕТТЕРІН ЖҮРГІЗУДІҢ АЯҚТАЛҒАНЫ ТУРАЛЫ
ХАБАРЛАУ ЖӘНЕ ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСКЕ ҚАТЫСУШЫЛАРДЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТІҢ
МАТЕРИАЛДАРЫМЕН ТАНЫСТЫРУ
294-бап. Тергеу әрекеттерін жүргізудің аяқталғаны және қылмыстық істің материалдарымен танысу құқығын түсіндіру туралы хабарлау
1. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам қылмыстық іс бойынша осы Кодекстің 113-бабының талаптарына сәйкес дәлелденуге жататын барлық мән-жайлардың анықталғанын мойындап, күдіктіні, егер оның қорғаушысы, заңды өкілі іске қатысып отырған болса, оларды, сондай-ақ жәбірленушіні, оның өкілін, азаматтық талапкерді, азаматтық жауапкерді, олардың өкілдерін іс бойынша тергеу әрекеттерін жүргізудің аяқталғаны туралы жазбаша түрде хабардар етеді.
Осы баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацында көрсетілген адамдарды хабардар етумен бір мезгілде оларға қылмыстық іс материалдарымен танысу, қосымша тергеу әрекеттерін жүргізу не басқа процестік шешімдер қабылдау туралы өтінішхаттарды мәлімдеу құқығы түсіндіріледі. Хабарламада, сондай-ақ, танысу орны және олар қылмыстық іс материалдарымен таныса алатын мерзім қамтылады.
2. Егер қылмыстық іс бойынша тергеу әрекеттерін жүргізуді аяқтау кезінде не күдіктінің және оның қорғаушысының іс материалдарымен танысу кезеңінде күзетпен ұстау мерзімдері бітсе, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам қылмыстық іс материалдарымен танысу кезеңінде күдіктіні күзетпен ұстау мерзімін санкциялау туралы өтінішхатты соттың алдында қозғау туралы қаулы шығарады.
Күдіктіні күзетпен ұстауда болу мерзімін санкциялау осы Кодекстің 152-бабында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
3. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам осы Кодекстің 307-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша кәмелетке толмаған күдіктінің немесе кәмелетке толмаған жәбірленушінің мүдделерін білдіретін тарапқа кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың соттылығына жататын істі аудандық және оған теңестірілген сотта қарату құқығын түсіндіруге міндетті.
4. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам процеске қатысушының қылмыстық іс материалдарымен танысқаны туралы хаттама жасайды. Күдіктінің немесе оның қорғаушысының өтінуі бойынша қылмыстық іс материалдармен танысу бір уақытта жүргізілуі мүмкін, ол туралы біртұтас хаттама жасалады.
Күдікті қылмыстық іс материалдарымен танысудан бас тартқан жағдайда, ол туралы хаттамада белгі жасалады.
Егер күдіктінің қорғаушысы, заңды өкілі, жәбірленуші, жәбірленушінің, азаматтық талапкердің, азаматтық жауапкердің өкілдері белгіленген уақытта танысуға дәлелді себептер бойынша келе алмаса, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам танысуды бес тәуліктен аспайтын мерзімге кейінге қалдырады.
Осы мерзім ішінде күдіктінің қорғаушысы немесе жәбірленушінің өкілі келмеген жағдайда, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам басқа қорғаушының немесе өкілдің келуі үшін шара қолданады.
295-бап. Жәбірленушіні, азаматтық талапкерді, азаматтық жауапкерді және олардың өкілдерін іс материалдарымен таныстыру
1. Жәбірленушінің немесе оның өкілінің ауызша немесе жазбаша өтінішхаты болған жағдайда, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам осы адамдарды іс материалдарымен немесе олардың танысқысы келген бір бөлігімен таныстырады. Азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер немесе олардың өкілдері, егер олар өтінішхатты мәлімдеген болса, іс материалдарының азаматтық талап қоюға қатысты бөлігімен танысады.
2. Таныстыру осы Кодекстің 296-бабында көзделген тәртіппен жүргізіледі.
296-бап. Күдікті мен оның қорғаушысын істің барлық материалдарымен таныстыру
1. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам осы Кодекстің 295-бабының талаптарын орындай отырып, күдіктіге және оның қорғаушысына айыптаулар тізімін қоспағанда, тігіліп, нөмірленіп, іс парақтарының тізімдемесіне енгізіліп, байланып және тергеу органының мөрімен куәландырылып қойылуға тиіс қылмыстық істің барлық материалдарын ұсынады. Күдіктінің немесе оның қорғаушысының өтінуі бойынша танысу үшін заттай дәлелдемелер де ұсынылады және егер тергеу әрекеттерінің хаттамаларына қоса берілген болса, фонограммалар, бейнежазбалар, кинофильмдер, слайдтар, өзге де ақпарат жеткізгіштер тыңдатып-көрсетіледі. Күдіктінің немесе оның қорғаушысының өтінуі бойынша олар істің материалдарымен бірге немесе бөлек таныса алады.
2. Күдікті және қорғаушы іс материалдарымен танысу процесінде, егер ол бірнеше томнан тұратын болса, олардың кез келгеніне қайта оралуға, сондай-ақ кез келген мәліметті және кез келген көлемде көшіріп алуға, мемлекеттік құпияларды немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны қамтитын мәліметтерді қоспағанда, құжаттардың көшірмелерін түсіріп алуға, оның ішінде ғылыми-техникалық құралдардың көмегімен түсіріп алуға құқылы. Істің мемлекеттік құпияларды немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтері бар құжаттарынан үзінділер мен көшірмелер іспен бірге сақталады және күдіктіге не оның қорғаушысына сот отырысы уақытында беріледі.
3. Күдікті мен қорғаушыға істің барлық материалдарымен танысу үшін қажетті уақыт шектелмейді. Егер күдікті мен қорғаушы істің материалдарымен танысу уақытын көрінеу созбаласа, онда сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам белгілі бір мерзімді белгілей отырып, прокурор бекіткен іс материалдарымен танысу графигін жасауға құқылы.
4. Күдікті мен қорғаушы іс материалдарымен танысып болғаннан кейін сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам олардың өтінішхат мәлімдейтінін және нақты не туралы екенін, қандай өзге де мәлімдемелер жасағысы келетінін анықтауға міндетті.
Бұл ретте күдікті мен оның қорғаушысы қылмыстық іске міндетті түрде қоса тігілетін қосымша дәлелдемелер мен өзге ақпарат береді. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам осы Кодекстің 297-бабының үшінші және төртінші бөліктерінде көзделген тәртіппен қосымша тергеу әрекеттерін жүргізуге құқылы.
Тараптардың сол кезде қолда бар дәлелдемелер мен өзге материалдарды толық көлемде ұсынбауы оларды дәлелдемелер ретінде жіберуге болмайды деп тануға алып келеді.
Бұл ретте қорғау тарапы, өзінің пікірі бойынша, күдіктіні қорғау мүдделерін қамтамасыз ету үшін ерекше маңызы бар дәлелдемені, уәждемесіне қарамастан, сотқа дейінгі тергеп-тексеру органына бермеуге құқылы.
Күдікті мен оның қорғаушысынан олардың жауап алынған куәлардың, сондай-ақ іске қатысатын сарапшылардың, мамандардың және куәгерлердің арасынан нақты қайсысын сот отырысына жауап алу және қорғану ұстанымын растау үшін шақыртқысы келетіні анықталуға тиіс.
Ескерту. 296-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 21.12.2017 № 118-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).297-бап. Қылмыстық істің материалдарымен танысу аяқталған соң мәлімделген өтінішхаттарды қарау және шешу тәртібі
1. Осы Кодекстің 294-бабында көрсетілген адамдардың қылмыстық іс материалдарымен танысуы аяқталғаннан кейін сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам қандай да бір өтінішхаттардың немесе өзге де мәлімдемелердің бар-жоғын анықтайды.
2. Күдіктінің, оның қорғаушысының, заңды өкілінің, жәбірленушінің, азаматтық талапкердің, азаматтық жауапкердің және олардың өкілдерінің іс материалдармен танысқаннан кейін ауызша мәлімдеген өтінішхаттары танысу туралы хаттамаға енгізіледі.
Процеске қатысушы өтінішхатты жазбаша түрде баяндау ниеті туралы мәлімдеген жағдайларда, оны дайындауға қажетті, үш тәуліктен аспайтын уақыт ұсынылады, таныстыру туралы хаттамада бұл туралы белгі жасалады. Жазбаша өтінішхат іске қоса беріледі.
3. Өтінішхат осы Кодекстің 99-бабында белгіленген тәртіппен қарастырылады және шешіледі, оның негізінде сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам іс бойынша маңызы бар мән-жайларды анықтау туралы өтінішхатты қанағаттандырудан бас тартуға құқылы емес. Мұндай жағдайларда, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам қосымша тергеу әрекеттерін жүргізу қажеттігін мойындай отырып, тергеу әрекеттерін жүргізуді қайта бастау және өтінішхатты қанағаттандыру туралы қаулы шығарады, бұл ретте процеске басқа қатысушылардың қылмыстық іс материалдарымен танысуының жалғасуы өтінішхатты шешуге және ол қанағаттандырылған жағдайда, бұл тергеу әрекеттерін жүргізуге кедергі болмайды.
4. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам қосымша тергеу әрекеттері жүргізілгеннен кейін тергеу әрекеттерінің аяқталғаны туралы қайтадан жариялайды және қылмыстық іс материалдарымен бұрын танысқан процеске қатысушыларға қосымша тергеу әрекеттерінің материалдарымен не олардың өтінуі бойынша қылмыстық істің материалдарымен осы тарауда белгіленген тиісті қатысушылар құқықтарының шегінде танысу құқығы мүмкіндігін түсіндіреді.
5. Мәлімделген өтінішхаттарды қанағаттандырудан толық немесе ішінара бас тартылған жағдайда, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам тиісті қаулы шығарады, оның көшірмесін өтінішхатты мәлімдеген адамның жеке өзіне бір тәулік ішінде табыс етеді немесе оған байланыстың қолжетімді құралдары арқылы жібереді.
6. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның қылмыстық іс бойынша өтінішхатты қанағаттандырудан бас тартуына өтінішхатты қанағаттандырудан бас тарту туралы қаулының көшірмесі алынған кезден бастап үш тәулік ішінде прокурорға шағым жасауға болады.
7. Прокурор шағымды шешкенге дейін қылмыстық іс сотқа жіберілмеуге тиіс. Прокурордың өтінішхатты қанағаттандырудан бас тартуға берілген шағымды қабылдамауы осы өтінішхатты сотта мәлімдеуге кедергі болмайды.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!38-тараудың тақырыбына өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 01.07.2026 № 331-VIII (01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
38-тарау. Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есепті жасау және қылмыстық істі прокурорға жіберу
Ескерту. 38-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР 27.12.2021 № 88-VII Заңымен (мынадай:
ішкі істер органдарының, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің және экономикалық тергеу қызметінің тергеушілері тергеп-тексеретін, оның ішінде басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істермен біріктірілген аса ауыр қылмыстар туралы істерге қатысты 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап;
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 3-бабының 29) тармағында көзделген, оның ішінде басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істермен біріктірілген сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы істерге қатысты 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін;
алдын ала тергеу нысанында аяқталған өзге де қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істерге қатысты 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есепті жасауы, прокурордың айыптау актісін жасауы және прокурор айыптау актісін жасаған кезден бастап адамды айыпталушы деп тану бөлігінде).
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
298-баптың тақырыбы жаңа редакцияда көзделген – ҚР 01.07.2026 № 331-VIII (01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
298-бап. Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есепті жасау
Ескерту. 298-баптың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР 27.12.2021 № 88-VII Заңымен (мынадай:
ішкі істер органдарының, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің және экономикалық тергеу қызметінің тергеушілері тергеп-тексеретін, оның ішінде басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істермен біріктірілген аса ауыр қылмыстар туралы істерге қатысты 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап;
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 3-бабының 29) тармағында көзделген, оның ішінде басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істермен біріктірілген сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы істерге қатысты 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін;
алдын ала тергеу нысанында аяқталған өзге де қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істерге қатысты 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есепті жасауы, прокурордың айыптау актісін жасауы және прокурор айыптау актісін жасаған кезден бастап адамды айыпталушы деп тану бөлігінде).
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
1-бөлік жаңа редакцияда көзделген – ҚР 01.07.2026 № 331-VIII (01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам процеске қатысушыларды қылмыстық іс материалдарымен таныстырғаннан және олардың өтінішхаттарын шешкеннен кейін сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есепті жасайды.
Ескерту. 1-бөлік жаңа редакцияда – ҚР 27.12.2021 № 88-VII Заңымен (мынадай:ішкі істер органдарының, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің және экономикалық тергеу қызметінің тергеушілері тергеп-тексеретін, оның ішінде басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істермен біріктірілген аса ауыр қылмыстар туралы істерге қатысты 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап;
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 3-бабының 29) тармағында көзделген, оның ішінде басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істермен біріктірілген сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы істерге қатысты 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін;
алдын ала тергеу нысанында аяқталған өзге де қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істерге қатысты 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есепті жасауы, прокурордың айыптау актісін жасауы және прокурор айыптау актісін жасаған кезден бастап адамды айыпталушы деп тану бөлігінде).
2. Егер адамға бірнеше қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп күдік келтірілген болса, олардың әрқайсысын сипаттау уақыт бойынша басқалардан ерте жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтан бастап, хронологиялық тәртіппен жүзеге асырылады.
Ескерту. 298-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 27.12.2021 № 88-VII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.299-бап. Қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есептің мазмұны
1. Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есепте мыналар көрсетіледі:
1) сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есептің жасалған уақыты және орны;
2) сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есепті жасаған адамның лауазымы, тегі және аты-жөні;
3) күдіктінің тегі, аты және әкесінің аты (ол болған кезде), оның туған күні, айы, жылы және туған жері, оған жасады деп айып тағылып отырған іс-әрекет сараланатын қылмыстық заңның нақты бабы, бабының бөлігі және тармағы;
4) қылмыстық құқық бұзушылықтың оқиғасы, жасалған орны мен уақыты, оның тәсілі, салдары және өзге де мән-жайлар;
5) адамды айыптауға негіз болатын мән-жайларды растайтын дәлелдемелердің тізбесі;
6) айыптау актісін шығару туралы мәселені шешу үшін қылмыстық істі прокурорға жіберу және қылмыстық істі мәні бойынша қарау үшін сотқа жіберу туралы шешім;
7) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 48-бабына сәйкес тәркіленуге жататын мүлік анықталған жағдайда тәркілеуді қолдану қажеттілігін растайтын дәлелдемелердің тізбесі.
2. Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есепке оны жасаған адам қол қояды.
3. Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есепке сот отырысына шақырылуға жататын адамдардың тізімі қоса беріледі. Тізімде адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), оның процестік жағдайы, тұрғылықты жері, оның айғақтары берілген қылмыстық іс парағының және томының нөміріне сілтеме көрсетіледі.
Тізім екі бөліктен: күдікті және қорғаушы атаған адамдардың тізімінен (қорғау тізімінен) және сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асырған адам жасаған тізімнен (айыптау тізімінен) тұруға тиіс.
Тізім мөрленген конвертке салынады және қылмыстық іске қоса тігіледі.
Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есепке сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімі, бұлтартпау шарасы, адамды күзетпен ұстау мерзімі, қолда бар заттай дәлелдемелер және оларды сақтау орны, азаматтық талап қоюды қамтамасыз ету және сот үкімін орындау үшін қабылданған шаралар, күдіктіден өндіріп алынуға жататын процестік шығындар мен сомалар, мәлімделген талап қою көрсетілетін анықтама да қоса беріледі.
Ескерту. 299-бап жаңа редакцияда – ҚР 27.12.2021 № 88-VII Заңымен (мынадай:ішкі істер органдарының, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің және экономикалық тергеу қызметінің тергеушілері тергеп-тексеретін, оның ішінде басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істермен біріктірілген аса ауыр қылмыстар туралы істерге қатысты 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап;
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 3-бабының 29) тармағында көзделген, оның ішінде басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істермен біріктірілген сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы істерге қатысты 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін;
алдын ала тергеу нысанында аяқталған өзге де қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істерге қатысты 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есепті жасауы, прокурордың айыптау актісін жасауы және прокурор айыптау актісін жасаған кезден бастап адамды айыпталушы деп тану бөлігінде).
Ескерту. 299-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 16.07.2025 № 210-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
299-1-баппен толықтыру көзделген – ҚР 01.07.2026 № 331-VIII (01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
300-баптың тақырыбы жаңа редакцияда көзделген – ҚР 01.07.2026 № 331-VIII (01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
300-бап. Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есепті және қылмыстық істі прокурорға жіберу
Ескерту. 300-баптың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР 27.12.2021 № 88-VII Заңымен (мынадай:
ішкі істер органдарының, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің және экономикалық тергеу қызметінің тергеушілері тергеп-тексеретін, оның ішінде басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істермен біріктірілген аса ауыр қылмыстар туралы істерге қатысты 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап;
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 3-бабының 29) тармағында көзделген, оның ішінде басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істермен біріктірілген сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы істерге қатысты 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін;
алдын ала тергеу нысанында аяқталған өзге де қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істерге қатысты 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есепті жасауы, прокурордың айыптау актісін жасауы және прокурор айыптау актісін жасаған кезден бастап адамды айыпталушы деп тану бөлігінде).
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
1-бөлікке өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 01.07.2026 № 331-VIII (01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Қылмыстық іс сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есеппен бірге прокурорға жіберіледі.
Ескерту. 1-бөлік жаңа редакцияда – ҚР 27.12.2021 № 88-VII Заңымен (мынадай:ішкі істер органдарының, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің және экономикалық тергеу қызметінің тергеушілері тергеп-тексеретін, оның ішінде басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істермен біріктірілген аса ауыр қылмыстар туралы істерге қатысты 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап;
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 3-бабының 29) тармағында көзделген, оның ішінде басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істермен біріктірілген сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы істерге қатысты 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін;
алдын ала тергеу нысанында аяқталған өзге де қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істерге қатысты 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есепті жасауы, прокурордың айыптау актісін жасауы және прокурор айыптау актісін жасаған кезден бастап адамды айыпталушы деп тану бөлігінде).
2. Күдікті күзетілуде болған жағдайда, қылмыстық істің материалдарына оның жеке басын куәландыратын құжат қоса беріледі. Қалған жағдайларда, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам куәландырған көшірме қоса тігіледі.
3. Шетел азаматы не азаматтығы жоқ адам болып табылатын күдіктіде оның жеке басын куәландыратын құжат болмаған жағдайда, материалдарға айрықша жағдайларда өзге құжат қоса берілуі мүмкін.
Ескертпе. Осы бапта:
1) Қазақстан Республикасы азаматының паспорты;
2) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі;
3) шетел азаматының Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат;
4) азаматтығы жоқ адамның куәлігі;
5) Қазақстан Республикасының дипломатиялық паспорты;
6) Қазақстан Республикасының қызметтік паспорты;
7) босқын куәлігі;
8) теңізшінің жеке куәлігі;
9) шетелдік паспорт;
10) жүргізушінің куәлігі;
11) қайтып оралуға арналған куәлік;
12) жеке куәлік алуға жасы толмаған адамның туу туралы куәлігі;
13) туу туралы актілік жазба;
14) әскери билет жеке басты куәландыратын құжаттар болып танылады.
Ескерту. 300-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 27.12.2021 № 88-VII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.ЗҚАИ-ның ескертпесі!
39-тараудың тақырыбына өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 01.07.2026 № 331-VIII (01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
39-тарау. Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есеппен бірге келіп түскен қылмыстық іс бойынша прокурордың шешімдері және әрекеттері, сондай-ақ айыптау актісін алғаннан кейін қорғаушының әрекеттері
Ескерту. 39-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР 27.12.2021 № 88-VII Заңымен (мынадай:
ішкі істер органдарының, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің және экономикалық тергеу қызметінің тергеушілері тергеп-тексеретін, оның ішінде басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істермен біріктірілген аса ауыр қылмыстар туралы істерге қатысты 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап;
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 3-бабының 29) тармағында көзделген, оның ішінде басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істермен біріктірілген сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы істерге қатысты 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін;
алдын ала тергеу нысанында аяқталған өзге де қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істерге қатысты 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есепті жасауы, прокурордың айыптау актісін жасауы және прокурор айыптау актісін жасаған кезден бастап адамды айыпталушы деп тану бөлігінде).
Ескерту. 39-тараудың тақырыбына өзгеріс енгізілді – ҚР 16.07.2025 № 210-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
301-баптың тақырыбына өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 01.07.2026 № 331-VIII (01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
301-бап. Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есеппен бірге келіп түскен қылмыстық істі зерделеу кезінде прокурор шешетін мәселелер
Ескерту. 301-баптың тақырыбы және бірінші абзацы жаңа редакцияда – ҚР 27.12.2021 № 88-VII Заңымен (мынадай:
ішкі істер органдарының, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің және экономикалық тергеу қызметінің тергеушілері тергеп-тексеретін, оның ішінде басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істермен біріктірілген аса ауыр қылмыстар туралы істерге қатысты 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап;
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 3-бабының 29) тармағында көзделген, оның ішінде басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істермен біріктірілген сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы істерге қатысты 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін;
алдын ала тергеу нысанында аяқталған өзге де қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істерге қатысты 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есепті жасауы, прокурордың айыптау актісін жасауы және прокурор айыптау актісін жасаған кезден бастап адамды айыпталушы деп тану бөлігінде).
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
301-баптың бірінші абзацына өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 01.07.2026 № 331-VIII (01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Прокурор сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есеппен бірге келіп түскен қылмыстық істі зерделейді және мыналарды:
1) іс-әрекеттің орын алғанын-алмағанын және іс-әрекет қылмыстық құқық бұзушылық құрамын қамтитынын-қамтымайтынын;
2) істе оны тоқтатуға әкеп соғатын мән-жайлардың бар-жоғын;
3) күдіктінің іс-әрекеті қайта саралауға жататынын-жатпайтынын;
Ескерту. 3) тармақ жаңа редакцияда – ҚР 27.12.2021 № 88-VII Заңымен (мынадай:ішкі істер органдарының, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің және экономикалық тергеу қызметінің тергеушілері тергеп-тексеретін, оның ішінде басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істермен біріктірілген аса ауыр қылмыстар туралы істерге қатысты 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап;
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 3-бабының 29) тармағында көзделген, оның ішінде басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істермен біріктірілген сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы істерге қатысты 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін;
алдын ала тергеу нысанында аяқталған өзге де қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істерге қатысты 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есепті жасауы, прокурордың айыптау актісін жасауы және прокурор айыптау актісін жасаған кезден бастап адамды айыпталушы деп тану бөлігінде).
4) адамға тағылып отырған іс-әрекеттің істе бар дәлелдемелермен расталғанын-расталмағанын;
5) адамның анықталған қылмыстық жазаланатын іс-әрекеттердің барлығы бойынша күдікті деп танылғанын-танылмағанын;
6) іс бойынша өздеріне қатысты қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы дәлелдемелер алынған барлық адамдарды қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін шаралардың қабылданғанын-қабылданбағанын;
7) істе бұлтартпау шарасын таңдауға, өзгертуге не оның күшін жоюға негіздердің бар-жоғын;
Ескерту. 7) тармақ жаңа редакцияда – ҚР 27.12.2021 № 88-VII Заңымен (мынадай:ішкі істер органдарының, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің және экономикалық тергеу қызметінің тергеушілері тергеп-тексеретін, оның ішінде басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істермен біріктірілген аса ауыр қылмыстар туралы істерге қатысты 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап;
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 3-бабының 29) тармағында көзделген, оның ішінде басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істермен біріктірілген сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы істерге қатысты 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін;
алдын ала тергеу нысанында аяқталған өзге де қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істерге қатысты 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есепті жасауы, прокурордың айыптау актісін жасауы және прокурор айыптау актісін жасаған кезден бастап адамды айыпталушы деп тану бөлігінде).
8) азаматтық талап қоюды және мүлікті ықтимал тәркілеуді қамтамасыз ету шараларының қабылданғанын-қабылданбағанын;
8-1) күдіктінің, айыпталушының мүлкі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 48-бабында көзделген жағдайларда ықтимал тәркілеу үшін негіз болып табылатын қылмыстық құқық бұзушылықпен байланысты-байланысты емес екенін және осы мүліктің тәркілеу нысанасына жататындығына дәлелдемелердің ұсынылғанын-ұсынылмағанын;
ЗҚАИ-ның ескертпесі!301-бапты 8-2) тармақпен толықтыру көзделген – ҚР 16.07.2025 № 210-VIII (01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
9) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуде қылмыстық-процестік заңды елеулі бұзушылықтарға жол берілгенін-берілмегенін;
10) қылмыстық қудалау органының процестік шығындар сомаларын және соттың оларды өндіріп алуын қамтамасыз ету үшін өзге де сомаларды анықтау шараларын қабылдағанын-қабылдамағанын;
11) процестік келісім жасасу үшін негіздердің бар-жоғын тексереді.
Ескерту. 301-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 21.01.2019 № 217-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2021 № 88-VII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңдарымен.ЗҚАИ-ның ескертпесі!
302-баптың тақырыбына өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 01.07.2026 № 331-VIII (01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
302-бап. Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есеппен бірге келіп түскен қылмыстық іс бойынша прокурордың шешімі және әрекеттері
Ескерту. 302-баптың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР 27.12.2021 № 88-VII Заңымен (мынадай:
ішкі істер органдарының, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің және экономикалық тергеу қызметінің тергеушілері тергеп-тексеретін, оның ішінде басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істермен біріктірілген аса ауыр қылмыстар туралы істерге қатысты 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап;
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 3-бабының 29) тармағында көзделген, оның ішінде басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істермен біріктірілген сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы істерге қатысты 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін;
алдын ала тергеу нысанында аяқталған өзге де қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істерге қатысты 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есепті жасауы, прокурордың айыптау актісін жасауы және прокурор айыптау актісін жасаған кезден бастап адамды айыпталушы деп тану бөлігінде).
1. Қылмыстық іс материалдарын зерделеу нәтижелері бойынша прокурор мынадай әрекеттердің бірін жүргізеді:
ЗҚАИ-ның ескертпесі!1) тармақша жаңа редакцияда көзделген – ҚР 01.07.2026 № 331-VIII (01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1) айыптау актісін жасайды;
Ескерту. 1) тармақ жаңа редакцияда – ҚР 27.12.2021 № 88-VII Заңымен (мынадай:ішкі істер органдарының, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің және экономикалық тергеу қызметінің тергеушілері тергеп-тексеретін, оның ішінде басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істермен біріктірілген аса ауыр қылмыстар туралы істерге қатысты 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап;
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 3-бабының 29) тармағында көзделген, оның ішінде басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істермен біріктірілген сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы істерге қатысты 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін;
алдын ала тергеу нысанында аяқталған өзге де қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істерге қатысты 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есепті жасауы, прокурордың айыптау актісін жасауы және прокурор айыптау актісін жасаған кезден бастап адамды айыпталушы деп тану бөлігінде).
2) алып тасталды – ҚР 27.12.2021 № 88-VII Заңымен (мынадай:
ішкі істер органдарының, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің және экономикалық тергеу қызметінің тергеушілері тергеп-тексеретін, оның ішінде басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істермен біріктірілген аса ауыр қылмыстар туралы істерге қатысты 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап;
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 3-бабының 29) тармағында көзделген, оның ішінде басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істермен біріктірілген сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы істерге қатысты 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін;
алдын ала тергеу нысанында аяқталған өзге де қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істерге қатысты 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есепті жасауы, прокурордың айыптау актісін жасауы және прокурор айыптау актісін жасаған кезден бастап адамды айыпталушы деп тану бөлігінде).
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
2-1) тармақпен толықтыру көзделген – ҚР 01.07.2026 № 331-VIII (01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
3) сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамға қылмыстық істі қосымша тергеу жүргізу үшін жібереді;
ЗҚАИ-ның ескертпесі!1-бөлікті 3-1) тармақпен толықтыру көзделген – ҚР 16.07.2025 № 210-VIII (01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
4) осы Кодекстің 35 және 36-баптарында көзделген негіздер бойынша қылмыстық істі толық көлемде немесе оның бір бөлігін қысқартады;
5) өз қалауы немесе қорғаушы тараптың өтінішхаты бойынша процестік келісім жасасу туралы мәселені шешеді;
6) қорғаушы куәлардың тізімін қоспағанда, сотқа шақырылуға жататын адамдардың тізімін толықтырады немесе қысқартады.
2. Прокурор осы баптың бірінші бөлігінде көзделген әрекеттерді он тәулік ішінде жүзеге асырады, ал күрделі, көп эпизодты қылмыстық істер бойынша бұл әрекеттер бір айға дейінгі мерзімде жүзеге асырылуы мүмкін.
Ескерту. 2-бөлік жаңа редакцияда – ҚР 27.12.2021 № 88-VII Заңымен (мынадай:ішкі істер органдарының, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің және экономикалық тергеу қызметінің тергеушілері тергеп-тексеретін, оның ішінде басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істермен біріктірілген аса ауыр қылмыстар туралы істерге қатысты 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап;
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 3-бабының 29) тармағында көзделген, оның ішінде басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істермен біріктірілген сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы істерге қатысты 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін;
алдын ала тергеу нысанында аяқталған өзге де қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істерге қатысты 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есепті жасауы, прокурордың айыптау актісін жасауы және прокурор айыптау актісін жасаған кезден бастап адамды айыпталушы деп тану бөлігінде).
Ескерту. 302-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 27.12.2021 № 88-VII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.
302-1-бап. Айыптау актісінің мазмұны
1. Прокурордың айыптау актісі кіріспе, сипаттау-уәждеу және қарар бөліктерінен тұрады.
2. Кіріспе бөлікте прокурор өзіне (өздеріне) қатысты айыптау актісі жасалып жатқан айыпталушының (айыпталушылардың) тегін, атын, әкесінің атын (ол болған кезде), айыпталушы (айыпталушылар) туралы мәліметтерді (азаматтығы, отбасылық жағдайы, айналысатын кәсібі, білімі, тұрғылықты жері, сотталғандығының бар-жоғы), оны (оларды) сипаттайтын өзге де деректерді, оған (оларға) қатысты таңдалған бұлтартпау шарасын, оның (олардың) әрекеттері сараланатын қылмыстық заңды (бапты, бөлікті, тармақты) көрсетеді.
3. Сипаттау-уәждеу бөлігінде: айыптаудың мәні, қылмыстың жасалған орны мен уақыты, оның тәсілдері, себептері, салдары және басқа да елеулі мән-жайлар, жәбірленуші туралы мәліметтер, айыпталушының кінәлілігін растайтын дәлелдемелер; Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 48-бабына сәйкес ықтимал тәркіленуге жататын мүлік туралы мәліметтер; Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 48-бабына сәйкес мүліктің ықтимал тәркіленуге жататынын растайтын дәлелдемелердің тізбесі; оның жауаптылығын жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар; психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтардан (аурулардан) емдеуді қолданудың алғышарттары болып табылатын мән-жайлар туралы мәліметтер; қорғаушы тараптың өз пайдасына берген дәлелдері және осы дәлелдерді тексеру нәтижелері баяндалады. Айыптау актісінде істің томдары мен парақтарына сілтемелер болуға тиіс.
4. Айыптау актісінің қарар бөлігінде айыпталушының (айыпталушылардың) тегі, аты және әкесінің аты (ол болған кезде), оған жасады деп айып тағылып отырған іс-әрекет сараланатын қылмыстық заңның нақты бабы, бабының бөлігі мен тармағы, айыпталушыны сотқа беру және қылмыстық істі соттылығы бойынша сотқа жіберу туралы шешім көрсетіледі.
5. Айыптау актісіне оның жасалған орны мен күні көрсетіле отырып, прокурор қол қояды.
6. Адам қылмыстық заңның әртүрлі баптарында, баптарының бөліктерінде немесе тармақтарында көзделген бірнеше қылмыстық құқық бұзушылықты жасады деп айыпталған кезде айыптау актісінде осы қылмыстық құқық бұзушылықтардың әрқайсысы жеке сараланып көрсетілуге тиіс.
Бір қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп бірнеше адам айыпталған кезде айыптау актісінде қылмыстық құқық бұзушылықтың саралануы әрбір айыпталушыға қатысты көрсетіледі.
7. Айыптау актісіне сот отырысына шақырылуға жататын адамдардың тізімі қоса беріледі. Тізімде адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), оның процестік жағдайы, тұрғылықты жері, оның айғақтары берілген қылмыстық іс парағының және томының нөміріне сілтеме көрсетіледі.
Тізім екі бөліктен: қорғаушы тарап атаған адамдардың тізімінен (қорғау тізімінен) және прокурор жасаған тізімнен (айыптау тізімінен) тұруға тиіс.
Тізім мөрленген конвертке салынады және қылмыстық іске қоса тігіледі.
Айыптау актісіне сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімі, бұлтартпау шарасы, адамды күзетпен ұстау мерзімі, қолда бар заттай дәлелдемелер және оларды сақтау орны, азаматтық талап қоюды қамтамасыз ету және сот үкімін орындау үшін қабылданған шаралар, айыпталушыдан өндіріп алынуға жататын процестік шығындар мен сомалар, мәлімделген талап қою көрсетілетін анықтама да қоса беріледі.
Ескерту. 302-1-баппен толықтырылды – ҚР 27.12.2021 № 88-VII Заңымен (мынадай:ішкі істер органдарының, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің және экономикалық тергеу қызметінің тергеушілері тергеп-тексеретін, оның ішінде басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істермен біріктірілген аса ауыр қылмыстар туралы істерге қатысты 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап;
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 3-бабының 29) тармағында көзделген, оның ішінде басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істермен біріктірілген сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы істерге қатысты 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін;
алдын ала тергеу нысанында аяқталған өзге де қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істерге қатысты 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есепті жасауы, прокурордың айыптау актісін жасауы және прокурор айыптау актісін жасаған кезден бастап адамды айыпталушы деп тану бөлігінде).
303-бап. Прокурордың бұлтартпау шарасы туралы шешімі
1. Осы Кодекстің 302-бабының бірінші бөлігінде санамаланған мәселелерді шешкен кезде прокурор күдіктіге қатысты бұрын таңдалған бұлтартпау шарасының күшін уәжді қаулымен жоюға немесе оны өзгертуге не, егер ондай қолданылмаған болса, бұлтартпау шарасын таңдауға құқылы.
2. Егер прокурор кепіл, күзетпен ұстау немесе үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасының күшін жою, оны өзгерту не таңдау не күдіктінің күзетпен ұсталу немесе үйқамақта болу мерзімін ұзарту қажет деп тапса, ол тиісінше осы Кодекстің 145, 146, 147, 152 және 153-баптарын басшылыққа алады.
Ескерту. 2-бөлік жаңа редакцияда – ҚР 27.12.2021 № 88-VII Заңымен (мынадай:ішкі істер органдарының, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің және экономикалық тергеу қызметінің тергеушілері тергеп-тексеретін, оның ішінде басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істермен біріктірілген аса ауыр қылмыстар туралы істерге қатысты 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап;
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 3-бабының 29) тармағында көзделген, оның ішінде басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істермен біріктірілген сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы істерге қатысты 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін;
алдын ала тергеу нысанында аяқталған өзге де қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істерге қатысты 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есепті жасауы, прокурордың айыптау актісін жасауы және прокурор айыптау актісін жасаған кезден бастап адамды айыпталушы деп тану бөлігінде).
Ескерту. 303-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 21.12.2017 № 118-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2021 № 88-VII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңдарымен.
304-бап. Айыптау актісін табыс ету
1. Прокурор айыптау актісінің айыпталушыға табыс етілуін қамтамасыз етеді. Айыпталушының құқықтарын түсіндіру қамтылған, айыптау актісін айыпталушының алғаны туралы қолхат іске қоса тігіледі.
2. Айыпталушы Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде болған және прокуратура органдарына келуден жалтарған жағдайларда, прокурор айыптау актісін айыпталушыға қолжетімді байланыс құралдары арқылы жібереді.
Қажет болған жағдайда, прокурор қылмыстық істі сотқа жіберу туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында, сондай-ақ жалпыға бірдей қолжетімді телекоммуникациялық желілерде жариялауды ұйымдастырады.
3. Айыптау актісінің көшірмесі айыпталушының қорғаушысына, жәбірленушіге және оның заңды өкіліне табыс етіледі не көрсетілген адамдарға қолжетімді байланыс құралдары арқылы жіберіледі.
4. Егер айыпталушы не жәбірленуші сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүзеге асырылған сот ісін жүргізудің таңдалған тілін білмесе, айыптау актісі олар білетін тілде табыс етіледі.
Ескерту. 304-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.305-бап. Қылмыстық істі сотқа жіберу
Ескерту. 305-баптың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР 27.12.2021 № 88-VII Заңымен (мынадай:
ішкі істер органдарының, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің және экономикалық тергеу қызметінің тергеушілері тергеп-тексеретін, оның ішінде басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істермен біріктірілген аса ауыр қылмыстар туралы істерге қатысты 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап;
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 3-бабының 29) тармағында көзделген, оның ішінде басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істермен біріктірілген сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы істерге қатысты 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін;
алдын ала тергеу нысанында аяқталған өзге де қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істерге қатысты 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есепті жасауы, прокурордың айыптау актісін жасауы және прокурор айыптау актісін жасаған кезден бастап адамды айыпталушы деп тану бөлігінде).
1. Осы Кодекстің 304-бабында көзделген әрекеттер жасалған соң прокурор өзінің қарарымен айыпталушыны сотқа береді және айыптау актісімен бірге қылмыстық істі соттылығы бойынша сотқа жібереді.
2. Егер айыпталушы күзетілуде болса, прокурор күзетпен ұстау орны әкімшілігінің басшысын қылмыстық істің сотқа жіберілгені және айыпталушының сотқа берілгендігі туралы хабардар етеді.
3. Процеске қатысушылардан істі сотқа жібергеннен кейін келіп түскен өтінішхаттар мен шағымдар тікелей сотқа жолданады.
Ескерту. 305-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 27.12.2021 № 88-VII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); 16.07.2025 № 210-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.1. Айыптау актісінің көшірмесін алғаннан кейін қорғаушы қорғауындағы адамның келісімімен сотқа қорғау актісін ұсынуға құқылы.
Бұл ретте қорғау актісінің көшірмесі прокурорға жіберіледі.
2. Қорғау актісінде қорғау тарапының дәлелдері және (немесе) өтінішхаттары көрсетіледі.
3. Қорғау актісіне сот отырысына шақырылуға тиіс адамдардың тізімі (қорғау тізімі), заттай дәлелдемелер қоса берілуі мүмкін. Тізімде адамның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), оның процестік жағдайы, тұрғылықты жері көрсетіледі.
4. Қорғау актісіне қорғаушы мен оның қорғауындағы адамы қол қояды.
Сот талқылауы барысында қорғау актісін өзгертуге және толықтыруға қорғаудағы адамның келісімімен жол беріледі.
Ескерту. 39-тарау 305-1-баппен толықтыруылды – ҚР 16.07.2025 № 210-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 7-БӨЛІМ. ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕРДІҢ СОТТЫЛЫҒЫ.
БІРІНШІ САТЫДАҒЫ СОТТА ІС ЖҮРГІЗУ
40-тарау. ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕРДІҢ СОТТЫЛЫҒЫ
306-бап. Аудандық және оған теңестірілген соттың соттылығына жататын қылмыстық істер
1. Аудандық және оларға теңестірілген соттар бірінші сатыдағы сот ретінде әрекет етеді.
2. Мамандандырылған соттардың соттылығына жатқызылған қылмыстық істерді қоспағанда, барлық қылмыстық істер, егер олардың соттылығы осы Кодексте көзделген жағдайларда өзгертілмеген болса, аудандық және оған теңестірілген соттың соттылығына жатады.
3. Мамандандырылған тергеу соттары, мамандандырылған ауданаралық тергеу соттары қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатысында сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамдардың, жедел-іздестіру қызметінің, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің заңдылығын қадағалауды жүзеге асыратын прокурордың шешімдеріне және әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) жасалған шағымдарды қарайды, осы Кодексте көзделген жағдайларда процестік әрекеттерді санкциялайды, сондай-ақ осы Кодексте көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
4. Үкімді орындау сатысында аудандық және оларға теңестірілген соттар өздерінің соттылығына жатқызылған істер бойынша осы Кодекстің 475 және 476-баптарында көрсетілген мәселелерді қарайды.
5. Осы Кодексте көзделген жағдайларда аудандық және оларға теңестірілген соттар өздерінің соттылығына жатқызылған істер бойынша іс жүргізуді жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қозғау туралы өтінішхаттарды қарайды.
Ескертпе. Егер тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында мамандандырылған тергеу соттары, мамандандырылған ауданаралық тергеу соттары құрылмаса, олардың соттылығына жатқызылған материалдарды осы Кодекстің 232, 234, 240-баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, аудандық және оларға теңестірілген соттар (тергеу судьясы) қарауға құқылы. Аудандық және оған теңестірілген соттың тергеу судьясын (судьяларын) осы соттың төрағасы судьялар арасынан тағайындайды. Тергеу судьясын ауыстыру қажет болған кезде ол қайта тағайындалуы мүмкін.
Ескерту. 306-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 12.07.2018 № 180-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.307-бап. Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың соттылығына жататын қылмыстық істер
1. Мамандандырылған ауданаралық сот бірінші сатыдағы сот ретінде әрекет етеді, оның соттылығына:
1) қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың, қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соттың және гарнизонның әскери сотының соттылығына жатқызылған істерді қоспағанда, кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы;
2) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 106 (екінші бөлігінің 11) тармағында), 107 (екінші бөлігінің 8) тармағында), 122 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде), 123 (екінші бөлігінде), 124 (бірінші және екінші бөліктерінде), 132 (бірінші және екінші бөліктерінде), 133, 134, 135(бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде), 136, 137, 138, 139(балаларды асырауға қаражат төлеу жөніндегі міндеттерді орындамау бөлігінде), 140, 141, 142, 143 және 144-баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы қылмыстық істер жатады.
2. Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттар үкімді орындау сатысында өздерінің соттылығына жатқызылған істер бойынша осы Кодекстің 475 және 476-баптарында көрсетілген мәселелерді қарайды.
3. Осы Кодексте көзделген жағдайларда кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттар өздерінің соттылығына жатқызылған істер бойынша іс жүргізуді жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қозғау туралы өтінішхаттарды қарайды.
4. Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың соттылығына жататын қылмыстық іс осы Кодекстің 317-бабында көзделген жағдайларда жалпы юрисдикция сотының қарауына берілуі мүмкін.
Ескерту. 307-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 01.04.2019 № 240-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.07.2024 № 111-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.308-бап. Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың соттылығына жататын қылмыстық істер
1. Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттар бірінші сатыдағы сот ретінде әрекет етеді.
2. Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соттардың соттылығына жатқызылған істерді қоспағанда, қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттардың соттылығына Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде көзделген аса ауыр қылмыстар туралы, 116 (екінші және үшінші бөліктерінде), 146 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 249 (екінші бөлігінде), 317 (төртінші бөлігінде), 335 (төртінші бөлігінде), 337 (төртінші және алтыншы бөліктерінде), 345 (төртінші бөлігінде), 345-1 (төртінші бөлігінде), 346 (бесінші және алтыншы бөліктерінде)-баптарында көзделген қылмыстар туралы қылмыстық істер жатады.
3. Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттар үкімді орындау сатысында өздерінің соттылығына жатқызылған істер бойынша осы Кодекстің 475 және 476-баптарында көрсетілген мәселелерді қарайды.
4. Осы Кодексте көзделген жағдайларда қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттар өздерінің соттылығына жатқызылған істер бойынша іс жүргізуді жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қозғау туралы өтінішхаттарды қарайды.
Ескерту. 308-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 29.12.2022 № 175-VII (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі); 16.07.2025 № 210-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.309-бап. Қылмыстық істердің қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соттардың және гарнизондардың әскери соттарының соттылығына жатуы
1. Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соттар және гарнизондардың әскери соттары бірінші сатыдағы сот ретінде әрекет етеді.
2. Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соттардың соттауына:
1) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 18-тарауында көзделген аса ауыр әскери қылмыстар туралы;
2) әскери қызметшілер, өздерінің қызметтік міндеттерін орындауға байланысты немесе әскери бөлімдер, құрамалар және мекемелер орналасқан жерде осы бөлімдердің, құрамалардың, мекемелердің азаматтық персонал адамдары жасаған, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде көзделген басқа да аса ауыр қылмыстар туралы, 116 (екінші және үшінші бөліктерінде), 146 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 249 (екінші бөлігінде), 317 (төртінші бөлігінде), 335 (төртінші бөлігінде), 337 (төртінші және алтыншы бөліктерінде), 345 (төртінші бөлігінде), 345-1 (төртінші бөлігінде), 346 (бесінші және алтыншы бөліктерінде)-баптарында көзделген қылмыстар туралы қылмыстық істер жатады.
3. Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соттың соттылығына жататын істерді қоспағанда, гарнизондардың әскери соттарының соттылығына:
1) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 18-тарауында көзделген әскери қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы;
2) әскери қызметшілер, өздерінің қызметтік міндеттерін орындауға байланысты немесе осы бөлімдер, құрамалар және мекемелер орналасқан жерде әскери бөлімдердің, құрамалардың, мекемелердің азаматтық персоналының адамдары жасаған басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы қылмыстық істер жатады.
4. Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соттар және гарнизондардың әскери соттары үкімді орындау сатысында өздерінің соттылығына жатқызылған істер бойынша осы Кодекстің 475 және 476-баптарында көрсетілген мәселелерді қарайды.
5. Осы Кодексте көзделген жағдайларда мамандандырылған ауданаралық әскери соттар мен гарнизондардың әскери соттары өздерінің соттылығына жатқызылған істер бойынша іс жүргізуді жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қозғау туралы өтінішхаттарды қарайды.
Ескерту. 309-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 29.12.2022 № 175-VII (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі); 18.03.2025 № 175-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.07.2025 № 210-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.310-бап. Облыстық және оған теңестірілген соттың соттылығына жататын қылмыстық істер
1. Облыстық және оған теңестірілген сот апелляциялық сатыдағы сот ретінде әрекет етеді.
2. Облыстық және оған теңестірілген сот аудандық және оларға теңестірілген соттардың, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттардың, сондай-ақ қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттардың заңды күшіне енбеген үкімдері мен қаулыларына апелляциялық (жекеше) шағымдар, прокурордың өтінішхаттары бойынша істерді апелляциялық тәртіппен қарайды.
3. Алып тасталды - ҚР 31.10.2015 № 378-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).4. Облыстық және оларға теңестірілген соттар қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатысында тергеу судьясының қаулыларына шағымдарды, прокурордың өтінішхаттарын қарайды.
5. Үкімді орындау сатысында облыстық және оларға теңестірілген соттар бірінші сатыдағы соттардың осы Кодекстің 475 және 476-баптарында көрсетілген мәселелерді қараған кезде шығарған қаулыларына жекеше шағымдарды, прокурордың өтінішхаттарын апелляциялық тәртіппен қарайды.
6. Осы Кодексте көзделген жағдайларда, облыстық және оған теңестірілген соттар өздерінің соттылығына жатқызылған істер бойынша іс жүргізуді жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қозғау туралы өтінішхаттарды қарайды.
Ескерту. 310-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 31.10.2015 № 378-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 11.07.2017 № 91-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.310-1-бап. Кассациялық соттың соттылығына жататын қылмыстық істер
1. Кассациялық сот:
1) бірінші сатыдағы соттардың үкімдері, қаулылары апелляциялық сатыда қаралғаннан кейін оларды қайта қарау туралы кассациялық шағымдарды, апелляциялық сатыдағы соттардың үкімдерін, қаулыларын;
2) бірінші сатыдағы соттың үкімдері мен қаулыларына олардың апелляциялық сатыда қайта қаралғанына не қаралмағанына қарамастан, апелляциялық сатыдағы үкімдер мен қаулыларға Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры мен оның орынбасарларының, Бас әскери прокурордың, Бас көлік прокурорының наразылықтарын қарайды.
2. Осы Кодексте көзделген негіздер бойынша кассациялық сот өзінің соттылығына жатқызылған істер бойынша жаңадан ашылған мән-жайларға байланысты іс жүргізуді қозғау туралы өтінішхаттарды қарайды.
Ескерту. 310-1-баппен толықтырылды – ҚР 21.11.2024 № 136-VIII (01.07.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.311-бап. Әскери соттың соттылығына жататын істер
1. Әскери сот апелляциялық сатыдағы сот ретінде әрекет етеді.
2. Әскери сот гарнизондардың әскери соттарының, қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соттардың заңды күшіне енбеген, оның ішінде осы Кодекстің 475, 476-баптарында көрсетілген мәселелерді қараған кезде шығарған үкімдері мен қаулыларына апелляциялық (жекеше) шағымдар, прокурордың өтінішхаттары бойынша істерді апелляциялық тәртіппен қарайды.
3. Алып тасталды - ҚР 31.10.2015 № 378-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).4. Әскери сот осы Кодексте көзделген жағдайларда өзінің соттылығына жатқызылған істер бойынша іс жүргізуді жаңадан ашылған мән-жайларға байланысты қозғау туралы өтінішхаттарды қарайды.
Ескерту. 311-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 31.10.2015 № 378-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 11.07.2017 № 91-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.312-бап. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы істерді қарау
Қылмыстық заңда тыйым салынған іс-әрекетті есі дұрыс емес күйде жасаған не оны жасағаннан кейін жүйке ауруымен ауырған адамдарға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы істерді осы Кодекстің 306, 307, 308 және 309-баптарында белгіленген соттылыққа сәйкес бірінші сатыдағы сот қарайды.
313-бап. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының соттылығына жататын қылмыстық істер
Ескерту. 313-бап алып тасталды – ҚР 21.11.2024 № 136-VIII (01.07.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
314-бап. Қылмыстық істердің аумақтық тұрғыдағы соттылығы
1. Қылмыстық іс қылмыстық құқық бұзушылық жасалған жердегі сотта қаралуға жатады.
2. Егер қылмыстық құқық бұзушылық бір соттың қызметі жерінде басталып, басқа соттың қызметі жерінде аяқталса, іс тергеп-тексеру аяқталған жердегі соттың соттылығына жатады.
ҚР Конституциялық Сотының 09.10.2024 № 52-НҚ нормативтік қаулысымен осы кодекстің 314-бабының екінші бөлігі және үшінші бөлігінің екінші абзацы Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келеді деп танылды.3. Егер қылмыстық құқық бұзушылық Қазақстан Республикасынан тысқары жерде жасалса немесе қылмыстық құқық бұзушылық жасалған жерді анықтау мүмкін болмаса немесе қылмыстық құқық бұзушылықтар әртүрлі жерде жасалса, істі тергеп-тексеру аяқталған жердегі сот қарайды.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!3-бөліктің екінші абзацын алып тастау көзделген – ҚР 01.07.2026 № 331-VIII (01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есеп, айыптау хаттамасы, сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру хаттамасы, қылмыстық теріс қылық туралы хаттама жасалған немесе медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану үшін істі сотқа жіберу туралы қаулы шығарылған жер тергеп-тексеру аяқталған жер болып табылады.
ҚР Конституциялық Сотының 09.10.2024 № 52-НҚ нормативтік қаулысымен осы кодекстің 314-бабының екінші бөлігі және үшінші бөлігінің екінші абзацы Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келеді деп танылды.Ескерту. 3-бөлікке өзгеріс енгізілді – ҚР 27.12.2021 № 88-VII Заңымен (мынадай:
ішкі істер органдарының, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің және экономикалық тергеу қызметінің тергеушілері тергеп-тексеретін, оның ішінде басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істермен біріктірілген аса ауыр қылмыстар туралы істерге қатысты 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап;
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 3-бабының 29) тармағында көзделген, оның ішінде басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істермен біріктірілген сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы істерге қатысты 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін;
алдын ала тергеу нысанында аяқталған өзге де қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істерге қатысты 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есепті жасауы, прокурордың айыптау актісін жасауы және прокурор айыптау актісін жасаған кезден бастап адамды айыпталушы деп тану бөлігінде).
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
314-бапты ескертпемен толықтыру көзделген – ҚР 01.07.2026 № 331-VIII (01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Ескерту. 314-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 27.12.2021 № 88-VII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.
315-бап. Қылмыстық істерді біріктіру кезінде соттылықты айқындау
Бір адамды немесе адамдар тобын бірнеше қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп айыптау кезінде, олардың ең болмағанда біреуі аса ауыр қылмыс санатына жататын болса, істі қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот қарайды, ал осы Кодекстің 309-бабында көрсетілген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істерді қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сот қарайды.
Аса ауыр санатқа жатпайтын қылмыстық құқық бұзушылық сыбайластық арқылы жасалған жағдайда және істі жеке іс жүргізуге бөліп шығару мүмкін болмаған кезде істерді:
егер сыбайластардың арасында әскери қызметші болмаса, сыбайластардың ең болмағанда біреуі кәмелетке толмаған адам болып табылатын істерді кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот;
сыбайластардың ең болмағанда біреуі әскери қызметші немесе осы Кодекстің 309-бабы үшінші бөлігінің 2) тармағында көрсетілген басқа адам болып табылатын істерді гарнизонның әскери соты қарайды.
316-бап. Iсті іс жүргізуге қабылдаған соттың қылмыстық істі соттылығы бойынша беруі
1. Егер сот келіп түскен істің өзінің соттылығына жатпайтынын анықтаса, онда істі соттылығы бойынша жібереді.
2. Егер басты сот отырысында осы Кодекстің 314-бабында көзделген істердің аумақтық тұрғыдағы соттылығы қағидаларының бұзылғаны анықталса, онда сот істі процестің барлық қатысушыларының келісуімен өзінің іс жүргізуінде қалдыруға құқылы.
3. Егер істің қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың, қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соттың немесе гарнизонның әскери сотының соттылығына жататыны анықталса, ол барлық жағдайларда соттылығы бойынша жіберілуге жатады.
317-бап. Қылмыстық істі соттылығына жататын соттан басқа сотқа беру
1. Жекелеген жағдайларда, істі неғұрлым тез, жан-жақты және объективті қарау мақсатында, соның ішінде алқабилердің қатысуымен қаралатын сотталушының келісімімен немесе процеске қатысушылардың өтінішхаты бойынша ол бір соттан сол деңгейдегі басқа соттың қарауына берілуі мүмкін.
Бұл ретте істі оның сот отырысында қаралуы басталғанға дейін ғана беруге жол беріледі.
2. Егер сот осы соттың барлық судьяларының істі қарауға қатысуына кедергі келтіріп отырған мән-жайларға байланысты істі қарайтын жағдайда болмаса, сондай-ақ істің жан-жақты және объективті түрде қаралуын қамтамасыз ету мақсаттарында не басқа сотқа беру сот процесіне қатысушылардың жеке қауіпсіздігіне төнген нақты қатермен байланысты болғанда, іс тараптың өтінішхаты, судьяның немесе сот төрағасының ұсынуы бойынша бір соттан сол деңгейдегі басқа соттың қарауына берілуі мүмкін.
3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көрсетілген негіздер бойынша істі бір соттан екінші сотқа беру туралы мәселені жоғары тұрған сот шешеді, бұл туралы қаулы шығарылады. Істі бір соттың апелляциялық немесе кассациялық сатысынан басқа соттың тиісті сатысына беру осы бапта көзделген негіздер және тәртіп бойынша жүзеге асырылады.
Ескерту. 317-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 31.10.2015 № 378-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).318-бап. Соттылық туралы дауларды шешу
1. Соттар арасындағы соттылық туралы дауларды жоғары тұрған сот шешеді, оның шешімі түпкілікті болып табылады және шағым жасалуға жатпайды.
2. Тараптардың істің бұл соттың соттылығына жатпайтыны туралы арыздарын осы сот шешеді. Соттың соттылық мәселесі бойынша шығарған қаулысына жоғары тұрған сотқа шағым жасалуы мүмкін, оның шешімі түпкілікті болып табылады және шағым жасауға, прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қарауға, наразылық білдіруге жатпайды.
Ескерту. 318-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 11.07.2017 № 91-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). 41-тарау. БАСТЫ СОТ ТАЛҚЫЛАУЫН ТАҒАЙЫНДАУ ТУРАЛЫ МӘСЕЛЕНІ
ШЕШУ ЖӘНЕ СОТ ОТЫРЫСЫНА ДАЙЫНДЫҚ ӘРЕКЕТТЕРІ
319-бап. Соттың келіп түскен қылмыстық іс бойынша әрекеттері
1. Қылмыстық іс сотқа келіп түскен кезде соттың төрағасы немесе оның тапсырмасы бойынша басқа судья істі сотта іс жүргізуге қабылдау туралы мәселені шешеді.
2. Судья келіп түскен іс бойынша:
1) жалпы немесе қысқартылған тәртіптегі басты сот талқылауын тағайындау;
2) істі алдын ала тыңдауды жүргізу туралы шешімдердің бірін қабылдайды.
3. Судья іс бойынша шешімді қаулы нысанында қабылдайды, онда:
1) қаулының шығарылған уақыты мен жері;
2) қаулыны шығарған судьяның лауазымы мен тегі;
3) қабылданған шешімдердің негіздері мен мәні көрсетілуге тиіс.
4. Шешім іс сотқа келіп түскен кезден бастап бес тәуліктен кешіктірілмей қабылдануға тиіс.
5. Судья қаулы шығарумен бірмезгілде айыпталушыға бұлтартпау шарасын қолданудың немесе қолданбаудың негізділігі туралы және егер бұлтартпау шарасы таңдалса, оның түрінің негізділігі немесе негізсіздігі туралы мәселені қарауға, егер осы уақытқа дейін бұлтартпау шарасын қолдану мерзімі өтіп кетсе, оны ұзартуға міндетті.
320-бап. Сотқа келіп түскен іс бойынша анықталуға жататын мәселелер
Судья сот отырысын тағайындау мүмкіндігі туралы мәселені шешу кезінде сотталушылардың әрқайсысына қатысты мыналарды:
1) істің осы соттың соттылығына жататынын-жатпайтынын;
2) іс бойынша іс жүргізуді тоқтатуға не тоқтата тұруға әкеп соқтыратын мән-жайлардың бар-жоғын;
3) сотқа дейінгі тергеп-тексеру, сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру жүргізу, процестік келісім жасасу, медиация тәртібімен татуласуға қол жеткізу туралы келісім жасасу кезінде сот отырысын тағайындауға кедергі келтіретін қылмыстық-процестік заңды бұзуға жол берілгенін-берілмегенін;
4) айыптау актісі, сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру хаттамасы, айыптау хаттамасы көшірмелерінің берілгенін-берілмегенін;
5) айыпталушыға таңдалған бұлтартпау шарасының өзгертілуге немесе күші жойылуға немесе оны қолдану мерзімінің ұзартылуға жататынын-жатпайтынын;
6) қылмыстық құқық бұзушылықпен келтірілген залалды өтеуді және мүлікті ықтимал тәркілеуді қамтамасыз ету шаралары қабылданғанын-қабылданбағанын;
7) арыздар мен өтінішхаттардың бар-жоғын анықтауға тиіс.
Ескерту. 320-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 27.12.2021 № 88-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.321-бап. Алдын ала тыңдауды өткізу
1. Аса ауыр қылмыстар туралы істер бойынша алдын ала тыңдау өткізу міндетті. Басқа істер бойынша алдын ала тыңдау істі соттылығы бойынша жіберу, істі прокурорға жіберу, істі тоқтату, іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру туралы шешімдерді қабылдау, қылмыстық істерді біріктіру және бөліп шығару, сондай-ақ тараптардың өтінішхаттарын қарау қажет болған жағдайда өткізіледі.
2. Iсті алдын ала тыңдауды судья оны өткізу туралы қаулы шығарылған кезден бастап он тәулік ішінде сот отырысында жеке-дара жүргізеді. Iсті алдын ала тыңдау өткізілетін уақыт пен орын туралы тараптарға хабарланады. Iсті алдын ала тыңдау барысында хаттама жүргізіледі.
3. Сот отырысына аса ауыр қылмыс жасады деп айыпталатын сотталушының, оның қорғаушысы мен мемлекеттік айыптаушының қатысуы міндетті. Өзге қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасады деп айыпталатын сотталушы, егер ол бұл жөнінде өтінішхат жасаса, алдын ала тыңдау оның қатысуынсыз жүргізіледі. Қорғаушы дәлелді себептерсіз келмей қалған жағдайда, сондай-ақ оның алдын ала тыңдауға қатысуға мүмкіндігі болмаған кезде, судья сот отырысына жаңадан тағайындалған қорғаушының қатысуын қамтамасыз етуге шаралар қолданады. Сот отырысына жәбірленуші мен оның өкілінің, азаматтық талапкердің, азаматтық жауапкердің немесе олардың өкілдерінің келмеуі істі алдын ала тыңдауға кедергі келтірмейді.
4. Алдын ала тыңдау барысында судья Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде көзделген аса ауыр қылмысты жасады деп, сондай-ақ 116 (екінші және үшінші бөліктерінде), 125 (үшінші бөлігінің 1) тармағында), 128 (төртінші бөлігінің 1) тармағында), 132 (бесінші бөлігінде), 135 (төртінші бөлігінің 1) тармағында), 146 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 160, 163, 164 (екінші бөлігінде), 168, 249 (екінші бөлігінде), 317 (төртінші бөлігінде), 335 (төртінші бөлігінде), 337 (төртінші және алтыншы бөліктерінде), 345 (төртінші бөлігінде), 345-1 (төртінші бөлігінде), 346 (бесінші және алтыншы бөліктерінде), 380-1 (екінші бөлігінің 6) тармағында)-баптарында көзделген қылмыстарды жасады деп айыпталатын сотталушыдан оның ісін алқабилердің қатысуымен қарау туралы өтінішхатының бар-жоғы туралы, егер мұндай өтінішхат мәлімделген болса, оның өз өтінішхатын қолдайтынын-қолдамайтынын анықтайды. Мұндай өтінішхат:
1) төтенше ахуал жағдайларында және жаппай тәртіпсіздіктер барысында жасалған адам өлтіру;
2) бейбітшілікке және адамзат қауіпсіздігіне қарсы, конституциялық құрылыс негіздеріне және мемлекет қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар;
3) террористік және экстремистік қылмыстар;
4) соғыс уақытында немесе ұрыс жағдайында жасалған әскери қылмыстар;
5) қылмыстық топ құрамында жасалған қылмыстар;
6) кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы аса ауыр қылмыстар туралы істерді қарау жағдайында сұратылмайды.
5. Судья істі алдын ала тыңдау нәтижелері туралы қаулы шығарады, онда қаралған мәселелер бойынша шешімді баяндайды. Істі соттылығы бойынша прокурорға жіберуге, іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұруға, істі тоқтатуға негіздер болмаған кезде сот осы Кодекстің 322-бабының талаптарын сақтай отырып, басты сот талқылауын тағайындау туралы қаулы шығарады.
6. Егер алдын ала тыңдау барысында прокурор айыптауды өзгертсе, ол жаңа тұжырымдауды сотқа жазбаша түрде ұсынады және судья мұны қаулыда көрсетеді. Егер прокурордың айыптауды өзгертуі соттылықтың өзгеруіне әкеп соқса, судья істі айыптау актісін, сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру хаттамасын, айыптау хаттамасын қайта жасау және істі соттылығы бойынша жіберу үшін прокурорға қайтарады.
Ескерту. 321-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 27.12.2019 № 292-VІ (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізілетін, қылмыстық құқық бұзушылықтар құрамдарын алқабилер қатысатын соттың қарауына жатқызу туралы ережелерді қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2020 № 393-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2021 № 88-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.12.2022 № 175-VII (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі); 16.07.2025 № 210-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.322-бап. Басты сот талқылауын тағайындау
1. Судья басты сот талқылауын осы Кодекстің 321-бабының бесінші бөлігіне сәйкес не сотқа дейінгі іс жүргізу барысында осы Кодекстің процеске қатысушылардың құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі барлық талаптары сақталды және сотта істі қарауға кедергі келтіретін өзге мән-жайлар жоқ деген түйінге келе отырып, алдын ала тыңдауды өткізбестен тағайындайды.
2. Басты сот талқылауын тағайындау туралы қаулыда:
1) сотталушы болып табылатын адамды көрсету;
2) ол сотқа берілген қылмыстық заңды дәл көрсету;
3) бұлтартпау шарасы мен азаматтық талап қоюды қамтамасыз ету шараларын сақтау, олардың күшін жою, оларды өзгерту немесе таңдау және ықтимал тәркілеу туралы шешім;
4) процеске қатысушылардың қарсылық білдірулері, өтінішхаттары мен өзге де мәлімдемелері бойынша шешімдер;
5) айыпталушының таңдаған адамын қорғаушы ретінде жіберу немесе алдыңғысына қорғаушы тағайындау туралы шешім;
6) басты сот отырысына шақырылуға жататын адамдардың тізбесі қамтылуға тиіс. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында айғақтары сақтауға қойылған адамдар сот отырысына шақырылмайды;
7) заң соталушының ісін сырттай қарауға жол беретін жағдайда істі оның қатысуынсыз тыңдау туралы шешім;
8) басты сот талқылауының орны мен уақыты туралы мәліметтер;
9) осы Кодексте көзделген жағдайларда, істі жалпы немесе қысқартылған тәртіппен, ашық немесе жабық сот отырысында қарау туралы шешім;
10) сот ісін жүргізу тілі туралы шешім;
11) запастағы судья туралы шешім қамтылуға тиіс.
3. Егер іс бойынша алдын ала тыңдау жүргізілсе, басты сот отырысын тағайындау туралы қаулыда талқылауға қойылған мәселелер жөніндегі шешімдер көрсетілуге тиіс.
4. Басты сот талқылауы тараптарға сот отырысының болатын орны мен басталатын уақыты туралы хабарланған кезден бастап кемінде үш тәулік өткеннен кейін және ол қысқартылған тәртіппен қаралатын кезде – оны тағайындау туралы қаулы шығарылған кезден бастап он тәуліктен кешіктірілмей және жалпы тәртіппен қаралатын кезде – он бес тәуліктен кешіктірілмей басталуға тиіс. Айрықша жағдайларда бұл мерзім судьяның қаулысымен, бірақ отыз тәуліктен аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін.
5. Басты сот талқылауы қисынды мерзімде аяқталуға тиіс. Қысқартылған іс жүргізу кезінде басты сот талқылауы осы Кодекстің 382-бабының екінші бөлігінде белгіленген мерзімдерде аяқталуға тиіс.
Басты сот талқылауының қисынды мерзімін айқындау кезінде қылмыстық істің құқықтық мән-жайы және нақты күрделілігі, процеске қатысушылардың процестік құқықтарының іске асырылуын қамтамасыз ету, сот әрекеттерінің жеткіліктілігі мен тиімділігі сияқты мән-жайлар ескеріледі.
Ескерту. 322-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 16.07.2025 № 210-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.323-бап. Соттың істі прокурорға жіберуі
Басты сот талқылауын тағайындауға кедергі келтіретін қылмыстық-процестік заңнаманы елеулі түрде бұзушылықтар анықталған, сондай-ақ олар басты сот талқылауында анықталған кезде, сот оларды жою үшін істі прокурорға қайтарады.
Қылмыстық-процестік заңнаманың елеулі бұзушылықтарын жою сотқа дейінгі тергеп-тексерудің толымсыздығын толықтыруға байланысты бола алмайды.
Прокурор сотқа дейінгі тергеп-тексерудің толымсыздығын толықтыру үшін қылмыстық істі сотқа дейінгі тергеп-тексеру органына қайтаруға құқылы емес.
Ескерту. 323-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 16.07.2025 № 210-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.324-бап. Қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру
1. Судья іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру туралы қаулыны осы Кодекстің 45-бабының бірінші, екінші, үшінші бөліктерінде көзделген негіздер бойынша шығаруы мүмкін.
2. Iс бойынша іс жүргізу, бұл бірнеше сотталушылардың біреуінің қорғалу құқығына немесе басқа да сотталушылардың қорғалу құқықтарына қысым көрсетілмеген жағдайда, олардың біреуіне қатысты тоқтатыла тұруы мүмкін. Өздеріне қатысты іс жүргізу тоқтатыла тұрмайтын сотталушылар күзетілуде болған және судья оларға бұлтартпау шарасын өзгертуді мүмкін деп таппаған жағдайда іс жүргізу алты айдан аспайтын мерзімге тоқтатыла тұруы мүмкін. Егер осы уақыт ішінде сотталушылардың біреуіне қатысты іс жүргізуді тоқтата тұру үшін негіздер жойылмаса, онда басқа сотталушыларға қатысты іс жүргізу қайта басталуға және басты сот талқылауының күні тағайындалуға тиіс.
3. Іс бойынша іс жүргізу осы Кодекстің 45-бабының бірінші бөлігінің 1) тармағында көзделген негіз бойынша тоқтатыла тұрған кезде, осы Кодекстің 335-бабының екінші бөлігінде көрсетілген жағдайларды қоспағанда, іс прокурорға қайтарылады.
325-бап. Азаматтық талап қоюды және мүлікті тәркілеудіқамтамасыз ету шаралары
Анықтаушы, тергеуші немесе прокурор қылмыстық құқық бұзушылықпен келтірілген залалды өтеуді және мүлікті ықтимал тәркілеуді қамтамасыз ететін шаралар қабылдамаған жағдайда, судья оларды қамтамасыз етуге қажетті шаралар қолдануды қылмыстық қудалау органдарына міндеттейді.
326-бап. Қылмыстық істі соттылығы бойынша жіберу
Егер судья істің өзінің соттылығына жатпайтынын анықтаса, онда ол мұндай шешімнің заңдық негіздерін келтіре отырып және іс жолданатын сотты көрсетіп, істі соттылығы бойынша жіберу туралы қаулы шығарады, ол туралы процеске қатысушыларға хабарлайды.
327-бап. Қылмыстық істі тоқтату
Судья алдын ала тыңдау барысында немесе басты сот талқылауында істі осы Кодекстің 35-бабының бірінші бөлігінде және 36-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген негіздер бойынша, сондай-ақ басты сот талқылауында мемлекеттік айыптаушы айыптаудан бас тартқан жағдайда тоқтату туралы қаулы шығарады. Судья істі тоқтату туралы шешім қабылдай отырып, бұлтартпау шарасын, азаматтық талап қоюды және мүлікті тәркілеуді қамтамасыз ету шараларының күшін жояды және заттай дәлелдемелер, егер қорғалатын адамның қауіпсіздігі шаралары қолданылған болса, олардың күшін жою немесе жүзеге асырылуын жалғастыру туралы мәселені шешеді. Судьяның істі тоқтату туралы қаулысының көшірмесі прокурорға жіберіледі, сондай-ақ қылмыстық жауаптылыққа тартылған адамға және жәбірленушіге табыс етіледі. Қауіпсіздік шараларының күшін жою немесе жүзеге асырылуын жалғастыру туралы шешім қабылданған кезде қаулының көшірмесі қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ететін органдарға жіберіледі.
Ескерту. 327-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 03.01.2023 № 188-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.328-бап. Тараптардың іс материалдарымен танысу мүмкіндігін қамтамасыз ету
Судья басты сот талқылауы тағайындалғаннан кейін судья тараптарға істің сотқа дейінгі іс жүргізу сатысында өздеріне таныстырылмаған барлық материалдарымен танысу, олардан мемлекеттік құпияларды немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, қажетті мәліметтерді көшіріп алу және ғылыми-техникалық құралдардың көмегімен көшірмелерін түсіріп алу мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті.
329-бап. Құжаттардың көшірмелерін табыс ету
Егер сот отырысын тағайындау туралы мәселені шешу кезінде бұлтартпау шарасы өзгертілсе немесе сотқа шақырылуға жататын адамдардың тізімі өзгертілсе не прокурор айыптауды өзгертсе, онда сотталушы адамға, оның қорғаушысына, жәбірленушіге және оның өкіліне судьяның көрсетілген шешімдер жөніндегі қаулысының көшірмесі және прокурор жасаған айыптаудың жаңаша тұжырымдалуы табыс етіледі.
330-бап. Сот отырысына шақырту
1. Судья өзінің қаулысында көрсетілген адамдарды сот отырысына шақыру туралы өкім береді, сондай-ақ сот отырысын дайындау үшін шаралар қолданады.
2. Қорғау куәлары мен айыптау куәларының сот отырысына келуін қамтамасыз ету тиісті тараптарға жүктелуі мүмкін. Қысқартылған тәртіппен сот талқылауы тағайындалған кезде сот отырысына куәлар шақырылмайды.
42-тарау. БАСТЫ СОТ ТАЛҚЫЛАУЫНЫҢ ЖАЛПЫ ШАРТТАРЫ
331-бап. Сот талқылауының тікелей және ауызша болуы
1. Сот талқылауында іс бойынша барлық дәлелдемелер тікелей зерттелуге жатады. Сот осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, сотталушының, жәбірленушінің, куәлардың айғақтарын тыңдауға, сарапшылардың қорытындыларын жария етуге және зерттеуге, заттай дәлелдемелерді қарап-тексеруге, хаттамалар мен өзге де құжаттарды жария етуге, дәлелдемелерді зерттеу бойынша басқа да сот әрекеттерін жүргізуге тиіс.
2. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізу кезінде берілген айғақтарды жария ету тек осы Кодексте көзделген айрықша жағдайларда ғана мүмкін болады.
3. Соттың үкімі – тек сот отырысында зерттелген дәлелдемелерге, ал сот тергеуінің қысқартылған тәртібінде – тергеу мен анықтауды жүргізу кезінде алынған және сотта тараптар дауласпаған дәлелдемелерге ғана негізделуі мүмкін.
332-бап. Iсті талқылау кезінде сот құрамының өзгертілмеуі
1. Iсті тек бір ғана сол судья қарауға тиіс.
2. Судьяның сот талқылауына қатысуды жалғастыруына мүмкіндік болмаған кезде ол басқа судьямен алмастырылады, ал істі талқылау, осы Кодекстің 333-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, басынан қайта басталады.
1. Талқылау үшін ұзақ уақытты қажет ететін істі қарау кезінде запастағы судья тағайындалуы мүмкін.
2. Запастағы судья басты сот талқылауында сот отырысы ашылғаннан бастап немесе сот оның қатысуы туралы шешім қабылдаған кезден бастап қатысады және судья шығып қалған жағдайда оны алмастырады. Бұл ретте істі талқылау жалғастырыла береді. Запастағы судья алдыңғы судья шығып қалған кезден бастап судьяның құқықтарын пайдаланады. Шығып қалған судьяның орнына кірген запастағы судья кез келген сот әрекеттерін қайта бастауды талап етуге құқылы.
334-бап. Басты сот талқылауында төрағалық етушінің өкілеттіктері
1. Басты сот талқылауында істі қарау тапсырылған судья төрағалық етеді.
2. Төрағалық етуші сот отырысына басшылық етеді, сот төрелігінің мүддесінде объективтілік пен бейтараптылықты сақтай отырып, тараптар құқықтарының теңдігін қамтамасыз ету үшін осы Кодексте көзделген барлық шараларды қолданады, істің мән-жайларын объективті және толық зерттеу үшін қажетті жағдайлар жасайды. Төрағалық етуші сондай-ақ сот отырысы тәртіптемесінің сақталуын қамтамасыз етеді, сот талқылауының барлық қатысушыларына олардың құқықтары мен міндеттерін және оларды жүзеге асыру тәртібін түсіндіреді. Сот талқылауына қатысатын адамдардың бірі төрағалық етушінің әрекеттеріне қарсылық білдірген жағдайда, бұл қарсылықтар сот отырысының хаттамасына енгізіледі.
335-бап. Сотталушының басты сот талқылауына қатысуы
1. Басты сот талқылауы, осы баптың екінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, сотталушының міндетті түрде қатысуымен өтеді. Сотталушы келмеген кезде іс кейінге қалдырылуға тиіс. Сот дәлелді себептерсіз келмеген сотталушыны күштеп әкелуге, сол сияқты оған қатысты бұлтартпау шарасын қолдануға немесе өзгертуге құқылы.
2. Істі сотталушының қатысуынсыз талқылауға:
1) қылмыстық теріс қылық не онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыс жасады деп сотталушы, айыпталушы істі өзінің қатысуынсыз қарау туралы өтінішхат берген;
2) сотталушы Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде болған және сотқа келуден жалтарған;
3) күзетпен ұсталып отырған сотталушы сот отырысына келуден және қатысудан бас тартқан жағдайларда ғана жол берілуі мүмкін.
336-бап. Қорғаушының басты сот талқылауына қатысуы
1. Сотталушының қорғаушысы басты сот талқылауына осы Кодекстің 67-бабында көзделген жағдайларда, сондай-ақ сотталушының, олардың заңды өкілдерінің, сондай-ақ сотталушының тапсырмасы немесе келісімі бойынша өзге адамдардың шақыруы бойынша қатысады.
2. Қорғаушы келмеген және оны осы сот отырысында алмастыру мүмкін болмаған кезде істі талқылау кейінге қалдырылады. Сот отырысына келмеген қорғаушыны алмастыруға сотталушының келісімімен ғана жол беріледі. Егер сотталушы шақырған қорғаушының қатысуы бес тәулік ішінде мүмкін болмаса, сот осы Кодекстің 68-бабына сәйкес, басты сот талқылауын кейінге қалдыра отырып, сотталушыға басқа қорғаушыны таңдауды ұсынады, ал ол бас тартқан кезде жаңа қорғаушыны тағайындайды.
Сотталушы қорғаушыдан бас тартқан кезде, сот қорғаушыдан бас тартуды қабылдау не қабылдамау туралы қаулы шығарады.
3. Iске жаңадан кіріскен қорғаушыға сот талқылауына қатысуға дайындалу үшін қажетті уақыт беріледі. Қорғауындағы адамның келісімімен ол сотқа қорғау ұстанымын негіздеп, жаңа қорғау актісін ұсынуға, сондай ақ өзі іске кіріскенге дейінгі сот талқылауында жасалған кез келген әрекетті қайталау туралы өтінішхат жасауға құқылы.
4. Сотталушының қорғаушысы осы Кодекстің 122-бабының үшінші бөлігінде көзделген тәртіппен жиналған заң көмегін көрсету үшін қажет нәрселерді, құжаттар мен мәліметтерді ұсынады, басқа дәлелдемелерді зерттеуге қатысады, сотқа айыптаудың мәні және оның дәлелденгендігі жөнінде, сотталушының жауаптылығын жеңілдететін немесе оны ақтайтын мән-жайлар, жазалау шарасы туралы, сондай-ақ сот талқылауында туындаған басқа да мәселелер бойынша өзінің пікірін баяндайды.
Ескерту. 336-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 16.07.2025 № 210-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.337-бап. Мемлекеттік айыптаушының басты сот талқылауына қатысуы
1. Жекеше айыптау істерін қоспағанда, прокурордың мемлекеттік айыптаушы ретінде бас сот талқылауына қатысуы міндетті.
2. Күрделі және көп эпизодты істер бойынша мемлекеттік айыптауды бірнеше прокурор қолдауы мүмкін.
3. Егер сот талқылауы кезінде прокурордың одан әрі қатысуға мүмкіндігі жоқтығы анықталса, ол алмастырылуы мүмкін. Iске жаңа прокурордың кірісуі осы уақытқа дейін сотта жасалған әрекеттерді қайталауға әкеп соқпайды, бірақ прокурордың өтінішхаты бойынша сот оған істің материалдарымен танысу үшін уақыт бере алады.
4. Прокурор дәлелдемелерді ұсынады және оларды зерттеуге қатысады, сотқа айыптаудың мәні бойынша, сондай-ақ сот талқылауы кезінде туындаған басқа да мәселелер бойынша өзінің пікірін баяндайды, сотқа қылмыстық заңды қолдану және сотталушыға жаза тағайындау туралы ұсыныс айтады.
5. Прокурор, егер азаматтардың құқықтарын, мемлекеттік немесе қоғамдық мүдделерді қорғау осыны талап етсе, іс бойынша азаматтық талап қояды немесе қойылған азаматтық талапты қолдайды.
6. Прокурор айыптауды қолдай отырып, заң талаптарын және істің барлық мән-жайларының қаралу нәтижелеріне негізделген өзінің ішкі сенімін басшылыққа алады. Прокурор айыптауды өзгерте алады. Прокурор, егер айыптау сот талқылауында қолдау таппады деген түйінге келсе, айыптаудан (толық немесе ішінара) бас тартуға міндетті. Сот тергеуі немесе сот жарыссөзі кезінде мемлекеттік айыптаушының айыптаудан бас тартуына жол беріледі.
7. Прокурор айыптаудан толық бас тартқан жағдайда, егер айыптаудан жәбірленуші де бас тартса, сот өз қаулысымен істі тоқтатады. Егер жәбірленуші айыптауды талап етсе, сот талқылауды жалғастырып, істі жалпы тәртіппен шешеді. Бұл жағдайда прокурор процеске одан әрі қатысудан босатылады, ал айыптауды жәбірленушінің өзі немесе өкілі арқылы қолдайды. Жәбірленушінің өтінішхаты бойынша сот оған өкіл шақыру үшін уақыт беруге тиіс. Прокурор мен жекеше айыптаушы айыптаудан ішінара бас тартқан кезде сот істі айыптаушы тараптың айыптаудан бас тартқан бөлігінде тоқтатады, іс айыптаудың қалған бөлігінде жалпы тәртіппен қаралады. Егер прокурор айыптауды өзгертсе және жәбірленуші бұрынғы айыптауды табанды түрде қорғамаса, сот істі жаңа айыптау бойынша қарайды.
8. Осы Кодексте көзделген жағдайларда прокурор сотталушымен процестік келісім жасасуға құқылы. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 68-бабының үшінші бөлігінде көрсетілген мән-жайлар болған кезде прокурор қылмыстық істі тоқтату туралы өтінішхат беруге құқылы.
338-бап. Жәбірленушінің басты сот талқылауына қатысуы
1. Басты сот талқылауы жәбірленушінің немесе оның өкілінің қатысуымен жүргізіледі.
2. Жәбірленуші келмеген жағдайда сот істі талқылау немесе оны талқылауды жәбірленуші болмағанда істің барлық мән-жайларын толық анықтаудың және оның құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың мүмкін болуы-болмауына қарай кейінге қалдыру туралы мәселені шешеді. Егер сот отырысына жәбірленушінің өкілі келсе, сот бұл мәселені өкілдің пікірін ескере отырып шешеді.
3. Жәбірленушінің өтінішхаты бойынша сот оны айғақтар беру үшін белгілі бір уақытта келуге міндеттей отырып, сот отырысына қатысудан босата алады.
4. Жекеше айыптау ісі бойынша жәбірленушінің сот отырысына дәлелді себептерсіз келмеуі істі тоқтатуға әкеп соғады, алайда сотталушының өтінішхаты бойынша іс мәні бойынша жәбірленушінің қатысуынсыз қаралуы мүмкін.
339-бап. Азаматтық талапкердің немесе азаматтық жауапкердің басты сот талқылауына қатысуы
1. Басты сот талқылауына азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер немесе олардың өкілдері қатысады.
2. Азаматтық талапкер немесе оның өкілі сотқа келмеген кезде азаматтық талап қою қараусыз қалдырылуы мүмкін. Азаматтық талапкердің азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен талап қою құқығы сақталады.
3. Сот азаматтық талапкердің немесе оның өкілінің өтінішхаты бойынша азаматтық талап қоюды азаматтық талапкердің қатысуынсыз қарауға құқылы.
4. Егер сот қажет деп тапса немесе егер талап қоюды прокурор қолдаса, сот азаматтық талап қоюды азаматтық талапкердің немесе оның өкілінің келу-келмеуіне қарамастан қарайды.
5. Азаматтық жауапкердің немесе оның өкілінің келмеуі азаматтық талап қоюды қарауды тоқтатпайды.
340-бап. Басты сот талқылауының шегі
1. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген жағдайды қоспағанда, басты сот талқылауы тек сотталушыға қатысты және оның сотқа берілген айыптау шектерінде ғана жүргізіледі.
2. Егер айыптауды өзгерту айыпталушының қорғалу құқығын бұзбаса, айыптауды өзгертуге жол беріледі.
3. Егер басты сот талқылауы барысында қаралып отырған істі басқа қылмыстық іспен біріктіру, егер басқа адамдардың әрекеттері қаралып жатқан іспен байланысты болса және оларға қатысты істі бөлек қарау мүмкін болмаса, басқа адамдарды қылмыстық жауаптылыққа тарту қажеттігі туындаса, сот айыптаушы тараптың өтінішхаты бойынша, процестің басқа қатысушыларының пікірін ескере отырып, істі қарауда үзіліс жасайды және осы Кодекстің 321-бабында көзделген тәртіппен алдын ала тыңдауды өткізеді.
ҚР Конституциялық Сотының 24.04.2023 № 42-НҚ нормативтік қаулысымен осы кодекстің 340-бабының үшінші бөлігі Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келеді деп танылды.4. Алдын ала тыңдауда қарастырылып жатқан қылмыстық істі жаңадан келіп түскен іспен біріктірген кезде сот прокурорға жаңа айыптау актісін, сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру хаттамасын, айыптау хаттамасын жасау үшін уақыт береді.
5. Егер басты сот талқылауы барысында сотталушыға неғұрлым ауыр немесе бастапқыдан ерекшеленетін айыптау тағу қажеттігі туындаса, сот істі қарауды кейінге қалдырып, прокурорға жаңа айыптау актісін, сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру хаттамасын, айыптау хаттамасын жасау үшін уақыт береді.
6. Біріктірілген іс бойынша сот ісін жүргізу осы Кодекстің 7-бөлімінде көзделген тәртіппен жүзеге асырылады. Сот жаңа айыптау актісі, сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру хаттамасы, айыптау хаттамасы жасалғанға дейін зерттеген дәлелдемелерді қайтадан зерттеу сот осындай қажеттілік бар деп таныған жағдайда жүзеге асырылады.
Ескерту. 340-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 27.12.2021 № 88-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.341-бап. Басты сот талқылауын кейінге қалдыру және қылмыстық істі тоқтата тұру
1. Сот отырысына шақырылған тұлғалардың бірінің келмеуі салдарынан немесе жаңа дәлелдемелерді талап етіп алдыру қажеттігіне, прокурордың жаңа айыптау актісін, сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру хаттамасын, айыптау хаттамасын жасауына және табыс етуіне немесе медиация рәсімін өткізуге, процестік келісім жасасуға байланысты істі талқылау мүмкін болмаған кезде сот істі талқылауды белгілі бір мерзімге кейінге қалдыру туралы қаулы шығарады. Сот сонымен бір мезгілде тараптарға тиісінше айыптау және қорғау куәларының, сондай-ақ өтінішхаттар бойынша сот отырысына шақырылған өзге де тұлғалардың келуін қамтамасыз етуді міндеттеуге құқылы. Қажет болған кезде сот тараптардың өздері өтінішхат мәлімдеген дәлелдемелерді алуына көмек көрсетеді.
2. Сот талқылауы жаңа айыптау актісін, сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру хаттамасын, айыптау хаттамасын жасау қажеттігіне байланысты кейінге қалдырылған кезде сот қорғаушы тараптың істің қосымша материалдарымен танысу құқығын қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдайды және жаңа айыптаудан қорғануға дайындалу үшін ақылға қонымды мерзім ұсынады.
Жаңа айыптау актісі, сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру хаттамасы, айыптау хаттамасы сотталушыға, оның қорғаушысына (ол қатысып отырған кезде), жәбірленушіге, заңды өкілге және өкілге табыс етіледі және істің материалдарына қосып тігіледі.
3. Осы Кодекстің 45-бабының бірінші – үшінші бөліктерінде көзделген негіздер болған кезде сот осы мән-жайлар жойылғанға дейін іс бойынша іс жүргізуді бір немесе бірнеше сотталушыға қатысты тоқтаты тұрады және қалған сотталушыларға қатысты сот талқылауын жалғастырады.
4. Жасырынып жүрген сотталушыны іздестіру сот қаулысымен жарияланады.
Ескерту. 341-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 19.12.2020 № 384-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2021 № 88-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.342-бап. Бұлтартпау шарасы туралы мәселені шешу
1. Басты сот талқылауы кезінде сот сотталушыға қатысты бұлтартпау шарасын таңдауға, өзгертуге, оның күшін жоюға немесе оны ұзартуға құқылы.
2. Сотталушыны бұлтартпау шарасы ретінде күзетпен ұстау мерзімі іс сотқа келіп түскен күннен бастап және үкім шығарылғанға дейін алты айдан аспауға тиіс.
3. Ауыр қылмыстар туралы істер бойынша осы баптың екінші бөлігінде көрсетілген мерзім өткеннен кейін сот күзетпен ұстау мерзімін өзінің қаулысымен он екі айға дейін ұзартуға құқылы.
3-1. Аса ауыр қылмыстар туралы істер бойынша осы баптың екінші бөлігінде көрсетілген мерзім өткеннен кейін сот күзетпен ұстау мерзімін өзінің қаулысымен он сегіз айға дейін ұзартуға құқылы. Айрықша жағдайларда көрсетілген мерзім соттың уәжді қаулысы бойынша, бірақ әрбір ретте бір айдан аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін.
4. Осы баптың екінші және үшінші бөліктерінде көрсетілген күзетпен ұстау мерзімдері өткеннен кейін сот сотталушыға бұлтартпау шарасын үйқамаққа немесе өзге де бұлтартпау шарасына ауыстыруға тиіс.
5. Алып тасталды – ҚР 27.12.2021 № 88-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.ҚР Конституциялық Сотының 10.06.2026 № 85-НҚ нормативтік қаулысымен осы Кодекстің 342-бабының үшінші бөлігі "осы баптың екінші бөлігінде көрсетілген мерзім өткеннен кейін" деген сөздер бөлігінде ҚР Конституциясына сәйкес келмейді деп танылды.
ҚР Конституциялық Сотының 10.06.2026 № 85-НҚ нормативтік қаулысымен осы Кодекстің 342-бабының бірінші, екінші және төртінші бөліктері төмендегідей түсіндірмеде ҚР Конституциясына сәйкес келеді деп танылды: сотталушының үйқамаққа немесе өзге де бұлтартпау шарасына байланысты сот жүктеген шектеулер мен міндеттерді бұзатын әрекеттерді жасауы оны сол бір қылмыстық іс бойынша, сондай-ақ бұған біріктірілген немесе одан бөлініп алынған қылмыстық іс бойынша қылмыстық-процестік заңда көзделген шекті жол берілетін мерзімнен артық мерзімге он екі ай мерзім өткеннен кейін қайтадан күзетпен ұстауға негіз болмайды.
Ескерту. 342-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 27.12.2021 № 88-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
343-бап. Істі басты сот талқылауында тоқтату
Егер басты сот талқылауында осы Кодекстің 35-бабы бірінші бөлігінің 3) – 12) тармақтарында көрсетілген мән-жайлар анықталса, сондай-ақ айыптаушы осы Кодекстің 337-бабы алтыншы бөлігінің қағидаларына сәйкес айыптаудан бас тартқанда, іс тоқтатылуға жатады. Iс басты сот талқылауында осы Кодекстің 36-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген негіздер бойынша да тоқтатылуы мүмкін.
Қылмыстық істі тоқтату туралы қаулы осы Кодекстің 288-бабында көзделген талаптар сақтала отырып, шығарылады.
344-бап. Басты сот талқылауында қаулылар шығару тәртібі
1. Сот басты сот талқылауы кезінде сот шешетін барлық мәселелер бойынша қаулылар шығарады, олар сот отырысында жария етілуге жатады.
2. Iсті тоқтату туралы, іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру туралы, бұлтартпау шарасын таңдау, өзгерту немесе оның күшін жою туралы, қарсылық білдірулер туралы, сараптама тағайындау туралы қаулылар және жекеше қаулылар кеңесу бөлмесінде шығарылады және жеке құжат түрінде жазылады.
3. Өзге қаулылар соттың қалауы бойынша не осы баптың екінші бөлігінде көрсетілген тәртіппен не сол орнында – сот отырысы залында қаулыны сот отырысының хаттамасына енгізе отырып шығарылады.
4. Басты сот талқылауында дәлелдемелерді зерттеу мәселелері бойынша шығарылған қаулылар шағым жасауға, прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қарауға, наразылық білдіруге жатпайды. Басты сот талқылауы барысында шығарылған қаулылармен келіспеу апелляциялық шағымға, прокурордың өтінішхатына, наразылыққа енгізілуі мүмкін.
Ескерту. 344-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 11.07.2017 № 91-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).345-бап. Басты сот талқылауының тәртіптемесі
1. Басты сот талқылауы соттың қалыпты жұмысын және процеске қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жағдайларда өтеді. Басты сот талқылауы бейнебайланыс режимінде де өтуі мүмкін, ол туралы шешімді іс бойынша төрағалық етуші қабылдайды.
2. Соттың сот отырысы залына кіруінің алдында сот приставы, ол болмаған кезде сот отырысының хатшысы: "Сот келе жатыр" деп хабарлайды, сот отырысына қатысып отырғандардың бәрі орындарынан тұрады, содан соң төрағалық етушінің ұсынуы бойынша өз орындарына отырады.
3. Сот талқылауына қатысушылардың бәрі сотқа қарап сөйлегенде, айғақтар бергенде және мәлімдеме жасағанда орындарынан тұрады. Бұл қағидалардан ауытқуға төрағалық етушінің рұқсатымен жол беріледі.
4. Басты сот талқылауының барлық қатысушылары, сол сияқты сот отырысы залында қатысып отырған азаматтардың барлығы төрағалық етушінің сот отырысының тәртібін сақтау туралы өкімдеріне бағынуға тиіс.
5. Он алты жасқа дейінгі адамдар, егер олар тарап немесе куә болып табылмаса, сот отырысы залына жіберілмейді. Қажет болғанда сот приставы азаматтан оның жасын куәландыратын құжатты талап етуге құқылы. Залға сондай-ақ масаң күйдегі адамдар жіберілмейді.
6. Сот отырысы залында фотосуретке түсіруге, дыбыс-, бейнежазуды қолдануға және киноға түсіруге процеске қатысушылардың келісімімен және төрағалық етушінің рұқсатымен жол беріледі. Осы әрекеттер сот талқылауының қалыпты барысына кедергі келтірмеуге тиіс.
7. Сот талқылауына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында сот осы Кодекстің 98-бабында көзделген ережелерге сәйкес шаралар қабылдайды және сот талқылауын жүргізеді.
8. Басты сот талқылауы басталар алдында төрағалық етуші сот талқылауының барлық қатысушыларына қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету бойынша сотқа өтініш жасау құқығы туралы түсіндіреді.
9. Тараптардың бірінің немесе сот талқылауына қатысушының қауіпсіздік шараларын қабылдау туралы өтінішхаты бойынша сот осы мәселе жөнінде қаулы шығаруға құқылы.
346-бап. Басты сот талқылауында тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында қолданылатын шаралар
1. Адам сот отырысында тәртіп бұзған, төрағалық етушінің өкімдеріне бағынбаған, сол сияқты сотты құрметтемеуді анық куәландыратын өзге де әрекеттер жасаған кезде (әрекетсіздік кезінде) төрағалық етуші оны сот отырысы залынан шығарып жіберуге немесе қылмыстық құқық бұзушылық белгілері болмаған жағдайларда, сотты құрметтемеу фактісінің анықталғаны туралы жариялауға және кінәлі адамға осы Кодекстің 160-бабында көзделген тәртіппен ақшалай өндіріп алуды қолдануға құқылы. Шығарып жіберу, айыптаушы мен қорғаушыдан басқа, процестің кез келген қатысушысына немесе өзге де адамға қатысты жүргізілуі мүмкін. Ақшалай өндіріп алуды сотталушыға және оның қорғаушы ретінде қатысатын адвокатына қолдануға болмайды.
2. Егер сот отырысы залынан сотталушы шығарылып жіберілсе немесе ол істі сот талқылауына қатысудан бас тартса, төрағалық етуші соттың әрбір отырысының алдында одан өзі тәртіптемені сақтаған жағдайда, сот залында болғысы келетінін-келмейтінін анықтайды. Үкім сотталушы қатысып отырғанда жариялануға, ал ол бұл ретте қатысудан бас тартқан кезде оған жарияланғаннан кейін дереу қолхат алып хабарлануға тиіс.
3. Сот отырысы залынан процеске қатысушыны шығарып жіберу және ақшалай өндіріп алуды қолдану туралы сот қаулы шығарады.
4. Сот отырысы залында қатысып отырған, бірақ процеске қатысушы болып табылмайтын адамдар тәртіп бұзған жағдайда, олар төрағалық етушінің өкімі бойынша сот отырысы залынан шығарылады. Бұған қоса сот оларға ақшалай өндіріп алуды қолдануы мүмкін.
5. Егер сот отырысындағы тәртіп бұзушының әрекеттерінде қылмыстық құқық бұзушылық белгілері болса, сот материалдарды сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастау туралы мәселені шешу үшін прокурорға жібереді.
347-бап. Басты сот талқылауының хаттамасы
1. Басты сот талқылауы кезінде сот отырысының хатшысы хаттама жүргізеді.
2. Хаттама компьютерлік, электрондық (аудио-, бейне түсіруді қоса алғанда), машинада жазу не қолмен жазу тәсілімен жасалады.
3. Егер сот талқылауына аудио-, бейнежазба қолданылмаған болса, қағаз жеткізгіште дайындалған хаттамада:
1) басты сот талқылауының күні мен датасы, оның басталу және аяқталу уақыты;
2) қандай іс қаралып жатқаны;
3) соттың атауы мен құрамы, хатшы, аудармашы, мемлекеттік айыптаушы, қорғаушы, сотталушы, сондай-ақ жәбірленуші, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер және олардың өкілдері, сот шақырған басқа да адамдар;
4) сотталушының жеке басы туралы деректер және бұлтартпау шарасы;
5) соттың жүргізілген реттегі әрекеттері;
6) іске қатысатын адамдардың арыздары, қарсылықтары және өтінішхаттары;
7) соттың кеңесу бөлмесіне бармай шығарған қаулылары;
8) қаулылардың кеңесу бөлмесінде шығарылуына нұсқаулар;
9) іске қатысатын адамдарға олардың құқықтары мен міндеттерінің түсіндірілгені;
10) айғақтардың егжей-тегжейлі мазмұны;
11) жауап алуға қатысқан адамдардың сот бөлген немесе жауап алынатын адам жауап беруден бас тартқан сұрақтары;
12) сарапшыға қойылған сұрақтар және оның жауаптары;
13) сот отырысында жүргізілген қарап-тексерулердің және дәлелдемелерді зерттеу жөніндегі басқа әрекеттердің нәтижелері;
14) азаптаудың, зорлық-зомбылықтың, өзге де қатыгез немесе адами қадыр-қасиетті қорлайтын қарым-қатынастың қолданылғаны туралы арыздарды қарау нәтижелері және оларды зерттеу процесі;
15) іске қатысатын адамдар хаттамада куәландыруды өтінген фактілерді нұсқау;
16) тараптардың сот жарыссөзінде сөйлеген сөздерінің және сотталушының соңғы сөзінің негізгі мазмұны;
17) үкімнің, қаулының, жеке қаулының жарияланғаны және оған шағым жасау тәртібі мен мерзімі түсіндірілгені туралы белгі көрсетіледі.
Айғақтар бірінші жақтан және мүмкіндігінше сөзбе-сөз жазылады, сұрақтар мен оларға жауаптар жауап алу кезінде орын алған жүйелілік бойынша жазылады. Бұған қоса, хаттамада, егер сотты құрметтемеушілік орын алған болса, оны куәландыратын фактілер және тәртіп бұзушының жеке басы мен соттың тәртіп бұзушыға қатысты қолданған ықпал ету шаралары туралы да көрсетіледі.
4. Хаттама сот отырысы аяқталғаннан кейін – бес тәуліктен, ал көп эпизодты істер және алқабилердің қатысуымен қаралған істер бойынша он тәуліктен кешіктірілмей жасалып, оған төрағалық етуші мен хатшы қол қоюға тиіс. Сот талқылауы барысында хаттама бөліп-бөліп жасалуы мүмкін, оларға, сондай-ақ тұтас хаттамаға сот отырысына төрағалық етуші мен хатшы қол қояды. Тараптардың өтінішхаты бойынша хаттаманың дайын болған бөлігі дайын болуына қарай беріледі.
5. Сот талқылауының қағаз жеткізгіште дайындалған хаттамасының дұрыс жазылуы туралы сот отырысының төрағалық етушісі мен хатшысының арасында келіспеушілік болған кезде, соңғысы өзінің қарсылықтарын жазбаша түрде сот отырысы барысында жасалған жазбалармен, оның ішінде, сот отырысының дыбыс-, бейнежазбаларымен бірге хаттамаға қоса беруге құқылы.
6. Төрағалық етуші тараптарға басты сот талқылауының хаттамасы дайындалғаны туралы хабарлауға және олардың онымен және дыбыс-, бейнежазба материалдарымен танысу мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті.
7. Басты сот талқылауында жауап алынған адам хаттамадағы және дыбыс-, бейнежазба материалдарындағы өз айғақтарының жазбасымен таныстыру жөнінде өтінішхат беруге құқылы. Мұндай мүмкіндік өтінішхат мәлімделгеннен кейінгі күннен кешіктірілмей берілуге тиіс.
8. Сот тараптардың немесе осы баптың жетінші бөлігінде көрсетілген адамдардың өтінішхаты бойынша сот отырысының төрағалық етушісі мен хатшысының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы хаттаманы ұсынуға міндетті.
9. Соттарға құжаттарды электрондық құжат нысанында беру құралдарын техникалық қолдану, оларды тіркеу, өңдеу, олармен танысу қағидаларын сот әкімшілігі саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган бекітеді.
Ескерту. 347-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 31.10.2015 № 378-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.11.2024 № 136-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.347-1-бап. Басты сот талқылауын аудио-, бейне түсіру құралдарымен түсіріп алу
1. Сот отырысы барысын түсіріп алу аудио-, бейнежазба құралдарының көмегімен жүзеге асырылады. Сот отырысын аудио-, бейнежазба құралдарымен түсіріп алуды сот отырысының хатшысы жүзеге асырады.
Жабдықтардың техникалық ақауы болған, жабдықтар болмаған немесе техникалық себептерге байланысты оны қолдану мүмкін болмаған жағдайларда сот отырысын аудио-, бейнежазба құралдарының көмегімен түсіру жүзеге асырылмайды.
Аудио-, бейнежазба құралдарын пайдаланудың мүмкін болмауы сот отырысын жалғастыруды жоққа шығармайды.
Аудио-, бейнежазба құралдарын пайдалану мүмкін болмаған жағдайда сот отырысының хатшысы сот отырысының хаттамасында аудио-, бейнежазбаны пайдаланбау себептерін міндетті түрде көрсете отырып бұл туралы сотқа баяндайды.
2. Істі талқылауды аудио-, бейнежазба құралдарын пайдалану арқылы түсіріп алған жағдайда, сот отырысының хатшысы жазбаша нысанда қысқаша хаттама жасайды.
Сот отырысының қысқаша хаттамасында соттың әрекеттері олардың болған ретімен қамтылады және:
1) сот отырысының жылы, айы, күні және орны;
2) сот отырысының басталу және аяқталу уақыты;
3) істі қарайтын соттың атауы мен құрамы, судьялардың, сот отырысы хатшысының тегі мен аты-жөні;
4) істің атауы;
5) сотталушының жеке басы туралы деректер;
6) соттың аудио-, бейнежазба құралдарын қолдануы туралы мәліметтер;
7) аудио-, бейнежазбаны қамтитын файлдың атауы;
8) аудармашының, айыптаушының, қорғаушының, сотталушының, сондай-ақ жәбірленушінің, азаматтық талапкердің, азаматтық жауапкердің және олардың өкілдерінің, сот шақырған басқа да адамдардың келгені туралы мәліметтер;
9) процеске қатысушылардың және іске қатысатын өзге де адамдардың арыздары, қарсылықтары мен өтінішхаттары туралы; сот шығарған қаулылар туралы; файл нөмірі мен жауап алыну уақыты көрсетіле отырып, сотта жауап алынған адамдар туралы, соттың жазбаша құжаттарды, заттай дәлелдемелерді зерттеу уақыты туралы, іске қосымша материалдарды қоса тіркеу туралы, сот жарыссөзін жүргізудің, сотталушының соңғы сөзінің, соттың кеңесу бөлмесіне кетуінің және сот актісін жария етудің уақыты туралы мәліметтер;
10) түпкілікті нысандағы хаттаманың жасалған датасы көрсетіледі.
Сот отырысының қысқаша хаттамасына төрағалық етуші және хатшы қол қояды.
Аудио-, бейнежазбаны қамтитын материалдық жеткізгіш пен сот отырысының қысқаша хаттамасы іс материалдарына қоса тіркеледі.
2-1. Іс бойынша төрағалық етуші сот отырысының аудио-, бейнетіркеуінің толықтығы мен сапасын тексереді. Егер сот отырысының аудио-, бейнежазбасы сапасыз болып табылса, онда осы Кодекстің 347-бабының талаптарына сәйкес басты сот талқылауының хаттамасы жасалады.
3. Сот іске қатысатын адамдардың және олардың өкілдерінің өтінішхаты бойынша аудио-, бейнежазбаның көшірмесін немесе сот отырысының хаттамасын ұсынады. Іс жабық сот отырысында қаралған жағдайда іске қатысатын адамдарға аудио-, бейнежазбалар және сот отырысының хаттамасы ұсынылмайды, олардың аудио-, бейнежазбамен және сот отырысының хаттамасымен сотта танысу мүмкіндігі қамтамасыз етіледі.
4. Сот отырыстарының аудио-, бейнежазбалары сот талқылауының барысын дәл тіркеу үшін тек сот ісін жүргізу мақсаттарында, сондай-ақ азаматтық, қылмыстық сот ісін жүргізуде, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуде не тәртіптік іс бойынша іс жүргізу шеңберінде нақты деректерді анықтау мақсаттарында пайдаланылады.
5. Сот отырысының барысын түсіріп алуды қамтамасыз ететін аудио-, бейнежазба құралдарын техникалық қолдану, аудио-, бейнежазбаны сақтау және жою тәртібін, сондай-ақ аудио-, бейнежазбаға қолжетімділік тәртібін сот әкімшілігі саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган осы Кодекстің талаптарын ескере отырып айқындайды.
Ескерту. 42-тарау 347-1-баппен толықтырылды - ҚР 31.10.2015 № 378-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 27.12.2021 № 88-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.11.2024 № 136-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.348-бап. Басты сот талқылауының хаттамасына ескертулер
Басты сот талқылауының хаттамасына қағаз жеткізгіште қол қойылғаннан кейін бес тәулік ішінде тараптар, сондай-ақ осы Кодекстің 347-бабының жетінші бөлігінде көрсетілген өзге адамдар сот отырысының хаттамасымен танысуға, хаттамаға жазбаша нысанда немесе электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанында ескертулер беруге құқылы. Сот отырысы хаттамасының көлемі үлкен болған жағдайда, төрағалық етуші тараптардың өтінішхаты бойынша олардың танысуы және ескертулер беруі үшін неғұрлым ұзақ, қисынды мерзім белгілейді.
348-1-бап. Басты сот талқылауының аудио-, бейнежазбасына және қысқаша хаттамасына ескертулер
Басты сот талқылауының қысқаша хаттамасына қағаз жеткізгіште қол қойылғаннан кейін бес тәулік ішінде тараптар, сондай-ақ осы Кодекстің 347-бабының жетінші бөлігінде көрсетілген өзге де адамдар сот отырысының аудио-, бейнежазбаларымен және қысқаша хаттамасымен танысуға, жазбаша нысанда немесе электрондық құжат нысанында ескертулер беруге құқылы.
Сот отырысының аудио-, бейнежазбасына және қысқаша хаттамасына ескертулерді қарау осы Кодекстің 349-бабында көзделген қағидалар бойынша жүзеге асырылады.
Ескерту. 42-тарау 348-1-баппен толықтырылды - ҚР 31.10.2015 № 378-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).349-бап. Басты сот талқылауының хаттамасына ескертулерді қарау
1. Басты сот талқылауының қағаз жеткізгіште дайындалған хаттамасына ескертулерді төрағалық етуші, ал ол ұзақ уақыт (кемінде бес тәулік) бойы болмаған кезде осы соттың басқа судьясы қарайды, ол ескерту берген адамдарды нақтылау үшін шақыртуға құқылы.
2. Ескертулерді қарау нәтижелері бойынша судья олардың дұрыстығын куәландыру не оларды қабылдамау туралы уәжді қаулы шығарады, бұл шағым жасауға, прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қарауға, наразылық білдіруге жатпайды, мұнымен келіспеу апелляциялық шағымға, прокурордың өтінішхатына, наразылыққа енгізілуі мүмкін. Хаттамаға және судьяның қаулысына ескертулер басты сот талқылауының хаттамасына қоса тігіледі.
Ескерту. 349-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 11.07.2017 № 91-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).43-тарау. БАСТЫ СОТ ТАЛҚЫЛАУЫНЫҢ ДАЙЫНДЫҚ БӨЛІГІ
350-бап. Басты сот талқылауының ашылуы
Басты сот талқылауы үшін тағайындалған уақытта сот отырысының хатшысы немесе пристав сот отырысы залында қатысып отырғандарға: "Бәріңіздің тұруларыңызды өтінемін! Сот келе жатыр!" деп жариялайды. Содан кейін төрағалық етуші сот отырысының залына кіріп, барлық қатысып отырғандарға өз орындарына отыруын ұсынады және қандай қылмыстық істің және ашық немесе жабық сот отырысында қаралатынын жариялайды. Егер жабық сот отырысы туралы жарияланса, төрағалық етуші процеске қатысушылардан және сот отырысына шақырылған адамдардан басқа, барлық қатысып отырғандардың залдан шығуын ұсынады.
Сот жабық сот отырысына қатысатын адамдарға өзінің рұқсатынсыз істе бар мәліметтерді жария етуге жол берілмейтіні туралы ескертеді, бұл туралы жауаптылық жөнінде ескертуі бар қолхат алынады.
Төрағалық етуші соттың сот отырысын аудио-, бейнежазу құралдарын пайдаланатыны туралы жариялайды.
Аудио-, бейнежазу құралдарын пайдаланудың мүмкін болмауы сот отырысын жалғастыруды жоққа шығармайды.
Аудио-, бейнежазудың болмау себептері сот отырысының хаттамасында міндетті түрде көрсетілуге тиіс.
Ескерту. 350-бап жаңа редакцияда - ҚР 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.351-бап. Басты сот талқылауына шақырылған тұлғалардың келуін тексеру
Сот отырысының хатшысы сотқа басты сот отырысына қатысуға тиісті тұлғалардың келгені туралы баяндайды және келмегендердің келмеу себептерін хабарлайды.
352-бап. Аудармашыға оның құқықтары мен міндеттерін түсіндіру
1. Егер сот отырысына қатысу үшін аудармашы шақырылса, төрағалық етуші аудармашы ретінде кімнің қатысып отырғанын хабарлайды және оған осы Кодекстің 81-бабында көзделген құқықтарын, міндеттерін түсіндіреді.
2. Төрағалық етуші аудармашыға көрінеу дұрыс аударма жасамағаны үшін қылмыстық жауаптылығы туралы ескертеді, бұл туралы одан қолхат алынып, ол сот отырысының хаттамасына қоса тігіледі. Аудармашыға, сондай-ақ, өз міндеттерін орындаудан жалтарған жағдайда оған осы Кодекстің 160-бабында белгіленген тәртіппен ақшалай өндіріп алу қолданылуы мүмкін екені ескертіледі.
353-бап. Аудармашыға қарсылық білдіру туралы мәселені шешу
Төрағалық етуші келген тараптарға, куәларға, сарапшыға, маманға олардың аудармашыға қарсылық білдіруді мәлімдеу құқығын түсіндіреді және заңда көзделген, аудармашыға қарсылық білдіруге әкеп соғатын негіздерді түсіндіреді. Сот мәлімделген қарсылық білдіруді осы Кодекстің 86-бабында белгіленген қағидалар бойынша шешеді. Егер аудармашыға қарсылық білдіру қанағаттандырылса, сот басқа аудармашыны шақырады, оған қатысты қарсылық білдіру туралы мәселе де осындай тәртіппен қаралады.
354-бап. Куәларды сот отырысы залынан шығарып жіберу
Келген куәлар олардан жауап алу басталғанға дейін сот отырысы залынан шығарылады. Төрағалық етуші сот жауап алмаған куәлардың жауап алынған куәлармен, сондай-ақ сот отырысы залындағы өзге де адамдармен сөйлеспеуі үшін шара қолданады.
355-бап. Сотталушының жеке басын және айыптау актісі, сотқа ейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру хаттамасы, айыптау хаттамасы көшірмелерінің уақтылы табыс етілгенін анықтау
Төрағалық етуші сотталушының тегін, атын, әкесінің атын (ол болған кезде), туған жылын, айын, күнін және туған жерін анықтай отырып, оның жеке басын анықтайды, деректерді жеке басын куәландыратын құжатымен немесе оның куәландырылған көшірмесімен салыстырады, сот ісі жүргізілетін тілді білетінін, тұрғылықты жерін, кәсібін, білімін, отбасылық жағдайын және оның жеке басына қатысты басқа да деректерді анықтайды. Содан кейін төрағалық етуші айыптау актісі, сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру хаттамасы, айыптау хаттамасы көшірмелерінің сотталушыға табыс етілгенін-табыс етілмегенін және нақты қашан табыс етілгенін анықтайды. Бұл ретте істі сотта талқылау, егер сотталушы бұл туралы өтінішхат бермесе, сондай-ақ осы Кодекстің 411-бабының екінші бөлігінде көзделген жағдайды қоспағанда, айыптау актісінің, сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру хаттамасының, айыптау хаттамасының көшірмелері табыс етілген күннен бастап үш тәуліктен ерте басталмайды.
Ескерту. 355-бап жаңа редакцияда – ҚР 27.12.2021 № 88-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.356-бап. Сот құрамын, процеске басқа да қатысушыларды жариялау
Төрағалық етуші сот құрамын жариялайды, кімнің айыптаушы, қорғаушы, жәбірленуші, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер немесе олардың өкілдері, сондай-ақ сот отырысының хатшысы, сот приставы, сарапшы, маман болып табылатынын хабарлайды.
357-бап. Қарсылық білдірулерді шешу тәртібі
1. Төрағалық етуші тараптарға сот құрамына, сондай-ақ осы Кодекстің 356-бабында аталған тұлғаларға осы Кодекстің 87, 88, 89, 90, 91, 92 және 93-баптарында көзделген негіздер бойынша қарсылық білдіруді мәлімдеу құқығын түсіндіреді. Бұл қағидалар запастағы судьяға қатысты да қолданылады.
2. Сот мәлімделген қарсылық білдірулерді осы Кодекстің 86 және 87-баптарында белгіленген қағидалар бойынша шешеді.
358-бап. Сотталушыға оның құқықтарын түсіндіру
Төрағалық етуші сотталушыға оның осы Кодекстің 65-бабында көзделген, басты сот талқылауындағы құқықтарын, сондай-ақ процестік келісім жасасу, заңда көрсетілген жағдайларда, жәбірленушімен татуласу, оның ішінде медиация тәртібімен татуласу құқығын түсіндіреді.
359-бап. Жәбірленушіге, жекеше айыптаушыға, азаматтық талапкерге және азаматтық жауапкерге олардың құқықтарын түсіндіру
Төрағалық етуші жәбірленушіге, жекеше айыптаушыға, азаматтық талапкерге, азаматтық жауапкерге және олардың өкілдеріне олардың осы Кодекстің 71, 72, 73, 74, 76 және 77-баптарында көзделген, басты сот талқылауындағы құқықтарын түсіндіреді. Жекеше айыптау істері бойынша, сондай-ақ бірінші рет жасалған қылмыстық теріс қылықтар және онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар туралы істер бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 68-бабының екінші бөлігінде көзделген жағдайларда жәбірленушіге оның сотталушымен татуласу, оның ішінде медиация тәртібімен татуласу құқығы түсіндіріледі.
360-бап. Сарапшыға оның құқықтары мен міндеттерін түсіндіру
Төрағалық етуші сарапшыға оның осы Кодекстің 79-бабында көзделген құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді және оған көрінеу жалған қорытынды бергені үшін қылмыстық жауаптылығы туралы ескертеді, бұл туралы сарапшыдан қолхат алынады, ол басты сот талқылауының хаттамасына қоса тігіледі.
361-бап. Маманға оның құқықтары мен міндеттерін түсіндіру
Төрағалық етуші маманға оның осы Кодекстің 80-бабында көзделген құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді және оған өз міндеттерін орындаудан бас тартқаны немесе жалтарғаны үшін осы бапта белгіленген жауаптылық туралы ескертеді.
362-бап. Өтінішхаттарды мәлімдеу және шешу
1. Төрағалық етуші тараптардан олардың жаңа куәларды, сарапшыларды және мамандарды шақыру туралы және заттай дәлелдемелер мен құжаттарды талап етіп алдыру туралы, оның ішінде медиация рәсімін өткізу не процестік келісім жасасу туралы өтінішхаттарының бар-жоғын сұрайды. Өтінішхатты мәлімдеген тұлға қандай мән-жайларды анықтау үшін қосымша дәлелдемелердің қажет екенін көрсетуге міндетті.
2. Төрағалық етуші, сондай-ақ тараптардан оларда талқылаудан дәлелдемелер ретінде жарамсыз материалдарды алып тастау туралы өтінішхаттардың бар-жоғын анықтауға міндетті.
Осы Кодекстің 112-бабының үшінші бөлігінде көзделген мән-жайлардың болуына байланысты дәлелдемелерді жол берілмейтін деп тану туралы өтінішхат мәлімделгенінен кейін тікелей шешіледі. Қалған жағдайларда ол сот тергеуі барысында да, үкімнің қаулысымен бір мезгілде кеңесу бөлмесіне кеткеннен кейін де шешілуі мүмкін. Өтінішхат бойынша сот шешімі осы Кодекстің 99-бабында көзделген тәртіппен ресімделеді.
3. Сот талқылаудың қалған қатысушыларының пікірін тыңдағаннан кейін осы Кодекстің 99-бабында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде, мәлімделген әрбір өтінішхатты, оның ішінде процестік келісім жасасу және медиация рәсімін өткізу туралы өтінішхатты қарауға, оны қанағаттандыру немесе өтінішхатты қанағаттандырудан бас тарту туралы уәжді қаулы шығаруға тиіс.
4. Сот процестік келісім немесе медиация тәртібімен татуласуға қол жеткізу туралы келісім жасасу туралы, сондай-ақ сотқа тараптардың бастамасы бойынша келген адамдардан сот отырысында мамандар немесе куәгерлер ретінде жауап алу туралы өтінішхаттарды қанағаттандырудан бас тартуға құқылы емес.
5. Сот өтінішхатын қанағаттандырудан бас тартқан тұлға оны одан әрі мәлімдеуге құқылы.
Ескерту. 362-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 09.06.2021 № 49-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.363-бап. Iске қатысатын тұлғалардың қайсыбірі болмаған кезде істі тыңдау мүмкіндігі туралы мәселені шешу
Сот талқылауына қатысушылардың қайсыбірі, сол сияқты куә, сарапшы немесе маман келмей қалған кезде сот тараптардың істі талқылау мүмкіндігі туралы пікірін тыңдайды және талқылауды кейінге қалдыру немесе оны жалғастыру және келмеген тұлғаларды келесі сот отырысына шақырту немесе оларды күштеп әкелу туралы қаулы шығарады.
44-тарау. СОТ ТЕРГЕУІ
364-бап. Сот тергеуінің басталуы
1. Сот тергеуі толық немесе қысқартылған тәртіппен жүзеге асырылады және мемлекеттік айыптаушының – сотталушыға таққан айыбының мәнін баяндауынан, ал жекеше айыптау істері бойынша – шағым берген тұлғаның немесе оның өкілінің шағымды баяндауынан басталады.
Азаматтық талап қойылған жағдайда талап қою талаптарының мәнін азаматтық талап қойған адам немесе оның өкілі баяндайды.
2. Айыптау ауырлығы төмендеу түріне өзгертілген немесе айыптаудың бір бөлігінен бас тартылған жағдайда, айыптаушы сотқа айыптаудың жаңа уәжді тұжырымдалуын жазбаша түрде баяндауға міндетті. Айыптаушы айыптаудың мәнін баяндап болған соң сотқа процестік келісім жасасу ниеті туралы мәлімдеуге құқылы.
Ескерту. 364-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 16.07.2025 № 210-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.365-бап. Сотталушының ұстанымын анықтау
1. Төрағалық етуші сотталушыдан оған айыптаудың түсінікті-түсініксіз екенін сұрайды, оған айыптаудың мәнін түсіндіреді және оның осы Кодексте көзделген жағдайларда, тағылған айыпқа өз ұстанымын сотқа хабарлау ниетінің бар-жоғын, прокурормен процестік келісім немесе жәбірленушімен медиациялық тәртіппен татуласуға қол жеткізу туралы келісім жасасу ниетінің бар-жоғын анықтайды.
2. Сотталушыға оның сотқа дейінгі іс жүргізу кезінде білдірілген кінәсін мойындауына немесе мойындамауына байланысты емес екені, өз кінәсін мойындайтыны немесе мойындамайтыны туралы сұраққа жауап беруге міндетті емес екені және сотталушының жауап беруден бас тартуы оның өзіне зиян келтірілгендей болып түсінілмейтіні түсіндірілуге тиіс. Сотталушыға сондай-ақ өз кінәсін мойындау және шын жүректен өкіну оның жауапкершілігін және жазасын жеңілдететін мән-жайлар болып табылатыны түсіндіріледі. Сотталушы өз жауабын уәждеуге құқылы. Сотталушының жауап бермеуі оның өз кінәсін мойындамағаны деп түсініледі.
3. Төрағалық етуші сотталушыдан оған қойылған азаматтық талапты (толық, ішінара) мойындайтынын-мойындамайтынын сұрайды. Егер сотталушы бұл сұраққа жауап берсе, онда ол жауабын уәждеуге құқылы. Сотталушының жауап бермеуі оның азаматтық талап қоюды мойындамағаны деп түсініледі.
4. Тараптар сотталушыға оның ұстанымын нақтылауға бағытталған, оның ішінде прокурормен процестік келісім жасасу туралы мәселе бойынша сұрақтар қоюға құқылы.
5. Сот осы Кодекстің 382-бабында көрсетілген мән-жайлар болған кезде сотталушының ұстанымын негізге ала отырып, істі қысқартылған тәртіппен талқылау туралы мәселені қарайды.
Ескерту. 365-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 16.07.2025 № 210-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.366-бап. Дәлелдемелерді ұсыну және зерттеу тәртібі
1. Сот тергеуінде айыптаушы және қорғаушы тараптар ұсынған дәлелдемелер зерттеледі.
2. Дәлелдемелерді алдымен айыптаушы тарап ұсынады. Дәлелдемелерді зерттеу тәртібін сот тараптармен келісе отырып айқындайды. Сот дәлелдемелерді зерттеу тәртібін белгілеу немесе өзгерту мәселелері бойынша қаулы шығарады.
3. Сотталушы төрағалық етушінің рұқсатымен сот тергеуінің кез келген сәтінде айғақ беруге құқылы.
4. Егер тергеу судьясы осы Кодекстің 217-бабына көзделген тәртіппен куә мен жәбірленушінің айғақтарын сақтауға қойған болса, олар сотқа шақырылмайды және олардан жауап алынбайды.
Істі сотта қарау уақытына қарай айғақтарды сақтауға қоюға себеп болған негіздер жойылған жағдайда, адамның сотқа келуі мүмкін болған кезде, сондай-ақ куә мен жәбірленуші өз еркімен ерік білдірген кезде сот қылмыстық процеске қатысушылардың өтінішхаты бойынша мұндай адамдарды шақыруға және олардан жауап алуға, оның ішінде ғылыми-техникалық құралдарды пайдалана отырып бейнебайланыс режимінде жауап алуға (қашықтықтан жауап алу) құқылы.
Қысқартылған сот талқылауы өткізілген кезде куәлар шақырылмайды және олардан жауап алынбайды.
Ескерту. 366-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 19.12.2020 № 384-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.367-бап. Сотталушыдан жауап алу
1. Сотталушыдан жауап алудың алдында төрағалық етуші оған тағылған айып және істің басқа да мән-жайлары бойынша айғақ беру немесе бермеу құқығын, сондай-ақ сотталушының барлық айтқан сөздері өзіне қарсы пайдаланылуы мүмкін екенін түсіндіреді.
2. Сотталушы айғақтар беруге келісім берген кезде бірінші болып одан қорғаушы және процеске қорғаушы тарапынан қатысушылар, содан кейін мемлекеттік айыптаушы және процеске айыптаушы тарапынан қатысушылар жауап алады. Төрағалық етуші жетелеуші сұрақтарды және іске қатысы жоқ сұрақтарды алып тастайды.
3. Сот сотталушыға одан тараптар жауап алғаннан кейін сұрақ қояды, алайда нақтылау сұрақтары жауап алудың кез келген сәтінде қойылуы мүмкін.
4. Сотталушыдан басқа сотталушының қатысуынсыз жауап алуға тараптардың өтінішхаты немесе соттың бастамасы бойынша жол беріледі, бұл туралы қаулы шығарылады. Бұл жағдайда сотталушы сот отырысы залына қайтып келгеннен кейін оған өзі болмаған кезде сот отырысының хаттамасына енгізілген айғақтар оқылады және өзі болмағанда жауап алынған сотталушыға сұрақ қою мүмкіндігі беріледі.
368-бап. Сотталушының айғақтарын жария ету
1. Сотталушының іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу кезінде берген айғақтарын жария етуге, сондай-ақ жауап алу хаттамасына қоса берілген оның айғақтарының дыбыс-, бейне жазбасын немесе киноға түсірілімін тыңдатып-көрсетуге:
1) сотталушы сотта айғақ беруден бас тартқан кезде;
2) егер іс сотталушының қатысуынсыз қаралса;
3) сот талқылауы мен сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында берілген айғақтардың арасында елеулі қайшылықтар болған кезде жол беріледі.
2. Тиісті жауап алу хаттамасындағы немесе сот отырысы хаттамасындағы айғақтарды алдын ала жария етпей тұрып, дыбыс-, бейнежазбаны және кино түсірілімін тыңдатып-көрсетуге жол берілмейді.
Ескерту. 368-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 27.12.2021 № 88-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.369-бап. Жәбірленушіден жауап алу
1. Жәбірленушіден осы Кодекстің 370-бабында көзделген, куәлардан жауап алу қағидалары бойынша жауап алынады.
2. Жәбірленуші төрағалық етушінің рұқсатымен сот тергеуінің кез келген сәтінде айғақтар беруге құқылы.
1. Куәлардан жеке-жеке және жауап алынбаған куәлардың қатысуынсыз жауап алынады.
2. Жауап алудың алдында төрағалық етуші куәнің жеке басын айқындайды, оның сотталушыға және іске қатысатын басқа тұлғаларға деген қарым-қатынасын анықтайды, іс бойынша шын айғақтар беру жөніндегі азаматтық борышы мен міндетін, сондай-ақ айғақтар беруден бас тартқаны және көрінеу жалған айғақтар бергені үшін жауаптылығын түсіндіреді. Куәға, сондай-ақ, – өзіне-өзі, өз жұбайына (зайыбына) және жақын туыстарына қарсы айғақтар беруден, ал діни қызметшілерге – тәубе үстінде өздеріне ішкі сырын сеніп ашқан адамдарға да қарсы айғақтар беруден бас тартуға құқылы екені түсіндіріледі. Заң бойынша айғақ беру міндетінен босатылған, бірақ айғақ беруге тілек білдірген адамдарға олардың көрінеу жалған айғақ бергені үшін жауаптылығы түсіндіріледі. Куәға осы Кодекстің 78-бабында көзделген оның басқа құқықтары мен міндеттері де түсіндіріледі. Куә мынадай мазмұнда ант береді: "Сотқа іс бойынша өзіме белгілі болған барлық мән-жайды, тек қана шындықты, барлық шындықты айтуға және шындықтан басқа ешнәрсе айтпауға ант етемін". Куәдан оған өз міндеттері мен жауаптылығының түсіндірілгені туралы қолхат алынады. Қолхат сот отырысының хаттамасына қоса тігіледі. Куәдан жауап алу бейнеконференция байланысы құралдарын пайдалана отырып жүргізілген жағдайда, оған өзінің міндеттері мен жауапкершілігін түсіндіру туралы мәліметтер сот отырысының хаттамасында тіркеп-белгіленеді.
3. Куәдан айыптаушы, жәбірленуші, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер және олардың өкілдері, сотталушы және оның қорғаушысы жауап алады. Бірінші болып өтінішхаты бойынша сот отырысына осы куә шақырылған тарап сұрақтар қояды. Төрағалық етуші куәға одан тараптар жауап алып болғаннан кейін сұрақтар қояды.
4. Куә өзінің талап етуі бойынша сотқа ұсынылуға тиіс жазбаларды пайдалануға құқылы.
5. Куәға өз айғақтарына қатысты қолында бар құжаттарды оқып шығуға рұқсат беріледі. Бұл құжаттар сотқа ұсынылады және тараптың өтінішхаты бойынша іске қоса тігілуі мүмкін.
6. Жауап алынған куәлар сот отырысы залында қалады және олар сот тергеуі аяқталғанға дейін соттың рұқсатынсыз және тараптардың келісімінсіз одан шығып кете алмайды.
7. Осы Кодекстің 98-бабында көзделген жағдайларда, куәнің және оның жақындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында сот куәнің жеке басы туралы нақты деректерді жарияламай, оны процестің басқа қатысушылары көрмейтіндей жағдайларда одан жауап алуға құқылы, бұл туралы қаулы шығарылады.
8. Сот куәдан жауап алуды ол болатын не тұратын аумақтағы аудандық (облыстық) сотқа оны шақырта отырып, бейнеконференция байланысының құралдарын пайдалана отырып, осы Кодекстің 213-бабының қағидалары бойынша жүргізуі мүмкін.
9. Бейнеконференция байланысының құралдарын техникалық қолдану тәртібін сот әкімшілігі саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган осы Кодекстің талаптарын ескере отырып бекітеді.
Ескерту. 370-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.11.2024 № 136-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.07.2025 № 210-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.371-бап. Кәмелетке толмаған жәбірленушіден, куәдан жауап алу ерекшеліктері
1. Кәмелетке толмаған куәдан немесе жәбірленушіден жауап алу кезінде оның заңды өкілдері мен педагог қатысады. Көрсетілген адамдар төрағалық етушінің рұқсатымен жәбірленушіге және куәға сұрақтар қоя алады.
2. Он алты жасқа толмаған жәбірленушіден, куәдан жауап алудың алдында төрағалық етуші оған шын және толық айғақтардың іс үшін маңызын түсіндіреді. Көрсетілген адамдарға олардың айғақтар беруден бас тартқаны және көрінеу жалған айғақтар бергені үшін жауаптылығы туралы ескертілмейді және олардан қолхат алынбайды.
3. Тараптардың өтінішхаты немесе соттың бастамасы бойынша кәмелетке толмаған жәбірленушіден және куәдан жауап алу сотталушының қатысуынсыз жүргізілуі мүмкін, сот бұл туралы қаулы шығарады. Сотталушы сот отырысының залына қайтып келгеннен кейін оған кәмелетке толмаған жәбірленушінің, куәнің айғақтары жария етіледі, жәбірленушіге, куәға сұрақ қою және олардың айғақтарына орай өз айғақтарын беру мүмкіндігі беріледі.
4. Сот он сегіз жасқа толмаған жәбірленушінің, куәның әрі қарай қатысуы қажет деп таныған жағдайлардан басқа, олар өздерінен жауап алу аяқталғаннан кейін сот отырысы залынан шығарылады.
5. Егер тергеу судьясы кәмелетке толмаған жәбірленушілердің және куәлардың сотқа дейінгі іс жүргізу барысында берген айғақтарын сақтауға қойған болса, оларды сот отырысына шақыру және жауап алу жүргізілмейді.
372-бап. Жәбірленушінің және куәнің айғақтарын жария ету
1. Сот талқылауында жәбірленушінің және куәнің іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу немесе осыдан алдыңғы сот талқылауы кезінде берген айғақтарын, сондай-ақ олардан жауап алудың бейнежазбасы мен киноға түсірілімін осы Кодекстің 377-бабында көзделген тәртіппен жария етуге:
1) бұл айғақтар мен олардың сотта берген айғақтары арасында елеулі қайшылықтар болған кезде;
2) жәбірленуші немесе куә олардың сот талқылауына келу мүмкіндігін жоққа шығаратын себептер бойынша сот отырысына қатыспаған кезде;
3) тергеу судьясы айғақтарды сақтауға қойған кезде жол беріледі.
2. Жәбірленуші және куә берген айғақтардың дыбыс жазбасын, олардан жауап алудың бейнежазбасы мен киноға түсірілімін тыңдатып-көрсету осы Кодекстің 368-бабының екінші бөлігінде белгіленген қағидалар бойынша орын алуы мүмкін.
373-бап. Сот талқылауындағы сараптама
1. Сот тараптардың өтінішхаты немесе өз бастамасы бойынша сараптама тағайындауға құқылы.
2. Сараптаманы сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында қорытынды берген сарапшы (сарапшылар) не сот тағайындаған басқа сарапшы (сарапшылар) жүргізеді.
Соңғы жағдайда төрағалық етуші сараптама жүргізуді кімге тапсыруды ұйғарып отырғаны туралы хабарлауға тиіс, содан кейін көрсетілген адамға қарсылық білдіру және оның өздігінен бас тартуы туралы өтінішхаттар болмаған кезде, сот кеңесу бөлмесіне кетпестен оны іс бойынша сарапшы ретінде тарту туралы қаулы шығарады. Бұдан әрі сарапшыға оның процестік өкілеттіктері түсіндіріледі, оған көрінеу жалған қорытынды бергені үшін қылмыстық жауаптылығы туралы ескертіліп, ол бұл туралы қолхат береді.
3. Сотта сараптама жүргізу осы баптың талаптары ескеріле отырып, осы Кодекстің 35-тарауында жазылған қағидалар бойынша жүзеге асырылады.
4. Сарапшы сот отырысында төрағалық етушінің рұқсатымен сараптама нысанасына қатысты мән-жайларды зерттеуге қатысуға: жауап алынатын адамдарға сұрақтар қоюға, қылмыстық істің материалдарымен танысуға, сараптама нысанасына қатысты барлық сот әрекеттеріне қатысуға құқылы.
5. Төрағалық етуші іс үшін мәні бар барлық мән-жайлар анықталғаннан кейін тараптардың сарапшыға сұрақтарын жазбаша түрде беруін ұсынады. Қойылған сұрақтар жария етілуге және олар бойынша сот талқылауына қатысушылардың пікірлері тыңдалуға тиіс.
6. Тараптар сараптамалық зерттеу объектісі ретінде нәрселерді, құжаттарды ұсынуға құқылы. Сот оларды осындайлардың қатарынан шығара отырып, уәжді қаулы шығаруға міндетті.
7. Сот мәселелерді қарап және олар бойынша тараптардың пікірлерін тыңдап, өз қаулысымен олардың ішінен іске қатысы жоқтарын немесе сарапшының құзыретіне жатпайтындарын алып тастайды, жаңа мәселелерді тұжырымдайды.
8. Сарапшы болып тағайындалған адамға соттың сараптаманы тағайындауы туралы қаулысының көшірмесі табыс етіледі және осы Кодекстің 79-бабында көзделген оның құқықтары мен міндеттері түсіндіріледі. Сот тараптардың пікірлерін тыңдап болып, сот отырысын зерттеу жүргізу үшін қажетті уақытқа кейінге қалдыруға құқылы.
9. Сарапшы қорытындыны жазбаша түрде береді және оны сот отырысында жария етеді, содан кейін одан жауап алу осы Кодекстің 374-бабында көзделген қағидалар бойынша жүргізілуі мүмкін. Сарапшының қорытындысы іске қоса тігіледі.
10. Сот талқылауында сараптама жүргізілген соң, осы Кодекстің 287-бабында көзделген жағдайларда сот қосымша не қайталама сараптама тағайындауға құқылы.
11. Iс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу барысында қорытынды берген сарапшы сотқа шақырылған жағдайда, сот қорытындыны жария еткен соң, егер ол тараптардың қарсылығын туғызбаса, сараптама тағайындамауға және сарапшыдан жауап алумен шектелуге құқылы.
1. Сарапшыдан жауап алу осы Кодекстің 285-бабы төртінші бөлігінің талаптары ескеріле отырып, қорытынды жария етілгеннен кейін ғана оны түсіндіру, нақтылау немесе толықтыру үшін жүргізілуі мүмкін.
2. Сарапшыдан бірінші болып өтінішхаты бойынша сараптама тағайындалған тарап жауап алады.
3. Егер сараптама тараптар арасындағы келісім бойынша немесе қылмыстық процесті жүргізетін органның бастамасы бойынша жүргізілсе, сарапшыдан бірінші болып айыптаушы тарап, содан соң қорғаушы тарап жауап алады.
4. Сот жауап алудың кез келген сәтінде сарапшыға сұрақтар қоюға құқылы.
375-бап. Заттай дәлелдемелерді қарап-тексеру
1. Сот тергеп-тексеру барысында іске қоса тігілген және жаңадан ұсынылған заттай дәлелдемелерді сот тергеуі барысында қарап-тексеруге және тараптарға ұсынуға тиіс. Заттай дәлелдемелерді қарап-тексеру сот тергеуінің кез келген сәтінде тараптардың өтінішхаты бойынша да, сондай-ақ соттың бастамасы бойынша да жүргізіледі. Заттай дәлелдемелер куәлардың, сарапшының, маманның қарап-тексеруі үшін ұсынылуы мүмкін. Өздеріне заттай дәлелдемелер ұсынылған адамдар соттың назарын заттай дәлелдемелерді қарап-тексеру кезінде анықталған, іс үшін маңызы бар мән-жайларға аударуға құқылы.
2. Сот заттай дәлелдемелерді қарап-тексеруді олар тұрған жерде осы баптың бірінші бөлігінде белгіленген қағидаларды сақтай отырып жүргізе алады.
376-бап. Тергеу әрекеттерінің хаттамалары мен құжаттарын жария ету
Қарап-тексеру, куәландыру, алу, тінту, мүлікке тыйым салу, ұстап алу, тану үшін көрсету, тергеу эксперименті, телефонмен сөйлесуді тыңдау кезінде белгілі болған мән-жайлар мен фактілерді куәландыратын тергеу әрекеттерінің хаттамалары, сондай-ақ, егер оларда іс үшін маңызы бар мән-жайлар баяндалған немесе куәландырылған болса, іске қоса тігілген немесе сот отырысында ұсынылған құжаттар толық немесе ішінара жария етілуге жатады. Сот отырысына ұсынылған құжаттар соттың қаулысы бойынша іске қоса тігілуі мүмкін.
377-бап. Сотталушының, жәбірленушінің, куәнің айғақтарын, сондай-ақ хаттамалар мен құжаттарды жария ету тәртібі
Осы Кодекстің 368, 372 және 376-баптарында көзделген жағдайларда, сотталушының, жәбірленушінің, куәнің айғақтарын, сондай-ақ тергеу әрекеттерінің хаттамалары мен құжаттарды олардың жария етілуі туралы өтінішхат берген тарап не сот жария етеді.
378-бап. Жергілікті жерді және үй-жайды қарап-тексеру
1. Сот жергілікті жерді және үй-жайды қарап-тексеруді – тараптардың қатысуымен, ал қажет болғанда, куәлардың, сарапшының, маманның қатысуымен де жүргізеді.
2. Қарап-тексерілетін жерге келген соң төрағалық етуші сот отырысының жалғасатындығы туралы жариялайды және сот қарап-тексеруге кіріседі. Бұл ретте сотталушыға, жәбірленушіге, куәларға, сарапшы мен маманға қарап-тексеруге байланысты сұрақтар қойылуы мүмкін.
379-бап. Тану үшін көрсету, куәландыру, айғақтарды сол жерде тексеру және нақтылау, эксперимент жүргізу, үлгілер алу
1. Тану үшін көрсету, куәландыру, айғақтарды сол жерде тексеру және нақтылау, эксперимент жүргізу, үлгілер алу сот талқылауында тараптардың қатысуымен, осы Кодекстің 223, 229, 257 және 258-баптарында және 34-тарауында көзделген қағидалар сақтала отырып, сот қаулысы бойынша жүргізіледі.
2. Егер істің мән-жайлары бойынша бұл қажет болса, тану үшін көрсету, куәландыру, эксперимент, үлгілер алу жабық сот отырысында жүргізілуі мүмкін.
3. Куәландырылушыны жалаңаштау арқылы куәландыруды жеке үй-жайда дәрігер немесе өзге маман жүргізеді, олар куәландыру актісін жасап, оған қол қояды. Содан соң көрсетілген адамдар сот отырысы залына оралып, онда тараптардың және куәландырылған адамның қатысуымен, егер куәландырылушының денесінде іздер мен белгілер табылса, олар туралы сотқа хабарлайды, тараптардың және судьяның сұрақтарына жауап береді. Куәландыру актісі іске қоса тігіледі.
379-1-бап. Соттың азаматтық талап қоюды қарауы
1. Сот азаматтық талап қоюды осы Кодекстің 20-тарауының қағидалары бойынша сот отырысында қарайды.
2. Процеске қатысушы азаматтық талап қоюды шешу үшін қосымша дәлелдемелер ұсына алады. Бұл ретте, ол істе қандай маңызы бар мән-жайды растау үшін дәлелдемені ұсынғысы келетінін негіздеуге тиіс.
3. Дәлелдемелер сот белгілеген мерзімде ұсынылуға тиіс.
Ескерту. 379-1-баппен толықтырылды – ҚР 27.12.2021 № 88-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.380-бап. Дәлелдемелерді зерттеуді шектеу
1. Мемлекеттік айыптаушы айыптау дәлелдемелерінің зерттелуін көрсетілген өтінішхат қозғалған кезге қаралған дәлелдемелермен шектеу туралы өтінішхат беруге құқылы. Сот тараптардың пікірлерін тыңдап, бұл өтінішхатты қанағаттандыруға құқылы.
2. Қорғаушы тарап сотталушының, қорғаушының, сотталушының заңды өкілінің, азаматтық жауапкердің немесе оның өкілінің өтінішхаты бойынша ұсынылған және іске қоса тігілген дәлелдемелерді зерттеуден бас тартуға құқылы. Мұндай бас тарту сот үшін міндетті.
381-бап. Сот тергеуінің аяқталуы
1. Төрағалық етуші дәлелдемелерді зерттеу аяқталғаннан кейін:
1) тараптарға – олардың сот жарыссөзінде, ал соттың – үкім шығару кезінде тек сот тергеуінде қаралған дәлелдемелерге ғана сілтеме жасауға құқылы екендігін түсіндіреді;
2) тараптардан олар сот тергеуін толықтыруды қалайтынын-қаламайтынын және немен толықтырғысы келетінін сұрайды.
2. Сот тергеуін толықтыру туралы өтінішхаттар мәлімделген жағдайда, сот бұл өтінішхаттарды талқылайды және оларды шешеді.
3. Өтінішхаттарды шешкеннен және қажетті сот әрекеттерін орындағаннан кейін, сондай-ақ сот тергеуін толықтыру туралы өтінішхат қозғалмаған немесе сот оларды уәжді түрде қабылдамаған жағдайларда, төрағалық етуші сот тергеуін аяқталды деп жариялайды.
382-бап. Iстің қысқартылған тәртіппен сотта талқылануы
1. Онша ауыр емес, ауырлығы орташа қылмыстар, сондай-ақ ауыр қылмыстар туралы істер бойынша сот талқылауы, мынадай шарттар болған кезде:
1) сотталушы өзінің кінәсін толық көлемде, оның ішінде қылмыстық құқық бұзушылықпен келтірілген зиянның мөлшерін және өзіне қойылған талап қою талаптарын мойындаса;
2) сотқа дейінгі іс жүргізу барысында процеске қатысушылардың осы Кодексте белгіленген құқықтарын бұзуға немесе құқықтарына қысым көрсетуге жол берілмесе;
3) процеске қатысушылар іс бойынша жиналған дәлелдемелердің қатыстылығы мен жол берілетіндігіне дауласпаса және оларды сот отырысында зерттеуді талап етпесе;
4) іс бойынша сотқа дейінгі жеделдетілген іс жүргізу кезінде;
5) медиация тәртібімен татуласуға қол жеткізу туралы келісім жасалған кезде қысқартылған тәртіппен жүргізіледі.
2. Iсті сотта талқылаудың қысқартылған тәртібі сотталушыдан, жәбірленушіден жауап алудан, медиация тәртібімен татуласуға қол жеткізу туралы келісімнің мән-жайларын, азаматтық талап қою бойынша төлемдерді және процестік шығындарды төлеу мерзімі мен тәртібі туралы мәселелерді анықтаудан ғана тұрады. Қысқартылған сот талқылауы он тәулікке дейінгі мерзімде аяқталуға тиіс, айрықша жағдайларда бұл мерзім судьяның уәжді қаулысымен жиырма тәулікке дейін ұзартылуы мүмкін.
3. Сот, егер сот отырысы барысында қысқартылған тәртіппен сот талқылауына кедергі келтіретін мән-жайлар анықталса, сот тергеуін толық көлемде жүргізу туралы қаулы етеді.
Ескерту. 382-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 27.12.2021 № 88-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.45-тарау. СОТ ЖАРЫССӨЗІ ЖӘНЕ СОТТАЛУШЫНЫҢ СОҢҒЫ СӨЗІ
383-бап. Сот жарыссөзінің мазмұны мен тәртібі
1. Сот тергеуі аяқталған соң төрағалық етуші соттың сот жарыссөзіне көшетінін хабарлайды және сот жарыссөзіне қатысушыларға олардың өз сөздерінде сот отырысында ұсынылмаған және зерттелмеген материалдарға сілтеме жасауға құқылы еместігін түсіндіреді. Сотқа жаңа дәлелдемелер ұсыну қажет болған ретте, олар сот тергеуін қайта бастау туралы өтінішхат бере алады.
2. Сот жарыссөзіне қатысушының өтінішхаты бойынша оған сот жарыссөзіне дайындалу үшін уақыт беріледі, бұл үшін төрағалық етуші ұзақтығын көрсете отырып, сот отырысына үзіліс жариялайды.
3. Сот жарыссөзі айыптаушының, жәбірленушінің немесе оның өкілінің, азаматтық талапкердің және азаматтық жауапкердің немесе олардың өкілдерінің, сотталушының және қорғаушының сөздерінен тұрады. Процестік келісім немесе медиациялық тәртіппен татуласуға қол жеткізу туралы келісім жасалған істер бойынша қысқартылған сот тергеуі кезінде сот жарыссөзі жүргізілмейді. Процеске қатысушылардың сөз сөйлеу ретін олардың ұсыныстары бойынша сот белгілейді, бірақ барлық жағдайда да бірінші болып айыптаушы сөз сөйлейді.
4. Егер мемлекеттік айыптауды бірнеше мемлекеттік айыптаушы қолдаса, іске бірнеше жәбірленуші, қорғаушы, азаматтық жауапкер мен олардың өкілдері, азаматтық талапкерлер мен олардың өкілдері, сотталушылар қатысса, төрағалық етуші сөз сөйлеу кезектілігін өзара келісуі үшін оларға уақыт береді. Қажет болғанда бұл үшін сот отырысына үзіліс жариялануы мүмкін. Егер көрсетілген адамдар жарыссөздегі өз сөздерінің кезектілігі туралы келісімге келе алмаса, сот олардың пікірлерін тыңдап болып, сөз сөйлеу кезегі туралы қаулы қабылдайды.
5. Сот жарыссөзінің ұзақтығын сот белгілі бір уақытпен шектей алмайды, алайда, төрағалық етуші, егер жарыссөзге қатысатын тұлғалардың сөзі қаралатын іске қатысы жоқ мән-жайларға қатысты болса не сот отырысында зерттелмеген дәлелдемелерге негізделген болса, оларды тоқтатуға құқылы.
6. Сот жарыссөзіне қатысатындардың барлығы сөз сөйлеп болған соң, олардың әрқайсысы тараптар өкілдерінің сөзінде айтылған себептер бойынша тағы бір реттен қысқаша қарсылықтарын немесе ескертулерін (репликаларын) білдіріп сөйлеуге құқылы. Соңғы ескертуді айту құқығы барлық жағдайда да сотталушы мен оның қорғаушысына тиесілі.
7. Сот жарыссөзіне әрбір қатысушы сотқа осы Кодекстің 390-бабы бірінші бөлігінің 1) – 6) тармақтарында көрсетілген мәселелер бойынша шешімнің өзі ұсынатын тұжырымдалуын жазбаша түрде ұсына алады. Ұсынылатын тұжырымдаудың сот үшін міндетті күші болмайды.
Ескерту. 383-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 16.07.2025 № 210-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.384-бап. Сотталушының соңғы сөзі
1. Сот жарыссөзі аяқталған соң, төрағалық етуші сотталушыға соңғы сөз береді. Соңғы сөзін сөйлеу сотталушының құқығы болып табылады. Сотталушыға оның соңғы сөзі кезінде ешқандай сұрақ қоюға жол берілмейді.
Сот сотталушының соңғы сөзінің ұзақтығын белгілеуге құқылы емес. Төрағалық етуші, егер сотталушының сөзі қаралған іске қатысы жоқ мән-жайларға қатысты болса, оны тоқтатуға құқылы.
2. Процестік келісім немесе медиациялық тәртіппен татуласуға қол жеткізу туралы келісім жасалған істер бойынша қысқартылған сот тергеуі кезінде сотталушының соңғы сөзі айтылмайды.
Ескерту. 384-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 16.07.2025 № 210-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.385-бап. Сот тергеуін қайта бастау
Егер сот жарыссөзінде сөз сөйлеуші немесе сотталушы соңғы сөзінде іс үшін маңызы бар жаңа мән-жайлар туралы хабарласа, сот тараптардың өтінішхаты немесе өз бастамасы бойынша сот тергеуін қайта бастайды. Сот қайта басталған сот тергеуі аяқталған соң сот жарыссөзін жаңадан бастайды және сотталушыға соңғы сөз береді.
386-бап. Соттың кеңесу бөлмесіне кетуі
1. Сотталушының соңғы сөзін тыңдап болған соң сот үкім шығару үшін кеңесу бөлмесіне кетеді, төрағалық етуші ол туралы сот отырысы залындағы қатысушыларға хабарлайды.
2. Үкімнің жарияланатын уақыты процеске қатысушыларға судьялар кеңесу бөлмесіне кетер алдында хабарлануы мүмкін.
46-тарау. ҮКІМ ШЫҒАРУ
387-бап. Қазақстан Республикасының атынан үкім шығару
Қазақстан Республикасындағы соттар Қазақстан Республикасының атынан үкім шығарады.
388-бап. Үкімнің заңдылығы мен негізділігі
1. Сот үкімі заңды және негізді болуға тиіс.
2. Егер үкім заңның барлық талаптары сақтала отырып және заң негізінде шығарылса, ол заңды болып танылады.
3. Егер үкім сот отырысында сотқа ұсынылған дәлелдемелерді жан-жақты және объективті зерттеу негізінде шығарылса, ол негізді деп танылады.
1. Істі қараған судья үкімді өзіне қандай да болсын ықпал ету мүмкіндігін болғызбайтын жағдайларда шығарады. Үкім шығару кезінде өзге адамдардың, оның ішінде запастағы судьяның болуына жол берілмейді.
2. Жұмыс уақыты аяқталған соң, сондай-ақ жұмыс күні ішінде судья кеңесу бөлмесінен шығып демалу үшін үзіліс жасауға құқылы.
3. Үкім жарияланғанға дейін судья іс бойынша шешімді айқындайтын өз пікірі мен пайымдауын жария етуге құқылы емес.
390-бап. Соттың үкім шығару кезінде шешетін мәселелері
1. Сот үкім шығару кезінде кеңесу бөлмесінде мынадай мәселелерді:
1) жасалуына сотталушы айыпталып отырған іс-әрекеттің орын алғаны дәлелденген-дәлелденбегенін;
2) бұл іс-әрекеттің қылмыстық құқық бұзушылық болып табылатынын-табылмайтынын және ол нақ қайсы қылмыстық заңда көзделгенін (бап, бөлік, тармақ);
3) сотталушының осы іс-әрекетті жасағаны дәлелденгенін-дәлелденбегенін;
4) сотталушының осы қылмыстық құқық бұзушылықты жасауда кінәлі-кінәсіз екендігін;
5) оның жауаптылығы мен жазасын жеңілдететін немесе ауырлататын мән-жайлардың бар-жоғын;
6) сотталушының өзі жасаған қылмыстық құқық бұзушылық үшін жазалануға жататынын-жатпайтынын;
7) сотталушыға қандай жаза тағайындалуға тиістігін;
7-1) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 48-бабына сәйкес мүліктің тәркіленуге жататындығы дәлелденгенін-дәлелденбегенін;
8) жаза тағайындамай үкім шығару немесе жазадан босату не қылмыстық жазаны өтеуді Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 74, 75 және 76-баптарында көзделген жағдайларда кейінге қалдыруға негіздердің бар-жоғын;
9) бас бостандығынан айыруға сотталған адам қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемесінің қандай түрінде жазасын өтеуге тиіс екенін;
10) азаматтық талап қоюдың қанағаттандырылуға жататынын-жатпайтынын, оның кімнің пайдасына және қандай мөлшерде қанағаттандырылатынын;
11) азаматтық талап қоюды немесе ықтимал тәркілеуді қамтамасыз ету үшін тыйым салынған мүлікті не істеу керектігін;
12) заттай дәлелдемелерді не істеу керектігін;
13) процестік шығындар кімге, қандай мөлшерде жүктелуге тиістігін;
14) соттың сотталушыны құрметті, әскери, арнайы немесе өзге де атағынан, сыныптық шенінен, дипломатиялық дәрежесінен, біліктілік сыныбынан, мемлекеттік наградаларынан айыруға (айыру туралы Қазақстан Республикасының Президентіне ұсыну енгізуге) тиістігін-тиісті еместігін;
15) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 91-бабында көзделген жағдайларда медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы;
15-1) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 98-1 және 98-2-баптарында көзделген жағдайларда өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын қолдану туралы;
16) қылмысты жасауға ықпал ететін мән-жайлардың бар-жоғы туралы;
17) сотталушыға қатысты бұлтартпау шарасы туралы;
18) алдыңғы үкім бойынша шартты сотталудың күшін жою немесе оны сақтау туралы;
19) алдыңғы үкім бойынша кепілгерлікті белгілей отырып, қылмыстық жауаптылықтан босатудың күшін жою туралы шешеді.
2. Ақтау үкімін шығару кезінде сот ақталушыға тергеп-тексеру, прокуратура, сот органдарының заңсыз әрекеттерімен келтірілген зиянды өтеу туралы мәселе жөнінде шешім қабылдайды.
3. Сотталушыны бірнеше қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп айыптаған кезде, сот осы баптың бірінші бөлігінің 1) – 7) тармақтарында көрсетілген мәселелерді әрбір қылмыстық құқық бұзушылық бойынша жеке-жеке шешеді.
4. Егер қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп бірнеше сотталушы айыпталса, сот әрбір сотталушының жасалған іс-әрекетке қатысу рөлі мен дәрежесін айқындай отырып, олардың әрбіріне қатысты осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген барлық мәселелерді жеке-жеке шешеді.
5. Сот осы баптың бірінші бөлігінде санамаланған негізгі мәселелерді шешкеннен кейін мынадай:
1) сотталушының, ал қажет болған жағдайда – жәбірленушінің ата-анасыз қалған, кәмелетке толмаған балаларын орналастыру туралы;
2) сотталушының мүлкін, қажет болған жағдайда жәбірленушінің мүлкін қорғау туралы;
3) жекеше қаулы шығару қажеттігі туралы;
4) алдыңғы үкім бойынша кепілгерлікті белгілей отырып қылмыстық жауаптылықтан босатудың күші жойылған жағдайда кепіл нысанасының тағдыры туралы қосымша мәселелерді шешуге көшеді.
6. Егер Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты осы қылмыстық іс бойынша қолданылуға тиіс заңды немесе өзге де нормативтік құқықтық актіні, оның жекелеген ережелерін басқа соттың бастамасы бойынша конституциялық емес деп тану туралы ұсынуды іс жүргізуге қабылдаса, сот үкім шығаруды кейінге қалдыруға міндетті.
Ескерту. 390-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 07.11.2014 № 248-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 10.01.2018 № 132-VI (01.07.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 21.01.2019 № 217-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 05.11.2022 № 157-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі); 16.07.2025 № 210-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.06.2026 № 307-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.391-бап. Сотталушының есі дұрыстығы туралы мәселені шешу
1. Сотқа дейінгі іс жүргізу немесе сот талқылауы кезінде сотталушының есі дұрыстығы туралы мәселе туындаған жағдайларда, сот үкім шығару кезінде бұл мәселені тағы да бір рет талқылауға міндетті.
2. Сот сотталушыны іс-әрекет жасаған уақытта есі дұрыс емес күйде болған немесе қылмыстық құқық бұзушылық жасағаннан кейін оның өз әрекеттерінің (әрекетсіздігінің) нақты сипаты мен қоғамдық қауіптілігін ұғыну не оларды игеру мүмкіндігінен айыратын психикасының бұзылуымен ауырған деп тани отырып, қылмыстық істі тоқтатуға және сотталушыға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы қаулы шығаруға құқылы. Мұндай шешімді сот басты сот талқылауына қорғаушы қатысқан жағдайда, кеңесу бөлмесінде қабылдай алады.
3. Егер қорғаушы басты сот талқылауына қатыспаса, сот осы баптың екінші бөлігінде көрсетілген мән-жайлар болған кезде істі осы Кодекстің 519-бабында көзделген тәртіппен қарау үшін тиісті сотқа жіберу туралы қаулы шығарады.
Соттың үкімі айыптау немесе ақтау үкімі болуы мүмкін.
1. Айыптау үкімі соттың сотталушыны қылмыстық құқық бұзушылық жасауға кінәлі деп тану туралы шешімін қамтиды.
2. Айыптау үкімі:
1) сотталушы өтеуге тиісті қылмыстық жаза тағайындала отырып;
2) адамды қылмыстық жауаптылықтан босата отырып;
3) қылмыстық жаза тағайындалып және оны өтеуден босата отырып;
4) қылмыстық жаза тағайындалмай;
5) қылмыстық жазаны өтеу кейінге қалдырыла отырып шығарылады.
3. Айыптау үкімін болжамдарға негіздеуге болмайды және ол сот талқылауы барысында сотталушының қылмыстық құқық бұзушылық жасауға кінәлілігі соттың зерттеген дәлелдемелерінің жиынтығымен расталған жағдайда ғана шығарылады.
4. Сот сотталған адам өтеуге тиісті жазаны тағайындай отырып, айыптау үкімін шығарып, жазаның түрін, мөлшерін, режимін және оны өтеу мерзімін есептеудің басталуын дәл айқындауға тиіс.
5. Сот, егер осы қылмыстық құқық бұзушылық үшін адамды қылмыстық жауаптылыққа тартудың ескіру мерзімі өтіп кетсе, сондай-ақ осы Кодекстің 36-бабының бірінші бөлігінде көзделген жағдайларда, айыптау үкімін адамды қылмыстық жауаптылықтан босата отырып шығарады.
6. Сот, егер үкім шығару кезінде:
1) сотталған адамға осы үкіммен тағайындалған жазаны қолданудан немесе өтеуден босататын рақымшылық жасау актісі шығарылған;
2) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 62-бабында белгіленген алдын ала қамауға алуды есепке жатқызу қағидаларын ескере отырып, осы іс бойынша сотталушының күзетілуде болу уақыты сот тағайындаған жазаны қамтыған жағдайларда, айыптау үкімін жазаны тағайындап және одан босата отырып шығарады.
7. Егер айыптау үкімін шығару кезінде сотталушы қайтыс болса, сот істі тоқтатады немесе тараптардың өтінішхаты бойынша айыптау үкімін жазаны тағайындамай шығарады.
8. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 74-бабында және 76-бабының екінші бөлігінде көзделген жағдайларда сот айыптау үкімін қылмыстық жазаны өтеуді кейінге қалдыра отырып шығарады.
1. Ақтау үкімі арқылы сот сотталушыны қылмыстық жауаптылыққа тартқызып, сотқа берген айыптау бойынша оның қылмыстық құқық бұзушылықты жасауда кінәсіз екенін таниды және жариялайды.
2. Егер:
1) қылмыстық құқық бұзушылық оқиғасы болмаса;
2) сотталушының іс-әрекетінде қылмыстық құқық бұзушылық құрамы болмаса;
3) сотталушының қылмыстық құқық бұзушылық жасауға қатысуы дәлелденбесе, ақтау үкімі шығарылады.
3. Санамаланған негіздердің кез келгені бойынша ақтау соттың сотталушының кінәсіздігін тануын білдіреді және оның толық ақталуына әкеп соғады.
4. Егер ақтау үкімін шығару кезінде қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адам анықталмай қалса, сот үкімнің қарар бөлімінде өзге адамды қылмыстық қудалау қажеттігі туралы мәселені шешу үшін істі прокурорға жіберу туралы көрсетеді.
1. Осы Кодекстің 390-бабында көрсетілген мәселелерді шешкеннен кейін сот үкімді жасауға көшеді.
2. Үкім сот талқылауы жүргізілген тілде жазылады.
3. Үкім кіріспе, сипаттау-уәждеу және қарар бөлімдерінен тұрады.
4. Үкімді судья қолдан жазуы, машинаға басу тәсілімен не компьютерлік тәсілмен дайындауы мүмкін және ол оған қол қояды.
5. Үкімдегі түзетулер ескертілуге және үкім жария етілгенге дейін оның тиісті бетінде судьяның қол қоюымен куәландырылуға тиіс.
6. Үкімге ол жария етілгеннен кейін өзгерістер енгізуге жол берілмейді.
396-бап. Үкімнің кіріспе бөлігі
Үкімнің кіріспе бөлігінде:
1) үкімнің Қазақстан Республикасының атынан шығарылғаны;
2) үкімнің шығарылған уақыты мен орны көрсетіледі. Судьялар бірнеше тәулік бойы кеңескен жағдайда, үкімнің шығарылған уақыты оның жария етілген күнімен айқындалады;
3) үкім шығарған соттың атауы, соттың құрамы, сот отырысының хатшысы, процеске қатысушылар, олардың өкілдері, аудармашы;
4) сотталушының тегі, аты және әкесінің аты (ол болған кезде), оның туған жылы, айы, күні және туған жері, тұрғылықты жері, жұмыс орны, айналысатын кәсібі, білімі, отбасылық жағдайы және сотталушының жеке басы туралы, іс үшін маңызы бар өзге де мәліметтер;
5) жасалғанына сотталушы айыпталып отырған қылмыстық құқық бұзушылықты көздейтін қылмыстық заң (бап, бөлік, тармақ) көрсетіледі.
397-бап. Айыптау үкімінің сипаттау-уәждеу бөлігі
1. Айыптау үкімінің сипаттау-уәждеу бөлігінде қылмыстық құқық бұзушылықтың жасалған орны, уақыты, жасалу тәсілі, кінә нысаны, себептері мен салдары көрсетіле отырып, сот дәлелденген деп таныған қылмыстық әрекеттің сипаттамасы қамтылуға тиіс. Үкімде соттың сотталушыға қатысты түйіні негізделген дәлелдемелер және сот басқа дәлелдемелерді жоққа шығарған себептер келтіріледі. Жауаптылықты жеңілдететін немесе ауырлататын мән-жайлар, сондай-ақ процестік келісімде көзделген, жазаны тағайындау шектері көрсетіледі. Айыптаудың бір бөлігі негізсіз деп танылған немесе қылмыстық құқық бұзушылықтың дұрыс сараланбағаны анықталған жағдайда, айыптауды өзгертудің негіздері мен себептері көрсетіледі. Сотталушының әрекеттерін қайта саралау қажеттігі туралы түйінге келе отырып немесе кейбір баптардың (бап бөлігінің, бап бөлігі тармағының) артық тағылғанын анықтап, сот үкімнің сипаттау-уәждеу бөлігінде іс-әрекетті сол бойынша саралау керек болатын қылмыстық заңның бабын (баптың бөлігін, баптың бөлігінің тармағын) көрсетеді және артық тағылған бапты (баптың бөлігін, бап бөлігінің тармағын) алып тастау туралы көрсетеді.
2. Сот қылмыстық жазаны тағайындауға, одан немесе оны нақты өтеуден босатуға, өзге де ықпал ету шараларын қолдануға қатысты барлық мәселелерді шешудің себептерін де көрсетуге міндетті.
Сот мүлікті тәркілеуді тағайындаған кезде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 48-бабында көзделген, нақты мүлікті тәркілеу нысанасына жатқызған негіздерді және осы мүлікке қатысты осындай түйіндерге негіз болған дәлелдемелерді көрсетуге тиіс.
3. Сипаттау-уәждеу бөлігінде осы Кодекстің 390-бабында көрсетілген басқа да мәселелер бойынша қабылданған шешімдердің негіздемесі қамтылуға тиіс.
4. Жабық сот отырысында қаралған істер бойынша, айыптау үкімінің сипаттау-уәждеу бөлігінде сот талқылауында жариялықты шектеу үшін негіз болатын мән-жайлар туралы тұжырымдалулар болмауға тиіс.
5. Процестік келісім немесе медиациялық тәртіппен татуласуға қол жеткізу туралы келісім жасалған істер бойынша айыптау үкімінің сипаттау-уәждеу бөлігі осы Кодекстің 627-бабына сәйкес жазылады.
Ескерту. 397-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 21.01.2019 № 217-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).398-бап. Айыптау үкімінің қарар бөлігі
1. Айыптау үкімінің қарар бөлігінде:
1) сотталушының тегі, аты және әкесінің аты (ол болған кезде);
2) сотталушыны қылмыстық құқық бұзушылық жасауға кінәлі деп тану туралы шешім;
3) сотталушы ол бойынша кінәлі деп танылған қылмыстық заң (бап, бөлік, тармақ);
4) жасалғанына сотталушы кінәлі деп танылған әрбір қылмыстық құқық бұзушылық үшін оған тағайындалған негізгі және қосымша жазаның түрі мен мөлшері, қылмыстардың қайталану түрі, сондай-ақ алдыңғы үкім бойынша шартты түрде сотталудың күшін жою немесе оны сақтау, алдыңғы үкім бойынша кепілгерлікті белгілей отырып, қылмыстық жауаптылықтан босатудың күшін жою туралы шешім және Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 58 және 60-баптарының негізінде өтелуге жататын түпкілікті жазалау шарасы көрсетілуге тиіс.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!4) тармақтың екінші абзацы жаңа редакцияда көзделген – ҚР 11.06.2026 № 307-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Сот бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындаған кезде үкімде сотталған адам жазасын өтеуге тиіс мекеменің түрін көрсетеді, ал сотталған адамды қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазалар тағайындалған кезде, үкім заңды күшіне енгеннен кейін оның он тәулік ішінде пробация қызметіне есепке қою үшін келуі міндетін белгілейді;
Сот мүлікті тәркілеу түріндегі жазаны тағайындаған кезде үкімде қай мүліктің тәркіленуге жататынын көрсетеді және (немесе) тәркіленуге жататын нысаналарды санамалайды.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 48-бабының үшінші бөлігінде көзделген жағдайларда сот тәркіленуге жататын ақша сомасын көрсетеді.
5) шартты түрде соттаған кезде, бас бостандығын шектеуге пробациялық бақылау мерзімінің ұзақтығы және сотталған адамға жүктелетін міндеттер, сондай-ақ оларды орындамаудың заңда көзделген салдарлары, кепілгерлік белгілене отырып, қылмыстық жауаптылықтан босатылған кезде кепілгерлік мерзімінің ұзақтығы және осы кезеңде жаңа қылмыстық құқық бұзушылық жасаудың салдарлары;
6) сотталған адамды құрметті, әскери, арнайы немесе өзге де атағынан, сыныптық шенінен, дипломатиялық дәрежесінен, біліктілік сыныбынан, мемлекеттік наградаларынан айыру (айыру туралы Қазақстан Республикасының Президентіне ұсыну енгізу) туралы шешім;
6-1) Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыру туралы шешім;
6-2) шетел азаматын немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге шығарып жіберу туралы шешім;
7) егер сотталушы үкім шығарылғанға дейін ұстап алынса және оған күзетпен ұстау, үйқамақ түрінде бұлтартпау шаралары қолданылса немесе ол арнаулы медициналық ұйымға орналастырылса, алдын ала күзетпен қамауға алуды есепке алу туралы шешім;
8) сотталған адамға мәжбүрлеп емдеуді қолдану және қамқоршылық белгілеу туралы шешім;
9) үкім заңды күшіне енгенге дейін сотталушыға қатысты бұлтартпау шарасы және процестік мәжбүрлеу шарасы туралы шешім;
10) негізгі жазаны орындауды кейінге қалдыру туралы мәселенің шешімі;
11) белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру түрінде жазалау туралы шешім көрсетілуге тиіс.
2. Сотталушы қылмыстық заңның бірнеше бабы (баптардың бөліктері, тармақтары) бойынша айыпталған жағдайда, үкімнің қарар бөлігінде олардың қайсысы бойынша сотталушының ақталғаны және қайсысы бойынша сотталғаны көрсетілуге тиіс.
3. Сотталушы жазаны өтеуден босатылған немесе үкім жаза тағайындалмай шығарылған немесе жазасын өтеуді кейінге қалдыру қолданылған жағдайда, бұл туралы үкімнің қарар бөлігінде көрсетіледі.
Ескерту. 398-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 07.11.2014 № 248-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 11.07.2017 № 91-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.01.2019 № 217-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.12.2020 № 385-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2021 № 88-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.07.2025 № 210-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.399-бап. Ақтау үкімінің сипаттау-уәждеу бөлігі
1. Ақтау үкімінің сипаттау-уәждеу бөлігінде: тағылған айыптың мәні; сот анықтаған істің мән-жайлары; сотталушының қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәлілігі туралы пайымдау негізделген дәлелдемелерді сот анық емес немесе жеткіліксіз деп таныған себептер; сотталушыны ақтау үшін негіз болған дәлелдемелер; азаматтық талап қоюға қатысты шешімнің себептері баяндалады.
2. Ақтау үкімінде ақталушының кінәсіздігіне күмән тудыратын тұжырымдалуларды пайдалануға жол берілмейді.
3. Жабық сот отырысында қаралған істер бойынша ақтау үкімінің сипаттау-уәждеу бөлігінде сот талқылауының жариялылығын шектеуге негіз болған мән-жайлар туралы тұжырымдалулар қамтылмауға тиіс.
400-бап. Ақтау үкімінің қарар бөлігі
1. Ақтау үкімінің қарар бөлігінде:
1) сотталушының тегі, аты және әкесінің аты (ол болған кезде);
2) сотталушыны кінәсіз деп тану және оны ақтау туралы шешім, ақтаудың негіздері;
3) егер бұлтартпау шарасы таңдалған болса, оның күшін жою туралы шешім;
4) ақталған адамның қылмыстық жауаптылыққа заңсыз тартылу арқылы келтірілген зиянды өтеткізу құқығының танылуы қамтылуға тиіс.
401-бап. Үкімнің қарар бөлігінде шешуге жататын өзге де мәселелер
Айыптау үкімінің де, ақтау үкімінің де қарар бөлігінде, осы Кодекстің 398 және 400-баптарында санамаланған мәселелерден басқа, мыналар қамтылуға тиіс:
1) қойылған азаматтық талап қою жөніндегі шешім;
2) заттай дәлелдемелер туралы мәселенің шешімі;
3) процестік шығасыларды бөлу туралы шешім;
4) үкімге апелляциялық шағым жасау не оны прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қарау тәртібі мен мерзімі туралы нұсқау;
5) қорғалатын адамдарға қатысты қауіпсіздік шараларының күшін жою, оларды қолдану, өзгерту немесе жүзеге асыруды жалғастыру туралы мәселенің шешімі;
6) тәркілеуді қамтамасыз ету шараларының, сондай-ақ азаматтық талап қоюды қамтамасыз ету жөніндегі шаралардың, егер мұндай шаралар қолданылған болса, күшін жою туралы, оларды сақтау туралы шешім.
Айыптау үкімінің қарар бөлігінде Жәбірленушілерге өтемақы қорына мәжбүрлі төлемдерді өндіріп алу туралы шешім, олардың мөлшері және көрсетілген Қордан жәбірленушіге өтемақы ретінде төленген ақшаны қайтару туралы кінәлі адамға қойылатын регрестік талаптар жөніндегі шешім де қамтылуға тиіс.
Ақтау үкімін шығару кезінде сот қылмыстық жауаптылыққа заңсыз тартумен келтірілген зиянды өтеу тәртібін түсіндіретін хабарлама жасайды, бұл үкім жария етілген соң ақталған адамға табыс етіледі.
Ескерту. 401-бап жаңа редакцияда - ҚР 10.01.2018 № 132-VI (01.07.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 03.01.2023 № 188-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.1. Төрағалық етуші үкімнің толық мәтініне қол қойғаннан кейін сот отырысы залына оралып, үкімді түрегеліп тұрып жариялайды. Сот отырысы залындағы қатысушылардың бәрі үкімді түрегеліп тұрып тыңдайды.
Егер үкім мәтінінің көлемі үлкен болса, төрағалық етуші оны жария ету кезінде қысқаша үзілістер жасап, содан соң үкімнің толық мәтінін жария етуді жалғастыруға не үкімнің кіріспе және қарар бөліктерін ғана жария етуге құқылы.
2. Егер үкім сотталушы (ақталушы) білмейтін тілде жазылса, онда аудармашы үкімнің жария етілу барысында оны сотталушының ана тіліне немесе ол білетін басқа тілге ілеспе түрде дауыстап аударуға тиіс.
3. Төрағалық етуші сотталған (ақталған) адамға, процестің басқа қатысушыларына қабылданған шешімнің мәнін, үкімге шағым жасау тәртібі мен мерзімін, сот отырысының хаттамасымен танысу және оған ескертулер жасау құқығын, сондай-ақ істің апелляциялық қаралуына қатысу туралы өтінішхат беру құқығын түсіндіреді. Ақталған адамға хабарлама табыс етілуге және оның заңсыз ұсталу, қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп айыпталу, бұлтартпау шараларын қолдану, сотқа заңсыз тартылу арқылы келтірілген зиянды өтеткізу құқығы, сондай-ақ оны жүзеге асыру тәртібі түсіндірілуге тиіс.
4. Алып тасталды – ҚР 29.12.2021 № 89-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.5. Егер сотталушыға пробациялық бақылау тағайындалып, оған үкім заңды күшіне енгеннен кейін он тәулік ішінде пробация қызметіне келу міндеті жүктелсе, сот оған осы міндетті орындамау салдарын түсіндіреді.
6. Егер сотталушы кепілгерлік белгіленуге байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылған болса, сот сотталушыға, сондай-ақ кепілгер болған адамға сотталушының кепілгерлік кезеңінде жаңа қылмыстық құқық бұзушылық жасауының салдарларын түсіндіреді.
Ескерту. 402-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 07.11.2014 № 248-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.12.2021 № 89-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.07.2025 № 210-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.403-бап. Сотталушыны күзетілуден босату
Сотталушы ақталған кезде не жаза тағайындамай немесе жазаны өтеуден босата отырып, сондай-ақ бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаға бас бостандығынан шартты түрде айыруға соттай отырып, айыптау үкімі шығарылған кезде күзетілудегі сотталушы сот отырысы залында күзетілуден дереу босатылуға жатады.
404-бап. Үкімнің көшірмесін табыс ету
Үкім жарияланғаннан кейін – бес тәуліктен кешіктірмей, ал көлемі үлкен болған кезде он бес тәуліктен кешіктірмей оның көшірмесі сотталған адамға немесе ақталған адамға, қорғаушы мен айыптаушыға табыс етілуге тиіс. Үкімнің көшірмесі процестің басқа қатысушыларына өтінішхат келіп түскен кезден бастап дәл сол мерзімде табыс етіледі.
1. Сот жекеше қаулы шығаруға негіз болған кезде кеңесу бөлмесінде жекеше қаулы шығарады, онда мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың, ұйымдардың немесе олардың басшыларының назарын іс бойынша анықталған заң бұзушылық фактілеріне, қылмыстық құқық бұзушылықты жасауға ықпал еткен және тиісті шаралар қабылдауды талап ететін себептер мен жағдайларға аударады. Адамның әрекеттерінде қылмыстық құқық бұзушылық жасауға ықпал еткен әкімшілік теріс қылық анықталған жағдайда, сот оған заңда көзделген жаза қолдануға құқылы.
2. Жекеше қаулы сот анықтау, алдын ала тергеу жүргізу кезінде жол берілген, азаматтардың құқықтарын бұзушылықтарды және басқа да заң бұзушылықтарды тапқан кезде де шығарылуы мүмкін.
3. Сот жекеше қаулы арқылы ұйымдар мен еңбек ұжымдарының назарын жекелеген азаматтардың өндірістегі немесе тұрмыстағы теріс мінез-құлқына немесе олардың қызметтік немесе азаматтық борышын бұзғанына аударуға құқылы.
4. Сот, егер мұны қажет деп таныса, басқа жағдайларда да сот талқылауының материалдары бойынша жекеше қаулы шығаруға құқылы.
5. Сот қылмыстық құқық бұзушылықтың жолын кесуге немесе оны ашуға жәрдемдескен азаматтың азаматтық немесе қызметтік борышын өтеу кезінде көрсеткен жоғары саналылығын, ерлігін жекеше қаулысы арқылы ұйымдар мен еңбек ұжымдарының назарына жеткізе алады.
6. Жекеше қаулы бойынша бір ай мерзімнен кешіктірілмей қажетті шаралар қолданылып, оның нәтижелері жекеше қаулы шығарған сотқа хабарлануға тиіс, ол туралы сот жекеше қаулының қарар бөлігінде көрсетеді.
406-бап. Сот үкім шығарумен бір мезгілде шешетін мәселелер
1. Бас бостандығынан айыруға сотталған адамның кәмелетке толмаған балалары, қарт ата-анасы, асырауында қараусыз қалатын басқа да адамдар бар болған жағдайда, сот айыптау үкімін шығарумен бір мезгілде көрсетілген адамдарды туысқандарының не басқа адамдардың немесе мекемелердің қамқоршылығына немесе қорғаншылығына беру туралы, ал сотталған адамның қараусыз қалатын мүлкі немесе тұрғынжайы бар болған жағдайда оларды қорғау жөнінде шаралар қолдану туралы қаулы шығарады. Қажет болған кезде, сот қылмыстық құқық бұзушылық салдарынан жәбірленушінің ауыр мертігуіне немесе қайтыс болуына байланысты оның қараусыз қалған кәмелетке толмаған балаларын, еңбекке жарамсыз ата-аналарын, асырауындағы басқа да адамдарды орналастыру туралы, сондай-ақ жәбірленушінің мүлкі мен тұрғынжайын қорғау туралы қаулы шығарады.
2. Қылмыстық процесті жүргізетін органның тағайындауы бойынша іске жәбірленушінің қорғаушысы не өкілі қатысқан жағдайда, сот үкім шығарумен бір мезгілде сотталушыға немесе жәбірленушіге көрсетілген заң көмегіне ақы төлеу туралы, қорғауға және өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеу туралы қаулы шығарады.
3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде аталған процестік шешімдер үкім жария етілгеннен кейін де мүдделі адамдардың арыздары бойынша қабылдануы мүмкін.
4. Алып тасталды – ҚР 27.12.2021 № 88-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.Ескерту. 406-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 27.12.2021 № 88-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
406-1-бап. Үкім, қаулы заңды күшіне енгенге дейін сот шешетін мәселелер
Үкім немесе қаулы заңды күшіне енгенге дейін сот олардың мәнін өзгертпей, жіберілген анық қате жазуларды түзету және олардағы түсініксіз тұстарды түсіндіру, сот үкімімен не қаулысымен тағдыры шешілмеген заттай дәлелдемелер, азаматтық талап қоюды шешу кезіндегі техникалық және арифметикалық қателерді түзету туралы, сондай-ақ процестік шығындардың, Жәбірленушілерге өтемақы қорына мәжбүрлі төлемнің және оларды дұрыс есептемеген жағдайда мемлекеттік баждың мөлшері туралы қосымша қаулы шығаруға құқылы.
Ескерту. 46-тарау 406-1-баппен толықтырылды – ҚР 27.12.2021 № 88-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 47-тарау. ЖЕКЕШЕ АЙЫПТАУ ІСТЕРІ БОЙЫНША
ІС ЖҮРГІЗУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
407-бап. Жекеше айыптау істері бойынша іс жүргізу тәртібі
Осы Кодекстің 32-бабының екінші бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істерге жататын жекеше айыптау істері бойынша іс жүргізу, осы тарауда белгіленген алып қоюларды қоспағанда, осы Кодекстің жалпы қағидаларымен айқындалады.
408-бап. Жекеше айыптауды қозғау
1. Жекеше айыптауды тұлға (бірнеше тұлға) сотқа, соттылық туралы қағидаларды сақтай отырып, адамды қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы шағым беру арқылы қозғайды. Шағым анықтау органына, тергеушіге немесе прокурорға берілген кезде ол сотқа жіберілуге жатады.
2. Шағымда ол берілген соттың атауы, қылмыстық құқық бұзушылық оқиғасының сипаттамасы, дәлелдемелері көрсетіле отырып, оның жасалған орны мен уақыты, сотқа істі іс жүргізуге қабылдау туралы өтініш, қылмыстық жауаптылыққа тартылатын адам туралы мәліметтер, адам қылмыстық жауаптылыққа тартылатын қылмыстық заң (бап, бөлік, тармақ), сотқа шақырылуы қажетті куәлардың тізімі қамтылуға тиіс. Шағымға оны берген адам қол қояды. Анонимді шағымдар іс жүргізуге қабылданбайды.
3. Егер шағымға талап арыз және талап қоюдың талаптарын растайтын қажетті материалдар қоса берілсе, шағымда азаматтық талап қоюды қарау туралы өтіну де қамтылуы мүмкін.
4. Шағым сотқа істің аумақтық тұрғыдағы соттылығына сәйкес, өздеріне қатысты жекеше айыптау ісі қозғалатын адамдардың санына қарай көшірмелерімен бірге беріледі.
5. Егер жекеше айыптауды бірнеше тұлға нақ бір адамға қатысты қозғаса, олар бір шағымды бірлесіп немесе әрқайсысы бір-бірінен тәуелсіз жеке түрде береді.
6. Сот шағымды өзінің іс жүргізуіне қабылдаған кезден бастап оны берген тұлға жекеше айыптаушы және жәбірленуші болып табылады және оған осы Кодекстің 72-бабында және 410-бабының үшінші және төртінші бөліктерінде көзделген құқықтар түсіндірілуге тиіс, бұл туралы судья және шағым берген тұлға қолдарын қойған хаттама жасалады.
7. Егер нақ бір қылмыстық жазаланатын іс-әрекетке қатысты жекеше айыптауды қозғауға бірнеше тұлға құқықты болса және ол олардың біреуінің арызы бойынша қозғалған болса, қалған тұлғалар басталып кеткен іс жүргізуге қатысуға құқылы. Бұл жағдайда көрсетілген тұлғалардың әрқайсысының арызы бойынша өз алдына іс қозғау талап етілмейді.
8. Егер бұл іс жүргізу қозғалған қылмыстық жазаланатын іс-әрекеттің нысанасына байланысты болса, айыпталушы айыптаушыға қарсы айыптау білдіруге құқылы. Айыптау және қарсы айыптау бір мезгілде шешілуге тиіс. Айыптауды кері қайтарып алу қарсы айыптау бойынша іс жүргізуге әсер етпейді.
9. Егер жекеше айыптау бұрын кері қайтарып алынған болса, ол қайтадан қозғалмайды.
Ескерту. 408-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 27.12.2021 № 88-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.409-бап. Судьяның жекеше айыптау ісі бойынша сот талқылауы басталғанға дейінгі әрекеттері
1. Егер берілген шағым осы Кодекстің 408-бабының екінші бөлігінде көрсетілген талаптарға сәйкес келмесе, судья өзінің қаулысымен оны берген тұлғаға шағымды осы талаптарға сәйкес келтіруді ұсынады және бұл үшін мерзім белгілейді. Нұсқау орындалмаған жағдайда судья өзінің қаулысымен шағымды іс жүргізуге қабылдаудан бас тартады және оны берген тұлғаны бұл туралы хабардар етеді. Көрсетілген мән-жай бойынша шағымды қабылдаудан бас тарту қылмыстық жауаптылықтың ескіру мерзімі шегінде сотқа осындай шағымды қайтадан беруге кедергі келтірмейді.
2. Судья жекеше айыптау ісі бойынша шағымды қарап, үш тәулік ішінде:
1) шағымды өзінің іс жүргізуіне қабылдау туралы;
2) шағымды оның тергеулігі немесе соттылығы бойынша беру туралы;
3) шағымды іс жүргізуге қабылдаудан бас тарту туралы қаулы шығарады.
Егер шағым осы Кодекстің 408-бабының екінші бөлігінде көрсетілген талаптарға сәйкес келсе және осы соттың соттылығына жататын болса, сот оны өз іс жүргізуіне қабылдайды.
Егер шағым осы соттың соттылығына жатпаса немесе онда адамды осы Кодекстің 32-бабының екінші бөлігінде көрсетілмеген өзге іс-әрекеттерді жасады деп айыптау туралы өтіну болса, судья өз қаулысымен шағымды тиісінше – соттылығы бойынша сотқа немесе тергеулігі бойынша қылмыстық қудалау органына жібереді.
Егер шағымның авторы осы Кодекстің 409-бабы бірінші бөлігінің талаптарын орындамаса не осы Кодекстің 35-бабында көзделген, қылмыстық қудалаудың басталуы мүмкін болмайтын мән-жайлардың бар екені анықталса, судья өз қаулысымен шағымды қабылдаудан бас тартады.
3. Шағым бойынша қабылданған шешім туралы қаулының көшірмесі – арыз иесіне, ал осы баптың екінші бөлігінің 1) тармағында көзделген жағдайда айыпталушыға да жіберіледі.
4. Сот отырысын тағайындау үшін негіздер болған ретте судья шағым сотқа келіп түскен күннен бастап жеті тәулікке дейінгі мерзімде өзіне қатысты шағым берілген тұлғаны шақыруға, оны іс материалдарымен таныстыруға, берілген шағымның көшірмесін табыс етуге, сотталушының сот отырысындағы осы Кодекстің 65-бабында көзделген құқықтарын түсіндіруге міндетті, бұл туралы одан қолхат алынады. Судья жекеше айыптаушыдан және сотталушыдан олар сотқа шақыратын куәлардың тізімін беруін талап етеді. Өзіне қатысты шағым берілген адам сотқа келмеген жағдайда, шағымның көшірмесі сотталушының құқықтары, сондай-ақ қорғау куәларының тізімін сотқа ұсыну қажеттігі түсіндіріліп, поштамен не басқа байланыс құралдары пайдаланыла отырып жіберіледі.
5. Судья кәмелетке толмағандар мен олардың өкілдеріне олардың істі соттылығы бойынша аудандық және оған теңестірілген сотқа беру туралы өтінішхатпен жүгіну құқығын түсіндіруге міндетті.
6. Судья тараптарға татуласу, оның ішінде медиация тәртібімен татуласу мүмкіндігін түсіндіруге міндетті. Олардан татуласу туралы арыз немесе медиация тәртібімен татуласуға қол жеткізу туралы келісім түскен жағдайда, іс бойынша іс жүргізу осы Кодекстің 35-бабы бірінші бөлігінің 5) тармағы негізінде судьяның қаулысымен тоқтатылады.
7. Егер тараптардың арасында татуласуға қол жеткізілмесе, судья осы баптың төртінші және алтыншы бөліктерінің талаптары орындалғаннан кейін осы Кодекстің 322-бабының қағидалары бойынша істі сот отырысында қарауды тағайындайды.
410-бап. Тараптардың бастамасы бойынша дәлелдемелердіұсыну және жинау
1. Қылмыстық құқық бұзушылықтың жасалғаны туралы шағым берген жәбірленуші, өзге де тұлға онда көрсетілген қылмыстық құқық бұзушылықтың мән-жайлары және айыпталушының кінәлілігі сотта қандай дәлелдемелермен расталуы мүмкін екендігін көрсетуге тиіс.
2. Азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер іс қаралғанға дейін судьяға өз мүдделерінің қорғалуы үшін маңызы бар мән-жайларды қандай адамдардың (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), тұрғылықты жері) куәлік айғақтарымен, құжаттармен, өзге де дәлелдемелермен анықтауға болатынын өзі немесе өкілі арқылы хабарлайды.
3. Жекеше айыптаушы, оның өкілі, сотталушы, оның қорғаушысы және өкілдері сотқа істі қарау басталғанға дейін және оны қарау барысында іс үшін маңызы бар нәрселерді, құжаттарды ұсынуға, өздерінен сот отырысында жауап алу туралы өтінішхат беруге құқылы.
4. Судья тараптарға олардың өтінішхаты бойынша дәлелдемелерді жинауға және олар көрсеткен куәларды шақыруға жәрдем көрсетуге тиіс.
411-бап. Жекеше айыптау ісін сот отырысында қарау
1. Жекеше айыптау ісін сот отырысында қарау, осы бапта белгіленген алып қоюларды қоспағанда, сот талқылауының жалпы қағидалары бойынша жүргізіледі.
2. Сот талқылауы шағымның сотқа келіп түскен кезінен бастап он бес тәуліктен кешіктірілмей басталуға, бірақ сотталушы өзінің құқықтары түсіндірілген шағымның көшірмесін алған кезден бастап үш тәуліктен ерте басталмауға тиіс.
3. Жекеше айыптау ісі бойынша шағымды қарау қарсы шағымды қараумен қоса бір іс жүргізуге біріктірілуі мүмкін. Біріктіруге сот тергеуі басталғанға дейін судьяның қаулысы бойынша жол беріледі. Шағымдарды бір іс жүргізуге біріктірген кезде оларды берген тұлғалар процеске бір мезгілде жекеше айыптаушы және сотталушы ретінде қатысады. Қарсы шағымның түсуіне және іс жүргізулерді біріктіруге байланысты қорғауға дайындалу үшін үстінен қарсы шағым берілген тұлғаның өтінішхаты бойынша іс үш тәуліктен аспайтын мерзімге кейінге қалдырылуы мүмкін. Өздерінің шағымдарында жазған мән-жайлар туралы бұл тұлғалардан жауап алу – жәбірленушіден жауап алу қағидалары бойынша, ал қарсы шағымдарда жазылған мән-жайлар туралы жауап алу сотталушыдан жауап алу қағидалары бойынша жүргізіледі.
Сот талқылауына жекеше айыптаушы мен сотталушы жеке өзі қатысуға немесе онда өз өкілдерінің өкілдік етуіне құқылы.
4. Сот тергеуі басталардан бұрын төрағалық етуші тараптарға өзара татуласудың мүмкіндігі туралы және татуласудың тәртібі мен салдарын түсіндіруге міндетті. Татуласуға қандай да бір шартсыз немесе тараптардың міндеттеме алуынсыз келуге болады. Татуласу туралы өтінішхат сот кеңесу бөлмесіне кеткенге дейін мәлімделуі мүмкін.
5. Сот тергеуі жекеше айыптаушының немесе оның өкілінің шағымды баяндауынан басталады. Жекеше айыптау ісі бойынша қарсы шағымды бір мезгілде қарау кезінде, оның дәлелдері негізгі шағымның дәлелдері баяндалғаннан кейін, дәл сол ретпен баяндалады. Айыптаушы дәлелдемелерін ұсынады, ол оларды зерттеуге қатысуға, сотқа айыптаудың мәні бойынша, сотталушыға қылмыстық заңды қолдану және оған жаза тағайындау туралы, сондай-ақ сот талқылауы кезінде туындаған басқа да мәселелер бойынша өзінің пікірін айтуға құқылы. Айыптаушы сот отырысында, егер бұл сотталушының жағдайын нашарлатпайтын және оның қорғалуға деген құқығын бұзбайтын болса, айыптауды өзгерте алады, сондай-ақ айыптаудан бас тартуға құқылы.
6. Егер айыптаушының өзі істі қарауға қатыспаған болса, жекеше айыптаушының немесе оның өкілінің осы Кодекстің 157-бабының екінші бөлігінде көрсетілген дәлелді себептерсіз сот отырысына келмей қалуы істің тоқтатылуына әкеп соғады, алайда, іс сотталушының өтінішхаты бойынша олардың қатысуынсыз мәні бойынша қаралуы мүмкін.
412-бап. Жекеше айыптау ісі бойынша соттың шешімі
1. Жекеше айыптау жөніндегі істі қарап, судья осы Кодекстің қағидаларын басшылыққа ала отырып, мына шешімдердің бірін қабылдайды:
1) айыптау немесе ақтау үкімін шығарады;
2) істі тоқтатады;
3) жариялы немесе жекеше-жариялы тәртіппен қудаланатын қылмыстық құқық бұзушылық белгілері анықталған кезде істі сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізу туралы мәселені шешу үшін тиісті прокурорға жібереді.
2. Соттың жекеше айыптау ісі бойынша шешіміне тараптар осы Кодексте көзделген тәртіп пен мерзімде жалпы негіздерде шағым жасай алады.
413-бап. Жекеше айыптау ісі бойынша істі тоқтату
1. Жекеше айыптау ісін жүргізу осы Кодекстің 35-бабында көзделген мән-жайлар бар болған кезде, сондай-ақ жәбірлеушінің не айыпталушының жақын туыстары істі қарауды талап еткеннен басқа жағдайларда, жекеше айыптаушының қайтыс болуына байланысты тоқтатылуға жатады.
2. Жекеше айыптау бойынша іс жүргізуді тоқтату тәртібі, осы тарауда көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, осы Кодекстің жалпы қағидаларымен айқындалады.
8-БӨЛІМ. СОТТЫҢ ҮКІМДЕРІ МЕН ҚАУЛЫЛАРЫН АПЕЛЛЯЦИЯЛЫҚ ТӘРТІППЕН ҚАЙТА ҚАРАУ
Ескерту. 8-бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 31.10.2015 № 378-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
48-тарау. Заңды күшіне енбеген сот шешімдеріне апелляциялық шағым жасау, оларды прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қарау
Ескерту. 48-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 11.07.2017 № 91-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
414-бап. Үкімдерге, қаулыларға апелляциялық (жекеше) шағым беру, прокурордың өтінішхатын келтіру құқығы
Ескерту. 414-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 11.07.2017 № 91-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Үкімге, қаулыға апелляциялық шағым жасау құқығы сотталған адамға, ақталған адамға, олардың қорғаушыларына, оның ішінде үкім, қаулы жария етілгеннен кейін іс бойынша іс жүргізуге кіріскен қорғаушыларына, олардың заңды өкілдеріне, жәбірленушіге (жекеше айыптаушыға), олардың өкілдеріне және заңды өкілдеріне тиесілі. Азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер, олардың өкілдері және заңды өкілдері үкімге азаматтық талап қоюға қатысты бөлігінде шағым жасауға құқылы.
2. Апелляциялық тәртіппен сот актісін қайта қарау туралы прокурордың апелляциялық өтінішхатын істі қарауға мемлекеттік айыптаушы ретінде қатысқан прокурор келтіруі мүмкін. Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры және оның орынбасарлары, Бас әскери прокурор, Бас көлік прокуроры облыстардың прокурорлары мен оларға теңестірілген прокурорлар және олардың орынбасарлары, өңірлер мен гарнизондардың әскери прокурорлары, өңірлік көлік прокурорлары, аудандардың прокурорлары мен оларға теңестірілген прокурорлар өздерінің құзыреті шегінде істі қарауға қатысу-қатыспауына қарамастан, үкімді, қаулыны қайта қарау туралы прокурордың апелляциялық өтінішхатын келтіруі мүмкін.
3. Егер соттың қаулысы осы істің тараптары болып табылмайтын тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделеріне қатысты болса, олар да сот актісіне шағым жасауға құқылы.
Ескерту. 414-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 11.07.2017 № 91-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 16.07.2025 № 210-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.415-бап. Апелляциялық тәртіппен қаралуға жататын сот актілері
1. Аудандық және оған теңестірілген соттардың, қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттардың, қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соттардың, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттардың, гарнизондардың әскери соттарының заңды күшіне енбеген үкімдері апелляциялық тәртіппен қаралуға жатады.
2. Осы баптың үшінші бөлігінде көрсетілгендерді қоспағанда, бірінші сатыдағы соттардың заңды күшіне енбеген қаулыларына осы тарауда көзделген тәртіппен жекеше шағым берілуі, прокурордың өтінішхаты келтірілуі мүмкін.
3. Бұлтартпау шарасы, ақшалай өндіріп алуды қолдану туралы қаулылардан басқа, сот талқылауы барысында шығарылған, осы Кодекстің 10-бабының екінші бөлігінде көрсетілген мәселелер жөніндегі, сондай-ақ процеске қатысушылардың дәлелдемелерін, өтінішхаттарын зерттеу тәртібі мен тәсіліне, сот отырысы залында тәртіп сақтауға қатысты қаулылар осы тараудың қағидалары бойынша қайта қарауға жатпайды. Жоғарыда көрсетілген қаулыларға қарсылықтар үкімге келтірген апелляциялық шағымдарда, прокурордың өтінішхаттарында баяндалуы мүмкін.
Ескерту. 415-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 11.07.2017 № 91-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).416-бап. Заңды күшіне енбеген үкімдерге, қаулыларға апелляциялық (жекеше) шағымдарды, прокурордың өтінішхаттарын қарайтын соттар
1. Аудандық және оларға теңестірілген соттардың, қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттардың, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттардың заңды күшіне енбеген үкімдеріне, қаулыларына апелляциялық (жекеше) шағымдарды, прокурордың өтінішхаттарын тиісті облыстық және оған теңестірілген соттың апелляциялық сатысы қарайды.
2. Гарнизондардың әскери соттарының, қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соттардың заңды күшіне енбеген үкімдеріне, қаулыларына апелляциялық (жекеше) шағымдарды, прокурордың өтінішхаттарын Әскери сот қарайды.
3. Егер іс бойынша үкім және қаулы шығарылса, онда үкімге апелляциялық шағымдар, прокурордың өтінішхаттары және қаулыға жекеше шағымдар, прокурордың өтінішхаттары облыстық немесе оған теңестірілген соттың апелляциялық сатысының бір отырысында қаралады.
4. Басты сот талқылауы барысында шығарылатын, бұлтартпау шарасы және ақшалай өндіріп алуды қолдану туралы қаулыларға жекеше шағымдар, прокурордың өтінішхаттары іс бойынша іс жүргізу аяқталғанға дейін апелляциялық сатыда қаралады. Көрсетілген шағымдарды, прокурордың өтінішхаттарын апелляциялық сатыда қарау қылмыстық істі бірінші сатыдағы сотта одан әрі қарауды үзбейді.
Ескерту. 416-бап жаңа редакцияда - ҚР 11.07.2017 № 91-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).417-бап. Апелляциялық (жекеше) шағым беру, прокурордың өтінішхатын келтіру тәртібі
1. Үкім, қаулы шығарған сот арқылы апелляциялық (жекеше) шағымдар беріледі, прокурордың өтінішхаттары келтіріледі. Апелляциялық сатыға тікелей келіп түскен апелляциялық (жекеше) шағымдар, прокурордың өтінішхаттары осы Кодекстің 420-бабының және 421-бабы екінші бөлігінің талаптарын орындау үшін үкім, қаулы шығарған сотқа жіберілуге жатады.
2. Істі қайтадан қарау кезінде шығарылған үкімге, қаулыға осындай тәртіппен шағым жасалуы, ол прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қаралуы мүмкін.
Ескерту. 417-бап жаңа редакцияда - ҚР 11.07.2017 № 91-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).418-бап. Апелляциялық (жекеше) шағым беру, прокурордың өтінішхатын келтіру мерзімдері
Ескерту. 418-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 11.07.2017 № 91-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Үкім, қаулы жария етілген күннен бастап он бес тәулік ішінде апелляциялық (жекеше) шағымдар беріледі, прокурордың өтінішхаттары келтіріледі, ал күзетпен ұсталатын сотталған адам оларды өзіне үкімнің, қаулының көшірмесі табыс етілген күннен бастап дәл сондай мерзімде бере алады.
2. Сот актісіне шағым жасау үшін белгіленген мерзім ішінде істі бірінші сатыдағы соттан талап етіп алдыруға болмайды.
3. Мерзімді өткізіп алып берілген апелляциялық (жекеше) шағым, прокурордың өтінішхаты үкімді, қаулыны шығарған соттың қаулысымен мерзімді қалпына келтіру туралы өтінішхат болмаған кезде осы негіз көрсетіле отырып, авторға қайтарылады. Егер шағымды, прокурордың өтінішхатын бірінші сатыдағы сот қабылдаған соң оларды беру мерзімінің өткізіп алынғаны апелляциялық сатыда анықталса, апелляциялық саты судьясы өз қаулысымен оларды қараусыз қалдырады.
Ескерту. 418-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 11.07.2017 № 91-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).419-бап. Апелляциялық (жекеше) шағым беру, прокурордың өтінішхатын келтіру мерзімін қалпына келтіру тәртібі
1. Апелляциялық (жекеше) шағым беру, прокурордың өтінішхатын келтіру мерзімі өткізіп алынған жағдайда шағымды, прокурордың өтінішхатын беруге құқығы бар адамдар үкімді, қаулыны шығарған сот алдында өткізіп алынған мерзімді қалпына келтіру туралы өтінішхат бере алады. Апелляциялық (жекеше) шағымды, прокурордың өтінішхатын беру мерзімін қалпына келтіру туралы өтінішхат жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында берілуі мүмкін. Мерзімді қалпына келтіру туралы өтінішхатты сот отырысында – істің басты сот талқылауы кезінде төрағалық еткен судья, ал ол ұзақ уақыт (кемінде бес тәулік) болмаған кезде осы соттың басқа судьясы қарайды, ол өтінішхат қозғаған адамды түсініктеме беру үшін шақыртуға құқылы.
2. Судьяның өткізіп алынған мерзімді қалпына келтіруден бас тарту туралы қаулысына тиісті облыстық немесе оған теңестірілген сотқа шағым жасалуы, прокурордың өтінішхаты бойынша сонда қайта қаралуы мүмкін, ол өткізіп алынған мерзімді қалпына келтіруге және осы Кодекстің 420-бабында және 421-бабының екінші бөлігінде жазылған талаптарды сақтай отырып, шағым, прокурордың өтінішхаты бойынша істі қарауға құқылы. Соттың апелляциялық шағым берудің, прокурордың өтінішхатын келтірудің өткізіп алынған мерзімін қалпына келтіру туралы қаулысымен келіспейтін процеске қатысушылар апелляциялық сатының отырысы басталғанға дейін немесе сонда өз дәлелдерін беруге және осы қаулының күшін жою туралы өтінішхат беруге құқылы. Мұндай өтінішхат қанағаттандырылған жағдайда, апелляциялық саты өз қаулысымен апелляциялық шағымды, прокурордың өтінішхатын қараусыз қалдырады.
3. Осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген сот процеске қатысушының өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мүмкіндігін шектейтін заң бұзушылық кезінде (сот отырысының хаттамасын уақтылы дайындамау, іске қатысатын, сот ісін жүргізу тілін білмейтін адамға сот актісінің көшірмесін аудармасыз табыс ету, сот актісінің қарар бөлігінде шағым жасау мерзімін көрсетудегі дәлсіздіктер), сондай-ақ оның шағымды уақтылы беруіне немесе прокурордың өтінішхатын келтіруіне объективті түрде кедергі келтіретін өзге де мән-жайлар болған кезде апелляциялық (жекеше) шағым берудің, прокурордың апелляциялық өтінішхатын келтірудің өткізіп алынған мерзімін қалпына келтіруге міндетті.
4. Апелляциялық саты судьясының өткізіп алынған мерзімді қалпына келтіру туралы қаулысы шағыммен, прокурордың өтінішхатымен және басқа да материалдармен бірге үкімді, қаулыны шығарған сотқа осы Кодекстің 420 және 421-баптарында көзделген әрекеттерді орындау үшін дереу жіберіледі.
Ескерту. 419-бап жаңа редакцияда - ҚР 11.07.2017 № 91-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).420-бап. Апелляциялық (жекеше) шағым беру, прокурордың өтінішхатын келтіру туралы хабарлама
1. Үкімді, қаулыны шығарған сот апелляциялық (жекеше) шағымның берілгені, прокурордың өтінішхатының келтірілгені туралы сотталған адамға немесе ақталған адамға, оның қорғаушысына, өкіліне, айыптаушыға, жәбірленушіге және оның өкіліне, сондай-ақ шағым, прокурордың өтінішхаты олардың мүдделерін қозғайтын болса, азаматтық талапкерге, азаматтық жауапкерге немесе олардың өкілдеріне хабар береді.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген адамдарға шағымның, прокурордың өтінішхатының көшірмелері не үкімді, қаулыны шығарған соттың интернет-ресурсы арқылы олардың электрондық көшірмелерімен танысу мүмкіндігі туралы хабарлама жіберіледі. Бұл ретте тараптарға жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанын- да шағымға, прокурордың өтінішхатына қарсылықтар беру құқығы түсіндіріліп, оларды ұсыну мерзімі көрсетіледі. Тараптарға қайта қарау үшін шағым, прокурордың өтінішхаты келтірілген сот актісімен келісуі туралы өз дәлелдерін беру құқығы да түсіндіріледі. Шағымға, прокурордың өтінішхатына келіп түскен қарсылықтар, тараптардың дәлелдері іске қоса тігіліп, апелляциялық сатыда жиынтық түрде қаралуға жатады.
3. Тараптар жаңа материалдарды апелляциялық сатыға апелляциялық (жекеше) шағымға, прокурордың өтінішхатына қарсылықпен бірге немесе бөлек ұсынуға немесе оларды талап етіп алдыру және зерттеу туралы, сондай-ақ өздері көрсеткен жәбірленушілерді, куәларды, сарапшыларды, мамандарды сотқа шақырту және олардан жауап алу туралы өтінішхат беруге құқылы.
Ескерту. 420-бап жаңа редакцияда - ҚР 11.07.2017 № 91-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).421-бап. Апелляциялық (жекеше) шағым берудің, прокурордың өтінішхатын келтірудің салдары
1. Апелляциялық (жекеше) шағым беру және прокурордың өтінішхатын келтіру, бұлтартпау шарасы туралы шешімді қоспағанда, үкімнің, қаулының заңды күшіне енуін және оларды орындауға келтіруді тоқтата тұрады.
2. Бірінші сатыдағы сот үкімге, қаулыға шағым жасау, оны прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қарау және осы Кодекстің 420-бабының талаптарын орындау үшін белгіленген мерзім өткеннен кейін бір тәуліктен кешіктірмей, істі келіп түскен шағымдармен, прокурордың өтінішхатымен, оларға қоса берілген құжаттармен, сондай-ақ оларға қарсылықтармен бірге тиісті соттың апелляциялық сатысына жібереді.
Ескерту. 421-бап жаңа редакцияда - ҚР 11.07.2017 № 91-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).422-бап. Бірінші сатыдағы соттың қаулысына шағым жасау, оны прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қарау
1. Осы Кодекстің 344-бабының төртінші бөлігінде көрсетілген алып қоюларды қоспағанда, бірінші сатыдағы соттың қаулысына осы Кодекстің 414-бабында көрсетілген адамдар жекеше шағым, прокурордың өтінішхатын келтіре алады.
2. Бірінші сатыдағы соттың қаулыларына жекеше шағым, прокурордың өтінішхаты жоғары тұрған сотқа қаулы шығарылған күннен бастап он бес тәулік ішінде беріледі және апелляциялық іс жүргізу қағидалары бойынша қаралады. Үкім шығарумен аяқталған сот талқылауы кезінде шығарылған қаулыға шағым берілген, прокурордың өтінішхаты келтірілген жағдайда, іс үкімге шағым жасау үшін белгіленген мерзім өткен соң ғана жоғары тұрған сот сатысына жіберіледі.
Ескерту. 422-бап жаңа редакцияда - ҚР 11.07.2017 № 91-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).423-бап. Апелляциялық (жекеше) шағым, прокурордың өтінішхаты
1. Апелляциялық шағымда, прокурордың өтінішхатында:
1) шағым, прокурордың өтінішхаты жолданып отырған тиісті апелляциялық сатыдағы соттың атауы;
2) шағым берген немесе прокурордың өтінішхатын келтірген адамның процестік жағдайы, тұрғылықты жері немесе тұрған жері, онымен хабарласудың байланыс құралдарының нөмірлері көрсетіле отырып, ол туралы деректер;
3) шағым берілген, прокурордың өтінішхаты келтірілген үкім немесе қаулы және осы шешімді шығарған соттың атауы;
4) үкімнің, қаулының қай бөлігінде немесе оларға толық көлемде шағым берілгенін, прокурордың өтінішхаты келтірілгенін көрсету;
5) шағым берген, прокурордың өтінішхатын келтірген адамның өз пікірі бойынша сот үкімінің, қаулысының дұрыс еместігі неде екендігі, сотқа дейінгі іс жүргізуді жүзеге асыру немесе істі қарау кезінде заңның қандай нормаларының бұзылғаны және мұның ол бойынша шешім қабылдауға әсер еткені туралы дәлелдері және оның өтінуінің мәні;
6) шағымның, прокурор өтінішхатының авторы өз талаптарын негіздейтін, оның ішінде бірінші сатыдағы сот зерттемеген дәлелдемелер;
7) шағымға, прокурордың өтінішхатына қоса берілетін материалдардың тізбесі;
8) шағым берілген, прокурордың өтінішхаты келтірілген күн және шағым авторының, өтінішхат келтірген прокурордың қолтаңбасы қамтылуға тиіс.
2. Егер берілген шағым, прокурордың келтірілген өтінішхаты осы талаптарға сәйкес келмесе, олар берілген деп есептеледі, бірақ үкім шығарған сот оларды толық ресімдеу мерзімін көрсете отырып, кері қайтарады. Егер көрсетілген мерзім ішінде апелляциялық (жеке- ше) шағым, прокурордың өтінішхаты қайта жасалғаннан кейін сотқа ұсынылмаса, олар берілмеген деп есептеледі, бұл туралы шағым, прокурордың өтінішхаты авторына хабарланады. Апелляциялық сатыдағы сот шағымды осы баптың бірінші бөлігіне сәйкес ресімдеу үшін осындай тәртіппен қайтаруға құқылы.
3. Тараптар апелляциялық (жекеше) шағымның, прокурордың өтінішхатының негіздерін растау ретінде шағыммен бірге немесе оны бергеннен кейін апелляциялық сатыдағы сотқа жаңа материалдар ұсынуға немесе оларды талап етіп алдыру және зерттеу, сондай-ақ өздері көрсеткен куәлардан, жәбірленушілерден, сарапшылардан, мамандардан жауап алу, бірінші сатыдағы сот тергеуі олқылықтарының орнын толтыруға бағытталған өзге де әрекеттер жасау туралы өтінішхат беруге құқылы.
4. Апелляциялық (жекеше) шағым берген, прокурордың өтінішхатын келтірген адам сот отырысы басталғанға дейін өзінің шағымын, прокурор өтінішхатын өзгертуге не жаңа дәлелдермен толықтыруға құқылы. Бұл ретте прокурордың қосымша өтінішхатында немесе прокурордың өтінішхатын өзгерту туралы оның арызында, сол сияқты жәбірленушінің, жекеше айыптаушының немесе өкілдердің үкімге шағым жасау мерзімі өткеннен кейін берілген қосымша шағымында, егер прокурордың бастапқы өтінішхатында немесе шағымда сотталған адамның жағдайын нашарлату туралы талап болмаса, осындай мәселе қойыла алмайды. Сот актісіне шағым жасау мерзімі өткеннен кейін іс бойынша іс жүргізуге кіріскен қорғаушы шағымды өзгерте алады не жаңа дәлелдермен толықтыра алады, іске бұрын қатысқан қорғаушы берген шағымдағы дәлелдердің қосымша дәйектемелерін ұсына алады.
5. Үкімге, қаулыға шағым жасаған, прокурордың өтінішхатын келтірген адам апелляциялық сатыдағы сот отырысы басталғанға дейін өз шағымын, прокурордың өтінішхатын кері қайтарып алуға құқылы. Прокурордың өтінішхатын жоғары тұрған прокурор да кері қайтарып алуы мүмкін. Қорғаушы, заңды өкіл өз шағымын сотталған адамның келісімімен ғана кері қайтарып алуға құқылы. Сотталған адам өзінің қорғаушысы, заңды өкілі берген шағымды кері қайтарып алуға құқылы, көрсетілген адамдардың шағымдарын оның кері қайтарып алуы сот үшін міндетті болып табылады. Мұндай жағдайларда судья шағымды, өтінішхатты хатпен қайтарады.
Ескерту. 423-бап жаңа редакцияда - ҚР 11.07.2017 № 91-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 16.07.2025 № 210-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.49-тарау. Апелляциялық шағымдар, прокурордың өтінішхаттары бойынша істерді қарау
Ескерту. 49-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 11.07.2017 № 91-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
424-бап. Апелляциялық қараудың нысанасы
1. Апелляциялық сатыдағы сот апелляциялық шағымдар, прокурордың өтінішхаттары бойынша істе бар және тараптар апелляциялық сатыдағы сотта қосымша ұсынған материалдар бойынша істің нақты мән-жайын анықтаудың және қылмыстық заңды қолданудың дұрыстығын, іс бойынша іс жүргізуді жүзеге асыру кезінде қылмыстық-процестік заң нормаларының сақталуын, бірінші сатыдағы сот үкімінің немесе қаулысының әділдігін, заңдылығын және негізділігін осы Кодекстің 426-бабының бірінші бөлігінде белгіленген шектерде тексереді.
2. Алқабилер қатысқан соттың үкімдеріне, қаулыларына шағымдарды, прокурордың өтінішхаттарын қарау тәртібі осы Кодекстің 69-тарауының қағидалары бойынша жүзеге асырылады.
3. Кассациялық саты үкімнің және барлық кейінгі қаулылардың күшін жойып, істі апелляциялық сатыдағы сотқа жаңадан сот қарауына жіберген жағдайда істі апелляциялық сатыда қарау осы Кодекстің 41 – 46-тарауларының қағидалары бойынша жүзеге асырылады.
Ескерту. 424-бап жаңа редакцияда - ҚР 11.07.2017 № 91-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 27.12.2021 № 88-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.07.2025 № 210-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.425-бап. Iсті апелляциялық сатыда қарау мерзімдері
Iс келіп түскен күнінен бастап бір айдан кешіктірілмей апелляциялық тәртіппен қаралуға тиіс. Егер сот жаңа материалдар мен дәлелдемелерді зерттеу және жаңа үкім шығару қажеттігіне негіз бар деп тапса, іс келіп түскен күнінен бастап екі айдан кешіктірілмей апелляциялық тәртіппен қаралуға тиіс. Дәлелді себептер болған кезде, көрсетілген мерзімдер іс жүргізуінде іс жатқан апелляциялық сатыдағы соттың қаулысы бойынша бір айға ұзартылуы мүмкін. Қажет болған жағдайда істі апелляциялық сатыда қарау мерзімін одан әрі ұзарту тиісті облыстық және оған теңестірілген соттың алқа төрағасының қаулысы бойынша жүзеге асырылуы мүмкін. Бұл ретте істі қарау мерзімінің әрбір ұзартылуы бір айдан аспауға тиіс.
426-бап. Істі апелляциялық сатыда қараудың шектері
1. Істі апелляциялық тәртіппен қарайтын сот үкімнің, сот қаулысының заңдылығын, негізділігін, әділдігін толық көлемде тексереді және егер бұл ретте сотталғанның жағдайы нашарламаса, оларға шағымда, прокурордың өтінішхатында көрсетілмеген негіздер бойынша өзгерістер енгізуге құқылы.
2. Егер істі қараған кезде басқа сотталғандардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылғаны, бұл заңсыз үкімнің, қаулының шығарылуына алып келгені анықталса, егер бұл ретте сотталғанның жағдайы нашарламаса, сот осы Кодексте көзделген қағидаларды сақтай отырып, оның шағым жасалмаған, прокурордың апелляциялық өтінішхаты бойынша қайта қаралмаған бөліктерінде де және өздері туралы шағым, прокурордың өтінішхаты берілмеген адамдарға қатысты да күшін жоюға немесе оны өзгертуге құқылы.
Үкімді өздері туралы шағым, прокурордың өтінішхаты берілмеген адамдарға қатысты өзгертуге немесе оның күшін жоюға шағым, прокурордың өтінішхаты өзіне қатысты болатын адамға қатысты үкімнің күші жойылған немесе ол өзгертілген жағдайда ғана және қылмыстық құқық бұзушылықты бірлесіп жасаған басқа да сотталғандардың әрекеттерін саралауды сәйкес келтіру үшін ғана жол беріледі.
Сот сотталғанның жағдайын оның өтінішхаты немесе оның қорғаушысының немесе заңды өкілінің өтінішхаты бойынша нашарлатуға құқылы емес.
3. Сот бірінші сатыдағы соттың үкіміне апелляциялық шағым, прокурордың өтінішхаты бойынша істі қарай отырып, жекеше шағымдар, прокурордың өтінішхаттары болмаған кезде де, егер соттың жекеше және өзге де қаулылары апелляциялық сатының шағымдар, прокурордың өтінішхаттары бойынша қабылдаған шешіміне қарама-қайшы келсе немесе істің материалдарына және заңға сәйкес келмесе, олардың күшін жоюға немесе оларды өзгертуге құқылы.
4. Апелляциялық шағымды, прокурордың өтінішхатын, оларға қарсылықтарды және тараптардың дәлелдерін қарау бойынша шығарылған қаулымен (үкіммен) осы сот сатысында іс бойынша іс жүргізу аяқталады.
Ескерту. 426-бап жаңа редакцияда - ҚР 11.07.2017 № 91-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 27.03.2023 № 216-VII (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.427-бап. Апелляциялық сатыдағы сот отырысын дайындау
Ескерту. 427-бап алып тасталды – ҚР 16.07.2025 № 210-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
428-бап. Апелляциялық сатыдағы сот отырысын тағайындау
1. Апелляциялық сатыдағы сот шағымдар, прокурордың өтінішхаты бар қылмыстық іс келіп түскен күннен бастап он тәулік ішінде сот отырысын тағайындайды, бұл туралы қаулы шығарады, онда сотталған немесе ақталған адамға қатысты бұлтартпау шарасын сақтау, таңдау, күшін жою немесе өзгерту туралы мәселені шешеді. Сот қаулысының көшірмесі шығарылған күннен бастап үш тәулік ішінде тараптарға жіберіледі.
2. Күзетпен ұсталатын сотталған адамнан өзінің жағдайын нашарлатуға бағытталған шағымды немесе прокурордың өтінішхатын қарау кезінде апелляциялық сатыдағы сот отырысына қатысу туралы өтінішхат келіп түскен кезде апелляциялық сатыдағы сот істі сотталған адамның тікелей қатысуымен не аталған адамның қашықтықтан қатысуын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін ғылыми-техникалық құралдарды пайдалана отырып қарау туралы қаулы шығарады, оны орындау үшін тиісті органдарға жібереді.
3. Өзге жағдайларда күзетпен ұсталып отырған сотталған адамды сот отырысына шақыру туралы мәселені апелляциялық сатыдағы сот шешеді. Апелляциялық сатыдағы сот сот тергеуін жүргізген кезде сотталған (ақталған) адамның апелляциялық сатыдағы отырысқа қатысуы міндетті. Мұндай жағдайларда осы Кодекстің 335-бабында көрсетілген мән-жайлар болған кезде істі сотталған (ақталған) адамның қатысуынсыз қарауға жол беріледі.
4. Қорғаушының апелляциялық сатыда қатысуы осы Кодекстің 67-бабының бірінші бөлігінде көзделген жағдайларда жүзеге асырылады. Кәмелетке толмаған сотталған адамға қатысты іс қаралған кезде не сотталған адамның жағдайын нашарлату туралы мәселе қойылған, жәбірленушінің (азаматтық талапкердің), олардың өкілдерінің апелляциялық шағымы, прокурордың өтінішхаты бойынша іс қаралып жатқан не іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу және істі бірінші сатыдағы сотта қарау айыпталушының қатысуынсыз жүзеге асырылған жағдайларда не апелляциялық сатыдағы сот сот тергеуін жүргізген кезде қорғаушының апелляциялық сатыда қатысуы міндетті.
5. Осы Кодекстің 414-бабына сәйкес үкімге шағым жасау құқығы берілген тұлғалар соттың апелляциялық отырысына барлық жағдайда да жіберіледі. Оларға өздерінің өтінуі бойынша, берілген шағымды немесе прокурордың келтірілген өтінішхатын не оларға қарсылықтарды негіздеп сөйлеу үшін сөз беріледі.
6. Жекеше айыптау істерін қоспағанда, прокурордың апелляциялық сатыда қатысуы міндетті.
Апелляциялық сатыда прокурор осы Кодекстің 337-бабында көзделген өкілеттіктерге ие болады.
Қорғаушыны қоспағанда, апелляциялық отырыстың орны мен уақыты туралы уақтылы хабардар етілген процестің басқа қатысушыларының келмеуі істі қарауға кедергі болмайды.
Ескерту. 428-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 11.07.2017 № 91-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 16.07.2025 № 210-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.429-бап. Істі апелляциялық сатыда қарау тәртібі
1. Осы Кодекстің 29-бабында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, апелляциялық саты істерді ашық сот отырысында қарайды. Төрағалық етуші сот отырысын ашады, қандай іс қаралып жатқанын және кімнің апелляциялық (жекеше) шағымдары немесе прокурордың өтінішхаты бойынша екенін жариялайды. Содан кейін төрағалық етуші сот құрамын, іс бойынша тараптар болып табылатын, қатысып отырған адамдардың тегін, сондай-ақ аудармашылардың тегін жариялайды.
2. Төрағалық етуші отырысқа қатысатын адамдарға олардың істі апелляциялық сатыда қараған кездегі процестік құқықтарын, оның ішінде процестік келісім немесе татуласуға қол жеткізу туралы келісім, оның ішінде медиациялық тәртіппен жасасу құқықтарын түсіндіреді және тараптардан қарсылық білдірулері мен өтінішхаттарының бар-жоғын сұрайды және егер олар мәлімделсе, олар бойынша процеске қатысушылардың пікірін анықтайды, содан кейін сот осы Кодекстің 344-бабында көзделген тәртіпті сақтай отырып, оларды қарау нәтижелері бойынша қаулы шығарады.
Егер процеске қатысушы бірінші сатыдағы соттың үкімге, қаулыға апелляциялық шағым жасаудың, оны прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қараудың өткізіп алынған мерзімін қалпына келтіру туралы қаулысының заңдылығын тексеру туралы өтінішхатты мәлімдесе, онда бұл өтінішхат қарсылық білдірулерді шешкен бойда тікелей қаралуға жатады. Апелляциялық саты өткізіп алынған мерзімді қалпына келтіру туралы қаулыны заңсыз деп таныса, оның күшін жою және мерзімі өткізіп алынып берілген шағым, прокурордың өтінішхаты бойынша апелляциялық іс жүргізуді тоқтату туралы қаулы шығарады. Егер өткізіп алынған мерзімді қалпына келтіру дұрыс деп танылса, апелляциялық саты шағымдарды, прокурордың өтінішхаттарын осы бапта көзделген тәртіппен қарауды жалғастырады.
3. Сотқа қосымша материалдарды ұсынған тараптар олардың қандай жолмен алынғанын және оларды ұсыну қажеттігі неге байланысты туындағанын көрсетуге, сондай-ақ бірінші сатыдағы сот жүргізген сот тергеуін толықтыру қажеттігін негіздеуге міндетті. Қосымша материалдарды тергеу әрекеттерін жүргізу жолымен алуға болмайды.
Тараптар өздерінің апелляциялық шағымдарында, өтінішхаттарында, егер олар дәлелдемелерді бірінші сатыдағы сотқа ұсынып, бірақ бірінші сатыдағы сот оларды қабылдамаған болса немесе егер олар өздеріне байланысты емес дәлелді себептермен бірінші сатыдағы сотқа дәлелдемелерді ұсына алмаған болса ғана бірінші сатыдағы сот зерттемеген дәлелдемелерді негізге алуы мүмкін.
4. Тараптар іске жаңа материалдарды қосып тігу немесе оларды талап етіп алдыру және зерттеу, сондай-ақ өздері көрсеткен куәлардан, жәбірленушілерден, сарапшылардан, мамандардан жауап алу туралы, бірінші сатыдағы сот тергеуі олқылықтарының орнын толтыруға бағытталған өзге де әрекеттер жасау туралы өтінішхаттарды мәлімдеген жағдайда, сот процеске қатысушылардың пікірін тыңдайды, содан кейін оларды қанағаттандыру немесе қабылдамау туралы қаулы шығарады. Егер апелляциялық саты сот тергеуін жүргізу туралы қаулы етсе, онда тараптардың өз бастамасы бойынша келген куәлардан жауап алу туралы өтінішхаттары қанағаттандырылуға жатады. Егер өтінішхаттарды қанағаттандыруға байланысты процестік келісім немесе татуласуға қол жеткізу туралы келісім, оның ішінде медиациялық тәртіппен жасасу немесе басқа да әрекеттерді орындау үшін уақыт талап етілетін болса, сот үзіліс жариялайды және қажет болғанда істі апелляциялық сатыда қарау мерзімін ұзартады.
Егер тағайындалған сараптамаларды жүргізу үшін уақыт талап етілсе, сот үзіліс жариялайды және қажет болғанда істі апелляциялық сатыда қарау мерзімін ұзартады.
5. Апелляциялық сатыдағы сот бірінші сатыдағы сот үшін көзделген қағидалар бойынша істің дұрыс шешілуі үшін маңызы бар, тараптар ұсынған немесе олардың өтінішхаттары бойынша талап етіп алынған қосымша материалдарды, алынған сарапшылық қорытындыларды зерттейді, отырысқа шақырылған адамдардан жауап алады.
Егер бірінші сатыдағы сотта процестік келісім немесе татуласуға қол жеткізу туралы келісім, оның ішінде медиациялық тәртіппен жасалған болса, сот көрсетілген келісімдер шегінде заңдылықты тексереді. Істі апелляциялық сатыдағы сот отырысында қараған кезде бірінші сатыдағы сот үкімінің күші заңмен көзделген негіздер бойынша жойылғаннан кейін тараптар бірінші сатыдағы соттың қағидалары бойынша процестік келісім немесе татуласуға қол жеткізу туралы келісім, оның ішінде медиациялық тәртіппен жасай алады.
6. Сот тергеуін жүргізгеннен кейін сот процеске қатысушылардың сөздерін сот жарыссөздерін жүргізу қағидалары бойынша тыңдайды, олар өз шағымдарының, прокурор өтінішхаттарының не оларға қарсылықтарының уәждері мен дәлелдерін баяндайды. Тараптар өз сөздерінде бірінші сатыдағы сот зерттеген материалдарға да, апелляциялық сатыда зерттелген қосымша материалдарға да сілтеме жасауға құқылы. Шағымды берген, прокурордың өтінішхатын келтірген процеске қатысушы бірінші болып сөз сөйлейді, егер олар бірнешеу болса, сот олардың пікірлерін ескере отырып, олардың сөз сөйлеу кезектілігін белгілейді. Егер шағымда, прокурордың өтінішхатында сотталған (ақталған) адамның жағдайын нашарлату туралы мәселе қойылса, қорғаушы тарап айыптаушы тараптың сөзі тыңдалғаннан кейін сөз сөйлейді.
7. Апелляциялық сатыдағы сотқа қатысатын прокурор қаралып жатқан апелляциялық шағымдар бойынша пікірін айтады, прокурордың өтінішхатында көрсетілген дәлелдерді баяндайды, іс бойынша жасалған сот актілерінің заңдылығы туралы қорытынды береді, сондай-ақ қажет болған жағдайларда мемлекеттік айыптауды қолдайды.
8. Апелляциялық сатыдағы сот жаңа дәлелдемелерді зерттеген, сотталған (ақталған) адамнан, куәдан, жәбірленушіден, сарапшыдан, маманнан және басқа да адамдардан жауап алған кезде сот отырысының хаттамасы жүргізіліп, ол осы Кодекстің 347-бабының талаптарына сәйкес ресімделеді. Апелляциялық сатының отырысында жауап алынған тараптар мен адамдар сот отырысының хаттамасымен танысуға және оған осы Кодекстің 348-бабында көзделген тәртіппен өздерінің ескертулерін беруге құқылы. Хаттамаға берілген ескертулер осы Кодекстің 349-бабында көзделген тәртіппен қаралады.
9. Сот отырысының тәртіптемесі және оны бұзушыларға қатысты қолданылатын шаралар осы Кодекстің 345, 346-баптарының қағидаларымен айқындалады. Кеңесу бөлмесінде шешімдер қабылдау тәртібі осы Кодекстің 389-бабының қағидаларымен айқындалады.
Ескерту. 429-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 11.07.2017 № 91-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.07.2025 № 210-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.430-бап. Апелляциялық сатының өкілеттіктері
1. Апелляциялық шағыммен немесе прокурордың өтінішхатымен бірге келіп түскен істі қараған кезде сот үкімнің заңдылығын тексеру және істі дұрыс шешу мақсатында тараптардың өтінішхаты бойынша:
1) сотталған адамның, жәбірленушінің және іске қатысатын басқа да адамдардың денсаулық жағдайына, отбасылық жағдайына және бұрынғы сотталғандықтары туралы деректерге байланысты құжаттарды және басқа құжаттарды да қоса тігуге және зерттеуге;
2) сот-психиатриялық немесе өзге де сараптаманы тағайындауға;
3) тараптар мәлімдеген қосымша куәлардан, сарапшылардан, мамандардан жауап алуға, тараптар ұсынған жазбаша, заттай және өзге де дәлелдемелерді зерттеуге;
4) бірінші сатыдағы сот зерттеген материалдарды жарамсыз дәлелдемелер деп тануға және оларды дәлелдемелер қатарынан алып тастауға;
5) бірінші сатыдағы сот дәлелдемелер қатарынан алып тастаған материалдарды жол берілетін дәлелдемелер деп тануға және оларды зерттеуге;
6) азаматтық талап қоюға қатысты мән-жайларды зерттеуге және азаматтық талап қою бойынша шешім қабылдауға;
7) істің барлық материалдарын толық, жан-жақты және объективті түрде зерттеуді қамтамасыз ету және іс бойынша ақиқатты анықтау үшін қажетті басқа да әрекеттерді орындауға құқылы.
2. Бірінші сатыдағы сот жауап алған, сот отырысының хаттамасында жазылған сотталған (ақталған) адамның, жәбірленушілердің, куәлардың, басқа да адамдардың айғақтарында түрліше түсінуге мүмкіндік беретін түсініксіз жайлар болған кезде сот өз бастамасы немесе тараптардың өтінішхаты бойынша сот отырысында осы мән-жайлар жөнінде жауап алу арқылы олардың айғақтарын нақтылауға құқылы.
3. Бірінші сатыдағы сотта процестік келісім немесе татуласуға қол жеткізу туралы келісім, оның ішінде медиациялық тәртіппен жасалған кезде апелляциялық сатыдағы сот оларды жасасудың мән-жайларын тексереді.
Ескерту. 430-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 11.07.2017 № 91-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.07.2025 № 210-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.431-бап. Апелляциялық саты қабылдайтын шешімдер
1. Сот істі апелляциялық тәртіппен қараудың нәтижесінде мынадай:
1) бірінші сатыдағы соттың үкімін, қаулысын – өзгеріссіз, ал апелляциялық (жекеше) шағымды, прокурордың өтінішхатын қанағаттандырусыз қалдыру;
2) үкімді өзгерту;
3) үкімнің күшін жою және істі толық көлемінде немесе бір бөлігінде тоқтату;
4) айыптау үкімінің күшін жою және жаңа айыптау немесе ақтау үкімін шығару;
5) ақтау үкімінің күшін жою және жаңа ақтау немесе айыптау үкімін шығару;
6) алқабилердің қатысуымен шығарылған үкімнің күшін жою және істі жаңадан сот қарауына жіберу;
7) жаңа қаулы қабылдау арқылы қаулыны өзгерту, қаулының күшін жою;
8) алып тасталды – ҚР 27.03.2023 № 216-VII (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;9) алып тасталды – ҚР 27.03.2023 № 216-VII (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
10) егер іс мәні бойынша қаралмаса, сот қаулысының күшін жою және істі жаңадан қарауға жіберу туралы шешімдердің бірін қабылдайды.
2. Апелляциялық сатыдағы сот шағымдарда, прокурордың өтінішхатында көрсетілген шектерде және негіздер бойынша ғана сотталған (ақталған) адамның жағдайын нашарлататын шешім қабылдауға құқылы.
3. Осы Кодекстің 405-бабында көрсетілген мән-жайлар анықталған кезде апелляциялық сатыдағы сот жекеше қаулы шығарады.
Ескерту. 431-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 31.10.2015 № 378-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 11.07.2017 № 91-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2021 № 88-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.03.2023 № 216-VII (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.432-бап. Апелляциялық сатының қылмыстық процесте азаматтық талап қоюды қарауы
1. Апелляциялық сатыдағы сот істі қараған кезде, егер шағымдарда, прокурордың өтінішхатында осы туралы өтіну болса, азаматтық талап қою бөлігінде үкімнің заңдылығын, негізділігін және әділдігін де тексереді және осы Кодекстің 170-бабының талаптарын сақтай отырып, шешім қабылдайды.
2. Апелляциялық сатыдағы сот үкімді азаматтық талап қою бөлігінде өзгертуге құқылы.
3. Азаматтық талап қою бойынша сотталған адамның жағдайын нашарлататын шешім қабылдауға айыптаушы тараптың шағымдарында немесе прокурордың өтінішхатында тиісті дәлелдер болған кезде ғана жол беріледі.
Ескерту. 432-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 11.07.2017 № 91-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).433-бап. Yкімнің күшін жою немесе оны өзгерту негіздері
Мыналар:
1) сот тергеуінің біржақтылығы немесе толық еместігі;
2) соттың үкімде, қаулыда айтылған түйіндерінің істің нақты мән-жайларына сәйкес келмеуі;
3) қылмыстық-процестік заңның елеулі түрде бұзылуы;
4) қылмыстық заңның дұрыс қолданылмауы;
5) жазаның қылмыстық құқық бұзушылық ауырлығына және сотталған адамның жеке басына сәйкес келмеуі бірінші сатыдағы сот үкімінің күшін жоюға не оны өзгертуге негіз болып табылады.
Ескерту. 433-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 16.07.2025 № 210-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.434-бап. Сот тергеуінің біржақтылығы немесе толық еместігі
1. Анықталған жағдайда істің дұрыс шешілуі үшін елеулі мәні болуы мүмкін мән-жайларды ашылмаған күйі қалдырған сот тергеуі біржақты немесе толық емес жүргізілген болып танылады.
2. Айғақтарының іс үшін елеулі мәні бар адамдардан іс бойынша жауап алынбаған немесе заң бойынша жүргізілуі міндетті болып табылатын сараптама жүргізілмеген, сол сияқты елеулі маңызы бар құжаттар немесе заттай дәлелдемелер талап етіп алынбаған барлық жағдайда да сот тергеуі толық емес деп танылады.
3. Сот тергеуі олқылықтарының орнын толтырғаннан кейін апелляциялық сатыдағы сот осы Кодекстің 431-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген шешімдердің бірін қабылдайды.
4. Осы Кодекстің талаптары сақтала отырып, қысқартылған тәртіппен немесе тараптардың өтінішхаттарына байланысты дәлелдемелерді зерттеуді шектей отырып жүргізілген сот тергеуі толық емес немесе біржақты деп қарастырыла алмайды және ол осы негіздер бойынша сот үкімінің, қаулысының күшін жоюға әкеп соқпайды.
435-бап. Соттың үкімде, қаулыда айтылған түйіндерінің істің нақты мән-жайларына сәйкес келмеуі
1. Егер:
1) соттың түйіндері сот отырысында зерттелген дәлелдемелермен расталмаса;
2) сот өз түйіндеріне айтарлықтай әсер ете алатын мән-жайларды ескермесе;
3) соттың түйіндері үшін елеулі мәні бар қарама-қайшы дәлелдемелер болса, ал үкімде, қаулыда соттың қандай негіздер бойынша бұл дәлелдемелердің біреуін қабылдап, басқаларын қабылдамай тастағаны көрсетілмесе;
4) соттың үкімде, қаулыда айтылған түйіндерінде елеулі қайшылықтар болып, олар істің шешілуіне, оның ішінде сотталған адамның, ақталған адамның кінәлілігі немесе кінәсіздігі туралы мәселені соттың шешуіне, қылмыстық заңды қолданудың дұрыстығына немесе жазалау шараларын анықтауға ықпал еткен немесе ықпал етуі мүмкін болса, үкім, қаулы істің нақты мән-жайларына сәйкес келмейді деп танылады.
2. Сот іс материалдарын, тараптар ұсынған және істі апелляциялық қарау барысында алынған дәлелдемелерді қарап шығып, оларды жаңадан бағалауға және осы Кодекстің 431-бабының бірінші бөлігінде көзделген жаңа шешімді қабылдауға құқылы.
Ескерту. 435-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 16.07.2025 № 210-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.436-бап. Қылмыстық-процестік заңды елеулі түрде бұзу
1. Сотқа дейінгі іс жүргізу барысында немесе істі сотта қарау кезінде жол берілген осы Кодекстің қағидаттары мен өзге де жалпы ережелерін бұзушылықтар, сондай-ақ іске қатысатын адамдарды заңда кепілдік берілген құқықтарынан айыру немесе олардың құқықтарына қысым көрсету, сот ісін жүргізу рәсімдерін сақтамау немесе істің мән-жайын жан-жақты, толық және объективті зерттеуге өзгедей жолмен кедергі келтірген, сот төрелігінің үкімін немесе соттың өзге де шешімдерін шығаруға ықпал еткен немесе ықпал етуі мүмкін өзге де заң бұзушылықтар қылмыстық-процестік заңды елеулі түрде бұзу болып танылады.
2. Бірінші сатыдағы соттың міндетті түрде зерттелуге жататын дәлелдемелерді зерттемеуі салдарынан жол берген сот тергеуінің біржақтылығы немесе толық еместігі, талқылаудан жол берілетін дәлелдемелерді қателесіп алып тастаудың немесе тарапқа іс үшін маңызы болуы мүмкін дәлелдемелерді зерттеуден негізсіз бас тартудың не жарамсыз дәлелдемелерді зерттеудің нәтижесі болып табылса, үкімнің күші жойылуға немесе ол өзгертілуге жатады.
3. Егер:
1) сот осы Кодекстің 35-бабында көзделген негіздер болған кезде қылмыстық істі тоқтатпаса;
2) үкімді соттың заңсыз құрамы шығарған болса;
3) осы Кодекстің 335-бабының екінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, іс сотталушының қатысуынсыз қаралса;
4) заң бойынша қорғаушы немесе жәбірленушінің өкілі қатысуға міндетті болғанда, іс сотта олардың қатысуынсыз қаралса немесе сотталушының қорғалу құқығы өзгедей түрде бұзылса;
5) сотта сотталушының немесе жәбірленушінің ана тілін немесе өздері білетін тілді не аудармашының көрсететін қызметтерін пайдалану құқығы бұзылса;
6) осы Кодекстің талаптарына сәйкес жарыссөз жүргізілмеген жағдайларды қоспағанда, сотталушыға сот жарыссөзіне қатысу құқығы берілмесе;
7) осы Кодекстің талаптарына сәйкес соңғы сөз сөйлеу көзделмеген жағдайларды қоспағанда, сотталушыға соңғы сөз берілмесе;
8) үкім шығару құпиясы бұзылса;
9) үкімге судья қол қоймаса, кез келген жағдайда үкімнің, қаулының күші жойылуға жатады.
4. Істе сот отырысы хаттамасының болмауы шағым жасалған (прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қаралған) сот актісінің күшін жою үшін негіз болып табылмайды. Мұндай жағдайларда апелляциялық сатыдағы сот істі толық ресімдеу үшін бірінші сатыдағы сотқа жібереді.
Ескерту. 436-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 11.07.2017 № 91-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).437-бап. Қылмыстық заңды дұрыс қолданбау
Мыналар:
1) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі Жалпы бөлігінің талаптарын бұзу;
2) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі Ерекше бөлігінің қолданылуға жататынынан басқа бабын, бабының бөлігін, бабы бөлігінің тармағын қолдану;
3) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі Ерекше бөлігінің осы бабындағы санкцияда көзделгеннен неғұрлым қатаң жаза тағайындау қылмыстық заңды дұрыс қолданбау болып табылады.
438-бап. Сот тағайындаған жазаның қылмыстық құқық бұзушылық ауырлығына және сотталған адамның жеке басына сәйкес келмеуі
1. Жаза тағайындаудың жалпы бастаулары есепке алынбай тағайындалған және Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің тиісті бабының санкциясында көзделген шектерден шықпаса да, бірақ өзінің түрі мен мөлшері жағынан шектен тыс жеңілдігі немесе шектен тыс қатаңдығы салдарынан әділетсіз болып табылатын жаза қылмыстық құқық бұзушылықтың ауырлығына және сотталған адамның жеке басына сәйкес келмейді деп танылады.
2. Апелляциялық сатыдағы сот жазаны жеңілдетуге немесе неғұрлым ауыр қылмыстық құқық бұзушылық туралы заңды қолдануға байланысты, сол сияқты сотталған адамның әрекеттерін қайта сараламастан, неғұрлым қатаң жаза тағайындау туралы шешім қабылдауға құқылы. Айыптаушы тараптың шағымдарында немесе прокурордың өтінішхатында тиісті дәлелдер болған кезде ғана және солардың шегінде ғана сотталған адамның жағдайын нашарлататын шешім қабылдауға жол беріледі. Неғұрлым ауыр қылмыстық құқық бұзушылық туралы заңды қолдану бірінші сатыдағы сотта айыптаушы тараптан қолдау тапқан айыптау шегінен шықпауға тиіс.
3. Бірінші сатыдағы сот қылмыстық құқық бұзушылықты мемлекеттік және жекеше айыптаушылардың айыпты онша ауыр емес айыпқа өзгертуіне байланысты осы Кодекстің 337-бабы жетінші бөлігінің негізінде саралау туралы шешім қабылдаған жағдайларда, апелляциялық саты неғұрлым ауыр қылмыстық құқық бұзушылық туралы заңды қолдануға құқылы емес, алайда ол жазаның мерзімін немесе мөлшерін шағымдардағы, прокурордың өтінішхаттарындағы дәлелдер шегінде ұлғайтуға не сотталған адамға үкімде көрсетілгеннен гөрі басқа неғұрлым қатаң жаза түрін тағайындауға құқылы.
Ескерту. 438-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 11.07.2017 № 91-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.07.2025 № 210-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.439-бап. Істі тоқтата отырып айыптау үкімінің күшін жою
1. Апелляциялық сатыдағы сот апелляциялық шағымдарды, прокурордың өтінішхаттарын қараған кезде осы Кодекстің 35-бабы бірінші бөлігінің 3) - 10) тармақтарында және 36-бабының бірінші бөлігінде көзделген негіздер болған кезде үкімнің күшін жояды және істі тоқтатады.
2. Іс осы Кодекстің 35-бабы бірінші бөлігінің 9) тармағында көзделген негіздер бойынша тоқтатылған кезде апелляциялық сатыдағы сот осы Кодекстің 520-бабында көрсетілген мәселелерді шешеді және осы Кодекстің 521-бабына сәйкес қаулы шығарады.
3. Тараптар сотталған адамның жәбірленушімен татуласуына байланысты істі тоқтату туралы өтінішхат беруге құқылы. Мұндай жағдайларда апелляциялық сатыдағы сот өтінішхаттарда көрсетілген мән-жайлардың бар болуын және анықтығын тексереді. Іс оларға сәйкес тоқтатылуға жататын немесе тараптардың татуласуына орай тоқтатылуы мүмкін негіздер анықталған кезде, сот көрсетілген негіз бойынша үкімнің күшін жою және істі тоқтату туралы қаулы шығарады.
Ескерту. 439-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 11.07.2017 № 91-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).440-бап. Ақтау үкімінің күшін жою
1. Апелляциялық саты тек прокурордың өтінішхаты бойынша не жәбірленушінің немесе оның өкілінің, сондай-ақ сот арқылы ақталған, ақталу негіздерімен келіспеген адамның шағымы бойынша ғана ақтау үкімінің, істі тоқтату туралы қаулының немесе сотталушының пайдасына шығарылған өзге де шешімнің күшін жоя алады.
2. Егер ақталған адамның кінәсіздігіне, ақтау негіздеріне немесе сотталушының пайдасына шығарылған өзге де шешімнің мәніне дау айтылмаса, осы Кодекстің 436-бабында көрсетілген қылмыстық-процестік заң елеулі түрде бұзылды деген уәжбен ақтау үкімінің, істі тоқтату туралы қаулының немесе сотталушының пайдасына шығарылған өзге де шешімнің күшін жоюға болмайды.
3. Істі апелляциялық тәртіппен қарау кезінде мемлекеттік айыптаушының және жәбірленушілердің айыптаудан бас тартуына байланысты соттың істі тоқтату туралы қаулысының күші жойылуға жатпайды.
Ескерту. 440-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 11.07.2017 № 91-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).441-бап. Жаңа үкім шығара отырып, үкімнің күшін жою
1. Апелляциялық сатыдағы сот осы Кодекстің 46-тарауының талаптарын сақтай отырып:
1) осы Кодекстің 35-бабы бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақтарында көзделген негіздер болған кезде айыптау үкімінің күшін жоюға және ақтау үкімін шығаруға;
2) шағым немесе прокурордың өтінішхаты бойынша ақтау үкімінің күшін жоюға және айыптау үкімін шығаруға;
3) айыптау үкімінің күшін жоюға және жаңа айыптау үкімін шығаруға;
4) ақтау үкімінің күшін жоюға және жаңа ақтау үкімін шығаруға құқылы.
2. Жаңа айыптау үкімін шығарған кезде апелляциялық сатыдағы сот тағылған айыптың шегінен, сондай-ақ басты сот талқылауы кезінде мемлекеттік немесе жекеше айыптаушы қолдаған айыптаудың және жаза мөлшерінің шегінен шығуға құқылы емес.
Ескерту. 441-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 11.07.2017 № 91-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).1. Апелляциялық сатыдағы сот үкімді былайша өзгертуге:
1) сот тағайындаған жазаны немесе қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің түрін жеңілдетуге;
2) онша ауыр емес қылмыстық құқық бұзушылық туралы заңды қолдануға және өзгертілген саралануға сәйкес жаза тағайындауға;
3) айыптаушы тараптың шағымын, прокурордың өтінішхатын қанағаттандыру үшін негіздер болған кезде неғұрлым қатаң жаза тағайындауға немесе қосымша жаза қолдануға;
4) мән-жайлар дұрыс анықталған, дәлелдемелер толық зерттелген және талданған, сотталған адамның әрекеттері дұрыс құқықтық сараланған және негізгі жаза дұрыс тағайындалған жағдайда, қосымша жаза қолдануға;
5) сотталған адамға қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің заңда көзделгенінен неғұрлым жеңіл түрін тағайындаудың күшін жоюға және қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің түрін Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне сәйкес тағайындауға;
6) егер бірінші сатыдағы сот оны жасамаса немесе дұрыс жасамаса, қылмыстардың тиісті қайталануының орын алғандығын тануға;
6-1) шартты түрде соттаудың не жазаны өтеуді кейінге қалдырудың күшін жоюға;
7) алдыңғы үкім бойынша шартты түрде соттаудың күшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 64-бабының бесінші бөлігіне сәйкес жоюға не Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 69-бабының бесінші бөлігіне сәйкес алдыңғы үкім бойынша жазаны өтеуден босатудың күшін жоюға және осыған байланысты, егер бірінші сатыдағы сот мұны жасамаған болса, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 60-бабының қағидалары бойынша жаза тағайындауға;
8) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 72-бабы жетінші бөлігінің 2) және 3) тармақтарында көзделген жағдайларда, шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың күшін жоюға және Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 60-бабының қағидалары бойынша жаза тағайындауға;
9) үкімге азаматтық талап қою, процестік шығындарды және Жәбірленушілерге өтемақы қорына мәжбүрлі төлемді өндіріп алу бөлігінде өзгерістер енгізуге;
10) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 98-бабына сәйкес медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдануға құқылы.
2. Апелляциялық сатыдағы сот сотталған адамның жағдайын нашарлататын шешімдерді, егер осы негіздер бойынша прокурор өтінішхат келтірсе немесе жекеше айыптаушы, жәбірленуші, олардың өкілдері шағым берсе ғана қабылдауға құқылы.
Ескерту. 442-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 07.11.2014 № 248-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 31.10.2015 № 378-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 11.07.2017 № 91-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 27.12.2021 № 88-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.443-бап. Апелляциялық үкімнің, қаулының мазмұны
1. Осы Кодекстің 431-бабы бірінші бөлігінің 1), 2), 3) және 8) тармақтарында көзделген жағдайларда (бірінші сатыдағы соттың үкімін өзгеріссіз қалдыру, үкімді өзгерту, істі тоқтата отырып үкімнің күшін жою, үкімнің күшін жою және істі осы Кодекстің 323-бабына, 340-бабының үшінші бөлігіне сәйкес және сотқа дейінгі іс жүргізу сатысында қылмыстық-процестік заңды бұза отырып, процестік келісімнің жасалуына байланысты прокурорға жіберу туралы) апелляциялық қаулы шығарылады.
Апелляциялық қаулы кіріспе, сипаттау-уәждеу және қарар бөліктерінен тұрады.
2. Қаулының кіріспе бөлігінде:
1) қаулы шығарылған уақыт пен орын;
2) қаулыны шығарған соттың атауы және соттың құрамы;
3) апелляциялық шағым берген немесе прокурордың апелляциялық өтінішхатын келтірген адамдар;
4) істі апелляциялық сатыда қарауға қатысқан адамдар көрсетілуге тиіс.
3. Қаулының сипаттау-уәждеу бөлігінде сот актісінің, берілген шағымдардың, прокурордың келтірілген өтінішхатының, оларға қарсылықтардың дәлелдері мәнінің қысқаша мазмұндамасы, сондай-ақ шағым бермеген процеске қатысушылардың басқа да процеске қатысушының шағымына, прокурордың өтінішхатына қарсылықтармен қатар ұсынылған сот актісімен келісетіні немесе келіспейтіні туралы дәлелдері, апелляциялық сатыдағы сотқа қатысқан адамдардың пікірлері, сондай-ақ қабылданған шешімнің уәждері қамтылуға тиіс.
4. Жаңа дәлелдердің болмауына байланысты шағым, прокурордың өтінішхаты қанағаттандырусыз қалдырылған кезде апелляциялық қаулының сипаттау-уәждеу бөлігінде сот актісіне өзгерістер енгізу не оның күшін жою үшін осы Кодексте көзделген негіздердің жоқ екендігі ғана көрсетіледі.
5. Yкімнің күші жойылған немесе ол өзгертілген кезде қаулыда қылмыстық немесе қылмыстық-процестік заңның қай нормаларының талаптары бұзылғаны, бұл бұзушылықтардың неден тұратындығы, бірінші сатыдағы соттың үкіміне олар бойынша өзгерістер енгізілген негіздер көрсетілуге тиіс.
6. Апелляциялық қаулының қарар бөлігінде апелляциялық сатыдағы соттың шағым немесе прокурордың өтінішхаты бойынша шешімі, қаулының заңды күшіне ену уақыты, оған шағым жасаудың тәртібі мен мерзімдері көрсетіледі.
7. Осы Кодекстің 441-бабының бірінші бөлігіне сәйкес жаңа үкім қаулы етіліп, үкімнің күші жойылған жағдайда, апелляциялық сатыдағы сот үкімнің күшін жою туралы қосымша қаулы шығармай, осы Кодекстің 46-тарауының қағидалары бойынша апелляциялық үкім шығарады, онда бірінші сатыдағы сот үкімінің күші жойылғанын көрсетеді.
8. Апелляциялық үкімнің құрылымы мен мазмұны осы Кодекстің 393 – 401-баптарының талаптарына сәйкес келуге тиіс.
9. Егер апелляциялық сатыдағы сот осы Кодекстің 442-бабының бірінші бөлігінде көзделген шешімдерді қабылдаса, қаулының сипаттау-уәждеу бөлігінде бірінші сатыдағы соттың шешімі олар бойынша дұрыс емес деп танылған уәждер, сондай-ақ сотталған адамның жағдайын нашарлату негіздері көрсетілуге тиіс.
10. Апелляциялық сатыдағы сот апелляциялық үкімнің немесе қаулының мәнін өзгертпей, жіберілген айқын қате жазуларды түзету және олардағы түсініксіз тұстарды түсіндіру туралы қосымша қаулы шығаруға құқылы.
Ескерту. 443-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 11.07.2017 № 91-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2021 № 88-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.444-бап. Апелляциялық үкім, қаулы шығару және олардың заңды күшіне енуі
1. Апелляциялық үкім, қаулы кеңесу бөлмесінде шығарылады, оған судья (судьялар) қол қояды және судья (судьялар) кеңесу бөлмесінен қайта оралғаннан кейін отырыс залында сот актісінің кіріспе және қарар бөліктері жария етіледі.
2. Үкімнің, қаулының көшірмелері шығарылған күнінен бастап он тәуліктен кешіктірілмей тараптарға жіберіледі.
3. Апелляциялық үкім, қаулы жария етілген кезінен бастап заңды күшіне енеді.
4. Апелляциялық сатының қаулылары кассациялық тәртіппен қайта қаралуы мүмкін.
Ескерту. 444-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 27.12.2021 № 88-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.445-бап. Апелляциялық сатыдағы соттың үкімін, қаулысын орындауға енгізу
1. Апелляциялық сатының үкімі немесе қаулысы шығарылған күнінен бастап он тәуліктен кешіктірілмей, орындауға енгізу үшін іспен бірге бірінші сатыдағы сотқа жіберіледі.
2. Сотталған адам оған сәйкес күзетілуден босатылуға жататын үкім, қаулы, егер сотталған адам апелляциялық сатыдағы соттың отырысына қатысып отырған болса, осы бөлігінде дереу орындалады. Өзге жағдайларда апелляциялық үкімнің, қаулының көшірмесі немесе олардың қарар бөлімінен үзінді-көшірме сотталған адамды күзетілуден босату туралы шешімді орындау үшін қамау орнының әкімшілігіне дереу жіберіледі.
Ескерту. 445-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 27.12.2021 № 88-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.446-бап. Істі апелляциялық сатыда қайтадан қарау
1. Егер:
1) белгіленген мерзімде берілген, кейбір сотталғандарға қатысты апелляциялық шағымдар, прокурордың өтінішхаты, үкімге, қаулыға апелляциялық шағым жасау құқығы берілген басқа да процеске қатысушылардың шағымдары апелляциялық сатыдағы сотқа істі басқа да процеске қатысушылардың шағымдары бойынша қарағаннан кейін келіп түссе;
2) шағым жасаудың, прокурордың өтінішхатын келтірудің өткізіп алынған мерзімін сот істі апелляциялық сатыда басқа да процеске қатысушылардың шағымдары бойынша қарағаннан кейін осы Кодексте көзделген тәртіппен қалпына келтірсе, бірінші сатыдағы сот үкімінің заңдылығын тексеру кезінде шығарылған бірінші апелляциялық үкімнің, қаулының күші жойылмастан, істі апелляциялық сатыда қайтадан қарауға жол беріледі.
2. Апелляциялық сатыдағы сот сотталған адамның, оның қорғаушысының немесе өкілінің шағымдарын осы адамға қатысты іс прокурордың апелляциялық өтінішхаты, басқа да процеске қатысушылардың шағымдары бойынша қаралған жағдайларда да қарауға міндетті.
3. Егер жаңадан шығарылған үкім, қаулы апелляциялық сатының бұрын шығарылған үкіміне, қаулысына қайшы келсе, облыстық сот төрағасы кассациялық сатыға туындаған қайшылықтарды жою туралы ұсыну енгізеді.
Ескерту. 446-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 31.10.2015 № 378-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 11.07.2017 № 91-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.447-бап. Алқабилердің қатысуымен шығарылған бастапқы үкімнің күші жойылғаннан кейін істі біріншісаты бойынша қарау
Бастапқы үкімнің күші жойылғаннан кейін іс осы Кодекстің 65-тарауында көзделген тәртіппен қаралуға жатады.
Егер алқабилердің қатысуымен қаралған іс бойынша шығарылған үкімінің күші басты сот талқылауын тағайындау сатысында істі жаңадан қарауға жолдай отырып, жойылған болса, сот істі жаңадан қараған кезде істі алдын ала тыңдауды жүргізеді және сотталушының ерік білдіруіне қарай істі алқабилердің қатысуымен не олардың қатысуынсыз жаңадан қарау туралы шешім қабылдайды. Егер бастапқы үкімнің күші істі басты сот талқылауын жүргізу сатысында соттың жаңадан қарауына жолдай отырып, жойылған болса, сот басты сот талқылауын тағайындайды, алқабилердің жаңа алқасын қалыптастыруды жүргізеді және істі осы Кодекстің 65-тарауының ережелеріне сәйкес қарайды.
Бұл ретте сот сотталған адамның жағдайын осы Кодекстің 67, 68-тарауларының және 658-бабының талаптарын төрағалық етушінің бұзуына байланысты күші жойылған алдыңғы айыптау үкімімен салыстырғанда нашарлатуға құқылы емес.
Ескерту. 447-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 07.11.2014 № 248-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі). 50-тарау. ІСТЕРДІ КАССАЦИЯЛЫҚ ШАҒЫМДАР, НАРАЗЫЛЫҚТАР
БОЙЫНША ҚАРАУ
Ескерту. 50-тарау алып тасталды - ҚР 31.10.2015 № 378-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
9-БӨЛІМ. СОТТЫҢ ШЕШІМДЕРІН ОРЫНДАУ
51-тарау. СОТТЫҢ ҮКІМДЕРІ МЕН ҚАУЛЫЛАРЫН ОРЫНДАУ
470-бап. Үкімнің заңды күшіне енуі және оны орындауға енгізу
1. Аудандық және оған теңестірілген соттар, қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот, қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сот, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот, гарнизонның әскери соты шығарған бірінші сатыдағы соттың үкімдері, егер оларға шағым жасалмаса немесе олар прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қаралмаса, апелляциялық шағым жасаудың және прокурордың өтінішхатын келтірудің мерзімі өткен соң заңды күшіне енеді және орындауға енгізуге жатады.
2. Іс апелляциялық сатыда қайта қаралған жағдайда, егер үкімнің күші жойылмаса, ол апелляциялық қаулы шығарылған күні күшіне енеді. Егер апелляциялық (жекеше) шағымдар, прокурордың өтінішхаты апелляциялық сатыдағы сот отырысы басталғанға дейін кері қайтарып алынса, апелляциялық саты шағымның, прокурордың өтінішхатының кері қайтарып алынуына байланысты іс жүргізуді тоқтату туралы қаулы шығарған күні үкім заңды күшіне енеді.
3. Бірінші сатыдағы сот, үкімнің заңды күшіне енген немесе іс жоғары тұрған соттан қайтарылған күннен бастап үш тәуліктен кешіктірмей үкімді орындауға енгізеді.
4. Қылмыстық құқық бұзушылық үшін сотталған адам, егер айыптау үкімі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 77-бабында белгіленген мерзімде орындауға келтірілмесе, жазаны өтеуден босатылады.
5. Соттың қаулысы сотталған адамды, ақталған адамды күзетілуден босату бөлігінде дереу орындауға енгізілуге жатады.
Ескерту. 470-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 11.07.2017 № 91-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).471-бап. Сот қаулысының заңды күшіне енуі және оны орындауға енгізу
1. Бірінші сатыдағы соттың қаулысы шағым жасаудың немесе прокурордың өтінішхатын келтірудің мерзімі өткен соң не жекеше шағым берілген немесе прокурордың өтінішхаты келтірілген жағдайда, істі жоғары тұрған сот қарағаннан кейін заңды күшіне енеді және орындауға енгізіледі.
Осы Кодекстің 476-бабының 3) және 7) тармақтарында көрсетілген мәселелер бойынша сот қаулысы заңды күшіне енеді және дереу орындауға енгізіледі.
1-1. Сотталған адамды ауруына байланысты жазадан босату немесе жазаны өтеуді кейінге қалдыру, жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түрімен ауыстыру туралы сот қаулылары сотталған адамды күзетілуден босатуға қатысты бөлігінде дереу орындалуға жатады.
Бұл ретте көрсетілген қаулыларға осы Кодекстің 48 және 49-тарауларында белгіленген қағидалар бойынша аппеляциялық тәртіппен шағым жасалуы және олар прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қаралуы мүмкін.
2. Соттың шағым жасалуға, прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қаралуға немесе наразылық білдірілуге жатпайтын қаулысы шығарылған бойда дереу күшіне енеді және орындауға енгізіледі.
3. Соттың алдын ала тыңдау барысында немесе басты сот талқылауы кезінде шығарылған істі тоқтату туралы қаулысы оның айыпталушыны немесе сотталушыны күзетілуден босатуға қатысты бөлігінде дереу орындалуға жатады.
4. Апелляциялық сатыдағы соттың қаулысы, үкімі жария етілген кезінен бастап күшіне енеді.
5. Апелляциялық сатыдағы соттардың үкімдері мен қаулылары осы Кодекстің 445-бабында көзделген тәртіппен орындауға енгізіледі.
6. Соттың жекеше қаулысы заңды күшіне енген кезден бастап үш тәуліктен аспайтын мерзім өткен соң басқару функцияларын орындайтын тиісті лауазымды адамға жіберіледі. Жекеше қаулы бойынша бір айлық мерзімнен кешіктірмей қажетті шаралар қолданылуға және оның нәтижелері туралы қаулы шығарған сотқа хабарлануға тиіс.
Ескерту. 471-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 31.10.2015 № 378-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 11.07.2017 № 91-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 17.03.2023 № 212-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.07.2025 № 210-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.472-бап. Соттың үкімін, қаулысын орындауға енгізу тәртібі
1. Соттың заңды күшіне енген үкімі мен қаулысы мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, заңды тұлғалардың, лауазымды адамдардың, азаматтардың бәріне бірдей міндетті және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында бұлжытпай орындалуға жатады. Соттың үкімін, қаулысын орындамау қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғады.
2. Үкім мен қаулыны орындауға енгізу істі бірінші саты бойынша қараған сотқа жүктеледі. Үкімді орындау туралы өкімді судья үкімнің көшірмесімен бірге қылмыстық-атқару заңнамасына сәйкес үкімді орындауға келтіру міндеті жүктелген органға жібереді. Апелляциялық сатыдағы сотқа күзетпен ұсталып отырған адамдарға қатысты істі апелляциялық қарау нәтижелерін хабарлау міндеті жүктеледі. Iсті апелляциялық тәртіппен қарау кезінде үкім өзгертілген жағдайда, үкімнің көшірмесіне апелляциялық саты қаулысының көшірмесі қоса берілуге тиіс.
3. Егер үкімде сотталған адамды Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградасынан, Қазақстан Республикасының Президенті берген құрметті, әскери, арнаулы немесе өзге де атағынан, сыныптық шенінен, дипломатиялық дәрежесінен немесе біліктілік сыныбынан айыру туралы мәселені қою қажеттігі көрсетілсе, онда үкімді шығарған сот Қазақстан Республикасының Президентіне сотталған адамды мемлекеттік наградасынан, көрсетілген атақтарынан, сыныптық шенінен, дипломатиялық дәрежесінен немесе біліктілік сыныбынан айыру туралы ұсынуды, сондай-ақ үкімнің көшірмесі мен оның заңды күшіне енгені туралы анықтаманы жібереді.
4. Жазаны орындайтын мекеме немесе орган үкімді шығарған сотқа оның орындауға келтірілгені туралы дереу хабарлайды. Жазаны орындайтын мекеме немесе орган үкім шығарған сотқа сотталған адамның жазасын өтеу орны туралы хабарлауға тиіс. Апелляциялық сатының үкімін орындау туралы хабарлама бірінші сатыдағы тиісті сотқа жіберіледі.
473-бап. Сотталған адамның туыстары мен азаматтық талапкерге үкімнің орындауға енгізілгені туралы хабарлау
1. Күзетпен ұсталып отырған сотталған адамды қамаққа алуға немесе бас бостандығынан айыруға кескен үкім заңды күшіне енгеннен кейін қамау орнының әкімшілігі сотталған адамның отбасын оның жазаны өтеу үшін қайда жіберілетіні туралы хабардар етуге міндетті.
2. Азаматтық талап қою қанағаттандырылған жағдайда сот орындаушысы азаматтық талапкерді үкімнің орындалуға енгізілгені туралы хабардар етеді.
Ескерту. 473-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 18.04.2017 № 58-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).474-бап. Туыстарына сотталған адаммен кездесуге рұқсат беру
Үкімді орындауға енгізгенге дейін іс бойынша төрағалық етуші немесе сот төрағасы күзетпен ұсталып отырған сотталған адамның жұбайына (зайыбына), жақын туыстарына олардың өтінуі бойынша сотталған адаммен кездесу және телефон арқылы сөйлесу мүмкіндігін беруге міндетті.
475-бап. Үкімнің орындалуын кейінге қалдыру, мерзімін ұзарту
Ескерту. 475-баптың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР 27.12.2021 № 88-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Адамды қоғамдық жұмыстарға, түзеу жұмыстарына тартуға, оның бас бостандығын шектеуге немесе оны бас бостандығынан айыруға соттау туралы үкімді орындау мынадай негіздердің бірі болған кезде:
1) сотталған адамның жазаны өтеуге кедергі келтіретін ауыр науқасы болса – ол сауығып кеткенге дейін;
2) сотталған әйел жүкті болса, сотталған әйелдің жас баласы болса немесе оны тәрбиелеп отырса және жас баласын жалғыз өзі тәрбиелеп отырған еркекке қатысты – Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 74-бабында көзделген тәртіппен;
3) сотталған адам немесе оның отбасы үшін жазаны дереу өтеу – өрт немесе өзгедей дүлей зілзала, отбасының еңбекке жарамды жалғыз мүшесінің ауыр науқасы немесе қайтыс болуы немесе басқа да төтенше жағдайлардың салдарынан ауыр салдарға әкеп соғуы мүмкін болса, сот белгілеген, бірақ алты айдан аспайтын мерзімге, ал Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 76-бабының екінші бөлігінде көрсетілген адамдарға қатысты үш айдан аспайтын мерзімге кейінге қалдырылуы мүмкін.
2. Соттың үкімі бойынша сотталған адамнан өндіріліп алуға жататын айыппұлды, өзгедей сомаларды төлеу, егер оны дереу төлеу сотталған адам үшін мүмкін болмаса, бір жылға дейінгі мерзімге кейінге қалдырылуы немесе ұзартылуы мүмкін.
3. Егер сот үкімді шығарған кезде үкімнің орындалуын кейінге қалдыру туралы мәселені шешпеген болса, оны үкімді шығарған сот немесе қызмет ауданында үкім орындауға келтірілетін сот сотталған адамның, оның заңды өкілінің, жақын туыстарының, қорғаушысының өтінішхаты бойынша не прокурордың немесе үкімді орындау жүктелген органның ұсынуы бойынша шешеді.
Үкімді қосымша жаза бөлігінде орындауды кейінге қалдыруға жол берілмейді.
Ескерту. 475-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 27.12.2021 № 88-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.07.2025 № 210-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.476-бап. Үкімді орындау кезінде соттың қарауына жататын мәселелер
Соттың құзырына үкімді орындауға байланысты:
1) мынадай:
айыппұлды – қоғамдық жұмыстарға тартумен, қамаққа алумен, бас бостандығын шектеумен немесе бас бостандығынан айырумен (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 41-бабы);
түзеу жұмыстарын – қоғамдық жұмыстарға тартумен, қамаққа алумен, бас бостандығын шектеумен немесе бас бостандығынан айырумен (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 42-бабы);
қоғамдық жұмыстарға тартуды – қамаққа алумен, бас бостандығын шектеумен немесе бас бостандығынан айырумен (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 43-бабы);
бас бостандығын шектеуді – бас бостандығынан айырумен (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 44-бабы) ауыстыру туралы;
2) айыппұл төлеуді кейінге қалдыру (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 41-бабы), еңбекке қабілеттілігін толық жоғалтқан кезде түзеу жұмыстарының қалған бөлігін орындаудан босату (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 42-бабы) туралы;
3) қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаға сотталған, бақылаудан жасырынған және жазасын өтеуден жалтарып жүрген адамдарға қатысты іздестіру, оның ішінде халықаралық іздестіру жариялау, оны тоқтату және бұлтартпау шарасын таңдау туралы;
4) бас бостандығынан айыруға сотталған адамға үкім бойынша не үкімді орындау кезінде шығарылған сот қаулысы бойынша тағайындалған қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің түрін қылмыстық-атқару заңнамасына сәйкес өзгерту туралы;
5) жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босату (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 72-бабы), жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түрімен ауыстыру не тағайындалған жаза мерзімін қысқарту (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 73-бабы) туралы;
5-1) кәмелетке толмаған адамды ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымына орналастыру түріндегі тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шарасынан мерзімінен бұрын босату (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 85-бабының бесінші бөлігі) туралы;
6) жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың күшін жою (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 72-бабының жетінші бөлігі) туралы;
7) ауруына байланысты медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолданып немесе қолданбай жазадан босату немесе жазаны өтеуді кейінге қалдыру туралы, жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түрімен ауыстыру (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 75-бабы) туралы, сондай-ақ жазаны әрі қарай орындау үшін, оның ішінде сауығып кетуіне байланысты сотталған адамды жазадан босату немесе жазаны өтеуді кейінге қалдыру туралы қаулылардың күшін жою туралы;
8) шартты түрде соттаудың күшін жою немесе пробациялық бақылаудың мерзімін ұзарту туралы (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 64-бабы);
9) бас бостандығын шектеуге сотталған адам үшін бұрын белгіленген міндеттердің күшін толық немесе ішінара жою туралы (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 44-бабы);
10) жазаны орындауды кейінге қалдырудың күшін жою туралы (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 74-бабы);
11) соттың айыптау үкімінің ескіру мерзімінің өтіп кетуіне байланысты жазаны өтеуден босату туралы (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 77-бабы);
11-1) ынтымақтастық туралы процестік келісімнің талаптары орындалған кезде жазаны өтеуден босату туралы;
12) басқа да орындалмаған үкімдер болған кезде, егер бұл уақыты жағынан соңғы үкімде шешілмесе, үкімді орындау туралы (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 58-бабының алтыншы бөлігі, 60-бабы);
13) күзетпен ұсталған, сондай-ақ емдеу мекемесінде болған уақытын есепке алу туралы (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 62, 97, 98-баптары);
ЗҚАИ-ның ескертпесі!13-1) тармақпен толықтыру көзделген – ҚР 11.06.2026 № 307-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
14) медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдануды тағайындау, ұзарту, өзгерту немесе тоқтату туралы (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 93, 96, 98-баптары);
14-1) жазасын өтеген адамдарға әкімшілік қадағалауды белгілеу, ұзарту туралы;
15) кері күші бар не жасалған іс-әрекет үшін қылмыстық жауаптылықтың күшін жоятын қылмыстық заңның шығуы, Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының сот үкім шығарған кезде қолданған заңды немесе өзге нормативтік құқықтық актіні, оның жекелеген ережелерін Конституцияға сәйкес келмейді деп тануы, сондай-ақ рақымшылық жасау актісінің шығуы салдарынан жазадан босату немесе жазаны жеңілдету, сотталған адам жасаған іс-әрекеттің саралануын өзгерту, жазалау мерзімін қысқарту, қылмыстың қайталануы (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 6-бабы) туралы;
16) түзеу жұмыстарына сотталған адамның жалақысынан ұсталатын соманың мөлшерін Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару заңнамасына сәйкес төмендету туралы;
17) үкімді орындау кезінде туындаған кез келген түрдегі күмәндар мен түсініксіз жайттарды түсіндіру туралы;
18) сотталған адамның қайтыс болуына байланысты іс жүргізуді тоқтату туралы;
19) сотталғандардың үкімді орындауға байланысты мәселелер бойынша қылмыстық-атқару жүйесі мекемелері адамдарының, прокурордың әрекеттеріне және шешімдеріне шағымдарын қарау туралы;
20) сотталғандықты алып тастау туралы;
21) кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыс жасағаны үшін бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарда психикалық ауытқулардың және сексуалдық зорлық-зомбылық жасауға бейімділіктің болуы (болмауы) туралы мәселені шешу үшін оларға қатысты сот-психиатриялық сараптама тағайындау туралы;
22) мүлікті тыйым салудан босату туралы;
23) тағдырын сот шешпеген заттай дәлелдемелер туралы, азаматтық талап қоюды шешу кезінде техникалық және арифметикалық қателерді түзету туралы, сондай-ақ процестік шығындардың, Жәбірленушілерге өтемақы қорына мәжбүрлі төлемнің және оларды дұрыс есептемеген жағдайда мемлекеттік баждың мөлшері туралы;
24) қорғалатын адамдарға қатысты қауіпсіздік шараларының күшін жою, оларды қолдану, өзгерту немесе жүзеге асыруды жалғастыру туралы мәселелерді қарау жатады.
Ескерту. 476-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 18.04.2017 № 58-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2017 № 84-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.07.2018 № 180-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.01.2019 № 217-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 01.04.2019 № 240-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 27.12.2021 № 88-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.11.2022 № 157-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.01.2023 № 188-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 17.03.2023 № 212-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.07.2025 № 210-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.06.2026 № 307-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.477-бап. Үкімді орындауға байланысты мәселелерді шешетін соттар
1. Үкімді орындауға байланысты мәселелерді – осы баптың үшінші бөлігінде көрсетілген мәселелерді қоспағанда, үкім орындалатын жерде жұмыс істейтін аудандық және оған теңестірілген сот, ал ол болмаған кезде жоғары тұрған сот шешеді.
Апелляциялық үкімді орындауға байланысты мәселелерді де осы соттар қарайды.
Мамандандырылған ауданаралық соттар, осы баптың үшінші бөлігінде және осы Кодекстің 476-бабының 22) тармағында көрсетілген мәселелерді қоспағанда, көрсетілген мәселелерді қарамайды.
2. Сотталғандықты алып тастау туралы мәселені сотталған адамның тұрғылықты жері бойынша жұмыс істейтін, осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген сот қарайды.
3. Үкім шығарған сот осы Кодекстің 476-бабының 13), 17), 22) және 23) тармақтарында көрсетілген мәселелерді қарайды.
4. Соттың үкімді орындауға байланысты мәселелер жөніндегі барлық материалдары және қаулысының көшірмесі заңды күшіне енгеннен кейін қылмыстық іс материалдарына қоса тігіледі. Егер соттың қаулысы жоғары тұрған сот сатыларында қайта қаралған болса, қылмыстық іс материалдарына осы сот сатылары қаулыларының көшірмелері де қоса тігіледі.
Ескерту. 477-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 27.12.2021 № 88-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.478-бап. Үкімді орындауға байланысты мәселелерді шешу тәртібі
1. Сот осы Кодекстің 476-бабының 2), 5), 16), 19) және 20) тармақтарында көрсетілген мәселелерді сотталған адамның өтінішхаты бойынша қарайды.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!2-бөлікке өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 11.06.2026 № 307-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
2. Осы Кодекстің 476-бабының 1), 3), 6), 8), 10), 12), 14), 14-1), 18) және 21) тармақтарында көрсетілген мәселелер жазаны орындайтын мекеменің немесе органның ұсынуы бойынша қаралады.
2-1. Осы Кодекстің 476-бабының 3) тармағында көрсетілген, халықаралық іздестіруді жариялау және тоқтату бөлігіндегі мәселелер қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаға сотталған, бақылаудан жасырынған және жазасын өтеуден жалтарып жүрген адамдарды іздестіруді жүзеге асыратын органның ұсынысы бойынша қаралады.
3. Сот осы Кодекстің 476-бабының 4), 7), 9), 11), 13), 15) және 17) тармақтарында көрсетілген мәселелерді сотталған адамның өтінішхаты бойынша не жазаны орындайтын мекеменің немесе органның ұсынуы бойынша қарайды.
3-1. Үкім шығарған сот осы Кодекстің 476-бабының 22) тармағында көрсетілген мәселені сот үкімімен тәркіленген мүлікті қабылдаған уәкілетті мемлекеттік органның және өзге де мүдделі тұлғалардың өтінішхаты бойынша қарайды.
3-2. Осы Кодекстің 476-бабының 23) тармағында көрсетілген мәселені сот сотталған адамның, оның қорғаушысының, сондай-ақ өзге де мүдделі тұлғалардың өтінішхаты, жазаны орындайтын мекеменің немесе органның ұсынуы бойынша қарайды.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!4-бөлікке өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 11.06.2026 № 307-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
4. Сот үкімді орындауға байланысты мәселелерді өтінішхат келіп түскен күннен бастап бір ай мерзімде сотталған адамның қатысуымен ашық сот отырысында жеке-дара қарайды. Осы Кодекстің 476-бабының 1), 3), 6), 7), 8), 10), 14), 17) және 23) тармақтарында көзделген мәселелерді қарау сотталған адамның қатысуынсыз жүзеге асырылуы мүмкін.
Егер осы Кодекстің 476-бабының 5) және 11-1) тармақтарында көзделген мәселелер ынтымақтастық туралы процестік келісім талаптарын орындаумен байланысты болса, сот оларды жабық сот отырысында қарайды.
5. Сот осы Кодекстің 476-бабының 5) және 11-1) тармақтарында көрсетілген мәселелерді Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының, Бас әскери прокурордың, Бас көлік прокурорының, облыс прокурорының және оларға теңестірілген прокурорлардың немесе олардың орынбасарларының өтінішхаты бойынша, ынтымақтастық туралы процестік келісім шеңберінде қарауы мүмкін.
6. Сот сотталғандарға қатысты үкімді орындауға байланысты мәселелерді қараған кезде, осы Кодекстің 67-бабының бірінші бөлігінде көзделген жағдайларда қорғаушының қатысуы міндетті.
Соттың қаулысы негізінде адвокаттар сотталғандарға заң көмегін көрсеткен жағдайларда, олардың еңбегіне ақы төлеу осы Кодекстің 68-бабына сәйкес жүргізіледі.
7. Сотталған адамды ауруына байланысты жазадан босату немесе жазаны өтеуді кейінге қалдыру не оны емдеу мекемесіне орналастыру туралы мәселені қараған кезде қорытынды берген дәрігерлік комиссия өкілінің қатысуы міндетті, ал сот-медициналық немесе сот-психиатриялық сараптама жүргізілген жағдайда, сот отырысына қорытынды берген сарапшы қатысады.
8. Шартты түрде сотталған адамға іздестіру жариялаған кезде сот қаулыда пробациялық бақылау мерзімінің өтуін тоқтата тұрудың басталуын және оның өтуі қайта басталатын кезді көрсетеді.
9. Жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы мәселені қараған кезде сот отырысына жәбірленуші қатысуға құқылы не оның өкілі өкілдік ете алады.
10. Егер мәселе үкімді азаматтық талап қою бөлігінде орындауға қатысты болса, сот отырысына азаматтық талапкер немесе оның өкілі де шақырылады. Көрсетілген адамдардың келмеуі істі қарауға кедергі келтірмейді.
11. Сот отырысына прокурор қатысады.
12. Сотта үкімді орындауға байланысты мәселелерді қарау сотталған адамның, прокурордың немесе жазаны орындайтын мекеме немесе орган өкілінің тиісті өтінішхатты баяндауымен басталады. Содан соң ұсынылған материалдар зерттеледі, сот отырысына келген адамдардың түсініктемелері, прокурордың пікірі тыңдалады, содан соң судья кеңесу бөлмесінде қаулы шығарады.
13. Сот отырысы барысында хаттама жүргізіледі.
Ескерту. 478-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 18.04.2017 № 58-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.07.2018 № 180-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.01.2019 № 217-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 27.12.2021 № 88-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 17.03.2023 № 212-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.07.2025 № 210-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.479-бап. Сотталғандықты алып тастау туралы өтінішхаттарды қарау
1. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 79-бабына сәйкес сотталғандықты алып тастау туралы мәселені жазасын өтеген адамның өтінішхаты бойынша оның тұрғылықты жеріндегі сот шешеді.
2. Сот отырысына өзіне қатысты сотталғандықты алып тастау туралы өтінішхаты қаралатын адамның қатысуы міндетті.
3. Қарау өтінішхатпен жүгінген адамның түсініктемесін тыңдаумен басталады, содан соң ұсынылған материалдар зерттеледі және шақырылған адамдар тыңдалады.
4. Сотталғандықты алып тастаудан бас тартылған жағдайда, бұл туралы сот алдында қайталап өтінішхат беруді бас тарту туралы қаулы шығарылған күннен бастап бір жылдан ерте қозғауға болмайды.
480-бап. Жазадан шартты түрде мерзімінен бұрын босату немесе жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жазамен ауыстыру туралы мәселелерді қарау
1. Жазадан шартты түрде мерзімінен бұрын босату немесе жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жазамен ауыстыру туралы мәселе сотталған адамның өтінішхаты бойынша, сондай-ақ осы Кодекстің 478-бабының бесінші бөлігінде көзделген жағдайда қаралады.
2. Жазаны орындайтын мекеме немесе орган сотқа заңды шешім қабылдау үшін маңызы бар, оның ішінде сотталған адамның сот үкімі бойынша тағайындалған жазаны өтеген мерзімін растайтын материалдарды, оның қылмыс арқылы келтірген залалды өтегені туралы мәліметтерді, сотталған адамның психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтарынан (ауруларынан) емделгені және оның нәтижелері туралы, міндетті түрде емдеуді қажет ететін өзге де ауруларының бар-жоғы туралы, отбасы мүшелерімен қарым-қатынасы және басқалары туралы мәліметтерді қоса алғанда, оның жазаны өтеу уақытындағы мінез-құлқын сипаттайтын егжей-тегжейлі деректерді ұсынуға міндетті. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының, облыс прокурорының немесе оған теңестірілген прокурордың, олардың орынбасарларының өтінішхатына ынтымақтастық туралы процестік келісім шеңберінде шығарылған, заңды күшіне енген үкім қоса берілуге тиіс. Жазаны орындайтын мекеме немесе орган сотқа сотталған адамның сол кезге қарай түзелу дәрежесі және оның бүкіл жаза мерзімін орындау қажет екені немесе ондай қажеттіліктің болмауы туралы пікірін береді. Сондай-ақ жазаны орындайтын мекеме немесе орган және сотталған адамның өзі сотталған адамның босап шыққаннан кейінгі болжамды тұратын орны мен оның жұмысқа орналасу перспективасы (туыстарының жазбаша келісімі, ұйымның, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының тұрғын үй, жұмыс орнын беруі) туралы деректерді сотқа ұсына алады.
3. Сотталған адам сотқа ұсынылған материалдармен сот отырысы басталғанға дейін танысуға, өзінің түсініктемелерін, дәлелдемелерін ұсынуға, өтінішхаттарын мәлімдеуге құқылы.
4. Егер ұсынуда жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жазамен ауыстыру туралы мәселе қойылса, жазаны орындайтын мекеме немесе орган сотқа осы баптың екінші бөлігінде көрсетілген мәліметтерден бөлек, сотталған адамға оның түзелу дәрежесін және жеке қасиеттерін ескере отырып, ауыстыру тәртібімен өтеу үшін белгіленуі мүмкін жазаның түрі, мерзімінің мөлшері туралы негізделген пікірін ұсынады.
5. Жазадан шартты түрде мерзімінен бұрын босату немесе жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жазамен ауыстыру туралы мәселені қарау кезінде сот отырысына сотталған адамның, қорғаушының, жазаны орындайтын мекеме немесе орган өкілінің, прокурордың қатысуы міндетті. Жәбірленушінің, азаматтық талапкердің және олардың өкілдерінің келмей қалуы өтінішхатты қарауға кедергі болмайды.
6. Сот отырысының дайындық бөлігі жүргізілгеннен кейін тиісінше сотталған адам не жазаны орындайтын мекеме немесе орган өтінішхатты баяндайды. Содан кейін сот келіп түскен материалдарды зерттейді және сот отырысына келген адамдардың түсініктемелерін тыңдайды. Сотталған адам сот отырысында барлық материалдарды зерттеуге қатысуға, сотта сөз сөйлеуге және қаралып отырған мәселе бойынша өз пікірін айтуға құқылы.
Прокурор сотқа өтінішхатты қанағаттандыру немесе оны қанағаттандырусыз қалдыру туралы дәйектелген пікірін баяндайды.
7. Сот қарау нәтижелері бойынша:
1) сотталған адамды жазаны одан әрі өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтінішхатты қанағаттандыру және немесе жазаның өтелмеген бөлігін басқа неғұрлым жеңіл жазамен ауыстыру туралы өтінішхатты қанағаттандыру туралы;
2) жазадан шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтінішхатты қанағаттандырудан немесе жазаның өтелмеген бөлігін басқа неғұрлым жеңіл жазамен ауыстыру туралы өтінішхатты қанағаттандырудан бас тарту туралы;
3) жазаның өтелмеген бөлігін басқа неғұрлым жеңіл жазамен ауыстыру туралы шешім қабылдай отырып, жазадан шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтінішхатты қанағаттандырудан бас тарту туралы қаулы шығарады.
Сот жазаның өтелмеген бөлігін басқа неғұрлым жеңіл жазамен ауыстыру туралы шешімді бұл туралы келіп түскен өтінішхатты қанағаттандырған жағдайда да, жазадан шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтінішхатты қанағаттандырудан бас тартқан жағдайда да қабылдауға құқылы.
Ескерту. 480-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 07.07.2020 № 361-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.07.2025 № 210-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.481-бап. Ауруына байланысты жазадан босату немесе жазаны өтеуді кейінге қалдыру туралы өтінішхаттарды қарау
Ескерту. 481-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді – ҚР 17.03.2023 № 212-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Ауруына байланысты жазаны өтеуден босату немесе жазаны өтеуді кейінге қалдыру туралы мәселе сотталған адамның (оның заңды өкілінің немесе өкілінің) немесе жазаны орындайтын мекеменің немесе органның өтінішхаты бойынша қаралады.
2. Жазаны орындайтын мекеме немесе орган сотқа заңды шешім қабылдау үшін маңызы бар, оның ішінде сотталған адамның сот үкімі бойынша тағайындалған жазаны өтеген мерзімін растайтын материалдарды, сотталған адамның психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтарынан (ауруларынан) емделгені және оның нәтижелері туралы мәліметтерді қоса алғанда, сотталған адамның жазаны өтеу уақытындағы мінез-құлқын сипаттайтын егжей-тегжейлі деректерді, сотталған адамның жазаны өтеуіне кедергі келтіретін психикасының бұзылуының немесе өзге де ауыр науқасының бар-жоғы, тиісті емдеу жүргізудің қажеттігі және оны қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде жүзеге асырудың мүмкін еместігі туралы медициналық комиссияның қорытындысын ұсынуға міндетті.
3. Жазаны орындайтын мекеме немесе орган сотқа сотталған адамның ауруына байланысты жазадан босатылғаннан немесе жазаны өтеу кейінге қалдырылғаннан кейін болжамды түрде тұратын орны туралы деректерді, ал егер аурудың сипаты оған заңда көзделген жағдайларда міндетті емдеуді қолдануды талап еткенде – сотталған адам жіберілетін немесе орналастырылатын мекеменің атауын ұсынады.
4. Ауруына байланысты жазадан босату немесе жазаны өтеуді кейінге қалдыру туралы мәселені қарау кезінде сот отырысына қорғаушының, заңды өкілдің, прокурордың, жазаны орындайтын мекеме немесе орган өкілінің, қорытынды берген дәрігерлік комиссия өкілінің қатысуы міндетті. Қажет болған жағдайларда сот отырысына сот қаулысы бойынша сараптама жүргізген және қорытынды берген сарапшы қатысады.
Сот медициналық қорытындының жазаны өтеуден босатуға негіз болып табылатын, уәкілетті орган белгілеген аурулар тізбесіне сәйкестігін зерттейді.
Сотталған адамның ауруының сипаты кедергі келтірмесе, сот отырысына қатысады.
5. Сот отырысының дайындық бөлігі жүргізілгеннен кейін тиісінше сотталған адам (егер ол қатысып отырса) не жазаны орындайтын мекеме немесе орган өтінішхатты баяндайды. Содан кейін сот келіп түскен материалдарды зерттейді және сот отырысына келген адамдардың түсініктемелерін тыңдайды. Сот аурудың диагнозын және ауырлығын нақтылау, сондай-ақ арнайы білімді қажет ететін өзге де мәселелерді шешу қажет болған кезде сот-медициналық немесе сот-психиатриялық сараптама, оның ішінде қайталама сараптама тағайындауға құқылы.
6. Сот өтінішхаттарды қарау нәтижелері бойынша:
1) өтінішхатты қанағаттандыру және сотталған адамды ауруына байланысты жазаны одан әрі өтеуден медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолданып немесе қолданбай босату туралы;
2) егер психикасының бұзылуы немесе өзге де ауыр науқасы жазаны өтеуге кедергі келтірмесе, өтінішхатты қанағаттандырудан бас тарту туралы қаулы шығарады.
7. Сотталған адамның психикасының бұзылуына байланысты оны жазаны өтеуден босатқаннан кейін медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы мәселені шешу кезінде сот мынадай:
1) сотталған адам психикасының дертті бұзылуы оның өзі үшін немесе басқа адамдар үшін қауіп төндіретін-төндірмейтіні не өзгедей зиян келтіру мүмкіндігін туғызатын-туғызбайтыны;
2) медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасы және оның нақты қайсысы қолданылуға жататын-жатпайтыны жөніндегі мәселелерді шешеді.
Сотталған адам психикасының бұзылуы оның өзі үшін немесе басқа адамдар үшін қауіп төндірмейтінін не өзгедей зиян келтіру мүмкіндігі жоқтығын тани отырып, сот медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдануды тағайындамайды.
Соттың қаулысында сотталған адам сауыққаннан кейін, егер бұл кезде айыптау үкімінің ескіру мерзімі өтіп кетпесе, оның жазаны өтеуі қайта басталатыны көрсетілуге тиіс. Сотталған адамның мәжбүрлі емдеуде болған уақыты жазаның өтелген мерзіміне есептеледі.
Ескерту. 481-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 07.07.2020 № 361-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 17.03.2023 № 212-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.482-бап. Сотталғандардың шағымдарын қарау
1. Сотталған адам немесе оның қорғаушысы жазаны орындайтын мекеменің немесе органның өз құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне, сондай-ақ прокурордың үкімді орындауға байланысты мәселелер жөніндегі шешімдеріне не прокурордың осыған ұқсас шағымдарды қанағаттандырудан бас тартуына сотқа шағым жасауға құқылы. Сотталғандардың шағымдарын қарауды сотталған адамның жазасын өтеу орны бойынша аудандық сот жүзеге асырады.
ҚР Конституциялық Сотының 25.09.2023 № 29-НҚ нормативтік қаулысымен осы кодекстің 482-бабы бірінші бөлігінің бірінші сөйлемі Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келмейді деп танылды.2. Сот отырысына сотталған адамның және әрекетіне шағым жасалған адамның қатысуы міндетті.
3. Сотталғандардың шағымдарын қарау осы Кодекстің 106-бабында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
4. Қарау нәтижелері бойынша судья кеңесу бөлмесінде:
1) шағымды қанағаттандыру, шағым жасалған әрекеттерді (әрекетсіздікті) және шешімдерді заңсыз деп тану және олардың күшін жою туралы;
2) шағымды қанағаттандырусыз қалдыру туралы;
3) азаптаулар, өзге де заңсыз әрекеттер қолдану, қатыгез қарым-қатынас жасау туралы арыз бойынша тергеп-тексеруді жүзеге асыру үшін шағымды тиісті прокурорға жіберу туралы қаулы шығарады.
Ескерту. 482-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 16.07.2025 № 210-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.483-бап. Судьяның қаулысына шағым жасау және оны прокурордың апелляциялық өтінішхаты бойынша қайта қарау
1. Үкімді орындауға байланысты мәселелерді шешу кезінде шығарылған сот қаулыларына осы Кодекстің 48, 49-тарауларында белгіленген қағидалар бойынша апелляциялық тәртіппен шағым жасалуы және олар прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қаралуы мүмкін.
2. Осы Кодекстің 482-бабы тәртібімен шығарылған сот қаулыларына прокурордың өтінішхаты қаулы жария етілген күннен бастап он тәулік ішінде берілуі мүмкін.
Шағымдар мен өтінішхаттар үш тәулік ішінде апелляциялық тәртіппен қаралуға жатады.
Ескерту. 483-бап жаңа редакцияда - ҚР 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.10-БӨЛІМ. СОТТЫҢ ЗАҢДЫ КҮШІНЕ ЕНГЕН ШЕШІМДЕРІН ҚАЙТА ҚАРАУ ЖӨНІНДЕ ІС ЖҮРГІЗУ
52-тарау. Сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарау
Ескерту. 52-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 31.10.2015 № 378-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 21.11.2024 № 136-VIII (01.07.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
484-бап. Кассациялық тәртіппен қайта қаралуы мүмкін сот актілері
1. Кассациялық сот бірінші сатыдағы соттар шығарған, заңды күшіне енген үкімдер мен қаулыларға кассациялық шағымдар бойынша олар апелляциялық сатыда қаралғаннан кейін, прокурордың наразылықтары бойынша, сондай-ақ апелляциялық сатыдағы үкімдер мен қаулыларға өтінішхаттар мен наразылықтар бойынша істерді қарайды.
2. Кассациялық тәртіпте қайта қарауға:
ЗҚАИ-ның ескертпесі!1) тармақ жаңа редакцияда көзделген – ҚР 21.11.2024 № 136-VIII (01.07.2027 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1) қылмыстық теріс қылықтар және онша ауыр емес қылмыстар туралы істер бойынша;
ҚР Конституциялық Сотының 14.07.2023 № 21 нормативтік қаулысымен осы кодекстің 484-бабы екінші бөлігінің 1) тармағы және ҚР Жоғарғы Сотының "Қылмыстық істерді кассациялық тәртіппен қарауды регламенттейтін заңнаманы қолдану туралы" 2022 жылғы 10 наурыздағы № 2 нормативтік қаулысының 2-тармағының үшінші абзацы Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келеді деп танылды.2) сот талқылауы барысында шығарылған осы Кодекстің 10-бабының екінші бөлігінде көрсетілген, сондай-ақ процеске қатысушылардың дәлелдемелерін, өтінішхаттарын зерттеу тәртібі мен тәсіліне, сот отырысының залында тәртіп сақтауға қатысты, мемлекеттік және жекеше айыптаушының айыптаудан бас тартуына байланысты мәселелер бойынша, үкімді орындауға байланысты мәселелер бойынша;
3) тергеу судьясы шығарған сот актілері жатпайды.
ҚР Конституциялық Сотының 17.08.2023 № 25 нормативтік қаулысымен осы кодекстің 107-бабының төртінші бөлігі және 484-бабы екінші бөлігінің 3) тармағы Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келеді деп танылды.3. Жергілікті және басқа да соттардың заңды күшіне енген сот актілері оларға шағым жасаудың апелляциялық тәртібі сақталмаған жағдайда, сондай-ақ осы баптың екінші бөлігінің 1) тармағында көрсетілгендер осы Кодекстің 485-бабында көзделген негіздер болған кезде Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының, оның орынбасарларының, Бас әскери прокурордың, Бас көлік прокурорының наразылығы бойынша кассациялық тәртіппен қайта қаралуы мүмкін.
4. Алып тасталды – ҚР 21.11.2024 № 136-VIII (01.07.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.Ескерту. 484-бап жаңа редакцияда - ҚР 31.10.2015 № 378-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді – ҚР 27.12.2021 № 88-VII (01.07.2022 бастап қолданысқа енгізіледі); 21.11.2024 № 136-VIII (01.07.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
485-бап. Заңды күшіне енген сот үкімдері мен қаулыларын кассациялық тәртіппен қайта қарау негіздері
1. Осы Кодекстің 484-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген, заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға мыналарға:
1) кінәсізді соттауға;
2) негізсіз ақтау үкімін шығаруға немесе істі тоқтатуға;
3) сотталған адамның іс-әрекетін дұрыс сараламауға, қылмыстың қайталану түрін және қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемесін дұрыс айқындамауға;
4) жәбірленушіні сот арқылы қорғалу құқығынан айыруға;
5) жазаның дұрыс тағайындалмауына не сот тағайындаған жазаның қылмыстық құқық бұзушылықтың ауырлығы мен сотталған адамның жеке басына сәйкес келмеуіне;
6) азаматтық талап қоюды дұрыс шешпеуге, мүлікті тәркілеу туралы мәселені дұрыс шешпеуге;
7) медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану кезінде қаулыны заңсыз немесе негізсіз түрде шығаруға;
7-1) жекеше қаулыны заңсыз немесе негізсіз шығаруға;
8) Осы Кодекстің 446-бабының үшінші бөлігінде көзделген жағдайда қайшылықтарын жою туралы ұсыну енгізілген сот актілерінің қайшылықтарына алып келген, қылмыстық және қылмыстық-процестік заңдардың дұрыс қолданылмауы негіз болып табылады.
2. Осы Кодекстің 484-бабының үшінші бөлігінде көрсетілген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негіздер:
1) сот актісі мемлекеттік немесе қоғамдық мүдделерді, мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігін қозғаған не адамдардың өмірі, денсаулығы үшін орны толмас ауыр салдарларға әкеп соқтыруы мүмкін болған;
2) адам өмір бойына бас бостандығынан айыруды өтеп жатқан;
3) алып тасталды – ҚР 27.12.2021 № 88-VII (01.07.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;4) сот актісі соттардың құқық нормаларын түсіндіруіндегі және қолдануындағы біркелкілікті бұзған жағдайлар болып табылады.
3. Алып тасталды – ҚР 29.12.2021 № 89-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.Ескерту. 485-бап жаңа редакцияда - ҚР 31.10.2015 № 378-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 27.12.2021 № 88-VII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); 29.12.2021 № 89-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.11.2024 № 136-VIII (01.07.2025 бастап қолданысқа енгізіледі); 16.07.2025 № 210-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
486-бап. Заңды күшіне енген сот актілеріне кассациялық шағым беруге, наразылық келтіруге құқығы бар адамдар
Ескерту. 486-баптың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР 27.12.2021 № 88-VII (01.07.2022 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 21.11.2024 № 136-VIII (01.07.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
1. Осы Кодекстің 484-бабының бірінші бөлігінде көзделген сот актілерін қайта қарау туралы кассациялық шағымды осы Кодекстің 414-бабының бірінші бөлігінде аталған адамдар және сот актілері мүдделерін қозғайтын басқа адамдар және олардың өкілдері беруі мүмкін.
2. Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры, оның орынбасарлары, Бас әскери прокурор, Бас көлік прокуроры осы Кодекстің 485-бабында көрсетілген негіздер бойынша заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарау туралы наразылықты өз бастамасы бойынша да, осы баптың бірінші бөлігінде аталған адамдардың өтінішхаты бойынша да енгізуге құқылы.
Өтінішхат наразылыққа қоса тіркеледі.
3. Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры, оның орынбасарлары не олардың тапсырмасы бойынша облыстардың прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлар, сондай-ақ Бас әскери прокурор, Бас көлік прокуроры қылмыстық істі тиісті соттан кассациялық тәртіппен тексеру үшін талап етіп алдыруы мүмкін.
Қылмыстық істі прокурордан талап етіп алдыру жағдайында кассациялық сатыдағы соттың кассациялық шағым түсуіне байланысты істі талап етіп алдыру туралы сұрау салуы іс прокуратураға келіп түскен күннен бастап отыз тәулік ішінде прокурордың орындауына жатады.
4. Сот істі талап етіп алдыру туралы сұрауды келіп түскен күнінен бастап жеті тәуліктен кешіктірмей орындайды. Сұрау жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында жіберілуі мүмкін.
Іс талап етіп алдырылған жағдайда наразылық келтіру туралы өтінішхат іс прокуратураға келіп түскен күннен бастап отыз тәулік ішінде прокурордың кассациялық тәртіпте қарауына жатады. Бұл мерзім істің күрделі немесе көлемі үлкен болуына байланысты, бірақ әрбір ретте бір айдан аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін.
Ескерту. 486-бап жаңа редакцияда - ҚР 31.10.2015 № 378-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді – ҚР 27.12.2021 № 88-VII (01.07.2022 бастап қолданысқа енгізіледі); 21.11.2024 № 136-VIII (01.07.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.487-бап. Заңды күшіне енген сот актілеріне кассациялық тәртіппен шағым жасау мерзімдері
1. Заңды күшіне енген айыптау үкімін сотталған адамның кінәсіздігі уәждері бойынша, сондай-ақ жазаның қатаңдығына орай неғұрлым жеңіл қылмыстық құқық бұзушылық туралы заңды қолдану қажеттігіне байланысты немесе сотталған адамның жағдайын жақсартуға әкеп соғатын өзге де негіздер бойынша кассациялық тәртіппен қайта қарау туралы кассациялық шағым, наразылық беру мерзімдері шектелмеген.
2. Заңды күшіне енген ақтау үкімін, айыптау үкімін жазаның жеңілдігіне қарай неғұрлым ауыр қылмыстық құқық бұзушылық туралы заңды қолдану қажеттігіне байланысты немесе сотталған адамның жағдайын нашарлатуға әкеп соғатын өзге де негіздер бойынша не соттың істі тоқтату туралы қаулысын кассациялық тәртіппен қайта қарау туралы кассациялық шағым, наразылық беруге олар заңды күшіне енгеннен кейін бір жыл ішінде жол беріледі.
Аталған мерзімді қалпына келтіруге жол берілмейді.
Егер кассациялық шағым, наразылық кассациялық сотқа бір жыл өткенге дейін келіп түссе, олар сотталған, ақталған адамның жағдайын нашарлататын шешім қабылдана отырып, дау туғызып отырған сот актісі заңды күшіне енген кезден бастап бір жыл өтіп кеткен соң да, олар кассациялық сатыда қарауға жатады.
Ескерту. 487-бап жаңа редакцияда - ҚР 31.10.2015 № 378-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді – ҚР 27.12.2021 № 88-VII (01.07.2022 бастап қолданысқа енгізіледі); 21.11.2024 № 136-VIII (01.07.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.488-бап. Заңды күшіне енген сот үкімін, қаулысын қайта қарау туралы кассациялық шағым, наразылық беру тәртібі
Ескерту. 488-баптың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР 27.12.2021 № 88-VII (01.07.2022 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 21.11.2024 № 136-VIII (01.07.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
1. Заңды күшіне енген сот актілерін қайта қарау туралы кассациялық шағым, наразылық жазбаша түрде не электрондық құжат нысанында кассациялық сотқа беріледі. Кассациялық шағымда, наразылықта осы Кодекстің 423-бабында санамаланған мән-жайлардан басқа, іс бойынша іс жүргізу кезінде қандай заң бұзушылыққа жол берілгені және осы бұзушылықтар шығарылған сот шешімдерінде қалай көрініс тапқаны және шағым жасалып отырған сот актісін қайта қарау үшін осы Кодекстің 485-бабында санамаланған негіздердің қайсысы бар екені көрсетілуге тиіс. Кассациялық шағымда оны берген адамдардың қатысуымен немесе қатысуынсыз қаралатыны туралы көрсетілуге тиіс.
1-1. Алып тасталды – ҚР 21.11.2024 № 136-VIII (01.07.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.2. Кассациялық шағымға, наразылыққа кассациялық шағым, наразылық дәлелдерінің негізділігін растайтын материалдар қоса берілуге тиіс.
3. Заңды күшіне енген сот үкімдеріне, қаулыларына берілген, өзге мемлекеттік органдарға немесе қоғамдық ұйымдарға жолданған кассациялық шағым кассациялық соттың іс жүргізуіне қабылданбайды.
4. Осы Кодекстің 493-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, заңды күшіне енген сот актілерін қайта қарау туралы кассациялық шағымның, наразылықтың берілуі олардың орындалуын тоқтата тұрмайды.
5. Кассациялық шағым не наразылық берген адам сот отырысы басталғанға дейін өзінің кассациялық шағымын, наразылығын өзгертуге не жаңа дәлелдермен толықтыруға құқылы. Бұл ретте прокурордың қосымша наразылығында немесе оның наразылықты өзгерту туралы арызында, сол сияқты жәбірленушінің, жекеше айыптаушының немесе өкілдердің үкімге шағым жасаудың осы Кодекстің 487-бабының екінші бөлігінде белгіленген мерзімі өткен соң берген қосымша кассациялық шағымында, егер бастапқы наразылықта, кассациялық шағымда сотталған адамның жағдайын нашарлату туралы талап жазылмаған болса, осындай мәселе қойыла алмайды.
6. Кассациялық шағымды, наразылықты берген адам іс кассациялық сатыда қаралғанға дейін оларды кері қайтарып алуы мүмкін. Сотталған адам өзінің мүддесінде өз қорғаушысы немесе заңды өкілі берген кассациялық шағымды кері қайтарып алуға құқылы.
Ескерту. 488-бап жаңа редакцияда - ҚР 31.10.2015 № 378-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 27.12.2021 № 88-VII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); 21.11.2024 № 136-VIII (01.07.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.489-бап. Кассациялық шағымды, наразылықты қарамай қайтару
Ескерту. 489-баптың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР 27.12.2021 № 88-VII (01.07.2022 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 21.11.2024 № 136-VIII (01.07.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
1. Заңды күшіне енген сот актілерін қайта қарау туралы кассациялық шағым, наразылық мынадай негіздер бойынша:
1) кассациялық шағым, наразылық осы Кодекстің 488-бабының талаптарына сай келмесе;
2) кассациялық шағымды, наразылықты осы Кодекстің 486-бабына сәйкес, заңды күшіне енген осы сот актісіне шағым жасауға, наразылық білдіруге құқығы жоқ адамдар берсе;
3) кассациялық шағым, наразылық осы Кодекстің 487-бабының екінші бөлігінде көрсетілген мерзім өткеннен кейін берілсе;
4) кассациялық шағым, наразылық мәні бойынша қаралғанға дейін олар кері қайтарып алынса;
5) кассациялық шағым осы Кодекстің 484-бабының екінші бөлігіне сәйкес кассациялық тәртіппен қайта қаралуға жатпайтын сот актілеріне берілсе, олар берген адамдарға қайтарылуға жатады.
6) алып тасталды – ҚР 21.11.2024 № 136-VIII (01.07.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.2. Кассациялық шағымды, наразылықты қайтару үшін негіз болған, осы баптың бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақтарында көрсетілген кемшіліктер жойылған кезде, олар жалпы негіздерде қайтадан берілуі мүмкін.
3. Кассациялық шағым немесе наразылық осы баптың бірінші бөлігінің 4) тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, үш тәулік ішінде хатпен кері қайтарылады.
Ескерту. 489-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 31.10.2015 № 378-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) 27.12.2021 № 88-VII (01.07.2022 бастап қолданысқа енгізіледі); 21.11.2024 № 136-VIII (01.07.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.490-бап. Заңды күшіне енген сот актілерін қайта қарау туралы өтінішхатты алдын ала қарау
Ескерту. 490-бап алып тасталды – ҚР 21.11.2024 № 136-VIII (01.07.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
491-бап. Өтінішхатты алдын ала қарау нәтижелері бойынша қабылданатын шешімдер
Ескерту. 491-бап алып тасталды – ҚР 21.11.2024 № 136-VIII (01.07.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
492-бап. Кассациялық сатыдағы сот отырысын тағайындау
1. Кассациялық сатыдағы сот кассациялық шағым келіп түскеннен кейін қылмыстық істі тиісті соттан талап етіп алдырады.
Істі алғаннан кейін кассациялық сатыдағы сот он тәулік ішінде тараптарға кассациялық шағымның, наразылықтың көшірмелерін, сондай-ақ сот отырысы өткізілетін күнді, уақытты, орынды көрсете отырып, істің кассациялық сатыдағы сотта қаралатыны туралы хабархат не соттың интернет-ресурсы арқылы олардың электрондық көшірмелерімен танысу мүмкіндігі туралы хабарлама жібереді.
2. Кассациялық соттың судьясы кассациялық шағымды сотта қарауға дайындау кезінде тиісті маманнан қаралып отырған қылмыстық іс бойынша қолданылған заңдардың нормаларына қатысты ғылыми қорытынды сұратуға және қажет болған кезде оны сот отырысына шақыртуға құқылы.
3. Іс ақылға қонымды мерзімде, бірақ келіп түскен күнінен бастап алты айдан аспайтын мерзімде қаралуға тиіс."
Ескерту. 492-бап жаңа редакцияда - ҚР 31.10.2015 № 378-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді – ҚР 27.12.2021 № 88-VII (01.07.2022 бастап қолданысқа енгізіледі); 21.11.2024 № 136-VIII (01.07.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.493-бап. Сот үкімінің, қаулысының орындалуын тоқтата тұру
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы кассациялық сот төрағасының ұсынуы бойынша, Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры кассациялық тәртіппен тексеру үшін сот үкімінің, қаулысының орындалуын алты айдан аспайтын мерзімге тоқтата тұруға құқылы.
Ескерту. 493-бап жаңа редакцияда – ҚР 21.11.2024 № 136-VIII (01.07.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.494-бап. Істі кассациялық сатыда қараудың тәртібі, кассациялық сатыдағы соттың шешімдері
Ескерту. 494-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 31.10.2015 № 378-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
1. Кассациялық сатыдағы сот отырысы төрағалық етушінің қандай сот шешімі және кімнің кассациялық шағымы, ұсынуы, наразылығы бойынша қайта қаралып жатқанын, сот құрамына кімдердің кіретінін және сот отырысы залында процеске қатысушылардың қайсысы қатысып отырғанын хабарлауымен ашылады. Кассациялық шағымды берген, істі қараудың уақыты мен орны туралы тиісінше хабардар етілген адамның болмауы сот отырысын жалғастыру мүмкіндігін жоққа шығармайды. Жекеше айыптау істерін қоспағанда, прокурордың кассациялық сатыдағы сот отырысына қатысуы міндетті. Тиісінше хабардар етілген тараптар келмеген не олардан тиісті арыз келіп түскен жағдайда, іс олардың қатысуынсыз қаралуы мүмкін. Осы Кодекстің 495-бабында көзделген жағдайларда қорғаушының қатысуы міндетті.
2. Мәлімделген қарсылық білдірулер мен өтінішхаттар шешілгеннен кейін сот тыңдауды жалғастыру туралы не оны кейінге қалдыру туралы шешім қабылдайды. Сот істі тыңдауды жалғастыру туралы шешім қабылдаған кезде төрағалық етуші кассациялық шағым, наразылық берген процеске қатысушыға сөз береді. Егер мұндай қатысушылар бірнешеу болса, онда олар өздері ұсынған сөз сөйлеу кезектілігін соттың назарына жеткізеді. Егер олар келісімге келе алмаса, онда сөз сөйлеу кезегін сот белгілейді.
3. Кассациялық шағым, наразылық берген адам өз пікірі бойынша, шағым жасалып отырған шешімнің неге байланысты заңсыз, негізсіз, әділетсіз болып табылатыны туралы уәждері мен дәлелдерін баяндайды. Содан соң төрағалық етуші процестің басқа қатысушыларына сөз береді.
4. Егер кассациялық шағымды қорғаушы тарап берген болса, онда бірінші болып оның атынан өкілдік ететін процеске қатысушылар сөз алады. Олардың сөз сөйлеу тәртібі өздері қол жеткізген уағдаластыққа сәйкес не ондай уағдаластық болмаған жағдайда, соттың шешімімен белгіленеді.
5. Кассациялық сатыдағы сотқа қатысатын прокурор қаралып жатқан кассациялық шағымдар бойынша пікірін айтады, наразылықта көрсетілген дәлелдерді баяндайды, іс бойынша жасалған сот актілерінің заңдылығы туралы қорытынды береді.
6. Егер кассациялық шағымды, наразылықты айыптаушы тарап берген болса, онда оның өкілдері бірінші болып сөз сөйлейді, содан соң төрағалық етуші процестің басқа қатысушыларына сөз береді.
Наразылықта жазылған уәждер мен дәлелдерді сот отырысында тиісті прокурор баяндауы мүмкін.
7. Істі кассациялық тәртіппен қараудың нәтижесінде сот осы Кодекстің 389-бабының талаптарын сақтай отырып, кеңесу бөлмесінде мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
1) бірінші, апелляциялық сатылардағы соттың үкімін, қаулысын, кассациялық сатыдағы соттың қаулысын өзгеріссіз, ал оларды қайта қарау туралы кассациялық шағымды, ұсынуды, наразылықты қанағаттандырусыз қалдырады;
2) бірінші, апелляциялық сатылардағы соттың үкімін, қаулысын, кассациялық сатының қаулысын өзгертеді;
3) үкімнің және одан кейінгі барлық қаулылардың күшін жояды және істі тоқтатады;
4) егер іс бірінші сатыда алқабилердің қатысуымен қаралған болса, сондай-ақ осы Кодекстің 436-бабы үшінші бөлігінің 2), 5) және 9) тармақтарында көзделген процестік құқық нормаларын бұзушылықтар анықталған жағдайда үкімнің және одан кейінгі барлық қаулылардың күшін жояды және істі апелляциялық сатыдағы сотқа немесе бірінші сатыдағы сотқа жаңадан сот қарауына жібереді;
5) соттың үкімін өзгертіп немесе оны өзгеріссіз қалдыра отырып, апелляциялық және кассациялық тәртіппен шығарылған қаулылардың күшін жояды.
Егер тиісті соттың іс жүргізуіне қабылдаған іс бойынша сот талқылауы басталып кеткен болса, істі жаңадан сот қарауына жіберу туралы қаулының күшін жоюға болмайды.
8. Алып тасталды - ҚР 31.10.2015 № 378-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).9. Осы Кодекстің 433-бабында көрсетілген мән-жайлар үкімнің күшін жоюға немесе оны өзгертуге негіз болып табылады.
10. Бірінші, апелляциялық және кассациялық сатылардағы соттардың сот актілері, егер солар арқылы бірінші сатыдағы сот заңсыз және негізсіз шешім қабылдаған не жоғары тұрған сот іс бойынша осының алдындағы қаулылардың немесе үкімнің күшін заңсыз және негізсіз жойған немесе оларды өзгерткен деп танылса, не егер істі жоғары тұрған сотта қарау кезінде заңды елеулі түрде бұзуға жол беріліп, ол қабылданатын шешімнің дұрыстығына ықпал етсе немесе ықпал етуі мүмкін болса, олардың күші жойылуға немесе олар өзгертілуге жатады.
11. Егер істі апелляциялық, кассациялық сатыларда қарау кезінде істі заңсыз тоқтатуға немесе сотталған адамның жазасын жеңілдетуге жол берілген болса, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты апелляциялық, кассациялық қаулының күшін жоюға және бірінші сатыдағы соттың үкімін өзгертіп немесе өзгертпей, күшінде қалдыруға құқылы.
12. Кассациялық сатыдағы сот соттың актілерін өзгертуге және:
1) онша ауыр емес қылмыстық құқық бұзушылық туралы заңды қолдануға және өзгертілген саралануына сәйкес жаза тағайындауға;
2) сот тағайындаған жазаны жеңілдетуге;
3) неғұрлым ауыр қылмыстық құқық бұзушылық туралы заңды қолдануға, неғұрлым қатаң жаза тағайындауға немесе айыптаушы тараптың шағымын, прокурордың наразылығын қанағаттандыру үшін негіздер болған кезде, сотталған адам сотқа берілген айыптаудың шегінде қосымша жаза қолдануға;
4) қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің түрін өзгертуге;
5) қылмыстардың тиісті қайталануының болуын, егер мұны бірінші сатыдағы сот жасамаса немесе дұрыс жасамаса, тануға;
6) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 64-бабының бесінші бөлігіне сәйкес алдыңғы үкім бойынша шартты түрде соттаудың күшін жоюға не Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 69-бабының бесінші бөлігіне сәйкес алдыңғы үкім бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатудың күшін жоюға және осыған байланысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 60-бабының қағидалары бойынша жазаны, егер мұны бірінші сатыдағы сот жасамаса, тағайындауға;
7) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 72-бабы жетінші бөлігінің 2) және 3) тармақтарында көзделген жағдайларда шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың күшін жоюға және Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 60-бабының қағидалары бойынша жаза тағайындауға;
8) азаматтық талап қою, сондай-ақ процестік шығындарды өндіріп алу мәселелері бойынша, заттай дәлелдемелер туралы шешім бөлігінде үкімге өзгерістер енгізуге;
9) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 98-бабына сәйкес медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдануға құқылы.
Сот тараптардың өтінішхаты немесе өз бастамасы бойынша сотталушыға немесе сотталған адамға қатысты бұлтартпау шарасын сақтау, таңдау, күшін жою немесе өзгерту туралы мәселені шешеді, бұл туралы қаулыда көрсетеді.
Қылмыстық іс тоқтатылған не бас бостандығынан айыруға байланысты емес жаза тағайындалған кезде күзетпен ұсталып отырған сотталған адам күзетілуден дереу босатылуға жатады. Сот сотталған адамның назарына жеткізу және оны орындау үшін жазаны орындайтын мекемеге немесе органға сот қаулысының көшірмесін және қабылданған шешім туралы телеграф хабарламасын дереу жібереді.
13. Іс жаңадан қарауға жіберілген жағдайларда, сот: істі жаңадан қараған кезде сот жасауы мүмкін мәселелер мен түйіндерді алдын ала шешуге, айыптаудың дәлелденгені немесе дәлелденбегені туралы, қандай да бір дәлелдеменің анықтығы немесе анық еместігі туралы және бір дәлелдемелердің басқаларынан артықшылығы туралы, бірінші сатыдағы соттың қандай да бір қылмыстық заңды қолдануы туралы және жазалау шарасы туралы мәселелерді алдын ала шешуге, сондай-ақ сот жасауы мүмкін түйіндерді алдын ала шешуге құқылы емес.
14. Сот үкімінің заңдылығын, негізділігін және әділдігін істі қарайтын сот толық көлемде тексереді және ұсынуда, наразылықта немесе кассациялық шағымда көрсетілмеген негіздер бойынша, егер бұл ретте сотталған адамның жағдайы нашарламайтын болса, оған өзгерістер енгізуге құқылы.
Сот актісіне өздеріне қатысты ұсыну, наразылық немесе кассациялық шағым келтірілмеген басқа сотталғандарға қатысты өзгерістер енгізуге, егер бұл ретте сотталғандардың жағдайы нашарламайтын болса, өзіне қатысты ұсыну, наразылық немесе кассациялық шағым келтірілген сотталған адаммен сыбайласып жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша ғана жол беріледі.
Сот жағдайды нашарлату туралы шешімді ұсынуда, прокурордың наразылығында немесе жәбірленушінің кассациялық шағымында көрсетілген сотталғандарға (ақталғандарға) қатысты және сол негіздер бойынша ғана қабылдауға құқылы. Сот сотталған адамның жағдайын оның кассациялық шағымы немесе оның қорғаушысының немесе өкілінің кассациялық шағымы бойынша нашарлатуға құқылы емес.
Сот талқылауының нысанасы болмаған фактілерді анықтауға немесе дәлелденген деп есептеуге сот құқылы емес.
15. Облыстық сот төрағасының осы Кодекстің 446-бабының үшінші бөлігінде көзделген жағдайда енгізілген ұсынуын қарау қорытындысы бойынша кассациялық саты апелляциялық алқаның екінші бір қаулысын қалдыра отырып, қаулыларының бірінің күшін жояды не екі қаулының да күшін жояды және істі жаңадан апелляциялық қарауға жібереді.
16. Алып тасталды – ҚР 27.12.2021 № 88-VII (01.07.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.17. Алып тасталды – ҚР 27.12.2021 № 88-VII (01.07.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
18. Алып тасталды – ҚР 27.12.2021 № 88-VII (01.07.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
19. Кассациялық саты қарау қорытындысы бойынша осы баптың жетінші бөлігінде көрсетілген шешімдердің бірін қаулы нысанында қабылдайды. Қаулы осы Кодекстің 496-бабында көзделген талаптарға сәйкес келуге тиіс.
20. Сот үкімінің, қаулысының күші жойылғаннан кейін істі қарау және істі жаңадан қараған кезде шығарылған сот актілеріне шағым жасау, наразылық білдіру осы Кодекстің 497 және 498-баптарына сәйкес жүзеге асырылады.
21. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты істі кассациялық сатыдағы сотқа жаңадан сот қарауына жібере отырып, кассациялық сатыдағы қаулының күшін жойған жағдайда істі кассациялық сатыда қарау осы тараудың қағидалары бойынша жүзеге асырылады.
Ескерту. 494-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 31.10.2015 № 378-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 27.12.2021 № 88-VII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); 21.11.2024 № 136-VIII (01.07.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.495-бап. Қорғаушының кассациялық сатыдағы сотқа міндетті түрде қатысуының негіздері
Осы Кодекстің 67-бабының бірінші бөлігінде көзделген жағдайларда қорғаушының кассациялық сатыдағы сот отырысына қатысуы міндетті.
Мұндай жағдайларда қорғаушыны шақыруға, тағайындауға, алмастыруға, оның еңбегіне ақы төлеуге байланысты мәселелер осы Кодекстің 68-бабында белгіленген тәртіппен шешіледі.
Ескерту. 495-бап жаңа редакцияда - ҚР 31.10.2015 № 378-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).496-бап. Кассациялық сатыдағы сот қаулысының мазмұны
Кассациялық сатыдағы соттың қаулысы осы Кодексте апелляциялық қаулы үшін белгіленген талаптарға сәйкес келуге тиіс. Кассациялық сатыдағы соттың қаулысына төрағалық етуші және соттың құрамына кіретін барлық судьялар қол қояды.
Ескерту. 496-бап жаңа редакцияда - ҚР 31.10.2015 № 378-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).497-бап. Iсті соттың үкімі мен қаулысының күші жойылғаннан кейін қарау
1. Сот үкімінің немесе қаулысының күші кассациялық тәртіппен жойылғаннан кейін іс жалпы тәртіппен қаралуға жатады. Кассациялық сатыдағы соттың нұсқаулары істі төмен тұрған сатыдағы сот қайта қараған кезде міндетті болады.
2. Iсті бірінші, апелляциялық сатылардағы сот қараған кезде жазаны күшейтуге немесе неғұрлым ауыр қылмыстық құқық бұзушылық туралы заңды қолдануға, егер бастапқы үкімнің немесе қаулының күші жазаның жеңілдігіне қарай немесе неғұрлым ауыр қылмыстық құқық бұзушылық туралы заңды қолдану қажеттігіне байланысты кассациялық тәртіппен жойылған болса ғана жол беріледі. Апелляциялық сатыдағы сот істі жаңадан талқылау кезінде шығарған үкімге жалпы тәртіппен шағым жасалуы және наразылық білдірілуі мүмкін.
3. Алдыңғы үкімнің, қаулының күші жойылуына байланысты істі жаңадан талқылау кезінде шығарылған үкімді, қаулыны жоғары тұрған сот сатылары соттың бірінші үкімінің немесе қаулысының күшін жою уәждеріне қарамастан, жалпы тәртіппен қарауы мүмкін.
Ескерту. 497-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 31.10.2015 № 378-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).498-бап. Істі жаңадан қарау кезінде шығарған сот үкімін және қаулысын қайта қарау туралы кассациялық шағым, наразылық келтіру
Ескерту. 498-баптың тақырыбына өзгеріс енгіілді – ҚР 21.11.2024 № 136-VIII (01.07.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Алдыңғы үкімнің немесе қаулының күші жойылуына байланысты шығарылған жаңа үкімді немесе қаулыны кассациялық тәртіппен қайта қарау туралы кассациялық шағым, наразылық соттың бірінші үкімінің немесе қаулысының күшін жою уәждеріне қарамастан, жалпы негіздерде берілуі мүмкін.
Ескерту. 498-бап жаңа редакцияда - ҚР 31.10.2015 № 378-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгіілді – ҚР 21.11.2024 № 136-VIII (01.07.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.52-1-тарау. Сот актілерін Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотында қайта қарау
Ескерту. 52-1-тараумен толықтырылды – ҚР 21.11.2024 № 136-VIII (01.07.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
498-1-бап. Заңды күшіне енген сот актілерін Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қайта қарауының негіздері
1. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты, егер:
1) қабылданған сот актілері мемлекеттік немесе қоғамдық мүдделерді, мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігін қозғайтын не адамдардың өмірі, денсаулығы үшін орны толмас ауыр салдарларға әкелуі мүмкін болса;
2) адам өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын өтеп жатса;
3) қабылданған сот актілері соттардың құқық нормаларын түсіндірудегі және қолдануындағы біркелкілікті бұзса, заңды күшіне енген сот актілері кассациялық сатыда қаралғаннан кейін Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты судьясының ұсынуы немесе Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының наразылығы бойынша оларды айрықша жағдайларда қайта қарауы мүмкін.
2. Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры заңды күшіне енген сот актілерін осы баптың бірінші бөлігінде көзделген негіздер бойынша өз бастамасы бойынша да, қылмыстық процеске қатысушылардың өтінішхаты бойынша да Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотында қайта қарау туралы наразылық енгізуге құқылы.
Наразылықтар келтіру туралы өтінішхаттарды қарау осы Кодекстің 486 – 489-баптарында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
3. Заңды күшіне енген сот актілерін сотталған адамның кінәсіздігі уәждері бойынша, сондай-ақ жазаның қатаңдығына орай неғұрлым жеңіл қылмыстық құқық бұзушылық туралы заңды қолдану қажеттілігіне байланысты немесе сотталған адамның жағдайын жақсартуға алып келетін өзге де негіздер бойынша қайта қарау қажеттілігі туралы қылмыстық процеске қатысушылардың өтінішхат, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының наразылық беру мерзімдері шектелмеген.
Заңды күшіне енген сот актілерін жазаның жеңілдігіне орай неғұрлым ауыр қылмыстық құқық бұзушылық туралы заңды қолдану қажеттілігі уәждері бойынша немесе сотталған адамның жағдайын нашарлатуға алып келетін өзге де негіздер бойынша не соттың істі тоқтату туралы қаулысын қайта қарау қажеттілігі туралы қылмыстық процеске қатысушылардың өтінішхат, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының наразылық беруіне кассациялық қараудан кейін алты ай ішінде жол беріледі.
Аталған мерзімді қалпына келтіруге жол берілмейді.
Егер қылмыстық процеске қатысушылардың өтінішхаты, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының наразылығы Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотына алты ай өткенге дейін келіп түссе, олар дау айтылып отырған сот актісі заңды күшіне енген кезден бастап алты ай өткеннен кейін де сотталған адамның, ақталған адамның жағдайын нашарлататын шешім қабылдана отырып, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотында қаралуға жатады.
498-2-бап. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты судьясының ұсынуын енгізу
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы қылмыстық процеске қатысушылардың заңды күшіне енген сот актілерін қайта қарау қажеттілігі туралы өтінішхаты бойынша қылмыстық істі зерделеу үшін талап етіп алдыра алады. Істі зерделеу нәтижелері бойынша осы Кодекстің 498-1-бабында көзделген негіздер болған кезде ұсыну енгізеді, онда:
1) ұсынудың шығарылған күні мен орны;
2) дау айтылып отырған сот актілері көрсетіле отырып, ұсыну енгізілген іс;
3) ұсынуды енгізу уәждері мен дәлелдері көрсетіледі.
Қылмыстық процеске қатысушылар сот актісінің орындалуын тоқтата тұру туралы өтінішхат берген жағдайда. судья бұл жөнінде ұсынуда көрсетеді.
498-3-бап. Заңды күшіне енген сот актісінің орындалуын тоқтата тұру
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы, Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры заңды күшіне енген сот актісі Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотында қайта қаралғанға дейін оның орындалуын тоқтата тұруға құқылы.
498-4-бап. Заңды күшіне енген сот актілерін Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотында қайта қарау
1. Заңды күшіне енген сот актілерін қайта қарауды өткізу уақыты мен орны туралы тараптар хабардар етіледі.
2. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының заңды күшіне енген сот актілерін қайта қарауы ақылға қонымды мерзімде жүзеге асырылады.
3. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының не оның тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының бағынысты прокурорларының қатысуы міндетті.
4. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты осы Кодекстің 498-1-бабында көзделген негіздер анықталған жағдайда мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
1) кассациялық сатыдағы соттың қаулысын өзгеріссіз қалдырады;
2) апелляциялық сатыдағы қаулыны немесе үкімді немесе бірінші сатыдағы соттың үкімін өзгеріссіз қалдырып немесе оның күшін жойып, кассациялық сатыдағы соттың қаулысын өзгертеді;
3) соттың үкімін өзгертіп немесе өзгеріссіз қалдырып, кассациялық және апелляциялық сатылардағы соттар қаулыларының күшін жояды;
4) кассациялық сатыдағы сот қаулысының күшін жояды және істі кассациялық сатыдағы сотқа жаңадан сот қарауына жібереді;
5) кассациялық сатыдағы сот қаулысының, сондай-ақ апелляциялық сатыдағы қаулы мен үкімнің және бірінші сатыдағы сот үкімінің күшін жояды және істі тоқтатады.
5. Қылмыстық іс тоқтатылған не бас бостандығынан айыруға байланысты емес жаза тағайындалған кезде күзетпен ұсталып отырған сотталған адам дереу босатылуға жатады. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жазаны орындайтын мекемеге немесе органға сот қаулысының көшірмесін оны орындау үшін дереу жібереді.
6. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қаулысы жария етілген күнінен бастап заңды күшіне енеді және түпкілікті болып табылады.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қаулыда баяндалған процестік әрекеттерді жасау қажеттілігі туралы нұсқаулары іс жаңадан қарауға жіберілген кезде кассациялық сатыдағы сот үшін міндетті болып табылады.
53-тарау. ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС БОЙЫНША ІС ЖҮРГІЗУДІ ЖАҢАДАН АШЫЛҒАН
МӘН-ЖАЙЛАР БОЙЫНША ҚАЙТА БАСТАУ
499-бап. Қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді қайта бастаудың негіздері
1. Соттың заңды күшіне енген үкімінің, қаулысының, оның ішінде осы Кодекстің 71-тарауында көзделген тәртіппен шығарылған қаулысының күші жойылуы және қылмыстық іс немесе осы Кодекстің 71-тарауында көзделген тәртіппен тәркілеу туралы өтінішхат бойынша іс жүргізу жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта басталуы мүмкін.
2. Іс жүргізуді жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта бастаудың негіздері мыналар болып табылады:
1) соттың заңды күшіне енген үкімінде белгіленген, заңсыз немесе негізсіз үкім не қаулы шығаруға әкеп соққан жәбірленушінің немесе куәнің айғақтарының, сарапшының қорытындысының көрінеу жалғандығы, сол сияқты заттай дәлелдемелердің, тергеу және сот әрекеттері хаттамаларының және өзге де құжаттардың жалғандығы немесе аударманың көрінеу дұрыс жасалмауы;
2) соттың заңды күшіне енген үкімінде белгіленген, анықтаушының, тергеушінің немесе прокурордың заңсыз және негізсіз үкім, қаулы шығаруға әкеп соққан қылмыстық әрекеттері;
3) соттың заңды күшіне енген үкімінде белгіленген, судьялардың осы істі қарау кезінде жасаған қылмыстық әрекеттері;
4) осы Кодекстің 502-бабында көзделген тәртіппен тексеру немесе тергеп-тексеру арқылы белгіленген және прокурордың өтінішхатында баяндалған, үкім, қаулы шығару кезінде сотқа беймәлім болған, өздігінен немесе бұрын анықталған мән-жайлармен бірге сотталушы адамның кінәсіздігі туралы немесе оның ауырлық дәрежесі жөнінен өзі сотталғаннан гөрі өзге қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы не ақталған адамның немесе өзіне қатысты іс тоқтатылған адамның кінәлілігін айғақтайтын өзге де мән-жайлар;
5) сот актісін шығару кезінде сот қолданған заңды немесе өзге де нормативтік құқықтық актіні, оның жекелеген ережелерін Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының Конституцияға сәйкес келмейді деп тануы;
6) осы Кодекстің 71-тарауында көзделген тәртіппен тәркілеу үшін негіз болған қылмыс үшін қылмыстық жауаптылықтан соттың заңды күшіне енген ақтау үкімі не қылмыстық құқық бұзушылық оқиғасының немесе құрамының болмауына байланысты қылмыстық қудалауды тоқтату туралы қаулы негізінде босату не істі мәні бойынша қараған соттың үкімінде мүлікті тәркілеуді ішінара немесе толық қолданбау;
7) өзіне қатысты іс осы Кодекстің 335-бабы екінші бөлігінің 2) тармағында белгіленген тәртіппен қаралған сотталған адам қылмыстық процесті жүргізетін органға келген жағдайда, оның ерік білдіруі.
3. Осы баптың екінші бөлігінің 1), 2) және 3) тармақтарында санамаланған мән-жайлар үкіммен қатар соттың, прокурордың, тергеушінің немесе анықтаушының қылмыстық істі ескіру мерзімінің өтуіне орай, рақымшылық актісінің нәтижесінде, айыпталушының қайтыс болуына немесе қылмыстық жауаптылыққа тарту жасына жетпегендігіне байланысты тоқтату туралы қаулысы арқылы белгіленуі мүмкін.
Ескерту. 499-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 27.12.2021 № 88-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.11.2022 № 157-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі); 11.06.2026 № 307-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.500-бап. Жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қаралуға жататын қылмыстық істер бойынша сот шешімдері
Жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша:
1) айыптау үкімі;
2) ақтау үкімі;
3) істі тоқтату туралы қаулы;
4) мүлікті соттың үкіміне дейін тәркілеу туралы қаулы қайта қаралуы мүмкін.
501-бап. Iс жүргізуді қайта бастау мерзімдері
1. Айыптау үкімін немесе мүлікті сот үкімі шығарылғанға дейін тәркілеу туралы қаулыны жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша, сотталған адамның, ақталған адамның пайдасына қайта қарау ешқандай мерзімдермен шектелмейді.
2. Сотталған адамның қайтыс болуы жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша ақтау мақсатында іс жүргізуді қайта бастауға кедергі болып табылмайды.
3. Ақтау үкімін, істі тоқтату туралы қаулыны қайта қарауға, сондай-ақ айыптау үкімін сотталған адамның жағдайын нашарлататын негіздер бойынша қайта қарауға тек қылмыстық жауаптылыққа тартудың ескіру мерзімдері ішінде және жаңа мән-жайлар ашылған күннен бастап бір жылдан кешіктірілмей жол беріледі.
4. Жаңа мән-жайлардың ашылған күні болып:
1) осы Кодекстің 499-бабы екінші бөлігінің 1), 2) және 3) тармақтарында көзделген жағдайларда – жалған айғақтар беруге, жалған дәлелдемелер ұсынуға, дұрыс емес аударма жасауға немесе істі тергеп-тексеру немесе қарау барысында жасалған қылмыстық әрекеттер үшін кінәлі адамдарға қатысты үкімнің, қаулының заңды күшіне енген күні;
2) осы Кодекстің 499-бабы екінші бөлігінің 5) тармағында көзделген жағдайда – Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты заңды немесе өзге де нормативтік құқықтық актіні, оның жекелеген ережелерін Конституцияға сәйкес келмейді деп тану туралы қорытынды шешім қабылдаған күн;
3) осы Кодекстің 499-бабы екінші бөлігінің 4) тармағына сәйкес жүргізілген тексерудің немесе тергеп-тексерудің нәтижелері бойынша прокурор жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша іс жүргізуді қозғау туралы өтінішхатты сотқа енгізген күн есептеледі.
Ескерту. 501-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 27.12.2021 № 88-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.11.2022 № 157-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі); 11.06.2026 № 307-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.502-бап. Жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша іс жүргізуді қозғау тәртібі
1. Жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша іс жүргізуді қозғау туралы өтінішхат беру құқығы сотталған адамға, ақталған адамға, жәбірленушіге немесе олардың заңды өкілдері мен қорғаушыларына, сондай-ақ прокурорға тиесілі.
2. Азаматтардың, оның ішінде осы іс бойынша процеске қатысушылардың да арыздары, ұйымдардың лауазымды адамдарының хабарлары, сондай-ақ басқа да қылмыстық істерді тергеп-тексеру және қарау барысында алынған деректер жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша іс жүргізуді қозғауға себеп болады.
3. Осы Кодекстің 499-бабы екінші бөлігінің 1), 2), 3), 5), 6) және 7) тармақтарында көзделген негіздер бойынша өтінішхат үкімді, қаулыны шығарған сотқа келтіріледі.
4. Осы Кодекстің 499-бабы екінші бөлігінің 4) тармағында көзделген жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша іс жүргізуді қозғау туралы арыздар, хабарлар прокурорға беріледі.
Прокурор арызды, хабарды қарау нәтижелері бойынша осы Кодекстің 499-бабы екінші бөлігінің 4) тармағында көзделген мән-жайлардың бар-жоғын көріп, тексеруді, тергеп-тексеруді ұйымдастырады не арызды, хабарды қанағаттандырудан бас тартады.
Прокурордың жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша іс жүргізуді қозғау туралы арызды, хабарды қанағаттандырудан бас тарту туралы жауабы арыз иесіне қаулыға жоғары тұрған прокурорға немесе сотқа осы Кодекстің 106-бабында көзделген тәртіппен шағым жасау құқығы түсіндіріле отырып, үш тәулік ішінде жіберіледі.
Жаңадан ашылған мән-жайларды тергеп-тексеру кезінде осы Кодекстің қағидалары сақтала отырып, жауап алу, қарап-тексеру, сараптама, алу және өзге де тергеу әрекеттері жүргізілуі мүмкін.
5. Тексеру немесе тергеп-тексеру арқылы үкім, қаулы шығару кезінде сотқа беймәлім болған, өздігінен немесе бұрын анықталған мән-жайлармен бірге сотталушы адамның кінәсіздігін немесе оның ауырлық дәрежесі жөнінен өзі сотталғаннан гөрі өзге қылмыстық құқық бұзушылық жасағанын не ақталған адамның немесе өзіне қатысты істі сот тоқтатқан адамның кінәлілігін айғақтайтын өзге де мән-жайлар анықталған кезде прокурор үкімді, қаулыны шығарған сотқа қылмыстық істі және тексеру немесе тергеп-тексеру материалдарын қоса бере отырып, жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша іс жүргізуді қозғау туралы өтінішхатты енгізеді.
Ескерту. 502-бап жаңа редакцияда – ҚР 27.12.2021 № 88-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.503-бап. Прокурордың тексеру немесе тергеп-тексеру аяқталғаннан кейінгі әрекеттері
Ескерту. 503-бап алып тасталды – ҚР 27.12.2021 № 88-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
504-бап. Соттың іс бойынша жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша іс жүргізуді қозғау туралы өтінішхаттарды қарау тәртібі
1. Сотқа жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша іс жүргізуді қозғау туралы өтінішхат келіп түскен кезде судья он тәулік ішінде өтінішхаттың осы Кодекстің 499-бабының талаптарына сәйкестігін тексереді және мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
1) өтінішхатты соттың іс жүргізуіне қабылдау және жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша іс жүргізуді қайта бастау туралы қаулы шығарады;
2) егер өтінішхат осы Кодекстің 499-бабының талаптарына сәйкес келмесе және оған осы Кодекстің 499-бабы екінші бөлігінің 1), 2), 3), 5), 6) және 7) тармақтарында көзделген негіздерді растайтын сот актілері немесе өзге де актілер қоса тіркелмесе, егер ол осы Кодекстің 500-бабына сәйкес жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарауға жатпайтын сот шешімдеріне қатысты болса не оны қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім қабылданған сол бір негіздер бойынша нақ сол тарап берсе, өтінішхатты қараусыз қайтарады.
Кассациялық сатыдағы сотта, сондай-ақ апелляциялық сатыдағы сотта, егер іс алқалы түрде қаралған жағдайда, өтінішхаттың осы Кодекстің 499-бабының талаптарына сәйкестігін тексеруді тиісті соттың судьясы жеке-дара жүргізеді.
Жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша іс жүргізуді қозғау туралы прокурордың өтінішхатын сот тікелей қарайды.
2. Өтінішхатты алдын ала қарау нәтижелері бойынша шығарылған қаулының көшірмесі өтінішхатты берген адамға жіберіледі. Өтінішхат қайтарылған жағдайда оған қоса берілген құжаттар қайтарылуға жатады.
3. Жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша іс жүргізуді қайта бастау туралы судьяның қаулысы бар өтінішхатты сот іс жүргізу қайта басталған не прокурордың өтінішхаты келіп түскен күннен бастап отыз тәуліктен кешіктірмей ашық сот отырысында қарауға тиіс.
4. Жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша іс жүргізуді қайта бастау туралы өтінішхатты үкім, қаулы шығарған бірінші сатыдағы соттың судьясы жеке-дара қарайды. Егер іс бойынша апелляциялық, кассациялық сатылардағы соттар қаулылар шығарған болса, сот шешімдерін қайта қарауды:
1) апелляциялық сатыдағы сот – егер істі апелляциялық сатыдағы сот жеке-дара қараған болса, жеке-дара және егер іс алқалы түрде қаралса, алқалы түрде;
2) кассациялық сатыдағы сот – алқалы түрде жүзеге асырады.
5. Сот отырысына арыз иесі, оның өкілі, қорғаушы, прокурор, процеске өзге де қатысушылар және сот отырысына шақырылған адамдар қатысады. Сот талқылауының уақыты мен орны туралы тиісінше хабарланған аталған тұлғалардың келмеуі өтінішхатты қарауға кедергі болмайды. Қажет болған кезде сот оларды, сондай-ақ өзге де тұлғаларды сот отырысына келуге міндеттеуге құқылы. Күзетпен ұсталып отырған сотталған адамның сот талқылауына қатысуы бейнебайланыс режимінде ғылыми-техникалық құралдар қолданыла отырып қамтамасыз етілуі мүмкін.
6. Сот отырысында қарсылық білдірулер мен өтінішхаттар қаралғаннан кейін бірінші болып сот актісін жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау негіздері туралы өтінішхатты баяндайтын арыз иесі не тиісті өтінішхатпен сотқа жүгінген кезде прокурор сөз сөйлейді, сот содан соң соттың отырысына келген басқа тұлғалардың сөздерін тыңдайды, арыз иесі, жүргізілген тексеру немесе тергеп-тексеру нәтижелері бойынша прокурор ұсынған материалдарды зерттейді.
Ескерту. 504-бап жаңа редакцияда – ҚР 27.12.2021 № 88-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.505-бап. Сот актілерін жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы өтінішхатты қарау қорытындысы бойынша шығарылған соттың қаулысы
1. Сот актілерін жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы өтінішхатты қарау қорытындысы бойынша сот:
1) өтінішхатты қанағаттандыру;
2) өтінішхатты қанағаттандырусыз қалдыру туралы қаулылардың бірін шығарады.
2. Сот өтінішхатты қараған кезде осы Кодекстің 499-бабының екінші бөлігінде көзделген мән-жайлар анықталса және олар соттың заңсыз немесе негізсіз үкімінің, қаулысының алдында болса немесе заңсыз немесе негізсіз үкім, қаулы шығаруына әкеп соқса, өтінішхатты қанағаттандыру туралы қаулы шығарады. Мұндай жағдайларда, сот қаулыда заңды күшіне енген тиісті сот актісінің күшін жою және істі жаңадан тергеп-тексеруге немесе қарауға жіберу туралы көрсетеді. Егер жаңадан тергеп-тексеру немесе сот қарауы талап етілмесе, сот іс бойынша іс жүргізуді тоқтатудың негіздерін көрсете отырып, тоқтатады.
Мүлікті тәркілеу туралы қаулыны жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы өтінішхатты қанағаттандырған кезде сот көрсетілген қаулының күшін жояды.
3. Сот өтінішхатта көрсетілген мән-жайлар расталмаса, не олар орын алғанымен, үкімнің, қаулының заңдылығы мен негізділігіне ықпал етпесе, заңды күшіне енген сот актісін қайта қарау туралы өтінішхатты қанағаттандырусыз қалдырады.
4. Соттың іс жүргізуді жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қозғау туралы өтінішхатты қарау қорытындылары бойынша шығарылған қаулысы сот кеңесу бөлмесінен шыққан соң жария етіледі, бұл ретте ол сотқа қатыспаған мүдделі тұлғалардың назарына жеткізіліп, оған шағым жасау, оны прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қарау, оған наразылық білдіру тәртібі түсіндіріледі. Қаулының көшірмесі прокурорға және өтінішхатты мәлімдеген тұлғаға жіберіледі. Өзге мүдделі тұлғаларға қаулының көшірмесі олардың өтінуі бойынша жіберіледі.
5. Бірінші, апелляциялық сатылардағы соттың жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша іс жүргізуді қозғау туралы өтінішхатты қарау қорытындылары бойынша шығарылған қаулылары – шығарылған күнінен бастап он бес тәулік өткен соң, ал егер оларға шағым жасалса және жоғары тұрған сот оларды күшінде қалдырса, онда жоғары тұрған сот қаулыны шығарған күні заңды күшіне енеді.
Кассациялық сот шығарған қаулы, сондай-ақ бірінші сатыдағы соттың шағым жасалған қаулысын өзгеріссіз қалдыру, оның күшін жою немесе оны өзгерту туралы апелляциялық сатыдағы соттың қаулысы түпкілікті болып табылады және одан әрі шағым жасалуға, наразылық білдірілуге жатпайды.
Ескерту. 505-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 31.10.2015 № 378-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 11.07.2017 № 91-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2021 № 88-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.11.2024 № 136-VIII (01.07.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.506-бап. Прокурордың сот актілерін жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы өтінішхатын қарау қорытындысы бойынша шығарылған сот қаулысы
Ескерту. 506-бап алып тасталды – ҚР 27.12.2021 № 88-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
507-бап. Сот қаулысын қайта қарау және сот шешімдерінің күші жойылғаннан кейін іс жүргізу
Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР 07.11.2014 № 248-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).
1. Бірінші, апелляциялық сатылардағы соттың іс жүргізуді жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қозғау туралы өтінішхатты қарау қорытындылары бойынша шығарылған қаулыларына шағымдарды, прокурордың өтінішхаттарын, наразылықтарды осы Кодекстің 502-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген адамдар тиісті жоғары тұрған сотқа қаулы шығарылған күннен бастап он бес тәулік ішінде бере алады.
2. Жоғары тұрған сот көрсетілген қаулыларға шағымдарды, прокурордың өтінішхаттарын, наразылықтарды қарауды апелляциялық, кассациялық шағымдарды, прокурордың өтінішхаттарын, наразылықтарды қарау үшін көзделген тәртіппен жүзеге асырады. Жоғары тұрған соттың шағым жасалған қаулыны өзгеріссіз қалдыру, оның күшін жою немесе оны өзгерту туралы қаулысы түпкілікті болып табылады және одан әрі шағым жасалуға, прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қаралуға, наразылық білдірілуге жатпайды.
3. Жаңадан ашылған мән-жайларға орай іс бойынша ол жөніндегі сот шешімдерінің күші жойылғаннан кейін тергеп-тексеру және сот талқылауы осы Кодексте белгіленген жалпы тәртіппен жүргізіледі.
Алқабилердің қатысуымен шығарылған заңды күшіне енген сот актісін алдын ала тыңдау сатысынан жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша істі жаңадан қарауға жолдай отырып, қайта қарау туралы өтінішхат қанағаттандырылған жағдайда, сот істі жаңадан қараған кезде істі алдын ала тыңдауды жүргізеді және сотталушының ерік білдіруіне қарай істі алқабилердің қатысуымен не олардың қатысуынсыз жаңадан қарау туралы шешім қабылдайды. Егер сот актісі басты сот талқылауын жүргізу сатысынан соттың жаңадан қарауына жолдана отырып, жойылған болса, сот басты сот талқылауын тағайындайды, алқабилердің жаңа алқасын қалыптастыруды жүргізеді және істі осы Кодекстің 65-тарауының ережелеріне сәйкес қарайды.
Ескерту. 507-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 07.11.2014 № 248-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 31.10.2015 № 378-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 11.07.2017 № 91-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2021 № 88-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.11.2024 № 136-VIII (01.07.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.508-бап. Істі жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта бастау кезіндегі азаматтық талап қою
Үкімнің күші жаңадан ашылған мән-жайларға байланысты жойылған жағдайда, қылмыстық істі бастапқы қараған кезде қозғалған азаматтық талап қою жалпы негіздерде жаңадан қаралады. Істі азаматтық талап қою бөлігінде ғана қайта бастауға тек азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен ғана жол беріледі.
11-БӨЛІМ. ЕРЕКШЕ ІС ЖҮРГІЗУ
54-тарау. ЕСІ ДҰРЫС ЕМЕС АДАМДАРҒА МЕДИЦИНАЛЫҚ СИПАТТАҒЫ
МӘЖБҮРЛЕУ ШАРАЛАРЫН ҚОЛДАНУ ТУРАЛЫ ІСТЕР БОЙЫНША
СОТ ІСІН ЖҮРГІЗУ
509-бап. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану бойынша іс жүргізу үшін негіздер
1. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 93-бабында көрсетілген медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану жөнінде іс жүргізу қылмыстық заңда тыйым салынған іс-әрекетті есі дұрыс емес күйде жасаған немесе қылмыстық заңда тыйым салынған іс-әрекетті жасаған соң жаза тағайындау немесе оны орындау мүмкін болмайтын дәрежеде психикасы бұзылып ауырған адамдарға қатысты істер бойынша жүзеге асырылады.
2. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары психикасының дертті бұзылулары өзіне немесе басқа адамдарға қауіп төндірумен не өзге де елеулі зиян келтіру мүмкіндігімен байланысты болған жағдайда ғана тағайындалады.
3. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы істер бойынша іс жүргізу осы Кодекстің жалпы қағидаларымен және осы тараудың ережелерімен айқындалады.
510-бап. Дәлелденуге жататын мән-жайлар
1. Осы Кодекстің 509-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген адамдарға қатысты істер бойынша алдын ала тергеу жүргізу міндетті.
2. Алдын ала тергеу жүргізу кезінде мынадай мән-жайлар анықталуға тиіс:
1) жасалған іс-әрекеттің уақыты, орны, тәсілі мен басқа да мән-жайлары;
2) осы адамның қылмыстық заңда тыйым салынған іс-әрекетті жасағаны;
3) іс-әрекетпен келтірілген залалдың сипаты мен мөлшері;
4) қылмыстық заңда тыйым салынған іс-әрекетті жасаған адамның оны жасағанға дейінгі, сондай-ақ одан кейінгі мінез-құлқы;
5) осы адамда бұдан бұрын психикасының бұзылуы болған-болмағаны, қылмыстық заңда тыйым салынған іс-әрекетті жасау кезінде немесе істі қарау кезінде психикалық ауыру дәрежесі мен сипаты.
1. Қылмыстық заңда тыйым салынған іс-әрекетті жасаған және психикалық аурулардан зардап шегетін адамдарға бұлтартпау шараларын қолдануға болмайды.
2. Осы адамдарға қажет болған жағдайда мынадай қауіпсіздік шаралары қолданылады:
1) денсаулық сақтау органдарын хабардар ете отырып, ауруды туыстарының, қорғаншыларының, қамқоршыларының қарауына беру;
2) психиатриялық көмек көрсететін арнаулы медициналық ұйымға орналастыру.
512-бап. Туыстарының, қорғаншыларының, қамқоршыларының қарауда ұстауына беру
1. Қылмыстық процесті жүргізетін орган психикалық ауру фактісін анықтаған кезден бастап осы адамға бұрын таңдалған бұлтартпау шарасын қолданудың күшін жояды және оған қауіпсіздік шараларын қолдану туралы қаулы шығарады.
2. Егер ауырған адам өзі және айналасындағылар үшін қауіп төндірмесе, ол денсаулық сақтау органдарын хабардар ете отырып, туыстарының, қорғаншыларының, қамқоршыларының келісімі бойынша олардың қарауда ұстауына берілуі мүмкін.
3. Осы баптың екінші бөлігінде көрсетілген адамдар ауырған адамды қарауда ұстауды жүзеге асырудан бас тартқан кезде не осы Кодекстің 513-бабында көзделген жағдайларда, ауырған адамға қатысты медициналық ұйымға орналастыру түрінде қауіпсіздік шарасы қолданылуы мүмкін.
513-бап. Мамандандырылған медициналық ұйымға орналастыру
1. Істі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын органның адамға қауіпсіздік шараларын қолдану қажеттігіне байланысты адамды медициналық ұйымға орналастыру туралы қаулысын тергеу судьясы қарап, шешім қабылдайды.
Істі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын орган қаулысының көшірмесі бір мезгілде прокурорға жіберіледі.
2. Тергеу судьясы ауру сипатын, адамның өзі немесе айналасындағы адамдар үшін қауіптілігін, сарапшы-психиатрдың ұсынымдарын ескере отырып, шешім қабылдайды және өтінішхатты қанағаттандырған кезде қаулыда өзіне қатысты осы қауіпсіздік шарасы қолданылған адам орналастырылатын, психиатриялық көмек көрсететін медициналық ұйымның түрін, сондай-ақ бұрын қолданылған бұлтартпау шарасының күшін жою туралы көрсетеді.
3. Медициналық ұйымға орналастыру түріндегі қауіпсіздік шарасы бүкіл сотқа дейінгі іс жүргізу барысында, бірақ бір айдан аспай сақталады, содан соң оны қолдану мерзімін тергеу судьясы сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының өтінішхаты бойынша бір айдан аспайтын мерзімге ұзартуы мүмкін не оның күші жойылуы мүмкін. Сот талқылауы барысында осы қауіпсіздік шарасы соттың қылмыстық істі қарау бойынша шығарылған, медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын қолдану туралы қаулысы заңды күшіне енгенге дейін сақталады.
4. Егер сот қылмыстық ісі қаралып жатқан адамға қатысты істі қарау кезінде адамды медициналық ұйымға орналастыру түрінде медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын қолдану туралы қаулы етсе, адам көрсетілген ұйымға түскен бойда қауіпсіздік шарасының күші жойылады. Егер сот тұрғылықты жері бойынша психиатрдың байқауында болу түрінде медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын қолдану туралы не медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын қолданбау туралы қаулы шығарса, ол сонымен бір мезгілде қауіпсіздік шарасының күшін жояды. Медициналық ұйымда жатқан адам осы қауіпсіздік шарасының күші жойылған кезде стационардан дереу шығарылады.
Ескерту. 513-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 21.12.2017 № 118-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).514-бап. Қылмыстық заңда тыйым салынған іс-әрекеттіесі дұрыс емес күйде жасаған немесе қылмыстық құқық бұзушылық жасағаннан кейін психикасының бұзылуымен ауырған адамға қатысты істі бөліп шығару
Егер сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында сыбайлас қатысушылардың бірінің іс-әрекетті есі дұрыс емес күйде жасағаны немесе қылмыстық заңда тыйым салынған іс-әрекетті жасағаннан кейін психикасының бұзылуымен ауырғаны анықталатын болса, оған қатысты іс жеке іс жүргізуге бөліп шығарылуы мүмкін.
515-бап. Өзіне қатысты медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы іс жүргізілетін адамның құқықтары
1. Өзіне қатысты медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы іс жүргізілетін адам, егер сот-психиатриялық сараптама қорытындысы бойынша бұған оның ауруының сипаты мен ауырлық дәрежесі кедергі келтірмейтін болса:
1) өзінің қандай іс-әрекет жасауда айыпталып жатқанын білуге;
2) түсініктемелер беруге;
3) дәлелдемелер ұсынуға;
4) өтінішхаттар мен қарсылық білдірулерді мәлімдеуге;
5) өзінің ана тілінде немесе білетін тілінде түсінісуге;
6) аудармашының тегін көмегін пайдалануға;
7) қорғаушысының болуына және онымен оңаша және құпия кездесуге;
8) өзінің өтінішхаты немесе қорғаушысының өтінішхаты бойынша жүргізілетін тергеу әрекеттеріне тергеушінің рұқсатымен қатысуға;
9) осы әрекеттердің хаттамаларымен танысуға және оларға ескертулер беруге;
10) сараптама тағайындау туралы қаулымен және сарапшының қорытындысымен танысуға;
11) алдын ала тергеу аяқталғаннан кейін істің барлық материалдарымен танысуға және мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, одан кез келген мәліметті кез келген көлемде жазып алуға, құжаттардың көшірмесін түсіріп алуға, оның ішінде ғылыми-техникалық құралдардың көмегімен түсіріп алуға;
12) сотқа дейінгі іс жүргізуді жүзеге асыратын адамның, прокурор мен соттың әрекеттері мен шешімдеріне шағымдар келтіруге;
13) қылмыстық істі тоқтату туралы немесе медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану үшін істі сотқа жіберу туралы қаулының көшірмесін алуға құқылы.
Істі сот талқылауында көрсетілген адамның дәлелдемелерді зерттеуге және сот жарыссөздеріне қатысуға; сот отырысының хаттамасымен танысуға және оған ескертулер беруге; соттың қаулысына шағым жасауға және шағым жасалып отырған шешімдердің көшірмелерін алуға; іс бойынша берілген шағымдар, прокурордың келтірілген өтінішхаттары мен наразылықтар туралы білуге және оларға қарсылықтар беруге; мәлімделген шағымдардың, прокурордың өтінішхаттарының, наразылықтардың сотта қаралуына қатысуға құқығы бар.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген адамға тергеуші оның құқықтарын түсіндіруге және олардың тізбесін жазбаша түрде табыс етуге міндетті. Соттың талқылауында құқықтардың түсіндірілгені туралы сот отырысының хаттамасында белгі жасалады.
Ескерту. 515-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 11.07.2017 № 91-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).516-бап. Заңды өкілдің қатысуы
1. Өзіне қатысты медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы іс жүргізіліп жатқан адамның жақын туысы немесе өзге де адам осы адамның заңды өкілі болып танылады және сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның немесе прокурордың қаулысы бойынша не соттың қаулысы бойынша іске қатысуға тартылады.
2. Өзіне қатысты медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы іс жүргізіліп жатқан адамның заңды өкілінің сотқа қатысуы міндетті болып табылады.
3. Заңды өкілдің:
1) өзі өкілі болып отырған адамның қылмыстық заңда тыйым салынған қандай іс-әрекетті жасауда айыпталып жатқанын білуге;
2) өтінішхаттар мен қарсылық білдірулерді мәлімдеуге;
3) дәлелдемелер ұсынуға;
4) өзінің немесе қорғаушының өтінішхаты бойынша жүргізілетін тергеп-тексеру әрекеттеріне сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның рұқсатымен қатысуға;
5) өзі қатысқан тергеу әрекеттерінің хаттамаларымен танысуға және онда жасалған жазбалардың дұрыстығы мен толықтығы туралы жазбаша ескертулер жасауға;
6) алдын ала тергеу аяқталған соң істің барлық материалдарымен танысуға, мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, одан кез келген мәліметті және кез келген көлемде жазып алуға, құжаттардың көшірмесін түсіріп алуға, оның ішінде ғылыми-техникалық құралдардың көмегімен түсіріп алуға;
7) қылмыстық істі тоқтату немесе медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану үшін істі сотқа жіберу туралы қаулының көшірмесін алуға;
8) сот талқылауына қатысуға;
9) сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның, прокурордың және соттың әрекеттері мен шешімдеріне шағымдар келтіруге;
10) соттың қаулысына шағым жасауға және шағым жасалатын шешімдердің көшірмелерін алуға;
11) іс бойынша берілген шағымдар, прокурордың келтірілген өтінішхаттары мен наразылықтар туралы білуге және оларға қарсылықтар беруге;
12) мәлімделген шағымдарды, прокурордың өтінішхаттарын және наразылықтарды сотта қарауға қатысуға құқығы бар.
4. Заңды өкілге құқықтарының түсіндірілгені туралы хаттама жасалады.
Ескерту. 516-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 11.07.2017 № 91-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).1. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы іс бойынша іс жүргізуге қорғаушының қатысуы, егер қорғаушы бұдан бұрын іске өзге негіздер бойынша араласпаған болса, өзіне қатысты іс жүргізіліп отырған адамның есінің дұрыс еместігі немесе психикасының бұзылуы фактісі анықталған кезден бастап міндетті болып табылады.
2. Iске араласқан кезден бастап қорғаушының, егер бұған қорғалушының денсаулық жағдайы кедергі келтірмейтін болса, қорғауындағы адаммен оңаша кездесуге құқығы бар, сондай-ақ осы Кодекстің 66-бабында көзделген басқа да барлық құқықтарды пайдаланады.
518-бап. Алдын ала тергеудің аяқталуы
1. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам алдын ала тергеу аяқталғаннан кейін:
1) осы Кодекстің 35-бабында және 288-бабының бесінші бөлігінде көзделген жағдайларда, сондай-ақ психикасының дертті бұзылуы өзіне немесе басқа адамдарға қауіп төндірумен не өзге елеулі зиян келтіру мүмкіндігімен байланысты болмағанда – іс жүргізудегі істі тоқтату туралы;
2) медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану үшін істі сотқа жіберу туралы қаулы шығарады.
2. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам істі тоқтату туралы немесе істі сотқа жіберу туралы, егер өзіне қатысты алдын ала тергеу жүргізілген адам өзінің психикалық жай-күйі бойынша тергеу әрекеттеріне қатысуға қабілетті болса, осы адамға, оның заңды өкіліне және қорғаушысына, сондай-ақ жәбірленушіге хабарлайды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам процестің аталған қатысушыларына олардың іс материалдарымен танысу құқығын түсіндіреді және бұл құқығын олардың қайда және қашан пайдалана алатынын хабарлайды. Iспен танысудың, тергеп-тексеруді толықтыру туралы арыздар мен оларды шешудің тәртібі осы Кодекстің 295 – 297-баптарында айқындалады.
3. Iсті тоқтату туралы қаулы осы Кодекстің 288-бабының қағидалары бойынша шығарылады. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану үшін істі сотқа жіберу туралы қаулыда осы Кодекстің 510-бабындакөрсетілген және іс бойынша белгіленген мән-жайлар; медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану үшін негіздер; егер медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану үшін негіздерге дау айтылған болса, оларды айтатын қорғаушы мен басқа адамдардың дәлелдері жазылуға тиіс.
4. Істі сотқа жіберу туралы қаулыға қосымша осы Кодекстің 299-бабы үшінші бөлігінің қағидалары бойынша жасалады.
Ескерту. 4-бөлікке өзгеріс енгізілді – ҚР 27.12.2021 № 88-VII Заңымен (мынадай:ішкі істер органдарының, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің және экономикалық тергеу қызметінің тергеушілері тергеп-тексеретін, оның ішінде басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істермен біріктірілген аса ауыр қылмыстар туралы істерге қатысты 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап;
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 3-бабының 29) тармағында көзделген, оның ішінде басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істермен біріктірілген сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы істерге қатысты 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін;
алдын ала тергеу нысанында аяқталған өзге де қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істерге қатысты 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есепті жасауы, прокурордың айыптау актісін жасауы және прокурор айыптау актісін жасаған кезден бастап адамды айыпталушы деп тану бөлігінде).
5. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам істі сотқа жіберу туралы қаулымен бірге прокурорға береді, ол істі зерделеп, мына шешімдердің бірін қабылдайды:
1) медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану үшін істі сотқа жібереді;
2) істі қосымша тергеп-тексеру жүргізу үшін қайтарады;
3) осы баптың бірінші бөлігінің 1) тармағында көзделген жағдайларда істі тоқтатады.
6. Істі тоқтату туралы не істі медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану үшін сотқа жіберу туралы қаулының көшірмесі процеске қатысушыларға жіберіледі және өзіне қатысты іс бойынша іс жүргізу жүзеге асырылып жатқан адамға және оның заңды өкіліне табыс етіледі.
Ескерту. 518-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 27.12.2021 № 88-VII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.1. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы істерді аудандық немесе оған теңестірілген соттың судьясы қарайды. Осы Кодексте көзделген жағдайларда, есі дұрыс емес адамдарға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы мәселені апелляциялық сатыдағы сот бірінші сатыдағы соттың үкіміне, қаулысына берілген немесе келтірілген апелляциялық шағымдар немесе прокурордың өтінішхаты бойынша қылмыстық істі қараған кезде қарауы мүмкін.
2. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы іс сотқа келіп түскеннен кейін судья оны осы Кодексте көзделген қағидалар бойынша сот отырысында қарауға тағайындайды.
3. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы істерді қарау кезінде соттың құрамы осы Кодекстің 52-бабына сәйкес айқындалады.
Ескерту. 519-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 11.07.2017 № 91-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).520-бап. Iс бойынша шешім қабылдау кезінде сот шешетін мәселелер
1. Iсті сотта талқылау процесінде мынадай мәселелер:
1) қылмыстық заңда көзделген іс-әрекеттің орын алғаны-алмағаны;
2) ісі қаралып отырған адамның іс-әрекетті жасағаны-жасамағаны;
3) ісі қаралып отырған адамның іс-әрекетті есі дұрыс емес күйде жасағаны-жасамағаны;
4) осы адамның қылмыстық заңда тыйым салынған іс-әрекетті жасағаннан кейін жаза тағайындау немесе оны орындау мүмкін болмайтындай психикасының бұзылуымен ауырғаны-ауырмағаны;
5) адамның психикасының дертті бұзылуы оның өзі немесе басқа адамдар үшін қауіп не оның өзге де елеулі зиян келтіру мүмкіндігін туғызатыны-туғызбайтыны;
6) медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасы және оның нақты қайсысы қолданылатыны зерттелуге және шешілуге тиіс.
2. Сот осы Кодекстің 390-бабы бірінші бөлігінің 10), 11) және 12) тармақтарында көрсетілген мәселелерді де шешеді.
1. Сот қылмыстық заңда тыйым салынған іс-әрекетті осы адамның есі дұрыс емес күйде жасағаны немесе осы адамның қылмыстық заңда тыйым салынған іс-әрекетті жасағаннан кейін жазаны тағайындау немесе оны орындау мүмкін болмайтын психикасының бұзылуымен ауырғаны дәлелденді деп танып, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 16 және 75-баптарына сәйкес осы адамды тиісінше қылмыстық жауаптылықтан немесе жазадан босату туралы және оған медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын және оның нақты қайсысын қолдану туралы қаулы шығарады.
2. Егер осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген адам өзінің психикалық жай-күйі бойынша қауіп төндірмейтін болса, сот істі тоқтату туралы және медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолданбау туралы қаулы шығарады.
3. Сот осы адамның іс-әрекетті жасауға қатысқаны дәлелденген жоқ деп таныған, сол сияқты осы Кодекстің 35-бабы бірінші бөлігінің 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9), 10), 11) және 12) тармақтарында, 36-бабының бірінші бөлігінде көзделген мән-жайлар белгіленген кезде, сот өзі белгілеген негіз бойынша адамда аурудың болуына және оның сипатына қарамастан істі тоқтату туралы қаулы шығарады.
4. Осы баптың екінші және үшінші бөліктерінде көрсетілген негіздер бойынша іс тоқтатылған кезде, сот қаулысының көшірмесі психиатриялық көмекке мұқтаж адамдарды емдеу немесе психоневрологиялық мекемеге жіберу туралы мәселені шешу үшін бес тәулік ішінде денсаулық сақтау органдарына жіберіледі.
5. Сот өзі туралы іс қаралып жатқан адамның психикасының бұзылуы белгіленбеген немесе қылмыстық заңда тыйым салынған іс-әрекетті жасаған адамның ауруы оған жазалау шараларын қолдануды жоққа шығармайды деп тани отырып, өзінің қаулысымен істі жалпы тәртіппен тергеп-тексеруді ұйымдастыру үшін прокурорға жібереді.
6. Соттың қаулысында осы Кодекстің 401-бабында көрсетілген мәселелер шешіледі.
522-бап. Соттың қаулысына шағым жасау және наразылық білдіру
1. Қорғаушы, жәбірленуші және оның өкілі, өзі туралы іс қаралып жатқан адамның заңды өкілі немесе жақын туысы аудандық және оған теңестірілген соттың қаулысына – осы Кодекстің 48-тарауында көзделген қағидалар бойынша апелляциялық тәртіппен, ал осы Кодекстің 439-бабының екінші бөлігінде көзделген жағдайда шығарылған апелляциялық сатыдағы соттың қаулысына – кассациялық сатыға шағым жасауы, сондай-ақ прокурор наразылық білдіруі мүмкін. Осы Кодекстің 515-бабына сәйкес өзіне қатысты медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасы қолданылған адам істі сотта талқылауға қатысқан жағдайда, егер сот-психиатриялық сараптаманың қорытындысы бойынша оның ауруының сипаты мен ауырлық дәрежесі бұған кедергі келтірмесе, соттың қаулысына шағым жасауға құқылы.
2. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын қолдану туралы қаулы осы Кодекстің 51-тарауында көзделген тәртіппен орындауға енгізіледі.
523-бап. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдануды тоқтату, өзгерту және ұзарту
1. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын қолдануды тоқтату, өзгерту немесе ұзарту туралы мәселелерді медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын қолдану туралы қаулы шығарған сот Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 96-бабында көзделген тәртіппен қарайды, ал егер мәжбүрлеу шараларын қолдану осы соттың қызмет аумағынан тыс жерде жүзеге асырылса, оларды осы шараны қолдану орны бойынша тиісті сот қарайды.
2. Iсті тыңдауды тағайындау туралы сот медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасы қолданылған адамның заңды өкіліне, мәжбүрлеп емдеуді жүзеге асыратын мекеменің әкімшілігіне, қорғаушы мен прокурорға хабарлайды. Сот отырысына қорғаушы мен прокурордың қатысуы міндетті, басқа адамдардың келмеуі істі қарауға кедергі болмайды.
3. Сот отырысында мәжбүрлеп емдеуді жүзеге асыратын мекеменің ұсынуы (қорытындысы), психиатр дәрігерлер комиссиясының қорытындысы зерттеледі, отырысқа қатысып отырған адамдардың пікірі тыңдалады. Егер психиатр дәрігерлер комиссиясының қорытындысы күмән туғызатын болса, сот отырысқа қатысып отырған адамдардың өтінішхаты бойынша немесе өз бастамасы бойынша сот-психиатриялық сараптама тағайындауы, қосымша құжаттарды талап етіп алдыруы, сондай-ақ егер бұл өзіне қатысты медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын қолдануды тоқтату, өзгерту немесе ұзарту туралы мәселе шешіліп отырған адамның психикасының жай-күйі бойынша мүмкін болса, одан жауап алуы мүмкін.
4. Сот адамның психикалық жай-күйі бұдан бұрын тағайындалған шараны қолдану қажеттігі жойылатын не медициналық сипаттағы өзге шараны тағайындау қажеттігі туындайтын жағдайда болғанда, медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын тоқтатады немесе өзгертеді. Сот медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын тоқтату немесе өзгерту үшін негіздер болмаған кезде мәжбүрлеп емдеуді ұзартады.
5. Сот кеңесу бөлмесінде медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын қолдануды тоқтату, өзгерту немесе ұзарту, сол сияқты оны тоқтатудан, өзгертуден немесе ұзартудан бас тарту туралы қаулы шығарады және оны сот отырысында жария етеді. Соттың қаулысы процеске қатысушылардың шағымдары бойынша не прокурордың өтінішхаты бойынша апелляциялық тәртіппен қайта қаралуы мүмкін.
Ескерту. 523-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 11.07.2017 № 91-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).524-бап. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасы қолданылған адамға қатысты қылмыстық істі қайта бастау
1. Егер қылмыстық заңда тыйым салынған іс-әрекетті жасағаннан кейін психикасы бұзылып ауруының салдарынан медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасы қолданылған адамды психиатр дәрігерлер комиссиясы сауыққан деп таныса, онда сот мәжбүрлеп емдеуді жүзеге асыратын медициналық ұйым қорытындысының негізінде осы Кодекстің 476-бабының 14) тармағына сәйкес медициналық сипаттағы мәжбүрлеп емдеу шарасын қолдануды тоқтату туралы қаулы шығарады және адамды жалпы тәртіппен қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы мәселені шешу үшін істі прокурорға жібереді. Егер медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасының күші жазаны толық өтемеген сотталған адамның сауығуына байланысты жойылған болса, сот бұл кезде айыптау үкімін орындаудың ескіру мерзімі өтіп кетпесе, осы адамның жазаның қалған бөлігін өтеуін қайта бастау үшін қаулының көшірмесін жазаны орындайтын мекемеге немесе органға жібереді.
2. Медициналық ұйымда өткізілген уақыт жазаны өтеу мерзіміне есептеледі.
55-тарау. ҚЫЛМЫСТЫҚ ТЕРІС ҚЫЛЫҚТАР ТУРАЛЫ ІСТЕР БОЙЫНША
ІС ЖҮРГІЗУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
525-бап. Қылмыстық теріс қылықтар туралы істер бойынша іс жүргізу тәртібі
Ескерту. 525-бап алып тасталды - ҚР 21.12.2017 № 118-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
526-бап. Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің хаттамалық нысаны
1. Анықтау органы жауаптылыққа тартудың ескіру мерзімі шегінде осы Кодекстің 64-бабы бірінші бөлігінің 4) тармағында көзделген тәртіппен адамнан күдікті ретінде жауап алынған кезден бастап он тәулік ішінде қылмыстық теріс қылық туралы хаттама жасайды.
2. Алып тасталды - ҚР 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.3. Алып тасталды - ҚР 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
4. Арасында қылмыстардан басқа, қылмыстық теріс қылық не қылмыстық теріс қылықтар бар бірнеше қылмыстық құқық бұзушылыққа қатысты қылмыстық іс бойынша іс жүргізу анықтау не алдын ала тергеу нысанында жүзеге асырылады.
Ескерту. 526-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.527-бап. Хаттама жасау тәртібі
1. Жасалған қылмыстық теріс қылықтың күдіктіге қатысты мән-жайлары туралы хаттама жасалады, онда: хаттаманың жасалған уақыты мен орны, хаттаманы кімнің жасағаны, күдіктінің жеке басы туралы деректер, қылмыстық теріс қылық жасалған орын мен уақыт, оқиға, оның тәсілдері, себептері, салдары және басқа да елеулі мән-жайлар, қылмыстық теріс қылықтың болғанын және құқық бұзушының кінәсін растайтын нақты деректер, Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлігінде көзделген қылмыстық теріс қылық құрамының белгілері, жәбірленуші туралы деректер, оған келтірілген залалдың сипаты мен мөлшері көрсетіледі.
1-1. Хаттамада сондай-ақ:
1) егер бар болса, куәлар мен жәбірленушілердің тегі, аты, әкесінің аты (олар болған кезде), мекенжайлары;
2) қылмыстық құқық бұзушылық іздерін тіркеу кезінде пайдаланылған болса не оларда іздер тіркелсе, ғылыми-техникалық құралдар мен электрондық жеткізгіштер көрсетіледі.
1-2. Қылмыстық теріс қылық туралы хаттамада сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асырған адамның сот ісін жүргізу тілін айқындау, қылмыстық сот ісін жүргізу форматын таңдау, қорғаушыны, аудармашыны тарту туралы, оның ішінде олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіру, нәрселерді, құжаттарды және өзге де мүлікті заттай дәлелдемелер ретінде тану және оларды іске қоса тіркеу, процестік шығындарды анықтау, азаматтық талапкер деп тану туралы шешімдері, сондай-ақ қорғаушы қызметінен бас тарту туралы арыз көрсетілуі мүмкін.
Қылмыстық теріс қылық туралы хаттамаға қылмыстық құқық бұзушылық жасау фактісін растайтын құжаттар да қоса тіркеледі.
2. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам өздерінің нәтижелері қылмыстық құқық бұзушылықтың іздерін және күдікті, айыпталушы кінәсінің өзге де дәлелдемелерін тіркейтін тергеу әрекеттері мен өзге де процестік әрекеттерді ғана жүргізуге құқылы.
Егер күдікті мен оның қорғаушысы, жәбірленуші істің анықталған мән-жайларына дау айтпаса, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам жиналған дәлелдемелермен шектелуге құқылы.
Қылмыстық теріс қылық туралы іс бойынша осы Кодекстің 189-бабында көзделген тәртіппен анықтау не алдын ала тергеу тағайындалған кезде, сотқа дейінгі тергеп-тексеру қылмыстық теріс қылық туралы хаттама жасаумен аяқталады.
Саралаудың қылмыстан қылмыстық теріс қылыққа өзгертілуі кезінде сотқа дейінгі тергеп-тексеру қылмыстық теріс қылық туралы хаттама жасаумен аяқталады.
3. Күдіктіден, айыпталушыдан, сотталушыдан анықтау органдары мен соттың шақыруы бойынша келу және өзінің тұрғылықты жерін ауыстырғаны туралы хабарлау міндеттемесі алынуы мүмкін.
Ескерту. 527-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 03.07.2017 № 84-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.12.2017 № 118-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 27.12.2021 № 88-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.528-бап. Хаттаманы сотқа жіберу тәртібі
1. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам хаттама мен оған қоса берілген материалдарды танысу үшін күдіктіге ұсынады, бұл туралы хаттамада күдіктінің және қорғаушының (ол қатысқан кезде) қойған қолымен куәландырылатын тиісті белгі жасалады. Күдікті хаттамамен және іс материалдарымен танысқаннан кейін қылмыстық іс анықтау органының бастығына жіберіледі.
2. Анықтау органының бастығы хаттама мен оған қоса берілген материалдарды зерделеп шығып, мынадай әрекеттердің бірін жасайды:
1) қылмыстық теріс қылық туралы хаттаманы келіседі және қылмыстық істі прокурорға жібереді;
2) хаттаманы келісуден бас тартады және қылмыстық істі анықтау жүргізу үшін қайтарады.
Күдікті осы Кодекстің 128-бабына сәйкес ұстап алынған жағдайда қылмыстық теріс қылық туралы іс ұстап алу мерзімі аяқталардан кемінде жиырма төрт сағат бұрын прокурорға жіберіледі.
3. Прокурор қылмыстық істі зерделеп шығып, бір тәуліктен кешіктірмей, ал күдікті осы Кодекстің 128-бабына сәйкес ұсталған істер бойынша дереу мынадай әрекеттердің бірін жасайды:
1) қылмыстық теріс қылық туралы хаттаманы бекітеді, өз қарарымен айыпталушыны сотқа береді және қылмыстық істі сотқа жібереді;
2) хаттаманы бекітуден бас тартады және осы Кодекстің 35 және 36-баптарында көзделген негіздер бойынша қылмыстық істі не қылмыстық қудалауды толық көлемде немесе бір бөлігінде тоқтатады және оны анықтау не алдын ала тергеу жүргізу үшін қайтарады.
Күдікті осы Кодекстің 128-бабына сәйкес ұсталған жағдайда қылмыстық теріс қылық туралы іс ұстау мерзімі аяқталардан кемінде он екі сағат бұрын сотқа жіберіледі.
Ескерту. 528-бап жаңа редакцияда - ҚР 21.12.2017 № 118-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 19.12.2020 № 384-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.07.2025 № 210-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.529-бап. Қылмыстық теріс қылықтар туралы істі сотта қараудың тәртібі мен мерзімдері
1. Іс сотқа келіп түскеннен кейін судья істі іс жүргізуге қабылдап және қылмыстық теріс қылық туралы істі қарауға кірісе отырып:
1) істі кімнің қарайтынын, қай істің қаралуға жататынын, кімнің және Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің қай бабының негізінде жауаптылыққа тартылатынын жариялайды;
2) сотталушының, сондай-ақ істі қарауға қатысатын өзге де адамдардың келгеніне көз жеткізеді;
3) іс бойынша іс жүргізуге қатысушылардың жеке басын анықтайды және заңды өкілдері болған кезде – олардың, қорғаушының өкілеттігін тексереді;
4) іс бойынша іс жүргізуге қатысатындардың келмеу себептерін анықтайды және істі көрсетілген адамдардың қатысуынсыз қарау туралы не істі қарауды кейінге қалдыру туралы шешім қабылдайды;
5) қажет болған жағдайларда істі қарау кезінде қатысуы міндетті болып табылатын адамды күштеп әкелу туралы қаулы шығарады, аудармашы тағайындайды;
6) істі қарауға қатысатын адамдарға олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді;
7) мәлімделген қарсылық білдірулер мен өтінішхаттарды шешеді;
8) қылмыстық теріс қылық туралы хаттаманы, ал қажет кезде істің өзге де материалдарын жария етеді;
9) мыналарға: егер судьяға қарсылық білдіру істің мәні бойынша қаралуына кедергі келтіретін болса, оның өздігінен бас тартуы немесе оған қарсылық білдіру туралы мәлімдеуге; егер қорғаушыға, уәкілетті өкілге, сарапшыға немесе аудармашыға қарсылық білдіру істің мәні бойынша қаралуына кедергі келтіретін болса, көрсетілген қарсылық білдіруге; істі қарауға қатысатын адамдардың келуі немесе іс бойынша қосымша материалдар талап етіп алдыру қажеттігіне байланысты істі қарауды кейінге қалдыру туралы қаулы шығарады. Қажет болған жағдайда, судья сараптама тағайындау туралы қаулы шығарады.
2. Судья қылмыстық теріс қылық туралы істі қарауға кірісе отырып, сотталушыны, іс бойынша іс жүргізуге қатысатын басқа да адамдарды, маманның түсінігін және сарапшының қорытындысын тыңдайды, өзге дәлелдемелерді зерттейді. Қажет болған жағдайларда, осы Кодексте көзделген басқа да процестік әрекеттерді жүзеге асырады.
3. Қылмыстық теріс қылықтар туралы істер сотқа келіп түскен кезден бастап он бес тәулік ішінде сотта қаралуға жатады.
Процеске қатысушылардың өтінішхаттары келіп түскен не істің мән-жайын қосымша анықтау қажет болған жағдайда, қарау мерзімі ұзартылуы, бірақ бір айдан аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін.
4. Жазалау ретінде Қазақстан Республикасынан тысқары шығарып жіберу көзделген, сондай-ақ ол бойынша күдікті осы Кодекстің 128-бабының тәртібімен ұстап алынған қылмыстық теріс қылықтар туралы істер сотқа келіп түскен күні қаралады.
5. Сот қылмыстық теріс қылықтар туралы істерді қараған кезде прокурордың қатысуы міндетті.
6. Судья қылмыстық теріс қылық туралы істі қарап шығып:
1) осы Кодекстің 46-тарауында көзделген тәртіппен айыптау немесе ақтау үкімін шығарады;
2) осы Кодекстің 35 және 36-баптарында көзделген мән-жайлар болған кезде істі тоқтатады;
3) қылмыс белгілері анықталған кезде істі сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізу туралы мәселені шешу үшін тиісті прокурорға жібереді.
7. Соттың қылмыстық теріс қылық туралы іс бойынша шығарған үкімі өзінің нысаны мен мазмұны бойынша осы Кодекстің 388 және 389-баптарының талаптарына сәйкес келуге тиіс.
8. Қылмыстық теріс қылық туралы іс бойынша шешім істі қарау аяқталғаннан кейін дереу жарияланады. Іс бойынша шешімнің көшірмесі сотталушыға, жәбірленушіге және прокурорға дереу табыс етіледі. Көрсетілген адамдар болмағанда, шешімнің көшірмесі оларға үш тәулік ішінде жіберіледі.
9. Қылмыстық теріс қылық туралы іс бойынша сот шешіміне осы Кодексте көзделген тәртіппен және мерзімдерде жалпы негіздерде шағым жасауға, оны прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қарауға және наразылық білдіруге болады.
Ескерту. 529-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 31.10.2015 № 378-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 11.07.2017 № 91-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.56-тарау. КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАРЫ ТУРАЛЫ ІСТЕР БОЙЫНША ІС ЖҮРГІЗУ
530-бап. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық құқық бұзушылықтары туралы істер бойынша іс жүргізу тәртібі
1. Осы тараудың ережелері қылмыстық құқық бұзушылық жасалған кезде кәмелеттік жасқа, яғни он сегіз жасқа толмаған адамдардың істері бойынша қолданылады.
2. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық құқық бұзушылықтары туралы істер бойынша іс жүргізу тәртібі осы Кодексте белгіленген жалпы қағидалармен, сондай-ақ осы тараудың баптарымен айқындалады.
3. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық құқық бұзушылықтары туралы істер бойынша іс жүргізу тәртібі:
1) осы адамның бірнеше қылмыстық құқық бұзушылықтары туралы істер бір іс жүргізуге біріктіріліп, олардың бір бөлігі он сегіз жасқа толғаннан кейін жасалған болса;
2) күдікті, айыпталушы, сотталушы, сотталған адам сот ісін жүргізу кезінде кәмелетке толған жағдайларда қолданылмайды.
531-бап. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық құқық бұзушылықтары туралы істер бойынша анықталуға жататын мән-жайлар
Кәмелетке толмағандардың істері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру және сот талқылауын жүргізу кезінде, осы Кодекстің 113-бабында көзделген, дәлелденуге жататын мән-жайлардан басқа:
1) кәмелетке толмаған адамның жасы (туған күні, айы, жылы);
2) кәмелетке толмаған адамның өмір сүру және тәрбиелену жағдайлары;
3) зияткерлік, ерік-жігерінің және психикалық даму дәрежесі, мінезі мен темпераментінің ерекшеліктері, қажеттіліктері мен мүдделері;
4) кәмелетке толмаған адамға ересек адамдар мен басқа да кәмелетке толмағандардың ықпалы анықталуға жатады.
532-бап. Кәмелетке толмағандардың істері бойынша жариялылықты шектеу
Кәмелетке толмаған күдіктінің, айыпталушының, сотталушының құпиялыққа құқығы қылмыстық сот ісін жүргізудің барлық кезеңдерінде сақталуға тиіс.
533-бап. Кәмелетке толмаған адам туралы істі жеке іс жүргізуге бөліп шығару
1. Ересектермен бірге қылмыстық құқық бұзушылық жасауға қатысқан кәмелетке толмаған адамға қатысты іс сотқа дейінгі тергеп-тексеру сатысында осы Кодекстің 44-бабы бірінші бөлігінің 2) тармағына сәйкес жеке іс жүргізуге бөліп шығарылады.
2. Кәмелетке толмаған адамға қатысты жеке іс жүргізуді бөліп шығару істің мән-жайларын жан-жақты, толық және объективті зерттеуге айтарлықтай кедергі жасауы мүмкін болатын жағдайларда, бір іс бойынша ересектермен бірге жауапқа тартылған кәмелетке толмаған күдіктіге, айыпталушыға осы тараудың қағидалары қолданылады.
534-бап. Кәмелетке толмаған күдіктіні, айыпталушыны, сотталушыны шақыру тәртібі
1. Кәмелетке толмаған күдікті, айыпталушы, сотталушы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамға немесе сотқа – өзінің ата-анасы немесе басқа заңды да өкілдері арқылы, олар болмаған кезде қорғаншы және қамқоршы органдар арқылы шақырылады.
2. Бала құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды заңға сәйкес жүзеге асыратын ұйымда не күзетпен ұсталатын кәмелетке толмаған адам өзі ұсталатын орынның әкімшілігі арқылы шақырылады.
535-бап. Кәмелетке толмаған күдіктіден, айыпталушыдан, сотталушыдан жауап алу
1. Кәмелетке толмаған күдіктіден, айыпталушыдан, сотталушыдан жауап алу осы Кодекстің 216 және 367-баптарында көзделген тәртіппен, қорғаушының, заңды өкілдің, ал қажет болған кезде психологтің және педагогтің қатысуымен жүргізіледі. Қорғаушы жауап алынушыға сұрақтар қоюға, ал жауап алу аяқталғаннан кейін хаттамамен танысуға және айғақтар жазбасының дұрыстығы мен толықтығы туралы ескертулер жасауға құқылы.
2. Кәмелетке толмаған күдіктіден, айыпталушыдан, сотталушыдан жауап алу тәуліктің күндізгі уақытында жүргізіледі және ол үзіліссіз екі сағаттан артық, ал жалпы алғанда күніне төрт сағаттан артыққа созылуға тиіс емес. Кәмелетке толмаған адам анық шаршаған жағдайда, жауап алу осы уақыт аяқталмастан тоқтатылуға тиіс.
1. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық құқық бұзушылықтары туралы істер бойынша осы Кодекстің 67-бабы бірінші бөлігінің 2) тармағына сәйкес қорғаушының қатысуы міндетті.
2. Кәмелетке толмағандардың қылмыстары туралы істер бойынша қорғаушы кәмелетке толмағаннан – күдікті ретінде алғашқы жауап алынған кезден бастап, ал ұстап алынған жағдайда – ұстап алынған кезден бастап жіберіледі.
3. Егер кәмелетке толмаған күдікті, айыпталушы не оның заңды өкілдері адвокатпен келісім жасаспаса, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам, прокурор, сот іс бойынша қорғаушының қатысуын қамтамасыз етуге тиіс.
537-бап. Кәмелетке толмаған күдіктінің, айыпталушының заңды өкілінің сотқа дейінгі іс жүргізуге қатысуы
1. Кәмелетке толмаған күдіктінің, айыпталушының ата-анасы немесе басқа да заңды өкілдері болған кезде олардың іске қатысуы міндетті. Кәмелетке толмаған адамның ата-анасының біреуі де, сондай-ақ екеуі де заңды өкіл бола алады. Іске қорғаушы ретінде қатысып отырған ата-ана, басқа да жақын туыстар сонымен бір мезгілде кәмелетке толмаған адамның заңды өкілдері ретінде қатыса алмайды. Олар болмаған кезде қорғаншылық және қамқоршылық органы өкілінің қатысуы міндетті.
2. Заңды өкіл, ал ол болмаған кезде қорғаншылық және қамқоршылық органның өкілі кәмелетке толмағаннан күдікті ретінде алғашқы жауап алынған кезден бастап тергеушінің қаулысымен іске қатысуға жіберіледі. Заңды өкіл, ал ол болмаған кезде – қорғаншылық және қамқоршылық органның өкілі іске қатысуға жіберілген кезде, оларға осы баптың үшінші бөлігінде көрсетілген құқықтар түсіндіріледі.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!3-бөлікке өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 01.07.2026 № 331-VIII (01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
3. Заңды өкілдің: кәмелетке толмағанға не жөнінде күдік келтіріліп отырғанын білуге; күдікті деп тану, күдіктінің іс-әрекетін саралау туралы қаулылармен, прокурор жасаған айыптау актісімен таныстыру кезінде қатысуға, кәмелетке толмаған адамнан жауап алуға, сондай-ақ кәмелетке толмаған күдіктінің және оның қорғаушысының қатысуымен жүргізілетін өзге де тергеу әрекеттеріне сотқа дейінгі іс жүргізуді жүзеге асыратын адамның рұқсатымен қатысуға; өзі қатысқан тергеу әрекеттерінің хаттамаларымен танысуға және ондағы жазбалардың дұрыстығы мен толықтығы туралы жазбаша ескерту жасауға; өтінішхаттар мен қарсылық білдірулер мәлімдеуге, тергеушінің және прокурордың әрекеттері мен шешімдеріне шағым келтіруге; дәлелдемелер ұсынуға; тергеп-тексеру аяқталғаннан кейін істің барлық материалдарымен танысуға, мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, олардан кез келген мәліметті және кез келген көлемде жазып алуға, құжаттардан көшірмелер түсіріп алуға, оның ішінде ғылыми-техникалық құралдардың көмегімен түсіріп алуға құқығы бар.
Ескерту. 3-бөлікке өзгеріс енгізілді – ҚР 27.12.2021 № 88-VII Заңымен (мынадай:ішкі істер органдарының, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің және экономикалық тергеу қызметінің тергеушілері тергеп-тексеретін, оның ішінде басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істермен біріктірілген аса ауыр қылмыстар туралы істерге қатысты 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап;
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 3-бабының 29) тармағында көзделген, оның ішінде басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істермен біріктірілген сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы істерге қатысты 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін;
алдын ала тергеу нысанында аяқталған өзге де қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істерге қатысты 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есепті жасауы, прокурордың айыптау актісін жасауы және прокурор айыптау актісін жасаған кезден бастап адамды айыпталушы деп тану бөлігінде).
4. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам сотқа дейінгі іс жүргізу аяқталғаннан кейін кәмелетке толмаған адамға кері әсер етуі мүмкін материалдарды танысу үшін оған көрсетпеу туралы қаулы шығаруға, ал бұл материалдармен заңды өкілді және қорғаушыны таныстыруға құқылы.
5. Егер заңды өкілдің әрекеттері кәмелетке толмаған адамның мүдделеріне нұқсан келтіреді немесе істі объективті түрде тергеп-тексеруге кедергі келтіруге бағытталған деп санауға негіз болса, не заңды өкілдің өтінішхаты бойынша заңды өкіл іске қатысудан шеттетілуі мүмкін. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам бұл туралы уәжді қаулы шығарады. Iске қатысуға кәмелетке толмаған адамның басқа заңды өкілі жіберілуі мүмкін.
Ескерту. 537-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 27.12.2021 № 88-VII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.538-бап. Педагог пен психологтің қатысуы
1. Он алты жасқа толмаған, сондай-ақ осы жасқа толған, бірақ психикалық дамуында артта қалу белгілері бар кәмелетке толмаған күдіктінің, айыпталушының, сотталушының қатысуымен процестік әрекеттер жүргізілген кезде педагогтің немесе психологтің қатысуы міндетті.
2. Он алты жасқа толған кәмелетке толмағандар туралы істер бойынша педагог немесе психолог тергеушінің немесе соттың қалауы бойынша не қорғаушының, заңды өкілдің өтінішхаты бойынша іске қатысуға жіберіледі.
3. Педагог, психолог тергеушінің немесе соттың рұқсатымен кәмелетке толмаған күдіктіге, айыпталушыға, сотталушыға сұрақтар қоюға, ал процестік әрекет аяқталғаннан кейін – тергеу әрекетінің хаттамасымен (өздерінің сот талқылауына қатысуын көрсететін бөлігінде сот отырысының хаттамасымен) танысуға және онда жасалған жазбалардың дұрыстығы мен толықтығы туралы жазбаша ескерту жасауға құқылы, тергеушінің, соттың қалауы бойынша кәмелетке толмаған адамның жеке басын сипаттайтын іс материалдарымен танысуға құқығы бар. Бұл құқықтарды тергеуші, прокурор немесе сот процестік әрекет басталар алдында педагогке, психологке түсіндіреді, ол туралы тергеу әрекетінің хаттамасында, сот отырысының хаттамасында белгі жасалады.
539-бап. Кәмелетке толмаған адамға кешендіпсихологиялық-психиатриялық және психологиялық сараптама жасау
1. Кәмелетке толмағандардың қылмыстары туралы істер бойынша күдіктінің, айыпталушының өз әрекеттеріне есеп беру және іс бойынша анықталған жағдайларда өз әрекеттерін игеру қабілетін, оның есінің дұрыстығын, онда есі дұрыстығын жоққа шығармайтын психикасының бұзылуы бар (жоқ) екенін айқындау үшін психологиялық-психиатриялық сараптама жүргізу міндетті.
2. Кәмелетке толмаған күдіктінің, айыпталушының зияткерлік, ерік-жігерлік, психикалық дамуының деңгейін, жеке басының өзге де психологиялық қырларын анықтау үшін психологиялық сараптама тағайындалуы мүмкін.
540-бап. Кәмелетке толмаған адамды бала құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды заңға сәйкес жүзеге асыратын ұйымға орналастыру немесе патронатқа беру
Кәмелетке толмаған күдікті өмір сүру және тәрбиелену жағдайлары бойынша бұрынғы тұрғылықты жерінде қалдырыла алмайтын жағдайларда, ол қылмыстық процесті жүргізетін органның қаулысы бойынша, қорғаншылық және қамқоршылық органдарының қатысуымен қылмыстық процесс бойынша іс жүргізу кезеңінде тұру үшін бала құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды заңға сәйкес жүзеге асыратын ұйымға орналастырылуы немесе патронатқа берілуі мүмкін.
541-бап. Кәмелетке толмағандарды ұстап алу және оларға бұлтартпау шараларын қолдану
1. Кәмелетке толмаған адам осы Кодексте көзделген тәртіппен ұстап алынуы және оған бұлтартпау шарасы қолданылуы мүмкін. Қылмыстық теріс қылық, онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыс жасауда күдік келтірілетін, айыпталатын кәмелетке толмағандарға күзетпен ұстау түрінде бұлтартпау шарасы қолданылмайды.
2. Ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасады деп күдік келтірілген, айыпталған кәмелетке толмаған адамға қатысты бұлтартпау шарасының түрін таңдаған кезде осы Кодекстің 138-бабында көрсетілген мән-жайлардан бөлек кәмелетке толмаған адамның өмір сүру және тәрбиелену жағдайларын, оның жасы мен зияткерлік, ерік-жігерлік және психикалық даму дәрежесін, мінезі мен темпераментінің ерекшеліктерін, қажеттіліктері мен қызығушылығын, кәмелетке толмаған адамға ересек адамдар мен басқа кәмелетке толмағандардың ықпалын, кәмелетке толмаған адамда оның есі дұрыстығын жоққа шығармайтын психикасының бұзылуының бар-жоғын және кәмелетке толмаған адамның жеке басын объективті түрде сипаттайтын басқа да мән-жайларды ескеру қажет.
3. Кәмелетке толмаған адамға істе бар мән-жайлар бойынша басқа бұлтарпау шаралары қолданыла алмайтын жағдайларда, күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылады.
4. Өздеріне күзетпен ұстау түрінде бұлтартпау шарасы қолданылған кәмелетке толмағандар ересектерден бөлек ұсталады. Сотқа дейінгі іс жүргізу барысында кәмелетке толмағандарды күзетпен ұстау мерзімі осы Кодексте көзделген тәртіппен алты айдан асатын мерзімге ұзартыла алмайды.
5. Кәмелетке толмаған адамның ұстап алынғаны, оған күзетпен ұстау түрінде шара таңдалғаны немесе күзетпен ұстау мерзімінің ұзартылғаны туралы оның ата-анасы немесе оның басқа заңды өкілдері, ал олар болмаған кезде – жақын туыстары және (немесе) қорғаншылық және қамқоршылық органдар дереу хабардар етіледі.
Ескерту. 541-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 01.04.2019 № 240-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).542-бап. Сотта кәмелетке толмаған адамға қатысты істі қарау ерекшеліктері
1. Кәмелетке толмағандарға қатысты істерді кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттар қарайды. Осы Кодексте көзделген жағдайларда істі қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот не гарнизонның әскери соты немесе мамандандырылған ауданаралық әскери сот қарайды. Кәмелетке толмаған күдіктінің, айыпталушының өтінішхаты бойынша істі осы Кодекстің 65-тарауына сәйкес алқабилер қатысатын сот қарауы мүмкін.
2. Кәмелетке толмағандардың істері бойынша сот талқылауы осы Кодексте көзделген жалпы қағидалар бойынша жүргізіледі, онда мынадай ерекшеліктер сақталады:
1) істі талқылау жариялылықты шектеу жағдайларында жүргізіледі;
2) істі қарауға бүкіл сот талқылауы бойында қатысатын, өздеріне тиесілі барлық құқықтарды пайдаланатын кәмелетке толмаған сотталушының заңды өкілдері қатысады және олардан өздерінің келісімі бойынша кәмелетке толмаған адамның өмір сүру және тәрбиелену салтының мән-жайлары туралы куәлар ретінде жауап алынуы мүмкін; іске қатысатын заңды өкілдің келуі мүмкін болмаған жағдайда, ол басқасымен алмастырылуы мүмкін;
3) сот отырысына қорғаушының қатысуы міндетті, сот кәмелетке толмаған сотталушының қорғаушыдан бас тартуын қабылдай алмайды;
4) осы Кодексте көзделген жағдайларда сот отырысына педагог, психолог, ал қажет болған жағдайларда психиатр, қорғаншылық және қамқоршылық органдарының өкілдері, кәмелетке толмаған адам оқыған немесе жұмыс істеген ұжымдардан өкілдер қатысады.
3. Кәмелетке толмаған сотталушының заңды өкілін және қорғаушыны қатыстыра отырып жәбірленушімен татуласуға, оның ішінде медиация тәртібімен татуласуға, сондай-ақ прокурормен процестік келісім жасасуға құқығы бар.
543-бап. Кәмелетке толмаған сотталушыны сот отырысының залынан шығарып жіберу
1. Сот қорғаушының немесе заңды өкілдің өтінішхаты бойынша, сондай-ақ өзінің бастамасы бойынша, тараптардың пікірін ескере отырып, кәмелетке толмаған сотталушыға теріс әсер етуі мүмкін мән-жайларды зерттеу уақытына өзінің қаулысымен оны сот отырысының залынан шығарып жіберуге құқылы.
2. Кәмелетке толмаған сотталушы сот отырысының залына қайта келгеннен кейін ол болмаған кезде өткен талқылаудың мазмұнын төрағалық етуші қажетті көлемде және нысанда хабарлайды және кәмелетке толмаған адамға өзі болмаған кезінде жауап алынған адамдарға сұрақ қою мүмкіндігін береді.
544-бап. Кәмелетке толмаған адамның ісі бойынша үкім шығару кезінде сот шешетін мәселелер
1. Сот кәмелетке толмаған адамға жаза тағайындау туралы мәселені шешу кезінде бас бостандығынан айырумен байланысты емес жаза қолдану не кәмелетке толмаған адамға мәжбүрлеп тәрбиелік ықпал ету шараларын қолдануға байланысты оны қылмыстық жазадан босату мүмкіндігін талқылауға және оны үкімде уәждеуге тиіс. Бұл ретте сот кәмелетке толмаған адамға жекелеген жаза түрлерін қолдану сотталушының құқық бұзушылық жасау кезіндегі кәмелетке толмауымен айқындалатынын назарда ұстай отырып, оларды тағайындаудың қылмыстық заңда белгіленген шектерін ескеруге тиіс.
2. Шартты түрде соттау, бас бостандығынан айыруға байланысты емес жаза шарасын тағайындау, ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымына орналастыру не мәжбүрлеп тәрбиелік ықпал ету шараларын қолдану жағдайларында сот бұл туралы мамандандырылған мемлекеттік органға хабарлайды және оған сотталушының мінез-құлқын бақылауды жүзеге асыруды жүктейді.
545-бап. Мәжбүрлеп тәрбиелік ықпал ету шараларын қолдана отырып, кәмелетке толмаған адамды жазадан босату
Егер қылмыстық теріс қылық туралы немесе онша ауыр емес, ауырлығы орташа қылмыс немесе ауыр қылмыс туралы іс бойынша осы қылмыстық құқық бұзушылықты жасаған кәмелетке толмаған адам қылмыстық жаза шарасы қолданылмастан түзелуі мүмкін деп танылса, сот айыптау үкімін шығара отырып, кәмелетке толмаған сотталушыны жазадан босатуға және оған Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 84-бабында көзделген мәжбүрлеп тәрбиелік ықпал ету шараларын қолдануға құқылы. Үкімнің көшірмесі мамандандырылған мемлекеттік органға жіберіледі.
545-1-бап. Кәмелетке толмаған адамды ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымына орналастыру түріндегі тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шарасынан мерзімінен бұрын босату
1. Кәмелетке толмаған адам ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымына орналастыру түріндегі тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шарасынан кәмелеттік жасқа толуына байланысты, сондай-ақ егер көрсетілген ұйымның қорытындысы негізінде сот кәмелетке толмаған адам өзінің түзелуі үшін осы шараның қолданылуын одан әрі қажет етпейді деген түйінге келсе, мерзімінен бұрын босатылуы мүмкін.
2. Кәмелетке толмаған адам, оның заңды өкілі, қорғаушысы, егер олардың пікірі бойынша кәмелетке толмаған адам өзінің түзелуі үшін осы шараның қолданылуын одан әрі қажет етпейтін болса, ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымында болуды мерзімінен бұрын тоқтату жөніндегі мәселені қарау туралы өтінішхатты көрсетілген ұйымға мәлімдеуге құқылы.
Ескерту. 56-тарау 545-1-баппен толықтырылды - ҚР 01.04.2019 № 240-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). 57-тарау. ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚУДАЛАУДАН АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ МЕН ИММУНИТЕТІ
БАР АДАМДАРДЫҢ ІСТЕРІ БОЙЫНША ІС ЖҮРГІЗУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
546-бап. Қылмыстық қудалаудан артықшылықтары мен иммунитеті бар адамдардың істері бойынша іс жүргізу ерекшеліктерін қолдану шегі
Осы тарауда көзделген қылмыстық істер бойынша іс жүргізу ерекшеліктері сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басталуы себебін тіркеу кезінде тиісті лауазымда болуы заңда көзделген негіздер бойынша тоқтатылған адамдарға қолданылмайды.
547-бап. Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутатына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізу
Ескерту. 547-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді – ҚР 11.06.2026 № 307-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастау себебі Бірыңғай тізілімге тіркелгеннен кейін Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутатына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының келісуімен ғана жалғастырылуы мүмкін.
Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаты қылмыс орнында ұстап алынған не оның ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасауға дайындалу немесе оқталу фактісі анықталған не ол ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасаған жағдайларда, оған қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының келісімін алғанға дейін, бірақ оған бір тәулік ішінде міндетті түрде хабарлай отырып жалғасуы мүмкін.
Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутатына қатысты істер бойынша алдын ала тергеу жүргізу міндетті.
Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры жүргізілген процестік әрекеттердің заңдылығын хабарлама алғаннан кейін екі тәулік ішінде зерделейді және сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жалғастыру туралы қаулы шығара отырып, бұған келісім береді не сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тоқтата отырып, бұдан бас тартады. Егер сотқа дейінгі тергеп-тексеру Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының келісімін алғанға дейін заңсыз жалғасқан болса, оның нәтижелерін қылмыстық іс бойынша дәлелдемелер ретінде жіберуге болмайды.
2. Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры күдік келтірілетін Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутатының іс-әрекетін саралау туралы қаулы шығарады.
3. Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутатын қылмыс орнында немесе ауыр және аса ауыр қылмыс жасағанда ұстау жағдайларын қоспағанда, оны өз өкілеттігі мерзімі ішінде Қазақстан Республикасы Құрылтайының қол сұғылмау кепілдігінен айыруға берген келiсiмiнсiз ұстауға, күзетпен ұстауға, үйқамаққа алуға, күштеп әкелуге, қылмыстық жауаптылыққа тартуға болмайды.
4. Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутатын қылмыстық жауаптылыққа тартуға, ұстап алуға, күзетпен ұстауға, үйқамаққа алуға, күштеп әкелуге келісім алу үшін Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Қазақстан Республикасының Құрылтайына ұсыну енгізеді. Ұсыну депутатқа күдіктінің іс-әрекетін саралау туралы қаулыны ұсынудың, сотқа күзетпен ұстау, үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтінішхат енгізудің, депутатты ұстап алу, сотқа дейінгі тергеп-тексеру органына мәжбүрлеп әкелу қажеттігі туралы мәселені шешудің алдында енгізіледі.
5. Қылмыс жасады деп күдік келтірілетін Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутатын күзетпен ұстау немесе үйқамаққа алу түріндегі бұлтартпау шараларын санкциялау туралы мәселені астананың мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының тергеу судьясы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры қолдаған қаулысы негізінде шешеді. Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутатына қатысты күзетпен ұстау немесе үйқамақ мерзімін осы Кодексте көзделген тәртіппен ұзарту туралы өтінішхат оны Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры қолдаған кезде ғана сотқа жіберілуі мүмкін.
6. Егер Қазақстан Республикасының Құрылтайы депутатты қылмыстық жауаптылыққа тартуға келісім берсе, бұдан кейінгі тергеп-тексеру осы бапта көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, осы Кодексте белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
7. Егер Қазақстан Республикасының Құрылтайы ұстап алуға, күзетпен ұстауға, үйқамаққа алуға, күштеп әкелуге келісім берсе, депутатқа осы бұлтартпау, процестік мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы мәселе осы Кодексте белгіленген тәртіппен шешіледі.
8. Егер Қазақстан Республикасының Құрылтайы депутатты қылмыстық жауаптылыққа тартуға келісім бермесе, қылмыстық іс осы негіз бойынша тоқтатылуға тиіс.
9. Егер Қазақстан Республикасының Құрылтайы депутатқа күзетпен ұстау, үйқамақ, ұстап алу, күштеп әкелу түріндегі бұлтартпау, процестік мәжбүрлеу шараларын қолдануға келісім бермесе, оған көрсетілген шараларды қолдануға болмайды. Депутатқа қатысты өзге процестік мәжбүрлеу шараларын қолдануға Құрылтайдың келісімі талап етілмейді және олар осы Кодексте белгіленген тәртіппен қолданылуы мүмкін.
10. Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутатына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексерудің заңдылығын қадағалауды Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры жүзеге асырады. Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутатына қатысты, осы Кодекске сәйкес санкциялануға жататын тергеу әрекеттерін жүргізуге санкцияны астананың мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының тергеу судьясы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның Қазақстан Республикасының Бас Прокурорымен келісілген қаулысы негізінде береді.
11. Тергеп-тексеру аяқталғаннан кейін қылмыстық іс сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есеппен бірге осы Кодексте белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Бас Прокурорына беріледі, ол осы Кодекстің 301 – 305-баптарында көзделген әрекеттерді орындайды. Депутатқа қатысты тергеп-тексерілген іс Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры жасаған айыптау актісі болған кезде ғана тиісті соттың іс жүргізуіне қабылдануы мүмкін.
Ескерту. 11-бөлік жаңа редакцияда – ҚР 27.12.2021 № 88-VII Заңымен (мынадай:ішкі істер органдарының, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің және экономикалық тергеу қызметінің тергеушілері тергеп-тексеретін, оның ішінде басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істермен біріктірілген аса ауыр қылмыстар туралы істерге қатысты 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап;
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 3-бабының 29) тармағында көзделген, оның ішінде басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істермен біріктірілген сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы істерге қатысты 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін;
алдын ала тергеу нысанында аяқталған өзге де қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істерге қатысты 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есепті жасауы, прокурордың айыптау актісін жасауы және прокурор айыптау актісін жасаған кезден бастап адамды айыпталушы деп тану бөлігінде).
Ескертпе. Осы тараудың баптарында қолсұғылмаушылықтан айыру деп қылмыстық жауаптылыққа тартуға және процестік мәжбүрлеу шараларын қолдануға келісім беру түсініледі.
Ескерту. 547-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 21.12.2017 № 118-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 27.12.2019 № 291-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2021 № 88-VII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); 05.11.2022 № 157-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.06.2026 № 307-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.548-бап. Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидатқа, Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттығына кандидатқа қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізу
Ескерту. 548-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді – ҚР 11.06.2026 № 307-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидатқа, Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттығына кандидатқа қатысты істер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізу осы баптың екінші бөлігінде көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутатына қатысты қағидалар бойынша жүзеге асырылады.
2. Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидатты, Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттығына кандидатты қолсұғылмаушылықтан айыруға келісім беру Орталық сайлау комиссиясынан сұратылады.
Ескерту. 548-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 11.06.2026 № 307-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.549-бап. Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының Төрағасына немесе судьясына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізу
Ескерту. 549-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді – ҚР 05.11.2022 № 157-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі); 11.06.2026 № 307-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
1. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастау себебі Бірыңғай тізілімге тіркелгеннен кейін Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының Төрағасына немесе судьясына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының келісуімен ғана жалғастырылуы мүмкін.
Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының Төрағасы немесе судьясы қылмыс орнында ұстап алынған не оның ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасауға дайындалу немесе оқталу фактісі анықталған не ол ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасаған жағдайларда, оған қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының келісімін алғанға дейін, бірақ оған бір тәулік ішінде міндетті түрде хабарлай отырып жалғасуы мүмкін.
Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының Төрағасына немесе судьясына қатысты істер бойынша алдын ала тергеу жүргізу міндетті.
Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры жүргізілген процестік әрекеттердің заңдылығын хабарламаны алғаннан кейін екі тәулік ішінде зерделейді және сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жалғастыру туралы қаулы шығара отырып, бұған келісім береді не сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тоқтата отырып, бұдан бас тартады. Егер сотқа дейінгі тергеп-тексеру Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының келісімін алғанға дейін заңсыз жалғасқан болса, оның нәтижелерін қылмыстық іс бойынша дәлелдемелер ретінде жіберуге болмайды.
2. Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры күдік келтірілетін Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты Төрағасының немесе судьясының іс-әрекетін саралау туралы қаулы шығарады.
3. Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының Төрағасын немесе судьясын қылмыс орнында не ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасағанда ұстау жағдайларын қоспағанда, оларды өз өкілеттігі мерзімі ішінде тиісінше Қазақстан Республикасы Президентінің не Қазақстан Республикасы Құрылтайының келісімінсіз ұстауға, күзетпен ұстауға, үйқамаққа алуға, күштеп әкелуге, қылмыстық жауаптылыққа тартуға болмайды.
4. Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының Төрағасын қылмыстық жауаптылыққа тартуға, ұстауға, күзетпен ұстауға, үйқамаққа алуға, күштеп әкелуге келiсiм алу үшiн Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Қазақстан Республикасының Президентіне ұсыну енгізеді.
Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясын қылмыстық жауаптылыққа тартуға, ұстауға, күзетпен ұстауға, үйқамаққа алуға, күштеп әкелуге келiсiм алу үшiн Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Қазақстан Республикасының Құрылтайына ұсыну енгізеді.
Ұсыну Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының Төрағасына немесе судьясына күдіктінің іс-әрекетін саралау туралы қаулыны ұсынудың, сотқа күзетпен ұстау, үйқамаққа алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтінішхат енгізудің, оны ұстау, сотқа дейінгі тергеп-тексеру органына мәжбүрлеп әкелу қажеттілігі туралы мәселені шешудің алдында енгізіледі.
5. Қылмыс жасады деп күдік келтірілетін Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының Төрағасын немесе судьясын күзетпен ұстау, үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы мәселені астананың мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының тергеу судьясы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры қолдаған қаулысының негізінде шешеді. Көрсетілген адамдарға қатысты күзетпен ұстау немесе үйқамақ мерзімін осы Кодексте көзделген тәртіппен ұзарту туралы өтінішхат оны Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры қолдаған кезде ғана сотқа жіберілуі мүмкін.
6. Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Қазақстан Республикасы Президентінің не Қазақстан Республикасы Құрылтайының шешімін алғаннан кейін іс бойынша одан әрі іс жүргізу осы Кодекстің 547-бабының алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші бөліктерінде белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
Ескерту. 549-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 12.07.2018 № 180-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 291-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.11.2022 № 157-VII (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-баптан қараңыз); 11.06.2026 № 307-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.550-бап. Судьяға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізу
1. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастау себебі Бірыңғай тізілімге тіркелгеннен кейін судьяға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының келісуімен ғана жалғастырылуы мүмкін.
Судья қылмыс орнында ұстап алынған не оның ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасауға дайындалу немесе оқталу фактісі анықталған не ол ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасаған жағдайларда, оған қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының келісімін алғанға дейін, бірақ оған бір тәулік ішінде міндетті түрде хабарлай отырып жалғасуы мүмкін.
Судьяға қатысты істер бойынша алдын ала тергеу жүргізу міндетті.
Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры жүргізілген процестік әрекеттердің заңдылығын хабарламаны алғаннан кейін екі тәулік ішінде зерделейді және сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жалғастыру туралы қаулы шығара отырып, бұған келісім береді не сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тоқтата отырып, бұдан бас тартады. Егер сотқа дейінгі тергеп-тексеру Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының келісімін алғанға дейін заңсыз жалғасқан болса, оның нәтижелерін қылмыстық іс бойынша дәлелдемелер ретінде жіберуге болмайды.
2. Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры күдік келтірілетін судьяның іс-әрекетін саралау туралы қаулы шығарады.
3. Судьяны қылмыс орнында немесе ауыр және аса ауыр қылмыс жасағанда ұстау жағдайларын қоспағанда, оны Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің қорытындысына негізделген Қазақстан Республикасы Президентінің келісімінсіз не Қазақстан Республикасы Конституциясының 56-бабының 11) тармақшасында көзделген жағдайда Қазақстан Республикасы Құрылтайының келісімінсіз ұстауға, күзетпен ұстауға, үйқамаққа алуға, күштеп әкелуге, қылмыстық жауаптылыққа тартуға болмайды.
4. Судьяны қылмыстық жауаптылыққа тартуға, ұстауға, күзетпен ұстауға, үйқамаққа алуға, күштеп әкелуге келісім алу үшін Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры – Қазақстан Республикасының Президентіне, ал Қазақстан Республикасы Конституциясының 56-бабының 11) тармақшасында көзделген жағдайда, Қазақстан Республикасының Құрылтайына ұсыну енгізеді. Ұсыну судьяға күдіктінің іс-әрекетін саралау туралы қаулыны ұсынудың, сотқа күзетпен ұстау, үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтінішхат енгізудің, оны ұстау, сотқа дейінгі тергеп-тексеру органына мәжбүрлеп әкелу қажеттігі туралы мәселені шешудің алдында енгізіледі.
5. Қылмыс жасады деп күдік келтірілетін судьяны күзетпен ұстау, үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы мәселені астананың мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының тергеу судьясы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры қолдаған қаулысы негізінде шешеді. Судьяға қатысты күзетпен ұстау немесе үйқамақ мерзімін осы Кодексте көзделген тәртіппен ұзарту туралы өтінішхат оны Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры қолдаған кезде ғана сотқа жіберілуі мүмкін.
6. Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Құрылтайының шешімдерін алғаннан кейін іс бойынша одан әрі іс жүргізу осы Кодекстің 547-бабының алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші бөліктерінде белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
Ескерту. 550-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 12.07.2018 № 180-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 291-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.11.2022 № 157-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.06.2026 № 307-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.551-бап. Қазақстан Республикасының Бас Прокурорына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізу
1. Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басталу себебі Бірыңғай тізілімде тіркелгеннен кейін Қазақстан Республикасының Бас Прокурорына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры бірінші орынбасарының келісуімен ғана жалғастырылуы мүмкін.
Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры қылмыс орнында ұстап алынған не оның ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасауға дайындалу немесе оқталу фактісі анықталған не ол ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасаған жағдайларда, оған қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры бірінші орынбасарының келісімін алғанға дейін, бірақ оған бір тәулік ішінде міндетті түрде хабарлай отырып жалғасуы мүмкін.
Қазақстан Республикасының Бас Прокурорына қатысты істер бойынша алдын ала тергеу жүргізу міндетті.
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасары жүргізілген процестік әрекеттердің заңдылығын хабарламаны алғаннан кейін екі тәулік ішінде зерделейді және сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жалғастыру туралы қаулы шығара отырып, бұған келісім береді не сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тоқтата отырып, бұдан бас тартады. Егер сотқа дейінгі тергеп-тексеру Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры бірінші орынбасарының келісімін алғанға дейін заңсыз жалғасқан болса, оның нәтижелерін қылмыстық іс бойынша дәлелдемелер ретінде жіберуге болмайды.
2. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасары күдік келтірілетін Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының іс-әрекетін саралау туралы қаулы шығарады.
3. Қазақстан Республикасының Бас Прокурорын қылмыс орнында немесе ауыр және аса ауыр қылмыс жасағанда ұстау жағдайларын қоспағанда, оны өз өкілеттігі мерзімі ішінде Қазақстан Республикасы Президентінің қол сұғылмау кепілдігінен айыруға берген келiсiмiнсiз ұстауға, күзетпен ұстауға, үйқамаққа алуға, күштеп әкелуге, қылмыстық жауаптылыққа тартуға болмайды.
4. Қазақстан Республикасының Бас Прокурорын қылмыстық жауаптылыққа тартуға, ұстауға, күзетпен ұстауға, үйқамаққа алуға, күштеп әкелуге келісім алу үшін Бас Прокурордың бірінші орынбасары Қазақстан Республикасының Президентіне ұсыну енгізеді. Ұсыну Қазақстан Республикасының Бас Прокурорына күдіктінің іс-әрекетін саралау туралы қаулыны ұсынудың, сотқа күзетпен ұстау, үйқамаққа алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтінішхат енгізудің, оны ұстау, сотқа дейінгі тергеп-тексеру органына мәжбүрлеп әкелу қажеттігі туралы мәселені шешудің алдында енгізіледі.
5. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасары Қазақстан Республикасы Президентінің шешімін алғаннан кейін іс бойынша одан әрі іс жүргізу осы Кодекстің 547-бабының алтыншы, жетінші, сегізінші және тоғызыншы бөліктерінде белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
6. Қылмыс жасады деп күдік келтірілетін Қазақстан Республикасының Бас Прокурорын күзетпен ұстау немесе үйқамаққа алу түріндегі бұлтартпау шараларын санкциялау туралы мәселені астананың мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының тергеу судьясы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасары қолдаған қаулысы негізінде шешеді. Қазақстан Республикасының Бас Прокурорына қатысты күзетпен ұстау немесе үйқамақ мерзімін осы Кодексте көзделген тәртіппен ұзарту туралы өтінішхат оны Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасары қолдаған кезде ғана сотқа жіберілуі мүмкін.
7. Қазақстан Республикасының Бас Прокурорына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексерудің заңдылығын қадағалауды оның бірінші орынбасары жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының Бас Прокурорына қатысты тергеу мерзімін осы Кодексте көзделген тәртіппен ұзартуды Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасары жүргізеді.
Қазақстан Республикасының Бас Прокурорына қатысты, осы Кодекске сәйкес санкциялануға жататын тергеу әрекеттерін жүргізуге санкцияны астананың мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының тергеу судьясы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасарымен келісілген қаулысы негізінде береді.
8. Тергеп-тексеру аяқталғаннан кейін қылмыстық іс сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есеппен бірге осы Кодексте белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасарына беріледі, ол осы Кодекстің 301 – 304-баптарында көзделген әрекеттерді орындайды. Қазақстан Республикасының Бас Прокурорына қатысты тергеп-тексерілген іс Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасары жасаған айыптау актісі болған кезде ғана тиісті соттың іс жүргізуіне қабылдануы мүмкін.
Ескерту. 8-бөлік жаңа редакцияда – ҚР 27.12.2021 № 88-VII Заңымен (мынадай:ішкі істер органдарының, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің және экономикалық тергеу қызметінің тергеушілері тергеп-тексеретін, оның ішінде басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істермен біріктірілген аса ауыр қылмыстар туралы істерге қатысты 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап;
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 3-бабының 29) тармағында көзделген, оның ішінде басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істермен біріктірілген сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы істерге қатысты 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін;
алдын ала тергеу нысанында аяқталған өзге де қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істерге қатысты 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есепті жасауы, прокурордың айыптау актісін жасауы және прокурор айыптау актісін жасаған кезден бастап адамды айыпталушы деп тану бөлігінде).
Ескерту. 551-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 21.12.2017 № 118-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) ); 27.12.2019 № 291-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2021 № 88-VII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); 05.11.2022 № 157-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.06.2026 № 307-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
551-1-бап. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізу
1. Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басталу себебі Бірыңғай тізілімде тіркелгеннен кейін Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының келісімімен ғана жалғастырылуы мүмкін.
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл қылмыс орнында ұстап алынған не оның ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасауға дайындалу немесе оқталу фактісі анықталған не ол ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасаған жағдайларда, оған қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының келісімін алғанға дейін, бірақ оны бір тәулік ішінде міндетті түрде хабардар ете отырып жалғастырылуы мүмкін.
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілге қатысты істер бойынша алдын ала тергеу жүргізу міндетті.
Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры хабарламаны алғаннан кейін жүргізілген процестік әрекеттердің заңдылығын екі тәулік ішінде зерделейді және сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жалғастыруға келісім беріп, бұл туралы қаулы шығарады не сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тоқтата отырып, бұдан бас тартады. Егер сотқа дейінгі тергеп-тексеру Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының келісімін алғанға дейін заңсыз жалғасқан болса, оның нәтижелеріне қылмыстық іс бойынша дәлелдемелер ретінде жол беруге болмайды.
2. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілді қылмыс орнында немесе ауыр және аса ауыр қылмыс жасағанда ұстау жағдайларын қоспағанда, оны өз өкілеттігі мерзімі ішінде Қазақстан Республикасы Президентінің қол сұғылмау кепілдігінен айыруға берген келiсiмiнсiз ұстауға, күзетпен ұстауға, үйқамаққа алуға, күштеп әкелуге, қылмыстық жауаптылыққа тартуға болмайды.
3. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілді қылмыстық жауаптылыққа тартуға, ұстауға, күзетпен ұстауға, үйқамаққа алуға, күштеп әкелуге келісім алу үшін Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Қазақстан Республикасының Президентіне ұсыну енгізеді. Ұсыну Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілге күдіктінің іс-әрекетін саралау туралы қаулыны ұсынудың, сотқа күзетпен ұстау, үйқамаққа алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтінішхат енгізудің, оны ұстау, сотқа дейінгі тергеп-тексеру органына мәжбүрлеп әкелу қажеттігі туралы мәселені шешудің алдында енгізіледі.
3-1. Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Қазақстан Республикасы Президентінің шешімін алғаннан кейін одан әрі іс бойынша іс жүргізу осы Кодекстің 547-бабының алтыншы, жетінші, сегізінші және тоғызыншы бөліктерінде белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
4. Қылмыс жасады деп күдік келтірілетін Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілді күзетпен ұстау немесе үйқамаққа алу түріндегі бұлтартпау шараларын санкциялау туралы мәселені астананың мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының тергеу судьясы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның Қазақстан Республикасының Бас Прокурорымен келісілген қаулысы негізінде шешеді. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілге қатысты күзетпен ұстау немесе үйқамаққа алу мерзімін осы Кодексте көзделген тәртіппен ұзарту туралы өтінішхат оны Қазақстан Республикасының Бас Прокурорымен келіскен кезде ғана сотқа жіберілуі мүмкін.
5. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексерудің заңдылығын қадағалауды Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры жүзеге асырады. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілге қатысты тергеу мерзімін осы Кодексте көзделген тәртіппен ұзартуды Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры жүргізеді.
Осы Кодекске сәйкес санкциялануға жататын, Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілге қатысты тергеу әрекеттерін жүргізуге санкцияларды астананың мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының тергеу судьясы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның Қазақстан Республикасының Бас Прокурорымен келісілген қаулысы негізінде береді.
6. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам тергеп-тексеру аяқталғаннан кейін қылмыстық істі сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есеппен бірге осы Кодексте белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Бас Прокурорына береді, ол осы Кодекстің 301 - 305-баптарында көзделген әрекеттерді орындайды. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілге қатысты тергеп-тексерілген іс Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры жасаған айыптау актісі болған кезде ғана тиісті соттың іс жүргізуіне қабылдануы мүмкін.
Ескерту. 551-1-баппен толықтырылды - ҚР 29.12.2021 № 91-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 05.11.2022 № 157-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.06.2026 № 307-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.552-бап. Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутатына, Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттығына кандидатқа, Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидатқа, Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының Төрағасына немесе судьясына, судьяға, Қазақстан Республикасының Бас Прокурорына, Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілге қатысты қылмыстық істі соттың талқылауы
Ескерту. 552-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2021 № 91-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.11.2022 № 157-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі); 11.06.2026 № 307-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
1. Істі қарау осы бапта баяндалған ережелер ескеріле отырып, сот талқылауының жалпы қағидалары бойынша жүргізіледі.
2. Сот сотталушыға – Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутатына, Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттығына кандидатқа, Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидатқа, Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының Төрағасына немесе судьясына, судьяға, Қазақстан Республикасының Бас Прокурорына, Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілге бұлтартпау шарасы ретінде күзетпен ұстауды, үйқамаққа алуды, ал процестік мәжбүрлеу шарасы ретінде – күштеп әкелуді, егер Қазақстан Республикасы Конституциясы 55-бабының 3-тармағында, 72-бабының 6-тармағында, 80-бабының 2-тармағында, 84-бабының 4-тармағында және 85-бабының 4-тармағында көрсетілген мемлекеттік органдар сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында күзетпен ұстауға, үйқамаққа алуға, күштеп әкелуге келісім беруден бас тартса немесе олардан ондай келісім сұратылмаған болса, бұған тиісінше осы Кодекстің 547-бабының төртінші бөлігінде, 548-бабының екінші бөлігінде, 549-бабының төртінші бөлігінде, 550-бабыныңтөртінші бөлігінде, 551-бабының төртінші бөлігінде, 551-1-бабының үшінші бөлігінде көзделген тәртіппен келісім беру туралы ұсынумен өтініш жасай отырып қолдануға құқылы.
Ескерту. 552-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2021 № 91-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.11.2022 № 157-VII (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-баптан қараңыз); 11.06.2026 № 307-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.553-бап. Қылмыстық қудалаудан дипломатиялық иммунитеті бар адамдар
1. Қазақстан Республикасының заңнамасына және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес мына адамдар:
1) шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктерінің басшылары, осы өкілдіктердің дипломатиялық персоналының мүшелері және егер олармен бірге тұрса және Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмаса, олардың отбасы мүшелері;
2) егер дипломатиялық өкілдіктердің қызмет көрсету персоналының қызметкерлері және олардың өздерімен бірге тұратын отбасы мүшелері Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмаса немесе Қазақстанда тұрақты тұрмаса, осы қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелері, егер Қазақстан Республикасының халықаралық шартында өзгеше көзделмесе, өздерінің қызметтік міндеттерін орындауы кезінде жасаған іс-әрекеттеріне қатысты консулдықтардың басшылары және консулдықтың басқа да лауазымды адамдары – өзара түсіністік негізде;
3) егер дипломатиялық өкілдіктердің әкімшілік-техникалық персоналының қызметкерлері мен олардың өздерімен бірге тұратын отбасы мүшелері Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмаса немесе Қазақстанда тұрақты тұрмаса, осы қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелері – өзара түсіністік негізде;
4) дипломатиялық курьерлер;
5) шет мемлекеттердің басшылары мен өкілдері, парламенттік және үкіметтік делегациялардың мүшелері және өзара түсіністік негізде – Қазақстанға халықаралық келіссөздерге, халықаралық конференциялар мен кеңестерге қатысу үшін немесе басқа ресми тапсырмалармен келетін, не сондай мақсаттармен Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен бара жатқан шет мемлекеттер делегацияларының қызметкерлері және олар Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмаса, осы көрсетілген адамдарға ілесіп жүретін отбасы мүшелері;
6) халықаралық ұйымдардағы шет мемлекеттер өкілдіктерінің басшылары, мүшелері және персоналы, халықаралық шарттардың немесе жалпы жұрт таныған халықаралық салт-дәстүрлер негізінде Қазақстан Республикасының аумағында болатын осы ұйымдардың лауазымды адамдары;
7) Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен өтетін шет мемлекеттердің үшінші елдегі дипломатиялық өкілдіктерінің басшылары, өкілдіктерінің дипломатиялық персоналының мүшелері және көрсетілген адамдарға ілесіп жүретін немесе оларға қосылу немесе өзінің еліне оралу үшін жеке келе жатқан олардың отбасы мүшелері;
8) Қазақстан Республикасының халықаралық шартына сәйкес өзге де адамдар Қазақстан Республикасында қылмыстық қудалаудан иммунитетті пайдаланады.
2. Егер шет мемлекет қылмыстық қудалау иммунитетінен бас тартуды айқын түрде білдіре отырып ұсынған жағдайда ғана осы баптың бірінші бөлігінің 1), 4) – 7) тармақтарында көрсетілген адамдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шартына сәйкес өзге де адамдар қылмыстық қудалауға ұшырауы мүмкін. Мұндай бас тарту туралы мәселе Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі арқылы дипломатиялық жолмен шешіледі. Тиісті шет мемлекеттің көрсетілген адамдар жөнінде қылмыстық қудалау иммунитетінен бас тартуы болмаған жағдайда, оларға қатысты қылмыстық іс тоқтатылуға жатады.
3. Осы адамдардың жасаған қылмысы олардың өздерінің қызметтік міндеттерін орындауына байланысты болған және Қазақстан Республикасының мүдделеріне қарсы бағытталмаған жағдайларды қоспағанда, егер Қазақстан Республикасының халықаралық шартында өзгеше көзделмесе, осы баптың екінші бөлігінің қағидалары осы баптың бірінші бөлігінің 2) және 3) тармақтарында көрсетілген адамдарға қолданылмайды.
554-бап. Дипломатиялық иммунитетті пайдаланатын адамдарды ұстап алу және күзетпен ұстау
1. Осы Кодекстің 553-бабы бірінші бөлігінің 1), 4) – 7) тармақтарында санамаланған адамдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шартына сәйкес өзге де адамдар жеке басына қолсұғылмаушылық құқығын пайдаланады. Оларға қатысты заңды күшіне енген үкімді орындау үшін қажет болатын жағдайларды қоспағанда, оларды ұстап алуға немесе күзетпен қамауға болмайды.
2. Осы Кодекстің 553-бабының бірінші бөлігінің 2) және 3) тармақтарында көрсетілген адамдар, егер Қазақстан Республикасының халықаралық шартында өзгеше көзделмесе, олар ауыр, аса ауыр қылмыс жасағаны үшін қудаланған жағдайда не соттың заңды күшіне енген үкімін орындау кезінде ғана ұстап алынуы немесе күзетпен қамалуы мүмкін.
555-бап. Айғақтар беруден дипломатиялық иммунитет
1. Осы Кодекстің 553-бабы бірінші бөлігінің 1), 3) – 6) тармақтарында көрсетілген адамдардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шартына сәйкес өзге де адамдардың куә, жәбірленуші ретінде айғақтар бермеуіне болады, ал олар мұндай айғақтар беруге келіскен жағдайда бұл үшін қылмыстық процесті жүргізетін органға келуі міндетті емес. Көрсетілген адамдарға табыс етілген жауап алуға шақыру қағазында олардың қылмыстық процесті жүргізетін органға келмегені үшін мәжбүрлеу шараларымен қорқыту болмауға тиіс.
2. Егер осы адамдар алдын ала тергеуде жәбірленуші, куә ретінде айғақтар берген, ал сот отырысына келмеген жағдайда, сот олардың айғақтарын жария ете алады.
3. Осы Кодекстің 553-бабы бірінші бөлігінің 2) тармағында көрсетілген адамдар, өздерінің қызметтік міндеттерін орындауға байланысты мәселелер бойынша берген айғақтарынан басқа, куәлар және жәбірленушілер ретінде айғақтар беруден бас тарта алмайды. Консулдық лауазымды адамдар куәлік айғақтар беруден бас тартқан жағдайда, оларға процестік мәжбүрлеу шаралары қолданыла алмайды.
4. Дипломатиялық иммунитетті пайдаланатын адамдар қылмыстық процесті жүргізетін органға өздерінің қызметтік міндеттерін орындауға қатысты хат-хабар мен басқа да құжаттарды ұсынуға міндетті емес.
556-бап. Үй-жайлар мен құжаттардың дипломатиялық иммунитеті
1. Дипломатиялық өкілдік басшысының резиденциясына, дипломатиялық өкілдік орналасқан үй-жайларға, дипломатиялық персонал мүшелелерінің және олардың отбасы мүшелерінің тұрғын үй-жайларына, олардағы мүлік пен жүріп-тұру құралдарына қол сұғуға болмайды. Осы үй-жайларға кіру, сондай-ақ оларда тінту, алу, мүлікке тыйым салу дипломатиялық өкілдік басшысының немесе оны алмастыратын адамның келісімімен ғана жүргізілуі мүмкін.
2. Егер дипломатиялық өкілдіктің қызмет көрсетуші персоналының қызметкерлері мен олардың өздерімен бірге тұратын отбасы мүшелері Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмаса, осы қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелері тұрып жатқан тұрғын үй-жайларға осы баптың бірінші бөлігінде көзделген иммунитет өзара түсіністік негізде қолданылады.
3. Консулдық орналасқан үй-жай мен консулдық басшысының резиденциясы өзара түсіністік негізде қолсұғылмаушылықты пайдаланады. Осы үй-жайларға кіру, тінту, алу, мүлікке тыйым салу тиісті шет мемлекеттің консулдығы немесе дипломатиялық өкілдігі басшысының өтініші бойынша немесе келісімімен ғана орын алуы мүмкін.
4. Дипломатиялық өкілдіктер мен консулдықтардың мұрағаттарына, ресми жазысқан хаттары мен басқа да құжаттарына қол сұғуға болмайды. Олар дипломатиялық өкілдік, консулдық басшысының келісімінсіз қарап-тексерілуге және алынуға жатпайды. Дипломатиялық пошта ашылуға және кідіртілуге жатпайды.
5. Осы баптың бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде көрсетілген үй-жайларға кіруге, оларда тінту, алу жүргізуге, сондай-ақ осы баптың төртінші бөлігінде көрсетілген құжаттарды қарап-тексеруге және алуға дипломатиялық өкілдіктер мен консулдықтар басшыларының келісімін прокурор Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі арқылы сұратады.
6. Көрсетілген жағдайларда тінту, алу, қарап-тексеру прокурордың және Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі өкілінің қатысуымен жүргізіледі.
12-БӨЛІМ. ҚЫЛМЫСТЫҚ СОТ ІСІН ЖҮРГІЗУ САЛАСЫНДАҒЫ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ
58-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
557-бап. Құқықтық көмек көрсету тәртібімен жүргізілетін процестік және өзге де әрекеттер
1. Қазақстан Республикасымен халықаралық шарт жасасқан шет мемлекеттердің құзыретті органдарына құқықтық көмек көрсету тәртібімен құжаттарды табыс ету, жекелеген процестік әрекеттерді орындау, қылмыстық қудалауды жүзеге асыру, адамдарды ұстап беру (экстрадициялау), адамдарды уақытша ұстап беру (экстрадициялау), транзиттік тасымалдау, адамдарды уақытша беру, сотталғандарды және психикасының бұзылуынан зардап шегетін, өздеріне медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылған адамдарды беру, үкімдерді тану және орындау жүргізілуі мүмкін.
2. Қазақстан Республикасының халықаралық шартында қылмыстық іс бойынша өзара іс-қимылдың осы Кодексте көзделмеген өзге де нысандары көзделуі мүмкін.
3. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттың ережелері осы Кодекске қайшы келетін болса, халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
558-бап. Өзара түсіністік қағидатымен құқықтық немесе өзге де көмек көрсету
1. Қазақстан Республикасының халықаралық шарты болмаған кезде құқықтық немесе өзге де көмек өзара түсіністік қағидатында шет мемлекеттің сұрау салуы негізінде көрсетілуі немесе оны Қазақстан Республикасының орталық органы сұратуы мүмкін.
2. Қазақстан Республикасының орталық органы шет мемлекетке осындай сұрау салуды жібере отырып, сұрау салынатын тарапқа осындай құқықтық көмек түрін көрсету туралы оның сұрау салуының болашақта қарастырылатынына жазбаша түрде кепілдік береді.
3. Осы баптың бірінші бөлігінің талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасының орталық органы сұрау салушы тараптың болашақта Қазақстан Республикасының сұрау салуын өзара түсіністік қағидатында қабылдауға және қарауға жазбаша кепілдігі болған кезде ғана шет мемлекеттің сұрау салуын қарайды.
4. Қазақстан Республикасының орталық органы өзара түсіністік қағидатында құқықтық көмекке жүгінген және шет мемлекетке құқықтық көмек көрсеткен кезде осы Кодексті басшылыққа алады.
5. Шет мемлекетпен халықаралық шарт болмаған кезде Қазақстан Республикасының орталық органы сұрау салынатын тарапқа құқықтық көмек көрсету туралы сұрау салуды дипломатиялық жолмен жібереді.
1. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы немесе уәкілетті прокурор тергеу судьясының (сотының) санкциясын талап ететін процестік әрекеттерді жүргізу, қылмыстық қудалауды жүзеге асыру, адамдарды ұстап беру (экстрадициялау), адамдарды уақытша ұстап беру (экстрадициялау) немесе транзиттік тасымалдау, уақытша беру, сотталғандарды және психикасының бұзылуынан зардап шегетін, өздеріне медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылған адамдарды беру, үкімдерді тану және орындау кезінде құқықтық көмек туралы сұрау салулармен (тапсырмалармен, өтінішхаттармен) жүгінеді және шетелдік құзыретті органдардың тиісті сұрау салуларын қарайды.
2. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты сот ісін жүргізу уақытында соттардың құқықтық көмек туралы сұрау салуларымен (тапсырмалармен, өтінішхаттармен) өтініш жасайды және шет мемлекеттер соттарының тиісті сұрау салуларын қарайды.
3. Қазақстан Республикасының құзыретті органы шет мемлекеттің құзыретті органына тергеу судьясының (сотының) санкциясын талап етпейтін процестік әрекеттерді жүргізу кезінде құқықтық көмек туралы сұрау салулармен (тапсырмалармен, өтінішхаттармен) жүгінеді және шетелдік құзыретті органдардың тиісті сұрау салуларын қарайды.
Ескерту. 559-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 11.07.2017 № 91-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.07.2018 № 180-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.560-бап. Құқықтық көмек көрсету туралы сұрау салу
1. Құқықтық және өзге де көмек көрсету туралы сұрау салуды (тапсырманы, өтінішхатты) құзыретті орган осы Кодекстің және (немесе) Қазақстан Республикасының тиісті халықаралық шартының талаптарына сәйкес жасайды.
2. Сұрау салу (тапсырма, өтінішхат) және оған қоса берілген құжаттар тиісті бланкіде жазбаша нысанда жасалып, уәкілетті лауазымды адамның қолымен және тиісті органның елтаңбалы мөрімен куәландырылады.
3. Сұрау салу (тапсырма, өтінішхат) және оған қоса берілген құжаттар Қазақстан Республикасының тиісті халықаралық шартында айқындалған тілге, ал ол болмаған кезде – сұрау салынатын тараптың ресми тіліне немесе осы тарап үшін қолайлы басқа тілге аудармасымен қоса жіберіледі.
4. Қазақстан Республикасының орталық органы сұрау салуды (тапсырманы, өтінішхатты) шет мемлекетке поштамен, ал кейінге қалдыруға болмайтын жағдайларда – электрондық, факсимильдік немесе өзге де байланыс құралымен жіберіледі. Мұндай жағдайда сұрау салудың түпнұсқасы оны электрондық поштамен, факсимильдік немесе өзге де байланыс құралымен жіберген кезден бастап үш тәуліктен кешіктірілмей поштамен жіберіледі.
5. Сұрау салуды (тапсырманы, өтінішхатты) жіберуден бас тартылған жағдайда, Қазақстан Республикасының орталық органы түзетілуі керек кемшіліктерді жазып немесе тапсырманы жіберудің мүмкін болмау себептерін түсіндіріп, барлық материалдарды процесті жүргізетін тиісті органға қайтарады.
6. Қазақстан Республикасының орталық органы сұрау салушы тараптан электрондық, факсимильдік немесе өзге де байланыс құралы арқылы келіп түскен сұрау салуды (тапсырманы, өтінішхатты) қарауға қабылдай алады. Осындай сұрау салуды (тапсырманы, өтінішхатты) орындау оның түпнұсқасы жөнелтілгені немесе берілгені расталған кезде ғана жүзеге асырылады. Шет мемлекеттің құзыретті органына орындалған сұрау салу (тапсырма, өтінішхат) материалдары Қазақстан Республикасының орталық органы сұрау салудың түпнұсқасын алғаннан кейін ғана жіберілуі мүмкін.
561-бап. Заттай дәлелдемелерді сақтау және беру
1. Сұрау салынатын тарап Қазақстан Республикасы құзыретті органының сұрау салуын (тапсырмасын, өтінішхатын) орындау тәртібімен берген заттай дәлелдемелер осы Кодексте белгіленген тәртіппен сақталады және өзгеше уағдаластыққа қол жеткізілмесе, қылмыстық іс бойынша іс жүргізу аяқталғаннан кейін сұрау салынатын тарапқа қайтарылады.
2. Сұрау салушы тараптың құзыретті органына сұрау салуды (тапсырманы, өтінішхатты) орындау тәртібімен заттай дәлелдемелерді беру кезінде Қазақстан Республикасының құзыретті органы, егер Қазақстан Республикасының аумағында оларды басқа қылмыстық іс жүргізу бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру және сот талқылауы үшін пайдалануға қажеттілік болмаған немесе үшінші адамдардың тиісті мүлікке құқығына қатысты құқыққа сыйымды талаптары болмаған немесе оған қатысты дау сотта қаралып жатқан жағдайда, сұрау салушы тараптан оларды қылмыстық іс жүргізу аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасына қайтаруды талап етуден бас тарта алады.
562-бап. Ресми құжаттардың жарамдылығы
1. Құқықтық және өзге де көмек көрсету туралы сұрау салуға (тапсырмаға, өтінішхатқа) байланысты жіберілетін құжаттар, егер оларды сұрау салушы немесе сұрау салынатын тараптың құзыретті органының ресми адамы тиісті нысанда жасаса, куәландырса және құзыретті органның мөрімен бекемделсе, Қазақстан Республикасының аумағында қосымша куәландырусыз (заңдастырусыз) қабылданады.
2. Шет мемлекетте жүзеге асырылатын қылмыстық іс жүргізуге қатысушының процестік мәртебесі Қазақстан Республикасында сұрау салуды (тапсырманы, өтінішхатты) орындау кезінде осы Кодекстің қағидалары бойынша қосымша анықтауды қажет етпейді.
563-бап. Шет мемлекеттің аумағында алынған дәлелдемелердің жол берілетіндігі
Шет мемлекеттің аумағында құқықтық көмек көрсету туралы сұрау салуларды (тапсырмаларды, өтінішхаттарды) орындау барысында оның лауазымды адамдары алған немесе Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес немесе өзара түсіністік қағидаты негізінде қылмыстық қудалауды жүзеге асыру туралы сұрау салуға (тапсырмаларға, өтінішхаттарға) қосымша ретінде Қазақстан Республикасына жіберілген, белгіленген тәртіппен куәландырылған және берілген дәлелдемелер, егер оларды алу кезінде әділ сот ісін жүргізу қағидаттары, адамның құқықтары мен негізгі бостандықтары бұзылмаса, жол берілетін дәлелдемелер деп танылады.
564-бап. Құқықтық көмек көрсетуге байланысты шығыстар
1. Қазақстан Республикасының аумағында құқықтық көмек көрсетуге байланысты шығыстар, осы баптың екінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында құқықтық көмек көрсету туралы сұрау салуларды (тапсырмаларды, өтінішхаттарды) орындау жүктелетін Қазақстан Республикасының сотқа дейінгі тергеп-тексеру, прокуратура, сот органдарын және өзге де мекемелерін ұстауға мемлекеттік бюджетте көзделген қаражат есебінен жүзеге асырылады.
2. Егер Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында өзгеше көзделмесе, құқықтық көмек көрсету туралы сұрау салуды (тапсырманы, өтінішхатты) орындау кезінде туындайтын:
1) қылмыстық процеске қатысушыларды, оның ішінде адамдарды уақытша берген жағдайда сұрау салушы тараптың аумағына шақыруға;
2) сараптамалар жүргізуге;
3) қылмыстық процеске қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге;
4) сұрау салушы тарапқа берілген адамды үшінші мемлекеттің аумағы арқылы транзиттік тасымалдауға байланысты шығыстар сұрау салушы тараптың есебінен өтеледі.
59-тарау. ҚҰҚЫҚТЫҚ КӨМЕК
565-бап. Құқықтық көмек көрсету туралы сұрау салудың (тапсырманың, өтінішхаттың) мазмұны мен нысаны
1. Құқықтық көмек көрсету туралы сұрау салуда (тапсырмада, өтінішхатта):
1) сұрау салуды (тапсырманы, өтінішхатты) беріп отырған органның атауы;
2) сұрау салу (тапсырма, өтінішхат) жіберіліп отырған органның атауы мен мекенжайы;
3) тиісті халықаралық шартқа немесе өзара түсіністік қағидаттарын сақтауға сілтеме;
4) құқықтық көмек сұратылып отырған қылмыстық істің атауы;
5) қылмыстық іс жүргізу нысанасы болып табылатын қылмыстық құқық бұзушылықтың қысқаша сипаттамасы және Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің тиісті баптарының толық мәтіні жазылған оның құқықтық саралануы, қажет болған кезде – іс-әрекетпен келтірілген залалдың мөлшері туралы деректер;
6) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің тиісті баптарының толық мәтіні жазыла отырып, хабарланып отырған күдік келтіру, айыптау туралы мәліметтер;
7) тиісті адам туралы, атап айтқанда, оның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), процестік мәртебесі, тұрғылықты немесе келген жері, азаматтығы туралы, заңды тұлғалар үшін – олардың атауы мен орналасқан жері туралы мәліметтер, сұрау салуды (тапсырманы, өтінішхатты) орындауға ықпал ете алатын өзге де мәліметтер, сондай-ақ осы адамның қылмыстық іс жүргізу нысанасымен байланысы;
8) анықталуға жататын мән-жайларды баяндау, сондай-ақ сұрау салынып отырған процестік әрекеттердің, құжаттардың, заттай және басқа да дәлелдемелердің тізбесі және олардың қылмыстық іс жүргізу нысанасымен байланысын негіздеу;
9) процестік әрекеттерді орындау кезінде қатысуы қажет деп есептелетін адамдар туралы мәліметтер және осы қажеттілікті негіздеу қамтылуға тиіс.
2. Адамға процестік құқықтары мен міндеттерін түсіндіру мақсатында, адамнан куә, жәбірленуші, сарапшы, күдікті немесе айыпталушы ретінде жауап алу туралы сұрау салуға (тапсырмаға, өтінішхатқа) осы Кодекстің тиісті баптарының құзыретті орган куәландырған үзінді көшірмесі қоса беріледі. Сондай-ақ адамға қойылуы керек сұрақтардың немесе адамнан алынуы қажет мәліметтердің тізбесі де сұрау салуға (тапсырмаға, өтінішхатқа) қоса беріледі.
3. Осы Кодекске сәйкес тергеу судьясының (сотының) санкциясын алуды не мүлікті тәркілеуді талап ететін процестік әрекеттерді жүргізу туралы сұрау салуға (тапсырмаға, өтінішхатқа) құзыретті органның оларды жүргізу туралы уәжді шешімдерінің түпнұсқалары немесе куәландырылған көшірмелері қоса беріледі.
4. Тәркілеу нысанында құқықтық көмек көрсету туралы сұрау салуда (тапсырмада, өтінішхатта) Қазақстан Республикасының аумағындағы және тәркіленуге жататын мүлік туралы мәліметтер, сондай-ақ осы мүліктің меншік иесінің, иесінің туған күні мен жері, азаматтығы, айналысатын ісі, тұрғылықты жері немесе болатын жері туралы деректерді қоса алғанда, олар туралы деректер, ал заңды тұлғалар үшін олардың атауы және тұрған жері қосымша көрсетіледі.
Тәркілеу нысанында құқықтық көмек туралы сұрау салуда (тапсырмада, өтінішхатта), егер құқықтық көмек көрсету туралы сұрау салуды (тапсырманы, өтінішхатты) дұрыс және уақтылы қарау үшін қажет болса, өзге мәліметтер де, оның ішінде телефондардың, факстардың нөмірлері, электрондық пошта мекенжайлары көрсетілуі мүмкін.
5. Тәркілеу нысанында құқықтық көмек көрсету туралы сұрау салуға (тапсырмаға, өтінішхатқа) Қазақстан Республикасының халықаралық шартында көзделген құжаттар қоса беріледі, ал егер бұл Қазақстан Республикасының халықаралық шартында көзделмесе, мынадай құжаттар қоса беріледі:
1) шет мемлекет сотының Қазақстан Республикасының аумағындағы мүлікті тәркілеу көзделген үкімінің, қаулысының немесе өзге де шешімінің шетелдік сот куәландырған көшірмесі, сондай-ақ олардың заңды күшіне енгені туралы дәлелдемелер;
2) тәркіленуге жататын мүліктің Қазақстан Республикасының аумағында тұрғанын растайтын дәлелдемелер;
3) осы бөліктің 1) және 2) тармақтарында көрсетілген құжаттардың қазақ және орыс тілдеріндегі аудармасы.
Ескерту. 565-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 12.07.2018 № 180-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.07.2023 № 23-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.566-бап. Құқықтық көмек көрсету туралы сұрау салуды (тапсырманы, өтінішхатты) қарау
1. Қазақстан Республикасының орталық органы немесе қарым-қатынастарды жүзеге асыруға уәкілетті орган құқықтық көмек көрсету туралы сұрау салуды (тапсырманы, өтінішхатты) қарау нәтижелері бойынша:
1) оның орындалуын сотқа дейінгі тергеп-тексеру органына, прокуратураға немесе сотқа тапсыруға;
2) сұрау салуды (тапсырманы, өтінішхатты) шет мемлекеттің процестік заңнамасының нормаларын қолдана отырып орындау мүмкіндігіне;
3) егер бұл Қазақстан Республикасының аумағында қылмыстық іс жүргізуге кедергі келтіретін болса, сұрау салуды (тапсырманы, өтінішхатты) орындауды кейінге қалдыруға;
4) сұрау салуды (тапсырманы, өтінішхатты) орындаудан осы Кодекстің 569-бабында көзделген негіздер бойынша бас тартуға;
5) егер сұрау салуды орындаудың шығыстары қылмыстық құқық бұзушылықпен келтірілген зияннан айқын түрде асатын немесе қылмыстық құқық бұзушылықтың ауырлығына айқын жауап бермейтін болса, егер бұл Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының ережелеріне қайшы келмесе, осы сұрау салуды (тапсырманы, өтінішхатты) орындау мүмкіндігіне қатысты шешім қабылдайды.
2. Сұрау салуды (тапсырманы, өтінішхатты) қанағаттандыру туралы шешім қабылданған жағдайда, Қазақстан Республикасының орталық органы немесе қарым-қатынастарды жүзеге асыруға уәкілетті орган сұрау салуды (тапсырманы, өтінішхатты) орындау үшін Қазақстан Республикасының құзыретті органына жібереді. Халықаралық шартта көзделген жағдайларда, Қазақстан Республикасының орталық органы құқықтық көмек көрсету туралы сұрау салуды (тапсырманы, өтінішхатты) орындау кезінде сұрау салушы тараптың құзыретті органы өкілінің қатысуына қатысты шешімді де қабылдайды.
3. Тиісті прокурор өз өкілеттіктерінің шегінде құқықтық көмек көрсету туралы сұрау салудың (тапсырманың, өтінішхаттың) тиісінше, толық және уақтылы орындалуын қамтамасыз етуге қатысты нұсқау беруге құқылы. Прокурордың берген нұсқаулары Қазақстан Республикасының тиісті құзыретті органының орындауы үшін міндетті болып табылады.
567-бап. Құқықтық көмек көрсету туралы сұрау салуды (тапсырманы, өтінішхатты) қарау нәтижелері туралы хабар
1. Құқықтық көмек көрсету туралы сұрау салу (тапсырма, өтінішхат) қанағаттандырылған жағдайда, Қазақстан Республикасының орталық органы немесе қарым-қатынастарды жүзеге асыруға уәкілетті орган сұрау салуды (тапсырманы, өтінішхатты) орындау нәтижесінде алынған материалдардың сұрау салушы тарапқа берілуін қамтамасыз етуге міндетті.
2. Құқықтық көмек көрсету туралы сұрау салуды (тапсырманы, өтінішхатты) қанағаттандырудан бас тартылған жағдайда, Қазақстан Республикасының орталық органы немесе қарым-қатынастарды жүзеге асыруға уәкілетті орган сұрау салушы тарапқа бас тарту себептерін, сондай-ақ сұрау салу (тапсырма, өтінішхат) қайтадан қаралуы мүмкін шарттарды хабарлайды және сұрау салуды (тапсырманы, өтінішхатты) қайтарады.
3. Құқықтық көмек көрсету туралы сұрау салуды (тапсырманы, өтінішхатты) қанағаттандырудан бас тарту немесе оны орындауды кейінге қалдыру үшін негіздер болған кезде Қазақстан Республикасының орталық органы немесе қарым-қатынастарды жүзеге асыруға уәкілетті орган сұрау салушы тараппен белгілі бір шектеулерде сұрау салуды орындау тәртібін келісе алады. Егер сұрау салушы тарап белгілі бір шарттармен келіссе, сұрау салушы тарап осы шарттарды орындағаннан кейін сұрау салу қанағаттандырылады.
1. Қазақстан Республикасының орталық органы немесе қарым-қатынастарды жүзеге асыруға уәкілетті орган сұрау салушы тараптың өтінуі бойынша құқықтық көмек көрсету туралы сұрау салуды (тапсырманы, өтінішхатты) алу фактісінің, оның мазмұнының және оны орындау нәтижесінде алынған мәліметтердің құпиялығын қамтамасыз ету үшін қосымша шаралар қолданады.
2. Қажет болған кезде сұрау салуды (тапсырманы, өтінішхатты) орындау нәтижесінде алынған құпия мәліметтерді сақтау шарттары мен мерзімдері келісіледі.
3. Қазақстан Республикасының орталық органы немесе қарым-қатынастарды жүзеге асыруға уәкілетті орган шет мемлекеттің құзыретті органына материалдарды беру кезінде осы Кодекске және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес осындай материалдарды пайдалануға қатысты шектеулерді белгілей алады.
4. Егер құқықтық көмек туралы сұрау салуды (тапсырманы, өтінішхатты) Қазақстан Республикасында орындау нәтижесінде мемлекеттік құпияларды қамтитын мәліметтер алынса, бұл мәліметтер Қазақстан Республикасының немесе оларды Қазақстан Республикасына берген өзге де мемлекеттің мүдделеріне зиян келтірмейтін жағдайда, құпия ақпаратты өзара қорғау туралы шарт болған кезде ғана және оларда көзделген талаптар мен қағидаларға сәйкес сұрау салушы тарапқа берілуі мүмкін.
Ескерту. 568-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 01.07.2022 № 131-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.569-бап. Құқықтық көмек көрсету туралы сұрау салуды (тапсырманы, өтінішхатты) орындаудан бас тарту
1. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген жағдайларда, сұрау салушы тарапқа құқықтық көмек көрсету туралы сұрау салуды (тапсырманы, өтінішхатты) қанағаттандырудан бас тартылуы мүмкін.
2. Қазақстан Республикасының халықаралық шарты болмаған кезде, егер:
1) сұрау салуды (тапсырманы, өтінішхатты) орындау Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін болса немесе Қазақстан Республикасының Егемендігіне, ұлттық қауіпсіздігіне, қоғамдық тәртібіне немесе өзге де елеулі мүдделеріне зиян келтіруі мүмкін болса;
2) сұрау салушы тарап осы саладағы өзара түсіністікті қамтамасыз етпесе;
3) тергеу судьясының (сотының) санкциясы қажет етілетін процестік әрекеттерді жүргізу туралы сұрау салу (тапсырма, өтінішхат) Қазақстан Республикасында қылмыстық құқық бұзушылық болып табылмайтын іс-әрекетке қатысты болса;
4) сұрау салу (тапсырма, өтінішхат) адамды оның шығу тегі, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайы, жынысы, нәсілі, ұлты, тілі, дінге көзқарасы, нанымы, тұрғылықты жері немесе кез келген өзге мән-жайлар бойынша қудалау, соттау немесе жазалау мақсатында жіберілді деп есептеуге негіздер жеткілікті болса, сұрау салуды (тапсырманы, өтінішхатты) орындаудан бас тартылуға тиіс.
Ескерту. 569-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 01.07.2022 № 131-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.06.2026 № 307-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.570-бап. Құқықтық көмек көрсету туралы сұрау салуды (тапсырманы, өтінішхатты) орындау тәртібі
1. Қылмыстық процесті жүргізетін орган өзіне белгіленген тәртіппен берілген құқықтық көмек көрсету туралы сұрау салуды (тапсырманы, өтінішхатты) осы Кодекстің жалпы қағидалары бойынша орындайды.
2. Сұрау салуды (тапсырманы, өтінішхатты) орындау кезінде, бұл Қазақстан Республикасының шет мемлекетпен халықаралық шартында көзделсе, осы мемлекеттің процестік заңнамасының нормалары қолданылуы мүмкін.
3. Егер құқықтық көмек көрсету туралы сұрау салу (тапсырма, өтінішхат) орындалмайтын болса, алынған құжаттар оны орындауға кедергі болған себептер көрсетіле отырып, сұрау салушы тарапқа белгіленген тәртіппен қайтарылады.
571-бап. Арнайы рұқсатты қажет ететін процестік әрекеттер
Егер сұрау салуды (тапсырманы, өтінішхатты) орындау үшін тергеу судьясының (сотының) санкциясын талап ететін процестік әрекетті жүргізу қажет болса, сұрау салушының заңнамасында бұл көзделмесе де, мұндай әрекет осы Кодексте көзделген тәртіппен тиісті санкция алынған жағдайда ғана жүзеге асырылады. Сұрау салушы тараптың өтініш жасаған материалдары осындай процестік әрекеттерді санкциялау туралы мәселені шешу үшін негіз болып табылады.
Ескерту. 571-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 12.07.2018 № 180-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.572-бап. Сұрау салушы мемлекеттің құзыретті органдары өкілдерінің қатысуы
1. Осы Кодекстің талаптарына сәйкес қатысуға рұқсат берілген шет мемлекеттің құзыретті органының өкілі Қазақстан Республикасының аумағында қандай да бір процестік әрекеттерді өз бетінше жүргізуге құқылы емес. Мұндай өкілдер процестік әрекеттерді жүргізу кезінде қатысқан жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауға тиіс.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген адамдардың процестік әрекеттерді жүргізу кезінде қатысуға және процестік әрекеттердің хаттамасына енгізілуге жататын, олардың жүргізілу тәртібі туралы арыз беруге және ескертулер енгізуге, тергеушінің, анықтау органының, прокурордың немесе соттың рұқсатымен сұрақтар қоюға, сондай-ақ жазбалар жасауға, оның ішінде ғылыми-техникалық құралдарды қолдана отырып жасауға құқығы бар.
1. Құқықтық көмек көрсету туралы сұрау салу (тапсырма, өтінішхат) бойынша осы сұрау салуға (тапсырмаға, өтінішхатқа) қоса тігілген құжаттар мен шешімдер сұрау салуда (тапсырмада, өтінішхатта) көрсетілген адамға осы бапта белгіленген тәртіппен табыс етіледі.
2. Тергеуші, анықтау органы, прокурор немесе сот құқықтық көмек көрсету туралы сұрау салуды (тапсырманы, өтінішхатты) орындау тұрғысынан құжаттарды тапсыру үшін адамды шақырады. Егер адам дәлелді себептерсіз келмесе, оған осы Кодексте көзделген тәртіппен күштеп әкелу қолданылуы мүмкін.
3. Тергеуші, анықтау органы, прокурор немесе сот құжаттардың адамға табыс етілгендігі туралы олардың табыс етілген жері мен күнін көрсете отырып хаттама жасайды. Хаттамаға құжаттар табыс етілген адам құжаттарды алу кезіндегі мәлімдемелерін немесе ескертулерін жазып, қол қояды. Қазақстан Республикасының халықаралық шартында көзделген жағдайларда бөлек растау қағазы да жасалады, оған құжаттарды алған адам және оны табыс етуді жүзеге асырған адам қолдарын қояды.
4. Адам табыс етілуге жататын құжаттарды алудан бас тартқан жағдайда, бұл туралы хаттамада көрсетіледі. Бұл ретте табыс етілуге жататын құжаттар табыс етілді деп есептеледі, бұл туралы хаттамада көрсетіледі.
5. Егер табыс етілуге жататын құжаттардың қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасы болмаса және сұрау салуда (тапсырмада, өтінішхатта) көрсетілген адам білмейтін тілде жасалса, ол адамның құжаттарды алудан бас тартуға құқығы бар. Мұндай жағдайда құжаттар табыс етілген жоқ деп есептеледі.
1. Егер қылмыстық іс бойынша айғақтар беру немесе өзге де процестік әрекеттерге қатысу үшін шет мемлекеттің аумағында күзетпен ұсталып отырған немесе бас бостандығынан айыру түрінде жазасын өтеп жатқан және осы қылмыстық іс бойынша қылмыстық жауаптылыққа тартылмаған адамның қатысуы қажет болса, қылмыстық процесті жүргізетін орган осы адамды Қазақстан Республикасына уақытша беру туралы өтінішхат жасайды.
2. Сұрау салынған тарап адамды уақытша беру туралы өтінішхатты қанағаттандырған жағдайда, мұндай адам ол берілген процестік әрекеттер жүргізілгеннен кейін шет мемлекетпен келісілген мерзімде қайтарылуға тиіс.
Уақытша берудің келісілген мерзімі жеткіліксіз болған кезде қылмыстық процесті жүргізетін орган ол аяқталардан жиырма тәулік бұрын Қазақстан Республикасының орталық органына шет мемлекетпен келісу үшін көрсетілген мерзімді ұзарту туралы өтінішхат жібереді.
3. Шет мемлекеттің құзыретті органының адамды күзетпен ұстау немесе оған бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындау туралы шешімі Қазақстан Республикасына уақытша берілген адамды Қазақстан Республикасында күзетпен ұстауға негіз болып табылады.
4. Қазақстан Республикасының аумағында жазасын өтеп жатқан адамды осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген шарттарды сақтай отырып, шет мемлекеттің құзыретті органының өтінішхаты бойынша шет мемлекетке уақытша беруге болады.
5. Адамды уақытша беру осы адамның жазбаша келісімі болған кезде ғана жүзеге асырылады.
575-бап. Қазақстан Республикасынан тыс жердегі адамды шақыру
1. Қазақстан Республикасынан тыс жердегі адам Қазақстан Республикасының аумағында процестік әрекеттерді жүргізу үшін, құқықтық көмек көрсету туралы сұрау салудың (тапсырманың, өтінішхаттың) негізінде шақыру қағазымен шақыртылады. Мұндай адам шақырту туралы күнібұрын хабардар етіледі. Күдіктіден, айыпталушыдан, сотталушыдан және сотталған адамнан басқа, шақыртылған адамға шақыруға байланысты шығыстардың мөлшері және оларды өтеу тәртібі туралы хабарланады.
2. Қазақстан Республикасынан тыс жерде жүрген, шақырту бойынша келген куә, жәбірленуші, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер, олардың өкілдері, сарапшы өзінің азаматтығына қарамастан, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткенге дейін орын алған іс-әрекет үшін немесе үкімдердің негізінде Қазақстан Республикасының аумағында қылмыстық немесе әкімшілік жауаптылыққа тартылмайды, күзетпен қамауға алынбайды немесе оларға басқа да процестік мәжбүрлеу шаралары қолданылмайды.
Мұндай адамдар, өздері шақырылған қылмыстық іске байланысты куә, жәбірленуші ретінде берген айғақтарына байланысты немесе сарапшылар ретіндегі қорытынды үшін сондай-ақ жауаптылыққа тартылмайды, күзетпен қамауға алынбайды немесе жазалауға ұшырамайды.
3. Шақыртылған адам, егер ол қылмыстық процесті жүргізетін органның оның қатысуымен процестік әрекеттерді жүргізудің қажеті жоқтығы туралы жазбаша хабарламасын алған кезден бастап он бес тәуліктің немесе Қазақстан Республикасының халықаралық шартында көзделген өзге мерзімнің ішінде Қазақстан Республикасының аумағынан кетпесе, немесе егер ол осы жерге өз еркімен қайтып келсе, осы бапта көзделген кепілдіктерден айырылады. Осы адам мүмкіндігі болып тұрса да, өз кінәсіне байланысты емес себеппен Қазақстан Республикасының аумағынан кете алмаған уақыт бұл мерзімге есептелмейді.
Ескерту. 575-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 16.11.2020 № 375-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.576-бап. Бейнебайланыс орнату арқылы процестік әрекеттерді жүргізу
1. Шет мемлекеттің құзыретті органының сұрау салуы бойынша процестік әрекеттер мынадай жағдайларда:
1) шақыртылатын адамдардың шет мемлекеттің құзыретті органына келуі мүмкін болмаған;
2) адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін;
3) Қазақстан Республикасының халықаралық шартында көзделген өзге де негіздер бойынша бейнебайланыстың көмегімен адамның тұрған жері бойынша жүргізіледі.
2. Бейнебайланыс жолымен процестік әрекеттер мұндай тәртіп Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік заңнамасының қағидаттарына қайшы келмейтін шамада, сұрау салушы тараптың процестік заңнамасында көзделген тәртіппен орындалады.
3. Сұрау салушы тараптың құзыретті органы бейнебайланысты жүргізу кезінде аудармашының қатысуын қамтамасыз етуге тиіс.
4. Егер процестік әрекетті жүргізу уақытында осы баптың екінші бөлігінде көзделген тәртіптің бұзылғандығы белгіленсе, қылмыстық процесті жүргізетін орган бұл туралы процестік әрекеттерге қатысушыларға хабарлайды және жол берілген бұзушылықтарды жою үшін шаралар қабылдау мақсатында оны тоқтата тұрады. Процестік әрекеттер рәсімге қажетті өзгерістерді сұрау салушы тараптың құзыретті органымен келіскеннен кейін ғана жалғастырылады.
5. Процестік әрекеттердің хаттамасы және бейнеақпаратты жеткізгіштер сұрау салушы тараптың құзыретті органына жіберіледі.
6. Қазақстан Республикасы құзыретті органының сұрау салуы бойынша процестік әрекеттер осы бапта көзделген қағидалар бойынша бейнебайланыстың көмегімен жүргізіледі.
577-бап. Мүлікті іздестіру, оған тыйым салу және оны тәркілеу
1. Құқықтық көмек көрсету туралы сұрау салудың (тапсырманың, өтінішхаттың) негізінде Қазақстан Республикасының құзыретті органдары қылмыстық жолмен алынған мүлікті, ақша мен құндылықтарды, сондай-ақ күдіктілерге, айыпталушыларға немесе сотталған адамдарға тиесілі мүлікті анықтау және оған тыйым салу мақсатында осы Кодексте көзделген процестік әрекеттерді жүргізеді.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген мүлікке тыйым салынған кезде сот осы мүлікке қатысты шешім қабылдағанға дейін оны сақтау мақсатында қажетті шаралар қамтамасыз етіледі, бұл туралы сұрау салушы тарапқа хабарланады.
3. Табылған мүлік сұрау салушы тараптың сұрау салуы бойынша:
1) осы Кодекстің 573-бабының талаптары сақтала отырып, оған тыйым салынуы және қылмыстық іс жүргізу бойынша дәлелдеме ретінде немесе иесіне қайтару үшін сұрау салушы тараптың құзыретті органына берілуі мүмкін;
2) егер бұл сұрау салушы тарап сотының заңды күшіне енген үкімінде немесе өзге де шешімінде көзделсе, тәркіленуі мүмкін.
Сұрау салушы тарап сотының мүлікті тәркілеу туралы үкімін немесе өзге де шешімін тану осы Кодекстің 608-бабында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
4. Осы баптың үшінші бөлігінің 1) тармағына сәйкес тыйым салынған мүлік сұрау салушы тарапқа берілмейді немесе бұл мүлік Қазақстан Республикасында азаматтық немесе қылмыстық істі қарау мақсатында қажет болса, оны беру кейінге қалдырылуы немесе ол уақытша берілуі мүмкін немесе ол заңда көзделген өзге де негіздер бойынша шетелге шығарылмауы мүмкін.
5. Осы баптың үшінші бөлігінің 2) тармағына сәйкес тәркіленген мүлік осы баптың алтыншы бөлігінде көзделген жағдайлардан басқа кезде, Қазақстан Республикасының кірісіне беріледі.
6. Қазақстан Республикасы орталық органының өтінішхаты бойынша сот осы баптың үшінші бөлігінің 2) тармағына сәйкес тәркіленген мүлікті, сондай-ақ оның ақшалай баламасын:
1) қылмыстық құқық бұзушылықпен келтірілген залалды жәбірленушіге өтеу үшін тәркілеу туралы шешім қабылдаған сұрау салушы тарапқа;
2) тәркіленген мүлікті немесе оның ақшалай баламасын бөлу мәселесін реттейтін Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес беру туралы шешім қабылдауы мүмкін.
7. Қазақстан Республикасының құзыретті органдары сұрау салушы тараптың сұрау салуы бойынша Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген өзге процестік шараларды да қабылдауы мүмкін.
8. Сот осы бапта көзделген сұрау салуларды мүлкіне қатысты шет мемлекет сотының үкімімен, қаулысымен немесе өзге де шешімімен тәркілеу туралы шешім қабылданған тұлғаның Қазақстан Республикасындағы тұрғылықты жері немесе тұрған жері бойынша, ал егер бұл тұлғаның Қазақстан Республикасында тұрғылықты жері немесе тұрған жері болмаса не оның тұрған жері белгісіз болса, оның тәркіленуге жататын мүлкінің Қазақстан Республикасында тұрған жері бойынша қарайды.
Ескерту. 577-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 12.07.2023 № 23-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.578-бап. Бірлескен тергеу, жедел-тергеу топтарын құру және олардың қызметі
1. Бірнеше мемлекеттің аумағында жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтардың мән-жайларына сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізу үшін немесе осы мемлекеттердің мүдделері бұзылған болса, бірлескен тергеу, жедел-тергеу топтары құрылуы мүмкін.
2. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Қазақстан Республикасының сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдарының және шет мемлекеттердің құзыретті органдарының сұрау салуы бойынша бірлескен тергеу, жедел-тергеу топтарын құру туралы мәселені қарап, шешеді.
3. Бірлескен тергеу, жедел-тергеу тобының мүшелері тікелей өзара іс-қимыл жасасады, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің, процестік әрекеттерді жүргізудің негізгі бағыттарын келіседі, алынған ақпаратпен алмасады. Олардың қызметін үйлестіруді бірлескен тергеу, жедел-тергеу тобын құрудың бастамашысы немесе оның мүшелерінің біреуі жүзеге асырады.
4. Тергеу (іздестіру) және өзге де процестік әрекеттерді аумағында іс жүргізіліп отырған нақ сол мемлекеттің бірлескен тергеу, жедел-тергеу тобының мүшелері орындайды.
60-тарау. АДАМДАРДЫ ҰСТАП БЕРУ (ЭКСТРАДИЦИЯЛАУ)
579-бап. Адамды ұстап беру (экстрадициялау) туралы сұрау салуды жіберу
1. Адамды ұстап беру (экстрадициялау) туралы сұрау салу, егер өздеріне байланысты адамды ұстап беру (экстрадициялау) сұратылып отырған қылмыстардың ең болмағанда біреуі үшін бір жылдан кем емес мерзімге бас бостандығынан айыру түрінде жаза көзделген немесе адам бас бостандығынан айыру түріндегі жазаға сотталған және өтелмеген мерзімі кемінде алты айды құрайтын болса жіберіледі.
2. Шет мемлекеттің құзыретті органының адамды ұстап беру (экстрадициялау) туралы сұрау салуы осы баптың бірінші бөлігінде көзделген талаптар сақталған жағдайда ғана қаралуы мүмкін.
3. Адамды уақытша ұстап беру (экстрадициялау) және транзиттік тасымалдау туралы сұрау салулар адамды ұстап беру (экстрадициялау) туралы сұрау салулар сияқты тәртіппен жіберіледі.
4. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Қазақстан Республикасының құзыретті органына осы Кодексте немесе Қазақстан Республикасының халықаралық шартында көзделген, адамды ұстап беруге (экстрадициялауға) кедергі болуы мүмкін мән-жайлар болған кезде шет мемлекетке сұрау салуды жіберуден бас тартуға құқылы.
580-бап. Адамды ұстап беру (экстрадициялау) туралы құжаттарды дайындау және сұрау салуларды жіберу тәртібі
1. Осы Кодексте және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген жағдайда және тәртіппен, қылмыстық процесті жүргізетін орган Қазақстан Республикасының аумағында қылмыс жасаған және оның аумағын тастап кеткен адамды ұстап беру (экстрадициялау) туралы өтінішхатқа қажетті құжаттарды қоса бере отырып, осы өтінішхатпен Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына өтініш жасайды.
2. Адамды ұстап беру (экстрадициялау) туралы өтінішхат жазбаша нысанда жасалады және онда:
1) іс жүргізуінде қылмыстық іс жатқан органның атауы;
2) күдіктінің (сотталған адамның) тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), туған жылы, азаматтығы туралы деректер, фотосуреттері;
3) жасалған қылмыстық құқық бұзушылық үшін жауаптылық көзделетін заңның мәтінін келтіріп, санкциясын міндетті түрде көрсете отырып, осы қылмыстың нақты мән-жайларының жазылуы;
4) заңды күшіне енген үкімнің не күдіктінің іс-әрекетін саралау туралы қаулының шығарылған жері мен уақыты туралы мәліметтер қамтылуға тиіс.
3. Адамды ұстап беру (экстрадициялау) туралы өтінішхатқа:
1) егер адамды ұстап беру (экстрадициялау) қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін сұратылса, күдіктінің іс-әрекетін алдын ала саралауды айқындау туралы қаулының, айыптау актісінің, айыптау хаттамасының, сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру хаттамасының, тергеу судьясының немесе соттың адамды күзетпен ұстау туралы қаулысының куәландырылған көшірмелері;
2) егер адамды ұстап беру (экстрадициялау) үкімді орындауға келтіру үшін сұратылса, оның заңды күшіне енгендігі туралы анықтамамен бірге үкімнің көшірмесі;
3) Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінен қылмыс сараланып отырған және олар бойынша ескіру мерзімдері көзделген бапты қамтитын үзінді көшірмелер;
4) Қазақстан Республикасының уәкілетті органының ұстап беру (экстрадициялау) сұратылып отырған адамның азаматтығы туралы қорытындысы;
5) егер сот тағайындаған жазаның бір бөлігін өтеген адамды ұстап беру (экстрадициялау) сұратылса, жазаның өтелмеген бөлігі туралы анықтама;
6) аумағында іздестіріліп жатқан адам анықталған шет мемлекет үшін де қолданылатын Қазақстан Республикасының халықаралық шартында көзделген өзге де мәліметтер қоса берілуге тиіс.
4. Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры немесе оның орынбасары Қазақстан Республикасының халықаралық шартында көзделген негіздер болған кезде шет мемлекеттің құзыретті органына Қазақстан Республикасына адамды ұстап беру (экстрадициялау) туралы сұрау салумен жүгінеді.
Ескерту. 580-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 27.12.2021 № 88-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.581-бап. Адамды уақытша ұстап беру (экстрадициялау)
1. Егер адамды ұстап беруді (экстрадициялауды) кейінгі қалдыру қылмыстық жауаптылыққа тартудың ескіру мерзімінің өтуіне немесе қылмыстық іс бойынша дәлелдемелердің жоғалуына, жойылуына әкеп соқтыруы мүмкін болса, адамды уақытша ұстап беру (экстрадициялау) туралы осы Кодекстің 580-бабында көзделген тәртіппен дайындалатын сұрау салу жіберілуі мүмкін.
2. Адамды уақытша ұстап беру (экстрадициялау) туралы сұрау салу қанағаттандырылған жағдайда, осы адам тиісті шет мемлекетке келісілген мерзімде қайтарылуға тиіс.
3. Процесті жүргізетін орган, қажет болған жағдайда, адамды уақытша ұстап беру (экстрадициялау) мерзімін ұзарту туралы құжаттарды дайындайды, олар адамды уақытша ұстап беру (экстрадициялау) мерзімі аяқталардан кемінде жиырма тәулік бұрын Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына жіберіледі.
582-бап. Ұстап берілген (экстрадицияланған) адамның қылмыстық жауаптылығының шегі
1. Шет мемлекет ұстап берген (экстрадициялаған) адам оны ұстап берген мемлекеттің келісімінсіз, ұстап беруге (экстрадициялауға) байланысты емес өзге де қылмыс үшін қылмыстық жауаптылыққа тартыла алмайды, жазалана алмайды.
2. Шет мемлекет ұстап берген (экстрадициялаған) адам оны ұстап берген мемлекеттің келісімінсіз үшінші мемлекетке берілмейді.
3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінің қағидалары адам ұстап берілгеннен (экстрадицияланғаннан) кейін қылмыс жасаған жағдайларға, сондай-ақ егер ұстап берілген (экстрадицияланған) адам – қылмыстық іс жүргізу аяқталғаннан кейін отыз тәулік өткенге дейін, ал сотталған жағдайда жазасын өтегеннен немесе одан босатылғаннан кейін отыз тәулік өткенге дейін сұрау салушы тараптың аумағынан кетпесе немесе егер ол оған өз еркімен қайтып келсе, қолданылмайды. Ұстап берілген (экстрадицияланған) адам сұрау салушы тараптың аумағынан өзіне байланысты емес себептермен кете алмаған уақыт бұл мерзімге есептелмейді.
583-бап. Ұстап берілген (экстрадицияланған) адамға қатысты қылмыстық іс жүргізу нәтижелері туралы ақпарат беру
Прокурор сұрау салынатын тараптың уәкілетті органын кейіннен хабардар ету үшін Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына ұстап берілген (экстрадицияланған) адамға қатысты қылмыстық іс жүргізу нәтижелері туралы хабар жібереді.
584-бап. Күзетпен ұстау мерзімдерін есептеу
1. Ұстап берілген (экстрадицияланған) адамға бұлтартпау шарасы ретінде қолданылатын күзетпен ұстау мерзімінің басталуы оның Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен кезінен бастап есептеледі.
2. Қазақстан Республикасына ұстап берілетін адамды шет мемлекеттің аумағында ұстап алу және күзетпен ұстау, сондай-ақ оны этаппен апару уақыты жаза тағайындау кезінде оны күзетпен ұстаудың жалпы мерзіміне есептеледі.
3. Уақытша ұстап беру (экстрадициялау) ішінде Қазақстан Республикасының аумағында адамды күзетпен ұстау уақыты осындай адамның Қазақстан Республикасы сотының үкімімен тағайындалған жазаны өтеу мерзіміне есептелмейді.
Ескерту. 575-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 16.11.2020 № 375-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.585-бап. Транзит және уақытша ұстап беру (экстрадициялау)кезінде күзетпен ұстау
Шет мемлекеттің құзыретті органының адамды күзетпен ұстау немесе оған бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындау туралы шешімі:
1) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзиттік тасымалданатын;
2) Қазақстан Республикасына уақытша берілген (экстрадицияланған) адамдарды Қазақстан Республикасының аумағында күзетпен ұстауға негіз болып табылады.
586-бап. Ұстап берілуі (экстрадициялануы) сұратылатын адамның құқықтары
1. Өзін шет мемлекетке ұстап беру (экстрадициялау) туралы мәселе қаралып отырған адамның:
1) өзін ұстап беру (экстрадициялау) туралы сұрау салу қандай қылмыс бойынша түскенін білуге;
2) қорғаушысының болуына және сөйлесудің құпиялығын қамтамасыз ететін жағдайда онымен кездесуге, жауап алу кезінде қорғаушысының қатысуына;
3) ұстап алынған жағдайда – ұстап алынғаны және өзінің болатын жері туралы жақын туыстарына, отбасы мүшелеріне немесе өзге адамдарға хабарлауға;
4) өзін күзетпен ұстауға және өзін ұстап беру (экстрадициялау) туралы сұрау салуға байланысты мәселелерді соттың қарауына қатысуға;
5) ұстап беру (экстрадициялау) туралы сұрау салумен танысуға немесе оның көшірмесін алуға;
6) күзетпен ұстау, экстрадициялық қамақты қолдану және ұстап беру жөніндегі сұрау салуды қанағаттандыру туралы шешімдерге шағым жасауға;
7) сот отырысында ұстап беру (экстрадициялау) туралы сұрау салу жөнінде өз пікірін білдіруге құқығы бар.
2. Егер өзін ұстап беру (экстрадициялау) туралы мәселе қаралып отырған адам шетел азаматы болып табылса және күзетпен ұсталса, онда оның өз мемлекетінің дипломатиялық немесе консулдық мекемесінің өкілімен кездесуге құқығы бар.
587-бап. Қазақстан Республикасынан тыс жерде қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамды ұстап алу ерекшеліктері
1. Шет мемлекет қылмыс жасағаны үшін іздестіріп жатқан адамды Қазақстан Республикасының аумағында ұстап алуды қылмыстық қудалау органының лауазымды адамы осы Кодекстің 131-бабында көзделген тәртіппен жүргізеді.
2. Ұстап алынған адамның жеке басы, оның азаматтық тиесілігі жетпіс екі сағат ішінде анықталуға, іздестірудің бастамашысынан жасалған іс-әрекеттің мән-жайлары, оған сәйкес осы іс-әрекет қылмыс деп танылатын баптың мәтіні, құзыретті органның оны күзетке алу және оған іздестіру жариялау туралы шешімі, сондай-ақ адамды күзетке алу қажеттігі туралы растауы талап етіп алдырылуға тиіс.
3. Шет мемлекеттің құзыретті органының ұстап беру (экстрадициялау) туралы талап мәлімделгенге дейін адамды күзетке алу туралы өтінішхаты поштамен, телеграфпен, телекспен, факспен және өзге де байланыс түрлерімен жіберілуі мүмкін.
4. Ұстап алынған адам, егер:
1) ұстап алынған кезден бастап жетпіс екі сағат ішінде оны уақытша күзетпен ұстау туралы немесе оған қатысты экстрадициялық қамақты қолдану туралы өтінішхаттарды қарау үшін тергеу судьясына жеткізілмесе;
2) ұстап беру (экстрадициялау) жүргізілмейтін мән-жайлар анықталса, ол дереу босатылады.
588-бап. Адамды уақытша күзетпен ұстау
1. Ұсынылған материалдар зерделенгеннен кейін және ұстап алынған адам іздестіру жарияланған адам болып табылады деп пайымдауға жеткілікті негіздер болған және осы Кодекстің 590-бабында жазылған негіздер болмаған кезде прокурор адамды ұстап алудың жетпіс екі сағаттық мерзімі аяқталардан он екі сағат бұрын аудандық және оған теңестірілген сотқа осы адамға ол ұстап алынған кезден бастап қырық тәулік мерзімге немесе оны ұстап беру (экстрадициялау) туралы сұрау салу түскенге дейін Қазақстан Республикасының тиісті халықаралық шартында белгіленген өзге де мерзімде уақытша күзетпен ұстауды қолдану туралы өтінішхат енгізеді.
2. Өтінішхатқа:
1) адамды ұстап алу хаттамасы;
2) адамның шет мемлекеттің аумағында қылмыс жасағаны және шет мемлекеттің құзыретті органы оған қатысты бұлтартпау шарасын таңдағаны туралы деректерді қамтитын құжаттар;
3) ұстап алынған адамның жеке басын растайтын құжаттар қоса тігіледі.
3. Тергеу судьясы адамды ұстап алған кезден бастап дереу, бірақ жетпіс екі сағаттан кешіктірмей өтінішхатты қарайды және уақытша күзетпен ұстау туралы не уақытша күзетпен ұстаудан бас тарту туралы қаулы шығарады.
4. Тергеу судьясы уақытша күзетпен ұстаудан бас тарту туралы қаулы шығарылған жағдайда, сонымен бір мезгілде қаулыны прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қарау және облыстық немесе оған теңестірілген сотта істі қарау кезеңінде іздестіріліп жатқан адамды күзетпен ұстау туралы шешім қабылдайды.
5. Тергеу судьясының осы қаулысына шағым жасау, оны прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қарау және оның заңдылығы мен негізділігін тексеру осы Кодекстің 107-бабында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
6. Адамды уақытша күзетпен қамау туралы прокурор ұстап беру (экстрадициялау) уақыты мен орны туралы ұсыныспен бірге ұстап беру (экстрадициялау) туралы өтінуді, экстрадициялық қамаққа алу туралы өтінішхатты жіберген немесе жіберуі мүмкін шет мемлекеттің мекемесіне дереу хабарлайды.
7. Күзетпен ұстау орнының әкімшілігі мұндай адамды күзетпен ұстау мерзімі аяқталардан он тәулік бұрын бұл туралы прокурорға хабарлауға міндетті.
8. Уақытша күзетпен ұстау қолданылған адамды босатуды прокурор, егер:
1) сұрау салушы тараптан қырық тәулік ішінде ұстап беру (экстрадициялау) туралы талап келіп түспесе;
2) қырық тәулік ішінде экстрадициялық қамаққа алу қолданылмаса;
3) ұстап беру (экстрадициялау) мүмкіндігін болдырмайтын мән-жайлар белгілі болса, жүзеге асырады.
9. Адамды босату, егер адамды ұстап беру (экстрадициялау) туралы сұрау салу кеш түссе, сотқа оны осы Кодексте көзделген тәртіппен күзетпен қамауға алу және ұстап беру (экстрадициялау) туралы қайталама өтінішхатпен жүгінуге кедергі келтірмейді.
10. Уақытша күзетпен ұстау мерзімі аяқталғанға дейін адамды ұстап беру (экстрадициялау) туралы сұрау салу келіп түскен жағдайда, тергеу судьясының уақытша күзетпен ұстау туралы қаулысы осы адамға қатысты экстрадициялық қамаққа алуды қолдану туралы қаулыны тергеу судьясы шығарған кезден бастап заңдық күшін жоғалтады.
Ескерту. 588-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 11.07.2017 № 91-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.07.2018 № 180-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.589-бап. Экстрадициялық қамаққа алу
1. Сұрау салушы тараптан іздестіріліп жатқан адамды ұстап беру (экстрадициялау) туралы сұрау салуды пошта, телеграф, телекс, факс және өзге де байланыс түрлері арқылы алғаннан кейін прокурор адамды күзетпен ұстау орны бойынша аудандық және оған теңестірілген сотқа ұстап беру (экстрадициялау) мақсатында адамға экстрадициялық қамаққа алуды қолдану туралы өтінішхат енгізеді.
2. Тергеу судьясының қарауына өтінішхатпен бірге:
1) шет мемлекеттің құзыретті органының адамды ұстап беру (экстрадициялау) туралы сұрау салуының Қазақстан Республикасының тиісті орталық органы куәландырған көшірмесі;
2) адамның азаматтығы туралы құжаттар;
3) қолда бар экстрадициялық тексеру материалдары ұсынылады.
3. Тергеу судьясы өтінішхатты қарайды және экстрадициялық қамаққа алуды қолдану туралы не экстрадициялық қамаққа алуды қолданудан бас тарту туралы қаулы шығарады.
4. Тергеу судьясы өтінішхатты қарау кезінде іздестіріліп жатқан адамның азаматтық тиесілігін, сондай-ақ кінәлілігі туралы мәселені зерттеместен және ұстап берілуі (экстрадициялануы) сұратылып отырған адамға қатысты іс бойынша шет мемлекеттің құзыретті органдары қабылдаған процестік шешімдердің заңдылығын тексерместен, оны ұстап беруге (экстрадициялауға) сұрау салынуына байланысты іс-әрекет бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейтін қылмыс болып табылатынын-табылмайтынын тексереді.
5. Тергеу судьясының осы қаулысына шағым жасау және оны прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қарау осы Кодекстің 107-бабында көзделген тәртіппен облыстық немесе оған теңестірілген сотқа жүзеге асырылады, ол осы баптың төртінші бөлігіне сәйкес оның заңдылығы мен негізділігін тексереді.
6. Тергеу судьясы экстрадициялық қамаққа алуды қолданудан бас тарту туралы қаулы шығарылған жағдайда, сонымен бір мезгілде қаулыны прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қарау және облыстық немесе оған теңестірілген сотта істі қарау кезеңінде іздестіріліп жатқан адамды күзетпен ұстау туралы шешім қабылдайды.
7. Ұстап берілуге (экстрадициялануға) жататын адамға қатысты экстрадициялық қамаққа алу оны ұстап алған кезден бастап он екі ай мерзімге, ал сот үкімін орындауға келтіру үшін сұратылып отырған адамға қатысты – ол сұрау салушы мемлекетте сотталған мерзімнен аспайтын мерзімге қолданылады.
8. Күзетпен ұстау орнының әкімшілігі экстрадициялық қамаққа алу қолданылған адамды күзетпен ұстау мерзімі аяқталардан он тәулік бұрын бұл туралы прокурорға хабарлауға міндетті.
9. Адамды ұстап беру (экстрадициялау) туралы шешім қабылданғаннан кейін экстрадициялық қамаққа алудың он екі айлық мерзімі өткен жағдайда, егер:
1) ұстап берілген адамды ұстап беруді сұратып отырған мемлекеттің аумағына этаппен апаруды ұйымдастыру;
2) ұстап берілген адамның Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының немесе оның орынбасарының ұстап беру туралы қаулысына шағымын қарау үшін қосымша уақыт қажет болса, оны күзетпен ұстау мерзімін тергеу судьясы, ұстап берілген адамды шет мемлекетке нақты бергенге дейін прокурордың өтінішхаты бойынша, жасалуына ұстап беріліп отырған адам айыпталатын (күдіктелетін) қылмыс бойынша шет мемлекеттің қылмыстық заңының санкциясында көзделген бас бостандығынан айырудың ең көп мерзімі шегінде ұзартады.
10. Экстрадициялық қамаққа алу қолданылған адамды босату прокурордың қаулысы негізінде, оның ішінде осы бапта көрсетілген мерзім аяқталған соң да жүргізіледі, егер осы мерзімде ұстап беру (экстрадициялау) жүргізілмесе, бұл туралы дереу Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына хабарланады.
11. Адамды экстрадициялық қамаққа алудан босату, егер Қазақстан Республикасының халықаралық шартында өзгеше көзделмесе, оны ұстап беру (экстрадициялау) туралы шешімді орындау үшін шет мемлекетке адамды нақты беру мақсатында қайтадан қолдануға кедергі келтірмейді.
Ескерту. 589-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 11.07.2017 № 91-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.07.2018 № 180-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.589-1-бап. Қылмыс жасағаны үшін шет мемлекет іздестіріп жатқан адамға қатысты кепілді қолдану
1. Шет мемлекеттің құзыретті органының адамды күзетпен ұстау туралы шешімін орындау жөніндегі қамтамасыз ету шарасы ретінде тергеу судьясы іздестіріліп жатқан адамға қатысты оны шет мемлекетке ұстап беру (экстрадициялау) мақсатында осы Кодекстің 145-бабында белгіленген тәртіппен кепіл қолдануы мүмкін.
2. Қамтамасыз ету шарасы ретінде кепілді таңдаған кезде прокурор аудандық және оған теңестірілген сотқа өтінішхат енгізеді.
Өтінішхатқа осы Кодекстің 588-бабының екінші бөлігінде көрсетілген құжаттар, сондай-ақ өтінішхаттың негізділігін растайтын өзге де материалдар қоса тіркеледі.
Осы Кодекстің 587-бабының тәртібімен ұстап алынған адамға қатысты кепіл қолданылған жағдайда, прокурор өтінішхатты осы Кодекстің 588-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімдерде не экстрадициялық тексерудің кез келген сатысында енгізеді.
3. Аса ауыр қылмыстар туралы істерді қоспағанда, тергеу судьясы адамды уақытша күзетпен ұстау не экстрадициялық қамаққа алуды қолдану туралы қаулы шығарған кезде, осы Кодекстің 148-бабының тоғызыншы бөлігінде көзделген жағдайлардан басқа, адамның осы Кодекстің 140-бабының үшінші бөлігінде көзделген міндеттерді орындауын қамтамасыз ету үшін жеткілікті кепіл мөлшерін айқындауға міндетті.
Тергеу судьясының қаулысында кепіл енгізілген жағдайда осы Кодекстің 140-бабында көзделген қандай міндеттер адамға жүктелетіні, оларды орындамау салдары, кепіл мөлшерін таңдаудың негізділігі, сондай-ақ оны қолдану мүмкіндігі көрсетіледі.
4. Адамды ұстап беру (экстрадициялау) туралы шешім заңды күшіне енгеннен кейін прокурор осы Кодекстің 589-бабында көзделген тәртіппен экстрадициялық қамаққа алуды қолдану туралы шешім қабылдайды.
Ескерту. 589-1-баппен толықтырылды – ҚР 16.07.2025 № 210-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.590-бап. Адамды ұстап беруден (экстрадициялаудан)бас тарту
1. Егер:
1) өзіне қатысты ұстап беру (экстрадициялау) туралы сұрау салу келіп түскен адам Қазақстан Республикасының азаматы болып табылса және Қазақстан Республикасының сұрау салушы тараппен арадағы халықаралық шартында өз азаматтарын ұстап беру (экстрадициялау) көзделмесе;
2) адамды ұстап беру (экстрадициялау) туралы сұрау салуға негіз болған іс-әрекет Қазақстан Республикасында қылмыс болып танылмаса;
3) ол үшін адамды ұстап беру (экстрадициялау) сұратылған қылмыс Қазақстан Республикасында бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздемесе;
4) өзіне қатысты ұстап беру (экстрадициялау) туралы сұрау салу келіп түскен адамға Қазақстан Республикасы пана берсе;
5) адамға қатысты нақ сол қылмысы үшін заңды күшіне енген үкім шығарылса немесе іс бойынша іс жүргізу тоқтатылса;
6) адамды ұстап беру (экстрадициялау) туралы сұрау салу алынған кезде Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша қылмыстық қудалау бастала алмаса немесе үкім ескіру мерзімдерінің өтуі салдарынан немесе өзге де заңды негіздер бойынша орындауға келтіріле алмайтын болса;
7) өзіне қатысты ұстап беру (экстрадициялау) туралы сұрау салу келіп түскен адамға, Қазақстан Республикасының халықаралық шартында көзделген жағдайлардан басқа, сұрау салушы тарапта өлім жазасын, азаптауды қолдану қатеріне ұшырауы мүмкін не оның денсаулығына, өміріне немесе бостандығына нәсілдік белгісі, діни нанымы, ұлты, азаматтығы (бодандығы), белгілі бір әлеуметтік топқа тиесілілігі немесе саяси сенімдері бойынша қауіп төніп тұр деп пайымдауға негіздер болса;
8) адамды осыған байланысты ұстап беру (экстрадициялау) сұратылып отырған іс-әрекет, егер Қазақстан Республикасының сұрау салушы тараппен арадағы халықаралық шартында өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жекеше айыптау тәртібімен ғана қудаланса;
9) адамды осыған байланысты ұстап беру (экстрадициялау) сұратылып отырған іс-әрекет, егер Қазақстан Республикасының сұрау салушы мемлекетпен арадағы халықаралық шартында өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша әскери қылмыстарға жататын болса;
10) шет мемлекеттің орталық органы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының талабы бойынша ұстап беру (экстрадициялау) туралы сұрау салу жөнінде шешім қабылдау онсыз мүмкін емес қосымша материалдарды немесе деректерді бермесе;
11) адамды ұстап беру (экстрадициялау) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бойынша Қазақстан Республикасының міндеттемелеріне қайшы келсе;
12) Қазақстан Республикасының халықаралық шартында көзделген өзге де негіздер болса, адамды ұстап беруге (экстрадициялауға) жол берілмейді.
2. Егер адамды осыған байланысты ұстап беру (экстрадициялау) сұратылып отырған қылмыс Қазақстан Республикасының аумағында немесе оның шегінен тыс жерде жасалса, бірақ Қазақстан Республикасының мүдделеріне қарсы бағытталса, ұстап беруден (экстрадициялаудан) бас тартылуы мүмкін.
Ескерту. 590-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 16.07.2025 № 210-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.591-бап. Адамды ұстап беру (экстрадициялау) туралы сұрау салу бойынша шешім
1. Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры немесе оның орынбасары экстрадициялық тексеру материалдарын зерделегеннен кейін шет мемлекетке адамды ұстап беру (экстрадициялау) немесе ұстап беруден (экстрадициялаудан) бас тарту туралы шешім қабылдайды. Бірнеше мемлекеттің адамды ұстап беру (экстрадициялау) туралы талаптары болған кезде адамның қай мемлекетке ұстап берілуге (экстрадициялануға) жататыны туралы шешімді Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры немесе оның орынбасары қаулы нысанында қабылдайды.
2. Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры немесе оның орынбасары өзінің шешімі туралы шет мемлекеттің орталық органына, сондай-ақ осы шешім өзіне қатысты қабылданған адамға және оның қорғаушысына хабарлайды.
3. Ұстап беру (экстрадициялау) туралы шешім қабылданған жағдайда, осы адамға қаулының көшірмесі табыс етіледі және қабылданған шешімге Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотына шағым жасау құқығы түсіндіріледі.
4. Адамды ұстап беру (экстрадициялау) туралы қаулы оған шағым жасау мерзімі өткеннен кейін орындауға енгізіледі. Қаулыға шағым жасалған жағдайда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты судьясының қаулысы заңды күшіне енгізілгенге дейін адамды ұстап беру (экстрадициялау) жүргізілмейді.
Өзіне қатысты ұстап беру (экстрадициялау) туралы шешім қабылданған адамның және оның қорғаушысының қатысуы бейнеконференция байланысының техникалық құралдары арқылы қамтамасыз етілуі мүмкін.
5. Шет мемлекетке адамды ұстап беруден (экстрадициялаудан) қылмыстық қудалауды жүзеге асыруды жоққа шығармайтын негіздер бойынша бас тартылған жағдайда, Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры шет мемлекеттің құзыретті органының өтінішхаты бойынша осы Кодексте көзделген тәртіппен осы адамға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуді тапсырады.
Ескерту. 591-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).592-бап. Адамды ұстап беру (экстрадициялау) туралы шешімге шағым жасау тәртібі
1. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының немесе оның орынбасарының ұстап беру (экстрадициялау) туралы қаулысына өзіне қатысты осы шешім қабылданған адам немесе оның қорғаушысы қаулының көшірмесін алған кезден бастап он тәулік ішінде Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотына шағым жасай алады.
2. Өзіне қатысты ұстап беру (экстрадициялау) туралы шешім қабылданған адамды күзетпен ұстау орнының әкімшілігі шағымды алған соң жиырма төрт сағат ішінде оны Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотына жібереді және бұл туралы Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасын хабардар етеді.
3. Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры немесе оның орынбасары адамды ұстап беру (экстрадициялау) туралы қаулыға шағым жасау туралы хабарлама келіп түскен кезден бастап он тәулік ішінде Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотына өзі қабылдаған шешімнің заңдылығы мен негізділігін растайтын материалдарды жібереді.
4. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы шағымды алған күннен бастап бір ай ішінде адамды ұстап беру (экстрадициялау) туралы шешімнің заңдылығы мен негізділігін тексеруді прокурордың, өзіне қатысты ұстап беру (экстрадициялау) туралы шешім қабылданған адамның және оның қорғаушысының қатысуымен ашық сот отырысында жүргізеді. Айрықша жағдайларда бұл мерзім ұзартылуы мүмкін.
5. Отырыстың басында төрағалық етуші қандай шағым қаралуға жататындығын хабарлайды, қатысушыларға олардың құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін түсіндіреді. Содан кейін арыз иесі және (немесе) оның қорғаушысы шағымды негіздейді, осыдан кейін сөз прокурорға беріледі.
6. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы сотта қарау барысында осы адамды ұстап беру (экстрадициялау) туралы шешімнің Қазақстан Республикасының заңнамасы мен халықаралық шарттарына сәйкестігін тексерумен шектеліп, өзіне қатысты ұстап беру (экстрадициялау) туралы шешім қабылданған адамның кінәлілігі мәселесін зерттемейді және шет мемлекеттің құзыретті органдары қабылдаған процестік шешімдердің заңдылығын тексермейді.
7. Тексеру нәтижесінде Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты мынадай:
1) адамды ұстап беру (экстрадициялау) туралы шешімді заңсыз немесе негізсіз деп тану және оның күшін жою туралы;
2) шағымды қанағаттандырусыз қалдыру туралы;
3) адамды қамақта ұстау мерзімін кемінде бір ай мерзімге бір мезгілде ұзарта отырып, осы шешімді қабылдау үшін елеулі маңызы бар мәселелер қаралғанға дейін адамды ұстап беру (экстрадициялау) туралы шешімді тоқтата тұру туралы қаулылардың бірін шығарады.
8. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының адамды ұстап беру (экстрадициялау) туралы шешімді заңсыз немесе негізсіз деп тану және оның күшін жою не шағымды қанағаттандырусыз қалдыру туралы қаулысы ол жария етілген кезден бастап заңды күшіне енеді.
9. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты оған қатысты ұстап беруді (экстрадициялауды) заңсыз немесе негізсіз деп тану және оның күшін жою туралы қаулы шығарған адамды босату осы Кодекстің 589-бабының оныншы бөлігінде көзделген тәртіппен жүргізіледі.
593-бап. Шет мемлекетке беруді кейінге қалдыру және адамды уақытша ұстап беру (экстрадициялау)
1. Адамды ұстап беру (экстрадициялау) туралы шешім қабылданғаннан кейін Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры немесе оның орынбасары мынадай жағдайда, егер:
1) өзіне қатысты ұстап беру (экстрадициялау) туралы шешім қабылданған адам Қазақстан Республикасының аумағында жасалған қылмыстық құқық бұзушылық үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылып немесе жазасын өтеп жатса – сотқа дейінгі тергеп-тексеру немесе сот талқылауы аяқталғанға, жазасын өтегенге немесе жазадан қандай да бір заңды негіздер бойынша босатылғанға дейін;
2) өзіне қатысты ұстап беру (экстрадициялау) туралы шешім қабылданған адам ауыр науқастан зардап шегіп жатса және оны өзінің денсаулық жағдайы бойынша денсаулығына зиян келтірмей ұстап беру (экстрадициялау) мүмкін болмаса – адам сауыққанға дейін шет мемлекетке оны нақты беру кейінге қалдырылуы мүмкін.
2. Адамды нақты беруді одан әрі кейінге қалдыру үшін осы баптың бірінші бөлігінде көзделген негіздер болмаған жағдайда, ұстап берілген (экстрадицияланған) адамға қатысты осы Кодексте белгіленген тәртіппен экстрадициялық қамаққа алу қолданылады.
3. Егер кейінге қалдыру кезеңінде адамды ұстап беруге (экстрадициялауға) кедергі келтіруі мүмкін мән-жайлар туындаса, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының немесе оның орынбасарының ұстап беру (экстрадициялау) туралы өз шешімін қайта қарауға құқығы бар.
4. Егер нақты беруді кейінге қалдыру қылмыстық қудалаудың ескіру мерзімінің өтуіне әкеп соқса немесе шет мемлекетте қылмысты тергеп-тексеруге залал келтірсе, ұстап берілуі (экстрадициялануы) сұратылып отырған адам уақытша ұстап берілуі мүмкін.
5. Уақытша ұстап берілген (экстрадицияланған) адам ол үшін ұстап берілген (экстрадицияланған) қылмыстық іс бойынша процестік әрекеттер жүргізілгеннен кейін, бірақ адам берілген күннен бастап тоқсан тәуліктен кешіктірілмей қайтарылуға тиіс. Өзара уағдаластық бойынша осы мерзім ұзартылуы, бірақ Қазақстан Республикасының аумағында жасалған қылмыс үшін өтелмеген жазасының мерзімінен аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін.
594-бап. Адамды беру (экстрадициялау)
1. Ішкі істер органдары Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының немесе оның орынбасарының ұстап беру (экстрадициялау) туралы қаулысы заңды күшіне енгеннен кейін отыз тәулік ішінде этаппен апаруды және ұстап берілген (экстрадицияланған) адамды ол ұстап берілген (экстрадицияланған) мемлекеттің тиісті органына беруді ұйымдастырады және оның орындалғаны жөнінде Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына хабарлайды.
2. Ұстап берілген (экстрадицияланған) адамды беру уақытында шет мемлекеттің құзыретті органына оның Қазақстан Республикасында күзетпен ұстауда болу мерзімі туралы хабарланады.
Ескерту. 594-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 27.12.2021 № 88-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.595-бап. Транзиттік тасымалдау
1. Шет мемлекеттің құзыретті мекемесінің үшінші мемлекеттің осы мекемеге ұстап берген (экстрадициялаған) адамды Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік тасымалдау туралы сұрау салуы ұстап беру (экстрадициялау) туралы сұрау салу сияқты тәртіппен қаралады.
2. Шет мемлекеттердің құзыретті мекемелерінің транзиттік тасымалдау туралы сұрау салуларын қарау кезінде осы Кодекстің 590-бабында көзделген мән-жайлар ғана экстрадициялық тексеруге жатады.
3. Транзиттік тасымалдау тәсілін тиісті ведомстволармен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры немесе оның орынбасары айқындайды.
4. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы ішкі істер органына Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен өтетін адамдарды беру орнын, уақытын және тәртібін келісу туралы тапсырма береді.
Мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен өтетін адамдарды қабылдауды және оларды үшінші мемлекеттерге беруді жүзеге асыруда ішкі істер органына өз құзыреті шегінде жәрдем көрсетеді.
Ескерту. 595-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 27.12.2021 № 88-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.61-тарау. ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚУДАЛАУДЫ ЖАЛҒАСТЫРУ
596-бап. Қылмыстық іс жүргізуді шет мемлекеттің құзыретті органына беру тәртібі мен шарттары
1. Қазақстан Республикасынан тыс жерге кеткен, шет мемлекетте тұрған жері белгілі болған адам Қазақстан Республикасының аумағында қылмыс жасаған жағдайда, қылмыстық процесті жүргізетін орган қылмыстық қудалауды жалғастыру үшін шет мемлекетке қылмыстық іс материалдарын, сондай-ақ қылмыстық қудалауды жүзеге асыру туралы сұрау салуды (тапсырманы, өтінішхатты) жіберу туралы уәжді қаулы шығарады. Іс материалдары Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес немесе өзара түсіністік қағидаты негізінде басқа мемлекетке істі жіберу туралы мәселені шешу үшін қылмыстық қудалауды жүзеге асыру туралы өтінішхатпен Қазақстан Республикасының Бас Прокурорына немесе уәкілетті прокурорға жіберіледі.
2. Қылмыстық жауаптылыққа тартылуға жататын адамды ұстап беру (экстрадициялау) мүмкін болмаған немесе Қазақстан Республикасына осы адамды ұстап беруден (экстрадициялаудан) бас тартылған жағдайда, қылмыстық іс шет мемлекетке берілуі мүмкін.
597-бап. Қылмыстық қудалауды жүзеге асыру туралы сұрау салудың (тапсырманың, өтінішхаттың) мазмұны
1. Қылмыстық қудалауды жүзеге асыру туралы сұрау салуда (тапсырмада, өтінішхатта):
1) шет мемлекеттің құзыретті мекемесінің атауы;
2) қылмыстық процесті жүргізетін органның атауы;
3) Қазақстан Республикасының тиісті халықаралық шартына сілтеме;
4) оған байланысты қылмыстық қудалауды жүзеге асыру туралы тапсырма жіберілетін іс-әрекеттің сипаттамасы;
5) қылмыстың жасалу уақытын, орнын және мән-жайларын мейлінше неғұрлым нақты көрсету;
6) күдіктінің немесе сотталушының тегі, аты және әкесінің аты (ол болған кезде), туған күні мен туған жері, оның азаматтығы, сондай-ақ оның жеке басы туралы басқа да мәліметтер;
7) қылмыспен келтірілген залалдың мөлшерін көрсету қамтылуға тиіс.
2. Қылмыстық қудалауды жүзеге асыру туралы сұрау салуға (тапсырмаға, өтінішхатқа) мынадай құжаттар:
1) қылмыстық іс материалдары;
2) іс-әрекетті қылмыс деп тануға негіз болған қылмыстық заңның, сондай-ақ іс бойынша іс жүргізу үшін едәуір маңызы бар басқа да заңнамалық нормалардың мәтіні;
3) адамның азаматтығы туралы мәліметтер қоса беріледі.
3. Істегі құжаттың әрбір беті қылмыстық қудалау органының елтаңбалы мөрімен куәландырылуға тиіс.
4. Қылмыстық қудалауды жүзеге асыру туралы сұрау салумен (тапсырмамен, өтінішхатпен) және осы баптың екінші бөлігінде көзделген құжаттармен бірге шет мемлекеттің құзыретті органына қолда бар заттай дәлелдемелер берілуі мүмкін.
5. Қазақстан Республикасында қылмыстық іс бойынша іс жүргізетін органда қылмыстық іс материалдарының көшірмелері сақталады.
598-бап. Шет мемлекеттерден қылмыстық іс жүргізуді қабылдау тәртібі мен шарттары
1. Шет мемлекеттің құзыретті мекемесінің шет мемлекеттің аумағында қылмыс жасаған және Қазақстан Республикасында жүрген адамға қатысты қылмыстық қудалауды жалғастыру туралы сұрау салуын Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры немесе уәкілетті прокурор қарайды.
2. Шет мемлекеттің құзыретті мекемесінен қылмыстық іс жүргізуді қабылдау мынадай:
1) қылмыстық жауаптылыққа тартылатын адам Қазақстан Республикасының азаматы болып табылған және оның аумағында болған;
2) қылмыстық жауаптылыққа тартылатын адам шетел азаматы немесе азаматтығы жоқ адам болып табылған және Қазақстан Республикасының аумағында болған, ал оны ұстап беру (экстрадициялау) осы Кодекске немесе Қазақстан Республикасының халықаралық шартына сәйкес мүмкін болмаған немесе ұстап беруден (экстрадициялаудан) бас тартылған;
3) қылмыстық жауаптылыққа тартылатын адам Қазақстан Республикасында үкім шығарылған жағдайда, сұрау салушы тарапта нақ сол қылмыс үшін қудалануға жатпайтынына сұрау салушы тарап кепілдік берген;
4) сұрау салуда көрсетілген іс-әрекет Қазақстан Республикасының қылмыстық заңы бойынша қылмыс болып табылған жағдайларда жүзеге асырылады.
3. Қылмыстық қудалауды жүзеге асыру туралы сұрау салу қанағаттандырылған жағдайда, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы осы Кодексте көзделген тәртіппен тиісті құзыретті органға сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізуді тапсырады, бұл туралы сұрау салушы тарапқа хабарлайды.
599-бап. Қылмыстық қудалауды жалғастырудан бас тарту
1. Егер:
1) осы Кодекстің 598-бабының екінші бөлігінің немесе Қазақстан Республикасының халықаралық шартының талаптары сақталмаса;
2) Қазақстан Республикасында сот нақ осы адамға қатысты нақ сол қылмысқа байланысты ақтау үкімін шығарса;
3) Қазақстан Республикасында сот нақ осы адамға қатысты нақ сол қылмысқа байланысты айыптау үкімін шығарса, ол бойынша жаза өтелсе немесе орындалып жатса;
4) Қазақстан Республикасында нақ осы адамға қатысты нақ сол қылмысқа байланысты қылмыстық іс жүргізу тоқтатылса немесе ол кешірім немесе рақымшылық жасауға байланысты жазаны өтеуден босатылса;
5) қаралып отырған қылмысқа қатысты іс жүргізу ескіру мерзімінің өтуіне байланысты жүзеге асырылуы мүмкін болмаса, қылмыстық іс жүргізуді қабылдауға болмайды.
2. Қылмыстық қудалауды жалғастырудан бас тартылған кезде Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы шет мемлекеттің орталық органына бас тартудың негіздемесімен бірге материалдарды қайтарады.
600-бап. Қылмыстық қудалауды жүзеге асыру туралы сұрау салу (тапсырма, өтінішхат) алынғанға дейін адамды күзетпен ұстау
1. Шет мемлекеттің құзыретті органының өтінішхаты бойынша өзіне қатысты қылмыстық қудалауды жүзеге асыру туралы сұрау салу жіберілген адам Қазақстан Республикасының аумағында күзетпен ұсталуы мүмкін. Өтінішхатта адам қылмыстық жауаптылыққа тартылатын заңнама туралы мәліметтер: көзделген жазалау шарасын, күзетпен ұстау туралы қаулыға сілтемені және қылмыстық қудалауды жүзеге асыру туралы сұрау салу қосымша ұсынылатынын көрсете отырып, қамтылуға тиіс.
Көрсетілген өтінішхат және қылмыстық қудалауды жүзеге асыру туралы сұрау салу алынғанға дейін күзетпен ұстау туралы қаулы олардың түпнұсқаларын пошта арқылы немесе курьермен бір мезгілде жіберіп, коммуникацияның ғылыми-техникалық құралдары пайдаланыла отырып берілуі мүмкін.
2. Адамды күзетпен ұстау осы Кодекстің 588-бабында көзделген тәртіппен және қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.
3. Осы баптың бірінші бөлігіне сәйкес күзетпен ұсталатын адамды, егер осы адам ұстап алынған күннен бастап қырық тәулік ішінде Қазақстан Республикасының құзыретті органы қылмыстық қудалауды жүзеге асыру туралы сұрау салуды алмаса, прокурор босатуға тиіс, бұл туралы Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына дереу хабарланады.
62-тарау. ШЕТ МЕМЛЕКЕТТЕР СОТТАРЫНЫҢ ҮКІМДЕРІ МЕН ҚАУЛЫЛАРЫН
ТАНУ ЖӘНЕ ОРЫНДАУ
601-бап. Шет мемлекеттер соттарының Қазақстан Республикасында танылатын үкімдері мен қаулылары
1. Қазақстан Республикасында мынадай жағдайларда:
1) шет мемлекетте бас бостандығынан айыруға сотталған Қазақстан Республикасының азаматын жазасын өтеу үшін қабылдау кезінде;
2) шет мемлекеттің аумағында есі дұрыс емес күйде қоғамдық қауіпті іс-әрекет жасаған, шет мемлекет сотының оған қатысты мәжбүрлеп емдеу жүргізу үшін медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы шешімі бар Қазақстан Республикасының азаматын қабылдау кезінде;
3) Қазақстан Республикасына ұстап берілген, шет мемлекеттің соты соттаған және жазасын өтемеген адамға қатысты;
4) Қазақстан Республикасы шет мемлекетке ұстап беруден (экстрадициялаудан) бас тартқан, шет мемлекеттің соты соттаған адамға қатысты;
5) Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мүлікті немесе оның ақшалай баламасын тәркілеу туралы мәселені шешу кезінде;
6) Қазақстан Республикасының халықаралық шартында көзделген өзге жағдайларда, шет мемлекеттер соттарының үкімдері мен қаулылары осы Кодексте және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген тәртіппен танылуы және орындалуы мүмкін.
2. Шет мемлекет сотының үкімін азаматтық талап қою бөлігінде тану және орындау туралы мәселенің шешімі Қазақстан Республикасының Азаматтық-процестік кодексінде көзделген тәртіппен шешіледі.
602-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталғандарды –жазасын өтеу үшін не психикасының бұзылуынан зардап шегетін адамдарды мәжбүрлеп емдеу жүргізу үшін өздері азаматы болып табылатын мемлекетке беру негіздері
Қазақстан Республикасының тиісті шет мемлекетпен халықаралық шарты не Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының шет мемлекеттің құзыретті органдарымен және лауазымды адамдарымен өзара келісім қағидаты негізінде қол жеткізген келісімі негізінде:
1) Қазақстан Республикасының соты бас бостандығынан айыруға соттаған шетел азаматы, сол сияқты шет мемлекеттің соты бас бостандығынан айыруға соттаған Қазақстан Республикасының азаматы – жазасын одан әрі өтеу үшін;
2) Қазақстан Республикасының аумағында қоғамдық қауіпті іс-әрекетті есі дұрыс емес күйде жасаған немесе қылмыстық құқық бұзушылық жасағаннан кейін жазаны тағайындау немесе орындау мүмкін болмайтындай түрде психикасының бұзылуымен ауырған, өзіне медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы Қазақстан Республикасы сотының шешімі бар шетел азаматы, сол сияқты шет мемлекеттің аумағында қоғамдық қауіпті іс-әрекетті есі дұрыс емес күйде жасаған немесе қылмыстық құқық бұзушылық жасағаннан кейін жазаны тағайындау немесе орындау мүмкін болмайтындай түрде психикасының бұзылуымен ауырған, өзіне қатысты медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы шет мемлекет сотының шешімі бар Қазақстан Республикасының азаматы – мәжбүрлеп емдеуден одан әрі өтуі үшін өздерінің азаматтығы тиесілі мемлекетке берілуі мүмкін.
603-бап. Сотталған адамды немесе өзіне медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылған адамды беру шарттары
1. Осы Кодекстің 602-бабында көрсетілген шетел азаматтарын беруге сотталған адамның немесе өзіне медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылған адамның, олардың заңды өкілдерінің немесе жақын туыстарының өтінішхаты бойынша, сондай-ақ сотталған адамның не өзіне медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылған адамның келісімімен, ал ол өз еркін білдіруге қабілетсіз болған жағдайда оның заңды өкілінің келісімімен тиісті мемлекеттің құзыретті органының өтінуі бойынша бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын өтегенге не мәжбүрлеп емдеу аяқталғанға дейін жол беріледі.
2. Осы Кодекстің 602-бабында көрсетілген шетел азаматтарын беру үкім немесе қаулы шығарған сотқа болып өткен беру туралы хабарлайтын Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының немесе оның орынбасарының шешімі бойынша, сот үкімі немесе қаулысы заңды күшіне енгізілгеннен кейін ғана жүзеге асырылуы мүмкін.
604-бап. Сотталған адамды немесе өзіне медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылған адамды беру туралы мәселені шешу тәртібі
1. Егер сотталған адам шет мемлекеттің азаматы болып табылса, қылмыстық-атқару жүйесінің мекемесі сотталған адамға Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына немесе өзі азаматы болып табылатын мемлекеттің уәкілетті органына өзін осы Кодексте көзделген негізде және тәртіппен сол мемлекетте жазасын өтеу үшін беру туралы өтінішхатпен жүгіну құқығын түсіндіреді.
2. Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры материалдарды зерделегеннен және тексергеннен кейін олар тиісінше ресімделген жағдайда және осы Кодексте немесе Қазақстан Республикасының халықаралық шартында көзделген негіздер болған кезде осы Кодекстің 602-бабында көрсетілген шетел азаматтарын беруге қатысты шешім қабылдайды, ол туралы шет мемлекеттің тиісті органына және өзінің бастамасы бойынша осы адамды беру туралы мәселе қаралған адамға хабарлайды.
3. Шет мемлекеттің уәкілетті органынан сотталған адамды жазасын өтеу үшін немесе өзіне медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылған адамды қабылдауға келісетіні туралы ақпарат алынғаннан кейін Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы тиісінше ішкі істер органына осы адамды қылмыстық-атқару жүйесінің мекемесінен немесе мәжбүрлеп емдеуді жүзеге асыратын медициналық ұйымнан шет мемлекетке беру орнын, уақыты мен тәртібін келісу және беруді ұйымдастыру туралы тапсырма береді.
Мемлекеттік органдар сотталған адамды шет мемлекетке беруді жүзеге асыруда ішкі істер органына өз құзыреті шегінде жәрдем көрсетеді.
4. Осы Кодекстің 602-бабында көрсетілген шетел азаматтарын беру оларды шартты түрде мерзімінен бұрын босату, жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жазамен ауыстыру, кешірім жасау, сондай-ақ медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдануды тоқтату немесе өзгерту туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен өтінішхат беру құқығынан айырмайды. Осы мәселені Қазақстан Республикасында қарау үшін қажетті кез келген құжат немесе ақпарат үкімді орындайтын немесе мәжбүрлеп емдеуді жүзеге асыратын мемлекеттің құзыретті органдарынан Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы арқылы сұратылуы мүмкін.
5. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы үкім шығарған сотқа сотталған адамды беру туралы қабылданған шешім туралы хабарлайды, сондай-ақ сотты шет мемлекетте үкімді орындау нәтижелері туралы хабардар етуді қамтамасыз етеді.
6. Қазақстан Республикасында рақымшылық жарияланған жағдайда, сотталған адамды беру туралы ақпаратты алған сот мұндай сотталған адамға рақымшылық жасау туралы мәселені осы бапқа сәйкес қарайды. Қажет болған жағдайда, сот үкімді орындайтын мемлекеттің құзыретті органдарынан рақымшылық жасауды қолдану туралы мәселені қарау үшін қажетті ақпарат алу мақсатында Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына өтініш жасай алады.
7. Осы баптың төртінші және алтыншы бөліктеріне сәйкес шартты түрде мерзімінен бұрын босату, жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жазамен ауыстыру, кешірім немесе рақымшылық жасауды қолдану, медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдануды тоқтату немесе өзгерту туралы шешім қабылданған жағдайда, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы тиісті шешімнің көшірмесін үкімді орындайтын немесе мәжбүрлеп емдеуді жүзеге асыратын мемлекетке жібереді.
Ескерту. 604-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 27.12.2021 № 88-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.605-бап. Шет мемлекеттің берілген азаматына қатысты соттың үкімін өзгерту немесе оның күшін жою, медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын қолдануды тоқтату немесе өзгерту туралы хабарлау
1. Осы Кодекстің 602-бабында көрсетілген, жазасын өтеу немесе мәжбүрлеп емдеуді жүзеге асыру үшін шет мемлекетке берілген шетел азаматтарына қатысты Қазақстан Республикасы сотының үкімі өзгерген немесе оның күші жойылған, Қазақстан Республикасының соты тағайындаған медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын қолдану тоқтатылған немесе өзгертілген, сондай-ақ Қазақстан Республикасында сотталғандарға рақымшылық немесе кешірім жасау актісі қолданылған жағдайда, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы шет мемлекеттің уәкілетті органына тиісті шешімнің көшірмесін жібереді.
2. Егер үкімнің күші жойылса және жаңа сот талқылауы тағайындалса, ол үшін қажетті өзге де құжаттар бір мезгілде жіберіледі.
606-бап. Шет мемлекетке сотталған адамды немесе медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылған адамды беруден бас тарту
1. Осы Кодекстің 602-бабында көрсетілген шетел азаматтарын беруден, егер:
1) адам сол үшін сотталған немесе оған медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылған іс-әрекеттердің бірде-бірі сотталған адам немесе медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылған адам азаматы болып табылатын мемлекеттің заңнамасы бойынша қылмыстық құқық бұзушылық болып танылмаса;
2) сотталған адамды немесе медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылған адамды халықаралық шартта көзделген жағдайларда беру туралы келісімге қол жеткізілмесе;
3) егер сотталған адамды немесе медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылған адамды беру Қазақстан Республикасының мүддесіне нұқсан келтірсе;
4) сотталған адамның немесе медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылған адамның Қазақстан Республикасында тұрақты тұрғылықты жері болса;
5) егер берілетін адам үкімді орындайтын мемлекеттің азаматы болып табылмаса, бас тартылуы мүмкін.
2. Қазақстан Республикасының соты бас бостандығынан айыруға соттаған шетел азаматын беруден, осы баптың бірінші бөлігінің 1) тармағында көзделген негіздерден басқа, егер:
1) жаза шет мемлекетте ескіру мерзімінің өтуі салдарынан немесе осы мемлекеттің заңнамасында көзделген өзге де негіз бойынша орындалуы мүмкін болмаса;
2) сотталған адамды беру туралы өтінішті алған кезде бас бостандығынан айырудың өтелмеген мерзімі алты айдан аз болса;
3) сотталған адамнан немесе шет мемлекеттен үкімді азаматтық талап қою бөлігінде орындау кепілдігі алынбаса, бас тартылуы мүмкін.
3. Қазақстан Республикасының аумағында есі дұрыс емес күйде қоғамдық қауіпті іс-әрекет жасаған, өзіне қатысты Қазақстан Республикасы сотының медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы шешімі бар шетел азаматын беруден, осы баптың бірінші бөлігінің 1) тармағында көзделген негіздерден басқа, егер:
1) шет мемлекеттің заңнамасында медициналық сипаттағы ұқсас шаралар көзделмесе;
2) шет мемлекеттің қажетті емдеуді және тиісті қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету мүмкіндігі болмаса, бас тартылуы мүмкін.
4. Сотталған адамды шет мемлекетке жазасын өтеу үшін беру туралы шешім қабылданғанға дейін оның уәкілетті органдары сотталған адамның азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе қадір-қасиетті қорлайтын қарым-қатынас пен жазалау түрлеріне ұшырамайтынына кепілдік беруге тиіс.
607-бап. Қазақстан Республикасының азаматын жазасын өтеу немесе мәжбүрлеп емдеуді жүргізу үшін қабылдау, сондай-ақ шет мемлекет сотының үкімін немесе қаулысын тану және орындау туралы өтінішхатты қарау
1. Осы Кодекстің 602-бабында көрсетілген Қазақстан Республикасының азаматтары, олардың заңды өкілдері, жұбайы (зайыбы) немесе жақын туыстары, сондай-ақ шет мемлекеттің құзыретті органдары сотталған адамның немесе медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылған адамның келісімімен, ал ол өз еркін білдіруге қабілетсіз болған жағдайда – оның заңды өкілінің келісімімен Қазақстан Республикасының Бас Прокурорына сотталған адамның Қазақстан Республикасында жазаны өтеуі немесе оған мәжбүрлеп емдеу жүргізу туралы өтінішхатпен жүгіне алады.
2. Шет мемлекеттің құзыретті мекемелері шет мемлекет сотының осы Кодекстің 601-бабы бірінші бөлігінің 3) және 4) тармақтарында көрсетілген адамдарға қатысты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мүлікті немесе оның ақшалай баламасын тәркілеуді көздейтін сот актілерін тану және орындау туралы өтінішхатпен Қазақстан Республикасының Бас Прокурорына жүгіне алады.
3. Осы Кодекстің 602-бабында көрсетілген Қазақстан Республикасының азаматтарын қабылдау туралы өтінішхатты Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының алдында қозғағаннан кейін осы адамның Қазақстан Республикасында жазасын кейіннен өтеуі немесе оған мәжбүрлеп емдеуді жүргізуі және Қазақстан Республикасының азаматтығын растауы үшін Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы шет мемлекеттің тиісті органынан мәселені мәні бойынша шешу үшін қажетті құжаттарды сұратады.
4. Осы баптың бірінші, екінші бөліктерінде көзделген өтінішхаттар қанағаттандырылған жағдайда, Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры шет мемлекет сотының үкімін немесе қаулысын тану және орындау туралы ұсынуды өздеріне қатысты шет мемлекет сотының үкімі немесе қаулысы шығарылған адамдардың тұрақты тұрғылықты жері бойынша аудандық немесе оған теңестірілген сотқа енгізеді. Осы адамдардың тұрақты тұрғылықты жері болмаған кезде, ұсыну Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының орналасқан жері бойынша аудандық сотқа енгізіледі.
Ескерту. 607-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 27.12.2021 № 88-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.608-бап. Шет мемлекет сотының үкімін немесе қаулысын орындауға байланысты мәселелерді соттың шешу тәртібі
1. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының ұсынуын судья үкімді орындауға байланысты мәселелерді шешу үшін осы Кодексте белгіленген тәртіппен және мерзімдерде сот отырысында сотталған адамның немесе медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылған адамның қатысуынсыз қарайды.
1-1. Тәркілеу нысанында құқықтық көмек көрсету туралы сұрау салуды (тапсырманы, өтінішхатты) қарау мүлкіне қатысты шет мемлекет сотының үкімімен, қаулысымен немесе өзге де шешімімен тәркілеу туралы шешім қабылданған тұлғаны, меншігінде, иелігінде, пайдалануында немесе билік етуінде тәркіленуге жататын мүлік бар басқа да мүдделі тұлғаларды және (немесе) олардың өкілдерін не қорғаушыларын, шет мемлекеттің құзыретті органын және прокурорды сұрау салудың қаралатын орны, күні мен уақыты туралы хабардар ете отырып, сот отырысында жүзеге асырылады.
Осы бөліктің бірінші абзацында аталған, Қазақстан Республикасының аумағында тұратын немесе жүрген тұлғалар сот отырысының орны, күні мен уақыты туралы сот отырысы өтетін күнге дейін отыз тәуліктен кешіктірілмей хабардар етілуге тиіс. Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерде тұратын немесе жүрген тұлғаларға және шет мемлекеттің құзыретті органына хабархаттар Қазақстан Республикасының халықаралық шартында және заңнамасында көзделген тәртіппен сот отырысы өтетін күнге дейін алты айдан кешіктірілмей жіберіледі.
Сот отырысына қатысуын сот міндетті деп таныған тұлғаларды қоспағанда, сот отырысының орны, күні мен уақыты туралы уақтылы хабардар етілген адамдардың келмеуі шет мемлекеттің құзыретті органының сұрау салуын қарауға кедергі келтірмейді.
2. Судьяның шет мемлекет сотының үкімін немесе қаулысын орындау туралы қаулысында:
1) шет мемлекет сотының атауы, үкімнің немесе медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы қаулының шығарылған уақыты мен орны;
2) сотталған адамның немесе медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылған адамның Қазақстан Республикасындағы соңғы тұрғылықты жері, оның сотталғанға немесе медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылғанға дейінгі жұмыс орны және айналысқан кәсібінің түрі туралы мәліметтер;
3) адам жасалуына кінәлі деп танылған қылмыстық құқық бұзушылықтың саралануы және оның қандай қылмыстық заңның негізінде сотталғандығы не оған медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылғандығы;
4) сотталған адам немесе медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылған адам жасаған қылмыстық құқық бұзушылық үшін жауаптылық көздейтін Қазақстан Республикасының қылмыстық заңы;
5) жазаның (негізгі және қосымша) түрі мен мерзімі, сотталған адам Қазақстан Республикасында өтеуге тиіс жазаның басталу және аяқталу мерзімі; қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемесінің түрі, талап қою бойынша залалды өтеудің тәртібі; мәжбүрлеп емделіп жатқан адамға қатысты қолданылуға жататын медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының түрі көрсетілуге тиіс.
2-1. Соттың мүлікті толық немесе ішінара тәркілеу бөлігінде шет мемлекет сотының үкімін, қаулысын немесе өзге де шешімін мойындау және мәжбүрлеп орындату туралы қаулысында мыналар көрсетіледі:
1) шет мемлекет сотының атауы, тәркілеу туралы үкімнің, қаулының немесе өзге де шешімнің шығарылған уақыты мен орны;
2) шет мемлекеттің соты соттаған тұлғаның Қазақстан Республикасындағы соңғы тұрғылықты жері, жұмыс орны және айналысатын ісі туралы мәліметтер;
3) жасағаны үшін сотталған тұлға кінәлі деп танылған қылмыстың сипаттамасы және оны соттауға және мүлікті тәркілеу туралы шешім қабылдауға негіз болған шет мемлекеттің қылмыстық заңы;
4) сотталған тұлға жасаған қылмыс үшін жауаптылықты көздейтін Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің бабы;
5) Қазақстан Республикасының аумағындағы және тәркіленуге жататын мүлік туралы мәліметтер;
6) қаулыға шағым жасау тәртібі.
Соттың мүлікті тәркілеу бөлігінде шет мемлекет сотының үкімін, қаулысын немесе өзге де шешімін мойындаудан және мәжбүрлеп орындатудан бас тарту туралы қаулысында мұндай бас тартудың негіздері көрсетілуге тиіс.
3. Егер Қазақстан Республикасының заңы бойынша осы қылмыс үшін бас бостандығынан айырудың шекті мерзімі шет мемлекет сотының үкімі бойынша тағайындалғаннан аз болса, судья осы іс-әрекетті жасағаны үшін бас бостандығынан айырудың Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде көзделген ең жоғары мерзімін белгілейді. Егер бас бостандығынан айыру жаза ретінде көзделмесе, судья осы қылмыстық құқық бұзушылық үшін Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде белгіленген шекте және шет мемлекет сотының үкімі бойынша тағайындалғанға мейлінше сәйкес келетін басқа жазаны айқындайды.
4. Егер үкім екі немесе бірнеше іс-әрекетке қатысты болса, Қазақстан Республикасында олардың барлығы бірдей қылмыс деп танылмаса, судья шет мемлекет сотының үкімі бойынша тағайындалған жазаның қай бөлігі қылмыс болып табылатын іс-әрекетке қолданылатынын айқындайды.
5. Жазаны орындау туралы мәселені қарау кезінде сот тиісті өтінішхат болған жағдайда, шет мемлекет сотының үкімін азаматтық талап қою және процестік шығындар бөлігінде орындау туралы мәселені бір мезгілде шеше алады.
6. Шет мемлекет сотының үкімінің немесе қаулысының күші жойылған немесе ол өзгертілген жағдайда, не шет мемлекетте не Қазақстан Республикасында шығарылған рақымшылық немесе кешірім жасау актісін Қазақстан Республикасында жазасын өтеп жүрген не мәжбүрлеп емделіп жатқан адамға қолданғанда, соттың қайта қаралған үкімін немесе қаулысын орындау, сондай-ақ рақымшылық немесе кешірім жасауды қолдану мәселелері осы баптың қағидалары бойынша шешіледі.
7. Егер сот Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының ұсынуын қарау кезінде адам жасағаны үшін сотталған не оған медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылған іс-әрекет Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша қылмыс болып табылмайды деген қорытындыға келсе не шет мемлекет сотының үкімі немесе қаулысы ескіру мерзімінің өтуіне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе Қазақстан Республикасының халықаралық шартында көзделген өзге де негіз бойынша орындала алмаса, ол шет мемлекет сотының үкімін немесе қаулысын танудан бас тарту туралы қаулы шығарады.
7-1. Қазақстан Республикасының аумағындағы мүлікті тәркілеу бөлігінде шет мемлекет сотының үкімін, қаулысын немесе өзге шешімін мойындаудан және мәжбүрлеп орындатудан осы Кодекстің 569-бабының екінші бөлігінде көзделген негіздер бойынша, сондай-ақ мынадай:
1) шет мемлекет сотының мүлікті тәркілеуді көздейтін үкімі, қаулысы немесе өзге де шешімі заңды күшіне енбеген;
2) тәркіленуге жататын мүлік Қазақстан Республикасының юрисдикциясы қолданылмайтын аумақта орналасқан;
3) шет мемлекет сотының үкімімен, қаулысымен немесе өзге де шешімімен мүлікті тәркілеу көзделген іс-әрекет Қазақстан Республикасының аумағында жасалған және (немесе) бұл іс-әрекет Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша қылмыс болып табылмайтын;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында шет мемлекет сотының үкімімен, қаулысымен немесе өзге де шешімімен тәркілеу тағайындалған іс-әрекетке ұқсас іс-әрекет үшін мүлікті тәркілеу көзделмеген;
5) шет мемлекеттің құзыретті органының сұрау салуында аталған тұлғаға қатысты дәл сол іс-әрекет үшін үкім заңды күшіне енген, қылмыстық іс бойынша іс жүргізу тоқтатылған, сол сияқты алдын ала тергеп-тексеру органының қылмыстық істі тоқтату туралы немесе қылмыстық іс қозғаудан бас тарту туралы күші жойылмаған шешімі болған;
6) шет мемлекет сотының мүлікті тәркілеуді көздейтін үкімі, қаулысы немесе өзге де шешімі Қазақстан Республикасының халықаралық шартында немесе заңнамасында көзделген негіздер бойынша орындалмайтын;
7) Қазақстан Республикасында сол бір іс-әрекетке байланысты мүлкін тәркілеу туралы шет мемлекеттің құзыретті органының сұрау салуы жіберілген тұлғаны қылмыстық қудалау жүзеге асырылып жатқан;
8) шет мемлекеттің құзыретті органының тәркілеу туралы сұрау салуы келіп түскен мүлікке қылмыстық, азаматтық істер немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша Қазақстан Республикасы сотының үкімімен, шешімімен немесе қаулысымен өндіріп алу қолданылған;
9) шет мемлекет сотының үкімінде, қаулысында немесе өзге де шешімінде көрсетілген мүлік Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тәркіленуге жатпайтын жағдайларда бас тартылады.
7-2. Соттың Қазақстан Республикасының аумағындағы мүлікті тәркілеу бөлігінде шет мемлекет сотының үкімін, қаулысын немесе өзге де шешімін мойындау және мәжбүрлеп орындату туралы заңды күшіне енген қаулысының негізінде сот шет мемлекет соты үкімінің, қаулысының немесе өзге де шешімінің қарар бөлігі, сондай-ақ соттың шет мемлекет сотының үкімін, қаулысын немесе өзге де шешімін мойындау және толық немесе ішінара мәжбүрлеп орындату туралы қаулысының қарар бөлігі көрсетілуге тиіс атқарушылық парақ береді.
Атқарушылық парақ шет мемлекет соты үкімінің, қаулысының немесе өзге де шешімінің көшірмелерімен және соттың шет мемлекет сотының үкімін, қаулысын немесе өзге де шешімін мойындау және мәжбүрлеп орындату туралы қаулысының көшірмесімен бірге Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасына сәйкес орындауға жіберіледі.
8. Соттың қаулысына заңды күшіне енген сот шешімін қайта қарау бойынша осы Кодексте белгіленген аппеляциялық тәртіппен және мерзімдерде шағым жасауға немесе наразылық білдіруге болады.
Ескерту. 608-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 12.07.2023 № 23-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.07.2025 № 210-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.609-бап. Қабылданған адамдарға қатысты жазаны орындауды немесе мәжбүрлеп емдеуді ұйымдастыру
1. Қазақстан Республикасының азаматын жазасын өтеу немесе мәжбүрлеп емдеуді жүргізу үшін қабылдау туралы сұрау салу қанағаттандырылғаннан және осындай беруге шет мемлекеттің уәкілетті органының келісімі алынғаннан кейін Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы ішкі істер органына осы адамды Қазақстан Республикасында қылмыстық-атқару жүйесінің мекемесіне немесе мәжбүрлеп емдеуді жүзеге асыратын медициналық ұйымға беру орнын, уақыты мен тәртібін келісу және беруді ұйымдастыру туралы тапсырма береді.
Мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының азаматын жазасын өтеу немесе мәжбүрлеп емдеуді жүргізу үшін қабылдауды жүзеге асыруда ішкі істер органына өз құзыреті шегінде жәрдем көрсетеді.
2. Осы Кодекстің 602-бабында көрсетілген, Қазақстан Республикасының қабылданған азаматтарына қатысты Қазақстан Республикасында жазаны орындау немесе мәжбүрлеп емдеуді жүзеге асыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
3. Осы Кодекстің 602-бабында көрсетілген Қазақстан Республикасының азаматтарына қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасында және Қазақстан Республикасының халықаралық шартында көзделген тәртіппен мерзімінен бұрын шартты түрде босату, рақымшылық қолданылуы немесе кешірім жасау, медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдануды тоқтату немесе оны өзгерту жүзеге асырылуы мүмкін.
4. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы өзінің соты үкім немесе қаулы шығарған мемлекеттің уәкілетті органына жазаны немесе мәжбүрлеп емдеуді орындаудың жай-күйі мен нәтижелері туралы:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жазаны өтеуді немесе мәжбүрлеп емдеуді аяқтаған;
2) осы Кодекстің 602-бабында көрсетілген Қазақстан Республикасының азаматтары қайтыс болған немесе қашып кеткен жағдайда хабарлайды.
Ескерту. 609-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 27.12.2021 № 88-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.610-бап. Шет мемлекет сотының үкімін немесе қаулысын өзгерту немесе оның күшін жою туралы хабар
1. Шет мемлекет сотының үкімін немесе қаулысын қайта қарауға байланысты кез келген мәселелерді үкім немесе қаулы шығарған мемлекеттің соты шешеді.
2. Шет мемлекет сотының үкімі немесе қаулысы өзгертілген немесе оның күші жойылған жағдайда, осы шешімді орындау туралы мәселе осы Кодексте көзделген тәртіппен қарастырылады.
3. Егер шет мемлекет соты үкімінің немесе қаулысының күші жойылса және жаңа сотқа дейінгі тергеп-тексеру немесе жаңа сот талқылауы тағайындалса, қылмыстық іс жүргізуді кейіннен жүргізу туралы мәселені Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы осы Кодекске сәйкес шешеді.
611-бап. Халықаралық сот мекемелерінің үкімдерін тану және орындау
Халықаралық сот мекемелерінің үкімдерін Қазақстан Республикасында тану және орындау, сондай-ақ осындай соттар бас бостандығынан айыруға соттаған адамдарды қабылдау Қазақстан Республикасының халықаралық шарты негізінде осы Кодекстің қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
13-БӨЛІМ. ПРОЦЕСТІК КЕЛІСІМ ЖАСАЛҒАН ІСТЕР БОЙЫНША ІС ЖҮРГІЗУ
63-тарау. ПРОЦЕСТІК КЕЛІСІМ, ОНЫ ЖАСАСУДЫҢ ЕРЕКШЕ ТӘРТІБІ
612-бап. Процестік келісім жасалған кезде сотқа дейінгі тергеп-тексеру
1. Жасалған процестік келісім шеңберінде қылмыстық істерді тергеп-тексеру мынадай:
1) онша ауыр емес, ауырлығы орташа не ауыр қылмыстар бойынша – күдікті, айыпталушы келтірілген күдікпен, айыптаумен келіскен жағдайда – кінәні мойындау туралы мәміле нысанында;
2) қылмыстық топ жасаған қылмыстарды, өзге де адамдар жасаған аса ауыр қылмыстарды, сондай-ақ экстремистік және террористік қылмыстарды ашуға және тергеп-тексеруге ықпал ету кезінде барлық санаттағы қылмыстар бойынша – ынтымақтастық туралы келісім нысанында;
3) Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде көзделген онша ауыр емес, ауырлығы орташа не ауыр қылмыстар бойынша кінәні мойындау және заңсыз иемденілген активтерді қайтару туралы келісім нысанында жүргізіледі.
2. Процестік келісімді қылмыстық заңда тыйым салынған іс-әрекетті есі дұрыс емес күйде жасаған немесе қылмыс жасағаннан кейін психикасының бұзылумен ауырған адамдармен жасауға болмайды.
3. Процестік келісім жасасу адамды жәбірленуші және азаматтық талапкер болып танылған адамдардың алдында азаматтық-құқықтық жауаптылықтан босатуға негіз болып табылмайды.
Ескерту. 612-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 12.07.2023 № 23-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.613-бап. Кінәні мойындау туралы мәміле нысанындағы процестік келісімді жасасуға арналған шарттар
1. Кінәні мойындау туралы мәміле нысанындағы процестік келісім мынадай шарттар болған:
1) күдікті, айыпталушы процестік келісім жасасуға ерікті түрде ниет білдірген;
2) күдікті, айыпталушы келтірілген күдікке, айыптауға және іс бойынша қылмысты жасағанына қолда бар дәлелдемелерге, өзі келтірген зиянның сипаты мен мөлшеріне дауласпаған;
3) жәбірленуші іске қатысқан жағдайда, ол процестік келісім жасасуға келіскен кезде жасалуы мүмкін.
2. Кінәні мойындау туралы мәміле нысанындағы процестік келісім:
1) қылмыстардың жиынтығына қатысты, егер олардың ең болмағанда біреуі осы Кодекстің осы бабында және 612-бабында көзделген талаптарға сәйкес келмесе;
2) егер жәбірленушілердің ең болмағанда біреуі процестік келісім жасасуға келіспесе, жасала алмайды.
Ескерту. 613-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.614-бап. Кінәні мойындау туралы мәміле нысанында процестік келісімді жасасудың салдарлары
1. Кінәні мойындау туралы мәміле нысанындағы процестік келісімді жасасудың салдарлары мыналар болып табылады:
1) осы Кодекстің 192-бабында белгіленген мерзімдерде сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтау;
2) кінәні мойындау туралы процестік келісім сотқа берілген барлық күдіктілермен, айыпталушылармен не сотталушылармен жасалмаған, сыбайласып жасалған қылмыстар туралы қылмыстық істерді қоспағанда, осы Кодекстің 382-бабының екінші бөлігіне және 64-тарауына сәйкес кінәні мойындау туралы мәміле нысанындағы істі сотта талқылау;
3) процестік келісім жасасуға келісім берген жәбірленушіні залалды өтеу мөлшері туралы талапты одан әрі өзгерту құқығынан айыру.
2. Сот шешім қабылдау үшін кеңесу бөлмесіне кеткенге дейін күдіктінің, айыпталушының процестік келісімнен бас тартуға құқығы бар.
3. Процестік келісім жәбірленушіні және азаматтық талапкерді осы қылмыстық істе немесе азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен азаматтық талап қою құқығынан айырмайды.
4. Тараптардың процестік келісім жасасудан бас тартуы оны қайтадан жасасу туралы өтінішхат мәлімдеуге кедергі келтірмейді.
Ескерту. 614-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 12.07.2018 № 180-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.615-бап. Кінәні мойындау туралы мәміле нысанында процестік келісім жасасу туралы өтінішхатты қарау тәртібі
1. Күдікті, айыпталушы, сотталушы қылмыстық іс бойынша іс жүргізудің кез келген сәтінде сот кеңесу бөлмесіне кеткенге дейін мәміле нысанында кінәні мойындау туралы процестік келісім жасасу туралы өтініш мәлімдеуге құқылы. Процестік келісім прокурордың бастамасы бойынша жасалуы мүмкін.
2. Қылмыстық процесті жүргізетін орган күдіктіден, айыпталушыдан не қорғаушыдан кінәні мойындау туралы мәміле нысанында процестік келісім жасасу туралы өтінішхатты алып, осы Кодекстің 613-бабында көзделген негіздерді ескере отырып, процестік келісім жасасу туралы мәселені шешу үшін келіп түскен өтінішхатты қылмыстық іс материалдарымен бірге үш тәулік ішінде прокурорға жібереді.
Прокурор тергеп-тексеруді жүзеге асырған органнан істі талап етіп алдырады, осы баптың төртінші бөлігінде көзделген әрекеттерді орындайды, істе процестік келісім жасасу мүмкіндігі барын көріп, қорғаушы тарапқа оны жасасу туралы мәселені талқылауды ұсынады не өтінішхатты қанағаттандырудан бас тарту туралы жазбаша хабарлайды.
3. Прокурор процестік келісім жасасу мүмкіндігі туралы мәселені қарау кезінде:
1) адамның жасаған іс-әрекетінің кінәні мойындау туралы мәміле нысанында іс жүргізу туралы процестік келісім аясына жататын-жатпайтынын;
2) процестік келісім жасасу туралы өтінішхатты адамның ерікті түрде мәлімдегенін және оны жасасудың салдарлары туралы білетінін;
3) адамның жиналған дәлелдемелерге және іс-әрекеттің саралануына дауласпайтынын;
4) адамның өзі келтірген зиянның сипаты мен мөлшеріне және азаматтық талап қоюға келісетінін;
5) істе қылмыстық қудалауды тоқтатуға әкеп соғатын мән-жайлардың жоқтығын тексеруге міндетті.
Көрсетілген мән-жайларды анықтау үшін прокурор күдіктіні, айыпталушыны (күзетпен ұсталып отырғанды жеткізуді талап етеді), оның қорғаушысын және жәбірленушіні шақырады, олардың процестік келісім жасасу мүмкіндігі туралы пікірін анықтайды. Өтінішхатты берген адамға прокурор процестік келісім жасасудың салдарын, оны жасасудан бас тарту құқығын түсіндіреді.
4. Жәбірленуші келіспеген кезде процестік келісім жасалмайды. Егер жәбірленуші келіскен болса, онда оның қылмыспен келтірілген зиянды өтеу мәселесі жөніндегі пікірін ескере отырып, прокурор және қорғаушы тарап процестік келісім жасасады, ол жазбаша түрде жазылады және оған келісімге қатысушылар қол қояды.
Кінәні мойындау туралы процестік келісім жасасу туралы өтінішхат жөніндегі шешім қылмыстық іс прокуратураға келіп түскен кезден бастап жеті тәулік ішінде қабылданады.
Прокурордың процестік келісім жасасудан бас тартуы шағым жасалуға жатпайды, бірақ бұл кейіннен процестік келісім жасасуға кедергі келтірмейді.
Ескерту. 615-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 07.11.2014 № 248-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.616-бап. Кінәні мойындау туралы мәміле нысанында процестік келісім жасасу тәртібі
1. Процестік келісімде:
1) оның жасалған күні мен орны;
2) процестік келісімді жасасушы прокуратура органының лауазымды адамы;
3) келісім жасасушы күдіктінің, айыпталушының тегі, аты және әкесінің аты (ол болған кезде), туған күні мен жері, тұрғылықты жері және айналысатын кәсібі, оның қорғаушысының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде);
4) қылмысты оның жасалған уақытын, орнын, сондай-ақ осы Кодекстің ережелеріне сәйкес дәлелденуге жататын басқа да мән-жайларды көрсете отырып сипаттау;
5) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің осы қылмыс үшін жауаптылық көздейтін тармағы, бөлігі, бабы;
6) процестік келісімде көрсетілген шарттарды сақтаған және міндеттемелерді орындаған кезде күдіктіге, айыпталушыға қатысты қолданылуы мүмкін, қылмыстық жауаптылық пен жазалауды жеңілдететін мән-жайлар және қылмыстық заңның нормалары;
7) процестік келісім жасасқаннан кейін күдікті, айыпталушы жасауға міндеттенетін әрекеттер;
8) прокурор сот алдында ол туралы өтінішхат беретін жазаның түрі мен мөлшері;
9) процестік келісім жасасудың осы Кодекстің 614-бабында көзделген салдары;
10) жәбірленушінің процестік келісім жасасуға келісетіні туралы көрсетілуге тиіс.
2. Процестік келісімге прокурор, күдікті, айыпталушы, оның қорғаушысы қол қояды. Процестік келісімге қол қойылғанға дейін күдіктінің, айыпталушының өз қорғаушысымен бірге оның ережелерін оңаша және құпия талқылауға құқығы бар.
617-бап. Кінәні мойындау туралы мәміле нысанында процестік келісім жасасқаннан кейін қылмыстық іс бойынша прокурордың, тергеушінің, анықтаушының әрекеттері
1. Кінәні мойындау туралы мәміле нысанында процестік келісімге қол қойғаннан кейін прокурор күдіктіге, айыпталушыға қатысты бұлтартпау шарасының күшін жою не оны өзгерту қажеттігі туралы мәселені қарайды. Іс бойынша тергеу және процестік әрекеттер жүргізу қажет болған кезде прокурор істі сотқа дейінгі тергеп-тексеру органына жібереді.
2. Тергеуші, анықтаушы күдіктінің, айыпталушының кінәсін растауға жеткілікті көлемде дәлелдемелер жинауды жүзеге асырады.
3. Егер сотқа дейінгі тергеп-тексеру нәтижесінде қылмыс жасаудың процестік келісімде көзделмеген өзге мән-жайлары белгілі болған жағдайда, осы келісім осы Кодекстің 615 және 616-баптарында көзделген тәртіппен және мерзімдерде қайта қаралуға жатады не өзінің қолданысын тоқтатады.
4. Кінәні мойындау туралы мәміле нысанында процестік келісім жасалғаннан кейін тергеу және процестік әрекеттерді жүргізу қажеттігі болмаған жағдайда, іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталды деп есептеледі және прокурор оны айыптау актісінсіз, айыптау хаттамасынсыз дереу сотқа жібереді, бұл туралы жәбірленушіге хабарланады.
Ескерту. 617-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 27.12.2021 № 88-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.617-1-бап. Кінәні мойындау және заңсыз иемденілген активтерді қайтару туралы процестік келісім жасасуға арналған шарттар
1. Кінәні мойындау және заңсыз иемденілген активтерді қайтару туралы процестік келісім мынадай шарттар болған:
1) күдікті, айыпталушы, сотталушы процестік келісім жасасуға ерікті түрде тілек білдірген;
2) күдікті, айыпталушы, сотталушы келтірілген күдікке, айыптауға және іс бойынша қылмысты жасағанының қолда бар дәлелдемелеріне, өзі келтірген зиянның сипаты мен мөлшеріне дауласпаған кезде жасалуы мүмкін.
2. Кінәні мойындау және заңсыз иемденілген активтерді қайтару туралы процестік келісім, егер қылмыстардың ең болмағанда біреуі осы бапта және осы Кодекстің 612-бабында көзделген талаптарға сәйкес келмесе, қылмыстардың жиынтығына қатысты жасалмайды.
Ескерту. 617-1-баппен толықтырылды – ҚР 12.07.2023 № 23-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.617-2-бап. Кінәні мойындау және заңсыз иемденілген активтерді қайтару туралы процестік келісім жасаудың салдары
1. Кінәні мойындау және заңсыз иемденілген активтерді қайтару туралы процестік келісім жасасудың салдары мыналар болып табылады:
1) осы Кодекстің 192-бабында белгіленген мерзімдерде сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталуы;
2) осы Кодекстің 382-бабының екінші бөлігіне және 64-тарауына сәйкес істің сот талқылауының жүргізілуі.
2. Тұлғаның кінәні мойындау және заңсыз иемденілген активтерді қайтару туралы жасалған процестік келісімнің шарттарын орындамауы тоқтатылған сотқа дейінгі тергеп-тексеруді немесе қылмыстық қудалауды осы Кодекстің 291-бабында көзделген тәртіппен қайта бастауға алып келеді.
3. Сот шешім қабылдау үшін кеңесу бөлмесіне кеткенге дейін күдіктінің, айыпталушының немесе сотталушының кінәні мойындау және заңсыз иемденілген активтерді қайтару туралы процестік келісімнен бас тартуға құқығы бар.
4. Тараптардың кінәні мойындау және заңсыз иемденілген активтерді қайтару туралы процестік келісім жасасудан бас тартуы оны қайтадан жасасу туралы өтінішхат мәлімдеуге кедергі келтірмейді.
Ескерту. 617-2-баппен толықтырылды – ҚР 12.07.2023 № 23-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.617-3-бап. Кінәні мойындау және заңсыз иемденілген активтерді қайтару туралы мәміле нысанында процестік келісім жасасу туралы өтінішхатты қарау тәртібі
1. Күдікті, айыпталушы, сотталушы қылмыстық іс бойынша іс жүргізудің кез келген сәтінде сот кеңесу бөлмесіне кеткенге дейін кінәні мойындау және заңсыз иемденілген активтерді қайтару туралы мәміле нысанында процестік келісім жасасу туралы өтінішхат мәлімдеуге құқылы. Процестік келісім прокурордың бастамасы бойынша жасалуы мүмкін.
2. Тергеп-тексеруді жүзеге асыратын орган күдіктіден, айыпталушыдан, сотталушыдан не қорғаушыдан кінәні мойындау және заңсыз иемденілген активтерді қайтару туралы мәміле нысанында іс жүргізу туралы процестік келісім жасасу туралы өтінішхатты алып, осы Кодекстің 613-бабында көзделген негіздерді ескере отырып, процестік келісім жасасу туралы мәселені шешу үшін келіп түскен өтінішхатты қылмыстық іс материалдарымен бірге үш тәулік ішінде прокурорға жібереді.
Прокурор тергеп-тексеруді жүзеге асыратын органнан істі талап етіп алдырады, осы баптың үшінші және төртінші бөліктерінде көзделген әрекеттерді орындайды, істе процестік келісім жасасу мүмкіндігі барын көріп, қорғаушы тарапқа оны жасасу туралы мәселені талқылауды ұсынады не өтінішхатты қанағаттандырудан бас тарту туралы жазбаша хабарлайды.
3. Прокурор процестік келісім жасасу мүмкіндігі туралы мәселені қарау кезінде:
1) тұлғаның жасаған іс-әрекетінің кінәні мойындау және заңсыз иемденілген активтерді қайтару туралы мәміле нысанында іс жүргізу туралы процестік келісім аясына жататын не жатпайтынын;
2) процестік келісім жасасу туралы өтінішхатты тұлғаның ерікті түрде мәлімдегенін және оны жасасудың салдары туралы білетінін;
3) тұлғаның жиналған дәлелдемелерге және іс-әрекеттің саралануына дауласпайтынын;
4) тұлғаның өзі келтірген зиянның сипаты мен мөлшеріне және азаматтық талап қоюға келісетінін;
5) істе қылмыстық қудалауды тоқтатуға алып келетін мән-жайлардың жоқ екенін тексеруге міндетті.
Көрсетілген мән-жайларды анықтау үшін прокурор күдіктіні, айыпталушыны, сотталушыны (күзетпен ұсталып отырғанды жеткізуді талап етеді), оның қорғаушысын және жәбірленушіні шақырады, олардың процестік келісім жасасу мүмкіндігі туралы пікірін анықтайды. Прокурор өтінішхатты берген тұлғаға процестік келісім жасасудың салдарын, оны жасасудан бас тарту құқығын түсіндіреді.
4. Кінәні мойындау және заңсыз иемденілген активтерді қайтару туралы процестік келісім жасасуға жәбірленушінің келісімін алу талап етілмейді.
Кінәні мойындау және заңсыз иемденілген активтерді қайтару туралы процестік келісім жасасу туралы өтінішхат жөніндегі шешім қылмыстық іс прокуратураға келіп түскен кезден бастап он тәулік ішінде қабылданады.
Прокурордың процестік келісім жасасудан бас тартуы шағым жасалуға жатпайды, алайда бұл кейіннен процестік келісім жасасуға кедергі келтірмейді.
Ескерту. 617-3-баппен толықтырылды – ҚР 12.07.2023 № 23-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.617-4-бап. Кінәні мойындау және заңсыз иемденілген активтерді қайтару туралы мәміле нысанында процестік келісім жасасу тәртібі
1. Кінәні мойындау және заңсыз иемденілген активтерді қайтару туралы процестік келісімде:
1) оның жасалған күні мен орны;
2) прокуратура органының процестік келісімді жасасушы лауазымды адамы;
3) процестік келісім жасасушы күдіктінің, айыпталушының немесе сотталушының тегі, аты және әкесінің аты (ол болған кезде), туған күні мен жері, тұрғылықты жері және айналысатын ісі, оның қорғаушысының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде);
4) қылмысты оның жасалған уақытын, орнын, сондай-ақ осы Кодекстің ережелеріне сәйкес дәлелденуге жататын басқа да мән-жайларды көрсете отырып сипаттау;
5) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің осы қылмыс үшін жауаптылық көзделетін бабы, бөлігі, тармағы;
6) күдіктінің, айыпталушының немесе сотталушының қылмыс жасаудағы өзінің кінәсін мойындауы және заңсыз иемденілген, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жердегі активтерін өз еркімен қайтару міндеті;
7) қайтарылуға жататын заңсыз иемденілген активтердің, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жердегі активтердің тізбесі мен сипаттамасы, олардың тұрған жері;
8) процестік келісімде көрсетілген шарттарды сақтаған және міндеттемелерді орындаған кезде күдіктіге, айыпталушыға немесе сотталушыға қатысты қолданылуы мүмкін, қылмыстық жауаптылықты, жазалауды жеңілдететін мән-жайлар және қылмыстық заңнаманың нормалары;
9) прокурор өтінішхат беретін, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ережелеріне сәйкес тұлғаны қылмыстық жауаптылықтан босату мәселелері;
10) процестік келісім жасасқаннан кейін күдікті, айыпталушы немесе сотталушы жасауға міндеттенетін әрекеттер;
11) заңсыз иемденілген активтерді Қазақстан Республикасының заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы заңнамасына сәйкес құрылған Арнаулы мемлекеттік қорға немесе басқарушы компанияға аудару (аударым жасау) немесе беру мерзімдері мен тәсілдері;
12) күдіктінің, айыпталушының немесе сотталушының қылмыстық тергеп-тексеру мәселелері және заңсыз иемденілген активтерді қайтару бойынша прокурормен өзара іс-қимыл жасау және ынтымақтасу жөніндегі міндеті;
13) процестік келісім жасасудың салдары және кінәні мойындау және заңсыз иемденілген активтерді қайтару туралы процестік келісім жасалғаннан кейін прокурордың қылмыстық іс бойынша әрекеті;
14) күдіктінің, айыпталушының немесе сотталушының кінәні мойындау және заңсыз иемденілген активтерді қайтару туралы процестік келісімнің шарттарын орындамауының салдары;
15) кінәні мойындау және заңсыз иемденілген активтерді қайтару туралы процестік келісімде тараптар келіскен басқа да шарттар мен міндеттер көрсетіледі.
2. Процестік келісімнің шарттарында тұлға кәсіпкерлік қызметті жүргізудің, оның ішінде заңдарда және өзге де нормативтік құқықтық актілерде белгіленген бәсекелестік емес қолайлы жағдайларына байланысты, сол сияқты тиісті тауарлар, жұмыстар немесе көрсетілетін қызметтер нарығында экономикалық ресурстарды, оның ішінде тиісті тауар нарығында үстем немесе монополиялық жағдайға ие болатын және (немесе) ие болған нарық субъектілерінің акцияларын (жарғылық капиталдарға қатысу үлестерін) тікелей немесе жанама иелену жолымен іс жүзінде шоғырландыру нәтижесінде үстеме кірістерді алған жағдайларда, тұлға активтерді иеленген жалпы кезеңде алған осындай үстеме кірістердің сомаларын қайтару көзделуге тиіс.
3. Кінәні мойындау және заңсыз иемденілген активтерді қайтару туралы процестік келісім жазбаша түрде жасалады және оған прокурор, күдікті, айыпталушы немесе сотталушы, сондай-ақ оның қорғаушысы қол қояды.
Процестік келісімге қол қойылғанға дейін күдіктінің, айыпталушының немесе сотталушының өз қорғаушысымен бірге оның ережелерін оңаша және құпия талқылауға құқығы бар.
Ескерту. 617-4-баппен толықтырылды – ҚР 12.07.2023 № 23-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 11.06.2026 № 307-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.617-5-бап. Кінәні мойындау және заңсыз иемденілген активтерді қайтару туралы мәміле нысанында процестік келісім жасасқаннан кейін прокурордың, тергеушінің қылмыстық іс бойынша әрекеттері
1. Кінәні мойындау және заңсыз иемденілген активтерді қайтару туралы мәміле нысанында процестік келісімге қол қойылғаннан кейін прокурор күдіктіге, айыпталушыға, сотталушыға қатысты бұлтартпау шарасының күшін жою не оны өзгерту қажеттігі туралы мәселені қарайды. Іс бойынша тергеу әрекеттерін және процестік әрекеттерді жүргізу қажет болған жағдайда прокурор істі сотқа дейінгі тергеп-тексеру органына жібереді.
2. Тергеуші күдіктінің, айыпталушының кінәсін растауға жеткілікті көлемде дәлелдемелер жинауды жүзеге асырады.
3. Егер сотқа дейінгі тергеп-тексеру нәтижесінде қылмыс жасаудың процестік келісімде көзделмеген өзге мән-жайлары анықталған жағдайда, осы келісім осы Кодекстің 617-3 және 617-4-баптарында көзделген тәртіппен және мерзімдерде қайта қаралуға жатады не өзінің қолданысын тоқтатады.
4. Кінәні мойындау және заңсыз иемденілген активтерді қайтару туралы мәміле нысанында процестік келісім жасалғаннан кейін тергеу әрекеттерін және процестік әрекеттерді жүргізу қажеттігі болмаған жағдайда, іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталды деп есептеледі және прокурор оны айыптау актісінсіз дереу сотқа жібереді, бұл туралы жәбірленушіні және оның өкілін (ол болған кезде) хабардар етеді.
Ескерту. 617-5-баппен толықтырылды – ҚР 12.07.2023 № 23-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.618-бап. Ынтымақтастық туралы процестік келісім
1. Күдіктінің, айыпталушының, сотталушының және сотталған адамның қылмыстық процесті жүргізетін органға немесе прокурорға осы Кодекстің 612-бабы бірінші бөлігінің 2) тармағына және 619-бабына сәйкес ынтымақтастық туралы процестік келісім жасасу туралы өтінішхатпен жүгінуге құқығы бар.
2. Күдіктімен, айыпталушымен, сотталушымен, сотталған адаммен ынтымақтастық туралы процестік келісімді тиісінше Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры, Бас әскери прокурор, Бас көлік прокуроры, облыстың прокуроры немесе оған теңестірілген прокурор, олардың орынбасарлары бекітеді.
3. Ынтымақтастық туралы процестік келісім жасасу туралы өтінішхат сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған кезден бастап және үкімді орындау сатысын қоса алғанға дейін мәлімделуі мүмкін.
Ескерту. 618-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 16.07.2025 № 210-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.619-бап. Ынтымақтастық туралы процестік келісімді жасасу тәртібі
1. Ынтымақтастық туралы процестік келісімді жасасу туралы өтінішхатты күдікті, айыпталушы, сотталушы және сотталған адам жазбаша түрде береді және ол міндетті түрде қорғаушының қойған қолымен бекемделеді.
2. Егер қорғаушыны күдікті, айыпталушы, сотталушы немесе сотталған адам, оның заңды өкілі немесе күдіктінің, айыпталушының, сотталушының немесе сотталған адамның тапсырмасы бойынша басқа адамдар шақырмаса, онда қорғаушының қатысуын қылмыстық процесті жүргізетін орган не жазаны орындайтын мекеме немесе орган қамтамасыз етеді.
3. Іс жүргізуінде қылмыстық іс жатқан тергеуші, анықтаушы, жазаны орындайтын мекеменің немесе органның басшысы ынтымақтастық туралы процестік келісім жасасу туралы өтінішхатты алған кезде оны бір тәулік ішінде прокурорға жібереді.
4. Сотталушының ынтымақтастық туралы процестік келісім жасасу туралы өтінішхатын сот ол келіп түскен кезден бастап үш тәулік ішінде прокурорға жібереді.
5. Сотталған адам өзі аумағында жазасын өтеп жүрген облыс прокурорының атына процестік келісім жасасу туралы өз өтінішхатын жазаны орындайтын орган арқылы беруге құқылы.
6. Ынтымақтастық туралы процестік келісім осы Кодекстің 615-бабы үшінші бөлігінің 2) тармағында, 616-бабы бірінші бөлігінің 1), 2), 3), 4), 5), 6) және 7) тармақтарында, екінші бөлігінде көзделген талаптар сақтала отырып, қажет болған кезде 47-бабының қағидалары бойынша оның құпиялығын сақтай отырып және 12-тарауына сәйкес қауіпсіздікті қамтамасыз ете отырып, прокурор мен күдіктінің, айыпталушының, сотталушының, сотталған адамның арасында жасалады және бекіту үшін тиісінше Қазақстан Республикасының Бас Прокурорына, Бас әскери прокурорға, Бас көлік прокурорына, облыстың прокурорына немесе оған теңестірілген прокурорға, олардың орынбасарларына жіберіледі.
7. Ынтымақтастық туралы процестік келісім жасасу туралы мәселені шешу үшін прокурор қосымша материалдарды талап етуге құқылы.
Ескерту. 619-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 16.07.2025 № 210-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.620-бап. Ынтымақтастық туралы процестік келісімді бекіту тәртібі
Бекітуге келіп түскен процестік келісім бойынша күдіктіге, айыпталушыға, сотталушыға, сотталған адамға қатысты Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры, Бас әскери прокурор, Бас көлік прокуроры, облыстың прокуроры немесе оған теңестірілген прокурор, олардың орынбасарлары:
1) қылмыстық істі және ұсынылған (талап етіліп алдырылған) қосымша материалдарды зерделейді, ынтымақтастық туралы процестік келісім жасасудың заңдық және нақты негіздерін тексереді, сондай-ақ күдіктінің, айыпталушының, сотталушының, сотталған адамның келісім нысанасы болып табылған әрекеттерді орындау жөніндегі ниетінің сипатын бағалайды;
2) күдіктінің, айыпталушының, сотталушының, сотталған адамның ынтымақтастық туралы процестік келісіммен байланысты барлық шарттармен және талаптарымен танысқанын, азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе қадір-қасиетті қорлайтын қарым-қатынас пен жазалау түрлеріне ұшырағанын-ұшырамағанын, ынтымақтастық туралы процестік келісімді өз еркімен жасасқанын-жасаспағанын, оның құқықтық салдарын білетінін-білмейтінін анықтайды;
3) ынтымақтастық туралы процестік келісімді бекітеді не оны бекітуден бас тарту туралы қаулы шығарады.
Ескерту. 620-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 16.07.2025 № 210-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.621-бап. Ынтымақтастық туралы процестік келісімнің шарттарын орындау бойынша прокурордың әрекеттері
1. Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры, Бас әскери прокурор, Бас көлік прокуроры, облыстың прокуроры немесе оған теңестірілген прокурор, олардың орынбасарлары ынтымақтастық туралы процестік келісімді бекіткеннен кейін ынтымақтастық туралы келісімге қол қойған прокурор жасалған келісімнің нысанасы болып табылатын қылмыстардың ашылуын ұйымдастыруға және кінәлі адамдардың әшкереленуіне дереу шаралар қолданады, сондай-ақ осы Кодекстің 153-бабында көзделген тәртіппен күдіктіге, айыпталушыға қатысты бұлтартпау шарасының күшін жою не оны өзгерту қажеттігі туралы мәселені қарайды.
2. Егер ынтымақтастық туралы процестік келісімнің нысанасына қатысты қылмыстарға жүргізілген тергеп-тексерудің нәтижелері бойынша күдіктінің, айыпталушының, сотталушының, сотталған адамның ықпал етуімен аса ауыр қылмыстар, қылмыстық топ құрамында қылмыстар, сондай-ақ экстремистік және террористік қылмыстар жасаған адамдар әшкереленсе және кінәлі адамдарға қатысты айыптау үкімі шығарылса, онда прокурор ынтымақтастық туралы процестік келісімнің талаптарын орындауға шаралар қолданады.
3. Прокурор ынтымақтастық туралы келісім жасасқан және оның шарттарын орындаған сотталған адамға қатысты осы Кодекстің 476 – 478-баптарына сәйкес өтінішхатпен сотқа жүгінеді.
Ескерту. 621-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 16.07.2025 № 210-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.64-тарау. ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕРДІ СОТТА КЕЛІСІМДІК ІС ЖҮРГІЗУДЕ ҚАРАУ
622-бап. Келісімдік іс жүргізуді қолдану үшін негіздер
Сот, егер:
1) сотқа дейінгі іс жүргізу сатысында барлық күдіктімен, айыпталушымен кінәні мойындау туралы процестік келісім жасалса;
2) барлық сотталушымен кінәні мойындау туралы процестік келісім сот талқылауы барысында жасалса;
3) сотқа дейінгі іс жүргізу сатысында не сот талқылауы барысында барлық күдіктілермен, айыпталушылармен, сотталушылармен кінәні мойындау және заңсыз иемденілген активтерді қайтару туралы процестік келісім жасалса, істі келісімдік іс жүргізуде шешеді.
Егер сот кеңесу бөлмесіне кеткенге дейін процестік келісімге келіспеушілік білдірілсе, сондай-ақ осы Кодекстің 614-бабы бірінші бөлігінің 2) тармағында көзделген шектеулер болған кезде келісімдік іс жүргізуге жол берілмейді.
Ескерту. 622-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 12.07.2018 № 180-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 12.07.2023 № 23-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.623-бап. Сотқа дейінгі іс жүргізу сатысында жасалған, кінәні мойындау туралы процестік келісіммен, кінәні мойындау және заңсыз иемденілген активтерді қайтару туралы процестік келісіммен бірге келіп түскен іс бойынша судьяның әрекеттері
Ескерту. 623-баптың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР 12.07.2023 № 23-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Судья кінәні мойындау туралы процестік келісіммен, кінәні мойындау және заңсыз иемденілген активтерді қайтару туралы процестік келісіммен және істі келісімдік іс жүргізуде қарау туралы өтінішхатпен бірге қылмыстық істі алып, жасалған процестік келісімнің заң талаптарына сәйкестігін тексереді, содан кейін:
1) келісімдік іс жүргізуде талқылауды тағайындау;
2) егер келісімдік іс жүргізуді қолдану үшін негіздер болмаса, қылмыстық істі прокурорға қайтару;
3) егер сот қылмыстың саралануымен, азаматтық талап қоюдың мөлшерімен, жазаның түрімен және (немесе) мөлшерімен келіспесе, жаңа келісім жасасу мүмкіндігін ұсына отырып, қылмыстық істі прокурорға қайтару туралы қаулы шығарады.
2. Тараптар соттың қылмыстың саралануы, азаматтық талап қою мөлшері, жазаның түрі немесе мөлшері мәселелері жөніндегі қаулысына сәйкес жаңа процестік келісім жасасқаннан кейін прокурор қылмыстық істі жаңа процестік келісіммен бірге оны келісімдік іс жүргізуде қарау үшін сотқа жібереді.
3. Судья жаңа процестік келісіммен келіспеген кезде ол істі келісімдік іс жүргізуде қараудан бас тарту туралы қаулы шығарады және іс бойынша жалпы тәртіппен іс жүргізуді жүзеге асыру үшін оны прокурорға жібереді.
Судьяның бұл ретте шығарылған қаулысына апелляциялық тәртіппен шағым жасалуы, ол прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қаралуы мүмкін.
4. Сот осы баптың бірінші бөлігінің 2) және 3) тармақтарында көрсетілген негіздер бойынша шешім қабылдау үшін осы Кодекстің 321-бабында көзделген тәртіппен істі алдын ала тыңдауды жүргізеді.
Ескерту. 623-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 19.12.2020 № 384-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.07.2023 № 23-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.624-бап. Істі келісімдік іс жүргізуде қарау кезінде сот отырысына қатысатын адамдар
Келісімдік іс жүргізу кезіндегі сот отырысына прокурор, сотталушы және оның қорғаушысы қатысады. Жәбірленуші, азаматтық талапкер және олардың өкілдері сот отырысына шақырылмайды.
Сот қажет болған кезде олардың келісімдік іс жүргізудегі сот талқылауына қатысуын, оның ішінде коммуникацияның ғылыми-техникалық құралдарының көмегімен қатысуын ұйымдастыра алады.
625-бап. Келісімдік іс жүргізудегі сот талқылауының тәртібі мен мерзімдері
1. Төрағалық етуші сот отырысында қарсылық білдірулер мен өтінішхаттарды шешкеннен кейін кінәні мойындау туралы процестік келісімді, кінәні мойындау және заңсыз иемденілген активтерді қайтару туралы процестік келісімді қараудың басталғаны туралы жариялайды және прокурорға оның мәнін баяндауды ұсынады.
2. Прокурордың сөзінен кейін төрағалық етуші сотталушыдан оның процестік келісімнің мәнін түсінгенін-түсінбегенін және онымен келісетінін-келіспейтінін сұрайды. Қажет болған кезде төрағалық етуші сотталушыға процестік келісімнің мәнін түсіндіреді, содан кейін оған келісім жасасудың мән-жайын сотқа хабарлауды ұсынады және процестік келісімнің оның ерік білдіруіне сәйкестігін-сәйкес еместігін және ол оны қолдайтын-қолдамайтынын және осы іс бойынша сотқа бірдеңе хабарлағысы келетін-келмейтінін анықтайды.
3. Төрағалық етуші сотталушының ұстанымын анықтап алып, қорғаушыға және прокурорға кінәні мойындау туралы мәміле нысанындағы немесе кінәні мойындау және заңсыз иемденілген активтерді қайтару туралы мәміле нысанындағы процестік келісімге қатысты өз пікірлерін хабарлауын ұсынады, сондай-ақ олардың процестік келісімді қолдайтынын не қолдамайтынын нақтылайды.
4. Сот отырысында төрағалық етуші қажет болған кезде кінәні мойындау туралы мәміле нысанындағы немесе кінәні мойындау және заңсыз иемденілген активтерді қайтару туралы мәміле нысанындағы процестік келісімді жасасудың заңда көзделген тәртібін сақтау мәселесі бойынша прокурордан, сотталушыдан және оның қорғаушысынан жауап алуы мүмкін.
5. Процестік келісімді қарау аяқталғаннан кейін төрағалық етуші сотталушыдан келісімде көзделген мүліктік өндіріп алулар бөлігінде сот актісін өз еркімен орындау үшін оған қандай мерзім қажет екенін анықтайды, бұл ретте оның отбасылық және материалдық жағдайын анықтайды. Кінәні мойындау және заңсыз иемденілген активтерді қайтару туралы процестік келісімді қарау аяқталғаннан кейін төрағалық етуші сотталушыдан оның заңсыз иемденілген активтерді қайтару бөлігінде процестік келісімді қандай мерзімде орындайтынын және оларды қайтару тәсілі мен тәртібін растайтынын не растамайтынын анықтайды.
Сотталушыға сотқа қосымша бірдеңе хабарлау құқығы да берілуге тиіс. Сотталушыны тыңдап болған соң төрағалық етуші кеңесу бөлмесіне кетеді және сот шешімін жария ету уақытын хабарлайды.
6. Істі келісімдік іс жүргізуде қарау осы Кодекстің 382-бабының екінші бөлігінде көзделген мерзімдерде аяқталуға тиіс.
Ескерту. 625-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 12.07.2023 № 23-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.626-бап. Соттың келісімдік іс жүргізудегі шешімдері
1. Сот процестік келісімді келісімдік іс жүргізуде қарау қорытындылары бойынша мынадай уәжді шешімдердің бірін:
1) егер келісімдік іс жүргізуді қолдануға негіздер болмаса, прокурорға қылмыстық істі қайтару туралы қаулы;
2) егер сот процестік келісімде көрсетілген қылмыстың саралануымен, азаматтық талап қоюдың мөлшерімен не жазаның түрімен немесе мөлшерімен келіспесе, жаңа процестік келісім жасасу үшін қылмыстық істі прокурорға қайтару туралы қаулы;
3) егер сотта сотталушының кінәлілігіне күмән туындаса, істі келісімдік іс жүргізу тәртібімен қараудан бас тарту туралы және қылмыстық істі прокурорға қайтару туралы қаулы;
4) егер осы Кодекстің 35-бабында санамаланған мән-жайлар анықталса, қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы қаулы;
4-1) кінәні мойындау және заңсыз иемденілген активтерді қайтару туралы процестік келісіммен қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы қаулы;
5) процестік келісімге сәйкес сотталушыға жаза тағайындап, азаматтық талап қою және басқа да өндіріп алулар жөнінде шешімі бар айыптау үкімін шығарады.
2. Сот осы баптың бірінші бөлігінің 1) және 3) тармақтарында көрсетілген қаулыны шығарған жағдайда, қылмыстық іс жалпы тәртіппен тергеп-тексеру жүргізу үшін прокурорға қайтарылады.
3. Тараптар қылмыстың саралануы, азаматтық талап қою мөлшері не жазаның түрі немесе мөлшері мәселелері жөніндегі сот қаулысына сәйкес жаңа процестік келісім жасасқаннан кейін прокурор сотқа келісімдік іс жүргізуде қарау үшін жаңа процестік келісіммен бірге қылмыстық істі жібереді.
4. Судья жаңа процестік келісіммен келіспеген кезде істі келісімдік іс жүргізуде қараудан бас тарту туралы қаулы шығарады және қылмыстық істі жалпы тәртіппен сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыру үшін прокурорға жібереді.
Судьяның бұл ретте шығарылған қаулысына апелляциялық тәртіппен шағым жасалуы, ол прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қаралуы мүмкін.
Ескерту. 626-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 19.12.2020 № 384-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.07.2023 № 23-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.627-бап. Келісімдік іс жүргізуде қаралған іс бойынша айыптау үкімінің құрылымы және мазмұны
1. Келісімдік іс жүргізуде қаралған іс бойынша шығарылған үкімнің кіріспе бөлігі осы Кодекстің 396-бабының талаптарына сәйкес келуге тиіс.
2. Келісімдік іс жүргізуде шығарылған айыптау үкімінің сипаттау-уәждеу бөлігінде процестік келісімге сілтеме қамтылуға тиіс және мыналар:
1) жасалуына сотталушы кінәлі деп танылған қылмыстық іс-әрекеттің сипаты;
2) жасалған әрекеттің саралануы;
3) жаза тағайындаудың уәждері;
4) азаматтық талап қою бойынша шешімнің уәждері, оны орындаудың тәртібі мен мерзімі;
5) заттай дәлелдемелердің тағдыры және процестік шығындарды өндіріп алу көрсетіледі.
3. Үкімнің қарар бөлігінде:
1) сотталушыны Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің тиісті тармағы, бөлігі және бабы бойынша кінәлі деп тану;
2) жазалау шарасы;
3) азаматтық талап қою және процестік шығындар туралы мәселе бойынша шешім;
4) келтірілген залалды процестік келісімнің талаптарына сәйкес өтеу мерзімі;
5) үкімге шағым жасау тәртібі мен мерзімі көрсетіледі.
4. Сот үкімді шығарумен бір мезгілде осы Кодекстің 401-бабында санамаланған мәселелерді шешуге тиіс.
Үкімнің көшірмесі шығарылған күнінен бастап бес тәуліктен кешіктірілмейтін мерзімде сотталған адамға, оның қорғаушысына және прокурорға табыс етіледі.
Келісімдік іс жүргізуде қаралған іс бойынша сот үкіміне осы Кодексте көзделген тәртіппен және мерзімдерде жалпы негіздерде шағым жасауға, оны прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қарауға және наразылық білдіруге болады.
Ескерту. 627-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 31.10.2015 № 378-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 11.07.2017 № 91-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.628-бап. Басты сот талқылауы барысында келісімдік іс жүргізуді қозғау
1. Мемлекеттік айыптаушы, сотталушы және оның қорғаушысы қылмыстық іс бойынша басты сот талқылауы барысында кінәні мойындау туралы процестік келісім, кінәні мойындау және заңсыз иемденілген активтерді қайтару туралы процестік келісім жасасу туралы өтінішхат мәлімдеуге құқылы.
Кінәні мойындау туралы мәміле нысанында немесе кінәні мойындау және заңсыз иемденілген активтерді қайтару туралы мәміле нысанында процестік келісім жасасу туралы өтінішхат келіп түскен кезде судья сот талқылауын үзеді және тараптарға процестік келісім жасасу үшін ақылға қонымды мерзім береді.
2. Кінәні мойындау туралы процестік келісім немесе кінәні мойындау және заңсыз иемденілген активтерді қайтару туралы процестік келісім жасалғанынан кейін судьяға беріледі, ол оның заң талаптарына сәйкестігін тексереді және мынадай:
1) істің келісімдік іс жүргізуде қаралуын жалғастыру туралы;
2) егер сотта сотталушының кінәлі екендігіне күмән туындаса не келісімдік іс жүргізуді қолдану үшін негіздердің болмауына байланысты істі келісімдік іс жүргізуде қараудан бас тарту туралы;
3) егер сот қылмыстың саралануына, азаматтық талап қоюдың мөлшеріне, жазаның түріне және (немесе) мөлшеріне келіспесе, жаңа процестік келісім жасауға мүмкіндік беру туралы уәжді шешімдердің бірін қабылдайды.
Тараптар процестік келісімнің шарттары бойынша келісімге қол жеткізбеген жағдайда, соттың қылмыстық істі қарауы жалпы тәртіп бойынша жалғастырылады.
Ескерту. 628-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 27.12.2021 № 88-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.07.2023 № 23-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.629-бап. Сотта жасалатын процестік келісімнің құрылымы мен мазмұны
1. Сотта жасалатын процестік келісім нысаны мен мазмұны бойынша осы Кодекстің 616-бабы бірінші бөлігі 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7) және 8) тармақтарының талаптарына және 617-4-бабына сәйкес келуге тиіс.
2. Егер сотталушы қылмыстар жиынтығын жасады деп айыпталып отырса, онда келісімде әрбір қылмыс үшін жазаның түрі мен мөлшері, сондай-ақ түпкілікті жазаның түрі мен мөлшері көрсетіледі.
3. Егер сотталушыға үкімдердің жиынтығы бойынша жаза тағайындалса, онда келісімде түпкілікті жазаның түрі мен мөлшері де көрсетіледі.
4. Келісім оған прокурор, сотталушы және оның қорғаушысы қол қойғаннан кейін жасалды деп есептеледі.
5. Прокурор қол қойылған келісімді сотқа береді және істі келісімдік іс жүргізу шеңберінде шешу туралы өтінішхат береді.
Ескерту. 629-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 12.07.2023 № 23-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.13-1-бөлім. Бұйрықтық іс жүргізу
Ескерту. Кодекс 13-1-бөліммен толықтырылды - ҚР 21.12.2017 № 118-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
64-1-тарау. Бұйрықтық іс жүргізу тәртібі
629-1-бап. Бұйрықтық іс жүргізуді қолдану негіздері
1. Бұйрықтық іс жүргізу тәртібі, осы тарауда көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, осы Кодекстің жалпы қағидаларымен айқындалады.
2. Қылмыстық теріс қылықтар және онша ауыр емес қылмыстар бойынша іс, егер:
1) жиналған дәлелдемелер арқылы қылмыстық теріс қылық және (немесе) онша ауыр емес қылмыс фактісі және оны жасаған адам анықталса;
2) күдікті қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы өз кінәсінің қолда бар дәлелдемелеріне дау айтпаса, өз әрекеттерінің (әрекетсіздігінің) саралануына, келтірілген нұқсанның (зиянның) мөлшеріне (сомасына) келіссе;
3) жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтың санкциясы негізгі жаза түрлерінің бірі ретінде айыппұлды, оның ішінде, егер санкцияда осы құқықтан айырудың дәл мерзімі белгіленсе, белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру түрінде міндетті қосымша жаза түрін көздесе;
4) күдікті істі дәлелдемелерді зерттемей, өздерін істі сотта қарауға шақырмай және қатыстырмай, бұйрықтық іс жүргізу тәртібімен қарау туралы өтінішхат мәлімдесе, ал жәбірленуші, сондай-ақ азаматтық талапкер мен азаматтық жауапкер (олар іс бойынша қатысқан жағдайда) бұған келісім білдірсе, бұйрықтық іс жүргізу тәртібімен қаралуға жатады.
3. Бұйрықтық іс жүргізу:
1) қылмыстық құқық бұзушылық жасағаннан кейін өз әрекеттерінің (әрекетсіздігінің) іс жүзіндегі сипаты мен қоғамдық қауіптілігін ұғыну не оларды игеру мүмкіндігінен айыратын психикасының бұзылуымен ауырған адамға;
2) кәмелетке толмаған адамға немесе дене немесе психикалық кемістігі салдарынан өзінің қорғалу құқығын өзі жүзеге асыра алмайтын адамға;
3) қылмыстық қудалаудан артықшылықтары мен иммунитеті бар адамға;
4) міндетті қосымша жазалау ретінде мүлікті тәркілеу, арнаулы, әскери немесе құрметті атақтан, сыныптық шеннен, дипломатиялық дәрежеден, біліктілік сыныптан және мемлекеттік наградалардан айыру, Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге шығарып жіберу қолданылуы мүмкін адамға қатысты қолданылмайды.
4. Бұйрықтық іс жүргізу, олардың ішінде ең болмағанда біреуі айыппұл түрінде негізгі жазаны көздемейтін қылмыстық құқық бұзушылықтар жиынтығына қатысты, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 60-бабының қағидаларын қолдануды талап ететін үкімдер жиынтығы кезінде қолданылмайды.
5. Егер сот іс бойынша бұрын шығарылған үкімнің күшін осы Кодекстің 629-6-бабының екінші бөлігінде көзделген негіздер бойынша жойған болса, бұйрықтық іс жүргізу қолданылмайды.
6. Сотқа дейінгі іс жүргізуді жүзеге асыратын адам осы баптың екінші бөлігінде көзделген негіздердің жиынтығы анықталған кезден бастап бес тәулік ішінде бұйрықтық іс жүргізуді қолдану туралы қаулы шығара отырып, сотқа дейінгі іс жүргізуді аяқтайды.
Бұл ретте сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам нәтижелері қылмыстық құқық бұзушылықтың іздерін және күдікті, айыпталушы кінәсінің өзге де дәлелдемелерін тіркейтін тергеу әрекеттері мен өзге де процестік әрекеттерді ғана жүргізуге құқылы.
Күдікті, оның қорғаушысы (ол қатысқан кезде), жәбірленуші, оның өкілі, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер қылмыстық іс материалдарымен танысқаннан және олардың өтінішхаттары шешілгеннен кейін сотқа дейінгі іс жүргізуді жүзеге асыратын адам бұйрықтық іс жүргізуді қолдану туралы қаулы шығарады.
Ескерту. 629-1-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.629-2-бап. Бұйрықтық іс жүргізуді қолдану туралы қаулының мазмұны
Бұйрықтық іс жүргізуді қолдану туралы қаулыда:
1) оның шығарылған уақыты, орны;
2) қаулыны кімнің шығарғаны;
3) күдіктінің жеке басы туралы деректер;
4) қылмыстық құқық бұзушылықтың сипаттамасы, оның ішінде оқиға, жасалу тәсілдері, уәждері, салдары мен басқа да елеулі мән-жайлар;
5) жәбірленуші, келтірілген зиянның сипаты мен мөлшері туралы мәліметтер;
6) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің Ерекше бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық құрамының белгілері;
7) жауаптылықты ауырлататын және жеңілдететін мән-жайлар;
8) бұйрықтық іс жүргізуді қолдану негіздері;
9) алып тасталды - ҚР 19.12.2020 № 384-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;10) бұйрықтық іс жүргізуді қолдану туралы қаулыны бекіту және қылмыстық істі қарау үшін сотқа жіберу туралы мәселені шешу үшін қылмыстық істі прокурорға жіберу туралы көрсетіледі.
Бұйрықтық іс жүргізуді қолдану туралы қаулыға оны жасаған адам қол қояды.
2. Алып тасталды - ҚР 19.12.2020 № 384-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.Ескерту. 629-2-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 19.12.2020 № 384-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
629-3-бап. Бұйрықтық іс жүргізуді қолдану туралы қаулыны сотқа жіберу тәртібі
1. Қылмыстық теріс қылықтар және онша ауыр емес қылмыстар туралы істер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам шығарған бұйрықтық іс жүргізуді қолдану туралы қаулы анықтау органының бастығына берілуге жатады, ол қылмыстық істі дереу зерделеп шығып, ол бойынша мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
1) бұйрықтық іс жүргізуді қолдану туралы қаулыны келіседі және қылмыстық істі прокурорға жібереді;
2) бұйрықтық іс жүргізуді қолдану туралы қаулыны келісуден бас тартады және осы Кодекстің 35 және 36-баптарында көзделген негіздер бойынша қылмыстық істі тоқтатады;
3) бұйрықтық іс жүргізуді қолдану туралы қаулыны келісуден бас тартады және қылмыстық істі анықтау не алдын ала тергеу жүргізу үшін қайтарады.
Бұйрықтық іс жүргізуді қолдану туралы қаулыны келісуден бас тарту туралы шешім уәжді болуға тиіс.
2. Алып тасталды - ҚР 19.12.2020 № 384-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.3. Тергеу бөлімінің бастығы онша ауыр емес қылмыстар туралы істер бойынша тергеуші шығарған бұйрықтық іс жүргізуді қолдану туралы қаулыны прокурорға жіберуге тиіс.
4. Прокурор қылмыстық істі зерделеп шығып, іс келіп түскен кезден бастап жиырма төрт сағаттан кешіктірмей, ол бойынша мына шешімдердің бірін қабылдайды:
1) бұйрықтық іс жүргізуді қолдану туралы қаулыны бекітеді, өзінің қарарымен айыпталушыны сотқа береді және айыпталушыға, оның қорғаушысына (ол қатысқан кезде), жәбірленушіге, азаматтық талапкерге, азаматтық жауапкерге бұйрықтық іс жүргізуді қолдану туралы қаулының көшірмесін бір мезгілде жібере отырып, қылмыстық істі қарау үшін сотқа жібереді;
2) бұйрықтық іс жүргізуді қолдану туралы қаулыны бекітуден бас тартады және қылмыстық істі осы Кодекстің 35 және 36-баптарында көзделген негіздер бойынша тоқтатады;
3) осы Кодекстің 629-1-бабының екінші бөлігінде көзделген негіздер болмаған кезде қылмыстық істі анықтау не алдын ала тергеу жүргізу үшін қайтарады;
4) қылмыстық істі жекелеген күдіктілерге қатысты тоқтатады, бұл туралы тиісті қаулы шығарады және істі сотқа жібереді не сотқа дейінгі тергеп-тексеруді толық көлемде тоқтатады.
Прокурор осы бөліктің бірінші абзацының 2), 3), 4) тармақтарында көзделген қабылданған шешім туралы мүдделі адамдарды хабардар етеді.
5. Арасында қылмыстық теріс қылықтар мен онша ауыр емес қылмыстар бар екі және одан көп қылмыстық құқық бұзушылыққа қатысты қылмыстық іс осы баптың төртінші бөлігінде көзделген тәртіппен сотқа жіберілуге жатады.
Ескерту. 629-3-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 19.12.2020 № 384-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2021 № 88-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.07.2025 № 210-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.629-4-бап. Бұйрықтық іс жүргізудегі сот талқылауының тәртібі мен мерзімі
1. Судья іс сотқа бұйрықтық іс жүргізуді қолдану туралы қаулымен бірге келіп түскен кезден бастап үш тәулікке дейінгі мерзімде істі ұсынылған материалдар негізінде, сот отырысын өткізбей, жеке-дара қарайды.
Судья істі бұйрықтық іс жүргізу тәртібімен қарау қорытындылары бойынша мынадай уәжді шешімдердің бірін:
1) алып тасталды - ҚР 19.12.2020 № 384-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;2) егер бұйрықтық іс жүргізуді қолданудың осы Кодекстің 629-1-бабының екінші бөлігінде көзделген негіздері болмаса, істі прокурорға қайтару туралы қаулы;
3) егер осы Кодекстің 35 және 36-баптарында көзделген негіздер болса, қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы қаулы;
4) бұйрықтық іс жүргізу тәртібіндегі айыптау үкімін;
5) алып тасталды - ҚР 19.12.2020 № 384-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;6) егер сот сотталушыға айыппұлдан өзге қылмыстық жаза тағайындау қажет деген тұжырымға келетін болса, қылмыстық істі прокурорға қайтару туралы қаулы шығарады.
2. Қылмыстық істі прокурорға қайтару туралы қаулы шағым жасалуға, прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қаралуға жатпайды.
Ескерту. 629-4-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 19.12.2020 № 384-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.629-5-бап. Бұйрықтық іс жүргізу тәртібіндегі айыптау үкімінің құрылымы мен мазмұны
1. Айыптау үкімінің кіріспе бөлігінде:
1) үкімнің Қазақстан Республикасының атынан шығарылғаны;
2) үкімнің шығарылған уақыты мен орны;
3) үкім шығарған соттың атауы;
4) сотталушының тегі, аты және әкесінің аты (ол болған кезде), оның туған жылы, айы, күні және жері, тұрғылықты жері, жұмыс орны, айналысатын кәсібі, білімі, отбасылық жағдайы және сотталушының жеке басы туралы, іс үшін маңызы бар өзге де мәліметтер;
5) жасалғанына сотталушы айыпталып отырған қылмыстық құқық бұзушылықты көздейтін қылмыстық заң (бап, бөлік, тармақ) көрсетіледі.
2. Айыптау үкімінің сипаттау-уәждеу бөлігінде:
1) сотталушы кінәлі деп танылған, жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтың сипаттамасы;
2) қылмыстық құқық бұзушылықтың саралануы;
3) кінәсінің нысаны, қылмыстық құқық бұзушылықтың уәждері мен салдары, келтірілген нұқсанның сипаты мен мөлшері;
4) сотталушыға айыппұл тағайындау уәждері;
5) азаматтық талап қою бойынша шешімнің уәждері;
6) заттай дәлелдемелердің тағдыры, процестік шығасыларды өндіріп алу көрсетіледі.
3. Айыптау үкімінің қарар бөлігінде мыналар көрсетілуге тиіс:
1) сотталушының тегі, аты және әкесінің аты (ол болған кезде);
2) сотталушыны қылмыстық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп тану туралы шешім;
3) сотталушы кінәлі деп танылған қылмыстық заң (бап, бөлік, тармақ);
4) айыппұл мөлшері, оның ішінде теріс қылықтардың және (немесе) онша ауыр емес қылмыстардың жиынтығы кезінде әрбір қылмыстық құқық бұзушылық үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 58-бабы негізінде тағайындалған айыппұлдың түпкілікті мөлшері;
4-1) сотталушыны белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру туралы шешім;
5) қойылған азаматтық талап бойынша шешім;
6) заттай дәлелдемелер туралы мәселенің шешілуі;
7) процестік шығасыларды бөлу туралы шешім;
8) үкіммен келіспейтіні туралы өтінішхат келтіру және үкімге шағым жасау тәртібі мен мерзімі туралы көрсету.
Ескерту. 629-5-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.629-6-бап. Бұйрықтық іс жүргізу тәртібіндегі айыптау үкімінің көшірмесін жіберу
1. Бұйрықтық іс жүргізу тәртібіндегі айыптау үкімі шығарылған күннен бастап бір тәуліктен кешіктірмей, сот оның көшірмесін сотталған адамға табыс ету туралы хабарламамен, оның қорғаушысына (ол қатысқан кезде), жәбірленушіге және прокурорға, сондай-ақ тиісті өтінішхат келіп түскен кезден бастап дәл сол мерзімде процестің басқа қатысушыларына жібереді.
2. Сотталған адам айыптау үкімінің көшірмесін алған күннен бастап жеті тәулік ішінде бұйрықтық іс жүргізу тәртібімен үкім шығарған сотқа, айыппұл мөлшерін қоспағанда, үкіммен келіспейтіні туралы өтінішхат жіберуге құқылы.
Егер сотталған адамнан белгіленген мерзімде үкіммен келіспейтіні туралы өтінішхат келіп түссе, судья өзі бұйрықтық іс жүргізу тәртібімен шығарған үкімнің күшін жояды және істі прокурорға қайтарады, бұл туралы қаулы шығарады.
Прокурор қылмыстық істі алып, оны одан әрі тергеп-тексеруді жүргізу үшін сотқа дейінгі тергеп-тексеру органына жібереді.
Бұйрықтық іс жүргізу тәртібімен шығарылған үкімнің күшін жою туралы қаулының көшірмесі ол шығарылған күні – сотталған адамға, оның қорғаушысына (ол қатысқан кезде), жәбірленушіге және прокурорға, сондай-ақ тиісті өтінішхат келіп түскен кезден бастап дәл сол мерзімде процестің басқа қатысушыларына табыс етіледі (жіберіледі).
Бұйрықтық іс жүргізу тәртібіндегі үкімнің күшін жою туралы қаулы шағым жасалуға немесе прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қаралуға жатпайды.
Ескерту. 629-6-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 19.12.2020 № 384-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.629-7-бап. Бұйрықтық іс жүргізу тәртібіндегі қылмыстық істі тоқтату туралы қаулыға және айыптау үкіміне шағым жасау
Бұйрықтық іс жүргізу тәртібімен шығарылған қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы қаулыға және айыптау үкіміне – көрсетілген сот актілерінің көшірмесі алынған кезден бастап жеті тәулік ішінде жәбірленушінің шағымы және (немесе) прокурордың өтінішхаты келтірілуі мүмкін, олар осы Кодекстің 8-бөлімінде көзделген апелляциялық тәртіппен қаралуға жатады.
Азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер бұйрықтық іс жүргізу тәртібімен шығарылған қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы қаулыға және айыптау үкіміне, азаматтық талап қоюға қатысты бөлігінде, көрсетілген сот актілерінің көшірмесі алынған кезден бастап жеті тәулік ішінде апелляциялық тәртіппен шағым жасауға құқылы.
Бұйрықтық іс жүргізу тәртібімен шығарылған қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы қаулыны және айыптау үкімін қайта қарау туралы өтінішхаттарды қарау осы Кодекстің 8-бөлімінде көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
Сотталған адам тағайындалған айыппұл мөлшеріне келіспеген жағдайда ғана айыптау үкіміне өтінішхат келтіре алады.
Бұйрықтық іс жүргізу тәртібімен шығарылған қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы қаулы да және айыптау үкімі де осы Кодекстің 10-бөлімінде көзделген тәртіппен қайта қаралуы мүмкін.
629-8-бап. Бұйрықтық іс жүргізу тәртібіндегі істі тоқтату туралы қаулының және айыптау үкімінің заңды күшіне енуі
Егер белгіленген мерзімде сотталған адамнан, жәбірленушіден, азаматтық талапкерден, азаматтық жауапкерден немесе прокурордан өтінішхат келіп түспесе, бұйрықтық іс жүргізу тәртібімен шығарылған істі тоқтату туралы қаулы және айыптау үкімі орындауға жіберіледі, бұл туралы сотталған адамға, оның қорғаушысына (ол қатысқан кезде), жәбірленушіге және прокурорға хабарланады.
14-БӨЛIМ. ІСТЕР БОЙЫНША АЛҚАБИЛЕРДIҢ ҚАТЫСУЫМЕН IС ЖҮРГIЗУ
65-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
630-бап. Істер бойынша алқабилердің қатысуымен іс жүргізу тәртібі
Сот алқабилердің қатысуымен қарайтын қылмыстық істер бойынша іс жүргізу осы бөлімде белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып, осы Кодекстің қағидаларына сәйкес жүргізіледі.
631-бап. Істердің алқабилер қатысатын сотқа соттылығы
1. Сот алқабилердің қатысуымен:
1) төтенше ахуал жағдайларында және жаппай тәртіпсіздіктер барысында жасалған адам өлтіру;
2) бейбітшілікке және адамзат қауіпсіздігіне қарсы, конституциялық құрылыс негіздеріне және мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар;
3) террористік және экстремистік қылмыстар;
4) соғыс уақытында немесе ұрыс жағдайында жасалған әскери қылмыстар;
5) қылмыстық топ құрамында жасалған қылмыстар;
6) кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы аса ауыр қылмыстар туралы істерді қоспағанда, аса ауыр қылмыстар туралы істерді қарайды.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 116 (екінші және үшінші бөліктерінде), 125 (үшінші бөлігінің 1) тармағында), 128 (төртінші бөлігінің 1) тармағында), 132 (бесінші бөлігінде), 135 (төртінші бөлігінің 1) тармағында), 146 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 160, 163, 164 (екінші бөлігінде), 168, 249 (екінші бөлігінде), 317 (төртінші бөлігінде), 335 (төртінші бөлігінде), 337 (төртінші және алтыншы бөліктерінде), 345 (төртінші бөлігінде), 345-1 (төртінші бөлігінде), 346 (бесінші және алтыншы бөліктерінде), 380-1 (екінші бөлігінің 6) тармағында)-баптарында көзделген қылмыстар туралы қылмыстық істерді де сот алқабилердің қатысуымен қарайды.
2. Егер адам Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің бірнеше бабында көзделген қылмыстарды жасады деп айыпталса, егер қылмыстардың мұндай жиынтығына Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 116 (екінші және үшінші бөліктерінде), 125 (үшінші бөлігінің 1) тармағында), 128 (төртінші бөлігінің 1) тармағында), 132 (бесінші бөлігінде), 135 (төртінші бөлігінің 1) тармағында), 146 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 160, 163, 164 (екінші бөлігінде), 168, 249 (екінші бөлігінде), 317 (төртінші бөлігінде), 335 (төртінші бөлігінде), 337 (төртінші және алтыншы бөліктерінде), 345 (төртінші бөлігінде), 345-1 (төртінші бөлігінде), 346 (бесінші және алтыншы бөліктерінде), 380-1 (екінші бөлігінің 6) тармағында)-баптарында көзделген қылмыстың, сондай-ақ:
1) төтенше ахуал жағдайларында және жаппай тәртіпсіздіктер барысында жасалған адам өлтіру;
2) бейбітшілікке және адамзат қауіпсіздігіне қарсы, конституциялық құрылыс негіздеріне және мемлекет қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар;
3) террористік және экстремистік қылмыстар;
4) соғыс уақытында немесе ұрыс жағдайында жасалған әскери қылмыстар;
5) қылмыстық топ құрамында жасалған қылмыстар;
6) кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы аса ауыр қылмыстар туралы істерді қоспағанда, аса ауыр қылмыстар санатына жатқызылған қылмыстың ең болмағанда біреуі кірсе, айыпталушының өз ісін сотқа алқабилердің қатысуымен қаратуға құқығы бар.
3. Егер іс бойынша бірнеше адам айыпталса, егер олардың ең болмағанда біреуі қылмыстық істі алқабилердің қатысуымен қарау туралы өтінішхат мәлімдесе, соттың оны алқабилердің қатысуымен қарауы барлық сотталушыларға қатысты осы бөлімде көзделген қағидалар бойынша жүргізіледі.
Ескерту. 631-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 31.10.2015 № 378-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 292-VІ (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізілетін, қылмыстық құқық бұзушылықтар құрамдарын алқабилер қатысатын соттың қарауына жатқызу туралы ережелерді қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2020 № 393-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2021 № 88-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.12.2022 № 175-VII (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі; 16.07.2025 № 210-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)); 11.06.2026 № 307-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.632-бап. Алқабилер қатысатын сот құрамы
Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта және қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотта алқабилер қатысатын сот бір судьяның және он алқабидің құрамында әрекет етеді.
633-бап. Алқабиге ықпал етуге жол бермеу
Бүкіл сот талқылауы барысында іс бойынша төрағалық етушінің, мемлекеттік айыптаушының, жәбірленушінің, сотталушының және оның қорғаушысының, сондай-ақ процестің басқа да қатысушыларының осы істі қарауға қатысатын алқабилермен белгіленген тәртіптен бөлек қарым-қатынас жасауына тыйым салынады.
Ескерту. 633-бап жаңа редакцияда - ҚР 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.634-бап. Соттың істі алқабилердің қатысуымен қарауы туралы өтінішхат
1. Қылмыстық сот ісін жүргізуді осы бөлімде көзделген қағидаларға сәйкес жүзеге асыру күдіктінің, айыпталушының өз ісін соттың алқабилердің қатысуымен қарауы туралы өтінішхаты бойынша жүргізіледі.
2. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам тергеу әрекеттерін жүргізу аяқталғаннан кейін күдіктіні істің барлық материалдарымен таныстыру кезінде оған соттың істі алқабилердің қатысуымен қарауы туралы өтінішхат беру құқығын, сондай-ақ алқабилер қатысқан соттың үкіміне шағым жасау және шағымды қарау ерекшеліктерін қоса алғанда, осындай өтінішхатты қанағаттандырудың құқықтық салдарын түсіндіруге міндетті.
3. Істің барлық материалдары танысу үшін ұсынылған кезде, сондай-ақ келесі кезеңде, оның ішінде сотта істі алдын ала тыңдауда, бірақ сот басты сот талқылауын тағайындағанға дейін күдіктінің, айыпталушының істі соттың алқабилердің қатысуымен қарауы туралы өтінішхат мәлімдеуге құқығы бар.
4. Күдіктінің, айыпталушының өз ісін соттың алқабилердің қатысуымен қарауы туралы не өз ісін соттың алқабилердің қатысуымен қарату құқығын пайдаланудан бас тартуы туралы өтінішхаты күдіктіге тергеу әрекеттерінің аяқталғанын хабарлау және оның құқықтарын түсіндіру туралы хаттамада көрсетіледі. Кейіннен мәлімделген өтінішхатты күдікті, айыпталушы жазбаша түрде баяндайды және ол осы іс соттылығы бойынша сотқа дереу жіберіледі. Істі алдын ала тыңдау барысында мәлімделген өтінішхат жазбаша және ауызша болуы мүмкін.
5. Сот басты сот талқылауын тағайындағаннан кейін айыпталушының өз ісін соттың алқабилердің қатысуымен қарауы туралы өтінішхаты қабылданбайды.
6. Айыпталушы алдын ала тыңдау жүргізілгенге дейін және алдын ала тыңдау барысында өз ісін алқабилердің қатысуымен қарау туралы мәлімдеген өтінішхатынан бас тартуға құқылы. Айыпталушының өз ісін соттың алқабилердің қатысуымен қарауы туралы өтінішхаты алдын ала тыңдау барысында расталғаннан кейін оның одан бас тартуы қабылданбайды.
66-тарау. СОТ ОТЫРЫСЫН ТАҒАЙЫНДАУ ЕРЕКШЕЛIКТЕРI
635-бап. Алдын ала тыңдауды өткізу
Осы Кодекстің 631-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген істер бойынша алдын ала тыңдау өткізу күдіктінің, айыпталушының істі алқабилердің қатысуымен қарау туралы өтінішхатының болуына немесе болмауына қарамастан міндетті.
636-бап. Алдын ала тыңдау өткізудің ерекшеліктері
1. Судья алдын ала тыңдауды сотталушыларды, оның ішінде өздеріне істі алқабилердің қатысуымен қарау құқығы тиесілі емес сотталушыларды және олардың қорғаушыларын міндетті түрде қатыстыра отырып, жеке-дара өткізеді.
2. Судья сот отырысының басында қай істің қаралуға жататынын хабарлайды, отырысқа қатысатын адамдарға өзін таныстырады, кімнің мемлекеттік айыптаушы, қорғаушы, хатшы екенін хабарлайды, сотталушының жеке басын анықтайды, мәлімделген қарсылық білдірулерді шешеді. Мемлекеттік айыптаушы айыптау актісін жария етеді. Судья сотталушыға айыптаудың түсінікті-түсініксіз екенін анықтайды, қажет болған жағдайларда оған айыптаудың мәнін түсіндіреді және оның өз ісін алқабилер қатысатын сотқа қарату туралы берген өтінішхатын растайтын-растамайтынын сұрайды. Егер істі алқабилердің қатысуымен қарау туралы өтінішхат мәлімделмесе, судья сотталушыға оның осы сот отырысында тікелей мәлімделуі мүмкін екенін түсіндіреді. Сотталушының ауызша өтінішхаты сот отырысының хаттамасына енгізіледі, жазбаша өтінішхат іске қоса тігіледі. Сотталушының істі алқабилердің қатысуымен қарау туралы өз өтінішхатынан бас тартуы, сондай-ақ оның осындай өтінішхатты мәлімдегісі келмейтіні сот отырысының хаттамасында не іске қоса тігілетін сотталушының жазбаша өтінішхатында көрсетіледі.
3. Егер сотталушы өз ісін алқабилер қатысатын сотқа қарату туралы өз өтінішхатын растаса, онда судья осы өтінішхатты қанағаттандыру туралы шешім қабылдайды, бұл ретте басқа сотталушылардың пікірі ескерілмейді және мемлекеттік айыптаушы, жәбірленуші, сотталушы және оның қорғаушысы мәлімдеген басқа өтінішхаттарды қарауға көшеді.
4. Алып тасталды – ҚР 16.07.2025 № 210-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.5. Егер сотталушы өз ісін алқабилер қатысатын сотқа қарату туралы өз өтінішхатын растамаса, судья осы Кодекстің 321-бабының бірінші бөлігінде көзделген басқа негіздер болмаған кезде алдын ала тыңдау аяқталды деп хабарлайды. Iс бойынша одан әрі іс жүргізу осы Кодекстің 42-тарауында көзделген қағидалар бойынша жүзеге асырылады.
6. Судьяның істі алқабилер қатысатын соттың қарауы туралы мәселе жөніндегі қаулысы түпкілікті болып табылады. Одан әрі қаулы сотталушының ұстанымының өзгеруіне орай қайта қаралмайды.
Ескерту. 636-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 16.07.2025 № 210-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.637-бап. Алқабилер қатысатын сот отырысын тағайындау кезінде алдын ала тыңдау тәртібімен шығарылатын шешімдердің ерекшеліктері
1. Судья алдын ала тыңдау қорытындысы бойынша осы Кодекстің 322 – 327-баптарында көзделген шешімдердің бірін қабылдайды.
2. Егер сотталушы істі алқабилердің қатысуымен қарау туралы өтінішхат мәлімдесе немесе бұл туралы бұрын мәлімделген өтінішхатты растаса, судья сот отырысын тағайындау туралы қаулыда істі алқабилер қатысатын соттың қарайтынын көрсетеді және осы сот отырысына шақырылуға жататын алқабиге кандидаттардың санын айқындайды, олардың саны жиырма бестен кем болмауға тиіс.
3. Судья алдын ала тыңдау нәтижелері бойынша осы Кодекстің 112-бабына сәйкес іс материалдарынан дәлелдемелер ретінде жарамсыз деп танылған нақты деректерді алып тастайды.
638-бап. Сот талқылауына қатысу үшін алқабиге кандидаттарды алдын ала кездейсоқ таңдау тәртібі
1. Судья істі алқабилер қатысатын соттың қарауына тағайындау туралы қаулы шығарылғаннан кейін сот отырысының хатшысына саны қаулыда көрсетілген алқабиге кандидаттарды алқабиге іріктеу үшін олардың сот отырысына келуін қамтамасыз ету туралы өкім береді.
2. Басты сот талқылауы тағайындалғаннан кейін төрағалық етушінің өкімі бойынша сот отырысының хатшысы соттағы алқабиге кандидаттардың бірыңғай тізімінен алқабиге кандидаттарды алдын ала кездейсоқ таңдауды жүргізеді.
3. Бір сол адам сот отырыстарына алқаби ретінде жылына бір реттен артық қатыса алмайды.
4. Қылмыстық істі қарауға қатысу үшін алқабиге кандидаттарды алдын ала кездейсоқ таңдау аяқталғаннан кейін олардың тегі, аты, әкесінің аты және үйінің мекенжайлары көрсетіле отырып, алдын ала тізім жасалады, оған сот отырысының хатшысы қол қояды.
5. Алдын ала тізімге енгізілген алқабиге кандидаттарға сот талқылауы басталғанға дейін жеті тәуліктен кешіктірілмей, сотқа келетін күні мен уақыты көрсетілген хабарлама табыс етіледі.
6. Хабарлама алған азаматтар алқабилерді іріктеу рәсіміне қатысу үшін сотқа келуге міндетті.
Ескерту. 638-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 14.07.2022 № 141-VII (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 67-тарау. СОТ ТАЛҚЫЛАУЫНА ҚАТЫСУ ҮШIН АЛҚАБИГЕ
КАНДИДАТТАРДЫ IРIКТЕУ
1. Кандидаттар ішінен алқабилерді іріктеу осы Кодекстің 350 – 363-баптарының талаптары орындалғаннан кейін жабық сот отырысында:
1) төрағалық етушінің алқабиге кандидаттарды істі қарауға қатысудан босатуы;
2) өздігінен бас тарту туралы мәселелерді шешу;
3) қарсылық білдіру туралы мәселелерді шешу;
4) алқабиге кандидаттарға уәжсіз қарсылық білдіру арқылы жүзеге асырылады.
2. Сот отырысының хатшысы төрағалық етушіге алқабиге кандидаттардың сот отырысына келуі туралы баяндайды және алқабиге кандидаттың әрқайсысына оның тегін көрсете отырып билет жазып береді.
3. Төрағалық етуші алқабиге кандидаттар алдында:
1) өзін таныстырып;
2) тараптарды таныстырып;
3) қандай іс қаралуға жататынын хабарлап;
4) заңға сәйкес алқабилердің міндеттері және олардың осы қылмыстық істі қарауға қатысу тәртібі туралы хабарлап, қысқаша кіріспе сөз сөйлейді.
4. Алқабилерге кандидатты істі қарауға қатысудан босату туралы мәселені объективті түрде шешу мақсатында төрағалық етуші, сондай-ақ тараптар алқабилерді іріктеу кезінде кандидаттарға алқабилер алқасын қалыптастыру үшін маңызы бар сұрақтарды қоя алады. Сұрақтарды қою тәртібін төрағалық етуші айқындайды.
5. Алқабиге кандидат істі қарауға қатысу үшін іріктеу кезінде төрағалық етуші және тараптар қойған сұрақтарға шынайы жауап беруге, сондай-ақ оның талабы бойынша өзі туралы және іске қатысатын басқа адамдармен қарым-қатынасы туралы өзге де қажетті ақпараттар беруге тиіс.
6. Төрағалық етуші алқабиге кандидаттардың абыройы мен қадір-қасиетін түсіретін сұрақтар қоймайды.
Төрағалық етуші сұрақ пен жауаптың процеске басқа да қатысушылар мен залда қатысып отырған адамдар үшін қолжетімді болмауын сақтай отырып, алқабиге кандидатқа кейбір сұрақтарды қоюға құқылы, ал кандидат оған жауап беруге құқылы.
7. Төрағалық етуші алқабиге кандидатты істі қарауға қатысудан босатуға байланысты барлық мәселелерді, сондай-ақ өздігінен бас тартуларды және алқабиге кандидаттарға мәлімделген қарсылық білдірулерді кеңесу бөлмесіне кетпей тұрып, сот отырысының хаттамасына судьяның қаулысын енгізе отырып жеке-дара шешеді.
8. Егер сотқа шақырылған алқабиге кандидаттардың жиырма бесінен азы келсе не олардың кейбірін сот талқылауына қатысудан босатқаннан кейін немесе төрағалық етуші судья өздігінен бас тартулар мен қарсылық білдірулерді қанағаттандырғаннан кейін олар он жетіден азайып қалса, төрағалық етуші сот отырысының хатшысына алқабиге кандидаттар құрамының жетіспейтін санын бірыңғай тізімнен толықтыру туралы өкім береді. Бұл жағдайда сот отырысында алқабиге бірыңғай кандидаттарды шақыру үшін үзіліс жарияланады.
Ескерту. 639-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.640-бап. Төрағалық етушінің алқабиге кандидаттарды істіқарауға қатысудан босатуы
1. Төрағалық етуші алқабиге кандидаттарға олардың осы Кодексте белгіленген міндеттерін түсіндіреді, содан кейін алқабиге кандидаттардан істі қарауға өздерінің алқаби ретінде қатысуына кедергі келтіретін мән-жайлардың бар-жоғы туралы сұрайды.
2. Төрағалық етуші:
1) қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп күдік келтірілетін немесе айыпталатын;
2) сот ісі жүргізілетін тілді білмейтін адамдарды, сөйлеу қабілетінен толық айырылған адамдарды, есту қабілетінен толық айырылған адамдарды және көру қабілетінен толық айырылған адамдарды;
3) мүгедектігі бар адамдардың сот отырысына толыққанды қатысуын қамтамасыз ету бойынша ұйымдастырушылық не техникалық мүмкіндіктер болмаған кезде, оларды процеске қатысушылармен талқыламастан, алқаби міндеттерін атқарудан босатады.
3. Төрағалық етуші:
1) алпыс бес жастан асқан адамдарды;
2) үш жасқа толмаған балалары бар әйелдерді;
3) өзінің діни нанымына байланысты өзінің сот төрелігін жүзеге асыруға қатысуы мүмкін емес деп есептейтін адамдарды;
4) қызметтік міндеттерін орындаудан алаңдатылуы қоғамдық және мемлекеттік мүдделерге едәуір зиян келтіруі мүмкін адамдарды (дәрігерлер, мұғалімдер, әуежолдарының ұшқыштары және басқалар);
5) сот отырысына қатыспау үшін дәлелді себептері бар өзге де адамдарды, олардың ауызша немесе жазбаша өтініші бойынша, процеске қатысушылармен талқыламастан, алқаби міндеттерін атқарудан босатуы мүмкін.
4. Төрағалық етуші алқабиге кандидаттардан сотта қаралатын істің мән-жайлары туралы хабардар екенін анықтайды.
5. Төрағалық етуші алқабиге кез келген кандидатты осы адамға заңсыз көрсетілген ықпал ету, онда теріс пікірдің болуы, ол істің мән-жайларын процестік емес көздерден емес, басқа көздерден білуі салдарынан оның объективтілігіне негізді күмән келтірілсе, сондай-ақ алқабиге кандидат алқаби ретінде істі қарауға қатысқан кезде объективті болмау мүмкіндігін көрсететін басқа да себептермен іс бойынша алқабидің міндеттерін атқарудан босатады.
Ескерту. 640-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 27.06.2022 № 129-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.641-бап. Алқабиге кандидаттардың өздігінен бас тартуы туралы мәселелерді шешу
Төрағалық етуші алқабиге кандидаттардан олардың қайсыбірін істі қарауға қатысудан босату үшін заңда көзделген себептердің бар-жоғы туралы сұрайды. Келген алқабиге кандидаттардың әрқайсысы өзінің алқаби міндеттерін орындауына кедергі келтіретін дәлелді себептерін көрсетуге, сондай-ақ өздігінен бас тартуды мәлімдеуге құқылы. Төрағалық етуші тараптардың пікірін тыңдап, алқабиге кандидаттың өздігінен бас тартуын қанағаттандыру не қанағаттандырудан бас тарту туралы қаулы шығарады.
642-бап. Алқабиге кандидаттарға қарсылық білдіру туралы мәселелерді шешу
Алқабиге кандидаттардың әрқайсысына мынадай жағдайларда, егер:
1) алқабиге кандидат осы іс бойынша жәбірленуші, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер болып табылса, куә ретінде шақырылса не шақырылуы мүмкін болса;
2) алқабиге кандидат осы қылмыстық іс бойынша іс жүргізуге сарапшы, маман, аудармашы, куәгер, сот отырысының хатшысы, анықтаушы, тергеуші, прокурор, қорғаушы, күдіктінің, айыпталушының заңды өкілі, жәбірленушінің өкілі, азаматтық талапкер немесе азаматтық жауапкер ретінде қатысса;
3) алқабиге кандидат жәбірленушінің, азаматтық талапкердің, азаматтық жауапкердің немесе олардың өкілдерінің, айыпталушының, сотталушының немесе оның заңды өкілінің, прокурордың, қорғаушының, тергеушінің немесе анықтаушының туысы немесе жекжаты (аға-інісі, апа-қарындасы-сіңлісі, ата-анасы және ерлі-зайыптылардың баласы) болып табылса;
4) алқабиге кандидат осы іске жеке, тікелей немесе жанама мүдделі деп санауға негіз беретін өзге де мән-жайлар болса, прокурор, жәбірленуші, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер және олардың өкілдері, сотталушы және оның қорғаушысы оған қарсылық білдіруді мәлімдеуге тиіс.
Төрағалық етуші тараптардың пікірін тыңдап, алқабиге кандидатқа қарсылық білдіруді қанағаттандыру не қанағаттандырудан бас тарту туралы қаулы шығарады.
Ескерту. 642-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 12.07.2018 № 180-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.643-бап. Алқабиге кандидаттарға уәжсіз қарсылық білдіру
1. Егер осы Кодекстің 642-бабының талаптарын орындау нәтижесінде сот отырысына қатысу үшін алқабиге кандидаттардың он жетіден астамы қалса, төрағалық етуші алқабиге кандидаттардың қалған санын жариялайды, одан кейін олардың тегі көрсетілген билеттерді жәшікке салады, билеттерді араластырады және жәшікте он жеті билет қалу үшін одан қанша қажет болса, сонша билетті алып тастайды.
2. Төрағалық етуші осы баптың бірінші бөлігінің талаптары орындалғаннан кейін мемлекеттік айыптаушының, сондай-ақ сотталушының және (немесе) оның қорғаушысының уәжсіз қарсылық білдіруді жүргізуі үшін алқабиге кандидаттардың тегі көрсетілген қалған он жеті билетті береді, оның нәтижесінде алқабиге он екі кандидат қалуға тиіс.
3. Мемлекеттік айыптаушы, сотталушы және оның қорғаушысы төрағалық етуші арқылы алқабиге кандидаттардың қайсыбірінен өзін таныстыруын сұрауға құқылы.
4. Егер іске бір сотталушы қатысса, алқабиге екі кандидатқа уәжсіз қарсылық білдіруді – мемлекеттік айыптаушы, одан кейін алқабиге үш кандидатқа уәждеусіз қарсылық білдіруді сотталушы және (немесе) оның қорғаушысы көрсетілген кезектілікпен жүргізеді.
5. Егер іске бірнеше сотталушы қатысса, мемлекеттік айыптаушы әрі кеткенде алқабиге екі кандидатқа қарсылық білдіруге құқылы. Бұл ретте алқабиге кандидаттарға қарсылық білдіру – сотталушылардың өзара келісуі бойынша, ал мұндай келісу болмаған жағдайда, егер мүмкін болса, қарсылық білдірілетін алқабиге кандидаттардың санын олардың арасында тең бөлу арқылы жүргізіледі.
6. Осы баптың бесінші бөлігінің талаптарын орындау мүмкін болмаған жағдайда, бірнеше сотталушының алқабиге кандидаттарға қарсылық білдіруі барлық сотталушының тегі көрсетілген билеттерді жәшікке салып, жеребе тастау арқылы жүргізілуге тиіс. Жеребе тастау қарсылық білдірілмеген алқабиге кандидаттардың санына тең санда жүргізіледі. Төрағалық етуші сотталушының тегі көрсетілген билетті жәшіктен қанша рет алса, алқабиге сонша кандидатқа сотталушы қарсылық білдіруге құқылы.
7. Сотталушылардың қайсыбірінің алқабиге кандидаттарға қарсылық білдіру құқығынан бас тартуы басқа сотталушылардың алқабиге кандидаттардың кемінде он екісі қалғанға дейін оларға қарсылық білдіру құқығына шек қоюға әкеп соқпайды.
8. Мемлекеттік айыптаушы, сотталушы немесе оның қорғаушысы алқабиге кандидаттардың тегі көрсетілген билеттерге уәждерін көрсетпей-ақ, қойылған қолдарымен бекітілген "қарсылық білдіру" деген жазу арқылы алқабиге кандидаттарға қарсылық білдіруді мәлімдеуі мүмкін.
9. Сотталушы өзінің қорғаушысына алқабиге кандидаттарға қарсылық білдіру құқығын жүзеге асыруды тапсыруға құқылы. Егер сотталушы өзінің алқабиге кандидаттарға қарсылық білдіру құқығынан бас тартса, онда қорғаушы оның келісімінсіз алқабиге кандидаттарға қарсылық білдіруге өз бетінше қатысуға құқылы емес.
10. Сотталушы немесе іске бірнеше сотталушы қатысса, барлық сотталушы өздерінің алқабиге кандидаттарға қарсылық білдіру құқығынан бас тартқан жағдайда, олардың қарсылық білдіруі жеребе тастау арқылы жүргізіледі, оның барысында сот отырысының төрағалық етушісі не хатшысы алқабиге кандидаттың қаншасына қарсылық білдірілуі мүмкін болса, қарсылық білдірілмеген сонша алқабиге кандидаттардың тегі көрсетілген билеттерді жәшіктен алып тастайды.
11. Тараптар уәжсіз қарсылық білдірген алқабиге кандидаттардың тегі көрсетілген билеттер іс материалдарына қоса тігіледі.
644-бап. Жеребе тастау арқылы алқабилер алқасын құру
1. Сотта істі қарайтын алқабилер алқасы негізгі құрамдағы (алқабилер алқасының құрамын құрайтын) он және қосалқы екі алқаби құрамында жеребе тастау арқылы құрылады.
2. Алқабилер алқасын құру үшін төрағалық етуші қарсылық білдірілмеген алқабиге кандидаттардың тегі көрсетілген билеттерді жәшікке салады, оларды араластырады және бір-бірлеп он екі билетті алады, әрбір ретте билетте көрсетілген алқабиге кандидаттың тегін жариялайды. Егер алқабилер алқасын құрудың дұрыстығына ықпал ететін қандай да бір бұзушылыққа жол берілмесе, алқабилер алқасы құрылды деп танылады. Бұл ретте жеребе тастау арқылы іріктелген алғашқы он алқаби – негізгі құрамның алқабиі, ал соңғы екеуі қосалқы алқаби болып есептеледі.
3. Қарсылық білдіру туралы мәселені шешу кезінде немесе алқабилер алқасын құру кезінде оның құрылуының дұрыстығына ықпал еткен қандай да бір бұзушылыққа жол берілсе, сондай-ақ бір немесе одан да көп алқабиді мемлекеттік құпияға жіберуден бас тартылған жағдайда, төрағалық етуші алқабилер алқасының құрылуын жарамсыз немесе ол құрылған жоқ деп жариялайды және алқабиге кандидаттарға толық көлемінде қайта іріктеу жүргізеді.
4. Сот отырысының хатшысы жеребе тастау арқылы іріктелген он екі алқабидің тегін жәшіктен билеттер қалай алынса, сол тәртіппен сот отырысының хаттамасына енгізеді. Жеребе тастау арқылы іріктелген алқабилердің тегі және олардың саналатын реттік нөмірі көрсетілген билеттер іс материалдарына қоса тігіледі.
645-бап. Алқабилердің сот талқылауына қатысуының жалпы шарттары
1. Алқабилер алқасын құру аяқталғаннан кейін төрағалық етуші алқабилердің негізгі құрамына алқабилердің орындығында оларға бөлінген орындарға жеребе тастаумен айқындалған тәртіпке сәйкес отыруды ұсынады. Алқабилердің орындығы сот отырысы залында қатысып отырғандардан бөлек болуға және, әдетте, сотталушылардың орындығына қарама-қарсы орналасуға тиіс. Қосалқы екі алқаби алқабилердің орындығынан өздері үшін арнайы бөлінген орындарға отырады.
2. Осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, алқабилер және қосалқы алқабилер сот талқылауы кезінде сот отырысы залында ұдайы болады.
3. Егер сот талқылауы барысында, бірақ алқабилер мен судья кесім шығару үшін кеңесу бөлмесіне кеткенге дейін алқабилердің қайсыбіреуінің сот отырысына одан әрі қатыса алмайтыны немесе төрағалық етушінің оны сот отырысына қатысудан шеттеткені анықталса, онда ол қосалқы алқабилердің тегі көрсетілген билет жәшіктен қандай тәртіппен алынса, сол тәртіппен қосалқы алқабимен ауыстырылады. Егер шығып қалған алқабилерді қосалқы алқабилермен ауыстыру мүмкіндігі таусылған жағдайда, төрағалық етуші өткен сот талқылауын жарамсыз деп жариялайды және сот талқылауын осы Кодекстің 638-бабына сәйкес алқабиге кандидаттарды алдын ала таңдау кезеңіне қайтарады.
4. Егер алқабилердің қайсыбіреуінің сот отырысына қатысу мүмкіндігінің жоқтығы кеңесу бөлмесіне кеткеннен кейін анықталса, онда судья мен алқабилер сот отырысы залына кіріп, алқабиді қосалқы алқабимен ауыстыруға және қайтадан кеңесу бөлмесіне кетуге тиіс. Егер шығып қалған алқабиді қосалқы алқабимен ауыстыру мүмкіндігі таусылған болса, төрағалық етуші өткен сот талқылауын жарамсыз деп жариялайды және сот талқылауын осы Кодекстің 638-бабына сәйкес алқабиге кандидаттарды алдын ала таңдау кезеңіне қайтарады.
ҚР Конституциялық Сотының 29.01.2025 № 63-НҚ нормативтік қаулысымен осы кодекстің 645-бабының төртінші бөлігі Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келеді деп танылды.5. Кез келген алқаби осы Кодекстің 647-бабының төртінші бөлігінде белгіленген шектеулерді сақтамаған жағдайда, істі қараудың кез келген кезеңінде іске одан әрі қатысудан шеттетілуі мүмкін.
Кодекстің 638-бабына сәйкес алқабиге кандидаттарды алдын ала таңдау кезеңіне қайтарады.
ҚР Конституциялық Сотының 29.01.2025 № 63-НҚ нормативтік қаулысымен осы кодекстің 645-бабының бесінші бөлігі Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келеді деп танылды.6. Алқабиді шеттетуді төрағалық етуші тараптардың қатысуымен жүзеге асырады, бұл туралы сот отырысының хаттамасында жазба жасалады.
Кодекстің 638-бабына сәйкес алқабиге кандидаттарды алдын ала таңдау кезеңіне қайтарады.
ҚР Конституциялық Сотының 29.01.2025 № 63-НҚ нормативтік қаулысымен осы кодекстің 645-бабының алтыншы бөлігі Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келеді деп танылды.646-бап. Алқабилердің ант қабылдауы
1. Алқабилер алқасы құрылып болғаннан кейін сот отырысының төрағалық етушісі немесе хатшысы сот отырысының залында қатысып отырғандардың барлығына орындарынан тұруды ұсынады. Төрағалық етуші алқабилерге ант қабылдауды ұсынып, өтініш жасайды.
2. Қылмыстық сот ісін жүргізуге алқаби ретінде қатысу үшін осы Кодексте белгіленген тәртіппен іріктеліп алынған адам мынадай мазмұндағы мәтінін айтып, ант қабылдайды: "Алқабидің міндеттерін атқаруға кірісе отырып, өз міндеттерімді адал және бейтарап атқаруға, сотта қаралған істің барлық дәлелдемелерін, дәлелдерін, мән-жайларын назарға алуға, ерікті азамат және әділ адам ретінде істі өзімнің ішкі нанымым мен ар-ожданым бойынша шешуге салтанатты түрде ант етемін".
Алқаби "Ант етемін" деген сөздерді айтып, ант қабылдағанын растайды.
3. Алқабилердің ант қабылдағаны туралы сот отырысының хаттамасына жазба жасалады.
68-тарау. АЛҚАБИЛЕР ҚАТЫСАТЫН СОТТЫҢ IСТI ТАЛҚЫЛАУ
ЕРЕКШЕЛIКТЕРI
647-бап. Алқабидің құқықтары, міндеттері және оның әрекеттеріне істі қарауға байланысты қойылатын шектеулер
1. Төрағалық етуші алқабилерге олардың құқықтарын, міндеттерін және олардың әрекеттеріне істі қарауға байланысты қойылатын шектеулерді түсіндіреді, сондай-ақ міндеттерді бұзу мен шектеулерді сақтамаудың салдарлары туралы ескертеді.
2. Алқабидің:
1) істің мән-жайларын өзінің ішкі нанымы бойынша өз бетінше бағалау және алқабилер алқасының алдына қойылатын сұрақтарға жауап беру мүмкіндігін алу үшін сотта қаралатын дәлелдемелерді зерттеуге қатысуға;
2) процеске қатысушыларға төрағалық етуші арқылы сұрақтар қоюға;
3) заттай дәлелдемелерді, құжаттарды тексеріп қарауға, жергілікті жерді және үй-жайларды тексеріп-қарауды жүргізуге, сот тергеуіндегі барлық басқа да әрекеттерге қатысуға;
4) төрағалық етушіге заңнама нормаларын, сондай-ақ сот отырысында жария етілген құжаттардың мазмұнын және іске қатысты өзіне түсініксіз басқа мәселелерді түсіндіруді сұрап өтініш жасауға;
5) сот отырысы кезінде жазбалар жасауға құқығы бар.
3. Алқаби:
1) сот отырысында тәртіп сақтауға және төрағалық етушінің заңды өкімдеріне бағынуға;
2) алқабидің міндеттерін атқару үшін, сондай-ақ сот отырысында үзіліс жарияланса немесе істі тыңдау кейінге қалдырылса, сот талқылауын жалғастыру үшін сот көрсеткен уақытта келуге;
3) сотқа келуге мүмкіндігі болмаған жағдайда, төрағалық етушіге келмеудің себептері туралы алдын ала құлағдар етуге міндетті.
4. Алқаби:
1) істі тыңдау кезінде сот отырысының залынан кетуге;
2) істі тыңдау кезінде сот құрамына кірмейтін адамдармен төрағалық етушінің рұқсатынсыз іс бойынша сөйлесуге;
3) істі талқылау барысында мәліметтерді сот отырысынан тыс жинауға;
4) жабық сот отырысына қатысуына байланысты өзіне белгілі болған мән-жайлар туралы мәліметтерді жария етуге, сондай-ақ кеңесу бөлмесінің құпиясын бұзуға құқылы емес.
5. Алқабидің өз міндеттерін атқармауы, сондай-ақ осы бапта көзделген шектеулерді сақтамауы заңда белгіленген жауаптылыққа, сондай-ақ төрағалық етушінің алқабиді істі қарауға одан әрі қатысудан шеттету мүмкіндігіне әкеп соғады.
648-бап. Алқабилер қатысатын соттың құзыреті
1. Алқабилер қатысатын сот істі талқылаған кезде осы Кодекстің 390-бабы бірінші бөлігінің 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8) және 14) тармақтарында көзделген мәселелер шешіледі.
2. Судья алқабилерді дәлелдемелер ретінде жарамсыз нақты деректермен таныстыруға тиіс емес. Егер сот талқылауы барысында осы Кодекстің 112-бабына сәйкес дәлелдемелер ретінде жарамсыз нақты деректер табылса, төрағалық етуші оларды дәлелдемелер қатарынан алып тастау туралы мәселені алқабилер бар кезде шешуге, ал мұндай дәлелдемелер зерттелген жағдайда, олардың заңдық күші жоқ деп, ал оларға жасалған зерттеуді жарамсыз деп тануға және алқабилерге шешімдер қабылдау кезінде оларды ескермеуін түсіндіруге міндетті.
3. Алып тасталды - ҚР 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.Ескерту. 648-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
649-бап. Алқабилер қатысатын сотта істің тоқтатылуы
Төрағалық етуші, егер сот талқылауы кезінде осы Кодекстің 35-бабының бірінші бөлігінде көзделген мән-жайлар анықталса, сондай-ақ мемлекеттік айыптаушы осы Кодекстің 337-бабының жетінші бөлігіне сәйкес айыптаудан бас тартқан кезде істі алқабилер қатысатын сотта талқылаудың кез келген кезеңінде тоқтатады.
Алқабилерді сот талқылауына қатысудан босатқаннан кейін төрағалық етуші іс бойынша тиісті қаулыны жеке-дара шығарады.
650-бап. Алқабилер қатысатын соттағы сот тергеуінің ерекшеліктері
1. Алқабилер қатысатын соттағы сот тергеуі осы Кодекстің 364 – 378, 381-баптарында белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
2. Мемлекеттік айыптаушы айыптау актісінің қарар бөлімін жария еткен кезде сотталушының сотталғандық фактілері туралы еске салуға құқылы емес.
3. Алқабилер төрағалық етуші арқылы сотталушыға, жәбірленушіге, куәларға және сарапшыларға осы адамдардан тараптар жауап алғаннан кейін сұрақтар қоюы мүмкін. Алқабилер сұрақтарды жазбаша түрде жазып, төрағалық етушіге береді.
4. Төрағалық етуші сұрақ қойған алқабиге өзінің бас тарту уәжін хабарлай отырып, өзі іске қатысы жоқ, сондай-ақ жетелеуші немесе тіл тигізу сипатында деп есептейтін сұрақтарды қабылдамауға құқылы.
5. Тараптар алқабилер алқасының қатысуынсыз, судья бұрын іс талқылауынан алып тастаған дәлелдемелерді, бұл ретте олардың мәнін баяндамай-ақ зерттеу туралы өтінішхат беруі мүмкін. Судья осындай өтінішхатқа байланысты іс бойынша сот талқылауына қатысушылардың пікірін тыңдауды алқабилер жоқ кезде жүргізеді.
Төрағалық етуші қабылдайтын, көрсетілген шаралар туралы сот отырысының хаттамасына тиісті жазба жасалады.
6. Сотталушының және жәбірленушінің бұрынғы сотталғандығымен байланысты, оларды психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылығы (ауруы) бар адам деп тану туралы мән-жайлар, сондай-ақ алқабилердің сотталушыға да, сондай-ақ жәбірленушіге де қатысты теріс түсінігін туғызуға ықпал ететін өзге де мән-жайлар алқабилердің қатысуымен зерттеуге жатпайды.
7. Осы бапта көзделген тәртіп бұзылған кезде төрағалық етуші процеске тиісті қатысушыға мұндай мінез-құлыққа жол берілмейтіндігі туралы ескертпе жасауға және алқабилерге процеске қатысушылардың айтқанына мән бермеуді түсіндіруге міндетті. Төрағалық етушінің өкіміне бағынбаған кезде процеске қатысушыға осы Кодексте көзделген тәртіппен ақшалай өндіріп алу қолданылуы мүмкін.
Ескерту. 650-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 07.07.2020 № 361-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.07.2025 № 210-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.651-бап. Алқабилер қатысатын соттағы тараптардың жарыссөзі
1. Сот тергеуі аяқталғаннан кейін алқабилер қатысатын сот тараптардың жарыссөзін тыңдауға көшеді. Алқабилер қатысатын сотта тараптардың жарыссөзі екі бөліктен тұрады.
2. Жарыссөздің бірінші бөлігі мемлекеттік айыптаушының, жәбірленушінің, қорғаушының және сотталушының сөздерінен тұрады, олар сотталушының бұрынғы сотталғандығын еске салмай, оның кінәсінің дәлелденгені немесе дәлелденбегені жөніндегі өз ұстанымдарын баяндайды.
3. Тараптар алқабилер қатысатын соттың қарауына жатпайтын мән-жайларды еске салмауға және сот отырысында зерттелмеген дәлелдемелерге сілтеме жасамауға тиіс. Төрағалық етуші мұндай сөздерді үзіп тастайды және алқабилердің үкім шығару кезінде осы мән-жайларды есепке алмауға тиіс екендігін оларға түсіндіреді. Төрағалық етушінің өкіміне бағынбаған кезде процеске қатысушыға осы Кодексте көзделген тәртіппен ақшалай өндіріп алу қолданылуы мүмкін.
4. Жарыссөздің екінші бөлігі мемлекеттік айыптаушының, сондай-ақ жәбірленушінің, азаматтық талапкердің және жауапкердің немесе олардың өкілдерінің, қорғаушының және сотталушының сөздерінен тұрады, оларда сотталушының әрекеттерін саралау, жаза тағайындау, азаматтық талап қою мәселелері бойынша ұстанымдары баяндалады. Жарыссөздің екінші бөлігі алқабилердің қатысуынсыз өткізіледі.
652-бап. Алқабилер қатысатын соттағы репликалар және сотталушының соңғы сөзі
1. Жарыссөздің әрбір бөлігінде сөз сөйленіп болысымен жарыссөзге қатысушылардың бәрінің реплика айтуға құқығы бар. Соңғы реплика айту құқығы қорғаушыға тиесілі. Сот жарыссөздерінің екінші бөлігінде репликалар алқабилер жоқ кезде айтылады.
2. Сотталушыға осы Кодекстің 384-бабына сәйкес соңғы сөз беріледі.
653-бап. Алқабилер қатысатын соттың шешуіне жататын сұрақтардың қойылуы
1. Сұрақтарды талқылау және тұжырымдау уақытында алқабилер сот отырысы залынан шығып кетеді.
2. Тараптар сұрақтардың мазмұны мен тұжырымдалуы бойынша өздерінің ескертулерін айтуға және жаңа сұрақтар қою туралы ұсыныстар енгізуге құқылы.
3. Төрағалық етуші сот тергеуінің нәтижелерін, тараптардың жарыссөзін ескере отырып, судья мен алқабилердің кеңесу бөлмесінде шешуіне жататын сұрақтарды жазбаша түрде тұжырымдайды, оларды оқиды және тараптарға береді.
4. Төрағалық етуші кеңесу бөлмесінде алқабилер қатысатын соттың шешуіне жататын сұрақтарды тараптардың ескертулері мен ұсыныстарын ескере отырып, түпкілікті қалыптастырады, оларды сұрақ парағына енгізеді және оған қол қояды.
5. Сұрақ парағы алқабилер мен тараптар қатысып отырған кезде жария етіледі. Содан кейін сұрақтардың тұжырымдалуын өзгертуге, сұрақ парағынан сұрақтарды алып тастауға, оған жаңа сұрақтар енгізуге жол берілмейді.
654-бап. Алқабилер қатысатын соттың шешуіне жататын сұрақтардың мазмұны
1. Сотталушы жасады деп айыпталып отырған іс-әрекеттердің әрқайсысы бойынша мынадай:
1) іс-әрекеттің орын алғаны дәлелденді ме;
2) бұл іс-әрекетті сотталушының жасағаны дәлелденді ме;
3) бұл іс-әрекеттің жасалуына сотталушы кінәлі ме, – деген үш негізгі сұрақ қойылады.
2. Сотталушының кінәлілігі туралы негізгі сұрақтан кейін кінәлілік дәрежесін арттыратын немесе төмендететін не оның сипатын өзгертетін, сотталушыны жауаптылықтан босатуға әкеп соқтыратын осындай мән-жайлар туралы жекеше сұрақтар қойылуы мүмкін. Қажет болған жағдайларда қылмыстық ниеттің жүзеге асырылу дәрежесі, іс-әрекеттің соңына дейін жеткізілмеуіне түрткі болған себептер, сотталушылардың әрқайсысының қылмысты жасауға сыбайласа қатысу дәрежесі мен сипаты туралы сұрақтар да жеке қойылады. Егер бұл сотталушының қорғалу құқығын бұзбаса, оның неғұрлым жеңіл қылмыс жасаудағы кінәсін анықтауға мүмкіндік беретін сұрақтар қоюға жол беріледі.
3. Шешілуге жататын сұрақтар әрбір сотталушыға қатысты жеке қойылады.
655-бап. Алқабилер кеңесінің құпиясы
1. Жарыссөз аяқталғаннан және сұрақтар тұжырымдалғаннан кейін судья және негізгі алқабилер үкім шығару үшін кеңесу бөлмесіне кетеді.
2. Кеңесу бөлмесінде судья мен алқабилерден басқа, өзге адамдардың болуына жол берілмейді. Төрағалық етуші алқабилердің кеңесу бөлмесінен шығуына болатын, сондай-ақ жұмыс уақыты аяқталған соң келесі күні ол басталғанға дейін демалыс үшін үзіліс жариялауға құқылы. Демалыс және мереке күндеріне байланысты үзіліс жасауға жол берілмейді.
656-бап. Кеңесу бөлмесінде кеңесу мен дауыс берудіжүргізу тәртібі
1. Төрағалық етуші алқабилер кеңесіне басшылық етеді, шешілуге жататын сұрақтарды рет-ретімен талқылауға қояды, жауаптар бойынша дауыс беруді және дауыстардың есебін жүргізеді.
1-1. Төрағалық етуші айыптаудың мазмұнын келтіреді; қылмыстық заңның мазмұнын хабарлайды; мемлекеттік айыптаушы мен қорғаушының ұстанымдарын баяндайды; бюллетеньдерді толтыру тәртібін, сондай-ақ жазалауды тағайындауға арналған дауыс беру тәртібін түсіндіреді.
2. Алқабилер қойылған сұрақтарға байланысты өздерінде туындаған түсінбеушіліктер бойынша төрағалық етушіден кеңесу бөлмесінде түсіндірме алуға құқылы.
3. Негізгі және қосымша сұрақтар бойынша дауыс беру жасырын және жазбаша жүргізіледі. Судья мен алқабилердің дауыс беру кезінде қалыс қалуға құқығы жоқ. Судья мен алқабилердің дауыстары тең.
4. Судья мен алқабилер сотталушылардың саны бойынша және олар жауап беруге тиіс сұрақтардың саны бойынша соттың мөртабаны басылған, дауыс беруге арналған таза бюллетеньді алады, олардың әрқайсысында мынадай: "Өзімнің абыройым, ар-ожданым бойынша және ішкі нанымым бойынша менің түйінім…" деген сөздер болады. Олардың әрқайсысы дауыс беру құпиясын қамтамасыз ете отырып, сұрақ парағында қойылған және шешілуге жататын әрбір сұраққа бюллетеньге жауап жазады. Жауап міндетті түрде жауаптың мәнін ашатын ("ия, дәлелденді", "жоқ, дәлелденген жоқ", "ия, кінәлі", "жоқ, кінәсіз") түсіндірме сөзі немесе сөз тіркестері болатын мақұлдаған "ия" немесе құптамаған "жоқ" дегенді білдіруге тиіс. Судья мен алқабилер өз бюллетеньдерін дауыс беруге арналған жәшікке салады.
5. Қойылған сұрақтардың ішінен біріншісі бойынша дауыс беру аяқталғаннан кейін төрағалық етуші алқабилердің қатысуымен жәшікті ашады және әрбір бюллетеньдегі дауыстарды санайды, дауыстарды санау нәтижесін сұрақ парағында көрсетілген негізгі үш сұрақтың біріншісінің тұсына дереу жазады.
Алқабилер мен судьялар сұрақ парағында қойылған сұрақтардың әрқайсысы бойынша негізгі, одан кейін қосымша сұрақтарға сол тәртіппен рет-ретімен дауыс береді.
6. Алқабилер мен судьяның жауаптары бар бюллетеньдер қылмыстық істе сақталатын конвертке салынып, желімделеді.
7. Егер алдыңғы сұраққа берілген жауап кейінгі сұраққа жауап берудің қажеттігін жойса, төрағалық етуші алқабилердің көпшілігінің келісуімен сол сұрақтан кейін "жауабы жоқ" деген сөздерді жазады.
8. Егер осы Кодекстің 654-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген үш сұрақтың әрқайсысына мақұлдаған жауаптарға дауыс берушілердің көпшілігі дауыс берсе, айыптау кесімі қабылданған болып есептеледі.
9. Егер қойылған негізгі сұрақтардың кез келгеніне берілген құпталмаған жауапқа дауыс берушілердің алтауы және одан да көбі дауыс берсе, ақтау кесімі қабылданған болып есептеледі.
10. Егер сотталушының кінәсі туралы мәселе оң шешілсе, онда судья бұл іс-әрекеттің қылмыс болып табылатын-табылмайтыны туралы және оның дәл қандай қылмыстық заңда көзделгені (бабы, бөлігі, тармағы) туралы мәселені шешеді, сондай-ақ осы іс-әрекеттер үшін қандай жазалау шаралары көзделгенін алқабилерге түсіндіреді.
Егер судья осы Кодекстің 654-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген сұрақтарға алқабилер мақұлдап жауап берген кезде іс-әрекетте қылмыс құрамы белгілерінің жоқтығы, осыған байланысты оның қылмыс болып табылмайтыны туралы түйінге келген, сол сияқты осы Кодекстің 36-бабында көзделген өзге де мән-жайларды анықтаған болса, ол осы Кодекстің 657-бабының 1) тармағына сәйкес қылмыстық істі тоқтату туралы қаулы шығарады.
11. Судья сотталушының іс-әрекетін Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің тиісті бабы бойынша саралауды алқабилердің қатысуынсыз айқындайды. Одан әрі судья осы Кодекстің 390-бабы бірінші бөлігінің 5), 6), 7), 8) және 14) тармақтарында көзделген, олар бойынша шешім ашық дауыс беру арқылы қабылданатын мәселелерді алқабилердің қатысуымен үзіліс жасамай шешеді. Егер шешімге дауыс берушілердің көпшілігі жақтап дауыс берсе, ол қабылданды деп есептеледі.
Осы Кодекстің 390-бабы бірінші бөлігінің 9), 10), 11), 12), 13), 15), 16), 17) және 18) тармақтарында және бесінші бөлігінде көзделген мәселелерді судья дербес қарайды.
12. Он бес жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза, егер осындай шешімге дауыс берушілердің сегізі және одан да көбі дауыс берсе, тағайындалуы мүмкін.
13. Өмір бойына бас бостандығынан айыру судья мен алқабилердің бірауызды шешімі болған кезде ғана тағайындалуы мүмкін.
14. Судья мен алқабилердің жауаптары бар сұрақ парағына судья мен алқабилер қол қояды және ол іс материалдарына қоса тігіледі.
Ескерту. 656-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 31.10.2015 № 378-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.12.2021 № 89-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.657-бап. Алқабилер қатысатын сот қабылдайтын шешімдердің түрлері
Алқабилер қатысатын сотта қылмыстық істі талқылау мынадай шешімдердің бірін:
1) осы Кодекстің 327-бабында көзделген жағдайларда, істі тоқтату туралы қаулыны;
2) алқабилер қатысатын сот осы Кодекстің 654-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген негізгі үш сұрақтың ең болмағанда біреуіне теріс жауап берген жағдайларда, ақтау үкімін;
3) осы Кодекстің 393-бабының екінші бөлігіне сәйкес айыптау үкімін қабылдаумен аяқталады.
1. Үкімді төрағалық етуші осы Кодекстің 46-тарауында белгіленген тәртіппен, мынадай ерекшеліктерді ескере отырып шығарады:
1) үкімнің кіріспе бөлігінде алқабилердің тегі көрсетілмейді;
2) ақтау үкімінің сипаттау-уәждеу бөлігінде алқабилер қатысатын сот ақтау кесімін шығарған айыптаудың мәні жазылады және кесімге сілтеме болады;
3) айыптау үкімінің сипаттау-уәждеу бөлігінде жасалуына сотталушы кінәлі деп танылған қылмыстық іс-әрекеттің сипаттамасы, жасалған іс-әрекеттің саралануы, жаза тағайындаудың уәждері және соттың азаматтық талап қоюға қатысты шешімінің негіздемесі болуға тиіс;
4) үкімнің қарар бөлігінде үкімге шағым жасау және оны прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қарау тәртібі туралы түсіндіру қамтылуға тиіс.
2. Yкімге іс бойынша төрағалық етуші қол қояды.
Ескерту. 658-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 11.07.2017 № 91-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).659-бап. Қылмыстық істі қарауды сотталушының есі дұрыс емес екендігінің анықталуына байланысты тоқтату
1. Егер алқабилер қатысатын соттың істі талқылауы барысында сотталушы өзінің психикалық жағдайы бойынша қылмыстық жауаптылыққа тартылуы мүмкін емес не оны өзінің әрекеттеріне есеп беру немесе оларды игеру мүмкіндігінен айыратын, сот-психиатриялық сараптаманың тиісті қорытындысымен расталған, жүйке ауруымен ауырды деп есептеуге негіз болатын мән-жайлар анықталса, төрағалық етуші қылмыстық істі осы Кодекстің 657-бабының 1) тармағына сәйкес тоқтату туралы қаулы шығарады және есі дұрыс емес адамға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы мәселені осы Кодекстің 11-бөлімінде көзделген тәртіппен жеке-дара қарайды.
2. Қылмыстық істі сотталушының есі дұрыс еместігін анықтауға байланысты тоқтату және оған медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану не қолданбау туралы қаулыға осы Кодексте көзделген тәртіппен шағым жасалуы, ол прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қаралуы мүмкін.
Ескерту. 659-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 11.07.2017 № 91-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).660-бап. Сот отырысының хаттамасын жүргізу ерекшеліктері
1. Сот отырысының хаттамасы осы бапта көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, осы Кодекстің 347-бабының талаптарына сәйкес жүргізіледі.
2. Хаттамада сот отырысына шақырылған алқабиге кандидаттар құрамы және алқабилер алқасын қалыптастыру барысы міндетті түрде көрсетіледі.
3. Алып тасталды - ҚР 07.11.2014 № 248-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).
4. Сот отырысының хаттамасында сот талқылауының бүкіл барысы оның өтуінің дұрыстығын куәландыратындай етіп көрсетілуге тиіс. Атап айтқанда, сот отырысының хаттамасында алқабилерді шеттету немесе алмастыру туралы; осы Кодексте көзделген жағдайларда алқабилерді сот залынан шығару туралы; процеске қатысушылардың заңда алқабилердің қатысуымен мәселелерді талқылауына жол берілмейтіні туралы белгіленген талаптарды сақтамауына байланысты төрағалық етушінің оларға қатысты қабылдайтын шаралары туралы; айыптаушы тараптың дәлелдемелерді беру және оларды зерттеу туралы өтінішхаты немесе мұндай өтінішхаттарының жоқтығы туралы; сұрақ парағына енгізуге жататын сұрақтарды тұжырымдау барысы туралы; алқабиді алмастыру үшін немесе сот тергеуін қайта бастау үшін судья мен алқабилердің кеңесу бөлмесінен шығуы туралы мәліметтер көрсетілуге тиіс.
Ескерту. 660-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 07.11.2014 № 248-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі). 69-тарау. АЛҚАБИЛЕРДIҢ ҚАТЫСУЫМЕН ҚАРАЛҒАН IСТЕР БОЙЫНША ЗАҢДЫ
КҮШIНЕ ЕНБЕГЕН ҮКIМДЕРДI, ҚАУЛЫЛАРДЫ ҚАЙТА ҚАРАУ ЖӨНIНДЕГI
IС ЖҮРГIЗУ ЕРЕКШЕЛIКТЕРI
661-бап. Алқабилер қатысатын сот шығарған, заңды күшіне енбеген үкімдер мен қаулыларға шағым жасау және оларды прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қарау
Алқабилер қатысатын соттың заңды күшіне енбеген үкімдері мен қаулыларына шағым жасау, оларды прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қарау тәртібі осы тарауда белгіленген ерекшеліктер ескеріліп, осы Кодексте көзделген қағидалармен айқындалады.
Ескерту. 661-бап жаңа редакцияда - ҚР 11.07.2017 № 91-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).662-бап. Алқабилер қатысатын сот қараған істерді апелляциялық сатыда жүргізу ерекшеліктері
1. Апелляциялық сатыдағы сот алқабилер қатысатын соттың үкімдеріне, қаулыларына шағымдарды, прокурордың өтінішхаттарын қараған кезде үкім, қаулы шығарған соттың қылмыстық және қылмыстық-процестік заңның нормаларын сақтағанын тексереді және осының негізінде үкімнің, қаулының заңдылығын, негізділігін және әділдігін тексереді.
2. Апелляциялық сатыда сот шешімдерінің күшін жоюға немесе оларды өзгертуге:
1) істің нәтижесі үшін елеулі маңызы болуы мүмкін, жол берілетін дәлелдемелерді талқылаудан негізсіз алып тастау;
2) тарапқа істің нәтижесі үшін елеулі маңызы болуы мүмкін дәлелдемелерді зерттеуден негізсіз бас тартуды білдіру;
3) сот отырысында дәлелдемелер ретінде жарамсыз, істің нәтижесіне ықпал еткен нақты деректерді зерттеу;
4) осы Кодексте көзделген қылмыстық-процестік заңды елеулі түрде бұзу;
5) мыналар:
алқабилер алқасын қалыптастыру;
алқабилердің қатысуымен талқылануға жатпайтын мәселелерді талқылау;
алқабилердің шешуіне жататын сұрақтарды тұжырымдау;
сот жарыссөздерін жүргізу кезінде жол берілген, сот төрелігі үкімінің шығарылуына ықпал еткен немесе ықпал етуі мүмкін бұзушылықтар негіз болып табылады.
3. Апелляциялық саты сотталған адамға неғұрлым жеңіл қылмыс туралы қылмыстық заңды қолдануға және жасалған іс-әрекеттің өзгертілген саралануына сәйкес не жаза тағайындалған кезде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің Жалпы және Ерекше бөліктерінің нормаларын дұрыс қолданбауға байланысты жазаны азайтуға құқылы. Бұл ретте апелляциялық саты неғұрлым ауыр қылмыс туралы қылмыстық заңды қолдануға немесе тағайындалған жазаны күшейтуге құқылы емес.
4. Қылмыстық-процестік заңды бұзу прокурордың, жәбірленушінің немесе оның өкілінің дәлелдемелерді ұсыну құқығын шектеген, сондай-ақ осы баптың екінші бөлігінің 5) тармағында көзделген, оның ішінде жол берілетін дәлелдемелер негізсіз алып тасталған жағдайлардан басқа, алқабилер қатысатын соттың ақтау үкімінің күшін апелляциялық сатыда жоюға болмайды.
5. Алып тасталды - ҚР 31.10.2015 № 378-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
Ескерту. 662-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 07.11.2014 № 248-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 31.10.2015 № 378-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 11.07.2017 № 91-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.663-бап. Істі жаңа сот талқылауына жібере отырып алқабилердің қатысуымен шығарылған үкімнің күшін жою
1. Алқабилердің қатысуымен шығарылған үкімнің күші осы Кодекстің 662-бабында көрсетілген негіздер бойынша істі үкім шығарған сотқа, бірақ өзге құрамда жаңа сот талқылауына жібере отырып, толық немесе бір бөлігінде жойылуға жатады.
2. Бұл ретте апелляциялық сатыдағы сот айыптаудың дәлелденгені немесе дәлелденбегені, сол немесе өзге де дәлелдеменің анықтығы немесе анық еместігі, бір дәлелдемелердің екіншісінің алдында артықшылығы, бірінші сатыдағы соттың сол немесе өзге де қылмыстық заңды және жазалау шарасын қолдануы туралы мәселелерді алдын ала шешуге, сондай-ақ сот жасай алатын түйінді алдын ала шешуге құқылы емес.
3. Үкімнің күші жойылғаннан кейін қылмыстық істі жаңадан қарау кезінде сот осы Кодекстің 447-бабында көзделген талаптарды сақтайды.
70-тарау. АЛҚАБИЛЕРДІҢ ҚАТЫСУЫМЕН ҚАРАЛҒАН ІСТЕР БОЙЫНША
ЗАҢДЫ КҮШІНЕ ЕНГЕН ҮКІМДЕРДІ, ҚАУЛЫЛАРДЫ ҚАЙТА ҚАРАУ ЖӨНІНДЕГІ
ІС ЖҮРГІЗУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
664-бап. Алқабилер қатысатын соттың заңды күшіне енген үкімдері мен қаулыларын кассациялық сатыдағы сотта қайта қарау
Ескерту. 664-бап алып тасталды - ҚР 31.10.2015 № 378-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
665-бап. Алқабилер қатысатын соттың заңды күшіне енген үкімдері мен қаулыларын кассациялық тәртіппен қайта қарау
Алқабилердің қатысуымен қаралған істер бойынша шығарылған үкімдерді, қаулыларды кассациялық тәртіппен қайта қарауды кассациялық сот осы Кодекстің 485-бабы бірінші бөлігінің 1) тармағында және екінші бөлігінде көзделген негіздер бойынша не жаза тағайындалған кезде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің Жалпы және Ерекше бөліктері нормаларының дұрыс қолданылмағанына байланысты жүзеге асырады.
Ескерту. 665-бап жаңа редакцияда - ҚР 31.10.2015 № 378-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 21.11.2024 № 136-VIII (01.07.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.666-бап. Алқабилер қатысатын соттың заңды күшіне енген үкімін, қаулысын кассациялық тәртіппен қайта қарау кезінде сотталған адамның жағдайын нашарлатуға жол бермеу
Соттың айыптау үкімін, сондай-ақ қаулысын жазаның жеңілдігіне орай неғұрлым ауыр қылмыс туралы қылмыстық заңды қолдану қажеттігіне байланысты немесе сотталған адамның жағдайын нашарлатуға әкеп соғатын өзге де негіздер бойынша кассациялық тәртіппен қайта қарауға, сондай-ақ соттың ақтау үкімін не қылмыстық істі тоқтату туралы қаулысын қайта қарауға жол берілмейді.
Ескерту. 666-бап жаңа редакцияда - ҚР 31.10.2015 № 378-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі). 15-БӨЛІМ. ҮКІМ ШЫҒАРЫЛҒАНҒА ДЕЙІН ТӘРКІЛЕУ ТУРАЛЫ ІС ЖҮРГІЗУ
71-тарау. ЗАҢСЫЗ ЖОЛМЕН АЛЫНҒАН МҮЛІКТІ ҮКІМ ШЫҒАРЫЛҒАНҒА ДЕЙІН
ТӘРКІЛЕУ ТУРАЛЫ ІС ЖҮРГІЗУДІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ТӘРТІБІ ТУРАЛЫ
667-бап. Заңсыз жолмен алынған мүлікті үкім шығарылғанға дейін тәркілеу туралы іс жүргізуді қозғау
1. Күдіктіге, айыпталушыға халықаралық іздестіру жарияланған не оларға қатысты қылмыстық қудалау осы Кодекстің 35-бабы бірінші бөлігінің 3), 4), 9), 10), 11) және 12) тармақтары, 36-бабының бірінші бөлігі негізінде тоқтатылған жағдайларда, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам заңсыз жолмен алынған мүлік туралы мәліметтер болған кезде, осы тарауда белгіленген тәртіппен мүлікті тәркілеу туралы іс жүргізуді қозғайды.
2. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам тәркілеу туралы іс жүргізу үшін материалдарды бөліп шығару туралы қаулы шығарады, оған тәркілеу үшін негіз болған қылмыс туралы қылмыстық іс материалдарының, оның ішінде осы Кодекстің 113-бабының үшінші бөлігінде көзделген мән-жайларды растайтын материалдардың көшірмелері қоса тігіледі.
Ескерту. 667-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 16.07.2025 № 210-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.668-бап. Тәркілеу туралы сотқа дейінгі іс жүргізу
1. Егер осы тарауда өзгеше белгіленбесе, тәркілеу туралы сотқа дейінгі іс жүргізу осы Кодекстің ережелерін сақтай отырып жүзеге асырылады.
2. Тәркілеу туралы сотқа дейінгі іс жүргізуде осы Кодекстің 113-бабының бірінші және үшінші бөліктерінде көзделген мән-жайлардан басқа, мыналар:
1) мүліктің күдіктіге, айыпталушыға немесе үшінші адамға тиесілігі;
2) мүліктің тәркілеуді қолдануға негіз болып табылатын қылмыспен байланысы;
3) мүлікті үшінші адамның сатып алуының не мүлік құқық бұзушылық нәтижесінде сатып алынған деп пайымдауға негіз болатын мән-жайлар дәлелденуге жатады.
3. Күдіктінің, айыпталушының мүлікті басқа адамдарға қайта ресімдеу арқылы оны жасырғаны туралы куәландыратын мән-жайлар анықталған жағдайда, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам қылмыстық іс бойынша мемлекеттің немесе жәбірленушілердің мүддесінде мәмілелерді (сатып алу-сату, сыйға тарту, жалға, сенімгерлік басқаруға беру және басқаларын) азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен жарамсыз деп тану туралы талап қоюмен сотқа өтініш жасау туралы мәселені шешу туралы өтінішхатпен прокурорға жүгінеді.
4. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам тәркілеу туралы іс жүргізуде мүліктің заңсыз жолмен алынғаны туралы жеткілікті дәлелдемелер жиналды деп тани отырып, қорытынды жасайды, онда:
1) күдіктінің, айыпталушының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), тұрғылықты немесе тұрған жері мен мекенжайы, туған жылы, айы, күні;
2) тәркілеуді қолдануға негіз болып табылатын қылмыс туралы мәліметтер, қылмысты саралау, оны жасаудың мән-жайы, қылмыспен келтірілген зиянның сипаты мен мөлшері;
3) тәркіленуге жататын мүліктің сипаты мен тұрған жері;
4) осы баптың екінші бөлігінде көзделген, мән-жайларды растайтын дәлелдемелер;
5) тәркілеу туралы өтінішхатпен сотқа жүгінудің қажеттігі туралы түйін көрсетіледі.
5. Тәркілеу туралы іс жүргізу аяқталғаннан кейін ол бойынша қорытынды материалдарымен бірге дереу прокурорға жіберіледі.
6. Прокурор қорытындыны қарап шығып, қылмыстық қудалау органы тергейтін қылмыс туралы қылмыстық іс соттылығына жататын сотқа тәркілеу туралы өтінішхатпен жүгінеді.
Тәркілеу туралы өтінішхатта:
1) өтінішхаттың жасалған уақыты мен орны;
2) өтінішхатты жасаған адамның лауазымы, тегі мен аты-жөні;
3) тәркілеуді қолдануға негіз болып табылатын қылмыс туралы мәліметтер, қылмыстың саралануы, оны жасаудың мән-жайлары;
4) күдіктінің, айыпталушының аты, әкесінің аты (ол болған кезде), тұрғылықты жері мен мекенжайы, туған жылы, айы, күні;
5) қылмыспен келтірілген зиянның сипаты мен мөлшері;
6) тәркіленуге жататын мүлікке тыйым салу туралы мәліметтер;
7) тәркіленуге жататын мүліктің сипаттамасы және тұрған жері;
8) осы баптың екінші бөлігінде көзделген мән-жайларды растайтын дәлелдемелердің тізбесі;
9) тәркілеу туралы өтінішхатпен сотқа жүгінуге негіз болатын дәлелдер;
10) тәркілеу туралы іс жүргізу шығыстарының болжамды мөлшері көрсетіледі.
Өтінішхаттың жіберілгендігі туралы қорғаушыға (ол қатысқан кезде), жәбірленушіге, оның өкіліне хабарланады.
Өтінішхатқа сот отырысына шақырылуға жататын адамдардың тізімі қоса беріледі. Тізімде адамның тегі, аты, әкесінің аты, оның процестік жағдайы, тұрғылықты жері көрсетіледі.
7. Өтінішхатпен сотқа жүгінуге негіздер болмаған жағдайда, прокурор қосымша дәлелдемелер жинау қажеттігі немесе тәркілеу туралы іс жүргізуді тоқтату туралы көрсете отырып, қорытынды мен материалдарды сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамға қайтарады.
8. Осы баптың алтыншы және жетінші бөліктерінде көзделген әрекеттерді прокурор он тәулік ішінде жүзеге асырады.
669-бап. Соттың тәркілеу туралы өтінішхатты қарауы
1. Судья тәркілеуді қолдану туралы мәселені жеке-дара шешеді.
2. Сот талқылауы осы тарауда көзделген ерекшеліктер ескеріліп, осы Кодекстің ережелері сақтала отырып жүргізіледі.
Судья қосымша материалдарды зерттеу қажет болған кезде қылмыстық істі талап етіп алдыруға құқылы.
3. Сот отырысына өтінішхатпен жүгінген прокурор қатысады.
4. Сот отырысына қаралып отырған өтінішхатқа қатысты айғақтар беру үшін күдіктінің, айыпталушының қорғаушысы қатысып отырған кезде – оның өтінішхаты бойынша басқа адамдар да шақырылуы мүмкін.
670-бап. Тәркілеу туралы іс жүргізуде соттың кеңесу бөлмесінде шешетін мәселелері
1. Тәркілеу туралы өтінішхатты қарау нәтижелері бойынша сот қаулы шығарады.
2. Сот қаулы шығарған кезде мынадай:
1) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 48-бабында көзделген жағдайларда, күдікті, айыпталушы мүлкінің тәркілеуге негіз болып табылатын қылмыспен байланысты-байланыссыз екені;
2) үшінші адам мүлкінің Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 48-бабында көзделген тәсілмен сатып алынған-алынбағаны;
3) тәркілеудің қолданылуға жататын-жатпайтыны және ол мүліктің қай бөлігіне қолданылуға тиіс екені;
4) тыйым салынған немесе алып қойылған, оған қатысты тәркілеу қолданылмайтын мүлікпен не істеу керектігі;
5) тәркілеу туралы іс жүргізу шығыстарының мөлшері қандай және оның кімге жүктелетіні туралы мәселелерді шешеді.
671-бап. Тәркілеу туралы іс жүргізудегі сот шешімі
1. Кеңесу бөлмесінде сот:
1) өтінішхатты қанағаттандыру және мүлікті тәркілеу;
2) тәркілеу туралы өтінішхатты қанағаттандырудан бас тарту туралы қаулы шығарады.
2. Қаулының көшірмесі прокурорға және процестің басқа да қатысушыларына табыс етіледі не тәркілеу туралы іс жүргізу бойынша сот талқылауына қатыспаған қатысушыларға пошта арқылы жіберіледі.
Қаулының көшірмесі мүлкі тәркіленетін адамға табыс етіледі.
3. Қаулы шығарған сот қаулы заңды күшіне енгеннен кейін тиісті әділет органына атқару парағын, мүлік тізімдемесінің көшірмесін және қаулының көшірмесін мүлікті тәркілеу туралы үкімдерді орындау үшін белгіленген тәртіппен орындауға жібереді.
Ескерту. 671-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.09.2014 № 239-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).672-бап. Тәркілеу туралы қаулыға шағым жасау, оны прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қарау
Соттың тәркілеу туралы қаулысына осы Кодексте көзделген тәртіппен шағым жасалуы, ол прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қаралуы, оған наразылық білдірілуі мүмкін.
Ескерту. 672-бап жаңа редакцияда - ҚР 11.07.2017 № 91-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). 16-БӨЛІМ. ӨТПЕЛІ ЖӘНЕ ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
72-тарау. ОСЫ КОДЕКСТІҢ КЕЙБІР ЕРЕЖЕЛЕРІН ҚОЛДАНЫСҚА ЕНГІЗУ
673-бап. Осы Кодекстің жекелеген нормаларын қолдану тәртібі
1. Осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін қылмыстық қудалау органдарына келіп түскен және олар бойынша қылмыстық іс қозғау туралы немесе қылмыстық іс қозғаудан бас тарту туралы шешім қабылданбаған қылмыстар туралы арыздар мен хабарлар бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру осы Кодексте белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
2. Осы Кодекстің Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы 173-бабының ережелері "Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Жәбірленушілерге өтемақы қоры мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының заңдары қолданысқа енгізілген күннен бастап және соларға сәйкес қолданысқа енгізіледі.
3. Осы Кодекстің 71-тарауының заңсыз жолмен алынған мүлікті үкім шығарылғанға дейін тәркілеу туралы іс жүргізуді жүзеге асыру тәртібі туралы ережелері 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
4. Осы Кодекс қолданысқа енгізілген күні жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын бөлімшелердің іс жүргізуіндегі жедел есепке алу істерін жүргізу жалғастырыла береді. Тиісті негіздемелер болған кезде осындай жедел есепке алу істерінің материалдары тергеулігі ескеріле отырып, осы Кодексте белгіленген тәртіппен сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастау үшін сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдарына беріледі.
5. Осы Кодекс қолданысқа енгізілген күні қылмыстық қудалау органдарының іс жүргізуіндегі қылмыстық істер осы Кодекске сәйкес олардың тергеулігі өзгергеніне қарамастан, тергеп-тексеру аяқталғанға дейін осы органдардың іс жүргізуінде қалады.
6. Осы Кодекс қолданысқа енгізілген күнге дейін басталған жедел-іздестіру іс-шаралары, тергеу әрекеттері мен процестік әрекеттер Кодекс күшіне енгізілгенге дейін қолданыста болған тәртіппен аяқталады. Осы Кодекс қолданысқа енгізілгеннен кейін жедел-іздестіру іс-шаралары, тергеу әрекеттері мен процестік әрекеттер "Жедел-іздестіру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және осы Кодекстің ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.
7. Осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін алынған дәлелдемелердің жол берілетіндігі Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін қолданылған тәртіппен айқындалады.
8. Осы Кодекс қолданысқа енгізілген күнге дейін анықтау және алдын ала тергеу барысында қолданылған бұлтартпау шаралары, мүлікке тыйым салу, лауазымынан шеттету осы Кодексте көзделген тәртіппен оларды өзгерткен, олардың күшін жойған немесе олар тоқтатылған кезге дейін өзінің қолданылуын жалғастыра береді.
8-1. Тоқтата тұру туралы шешім осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін қабылданған тоқтата тұрылған қылмыстық іс бойынша іс жүргізу осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін қолданылған тәртіппен қайта басталады.
Ол бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру іс жүргізуге іс қабылданған кезден бастап бір айдан асырылмай жүргізіледі. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімін одан әрі ұзарту осы Кодексте көзделген жалпы негіздерде жүргізіледі.
9. Осы Кодекс қолданысқа енгізілген күні айыптау қорытындысымен, айыптау хаттамасымен, сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізу хаттамасымен, сондай-ақ медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану үшін сотқа жіберілмеген қылмыстық істер осы Кодекстің ережелеріне сәйкес тергеледі, сотқа жіберіледі және оларды бірінші, апелляциялық және кассациялық сатылардағы соттар осы Кодекстің ережелеріне сәйкес қарайды.
10. Осы Кодекс қолданысқа енгізілген күнге дейін айыптау қорытындысымен, айыптау хаттамасымен, сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізу хаттамасымен, сондай-ақ медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану үшін сотқа келіп түскен қылмыстық істерді бірінші, апелляциялық, кассациялық сатылардағы және қадағалау сатысындағы соттар осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін қолданылған тәртіппен қарайды.
11. Осы баптың тоғызыншы бөлігінде көзделген қылмыстық істерді тергеп-тексеру, осындай істерді сот прокурорға қосымша тергеп-тексеру жүргізу үшін қайтарған жағдайда, осы Кодексте көзделген тәртіппен жүргізіледі.
12. Бірінші сатыдағы сот қабылдаған және осы Кодекс қолданысқа енгізілген күні заңды күшіне енгізілмеген сот актілеріне осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін қолданылған апелляциялық тәртіппен және мерзімдерде шағым жасалуы мүмкін.
13. Бірінші сатыдағы сот қабылдаған және осы Кодекс қолданысқа енгізілген күні заңды күшіне енгізілмеген, шағым жасалмаған сот актілері осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін қолданылған тәртіппен заңды күшіне енеді.
14. Осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін қаралған қылмыстық істер бойынша немесе қаралуы осы Кодекс қолданысқа енгізілген күнге дейін аяқталмаған істер бойынша апелляциялық және кассациялық шағымдар, сот актілерін Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қайта қарауы туралы өтінішхаттар осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін қолданылған тәртіппен беріледі және қаралады.
15. Осы Кодекс қолданысқа енгізілген күнге дейін тиісті прокурорларға ұсынылған, қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта бастау туралы өтінішхаттар осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін қолданылған тәртіппен қаралады және сотқа беріледі.
Осы Кодекс қолданысқа енгізілген күнге дейін сотқа ұсынылған, қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта бастау туралы өтінішхаттарды, сондай-ақ ол қолданысқа енгізілгеннен кейін осы тармақтың бірінші абзацына сәйкес прокурорлар ұсынған өтінішхаттарды тиісті соттар осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін қолданылған тәртіппен қарайды.
16. 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін шығарылған сот актілеріне осы Кодексте белгіленген тәртіппен шағым жасалуы не наразылық білдірілуі мүмкін.
Осы Кодекстің 484-бабының екінші бөлігінде көзделген істер бойынша 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін шығарылған сот актілеріне 2016 жылғы 1 шілдеге дейін Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының кассациялық сатысына шағым жасалуы, наразылық білдірілуі мүмкін.
Ескерту. 673-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 31.10.2015 № 378-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 10.01.2018 № 132-VI (01.07.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 12.07.2018 № 180-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.73-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
674-бап. Осы Кодексті қолданысқа енгізу және кейбір заңнамалық актілердің күші жойылды деп тану туралы
1. Осы Кодекс, 673-баптың екінші және үшінші бөліктерінде көзделген, қолданысқа енгізілуі үшін өзгеше мерзімдер белгіленген ережелерді қоспағанда, 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
2. 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап мына заңнамалық актілердің:
1) 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 23, 335-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 6, 141-құжат; 2001 ж., № 8, 53-құжат; № 15-16, 239-құжат; № 17-18, 245-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 32, 33-құжаттар; № 17, 155-құжат; № 23-24, 192-құжат; 2003 ж., № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 23, 139-құжат; № 24, 153, 154, 156-құжаттар; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 21-22, 87-құжат; № 24, 123-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 12, 72-құжат; 2007 ж., № 1, 2-құжат; № 5-6, 40-құжат; № 10, 69-құжат; № 13, 99-құжат; 2008 ж., № 12, 48-құжат; № 15-16, 62, 63-құжаттар; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 6-7, 32-құжат; № 15-16, 71, 73-құжаттар; № 17, 81, 83-құжаттар; № 23, 113, 115-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 127, 128, 130-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 4-құжат; № 11, 59-құжат; № 17-18, 111-құжат; № 20-21, 119-құжат; № 22, 130-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 19, 28-құжаттар; № 19, 145-құжат; № 20, 158-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 6, 44-құжат; № 10, 77-құжат; № 14, 93-құжат; 2013 ж., № 2, 10, 13-құжаттар; № 7, 36-құжат; № 13, 62, 64-құжаттар; № 14, 72, 74-құжаттар; № 15, 76, 78-құжаттар; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 11-құжат; № 8, 49-құжат; 2014 жылғы 14 маусымда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2014 жылғы 10 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы);
2) "Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексін қолданысқа енгізу туралы" 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 23, 336-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; 2000 ж., № 6, 141-құжат; 2001 ж., № 15-16, 239-құжат) күші жойылды деп танылсын.
|
Қазақстан Республикасының Президенті |
Н. Назарбаев |
