ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы Кодекстің қолданысқа енгізілу тәртібін 920-баптан қараңыз.
Қолданушылар назарына!
Қолданушыларға ыңғайлы болуы үшін ЗҚАИ мазмұнды жасады.
Ескерту. Кодекстің бүкіл мәтіні бойынша:
"салық органына", "салық органдарына", "салық органдарының", "салық органында", "салық органының", "салық органы", "салық органдарындағы", салық органын", "салық органдарын", "салық қызметі органдары", "салық қызметі органдарының", "салық қызметі органының", "салық қызметі органы", "салық қызметі органдарына", "салық қызметінің органдары", "салық қызметінің органы" деген сөздер тиісінше "мемлекеттік кіріс органына", "мемлекеттік кіріс органдарына", "мемлекеттік кіріс органдарының", "мемлекеттік кіріс органында", "мемлекеттік кіріс органының", "мемлекеттік кіріс органы", "мемлекеттік кіріс органдарындағы", "мемлекеттік кіріс органын", "мемлекеттік кіріс органдарын", "мемлекеттік кіріс органдары", "мемлекеттік кіріс органдарының", "мемлекеттік кіріс органының", "мемлекеттік кіріс органы", "мемлекеттік кіріс органдарына", "мемлекеттік кіріс органдары", "мемлекеттік кіріс органы" деген сөздермен ауыстырылды;
"кеден органынан", "кеден органының", "кеден органын", "кеден органына", "кеден органы", "кеден органдары", "кеден органдарының" деген сөздер тиісінше "мемлекеттік кіріс органынан", "мемлекеттік кіріс органының", "мемлекеттік кіріс органын", "мемлекеттік кіріс органына", "мемлекеттік кіріс органы", "мемлекеттік кіріс органдары", "мемлекеттік кіріс органдарының" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР 29.12.2014 № 272-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).
Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша "мүгедектерді", "мүгедектердің", "мүгедектер", "Мүгедектердің", "мүгедек" деген сөздер тиісінше "мүгедектігі бар адамдарды", "мүгедектігі бар адамдардың", "мүгедектігі бар адамдар", "Мүгедектігі бар адамдардың", "мүгедектігі бар адам" деген сөздермен ауыстырылды – ҚР 11.07.2022 № 137-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша "айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама", "айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманың", "Айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама", "айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманы", "айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамаға", "айыппұл төлеу қажеттігі туралы ресімделген нұсқаманы", "айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамаларға", "Айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамаға", "айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамаларды", "айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамалар", "Айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманың" деген сөздер тиісінше "ескерту немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама", "ескерту немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманың", "Ескерту немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама", "ескерту немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманы", "ескерту немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамаға", "ескерту немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы ресімделген нұсқаманы", "ескерту немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамаларға", "Ескерту немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамаға", "ескерту немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамаларды", "ескерту немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамалар", "Ескерту немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманың" деген сөздермен ауыстырылды – ҚР 09.01.2026 № 257-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша "ақпараттық жүйесіне", "ақпараттандыру және байланыс", "ақпараттық жүйесі", "ақпараттық жүйеде", "ақпараттық жүйе", "Ақпараттық қауіпсіздікті", "ақпараттық жүйелердің", "ақпараттық жүйенің", "ақпараттық қауіпсіздік", "ақпараттық қауіпсіздіктің", "ақпараттық жүйелерді", "ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды", "ақпараттық қауіпсіздікті", "ақпараттық жүйесін", "ақпараттық жүйелерінің", "Электрондық ақпараттық ресурстарды", "электрондық ақпараттық ресурстардың", "электрондық ақпараттық ресурстарды", "ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның", "электрондық үкіметтің", "ақпараттық қауіпсіздігін", "Байланыс және ақпараттандыру", "Ақпараттандыру және байланыс", "электрондық үкімет" деген сөздер тиісінше "цифрлық жүйесіне", "цифрландыру және байланыс", "цифрлық жүйесі", "цифрлық жүйеде", "цифрлық жүйе", "Киберқауіпсіздікті", "цифрлық жүйелердің", "цифрлық жүйенің", "киберқауіпсіздік", "киберқауіпсіздіктің", "цифрлық жүйелерді", "цифрлық инфрақұрылымды", "киберқауіпсіздікті", "цифрлық жүйесін", "цифрлық жүйелерінің", "Цифрлық ресурстарды", "цифрлық ресурстардың", "цифрлық ресурстарды", "цифрлық инфрақұрылымның", "цифрлық үкіметтің", "киберқауіпсіздігін", "Цифрландыру және байланыс", "Цифрландыру және байланыс", "цифрлық үкімет" деген сөздермен ауыстырылды – ҚР 09.01.2026 № 257-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша "заңнамалық актілеріне", "заңнамалық актілерде", "заңнамалық актілерінің", "заңнамалық актісіне", "заңнамалық актілерінде", "заңнамалық актісінде", "заңнамалық актісінің", "заңнамалық актіде", "заңнамалық актілерге" деген сөздер тиісінше "заңдарына", заңдарда", "заңдарының", "заңына", "заңдарында", "заңында", "заңының", "заңда", "заңдарға" деген сөздермен ауыстырылды – ҚР 11.06.2026 № 307-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Ескерру. Бүкіл мәтін бойынша "шетелдіктер", "шетелдікті", "шетелдіктерді", "шетелдіктерден", "шетелдіктерге", "шетелдіктермен", "шетелдікке", "Шетелдіктердің", "шетелдіктердің", "шетелдік не", "шетелдіктің", "шетелдік немесе", "Шетелдік немесе", "Шетелдікті", "Шетелдіктерді" деген сөздер тиісінше "шетел азаматтары", "шетел азаматын", "шетел азаматтарын", "шетел азаматтарынан", "шетел азаматтарына", "шетел азаматтарымен", "шетел азаматына", "Шетел азаматтарының", "шетел азаматтарының", "шетел азаматы не", "шетел азаматының", "шетел азаматы немесе", "Шетел азаматы немесе", "Шетел азаматын", "Шетел азаматтарын" деген сөздермен ауыстырылды – ҚР 11.06.2026 № 307-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша "облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың", "Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың", "облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың", "облыс, республикалық маңызы бар қала, астана", "облыстағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы", "облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың", "облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың", "Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың", "облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың", "Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың" және "Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың" деген сөздер тиісінше "астананың, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың", "Астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың", "астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың", "астана, облыс, республикалық маңызы бар қала", "астанадағы, облыстағы, республикалық маңызы бар қаладағы", "астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың", "астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың", "Астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың", "астананың, облыстың және республикалық маңызы бар қаланың", "Астананың, облыстың және республикалық маңызы бар қаланың" және "Астананың, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың" деген сөздермен ауыстырылды – ҚР 11.06.2026 № 307-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1-БӨЛІМ. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-тарау. ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЗАҢНАМА
1-бап. Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасы осы Кодекстен тұрады.
2. Осы Кодекс Қазақстан Республикасының Конституциясына, халықаралық құқықтың жалпы танылған қағидаттары мен нормаларына негізделеді.
2-1. Осы Кодекске өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу:
1) әкімшілік жауаптылықты болғызбайтын;
2) Қазақстан Республикасы Президентінің заң шығару бастамасы тәртібімен әзірленген;
3) Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне, Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне және Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізетін Қазақстан Республикасының заңдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының басқа да заңдарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуді көздемейтін Қазақстан Республикасының заңымен жүзеге асырылады.
3. Әкімшілік-деликтік құқықтық қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының халықаралық шарттық және өзге де міндеттемелері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының және Жоғарғы Сотының нормативтік қаулылары әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнаманың құрамдас бөлігі болып табылады.
4. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар осы Кодекс алдында басымдыққа ие болады және халықаралық шарттан оны қолдану үшін заң шығаруды талап ету туындайтын жағдайлардан басқа кезде, тікелей қолданылады. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделгеннен өзгеше қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
Ескерту. 1-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 30.12.2019 № 300-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.11.2022 № 158-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі); 09.01.2026 № 257-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.2-бап. Әкімшілік жауаптылықтың негізі
Осы Кодекстің Ерекше бөлігінде көзделген құқық бұзушылық құрамының барлық белгілері бар іс-әрекет жасау әкімшілік жауаптылықтың негізі болып табылады.
3-бап. Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық үшін жауаптылық туралы заңнамасының кеңістік тұрғысынан қолданылуы
1. Қазақстан Республикасының аумағында әкімшілік құқық бұзушылық жасаған тұлға осы Кодекс бойынша жауаптылыққа жатады.
2. Қазақстан Республикасының аумағында басталған немесе жалғасқан не аяқталған іс-әрекет Қазақстан Республикасының аумағында жасалған әкімшілік құқық бұзушылық деп танылады. Осы Кодекстің күші Қазақстан Республикасының континенттік қайраңында және айрықша экономикалық аймағында жасалған әкімшілік құқық бұзушылықтарға да қолданылады.
3. Қазақстан Республикасының портына тіркелген және Қазақстан Республикасының шегінен тыс ашық судағы немесе әуе кеңістігіндегі кемеде әкімшілік құқық бұзушылық жасаған тұлға, егер Қазақстан Республикасының халықаралық шартында өзгеше көзделмесе, осы Кодекс бойынша әкімшілік жауаптылыққа жатады. Қазақстан Республикасының әскери кемесінде немесе әскери әуе кемесінде әкімшілік құқық бұзушылық жасаған тұлға да оның тұрған жеріне қарамастан, осы Кодекс бойынша әкімшілік жауаптылықта болады.
4. Шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдері және иммунитетті пайдаланатын өзге де шетел азаматтары Қазақстан Республикасының аумағында құқық бұзушылық жасаған жағдайда осы адамдардың әкімшілік жауаптылығы туралы мәселе халықаралық құқық нормаларына сәйкес шешіледі.
4-бап. Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық үшін жауаптылық туралы заңнамасының уақыт тұрғысынан қолданылуы
1. Әкімшілік құқық бұзушылық жасаған тұлға осы құқық бұзушылық жасалған уақытта қолданылған заңнаманың негізінде жауаптылыққа жатады.
2. Осы Кодекстің Ерекше бөлігінде көзделген іс-әрекеттің жүзеге асырылған уақыты, салдардың басталған уақытына қарамастан, әкімшілік құқық бұзушылық жасалған уақыт деп танылады.
5-бап. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңның кері күші
1. Әкімшілік құқық бұзушылық үшін әкімшілік жауаптылықты жеңілдететін немесе оның күшін жоятын не әкімшілік құқық бұзушылық жасаған тұлғаның жағдайын өзге түрде жақсартатын заңның кері күші болады, яғни осы заң қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған және әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы орындалмаған құқық бұзушылыққа қолданылады.
2. Әкімшілік құқық бұзушылық үшін әкімшілік жауаптылықты белгілейтін немесе күшейтетін немесе тұлғаның жағдайын өзге түрде нашарлататын заңның кері күші болмайды.
Ескерту. 5-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 272-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).2-тарау. ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЗАҢНАМАНЫҢ МІНДЕТТЕРІ МЕН ҚАҒИДАТТАРЫ
6-бап. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнаманың міндеттері
1. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнаманың міндеттері – адамның және азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, халықтың денсаулығын, санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын, қоршаған ортаны, қоғамдық имандылықты, меншікті, қоғамдық тәртіпті және қауіпсіздікті, мемлекеттік билікті және мемлекеттік басқаруды жүзеге асырудың белгіленген тәртібін, ұйымдардың заңмен қорғалатын құқықтары мен мүдделерін әкімшілік құқық бұзушылықтардан қорғау, сондай-ақ олардың жасалуының алдын алу.
2. Осы міндетті жүзеге асыру үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнама әкімшілік жауаптылықтың негіздері мен қағидаттарын белгілейді, қандай іс-әрекеттердің әкімшілік құқық бұзушылықтар болып табылатынын және оларды жасағаны үшін қолданылатын жаза түрлерін, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық жасаған тұлғаға қандай әкімшілік жаза қолданылуы, қай мемлекеттік органның (лауазымды адамның) және қандай тәртіппен қолдануы мүмкін екенін айқындайды.
7-бап. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнама қағидаттарының маңызы
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнама қағидаттарының маңызы мынада: оларды бұзу, оның сипаты мен мәніне қарай, іс бойынша болған іс жүргізуді жарамсыз деп тануға, осындай іс жүргізудің барысында шығарылған шешімдердің күшін жоюға не осы тұрғыда жиналған материалдарды дәлелдеу күші жоқ деп тануға әкеп соғады.
1. Әкімшілік құқық бұзушылықтар, әкімшілік жаза шаралары, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді қамтамасыз ету шаралары және әкімшілік-құқықтық ықпал ету шаралары осы Кодекспен ғана айқындалады. Осы Кодексте белгіленген негіздер мен тәртіптен өзгеше ретте, ешкім де әкімшілік жазаға, әкімшілік-құқықтық ықпал ету шараларына немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді қамтамасыз ету шараларына тартыла алмайды.
2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілеттік берілген сот, органдар (лауазымды адамдар) әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізу кезінде Қазақстан Республикасы Конституциясының, осы Кодекстің, осы Кодекстің 1-бабында көрсетілген өзге де нормативтік құқықтық актілердің талаптарын дәлме-дәл сақтауға міндетті. Қазақстан Республикасы Конституциясының жоғары заңды күші бар және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында ол тікелей қолданылады. Қазақстан Республикасының заңында және Конституциясында белгіленген қағидалар арасында қайшылықтар болған жағдайда Конституцияның ережелері қолданылады.
3. Соттар адамның және азаматтың Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітіп берілген құқықтары мен бостандықтарына қысым жасалатын заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілерді, олардың жекелеген ережелерін қолдануға құқылы емес. Егер сот қолданылуға тиісті заң немесе өзге де нормативтік құқықтық акт, оның жекелеген ережелері адамның және азаматтың Конституцияда бекітіп берілген құқықтары мен бостандықтарына қысым жасайды деп тапса, ол іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұруға және осы актіні немесе оның жекелеген ережелерін конституциялық емес деп тану туралы ұсынумен Қазақстан Республикасының Конституциялық Сотына жүгінуге міндетті. Сот Конституциялық Соттың шешімін алғаннан кейін іс бойынша іс жүргізу қайта басталады.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілеттік берілген соттардың және органдардың (лауазымды адамдардың) Конституцияға сәйкес келмейді деп танылған заңға немесе өзге де нормативтік құқықтық актіге, оның жекелеген ережелеріне негізделген шешімдері орындалмауға тиіс.
4. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілеттік берілген соттың, органдардың (лауазымды адамдардың) әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізу кезінде заңды бұзуына жол берілмейді және заңда белгіленген жауаптылыққа, қабылданған актілердің жарамсыз деп танылуына және олардың күшінің жойылуына әкеп соғады.
Ескерту. 8-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 05.11.2022 № 158-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі); 11.06.2026 № 307-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.9-бап. Заң мен сот алдындағы теңдік
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізу барысында заң мен сот алдында бәрі тең. Тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге де мән-жайлар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды.
10-бап. Кінәсіздік презумпциясы
1. Өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалған адам кінәсі осы Кодексте көзделген тәртіппен дәлелденгенге және өз өкілеттіктері шегінде істі қараған судьяның, органның (лауазымды адамның) заңды күшіне енген қаулысымен белгіленгенге дейін кінәсіз деп есептеледі.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қысқартылған іс жүргізу тәртібімен қаралған жағдайда, сондай-ақ ескерту немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама бойынша өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалған адам тиісті шешім заңды күшіне енген кезге дейін кінәсіз деп есептеледі.
2. Ешкім де өзінің кінәсіздігін дәлелдеуге міндетті емес.
3. Кінәлілікке келтірілген кез келген күмәндар өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалған тұлғаның пайдасына түсіндіріледі. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнаманы қолдану кезінде туындайтын күмәндар да оның пайдасына шешілуге тиіс.
Ескерту. 10-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 09.01.2026 № 257-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.1. Жеке тұлға кінәсі анықталған құқық бұзушылықтары үшін ғана әкімшілік жауаптылыққа жатады. Жеке тұлғаның кінәсіз зиян келтіргені үшін объективті кінә тағуға, яғни әкімшілік жауаптылыққа жол берілмейді.
2. Қасақана немесе абайсызда іс-әрекет жасаған жеке тұлға әкімшілік құқық бұзушылыққа кінәлі деп танылады.
12-бап. Әкімшілік жауаптылыққа қайта тартуға жол бермеу
Ешкімді де нақ сол бір құқық бұзушылық үшін әкімшілік жауаптылыққа қайталап тартуға болмайды.
Ескерту. 12-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.Құқық бұзушылық жасаған адамға қолданылатын әкімшілік жаза дене азабын келтіруді немесе адами қадір-қасиетті қорлауды мақсат тұтпайды.
14-бап. Жеке басқа қол сұғылмаушылық
1. Осы Кодексте белгіленген негіздер мен тәртіптен өзгеше ретте, ешкімді де әкімшілік ұстап алуға, күштеп әкелуге, ішкі істер органдарына (полицияға) немесе басқа да мемлекеттік органдарға жеткізуге, жеке басын жете тексеруге және жеке тұлғаның заттарын жете тексеруге немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді қамтамасыз етудің өзге де шараларын қолдануға болмайды.
2. Осы Кодексте белгіленген жағдайларда және тәртіппен судьяның қаулысы бойынша ғана әкімшілік жазалау шарасы ретінде әкімшілік қамаққа алу қолданылуы мүмкін.
3. Әрбір ұстап алынған, күштеп әкелінген, ішкі істер органдарына (полицияға) немесе басқа да мемлекеттік органға жеткізілген адамға ұстап алудың, күштеп әкелудің, жеткізудің негіздері, сондай-ақ жасалуы оған тағылып отырған әкімшілік құқық бұзушылықтың заңдық саралануы дереу хабарланады.
4. Мемлекеттік орган (лауазымды адам) заңсыз ұстап алынған, күштеп әкелінген, жеткізілген немесе судья қаулысында көзделген мерзімнен артық әкімшілік қамаққа алуда болған адамды дереу босатуға міндетті.
5. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іске қатысушы адамдардың ешқайсысын азаптауға, оларға күш қолдануға, қатыгездікпен немесе адами қадір-қасиетін қорлайтындай қарауға болмайды.
6. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізу процесінде тұлғаның не оның өкілінің еркіне қарсы жеке басқа қол сұғылмаушылықты бұзатын әрекеттер жасау тек осы Кодексте тікелей көзделген жағдайларда және тәртіппен ғана мүмкін болады.
7. Өзіне қатысты әкімшілік жазалау шарасы ретінде әкімшілік қамаққа алу таңдалған адамды, сондай-ақ әкімшілік ұстап алынған адамды ұстау оның өмірі мен денсаулығына қатер төндірмейтін жағдайларда жүзеге асырылуға тиіс.
8. Заңсыз әкімшілік қамаққа алудың, өмірі мен денсаулығына қауіпті жағдайларда ұстаудың, оған қатыгездікпен қараудың салдарынан жеке тұлғаға келтірілген зиян заңда көзделген тәртіппен өтелуге жатады.
15-бап. Жеке бастың абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеу
1. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізу кезінде іске қатысатын адамның абыройын қорлайтын немесе қадір-қасиетін кемсітетін шешімдер мен әрекеттерге тыйым салынады, жеке өмір туралы мәліметтерді, сол сияқты адам құпия сақталуы қажет деп есептейтін жеке және іскерлік сипаттағы мәліметтерді осы Кодексте көзделмеген мақсаттар үшін жинауға, пайдалануға және таратуға жол берілмейді.
2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізу барысында соттың, басқа да мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың заңсыз әрекеттерімен адамға келтірілген моральдық зиян заңда белгіленген тәртіппен өтелуге жатады.
16-бап. Жеке өмірге қол сұғылмау және құпияны қорғау
Жеке өмірге қол сұғылмау құқығына, жеке және отбасы құпиясының болу құқығына, цифрлық технологияларды қолдануды қоса алғанда, дербес деректерді заңсыз жинаудан, өңдеуден, сақтаудан және пайдаланудан қорғау құқығына заңмен кепілдік беріледі.
Әр адамның банк операцияларының, жеке салымдар мен жинақтардың, жазысқан хаттардың, телефон арқылы сөйлескен сөздердің, пошта хабарламаларының және байланыс құралдары, оның ішінде цифрлық технологияларды қолдану арқылы берілетін өзге де хабарламалардың құпия болуына құқығы бар.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізу барысында бұл құқықтарды шектеуге заңда тікелей белгіленген жағдайларда және тәртіппен ғана жол беріледі.
Ескерту. 16-бап жаңа редакцияда – ҚР 11.06.2026 № 307-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.17-бап. Меншікке қол сұғылмаушылық
1. Меншікке заңмен кепілдік беріледі. Сот шешімінсіз ешкімді өз мүлкінен айыруға болмайды.
2. Меншікке қол сұға отырып, мүлік пен құжаттарды алып қою; көлік құралын, шағын көлемді кемені басқарудан шеттету; көлік құралын, шағын көлемді кемені ұстап алу; көлік құралдарын, шағын көлемді кемелерді жете тексеру; аумақтарды, үй-жайларды, көлік құралдарын, тауарларды, өзге де мүлікті, сондай-ақ тиісті құжаттарды қарап-тексеру, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді қамтамасыз етудің өзге де шараларын қолдану осы Кодексте көзделген жағдайларда және тәртіппен ғана жүргізілуі мүмкін.
18-бап. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілеттік берілген соттың (судьяның) және органның (лауазымды адамның) тәуелсіздігі
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілеттік берілген соттар (судьялар) және органдар (лауазымды адамдар) оларды өздеріне сырттан ықпал етуге болмайтын жағдайларда шешеді. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілеттік берілген соттың (судьяның) және органның (лауазымды адамның) қызметіне қандай да болсын араласуға жол берілмейді және ол заңда белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
19-бап. Куә айғақтарын беру міндетінен босату
1. Ешкім өзіне-өзі, жұбайына (зайыбына) және заңмен айқындалған шектегі өзінің жақын туыстарына қарсы айғақ беруге міндетті емес.
2. Діни қызметшілер өздеріне сеніп сырын ашқандарға қарсы куә болуға міндетті емес.
3. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымдық міндеттерін атқаруына байланысты өзіне белгілі болған мән-жайлар туралы айғақтар беруге міндетті емес.
4. Осы баптың бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде көзделген жағдайларда аталған адамдар айғақтар беруден бас тартуға құқылы және бұл үшін оларды қандай да бір жауаптылыққа тартуға болмайды.
Ескерту. 19-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 29.12.2021 № 92-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.20-бап. Білікті заң көмегіне құқықтарды қамтамасыз ету
1. Әркімнің әкімшілік іс жүргізу барысында осы Кодекстің ережелеріне сәйкес білікті заң көмегін алуға құқығы бар.
2. Заңда көзделген жағдайларда азаматтарға ақы төленбейтін білікті заң көмегі көрсетіледі.
Ескерту. 20-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 11.06.2026 № 307-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.21-бап. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізудің жариялылығы
1. Сот, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілеттік берілген органдар (лауазымды адамдар) осы істер бойынша іс жүргізуді ашық жүзеге асырады.
2. Заңға сәйкес жабық іс жүргізу мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтері бар істерге қатысты, сондай-ақ сот, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілеттік берілген орган (лауазымды адам) іске қатысатын тұлғаның бала асырап алудың құпиясын қамтамасыз ету, жеке басы, отбасы құпиясын, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны, жеке тұлғалар өмірінің ішкі сырлары туралы мәліметтерді сақтау қажет екендігіне не ашық талқылауға кедергі келтіретін өзге де мән-жайларға сілтеме жасаған өтінішхатын қанағаттандырған кезде жүзеге асырылады.
3. Жеке тұлғалардың жеке жазысқан хаттары мен жеке телеграф хабарлары өзара хат жазысқан және телеграф хабарларын алмасқан адамдардың келісімімен ғана ашық іс жүргізу кезінде жария етілуі мүмкін. Бұлай болмаған жағдайда осы адамдардың жеке жазысқан хаттары мен жеке телеграф хабарлары жабық іс жүргізу кезінде жария етіледі және зерттеледі. Көрсетілген қағидалар жеке сипаттағы мәліметтерді қамтитын фото- және киноқұжаттарды, дыбыс және бейне жазбаларды, электрондық жеткізгіштердегі ақпаратты зерттеген кезде де қолданылады.
4. Iске қатысатын тұлғалардың және ашық іс жүргізу кезінде қатысып отыратын жеке тұлғалардың іс жүргізу жүзеге асырылып жатқан үй-жайда өздері отырған орындардан істің жүргізілу барысын жазбаша түрде немесе аудиожазбаны пайдалана отырып жазып алуға құқығы бар. Iс жүргізу барысында кино- және фототүсірілімге, бейнежазбаға, радио, теледидар және интернет-ресурстар бойынша трансляциялауға соттың, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілеттік берілген органның (лауазымды адамның) рұқсаты бойынша, іске қатысатын тұлғалардың пікірі ескеріле отырып, жол беріледі. Бұл әрекеттер істің қалыпты жүргізілу барысына кедергі келтірмеуге тиіс және оларға уақыт жағынан шектеу қойылуы мүмкін.
22-бап. Iс жүргізу барысында қауіпсіздікті қамтамасыз ету
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізу соттың, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілеттік берілген органның (лауазымды адамның) қалыпты жұмысын және іс жүргізуге қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жағдайларда өтеді. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында судья, лауазымды адам іс бойынша іс жүргізу кезінде қатысып отырғысы келетін адамдарға тексеру жүргізу, онымен қоса олардың жеке басын куәландыратын құжаттарын тексеру, жеке басын жете тексеру және олар әкелген заттарды жете тексеру туралы өкім бере алады.
23-бап. Процестік шешімдерге дау айту және процестік әрекеттерге шағым жасау еркіндігі
1. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер жөніндегі хаттамаларды жасауға уәкілеттік берілген органның (лауазымды адамның) әрекеттеріне шағым жасалуы мүмкін, ал әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілеттік берілген соттың, органның (лауазымды адамның) шешімдеріне осы Кодексте белгіленген тәртіппен дау айтылуы мүмкін.
2. Iске қатысатын тұлғаның әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша қаулыларды осы Кодексте белгіленген тәртіппен қайта қаратуға құқығы бар.
3. Шағым берген тұлғаға зиян келетіндей етіп немесе соның мүддесінде шағым берілген тұлғаға зиян келетіндей етіп шағымды қарауға жол берілмейді.
24-бап. Адамның құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сот арқылы қорғау
1. Әркімнің өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғауға құқығы бар. Мүдделі тұлға бұзылған немесе даулы құқықтарын, бостандықтарын немесе заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау үшін заңда белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.
2. Прокурор өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында және жеке тұлғалардың, ұйымдардың құқықтарын, қоғамдық және мемлекеттік мүдделерді қорғау үшін талап қоюмен (арызбен) сотқа жүгінуге құқылы.
3. Ешкімге өзінің келісімінсіз ол үшін заңда көзделген соттылығын өзгертуге болмайды.
4. Кәмелетке толмағандар немесе өзінің физикалық немесе психикалық жағдайына байланысты өз құқықтарын өз бетінше жүзеге асыру мүмкіндігінен айырылғандар болып табылатын, өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізу жүргізіліп жатқан тұлғаның немесе жәбірленушінің заңды өкіліне сот осы Кодекстің 683-бабының бесінші бөлігінде көзделген құқықты түсіндіруге міндетті.
2-БӨЛIМ. ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ӘКІМШІЛІК ЖАУАПТЫЛЫҚ
ЖАЛПЫ БӨЛІК
3-тарау. ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ
25-бап. Әкімшілік құқық бұзушылық
1. Осы Кодексте сол үшін әкімшілік жауаптылық көзделген, жеке тұлғаның құқыққа қарсы, кінәлі (қасақана немесе абайсызда жасаған) әрекеті не әрекетсіздігі немесе заңды тұлғаның құқыққа қарсы әрекеті не әрекетсіздігі әкімшілік құқық бұзушылық деп танылады.
2. Осы Кодекстің Ерекше бөлігінің баптарында көзделген құқық бұзушылықтар үшін, егер бұл құқық бұзушылықтар өзінің сипаты бойынша заңнамаға сәйкес қылмыстық жауаптылыққа әкеп соқпаса, әкімшілік жауаптылық туындайды.
26-бап. Әкімшілік құқық бұзушылықты қасақана жасау
Егер әкімшілік құқық бұзушылық жасаған жеке тұлға өзінің әрекетінің (әрекетсіздігінің) құқыққа қарсы сипатын сезінсе, оның зиянды салдарын алдын ала білсе және осы салдардың туындауын қаласа немесе оған саналы түрде жол берсе не оларға немқұрайлы қараса, әкімшілік құқық бұзушылық қасақана жасалды деп танылады.
27-бап. Әкімшілік құқық бұзушылықты абайсызда жасау
Егер әкімшілік құқық бұзушылық жасаған жеке тұлға өз әрекетінің (әрекетсіздігінің) зиянды салдарының туындау мүмкіндігін алдын ала білсе, бірақ жеткілікті негізсіз олардың алдын алуға болады деп ұшқары ойласа не тиісті назар салған және көре білген жағдайда, олардың алдын алуға тиіс және солай ете алатын болса да осындай салдардың туындау мүмкіндігін алдын ала білмесе, әкімшілік құқық бұзушылық абайсызда жасалды деп танылады.
4-тарау. ӘКIМШIЛIК ЖАУАПТЫЛЫҚ
28-бап. Әкімшілік жауаптылыққа жататын тұлғалар
Әкімшілік жауаптылыққа:
1) әкімшілік құқық бұзушылық аяқталған немесе оның жолын кескен кезде он алты жасқа толған, ақыл-есі дұрыс жеке тұлға;
2) заңды тұлға жатады.
29-бап. Ақыл-естің дұрыс еместігі
Осы Кодексте көзделген құқыққа қарсы іс-әрекет жасаған кезде ақыл-есі дұрыс емес жағдайда болған, яғни өз әрекеттерінің (әрекетсіздігінің) нақты сипаты мен қауіптілігін сезіне алмаған немесе оларды созылмалы психикалық ауруының, психикасының уақытша бұзылуының, ақыл-есі кемдігінің немесе психикасының өзге де сырқатты жай-күйінің салдарынан басқара алмаған жеке тұлға әкімшілік жауаптылыққа жатпайды.
30-бап. Лауазымды адамдардың әкімшілік жауаптылығы
Лауазымды адам өз қызметтік міндеттерін орындамауына немесе тиісінше орындамауына байланысты әкімшілік құқық бұзушылық жасалған жағдайда әкімшілік жауаптылыққа тартылады. Мұндай мән-жай болмаған кезде әкімшілік құқық бұзушылықтың жасалуына кінәлі лауазымды адам жалпы негіздерде жауаптылыққа жатады.
Ескертпе. Осы Кодексте әкімшілік құқық бұзушылық жасалған кезде тұрақты, уақытша немесе арнаулы өкілеттік бойынша билік өкілінің функцияларын жүзеге асыратын немесе жүзеге асырған не әкімшілік құқық бұзушылық жасалған кезде мемлекеттік мекемелерде, квазимемлекеттік сектордың субъектілерінде, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында ұйымдастырушылық-өкімдік немесе әкімшілік-шаруашылық функцияларды орындайтын немесе орындаған адамдар – лауазымды адамдар деп танылады.
31-бап. Әкімшілік құқық бұзушылық автоматты режимде анықталған немесе тіркелген кездегі әкімшілік жауаптылықтың ерекшеліктері
Ескерту. 31-баптың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР 09.01.2026 № 257-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Әкімшілік құқық бұзушылық Әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізілімімен интеграцияланған цифрлық объектімен деректерді өңдеу арқылы, оның ішінде автоматты режимде жұмыс істейтін техникалық құралдар пайдаланыла отырып анықталған немесе тіркелген кезде көрсетілген деректерді өңдеу нәтижелері бойынша анықталған осындай құқық бұзушылықтарды жасаған адамдар әкімшілік жауаптылыққа тартылады.
2. Көлік құралын пайдалана отырып жасалған әкімшілік құқық бұзушылық автоматты режимде анықталған немесе тіркелген кезде көлік құралдарының меншік иелері (иелері) әкімшілік жауаптылыққа тартылады.
3. Көлік құралының меншік иесі (иеленушісі), егер оның хабарламасы немесе арызы бойынша тексеру барысында құқық бұзушылық анықталған немесе тіркелген кезде көлік құралы иелігінде болған адам анықталса не басқа адамдардың құқыққа қарсы әрекеттері салдарынан көлік құралының оның иелігінен шығып қалуы фактісі анықталса, осы көлік құралын пайдаланып жасалған құқық бұзушылық үшін ол әкімшілік жауаптылықтан босатылады.
Ескертпе.
Осы Кодекстің баптарында көлік құралын меншік құқығымен иеленетін жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ жеке және заңды тұлғаларға тиесілі көлік құралдары уақытша иелену мен пайдалануға берілген жеке және заңды тұлғалар көлік құралдарының иелері деп танылады.
Осы бапта Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы және киберқауіпсіздік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін, метрологиялық салыстырып тексеруден өткен автоматты режимде жұмыс істейтін сертификатталған техникалық бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптарын, сондай-ақ өлшем көрсеткіштері қолданылмайтын оқиғаларды анықтайтын немесе тіркейтін автоматты режимде жұмыс істейтін сертификатталған техникалық құралдар мен аспаптарды техникалық құралдар деп түсіну қажет.
Ескерту. 31-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2017 № 84-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.10.2024 № 131-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 09.01.2026 № 257-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.32-бап. Әскери қызметшінің, прокурордың және тәртіптік жарғылардың не арнайы ережелердің күші қолданылатын өзге де адамдардың өздері әкімшілік құқық бұзушылықтар жасағаны үшін әкімшілік жауаптылығы
1. Әскери қызметшілер мен әскери жиында жүрген әскери міндеттілер, осы Кодекстің 651, 652, 667, 676, 677, 680, 681-баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, қызметтік міндеттерін атқару кезінде жасаған әкімшілік құқық бұзушылықтары үшін тәртіптік жарғылар бойынша жауаптылықта болады. Арнаулы мемлекеттік органдар мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері, осы Кодекстің 676, 677, 680 және 681-баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, қызметтік міндеттерін атқару кезінде жасаған әкімшілік құқық бұзушылықтары үшін тиісті органдарда қызмет өткеру тәртібін регламенттейтін нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жауаптылықта болады.
2. Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасын, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы режимін, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізу пункттеріндегі режимді, Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы туралы заңнамасын, өрт қауіпсіздігінің талаптарын, жол жүрісі қағидаларын, қызмет орындарынан тыс жерде кеден қағидаларын, Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасын, Қазақстан Республикасының бюджет және салық заңнамасын, Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын, аң аулау, балық аулау қағидаларын, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мен қорғау нормаларын, Қазақстан Республикасы экология заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін осы баптың бірінші бөлігінде аталған адамдар жалпы негіздер бойынша әкімшілік жауаптылықта болады. Аталған адамдарға атыс және суық қаруды алып жүру мен сақтау құқығынан айыру, қоғамдық жұмыстарға тарту және әкімшілік қамаққа алу түрінде әкімшілік жазалар қолдануға болмайды.
3. Мерзімді әскери қызметін өткеріп жүрген әскери қызметшілер мен әскери және арнайы оқу орындарының курсанттарына әкімшілік айыппұл түріндегі әкімшілік жаза қолданылмайды.
4. Әкімшілік жазаны қолдану құқығы берілген органдар (лауазымды адамдар) осы баптың бірінші және үшінші бөліктерінде аталған адамдарға әкімшілік жазалар қолданудың орнына кінәлілерді тәртіптік жауаптылыққа тарту туралы мәселені шешу үшін тиісті органдарға құқық бұзушылықтар туралы материалдарды беруге тиіс.
Ескерту. 32-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 07.11.2014 № 248-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014 № 272-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі), 18.11.2015 № 411-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.07.2017 № 84-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.12.2017 № 124-VI (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 403-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 10.01.2025 № 155-VIII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 12.06.2026 № 312-VIIІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.33-бап. Жекеше нотариустардың, жеке сот орындаушыларының, адвокаттардың, заң консультанттарының, дара кәсіпкерлердің және заңды тұлғалардың әкімшілік жауаптылығы
Ескерту. 33-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді – ҚР 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Жекеше нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар, заң консультанттары, дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар осы бөлімнің Ерекше бөлігінде көзделген жағдайларда әкімшілік құқық бұзушылық үшін әкімшілік жауаптылыққа жатады.
2. Егер осы бөлімнің Ерекше бөлігінде көзделген іс-әрекетті (әрекетті не әрекетсіздікті) заңды тұлғаны басқару функцияларын жүзеге асыратын орган, тұлға немесе дара кәсіпкердің және заңды тұлғаның ұйымдастырушылық-өкімдік немесе әкімшілік-шаруашылық функцияларын орындайтын қызметкері жасаса, рұқсат берсе, мақұлдаса, дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар әкімшілік құқық бұзушылық үшін әкімшілік жауаптылыққа жатады.
3. Заңды тұлғаның әкімшілік құқық бұзушылықтар жасаған және дербес салық төлеушілер болып табылатын құрылымдық бөлімшелері (қаржы ұйымдарын қоспағанда) заңды тұлғалар ретінде әкімшілік жауаптылықта болады.
4. Дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларды әкімшілік жауаптылыққа тарту дара кәсіпкердің және заңды тұлғаның қызметкерін осы құқық бұзушылық үшін әкімшілік жауаптылықтан босатады.
Ескертпе. Осы Кодекстің мақсаттары үшін дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар кәсіпкерлік субъектілері ретінде әкімшілік жауаптылықта болады.
Ескерту. 33-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.34-бап. Шетел азаматтарының, шетелдік заңды тұлғалардың және азаматтығы жоқ адамдардың әкімшілік жауаптылығы
1. Қазақстан Республикасының аумағында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының континенттік қайраңында әкімшілік құқық бұзушылықтар жасаған шетел азаматтары, шетелдік заңды тұлғалар, олардың филиалдары мен өкілдіктері және азаматтығы жоқ адамдар жалпы негіздерде әкімшілік жауаптылыққа жатады.
2. Шетелдік және халықаралық коммерциялық емес үкіметтік емес бірлестіктердің құрылымдық бөлімшелері (филиалдары мен өкілдіктері) Қазақстан Республикасының қоғамдық бірлестіктер туралы заңнамасын бұзғаны үшін заңды тұлғалар ретінде әкімшілік жауаптылықта болады.
3. Шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдері және иммунитетті пайдаланатын өзге де шетел азаматтары Қазақстан Республикасының аумағында жасаған әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жауаптылық туралы мәселе халықаралық құқық нормаларына сәйкес шешіледі.
5-тарау. ӘКIМШIЛIК ЖАУАПТЫЛЫҚТЫ БОЛҒЫЗБАЙТЫН МӘН-ЖАЙЛАР
1. Қажетті қорғану жағдайында, яғни жеке басын, тұрғын үйін, меншігін, жер учаскесін және қорғанушының немесе өзге де адамдардың басқа да құқықтарын, қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне қол сұғушыға зиян келтіру арқылы құқыққа қарсы қолсұғушылықтан қорғау кезінде, егер бұл ретте қажетті қорғанудың шегінен шығып кетуге жол берілмеген болса, осы Кодексте көзделген іс-әрекетті жасау әкімшілік құқық бұзушылық болып табылмайды.
2. Кәсіби немесе өзге де арнайы дайындығына және қызмет жағдайына қарамастан, барлық адамдардың бірдей дәрежеде қажетті қорғаныс құқығы бар. Құқыққа қарсы қолсұғушылықтан аулақ болу не басқа адамдарға немесе мемлекеттік органдарға көмек сұрап жүгіну мүмкіндігіне қарамастан, адамға бұл құқық тиесілі болады.
3. Қолсұғушылықтың сипатына және қауіптілік дәрежесіне қорғанудың айқын сәйкес келмеуі, соның салдарынан қол сұғушыға жағдайдан туындамаған анық шектен тыс зиян келтіру қажетті қорғанудың шегінен шығып кету деп танылады. Мұндай шектен шығып кету тек қасақана зиян келтірілген жағдайларда ғана әкімшілік жауаптылыққа әкеп соғады.
4. Құқыққа қарсы қолсұғушылықтан туындаған үрейдің, қорқудың немесе сасқалақтап қалудың салдарынан қажетті қорғану шегінен шығып кеткен адам әкімшілік жауаптылыққа жатпайды.
36-бап. Қолсұғушылық жасаған адамды ұстап алу
1. Құқыққа қарсы қолсұғушылық жасаған адамды ұстап алу кезінде, осы адамды мемлекеттік органдарға жеткізу және оның жаңа қолсұғушылықтар жасау мүмкіндігінің жолын кесу үшін, егер мұндай адамды өзге құралдармен ұстап алу мүмкін болмаса және бұл ретте осы үшін қажетті шараларды асыра қолдануға жол берілмесе, осы Кодексте көзделген іс-әрекетті жасау әкімшілік құқық бұзушылық болып табылмайды.
2. Қолсұғушылық жасаған адамды ұстап алу үшін қажетті шараларды асыра қолдану деп адамға қажеттіліктен асып, жағдайдан туындамаған, анық шектен тыс зиян келтірген кезде, олардың ұстап алынған адам жасаған қолсұғушылықтың сипаты мен қауіп дәрежесіне және ұстап алудың мән-жайларына анық сәйкес келмеуі танылады. Мұндай асыра қолдану тек қасақана зиян келтіру жағдайларында ғана әкімшілік жауаптылыққа әкеп соғады.
3. Қолсұғушылық жасаған адамды ұстап алу құқығына оған арнаулы уәкілеттік берілген тұлғалармен қатар жәбірленушілер мен басқа жеке тұлғалар да ие болады.
1. Аса қажеттілік жағдайында, яғни аталған адамның немесе өзге де адамдардың өміріне, денсаулығына, құқықтары мен заңды мүдделеріне, қоғамның немесе мемлекеттің мүдделеріне тікелей қатер төндіретін қауіпті жою үшін осы Кодекспен қорғалатын мүдделерге зиян келтіру, егер бұл қауіпті өзге құралдармен жою мүмкін болмаса және бұл ретте аса қажеттіліктің шегінен шығып кетуге жол берілмесе, әкімшілік құқық бұзушылық болып табылмайды.
2. Аса қажеттіліктің шегінен шығып кету деп қатер төндірген қауіптің сипаты мен дәрежесіне және қауіп жойылған, құқық қорғау мүдделеріне тең немесе зиянды болғызбаудан айтарлықтай көбірек зиян келтірген жағдайға анық сәйкес келмейтін зиян келтіру танылады. Мұндай шектен шығып кету тек қасақана зиян келтіру жағдайларында ғана жауаптылыққа әкеп соғады.
38-бап. Күштеп немесе психикалық мәжбүрлеу
1. Күштеп немесе психикалық мәжбүрлеу нәтижесінде, егер мұндай мәжбүрлеу салдарынан адам өз әрекеттерін (әрекетсіздігін) басқара алмаса, осы Кодексте көзделген іс-әрекетті жасау әкімшілік құқық бұзушылық болып табылмайды.
2. Психикалық мәжбүрлеу нәтижесінде, сондай-ақ күштеп мәжбүрлеу нәтижесінде, адам соның салдарынан өз әрекеттерін басқару мүмкіндігін сақтаса, осы Кодекспен қорғалатын мүдделерге зиян келтірілгендігі үшін әкімшілік жауаптылық туралы мәселе осы Кодекстің 37-бабының ережелері ескеріле отырып шешіледі.
39-бап. Бұйрықты немесе өкімді орындау
1. Өзі үшін міндетті бұйрықты немесе өкімді орындау үшін әрекет еткен адамның осы Кодексте көзделген іс-әрекетті жасауы әкімшілік құқық бұзушылық болып табылмайды. Мұндай іс-әрекеттің жасалуына заңсыз бұйрық немесе өкім берген адам әкімшілік жауаптылықта болады.
2. Көрінеу заңсыз бұйрықты немесе өкімді орындауы үшін қасақана әкімшілік құқық бұзушылық жасаған тұлға жалпы негіздерде әкімшілік жауаптылықта болады. Көрінеу заңсыз бұйрықты немесе өкімді орындамау әкімшілік жауаптылықты болғызбайды.
6-тарау. ӘКIМШIЛIК ЖАЗА ЖӘНЕ ӘКIМШIЛIК-ҚҰҚЫҚТЫҚ ЫҚПАЛ ЕТУ
ШАРАЛАРЫ
40-бап. Әкімшілік жаза ұғымы және мақсаттары
1. Әкімшілік жаза, осыған заңмен уәкілеттік берілген судья, органдар (лауазымды адамдар) әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін қолданатын мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы болып табылады және мұндай құқық бұзушылық жасаған тұлғаны құқықтары мен бостандықтарынан осы Кодексте көзделгендей айыруды немесе олардың шектелуін қамтиды.
2. Әкімшілік жаза құқық бұзушылықты жасаған тұлғаны заңнама талаптарын сақтау және құқық тәртібін құрметтеу рухында тәрбиелеу, сондай-ақ құқық бұзушының өзінің де, басқа тұлғалардың да жаңа құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу мақсатында қолданылады.
3. Әкімшілік жаза әкімшілік құқық бұзушылық жасаған тұлғаға дене азабын келтіруді немесе адами қадір-қасиетін қорлауды, сондай-ақ заңды тұлғаның іскерлік беделіне зиян келтіруді мақсат тұтпайды.
4. Әкімшілік жаза мүліктік залалдың орнын толтыру құралы болып табылмайды. Әкімшілік құқық бұзушылықтан келтірілген зиянның орны осы Кодекстің 59-бабында көзделген тәртіппен толтырылады.
41-бап. Әкімшілік жаза түрлері
1. Әкімшілік құқық бұзушылықтар жасағаны үшін мынадай әкімшілік жазалар қолданылуы мүмкін:
1) ескерту жасау;
2) әкімшілік айыппұл;
3) әкімшілік құқық бұзушылықты жасау құралы не нысанасы болған затты, сол сияқты әкімшілік құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған мүлікті тәркілеу;
4) арнайы құқықтан айыру;
5) рұқсаттан айыру немесе оның қолданылуын тоқтата тұру, сондай-ақ тізілімнен алып тастау;
6) қызметті тоқтата тұру немесе оған тыйым салу;
7) заңсыз тұрғызылып жатқан немесе тұрғызылған құрылысты мәжбүрлеп бұзу;
7-1) қоғамдық жұмыстар;
8) әкімшілік қамаққа алу;
9) шетел азаматын немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарып жіберу.
2. Әкімшілік құқық бұзушылықтар жасағаны үшін заңды тұлғаларға осы баптың бірінші бөлігінің 1) – 5) және 7) тармақшаларында санамаланған әкімшілік жазалар, сондай-ақ заңды тұлғаның қызметін немесе қызметінің жекелеген түрлерін тоқтата тұру немесе оған тыйым салу қолданылуы мүмкін.
Ескерту. 41-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 10.01.2025 № 155-VIII (01.09.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.42-бап. Әкімшілік жазалардың негізгі және қосымша шаралары
1. Ескерту жасау, әкімшілік айыппұл, әкімшілік қамаққа алу, қоғамдық жұмыстар негізгі әкімшілік жазалар ретінде ғана қолданылуы мүмкін.
2. Арнайы құқықтан айыру, рұқсаттан айыру не оның қолданылуын тоқтата тұру, сондай-ақ тізілімнен алып тастау, қызметті немесе оның жекелеген түрлерін тоқтата тұру немесе оған тыйым салу, сондай-ақ шетел азаматтарын немесе азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарып жіберу негізгі, сол сияқты қосымша әкімшілік жазалар ретінде қолданылуы мүмкін.
3. Тәркілеу, заңсыз тұрғызылып жатқан немесе тұрғызылған құрылысты мәжбүрлеп бұзу қосымша әкімшілік жаза ретінде ғана қолданылуы мүмкін.
Ескерту. 42-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 10.01.2025 № 155-VIII (01.09.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.1. Ескерту жасау әкімшілік жаза қолдануға уәкілеттік берілген соттың, органның (лауазымды адамның) жасалған құқық бұзушылыққа ресми түрде теріс баға беруінен және жеке немесе заңды тұлғаны құқыққа қарсы мінез-құлыққа жол беруге болмайтындығы туралы сақтандырудан тұрады. Ескерту жасау жазбаша нысанда шығарылады.
2. Осы Кодекстің 57-бабында және 366-бапқа ескертпеде көзделген мән-жайлар болмаған кезде әкімшілік жаза қолданатын сот (судья), орган (лауазымды адам) осы Кодекстің Ерекше бөлімінің тиісті бабында көзделген ескерту жасауды қолдануға міндетті.
Ескерту. 43-бап жаңа редакцияда - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
1-бөлікке өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 12.06.2026 № 312-VIIІ (01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Әкімшілік айыппұл (бұдан әрі – айыппұл) – осы бөлімнің Ерекше бөлігінің баптарында көзделген жағдайларда және шекте әкімшілік құқық бұзушылық үшін салынатын, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалған кезде қолданыста болған заңға сәйкес белгіленетін айлық есептік көрсеткіштің белгілі бір мөлшеріне сәйкес келетін мөлшерде ақша өндіріп алу.
Осы бөлімнің Ерекше бөлігінің баптарында көзделген жағдайларда айыппұл мөлшері:
1) қоршаған ортаға жағымсыз әсер еткені үшін төлемақы мөлшерлемелерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының экология заңнамасын бұзушылық нәтижесінде алынған экономикалық пайда сомасының;
1-1) жер қойнауына мемлекеттік меншік құқығын бұзушылық нәтижесінде жер қойнауы ресурстарына келтірілген залал сомасының;
2) орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған салық міндеттемесі сомасының;
3) төленбеген (аударылмаған), уақтылы және (немесе) толық төленбеген (аударылмаған) әлеуметтік аударымдар сомасының;
4) аударылмаған, уақтылы және (немесе) толық есептелмеген, ұсталмаған (есепке жазылмаған) және (немесе) төленбеген (аударылмаған) міндетті зейнетақы жарналары мен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары сомасының;
5) заңсыз кәсіпкерлік нәтижесінде алынған акцизделетін тауарлар құны сомасының;
6) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес есепке алынбаған не тиісінше есепке алынбаған соманың;
7) Қазақстан Республикасының қаржы заңнамасын бұза отырып жасалған (жүргізілген) мәміле (операция) сомасының;
8) монополистік қызметті жүзеге асыру немесе Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы, табиғи монополиялар туралы заңнамасын, қаржы нарығының және қаржы ұйымдарының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу нәтижесінде алынған кіріс (түсім) сомасының;
9) құқық бұзушылық жасалған, бірақ бір жылдан аспайтын кезеңде бекітілген нормативтерден тыс пайдаланылған энергетикалық ресурстар құнының;
10) есепке жатқызылмаған ұлттық және шетел валютасы сомасының;
11) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдардың және (немесе) жарналардың төленбеген (аударылмаған), уақтылы және (немесе) толық төленбеген (аударылмаған) сомасының;
12) төленбеген кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары сомасының;
ЗҚАИ-ның ескертпесі!13) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 10.01.2025 № 155-VIII (01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
13) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізу кезінде декларацияланбаған не анық емес декларацияланған қолма-қол ақша қаражаты сомасының және (немесе) ақша құралдары құнының пайызымен көрсетіледі.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!14) тармақшамен толықтыру көзделген – ҚР 10.01.2025 № 155-VIII (01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Егер осы бөлімнің Ерекше бөлігінің баптарында көзделген айыппұл мөлшері Қазақстан Республикасының қаржы заңнамасының нормаларын бұза отырып жүргізілген операция сомасының пайызымен көрсетілсе және мұндай операция шетел валютасымен жүргізілсе, айыппұл сомасын теңгемен қайта есептеу әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалған кезде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген ресми бағам бойынша жүзеге асырылады.
2. Жеке тұлғаға салынатын айыппұлдың мөлшерін екі жүз айлық есептік көрсеткіштен асыруға болмайды.
Лауазымды адамға, жекеше нотариусқа, жеке сот орындаушысына, адвокатқа, заң консультантына, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, сондай-ақ коммерциялық емес ұйымдарға салынатын айыппұлдың мөлшерін жеті жүз елу айлық есептік көрсеткіштен асыруға болмайды.
Орта кәсіпкерлік субъектілеріне салынатын айыппұлдың мөлшерін бір мың айлық есептік көрсеткіштен асыруға болмайды.
Iрі кәсіпкерлік субъектілеріне салынатын айыппұлдың мөлшерін екі мың айлық есептік көрсеткіштен асыруға болмайды.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!3-бөлік жаңа редакцияда көзделген – ҚР 12.06.2026 № 312-VIIІ (01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
3. Осы баптың бірінші бөлігінің екінші абзацына сәйкес есептелген айыппұл осы баптың екінші бөлігінде көрсетілген айыппұлдардың белгіленген мөлшерлерінен асатын немесе одан кем мөлшерде белгіленуі мүмкін.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!4-тармақтың осы редакциясы ҚР 11.07.2017 № 90-VI Заңына сәйкес (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптың 1-т. 1) тармақшасынан қараңыз) халық саны екі мың адамнан көп аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 01.01.2018 бастап қолданысқа енгізілді (халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 01.01.2020 дейін қолданыста болатын ҚР 05.07.2014 Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 28.12.2017 датадағы архивтік нұсқасын қараңыз).
4. Айыппұл Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік бюджет кірісіне өндіріп алынады.
Ескерту. 44-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 271-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 16.11.2015 № 406-V (01.07.2017 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.12.2016 № 34-VI (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.07.2017 № 90-VI Заңымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптың 1-т. 1) тармақшасынан қараңыз); 02.01.2021 № 403-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 05.07.2024 № 114-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.45-бап. Әкімшілік құқық бұзушылық жасау құралы не нысанасы болған затты, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған мүлікті тәркілеу
1. Әкімшілік құқық бұзушылық жасау құралы не нысанасы болған затты, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған мүлікті тәркілеу оларды заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекет меншігіне мәжбүрлеп өтеусіз айналдырудан тұрады.
Меншік иесіне қайтарып беруге жататын не айналымнан алынған затты әкімшілік құқық бұзушылық жасаған тұлғаның заңсыз иелігінен алып қою тәркілеу болып табылмайды. Айналымнан алынған зат мемлекет меншігіне айналдыруға немесе жойылуға жатады.
2. Егер осы Кодекстің Ерекше бөлігінде өзгеше көзделмесе, құқық бұзушының меншігі болып табылатын зат қана тәркілеуге жатады.
3. Аңшылық қаруды, оның оқ-дәрілерін және басқа да рұқсат етілген аң аулау және балық аулау құралдарын тәркілеуді аң аулау (балық аулау) өмір сүруінің негізгі заңды көзі болып табылатын адамдарға қолдануға болмайды.
4. Тәркілеуді судья қолданады және бұл осы бөлімнің Ерекше бөлігінің тиісті бабында әкімшілік жаза ретінде көзделген жағдайларда қолданылуы мүмкін.
1. Нақты адамға берілген арнайы құқықтан айыруды судья қолданады.
2. Арнайы құқықтан айыру мерзімі бір айдан кем болмауға және екі жылдан аспауға тиіс.
3. Көлік құралдарын басқару құқығынан айыру мерзімі алты айдан кем болмауға және он жылдан аспауға тиіс.
4. Көлік құралдарын басқару құқығынан айыруды, көлік құралын масаң күйде басқару не масаң күйді куәландырудан белгіленген тәртіппен өтуден жалтару, сондай-ақ аталған адамдардың белгіленген қағидаларды бұзып, өздері қатысушысы болып табылған жол-көлік оқиғасы болған жерден кетіп қалу жағдайларын қоспағанда, бұл құралдарды мүгедектігіне байланысты пайдаланатын адамдарға қолдануға болмайды.
5. Аң аулау, балық аулау құқығынан, аң аулау қаруын, оның оқ-дәрілерін және балық аулау құралдарын сақтау мен алып жүру құқығынан айыруды, осы құқықты пайдалану тәртібін үнемі бұзуды қоспағанда, аң аулау (балық аулау) өмір сүруінің негізгі заңды көзі болып табылатын адамдарға қолдануға болмайды.
Ескерту. 46-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2017 № 83-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).47-бап. Рұқсаттан айыру не оның қолданылуын тоқтата тұру, сондай-ақ тізілімнен алып тастау
1. Рұқсаттан айыру не оның қолданысын тоқтата тұру рұқсатта көзделген қызметті жүзеге асыру не белгілі бір әрекеттерді (операцияларды) жасау кезінде жасалған әкімшілік құқық бұзушылық үшін қолданылады.
1-1. Рұқсаттан айыруды не оның қолданысын тоқтата тұруды осы баптың үшінші, төртінші, алтыншы және 6-1-бөліктерінің ережелерін ескере отырып, судья, уәкілетті орган (лауазымды адам) қолданады.
2. Рұқсаттың қолданысын тоқтата тұру мерзімі бір айдан кем болмауға және алты айдан аспауға тиіс.
3. Кредиттік бюроның рұқсатынан айыруды қоспағанда, қаржы саласындағы қызметті және қаржы ресурстарын шоғырландырумен байланысты қызметті жүзеге асыруға рұқсатты тоқтата тұруды не одан айыруды Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер бойынша және тәртіппен құзыреттері шегінде қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады.
4. Тізілімнен алып тастауды Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген негіздер бойынша және тәртіппен кеден ісі саласындағы уәкілетті орган және Қазақстан Республикасының жол жүрісі туралы заңнамасында белгіленген негіздер бойынша және тәртіппен көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.
5. Алып тасталды – ҚР 03.07.2020 № 359-VI Заңымен (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі).6. Коллекторлық агенттіктердің тізілімінен шығаруды қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган "Коллекторлық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген негіздер бойынша және тәртіппен жүзеге асырады.
6-1. Төлем ұйымдарының тізілімінен алып тастауды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген негіздер бойынша және тәртіппен жүзеге асырады.
7. Егер жүзеге асырылуы кезінде әкімшілік құқық бұзушылық жасалған қызмет лицензияланатын қызмет түрінің кіші түрі болып табылса, рұқсаттан айыру не рұқсатты тоқтата тұру түріндегі әкімшілік жаза лицензияланатын қызмет түрінің нақты кіші түріне ғана қолданылады.
Ескертпе. Осы Кодекстің мақсаттары үшін рұқсаттан айыру, оның қолданысын тоқтата тұру деп лицензияланатын қызмет түрін немесе оның кіші түрін жүзеге асыруға арналған лицензиядан, арнайы рұқсаттан, біліктілік аттестатынан (куәлігінен) не қызметтің белгілі бір түріне немесе кіші түріне не белгілі бір әрекетті жасауға, сондай-ақ "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген өзге де рұқсат беру құжатынан айыру не оның қолданысын тоқтата тұру түсініледі.
Ескерту. 47-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.03.2016 № 479-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 06.05.2017 № 63-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2019 № 262-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 30.12.2019 № 300-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2020 № 359-VI (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.48-бап. Қызметті немесе оның жекелеген түрлерін тоқтата тұру немесе оған тыйым салу
1. Қызметті немесе оның жекелеген түрлерін тоқтата тұру немесе оған тыйым салу жеке және (немесе) заңды тұлғалардың, оның ішінде заңды тұлғалардың филиалдарының, өкілдіктерінің, құрылымдық бөлімшелерінің, өндірістік учаскелердің қызметін уақытша тоқтатуды немесе қызметіне немесе оның жекелеген түрлеріне тыйым салуды, сондай-ақ агрегаттарды, ғимараттар мен құрылыстарды пайдалануға, қызметтің (жұмыстардың), қызметтер көрсетудің жекелеген түрлерін жүзеге асыруды уақытша тоқтатуды немесе тыйым салуды қамтиды.
2. Қызметті немесе оның жекелеген түрлерін тоқтата тұру немесе оған тыйым салу, егер әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін қызметті тоқтата тұру не оған тыйым салу түрінде санкция тағайындау мүмкін болса, сот тәртібімен жүргізіледі немесе оны әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға уәкілеттік берілген орган (лауазымды адам) жүргізеді. Мұндай істерді қарау он тәулік ішінде жүзеге асырылады.
3. Қызметті немесе оның жекелеген түрлерін тоқтата тұру үш айға дейінгі мерзімге белгіленеді.
4. Іс қаралғанға дейін жеке немесе заңды тұлғаға осы Кодекстің 801-бабында көзделген тәртіппен қызметті немесе оның жекелеген түрлерін тоқтата тұру немесе оған тыйым салу түрінде қамтамасыз ету шарасы қолданылуы мүмкін. Бұл жағдайда қызметті немесе оның жекелеген түрлерін тоқтата тұру немесе оған тыйым салу мерзімі, егер әкімшілік жазалаудың бұл шарасы істі қарау кезінде қолданылатын болса, қызметті немесе оның жекелеген түрлерін тоқтата тұру не оған тыйым салу мерзіміне қосылады.
Ескерту. 48-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 30.12.2019 № 300-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.49-бап. Заңсыз тұрғызылып жатқан немесе тұрғызылған құрылысты мәжбүрлеп бұзу
Заңсыз тұрғызылып жатқан немесе тұрғызылған құрылысты мәжбүрлеп бұзуды судья осы бөлімнің Ерекше бөлігінің баптарында көзделген жағдайларда тағайындайды.
1. Сот қоғамдық жұмыстарды жеке тұлғаларға қатысты қолданады.
2. Сот әкімшілік құқық бұзушылық жасаған жеке тұлғаның келісімі болған кезде қоғамдық жұмыстарды қолданады.
3. Қоғамдық жұмыстар әкімшілік жауаптылыққа тартылған адамның өзінің тұрғылықты жерінде орналасқан қоғамдық орындарда жергілікті атқарушы органдар ұйымдастыратын, белгілі бір біліктілікті талап етпейтін, қоғамға пайдалы ақысыз жұмыстарды орындауынан тұрады.
4. Қоғамдық жұмыстар сағатпен есептеледі және он сағаттан бір жүз сағатқа дейінгі мерзімге белгіленеді.
Қоғамдық жұмыстарды орындау күніне бір сағаттан кем болмауға және төрт сағаттан аспауға тиіс.
Қоғамдық жұмыстар жұмыстан және оқудан бос уақытта орындалады.
5. Тұрақты жұмыс орны жоқ және оқу орындарында оқымайтын адамдар қоғамдық жұмыстарды күніне кемінде бір сағат және сегіз сағаттан асырмай, бірақ аптасына қырық сағаттан асырмай орындайды.
6. Қоғамдық жұмыстарды орындаудың жалпы ұзақтығы төрт айдан аспауға тиіс.
7. Қоғамдық жұмыстар:
1) жүкті әйелдерге;
2) үш жасқа дейінгі жас балалары бар әйелдерге;
3) үш жасқа дейінгі жас балаларын жалғыз өзі тәрбиелеп отырған ерлерге;
4) он сегіз жасқа толмаған адамдарға;
5) бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға;
6) елу сегіз жастағы және ол жастан асқан әйелдерге;
7) алпыс үш жастағы және ол жастан асқан ерлерге;
8) Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұрмайтын шетел азаматтарына және азаматтығы жоқ адамдарға қатысты қолданылмайды.
8. Қоғамдық жұмыстарды орындау кезеңінде осы баптың жетінші бөлігінде көзделген мән-жайлар туындаған жағдайда, сот жергілікті атқарушы органдардың өтінішхаты бойынша мұндай адамды қоғамдық жұмыстарды орындаудан босатады.
Ескерту. 49-1-баппен толықтырылды – ҚР 10.01.2025 № 155-VIII (01.09.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.49-2-бап. Қоғамдық жұмыстардан жалтару
1. Мынадай:
1) қоғамдық жұмыстарды тағайындау туралы сот қаулысын орындау үшін жергілікті атқарушы органның шақыруы бойынша дәлелсіз себептермен келмеген;
2) қоғамдық жұмыстарды орындауға кірісуден бас тартқан;
3) ұйымға қоғамдық жұмыстарды орындау мерзімі ішінде екі реттен артық дәлелсіз себептермен келмеген;
4) қоғамдық жұмыстарды орындауға келіп, қоғамдық жұмыстарды орындау кезеңінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен медициналық куәландырумен расталған алкогольдік, есірткілік немесе уытқұмарлық масаң күйде болған және (немесе) жүрген;
5) Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерлерге дәлелсіз себептермен кеткен адам қоғамдық жұмыстарды орындаудан жалтарған адам деп танылады.
Ескертпе. Құқық бұзушының сырқаттанып қалуы және оны қоғамдық жұмыстарды орындау үшін уақтылы келу мүмкіндігінен айыратын, құжатпен расталған басқа да мән-жайлар оның қоғамдық жұмыстарды орындау үшін белгіленген мерзімде келмеуінің дәлелді себептері деп танылады.
Ескерту. 49-2-баппен толықтырылды – ҚР 10.01.2025 № 155-VIII (01.09.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.1. Әкімшілік қамаққа алу - отыз тәулікке дейінгі, ал төтенше жағдай немесе соғыс жағдайы режимінің талаптарын бұзғаны үшін қырық бес тәулікке дейінгі мерзімге белгіленеді. Әкімшілік қамаққа алуды судья айрықша жағдайларда осы бөлімнің Ерекше бөлігінде көзделген шектерде тағайындайды.
2. Жүкті әйелдерге және он төрт жасқа дейінгі балалары бар әйелдерге, он сегіз жасқа толмаған адамдарға, бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдарға, сондай-ақ елу сегіз жастан асқан әйелдерге, алпыс үш жастан асқан еркектерге және он төрт жасқа толмаған балаларын жалғыз өзі тәрбиелеп отырған еркектерге әкімшілік қамаққа алуды қолдануға болмайды.
ҚР Конституциялық Сотының 18.05.2026 № 80-НҚ нормативтік қаулысымен осы Кодекстің 50-бабының екінші бөлігі ҚР Конституциясына сәйкес келеді деп танылды.3. Әкімшілік ұстап алу мерзімі әкімшілік қамаққа алу мерзіміне қосылады.
Ескерту. 50-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 272-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.07.2022 № 137-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.51-бап. Шетел азаматтарын немесе азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарып жіберу
1. Шетел азаматтарын немесе азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарып жіберуді судья осы Кодекстің Ерекше бөлігінде көзделген тәртіппен және негіздер бойынша әкімшілік жазалау шарасы ретінде қолданады.
Осы бөліктің ережелері шетел азаматтарын немесе азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу заңнамасында көзделген тәртіппен жүзеге асырылатын шығарып жіберу жағдайында қолданылмайды.
2. Егер әкімшілік іс жүргізу барысында өзіне қатысты Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарып жіберу түрінде әкімшілік жазалау шарасы қолданылуы мүмкін адам, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне сәйкес ауыр немесе аса ауыр қылмыс болып танылатын іс-әрекеттің өзіне қатысты жасалғаны туралы хабарланған жағдайда, онда осы адамға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарау Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 179-бабында белгіленген тәртіппен хабарлама немесе арыз бойынша шешім қабылданғанға дейін кейінге қалдырылады.
52-бап. Әкімшілік-құқықтық ықпал ету шаралары
1. Әкімшілік құқық бұзушылық жасаған тұлға осы тұлғаның жаңа құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу мақсатында осы Кодекске сәйкес мынадай әкімшілік-құқықтық ықпал ету шаралары қолданылады:
1) жол жүрісі қағидаларын білуін тексеру;
2) құқық бұзушының жүріс-тұрысына ерекше талаптар белгілеу;
3) азаматтық және қызметтік қаруды қауіпсіз ұстау қағидаларын білуін тексеру.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген әкімшілік-құқықтық ықпал ету шаралары әкімшілік жаза қолданумен қатар, әкімшілік құқық бұзушылық жасаған тұлғаны осы Кодекстің 64, 64-1-баптарында көзделген негіздер бойынша әкімшілік жауаптылықтан босатқан кезде оның орнына да қолданылады.
Ескерту. 52-бап жаңа редакцияда - ҚР 30.12.2019 № 300-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.53-бап. Жол жүрісі қағидаларын білуін тексеру
1. Осы Кодекстің 594 (төртінші бөлігінде), 596 (төртінші бөлігінде), 598 (екінші бөлігінде), 599 (екінші бөлігінде), 600 (екінші бөлігінде)-баптарында көзделген құқық бұзушылықтарды жасаған көлік құралдарының жүргізушілері жол жүрісі қағидаларын білуін тексеру үшін емтихан тапсыруға жіберіледі.
2. Жол жүрісі қағидаларын білуін тексеруге жіберу туралы қаулыны осы Кодекстің көрсетілген баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға уәкілеттік берілген органдар (лауазымды адамдар) шығарады.
Ескерту. 53-бап жаңа редакцияда - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 30.12.2019 № 300-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.53-1-бап. Азаматтық және қызметтік қаруды қауіпсіз ұстау қағидаларын білуін тексеру
Ескерту. 53-1-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді – ҚР 18.03.2019 № 237-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Осы Кодекстің 484-бабының бірінші бөлігінде, 485-бабының бірінші бөлігінде және 486-бабының бірінші бөлігінде көзделген құқық бұзушылықтарды жасаған азаматтық және қызметтік қарудың иелері мен пайдаланушылары азаматтық және қызметтік қаруды қауіпсіз ұстау қағидаларын білуін тексеру үшін емтихан тапсыруға жіберіледі.
Азаматтық және қызметтік қаруды қауіпсіз ұстау қағидаларын білуін тексеруге жіберу туралы қаулыны осы Кодекстің көрсетілген баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға уәкілеттік берілген органдар (лауазымды адамдар) шығарады.
Ескерту. 6-тарау 53-1-баппен толықтырылды - ҚР 22.12.2016 № 28-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 18.03.2019 № 237-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.07.2022 № 137-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.54-бап. Құқық бұзушының мінез-кұлқына ерекше талаптар белгілеу
1. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарау кезінде сот өз бастамасы бойынша не полиция органдарының немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуге басқа қатысушылардың өтінішхаты бойынша осы Кодекстің 73, 127, 128, 131, 434, 435, 440 (үшінші бөлігінде), 442 (үшінші бөлігінде), 448, 461, 482, 485 (екінші бөлігінде)-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адамның жүріс-тұрысына үш айдан бір жылға дейінгі мерзімге:
1) жәбірленушінің отбасының кәмелетке толмаған және (немесе) әрекетке қабілетсіз мүшелерін қоса алғанда, жәбірленушінің еркіне қарамастан, оны іздестіруге, оның ізіне түсуге, оған баруға, онымен ауызша, телефон арқылы сөйлесуге және өзге де тәсілдермен байланыс жасауға;
2) атыс қаруын және қарудың басқа да түрлерін сатып алуға, сақтауға, алып жүруге және пайдалануға;
3) кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның рұқсатынсыз кәмелетке толмағандарға белгілі бір жерлерге баруына, басқа да жерлерге шығуына;
4) алкогольдік ішімдік ішуге, есірткі, психотроптық заттарды қолдануға толық көлемде немесе жеке-жеке тыйым салуды көздейтін ерекше талаптар белгілеуі мүмкін.
2. Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясында әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адамның мінез-құлқына ерекше талаптар белгіленген кезде жәбірленуші мен оның отбасы мүшелерін күзету және қорғау үшін сот айрықша жағдайларда, тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адамға тұрғын үйде жәбірленушімен бірге тұруға тыйым салу түрінде әкімшілік-құқықтық ықпал ету шарасын отыз тәулікке дейінгі мерзімге қолдануға құқылы.
2-1. Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясында әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адамның жүріс-тұрысына ерекше талаптар белгіленген кезде сот психологиялық көмек көрсету бойынша шаралар белгілеуге құқылы.
3. Құқық бұзушының мінез-құлқына ерекше талаптардың қолданылу мерзімі ішінде оған профилактикалық әңгімелесу үшін айына бір реттен төрт ретке дейін ішкі істер органдарына келіп тұру міндеті жүктелуі мүмкін.
Ескерту. 54-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 31.10.2015 № 378-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 09.04.2016 № 501-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2017 № 84-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 292-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 30.12.2019 № 300-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.07.2022 № 137-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.04.2024 № 73-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.7-тарау. ӘКIМШIЛIК ЖАЗА ҚОЛДАНУ
55-бап. Әкімшілік құқық бұзушылық үшін жаза қолданудың жалпы қағидалары
1. Әкімшілік құқық бұзушылық үшін әкімшілік жаза осы әкімшілік құқық бұзушылық үшін осы бөлімнің Ерекше бөлігінің бабында көзделген шекте осы Кодекстің ережелеріне дәл сәйкестікте қолданылады.
2. Әкімшілік жаза әділ, құқық бұзушылықтың сипатына, оның жасалу мән-жайларына, құқық бұзушының жеке басына сай келетін болуға тиіс.
3. Жеке тұлғаға әкімшілік жаза қолдану кезінде жасалған әкімшілік құқық бұзушылықтың сипаты, кінәлінің жеке басы, оның ішінде оның құқық бұзушылық жасағанға дейінгі және одан кейінгі мінез-құлқы, мүліктік жағдайы, жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын
мән-жайлар ескеріледі.
4. Заңды тұлғаға әкімшілік жаза қолдану кезінде әкімшілік құқық бұзушылықтың сипаты, мүліктік жағдайы, жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар ескеріледі.
5. Әкімшілік жаза қолдану адамды, орындамағаны үшін көрсетілген жаза қолданылған міндеттерді орындаудан, жол берілген бұзушылықтарды жоюдан және залалды өтеуден босатпайды.
6. Бір әкімшілік құқық бұзушылық үшін бір негізгі не негізгі және қосымша әкімшілік жазалар қолданылуы мүмкін.
56-бап. Әкімшілік құқық бұзушылық үшін жауаптылықты жеңілдететін мән-жайлар
1. Мыналар:
1) кінәлі адамның өкінуі;
2) әкімшілік құқық бұзушылық жасаған тұлғаның құқық бұзушылықтың зиянды салдарын болғызбауы, залалды өз еркімен өтеуі немесе келтірілген зиянды жоюы;
3) әкімшілік құқық бұзушылықты қатты жан толқынысының әсерімен не жеке басының немесе отбасының ауыр мән-жайлары салдарынан жасау;
4) әкімшілік құқық бұзушылықты кәмелетке толмаған адамның жасауы;
5) әкімшілік құқық бұзушылықты жүкті әйелдің немесе он төрт жасқа дейінгі баласы бар әйелдің жасауы;
6) әкімшілік құқық бұзушылықты күшпен немесе психикалық мәжбүрлеу нәтижесінде жасау;
7) әкімшілік құқық бұзушылықты қажетті қорғаныстың заңдылық шарттарын бұзу, құқыққа қарсы қолсұғушылық жасаған адамды ұстап алу, бұйрықты немесе өкімді орындау кезінде жасау;
8) әкімшілік құқық бұзушылықты алғаш рет абайсызда жасау әкімшілік құқық бұзушылық үшін жауаптылықты жеңілдететін мән-жайлар деп танылады.
2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарайтын сот (судья), орган (лауазымды адам) осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілмеген мән-жайларды да жеңілдететін мән-жайлар деп тануы мүмкін.
57-бап. Әкімшілік құқық бұзушылық үшін жауаптылықты ауырлататын мән-жайлар
Мыналар:
1) прокурордың заңды түсіндіргеніне және (немесе) осыған уәкілетті тұлғалардың оны тоқтату талабына қарамастан құқыққа қарсы мінез-құлықты жалғастыру;
2) осы Кодекстің 61-бабында көзделген мерзім ішінде әкімшілік жазаға тартылған адамның біртекті әкімшілік құқық бұзушылықты қайталап жасауы;
3) кәмелетке толмаған адамды әкімшілік құқық бұзушылыққа тарту;
4) кінәлі адамға психикасының ауыр түрде бұзылуынан зардап шегетіні көрінеу белгілі адамдарды не әкімшілік жауаптылық туындайтын жасқа толмаған адамдарды әкімшілік құқық бұзушылық жасауға тарту;
5) ұлттық, нәсілдік және діни өшпенділік немесе араздық уәжі бойынша, басқа адамдардың заңды әрекеттері үшін кек алу, сондай-ақ басқа құқық бұзушылықты жасыру немесе оны жасауды жеңілдету мақсатында әкімшілік құқық бұзушылық жасауы;
6) адамға немесе оның жақындарына қатысты осы адамның өзінің қызметтік, кәсіптік немесе қоғамдық борышын орындауына байланысты әкімшілік құқық бұзушылық жасауы;
7) кінәлі адамға жүктілік жағдайда екені көрінеу белгілі әйелге қатысты, сондай-ақ жас балаға, басқа да қорғансыз немесе дәрменсіз адамға не кінәлі тұлғаға тәуелді адамға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық жасау;
8) адамдар тобының әкімшілік құқық бұзушылық жасауы;
9) дүлей зілзала, төтенше жағдай немесе соғыс жағдайы кездерінде не басқа да төтенше мән-жайлар кезінде әкімшілік құқық бұзушылық жасау;
10) алкогольдік, есірткілік немесе уытқұмарлық масаң күйде әкімшілік құқық бұзушылық жасау әкімшілік құқық бұзушылық үшін жауаптылықты ауырлататын мән-жайлар деп танылады. Әкімшілік жаза қолданатын сот (судья), орган (лауазымды адам) әкімшілік құқық бұзушылықтың сипатына қарай осы мән-жайды ауырлататын мән-жай деп танымауы мүмкін.
Ескерту. 57-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 02.01.2021 № 403-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.58-бап. Бірнеше әкімшілік құқық бұзушылық жасалған кезде әкімшілік жазалар қолдану
1. Бір адам екі немесе одан да көп әкімшілік құқық бұзушылық жасаған кезде әрбір құқық бұзушылық үшін жеке-жеке әкімшілік жаза қолданылады.
2. Егер тұлға бірнеше әкімшілік құқық бұзушылық жасап, оларды сол бір судья, уәкілетті орган (лауазымды адам) қараса, онда бұл тұлғаға сол бір түрдегі жазалар қолданылған жағдайда, жазаның түпкілікті мөлшерін жазаның осы түрі үшін осы Кодексте белгіленген үш еселенген ең жоғары шектен асыруға болмайды, әкімшілік қамаққа алу үшін – осы Кодекстің 50-бабының бірінші бөлігінде белгіленген мерзімнен, ал арнайы құқықтан айыру үшін осы Кодекстің 46-бабының екінші және үшінші бөліктерінде белгіленген мерзімдерден асыруға болмайды.
3. Егер әкімшілік айыппұлдар пайызбен көрсетілсе, олар бірнеше әкімшілік құқық бұзушылық жасалғаны үшін салынған кезде, айыппұл әрбір құқық бұзушылық үшін жеке өндіріп алынады.
Ескерту. 58-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 272-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2019 № 300-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.59-бап. Әкімшілік құқық бұзушылықтан келтірілген зиянды өтеу
1. Судья мүліктік зиян келтірілген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарай келіп, әкімшілік жаза қолдану туралы мәселені шешкен кезде, егер мұндай зиянның мөлшері туралы дау болмаса, оны бір мезгілде өндіріп алады.
Әкімшілік құқық бұзушылықтан келтірілген мүліктік зиянның мөлшері туралы даулар азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қаралады.
2. Өзге де уәкілетті органдар (лауазымды адамдар) қарайтын әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша мүліктік зиянды өтеу, кінәлі тұлға оны өз еркімен өтеуден бас тартқан жағдайда, азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен жүргізіледі.
3. Iскерлік беделді қорғау немесе әкімшілік құқық бұзушылықтан келтірілген моральдық зиянды өтеу туралы талаптар Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде көзделген негіздер бойынша азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қаралады.
60-бап. Әкімшілік жаза мерзімдерін есептеу
Әкімшілік қамаққа алу мерзімі тәуліктермен, ал жеке немесе заңды тұлғаға берілген арнайы құқықтан айыру, сондай-ақ рұқсаттан айыру не оның қолданылуын тоқтата тұру мерзімі жылдармен, айлармен немесе күнтізбелік күндермен есептеледі.
61-бап. Тұлға әкімшілік жазаға тартылды деп есептелетін мерзім
Әкімшілік құқық бұзушылығы үшін әкімшілік жаза қолданылған тұлға әкімшілік жазаны орындау аяқталған күннен бастап бір жыл ішінде, ал ірі кәсіпкерлік субъектілері жасаған, қоршаған ортаны қорғау саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша – үш жыл ішінде осы жазаға тартылды деп есептеледі.
Тұлға әкімшілік жаза қолдануды жоятын рақымшылық жасау актісі негізінде әкімшілік жазадан босатылған жағдайда тұлға әкімшілік жазаға тартылды деп есептелетін мерзім рақымшылық жасау актісі қолданылған күннен бастап есептеледі.
Ескерту. 61-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 403-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 01.07.2026 № 331-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.8-тарау. ӘКIМШIЛIК ЖАУАПТЫЛЫҚТАН ЖӘНЕ ӘКIМШIЛIК ЖАЗАДАН БОСАТУ
62-бап. Ескіру мерзімінің өтуіне байланысты әкімшілік жауаптылықтан босату
1. Осы Кодексте көзделген жағдайлардан басқа кезде, тұлға әкімшілік құқық бұзушылық жасалған күннен бастап екі ай өткеннен кейін әкімшілік жауаптылыққа тартылуға жатпайды.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!2-бөлікке өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 12.06.2026 № 312-VIIІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
2. Жеке тұлға лауазымды адамдардың кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласқаны, қоғамдық жұмыстардан жалтарғаны, әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілеріне тексерулер жүргізу, қоршаған ортаны қорғау, бәсекелестікті қорғау саласындағы құқық бұзушылықтар жасағаны, Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру, мемлекеттік құпиялар, табиғи монополиялар, жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі, дербес деректер және оларды қорғау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының цифрлық заңнамасын (электрондық құжатқа және электрондық цифрлық қолтаңбаға қойылатын талаптарды сақтау бөлігінде) бұзғаны үшін әкімшілік құқық бұзушылық жасалған күннен бастап бір жыл өткеннен кейін әкімшілік жауаптылыққа тартылуға жатпайды, бірақ әкімшілік құқық бұзушылық анықталған күннен бастап екі ай өткеннен кейін әкімшілік жауаптылыққа тартылмайды.
Заңды тұлға (оның ішінде дара кәсіпкер) Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының цифрлық заңнамасын (электрондық құжатқа және электрондық цифрлық қолтаңбаға қойылатын талаптарды сақтау бөлігінде) бұзғаны үшін әкімшілік құқық бұзушылық жасалған күннен бастап бір жыл өткеннен кейін әкімшілік жауаптылыққа тартылуға жатпайды, бірақ әкімшілік құқық бұзушылық анықталған күннен бастап екі ай өткеннен кейін әкімшілік жауаптылыққа тартылмайды.
Заңды тұлға (оның ішінде дара кәсіпкер) Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру, жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы, қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін, сондай-ақ техникалық реттеу объектілерінің сәйкестігін бағалау рәсімдерін бұзғаны үшін әкімшілік құқық бұзушылық жасалған күннен бастап үш жыл өткеннен кейін әкімшілік жауаптылыққа тартылуға жатпайды, бірақ әкімшілік құқық бұзушылық анықталған күннен бастап екі ай өткеннен кейін әкімшілік жауаптылыққа тартылмайды.
Заңды тұлға (оның ішінде дара кәсіпкер) әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны, Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар, бәсекелестікті қорғау туралы заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік құқық бұзушылық жасалған күннен бастап бес жыл өткеннен кейін әкімшілік жауаптылыққа тартылуға жатпайды, бірақ әкімшілік құқық бұзушылық анықталған күннен бастап екі ай өткеннен кейін әкімшілік жауаптылыққа тартылмайды.
2-1. Жеке тұлға салық салу, зейнетақымен қамсыздандыру, міндетті әлеуметтік сақтандыру, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру саласында, кеден ісі саласында құқық бұзушылық жасағаны үшін ол жасалған күннен бастап бір жыл өткеннен кейін әкімшілік жауаптылыққа тартылуға жатпайды.
Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, заңды тұлға (оның ішінде дара кәсіпкер) салық салу саласындағы, кеден ісі саласындағы құқық бұзушылықтар үшін құқық бұзушылық жасалған күннен бастап үш жыл өткеннен кейін әкімшілік жауаптылыққа тартылуға жатпайды.
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексімен (Салық кодексі), "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Кодексімен ескіру мерзімі бес жыл болып белгіленген заңды тұлға (оның ішінде дара кәсіпкер) тиісінше салық салу саласындағы, кеден ісі саласындағы құқық бұзушылықтар үшін құқық бұзушылық жасалған күннен бастап бес жыл өткеннен кейін әкімшілік жауаптылыққа тартылуға жатпайды.
Заңды тұлға (оның ішінде дара кәсіпкер) зейнетақымен қамсыздандыру, міндетті әлеуметтік сақтандыру, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру саласындағы құқық бұзушылықтар үшін құқық бұзушылық жасалған күннен бастап бес жыл өткеннен кейін әкімшілік жауаптылыққа тартылуға жатпайды.
3. Созылып кеткен әкімшілік құқық бұзушылық кезінде, сондай-ақ бюджеттік қатынастар саласында қоғамның және мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне қол сұғылатын әкімшілік құқық бұзушылық жасаған кезде тұлға әкімшілік құқық бұзушылық анықталған күннен бастап екі ай өткеннен кейін әкімшілік жауаптылыққа тартылуға жатпайды.
Қаржы саласында, төлем қабілеттілігін қалпына келтіру, оңалту және банкроттық кезінде әкімшілік құқық бұзушылық жасаған кезде тұлға әкімшілік құқық бұзушылық жасалған күннен бастап үш жылдан кешіктірілмей әкімшілік жауаптылыққа тартылуға жатады, бірақ әкімшілік құқық бұзушылық анықталған күннен бастап екі ай өткеннен кейін әкімшілік жауаптылыққа тартылмайды.
Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) алып келген, ақшамен және (немесе) өзге де мүлікпен операциялар жасағаны үшін заңды тұлға әкімшілік құқық бұзушылық жасалған күннен бастап үш жылдан кешіктірілмей әкімшілік жауаптылыққа тартылуға жатады.
4. Осы баптың бірінші және үшінші бөліктерінің ережелері әкімшілік құқық бұзушылық қылмыстық құқық бұзушылықтың жасалуына ықпал еткен және бұл туралы қылмыстық істі тергеп-тексеру немесе сот қарауы барысында белгілі болған жағдайларға қолданылмайды. Сот Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 405-бабының бірінші бөлігінде көзделген тәртіппен мұндай құқық бұзушылыққа кінәлі тұлғаға, егер әкімшілік құқық бұзушылық жасалған кезден бастап бір жылдан аспайтын уақыт өткен болса, әкімшілік жаза қолдануға құқылы.
5. Әкімшілік құқық бұзушылық үшін әкімшілік жаза қолдану мерзімінің өтуі сараптама тағайындалған кезден бастап, прокурорлық қадағалау және ден қою актілерін қарау кезеңіне, өзіне қатысты іс бойынша іс жүргізіліп жатқан адамды күштеп әкелу туралы ұйғарым шығарылған, сондай-ақ іс сотқа немесе мемлекеттік органның әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілеттік берілген лауазымды адамына жіберілген кезден бастап, сондай-ақ одан әрі іс жүргізілуіне кедергі келтіретін еңсерілмейтін күштің әсер етуі жағдайларында тоқтатыла тұрады.
Бұл мерзімдерді есептеу сараптама нәтижелері алынған кезден бастап, прокурорлық қадағалау және ден қою актісі бойынша шешім қабылданған күннен бастап, сондай-ақ әкімшілік жауаптылыққа тартылатын адам күштеп әкелу туралы ұйғарымды орындайтын органға (лауазымды адамға) іс жүзінде жеткізілген, сондай-ақ еңсерілмейтін күштің әсері тоқтаған кезден бастап қайта басталады.
5-1. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық үшін әкімшілік жазаны қолдану мерзімінің өтуі бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудың, жоспарлы тексерудің, ерекше бақылау және қадағалау объектісіне бару арқылы мониторингтеудің нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама табыс етілген кезден бастап тоқтатыла тұрады.
Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық үшін әкімшілік жазаны қолдану мерзімін есептеу Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 144-бабы 5-тармағының 2) тармақшасы немесе "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 51-3-бабы 2-тармағының 1) тармақшасы негізінде жүргізілген жоспардан тыс тексеру нәтижелері туралы акт табыс етілген кезден бастап қайта басталады.
6. Құқық бұзушының әрекеттерінде әкімшілік құқық бұзушылық белгілері болған кезде қылмыстық іс тоқтатылған жағдайда, тұлға оны тоқтату туралы шешім келіп түскен күннен бастап үш айдан кешіктірілмей әкімшілік жауаптылыққа тартылуы мүмкін.
7. Егер осы баптың бірінші және үшінші бөліктерінде көрсетілген мерзімдер өткенге дейін тұлға жаңа әкімшілік құқық бұзушылық жасаса, әкімшілік құқық бұзушылық үшін жаза қолдану мерзімінің өтуіне үзіліс жасалады. Мұндай жағдайларда мерзімді есептеу жаңа әкімшілік құқық бұзушылық анықталған кезден басталады.
8. Судьяның немесе уәкілетті органның әкімшілік іс жүргізуді тоқтату туралы қаулысы осы баптың бірінші бөлігінде көзделген мерзімге қарамастан, ол заңды күшіне енген күннен бастап бір жыл ішінде берілген кассациялық сот төрағасының ұсынуы, прокурордың наразылығы бойынша қайта қаралуы мүмкін.
Ескертпелер.
1. Осы бөлімнің Ерекше бөлігінің бабында көзделген белгілі бір іс-әрекеттің бірыңғай құрамының үздіксіз жүзеге асырылуымен сипатталатын және анықталған кезінде аяқталмаған әкімшілік құқық бұзушылық созылып кеткен бұзушылық деп танылады.
2. Іс бойынша одан әрі іс жүргізуге кедергі келтіретін еңсерілмейтін күштің әсері деп осы жағдайлар кезіндегі төтенше және алдын алуға болмайтын мән-жайларды (дүлей құбылыстар, соғыс қимылдары, төтенше жағдай және сол сияқтылар) түсінген жөн.
Ескерту. 62-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 03.12.2015 № 432-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 29.10.2015 № 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.12.2016 № 34-VI (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі); 27.12.2017 № 126-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.10.2018 № 184-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2019 № 300-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 25.05.2020 № 334-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 403-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 20.03.2021 № 21-VII (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.07.2021 № 63-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 01.07.2022 № 132-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2022 № 180-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 06.02.2023 № 195-VII (01.04.2023 бастап қолданысқа енгізіледі); 20.04.2023 № 227-VII (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі); 10.01.2025 № 155-VIII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); 09.01.2026 № 257-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.06.2026 № 318-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.63-бап. Әкімшілік жауаптылықтан және әкімшілік жазадан рақымшылық жасау актісі негізінде босату
1. Әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адам әкімшілік жауаптылықтан немесе қолданылған әкімшілік жазадан рақымшылық жасау актісі негізінде, егер көрсетілген акт әкімшілік жаза қолдануды жоятын болса, босатылуы мүмкін.
Рақымшылық жасау актісі қолданылған кезде құқық бұзушының және жәбірленушінің (ол болған кезде) келісімі талап етілмейді.
2. Рақымшылық жасау туралы актіні Қазақстан Республикасының Құрылтайы жекелей анықталмаған адамдар тобына қатысты шығарады.
Ескерту. 63-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 11.06.2026 № 307-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі); 01.07.2026 № 331-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.64-бап. Әкімшілік жауаптылықтан тараптардың татуласуына байланысты босату
1. Осы Кодекстің 73-3, 79 (бірінші бөлігінде), 127-2, 146, 185, 186, 190 (бесінші және алтыншы бөліктерінде), 220, 229 (екінші бөлігінде)-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер жәбірленушінің арызы бойынша ғана қозғалады және ол әкімшілік құқық бұзушылық жасаған тұлғамен татуласқаннан кейін тоқтатылуға жатады.
1-1. Егер осы Кодекстің 73 және 73-3-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтарды алғаш рет жасаған адамдар жәбірленушілермен, арыз иелерімен, оның ішінде медиация тәртібімен татуласса және келтірген зиянын жуып-шайса, сот оларды әкімшілік жауаптылықтан босатуы мүмкін.
Осы бөліктің ережелері осы Кодекстің 73-бабы бойынша тараптардың татуласуына байланысты бір жыл ішінде әкімшілік жауаптылықтан босатылған адамдарға қолданылмайды.
2. Татуласу жәбірленуші мен әкімшілік құқық бұзушылық жасаған тұлға қол қойған жазбаша келісім негізінде жүзеге асырылады.
Ескерту. 64-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 03.07.2017 № 84-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 292-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 25.06.2020 № 346-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.06.2020 № 349-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 20.04.2023 № 227-VII (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі); 15.04.2024 № 73-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.64-1-бап. Құқық бұзушылықтың маңызы болмашы болған кезде әкімшілік жауаптылықтан босату
Жасалған әкімшілік құқық бұзушылықтың маңызы болмашы болған кезде әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға уәкілеттік берілген судья, орган (лауазымды адам) ауызша ескертумен шектеле отырып, әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адамды әкімшілік жауаптылықтан босатуы мүмкін.
Ескертпе. Адамды осы бапта көрсетілген негіз бойынша әкімшілік құқық бұзушылықтан босату туралы мәселе шешілген кезде – әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың нақты мән-жайлары, оның ішінде құқық бұзушының жеке басы, сондай-ақ қолсұғушылық объектісі, ал келтірілген зиян болған кезде оның мөлшері ескеріледі.
Ескерту. 8-тарау 64-1-баппен толықтырылды - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.9-тарау. КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ӘКIМШIЛIК ЖАУАПТЫЛЫҒЫ
65-бап. Кәмелетке толмағандардың әкімшілік жауаптылығы
1. Әкімшілік құқық бұзушылық жасаған кезде он алты жасқа толған, бірақ он сегізге толмаған адамдар осы тараудың күші қолданылатын кәмелетке толмағандар деп танылады.
2. Әкімшілік құқық бұзушылық жасаған кәмелетке толмаған адамға тәрбиелік ықпал етудің шаралары қолданыла отырып, әкімшілік жаза қолданылуы мүмкін.
66-бап. Кәмелетке толмағандарға әкімшілік жазалар қолданудың ерекшеліктері
1. Кәмелетке толмаған адамға салынатын әкімшілік айыппұлдың мөлшерін осы бөлімнің Ерекше бөлігінің бабында көзделген айыппұл мөлшеріне қарамастан, он айлық есептік көрсеткіштен асыруға болмайды.
Кәмелетке толмаған адамның айыппұл төлеуге жеткілікті мүлкі болмаған жағдайда, айыппұл ата-анасына немесе оларды алмастыратын адамдарға салынады.
2. Арнайы құқықтан айыру кәмелетке толмағандарға бір жылдан аспайтын мерзімге қолданылуы мүмкін.
3. Әкімшілік жазалардың басқа да түрлері (әкімшілік қамаққа алу мен қоғамдық жұмыстарды қоспағанда), сондай-ақ осы Кодекстің 41 және 52-баптарында көрсетілген әкімшілік-құқықтық ықпал ету шаралары кәмелетке толмағандарға жалпы негіздерде қолданылады.
Ескерту. 66-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 10.01.2025 № 155-VIII (01.09.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.67-бап. Кәмелетке толмаған адамға әкімшілік жаза қолдану
1. Осы Кодекстің 56 және 57-баптарында көзделген мән-жайлардан басқа кезде, кәмелетке толмаған адамға әкімшілік жаза қолдану кезінде оның өмір сүру және тәрбиелену жағдайлары, психикалық даму деңгейі, жеке басының өзге де ерекшеліктері, сондай-ақ оған жасы үлкен адамдардың әсер етуі ескеріледі.
2. Кәмелетке толмаған жас басқа да жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар жиынтығында жеңілдететін мән-жай ретінде ескеріледі.
68-бап. Кәмелетке толмағандарды әкімшілік жауаптылықтан және әкімшілік жазадан босату
Әкімшілік құқық бұзушылықты алғаш рет жасаған кәмелетке толмаған адамды сот, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілеттік берілген орган (лауазымды адам) оған заңнамада көзделген тәрбиелік ықпал ету шараларын қолдана отырып, әкімшілік жауаптылықтан немесе тағайындалған әкімшілік жазаны орындаудан босатуы мүмкін.
69-бап. Тәрбиелік ықпал ету шаралары
1. Кәмелетке толмаған адамға мынадай тәрбиелік ықпал ету шаралары тағайындалуы мүмкін:
1) заңды түсіндіру;
2) алып тасталды – ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.3) келтірілген зиянның есесін толтыру міндетін жүктеу;
4) кәмелетке толмаған адамдарды бос уақытын шектеу және мінез-құлқына ерекше талаптар белгілеу.
2. Кәмелетке толмаған адамға бір мезгілде бірнеше тәрбиелік ықпал ету шаралары тағайындалуы мүмкін.
3. Осы баптың бірінші бөлігінің 4) тармақшасында көзделген тәрбиелік ықпал ету шараларын қолдану мерзімі үш айдан алты айға дейінгі ұзақтыққа белгіленеді.
4. Кәмелетке толмаған адам осы баптың бірінші бөлігінің 4) тармақшасында көзделген тәрбиелік ықпал ету шараларын үнемі орындамаған жағдайда, ішкі істер органдары, егер осы Кодекстің 890-бабының бірінші бөлігінде белгіленген ескіру мерзімі өтіп кетпеген болса, бұл шараның күшін жою және кәмелетке толмаған адамды әкімшілік жауапқа тарту мәселесін шешу үшін материалдарды сотқа ұсынады.
Ескерту. 69-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.70-бап. Тәрбиелік ықпал ету шараларының мазмұны
1. Заңды түсіндіру кәмелетке толмаған адамға оның іс-әрекетімен келтірілген зиянды және осы Кодексте көзделген құқық бұзушылықтарды қайталап жасаудың заңдық салдарын түсіндіруден тұрады.
2. Алып тасталды – ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.3. Келтірілген зиянның есесін толтыру міндеті кәмелетке толмаған адамның мүліктік жағдайы және оның тиісті еңбек дағдыларының болуы ескеріле отырып жүктеледі.
4. Кәмелетке толмаған адамның бос уақытын шектеу және мінез-құлқына ерекше талаптар белгілеу белгілі бір орындарға баруға, бос уақытты өткізудің белгілі бір нысандарын, оның ішінде көлік құралын басқарумен байланысты нысандарды пайдалануға, тәуліктің белгілі бір уақытынан кейін үйден тыс жерде болуын шектеу, соттың не әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті органның (лауазымды адам) рұқсатынсыз басқа жерлерге шығуға тыйым салуды көздеуі мүмкін. Кәмелетке толмаған адамға қатысты құқық бұзушының мінез-құлқына осы Кодекстің 54-бабында көзделген ерекше талаптар белгіленуі, сондай-ақ оқуды аяқтау не кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның көмегімен жұмысқа орналасу талабы қойылуы мүмкін.
Ескерту. 70-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.Осы Кодекстің 62-бабында көзделген ескіру мерзімдері кәмелетке толмағандарды әкімшілік жауаптылықтан немесе әкімшілік жазаны орындаудан босату кезінде жартысына қысқартылады.
72-бап. Кәмелетке толмаған адам әкімшілік жазаға тартылды деп есептелетін мерзім
Әкімшілік құқық бұзушылығы үшін әкімшілік жаза қолданылған кәмелетке толмаған адам әкімшілік жаза қолдану туралы қаулыны орындау аяқталған күннен бастап алты ай ішінде осы жазаға тартылды деп есептеледі.
ЕРЕКШЕ БӨЛIК
10-тарау. ЖЕКЕ БАСТЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫНА ҚОЛ СҰҒАТЫН ӘКIМШIЛIК ҚҰҚЫҚ
БҰЗУШЫЛЫҚТАР
73-бап. Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер
1. Құқық бұзушымен отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға сыйламаушылық көрсетіліп, былапыт сөйлеу, қорлап тиісу, кемсіту, үй тұрмысындағы заттарды бүлдіру және олардың тыныштығын бұзатын, тұрғын үйде жасалған басқа да әрекеттер, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, –
ескерту жасауға не жиырма сағат мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға немесе бес тәулікке әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –
қырық сағат мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не он тәулікке әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.
3. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, осы Кодекстің 50-бабының екінші бөлігіне сәйкес әкімшілік қамаққа алу қолданылмайтын адамдар жасаған әрекеттер –
бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескертпе. Осы Кодекстің мақсаты үшін отбасы-тұрмыстық қатынастар деп ерлі-зайыптылар, бұрынғы ерлі-зайыптылар, бірге тұратын немесе бірге тұрған адамдар, жақын туыстар, ортақ баласы (балалары) бар адамдар арасындағы қатынастар түсініледі.
Ескерту. 73-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 27.12.2019 № 292-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 20.04.2023 № 227-VII (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі); 15.04.2024 № 73-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.01.2025 № 155-VIII (01.09.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.73-1-бап. Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру
Ескерту. 73-1-бап алып тасталды – ҚР 15.04.2024 № 73-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Ескерту. 73-2-бап алып тасталды – ҚР 15.04.2024 № 73-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Жала жабу, яғни басқа адамның абыройы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін немесе оның беделін түсіретін көрінеу жалған мәліметтер тарату –
жеке тұлғаға бір жүз алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға немесе он бес тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алуға, лауазымды адамға бес жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не жиырма тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алуға алып келеді.
2. Көпшілік алдында немесе масс-медианы немесе телекоммуникациялар желілерін пайдалана отырып жасалған дәл сол іс-әрекет –
жеке тұлғаға бір жүз сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға немесе жиырма тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алуға, лауазымды адамға алты жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не жиырма бес тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алуға алып келеді.
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, адамды сыбайлас жемқорлық, ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасады деп айыптаумен ұштасқан іс-әрекеттер –
жеке тұлғаға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға немесе жиырма бес тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алуға, лауазымды адамға жеті жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не отыз тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алуға алып келеді.
Ескерту. 10-тарау 73-3-баппен толықтырылды – ҚР 26.06.2020 № 349-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 19.06.2024 № 95-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.74-бап. Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға кедергі келтіру
1. Лауазымды адамдардың Қазақстан Республикасының азаматтығын адамның алуына кедергі келтіретін заңсыз әрекеттері (әрекетсіздігі) –
он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –
отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 74-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.75-бап. Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
1. Лауазымды адамның тіл білмеуін уәж етіп жеке және заңды тұлғалардың құжаттарын, өтініштерін қабылдаудан бас тартуы, сондай-ақ оларды мәні бойынша қарамауы –
ескерту жасауға немесе он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –
жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Деректемелер мен көрнекі ақпаратты орналастыру жөніндегі талаптарды бұзу –
ескерту жасауға әкеп соғады.
4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –
лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – он, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Жеке тұлғалардың тіл таңдау құқықтарын шектеу, тілдік белгілері бойынша кемсіту –
лауазымды адамдарға он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Осы баптың бесінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –
жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 75-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.76-бап. Еркін жүріп-тұру және тұрғылықты жер таңдау құқығын шектеу
1. Жеке тұлғалардың еркін жүріп-тұру және тұрғылықты жер таңдау (шекаралық аймақтарды, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының арсеналдары, базалары мен қоймалары жанындағы тыйым салынған аймақтарды және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының арсеналдары, базалары мен қоймалары жанындағы тыйым салынған аудандарды және Қазақстан Республикасының Үкіметі шек қоюы мүмкін жекелеген жерлерді қоспағанда) құқығын шектейтін лауазымды адамдардың әрекеті (әрекетсіздігі), егер бұл әрекетте (әрекетсіздікте) қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, –
он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет (әрекетсіздік) –
отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 76-бап жаңа редакцияда - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.77-бап. Қоғамдық бірлестіктердің, қайырымдылық ұйымдарының заңды қызметіне кедергі келтіру
Ескерту. 77-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР 16.11.2015 № 403-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Қоғамдық бірлестіктердің, сондай-ақ қайырымдылық ұйымдарының заңды қызметіне лауазымды адамның қызмет бабын пайдалана отырып кедергі келтіруі, сол сияқты осы бірлестіктердің заңды қызметіне лауазымды адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып жасаған, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзуға әкеп соққан араласу –
екі жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 77-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 16.11.2015 № 403-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).78-бап. Жеке тұлғаға ақпарат беруден бас тарту
1. Белгіленген тәртіппен жиналған, жеке тұлғаның құқықтары мен бостандықтарын тікелей қозғайтын құжаттарды, материалдарды беруден құқыққа сыйымсыз бас тарту не жеке тұлғаға толық емес немесе көрінеу жалған ақпарат беру –
лауазымды адамдарға он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Лауазымды адамның осы баптың бірінші бөлігінде көзделген іс-әрекеттерді жасауы, егер бұл іс-әрекеттер жеке тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделеріне зиян келтірсе, –
елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 78-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 16.11.2015 № 404-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.79-бап. Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасын бұзу
1. Дербес деректерді заңсыз жинау және (немесе) өңдеу, егер бұл іс-әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, –
жеке тұлғаларға – отыз, лауазымды адамдарға, жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, адвокаттарға, заң консультанттарына, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – алпыс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Егер осы әрекеттер заңда белгіленген қылмыстық жауаптылыққа әкеп соқпаса, меншік иесі, оператор немесе үшінші тұлға өз қызмет бабын пайдалана отырып жасаған дәл сол іс-әрекеттер –
жеке тұлғаларға – бір жүз, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне алты жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Меншік иесінің, оператордың немесе үшінші тұлғаның дербес деректерді қорғау жөніндегі шараларды сақтамауы, егер бұл іс-әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, –
жеке тұлғаларға – бір жүз елу, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – үш жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – төрт жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне алты жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Егер осы іс-әрекеттер заңда белгіленген қылмыстық жауаптылыққа әкеп соқпаса, осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, дербес деректерді жоғалтуға, заңсыз жинауға және (немесе) өңдеуге әкеп соққан іс-әрекет –
жеке тұлғаларға – екі жүз, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жеті жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір мың, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 79-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 24.11.2015 № 419-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 25.06.2020 № 347-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.80-бап. Медициналық көмек көрсету тәртібін, стандарттарын сақтамау және оны сапасыз көрсету
1. Алып тасталды - ҚР 28.12.2018 № 208-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2. Алып тасталды - ҚР 28.12.2018 № 208-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2-1. Медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарттарын, медициналық көмек көрсету қағидаларын өрескел бұзу, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, -
жеке тұлғаларға - он, лауазымды адамдарға - жиырма бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне және коммерциялық емес ұйымдарға - отыз бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жетпіс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2-2. Осы баптың 2-1-бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер -
денсаулық сақтау саласындағы маман сертификатынан немесе денсаулық сақтау саласындағы менеджер сертификатынан айыра отырып, жеке тұлғаларға - он бес, лауазымды адамдарға - отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, лицензиядан немесе лицензияға қосымшадан айыра отырып, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне және коммерциялық емес ұйымдарға - қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - алпыс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне сексен бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
3. Медицина қызметкерінің медициналық көмек көрсету тәртібін, стандарттарын сақтамау, кәсіптік міндеттеріне ұқыпсыз қарауы немесе адал қарамауы салдарынан оларды орындамауы немесе тиісінше орындамауы, егер бұл денсаулыққа жеңіл зиян келтіруге әкеп соқса, –
жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға – қырық, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне және коммерциялық емес ұйымдарға – елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жетпіс бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер –
жеке тұлғаларға – қырық, лауазымды адамдарға – сексен, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне және коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 80-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.12.2018 № 208-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 07.07.2020 № 361-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.80-1-бап. Медицина және (немесе) фармацевтика қызметкерлерінің заңды қызметіне кедергі келтіру
1. Медицина және (немесе) фармацевтика қызметкерлерінің кәсіптік қызметін жүзеге асыруға кедергі келтіру, сол сияқты олардың кәсіптік қызметіне:
1) қылмыстық жауаптылыққа алып келмейтін заңсыз әрекеттер жасауды талап етуден;
2) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, медицина және (немесе) фармацевтика қызметкерлерін өздерінің кәсіптік міндеттерімен байланысты емес жұмыс түрлеріне тартудан;
3) медицина және (немесе) фармацевтика қызметкерлерінен Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделмеген есептілікті не ақпаратты талап етіп алдырудан;
4) медицина және (немесе) фармацевтика қызметкерлеріне тауарларды (жұмыстарды) және көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделмеген міндеттерді жүктеуден көрінген заңсыз араласу -
жеке тұлғаларға - отыз, лауазымды адамдарға - елу, заңды тұлғаларға бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Медицина және (немесе) фармацевтика қызметкерлеріне өздерінің лауазымдық міндеттерін орындауы кезінде былапыт сөйлеуден, әбес қылықтар (белгілер) мен заттар көрсетуден, оның ішінде масс-медианы немесе телекоммуникация желілерін пайдалану арқылы, лайықсыз мінез-құлықтан, мазақ қылудан көрінген құрметтемеушілік таныту -
жеке тұлғаларға отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға алып келеді.
3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер -
жеке тұлғаларға - елу, лауазымды адамдарға - жетпіс, заңды тұлғаларға бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
4. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер -
он бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға алып келеді.
5. Осы баптың төртінші бөлігінде көзделген, осы Кодекстің 50-бабының екінші бөлігіне сәйкес әкімшілік қамаққа алу қолданылмайтын адамдар жасаған әрекеттер -
жетпіс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескерту. 10-тарау 80-1-баппен толықтырылды – ҚР 07.07.2020 № 361-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 19.06.2024 № 95-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.81-бап. Медицина қызметкерінің еңбекке уақытша жарамсыздық туралы парақты немесе анықтаманы беру қағидаларын бұзуы
1. Медицина қызметкерінің еңбекке уақытша жарамсыздық туралы парақты немесе анықтаманы беру қағидаларын бұзуы –
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – бес, лауазымды адамдарға он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған дәл сол іс-әрекет –
жеке тұлғаларға - денсаулық сақтау саласындағы маман сертификатынан айыра отырып не онсыз, он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, лауазымды адамдарға жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескерту. 81-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.12.2018 № 208-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 07.07.2020 № 361-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.82-бап. Медицина қызметкерінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген, дәрілік заттарды өткізу қағидаларын және рецептер жазып беру жөніндегі талаптарды бұзуы
1. Медицина қызметкерінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген, дәрілік заттарды өткізу қағидаларын және рецептер жазып беру жөніндегі талаптарды бұзуы –
жеке тұлғаларға – бес, лауазымды адамдарға он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған дәл сол іс-әрекеттер –
жеке тұлғаларға - денсаулық сақтау саласындағы маман сертификатынан айыра отырып не онсыз, он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, лауазымды адамдарға жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескерту. 82-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 07.07.2020 № 361-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).82-1-бап. Қазақстан Республикасының ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы заңнамасын бұзу
1. Осы Кодекстің 83, 84, 87, 89 және 91-баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, ең төмен әлеуметтік стандарттарды орындамаудан және (немесе) қамтамасыз етпеуден көрінген, Қазақстан Республикасының ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы заңнамасын бұзу –
лауазымды адамдарға – жиырма, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – алпыс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –
лауазымды адамдарға – қырық, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – алпыс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – сексен, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 10-тарау 82-1-баппен толықтырылды - ҚР 19.05.2015 № 315-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).83-бап. Қазақстан Республикасының мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы заңнамасын бұзу
1. Қазақстан Республикасының мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы заңнамасын:
1) мүгедектігі бар адамдардың әлеуметтік және көліктік инфрақұрылым объектілеріне қол жеткізуін қамтамасыз етпеу;
2) мүгедектігі бар адамдардың мәдени ойын-сауық іс-шараларына қол жеткізуі үшін жағдайларды қамтамасыз етпеу;
3) жұмыс берушінің кінәсінен жұмыста мертігуге ұшыраған және (немесе) кәсіптік ауруға шалдыққан мүгедектігі бар адамдарды кәсіптік оңалту саласындағы міндеттерді жұмыс берушінің сақтамауы түрінде жасалған бұзушылық –
лауазымды адамдарға – елу, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет (әрекетсіздік) –
лауазымды адамдарға – сексен, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне алты жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
3. Мүгедектігі бар адамдарды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік оңалту түрлерімен қамтамасыз етпеу –
лауазымды адамдарға жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескерту. 83-бап жаңа редакцияда - ҚР 30.12.2019 № 300-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 11.07.2022 № 137-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.84-бап. Қазақстан Республикасының арнаулы әлеуметтік қызметтер саласындағы заңнамасын бұзу
Ескерту. 84-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді – ҚР 20.04.2023 № 227-VII (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен..
1. Қазақстан Республикасының арнаулы әлеуметтік қызметтер саласындағы заңнамасын:
1) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетудегі қажеттілікке бағалау жүргізудің және оны айқындаудың, арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемін көрсету туралы шешім шығарудың белгіленген мерзімдерін бұзу;
2) арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемін көрсету туралы шешімді орындамау түрінде жасалған бұзушылық –
лауазымды адамдарға – жиырма, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет –
лауазымды адамдарға – отыз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 84-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 20.04.2023 № 227-VII (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен..85-бап. Медиацияға қатысушылардың медиацияны жүргізу барысында белгілі болған мәліметтерді жария етуі
Ескерту. 85-бап алып тасталды – ҚР 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
86-бап. Адамды еңбек шартын жасаспай жұмысқа жіберу
1. Жұмыс берушінің адамды еңбек шартын жасаспай жұмысқа жіберуі –
лауазымды адамдарға – отыз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – алпыс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – сексен, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет (әрекетсіздік) –
лауазымды адамдарға – алпыс, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – сексен, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, кәмелетке толмағандарға қатысты жасалған әрекет (әрекетсіздік) –
лауазымды адамдарға – елу, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – сексен, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет (әрекетсіздік) –
лауазымды адамдарға – жетпіс, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескерту. 86-бап жаңа редакцияда - ҚР 23.11.2015 № 415-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 30.12.2019 № 300-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.87-бап. Еңбекке ақы төлеу жөніндегі талаптарды бұзу
1. Жұмыс берушінің жалақыны толық көлемде және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгіленген мерзімдерде төлемеуі, сол сияқты жұмыс берушінің кінәсінан төлемді кешіктірген кезеңі үшін өсімпұлды есептемеуі және төлемеуі –
лауазымды адамдарға – отыз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – алпыс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –
лауазымды адамдарға – алпыс, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – сексен, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының үстеме жұмысқа, мереке және демалыс күндеріндегі жұмысқа ақы төлеу, сондай-ақ түнгі уақыттағы еңбекке ақы төлеу жөніндегі талаптарын бұзу –
лауазымды адамдарға – отыз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – алпыс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – сексен, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –
лауазымды адамдарға – алпыс, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – сексен, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 87-бап жаңа редакцияда - ҚР 23.11.2015 № 415-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.Жұмыс берушінің жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысын не оның бір бөлігін қатарынан екі жыл бойы бермеуі –
лауазымды адамдарға – жиырма, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – алпыс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 88-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 23.11.2015 № 415-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).89-бап. Жұмыс уақытының нормасын заңсыз асыру
1. Жұмыс берушінің не қабылдаушы тараптың Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында көзделген жұмыс уақытының және күнделікті жұмыстың (жұмыс ауысымының) қалыпты және қысқартылған ұзақтығын заңсыз асыруы –
ескерту жасауға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –
лауазымды адамдарға – қырық, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – алпыс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – сексен, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 89-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 02.07.2021 № 63-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.90-бап. Еңбек саласында кемсітушілікке жол беру
1. Жұмыс берушінің еңбек саласында жұмыскердің бірдей еңбек үшін бірдей ақы алу, сондай-ақ бірдей өндірістік-тұрмыстық жағдай жасалу құқығын, оның ішінде персонал беру жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған шарт шеңберінде жұмыстарды орындау кезінде бұзудан көрінген кемсітушілікке жол беруі –
лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – алпыс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –
лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – алпыс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – сексен, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Халықты жұмыспен қамту орталығының, жұмыспен қамтудың жекеше агенттігінің, сондай-ақ жұмыс берушінің еңбек саласындағы кемсітушілік сипаттағы талаптар қамтылатын, жұмысқа қабылдау үшін бос орындар туралы ақпаратты орналастыруы –
жеке тұлғаларға – он бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –
жеке тұлғаларға – отыз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 90-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 16.04.2018 № 147-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.05.2020 № 321-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2021 № 63-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.91-бап. Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы заңнамасын бұзу, сондай-ақ мемлекеттік жәрдемақыларды төлеу жөніндегі міндеттемелерді орындамау
Ескерту. 91-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 20.04.2023 № 227-VII (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының) Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы заңнамасында белгіленген зейнетақы төлемдерін, аударымдарды жүзеге асыру мерзімдерін және (немесе) тәртібін және (немесе) талаптарын бұзуы –
заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Алып тасталды – ҚР 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.3. Алып тасталды – ҚР 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
4. Зейнетақыларды және мемлекеттік жәрдемақыларды толық мөлшерде және (немесе) белгіленген мерзімдерде төлеу жөніндегі міндеттерді "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының лауазымды адамдарының орындамауы –
лауазымды адамдарға отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы заңнамасын бұзып, мәмілелер мен операцияларды жүзеге асыруы –
заңды тұлғаларға төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Жеке тұлғаның, дара кәсіпкердің, жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың, заңды тұлғаның Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы заңнамасында көзделген міндеттерді:
1) пайдасына міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешек өндіріліп алынатын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының тізімін мемлекеттік кіріс органына ұсынбау;
2) мемлекеттік кіріс органдарына міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының есептелген, ұстап қалынған (есепке жазылған) және аударылған сомалары жөніндегі есеп-қисаптарды Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы заңнамасында белгіленген мерзімдерде ұсынбауы;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпке сәйкес әрбір қызметкер бойынша есептелген, ұстап қалынған (есепке жазылған) және аударылған міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын бастапқы есепке алуды жүргізбеуі;
4) салымшыларға есептелген, ұстап қалынған (есепке жазылған) және аударылған міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы заңнамасында белгіленген мерзімдерде ұсынбауы;
5) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аудармауы, уақтылы және (немесе) толық есептемеуі, ұстап қалмауы (есепке жазбауы) және (немесе) төлемеуі (аудармауы);
6) Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы заңнамасында көзделген жағдайларда мемлекеттік кіріс органдарының өкімімен касса бойынша барлық шығыс операцияларын тоқтатпауы түрінде жасалған орындамауы не тиісінше орындамауы –
ескерту жасауға әкеп соғады.
7. Осы баптың алтыншы бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет –
жеке тұлғаларға – міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының аударылмаған, уақтылы және (немесе) толық есептелмеген, ұсталып қалмаған (есепке жазылмаған) және (немесе) төленбеген (аударылмаған) сомасының он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу пайызы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
8. Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың:
1) Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы заңнамасында көзделген жағдайларда және тәртіппен мемлекеттік кіріс органдарының өкімі бойынша агенттердің-заңды тұлғалардың немесе дара кәсіпкерлердің, жекеше нотариустардың, жеке сот орындаушыларының және адвокаттардың банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұрмау;
2) міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен өсімпұлдар сомаларын "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына аудару кезінде банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның кінәсінен аудармау (есепке жатқызбау), уақтылы аудармау (банк шоттарынан ақшаны есептен шығару бойынша операциялар жасалған күннен немесе қолма-қол ақшаны банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға енгізгеннен кейінгі күннен кеш) не төлем құжатының деректемелерін толтыру кезінде қателер жіберу;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік кіріс органдарының міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен өсімпұлдар сомаларын өндіріп алуға инкассолық өкімдерін орындамау түрінде Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы заңнамасында белгіленген міндеттерді орындамауы –
Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы заңнамасында белгіленген міндеттерді орындамау кезеңінде агенттердің банк шоттары бойынша жасалған шығыс операциялары сомасының бес пайызы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
9. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының масс-медиада жарияланған күнгі шындыққа сәйкес келмейтін жарнаманы хабарлауы немесе жариялауы –
заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
10. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық декларациясының Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы заңнамасында көзделген талаптарға, оның мазмұнына сәйкес келмеуі –
заңды тұлғаларға бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
11. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры құрылтайшыларының (акционерлерінің) және (немесе) олардың үлестес тұлғаларының қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға мәліметтерді немесе өзге де сұралатын ақпаратты бірнеше рет (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде екі және одан көп рет) бермеуі және (немесе) уақтылы бермеуі –
жеке тұлғаларға – елу, заңды тұлғаларға бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
12. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры құрылтайшыларының (акционерлерінің) және (немесе) олардың үлестес тұлғаларының қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға және (немесе) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне анық емес және (немесе) толық емес есептілікті, мәліметтерді немесе өзге де сұралатын ақпаратты бірнеше рет (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде екі және одан көп рет) беруі –
жеке тұлғаларға – елу, заңды тұлғаларға бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескертпелер.
1. Осы баптың бірінші және он екінші бөліктерінің мақсаттары үшін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры) осы баптың бірінші және он екінші бөліктерінде жауаптылығы көзделген бұзушылықтарды қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның жол берілген бұзушылық туралы хабарламасы алынған күнге дейін өз бетінше жойған жағдайда, әкімшілік жауаптылыққа тартылуға жатпайды.
2. Осы баптың алтыншы және жетінші бөліктерінің мақсаттары үшін тұлға, егер аударылмаған, уақтылы және (немесе) толық есептелмеген, ұсталып қалмаған (есепке жазылмаған) және (немесе) төленбеген (аударылмаған) міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасы әкімшілік құқық бұзушылық анықталған күні қолданыста болған заңға сәйкес белгіленетін бір айлық есептік көрсеткіштен аз болған жағдайда, әкімшілік жауаптылыққа тартылуға жатпайды.
3. Осы баптың он бірінші бөлігінің мақсаттары үшін жеке тұлға және (немесе) заңды тұлға мәліметтерді немесе өзге де сұралатын ақпаратты беру мерзімдері аяқталған кезден бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей мәліметтерді немесе өзге де сұралатын ақпаратты берген жағдайда әкімшілік жауаптылыққа тартылуға жатпайды.
Ескерту. 91-бапқа өзгерістер енгізілді – ҚР 17.11.2015 № 408-V (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 20.04.2023 № 227-VII (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі); 19.06.2024 № 95-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.92-бап. Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы заңнамасын бұзу
Ескерту. 92-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді – ҚР 20.04.2023 № 227-VII (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Лауазымды адамдардың Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарды:
1) мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының тағайындалған әлеуметтік төлемдердің белгіленген мерзімдерін және мөлшерінің толықтығын бұзуы;
2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының әлеуметтік төлемдердің белгіленген мерзімдерін және төлемдер мөлшерінің толықтығын бұзуы түрінде орындамауы не тиісінше орындамауы, –
лауазымды адамдарға отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Әлеуметтік аударымдарды төлеушінің:
1) өздерінің пайдасына әлеуметтік аударымдар бойынша берешек өндіріп алынатын міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың тізімдерін мемлекеттік кіріс органына ұсынбау;
2) әлеуметтік аударымдарды төлемеу (аудармау), уақтылы және (немесе) толық төлемеу (аудармау);
3) Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы заңнамасында көзделген жағдайларда мемлекеттік кіріс органдарының өкімімен касса бойынша барлық шығыс операцияларын тоқтатпауы түрінде жасалған Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы заңнамасында көзделген міндеттерді орындамауы не тиісінше орындамауы –
ескерту жасауға әкеп соғады.
3. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер –
жекеше нотариустарға, жекеше сот орындаушыларына, адвокаттарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – төленбеген (аударылмаған), уақтылы және (немесе) толық төленбеген (аударылмаған) әлеуметтік аударымдар сомасының жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу пайызы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың:
1) Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы заңнамасында көзделген жағдайларда мемлекеттік кіріс органдарының өкімімен әлеуметтік аударымдарды төлеушінің банк шоттары бойынша барлық шығыс операцияларын тоқтатпау;
2) әлеуметтік аударымдар мен өсімпұлдар сомаларын "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына аудару кезінде банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның кінәсінан аудармау (есепке жатқызбау), уақтылы аудармау (банк шоттарынан ақшаны есептен шығару бойынша операциялар жасалған күннен немесе қолма-қол ақшаны банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға енгізгеннен кейінгі күннен кеш) не төлем құжатының деректемелерін толтыру кезінде қателер жіберу;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік кіріс органдарының әлеуметтік аударымдар мен өсімпұлдар сомаларын өндіріп алуға инкассолық өкімдерін орындамауы түрінде жасалған Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы заңнамасында белгіленген міндеттерді орындамауы –
Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы заңнамасында белгіленген міндеттерді орындамау кезеңінде төлеушілердің банк шоттары бойынша жасалған шығыс операциялары сомасының бес пайызы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескертпе. Осы баптың екінші және үшінші бөліктерінің мақсаттары үшін тұлға, егер төленбеген (аударылмаған), уақтылы және (немесе) толық төленбеген (аударылмаған) әлеуметтік аударымдар сомасы әкімшілік құқық бұзушылық анықталған күні қолданыста болған заңға сәйкес белгіленетін бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен аспаған жағдайда, әкімшілік жауаптылыққа тартылуға жатпайды.
Ескерту. 92-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 17.11.2015 № 408-V (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.12.2019 № 287-VІ (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 20.04.2023 № 227-VII (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.92-1-бап. Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңнамасын бұзу
1. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеушінің Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңнамасында көзделген міндеттерді:
1) мемлекеттік кіріс органдарына міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеушілердің тізімдерін ұсынбау;
2) жұмыс берушілердің, дара кәсіпкерлердің, жекеше нотариустардың, жеке сот орындаушыларының, адвокаттардың, кәсіби медиаторлардың міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды төлемеуі, (аудармауы), уақтылы және (немесе) толық төлемеуі (аудармауы) түрінде орындамауы не тиісінше орындамауы –
ескерту жасауға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер –
жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, адвокаттарға, кәсіби медиаторларға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға төленбеген (аударылмаған), уақтылы және (немесе) толық төленбеген (аударылмаған) аударымдар және (немесе) жарналар сомасының жиырма, орта кәсіпкерлік суъектілеріне – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу пайыз мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңнамасында белгіленген міндеттерді:
1) Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңнамасында көзделген жағдайларда мемлекеттік кіріс органдарының өкімі бойынша әлеуметтік аударымдарды төлеушінің банктік шоттары бойынша барлық шығыс операцияларын тоқтатпау;
2) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдардың және (немесе) жарналардың және өсімпұлдардың сомаларын алуға мемлекеттік кіріс органдарының инкассолық өкімдерін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен орындамау түрінде орындамауы –
Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңнамасында белгіленген міндеттерді орындамау кезеңінде төлеушілердің банктік шоттары бойынша жасалған шығыс операциялары сомасының бес пайызы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескертпе. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінің мақсаттары үшін тұлға, егер міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға төленбеген (аударылмаған), уақтылы және (немесе) толық төленбеген (аударылмаған) аударымдардың және (немесе) жарналардың сомасы заңға сәйкес белгіленген, әкімшілік құқық бұзушылық анықталған күні қолданыста болатын бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен аспаған жағдайда, әкімшілік жауаптылыққа тартылуға жатпайды.
Ескерту. 10-тарау 92-1-баппен толықтырылды - ҚР 16.11.2015 № 406-V Заңымен (01.07.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).93-бап. Еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз ету қағидаларын бұзу
1. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының талабына сәйкес өндірістік ұйымдарда еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметінің (маманының) болмауы –
лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Жұмыс берушінің Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының талабына сәйкес қызметкерлерді міндетті және кезеңдік медициналық қарап-тексерулерден және ауысым алдындағы медициналық куәландырудан өткізу жөніндегі талаптарды бұзуы –
лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
3. Қызметкерлерді Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының талабына сәйкес емдік-профилактикалық тағаммен, жеке және ұжымдық қорғану құралдарымен қамтамасыз етпеу –
лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
4. Жұмыс берушінің Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының жұмыскерлерді, басшыларды және еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдарды еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқытудан, білімін тексеруден өткізу жөніндегі талаптарын орындамауы –
лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
5. Осы баптың бірінші, екінші, үшінші, төртінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –
лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – алпыс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Жұмыс берушінің Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нұсқама беру (кіріспе нұсқамадан басқа) талаптарын орындамауы және (немесе) осы құжаттардың болмауы –
лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – алпыс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
7. Осы баптың алтыншы бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер –
лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – сексен, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 93-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.05.2020 № 321-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.94-бап. Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттауды жүргізу жөніндегі заңнама талаптарын бұзу
Жұмыс берушінің Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгіленген өндірістік объектілерді еңбек жағдайларының жай-күйі бойынша аттестаттауды жүргізу жөніндегі заңнама талаптарын бұзуы –
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Алып тасталды – ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.Ескерту. 94-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі; 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)) Заңдарымен.
95-бап. Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруді қамтамасыз етпеу
Ескерту. 95-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 23.11.2015 № 415-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
1. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының талабына сәйкес еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруді қамтамасыз етпеу –
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – алпыс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескерту. 95-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 23.11.2015 № 415-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2019 № 300-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.96-бап. Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиға фактісі туралы хабарламау
Ескерту 96-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 30.12.2019 № 300-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиға фактісі туралы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгіленген мерзімдерде хабарламау –
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет (әрекетсіздік) –
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 96-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 23.11.2015 № 415-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2019 № 300-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.97-бап. Ұжымдық шарт, келісім жасасу жөнінде заңнама талаптарын бұзу
1. Ұжымдық шартты, келісімді жасасу, өзгерту немесе толықтыру жөніндегі келіссөздерге қатысудан жалтару немесе көрсетілген келіссөздерді жүргізу мерзімдерін бұзу, тиісті комиссияның жұмысын тараптар айқындаған мерзімдерде қамтамасыз етпеу –
келіссөздер жүргізуге уәкілеттік берілген тұлғаларға төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Ұжымдық шарт, келісім жасасудан негізсіз бас тарту –
ұжымдық шарт, келісім жасасуға уәкілеттік берілген тұлғаларға төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Ұжымдық шарт, келісім бойынша міндеттемені орындамау немесе бұзу –
ұжымдық шарт, келісім бойынша міндеттемелердің орындалмауына кінәлі тұлғаларға төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Ұжымдық келіссөздер жүргізуге және ұжымдық шарттардың, келісімдердің орындалуын бақылауды жүзеге асыруға қажетті ақпаратты бермеу –
ақпараттың берілмеуіне кінәлі тұлғаларға сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 97-бап жаңа редакцияда - ҚР 23.11.2015 № 415-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).98-бап. Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту саласындағы заңнамасын, сондай-ақ еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне ақпарат енгізу тәртібін бұзу
Ескерту. 98-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді – ҚР 20.04.2023 № 227-VII (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі); 09.01.2026 № 257-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
1. Жұмыс берушінің Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту саласындағы заңнамасын:
1) халықты жұмыспен қамту орталығына жұмыс беруші-заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші-жеке тұлға қызметінің тоқтатылуына, санның немесе штаттың қысқартылуына, жұмыс берушінің экономикалық ахуалының нашарлауына алып келген өндірістердің және орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер көлемінің азаюына байланысты жұмыскерлердің алдағы уақытта жұмыстан босатылуы туралы ақпаратты толық көлемде және (немесе) белгіленген мерзімдерде бермеу;
2) халықты жұмыспен қамту орталығына бос орындардың бар-жоғы туралы мәліметтерді жібермеу, уақтылы жібермеу;
3) жұмысқа қабылдау немесе жұмысқа қабылдаудан бас тарту туралы хабарламаны ұсынбау, уақтылы хабарламау;
4) мүгедектігі бар адамдар, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтар үшін жұмыс орындарының белгіленген квотасын орындамау түрінде жасаған бұзушылығы –
5) алып тасталды - ҚР 16.04.2018 № 147-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);ескерту жасауға әкеп соғады.
1-1. Жұмыс берушінің қызметкермен еңбек шартын жасасу және тоқтату, оған енгізілетін өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне енгізу тәртібін мынадай:
1) еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне ақпаратты белгіленген мерзімдерде енгізбеу немесе уақтылы енгізбеу;
2) еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне ақпаратты толық көлемде енгізбеу;
3) еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне анық емес және (немесе) дұрыс емес ақпарат енгізу түрінде жасалған бұзушылығы –
лауазымды адамдарға – отыз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – алпыс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – сексен, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) –
лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жеті, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне он айлық есепті көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2-1. Осы баптың 1-1-бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет (әрекетсіздік) –
лауазымды адамдарға – алпыс, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – сексен, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
3. Жұмыспен қамту жеке агентінің еңбек делдалдылығы бойынша қызмет көрсетулерді алуға өтініш білдірген тұлғалармен шарт жасаспауы –
ескерту жасауға әкеп соғады.
4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет (әрекетсіздік) –
он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Алып тасталды – ҚР 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.6. Алып тасталды – ҚР 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Ескерту. 98-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 06.04.2016 № 483-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.04.2018 № 147-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.05.2020 № 327-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 20.04.2023 № 227-VII (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі); 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 09.01.2026 № 257-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
99-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасын бұзу
1. Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурстық іріктеу рәсімін бұзу –
лауазымды адамдарға он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Адамдарды мемлекеттік әкімшілік лауазымнан құқыққа сыйымсыз босату –
лауазымды адамдарға отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 99-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.100-бап. Жеке немесе заңды тұлғаның берген шағымын оған зиянды болатындай етіп бағыттау
Ескерту. 100-бап алып тасталды – ҚР 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
11-тарау. САЙЛАУ ҚҰҚЫҚТАРЫНА (ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ РЕФЕРЕНДУМҒА ҚАТЫСУ ҚҰҚЫҒЫНА) ҚОЛ СҰҒАТЫН ӘКIМШIЛIК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР
Ескерту. 11-тараудың тақырыбына өзгеріс енгізілді – ҚР 11.06.2026 № 307-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
101-бап. Лауазымды адамдардың сайлау комиссиясына (жалпыхалықтық референдум комиссиясына) қажетті мәліметтер мен материалдарды ұсынбауы немесе комиссияның шешімдерін орындамауы
Ескерту. 101-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді – ҚР 11.06.2026 № 307-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Лауазымды адамдардың сайлау комиссиясына (жалпыхалықтық референдум комиссиясына) кандидаттың заңда белгіленген тәртіппен жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығының болуы немесе болмауы туралы; сот заңда белгіленген тәртіппен таныған, кандидаттың сыбайлас жемқорлық қылмыс және құқық бұзушылық жасауға кінәлі екендігі туралы; кандидаттың азаматтығы туралы; кандидаттың немесе зайыбының (жұбайының) декларацияланған кірістері мен мүлкі туралы мәліметтердің анықтығы туралы; әрбір сайлау учаскесі бойынша сайлаушылардың тізімдері туралы мәліметтер мен материалдарды ұсынбауы немесе олардың комиссия өз өкілеттіктері шегінде қабылдаған шешімді орындамауы –
жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 101-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 11.06.2026 № 307-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.102-бап. Сайлау алдындағы үгітті оған тыйым салынған кезеңде жүргізу
Кандидатты, саяси партия ұсынған партиялық тізімді тіркеу мерзімі аяқталғанға дейін, сайлау болатын күні не оның қарсаңындағы күні сайлау алдындағы үгітті жүргізу, сондай-ақ жалпыхалықтық референдум өткізілетін күні не оның қарсаңындағы күні үгіт жүргізу –
жеке тұлғаларға – он бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне отыз бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 102-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 11.06.2026 № 307-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.103-бап. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу құқығына кедергікелтіру
Президенттікке, депутаттыққа немесе өзге де сайланбалы лауазымдарға кандидаттарға, олардың сенім білдірілген тұлғаларына, саяси партияларға олардың сайлау алдындағы үгітті жүргізу құқығын іске асыру процесінде кедергі келтіру –
жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
104-бап. Кандидаттар, саяси партиялар туралы көрінеу жалған мәліметтер тарату
Кандидаттар, саяси партиялар туралы көрінеу жалған мәліметтер тарату немесе сайлаудың нәтижесіне ықпал ету мақсатында олардың абыройына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне нұқсан келтіретін өзге де әрекеттер жасау –
жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
105-бап. Сайлау комиссиясы (жалпыхалықтық референдум комиссиясы) мүшесінің құқықтарын бұзу
Ескерту. 105-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді – ҚР 11.06.2026 № 307-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Сайлау комиссиясы (жалпыхалықтық референдум комиссиясы) мүшесінің сайлау комиссиясының отырысында сөз сөйлеу, тиісті сайлау комиссиясының құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ұсыныстар енгізу және олар бойынша дауыс берілуін талап ету, өзі құрамына кіретін сайлау комиссиясының құжаттарымен және материалдарымен танысу, олардың куәландырылған көшірмелерін алу, төмен тұрған сайлау комиссиясының қызметін тексеруді жүзеге асыру құқықтарын бұзу –
отыз бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 105-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 11.06.2026 № 307-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.106-бап. Азаматтардың сайлаушылар тізімімен танысу құқығын бұзу
Сайлау комиссиясы (жалпыхалықтық референдум комиссиясы) мүшесінің азаматтардың сайлаушылар тізімімен (жалпыхалықтық референдумға қатысуға құқығы бар адамдар тізімімен) танысу құқығын бұзуы не өтінішті сайлау комиссиясына келіп түскен күні қарамауы не сайлаушылар тізіміне (жалпыхалықтық референдумға қатысуға құқығы бар адамдар тізіміне) түзетулер енгізу туралы өтінішті қабылдамау уәждерін жазбаша нысанда баяндай отырып, азаматқа шешімнің көшірмесін беруден бас тартуы не сайлаушылар тізімін (жалпыхалықтық референдумға қатысуға құқығы бар адамдар тізімін) түзету туралы сот шешімін дереу орындамауы –
ескерту жасауға немесе отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 106-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.06.2026 № 307-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.107-бап. Сайлаушылар (жалпыхалықтық референдумға қатысуға құқығы бар азаматтар) тізімін жасау үшін сайлаушылар туралы жалған мәліметтер ұсыну
Ескерту. 107-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді – ҚР 11.06.2026 № 307-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Лауазымды адамдардың жергілікті атқарушы органдарға сайлаушылар (жалпыхалықтық референдумға қатысуға құқығы бар азаматтар) тізімін жасау үшін сайлаушылар туралы жалған мәліметтерді ұсынуы –
жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Жергілікті атқарушы органдар лауазымды адамдарының тиісті сайлау комиссиясына сайлаушылардың (жалпыхалықтық референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың) анық емес тізімін ұсынуы –
отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 107-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 11.06.2026 № 307-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.108-бап. Тең сайлау құқығы туралы талапты бұзу
Тең сайлау құқығы туралы талапты екі немесе одан да көп рет немесе басқа сайлаушы үшін дауыс беру арқылы бұзу –
жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
109-бап. Шетел азаматтарының, азаматтығы жоқ адамдардың, шетелдік заңды тұлғалардың және халықаралық ұйымдардың кандидаттарды, партиялық тізімін ұсынған саяси партияларды ұсынуға және сайлауға, сайлауда белгілі бір нәтижеге қол жеткізуге кедергі келтіретін және (немесе) ықпал ететін қызметті жүзеге асыруы
Шетел азаматтарының, азаматтығы жоқ адамдардың, шетелдік заңды тұлғалардың және халықаралық ұйымдардың кандидаттарды, партиялық тізімін ұсынған саяси партияларды ұсынуға және сайлауға, сайлауда белгілі бір нәтижеге қол жеткізуге кедергі келтіретін және (немесе) ықпал ететін қызметті жүзеге асыруы –
жеке тұлғаларға – Қазақстан Pecпубликасының шегінен әкімшілік жолмен шығарып жібере отырып немесе онсыз, отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, заңды тұлғаларға бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
110-бап. Азаматтарға басқа адамдар үшін дауыс беруге мүмкіндік жасау мақсатында сайлау бюллетеньдерін (дауыс беруге арналған бюллетеньдерді) беру
Сайлау комиссиясы (жалпыхалықтық референдум комиссиясы) мүшесінің азаматтарға басқа адамдар үшін дауыс беруге мүмкіндік жасау мақсатында сайлау бюллетеньдерін (дауыс беруге арналған бюллетеньдерді) беруі –
жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 110-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 11.06.2026 № 307-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.111-бап. Жұмыс берушінің сайлауға (жалпыхалықтық референдумға) қатысу үшін демалыс беруден бас тартуы
Ескерту. 111-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді – ҚР 11.06.2026 № 307-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Жұмыс берушінің депутаттыққа немесе өзге де сайланбалы лауазымға тіркелген кандидатқа не сайлау комиссиясының мүшесіне мемлекеттік билік, басқару органдарына және жергілікті өзін-өзі басқару органдарына сайлауды (жалпыхалықтық референдумды) әзірлеу мен өткізуге қатысу үшін заңдарда көзделген демалысты беруден бас тартуы –
отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 111-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 11.06.2026 № 307-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.112-бап. Бұқаралық ақпарат құралдары және онлайн-платформалар арқылы сайлау алдындағы үгітті жүргізу шарттарын бұзу
Ескерту. 112-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді – ҚР 05.11.2022 № 158-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Бұқаралық ақпарат құралдарының сайлау алдындағы
іс-шаралардың мақсаттарын, міндеттері мен нәтижелерін бұрмалаудан көрінетін, кандидаттардың, саяси партиялардың сайлау науқанын,
сондай-ақ олармен байланысты оқиғалар мен фактілерді объективті көрсетпеуі –
жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға – отыз, заңды тұлғаларға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
1-1. Телерадио хабарларын тарату субъектілерінің жаңалықтар, талдау бағдарламаларында кез келген үгіт материалдарын таратуы –
елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Бұқаралық ақпарат құралдарының, онлайн-платформаларды пайдаланушылардың кандидаттың немесе саяси партияның абыройына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне көрінеу нұқсан келтіретін үгіт материалдары мен өзге де ақпаратты жариялауы, сондай-ақ аталған тұлғаларға абыройын, қадір-қасиетін және іскерлік беделін қорғауы үшін теріске шығаруды тегін жариялауына мүмкіндік беруден бас тарту –
жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға – отыз, заңды тұлғаларға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Кандидаттардың теледидар мен радиода сөйлеп жатқан сөздерін бөлу және сөйлеген сөздерінен кейін іле-шала, сондай-ақ баспа басылымдарындағы сөздеріне сол бір нөмірде түсініктеме жасау –
жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға – отыз, заңды тұлғаларға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Бұқаралық ақпарат құралдарының барлық кандидаттарды және партиялық тізімдерді ұсыну, оларды сайлау комиссияларының тіркеуі жөніндегі іс-шаралар туралы ақпаратты баспасөз бетінен орын, эфир уақыты бойынша бірдей көлемде тарату туралы талаптарды бұзуы –
жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға – отыз, заңды тұлғаларға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!5-бөлік жаңа редакцияда көзделген – ҚР 11.06.2026 № 307-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
5. Эфирден жəне баспасөз бетінен орын бергені үшін төлемнің мөлшері, шарттары жəне тəртібі туралы мəліметті сайлау алдындағы үгіт жүргізу басталардан бес күн бұрын хабарламаған жəне жарияламаған, сондай-ақ сайлау комиссиясына ұсынбаған бұқаралық ақпарат құралдарының сайлауға қатысатын кандидаттардың, саяси партиялардың үгіт материалдарын жариялауы немесе эфирге шығаруы –
лауазымды адамдарға – отыз, заңды тұлғаларға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Бұқаралық ақпарат құралының кандидаттардың біріне, партиялық тізімді ұсынған саяси партияға эфир уақытын, баспасөз бетінен орын беруден бас тартуы, егер басқа кандидатқа, партиялық тізімді ұсынған саяси партияға осы бұқаралық ақпарат құралы эфир уақытын, баспасөз бетінен орын беруге келісім берілсе, –
лауазымды адамдарға – отыз, заңды тұлғаларға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!6-1-бөлікпен толықтыру көзделген – ҚР 11.06.2026 № 307-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
7. Кандидаттардың және партиялық тізімдерді ұсынған саяси партиялардың бұқаралық ақпарат құралдарында жазбаша өтініштердің келіп түсу ретімен не егер өтініштер бір мезгілде келіп түссе жеребе бойынша белгіленген сөз сөйлеу кезектілігінің бұзылуы –
лауазымды адамдарға – отыз, заңды тұлғаларға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!8-бөлік жаңа редакцияда көзделген – ҚР 11.06.2026 № 307-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
8. Кандидаттарға және партиялық тізімдерді ұсынған саяси партияларға бұқаралық ақпарат құралдарында эфир уақытын, баспасөз бетінен орын беру туралы шарт талаптармен қандай да бір кандидатқа, партиялық тізімді ұсынған саяси партияға артықшылық туғызу –
лауазымды адамдарға – отыз, заңды тұлғаларға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 112-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 29.06.2018 № 163-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.11.2022 № 158-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.113-бап. Анонимдік үгіттеу материалдарын дайындау немесе тарату
Мемлекеттік билік органдарына және жергілікті өзін-өзі басқару органдарына сайлауға (жалпыхалықтық референдумға) дайындық пен оны өткізу кезеңінде үгіт материалдарын шығарған ұйымдар (баспа материалдары бойынша – олардың басылған жері мен таралымы), тапсырыс берген тұлғалар және қандай қаражаттан төленгені туралы ақпараты жоқ осындай материалдарды дайындау немесе тарату, сондай-ақ үгіт материалдарын Қазақстан Республикасының аумағының шегінен тыс жерде дайындау, анонимдік үгіт материалдарын тарату –
жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 113-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 05.11.2022 № 158-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.06.2026 № 307-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.114-бап. Үгіттеу материалдарын қасақана жою, бүлдіру
Депутаттыққа немесе өзге де сайланбалы қызметке кандидаттардың ғимараттарға, құрылыстарға және өзге де объектілерге меншік иесінің немесе өзге де иеленушінің келісімімен ілінген үгіттеу материалдарын қасақана жою, бүлдіру –
он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
115-бап. Сайлауды (жалпыхалықтық референдумды) әзірлеу мен өткізуге қаражаттың жұмсалғаны туралы есептерді ұсынбау немесе жарияламау
Ескерту. 115-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді – ҚР 11.06.2026 № 307-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Кандидаттың, депутат болып немесе өзге де сайланбалы лауазымға сайланған адамның не саяси партияның сайлау қорларына түскен түсімдердің (қайырмалдықтардың) мөлшері туралы және сайлау қорларын құру көздері туралы мәліметтерді, сондай-ақ сайлау қоры қаражатының пайдаланылғаны туралы есепті ұсынбауы –
кандидатқа, депутат болып немесе өзге де сайланбалы лауазымға сайланған адамға – он бес, заңды тұлғаға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 115-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 11.06.2026 № 307-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.116-бап. Сайлау науқанын сайлау қорларынан тыс қаржыландыру немесе оған өзге де материалдық көмек көрсету
Кандидаттарға, партиялық тізімдерді ұсынған саяси партияларға олардың сайлау қорларынан тыс қаржылық немесе өзге де материалдық көмек, сондай-ақ қайырымдылық ұйымдары мен бірлестіктері көрсететін қайырымдылық көмек көрсету –
жеке тұлғаларға – жиырма бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 116-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 16.11.2015 № 403-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).ЗҚАИ-ның ескертпесі!
116-1-баппен толықтыру көзделген – ҚР 11.06.2026 № 307-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
117-бап. Мемлекеттік сайланбалы лауазымға кандидаттың не саяси партияның шетел мемлекеттерінен, ұйымдарынан, шетел азаматтарынан және азаматтығы жоқ адамдардан қайырмалдықтар алуы
Депутаттыққа немесе өзге де мемлекеттік сайланбалы қызметке кандидаттың не саяси партияның шетел мемлекетінен, халықаралық ұйымнан немесе халықаралық қоғамдық бірлестіктен, шет елдердің мемлекеттік органдарынан, шетел азаматтарынан және басқа мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлғалардан, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдардан кез келген нысанда қайырмалдықтар алуы –
қайырмалдық заттары тәркілене отырып, депутаттыққа немесе өзге де сайланбалы лауазымға кандидатқа – елу, заңды тұлғаға бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
118-бап. Жеке және заңды тұлғалардың кандидаттарға, саяси партияларға олардың жазбаша келісімінсіз қызметтер көрсетуі
Жеке және заңды тұлғалардың кандидаттарға, саяси партияларға олардың сайлау алдындағы қызметіне байланысты олардың жазбаша келісімінсіз қызметтер көрсетуі –
жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
119-бап. Дауыс беру қорытындылары туралы немесе сайлау (жалпыхалықтық референдум) нәтижелері туралы мәліметтерді ұсынбау не жарияламау
Ескерту. 119-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді – ҚР 11.06.2026 № 307-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Учаскелік сайлау комиссиясы төрағасының кандидаттың сенім білдірілген тұлғасына, бұқаралық ақпарат құралдарының өкіліне, байқаушыға танысу үшін Республиканың заңнамасына сәйкес ұсынылуы міндетті дауыс беру қорытындылары туралы мәліметтерді ұсынбауы –
он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Алып тасталды – ҚР 29.06.2018 № 163-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы жасаған әрекет, сондай-ақ оның сайлау заңнамасында (жалпыхалықтық референдум туралы заңнамада) белгіленген сайлаудағы (жалпыхалықтық референдумдағы) дауыс беру қорытындылары туралы мәліметтердің жариялану мерзімдерін бұзуы не оларды толық жарияламауы –
он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың бірінші және үшінші бөліктерінде көзделген, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы жасаған іс-әрекеттер –
жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 119-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 29.06.2018 № 163-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.06.2026 № 307-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.120-бап. Сайлауға байланысты қоғамдық пікірге сауал салуды жүргізу шарттарын бұзу
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
1-бөлікке өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 11.06.2026 № 307-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамдық пікірге сауал салу нəтижелерін, сайлау, сайлауға байланысты өзге де зерттеулер нəтижелерінің болжамдарын жариялау тəртібін бұзуы, атап айтқанда сауал салуды жүргізген заңды тұлғаны, сауал салуға тапсырыс берген жəне оның ақысын төлеген тұлғаларды, сауал салу жүргізілген уақытты, ақпарат жинау əдісін, сұрақтың нақты тұжырымын, сауал салынғандар санын жəне сауал салу нəтижелерінің қателік коэффициентін көрсетпеу –
жеке тұлғаларға – он бес, заңды тұлғаларға отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға əкеп соғады.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!2-бөлікке өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 11.06.2026 № 307-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
2. Бұқаралық ақпарат құралдарында қоғамдық пікірге сауал салу нəтижелерін, сайлау, сайлауға байланысты өзге де зерттеулер, кандидаттарды не саяси партияларды қолдап дауыс беру нəтижелерінің болжамдарын дауыс берілетін күннің алдындағы бес күн ішінде жəне дауыс берілетін күні Интернет желісінде жариялау, сондай-ақ сайлау күні дауыс беруге арналған үй-жайда немесе пунктте қоғамдық пікірге сауал салуды жүргізу –
жеке тұлғаларға – он, заңды тұлғаларға жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға əкеп соғады.
3. Қазақстан Республикасы сайлау заңнамасының талаптарын сақтамай қоғамдық пікірге сауал салуды жүргізу –
жеке тұлғаларға – он бес, заңды тұлғаларға отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға əкеп соғады.
Ескерту. 120-бап жаңа редакцияда – ҚР 29.06.2018 № 163-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.121-бап. Дауыстарды санау басталғаннан кейін сайлаушылар тізіміне өзгерістер енгізу
Ескерту. 121-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді – ҚР 11.06.2026 № 307-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Дауыстарды санау басталғаннан кейін сайлаушылар тізіміне өзгерістер енгізу –
жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 121-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 11.06.2026 № 307-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.122-бап. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу шарттарын бұзу
1. Мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, сондай-ақ қызметтік міндеттерін атқару кезінде олардың лауазымды адамдарының, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының әскери қызметшілерінің, ұлттық қауіпсіздік органдары, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің, судьялардың, сайлау комиссиялары мүшелерінің, діни бірлестіктердің сайлау алдындағы үгіт жүргізуі, сондай-ақ аталған тұлғалардың кез келген сайлау алдындағы үгіттеу материалдарын таратуы –
жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Сайлаушыларға тегін немесе жеңілдік шарттарымен тауарлар беру, қызметтер көрсету, бағалы қағаздар беру, сондай-ақ лотереялар, қайырымдылық акцияларын өткізу, ақша төлеу не осындайларға уәде беру арқылы сайлау алдындағы үгіт жүргізу –
жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Кандидаттар не олардың сенім білдірілген тұлғалары болып тіркелген журналистердің, бұқаралық ақпарат құралдары редакциялары лауазымды адамдарының сайлауды бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жариялауға қатысуы –
жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
123-бап. Кандидаттарға сайлаушылармен кездесу үшін үй-жайлар беру шарттарын бұзу
Жергілікті атқарушы органдар және өзін-өзі басқару органдары лауазымды адамдарының кандидаттардың біріне, партиялық тізімді ұсынған саяси партияға сайлаушылармен кездесу үшін шарттық негізде үй-жайлар беруден бас тартуы, егер басқа кандидатқа және партиялық тізімді ұсынған саяси партияға келісім берілсе, –
отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
124-бап. Үгіт материалдарын орналастыру
Үгіт материалдарын ескерткіштерде, обелисктерде, тарихи, мәдени немесе сәулеттік құндылығы бар ғимараттар мен құрылыстарда, сондай-ақ дауыс беруге арналған үй-жайларда орналастыру –
жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!125-бап жаңа редакцияда көзделген – ҚР 11.06.2026 № 307-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
125-бап. Сайлау алдындағы үгіт жүргізуге республикалық бюджеттен бөлінген қаражатты жұмсау тәртібін бұзу
Депутаттыққа немесе өзге сайланбалы лауазымға кандидаттардың сайлау алдындағы үгіт жүргізуге республикалық бюджеттен бөлінген қаражатты нысаналы жұмсамауы –
бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады
126-бап. Сайлауда кандидаттардың, саяси партиялардың сенім білдірілген адамдарының, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің және байқаушылардың заңды қызметіне кедергі келтіру
1. Кандидаттардың, саяси партиялардың сенім білдірілген тұлғаларының, Қазақстан Республикасының саяси партиялары, өзге де қоғамдық бірлестіктері, коммерциялық емес ұйымдары байқаушыларының, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің сайлау комиссиясының отырыстарына қатысу не сайлау учаскесінде дауыс беру күні ол ашылған кезден бастап және сайлаушылардың дауыстарын санау кезінде дауыс беру нәтижелері анықталғанға дейін болу не сайлау учаскесінде, дауыс беруге арналған пунктте дауыс беру барысын, дауыстарды санау және дауыс беру нәтижелерін ресімдеу рәсімін байқау не электрондық сайлау жүйесінің жабдығын ашу және орнату кезінде, сондай-ақ оның жұмыс істеуін тексеру кезінде қатысу құқығына, мұндай құқық заңда көзделген жағдайларда кедергі келтіру –
отыз бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Кандидаттардың, саяси партиялардың сенім білдірілген тұлғаларының, Қазақстан Республикасының саяси партиялары, өзге де қоғамдық бірлестіктері, коммерциялық емес ұйымдары байқаушыларының дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде дауыс беруді ұйымдастыру үшін сайлау комиссиясының мүшелеріне ілесіп жүру не дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде сайлаушылардың дауыс беруін өткізу кезінде қатысу не фото-, аудио- және бейнежазбаны жүзеге асыру не дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды жоғары тұрған сайлау комиссияларына беру рәсімін байқау не дауыс беруге, оның ішінде үй-жайдан тыс жерде дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың саны туралы ақпаратты алудан бас тарту не тиісті сайлау комиссиясының және (немесе) оның мүшелерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасау құқығына, мұндай құқық заңда көзделген жағдайларда кедергі келтіру –
отыз бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Кандидаттардың, саяси партиялардың сенім білдірілген тұлғаларына дауыстарды қайта санаудан бас тарту, мұндай құқық заңда көзделген жағдайларда –
отыз бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар байқаушыларының, шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің сайлау процесінің барлық кезеңіне қатысу не сайлау комиссияларынан сайлау науқанының барысы туралы ақпарат алу не дауыс беруді өткізу және дауыстарды санау кезінде сайлау учаскелеріне кіру не сайлау процесіне қатысушылармен кездесу, не жария мәлімдемелер жасау не дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды жоғары тұрған сайлау комиссияларына беру рәсімдерін байқау құқығына, мұндай құқық заңда көзделген жағдайларда кедергі келтіру –
отыз бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
12-тарау. КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ҚҰҚЫҒЫНА ҚОЛ СҰҒАТЫН
ӘКIМШIЛIК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР
127-бап. Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу және (немесе) оған білім беру, оның құқықтарын және (немесе) мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді, қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды орындамау
Ескерту. 127-баптың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР 15.04.2024 № 73-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Ата-аналардың немесе басқа да заңды өкілдердің кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу және (немесе) оларға білім беру, олардың құқықтарын және (немесе) мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді, қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ оларға күтім жасау және оларды күтіп-бағу жөніндегі шараларды орындамауы –
он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет –
он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға алып келеді.
3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, ата-ананың немесе осы міндеттер жүктелген өзге де адамның, сол сияқты педагогтің немесе білім беру, денсаулық сақтау ұйымының немесе өзге де ұйымның тәрбиелеу және (немесе) білім беру жөніндегі міндеттер жүктелген басқа да жұмыскерінің жасаған, кәмелетке толмаған адамның алкогольдік ішімдіктерді, есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді тұтынуына не қаңғыбастықпен немесе қайыршылықпен айналысуына не оның қылмыстық не әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар қасақана іс-әрекет жасауына алып келген іс-әрекеті –
жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға алып келеді.
Ескерту. 127-бап жаңа редакцияда - ҚР 27.12.2019 № 294-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 15.04.2024 № 73-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.127-1-бап. Кәмелетке толмағандар жасаған немесе кәмелетке толмағандарға қатысты құқыққа қарсы іс-әрекеттер туралы хабарламау
1. Білім беру, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау ұйымдары қызметкерлерінің құқық қорғау органдарына білім беру, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау ұйымдарында қылмыстық не әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар әрекеттерді (әрекетсіздікті) кәмелетке толмағандардың жасау немесе оларға қатысты жасалу фактілері туралы, сондай-ақ білім беру, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау ұйымдарынан тыс жерде кәсіптік қызметіне байланысты өздеріне белгілі болған фактілер туралы хабарламауы, егер бұл іс-әрекеттерде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 434-бабында көзделген, қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, –
жеке тұлғаларға – бес, лауазымды адамдарға он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған дәл сол іс-әрекет –
жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескерту. 12-тарау 127-1-баппен толықтырылды - ҚР 01.04.2019 № 240-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).127-2-бап. Кәмелетке толмаған адамды жәбірлеу (буллинг, кибербуллинг)
1. Кәмелетке толмаған адамды жәбірлеу (буллинг, кибербуллинг) –
ескерту жасауға немесе он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –
отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, он екі жастан он алты жасқа дейінгі кәмелетке толмаған адам жасаған әрекет –
ата-аналарына немесе оларды алмастыратын адамдарға ескерту жасауға немесе он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескерту. 127-2-баппен толықтырылды – ҚР 15.04.2024 № 73-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.127-3-бап. Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы заңнамасын бұзу
1. Білім беру ұйымдары және (немесе) баланың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының және (немесе) Қазақстан Республикасы атқарушы органдарының лауазымды адамдарының Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы заңнамасының талаптарын:
1) баланы жәбірлеу (буллинг) туралы ақпаратты қабылдау және (немесе) баланы жәбірлеу (буллинг) белгілерін анықтау жөніндегі әрекеттерді жүзеге асыру және (немесе) оларға ден қою тәртібін сақтамау;
2) зорлық-зомбылыққа және (немесе) қатыгездікпен қарауға және (немесе) жәбірлеуге (буллингке) ұшыраған және (немесе) зорлық-зомбылықтың куәсі болған кәмелетке толмағандарға көмек көрсетпеу;
3) қадағалаусыз және панасыз қалған балаларға және (немесе) арнаулы білім беру ұйымдарына жіберілетін балаларға және (немесе) әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға алып келген қатыгездікпен қарау салдарынан арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларға және (немесе) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарына жіберілетін жетім балаларға және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға тиісті құжаттар бермеу түрінде жасаған бұзуы –
отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Қазақстан Республикасы атқарушы органдарының лауазымды адамдарының Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы заңнамасының талаптарын:
1) жетім баланы (жетім балаларды) және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-бағуға жәрдемақы төлеу мерзімдерін және (немесе) мөлшерін және (немесе) оны тоқтату негіздерін бұзу;
2) неке-отбасы заңнамасының талаптарына сай келмейтін қорғаншыларды немесе қамқоршыларды және (немесе) баланы қабылдайтын ата-аналарды және (немесе) баланы қабылдайтын кәсіптік тәрбиешілерді және (немесе) патронат тәрбиешілерді тағайындау;
3) баланың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдарда балалардың болу мерзімдерін бұзу түрінде жасаған бұзуы –
отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
3. Білім беру ұйымдары басшыларының Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы заңнамасының талаптарын:
1) білім беру ұйымдарында психологиялық-педагогикалық қолдап отыру тәртібін сақтамау;
2) білім беру ұйымдарына дәлелсіз себептермен бармайтын кәмелетке толмағандарды есепке алудың болмауы;
3) баса назар аударуды талап ететін кәмелетке толмағандарға педагогикалық қолдап отыруды жүзеге асырмау түрінде жасаған бұзуы –
отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
4. Осы баптың бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –
алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
5. Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарында, қосымша білім беретін мектептен тыс ұйымдарда білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай-ақ мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу қағидаларын:
1) конкурстық құжаттаманың жобасына ескертулерді, конкурстық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау шеңберінде келіп түскен конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы сұрау салуларды қарамау не уақтылы қарамау, сол сияқты конкурстық құжаттаманың жобасына ескертулер және түсіндірулер туралы сұрау салулар болған кезде оны алдын ала талқылау хаттамасын, сондай-ақ конкурстық құжаттаманың мәтінін мемлекеттік сатып алудың веб-порталында орналастырмау не уақтылы орналастырмау;
2) конкурсқа қатысуға өтінімді жетіспейтін құжаттармен толықтыруға, конкурсқа қатысуға өтінімде ұсынылған құжаттарды ауыстыруға, конкурсқа қатысуға өтінімдерді біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келтіру мерзімі өткеннен кейін тиісінше ресімделмеген құжаттарды сәйкес келтіруге байланысты конкурстық комиссияның сұрау салуды жіберуі және өзге де әрекеттері;
3) көрсетілетін қызметтерді немесе тауарларды берушіні таңдау өлшемшарттарын қолданбау бөлігіндегі талаптарды бұзу, сол сияқты оларды дұрыс есептемеу;
4) әлеуетті өнім беруші немесе өнім беруші біліктілік талаптары бойынша анық емес ақпарат берген жағдайда, тапсырыс берушінің, сатып алуды ұйымдастырушының не сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының әлеуетті өнім берушіні немесе өнім берушіні сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап қоюмен сотқа жүгінбеуі немесе уақтылы жүгінбеуі;
5) білім алушылар мен тәрбиеленушілерді үздіксіз тамақтандыруды қамтамасыз ету үшін сатып алуды белгіленген мерзімнен асыра жүзеге асыру;
6) әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдерін уақтылы қарамау, сол сияқты алдын ала рұқсат беру хаттамасын және (немесе) қорытындылар хаттамасын уақтылы орналастырмау түрінде жасалған бұзушылық –
лауазымды адамдарға қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
6. Осы баптың бесінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –
лауазымды адамдарға сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескертпелер.
1. Осы бапта лауазымды адамдар деп – бірінші басшылар, ал олар болмаған жағдайда басшылардың міндеттерін атқару тиісті бұйрықтармен жүктелген, оларды алмастыратын орынбасарлары түсінілуі керек.
2. Осы баптың үшінші бөлігінің мақсаттары үшін лауазымды адамдар деп:
1) 1) және 4) тармақшаларда – сатып алуды ұйымдастырушының, сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының, тапсырыс берушінің бірінші басшылары немесе сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімдерін жүзеге асыруға жауапты, олардың міндеттерін атқаратын адамдар;
2) 2), 3) және 6) тармақшаларда – конкурстық комиссияның төрағасы мен мүшелері;
3) 5) тармақшада бірінші басшы не жүктелген өкілеттіктерге сәйкес шешім қабылдаған адам түсінілуі керек.
Ескерту. 127-3-баппен толықтырылды – ҚР 30.12.2025 № 247-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.128-бап. Кәмелетке толмаған адамды әкімшілік құқық бұзушылық жасауға тарту
1. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген іс-әрекеттерді қоспағанда, кәмелетке толмаған адамды әкімшілік құқық бұзушылық жасауға тарту –
елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Кәмелетке толмаған адамды Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып өткізілетін жиналыстарға, митингілерге, шерулерге, демонстрацияларға және қоғамдық, топтық немесе жеке мүдделер мен қарсылық білдірудің өзге де нысандарына тарту, сол сияқты кәмелетке толмаған адамды қоғамдық, топтық немесе жеке мүдделер мен қарсылық білдірудің көрсетілген нысандарында пайдалану –
бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға алып келеді.
Ескерту. 128-бап жаңа редакцияда - ҚР 26.11.2019 № 273-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).129-бап. Жергілікті атқарушы органдардың лауазымды адамдарының және (немесе) баланың заңды өкілдерінің тұрғын үйге мұқтаж жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды есепке қою жөніндегі міндеттерді орындамауы
1. Жергілікті атқарушы органдардың лауазымды адамдарының және (немесе) баланың заңды өкілдерінің тұрғын үйге мұқтаж жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды есепке қою жөніндегі міндеттерді орындамауы, сол сияқты белгіленген мерзімді бұза отырып есепке қою –
бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер –
екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
130-бап. Жергілікті атқарушы органдардың лауазымды адамдарының және (немесе) баланың заңды өкілдерінің жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын жайын сақтау жөніндегі міндеттерді орындамауы
1. Жергілікті атқарушы органдардың лауазымды адамдарының және (немесе) баланың заңды өкілдерінің жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын жайын сақтау жөніндегі міндеттерді орындамауы –
бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет –
екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 130-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.131-бап. Кәмелетке толмаған адамды масаң күйге дейін жеткізу
Кәмелетке толмаған адамды масаң күйге дейін жеткізу –
жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.
132-бап. Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болуына жол беру
1. Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта (сағат 22-ден таңғы 6-ға дейін) заңды өкілдерінің бірге жүруінсіз ойын-сауық мекемелерінде болуына жол беру –
жеке тұлғаларға – он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – он бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –
қызметті немесе қызметтің жекелеген түрлерін тоқтата тұрып, жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 132-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.133-бап. Он сегіз жасқа толмаған адамдардың темекіні және темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын, темекі қыздыруға арналған жүйелерді сатуы
1. Он сегіз жасқа толмаған адамдардың темекіні және темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын, темекі қыздыруға арналған жүйелерді сатуы -
жеке тұлғаларға - он бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, коммерциялық емес ұйымдарға - жиырма бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет -
жеке тұлғаларға - отыз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, коммерциялық емес ұйымдарға - елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - сексен, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескерту. 133-бап жаңа редакцияда – ҚР 07.07.2020 № 361-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 19.04.2024 № 74-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 17.11.2025 № 232-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.134-бап. Кәмелетке толмағандарға эротикалық мазмұндағы заттарды не балаларға тыйым салынған ақпаратты қамтитын ақпараттық өнімді тарату
1. Кәмелетке толмағандарға эротикалық мазмұндағы заттарды не балаларға тыйым салынған ақпаратты қамтитын ақпараттық өнімді тарату, яғни сату, оған жазылу, жеткізу, үлестіру, көрсету, прокаттау және (немесе) жалға беру –
эротикалық мазмұндағы заттар және (немесе) балаларға тыйым салынған ақпаратты қамтитын ақпараттық өнім тәркілене отырып, жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – алпыс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған, сол сияқты телекоммуникация желілері пайдаланыла отырып жасалған әрекет –
эротикалық мазмұндағы заттар және (немесе) балаларға тыйым салынған ақпаратты қамтитын ақпараттық өнім тәркілене отырып, жеке тұлғаларға – қырық, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – алпыс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – сексен, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескерту. 134-бап жаңа редакцияда - ҚР 02.07.2018 № 170-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).135-бап. Жетім балалардың, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың және балаларды өз отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген адамдардың республикалық деректер банкіне жетім балалар, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар туралы мәліметтерді ұсыну тәртібі мен мерзімдерін бұзу және оларды жария ету
Ескерту. 135-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 09.04.2016 № 501-V Заңымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).
1. Қарауында ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар тұратын ұйымдар басшыларының, Қазақстан Республикасының атқарушы органдары лауазымды адамдарының, егер бұл әрекетте (әрекетсіздікте) қылмыстық жазаланатын әрекет белгілері болмаса, сондай-ақ балаларды өз отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген адамдардың:
1) Жетім балалардың, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың және балаларды өз отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген адамдардың республикалық деректер банкіне жетім балалар және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар туралы мәліметтерді ұсыну мерзімдерін сақтамау;
2) Жетім балалардың, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың және балаларды өз отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген адамдардың республикалық деректер банкіне жетім балалар, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар туралы анық емес мәліметтер ұсыну, көрсетуге жататын деректерді жасыру;
3) Жетім балалардың, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың және балаларды өз отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген адамдардың республикалық деректер банкінде қамтылған жетім балалар, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар туралы деректерді заңсыз жария ету түрінде жасаған бұзушылығы – отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –
алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 135-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 09.04.2016 № 501-V Заңымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).135-1-бап. Лауазымды адамдардың жаңа туған баланы тастап кету, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың келіп түсу және жеткізілу фактілері туралы хабарламауы
1. Медициналық ұйымдардың және бала құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдардың лауазымды адамдарының тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органына және прокуратурасына жаңа туған баланы тастап кету, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың келіп түсу және жеткізілу фактілері туралы хабарламауы –
он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған дәл сол іс-әрекет –
отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескерту. 12-тарау 135-1-баппен толықтырылды – ҚР 05.07.2024 № 112-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.13-тарау. МЕНШIККЕ ҚОЛ СҰҒАТЫН ӘКIМШIЛIК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР
136-бап. Жерге мемлекеттік меншік құқығын бұзу
Мемлекеттік жер учаскелерін заңсыз иеленіп алу немесе айырбастау не жерге мемлекеттік меншік құқығын тікелей немесе жанама нысанда бұзатын басқа да мәмілелер жасау, сондай-ақ уақытша иеленген мемлекеттік жерді уақтылы қайтармау –
жеке тұлғаларға – жетпіс бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жеті жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
137-бап. Жер учаскесіне құқық беру кезінде және жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту кезінде Қазақстан Республикасының жер заңнамасын бұзу
1. Жер учаскесіне құқық беру кезінде және жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту кезінде Қазақстан Республикасының жер заңнамасын:
1) жер учаскесіне немесе жер учаскесін жалдау құқығына жер учаскелерін аукциондық және конкурстық тәсілмен беру қолданылмайтын жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік меншіктегі және жер пайдалануға берілмеген жер учаскелерін немесе жер учаскелерін жалдау құқығын сауда-саттық (аукциондар) және конкурстар өткізбей беру;
2) жеке және заңды тұлғалардың жер учаскесіне тиісті құқық беру туралы өтінішхаттарын (өтініштерін) қараудың белгіленген мерзімдерін бұзу;
3) жергілікті атқарушы органның жер комиссиясының оң қорытындысынсыз және (немесе) бекітілген жерге орналастыру жобасынсыз жер учаскелеріне құқық беру туралы шешім қабылдауы;
4) жергілікті атқарушы органның жер учаскелеріне құқық беруден бас тарту туралы шешім қабылдау мерзімін бұзуы;
5) жергілікті атқарушы органның жер учаскелеріне құқық беру туралы шешім қабылдау мерзімін бұзуы;
6) жергілікті атқарушы органның жеке меншікте болуы мүмкін емес жер учаскелеріне жеке меншік құқығын беру туралы шешім қабылдауы;
7) жергілікті атқарушы органның заңнамалық актілерде көзделмеген жағдайларда жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы шешім қабылдауы;
8) жергілікті атқарушы органның жер учаскелерін жер заңнамасында көзделген нормадан артық көлемде жеке меншікке тегін беру туралы шешім қабылдауы, сондай-ақ қайталап тегін беруі;
9) жергілікті атқарушы органның уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығын жер заңнамасында көзделмеген мақсаттарда немесе мерзімде беру туралы шешім қабылдауы;
10) жергілікті атқарушы органның шетел азаматтарына, азаматтығы жоқ адамдарға, шетелдік заңды тұлғаларға, шетелдік қатысуы бар Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына, халықаралық ұйымдарға, халықаралық қатысуы бар ғылыми орталықтарға, қандастарға, сондай-ақ шетел азаматтарымен немесе азаматтығы жоқ адамдармен некеде тұрған (ерлі-зайыпты) Қазақстан Республикасының азаматтарына ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жеке меншік құқығын немесе жер пайдалану құқығын беру туралы шешім қабылдауы;
10-1) жергілікті атқарушы органның, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарда көрсетілген, жеке ауладағы ауыл шаруашылығы жануарларын жаюға халық мұқтажын қанағаттандыру үшін қажетті жайылымдарға жеке меншік құқығын немесе жер пайдалану құқығын беру туралы шешім қабылдауы;
10-2) жергілікті атқарушы органның, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің халықтың мұқтажына пайдаланылатын және соған арналған, оның ішінде облыстық және аудандық маңызы бар қалалар, ауылдық елді мекендер шекаралары шегіндегі шабындық алқаптар алып жатқан жер учаскелерін азаматтар мен мемлекеттік емес заңды тұлғалардың бөлек меншігіне және жер пайдалануына беру туралы шешім қабылдауы;
11) жергілікті атқарушы органның өзінің құзыретіне кірмейтін, жер учаскелеріне құқықтар беру туралы шешім қабылдауы;
12) жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы өтінішті қарау мерзімін бұзу;
13) алып тасталды – ҚР 15.03.2023 № 208-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;14) жерге орналастыру жобасын бекіту мерзімдерін бұзу;
15) жер учаскесін сатып алу-сату шарттарын, жалға алу және уақытша өтеусіз жер пайдалану шарттарын жасасу мерзімдерін бұзу;
16) шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстарды және жер учаскелерін беруді немесе жер учаскелерін жалға алу құқығын беруді сауда-саттықта (аукциондарда) жүзеге асыру қажеттігі себебіне байланысты осындай беруден бас тартылғаннан кейін оларды беру жөніндегі сауда-саттықты (аукциондарды) өткізбеу немесе уақтылы өткізбеу;
17) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның жер пайдалану құқығын иеліктен шығару кезінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартын қайта ресімдеу мерзімдерін бұзу;
18) бос жер учаскелері мен жоспарланып отырған сауда-саттық (аукциондар) жөніндегі ақпаратты мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында, жергілікті атқарушы органдардың интернет-ресурстарында және халыққа қолжетімді жерлердегі арнаулы ақпараттық стендтерде орналастыру және жаңарту мерзімдерін бұзу түрінде жасалған бұзушылықтар, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, –
лауазымды адамдарға отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –
лауазымды адамдарға алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 137-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 15.03.2023 № 208-VII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.138-бап. Арнаулы белгілерді жою
1. Жер учаскелері шекараларының межелік белгілерін жою –
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – үш, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Су объектілері мен су ресурстарын байқайтын мемлекеттік пункттерді, арнаулы ақпараттық белгілерді және ортақ су пайдалануға шектеулер мен тыйым салу белгілерін, орман қорындағы орман орналастыру немесе орман шаруашылығы белгілерін, маркшейдерлік, геодезиялық пункттер мен белгілерді жою немесе бүлдіру –
жеке тұлғаларға – елу, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – үш жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жеті жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 138-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.03.2023 № 208-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 09.04.2025 № 181-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.139-бап. Жер қойнауына мемлекеттік меншік құқығын бұзу
1. Жерасты суларын қоспағанда, жер қойнауын заңсыз пайдалану, жер қойнауына мемлекеттік меншік құқығын тікелей немесе жасырын нысанда бұзатын мәмілелер жасау –
жер қойнауының ресурстарына келтірілген залал сомасының бір жүз пайызы мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –
әкімшілік құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған мүлік, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылықты жасау кезінде пайдаланылған құралдар мен заттар тәркілене отырып, жер қойнауының ресурстарына келтірілген залал сомасының екі жүз пайызы мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескертпе. Осы бапта көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасау нәтижесінде жер қойнауының ресурстарына келтірілген залал деп жер қойнауының заңсыз алып қойылған ресурстарының нарықтық құны танылады.
Ескерту. 139-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 02.01.2021 № 403-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.140-бап. Кен орны учаскелерін таңдап өңдеу
Ескерту. 140-бап алып тасталды - ҚР 27.12.2017 № 126-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).
141-бап. Су қорына мемлекеттік меншік құқығын бұзу
Ескерту. 141-баптың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР 09.04.2025 № 181-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Су объектілерін заңсыз басып алу, су пайдалану құқығын басқаға беру, сондай-ақ су қорына мемлекеттік меншік құқығын тікелей немесе жасырын нысанда бұзатын басқа да мәмілелерді жасау –
жеке тұлғаларға – бір жүз елу, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Арнаулы су пайдалануды рұқсатсыз жүзеге асыру, су ресурстарын нысаналы пайдаланбау, су пайдаланудың рұқсат етілген көлемдерінен асыру, бекітілген су режимін және арнаулы су пайдаланудың басқа да шарттарын сақтамау –
жеке тұлғаларға – елу, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне сегіз жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер –
жеке тұлғаларға – екі жүз, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – төрт жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – алты жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескерту. 141-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 09.04.2025 № 181-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.142-бап. Орманға мемлекеттік меншік құқығын бұзу
Орман қоры учаскелерін сатып алу-сату, сыйға тарту, кепілге беру, заңсыз иелену және айырбастау, сондай-ақ орманға мемлекеттік меншік құқығын бұзатын орман пайдалануды жүзеге асыру құқығын заңсыз басқаға беру –
жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға – жиырма бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жетпіс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
143-бап. Жануарлар мен өсімдіктер дүниесіне мемлекеттік меншік құқығын бұзу
1. Жануарлар дүниесі объектілерін пайдалану құқығын заңсыз басқаға беру, сондай-ақ жануарлар дүниесіне мемлекеттік меншік құқығын тікелей немесе жасырын нысанда бұзатын басқа да мәмілелер жасау, сол сияқты қорықтар мен басқа да ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы пайдаланылуына рұқсат алу талап етілетін жануарлар дүниесі объектілерін заңсыз пайдалану –
жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамдарға – жиырма бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жетпіс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Өсімдіктер дүниесін пайдалану құқығын заңсыз басқаға беру, сондай-ақ өсімдіктер дүниесіне мемлекеттік меншік құқығын тікелей немесе жасырын нысанда бұзатын басқа да мәмілелер жасау, сол сияқты пайдаланылуына рұқсат алу немесе хабарлама жіберу талап етілетін өсімдіктер дүниесін заңсыз пайдалану –
жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамдарға – жиырма, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 143-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 03.01.2023 № 187-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.144-бап. Энергияны немесе суды заңсыз қосу, пайдалану
Ескерту 144-бап алып тасталды - ҚР 30.12.2019 № 300-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
145-бап. Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы заңнамасын бұзу
Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы заңнамасын:
1) қорғау міндеттемелерінде жазылған тарих және мәдениет ескерткішін күтіп-ұстау шарттарын бұзушылықтар;
2) монументті өнер құрылыстарын орнату қағидаларын бұзушылықтар;
3) тарих және мәдениет ескерткішінің заңсыз орнын ауыстыру және оны өзгерту;
4) аумақтарды игеру кезінде жер учаскелері бөліп берілгенге дейін тарихи-мәдени мұра объектілерін анықтау бойынша археологиялық жұмыстарды жүргізбеу;
5) тарихи-мәдени мұра объектілерінің сақталып тұруына қатер төндіруі мүмкін жұмыстарды жүргізу;
6) тарих және мәдениет ескерткіштерінің қорғау аймақтары, құрылыс салуды реттеу аймақтары және қорғалатын табиғи ландшафт аймақтары шегінде жерді пайдалану режимін бұзушылықтар;
7) тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүргізу шарттарын және археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру шарттарын бұзушылықтар түрінде жасалған бұзу –
жүргізіліп жатқан жұмыстарды тоқтата тұрып, жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескерту. 145- бап жаңа редакцияда – ҚР 26.12.2019 № 289-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.146-бап. Егістіктердің немесе екпелердің үстімен жүру
Механикалық көлік құралымен, жегін көлікпен егістіктердің немесе екпелердің үстімен жүру –
ескерту жасауға немесе бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
147-бап. Егістіктерді, маяларды таптау, ауыл шаруашылығы дақылдарының алқапта жиналған астығын бүлдіру немесе жою, екпелерді зақымдау
1. Ұйымдық-құқықтық нысандарына қарамастан, ауыл шаруашылығы ұйымдарының, шаруа немесе фермер қожалықтарының, жеке қосалқы шаруашылықтардың егістіктерін, маяларын малдың немесе құстың таптауы, ауыл шаруашылығы дақылдарының алқапта жиналған астығын бүлдіру немесе жою не екпелерін зақымдау –
жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған дәл сол әрекеттер –
жеке тұлғаларға – қырық, лауазымды адамдарға жетпіс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
147-1-бап. Бөтен мүлікті қасақана жою немесе бүлдіру
1. Бөтен мүлікті қасақана жою немесе бүлдіру, егер бұл әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, –
елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не бестен жиырма тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға алып келеді.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –
жиырмадан отыз тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға алып келеді.
3. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, осы Кодекстің 50-бабының екінші бөлігіне сәйкес әкімшілік қамаққа алу қолданылмайтын адам жасаған әрекет –
алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескерту. 147-1-баппен толықтырылды - ҚР 03.01.2023 № 187-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 05.07.2024 № 112-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.148-бап. Мемлекеттік заттай гранттарды қайтару мерзімдерін бұзу
Мемлекеттік заттай гранттардың Қазақстан Республикасының инвестициялар саласындағы заңнамасында белгіленген қайтару мерзімдерін бұзу –
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 148-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.10.2015 № 376-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).149-бап. Террористік тұрғыдан осал объектінің терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді орындамау және (немесе) тиісінше орындамау
Ескерту. 149-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 13.05.2020 № 325-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Террористік тұрғыдан осал объекті меншік иесінің, иеленушісінің, басшысының немесе өзге де лауазымды тұлғасының не террористік тұрғыдан осал объект бойынша күзет қызметтерін көрсету туралы шарт жасасқан күзет қызметі субъектісінің объектінің терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді орындамауы және (немесе) тиісінше орындамауы –
жеке тұлғаларға немесе лауазымды адамдарға – бір жүз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) –
үш айға дейінгі мерзімге қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұрып немесе онсыз, жеке тұлғаларға немесе лауазымды адамдарға – екі жүз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – үш жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бес жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 149-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 22.12.2016 № 28-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.05.2020 № 325-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.150-бап. Қаржылық (инвестициялық) пирамиданың қызметін жарнамалау
Қаржылық (инвестициялық) пирамида қызметінің жарнамасын шығару, тарату және орналастыру, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, –
үш айға дейінгі мерзімге масс-медианың шығарылуын (эфирге шығуын) тоқтата тұрып, жеке тұлғаларға – бір жүз елу, лауазымды адамдарға – бір жүз жетпіс, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне алты жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 150-бапқа өзгерістер енгізілді – ҚР 12.07.2022 № 140-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.06.2024 № 95-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.14-тарау. Кәсіпкерлік қызмет, сондай-ақ оңалту, төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттық саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар
Ескерту. 14-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР 30.12.2022 № 180-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
151-бап. Шикізатты, азық-түлік және өнеркәсіп тауарларын Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге әкету немесе жөнелту қағидаларын бұзу
1. Шикізатты, азық-түлік, өнеркәсіп тауарларын Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге әкету немесе жөнелту қағидаларын бұзу –
жеке тұлғаларға – бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне отыз бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –
шикізат немесе тауарлар тәркілене отырып немесе онсыз, жеке тұлғаларға – он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 151-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.152-бап. Шикізатты, азық-түлік және өнеркәсіп тауарларын Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге жөнелту үшін қабылдау қағидаларын бұзу
Ескерту 152-бап алып тасталды - ҚР 30.12.2019 № 300-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Кәсіпкерлік қызметтің тыйым салынған түрлерімен айналысу, егер бұл іс-әрекет азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке ірі залал келтірсе не ірі мөлшерде кіріс алумен немесе акцизделетін тауарларды едәуір мөлшерде өндірумен, сақтаумен, тасымалдаумен не өткізумен ұштасқан болса, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, –
жеке тұлғаларға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – келтірілген залал сомасының, алынған кіріс сомасының және заңсыз кәсіпкерлік нәтижесінде алынған акцизделетін тауарлар құнының – отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу пайызы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескертпелер.
1. Осы Кодекстің 153 және 155-баптарында азаматқа екі мың айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада келтірілген залал, не ұйымға немесе мемлекетке он мың айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада келтірілген залал – ірі залал деп танылады.
2. Осы Кодекстің 153 және 155-баптарында сомасы он мың айлық есептік көрсеткіштен аспайтын кіріс – ірі мөлшердегі кіріс деп танылады.
3. Осы бапта құны екі мың айлық есептік көрсеткіштен аспайтын тауарлар саны – едәуір мөлшер деп танылады.
Ескерту. 153-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.154-бап. Қазақстан Республикасының заңдарында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға тыйым салу белгіленген адамның осындай қызметпен айналысуы
Ескерту. 154-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді – ҚР 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Қазақстан Республикасының заңдарында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға тыйым салу белгіленген адамның осындай қызметпен айналысуы –
әкімшілік құқық бұзушылықтар жасау заттары және (немесе) құралдары және (немесе) құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған кірістер (дивидендтер), ақша, бағалы қағаздар тәркілене отырып, жеке тұлғаларға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР Конституциялық Сотының 13.06.2023 № 19 нормативтік қаулысымен Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 154-бабы Қазақстан Республикасы Конституциясының 26-бабының 4-тармағына мынадай түсіндірмеде сәйкес келеді деп танылсын: осы бапта көзделген әрекетті жасағаны үшін әкімшілік жауаптылық кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға тыйым салу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда туындайды.Ескерту. 154-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
155-бап. Заңсыз банктік қызмет
Азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке ірі залал келтірген не ірі мөлшерде кіріс алумен ұштасқан, банктік қызметті (банк операцияларын) тіркеусіз немесе рұқсат (лицензия) алу міндетті болған жағдайларда мұндай арнаулы рұқсатсыз (лицензиясыз) жүзеге асыру, егер бұл әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, –
жеке тұлғаларға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – келтірілген залал сомасының, заңсыз қызмет нәтижесінде алынған кіріс сомасының – отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу пайызы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
156-бап. Қазақстан Республикасының мәдениет туралы заңнамасының талаптарын бұзу
1. Қазақстан Республикасының мәдениет туралы заңнамасының талаптарын:
1) фильмге прокаттау куәлігінсіз Қазақстан Республикасының аумағында фильмдерді прокаттау;
2) көрермендерге фильмнің жас санаты туралы белгіленген тәртіппен ақпарат бермеу;
3) "18+" және "21+" жас санаттары бар фильмдерді прокаттау кезінде белгіленген уақытты сақтамау;
4) фильмдерді көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың Фильмдер мониторингінің бірыңғай автоматтандырылған цифрлық жүйесіне фильмдер бойынша ақпарат бермеуі және (немесе) бұрмаланған ақпарат беруі;
5) мәдени құндылықтарды уақытша әкету тәртібі мен шарттарын сақтамау;
6) ұлттық кітапханаларға және Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік кітап палатасына басылымның міндетті тегін данасын бермеу түрінде жасалған бұзушылық –
ескерту жасауға алып келеді.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –
жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!3, 4-бөлікпен толықтыру көзделген – ҚР 19.06.2026 № 318-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Ескерту. 156-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 05.05.2017 № 60-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 03.01.2019 № 213-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
156-1-бап. Қазақстан Республикасының балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы заңнамасын бұзу
1. Қазақстан Республикасының балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы заңнамасын:
1) мерзімді баспа басылымдарын жас санаты белгісінсіз тарату;
2) "18 жастан бастап" жас санатына жатқызылған ақпаратты қамтитын ақпараттық өнімді телерадио хабарлары арқылы тарату кезінде белгіленген уақытты сақтамау;
3) теле-, радиобағдарлама басталғанда, сондай-ақ ол бөлінгеннен кейін әрбір қайта басталған кезде жас санаты белгісін көрсетпей немесе жас санатын хабарламай ақпараттық өнімді телерадио бағдарламалары арқылы тарату түрінде жасалған бұзушылық –
ескерту жасауға алып келеді.
2. Аудио-бейне және (немесе) баспа өнімін жас санаты белгісінсіз тарату – ескерту жасауға алып келеді.
3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер –
жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – алпыс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескерту. 14-тарау 156-1-баппен толықтырылды - ҚР 02.07.2018 № 170-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.157-бап. Көрінеу жалған жарнама
Жарнама берушінің жарнамада тауарларға, жұмыстарға немесе көрсетілетін қызметтерге, сондай-ақ оларды өндірушілерге, орындаушыларға немесе сатушыларға қатысты тұтынушыны жаңылыстыратын ақпаратты пайдалануы –
жеке тұлғаларға – бір жүз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бес жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескерту. 157-бап жаңа редакцияда - ҚР 05.10.2018 № 184-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).158-бап. Бөтен тауар белгісін, қызмет көрсету белгісін, географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердің атауын заңсыз пайдалану
Ескерту. 158-баптың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Тауар белгісіне айрықша құқықты түбегейлі пайдалануға байланысты жағдайларды қоспағанда, бөтен тауар белгісін, қызмет көрсету белгісін, географиялық нұсқаманы, тауар шығарылған жердің атауын немесе біртектес тауарларға немесе көрсетілетін қызметтерге арналған, оларға айырғысыз дәрежеге дейін ұқсас белгілемелерді заңсыз пайдалану, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, –
тауар белгісі, қызмет көрсету белгісі, географиялық нұсқама, тауар шығарылған жердің атауы немесе біртектес тауарларға немесе көрсетілетін қызметтерге арналған, оларға айырғысыз дәрежеге дейін ұқсас белгілемелер заңсыз бейнеленген тауарлар тәркілене отырып, жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескертпе. Осы бапқа сәйкес тәркіленген контрафактілік тауарлар мұндай тауарларды айналымға енгізу қоғамдық мүдделер үшін қажет болатын және Қазақстан Республикасының тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнамасының талаптарын бұзбайтын (тауардан және оның қаптамасынан заңсыз пайдаланылатын тауар белгісін немесе оған айырғысыз дәрежеге дейін ұқсас белгілемені алып тастаған кезде) жағдайларды қоспағанда, осы Кодекстің 795-бабында көзделген тәртіппен жойылуға жатады.
Ескерту. 158-бап жаңа редакцияда - ҚР 27.10.2015 № 365-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 20.06.2018 № 161-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.01.2019 № 217-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.1. Нарық субъектілерінің Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде тыйым салынған бәсекелестікке қарсы келісімдері, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, -
монополистік қызметті бір жылдан аспайтын мерзімде жүзеге асыру нәтижесінде алынған монополиялық кіріс тәркілене отырып, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – монополистік қызметті жүзеге асыру нәтижесінде алынған кірістің (түсімнің) – үш, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бес пайызы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Нарық субъектілерінің Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде тыйым салынған бәсекелестікке қарсы келісілген әрекеттері, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, -
монополистік қызметті бір жылдан аспайтын мерзімде жүзеге асыру нәтижесінде алынған монополиялық кіріс тәркілене отырып, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға монополистік қызметті жүзеге асыру нәтижесінде алынған кірістің (түсімнің) – үш, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бес пайызы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Нарық субъектілерінің Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде тыйым салынған өзінің үстем немесе монополиялық жағдайын монополиялық жоғары (төмен) немесе монопсониялық төмен бағаларды белгілеу, ұстап тұру арқылы теріс пайдалануы, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, -
монополистік қызметті бір жылдан аспайтын мерзімде жүзеге асыру нәтижесінде алынған монополиялық кіріс тәркілене отырып, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға монополистік қызметті жүзеге асыру нәтижесінде алынған кірістің (түсімнің) – үш, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бес пайызы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3-1. Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде тыйым салынған, монополиялық жоғары (төмен) немесе монопсониялық төмен бағаларды белгілеуді, ұстап тұруды қоспағанда, нарық субъектілерінің өзінің үстем немесе монополиялық жағдайын теріс пайдалануы, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, –
шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға монополистік қызметті жүзеге асыру нәтижесінде алынған кірістің (түсімнің) – үш, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бес пайызы мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
4. Осы баптың бірінші, екінші, үшінші және 3-1-бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –
монополистік қызметті бір жылдан аспайтын мерзімде жүзеге асыру нәтижесінде алынған монополиялық кіріс тәркілене отырып, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға монополистік қызметті жүзеге асыру нәтижесінде алынған кірістің (түсімнің) – бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне он пайызы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Жеке және (немесе) заңды тұлғалардың нарық субъектілерінің экономикалық қызметін нарық субъектілерінің Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде тыйым салынған бәсекелестікке қарсы келісімдерінің кез келген нысанына әкеп соқтыра алатындай, әкеп соқтыратын немесе әкеп соқтырған үйлестіруі -
жеке тұлғаларға – бір жүз елу, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – үш жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бес жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Осы баптың бесінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –
жеке тұлғаларға – екі жүз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – үш жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жеті жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескертпелер.
Бәсекелестікке қарсы келісім немесе бәсекелестікке қарсы келісілген әрекеттер түріндегі әкімшілік құқық бұзушылық жасаған нарық субъектісі мынадай шарттарды жиынтықты сақтаған:
1) нарық субъектісі монополияға қарсы органға бәсекелестікке қарсы келісімдер немесе бәсекелестікке қарсы келісілген әрекеттер туралы мәлімдеген кезде монополияға қарсы орган басқа көздерден осы бәсекелестікке қарсы келісімдер немесе бәсекелестікке қарсы келісілген әрекеттер туралы ақпарат алмаған;
2) нарық субъектісі бәсекелестікке қарсы келісімдерге немесе бәсекелестікке қарсы келісілген әрекеттерге өзінің қатысуын тоқтату жөнінде шұғыл шаралар қолданған;
3) нарық субъектісі мәлімдеген кезден бастап бүкіл тергеу бойында бәсекелестікке қарсы келісімдер немесе бәсекелестікке қарсы келісілген әрекеттер фактілері туралы толық ақпаратты хабарлаған;
4) нарық субъектісінің бәсекелестікке қарсы келісімдер немесе бәсекелестікке қарсы келісілген әрекеттерді жасау салдарынан тұтынушыларға келтірілген залалды ерікті түрде өтейтін кезде әкімшілік жауаптылықтан босатылады.
Ескерту. 159-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 05.05.2015 № 312-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 29.10.2015 № 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.160-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік монополия туралы заңнамасын бұзу
1. Мемлекеттік монополия субъектісінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік монополия туралы заңнамасында белгіленген шектеулерді сақтамауы –
үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Мемлекеттік монополия саласына жатқызылған қызметті уәкілеттік берілмеген тұлғаның жүзеге асыруы –
әкімшілік құқық бұзушылық жасау заттары және (немесе) құралы тәркілене отырып немесе онсыз, жеке тұлғаларға – елу, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 160-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.161-бап. Нарық субъектілерінің экономикалық шоғырлану кезіндегі құқыққа сыйымсыз әрекеттері
1. Егер монополияға қарсы орган келісімінің болуы қажет болған жағдайда, нарық субъектілерінің мұндай келісімді алмастан экономикалық шоғырлануы, экономикалық шоғырлануға қатысушы нарық субъектілерінің экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы шешімге негіз болған талаптар мен міндеттемелерді орындамауы –
жеке тұлғаларға – сексен, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың алты жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Егер жасалған экономикалық шоғырлану туралы хабарламаның болуы қажет болған жағдайда, монополияға қарсы органға мұндай хабарламаны ұсынбау немесе уақтылы ұсынбау –
жеке тұлғаларға – сексен, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың алты жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
162-бап. Монополияға қарсы органның нұсқамасын орындамау. Ақпарат беру жөніндегі міндеттемелерді бұзу және үй-жайлар мен аумаққа кіруге кедергі жасау
Нұсқаманы орындамау немесе оны толық көлемде орындамау, монополияға қарсы органға белгіленген мерзімдерде ақпарат бермеу не ақпаратты толық көлемде бермеу, монополияға қарсы органға анық емес және (немесе) жалған ақпарат беру, монополияға қарсы органның тергеп-тексеру жүргізетін лауазымды адамдарының үй-жайлар мен аумаққа кіруіне кедергі жасау –
жеке тұлғаларға – елу, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз алпыс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың алты жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 162-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.163-бап. Мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдардың, мемлекет нарық субъектілерінің қызметін реттеу функцияларын берген ұйымдардың бәсекелестікке қарсы әрекеттері (әрекетсіздігі), жосықсыз бәсекелестік
Ескерту. 163-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 28.12.2016 № 34-VI (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдардың, мемлекет нарық субъектілерінің қызметін реттеу функцияларын берген ұйымдардың бәсекелестікке қарсы әрекеттері (әрекетсіздігі), жосықсыз бәсекелестік –
лауазымды адамдарға үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Жосықсыз бәсекелестік –
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – төрт жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 163-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.12.2016 № 34-VI (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.163-1-бап. Тауарларды сатып алуды ұйымдастырушылардың, сатып алу мен сауда-саттық операторларының сатып алудың өнім берушілерінің, сауда-саттыққа қатысушылардың қызметін үйлестіруі
1. Тауарларды сатып алуды ұйымдастырушылардың, сатып алу мен сауда-саттық операторларының сатып алудың өнім берушілерінің және сауда-саттыққа қатысушылардың қызметін үйлестіруі, егер мұндай әрекет бәсекелестікке жол бермеуге, оны шектеуге немесе жоюға алып келсе немесе алып келуі мүмкін болса және оларда қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, –
лауазымды адамдарға бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –
лауазымды адамдарға бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескерту. 14-тарау 163-1-баппен толықтырылды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).164-бап. Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасын бұзу
Ескерту. 164-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР 28.12.2016 № 34-VI (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Табиғи монополия субъектісінің табиғи монополиялар салаларында, цифрландыру және байланыс саласында, азаматтық авиация саласында, су қорын қорғау және пайдалану саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органдарға белгіленген нысандардағы ақпаратты, есепті және хабарламаны бермеуі, сол сияқты белгіленген нысандардағы ақпаратты, есепті және хабарламаны белгіленген мерзімдерін бұза отырып беруі –
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне сегіз жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған дәл сол әрекеттер (әрекетсіздік) –
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз сексен, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Табиғи монополия саласына жатқызылған қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың уәкілетті орган мен су қорын қорғау және пайдалану саласындағы уәкілетті органға табиғи монополиялар туралы заңнамада белгіленген тәртіппен осы қызметті жүзеге асыру басталған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркеліміне енгізу туралы өтінішті және құжаттарды (ақпаратты) ұсынбауы –
әкімшілік құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған кіріс (түсім) сомасының бір жүз пайызы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Табиғи монополия субъектісінің шектеулерді сақтамауы, сол сияқты табиғи монополиялар салаларында, цифрландыру және байланыс саласында, азаматтық авиация саласында, су қорын қорғау және пайдалану саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органдарға белгіленген нысандардағы ақпарат, есеп және хабарлама беру міндетін қоспағанда, табиғи монополия субъектісінің Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасында белгіленген міндеттерді орындамауы немесе тиісінше орындамауы –
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз сексен, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың алты жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Осы баптың төртінші бөлігінде көзделген, кіріс (түсім) алуға әкеп соққан әрекет (әрекетсіздік) –
заңды тұлғаларға әкімшілік құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған кірістің (түсімнің) он пайызы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескертпе. Әкімшілік құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған кіріс (түсім) деп табиғи монополия субъектісі алған кіріс (түсім) пен Қазақстан Республикасының заңнамасы сақталған кезде табиғи монополия субъектісі алуға тиіс кіріс (түсім) арасындағы айырма түсініледі.
Ескерту. 164-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.10.2015 № 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.12.2016 № 34-VI (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.01.2025 № 155-VIII (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі); 09.04.2025 № 181-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.165-бап. Электр энергиясын өткізу (сату) тәртібін бұзу
1. Жүйелік оператор айқындайтын белгіленген квоталар шеңберінде цифрлық майнерлерге спот-сауда-саттықта (күнтізбелік айда осындай ұйымдар өндіретін электр энергиясы көлемінің он пайызынан аспайтын), теңгерімдеуші нарықта, экспортқа және электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығында өткізу (сату) жағдайларын қоспағанда, энергия өндіруші ұйымның электр энергиясының босату бағасынан асатын электр энергиясын өткізуі (сатуы) –
заңды тұлғаларға әкімшілік құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған кірістің (түсімнің) он пайызы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Электр энергиясының экспорты жағдайларын қоспағанда, энергия өндіруші ұйымның көтерме және (немесе) бөлшек сауда нарығының субъектілері болып табылмайтын жеке және заңды тұлғаларға электр энергиясын өткізуі (сатуы) –
заңды тұлғаларға әкімшілік құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған кіріс (түсім) сомасының бір жүз пайызы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Энергия өндіруші ұйымның электр энергиясын энергия өндіруші басқа ұйымнан заңсыз алуы (сатып алуы) –
заңды тұлғаларға әкімшілік құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған (сатып алынған) электр энергиясы үшін ақы төлеу сомасының бір жүз пайызы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Энергиямен жабдықтаушы ұйымның электр энергиясын энергиямен жабдықтаушы басқа ұйымға заңсыз өткізуі (сатуы), сол сияқты оны энергиямен жабдықтаушы басқа ұйымнан заңсыз алуы (сатып алуы) –
заңды тұлғаларға әкімшілік құқық бұзушылық жасау нәтижесінде өткізілген (сатылған), сол сияқты алынған (сатып алынған) электр энергиясы үшін ақы төлеу сомасының бір жүз пайызы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескертпелер.
1. Әкімшілік құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған кіріс (түсім) деп:
1) осы баптың бірінші бөлігі бойынша: осы бапта көзделген жағдайларды қоспағанда, энергия өндіруші ұйымның алған кірісі (түсімі) мен электр энергиясының тиісінше шекті, есептік, жеке тарифтері бойынша есептелген кіріс (түсім) арасындағы айырма;
2) осы баптың екінші, үшінші және төртінші бөліктері бойынша: Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасында белгіленген электр энергиясын өткізуге (сатуға) тыйым салуды бұзу нәтижесінде алынған барлық кіріс (түсім) түсініледі.
2. Кіріс (түсім) құрамына өткізілген (сатылған), бірақ әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалған күнге ақысы төленбеген электр энергиясының құны да енгізілуі керек.
Ескерту. 165-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 06.02.2023 № 195-VII (01.04.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.166-бап. Қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің міндеттерді бұзуы
1. Қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің баға деңгейін растайтын негіздемелік материалдарды қоса бере отырып, босату бағалары туралы ақпаратты, Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес қаржылық есептілікті, сондай-ақ монополиялы өндірілетін (өткізілетін) тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) өндіру (өткізу) көлемдері, кірістілік деңгейі мен босату бағалары туралы ақпаратты Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде белгіленген мерзімдерде бермеуі, сол сияқты табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органға анық емес және (немесе) толық емес ақпаратты беруі –
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – төрт жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің шекті бағада ескерілген инвестициялық бағдарламаны (жобаны) орындамауы –
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, орта кәсіпкерлік субъектілеріне, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне инвестициялық бағдарламаларды (жобаларды) іске асыруға пайдаланылмаған соманың он пайызы мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
3. Қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің алынған және шекті бағаларда ескерілген инвестициялық бағдарламаларды (жобаларды) іске асыруға пайдаланылмаған кірісті (түсімді) тұтынушыларға не тұтынушылардың толық тізбесін белгілеу мүмкін болмаған жағдайда баға белгілеу тәртібіне сәйкес алдағы кезеңге шекті бағаның деңгейін төмендету арқылы қайтару жөніндегі міндетті орындамауы –
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – әкімшілік құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған кіріс (түсім) сомасының алпыс бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – сексен, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз пайызы мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
4. Қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің шекті бағаны негізсіз асырып жіберу нәтижесінде алынған кірісті (түсімді) тұтынушыларға не тұтынушылардың толық тізбесін белгілеу мүмкін болмаған жағдайда баға белгілеу тәртібіне сәйкес алдағы кезеңге шекті бағаның деңгейін төмендету арқылы қайтару жөніндегі міндетті орындамауы –
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – әкімшілік құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған кіріс (түсім) сомасының алпыс бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – сексен, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз пайызы мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
5. Қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің бағалардың алдағы уақытта көтерілетіні туралы хабарламаны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органға ұсынбай тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағасын көтеруі және оларды өткізуі, сол сияқты Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде белгіленген тәртіппен қолданыстағы немесе жобаланып отырған бағаны табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган айқындаған баға деңгейіне дейін төмендетпеуі –
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, орта кәсіпкерлік субъектілеріне, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне әкімшілік құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған кірістің (түсімнің) он пайызы мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескертпелер.
1. Әкімшілік құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған кіріс (түсім) деп:
1) осы баптың екінші бөлігі бойынша: қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің алған кірісі (түсімі) мен көтерілгенге дейін қолданыста болған баға бойынша не табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган деңгейін айқындаған баға бойынша есептелген кірістің (түсімнің) арасындағы айырма;
2) осы баптың үшінші бөлігі бойынша: қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің инвестициялық бағдарламаларды (жобаларды) іске асыру үшін шекті бағаны қолдану есебінен алған кірісі (түсімі) мен инвестициялық бағдарламаларды (жобаларды) іске асыруға пайдаланылған кірістің (түсімнің) арасындағы айырма;
3) осы баптың төртінші бөлігі бойынша: қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің алған кірісі (түсімі) мен шекті баға деңгейін негізге ала отырып қалыптастырылған кірістің (түсімнің) арасындағы айырма түсініледі.
2. Кіріс (түсім) құрамына сатылған, бірақ әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалған күнге ақысы төленбеген тауардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) құны да енгізілуі керек.
Ескерту. 166-бап жаңа редакцияда - ҚР 28.12.2016 № 34-VI (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.167-бап. Қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің баға белгілеу тәртібін сақтамауы
Ескерту. 167-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 28.12.2016 № 34-VI (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган белгілеген баға белгілеу тәртібін сақтамауы –
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – төрт жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 167-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 05.05.2015 № 312-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.12.2016 № 34-VI (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.168-бап. Энергия өндіруші немесе энергия беруші ұйымның инвестициялық бағдарламаны орындамауы
1. Энергия өндіруші немесе энергия беруші ұйымның инвестициялық бағдарламада бекітілген іс-шараларды сақтамауы, сол сияқты орындамауы немесе тиісінше орындамауы –
лауазымды адамдарға – елу, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз сексен, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың алты жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Энергия өндіруші немесе энергия беруші ұйымның табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган енгізген инвестициялық бағдарламаны орындау туралы нұсқаманы орындамауы –
тұтынушылардан алынған және инвестициялық бағдарламаны іске асыру мақсатында пайдаланылмаған сомалардың он пайызы мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, кіріс (түсім) алуға алып келген әрекет (әрекетсіздік) –
әкімшілік құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған кірістің (түсімнің) жиырма пайызы мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескерту. 168-бап жаңа редакцияда – ҚР 08.07.2024 № 122-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.169-бап. Қазақстан Республикасының биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы заңнамасын бұзу
1. Биоотын өндірушілердің кейіннен биоотын етіп қайта өңдеу үшін тамақ шикізатын сатып алуға арналған квота нормаларын асыруы –
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың бес жүз жетпіс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –
асырылған квота мөлшерінде тамақ шикізатынан өндірілген өнім тәркілене отырып және биоотынды өндіру жөніндегі қызметті үш айға дейінгі мерзімге тоқтата тұрып, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз тоқсан, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың сегіз жүз жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Биоотын өндіру кезінде 1 және 2-сыныпты бидайды тамақ шикізаты ретінде пайдалану –
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жеті жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Құрамы техникалық регламенттерде белгіленген құрамға сәйкес келмейтін биоотынды сату –
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жеті жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Денатуратталмаған биоэтанолдың, оны биоотын өндіретін зауытқа немесе биоотынның басқа түрлеріне қайта өңдеу үшін мұнай өңдейтін зауытқа жеткізу жағдайларын қоспағанда, айналымын жүргізу –
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жеті жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Биоотын өндіретін нақ сол зауытта екі және одан да көп биоотын өндірушілердің биоотын өндіруді жүзеге асыруы –
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жеті жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
7. Биоотын өндірушілердің биоотынды өндіру паспортынсыз, биоотын өндіру көлемін есепке алуды бақылау аспаптарынсыз не олардың ақауы болған кезде өндіруі –
осы кезеңде өндірілген өнім тәркілене отырып, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жеті жүз отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
8. Биоотын өндірушілердің генетикалық түрлендірілген көз (объект) болып табылатын немесе құрамында генетикалық түрлендірілген көздер (объектілер) бар тамақ шикізатын бұлардың қауіпсіздігін ғылыми негіздемелік растаусыз және бұларды мемлекеттік тіркеуді жүргізбестен қабылдауы –
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз жиырма бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне тоғыз жүз қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
9. Алып тасталды - ҚР 25.12.2017 № 122-VI Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).10. Биоотын өндірушілердің, тиісті құжаттары болған кезде биоотынды экспорттауды қоспағанда, биоотын өндіруді және (немесе) мұнай өнімдерін компаундтеуді және (немесе) химиялық және онымен байланысты өнеркәсіп салаларының өнімдерін өндіруді жүзеге асырмайтын тұлғаларға биоотынды өткізуі –
биоотынның өткізілген партиясына тең көлемде тәркілене отырып, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне тоғыз жүз тоқсан айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
11. Биоотын өндірушілердің өндірілген биоотынды, тиісті құжаттары болған кезде биоотынды экспорттауды қоспағанда, биоотын нарығына қатысушылар мен химиялық және онымен байланысты өнеркәсіп салаларының өнімдерін өндірушілер болып табылмайтын тұлғаларға оны сақтау үшін беруі –
биоотынның өткізілген партиясына тең көлемде тәркілене отырып, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне алты жүз алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
12. Тиісті құжаттары болған кезде биоотынды экспорттауды қоспағанда, биоотын нарығына қатысушылар болып табылмайтын және (немесе) биоотын өндіруді және (немесе) мұнай өнімдерін компаундтеуді және (немесе) химиялық және онымен байланысты өнеркәсіп салаларының өнімдерін өндіруді жүзеге асырмайтын тұлғалардың биоотынды сақтауы –
биоотынның өткізілген партиясына тең көлемде тәркілене отырып, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз отыз бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз жетпіс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
13. Осы баптың жетінші, сегізінші, оныншы, он бірінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –
биоотын тиісті көлемде тәркілене отырып, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – төрт жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
14. Осы баптың он екінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет -
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне төрт жүз отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 169-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 25.12.2017 № 122-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.170-бап. Қазақстан Республикасының газ және газбен жабдықтау туралы заңнамасының талаптарын бұзу
1. Газбен жабдықтау жүйелері субъектісінің тауарлық, сұйытылған мұнай газын және (немесе) сұйытылған табиғи газды өндіру, тасымалдау (тасу), сақтау, тиеп-жөнелту және өткізу жөніндегі мәліметтерді ұсынбауы, сол сияқты мәліметтерді белгіленген мерзімдерді бұза отырып ұсынуы –
ескерту жасауға әкеп соғады.
1-1. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Қазақстан Республикасының газ және газбен жабдықтау туралы заңнамасында белгіленген газбен жабдықтау жүйелері объектілерін пайдалану жөніндегі шектеулерді сақтамау –
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың оныншы бөлігінде көзделген жағдайды қоспағанда, Қазақстан Республикасының газ және газбен жабдықтау туралы заңнамасында белгіленген тауарлық және (немесе) сұйытылған мұнай газын есепке алу және (немесе) өткізу тәртібін бұзу —
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жетпіс бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жеті жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
4. Жер қойнауын пайдаланушының мемлекеттің шикі және (немесе) тауарлық газды сатып алуға артықшылықты құқығын бұзуы –
заңды тұлғаларға бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Газбен жабдықтау жүйелері объектісі меншік иесінің тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесі объектілерін, тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесі объектілеріне ортақ меншік құқығындағы үлестерді және (немесе) тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесі объектілерінің меншік иелері – заңды тұлғалар акцияларының пакеттерін (қатысу үлестерін) сатып алуға мемлекеттің басым құқығын бұзуы –
заңды тұлғаларға бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесі субъектілерінің тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесі объектілерін пайдаланудың белгіленген технологиялық режимдерін сақтамауы –
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
7. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, кіріс (түсім) алуға әкеп соққан әрекет –
заңды тұлғаларға әкімшілік құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған кірістің (түсімнің) отыз пайызы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
8. Алып тасталды – ҚР 04.07.2018 № 173-VІ (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.9. Алып тасталды – ҚР 04.07.2018 № 173-VІ (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
10. Сұйытылған мұнай газын Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге заңсыз өткізу, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-қимыл белгілері болмаса, —
әкімшілік құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған кірістер тәркілене отырып, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бес жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
11. Алып тасталды – ҚР 04.07.2018 № 173-VІ (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.12. Осы баптың оныншы бөлігінде көзделген, бір жыл ішінде қайтадан жасалған әрекет -
әкімшілік құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған кірістер тәркілене отырып, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – бес жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – сегіз жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескертпе. Әкімшілік құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған кіріс (түсім) деп әкімшілік құқық бұзушылық жасаған тұлға алған кіріс (түсім) пен Қазақстан Республикасының заңнамасы сақталған кезде осы тұлға алуға тиіс болған кіріс (түсім) арасындағы айырма түсініледі.
Ескерту. 170-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.04.2016 № 506-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2018 № 173-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.171-бап. Бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнімдерін, тауарлық газды және сұйытылған мұнай газын өткізудің шекті бағаларын асыру
1. Мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізушілердің Қазақстан Республикасының мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы заңнамасына сәйкес белгіленген мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізудің шекті бағасынан асыруы –
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Тауарлық немесе сұйытылған мұнай газын өткізуді жүзеге асыратын тұлғалардың Қазақстан Республикасының газ және газбен жабдықтау туралы заңнамасына сәйкес белгіленген Қазақстан Республикасының ішкі нарығында тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын немесе Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспары шеңберінде электрондық сауда алаңдарынан тыс өткізілетін сұйытылған мұнай газының шекті бағаларын асырып жіберуі –
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –
аккредиттеу туралы куәліктің қолданысын тоқтата тұрып не одан айыра отырып, заңды тұлғаларға әкімшілік құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған кірістің (түсімнің) бір жүз пайызы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескертпе. Әкімшілік құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған кіріс (түсім) деп әкімшілік құқық бұзушылық жасаған тұлға алған кіріс (түсім) пен Қазақстан Республикасының заңнамасы сақталған кезде осы тұлға алуға тиіс болған кіріс (түсім) арасындағы айырма түсініледі.
Ескерту. 171-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 04.07.2018 № 173-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.172-бап. Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы және жылу энергетикасы саласындағы заңнамасын бұзу
Ескерту. 172-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді – ҚР 08.07.2024 № 122-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Энергия өндіруші ұйымның Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасында көзделген инвестициялардың көлемі мен бағыттары не инвестициялық міндеттемелердің орындалуы туралы мәліметтерді масс-медиада жарияламауы, уақтылы, анық немесе толық жарияламауы –
орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз алпыс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне сегіз жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Энергия өндіруші ұйымның Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасында көзделген электр энергиясын өндіру мен өткізуге жұмсалған шығындар бойынша және электр энергиясын өндіру мен өткізу көлемі бойынша есептерді ұсынбауы, уақтылы, анық немесе толық ұсынбауы –
орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың алты жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың, жылумен жабдықтау субъектілерінің мемлекеттік органдар сұрау салған, Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы және жылу энергетикасы саласындағы заңнамасында көзделген өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына қажетті ақпаратты ұсынбауы, уақтылы, анық немесе толық ұсынбауы –
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың алты жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, энергия өндіруші ұйымның келісімде айқындалған инвестициялық міндеттемелерді орындамауы –
орта кәсіпкерлік субъектілеріне – келісімде көзделген инвестициялық міндеттемелерді іске асыруға пайдаланылмаған соманың бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне он пайызы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Электр және (немесе) жылу энергиясын заңсыз шектеу және (немесе) ажырату –
лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жетпіс бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Энергиямен жабдықтаушы ұйымның тұтынушымен энергиямен жабдықтау жеке шартын жасасудан бас тартуы –
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жетпіс бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 172-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 272-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.06.2024 № 95-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 08.07.2024 № 122-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.173-бап. Кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласу
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
1-бөлікке өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 12.06.2026 № 312-VIIІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Осы Кодекстің 164-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың лауазымды адамдарының, квазимемлекеттік сектордың, табиғи монополиялар субъектілерінің, сондай-ақ меншік нысандарына қарамастан, өзге де ұйымдардың заңсыз актілер шығару, заңсыз тапсырмалар беру, құқыққа сыйымсыз шешімдер қабылдау, сол сияқты заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі келтіретін әрекеттер (әрекетсіздік) жасау арқылы дара кәсіпкерлердің немесе заңды тұлғалардың қызметіне заңсыз араласуы, егер бұл іс-әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, –
бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет –
екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескерту. 173-бап жаңа редакцияда – ҚР 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.174-бап. Кәсіпқой спорт жарыстарының және коммерциялық ойын-сауық конкурстарының қатысушылары мен ұйымдастырушыларын параға сатып алу
1. Спортшыларды, спорт судьяларын, жаттықтырушыларды, команда басшыларын және кәсіпқой спорт жарыстарының басқа да қатысушыларын немесе ұйымдастырушыларын, сол сияқты коммерциялық ойын-сауық конкурстарының ұйымдастырушыларын немесе қазылар алқасы мүшелерін осы жарыстардың немесе конкурстардың нәтижелеріне ықпал ету мақсатында параға сатып алу –
екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –
екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не он бес тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.
3. Спортшылардың жарыс нәтижелеріне ықпал ету мақсатында өздеріне берілген ақшаны, бағалы қағаздарды немесе өзге де мүлікті заңсыз алуы, сол сияқты спортшылардың дәл сол мақсаттарда өздеріне ұсынылған мүліктік сипаттағы көрсетілетін қызметтерді заңсыз пайдалануы –
екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Спорт судьяларының, жаттықтырушылардың, команда басшыларының және кәсіпқой спорт жарыстарының басқа да қатысушыларының немесе ұйымдастырушыларының, сол сияқты коммерциялық ойын-сауық конкурстарын ұйымдастырушылардың немесе қазылар алқасы мүшелерінің осы баптың үшінші бөлігінде көрсетілген мақсаттарда ақшаны, бағалы қағаздарды немесе өзге де мүлікті заңсыз алуы, мүліктік сипаттағы қызметтерді заңсыз пайдалануы –
екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 174-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.175-бап. Кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік бақылау жүргізу тәртібін бұзу
Ескерту. 175-баптың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік бақылау жүргізу тәртібін бұзу, оның ішінде:
1) бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді жүргізу негіздерінің болмауы;
2) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 144-4-бабының 3-тармағында көзделген тергеп-тексеруді жүргізу үшін негіздердің болмауы;
3) бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді тағайындау туралы актінің болмауы;
4) бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру жүргізу туралы хабарламаның болмауы, сол сияқты хабардар ету мерзімдерінің сақталмауы;
5) бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді жүргізу кезінде Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 151-бабында көзделген шектеулерді бұзу;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тергеп-тексеру жүргізу тәртібін бұзу;
7) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 149-бабында көзделген өнім үлгілерін іріктеу тәртібін бұзу;
8) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабына сәйкес бекітілген Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде көрсетілген талаптарға сәйкестігіне бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді жүргізу кезеңділігін бұзу;
9) бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді тағайындау туралы актіні бақылау мен қадағалау субъектісіне ұсынбау;
10) мемлекеттік органдардың өздерінің құзыретіне кірмейтін мәселелер бойынша бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді тағайындауы;
11) бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру туралы актіні мемлекеттік құқықтық статистика және арнаулы есепке алу саласындағы уәкілетті органда тіркеу міндетті болғанда, оны тіркемей бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді жүргізу;
12) бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды, тексеруді және тергеп-тексеруді жүргізудің Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген мерзімдерін бұзу;
13) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 131-бабының 5-тармағына сәйкес бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай алдын ала профилактикалық бақылаусыз бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды жүргізу;
14) тәуекелдерді бағалау мен басқарудың цифрлық жүйесі болмаған кезде, бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру жүзеге асырылатын бақылау мен қадағалау субъектілері (объектілері) санының ең аз жол берілетін шегін сақтамау бөлігінде Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабы 7-тармағының талаптарын бұзу;
15) бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру нәтижелері туралы актіні бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді тағайындау туралы актіде (бар болған кезде мерзімді ұзарту туралы қосымша актіде) көрсетілген, бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудың және (немесе) тексерудің аяқталу мерзімінен кешіктіріп бақылау мен қадағалау субъектісіне табыс ету –
лауазымды адамға жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –
лауазымды адамға жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 175-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.10.2015 № 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.175-1-бап. Жеке кәсіпкерлік субъектілерін бару арқылы бақылаудың және қадағалаудың өзге де нысандарын негізсіз жүргізу
Ескерту. 175-1-бап алып тасталды – ҚР 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
176-бап. Заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлерді оңалту және олардың бакроттығы кезіндегі құқыққа сыйымсыз әрекеттер
Ескерту. 176-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді – ҚР 30.12.2022 № 180-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Мүлікті және мүліктік міндеттемелерді, мүлік, оның мөлшері, тұрған жері туралы мәліметтерді не мүлік туралы өзге де ақпаратты жасыру, мүлікті өзгенің иелігіне беру, мүлікті иеліктен шығару немесе жою, сол сияқты бухгалтерлік және (немесе) есептік құжаттаманы не экономикалық қызметті көрсететін өзге де құжаттарды жасыру, жою, бұрмалау, егер бұл әрекеттерді борышкер – дара кәсіпкер, борышкер – заңды тұлғаның құрылтайшысы (қатысушысы), лауазымды адамы, сол сияқты уақытша немесе банкроттықты не оңалтуды басқарушы жасаса, егер бұл әрекеттер оңалту және банкроттық кезінде жасалса және оларда қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, –
жеке тұлғаға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Борышкер – дара кәсіпкердің, борышкер – заңды тұлға құрылтайшысының (қатысушысының), лауазымды адамының, сол сияқты уақытша немесе банкроттықты не оңалтуды басқарушының басқа кредиторларға көрінеу залал келтіре отырып, жекелеген кредиторлардың мүліктік талаптарын құқыққа сыйымсыз қанағаттандыруы, егер бұл әрекеттер оңалту және банкроттық кезінде жасалса және оларда қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, –
жеке тұлғаға – бір жүз елу, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – алты жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 176-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 290-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2022 № 180-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.176-1-бап. Дара кәсіпкер ретінде тіркелмеген Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы кезіндегі құқыққа сыйымсыз әрекеттер
1. Мүлікті немесе мүліктік міндеттемелерді, мүлік, оның мөлшері, тұрған жері туралы мәліметтерді не мүлік туралы өзге де ақпаратты жасыру, мүлікті өзгенің иелігіне беру, мүлікті иеліктен шығару немесе жою, сол сияқты құқық белгілейтін құжаттарды жасыру, жою, бұрмалау, егер бұл әрекеттерді дара кәсіпкер ретінде тіркелмеген Қазақстан Республикасының азаматы төлем қабілеттілігін қалпына келтіру, соттан тыс немесе сот арқылы банкроттық рәсімінде жасаса, –
бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Дара кәсіпкер ретінде тіркелмеген Қазақстан Республикасы азаматының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру немесе сот арқылы банкроттық рәсімінде басқа кредиторларға көрінеу залал келтіре отырып, жекелеген кредиторлардың мүліктік талаптарын құқыққа сыйымсыз қанағаттандыруы –
елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескерту. 176-1-баппен толықтырылды – ҚР 30.12.2022 № 180-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.177-бап. Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасын уақытша басқарушының бұзуы
1. Борышкердің қаржылық орнықтылығы туралы қорытындыны сотқа ұсыну міндетін орындамау не тиісінше орындамау –
отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Банкроттың мүліктік массасына түгендеу жүргізу және (немесе) түгендеу жөніндегі есепті ұсыну міндетін орындамау не тиісінше орындамау –
отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Банкроттық туралы іс қозғау және кредиторлардың талаптарын мәлімдеу тәртібі туралы хабарландыруды оңалту және банкроттық саласындағы уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастыру үшін оған жіберу міндетін орындамау не тиісінше орындамау –
бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Алып тасталды - ҚР 27.12.2019 № 290-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.5. Оңалту және банкроттық саласындағы уәкілетті органға банкроттық рәсімінің жүзеге асырылу барысы туралы ағымдағы және сұралатын ақпаратты беру міндетін орындамау не тиісінше орындамау –
ескерту жасауға алып келеді.
6. Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасына сәйкес мәлімделген талаптарды қарау нәтижелері бойынша қабылданған шешім туралы кредиторларды уақтылы хабардар етпеу –
бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
7. Кредиторлар жиналысының өтетін күні, уақыты мен орны туралы кредиторларды хабардар ету міндетін орындамау не тиісінше орындамау –
бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
8. Алып тасталды - ҚР 27.12.2019 № 290-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен9. Банкроттың лауазымды адамдарынан құрылтай құжаттарын, есепке алу құжаттамасын, банкроттың мүлкіне құқық белгілейтін құжаттарды, мөрлерді (олар болған кезде), мөртабандарды, банкротқа тиесілі материалдық және өзге де құндылықтарды қабылдау міндетін орындамау не тиісінше орындамау –
он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
10. Борышкерді банкрот деп тану туралы сот шешімінің күші жойылған жағдайда, өкілеттіктерді уақытша басқарушыдан банкроттықты басқарушыға немесе борышкерге беру кезінде құрылтай құжаттарын, есепке алу құжаттамасын, банкроттың (борышкердің) мүлкіне құқық белгілейтін құжаттарды, мөрлерді (олар болған кезде), мөртабандарды, банкротқа (борышкерге) тиесілі материалдық және өзге де құндылықтарды беру міндетін орындамау не тиісінше орындамау –
он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
11. Кредитордың және банкрот – дара кәсіпкердің, банкрот – заңды тұлға мүлкі меншік иесінің (ол уәкілеттік берген органның), құрылтайшысының (қатысушысының) жазбаша сұрау салуы негізінде ақпарат беру міндетін орындамау не тиісінше орындамау –
ескерту жасауға алып келеді.
12. Кредиторлар талаптарының тізілімін қалыптастыру міндетін орындамау не тиісінше орындамау –
отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
13. Алып тасталды - ҚР 27.12.2019 № 290-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен14. Құны банкроттықты басқарушы тағайындалғанға дейінгі мерзім ішінде елеулі төмендейтін мүлікті (жедел өткізуді қажет ететін тез бұзылатын тауарлар, мал және басқа да тауарлар) сатуды "Оңалту және банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіпті бұза отырып жүзеге асыру –
он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
15. Осы баптың бірінші, екінші және он екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) –
алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
16. Осы баптың үшінші, бесінші, алтыншы, жетінші және он бірінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) –
он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
17. Осы баптың тоғызыншы, оныншы және он төртінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) –
отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескерту. 177-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 27.12.2019 № 290-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.178-бап. Жария сауда-саттықтар, аукциондар мен конкурстар өткізудің белгіленген тәртібін бұзу
Мүліктің меншік иесіне, сауда-саттықтарды немесе аукциондарды ұйымдастырушыға, сатып алушыға немесе өзге де шаруашылық жүргізуші субъектіге ірі залал келтірген, жария сауда-саттықтар, аукциондар немесе конкурстар өткізудің белгіленген тәртібін бұзу –
бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескертпе. Осы бапта жеке тұлғаға айлық есептік көрсеткіштен бір жүз есе асатын сомаға келтірілген залал не ұйымға немесе мемлекетке айлық есептік көрсеткіштен бес жүз есе асатын сомаға келтірілген залал – ірі залал деп танылады.
179-бап. Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасын банкроттықты басқарушының бұзуы
1. Түгендеу жүргізу және (немесе) кредиторлар комитетіне түгендеу жөніндегі есепті ұсыну міндетін орындамау не тиісінше орындамау –
отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Банкроттың мүлкін күзетуді және бақылауды қамтамасыз ету міндетін орындамау не тиісінше орындамау –
отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, банкрот алдында берешегі бар тұлғалардан берешекті сот тәртібімен өндіріп алу туралы талаптар қою міндетін орындамау не тиісінше орындамау –
он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Оңалту және банкроттық саласындағы уәкілетті органға банкроттық рәсімінің жүзеге асырылу барысы туралы ағымдағы ақпаратты беру міндетін орындамау не тиісінше орындамау –
ескерту жасауға әкеп соғады.
5. Банкроттық рәсімінде кредиторлар жиналысы мен комитеті отырыстарының өтетін күні, уақыты мен орны туралы кредиторды хабардар етпеу не тиісінше хабардар етпеу –
бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Алып тасталды – ҚР 27.12.2019 № 290-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.7. Банкроттың мүлкін сату жоспарын жасау немесе оны өткізуді жүзеге асыру жөніндегі міндетін орындамау немесе тиісінше орындамау –
он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
8. Борышкердің пайдасына ақша түскеннен кейін кредиторлармен есеп айырысуды жүзеге асыру жөніндегі міндетін орындамау не тиісінше орындамау, сол сияқты кредиторлармен есеп айырысуды кредиторлардың талаптарын қанағаттандырудың белгіленген тәртібін бұза отырып жүргізу –
он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
9. Әдейі банкроттық белгілерінің болуын көрсететін, қолда бар деректер туралы құқық қорғау органдарына хабарламау –
елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
10. Борышкердің немесе ол уәкілеттік берген тұлғаның Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында және "Оңалту және банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген талаптарды бұза отырып жасаған мәмілелерін анықтау міндеттерін орындамау не тиісінше орындамау және оларды жарамсыз деп тану не мүлікті сот тәртібімен банкроттың мүліктік массасына қайтару туралы талаптар қоймау –
отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
11. Кредиторлар комитетінің шешімінсіз әкімшілік шығыстарды төлеу –
он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
12. Құрылтай құжаттарын, есепке алу құжаттамасын, банкроттың мүлкіне құқық белгілейтін құжаттарды, мөрлерді (олар болған кезде), мөртабандарды, банкротқа тиесілі материалдық және өзге де құндылықтарды банкроттықты басқарушы шеттетілген (босатылған) кезде – жаңадан тағайындалған банкроттықты басқарушыға, борышкерді банкрот деп тану туралы сот шешімінің күші жойылған кезде – борышкерге немесе оңалтуды басқарушыға, банкрот кәсіпорынды сату кезінде сатып алушыға беру міндетін орындамау не тиісінше орындамау –
он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
13. Сотқа қорытынды есепті ұсынбау, уақтылы ұсынбау не Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтін қорытынды есепті ұсыну –
он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
14. Сұратылатын ақпаратты оңалту және банкроттық саласындағы уәкілетті органға беру міндетін орындамау не тиісінше орындамау –
ескерту жасауға алып келеді.
15. Кредитордың жазбаша сұрау салуы негізінде банкроттық рәсімдердің жүзеге асырылу барысы, борышкердің қаржылық жағдайы туралы оған хабарламау не уақтылы хабарламау –
ескерту жасауға алып келеді.
16. Кредиторлар комитетінің шешімі негізінде кредиторға талаптарды есепке жатқызу туралы уақтылы мәлімдемеу –
бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
17. Мемлекеттік органдардан, жеке және заңды тұлғалардан банкрот туралы, оған тиесілі (тиесілі болған) мүлік туралы ақпаратты және растайтын құжаттардың көшірмелерін талап етіп алдыру міндетін орындамау не тиісінше орындамау –
ескерту жасауға әкеп соғады.
18. "Оңалту және банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген жағдайларда адамдарды субсидиарлық жауаптылыққа тарту және сомаларды өндіріп алу туралы талап қоюмен сотқа жүгінбеу –
отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
19. Егер банкроттықты басқарушымен жасалған банкроттық рәсімін жүргізу туралы шартта өзгеше белгіленбесе, банкрот пен оның кредиторларының мүдделерін қозғайтын сот актісінің көшірмесін оның шағымдану мәселесін қарау үшін кредиторлар комитетіне ұсыну міндетін орындамау не тиісінше орындамау –
бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
20. Уақытша басқарушыдан немесе оңалтуды басқарушыдан құрылтай құжаттарын, есепке алу құжаттамасын, банкроттың мүлкіне құқық белгілейтін құжаттарды, мөрлерді (олар болған кезде), мөртабандарды, банкротқа тиесілі материалдық және өзге де құндылықтарды қабылдау міндетін орындамау не тиісінше орындамау –
он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
21. Банкке, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға банкроттың банктік шоттарын жабу туралы өтінішті уақтылы жібермеу, банкроттың мөрін (болған кезде) жою –
он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
22. Осы баптың төртінші, бесінші, он төртінші – он жетінші және он тоғызыншы бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) –
он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
23. Осы баптың үшінші, жетінші, сегізінші, он бірінші, он екінші, он үшінші, жиырмасыншы және жиырма бірінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) –
отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
24. Осы баптың бірінші, екінші, оныншы және он сегізінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) –
алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
25. Осы баптың тоғызыншы бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет –
бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескерту. 179-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 290-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.180-бап. Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасын уақытша әкімшінің бұзуы
1. Оңалту және банкроттық саласындағы уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастыру үшін оңалту туралы іс бойынша іс жүргізуді қозғау және кредиторлардың талаптарын мәлімдеу тәртібі туралы хабарландыруды оған жіберу міндетін орындамау не тиісінше орындамау –
бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасында белгіленген кредиторлар талаптарының тізілімін қалыптастыру тәртібін бұзу –
отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Борышкердің қаржылық орнықтылығы туралы қорытындыны сотқа ұсыну міндетін орындамау не тиісінше орындамау –
отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Алып тасталды – ҚР 27.12.2019 № 290-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.5. Алып тасталды – ҚР 27.12.2019 № 290-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
6. Кредиторлардың талаптарын қарау және оларға қарау нәтижелерін жеткізу міндетін орындамау не тиісінше орындамау –
бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
7. Алғашқы кредиторлар жиналысының өтетін орны мен күні туралы кредиторларға хабарлау міндетін орындамау не тиісінше орындамау –
бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
8. Алып тасталды – ҚР 27.12.2019 № 290-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.9. Осы баптың бірінші, алтыншы және жетінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) –
он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
10. Осы баптың екінші және үшінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) –
алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескерту. 180-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 290-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.181-бап. Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасын оңалтуды басқарушының бұзуы
1. Алып тасталды – ҚР 27.12.2019 № 290-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
2. Алып тасталды – ҚР 27.12.2019 № 290-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
3. Борышкердің мүлкін басқаруға қабылдау және оның күзетілуі мен бақылануын қамтамасыз ету міндетін орындамау не тиісінше орындамау –
отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Оңалту жоспарының орындалуын қамтамасыз етпеу не тиісінше қамтамасыз етпеу –
елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Оңалту рәсімінің жүзеге асырылу барысы туралы ағымдағы ақпаратты оңалту және банкроттық саласындағы уәкілетті органға беру міндетін орындамау не тиісінше орындамау –
ескерту жасауға әкеп соғады.
6. Оңалту рәсімінде кредиторлар жиналысы мен комитеті отырыстарының өтетін күні, уақыты мен орны туралы кредиторды хабардар етпеу не тиісінше хабардар етпеу –
бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
7. Құрылтай құжаттарын, есепке алу құжаттамасын, борышкердің мүлкіне құқық белгілейтін құжаттарды, мөрлерді (болған кезде), мөртабандарды, борышкерге тиесілі материалдық және өзге де құндылықтарды жаңадан тағайындалған оңалтуды басқарушыға немесе банкроттықты басқарушыға беру міндетін орындамау не тиісінше орындамау –
он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
8. Оңалту рәсімінде кредиторлар жиналысының келісімінсіз оңалту жоспарында көзделмеген кәдімгі коммерциялық операциялар шеңберінен тыс мәмілелер жасау –
отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
9. Сотқа қорытынды есепті ұсынбау, уақтылы ұсынбау не Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтін қорытынды есепті ұсыну –
он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
10. Алып тасталды – ҚР 27.12.2019 № 290-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.11. Кредитордың жазбаша сұрау салуы негізінде оған борышкер қызметінің жүзеге асырылу барысы, борышкердің қаржылық жағдайы туралы ақпаратты беру міндетін орындамау не тиісінше орындамау –
ескерту жасауға алып келеді.
12. Сұратылатын ақпаратты оңалту және банкроттық саласындағы уәкілетті органға беру міндетін орындамау не тиісінше орындамау –
ескерту жасауға алып келеді.
13. Оңалту жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы өтінішхатты сотқа жіберу міндетін орындамау не тиісінше орындамау –
отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
14. Алып тасталды – ҚР 27.12.2019 № 290-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.15. Кредиторлар комитеті мүшелерінің назарына борышкердің алдыңғы айдағы қаржылық жағдайы, жүргізілген мәмілелер туралы ақпаратты жеткізу жөніндегі, сондай-ақ кредиторлар комитетінің талап етуі бойынша ақпаратты беру жөніндегі міндеттерді орындамау не тиісінше орындамау–
он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
16. Борышкердің немесе ол уәкілеттік берген тұлғаның Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында және "Оңалту және банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген талаптарды бұза отырып жасаған мәмілелерін анықтау міндетін орындамау не тиісінше орындамау және оларды жарамсыз деп тану не мүлікті сот тәртібімен қайтару туралы талаптар қоймауы –
отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
17. Алып тасталды – ҚР 27.12.2019 № 290-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.18. Егер борышкердің оңалту рәсімін қолданудан кейін пайда болған, кредиторлық берешегінің жалпы сомасы оңалту рәсімін енгізген кездегі кредиторлық берешектің жалпы сомасының бес пайызынан асатын болса, кредиторлық берешектің ұлғаюына әкеп соғатын мәмілелерді кредиторлар жиналысының келісімінсіз жасау –
елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
19. Осы баптың бесінші, алтыншы, он бірінші және он екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) –
Он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
20. Осы баптың жетінші, тоғызыншы және он бесінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік), –
отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
21. Осы баптың үшінші, сегізінші, он үшінші және он алтыншы бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) –
алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
22. Осы баптың төртінші және он сегізінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) –
бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескерту. 181-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 290-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.181-1-бап. Қазақстан Республикасының азаматтардың төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы заңнамасын қаржы басқарушысының бұзуы
1. Қаржы басқарушысының Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы бойынша мемлекеттік басқару саласындағы уәкілетті органға оның интернет-ресурсында орналастыру үшін төлем қабілеттілігін қалпына келтіру немесе сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану туралы іс бойынша іс жүргізуді қозғау және кредиторлардың талаптарды мәлімдеу тәртібі туралы хабарландыруды, белгіленген тәртіппен қалыптастырылған кредиторлар талаптарының тізілімін жіберу жөніндегі міндеттерді орындамауы не тиісінше орындамауы, сол сияқты кредиторлардың мәлімделген талаптарын қарау нәтижелері бойынша шешімді уақтылы қабылдамау –
бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Қаржы басқарушысының мүлікке түгендеу, бағалау жүргізу, борышкерден оның мүлкіне құқық белгілейтін құжаттарды, оның мүлкін өз басқаруына қабылдау жөніндегі міндеттерді орындамауы, сондай-ақ төлем қабілеттілігін қалпына келтіру немесе сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану туралы іс бойынша іс жүргізу қозғалғанға дейін борышкердің Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген талаптарды бұза отырып жасаған мәмілелері анықталған кезде мүлікті борышкердің мүліктік массасына қайтару жөнінде шаралар қабылдамауы –
он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
3. Сотқа қаржы басқарушысының қорытындысын, банкроттық міндеттемелерін тоқтату үшін негіздердің бар немесе жоқ екендігі туралы қорытындыны, қорытынды есепті, сол сияқты сотқа және талаптары кредиторлар талаптарының тізіліміне енгізілген кредиторларға борышкердің төлем қабілеттілігін қалпына келтірудің түпкілікті жоспарын ұсынбау немесе уақтылы ұсынбау –
он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
4. Кредитордың жазбаша сұрау салуы негізінде төлем қабілеттілігін қалпына келтіру жоспарын әзірлеу барысы туралы ақпаратты беру жөніндегі міндетті орындамау –
ескерту жасауға алып келеді.
5. Қаржы басқарушысының "Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген, белгіленген тәртіпті, сондай-ақ Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы бойынша мемлекеттік басқару саласындағы уәкілетті орган айқындаған борышкердің мүлкін сату бойынша электрондық аукцион өткізу тәртібін бұза отырып, борышкердің мүліктік массасын иеліктен шығаруы, кредиторлармен есеп айырысулар жүргізуі –
отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
6. Қаржы басқарушысының басқа кредиторларға көрінеу залал келтіре отырып, жекелеген кредиторлардың мүліктік талаптарын құқыққа сыйымсыз қанағаттандыруы, егер бұл әрекеттер сот арқылы банкроттық кезінде жасалса және оларда қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, –
елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
7. Осы баптың бірінші және төртінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) –
он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
8. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) –
елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
9. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) –
алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
10. Осы баптың бесінші және алтыншы бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –
бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескерту. 181-1-баппен толықтырылды – ҚР 30.12.2022 № 180-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.1. Заңды тұлғаның немесе дара кәсіпкердің әдейі банкроттығы, яғни заңды тұлға немесе дара кәсіпкер банкрот деп танылғанға дейін үш жыл ішінде құрылтайшының (қатысушының), лауазымды адамның, заңды тұлғаны басқару функциясын жүзеге асыратын тұлғаның, сол сияқты дара кәсіпкердің кредиторлар алдындағы міндеттемелерді орындаудан жалтару мақсатында жеке мүддесі немесе өзге тұлғалардың мүдделері үшін мүлікті иеліктен шығару немесе жасыру арқылы жасаған әрекеттері, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, –
жеке тұлғаға – екі жүз айлық есептік көрсеткіш, заңды тұлғаға төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Азаматтың әдейі банкроттығы, яғни азаматтың өзі банкрот деп танылған күнге дейін үш жыл ішінде орындалмауы банкроттық үшін негіз деп танылған міндеттемелер туындаған күннен кейін кредиторлар алдындағы міндеттемелерді орындаудан жалтару мақсатында мүлікті иеліктен шығару немесе жасыру арқылы жасаған әрекеттері –
екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескерту. 182-бап жаңа редакцияда – ҚР 30.12.2022 № 180-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.Ескерту. 183-бап алып тасталды – ҚР 27.12.2019 № 290-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
184-бап. Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасын бұзу
1. Бағалау қызметі саласындағы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша ақпаратты уақтылы бермеу немесе бермеу, сол сияқты анық емес ақпарат беру –
жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Бағалау қызметі саласындағы уәкілетті орган тексеру барысында анықтаған Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасын бұзушылықтарды бағалаушылар палатасының жоймауы –
қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
3. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) –
сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескерту. 184-бап жаңа редакцияда - ҚР 10.01.2018 № 134-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).185-бап. Кредиттік бюроның кредиттік тарих дерекқорынан алынған коммерциялық, банктік құпияны, кредиттік есептердің мәліметтерін немесе ақпаратты сақтау міндеттерін бұзу
Кредиттік бюроның кредиттік тарих дерекқорынан алынған коммерциялық, банктік құпияны қамтитын мәліметтерді, кредиттік есептердің мәліметтерін немесе ақпаратты сақтау міндеттерін кәсіптік немесе қызметтік жұмысына байланысты өзіне белгілі болған тұлғаның олардың иесінің келісімінсіз бұзуы, егер осы әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, –
елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 185-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.186-бап. Сақтандыру немесе зейнетақы жинақтарының құпиясын не микрокредит беру құпиясын сақтау міндетін бұзу
Кәсіптік немесе қызметтік жұмысына байланысты сақтандыру немесе зейнетақы жинақтарының құпиясын немесе микрокредит беру құпиясын қамтитын мәліметтер өзіне белгілі болған тұлғаның олардың иесінің келісімінсіз бұларды сақтау міндетін бұзуы –
елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
187-бап. Қазақстан Республикасының туристік қызмет туралы заңнамасын бұзу
1. Туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың туристерге туристік көрсетілетін қызметтер ұсыну қағидаларында көрсетілген, саяхаттың ерекшеліктері, саяхат жасаған кезде тап болуы мүмкін қауіптер туралы мәліметтерді ұсынбауы, уақтылы немесе толық ұсынбауы не туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған алдын алу шараларын жүзеге асырмауы –
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – он жеті, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) –
лицензиядан айыра отырып, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
3. Туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың (туристік операторлық қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды қоспағанда) туристік қызмет көрсетуге арналған жазбаша шарт жасаспай туристік қызметтерді көрсетуі –
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – он жеті, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет (әрекетсіздік) –
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
5. Туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың (туристік операторлық қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды қоспағанда) мүдделі мемлекеттік органдарға және туристің отбасына саяхат кезінде туристердің төтенше жағдайларға ұшырағаны туралы ақпарат бермеуі немесе уақтылы бермеуі –
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
6. Осы баптың бесінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет (әрекетсіздік) –
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жетпіс бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескерту. 187-бап жаңа редакцияда – ҚР 17.12.2025 № 241-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.188-бап. Сотта корпоративтік дау бойынша іс қозғалғаны туралы ақпаратты бермеу немесе уақтылы бермеу
Ескерту. 188-бап алып тасталды – ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
189-бап. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі мен мерзімдерін бұзу
Ескерту. 189-бап алып тасталды – ҚР 29.06.2020 № 351-VI Заңымен (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі).
15-тарау. САУДА ЖӘНЕ ҚАРЖЫ САЛАСЫНДАҒЫ ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ
БҰЗУШЫЛЫҚТАР
190-бап. Қазақстан Республикасының тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнамасын бұзу
1. Сауда қызметін және қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын дара кәсіпкерлердің немесе ұйымдардың кем өлшеуі, таразыдан жеуі, есептен жеуі, тұтынушыларды тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) тұтыну қасиеттеріне немесе сапасына қатысты жаңылыстыруы немесе өзгедей алдауы –
жеке тұлғаларға – он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –
лицензиядан айыра отырып және үш жылға дейінгі мерзімге қызметті тоқтата тұрып немесе оған тыйым салына отырып, жеке тұлғаларға – отыз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жетпіс бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, елеулі нұқсан келтіруге әкеп соққан әрекеттер –
лицензиядан айыра отырып не үш жылға дейінгі мерзімге қызметті тоқтата тұрып немесе оған тыйым салына отырып, жеке тұлғаларға – отыз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жетпіс бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
4. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, ірі нұқсан келтіруге әкеп соққан әрекеттер –
лицензиядан айыра отырып не үш жылға дейінгі мерзімге қызметті тоқтата тұрып немесе оған тыйым салына отырып, жеке тұлғаларға – елу, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жетпіс бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
5. Сатушының (дайындаушының, орындаушының):
1) сатушының (дайындаушының, орындаушының), тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органның және тұтынушылық дауларды сотқа дейінгі реттеу субъектілерінің байланыс деректері туралы ақпаратты, сондай-ақ өзінің бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіру үшін тұтынушының оларға жүгіну құқығы туралы ақпаратты қазақ және орыс тілдерінде орналастыру;
2) Қазақстан Республикасының тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнамасында белгіленген мерзімде тиісті сападағы да, тиісті емес сападағы да тауарды айырбастауды немесе қайтаруды қамтамасыз ету;
3) Қазақстан Республикасының тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнамасында белгіленген мерзімде тұтынушының құқықтары мен заңды мүдделерін бұзушылықтарды жою туралы наразылыққа жазбаша жауап ұсыну жөніндегі міндеттерін орындамауы –
жеке тұлғаларға – бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – он бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
6. Осы баптың бесінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет –
жеке тұлғаларға – он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескертпе. Осы бапқа қатысты бір айлық есептік көрсеткіштен асатын сома – елеулі мөлшердегі нұқсан, кемінде үш айлық есептік көрсеткіш сомасы – ірі мөлшердегі нұқсан деп танылады.
Ескерту. 190-бап жаңа редакцияда – ҚР 25.06.2020 № 346-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.190-1-бап. Қазақстан Республикасы заңнамасының бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдарды өткізу жөніндегі талаптарын бұзу
1. Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдарды өндіру субъектісі өздері өндірген бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдарға қоятын сынамалау таңбасынсыз, сондай-ақ атаулы таңба бедерінсіз бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдарды өткізу түрінде жасалған бұзушылық –
жеке тұлғаларға – елу, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – сексен, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –
жеке тұлғаларға – сексен, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 15-тарау 190-1-баппен толықтырылды - ҚР 14.01.2016 № 445-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).191-бап. Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын иелену, сақтау, есепке алу, тасымалдау және олармен сауда жасау тәртібін бұзу
Ескерту. Алып тасталды – ҚР 11.07.2022 № 137-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
192-бап. Арнаулы техникалық құралдарды сату тәртібін бұзу
Арнаулы жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнаулы техникалық құралдарды, жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыруға уәкілеттік берілген мемлекеттік органдардан басқа, тиісті рұқсаты жоқ тұлғаларға сату –
қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
193-бап. Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасын бұзу
1. Сатып алушының өтінуі бойынша тауар, оның шығарылған жері, дайындаушылары, тұтыну қасиеттері, кепілді міндеттемелері және талаптар қою тәртібі туралы қажетті ақпарат бермеу –
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – екі, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – алты, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – он, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Тауарлардың қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін куәландыратын ресми құжатты құқыққа сыйымсыз пайдалану –
тауарлар тәркілене отырып не онсыз, жеке тұлғаларға – жеті, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – елу бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап әрекеттерді (әрекетсіздікті) жасау –
тауарлар тәркілене отырып не онсыз, жеке тұлғаларға – он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – алпыс бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Қазақстан Республикасының аумағында тауарды бағасын теңгемен көрсетпей өткізу немесе құны көрсетілген бағадан асатын тауарды өткізу не Қазақстан Республикасының аумағында жария шарт талаптары бойынша тауарды өткізген кезде оның бағасын теңгемен көрсетпеу –
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – алты, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – он, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
5. Осы баптың төртінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – алпыс бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескерту. 193-бапқа өзгерістер енгізілді – ҚР 08.01.2019 № 215-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 25.06.2020 № 346-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 17.11.2025 № 232-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.194-бап. Төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді қабылдаудан бас тарту
1. Қазақстан Республикасының аумағында сауда қызметін жүзеге асыру (жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету) кезінде төлемдерді және (немесе) аударымдарды қабылдауға міндетті дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның төлем карточкаларын пайдалана отырып, оларды қабылдаудан бас тартуы –
ескерту жасауға алып келеді.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет –
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – алпыс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 194-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 30.11.2016 № 26-VI Заңымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).195-бап. Дара кәсіпкерде немесе заңды тұлғада төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдықтың (құрылғының) болмауы
1. Қазақстан Республикасының аумағында сауда қызметін жүзеге асыру (жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету) кезінде төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді қабылдауға міндетті дара кәсіпкерде немесе заңды тұлғада төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдықтың (құрылғының) болмауы –
ескерту жасауға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет –
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – алпыс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
196-бап. Тауарлармен немесе өзге де заттармен заңсыз сауда жасау
Еркін сауда жасауға Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынған немесе шектелген тауарлармен және өзге де заттармен сауда жасау –
жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
197-бап. Темекі бұйымының, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдардың, қорқорға арналған темекінің, қорқор қоспасының, темекі қыздыруға арналған жүйелердің маркасын пайдалану
1. Темекі бұйымдарының өздерін қоспағанда, өзінде темекі бұйымының, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдардың, қорқорға арналған темекінің, қорқор қоспасының, темекі қыздыруға арналған жүйелердің немесе осы бұйым сатылатын немесе тасымалданатын кез келген қораптың, қаптаманың маркасы бар кез келген тауарларды қасақана тарату, көрмеге қою, сату -
жеке тұлғаларға - жиырма, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жетпіс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер -
жеке тұлғаларға - жиырма бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескерту. 197-бап жаңа редакцияда – ҚР 07.07.2020 № 361-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 19.04.2024 № 74-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.198-бап. Темекі және темекі бұйымдары туралы ақпарат жөніндегі заңнама талаптарын бұзу
1. Темекі және темекі бұйымдары туралы ақпарат жөніндегі заңнама талаптарын бұзу –
жеке тұлғаларға – он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –
жеке тұлғаларға – он бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жетпіс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
199-бап. Қазақстан Республикасы заңнамасының темекіні және темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын, темекі қыздыруға арналған жүйелерді, энергетикалық сусындарды сату, темекіге, темекі бұйымдарына демеушілік ету жөніндегі, сондай-ақ темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын, темекі қыздыруға арналған жүйелерді имитациялайтын тауарларды өндіру, сату және тарату жөніндегі талаптарын бұзу
Ескерту. 199-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 07.07.2020 № 361-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 17.11.2025 № 232-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
1. Осы Кодекстің 133 және 423-1-баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасы заңнамасының темекі және темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын, темекі қыздыруға арналған жүйелерді, энергетикалық сусындарды сату жөніндегі талаптарын бұзу –
жеке тұлғаларға - он бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, коммерциялық емес ұйымдарға - отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жетпіс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –
жеке тұлғаларға - жиырма, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, коммерциялық емес ұйымдарға - елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
3. Темекіге, темекі бұйымдарына демеушілік ету, сондай-ақ темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын, темекі қыздыруға арналған жүйелерді имитациялайтын тауарларды өндіру, сату, тарату –
жеке тұлғаларға - он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - он бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –
жеке тұлғаларға - жиырма, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - жиырма бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескерту. 199-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 06.04.2015 № 299-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 07.07.2020 № 361-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.04.2024 № 74-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 17.11.2025 № 232-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.200-бап. Қазақстан Республикасы заңнамасының алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарын бұзу
1. Жиырма бір жасқа дейінгі адамдарға алкоголь өнімін өткізу –
лицензияның қолданысын тоқтата тұрып, жеке тұлғаларға – он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – сексен, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –
лицензиядан айыра отырып, жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – сексен, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Мейрамханаларда, барларда және дәмханаларда, сондай-ақ жолаушылар тасымалдайтын әуе кемелерінде, жолаушылар тасымалдайтын теңіз көлігі кемелерінде, жолаушылар пойыздарының вагон-мейрамханаларында өткізуді қоспағанда, алкоголь өнімін:
сағат 23-тен келесі күнгі сағат 8-ге дейін;
этил спиртінің көлемді үлесі отыз пайыздан асатындарын сағат 21-ден келесі күнгі сағат 12-ге дейін бөлшек сауда арқылы өткізу –
лицензияның қолданысын тоқтата тұрып, жеке тұлғаларға – он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – сексен, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –
лицензиядан айыра отырып, жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – сексен, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 200-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 272-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.04.2019 № 249-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.201-бап. Тауарларды сауда желілеріне немесе ірі сауда объектілеріне әкелуді шектеу
1. Сауда желісін немесе ірі сауда объектілерін ұйымдастыру арқылы тауарлар сату жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ішкі сауда субъектілерінің тауарлар беру туралы шарт жасасудан негізсіз бас тартуынан не көрінеу кемсітушілік сипаттағы және:
1) ішкі сауда субъектісіне осыған ұқсас қызметті жүзеге асыратын басқа да ішкі сауда субъектілерімен, сондай-ақ осыған ұқсас немесе өзге де талаптар бойынша басқа да ішкі сауда субъектілерімен тауарлар беру шарттарын жасасуға тыйым салу туралы;
2) тауарлар беруді жүзеге асыратын ішкі сауда субъектісінің осыған ұқсас қызметті жүзеге асыратын басқа да ішкі сауда субъектілерімен жасалатын шарттары туралы мәліметтер беруін талап ету туралы талаптар қамтылатын шарт жасасудан көрінетін, тауарларды сауда желілеріне немесе ірі сауда объектілеріне әкелуді шектеуі –
бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –
екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 201-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.202-бап. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына жол берілетін шекті бөлшек сауда бағаларын мөлшерінен асыру
Ескерту. 202-бап алып тасталды – ҚР 06.04.2024 № 71-VIII (31.12.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
203-бап. Тауарларды құжаттарсыз сату
1. Осы Кодекстің 415 және 416-баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, дара кәсіпкерлердің және сауда қызметін жүзеге асыратын ұйымдардың тауарды шығарған ел туралы, дайындаушы, беруші немесе сатушы туралы қазақ және орыс тілдеріндегі мәліметтер не тауар (көрсетілетін қызмет) туралы анық және жеткілікті ақпаратты қамтитын құжаттарсыз сатуы –
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жетпіс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – тоқсан, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
204-бап. Белгіленбеген орындарда сауда жасау
1. Жергілікті атқарушы орган белгілегеннен тыс орындарда сауда жасау –
ескерту жасауға немесе бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –
он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
204-1-бап. Бұрын пайдалануда болған азық-түлік емес тауарларды қабылдау және өткізу кезінде Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасын бұзу
1. Ішкі сауда субъектісінің:
1) орындарын және (немесе) бағыттарын жергілікті атқарушы органдар бекіткен стационарлық емес сауда объектілерін қоспағанда, бұрын пайдалануда болған азық-түлік емес тауарларды стационарлық емес сауда объектілерінде өткізуі;
2) бұрын пайдалануда болған, қабылданған және өткізілген азық-түлік емес тауарларды ішкі сауда қағидаларында айқындалатын тәртіппен есепке алуды жүргізу жөніндегі міндетті орындамауы не тиісінше орындамауы;
3) бұрын пайдалануда болған, қабылданған және өткізілген азық-түлік емес тауарлар туралы ақпаратты күнтізбелік бір жыл ішінде сақтау міндетін бұзуы түрінде жасаған, бұрын пайдалануда болған азық-түлік емес тауарларды қабылдау және өткізу кезінде Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасын бұзуы, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, –
ескерту жасауға алып келеді.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер –
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескерту. 15-тарау 204-1-баппен толықтырылды – ҚР 25.06.2020 № 346-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).204-2-бап. Сауда базарлары мен ірі сауда объектілерінің қызметін ұйымдастыру бойынша Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасын бұзу
Ескерту. 204-2-баптың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Қызметінің негізгі түрі ірі сауда объектілеріндегі, сондай-ақ сауда базарларындағы сауда орындарын жалға (пайдалануға) беру болып табылатын дара кәсіпкерлердің және (немесе) заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасын:
1) ірі сауда объектісінің, сауда базарының ішкі сауда субъектілері мен олардың әкімшілігінің жұмыскерлері үшін жұмыс режимін қамтитын бекітілген жұмыс регламентінің болмауы;
2) ішкі сауда субъектілеріне сауда объектілері мен сауда инфрақұрылымына тең қолжетімділік бермеу;
3) ішкі сауда субъектілеріне ірі сауда объектілері, сауда базарлары ұсынатын қосымша көрсетілетін қызметтердің бекітілген тізбесінің (бар болса) болмауы;
4) цифрлық жүйеде тіркелудің, сол сияқты өз қызметін цифрлық жүйе арқылы жүзеге асыру үшін оған қолжетімділіктің болмауы;
5) цифрлық жүйеде жасалған жалға алу шартының болмауы, сол сияқты оған өзгерістер енгізбеу;
6) сауда инфрақұрылымын жаңғыртудың болмауы, сол сияқты оны іске асыру үшін тиісті жағдайлар жасамау;
7) ірі сауда объектісінің, сауда базарының аумағындағы көтерме және бөлшек саудада сату аймағының, сол сияқты оның аражігін ажыратудың болмауы;
8) аумақтарында техникалық жағдайлар болған кезде сауда базарларында автодүкендерден сауданы ұйымдастырудың болмауы;
9) сауда орнын жалға алғаны (пайдаланғаны) үшін төлемді цифрлық жүйе арқылы қолма-қол ақшасыз тәсілмен не екінші деңгейдегі банктер арқылы төлеуге шот жазып беру арқылы қабылдауды қамтамасыз етпеу түрінде жасаған бұзуы –
ескерту жасауға алып келеді.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер –
жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескерту. 15-тарау 204-2-баппен толықтырылды – ҚР 25.06.2020 № 346-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.204-3-бап. Азық-түлік тауарларын беру шартын жасау кезінде сатып алынған азық-түлік тауарлары бағасынан сыйақы мөлшерін арттыру немесе әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сатып алумен байланысты сыйақыны заңсыз талап ету
1. Сауда желісін немесе ірі сауда объектілерін ұйымдастыру арқылы тауарларды сату жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ішкі сауда субъектісінің азық-түлік тауарларын берушімен азық-түлік тауарларын беру шартын жасасу кезінде сатып алынған азық-түлік тауарларының бағасынан бес пайыздық сыйақы мөлшерін арттыруы немесе оның әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сатып алуына байланысты сыйақыны заңсыз талап етуі –
ескерту жасауға алып келеді.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер –
үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескерту. 15-тарау 204-3-баппен толықтырылды – ҚР 25.06.2020 № 346-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).204-4-бап. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сауда үстемесінің шекті мөлшерін арттыру
Ескерту. 204-4-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді – ҚР 10.01.2025 № 155-VIII (01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Ішкі сауда субъектісінің әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасында белгіленген сауда үстемесінің шекті мөлшерін арттыруы –
жеке тұлғаларға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет –
жеке тұлғаларға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жетпіс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескерту. 15-тарау 204-4-баппен толықтырылды – ҚР 25.06.2020 № 346-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 10.01.2025 № 155-VIII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңдарымен.205-бап. Байланысты гранттар қаражатының түсімдерін қоспағанда, бюджетке төленетін салықтық емес төлемдерді және негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдерді уақтылы немесе толық төлемеу
1. Байланысты гранттар қаражатының түсімдерін қоспағанда, бюджетке төленетін салықтық емес төлемдерді және негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдерді уақтылы төлемеу –
ескерту жасауға алып келеді.
2. Байланысты гранттар қаражатының түсімдерін қоспағанда, бюджетке төленетін салықтық емес төлемдерді және негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдерді толық төлемеу –
жеке тұлғаларға – орындалмаған міндеттеме сомасының он пайызы, бірақ кемінде бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – орындалмаған міндеттеме сомасының отыз пайызы, бірақ кемінде он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – орындалмаған міндеттеме сомасының елу пайызы, бірақ кемінде отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне орындалмаған міндеттеме сомасының бір жүз пайызы, бірақ кемінде елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –
жеке тұлғаларға – орындалмаған міндеттеме сомасының он пайызы, бірақ кемінде бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – орындалмаған міндеттеме сомасының отыз пайызы, бірақ кемінде он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – орындалмаған міндеттеме сомасының елу пайызы, бірақ кемінде отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне орындалмаған міндеттеме сомасының бір жүз пайызы, бірақ кемінде елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескерту. 205-бап жаңа редакцияда - ҚР 30.12.2019 № 300-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.206-бап. Ұлттық валюта банкноттары мен монеталарын қабылдаудан бас тарту
1. Қазақстан Республикасының аумағында айналыста жүрген, заңды төлем құралы болып табылатын ұлттық валюта банкноттары мен монеталарын көрсетулі құны бойынша қабылдаудан бас тарту –
ескерту жасауға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – он, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, Ұлттық пошта операторының Қазақстан Республикасының аумағында айналыста жүрген және барлық төлем түрлері бойынша қабылдауға жататын ұлттық валюта банкноттары мен монеталарын қабылдаудан, ұсақтаудан және айырбастаудан бас тартуы –
елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескертпелер.
1. Қазақстан Республикасының ұлттық валюта банкноттары мен монеталары мынадай жағдайларда:
1) егер қолдан жасаудың анық белгілері болса;
2) егер банкноттар мен монеталар төлем жасалмайтын болып табылса, заңды төлем құралы болып табылмайды.
2. Жеке кәсіпкерлік субъектілері (банктерді, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарын, Ұлттық пошта операторын қоспағанда), коммерциялық емес ұйымдар тозған және ақаулы (бүлінген) банкноттар мен монеталарды қабылдаудан бас тартқаны үшін осы бапта көзделген жауаптылықта болмайды.
3. Банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары, Ұлттық пошта операторы Қазақстан Республикасының аумағында айналыста жүрген, заңды төлем құралы болып табылатын ұлттық валюта банкноттары мен монеталарын көрсетулі құны бойынша қабылдаудан бас тартқаны үшін осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген әкімшілік жауаптылыққа тартуға жатпайды.
Ескерту. 206-бап жаңа редакцияда - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.207-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзу
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, конкурстық құжаттамаға (аукциондық құжаттамаға) қойылатын не баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде орналастырылатын ақпаратта әлеуетті өнім берушілерге сандық жағынан өлшенбейтін және (немесе) әкімшілендірілмейтін кез келген талаптарды белгілеу не сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жекелеген әлеуетті өнім берушілерге тиесілілігін айқындайтын сипаттамаларына нұсқау жасау арқылы Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының талаптарын бұзу –
лауазымды адамдарға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, конкурстық құжаттаманың (аукциондық құжаттаманың) жобасын алдын ала талқылау шеңберінде келіп түскен конкурстық құжаттаманың (аукциондық құжаттаманың) жобасына ескертулерді, конкурстық құжаттаманың (аукциондық құжаттаманың) ережелерін түсіндіру туралы сұрау салуларды қарамау не уақтылы қарамау, сол сияқты конкурстық құжаттаманың (аукциондық құжаттаманың) жобасына ескертулер және түсіндіру туралы сұрау салулар болған кезде, оны алдын ала талқылау хаттамасын, сондай-ақ конкурстық құжаттаманың (аукциондық құжаттаманың) мәтінін мемлекеттік сатып алу веб-порталында орналастырмау не уақтылы орналастырмау –
лауазымды адамдарға отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында көзделмеген жағдайларда мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудан бас тарту –
лауазымды адамдарға бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
4. Конкурсқа (аукционға) қатысуға арналған өтінімдерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында көзделген біліктілік талаптары мен конкурстық құжаттаманың (аукциондық құжаттаманың) талаптарына сәйкес келтіру мерзімі өткеннен кейін, конкурстық комиссияның (аукциондық комиссияның) конкурсқа (аукционға) қатысуға арналған өтінімді жетіспейтін құжаттармен толықтыруға, конкурсқа (аукционға) қатысуға арналған өтінімде ұсынылған құжаттарды ауыстыруға, тиісті түрде ресімделмеген құжаттарды сәйкес келтіруге байланысты сұрау салу жіберуі және өзге де әрекеттері –
лауазымды адамдарға бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
5. Конкурстық құжаттамада (аукциондық құжаттамада) әлеуетті өнім берушілерге және (немесе) олар тартатын, жұмыстардың не көрсетілетін қызметтердің қосалқы мердігерлеріне (бірлесіп орындаушыларына) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында көзделмеген біліктілік талаптарын белгілеу –
лауазымды адамдарға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
6. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының талаптарын конкурстық баға ұсынысына әсер ететін өлшемшарттарды қолданбау бөлігінде бұзу, сол сияқты оларды дұрыс есептемеу –
лауазымды адамдарға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
7. Әлеуетті өнім берушіні және (немесе) ол тартатын, жұмыстардың не көрсетілетін қызметтердің қосалқы мердігерлерін (бірлесіп орындаушыларын) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында көзделмеген негіздер бойынша біліктілік талаптарына және (немесе) конкурстық құжаттаманың (аукциондық құжаттаманың) талаптарына сәйкес келмейді деп тану –
лауазымды адамдарға бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
8. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде олардың біртекті түрлері және оларды беру (орындау, көрсету) орны бойынша лоттарға бөлмеу –
лауазымды адамдарға он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
9. Негізінде конкурстық комиссияның (аукциондық комиссияның) заңсыз шешімі қабылданған сараптама комиссиясының не сарапшының көрінеу жалған сараптамалық қорытынды дайындауы –
елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
10. Әлеуетті өнім беруші немесе өнім беруші біліктілік талаптары және (немесе) конкурстық баға ұсынысына әсер ететін құжаттар бойынша анық емес ақпарат берген жағдайда тапсырыс берушінің, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының не мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының әлеуетті өнім берушіні немесе өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап қойып сотқа жүгінбеуі немесе уақтылы жүгінбеуі –
лауазымды адамдарға отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
10-1. Өнім берушінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді және (немесе) демпингке қарсы соманы енгізбеу арқылы мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарғаны туралы мәліметтерді тапсырыс берушінің мемлекеттік сатып алу саласындағы уәкілетті органға ұсынбауы немесе уақтылы ұсынбауы –
лауазымды адамдарға отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
10-2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, өнім беруші өзімен жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындамаған не тиісінше орындамаған жағдайда тапсырыс берушінің өнім берушілерді мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар деп тану туралы талап қойып сотқа жүгінбеуі немесе уақтылы жүгінбеуі –
лауазымды адамдарға отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
11. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында көзделмеген жағдайларда, мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру, сол сияқты Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, бекітілген мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарында (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарында) көзделмеген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу –
лауазымды адамдарға бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
12. Конкурсқа (аукционға) қатысуға алдын ала жіберу хаттамасында, конкурс (аукцион) тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттамада әлеуетті өнім берушінің конкурсқа (аукционға) қатысуға арналған өтінімін қабылдамау себептерінің егжей-тегжейлі сипатталымын, оның ішінде оның біліктілік талаптары мен конкурстық құжаттаманың (аукциондық құжаттаманың) талаптарына сәйкес келмейтінін растайтын мәліметтер мен құжаттарды көрсетпеу –
лауазымды адамдарға он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
13. Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпияларды құрайтын және (немесе) таралуы шектеулі ақпаратты қамтитын мәліметтерді қоспағанда, мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарын) немесе мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарына) енгізілген өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды мемлекеттік сатып алу веб-порталында орналастырмау немесе уақтылы орналастырмау, сол сияқты мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын экономикалық сыныптаманың мемлекеттік сатып алу туралы шарттар жасасу талап етілетін өзіндік ерекшеліктері (шығыстар баптары) бойынша жиынтығында бюджетке (даму жоспарына), Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорынан бөлінген ақшаға немесе жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес келмейтін көлемде бекіту (нақтылау) –
лауазымды адамдарға он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
14. Әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа (аукционға) қатысуға арналған өтінімдерін уақтылы қарамау, сол сияқты алдын ала жіберу хаттамасын және (немесе) қорытындылар хаттамасын уақтылы орналастырмау –
лауазымды адамдарға отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
15. Осы баптың бірінші және алтыншы бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) –
лауазымды адамдарға бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
16. Осы баптың екінші, оныншы, 10-1, 10-2 және он үшінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) –
лауазымды адамдарға алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
17. Осы баптың тоғызыншы бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –
бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
18. Осы баптың үшінші және он бірінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –
лауазымды адамдарға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескертпелер.
1. Осы бапта лауазымды адамдар деп:
1) бірінші бөлікте – мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының, тапсырыс берушінің бірінші басшысын не конкурстық құжаттаманы, аукциондық құжаттаманы немесе баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде орналастырылған ақпаратты бекіткен адамын немесе олардың міндеттерін атқаратын адамдарды және (немесе) конкурстық құжаттаманы (аукциондық құжаттаманы) әзірлеуге тікелей қатысатын адамдарды;
2) екінші және оныншы бөліктерде – мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының, тапсырыс берушінің бірінші басшыларын немесе олардың міндеттерін атқаратын, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізу рәсімдерін жүзеге асыруға жауапты адамдарды;
3) үшінші, сегізінші, 10-1, 10-2, он бірінші және он үшінші бөліктерде – тапсырыс берушінің бірінші басшысын не жүктелген өкілеттіктерге сәйкес шешім қабылдаған адамын не оның міндетін атқаратын адамды;
4) төртінші және он төртінші бөліктерде – конкурстық комиссияның (аукциондық комиссияның) төрағасын, сондай-ақ конкурстық комиссияның (аукциондық комиссияның) мүшелері мен хатшысын;
5) бесінші бөлікте – тапсырыс берушінің бірінші басшысын не жүктелген өкілеттіктерге сәйкес шешім қабылдаған адамды не оның міндетін атқаратын адамды, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының бірінші басшысын не оның міндетін атқаратын адамды;
6) алтыншы, жетінші және он екінші бөліктерде – конкурстық комиссияның (аукциондық комиссияның) төрағасын, сондай-ақ конкурстық комиссияның (аукциондық комиссияның) мүшелерін түсінген жөн.
2. Лауазымды адам камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама бақылау объектісіне табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап он жұмыс күні ішінде камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды өзі дербес жойған жағдайда, осы бапта көзделген әкімшілік жауаптылыққа тартылуға жатпайды.
Ескерту. 207-бап жаңа редакцияда - ҚР 26.12.2018 № 202-VI (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 01.07.2024 № 108-VIII (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі); 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.207-1-бап. Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тиесілі ұйымдардың тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру тәртібін бұзу
1. Сатып алуды жүзеге асыру тәртібінде көзделген жағдайларды қоспағанда, тендерлік құжаттамада (аукциондық құжаттамада) әлеуетті өнім берушілерге сатып алуды жүзеге асыру тәртібінде көзделмеген біліктілік талаптарын белгілеу не тендерлік құжаттамада (аукциондық құжаттамада) не баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру кезінде орналастырылатын ақпаратта сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жекелеген әлеуетті өнім берушілерге тиесілілігін айқындайтын сипаттамаларына нұсқау жасау –
лауазымды адамдарға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Сатып алуды жүзеге асыру тәртібінде көзделмеген жағдайларда сатып алуды жүзеге асырудан бас тарту –
лауазымды адамдарға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
3. Әлеуетті өнім берушіні және (немесе) ол тартатын, жұмыстардың не көрсетілетін қызметтердің қосалқы мердігерлерін (бірлесіп орындаушыларын) сатып алуды жүзеге асыру тәртібінде көзделмеген негіздер бойынша біліктілік талаптарына және (немесе) тендерлік құжаттаманың (аукциондық құжаттаманың) талаптарына сәйкес келмейді деп тану –
лауазымды адамдарға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
4. Сатып алуды жүзеге асыру тәртібінде көзделген жағдайларды қоспағанда, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру кезінде олардың біртекті түрлері және оларды беру (орындау, көрсету) орны бойынша лоттарға бөлмеу –
лауазымды адамдарға он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
5. Негізінде тендерлік комиссияның (аукциондық комиссияның) заңсыз шешімі қабылданған сатып алу жөніндегі сараптама комиссиясының не сатып алу жөніндегі сарапшының көрінеу жалған сараптамалық қорытынды дайындауы –
елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
6. Сатып алуды жүзеге асыру тәртібінде көзделмеген жағдайларда, сатып алу туралы шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру –
лауазымды адамдарға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескертпелер.
1. Осы бапта сатып алуды жүзеге асыру тәртібі деп "Квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын немесе "Ұлттық әл-ауқат қоры туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген сатып алуды жүзеге асыру тәртібін түсінген жөн.
2. Осы бапта лауазымды адамдар деп:
1) бірінші бөлікте – сатып алуды ұйымдастырушының, тапсырыс берушінің бірінші басшыларын немесе олардың міндеттерін атқаратын адамдарды және (немесе) тендерлік құжаттаманы (аукциондық құжаттаманы) әзірлеуге тікелей қатысатын адамдарды;
2) екінші, төртінші және алтыншы бөліктерде – сатып алуды ұйымдастырушының, тапсырыс берушінің бірінші басшыларын немесе олардың міндеттерін атқаратын, сатып алуды ұйымдастыру мен өткізу рәсімдерін жүзеге асыруға жауапты адамдарды;
3) үшінші бөлікте – ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тиесілі ұйымдардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуын ұйымдастырушы құрған тендерлік комиссияның (аукциондық комиссияның) төрағасын және оның орынбасарын, сондай-ақ тендерлік комиссияның (аукциондық комиссияның) мүшелерін түсінген жөн.
3. Лауазымды адам Ұлттық әл-ауқат қоры, сатып алуды бақылау жөніндегі орталықтандырылған қызмет жүргізген бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама бақылау объектісіне табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап он жұмыс күні ішінде Ұлттық әл-ауқат қоры, сатып алуды бақылау жөніндегі орталықтандырылған қызмет жүргізген бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды өзі дербес жойған жағдайда, осы бапта көзделген әкімшілік жауаптылыққа тартылуға жатпайды.
Ескерту. 15-тарау 207-1-баппен толықтырылды - ҚР 26.12.2018 № 202-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 01.07.2024 № 108-VIII (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.208-бап. Қазақстан Республикасының кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы заңнамасының талаптарын бұзу
1. Кредиттік бюроның, оның ішінде мемлекет қатысатын кредиттік бюроның кредиттік тарихтарды қалыптастыру мен кредиттік есептерді ұсыну жөніндегі қызметтің негізгі түрлеріне, қызметтің қосымша түрлеріне жатпайтын қызметті жүзеге асыруы, сондай-ақ мемлекет қатысатын кредиттік бюроның сақтандыру жөніндегі дерекқорды қалыптастырумен және жүргізумен және кредиттік скорингті есептеу бойынша көрсетілетін қызметтерді ұсынумен байланысты емес қызметті жүзеге асыруы –
заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Кредиттік тарих субъектісі туралы теріс ақпарат беру жағдайларын қоспағанда, ақпарат берушінің кредиттік тарихты қалыптастыру үшін кредиттік тарих субъектісі туралы мәліметтерді кредиттік бюроларға (мемлекет қатысатын кредиттік бюроны қоспағанда) кредиттік тарих субъектісінің келісімінсіз беруі, сондай-ақ мұндай келісімді дұрыс ресімдемеу –
жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға – елу, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2-1. Кредиттік тарих субъектісі туралы теріс ақпарат алу жағдайларын қоспағанда, кредиттік есепті алушының кредиттік есепті ұсыну туралы сұрау салуды кредиттік тарих субъектісінің келісімінсіз беруі, сондай-ақ мұндай келісімді дұрыс ресімдемеу –
жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға – елу, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
3. Ақпарат берушінің Қазақстан Республикасының кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы заңнамасына сәйкес ұсынылуы талап етілетін, кредиттік тарих субъектісінен алынған мәліметтерді кредиттік бюроға ұсынбауы, сол сияқты уақтылы ұсынбауы не анық емес мәліметтерді ұсынуы –
жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға – елу, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескертпе. Мәліметтер деп кредиттік тарихты қалыптастыру және оларды пайдалану жүйесіне қатысушылар беретін, қажет болған кезде электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылатын электрондық және қағаз жеткізгіштердегі кредиттік тарих субъектілеріне қатысты мәліметтер түсініледі.
Ескерту. 208-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 30.12.2019 № 300-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.209-бап. Қазақстан Республикасының концессиялар туралы заңнамасын бұзу
Концессионерді таңдау жөніндегі конкурстың талаптарына, сондай-ақ концессиялық өтінімі үздік деп танылған конкурсқа қатысушымен концессиялық жобаны және концессия шартының талаптарын нақтылау бойынша келіссөздер жүргізу барысында концессиялық өтінімнің бастапқы параметрлеріне және сипаттамаларына өзгерістер енгізу –
лауазымды адамдарға бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескертпе. Осы бапта лауазымды адамдар деп концессия жөніндегі конкурсты ұйымдастырушының бірінші басшыларын немесе конкурсты ұйымдастыру және өткізу рәсімдерін жүзеге асыру үшін жауапты, олардың міндеттерін атқаратын адамдарды түсіну керек.
210-бап. Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасында көзделген тәртіппен валюталық шартты ұсынбай валюталық операциялар бойынша төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүргізу
1. Валюталық шартты немесе берілген есептік нөмір бар валюталық шартты ұсыну Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес міндетті болып табылған кезде уәкілетті банктің осындай валюталық шартты ұсынбай валюталық операция бойынша төлемді және (немесе) ақша аударымын жүргізуі –
ескерту жасауға алып келеді.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –
елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескерту. 210-бап жаңа редакцияда - ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (01.07.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.210-1-бап. Уәкілетті банктің Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан Республикасы валюта заңнамасын анықталған бұзушылықтарды жою туралы талабын орындамауы
1. Уәкілетті банктің Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан Республикасы валюта заңнамасын анықталған бұзушылықтарды жою туралы талабын орындамауы –
ескерту жасауға алып келеді.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет –
төрт жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескертпе. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген құқық бұзушылықты жасағаны үшін жауаптылық уәкілетті банк осы баптың бірінші бөлігі бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылғанға ұқсас бұзушылықты уәкілетті банк жасаған жағдайда басталады.
Ескерту. 15-тарау 210-1-баппен толықтырылды - ҚР 03.07.2019 № 262-VI Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
211-бап. Қазақстан Республикасының микроқаржылық қызмет туралы заңнамасының талаптарын бұзу
Ескерту. 211-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2019 № 262-VI Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
1. Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың "Микроқаржылық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделмеген қызмет түрлерін жүзеге асыруы –
бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның масс-медиада жарияланған күніне шындыққа сәйкес келмейтін жарнаманы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының микроқаржылық қызмет туралы заңнамасына сәйкес келмейтін талаптармен микрокредит ұсынуға байланысты жарнаманы таратуы немесе орналастыруы, егер бұл әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, –
бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың анық емес қаржылық немесе өзге де есептілікті ұсынуы –
ескерту жасауға алып келеді.
3-1. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет –
елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
4. Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган белгілеген сол бір пруденциялық нормативтерді және (немесе) сақталуы міндетті басқа да нормалар мен лимиттерді бірнеше рет (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде екі және одан да көп рет) бұзуы –
үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың, микрокредит беру туралы шарт бойынша құқық (талап ету) берілген тұлғалардың клиенттермен жасалатын микрокредит беру туралы шарттарда, сондай-ақ микрокредит бойынша сыйақының шамалары туралы ақпаратты қамтитын жарнаманы тарату және (немесе) орналастыру кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен есептелген жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің мөлшерін көрсетпеуі, анық емес көрсетуі –
заңды тұлғаларға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
5-1. Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың, микрокредит беру туралы шарт бойынша құқық (талап ету) берілген тұлғалардың қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бірлескен нормативтік құқықтық актісінде айқындалған жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің шекті мөлшерінен асыруы –
заңды тұлғаларға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
6. Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың клиенттердің төлем құжаттарын жоғалтуы –
заңды тұлғаларға бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
7. Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның, микрокредит беру туралы шарт бойынша құқық (талап ету) берілген тұлғаның микрокредит беру туралы шарт бойынша қамтамасыз ету болып табылатын мүлікке құқық белгілеуші құжаттардың түпнұсқаларын жоғалтуы –
бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
8. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органды "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясында микроқаржы ұйымы, кредиттік серіктестік, ломбард ретінде мемлекеттік тіркеуден (қайта тіркеуден) өткені туралы хабардар етпеу не уақтылы хабардар етпеу –
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескертпелер.
1. Осы баптың 3-1-бөлігінде көзделген құқық бұзушылықты жасағаны үшін жауаптылық Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде ұсынылуы талап етілетін мерзімді есептіліктің сол бір нысаны ұсынылған жағдайларда басталады.
2. Осы баптың бесінші, 5-1 және жетінші бөліктерінің мақсаттары үшін микрокредит беру туралы шарт бойынша құқық (талап ету) берілген тұлғалар деп екінші деңгейдегі банк, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы, коллекторлық агенттік, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйым, секьюритилендіру мәмілесі кезінде Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес құрылған арнайы қаржы компаниясы, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның қамтамасыз етілген облигацияларды шығаруы немесе қарыз алуы кезінде микрокредит беру туралы шарт бойынша талап ету құқықтарын ұстаушы – заңды тұлға түсініледі.
Ескерту. 211-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 06.05.2017 № 63-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2019 № 262-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 10.06.2024 № 91-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.06.2024 № 95-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.211-1-бап. Қазақстан Республикасының коллекторлық қызмет туралы заңнамасының талаптарын бұзу
1. Коллекторлық агенттіктің мынадай жосықсыз әрекеттер жасауы, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса:
1) борышкермен және (немесе) оның өкілімен және (немесе) үшінші тұлғамен өзара іс-қимылдың "Коллекторлық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделмеген өзге де тәсілдерін пайдалануы;
2) кредиторға тиісті шарт шеңберінде коллекторлық қызмет бойынша қызметтер көрсету кезінде борышкерден берешекті өтеу есебінен ақшаны (қолма-қол немесе қолма-қол емес нысанда), сондай-ақ өзге де мүлікті қабылдауы;
3) кредиторға тиісті шарт шеңберінде коллекторлық қызмет бойынша қызметтер көрсету кезінде берешекті ақшадан басқа, өзге де мүлікпен өтеуді талап етуі;
4) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, кредитордан және (немесе) оның өкілінен және (немесе) үшінші тұлғалардан алынған коммерциялық немесе Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғалатын өзге де құпияны жария етуі –
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – төрт жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне алты жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
1-1. Борышкермен және (немесе) оның өкілімен және (немесе) үшінші тұлғамен өзара іс-қимыл жасайтын коллекторлық агенттік жұмыскерінің мынадай жосықсыз әрекеттер жасауы:
1) борышкерді және (немесе) оның өкілін және (немесе) үшінші тұлғаны банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт бойынша берешектің мөлшеріне, сипатына және туындау негіздеріне қатысты жаңылыстыруы;
2) борышкерге және (немесе) оның өкіліне және (немесе) үшінші тұлғаға анық емес тегін және (немесе) атын және (немесе) әкесінің атын (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), сондай-ақ жұмыс орны және (немесе) лауазымы туралы шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді хабарлауы, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, –
жеке тұлғаларға отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. "Коллекторлық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жосықсыз әрекеттерді қоспағанда, коллекторлық агенттіктің коллекторлық қызметті жүзеге асыру қағидаларын бұзуы –
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
3. Коллекторлық агенттіктің қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға Қазақстан Республикасының коллекторлық қызмет туралы заңнамасына сәйкес талап етілетін ақпаратты уақтылы бермеуі –
ескерту жасауға алып келеді.
3-1. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жетпіс бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
3-2. Коллекторлық агенттіктің қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға Қазақстан Республикасының коллекторлық қызмет туралы заңнамасына сәйкес талап етілетін ақпаратты бермеуі –
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
3-3. Коллекторлық агенттіктің қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға Қазақстан Республикасының коллекторлық қызмет туралы заңнамасына сәйкес ұсынылуы талап етілетін мәліметтерді қамтымайтын ақпаратты беруі не анық емес ақпаратты не көрінеу анық емес мәліметтерді беруі –
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
4. Коллекторлық агенттіктердің анық емес, сол сияқты толық емес есептілік ұсынуы –
ескерту жасауға алып келеді.
5. Осы баптың төртінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –
бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескертпе. Осы баптың бесінші бөлігінде көзделген құқық бұзушылықты жасағаны үшін жауаптылық Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде ұсынылуы талап етілетін есептіліктің анық емес, сол сияқты толық емес сол бір нысаны ұсынылған жағдайларда басталады.
Ескерту. 15-тарау 211-1-баппен толықтырылды - ҚР 06.05.2017 № 63-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2019 № 262-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.211-2-бап. Қазақстан Республикасының заңнамасында кредитордың қарыз алушымен өзара қатынастарына қойылатын талаптар мен шектеулерді банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт бойынша құқық (талап ету) берілген тұлғаның бұзуы
1. Қарыз алушы үшін банктік қарыз шартының немесе микрокредит беру туралы шарттың талаптарын жақсарту жағдайларын қоспағанда, оларды біржақты тәртіппен өзгерту –
бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Жеке тұлғамен жасасылған банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт бойынша құқық (талап ету) берілген тұлғаның оны "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" және "Микроқаржылық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының заңдарында көзделмеген өзге де тұлғаларға қайта беруі –
бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
3. Талап ету құқығын басқаға беру шарты бойынша кредитордың құқықтары (талап етулері) өткен кезде борышкерден банктік қарыз шартында немесе микрокредит беру туралы шартта көзделмеген комиссиялар мен төлемдер алу –
бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескертпелер.
1. Осы баптың мақсаттары үшін банктік қарыз шарты бойынша құқық (талап ету) берілген тұлға деп коллекторлық агенттік, банк, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым, бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын банктің еншілес ұйымы, екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйым, секьюритилендіру мәмілесі кезінде Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес құрылған арнайы қаржы компаниясы түсініледі.
2. Осы баптың мақсаттары үшін микрокредит беру туралы шарт бойынша құқық (талап ету) берілген тұлға деп коллекторлық агенттік, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйым, секьюритилендіру мәмілесі кезінде Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес құрылған арнайы қаржы компаниясы түсініледі.
Ескерту. 15-тарау 211-2-баппен толықтырылды - ҚР 06.05.2017 № 63-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2019 № 262-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.212-бап. Қаржы ұйымдары мен өзге де тұлғалардың қаржылық есептілікті, бухгалтерлік есепке алу деректері жөніндегі есептілікті немесе өзге де есептілікті ұсыну мерзімдерін бұзуы
Ескерту. 212-баптың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның, коллекторлық агенттіктердің, кредиттік бюролардың және төлем ұйымдарының Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде көзделген қаржылық немесе өзге де есептілікті, бухгалтерлік есепке алу деректері жөніндегі есептілікті ұсыну мерзімін бұзуы –
ескерту жасауға алып келеді.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет –
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарына, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдарына бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
3. Алып тасталды - ҚР 03.07.2019 № 262-VI Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
Ескертпе. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген құқық бұзушылықты жасағаны үшін жауаптылық Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде ұсынылуы талап етілетін мерзімді есептіліктің сол бір нысанын ұсынудың Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде көзделген мерзімі бұзылған жағдайларда басталады.
Ескерту. 212-бап жаңа редакцияда – ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 24.11.2015 № 422-V (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.07.2019 № 262-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.213-бап. Қазақстан Республикасының банк заңнамасының талаптарын бұзу
1. Алып тасталды – ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
2. Алып тасталды – ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
3. Алып тасталды – ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
4. Банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган белгілеген сол бір пруденциялық нормативтерді және (немесе) сақталуы міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді бірнеше рет (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде екі және одан да көп) бұзуы –
заңды тұлғаларға, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарына үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген ең төменгі резервтік талаптарды бірнеше рет (қатарынан күнтізбелік үш ай ішінде екі және одан да көп) бұзуы –
заңды тұлғаларға, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарына үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, банк холдингтерінің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың Қазақстан Республикасының банк заңнамасына сәйкес тыйым салынған не Қазақстан Республикасының банк заңнамасын бұзып, сол сияқты олардың құқықтық қабілетінің шегінен шығатын операциялар мен мәмілелерді жүзеге асыруы –
заңды тұлғаларға, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарына мәміле сомасының оннан бір пайызы, бірақ айлық есептік көрсеткіштің кемінде екі жүз және бір мыңнан аспайтын мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
7. Осы баптың алтыншы бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –
заңды тұлғаларға, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарына мәміле сомасының бір пайызы, бірақ айлық есептік көрсеткіштің кемінде төрт жүз және екі мыңнан аспайтын мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
8. Банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың не Қазақстан Республикасының банк заңнамасында айқындалған пруденциялық нормативтердің және (немесе) сақталуы міндетті өзге де нормалар мен лимиттердің орындалуы туралы мәліметтердің бұрмалануына әкеп соққан есептілікті жасауы –
заңды тұлғаларға, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарына екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
9. Осы баптың сегізінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –
заңды тұлғаларға, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарына алты жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
10. Банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың, банктік қарыз шарты бойынша құқық (талап ету) берілген тұлғалардың клиенттермен жасасылатын шарттарда анық, жылдық, тиімді, салыстырмалы түрде есептелген сыйақы мөлшерлемесін көрсету жөніндегі, сондай-ақ қарыздар мен салымдар (банкаралықты қоспағанда) бойынша сыйақының шамалары туралы ақпаратты тарату, оның ішінде оны жариялау кезінде міндеттерін орындамауы –
заңды тұлғаларға, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарына елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
11. Банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының масс-медиада ол жарияланған күні шындыққа сәйкес келмейтін жарнаманы хабарлауы немесе жариялауы -
екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
12. Банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың, банктік қарыз шарты бойынша құқық (талап ету) берілген тұлғалардың сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесінің қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бірлескен нормативтік құқықтық актісінде айқындалған шекті мөлшерінен асыруы –
заңды тұлғаларға, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарына елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
13. Банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың, банктік қарыз шарты бойынша құқық (талап ету) берілген тұлғалардың жеке тұлғалармен жасасылатын банктік қарыз шарттары бойынша, оның ішінде ипотекалық қарыз шарттары бойынша сыйақының құбылмалы мөлшерлемесін есептеу тәртібін, оның қолданылу шарттарын бұзуы –
заңды тұлғаларға, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарына елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
14. Банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның, банктік қарыз шарты бойынша құқық (талап ету) берілген тұлғаның банктік қарыз шарты бойынша қамтамасыз ету болып табылатын мүлікке құқық белгілеуші құжаттардың түпнұсқаларын жоғалтуы –
бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
15. Банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғалардың инкассаторлар бригадаларын қалыптастыру, автомобильмен инкассаторлық тасымалдау кезінде келу карточкалары мен жол парақтарын жасау, пломбаларды пайдалану, инкассаторларды керек-жарақпен, жеке қорғаныш құралдарымен, оның ішінде броньды кеудешелермен, каскалармен (шлемдермен), сондай-ақ қызметтік қарумен қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды бұзуы –
орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескертпе.
1. Бұрмаланған мәліметтерді түзету нәтижесінде банктің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган белгілеген пруденциялық нормативтерді және (немесе) сақталуы міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді бұзғаны анықталған жағдайда, осы баптың сегізінші бөлігінің мақсаттары үшін әкімшілік жауаптылық басталады.
2. Осы баптың оныншы, он екінші, он үшінші және он төртінші бөліктерінің мақсаттары үшін банктік қарыз шарты бойынша құқық (талап ету) берілген тұлға деп коллекторлық агенттік, банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым, банктің бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын еншілес ұйымы, екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйым, секьюритилендіру мәмілесі кезінде Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес құрылған арнайы қаржы компаниясы түсініледі.
Ескерту. 213-бапқа өзгерістер енгізілді – ҚР 24.11.2015 № 422-V (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 06.05.2017 № 63-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 168-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2019 № 262-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 10.06.2024 № 91-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.06.2024 № 95-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.214-бап. Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын бұзу
1. Қаржы мониторингі субъектілерінің Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын мәліметтерді тіркеп-белгілеу, мәліметтер мен құжаттарды сақтау, құжаттарды қорғау бөлігінде бұзуы –
жеке тұлғаларға – отыз, лауазымды адамдарға, нотариустар мен адвокаттарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, коммерциялық емес ұйымдарға – жетпіс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз он, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдарына, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерлерінің филиалдарына екі жүз сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Қаржы мониторингі субъектілерінің "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 3 және 5-тармақтарында көзделген, қаржы мониторингіне жататын, ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен жасалатын операциялар туралы ақпаратты уақтылы бермеуі –
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – алпыс бес, лауазымды адамдарға, нотариустар мен адвокаттарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз сексен, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз тоқсан, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдарына, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерлерінің филиалдарына бес жүз жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
3. Қаржы мониторингі субъектілерінің "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 3 және 5-тармақтарында көзделген, қаржы мониторингіне жататын, ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен жасалатын операциялар туралы ақпаратты бермеуі, көрінеу анық емес ақпарат беруі –
жеке тұлғаларға – жетпіс бес, лауазымды адамдарға, нотариустар мен адвокаттарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, коммерциялық емес ұйымдарға – екі жүз он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдарына, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерлерінің филиалдарына алты жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
4. Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның сұрау салуы бойынша ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды уақтылы бермеуі –
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – қырық, лауазымды адамдарға, нотариустар мен адвокаттарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз сексен, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдарына, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерлерінің филиалдарына төрт жүз жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
5. Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның сұрау салуы бойынша ақпаратты бермеуі, анық емес ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды беруі –
жеке тұлғаларға – қырық бес, лауазымды адамдарға, нотариустар мен адвокаттарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдарына, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерлерінің филиалдарына төрт жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
6. Қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның сұрау салуы бойынша "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-3-бабының 5-тармағында көзделген мәліметтер мен құжаттарды уақтылы ұсынбау –
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – қырық, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
7. Қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның сұрау салуы бойынша "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-3-бабының 5-тармағында көзделген ақпаратты бермеу, анық емес мәліметтер мен құжаттарды ұсыну –
жеке тұлғаларға – қырық бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз сексен, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне төрт жүз жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
8. Қаржы мониторингі субъектілерінің клиенттерді (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін тиісінше тексеру жөніндегі шараларды қабылдамауы –
жеке тұлғаларға – қырық, лауазымды адамдарға, нотариустар мен адвокаттарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз сексен, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдарына, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерлерінің филиалдарына төрт жүз жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
9. Қаржы мониторингі субъектілерінің Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен жасалатын операцияларды тоқтатып қою жөніндегі шараларды қабылдау және (немесе) ақшамен және өзге мүлікпен жасалатын операцияларды тоқтатып қою жөніндегі шаралар туралы ақпаратты беру бөлігінде бұзуы –
жеке тұлғаларға – жетпіс бес, лауазымды адамдарға, нотариустар мен адвокаттарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз тоқсан бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдарына, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерлерінің филиалдарына алты жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
10. Қаржы мониторингі субъектілерінің клиентке іскерлік қатынастар орнатудан және ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен жасалатын операцияларды жүргізуден бас тарту және (немесе) іскерлік қатынастар орнатудан және ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен жасалатын операцияларды жүргізуден бас тартулар туралы ақпарат беру жөніндегі міндеттерді орындамауы –
жеке тұлғаларға – қырық, лауазымды адамдарға, нотариустар мен адвокаттарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз сексен, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдарына, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерлерінің филиалдарына төрт жүз жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
11. Қаржы мониторингі субъектілерінің ішкі бақылау қағидаларында бекітілген, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласында даярлау және оқыту бағдарламасын орындамауы –
жеке тұлғаларға – отыз, лауазымды адамдарға, нотариустар мен адвокаттарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, коммерциялық емес ұйымдарға – жетпіс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз он, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдарына, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерлерінің филиалдарына екі жүз сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
12. Қаржы мониторингі субъектілерінің "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 1-тармағында көзделген, қаржы мониторингіне жататын, ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен жасалатын операциялар туралы ақпаратты уақтылы бермеуі –
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – қырық, лауазымды адамдарға, нотариустар мен адвокаттарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз алпыс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдарына, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерлерінің филиалдарына төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
13. Қаржы мониторингі субъектілерінің "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 1-тармағында көзделген, қаржы мониторингіне жататын, ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен жасалатын операциялар туралы ақпаратты бермеуі, анық емес ақпаратты беруі –
жеке тұлғаларға – қырық бес, лауазымды адамдарға, нотариустар мен адвокаттарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдарына, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерлерінің филиалдарына төрт жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
14. Қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның шешімі бойынша қаржы мониторингі субъектілерінің клиенттер операцияларын тоқтата тұрмауы –
жеке тұлғаларға – жетпіс бес, лауазымды адамдарға, нотариустар мен адвокаттарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, коммерциялық емес ұйымдарға – екі жүз он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдарына, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерлерінің филиалдарына алты жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
15. Ішкі бақылау қағидаларының Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келмеуі –
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – бір жүз он, лауазымды адамдарға, нотариустар мен адвокаттарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз сексен, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдарына, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерлерінің филиалдарына жеті жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
16. Қаржы мониторингі субъектілерінің ішкі бақылау қағидаларын әзірлеу және қабылдау жөніндегі міндеттерді орындамауы –
жеке тұлғаларға – бір жүз жиырма, лауазымды адамдарға, нотариустар мен адвокаттарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз тоқсан бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз қырық бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдарына, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерлерінің филиалдарына жеті жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
17. Қаржы мониторингі субъектілерінің өз клиенттеріне және өзге де тұлғаларға қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға осындай клиенттер мен өзге де тұлғаларға қатысты қолданылатын, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі шаралар туралы ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды бергені немесе одан алғаны туралы хабарлауы –
жеке тұлғаларға – жетпіс бес, лауазымды адамдарға, нотариустар мен адвокаттарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, коммерциялық емес ұйымдарға – екі жүз он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдарына, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерлерінің филиалдарына алты жүз қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
18. Осы баптың бірінші, үшінші, бесінші, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он үшінші, он төртінші, он алтыншы және он жетінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) –
жеке тұлғаларға – бір жүз елу, лауазымды адамдарға, нотариустар мен адвокаттарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, коммерциялық емес ұйымдарға – екі жүз жиырма бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз жетпіс бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдарына, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерлерінің филиалдарына тоғыз жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
19. Осы баптың бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы және он жетінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде үш және одан көп рет жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) –
алты айға дейінгі мерзімге лицензияның немесе біліктілік аттестатының (куәлігінің) қолданысын тоқтата тұрып не одан айыра отырып немесе үш айға дейінгі мерзімге қызметті тоқтата тұрып не үш жылға дейінгі мерзімге қызметке немесе оның жекелеген түрлеріне тыйым салына отырып, жеке тұлғаларға – екі жүз, лауазымды адамдарға, нотариустар мен адвокаттарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, коммерциялық емес ұйымдарға – төрт жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – тоғыз жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдарына, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерлерінің филиалдарына бір мың сегіз жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескерту. 214-бап жаңа редакцияда – ҚР 30.12.2025 № 247-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.214-1-бап. Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) алып келген, ақшамен және (немесе) өзге де мүлікпен операция жасау
Заңды тұлғаның жеке тұлғасы үшін көрінеу қылмыстық жолмен алынған, ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті иеленуге, пайдалануға немесе оған билік етуге заңды түр беруге алып келген, көрсетілген ақшамен және (немесе) өзге де мүлікпен операцияны осы заңды тұлғаның жасауы –
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, коммерциялық емес ұйымдарға – жеті жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір мың, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескертпелер.
1. Осы бапта жеке тұлға деп осы баптың бірінші абзацында аталған заңды тұлғада тұрақты, уақытша не арнайы өкілеттік бойынша ұйымдастырушылық-өкімдік немесе әкімшілік-шаруашылық функцияларды жүзеге асыратын адамды немесе осындай заңды тұлғаның Қазақстан Республикасының заңдарына немесе заңды тұлғаның жарғысына сәйкес ақшамен және (немесе) өзге де мүлікпен операциялар жасау құқығына ие қызметкерін немесе осындай заңды тұлғаның "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 3) тармақшасында айқындалған бенефициарлық меншік иесін түсінген жөн.
2. Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) алып келген, ақшамен және (немесе) өзге де мүлікпен жасалған операция туралы ерікті түрде мәлімдеген заңды тұлға, егер оның әрекеттерінде өзге құқық бұзушылық құрамы болмаса, әкімшілік жауаптылықтан босатылады.
Ескерту. Кодекс 214-1-баппен толықтырылды – ҚР 01.07.2022 № 132-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.215-бап. Тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру тәртібін бұзу
Ескерту. 215-бап алып тасталды - ҚР 03.07.2019 № 262-VI Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
215-1-бап. Киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында Қазақстан Республикасының банк заңнамасын бұзу
1. Киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында Қазақстан Республикасының банк заңнамасын мыналардан:
1) банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың маңызды ақпараттық активтер қамтылған цифрлық жүйелердің деректерін, цифрлық жүйенің жұмысқа жарамды көшірмесін қалпына келтіруді қамтамасыз ететін олардың файлдары мен теңшеулерін резервтік сақтауды қамтамасыз етпеуінен;
2) банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның маңызды ақпараттық активтерін үшінші тұлғаларға беру кезінде Қазақстан Республикасының азаматтық, банк заңнамасына, Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасына сәйкес үшінші тұлғаларға беруге жол берілмейтін ақпаратқа үшінші тұлғалардың қол жеткізу мүмкіндігін болғызбау жөніндегі шараларды қабылдамауынан;
3) банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың киберқауіпсіздік жөніндегі бөлімшесінің және (немесе) ішкі аудит бөлімшесінің банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметіне киберқауіпсіздіктің жай-күйін бағалау бөлігінде тексерулер жүргізбеуінен;
4) банктерде, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарында, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда цифрлық инфрақұрылымды қорғау периметрінен шығатын телекоммуникациялық қосылуларды (қалалық телефон желісі арқылы қосылуларды қоспағанда) шифрлаудың болмауынан;
5) банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың желіаралық экрандарда белгіленген қол жеткізу қағидаларын, банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның ақпараттық активтерінің жұмыс істеуі үшін пайдаланылмайтын қосылуларды бұғаттау жөніндегі талаптарды сақтамауынан және (немесе) цифрлық инфрақұрылымды қорғау периметрінде кірулерді анықтау мен болғызбау құралдарының болмауынан;
6) банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың пайдаланушыларға цифрлық инфрақұрылымды қорғау периметрінің шектеріне байланысты шифрланбаған арна арқылы банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның цифрлық инфрақұрылымды қорғау периметрі ішіндегі маңызды ақпараттық активтеріне қолжетімділік беруінен және (немесе) пайдаланушыларға цифрлық инфрақұрылымды қорғау периметрінің шектеріне байланысты, қос факторлы аутентификациялау әдістерін пайдаланбай, маңызды ақпараттық активтер қамтылған цифрлық жүйелерге қолжетімділік беруінен;
7) банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың пайдаланушылардың Интернет ресурстарына қол жеткізу қауіпсіздігін және (немесе) сыртқы электрондық поштаны пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз етпеуінен;
8) банктерде, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарында, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда маңызды ақпараттық активтер қамтылған цифрлық жүйелердің әкімшілері тізбесінің және (немесе) маңызды ақпараттық активтер қамтылған цифрлық жүйелерді әкімшілендіру функцияларын орындау кезінде қосарланған бақылаудың және (немесе) артықшылық берілген есептік жазбалардың пайдаланылуын бақылайтын арнаулы кешендердің болмауынан;
9) банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың маңызды ақпараттық активтерінде маңызды ақпараттық активте қосылуларды орнату, сәйкестендіру, аутентификациялау және авторизациялау оқиғаларын, қауіпсіздік теңшеулерін түрлендіру оқиғаларын, пайдаланушылардың топтары мен олардың өкілеттіктерін түрлендіру оқиғаларын, пайдаланушылар мен олардың өкілеттіктерінің есептік жазбаларын түрлендіру оқиғаларын, өзгерістердің цифрлық жүйеде орнатылғанын көрсететін оқиғаларды, аудит параметрлерін өзгерту оқиғаларын, жүйелік параметрлер өзгерістерінің оқиғаларын көрсететін аудиторлық жазба функциясының болмауынан;
10) банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың маңызды ақпараттық активтерге осалдықтарының бар-жоғы тұрғысынан жартыжылдық сканерлеуді жүргізбеуінен және (немесе) анықталған осалдықтарды жою жөніндегі түзету шаралары туралы ұсынымдар көрсетілген киберқауіпсіздіктің жай-күйі туралы есеп түріндегі сканерлеу нәтижелерінің болмауынан;
11) банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың мониторингтеуге жататын киберқауіпсіздік оқиғалары тізбесінің, осындай оқиғалар дереккөздерінің, киберқауіпсіздік оқиғаларын мониторингтеу кезеңділігінің, тәртібі мен әдістерінің болмауынан және (немесе) киберқауіпсіздіктің оқыс оқиғаларына ден қою тәртібінің іске асырылғанын растайтын құжаттардың, мәліметтер мен фактілердің болмауынан көрінген киберқауіпсіздіктің оқыс оқиғаларына ден қою қызметінің тиісінше жұмыс істеуін қамтамасыз етпеуінен;
12) банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың киберқауіпсіздіктің оқыс оқиғаларына ден қою қызметінің киберқауіпсіздік оқиғаларын мониторингтеу мен талдауды және (немесе) киберқауіпсіздіктің оқыс оқиғаларын сыныптау мен оларға басымдық беруді жүзеге асырмауынан;
13) банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың киберқауіпсіздіктің оқыс оқиғаларына ден қою қызметінің киберқауіпсіздіктің оқыс оқиғалары туралы ақпаратты шоғырландыруды, жүйелеуді, сақтауды, оның тұтастығын және киберқауіпсіздіктің оқыс оқиғасы, қабылданған шаралар және ұсынылатын түзету шаралары туралы ақпарат көрсетілген киберқауіпсіздіктің оқыс оқиғаларын есепке алу журналында сақталуын қамтамасыз етпеуінен көрінген бұзушылық –
орта кәсіпкерлік субъектілері мен коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз сексен, ірі кәсіпкерлік субъектілері мен Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарына екі жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Банктерде, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарында маңызды ақпараттық активтердің тізбесін қалыптастыру мен кейіннен жаңартып отыру жөніндегі іске асырылған процестердің болмауынан және (немесе) маңызды ақпараттық активтер үшін киберқауіпсіздік тәуекелдерін бағалау жөніндегі іске асырылған процестердің болмауынан көрінген киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы Қазақстан Республикасының банк заңнамасын бұзу –
орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз сексен, ірі кәсіпкерлік субъектілері мен Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарына екі жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескерту. 215-1-баппен толықтырылды – ҚР 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 09.01.2026 № 257-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.216-бап. Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің бюджеттік инвестициялар нәтижелеріне қол жеткізбеуі
1. Еншілес, тәуелді және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғалардың қаржылық-экономикалық негіздемеде көзделген, олардың жарғылық капиталдарына мемлекеттің қатысуы арқылы салынатын бюджеттік инвестициялардың нәтижелеріне қол жеткізбеуі –
лауазымды адамдарға – бірінші басшыларға төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекет қатысушысы немесе акционері болып табылатын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, акционерлік қоғамдардың мемлекеттің қатысуы арқылы олардың жарғылық капиталдарына салынатын бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемеде көзделген нәтижелеріне қол жеткізбеуі -
лауазымды адамдарға – бірінші басшыларға төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
217-бап. Валюталық бақылау агенттерінің валюталық операциялар бойынша есептерді ұсыну тәртібін бұзуы
Ескерту. 217-баптың тақырыбына өзгеріс енгіілді – ҚР 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Валюталық бақылау агентінің Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде көзделген, жүргізілген валюталық операциялар туралы хабарлама бойынша есепті ұсыну мерзімін бұзуы –
ескерту жасауға алып келеді.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет –
он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
3. Валюталық бақылау агентінің Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде көзделген, жүргізілген валюталық операциялар туралы хабарлама бойынша толық емес және (немесе) анық емес есепті ұсынуы –
ескерту жасауға алып келеді.
4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –
он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
5. Валюталық бақылау агентінің Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде көзделген, экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттар бойынша есепті ұсыну мерзімін бұзуы –
ескерту жасауға алып келеді.
6. Осы баптың бесінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет –
он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
7. Валюталық бақылау агентінің Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде көзделген, экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттар бойынша толық емес және (немесе) анық емес есепті ұсынуы –
ескерту жасауға алып келеді.
8. Осы баптың жетінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –
он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
9. Валюталық бақылау агентінің Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде көзделген, өздерінің негізінде және (немесе) өздерін орындау үшін капитал қозғалысының операциялары жүргізілетін валюталық шарттар бойынша есепті ұсыну мерзімін бұзуы –
ескерту жасауға алып келеді.
10. Осы баптың тоғызыншы бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет –
он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
11. Валюталық бақылау агентінің Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде көзделген, өздерінің негізінде және (немесе) өздерін орындау үшін капитал қозғалысының операциялары жүргізілетін валюталық шарттар бойынша толық емес және (немесе) анық емес есепті ұсынуы –
ескерту жасауға алып келеді.
12. Осы баптың он бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –
он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескерту. 217-бап жаңа редакцияда – ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (01.07.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.218-бап. Қазақстан Республикасының ішкі валюта нарығындағы сұраныс пен ұсыныс көздерін мониторингтеу мақсаттары үшін есептерді немесе қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүзеге асыру жөніндегі қызмет туралы есептерді ұсыну тәртібін бұзу
1. Уәкілетті банктің немесе клиенттердің тапсырмалары бойынша валюталық операцияларды жүзеге асыратын бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде көзделген, Қазақстан Республикасының ішкі валюта нарығындағы сұраныс пен ұсыныс көздерін мониторингтеу мақсаттары үшін есепті ұсыну мерзімін бұзуы –
ескерту жасауға алып келеді.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет –
он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
3. Уәкілетті банктің немесе клиенттердің тапсырмалары бойынша валюталық операцияларды жүзеге асыратын бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде көзделген, Қазақстан Республикасының ішкі валюта нарығындағы сұраныс пен ұсыныс көздерін мониторингтеу мақсаттары үшін толық емес және (немесе) анық емес есепті ұсынуы –
ескерту жасауға алып келеді.
4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –
он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
5. Уәкілетті банктің немесе уәкілетті ұйымның Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде көзделген, қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүзеге асыру жөніндегі қызмет туралы есепті ұсыну мерзімін бұзуы –
ескерту жасауға алып келеді.
6. Осы баптың бесінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет –
он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
7. Уәкілетті банктің немесе уәкілетті ұйымның Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде көзделген, қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүзеге асыру жөніндегі қызмет туралы толық емес және (немесе) анық емес есепті ұсынуы –
ескерту жасауға алып келеді.
8. Осы баптың жетінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –
он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескерту. 218-бап жаңа редакцияда - ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (01.07.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.219-бап. Әкімшілік шығыстар бойынша заттай нормалардан асыру
Мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің нормативтік құқықтық актілерде белгіленген әкімшілік шығыстар бойынша заттай нормалардан асыруы –
бірінші басшыларға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
220-бап. Қазақстан Республикасының төлемдер және төлем жүйелері туралы заңнамасын, клиенттерге банктік қызмет көрсетуге байланысты талаптарды бұзу
Ескерту. 220-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 26.07.2016 № 12-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген, төлем және (немесе) ақша аударымы жөніндегі нұсқауды орындау немесе төлем және (немесе) ақша аударымы жөніндегі нұсқауды орындаудан бас тарту мерзімдерін бұзуы –
заңды тұлғаларға, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарына төлем және (немесе) ақша аударымы жөніндегі нұсқау сомасының бес пайызы мөлшерінде, бірақ орта кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіштен және ірі кәсіпкерлік субъектілеріне, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарына екі жүз айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың нұсқауда қойылғаннан ерекшеленетін, бенефициардың пайдасына немесе нұсқауда қойылғаннан ерекшеленетін сомаға жасалған төлем және (немесе) ақша аударымы жөніндегі нұсқауды орындауы –
заңды тұлғаларға, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарына төлем және (немесе) ақша аударымы жөніндегі нұсқаулар сомасының бес пайызы, бірақ орта кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіштен және ірі кәсіпкерлік субъектілеріне, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарына екі жүз айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың клиенттердің төлем құжаттарын жоғалтуы -
заңды тұлғаларға, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарына әрбір төлем құжаты үшін бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Нұсқауды орындаудан бас тарту үшін "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған негіздер болмаған жағдайда банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың төлем және (немесе) ақша аударымы жөніндегі нұсқауды орындаудан негізсіз бас тартуы –
заңды тұлғаларға, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарына төлем және (немесе) ақша аударымы жөніндегі нұсқау сомасының бес пайызы мөлшерінде, бірақ орта кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіштен және ірі кәсіпкерлік субъектілеріне, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарына екі жүз айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
4-1. "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" Қазақстан Республикасының Заңында төлем және (немесе) ақша аударымы жөніндегі нұсқауды орындаудан бас тарту көзделген жағдайларда банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың төлем және (немесе) ақша аударымы жөніндегі нұсқауды орындауы –
заңды тұлғаларға, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарына төлем және (немесе) ақша аударымы жөніндегі нұсқау сомасының бес пайызы мөлшерінде, бірақ орта кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіштен және ірі кәсіпкерлік субъектілеріне, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарына екі жүз айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың клиенттің банк шотынан Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгіленген ақшаны алу кезектілігін бұзуы –
заңды тұлғаларға, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарына бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Алып тасталды - ҚР 26.07.2016 № 12-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).7. Банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың, төлем ұйымдарының төлем агенттері және (немесе) қосалқы төлем агенттері арқылы төлем қызметтерін көрсету кезінде "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген талаптарды сақтамауы –
заңды тұлғаларға, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарына елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
8. Осы баптың жетінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет (әрекетсіздік) –
заңды тұлғаларға, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарына бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескертпе.
1. Осы баптың талаптары осы Кодекстің 91-бабының сегізінші бөлігінде, 92-бабының төртінші бөлігінде, 92-1-бабының үшінші бөлігінде және 285-бабында жауаптылық көзделген әрекеттерге (әрекетсіздікке) қолданылмайды.
2. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган берген рұқсаттан айырылған және (немесе) "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мерзімдерге сәйкес төлем және (немесе) ақша аударымы жөніндегі нұсқау орындалуға жататын күнге Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде ашылған корреспонденттік шот бойынша шығыс операцияларын жүргізуге кедергі келтіретін орындалмаған талаптары немесе ақшаға билік етуге шектеулері бар банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар осы баптың бірінші бөлігінің мақсаттары үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылуға жатпайды.
Ескерту. 220-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 24.11.2015 № 422-V (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 26.07.2016 № 12-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.11.2015 № 406-V (01.07.2017 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 168-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2019 № 262-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.221-бап. Қазақстан Республикасының аумағында достық, қола және қаржы вексельдерін шығару
Қазақстан Республикасының аумағында достық, қола және қаржы вексельдерін шығару –
жеке тұлғаларға – қырық, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
222-бап. Электрондық ақшаны шығару, пайдалану және өтеу талаптарын бұзу
1. Эмитенттің өзіне қабылдаған міндеттемелердің сомасына сәйкес келмейтін сомаға электрондық ақша шығаруы –
ескерту жасауға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –
орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Эмитенттің электрондық ақша иесін сәйкестендірмей, елу айлық есептік көрсеткіштен асатын сомаға электрондық ақша шығаруы, сондай-ақ бір операцияның ең жоғарғы сомасы, "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген электрондық әмияндағы электрондық ақшаны сақтау сомасы және электрондық әмиян арқылы пайдаланылған электрондық ақшаның жалпы сомасы бойынша белгіленген шектеулерден асатын сомаға операциялар жасаған кезде эмитенттің электрондық ақша жүйесіндегі электрондық ақшаны пайдалануға жол беруі –
ескерту жасауға әкеп соғады.
4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –
орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша ақы төлеу кезінде дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның жеке тұлғалардан алған электрондық ақшасын эмитенттің өтемеуі, уақтылы және толық өтемеуі –
ескерту жасауға әкеп соғады.
6. Осы баптың бесінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –
бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 222-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2020 № 359-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.223-бап. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның жазбаша келісімін алмастан қаржы ұйымы акцияларының он немесе одан көп пайызын тікелей немесе жанама түрде құқыққа сыйымсыз иемденуге байланысты бұзушылықтар
Ескерту. 223-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2019 № 262-VI Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
Тұлғаның қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның жазбаша келісімінсіз, қаржы ұйымының орналастырылған акцияларының (артықшылықты және сатып алған акциялары шегеріле отырып) он немесе одан көп пайызы мөлшерінде қаржы ұйымы акцияларын тікелей немесе жанама түрде иемденуі, сондай-ақ қаржы ұйымының орналастырылған акцияларының (артықшылықты және сатып алған акциялары шегеріле отырып) он немесе одан көп пайызы мөлшерінде қаржы ұйымы қабылдайтын шешімдерді бақылауды немесе ықпал ету мүмкіндігін иемденуі –
жеке тұлғаларға – екі жүз, заңды тұлғаларға бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескертпе. Осы бапта қаржы ұйымдары деп банкті, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын, инвестициялық портфельді басқарушыны түсіну керек.
Ескерту. 223-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2019 № 262-VI Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).224-бап. Банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, банк холдингтерінің, сақтандыру холдингтерінің заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу үлестерін немесе акцияларын құқыққа сыйымсыз иемденуіне байланысты бұзушылықтар
1. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген іс-әрекеттерді қоспағанда, банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу үлестерін немесе акцияларды Қазақстан Республикасы заңнамалық актілерінің талаптарын бұзып иемденуі –
заңды тұлғаларға екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген іс-әрекеттерді қоспағанда, заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу үлестерін немесе акцияларды банк холдингтерінің, сақтандыру холдингтерінің Қазақстан Республикасы заңнамалық актілерінің талаптарын бұзып иемденуі –
заңды тұлғаларға екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның алдын ала рұқсатынсыз банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, банк холдингінің, сақтандыру холдингінің еншілес ұйымды құруы не иемденуі –
заңды тұлғаларға екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 224-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2019 № 262-VI Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).225-бап. Зейнетақы активтерін нысаналы пайдаланбау
1. Инвестициялық портфельді басқарушының, сондай-ақ инвестициялық комитет мүшелерінің мәмілелер жасасу орнына, әдісі мен тәсіліне, мәмілелер бойынша есеп айырысу қағидаттарына, қаржы құралдарына инвестициялау лимиттеріне қойылатын, туынды қаржы құралдарымен жасалатын мәмілелерге, зейнетақы активтерін депозиттерге (салымдарға) орналастыру мерзімдеріне қойылатын талаптар, сондай-ақ мәмілелердің кейбір түрлеріне салынған тыйымдар бөлігінде зейнетақы активтерін инвестициялау шарттары мен тәртібін бұзуы –
жеке тұлғаға – екі жүз, заңды тұлғаларға сегіз жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Кастодиан-банктің ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерінің нысаналы орналастырылуын бақылауды жүзеге асырмауы –
заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескертпе. Осы баптың екінші бөлігінің мақсаты үшін кастодиан-банк деп екінші деңгейдегі банк түсініледі.
Ескерту. 225-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.226-бап. Банктерді, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын таратуға, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының қызметін мәжбүрлеп тоқтатуға байланысты талаптарды бұзу
Ескерту. 226-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді – ҚР 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Тарату комиссиясы төрағасының не бөлімше басшысының тарату комиссиясы қызметіне қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның тексеру жүргізуінен жалтаруы не оны жүргізуге кедергі келтіруі –
жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Тарату комиссиясы төрағасының, бөлімше басшысының қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға Қазақстан Республикасының банк заңнамасында, Қазақстан Республикасының сақтандыру ісі және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында белгіленген, анық емес есептілікті және ақпаратты бірнеше рет (қатарынан күнтізбелік алты ай ішінде екі және одан да көп рет) ұсынуы, Қазақстан Республикасының банк заңнамасында, Қазақстан Республикасының сақтандыру ісі және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында белгіленген есептілікті және қосымша ақпаратты уақтылы ұсынбауы, ұсынбауы –
елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 226-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2019 № 262-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.227-бап. Қабылданған және (немесе) қадағалап ден қою шараларын, шектеулі ықпал ету шараларын қолдану арқылы жүктелген міндеттерді орындамау, уақтылы орындамау
1. Осы баптың 1-1-бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, банктердің, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктері филиалдарының, банктердің ірі қатысушыларының, банк холдингтерінің, банк конгломератының құрамына кіретін ұйымдардың, Қазақстан Даму Банкінің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың өздері қабылдаған және (немесе) өздеріне жазбаша нұсқама және (немесе) жазбаша келісім нысанында қадағалап ден қою шараларын қолдану арқылы жүктелген міндеттерді орындамауы, уақтылы орындамауы –
жеке тұлғаларға – елу, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне, Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің филиалына төрт жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
1-1. Банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғалардың өздері қабылдаған және (немесе) оларға жазбаша нұсқама және (немесе) жазбаша келісім нысанында қадағалап ден қою шараларын қолдану арқылы жүктелген міндеттерді орындамауы, уақтылы орындамауы –
орта кәсіпкерлік субъектілеріне – төрт жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының, сақтандыру брокерлерінің, сақтандыру холдингтерінің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ірі қатысушыларының, сақтандыру тобының құрамына кіретін заңды тұлғалардың, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның, сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар актуарийдің, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушыларының өздері қабылдаған және (немесе) өздеріне жазбаша нұсқама және (немесе) жазбаша келісім нысанында қадағалап ден қою шараларын қолдану арқылы жүктелген міндеттерді орындамауы, уақтылы орындамауы –
жеке тұлғаларға – елу, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз тоқсан, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру брокерлерінің филиалдарына екі жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
3. Бағалы қағаздар нарығы субъектілерінің, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың, төлем жүйелері операторларының, төлем жүйелері операциялық орталықтарының және көрсетілетін төлем қызметтерін берушілердің өздері қабылдаған және (немесе) оларға шектеулі ықпал ету шараларын қолдану арқылы жүктелген міндеттерді орындамауы, уақтылы орындамауы –
жеке тұлғаларға – елу, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз тоқсан, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
4. Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының тарату комиссиясы төрағасының Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы жазбаша нұсқаманы қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган белгілеген мерзімде орындамауы –
жеке тұлғаларға қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
5. Коллекторлық агенттіктің өзі қабылдаған және (немесе) өзіне шектеулі ықпал ету шараларын қолдану арқылы жүктелген міндеттерді орындамауы, уақтылы орындамауы –
бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескертпе. Осы баптың үшінші бөлігінің мақсаттары үшін төлем жүйелерінің операторлары, төлем жүйелерінің операциялық орталықтары және көрсетілетін төлем қызметтерін берушілер деп төлем жүйелерінің операторлары, төлем жүйелерінің операциялық орталықтары және банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар болып табылмайтын көрсетілетін төлем қызметтерін берушілер түсініледі.
Ескерту. 227-бап жаңа редакцияда – ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 24.11.2015 № 422-V (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.07.2019 № 262-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.228-бап. Қазақстан Республикасының сақтандыру ісі және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында белгіленген талаптарды бұзу
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, сақтандыру тобы бас ұйымының қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган белгілеген сол бір пруденциялық нормативтерді және (немесе) сақталуы міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді бірнеше рет (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде екі және одан көп рет) бұзуы –
заңды тұлғаларға, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымының филиалдарына үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Сақтандыру ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымы филиалының, сақтандыру брокерінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының сақтанушыларға өзінің тұрақты жұмыс істейтін органының, оқшауланған бөлімшесінің тұрған жерінің өзгергені немесе атауының өзгергені туралы уақтылы хабарламауы –
елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, сақтандыру брокерінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының өздерінің қызметіне байланысты құжаттарды есепке алу мен сақтау мерзімдерін бұзуы –
елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган белгілеген пруденциялық нормативтерді және (немесе) сақталуы міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді сақтау туралы мәліметтердің бұрмалануына алып келген есептілікті жасауы –
заңды тұлғаларға, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
5. Сақтандыру ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымы филиалының Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына міндетті немесе төтенше жарналарды, сондай-ақ бастапқы біржолғы және қосымша жарналарды төлемеуі, уақтылы төлемеуі не толық көлемде төлемеуі –
екі жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
6. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, сақтандыру брокерінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының қаржылық есептілікті, бухгалтерлік есепке алу деректері жөніндегі есептілікті және өзге де мәліметтерді масс-медиада жарияламауы, уақтылы жарияламауы –
елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
7. Сақтандыру ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымы филиалының сақтандыру жөніндегі дерекқорды қалыптастыру мен жүргізу жөніндегі ұйыммен ақпарат беру және сақтандыру есептерін алу туралы шарттар жасаспауы және осы ұйымда тіркелуді жүзеге асырмауы –
бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескертпе. Осы баптың төртінші бөлігінің мақсаттары үшін бұрмаланған мәліметтерді түзету нәтижесінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган белгілеген пруденциялық нормативтерді және (немесе) сақталуы міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді бұзғаны анықталған жағдайда әкімшілік жауаптылық басталады.
Ескерту. 228-бап жаңа редакцияда – ҚР 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.229-бап. Сақтандыру ұйымының, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының ақтандыру төлемін жүзеге асыруға байланысты талаптарды бұзуы
Ескерту. 229-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 24.11.2015 № 422-V (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Сақтандыру төлемдерін жүзеге асырмау, сол сияқты уақтылы жүзеге асырмау не сақтандыру төлемін толық көлемде жүзеге асырмау –
заңды тұлғаларға, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалына бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Сақтандыру төлемін жүзеге асыру үшін клиент ұсынған құжаттарды жоғалту –
заңды тұлғаларға, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалына елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 229-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 24.11.2015 № 422-V (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 168-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.230-бап. Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру туралы заңнамасын бұзу
1. Сақтандыру ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымы филиалының Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген міндетті сақтандыру шартын жасасудан жалтаруы –
үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру туралы заңнамалық актісіне сәйкес міндетті сақтандыру шартын жасасуға міндетті тұлғаның міндетті сақтандыру шартын жасаспауы –
жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамдарға, жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз алпыс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – төрт жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының сақтандыру жөніндегі дерекқорға ақпарат беру жөніндегі талаптарды орындамауынан немесе тиісінше орындамауынан көрінген, Қазақстан Республикасының заңдарының талаптарын бұзуы –
үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының міндетті сақтандыру шартын Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру түрлері туралы заңдарында айқындалғаннан өзгеше сақтандыру сомаларының мөлшерлерін белгілеуден көрінген, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтін шарттарда жасасуы –
сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақылары сомасының бір жүз пайызы мөлшерінде, бірақ бір мың айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының міндетті сақтандыру шартын Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру түрлері туралы заңдарында айқындалғаннан өзгеше сақтандыру сыйлықақыларының мөлшерлерін белгілеуден көрінген, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтін шарттарда жасасуы, сол сияқты сақтандыру сыйлықақысын есептеу кезінде коэффициенттерді қате (негізсіз) қолдануы–
сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақылары сомасының бір жүз пайызы мөлшерінде, бірақ бір мың айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының міндетті сақтандыру шартын сақтандыруға жатпайтын объектілерді міндетті сақтандыру түрлері бойынша сақтандырудан көрінген, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтін шарттарда жасасуы –
сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақылары сомасының бір жүз пайызы мөлшерінде, бірақ бір мың айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
7. Алып тасталды - ҚР 02.04.2019 № 241-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).Ескерту. 230-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 27.04.2015 № 311-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 166-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.04.2019 № 241-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
231-бап. Қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру брокерлері филиалдарының, банк және сақтандыру холдингтерінің, Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының басшы қызметкерлерін келісудің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерін бұзу
Ескерту. 231-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 24.11.2015 № 422-V (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Қаржы ұйымының, Қазақстан Республикасы бейрезидент банкі филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру брокері филиалының, банк және сақтандыру холдингінің, Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының басшы қызметкерін келісу мерзімдерін қаржы ұйымының, Қазақстан Республикасы бейрезидент банкі филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру брокері филиалының, банк және сақтандыру холдингінің, Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының бұзуы –
заңды тұлғаларға, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдарына, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру брокерлерінің филиалдарына тоқсан айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет -
заңды тұлғаларға, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдарына, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру брокерлерінің филиалдарына екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 231-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 24.11.2015 № 422-V (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.232-бап. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органды қаржы ұйымдары филиалдарының және (немесе) өкілдіктерінің ашылғаны немесе олардың қызметінің тоқтатылғаны туралы хабардар ету жөніндегі міндеттерді орындамау, сол сияқты уақтылы хабардар етпеу
Ескерту. 232-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2019 № 262-VI Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органды қаржы ұйымдары филиалдарының және (немесе) өкілдіктерінің ашылғаны немесе олардың қызметінің тоқтатылғаны туралы хабардар ету жөніндегі міндеттерді орындамау, сол сияқты уақтылы хабардар етпеу –
заңды тұлғаларға бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 232-бап жаңа редакцияда - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2019 № 262-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.233-бап. Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып кредит, қарыз алу не оларды пайдалану, мемлекеттік сыртқы қарыз қаражатының қарыз шартында белгіленген мерзімде игерілмеуі
Ескерту. 233-баптың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР 11.07.2022 № 137-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Дара кәсіпкердің немесе ұйымның банкке, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалына немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға дара кәсіпкердің немесе ұйымның шаруашылық жағдайы, қаржылық жай-күйі немесе кепілге салатын мүлкі туралы немесе кредит, кредит берудің жеңілдікті шарттарын алу үшін елеулі маңызы бар өзге де мән-жайлар туралы көрінеу жалған мәліметтер ұсыну арқылы кредит не кредит берудің жеңілдікті шарттарын алуы, сол сияқты банкке немесе өзге де кредиторға кредит беруді тоқтатуға, жеңілдіктердің күшін жоюға не бөлінген кредит мөлшерлерін шектеуге әкеп соғуы мүмкін мән-жайлардың туындауы туралы ақпаратты хабарламауы, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, –
елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Бюджеттік кредитті нысаналы мақсаты бойынша пайдаланбау, егер бұл әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, –
бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Мемлекет кепілдік берген қарыздардың және мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыз қаражатын қарыз шарттарында көзделмеген және кепілгерлік шартында көзделмеген мақсаттарға, сондай-ақ мемлекеттік органдарға кредит беруге пайдалану –
мемлекеттік кепілдігі бар қарыз бойынша қарыз алушы – тиісті заңды тұлғаның бірінші басшыларына, олардың орынбасарларына не тиісті бұйрықтармен міндеттерді атқару жүктелген оларды алмастыратын адамдарға бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Мемлекеттік сыртқы қарыз қаражатының қарыз шартында белгіленген мерзімде игерілмеуі –
лауазымды адамдарға бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескертпе. Осы баптың төртінші бөлігінің мақсаттары үшін лауазымды адам деп қарыздар есебінен қаржыландырылатын бюджеттік инвестициялық жобаны немесе институционалдық жобаны іске асыруға жауапты бюджеттік бағдарлама әкімшісінің бірінші басшысын түсінген жөн.
Ескерту. 233-бапқа өзгерістер енгізілді – ҚР 11.07.2022 № 137-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.07.2024 № 114-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.234-бап. Республикалық және жергілікті бюджеттерге түсімдерді уақтылы, толық есепке жатқызбау
1. Республикалық және жергілікті бюджеттерге түсетін қаражатты уақтылы, толық есепке жатқызбау –
лауазымды адамдарға бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Бюджет қаражатын алушылардың тиісті банктердегі, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарындағы немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардағы шоттарына аударылатын қаражатты уақтылы, толық есепке жатқызбау –
лауазымды адамдарға жетпіс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 234-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.234-1-бап. Бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау және (немесе) тиімсіз пайдалану
Мыналардан:
бекітілген заттай нормалардан асырудан;
Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген құжаттардың (техникалық-экономикалық негіздеме, қаржылық-экономикалық негіздеме, жобалау-сметалық құжаттама) және (немесе) олар бойынша мұндай шешімдерді (қорытындыларды) ұсынуға Қазақстан Республикасының заңнамасында уәкілеттік берілген органдар және (немесе) ұйымдар шешімдерінің (қорытындыларының) болмауынан;
егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, тиісті бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің балансында жоқ объектілерді күтіп-ұстауға арналған бюджет қаражатын жұмсаудан;
егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен пайдалануға берілмеген объектілерді күтіп-ұстауға арналған бюджет қаражатын жұмсаудан көрінген, бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау және (немесе) тиімсіз пайдалану –
лауазымды адамдарға бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескертпе.
Осы баптың мақсаттары үшін лауазымды адамдар деп бюджеттік бағдарламалар әкімшісі – орталық мемлекеттік органның бірінші басшысын, бюджеттік бағдарламалар әкімшісі – жергілікті атқарушы органның бірінші басшысын, бюджеттік бағдарламаның басшысын, квазимемлекеттік сектор субъектісінің бірінші басшысын түсінген жөн.
Ескерту. 15-тарау 234-1-баппен толықтырылды - ҚР 30.12.2019 № 300-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 11.07.2022 № 137-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.235-бап. Бюджеттік есепке алуды жүргізу, есептілікті жасау мен ұсыну қағидаларын бұзу
Бюджеттік есепке алуды жүргізу, есептілікті жасау мен ұсыну қағидаларын бұзу –
лауазымды адамдарға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
236-бап. Бюджеттік кредиттерді, мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерін беру шарттары мен рәсімдерін бұзу
Бюджеттік кредиттерді, мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерін беру шарттары мен рәсімдерін бұзу –
лауазымды адамдарға төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
237-бап. Шығындарды өтеу қағидаларын бұзу
1. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі шығындарды өтеу қағидаларын бұзуы –
лауазымды адамдарға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған дәл сол іс-әрекет –
лауазымды адамдарға бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
238-бап. Жеке тұлғалардың және лауазымды адамдардың Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасын бұзуы
1. Жеке тұлғалардың және лауазымды адамдардың Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасында көзделген міндеттерді:
1) бухгалтерлік есепке алуды жүргізуден жалтару;
2) бұрмаланған қаржылық есептілік жасау, бухгалтерлік есепке алуда көрсетілуге жататын деректерді жасыру, бухгалтерлік құжаттамаға ұйымның шаруашылық және қаржылық қызметі туралы көрінеу жалған ақпаратты енгізу, сол сияқты бухгалтерлік құжаттаманы жою;
3) жария ұйымның бас бухгалтері лауазымына кәсіби бухгалтер сертификаты жоқ адамды тағайындау түрінде жасалған орындамауы және (немесе) тиісінше орындамауы –
бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер –
екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескертпелер.
1. Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама тексерілетін тұлғаға табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап он жұмыс күні ішінде камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды дербес жойған жағдайда, лауазымды адам осы бапта көзделген әкімшілік жауаптылыққа тартылуға жатпайды.
2. Осы баптың мақсаттары үшін қаржылық есептілікті бұрмалау деп жиырма айлық есептік көрсеткіштен астам сомаға бұрмалау танылады.
Ескерту. 238-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 12.11.2015 № 393-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.07.2024 № 114-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.239-бап. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасын бұзу
Ескерту. 239-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2019 № 262-VI Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
1. Заңды тұлғаның Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасын:
1) бухгалтерлік есепке алуды жүргізуден жалтару;
2) құрылтай құжаттарына сәйкес ұйымдардың құрылтайшыларына (қатысушыларына), тіркелу орны бойынша мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органға, мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарының құзыреттеріне сәйкес оларға, қаржылық есептілік депозитарийіне көрінеу анық емес қаржылық есептілікті ұсыну, қаржылық есептілікті ұсынудан бас тарту, белгіленген мерзімді бұза отырып ұсыну не оны дәлелді себепсіз ұсынбау;
3) бұрмаланған қаржылық есептілік жасау, бухгалтерлік есепте көрсетілуге жататын деректерді жасыру, сол сияқты бухгалтерлік құжаттаманы жою;
4) қаржылық есептілікке жария мүдделі ұйымның кәсіби бухгалтер болып табылмайтын бас бухгалтерінің қол қоюы түрінде жасалған бұзушылық –
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет –
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – төрт жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының операцияларды бухгалтерлік есепте олардың нәтижелерін тиісті түрде көрсетпей жүргізуі –
есепке алынбаған соманың жиырма пайызы, бірақ бір жүзден кем емес және төрт мыңнан аспайтын айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
4. Қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының бухгалтерлік есепке алуды бухгалтерлік есепке алу деректері бойынша қаржы ұйымдарының қаржылық есептілігін және Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының есептілігін бұрмалауға алып келген, Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасында белгіленген талаптарды және бухгалтерлік есепке алу әдістерін (қағидаттарын) бұза отырып жүргізуі –
тиісті түрде есепке алынбаған соманың бес пайызына дейінгі, бірақ бір жүзден кем емес және төрт мыңнан аспайтын айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
5. Бухгалтерлердің аккредиттелген кәсіптік ұйымдарының және (немесе) бухгалтерлерді кәсіптік сертификаттау жөніндегі ұйымдардың уәкілетті органға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өзінің қызметі туралы есептілікті ұсынбауы, уақтылы ұсынбауы –
заңды тұлғаларға бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескертпе. Осы баптың бірінші, екінші және төртінші бөліктерінің мақсаттары үшін қаржылық есептілікті, бухгалтерлік есепке алу деректері бойынша есептілікті бұрмалау деп бір жүз айлық есептік көрсеткіштен астам сомаға бұрмалау танылады.
Ескерту. 239-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 168-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2019 № 262-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 05.07.2024 № 114-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.239-1-бап. Бухгалтерлерді кәсіптік сертификаттау жөніндегі ұйымдардың емтихан өткізу тәртібін бұзуы
1. Бухгалтерлерді кәсіптік сертификаттау жөніндегі аккредиттелген ұйымдардың Қазақстан Республикасы бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтін емтихан модульдері бойынша емтихан өткізуі, –
жетпіс бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет, аккредиттеу туралы куәліктен айыруға әкеп соғады.
Ескерту. 15-тарау 239-1-баппен толықтырылды - ҚР 12.11.2015 № 393-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.240-бап. Бухгалтерлік ақпараттың құпиясын жария ету
Коммерциялық құпияны құрайтын бухгалтерлік ақпаратты оған қолжетімділігі бар тұлғалардың ірі залал келтірмей жария етуі –
бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
241-бап. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасында белгіленген аккредиттеу қағидаларын бұзу
1. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасында белгіленген аккредиттеу қағидаларын бұзу –
заңды тұлғаға ескерту жасауға әкеп соғады.
2. Осы бапта көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –
заңды тұлғаға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 241-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.242-бап. Инвестициялық портфельді басқарушының пруденциялық нормативтерді және (немесе) сақталуы міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді орындамауы
Ескерту. 242-бап алып тасталды – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
243-бап. Шетелдік қаржылық емес ұйымдар филиалдарының (өкілдіктерінің) валюталық операцияларды мониторингтеу мақсаттары үшін есептерді ұсыну тәртібін бұзуы
1. Шетелдік қаржылық емес ұйым филиалының (өкілдігінің) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде көзделген, Қазақстан Республикасының резиденттерімен және Қазақстан Республикасының бейрезиденттерімен жасалған операциялар туралы есепті ұсыну мерзімін бұзуы –
ескерту жасауға алып келеді.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет –
он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
3. Шетелдік қаржылық емес ұйым филиалының (өкілдігінің) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде көзделген, Қазақстан Республикасының резиденттерімен және Қазақстан Республикасының бейрезиденттерімен жасалған операциялар туралы толық емес және (немесе) анық емес есепті ұсынуы –
ескерту жасауға алып келеді.
4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –
он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескерту. 243-бап жаңа редакцияда - ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (01.07.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.244-бап. Валюталық шарт немесе шетелдік банктегі шот үшін есептік нөмірді алу және олар бойынша ақпаратты, құжаттар мен есептерді ұсыну тәртібін бұзу
1. Дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз етуді, Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеуді өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын мемлекеттік органның бірлескен нормативтік құқықтық актісінде көзделген, экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шартқа есептік нөмір беруге өтініш жасау мерзімін бұзуы –
ескерту жасауға алып келеді.
1-1. Жеке тұлғаның, дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде көзделген, капитал қозғалысы жөніндегі валюталық шартқа немесе шетелдік банктегі шотқа есептік нөмір беруге өтініш жасау мерзімін бұзуы –
ескерту жасауға алып келеді.
2. Осы баптың бірінші немесе 1-1- бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер –
жеке тұлғаларға – он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
3. Дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі мен салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның бірлескен нормативтік құқықтық актісінде көзделген, ұлттық валютаны және (немесе) шетел валютасын репатриациялау мерзімдеріне және (немесе) шарттарына әсер ететін міндеттемелердің және (немесе) мән-жайлардың туындауын, орындалуын және тоқтатылуын растайтын ақпаратты және (немесе) құжаттарды беру мерзімін бұзуы –
ескерту жасауға алып келеді.
4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет –
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
5. Жеке тұлғаның, дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде көзделген, оның негізінде және (немесе) оны орындау үшін капитал қозғалысының операциялары жүргізілетін, есептік нөмір берілген валюталық шарт немесе шетелдік банктегі шот бойынша есепті ұсыну мерзімін бұзуы –
ескерту жасауға алып келеді.
6. Осы баптың бесінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет –
жеке тұлғаларға – бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, коммерциялық емес ұйымдарға – он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
7. Жеке тұлғаның, дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде көзделген, өздерінің негізінде және (немесе) өздерін орындау үшін капитал қозғалысының операциялары жүргізілетін, есептік нөмір берілген валюталық шарт немесе шетелдік банктегі шот бойынша толық емес және (немесе) анық емес есепті ұсынуы –
ескерту жасауға алып келеді.
8. Осы баптың жетінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –
жеке тұлғаларға – бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, коммерциялық емес ұйымдарға – он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескерту. 244-бап жаңа редакцияда - ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (01.07.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 12.07.2023 № 24-VIII (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі); 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.245-бап. Аудитордың Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының бұзылу фактісін аудит жүргізуге тапсырыс берушілерден жасыруы
Аудитордың тексеру жүргізу кезінде анықталған Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының бұзылу фактісін аудит жүргізуге тапсырыс берушілерден жасыруы –
"аудитор" біліктілік куәлігінен айыра отырып, елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 245-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.246-бап. Аудитордың және аудиторлық ұйымның анық емес аудиторлық есеп, сондай-ақ анық емес аудиторлық қорытынды жасауы
Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР 29.12.2014 № 269-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).
1. Осы Кодекстің 249-бабында көзделген жағдайды қоспағанда, аудитордың және аудиторлық ұйымның анық емес аудиторлық есепті жасауы –
аудиторларға – сексен, аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензияның қолданысын тоқтата тұрып не онсыз, аудиторлық ұйымға бір жүз сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Аудитордың және аудиторлық ұйымның көрінеу анық емес аудиторлық есепті жасауы –
біліктілік куәлігінен айыра отырып, аудиторларға – бір жүз он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензияның қолданысын тоқтата тұрып, аудиторлық ұйымдарға екі жүз жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, аудитор әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасаған әрекеттер –
біліктілік куәлігінен айыруға әкеп соғады.
4. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, аудиторлық ұйым әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасаған әрекеттер –
аудиторлық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиядан айыруға әкеп соғады.
5. Аудиторлық ұйымның салықтар бойынша анық емес аудиторлық қорытынды жасауы –
аудиторлық ұйымға салықтар бойынша аудит жүргізуге арналған шарт сомасының екі жүз пайызы, бірақ бес жүз айлық есептік көрсеткіштен кем емес мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Осы баптың бесінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –
аудиторлық ұйымға салықтар бойынша аудит жүргізуге арналған шарт сомасының екі жүз елу пайызы, бірақ алты жүз айлық есептік көрсеткіштен кем емес мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 246-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 25.12.2017 № 122-VI (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.246-1-бап. Аудиторлық ұйымның салықтар бойынша аудит жүргізу, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит жүргізу тәртібін бұзуы
Салықтар бойынша аудиторлық қорытындыны анық емес деп тануға әкеп соғатын бұзушылықтарды қоспағанда, аудиторлық ұйымның салықтар бойынша аудит, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит жүргізу тәртібін бұзуы, –
аудиторлық ұйымға бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескертпе.
1. Осы бапта салықтар бойынша аудит жүргізу тәртібін бұзу деп аудиторлық ұйымның аудиторлық қызмет саласындағы реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын салықтар бойынша аудит жүргізу тәртібінде белгіленген міндеттерді аудиторлық ұйымның сақтамауы түсініледі.
2. Осы бапта квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит жүргізу тәртібін бұзу деп ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі, мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органдармен және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы айқындайтын, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит жүргізу және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің арнайы мақсаттағы аудит бойынша тәртібінде белгіленген міндеттерді аудиторлық ұйымның сақтамауы түсініледі.
Ескерту. 15-тарау 246-1-баппен толықтырылды - ҚР 29.12.2014 № 269-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР 12.11.2015 № 393-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 05.11.2022 № 158-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.247-бап. Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасын бұзу
1. Аудиторлық ұйымның Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасында көзделмеген қызмет түрлерін жүзеге асыруы –
ескерту жасауға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –
сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Аудитті "Аудиторлық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңында тыйым салынған жағдайларда жүргізу –
лицензияның қолданысын тоқтата тұрып, заңды тұлғаларға бір жүз жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Аудит жүргізілуі міндетті аудиттелетін қаржы ұйымдарына аудит жүргізу нәтижесінде анықталған, Қазақстан Республикасының қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарының қызметін реттейтін заңнамасын бұзушылықтар туралы қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға хабарламау және осы аудиттелетін ұйымдарды хабардар етпеу –
заңды тұлғаларға бір жүз жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Аккредиттелген кәсіби аудиторлық ұйымдардың тиісті уәкілетті органдарға Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасына сәйкес берілуі талап етілетін ақпаратты уақтылы бермеуі немесе бермеуі, сол сияқты анық емес мәліметтерді беруі –
бір жүз жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Аудиттелетін субъектілер атынан мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілерінің мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарына осы ұйымдардың аудиті, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит нәтижесінде анықталған, бюджет қаражатын, кредиттерді, байланысты гранттарды, мемлекет пен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің активтерін, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, сондай-ақ мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыздарды пайдалану кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтар туралы хабарламауы, –
бірінші басшыларға бір жүз жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
7. Аудиторлық ұйымдардың біліктілік талаптарына сәйкес уәкілетті органға есептілікті және (немесе) уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша өзінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру жөніндегі ақпаратты уақтылы бермеуі немесе бермеуі –
заңды тұлғаларға бір жүз жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
7-1. Осы баптың жетінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет –
аудиторлық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиядан айыруға әкеп соғады.
8. Аудиторлық ұйымдардың қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға аудиторлық есепті ұсынбауы –
заңды тұлғаларға бір жүз жетпіс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
9. Аккредиттелген кәсіби аудиторлық ұйымдардың:
1) аудиторлық ұйымдар – кәсіби ұйым мүшелерінің орташа санының он пайызында, бірақ кемінде бесеуінде күнтізбелік он екі ай осындай кәсіби ұйым тарапынан өтінішхатсыз аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензиядан айырылуының болуы;
2) уәкілетті органның ескерту хаты шығарылған себептерді үш ай ішінде жоймауы;
3) алып тасталды – ҚР 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;4) Аккредиттеу қағидаларын бір жыл ішінде жүйелі түрде (қатарынан екі реттен көп) бұзуы –
5) алып тасталды – ҚР 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.аккредиттеу туралы куәліктен айыра отырып, бір жүз жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
10. Міндетті аудит жүргізетін аудиторлық ұйымдарға қойылатын ең төмен талаптарға сәйкес келмейтін аудиторлық ұйымның міндетті аудит жүргізуі, –
бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
11. "Аудиторлық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген мерзімде аудиторлық ұйымның кәсіби аудиторлық ұйымға кірмеуі және (немесе) уақтылы кірмеуі, –
лицензиядан айыра отырып, екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 247-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 12.11.2015 № 393-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2019 № 262-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 13.05.2020 № 325-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.248-бап. Аудитордың жеке мөрін пайдалануға және сақтауға байланысты бұзушылықтар
1. Аудитордың Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасында белгіленген жеке мөрді тиісінше сақтау және пайдалану жөніндегі талаптарды бұзуы –
бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, аудитор әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасаған әрекет –
екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
249-бап. Аудиттелетін субъектінің аудиторлық ұйымға уақтылы, анық немесе толық ақпарат бермеуі
Аудиттелетін субъектінің аудит жүргізу барысында аудиторлық ұйымға анық емес аудиторлық есеп жасауға әкеп соққан, уақтылы, анық немесе толық ақпарат бермеуі –
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
250-бап. Міндетті аудит жүргізуден жалтару
Міндетті аудит жүргізуден жалтару не оны жүргізуге кедергі келтіру –
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – он бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
251-бап. Ұлттық валютаны және (немесе) шетел валютасын репатриациялау талабын орындамау
Уәкілетті банктердегі банктік шоттарға ұлттық валютаны және (немесе) шетел валютасын:
1) экспорттан түсетін ұлттық валютадағы және (немесе) шетел валютасындағы түсімдерді;
2) Қазақстан Республикасының резиденті импорт бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасы бейрезидентінің пайдасына аударған, Қазақстан Республикасы бейрезидентінің міндеттемелерді орындамауына немесе толық орындамауына байланысты қайтарылуға жататын ұлттық валютаны және (немесе) шетел валютасын есепке жатқызбау түрінде жасалған, дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның ұлттық валютаны және (немесе) шетел валютасын репатриациялау талабын орындамауы –
есепке жатқызылмаған ұлттық валюта және (немесе) шетел валютасы сомасының жиырма пайызы мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескертпе. Осы бапта көзделген құқық бұзушылықты жасағаны үшін жауаптылық репатриациялау мерзімі өткеннен кейін есепке жатқызылмаған ұлттық валютаның және (немесе) шетел валютасының сомасы шекті мәні асып кеткенде экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз етуді, Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеуді өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын мемлекеттік органның бірлескен нормативтік құқықтық актісіне сәйкес репатриациялау талабының орындалуын бақылауға жататын шекті мәннен асатын жағдайда басталады.
Ескерту. 251-бап жаңа редакцияда - ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (01.07.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 12.07.2023 № 24-VIII (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі); 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.252-бап. Валюталық операцияларды Қазақстан Республикасының валюта заңнамасын бұза отырып жүргізу
1. Қазақстан Республикасының резиденттері арасында тыйым салынған валюталық операцияларды жүргізу, Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасында осындай талап белгіленген кезде уәкілетті банктердегі банктік шоттар арқылы төлемдерді жүзеге асырмау, сол сияқты оларды қабылдамау және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асырмау –
ескерту жасауға алып келеді.
1-1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде белгіленген, Қазақстан Республикасының ішкі валюта нарығында қолма-қол ақшасыз шетел валютасын сатып алу және (немесе) сату тәртібін бұзу –
ескерту жасауға алып келеді.
2. Осы баптың бірінші және 1-1-бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –
жеке тұлғаларға – белгіленген тәртіпті бұза отырып жүргізілген операция сомасының жиырма, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, коммерциялық емес ұйымдарға – елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жетпіс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз пайызы мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескерту. 252-бап жаңа редакцияда – ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2019 № 262-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.252-1-бап. Қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүзеге асыру жөніндегі қызметке қойылатын талаптарды және айырбастау пункттерінің жұмыс істеу шарттарын бұзу
1. Уәкілетті ұйымдардың өз банктік шоттарында және (немесе) айырбастау пунктінің кассасында теңгемен немесе шетел валютасымен ақшаның, сондай-ақ жарғылық капиталдың ең төмен мөлшерінің кемінде бір жүз пайызы мөлшерінде құймалардағы аффинирленген алтынның (бар болса) күн сайын болуын қамтамасыз етпеуі –
сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет (әрекетсіздік) –
бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
3. Уәкілетті банктер мен уәкілетті ұйымдардың айырбастау пункттерінің жұмыс режимін бұзуы –
елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
4. Уәкілетті банктер мен уәкілетті ұйымдардың айырбастау пунктінің қызметін күнтізбелік отыз күннен астам мерзімге уақытша тоқтата тұру, айырбастау пунктінің қызметін қайта бастау туралы хабарламаларды ұсынбауы, уақтылы ұсынбауы –
елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
5. Уәкілетті банктер мен уәкілетті ұйымдардың айырбастау пункттері операциялық кассаларының үй-жайларында өздерінің қызметіне қатысы жоқ ақшаны сақтауы, сондай-ақ осы ұйымның жұмыскерлерін қоспағанда, бөгде адамдардың болуы –
ескерту жасауға алып келеді.
6. Осы баптың бесінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) –
елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
7. Уәкілетті банктер мен уәкілетті ұйымдардың бағамдарды белгілеу туралы өкімсіз қолма-қол шетел валютасын сатып алу және (немесе) сату жөніндегі операцияларды жүргізуі, бағамдарды белгілеу туралы өкімде белгіленген сатып алу, сату бағамдарына сәйкес келмейтін валюталарды сатып алу және (немесе) сату бағамдарын ақпараттық стендте орналастыруы –
елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
8. Уәкілетті банктер мен уәкілетті ұйымдардың Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген шетел валютасын сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шектерін сақтамауы –
орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
9. Уәкілетті банктер мен уәкілетті ұйымдардың сатып алынған және сатылған қолма-қол шетел валютасының тізілімдері журналында клиенттің тегін, атын, әкесінің атын (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), жеке сәйкестендіру нөмірін (бар болса), ал заңнамада көзделген жағдайларда – жеке басын куәландыратын құжаттың деректерін, заңды мекенжайын тіркеп көрсетпеуі –
елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
10. Осы баптың үшінші, төртінші, жетінші және тоғызыншы бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) –
бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескерту. 252-1-баппен толықтырылды – ҚР 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.253-бап. Төлем балансын қорғау жөніндегі шараларды бұзу
Ескерту. 253-баптың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Төлем балансын қорғау жөніндегі шараларды:
1) валюталық операция жүргізуге Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің арнаулы рұқсатын алу талабын орындамау;
2) резиденттер алған шетел валютасын міндетті түрде сату талабын орындамау;
3) шетел банктеріндегі шоттарды пайдалану;
4) валюталық операциялар жүргізу тәртібіне қойылатын талаптарды орындамау;
5) Қазақстан Республикасының Үкіметі енгізген өзге де уақытша валюталық шектеулерді сақтамау бөлігінде бұзу –
жеке және заңды тұлғаларға төлем балансын қорғау жөніндегі шараларды бұза отырып жүргізген операция сомасының бір жүз пайызы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 253-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.254-бап. Инсайдерлік ақпаратты заңсыз пайдалану
Ескерту. 254-бап алып тасталды – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
255-бап. Бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жосықсыз жарнамалау
Ескерту, 255-бап алып тасталды – ҚР 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
256-бап. Бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының және өзге де тұлғалардың есептілікті, ақпаратты, мәліметтерді беру жөніндегі талаптарды бұзуы
1. Бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының, оның қатысушыларының (акционерлерінің) және (немесе) үлестес тұлғаларының уәкілетті органға есептілікті, мәліметтерді және (немесе) өзге де сұратылатын ақпаратты бірнеше рет (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде екі және одан да көп рет) ұсынбауы және (немесе) уақтылы ұсынбауы –
жеке тұлғаларға – елу, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, коммерциялық емес ұйымдарға – елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарына екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының, оның қатысушыларының (акционерлерінің) және (немесе) үлестес тұлғаларының уәкілетті органға және (немесе) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне, оның ішінде бағалы қағаздар нарығы субъектілерінің қызметіне тексеру жүргізу барысында анық емес және (немесе) толық емес есептілікті, мәліметтерді және (немесе) өзге де сұратылатын ақпаратты бірнеше рет (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде екі және одан да көп рет) ұсынуы –
жеке тұлғаларға – елу, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, коммерциялық емес ұйымдарға – елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарына екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескертпелер.
1. Осы баптың бірінші бөлігіндегі есептілік деп облигацияларды ұстаушылардың өкілі ұсынатын есептілік, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысының есептілігі түсініледі.
1-1. Осы баптың екінші бөлігіндегі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ұсынылатын есептілік деп Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамасына сәйкес ұсынылатын есептілік түсініледі.
2. Бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушы, оның қатысушылары (акционерлері) және (немесе) үлестес тұлғалары есептілікті, мәліметтерді және (немесе) өзге де сұратылатын ақпаратты беру мерзімдері аяқталған кезден бастап бір күннен кешіктірмей есептілікті, мәліметтерді және (немесе) өзге де сұратылатын ақпаратты берген жағдайда, осы баптың бірінші бөлігінде көзделген әкімшілік жауаптылыққа тартылуға жатпайды.
3. Бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушы, оның қатысушылары (акционерлері) және (немесе) үлестес тұлғалары осы баптың екінші бөлігінде жауаптылық көзделген бұзушылықтарды уәкілетті органның жол берілген бұзушылық туралы хабарламасын алған күнге дейін жойған жағдайда, осы баптың екінші бөлігінде көзделген әкімшілік жауаптылыққа тартылуға жатпайды.
Ескерту. 256-бап жаңа редакцияда - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 30.12.2019 № 300-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.257-бап. Бағалы қағаздарды ұстаушылардың құқықтарын бұзуы
1. Акционерлердің "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабында көзделген құқықтарын бұзу және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген акционерлердің жалпы жиналысын шақыру мен өткізу тәртібін бұзу –
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Эмитенттің мемлекеттік емес облигациялар шығару шарттарында белгіленген облигациялар бойынша сыйақы төлеудің және (немесе) оларды өтеудің тәртібі мен шарттарын бұзуы –
заңды тұлғаларға төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Бағалы қағаздар эмитентінің Қазақстан Республикасының заңнамасында және (немесе) осы бағалы қағаздарды шығару проспектісінде белгіленген өзі орналастырған бағалы қағаздарды сатып алу тәртібі мен шарттарын бұзуы және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында және (немесе) осы бағалы қағаздарды шығару проспектісінде белгіленген жағдайларда өзі орналастырған бағалы қағаздарды сатып алуды жүзеге асырмауы –
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескерту. 257-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2019 № 300-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.258-бап. Бағалы қағаздармен және (немесе) туынды қаржы құралдарымен мәмілелер жасау тәртібін, сондай-ақ мәмілелер жасасу шарттарын бұзу
Ескерту. 258-бап алып тасталды – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
259-бап. Бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау мақсатында әрекеттер жасау
Ескерту. 259-баптың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Бағалы қағаздар нарығы субъектілерінің және өзге де тұлғалардың бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау мақсатында қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері жоқ әрекеттер жасауы –
жеке тұлғаларға – екі жүз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – төрт жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарына бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Қаржы нарығы субъектілерінің өзге де қаржы құралдары бағаларымен (бағамдарымен), оның ішінде нарықтық валюта айырбастау бағамымен айла-шарғы жасау мақсатында мәмілелер жасасуы –
жеке және заңды тұлғаларға айла-шарғы жасау мақсатында жасалған мәмілелер сомасының он пайызы мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескерту. 259-бап жаңа редакцияда - ҚР 24.11.2015 № 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.260-бап. Бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеу тәртібін, шарттары мен мерзімдерін және (немесе) бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін, номиналды ұстауды есепке алу жүйесін жүргізу тәртібін бұзуы және (немесе) бағалы қағаздар бойынша құқықтарды растау тәртібін, шарттары мен мерзімдерін бұзуы
Ескерту. 260-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеу тәртібін, шарттары мен мерзімдерін және (немесе) бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін немесе номиналды ұстауды есепке алу жүйесін жүргізу тәртібін бұзуы және (немесе) бағалы қағаздар бойынша құқықтарды растау тәртібін, шарттары мен мерзімдерін бұзуы, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, –
коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Алып тасталды – ҚР 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.Ескерту. 260-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2019 № 300-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
261-бап. Эмитенттің мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару және (немесе) орналастыру шарттары мен тәртібін бұзуы
1. Эмитенттің орталық депозитарийге бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесіндегі эмитенттің жеке шоттары бойынша өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу үшін құжаттарды бірнеше рет (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде екі және одан көп рет) ұсынбауы және (немесе) уақтылы ұсынбауы –
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Эмитенттің осы баптың үшінші бөлігінде көзделген әрекеттерді қоспағанда, мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру тәртібін бірнеше рет (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде екі және одан көп рет) бұзуы –
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
3. Эмитенттің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген, шет мемлекеттің аумағында мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару және (немесе) орналастыру және (немесе) қызметін шет мемлекеттің аумағында жүзеге асыратын қор биржасының бағалы қағаздары тізіміне мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздарды енгізу шарттары мен тәртібін бұзуы –
заңды тұлғаларға эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастырудан алынған ақша сомасының елу пайызы мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
4. Эмитенттің Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасында белгіленген, мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздардың шығарылымын мемлекеттік тіркеуге қойылатын талаптарды бұзуы, эмитенттің мемлекеттік емес облигацияларды шығару талаптарын бірнеше рет (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде екі және одан көп рет) бұзуы –
шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілеріне – төрт жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескертпе.
Егер құқық бұзушылық анықталған кезде эмитент:
қаржы саласындағы қызметті және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиядан айырылған болса және мәжбүрлеп таратылуға жатса не мәжбүрлеп тарату процесінде болса;
сот банкрот деп таныса, осы бапта белгіленген әкімшілік жауаптылыққа эмитенттер тартылмайды.
Ескерту. 261-бап жаңа редакцияда – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.262-бап. Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы және акционерлік қоғамдар туралы заңнамасында белгіленген талаптарды бұзу
1. Бағалы қағаздар нарығы субъектісінің ірі мәмілені және (немесе) жасалуына мүдделілік бар мәмілені жасау кезінде "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіпті және (немесе) шарттарды сақтамауы –
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының бағалы қағаздар нарығында өзі жүзеге асыратын кәсіби қызмет шеңберінде шарттары Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасына қайшы келетін қаржы құралдарымен мәмілені және (немесе) Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасында жасаудан бас тарту үшін негіздер көзделген мәмілені жасауы –
орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
3. Брокердің және (немесе) дилердің мәмілені жасау кезінде клиенттің тапсырысы болмай оны жасауы –
орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
4. Инсайдерлердің қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері жоқ, бағалы қағаздармен және (немесе) туынды қаржы құралдарымен мәмілелер жасау кезінде инсайдерлік ақпаратты пайдалану, инсайдерлік ақпаратты үшінші тұлғаларға заңсыз беру, үшінші тұлғаларға инсайдерлік ақпаратқа негізделген, бағалы қағаздармен және (немесе) туынды қаржы құралдарымен мәмілелер жасау туралы ұсынымдар немесе ұсыныстар беру жөніндегі әрекеттері және (немесе) эмитенттерге инсайдерлер деп танылған заңды тұлғалардың осы эмитенттерге қатысты ақпарат беруі жөніндегі Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын орындамауы, егер бұл әрекеттер ірі залал келтірмесе, –
жеке тұлғаға – екі жүз, лауазымды адамға – төрт жүз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – үш жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – төрт жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарына бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
5. Эмитент және ол шығарған (берген) бағалы қағаздар (туынды қаржы құралдары) туралы инсайдерлік ақпаратқа билік етуге және оны пайдалануға бақылауды жүзеге асыру бөлігінде эмитенттердің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды бұзуы –
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – үш жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – төрт жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
6. Бағалы қағаздар нарығы субъектісінің Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртіппен және шарттарда өз қызметі туралы анық емес және (немесе) толық емес ақпаратты бірнеше рет (қатарынан күнтізбелік алты ай ішінде екі және одан көп рет) жария етуі және (немесе) ақпаратты белгіленген мерзімдерде жария етпеуі –
елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
7. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның лицензиясы негізінде өз қызметін бағалы қағаздар нарығында жүзеге асыратын бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының жарияланған күніне шындыққа сәйкес келмейтін жарнаманы хабарлауы немесе жариялауы –
бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
8. Номиналды ұстаушының орталық депозитарийдің қағидалар жинағында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде номиналды ұстаушының атына ашылған және оның клиенттеріне тиесілі қаржы құралдарын біріктіріп есепке алуға арналған номиналды ұстаушының қосалқы шоты жөніндегі электрондық деректерді орталық депозитарийге сақтауға бірнеше рет (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде екі және одан көп рет) ұсынбауы және (немесе) уақтылы ұсынбауы –
орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
9. Номиналды ұстаушының орталық депозитарийдің қағидалар жинағында белгіленген көлемде және тәртіппен орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде номиналды ұстаушының атына ашылған және оның клиенттеріне тиесілі қаржы құралдарын біріктіріп есепке алуға арналған номиналды ұстаушының қосалқы шоты жөніндегі анық емес және (немесе) толық емес электрондық деректерді орталық депозитарийге сақтауға бірнеше рет (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде екі және одан көп рет) ұсынуы –
орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескертпе.
Осы баптың алтыншы бөлігінің мақсаттары үшін, өз қызметі туралы ақпарат деп бағалы қағаздар нарығы субъектісі Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасына сәйкес жария етуге жататын ақпарат түсініледі.
Бағалы қағаздар нарығының субъектілері:
1) ақпарат Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртіппен және шарттарда, осы ақпаратты ашу үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдер аяқталған кезден бастап бір жұмыс күнінен кешіктірілмей жария етілген жағдайда;
2) егер құқық бұзушылық анықталған кезде бағалы қағаздар нарығының субъектісі:
қаржы саласындағы қызметті және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиядан айырылған болса және мәжбүрлеп таратылуға жатса не мәжбүрлеп тарату процесінде болса;
сот банкрот деп таныса, осы баптың алтыншы бөлігінде көзделген әкімшілік жауаптылыққа тартуға жатпайды.
Ескерту. 262-бап жаңа редакцияда – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2019 № 300-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.263-бап. Бағалы қағаздар нарығындағы ақпаратты ашу жөніндегі міндетті бұзу
Ескерту. 263-бап алып тасталды – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
264-бап. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының және инвестициялық портфельді басқарушының Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамасын бұзуы
Ескерту. 264-баптың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы жинақтарын, оның ішінде инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы жинақтарын жеке есепке алуды жүзеге асырмауы –
заңды тұлғаларға төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
1-1. Инвестициялық портфельді басқарушының қабылданған инвестициялық шешімдерді орындау мақсатында инвестициялық портфельді басқару процесінде бағалы қағаздар нарығының субъектілерімен өзара іс-қимыл жасау тәртібін, инвестициялық портфельді басқару жөніндегі шарттың, кастодиан, инвестициялық портфельді басқарушы және (немесе) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры арасында жасалған кастодиан шартының талаптарын, сондай-ақ бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры мен инвестициялық портфельді басқарушы арасында жасалған зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шарттың талаптарын орындау тәртібін ірі залал келтірмей бұзуы –
заңды тұлғаларға төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының меншікті активтері есебінен немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының меншікті немесе зейнетақы активтері есебінен мәміле жасау үшін инвестициялық шешімнің болуына, мәміле жасалатын нарықтың типіне, мәмілені жасасу әдісі мен тәсіліне, мәміленің баға параметрлеріне, мәміле бойынша есеп айырысу қағидатына, сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесіне, қаржы құралдарына инвестициялау мөлшеріне (лимитіне), активтерді депозиттерге (салымдарға) орналастыру мерзіміне қойылатын талаптарды, мәмілелердің кейбір түрлеріне салынған тыйымды бұза отырып мәмілелер мен операцияларды жүзеге асыруы, зейнетақы активтерін инвестициялық декларацияны бұза отырып инвестициялауы, сондай-ақ бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтерін салыстырып тексеруді жүзеге асыруға қойылатын талаптарды бұза отырып операцияларды жүзеге асыруы –
заңды тұлғаларға төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескерту. 264-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.265-бап. "Инвестициялық және венчурлік қорлар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын бұзу
Ескерту. 265-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР 04.07.2018 № 174-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Акционерлік инвестициялық қордың, инвестициялық қордың басқарушы компаниясының өз қызметі, инвестициялық қордың таза активтерінің құрамы мен құнын сипаттайтын көрсеткіштер туралы ақпараттың мазмұнына қойылатын " Инвестициялық және венчурлік қорлар туралы " Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын, сондай-ақ оны жариялау және тарату тәртібін бұзуы –
заңды тұлғаларға төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Акционерлік инвестициялық қордың, инвестициялық қордың басқарушы компаниясының дәл емес, толық емес немесе жаңылыстыратын ақпаратты таратуы немесе жариялауы –
заңды тұлғаларға төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 265-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 04.07.2018 № 174-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.266-бап. Қазақстан Республикасының заңдарында төлемдер жүргізу бойынша белгіленген шектеулерді бұзу
Қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркеу есебінде тұрған дара кәсіпкерлердің немесе заңды тұлғалардың азаматтық-құқықтық мәміле бойынша қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркеу есебінде тұрған басқа дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның пайдасына бір мың айлық есептік көрсеткіштен асатын сомаға қолма-қол тәртіппен төлемді жүзеге асыруы –
төлемді жүзеге асырған тұлғаларға төлем сомасының бес пайызы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 266-бап жаңа редакцияда - ҚР 25.12.2017 № 122-VI Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).267-бап. Мемлекеттік мекеменің және жедел басқару құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның (қазыналық кәсіпорынның) лауазымды адамдарының ақшалай міндеттемелерді мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен қабылдау жөніндегі заңсыз әрекеттері
1. Мемлекеттік мекеменің немесе жедел басқару құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның (қазыналық кәсіпорынның) лауазымды адамдарының ақшалай міндеттемелерді мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен азаматтық-құқықтық мәмілелерді заңнамада белгіленген тіркеусіз және (немесе) уәкілетті орган бекіткен сметалар сомасынан асырып қабылдау жөніндегі, мемлекеттік мекеменің немесе жедел басқару құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның (қазыналық кәсіпорынның) міндеттемелері бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе тиісті жергілікті атқарушы органның жауаптылығына әкеп соққан заңсыз әрекеттері –
елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –
бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
268-бап. Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасын бұзу
1. Тауар биржасы қызметкерлерінің биржалық мәмілелерге қатысуы –
бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Тауар биржасының биржалық сауданы ұйымдастырумен тікелей байланысты емес сауда қызметін және өзге де қызметті жүзеге асыруы –
бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Биржалық тауарлар тізбесіне енгізілген тауарларды тауар биржаларынан тыс өткізу –
жеке тұлғаларға – жетпіс, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Алып тасталды - ҚР 02.04.2019 № 241-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).5. Алып тасталды – ҚР 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
6. Алып тасталды – ҚР 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
7. Тауар биржасының биржалық сауда-саттықтар нәтижелерін өзінің интернет-ресурсында орналастыру жөніндегі міндетін орындамауы, уақтылы орындамауы –
ескерту жасауға әкеп соғады.
8. Осы баптың жетінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер –
заңды тұлғаға үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
9. Тауар биржасының тауар биржаларының электрондық сауда жүйесіне қойылатын міндетті талаптарын сақтамауы –
ескерту жасауға әкеп соғады.
10. Осы баптың тоғызыншы бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет –
заңды тұлғаға үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
11. Тауар биржаларының монополияға қарсы органға есептілікті ұсынбауы, уақтылы ұсынбауы, сол сияқты көрінеу жалған есептілікті ұсынуы –
ескерту жасауға әкеп соғады.
12. Осы баптың он бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер –
заңды тұлғаға бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
13. Алып тасталды – ҚР 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.14. Алып тасталды – ҚР 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
15. Тауар биржаларының клирингтік орталықтарының клирингтік қызмет процесін автоматтандыруды қамтамасыз ететін аппараттық-бағдарламалық кешеннің болуы жөніндегі міндетін орындамауы –
заңды тұлғаға үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 268-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 27.10.2015 № 364-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 02.04.2019 № 241-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.16-тарау. САЛЫҚ САЛУ САЛАСЫНДАҒЫ ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР
269-бап. Мемлекеттік кіріс органында тіркеу есебіне қою мерзімін бұзу
1. Жекеше нотариустың, жекеше сот орындаушысының, адвокаттың мемлекеттік кіріс органында тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтінішті және дара кәсіпкерді тіркеу есебі, жекелеген қызмет түрлері бойынша тіркеу есебі туралы хабарламаны берудің Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген мерзімдерін бұзу –
ескерту жасауға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет –
жеке тұлғаларға – сегіз, жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, адвокаттарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – он бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жетпіс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Салық төлеушінің мемлекеттік кіріс органына қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтінішті берудің Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мерзімін бұзуы –
елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 269-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.03.2016 № 479-V (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.270-бап. Арнаулы салық режимін қолдану кезінде қызметтіқұқыққа сыйымсыз жүзеге асыру
1. Арнаулы салық режимін Қазақстан Республикасының заңдарында осы режим үшін көзделген шарттарды бұза отырып қолдану –
ескерту жасауға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – он бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Дара кәсіпкердің патент құнының есеп-қисабын беру не салық есептілігін ұсынуды тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау) туралы салықтық өтінішті беру мерзімін бұзуы –
ескерту жасауға әкеп соғады.
4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет –
он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
271-бап. Мемлекеттік кіріс органының салық есептілігін ұсынуды тоқтата тұру туралы шешімінің қолданылуы кезеңінде қызметті жүзеге асыру
1. Мемлекеттік кіріс органының салық есептілігін ұсынуды тоқтата тұру туралы шешімінің қолданылуы кезеңінде тұлғалардың қызметті жүзеге асыруы –
ескерту жасауға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –
жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, адвокаттарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
272-бап. Салықтық есептілікті, бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасын айқындау үшін қажетті құжаттарды ұсынбау, сондай-ақ салықтық есептілікте толық емес, анық емес мәліметтер ұсыну
Ескерту. 272-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 18.11.2015 № 412-V (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Мемлекеттік кіріс органына салық есептілігін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мерзімде ұсынбау -
ескерту жасауға әкеп соғады.
2. Осы баптың үшінші бөлігінде көрсетілген іс-әрекетті қоспағанда, осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет –
жеке тұлғаларға – он бес, жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, адвокаттарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жетпіс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2-1. Салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есепке жазуға әкеп соғатын жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген активтер мен міндеттемелер туралы декларацияда, кірістер мен мүлік туралы декларацияда, жеке табыс салығы бойынша декларацияда толық емес, анық емес мәліметтерді ұсыну -
ескерту жасауға әкеп соғады.
2-2. Осы баптың 2-1-бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер –
үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
3. Салықтық тіркелімдерді Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мерзімде ұсынбаудан көрінген, осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет –
салықтық мониторингке жататын салық төлеушілерге бес жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Алып тасталды - ҚР 25.12.2017 № 122-VI Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).5. Салық төлеушінің мемлекеттік кіріс органына бақыланылатын шетелдік компанияның "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес салық салуға жататын қаржылық пайдасының немесе қаржылық пайдасының бір бөлігінің сомасын айқындау үшін қажетті құжаттарды ұсынбауы –
жеке тұлғаларға – бір жүз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. Осы баптың 2-1 және 2-2-бөліктерінің ережелері активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтер тиісті мемлекеттік органдарда болған кезде активтер мен міндеттемелер туралы декларацияда осындай мәліметтер көрсетілмеген жағдайда қолданылмайды.
Ескерту. 272-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 25.12.2017 № 122-VI (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 18.11.2015 № 412-V (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен..273-бап. Мәмілелер мониторингі бойынша есептілікті, трансферттік баға белгілеу бойынша есептілікті, халықаралық топқа қатысу туралы өтініштерді, трансферттік баға белгілеу кезінде бақылауды жүзеге асыруға қажетті құжаттарды ұсынбау, ұсынудан бас тарту
Ескерту. 273-баптың тақырыбын өзгеріс енгізілді - ҚР 25.12.2017 № 122-VI (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
1. Салық төлеушінің Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасында белгіленген мерзімде мәмілелер мониторингі бойынша есептілікті мемлекеттік кіріс органына ұсынбауы, сондай-ақ салық төлеушінің трансферттік баға белгілеу кезінде бақылауды жүзеге асыру үшін қажетті құжаттарды (оның ішінде электрондық түрде) уәкілетті орган белгілеген мерзімде ұсынбауы не оны ұсынудан бас тартуы –
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне үш жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Мәмілелер мониторингі бойынша есептіліктің деректері мен тексеру барысында алынған деректер арасында тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің екі мың еселенген мөлшерінен асатын алшақтықтарды анықтау –
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) –
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз жиырма бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жеті жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Салық төлеушінің мемлекеттік кіріс органына Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасында белгіленген мерзімдерде трансферттік баға белгілеу бойынша есептілікті және халықаралық топқа қатысу туралы өтініштерді ұсынбауы, анық немесе толық ұсынбауы, ұсынудан бас тартуы –
орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Осы баптың төртінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) –
орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бес жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 273-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 25.12.2017 № 122-VI (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.274-бап. Қаржылық бақылау шараларын бұзу
Ескерту. 274-бап алып тасталды - ҚР 18.11.2015 № 412-V Заңымен (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі).
275-бап. Салық салу объектілерін және салықтық есептілікте көрсетілуге жататын өзге де мүлікті жасыру
Ескерту. 275-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 13.11.2015 № 400-V Заңымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).
1. Салық төлеушінің салық салу объектілерін жасыруы –
жеке тұлғаларға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға, орта кәсіпкерлік субъектілеріне, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жасырылған салық салу объектісі бойынша төленуге жататын салық және басқа да міндетті төлемдер сомасының екі жүз пайызы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) –
жеке тұлғаларға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға, орта кәсіпкерлік субъектілеріне, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жасырылған салық салу объектісі бойынша төленуге жататын салық және басқа да міндетті төлемдер сомасының үш жүз пайызы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Жеке тұлғаның Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде меншік құқығындағы мүлкінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі шетелдік банктердегі банктік шоттарында ақшасының болуы туралы Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес активтер мен міндеттемелер туралы декларацияда, кірістер мен мүлік туралы декларацияда, жеке табыс салығы бойынша декларацияда көрсетілуге жататын мәліметтерді активтер мен міндеттемелер туралы декларацияда, кірістер мен мүлік туралы декларацияда, жеке табыс салығы бойынша декларацияда көрсетпеу арқылы жасаған жасыруы –
бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!3-1-бөлікпен толықтыру көзделген – ҚР 10.01.2025 № 155-VIII (01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
4. Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде осы баптың үшінші бөлігінде белгіленген бұзушылықтарды жоймау –
екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Қосылған құн салығын төлеуші ретінде есепке қойылмаған кезең ішінде айналым жасау –
есепке қойылмаған кезең үшін айналым сомасының он бес пайызы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескертпелер. 1. Осы баптың бірінші бөлігінің мақсаттары үшін салық салу объектілерін жасыру деп салық төлеушінің Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталған тауарларды есепке қабылдамауы да түсініледі.
2. Осы баптың үшінші және төртінші бөліктерінің мақсаттары үшін шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес олар бойынша құқықтары және (немесе) мәмілелері шет мемлекеттің құзыретті органында мемлекеттік немесе өзге де тіркелуге (есепке алынуға) жататын, мемлекеттік немесе өзге де тіркелуге (есепке алынуға) жатқызылған әрбір мүлік объектісі, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі шетелдік банктердегі әрбір банктік шот бойынша әкімшілік жауаптылық жеке-жеке туындайды.
3. Осы баптың үшінші бөлігінің мақсаттары үшін адамның Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны, кірістер мен мүлік туралы декларацияны, жеке табыс салығы бойынша декларацияны ұсынбауы Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде меншік құқығындағы мүлкінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі шетелдік банктердегі банктік шоттарында ақшасының болуы туралы мәліметтерді көрсетпеуіне теңестіріледі.
4. Осы баптың бесінші бөлігінің мақсаттары үшін айналым жасау деп Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес айқындалған салық салынатын айналым түсініледі.
Ескерту. 275-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 13.11.2015 № 400-V (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.01.2019 № 217-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.276-бап. Есепке алу құжаттамаларының болмауы және салықтық есепке алуды жүргізуді бұзу
1. Салық төлеушіде есепке алу құжаттамасының болмауы және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген есепке алу құжаттамасын жасау және сақтау жөніндегі талаптардың сақталмауы –
ескерту жасауға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жетпіс бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Есепке алу құжаттамасында тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) есепке алу және өткізу жөніндегі операциялардың көрсетілмеуі –
ескерту жасауға әкеп соғады.
4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – есепке алынбаған тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) құнының үш пайызы, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бес пайызы, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне он пайызы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескертпе. Салық төлеушіде есепке алу құжаттамасының болмауы деп бухгалтерлік құжаттаманың және (немесе) салықтық нысандардың, салықтық есепке алу саясатының, салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді айқындау үшін, сондай-ақ салық міндеттемесін есептеу үшін негіз болып табылатын өзге де құжаттардың болмауы түсініледі.
Ескерту. 276-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.277-бап. Салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің есепке жазылған (есептелген) сомаларын төлеуден жалтару
Мемлекеттік кіріс органының касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімінің қолданылуы кезеңінде берешек болған кезде, салық төлеушінің үшінші тұлғалармен өзара есеп айырысуларды жүзеге асыруы арқылы жасалған, салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің есепке жазылған (есептелген) сомаларын төлеуден жалтаруы, егер бұл әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, –
жеке тұлғаларға – он бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, орта кәсіпкерлік субъектілеріне жүргізілген есеп айырысулар сомасының – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу пайызы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
278-бап. Салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің сомаларын кемітіп көрсету
1. Салықтардың және басқа да міндетті төлемдердің сомаларын декларацияда, есеп-қисапта, тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініште кемітіп көрсету, егер осы әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, –
жеке тұлғаларға – он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, адвокаттарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің есепке жазылған сомасының – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне сексен пайызы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Салық төлеушінің есеп-қисапта ағымдағы төлемдер сомаларын кемітіп көрсетуі, егер осы әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, –
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – ағымдағы төлемдердің кемітіп көрсетілген сомасының отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу пайызы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Салықтық кезең үшін іс жүзінде есептелген корпоративтік табыс салығы сомасының салықтық кезең ішінде есептелген аванстық төлемдердің сомасынан жиырма пайыздан астам мөлшерде асып кетуі –
іc жүзіндегі салықтың асып кету сомасының жиырма пайызы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 272-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.Ескертпелер.
1. Осы баптың бірінші бөлігінің мақсаттары үшін қосылған құн салығының есепке жазылған сомасы бойынша әкімшілік жаза сомасын айқындау кезінде салық кезеңі үшін қосылған құн салығын төлеудің белгіленген мерзімі күніне салық төлеушінің жеке шоты бойынша қосылған құн салығының артық төленген сомасы есепке алынады.
Бір салық кезеңінен артық кезеңге салықтық тексеру болған жағдайда, әрбір келесі салық кезеңі үшін төлемнің белгіленген мерзімі күніне жеке шот бойынша артық төленген сома – осы салықтық тексеруге енгізілген алдыңғы салық кезеңдері үшін қосылған құн салығының есепке жазылған және (немесе) азайтылған сомасы есепке алына отырып айқындалады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінің мақсаттары үшін, егер тұлға тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініште жанама салықтардың сомаларын кемітіп көрсеткені үшін әкімшілік жауаптылыққа жататын болса, мұндай тұлға импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларацияда жанама салықтардың көрсетілген сомаларын кемітіп көрсеткені үшін жеке әкімшілік жауаптылыққа жатпайды.
3. Осы баптың үшінші бөлігінің мақсаттары үшін, салық кезеңі ішінде Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес ұсынылуға жататын корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдердің есеп-қисаптарын ұсынбаған жағдайда да тұлға әкімшілік жауаптылыққа жатады. Бұл ретте, аванстық төлемдердің есептелген сомасы нөлге теңестіріледі.
4. Осы баптың үшінші бөлігінің мақсаттары үшін асып кетуді айқындау кезінде:
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 742-бабының 3-тармағына сәйкес пайдалы қазбаларды өндіру салығына жүргізілген түзетуге байланысты түзілген асып кету;
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 297-бабына сәйкес айқындалатын, бақыланатын шетелдік компаниялардың немесе бақыланатын шетелдік компаниялар тұрақты мекемелерінің жиынтық пайдасынан есептелген корпоративтік табыс салығы есепке алынбайды.
Ескерту. 278-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 272-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 25.12.2017 № 122-VI (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 21.01.2019 № 217-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.279-бап. Салық агентінің салықтарды ұстап қалу және (немесе) аудару жөніндегі міндетті орындамауы
1. Салық агентінің бюджетке ұстап қалуға және (немесе) аударуға жататын салықтардың сомаларын Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген мерзімде ұстап қалмауы немесе толық ұстамауы –
жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, адвокаттарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – салықтардың және басқа да міндетті төлемдердің ұсталып қалмаған сомасының – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу пайызы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Салық агентінің бюджетке аударуға жататын салықтардың ұстап қалынған сомаларын Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген мерзімде аудармауы немесе толық аудармауы –
жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, адвокаттарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – он, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескертпе. Салық агенті дербес анықтаған және қосымша салық есептілігінде көрсетілген салықтардың ұстап қалынған (ұстап қалынуға тиіс) сомалары бойынша, мемлекеттік кіріс органына қосымша салық есептілігін ұсынған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оларды бюджетке аударған жағдайда, тұлға осы бапта көзделген әкімшілік жауаптылыққа тартуға жатпайды.
280-бап. Жалған шот-фактура жазып беру
Салық төлеушінің жалған шот-фактура жазып беруі –
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – шот-фактураға енгізілген қосылған құн салығы сомасының – бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне үш жүз пайызы мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескертпе. Жалған шот-фактура деп қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінде тұрмаған төлеуші, сол сияқты жұмыстар орындауды, қызметтер көрсетуді, тауарлар жөнелтуді іс жүзінде жүргізбеген тұлға жазған және қосылған құн салығы сомасын қамтитын шот-фактура танылады.
Ескерту. 280-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 21.01.2019 № 217-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).280-1-бап. Шот-фактураларды жазып беру тәртібін бұзу, сондай-ақ тізбеге енгізілген тауарларды өткізуді есепке алу жүйесін бұзу
1. Салық төлеушінің шот-фактураны электрондық нысанда жазып бермеуі –
ескерту жасауға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Салық төлеушінің мерзімді бұза отырып, шот-фактураны электрондық нысанда жазып беруі –
ескерту жасауға әкеп соғады.
4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Тауарларды өткізудің есепке алу жүйесін бұзып, тізбеге енгізілген тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерге әкету кезінде рәсімдеу көзделетін, мемлекеттік кіріс органдарының мөрімен куәландырылған тауардың ілеспе құжаттарының болмауы –
елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Осы баптың бесінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –
бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескертпе. Тізбеге енгізілген тауарлар деп Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының коды және атауы 2015 жылғы 9 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына тауарларды әкелу мен олардың айналысының кейбір мәселелері туралы хаттамаға сәйкес тауарлар тізбесіне енгізілген тауарлар түсініледі.
Ескерту. 280-1-баппен толықтырылды - ҚР 03.12.2015 № 432-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.281-бап. Биоотынды, этил спирті мен алкоголь өнімін қоспағанда, Қазақстан Республикасының мұнай өнімдері мен акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу саласындағы заңнамасын бұзу
1. Мұнай өнімдеріне, темекі бұйымдарына арналған декларацияны тапсырмау не уақтылы тапсырмау, сол сияқты мониторингті жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтерді ұсынбау не уақтылы ұсынбау –
жеке тұлғаларға – бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер –
жеке тұлғаларға – он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2-1. Мұнай өнімдеріне, темекі бұйымдарына арналған декларацияларда, мониторингті жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтерде мұнай өнімдерінің көлемін, темекі бұйымдарының санын анық көрсетпеу, сондай-ақ мұнай өнімдерінің дербес сәйкестендіру нөмір-кодын анық көрсетпеу –
жеке тұлғаларға – он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2-2. Осы баптың 2-1-бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер –
жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – алпыс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Қазақстан Республикасының темекі өнімдерінің өндірілуі мен айналымын мемлекеттік реттеу саласындағы заңнамасын:
1) темекі бұйымдарын өндіруді және олардың айналымы саласындағы мәліметтерді уәкілетті органға ұсынудан бас тарту немесе анық емес ақпаратты беру, сол сияқты өндіріс паспортына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы ақпаратты жазбаша түрде күнтізбелік отыз күн ішінде бермеу;
2) темекі бұйымдарын лицензияда көрсетілген мекенжайдан басқа орында, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сай келмейтін жабдықта өндіру;
3) лицензия берілген күннен бастап бір жыл ішінде темекі бұйымдарын өндіру жөніндегі қызметті жүзеге асырмау түрінде жасалған бұзушылық -
лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жеті жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер –
лицензиядан айыра отырып, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – тоғыз жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Биоотынды, этил спирті мен алкоголь өнімін қоспағанда, мұнай өнімдері мен акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін өндіру және (немесе) олардың айналымы шарттарын:
1) этилдендірілген бензиннің және (немесе) қанықпаған мұнай өнімдерінің айналымы, сондай-ақ оларды жеке және (немесе) заңды тұлғалардың одан әрі өңдемей сақтауы;
2) алып тасталды - ҚР 25.12.2017 № 122-VI Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі);3) өндірушілер мен мұнай берушілерді қоспағанда, тұлғалардың мұнай өнімдерін мұнай өнімдері базаларынан, автожанармай құю станцияларынан тыс орындарда өткізуі;
4) бақылайтын есепке алу аспаптарына салынған пломбаларды алып тастау;
5) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген ең төменгі бағалардан төмен бағаларда темекі бұйымдарының айналымы (экспорттан басқа);
6) мұнай өнімдерін жылжымалы үлгідегі автожанармай құю станцияларынан дала жұмыстарындағы ауыл шаруашылығы техникасы шоғырланған орындардағы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерден тыс орындарда өткізу;
7) құрамында металл қосындылары бар (дизель отынына арналған статикаға қарсы қосындылардан басқа, темір, марганец, қорғасын және басқалары) мұнай өнімдерін жеке және (немесе) заңды тұлғалардың айналымға салуы;
8) мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін мұнай өнімдері базаларынан өткізуді және (немесе) тиеп-жөнелтуді қоспағанда, мұнай өнімдерін өндірушілердің, мұнай берушілердің, мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілердің немесе мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізушілердің мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін бақылайтын есепке алу аспаптарынсыз не бақылайтын есепке алу аспаптарын айналып өтіп өткізуі және (немесе) тиеп-жөнелтуі;
9) алып тасталды - ҚР 25.12.2017 № 122-VI (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.10) мұнай өндірушілерден, берушілерден, импорттаушылардан мұнай өнімдерін сатып алатын мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілердің мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізбейтіндерге немесе түпкілікті емес тұтынушыларға мұнай өнімдерін өткізуі түрінде жасалған бұзушылық –
әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысаналары болып табылатын мұнай өнімдері, темекі бұйымдары және (немесе) құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған кірістер тәркілене отырып немесе онсыз, жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Осы баптың бесінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –
әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысаналары болып табылатын мұнай өнімдері, темекі бұйымдары және (немесе) құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған кірістер тәркілене отырып, жеке тұлғаларға – қырық, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
7. Мұнай өнімдерін өндірушінің кінәсінен, құрамында металл бар қосындыларды (дизель отынына арналған статикаға қарсы қосындылардан басқа, темір, марганец, қорғасын және басқалары) пайдалана отырып, бензин және дизель отынын өндіру –
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
8. Авариялық жағдайды шұғыл түрде болғызбау қажет болған жағдайларды қоспағанда, мұнай өнімдерін өндірушінің кінәсінен, мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органмен келіспей, мұнай өнімдерін өндіру үшін пайдаланылатын технологиялық қондырғылардың жұмысын тоқтату –
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
9. Мұнай өнімдерін өндірушінің кінәсінен, технологиялық қондырғыларға жоспарлы-алдын алу жұмыстарын жүргізудің жылдық кестесін мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органға бекітуге ұсынбау және (немесе) оны сақтамау –
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
10. Мұнай өнімдерін өндірушінің кінәсінен, мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті орган белгілеген, мұнай өнімдерін өндірудің ең аз көлемдерін орындамау –
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 281-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 09.04.2016 № 500-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 25.12.2017 № 122-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 11-баптан қараңыз); 27.12.2017 № 126-VI (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.282-бап. Қазақстан Республикасының этил спирті мен алкоголь өнімін өндіруді және оның айналымын мемлекеттік реттеу туралы заңнамасын бұзу
1. Этил спиртіне және (немесе) алкоголь өніміне арналған декларацияны тапсырмау не уақтылы тапсырмау –
жеке тұлғаларға – бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";
екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"жеке тұлғаларға – он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер –
жеке тұлғаларға – он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2-1. Этил спиртіне және (немесе) алкоголь өніміне арналған декларацияда этил спиртінің және (немесе) алкоголь өнімінің көлемін анық көрсетпеу, сондай-ақ этил спиртінің және (немесе) алкоголь өнімінің дербес сәйкестендіру нөмір-кодын анық көрсетпеу –
жеке тұлғаларға – он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2-2. Осы баптың 2-1-бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер –
жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – алпыс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Этил спирті мен алкоголь өнімінің айналымы және олардың орнын ауыстыру шарттарын:
1) алкоголь өнімін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жерлерден тыс орындарда сақтау және өткізу;
2) техникалық регламентте белгіленбеген ыдыстағы және орамдағы алкоголь өнімінің айналымы;
3) қаңылтыр ыдыстағы (сыра қайнату өнімінен және алкоголі аз сусындардан басқа), затбелгісі жоқ шөлмектердегі және пластикалық сауыттардағы (сыра қайнату өнімін түпкілікті тұтынушыға құюды қоспағанда) алкоголь өнімінің айналымы;
4) арақтарды және айрықша арақтарды, тауар шығарылған жердің атауы қорғалған арақтарды, күштілігі жоғары ликер-арақ бұйымдарын, коньяк пен брендиді Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген ең төмен бөлшек сауда бағаларынан төмен бөлшек саудада өткізу;
5) екі және одан да көп лицензиаттың алкоголь өнімін бір қойма үй-жайында сақтауы және көтерме саудада өткізуі;
6) есепке алу-бақылау таңбаларын қорғау элементтерін айқындайтын және (немесе) есепке алу-бақылау таңбаларымен таңбалануға жататын алкоголь өнімінің есепке алу-бақылау таңбаларынан ақпаратты оқи алатын аспаптарсыз сақтау және өткізу түрінде жасалған бұзушылық –
7) алып тасталды - ҚР 25.12.2017 № 122-VI Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).құқық бұзушылықтың тікелей нысанасы болып табылған акцизделетін тауарлар тәркілене отырып, жеке тұлғаларға – елу, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жетпіс бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға алты жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер – құқық бұзушылықтың тікелей нысанасы болып табылған акцизделетін тауарлар тәркілене отырып, жеке тұлғаларға – бір жүз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне сегіз жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Этил спиртін және (немесе) алкоголь өнімін өндіру шарттарын:
1) өндірушінің өндіріс паспортына өзгерістер немесе толықтырулар енгізу туралы ақпаратты жазбаша түрде өндіріс паспортына өзгерістер немесе толықтырулар енгізілген күннен бастап күнтізбелік отыз күнге дейін бермеу;
2) өндірістік қуаты жылына төрт жүз мың декалитрден төмен толысылған шарап, сондай-ақ сыра қайнату өнімін өндіруден басқа, этил спиртін және (немесе) алкоголь өнімін технологиялық желілерді есепке алудың бақылау аспаптарымен жарақтандырмай өндіру;
3) өндірістік қуаты жылына төрт жүз мың декалитрден төмен толысылған шарап, сондай-ақ сыра қайнату өнімін өндіруден басқа, этил спиртін және (немесе) алкоголь өнімін ақаулы, сол сияқты есепке алуда нормативтен тыс ауытқулары бар есепке алудың бақылау аспаптарымен өндіру;
4) екі және одан да көп лицензиаттың нақ сол бір стационарлық үй-жайда және нақ сол бір жабдықпен этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру түрінде жасалған бұзушылық –
лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жеті жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Осы баптың бесінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет –
лицензиядан айыра отырып, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне тоғыз жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
7. Этил спиртін және (немесе) алкоголь өнімін өндіру және олардың айналымы шарттарын:
1) осындай қызмет бойынша лицензияның қолданылуы тоқтатыла тұрған кезеңде қызметті жүзеге асыру;
2) тағамдық емес шикізаттан өндірілген этил спиртінен алкоголь өнімін өндіру түрінде жасалған бұзушылық –
лицензиядан айыра отырып, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жеті жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
8. Алып тасталды - ҚР 25.12.2017 № 122-VI (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.9. Алып тасталды - ҚР 25.12.2017 № 122-VI (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
10. Техникалық регламентке сәйкес этил спиртін, арақтарды және айрықша арақтарды, тауар шығарылған жердің атауы қорғалған арақтарды өндіру кезінде өндірістік қуатты пайдаланудың ең төмен пайызын және өндірістің ең төмен көлемін сақтамау –
лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бес жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
11. Осы баптың оныншы бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет –
лицензиядан айыра отырып, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір мың, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
12. Алкоголь өнімін денсаулық сақтау, білім беру ұйымдарының, дене шынықтыру-сауықтыру, спорт және спорт-техникалық құрылыстардың, автожанармай құю станцияларының, сауда рыноктарының, мәдени-демалыс ұйымдарының ғимараттары мен аумақтарында сақтау және өткізу –
лицензияның қолданылуын тоқтата тұруға әкеп соғады.
13. Осы баптың он екінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –
лицензиядан айыруға әкеп соғады.
Ескерту. 282-бап жаңа редакцияда - ҚР 29.12.2014 № 272-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); өзгерістер енгізілді - ҚР 27.10.2015 № 364-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 25.12.2017 № 122-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 11-баптан қараңыз); 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.07.2022 № 137-VII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.283-бап. Толысылған шарапты, сыра қайнату өнімін қоспағанда, алкоголь өнімін есепке алу-бақылау маркаларымен және темекі бұйымдарын сәйкестендіру құралдарымен таңбалау (қайта таңбалау) қағидаларын бұзу
Ескерту. 283-баптың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР 11.07.2022 № 137-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Өндірушінің немесе импорттаушының толысылған шарапты, сыра қайнату өнімін қоспағанда, алкоголь өнімін есепке алу-бақылау маркаларымен және темекі бұйымдарын сәйкестендіру құралдарымен таңбалау (қайта таңбалау) қағидаларын бұзуы –
құқық бұзушылықтың тікелей нысанасы болып табылған акцизделетін тауарлар тәркілене отырып, сондай-ақ лицензиядан айыра отырып, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Сәйкестендіру құралдарымен және (немесе) есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалануға жататын акцизделетін тауарлардың сәйкестендіру құралдарынсыз және (немесе) есепке алу-бақылау маркаларынсыз, сол сияқты белгіленбеген үлгідегі және (немесе) сәйкестендіруге келмейтін маркалары және сәйкестендіру құралдары бар акцизделетін өнімді сақтау, өткізу және (немесе) тасымалдау түрінде жасалған айналымы –
құқық бұзушылықтың тікелей нысанасы болып табылған акцизделетін тауарлар тәркілене отырып, сондай-ақ лицензиядан айыра отырып, жеке тұлғаларға – елу, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 283-бап жаңа редакцияда - ҚР 29.12.2014 № 272-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.07.2022 № 137-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.283-1-бап. Тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттарды ұсынбау не уақтылы ұсынбау, тауарларға арналған ілеспе жүкқұжатта тауарлар атауының сәйкес келмеуі, олардың санын (көлемін) анық көрсетпеу, сол сияқты тауарларға арналған ілеспе жүкқұжатта мұнай өнімдерінің, этил спиртінің және алкоголь өнімінің, биоотынның дербес сәйкестендіру нөмір-кодын анық көрсетпеу
Ескерту. 283-1-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді – ҚР 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттарды ұсынбау не уақтылы ұсынбау –
жеке тұлғаларға – бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет –
жеке тұлғаларға – он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Тауарларға арналған ілеспе жүкқұжатта тауарлар атауының сәйкес келмеуі, олардың санын (көлемін) анық көрсетпеу, сол сияқты тауарларға арналған ілеспе жүкқұжатта мұнай өнімдерінің, этил спиртінің және алкоголь өнімінің, биоотынның дербес сәйкестендіру нөмір-кодын анық көрсетпеу –
жеке тұлғаларға – он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер –
жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – алпыс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттарды ресімдемеу, сол сияқты тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттарсыз мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерінің, биоотынның айналымы, этил спиртінің және (немесе) алкоголь өнімінің айналымы және олардың орнын ауыстыру –
әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысаналары болып табылатын этил спирті және (немесе) алкоголь өнімі, мұнай өнімдерінің жекелеген түрлері, биоотын және (немесе) әкімшілік құқық бұзушылық салдарынан алынған кірістер, ақша тәркілене отырып, жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Осы баптың бесінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –
әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысаналары болып табылатын этил спирті және (немесе) алкоголь өнімі, мұнай өнімдерінің жекелеген түрлері, биоотын және (немесе) әкімшілік құқық бұзушылық салдарынан алынған кірістер, ақша тәркілене отырып, жеке тұлғаларға – қырық, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 16-тарау 283-1-баппен толықтырылды - ҚР 03.12.2015 № 432-V (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.284-бап. Бақылау-кассалық машиналарды қолдану тәртібін бұзу
1. Сауда операциялары, қолма-қол ақша арқылы жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету кезінде жүргізілетін ақшалай есеп айырысуды Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыру кезінде бақылау-кассалық машиналарды қолданбау, сондай-ақ ақаулы болып табылатын немесе пайдалану орны бойынша мемлекеттік кіріс органының есебінде тұрмаған бақылау-кассалық машиналарды қолдану –
ескерту жасауға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) –
жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – он бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Бақылау-кассалық машинаның чегін немесе тауар чегін бермеу не бақылау-кассалық машинаның чегін немесе тауар чегін тауарға немесе көрсетілетін қызметке төленген сомадан артық немесе кем сомаға беру –
ескерту жасауға әкеп соғады.
4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет -
жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Бақылау-кассалық машинаның тіркеу деректеріне өзгерістер енгізу, қолма-қол ақшаны есепке алу кітабын немесе тауар чектерінің кітабын ауыстыру (қалпына келтіру) үшін, сондай-ақ мемлекеттік кіріс органы пломбасының бүтіндігін бұзбай жою мүмкін емес бақылау-кассалық машинаның техникалық ақауы болған кезде салықтық өтініш беру мерзімдерін бұзу –
ескерту жасауға әкеп соғады.
6. Осы баптың бесінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет –
жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
7. Бақылау-кассалық машинаның бақылау чегінде мынадай деректемелердің біреуін немесе бірнешеуін:
1) салық төлеушінің атауын;
2) сәйкестендіру нөмірін;
3) бақылау-кассалық машинаның зауыттық нөмірін;
4) бақылау-кассалық машинаның мемлекеттік кіріс органындағы тіркелу нөмірін;
5) чектің реттік нөмірін;
6) тауарларды сатып алу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету күні мен уақытын;
6-1) сәйкестендіру құралдарын;
7) тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің бағасын және (немесе) сатып алу сомасын;
8) фискальдық белгіні көрсетпеу не аппараттық-бағдарламалық кешендердің бақылау чегінде (банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар қолданатын аппараттық-бағдарламалық кешендерді қоспағанда) осы бөліктің 1) – 7) тармақшаларында белгіленген бір немесе бірнеше деректемелерді көрсетпеу –
ескерту жасауға әкеп соғады.
8. Осы баптың жетінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет –
жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
9. Бақылау-кассалық машинаны пайдалану кезінде қолма-қол ақшаны есепке алу кітабын толтырмау не ауысымдық есеп көрсеткіштерінің тиісті күнге қолма-қол ақшаны есепке алу кітабының деректеріне сәйкес келмеуі не қате енгізілген соманы жою немесе өткізілген тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер үшін қолма-қол ақшаны қайтару операцияларын бақылау-кассалық машинада жүзеге асыру кезінде қолма-қол ақшаны есепке алу кітабында жазба жүргізбеу –
ескерту жасауға әкеп соғады.
10. Осы баптың тоғызыншы бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет –
жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
11. Салықтық тексеру барысында анықталған, кассаның ағымдағы жай-күйі туралы есеп көрсеткіштерінің қолма-қол ақшаны есепке алу кітабында көрсетілген тауарларды өткізуге, жұмыстарды орындауға, қызметтер көрсетуге байланысты емес, қолма-қол ақшаны қабылдау және беру сомалары ескеріле отырып, фискальдық есепті алу кезінде кассадағы қолма-қол ақшаның сомасына сәйкес келмеуі –
ескерту жасауға әкеп соғады.
12. Осы баптың он бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет -
жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
13. Ауысымдық есепті, қолма-қол ақшаны есепке алу кітабын, тауар чектерін, бақылау-кассалық машинаның тіркеу карточкасын жою немесе қайтару чегін, сондай-ақ жою немесе қайтару операциясы сол бойынша жүргізілген бақылау чегін сақтаудың Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген мерзімдерін бұзу –
ескерту жасауға әкеп соғады.
14. Осы баптың он үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет -
жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
15. Қате енгізілген соманы жою немесе өткізілген тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер үшін қолма-қол ақшаны қайтару операцияларын, өткізілген тауарларға, орындалған жұмыстарға, көрсетілген қызметтерге бақылау чегінің түпнұсқасынсыз бақылау-кассалық машинада жүргізу –
ескерту жасауға әкеп соғады.
16. Осы баптың он бесінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –
жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
17. Мемлекеттік кіріс органы пломбасының бүтіндігін бұзбай жою мүмкін емес бақылау-кассалық машинаның техникалық ақауы жойылғаннан кейін пломба орнату үшін бақылау-кассалық машинаны мемлекеттік кіріс органына ұсыну мерзімін бұзу –
ескерту жасауға әкеп соғады.
18. Осы баптың он жетінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –
жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
19. Фискальдық деректер операторының деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарынан тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезінде жүзеге асырылатын ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді қабылдау, сақтау, сондай-ақ оларды мемлекеттік кіріс органдарына беру тәртібін бұзуы –
ескерту жасауға алып келеді.
20. Осы баптың он тоғызыншы бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет –
фискальдық деректер операторына бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескерту. 284-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 24.11.2015 № 419-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.04.2019 № 241-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 17.11.2025 № 232-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.285-бап. Банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген міндеттерді орындамауы
Ескерту. 285-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді – ҚР 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген міндеттерді:
1) мемлекеттік кіріс органдарының, резидент еместі қоса алғанда, салық төлеуші – заңды тұлғаға, оның құрылымдық бөлімшелеріне, дара кәсіпкер немесе жеке практикамен айналысатын адам ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғаға, шетел азаматына немесе азаматтығы жоқ адамға банктік шоттар ашқаны не "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген тәртіппен және мерзімдерде Қазақстан Республикасының банк заңнамасында көзделген жағдайларда банктік шоттағы жеке сәйкестендіру кодының өзгергені туралы хабарламау;
2) клиенттердің төлем құжаттарындағы (вексельді және банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының қолма-қол ақша қабылдауы және беруі соның негізінде жүргізілетін төлем құжаттарын қоспағанда) сәйкестендіру нөмірінсіз банк шоттары бойынша операциялар жүргізу;
3) алып тасталды – ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.4) дара кәсіпкер немесе жеке практикамен айналысатын адам ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғаның, заңды тұлғаның, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің, қызметін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес – заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің банк шоттарында (корреспонденттікті қоспағанда) мемлекеттік кіріс органдарының өкімінде көрсетілген салық берешегі сомасының шегінде шығыс операцияларын сондай өкім бойынша тоқтата тұрмау;
5) есепті тоқсан ішінде шартты банк салымында орналастырылған ақшаның қозғалысы туралы есепті, ақшаның осындай қозғалысы бар болған кезде, уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша мемлекеттік кіріс органына Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген мерзім ішінде ұсынбау;
6) өз клиентінде осы банкте, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалында ашылған, мемлекеттік кіріс органдары инкассолық өкімдер немесе салық төлеушінің банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімдер қойған, банктік шоты болған кезде оған жаңа банктік шот ашу;
7) ол туралы ақпарат уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылған әрекет етпейтін салық төлеушіге, салықтық берешегі, әлеуметтік төлемдер бойынша берешегі бар салық төлеушіге банктік шотты ашу түрінде жасалған орындамауы –
банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген міндеттерді орындамаған кезеңі ішінде салық төлеушілердің банк шоттары бойынша жасалған шығыс операциялары сомасының бес пайызы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың шартты банк салымы туралы шарттар бойынша орналастырылған, бюджетке төленетін салықтар сомаларын аудармауы немесе уақтылы аудармауы -
шартты банк салымында орналастырылған, аударылмаған немесе уақтылы аударылмаған салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлем сомасының елу пайызы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2-1. Банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың салық төлеушінің салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу жөніндегі төлем тапсырмасын, мемлекеттік кіріс органдарының салықтарды, басқа да міндетті төлемдерді, өсімпұлдар мен айыппұлдарды өндіріп алу туралы инкассолық өкімдерін – салық төлеушінің не мемлекеттік кіріс органдарының нұсқауын алған күннен кейінгі бір операциялық күннен кешіктірмей, бірінші кезектегі тәртіппен орындамауы –
төлем тапсырмасы бойынша аударылмаған соманың немесе орындалмаған инкассолық өкім сомасының бес пайызы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың салық заңнамасында белгіленген міндеттерді:
1) мемлекеттік кіріс органдарының бейрезидентті қоса алғанда, салық төлеуші заңды тұлғаға оның құрылымдық бөлімшелеріне, дара кәсіпкер немесе жеке практикамен айналысатын адам ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғаға, шетел азаматына немесе азаматтығы жоқ адамға банктік шоттарды жабу туралы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген тәртіппен және мерзімдерде хабарламауы;
2) салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, әлеуметтік аударымдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеу, міндетті зейнетақы жарналарын және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аудару үшін төлем құжаттарын дұрыс көрсетілмеген сәйкестендіру нөмірімен қабылдау;
3) көлік құралына салықты төлеу үшін төлем құжаттарын көлік құралының дұрыс көрсетілмеген сәйкестендіру нөмірімен қабылдау;
4) уәкілетті органның берілген кредит (қарыз) бойынша сыйақы түріндегі кірісті мойындауды тоқтату кезінде дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғаны немесе заңды тұлғаны сыйақы есептеуді тоқтата тұру туралы есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей хабардар етпеуі;
4-1) құқықтың (талап етудің) коллекторлық агенттіктерге өту жағдайларын қамтитын шарттар бойынша мәліметтерді мемлекеттік кіріс органдарына тоқсаннан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей ұсынбау;
5) салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, міндетті зейнетақы жарналары мен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының, әлеуметтік аударымдардың, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдардың және (немесе) жарналардың сомаларын аудармау (есебіне жатқызбау), уақтылы аудармау (есебіне жатқызбау) не банкке, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалына немесе бюджет жүйесінің кассалық орындауын жүзеге асыратын басқа да ұйымға салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, өсімпұлдардың, айыппұлдардың сомаларын аудару кезінде банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның кінәсінан төлем құжатындағы деректемелерді толтыру кезінде қате жіберу;
6) дара кәсіпкер, немесе жеке практикамен айналысатын адам ретінде тіркеу есебінде тұрған тексерілетін жеке тұлғаның немесе заңды тұлғаның ақшасының бар-жоғын және банк шоттары бойынша жасалатын операцияларын тексеруге мемлекеттік кіріс органдарының лауазымды адамын жібермеу;
7) мемлекеттік кіріс органын қарыз алушы салық төлеушіде міндеттемелерді есептен шығарудан табыс пайда болғаны туралы дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлға немесе заңды тұлға болып табылатын қарыз алушының берілген кредиттер (қарыздар) бойынша міндеттемелерін есептен шығарған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде хабардар етпеу;
8) мемлекеттік кіріс органының сұрау салуын алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде банк шоттарының бар-жоғы және нөмірлері туралы, салық төлеушілердің осы шоттардағы ақша қалдығы және қозғалысы туралы, сондай-ақ сыйақыны қоса алғанда, өтеу сомаларын көрсете отырып, тексерілетін жеке тұлғаға берілген кредиттер туралы ақпаратты ұсынбау түрінде орындамауы;
9) банк шоттарының бар-жоғы (ашылуы), нөмірлері және осы шоттардағы ақша қалдықтары туралы, сондай-ақ өзге де мүліктің, оның ішінде металл шоттарда орналастырылған немесе бейрезидент жеке және заңды тұлғалардың, сондай-ақ бенефициарлық меншік иесі бейрезиденттер болып табылатын заңды тұлғалардың басқаруындағы мүліктің бар-жоғы, түрі және құны туралы мәліметтерді, сол сияқты мемлекеттік кірістер органдарының сұрау салуы бойынша да мәліметтерді телекоммуникациялар желісі арқылы ұсынбауы, уақтылы, дұрыс немесе толық ұсынбауы –
отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 285-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 272-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 16.11.2015 № 406-V (01.07.2017 бастап қолданысқа енгізіледі); 18.11.2015 № 412-V (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 30.11.2016 № 26-VI (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 25.12.2017 № 122-VI (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.285-1-бап. Бағалы қағаздарды номиналды ұстаушылар ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығына ие кастодиандардың, брокерлердің және (немесе) дилерлердің, инвестициялық портфельді басқарушылардың, сақтандыру ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымдары филиалдарының, коллекторлық агенттіктердің Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген міндеттерді орындамауы
Ескерту. 285-1-баптың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
1. Бағалы қағаздардың номиналды ұстаушысы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығына ие кастодиандардың, брокерлердің және (немесе) дилерлердің бейрезидент жеке тұлғаларға, бейрезидент заңды тұлғаларға, сондай-ақ бенефициарлық меншік иелері бейрезидент болып табылатын заңды тұлғаларға ашылған бағалы қағаздарды есепке алу үшін шоттарының бар-жоғы туралы, сондай-ақ осы шоттардағы бағалы қағаздар қалдықтары мен қозғалысы туралы мәліметтерді ұсынбауы, уақтылы, дұрыс немесе толық ұсынбауы –
отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Бейрезидент жеке тұлғаларға, бейрезидент заңды тұлғаларға, сондай-ақ бенефициарлық меншік иелері бейрезидент болып табылатын заңды тұлғаларға тиесілі, осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілгендерді қоспағанда, кастодиандардың, инвестициялық портфельді басқарушылардың активтерінің бар-жоғы туралы мәліметтерді ұсынбауы, уақтылы, дұрыс немесе толық ұсынбауы –
отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
3. "Өмірді сақтандыру" саласында қызметті жүзеге асыратын сақтандыру ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымы филиалының жасалған жинақтаушы сақтандыру шарттар бойынша пайда алушылары бейрезидент жеке тұлғалар болып табылатын шарттар туралы мәліметтерді ұсынбауы, уақтылы, дұрыс немесе толық ұсынбауы –
отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
4. Коллекторлық агенттіктердің құқықтың (талап етудің) коллекторлық агенттікке өту жағдайларын қамтитын шарттар бойынша мәліметтерді ұсынбауы, уақтылы, анық немесе толық ұсынбауы –
отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұлға әкеп соғады.
Ескерту. 16-тарау 285-1-баппен толықтырылды - ҚР 30.11.2016 № 26-VI (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 25.12.2017 № 122-VI (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 166-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.286-бап. Банк операциялары туралы көрінеу жалған мәліметтер ұсыну
Банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың заңды немесе жеке тұлғалардың банктік шоттары бойынша операциялар туралы көрінеу жалған мәліметтер ұсынуы, сол сияқты осы банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының іс жүзіндегі қаржылық жай-күйімен көрінеу қамтамасыз етілмеген кепілгерліктер, кепілдіктер және өзге де міндеттемелер беруі, егер бұл әрекеттер жеке немесе заңды тұлғаға не мемлекетке ірі залал келтіруге алып келмесе, –
елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескертпе. Құқық бұзушылық жасалған кезде екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен асатын сома – жеке тұлғаға, жиырма мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен асатын сома заңды тұлғаға келтірілген залалдың ірі мөлшері деп танылады.
Ескерту. 286-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.287-бап. Еуразиялық экономикалық одақта тауарларды экспорттау мен импорттау, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезінде салық төлеушілердің Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген міндеттерді орындамауы, сондай-ақ тұлғалардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды орындамауы
Ескерту. 287-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген мерзімде жанама салықтарды төлемеу, толық төлемеу не уақтылы төлемеу –
жеке тұлғаларға – он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Салық төлеушінің мемлекеттік кіріс органына Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген өңдеу өнімдерін әкелу (әкету) туралы міндеттемелерді ұсынбауы және оларды орындамауы –
жеке тұлғаларға – он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Мемлекеттік кіріс органдарын мынадай жағдайларда:
1) әкелінген тауарлардың қасиеттері мен сипаттарын өзгертпей, кейіннен Қазақстан Республикасының аумағынан әкетілетін тауарларды Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына уақытша әкелу кезінде;
2) әкетілген тауарлардың қасиеттері мен сипаттарын өзгертпей, кейіннен Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағына уақытша әкету кезінде хабардар етпеу не уақтылы хабардар етпеу –
жеке тұлғаларға – он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің аумағына әкетілген, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген алыс-беріс шикізатын өңдеудің Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген мерзімдерін бұзу –
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – есепке жазылған салықтар сомасының он пайызы, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма пайызы, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне отыз пайызы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Көрме-жәрмеңкелік сауданы ұйымдастырушының осындай сауданы өткізу туралы хабардар етпеуі не уақтылы хабардар етпеуі –
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Ұйымдастырушының көрме-жәрмеңкелік сауданы ұйымдастыру тәртібін бұзуы –
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
7. Алып тасталды - - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.Ескертпе. Осы баптың бірінші бөлігінің мақсаты үшін, егер тұлға Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталған тауарларды есепке алуға қабылдамағаны үшін осы Кодекстің 275-бабында көзделген әкімшілік жауаптылыққа тартылуға тиіс болса, мұндай тұлға осы баптың бірінші бөлігінде көзделген әкімшілік жауаптылыққа тартылуға жатпайды.
Ескерту. 287-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.288-бап. Мемлекеттік кіріс органдары мен олардың лауазымды адамдарының заңды талаптарын орындамау
Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР 29.12.2014 № 272-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).
1. Салық төлеушінің мемлекеттік кіріс органдары мен олардың лауазымды адамдарының заңды талаптарын орындамауы –
ескерту жасауға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) –
он бec айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Салық төлеуші кәсіпкерлік қызмет үшін пайдаланатын аумаққа немесе үй-жайға (тұрғын үй-жайлардан басқа) салықтық тексеруді жүргізетін мемлекеттік кіріс органының лауазымды адамының кіруіне заңсыз кедергі келтіру –
қырық бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) –
алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 288-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 272-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. 17-тарау. ЭНЕРГИЯ ҮНЕМДЕУ ЖӘНЕ ЭНЕРГИЯ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ
САЛАСЫНДАҒЫ ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР
289-бап. Электр желілеріндегі қуат коэффициентінің нормативтік мәндерін сақтамау және энергия тұтынудың нормативтерін асыру
1. Электр желілеріндегі қуат коэффициентінің нормативтік мәндерін сақтамау –
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне ескерту жасауға, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – он, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Энергия тұтынудың нормативтерін асыру –
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – ескерту жасауға, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – құқық бұзушылық болған, бірақ бір жылдан аспайтын кезеңде бекітілген нормативтерден астам пайдаланылған энергетикалық ресурстар құнының үш пайызы, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне он пайызы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет –
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет –
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – құқық бұзушылық болған, бірақ бір жылдан аспайтын кезеңде бекітілген нормативтерден астам пайдаланылған энергетикалық ресурстар құнының бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – он, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне отыз пайызы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескертпе. Энергетикалық ресурстардың құны құқық бұзушылық анықталған кездегі нарықтық баға негізінде айқындалады.
Ескерту. 289-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.290-бап. Энергетикалық ресурстарды, суды өндіруді және беруді жүзеге асыру кезінде олардың тікелей ысырабына жол бермеу жөніндегі міндетті орындамау
Ескерту. 290-бап алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
291-бап. Энергетикалық ресурстарды есепке алатын тиісті аспаптармен және жылу тұтынуды реттеудің автоматтандырылған жүйелерімен жарақтандырылмаған, энергетикалық ресурстарды тұтынатын жаңа объектілерді пайдалануға қабылдау
Ескерту. 291-бап алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
292-бап. Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілерінің Мемлекеттік энергетикалық тізілімге енгізілетін ақпаратты ұсыну жөніндегі міндетті, энергетикалық ресурстарды және суды тұтыну көлемін өнімнің, үйлердің, құрылыстар мен ғимараттардың алаңы бірлігіне энергия аудиті қорытындылары бойынша белгіленген шамаға дейін міндетті түрде жыл сайын төмендету туралы талапты бұзуы
Ескерту. 292-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 14.01.2015 № 279-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілерінің Мемлекеттік энергетикалық тізілімге енгізілетін ақпаратты ұсыну жөніндегі міндетті, энергетикалық ресурстарды және суды тұтыну көлемін өнімнің, үйлердің, құрылыстар мен ғимараттардың алаңы бірлігіне энергия аудиті қорытындылары бойынша белгіленген шамаға дейін міндетті түрде жыл сайын төмендету туралы талапты энергия аудитінен өткеннен кейін бес жыл ішінде бұзуы –
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет –
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 292-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 14.01.2015 № 279-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).293-бап. Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектісінде энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі қорытындының болмауы
Ескерту. 293-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 08.07.2024 № 122-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектісінде энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі қорытындының болмауы –
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – он, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет –
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 293-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 08.07.2024 № 122-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.294-бап. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында өнімді сату және пайдалану жөніндегі шектеулерді бұзу
Ескерту. 294-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 14.01.2015 № 279-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Жарық беру мақсатында ауыспалы тоқ тізбектерінде пайдаланылуы мүмкін, қуаты 25 Вт және одан да жоғары электр қыздыру шамдарын пайдалану –
жарық беру мақсатында ауыспалы ток тізбектерінде пайдаланылуы мүмкін, қуаты 25 Вт және одан жоғары электр қыздыру шамдары тәркілене отырып, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер –
жарық беру мақсатында ауыспалы ток тізбектерінде пайдаланылуы мүмкін, қуаты 25 Вт және одан жоғары электр қыздыру шамдары тәркілене отырып, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – сексен, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Кеден одағының немесе Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламентіне сәйкес техникалық құжаттамасында және этикеткаларында энергия тиімділігінің сыныбы мен сипаттамалары туралы ақпарат қамтылмаған энергия тұтынатын құрылғыларды сату және (немесе) пайдалану –
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – үш, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – алты, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер –
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – алты, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – он екі, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 294-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 14.01.2015 № 279-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.10.2015 № 376-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.12.2017 № 124-VI (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.295-бап. Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілерінің энергия менеджменті жүйесін құру, енгізу және оның жұмысын ұйымдастыру жөніндегі міндетті орындамауы
Ескерту. 295-бап алып тасталды - ҚР 14.01.2015 № 279-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
296-бап. Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы заңнамасында белгіленген энергия аудитін жүргізу тәртібін сақтамау
Ескерту. 296-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы заңнамасында белгіленген энергия аудитін жүргізу тәртібін сақтамау –
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – он бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет –
энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалар тізілімінен алып тастай отырып, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – он бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 296-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 14.01.2015 № 279-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.03.2016 № 479-V (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. 18-тарау. ӨНЕРКӘСІП, ЖЫЛУ, ЭЛЕКТР ЖӘНЕ АТОМ ЭНЕРГИЯСЫН
ПАЙДАЛАНУ САЛАСЫНДАҒЫ ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР
297-бап. Жарылғыш материалдармен, радиоактивті және өзге де экологиялық қауіпті заттармен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік талаптарын бұзу
1. Осы Кодекстің 416-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, жарылғыш материалдарды, пиротехникалық заттарды, радиоактивті, бактериологиялық, химиялық және өзге де экологиялық қауіпті заттар мен өнеркәсіп салаларындағы және қадағалау органдарының бақылауындағы объектілердегі қалдықтарды өндіру, сақтау, көму, жою, пайдалану, кәдеге жарату, тасымалдау немесе өзге де жұмыстар істеу кезінде қауіпсіздік талаптарын бұзу, егер осы әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса –
жеке тұлғаларға – он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы Кодекстің 416-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, ядролық материалдарды, радиоактивті заттарды, ядролық емес арнаулы материалдарды және ядролық қызметке қатысы бар қос мақсаттағы бұйымдарды өндірудің, сақтаудың, көмудің, пайдаланудың, кәдеге жаратудың, тасымалдаудың немесе өзге де жұмыс істеудің белгіленген қағидаларын бұзу –
жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - алпыс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
297-1-бап. Бағалы металдарды, асыл тастарды, құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдарды Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан әкету
1. Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып, бағалы металдарды, асыл тастарды, құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдарды Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан әкету –
жеке тұлғаларға – отыз, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – төрт жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –
жеке тұлғаларға – елу, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз сексен, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жеті жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 18-тарау 297-1-баппен толықтырылды - ҚР 14.01.2016 № 445-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).298-бап. Жұмыстарды қауіпсіз жүргізу жөніндегіқағидаларды бұзу
1. Өнеркәсіп, тау-кен және құрылыс жұмыстары салаларында не өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның және басқа да мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарының қадағалауындағы объектілерде жұмыстарды қауіпсіз жүргізу жөніндегі белгіленген талаптарды бұзу, егер бұл абайсызда адам денсаулығына ауыр немесе ауырлығы орташа зиян келтіруге алып келмесе, –
жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Қауіпті өндірістік объектілерді салу, реконструкциялау, жаңғырту, жою жобаларын әзірлеу кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын бұзу –
жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жетпіс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Қауіпті өндірістік объектідегі, қауіпті техникалық құрылғыдағы авария, оқыс оқиға фактісін жасыру –
лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет (әрекетсіздік) –
лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 298-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 17.11.2025 № 232-VIII (01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.299-бап. Өнеркәсіптік қауіпсіздік және гидротехникалық құрылысжайлардың қауіпсіздігі саласындағы аттестатталатын жұмыс түрлерін жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу
Ескерту. 299-баптың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР 09.04.2025 № 181-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Өнеркәсіптік қауіпсіздік және гидротехникалық құрылысжайлардың қауіпсіздігі саласындағы аттестатталатын жұмыс түрлерін жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасын:
1) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында жүргізілген сараптамалардың нәтижелері бойынша сараптама объектісінің сәйкестігі (сәйкессіздігі) туралы толық емес және (немесе) анық емес ақпаратты қамтитын сараптама қорытындысын, оның ішінде жарылыс жұмыстары саласында беру;
2) алып тасталды – ҚР 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;3) қауіпті өндірістік объектілердің басшыларын, мамандарын және жұмыскерлерін даярлаудың, қайта даярлаудың өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмеуі;
4) газ тұтыну және газ тарату жүйелерінің, сұйытылған мұнай газымен жабдықтау жүйелері объектілерінің жарамды жай-күйін қамтамасыз етпей, оларға техникалық қызмет көрсетуді жүргізу;
5) Қазақстан Республикасының су заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы толық емес және (немесе) анық емес ақпаратты қамтитын сараптама қорытындыларын беру, гидротехникалық құрылысжайлардың қауіпсіздігі декларацияларын әзірлеу;
6) лифтілерді, эскалаторларды, траволаторларды, сондай-ақ мүгедектігі бар адамдарға арналған көтергіштерді монтаждауды, техникалық қызмет көрсетуді, техникалық диагностикалауды, техникалық куәландыруды және жөндеуді өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын бұза отырып жүргізу;
7) қауіпті өндірістік объектілерде тау-кен құтқару, газдан құтқару, бұрқаққа қарсы жұмыстарды жүргізбеу, сол сияқты толық көлемде жүргізбеу түрінде жасалған бұзушылық –
аттестаттың қолданысын тоқтата тұрып не онсыз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет, сол сияқты осы баптың бірінші бөлігінде көзделген бұзушылықтарды жоймау –
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Алып тасталды – ҚР 09.04.2025 № 181-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.4. Алып тасталды – ҚР 09.04.2025 № 181-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Ескерту. 299-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.10.2019 № 268-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 09.04.2025 № 181-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 17.11.2025 № 232-VIII (01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
300-бап. Электр қондырғыларын орнатудың, электр станциялары мен желілерін техникалық пайдаланудың, электр станциялары мен жылу желілерінің жылу-механикалық жабдығын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасының, тұтынушылардың электр қондырғыларын техникалық пайдаланудың, электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасының, тұтынушылардың электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасының бекітілген қағидаларын бұзу, сондай-ақ энергия тұтынудың белгіленген режимдерін бұзу
1. Авария, қоршаған ортаның ластануы, өрт қатерін немесе қызмет көрсетуші персоналдың өміріне қауіп төндіретін жай-күйге алып келген, электр қондырғыларын орнатудың, электр станциялары мен желілерін техникалық пайдаланудың, электр станциялары мен жылу желілерінің жылу-механикалық жабдығын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасының, тұтынушылардың электр қондырғыларын техникалық пайдаланудың, электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасының, тұтынушылардың электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасының бекітілген қағидаларын бұзу, сондай-ақ басқа да энергия тұтынушыларды шектеуге және (немесе) одан ажыратуға алып келген, энергия тұтынудың белгіленген режимдерін бұзу –
энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың және жылумен жабдықтау субъектісінің лауазымды адамдарына немесе бірінші басшыларына елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –
энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың және жылумен жабдықтау субъектісінің лауазымды адамдарына немесе бірінші басшыларына бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
3. Жабдықтың, ғимараттар мен құрылысжайлардың техникалық жай-күйіне, белгіленген пайдалану көрсеткіштерінің тұрақтылығын, дайындық жұмыстарының орындалу толықтығын қамтамасыз ететін жөндеу жұмыстары көлемдерінің орындалуына, жөндеу жұмыстарының жоспарланған көлемдерін қосалқы бөлшектермен және материалдармен уақтылы қамтамасыз етуге, сондай-ақ орындалған жөндеу жұмыстарының мерзімдері мен сапасына жалпы басшылық жасау бөлігінде, сондай-ақ қауіпсіздік техникасы бойынша жұмысқа жалпы басшылық жасау бөлігінде электр станциялары мен желілерін техникалық пайдалану қағидаларын бұзу –
энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың және жылумен жабдықтау субъектісінің лауазымды адамдарына немесе бірінші басшыларына елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –
энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың және жылумен жабдықтау субъектісінің лауазымды адамдарына немесе бірінші басшыларына бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескерту. 300-бап жаңа редакцияда – ҚР 08.07.2024 № 122-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.300-1-бап. Энергия беруші ұйымдардың электрмен жабдықтаудың сенімділік көрсеткіштерінің бекітілген нормативтік мәндерінен асып кетуі
Энергия беруші ұйымның электрмен жабдықтаудың сенімділік көрсеткіштерінің нормативтік мәндерінен асып кетуі –
энергия беруші ұйымның лауазымды адамына бір жүз жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескертпе: Осы бапта энергия беруші ұйымның лауазымды адамы деп энергия беруші ұйымның бірінші басшысын немесе оның міндетін атқаратын адамды түсіну керек.
Ескерту. 18-тарау 300-1-баппен толықтырылды - ҚР 29.03.2016 № 479-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).300-2-бап. Энергия өндіруші ұйымдардың және жылу өндіруші субъектілердің бекітілген отын қоры нормативтерін күзгі-қысқы кезеңде сақтамауы
1. Энергия өндіруші ұйымдардың және жылу өндіруші субъектілердің бекітілген отын қоры нормативтерін күзгі-қысқы кезеңде сақтамауы –
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бес жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Электр станциясының негізгі жабдығының және қазандықтың тоқтауына алып келген, энергия өндіруші ұйымдардың және жылу өндіруші субъектілердің бекітілген отын қоры нормативтерін сақтамауы –
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір мың, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескерту. 300-2-баппен толықтырылды – ҚР 08.07.2024 № 122-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.301-бап. Әзірлік паспортын алу мерзімін бұзу
1. Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың, жылумен жабдықтау субъектілерінің жұмысқа әзірлік паспортын алу мерзімін күзгі-қысқы кезеңде бұзуы –
лауазымды адамдарға – елу, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бес жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет –
лауазымды адамдарға – бір жүз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір мың, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескерту. Осы бапта энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың және жылумен жабдықтау субъектісінің лауазымды адамы деп энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың және жылумен жабдықтау субъектісінің бірінші басшысын немесе оның міндетін атқарушы адамды түсіну керек.
Ескерту. 301-бап жаңа редакцияда – ҚР 08.07.2024 № 122-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.301-1-бап. Электр және жылу желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беруге қойылатын талаптарды бұзу
1. Электр және жылу желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру тәртібі мен мерзімдеріне қойылатын талаптарды бұзу
– шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Электр және жылу желілеріне қосуға арналған құжаттарды қабылдаудан және (немесе) техникалық шарттарды беруден бас тарту
– шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 18-тарау 301-1-баппен толықтырылды - ҚР 11.07.2017 № 89-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).301-2-бап. Технологиялық бұзушылықтар туралы ақпаратты беру жөніндегі талаптарды бұзу
1. Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың және жылумен жабдықтау субъектілерінің туындаған технологиялық бұзушылықтар туралы ақпаратты уақтылы, анық бермеуі
– шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың және жылумен жабдықтау субъектілерінің туындаған технологиялық бұзушылықтар туралы ақпаратты жасыруы
– шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – төрт жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 18-тарау 301-2-баппен толықтырылды - ҚР 11.07.2017 № 89-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгеріс енгізілді – ҚР 08.07.2024 № 122-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.301-3-бап. Электр станцияларының, жылу энергиясы көздерінің, жылу және электр желілерінің жабдықтарына, ғимараттары мен құрылысжайларына техникалық қызмет көрсетуді және оларды жөндеуді ұйымдастыру қағидаларын бұзу
1. Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың, жылумен жабдықтау субъектілерінің электр станцияларының, жылу және электр желілерінің жабдықтарын, ғимараттары мен құрылысжайларын жөндеудің перспективалық жоспарын бекіту бөлігінде электр станцияларының, жылу энергиясы көздерінің, жылу және электр желілерінің жабдықтарына, ғимараттары мен құрылысжайларына техникалық қызмет көрсетуді және оларды жөндеуді ұйымдастыру қағидаларын бұзуы –
энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың және жылумен жабдықтау субъектісінің лауазымды адамдарына немесе бірінші басшыларына елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Жөндеу мерзімдері мен түрлерін сақтау бөлігінде электр станцияларының, жылу энергиясы көздерінің, жылу және электр желілерінің жабдықтарына, ғимараттары мен құрылысжайларына техникалық қызмет көрсетуді және оларды жөндеуді ұйымдастыру қағидаларын бұзу, оның ішінде электр станцияларының, жылу энергиясы көздерінің, электр беру желілерінің, қосалқы станциялардың және жылу желілерінің негізгі жабдығын жөндеу мерзімдерін келісілмеген ауыстыру –
энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың және жылумен жабдықтау субъектісінің лауазымды адамдарына немесе бірінші басшыларына елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
3. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –
энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың және жылумен жабдықтау субъектісінің лауазымды адамдарына немесе бірінші басшыларына бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескерту. 301-3-баппен толықтырылды – ҚР 08.07.2024 № 122-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.302-бап. Электр желілерін бүлдіру
1. Кернеуі 1000 вольтқа дейінгі электр желілерін (әуе электр беру желілерін, жерасты және суасты кәбіл желілерін, трансформаторлық және өзгертуші шағын станцияларды, бөліп таратқыш құрылғылар мен ауыстырып қосқыш пункттерді) бүлдіру –
жеке тұлғаларға – елу, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Кернеуі 1000 вольттан асатын электр желілерін (әуе электр беру желілерін, жерасты және суасты кәбіл желілерін, трансформаторлық және өзгертуші шағын станцияларды, бөліп таратқыш құрылғылар мен ауыстырып қосқыш пункттерді) бүлдіру –
жеке тұлғаларға жетпіс бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – екі жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бес жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, тұтынушыларды электр энергиясымен қамтамасыз етуде іркіліс туғызған және залал келтірген, сол сияқты бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –
жеке тұлғаларға – бір жүз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – үш жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бес жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
4. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, тұтынушыларды электр энергиясымен қамтамасыз етуде іркіліс туғызған және залал келтірген, сол сияқты бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –
жеке тұлғаларға – бір жүз елу, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бес жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір мың, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескерту. 302-бап жаңа редакцияда – ҚР 08.07.2024 № 122-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.303-бап. Қазақстан Республикасының жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы заңнамасын бұзу
1. Қазақстан Республикасының жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы заңнамалық актісінде белгіленген, жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар өндіретін электр, жылу энергиясын сатып алу міндетін орындамау және (немесе) тиісінше орындамау –
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін электр немесе жылу желілеріне қосудың ең жақын нүктесін анықтаудың және оларды қосудың тәртібі мен мерзімдерін бұзу түрінде жасалған Қазақстан Республикасының жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы заңнамасын бұзу –
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік шара қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер –
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
304-бап. Жылу желілерін бүлдіру
Жылу желілерін (құбыржолдар мен олардың конструкцияларын, арналарды, жылу камераларын, сорғы станцияларын) бүлдіру, егер бұл іс-әрекет адамдардың денсаулығына және қоршаған ортаға зиян келтірудің нақты қатеріне әкеп соқпаса, –
жеке тұлғаларға – он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – он бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
305-бап. Электр және жылу желілері жолдарының, газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің күзет аймақтарында жұмыстар жүргізу
Қарамағында электр немесе жылу желілері не газбен жабдықтау жүйелерінің объектілері бар ұйымның келісімінсіз электр және жылу желілері жолдарының, газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің күзет аймақтарында құрылыс, монтаждау, жер қазу, тиеу-түсіру жұмыстарын, ұңғымалар мен шурфтардың орнатылуына байланысты іздеу жұмыстарын жүргізу, алаңдарды, автомобиль көлігі тұрақтарын жайластыру, базарларды, құрылыстарды, ғимараттарды орналастыру, материалдарды жинап қою, қоршаулар мен дуалдарды соғу, күйдіргіш коррозиялы заттар мен жанар-жағармай материалдарын шығарып тастау және төгу –
жеке тұлғаларға – он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – он бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 305-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 11.07.2017 № 89-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).306-бап. Газ пайдалану, газбен жабдықтау жүйелерінің объектілерін пайдалану қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды бұзу
1. Қазақстан Республикасының газ және газбен жабдықтау туралы заңнамасында белгіленген, тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылардың газ тұтыну жүйелерін және газ жабдығын пайдалану қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды бұзу –
жеке тұлғаларға – жеті, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – он бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –
жеке тұлғаларға – он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – он бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Газ тұтыну жүйесіне тауарлық немесе сұйытылған мұнай газын беруді өз бетінше қайта қосу -
жеке тұлғаларға – он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Қазақстан Республикасының газ және газбен жабдықтау туралы заңнамасында белгіленген, тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылардың газ тұтыну жүйелерін және газ жабдығын қоспағанда, газбен жабдықтау жүйелерінің объектілерін пайдалану қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды бұзу –
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Осы баптың төртінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
307-бап. Резервтік отын шаруашылығының дайындығын қамтамасыз етуге шаралар қолданбау
Өнеркәсіптік және (немесе) коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылар үшін көзделген резервтік отын шаруашылығының жұмысқа дайындығын қамтамасыз етуге шаралар қолданбау немесе өнеркәсіптік және (немесе) коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылардың газ тұтыну жүйелерінің белгіленген резервтік отын түрлерімен жұмыс істеуге дайын болмауы -
ескерту жасауға немесе жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
308-бап. Мұнай құбырларын, газ құбырларын және олардың жабдықтарын бүлдіру
Ескерту. 308-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Мұнай құбырлары мен газ құбырларын және олардың жабдықтарын бүлдіру немесе аспаптарды заңсыз орнату, ауыстыру, желіге қосу, сондай-ақ оларды пайдалану қағидаларын аварияға себеп болуы мүмкін өзге де бұзушылықтар, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, –
жеке тұлғаларға – он бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер –
жеке тұлғаларға – жиырма бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 308-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.309-бап. Құрылыс және жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде аумақтарды бүлдіру
Тиісті рұқсатсыз аулаларды, көшелер мен алаңдарды қазу, оларға құрылыс материалдарын үйіп тастау, қазылған жерлерді, сондай-ақ құрылыс алаңдарын құрылыс пен жөндеу аяқталғаннан кейін ретке келтіруге шаралар қолданбау –
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – он бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
309-1-бап. Электр желілеріне өз бетінше қосылу
1. Электр желілеріне өз бетінше қосылу –
жеке тұлғаларға – елу, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –
жеке тұлғаларға – бір жүз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – төрт жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескерту. 18-тарау 309-1-баппен толықтырылды – ҚР 18.07.2024 № 127-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.309-2-бап. Орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйесінің және (немесе) жергілікті жылумен жабдықтау жүйесінің жылу желілеріне өз бетінше қосылу
1. Орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйесінің және (немесе) жергілікті жылумен жабдықтау жүйесінің жылу желілеріне өз бетінше қосылу –
жеке тұлғаларға – елу, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –
жеке тұлғаларға – бір жүз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бес жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескерту. 18-тарау 309-2-баппен толықтырылды – ҚР 08.07.2024 № 122-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 19-тарау. ҒАРЫШ ҚЫЗМЕТІ САЛАСЫНДАҒЫ ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ
БҰЗУШЫЛЫҚТАР
310-бап. Қазақстан Республикасының ғарыш қызметі саласындағы заңнамасын бұзу
1. Қазақстан Республикасының ғарыш қызметі саласындағы заңнамасын:
1) ғарыш қызметі саласындағы салалық сараптаманың оң қорытындысы жоқ, ғарыш қызметі саласындағы жобаны іске асыру;
2) ғарыш объектісін Қазақстан Республикасының аумағынан, сондай-ақ оны одан тыс жерде ғарыш қызметіне қазақстандық қатысушы жүзеге асырған жағдайда Қазақстан Республикасы Үкіметінің ғарыш объектісін ұшыру туралы оң шешімінсіз ұшыру;
3) ғарыш объектісін мемлекеттік тіркеуден жалтару;
4) адамдардың өмірі мен денсаулығына тікелей қатер төндіру;
5) ғарыш техникасы және (немесе) аспан денелерін қоршаған ортаға теріс әсер ету үшін пайдалану;
6) ғарыш кеңістігінің ластануы жөніндегі халықаралық нормалар мен стандарттарды бұзу түрінде жасалған бұзушылық –
ғарыш кеңістігін пайдалану аясындағы қызметті жүзеге асыру құқығына лицензияның қолданылуын алты айға тоқтата тұрып немесе онсыз, жеке тұлғаларға – елу, лауазымды адамдарға – бір жүз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз жетпіс бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет (әрекетсіздік) –
лицензиядан айыруға әкеп соғады.
311-бап. Қазақстан Республикасының аумағында, сондай-ақ ғарыш кеңістігінде ғарыш жүйелерін құру және пайдалану (қолдану) қағидаларын бұзу
1. Нәтижелері пайдаланушы персоналға, халыққа, ғарыш жүйесіне, түйіндес объектілерге, қоршаған ортаға және жер төңірегіндегі кеңістікке өндірістік қызметтің қауіпті және зиянды факторларының әсерін жол берілетін шекті мәндерден асыруға әкеп соққан ғарыш жүйесін пайдаланудан көрінген, Қазақстан Республикасының аумағында, сондай-ақ ғарыш кеңістігінде ғарыш жүйелерін құру және пайдалану (қолдану) қағидаларын бұзу –
ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыру құқығына лицензияның қолданылуын алты айға тоқтата тұрып немесе онсыз, жеке тұлғаларға – отыз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген әкімшілік жауаптылыққа тартуға әкеп соққан бұзушылықтарды ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыру құқығына лицензияның қолданылуын тоқтата тұру мерзімі өткеннен кейін жоймау –
лицензиядан айыруға әкеп соғады.
20-тарау. Сәулет, қала құрылысы, құрылыс қызметі және тұрғын үй қатынастары саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар
Ескерту. 20-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 29.12.2014 № 272-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
312-бап. Техникалық регламенттерде белгіленген талаптарды қоспағанда, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасы мен мемлекеттік нормативтердің талаптарын бұза отырып, жобалау алдындағы, іздестіру, жобалау, құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындау
Ескерту. 312-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 05.10.2018 № 184-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Техникалық регламенттерде белгіленген талаптарды қоспағанда, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасы мен мемлекеттік нормативтердің талаптарын бұза отырып, жобалау алдындағы, іздестіру, жобалау, құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындау –
лауазымды адамдарға – алпыс, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – төрт жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жеті жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –
лицензиядан айыра отырып, лауазымды адамдарға – бір жүз жиырма, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – төрт жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – сегіз жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 312-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.10.2018 № 184-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.313-бап. Техникалық регламенттерде белгіленген талаптарды қоспағанда, құрылыс-монтаждау және жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу кезінде бекітілген құрылыс нормаларының және жобалау құжаттарының талаптарын бұзу
Ескерту. 313-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 05.10.2018 № 184-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Техникалық регламенттерде белгіленген талаптарды қоспағанда, құрылыс-монтаждау және жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу кезінде ғимараттардың, құрылыстардың, олардың бөліктерінің пайдалану сапасын нашарлатуға, беріктігін, орнықтылығын төмендетуге алып келген бекітілген құрылыс нормаларының және жобалау құжаттарының талаптарын бұзу –
лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып, лауазымды адамдарға – қырық, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – төрт жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жеті жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Ғимараттардың, құрылыстардың, олардың бөліктерінің немесе жекелеген конструкциялық элементтерінің беріктігін, орнықтылығын жоғалтуға әкеп соққан, осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген әрекеттерді жасау –
лицензиядан айыра отырып, лауазымды адамдарға – сексен, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – төрт жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – сегіз жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 313-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.10.2018 № 184-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.314-бап. Техникалық регламенттерде белгіленген талаптарды қоспағанда, объектілерді тұрғызу және реконструкциялау кезінде құрылыс, құрылыс-монтаждау, жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау құжаттамасынсыз жүргізу
Ескерту. 314-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР 05.10.2018 № 184-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Техникалық регламенттерде белгіленген талаптарды қоспағанда, объектілерді тұрғызу және реконструкциялау кезінде құрылыс, құрылыс-монтаж, жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау құжаттамасынсыз жүргізу –
жүргізіліп жатқан жұмыстарды тоқтата тұрып, лауазымды адамдарға – қырық, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – төрт жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жеті жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –
лицензиядан айыра отырып және жүргізіліп жатқан жұмыстарды тоқтата тұрып, лауазымды адамдарға – сексен, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – төрт жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – сегіз жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 314-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 05.10.2018 № 184-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).315-бап. Техникалық регламенттерде белгіленген талаптарды қоспағанда, объектілерді тұрғызу және реконструкциялау, құрылыс материалдарын, бұйымдар мен конструкциялар дайындау бойынша құрылыс-монтаждау, жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу кезінде нормативтік құжаттарда көзделген атқарушылық техникалық құжаттаманы ресімдеу қағидаларын бұзу
Ескерту. 315-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР 05.10.2018 № 184-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Техникалық регламенттерде белгіленген талаптарды қоспағанда, объектілерді тұрғызу және реконструкциялау, құрылыс материалдарын, бұйымдар мен конструкциялар дайындау бойынша құрылыс-монтаждау, жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу кезінде нормативтік құжаттарда көзделген атқарушылық техникалық құжаттаманы ресімдеу қағидаларын бұзу –
ескерту жасауға немесе лауазымды адамдарға – он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 315-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 05.10.2018 № 184-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).316-бап. Техникалық регламенттерде белгіленген талаптарды қоспағанда, объектілерді және олардың кешендерін жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасынсыз не белгіленген тәртіппен сараптамадан өткізілмеген жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасы бойынша салу (реконструкциялау, реставрациялау, кеңейту, техникалық қайта жарақтандыру, жаңғырту, күрделіжөндеу)
Ескерту. 316-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР 05.10.2018 № 184-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Техникалық регламенттерде белгіленген талаптарды қоспағанда, объектілерді және олардың кешендерін, жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасынсыз не сараптама жүргізу талап етілетін, белгіленген тәртіппен сараптамадан өткізілмеген жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасы бойынша салу (реконструкциялау, реставрациялау, кеңейту, техникалық қайта жарақтандыру, жаңғырту, күрделі жөндеу) –
жеке тұлғаларға – бір жүз жиырма, лауазымды адамдарға – бір жүз алпыс, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз сексен, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бес жүз сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет, сол сияқты осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жауаптылыққа тартуға әкеп соққан бұзушылықты жоймау –
жұмыстарды тоқтата тұрып, жеке тұлғаларға – бір жүз алпыс, лауазымды адамдарға – екі жүз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – үш жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – алты жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 316-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 05.10.2018 № 184-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).317-бап. Сараптама жұмыстарын және инжинирингтік қызметтер көрсетуді жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу
1. Авторлық қадағалауды жүзеге асыратын тұлғалардың орындалған (орындалатын) құрылыс-монтаждау жұмыстарының бекітілген жобалық шешімдерге сәйкес келмеуіне жол беруі –
авторлық қадағалау жүргізу құқығына сарапшы аттестатының қолданысын алты ай мерзімге тоқтата тұрып, жеке тұлғаларға бір жүз сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Жобаларға сараптаманы жүзеге асыратын тұлғалардың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтін және (немесе) тұрғызылып жатқан не тұрғызылған объектілердің орнықтылығын, сенімділігін және беріктігін қамтамасыз етпейтін жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасына сараптаманың (сараптамалық бағалаудың) оң қорытындысын беруі –
жобаларға сараптаманы жүзеге асыру құқығына сарапшы аттестатының қолданылуын алты ай мерзімге тоқтата тұрып, жеке тұлғаларға бір жүз сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Техникалық қадағалауды жүзеге асыратын тұлғалардың орындалған жұмыстардың сапасын, мерзімдерін, қабылдануын және объектінің пайдалануға тапсырылуын қоса алғанда, жобаны іске асыру сатысында бұзушылықтарға жол беруі –
техникалық қадағалау жүргізу құқығына сарапшы аттестатының қолданысын алты ай мерзімге тоқтата тұрып, жеке тұлғаларға бір жүз сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3-1. Ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарауды жүзеге асыратын тұлғалардың бекітілген құрылыс нормаларының талаптарын бұза отырып орындалған және ғимараттар, құрылыстардың, олардың бөліктерінің немесе жекелеген конструкциялық элементтерінің пайдалану сапасын нашарлатуға, олардың беріктігін, орнықтылығын төмендетуге әкеп соғуы мүмкін дұрыс емес деректерді қамтитын қорытынды беруі –
ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарауды жүзеге асыру құқығына сарапшы аттестатының қолданылуын алты ай мерзімге тоқтата тұрып, жеке тұлғаларға бір жүз сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың бірінші, екінші, үшінші және 3-1-бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) –
көрсетілетін қызметтің және маманданудың тиісті түріне сарапшы аттестатынан айыра отырып және сараптама жұмыстары мен инжинирингтік қызметтер көрсетуді жүзеге асыру құқығына қызметке үш жыл мерзімге тыйым сала отырып, жеке тұлғаларға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 317-бап жаңа редакцияда - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 28.10.2015 № 366-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.317-1-бап. Аккредиттелген заңды тұлғалардың инжинирингтік қызмет көрсетулерді (техникалық қадағалау және жобаны басқару) және сараптамалық жұмыстарды (жобаларға сараптама жүргізу және ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау) жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзуы
1. Құрамында аттестатталған сарапшылары бар заңды тұлғалардың инжинирингтік қызмет көрсетулерді (техникалық қадағалауды және жобаны басқаруды) және сараптамалық жұмыстарды (жобаларға сараптама жүргізуді және ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарауды) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының және өзге де нормативтік және нормативтік-құқықтық актілерінің талаптарын бұза отырып жүзеге асыруы, оның ішінде:
1) орындалған (орындалып жатқан) құрылыс-монтаждау жұмыстарының бекітілген жобалық шешімдерге сәйкес келмеуі;
2) тұрғызылатын не тұрғызылған объектілердің орнықтылығын, сенімділігін және беріктігін қамтамасыз етпейтін жобалық (жобалау-сметалық) құжаттамаға сараптаманың (сараптамалық бағаның) оң қорытындысын беру;
3) орындалған жұмыстың сапасын, мерзімін, қабылдап алынуын және объектінің пайдалануға берілуін қоса алғанда, жобаны іске асыру сатысындағы бұзушылық;
4) ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау бойынша бекітілген құрылыс нормаларының талаптарын бұза отырып орындалған және ғимараттардың, құрылыстардың, олардың бөліктерінің немесе жекелеген конструкциялық элементтерінің пайдалану сапасын нашарлатуға, олардың беріктігін, орнықтылығын төмендетуге әкеп соғуы мүмкін дұрыс емес деректерді қамтитын қорытынды беру;
5) аккредиттелген заңды тұлғалардың біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі –
заңды тұлғаларға бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –
аккредиттеу туралы куәлігінен айыра отырып, заңды тұлғаларға жеті жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 20-тарау 317-1-баппен толықтырылды - ҚР 28.10.2015 № 366-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).317-2-бап. Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы заңнамасы мен өзге де нормативтік және нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын бұза отырып жобалау және құрылыс процесіне қатысушы инженер-техник жұмыскерлерді аттестаттау
1. Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы заңнамасы мен өзге де нормативтік және нормативтік-құқықтық актілерінің талаптарын бұза отырып жобалау және құрылыс процесіне қатысушы инженер-техник жұмыскерлерді аттестаттау –
заңды тұлғаларға бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –
аккредиттеу туралы куәлігінен айыра отырып, заңды тұлғаларға жеті жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 20-тарау 317-2-баппен толықтырылды - ҚР 28.10.2015 № 366-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).318-бап. Техникалық регламенттерде белгіленген талаптарды қоспағанда, объектілер мен кешендерді қабылдаудың және пайдалануға берудің белгіленген тәртібін бұзу
Ескерту. 318-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР 05.10.2018 № 184-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Техникалық регламенттерде белгіленген талаптарды қоспағанда, сәулет-құрылыс қызметі саласындағы мемлекеттік нормативтердің талаптарын бұза отырып, объектілер мен кешендерді қабылдаудың және пайдалануға берудің белгіленген тәртібін бұзу –
жеке тұлғаларға, лауазымды адамдарға – елу, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – алты жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 318-бап жаңа редакцияда - ҚР 29.12.2014 № 269-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 05.10.2018 № 184-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.Өндірістік, тұрғын үй, шаруашылық, гидротехникалық (су шаруашылығы) немесе тұрмыстық объектілерді жерге тиісті құқықсыз заңсыз салу –
заңсыз тұрғызылған немесе тұрғызылып жатқан құрылысты мәжбүрлеп бұза отырып не онсыз, жеке тұлғаларға – он бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
320-бап. Қазақстан Республикасының тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы заңының және Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасының талаптарын бұзу
1. Құрылыс салушының, уәкілетті компанияның, инжинирингтік компанияның осы баптың екінші және 2-1-бөліктерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы заңының талаптарын, оның ішінде ашылуға жататын ақпараттың мазмұнына, сондай-ақ оны тарату тәртібіне қойылатын талаптарды бұзуы не құрылыс салушының, уәкілетті компанияның, инжинирингтік компанияның дәл емес, толық емес немесе анық емес ақпаратты таратуы –
заңды тұлғаларға үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Құрылыс салушының, уәкілетті компанияның республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органына Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген мәліметтер мен есептілікті ұсынбауы не олардың анық емес мәліметтер мен есептілікті, сол сияқты инжинирингтік компанияның көппәтерлі тұрғын үй құрылысының барысына мониторинг жүргізу нәтижелері туралы анық емес немесе толық емес есепті ұсынуы – заңды тұлғаларға үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2-1. Қазақстан Республикасының тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы заңнамасына сәйкес үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсатты немесе Тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторының кепілдігін алмай жеке, заңды тұлғалардың және (немесе) қызметін бірлескен қызмет туралы шартқа сәйкес жүзеге асыратын тұлғалардың (жай серіктестік, консорциум) ақшасын тарту –
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жеті жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір мың, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2-2. Үлескерлердің ақшасын тартуға тиісті рұқсатсыз немесе "Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген, тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуға кепілдік беру туралы шартсыз жеке, заңды тұлғалардың және (немесе) қызметін бірлескен қызмет туралы шартқа сәйкес жүзеге асыратын тұлғалардың (жай серіктестік, консорциум) ақшасын тартуға бағытталған, сондай-ақ тұрғын үйлердің (тұрғын ғимараттардың) бекітілген құрылыс жобасындағы сыныптамасына сәйкес келмейтін салынып жатқан көппәтерлі тұрғын үйлердің және (немесе) жеке тұрғын үй кешендерінің жарнамасын шығару, тарату және (немесе) орналастыру –
жеке тұлғаларға – екі жүз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – бес жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жеті жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасаған әрекеттер (әрекетсіздік), сол сияқты осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жауаптылыққа тартуға алып келген бұзушылықтарды жоймау – үлескерлер ақшасын тартуға рұқсаттың қолданылуын үш айға дейінгі мерзімге тоқтата тұруға алып келеді.
4. Көппәтерлі тұрғын үй мүлкінің меншік иелері бірлестігі төрағасының, пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері кондоминиум объектісін басқарудың тікелей бірлесіп басқару түріндегі нысанын таңдаған кезде кондоминиум объектісін басқару субъектілерінің Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасында көзделген жағдайларда екінші деңгейдегі банктерде кондоминиум объектісін басқаруға арналған ағымдағы шотты және (немесе) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге ақша жинақтауға арналған жинақ шотын ашу мерзімдерін бұзуы –
елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
5. Көппәтерлі тұрғын үй мүлкінің меншік иелері бірлестігі төрағасының, кондоминиум объектісін басқару субъектілерінің кондоминиум объектісін басқару бойынша ай сайынғы және жылдық есептерді ұсынудың Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасында көзделген мерзімдерін бұзуы –
елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
6. Осы баптың төртінші және бесінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) –
бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
7. Көппәтерлі тұрғын үйді салуды немесе реконструкциялауды жүзеге асыратын тапсырыс берушінің (құрылыс салушының) құжаттарды тұрғын үй инспекциясына немесе пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері кондоминиум объектісін басқару нысанын немесе пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері кондоминиум объектісін басқарудың тікелей бірлесіп басқару түріндегі нысанын таңдаған кезде кондоминиум объектісін басқару субъектісін таңдағаннан кейін қағаз және (немесе) электрондық жеткізгіштерде қабылдау-беру актісі бойынша ұсынудың Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасында көзделген мерзімдерін бұзуы –
жеке тұлғаларға – бір жүз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
8. Көппәтерлі тұрғын үй мүлкінің меншік иелері бірлестігі төрағасының, пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері кондоминиум объектісін басқарудың тікелей бірлесіп басқару түріндегі нысанын таңдаған кезде кондоминиум объектісін басқару субъектісінің кондоминиум объектісін басқару нысандары немесе кондоминиум объектісін басқару субъектісі ауысқан немесе кондоминиум объектісін басқару жөніндегі өз қызметін тоқтатқан кезде құжаттаманы және өзге де техникалық құралдар мен жабдықтарды қабылдау-беру актісі бойынша ұсынудың Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасында көзделген мерзімдерін бұзуы, сол сияқты қабылдау-беру актісіне қол қоюдан бас тартуы –
жеке тұлғаларға – елу, заңды тұлғаларға бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
9. Осы баптың жетінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет (әрекетсіздік) –
жеке тұлғаларға – екі жүз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – екі жүз қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
10. Осы баптың сегізінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) –
жеке тұлғаларға – бір жүз, заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
11. Көппәтерлі тұрғын үй мүлкінің меншік иелері бірлестігі төрағасының, кондоминиум объектісін басқару субъектісінің инженерлік желілер мен жабдықтарды жылыту маусымына дайындау жөніндегі іс-шараларды өткізбеуі –
елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
12. Осы баптың он бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет (әрекетсіздік) –
бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескертпе. Осы баптың төртінші, бесінші, алтыншы, сегізінші және оныншы бөліктерінде көзделген құқық бұзушылықтар үшін салынған айыппұл сомасын кондоминиум объектісін басқаруға қаражатты есепке жатқызуға арналған ағымдағы шоттағы, сондай-ақ кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жинақ шотындағы ақша есебінен төлеуге болмайды.
Ескерту. 320-бап жаңа редакцияда - ҚР 07.04.2016 № 487-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді – ҚР 26.12.2019 № 284-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.07.2025 № 209-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 17.11.2025 № 232-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.321-бап. Техникалық регламенттерде белгіленген талаптарды қоспағанда, құрылысты техникалық және (немесе) авторлық қадағалауларды қатар жүргізбей жүзеге асыру
Ескерту. 321-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР 05.10.2018 № 184-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Техникалық регламенттерде белгіленген талаптарды қоспағанда, құрылысты техникалық және (немесе) авторлық қадағалауларды қатар жүргізбей жүзеге асыру –
жеке тұлғаларға – қырық, лауазымды адамдарға – бір жүз алпыс, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескерту. 321-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 21.01.2019 № 217-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.10.2018 № 184-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.322-бап. Техникалық регламенттерде белгіленген талаптарды қоспағанда, үй-жайларды заңсыз қайта жабдықтау және қайта жоспарлау
Ескерту. 322-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР 05.10.2018 № 184-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Техникалық регламенттерде белгіленген талаптарды қоспағанда, қолданыстағы ғимараттардағы тұрғын және тұрғын емес үй-жайларды сәулет-құрылыс жобасынсыз және жергілікті атқарушы органдардың сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшелерінің тиісті шешімінсіз заңсыз қайта жабдықтау және қайта жоспарлау –
жеке тұлғаларға – отыз, лауазымды тұлғаларға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – тоқсан, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Ғимараттардың беріктігінің және орнықтылығының толық жойылуына (қирауына) әкеп соққан немесе әкеп соғуы мүмкін дәл сол әрекеттер –
жеке тұлғаларға – сексен, лауазымды тұлғаларға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз сексен, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескертпелер.
1. Үйлер, құрылыстар, ғимараттар, олардың бөліктері немесе жекелеген конструкциялық элементтері беріктігінің, орнықтылығының, сенімділігінің төмендеуіне және жойылуына, тұрғызылып жатқан объектілердің пайдалану сапасының нашарлауына, қоршаған ортаға теріс әсер етуіне әкеп соғатын, аумақтарды қала құрылысына игеру, объектілер мен кешендерді жобалау, салу, реконструкциялау, реставрациялау, жаңғырту, күрделі жөндеу және абаттандыру кезінде техникалық регламенттерді қоспағанда, міндетті талаптарды, құрылыс нормалары мен қағидаларын, жобаларды, басқа да нормативтік актілерді сақтамау, сондай-ақ объектілер құрылысының және оларды пайдалануға қабылдаудың белгіленген ұйымдастыру-құқықтық тәртібін бұзатын әрекеттер құрылыс саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық деп түсініледі.
2. Материалдың, конструкцияның, бұйымның, олардың түйіскен тораптарының, ғимараттың және құрылыстың негізгі топырақ қабатының есептік мәндегі салмақтың түсуіне және әсерлеріне бүлінбей төтеп беру қабілеті беріктік деп түсініледі.
3. Ғимараттың, құрылыстың есептемелік әсерлерге және салмақ түсу ықпалына орнықты тепе-теңдік күйін сақтап қалу қасиеті орнықтылық деп түсініледі.
4. Ғимараттың, құрылыстың, оның инженерлік жүйелерінің, тіреу және қоршау конструкцияларының нормаланатын көрсеткіштердің мәндерімен айқындалған функцияларды орындау қабілеті сенімділік деп түсініледі.
5. Ғимараттар мен құрылыстар салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, техникалық қайта жарақтандыруға, күрделі жөндеуге және жұмыстардың басқа да түрлеріне арналған жобалау алдындағы (құрылысқа салынатын инвестиция негіздемелері, техникалық-экономикалық негіздемелер) және жобалау құжаттамасы (жоба, жұмыс жобасы және жобалардың басқа да түрлері) жөніндегі жұмыстар жобалау жұмыстары деп түсініледі.
Ескерту. 322-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 28.10.2015 № 366-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.10.2018 № 184-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.323-бап. Техникалық регламенттерде белгіленген талаптарды қоспағанда, белгіленген тәртіппен пайдалануға берілмеген объектілер мен кешендерді пайдалану
Ескерту. 323-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР 05.10.2018 № 184-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Техникалық регламенттерде белгіленген талаптарды қоспағанда, құрылысы аяқталған, бірақ белгіленген тәртіппен пайдалануға берілмеген объектілерді, кешендерді немесе олардың жекелеген бөліктерін пайдалану (тұру, кіріс алу мақсатында қызметтер көрсету, өнім өндіру) -
жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 323-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 05.10.2018 № 184-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).323-1-бап. Техникалық регламенттерде белгіленген талаптарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңнамасын бұзу
Ескерту. 323-1-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР 05.10.2018 № 184-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Техникалық регламенттерде белгіленген талаптарды қоспағанда, сәулет, қала құрылысы және құрылыс, сондай-ақ мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың қала құрылысы және сәулет-құрылыс құжаттамасына, құрылыс қызметін жүзеге асыруға, оның ішінде құрылыс сапасына әсер ететін, өздеріне Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген талаптарын орындамауы немесе тиісінше орындамауы –
лауазымды тұлғаларға бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –
лауазымды тұлғаларға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 20-тарау 323-1-баппен толықтырылды - ҚР 28.10.2015 № 366-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР 05.10.2018 № 184-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.05.2020 № 337-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. 21-тарау. ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ, ТАБИҒИ РЕСУРСТАРДЫ ПАЙДАЛАНУ
САЛАСЫНДАҒЫ ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР
324-бап. Қоршаған ортаны қорғау жөніндегісанитариялық-эпидемиологиялық және экологиялық талаптарды бұзу
1. Осы Кодекстің 416-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі санитариялық-эпидемиологиялық және экологиялық талаптардың нормаларын, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді бұзу –
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – он бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Лауазымды адамдардың қоршаған ортаны қорғау жөніндегі санитариялық-эпидемиологиялық және экологиялық талаптардың белгіленген нормаларын арттыруға немесе төмендетуге нұсқаулар немесе рұқсаттар беруі –
жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 324-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 02.01.2021 № 403-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.325-бап. Өндірістік экологиялық бақылауды жүргізу талаптарын бұзу
Өндірістік экологиялық бақылауды жүргізу талаптарын бұзу –
жеке тұлғаларға – жиырма бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – алпыс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
326-бап. Экологиялық рұқсаттың шарттарын орындамау
1. Экологиялық рұқсаттың шарттарын орындамау –
лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Экологиялық рұқсаттың сол бір шарттарына қатысты осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған, ал ірі кәсіпкерлік субъектілері үш жыл ішінде қайталап жасаған әрекет –
лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бес жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, экологиялық залал келтірумен ұштасқан әрекет –
экологиялық рұқсаттың қолданысын тоқтата тұрып немесе онсыз, лауазымды адамдарға – екі жүз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жеті жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір мың, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
4. Жеке және заңды тұлғалардың экологиялық рұқсаттың қолданысы тоқтатыла тұрған бұзушылықтарды белгіленген мерзімде жоймауы –
экологиялық рұқсаттан айыруға алып келеді.
Ескертпелер:
1. Экологиялық рұқсат шарттарын бұзғаны үшін осы бапта көзделген жауаптылық экологиялық рұқсаттың шарттарын жекелеген бұзушылық үшін осы тараудың басқа баптарына сәйкес әкімшілік жауаптылық көзделмеген жағдайларда туындайды.
2. Егер экологиялық рұқсат бірнеше объектіге берілген жағдайда, осы баптың үшінші бөлігіне сәйкес тоқтатыла тұрған экологиялық рұқсаттың қолданысы бұзушылық жойылмаған объекті бойынша тоқтатылады.
Ескерту. 326-бап жаңа редакцияда – ҚР 02.01.2021 № 403-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.327-бап. Ластаушы заттардың өндірістік нормативтен тыс тасталуы мен шығарылуы, қалдықтардың орналастырылуы туралы хабарламау
Ескерту. 327-бап алып тасталды – ҚР 02.01.2021 № 403-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
327-1-бап. Қазақстан Республикасының экология заңнамасында көзделген міндетті мәліметтерді ұсыну жөніндегі талаптарды бұзу
1. Қазақстан Республикасының экология заңнамасында көзделген міндетті мәліметтерді ұсынбау, толық ұсынбау немесе уақтылы ұсынбау −
жеке тұлғаларға − жиырма бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған, ал ірі кәсіпкерлік субъектілері үш жыл ішінде қайталап жасаған не қоршаған ортаға ластағыш заттардың өндірістік нормативтен тыс эмиссияларымен, қалдықтарды жинақтау немесе көму лимиттерін асырумен және қоршаған ортаға басқа да жағымсыз әсер етуімен ұштасқан әрекеттер –
жеке тұлғаларға – елу, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
3. Қазақстан Республикасының экология заңнамасында көзделген анық емес міндетті мәліметтерді ұсыну –
жеке тұлғаларға − бір жүз, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – үш жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – төрт жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне алты жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған, ал ірі кәсіпкерлік субъектілері үш жыл ішінде қайталап жасаған не экологиялық рұқсатты бұзумен немесе қоршаған ортаны қорғау жөніндегі міндетті іс-шараларды орындамаумен ұштасқан әрекет –
жеке тұлғаларға – екі жүз, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – алты жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – сегіз жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескерту. 327-1-баппен толықтырылды – ҚР 02.01.2021 № 403-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.327-2-бап. Келтірілген экологиялық залалды ремедиациялауды (жоюды) тиісінше жүргізбеу немесе жүргізбеу
1. Келтірілген экологиялық залалды ремедиациялауды (жоюды) тиісінше жүргізбеу, егер бұл әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, –
жеке тұлғаларға – екі жүз, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жеті жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір мың, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Келтірілген экологиялық залалды ремедиациялауды (жоюды) жүргізбеу –
тиісті экологиялық рұқсаттың қолданысын немесе қызметті тоқтата тұрып, бұзушылық жасау нәтижесінде алынған экономикалық пайда сомасының бір жүз пайызы мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескерту. 327-2-баппен толықтырылды – ҚР 02.01.2021 № 403-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.328-бап. Қоршаған ортаға жол берілетін антропогендік әсер ету нормативтерін бұзу
1. Шығарындылардың технологиялық нормативтерін, төгінділердің технологиялық нормативтерін, эмиссиялардың технологиялық үлестік нормативтерін немесе қоршаған ортаға эмиссиялардың нормативтерін асыру, экологиялық рұқсатта көрсетілмеген көздерден эмиссияларды жүзеге асыру, сол сияқты қоршаған ортаға жағымсыз әсер ететін жұмыс істеп тұрған объектіге жаңадан берілген экологиялық рұқсатсыз эмиссияларды жүзеге асыру –
жеке тұлғаларға – бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, заңды тұлғаларға ластағыш заттардың асып кеткен мөлшеріне қатысты қоршаған ортаға жағымсыз әсер еткені үшін тиісті төлемақы мөлшерлемесінің он мың пайызы мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін эмиссиялардың сол бір көзінде бір жыл ішінде қайталап жасалған, ал ірі кәсіпкерлік субъектілері үш жыл ішінде қайталап жасаған әрекеттер –
жеке тұлғаларға – екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, заңды тұлғаларға ластағыш заттардың асып кеткен мөлшеріне қатысты қоршаған ортаға жағымсыз әсер еткені үшін тиісті төлемақы мөлшерлемесінің жиырма мың пайызы мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
3. Шығарындылардың технологиялық нормативтерін, төгінділердің технологиялық нормативтерін, эмиссиялардың технологиялық үлестік нормативтерін немесе қоршаған ортаға эмиссиялардың нормативтерін бір жыл ішінде жүйелі түрде (екі реттен көп) асыру, экологиялық рұқсатта көрсетілмеген көздерден эмиссияларды жүзеге асыру не ұзақтығы қатарынан үш сағаттан асатын эмиссиялар нормативтерін екі есе асыру, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, –
тиісті эмиссия көзін немесе өндірістік учаскені пайдалану жөніндегі экологиялық рұқсаттың қолданысын тоқтата тұрып, жеке тұлғаларға – екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, заңды тұлғаларға ластағыш заттардың асып кеткен мөлшеріне қатысты қоршаған ортаға жағымсыз әсер еткені үшін тиісті төлемақы мөлшерлемесінің жиырма мың пайызы мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
4. Қоршаған ортаға жағымсыз әсер ететін жаңадан пайдалануға берілген объект үшін алынуы міндетті болып табылған экологиялық рұқсатсыз не қоршаған ортаға әсер ету туралы міндетті декларациясыз қоршаған ортаға антропогендік әсер етуді жүзеге асыру –
қызметіне үш жылға дейінгі мерзімге тыйым сала отырып, жеке тұлғаларға – екі жүз, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жеті жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, орта және ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бұзушылық нәтижесінде алынған экономикалық пайда сомасының екі жүз пайызы мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
5. Ластағыш заттар шығарындыларының, төгінділерінің декларацияланған көрсеткіштерімен, жинақталатын және көмілуге жататын қалдықтардың мөлшерімен салыстырғанда анық еместігі қоршаған ортаға антропогендік әсер етудің асып кетуінен көрінген, қоршаған ортаға әсер ету туралы анық емес декларацияны ұсыну –
қызметін тоқтата тұрып немесе онсыз, жеке тұлғаларға – бір жүз, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жеті жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!6-бөлік жаңа редакцияда көзделген – ҚР 19.06.2026 № 318-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
6. Қалдықтарды жинақтау немесе көму лимиттерін бұзу –
белгіленген лимиттен тыс жинақталған немесе көмілген қалдықтардың мөлшеріне қатысты қалдықтарды көмгені үшін төлемақы мөлшерлемесінің он мың пайызы мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
7. Осы баптың алтыншы бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін қалдықтарды жинақтаудың немесе көмудің сол бір объектісінде бір жыл ішінде қайталап жасалған, ал ірі кәсіпкерлік субъектілері үш жыл ішінде қайталап жасаған әрекет –
экологиялық рұқсаттың қолданысын тоқтата тұрып немесе онсыз, белгіленген лимиттен тыс жинақталған немесе көмілген қалдықтардың мөлшеріне қатысты қалдықтарды көмгені үшін төлемақы мөлшерлемесінің жиырма мың пайызы мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
8. Қалдықтарды жинақтау мерзімдерін бұзу –
Қазақстан Республикасының экология заңнамасында белгіленген мерзімнен тыс әрбір күн үшін жинақталған қалдықтардың мөлшеріне қатысты қалдықтарды көмгені үшін төлемақы мөлшерлемесінің бір жүз пайызы мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
9. Көмірсутектерді барлау және (немесе) өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде түзілетін күкіртті ашық түрде күкірт карталарында орналастыру лимиттерін бұзу –
белгіленген лимиттен тыс ашық түрде орналастырылған күкірт массасына қатысты төлемақы мөлшерлемесінің он мың пайызы мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
10. Экологиялық рұқсатсыз, көмірсутектерді барлау және (немесе) өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде түзілетін күкіртті ашық түрде күкірт карталарында орналастыру –
экологиялық рұқсатсыз ашық түрде орналастырылған күкірт массасына қатысты төлемақы мөлшерлемесінің жиырма мың пайызы мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
11. Қоршаған ортаға жол берілетін физикалық әсер ету нормативтерін бұзу –
жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескертпелер:
1. Осы баптың бірінші, екінші және үшінші бөліктерінің мақсаттары үшін Қазақстан Республикасының салық заңнамасында тиісті төлемақы мөлшерлемесі белгіленбеген ластағыш заттардың шығарындылары немесе төгінділері бойынша әкімшілік жаза сомасын айқындау кезінде төлемақы мөлшерлемесі ластағыш заттар шығарындыларының бір тоннасы үшін елу айлық есептік көрсеткішке немесе ластағыш заттар төгінділерінің бір тоннасы үшін бір мың екі жүз айлық есептік көрсеткішке тең сома мөлшерінде танылады.
2. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінің мақсаттары үшін жаңадан берілген экологиялық рұқсатсыз эмиссияларды жүзеге асыру деп бұрын берілген экологиялық рұқсаттың қолданысы аяқталған, кері қайтарып алынған немесе тоқтатылған (айыруды қоса алғанда), бірақ бұл ретте антропогендік әсер етуді жүзеге асыруды жалғастыру үшін жаңа міндетті экологиялық рұқсат берілмеген қоршаған ортаға жағымсыз әсер ететін объектінің эмиссияларды жүзеге асыру жағдайлары түсініледі.
3. Осы баптың төртінші бөлігінің мақсаттары үшін қоршаған ортаға жағымсыз әсер ететін жаңадан пайдалануға берілген объекті деп құрылысына немесе пайдаланылуына бұрын міндетті экологиялық рұқсат немесе мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы берілмеген объект танылады.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!4-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 19.06.2026 № 318-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), (01.01.2028 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
4. Осы баптың бірінші, екінші және үшінші бөліктерінің мақсаттары үшін ілеспе және (немесе) табиғи газды алау етіп жағудан болатын ластағыш заттардың шығарындылары үшін айыппұлды есептеу кезінде "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 576-бабының 2-тармағында белгіленген стационарлық көздерден ластағыш заттардың шығарындылары үшін төлемақы мөлшерлемелері қолданылады.
Бұл ретте алаулардағы күкірт диоксидінің, азот диоксидінің, көміртегі тотықтарының шығарындылары үшін тиісінше "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 576-бабының 2-тармағында белгіленген күкірт оксидтерінің (SOₓ), азот оксидтерінің (NOₓ), көміртегі монооксидінің шығарындылары үшін төлемақы мөлшерлемелері қолданылады. Меркаптан шығарындылары үшін айыппұлды есептеу кезінде "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 576-бабының 3-тармағында белгіленген тиісті төлемақы мөлшерлемесі қолданылады.
Ескерту. 328-бап жаңа редакцияда – ҚР 02.01.2021 № 403-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 02.07.2021 № 63-VII (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.ЗҚАИ-ның ескертпесі!
328-1-баппен толықтыру көзделген – ҚР 19.06.2026 № 318-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
329-бап. Парниктік газдар шығарындыларына квотаның белгіленген және қосымша алынған көлемінен асып кету
Парниктік газдар шығарындыларына квотаның белгіленген және қосымша алынған көлемінен асып кету – қондырғы операторларына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сатып алынған квоталар бірліктерімен және (немесе) жобаларды іске асыру нәтижесінде алынған көміртегі бірліктерімен өтелмеген, квотаның белгіленген көлемінен асатын әрбір бірлігі үшін бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 329-бап жаңа редакцияда - ҚР 08.04.2016 № 491-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).330-бап. Валидация және верификация жөніндегі аккредиттелген тәуелсіз ұйымдардың, аккредиттелген органдардың верификация және валидация туралы дұрыс емес деректерді ұсынуы
Валидация және верификация жөніндегі аккредиттелген тәуелсіз ұйымдардың, аккредиттелген органдардың верификация және валидация туралы дұрыс емес деректерді ұсынуы – аккредиттеу туралы аттестаттың немесе аккредиттеу туралы куәліктің қолданылуын тоқтата тұрып, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 330-бап жаңа редакцияда - ҚР 08.04.2016 № 491-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).331-бап. Атмосфералық ауаны қорғау және су объектілерін ластану мен қоқыстанудан қорғау жөніндегі талаптарды бұзу
1. Атмосфералық ауаға ластағыш заттардың шығарындыларын және сарқынды сулардың төгіндісін тазалау және (немесе) бақылау үшін құрылысжайларды немесе жабдықты пайдалану қағидаларын бұзу немесе ақаулы құрылысжайларды немесе жабдықты пайдалану –
жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – сексен, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – төрт жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне сегіз жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін сол бір құрылысжайға, жабдыққа немесе эмиссия көзіне қатысты бір жыл ішінде қайталап жасалған, ал ірі кәсіпкерлік субъектілері үш жыл ішінде қайталап жасаған әрекет –
жеке тұлғаларға – қырық, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – алты жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
3. Атмосфералық ауаға ластағыш заттардың шығарындыларын және сарқынды сулардың төгіндісін тазалау және (немесе) бақылау үшін құрылысжайларды немесе жабдықты пайдаланбау –
жеке тұлғаларға – бір жүз, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – төрт жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жеті жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін сол бір құрылысжайға, жабдыққа, эмиссия көзіне қатысты бір жыл ішінде қайталап жасалған, ал ірі кәсіпкерлік субъектілері үш жыл ішінде қайталап жасаған әрекет –
эмиссия көзіне немесе өндірістік учаскеге қатысты экологиялық рұқсаттың қолданысын тоқтата тұрып не онсыз, жеке тұлғаларға – екі жүз, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жеті жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бұзушылық нәтижесінде алынған экономикалық пайда сомасының бір жүз пайызы мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескерту. 331-бап жаңа редакцияда – ҚР 02.01.2021 № 403-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.ЗҚАИ-ның ескертпесі!
332-баптың тақырыбына өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 19.06.2026 № 318-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
332-бап. Қазақстан Республикасы заңнамасының мемлекеттік экологиялық сараптаманы міндетті түрде жүргізу туралы талаптарын орындамау
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
1-бөлікке өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 19.06.2026 № 318-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Қазақстан Республикасы заңнамасының мемлекеттік экологиялық сараптаманы міндетті түрде жүргізу туралы талаптарын орындамау немесе мемлекеттік экологиялық сараптамадан өтпеген жобалар мен бағдарламаларды қаржыландыру –
жеке тұлғаларға – елу, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне төрт жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!2-бөлікке өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 19.06.2026 № 318-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
2. Мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысында қамтылған талаптарды орындамау –
жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне үш жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескерту. 332-бап жаңа редакцияда – ҚР 02.01.2021 № 403-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.333-бап. Шығарындыларда ластаушы заттардың болуы нормативтерден асып кететін көлік құралдарын және басқа да жылжымалы құралдарды шығару
1. Техникалық регламенттерде көзделген жағдайларды қоспағанда, шығарындыларында ластаушы заттардың болуы, сондай-ақ олардың жұмыс істеуі кезінде шығатын шудың деңгейі белгіленген нормативтерден асып кететін автомобильдерді, ұшақтарды, кемелерді және басқа да жылжымалы құралдарды және қондырғыларды пайдалануға шығару –
лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –
қызметті тоқтата тұрып немесе оған тыйым салына отырып не онсыз, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – сексен, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 333-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 05.10.2018 № 184-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).334-бап. Шығарындыларда ластаушы заттардың болу нормативтерінен (техникалық нормативтерден) асыра отырып, автомотокөлік құралдары мен басқа да жылжымалы құралдарды пайдалану
1. Шығарындыларда ластағыш заттардың болуы, сондай-ақ олардың жұмыс істеуі кезінде шығатын шудың деңгейі белгіленген нормативтерден (техникалық нормативтерден) асатын автомотокөлік құралдарын және басқа да жылжымалы құралдар мен қондырғыларды пайдалану –
жеке тұлғаларға – он, заңды тұлғаларға бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –
жеке тұлғаларға – жиырма, заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескерту. 334-бап жаңа редакцияда – ҚР 02.01.2021 № 403-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.335-бап. Атмосфералық ауаны қорғау жөніндегі заңнаманы бұзу
Ескерту. 335-бап алып тасталды – ҚР 02.01.2021 № 403-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
336-бап. Қалдықтарды жинап қою немесе жағу кезінде атмосфералық ауаны қорғау және өрт қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды сақтамау
Қалдықтарды жинап қою немесе жағу кезінде атмосфералық ауаны қорғау және өрт қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды сақтамау –
жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға – елу, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескерту. 336-бап жаңа редакцияда – ҚР 02.01.2021 № 403-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.1. Топырақтың құнарлы қабатын сыдырып алу топырақтың құнарлы қабатының біржола жоғалуын болғызбау үшін қажет болған жағдайларды қоспағанда, топырақтың құнарлы қабатын, оның ішінде басқа тұлғаларға сату немесе беру мақсатында жою немесе заңсыз сыдырып алу –
жеке тұлғаларға – қырық, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жеті жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір мың, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Жердің тозуына немесе адамның денсаулығына зиян келтірмей топырақ құнарлылығының нашарлауына алып келген, жерді агрохимикаттармен, пестицидтермен, тыңайтқыштармен, өсімдіктерді өсіру стимуляторымен және өзге де қауіпті биологиялық және радиоактивті заттармен оларды сақтау, пайдалану немесе тасымалдау кезінде ластау немесе өзге де бүлдіру, сол сияқты бактериялық-паразиттік немесе ерекше зиянды организмдерді жұқтыру –
жеке тұлғаларға – он бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Жерді экологиялық залал келтіруге алып келмеген қауіпті химиялық заттармен ластау –
жеке тұлғаларға – бір жүз, лауазымды адамдарға және шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – үш жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бес жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
4. Жерді экологиялық залал келтіруге алып келген қауіпті химиялық заттармен ластау, егер бұл әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, –
жеке тұлғаларға – екі жүз, лауазымды адамдарға және шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жеті жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір мың, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескерту. 337-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.10.2019 № 268-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 403-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.01.2023 № 187-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.03.2023 № 208-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.338-бап. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымсыз пайдалану немесе пайдаланбау
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымсыз пайдалану немесе пайдаланбау –
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жетпіс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
339-бап. Жер учаскелері меншік иелерінің және жер пайдаланушылардың жер учаскелерін пайдалану жөніндегі міндеттерді орындамауы
1. Жер учаскелері меншік иелерінің және жер пайдаланушылардың:
1) жерді нысаналы мақсатына сай емес, ал елді мекендер жерінде – функционалдық аймаққа сәйкес емес пайдаланудан;
2) жер қатынастары саласындағы заңда көзделген жерді қорғау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырмаудан;
3) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органды ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерде жер пайдалану құқығын иеліктен шығару туралы хабардар етпеуден немесе уақтылы хабардар етпеуден көрінетін жер учаскелерін пайдалану жөніндегі міндеттерді орындамауы –
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет (әрекетсіздік) –
жеке тұлғаларға – он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 339-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.10.2019 № 268-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.01.2023 № 187-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.03.2023 № 208-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.340-бап. Уақытша иеленіп отырған жерді одан әрі мақсатына сай пайдалануға жарамды күйге келтіру жөніндегі міндеттерді орындамау
Уақытша иеленіп отырған жерді одан әрі мақсатына сай пайдалануға жарамды күйге келтіру жөніндегі міндеттерді орындамау -
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
341-бап. Тұрғын үй құрылысы, арнайы жер қоры үшін жер учаскелерінің бар екендігі туралы ақпаратты жасыру
Жеке тұрғын үйлер құрылысы, арнайы жер қоры үшін жер учаскелерінің бар екендігі туралы ақпаратты жасыру, оны бұрмалау, жер учаскелерін бөлуден негізсіз бас тарту –
жергілікті атқарушы органдардың лауазымды адамдарына он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
342-бап. Жерді мемлекеттік тіркеу, есепке алу және бағалау мәліметтерін бұрмалау
Жерді мемлекеттік тіркеу, есепке алу және бағалау мәліметтерін қасақана бұрмалау –
лауазымды адамдарға жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
342-1-бап. Мемлекеттік жер кадастрын жүргізу саласындағы бұзушылықтар
Мыналарға:
1) жер учаскесінің кадастрлық ісін қалыптастыруға;
2) жерді экономикалық бағалауды және оған мониторинг жүргізуді қамтитын, жерлердің сапасын есепке алуға, топырақтық, геоботаникалық, агрохимиялық зерттеп-қарауларды және топырақты бонитирлеуді жүргізуге;
3) мемлекеттік тіркеу мақсаттары үшін жердің көлемін, жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушыларды, сондай-ақ жер құқығы қатынастарының басқа да субъектілерін есепке алуға;
4) жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындауды; елді мекендерде жер учаскелері үшін төлемақының базалық мөлшерлемелеріне түзету коэффициенттерін белгілей отырып, бағалау аймақтары шекараларының схемаларын жасауды; жер учаскелері үшін төлемақының базалық мөлшерлемелерін есептеуді; ауыл шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттар үшін ауыл шаруашылығы алқаптарын алып қою кезінде ауыл шаруашылығы өндірісінің ысырабын айқындауды қамтитын жерлерді мемлекеттік кадастрлық бағалауға;
5) қағаз жеткізгіштерде және электрондық нысанда жер учаскелері мен олардың субъектілері туралы деректер банкін, сондай-ақ басқа да жер-кадастрлық ақпаратты жинақтауға, өңдеуге және жүргізуге;
6) мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған цифрлық жүйесін жүргізуге;
7) жер-кадастрлық карталарды, оның ішінде цифрлық карталарды дайындауға және жүргізуге;
8) жер кадастры кітабын және жердің бірыңғай мемлекеттік тізілімін жүргізуге;
9) жер учаскесіне сәйкестендіру құжаттарын дайындауға және беруге;
10) жер-кадастрлық жоспарын дайындауға;
11) жер учаскелеріне кадастрлық нөмірлер беруге;
12) жер учаскелерінің паспорттарын дайындауға байланысты мемлекеттік жер кадастрын жүргізу саласындағы бұзушылық –
лауазымды адамдарға отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 21-тарау 342-1-баппен толықтырылды - ҚР 17.11.2015 № 408-V (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 30.12.2019 № 300-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.343-бап. Қазақстан Республикасының геодезия, картография және кеңістіктік деректер саласындағы заңнамасын бұзу
Ескерту. 343-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді – ҚР 15.03.2023 № 208-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
1. Геодезиялық және (немесе) картографиялық жұмыстарды:
1) геодезиялық және (немесе) картографиялық жұмыстарды орындауға мүмкіндік беретін, меншікті немесе жалға алынған салыстырып тексерілген аспаптар, жабдықтар және құрал-саймандар жиынтығы не зауыттық нөмірлері көрсетілген салыстырып тексерілген аспаптар, жабдықтар, құрал-саймандар жиынтығы бар тұлғалармен жасалған қызметтер көрсетуге арналған шарт;
2) штатында геодезия, картография және кеңістіктік деректер саласында жоғары немесе орта білімнен кейінгі білімі бар маман болмаған кезде жүзеге асыру –
жеке тұлғаларға – он бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жетпіс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –
жеке тұлғаларға – отыз бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жетпіс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 343-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.03.2023 № 208-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.343-1-бап. Қазақстан Республикасының метеорологиялық мониторинг саласындағы заңнамасының талаптарын бұзу
1. Метеорологиялық мониторинг саласындағы жұмыстарды:
1) алынған метеорологиялық ақпаратты белгіленген тәртіппен Ұлттық гидрометеорологиялық қызметке бермеу;
2) метеорологиялық ақпаратты шығарушылардың мемлекеттік тізіліміне енгізу үшін хабарламаны жіберу кезінде ұсынылған қандай да бір деректердің өзгерістері туралы хабардар етпеу не уақтылы хабардар етпеу түрінде міндетті талаптарды бұза отырып, жүзеге асыру –
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жетпіс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Метеорологиялық ақпаратты шығарушылардың мемлекеттік тізіліміне енгізу кезінде көрінеу анық емес ақпарат беру –
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – алпыс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған, ал ірі кәсіпкерлік субъектілері үш жыл ішінде қайталап жасаған әрекет –
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жетпіс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескерту. Кодекс 343-1-баппен толықтырылды – ҚР 02.01.2021 № 403-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.344-бап. Қалдықтарды басқару жөніндегі экологиялық талаптарды бұзу
1. Қазақстан Республикасының экология заңнамасында көзделген, қалдықтардың жекелеген түрлерін көмуге тыйым салуды бұзу –
бұзушылық жасау нәтижесінде алынған экономикалық пайда сомасының бір жүз пайызы мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!2-бөлікке өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 19.06.2026 № 318-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
2. Қалдықтарды жинақтауға немесе көмуге арналмаған арнайы белгіленген орындардан тыс оларды жинап қою, сол сияқты қалдықтарды экологиялық рұқсатсыз немесе қоршаған ортаға әсер ету туралы декларацияда мәлімделмеген қалдықтарды көму –
жеке тұлғаларға – елу, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бұзушылық нәтижесінде алынған экономикалық пайда сомасының бір жүз пайызы, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз пайызы мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!2-1-бөлікке өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 19.06.2026 № 318-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
2-1. Осы Кодекстің 434-2-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, жеткізу үшін көлік құралдары пайдаланылған кездейсоқ қоқыстардың түзілуі (қалдықтарды арнаулы белгіленген орындардан тыс жерге шығарып тастау) –
жеке тұлғаларға – бір жүз, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бес жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
3. Қалдықтарды жинақтау, жинау, тасымалдау, есепке алу, қалпына келтіру, жою және залалсыздандыру жөніндегі экологиялық талаптарды бұзу –
жеке тұлғаларға – қырық, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
4. Қалдықтарды басқару жөніндегі операцияларға қойылатын экологиялық талаптарды бұзу –
жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
4-1. Осы баптың 2-1-бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған, ал ірі кәсіпкерлік субъектілері үш жыл ішінде қайталап жасаған әрекет –
бұзушылықты жасау құралы болған көлік құралдары мен өзге де заттары тәркілене отырып немесе онсыз жеке тұлғаларға – екі жүз, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жеті жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір мың, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
5. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған, ал ірі кәсіпкерлік субъектілері үш жыл ішінде қайталап жасаған әрекет –
қауіпті қалдықтарды қайта өңдеуге, залалсыздандыруға, кәдеге жаратуға және (немесе) жоюға арналған лицензияның қолданысын тоқтата тұрып, жеке тұлғаларға – бір жүз, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескертпе. Осы баптың төртінші бөлігінде көзделген құқық бұзушылық үшін жауаптылық қалдықтарды басқару жөніндегі операцияларға қойылатын талаптарды жекелеген бұзушылық үшін осы баптың басқа бөліктеріне сәйкес әкімшілік жауаптылық көзделмеген жағдайларда туындайды.
Ескерту. 344-бап жаңа редакцияда – ҚР 02.01.2021 № 403-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.344-1-бап. Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерін орындау жөніндегі талаптарды бұзу
1. Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерін орындау жөніндегі талаптарды бұзу –
ескерту жасауға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет (әрекетсіздік) –
жеке тұлғаларға – он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 21-тарау 344-1-баппен толықтырылды - ҚР 17.11.2015 № 407-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).344-2-бап. Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторының міндеттерін және функцияларын орындамауы немесе тиісінше орындамауы
Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторының түскен ақшаны уақтылы немесе тиісінше бөлмеуі, өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторына жүктелген міндеттерді және функцияларды орындамауы немесе тиісінше орындамауы –
өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторының бірінші басшысына бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 21-тарау 344-2-баппен толықтырылды - ҚР 17.11.2015 № 407-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).345-бап. Көмірсутектер және уран бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану жөніндегі қағидаларды бұзу
Пайдалы қазбалардың қалған қорлары сапасының нашарлауына, олардың жобадан тыс және нормативтен тыс негізсіз ысыраптарына алып келген, көмірсутектер және уран бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану жөніндегі қағидаларды бұзу –
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескерту. 345-бап жаңа редакцияда - ҚР 27.12.2017 № 126-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).346-бап. Жобалау құжатында көзделмеген жұмыс түрлерін, тәсілдері мен әдістерін қолдана отырып пайдалы қатты қазбаларды барлау және (немесе) өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу
Жобалау құжатында көзделмеген жұмыс түрлерін, тәсілдері мен әдістерін қолдана отырып пайдалы қатты қазбаларды барлау және (немесе) өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу, сол сияқты белгіленген мерзімде құзыретті органды (келісімшарт тарапы болып табылатын және (немесе) жер қойнауын пайдалануға арналған лицензия берген мемлекеттік органды) жобалау құжаттарына өзгерістер енгізу туралы хабардар етпеу –
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескерту. 346-бап жаңа редакцияда - ҚР 27.12.2017 № 126-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).347-бап. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде экологиялық талаптарды бұзу
1. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде экологиялық талаптарды бұзу, егер бұл іс-әрекет экологиялық залал келтіруге алып келмесе, –
жеке тұлғаларға – он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған, ал ірі кәсіпкерлік субъектілері үш жыл ішінде қайталап жасаған әрекет –
жеке тұлғаларға – он бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескерту. 347-бап жаңа редакцияда – ҚР 02.01.2021 № 403-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.348-бап. Пайдалы қазбалар қорларына мемлекеттік сараптаманы жүзеге асырмай көмірсутектерді өндіру жөніндегі жұмыстарды жүргізу
Пайдалы қазбалар қорларына мемлекеттік сараптаманы жүзеге асырмай көмірсутектерді өндіру жөніндегі жұмыстарды жүргізу –
жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескерту. 348-бап жаңа редакцияда - ҚР 27.12.2017 № 126-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).349-бап. Жер қойнауын пайдалану саласындағы есептілікті беру тәртібін бұзу
Жер қойнауын пайдаланушының "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде көзделген есептілікті беру тәртібін және мерзімдерін бұзуы –
жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескерту. 349-бап жаңа редакцияда - ҚР 27.12.2017 № 126-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).350-бап. Өндірілген пайдалы қатты қазбаларды, көмірсутектерді анық есепке алуды қамтамасыз етпеу
Өндірілген пайдалы қатты қазбаларды, көмірсутектерді анық есепке алуды қамтамасыз етпеу –
жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескерту. 350-бап жаңа редакцияда - ҚР 27.12.2017 № 126-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).351-бап. Өндіріс және тұтыну қалдықтарын есепке алу, кәдеге жарату және залалсыздандыру қағидаларын бұзу
Ескерту. 351-бап алып тасталды – ҚР 02.01.2021 № 403-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
352-бап. Тау-кен қазбалары мен бұрғылау ұңғымаларын олардың сақталуын және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жай-күйге келтіру жөніндегі талаптарды бұзу
Маркшейдерлік құжаттаманы жоғалту, жойылатын немесе консервацияланатын тау-кен қазбалары мен бұрғылау ұңғымаларын халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жай-күйге келтіру жөніндегі талаптарды, сондай-ақ консервациялау уақытында тау-кен қазбалары мен бұрғылау ұңғымаларын сақтау жөніндегі талаптарды бұзу –
лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
353-бап. Жер қойнауын пайдалану объектілерін жою және консервациялау тәртібін бұзу
1. Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасында белгіленген мерзімдерде, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу салдарын жою бойынша міндеттемелерді орындамау –
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Жүргізілу салдарларын жою "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің талаптарына сәйкес қамтамасыз етілмеген, пайдалы қатты қазбаларды барлау және өндіру, кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру, жер қойнауы кеңістігін пайдалану және кен іздеушілік жөніндегі операцияларды жүргізу –
жер қойнауының тиісті учаскесіндегі немесе учаскелеріндегі қызметті үш ай мерзімге тоқтата тұруға алып келеді.
3. Жер қойнауын пайдаланушының осы баптың екінші бөлігінде көзделген талапты бұзушылықты жер қойнауының тиісті учаскесіндегі немесе учаскелеріндегі қызметті тоқтата тұру мерзімі ішінде жоймауы –
жер қойнауының тиісті учаскесіндегі немесе учаскелеріндегі қызметке (жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға) тыйым салуға алып келеді.
Ескерту. 353-бап жаңа редакцияда – ҚР 02.01.2021 № 403-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.354-бап. Мемлекеттік бақылау органдарына жер қойнауын пайдалану туралы ақпаратты, геологиялық ақпаратты беруден бас тарту немесе жалтару
Мемлекеттік бақылау органдарына жер қойнауын пайдалану, өндірілген пайдалы қазбалар туралы ақпаратты, сондай-ақ геологиялық ақпаратты уақтылы, толық және анық беруден бас тарту немесе жалтару –
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – алты, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – он, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескерту. 354-бап жаңа редакцияда - ҚР 27.12.2017 № 126-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).355-бап. Лауазымды адамдардың Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасының бұзылуына әкеп соғатын нұсқаулар немесе рұқсаттар беруі
Лауазымды адамдардың Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнаманың бұзылуына әкеп соғатын нұсқаулар немесе рұқсаттар беруі –
жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
356-бап. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу қағидаларын бұзушылық
Ескерту. 356-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 27.12.2017 № 126-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу қағидаларын бұзу –
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – алпыс бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Жер қойнауын пайдалану кезіндегі экологиялық талаптарды орындамау –
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – алпыс бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
3. Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасында көзделген көмірсутектер саласында жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу шарттарын бұзу, сондай-ақ көмірсутектерді барлау мен өндіру жөніндегі жобалау құжаттарының талаптарын бұзу –
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
4. Жер қойнауын пайдалану саласында жобалау құжаттарынсыз белгіленген тәртіппен бекітпей іздестіру, бағалау жұмыстарын және өндіру жөніндегі жұмыстарды жүргізу –
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бес жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
5. "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде көзделген жағдайларды қоспағанда, көмірсутектер саласындағы уәкілетті органның рұқсатынсыз немесе рұқсат шарттарын сақтамай шикі газды жағу –
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бес жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
6. Жер қойнауын пайдаланушының шикі газды кәдеге жаратпай және (немесе) қайта өңдемей көмірсутектерді өндіру жөніндегі жұмыстарды жүргізуі –
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бес жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
7. Көмірсутегін өндіру, дайындау, сақтау және оны өндіру және сақтау орнынан магистральдық құбыржолға және (немесе) көліктің басқа түріне қайта тиеу орнына дейін тасымалдау үшін қажет, қажетті кәсіпшілік объектілерін және өзге де инфрақұрылым объектілерін салу кезінде белгіленген тәртіппен бекітілген жобалық құжаттамадан ауытқуы –
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бес жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
8. Заңнамада белгіленген талаптарды бұза отырып, ұңғымаларды пайдалану –
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
9. "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде көзделген жағдайларды қоспағанда, көмірсутектер саласындағы уәкілетті органның рұқсатынсыз немесе рұқсат шарттарын сақтамай теңізде көмірсутектерді барлау және (немесе) өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу –
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бес жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
10. Алып тастау көзделген - ҚР 27.12.2017 № 126-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).11. Теңізде көмірсутектерді барлау және (немесе) өндіру жөніндегі операцияларды жүргізетін жер қойнауын пайдаланушының, теңізге мұнайдың төгілу тәуекелімен байланысты теңізде қызметін жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғаның бекітілген мұнай төгілуінің алдын алу және оны жою жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру жоспарының болмауы –
жеке тұлғаларға – бір жүз елу, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – төрт жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
12. Теңізге мұнайдың бірінші және екінші деңгейлерде төгілу салдарын жою үшін қажет өзінің материалдары мен жабдығынсыз не мамандандырылған ұйыммен жасалған шартсыз теңізде көмірсутектерді барлау және (немесе) өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу –
жеке тұлғаларға – бір жүз елу, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – төрт жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
13. Осы баптың сегізінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет –
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бес жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
14. Осы баптың төртінші, бесінші, алтыншы және тоғызыншы бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер –
қызметін немесе қызметтің жекелеген түрлерін тоқтата тұруға немесе оған тыйым салуға әкеп соғады.
Ескерту. 356-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 272-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2017 № 126-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.357-бап. Табиғат пайдалану жөніндегі заңсыз мәмілелердітіркеу
Лауазымды адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып, пайдакүнемдік немесе өзге де жеке мүддесі үшін жасаған табиғат пайдалану жөніндегі көрінеу заңсыз мәмілелерді тіркеу, табиғи ресурстарды мемлекеттік есепке алу мен олардың мемлекеттік кадастрларының деректерін бұрмалау, сол сияқты табиғи ресурстарды пайдаланғаны, қоршаған ортаны ластағаны, табиғи ресурстарды қорғағаны және молықтырғаны үшін төлемақыны қасақана төмендету, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, –
бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескерту. 357-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.358-бап. Су объектілерін және олардағы су ресурстарын ластанудан, қоқыстанудан және сарқылудан қорғау жөніндегі талаптарды бұзу, сондай-ақ судың зиянды әсерін алдын алу жөніндегі шараларды қабылдамау
Ескерту. 358-баптың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР 09.04.2025 № 181-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Су объектілерінің жай-күйіне теріс әсер ететін объектілерді пайдалануға беру талаптарын бұзу –
жеке тұлғаларға – бір жүз қырық, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – екі жүз сексен, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – төрт жүз тоқсан, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне тоғыз жүз сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Қазақстан Республикасының су заңнамасында айқындалған су объектілерін ластанудан, қоқыстанудан және сарқылудан қорғауды қамтамасыз ететін іс-шараларды жүргізбеу, жерүсті су объектілеріне санациялауды жүргізбеу, су ысыраптарының көлемін қысқарту, айналымдық және (немесе) қайталама сумен жабдықтау жүйелеріне кезең-кезеңімен (бес жылдан аспайтын) көшу, қолда бар ең озық технологияларды ендіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындамау, сондай-ақ елді мекендерді, өнеркәсіптік объектілерді, ауыл шаруашылығы алқаптарын, көліктік инфрақұрылым объектілерін, қауіпті өндірістік объектілерді тасқын және еріген сулардан қорғаудың инженерлік жүйелерін құру және (немесе) оларды су қоймаларын, көл жүйелерін және жерасты сулары кен орындарын толықтыру үшін бұру және (немесе) қайта бөлу жөніндегі шараларды қабылдамау, жерүсті су объектілерінің су жайылған учаскелерінде ормандандыруды жүргізбеу –
жеке тұлғаларға – бір жүз қырық, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – екі жүз отыз сегіз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жеті жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне тоғыз жүз сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескерту. 358-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.01.2023 № 187-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 09.04.2025 № 181-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.359-бап. Су шаруашылығы құрылысжайлары мен гидротехникалық құрылысжайларды, құрылғыларын, алынған және ағызылған су ресурстарының көлемін өлшеу құралдарын және сумен жабдықтаудың өртке қарсы жүйелерін бүлдіру, оларды пайдалану қағидаларын бұзу
Ескерту. 359-баптың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР 09.04.2025 № 181-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Су шаруашылығы құрылысжайлары мен гидротехникалық құрылысжайларды, құрылғыларын, алынған және ағызылған су ресурстарының көлемін өлшеу құралдарын, сумен жабдықтаудың өртке қарсы жүйелерін бүлдіру, сондай-ақ есепке алу аспаптарына салынған пломбаларды жұлып тастау –
жеке тұлғаларға – бір жүз, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Су шаруашылығы құрылысжайлары мен гидротехникалық құрылысжайларды, сумен жабдықтаудың өртке қарсы жүйелерін пайдалану қағидаларын бұзу –
жеке тұлғаларға – бір жүз, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескерту. 359-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 09.04.2025 № 181-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.359-1-бап. Су шаруашылығы құрылысжайлары мен гидротехникалық құрылысжайлардың қауіпсіз пайдаланылуын қамтамасыз етуді бұзу
1. Су шаруашылығы құрылысжайлары мен гидротехникалық құрылысжайлардың, оның ішінде инженерлік-техникалық қамтамасыз ету объектілерінің техникалық жай-күйін зерттеп-қарауды жүргізбеу немесе тиісінше жүргізбеу, сондай-ақ оны жүргізу мерзімдерін бұзу –
жеке тұлғаларға – бір жүз елу, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – үш жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бес жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде жоғары қауіп төндіретін гидротехникалық құрылысжайларды көпфакторлы зерттеп-қарауды жүргізбеу немесе тиісінше жүргізбеу, сондай-ақ оны жүргізу мерзімдерін бұзу –
жеке тұлғаларға – бір жүз елу, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – үш жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бес жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
3. Гидротехникалық құрылысжайларды гидротехникалық құрылысжайлардың қауіпсіздігі декларациясынсыз пайдалану –
жеке тұлғаларға – бір жүз елу, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бес жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жеті жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
4. Осы баптың бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –
жеке тұлғаларға – екі жүз, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бес жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жеті жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескерту. Кодекс 359-1-баппен толықтырылды – ҚР 09.04.2025 № 181-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.360-бап. Су объектілерінде, су қорғау аймақтары мен белдеулерінде шаруашылық қызметті заңсыз жүзеге асыру
Ескерту. 360-баптың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР 09.04.2025 № 181-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Ғимараттарды, құрылысжайларды және басқа да объектілерді жерүсті су объектілерінде, су қорғау аймақтары мен белдеулерінде заңсыз салу, су объектісінің шекараларын заңсыз өзгерту –
заңсыз тұрғызылып жатқан немесе тұрғызылған құрылысты мәжбүрлеп бұза отырып, жеке тұлғаларға – бір жүз жиырма, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – екі жүз жетпіс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – төрт жүз жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Жерасты суларын алу үшін ұңғымаларды заңсыз бұрғылау және жерасты суларының су тарту құрылысжайларын заңсыз салу–
жеке тұлғаларға – алпыс, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – екі жүз қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне тоғыз жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Су объектілерінде, су қорғау аймақтары мен белдеулерінде құрылыс қызметіне, орман өсіруге, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға, ұңғымаларды бұрғылауға, жерүсті су объектілерін санациялауға, балық шаруашылығы мелиорациясына, ауыл шаруашылығы жұмыстары мен өзге де жұмыстарға байланысты жұмыстарды жүргізуге арналған құжаттардың жобаларын келісу шарттарын бұзу –
жеке тұлғаларға – бір жүз елу, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – үш жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бес жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескерту. 360-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 09.04.2025 № 181-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.361-бап. Судың бастапқы есебін жүргізу және оларды пайдалану қағидаларын бұзу
Судың бастапқы есебін жүргізу және оларды пайдалану қағидаларын бұзу –
жеке тұлғаларға – бір жүз, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жеті жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 361-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 09.04.2025 № 181-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.362-бап. Су ресурстарын есепке алу мен есептілік деректерін бұрмалау
Суды алу, пайдалану және су бұру туралы деректерді бұрмалау, сондай-ақ оларды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде ұсынбау –
жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – он бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жетпіс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 362-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 09.04.2025 № 181-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.363-бап. Су ресурстарын реттеуге кедергі келтіру
Су ресурстарын кешенді пайдалану, экология және су бөлу мүдделері үшін оларды реттеуге кедергі келтіру –
жеке тұлғаларға – бір жүз, лауазымды адамдарға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 363-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 09.04.2025 № 181-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.364-бап. Ортақ су пайдалану қағидаларын бұзу
1. Ортақ су пайдалану қағидаларын:
1) тыйым салынған жерлерде шомылу, ауыз су және тұрмыстық қажеттіліктерге су алу, мал суару, шағын көлемді кемелермен және басқа да жүзетін құралдармен жүзу;
2) жеке және заңды тұлғалардың ортақ су пайдаланудағы су объектілеріне халықтың кіруін қоршаулар, күзет пункттерін, тыйым салатын белгілер орнату жолымен шектеу түрінде жасалған бұзушылық –
жеке және заңды тұлғаларға ескерту жасауға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –
жеке тұлғаларға – екі, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жеті, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – он жеті, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне қырық екі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 364-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.365-бап. Белгіленген су сервитуттарын бұзу
1. Белгіленген су сервитуттарын бұзу -
жеке тұлғаларға – елу, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –
жеке тұлғаларға – бір жүз, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескерту. 365-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 09.04.2025 № 181-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.366-бап. Орман қоры жерлерінде заңсыз тегістеу, құрылыстар тұрғызу, сүректі қайта өңдеу, қоймалар орналастыру
Орман қоры жерлерінде заңсыз тегістеу, құрылыстар тұрғызу, сүректі қайта өңдеу, қоймалар орналастыру –
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – он бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескертпе. Осы Кодекстің 366, 368, 370, 371, 375, 381, 382, 386, 387 және 388-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтарды жасаған тұлғалар айлық есептік көрсеткіштен бес және одан да көп есе асатын залал келтірген жағдайда, олар әкімшілік айыппұл түріндегі әкімшілік жазаға тартылады.
Ескерту. 366-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.367-бап. Ормандарда өрт қауіпсіздігі талаптары мен санитариялық қағидаларды бұзу
1. Ормандарда өрт қауіпсіздігі талаптары мен санитариялық қағидаларды бұзу –
жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз елу айлық есептік мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Өрттің шығуына, адамның денсаулығына және қоршаған ортаға зиян келтіруге әкеп соққан дәл сол іс-әрекет, егер бұл әрекет ірі залал келтірмесе, –
жеке тұлғаларға – жиырма бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – қырық бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жетпіс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жасалған іс-әрекеттер –
жеке тұлғаларға – бір жүз, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – екі жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – төрт жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 367-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 03.01.2023 № 187-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.368-бап. Кеспеағаш қорын пайдаланудың, сүрек дайындау мен әкетудің, шайыр мен ағаш шырындарын, қосалқы ағаш ресурстарын (материалдарын) дайындаудың белгіленген тәртібін бұзу
Ескерту. 368-баптың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР 03.01.2023 № 187-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Кеспеағаш қорын пайдаланудың, сүрек дайындау мен әкетудің, шайыр мен ағаш шырындарын, қосалқы ағаш ресурстарын (материалдарын) дайындаудың белгіленген тәртібін бұзу –
жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жасалған іс-әрекет –
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – отыз, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – алпыс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 368-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.01.2023 № 187-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.369-бап. Орман қорының және ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың уақытша алынған учаскелерін қайтару мерзімдерін бұзу
1. Мемлекеттік орман қорының уақытша алынған учаскелерін қайтару мерзімдерін бұзу немесе оларды мақсатына қарай пайдалану үшін жарамды күйге келтіру жөніндегі міндеттерді орындамау –
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – үш, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – он бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жасалған дәл сол іс-әрекет –
жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 369-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.01.2023 № 187-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.370-бап. Орман қоры жерлеріндегі шабындықтар мен жайылымдық алқаптарды бүлдіру, сондай-ақ заңсыз шөп шабу және мал жаю, дәрілік өсімдіктер мен техникалық шикізатты жинау
1. Орман қоры жерлеріндегі шабындықтар мен жайылымдық алқаптарды бүлдіру –
ескерту жасауға немесе бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Ормандар мен орман қоры жерлерінде заңсыз шөп шабу және мал жаю –
ескерту жасауға немесе жеті айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Дәрілік өсімдіктер мен техникалық шикізатты тыйым салынған немесе орман билетімен ғана жол берілген учаскелерде заңсыз жинау –
ескерту жасауға немесе жеті айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде көзделген, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жасалған әрекеттер –
отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 370-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.01.2023 № 187-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.371-бап. Ағашы кесілген жерлерге және орманды қалпына келтіру мен орман өсіруге арналған орман қорының басқа да санаттағы жерлеріне ағаш отырғызудың тәртібін және мерзімдерін бұзу
Ағашы кесілген жерлерге және орманды қалпына келтіру мен орман өсіруге арналған орман қорының басқа да санаттағы жерлеріне ағаш отырғызудың тәртібін және мерзімдерін бұзу –
ескерту жасауға немесе лауазымды адамдарға он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
372-бап. Орман фаунасын жою немесе бүлдіру, сондай-ақ орманды қалдықтармен, химиялық заттармен бүлдіру, ластау және орман қорының жерлеріне өзге де залал келтіру
1. Орман фаунасын жою немесе бүлдіру –
жеке тұлғаларға – сегіз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Орманның қурап қалуына немесе ауруына не ластануына әкеп соғатын сарқынды сулармен, химиялық заттармен, өнеркәсіптік және тұрмыстық шығарындылармен, қалдықтармен және төгінділермен орманды бүлдіру –
жеке тұлғаларға – он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – отыз бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жетпіс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Орман қоры жерлеріндегі орман құрғататын жыраларды, дренаж жүйелері мен жолдарды жою немесе бүлдіру –
жеке тұлғаларға он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде көзделген, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жасалған әрекеттер –
жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жетпіс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жеті жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 372-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 03.01.2023 № 187-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.373-бап. Орман пайдалануды рұқсаттама құжаттарында көзделген мақсаттарға немесе талаптарға сәйкес келмейтін ретпен жүзеге асыру
1. Орман пайдалануды рұқсаттама құжаттарында көзделген мақсаттарға немесе талаптарға сәйкес келмейтін ретпен жүзеге асыру –
жеке тұлғаларға – үш, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – он, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жасалған дәл сол әрекет –
жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 373-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.01.2023 № 187-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.374-бап. Ормандардың жай-күйіне және оларды молықтыруға зиянды ықпал етуге әкеп соққан объектілерді салу және пайдалану
1. Ормандардың жай-күйіне және оларды молықтыруға зиянды ықпал етуге әкеп соққан объектілерді салу және пайдалану –
жеке тұлғаларға – бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – он бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жасалған дәл сол әрекеттер –
жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – отыз бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 374-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.01.2023 № 187-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.375-бап. Кеспеағаш аймағын бөлудің және таксациялаудың белгіленген тәртібін бұзу
Кеспеағаш аймағын бөлудің және таксациялаудың тәртібін бұзу –
ескерту жасауға немесе лауазымды адамдарға он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
376-бап. Сүректі есептік кеспеағаштан асып кететін мөлшерде дайындауға жол беру
Сүректі есептік кеспеағаштан асып кететін мөлшерде дайындауға жол беру –
лауазымды адамдарға үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
377-бап. Пестицидтерді, улы химикаттарды және басқа да препараттарды заңсыз тасымалдау, өткізу, сақтау және қолдану
Ескерту. 377-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР 28.10.2019 № 268-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
1. Осы Кодекстің 416-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, қоршаған ортаны ластауға не жануарлар дүниесіне залал келтіруге алып келген немесе алып келуі мүмкін болған пестицидтерді, улы химикаттарды және басқа да препараттарды заңсыз тасымалдау, өткізу, сақтау және қолдану –
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жасалған дәл сол әрекеттер –
жеке тұлғаларға – он бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 377-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.10.2019 № 268-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.378-бап. Өсімдіктер өсетін жерлер мен жануарлардың мекендеу ортасын қорғау қағидаларын, зоологиялық коллекцияларды жасау, сақтау, есепке алу және пайдалану қағидаларын бұзу, сол сияқты жануарлар түрлерін заңсыз қоныс аударту, интродукциялау, реинтродукциялау және будандастыру
Ескерту. 378-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР 15.06.2017 № 73-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Өсімдіктер өсетін жерлер мен жануарлардың мекендеу ортасын қорғау қағидаларын, жануарлардың көбею жағдайларын, өріс аудару жолдары мен шоғырлану орындарын, зоологиялық және ботаникалық коллекцияларды жасау, сақтау, есепке алу мен пайдалану қағидаларын бұзу, сол сияқты жануарлар түрлерін заңсыз қоныс аударту, интродукциялау, реинтродукциялау және будандастыру –
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – сегіз, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – он төрт, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жасалған дәл сол іс-әрекеттер –
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – он бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 378-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 15.06.2017 № 73-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.01.2023 № 187-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.379-бап. Елді мекендерді, кәсіпорындарды және басқа да объектілерді орналастыру, жобалау және салу, өндірістік процестерді жүзеге асыру және көлік құралдарын пайдалану, өсімдіктерді қорғау құралдарын, минералдық тыңайтқыштарды және басқа да препараттарды қолдану кезінде өсімдіктер мен жануарларды қорғау іс-шараларын бұзу
Осы Кодекстің 416-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, елді мекендерді, кәсіпорындарды және басқа да объектілерді орналастыру, жобалау және салу, өндірістік процестерді жүзеге асыру және көлік құралдарын пайдалану, өсімдіктерді қорғау құралдарын, минералдық тыңайтқыштарды және басқа да препараттарды қолдану кезінде өсімдіктер мен жануарларды қорғау іс-шараларын бұзу –
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – сегіз, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – он төрт, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жетпіс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
380-бап. Жеке тұлғалардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жекелеген түрлерінде болу тәртібін бұзу
Жеке тұлғалардың мемлекеттік табиғи қорықтардың, мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің, мемлекеттік табиғи резерваттардың, мемлекеттік өңірлік табиғи парктердің аумақтарына арнайы рұқсатсыз және бару үшін белгіленген орындардан тыс жерлерде болуы –
ескерту жасауға немесе бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 30-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 03.01.2023 № 187-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.380-1-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды күзету режимін бұзу
1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды күзету режимін бұзу, егер бұл әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, –
жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –
жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескерту. 380-1-баппен толықтырылды – ҚР 03.01.2023 № 187-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.381-бап. Селекциялық-генетикалық мақсаттағы объектілердібүлдіру немесе жою
Селекциялық-генетикалық мақсаттағы объектілерді: артықшылығы бар ағаштарды, артықшылығы бар ағаштардың мұрағаттық клондарын, географиялық дақылдарды, популяциялар мен будандардың сынақ дақылдарын, орман тұқымы плантацияларындағы ағаштар мен бұталарды, тұрақты орман тұқымы учаскелеріндегі ағаштар мен бұталарды, артықшылығы бар екпелердегі ағаштар мен бұталарды бүлдіру немесе жою –
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – сексен, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне үш жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 381-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.01.2023 № 187-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.381-1-бап. Ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе зақымдау
1. Үй маңындағы, саяжай мен бақша учаскелеріндегі ағаштар мен бұталардан басқа, елу айлық есептік көрсеткішке дейін залал келтіре отырып, орман қорына кірмейтін және кесуге тыйым салынған ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе зақымдау, сол сияқты орман дақылдарын, орман питомниктері мен плантацияларындағы егілген не отырғызылған көшеттерді, сондай-ақ ормандарды молықтыру және орман өсіруге арналған алаңдарда өзі өсіп шыққан шыбықтарды, өскіндерді не қолдан отырғызылған екпелерді жою немесе зақымдау –
заңсыз кесілген ағаштар мен бұталар, көрсетілген бұзушылықтарды жасау құралы болған бұзушының көлік құралдары және өзге де заттары тәркілене отырып, жеке тұлғаларға – елу, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Елу айлық есептік көрсеткішке дейін залал келтіре отырып, орман қорына кіретін ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе зақымдау –
заңсыз кесілген ағаштар мен бұталар, көрсетілген бұзушылықтарды жасау құралы болған бұзушының көлік құралдары және өзге де заттары тәркілене отырып, жеке тұлғаларға – бір жүз, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – үш жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – төрт жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда немесе әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –
заңсыз кесілген ағаштар мен бұталар, көрсетілген бұзушылықтарды жасау құралы болған бұзушының көлік құралдары және өзге де заттары тәркілене отырып, жеке тұлғаларға – бір жүз елу, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – төрт жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – алты жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескерту. 21-тарау 381-1-баппен толықтырылды - ҚР 28.10.2019 № 268-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 02.01.2021 № 403-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.01.2023 № 187-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.382-бап. Жануарлар дүниесін пайдалану талаптарын және аң аулау қағидаларын бұзу
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
1-бөлікке өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 19.06.2026 № 318-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері жоқ, жануарлар дүниесін пайдалану талаптарын және (немесе) аң аулау қағидаларын бұзу –
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған дәл сол бұзушылық –
жануарларды аулау құралдары, көлік құралдары және көрсетілген бұзушылықты жасау құралы болған өзге де заттар тәркілене отырып, жеке тұлғаларға – он бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – алпыс бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не аң аулау құқығынан екі жылға дейінгі мерзімге айыруға әкеп соғады.
3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жасалған іс-әрекет –
әкімшілік құқық бұзушылық заттары және (немесе) құралы тәркілене отырып, жеке тұлғаларға – жетпіс, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не аң аулау құқығынан екі жылға дейінгі мерзімге айыруға әкеп соғады.
Ескерту. 382-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 03.01.2023 № 187-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.383-бап. Балық аулау және балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау қағидаларын бұзу
1. Балық аулау қағидаларын, сондай-ақ балық ресурстары мен басқа да су жануарларын пайдаланудың басқа да түрлерін жүзеге асыру қағидаларын қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері жоқ бұзушылық –
жеке тұлғаларға – он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –
жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жетпіс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Әуесқойлық (спорттық) балық аулауды қоспағанда, тыйым салынған мерзімдерде, тыйым салынған құралдармен немесе тәсілдермен, тыйым салынған жерлерде балық аулау қағидаларын, сондай-ақ балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдаланудың басқа да түрлерін жүзеге асыру қағидаларын қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері жоқ өрескел бұзу –
әкімшілік құқық бұзушылық заттары және (немесе) құралы тәркілене отырып немесе онсыз, жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – алпыс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –
әкімшілік құқық бұзушылық заттары және (немесе) құралдары тәркілене отырып немесе онсыз, жеке тұлғаларға – қырық, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – сексен, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Балықтың су тарту құрылыстарына түсуінен қорғау үшін арнайы бейімделген құрылғыларды орнатпай, балық шаруашылығының су айдындарынан су тарту –
жеке тұлғаларға – он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жетпіс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 383-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.10.2015 № 376-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).384-бап. Балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнаманың талаптарын бұзу
Балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнаманың талаптарын:
1) белгіленген нормативтерден асып түсетін зиянды заттарды тастауға жол беру;
2) жаңа және реконструкцияланатын объектілерді судың зиянды әсерін, ластануы мен қоқыстануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етпеу;
3) тазарту құрылыстары мен санитариялық-қорғау аймақтары жоқ мал шаруашылығы фермаларын және басқа да өндірістік кешендерді пайдалану;
4) мұнай, химиялық және басқа да өнімдерді тасымалдайтын және сақтайтын құрылыстар мен құрылғыларды судың ластануын болғызбайтын құралдармен жабдықтамай, оларды пайдалану;
5) су объектілерінің су қорғау белдеулерінде пестицидтерді, тыңайтқыштарды қолдану;
6) су объектілеріне радиоактивті және уытты заттарды тастау және көму;
7) тазарту құрылыстары жоқ және нормативтерге сәйкес тиімді тазартуды қамтамасыз етпейтін өнеркәсіп, тамақ объектілерінің сарқынды суларын су объектілеріне ағызу;
8) су объектілерінде және су шаруашылығы құрылыстарында қоршаған ортаға қатер төндіретін техника мен технологияларды қолдану;
9) су объектілеріне қатты, өндірістік, тұрмыстық және басқа да қалдықтарды тастау және оларда көму;
10) су объектілерінің су жинау алаңдарын, су объектілерінің мұз қабатын, мұздықтарды қатты, өндірістік, тұрмыстық және шайылу кезінде жерүсті су объектілерінің сапасын нашарлатуға әкеп соғатын басқа да қалдықтармен қоқыстау түрінде жасалған бұзушылық, егер бұл әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, –
жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 384-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.10.2019 № 268-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).385-бап. Аңшылық шаруашылығын жүргізу қағидаларын бұзу
1. Аңшылық шаруашылығын жүргізу қағидаларын:
1) аңшылық алқаптарда болуды заңсыз шектеу;
2) аң аулаудың тыйым салынған түрлерін, тәсілдерін және мерзімдерін қолдану;
3) бекітіліп берілген аңшылық алқаптарда жануарлар дүниесін қорғауды, молайтуды және пайдалануды ұйымдастыруды қамтамасыз етпеу түрінде жасалған бұзушылық, егер бұл әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, –
жеке тұлғаларға – үш, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде үш және одан да көп рет қайталап жасалған әрекет, егер бұл әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, –
жеке тұлғаларға – бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не аңшылық шаруашылық жүргізу құқығынан айыруға әкеп соғады.
Ескерту. 385-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2019 № 300-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.386-бап. Жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау қағидаларын бұзу
Осы Кодекстің 381-1-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, астананың, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті өкілді органдары белгілейтін жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау қағидаларын бұзу –
жеке тұлғаларға – отыз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – алпыс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 386-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.12.2018 № 210-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 403-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.01.2023 № 187-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.387-бап. Ағаш кесілген жерлерді кесілген ағаш қалдықтарынан уақтылы тазартпау, орман соқпақтары мен кеспеағаш аймағына іргелес аумақтарды қоқыстау
1. Ағаш кесілген жерлерді кесілген ағаш қалдықтарынан уақтылы тазартпау, орман соқпақтары мен кеспеағаш аймағына іргелес аумақтарды қоқыстау –
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – он екі, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жасалған дәл сол іс-әрекеттер –
жеке тұлғаларға – отыз, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескерту. 387-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.01.2023 № 187-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.388-бап. Кеспеағаш аймағын әзірлеу тәртібі мен мерзімдерін бұзу
1. Кеспеағаш аймағын әзірлеу тәртібі мен мерзімдерін бұзу -
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – он екі, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жасалған дәл сол іс-әрекеттер –
жеке тұлғаларға – отыз, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жетпіс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескерту. 388-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.01.2023 № 187-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.389-бап. Жабайы жануарлар мен өсімдіктердің түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын заңсыз иемдену, өткізу, алып өту, әкелу, әкету, сақтау (ұстау)
1. Жабайы жануарлар мен өсімдіктердің түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын заңсыз иемдену, өткізу, алып өту, әкелу, әкету, сақтау (ұстау) –
жабайы жануарлар мен өсімдіктердің түрлері және олардың өнімдері тәркілене отырып, жеке тұлғаларға – он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жетпіс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –
жабайы жануарлар мен өсімдіктердің түрлері және олардың өнімдері тәркілене отырып, жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – алпыс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
390-бап. Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттар беру және берілген рұқсаттарды пайдалану тәртібін бұзу
1. Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру тәртібін бұзу –
лауазымды адамдарға жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Жыныс-жас құрамын (көрсетілген жағдайда) заңсыз алудан көрінген, жануарлар дүниесін пайдалануға берілген рұқсаттарды, жануарлар дүниесін мекендеу ортасынан алу мерзімдерін, болжамды алу учаскесінің аумағын және шекарасын, алу тәсілдерін (аулау, атып алу, жинау) бұзу, егер бұл әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, –
жеке тұлғаларға – бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – он екі, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
391-бап. Берілген лицензияның шарттарын заңсыз өзгерту, сол сияқты теңізде мұнай операцияларын жүргізудің бекітілген тәртібін бұзу
Берілген лицензияның шарттарын заңсыз өзгерту, сол сияқты теңізде мұнай операцияларын жүргізудің бекітілген тәртібін бұзу –
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
392-бап. Теңіздегі кеме қатынасына, балық аулауға кедергі жасайтын және зиян келтіретін етіп теңізде мұнай операцияларын жүзеге асыру
1. Теңіздегі кеме қатынасына, балық аулауға кедергі жасайтын және зиян келтіретін етіп теңізде мұнай операцияларын жүзеге асыру –
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –
құқық бұзушылық жасау кемесі мен құралдары тәркілене отырып не онсыз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жетпіс бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 392-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).393-бап. Қазақстан Республикасының континенттік қайраңында теңізде ғылыми зерттеулер жүргізу қағидаларын бұзу
1. Қазақстан Республикасының континенттік қайраңында қызметтің заңды түрлеріне кедергі жасаған немесе жасауы мүмкін, Қазақстан Республикасының рұқсатында немесе халықаралық шарттарында көзделген теңізде ғылыми зерттеулер жүргізу қағидаларын бұзу не Қазақстан Республикасының континенттік қайраңында теңізде ғылыми зерттеулердің бағдарламасын заңсыз өзгерту –
жеке тұлғаларға – он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жетпіс бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –
жеке тұлғаларға – он бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жетпіс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
394-бап. Қазақстан Республикасының континенттік қайраңында қалдықтар мен басқа да материалдарды көму қағидаларын, сондай-ақ консервациялау және бөлшектеу қағидаларын бұзу
1. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда көзделген, Қазақстан Республикасының континенттік қайраңында кемелерді және өзге де жүзетін құралдарды, ұшу аппараттарын, жасанды аралдарды, қондырғылар мен құрылыстарды, қалдықтар мен басқа да материалдарды көму қағидаларын, сондай-ақ консервациялау және бөлшектеу қағидаларын пайдалы қазбалар кен орындарының бүлінуіне әкеп соғуы, адамдардың өміріне немесе денсаулығына зиян келтіруі, биологиялық ресурстарға, теңіз флорасы мен фаунасына залал келтіруі немесе қызметтің басқа да заңды түрлеріне кедергі жасауы мүмкін бұзу –
жеке тұлғаларға – бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жетпіс бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –
жеке тұлғаларға – он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – тоқсан, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір мың, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескерту. 394-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 02.01.2021 № 403-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.395-бап. Қазақстан Республикасының континенттік қайраңын қорғау органдары лауазымды адамдарының заңды талаптарын орындамау
1. Қазақстан Республикасының континенттік қайраңын қорғау органдары лауазымды адамдарының кемені тоқтату туралы заңды талаптарын орындамау, сондай-ақ осы лауазымды адамдардың өздеріне жүктелген өкілеттіктерді жүзеге асыруына, оның ішінде кемені қарап-тексеруіне кедергі келтіру –
жетпіс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –
құқық бұзушылық жасау кемесі мен құралдары, сондай-ақ алынған зерттеу нәтижелері тәркілене отырып не онсыз, бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
396-бап. Қазақстан Республикасының континенттік қайраңындағы, аумақтық суларындағы (теңізіндегі)және ішкі суларындағы минералдық және биологиялық ресурстарды заңсыз беру
1. Қазақстан Республикасының континенттік қайраңындағы, аумақтық суларындағы (теңізіндегі) және ішкі суларындағы минералдық және биологиялық ресурстарды шетел азаматтарына, басқа мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлғаларға не шет мемлекеттерге заңсыз беру –
жеке тұлғаларға – заңсыз берілген минералдық және биологиялық ресурстар құнының он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз пайызы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –
құқық бұзушылық жасау кемесі мен құралдары, сондай-ақ алынған зерттеу нәтижелері тәркілене отырып не онсыз, жеке тұлғаларға – заңсыз берілген минералдық және биологиялық ресурстар құнының он бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз пайызы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
397-бап. Экологиялық аудит туралы заңнаманы бұзу
Ескерту. 397-бап алып тасталды – ҚР 02.01.2021 № 403-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
398-бап. Бекіре тұқымдас балықтардың таңбалау тәртібін бұза отырып таңбаланған уылдырығын не таңбаланбаған уылдырығын өткізу
1. Бекіре тұқымдас балықтардың таңбалау тәртібін бұза отырып таңбаланған уылдырығын не таңбаланбаған уылдырығын өткізу –
таңбалау тәртібін бұза отырып таңбаланған уылдырық не таңбаланбай өткізілетін уылдырық тәркілене отырып, жеке тұлғаларға – отыз бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – алпыс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – тоқсан, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –
таңбалау тәртібін бұза отырып таңбаланған уылдырық не таңбаланбай өткізілетін уылдырық тәркілене отырып, жеке тұлғаларға – жетпіс, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз он бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз алпыс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
399-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету кезіндегі бұзушылықтар
1. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындайтын және қызметтерді көрсететін жеке және заңды тұлғалардың қызметтерді көрсету кезінде анық емес деректерді ұсынуы –
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған, ал ірі кәсіпкерлік субъектілері үш жыл ішінде қайталап жасаған әрекет –
тиісті көрсетілетін қызмет түріне арналған лицензияның қолданысын тоқтата тұрып, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне сегіз жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, экологиялық залал келтіруге алып келген не үш реттен көп жасалған әрекеттерді жасау, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, –
тиісті көрсетілетін қызмет түріне арналған лицензиядан айыра отырып, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – төрт жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – алты жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескерту. 399-бап жаңа редакцияда – ҚР 02.01.2021 № 403-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.22-тарау. Өсімдіктерді қорғау мен өсімдіктер карантині, астық нарығы мен астықты сақтау, тұқым шаруашылығы және мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалау, асыл тұқымды мал шаруашылығы, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар
Ескерту. 22-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 02.04.2019 № 241-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 05.01.2021 № 409-VI (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі); 10.06.2024 № 91-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
400-бап. Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасын бұзу
1. Карантинге жатқызылған, әкелінетін өнімдерге қойылатын фитосанитариялық талаптарды және фитосанитариялық іс-шаралар жүргізуді:
1) карантинге жатқызылған, әкелінетін өнімдерге қойылатын фитосанитариялық талаптарға сәйкес келмейтін, карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасының аумағына әкелу;
2) экспорттаушы елдің ұлттық карантиндік қызметінің фитосанитариялық сертификатынсыз, карантинге жатқызылған, фитосанитариялық тәуекелі жоғары өнім партиясын Қазақстан Республикасының аумағына әкелу;
3) қайта экспорттаушы елдің ұлттық карантиндік қызметінің қайта экспорттау фитосанитариялық сертификатынсыз, карантинге жатқызылған фитосанитариялық тәуекелі жоғары өнім партиясын Қазақстан Республикасының аумағына әкелу;
4) Қазақстан Республикасының фитосанитариялық талаптарын бұза отырып, Қазақстан Республикасының аумағы арқылы импорттық карантинге жатқызылған өнімді тасымалдауды жүзеге асыру;
5) карантинге жатқызылған өнімді жете тексеруге ұсынбау;
6) карантинге жатқызылған өнімді сақтау немесе қайта өңдеу жүзеге асырылатын қойма үй-жайларына жыл сайынғы профилактикалық залалсыздандыруды жүргізбеу;
7) отырғызылатын немесе тұқымдық материалды зертханалық сараптама нәтижелері алынғанға дейін пайдалану;
8) отырғызылатын немесе тұқымдық импорттық материалды зертханалық сараптама нәтижелері алынғанға дейін сақтау шарттарын сақтамау;
9) Қазақстан Республикасының аумағына азық-түлік, жемшөп және техникалық мақсаттарда пайдалану үшін әкелінген дәнді, дәнді-бұршақтық, майлы дақылдарды тұқымдық мақсатта пайдалану;
10) қалдықтарды міндетті түрде жоя отырып, карантинге жатқызылған импорттық өнімді, сондай-ақ карантиндік аймақтардан әкелінген карантинге жатқызылған өнімді тасымалдағаннан кейін көлік құралдарына тазартуды жүргізбеу;
11) карантинге жатқызылған өнімді алып келе жатқан жолында немесе межелі пунктінде уәкілетті органның рұқсатынсыз басқа мекенжайға жіберу;
12) карантинге жатқызылған әкелінетін өнімді межелі пунктінде қайталап карантиндік жете тексеру үшін ұсынбау;
13) карантиндік арамшөптермен қоқысталған тұқымдық немесе отырғызылатын материалды егу үшін пайдалану;
14) карантиндік объектілерден бос аймақта дайындалған карантинге жатқызылған өнімнен карантиндік объектілер таралатын аймақта дайындалған карантинге жатқызылған өнімді сақтауды немесе тазартуды жүзеге асыру;
15) қызметі карантинге жатқызылған өнімді өндіруге, дайындауға, қайта өңдеуге, сақтауға, тасымалдауға және өткізуге байланысты егістіктерді, аумақтарды, қоймаларды жүйелі түрде зерттеуді қамтамасыз етпеу түрінде жасалған бұзушылық –
16) алып тасталды – ҚР 10.01.2025 № 155-VIII (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасын карантинге жатқызылған өнімді әкелу, мемлекетішілік тасымалдау кезінде және өткізу кезінде:
1) Қазақстан Республикасының аумағына және мемлекетішілік тасымалдау кезінде карантинге жатқызылған өнімді, сондай-ақ карантиндік объектілермен және бөтен текті түрлермен залалданған көлік құралдарын әкелу;
2) Қазақстан Республикасына карантинге жатқызылған өнімді әкелуге тыйым салуларды немесе оған шектеулерді бұзу;
3) карантиндік объектілермен залалданған карантинге жатқызылған өнімді өткізу;
4) Қазақстан Республикасының карантиндік аймағынан шығарылған карантинге жатқызылған өнімді алып бара жатқан жолда басқа мекенжайға жіберу;
5) ғылыми-зерттеу мақсатында әкелінетін кенелерді, нематодтарды және тірі жәндіктерді дәнді, дәнді-бұршақтық, жемшөп, майлы, техникалық дақылдармен және оларды қайта өңдеу өнімдерімен, мәуелермен, көкөністермен, жемістермен және картоппен, отырғызылатын немесе тұқымдық материалмен, тірі гүлдердің және құмырада өсетін өсімдіктердің кесінділерімен, сүрек, буып-түю және бекіту материалдарымен бір мезгілде тасымалдау;
6) карантиндік объектілермен залалданған, карантинге жатқызылған өнімді карантиндік фитосанитариялық аймақтан әкетуге тыйым салуларды немесе шектеулерді бұзу түрінде жасалған бұзушылық –
карантинге жатқызылған өнімді залалсыздандыру және қайта өңдеу мүмкін болмаған жағдайда, оны тәркілей отырып, жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Карантиндік объектілердің таралуын есепке алуды уақтылы немесе тиісінше жүргізбеу не өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау объектілерінде өсімдіктер карантині бойынша шараларды уақтылы немесе тиісінше ұйымдастырмау –
лауазымды адамдарға отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет (әрекетсіздік) –
лауазымды адамдарға алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 400-бап жаңа редакцияда - ҚР 29.12.2014 № 272-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.01.2025 № 155-VIII (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.401-бап. Қазақстан Республикасының астық туралы заңнамасын бұзу
1. Астықты экспорттау және импорттау кезінде астық сапасының тиісті паспорттарынсыз өткізу -
жеке тұлғаларға – бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – он бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Алып тасталды - ҚР 04.12.2015 № 435-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).3. Астық қабылдау кәсіпорындарының астықтың сандық-сапалық есебін жүргізу қағидаларын, астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік электрондық тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларын:
1) астық қабылдау кәсіпорындарына түсетін астықты тиісінше ресімдемеу;
2) астықты тазартуды, кептіруді тиісінше ресімдемеу;
3) астықты тиеп-жөнелтуді тиісінше ресімдемеу;
4) астықтың сандық-сапалық есебі кітабын тиісінше жүргізбеу;
5) астықтың есептелген физикалық салмағын айқындаудың тәртібін сақтамау;
6) астық қолхатын шығару және өтеу мерзімін сақтамау;
7) астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік электрондық тізіліміне дұрыс емес ақпарат енгізу түрінде жасалған бұзушылық –
8) алып тасталды - ҚР 09.04.2016 № 502-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап үш ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).9) алып тасталды - ҚР 09.04.2016 № 502-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап үш ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).
10) алып тасталды - ҚР 09.04.2016 № 502-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап үш ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).
орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Астық қабылдау кәсіпорнының, "Астық туралы" Қазақстан Республикасының Заңында рұқсат етілген қызметті қоспағанда, астық қолхаттарын шығару арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге қатысы жоқ қызметті жүзеге асыруы –
орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4-1. Астық қабылдау кәсіпорнының үшінші тұлғалардың міндеттемелері бойынша кепілдіктер шығаруы және (немесе) өз мүлкін кепілге беруі –
лицензияның қолданысын тоқтата тұрып, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Астық қабылдау кәсіпорындарының астықтың сан мен сапа көрсеткіштері құжаттамамен расталған жағдайда оларды ұдайы (қатарынан күнтізбелік алты ай ішінде екі және одан да көп рет) бұрмалауы -
орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Оларсыз астық қолхаттарын шығару арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру толық мүмкін болмай қалатын не едәуір нашарлап кететін негізгі құралдарды астық қабылдау кәсіпорынының иеліктен шығаруы –
лицензияның қолданысын тоқтата тұрып, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
7. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру мерзімі өткеннен кейін осы баптың төртінші, бесінші, алтыншы бөліктерінде көзделген әкімшілік жауаптылыққа тартуға әкеп соққан бұзушылықтарды жоймау –
лицензиядан айыра отырып, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бес жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
8. Алып тасталды - ҚР 04.12.2015 № 435-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).9. Алып тасталды - ҚР 04.12.2015 № 435-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
10. Астық қабылдау кәсіпорнын уақытша басқару кезеңінде уақытша басқару жөніндегі комиссия мүшелерінің немесе уақытша әкімшіліктің Қазақстан Республикасының астық туралы заңнамасын бұзуы –
жеке тұлғаларға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
11. Астық қабылдау кәсіпорындарының астық сақтау тәртібін, сондай-ақ олардың сандық және сапалық жағынан сақталуын қамтамасыз ететін іс-шараларды сақтамауы, астық иесінің астық сынамасын белгіленген тәртіппен іріктеп алуды қамтамасыз етпеуі –
орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескерту. 401-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 04.12.2015 № 435-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 09.04.2016 № 502-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.402-бап. Тұқым шаруашылығы саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру және қызметтер көрсету кезіндегі бұзушылықтар
1. Қазақстан Республикасының тұқым шаруашылығы саласындағы заңнамасын бұза отырып, тұқымдарды өндіру, өткізу, сақтау, тасымалдау және пайдалану жөніндегі қызметті:
1) карантиндік объектілермен залалданған ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің тұқымдарын егу (отырғызу) үшін пайдалану;
2) алып тасталды - ҚР 27.11.2015 № 424-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі;3) алып тасталды - ҚР 27.11.2015 № 424-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі;
4) аттестатталған элиталық тұқым өсіру және тұқым өсіру шаруашылықтарында сорттық және егу сапалары бойынша сәйкес келмейтін тұқымдарды егу (отырғызу) үшін пайдалану;
5) тұқымдардың егу сапасы бойынша сараптамадан өтпеген тұқымдарды егу (отырғызу) үшін пайдалану;
6) техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін тұқымдарды егу (отырғызу) үшін өткізу және пайдалану;
7) сорт жаңартуды және сорт ауыстыруды жүргізу тәртібі мен мерзімдерін бұзу;
8) элиталық тұқымдарды одан әрі өткізу мақсатында олардың өндірісін қамтамасыз ету үшін сорттардың бірегей тұқымдарын және будандардың аталық нысандарын сатып алмау;
9) өз мұқтаждарына өткізілген және пайдаланылған тұқымдарды сандық, шығу тегі бойынша есепке алуды, олардың сорттық және егу сапасын есепке алуды жүргізбеу;
10) өз қаражаты есебінен ауыл шаруашылығы өсімдіктері тұқымдарының сақтандыру және өтпелі қорларын жасау түрінде жүзеге асыру –
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – он жеті, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің сорттық егістерін сынамалауды жүргізу жөнінде қызметтер көрсететін сынамалаушылардың, тұқым сарапшыларының және аттестатталған заңды тұлғалардың тұқымдардың сорттық және егістік сапаларын сараптауды бұзуы –
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – он, заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Аттестатталған жеке және заңды тұлғалардың, сондай-ақ сынамалаушылар мен тұқым сарапшыларының тұқым шаруашылығы саласындағы қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бұзуы –
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер –
жеке тұлғаларға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға, аттестатталған тұлғаларға субъектілердің тұқым шаруашылығы саласындағы қызметті жүзеге асыруға құқығын куәландыратын аттестаттау туралы куәлігінен айыруға әкеп соғады.
5. Тұқым шаруашылығы субъектілерін аттестаттауды, қайта аттестаттауды уақтылы жүргізбеу –
лауазымды адамдарға жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 402-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 272-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 27.11.2015 № 424-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.403-бап. Қазақстан Республикасының өсімдіктерді қорғау туралы заңнамасын бұзу
1. Фитосанитариялық есептілікті ұсынбау, сол сияқты уақтылы ұсынбау –
жеке тұлғаларға – бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – он бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Фитосанитариялық бақылау объектілерінде фитосанитариялық мониторинг пен фитосанитариялық іс-шараларды зиянды және аса қауіпті зиянды организмдердің саны зиян тигізудің экономикалық шегінен жоғары болатындай олардың дамуы мен таралуына әкеп соққан жүргізбеу –
жеке тұлғаларға – бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – он бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Мынадай:
1) пестицидтерді және олардың ыдыстарын залалсыздандыру үшін арнаулы сақтау орындарының (көмінділердің) болмауы;
2) пестицидтерді берушілер (өндірушілер, импорттаушылар, сатушылар) әзірлеген және ұсынатын, жарамсыз болып қалған пестицидтерді және олардың ыдыстарын залалсыздандыру әдістері мен технологияларының болмауы;
3) қауіптілігі бірінші сыныпты, мақсаты бойынша одан әрі пайдалануға жарамсыз болып қалған пестицидтерді герметикалығын қамтамасыз етпейтін және қоршаған ортаның пестицидтермен ластану мүмкіндігін жоққа шығармайтын ыдыстарда сақтау;
4) қауіптілігі екінші сыныпты пестицидтерді қажет болған кезде полимер материалдардан жасалған арнайы қалташалары жоқ көп қабатты ыдысқа (пестицидтің) ерекшелігіне қарай) буып-түю;
5) бүтіндігі бұзылған қаптамадағы пестицидтерді қайта буып-түю;
6) пестицидтердің қағаз немесе ағаш ыдыстарын жағып жіберу арқылы жою үшін экологиялық бақылау және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы жөніндегі мемлекеттік органдар заңнамаға сәйкес айқындаған орындарда жағылатын қоспалардың уытты емес (қауіпті емес) заттарға айналғанға дейін ыдырауын қамтамасыз ететін жоғары температуралық қондырғылардың болмауы;
7) тыйым салынған, жарамсыз болып қалған пестицидтерді және олардың ыдыстарын тиеуге, тасымалдауға және түсіруге арналған механикаландыру құралдарының болмауы түрінде жасалған пестицидтерді залалсыздандыруды жүргізбеу және арнаулы сақтау орындарын (көмінділерді) тиісті емес жай-күйде ұстау –
жеке тұлғаларға – бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – он бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Арнаулы сақтау қоймаларын (көмінділерді) салу бойынша шаралар қабылдамау –
лауазымды адамдарға он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Осы баптың бірінші, екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) –
жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 403-бапқа өзгерістер енгізілді – ҚР 29.12.2014 № 272-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.10.2019 № 268-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.404-бап. Қазақстан Республикасының мақта саласын дамыту туралы заңнамасын бұзу
Ескерту. 404-бап алып тасталды – ҚР 05.01.2021 № 409-VI (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
405-бап. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру кезінде шекті сауда үстемесін сақтамау
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру кезінде шекті сауда үстемесін сақтамау –
заңды тұлғаларға екі жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескерту. 405-бап жаңа редакцияда - ҚР 02.04.2019 № 241-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).406-бап. Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын бұзу
1. Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын:
1) карантин және шектеу іс-шараларының шарттары мен талаптарын сақтамау;
2) ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларды, талаптарды және ветеринариялық нормативтерді:
мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға жататын, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді күтіп-ұстауға, өсіруге, пайдалануға, өндіруге, дайындауға (союға), сақтауға, қайта өңдеуге және өткізуге байланысты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерін орналастыру, салу, реконструкциялау және пайдалануға беру кезінде;
зообақтардағы, цирктердегі, омарталардағы, аквариумдардағы жануарларды қоса алғанда, жануарларды асырау, өсіру және пайдалану кезінде;
ішкі сауда объектілерінде; жануарларды өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде; ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарда қызметті жүзеге асыру кезінде;
мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға жататын, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді Қазақстан Республикасының аумағында тасымалдауды (орнын ауыстыруды) жүзеге асыру кезінде сақтамау;
3) Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелінуі мен таралуынан қорғау туралы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын сақтамау;
4) кейіннен өткізуге арналған ауыл шаруашылығы жануарларын союдың шарттары мен талаптарын сақтамау;
5) ветеринариялық препараттардың, жемшөп қоспаларының тіркеу сынақтарын жүргізу үшін қажетті көлемде өндіру, әкелу (импорт) жағдайларын қоспағанда, оларды мемлекеттік тіркеусіз өндіруді, әкелуді (импортын), өткізуді және қолдануды (пайдалануды) жүзеге асыру түрінде жасалған бұзушылық –
жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) –
жеке тұлғаларға – қырық, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Ветеринариялық іс-шараларды өткізбеу немесе тиісінше өткізбеу, сондай-ақ оларды өткізу мерзімдерін бұзу –
жеке тұлғаларға – жиырма бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз жиырма бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) –
жеке тұлғаларға – елу, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – екі жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бес жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді қамтамасыз етпеу –
лауазымды адамдарға жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Осы баптың бесінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет (әрекетсіздік) –
лауазымды адамдарға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
7. Жергілікті атқарушы органдардың өздеріне Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасымен жүктелген функцияларды орындамауы –
жергілікті атқарушы органдардың лауазымды адамдарына ескерту жасауға әкеп соғады.
8. Осы баптың жетінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет (әрекетсіздік) –
жергілікті атқарушы органдардың лауазымды адамдарына бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
9. Жергілікті атқарушы органдардың ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшелеріне, жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарға, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау органдарына:
1) жаңадан сатып алынған жануар (жануарлар), алынған төл, оның (олардың) сойылғаны және өткізілгені;
2) жануарлар қырылған, бірнеше жануар бір мезгілде ауырған немесе олар әдеттен тыс мінез көрсеткен жағдайлар туралы хабарламау және ауру деп күдік келтірілген кезде ветеринария саласындағы мамандар, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлар келгенге дейін жануарларды оқшаулап ұстау бойынша шаралар қолданбау –
жеке тұлғаларға ескерту жасауға немесе бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
10. Осы баптың тоғызыншы бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет (әрекетсіздік) –
жеке тұлғаларға – отыз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
11. Ветеринариялық құжаттарды беру тәртібін және олардың бланкілеріне қойылатын талаптарды бұзу –
лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
12. Осы баптың он бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет (әрекетсіздік) –
лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
13. Ветеринария саласындағы мамандардың ветеринариялық іс-шаралар өткізу бойынша қызметтік міндеттерін орындауы кезінде оларға жәрдем көрсетпеу –
жеке тұлғаларға – бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
14. Жануарларды карантиндеу қағидаларын бұзу –
жеке тұлғаларға – бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
15. Эпизоотияға қарсы күрес мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ ветеринария саласындағы өзге де нормативтік құқықтық актілерді эпизоотияның таралуына немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқпаған бұзу –
жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
16. Осы баптың он үшінші, он төртінші және он бесінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) –
жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
407-бап. Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы заңнамасын бұзу
1. Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы заңнамасын:
1) жеке және заңды тұлғалардың бонитирлеуден (бағалаудан) өтпеген асыл тұқымдық өнімді (материалды) өткізуі;
2) жеке және заңды тұлғалардың асыл тұқымдық куәлік бермей асыл тұқымдық өнімді (материалды) өткізуі;
3) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілердің деректерді есепке алуды жүргізуден бас тартуы және есептілікті ұсынбауы;
4) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілердің, бюджеттік субсидияларды алған жеке және заңды тұлғалардың асыл тұқымды мал шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың актілерін орындамауы;
5) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілердің Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелмеген асыл тұқымды малдан алынған ұрықтар мен эмбриондарды пайдалануы;
6) жеке және заңды тұлғалардың бонитирлеуден (бағалаудан) өтпеген асыл тұқымды малдарды өсімін молайту мақсатында пайдалануы;
7) жеке және заңды тұлғалардың асыл тұқымды малды бонитирлеу (бағалау) нәтижелерін бұрмалауы түрінде жасалған бұзушылық –
8) алып тасталды - ҚР 27.11.2015 № 424-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі;9) алып тасталды - ҚР 27.11.2015 № 424-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі;
жеке тұлғаларға – он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы, хабарлама жасауға жататын қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың "Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген міндеттерді сақтамауы –
асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілердің қызметін тоқтата тұрып не онсыз, жеке тұлғаларға – он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік), сол сияқты осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жауаптылыққа тартуға әкеп соққан бұзушылықтарды жоймау –
асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қызметке тыйым салуға әкеп соғады.
Ескерту. 407-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 27.11.2015 № 424-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.407-1-бап. Жануарларға қатыгездікпен қарау
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
1-бөлікке өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 19.06.2026 № 318-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Жануарларға қатыгездікпен қарау, егер бұл іс-әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, –
жеке тұлғаларға – бес, лауазымды адамдарға он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!2-бөлікке өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 19.06.2026 № 318-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет –
жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескерту. 407-2-баппен толықтырылды – ҚР 30.12.2021 № 99-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.407-2-бап. Қазақстан Республикасының жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы заңнамасын бұзу
1. Қазақстан Республикасының жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы заңнамасында белгіленген:
1) жануарларды аулауға, уақытша ұстауға және жансыздандыруға;
2) үй жануарларын есепке алуға;
3) осы Кодекстің 406-бабы бірінші бөлігі 2) тармақшасының үшінші абзацында көзделген жағдайларды қоспағанда, жануарларды зоологиялық питомниктерде, жануарларға арналған панажайларда, зоологиялық жатынжайларда, жануарларды уақытша ұстау пункттерінде, жануарларға арналған оңалту орталықтарында ұстауға;
ЗҚАИ-ның ескертпесі!4) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 19.06.2026 № 318-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
4) үй жануарларын ұстауға және серуендетуге;
ЗҚАИ-ның ескертпесі!5) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 19.06.2026 № 318-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
5) осы Кодекстің 406-бабы бірінші бөлігі 2) тармақшасының бесінші абзацында, 571-бабының 2-1 және төртінші бөліктерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, жануарларды тасымалдауға қойылатын талаптарды бұзу –
ЗҚАИ-ның ескертпесі!6) тармақшамен толықтыру көзделген – ҚР 19.06.2026 № 318-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамдарға – жиырма, заңды тұлғаларға отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет –
жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға – отыз, заңды тұлғаларға қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!3, 4-бөліктермен толықтыру көзделген – ҚР 19.06.2026 № 318-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
5, 6-бөліктермен толықтыру көзделген – ҚР 19.06.2026 № 318-VIII (01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
7, 8-бөліктермен толықтыру көзделген – ҚР 19.06.2026 № 318-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Ескерту. 407-2-баппен толықтырылды – ҚР 30.12.2021 № 99-VII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
408-бап. Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бұзу
1. Астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті өкілді органдары белгілеген ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бұзу –
үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Жеке тұлғалардың мүлкіне залал келтіруге әкеп соққан дәл сол әрекет –
он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескерту. 408-бап жаңа редакцияда – ҚР 30.12.2021 № 99-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.408-1-бап. Қазақстан Республикасының органикалық өнім өндіру саласындағы заңнамасын бұзу
Ескерту. 408-1-бап алып тасталды – ҚР 10.06.2024 № 91-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
23-тарау. Білім беру, дене шынықтыру және спорт саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар
Ескерту. 23-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 29.12.2014 № 272-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).
409-бап. Қазақстан Республикасының білім беру, дене шынықтыру және спорт саласындағы заңнамасын бұзу
Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР 29.12.2014 № 272-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).
1. Алып тасталды - ҚР 27.12.2019 № 294-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2. Ата-аналардың немесе өзге де заңды өкілдердің Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасында көзделген міндеттерді орындамауы немесе тиісінше орындамауы –
ескерту жасауға немесе бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Білім беру ұйымы басшысының немесе өзге де лауазымды адамының міндеттеріне салғырт қарауы немесе адал қарамауының салдарынан оларды орындамауы немесе тиісінше орындамауы, егер бұл оқу және тәрбие беру процесі кезінде білім беру ұйымдары тәрбиеленушілерінің, білім алушылары мен жұмыскерлерінің денсаулығына жеңіл зиян келтіруге әкеп соқса, –
елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3-1. Алып тасталды - ҚР 01.04.2019 № 240-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).4. Білім беру ұйымдарының талаптарды:
1) білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын сақтамау;
2) білім беру ұйымдарына қабылдаудың үлгілік қағидаларын сақтамау;
3) білім алушыларды білім беру ұйымының үлгілері бойынша ауыстырудың және қайта қабылдаудың үлгілік қағидаларын сақтамау;
4) білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыстар берудің үлгілік қағидаларын сақтамау;
5) жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамы мен ғылыми жұмыскерлерін лауазымдарға конкурстық орналастырудың үлгілік қағидаларын сақтамау;
6) мемлекеттік мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, қосымша білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын ротациялауды жүргізу қағидаларын сақтамау;
7) мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын сақтамау;
8) мектепке дейінгі білім беру саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын сақтамау түрінде жасалған бұзушылық–
лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып, лауазымды адамдарға – он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – он бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4-1. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы білім беру қызметімен айналысуға лицензиясынан және (немесе) лицензияға қосымшасынан айырылған (кері қайтарып алынған), қолданысы тоқтатылған немесе ол таратылған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңында белгіленген мерзімде жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы құрылтайшысының (құрылтайшыларының) білім алушыларды оқуын жалғастыру үшін басқа жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына ауыстыруды және олардың жеке істерін беруді және (немесе) білім алуын аяқтамаған немесе қорытынды аттестаттаудан өтпеген адамдардың жеке істерін, сондай-ақ алдыңғы жылдары білім беру ұйымында оқуын аяқтаған адамдардың жеке істерін және білім туралы құжаттарының көшірмелерін тиісті мемлекеттік архивке беруді қамтамасыз етпеуі –
жеке тұлғаларға – бір жүз, лауазымды адамдарға – бір жүз елу, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
4-2. Осы баптың 4-1-бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет (әрекетсіздік) –
жеке тұлғаларға – бір жүз елу, лауазымды адамдарға – екі жүз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – үш жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бес жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жеті жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
5. Білім беру ұйымдарында саяси партиялардың ұйымдық құрылымдарын құру және олардың қызметі –
лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – он бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Көрсетілетін білім беру қызметтерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сәйкес келмеуі, сондай-ақ мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарын өзге де бұзушылықтар –
лицензияның қолданысын тоқтата тұрып, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – он бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
7. Осы баптың бірінші – алтыншы бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) –
рұқсат беру құжатынан айырып, жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға – отыз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
7-1. Осы баптың төртінші бөлігінде көзделген, қызметін хабарлама тәртібімен жүзеге асыратын білім беру ұйымы әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасаған әрекет –
қызметін тоқтата тұрып, лауазымды адамдарға – отыз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
7-2. Білім беру ұйымдарының балалардың денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпаратқа қол жеткізуін шектеуге арналған байланыс операторларының көрсетілетін қызметтерін пайдалана отырып, Интернет желісіне білім алушылар мен тәрбиеленушілердің қол жеткізуін қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды сақтамауы –
лауазымды адамдарға он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
7-3. Қазақстан Республикасының педагог мәртебесі туралы заңнамасын:
1) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, педагогті кәсіптік міндеттерімен байланысты емес жұмыс түрлеріне тарту;
ЗҚАИ-ның ескертпесі!2) тармақша жаңа редакцияда көзделген – ҚР 12.06.2026 № 310-VIIІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
2) педагогтен Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасында көзделмеген есептілікті не ақпаратты талап етіп алдыру;
3) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделмеген тексеру жүргізу;
4) педагогке тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша міндетті жүктеу;
ЗҚАИ-ның ескертпесі!5) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 12.06.2026 № 310-VIIІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
5) мемлекеттік орта білім беру ұйымының педагогін өз кәсіптік қызметін жүзеге асыру кезінде мемлекеттік емес ұйымдардың іс-шараларын өткізуге тарту түрінде жасалған бұзушылық –
ескерту жасауға алып келеді.
7-4. Осы баптың 7-3-бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –
лауазымды адамдарға – жиырма, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – алпыс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – сексен, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
7-5. Мыналарды:
1) соттың заңды күшіне енген үкіміне сәйкес педагогтің кәсіптік қызметін жүзеге асыру құқығынан айырылған;
2) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған;
3) медициналық қарсы көрсетілімдері бар, психиатриялық және (немесе) наркологиялық есепте тұрған;
4) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі туралы құжаттары жоқ;
5) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде көзделген өзге де шектеулері бар адамдарды педагогтің кәсіптік қызметіне жіберу –
жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
7-6. Педагогке өзінің лауазымдық міндеттерін орындау кезінде былапыт сөйлеуден, лайықсыз мінез-құлықтан, мазақ қылудан, әбес қылықтар (белгілер), заттар көрсетуден көрінген, оның ішінде масс-медианы немесе телекоммуникация желілерін пайдалану арқылы құрметтемеушілік таныту –
жеке тұлғаларға отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
7-7. Осы баптың 7-6-бөлігінде көзделген, он екі жастан он алты жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар жасаған әрекеттер –
ата-анаға немесе оларды алмастыратын адамдарға жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
7-8. Осы баптың 7-6-бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –
жеке тұлғаларға қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға алып келеді.
7-9. Осы баптың 7-7-бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –
ата-анаға немесе оларды алмастыратын адамдарға отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
8. Сабақтар мен жарыстар өткізілетін орындарды спорттық мүкәммалмен және жабдықпен қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды сақтамау –
заңды тұлғаларға бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
9. Мемлекет меншігіне жататын дене шынықтыру-сауықтыру, спорт ғимараттарын оларға тең дәрежедегі дене шынықтыру-сауықтыру, спорт ғимараттарын салмай тұрып жою, олардың нысаналы және функционалдық мақсатын өзгерту –
лауазымды адамдарға бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
10. Спорттық іс-шараларға қатысушыларды медициналық көмекпен қамтамасыз ету және нормативтік талаптарға сәйкес медициналық тексеруден өтпеген спортшыларға рұқсат беру жөніндегі талаптарды сақтамау –
заңды тұлғаларға бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
11. Осы баптың оныншы бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет –
бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
12. Жаттықтырушының, жаттықтырушы-оқытушының, спорттық медицина жөніндегі маманның және (немесе) дене шынықтыру және спорт саласындағы өзге де маманның спортшының келісіміне қарамастан, спортшыға қатысты спортта тыйым салынған субстанцияларды және (немесе) тыйым салынған әдістерді пайдалануынан не тыйым салынған субстанцияларды және (немесе) тыйым салынған әдістерді спортшының пайдалануына немесе спортшыға қатысты пайдалануға жәрдемдесуден көрінген Қазақстан Республикасының допингке қарсы қағидаларын бұзуы –
екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескертпе. Осы бапта спортшының немесе спортшыға қатысты спортта тыйым салынған субстанцияларды және (немесе) тыйым салынған әдістерді пайдалануға жәрдемдесу деп спортта тыйым салынған субстанцияларды және (немесе) тыйым салынған әдістерді пайдалануға ықпал ететін кез келген әрекеттер, оның ішінде кеңестер, нұсқаулар, ақпарат беру, тыйым салынған субстанцияларды, тыйым салынған әдістерді қолдану құралдарын беру, спортта тыйым салынған субстанцияларды және (немесе) тыйым салынған әдістерді пайдалануға кедергілерді жою, сондай-ақ спортта тыйым салынған субстанцияларды және (немесе) тыйым салынған әдістерді пайдалану іздерін жасыру түсініледі.
Ескерту. 409-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 272-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 09.04.2016 № 501-V (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 170-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 01.04.2019 № 240-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.12.2019 № 280-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 294-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.07.2022 № 137-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.06.2024 № 95-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.24-тарау. ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІККЕ ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫНА ҚОЛ СҰҒАТЫН ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР
410-бап. Техникалық регламенттерде белгіленген талаптарды қоспағанда, өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу немесе орындамау
Ескерту. 410-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 05.10.2018 № 184-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Техникалық регламенттерде белгіленген талаптарды қоспағанда, ұйымдарда, ғимараттарда, құрылысжайларда, құрылыстарда, тұрғын үйлерде, қоғамдық орындарда, ауыл шаруашылығы алқаптарында, технологиялық қондырғыларда, жабдықтарда, агрегаттарда және өзге де мүлікте Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу немесе орындамау –
жеке тұлғаларға ескерту жасауға немесе бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – он бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) –
жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, адамның денсаулығына зиян келтірген немесе айтарлықтай залал келтірген өрттің шығуына алып келген әрекет (әрекетсіздік), қылмыстық құқық бұзушылық құрамы болмаған кезде –
жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескертпе. Осы бапқа қатысты әкімшілік құқық бұзушылық жасаған кезде елу айлық есептік көрсеткіштен асатын сома айтарлықтай мөлшердегі залал деп танылады.
Ескерту. 410-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 05.10.2018 № 184-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.410-1-бап. Өрт қауіпсіздігі саласында аудит жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу
1. Сараптама ұйымының азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне өрт қауіпсіздігі саласында жүргізілген аудит нәтижелері бойынша қорытындының көшірмесін ұсынбауы не уақтылы ұсынбауы –
сараптама ұйымына отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Сараптама ұйымының өрт қауіпсіздігі саласында аудит жүргізу нәтижелері бойынша объектінің өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келуі (сәйкес келмеуі) туралы анық емес ақпараты бар қорытынды ұсынуы –
сараптама ұйымына елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік), сондай-ақ сараптама ұйымының өрт қауіпсіздігі саласында аудит жүргізу нәтижелері бойынша көрінеу жалған қорытынды ұсынуы –
аккредиттеу аттестатынан айыра отырып, сараптама ұйымына бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 24-тарау 410-1-баппен толықтырылды - ҚР 29.12.2014 № 269-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).411-бап. Өрт қауіпсіздігі талаптарына сай келмейтін жарылу-өрт қаупі және өрт қаупі бар өнімдішығару және өткізу
Техникалық регламенттерде белгіленген талаптарды қоспағанда, өрт қауіпсіздігі талаптарына сай келмейтін жарылу-өрт қаупі және өрт қаупі бар өнімді шығару және өткізу, егер бұл абайсызда денсаулыққа ауыр немесе ауырлығы орташа зиян келтіруге және (немесе) жеке немесе заңды тұлғаға не мемлекетке ірі залал келтіруге алып келмесе, –
лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескертпе. Осы Кодекстің осы бабына қатысты әкімшілік құқық бұзушылық жасаған кезде бір жүз айлық есептік көрсеткіштен асатын сома ірі залал деп танылады.
Ескерту. 411-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 05.10.2018 № 184-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).ЗҚАИ-ның ескертпесі!
411-1-баппен толықтыру көзделген – ҚР 30.12.2025 № 247-VIII (01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.412-бап. Су айдындарында қауіпсіздік қағидаларын бұзу немесе орындамау
Қылмыстық жаза қолданылатын іс-әрекет белгілері болмаған кезде су айдындарында қауіпсіздік қағидаларының сақталуына жауапты тұлғаның оларды бұзуы немесе орындамауы –
жеке тұлғаларға – жеті, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 412-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 272-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.413-бап. Атом энергиясын пайдалану кезінде радиациялық қауіпсіздік талаптарын бұзу
1. Уәкілетті мемлекеттік органдар белгілеген деңгейден асатын мөлшерде радиоактивті заттарды атмосфераға, суға және жер қойнауына негізсіз немесе әдейі шығару; радиоактивті заттар мен иондандырушы сәуле көздерін есепке алу мен бақылауды қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды бұзу, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, –
жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жетпіс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не атом энергиясын пайдалану саласындағы лицензияны тоқта тұруға әкеп соғады.
2. Сәулеленуге ұшыраған немесе құрамында радиоактивті заттар бар өнімді және материалдарды халықтың пайдалануы мен тұтынуы мақсатында уәкілетті мемлекеттік органдардың рұқсатынсыз шаруашылық айналымға тарту, тиісті даярлықтан өтпеген не біліктілігін куәландыратын құжаты жоқ адамдарды, сондай-ақ он сегіз жасқа толмаған немесе медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдарды атом энергиясын пайдалану объектісіндегі жұмысқа жіберу, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, –
жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жетпіс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не атом энергиясын пайдалану саласындағы лицензиядан айыруға әкеп соғады.
Ескерту. 413-бап жаңа редакцияда - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.413-1-бап. Заңды тұлғалардың атом энергиясын пайдалану саласындағы техникалық регламенттердің талаптарын бұзуы
1. Заңды тұлғалардың атом энергиясын пайдалану саласындағы техникалық регламенттердің талаптарын бұзуы –
қызметтің жекелеген түрлерін тоқтата тұрып не онсыз, алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –
қызметтің жекелеген түрлеріне тыйым салына отырып не онсыз, бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескертпе.
Осы бапта заңды тұлғалар деп атом энергиясын пайдалану саласында қызметін ядролық қондырғылармен және ықтимал радиациялық қауіптілігі I және II санаттардағы объектілермен жүзеге асыратын субъектілер түсініледі.
Ескерту. 17-тарау 221-1-баппен толықтырылды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).414-бап. Ядролық қаруды таратпау режимінің талаптарын бұзу
Ядролық экспорт пен импорттың белгіленген тәртібін бұзу; ядролық материалдарды, ядролық қондырғыларды, иондандырушы сәуле көздерін және сақтау пункттерін физикалық қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды бұзу; ядролық материалдарды немесе иондандырушы сәуле көздерін есепке алу мен бақылауды қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды бұзу, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, –
жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жетпіс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметке лицензиялардан, арнайы рұқсаттардан айыруға әкеп соғады.
Ескерту. 414-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.415-бап. Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасын бұзу
1. Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасын:
1) техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға, сондай-ақ сәйкестікті бағалау туралы құжаттарда көрсетілген мәліметтерге сәйкес келмейтін өнімді айналымға шығару;
2) техникалық регламенттері қолданысқа енгізілген, сәйкестікті бағалаудан өтпеген, сондай-ақ сәйкестікті бағалау туралы құжаттары болмай немесе техникалық реттеу тізілімінде немесе Еуразиялық экономикалық одақтың сәйкестікті бағалау туралы берілген немесе қабылданған құжаттардың бірыңғай тізілімдерінде мұндай құжаттардың бар-жоғы туралы мәліметтер болмаған кезде өнімді айналымға шығару түрінде жасалған бұзушылық –
жеке тұлғаларға – тоқсан, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз тоқсан бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз он, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне алты жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет (әрекетсіздік) –
қызметін тоқтата тұрып немесе онсыз, өнім тәркілене отырып немесе онсыз, жеке тұлғаларға – бір жүз отыз бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – үш жүз алпыс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – алты жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескерту. 415-бап жаңа редакцияда - ҚР 05.10.2018 № 184-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.415-1-бап. Техникалық регламенттерде, нормативтік құқықтық актілерде және стандарттау жөніндегі құжаттарда белгіленген аккредиттеу, сәйкестікті растау және (немесе) бағалау, өлшем құралдарын салыстырып тексеру рәсімдері жүргізілу кезінде Қазақстан Республикасының сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасын бұзу
1. Техникалық регламенттерде, нормативтік құқықтық актілерде және стандарттау жөніндегі құжаттарда белгіленген аккредиттеу, сәйкестікті растау және (немесе) бағалау, өлшем құралдарын салыстырып тексеру рәсімдері жүргізілу кезінде Қазақстан Республикасының сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасын:
1) сәйкестікті растау және (немесе) бағалау рәсімдерін, өлшем құралдарын салыстырып тексеруді жүргізу қағидаларын бұзу;
2) сәйкестікті растау және (немесе) бағалау, өлшем құралдарын салыстырып тексеруді жүргізу кезіндегі сынақтар нәтижелерінің анық еместігі;
3) міндетті рәсімдерді жүргізбей, сәйкестікті растайтын құжаттарды беру және өлшем құралдарын салыстырып тексеру туралы сертификат беру;
4) аккредиттелмеген заңды тұлғалардың өлшем құралдарын салыстырып тексеруі, өлшемдерді орындау әдістемелерін метрологиялық аттестаттауы;
5) аккредиттеу субъектілерінің калибрлеуден немесе салыстырып тексеруден өтпеген шама бірліктерінің эталондарын қолдануы;
6) аккредиттеу жөніндегі жұмыстарды жүргізу тәртібін бұзу түрінде жасалған бұзушылық –
аккредиттеу аттестатын және сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудитордың аттестатын, өлшем құралдарын салыстырып тексерушінің сертификатын алты ай мерзімге тоқтата тұрып, жеке тұлғаларға – тоқсан, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз тоқсан бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз он, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне алты жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет (әрекетсіздік) –
аккредиттеу аттестатынан және сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудитордың аттестатынан, өлшем құралдарын салыстырып тексерушінің сертификатынан айыра отырып, жеке тұлғаларға – бір жүз отыз бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – үш жүз алпыс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – алты жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескерту. 24-тарау 415-1-баппен толықтырылды - ҚР 05.10.2018 № 184-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).416-бап. Өнімнің жекелеген түрлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы заңнаманы бұзу
Субъектінің тамақ өнімдерінің, химиялық өнімнің, машиналар мен жабдықтардың, ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы заңдарда және техникалық регламенттерде белгіленген қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтіндігі анықталған кезден бастап өнімнің өмірлік циклі процестерін жүзеге асыруды тоқтатпауы –
қызметті тоқтата тұрып немесе онсыз, өнім тәркілене отырып немесе онсыз, жеке тұлғаларға – бір жүз алпыс, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – екі жүз отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз он, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың алты жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескертпе.
Осы бапқа қатысты тамақ өнімдерінің, химиялық өнімнің, машиналар мен жабдықтардың, ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы заңдарға сәйкес өнім қауіпсіздігіне жауапты тұлғалар субъектілер деп танылады.
417-бап. Тауар шығарылған елді айқындау тәртібін бұзу
1. Алып тасталды – ҚР 19.05.2025 № 188-VIII (01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
2. Сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган бекітетін тізбе бойынша тауардың шығу тегін растайтын құжаттар ұсынылған жағдайда, тауардың шығу тегі туралы сертификатты беруден бас тарту –
тауардың шығу тегі туралы сертификатты беруге уәкілеттік берілген ұйымға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
3. Тауар шығарылған елді айқындау жөніндегі қағидаларды бұза отырып, уәкілетті ұйымның тауардың шығу тегі туралы сертификатты беруі –
тауардың шығу тегі туралы сертификатты беруге уәкілеттік берілген ұйымға отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
4. Тауардың шығу тегі туралы сертификатты алу үшін сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган бекітетін тізбе бойынша тауардың шығу тегін растайтын бұрмаланған және (немесе) анық емес құжаттарды ұсыну –
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – он екі, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
5. Осы баптың екінші және үшінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) –
тауардың шығу тегі туралы сертификатты беруге уәкілеттік берілген ұйымға – бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескерту. 417-бап жаңа редакцияда – ҚР 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 19.05.2025 № 188-VIII (01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.418-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасына қойылатын ұлттық стандарттарды бұзу
1. Ұлттық стандарт талаптарына сәйкес келмейтін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын дайындау –
жеке тұлғаларға – жиырма бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жетпіс бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
1-1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандар туралы заңнамасын бұза отырып пайдалану (орнату, орналастыру) –
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет (әрекетсіздік) –
жеке тұлғаларға – елу, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 418-бап жаңа редакцияда - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.419-бап. Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнамасын бұзу
1. Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнамасын:
1) мемлекеттік реттеуге жатқызылатын өлшем тізбелерінде және нормативтік құқықтық актілерде белгіленген өлшемдерге, өлшем құралдарына, стандартты үлгілерге, өлшемдерді орындау әдістемелеріне қойылатын міндетті метрологиялық талаптарды бұзу;
2) мемлекеттік метрологиялық бақылауға жататын, типін бекіту мақсатына арналған сынақтан немесе метрологиялық аттестаттаудан, сондай-ақ салыстырып тексеруден өтпеген және (немесе) өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізіліміне енгізілмеген өлшем құралдарын айналымға шығару, қолдану;
3) мемлекеттік метрологиялық бақылауға жататын және метрологиялық аттестаттаудан және өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізілімінде тіркеуден өтпеген өлшемдерді орындау әдістемелерін қолдану түрінде жасалған бұзушылық –
жеке тұлғаларға – отыз, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – екі жүз отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз он, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне алты жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет (әрекетсіздік) –
жеке тұлғаларға – тоқсан, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – төрт жүз алпыс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – алты жүз жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескерту. 419-бап жаңа редакцияда - ҚР 05.10.2018 № 184-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.420-бап. Жабайы сораны жоюға шара қолданбау
Ауыл шаруашылығы дақылдары егістіктерінде, бақшаларда, жүзімдіктерде, питомниктер мен парктерде, егін алқабының, суландыру және ирригациялық-мелиоративтік желілердің жиегінде, тас және теміржолдардың оқшау белдеулерінде, ұйымдардың аумақтарында, қалалар, кенттер мен басқа да елді мекендер тұрғындарының жер учаскелерінде, сондай-ақ мемлекеттік орман және су қорлары, мемлекеттік запас жерінде және нұсқамадан кейін ұйымдарға бекітіліп берілген жерде жабайы сораны жоюға шаралар қолданбау –
жеке тұлғаларға – он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жетпіс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
421-бап. Құрамында есірткі бар егістіктерді күзетудіқамтамасыз етуге шаралар қолданбау
Сора, көкнәр немесе құрамында есірткі заттары бар басқа да өсімдіктер егістіктерін, осы дақылдардың өнімін сақтау мен өңдеу орындарын күзетудің белгіленген режимін қамтамасыз етуге шаралар қолданбау, сол сияқты құрамында есірткі заттары бар аңыз қалдықтарын және өндіріс қалдықтарын жоюға шаралар қолданбау –
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – алпыс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
422-бап. Есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды өткізудің және (немесе) медициналық емес тұрғыдан тұтынудың жолын кесуге шаралар қолданбау
1. Ойын-сауық мекемесі, сондай-ақ білім беру ұйымы иесінің есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды өткізудің және (немесе) медициналық емес тұрғыдан тұтынудың жолын кесуге шаралар қолданбауы –
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) –
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – төрт жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескертпе. Осы Кодексте көрсетілген ойын-сауық мекемелеріне ойын мекемелері, түнгі клубтар, дәмхана-барлар, мейрамханалар, интернет-дәмханалар, компьютер, бильярд, боулинг-клубтары мен кинотеатрлар, театр-ойын-сауық мақсатындағы объектілер және көңіл көтеру-демалыс, театр-ойын-сауық, спорт, мәдени-демалыс мақсатында қызметтер көрсетілетін өзге де ғимараттар, үй-жайлар, құрылыстар жатады.
423-бап. Есірткі, психотроптық заттарды және сол тектестерді, прекурсорларды насихаттау немесе заңсыз жарнамалау
Есірткі, психотроптық заттарды және сол тектестерді, прекурсорларды насихаттау немесе заңсыз жарнамалау –
лицензиядан айыра отырып немесе онсыз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бес жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескертпелер.
1. Осы бапта есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді және прекурсорларды насихаттау деп айқындалмаған адамдар тобында есірткі, психотроптық заттардың, сол тектестердің заңсыз айналымына және заңсыз тұтынылуына оң немесе төзімді көзқарас қалыптастыруға бағытталған, ұсынылу нысаны мен тәсіліне қарамастан, есірткі, психотроптық заттар, сол тектестер, прекурсорлар туралы, оларды әзірлеу, дайындау және пайдалану тәсілдері, әдістері туралы, есірткі, психотроптық заттар мен сол тектестердің жекелеген түрлерін пайдаланудың артықшылықтары туралы және пайдасы туралы кез келген мәліметтерді таратуды немесе осы мақсаттарда өзге де әрекеттер жасауды түсінген жөн.
2. Осы бапта есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды заңсыз жарнамалау деп заңда белгіленген жағдайларды қоспағанда, айқындалмаған адамдар тобына арналған және есірткі және психотроптық заттарға, сол тектестерге қызығушылықты қалыптастыруға немесе қолдауға және олардың заңсыз тұтынылуына және өткізілуіне ықпал етуге арналған, оларды сатып алу орындары немесе тәсілдері, сапасы, бағасы және олардың өзге де қасиеттері туралы ақпаратты кез келген жерде, кез келген нысанда, кез келген тәсілмен таратуды және (немесе) орналастыруды түсінген жөн.
Ескерту. 423-бап жаңа редакцияда - ҚР 27.12.2019 № 292-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.423-1-бап. Жиырма бір жасқа толмаған адамдарға темекіні және темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын, темекі қыздыруға арналған жүйелерді, энергетикалық сусындарды сату
Ескерту. 423-1-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді – ҚР 17.11.2025 № 232-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Жиырма бір жасқа толмаған адамдарға темекіні және темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын, темекі қыздыруға арналған жүйелерді, энергетикалық сусындарды сату -
жеке тұлғаларға – отыз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, коммерциялық емес ұйымдарға – елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – сексен, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет -
жеке тұлғаларға - алпыс, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, коммерциялық емес ұйымдарға - бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз алпыс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескерту. 24-тарау 423-1-баппен толықтырылды – ҚР 07.07.2020 № 361-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 19.04.2024 № 74-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 17.11.2025 № 232-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.424-бап. Заңсыз медициналық және (немесе) фармацевтикалық қызмет
1. Қызметтің осы түріне арналған сертификаты және (немесе) лицензиясы жоқ тұлғаның заңсыз медициналық және (немесе) фармацевтикалық қызметпен айналысуы –
жеке тұлғаларға – бес, лауазымды адамдарға – он бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жетпіс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетілетін медициналық көмекті көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарында оны ақылы негізде ұсыну -
жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген іс-әрекеттерді әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасау –
жеке тұлғаларға - денсаулық сақтау саласындағы маман сертификатынан айыра отырып, отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, әкімшілік құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған кірістері тәркілене отырып лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - алпыс бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жеті жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
4. Емшілік сеанстарын екі және одан көп адамды тарта отырып, оның ішінде масс-медианы пайдалану арқылы өткізу -
бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Заңнамада көзделген жағдайларды қоспағанда, дәрілік заттар тағайындауға уәкілетті медицина жұмыскерлерінің сыйақы алу мақсатында дәрілік заттар жарнамасына қатысуы, медицина жұмыскерлерінің дәрілік заттарды жұмыс орнында өткізуі, сондай-ақ белгілі бір дәріхана ұйымдарына немесе өзге де ұйым түрлеріне жіберуі және олармен ынтымақтастықтың басқа да нысандары –
жеке тұлғаларға - денсаулық сақтау саласындағы маман сертификатынан айыра отырып, сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - денсаулық саласындағы маман сертификатынан айыра отырып, бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескерту. 424-бапқа өзгерістер енгізілді – ҚР 07.07.2020 № 361-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.06.2024 № 95-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.424-1-бап. Клиникалық зерттеулер жүргізу және профилактиканың, диагностиканың, емдеудің және медициналық оңалтудың жаңа әдістері мен құралдарын қолдану тәртібін бұзу
Медицина қызметкерінің клиникалық зерттеулер жүргізу және профилактиканың, диагностиканың, емдеудің және медициналық оңалтудың жаңа әдістері мен құралдарын қолдану тәртібін бұзуы, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, -
жеке тұлғаларға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не денсаулық сақтау саласындағы маман сертификатынан айыруға не онсыз алып келеді.
Ескерту. 24-тарау 424-1-баппен толықтырылды – ҚР 07.07.2020 № 361-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.425-бап. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді бұзу
1. Қазақстан Республикасының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнамасының талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді, техникалық регламенттерді адам денсаулығына зиян келтіруге әкеп соқпаған бұзушылық –
жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз алпыс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз он, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың алты жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, адамның денсаулығына зиян келтіруге әкеп соққан әрекет (әрекетсіздік), егер бұл әрекетте (әрекетсіздікте) қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, –
қызметін тоқтата тұрып не онсыз, өнім тәркілене отырып немесе онсыз, жеке тұлғаларға – екі жүз, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – төрт жүз алпыс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – алты жүз жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескерту. 425-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 21.04.2016 № 504-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.10.2018 № 184-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2019 № 300-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.426-бап. Фармацевтикалық қызметтің және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласының қағидаларын бұзу
1. Дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды тіркеу және қайта тіркеу, өндіру, дайындау және олардың сапасын бақылау, сынау (зерттеу), әкелу, сатып алу, тасымалдау, сақтау, таңбалау, дәрілік заттарға белгіленген шекті бағаларды асырып жіберуді қоса алғанда, өткізу қағидаларын, сондай-ақ қолдану (пайдалану), қамтамасыз ету, жою, жарнамалау қағидаларын бұзу, егер бұл адамның денсаулығына зиян келтіруге алып келмесе, –
жеке тұлғаларға – жетпіс, лауазымды адамдарға – бір жүз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет –
фармацевтикалық қызметке лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданысын алты айға дейінгі мерзімге тоқтата тұруға алып келеді.
2-1. Адамның денсаулығына жеңіл зиян келтіруге алып келген, вакциналарды әкелу, сатып алу, тасымалдау, сақтау қағидаларын бұзу -
лауазымды адамдарға - бір жүз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2-2. Вакциналардың сапасы мен қауіпсіздігіне сараптама жүргізу кезінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы мемлекеттік сараптама ұйымы жүргізетін дәрілік заттарға сараптама жүргізу тәртібін бұзу -
лауазымды адамдарға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
3. Тіркелмеген, қолдануға рұқсат етілмеген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өндіру, сатып алу, тасымалдау, сақтау, өткізу, қолдану (пайдалану), жарнамалау, егер олар адамның денсаулығына зиян келтіруге алып келмесе, –
қызметті тоқтата тұрып, әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысаналары болып табылатын дәрілік және оларға теңестірілген заттар, емдік-профилактикалық тамақ өнімдері мен тағамдық қоспалар, сондай-ақ косметикалық заттар және әкімшілік құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған кірістер тәркілене отырып, жеке тұлғаларға – бір жүз, лауазымды адамдарға – бір жүз елу, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – бір мың бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
4. Осы баптың бірінші, 2-1 және үшінші бөліктерінде көзделген, адамның денсаулығына зиян келтіруге алып келген іс-әрекеттер, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, -
әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысаналары болып табылатын дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар, емдік-профилактикалық тамақ өнімдері мен тағамдық қоспалар, сондай-ақ косметикалық заттар және әкімшілік құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған кірістер тәркілене отырып, жеке тұлғаларға – екі жүз, лауазымды адамдарға – үш жүз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – төрт жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға, сондай-ақ олардың қызметіне тыйым салуға алып келеді.
Ескерту. 426-бап жаңа редакцияда – ҚР 28.12.2018 № 211-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен; өзгеріс енгізілді – ҚР 07.07.2020 № 361-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.427-бап. Есірткі, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы саласындағы объектілер мен үй-жайлардың техникалық нығайтылу талаптарын бұзу
1. Есірткі, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы саласындағы объектілер мен үй-жайлардың техникалық нығайтылу талаптарын бұзу –
заңды тұлғаның қызметін тоқтата тұрып, лауазымды адамдарға – жиырма бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет (әрекетсіздік) –
заңды тұлға қызметіне тыйым салына отырып, лауазымды адамдарға – бір жүз жетпіс бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 427-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.428-бап. Денсаулық сақтау саласындағы анық емес жарнама
Тиісті қызмет түрін жүзеге асыруға лицензиясы жоқ жарнама берушінің медициналық қызметтер көрсету, профилактика, диагностика, емдеу және медициналық оңалту әдістері мен құралдарының жарнамасын, сондай-ақ тағамға биологиялық активті қоспаларды мемлекеттік тіркеусіз олардың жарнамасын таратуы, егер бұл әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, –
жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамдарға – жиырма бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
429-бап. АИТВ жұқтырғандармен, соз ауруларымен, туберкулезбен ауыратындармен қатынаста болып жүрген адамдардың, сондай-ақ психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары (аурулары) бар не дәрігердің тағайындауынсыз есірткі немесе психотроптық заттарды тұтынушы адамдардың медициналық тексерілуден және емделуден жалтаруы
Ескерту. 429-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР 07.07.2020 № 361-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Денсаулық сақтау мекемесінің жазбаша жасаған ескертуінен кейін де АИТВ жұқтырғандармен, соз ауруларымен, туберкулезбен ауыратындармен қатынаста болып жүрген адамдардың медициналық тексерілуден және емделуден одан әрі жалтаруы –
бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары (аурулары) бар не дәрігердің тағайындауынсыз есірткі немесе психотроптық заттарды тұтынып жүргені туралы жеткілікті деректер бар адамдардың медициналық зерттеп-қаралудан және емделуден жалтаруы -
он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 429-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 28.12.2018 № 208-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 07.07.2020 № 361-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.430-бап. Айналадағылар үшін қауіп төндіретін аурулармен ауыратын адамдардың емделуден жалтаруы
1. Тізбесін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын, айналадағылар үшін қауіп төндіретін аурулармен ауыратын адамдардың, сондай-ақ денсаулық сақтау мекемесінің жазбаша жасаған ескертуінен кейін де олармен қатынаста болған және профилактикалық емдеуді қажет ететін адамдардың дәрілік заттарды қабылдаудан бас тартуы және емделуден өзге де жалтаруы –
бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Ата-анасының немесе оларды алмастыратын адамдардың тізбесін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын, айналадағылар үшін қауіп төндіретін аурулармен ауыратын кәмелетке толмаған балаларын емдетуден жалтаруы –
жеке тұлғаларға он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 430-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 30.12.2019 № 300-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
431-бап. Айналадағылар үшін қауіп төндіретін аурулармен ауыратын адамдардың жұқтыру көзін және өздерімен қатынаста болған адамдарды жасыруы
Айналадағылар үшін қауіп төндіретін аурулармен ауыратын адамдардың жұқтыру көзін және осы ауруларды басқа адамдарға жұқтыру қаупін туғызатын өздерімен қатынаста болған адамдарды жасыруы –
бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
432-бап. Медициналық, фармацевтикалық қызметпен айналысуға рұқсат беру құжаттарын алу кезінде көрінеу жалған мәліметтер мен ақпарат беру
1. Медициналық, фармацевтикалық қызметпен айналысуға рұқсат беру құжаттарын алу кезінде көрінеу жалған мәліметтер мен ақпарат, оның ішінде құжаттарды бұрмалау жолымен беру, егер бұл іс-әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, –
жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – он бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған дәл сол іс-әрекет –
жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
433-бап. Денсаулық сақтау субъектілерінің уәкілетті органдарға хабарлау жөніндегі міндеттерді бұзуы
1. Денсаулық сақтау субъектілерінің ақпаратты:
халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органға - айналадағыларға қауіп төндіретін инфекциялық аурулар, уланулар жағдайлары туралы;
медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы мемлекеттік органға - жүкті, босанатын әйелдердің, босанған әйелдердің босанғаннан кейін күнтізбелік қырық екі күн ішінде қайтыс болу, пациенттерге жоспарлы медициналық көмек (медициналық-санитариялық алғашқы көмек және мамандандырылған, оның ішінде жоғары технологиялық медициналық көмек) көрсету кезінде олардың кенеттен қайтыс болу жағдайлары туралы;
азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органға - төтенше ахуалдардың медициналық-санитариялық салдарының туындау қатері және (немесе) туындауы туралы;
ішкі істер органдарына - жаңа алған жарақаттар, жаралар, жүктілікті жасанды үзуді заңсыз жүргізу, тұрмыстық зорлық-зомбылық себебі бойынша жүгінген адамдар туралы, айналадағыларға қауіп төндіретін аурулар жағдайлары туралы мәліметтерді беру (шұғыл хабарлау) жөніндегі міндеттерді бұзуы -
жеке тұлғаларға – бес, лауазымды адамдарға он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған дәл сол әрекет (әрекетсіздік) –
жеке тұлғаларға – сертификаттан айыра отырып, он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, лауазымды адамдарға – жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 433-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 07.07.2020 № 361-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). 25-тарау. ҚОҒАМДЫҚ ТӘРТIПКЕ ЖӘНЕ ИМАНДЫЛЫҚҚА ҚОЛ СҰҒАТЫН
ӘКIМШIЛIК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР
1. Қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, жеке тұлғаларға зәбірлеп тиісу және айналасындағыларға құрметпен қарамауды білдіретін, қоғамдық тәртіп пен жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын басқа да осындай әрекеттер –
жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға немесе жиырма сағаттан алпыс сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не бестен он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға алып келеді.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –
алпыс сағаттан бір жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не он бестен отыз тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға алып келеді.
3. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, осы Кодекстің 50-бабының екінші бөлігіне сәйкес әкімшілік қамаққа алу қолданылмайтын адамдар жасаған әрекеттер –
жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Ғимараттарды, өзге де құрылысжайларды, тұрғын үй-жайларды, ортақ пайдаланылатын орындарды, көліктегі және өзге де қоғамдық орындардағы мүлікті қорлау –
елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не бестен жиырма тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға алып келеді.
5. Осы баптың төртінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –
жиырмадан отыз тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға алып келеді.
6. Осы баптың бесінші бөлігінде көзделген, осы Кодекстің 50-бабының екінші бөлігіне сәйкес әкімшілік қамаққа алу қолданылмайтын адамдар жасаған әрекет –
алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескерту. 434-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2019 № 300-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.01.2023 № 187-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.07.2024 № 112-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.01.2025 № 155-VIII (01.09.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.434-1-бап. Жеке тұлғалардың спорттық және спорттық-бұқаралық, ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларда жүріс-тұрыс қағидаларын бұзуы
1. Жеке тұлғалардың спорттық және спорттық-бұқаралық, ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларда жүріс-тұрыс қағидаларын:
1) спорттық және спорттық-бұқаралық, ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін орындарға алкоголь өнімін, металл, шыны ыдыстағы өнімді, пиротехникалық бұйымдарды және пайдаланылуы адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіруі не жеке және заңды тұлғаларға материалдық нұқсан келтіруі мүмкін өзге де заттарды алып кіру;
2) спорттық және спорттық-бұқаралық, ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін уақытта әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни және этностық алауыздықты қоздыруға бағытталған, сол сияқты жеке тұлғалардың құқықтарын кемсітетін плакаттарды, эмблемаларды, транспаранттарды және өзге де көрінетін заттарды пайдалану түрінде бұзуы, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, –
жеке тұлғаларға жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –
жеке тұлғаларға қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 25-тарау 434-1-баппен толықтырылды - ҚР 22.01.2016 № 446-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 11.06.2026 № 307-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.434-2-бап. Ортақ пайдаланылатын орындарды ластау
1. Ортақ пайдаланылатын орындарды, саябақтарды, скверлерді ластау, оның ішінде белгіленбеген орындарға коммуналдық қалдықтарды тастау –
он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не қырық сағат мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға алып келеді.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –
жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не сексен сағат мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға алып келеді.
Ескерту. 25-тарау 434-2-баппен толықтырылды - ҚР 30.12.2019 № 300-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгерістер енгізілді – ҚР 05.07.2024 № 112-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.01.2025 № 155-VIII (01.09.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.434-3 бап. Қазақстан Республикасының қоғамдық орындарда бет-әлпетті тануға кедергі келтіретін киім-кешекті киіп жүру туралы заңнамасының талаптарын бұзу
1. Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарын, қызметтік (лауазымдық, еңбек) міндеттерін орындау үшін, медициналық мақсаттарда, азаматтық қорғау үшін, ауа райы жағдайларында, сондай-ақ спорттық, спорттық-бұқаралық және мәдени-бұқаралық іс-шараларға тікелей қатысатын адамдарға қажет болатын жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының қоғамдық орындарда бет-әлпетті тануға кедергі келтіретін киім-кешекті киіп жүру туралы заңнамасының талаптарын бұзу –
ескерту жасауға алып келеді.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –
он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескерту. 434-3-баппен толықтырылды – ҚР 30.12.2025 № 247-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.435-бап. Кәмелетке толмаған адам жасаған бұзақылық
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 293-бабының бірінші бөлігінде көзделген, он төрттен он алты жасқа дейінгі кәмелетке толмаған адам жасаған ұсақ бұзақылық немесе бұзақылық –
ата-анасына немесе оларды алмастыратын адамдарға жеті айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
436-бап. Пиротехникалық бұйымдарды елді мекендерде қолдану
Ескерту. 436-баптың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР 11.07.2022 № 137-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Алып тасталды – ҚР 11.07.2022 № 137-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
2. Жеке тұлғалардың тыныштығын, белгіленген тәртіпті бұзатын және ірі материалдық залал келтіруге әкеп соқпаған, елді мекендерде және бұл үшін бөлінбеген орындарда пиротехникалық бұйымдарды қолдану –
пиротехникалық бұйымдар тәркіленіп, жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, он алты жасқа дейінгі кәмелетке толмаған адам жасаған әрекет –
пиротехникалық бұйымдар тәркіленіп, ата-анасына немесе оларды алмастыратын адамдарға ескерту жасауға немесе жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
4. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған, сол сияқты осы Кодекстің 437-бабында көзделген құқық бұзушылық үшін бір жыл ішінде әкімшілік жауаптылыққа тартылған адам жасаған әрекет –
пиротехникалық бұйымдар тәркіленіп, отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескерту. 436-бап жаңа редакцияда - ҚР 22.12.2016 № 28-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 11.07.2022 № 137-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.1. Жеке тұлғалардың қалыпты демалысы мен тыныштығына кедергі келтіретін, сағат 22-ден таңғы 9-ға дейін тыныштықты бұзу, оның ішінде тұрғынжайда және оның сыртында шұғыл қажеттілікпен байланысы жоқ шу шығаратын жұмыстарды жүргізу, сол сияқты тұрғын ғимараттарда және тұрғын үй құрылысы аумақтарында орналасқан ойын-сауық орындарының жұмыс күндері сағат 22-ден таңғы 9-ға дейін, демалыс және мереке күндері сағат 23-тен таңғы 10-ға дейін тыныштықты бұзуы -
жеке тұлғаларға – бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған дәл сол әрекет –
жеке тұлғаларға – он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – алпыс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескерту. 437-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 30.12.2019 № 300-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 07.07.2020 № 361-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.438-бап. Арнаулы қызметтерді көрінеу жалған шақыру
1. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарын, полицияны, медициналық жедел жәрдемді, авариялық қызметтерді көрінеу жалған шақыру –
жеке тұлғаларға алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған не аварияларды, өрттерді, дүлей зілзала салдарын жою кезеңінде жасалған әрекеттер –
жеке тұлғаларға бір жүз жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не қырық сағат мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға алып келеді.
3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, он төрттен он алты жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар жасаған әрекеттер –
ата-анасына немесе оларды алмастыратын адамдарға отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 438-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 10.01.2025 № 155-VIII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.ЗҚАИ-ның ескертпесі!
439-баптың тақырыбына өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 12.06.2026 № 312-VIIІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
439-бап. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы көрінеу жалған ақпарат
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
1-бөліктің бірінші абзацы жаңа редакцияда көзделген – ҚР 12.06.2026 № 312-VIIІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізетін органға сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы көрінеу жалған ақпарат хабарлау –
жеке тұлғаларға ескерту жасауға не жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –
жеке тұлғаларға қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 439-бап жаңа редакцияда - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.440-бап. Алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу
1. Жергілікті атқарушы орган алкогольдік ішімдіктерді құйып сатуға рұқсат еткен сауда және қоғамдық тамақтандыру ұйымдарынан басқа, көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға адамның қадір-қасиетін және қоғамдық имандылықты қорлайтын масаң күйде келу –
бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Он сегіз жасқа толмаған адамдардың қоғамдық орындарға масаң күйде келуі, сол сияқты олардың алкогольдік ішімдіктерді ішуі –
ата-анасына немесе оларды алмастыратын адамдарға бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасаған әрекеттер –
он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға немесе жиырма сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға алып келеді.
Ескерту. 440-бап жаңа редакцияда - ҚР 30.12.2019 № 300-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 10.01.2025 № 155-VIII (01.09.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.440-1-бап. Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді, сондай-ақ күшті әсер ететін заттарды медициналық емес мақсатта тұтыну
1. Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді, сондай-ақ күшті әсер ететін заттарды медициналық емес мақсатта тұтыну, егер бұл әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса –
жеке тұлғаға қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не он тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алуға алып келеді.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –
жеке тұлғаға сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не жиырма тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алуға алып келеді.
Ескерту. 440-1-баппен толықтырылды – ҚР 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.441-бап. Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салу белгіленген орындарда темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын, темекі қыздыруға арналған жүйелерді, тұтынудың электрондық жүйелерін және оларға арналған сұйықтықтарды тұтынуға тыйым салуды бұзу
Ескерту. 441-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 07.07.2020 № 361-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Осы баптың 1-2-бөлігінде көзделген жағдайды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салу белгіленген орындарда темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын, темекі қыздыруға арналған жүйелерді, тұтынудың электрондық жүйелерін және оларға арналған сұйықтықтарды тұтыну -
жеке тұлғаларға он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
1-2. Әуе кемесінің бортында темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын, темекі қыздыруға арналған жүйелерді, тұтынудың электрондық жүйелерін және оларға арналған сұйықтықтарды тұтыну -
жеке тұлғаларға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –
жеке тұлғаларға жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
3. Жұмыс берушінің темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын, темекі қыздыруға арналған жүйелерді, тұтынудың электрондық жүйелерін және оларға арналған сұйықтықтарды бұл үшін арнайы айқындалмаған орындарда тұтынатын адамдарға шаралар қолданбауы -
лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - жиырма бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескерту. 441-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 06.04.2015 № 299-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.05.2017 № 64-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.04.2019 № 249-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 07.07.2020 № 361-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.441-1-бап. Автомобиль көлік құралында кәмелетке толмаған адамдар болған кезде оларда темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын, темекі қыздыруға арналған жүйелерді, тұтынудың электрондық жүйелерін және оларға арналған сұйықтықтарды тұтынуға тыйым салуды бұзу
1. Автомобиль көлік құралында кәмелетке толмаған адамдар болған кезде оларда темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын, темекі қыздыруға арналған жүйелерді, тұтынудың электрондық жүйелерін және оларға арналған сұйықтықтарды тұтыну -
жеке тұлғаларға он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет -
жеке тұлғаларға жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескерту. 25-тарау 441-1-баппен толықтырылды – ҚР 07.07.2020 № 361-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).442-бап. Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы
Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР 29.12.2014 № 272-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).
1. Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз сағат 22-ден таңғы 6-ға дейін ойын-сауық мекемелерінде
болуы –
заңды өкілдеріне үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғынжайдан тыс жерде сағат 23-тен таңғы 6-ға дейін болуы –
заңды өкілдеріне ескерту жасауға әкеп соғады.
3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –
заңды өкілдеріне жеті айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 442-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 272-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.443-бап. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын адамның заңды талабына бағынбау
1. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын адамның заңды талабына бағынбау –
бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет (әрекетсіздік) –
он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға немесе жиырма сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не бес тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.
Ескерту. 443-бап жаңа редакцияда - ҚР 29.12.2014 № 272-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 10.01.2025 № 155-VIII (01.09.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.443-1-бап. Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың міндетті дактилоскопиялық және (немесе) геномдық тіркеуден өтуден бас тартуы
1. Алып тасталды – ҚР 23.12.2023 № 50-VIII (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
2. Шетел азаматтарының немесе азаматтығы жоқ адамдардың міндетті дактилоскопиялық тіркеуден өтуден бас тартуы –
Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарып жіберуге алып келеді.
3. Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетел азаматтарының немесе азаматтығы жоқ адамдардың міндетті геномдық тіркеуден өтуден бас тартуы –
бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескерту. 25-тарау 443-1-баппен толықтырылды - ҚР 31.12.2016 № 41-VІ (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 23.12.2023 № 50-VIII (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.444-бап. Құмар ойындарға қатысу, тарту немесе рұқсат беру
1. Құмар ойындарға (ақшаға, затқа және өзге де құндылықтарға) бұл үшін бөлінбеген орындарда қатысу, сол сияқты бұған арнайы рұқсаты жоқ адамдардың спорттық және өзге де жарыстарға ставка қабылдауы –
ойын құралдары, ақша, заттар және өзге де құндылықтар тәркілене отырып, жеке тұлғаларға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
2-бөлікке өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 30.12.2025 № 247-VIII (01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.2. Жиырма бір жасқа дейінгі адамдарды, құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуы шектелген адамдарды, сондай-ақ атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды және осы саладағы қызметті мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті орган Борышкерлердің бірыңғай тізіліміне енгізген, мүліктік өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттар бойынша орындалмаған міндеттемелері бар адамдарды құмар ойындармен және (немесе) ақшаға, заттарға және өзге де құндылықтарға бәс тігумен айналысуға тарту –
жеке тұлғаларға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
3-бөлікке өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 30.12.2025 № 247-VIII (01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.3. Жиырма бір жасқа дейінгі адамдардың, құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуы шектелген адамдардың, сондай-ақ атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды және осы саладағы қызметті мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті орган Борышкерлердің бірыңғай тізіліміне енгізген, мүліктік өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттар бойынша орындалмаған міндеттемелері бар адамдардың құмар ойындарға және (немесе) ақшаға, заттарға және өзге де құндылықтарға бәс тігуге қатысуына рұқсат ету –
орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!3-1-бөлікпен толықтыру көзделген – ҚР 11.06.2026 № 307-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
4. Құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуы шектелген адамдар тізіміндегі адамдардың құмар ойындарды және (немесе) бәс тігуді ұйымдастыруына және өткізуіне рұқсат ету –
орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
5. Осы баптың үшінші және төртінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –
лицензияның қолданылуын тоқтата тұруға алып келеді.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!6-бөлікпен толықтыру көзделген – ҚР 11.06.2026 № 307-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Ескерту. 444-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2019 № 300-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 08.07.2024 № 117-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
445-бап. Қазақстан Республикасының ойын бизнесі туралы заңнамасын бұзу
1. Ойын мекемелерін, тотализатордың немесе букмекер кеңсесінің кассаларын тұрғын емес үй-жайларда орналастыру туралы талапты және оларды тұрғын үйлердің (тұрғын ғимараттардың) тұрғын емес үй-жайларында, өнеркәсіптік кәсіпорындар мен олардың кешендерінің ғимараттарында және басқа да өндірістік, коммуналдық объектілерде және қойма объектілерінде, ғибадат үйлерінде (құрылыстарында), мемлекеттік органдар мен мекемелердің, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет ұйымдарының, әуежайлардың, вокзалдардың ғимараттарында, қалалық және қала маңы қатынастарындағы қоғамдық көліктің барлық түрлерінің станциялары мен аялдамаларында орналастыруға тыйым салуды сақтамау –
лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Ойын бизнесін ұйымдастырушының ойын мекемелерінен (тотализаторлардың немесе букмекер кеңселерінің кассаларынан) тыс жерлерде бәс тігуі, мөлшерлемелерді қабылдауы (есепке алуы), ұтысты төлеуі не заңда белгіленген жағдайды қоспағанда, ақшадан басқа өзге де мүлік түрінде мөлшерлемелер қабылдауды және (немесе) ұтыс беруді көздейтін құмар ойындарды және (немесе) бәс тігуді ұйымдастыруы және өткізуі –
лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Ойын автоматына технологиялық түрде салынған ұтыс пайызы жөніндегі талаптарды сақтамау –
әкімшілік құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған кірістер тәркілене отырып және лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Ойын бизнесін ұйымдастырушының Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртіппен және шарттарда міндетті резервтерді қалыптастыру, пайдалану, тұрақты негізде орналастыруды қамтамасыз ету жөніндегі шарттарды орындамауы –
лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!4-1-бөлікпен толықтыру көзделген – ҚР 11.06.2026 № 307-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
5. Ойын автоматтарын немесе олардың бөліктерін казинолардағы және ойын автоматтарының залдарындағы қабырғаларға, терезе мен есіктің ойықтарына монтаждау –
лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Ойын бизнесін ұйымдастырушының ойын мекемелерінің кассалары мен ойын орындарын бейнежазу жүйелерімен жабдықтау жөніндегі талаптарды сақтамауы не жазылған ақпаратты сақтау мерзімдерін немесе тіркеу шарттарын бұзуы не бәс тігуді ұйымдастыруға және өткізуге арналған жабдық орнату міндетін орындамауы –
лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
6-1. Ойын бизнесін ұйымдастырушының ойын мекемелерінде, букмекерлік кеңсе немесе тотализатор үй-жайларында, казино мен ойын автоматтары залының кассаларында, тотализатордың немесе букмекерлік кеңсенің кассаларында және электрондық кассаларында, өзінің интернет-ресурстарында құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысудың қауіп-қатерлері мен зияны туралы ескертуді орналастыру жөніндегі талаптарды сақтамауы –
лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
7. Бір казинода кемінде отыз ойын үстелін, ойын автоматтары залында кемінде алпыс ойын автоматын орнату жөніндегі талаптарды сақтамау –
лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
8. Ойын бизнесін ұйымдастырушының ойын автоматтарын Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасының талаптарын бұза отырып пайдалануы –
лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
9. Аппараттық-бағдарламалық кешен серверін фискалдық режиммен қамтамасыз ету, аппараттық-бағдарламалық кешен арқылы бәс тігу қорытындысының нұсқаларына ұтыстардың коэффициенттерін есептеуді, қабылданған мөлшерлемелерді есепке алуды, бәс тігу нәтижелері бойынша ұтыстарды есептеуді, ұтыстарды және олар бойынша төлемдерді есепке алуды жүзеге асыру жөніндегі міндеттерді орындамау –
лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
10. Аппараттық-бағдарламалық кешен есептеген коэффициенттер негізінде және алда болатын нақты оқиғаларға ғана мөлшерлеме қабылдау туралы, не букмекер кеңселерін аппараттық-бағдарламалық кешенмен жабдықтау жөніндегі, не экономикалық қызмет саласында жасаған қылмысы үшін не ауырлығы орташа қасақана қылмыстар, ауыр қылмыстар, аса ауыр қылмыстар үшін алынбаған немесе жойылмаған сотталғандығы бар адамның ойын мекемесінде басшылық лауазымға тағайындалуына тыйым салу туралы талаптарды сақтамау –
лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
10-1. Букмекерлік кеңсенің немесе тотализатордың қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушының аппараттық-бағдарламалық кешендердің бірыңғай есепке алу жүйесімен интеграциялануын қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды орындамауы не бұрын жүзеге асырылған интеграцияланудан бас тартуы –
лицензияның қолданысын тоқтата тұрып, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
10-2. Букмекерлік кеңсенің немесе тотализатордың қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушының мөлшерлемелерді және ұтыстарды бірыңғай есепке алу жүйесінде есепке алмай, оларды қабылдауға және төлеуге тыйым салуды сақтамауы –
лицензияның қолданысын тоқтата тұрып, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!11-бөлікке өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 11.06.2026 № 307-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
11. Осы баптың бірінші, екінші, төртінші, бесінші, алтыншы, 6-1, жетінші, тоғызыншы, оныншы, 10-1 және 10-2-бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) –
лицензиядан айыра отырып, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – төрт жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
12. Осы баптың үшінші және сегізінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер –
әкімшілік құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған кірістер тәркілене отырып және лицензиядан айыра отырып, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – төрт жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 445-бап жаңа редакцияда - ҚР 24.04.2015 № 310-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); өзгеріс енгізілді – ҚР 08.07.2024 № 117-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2025 № 247-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.445-1-бап. Қазақстан Республикасының лотереялар және лотерея қызметі туралы заңнамасын бұзу
1. Лотерея операторының әрбір тираждың және тираждық лотереяның лотерея билеттері, электрондық лотерея билеттері бойынша ұтыстардың нәтижелерін Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таралатын мерзімдік баспасөз басылымдарында жариялау немесе лотерея операторының интернет-ресурсында орналастыру жөніндегі талаптарды орындамауы, сол сияқты жариялау немесе орналастыру мерзімдерін бұзуы –
қызметін тоқтата тұрып, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бес жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Лотерея операторының лотерея өткізудің бекітілген талаптарының бір данасын лотерея және лотерея қызметі саласындағы уәкілетті органға жіберу және лотерея өткізудің талаптарын өзінің интернет-ресурсында орналастыру туралы талаптарды орындамауы, сол сияқты жіберу немесе орналастыру мерзімдерін бұзуы –
қызметін тоқтата тұрып, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бес жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
3. Лотерея операторының таратылған лотерея билеттері, электрондық лотерея билеттері, өткізілген лотерея билеттерінен, электрондық лотерея билеттерінен түскен түсім, төленген ұтыстар туралы ақпаратты жинау, қалыптастыру, сақтау және есепке алу жөніндегі талаптарды бұзуы, сол сияқты оны лотереялар және лотерея қызметі саласындағы уәкілетті органға бермеуі, уақтылы бермеуі не анық емес ақпарат беруі –
қызметін тоқтата тұрып, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бес жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
4. Лотерея операторының жүлде қорын қалыптастыру жөніндегі талаптарды бұзуы –
қызметін тоқтата тұрып, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бес жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!4-1-бөлікпен толықтыру көзделген – ҚР 11.06.2026 № 307-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
5. Осы баптың бірінші, екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер –
қызметін тоқтата тұрып, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір мың, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!5-1-бөлікпен толықтыру көзделген – ҚР 11.06.2026 № 307-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
6. Лотерея операторы болып табылмайтын тұлғаның лотерея өткізуі –
жеке тұлғаларға – бір жүз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – үш жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бес жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
7. Осы баптың алтыншы бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –
әкімшілік құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған кірістер тәркілене отырып, жеке тұлғаларға – екі жүз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жеті жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір мың, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескерту. 25-тарау 445-1-баппен толықтырылды - ҚР 09.04.2016 № 496-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді – ҚР 10.06.2020 № 343-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 08.07.2024 № 117-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.446-бап. Эротикалық мазмұндағы өнімдерді жарнамалау
Эротикалық мазмұндағы өнімді осы мақсаттар үшін бөлінбеген орындарда сату, тарату немесе жарнамалау –
эротикалық мазмұндағы өнім тәркілене отырып, жеке тұлғаларға жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
447-бап. Тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау мен пайдалану қағидаларын бұзу
Мемлекет қорғайтын тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау мен пайдалану қағидаларын бұзу –
жеке тұлғаларға – бес, лауазымды адамдарға он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
448-бап. Кәмелетке толмағандардың вандализмі
Он алты жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар жасаған вандализм, яғни мемлекет қорғайтын тарихи-мәдени мұра объектілерін, тарих және мәдениет ескерткіштерін, табиғи объектілерді жазулармен немесе суреттермен немесе қоғамдық имандылыққа қиянат жасайтын өзге де әрекеттермен қорлауы –
ата-анасына немесе оларды алмастыратын адамдарға он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескерту. 448-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 03.01.2023 № 187-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.449-бап. Қоғамдық орындарда тиісу
1. Қоғамдық орындарда заттарды өзгеше тәсілмен сатып алу, сату, айырбастау немесе иемдену мақсатында кәсіпкерлік субъектісі болып табылмайтын адам жасаған, сондай-ақ бал ашу, қайыршылық, жезөкшелікпен айналысу, сексуалдық сипаттағы өзге де қызметтерді көрсету не өзге де қызметтер көрсетуді күштеп таңу мақсатында тиісу, яғни мазалап өтініш білдіру –
жеке тұлғаларға ескерту жасауға не бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –
он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға немесе жиырма сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, шетел азаматы не азаматтығы жоқ адам жасаған әрекеттер –
бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға не Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарып жіберуге әкеп соғады.
Ескерту. 449-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 272-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.07.2024 № 112-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.01.2025 № 155-VIII (01.09.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.450-бап. Көрінеу жезөкшелікпен айналысу, сексуалдық сипаттағы өзге де қызметтерді көрсету немесе жеңгетайлық үшін үй-жайлар ұсыну
1. Көрінеу жезөкшелікпен айналысу, сексуалдық сипаттағы өзге де қызметтерді көрсету немесе жеңгетайлық үшін үй-жайлар ұсыну –
қызметін немесе қызметінің жекелеген түрлерін үш айға дейінгі мерзімге тоқтата тұрып, жеке тұлғаларға және лауазымды адамдарға – бір жүз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған дәл сол әрекет –
қызметіне немесе қызметінің жекелеген түрлеріне үш жылға дейінгі мерзімге тыйым сала отырып, әкімшілік құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған кірістері тәркілене отырып, жеке тұлғаларға және лауазымды адамдарға – бір жүз елу, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – төрт жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 450-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.07.2024 № 112-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. 26-тарау. БАСПАСӨЗ ЖӘНЕ АҚПАРАТ САЛАСЫНДАҒЫ ӘКIМШIЛIК ҚҰҚЫҚ
БҰЗУШЫЛЫҚТАР
451-бап. Қазақстан Республикасының масс-медиа туралы заңнамасын бұзу
1. Есепке қоймай не шығарылуын (эфирге шығуын) тоқтата тұру, тоқтату немесе есепке қою туралы куәліктің күші жойылды деп тану туралы шешім шығарылғаннан кейін бұқаралық ақпарат құралының өнімін тарату –
бұқаралық ақпарат құралының өнімі тәркілене отырып, лауазымды адамдарға – он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Меншік иесі ауысқан немесе оның атауы, аты, тілі, таралу аумағы, негізгі тақырыптық бағыты және шығарылу мерзімділігі өзгерген, сондай-ақ теле-, радиоарнаның ұйымдық-құқықтық нысаны өзгерген жағдайларда, қайта есепке алынбай бұқаралық ақпарат құралының өнімін жасап шығару, дайындау, таралымын көбейту және (немесе) тарату –
бұқаралық ақпарат құралының шығарылуын (эфирге шығуын) үш айға дейінгі мерзімге тоқтата тұрып, лауазымды адамдарға – қырық, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
3. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –
бұқаралық ақпарат құралының шығарылуына (эфирге шығуына) тыйым салуға алып келеді.
4. Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұза отырып, масс-медиада ата-аналары және өзге де заңды өкілдері туралы ақпаратты қоса алғанда, ауыр және (немесе) аса ауыр қылмыстар жасауда сот кінәлі деп таныған кәмелетке толмағандарды қоспағанда, құқыққа қайшы әрекеттер (әрекетсіздік) салдарынан зардап шеккен, сондай-ақ әкімшілік және (немесе) қылмыстық құқық бұзушылықтар жасады деп күдік келтірілген және (немесе) айып тағылған кәмелетке толмаған адамның дербес және биометриялық деректерін, оның жеке басын анықтауға мүмкіндік беретін өзге де ақпаратты тарату –
жеке тұлғаларға – бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
5. Осы баптың төртінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –
жеке тұлғаларға және лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
6. Телерадиокомпаниялардың Қазақстан Республикасының масс-медиа туралы заңнамасын:
1) отандық теле-, радиоарналардың отандық теле-, радио бағдарламаларды белгіленген пайыздық нормадан кем таратуы;
2) телеарнада жаңалық сипатындағы телебағдарламаларды сурдоаудармамен немесе субтитр түріндегі аудармамен қамтамасыз етпей тарату;
3) телеарнада кадр алаңының жиырма бес пайызынан асатын және телебағдарламалардағы мәтіндік немесе ақпараттық материалды бұзатын коммерциялық жарнама сипатындағы қосымша ақпаратты тарату;
4) телерадио хабарларын таратудың техникалық құралдарын телерадио хабарларын тарату операторларының желілеріне қосу, телерадио хабарларын тарату жүйелерін техникалық пайдалану қағидаларына және телерадио хабарларын таратудың ұлттық стандарттарының талаптарына, сондай-ақ телерадио хабарларын тарату сапасының техникалық параметрлеріне сәйкес теле-, радиоарналардың теле-, радиобағдарламаларын беру сапасын қамтамасыз етпеу түрінде жасаған бұзушылығы –
лауазымды адамдарға – елу, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
7. Осы баптың алтыншы бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер –
лауазымды адамдарға – бір жүз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
8. Жергілікті уақытпен нөл сағаттан бастап есептелетін әрбір алты сағат сайынғы уақыт аралығында мемлекеттік тілдегі теле-, радиобағдарламалардың көлемін теле-, радиобағдарламалардың Қазақстан Республикасының масс-медиа туралы заңнамасында белгіленгеннен жалпы көлемінен кем тарату –
ескерту жасауға немесе лауазымды адамдарға – он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
9. Осы баптың сегізінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –
телевизия және (немесе) радиохабарларын таратуды ұйымдастыру жөніндегі қызметке арналған лицензиядан айыра отырып және бұқаралық ақпарат құралының шығарылуын (эфирге шығуын) үш айға дейінгі мерзімге тоқтата тұрып, лауазымды адамдарға – елу, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
10. Отандық теле-, радиоарналардың апта сайынғы хабар тарату көлемінде теле-, радиобағдарламалардың жалпы көлемінің он пайызынан асатын шетелдік теле-, радиоарналардың теле-, радиобағдарламаларын ретрансляциялау –
лауазымды адамдарға – елу, заңды тұлғаларға бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
11. Осы баптың оныншы бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –
лауазымды адамдарға – бір жүз, заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
12. Телерадио хабарларын тарату операторларының Қазақстан Республикасының масс-медиа туралы заңнамасын:
1) телерадио хабарларын тарату операторларының міндетті теле-, радиоарналарды таратпауы;
2) телерадио хабарларын тарату операторларының теле-, радиоарнаны ретрансляциялау шарттарын бұзуы түрінде жасаған бұзушылығы –
лауазымды адамдарға – елу, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
13. Осы баптың он екінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер –
лауазымды адамдарға – бір жүз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
14. Телерадиокомпаниялардың және телерадио хабарларын тарату операторларының Қазақстан Республикасының масс-медиа туралы заңнамасын:
1) ғимараттың және (немесе) ғимараттардың меншік иелерінің жазбаша келісімінсіз коммерциялық мақсатты көздемейтін ұжымдық қабылдау жүйесін ұйымдастыру;
2) телерадио хабарларын тарату операторларының және телерадиокомпаниялардың адамдардың өміріне, денсаулығына төнген қатер мен табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде қалыптасқан жағдайдағы іс-қимылдар тәртібі туралы халықты құлақтандыру сигналын, сондай-ақ қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік және құқықтық тәртіпті қорғау мүдделерінде сигналды уақтылы таратпауы;
3) телерадио хабарларын таратудың сәйкестікті растау рәсімінен өтпеген техникалық құралдарын пайдалану;
4) радиотаратқыш және (немесе) радиоқабылдағыш байланыс құралдарына жерүсті спутниктік дара қабылдау құрылғылары арқылы бөгеуіл жасау;
5) телерадио хабарларын тарату операторларының уәкілетті органда есепке, қайта есепке қойылмаған теле-, радиоарналарды таратуы түрінде жасаған бұзушылығы –
лауазымды адамдарға – елу, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
15. Осы баптың он төртінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер –
лауазымды адамдарға – бір жүз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
16. Телерадио хабарларын тарату саласында лицензиясы жоқ және Қазақстан Республикасының аумағында өзінің спутниктік хабар тарату жүйелері жоқ телерадио хабарларын тарату операторларының көрсетілетін қызметтеріне шартты қолжетімді карталарды және телерадио хабарларын тарату операторларының теле-, радио сигналын жеке-дара қабылдауға арналған жабдығын тарату –
жеке тұлғаларға – он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
17. Осы баптың он алтыншы бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –
әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысаналары болып табылатын шартты қолжетімді карталар және жабдық тәркілене отырып, жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – алпыс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескерту. 451-бап жаңа редакцияда – ҚР 19.06.2024 № 95-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 08.07.2024 № 117-VIII (01.10.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.452-бап. Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату туралы заңнамасын бұзу
Ескерту. 452-бап алып тасталды - ҚР 19.06.2024 № 95-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
453-бап. Масс-медиа өнімін, сол сияқты өзге де өнімді Қазақстан Республикасының аумағында дайындау, сақтау, әкелу, тасымалдау, тарату
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
453-баптың тақырыбына өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 10.06.2026 № 302-VIIІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Қазақстан Республикасының конституциялық құрылыс негіздерін күштеп өзгертуді, аумағының тұтастығына, Егемендігі мен Тәуелсіздігіне қол сұғуды, қоғамдық тәртіпті бұзуды, ұлттық қауіпсіздікке нұқсан келтіруді, соғысты, қарулы қақтығысты, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, этностық, діни басымдықты немесе алауыздықты, қатыгездікке, зорлық-зомбылыққа бас ұруды және порнографияны насихаттауға немесе үгіттеуге бағытталған мәліметтер мен материалдарды қамтитын масс-медиа өнімін Қазақстан Республикасының аумағында дайындау, сақтау, әкелу, тасымалдау –
масс-медиа өнімі тәркілене отырып, жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға – жиырма бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Қазақстан Республикасының конституциялық құрылыс негіздерін күштеп өзгертуді, аумағының тұтастығына, Егемендігі мен Тәуелсіздігіне қол сұғуды, қоғамдық тәртіпті бұзуды, ұлттық қауіпсіздікке нұқсан келтіруді, соғысты, қарулы қақтығыстарды, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, этностық, діни басымдықты немесе алауыздықты, қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа бас ұруды насихаттауға немесе үгіттеуге, экстремизмді немесе терроризмді насихаттауға және ақтауға бағытталған, сондай-ақ терроризмге қарсы операцияларды жүргізу кезеңінде олардың техникалық амалдары мен тактикасын ашатын мәліметтер мен материалдар қамтылған масс-медиа өнімін Қазақстан Республикасының аумағында тарату, егер бұл әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, –
масс-медиа өнімі тәркілене отырып, жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға – жиырма бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –
масс-медиа өнімі тәркілене отырып, телевизиялық бағдарламаларды және (немесе) радиохабарларының таратылуын ұйымдастыру жөніндегі қызметке лицензиядан айыра отырып және заңды тұлғаның қызметіне тыйым сала отырып, жеке тұлғаларға – бір жүз, лауазымды адамдарға – бір жүз елу, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Қазақстан Республикасының конституциялық құрылыс негіздерін күштеп өзгертуді, аумағының тұтастығына, Егемендігі мен Тәуелсіздігіне қол сұғуды, қоғамдық тәртіпті бұзуды, ұлттық қауіпсіздікке нұқсан келтіруді, соғысты, қарулы қақтығысты, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, этностық, діни басымдықты немесе алауыздықты, қатыгездікке, зорлық-зомбылыққа бас ұруды және порнографияны насихаттауға немесе үгіттеуге бағытталған мәліметтер мен материалдар қамтылған, масс-медиаға жатпайтын өзге де өнімді Қазақстан Республикасының аумағында дайындау, сақтау, әкелу, тасымалдау, тарату, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, –
өнім тәркілене отырып, жеке тұлғаларға – бір жүз, лауазымды адамдарға – бір жүз елу, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Осы баптың үшінші және төртінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –
телевизиялық хабарларды және (немесе) радиохабарларының таратылуын ұйымдастыру жөніндегі қызметке лицензиядан айыра отырып және заңды тұлғаның қызметіне тыйым сала отырып, жеке тұлғаларға – екі жүз, лауазымды адамдарға – үш жүз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – үш жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – төрт жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 453-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 19.06.2024 № 95-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.06.2026 № 307-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.454-бап. Мерзімді баспасөз басылымдарының, теле- және радиохабарлар материалдарын тіркеудің, сақтаудың міндетті тегін даналарын беру тәртібін бұзу
1. Мерзімді баспасөз басылымдарының, сондай-ақ теле- және радиохабарлар материалдарын тіркеу мен сақтаудың міндетті тегін даналарын бермеу –
ескерту жасауға алып келеді.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –
жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескерту. 454-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 28.12.2017 № 128-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.455-бап. Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңнамасын бұзу
1. Қазақстан Республикасының заңдарында жарнамалауға тыйым салынған тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) жарнамасын шығару, тарату, орналастыру және пайдалану –
жеке тұлғаларға - алпыс, лауазымды адамдарға - сексен, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - бір жүз жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз жетпіс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне төрт жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
1-1. Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңнамасының ережелеріне сәйкес келмейтін, букмекерлік кеңселер немесе тотализаторлар жарнамасын тарату және (немесе) орналастыру –
жеке тұлғаларға – алпыс, лауазымды адамдарға – сексен, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз жетпіс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңнамасын:
1) осы Кодекстің 163-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, жосықсыз және анық емес жарнама;
2) бейәдеп және жасырын жарнама;
3) ұлттық аза тұту күндерінде теле-, радиоарналардағы жарнама;
4) алкоголь өніміне, темекіге және темекі бұйымдарына, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарға, қорқорға арналған темекіге, қорқор қоспасына, темекі қыздыруға арналған жүйелерге, тұтынудың электрондық жүйелеріне және оларға арналған сұйықтықтарға сұраныс пен қызығушылықты ынталандыруға бағытталған әртүрлі іс-шаралар өткізу, оның ішінде жүлделер, лотереялар ойнату нысанындағы жарнама;
5) ресми хабарларды, Қазақстан Республикасының Президенттігіне және өкілді органдардың депутаттығына кандидаттардың сөздерін, білім беру және діни телебағдарламаларды трансляциялауды, сондай-ақ балалар телебағдарламалары көрсетілімін, балалар мен жасөспірімдерге арналған жарнаманы қоспағанда, жарнамамен, оның ішінде жүгіртпе жол тәсілімен бөліп жіберу;
6) сериялар арасындағы үзілістерді қоспағанда, кино және бейне қызмет көрсетуде фильм көрсетілімін жарнамамен бөліп жіберу;
7) сыртқы (көрнекі) жарнаманы тарих пен мәдениет ескерткіштерінде және олардың қорғау аймақтарында, ғибадат ғимараттарында (құрылысжайларында) және оларға бөлінген аумақ пен олардың қоршауларында, сондай-ақ ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда орналастыру;
8) тұрғын үйлердің (тұрғын ғимараттардың) бекітілген жобалау құжаттамасындағы сыныптамасына сәйкес келмейтін салынып жатқан немесе пайдалануға берілген тұрғын үйдің (тұрғын ғимараттың) жарнамасы;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркелмеген діни бірлестіктер мен рухани (діни) білім беру ұйымдарының жарнамасы түрінде жасалған бұзушылық –
жеке тұлғаларға - отыз бес, лауазымды адамдарға - жетпіс, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
3. Қазақстан Республикасының заңдарында жарнама тарату тілдеріне белгіленген талаптарды бұзу –
жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға – жетпіс, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, масс-медианы пайдалана отырып жасалған әрекет –
жеке тұлғаларға - бір жүз, лауазымды адамдарға - бір жүз жиырма, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - бір жүз жетпіс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!5-бөлікке өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 11.06.2026 № 307-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
5. Осы баптың бірінші, 1-1, екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –
жеке тұлғаларға - бір жүз жетпіс, лауазымды адамдарға - екі жүз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - екі жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - үш жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне алты жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!6-бөлікпен толықтыру көзделген – ҚР 11.06.2026 № 307-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Ескерту. 455-бап жаңа редакцияда– ҚР 08.01.2019 № 215-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгерістер енгізілді – ҚР 07.07.2020 № 361-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.06.2024 № 95-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 08.07.2024 № 117-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
456-бап. Шығарылым деректерін хабарлау тәртібін бұзу
1. Белгіленген шығарылым деректерінсіз мерзімді баспасөз басылымын шығару, ақпараттық агенттіктің немесе желілік басылымның хабарлары мен материалдарын тарату, өз атауын хабарламай, сол сияқты анық емес не көрінеу жалған шығарылым деректерімен теле-, радиоарналардың эфирге шығуы –
ескерту жасауға алып келеді.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –
жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескерту. 456-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 24.11.2015 № 419-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.12.2017 № 128-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
456-1-бап. Ақпаратқа қол жеткізу құқығын заңсыз шектеу
1. Жауаптылығы осы Кодекстің басқа баптарында көзделген әрекеттерді қоспағанда, ақпарат Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ақпарат пайдаланушының сұрау салуы бойынша берілуге жататын жағдайларда мұндай ақпаратты беруден құқыққа сыйымсыз бас тарту не көрінеу жалған ақпарат беру –
лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, коммерциялық емес ұйымдарға – отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. алып тастау көзделген – ҚР 10.07.2023 № 20-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.3. Осы Кодекстің 504-бабының үшінші бөлігінде көзделген әрекеттерді қоспағанда, қол жеткізу шектелген ақпарат болып табылмайтын ақпаратты қол жеткізу шектелген ақпаратқа құқыққа сыйымсыз жатқызу –
лауазымды адамдарға жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың бірінші бөлікте көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –
лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 26-тарау 456-1-баппен толықтырылды - ҚР 16.11.2015 № 404-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 10.07.2023 № 20-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.456-2-бап. Жалған ақпаратты, құқыққа қайшы контентті орналастыру, тарату
Ескерту. 456-2-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді – ҚР 30.12.2025 № 247-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Масс-медиада, ақпарат иеленушінің интернет-ресурсында, ашық деректердің интернет-порталында немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де тәсілдермен жалған ақпарат орналастыру, тарату –
лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, коммерциялық емес ұйымдарға – отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –
лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, коммерциялық емес ұйымдарға – елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
3. Онлайн-платформаларды пайдаланушылардың қоғамдық тәртіптің, азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерінің не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерінің бұзылуына жағдай жасайтын жалған ақпаратты орналастыруы, таратуы, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса –
жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, коммерциялық емес ұйымдарға – отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
3-1. Құқыққа қайшы контентті орналастыру, тарату, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, –
жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –
жеке тұлғаларға – қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, коммерциялық емес ұйымдарға – елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
5. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, инфлюенсерлер (блогерлер) жасаған әрекеттер –
жеке тұлғаларға – отыз, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, коммерциялық емес ұйымдарға – қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – сексен, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
6. Осы баптың бесінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –
жеке тұлғаларға – елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не он бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, коммерциялық емес ұйымдарға – алпыс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
7. Осы баптың 3-1-бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –
қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға алып келеді.
Ескертпе: Осы баптың бесінші бөлігінің мақсаттары үшін инфлюенсер (блогер) деп кәсіпкерлік қызмет мақсатында адамдардың белгісіз тобына бағытталған ақпаратты онлайн-платформаларда жариялайтын онлайн-платформаны пайдаланушы түсініледі.
Ескерту. 26-тарау 456-2-баппен толықтырылды - ҚР 10.07.2023 № 20-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 19.06.2024 № 95-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2025 № 247-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.456-3-бап. Қазақстан Республикасының аумағында шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының және шетелдік журналистердің тиісті аккредиттеусіз кәсіби журналистік қызметпен айналысуы
1. Қазақстан Республикасының аумағында шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының және шетелдік журналистердің тиісті аккредиттеусіз кәсіби журналистік қызметпен айналысуы –
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – жиырма, заңды тұлғаларға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, қоғамдық тәртіптің бұзылуына жағдай туғызатын әрекетті жасау не оны төтенше жағдай немесе соғыс жағдайы, табиғи, техногендік, әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде не әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасау –
жеке тұлғаларға – қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға не Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарып жіберуге, заңды тұлғаларға бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескерту. 26-тарау 456-3-баппен толықтырылды – ҚР 30.12.2025 № 247-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 27-тарау. БАСҚАРУДЫҢ БЕЛГIЛЕНГЕН ТӘРТIБIНЕ ҚОЛ СҰҒАТЫН
ӘКIМШIЛIК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР
457-бап. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу
1. Лауазымды адамның мемлекеттік тіркелуге жататын нормативтік құқықтық актіні Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде осындай тіркеуге ұсынбауы –
он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Лауазымды адамның белгіленген тәртіппен күші жойылған, сот жарамсыз деп таныған, белгіленген тәртіппен ресми жарияланбаған, қолданысқа енгізілмеген не қолданысын уәкілетті орган тоқтата тұрған, сондай-ақ әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өтпеген нормативтік құқықтық актіні қолдануы –
жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –
отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
458-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын пайдалану, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін пайдалану және орындау тәртібін бұзу
1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын және олардың бейнелерін заңсыз пайдалану, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұза отырып пайдалану және орындау –
елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Мемлекеттік рәміздерді пайдалану міндетті болып табылатын жағдайларда оларды пайдаланбау –
лауазымды адамдарға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер –
бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 458-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.459-бап. Нормативтік құқықтық актілердің мәтіндерін кейіннен ресми жариялау тәртібін бұзу
Ескерту. 459-бап алып тасталды - ҚР 30.12.2019 № 300-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
460-бап. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуге құжаттарды беру мерзімін бұзу
Ескерту. 460-бап алып тасталды – ҚР 26.01.2021 № 412-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
460-1-бап. Шет мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетел азаматтарынан, азаматтығы жоқ адамдардан ақша және (немесе) өзге де мүлік алу және олардың жұмсалуы туралы мәліметтерді беру тәртібін бұзу
1. Шет мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетел азаматтарынан, азаматтығы жоқ адамдардан ақша және (немесе) өзге де мүлік алу туралы мемлекеттік кіріс органдарын Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген мерзімдерде және жағдайларда хабардар етпеу, сондай-ақ оларды алғаны және жұмсағаны туралы мәліметтерді ұсынбау немесе уақтылы ұсынбау -
жеке тұлғаларға – елу, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген анық емес немесе көрінеу жалған мәліметтер беру –
қызметке тоқтата тұра отырып, жеке тұлғаларға – бір жүз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – төрт жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жеті жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) –
қызметке тыйым сала отырып, жеке тұлғаларға – бір жүз елу, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – екі жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – төрт жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 27-тарау 460-1-баппен толықтырылды - ҚР 26.07.2016 № 12-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін екі ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).460-2-бап. Шет мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетел азаматтарынан, азаматтығы жоқ адамдардан ақша және (немесе) өзге де мүлік алатын тұлғалардың материалдарды жариялау, тарату және (немесе) орналастыру тәртібін бұзуы
1. Шет мемлекеттермен, халықаралық және шетелдік ұйымдармен, шетел азаматтарымен және азаматтығы жоқ адам дармен қызметтер көрсету, жұмыстарды орындау туралы жасалған шарттар негізінде, тапсырыс берген тұлғалар және осы жарияланымды жариялау, тарату және (немесе) орналастыру қандай қаражаттан төленгені туралы мәліметтерді қамтымайтын материалдарды жариялау, тарату немесе орналастыру –
ескерту жасауға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) –
жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 27-тарау 460-2-баппен толықтырылды - ҚР 26.07.2016 № 12-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін екі ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).461-бап. Қорғау нұсқамасын бұзу
1. Ішкі істер органы шығарған қорғау нұсқамасын бұзу –
он тәулікке әкімшілік қамаққа алуға алып келеді.
1-1. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –
жиырма тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алуға алып келеді.
2. Осы Кодекстің 50-бабының екінші бөлігіне сәйкес әкімшілік қамаққа алу қолданылмайтын адамдар жасаған, осы баптың бірінші және 1-1-бөліктерінде көзделген әрекет –
отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескерту. 461-бап жаңа редакцияда – ҚР 20.04.2023 № 227-VII (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 15.04.2024 № 73-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.462-бап. Мемлекеттік инспекциялар мен мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарының лауазымды адамдарына өздерінің қызметтік міндеттерін орындауына кедергі келтіру, қаулыларды, нұсқамаларды және өзге де талаптарды орындамау
1. Мемлекеттік инспекциялар мен мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарының лауазымды адамдарына өз құзыреттеріне сәйкес өздерінің қызметтік міндеттерін орындауына қажетті құжаттарды, материалдарды, статистикалық (алғашқы статистикалық деректерді қоспағанда) және өзге де мәліметтерді, қызмет туралы, кірістер туралы, энергетикалық ресурстардың есепке алыну аспаптарымен жарақтандырылуы туралы, энергетикалық ресурстарды, суды тұтынудың және олардың шығындарының көлемі туралы, сақтандыру жарналарын есептеу және төлеу туралы, атом энергиясын пайдалану туралы ақпаратты беруден бас тарту, уәкілетті органның қаулысы бойынша ревизия, тексеру, түгендеу, сараптамалар және заңнамада көзделген басқа да әрекеттерді жүргізуге жіберуден бас тарту түріндегі кедергі келтіру немесе оларды жүзеге асыруға өзге де кедергілер келтіру не анық емес ақпарат беру –
жеке тұлғаларға – үш, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –
жеке тұлғаларға – жеті, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы Кодекстің 162 және 227-баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік бақылау және қадағалау органдары (лауазымды адамдар), мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары өздерінің құзыреті шегінде берген заңды талаптарды немесе нұсқамаларды, ұсынуларды, қаулыларды орындамау немесе тиісінше орындамау –
рұқсаттың қолданылуын тоқтата тұрып немесе онсыз не қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұрып немесе онсыз, жеке тұлғаларға – бес, лауазымды адамдарға – он бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
4. Тексерілетін субъектілердің бақылау және қадағалау органдары анықтаған бұзушылықтарды жою бойынша қолданылатын шаралар туралы ақпаратты бермеуі не уақтылы бермеуі –
жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Осы Кодекстің 625-бабының екінші бөлігінде, 626-бабының бірінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, уәкілетті органның лауазымды адамы салған мөрін (пломбасын) жұлып тастау –
жеке тұлғаларға – бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескертпе.
1. Қаржы мониторингі субъектілерін қоспағанда, жеке тұлға қажетті құжаттарды, статистикалық (алғашқы статистикалық деректерді қоспағанда) және өзге де мәліметтердің материалдарын, энергетикалық ресурстардың, судың есепке алыну аспаптарымен жарақтандырылуы туралы ақпаратты беруден бас тартқаны үшін осы баптың бірінші және екінші бөліктеріне сәйкес әкімшілік жауаптылыққа тартылуға жатпайды.
2. Қаржы мониторингі субъектілерін, мемлекеттік кәсіпорындарды, мемлекет қатысушысы немесе акционері болып табылатын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді, акционерлік қоғамдарды, оның ішінде ұлттық басқарушы холдингтерді, ұлттық холдингтерді, ұлттық компанияларды, сондай-ақ еншілес, тәуелді және олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғаларды қоспағанда, заңды тұлға қажетті құжаттарды, статистикалық (алғашқы статистикалық деректерді қоспағанда) және өзге де мәліметтердің материалдарын, энергетикалық ресурстардың, судың есепке алыну аспаптарымен жарақтандырылуы, энергетикалық ресурстарды, суды тұтынудың және олардың шығындарының көлемдері туралы ақпаратты беруден бас тартқаны үшін, егер мұндай тұлға энергетикалық ресурстарды жылына шартты отынның бір мың бес жүз тоннасынан аз көлемге барабар көлемде тұтынатын болса, осы баптың бірінші және екінші бөліктеріне сәйкес әкімшілік жауаптылыққа тартылуға жатпайды.
Ескерту. 462-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 02.08.2015 № 343-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2017 № 84-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.463-бап. Тиісті тіркеусіз, рұқсатсыз немесе хабарлама жібермей кәсіпкерлік немесе өзге де қызметпен айналысу, сондай-ақ әрекеттерді (операцияларды)жүзеге асыру
1. Тіркеу, рұқсат беру, хабарлама жіберу міндетті болған жағдайларда, тіркеусіз, рұқсатсыз, сол сияқты хабарлама жібермей кәсіпкерлік немесе өзге де қызметпен айналысу, сондай-ақ әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асыру, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, –
әкімшілік құқық бұзушылықтар жасау заттары және (немесе) құралы тәркілене отырып не онсыз, жеке тұлғаларға – он бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарына, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдарына бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады, ал лицензиясыз кәсіпкерлік немесе өзге де қызметпен айналысу әкімшілік құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған кірісті (дивидендтерді), ақшаны, бағалы қағаздарды қосымша тәркілеуге әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –
әкімшілік құқық бұзушылық жасау заттары және (немесе) құралы тәркілене отырып, жеке тұлғаларға – отыз, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – сексен, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарына, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдарына бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады, ал лицензиясыз кәсіпкерлік немесе өзге де қызметпен айналысу әкімшілік құқық бұзушылық нәтижесінде алынған кірісті (дивидендтерді), ақшаны, бағалы қағаздарды қосымша тәркілеуге әкеп соғады.
Ескертпе. Осы бап бойынша жауаптылық "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылатын, жүргізілген валюталық операциялар туралы хабарламаға және валюталық шарттарды есептік тіркеуге, сондай-ақ "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылатын хабарламаларға қолданылмайды.
Ескерту. 463-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.12.2016 № 34-VI(01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 168-VІ (01.07.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.464-бап. Лицензиялау нормаларын немесе рұқсат беру рәсімдерін бұзу
Ескерту. 464-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді – ҚР 17.11.2025 № 232-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген лицензиялау нормаларын немесе рұқсат беру рәсімдерін бұзу, оның ішінде рұқсат беру талаптарына сәйкес келмеу –
Лицензияның не екінші санаттағы рұқсаттың қолданылуын тоқтата тұрып немесе онсыз, жеке тұлғаларға – он бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – қырық бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – сексен, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарына, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдарына бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Өтініш берушінің лицензия немесе екінші санаттағы рұқсат алған кезде көрінеу анық емес ақпарат беруі, сол сияқты осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік), сондай-ақ әкімшілік жауаптылыққа алып келген, лицензияның немесе екінші санаттағы рұқсаттың қолданылуын тоқтата тұру мерзімі өткеннен кейін біліктілік немесе рұқсат беру талаптарын бұзушылықтарды жоймау –
лицензиядан немесе екінші санаттағы рұқсаттан айыра отырып не онсыз, жеке тұлғаларға – қырық, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарына, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдарына үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескерту. 464-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 272-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2019 № 300-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 17.11.2025 № 232-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.465-бап. Рұқсат берудің тәртібін және мерзімін бұзу
1. Рұқсат беру мерзімін бұзу –
лауазымды адамдарға жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында белгіленген тәртіпті бұза отырып рұқсат беру, сол сияқты рұқсат беруден негізсіз бас тарту, егер мұндай әрекеттер жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне заңсыз араласуға және (немесе) заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі келтіретін әрекеттер (әрекетсіздік) жасауға алып келмесе –
лауазымды адамдарға отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –
лауазымды адамдарға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 465-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.465-1-бап. Өзін-өзі реттейтін ұйымның Қазақстан Республикасының өзін-өзі реттеу туралы заңнамасында белгіленген талаптарды бұзуы
1. Өзін-өзі реттейтін ұйымның:
1) өтемақы қорының қаражаттарын өзін-өзі реттейтін ұйымның өзге де қаражаттарымен араластыруы;
2) өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшелері (қатысушылары), тұтынушылар және тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы өзге де тұлғалар арасында туындайтын тұтынушылық дауларды қарау жөніндегі органның болмауы түрінде жасаған, Қазақстан Республикасының өзін-өзі реттеу туралы заңнамасында белгіленген талаптарды бұзушылықтары -
ескерту жасауға алып келеді.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер –
бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескерту. 27-тарау 465-1-баппен толықтырылды – ҚР 25.06.2020 № 346-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).466-бап. Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы заңнамасын бұзу
1. Заңнамада көзделген жағдайларда заңды тұлғаны, оның филиалдары мен өкілдіктерін қайта тіркемей, қызметті жүзеге асыру –
ескерту жасауға алып келеді.
1-1. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –
лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Тіркеуші органға заңды тұлғаның орналасқан жерінің өзгергені туралы уақтылы хабарламау –
ескерту жасауға алып келеді.
3. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –
лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – он, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескерту. 466-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.467-бап. Лицензиарға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайтармау
Ескерту. 467-бап алып тасталды - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
468-бап. Қазақстан Республикасының сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы заңнамасын бұзу
1. Жария етуге жатпайтын сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерінде қамтылған мәліметтерді жария ету, сол сияқты Қазақстан Республикасының сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы заңнамасында белгіленген міндеттерді:
уәкілетті орган:
1) тіркеуші органдар өтініш берген кезден бастап бір жұмыс күні ішінде сәйкестендіру нөмірін қалыптастырмау;
2) тіркеуші мемлекеттік органдар және өзге де мемлекеттік мекемелер өтініш берген кезден бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей оларға ақпарат бермеу түрінде жасаған;
тіркеуші орган:
1) уәкілетті органға сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру үшін мәліметтерді, осындай мәліметтер келіп түскен кезден бастап бір жұмыс күні ішінде уақтылы ұсынбау;
2) сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері цифрлық жүйелерінің деректерін толықтыру және өзектілік жағдайда ұстау үшін уәкілетті органға мәліметтерді, осындай мәліметтер келіп түскен кезден бастап бір жұмыс күні ішінде ұсынбау;
3) сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерінен сәйкестендіру нөмірлерін алып тастау немесе шартты түрде алып тастау үшін уәкілетті органға мәліметтерді, осындай мәліметтер келіп түскен кезден бастап бір жұмыс күні ішінде ұсынбау түрінде жасаған;
мемлекеттік органдар және өзге де мемлекеттік мекемелер:
1) сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері цифрлық жүйелерінің деректерін толықтыру және өзектілік жағдайда ұстау үшін уәкілетті органға Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген мәліметтерді, осындай мәліметтер келіп түскен кезден бастап бір жұмыс күні ішінде ұсынбау;
2) сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерінен сәйкестендіру нөмірлерін алып тастау немесе шартты түрде алып тастау үшін уәкілетті органға мәліметтерді, осындай мәліметтер келіп түскен кезден бастап бір жұмыс күні ішінде ұсынбау;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркеу, рұқсат беру және өзге де сипаттағы құжаттарды беру кезінде сәйкестендіру нөмірін ескермеу түрінде жасаған;
банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар:
сәйкестендіру нөмірін ескермеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген қалыптастыру алгоритміне сәйкес бизнес-сәйкестендіру нөмірінің және (немесе) есептеу алгоритміне сәйкес жеке сәйкестіндіру нөміріндегі бақылау разрядының дұрыс көрсетілуін бақыламау түрінде жасаған –
лауазымды адамдарға жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер -
лауазымды адамдарға отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 468-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.469-бап. Күзет дабылы құралдарын монтаждау, баптау және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметке қойылатын талаптарды бұзу
1. Жеке немесе заңды тұлғалардың күзет дабылы құралдарын монтаждау, баптау және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметке "Күзет қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында қойылатын талаптарды бұзуы –
жеке тұлғаларға – он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – елу бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет, сол сияқты осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жауаптылыққа тартуға әкеп соққан бұзушылықты жоймау –
қызметке тыйым сала отырып, жеке тұлғаларға – қырық, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – тоқсан бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
470-бап. Қазақстан Республикасының күзет қызметі саласындағы заңнамасын бұзу
1. Қазақстан Республикасының күзет қызметі саласындағы заңнамасын:
1) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен, мемлекеттік күзетілуге жататын объектілердің инженерлік-техникалық нығайтылуын қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды орындамау және (немесе) тиісінше орындамау;
2) шетелдік заңды тұлғаларға, шетел қатысатын заңды тұлғаларға, шетел азаматтарына, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдарға күзет қызметінің барлық түрін жүзеге асыру; жеке күзет ұйымдарын құру немесе олардың құрылтайшылары (қатысушылары) болу; сенімгерлік басқаруында жеке күзет ұйымы болу құқықтарын беру;
3) жеке күзет ұйымының күзетшісі лауазымына "Күзет қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 4 және 6-тармақтарының талаптарына сай келмейтін адамдарды қабылдау;
4) күзетшіні өзінің лауазымдық міндеттерін атқару кезінде оның жеке басын және жеке күзет ұйымына тиесілі екенін куәландыратын белгіленген үлгідегі құжатпен және нысанды киіммен қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды орындамау;
5) "Күзет қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-1-бабында көзделген шектеулерді сақтамау;
6) жеке күзет ұйымында басшы және күзетші лауазымын атқаратын жұмыскерлерді даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі қызметті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды бұза отырып жүзеге асыру түрінде жасалған бұзушылық -
лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – сексен, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
1-1. Жеке күзет ұйымдарында күзетші қызметінде жұмыс істейтін жұмыскерлердің дайындалып жатқан не жасалған қылмыстар туралы, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, не аумағында қару, оқ-дәрілер және жарылғыш заттар бар күзетілетін объектілерден күзет дабылының қосылғаны туралы өздеріне белгілі болған фактілерді жасыруы, сол сияқты ішкі істер органдарын хабардар етпеуі –
жеке тұлғаларға бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші және 1-1-бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік), сол сияқты осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жауаптылыққа тартуға әкеп соққан бұзушылықты жоймау –
қызметіне тыйым сала отырып не онсыз, жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – сексен, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 470-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.471-бап. Жергілікті атқарушы органдардың, өзге де уәкілетті органдардың және уәкілетті адамдардың Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген міндеттерді орындамауы
Ескерту. 471-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 18.11.2015 № 412-V (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жергілікті атқарушы органдардың немесе уәкілетті мемлекеттік органдардың бюджетке аударуына жататын салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің сомаларын осы бөлікте көрсетілген органдардың аудармауы, уақтылы немесе толық аудармауы -
лауазымды адамдарға отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Мемлекеттік кіріс органдарына ұсыну үшін Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалған мәліметтерді жергілікті атқарушы органдардың, өзге де уәкілетті органдардың және уәкілетті адамдардың ұсынбауы, уақтылы, анық немесе толық ұсынбауы -
лауазымды адамдарға, нотариустарға отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Уәкілетті мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың салықтық бақылау нәтижелері бойынша анықталған және бақылау актісінде көрсетілген бұзушылықтарды жою жөніндегі талаптарды орындамауы –
лауазымды адамдарға отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың бірінші, екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) –
лауазымды адамдарға, нотариустарға алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. Қазақстан Республикасы салық заңнамасының осы бапта пайдаланылатын ұғымы мен терминдері Қазақстан Республикасының салық заңнамасында пайдаланылатындай мағынада ғана қолданылады.
Ескерту. 471-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 272-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 18.11.2015 № 412-V (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.472-бап. Заңнамалық актілерде көзделген жағдайларда жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне келіп түскен мүлікті есепке алу және одан әріпайдалану қағидаларын бұзу
1. Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне келіп түскен мүлікті, атап айтқанда:
1) сот актілері негізінде мемлекет кірісіне тәркіленген мүлікті;
2) сот актілері негізінде мемлекет кірісіне айналдырылған заттай дәлелдемелерді;
3) тарих және мәдениет ескерткіштеріне жататын заттар бар көмбелерді;
4) жауапты мемлекеттік қызмет атқаратын адамдарға, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға, оларға теңестірілген адамдарға (Қазақстан Республикасының президенттігіне, Қазақстан Республикасы Құрылтайының немесе мәслихаттардың депутаттығына, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдігіне, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқарудың сайланбалы органдарының мүшелігіне кандидаттарды қоспағанда), лауазымды адамдарға, сондай-ақ көрсетілген функцияларды орындауға уәкілеттік берілген кандидаттар болып табылатын адамдарға келіп түскен, мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органға беруге жататын сыйлықтарды;
5) заңдарда көзделген өзге де жағдайларда республикалық меншікке өткен мүлікті, оның ішінде мемлекет пайдасына бас тартудың кедендік режимінде ресімделген тауарлар мен көлік құралдарын;
6) белгіленген тәртіппен қараусыз қалған деп танылған мүлікті;
7) мұрагерлік құқығы бойынша мемлекетке өткен мүлікті, оның ішінде иесіз мұраны;
8) олжаларды;
9) қараусыз қалған жануарларды уәкілетті органға толық және (немесе) уақтылы бермеу, егер бұл іс-әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, –
жеке тұлғаларға – сегіз, лауазымды адамдарға – он бес, заңды тұлғаларға қырық бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне келіп түскен мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және өткізу тәртібін:
1) мемлекеттің меншік құқығының туындағанын куәландыратын құжаттардың сақталуын қамтамасыз етпеу;
2) аукционды ұйымдастырушыны аукциондарды ұйымдастыру мен өткізу жөніндегі қызметтер көрсетуді мемлекеттік сатып алу арқылы таңдамау;
3) ең төмен баға бойынша өткізілмеген мүлікті жоймау;
4) осындай мүлікті өткізуден түскен сомаларды мемлекеттік бюджетке уақтылы аудармау түрінде жасалған сақтамау -
лауазымды адамдарға – он бес, заңды тұлғаларға қырық бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 472-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.06.2026 № 307-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.473-бап. Салық құпиясын құрайтын мәліметтерді жария ету
Салық құпиясын құрайтын мәліметтерді Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен өздеріне мұндай мәліметтер туралы белгілі болған тұлғалардың кәсіптік немесе қызметтік қажеттіліксіз жария етуі, егер бұл әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, –
қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 473-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 25.12.2017 № 122-VI Заңымен (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі).474-бап. Мемлекет уәкілеттік берген органдардың (ұйымдардың) салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді өндіріп алмай, сол сияқты мұндай төлемді растайтын құжаттар алмай тұрып, белгілі бір әрекеттерді жүзеге асыруы
1. Мемлекет уәкілеттік берген органдардың (ұйымдардың) салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді өндіріп алмай, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген заңдық мәні бар әрекеттерді жүзеге асыруы –
лауазымды адамдарға отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Мемлекет уәкілеттік берген органдардың (ұйымдардың) растайтын құжатты алу заңдарда көзделген жағдайларда, салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің төленгенін растайтын құжатты алмай тұрып, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген заңдық мәні бар әрекеттерді жүзеге асыруы –
лауазымды адамдарға отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –
лауазымды адамдарға жетпіс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
475-бап. Салық есебіне қоюдан бас тарту немесе салық есебіне қою мерзімдерін бұзу
1. Салық төлеушіні тіркеу есебіне немесе салық төлеушіні қосылған құн салығына салық төлеуші ретінде есепке қоюдан бас тарту, сол сияқты мемлекеттік кіріс органы лауазымды адамының салық заңнамасында белгіленген мұндай тіркеу (есепке алу) мерзімдерін бұзуы –
жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –
қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
476-бап. Төтенше жағдай режимін бұзу
1. Төтенше жағдайдың жариялануына байланысты мемлекеттік орган белгілеген режимді бұзу немесе талаптарды орындамау, сондай-ақ жергілікті жер комендантының заңды бұйрықтары мен өкімдерін:
1) келу мен кетудің ерекше режимі;
2) белгілі бір жеке тұлғалар үшін белгіленген мерзімге белгілі бір жерден, өзінің пәтерінен (үйінен) кетуге тыйым салу;
3) бейбіт жиналыстарды, сондай-ақ ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге тыйым салу немесе оларды шектеу;
4) ереуілдер өткізуге тыйым салу;
5) қарумен, күшті әсер ететін химиялық және улы заттармен, сондай-ақ алкогольдік ішімдіктермен және құрамында спирт бар заттармен сауданы шектеу немесе оған тыйым салу;
6) карантин және басқа да міндетті санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды өткізу;
7) көбейту техникасын, сондай-ақ радио- және теле хабар тарату аппаратурасын, аудио- және бейнежазу техникасын пайдалануға шектеу қою немесе тыйым салу; дыбыс күшейткіш техникалық құралдарды алып қою туралы нұсқамалар; масс-медианы бақылауды қамтамасыз ету жөніндегі шаралар;
8) байланысты пайдаланудың ерекше қағидалары;
9) көлік құралдарының жүруін шектеу және оларды жете тексеруден өткізу;
10) коменданттық сағат кезінде жеке тұлғалардың жеке басын куәландыратын арнайы берілген рұқсаттарсыз және құжаттарсыз көшелерде немесе өзге де қоғамдық орындарда жүруіне не жеке басын куәландыратын құжаттарсыз өз үйінен тыс жерде болуына тыйым салу бөліктерінде орындамау, егер бұл әрекеттерде (әрекетсіздікте) қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, –
ескерту жасауға немесе он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не он бес тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) –
жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не отыз тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға алып келеді.
Ескерту. 476-бапқа өзгерістер енгізілді – ҚР 25.05.2020 № 334-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2020 № 359-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.06.2024 № 95-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.477-бап. Терроризмге қарсы операция жүргізу аймағында құқықтық режимді бұзу
Терроризмге қарсы операцияның жариялануына байланысты белгіленген құқықтық режимді бұзу немесе талаптарды:
1) келу мен кетудің ерекше режимі;
2) жеке тұлғалардың жергілікті жердің жекелеген учаскелерінде және объектілерде жүруіне тыйым салу, сондай-ақ көлік құралдарын сүйреп әкетуге кедергі келтіру;
2-1) масс-медиа өкілдерінің жедел штаб басшысының рұқсатынсыз терроризмге қарсы операция жүргізу аймағында болуы және олардың дыбысжазуды, фото- және бейнетүсіруді жүзеге асыруы;
3) жеке тұлғалардың жеке басын куәландыратын құжаттарды тексеруге, жеке басын жете тексеруді және жеке тұлғаның жанындағы заттарды жете тексеруді, көлік құралдарын жете тексеруді жүргізуге кедергі келтіру;
4) байланысты пайдаланудың ерекше қағидаларын;
5) егер кешеуілдеу адамдардың өміріне немесе денсаулығына нақты қатер төндіруі мүмкін болса, жедел медициналық жәрдемді қажет ететін адамдарды емдеу мекемелеріне жеткізу, терроризм актісі жасалған жерге бару үшін, сондай-ақ терроризм актісін жасады деп күдік келтірілген адамдардың ізіне түсу және оларды ұстап алу үшін көлік құралдарын алып қоюға кедергі келтіру;
6) қауіпті өндірістік объектілердің қызметін тоқтата тұру;
7) терроризмге қарсы операцияның құқықтық режимі енгізілген аумақ шегінде тұратын жеке тұлғаларды уақытша көшіруге кедергі келтіру;
8) карантин енгізу, санитариялық-эпидемияға қарсы, ветеринариялық іс-шараларды және өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүргізу;
9) жеке және заңды тұлғалардың меншігіндегі немесе иелігіндегі және пайдалануындағы тұрғын және өзге де үй-жайларға және оларға жеке меншік құқығымен немесе жер пайдалану құқығымен тиесілі жер учаскелеріне кіруге кедергі келтіру;
10) қарумен, оқ-дәрілермен, жарылғыш заттармен, күшті әсер ететін химиялық және улы заттармен сауданы шектеу немесе оған тыйым салу, дәрілік, есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар, этил спирті мен алкогольдік өнім айналымының ерекше режимін орнату бөлігінде орындамау -
қауіпті өндірістік объектілердің қызметін тоқтата тұрып, жеке тұлғаларға – жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде не он бес тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алуға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – сексен бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 477-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 02.08.2015 № 343-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.06.2024 № 95-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.478-бап. Төтенше жағдай немесе соғыс жағдайы кезінде құқықтық тәртіпті бұзуға итермелейтін әрекеттер
Ескерту. 478-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді – ҚР 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Төтенше жағдай немесе соғыс жағдайы жарияланған жерде жасалған, құқықтық тәртіпті бұзуға итермелейтін немесе ұлттық және діни алауыздықты қоздыратын әрекеттер, жеке тұлғалар мен лауазымды адамдардың өздерінің заңды құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыруына белсенді кедергі келтіру не қоғамдық тәртіпті және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын әрекеттер, сондай-ақ әкімшілік қадағалауды бұзу –
қырық айлық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не отыз тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –
елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не қырық тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға алып келеді.
Ескерту. 478-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 03.07.2020 № 359-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2025 № 247-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.479-бап. Құқық бұзушылық жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою жөнінде қабылданған шаралар туралы хабарламау және (немесе) шаралар қабылдамау
1. Істі қараған органдардың (лауазымды адамдардың) ұсынулары бойынша ұйым басшысының және басқа да адамдардың қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылықтар жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою жөнінде қабылданған шаралар туралы хабарламауы, сол сияқты шаралар қабылдамауы –
он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –
лауазымды адамдарға – жиырма, кәсіпкерлік субъектілеріне жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не қызметін тоқтата тұруға алып келеді.
Ескерту. 479-бап жаңа редакцияда – ҚР 30.12.2025 № 247-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.480-бап. Әкімшілік қадағалауды бұзу
Ескерту. 480-баптың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР 30.12.2025 № 247-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамның әкімшілік қадағалау қағидаларын немесе өзіне қатысты сот белгілеген шектеулерді орындамауы –
ескерту жасауға немесе он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –
жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не он бес тәуліккке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.
Ескерту. 480-бапқа өзгерәіс енгізілді – ҚР 30.12.2025 № 247-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.481-бап. Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде, арнаулы мекемелерде ұсталатын адамдарға тыйым салынған заттар, бұйымдар мен нәрселер беру
1. Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде, арнаулы мекемелерде ұсталатын адамдарға осы мекемелерде сақтауға және пайдалануға тыйым салынған алкогольдік ішімдіктерді, дәрілік және есеңгірететін әсері бар басқа да заттарды, ақшаны, тамақ өнімдерін, бұйымдарды және басқа да нәрселерді жете тексеруден жасырып беру немесе кез келген тәсілмен беруге әрекеттену –
ескерту жасауға немесе әкімшілік құқық бұзушылықты жасау құралы не нысанасы болып табылған зат тәркілене отырып, он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –
әкімшілік құқық бұзушылық жасау құралы не нысанасы болып табылған зат тәркілене отырып, жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не отыз тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.
482-бап. Жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз иеленіп алуы, беруі, өткізуі, сақтауы, алып жүруі, тасымалдауы
1. Iшкі істер органдарында тіркелмеген тегіс ұңғылы, газды қару мен олардың патрондарын, электрлі, лақтырылатын, оқсыз атылатын қаруды, белгі беру қаруын, үрлемелі қуаты 7,5 Джоульдан жоғары, калибрі 4,5 миллиметрден асатын пневматикалық қаруды олардың негізгі (құрамдас) бөліктерін заңсыз иеленіп алу, беру, өткізу, сақтау, алып жүру, тасымалдау –
қару, сондай-ақ оның негізгі (құрамдас) бөліктері тәркілене отырып, жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер -
қару, сондай-ақ оның негізгі (құрамдас) бөліктері тәркілене отырып, жеке тұлғаларға – отыз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – отыз бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескертпе. Заңсыз сақталған қаруды, сондай-ақ оның негізгі (құрамдас) бөліктерін өз еркімен тапсырған тұлға, егер оның әрекеттерінде өзге де құқық бұзушылық құрамы болмаса, әкімшілік жауаптылықтан босатылады.
Ескерту. 482-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 11.07.2022 № 137-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.483-бап. Азаматтық пиротехникалық заттарды және оларды қолданып жасалған бұйымдарды сақтау, есепке алу, пайдалану, тасымалдау, олармен сауда жасау, оларды жою, әкелу, әкету тәртібін бұзу
1. Азаматтық пиротехникалық заттардың және оларды қолданып жасалған бұйымдардың айналымы саласындағы қызмет құқығына лицензиясы бар тұлғалардың азаматтық пиротехникалық заттарды және оларды қолданып жасалатын бұйымдарды сақтау, есепке алу, пайдалану, тасымалдау, олармен сауда жасау, оларды жою, әкелу, әкету тәртібін бұзуы –
азаматтық пиротехникалық заттар және оларды қолданып жасалған бұйымдар тәркілене отырып, жеке тұлғаларға – бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – он бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне қырық бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Қауіптілігі 4-сыныпты азаматтық пиротехникалық бұйымдарды олардың сақталу орындарынан тыс жерлерде және (немесе) қауіптілігі 4-сыныпты азаматтық пиротехникалық бұйымдарды сатып алуға лицензиясы жоқ тұлғаларға өткізу –
азаматтық пиротехникалық заттар және оларды қолданып жасалған бұйымдар тәркілене отырып, жеке тұлғаларға – он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жетпіс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер -
азаматтық пиротехникалық заттар және оларды қолданып жасалған бұйымдар тәркілене отырып, жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – алпыс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
484-бап. Азаматтық және қызметтік қару айналымы қағидаларын бұзу
1. Азаматтық және қызметтік қару айналымы қағидаларын бұзу, егер бұл іс-әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, –
лицензияның және (немесе) рұқсаттың қолданысын тоқтата тұрып не онсыз, жеке тұлғаларға – он, заңды тұлғаларға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет –
лицензиядан және (немесе) рұқсаттан айыра отырып не онсыз, жеке тұлғаларға – жиырма, заңды тұлғаларға сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескертпе. Осы Кодекстің мақсаттары үшін қару айналымы деп қаруды, оның ішінде оның негізгі (құрамдас) бөліктері мен оның патрондарын өндіру, құрастыру, жөндеу, қайта жасау, өткізу (сауда), беру, сыйға тарту, марапаттап беру, мұраға қалдыру, иемденіп алу, коллекциялау, экспонаттау, есепке алу, сақтау, алып жүру, тасымалдау, пайдалану, алып қою, жою, Қазақстан Республикасының аумағына әкелу, Қазақстан Республикасының аумағынан әкету және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеу түсініледі.
Ескерту. 484-бап жаңа редакцияда – ҚР 11.07.2022 № 137-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.485-бап. Қаруды құқыққа сыйымсыз қолдану
Ескерту. 485-баптың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР 11.07.2022 № 137-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Қаруды құқыққа сыйымсыз қолдану, егер бұл әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, –
қаруды сақтауға, сақтау мен алып жүруге рұқсаттың қолданылуын тоқтата тұрып, жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –
қару тәркілене отырып және қаруды сақтауға, сақтау мен алып жүруге рұқсаттан айыра отырып, қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескертпе. Осы бапқа және осы Кодекстің 482-бабына сәйкес тәркіленген, одан әрі пайдалануға жарамсыз, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында азаматтық және қызметтік қару ретінде айналымына тыйым салынған қару осы Кодекстің 795-бабында көзделген тәртіппен жойылуға жатады.
Ескерту. 485-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 22.12.2016 № 28-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.07.2022 № 137-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.485-1-бап. Атыс тирлері (атыс орындары) мен стендтерін ашу және олардың жұмыс істеу тәртібін бұзу
1. Атыс тирлері (атыс орындары) мен стендтерін ашу және олардың жұмыс істеу тәртібін бұзу –
атыс тирлері (атыс орындары) мен стендтерін ашу және олардың жұмыс істеу құқығына рұқсаттың қолданылуын тоқтата тұрып, жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –
қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 27-тарау 485-1-баппен толықтырылды - ҚР 22.12.2016 № 28-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).486-бап. Азаматтық, қызметтік, марапаттық, коллекциялық қаруды тіркеу (қайта тіркеу) не оны есепке қою тәртібін бұзу
Ескерту. 486-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 22.12.2016 № 28-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Азаматтық, қызметтік, марапаттық, коллекциялық қаруды тіркеу (қайта тіркеу) не оны есепке қою тәртібін:
1) жеке тұлғаның қаруды сақтауға, сақтау мен алып жүруге рұқсатты тіркеу және (немесе) алу;
2) алып тасталды - ҚР 25.11.2019 № 272-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);3) қару иесінің өзіне тиесілі қарудың жоғалғаны немесе ұрланғаны туралы ішкі істер органын хабардар ету;
4) жеке тұлғаның тұрғылықты жерді өзгерткен кезде қаруды есепке қою үшін ішкі істер органдарына өтініш жасау;
5) заңды тұлғаның қызметтік, азаматтық, коллекциялық қаруды иеленгеннен кейін оны ішкі істер органдарында тіркеу;
6) азаматтық қарудың иесі қайтыс болған жағдайда оны қайта тіркеу немесе комиссиялық өткізуге тапсыру;
7) заңды тұлғаның қаруды сақтауға, сақтау мен алып жүруге рұқсаттың қолданылу мерзімі аяқталған, сол сияқты оны ішкі істер органдарымен келіспестен филиалдарға (өкілдіктерге) беру кезінде қаруды тіркеу (қайта тіркеу) үшін ішкі істер органдарына өтініш жасау мерзімдерінің бұзылуынан болған бұзушылық –
жеке тұлғаларға – он бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –
жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жетпіс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 486-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 22.12.2016 № 28-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 25.11.2019 № 272-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.487-бап. Азаматтық қаруды, оның патрондарын өткізу үшін тапсырудан жалтару
Азаматтық қаруды, оның патрондарын сақтауға және алып жүруге рұқсатының күші жойылған жеке тұлғалардың оларды өткізу үшін тапсырудан жалтаруы –
бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
488-бап. Қазақстан Республикасының бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы заңнамасын бұзу
1. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыруға немесе өткізуге кедергі жасау, егер бұл әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, –
ескерту жасауға немесе жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға алып келеді.
2. Қазақстан Республикасының бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы заңнамасына сәйкес өткізілетін бейбіт жиналысқа қатысушының Қазақстан Республикасының бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы заңнамасында белгіленген талаптарды бұзуы, егер бұл әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, –
ескерту жасауға немесе жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға алып келеді.
3. Қазақстан Республикасының бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы заңнамасына сәйкес өткізілетін бейбіт жиналысты ұйымдастырушының Қазақстан Республикасының бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы заңнамасында белгіленген талаптарды бұзуы, егер бұл әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, –
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға, заңды тұлғаларға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
4. Осы баптың бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –
жеке тұлғаларға – елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не он бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға, заңды тұлғаларға жетпіс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
5. Қазақстан Республикасының бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы заңнамасында белгіленген тәртіпті бұза отырып өткізілетін жиналыстарды, митингілерді, демонстрацияларды, шерулерді, пикеттерді не өзге де жария іс-шараларды ұйымдастырушыларға және (немесе) оларға қатысушыларға үй-жайлар не өзге де мүлік (байланыс құралдарын, көбейту техникасын, жабдықты, көлікті) беру немесе оларды ұйымдастыру және өткізу үшін өзге де жағдайлар жасау, егер бұл әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, –
жеке тұлғаларға – отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға, заңды тұлғаларға жетпіс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
6. Қазақстан Республикасының бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы заңнамасында белгіленген тәртіпті бұза отырып өткізілетін жиналыстарға, митингілерге, демонстрацияларға, шерулерге, пикеттеуге не өзге де жария іс-шараға қатысу, егер бұл әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, –
ескерту жасауға немесе отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не он бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға алып келеді.
7. Қазақстан Республикасының бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы заңнамасында белгіленген тәртіпті бұза отырып өткізілетін жиналыстарды, митингілерді, демонстрацияларды, шерулерді, пикеттерді не өзге де жария іс-шараны ұйымдастыру және (немесе) өткізу, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, –
жеке тұлғаларға – елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не он бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға, заңды тұлғаларға бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
8. Осы баптың алтыншы бөлігінде көзделген, шетел азаматтары, азаматтығы жоқ адамдар жасаған әрекет –
Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарып жібере отырып, ескерту жасауға немесе отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не он бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға алып келеді.
9. Осы баптың жетінші бөлігінде көзделген, шетел азаматтары, азаматтығы жоқ адамдар, шетелдік заңды тұлғалар жасаған әрекеттер –
Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарып жібере отырып, жеке тұлғаларға – елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не он бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға, заңды тұлғаларға заңды тұлға қызметін тоқтата тұрып немесе онсыз, бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
10. Осы баптың бесінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –
жеке тұлғаларға – қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не он бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға, заңды тұлғаларға бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
11. Осы баптың алтыншы бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –
елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не жиырма тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға алып келеді.
12. Осы баптың жетінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –
жеке тұлғаларға – жетпіс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не жиырма бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға, заңды тұлғаларға бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескерту. 488-бап жаңа редакцияда – ҚР 25.05.2020 № 334-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).488-1-бап. Спорттық және спорттық-бұқаралық, ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізуді ұйымдастыру тәртібін бұзу
1. Спорттық және спорттық-бұқаралық, ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізуді ұйымдастыру тәртібін жергілікті атқарушы органдарға мәдениет туралы және дене шынықтыру және спорт туралы заңнамада көзделген ақпаратты бермеу немесе уақтылы бермеу түрінде бұзу –
жеке тұлғаларға – жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, заңды тұлғаларға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) –
жеке тұлғаларға – қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, заңды тұлғаларға жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 27-тарау 488-1-баппен толықтырылды - ҚР 22.01.2016 № 446-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).489-бап. Қазақстан Республикасының қоғамдық бірлестіктер туралы заңнамасын бұзу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелмеген қоғамдық, діни бірлестіктердің қызметіне басшылық жасау, қатысу, олардың қызметін қаржыландыру
1. Қоғамдық бірлестік басшыларының, мүшелерінің не қоғамдық бірлестіктің осы қоғамдық бірлестіктердің жарғыларында айқындалған мақсаттар мен міндеттердің шегінен шығатын әрекеттер жасауы –
ескерту жасауға немесе заңды тұлғаларға бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Қоғамдық бірлестік басшыларының, мүшелерінің не қоғамдық бірлестіктің Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзатын әрекеттер жасауы –
ескерту жасауға немесе қоғамдық бірлестіктің қызметін үш айдан алты айға дейінгі мерзімге тоқтата тұрып, заңды тұлғаларға бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –
қоғамдық бірлестіктің қызметін үш айдан алты айға дейінгі мерзімге тоқтата тұрып, заңды тұлғаларға бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –
қоғамдық бірлестіктің қызметіне тыйым сала отырып, заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Шетелдік заңды тұлғалардың және халықаралық ұйымдардың, шетел қатысатын заңды тұлғалардың, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың, қайырымдылық ұйымдарының саяси партияларды қаржыландыруы -
заңсыз қайырмалдықтар тәркілене отырып, лауазымды адамдарға – төрт жүз, заңды тұлғаларға екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Саяси партияның заңсыз қайырмалдықтарды қабылдауы -
заңсыз қайырмалдықтар тәркілене отырып және саяси партияның қызметіне тыйым сала отырып, төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
7. Саяси партияның қаржылық қызметі туралы жылдық есептілікті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде және көлемде жарияламау –
саяси партияның қызметін алты айға дейінгі мерзімге тоқтата тұрып, екі жүз айлық eceптік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
8. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда, саяси партияның, оның құрылымдық бөлімшелерінің (филиалдары мен өкілдіктерінің) қызметті қайта тіркеусіз жүзеге асыруы –
саяси партияның қызметіне тыйым сала отырып, екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
9. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелмеген, сол сияқты қызметі тоқтатыла тұрған немесе оған тыйым салынған қоғамдық, діни бірлестіктердің қызметіне басшылық жасау –
бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
10. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелмеген, сол сияқты қызметі тоқтатыла тұрған немесе оған тыйым салынған қоғамдық, діни бірлестіктердің қызметіне қатысу –
елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
11. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелмеген, сол сияқты қызметі тоқтатыла тұрған немесе оған тыйым салынған қоғамдық, діни бірлестіктердің қызметін қаржыландыру –
екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 489-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 30.12.2019 № 300-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.489-1-бап. Қазақстан Республикасының коммерциялық емес ұйымдар туралы заңнамасын бұзу
1. Жекеше мекеме, қоғамдық, корпоративтік және жекеше қорлар, заңды тұлғалардың қауымдастық (одақ) нысанындағы бірлестігі, қоғамдық бірлестік, коммерциялық емес акционерлік қоғам нысанында құрылған коммерциялық емес ұйымдардың (саяси партияларды, діни бірлестіктерді және кәсіптік одақтарды, құрылтайшысы немесе акционері мемлекет болып табылатын коммерциялық емес акционерлік қоғамдарды, еншілес, тәуелді және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғаларды қоспағанда), сондай-ақ шетелдік және халықаралық коммерциялық емес ұйымдардың Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын филиалдары мен өкілдіктерінің (оқшауланған бөлімшелерінің) өз қызметі туралы, оның ішінде өзінің құрылтайшылары (қатысушылары), мүлкінің құрамы, ақшаның қалыптасу көздері және жұмсалу бағыттары туралы мәліметтерді үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті органға ұсынбауы, уақтылы ұсынбауы, сол сияқты анық емес немесе көрінеу жалған мәліметтерді ұсынуы, –
ескерту жасауға алып келеді.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жылдың ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік), –
жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не үш ай мерзімге қызметін тоқтата тұруға алып келеді.
Ескерту. 27-тарау 489-1-баппен толықтырылды - ҚР 02.12.2015 № 429-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 13.06.2018 № 160-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.490-бап. Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзу
1. Қазақстан Республикасының заңнамасында:
1) діни жораларды, рәсімдерді және (немесе) жиналыстарды өткізуге;
2) қайырымдылық қызметті жүзеге асыруға;
3) діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де материалдарды, діни мақсаттағы заттарды әкелуге, әзірлеуге, шығаруға, басып шығаруға және (немесе) таратуға;
4) ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салуға, үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттар) етіп қайта бейіндеуге (функционалдық мақсатын өзгертуге) белгіленген талаптарды бұзу –
ескерту жасауға не жеке тұлғаларға – жиырма бес, заңды тұлғаларға бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Заңды діни қызметке кедергі келтіру, сол сияқты жеке тұлғалардың азаматтық құқықтарын дінге көзқарасы себептері бойынша бұзу немесе олардың діни сезімдерін қорлау не қандай да бір дінді ұстанушылар қастерлейтін заттарды, құрылыстар мен орындарды бүлдіру, егер жоғарыда баяндалған барлық әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, –
жеке тұлғаларға – жиырма бес, лауазымды адамдарға – елу, заңды тұлғаларға бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
3. Миссионерлік қызметті тіркеусіз (қайта тіркеусіз) жүзеге асыру, сол сияқты миссионерлердің дінтану сараптамасының оң қорытындысы жоқ діни әдебиетті, діни мазмұндағы ақпараттық материалдарды және діни мақсаттағы заттарды пайдалануы, Қазақстан Республикасында тіркелмеген діни бірлестіктердің діни ілімді таратуы –
ескерту жасауға не Қазақстан Республикасының азаматтарына елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарып жібере отырып, елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
ҚР Конституциялық Сотының 26.02.2025 № 67-НҚ нормативтік қаулысымен осы кодекстің 490-бабының үшінші бөлігі Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келеді деп танылды.4. Діни бірлестіктің өз жарғысында көзделмеген қызметті жүзеге асыруы –
қызметті үш ай мерзімге тоқтата тұрып, үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Діни бірлестіктің саяси қызметпен айналысуы, сол сияқты саяси партиялардың қызметіне қатысуы және (немесе) оларға қаржылық қолдау көрсетуі, мемлекеттік органдардың қызметіне араласуы не мемлекеттік органдардың немесе олардың лауазымды адамдарының функцияларын діни бірлестіктер мүшелерінің иемденіп алуы –
қызметті үш ай мерзімге тоқтата тұрып, үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Мемлекеттік органдарда, ұйымдарда, мекемелерде, оның ішінде денсаулық сақтау және білім беру ұйымдарында діни бірлестіктердің ұйымдық құрылымдарын құру –
лауазымды адамдарға – бір жүз, заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
7. Уәкілетті органмен келіспей шетелдік діни орталық тағайындаған адамның діни бірлестікті басқаруы, сол сияқты діни бірлестік басшысының кәмелетке толмаған адамның ата-анасының біреуі немесе оның өзге де заңды өкілдері қарсылық білдірген кезде кәмелетке толмағандарды діни бірлестіктің қызметіне тартуға және (немесе) қатыстыруға жол бермеу шараларын қолданбауы –
ескерту жасауға не Қазақстан Республикасының азаматтарына елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарып жібере отырып, елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
8. Осы баптың бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші және жетінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) –
қызметке тыйым сала отырып, жеке тұлғаларға – екі жүз, лауазымды адамдарға – үш жүз, заңды тұлғаларға бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 490-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 22.12.2016 № 28-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.491-бап. Азаматтық хал актілерін жазу қағидаларын бұзу
Некеге отыруға кедергі келтіретін мән-жайларды жасыру немесе азаматтық хал актілерін жазу органдарына жалған мәліметтер беру –
бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
492-бап. Қазақстан Республикасында тіркеусіз не жеке басты куәландыратын құжаттарсыз тұру
1. Қазақстан Республикасы азаматтарының күнтізбелік он күннен бір айға дейінгі мерзімде жеке куәліксіз немесе жарамсыз жеке куәлікпен не тұрғылықты жері бойынша, уақытша болатын (тұратын) жері бойынша тіркеусіз тұруы –
ескерту жасауға әкеп соғады.
2. Қазақстан Республикасы азаматтарының бір айдан астам мерзімде жеке куәліксіз немесе жарамсыз жеке куәлікпен не тұрғылықты жері бойынша, уақытша болатын (тұратын) жері бойынша тіркеусіз тұруы –
жеті айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет –
он үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Қазақстан Республикасында шетел азаматының немесе азаматтығы жоқ адамның күнтізбелік он күннен астам мерзімде тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркеусіз не тұруға ықтиярхатсыз немесе азаматтығы жоқ адам куәлігінсіз не тұруға ықтиярхаты, азаматтығы жоқ адам куәлігі жарамсыз болып тұрақты тұруы, сондай-ақ ішкі істер органдарын паспорттың, тұруға ықтиярхаттың не азаматтығы жоқ адам куәлігінің жоғалғаны туралы уақтылы хабардар етпеуі –
он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Осы баптың төртінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер –
жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескертпе. Осы баптың бірінші бөлігінің Қазақстан Республикасы азаматтарының уақытша болатын (тұратын) жері бойынша тіркеусіз тұруы туралы талабы уақытша болатын (тұратын) жері бойынша бір айға дейінгі мерзімде тұратын уақытша тұрғындарға қолданылмайды.
Ескерту. 492-бап жаңа редакцияда - ҚР 22.12.2016 № 28-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).493-бап. Тұрғынжай меншік иесінің немесе қарамағында тұрғынжайлар, ғимараттар және (немесе) үй-жайлар бар басқа да тұлғалардың оларда нақты тұрмайтын жеке тұлғаларды тіркеуге жол беруі не меншік иесіне тиесілі немесе басқа да тұлғалардың қарамағындағы тұрғынжайларда, ғимараттарда және (немесе) үй-жайларда тіркелген және тұрмайтын жеке тұлғаларды тіркеуден шығару жөнінде шаралар қолданбауы не жеке тұлғалардың тіркеусіз тұруына жол беруі
1. Тұрғынжай меншік иесінің немесе қарамағында тұрғынжайлар, ғимараттар және (немесе) үй-жайлар бар басқа да тұлғалардың меншік иесіне тиесілі немесе басқа да тұлғалардың қарамағындағы тұрғынжайларда, ғимараттарда және (немесе) үй-жайларда нақты тұрмайтын жеке тұлғаларды тіркеуге жол беруі –
жеке тұлғаларға – он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – он бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет –
жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Тұрғынжай меншік иесінің немесе қарамағында тұрғынжайлар, ғимараттар және (немесе) үй-жайлар бар басқа да тұлғалардың меншік иесіне тиесілі немесе басқа да тұлғалардың қарамағындағы тұрғынжайларда, ғимараттарда және (немесе) үй-жайларда тіркелген және тұрмайтын жеке тұлғаларды тіркеуден шығару бойынша шаралар қолданбауы –
жеке тұлғаларға – бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – он бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне қырық бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет –
жеке тұлғаларға – он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Жалдауға берушінің (жалға берушінің) меншік иесіне тиесілі немесе басқа да тұлғалардың қарамағындағы тұрғынжайларда, ғимараттарда және (немесе) үй-жайларда жеке тұлғалардың тіркеусіз тұруына жол беруі –
жеке тұлғаларға – он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – он бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Осы баптың бесінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет –
жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 493-бап жаңа редакцияда - ҚР 22.12.2016 № 28-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).494-бап. Паспорттарды, жеке куәліктерді заңсыз алып қою немесе оларды кепілге қабылдау
1. Азаматтардан паспорттарды, жеке куәліктерді заңсыз алып қою немесе оларды кепілге қабылдау –
ескерту жасауға немесе бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –
он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
495-бап. Жеке басты куәландыратын құжаттарды алған кезде не Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алу үшін немесе Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау не Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру туралы өтініш берген кезде Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына көрінеу жалған мәліметтерді ұсыну
1. Жеке басты куәландыратын құжаттарды алған кезде Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына көрінеу жалған мәліметтерді ұсыну –
жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алу үшін немесе Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау не Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру туралы өтініш берген кезде Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына көрінеу жалған мәліметтерді ұсынуы –
Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарып жіберуге әкеп соғады.
496-бап. Қазақстан Республикасының азаматтық туралы заңнамасын бұзу
1. Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылған адамның Қазақстан Республикасы азаматының паспортын және (немесе) жеке куәлігін пайдалануы –
жеке тұлғаларға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Шетел азаматтығын алу фактісін хабарламау немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімнен асып кеткен мерзімде хабарлау –
бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарып жіберуге алып келеді.
3. Мемлекеттік қызметтегі адамдар, сондай-ақ билік өкілінің функцияларын жүзеге асыратын не мемлекеттік органдарда, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілерінде ұйымдастырушылық-өкімдік немесе әкімшілік-шаруашылық функцияларды орындайтын адамдар жасаған осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген іс-әрекеттер –
Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарып жібере отырып, үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескерту. 496-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 272-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 22.12.2016 № 28-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.497-бап. Бастапқы статистикалық деректерді ұсыну тәртібін бұзу
1. Мемлекеттік статистиканың тиісті органдарына анық емес бастапқы статистикалық деректерді ұсыну –
ескерту жасауға әкеп соғады.
2. Мемлекеттік статистиканың тиісті органдарына бастапқы статистикалық деректерді белгіленген мерзімде ұсынбау –
жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамдарға, коммерциялық емес ұйымдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – он төрт, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер –
жеке тұлғаларға – он төрт, лауазымды адамдарға, коммерциялық емес ұйымдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 497-бап жаңа редакцияда - ҚР 03.12.2015 № 432-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).498-бап. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу деректерін ұсынудан бас тарту, ұсынбау, уақтылы ұсынбау, жасыру, қосып жазу және басқа да бұрмалаушылықтар
1. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органға құқықтық статистика мен арнайы есепке алу деректерін ұсынудан бас тарту, ұсынбау, оларды белгіленген мерзімді бұза отырып ұсыну, құқықтық статистика және арнайы есепке алу деректерін жасыру, қосып жазу, басқа да қасақана бұрмалаушылықтар, сол сияқты құқықтық статистикалық ақпаратты және арнайы есепке алу мәліметтерін алуға қандай да бір нысанда кедергі келтіру –
лауазымды адамдарға және жеке сот орындаушыларына он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Алып тасталды - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.Ескерту. 498-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
499-бап. Әкімшілік деректерді ұсыну тәртібін бұзу
1. Әкімшілік көздің мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органға анық емес әкімшілік деректерді ұсынуы -
лауазымды адамдарға жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Әкімшілік көздің мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органға әкімшілік деректерді ұсынбауы -
лауазымды адамдарға жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер -
лауазымды адамдарға отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескертпе:
Осы бапта лауазымды адамдар деп әкімшілік көздің әкімшілік деректерді ұсынуына, сондай-ақ олардың анықтығына жауапты болатын әкімшілік көз басшыларын немесе олардың міндеттерін атқарушы адамдарды түсіну керек.";
Ескерту. 499-бап жаңа редакцияда - ҚР 29.10.2015 № 376-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).500-бап. Мемлекеттік статистикалық байқаулар жүргізуден бас тарту
Ескерту. 500-бап алып тасталды - ҚР 30.12.2019 № 300-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
501-бап. Лауазымды адамның бастапқы статистикалық деректерді, статистикалық ақпаратты және (немесе)дерекқорларды жоғалтуы, сатуы, беруі немесе өзге де заңсыз жария етуі
"Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік статистика органдары, мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган ведомствосының ведомстволық бағыныстағы ұйымы лауазымды адамының респондентті сәйкестендіруге мүмкіндік беретін бастапқы статистикалық деректерді, статистикалық ақпаратты және (немесе) дерекқорларды жоғалтуы, сатуы, беруі немесе өзге де заңсыз жария етуі, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, -
елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 501-бап жаңа редакцияда - ҚР 29.10.2015 № 376-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).502-бап. Бастапқы статистикалық деректерді бекітілмеген статистикалық нысан бойынша жинау
Ескерту. 502-бап алып тасталды - ҚР 30.12.2019 № 300-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
503-бап. Әкімшілік деректерді келісілмеген нысан бойынша жинау
Әкімшілік деректерді келісілмеген нысан бойынша жинау -
лауазымды адамдарға ескерту жасауға немесе жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескертпе:
Осы бапта лауазымды адамдар деп әкімшілік деректерді келісілмеген нысан бойынша жинауды жүзеге асыруға тапсырма берген әкімшілік көз басшыларын немесе олардың міндеттерін атқарушы адамдарды түсіну керек.
Ескерту. 503-бап жаңа редакцияда - ҚР 29.10.2015 № 376-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).504-бап. Мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы, сондай-ақ таратылуы шектеулі қызметтік ақпаратпен жұмыс істеудегі белгіленген талаптарды бұзу
1. Мемлекеттік құпияларға қол жеткізудің немесе жіберудің белгіленген тәртібін бұзу –
жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Мемлекеттік құпиялармен жұмыс істеуге жіберілген немесе бұрын жіберілген адамдардың мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі белгіленген талаптарды бұзуы, егер бұл әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, –
жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Құпияландыруға жатпайтын мәліметтерді және олардың жеткізгіштерін негізсіз құпияландыру, мемлекеттік құпияларға жатқызылмаған мәліметтерді құпияландыру үшін құпиялылық белгілерін және өзге де шектеу белгілерін пайдалану, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, –
жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, заңдылықтың бұзылғандығын жасыру мақсатында жасалған әрекеттер –
елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Мемлекеттік құпиялар туралы заңнамада көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді және олардың жеткізгіштерін негізсіз құпиясыздандыру, жеткізгіштерді құпияландыру кезінде оларды құпиясыздандырудың белгіленген мерзімдерін бұзу, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекеттер белгілері болмаса, –
жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Таратылуы шектеулі қызметтік ақпаратпен жұмыс істеу бойынша белгіленген талаптарды оған кәсіптік немесе қызметтік жұмысына байланысты рұқсат берілген адамдардың осы мәліметтердің жария етілуіне немесе жоғалуына әкеп соққан бұзуы –
он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!504-бапты 7, 8-бөліктермен толықтыру көзделген – ҚР 10.06.2026 № 302-VIIІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Ескерту. 504-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
505-бап. Қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ қалалар мен елді мекендер инфрақұрылымы объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру
1. Осы Кодекстің 381-1-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ қалалар мен елді мекендердің инфрақұрылымы объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру –
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –
жеке тұлғаларға – отыз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 505-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 02.01.2021 № 403-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.506-бап. Күзетілетін объектілерге заңсыз кіру
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқық қорғау органдары немесе арнаулы мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар күзететін объектіге, сондай-ақ жеке күзет ұйымы күзететін аса маңызды мемлекеттік, стратегиялық объектіге және стратегиялық маңызы бар және жарғылық капиталында акцияларының (қатысу үлестерінің) бақылау пакетін мемлекет тікелей немесе жанама түрде иеленетін заңды тұлғаларға тиесілі экономика салаларының объектісіне, қауіпті өндірістік объектіге заңсыз кіру, егер бұл іс-әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, –
он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не он бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.
Ескерту. 506-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 21.01.2019 № 217-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2021 № 63-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.507-бап. Ұлттық алдын алу тетігіне қатысушылардың қызметіне кедергі келтіру
Ұлттық алдын алу тетігіне қатысушылардың құқықтары мен заңды мүдделерінің елеулі түрде бұзылуына әкеп соққан, олардың заңды қызметіне лауазымды адамның қызмет бабын пайдалана отырып кедергі келтіруі, сол сияқты лауазымды адамның осы қызметке өзінің қызмет бабын пайдалана отырып жасалған араласуы –
қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
508-бап. Ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының алдын ала болу барысында өздеріне белгілі болған адамның жеке өмірі туралы мәліметтерді жария етуі
Ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының алдын ала болу барысында өздеріне белгілі болған адамның жеке өмірі, жеке және отбасы құпиясы туралы мәліметтерді осы адамның келісімінсіз жария етуі, егер бұл әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, –
жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 50-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 11.06.2026 № 307-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.509-бап. Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын жою
1. Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын, жеке құрам бойынша құжаттарды уәкілетті органның не астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының келісімінсіз жою –
лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер –
лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
28-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТIК ШЕКАРА
РЕЖИМIНIҢ БЕЛГIЛЕНГЕН ТӘРТIБIНЕ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АУМАҒЫНДА БОЛУ ТӘРТIБIНЕ ҚОЛ СҰҒАТЫН ӘКIМШIЛIК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР
510-бап. Шекара аймағында шекара режимін және жекелеген жерлерде болу тәртібін бұзу
1. Мыналардың:
1) жеке басын куәландыратын құжаттарсыз Қазақстан Республикасы азаматының, шетел азаматының немесе азаматтығы жоқ адамның;
2) алып тасталды – ҚР 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;3) Қазақстан Республикасына жеке басын куәландыратын құжатсыз оңайлатылған өткізу пункттері арқылы кірген не белгіленген мерзімдерде Қазақстан Республикасынан кетуден жалтарған шетел азаматының (іргелес мемлекеттердің шекаралас аудандары тұрғынының), сол сияқты шетел азаматының немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасынан шығу мақсатында өткізу пунктіне халықаралық теміржол және автомобиль қатынастары жолдары бойынша шекара аймағы арқылы жүруі кезіндегі маршрутын өзгертуі –
бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Шекара аймағында Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметін хабардар етпей, шаруашылық, кәсіпшілік және өзге де қызметтер жүргізу, қоғамдық-саяси, мәдени және өзге де іс-шаралар өткізу –
жеке тұлғаларға – бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жетпіс бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Шетел азаматтарының және азаматтығы жоқ адамдардың келуі үшін Қазақстан Республикасының уақытша жабық аумағына Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің және ішкі істер органдарының рұқсатынсыз шетел азаматының немесе азаматтығы жоқ адамның кіруі (өтуі), онда уақытша болуы немесе жүріп-тұруы -
он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың бірінші, екінші, үшінші бөліктерінде көзделген, шетел азаматы немесе азаматтығы жоқ адам әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасаған іс-әрекеттер –
он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға немесе Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарып жіберуге әкеп соғады.
5. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, Қазақстан Республикасының азаматы әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасаған іс-әрекеттер –
жеке тұлғаларға он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 510-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.511-бап. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының арсеналдары, базалары мен қоймалары жанындағы тыйым салынған аймақ пен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының арсеналдары, базалары мен қоймалары жанындағы тыйым салынған аудан аумағында белгіленген тыйым салуларды бұзу
Ескерту. 511-баптың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР 29.05.2020 № 337-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының арсеналдары, базалары мен қоймалары жанындағы тыйым салынған аймақтың аумағында болуы –
он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының арсеналдары, базалары мен қоймалары жанындағы тыйым салынған аймақ аумағында диверсияға қарсы және өртке қарсы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылатын жұмыстарды қоспағанда, құрылыс салу және қандай да бір жұмыстар жүргізу –
жеке тұлғаларға – он бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының арсеналдарын, базалары мен қоймаларын тікелей пайдаланумен байланысты емес ғимараттар мен құрылысжайларды салу, шаруашылық және өзге де қызмет, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының арсеналдары, базалары мен қоймалары жанындағы тыйым салынған аудан аумағында атыс қаруынан оқ ату, пиротехникалық заттар мен бұйымдарды пайдалану, атыс тирлері (атыс орындары) мен стендтер орнату, ұшу аппараттарын (оның ішінде пилотсыз) пайдалану, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, байқауға, аудио- және бейнежазбаға, фототүсірілімге, ақпарат беруге арналған құралдарды, жүйелерді, құрылғылар мен аппаратураларды қолдану –
жеке тұлғаларға – он бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескерту. 511-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 29.05.2020 № 337-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).512-бап. Қазақстан Республикасының ішкі және аумақтық суларының режимдерін бұзу
Ескерту. 512-баптың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Қазақстан Республикасының ішкі және аумақтық суларындағы, шекаралық өзендер, көлдер және өзге де су айдындары суларының қазақстандық бөлігіндегі режимді Қазақстандық шағын көлемді өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты) кемелерді (құралдарды) және мұз үстімен жылжитын кемелерді (құралдарды) есепке алудың, күтіп-ұстаудың, олардың орналасу пункттерінен шығуының және орналасу пункттеріне қайтып оралуының, суда болуының белгіленген тәртібін сақтамаудан көрінген бұзу –
жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Қазақстан Республикасының ішкі және аумақтық суларында, шекаралық өзендер, көлдер және өзге де су айдындары суларының қазақстандық бөлігінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпті бұза отырып, уәкілетті мемлекеттік органның рұқсатынсыз кәсіпшілік, зерттеу, іздестіру қызметін немесе өзге де қызметті жүргізу –
әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысаналары болып табылатын көлік құралдары мен өзге де заттар тәркілене отырып, жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 512-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.513-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде режимді бұзу
1. Қазақстан Республикасы азаматының Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттеріндегі режимді адамдардың көлік құралдарының өткізу пункттеріне кірудің, оларда болудың, жүріп-тұрудың және олардан шығудың, жүктер мен тауарларды әкелудің, орналастырудың, орнын ауыстырудың, әкетудің, шаруашылық және өзге де қызметті жүзеге асырудың белгіленген тәртібін сақтамаудан көрінетін бұзушылығы –
бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Шетел азаматы немесе азаматтығы жоқ адам жасаған дәл сол әрекеттер –
он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарып жіберуге әкеп соғады.
Ескерту. 513-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.514-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекара режимін бұзу
1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы режимін:
1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын (Каспий теңізіндегі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы учаскесін қоспағанда) күтіп-ұстаудың;
2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өтудің, егер бұл әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса;
3) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы адамдарды, көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды өткізудің;
4) шекаралық белдеуге кірудің, онда уақытша болудың, тұрудың, жүріп-тұрудың және шекаралық белдеудің үстімен ұшуды жүзеге асырудың;
5) Мемлекеттік шекарада және шекаралық белдеуде шаруашылық, кәсіпшілік немесе өзге де қызметті жүргізудің, қоғамдық-саяси, мәдени немесе өзге де іс-шараларды өткізудің белгіленген тәртібін сақтамаудан көрінген бұзу –
жеке тұлғаларға – он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – он бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, шетел азаматы немесе азаматтығы жоқ адам жасаған әрекеттер –
әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысаналары болып табылатын көлік құралдары және өзге де заттар тәркілене отырып, жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға немесе он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға не Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарып жіберуге әкеп соғады.
Ескерту. 514-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.515-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы заңсыз алып өту
1. Халықаралық тасымалды жүзеге асыратын көлік ұйымының немесе өзге де ұйымның Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан бір немесе бірнеше тәртіп бұзушының заңсыз кесіп өтуіне немесе заңсыз кесіп өтуге әрекет жасауына әкеп соқтырған, көлік құралына адамдардың заңсыз кіруін және оны Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан заңсыз кесіп өту үшін пайдалануын болғызбау жөнінде шараларды қолданбауы –
бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Халықаралық тасымалды жүзеге асыратын көлік ұйымы немесе өзге де ұйым жұмыскерінің өзінің қызметтік міндеттеріне кіретін, Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасынан заңсыз кесіп өтуге әкеп соқтырған, көлік құралына адамдардың заңсыз кіруін және оны Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өту үшін пайдалануын болғызбау жөнінде шаралар қолданбауы, егер аталған іс-әрекет бір немесе бірнеше тәртіп бұзушының қылмыс жасауына немесе Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан заңсыз кесіп өтуге әрекет жасауына жәрдемдесу болып табылмаса, –
жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Жеке шаруамен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан кесіп өтетін адамның, бір немесе бірнеше тәртіп бұзушының Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан заңсыз кесіп өтуіне немесе заңсыз кесіп өтуге әрекет жасауына әкеп соққан, өзі басқаратын көлік құралын басқа адамның Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан заңсыз кесіп өту үшін пайдалануын болғызбау жөнінде шаралар қолданбауы –
он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
516-бап. Әскери қызметшінің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзету жөніндегі міндеттерін атқаруына байланысты оның заңды өкіміне немесе талабына бағынбау
1. Әскери қызметші Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзету жөніндегі міндеттерді атқарған кезде оның заңды өкіміне немесе талабына бағынбау –
он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, шетел азаматы не азаматтығы жоқ адам жасаған әрекеттер –
Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарып жібере отырып, бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.
517-бап. Шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы
1. Алып тасталды – ҚР 27.12.2019 № 292-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
2. Шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік жол жүру қағидаларын сақтамаудан көрінген, Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы –
он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге әкімшілік жолмен шығарып жіберуге алып келеді.
3. Шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзім өткеннен кейін Қазақстан Республикасынан кетпеуінен көрінген, Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы –
1) үш тәулік ішінде –
ескерту жасауға алып келеді;
2) үш тәуліктен астам бес тәулік өткенге дейін –
он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді;
3) бес тәуліктен астам он тәулік өткенге дейін –
он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
4. Шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның заңнамада белгіленген мерзім өткеннен кейін он тәуліктен асатын кезең ішінде кетуден жалтаруынан көрінген, Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы –
жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге әкімшілік жолмен шығарып жіберуге алып келеді.
5. Шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның жүзеге асыратын қызметі визада көрсетілген мақсаттарға сәйкес болмауынан көрінген, Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы немесе жергілікті атқарушы орган өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілік сәйкестігі туралы анықтаманы немесе жұмысқа орналасуға рұқсатты алу еңбек қызметін жүзеге асыруға қажетті шарт болып табылатын жағдайда, мұндай анықтаманы не рұқсаттарды алмастан, Қазақстан Республикасында еңбек қызметін жүзеге асыруы –
жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға не Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарып жіберуге әкеп соғады.
6. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –
он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарып жіберуге әкеп соғады.
7. Осы баптың екінші, төртінші және бесінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер –
Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарып жібере отырып, он бес тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.
Ескерту. 517-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 24.11.2015 № 421-V (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 292-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 13.05.2020 № 327-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.518-бап. Шетел азаматтарын және азаматтығы жоқ адамдарды қабылдайтын жеке немесе заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы
1. Қабылдаушы тұлғаның шетел азаматтарының және азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасында болуы құқығына құжаттарды ресімдеу не болудың белгілі бір мерзімі өткеннен кейін олардың Қазақстан Республикасынан кетуі жөнінде шаралар қабылдамауы не өздерінде көшіп келушілердің болуы туралы ішкі істер органдарына уақтылы хабардар етпеуі –
жеке тұлғаларға – ескерту жасауға, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – он бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұза отырып, Қазақстан Республикасына келген шетел азаматына немесе азаматтығы жоқ адамға тұрғынжай беру не белгіленген мерзімдерде Қазақстан Республикасынан кетуден жалтару –
жеке тұлғаларға – жиырма бес, лауазымды адамға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жетпіс бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –
жеке тұлғаларға – отыз, лауазымды адамға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жетпіс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Алып тасталды – ҚР 27.12.2019 № 292-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.5. Алып тасталды – ҚР 27.12.2019 № 292-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
Ескерту. 518-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 272-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 22.12.2016 № 28-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 292-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
519-бап. Шетелдік жұмыс күшін және еңбекші көшіп келушілерді Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып тарту
Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР 29.12.2014 № 272-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).
1. Жұмыс берушінің шетелдік жұмыс күшін жергілікті атқарушы органның рұқсатынсыз тартуы немесе жергілікті атқарушы орган беретін, өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілік сәйкестігі туралы анықтамалары немесе еңбекші көшіп келушіге ішкі істер органдары беретін рұқсаттары жоқ шетел азаматтарының және (немесе) азаматтығы жоқ адамдардың еңбегін пайдалануы –
жеке тұлғаларға – отыз, лауазымды адамдарға – елу, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жеті жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Жұмыс берушінің шетелдік жұмыскерді жергілікті атқарушы органның шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатында көрсетілген лауазымға (кәсіпке немесе мамандыққа) сәйкес келмейтін лауазымға (кәсіпке немесе мамандыққа) тартуы –
жеке тұлғаларға – отыз, лауазымды адамдарға – елу, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жеті жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –
жеке тұлғаларға – елу, лауазымды адамдарға – бір жүз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 272-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.5. Жұмыс беруші жеке тұлғаның үй шаруашылығында жұмыстар орындауға (қызметтер көрсетуге) еңбекші көшіп келушілерді ішкі істер органдары беретін тиісті рұқсатсыз тартуы немесе бір жұмыс беруші жеке тұлғаның бір мезгілде бестен көп еңбекші көшіп келушімен үй шаруашылығында жұмыстар орындау (қызметтер көрсету) бойынша еңбек шарттарын жасасуы –
отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Осы баптың бесінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –
елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 519-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 272-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 421-V (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2019 № 300-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.05.2020 № 327-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.520-бап. Қазақстан Республикасының азаматтарын шетелде жұмысқа орналастыру жөніндегі заңсыз қызмет
Ескерту. 520-бап алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
29-тарау. КЕДЕН ІСІ САЛАСЫНДАҒЫ ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР
521-бап. Кедендік бақылау аймағының режимін бұзу
Кедендік бақылау аймағының шекарасы арқылы тауарлардың, көлік құралдарының және мемлекеттік органдардың (кеден органдарынан басқа) лауазымды адамдарын қоса алғанда, адамдардың өткізілуі, сондай-ақ осы аймақта мемлекеттік кіріс органының рұқсатынсыз өндірістік және өзге де кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру –
жеке тұлғаларға, лауазымды адамдарға – он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – он бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескерту. 521-бап жаңа редакцияда - ҚР 26.12.2017 № 124-VI Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).522-бап. Кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыру тәртібін бұзу
Кеден өкілінің, меншікті тауарларды сақтау қоймасын, уақытша сақтау қоймасын, еркін қойманы немесе кеден қоймасын, бажсыз сауда дүкенін иеленушілердің "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес осындай қызметті жүзеге асыру шарттары мен міндеттерін сақтамауы не уақытша сақтау орнын немесе қоймасын, кеден қоймасын немесе еркін қойманы, бажсыз сауда дүкенін құруға арналған үй-жайлардың немесе аумақтардың Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі –
бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескерту. 522-бап жаңа редакцияда - ҚР 26.12.2017 № 124-VI Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).523-бап. Кедендік тасымалдаушының қызметті жүзеге асыру тәртібін бұзуы
Кедендік тасымалдаушының осындай қызметті жүзеге асыру үшін Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында көзделген шарттар мен міндеттерді сақтамауы, оның ішінде көлік құралында мемлекеттік кіріс органының осы көлік құралы тұрған жерді анықтауына мүмкіндік беретін техникалық жабдықтың болмауы не оның жарамсыз болуы –
бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескерту. 523-бап жаңа редакцияда - ҚР 26.12.2017 № 124-VI Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).524-бап. Мемлекеттік кіріс органын тауарлардың келгені туралы хабардар етпеу
Тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелген кезде мемлекеттік кіріс органын Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес құжаттарды ұсынбау арқылы олардың келгені туралы хабардар етпеу –
жеке тұлғаларға – бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – он бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескерту. 524-бап жаңа редакцияда - ҚР 26.12.2017 № 124-VI Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).525-бап. Тауарлардың кету тәртібін бұзу
1. Қазақстан Республикасы мемлекеттік кіріс органының рұқсатынсыз Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тауарлардың кету тәртібін бұзу не Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кету үшін құжаттарды ұсынбау –
ескерту жасауға алып келеді.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет –
жеке тұлғаларға – бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – он бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескерту. 525-бап жаңа редакцияда - ҚР 26.12.2017 № 124-VI Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).526-бап. Авария, еңсерілмейтін күштің әсері немесе өзге де мән-жайлар жағдайында шаралар қолданбау
Авария, еңсерілмейтін күштің әсері немесе өзге де мән-жайлар жағдайында тауарлардың сақталуын қамтамасыз ету үшін шаралар қолданбау, жақын маңдағы мемлекеттік кіріс органына осы мән-жайлар және осындай тауарлардың тұрған орны туралы хабарламау не оларды жақын маңдағы мемлекеттік кіріс органына немесе мемлекеттік кіріс органы көрсеткен өзге де орынға тасымалдауды (тасуды) қамтамасыз етпеу–
жеке тұлғаларға – он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – он бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескерту. 526-бап жаңа редакцияда - ҚР 26.12.2017 № 124-VI Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).527-бап. Тауарлар мен көлік құралдарын жеткізу орнына бермеу
Тауарлар мен көлік құралдарын жеткізу орнына бермеу және олардың құжаттарын Қазақстан Республикасының мемлекеттік кіріс органына тапсырмау –
жеке тұлғаларға – он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – он бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
528-бап. Тауарларды, көлік құралдарын және олардың құжаттарын Қазақстан Республикасы мемлекеттік кіріс органының рұқсатынсыз беру, жоғалту немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік кіріс органына жеткізбеу
1. Қазақстан Республикасы мемлекеттік кіріс органдарының рұқсатынсыз кедендік бақылаудағы тауарларды және көлік құралдарын беру –
қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
1-1. Кедендік бақылаудағы тауарларды және көлік құралдарын жоғалту немесе мемлекеттік кіріс органдары немесе Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің кеден органы айқындаған жеткізу орнына жеткізбеу –
әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысаналары болып табылатын тауарлар мен көлік құралдары тәркілене отырып, отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Кедендік бақылауда тұрған тауарлар мен көлік құралдарының мемлекеттік кіріс органына тапсыру үшін қабылданған кедендік немесе өзге де құжаттарын жеткізбеу –
он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Тауарларды, көлік құралдарын және олардың құжаттарын жеткізудің мемлекеттік кіріс органы немесе Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің кеден органы белгілеген мерзімін сақтамау –
он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 528-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.12.2015 № 432-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.529-бап. Көлік құралын тоқтатпау
Көлік құралын тоқтатпау оның техникалық ақаулығынан немесе еңсерілмейтін күштің әсерінен болған жағдайларды қоспағанда, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өтетін және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағында жүретін көлік құралын, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағы арқылы тауар ретінде өткізілетін көлік құралын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізу орындарында, мемлекеттік кірістер органдарының көлік құралын тоқтату жөніндегі талап ету орындарында тоқтатпау –
он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескерту. 529-бап жаңа редакцияда – ҚР 09.01.2026 № 257-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.530-бап. Көлік құралын Қазақстан Республикасы мемлекеттік кіріс органының рұқсатынсыз жөнелту
Кедендік бақылауда тұрған көлік құралын не Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы тауар ретінде өткізілетін көлік құралын оның тұрған орнынан Қазақстан Республикасы мемлекеттік кіріс органының рұқсатынсыз жөнелту –
он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескерту. 530-бап жаңа редакцияда - ҚР 26.12.2017 № 124-VI Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).531-бап. Тауарларды кедендік рәсіммен орналастыруға байланысты кедендік операцияларды жасау және тауарларды кедендік тазарту тәртібін бұзу
Осы тараудың басқа баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, тауарларды кедендік рәсіммен орналастыруға байланысты кедендік операцияларды жасау және тауарларды кедендік тазарту тәртібін бұзу, яғни Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген, тауарларды кедендік рәсіммен орналастыру, кедендік операцияларды жасау орны мен уақыты жөніндегі талаптарды, сондай-ақ тауарлардың жекелеген санаттарын кедендік рәсіммен орналастырудың бірінші кезектегі тәртібін қолдану шарттарын сақтамау –
жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескерту. 531-бап жаңа редакцияда - ҚР 26.12.2017 № 124-VI Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).532-бап. Өздеріне қатысты кедендік тазарту аяқталмаған тауарлармен жүргізілетін құқыққа сыйымсыз операциялар, олардың жай-күйін өзгерту, оларды пайдалану және (немесе) оларға билік ету
1. Осы тараудың басқа баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, өздеріне қатысты кедендік тазарту аяқталмаған тауарлармен Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген талаптар мен шарттарды бұза отырып, операциялар жүргізу, олардың жай-күйін өзгерту, оларды пайдалану және (немесе) оларға билік ету –
жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –
әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысаналары болып табылатын тауарлар тәркілене отырып немесе онсыз, қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескерту. 532-бап жаңа редакцияда - ҚР 26.12.2017 № 124-VI Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).533-бап. Кедендік бақылауда тұрған тауарлармен жүк операцияларын және өзге де операцияларды мемлекеттік кіріс органының рұқсатынсыз жүргізу
Мемлекеттік кіріс органының рұқсатынсыз не оны хабардар етпей, кедендік бақылауда тұрған тауарлар мен көлік құралдарын тасымалдау, тиеу, түсіру, қайта тиеу, қаптамаларының бүлінген жерін жөндеу, қаптау, қайта қаптау немесе тасымалдау үшін қабылдау, мұндай тауарлардың сынамалары мен үлгілерін алу, көрсетілген тауарлар мен көлік құралдары болуы мүмкін үй-жайларды, ыдыстарды және басқа да орындарды ашу не кедендік бақылауда тұрған тауарларды тасымалдайтын халықаралық тасымалдың көлік құралын ауыстыру –
жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
534-бап. Сәйкестендіру құралдарын жою, алып тастау, өзгерту не ауыстыру
1. Мемлекеттік кіріс органдары, оның ішінде шет мемлекеттердің мемлекеттік кіріс органдары пайдаланатын сәйкестендіру құралдарын мемлекеттік кіріс органының рұқсатынсыз жою, алып тастау, өзгерту не ауыстыру немесе мұндай сәйкестендіру құралдарын зақымдау не жоғалту –
жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер –
қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
535-бап. Тауарларды кедендік декларациялау тәртібін бұзу
1. Осы тараудың басқа баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, декларанттың және (немесе) кеден өкілінің тауарларды кедендік декларациялау тәртібін бұзуы, яғни Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген, тауарларды алдын ала, толық емес, мерзімдік және уақытша кедендік декларациялауды қоса алғанда, тауарларды кедендік декларациялау орны бойынша кедендік декларацияны толтыру және кедендік декларациялау тәртібі жөніндегі талаптарды сақтамауы –
ескерту жасауға алып келеді.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет –
жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескерту. 535-бап жаңа редакцияда - ҚР 26.12.2017 № 124-VI Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).536-бап. Кеден өкілінің кеден ісі саласындағы қызметтіжүзеге асыру тәртібін бұзуы
1. Кеден өкілінің үшінші тұлғамен азаматтық-құқықтық шарт жасаспай не шарттың қолданылу мерзімі өткен соң немесе оны бұзғаннан кейін үшінші тұлғаның мүддесі үшін кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыруы –
отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, кеден өкілінің бір жыл ішінде қайталап жасаған әрекеті –
елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
537-бап. Уәкілетті экономикалық оператордың кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыру тәртібін бұзуы
Уәкілетті экономикалық оператордың осындай қызметті жүзеге асыру үшін Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында көзделген талаптарды сақтамауы –
бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескерту. 537-бап жаңа редакцияда - ҚР 26.12.2017 № 124-VI Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).538-бап. Кедендік декларацияны, құжаттар мен мәліметтерді беру мерзімдерін бұзу
1. Осы тараудың басқа баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, тауарларды кедендік декларациялау кезінде кедендік декларацияны, құжаттар мен мәліметтерді мемлекеттік кіріс органына белгіленген мерзімдерде ұсынбау –
жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар болып табылатын, уақытша әкетілген халықаралық тасымалдау көлік құралдарына қатысты операциялар жасау туралы өтінішті мемлекеттік кіріс органына Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген мерзімдерде ұсынбау –
он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескерту. 538-бап жаңа редакцияда - ҚР 26.12.2017 № 124-VI Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).539-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік кіріс органына есептілікті ұсынбау не анық емес есептілікті ұсыну және есепке алуды жүргізу тәртібін сақтамау
Кедендік тасымалдаушының, кеден өкілінің, меншікті тауарларды сақтау қоймасын, уақытша сақтау қоймасын, кеден қоймасын немесе еркін қойманы, бажсыз сауда дүкенін иеленушілердің, уәкілетті экономикалық операторлардың, декларанттардың кедендік бақылаудағы не еркін кедендік аймақтар аумағындағы әкелінетін, әкетілетін, декларацияланатын, келіп түсетін, сақталатын, қайта өңделетін, дайындалатын, сатып алынатын және өткізілетін тауарлар туралы есептілікті Қазақстан Республикасының мемлекеттік кіріс органына Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында айқындалған тәртіппен және мерзімдерде ұсынбауы не анық емес есептілікті ұсынуы, сол сияқты мұндай тауарларды есепке алуды жүргізу тәртібін сақтамауы –
жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескерту. 539-бап жаңа редакцияда - ҚР 26.12.2017 № 124-VI Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).540-бап. Тауарларды сақтауға орналастыру тәртібін, оларды сақтау және олармен операциялар жүргізу тәртібін бұзу
Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген, тауарларды сақтауға орналастыру тәртібін және оларды сақтау тәртібін, кеден қоймасында сақтау мерзімдерін, тауарларды бір қоймадан екіншісіне ауыстыру тәртібін бұзу, сол сияқты кеден қоймаларындағы, уақытша сақтау қоймаларындағы және еркін қоймалардағы тауарлармен операциялар жүргізу –
жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескерту. 540-бап жаңа редакцияда - ҚР 26.12.2017 № 124-VI Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).541-бап. Тауарларды уақытша сақтау мерзімдерін бұзу
Ескерту. 541-бап алып тасталды - ҚР 26.12.2017 № 124-VI Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).
542-бап. Тауарларды қайта өңдеу және қайта өңдеу өнімдерін ауыстыру тәртібін бұзу
1. Тауарларды қайта өңдеу тәртібін бұзу, яғни егер кедендік рәсім, тауарларды қайта өңдеу тәртібі мен мерзімдері, қайта өңдеу өнімдерінің шығу мөлшері, мұндай тауарларды қайта өңдеу бойынша операциялар жүргізу шарттарына сәйкес мұндай құжат міндетті болса, Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген тауарларды қайта өңдеу шарттары туралы құжатта қамтылған шарттарды сақтамау –
елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Отандық тауарлардың қайта өңдеу өнімдерін басқа тауарлармен ауыстырудың белгіленген тәртібін бұзу -
жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 542-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 26.12.2017 № 124-VI (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 30.12.2019 № 300-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.543-бап. Кедендік рәсімді белгіленген мерзімдерде аяқтамау
1. Өзіне қатысты аяқтау туралы талап белгіленген кедендік рәсімді белгіленген мерзімдерде аяқтамау –
жеке тұлғаларға – он бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
1-1. Уақытша әкелінген халықаралық тасымалдау көлік құралдарын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетпеу –
жеке тұлғаларға – он бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Уақытша әкелінген жеке пайдалануға арналған тауарларды және (немесе) көлік құралдарын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан уақытша әкелудің белгіленген мерзімдерінде әкетпеу –
он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік кіріс органына тауарлардың және (немесе) көлік құралдарының кері әкетілуін немесе әкелінуін не аварияның немесе еңсерілмейтін күштің әсері, табиғи тозу немесе азаю не шет мемлекет органдары мен лауазымды адамдарының құқыққа сыйымсыз әрекеттеріне байланысты олардың иеліктен шығарылуы салдарынан тауарлардың және (немесе) көлік құралдарының жойылуы немесе ысырап болуы себебінен оның мүмкін еместігін растау ретінде жарамсыз құжаттарды, заңсыз жолмен алынған құжаттарды не басқа тауарларға және (немесе) көлік құралдарына қатысты құжаттарды ұсыну –
әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысаналары болып табылатын тауарлар және (немесе) көлік құралдары тәркілене отырып немесе онсыз, жеке тұлғаларға – он бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
4. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –
әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысаналары болып табылатын көлік құралдары тәркілене отырып немесе онсыз, жеке тұлғаларға – отыз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – алпыс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескерту. 543-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 03.12.2015 № 432-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 26.12.2017 № 124-VI (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 30.12.2019 № 300-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.544-бап. Белгілі бір кедендік рәсіммен орналастырылған тауарлармен және көлік құралдарымен құқыққа сыйымсыз операциялар жүргізу, олардың жай-күйін өзгерту, оларды пайдалану және (немесе) оларға билік ету
Тауарлармен және көлік құралдарымен олардың кедендік рәсіміне сай келмейтін операциялар жүргізу, олардың жай-күйін өзгерту, оларды пайдалану және (немесе) оларға билік ету, сол сияқты, егер бұған кедендік рәсімге сәйкес жол берілсе, тауарларға қатысты иелену, пайдалану және билік ету құқықтарын беру арқылы кедендік рәсімді пайдалану құқығын, егер мұндай шешім міндетті болса, мемлекеттік кіріс органының рұқсатынсыз басқа тұлғаға беру –
әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысаналары болып табылатын көлік құралдары тәркілене отырып, кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың тиісті тізілімінен алып тастай отырып, жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
545-бап. Тауарлар мен көлік құралдарын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізген кезде тыйым салулар мен шектеулерді қолдану тәртібін сақтамау
Тауарлар мен көлік құралдарын Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген тыйым салулар мен шектеулерді сақтамай, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізу, егер бұл әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, –
әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысаналары болып табылатын тауарлар және (немесе) көлік құралдары тәркілене отырып немесе онсыз, жеке тұлғаларға – он бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескерту. 545-бап жаңа редакцияда - ҚР 26.12.2017 № 124-VI (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгеріс енгізілді – ҚР 05.07.2024 № 114-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.546-бап. Жеке тұлғалардың Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген, жеке пайдалануға арналған тауарларды өткізу тәртібін бұза отырып, тауарлар мен көлік құралдарын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізуі
Ескерту. 546-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 26.12.2017 № 124-VI Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).
Осы Кодекстің 547-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, жеке тұлғалардың кедендік декларациялауға жататын жеке пайдалануға арналған тауарларды және (немесе) көлік құралдарын белгіленген нысанда декларацияламауы –
он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 546-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 26.12.2017 № 124-VI Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).547-бап. Халықаралық пошта жөнелтілімдерінде тауарларды өткізу тәртібін бұзу
Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген, халықаралық пошта жөнелтілімдерінде тауарларды өткізу тәртібін бұзу –
жеке тұлғаларға – он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескерту. 547-бап жаңа редакцияда - ҚР 26.12.2017 № 124-VI Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).548-бап. Тауарлар мен көлік құралдарын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы кедендік бақылаудан тыс өткізу
Ескерту. 548-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 26.12.2017 № 124-VI Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).
1. Тауарлар мен көлік құралдарын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы кедендік бақылаудан тыс өткізу, яғни тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізудің Қазақстан Республикасының мемлекеттік кіріс органдары айқындаған орындардан тыс жерде немесе көрсетілген орындарда Қазақстан Республикасы мемлекеттік кіріс органдарының белгіленген жұмыс уақытынан тыс кезде өткізу, егер бұл әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, –
жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –
әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысаналары болып табылатын тауарлар мен көлік құралдары тәркілене отырып, жеке тұлғаларға – жиырма бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 548-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 03.12.2015 № 432-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 26.12.2017 № 124-VI (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.549-бап. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларды кедендік бақылаудан жасыру
Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін не өткізілген тауарларды кедендік бақылаудан жасыру, оның ішінде тауарларды табуды қиындататын құпия орындарды не басқа да тәсілдерді пайдалана отырып жасыру немесе бір тауарларға басқалардың түрін беру, егер бұл әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, –
құқық бұзушылықтың тікелей объектілері болған тауарлар тәркілене отырып немесе онсыз, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысаналары болып табылатын тауарлар мен заттарды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы жасырып өткізу үшін пайдаланылған арнайы әзірленген құпия орындары бар тауарлар мен көлік құралдары тәркілене отырып, жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескерту. 549-бап жаңа редакцияда - ҚР 26.12.2017 № 124-VI (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгеріс енгізілді – ҚР 05.07.2024 № 114-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.550-бап. Тауарлар мен көлік құралдарын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы құжаттарды немесе сәйкестендіру құралдарын алдап пайдалана отырып өткізу
Осы Кодекстің 555-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік кіріс органына кедендік мақсаттар үшін қажетті құжаттар ретінде жарамсыз құжаттарды, оның ішінде тыйым салулар мен шектеулерді сақтамауға негіз болатын құжаттарды, заңсыз жолмен алынған құжаттарды не басқа тауарлар мен көлік құралдарына қатысты құжаттарды ұсына отырып, тауарлар мен көлік құралдарын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізу, сондай-ақ тауарларды кедендік транзит кедендік рәсімімен немесе уақытша сақтау қоймасына орналастыру, сондай-ақ қолдан жасалған сәйкестендіру құралын не басқа тауарлар мен көлік құралдарына қатысты төлнұсқа сәйкестендіру құралын пайдалану, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, –
әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысаналары болып табылатын тауарлар және (немесе) көлік құралдары тәркілене отырып немесе онсыз, жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескерту. 550-бап жаңа редакцияда - ҚР 26.12.2017 № 124-VI (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгеріс енгізілді – ҚР 05.07.2024 № 114-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.551-бап. Тауарларды, қолма-қол ақша қаражатын, ақша құралдарын декларацияламау немесе анық емес кедендік декларациялау, кедендік құжаттарда мәліметтерді анық емес мәлімдеу
1. Осы тараудың басқа баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін не өткізілген тауарларды декларацияламау немесе анық емес кедендік декларациялау, яғни декларанттың, кеден өкілінің, уәкілетті экономикалық оператордың кедендік декларацияда жәнекедендік мақсаттар үшін қажетті өзге де құжаттарда тауарлар, таңдап алынған кедендік рәсім, тауарлардың кедендік құны не шығарылған елі туралы белгіленген нысан бойынша мәлімдемеуі не анық емес мәліметтерді мәлімдеуі немесе кедендік төлемдерді, салықтарды төлеуден босату немесе кедендік төлемдердің, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының мөлшерін төмендету үшін негіз беретін не оларды төлеу жөніндегі міндетті орындамауға немесе тиісінше орындамауға алып келетін өзге де анық емес мәліметтерді мәлімдеуі, егер бұл әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, –
төленбеген кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары сомасының жиырма бес пайызы мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер –
төленбеген кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары сомасының елу пайызы мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
3. Жеке тұлғалардың Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін және жазбаша декларациялауға жататын ақша қаражатын және ақша құралдарын декларацияламауы не анық емес декларациялауы –
декларацияланбаған не анық емес декларацияланған ақша қаражаты мен ақша құралдары тәркілене отырып, декларацияланбаған не анық емес декларацияланған қолма-қол ақша қаражаты сомасының және (немесе) ақша құралдары құнының жиырма бес пайызы мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
4. Тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарлар шығару туралы өтініште не уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар болып табылатын, уақытша әкетілген халықаралық тасымалдау көлік құралдарына қатысты операциялар жасау туралы өтініште Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін не өткізілген тауарлар туралы мәліметтерді анық емес мәлімдеу, яғни тұлғаның көрсетілген құжаттарда тауарлар, таңдап алынған кедендік рәсім, кедендік құн туралы белгіленген нысан бойынша мәлімдемеуі не анық емес мәліметтерді мәлімдеуі немесе кедендік баждардың, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының мөлшерін төмендетуге алып келетін өзге де анық емес мәліметтерді мәлімдеуі –
жеке тұлғаларға – отыз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – сексен, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескертпе. Кедендік төлемдердің, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының төленуге жататын сомалары "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес есептеледі.
Ескерту. 551-бап жаңа редакцияда - ҚР 26.12.2017 № 124-VI (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгеріс енгізілді – ҚР 05.07.2024 № 114-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.552-бап. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына кеден қағидаларын бұза отырып әкелінген тауарлар мен көлік құралдарын тасу, сақтау, сатып алу, пайдалану немесе оларға билік ету
Ескерту. 552-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 26.12.2017 № 124-VI Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).
1. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына кедендік бақылаудан тыс не осындай бақылаудан жасырып, не құжаттарды немесе сәйкестендіру құралдарын алдап пайдалана отырып, не декларацияланбай немесе анық емес декларацияланып әкелінген тауарлар мен көлік құралдарын тасу, сақтау, сатып алу, пайдалану немесе оларға билік ету, сол сияқты өздеріне қатысты кедендік төлемдер және салықтар бөлігінде кедендік жеңілдіктер берілген, оларға байланысты осындай жеңілдіктер берілгеннен өзге мақсаттарда Қазақстан Республикасы мемлекеттік кіріс органының рұқсатынсыз пайдаланылатын не иеліктен шығарылатын тауарлар мен көлік құралдарын тасу, сақтау және сатып алу –
жеке тұлғаларға – он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне отыз бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер -
әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысаналары болып табылатын тауарлар мен көлік құралдары тәркілене отырып немесе онсыз, елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 552-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 26.12.2017 № 124-VI Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).553-бап. Пайдаланылуы және (немесе) билік етілуі шектелген тауарларды, сондай-ақ шартты түрде шығарылған тауарлар мен көлік құралдарын пайдалану және (немесе) оларға билік ету тәртібін бұзу
Пайдаланылуы және (немесе) билік етілуі шектелген тауарларды, сондай-ақ шартты түрде шығарылған тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында көзделгеннен, оның ішінде оларға байланысты осындай жеңілдіктер берілгеннен өзге мақсаттарда пайдалану және (немесе) оларға билік ету –
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – төрт жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
554-бап. Төленген (өндіріп алынған) кедендік баждарды, кедендік алымдарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын, аванстық төлемдерді тиісті негіздерсіз қайтаруға, төлемдер мен өзге де өтемдер алуға не оларды қайтармауға бағытталған әрекеттер
Қазақстан Республикасының мемлекеттік кіріс органына төленген (өндіріп алынған) кедендік баждарды, кедендікалымдарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын, алдағы кедендік баждарды, кедендік алымдарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу есебіне енгізілген аванстық төлемдерді, өсімпұлдарды, пайыздарды, сондай-ақ кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету ретінде енгізілген аванстық төлемдерді тиісті негіздерсіз қайтаруға, төлемдер мен өзге де өтемдер алуға немесе оларды қайтармауға не толық емес көлемде қайтаруға құқық беретін анық емес мәліметтерді қамтитын құжаттарды ұсыну, егер осы әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, –
заңды тұлғаларға екі жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескерту. 554-бап жаңа редакцияда - ҚР 26.12.2017 № 124-VI Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).555-бап. Кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын, кедендік алымдарды, пайыздарды төлеу мерзімдерін бұзу
Төлеушілердің және (немесе) төлеушімен бірге ынтымақты міндет жүктелетін тұлғалардың кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндетті белгіленген мерзімдерде орындамауы немесе тиісінше орындамауы, кедендік алымдарды, пайыздарды белгіленген мерзімдерде төлемеу –
жеке тұлғаларға – отыз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – отыз бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескерту. 555-бап жаңа редакцияда - ҚР 26.12.2017 № 124-VI Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).556-бап. Қазақстан Республикасы мемлекеттік кіріс органының кедендік баждардың, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының, өсімпұлдардың, пайыздардың тиесілі сомаларын төлеу туралы талабын белгіленген мерзімдерде орындамау
Банктің, сақтандыру ұйымының, кепілгердің мемлекеттік кіріс органының кедендік баждардың, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының, өсімпұлдардың, пайыздардың тиесілі сомаларын төлеу туралы талабын белгіленген мерзімдерде орындамауы –
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескерту. 556-бап жаңа редакцияда - ҚР 26.12.2017 № 124-VI Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).557-бап. Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың Қазақстан Республикасы мемлекеттік кіріс органдарының шешімдерін орындамауы
Қазақстан Республикасы мемлекеттік кіріс органдарының кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары бойынша берешекті, өсімпұлдарды, пайыздарды өндіріп алу туралы немесе төлеушінің банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы шешімдерін банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың кінәсінен орындамауы –
заңды тұлғаларға екі жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескерту. 557-бап жаңа редакцияда - ҚР 26.12.2017 № 124-VI Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).558-бап. Қазақстан Республикасы мемлекеттік кіріс органдарының кеден ісі саласындағы талаптарын орындамау
1. Мемлекеттік кіріс органдарының және олардың лауазымды адамдарының кеден іс саласындағы талаптарын орындамау –
ескерту жасауға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет (әрекетсіздік) –
он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 558-бап жаңа редакцияда - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 30-тарау. КӨЛІКТЕГІ, ЖОЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ
БҰЗУШЫЛЫҚТАР
559-бап. Теміржол көлігінде қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қағидаларды бұзу
1. Теміржол арқылы ат-арба көлігімен (шаналармен) өту және жүк артылған, мініс малды және табынды айдап өту, теміржолдардың бөлінген жолағында мал жаю қағидаларын бұзу -
бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
1-1. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –
он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Теміржолды, қорғаныштық ағаш екпелерін, қардан қорғайтын қоршауларды және басқа да жол объектілерін, сигнал беру және байланыс құрылыстары мен құрылғыларын бүлдіру –
жеке тұлғаларға – бес, заңды тұлғаларға жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Жүктерді тиеу және түсіру кезінде белгіленген көлемдерді сақтамау –
жеке тұлғаларға – бес, заңды тұлғаларға он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Теміржолдарға поездар қозғалысының бұзылуын туындатуы мүмкін заттар төсеу, тастау немесе қалдыру –
жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Белгіленбеген жерлерде теміржол арқылы өту –
ескерту жасауға немесе үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
5-1. Осы баптың бесінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –
бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
6. Қазақстан Республикасының теміржол көлігі туралы заңнамасының талаптарын
1) теміржол желісінің бағыттамалық бұрмаларын, станциялық және магистральдық жолдарын және теміржол кірме жолдарын күтіп-ұстау;
2) жылжымалы құрамды, теміржол көлігіндегі жол жүру қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған техникалық құралдарды, жасанды құрылысжайларды, сондай-ақ теміржол өткелдерін күтіп-ұстау, пайдалану және жөндеу кезінде жасалған бұзушылық –
жеке тұлғаларға – үш, лауазымды адамдарға – жеті, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – сегіз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – он, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
7. Теміржол көлігіндегі қауіпсіздік қағидаларын жылжымалы теміржол составының қалпына келтіруге келмейтін жағдайға дейін зақымдануына әкеп соққан бұзушылық –
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
8. Теміржол көлігіндегі қауіпсіздік қағидаларын соның салдарынан жылжымалы составты ағыту және жөндеуге беру талап етілетін көлемде зақымдауға жол берілген бұзушылық –
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жетпіс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
9. Тасымалдау процесіне қатысушылардың уәкілетті органға теміржолдардағы қауіпсіздік бойынша жол берілген бұзушылықтар туралы ақпаратты теміржол көлігіндегі қауіпсіздік қағидаларында белгіленген мерзімдерде бермеуі -
лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 559-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 295-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.560-бап. Теміржол көлігі құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу
1. Жүк поездарында заңсыз жүріп-тұру, поезд жүріп бара жатқанда отырғызу және түсіру, вагондардың тепкішектері мен төбесінде жүріп-тұру, қажетсіз ретте поезды заңсыз тоқтату –
жеке тұлғаларға бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Поездар вагондарының терезелері мен есіктерінен қоқыстарды және өзге де заттарды тастау, поезд жүріп бара жатқан кезде сыртқы есіктерді заңсыз ашу –
жеке тұлғаларға ескерту жасауға немесе үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
561-бап. Жылжымалы теміржол составын және қалалық рельсті көлікті мемлекеттік тіркеусіз немесе қайта тіркеусіз пайдалану
Ескерту. 561-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 05.05.2017 № 59-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Жылжымалы теміржол составын және қалалық рельсті көлікті мемлекеттік тіркеусіз немесе қайта тіркеусіз пайдалану -
жеке тұлғаларға – екі, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жеті, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет (әрекетсіздік) –
жеке тұлғаларға – бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жеті, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – он, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 561-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 05.05.2017 № 59-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).562-бап. Ортақ пайдаланылатын көлік құралдарын және олардың ішкі жабдығын бүлдіру
Ортақ пайдаланылатын көлік құралдарын, атап айтқанда, теміржол көлігінде жолаушылар вагондарын және локомотивтерді, теңіз және өзен көлігінде кемелерді, автобустарды, троллейбустарды, трамвайларды бүлдіру, сондай-ақ олардың ішкі жабдығын бүлдіру –
жеке тұлғаларға он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
563-бап. Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану тәртібін бұзу
1. Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану, атап айтқанда әуе кемелерінің және басқа да ұшу аппараттарының ұшуы, Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде атыстың, зымырандар ұшырудың барлық түрлерін өткізу, жарылыс жұмыстары және материалдық объектілердің қозғалуымен байланысты өзге де қызметті жүзеге асыру тәртібін:
1) ұшу жоспарын ұсынбай (бақыланбайтын әуе кеңістігінде ұшу кезінде хабардар етпей) және (немесе) ұшуды орындауға рұқсатсыз және (немесе) әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігіне қатер төндіретін қызметті жүзеге асыруға рұқсатсыз қызметті жүзеге асыру;
2) саны рұқсатта көрсетілгеннен артық әуе кемелері тобының ұшуы;
3) әуе кемелерінің әуе кеңістігін пайдалану режимдерін сақтамауы;
4) мәжбүрлі түрде қону және қосалқы әуеайлаққа жіберу жағдайларынан басқа, әуе кемелерінің ұшу жоспарында көрсетілмеген әуеайлаққа қонуы;
5) әуе кемесінің Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің рұқсатынсыз, тыйым салынған аймақ және шек қойылған аймақ аумағының үстінен ұшып өтуі;
6) ұшу қауіпсіздігіне анық қатер төну және авиациялық оқиғаны болғызбау жағдайларын қоспағанда, әуе трассаларынан, маршрут осьтерінен белгіленген нормалардан артық қашықтыққа ауытқуы;
7) ұшу қауіпсіздігіне анық қатер төну және авиациялық оқиғаны болғызбау жағдайларын қоспағанда, әуе кеңістігін пайдаланушылардың әуе қозғалысына қызмет көрсету немесе әуе қозғалысын басқару органдарының командаларын орындамауы түрінде жасалған бұзушылық -
жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамдарға жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер -
құқық бұзушылық жасаудың құралы болған зат тәркілене отырып, жеке тұлғаларға – он бес, лауазымды адамдарға жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 563-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 10.05.2017 № 64-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).564-бап. Ұшу қауіпсіздігі қағидаларын бұзу
1. Әуеайлақ ауданында әуеайлақтарды тану үшін қабылданған таңбалық белгілер мен құрылғыларға ұқсайтын қандай да бір белгілер мен құрылғыларды орналастыру немесе әуежай, әуеайлақ әкімшілігінің рұқсатынсыз пиротехникалық бұйымдарды жағу немесе құстардың топталып жиналуына ықпал ететін, әуе кемелерінің ұшуы үшін қауіпті объектілер орнату –
жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамдарға жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Ғимараттар мен құрылыстарда түнде және күндіз көрінетін таңбалық белгілерді немесе құрылғыларды орналастыру туралы қағидаларды орындамау –
жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамдарға жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Әуеайлақ жабдығын, әуеайлақ белгілерін, әуе кемелері мен олардың жабдығын бүлдіру –
жеке тұлғаларға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Әуежайлардың (аэровокзалдардан басқа), әуеайлақтардың, ұшуды радиомен және жарықпен қамтамасыз ету объектілерінің аумағы бойынша тиісті рұқсатсыз жүріп өту немесе көлікпен өту –
жеке тұлғаларға бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Осы Кодекстің 441-бабының 1-2-бөлігінде көзделген жағдайды қоспағанда, әуе кемесіндегі жолаушылар ретіндегі адамдардың әуе кемесі бортындағы ұшу қауіпсіздігіне қатер төндіретін жағдай жасауы –
жеке тұлғаларға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не он бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.
Ескерту. 564-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 10.05.2017 № 64-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.04.2019 № 249-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.565-бап. Кәсіптік даярлықтан өтпеген не тиісті біліктілігі жоқ авиация персоналын жұмысқа жіберу
Кәсіптік даярлықтан өтпеген не тиісті біліктілігі жоқ авиация персоналын жұмысқа жіберу –
лауазымды адамдарға – қырық, заңды тұлғаларға алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
565-1-бап. Азаматтық авиация саласында медициналық куәландыру жөніндегі талаптарды бұзу
1. Авиациялық медициналық сарапшының ұшуды орындау үшін қауіп төндіретін, азаматтық авиация саласында медициналық куәландыру жөніндегі талаптарды сақтамауы –
бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –
екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
3. Әуе кемелерінің ұшуын орындаумен және қамтамасыз етумен, әуе қозғалысына қызмет көрсетумен тікелей байланысты адамның өзіне белгілі және ұшуды орындау үшін қауіп төндіретін ауруының болуы туралы ақпаратты медициналық куәландырудан өту кезінде жасыруы –
бір жүз сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –
екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескерту. 30-тарау 565-1-баппен толықтырылды - ҚР 10.05.2017 № 64-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.565-2-бап. Аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің түзету іс-қимылдары жоспарын орындамауы не тиісінше орындамауы немесе хабарлама ұсынбауы
Аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің сертификаты иесінің түзету іс-қимылдары жоспарын белгіленген мерзімдерде орындамауы не тиісінше орындамауы немесе аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің әуе қозғалысын ұйымдастырудың функционалдық жүйелеріндегі өзгерістер туралы хабарламаны ұсынбауы –
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бес жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескерту. 30-тарау 565-2-баппен толықтырылды - ҚР 10.05.2017 № 64-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).566-бап. Әуе кемесінде мінез-құлық қағидаларын бұзу
1. Әуе кемесінде мінез-құлық қағидаларын әуе кемесіндегі адамның әуе кемесі командирінің немесе экипаждың басқа да мүшелерінің өкімдерін орындамауы түрінде жасаған бұзуы, егер осы адамның іс-әрекеті ұшу қауіпсіздігіне қатер төндірмесе, –
үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Ұялы байланыс пен радиоэлектрондық құралдарды әуе кемесінің бортында "ұшуда" деген автономды режимде пайдалануды қоспағанда, ұшудың барлық кезеңдерінде әуе кемесінің бортында ұялы, транкингтік байланыс қызметтерін, әуе кемесін жүргізу, биіктікке көтерілу, қонуға бет алу кезеңдерінде радиоэлектрондық құралдар мен тұрмыстық мақсаттағы жоғары жиілікті құрылғыларды пайдалану –
ескерту жасауға немесе бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер –
он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 566-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 10.05.2017 № 64-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).567-бап. Рейс мәртебесі өзгерген кезде тасымалдаушының Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген міндеттерді орындамауы не тиісінше орындамауы
Ескерту. 567-баптың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Рейс мәртебесі өзгерген кезде тасымалдаушының Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген міндеттерді орындамауы не тиісінше орындамауы –
екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет (әрекетсіздік) –
бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 567-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.568-бап. Авиациялық оқиғаны немесе оқыс оқиғаны қасақана жасыру
Авиациялық оқиғаны, оқыс оқиғаны немесе бұлар туралы мәліметтерді қасақана жасыру не ақпаратты бұрмалау не борттағы немесе жерүстіндегі объективтік бақылау құралдарын немесе авиациялық оқиғамен немесе оқыс оқиғамен байланысты басқа да дәлелдеме материалдарды бүлдіру немесе жою –
жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға – отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, заңды тұлғаларға бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
569-бап. Әуе кемелерін пайдаланудың қауіпсіздік қағидаларын бұзу
1. Осы баптың екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші және сегізінші бөліктерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, әуе кемелерін ұшуды орындауға жіберу тәртібін не ұшуға дайындау және оны орындау қағидаларын бұзу, егер бұл әрекеттер абайсызда жәбірленушінің денсаулығына жеңіл зиян келтіруге әкеп соқса, –
жеке тұлғаларға әуе кемесін басқару (әуе қозғалысына қызмет көрсету, әуе кемесіне техникалық қызмет көрсету) құқығынан алты ай мерзімге айыра отырып, отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға, лауазымды адамдарға – отыз, заңды тұлғаларға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның рұқсатынсыз ұшуды орындауды бастауға тыйым салынған ақаулар болған кезде не жолаушылар сыйымдылығы (жүк сыйымдылығы) нормаларын немесе әуе кемесінің ұшу массасы немесе орталықтануы бойынша шектеулерді бұза отырып әуе кемесінде ұшу –
әуе кемесінің командиріне қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға немесе әуе кемесін басқару құқығынан бір жыл мерзімге айыруға әкеп соғады.
3. Әуе кемесін басқаруға құқығы жоқ адамның оны басқаруы – қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Мемлекеттік тіркеуден өтпеген не мемлекеттік және тіркеу тану белгілері жоқ не азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымда есепте тұрмаған не көрінеу жалған мемлекеттік және тіркеу тану белгілері бар әуе кемесін басқару –
әуе кемесінің командиріне қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға немесе әуе кемесін басқару құқығынан бір жыл мерзімге айыруға әкеп соғады.
5. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген кеме және ұшу құжаттамасы жоқ әуе кемесін басқару не өзімен бірге әуе кемесінің осы түрін басқару құқығына құжаттары жоқ ұшу экипажы мүшесінің әуе кемесін басқаруы –
қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Мемлекеттік тіркеуден өтпеген не мемлекеттік және тіркеу тану белгілері жоқ, не азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымда есепте тұрмаған не көрінеу жалған мемлекеттік және тіркеу тану белгілері бар не Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген кеме және ұшу құжаттамасы жоқ не ұшу немесе кабина экипажы жасақталмаған не уәкілетті ұйым беретін рұқсатсыз оны пайдалануға тыйым салынған ақаулары бар, не жолаушылар сыйымдылығы (жүк сыйымдылығы) нормалары немесе әуе кемесінің ұшу массасы немесе орталықтануы бойынша шектеулер бұзылған әуе кемесін ұшуға жіберу, сол сияқты әуе кемесіне қызмет көрсетуге осыған құқығы жоқ немесе масаң күйдегі адамды жіберу не оның әуе кемесіне қызмет көрсетуі –
жеке және лауазымды адамдарға – қырық, заңды тұлғаларға бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
7. Бортында Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген іздеу және авариялық-құтқару құралдары жоқ әуе кемелерінің ұшуды орындауы –
жеке және лауазымды адамдарға – қырық, заңды тұлғаларға бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
8. Авиация персоналы куәлігін бүлдіру немесе жоғалту –
жеке тұлғаларға жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 569-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 19.04.2019 № 249-VI Заңымен (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі).570-бап. Авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды бұзу
Ескерту. 570-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 10.05.2017 № 64-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды орындамау не тиісінше орындамау –
жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға – қырық, заңды тұлғаларға бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Әуежай, әуеайлақ аумағының периметрі қоршауларын күтіп-ұстау жөнінде шаралар қолданбау, егер бұл іс-әрекет авиациялық оқиғаға немесе оқыс оқиғаға әкеп соқпаса, –
заңды тұлғаларға төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 570-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 10.05.2017 № 64-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).571-бап. Жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау қағидаларын бұзу
1. Автомобиль және теміржол көлігімен тасымалдауды қоспағанда, жолаушыларды, багажды және жүктерді халықаралық және ішкі тасымалдау қағидаларын бұзу –
елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Автомобиль көлігімен жолаушыларды және багажды тасымалдау қағидаларын бұзу –
жеке тұлғаларға – бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – он бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2-1. Автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдау қағидаларын бұзу –
жеке тұлғаларға – бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – он бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың екінші және 2-1-бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –
жеке тұлғаларға – он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – он бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Теміржол көлігімен жүктерді, жолаушыларды, багажды және жүк багажын тасымалдау қағидаларын бұзу –
жеке тұлғаларға – бес, лауазымды адамдарға – он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – он бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне отыз бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Белгіленген қағидаларды бұза отырып, қауіпті жүктерді автокөлік құралдарымен не мамандандырылған автокөлік құралдарымен, сол сияқты 1, 6 және 7-сыныптағы қауіпті жүкті тасымалдауға арналған арнайы рұқсатсыз тасымалдау –
жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Ауыр салмақты автокөлік құралдарының салмақтық параметрлерден асырып, оның ішінде осы Кодекстің 31-бабына сәйкес автоматты режимде анықталып немесе тіркеліп, сол сияқты арнайы рұқсатсыз жүріп өтуі –
жол берілетін салмақтық параметрлер бір тоннадан бес тоннаға дейін асырылған кезде жеке тұлғаларға – қырық, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – сексен, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, бес тоннадан он тоннаға дейін асырылған кезде жеке тұлғаларға – сексен, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз сексен, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, он тоннадан және одан жоғары асырылған кезде жеке тұлғаларға – бір жүз сексен, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – төрт жүз сексен, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жеті жүз сексен, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
7. Iрі көлемді автокөлік құралдарының габариттік параметрлерден асырып, оның ішінде осы Кодекстің 31-бабына сәйкес автоматты режимде анықталып немесе тіркеліп, сол сияқты арнайы рұқсатсыз жүріп өтуі –
жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
8. Ірі көлемді және (немесе) ауыр салмақты автокөлік құралдарының параметрлердің бірін асыра отырып не арнайы рұқсатта көрсетілген маршруттан немесе мерзімдерден ауытқып жүріп өтуі –
жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
9. Автокөлік құралын тиеу процесінде жүк жөнелтушінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген, жол берілетін салмақтық параметрлерді бір тоннадан астам және (немесе) көлемдік параметрлерден асыруы –
жеке тұлғаларға – отыз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – сексен, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 571-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 272-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2019 № 300-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.10.2024 № 131-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 09.01.2026 № 257-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.571-1-бап. Жүкті, жолаушыларды және багажды автомобиль көлігімен тасымалдауды жүзеге асыру кезінде тасымалдаушының тауар-көлік жүкқұжатын (өлшеу немесе салмағын өлшеу актісін), жол парағын ұсынбауы немесе мұндай тасымалдарды тауар-көлік жүкқұжатын (өлшеу немесе салмағын өлшеу актісін), жол парағын көлік құжаттарын басқарудың бірыңғай жүйесінде тіркемей жүзеге асыруы
Ескерту. 571-1-баптың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Жүкті, жолаушыларды және багажды автомобиль көлігімен тасымалдауды жүзеге асыру кезінде тасымалдаушының тауар-көлік жүкқұжатын (өлшеу немесе салмағын өлшеу актісін), жол парағын ұсынбауы немесе мұндай тасымалдарды тауар-көлік жүкқұжатын (өлшеу немесе салмағын өлшеу актісін), жол парағын көлік құжаттарын басқарудың бірыңғай жүйесінде тіркемей жүзеге асыруы, сол сияқты осы құжаттарды толтырмауы немесе оларға көрінеу жалған мәліметтерді енгізуі –
жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –
жеке тұлғаларға – отыз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – алпыс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жетпіс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 30-тарау 571-1-баппен толықтырылды - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 30.12.2019 № 300-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.572-бап. Жолаушыларды, багажды немесе жүктерді автомобильмен тасымалдауды жүзеге асыру кезінде жүргізушілердің еңбек және демалыс режимінің бұзылуы
1. Мыналарды:
1) қауіпті жүктерді автомобильмен тасымалдауды;
2) жолаушыларды, багажды және жүктерді автомобильмен халықаралық тасымалдауды;
3) жолаушыларды және багажды автомобильмен облысаралық қалааралық тұрақты тасымалдауды;
4) жолаушыларды және багажды автомобильмен облысаралық қаларалық, ауданаралық (облысішілік қалааралық) тұрақты емес тасымалдауды жүзеге асырған кезде жүргізушілердің еңбек және демалыс режимін тіркейтін бақылау құрылғыларынсыз (тахографтарсыз) немесе ақауы жоқ осындай құрылғыларын ажыратып не толтырылмаған диаграммалық дискілермен немесе бұрын пайдаланылған диаграммалық дискілерді қолдана отырып не электрондық (цифрлық) тахографтарды қолданған жағдайда электрондық карточкаларды пайдаланбай, сол сияқты жүгізушілердің еңбек және демалыс режимін күнделікті тіркеу парақтарын жүргізбей (бақылау құрылғысының ақауы болған жағдайда) автокөлік құралын пайдалану –
жеке тұлғаларға – бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Автокөлік құралдары жүргізушілерінің жолаушыларды, багажды немесе жүктерді автомобильмен тасымалдауды жүзеге асыру кезінде еңбек және демалыс режимін бұзуы –
он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 572-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.573-бап. Қазақстан Республикасында автомобильмен тасымалдаудың рұқсат беру жүйесін халықаралық қатынаста қолдану қағидаларын бұзу
1. Қазақстан Республикасының автомобиль көлігі туралы заңнамасында көзделген жағдайларда, шетелдік тасымалдаушының Қазақстан Республикасының аумағында автомобильмен халықаралық тасымалдауды рұқсатсыз немесе арнаулы рұқсатсыз, сондай-ақ тасымалдау түріне сәйкес келмейтін рұқсатты пайдаланып жүзеге асыруы –
бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Отандық тасымалдаушының рұқсат ету карточкаларында көрсетілмеген автокөлік құралына отандық тасымалдаушының шетелдік рұқсатты пайдалануы –
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Отандық тасымалдаушының шетелдік рұқсаттар бланкілерін басқа отандық тасымалдаушыға беруі –
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне қырық бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Халықаралық қатынаста жолаушыларды және багажды тасымалдауды жүзеге асыру кезінде жүргізушінің келісілген жол жүру маршрутының схемасын бұзуы –
он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Шетелдік тасымалдаушының толтырылмаған немесе Қазақстан Республикасында автомобильмен тасымалдаудың рұқсат беру жүйесін халықаралық қатынаста қолдану қағидаларын бұза отырып толтырылған отандық рұқсатты пайдалануы –
бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
6. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің көліктік бақылау уәкілетті органы берген, орындалмаған хабарлама болған кезде халықаралық автомобильмен тасымалдауды жүзеге асыру, сондай-ақ хабарламада көрсетілген маршруттан ауытқу –
бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
7. Тартқышты немесе жүк автокөлігін тасымалдаушы тіркелген мемлекетте тіркелмеген басқа тартқышқа немесе жүк автокөлігіне ауыстыруды (қайта тіркеуді) жүзеге асыру –
автокөлік құралдарының жүргізушілеріне – екі жүз, заңды тұлғаларға бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 573-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.574-бап. Жолаушыларды және багажды автомобильмен халықаралық тұрақты емес тасымалдауды жүзеге асыру кезінде автокөлік құралдары жүргізушілерінде жолаушылар тізімінің болмауы
Ескерту. 574-бап алып тасталды - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
575-бап. Шет мемлекетте тіркелген автокөлік құралдарымен Қазақстан Республикасының аумағында автомобильмен тасымалдауларды жүзеге асыру
Қазақстан Республикасының аумағына уақытша әкелінген автокөлік құралдарымен тасымалдауды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан пункттер арасында жолаушыларды, багажды немесе жүктерді шет мемлекеттің аумағында тіркелген автокөлік құралдарымен тасымалдау –
бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 575-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.576-бап. Республикаішілік қатынаста жолаушыларды және багажды автомобильмен тұрақты емес тасымалдауды жүзеге асыру кезінде автокөлік құралдары жүргізушілерінде тасымалдау шартының болмауы
Ескерту. 576-бап алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
577-бап. Халықаралық қатынаста тұрақты тасымалдауды жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының аумағындағы пункттер арасында жолаушыларды тасымалдау
1. Халықаралық қатынаста тұрақты тасымалдауды жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының аумағындағы пункттер арасында жолаушыларды тасымалдау үшін жол жүру құжаттарын (билеттерді) сатуды ұйымдастыру –
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Халықаралық қатынаста тұрақты тасымалдауды жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының аумағындағы пункттер арасында автокөлік құралдарымен жолаушыларды тасымалдау –
автокөлік құралдарының жүргізушілеріне отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –
автокөлік құралдарының жүргізушілеріне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
578-бап. Теңіз көлігінде қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету қағидаларын бұзу
1. Теңіз көлігінде кемелердің маневр жасауы мен қозғалуының белгіленген тәртібін бұзу, нұсқалған қозғалыс жылдамдығын, дыбыс және жарық сигналдарын беру, кеме жарықтары мен белгілерін алып жүру талаптарын сақтамау, тыйым салынған жерлерде кемені әдейі тоқтату немесе тоқтата тұру, кемелерді сүйрету тәртібін бұзу, сондай-ақ диспетчердің міндетті талаптарын орындамау –
жеті айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Порт суларында суға сүңгу жұмыстарын тиісті рұқсаттарсыз жүргізу немесе осы жұмыстар кезінде сигналдар беру қағидаларын сақтамау –
он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
579-бап. Теңіз көлігіндегі сигнал беру және байланыс құрылғылары мен қондырғыларын бүлдіру
Теңіз көлігіндегі сигнал беру және байланыс құрылғылары мен қондырғыларын бүлдіру –
он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
580-бап. Теңіз және өзен көлігі кемелерінде, сондай-ақ шағын көлемді кемелерде жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету қағидаларын бұзу
Теңіз және өзен көлігі кемелерінде, сондай-ақ шағын көлемді кемелерде құтқару және авариялық құралдар мен жабдықтардың болмауы, толық жинақталмауы немесе оларды куәландыру мерзімі өткен соң пайдалану, теңіз және өзен көлігі кемелеріндегі түскіштер мен траптарды жабдықтау жөніндегі талаптарды бұзу –
он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
581-бап. Кемені жүзуге шығару қағидаларын бұзу немесе тиісті дипломы (куәлігі, куәландыру қағазы) жоқ адамдарды кеме басқаруға жіберу
1. Кеменің кімге тиесілігін, оның жүзуге жарамдылығын куәландыратын құжаттарсыз, жасақталмаған экипажбен, кеменің техникалық жай-күйі қолдағы құжаттарға сәйкес келмеген кезде, жүк тиеудің белгіленген қағидаларын, жолаушылар сыйымдылығы нормаларын, жүзу ауданы мен шарттары жөніндегі шектеулерді бұза отырып, кемені (шағын көлемді кемеден басқасын) жүзуге шығару (жіберу), сондай-ақ тиісті дипломы (куәлігі, куәландыру қағазы) жоқ адамдарды кемені немесе оның механизмдері мен жабдығын басқаруға жіберу –
жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Белгіленген тәртіппен тіркелмеген немесе техникалық қарап-тексеруден (куәландырудан) өтпеген немесе ақаулары болғандықтан оны пайдалануға тыйым салынған немесе жабдықтармен жарақтандырылмаған, немесе тиісті рұқсатсыз қайта жабдықталған шағын көлемді кемелерді жүзуге шығару, сондай-ақ шағын көлемді кемелерді басқару құқығы жоқ адамдарды осындай кемелерді басқаруға жіберу –
лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
582-бап. Кемелерді, оның ішінде шағын көлемді кемелердіпайдалану қағидаларын бұзу, сондай-ақ кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені басқару құқығы жоқ адамның басқаруы
1. Белгіленген тәртіппен тіркелмеген немесе техникалық қарап-тексеруден (куәландырудан) өтпеген, немесе борт нөмірлері мен белгілеулері жоқ немесе тиісті рұқсатсыз қайта жабдықталған немесе ақауы болғандықтан оны пайдалануға тыйым салынған, немесе жолаушылар сыйымдылығы нормаларының тиеу қағидаларын, жүзу ауданы мен шарттары бойынша шектеулерді бұза отырып кемені (оның ішінде шағын көлемді кемені) басқару –
он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені басқаруға құқығы жоқ адамның осы кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені басқаруы, сол сияқты кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені өзімен бірге осы кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені басқару құқығын растайтын құжаты жоқ адамның басқаруы немесе мұндай кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені басқару құқығы жоқ адамға басқаруға беру –
он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені кеме құжаттары болмаған кезде, сондай-ақ кеме құжаттарына қойылатын талаптарды бұза отырып басқару –
бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені көрінеу жалған немесе қолдан жасалған тіркеу борт нөмірлерімен және белгілеулерімен басқару –
жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Шағын көлемді кемеде немесе тіркеп сүйрелетін жүзу құралында жеке құтқару құралдарын кимеген және түймелеп алмаған адамдары бар шағын көлемді кемені басқару –
бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 582-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.583-бап. Ішкі су жолдарымен жүзу қағидаларын бұзу
Ескерту. 583-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Кемелердің (шағын көлемді кемелерден басқа) кеме жүргізушілерінің қозғалыс және дыбыс пен жарық сигналдарын беру, кеме жарықтары мен белгілерін алып жүру қағидаларын бұзуы, сондай-ақ порттық және гидротехникалық құрылысжайлар мен жабдықты бүлдіру –
бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерінің және өзге де жүзетін объектілердің белгіленген жылдамдықты арттыруы, навигациялық белгілердің талаптарын сақтамауы, тыйым салынған жерлерде кемені әдейі тоқтату немесе тоқтата тұру, гидротехникалық құрылыстарды немесе техникалық құралдарды және кеме қатынасы мен навигациялық жағдай белгілерін бүлдіруі, маневр жасау, дыбыс сигналдарын беру, борт жарықтары мен белгілерін алып жүру қағидаларын бұзуы –
екі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
3. Шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерінің шағын көлемді кемелерді пайдаланудың өзге де қағидаларын бұзуы –
бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 583-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2019 № 300-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.584-бап. Кемелерді, оның ішінде шағын көлемді кемелерді ішкі су жолдарында пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз ету қағидаларын бұзу
Ескерту. 584-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді – ҚР 11.06.2026 № 307-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Алып тасталды - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
2. Навигациялық жабдықтың, байланыс пен сигнал берудің жүзетін және жағалаудағы құралдарын жою, бүлдіру, жұлу, заңсыз орнын ауыстыру, көпірлердегі, бөгеттердегі және басқа да гидротехникалық құрылыстардағы навигациялық жабдықты күтіп-ұстау, пайдалану қағидаларын және оның белгіленген жұмыс режимін бұзу, навигациялық белгілер мен сигналдарды айырып-тануға кедергі келтіретін белгілерді, құрылыстарды, дыбыс және жарық сигналдарын беретін көздерді тиісті рұқсатсыз (келісімсіз) орнату –
он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Кеме, оның ішінде шағын көлемді кеме бортының сыртына қоқыс және өзге де заттар тастау –
бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 584-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.06.2026 № 307-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.585-бап. Өзен порттары мен кемежайларда жүктерді тиеу, түсіру және жинап қою қағидаларын бұзу
1. Өзен порттары мен кемежайларда жүктерді тиеудің, түсірудің және жинап қоюдың техникалық шарттарын, кемеде жүктерді бекітудің техникалық шарттарын бұзу, жүкті тиеу (түсіру) актісін ресімдемеу –
ескерту жасауға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –
екі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 585-бап жаңа редакцияда - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.586-бап. Шағын көлемді кемелердің тұрақ орындарына арналған базаларды (құрылыстарды) пайдалану қағидаларын бұзу
1. Шағын көлемді кемелердің тұрақ орындарына арналған базаларда (құрылыстарда) шағын көлемді кемелерді базаға қою нормаларын, базаларды (құрылыстарды) пайдалану қауіпсіздігіне арналған шарттар мен техникалық талаптарды бұзу, сол сияқты көрсетілген базаларда (құрылыстарда) белгіленген тәртіппен тіркелмеген шағын көлемді кемелерді күтіп-ұстау –
жеке және лауазымды адамдарға – он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – он бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Шағын көлемді кемелердің жүзуге шығуын және базаға қайтуын бақылаудың белгіленген режимін сақтамау –
ескерту жасауға немесе жеке және лауазымды адамдарға бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
587-бап. Порттағы құрылыстарды пайдалану жөніндегіталаптарды бұзу
Порттағы құрылыстарды тұрақты және кезеңдік техникалық қарап-тексерулерден өткізу мерзімдерін бұзу немесе сақтамау, айлақтық құрылыстың арқандап байлау және кері итергіш құрылғыларының жарамсыз күйде болуы немесе өздерінің сипаттамалары бойынша сәйкес келмеуі, сондай-ақ порттағы құрылыстарды техникалық қарап-тексеру журналының және теңіз порты паспортының болмауы –
жеке және лауазымды адамдарға бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
588-бап. Кемелермен, оның ішінде шағын көлемді кемелермен болған авариялық жағдайлар мен көлік оқиғаларын тергеп-тексеру қағидаларын бұзу
1. Кеме капитанының, кеме иесінің, гидротехникалық құрылыстардың лауазымды адамының көліктік бақылау органдарына теңіз көлігі кемесімен болған авариялық жағдай туралы, өзен көлігі кемесімен болған көлік оқиғасы туралы ақпаратты бермеуі –
жеке және лауазымды адамдарға – он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Кеме жүргізушісінің немесе кеме иесінің көліктік бақылау органдарына шағын көлемді кемемен болған көлік оқиғасы туралы ақпаратты бермеуі –
жеке және лауазымды адамдарға – бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Авариялық жағдайды немесе көлік оқиғасын тергеп-тексеруді жүргізетін органның не лауазымды адамның сұрау салуы бойынша материалдарды, анықтамаларды, түсініктемелерді, кеме құжаттарынан үзінді көшірмелерді не тергеп-тексеру жүргізу үшін қажетті басқа да ақпаратты бермеу немесе уақтылы бермеу –
жеке тұлғаларға – бес, лауазымды адамдарға - он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
589-бап. Көлікте өрт қауіпсіздігі қағидаларын бұзу
1. Көлікте белгіленген өрт қауіпсіздігі қағидаларын бұзу –
бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –
он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
590-бап. Көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу
1. Мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілері (белгісі) оқылмайтын немесе ұлттық стандарттың талаптарына сәйкес келмейтін немесе белгіленген орындардан тыс жерде орнатылған, тіркелген көлік құралын басқару –
бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілері (белгісі) жоқ немесе пайдалануға тыйым салынғаннан кейін немесе белгіленген тәртіппен тіркелмеген көлік құралын басқару –
он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2-1. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –
жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға немесе бір жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айыруға алып келеді.
3. Көлік құралына көрінеу жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін (белгісін) орнату –
жеке тұлғаларға – он бес, лауазымды адамдарға – елу, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Көрінеу жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілері (белгісі) бар көлік құралын басқару, сол сияқты мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін (белгісін) сәйкестендіруге кедергі келтіретін не олардың түрін өзгертетін немесе жасыратын құрылғылар мен материалдар қолданыла отырып жабдықталған мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілері (белгісі) бар көлік құралын басқару –
бес тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алуға және бір жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айыруға әкеп соғады.
4-1. Осы баптың төртінші бөлігінде көзделген, осы Кодекстің 50-бабының екінші бөлігіне сәйкес әкімшілік қамаққа алу қолданылмайтын адамдар жасаған әрекет –
қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға және бір жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айыруға алып келеді.
5. Осы баптың алтыншы бөлігінде көрсетілген жағдайларды қоспағанда, техникалық регламенттердің, ұлттық стандарттардың талаптарына сай келмейтін, сондай-ақ көлік құралдарын пайдалануға тыйым салынатын ақаулары мен жағдайлар бар көлік құралдарын басқару –
бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Тежегіш жүйесінің, басқару рулінің, тартқыш-тіркеме құрылғысының ақауы бар көлік құралдарын басқару –
он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
7. Тиісті рұқсатсыз қайта жабдықталған көлік құралын басқару –
он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
8. Жолаушыларды, багажды автомобильмен тұрақты немесе тұрақты емес тасымалдауды, сондай-ақ жүктерді тасымалдауды жүзеге асыру кезінде рейс алдындағы (ауысым алдындағы) техникалық қарап-тексеруден өтпеген автокөлік құралдарын пайдалануға шығару, сондай-ақ рейс алдындағы (ауысым алдындағы) медициналық қарап-тексеруден өтпеген жүргізушінің басқаруына рұқсат беру –
лауазымды адамдарға және шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
9. Мемлекеттік немесе міндетті техникалық қарап-тексеруден өтпеген көлік құралын басқару –
бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
10. Осы баптың бірінші, бесінші, алтыншы, жетінші және тоғызыншы бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –
жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескертпе. Кодекстің осы тарауында көлік құралдары деп автомобильдердің, тракторлардың барлық түрлерін және өзге де өздігінен жүретін машиналарды, трамвайларды, троллейбустарды, сондай-ақ мотоциклдер мен басқа да механикалық көлік құралдарын түсіну керек.
Ескерту. 590-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.10.2018 № 184-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.07.2022 № 137-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.591-бап. Көлік құралын басқару кезінде жүргізушінің телефонды не радиостанцияны пайдалануы
1. Көлік құралын басқару кезінде жүргізушінің телефонды не радиостанцияны пайдалануы –
бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –
он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескертпе. Көлік құралын басқару кезінде телефонды не радиостанцияны тыңдауышты немесе қатты дауысты байланысты қолдану арқылы пайдалануға рұқсат етіледі.
592-бап. Белгіленген жүру жылдамдығын арттыру
Ескерту. 592-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Көлік құралының белгіленген жүру жылдамдығын сағатына оннан жиырма километрге дейінгі шамаға арттыру –
бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Көлік құралының белгіленген жүру жылдамдығын сағатына жиырмадан қырық километрге дейінгі шамаға арттыру –
он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Көлік құралының белгіленген жүру жылдамдығын сағатына қырықтан алпыс километрге дейінгі шамаға арттыру –
жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3-1. Көлік құралының белгіленген жүру жылдамдығын сағатына алпыс және одан көп километрден астам шамаға арттыру –
қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
4. Осы баптың екінші және үшінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –
отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады
5. Осы баптың 3-1-бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –
алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескерту. 592-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2019 № 300-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.10.2024 № 131-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.593-бап. Жол жүрісі қағидаларында көзделген жолаушыларды және жүктерді тасымалдау, қауіпсіздік белдіктерін немесе мотошлемдерді пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамау
1. Осы баптың 1-2-бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, жолаушыларды және жүктерді тасымалдау қағидаларын сақтамау –
бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
1-1. Он алты жасқа толмаған, ата-анасы және (немесе) өзінің заңды өкілі ертіп жүрмеген адамды қоғамдық көліктен мәжбүрлеп түсіріп кету –
бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
1-2. Жолаушыларды көлік құралының кабинасынан (салонынан) тыс тасымалдау, сол сияқты олардың көлік құралы жүріп келе жатқанда оның терезелері мен люктерінен денесін шығаруына, есікті ашуына жол беру –
он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Қауіпсіздік белдіктерін немесе мотошлемдерді пайдалану қағидаларын сақтамау –
бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –
он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 593-бап жаңа редакцияда - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 15.04.2024 № 73-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.594-бап. Жол қиылыстарынан өту қағидаларын бұзу немесе жолдың жүру бөлігін кесіп өту
1. Көлік құралдарының көлденең бағыттағы жол жүрісіне кедергі келтіруге (кептеліске) әкеп соққан кептеліс пайда болған жағдайда жол қиылысына шығу немесе жолдың жүру бөлігін кесіп өту –
ескерту жасауға немесе үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Жол жүрісі қағидаларының жол қиылыстарынан өтудің басымдық құқығын пайдаланатын көлік құралына жол беру талабын орындамау –
он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Алып тасталды - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.4. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –
жеті айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –
жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 594-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.595-бап. Маневр жасау қағидаларын бұзу
1. Жол жүрісі қағидаларының жүру, қайта ауыстыру, бұрылу, кері бұрылу немесе тоқтау алдындағы сигнал беру талабын орындамау –
бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Мұндай маневрлер жасауға тыйым салынған жерлерде артқа жүру –
он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы Кодекстің 594-бабының екінші бөлігінде және 598-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, жол жүрісі қағидаларының жүрудің басым құқығын пайдаланатын көлік құралына жол беру талабын орындамау –
он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың екінші және үшінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –
жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 595-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.596-бап. Көлік құралын жолдың жүру бөлігінде орналастыру, қарсы жүріп өту немесе басып озу қағидаларын бұзу
1. Жол жүрісі қағидаларын бұзып, жаяу жүргіншілер жолдарымен, жол жиектерімен немесе тротуарлармен жүру –
он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Көлік құралын жолдың жүру бөлігінде орналастыру, қарсы жүріп өту немесе басып озу қағидаларын бұзу, сол сияқты ұйымдасқан көлік колоннасын немесе жаяу колоннаны кесіп өту не оның арасынан орын алу –
он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Егер бұл жол жүрісі қағидаларында тыйым салынған жағдайларда, жолдың жүру бөлігінің қарсы бағытта жүруге арналған жағына , оның ішінде кері бұрылып немесе бұрылыс жасап шығу –
алты ай мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айыруға әкеп соғады.
3-1. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, осы Кодекстің 46-бабының төртінші бөлігіне сәйкес арнайы құқықтан айыру қолданылмайтын адамдар жасаған әрекет –
отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
4. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –
отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4-1. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, көлік құралдарының, жүктердің, жолдардың, жол құрылысжайларының және өзге де құрылысжайлардың не өзге де мүліктің бүлінуіне алып келген, материалдық залал келтірген әрекет –
тоғыз ай мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айыруға алып келеді.
5. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, көлік құралын басқару құқығынан айырылған не ондай құқығы жоқ адам жасаған әрекет –
елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 596-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2017 № 83-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.597-бап. Көлік құралдарын тоқтату немесе тоқтап тұру қағидаларын бұзу
1. Осы баптың екінші, үшінші бөліктерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, көлік құралдарының, оның ішінде электрқуаттау станцияларымен жабдықталған орындарда аялдауы немесе тоқтап тұруы қағидаларын бұзу –
бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Көлік құралдарын тротуарда тоқтату немесе оның тоқтап тұру қағидаларын бұзу, сондай-ақ көлік құралдарын гүлзарларда, көгалдарда, балалар немесе спорт алаңдарында тоқтату немесе оның тоқтап тұруы –
он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Басқа көлік құралдарының жол жүрісіне кедергі келтіруге әкеп соққан, көлік құралдарын жолдың жүру бөлігінде тоқтату немесе тоқтап тұру қағидаларын бұзу –
он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Мүгедектігі бар адамдардың көлік құралдарын тоқтату немесе тоқтап тұру үшін бөлінген жерлерде көлік құралдарын тоқтату немесе тоқтап тұру қағидаларын бұзу –
он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4-1. Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары айқындаған орындарда орынтұраққа қойғаны үшін төлем төлеуден жалтару –
бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4-2. Осы баптың 4-1-бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –
екі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –
он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
5-1. Осы баптың екінші және үшінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –
он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Осы баптың төртінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –
он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 597-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 05.05.2015 № 312-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2019 № 300-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 18.07.2024 № 127-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 09.01.2026 № 257-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.598-бап. Арнайы жарық және дыбыс сигналдары іске қосылған жедел және арнайы қызметтер көлік құралының жүруіне басымдық бермеу
1. Бір мезгілде жарқылдауық маягі мен арнайы дыбыс сигналы іске қосылған жедел және арнайы қызметтердің, сол сияқты сыртқы жағында арнайы түсті-графикалық схемалары, жазулары мен белгілеулері бар көлік құралының жүруіне басымдық бермеу –
жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2 Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –
қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға немесе жиырма сағат мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға алып келеді.
Ескерту. 598-бап жаңа редакцияда - ҚР 30.12.2019 № 300-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 10.01.2025 № 155-VIII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.599-бап. Бағдаршамның тыйым салатын сигналына немесе реттеушінің тыйым салатын қимылына қарамай өту
1. Осы Кодекстің 607-бабының бірінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, бағдаршамның тыйым салатын сигналына немесе реттеушінің тыйым салатын қимылына қарамай өту –
он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –
он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 599-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.600-бап. Жаяу жүргіншілердің немесе жол жүрісінің өзге де қатысушыларының жүруіне басымдық бермеу
1. Жол жүрісінде басымдықты пайдаланатын көлік құралдарының жүргізушілерін қоспағанда, жол жүрісі қағидаларының жаяу жүргіншілерге немесе жол жүрісінің өзге де қатысушыларына жол беру талаптарын орындамау –
он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –
он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 600-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.601-бап. Жол белгілерімен немесе жолдың жүру бөлігіндегітаңбалармен көрсетілген талаптарды сақтамау
1. Осы тараудың басқа баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, жол белгілерімен немесе жолдың жүру бөлігіндегі таңбалармен көрсетілген талаптарды сақтамау –
үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –
он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 601-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2017 № 83-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).602-бап. Көлік құралдары жүргізушілерінің сыртқы жарық түсіру аспаптарын және (немесе) дыбыс сигналдарын пайдалану, авариялық сигнал беруді қолдану қағидаларын бұзуы
Ескерту. 602-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Көлік құралдары жүргізушілерінің тәуліктің жарық мезгілінде сыртқы жарық түсіру аспаптарын және (немесе) дыбыс сигналдарын пайдалану қағидаларын бұзуы –
ескерту жасауға алып келеді.
1-1. Көлік құралдары жүргізушілерінің тәуліктің қараңғы мезгілінде немесе анық көрінбейтін жағдайларда сыртқы жарық түсіру аспаптарын пайдалану, авариялық сигнал беру мен авариялық тоқтау белгісін қолдану қағидаларын бұзуы –
бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –
бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың 1-1-бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –
жеті айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 602-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.10.2024 № 131-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.603-бап. Көлік құралына арнайы жарық және (немесе) дыбыс сигналдарын беруге арналған құрылғыларды орнату қағидаларын бұзу не жедел және арнайы қызметтер автомобильдерінің арнайы түсті-графикалық схемаларын заңсыз жазу
1. Көлік құралының алдыңғы бөлігіне қызыл түсті жарығы бар жарық аспаптарын немесе қызыл түсті жарық қайтаратын бейімдеме құрылғыларды, сол сияқты түсі мен жұмыс режимі көлік құралдарын пайдалануға жіберудің талаптарына сәйкес келмейтін жарық аспаптарын орнату –
көрсетілген аспаптар мен құрылғылар тәркілене отырып, жеке тұлғаларға – он бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жетпіс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Арнайы жарық және (немесе) дыбыс сигналдарын беруге арналған құрылғыларды (күзет сигналын беруді қоспағанда) көлік құралына тиісті рұқсатсыз орнату –
көрсетілген құрылғылар тәркілене отырып, жеке тұлғаларға – жиырма бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Көлік құралының сыртқы жағына жедел және арнайы қызметтер автомобильдерінің арнайы түсті-графикалық схемаларын заңсыз жазу –
жеке тұлғаларға – жиырма бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 603-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.604-бап. Көлік құралдары жүргізушілерін даярлау қағидаларын бұзу
Ескерту. 604-бап алып тасталды - ҚР 30.12.2019 № 300-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
605-бап. Қазақстан Республикасының жол жүрісі туралы заңнамасын бұзу
Ескерту. 605-бап алып тасталды - ҚР 30.12.2019 № 300-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
606-бап. Жол жүрісіне қатысушының жол жүрісі қағидаларын авариялық жағдай туғызуға әкеп соққан бұзушылығы
1. Жол жүрісіне қатысушының авариялық жағдай туғызуға әкеп соққан, яғни жол жүрісіне басқа да қатысушыларды жүру жылдамдығын, бағытын күрт өзгертуге мәжбүр етіп, жол жүрісі қағидаларын бұзуы –
он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –
алты ай мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыруға әкеп соғады.
607-бап. Теміржол өтпелерінен өту қағидаларын бұзу
1. Теміржол өтпелерінен тыс жерден теміржолды кесіп өту, шлагбаум жабық тұрған немесе жабылып жатқан кезде не бағдаршамның немесе өтпе жолдағы кезекшінің тыйым салатын сигналы берілген кезде теміржол өтпелеріне шығу –
жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –
алты ай мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыруға әкеп соғады.
3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, көлік құралдарының, жүктердің, жол құрылысжайларының және өзге де құрылысжайлардың не өзге де мүліктің бүлінуіне алып келген, материалдық залал келтірген әрекеттер –
тоғыз ай мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айыруға алып келеді.
Ескерту. 607-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.608-бап. Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру
1. Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру –
он бес тәулікке әкімшілік қамаққа алуға және жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыруға алып келеді.
ҚР Конституциялық Сотының 27.10.2023 № 34-НҚ нормативтік қаулысымен Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабының бірінші бөлігі Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келеді деп танылсын..2. Алып тасталды - ҚР 27.12.2019 № 292-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, жәбірленушінің денсаулығына қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері жоқ зиян келтіруге немесе көлік құралдарын, жүктерді, жол құрылыстары мен өзге де құрылыстарды не өзге мүлікті бүлдіруге әкеп соққан әрекеттер –
жиырма тәулікке әкімшілік қамаққа алуға және жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыруға алып келеді.
3-1. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза мерзімі өткеннен кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –
жиырма тәулікке әкімшілік қамаққа алуға және сегіз жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыруға алып келеді.
3-2. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза мерзімі өткеннен кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –
жиырма бес тәулікке әкімшілік қамаққа алуға және тоғыз жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыруға алып келеді.
4. Алып тасталды - ҚР 27.12.2019 № 292-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.5. Алып тасталды - ҚР 27.12.2019 № 292-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
6. Осы баптың бірінші және үшінші бөліктерінде көзделген, көлік құралдарын басқару құқығы жоқ адамдар жасаған әрекеттер –
жиырма тәулікке әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.
7. Осы баптың алтыншы бөлігінде көзделген әкімшілік жаза мерзімі өткеннен кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған, осы баптың алтыншы бөлігінде көзделген әрекеттер –
отыз тәулікке әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.
8. Осы баптың алтыншы және жетінші бөліктерінде көзделген, осы Кодекстің 50-бабының екінші бөлігіне сәйкес әкімшілік қамаққа алу қолданылмайтын адамдар жасаған әрекеттер –
екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 608-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 27.12.2019 № 292-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.609-бап. Жолаушыларды және багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды көрсетілген тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығын растайтын тиісті куәліксіз жүзеге асыру
Ескерту. 609-бап алып тасталды - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
610-бап. Көлік құралдары жүргізушілерінің жол жүрісі қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтіруге, көлік құралдарының немесе өзге де мүліктің бүлінуіне алып келген бұзушылығы
Ескерту. 610-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Көлік құралдарын, жүктерді, жолдарды, жолдағы және басқа да құрылысжайлардың немесе өзге де мүліктің бүлінуіне алып келген, материалдық залал келтірген көлік құралдары жүргізушілерінің жол жүрісі қағидаларын бұзуы –
жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған не жәбірленушінің денсаулығына жеңіл зиян келтіруге алып келген әрекет –
қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға немесе тоғыз айға дейінгі мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыруға әкеп соғады.
3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, көлік құралдарын басқару құқығы жоқ не басқару құқығынан айырылған адам жасаған әрекеттер –
алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 610-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.611-бап. Жүргізушінің жол-көлік оқиғасына байланысты міндеттерді орындамауы
1. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, жүргізушінің өзі қатысушы болып табылатын жол-көлік оқиғасына байланысты Қазақстан Республикасының жол жүрісі саласындағы заңнамасында көзделген міндеттерді орындамауы –
бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Жүргізушінің жол жүрісі қағидаларын бұзып, өзі қатысушы болып табылған жол-көлік оқиғасы болған жерден кетіп қалуы –
елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не бір жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айыруға алып келеді.
3. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, көлік құралын басқару құқығынан айырылған не көлік құралдарын басқару құқығы жоқ адам жасаған әрекет –
бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не отыз тәулікке әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.
Ескертпе. Зардап шегушіге медициналық көмек көрсетуге байланысты жол-көлік оқиғасы болған жерден кетіп қалған адам осы бап бойынша жауаптылықтан босатылады.
Ескерту. 611-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 30.12.2019 № 300-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.612-бап. Құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ адамның көлік құралын басқаруы
1. Жүргізушінің жеке басын куәландыратын құжаты өзімен бірге болған жағдайда, Қазақстан Республикасында берілгендерін қоспағанда, өзімен бірге басқару құқығын беретін жүргізуші куәлігі немесе жүргізуші куәлігінің орнына берілген уақытша куәлігі; Қазақстан Республикасында берілгендерін қоспағанда, көлік құралына тіркеу құжаттары; көлік құралына заңнамада белгіленген өзге де құжаттары жоқ жүргізушінің көлік құралын басқаруы –
ескерту жасауға не бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Көлік құралын басқару құқығы жоқ адамның оны (жүргізіп-үйренуден басқа) басқаруы, сол сияқты тиісті санаттағы көлікті басқару құқығы жоқ жүргізушінің көлік құралын басқаруы –
жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Көлік құралын басқару құқығынан айрылған жүргізушінің көлік құралын басқаруы –
елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не он тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.
4. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –
отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4-1. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –
жетпіс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не он бес тәулікке әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.
5. Басқару құқығы жоқ адамға (белгіленген қағидаларға сәйкес жүргізуге оқыту жағдайларын қоспағанда) не көлік құралын басқару құқығынан айрылған адамға көлік құралын басқаруға беру –
елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Осы баптың бесінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –
жетпіс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 612-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 166-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 292-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 30.12.2019 № 300-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 01.02.2021 № 1-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.613-бап. Ішкі істер (полиция), көліктік бақылау органдары қызметкерінің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автокөлік құралдарын өткізу пункттерінде және Қазақстан Республикасының аумағындағы көліктік бақылау бекеттерінде, әскери полиция органдары қызметкерінің талаптарын орындамау, алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйін куәландырудан өтуден жалтару
1. Ішкі істер (полиция), әскери полиция органдары қызметкерінің (тек қана Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының, Қарулы Күштерінің, Қазақстан Республикасының басқа әскерлері мен әскери құралымдарының көлік құралын басқаратын адам), көліктік бақылау органдары қызметкерінің Қазақстан Республикасының аумағындағы көліктік бақылау бекеттерінде көлік құралын тоқтату туралы заңды талабын орындамау –
қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не үш тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға алып келеді.
2. Алып тасталды - ҚР 30.12.2019 № 300-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –
көлік құралын басқару құқығынан бір жыл мерзімге айыруға және бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға алып келеді.
3-1. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, көлік құралдарын басқару құқығы жоқ не басқару құқығынан айырылған адам жасаған әрекет –
алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не он бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға алып келеді.
4. Ішкі істер (полиция), әскери полиция (тек қана Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының, Қарулы Күштерінің, Қазақстан Республикасының басқа әскерлері мен әскери құралымдарының көлік құралын басқаратын адамды) органдары қызметкерінің белгіленген тәртіпке сәйкес алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйін куәландырудан өту туралы заңды талабын орындамау –
он бес тәулікке әкімшілік қамаққа алуға және сегіз жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыруға алып келеді.
5. Осы баптың төртінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза мерзімі өткеннен кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –
жиырма тәулікке әкімшілік қамаққа алуға және тоғыз жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыруға алып келеді.
6. Алып тасталды – ҚР ; 27.12.2019 № 292-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.7. Алып тасталды – ҚР ; 27.12.2019 № 292-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
8. Алып тасталды – ҚР ; 27.12.2019 № 292-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
9. Осы баптың төртінші бөлігінде көзделген, көлік құралдарын басқару құқығы жоқ адамдар жасаған әрекет –
жиырма бес тәулікке әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.
10. Осы баптың тоғызыншы бөлігінде көзделген әкімшілік жаза мерзімі өткеннен кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған, осы баптың тоғызыншы бөлігінде көзделген әрекет –
отыз тәулікке әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.
11. Осы баптың тоғызыншы және оныншы бөліктерінде көзделген, осы Кодекстің 50-бабының екінші бөлігіне сәйкес әкімшілік қамаққа алу қолданылмайтын адамдар жасаған әрекеттер –
екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
12. Жүргізушіні ішкі істер (полиция), әскери полиция (тек қана әскери көлік құралын басқаратын адамның) органдарының қызметкері тоқтатқан жағдайда оның рұқсатынсыз жүргізушінің көлік құралы кабинасынан (салонынан) кетіп қалуы, сондай-ақ көлік құралы кабинасынан (салонынан) шығу туралы талаптарды орындамауы –
жүргізушіге бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
13. Осы баптың он екінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –
жүргізушіге он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескертпе. Нысанды киім киген ішкі істер (полиция), көліктік бақылау, әскери полиция органдары қызметкерлерінің көлік құралын тоқтату туралы талабы ысқырып сигнал берумен бір мезгілде қол қимылымен немесе таяқшамен сигнал беру арқылы не дыбыс күшейткіш құрылғының көмегімен білдіріледі. Сигналдар жүргізушіге түсінікті болуға және оларды орындау авариялық жағдай туғызбайтындай болуы үшін дер кезінде берілуге тиіс.
Ескерту. 613-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 272-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.07.2017 № 83-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 292-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 30.12.2019 № 300-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.07.2022 № 137-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.614-бап. Көлік құралдарының жүруіне кедергі келтіру
Көлік құралдарының жүрісіне қасақана кедергі келтіру –
жеке тұлғаларға – үш, лауазымды адамдарға он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 614-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2019 № 300-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.615-бап. Жаяу жүргіншілердің және жол жүрісіне өзге де қатысушылардың жол жүрісі қағидаларын бұзуы
1. Жаяу жүргіншілердің және жол жүрісіне өзге де қатысушылардың жол жүрісі қағидаларының талаптарын орындамауы –
екі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, жәбірленушінің денсаулығына қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері жоқ зиян келтіруге әкеп соққан не материалдық залал келтірген әрекет –
он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасаған әрекет –
он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –
жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға немесе он екі сағат мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға немесе үш тәулікке әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.
5. Көлік құралы жүріп келе жатқанда жолаушының көлік кабинасының (салонының) сыртында болуы –
он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескертпе. Осы бапта жол жүрісіне өзге де қатысушылар деп электр самокаттарды, велосипедтер мен ат-арба көлігін басқаратын адамдарды, жол бойымен жүк артылған, мініс малын немесе табынды айдаушыларды, сондай-ақ көлік құралдары жолаушыларын түсіну керек.
Ескерту. 615-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2017 № 84-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.01.2025 № 155-VIII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 03.10.2024 № 131-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2025 № 247-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.616-бап. Механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексеруді ұйымдастыру және одан өткізу қағидаларын бұзу
1. Механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексеруді ұйымдастыру және одан өткізу қағидаларын:
1) техникалық қарап-тексеру операторының қызметіне тексеру жүргізу кезінде белгіленген, механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерінің техникалық жай-күйіне сәйкес келмейтін параметрлерді көрсете отырып, техникалық қарап-тексерудің
диагностикалық картасын беру;
2) алып тасталды – ҚР 03.10.2024 № 131-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;3) алып тасталды – ҚР 03.10.2024 № 131-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
4) алып тасталды – ҚР 03.10.2024 № 131-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
5) алып тасталды – ҚР 03.10.2024 № 131-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
6) алып тасталды – ҚР 03.10.2024 № 131-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
7) техникалық қарап-тексеру операторының міндетті техникалық қарап-тексеруден өткізбей, техникалық қарап-тексерудің диагностикалық картасын беруі;
8) міндетті техникалық қарап-тексеруді бақылау-диагностикалық жабдықты пайдаланбай не ақаулы және (немесе) өлшеп тексеруден өтпеген бақылау-диагностикалық жабдықты пайдалана отырып өткізу;
9) техникалық қарап-тексеру операторының міндетті техникалық қарап-тексеру өткізілген күннен бастап алты ай ішінде күнделікті жазба бейнефайлдарының мұрағаттық сақталуын қамтамасыз етпеуі;
10) міндетті техникалық қарап-тексеруден өткізу рәсімін бейне тіркеудің не техникалық қарап-тексерудің диагностикалық картасында көлік құралын фототіркеудің болмауы;
11) алып тасталды – ҚР 03.10.2024 № 131-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;12) механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексерудің бірыңғай цифрлық жүйесіне мәліметтерді енгізбеу, сол сияқты анық емес және (немесе) толық емес мәліметтерді енгізу;
13) техникалық қарап-тексеру орталығының өндірістік үй-жайы мен аумағының ұлттық стандарттарда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі түрінде жасалған бұзушылық –
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жетпіс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексеруден өткізу және жөндеу, оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі көрсетілетін қызметтерді қоса атқару –
техникалық қарап-тексеру операторының қызметіне арналған рұқсаттан айыра отырып, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Техникалық қарап-тексеру орталығының аумағында механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін жөндеу және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметтерді көрсету –
лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Техникалық қарап-тексеру операторының қызметіне арналған рұқсатты алған кезде көрінеу анық емес ақпарат беру –
техникалық қарап-тексеру операторының қызметіне арналған рұқсаттан айыра отырып, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер –
техникалық қарап-тексеру операторының қызметіне арналған рұқсаттан айыра отырып, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жетпіс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – тоқсан, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескерту. 616-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 05.10.2018 № 184-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.10.2024 № 131-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.617-бап. Техникалық ақаулары бар көлік құралдарын пайдалануға шығару және пайдалану қағидаларын өзге де бұзушылықтар
1. Осы Кодекстің 619-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, көлік құралдарының техникалық жағдайына және пайдаланылуына жауапты тұлғалардың, жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз етудің белгіленген қағидаларының талаптарын орындамауы –
лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Жәбірленушінің денсаулығына жеңіл зиян келтіруге немесе көлік құралдарын, жүктерді, жол құрылыстарын немесе өзге де құрылыстарды не өзге де мүлікті бүлдіруге әкеп соққан дәл сол әрекеттер –
лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 617-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 272-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).618-бап. Көлік құралдары қауіпсіздігіне қойылатын талаптарды қамтамасыз ету саласында белгіленген нормаларды бұзып, көлік құралдарының сәйкестігін растайтын сертификаттарды немесе өзге де құжаттарды тану не беру
Ескерту. 618-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Жол жүрісіне қатысуға рұқсат беру үшін негіз болып табылатын көлік құралдары қауіпсіздігіне қойылатын талаптарды қамтамасыз ету саласында белгіленген нормаларды бұзып, көлік құралдарының сәйкестігін растайтын сертификаттарды немесе өзге де құжаттарды тану не беру –
осы қызметпен айналысу құқығынан бір жыл мерзімге айыра отырып, екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, көлік құралдарының немесе өзге де мүлікті бүлдіруге әкеп соққан әрекеттер –
осы қызметпен айналысу құқығынан екі жыл мерзімге айыра отырып, үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, жеңіл және орташа ауырлықтағы дене зақымын келтіруге әкеп соққан әрекеттер –
осы қызметпен айналысу құқығынан үш жыл мерзімге айыра отырып, бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 618-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 272-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.619-бап. Көлік құралдарын, сол сияқты тиісті санаттағы көлік құралдарын басқару құқығы жоқ не одан айырылған жүргізушіні көлік құралын басқаруға жіберу
1. Көлік құралдарының техникалық жағдайына және пайдаланылуына жауапты тұлғаның көлік құралын, сол сияқты тиісті санаттағы көлік құралын басқару құқығы жоқ не одан айырылған жүргізушіні көлік құралын басқаруға жіберуі –
жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Жәбірленушінің денсаулығына жеңіл зиян келтіруге немесе көлік құралдарын, жүктерді, жол құрылыстарын немесе өзге де құрылыстарды не өзге де мүлікті бүлдіруге әкеп соққан дәл сол әрекет –
жеке тұлғаларға – елу, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жетпіс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
619-1-бап. Масаң күйдегі жүргізушіні көлік құралын басқаруға жіберу
1. Көлік құралдарының техникалық жағдайына және пайдаланылуына жауапты адамның алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі жүргізушіні көлік құралын басқаруға жіберуі –
лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Жәбірленушінің денсаулығына жеңіл зиян келтіруге немесе көлік құралдарының, жүктердің, жолдағы немесе өзге де құрылысжайлардың не өзге де мүліктің бүлінуіне алып келген дәл сол әрекет –
жеке тұлғаларға – жетпіс, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 30-тарау 619-1-баппен толықтырылды - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.619-2-бап. Көлік құралдарын басқару құқығы жоқ не одан айырылған адамның электр самокатты жолдың жүру бөлігімен басқаруына жол беру
1. Электр самокаттарды жалға беру қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғаның немесе дара кәсіпкердің көлік құралын басқару құқығы жоқ не одан айырылған адамның электр самокатты жолдың жүру бөлігімен басқаруына жол беруі –
жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Жәбірленушінің денсаулығына жеңіл зиян келтіруге немесе көлік құралдарын, жүктерді, жол құрылысжайларын немесе өзге құрылысжайларды не өзге мүлікті бүлдіруге алып келген дәл сол әрекет –
қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескерту. 619-2-баппен толықтырылды – ҚР 30.12.2025 № 247-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.620-бап. Жол жүрісіне қатысушыларға қойылатын өзге де талаптарды бұзу
1. Кодекстің осы тарауында санамаланбаған, жол жүрісі қағидаларының талаптарын, көлік құралдарын пайдалануға рұқсат беру жөніндегі негізгі ережелерді бұзу –
ескерту жасауға алып келеді.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –
үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескертпе. Хаттама жасау кезінде жол жүрісі қағидаларының нақ қандай нормасы бұзылғандығы көрсетіледі.
Ескерту. 620-бап жаңа редакцияда – ҚР 03.10.2024 № 131-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.621-бап. Көлікпен қауіпті заттектерді немесе нәрселерді тасымалдау қағидаларын бұзу
1. Теміржол көлігінде қауіпті заттектерді немесе қол жүгі нәрселерін тасымалдау қағидаларын бұзу –
ескерту жасауға немесе бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Теңіз және өзен көлігінде қауіпті заттектерді немесе нәрселерді тасымалдау қағидаларын бұзу, сондай-ақ лауазымды адамдардың қауіпті заттектермен немесе нәрселермен жасалатын операцияларды тиісті құжаттарда тіркеу жөніндегі міндеттерді орындамауы, бұрыс жазулар енгізу немесе тиісті лауазымды адамдарға осындай құжаттарды көрсетуден заңсыз бас тарту –
ескерту жасауға немесе он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Әуе кемелерінде қауіпті заттектерді немесе нәрселерді тасымалдау қағидаларын бұзу –
көрсетілген заттектер мен нәрселер тәркілене отырып, он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Автобуста, трамвайда, троллейбуста, маршруттық таксиде жарылу қаупі бар заттектерді немесе нәрселерді алып жүру, сондай-ақ оларды автокөлікте багажға немесе сақтау камерасына тапсыру –
үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
622-бап. Қалалық және қала маңындағы қоғамдық көлікті пайдалану қағидаларын бұзу
1. Трамвайды, троллейбусты, қалалық және қала маңына қатынайтын автобусты немесе таксиді пайдалану қағидаларын көлік құралының тепкішектерінде және басқа да шығып тұрған бөліктерінде тұрып жол жүру, жүрген кезде кіру және шығу, есіктердің ашылуына және жабылуына кедергі келтіру, кесіп кететін нәрселерді тиісті қаптамасыз алып жүру, сондай-ақ салонды және жолаушылардың киімдерін былғайтын нәрселер мен заттарды тасымалдау түрінде жасалған бұзушылық –
бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Қоғамдық көлікте жол жүргені үшін ақы төлеуден жалтару – екі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 622-бап жаңа редакцияда - ҚР 05.05.2015 № 312-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).623-бап. Жолаушыларды билетсіз алып жүру
Жолаушыларды билетсіз алып жүру:
1) халықаралық қатынастағы поездарда –
жеті айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді;
2) республикаішілік қатынастағы поездарда –
бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді;
3) трамвайда, троллейбуста, қалалық және қала маңындағы қатынастағы автобуста және маршруттық таксиде –
бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді;
4) халықаралық, облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішілік қалааралық) және ауданішілік қатынастағы автобуста –
жеті айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескерту. 623-бап жаңа редакцияда - ҚР 30.12.2019 № 300-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.624-бап. Теміржол көлігінде жол жүру құжаттарын (билеттерді) сатуды ұйымдастыру қағидаларын бұзу
Ескерту. 624-бап алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
624-1-бап. Қазақстан Республикасында теміржол көлігінде жол жүру құжаттарын (билеттерді) сатуды ұйымдастыру қағидаларын бұзу
1. Қазақстан Республикасында теміржол көлігінде жол жүру құжаттарын (билеттерді) сатуды ұйымдастыру қағидаларын теміржол көлігінде жол жүру құжаттарын (билеттерді) қайта сату, заңсыз сату түрінде жасалған бұзушылық, сол сияқты теміржол көлігінде жол жүру құжаттарын (билеттерді) қайта сатуға, заңсыз сатуға жәрдем көрсету –
жеке тұлғаларға – бір жүз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –
жеке тұлғаларға – екі жүз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – төрт жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескерту. 30-тарау 624-1-баппен толықтырылды - ҚР 27.12.2019 № 295-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).625-бап. Теміржол, теңіз, өзен және автомобиль көлігінде жүктердің сақталуын қамтамасыз ету қағидаларын бұзу
1. Жүктерді тасымалдауға арналған жылжымалы составты, контейнерлерді, жүзетін және басқа көлік құралдарын, сондай-ақ тасымалдау бейімдеме құрылғыларын бүлдіру –
бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Жүк вагондарының, автомобильдердің, автомобиль тіркемелерінің, контейнерлердің, трюмдердің және жүзетін құралдардың басқа да жүк салатын орын-жайлардың пломбалары мен бекіту құрылғыларын бүлдіру, олардың пломбаларын жұлып алу, жекелеген жүк орындары мен олардың қаптамасын, пакеттерді, жүк тасымалдауға байланысты операцияларды орындау үшін пайдаланылатын жүк аулаларының, теміржол станцияларының, жүк автомобильдері станцияларының, контейнер пункттерінің (алаңдарының), порттар (кемежайлар) мен қоймалардың қоршауларын бүлдіру, сондай-ақ жүк аулаларының, контейнер пункттерінің (алаңдарының), жүк аудандарының (учаскелерінің), порттардың (кемежайлардың), шлюздердің және жоғарыда аталған қоймалардың аумағында тиісті рұқсатсыз болу –
он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
626-бап. Әуе көлігінде жүктердің сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі қағидаларды бұзу
1. Контейнерлердің пломбалары мен бекіту құрылғыларын бүлдіру, олардың пломбаларын жұлып алу, жекелеген жүк орындары мен олардың қаптамасын, пакеттерді, сондай-ақ әуе көлігінде жүк тасымалдауға байланысты операцияларды орындау үшін пайдаланылатын қоймалардың қоршауларын бүлдіру –
он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Әуе көлігінде жүк тасымалдауға арналған контейнерлер мен көлік құралдарын бүлдіру –
он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
627-бап. Тракторларды, өзге де өздігінен жүретін машиналар мен жабдықты пайдалану қағидаларын бұзу
Осы Кодекстің 333, 334, 590, 610, 612, 617, 619-баптарында көзделген қағидаларды қоспағанда, тракторларды, өзге де өздігінен жүретін машиналар мен жабдықты пайдалану қағидаларын бұзу –
жеке тұлғаларға үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
628-бап. Ақылы автомобиль жолдарымен (учаскелерімен) жүріп өткені үшін ақыны уақтылы төлемеу
Ақылы автомобиль жолдарымен (учаскелерімен) жүріп өткені үшін ақыны уақтылы төлемеу –
жеке тұлғаларға – бес, заңды тұлғаларға он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
629-бап. Көлік құралдарын басқаратын жеке тұлғалардың пайдалану және жол жүрісі қағидаларын үнемі бұзуы
Ескерту. 629-бап алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 272-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).
630-бап. Жолдарды, теміржол өтпелерін және басқа жол құрылыстарын бүлдіру
1. Жолдарды, теміржол өтпелерін және басқа да құрылыстарды немесе жол жүрісін реттейтін техникалық құралдарды бүлдіру, оның ішінде жол жабындысын ластау не арнайы бөлінген жерлерден тыс жерлермен және жабындысы жетілдірілген жолдармен мал айдап өту арқылы бүлдіру, сондай-ақ түрлі құрылыстар орнату немесе жасыл екпелер отырғызу немесе оларды уақтылы бұтамау салдарынан жол жүрісін реттейтін құралдардың көрінуін шектеу –
жеке тұлғаларға – екі, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
1-1. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –
жеке тұлғаларға – бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, жәбірленушінің денсаулығына жеңіл зиян келтіре отырып, көлік құралдарын, жүктерді немесе өзге мүлікті бүлдіре отырып, жол-көлік оқиғасына әкеп соққан бұзушылықтар –
жеке тұлғаларға – бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –
жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жетпіс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескерту. 630-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 272-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.10.2024 № 131-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.631-бап. Жолдарда жұмыстар жүргізу, жолдарды, теміржол өтпелерін және басқа да жол құрылысжайларын күтіп-ұстау жөніндегі талаптарды орындамау
Ескерту. 631-баптың тақырыбы жаңа редакцияда- ҚР 30.12.2019 № 300-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Жолдарда жұмыстар жүргізу, жолдарды, теміржол өтпелерін және басқа да жол құрылысжайларын күтіп-ұстау жөніндегі талаптарды, Қазақстан Республикасының жол жүрісі саласындағы заңнамасында белгіленген өзге де талаптарды орындамау –
жеке тұлғаларға – екі, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – он бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
1-1. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет (әрекетсіздік) –
жеке тұлғаларға – бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – он бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне отыз бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, жәбірленушінің денсаулығына жеңіл зиян келтіре отырып, көлік құралдарын, жүктерді, жолдарды, жол құрылыстарын және басқа да құрылыстарды немесе өзге де мүлікті бүлдіре отырып, жол-көлік оқиғасына әкеп соққан әрекеттер -
лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – он бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) –
лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескерту. 631-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 272-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2019 № 300-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.10.2024 № 131-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.632-бап. Қазақстан Республикасы заңнамасының жерасты коммуникацияларының қарау құдықтарын күтіп-ұстау жөніндегі талаптарын жол жүрісі қауіпсіздігіне қатер төндіре отырып орындамау
1. Қазақстан Республикасы заңнамасының жолдардағы жерасты коммуникацияларының қарау құдықтарын күтіп-ұстау жөніндегі талаптарын орындамау, сол сияқты жолдың үстіне судың, техникалық сұйықтықтардың, будың шығып кетуіне және соның себебінен жол бетінің бұзылуына, жол үстіне мұздың қатуына, көрінудің шектелуіне және басқа да кедергілерге әкеп соғатын жерасты коммуникацияларының ақауларын жоюға шаралар қабылдамау –
лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
1-1. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) –
лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – он бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, адамдардың денсаулығына жеңіл зиян келтіре отырып, көлік құралдарын, жүктерді және өзге де мүлікті бүлдіре отырып, жол-көлік оқиғасына әкеп соққан әрекет (әрекетсіздік) –
лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – он бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
3. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет (әрекетсіздік) –
лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескерту. 632-бап жаңа редакцияда - ҚР 30.12.2019 № 300-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 03.10.2024 № 131-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.633-бап. Автомобиль жолдарына бөлінген жолақта қорғау мен пайдалану қағидаларын бұзу
1. Белгіленген тәртіппен келісіп алмай, автомобиль жолдарына бөлінген жолақта жер резервтерін жырту, екпелерді шабу, түбірімен қопару және бүлдіру, жердің шымын және топырағын алу, материалдар мен жүктерді жинап қою, топографиялық және басқа да жұмыстарды жүргізу, жол қиылыстары мен кірме жолдарды жабдықтау, ғимараттарды, жерасты және жерүсті құрылыстарын немесе коммуникацияларын тұрғызу, жарнаманы және өзге де ақпаратты орнату, сондай-ақ бөлінген жолақ шегінде белгіленгеннен тыс жерде от жағу, мал жаю, қоқыс пен қар төгу, сауда жасау, жолдың су ағар жүйесіне кәріздік, өнеркәсіптік, мелиорациялық және сарқынды суларды ағызу не жол жиегін арық ретінде пайдалану –
жеке тұлғаларға – үш, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, адамдарға жеңіл дене зақымдарын келтіре отырып, көлік құралдарын немесе өзге де мүлікті бүлдіре отырып, жол-көлік оқиғасына әкеп соққан не осы баптың бірінші бөлігінде көзделген әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған бұзушылықтар –
жеке тұлғаларға – бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
634-бап. Жер пайдаланушылардың автомобиль жолдарын және жол құрылыстарын пайдалану мен қорғау қағидаларын бұзуы
Жаяу жүргінші жолдары мен өткел (өтпе) көпірлерді, автомобиль жолдарын су басып кетуіне және автомобиль жолдарына бөлінген жолаққа іргелес жер пайдаланушыларға бекітіліп берілген учаскелердегі бөлінген белдеудің батпақтануына жол беретін суғару жүйелерін жайластыру, жөндеу және ұдайы тазарту жөніндегі міндеттерді, сондай-ақ осы пайдаланушыларға бекітіліп берілген учаскелерден шығатын жолдарды немесе өтпе көпірлерді қоса алғанда, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына кірме жолдарды техникалық жағынан жарамды күйде және таза етіп күтіп-ұстау жөніндегі міндеттерді орындамау –
жеке тұлғаларға – үш, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
635-бап. Магистральдық құбыржолдарды қорғау қағидаларын бұзу
1. Магистральдық құбыржолдарды қорғау қағидаларын бұзу –
жеке тұлғаларға – ескерту жасауға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жеті, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – он жеті, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жиырма жеті айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет (әрекетсіздік) –
жеке тұлғаларға – бір, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес ведомстволық статистикалық байқау немесе әкімшілік есепке алу үшін қажетті мұнай тасымалдау жөніндегі деректерді көмірсутектер саласындағы уәкілетті органға ұсынбау, сондай-ақ уақтылы ұсынбау –
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 635-бап жаңа редакцияда - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 30.12.2019 № 300-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. 31-тарау. ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС САЛАСЫНДАҒЫ ӘКІМШІЛІК
ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР
636-бап. Электр байланысы желілеріне шеткі құрылғыларды (жабдықты) заңсыз қосу
Ескерту. 636-бап алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
637-бап. Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы заңнамасын бұзу
1. Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы заңнамасын:
1) байланыстың үстем операторының жалғау шартын жасасудан негізсіз бас тартуы не байланыстың үстем операторының байланыс желілерін жалғауға немесе төсеуге көрінеу шектеулі жағдайлар белгілеуі;
2) телекоммуникация желілерін ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілеріне жалғаудың Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы заңнамасында көзделген мерзімдерін бұзу;
3) трафикті өткізу және өзара есеп айырысу тәртібін қоса алғанда, байланыс операторларының телекоммуникация желілерін жалғау деңгейлерін бұзуы;
4) алып тасталды – ҚР 11.07.2022 № 137-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;5) байланыс операторының тарифтеу бірліктері мөлшерлерін сақтамауы;
6) алып тасталды – ҚР 28.12.2017 № 128-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.7) алып тасталды – ҚР 11.07.2022 № 137-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
8) алып тасталды – ҚР 11.07.2022 № 137-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
9) радиоэлектрондық құралдардың техникалық өлшемдері Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға берілген рұқсатта көрсетілген деректерге сәйкес келмеген кезде радиожиілік спектрін пайдалану;
9-1) алып тасталды – ҚР 28.12.2017 № 128-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.9-2) алып тасталды – ҚР 28.12.2017 № 128-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
9-3) байланыс операторларының қауіпсіздік сертификатын қолдану қағидаларын бұзуы;
9-4) Қазақстан Республикасының телекоммуникациялар желілерін орталықтандырылған басқару жүйесінің жұмыс істеу тәртібін бұзу;
9-5) байланыс операторының соттың заңды күшіне енген шешімімен немесе Қазақстан Республикасының заңдарымен тыйым салынған ақпаратқа қолжетімділікті ұсынуы;
9-6) желілік мекенжайларды ауыстырып жіберу;
10) байланыс операторларының, абоненттік нөмірлердің орталықтандырылған дерекқоры операторының ұялы байланыс желілерінде абоненттік нөмірді көшіру қағидаларын сақтамауы;
11) ұялы байланыс операторының абоненттік нөмірлердің орталықтандырылған дерекқоры операторына ұялы байланыстың абоненттік нөмірлері туралы ақпаратты беру жөніндегі міндетті орындамауы;
12) алып тасталды – ҚР 11.07.2022 № 137-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;13) пошта операторларының пайдаланушыларға қызмет көрсету және операциялық күнді өткізу тәртібін ұйымдастыру жөніндегі белгіленген талаптарды сақтамауы;
14) пошта операторларының пошта жөнелтілімдерінің жоғалуына алып келген қабылдау және табыс ету, сондай-ақ оларды ресімдеу тәртібі жөніндегі белгіленген талаптарды бұзуы;
15) пошта операторларының пошта жөнелтілімдеріндегі тыйым салынған нәрселер мен заттарды анықтауға мүмкіндік беретін техникалық құралдар мен жабдықтарды пошта желілерінде орнату жөніндегі талаптарды бұзуы;
16) қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің аумағында радиосигналдың таралуын азайту мақсатында уақтылы ден қою және шаралар қабылдауды қоса алғанда, байланыс операторларының және желі иелерінің өз байланыс желілерін оңтайландыруды қамтамасыз етпеуі –
17) байланыс операторларының байланыс қызметтерін көрсету қағидаларын бұзуы –
жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер –
жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – сексен, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Абоненттер және (немесе) байланыс қызметтерін тұтынушылар туралы қызметтік ақпаратты жинау және сақтау жөніндегі міндетті бұзу –
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Байланыс операторының және (немесе) байланыс желісін иеленушінің байланыс желілерінде жедел-іздестіру, қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын органдарды барлық байланыс желілерінде жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шараларын жүргізудің ұйымдастырушылық және техникалық мүмкіндіктерімен қамтамасыз ету, сондай-ақ жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шараларын жүргізудің нысандары мен әдістерін ашуға жол бермеу жөнінде шаралар қолдану бойынша міндеттерді орындамауы –
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
6. Байланыс операторының және (немесе) байланыс желісін иеленушінің байланыс желілерінде жедел-іздестіру, қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын органдарға абоненттер туралы қызметтік ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз ету, сондай-ақ жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шараларын жүргізудің нысандары мен әдістерін ашуға жол бермеу жөнінде шаралар қолдану бойынша міндеттерді орындамауы –
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
7. Байланыс операторының және (немесе) байланыс желісін иеленушінің байланыс желілері мен құралдарына қойылатын талаптарға сәйкес жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шараларын техникалық жүргізу үшін өзінің телекоммуникациялық жабдығының функцияларын қамтамасыз ету бойынша міндетті орындамауы –
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бес жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жеті жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
8. Осы баптың алтыншы, жетінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –
байланыс саласындағы көрсетілетін қызметтерді ұсынуға арналған лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып немесе байланыс саласындағы қызметті немесе байланыс саласындағы қызметтің жекелеген түрлерін лицензиялау болмаған жағдайда, байланыс саласындағы мұндай қызметті тоқтата тұрып, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – төрт жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жеті жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
9. Байланыс операторының Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға берілген рұқсатта көрсетілген елді мекендерді және (немесе) аумақтарды байланыс қызметтерімен қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемелерді орындамауы –
радиожиілік спектрін пайдалануға берілген рұқсаттан айыруға әкеп соғады.
10. Радиожиілік спектрін бір жыл бойы пайдаланбау –
радиожиілік спектрін пайдалануға берілген рұқсаттан айыруға әкеп соғады.
11. Ұялы байланыс операторының ұялы байланыс желілерінде абоненттік нөмірлерді көшіруді қамтамасыз ету жөніндегі міндетті орындамауы –
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – бес жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір мың, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
12. Жиілік белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) беру, радиоэлектрондық құралдарды және жоғары жиілікті құрылғыларды пайдалану, сондай-ақ азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдардың электромагниттік үйлесімділігін есептеуді жүргізу қағидаларын бұзу –
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – бес, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге – жиырма, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
13. Осы баптың он екінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –
жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге – қырық, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – алпыс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
14. Пайдаланушыларға сапасы бойынша стандарттарға, техникалық нормаларға және байланыс қызметтерінің сапа көрсеткіштеріне сәйкес келмейтін байланыс қызметтерін көрсету –
жеке тұлғаларға – он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
15. Осы баптың он төртінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет –
жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – сексен, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
16. Байланыс операторының және (немесе) байланыс желісі иесінің жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шараларын техникалық жүргізу функциялары бар телекоммуникациялық жабдықтың сақталуы мен қауіпсіздігін, үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөніндегі міндетті орындамауы –
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
17. Пошта операторының пошта байланысы желілерінде жедел-іздестіру, қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын органдарды пошта байланысының барлық желісінде жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шараларын жүргізудің ұйымдастырушылық және техникалық мүмкіндіктерімен, пошта операторы көрсететін қызметтерді пайдаланушылар туралы қызметтік ақпаратқа қолжетімділікпен қамтамасыз ету, сондай-ақ жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шараларын жүргізу нысандары мен әдістерін ашуға жол бермеу бойынша шаралар қабылдау жөніндегі міндеттерді орындамауы –
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
18. Пошта операторының жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шараларын жүргізуді, дербес деректер туралы ақпаратты жинау мен сақтауды қамтамасыз ететін техникалық құралдарды және жабдықтарды пошта желілерінде орнату жөніндегі міндеттерді орындамауы –
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бес жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жеті жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
19. Осы баптың он жетінші және он сегізінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – төрт жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жеті жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
20. Ұялы байланыс операторының халықтың ұялы байланысының абоненттік құрылғыларына құмар ойындардың және (немесе) бәс тігудің жарнамасын қамтитын мәтіндік хабарлар жіберу бойынша қызметтерін көрсетуі –
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескертпелер.
1. Осы Кодексте радиоэлектрондық құрылғылар деп бір немесе бірнеше радиотаратушы немесе радиоқабылдағыш құрылғылардан немесе олардың құрамаларынан және қосалқы жабдықтан тұратын, радиотолқындарды беруге және қабылдауға арналған техникалық құралдар түсініледі.
2. Осы Кодексте жоғары жиілікті құрылғылар деп, электр байланысы саласында қолдануды қоспағанда, радиожиілік энергиясын өнеркәсіптік, ғылыми, медициналық, тұрмыстық мақсаттарда генерациялауға және жергілікті пайдалануға арналған жабдық немесе аспаптар түсініледі.
3. Алып тасталды – ҚР 11.07.2022 № 137-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.Ескерту. 637-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 24.11.2015 № 419-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 09.04.2016 № 499-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) ; 28.12.2016 № 36-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін екі ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.12.2017 № 128-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.07.2022 № 137-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2025 № 247-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
638-бап. Сәйкестігі міндетті расталуға жататын, бірақ одан өтпеген байланыс құралдарын пайдалану
1. Қазақстан Республикасының бірыңғай телекоммуникация желісінде техникалық реттеу саласында сәйкестігі міндетті расталуға жататын және одан өтпеген техникалық байланыс құралдарын пайдалану, сол сияқты электромагниттік сәулелену көзі болып табылатын радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды, пошта байланысының техникалық құралдарын пайдалану –
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субьектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – алпыс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –
сертификатталмаған байланыс құралдары тәркілене отырып, жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субьектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне үш жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 638-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.639-бап. Цифрлық ресурстарды қорғау құралдарын пайдалану жөніндегі талаптарды бұзу
1. Цифрлық ресурстарды қорғау құралдарын пайдалану жөніндегі талаптарды мемлекеттік техникалық қызметтің бағдарламалық (бағдарламалық-техникалық) құралдарының жұмысына кедергі келтіру немесе оларды бұғаттау, сол сияқты мемлекеттік техникалық қызмет қызметкерлерінің мемлекеттік техникалық қызметпен өзара іс-қимыл жасайтын цифрлық объектілермен жұмысына кедергі келтіру түрінде жасалған бұзушылық –
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субьектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, қайталап жасалған немесе киберқауіпсіздіктің оқыс оқиғасын туындатуға әкеп соқтырған әрекеттер (әрекетсіздік) –
жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субьектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 639-бап жаңа редакцияда - ҚР 24.11.2015 № 419-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 09.01.2026 № 257-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.640-бап. Қазақстан Республикасының цифрлық заңнамасын (электрондық құжатқа және электрондық цифрлық қолтаңбаға қойылатын талаптарды сақтау бөлігінде) бұзу
Ескерту. 640-баптың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР 09.01.2026 № 257-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда электрондық құжаттарды қабылдаудан бас тарту –
лауазымды адамдарға – жиырма, заңды тұлғаларға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Куәландырушы орталықтың электрондық цифрлық қолтаңбаның сақтаудағы ашық және жабық кілттерін жоғалтуды, түрлендіруді және қолдан жасауды болғызбау үшін қажетті шараларды қолданбауы –
бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2-1. Тіркеу куәліктерін беру, сақтау, кері қайтарып алу және электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілтінің тиесілілігі мен жарамдылығын растау қағидаларын Қазақстан Республикасы Ұлттық куәландырушы орталығының немесе куәландырушы орталықтың:
1) тіркеу куәліктерін беру шарттарын;
2) электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілтінің тиесілілігі мен жарамдылығын растау тұрғысынан тексеруді сақтамауынан көрінген бұзушылық –
лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2-2. Электрондық цифрлық қолтаңбаның түпнұсқалығын тексеру функционалының болмауынан көрінген электрондық цифрлық қолтаңбаның түпнұсқалығын тексеру қағидаларын бұзу –
лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
3. Куәландырушы орталықтың тіркеу куәліктерін иеленушілер туралы мәліметтерді қорғауды қамтамасыз етпеуі –
бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Тіркеу куәлігін иеленушінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өзіне тиесілі электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілтін құқыққа сыйымсыз қол жеткізуден және пайдаланудан қорғау үшін, сондай-ақ ашық кілттерді сақтау бойынша шараларды қолданбауы –
елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілтін басқа тұлғаларға заңсыз беру –
жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субьектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – он бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Басқа адамның электрондық цифрлық қолтаңбасының жабық кілтін пайдалану –
жеке тұлғаларға – елу, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескерту. 640-бап жаңа редакцияда - ҚР 24.11.2015 № 419-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 09.01.2026 № 257-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.641-бап. Қазақстан Республикасының цифрлық заңнамасын (цифрландыру және киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларындағы талаптарды сақтау бөлігінде) бұзу
Ескерту. 641-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді – ҚР 09.01.2026 № 257-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Қазақстан Республикасының цифрлық заңнамасын (цифрландыру және киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларындағы талаптарды сақтау бөлігінде):
1) дербес деректер қамтылған цифрлық жүйелердің меншік иесінің немесе иеленушісінің, дербес деректер қамтылған базаның меншік иесінің және (немесе) операторының, сондай-ақ үшінші тұлғаның оларды қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асырмауы немесе тиісті түрде жүзеге асырмауы;
2) цифрландыру және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларындағы бірыңғай талаптарды бұзу;
3) алып тасталды - ҚР 18.03.2019 № 237-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);4) алып тасталды – ҚР 11.12.2023 № 44-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
5) техникалық құжаттаманың қағаз жеткізгіштегі түпнұсқаларын жоғалту;
6) киберқауіпсіздік талаптарына сәйкестікке жүргізілген сынақтар бойынша оң нәтижесі бар актісі жоқ "цифрлық үкіметтің" цифрлық объектісін өнеркәсіптік пайдалану түрінде жасалған бұзушылық –
жеке тұлғаларға – елу, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жетпіс бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Мемлекеттік цифрлық ресурстардың резервтік көшірмесін дайындамау –
лауазымды адамдарға – отыз, заңды тұлғаларға сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) –
жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға – елу, заңды тұлғаларға – бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Жеке тұлғалар туралы дербес деректерді қамтитын цифрлық ресурстарды оларға мүліктік және (немесе) моральдық зиян келтіру, Қазақстан Республикасының заңдарында кепілдік берілген құқықтар мен бостандықтарды іске асыруын шектеу мақсатында пайдалану –
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, аса маңызды цифрлық объектілер меншік иесінің немесе иеленушісінің Киберқауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығын электрондық үкіметтің" цифрлық объектілерінің және аса маңызды цифрлық объектілердің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мониторинг жүргізу қағидаларында айқындалған тәртіппен және мерзімдерде ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғалары және оларға ден қою нәтижелері туралы құлақтандырмауы –
жеке тұлғаларға және лауазымды адамдарға – жиырма, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – алпыс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
6. Осы баптың бесінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –
жеке тұлғаларға және лауазымды адамдарға – қырық, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – сексен, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескертпе. Осы баптың бірінші бөлігінің мақсаттары үшін лауазымды адамдар деп тиісті бұйрықтармен міндеттерді орындау жүктелген бірінші басшыларды, басшылардың орынбасарларын, аппараттар басшыларын не оларды алмастыратын адамдарды түсінген жөн.
Ескерту. 641-бап жаңа редакцияда - ҚР 24.11.2015 № 419-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді – ҚР 28.12.2017 № 128-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 18.03.2019 № 237-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 25.06.2020 № 347-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.12.2023 № 44-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 09.01.2026 № 257-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.641-1-бап. Қазақстан Республикасының жасанды интеллект саласындағы заңнамасын бұзу
1. Қазақстан Республикасының жасанды интеллект саласындағы заңнамасын:
1) жасанды интеллект жүйелері меншік иелерінің немесе иегерлерінің пайдаланушыларды жаңылыстыруы мүмкін, жасанды интеллект жүйесі қызметінің синтетикалық нәтижелері туралы оларға хабар берілуін қамтамасыз етпеуі;
2) жасанды интеллект жүйелері меншік иелерінің немесе иегерлерінің адамдардың денсаулығына немесе саламаттылығына теріс әсер етуге, тыйым салынған, жалған ақпарат жасауға немесе таратуға, адам құқықтарын кемсітушілікке немесе бұзуға және өзге де зиян келтіруге алып келген, қауіп-қатер дәрежесі жоғары жасанды интеллект жүйелері қауіп-қатерлерін басқаруды жүзеге асырмауы түрінде жасалған бұзушылық, егер бұл әрекетте (әрекетсіздікте) қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса –
жеке тұлғаларға – он бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) –
жасанды интеллект жүйесінің қызметін тоқтата тұрып немесе оған тыйым сала отырып, жеке тұлғаларға – отыз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жетпіс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескерту. 31-тарау 641-1-баппен толықтырылды – ҚР 17.11.2025 № 232-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 32-тарау. ӘСКЕРИ МІНДЕТТІЛІК, ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТ ПЕН ҚОРҒАНЫС
САЛАСЫНДАҒЫ ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР
642-бап. Бастапқы әскери есепке қоюға не әскерге шақыру учаскелеріне тіркелуге жататын азаматтардың тізімдерін жергілікті әскери басқару органына ұсынбау немесе уақтылы ұсынбау
Бастапқы әскери есепке қоюға не әскерге шақыру учаскелеріне тіркелуге жататын азаматтардың тізімдерін белгіленген мерзімде жергілікті әскери басқару органына ұсынбау немесе уақтылы ұсынбау –
ұйымдардың, оқу орындарының лауазымды адамдарына, сондай-ақ тұрғын үйлерді пайдалануды жүзеге асыратын ұйымдардың лауазымды адамдарына және үй иелеріне – он, ұйымдардың, оқу орындарының бірінші басшыларына – он бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
643-бап. Азаматтық қорғаныс іс-шараларының орындалмауына әкеп соққан құқыққа қарсы әрекеттер (әрекетсіздік)
Азаматтық қорғаныс іс-шараларының орындалмауына әкеп соққан құқыққа қарсы әрекеттер (әрекетсіздік) –
елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
643-1-бап. Қазақстан Республикасының жұмылдыру дайындығы саласындағы заңнамасын бұзу
1. Қазақстан Республикасының жұмылдыру дайындығы саласындағы заңнамасын:
1) жұмылдыру тапсырмалары немесе жұмылдыру тапсырыстары бар мемлекеттік органдардың, астана, облыс, республикалық маңызы бар қала, аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдіктерінің және ұйымдардың жұмылдыру жоспарларының болмауы;
2) қару-жарақ пен әскери техника бұйымдарына, аса маңызды азаматтық өнімдерге арналған техникалық құжаттаманың, сондай-ақ қатері жоғары объектілерге, халықтың тіршілігін қамтамасыз ету жүйелеріне және ұлттық игілік болып табылатын объектілерге арналған жобалық құжаттаманың сақтандыру қорын жасау және сақтау жөніндегі іс-шараларды орындамау;
3) жұмылдыру жарияланған кезде Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға, Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарына, сондай-ақ жұмылдыру тапсырыстарын орындайтын ұйымдарға беруге арналған арнаулы құралымдар мен техниканы дайындау жөніндегі іс-шараларды жүргізбеу;
4) жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтар запастарын жасау, жинақтау, сақтау және жаңарту жөніндегі іс-шараларды жүргізбеу;
5) әскери міндеттілерді броньдауды жүргізбеу түрінде жасалған бұзушылық –
ескерту жасауға немесе лауазымды адамдарға – отыз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –
лауазымды адамдарға – елу, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – алпыс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жетпіс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескерту. 32-тарау 643-1-баппен толықтырылды – ҚР 25.05.2020 № 332-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).644-бап. Азаматтарды жергілікті әскери басқару органының шақыруы туралы құлақтандырмау
Азаматтарды ұйым басшысының немесе әскери-есепке алу жұмысына жауапты басқа да жауапты тұлғасының жергілікті әскери басқару органының шақыруы туралы құлақтандырмауы, сол сияқты азаматтарға жергілікті әскери басқару органының шақыруы бойынша уақтылы келу мүмкіндігін қамтамасыз етпеуі –
он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
645-бап. Әскери есепте тұрған немесе тұруға міндетті тұрғылықты азаматтар құрамындағы өзгерістер туралы мәліметтерді уақтылы ұсынбау
Әскери есепте тұрған немесе тұруға міндетті тұрақты тұрып жатқан азаматтар құрамындағы өзгерістер туралы мәліметтерді әскери есеп жүргізу жүктелген органдарға уақтылы ұсынбау –
он айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
646-бап. Әскери міндеттілер, әскерге шақырылушылар мен азаматтар туралы мәліметтерді хабарламау
1. Халықты әлеуметтік қорғау органы лауазымды адамының әскери есепте тұрған немесе тұруға міндетті азаматтардың мүгедектігі бар адам деп танылуы туралы, сондай-ақ денсаулық сақтау ұйымдары лауазымды адамының стационарлық емделудегі және диспансерлік есептегі әскери міндеттілер мен әскерге шақырушылар туралы мәліметтерді жергілікті әскери басқару органына белгіленген мерзімде хабарламауы –
он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Азаматтық хал актілерін жазу органы лауазымды адамының жергілікті әскери басқару органына әскери есепте тұрған немесе тұруға міндетті азаматтардың азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер енгізілгендігі туралы белгіленген мерзімде хабарламауы –
он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Ұйым басшысының немесе басқа лауазымды адамының тиісті жергілікті әскери басқару органдарына тұрғылықты жері бойынша әскери есепке тұруға міндетті, бірақ тұрмаған, жұмысқа (оқуға) қабылданған азаматтар туралы хабарламауы –
он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Анықтау және алдын ала тергеу органдарының хабардар етуге жауапты лауазымды адамдарының анықтау немесе алдын ала тергеу оларға қатысты жүргізіліп жатқан әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушылар туралы жергілікті әскери басқару органына заңнамада белгіленген мерзімде хабарламауы –
он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Соттардың жергілікті әскери басқару органын хабардар етуге жауапты лауазымды адамдарының сот оларға қатысты қылмыстық істер қарап жатқан әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушылар туралы, сондай-ақ оларға қатысты заңды күшіне енген үкімдер туралы заңнамада белгіленген мерзімде хабарламауы –
он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 646-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.647-бап. Қазақстан Республикасы азаматтарының әскери есепке алу жөніндегі міндеттерді орындамауы
Ескерту. 647-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді – ҚР 11.06.2026 № 307-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Әскери есепте тұрған немесе тұруға міндетті азаматтың жергілікті әскери басқару органының шақыруы бойынша көрсетілген мерзімде дәлелді себепсіз келмеуі не елді мекенге (әкімшілік ауданға) уақытша (үш айдан астам мерзімге) тұруға келуі, сондай-ақ қызметтік іссапарларға, оқуға, демалысқа немесе емделуге (үш айдан астам мерзімге) келіп, келген жері бойынша "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына жеті жұмыс күні ішінде әскери есепке қою туралы өтінішпен жүгінуге міндетті Қазақстан Республикасы азаматының белгіленген мерзімде дәлелді себептерсіз келмеуі –
бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 647-бап жаңа редакцияда - ҚР 17.11.2015 № 408-V (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.06.2026 № 307-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.648-бап. Медициналық тексерілуден немесе жиындардан жалтару
1. Азаматтарды әскери есепке қою жөніндегі тіркеу комиссиясының немесе әскерге шақыру комиссиясының жолдамасы бойынша медициналық куәландырудан не тексерілуден жалтару –
әскери міндеттілерге – бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, ал әскерге шақырылушыларға ескерту жасауға не үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Әскери міндеттілердің әскери жиындардан жалтаруы –
бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 648-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.649-бап. Әскери есепке алу құжаттарын қасақана бүлдіру немесе жоғалту
Иесінің кінәсінан әскери билетті немесе әскери қызметке шақырылуға жататын азаматтың басқа да есептік-әскери құжаттарын қасақана бүлдіру немесе жою, сол сияқты әскери билетті немесе әскери қызметке шақырылуға жататын Қазақстан Республикасы азаматының басқа да есептік-әскери құжаттарын жоғалту –
ескерту жасауға немесе бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 649-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 11.06.2026 № 307-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.650-бап. Әскери қызметке даярлықтан жалтару
Әскерге шақырылушылардың жергілікті әскери басқару органдарының жолдамасымен әскери-техникалық мамандықтар бойынша әскери қызметке даярлықтан жалтаруы немесе оқу ұйымдарының сабақтарына дәлелді себептерсіз қатыспау –
ескерту жасауға немесе бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
651-бап. Азаматтарды мерзімді әскери қызметке және келісімшарт бойынша әскери қызметке заңсыз шақыру, оларға заңсыз кейінге қалдыруды беру
Азаматтарды мерзімді әскери қызметке және келісімшарт бойынша әскери қызметке заңсыз шақыру не оларға заңсыз кейінге қалдыруды беру –
он жеті айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
652-бап. Қазақстан Республикасының әскери қызмет саласындағы заңнамасын бұзу
Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР 29.12.2014 № 272-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).
1. Әскери қызмет міндеттерін орындау кезінде немесе орындауға байланысты бір әскери қызметшінің екіншіні қорлауы –
жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға немесе он тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –
елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға немесе он бес тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.
3. Бейбіт уақытта, әскерге шақыру немесе келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеріп жүрген әскери қызметші жасаған, ұзақтығы екі тәуліктен асатын, бірақ он тәуліктен аспайтын уақытқа бөлімді немесе қызмет орнын өз бетімен тастап кету, сол сияқты бөлімнен босатылу, тағайындалу, ауыстырылу кезінде, іссапардан, демалыстан немесе емдеу мекемесінен қызметке дәлелсіз себептермен мерзімінде келмеу –
жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға немесе он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.
4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, ұзақтығы он тәуліктен асатын, бірақ бір айдан аспайтын уақыттағы әрекеттер –
елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға немесе он бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.
5. Қоғамдық тәртіпті қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі әскери нарядтың құрамына кіретін адамның қызмет өткеру қағидаларын бұзуы, егер бұл әрекетте қылмыстық жаза қолданылатын іс-әрекет белгілері болмаса, –
он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не бес тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.
6. Бағынбау, яғни бастықтың бұйрығын орындаудан ашықтан-ашық бас тарту, сол сияқты қызмет мүдделеріне елеулі зиян келтірмеген, бастықтың белгіленген тәртіппен берген бұйрығын бағыныштының өзгедей қасақана орындамауы –
жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға немесе он бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.
Ескерту. 652-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 272-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).652-1-бап. Бағынбау немесе бұйрықты өзгедей орындамау
Ескерту. 652-1-бап алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 272-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).
652-2-бап. Бөлімді немесе қызмет орнын өз бетімен тастап кету
Ескерту. 652-2-бап алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 272-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).
652-3-бап. Қоғамдық тәртіпті қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қызмет атқару қағидаларын бұзу
Ескерту. 652-3-бап алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 272-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).
33-тарау. МЕМЛЕКЕТТIК БИЛIК ИНСТИТУТЫНА ҚОЛ СҰҒАТЫН ӘКIМШIЛIК
ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР
653-бап. Сотты құрметтемеушілік
1. Процеске қатысушылардың және өзге де адамдардың қатысуынсыз соттың істі одан әрі қарауы мүмкін болмайтын жағдайларда, олардың шақыру қағазы, хабарлау, хабардар ету немесе шақыру бойынша сотқа дәлелді себептерсіз келмеуінен, сот отырысында төрағалық етушінің өкімдеріне бағынбаудан, сотта белгіленген қағидаларды бұзудан көрінген сотты құрметтемеушілік, сондай-ақ сотты және (немесе) судьяны құрметтемеушілік туралы анық көрінетін өзге де әрекеттер (әрекетсіздік) –
ескерту жасауға не жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға немесе жиырма сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) –
отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға немесе қырық сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.
Ескертпе. Осы баптың талаптары Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес процестік мәжбүрлеу шаралары қолданылуы мүмкін әрекеттерге (әрекетсіздікке) қолданылмайды.
Ескерту. 653-бапқа өзгерістер енгізілді – ҚР 29.06.2020 № 351-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 10.01.2025 № 155-VIII (01.09.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.653-1-бап. Конституциялық Сотқа құрметтемеушілік
1. Конституциялық іс жүргізуге қатысушылардың, өтінішті қарау кезінде тартылатын өзге де адамдар мен органдардың, олардың өкілдерінің қатысуынсыз өтінішті одан әрі қарау мүмкін болмаған жағдайларда хабардар ету немесе шақыру бойынша Конституциялық Сотқа дәлелсіз себептермен келмеуінен, отырыста төрағалық етушінің өкімдеріне бағынбаудан, Конституциялық Сотта белгіленген қағидаларды бұзудан көрінген Конституциялық Сотты құрметтемеушілік, сондай-ақ Конституциялық Сотты және (немесе) Конституциялық Соттың судьясын құрметтемеушілік туралы анық куәландыратын өзге де әрекеттер (әрекетсіздік) –
ескерту жасауға не жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға алып келеді.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) –
отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға алып келеді.
Ескерту. 33-тарау 653-1-баппен толықтырылды - ҚР 05.11.2022 № 158-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.654-бап. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуге қатысушылардың жауаптылығы
Iс жүргізуге қатысушының әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарайтын органға (лауазымды адамға) іс бойынша талқылауды кейінге қалдыруға себепші болған дәлелді себепсіз келуден бас тартуы немесе келмеуі –
он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
655-бап. Алқабидің міндеттерін атқару үшін сотқа келмеу
Алқабидің міндеттерін атқару үшін Қазақстан Республикасы азаматының шақыру бойынша дәлелді себептерсіз сотқа келмеуі –
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 655-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 11.06.2026 № 307-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.656-бап. Алқабиге кандидаттардың тізімдерін жасау үшін ақпарат бермеу
Алқабиге кандидаттардың тізімдерін жасау үшін жергілікті атқарушы органдарға қажетті ақпарат бермеу, сол сияқты бұрыс ақпарат беру –
ескерту жасауға немесе он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
657-бап. Алқабидің сот талқылауында істі қарауға байланысты міндеттерді орындамауы, сондай-ақ шектеулерді сақтамауы
1. Алқабидің сот талқылауында істі қарауға байланысты, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген міндеттерді орындамауы, сондай-ақ шектеулерді сақтамауы –
жеке тұлғаларға он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Алқабиді істі қарауға одан әрі қатысудан шеттетуге әкеп соққан дәл сол әрекеттер –
жеке тұлғаларға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 657-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.658-бап. Куәнің айғақтар беруден бас тартуы немесе жалтаруы
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілеттік берілген орган (лауазымды адам) куә ретінде сауал қоюға жататын адамның айғақтар беруден дәлелді себептерсіз бас тартуы немесе келмеуі –
екі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
659-бап. Куәнің, жәбірленушінің көрінеу жалған айғақтары, сарапшының көрінеу жалған қорытындысы немесе көрінеу дұрыс емес аударма
1. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қараған кездегі және медициналық қызмет сараптамасын жүргізу барысындағы куәнің, жәбірленушінің көрінеу жалған айғақтары, сарапшының көрінеу жалған қорытындысы, сондай-ақ сондай жағдайларда аудармашы жасаған көрінеу дұрыс емес аударма –
жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамдарға жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Сарапшылар медициналық қызмет сараптамасын жүргізу кезінде әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасаған дәл сол іс-әрекеттер –
жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескертпе. Егер куә, жәбірленуші, сарапшы немесе аудармашы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарау барысында іс бойынша шешім шығарылғанға дейін өздері берген айғақтардың, қорытындының жалғандығы немесе дұрыс емес аударма туралы ерікті түрде мәлімдесе, олар әкімшілік жауаптылықтан босатылады.
Ескерту. 659-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.660-бап. Әкімшілік құқық бұзушылықты жасыру және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша дәлелдемелерді бұрмалау
1. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасауға уәкілетті лауазымды адам жасаған, құқық бұзушылық құрамы бар болған әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді қозғау жөніндегі шараларды мерзімінің өтуі ішінде қасақана қолданбауы, егер бұл әрекетте қылмыстық жаза қолданылатын іс-әрекет белгілері болмаса, –
елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша дәлелдемелерді бұрмалау, егер бұл әрекет адамның денсаулығына зиян келтіруге немесе елеулі залал келтіруге әкеп соқпаса, –
елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 660-бап жаңа редакцияда - ҚР 29.12.2014 № 272-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).661-бап. Лауазымды адамның сараптама жүргізу туралы қаулыны немесе тапсырманы не маманды шақыру туралы талапты орындаудан бас тартуы немесе жалтаруы
Мемлекеттік қадағалау және бақылау органының қаулысы немесе тапсырмасы жіберілген лауазымды адамның сараптама жүргізуден не бақылау жүргізуге, құжаттар ресімдеу ісін жүргізуге, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуге немесе оны қарауға қатысу үшін маманды шақыру туралы талаптан не оларды орындаудан дәлелді себептерсіз бас тартуы немесе жалтаруы –
жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
662-бап. Айыпталушының (күдіктінің) келетіндігі туралы жеке кепілгерлікті бұзу
Айыпталушының (күдіктінің) анықтауды жүргізетін адамға, тергеушіге немесе сотқа келуі туралы жазбаша кепілгерлік берген адамдардың оны айыпталушының (күдіктінің) тергеуден немесе соттан жалтаруына әкеп соққан бұзуы немесе орындамауы –
үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
663-бап. Кәмелетке толмаған айыпталушының (күдіктінің)келуін қамтамасыз ету туралы міндеттемені бұзу
Ата-ананың, қорғаншының, қамқоршының немесе арнаулы жабық балалар мекемесі әкімшілігі өкілінің қарамағына қарауға берілген кәмелетке толмаған айыпталушының (күдіктінің) тергеушіге, анықтаушыға немесе сотқа келуін қамтамасыз ету туралы өздері жазбаша берген міндеттемені айыпталушының (күдіктінің) тергеуден және соттан жалтаруына әкеп соққан бұзушылығы –
бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
664-бап. Соттың жекеше ұйғарымы, қаулысы, прокурордың, тергеушінің немесе анықтаушының ұсынуы бойынша шаралар қолданбау
Лауазымды адамның, жеке сот орындаушысының соттың жекеше ұйғарымын, қаулысын, прокурордың, тергеушінің немесе анықтаушының ұсынуын қараусыз қалдыруы не оларда көрсетілген заң бұзушылықтарды жоюға шара қолданбау, сол сияқты жекеше ұйғарымға, қаулыға немесе ұсынуға уақтылы жауап қайтармау –
сегіз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 664-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 30.12.2025 № 247-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.ЗҚАИ-ның ескертпесі!
664-1-бапқа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 11.06.2026 № 307-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
664-1-бап. Прокурордың қаулысын орындамау
1. Прокурордың қаулысын орындамау, егер бұл әрекетте (әрекетсіздікте) қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, –
он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет (әрекетсіздік) –
отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескерту. 664-1-баппен толықтырылды – ҚР 02.07.2021 № 63-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.665-бап. Прокурорға, тергеушіге және анықтау органына, сот орындаушысына, сот приставына келмеу
1. Прокурордың, тергеушінің, анықтау органының шақыруы бойынша айғақтар беру үшін, сот орындаушысына, сот приставына атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша келмеу, сол сияқты айғақтар беруден бас тарту немесе көрінеу жалған айғақтар беру –
жеке тұлғаларға – үш, лауазымды адамдарға он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Прокурордың, тергеушінің, анықтаушының заңда белгіленген негіздерде және тәртіппен қойған талаптарын орындамау –
жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не бес тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.
666-бап. Прокурорды хабардар етпеу немесе уақтылы хабардар етпеу
Мемлекеттік органның заңнамалық актілерге сәйкес мұндай хабардар етуді талап ететін әрекеттерді жүргізуі туралы прокурорды хабардар етпеуі немесе уақтылы хабардар етпеуі –
екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
667-бап. Құқық қорғау органы немесе арнаулы мемлекеттік орган, әскери полиция органы, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерінің (әскери қызметшісінің), сот приставының, сот орындаушысының заңды өкіміне немесе талабына бағынбау
Ескерту. 667-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді – ҚР 02.07.2021 № 63-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Құқық қорғау органы немесе арнаулы мемлекеттік орган, әскери полиция органы, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерінің (әскери қызметшісінің), сот приставының, сот орындаушысының қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты олардың заңды өкіміне немесе талабына бағынбау, олардың заңды қызметіне кедергі келтіру, сол сияқты былапыт сөйлеуден, құрметтемеушілік танытудан, лайықсыз мінез-құлықтан, арандатушылықтан, мазақ қылудан, әбес қылықтар (белгілер), заттар көрсетуден, оның ішінде масс-медианы немесе телекоммуникация желілерін пайдалану арқылы көрінген араласу –
отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не он бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға алып келеді.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –
он бестен жиырма тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға алып келеді.
3. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, осы Кодекстің 50-бабының екінші бөлігіне сәйкес әкімшілік қамаққа алу қолданылмайтын адамдар жасаған әрекеттер –
елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескерту. 667-бап жаңа редакцияда - ҚР 03.07.2017 № 84-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 02.07.2021 № 63-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.07.2022 № 137-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.668-бап. Адвокаттың, заң консультантының заңды қызметіне кедергі келтіру
Ескерту. 668-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді – ҚР 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Адвокаттың не адвокаттар алқасының, заң консультациясының, адвокаттық кеңсенің, заң консультанттарының заңды қызметін жүзеге асыруына жазбаша сұрау салу бойынша қажетті құжаттарды, олардың кәсіптік міндеттерін жүзеге асыру үшін талап етілетін материалдарды немесе мәліметтерді заңнамада белгіленген мерзімдерде ұсынбаудан не ұсынудан бас тартудан көрінген кедергі келтіру, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, –
лауазымды адамдарға – он бес, заңды тұлғаларға жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескерту. 668-бап жаңа редакцияда – ҚР 05.07.2018 № 177-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.668-1-бап. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің заңды қызметіне араласу не кедергі келтіру, оның астанадағы, облыстағы, республикалық маңызы бар қаладағы өкілінің заңды қызметіне кедергі келтіру
Ескертпе. 668-1-баптың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР 05.11.2022 № 158-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің қызметтік міндеттерін орындауына байланысты оның заңды қызметін жүзеге асыруына араласу не кедергі келтіру, оның астанадағы, облыстағы, республикалық маңызы бар қаладағы өкілінің заңды қызметін жүзеге асыруға "Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында көрсетілген ұйымдар мен мекемелердегі адамдарға кедергісіз баруын және олармен қарым-қатынас жасауын қамтамасыз етпеуден көрінген кедергі келтіру –
лауазымды адамдарға – он бес, заңды тұлғаларға жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескерту. 668-1-баппен толықтырылды – ҚР 29.12.2021 № 92-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 05.11.2022 № 158-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.668-2-бап. Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі өңірлік уәкілетті органының заңды қызметіне кедергі келтіру
Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі өңірлік уәкілетті органының заңды қызметіне кәмелетке толмағандар ұсталатын білім беру, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау, мәдениет және спорт жүйелерінің мемлекеттік органдары мен ұйымдарына кедергісіз баруын қамтамасыз етпеуден көрінген кедергі келтіру –
он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескерту. 668-2-баппен толықтырылды – ҚР 30.12.2025 № 247-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.669-бап. Сот үкімін, сот шешімін немесе өзге де сот актісін және атқарушылық құжатты орындамау
1. Сот үкімін, сот шешімін немесе өзге де сот актісін және атқарушылық құжатты орындамау егер бұл әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, –
жеке тұлғаларға – бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға немесе жиырма сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға, лауазымды адамдарға, жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, адвокаттарға – жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға немесе бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Құқық бұзушының мінез-құлқына сот белгілеген ерекше талаптарды бұзу –
он тәулікке әкімшілік қамаққа алуға алып келеді.
3. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –
жиырма тәулікке әкімшілік қамаққа алуға алып келеді.
4. Осы баптың екінші және үшінші бөліктеріне көзделген, осы Кодекстің 50-бабының екінші бөлігіне сәйкес әкімшілік қамаққа алу қолданылмайтын адамдар жасаған әрекеттер –
отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескертпе. Соттың әкімшілік жолмен шығарып жіберу туралы шешімін орындамаған және шешімде көрсетілген мерзімде Қазақстан Республикасының аумағынан кетпеген адам Қазақстан Республикасынан шығарып жіберілетін адамның бақылау жасала отырып, өздігінен кетуі үшін соттың шешімінде көрсетілген мерзім өткен кезден бастап отыз тәулік ішінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде анықталған жағдайда, ол осы бапта көзделген әкімшілік жауаптылыққа тартылуға жатпайды.
Осы баптың талаптары Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес процестік мәжбүрлеу шаралары қолданылуы мүмкін әрекеттерге (әрекетсіздікке) қолданылмайды.
Ескерту. 669-бап жаңа редакцияда - ҚР 27.12.2019 № 292-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); өзгеріс енгізілді - ҚР 13.05.2020 № 327-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.06.2020 № 351-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 20.04.2023 № 227-VII (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі); 10.01.2025 № 155-VIII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.670-бап. Сот орындаушысының, сот приставының қаулысын және өзге де заңды талабын орындамау
1. Сот орындаушысының атқарушылық құжатты орындаумен байланысты, оның ішінде борышкердің жұмыс орны мен оның кірістері, атқарушылық құжатқа сәйкес ұстап қалудың жүргізілгені және өндіріп алынған соманың өндіріп алушыға жіберілгені туралы, борышкердің өзге де жеке және заңды тұлғалардағы ақша сомалары мен мүлкіне өндіріп алудың қолданылғаны туралы мәліметтерді ол тағайындаған мерзімде ұсыну туралы қаулыларын және заңды талаптарын орындамау -
жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамдарға – он бес, заңды тұлғаларға жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Сот орындаушысына көрінеу анық емес, оның ішінде борышкердің кірістері мен мүліктік жағдайы туралы мәліметтер ұсыну –
жеке тұлғаларға – жиырма, заңды тұлғаларға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Сот приставының заңды талаптарын орындамау –
елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 670-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.10.2015 № 376-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).671-бап. Атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкер болып табылатын адамның жұмыс орны мен тұрғылықты жерінің ауысқаны туралы сот орындаушысына хабарламау
Атқарушылық құжат бойынша ұстап қалуды жүргізетін тұлғаның сот орындаушысына және алимент алатын адамға төлем төлейтін адамның жұмыстан босатылғаны туралы, сондай-ақ оның жаңа жұмыс орны мен тұрғылықты жері туралы, егер бұл оған белгілі болса, дәлелсіз себептермен бір ай мерзімде хабарламауы –
он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
672-бап. Атқарушылық құжатты жоғалту
Орындауына берілген атқарушылық құжатты тұлғаның жоғалтуы –
жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 672-бап жаңа редакцияда - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.673-бап. Сот орындаушысына атқарушылық құжаттарды орындауға кедергі келтіру
Сот орындаушысының, сот приставының мүлікке өндіріп алуды қолдану (тізімдеу, бағалау, тыйым салу, сауда-саттық өткізу) әрекеттерін жасауына жеке тұлғалардың және заңды тұлғалардың кедергі келтіруі немесе осыған байланысты оның талаптарын орындаудан бас тарту –
жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамдарға жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.
674-бап. Мемлекеттік наградаларды заңсыз тағып жүру
1. Қазақстан Республикасының, Қазақ КСР-інің, КСРО-ның орденін, медалін, құрметті атаққа берілетін төсбелгісін, ерекшелік белгісін немесе планкалардағы орден ленталары мен медаль ленталарын бұған құқығы жоқ адамның тағып жүруі –
Қазақстан Республикасының, Қазақ КСР-інің, КСРО-ның ордені, медалі, құрметті атаққа берілетін төсбелгісі, ерекшелік белгісі немесе планкалардағы орден ленталары мен медаль ленталары тәркілене отырып, үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Мемлекеттік наградаларға атауы ұқсас немесе сырттай ұқсастығы бар белгілерді тағайындау немесе жасау –
белгілер тәркілене отырып, жеке тұлғаларға – бес, лауазымды адамдарға он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
675-бап. Айырым белгілері және (немесе) нышаны бар әскери киім нысанын, сондай-ақ нысанды киім мен арнаулы киім-кешекті заңсыз киіп жүру (пайдалану)
1. Айырым белгілері және (немесе) нышаны бар әскери киім нысанын, сондай-ақ нысанды киім мен арнаулы киім-кешекті заңсыз киіп жүру (пайдалану) –
айырым белгілері және (немесе) нышаны бар әскери киім нысаны, сондай-ақ нысанды киім мен арнаулы киім-кешек тәркілене отырып, жеке тұлғаларға – бес, заңды тұлғаларға жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Күзет қызметін жүзеге асыруға лицензиясы бар заңды тұлға осы қызметті жүзеге асыруға байланысты жасаған дәл сол әрекет –
айырым белгілері және (немесе) нышаны бар әскери киім нысаны, сондай-ақ нысанды киім мен арнаулы киім-кешек тәркілене отырып, заңды тұлғаларға отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Жеке күзет ұйымының күзетші лауазымын атқаратын жұмыскерінің нысанды киімін заңсыз киіп жүру (пайдалану) –
нысанды киім тәркіленіп, жеке тұлғаларға бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескерту. 675-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 22.12.2016 № 28-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.34-тарау. ӘКIМШIЛIК СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
676-бап жаңа редакцияда көзделген – ҚР 12.06.2026 № 312-VIIІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
676-бап. Жеке тұлғалардың заңсыз материалдық сыйақы беруі
Жеке тұлғалардың мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген тұлғаларға немесе оларға теңестірілген тұлғаларға заңсыз материалдық сыйақы, сыйлықтар, жеңілдіктер беруі не қызметтер көрсетуі, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, –
екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!677-бап жаңа редакцияда көзделген – ҚР 12.06.2026 № 312-VIIІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
677-бап. Мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген тұлғаның не оған теңестірілген тұлғаның заңсыз материалдық сыйақы алуы
Мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген тұлғаның не оған теңестірілген тұлғаның жеке өзі немесе делдал арқылы заңсыз материалдық сыйақыны, сыйлықтарды, жеңілдіктерді не көрсетілетін қызметтерді ұсынған тұлғалардың пайдасына әрекеттері (әрекетсіздігі) үшін осыларды алуы, егер мұндай әрекеттер (әрекетсіздік) мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген тұлғаның не оған теңестірілген тұлғаның қызметтік өкілеттіктеріне кіретін болса, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, –
алты жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!678-бап жаңа редакцияда көзделген – ҚР 12.06.2026 № 312-VIIІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
678-бап. Заңды тұлғалардың заңсыз материалдық сыйақы беруі
1. Заңды тұлғалардың мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген тұлғаларға немесе оларға теңестірілген тұлғаларға заңсыз материалдық сыйақы, сыйлықтар, жеңілдіктер беруі не қызметтер көрсетуі, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, –
жеті жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –
бір мың бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
679-бап. Мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзібасқару органдарының заңсыз кәсіпкерлік қызметтіжүзеге асыруы және заңсыз кірістер алуы
Мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының өздеріне заңнамада жүктелген функциялардан тыс кәсіпкерлік қызметпен айналысуы не белгіленген қаржыландыру көздерінен басқа материалдық игіліктер мен артықшылықтар қабылдауы –
осы ұйымдардың басшыларына алты жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!680-бап жаңа редакцияда көзделген – ҚР 12.06.2026 № 312-VIIІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), (01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
680-бап. Мемлекеттік органдар басшыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды қабылдамауы
Мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құралымдары басшыларының не жауапты хатшыларының немесе Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын өзге де лауазымды адамдарының өз өкілеттіктері шегінде Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының бұзушылықтарын жою бойынша не сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға кінәлі, өздеріне бағынысты адамдарға қатысты шаралар қабылдамауы не көрсетілген шараларды Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын бұза отырып қабылдауы, не кінәлі адамдардың тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органдарына тиісті ақпаратты ұсынбауы –
бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 680-бап жаңа редакцияда - ҚР 18.11.2015 № 411-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.681-бап. Бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамдарды жұмысқа қабылдау
Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілері басшыларының бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамдарды Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып жұмысқа қабылдауы, сондай-ақ олардың одан әрі жұмыс істеуіне жол беруі –
бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескерту. 681-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 3-БӨЛIМ. ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ІСТЕРДІ ҚАРАУҒА
УӘКІЛЕТТІК БЕРІЛГЕН ОРГАНДАР
35-тарау. НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕР
682-бап. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілеттік берілген органдар (лауазымды адамдар)
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді:
1) әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған аудандық және оларға теңестірілген соттардың судьялары;
2) кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттардың судьялары;
3) осы Кодекспен уәкілеттік берілген мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары қарайды.
Ескертпе. Егер тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған аудандық және оған теңестірілген сот және кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот құрылмаса, олардың соттылығына жатқызылған істерді аудандық (қалалық) соттар қарауға құқылы.
Ескерту. 682-бап жаңа редакцияда - ҚР 29.06.2020 № 351-VI Заңымен (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі).683-бап. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілеттік берілген органдар (лауазымды адамдар) құзыретінің аражігін ажырату
1. Судьялар осы Кодекспен өздерінің жүргізуіне жатқызылған әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілеттік берілген мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары, осы Кодекстің 684-бабында көрсетілген істерді қоспағанда, істерді қарайды және әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жазалар қолданады.
3. Әкімшілік жаза түрлерінің бірі ретінде әкімшілік қамаққа алу, шетел азаматтарын не азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге әкімшілік жолмен шығарып жіберу, әкімшілік құқық бұзушылық жасау құралы не нысанасы болған заттарды тәркілеу, сол сияқты әкімшілік құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған кірістерді (дивидендтерді), ақшаны және бағалы қағаздарды тәркілеу, нақты адамға берілетін арнайы құқықтан айыру (оның ішінде көлік құралын жүргізу құқығы), заңсыз тұрғызылып жатқан немесе тұрғызылған құрылысты мәжбүрлеп бұзу көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді судья қарайды.
4. Осы Кодекстің 24-бабына сәйкес, өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізіліп жатқан адамның жазбаша арызы бойынша осы Кодекстің 2-бөлімінің Ерекше бөлігінде көзделген кез келген құқық бұзушылық туралы істі, егер бұл әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қарауға дейін берілсе, судья қарайды.
5. Кәмелетке толмағандар немесе өзінің дене бітімі немесе психикалық жағдайы бойынша құқықтарын өз бетінше жүзеге асыру мүмкіндігінен айырылғандар болып табылатын: әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша өзіне қатысты іс жүргізіліп жатқан адамның немесе жәбірленушінің заңды өкілінің жазбаша арызы бойынша не электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы арызы бойынша іс әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған аудандық және оларға теңестірілген соттарда, мұндай болмаған кезде – жалпы юрисдикциядағы соттарда қаралуы мүмкін.
Ескерту. 683-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 31.10.2015 № 378-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) ); 30.12.2019 № 300-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.06.2020 № 351-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. 36-тарау. ӘКIМШIЛIК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ IСТЕРДIҢ
ВЕДОМСТВОЛЫҒЫ, ЛАУАЗЫМДЫ АДАМДАРДЫҢ IСТЕРДI ҚАРАУ ЖӘНЕ
ӘКIМШIЛIК ЖАЗАЛАРДЫ ҚОЛДАНУ ЖӨНIНДЕГI ҚҰЗЫРЕТI
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
1-бөлікке өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 11.06.2026 № 307-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған аудандық және оларға теңестірілген соттардың судьялары, осы баптың үшінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Кодекстің 73, 73-3, 74, 76, 77, 78, 80 (2-2-бөлігінде), 80-1 (екінші, төртінші және бесінші бөліктерінде), 81 (екінші бөлігінде), 82 (екінші бөлігінде), 82-1, 101, 102, 103, 104, 105, 106, 107, 108, 109, 110, 111, 112, 113, 114, 115, 116, 117, 118, 119, 120, 121, 122, 123, 124, 125, 126, 127-2, 139 (екінші бөлігінде), 145, 147-1, 149, 150, 151 (екінші бөлігінде), 154, 158, 159 (бірінші, екінші, үшінші, 3-1 және төртінші бөліктерінде), 160 (екінші бөлігінде), 169 (екінші, жетінші, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші және он төртінші бөліктерінде), 170 (оныншы және он екінші бөліктерінде), 171, 173, 174 (екінші бөлігінде), 175, 176-1, 190 (екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 193 (екінші және үшінші бөліктерінде), 200, 214 (бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы, он жетінші, он сегізінші (бұл бұзушылықтарды заң консультанттары, заң мәселелері жөніндегі тәуелсіз мамандар, лизинг беруші ретінде лизингтік қызметті лицензиясыз жүзеге асыратын, жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату мәмілелерін жүзеге асыру кезінде делдалдық қызметтер көрсететін, бағалы металдармен және асыл тастармен, олардан жасалған зергерлік бұйымдармен операцияларды жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар, бухгалтерлік есепке алу саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын бухгалтерлік ұйымдар мен кәсіби бухгалтерлер, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы және ұялы байланыс операторлары жасаған жағдайларды қоспағанда) және он тоғызыншы бөліктерінде), 234-1, 245, 246, 247 (он бірінші бөлігінде), 251, 281 (төртінші, бесінші және алтыншы бөліктерінде), 282 (үшінші, төртінші, алтыншы, жетінші, он бірінші және он үшінші бөліктерінде), 283, 283-1 (бесінші және алтыншы бөліктерінде), 294 (бірінші және екінші бөліктерінде), 319, 327-2 (екінші бөлігінде), 328 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 331 (төртінші бөлігінде), 344 (бірінші және 4-1-бөліктерінде), 356 (он төртінші бөлігінде), 357, 360 (бірінші бөлігінде), 381-1, 382 (екінші және үшінші бөліктерінде), 383 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 385 (екінші бөлігінде), 389, 392 (үшінші бөлігінде), 395 (екінші бөлігінде), 396 (екінші бөлігінде), 398, 400 (екінші бөлігінде), 407 (екінші және үшінші бөліктерінде), 409 (7-8-бөлігінде), 415 (екінші бөлігінде), 416, 423, 423-1, 424 (үшінші және бесінші бөліктерінде), 424-1, 425 (екінші бөлігінде), 426 (екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 427, 433 (екінші бөлігінде), 434, 434-2, 436, 438 (екінші бөлігінде), 439, 440 (үшінші бөлігінде), 440-1, 443 (екінші бөлігінде), 443-1 (екінші бөлігінде), 444 (бірінші бөлігінде), 446, 449 (екінші және үшінші бөліктерінде), 450 (екінші бөлігінде), 451 (бірінші, екінші, үшінші, сегізінші, тоғызыншы және он жетінші бөліктерінде), 453, 456-1, 456-2, 456-3 (екінші бөлігінде), 461, 462, 463, 465, 476, 477, 478, 479, 480 (екінші бөлігінде), 481, 482, 483, 485 (екінші бөлігінде), 488, 489 (екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші және сегізінші бөліктерінде), 489-1, 490, 495 (екінші бөлігінде), 496 (екінші және үшінші бөліктерінде), 498, 506, 507, 508, 510 (төртінші бөлігінде), 512 (екінші бөлігінде), 513 (екінші бөлігінде), 514 (екінші бөлігінде), 516, 517 (екінші, төртінші, бесінші, алтыншы және жетінші бөліктерінде), 528 (1-1-бөлігінде), 532 (екінші бөлігінде), 543 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 544, 545, 548 (екінші бөлігінде), 549, 550, 551 (үшінші бөлігінде), 552 (екінші бөлігінде), 563 (екінші бөлігінде), 564 (бесінші бөлігінде), 569 (бірінші, екінші және төртінші бөліктерінде), 590 (2-1, төртінші және 4-1-бөліктерінде), 596 (үшінші, 3-1 және 4-1-бөліктерінде), 598 (екінші бөлігінде), 603 (бірінші және екінші бөліктерінде), 606 (екінші бөлігінде), 607 (екінші және үшінші бөліктерінде), 608, 610, 611 (екінші және үшінші бөліктерінде), 612 (үшінші және 4-1-бөліктерінде), 613 (бірінші, үшінші, 3-1, төртінші, бесінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші бөліктерінде), 615 (төртінші бөлігінде), 621 (үшінші бөлігінде), 638 (екінші бөлігінде), 652, 653, 653-1, 654, 655, 656, 657, 658, 659, 660, 661, 662, 664, 664-1, 665, 666, 667, 668, 668-1, 669, 673, 674, 675, 676, 677, 678, 679, 680, 681-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.
2. Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттардың судьялары:
1) кәмелетке толмағандар жасаған, осы Кодекстің 435, 436 (үшінші бөлігінде), 438 (үшінші бөлігінде), 440 (үшінші бөлігінде), 442 (үшінші бөлігінде), 448-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы;
2) осы Кодекстің 127, 127-1, 128, 130, 131, 133, 134, 156-1, 663-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.
3. Жоғарғы Соттың, кассациялық соттың, облыстық және оларға теңестірілген соттардың, аудандық және оларға теңестірілген соттардың судьялары осы Кодекстің 653-бабында көзделген, сот талқылауы барысында белгіленген, процеске қатысып отырған тұлғаның тарапынан сотқа құрметтемеушілік білдіру фактілері туралы істерді қарайды.
Ескерту. 684-бап жаңа редакцияда - ҚР 30.12.2019 № 300-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді – ҚР 31.12.2016 № 41-VІ (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 04.07.2018 № 173-VІ (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі); 25.06.2020 № 347-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.06.2020 № 349-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.06.2020 № 351-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 07.07.2020 № 361-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 403-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 05.01.2021 № 409-VI (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.07.2021 № 63-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.12.2021 № 92-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 01.07.2022 № 132-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.07.2022 № 137-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2022 № 180-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.01.2023 № 187-VII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); 10.07.2023 № 20-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.04.2024 № 73-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.06.2024 № 95-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.07.2024 № 114-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 08.07.2024 № 117-VIII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз.); 10.01.2025 № 155-VIII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); 30.12.2025 № 247-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.685-бап. Iшкі істер органдары (полиция)
1. Iшкі істер органдары осы Кодекстің 132, 146, 147, 190 (бірінші бөлігінде), 192, 196, 197, 198, 204, 204-1, 230 (екінші бөлігінде) (көлік құралдарының иелері және автомобиль көлігімен және қалалық рельстік көлікпен тасымалдаушылар жасаған құқық бұзушылықтар бөлігінде), 334, 359, 364, 382 (бірінші бөлігінде), 383 (бірінші және екінші бөліктерінде), 386, 395 (бірінші бөлігінде), 396 (бірінші бөлігінде), 407-1, 407-2, 408, 420, 421, 422, 432, 433 (бірінші бөлігінде), 434-1, 434-3, 437, 438 (бірінші бөлігінде), 440 (бірінші және екінші бөліктерінде), 441, 441-1, 442 (бірінші және екінші бөліктерінде), 443 (бірінші бөлігінде), 443-1 (үшінші бөлігінде), 444 (екінші бөлігінде), 447, 449 (бірінші бөлігінде), 450 (бірінші бөлігінде), 458, 464, 469, 470, 480 (бірінші бөлігінде), 484, 485 (бірінші бөлігінде), 485-1, 486, 487, 489 (бірінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші бөліктерінде), 492, 493, 494, 495 (бірінші бөлігінде), 496 (бірінші бөлігінде), 505, 510 (бірінші, екінші, үшінші және бесінші бөліктерінде), 512 (бірінші бөлігінде), 513 (бірінші бөлігінде), 514 (бірінші бөлігінде), 515, 517 (үшінші бөлігінде), 518, 519 (бірінші, үшінші, бесінші және алтыншы бөліктерінде), 559 (бірінші, 1-1, екінші, төртінші, бесінші және 5-1-бөліктерінде), 560, 562, 564 (төртінші бөлігінде), 566, 571 (екінші және үшінші бөліктерінде), 572 (екінші бөлігінде), 573, 590 (бірінші, екінші, үшінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы және оныншы бөліктерінде), 591, 592, 593, 594, 595, 596 (бірінші, екінші, төртінші және бесінші бөліктерінде), 597, 598 (бірінші бөлігінде), 599, 600, 601, 602, 603 (үшінші бөлігінде), 606 (бірінші бөлігінде), 607 (бірінші бөлігінде), 611 (бірінші бөлігінде), 612 (бірінші, екінші, төртінші, бесінші және алтыншы бөліктерінде), 613 (он екінші және он үшінші бөліктерінде), 614, 615 (бірінші, екінші, үшінші және бесінші бөліктерінде), 617, 619, 619-1, 619-2, 620, 621 (бірінші, екінші және төртінші бөліктерінде), 622, 625 (автомобиль көлігіндегі бұзушылықтарды қоспағанда), 626, 630, 631, 632, 635 (бірінші және екінші бөліктерінде)-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.
2. Iшкі істер органдарының атынан әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға мыналар құқылы:
1) осы Кодекстің ішкі істер органдарының ведомстволық бағыныстылығына жатқызылған барлық бабы бойынша – Ішкі істер министрлігі комитеттерінің төрағалары мен департаменттерінің бастықтары, аумақтық ішкі істер органдарының, астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың әкімшілік, көші-қон полициясы, қоғамдық қауіпсіздік бөлімшелерінің бастықтары, олардың орынбасарлары;
2) осы Кодекстің 132, 147, 190 (бірінші бөлігінде), 192, 196, 197, 198, 204-1, 359, 395 (бірінші бөлігінде), 396 (бірінші бөлігінде), 420, 421, 432, 433 (бірінші бөлігінде), 434-1, 437, 438 (бірінші бөлігінде), 441-1, 444 (екінші бөлігінде), 458, 464, 469, 470, 480 (бірінші бөлігінде), 484, 485 (бірінші бөлігінде), 486, 487, 489 (бірінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші бөліктерінде), 492, 493, 494, 495 (бірінші бөлігінде), 496 (бірінші бөлігінде), 505 (екінші бөлігінде), 510 (бірінші, екінші, үшінші және бесінші бөліктерінде), 512 (бірінші бөлігінде), 513 (бірінші бөлігінде), 514 (бірінші бөлігінде), 515, 517 (үшінші бөлігінде), 518, 519 (бірінші, үшінші, бесінші және алтыншы бөліктерінде), 562, 571 (үшінші бөлігінде), 590 (үшінші, сегізінші және оныншы бөліктерінде), 591 (екінші бөлігінде), 592 (үшінші, 3-1, төртінші және бесінші бөліктерінде), 593, 594 (төртінші бөлігінде), 595 (төртінші бөлігінде), 596 (төртінші және бесінші бөліктерінде), 597 (бесінші және алтыншы бөліктерінде), 599 (екінші бөлігінде), 600 (екінші бөлігінде), 601 (екінші бөлігінде), 602 (екінші бөлігінде), 603 (үшінші бөлігінде), 612 (төртінші, бесінші және алтыншы бөліктерінде), 613 (он үшінші бөлігінде), 614, 615 (үшінші бөлігінде), 617, 619, 619-1, 619-2, 621 (екінші бөлігінде), 630, 631, 632, 635 (бірінші және екінші бөліктерінде)-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін – полиция бөлімдерінің, бөлімшелерінің, ауданның (қаланың, қаладағы ауданның) әкімшілік, көші-қон полициясы, қоғамдық қауіпсіздік бөлімшелерінің бастықтары мен олардың орынбасарлары;
3) осы Кодекстің 196, 197, 407-1, 407-2, 420, 444 (екінші бөлігінде), 458, 484, 485 (бірінші бөлігінде), 492, 496 (бірінші бөлігінде), 510 (бірінші, екінші, үшінші және бесінші бөліктерінде), 513 (бірінші бөлігінде), 514 (бірінші бөлігінде), 515, 517 (үшінші бөлігінде), 518, 519 (бірінші, үшінші, бесінші және алтыншы бөліктерінде), 559 (бірінші, 1-1, екінші, төртінші, бесінші және 5-1-бөліктерінде), 560, 562, 564 (төртінші бөлігінде), 566, 625 (теміржол көлігінде құқық бұзушылықтар жасағаны үшін), 630 (бірінші бөлігінде)-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін – ішкі істер органдарының көліктегі полиция бөлімшелерінің, полиция бөлімшелерінің, пункттерінің бастықтары мен олардың орынбасарлары;
3-1) осы Кодекстің 440 (бірінші және екінші бөліктерінде) (пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандарға қатысты)-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін – пробация қызметінің қызметкерлері;
4) осы Кодекстің 146, 204, 230 (екінші бөлігінде) (көлік құралдарының иелері және автомобиль көлігімен және қалалық рельстік көлікпен тасымалдаушылар жасаған құқық бұзушылықтар бөлігінде), 334, 364, 382 (бірінші бөлігінде), 383 (бірінші және екінші бөліктерінде), 386, 407-1, 407-2, 408, 434-3, 437 (бірінші бөлігінде), 440 (бірінші және екінші бөліктерінде), 441, 442 (бірінші және екінші бөліктерінде), 443 (бірінші бөлігінде), 447, 449 (бірінші бөлігінде), 492, 493, 494, 505 (бірінші бөлігінде), 571 (екінші бөлігінде), 572 (екінші бөлігінде), 573 (төртінші бөлігінде), 590 (бірінші, екінші, бесінші, алтыншы, жетінші және тоғызыншы бөліктерінде), 591 (бірінші бөлігінде), 592 (бірінші және екінші бөліктерінде), 593, 594 (бірінші және екінші бөліктерінде), 595 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде), 596 (бірінші және екінші бөліктерінде), 597 (бірінші, екінші, үшінші, төртінші, 4-1 және 4-2-бөліктерінде), 598 (бірінші бөлігінде), 599 (бірінші бөлігінде), 600 (бірінші бөлігінде), 601 (бірінші бөлігінде), 602 (бірінші бөлігінде), 606 (бірінші бөлігінде), 607 (бірінші бөлігінде), 611 (бірінші бөлігінде), 612 (бірінші және екінші бөліктерінде), 613 (он екінші бөлігінде), 615 (бірінші, екінші және бесінші бөліктерінде), 619-2, 620, 621 (бірінші және төртінші бөліктерінде), 622, 630 (бірінші бөлігінде) (жеке тұлғаларға қатысты)-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін – ішкі істер органдарының (полицияның) арнаулы атақтары бар қызметкерлері;
4-1) осы Кодекстің 132 (бірінші бөлігінде), 441-1, 480 (бірінші бөлігінде), 614-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін – учаскелік полиция инспекторлары;
5) осы Кодекстің 395 (бірінші бөлігінде), 396 (бірінші бөлігінде)-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін – ішкі істер органдарының балық қорларына қылмыстық қолсұғушылыққа қарсы күрес жөніндегі мамандандырылған полиция бөлімшелерінің бастықтары мен олардың орынбасарлары.
Ескерту. 685-бап жаңа редакцияда - ҚР 30.12.2019 № 300-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді – ҚР 31.12.2016 № 41-VІ (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 25.06.2020 № 346-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 07.07.2020 № 361-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2021 № 63-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2021 № 99-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.07.2022 № 137-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 23.12.2023 № 50-VIII (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.10.2024 № 131-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.01.2025 № 155-VIII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 30.12.2025 № 247-VIII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңдарымен.686-бап. Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган
1. Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган:
1) осы Кодекстің 336, 359, 367, 410, 410-1, 411, 438 (бірінші бөлігінде), 589-баптарында көзделген өрт қауіпсіздігі саласындағы;
2) алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 272-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі);ЗҚАИ-ның ескертпесі!
3) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 30.12.2025 № 247-VIII (01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.3) осы Кодекстің 412 және 643-баптарында көзделген азаматтық қорғаныс саласындағы;
3-1) осы Кодекстің 580, 581 (екінші бөлігінде), 582, 583 (екінші және үшінші бөліктерінде), 584, 586-баптарында көзделген шағын көлемді кемелерді пайдаланудың тиісті тәртібін қамтамасыз ету саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
4) тармақшамен толықтыру көзделген – ҚР 30.12.2025 № 247-VIII (01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.2. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының атынан істерді қарауға және азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның атынан әкімшілік жазалар қолдануға:
1) астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, қаладағы ауданның өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау жөніндегі мемлекеттік инспекторы – жеке тұлғаларға – айлық есептік көрсеткіштің он беске дейінгі, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне отыз беске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға;
2) Қазақстан Республикасының өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау жөніндегі мемлекеттік инспекторы, астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы мен оның орынбасары – жеке тұлғаларға – айлық есептік көрсеткіштің отыз беске дейінгі, лауазымды адамдарға – бір жүзге дейінгі, кәсіпкерлік субъектілеріне, коммерциялық емес ұйымдарға үш жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға;
3) Қазақстан Республикасының өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы мен оның орынбасары – жеке тұлғаларға – айлық есептік көрсеткіштің екі жүзге дейінгі, лауазымды адамдарға – бес жүзге дейінгі, кәсіпкерлік субъектілеріне, коммерциялық емес ұйымдарға екі мыңға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға құқылы.
3. Алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 272-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).4. Азаматтық қорғаныс іс-шараларының орындалмауына байланысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның атынан әкімшілік жазалар қолдануға:
1) астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, қаладағы ауданның азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылау жөніндегі мемлекеттік инспекторы – жеке тұлғаларға – айлық есептік көрсеткіштің сегізге дейінгі, лауазымды және заңды тұлғаларға жиырма беске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға;
2) Қазақстан Республикасының азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылау жөніндегі мемлекеттік инспекторы, астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы мен оның орынбасары – жеке тұлғаларға, лауазымды адамдарға және заңды тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің елу беске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға;
3) Қазақстан Республикасының азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы мен оның орынбасары – жеке тұлғаларға, лауазымды адамдарға және заңды тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің алпыс беске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға құқылы.
4-1. Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органдарының азаматтық қорғау саласындағы бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын қызметкерлері, әскери қызметшілері шағын көлемді кемелерді пайдаланудың тиісті тәртібін қамтамасыз етумен байланысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның атынан әкімшілік жаза қолдануға құқылы.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
5-бөлікпен толықтыру көзделген – ҚР 30.12.2025 № 247-VIII (01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.Ескерту. 686-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 272-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2019 № 300-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.01.2025 № 155 (01.09.2025 бастап қолданысқа енгізіледі); 11.06.2026 № 307-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
686-1-бап. Жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті орган
1. Жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 643-1-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органның басшысы мен оның орынбасарлары құқылы.
Ескерту. 36-тарау 686-1-баппен толықтырылды – ҚР 25.05.2020 № 332-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).687-бап. Жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган
Ескерту. 687-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 27.12.2017 № 126-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
1-бөлікке өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 19.06.2026 № 318-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган осы Кодекстің 349, 350, 352, 353 (жер қойнауы кеңістігін пайдалану жөніндегі операциялар бөлігінде), 354, 355, 356 (бірінші бөлігінде), 391-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға:
1) жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі аумақтық аға мемлекеттік пен аумақтық мемлекеттік инспекторлар – айлық есептік көрсеткіштің бір жүз елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға;
2) Қазақстан Республикасының жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі мемлекеттік инспекторлары, жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі аумақтық бас мемлекеттік инспекторлардың орынбасарлары – айлық есептік көрсеткіштің екі жүз елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға;
3) Қазақстан Республикасының жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі аға мемлекеттік инспекторлары, жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі аумақтық бас мемлекеттік инспекторлар – айлық есептік көрсеткіштің бес жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға;
4) Қазақстан Республикасының жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы мен оның орынбасарлары – айлық есептік көрсеткіштің бір мыңға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға құқылы.
Ескерту. 687-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2017 № 126-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 403-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.687-1-бап. Пайдалы қатты қазбалар саласындағы уәкілетті орган
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
1-бөлікке өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 19.06.2026 № 318-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Пайдалы қатты қазбалар саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 346, 349, 353 (пайдалы қатты қазбаларды барлау және өндіру жөніндегі операциялар бөлігінде) - баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға пайдалы қатты қазбалар саласындағы уәкілетті органның басшылары және оған уәкілетті лауазымды тұлғалары құқылы.
Ескерту. 36-тарау 687-1-баппен толықтырылды - ҚР 27.12.2017 № 126-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 02.01.2021 № 403-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.688-бап. Көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган
1. Көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 170 (бірінші, 1-1, екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы және жетінші бөліктерінде), 281 (жетінші, сегізінші, тоғызыншы және оныншы бөліктерінде), 345, 348, 349, 350, 353 (бірінші бөлігінде) (көмірсутектерді барлау және (немесе) өндіру жөніндегі операциялар бөлігінде), 356 (бірінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, он бірінші, он екінші және он үшінші бөліктерінде), 464 (бірінші бөлігінде), 635 (үшінші бөлігінде)-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.
2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға көмірсутектер саласындағы уәкілетті органның лауазымды адамдары, сондай-ақ оның аумақтық бөлімшелерінің басшылары мен олардың орынбасарлары құқылы.
Ескерту. 688-бап жаңа редакцияда - ҚР 27.12.2017 № 126-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 04.07.2018 № 173-VІ (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі); 30.12.2019 № 300-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 403-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.688-1-бап. Уран өндіру саласындағы уәкілетті орган
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
1-бөлікке өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 19.06.2026 № 318-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Уран өндіру саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 345, 346, 349, 350, 353 (уран өндіру жөніндегі операциялар бөлігінде) - баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
2. Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға уран өндіру саласындағы уәкілетті органның лауазымды адамдары, сондай-ақ оның аумақтық бөлімшелерінің басшылары мен олардың орынбасарлары құқылы.
Ескерту. 36-тарау 688-1-баппен толықтырылды - ҚР 27.12.2017 № 126-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 02.01.2021 № 403-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.689-бап. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын орган
1. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын орган осы Кодекстің 289, 292, 293, 296-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.
2. Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы уәкілетті орган ведомствосының басшысы мен оның орынбасарлары, аумақтық бөлімшелердің басшылары құқылы.
Ескерту. 689-бап жаңа редакцияда - ҚР 29.12.2014 № 272-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.690-бап. Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі органдар
1. Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі органдар осы Кодекстің 172 (жергілікті жылумен жабдықтау жүйесіндегі жылумен жабдықтау субъектілерін және жылу энергиясын тұтынушыларды қоспағанда), 300 (жергілікті жылумен жабдықтау жүйесіндегі жылумен жабдықтау субъектілерін және жылу энергиясын тұтынушыларды қоспағанда), 300-1, 300-2 (жергілікті жылумен жабдықтау жүйесіндегі жылумен жабдықтау субъектілерін қоспағанда), 301 (жергілікті жылумен жабдықтау жүйесіндегі жылумен жабдықтау субъектілерін қоспағанда), 301-1 (жергілікті жылумен жабдықтау жүйесіндегі жылумен жабдықтау субъектілерін қоспағанда), 301-2 (жергілікті жылумен жабдықтау жүйесіндегі жылумен жабдықтау субъектілерін қоспағанда), 301-3 (жергілікті жылумен жабдықтау жүйесіндегі жылумен жабдықтау субъектілерін қоспағанда), 302, 303 (жергілікті жылумен жабдықтау жүйесіндегі жылумен жабдықтау субъектілерін және жылу энергиясын тұтынушыларды қоспағанда), 304 (жергілікті жылумен жабдықтау жүйесіндегі жылу желілерін қоспағанда), 305 (жергілікті жылумен жабдықтау жүйесіндегі жылу желілерінің күзет аймақтарын қоспағанда), 309-1, 309-2 (орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйелері шеңберіндегі жылу желілері бөлігінде)-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі органдардың аумақтық бөлімшелерінің басшылары құқылы.
Ескерту. 690-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 272-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 14.01.2015 № 279-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.03.2016 № 479-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.07.2017 № 89-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2019 № 300-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 08.07.2024 № 122-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.690-1-бап. Атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкілетті орган
1. Атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 297, 413, 413-1, 414, 464-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.
2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкілетті орган атынан атом энергиясын пайдалану саласындағы лицензиар болып табылатын ведомство басшысы мен оның орынбасарлары құқылы.
Ескерту. 36-тарау 690-1-баппен толықтырылды - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) ); өзгеріс енгізілді - ҚР 30.12.2019 № 300-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.691-бап. Көлік және коммуникациялар саласындағы уәкілетті орган
1. Көлік және коммуникациялар саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 230 (екінші бөлігінде) (теміржол көлігімен, теңіз және ішкі су көлігімен тасымалдаушылар жасаған құқық бұзушылықтар бөлігінде), 464, 564 (бірінші, екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 565, 580 (шағын көлемді кемеде жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етумен байланысты бұзушылықтар туралы істерді қоспағанда), 581 (бірінші бөлігінде), 582 (шағын көлемді кемені пайдаланумен және (немесе) басқарумен байланысты құқық бұзушылықтар туралы істерді қоспағанда), 583 (бірінші бөлігінде), 633, 634-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.
Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға көлік және коммуникациялар саласындағы уәкілетті органның, оның аумақтық бөлімшелерінің басшылары мен олардың орынбасарлары құқылы.
2. Көліктік бақылау органдары осы Кодекстің 464, 559 (екінші, үшінші, төртінші, алтыншы, жетінші, сегізінші және тоғызыншы бөліктерде), 561, 571, 571-1, 572, 573, 575, 577, 578, 579, 580 (шағын көлемді кемеде жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етумен байланысты бұзушылықтар туралы істерді қоспағанда), 581 (бірінші бөлігінде), 582 (шағын көлемді кемені пайдаланумен және (немесе) басқарумен байланысты құқық бұзушылықтар туралы істерді қоспағанда), 583 (бірінші бөлігінде), 584 (шағын көлемді кемені пайдаланумен байланысты бұзушылықтар туралы істерді қоспағанда), 585, 587, 588, 590 (сегізінші бөлігінде), 616, 618, 621 (бірінші, екінші және төртінші бөліктерінде), 623, 624-1, 625 (автомобиль көлігіндегі бұзушылықтар бөлігінде), 627, 628-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
Көліктік бақылау органдары атынан әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға мыналар құқылы:
1) осы Кодекстің көліктік бақылау органдарының ведомстволық бағыныстылығына жатқызылған барлық бабы бойынша – көліктік бақылау органының басшысы мен оның орынбасарлары, аумақтық көліктік бақылау органдарының басшылары мен олардың орынбасарлары;
2) осы Кодекстің 464 (бірінші бөлігінде), 561, 571 (екінші, 2-1, үшінші, төртінші, бесінші, жетінші және сегізінші бөліктерінде), 571-1 (бірінші бөлігінде), 572, 573, 582 (шағын көлемді кемені пайдаланумен және (немесе) басқарумен байланысты құқық бұзушылықтар туралы істерді қоспағанда), 583 (бірінші бөлігінде), 584 (шағын көлемді кемені пайдаланумен байланысты бұзушылықтар туралы істерді қоспағанда), 585, 587, 588, 616 (бірінші бөлігінде), 621 (бірінші, екінші және төртінші бөліктерінде), 623, 625 (автомобиль көлігіндегі бұзушылықтар бөлігінде), 627-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша – көліктік бақылау органдарының осындай уәкілеттік берілген лауазымды адамдары.
Осы баптың екінші бөлігінің төртінші абзацында көрсетілген лауазымды адамдар салатын айыппұл мөлшерлері жиырма айлық есептік көрсеткіштен аспауға тиіс.
3. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 164, 166, 167, 230 (екінші бөлігінде) (әуе көлігімен тасымалдаушылар жасаған құқық бұзушылықтар бөлігінде), 250, 563 (бірінші бөлігінде), 564 (бірінші, үшінші, төртінші бөліктерінде (азаматтық авиацияға жатпайтын әуеайлақтарда немесе осындай әуеайлақтар ауданында жасалған) және бесінші бөлігінде көзделген бұзушылықтар туралы істерді қоспағанда), 565, 565-1, 565-2, 567, 568, 569 (үшінші, бесінші, алтыншы, жетінші және сегізінші бөліктерінде), 570, 571 (бірінші бөлігінде), 589 (әуе көлігіндегі бұзушылықтар бөлігінде), 626-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.
Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның атынан әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға мыналар құқылы:
1) осы Кодекстің азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның ведомстволық бағыныстылығына жатқызылған барлық бабы бойынша – азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның басшысы мен оның орынбасарлары;
2) осы Кодекстің 564 (бірінші, үшінші, төртінші бөліктерінде (азаматтық авиацияға жатпайтын әуеайлақтарда немесе осындай әуеайлақтар ауданында жасалған) және бесінші бөлігінде көзделген бұзушылықтар туралы істерді қоспағанда), 565, 569 (үшінші, бесінші, алтыншы және жетінші бөліктерінде), 589 (әуе көлігіндегі бұзушылықтар бөлігінде)-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша – азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның осыған уәкілеттік берілген лауазымды адамдары.
Ескерту. 691-бап жаңа редакцияда - ҚР 30.12.2019 № 300-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.07.2022 № 137-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.06.2026 № 307-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.692-бап. Цифрландыру және байланыс саласындағы уәкілетті орган
1. Цифрландыру және байланыс саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 164, 250, 464, 637, 638 (бірінші бөлігінде)-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға:
1) цифрландыру және байланыс саласындағы уәкілетті органның басшысы мен оның орынбасарлары;
2) цифрландыру және байланыс саласындағы уәкілетті органның аумақтық органдарының басшылары құқылы.
Ескерту. 692-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 24.11.2015 № 419-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.12.2017 № 128-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2019 № 300-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 25.06.2020 № 347-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.07.2022 № 137-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.692-1-бап. Масс-медиа саласындағы уәкілетті орган
Ескерту. 692-1-баптың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР 19.06.2024 № 95-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Масс-медиа саласындағы уәкілетті орган өз құзыреті шегінде осы Кодекстің 451 (төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші және он бесінші бөліктерінде), 454, 455 (бірінші бөлігінде, екінші бөлігінің 1), 2), 3) және 5) тармақшаларында, төртінші және бесінші бөліктерінде), 456 және 464-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.
2. Мыналар:
1) ақпарат саласындағы уәкілетті органның басшысы және оның орынбасарлары әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға құқылы.
2) алып тасталды – ҚР 28.12.2017 № 128-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.Ескерту. 36-тарау 692-1-баппен толықтырылды - ҚР 24.11.2015 № 419-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.12.2017 № 128-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 08.01.2019 № 215-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2019 № 300-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.06.2024 № 95-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
692-2-бап. Киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган
1. Киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 79, 639, 640, 641-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.
2. Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға мыналар:
1) киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органның басшысы және оның орынбасарлары;
2) киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган ведомствосының басшысы және оның орынбасарлары құқылы.
Ескерту. 36-тарау 692-2-баппен толықтырылды – ҚР 28.12.2017 № 128-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгерістер енгізілді - ҚР 18.03.2019 № 237-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 25.06.2020 № 347-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.692-3-бап. Жасанды интеллект саласындағы уәкілетті орган
1. Жасанды интеллект саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 641-1-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
2. Жасанды интеллект саласындағы уәкілетті органның басшысы және оның орынбасарлары әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға құқылы.
Ескерту. 692-3-баппен толықтырылды – ҚР 17.11.2025 № 232-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.693-бап. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдар
1. Мемлекеттік еңбек инспекциясы органдары осы Кодекстің 83 (жұмыс берушілер жасаған құқық бұзушылықтар бөлігінде), 86, 87, 88, 89 (мемлекеттік қызметшімен қарым-қатынастағы жұмыс берушілерді қоспағанда), 90, 93 (бірінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы және жетінші бөліктерінде), 94, 95, 96, 97, 98, 230 (жұмыс берушілер жасаған құқық бұзушылықтар бойынша екінші бөлігінде), 519-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.
2. Алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 269-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).3. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға:
1) мемлекеттік еңбек инспекторлары құқылы;
2) алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 269-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).Ескерту. 693-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2019 № 300-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 06.02.2023 № 195-VII (01.04.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
1. Әділет органдары осы Кодекстің 230 (екінші бөлігінде, бұл бұзушылықтарды жекеше нотариустар жасаған кезде), 457, 468, 670, 671 және 672-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.
2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу саласындағы, атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органның басшысы мен олардың орынбасарлары, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әділет органдарының басшылары мен олардың орынбасарлары, сондай-ақ аудандық және қалалық әділет бөлімшелерінің басшылары құқылы.
Ескерту. 694-бап жаңа редакцияда - ҚР 29.12.2014 № 272-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 26.07.2016 № 12-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.12.2018 № 210-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2019 № 300-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.06.2020 № 349-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.695-бап. Заңды тұлғаларды және азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу саласындағы уәкілетті орган
Ескерту. 695-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 10.01.2018 № 134-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
1. Заңды тұлғаларды және азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 466 және 491-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.
2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға заңды тұлғаларды және азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу саласындағы уәкілетті органның, оның аумақтық бөлімшелерінің басшылары мен олардың орынбасарлары құқылы.
Ескерту. 695-бап жаңа редакцияда - ҚР 29.12.2014 № 272-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 26.07.2016 № 12-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.01.2018 № 134-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2019 № 300-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.01.2021 № 412-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.696-бап. Көші-қон жөніндегі органдар
Ескерту. 696-бап алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
697-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
1-бөлікке өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 19.06.2026 № 318-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 139 (бірінші бөлігінде), 230 (шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерін жүзеге асыратын тұлғалар жасаған құқық бұзушылықтар бойынша екінші бөлігінде), 297 (бірінші бөлігінде), 324, 325, 326, 327-1, 327-2 (бірінші бөлігінде), 328 (бірінші, екінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші бөліктерінде), 329, 330, 331 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде), 332, 333, 334, 336, 337 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 343-1, 344 (екінші, 2-1, үшінші, төртінші және бесінші бөліктерінде), 344-1, 344-2, 346, 347, 352, 353 (бірінші бөлігінде), 356 (екінші бөлігінде), 358, 377 (бірінші бөлігінде), 399, 464-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.
2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға:
1) астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың мемлекеттік экологиялық инспекторлары және аға мемлекеттік экологиялық инспекторлары – жеке тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің жиырмаға дейінгі, лауазымды адамдарға – елуге дейінгі, заңды тұлғаларға – екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға;
2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік экологиялық инспекторлары – жеке тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің жиырмаға дейінгі, лауазымды адамдарға – жетпіске дейінгі, заңды тұлғаларға – екі жүз елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға;
3) Қазақстан Республикасының аға мемлекеттік экологиялық инспекторлары – жеке тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің қырыққа дейінгі, лауазымды адамдарға – үш жүзге дейінгі, заңды тұлғаларға – бес жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға;
ЗҚАИ-ның ескертпесі!4) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 19.06.2026 № 318-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
4) астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың бас мемлекеттік экологиялық инспекторлары – жеке тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің елуге дейінгі, лауазымды адамдарға – бір жүз елуге дейінгі, заңды тұлғаларға – екі мыңға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға, сондай-ақ қоршаған ортаға жағымсыз әсер еткені үшін төлемақы мөлшерлемесі сомасынан, Қазақстан Республикасының экология заңнамасының талаптарын бұзушылық нәтижесінде алынған экономикалық пайда сомасынан не жер қойнауына мемлекеттік меншік құқығын бұзушылық нәтижесінде келтірілген залал сомасынан пайызбен көрсетілген айыппұл салуға;
ЗҚАИ-ның ескертпесі!5) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 19.06.2026 № 318-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
5) Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік экологиялық инспекторы мен оның орынбасары – жеке тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің елуге дейінгі, лауазымды адамдарға – бір жүз елуге дейінгі, заңды тұлғаларға – екі мыңға дейінгі мөлшерінде, сондай-ақ қоршаған ортаға жағымсыз әсер еткені үшін төлемақы мөлшерлемесі сомасынан, Қазақстан Республикасының экология заңнамасының талаптарын бұзушылық нәтижесінде алынған экономикалық пайда сомасынан не жер қойнауына мемлекеттік меншік құқығын бұзушылық нәтижесінде келтірілген залал сомасынан пайызбен көрсетілген айыппұл салуға құқылы.
Ескерту. 697-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 17.11.2015 № 407-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 27.12.2017 № 126-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2019 № 300-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 403-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.698-бап. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган
1. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 297, 298 (әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін қоспағанда), 299 (бірінші және екінші бөліктерінде) (гидротехникалық құрылысжайлар қауіпсіздігін қоспағанда), 305 (өнеркәсіптік тұтынушылардың газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің күзет аймақтарындағы бұзушылықтар бойынша), 306, 307 (өнеркәсіптік тұтынушылар бөлігінде), 308, 352, 353 (бірінші бөлігінде) (техникалық қауіпсіздік бөлігінде), 464 (бірінші бөлігінде)-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.
2. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган атынан өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға мыналар құқылы:
1) Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы мен оның орынбасары;
2) Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспекторы, астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы мен оның орынбасары;
3) астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспекторы.
Осы баптың екінші бөлігінің төртінші абзацында көрсетілген лауазымды адамдар салатын айыппұл мөлшерлері он бес айлық есептік көрсеткіштен аспауға тиіс.
Ескерту. 698-бап жаңа редакцияда - ҚР 30.12.2019 № 300-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 02.01.2021 № 403-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 09.04.2025 № 181-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 17.11.2025 № 232-VIII (01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.698-1-бап. Бағалы металдарды өндіруді және бағалы металдар мен асыл тастардың, құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларының, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдардың айналымын реттеу саласындағы уәкілетті орган
1. Бағалы металдарды өндіруді және бағалы металдар мен асыл тастардың, құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларының, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдардың айналымын реттеу саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 297-1-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
2. Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға бағалы металдарды өндіруді және бағалы металдар мен асыл тастардың, құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларының, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдардың айналымын реттеу саласындағы уәкілетті органның басшысы мен оның орынбасарлары құқылы.
Ескерту. 36-тарау 698-1-баппен толықтырылды - ҚР 14.01.2016 № 445-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен..699-бап. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің органдары
1. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің органдары осы Кодекстің 642, 644, 645, 646, 647, 648, 649, 650-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі органдарының атынан жергілікті әскери басқару органдарының бастықтары мен олардың орынбасарлары құқылы.
Ескерту. 699-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.699-1-бап. Ғарыш қызметі саласындағы орган
Ескерту. 36-тарау 699-1-баппен толықтырылды - ҚР 30.12.2019 № 300-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Ғарыш қызметі саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 310, 311-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.
2. Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға ғарыш қызметі саласындағы уәкілетті органның басшысы мен оның орынбасарлары құқылы.
700-бап. Денсаулық сақтау органдары
1. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы мемлекеттік орган және оның аумақтық бөлімшелері осы Кодекстің 424 (бірінші бөлігінде), 426 (бірінші, 2-1 және 2-2-бөліктерінде), 428, 429 (екінші бөлігінде), 430, 432, 464-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді өз құзыреті шегінде қарайды.
Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы мемлекеттік органның басшысы, оның орынбасарлары, аумақтық бөлімшелерінің басшылары мен олардың орынбасарлары құқылы.
2. Медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы мемлекеттік орган және оның аумақтық бөлімшелері осы Кодекстің 80 (2-1, үшінші және төртінші бөліктерінде), 80-1 (бірінші және үшінші бөліктерінде), 81 (бірінші бөлігінде), 82 (бірінші бөлігінде), 230 (екінші бөлігінде) (медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін сақтандыру бойынша денсаулық сақтау субъектілері жасаған құқық бұзушылықтар бөлігінде), 424 (бірінші, екінші және төртінші бөліктерінде), 428, 432, 433 (бірінші бөлігінде), 464 (бірінші бөлігінде)-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді өз құзыреті шегінде қарайды.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы мемлекеттік органның басшысы, оның орынбасарлары, аумақтық бөлімшелерінің басшылары мен олардың орынбасарлары құқылы.
Ескерту. 700-бап жаңа редакцияда - ҚР 30.12.2019 № 300-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгеріс енгізілді – ҚР 07.07.2020 № 361-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.701-бап Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган
Ескерту. 701-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 07.07.2020 № 361-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар осы Кодекстің 93 (екінші және бесінші бөліктерінде), 203, 425 (бірінші бөлігінде), 428, 429 (бірінші бөлігінде), 431, 433 (бірінші бөлігінде), 464 (бірінші бөлігінде)-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.
Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның басшысы, оның орынбасарлары, аумақтық бөлімшелерінің басшылары мен олардың орынбасарлары құқылы.
Ескерту. 701-бап жаңа редакцияда - ҚР 30.12.2019 № 300-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 07.07.2020 № 361-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.702-бап. Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшелері
1. Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшелері тиісінше: Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарына және Ұлттық қауіпсіздік комитетіне ведомстволық бағынысты; Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери қалашықтары мен оқу орталықтарының аумағында орналасқан объектілерде санитариялық қағидаларды және гигиеналық нормативтерді бұзушылықтар туралы, осы Кодекстің 425-бабының (бірінші бөлігінде) көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшелерінің басшылары мен олардың орынбасарлары не осыған уәкілеттік берілген лауазымды адамдары құқылы.
703-бап. Ветеринария саласындағы уәкілетті орган
1. Ветеринария саласындағы уәкілетті органның лауазымды адамдары осы Кодекстің 406, 415 (бірінші бөлігінде)-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
2. Осы Кодекстің 406, 415 (бірінші бөлігінде)-баптарына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға:
1) Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы мен оның орынбасарлары;
2) ветеринариялық бақылау бекеттеріндегі мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлар;
3) астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлары мен олардың орынбасарлары;
4) астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлары;
5) аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлары мен олардың орынбасарлары, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлары құқылы.
3. Ветеринария саласындағы уәкілетті органның лауазымды адамдары:
1) өткізу орындарында – жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты өткізу кезінде ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидалардың бұзылғаны үшін;
2) теміржол, су және әуе көлігінде, жолдарда және мал айдайтын күре жолдарда – мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға жататын, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді Қазақстан Республикасының аумағында тасымалдауды (орнын ауыстыруды) жүзеге асыру кезінде, сондай-ақ мал айдау кезінде ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидалардың бұзылғаны үшін;
3) мемлекеттік шекарада – Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелінуі мен таралуынан қорғау бөлігінде ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидалардың бұзылғаны үшін айыппұлды сол жерде ала алады.
Ескерту. 703-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.704-бап. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган
1. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкілетті органның лауазымды адамдары осы Кодекстің 407-бабында (бірінші бөлігінде) көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
2. Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға асыл тұқымды мал шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік инспекторлар құқылы.
Ескерту. 704-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.705-бап. Өсімдіктер карантині жөніндегі уәкілетті орган
1. Өсімдіктер карантині жөніндегі уәкілетті орган мен оның жергілікті жердегі органдары осы Кодекстің 400-бабында (бірінші, үшінші және төртінші бөліктерінде) көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға:
1) Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині жөніндегі Бас мемлекеттік инспекторы мен оның орынбасары;
2) тиісті астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың өсімдіктер карантині жөніндегі бас мемлекеттік инспекторлары;
3) өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлар құқылы.
Ескерту. 705-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 272-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.12.2018 № 210-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.10.2019 № 268-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.706-бап. Астық нарығын реттеу және тұқым шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган
Ескерту. 706-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Астық нарығын реттеу және тұқым шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган мен оның аумақтық органдары осы Кодекстің 401 (бірінші бөлігінде), 402 (бесінші бөлігінде)-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға аумақтық органдардың басшылары мен олардың орынбасарлары құқылы.
Ескерту. 706-бап жаңа редакцияда - ҚР 29.12.2014 № 272-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - 04.12.2015 № 435-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.707-бап. Өсімдіктерді қорғау саласындағы уәкілетті орган
1. Өсімдіктерді қорғау саласындағы уәкілетті орган мен оның жергілікті жердегі бөлімшелері осы Кодекстің 297, 377, 403, 415 (бірінші бөліктің 1) тармақшасы) (пестицидтер айналымы саласындағы техникалық регламенттердің талаптарын бұзу бөлігінде)-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға:
1) Қазақстан Республикасының өсімдіктерді қорғау жөніндегі Бас мемлекеттік инспекторы;
2) Қазақстан Республикасының тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктерінің өсімдіктерді қорғау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторлары;
3) өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлар құқылы.
Ескерту. 707-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.10.2019 № 268-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).708-бап. Су қорын қорғау және пайдалану саласындағы уәкілетті органдар
Ескерту. 708-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 09.04.2025 № 181-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Су қорын қорғау және пайдалану саласындағы уәкілетті органдар осы Кодекстің 138 (екінші бөлігінде), 141, 164, 299 (бірінші және екінші бөліктерінде (өнеркәсіптік қауіпсіздікті қоспағанда), 358, 359, 359-1, 360 (екінші және үшінші бөліктерінде), 361, 362, 363, 365-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға:
1) су қорын қорғау және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік инспекторы мен оның орынбасары, су шаруашылығы бассейндерінің бас мемлекеттік инспекторлары мен олардың орынбасарлары – жеке тұлғаларға – айлық есептік көрсеткіштің екі жүзге дейінгі, лауазымды адамдарға, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жеті жүз елуге дейінгі, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі мыңға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға;
2) су қорын қорғау және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасының аға мемлекеттік инспекторлары, су шаруашылығы бассейндерінің аға мемлекеттік инспекторлары – жеке тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің бір жүз жетпіске дейінгі, лауазымды адамдарға, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жеті жүзге дейінгі, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың сегіз жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға;
3) су қорын қорғау және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік инспекторлары, су шаруашылығы бассейндерінің мемлекеттік инспекторлары – жеке тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің бір жүз елуге дейінгі, лауазымды адамдарға, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – алты жүзге дейінгі, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың бес жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға;
4) осы Кодекстің 164-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін су қорын қорғау және пайдалану саласындағы уәкілетті органның құрылымдық бөлімшелерінің басшылары мен олардың орынбасарлары не осыған уәкілеттік берілген лауазымды адамдары құқылы.
Ескерту. 708-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 272-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.10.2019 № 268-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.01.2025 № 155-VIII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); 09.04.2025 № 181-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.709-бап. Орман шаруашылығы, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану, өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті органдар
1. Орман шаруашылығы, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану, өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті органдар осы Кодекстің 138 (екінші бөлігінде), 142, 143 (балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қоспағанда), 337 (бірінші және екінші бөліктерінде), 339, 366, 367, 368, 369, 370, 371, 372, 373, 374, 375, 376, 377 (балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қоспағанда), 378 (балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қоспағанда), 379 (балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қоспағанда), 380, 380-1, 381, 382 (бірінші бөлігінде), 383 (бірінші, екінші және бесінші бөліктерінде), 384, 385 (бірінші бөлігінде), 386, 387, 388, 390 (балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қоспағанда), 394 (балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қоспағанда), 396 (бірінші бөлігінде) (балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қоспағанда), 407-1 (балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қоспағанда), 407-2 (балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қоспағанда), 464-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.
2. Орман шаруашылығы, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану, өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті органдардың атынан әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға мыналар құқылы:
1) осы Кодекстің 138 (екінші бөлігінде), 142, 143 (балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қоспағанда), 337 (бірінші және екінші бөліктерінде), 339, 366, 367, 368, 369, 370, 371, 372, 373, 374, 375, 376, 377 (балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қоспағанда), 378 (балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қоспағанда), 379 (балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қоспағанда), 380, 380-1, 381, 382 (бірінші бөлігінде), 383 (бірінші, екінші және бесінші бөліктерінде), 384, 385 (бірінші бөлігінде), 386, 387, 388, 390 (балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қоспағанда), 394 (балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қоспағанда), 396 (бірінші бөлігінде), 407-1 (су жануарларын қоспағанда), 407-2 (су жануарларын қоспағанда), 464-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін – Қазақстан Республикасының орман шаруашылығы, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану, өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті органдары мен олардың аумақтық органдарының лауазымды адамдары;
2) осы Кодекстің 138 (екінші бөлігінде), 337 (бірінші және екінші бөліктерінде), 339, 366, 367, 368, 369, 370, 371, 372, 373, 374, 377 (балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қоспағанда), 379 (балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қоспағанда), 381, 382 (бірінші бөлігінде), 387, 388, 407-1 (балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қоспағанда), 407-2 (балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қоспағанда)-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін – орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелерінің басшылары, басшыларының орынбасарлары;
3) осы Кодекстің 138 (екінші бөлігінде), 337 (бірінші және екінші бөліктерінде), 339, 366, 367, 368, 369, 370, 371, 372, 373, 374, 377 (балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қоспағанда), 379 (балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қоспағанда), 381, 382 (бірінші бөлігінде), 387, 388, 407-1 (балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қоспағанда), 407-2 (балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қоспағанда)-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін – облыстық атқарушы органдардың орман шаруашылығы, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы құрылымдық бөлімшелерінің лауазымды адамдары;
4) осы Кодекстің 138 (екінші бөлігінде), 143 (балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қоспағанда), 337 (бірінші және екінші бөліктерінде), 339, 366, 367 (үшінші бөлігінде), 368 (екінші бөлігінде), 369 (екінші бөлігінде), 370 (төртінші бөлігінде), 371, 372 (төртінші бөлігінде), 373 (екінші бөлігінде), 374 (екінші бөлігінде), 377 (екінші бөлігінде) (балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қоспағанда), 379 (балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қоспағанда), 380 (балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қоспағанда), 380-1 (балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қоспағанда), 381, 382 (бірінші бөлігінде), 384, 387, 388, 407-1 (балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қоспағанда), 407-2 (балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қоспағанда)-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін – мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған ерекше қорғалатын табиғи аумақтар күзет қызметтерінің басшылары, басшыларының орынбасарлары, бастықтары.
Ескерту. 709-бап жаңа редакцияда – ҚР 30.12.2025 № 247-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.709-1-бап. Балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган
1. Балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 143 (балық ресурстары және басқа да су жануарлары бөлігінде), 377 (балық ресурстары және басқа да су жануарлары бөлігінде), 378 (балық ресурстары және басқа да су жануарлары бөлігінде), 379 (балық ресурстары және басқа да су жануарлары бөлігінде), 380 (балық ресурстары және басқа да су жануарлары бөлігінде), 380-1 (балық ресурстары және басқа да су жануарлары бөлігінде), 382 (бірінші бөлігінде), 383 (бірінші, екінші және бесінші бөліктерінде), 384, 390 (балық ресурстары және басқа да су жануарлары бөлігінде), 392 (бірінші бөлігінде), 394 (балық ресурстары және басқа да су жануарлары бөлігінде), 395 (бірінші бөлігінде), 396 (бірінші бөлігінде) (балық ресурстары және басқа да су жануарлары бөлігінде), 407-1 (балық ресурстары және су жануарлары бөлігінде), 407-2 (балық ресурстары және су жануарлары бөлігінде), 464-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.
2. Балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган ведомствосының және оның аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдары әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға құқылы.
Ескерту. 709-1-баппен толықтырылды – ҚР 30.12.2025 № 247-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.710-бап. Жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдар
1. Жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті органның ведомствосы және оның аумақтық бөлімшелері осы Кодекстің 136, 137, 138 (бірінші бөлігінде), 337 (бірінші және екінші бөліктерінде), 338, 339, 340, 341, 342, 342-1-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.
2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға:
1) Қазақстан Республикасының жерді пайдалану мен қорғау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы және тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің жерді пайдалану мен қорғау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторлары – жеке тұлғаларға – айлық есептік көрсеткіштің жетпіс беске дейінгі, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, коммерциялық емес ұйымдарға – жеті жүзге дейінгі, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір мыңға дейінгі, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – екі мыңға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға;
2) алып тасталды – ҚР 15.03.2023 № 208-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;3) жерді пайдалану мен қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлар – жеке тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің жетпіс беске дейінгі, лауазымды адамдарға, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз елуге дейінгі, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға құқылы.
Ескерту. 710-бап жаңа редакцияда - ҚР 29.12.2014 № 272-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР 17.11.2015 № 408-V (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 04.05.2018 № 151-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 403-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 15.03.2023 № 208-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.711-бап. Инвестициялар жөніндегі уәкілетті орган
1. Инвестициялар жөніндегі уәкілетті орган осы Кодекстің 148-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға инвестициялар жөніндегі уәкілетті органның басшысы мен оның орынбасарлары құқылы.
712-бап. Геодезиялық және картографиялық қызметке мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдар
Ескерту. 712-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді – ҚР 15.03.2023 № 208-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Геодезия, картография және кеңістіктік деректер саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 343-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.
2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға геодезия, картография және кеңістіктік деректер саласындағы уәкілетті орган ведомствосының лауазымды адамдары құқылы.
Ескерту. 712-бап жаңа редакцияда - ҚР 29.12.2014 № 272-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 15.03.2023 № 208-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.713-бап. Монополияға қарсы орган
1. Монополияға қарсы орган осы Кодекстің 159 (бесінші және алтыншы бөліктерінде), 160 (бірінші бөлігінде), 161, 162, 163, 163-1, 185 (бұл бұзушылықтарды биржалық брокерлер және (немесе) биржалық дилерлер, сондай-ақ тауар биржаларының жұмыскерлері жасаған кезде), 268, 464-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.
2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға монополияға қарсы органның басшысы мен оның орынбасарлары, сондай-ақ монополияға қарсы органның аумақтық бөлімшелерінің басшылары мен олардың орынбасарлары құқылы.
Ескерту. 713-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2019 № 300-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.03.2023 № 208-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.714-бап. Табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган
1. Табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган осы Кодекстің 164, 165, 166, 167, 168, 250, 464-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.
2. Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның басшысы мен оның орынбасарлары, сондай-ақ табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің басшылары мен олардың орынбасарлары құқылы.
Ескерту. 714-бап жаңа редакцияда - ҚР 28.12.2016 № 34-VI (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 30.12.2019 № 300-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.715-бап. Техникалық реттеу, өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы және стандарттау саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдар
Ескерту. 715-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді – ҚР 05.10.2018 № 184-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Техникалық реттеу, өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы және стандарттау саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдар осы Кодекстің 190-1, 193 (бірінші бөлігінде), 415 (бірінші бөлігінде), 415-1, 417, 418 (бірінші және екінші бөліктерінде), 419, 464, 638 (бірінші бөлігінде)-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.
2. Әкімшілік жазаларды Қазақстан Республикасының мемлекеттік бақылау және қадағалау жөніндегі Бас мемлекеттік инспекторы мен оның орынбасарлары, сондай-ақ облыстар мен қалалардың мемлекеттік бақылау және қадағалау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторлары мен олардың орынбасарлары қолдануға құқылы.
Ескерту. 715-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 21.04.2016 № 504-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.10.2018 № 184-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2019 № 300-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.715-1-бап. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті орган
1. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 157, 190 (бірінші, бесінші және алтыншы бөліктерінде), 193 (бірінші, төртінші және бесінші бөліктерінде)-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органның басшысы, оның орынбасарлары, аумақтық бөлімшелердің басшылары мен олардың орынбасарлары құқылы.
Ескерту. 36-тарау 715-1-баппен толықтырылды - ҚР 21.04.2016 № 504-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР 05.10.2018 № 184-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 25.06.2020 № 346-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.716-бап. Ауыл шаруашылығы техникасын тіркеу жөніндегіуәкілетті орган
1. Ауыл шаруашылығы техникасын тіркеу жөніндегі уәкілетті орган осы Кодекстің 590 (бірінші, екінші бөліктерінде) (тракторлардың, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналарының жүргізушілері жасаған құқық бұзушылықтар бөлігінде), ауыл шаруашылығы техникасын, тракторларды, өзге де өздігінен жүретін машиналар мен жабдықты тіркеу жөніндегі қадағалаушы уәкілетті органдарға қатысты бөлігінде 612 (бірінші, екінші, төртінші, бесінші және алтыншы бөліктерінде), 617, 619, 627-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
2. Ауыл шаруашылығы техникасын тіркеу жөніндегі уәкілетті органның атынан әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға ауыл шаруашылығы техникасын тіркеу жөніндегі аудандық және облыстық уәкілетті органдардың инженер-инспекторлары құқылы.
Ескерту. 716-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 27.12.2019 № 292-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.717-бап. Өсімдік шаруашылығы саласындағы уәкілеттімемлекеттік орган
Ескерту. 717-бап алып тасталды - ҚР 28.10.2019 № 268-VI Заңымен (06.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
718-бап. Объектілерді салу сапасына мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыратын органдар
1. Объектілердің салыну сапасына мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауын жүзеге асыратын органдар осы Кодекстің 309, 312, 313, 314, 315, 316, 317, 317-1, 317-2, 318, 321, 322, 323 және 464-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.
1-1. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган осы Кодекстің 323-1-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік құрылыс инспекторы мен оның орынбасарлары, сондай-ақ астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың бас мемлекеттік құрылыс инспекторлары құқылы.
Ескерту. 718-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.10.2015 № 366-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 30.12.2019 № 300-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.719-бап. Мемлекеттік статистика саласындағы уәкілеттіорган
1. Мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 497, 499, 501, 503-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің басшылары мен олардың орынбасарлары құқылы.
Ескерту. 719-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 30.12.2019 № 300-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.720-бап. Мемлекеттік кіріс органдары
1. Мемлекеттік кіріс органдары осы Кодекстің 91 (алтыншы, жетінші және сегізінші бөліктерінде), 92 (екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 92-1, 151 (бірінші бөлігінде), 153, 155, 174 (бірінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 176, 177, 178, 179, 180, 181, 181-1, 182, 194, 195, 221, 233 (бірінші бөлігінде), 239 (бірінші және екінші бөліктерінде), 244 (бірінші, екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 246-1 (бұл бұзушылықтарға салықтар бойынша аудит жүргізу кезінде жол берілген кезде), 266, 269, 270, 271, 272, 273, 275, 276, 277, 278, 279, 280, 280-1, 281 (бірінші, екінші, 2-1, 2-2 және үшінші бөліктерінде), 282 (бірінші, екінші, 2-1, 2-2, бесінші, оныншы және он екінші бөліктерінде), 283-1 (бірінші, екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 284, 285, 285-1, 286, 287, 288, 460-1, 460-2, 464, 471, 472, 473, 474, 521, 522, 523, 524, 525, 526, 527, 528 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде), 529, 530, 531, 532 (бірінші бөлігінде), 533, 534, 535, 536, 537, 538, 539, 540, 542, 543 (бірінші, 1-1 және екінші бөліктерінде), 546, 547, 548 (бірінші бөлігінде), 551 (бірінші, екінші және төртінші бөліктерінде), 552 (бірінші бөлігінде), 553, 554, 555, 556, 557, 558, 571 (бірінші, екінші, 2-1 және үшінші бөліктерінде), 571-1-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.
2. Мемлекеттік кіріс органдары осы бөлікте санамаланған әкімшілік құқық бұзушылықтар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль, теңіздегі өткізу пункттерінде және тауарларды өткізудің өзге де орындарында жасалған кезде, осы Кодекстің 230 (екінші бөлігінде), 297, 334, 377 (бірінші бөлігінде), 425 (бірінші бөлігінде), 571 (бесінші, алтыншы, жетінші және сегізінші бөліктерінде), 571-1, 572 (бірінші бөлігінде), 573, 589 (автомобиль көлігіндегі әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша), 590 (бірінші, екінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші және оныншы бөліктерінде), 612 (бірінші бөлігінде), 621 (төртінші бөлігінде)-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді де қарайды.
3. Мемлекеттік кіріс органдарының атынан әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға:
мемлекеттік кіріс органдарының ведомстволық бағыныстылығына жатқызылған, осы Кодекстің барлық баптары бойынша – мемлекеттік кіріс органдарының басшылары мен олардың орынбасарлары;
осы Кодекстің 91 (алтыншы бөлігінде), 92 (екінші бөлігінде), 92-1 (бірінші бөлігінде), 177 (бесінші және он бірінші бөліктерінде), 179 (төртінші, он төртінші, он бесінші және он жетінші бөліктерінде), 181 (бесінші, он бірінші және он екінші бөліктерінде), 194 (бірінші бөлігінде), 195 (бірінші бөлігінде), 269 (бірінші бөлігінде), 270 (бірінші және үшінші бөліктерінде), 271 (бірінші бөлігінде), 272 (бірінші және 2-1-бөліктерінде), 276 (бірінші және үшінші бөліктерінде), 280-1 (бірінші және үшінші бөліктерінде), 284 (бірінші, үшінші, бесінші, жетінші, тоғызыншы, он бірінші, он үшінші, он бесінші, он жетінші және он тоғызыншы бөліктерінде), 288 (бірінші бөлігінде), 460-2 (бірінші бөлігінде), 525 (бірінші бөлігінде), 535 (бірінші бөлігінде), 558 (бірінші бөлігінде)-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша ескерту түрінде, сондай-ақ 897-бабында көзделген тәртіппен айыппұл түрінде, сондай-ақ кеден ісі саласындағы құқық бұзушылықтар бойынша әкімшілік жаза – мемлекеттік кіріс органдарының басшысы уәкілеттік берген лауазымды адамдары құқылы.
Ескерту. 720-бап жаңа редакцияда - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгерістер енгізілді – ҚР 16.11.2015 № 406-V (01.07.2017 бастап қолданысқа енгізіледі); 18.11.2015 № 412-V (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.12.2015 № 432-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 06.04.2016 № 484-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) ; 26.07.2016 № 12-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін екі ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.11.2016 № 26-VI (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.07.2017 № 83-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 25.12.2017 № 122-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 11-баптан қараңыз); 26.12.2017 № 124-VI (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.10.2019 № 268-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 292-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 30.12.2019 № 300-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2022 № 180-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.07.2023 № 24-VIII (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі); 05.07.2024 № 114-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.721-бап. Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган
Ескерту. 721-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді – ҚР 02.07.2020 № 357-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган осы Кодекстің 89 (мемлекеттік қызметшімен қарым-қатынастағы жұмыс беруші жасаған құқық бұзушылықтар бөлігінде), 99 және 475-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.
2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесінің басшысы мен оның орынбасарлары, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің басшылары мен олардың орынбасарлары құқылы.
Ескерту. 721-бап жаңа редакцияда - ҚР 06.04.2016 № 484-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгілілді – ҚР 18.11.2015 № 412-V (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 30.12.2019 № 300-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2020 № 357-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 06.02.2023 № 195-VII (01.04.2023 бастап қолданысқа енгізіледі); 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.722-бап. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің органдары
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің органдары осы Кодекстің 184, 185 (бұл бұзушылықтарды аудиторлар, аудиторлық ұйымдар, бағалаушылар жасаған кезде), 207, 207-1, 209, 216, 219, 230 (екінші бөлігінде, бұл бұзушылықтарды аудиторлық ұйымдар жасаған кезде), 233 (екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 234, 235, 236, 237, 238, 239 (бірінші, екінші және бесінші бөліктерінде), 239-1, 240, 241, 246-1 (бұл бұзушылықтарға квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит жүргізу кезінде жол берілген кезде), 247 (бірінші, екінші, үшінші, бесінші, жетінші, 7-1, тоғызыншы және оныншы бөліктерінде), 248, 249, 250, 267, 464 (бұл бұзушылықтарды аудиторлық ұйымдар жасаған кезде)-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.
2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға:
1) ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның басшысы, оның орынбасарлары және аумақтық бөлімшелердің басшылары;
2) аудиторлық қызмет және бағалау қызметі саласындағы реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органның басшысы, оның орынбасарлары және аумақтық бөлімшелердің басшылары құқылы.
Ескерту. 722-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 12.11.2015 № 393-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.01.2018 № 134-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.12.2018 № 202-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 30.12.2019 № 300-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.07.2022 № 137-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.722-1-бап. Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы және астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың ревизиялық комиссиялары
Ескерту. 722-1-баптың тақырыбына өзеріс енгізілді - ҚР 05.11.2022 № 158-VII Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы және астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың ревизиялық комиссиялары осы Кодекстің 216, 219, 233 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 235, 236, 237, 247 (алтыншы бөлігінде)-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.
2. Осы Кодекстің 216, 219, 233 (үшінші және төртінші бөліктері), 235, 236, 237, 247 (алтыншы бөлігі)-баптары бойынша әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға және белгіленген әкімшілік жазаларды қолдануға Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы мен астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың ревизиялық комиссияларының мемлекеттік аудиторлары құқылы.
Ескерту. 36-тарау 722-1-баппен толықтырылды - ҚР 30.12.2019 № 300-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 11.07.2022 № 137-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); ҚР 05.11.2022 № 158-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.722-2-бап. Қаржы мониторингі жөніндегі органдар
1. Қаржы мониторингі жөніндегі органдар осы Кодекстің 214 (бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы, он жетінші, он сегізінші бөліктерінде) (бұл бұзушылықтарды заң консультанттары, заң мәселелері жөніндегі тәуелсіз мамандар, лизинг беруші ретінде лизингтік қызметті лицензиясыз жүзеге асыратын, жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату мәмілелерін жүзеге асыру кезінде делдалдық қызметтер көрсететін, бағалы металдармен және асыл тастармен, олардан жасалған зергерлік бұйымдармен операцияларды жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар, бухгалтерлік есепке алу саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын бухгалтерлік ұйымдар мен кәсіби бухгалтерлер, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы және ұялы байланыс операторлары жасаған кезде), 214-1-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.
2. Қаржы мониторингі органдарының басшылары, олардың орынбасарлары және уәкілетті жұмыскерлері әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға құқылы.
Ескерту. Кодекс 722-2-баппен толықтырылды – ҚР 01.07.2022 № 132-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда – ҚР 30.12.2025 № 247-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.723-бап. Iшкі бақылау жөніндегі уәкілетті орган
Ескерту. 723-бап алып тасталды - ҚР 12.11.2015 № 393-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
724-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі осы Кодекстің 206, 210, 210-1, 212, 213 (бесінші және он бесінші бөліктерінде), 217, 218, 220 (жетінші және сегізінші (төлем ұйымдарына қатысты) бөліктерінде), 227 (бірінші (қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаларға қатысты), 1-1 және үшінші (төлем жүйелерінің операторларына, төлем жүйелерінің операциялық орталықтарына және көрсетілетін төлем қызметтерін берушілерге қатысты) бөліктерінде), 239 (үшінші және төртінші (қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаларға қатысты) бөліктерінде), 243, 244 (1-1, екінші бөліктерінде), бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші бөліктерінде), 252, 252-1, 253, 464, 497 (жинау өз құзыретіне кіретін алғашқы статистикалық деректер бөлігінде)-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.
2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы, оның орынбасарлары, аумақтық филиалдардың басшылары құқылы.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық жасалғандығы туралы хаттама жасауға құқығы бар қызметкерлерінің өкілеттіктері осы Кодекске сәйкес айқындалады.
Ескерту. 724-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 24.11.2015 № 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 06.05.2017 № 63-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 168-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.04.2019 № 241-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2019 № 262-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 30.12.2019 № 300-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.07.2023 № 24-VIII (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі); 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.724-1-бап. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган
1. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган осы Кодекстің 91 (бірінші, бесінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші және он екінші бөліктерінде), 185 (бұл бұзушылықтарды банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар, коллекторлық агенттіктер жасаған кезде), 186, 208, 211, 211-1, 211-2, 213 (төртінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші және он төртінші бөліктерінде), 215-1, 220 (бірінші, екінші, үшінші, төртінші, 4-1, бесінші, жетінші және сегізінші бөліктерінде (банктерге, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарына, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қатысты), 222, 223, 224, 225, 226, 227 (бірінші (банктерге, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарына, банктердің ірі қатысушыларына, банк холдингтеріне, банк конгломератының құрамына кіретін ұйымдарға, Қазақстанның Даму Банкіне, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қатысты (қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаларды және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларды қоспағанда), екінші, үшінші (бағалы қағаздар нарығының субъектілеріне, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға қатысты), төртінші және бесінші бөліктерінде), 228, 229, 230 (бірінші, үшінші, төртінші, бесінші және алтыншы бөліктерінде), 231, 232, 239 (үшінші және төртінші бөліктерінде (қаржы ұйымдарына (қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаларды және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларды қоспағанда), Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарына қатысты), 247 (төртінші және сегізінші бөліктерінде), 256, 257, 259, 260, 261, 262, 264, 265, 286, 464-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның бірінші басшысы, оның орынбасарлары және уәкілетті жұмыскерлері құқылы.
3. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның, сондай-ақ оның әкімшілік құқық бұзушылық жасалғаны туралы хаттама жасауға құқығы бар жұмыскерлерінің өкілеттіктері осы Кодекске сәйкес айқындалады.
Ескерту. 36-тарау 724-1-баппен толықтырылды - ҚР 03.07.2019 № 262-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); өзгеріс енгізілді - ҚР 30.12.2019 № 300-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.725-бап. Қазақстан Республикасының халықты әлеуметтік қорғау органдары
1. Қазақстан Республикасының халықты әлеуметтік қорғау органдары осы Кодекстің 83 (жұмыс берушілер жасаған құқық бұзушылықтардан басқа), 84, 91 (төртінші бөлігінде), 92 (бірінші бөлігінде)-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік айыппұлдар салуға Қазақстан Республикасының халықты әлеуметтік қорғау органдарының басшылары, олардың орынбасарлары құқылы.
726-бап. Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары
1. Ұлттық қауіпсіздік органдары осы Кодекстің 192, 464, 504, 518, 519, 641 (аса маңызды цифрлық объектілерге қатысты)-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.
2. Осы Кодекстің 192, 464, 504, 518, 519, 641 (аса маңызды цифрлық объектілерге қатысты)-баптары бойынша әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға және белгіленген әкімшілік жазаларды қолдануға қызмет, департамент бастығы және олардың орынбасарлары, аумақтық органдарының, қалалық, аудандық басқармаларының (бөлімдерінің, бөлімшелерінің) басшылары мен олардың орынбасарлары құқылы.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі осы Кодекстің 382 (бірінші бөлігінде), 383 (бірінші және екінші бөліктерінде), 393 (шекаралық кеңістікте жасалған), 394, 395 (бірінші бөлігінде), 396 (бірінші бөлігінде), 510 ( бірінші, екінші, үшінші және бесінші бөліктерінде), 512 (бірінші бөлігінде), 513 (бірінші бөлігінде), 514 (бірінші бөлігінде), 515, 517 (үшінші бөлігінде)-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
4. Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің атынан әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға:
1) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің басшысы мен оның орынбасарлары, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі аумақтық бөлімшелерінің бастықтары мен олардың орынбасарлары – ескерту жасауға не жеке тұлғаларға және лауазымды адамдарға айлық есептік көрсеткіштің жетпіске дейінгі, жеке кәсіпкерлік субъектілеріне бес жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға;
2) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің аумақтық бөлімшелері шекара басқармаларының, шекаралық бақылау басқармаларының бастықтары, жағалау күзеті дивизиондарының командирлері мен олардың орынбасарлары – ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға және лауазымды адамдарға айлық есептік көрсеткіштің жетпіске дейінгі, жеке кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға;
3) шекаралық бақылау бөлімдерінің, шекара бөлімдерінің бастықтары мен олардың орынбасарлары – ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға және лауазымды адамдарға айлық есептік көрсеткіштің жиырма беске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға;
4) шекаралық бақылау бөлімшелерінің, шекара бөлімшелерінің бастықтары, корабльдер мен катерлердің командирлері және олардың орынбасарлары – жеке тұлғаларға ескерту жасауға немесе айлық есептік көрсеткіштің жиырмаға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға;
5) шекаралық бақылау бөлімдері (бөлімшелері) топтарының (ауысымдарының) бастықтары – жеке тұлғаларға ескерту жасауға немесе айлық есептік көрсеткіштің он беске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға;
6) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзету жөніндегі міндеттерді орындайтын бақылаушылар, шекара нарядтарының аға қызметшілері ескерту жасауға құқылы.
Ескерту. 726-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 272-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 22.12.2016 № 28-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 292-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 30.12.2019 № 300-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 01.07.2026 № 331-VIII (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.727-бап. Әскери полиция органдары
1. Әскери полиция органдары осы Кодекстің 511, 590 (бірінші, екінші, үшінші, бесінші, алтыншы, жетінші, тоғызыншы және оныншы бөліктерінде), 591, 592, 593, 594, 595, 596 (бірінші, екінші және төртінші бөліктерінде), 597, 598 (бірінші бөлігінде), 599, 600, 601, 602, 603 (үшінші бөлігінде), 606 (бірінші бөлігінде), 607 (бірінші бөлігінде), 611 (бірінші бөлігінде), 612 (бірінші, екінші, төртінші, бесінші және алтыншы бөліктерінде), 613 (он екінші және он үшінші бөліктерінде), 614, 615 (бірінші, екінші, үшінші және бесінші бөліктерінде), 617, 619, 619-1, 620, 621 (бірінші, екінші және төртінші бөліктерінде), 651 (әскери қызметшілерге, жергілікті әскери басқару органдарының, әскери бөлімдердің (мекемелердің) медициналық, әскерге шақыру, іріктеу комиссияларының төрағаларына, орынбасарларына және мүшелеріне қатысты)-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.
2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға әскери полиция органдарының уәкілеттік берілген лауазымды адамдары құқылы.
3. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери полициясы органдарының көлік саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша құзыреті, осы баптың төртінші және бесінші бөліктерін қоспағанда, әскери қызметшілерге, жиынға шақырылған әскери міндеттілерге, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, Қазақстан Республикасы басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының әскери көлік құралдарын басқаратын адамдарға қолданылады.
4. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери полициясы органдарының көлік саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша құзыреті Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының көлік құралдарын басқаратын қызметкерлеріне, жұмыскерлеріне және әскери қызметшілеріне қолданылады.
5. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскери полициясы органдарының көлік саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша құзыреті әскери қызметшілерге, жиынға шақырылған әскери міндеттілерге, сондай-ақ Ұлттық ұланның әскери көлік құралдарын басқаратын адамдарға қолданылады.
6. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, Қазақстан Республикасы басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының көлік құралдарының жүргізушілері – әскери қызметшілер, жиынға шақырылған әскери міндеттілер жасаған, әкімшілік жаза ретінде белгіленген тәртіппен айыппұл көзделген бұзушылықтар туралы материалдарды әскери полиция органдары кінәліларды Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, Қазақстан Республикасы басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының Тәртіптік жарғысы бойынша жауаптылыққа тарту туралы мәселені шешу үшін тиісті командирлерге (бастықтарға) береді.
Ескерту. 727-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 272-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 10.01.2015 № 275-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) ); 27.12.2019 № 292-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 30.12.2019 № 300-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.07.2022 № 137-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.01.2025 № 155-VIII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.728-бап. Акцизделетін өнім өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік бақылау жөніндегі органдар
Ескерту. 728-бап алып тасталды – ҚР 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
728-1-бап. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лицензиарлар болып табылатын немесе екінші санаттағы рұқсаттарды беруге уәкілеттік берілген органдар
1. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лицензиарлар болып табылатын немесе екінші санаттағы рұқсаттарды беруге уәкілеттік берілген органдар осы Кодекстің 464-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.
2. Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға лицензиарлар болып табылатын немесе екінші санаттағы рұқсаттарды беруге уәкілеттік берілген мемлекеттік органдардың басшылары, олардың орынбасарлары, аумақтық бөлімшелерінің басшылары мен олардың орынбасарлары құқылы.
Ескерту. 36-тарау 728-1-баппен толықтырылды - ҚР 30.12.2019 № 300-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.729-бап. Жергілікті атқарушы органдар
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
1-бөлікке өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 11.06.2026 № 307-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.06.2026 № 318-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
1. Астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы осы Кодекстің 75, 79, 138 (екінші бөлігінде), 156, 172 (үшінші, бесінші және алтыншы бөліктерінде (жергілікті жылумен жабдықтау жүйесіндегі жылумен жабдықтау субъектілері және жылу энергиясын тұтынушылар бөлігінде), 199, 204, 205, 250 (астық қабылдау кәсіпорындарының қызметін реттеу бөлігінде), 298 (әлеуметтік инфрақұрылым объектілері бөлігінде), 300 (жергілікті жылумен жабдықтау жүйесіндегі жылумен жабдықтау субъектілері және жылу энергиясын тұтынушылар бөлігінде), 300-2 (жергілікті жылумен жабдықтау жүйесіндегі жылумен жабдықтау субъектілері бөлігінде), 301 (жергілікті жылумен жабдықтау жүйесіндегі жылумен жабдықтау субъектілері бөлігінде), 301-1 (жергілікті жылумен жабдықтау жүйесіндегі жылумен жабдықтау субъектілері бөлігінде), 301-2 (жергілікті жылумен жабдықтау жүйесіндегі жылумен жабдықтау субъектілері бөлігінде), 301-3 (жергілікті жылумен жабдықтау жүйесіндегі жылумен жабдықтау субъектілері бөлігінде), 303 (жергілікті жылумен жабдықтау жүйесіндегі жылумен жабдықтау субъектілері және жылу энергиясын тұтынушылар бөлігінде), 304 (жергілікті жылумен жабдықтау жүйесіндегі жылумен жабдықтау субъектілерінің, жылу энергиясын тұтынушылардың жылу желілері бөлігінде), 305 (жергілікті жылумен жабдықтау жүйелеріндегі, жылу энергиясын тұтынушылардың жылу желілері мен тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылардың газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің күзет аймақтары бөлігінде), 306 (бірінші және екінші бөліктерінде), 307 (коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылар бөлігінде), 309-2 (жергілікті жылумен жабдықтау жүйелеріндегі және жылу энергиясын тұтынушылардың жылу желілері бөлігінде), 320, 353 (кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру және кен іздеушілік жөніндегі операциялар бөлігінде) 382 (бірінші бөлігінде), 383 (бірінші және екінші бөліктерінде), 401 (үшінші, төртінші, 4-1, бесінші, алтыншы, жетінші, оныншы және он бірінші бөліктерінде), 402 (бірінші, екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 405, 407-1, 407-2, 408, 409 (сегізінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші бөліктерінде), 418 (1-1-бөлігінде), 451 (он алтыншы бөлігінде), 455 (бірінші бөлігінде, екінші бөліктің 1), 2), 4), 6), 7), 8) және 9) тармақшаларында, үшінші және бесінші бөліктерінде), 456-3 (бірінші бөлігінде), 464, 488-1, 505-баптарында, 637 (он төртінші және он бесінші бөліктерінде), 640, 641-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға астананың, облыстың және республикалық маңызы бар қаланың, ауданның (республикалық, облыстық маңызы бар қаланың және астананың) әкімі мен оның орынбасарлары құқылы.
2-1. Осы Кодекстің 75-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға жергілікті атқарушы органның тілдерді дамыту саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесінің басшысы мен оның орынбасарлары құқылы.
3. Аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері осы Кодекстің 146, 147, 172 (үшінші, бесінші және алтыншы бөліктерінде) (жергілікті жылумен жабдықтау жүйесіндегі жылумен жабдықтау субъектілері және жылу энергиясын тұтынушылар бөлігінде), 204, 301 (жергілікті жылумен жабдықтау жүйесіндегі жылумен жабдықтау субъектілері бөлігінде), 303 (жергілікті жылумен жабдықтау жүйесіндегі жылумен жабдықтау субъектілері және жылу энергиясын тұтынушылар бөлігінде), 304 (жергілікті жылумен жабдықтау жүйесіндегі жылумен жабдықтау субъектілерінің, жылу энергиясын тұтынушылардың жылу желілері бөлігінде), 305 (жергілікті жылумен жабдықтау жүйелеріндегі, жылу энергиясын тұтынушылардың жылу желілері мен тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылардың газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің күзет аймақтары бөлігінде), 320, 386, 407-1, 407-2, 408, 409 (сегізінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші бөліктерінде), 418 (1-1-бөлігінде), 505, 633, 634, 637 (он төртінші және он бесінші бөліктерінде)-баптарында көзделген, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің аумағында жасалған әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға құқылы.
4. Астананың, облыстың және республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы осы Кодекстің 169 (бірінші, үшінші, алтыншы және сегізінші бөліктерінде)-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.
5. Астананың, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың әкімдері әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға және осы Кодекстің 169 (бірінші, үшінші, алтыншы және сегізінші бөліктерінде)-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жазалар қолдануға құқылы.
Ескерту. 729-бап жаңа редакцияда - ҚР 30.12.2019 № 300-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгерістер енгізілді - ҚР 28.10.2019 № 268-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 25.06.2020 № 346-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 403-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 05.01.2021 № 409-VI (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі); 30.12.2021 № 99-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.03.2023 № 208-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.06.2024 № 91-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 08.07.2024 № 117-VIII (01.10.2024 бастап қолданысқа енгізіледі); 08.07.2024 № 122-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 17.11.2025 № 232-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2025 № 247-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.730-бап. Білім беру саласындағы уәкілетті орган
1 Білім беру саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 84, 409 (екінші, үшінші, төртінші, 4-1, 4-2, бесінші, алтыншы, жетінші, 7-1, 7-3, 7-4, 7-5, 7-6, 7-7 және 7-9-бөліктерінде), 464-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.
2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға білім беру саласындағы уәкілетті органның басшысы мен оның орынбасарлары, білім беру саласындағы уәкілетті органның аумақтық органдарының басшылары мен олардың орынбасарлары құқылы.
Ескерту. 730-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 27.12.2019 № 294-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2019 № 300-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.07.2022 № 137-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2025 № 247-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.730-1-бап. Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы
1. Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы осы Кодекстің 84, 127-3, 129, 135, 135-1, 409 (7-2-бөлігінде) және 668-2-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.
2. Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органының басшысы , оның орынбасарлары мен уәкілетті жұмыскерлері құқылы.
Ескерту. 730-1-баппен толықтырылды – ҚР 05.07.2024 № 112-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 30.12.2025 № 247-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.730-2-бап. Ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган
1. Ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 409 (төртінші, 4-1, 4-2, алтыншы және жетінші бөліктерінде), 464-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.
2. Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органның басшысы мен оның орынбасарлары құқылы.
Ескерту. 730-2-баппен толықтырылды – ҚР 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.731-бап. Туристік қызмет саласындағы уәкілетті орган
1. Туристік қызмет саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 187, 230 (екінші бөлігінде) (туроператорлар және турагенттер жасаған құқық бұзушылықтар бөлігінде), 464-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.
2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға туристік қызмет саласындағы уәкілетті органның басшысы мен оның орынбасарлары құқылы.
Ескерту. 731-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 30.12.2019 № 300-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.731-1-бап. Архив ісі және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган
1. Архив ісі және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 509-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.
2. Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға архив ісі және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органның басшысы мен оның орынбасарлары құқылы.
Ескерту. 36-тарау 731-1-баппен толықтырылды - ҚР 30.12.2019 № 300-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.731-2-бап. Тілдерді дамыту саласындағы уәкілетті орган
1. Тілдерді дамыту саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 75 (бірінші, екінші, бесінші және алтыншы бөліктерінде)-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.
2. Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға тілдерді дамыту саласындағы уәкілетті органның басшысы мен оның орынбасарлары құқылы.
Ескерту. 36-тарау 731-2-баппен толықтырылды - ҚР 30.12.2019 № 300-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.732-бап. Ойын бизнесі саласындағы уәкілетті орган
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
1-бөлікке өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 11.06.2026 № 307-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Ойын бизнесі саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 444 (үшінші, төртінші және бесінші бөліктерінде), 445, 445-1, 455 (1-1-бөлігінде) және 464-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға ойын бизнесі саласындағы уәкілетті органның басшысы мен оның орынбасарлары құқылы.
Ескерту. 732-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 30.12.2019 № 300-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 08.07.2024 № 117-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.732-1-бап. Дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган
1. Дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 409-бабында (он екінші бөлігінде) көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
2. Дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органның басшысы не оның міндетін атқаратын адам әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға құқылы.
Ескерту. 36-тарау 732-1-баппен толықтырылды - 13.12.2019 № 280-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).ЗҚАИ-ның ескертпесі!
732-2-баппен толықтыру көзделген – ҚР 11.06.2026 № 307-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
733-бап. Сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган
1. Сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 193 (төртінші және бесінші бөліктерінде), 201, 204-2, 204-3, 204-4, 464-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.
2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органның басшысы , оның орынбасарлары, сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің басшылары және олардың орынбасарлары құқылы.
Ескерту. 733-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 30.12.2019 № 300-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.03.2023 № 208-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 06.04.2024 № 71-VIII (31.12.2025 бастап қолданысқа енгізіледі); 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.734-бап. Биоотын өндірісі саласындағы уәкілетті орган
Ескерту. 734-бап алып тасталды – ҚР 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
735-бап. Биоотын айналымы саласындағы уәкілетті орган
1. Биоотын айналымы саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 169-бабында (төртінші және бесінші бөліктерінде) көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға:
1) биоотын айналымы саласындағы уәкілетті органның басшысы мен оның орынбасарлары;
2) биоотын айналымы саласындағы уәкілетті органның аумақтық органдарының басшылары мен оның орынбасарлары құқылы.
Ескерту. 735-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 25.12.2017 № 122-VI Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).735-1-бап. Өзін-өзі реттеу енгізілген жекелеген салада немесе мемлекеттік басқару аясында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органдар
1. Өзін-өзі реттеу енгізілген жекелеген салада немесе мемлекеттік басқару аясында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органдар осы Кодекстің 465-1-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға мыналар құқылы:
1) өзін-өзі реттеу енгізілген жекелеген салада немесе мемлекеттік басқару аясында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың басшылары және олардың орынбасарлары;
2) өзін-өзі реттеу енгізілген жекелеген салада немесе мемлекеттік басқару аясында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органдар аумақтық органдарының басшылары және олардың орынбасарлары.
Ескерту. 36-тарау 735-1-баппен толықтырылды – ҚР 25.06.2020 № 346-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).4-БӨЛIМ. ӘКIМШIЛIК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ IСТЕР БОЙЫНША ІС ЖҮРГIЗУ
37-тарау. НЕГIЗГI ЕРЕЖЕЛЕР
736-бап. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізу тәртібін айқындайтын заңнама
1. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізу тәртібі осы Кодекспен айқындалады.
2. Қылмыстық немесе азаматтық істі қарау процесінде соттың әкімшілік жазалар қолдану тәртібі осы Кодекстің және тиісінше Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексі мен Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің ережелерімен айқындалады.
737-бап. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізу міндеттері
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізу міндеттері:
1) әрбір істің мән-жайларын уақтылы, жан-жақты, толық және объективті анықтау, оны осы Кодекске сәйкес шешу;
2) іс жүргізуге қатысушылардың құқықтары мен міндеттерінің іске асырылуын қамтамасыз ету;
3) әкімшілік құқық бұзушылықтар жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайларды анықтау;
4) әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулының, ескерту немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманың орындалуын қамтамасыз ету болып табылады.
Ескерту. 737-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.737-1-бап. Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізу нысаны
Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізу Әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізілімі пайдаланыла отырып, қағаз және (немесе) электрондық нысандарда жүзеге асырылады.
Әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізілімін жүргізу тәртібін Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры айқындайды.
Ескерту. 37-тарау 737-1-баппен толықтырылды - ҚР 30.12.2019 № 300-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.737-2-бап. Электрондық нысанда жасалған процестік құжаттар
Электрондық нысанда жасалған процестік құжаттар судьяның, уәкілетті органның лауазымды адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады және іс жүргізуге қатысушыларға өздері көрсеткен пошталық немесе электрондық мекенжайға жіберу арқылы не Әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізілімін жүргізу тәртібінде көзделген өзге де тәсілдермен ұсынылады.
Процестік құжаттарды электрондық нысанда ұсынумен қатар іс жүргізуге қатысушыларға оларды қағаз жеткізгіште ұсынуға жол беріледі.
Ескерту. 37-тарау 737-2-баппен толықтырылды - ҚР 30.12.2019 № 300-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.1. Қазақстан Республикасында әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізу қазақ тілінде жүргізіледі, қазақ тілімен қатар ресми түрде орыс тілі, ал қажет болған кезде басқа да тілдер қолданылады.
2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілеттік берілген судья, органдар (лауазымды адамдар) сот ісін жүргізу тілін өзгерту қажет болған кезде әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізу тілін өзгерту туралы уәжді қаулы шығарады.
3. Iс бойынша іс жүргізіліп жатқан тілді білмейтін немесе жеткілікті білмейтін іске қатысушы адамдарға ана тілінде немесе олар білетін басқа тілде мәлімдемелер жасау, түсініктемелер мен айғақтар беру, өтінішхаттар мәлімдеуге, шағымдар жасау, іс материалдарымен танысу, оны қарау кезінде сөз сөйлеу, осы Кодексте белгіленген тәртіппен аудармашының қызметтерін тегін пайдалану құқығы түсіндіріледі және қамтамасыз етіледі.
4. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуге қатысушы адамдарға басқа тілде жазылған, заң бойынша оларға қажетті іс материалдарын іс жүргізу тіліне тегін аударып беру қамтамасыз етіледі.
5. Құқық бұзушы мен жәбірленушіге тапсырылуға жататын процестік құжаттар олардың ана тіліне немесе олар білетін тілге аударылуға тиіс.
6. Аударма бойынша шығыстар және аудармашының көрсеткен қызметтері мемлекеттік бюджет есебінен төленеді.
Ескерту. 738-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 11.06.2026 № 307-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.1. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізу кезінде пайдаланылатын мерзімдер сағаттармен, тәуліктермен, айлармен және жылдармен есептеледі.
2. Мерзімдерді есептеген кезде мерзімнің өтуі басталатын сол сағат пен тәулік есепке алынбайды. Бұл қағиданың ұстап алу кезіндегі мерзімдерді есептеуге қатысы жоқ.
3. Мерзім тәуліктермен есептелетін жағдайларды қоспағанда, мерзімді есептеген кезде оған жұмыстан тыс уақыт та кіреді.
Әкімшілік қамаққа алу мерзімін есептеу кезінде оған жұмыстан тыс уақыт та кіреді.
4. Мерзімді тәуліктермен есептеген кезде мерзім бірінші тәуліктің нөл сағатынан кейін есептеледі және мерзімнің соңғы тәулігінің жиырма төрт сағатында бітеді.
5. Мерзімді айлармен немесе жылдармен есептеген кезде мерзім соңғы айдың тиісті күнінде бітеді, ал егер бұл айда тиісті күні болмаса, мерзім осы айдың соңғы күні аяқталады. Егер мерзімнің аяқталуы жұмыс күні емес (демалыс, мереке) күнге келсе, әкімшілік ұстап алу кезінде мерзімді есептеу жағдайларын қоспағанда, онда одан кейінгі бірінші жұмыс күні мерзімнің соңғы күні деп есептеледі.
Ескерту. 739-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 30.12.2019 № 300-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.1. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуге қатысатын адамдардың, жүргізуінде осы іс жатқан судьяның, органның (лауазымды адамның) міндетті түрде қарауына жататын өтінішхатты мәлімдеуге құқығы бар.
2. Өтінішхат жазбаша түрде не электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанында мәлімделеді және дереу қаралуға жатады. Өтінішхатты дереу қарау мүмкін болмаған жағдайларда, мәлімделген кезден бастап үш тәуліктен кешіктірілмей бұл бойынша шешім қабылдануға тиіс.
3. Өтінішхатты қанағаттандыру туралы не оны қанағаттандырудан толық немесе ішінара бас тарту туралы шешім ұйғарым түрінде шығарылады, ол соттың істі қарау мерзімін кейінге қалдыруы және ұзартуы туралы өтінішхаттарды қоспағанда, өтінішхатты мәлімдеген адамның назарына жеткізіледі.
Ескерту. 740-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 31.10.2015 № 378-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.741-бап. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді болғызбайтын мән-жайлар
1. Мынадай мән-жайлардың ең болмағанда біреуі болған кезде әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді бастауға болмайды, ал басталған іс тоқтатылуға жатады:
1) әкімшілік құқық бұзушылық оқиғасының болмауы;
2) әкімшілік құқық бұзушылық құрамының болмауы,
3) әкімшілік жауаптылықты белгілейтін заңның немесе оның жекелеген ережелерінің күші жойылуы;
4) егер әкімшілік жауаптылықты белгілейтін заңды немесе оның жекелеген ережелерін немесе іс-әрекетті әкімшілік құқық бұзушылық ретінде саралау соған байланысты болатын әкімшілік құқық бұзушылық туралы осы істе қолданылуға тиіс өзге де нормативтік құқықтық актіні Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының Конституцияға сәйкес келмейді деп тануы;
5) әкімшілік жауаптылыққа тартудың ескіру мерзімдерінің өтуі;
6) әкімшілік жауаптылыққа тартылатын тұлғаға қатысты нақ сол факт бойынша судьяның, органның (лауазымды адамның) әкімшілік жаза қолдану туралы қаулысының, осы Кодекстің 811 және 897-баптарында белгіленген тәртіппен әкімшілік айыппұлдың орындалғанын (төленгенін) растайтын құжаттың не әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі тоқтату туралы күші жойылмаған қаулының болуы, сондай-ақ нақ сол факт бойынша тұлғаны күдікті деп тану туралы қаулының болуы;
7) өзіне қатысты іс бойынша іс жүргізіліп жатқан жеке тұлғаның қайтыс болуы, заңды тұлғаның таратылуы;
8) мыналар:
салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган растаған, салық төлеушінің салықтық есептілік нысандарын электрондық түрде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде ұсыну жөніндегі салықтық міндеттемені орындамауына әкеп соққан;
мұнай өнімдерінің айналымы саласындағы уәкілетті орган растаған, мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерінің айналымы жөніндегі декларацияларды, сондай-ақ ілеспе жүкқұжаттарды электрондық түрде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде ұсыну жөніндегі міндеттемелердің орындалмауына әкеп соққан;
этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру және олардың айналымы саласындағы уәкілетті орган растаған, этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру және олардың айналымы жөніндегі декларацияларды, сондай-ақ этил спирті мен алкоголь өніміне ілеспе жүкқұжаттарды электрондық түрде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде ұсыну жөніндегі міндеттемелердің орындалмауына әкеп соққан;
темекі өнімдерін өндіру және олардың айналымы саласындағы уәкілетті орган растаған, темекі өнімдерінің қалдықтары және (немесе) айналымы туралы декларацияларды, мониторингті жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтерді, сондай-ақ темекі өнімдеріне ілеспе жүкқұжаттарды электрондық түрде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде ұсыну жөніндегі міндеттемелердің орындалмауына әкеп соққан;
биоотын айналымы саласындағы уәкілетті орган растаған, биоотын айналымы жөніндегі декларацияларды, сондай-ақ ілеспе жүкқұжаттарды электрондық түрде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде ұсыну жөніндегі міндеттемелердің орындалмауына әкеп соққан, бағдарламалық қамтамасыз етуде техникалық қателер туындаған жағдайда;
8-1) кеден ісі саласындағы уәкілетті орган растаған, электрондық нысанда кедендік декларациялауға байланысты кедендік операцияларды жасау жөніндегі міндеттердің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде және тәртіппен орындалмауына әкеп соққан, электрондық нысанда декларациялау бойынша цифрлық жүйенің жұмысында қателер туындаған жағдайда;
9) Қазақстан Республикасының салық, кеден заңнамасында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінде көзделген өзге де жағдайларда;
10) алып тасталды – ҚР 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;11) әкімшілік жауаптылыққа тартылатын тұлғаның заңда белгіленген тәртіппен адам саудасына байланысты қылмыс туралы қылмыстық іс бойынша жәбірленуші деп танылуы;
12) алып тасталды – ҚР 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;13) жол-көлік оқиғасы оңайлатылып ресімделген жағдайда;
14) төтенше жағдай қолданылуының тоқтатылуы салдарынан;
15) осы Кодекстің 759-бабында көзделген тәртіппен инвесторлар тізіліміне енгізілген инвесторларға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау туралы шешімге прокурордың келісуі болмаған жағдайда;
16) рақымшылық жасау актісінің болуы.
2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізу, егер қосымша дәлелдер жинаудың барлық мүмкіндігі таусылса, осы баптың бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша әкімшілік құқық бұзушылық оқиғасының немесе әкімшілік құқық бұзушылық құрамының жоқтығы дәлелденген кезде де, сонымен бірге бар екендігі дәлелденбеген кезде де, сондай-ақ зиян келтіру құқыққа сыйымды болып табылатын не іс-әрекет осы Кодекстің 5-тарауына сәйкес әкімшілік жауаптылықты болғызбайтын мән-жайларда жасалған жағдайда тоқтатылады.
3. Осы Кодекстің 809-бабына сәйкес іс жүргізуінде іс жатқан орган (лауазымды адам) әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді болғызбайтын мән-жайларды анықтағанда іс жүргізудің кез келген сатысында істің ведомстволық бағыныстылығына қарамастан істі тоқтату туралы қаулы шығаруға міндетті.
Өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалған тұлға осы Кодекстің 743-бабында көзделген тәртіппен іс жүргізуді тоқтату және тоқтату негіздері туралы хабардар етіледі.
Ескерту. 741-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2019 № 300-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.11.2022 № 158-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі); 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 18.07.2024 № 127-VIII (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі); 10.01.2025 № 155-VIII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); 11.06.2026 № 307-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі); 01.07.2026 № 331-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.742-бап. Әкімшілік жауаптылыққа тартпауға мүмкіндік беретін мән-жайлар
Осы Кодекстің 64, 64-1-баптарында көзделген жағдайларда, сондай-ақ қылмыстық заңнамада көзделген қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болуына байланысты материал прокурорға, сотқа дейінгі іс жүргізу органына берілген жағдайда әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізу осы Кодексте көзделген тәртіппен тоқтатылуы мүмкін.
Ескерту. 742-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 21.01.2019 № 217-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.743-бап. Хабардар ету (хабарлама)
1. Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізуге қатысушыларға істің қаралатын немесе жекелеген процестік әрекеттердің жасалатын уақыты мен орны туралы хабарланады және олар хабардар ету арқылы (хабарламамен) сотқа, органға (лауазымды адамға) шақырылады.
Істің қаралатын уақыты мен орнын әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамада да көрсетуге болады.
2. Хабардар ету (хабарлама), оның тапсырылғаны туралы хабардар етуі бар тапсырыс хат, телефонограмма немесе жеделхат, ұялы байланыстың абоненттік нөмірі бойынша немесе электрондық мекенжай бойынша мәтіндік хабар не хабарламаның немесе шақырудың тіркелуін қамтамасыз ететін өзге де байланыс құралдарын пайдалану арқылы жіберіледі.
3. Егер істе көрсетілген мекенжай бойынша адам шын мәнінде тұрмаса, хабарлама немесе шақыру заңды мекенжайы бойынша немесе оның жұмыс орнына жіберілуі мүмкін. Заңды тұлғаға арналған хабардар ету (хабарлама) оның тұрған жері бойынша жіберіледі.
4. Хабардар ету (хабарлама):
1) әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманың тиісті бағанында әкімшілік жауаптылыққа тартылатын адамның қолы болған;
2) жеке өзіне немесе онымен бірге тұрып жатқан кәмелетке толған отбасы мүшелерінің біріне тапсырылғаны туралы жөнелтушіге қайтарылуға жататын хабардар етуге қол қойып тапсырылатын тапсырыс хатпен, жеделхатпен адам хабарланған жағдайларда тиісінше жеткізілді деп танылады. Заңды тұлғаға арналған хабарлама заңды тұлғаның басшысына немесе қызметкеріне тапсырылады, ол өзінің тегін, аты-жөні мен лауазымын көрсетіп, тапсырылғаны туралы хабардар ететін хабарламаны алғаны жөнінде қол қояды;
3) хабарланатын адам іс бойынша іс жүргізу процесінде көрсеткен және өзінің қол қоюымен растаған, ұялы байланыстың абоненттік нөмірі бойынша немесе электрондық мекенжай бойынша мәтіндік хабар жіберілген;
4) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен электрондық салық төлеушілер ретінде тіркелген тұлғаларға мемлекеттік кіріс органы электрондық тәсілмен хабардар етуді (хабарламаны) жіберген;
5) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері респондентке хабарламаны (хабархатты) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган мемлекеттік органдардың ақпараттық ресурстарынан немесе байланыс операторларынан алған электрондық мекенжайға немесе ұялы байланыстың абоненттік нөміріне электрондық тәсілмен жіберген жағдайларда тиісінше жеткізілді деп танылады.
4-1. Ескерту немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама мынадай жағдайларда:
1) көлік құралы меншік иесінің (иесінің) жеке өзіне немесе онымен бірге тұрып жатқан кәмелетке толған отбасы мүшелерінің біріне табыс етілгені туралы жөнелтушіге қайтарылуға жататын хабардар етуге қол қойып табыс етілетін тапсырыс хатпен жіберілген жағдайда, тиісінше жеткізілген деп танылады. Заңды тұлғаға жіберілген ескерту немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама заңды тұлғаның басшысына немесе қызметкеріне табыс етіледі, ол өзінің тегін, аты-жөні мен лауазымын көрсетіп, табыс етілгені туралы хабардар етуге нұсқаманы алғаны жөнінде қол қояды;
2) адресат ескерту немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманы алудан бас тартқан жағдайда, тиісінше жеткізілген деп танылады. Бұл ретте оны жеткізуші адам табыс етілгені туралы хабардар етуге тиісті белгі жасайды, ол нұсқамамен бірге жөнелтушіге қайтарылады;
3) лауазымды адам ескерту немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманы көлік құралы меншік иесінің (иесінің) жеке өзіне немесе онымен бірге тұрып жатқан кәмелетке толған отбасы мүшелерінің біріне қол қойғызып тікелей табыс еткен;
4) ескерту немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы өзінің атына шығарылған нұсқамалар туралы хабарламаларды алу үшін "цифрлық үкімет" веб-порталында және (немесе) құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті органның ақпараттық сервисінде көлік құралының меншік иесі (иесі) көрсеткен ұялы байланыстың абоненттік нөміріне, сондай-ақ "цифрлық үкімет" веб-порталында тіркелген ұялы байланыстың абоненттік нөміріне қысқа мәтіндік хабар жөнелте отырып, "цифрлық үкімет" веб-порталындағы пайдаланушы кабинетіне мәтіндік хабар жіберілген жағдайда, тиісінше жеткізілді деп танылады.
5. Өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізу жүзеге асырылатын адам өзі көрсеткен тұрғылықты жері (тұрған жері) мекенжайының, жұмыс орнының, ұялы байланыстың абоненттік нөмірінің, электрондық мекенжайының дұрыс екендігімен танысқанын өзінің қол қоюымен растайды, ал көрсетілген мекенжайларға жіберілген хабардар ету (хабарлама) тиісінше және жеткілікті деп есептелетін болады.
5-1. Өзіне қатысты іс қозғалған адамға, сондай-ақ іс бойынша іс жүргізудің өзге де қатысушыларына ұялы байланыстың абоненттік нөмірі бойынша мәтіндік хабарлама арқылы сотқа келу туралы хабардар етуді алуға келісімі туралы талон беріледі, шығыстар олардың өз есебінен төленеді.
Талонның үзілетін бөлігі әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманың көшірмесімен бірге беріледі.
6. Адресат хабардар етуді (хабарламаны) қабылдаудан бас тартқан кезде, оны жеткізетін немесе тапсыратын адам сотқа, органға (лауазымды адамға) қайтарылатын хабардар етуге (хабарламаға) тиісті белгі соғады.
7. Адресаттың хабардар етуді (хабарламаны) қабылдаудан бас тартуы істі қарауға немесе жекелеген процестік әрекеттерді жасауға кедергі болып табылмайды.
Ескерту. 743-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 272-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.12.2015 № 432-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 31.10.2015 № 378-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2019 № 300-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 06.02.2023 № 195-VII (01.04.2023 бастап қолданысқа енгізіледі); 17.11.2025 № 232-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 09.01.2026 № 257-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. 38-тарау. ӘКIМШIЛIК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ІСТЕР БОЙЫНША IС
ЖҮРГIЗУГЕ ҚАТЫСУШЫЛАР, ОЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МIНДЕТТЕРI
744-бап. Өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізіліп жатқан тұлға
1. Өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізіліп жатқан тұлға хаттамамен және істің басқа да материалдарымен танысуға, түсініктемелер беруге, хаттаманың мазмұны мен ресімделуі жөнінде ескертулер жасауға, дәлелдемелер ұсынуға, өтінішхаттар, оның ішінде істі кешіктірмей қарау және әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыны тез арада заңды күшіне енгізу туралы өтінішхаттар мен қарсылықтарды мәлімдеуге, қорғаушының заң көмегін пайдалануға, істі қарау кезінде ана тілінде немесе өзі білетін тілде сөйлеуге және егер іс жүргізіліп отырған тілді білмесе, аудармашы көрсеткен қызметтерді өтеусіз пайдалануға; іс бойынша іс жүргізуді қамтамасыз ету шараларының қолданылуы бойынша, нақты деректерге және мән-жайларға сәйкес келмейтін мәліметтер көрсетілген жағдайда, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы жасау кезінде заңның бұзылуына, ескерту немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамаға және іс бойынша қаулыға шағыммен жүгінуге; істегі құжаттардан үзінді көшірме жасауға және олардың көшірмелерін түсіріп алуға, сондай-ақ өзіне осы Кодексте берілген өзге де процестік құқықтарды пайдалануға құқылы.
2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізіліп жатқан тұлғаның қатысуымен қаралады. Өзіне қатысты іс бойынша іс жүргізіліп жатқан тұлғаның сотқа немесе әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға уәкілеттік берілген органның (лауазымды адамның) істі қарауына қатысуы ғылыми-техникалық құралдар пайдаланыла отырып жүзеге асырылуы мүмкін. Көрсетілген тұлға болмаған кезде, егер әкімшілік құқық бұзушылық осы Кодекстің 31-бабына сәйкес анықталған немесе автоматты режимде тіркелген немесе істің қаралатын орны мен уақыты туралы оған тиісінше хабарланғаны туралы деректер болған және егер одан істі қарауды кейінге қалдыру туралы өтінішхат келіп түспеген жағдайларда ғана, іс қаралуы мүмкін.
3. Он сегіз жасқа толмаған адам жасаған не жасалуы әкімшілік қамаққа алу, қоғамдық жұмыстарға тарту, сондай-ақ шетел азаматын не азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарып жіберу немесе адамға берілген арнайы құқықтан (көлік құралдарын басқару құқығын қоспағанда) айыру түріндегі әкімшілік жазаға әкеп соғатын әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарау кезінде әкімшілік жауаптылыққа тартылатын адамның қатысуы міндетті.
4. Осы баптың үшінші бөлігінде аталған тұлғалар жүргізуінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жатқан әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарайтын судьяның, органның (лауазымды адамның) шақыруы бойынша келуден жалтарған жағдайда, бұл адамға күштеп әкелу қолданылуы мүмкін.
Соттың күштеп әкелу туралы ұйғарымын – сот приставы немесе ішкі істер органы; әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарайтын органның (лауазымды адамның) ұйғарымын ішкі істер органы (полиция) орындайды.
5. Өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізіліп жатқан кәмелетке толмаған адам, талқылануы оған теріс әсер етуі мүмкін істің мән-жайларын қарау кезінде шығарыла тұруы мүмкін.
Ескерту. 744-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2019 № 300-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.01.2025 № 155-VIII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 09.01.2026 № 257-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.1. Әкімшілік құқық бұзушылықтан дене жарақатын алған, мүліктік немесе моральдық зиян келтірілген жеке немесе заңды тұлға жәбірленуші болып табылады.
2. Жәбірленуші істің барлық материалымен танысуға, түсініктемелер беруге, дәлелдемелер ұсынуға, өтінішхаттар, оның ішінде істі сотта кешіктірмей қарау және әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыны тез арада заңды күшіне енгізу туралы өтінішхаттар мен қарсылықтарды мәлімдеуге, өкіл ұстауға, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаға және әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыға шағым жасауға, өзіне осы Кодексте берілген өзге де процестік құқықтарды пайдалануға құқылы.
3. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жәбірленушінің қатысуымен қаралады. Жәбірленушінің сотқа қатысуы ғылыми-техникалық құралдар пайдаланыла отырып жүзеге асырылуы мүмкін. Істің қаралатын орны мен уақыты туралы оған тиісінше хабарланғаны туралы деректер болған және егер одан істі қарауды кейінге қалдыру туралы өтінішхат келіп түспеген жағдайларда ғана, іс өзі болмаған кезде қаралуы мүмкін.
4. Жәбірленушіден осы Кодекстің 754-бабында көзделген тәртіппен куә ретінде жауап алынуы мүмкін. Егер жәбірленуші заңды тұлға болып табылса, куә ретінде оның өкілінен жауап алынуы мүмкін.
Ескерту. 745-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 30.12.2019 № 300-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.746-бап. Жеке тұлғаның заңды өкілдері
1. Кәмелетке толмағандар немесе өзінің дене бітімі немесе психикалық жағдайы бойынша өз құқықтарын өз бетінше жүзеге асыру мүмкіндігінен айырылғандар болып табылатын, өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізіліп жатқан жеке тұлғаның немесе жәбірленушінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды олардың заңды өкілдері жүзеге асырады.
2. Ата-анасы, асырап алушылары, қорғаншылары, қамқоршылары және қамқоршысы немесе асыраушысы болып отырған өзге де адамдар жеке тұлғаның заңды өкілдері деп танылады.
3. Жеке тұлғаның заңды өкілдері болып табылатын адамдардың туыстық байланыстары немесе тиісті өкілеттіктері Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген құжаттармен куәландырылады.
4. Өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізіліп жатқан жеке тұлғаның заңды өкілі әкімшілік жауаптылыққа тартылатын тұлғаны әкімшілік ұстап алған немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалған кезден бастап іске қатысуға жіберіледі.
5. Өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізіліп жатқан жеке тұлғаның және жәбірленушінің заңды өкілдерінің өздері өкілі болып отырған тұлғаларға қатысты осы Кодексте көзделген құқықтары болады және міндеттерді алады.
6. Он сегіз жасқа толмаған адам жасаған әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарау кезінде оның заңды өкілінің қатысуы міндетті. Кәмелетке толмаған адамның заңды өкілі келуден жалтарған жағдайда, оған ішкі істер органы (полиция) жүзеге асыратын күштеп әкелу қолданылуы мүмкін.
747-бап. Дара кәсіпкердің, заңды тұлғаның өкілдері
Ескерту. 747-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізіліп жатқан немесе жәбірленуші болып табылатын заңды тұлғаның құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды оның өкілдері жүзеге асырады.
2. Заңды тұлғаның атқарушы органының басшысы заңды тұлғаның заңды өкілі болып табылады, ол заңды тұлғаның атынан әрекет етеді. Заңды тұлғаның заңды өкілінің өкілеттіктері оның қызметтік жағдайын куәландыратын құжаттармен расталады.
Заңды тұлғаның мүдделерін білдіретін өзге де адамдар тапсырма бойынша өкілдер болып табылады, олардың өкілеттіктері заңды тұлғаның атқарушы органы заңды тұлғаның атынан беретін және атқарушы органның басшысы қол қоятын сенімхатта айқындалады.
3. Өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізіліп жатқан заңды тұлға және жәбірленуші өкілдерінің өздері өкіл болып отырған тұлғаларға қатысты осы Кодексте көзделген құқықтары болады және міндеттерді алады.
4. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізіліп жатқан заңды тұлға өкілінің қатысуымен қаралады. Аталған тұлғаға істің қаралатын орны мен уақыты тиісінше хабарланғаны туралы деректер болған, егер одан істі қарауды кейінге қалдыру туралы өтінішхат келіп түспеген жағдайларда ғана, іс оның өзі болмаған кезде қаралуы мүмкін.
5. Жасалуы әкімшілік құқық бұзушылықты жасау құралы не нысанасы болған затты тәркілеу не әкімшілік құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған кірістерді (дивидендтерді), ақшаны және бағалы қағаздарды тәркілеу түріндегі әкімшілік жазаға әкеп соғатын әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарау кезінде әкімшілік жауаптылыққа тартылатын заңды тұлға өкілінің қатысуы міндетті.
6. Заңды тұлғаның өкілі жүргізуінде іс жатқан судьяның, органның (лауазымды адамның) шақыруы бойынша келуден жалтарған жағдайда, аталған адамға жүргізуінде іс жатқан судьяның, органның (лауазымды адамның) ұйғарымы негізінде ішкі істер (полиция), ұлттық қауіпсіздік органдары және экономикалық тергеп-тексеру қызметі күштеп әкелуді қолдануы мүмкін.
7. Дара кәсіпкердің өкілдері осы Кодексте көзделген шектерде заңды тұлғаның өкілдері сияқты дәл сондай процессуалдық құқықтар мен міндеттерге ие болады.
Ескерту. 747-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 06.04.2016 № 484-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.06.2026 № 312-VIIІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.1. Қорғаушы – әкімшілік жауаптылыққа тартылатын тұлғаның құқықтары мен мүдделерін заңда белгіленген тәртіппен қорғауды жүзеге асыратын және оған заң көмегін көрсететін адам.
2. Қорғаушылар ретінде адвокаттар, заң консультанттары қатысады. Қорғаушылар ретінде адвокаттармен, заң консультанттарымен бірге әкімшілік жауаптылыққа тартылатын адамның жұбайы (зайыбы), жақын туыстары немесе заңды өкілдері жіберіледі. Егер заңнамада айқындалатын тәртіппен өзара негізде Қазақстан Республикасының тиісті мемлекетпен жасаған халықаралық шартында көзделсе, шетелдік адвокаттар іске қорғаушылар ретінде қатысуға жіберіледі.
3. Қорғаушы іске қатысуға әкімшілік жауаптылыққа тартылатын тұлғаны әкімшілік ұстап алған, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалған кезден бастап, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізудің кез келген сатысында жіберіледі.
4. Егер бірінің мүдделері екіншісінің мүдделеріне қайшы келсе, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізудің екі қатысушысына нақ сол бір адам қорғаушы бола алмайды.
5. Адвокат және заң консультанты, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қорғаушы ретінде қатысудан бас тартуға құқылы емес.
Ескерту. 748-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.749-бап. Қорғаушының міндетті түрде қатысуы
1. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуге мынадай жағдайларда, егер:
1) әкімшілік жауаптылыққа тартылатын адам бұл жөнінде өтінішхат жасаса;
2) әкімшілік жауаптылыққа тартылатын адам дене немесе психикалық кемістіктеріне орай өзін қорғау құқығын өз бетінше жүзеге асыра алмайтын болса;
3) әкімшілік жауаптылыққа тартылатын адам іс жүргізіліп жатқан тілді білмесе;
4) әкімшілік жауаптылыққа тартылатын адам кәмелетке толмаған адам болып табылса, қорғаушының қатысуы міндетті.
2. Егер осы баптың бірінші бөлігінде көзделген мән-жайлар болған кезде қорғаушыны әкімшілік жауаптылыққа тартылатын адамның өзі, оның заңды өкілдері, сондай-ақ оның тапсыруымен басқа да адамдар шақырмаса, судья, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілеттік берілген орган (лауазымды адам) іс жүргізудің тиісті сатысында қорғаушының қатысуын қамтамасыз етуге міндетті, олар бұл туралы қаулы шығарады. Қаулы астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың адвокаттар алқасына немесе оның құрылымдық бөлімшелеріне орындау үшін жіберіледі және оны алған кезден бастап жиырма төрт сағаттан аспайтын мерзімде орындалуға жатады.
750-бап. Қорғаушыны шақыру, тағайындау, ауыстыру, оның еңбегіне ақы төлеу
1. Қорғаушыны өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізіліп жатқан тұлға, оның өкілдері, сондай-ақ өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізіліп жатқан тұлғаның тапсыруымен немесе келісімімен басқа да адамдар шақырады. Өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізіліп жатқан тұлға қорғау үшін бірнеше қорғаушы шақыруға құқылы.
2. Өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізіліп жатқан тұлғаның өтінуі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілеттік берілген судья, орган (лауазымды адам) қорғаушының қатысуын қамтамасыз етеді.
3. Таңдап алынған немесе тағайындалған қорғаушының жиырма төрт сағат ішінде қатысуы мүмкін болмаған жағдайларда, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілеттік берілген судья, орган (лауазымды адам) өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізіліп жатқан адамға басқа қорғаушы шақыруды ұсынуға немесе адвокаттар алқасы немесе оның құрылымдық бөлімшелері арқылы қорғаушы тағайындауға шаралар қолдануға құқылы. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілеттік берілген судья, орган (лауазымды адам) өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізіліп жатқан тұлғаға қорғаушы ретінде белгілі бір адамды шақыруға ұсыным жасауға құқылы емес.
4. Әкімшілік ұстап алу жағдайында, егер өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізіліп жатқан тұлға таңдап алған қорғаушының үш сағат ішінде келуі мүмкін болмаса, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілеттік берілген судья, орган (лауазымды адам) өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізіліп жатқан тұлғаға басқа қорғаушы шақыруды ұсынады, ал бас тартылған жағдайда адвокаттар алқасы немесе оның құрылымдық бөлімшелері арқылы қорғаушыны тағайындауға шаралар қолданады.
5. Адвокаттың, заң консультантының еңбегіне ақы төлеу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізіледі. Судья, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілеттік берілген орган (лауазымды адам) оған негіздер болған кезде өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізіліп жатқан тұлғаны заң көмегіне ақы төлеуден босатуға міндетті. Бұл жағдайда еңбекке ақы төлеу бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.
6. Осы Кодекстің 749-бабының екінші бөлігінде көзделген, адвокат, заң консультанты жеке тұлғаға қатысты жүргізілетін іс бойынша іс жүргізуге тағайындау бойынша қатысқан жағдайда да адвокаттардың, заң консультанттарының еңбегіне ақы төлеу бойынша шығыстар бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.
7. Адвокат өзінің адвокат куәлігін және қорғау (өкілдік ету) туралы жазбаша хабарламаны көрсеткен кезде, заң консультанты куәлігін немесе тізілімнен үзінді көшірмені және өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалған адамның жазбаша келісімін көрсеткен кезде әкімшілік құқық бұзушылық туралы іске қорғаушы ретінде кіріседі. Адвокаттың, заң консультантының нақты істі жүргізуге өкілеттіктерін растайтын өзге құжаттарды талап етуге тыйым салынады. Осы Кодекстің 748-бабының екінші бөлігінде көрсетілген басқа да адамдар өздерінің іске қорғаушы ретінде қатысу құқығын растайтын құжаттарды (неке туралы куәлікті, сондай-ақ осы Кодекстің 746-бабының үшінші бөлігінде және 747-бабының үшінші бөлігінде көрсетілген құжаттарды) ұсынады.
Ескерту. 750-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 05.07.2018 № 177-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.751-бап. Қорғаушыдан бас тарту
1. Өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізіліп жатқан тұлға іс бойынша іс жүргізудің кез келген кезінде қорғаушыдан бас тартуға құқылы, бұл оның өзін қорғауды өз бетінше жүзеге асыру ниетін білдіреді. Заң көмегіне ақы төлеуге қаражаты жоқтығын уәж етіп қорғаушыдан бас тарту қабылданбайды. Бас тарту жазбаша нысанда ресімделеді.
2. Қорғаушыдан бас тарту өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізіліп жатқан тұлғаның бұдан былай қорғаушыны іске қатысуға жіберу туралы өтінішхат жасау құқығынан айырмайды. Қорғаушының іске кірісуі сол уақытқа дейін әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарау барысында жасалған әрекеттерді қайталауға әкеп соқпайды.
752-бап. Қорғаушының өкілеттіктері
1. Қорғаушы: істің барлық материалдарымен танысуға; істі қарауға қатысуға; дәлелдемелер ұсынуға; өтінішхаттарды және қарсылықтарды мәлімдеуге; судьяның, істі қарауға уәкілеттік берілген органның (лауазымды адамның) рұқсатымен істі қарау процесінде жауап алынатын адамдарға сұрақтар қоюға; іс бойынша іс жүргізуді қамтамасыз ету шараларын қолдануға және іс бойынша қаулыға шағым жасауға; өзіне заңмен берілген өзге де құқықтарды пайдалануға құқылы.
2. Қорғаушы: қорғалушының мүдделеріне қарсы қандай да бір әрекеттер жасауға және оған тиесілі құқықтарын жүзеге асыруына кедергі келтіруге; қорғалушының ұстанымына қарамастан, оның әкімшілік құқық бұзушылыққа қатыстылығын және оны жасауға кінәлілігін тануға, қорғалушының жәбірленушімен татуласқандығы туралы мәлімдеуге; қорғалушының берген шағымдары мен өтінішхаттарын қайтарып алуға; заң көмегін сұрау мен оның жүзеге асырылуына байланысты өзіне белгілі болған мәліметтерді жария етуге құқылы емес.
1. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша істі жүргізу кезінде жәбірленушінің заңды мүдделерін білдіруге заң бойынша құқығы бар адамдар, сондай-ақ заң консультанты мәртебесі бар адамдар жәбірленушінің өкілдері бола алады.
1-1. Кәмелетке толмаған немесе өзінің дене немесе психикалық жағдайы бойынша өз құқықтары мен заңды мүдделерін өз бетінше қорғау мүмкіндігінен айырылған жәбірленушілердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін іске міндетті түрде қатысуға олардың заңды өкілдері мен өкілдері тартылады.
2. Жәбірленуші өкілдерінің өздері өкіл болып отырған жеке және заңды тұлғалармен осы Кодексте көзделген шекте процестік құқықтары бірдей болады.
3. Өкілдің өзі өкілі болып отырған тұлғаның мүдделеріне қарамастан қандай да бір әрекеттер жасауға құқығы жоқ.
4. Жәбірленушінің іске жеке қатысуы оны осы іс бойынша өкіл алу құқығынан айырмайды.
Ескерту. 753-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.1. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша, егер заңда өзгеше көзделмесе, осы іс үшін маңызы бар мән-жайлар өзіне мәлім болуы мүмкін кез келген адам куә ретінде шақырылуы мүмкін.
2. Куә: өзіне, жұбайына (зайыбына) немесе жақын туыстарына қарсы айғақтар беруден бас тартуға; өз айғақтарының тиісті хаттамаға енгізілуінің дұрыстығы жөнінде мәлімдемелер және ескертулер жасауға; істі қарау кезінде ана тілінде сөз сөйлеуге; аудармашының көмегін тегін пайдалануға құқылы.
3. Куә жүргізуінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жатқан судьяның, органның (лауазымды адамның) шақыруы бойынша келуге, өзіне іс бойынша мәлім мән-жайдың бәрін шынайы түрде хабарлауға және қойылған сұрақтарға жауап беруге, өзі берген айғақтардың тиісті хаттамаға енгізілуінің дұрыстығын өзі қол қойып куәландыруға міндетті.
4. Куәға әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілеттік берілген органға (лауазымды адамға) айғақтар беруден жалтарғаны немесе одан бас тартқаны, көрінеу жалған айғақтар бергені үшін әкімшілік жауаптылық туралы және сотта осы іс-әрекеттерді жасағаны үшін қылмыстық жауаптылық туралы ескертіледі.
5. Куә жүргізуінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жатқан судьяның, органның (лауазымды адамның) шақыруы бойынша келуден жалтарған жағдайда судьяның, органның (лауазымды адамның) ұйғарымы негізінде ішкі істер органы (полиция) оны күштеп әкелуі мүмкін.
6. Он төрт жасқа толмаған, кәмелетке толмаған куәға сауал қою кезінде педагогтің немесе психологтің қатысуы міндетті. Қажет болған жағдайда сауал қою осындай куәның заңды өкілінің қатысуымен жүргізіледі.
1. Осы Кодексте көзделген жағдайларда, істің қорытындысына мүдделі емес, өзі қатысып тұрған кездегі әрекеттерді толық және дұрыс ұғынуға қабілетті кәмелетке толған адам куәгер ретінде тартылады.
2. Куәгердің әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуге қатысуы жеке басын тексеріп-қарау, көлік құралын, заттарды тексеріп қарау, жеке тұлғада болған құжаттар мен заттарды алып қою, заңды тұлғаға тиесілі аумақтарды, үй-жайлар мен мүлікті қарап-тексеру, заңды тұлғаға тиесілі құжаттар мен мүлікті алып қою туралы хаттамаларда көрсетіледі.
3. Куәгер жүргізуінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жатқан лауазымды адамның шақыруы бойынша келуге, осы іс бойынша іс жүргізуге қатысуға және өзінің қатысуымен жүргізілген әрекеттерді жүзеге асырылу фактісін, олардың мазмұны мен нәтижелерін тиісті хаттамаға өзі қол қойып куәландыруға міндетті.
4. Куәгердің жүргізіліп отырған әрекеттер жөнінде хаттамаға енгізілуге жататын мәлімдемелер мен ескертулер жасауға құқығы бар.
5. Қажет болған жағдайда куәгерден осы Кодекстің 754-бабында көзделген тәртіппен куә ретінде жауап алынуы мүмкін.
1. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуге қатысу үшін маман ретінде дәлелдемелерді жинауға, зерттеуге және бағалауға, сондай-ақ техникалық құралдарды қолдануға жәрдем көрсету үшін қажетті арнаулы білімі мен дағдысы бар, істің қорытындысына мүдделі емес кез келген кәмелетке толған адам тағайындалуы мүмкін.
2. Маман: өзінің шақырылу мақсатын білуге; егер тиісті арнаулы білімі мен дағдылары болмаса, іс бойынша іс жүргізуге қатысудан бас тартуға; өзінің қатысуымен жасалатын процестік әрекетке қатысты іс материалдарымен танысуға; жүргізуінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жатқан судьяның, органның (лауазымды адамның) рұқсатымен процестік әрекетке қатысушыларға сұрақтар қоюға; салыстырма зерттеулерді қоспағанда, хаттамада не процестік әрекет хаттамасының бір бөлігі болып табылатын ресми құжатта барысы мен нәтижелерін көрсете отырып, процестік әрекет шеңберінде іс материалдарына зерттеу жүргізуге; өзі қатысқан процестік әрекет хаттамасымен танысуға және өзінің қатысуымен жүргізілген әрекеттердің барысы мен нәтижелерінің тіркелуде толық және дұрыс көрсетілуіне қатысты хаттамаға енгізілуге тиісті мәлімдемелер мен ескертулер жасауға құқылы.
3. Маман: әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді жүзеге асыратын судьяның, органның (лауазымды адамның) шақыруы бойынша келуге; арнаулы білімін, дағдысын және ғылыми-техникалық құралдарды пайдалана отырып, процестік әрекетке қатысуға; өзі жасаған әрекеттер бойынша түсінік беруге; көрсетілген әрекеттердің жасалу фактісін, олардың мазмұны мен нәтижелерін өзі қол қойып куәландыруға міндетті.
1. Арнаулы ғылыми білімі бар, іске мүдделі емес адам сарапшы ретінде шақырылуы мүмкін. Сот сараптамасын жүргізу:
1) сот сараптамасы органдарының қызметкерлеріне;
2) лицензия негізінде сот-сараптама қызметімен айналысатын жеке тұлғаларға;
3) заң талаптарына сәйкес біржолғы тәртіппен өзге де тұлғаларға тапсырылуы мүмкін.
2. Сарапшы: сараптама нысанасына қатысты іс материалдарымен танысуға; қорытынды беру үшін қажетті қосымша материалдарды өзіне беру туралы өтінішхаттарды мәлімдеуге, жүргізуінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жатқан органның (лауазымды адамның) рұқсатымен процестік әрекеттерді жүргізуге қатысуға және оларға қатысатын тұлғаларға сараптама нысанасына қатысты сұрақтар қоюға; өзі қатысқан процестік әрекеттің хаттамасымен танысуға және өзінің әрекеттері мен айғақтарының толық және дұрыс көрсетілуіне қатысты хаттамаларға енгізілуге тиісті ескертулер жасауға; сот сараптамасын тағайындаған судьяның, органның (лауазымды адамның) келісуі бойынша сот-сараптамалық зерттеу барысында анықталған, іс үшін маңызы бар, сот сараптамасын тағайындау туралы ұйғарымда қамтылған мәселелердің шегінен тыс мән-жайлар бойынша өз құзыреті шегінде қорытынды беруге; ана тілінде немесе өзі білетін тілде қорытынды ұсынуға және айғақтар беруге; аудармашының тегін көмегін пайдалануға; аудармашыдан бас тартуды мәлімдеуге; сараптама жүргізу кезінде өзінің құқықтарына нұқсан келтіретін соттың және іс бойынша іс жүргізуге қатысатын өзге де тұлғалардың шешімдері мен әрекеттеріне шағым жасауға; сараптама жүргізу кезінде шеккен шығыстарға өтем және егер сот сараптамасын жүргізу өзінің лауазымдық міндеттерінің шеңберіне кірмейтін болса, орындаған жұмысы үшін сыйақы алуға құқылы.
3. Сарапшы: іс бойынша іс жүргізуді жүзеге асыратын органды хабардар етпей, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуге қатысушылармен сараптама жүргізуге байланысты мәселелер бойынша келіссөздер жүргізуге; зерттеу үшін материалдарды өз бетінше жинауға; егер сараптама тағайындаған органның бұған арнайы рұқсаты болмаса, объектілерді толық немесе ішінара жоюға не олардың сыртқы түрін немесе негізгі қасиеттерін өзгертуге әкеп соғуы мүмкін зерттеулер жүргізуге құқылы емес.
4. Сарапшы: жүргізуінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жатқан судьяның, органның (лауазымды адамның) шақыруы бойынша келуге; өзіне ұсынылған объектілерге жан-жақты, толық және объективті зерттеу жүргізуге, өзінің алдына қойылған мәселелер бойынша негізделген жазбаша қорытынды беруге; осы Кодекстің 772-бабының он үшінші бөлігінде көзделген жағдайларда, қорытынды беруден бас тартуға және қорытынды берудің мүмкін еместігі туралы дәлелді жазбаша хабарлама жасауға және оны сот сараптамасын тағайындаған органға (лауазымды адамға) жіберуге; жүргізілген зерттеуге және берілген қорытындыға байланысты мәселелер бойынша айғақтар беруге; зерттеліп жатқан объектілердің сақталуын қамтамасыз етуге; істің мән-жайлары туралы мәліметтерді және сараптама жүргізуге байланысты өзіне белгілі болған өзге де мәліметтерді жария етпеуге міндетті.
5. Сарапшы көрінеу жалған қорытынды бергені үшін осы Кодексте көзделген жауаптылықта болады.
6. Сот сараптамасы органының қызметкері болып табылатын сарапшы өз қызметінің сипатына қарай оның құқықтарымен және міндеттерімен танысты және сотта көрінеу жалған қорытынды бергені үшін осы Кодексте көзделген жауаптылық туралы ескертілді деп есептеледі.
Ескерту. 757-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 10.02.2017 № 45-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).1. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізу кезінде аударма үшін қажет болатын тілдерді білетін (мылқаудың немесе саңыраудың белгілерін түсінетін), істің қорытындысына мүдделі емес кез келген кәмелетке толған адам аудармашы ретінде тағайындалады.
2. Жүргізуінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жатқан судья, орган (лауазымды адам) аудармашыны тағайындайды.
3. Аудармашы: егер аударма үшін қажетті білімі болмаса, іс бойынша іс жүргізуге қатысудан бас тартуға; аударманы жүзеге асыру кезінде аударманы нақтылау үшін қатысушы адамдарға сұрақтар қоюға; өзі жүргізілуіне қатысқан процестік әрекеттің хаттамасымен танысуға және аударманың толық және дұрыс көрсетілуіне қатысты хаттамаға енгізілуге тиісті ескертулер жасауға құқылы.
4. Аудармашы: жүргізуінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жатқан судьяның, органның (лауазымды адамның) шақыруы бойынша келуге және өзіне тапсырылған аударманы толық және дәлме-дәл жасауға; аударманың дұрыстығын тиісті хаттамада өзі қол қойып куәландыруға міндетті.
5. Аудармашыға әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға уәкілеттік берілген орган (лауазымды адам) әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарау кезінде көрінеу жалған аударма жасағаны үшін әкімшілік жауаптылық туралы және сотта осы іс-әрекетті жасағаны үшін қылмыстық жауаптылық туралы ескертеді.
6. Осы баптың қағидалары мылқаудың немесе саңыраудың белгілерін түсінетін, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іске қатысуға тартылған адамға қолданылады.
1. Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізу процесінде заңдылықтың сақталуын жоғары қадағалауды мемлекет атынан, инвесторлар тізіліміне енгізілген инвесторларға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау туралы шешімдерді келісуді не келісуден бас тартуды тікелей де, өзіне бағынысты прокурорлар арқылы да Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры жүзеге асырады.
Прокурор өз өкілеттіктерін жүзеге асырған кезде тәуелсіз болады және заңға ғана бағынады.
2. Прокурор осы Кодексте көзделген өз өкілеттіктерін іске асыру мақсатында: инвесторлар тізіліміне енгізілген инвесторларға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау туралы шешімдерді келісуге не оларды келісуден бас тартуға; әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізуге қатысуға; дәлелдемелерді ұсынуға және оларды зерттеуге қатысуға; істі қарап жатқан сотқа, органға (лауазымды адамға) өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізіліп отырған тұлғаның кінәлілігі туралы, сондай-ақ істі қарау процесінде туындайтын басқа да мәселелер жөнінде өз пікірін білдіруге; істі қарап жатқан сотқа, органға (лауазымды адамға) заңның ережелерін қолдану және әкімшілік жаза қолдану не одан босату туралы ұсыныс айтуға құқылы.
3. Прокурор кәмелетке толмаған адам жасаған әкімшілік құқық бұзушылық, сондай-ақ әкімшілік қамаққа алуға, шетел азаматын немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарып жіберуге алып келетін құқық бұзушылық туралы істің қаралатын орны мен уақыты туралы міндетті түрде хабардар етіледі. Ол болмағанда, істің қаралатын орны мен уақыты туралы прокурорға уақтылы хабарланғаны туралы деректер болған және егер одан істі қарауды кейінге қалдыру туралы өтінішхат келіп түспеген жағдайларда ғана, мұндай іс қаралуы мүмкін.
4. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау үшін негіздердің бар-жоғын растайтын материалдары бар, инвесторлар тізіліміне енгізілген инвесторларға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау туралы шешім әкімшілік құқық бұзушылық жасау фактісі анықталған кезден бастап бір жұмыс күні ішінде прокурорға жіберіледі.
Прокурордың осы бөлікте көрсетілген шешімді келісуі не келісуден бас тартуы Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры айқындаған тәртіппен, әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізілімінің цифрлық жүйесі пайдаланыла отырып жүзеге асырылады.
5. Прокурор инвесторлар тізіліміне енгізілген инвесторларға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау туралы шешімді үш жұмыс күні ішінде келіседі не оны келісуден бас тартады және осындай шешімді шығарған адамға қайтарады.
Инвесторлар тізіліміне енгізілген инвесторларға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау туралы шешім прокурормен келісілген жағдайда, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы жасауға уәкілеттік берілген адам бұл туралы инвесторды хабардар етеді.
Қосымша материалдарды талап ету және зерделеу қажет болған жағдайда, прокурор инвесторлар тізіліміне енгізілген инвесторларға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау туралы шешімді он жұмыс күні ішінде келіседі не оны келісуден бас тартады.
Прокурордың инвесторлар тізіліміне енгізілген инвесторларға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау туралы шешімді келісуден бас тартуына жоғары тұрған прокурорға шағым жасалуы мүмкін, ол Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры айқындаған тәртіппен шағымды бес жұмыс күні ішінде қарайды.
Ескерту. 759-бап жаңа редакцияда – ҚР 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.759-1-бап. Сот отырысының хатшысы
1. Соттың сот отырысының хаттамасын жүргізетін, сондай-ақ сот отырысының дыбыс-, бейнежазбасын қамтамасыз ететін, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша мүдделі емес мемлекеттік қызметші сот отырысының хатшысы болады.
2.Сот отырысының хатшысы:
1) өзіне хаттама жасауды қамтамасыз ету қажет барлық уақытта сот отырысының залында болуға және төрағалық етушінің рұқсатынсыз сот отырысын тастап кетпеуге;
2) хаттамада соттың әрекеттері мен шешімдерін, сот отырысына қатысатын барлық тұлғалардың өтінішхаттарын, қарсылықтарын, айғақтарын, түсініктемелерін, сондай-ақ сот отырысының хаттамасында көрсетілуге жататын басқа да мән-жайларды толық және дұрыс жазуға;
3) сот отырысының хаттамасын жасауға;
4) жабық сот отырысына қатысуына байланысты белгілі болған мән-жайлар туралы мәліметтерді жария етпеуге;
5) төрағалық етушінің заңды өкімдеріне бағынуға міндетті.
3. Сот отырысының хатшысы сот отырысы хаттамасының толықтығы мен дұрыстығына жеке жауаптылықта болады.
4. Сот отырысының хаттамасына анық емес не шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтер енгізілген жағдайда, хатшы заңда көзделген жауаптылықта болады.
Ескерту. 38-тарау 759-1-тармақпен толықтырылды - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.760-бап. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуде прокурордың заңдылықты қамтамасыз ету жөніндегі өкілеттіктері
1. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуді тексеру, қаулылардың және өзге де актілердің заңдылығын бағалау нәтижелері бойынша прокурор:
1) сотқа, органға (лауазымды адамға) әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыға немесе ескерту немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамаға наразылық енгізуге;
2) уәкілетті лауазымды адамдар мен органдарға (соттан басқа) қосымша тексеру жүргізу туралы жазбаша нұсқаулар беруге;
3) уәкілетті органдардан өздерінің бақылауындағы немесе өздеріне ведомстволық бағынысты ұйымдарда тексеру жүргізуді талап етуге;
4) заңда белгіленген жағдайларда әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуді тоқтатуға;
5) әкімшілік жаза туралы қаулының немесе ескерту немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманың орындалуын тоқтата тұруға;
6) әкімшілік ұстап алуға заңсыз тартылған адамды босату туралы қаулы шығаруға;
7) жеке, заңды тұлғалардың және мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделері бұзылатын жағдайларда, мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары өздерінің міндеттерін орындауға байланысты қолданған тыйым салу немесе шектеу сипатындағы кез келген шаралардың алып тасталуы туралы қаулы шығаруға немесе талап келтіруге;
8) әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді қозғау туралы қаулы шығаруға құқылы.
2. Прокурордың осы баптың бірінші бөлігінің 6) және 7) тармақшаларында көрсетілген актілері дереу орындалуға жатады. Прокурордың көрсетілген актілерінің орындалуын кідіртуге кінәлі лауазымды адамдар заңда белгіленген жауаптылықта болады.
Ескерту. 760-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 11.07.2017 № 91-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.761-бап. Процестік міндеттерді орындамағаны үшін жауаптылық
1. Куәнің, маманның, сарапшының және аудармашының осы Кодекстің 754, 756, 757, 758-баптарында көзделген процестік міндеттерді орындамауы осы Кодекстің 658, 659, 661-баптарында белгіленген әкімшілік жауаптылыққа әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген әрекеттер жасалған жағдайда, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі, іс бойынша қаулыға шағымды, прокурордың апелляциялық өтінішхатын, наразылығын қарау кезінде іс бойынша қаулыға шағымды, прокурордың апелляциялық өтінішхатын, наразылығын қарау хаттамаларында тиісті жазба жасалады.
Ескерту. 761-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 11.07.2017 № 91-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).762-бап. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуге қатысу мүмкіндігін болғызбайтын мән-жайлар
1. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуге қорғаушы және өкіл ретінде қатысуға бұзылуы осы істі қозғау үшін негіз болған қағидалардың сақталуына қадағалауды және бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың қызметкерлері болып табылатын адамдар немесе олар бұрын осы іс бойынша іс жүргізуге өзге қатысушылар ретінде әрекет етсе, жіберілмейді.
2. Сот отырысының хатшысы, сот приставы, сарапшы мен аудармашы, егер: олар әкімшілік жауаптылыққа тартылып жатқан адаммен, жәбірленушімен, олардың өкілдерімен, қорғаушымен, өкілмен, іс жүргізуінде осы іс жатқан прокурормен, судьямен, лауазымды адаммен туыстық қатынастарда болса не олар бұрын осы іс бойынша істі жүргізуге өзге де қатысушылар ретінде әрекет етсе, олардың біліксіз екені анықталса, сол сияқты бұл адамдарды осы іске тікелей немесе жанама түрде мүдделі деп есептеуге негіздер болса, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуге қатысуға жіберілмейді.
3. Адамның іске сарапшы ретінде алдыңғы қатысуы, оның қатысуымен жүргізілген сараптамадан кейін сараптама қайта тағайындалатын жағдайларда, оған сараптама жүргізуді тапсыруды болғызбайтын мән-жай болып табылады.
Ескерту. 762-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.763-бап. Iс бойынша іс жүргізуге қатысуына жол берілмейтін тұлғаларға қарсылық білдіру
1. Қорғаушының, өкілдің, прокурордың, сарапшының және аудармашының әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуге қатысу мүмкіндігін болғызбайтын, осы Кодекстің 762-бабында көзделген мән-жайлар болған кезде аталған тұлғалар қарсылық білдіруге жатады.
2. Өздігінен бас тарту немесе қарсылық білдіру туралы арыз жүргізуінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жатқан судьяға, органға (лауазымды адамға) беріледі.
3. Өздігінен бас тарту немесе қарсылық білдіру туралы арыз берілген күнінен бастап үш тәулік ішінде қаралады.
4. Судья, орган (лауазымды адам) өздігінен бас тарту немесе қарсылық білдіру туралы арызды қарап, арызды қанағаттандыру не оны қанағаттандырудан бас тарту туралы ұйғарым шығарады.
764-бап. Жәбірленушіге, куәға, сарапшыға, маманға, аудармашыға немесе куәгерге шығыстарды өтеу
1. Жәбірленушінің, куәнің, сарапшының, маманның, аудармашының және куәгердің жүргізуінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жатқан сотқа, органға (лауазымды адамға) келуіне байланысты шеккен шығыстары, оның ішінде аталған адамдардың тұрғылықты немесе жүрген жерінен іс бойынша іс жүргізіліп жатқан жерге бару және кері қайту жолақысының құны, ал бұл басқа жерде болуына байланысты жағдайларда – тұрғын үй-жайды жалдау, сондай-ақ тәуліктік шығын құны оларға азаматтық процестік заңнамада белгіленген тәртіппен өтеледі.
2. Жәбірленуші, куә, сарапшы, маман, аудармашы және куәгер ретінде шақырылатын адамның, жүргізуінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жатқан сотқа, органға (лауазымды адамға) келуіне байланысты олар жұмыс орнында болмаған кезде орташа табысы белгіленген тәртіппен сақталады.
3. Сарапшының, маман мен аудармашының еңбегіне заңнамада белгіленген тәртіппен ақы төленеді.
39-тарау. ДӘЛЕЛДЕМЕЛЕР ЖӘНЕ ДӘЛЕЛДЕУ
1. Жүргізуінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жатқан судьяның немесе органның (лауазымды адамның) осы Кодексте белгіленген тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылық құрамының барлық белгілері бар іс-әрекеттің болғанын немесе болмағанын, өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізіліп жатқан тұлғаның осы іс-әрекетті жасағанын немесе жасамағанын, осы тұлғаның кінәлілігін не кінәсіздігін анықтауына негіз болатын заңды түрде алынған нақты деректер, сондай-ақ істің дұрыс шешілуі үшін маңызы бар өзге де мән-жайлар әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша дәлелдемелер болып табылады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген нақты деректер: әкімшілік жауаптылыққа тартылатын тұлғаның түсініктемелерімен; жәбірленушінің, куәлардың айғақтарымен; сарапшының, маманның қорытындыларымен және айғақтарымен; заттай дәлелдемелермен; өзге де құжаттармен; осы Кодексте көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалармен және процестік әрекеттердің хаттамаларымен анықталады.
Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы материалдарды дәлелдемелер ретінде қарау кезінде ғылыми-техникалық құралдарды пайдалану кезінде алынған деректер пайдаланылуы мүмкін.
3. Егер нақты деректер іс жүргізуге қатысушылардың заңмен кепілдік берілген құқықтарынан айыру немесе қысым жасау жолымен алынса немесе процестің өзге де қағидаларын бұза отырып алынып, нақты деректердің анықтығына ықпал етіп немесе ықпал етуі мүмкін болып, оның ішінде:
1) зорлық-зомбылық жасап, қорқытып, алдап, сол сияқты өзге де заңсыз әрекеттер қолданып;
2) процеске қатысатын адамның өз құқықтары мен міндеттеріне қатысты оған түсіндірмеу, толық емес немесе дұрыс емес түсіндіру салдарынан туындаған шатасуын пайдаланып;
3) осы іс бойынша іс жүргізуді жүзеге асыруға құқығы жоқ адамның процестік әрекетті жүргізуіне байланысты;
4) қарсылық білдіруге жататын адамның процестік әрекетке қатысуына байланысты;
5) процестік әрекетті жүргізу тәртібін бұза отырып;
6) белгісіз көзден;
7) дәлелдеу барысында қазіргі заманғы ғылыми білімге қайшы келетін әдістерді қолданып, осы Кодекстің талаптарын бұза отырып алынса, дәлелдемелер ретінде жол беруге болмайды деп танылуға тиіс.
4. Нақты деректерді дәлелдемелер ретінде пайдалануға жол беруге болмайтынын әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізіп жатқан судья немесе орган (лауазымды адам) өз бастамашылығымен немесе процеске қатысушылардың өтінішхаты бойынша белгілейді.
5. Тиісті бұзушылықтар мен оларға жол берген тұлғалардың кінәлілігі фактісін қоспағанда, заңды бұза отырып алынған дәлелдемелердің заңдық күші жоқ деп танылады және оларды іс бойынша шешімнің негізіне алуға, сондай-ақ іс бойынша кез келген мән-жайды дәлелдеу кезінде пайдалануға болмайды.
766-бап. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша дәлелдеуге жататын мән-жайлар
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша:
1) әкімшілік құқық бұзушылық оқиғасы және осы Кодексте көзделген оның құрамының белгілері;
2) осы Кодексте әкімшілік жауаптылық көзделген, құқыққа қарсы іс-әрекет (әрекет не әрекетсіздік) жасаған тұлға;
3) жеке тұлғаның әкімшілік құқық бұзушылық жасауға кінәлілігі;
4) әкімшілік жауаптылықты жеңілдететін немесе ауырлататын мән-жайлар;
5) әкімшілік құқық бұзушылықпен келтірілген залалдың сипаты мен мөлшері;
6) әкімшілік жауаптылықтан босатуға алып келетін мән-жайлар;
7) әкімшілік құқық бұзушылық жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайлар, сондай-ақ істің дұрыс шешілуі үшін маңызы бар өзге де мән-жайлар дәлелденуге жатады.
767-бап. Өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізіліп жатқан тұлғаның түсініктемелері, жәбірленушінің және куәнің айғақтары
1. Ауызша немесе жазбаша нысанда хабарланған, өзіне қатысты іс бойынша іс жүргізіліп жатқан тұлғаның түсініктемелері, жәбірленуші мен куәнің айғақтары іске қатысы бар мәліметтерді білдіреді.
Қажет болған кезде әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізу барысында бейнеконференция байланысы режиміндегі ғылыми-техникалық құралдар пайдаланылуы мүмкін.
Бейнеконференция байланысының құралдарын осылайша қолдану тәртібін осы Кодекстің талаптарын ескере отырып, соттардың қызметін ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын орган немесе әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға уәкілеттік берілген орган (лауазымды адам) айқындайды.
2. Өзіне қатысты іс бойынша іс жүргізіліп жатқан тұлғаның түсініктемелері, жәбірленушінің және куәнің айғақтары әкімшілік құқық бұзушылық туралы немесе іс бойынша іс жүргізуді қамтамасыз ету шараларын қолдану туралы хаттамада көрсетіледі, ал қажет болған кезде – сауал қою хаттамасымен ресімделіп, іске тігіледі.
3. Өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізіліп жатқан тұлғаның түсініктемелері, куәлардың айғақтары әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаға оны толық толтырғаннан және аталған тұлғаларға осы Кодексте көзделген олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіргеннен кейін ғана енгізіледі.
4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген талаптарды сақтамаған кезде өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізіліп жатқан тұлға түсініктемелерінің, куә айғақтарының дәлелдемелер ретінде күші жоқ деп есептеледі және дәлелдемелер ретінде танылуы мүмкін емес.
Ескерту. 767-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.1. Дәлелдемелерді әкімшілік іс жүргізудің тараптары және басқа да қатысушылары ұсына алады.
2. Егер ұсынылған дәлелдемелер жеткіліксіз болса, істі қарап жатқан сот не орган процеске қатысушыларға қосымша дәлелдемелер ұсынуды не оларды өз бастамашылығымен жинауды ұсынуы мүмкін.
769-бап. Дәлелдеуден босатудың негіздері
1. Сот, әкімшілік құқық бұзушылықты қарауға уәкілеттік берілген орган (лауазымды адам) жалпыға бірдей белгілі деп таныған мән-жайлар дәлелдеуді қажет етпейді.
2. Азаматтық, әкімшілік істер бойынша соттың күшіне енген шешімімен немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы өзге іс бойынша соттың қаулысымен анықталған мән-жайлар, сол бір тұлғалар қатысатын әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы басқа істерді қарау кезінде дәлелдеуді қажет етпейді.
3. Егер тиісті құқықтық рәсім шеңберінде керісінше жағдайлар анықталмаса, мына мән-жайлар:
1) қазіргі заманғы ғылымда, техникада, өнерде, қолөнерінде жалпыға бірдей қабылданған зерттеу әдістерінің дұрыстығы;
2) адамның заңды білуі;
3) адамның өзінің қызметтік және кәсіптік міндеттерін білуі;
4) олардың болуын растайтын құжатын ұсынбаған және арнаулы даярлықтан өткен немесе білім алған оқу орнын немесе басқа мекемені көрсетпеген адамның арнаулы даярлығының немесе білімінің жоқтығы дәлелдемелерсіз анықталған деп есептеледі.
Ескерту. 769-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 29.06.2020 № 351-VI Заңымен (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі).770-бап. Дәлелдемелермен қамтамасыз ету
1. Өздеріне қажетті дәлелдемелерді ұсыну мүмкін болмайды деп немесе қиынға түседі деп қауіптенуге негізі бар тараптар әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарап жатқан судьяға, органға (лауазымды адамға) осы дәлелдемелермен қамтамасыз ету туралы өтініш жасай алады.
2. Дәлелдемелермен қамтамасыз ету іске қатысуына қарамастан, ұйымдардан құжаттар, мәліметтер және қорытындылар ұсынуды, сараптама жүргізуді, болған жерді тексеріп қарауды талап ету жолымен және өзге де тәсілдермен жүргізіледі.
771-бап. Дәлелдемелермен қамтамасыз ету туралы арыз
1. Дәлелдемелермен қамтамасыз ету туралы арызда: қамтамасыз етілуі қажетті дәлелдемелер; растау үшін бұл дәлелдемелерді қажет ететін мән-жайлар; арыз берушіні қамтамасыз ету туралы өтініш жасауға итермелеген себептер, сондай-ақ бұл дәлелдемелерді қажет етіп отырған іс көрсетілуге тиіс.
2. Арыз әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарап жатқан сотқа, органға (лауазымды адамға) жазбаша түрде не электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанында беріледі.
Ескерту. 771-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 31.10.2015 № 378-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).772-бап. Сараптама тағайындау және жүргізу
1. Iс үшін маңызы бар мән-жайлар сарапшының арнаулы ғылыми білім негізінде жүргізетін іс материалдарын зерттеуі нәтижесінде алынуы мүмкін болған кезде, жүргізуінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жатқан судья, орган (лауазымды адам) сараптаманы тағайындайды.
2. Iсте ведомстволық инспекциялардың ревизиялау, тексеру актілерінің, қорытындыларының, сондай-ақ мамандардың процестік әрекеттер барысында жүргізетін зерттеулерінің нәтижелері бойынша жасалған ресми құжаттардың болуы сол бір мәселелер бойынша сараптама жүргізу мүмкіндіктерін жоққа шығармайды.
3. Жүргізуінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жатқан судья, орган (лауазымды адам) тараптардың өтінішхаты бойынша немесе өз бастамашылығымен сараптама тағайындай алады.
4. Сараптама жүргізу сараптама органдарының қызметкерлеріне не осы Кодекстің 757-бабының талаптарын қанағаттандыратын өзге де тұлғаларға тапсырылуы мүмкін. Сараптама жүргізу тараптар ұсынған тұлғалардың арасынан біреуіне тапсырылуы мүмкін. Судьяның, лауазымды адамның сараптама жүргізу тапсырылған адамды шақыру туралы талабы аталған адам жұмыс істейтін ұйымның басшысы үшін міндетті.
5. Жүргізуінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жатқан судья, орган (лауазымды адам) сараптама тағайындау туралы ұйғарым шығарады, онда:
1) судьяның, лауазымды адамның тегін, аты-жөнін, соттың, органның атауын;
2) сараптаманы тағайындау уақытын, орнын;
3) сараптама тағайындау үшін негізді;
4) сарапшының тегін, атын, әкесінің атын (ол болған кезде) немесе сараптама жүргізілуге тиіс сараптама органының атауын;
5) сарапшының алдына қойылған мәселелерді;
6) сарапшының билігіне берілетін материалдардың тізбесін көрсетеді.
Ұйғарымда сарапшыға оның құқықтары мен міндеттері түсіндірілгені туралы және оған көрінеу жалған қорытындыны бергені үшін жауаптылық жөнінде ескертілгені туралы жазбалар да болуға тиіс.
6. Күрделі сараптамалық зерттеулер жүргізу үшін бір мамандықтағы кемінде екі сарапшы жүргізетін комиссиялық сараптама тағайындалуы мүмкін.
7. Егер іс үшін маңызы бар мән-жайларды анықтауға білімнің түрлі салалары негізінде зерттеулер жүргізу қажет болса, түрлі мамандықтағы сарапшылар өз құзыреті шегінде жүргізетін кешенді сараптама тағайындалады.
8. Сараптама тағайындау туралы ұйғарымды орындау үшін жібергенге дейін сот сараптамасын тағайындаған судья немесе орган (лауазымды адам) өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізіліп жатқан адамды және жәбірленушіні онымен таныстыруға, оларға:
1) сарапшыға қарсылық білдіру немесе сот сараптамасы органын сараптама жүргізуден шеттету туралы өтінішхат мәлімдеу;
2) өздері атаған тұлғаларды немесе нақты сот сараптамасы органдарының қызметкерлерін сарапшылар ретінде тағайындау туралы, сондай-ақ сараптаманы сарапшылар комиссиясының жүргізуі туралы өтінішхат жасау;
3) сарапшы алдына қосымша мәселелер қою туралы немесе қойылған мәселелерді нақтылау туралы өтінішхат жасау;
4) сараптама жүргізуге кедергі келтіретін жағдайларды қоспағанда, сот сараптамасын тағайындаған судьяның немесе органның (лауазымды адамның) рұқсатымен сараптама жүргізу кезінде қатысу, сарапшыға түсініктемелер беру;
5) сот сараптамасын тағайындаған судьяға немесе органға (лауазымды адамға) сарапшының қорытындысы не қорытынды берудің мүмкін еместігі туралы хабарлама келіп түскеннен кейін онымен танысу, өз ескертулерін ұсыну, қосымша немесе қайталама сараптама тағайындау, жаңа сараптамалар тағайындау туралы өтінішхаттар мәлімдеу құқықтарын түсіндіруге міндетті.
Жәбірленушілерге сараптама олардың жазбаша келісімімен ғана жүргізіледі. Егер осы адамдар кәмелетке толмаса немесе сот оларды әрекетке қабілетсіз деп таныса, сараптама жүргізуге жазбаша келісімді олардың заңды өкілдері береді.
9. Сарапшы (сарапшылар) сараптама жүргізу нәтижелері бойынша өзінің атынан жасаған, осы Кодекстің 773-бабының талаптарына сәйкес қорытынды береді және оны сараптама тағайындаған судьяға, органға (лауазымды адамға) жібереді.
10. Қорытынды жеткілікті дәрежеде айқын немесе толық болмаған, сондай-ақ алдыңғы зерттеуге байланысты қосымша мәселелерді шешу қажеттілігі туындаған кезде қосымша сараптама тағайындалуы мүмкін, оны жүргізу нақ сол немесе өзге сарапшыға (сарапшыларға) тапсырылады.
11. Егер сарапшының қорытындысы жеткілікті дәрежеде негізделмесе не оның түйіндері күмән туғызса немесе сараптама тағайындау және жүргізу туралы процестік нормалар елеулі түрде бұзылса, сол объектілерді зерттеу және сол мәселелерді шешу үшін қайтадан сараптама тағайындалуы мүмкін, оны жүргізу сарапшылар комиссиясына тапсырылады, оған алдыңғы сараптаманы жүргізген сарапшы (сарапшылар) кірмейді.
12. Судьяның, органның (лауазымды адамның) қосымша және қайтадан сараптамалар тағайындау туралы ұйғарымы уәжді болуға тиіс. Сарапшыға (сарапшыларға) қосымша және қайтадан сараптамалар жасау тапсырылған кезде алдыңғы сараптамалардың нәтижелері бойынша жасалған қорытындылар ұсынылуға тиіс.
13. Егер сарапшы зерттеу жүргізгенге дейін өзінің алдына қойылған мәселелер оның арнаулы білімінің шегінен тыс не өзіне ұсынылған материалдардың қорытынды беру үшін жарамсыз немесе жеткіліксіз екендігіне және оны толықтыру мүмкін болмайтынына не ғылым мен сараптама практикасының жай-күйі қойылған мәселелерге жауап беруге мүмкіндік бермейтініне көзі жетсе, ол қорытынды берудің мүмкін еместігі туралы уәжді хабарлама жасайды және оны судьяға, органға (лауазымды адамға) жібереді.
773-бап. Сарапшы мен маманның қорытындысы және айғақтары
1. Сарапшының қорытындысы – бұл арнаулы ғылыми білімді пайдалана отырып жүргізілген іс материалдарын, оның ішінде заттай дәлелдемелер мен үлгілерді зерттеу нәтижелеріне негізделген, оның алдына жүргізуінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жатқан судья, орган (лауазымды адам) қойған мәселелер бойынша жазбаша нысанда ұсынылған түйіндер. Қорытындыда сарапшының зерттеу кезінде қолданған әдістері, қойылған сұрақтарға жауаптардың негіздемесі және сарапшының өзінің бастамасымен белгіленген, іс үшін маңызы бар мән-жайлар да көрсетіледі.
2. Қорытындыны зерттеулер жүргізгеннен кейін оның нәтижелерін ескере отырып, сарапшы (сарапшылар) өз атынан жасайды, оны өзінің (өздерінің) қолымен және жеке мөрімен куәландырады. Сараптаманы сараптама органы жүргізген жағдайда, сарапшының (сарапшылардың) қолы көрсетілген органның мөрімен расталады. Сарапшының (сарапшылардың) электрондық нысанда ұсынылатын қорытындысы оның (олардың), сондай-ақ сараптаманы сараптама органы жүргізген кезде көрсетілген органның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады.
3. Сарапшының қорытындысында: оның ресімделген күні, сараптаманың жүргізілген мерзімдері және орны; сот сараптамасын жүргізудің негіздері; жүргізуінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жатқан судья туралы, орган (лауазымды адам) туралы мәліметтер; сараптама жүргізу тапсырылған сот сараптамасы органы және (немесе) сарапшы (сарапшылар) туралы мәліметтер (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), білімі, мамандығы, мамандығы бойынша жұмыс өтілі, ғылыми дәрежесі және ғылыми атағы, атқаратын лауазымы); сотта көрінеу жалған қорытынды бергені үшін қылмыстық жауаптылық туралы өзінің ескертілгені туралы сарапшының қолымен куәландырылған белгі; сарапшының (сарапшылардың) алдына қойылған мәселелер; сараптама жүргізу кезінде процеске қатысқан қатысушылар және олар берген түсіндірмелер туралы мәліметтер; объектілер; пайдаланылған әдістемелер көрсетіле отырып, зерттеулердің мазмұны мен нәтижелері; жүргізілген зерттеулердің нәтижелерін бағалау, сарапшының (сарапшылардың) алдына қойылған мәселелер бойынша түйіндердің негіздемесі мен тұжырымы көрсетілуге тиіс.
4. Егер осы Кодекстің 772-бабының он үшінші бөлігінде көрсетілген мән-жайлар зерттеу барысында анықталса, қорытындыда қойылған мәселелердің барлығына немесе кейбіреуіне жауап беру мүмкін еместігінің негіздемесі қамтылуға тиіс.
5. Сарапшының айғақтары – осы Кодекстің 757-бабының талаптарына сәйкес ол ұсынған қорытындыны түсіндіру немесе нақтылау мақсатында әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарау барысында ол хабарлаған мәліметтер.
6. Маманның қорытындысы – бұл әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді жүзеге асыратын уәкілетті лауазымды адам немесе тараптар маманның алдына қойған мәселелер бойынша жазбаша түрде ұсынған пікірі, оларға жауап қайтарылған кезде тиісті зерттеу жүргізу талап етілмейді.
7. Маманның қорытындысы кіріспе, сипаттау бөліктерінен және түйіндерден тұрады. Кіріспе бөлігінде: қорытындының берілген күні, орны, уақыты; арнайы зерттеу жүргізуді тапсырған лауазымды адам; маман туралы мәліметтер (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), білімі, мамандығы, мамандығы бойынша жұмыс өтілі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, атқаратын лауазымы) көрсетілуге тиіс.
Сипаттау бөлігінде маманның алдына қойылған мәселелер, қорытынды беру үшін маманға ұсынылған объектілер, материалдар, құжаттар, зерттеу кезінде қатысқан адамдар қамтылады. Түйіндерде маманның қойылған мәселелерге жауаптары және олардың ғылыми негіздемесі көрсетіледі.
8. Маманның айғақтары – әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарау барысында арнаулы білімді талап ететін мән-жайлар туралы ол хабарлаған мәліметтер, сондай-ақ осы Кодекстің 756-бабының талаптарына сәйкес өз пікірін түсіндіру.
9. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген тәртіппен куәландырылған, сарапшының, маманның қорытындысын көрнекілейтін материалдар (фотокестелер, схемалар, графиктер, кестелер және басқа да материалдар) қорытындыға қоса беріледі және оның құрамдас бөлігі болып табылады. Қорытындыға зерттеуден кейін қалған объектілер, оның ішінде үлгілер де қоса берілуге тиіс.
10. Сарапшының, маманның қорытындысы жүргізуінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жатқан сот, орган (лауазымды адам) үшін міндетті болып табылмайды, алайда олардың қорытындымен келіспеуі уәжді болуға тиіс.
Ескерту. 773-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 30.12.2019 № 300-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.1. Судья, eгep үлгілерді зерттеудің іс үшін маңызы бар болса, оларды, оның ішінде адамның, жануардың, заттың, заттектің қасиеттерін бейнелейтін үлгілерді алуға құқылы.
2. Үлгілерге материалдардың, заттардың, шикізаттың, дайын өнімнің сынамалары да жатады.
3. Yлгілерді алу туралы уәжді ұйғарым шығарылады, онда: үлгілерді алатын тұлға; үлгілер алынуы тиіс тұлға (ұйым); нақты қандай үлгілер және қандай санда алынуы тиіс екені; тұлға өзінен үлгілерді алу үшін қашан және кімге келуі тиіс екені; үлгілер алынғаннан кейін олардың қашан және кімге ұсынылуға тиіс екені көрсетілуге тиіс.
4. Үлгілерді судьяның жеке өзі алуы, ал қажет болған кезде, егер бұл үлгілер алынатын жынысы басқа адамды жалаңаштап шешіндірумен ұштаспаса және ерекше кәсіптік дағдыны талап етпесе, дәрігердің немесе басқа маманның қатысуымен алынуы мүмкін. Өзге жағдайларда үлгілерді судьяның тапсырмасы бойынша дәрігер немесе басқа маман алуы мүмкін.
5. Үлгілерді алу құқығы судьяда, сарапшыда, дәрігерде немесе басқа маманда болады.
6. Үлгілерді алу сараптамалық зерттеудің бір бөлігі болып табылатын жағдайларда, оны сарапшы жүргізуі мүмкін.
7. Yлгілер тараптардан, сондай-ақ үшінші тұлғалардан алынуы мүмкін.
8. Судья адамды өзіне шақырады, оны үлгілерді алу туралы ұйғарыммен қолхат ала отырып таныстырады, оған және осы процестік әрекеттерге қатысатын өзге де адамдарға олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді.
9. Судья жеке өзі немесе маманның қатысуымен қажетті әрекеттерді жүргізеді, үлгілерді алады, оларды орайды және оларға мөр басады.
10. Үлгілерді алу нәтижелері процестік әрекет (сот отырысы) хаттамасында тіркеледі, онда жүргізілген реті сақтала отырып: үлгілерді алу үшін жасалған әрекеттер, бұл ретте қолданылған ғылыми-зерттеулер және басқа да әдістер мен рәсімдер, сондай-ақ үлгілердің өздері сипатталады.
775-бап. Дәрігердің немесе басқа маманның, сондай-ақ сарапшының үлгілерді алуы
1. Судья өзінен үлгілер алынуға тиіс адамды, сондай-ақ тиісті тапсырмасы бар ұйғарымды дәрігерге немесе басқа маманға жібереді. Ұйғарымда осы процестік әрекетке қатысушылардың барлығының құқықтары мен міндеттері көрсетілуге тиіс.
2. Дәрігер немесе басқа маман судьяның тапсырмасы бойынша қажетті әрекеттерді жүргізеді және үлгілерді алады. Үлгілер оралады және мөр басылады, одан кейін дәрігер немесе басқа маман жасаған ресми құжатпен бірге судьяға жіберіледі.
3. Сарапшы зерттеу процесінде эксперименттік үлгілер дайындауы мүмкін, бұл туралы ол қорытындыда хабарлайды.
4. Судья мұндай үлгілерді дайындау кезінде қатысуға құқылы, оны өзі жасайтын хаттамада көрсетеді.
5. Сарапшы зерттеу жүргізгеннен кейін үлгілерді оралған және мөр басылған түрде өзінің қорытындысына қоса береді.
6. Егер үлгілерді судьяның тапсырмасы бойынша маман немесе сарапшы алған болса, ол ресми құжат жасап, оған процестік әрекетке қатысушылардың барлығы қол қояды және іс материалдарына қосып тігу үшін судьяға беріледі.
7. Алынған үлгілер оралған және мөр басылған түрде хаттамаға қоса беріледі.
776-бап. Үлгілерді алу кезінде жеке бас құқықтарын қорғау
Үлгілерді алу әдістері мен ғылыми-техникалық құралдары адамның өмірі мен денсаулығы үшін қауіпсіз болуға тиіс. Қатты ауыру сезінуін тудыратын күрделі медициналық рәсімдерді немесе әдістерді қолдануға үлгілер алынуға тиісті адамның жазбаша келісімімен ғана, ал егер ол кәмелетке толмаған немесе психикалық аурумен ауыратын болса, онда оның заңды өкілдерінің келісімімен ғана жол беріледі.
1. Құқық бұзушылықтың құралы не нысанасы болған не оның іздері қалған заттар әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша заттай дәлелдемелер болып табылады.
2. Қажет болған жағдайларда заттай дәлелдемелер суретке түсіріледі немесе өзге тәсілмен тіркеледі және іске тігіледі, бұл жөнінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаға немесе осы Кодексте көзделген өзге хаттамаға жазба жазылады.
3. Жүргізуінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жатқан судья, орган (лауазымды адам) іс мәні бойынша шешілгенге дейін заттай дәлелдемелердің сақталуын қамтамасыз етуге қажетті шаралар қолдануға, сондай-ақ істі қарау аяқталысымен олар туралы шешім қабылдауға міндетті.
778-бап. Ғылыми-техникалық құралдар
1. Сот, орган (лауазымды адам) және әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізудің қатысушылары ғылыми-техникалық құралдарды пайдалану кезінде алынған нақты деректерді пайдалануға және ұсынуға құқылы.
2. Егер ғылыми-техникалық құралдар:
1) заңда тікелей көзделсе немесе оның нормалары мен қағидаттарына қайшы келмесе;
2) ғылыми негізделген болса;
3) іс бойынша іс жүргізудің тиімділігін қамтамасыз етсе;
4) қауіпсіз болса, оларды пайдалануға жол беріледі деп танылады.
3. Ғылыми-техникалық құралдарды пайдалану кезінде алынған нақты деректер әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамада немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыда көрсетіледі.
1. Егер ұйымдар, лауазымды адамдар және жеке тұлғалар баяндаған немесе куәландырған мәліметтердің әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс үшін маңызы болса, құжаттар іс бойынша дәлелдемелер деп танылады.
2. Құжаттар жазбаша да, өзге де нысанда тіркелген мәліметтерді қамтуы мүмкін. Құжаттарға, оның ішінде осы Кодексте көзделген тәртіппен алынған, талап етіп алдырылған немесе ұсынылған компьютерлік ақпаратты, фото- және кинотүсірілімдерді, дыбыс- және бейнежазбаларды қамтитын материалдар жатқызылуы мүмкін.
3. Көлік құралын басқару құқығына жүргізуші куәлігі оның төлнұсқалығын тексеру және жеке тұлғаны көлік құралын басқару құқығынан айыру туралы шешім қабылдау жағдайларында ғана іс үшін маңызы бар құжат болып табылады.
4. Жүргізуінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жатқан судья, орган (лауазымды адам) іс мәні бойынша шешілгенге дейін құжаттардың сақталуын қамтамасыз етуге қажетті шаралар қолдануға, сондай-ақ істі қарау аяқталысымен олар туралы шешім қабылдауға міндетті.
5. Құжаттарда осы Кодекстің 777-бабында көрсетілген белгілер болған жағдайларда, олар заттай дәлелдемелер болып табылады.
780-бап. Қосымша мәліметтерді талап етіп алдыру
1. Жүргізуінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жатқан судья, орган (лауазымды адам) ұйымдардан, қоғамдық бірлестіктерден істің шешілуіне қажетті қосымша мәліметтерді талап етіп алдыру туралы ұйғарым шығаруға құқылы.
2. Судьяның, органның (лауазымды адамның) қосымша мәліметтерді талап етіп алдыру туралы ұйғарымында қаралып жатқан істің мәні қысқаша баяндалып, анықтауға жататын мән-жайлар көрсетіледі. Осы ұйғарым жіберіліп отырған сот үшін міндетті болып табылады және белгіленген мерзімде орындалуға жатады.
3. Талап етілетін мәліметтер талап алынған күннен бастап үш тәулік ішінде жіберілуге тиіс.
4. Көрсетілген мәліметтерді ұсыну мүмкін болмаған кезде ұйым, қоғамдық бірлестік ұйғарым шығарған судьяны, органды (лауазымды адамны) бұл туралы үш тәулік ішінде жазбаша нысанда хабардар етуге міндетті.
1. Дәлелдеу әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді заңды, негізді және әділ қарау үшін маңызы бар мән-жайларды анықтау мақсатында дәлелдемелерді жинаудан, тексеруден және бағалаудан тұрады.
2. Құқық бұзушылықтың әкімшілік жауаптылық негіздері мен кінәсінің болуын дәлелдеу міндеті әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы іс бойынша іс жүргізуді жүзеге асыруға уәкілеттік берілген органға (лауазымды адамға) жүктеледі.
1. Дәлелдемелерді жинау осы Кодексте көзделген әрекеттерді жүзеге асыру арқылы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізу процесінде жүргізіледі.
2. Нәрселер мен құжаттар оларды бағалағаннан кейін іске тігіледі, бұл жөнінде әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамада тиісті жазба жасалады немесе бөлек хаттама жасалады.
Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізуге қатысушылар болып табылатын адамдардан нәрселер мен құжаттарды қабылдау өтінішхат негізінде жүзеге асырылады.
783-бап. Дәлелдемелерді тексеру
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша барлық жиналған дәлелдемелер мұқият, жан-жақты және объективті тексеруге жатады. Тексеру алынған дәлелдемелерді талдауды, оны басқа дәлелдемелермен салыстыруды, қосымша дәлелдемелер жинауды, дәлелдемелерді алу көздерін тексеруді қамтиды.
784-бап. Дәлелдемелерді бағалау
1. Дәлелдемелерді бағалау – бұл дәлелдемелерді талдау мен синтездеуден тұратын және жеке дәлелдемелердің тиесілігі, жол беруге болатындығы, анықтығы мен маңызы және қабылданған шешімді негіздеу үшін олардың жиынтығының жеткіліктілігі туралы түйінмен аяқталатын логикалық ойлау қызметі.
2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді жүзеге асыратын судья, орган (лауазымды адам) дәлелдемелерді заң мен ар-намысты басшылыққа ала отырып, дәлелдемелерді өз жиынтығында жан-жақты, толық және объективті қарауға негізделген өзінің ішкі сенімі бойынша бағалайды. Ешбір дәлелдеменің алдын ала белгіленген күші болмайды.
3. Әрбір дәлелдеме тиесілілігі, жол беруге болатындығы, анықтығы, ал барлық жиналған дәлелдемелер өз жиынтығында істің шешілуі үшін жеткіліктілігі тұрғысынан бағалануға жатады.
4. Егер дәлелдеме іс үшін маңызы бар мән-жайлардың болуы туралы түйіндерді растайтын, жоққа шығаратын немесе оған күмән келтіретін нақты деректерді білдірсе, дәлелдеме іске қатысты деп танылады.
5. Егер дәлелдеме осы Кодексте көзделген тәртіппен алынса, ол жол беруге болатын дәлелдеме деп танылады.
6. Егер тексеру нәтижесінде дәлелдеменің шындыққа сәйкес екендігі анықталса, ол анық дәлелдеме деп танылады.
7. Егер дәлелденуге жататын мән-жайлардың барлығы және әрқайсысы туралы ақиқатты даусыз анықтайтын, іске қатысты жол берілетін және анық дәлелдемелердің бәрі жиналса, дәлелдемелердің жиынтығы істің шешілуі үшін жеткілікті деп танылады.
40-тарау. ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ІСТЕР БОЙЫНША ІС
ЖҮРГІЗУДІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ШАРАЛАРЫН ҚОЛДАНУ
785-бап. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді қамтамасыз ету шаралары
1. Әкімшілік құқық бұзушылықтың жолын кесу, оны жасауға күдіктінің жеке басын анықтау, әкімшілік құқық бұзушылық жасалған жерде әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасау мүмкін болмағанда, оны жасау, істі уақтылы және дұрыс қарауды және іс бойынша қабылданған қаулыны, ескерту немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы ресімделген нұсқаманы орындауды қамтамасыз ету, адамдардың өміріне немесе денсаулығына тікелей қатерді, авария немесе техногендік апат қатерін болғызбау мақсатында уәкілетті лауазымды адам өз өкілеттіктері шегінде жеке тұлғаға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді қамтамасыз етудің мынадай шараларын қолдануға құқылы:
1) әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалатын жерге жеткізу;
2) жеке тұлғаны әкімшілік ұстап алу;
3) күштеп әкелу;
4) жеке басын жете тексеруді және жеке тұлғаның өзімен бірге алып жүрген заттарын жете тексеруді;
5) көлік құралдарын, шағын көлемді кемелерді жете тексеру;
6) құжаттарды, заттар мен тауарларды алып қою;
7) көлік құралын немесе шағын көлемді кемені басқарудан шеттету және оның алкогольден, есірткіден, уытқұмарлықтан масаң күйін куәландыру;
8) көлік құралын немесе шағын көлемді кемені ұстап алу, жеткізу және пайдалануға тыйым салу;
9) қарап-тексеру;
10) жеке тұлғаның алкогольден, есірткіден немесе уытқұмарлықтан масаң күйін медициналық куәландыру;
11) осы Кодекстің 48-бабының тәртібімен қызметті немесе оның жекелеген түрлерін тоқтата тұру не оған тыйым салу.
2. Заңды тұлғаға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді қамтамасыз етудің мынадай шаралары қолданылуы мүмкін:
1) заңды тұлғаға тиесілі үй-жайларды, аумақтарды, ондағы тауарларды, көлік құралдарын және өзге де мүлікті, сондай-ақ тиісті құжаттарды қарап-тексеру;
2) заңды тұлғаға тиесілі құжаттарды алып қою;
3) заңды тұлғаға тиесілі тауарларға, көлік құралдарына және өзге де мүлікке тыйым салу немесе алып қою;
4) осы Кодекстің 48-бабының тәртібімен қызметті немесе оның жекелеген түрлерін тоқтата тұру не оған тыйым салу.
3. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді қамтамасыз ету шаралары әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалғанға дейін (жеке басты жете тексеруді, жеке тұлғаның өзімен бірге алып жүрген заттарын жете тексеруді қоспағанда), іс бойынша іс жүргізу кезеңінде, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыны орындау сатысында қолданылуы мүмкін.
4. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде санамаланған әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді қамтамасыз ету шараларының әрқайсысы жеке немесе егер бұл қажеттіліктен туындаса, бір мезгілде басқа шаралармен бірге қолданылуы мүмкін.
5. Лауазымды адам әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді қамтамасыз ету шараларын заңсыз қолданудан келтірілген зиян үшін жауапты болады.
6. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді қамтамасыз ету шараларының қолданылуына осы Кодекстің 44-тарауында көзделген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.
Жеке тұлғаның немесе заңды тұлға өкілінің талап етуі бойынша оған тиісті хаттамалардың және өзіне қатысты іс бойынша іс жүргізуді қамтамасыз ету шаралары қолданылған тұлғаның құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге қажетті өзге де материалдардың көшірмелері дереу табыс етіледі.
Ескерту. 785-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.10.2019 № 268-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.1. Құқық бұзушылықтың жолын кесу, құқық бұзушының жеке басын анықтау, сондай-ақ хаттаманың жасалуы міндетті болып, оларды әкімшілік құқық бұзушылық анықталған жерде жасау мүмкін болмаған кезде, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасау не қорғау нұсқамасын шығару мақсатында жеке тұлғаны, заңды тұлғаның өкілін, лауазымды адамды, ал осы баптың 1), 3), 4), 5) және 7) тармақшаларында көзделген жағдайларда көлік құралын және құқық бұзушылық жасаудың басқа да құралдарын:
1) көлік құралдарын пайдалану қағидаларын, жол жүрісі тәртібі мен қауіпсіздігін қорғау жөніндегі қағидаларды, көліктегі жүктердің сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған қағидаларды, өрт қауіпсіздігі қағидаларын, көліктегі санитариялық-гигиеналық және санитариялық эпидемияға қарсы қағидаларды бұзушылықтар жасалған кезде – егер оның жеке басын куәландыратын құжаттары және ол туралы қажетті деректерді хабарлайтын куәлар жоқ болса, сондай-ақ егер оның көлік құралына қажетті құжаттары болмаса, осыған уәкілеттік берілген тұлға ішкі істер органына (полицияға);
2) орман тәртібін бұзушылықтар немесе аң аулау қағидаларын, балық аулау және балық қорын қорғау қағидаларын бұзу және Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын басқа да бұзушылықтар жасалған кезде – мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын орман шаруашылығы, жануарлар дүниесі, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар органдарының, сондай-ақ уәкілетті орган мен жергілікті атқарушы органдардың мамандандырылған ұйымдарының жұмыскерлері, жануарлар дүниесінің қорғалуына, өсімін молайту мен пайдаланылуына мемлекеттік және ведомстволық бақылауды жүзеге асыратын басқа да органдардың лауазымды адамдары, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың лауазымды адамдары, ішкі істер органдарының (полицияның) қызметкерлері ішкі істер органдарына (полицияға) немесе жергілікті басқару органына;
3) қорғалатын объектілерге, басқа да бөтен мүлікке қолсұғушылықпен байланысты әкімшілік құқық бұзушылықтар жасалған кезде – әскерилендірілген күзет жұмыскерлері әскерилендірілген күзеттің қызметтік үй-жайына немесе ішкі істер органына (полицияға);
4) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекара режимін, шекара режимі мен кедендік режимді, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізу пункттеріндегі режимді бұзушылықтар, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі әскери қызметшісінің, өзге де әскерлер, әскери құралымдар әскери қызметшілерінің, ішкі істер органдары (полиция) қызметкерінің заңды өкіміне немесе талабына қаскөйлікпен бағынбаушылық жасалған кезде – әскери қызметші, ішкі істер органдарының (полиция) қызметкері немесе Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзету жөніндегі міндеттерді атқаратын басқа жеке тұлға Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің аумақтық бөлімшелері мен олардың құрылымдық бөлімшелеріне, ішкі істер органына (полицияға), жергілікті басқару органына;
5) кәсіпкерлік қызмет, сауда және қаржы, салық салу, кеден ісі саласындағы құқық бұзушылықтар жасалған кезде – экономикалық тергеу қызметі қызметкерлері;
6) осы Кодекстің 804-бабы бірінші бөлігінің 30-1) тармақшасына сәйкес бұл жөніндегі істер бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі уәкілетті органның лауазымды адамдары әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасайтын әкімшілік құқық бұзушылықтар жасалған кезде – ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілері;
7) күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі күзет іс-шараларын жүргізу кезінде құқық бұзушылықтар жасалған кезде – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкерлері;
8) өзге де әкімшілік құқық бұзушылық жасалған кезде прокурордың тиісті тапсырмалары немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасауға уәкілеттік берілген лауазымды адамдар тарапынан өтініш болған кезде – ішкі істер органдарының қызметкерлері ішкі істер органына (полицияға) немесе өзге де мемлекеттік органға жеткізуді, яғни мәжбүрлеп келтіруді жүзеге асырады.
2. Қазақстан Республикасының континенттік қайраңында, аумақтық суларында (теңізінде) және ішкі суларында құқық бұзушылықтар жасалған кезде, жеке басын сол жерде анықтау мүмкін емес тәртіп бұзушы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының континенттік қайраңында, аумақтық суларында (теңізінде) және ішкі суларында заңсыз қызметті жүзеге асыру үшін пайдаланылатын, тиесілігі қарап-тексеру кезінде анықталуы мүмкін емес кемелер мен әкімшілік құқық бұзушылық жасау құралдары құқық бұзушылықтың жолын кесу үшін, сондай-ақ тәртіп бұзушының жеке басын және ұстап алынған кемелердің, құқық бұзушылық жасау құралдарының тиесілігін анықтау және әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасау үшін Қазақстан Республикасының портына (шетел кемелері – шетел кемелерінің келіп кіруіне ашық Қазақстан Республикасы порттарының біріне) жеткізілуге жатады.
3. Жеткізу мүмкіндігінше қысқа мерзімде жүргізілуге тиіс.
4. Жеткізу туралы хаттама жасалады не әкімшілік құқық бұзушылық немесе әкімшілік ұстап алу туралы хаттамаға тиісті жазба жазылады.
Адамды әкімшілік жауаптылыққа тарту үшін көзделген мерзімде оны жеткізуді жүзеге асыру мүмкін болмаған кезде, өтініш беруші органның (лауазымды адамның) атына жеткізудің жүргізілмеу себептері көрсетіліп, жазбаша түрде не электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанында хабарлама жіберіледі.
Ескерту. 786-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 272-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 31.10.2015 № 378-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 26.12.2017 № 124-VI (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.10.2019 № 268-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.06.2026 № 312-VIIІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.Әкімшілік ұстап алуды, яғни құқық бұзушылықтың жолын кесу немесе іс жүргізуді қамтамасыз ету мақсатында жеке тұлғаның, заңды тұлға өкілінің, лауазымды адамның жеке бас бостандығын қысқаша мерзімге шектеуді:
1) Осы Кодекстің 685-бабына сәйкес бұл жөніндегі істерді ішкі істер органдары (полиция) қарайтын әкімшілік құқық бұзушылықтар не осы Кодекстің 804-бабы бірінші бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес бұл жөніндегі істер бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасалатын әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталған кезде – ішкі істер органдары;
2) төтенше жағдай режимі бұзылған кезде және төтенше жағдай кезінде құқықтық тәртіпті бұзуға итермелейтін іс-әрекеттер кезінде – төтенше жағдай жарияланған жердің комендатурасы мен әскери патрульдер;
3) терроризмге қарсы операцияның құқықтық режимі бұзылған немесе терроризмге қарсы операцияның жариялануына байланысты белгіленген талаптар орындалмаған кезде – терроризмге қарсы операцияға белгіленген құзыреті шегінде қатысатын лауазымды адамдар;
4) Осы Кодекстің 726-бабының үшінші бөлігіне сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің лауазымды адамдары қарайтын әкімшілік құқық бұзушылықтар не осы Кодекстің 804-бабы бірінші бөлігінің 44) тармақшасына сәйкес бұл жөніндегі істер бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасалатын әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталған кезде – осы қызметтің лауазымды адамдары;
5) күзетілетін объектілерге, басқа да бөтен мүлікке қолсұғушылықпен байланысты құқық бұзушылықтар жасалған кезде – күзетілетін объект орналасқан жердегі аға әскери қызметші, ішкі істер органдарының, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкері, әскерилендірілген күзеттің лауазымды адамы;
6) Қазақстан Республикасының орман заңнамасы, Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңнамасы саласында құқық бұзушылықтар жасалған кезде – мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын орман шаруашылығы, жануарлар дүниесі, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар органдары, сондай-ақ уәкілетті орган мен жергілікті атқарушы органдардың мамандандырылған ұйымдары;
7) көлік бақылау органдары сақталуын бақылауды жүзеге асыратын қағидалар бұзылған кезде – осы органдар;
8) осы Кодекстің 727-бабына сәйкес бұл жөніндегі істерді әскери полиция органдары қарайтын әкімшілік құқық бұзушылықтар не осы Кодекстің 804-бабы бірінші бөлігінің 4) және 5) тармақшаларына сәйкес бұл жөніндегі істер бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасалатын әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталған кезде – әскери полицияның лауазымды адамдары;
9) табиғат қорғау заңнамасы бұзылған кезде – қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау органдары;
10) кәсіпкерлік қызмет, сауда және қаржы, салық салу, кеден ісі салаларында құқық бұзушылықтар жасалған кезде әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істердің ведомстволық бағыныстылығына сәйкес – мемлекеттік кіріс органдарының лауазымды адамдары;
11) алып тасталды - ҚР 06.04.2016 № 484-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);12) Қазақстан Республикасының континенттік қайраңында, аумақтық суларында (теңізінде) және ішкі суларында рұқсат етілген қызметті регламенттейтін лицензия шарттарының бұзылуына, ресурстық немесе теңізде ғылыми зерттеулерді жүргізу қағидаларының бұзылуына, қалдықтар мен басқа да материалдарды көму қағидаларының бұзылуына, Қазақстан Республикасының континенттік қайраңын, аумақтық суларын (теңізін) және ішкі суларын қорғау органдары лауазымды адамдарының кемені тоқтату туралы заңды талаптарының орындалмауына немесе оның жүзеге асырылуына кедергі келтіруге байланысты континенттік қайраңда, аумақтық суларда (теңізде) және ішкі суларда әкімшілік құқық бұзушылықтар жасалған кезде – мемлекеттік тау-кен қадағалау органдарының, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің, геология және жер қойнауын пайдалану жөніндегі уәкілетті органның, қоршаған ортаны және табиғи ресурстарды қорғау жөніндегі органдардың, балық аулау жөніндегі республикалық органның лауазымды адамдары;
13) алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 272-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі);14) егер құқық бұзушылық күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі күзет іс-шараларын жүргізу кезінде жасалса – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің лауазымды адамдары;
14-1) ветеринария саласындағы, өсімдіктер карантині жөніндегі уәкілетті органдар сақталуын бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын қағидалар, талаптар бұзылған кезде – осы органдардың лауазымды адамдары; өсімдіктерді қорғау саласындағы уәкілетті орган сақталуын бақылауды жүзеге асыратын қағидалар, талаптар бұзылған кезде – осы органның лауазымды адамдары;
15) сот отырысы кезінде залда, сондай-ақ атқарушылық құжаттарды мәжбүрлеп орындату барысында құқыққа қарсы әрекеттерді тоқтату туралы талаптар орындалмаған кезде – сот приставтары;
16) шағын көлемді кемелерді пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қағидалар бұзылған кезде – азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органдарының азаматтық қорғау саласындағы бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын қызметкерлері, әскери қызметшілері жүргізе алады.
Ескерту. 787-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 272-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 06.04.2016 № 484-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.10.2019 № 268-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.06.2026 № 307-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.788-бап. Әкімшілік ұстап алудың тәртібі
1. Әкімшілік ұстап алу жөнінде хаттама жасалады. Хаттамада оның жасалған күні, уақыты (минутына дейінгі дәлдікпен) және орны; хаттама жасаған адамның лауазымы, тегі және аты-жөні; ұстап алынған адамның жеке басы туралы мәліметтер; ұстап алынған уақыты, орны және оның негіздері көрсетіледі. Хаттамаға оны жасаған лауазымды адам мен ұстап алынған тұлға қол қояды. Ұстап алынған адам хаттамаға қол қоюдан бас тартқан жағдайда, бұл жөнінде хаттамада жазба жазылады. Ұстап алу туралы хаттаманың көшірмесі әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін ұстап алынған адамға тапсырылады.
2. Әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін ұстап алынған адамның өтінуі бойынша оның қайда екендігі туралы туыстары, жұмыс немесе оқу орнының әкімшілігі, қорғаушысы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шет мемлекеттің елшілігі, консулдығы немесе өзге де өкілдігі дереу хабардар етіледі. Кәмелетке толмаған адамның ұстап алынуы туралы оның ата-анасының немесе оларды алмастыратын адамдардың хабардар етілуі міндетті.
3. Әскери қызметшіні немесе әскери жиындарға шақырылған Қазақстан Республикасының азаматын әкімшілік ұстап алу туралы ұстап алынған адам олардың құзыреттері шегінде әскери жиындарды (әскери қызметті) өткеретін әскери бөлім және әскери полиция органдары дереу хабардар етіледі.
4. Адамға ұсталған сәтте бостандығын шектеу негіздері, осы Кодексте көзделген оның құқықтары мен міндеттері түсіндіріледі, бұл жөнінде әкімшілік ұстап алу туралы хаттамаға тиісті жазба жазылады.
5. Ұсталған адамға бостандығын шектеу негіздері, оның құқықтары мен міндеттерін түсіндірмеу әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізудегі елеулі бұзушылық болып табылады және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.
6. Осы Кодексте белгіленген тәртіппен ұстап алынған адам оны ұстап алуға негіз болған мән-жайлар жойылған кезде дереу босатылуға жатады.
7. Әкімшілік ұстап алуға ұшыраған адамдар арнайы бөлінген, санитариялық талаптарға сай келетін және оларды өз еркімен тастап кету мүмкіндігі болмайтын үй-жайларда ұсталады.
8. Әкімшілік ұстап алуға ұшыраған адамдарды ұстау жағдайларын, осындай адамдарды тамақтандыру нормасы мен оларға медициналық қызмет көрсету тәртібін атқарушы билік органдары айқындайды.
9. Өздеріне қатысты әкімшілік ұстап алу қолданылған кәмелетке толмағандар ересек адамдардан бөлек ұсталады.
Ескерту. 788-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.06.2026 № 307-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.789-бап. Әкімшілік ұстап алу мерзімдері
1. Әкімшілік ұстап алу осы Кодекстің 785-бабында көрсетілген мақсаттарға қол жеткізу үшін қажетті уақыт ішінде жүзеге асырылады және үш сағаттан ұзақ болмауы керек.
Ұстап алынған адамның бас бостандығы ұстап алған адамға қандай да бір процестік мәртебе берілуіне немесе өзге де формальды рәсімдер орындалуына қарамастан, шын мәнінде шектелген кезде, минутына дейінгі дәлдікпен сол сағат ұстап алу мерзімінің басталуы болып табылады. Масаң күйдегі адамға қатысты әкімшілік ұстап алу мерзімі – медицина қызметкері оны айықты деп куәландырған уақыттан бастап есептеледі. Нақты ұстап алу уақытынан бастап үздіксіз есептелетін үш сағаттың өтуі осы мерзімнің аяқталу кезі болып табылады.
2. Күзетілетін объектілерге заңсыз кіргені, Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзғаны, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы режимін, шекара режимін және кедендік режимді немесе Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізу пункттеріндегі режимді бұзғаны үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының континенттік қайраңындағы, аумақтық суларындағы (теңізіндегі) және ішкі суларындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізу қозғалған адам – қажет болған жағдайларда жеке басын анықтау және құқық бұзушылықтың мән-жайларын анықтау үшін бұл жөнінде ұстап алынған кезден бастап жиырма төрт сағат ішінде прокурорға жазбаша хабарланып, қырық сегіз сағатқа дейін ұсталуы мүмкін. Төтенше жағдай немесе соғыс жағдайы жарияланған жерде коменданттық сағат енгізілуіне байланысты белгіленген тәртіпті бұзуға жол берген адамдарды ішкі істер органдарының (полицияның) қызметкерлері немесе әскери патрульдер коменданттық сағат аяқталғанға дейін, ал өзімен бірге құжаттары жоқтарды – олардың жеке басын анықтағанға дейін, бірақ қырық сегіз сағаттан аспайтын уақытқа ұстай алады.
3. Әкімшілік жазалау шарасының бірі ретінде әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғатын әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша өзіне қатысты іс жүргізу қозғалған адам, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралғанға дейін, бірақ жиырма төрт сағаттан аспайтын әкімшілік ұстап алуға тартылуы мүмкін.
Ескерту. 789-бапқа өзгерістер енгізілді – ҚР 26.12.2017 № 124-VI (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.1. Осы Кодекстің 785-бабында көрсетілген мақсаттарға қол жеткізу үшін шақыру бойынша дәлелсіз себептермен келмеген кезде өзіне қатысты әкімшілік іс бойынша іс жүргізіліп жатқан жеке тұлға не заңды тұлғаның өкілі, әкімшілік жауаптылыққа тартылатын кәмелетке толмаған адамның заңды өкілі күштеп әкелінуі мүмкін.
Күштеп әкелудің жалпы мерзімі бір айдан аспайды.
2. Шақыру туралы тиісінше хабардар етілген адамның келмеуінің дәлелді себептері болып: адамды келу мүмкіндігінен айырған сырқаты, жақын туыстарының қайтыс болуы, дүлей зілзалалар, адамды белгіленген мерзімде келу мүмкіндігінен айыратын өзге де себептер танылады. Өзіне қатысты әкімшілік іс бойынша іс жүргізіліп жатқан жеке тұлға не заңды тұлғаның өкілі, әкімшілік жауаптылыққа тартылатын кәмелетке толмаған адамның заңды өкілі шақыру бойынша белгіленген мерзімде келуге кедергі келтіретін дәлелді себептердің бар екендігі туралы өздерін шақырған органды хабардар етуге міндетті.
3. Күштеп әкелуді әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарап жатқан судьяның, органның (лауазымды адамның) ұйғарымы негізінде ішкі істер, ұлттық қауіпсіздік органдары және экономикалық тергеп-тексеру қызметі жүргізеді.
4. Күштеп әкелу туралы ұйғарым өзіне қатысты әкімшілік іс бойынша іс жүргізіліп жатқан жеке тұлғаға не заңды тұлғаның өкіліне, әкімшілік жауаптылыққа тартылатын кәмелетке толмаған адамның заңды өкіліне оны орындаудың алдында хабарланады, бұл олардың ұйғарымға қол қоюымен куәландырылады.
5. Күштеп әкелуді түнгі уақытта жүргізуге болмайды.
6. Он алты жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар, он сегіз жасқа толмаған адамдар – олардың заңды өкілдері хабардар етілместен, жүкті әйелдер, он төрт жасқа толмаған балаларды жалғыз өзі тәрбиелеп отырған әйелдер мен ерлер, сондай-ақ дәрігер куәландыруға тиісті денсаулық жағдайына байланысты өзінің тұрғылықты жерінен кете алмайтын немесе кетпеуге тиісті науқастар күштеп әкелінуге жатпайды.
Ескерту. 790-бап жаңа редакцияда – ҚР 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 12.06.2026 № 312-VIIІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.791-бап. Жеке басты жете тексеруді және жеке тұлғаның өзімен бірге алып жүрген заттарын жете тексеру
1. Жеке басты жете тексеру – құқық бұзышылықтарды анықтау және алдын алу, әкімшілік құқық бұзушылықты жасау құралы не оның нысанасы болған құжаттарды, заттарды және басқа да нәрселерді табу және алып қою мақсатында адамның денесін және оның киімін мәжбүрлеп зерттеп-қарау.
2. Жеке тұлғаның өзімен бірге алып жүрген заттарын жете тексеру – жеке тұлғаның өзімен бірге алып жүрген заттарын құрылымдық тұтастығын бұзбай зерттеп-қарау.
3. Жеке басты жете тексеруді және жеке тұлғаның өзімен бірге алып жүрген заттарын жете тексеруді уәкілетті лауазымды адамдар ғана жүргізеді, олардың тізбесі осы Кодекстің 787-бабында, Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің 98-бабының бірінші бөлігінде айқындалған және ол түпкілікті болып табылады. Көрсетілген шараларды басқа адамдардың жүргізуіне тыйым салынады және заңда көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.
4. Жеке басты тексеріп қарауды тексеріп қаралушымен жынысы бірдей адам және жынысы осындай екі куәгердің қатысуымен жүргізіледі.
5. Жеке басты жете тексеру және жеке тұлғаның өзімен бірге алып жүрген заттарын жете тексеру әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізу кезеңінде ғана жүргізілуі мүмкін. Адамның әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны жеке басты жете тексеруді және жеке тұлғаның өзімен бірге алып жүрген заттарын жете тексеруді жүргізуге негіз болып табылады.
6. Жеке тұлғаның өзімен бірге алып жүрген заттарын (қол жүгін, багажын, аң және балық аулау құралдарын, олжалаған өнімі мен өзге де нәрселерін) тексеріп-қарау осы заттардың меншік иесі немесе иелігіндегі тұлғаның қатысуымен және екі куәгердің қатысуымен жүргізіледі.
7. Жеке тұлғаның қолында айналасындағылардың өмірі мен денсаулығына зиян келтіру үшін пайдаланылуы мүмкін қару немесе өзге де нәрселер бар деуге негіздер болған ерекше жағдайларда, жеке басты жете тексеру, заттарын жете тексеру жиырма төрт сағат ішінде прокурорға бұл жөнінде хабарланып, куәгерлерсіз жүргізілуі мүмкін.
8. Жеке басты жете тексеруді және жеке тұлғаның өзімен бірге алып жүрген заттарын жете тексеруді (жетуге қиын жерде, тәуліктің түнгі уақытында, төтенше жағдайда немесе соғыс жағдайында) жүргізуге куәгерлердің қатысуы шын мәнінде мүмкін болмаған кезде, оның барысын және нәтижелерін тіркеудің техникалық құралдары міндетті түрде қолданыла отырып, куәгерлердің қатысуынсыз жүргізілуі мүмкін.
9. Қажет болған жағдайларда фото- және кинотүсірілім, бейнежазба жүргізіледі, заттай дәлелдемелерді тіркеудің белгіленген өзге де тәсілдері қолданылады.
10. Жеке басты жете тексеру, жеке тұлғаның өзімен бірге алып жүрген заттарын жете тексеру туралы хаттама жасалады. Жеке басты жете тексеру туралы хаттаманың көшірмесі өзіне қатысты іс бойынша іс жүргізіліп жатқан адамға, оның заңды өкіліне тапсырылады. Хаттамада оның жасалған күні, уақыты мен орны, хаттаманы жасаған адамның лауазымы, тегі мен аты-жөні, жеке басы тексеріп қаралған адам, заттардың түрі, саны, өзге де сәйкестендіру белгілері туралы, оның ішінде қарудың тұрпаты, маркасы, моделі, калибрі, сериясы, нөмірі, белгілері, оқ-дәрілердің, арнаулы жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдардың және ақпаратты қорғаудың криптографиялық құралдарының саны және түрі туралы мәліметтер көрсетіледі.
11. Жете тексеру хаттамасында фото- және кинотүсірілімінің, бейнежазбаның, құжаттарды тіркеудің өзге де тәсілдерінің қолданылғаны туралы жазба жазылады. Фото- және кинотүсірілімдерін, бейнежазбаларды, заттай дәлелдемелерді тіркеудің белгіленген өзге де құралдарын қолдана отырып, қарап-тексеру жүргізу кезінде алынған материалдар тиісті хаттамаға қоса беріледі.
12. Жеке басты жете тексеру, заттарды жете тексеру хаттамасына оны жасаған лауазымды адам, жеке басы жете тексерілген адам, жете тексерілген заттар иесі, куәгерлер қол қояды. Жеке басы жете тексерілген адам, жете тексерілген заттардың иесі хаттамаға қол қоюдан бас тартқан жағдайда, хаттамаға тиісті жазба жасалады.
Ескерту. 791-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.792-бап. Көлік құралдарын, шағын көлемді кемелерді жете тексеру
1. Көлік құралын, шағын көлемді кемені жете тексеру, яғни көлік құралын, шағын көлемді кемені олардың құрылымдық тұтастығын бұзбай жүргізілетін зерттеп-қарау құқық бұзушылық жасау құралдарын не әкімшілік құқық бұзушылық заттарын табу және алып қою мақсатында жүзеге асырылады.
2. Көлік құралдарын, шағын көлемді кемелерді тексеріп қарауды екі куәгердің қатысуымен осы Кодекстің 787-бабында санамаланған, осыған уәкілеттік берілген лауазымды адамдар жүргізеді.
Ерекше жағдайларда (жетуі қиын жерде тиісті қатынас құралдары болмаған кезде немесе басқа да объективті себептерге байланысты жеке тұлғаларды куәгерлер ретінде тартуға мүмкіндік болмаған кезде) көлік құралдарын, шағын көлемді кемелерді жете тексеру, яғни құрылымдық тұтастығын бұзбай жүзеге асырылатын зерттеп-қарау куәгерлердің қатысуынсыз, бірақ бұл ретте оның барысы мен нәтижелерін тіркеудің техникалық құралдары қолданыла отырып жүргізілуі мүмкін.
3. Мыналар:
1) көлік құралында, шағын көлемді кемеде әкімшілік құқық бұзушылық жасау құралдары не нәрселер бар деп есептеуге жеткілікті негіздердің болуы;
2) алкогольден, есірткіден, уытқұмарлықтан масаң күйдегі жүргізушінің көлік құралын басқаруы, егер жүргізуші уәкілетті лауазымды адамдардың заңды талаптарына бағынбаса;
3) уәкілетті лауазымды адамдардың іздеудегі көлік құралдарын, шағын көлемді кемелерді ұстап алу жөніндегі іс-шараларды жүргізуі;
4) егер көлік құралымен, шағын көлемді кемемен тасымалданатын жүк ұсынылған құжаттарға сәйкес келмейді деп есептеуге жеткілікті негіздер болса;
5) көлік құралының, шағын көлемді кеменің тораптар мен агрегаттарын ұсынылған құжаттарға сәйкес деректермен салыстыруды жүргізу қажеттігінің болуы;
6) көлік құралының, шағын көлемді кеменің пайдалануға тыйым салынған ақауы болуының анықталуы;
7) көлік құралын ұстап алу, оны пайдалануға тыйым салу көлік құралдарын, шағын көлемді кемелерді жете тексеру жүргізу үшін негіздер болып табылады.
4. Көлік құралдарын, шағын көлемді кемелерді жете тексеруді оларды иеленуші тұлғалардың не оның өкілінің немесе көлік құралын, шағын көлемді кемені заңды негізде басқаратын тұлғаның қатысуымен жүргізіледі. Кейінге қалдыруға болмайтын жағдайларда, оларға аталған тұлғалардың қатысуынсыз жете тексеру жүргізілуі мүмкін.
5. Көлік құралдары мен шағын көлемді кемелерді жете тексеру кезінде анықталған заттарды тіркеу мақсатында қажет болған жағдайларда фото-, кинотүсірілімі, бейнежазба жүргізіледі.
6. Көлік құралдарын, шағын көлемді кемелерді жете тексеру туралы хаттама жасалады. Бұл хаттаманың көшірмесі жете тексеру жүргізілген көлік құралдарын, шағын көлемді кемелерді иеленуші тұлғаға не оның өкіліне немесе көлік құралын, шағын көлемді кемені заңды негізде басқаратын тұлғаға тапсырылады.
7. Көлік құралдарын, шағын көлемді кемелерді жете тексеру хаттамасында оның жасалған күні мен орны, хаттама жасаған адамның лауазымы, тегі мен аты-жөні, жете тексеру жүргізілген көлік құралын, шағын көлемді кемені иеленушінің жеке басы туралы мәліметтер, көлік құралының, шағын көлемді кеменің тұрпаты, маркасы, моделі, мемлекеттік тіркеу нөмірі, өзге де сәйкестендіру белгілері туралы мәліметтер көрсетіледі.
8. Жете тексеру хаттамасында фото- және кинотүсірілімдері, бейнежазбалар, құжаттарды тіркеудің белгіленген өзге де тәсілдері қолданылғаны туралы жазба жазылады. Фото- және кинотүсірілімдерін, бейнежазбаларды, заттай дәлелдемелерді тіркеудің белгіленген өзге де құралдарын қолдана отырып, жете тексеру жүргізу кезінде алынған материалдар тиісті хаттамаға қоса тіркеледі.
9. Көлік құралдарын, шағын көлемді кемелерді жете тексеру хаттамасына оны жасаған лауазымды адам, өзіне қатысты іс бойынша іс жүргізіліп жатқан адам, жете тексеру жүргізілген көлік құралының, шағын көлемді кеменің иесі не оның өкілі қол қояды. Өзіне қатысты іс бойынша іс жүргізіліп жатқан адам, жете тексеру жүргізілген көлік құралының, шағын көлемді кеменің иесі, оның өкілі хаттамаға қол қоюдан бас тартқан жағдайда, хаттамаға тиісті жазба жасалады.
1. Қарап-тексеру, яғни көлік құралын, сол жерді, нәрселерді, Қазақстан Республикасының аумағына импортталған тауарларды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы арқылы өткізілетін құжаттарды, тірі адамдарды көріп зерттеу әкімшілік құқық бұзушылық іздерін, өзге де материалдық объектілерді, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы жасау үшін маңызы бар мән-жайларды анықтау мақсатында жүргізіледі.
2. Қарап-тексеру әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалғанға дейін жүргізілуі мүмкін.
Ескерту. 793-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.12.2015 № 432-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).794-бап. Қарап-тексеруді жүргізудің жалпы қағидалары
1. Қарап-тексеру, әдетте, қажеттілік туындаған жағдайда кідіртілмей жүргізіледі. Қажет болған кезде, сондай-ақ қарап-тексеруге қатысушылардың талабы бойынша хаттама жасалады, онда оның жасалған күні мен орны, оны жасаған адамның лауазымы, тегі мен аты-жөні, қарап-тексерілген адам, заттардың, Қазақстан Республикасының аумағына импортталған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы арқылы өткізілетін тауарлардың түрі, саны, өзге де сәйкестендіру белгілері туралы, оның ішінде қарудың тұрпаты, маркасы, моделі, калибрі, сериясы, нөмірі, белгілері, оқ-дәрілердің, арнаулы жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдардың және ақпаратты қорғаудың криптографиялық құралдарының саны мен түрі туралы мәліметтер көрсетіледі.
Қарап-тексеру хаттамасына оны жасаған лауазымды адам, қарап-тексерілген адам, қарап-тексерілген заттардың иесі, куәлар қол қояды. Қарап-тексерілген адам, қарап-тексерілген заттардың иесі хаттамаға қол қоюдан бас тартқан жағдайда, оған тиісті жазба жасалады.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!2-бөлікке өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 19.06.2026 № 318-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
2. Тірі адамдарды қарап-тексеруді осы Кодекстің 787-бабында санамаланған лауазымды адамдар жүргізеді. Тірі адамдарды қарап-тексеруді тексеріп қаралушымен жынысы бірдей адам және жынысы осындай екі куәгердің қатысуымен жүргізеді.
Тірі адамның өзімен бірге алып жүрген заттарын қарап-тексеруді, яғни олардың құрылымдық тұтастығын бұзбай жүзеге асырылатын зерттеп-қарауды осы Кодекстің 787-бабында санамаланған, оған уәкілеттік берілген лауазымды адамдар осы заттарды меншіктенуші немесе иеленуші тұлғаның қатысуымен және екі куәгердің қатысуымен жүргізеді.
Тірі адамның қолында айналасындағылардың өмірі мен денсаулығына зиян келтіру үшін пайдаланылуы мүмкін қару немесе өзге де заттар бар деуге негіздер болған ерекше жағдайларда қарап-тексеру жиырма төрт сағат ішінде прокурорға бұл жөнінде хабарланып, куәгерлерсіз жүргізілуі мүмкін.
3. Осы баптың екінші бөлігінде көрсетілгендерді қоспағанда, орындарды, нәрселерді, Қазақстан Республикасының аумағына импортталған тауарларды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы арқылы өткізілетін құжаттарды қарап-тексеру куәгерлердің қатысуымен жүргізіледі. Айрықша жағдайларда (жетуі қиын жерде, тиісті қатынас құралдары болмаған кезде немесе басқа да объективті себептерге байланысты жеке тұлғаларды куәгерлер ретінде тартуға мүмкіндік болмаған кезде) қарап-тексеру куәгерлердің қатысуынсыз, бірақ бұл ретте оның барысы мен нәтижелерін тіркеудің техникалық құралдары қолданыла отырып жүргізіледі.
4. Қажет болған кезде қарап-тексеру құқық бұзушының, жәбірленушінің, куәлардың, сондай-ақ маманның қатысуымен жүргізіледі.
5. Табылған іздер мен өзге де материалдық объектілерді қарап-тексеру әкімшілік құқық бұзушылық жасалған жерде жүзеге асырылады. Егер қарап-тексеру үшін қосымша уақыт талап етілсе немесе табылған жерде қарап-тексеруге елеулі қиындықтар туындайтын болса, объектілер алып қойылуы және оралған, мөр басылған күйінде, зақым келтірілмей, қарап-тексеруге қолайлы жерге жеткізілуі мүмкін.
6. Қарап-тексеру кезінде барлық табылған және алып қойылған заттар куәгерлерге, қарап-тексерудің басқа да қатысушыларына көрсетілуге тиіс, бұл жөнінде хаттамаға белгі қойылады.
7. Iске қатысы болуы мүмкін объектілер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына импортталған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы арқылы өткізілетін тауарлар ғана алып қойылуға жатады. Алып қойылған объектілер, тауарлар оралып, мөр басылады және уәкілетті лауазымды адам мен куәгерлердің қол қоюымен расталады.
8. Қарап-тексеруге қатысатын тұлғалар өздерінің пікірінше істің мән-жайларын анықтауға септігін тигізуі мүмкін дегеннің бәріне уәкілетті лауазымды адамның назарын аударуға құқылы.
9. Қажет болған жағдайларда қарап-тексеру кезінде қарап-тексерілетін объектілер өлшенеді, олардың жоспарлары мен схемалары жасалады, сондай-ақ суретке түсіріледі және өзге де құралдармен түсіріліп алынады, бұл жөнінде хаттамаға белгі жасалып, оған көрсетілген материалдар қоса тіркеледі.
10. Қарап-тексеру хаттамасының көшірмесі өзіне қатысты іс бойынша іс жүргізіліп жатқан тұлғаға не оның заңды өкіліне тапсырылады.
Ескерту. 794-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.12.2015 № 432-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).795-бап. Жеке тұлғаның өзімен бірге алып жүрген заттарын, тауарлары мен құжаттарын алып қою
Ескерту. 795-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР 30.12.2019 № 300-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Құқық бұзушылық жасалған жерде не осы Кодекстің 785-бабында көзделген, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді қамтамасыз ету шараларын қолдану кезінде табылған, құқық бұзушылықтар құралы не нысанасы болып табылатын құжаттар мен заттарды, Қазақстан Республикасының аумағына импортталған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы арқылы өткізілетін тауарларды алып қоюды іс бойынша іс жүргізуді қамтамасыз етудің тиісті шараларын қолдануға уәкілеттік берілген лауазымды адамдар екі куәгердің қатысуымен жүзеге асырады.
Айрықша жағдайларда (жетуі қиын жерде, тиісті қатынас құралдары болмаған кезде немесе басқа да объективті себептерге байланысты жеке тұлғаларды куәгерлер ретінде тартуға мүмкіндік болмаған кезде) құқық бұзушылық жасалған жерде не осы Кодекстің 785-бабында көзделген, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді қамтамасыз ету шараларын қолдану кезінде табылған, құқық бұзушылықтар құралы болып табылатын құжаттар мен заттарды, Қазақстан Республикасының аумағына импортталған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы арқылы өткізілетін тауарларды алып қою куәгерлердің қатысуынсыз, бірақ бұл ретте оның барысы мен нәтижелерін тіркеудің техникалық құралдары қолданыла отырып жүзеге асырылуы мүмкін.
2. Заттарды, Қазақстан Республикасының аумағына импортталған тауарларды және құжаттарды алып қою туралы хаттама жасалады, оның көшірмесі өзіне қатысты іс бойынша іс жүргізіліп жатқан адамға немесе оның өкіліне табыс етіледі не әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамада тиісті жазба жасалады.
3. Құжаттарды, Қазақстан Республикасының аумағына импортталған тауарларды және заттарды алып қою туралы хаттамада (әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамада) алып қойылған құжаттардың түрі мен деректемелері, алып қойылған заттардың түрі, саны, өзге де сәйкестендіру белгілері туралы, оның ішінде алып қойылған қарудың тұрпаты, маркасы, моделі, калибрі, сериясы, нөмірі, өзге де сәйкестендіру белгілері, оқ-дәрілердің, арнаулы жедел-іздестіру шараларын өткізуге арналған арнайы техникалық құралдардың және ақпаратты қорғаудың криптографиялық құралдарының саны мен түрі туралы мәліметтер қамтылады.
4. Хаттамаға оны жасаған лауазымды адам, тиісті құжаттары, Қазақстан Республикасының аумағына импортталған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы арқылы өткізілетін тауарлары және заттары алып қойылған адам, куәгерлер қол қояды. Өзінен тиісті құжаттары мен заттары алып қойылған адам хаттамаға қол қоюдан бас тартқан жағдайда, онда тиісті жазба жасалады.
5. Алып қойылған заттар, Қазақстан Республикасының аумағына импортталған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы арқылы өткізілетін тауарлар және құжаттар әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралғанға дейін алып қоюды жүргізген лауазымды адам айқындайтын орындарда тиісті уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын тәртіппен сақталады.
6. Алып қойылған атыс қаруы мен өзге де қару, сондай-ақ оқ-дәрілер, арнаулы жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнаулы техникалық құралдар және ақпаратты қорғаудың криптографиялық құралдары Қазақстан Республикасының Iшкі істер министрлігі айқындайтын тәртіппен сақталады немесе жойылады.
7. Iс қаралғаннан кейін шығарылған қаулыға сәйкес, алып қойылған құжаттар, Қазақстан Республикасының аумағына импортталған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы арқылы өткізілетін тауарлар және заттар олардың иесіне қайтарылады немесе тәркіленеді немесе өткізіледі немесе сақталады немесе белгіленген тәртіппен жойылады. Жол жүрісі саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша алып қойылған құжаттар іс бойынша қабылданған қаулы орындалғанға дейін сақталады.
8. Егер адам жасаған әкімшілік құқық бұзушылық үшін осы Кодексте көлік құралын басқару құқығынан айыру түрінде санкция көзделсе ғана, көлік құралын басқару құқығына арналған жүргізуші куәлігі алып қоюға жатады. Қалған жағдайларда әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылғаннан кейін көлік құралын басқару құқығына арналған жүргізуші куәлігі дереу иесіне қайтарылады.
Алып қойылған жүргізуші куәлігінің орнына жүргізушіге уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша уақытша куәлік беріледі.
9. Жүргізуші емтиханға жіберу туралы қаулыны алған күннен бастап екі ай ішінде жол жүрісі қағидаларын білуін тексеруге арналған емтиханды тапсырмаған кезде, қаулы шығарған лауазымды адам Қазақстан Республикасының жол жүрісі қауіпсіздігі саласындағы заңнамасында көзделген шараларды қолданады.
10. Көлік құралдарының мемлекеттік нөмірлері екі куәгердің және (немесе) көлік құралы меншік иесінің қатысуымен ғана алып қоюға жатады, бұл ретте мемлекеттік нөмірлерді алып қоюды жүргізетін уәкілетті лауазымды адам көлік құралының иесіне алып қоюды жүргізудің негізін түсіндіруге міндетті. Салынған айыппұлды өндіріп алу мақсатында көлік құралдарының мемлекеттік нөмірлерін алып қоюды жүргізуге тыйым салынады.
11. Алып қойылған орден, медаль, Қазақстан Республикасының, Қазақ КСР-інің, КСРО-ның және басқа да мемлекеттердің құрметті атағының төсбелгісі олардың заңды иесіне қайтарылады, ал егер ол белгісіз болса, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жіберіледі.
12. Жеке тұлғаның өзімен бірге алып жүрген заттарын, Қазақстан Республикасының аумағына импортталған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы арқылы өткізілетін тауарларын және құжаттарын алып қою осы Кодекстің 785-бабының бірінші бөлігінде көзделген мақсаттарға қол жеткізу үшін айрықша жағдайларда ғана жүргізіледі. Аталған шараны осы Кодексте көзделмеген мақсаттарда қолдану Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
Ескерту. 795-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 03.12.2015 № 432-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 22.12.2016 № 28-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2019 № 300-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.796-бап. Көлік құралын, кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені басқарудан шеттету және масаң күйін куәландыру
1. Көлік құралын, кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені басқаратын жүргізуші, кеме жүргізуші масаң күйде деп пайымдауға жеткілікті негіздер болса, олар көлік құралын, кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені басқарудан шеттетілуге және масаң күйін куәландыруға жатады.
2. Көлік құралын, кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені басқарудан шеттетуді, масаң күйін куәландыруды және медициналық куәландыруға жіберуді: Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының және көліктік бақылау органдарының көлік құралын басқаратын адам құқық бұзушылықтар жасаған жағдайда – тиісінше ішкі істер органдарының, әскери полицияның қызметкерлері, сондай-ақ азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органдарының азаматтық қорғау саласындағы бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын қызметкерлері, әскери қызметшілері жүргізеді.
3. Жүргізуші, кеме жүргізуші куәландыру нәтижелерімен келіспеген жағдайда, олар медициналық куәландыруға медициналық мекемеге жіберіледі.
4. Алып тасталды - ҚР 30.12.2019 № 300-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.5. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамада куәландырудан өткізу үшін көлік құралын, кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені басқарудан шеттетілген күн, уақыт, орын, негіздер көрсетіледі. Хаттаманың көшірмесі өзіне қатысты іс бойынша іс жүргізіліп жатқан адамға не оның заңды өкіліне тапсырылады.
6. Масаң күйін куәландыру актісі тиісті хаттамаға қоса беріледі.
Ескерту. 796-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 272-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 30.12.2019 № 300-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.10.2024 № 131-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.06.2026 № 307-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.797-бап. Көлік құралын, кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені ұстап алу, жеткізу және пайдалануға тыйым салу
1. Мынадай:
1) осы Кодекстің 230 (екінші бөлігінде), 367, 368, 370, 372, 381, 382, 383, 392, 393, 394, 395, 396, 400, 403 (екінші бөлігінде), 406 (жетінші және сегізінші бөліктерін қоспағанда), 463, 476 (екінші бөлігінде), 478 (екінші бөлігінде), 506, 510, 511, 512, 513, 514, 515, 516, 517, 571, 571-1, 572, 573, 575, 581, 582, 586, 589, 590 (екінші, 2-1, үшінші, төртінші және 4-1-бөліктерінде), 597 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 608, 612, 613 (3-1, төртінші, бесінші, алтыншы, тоғызыншы, оныншы және он бірінші бөліктерінде), 654 (590, 591, 592, 593, 594, 595, 596, 597, 598, 599, 600, 601, 602, 603, 606, 607, 610, 611, 612, 613-баптарда көзделген құқық бұзушылықтар бөлігінде)-баптарында көрсетілген бұзушылықтар жасалған кезде осы баптың екінші бөлігінде аталған уәкілетті лауазымды адам көлік құралдарын, кемелерді, оның ішінде шағын көлемді кемелерді уақытша сақтау үшін оларды арнаулы алаңдарға, тұрақтарға немесе стационарлық көліктік бақылау бекетіне іргелес жатқан алаңдарға жеткізу, оның ішінде басқа да көлік құралын (эвакуаторды), кемені немесе шағын көлемді кемені пайдалана отырып жеткізу арқылы, кідірту себептері жойылғанға дейін кідіртуге, жеткізуге және пайдалануға тыйым салуға құқылы;
2) осы Кодекстің 377, 400, 403 (екінші бөлігінде), 406 (жетінші және сегізінші бөліктерін қоспағанда), 476, 478 (екінші бөлігінде), 571 (бесінші, алтыншы, жетінші және сегізінші бөліктерінде), 573, 575, 593, 628-баптарында көрсетілген бұзушылықтар жасалған кезде осы баптың екінші бөлігінде аталған уәкілетті лауазымды адам шетел азаматтарына немесе шетелдік заңды тұлғаларға тиесілі көлік құралдарын уақытша сақтау үшін оларды арнайы алаңдарға, тұрақтарға немесе стационарлық көліктік бақылау бекетіне іргелес жатқан алаңдарға, оның ішінде басқа көлік құралын (эвакуаторды) пайдалана отырып жеткізу арқылы әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы, ескерту немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама орындалғанға дейін немесе қысқартылған іс жүргізу бойынша айыппұл төленгенге дейін ұстап алуға, жеткізуге және пайдалануға тыйым салуға;
3) осы Кодекстің 334 (екінші бөлігінде), 590 (бірінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы және оныншы бөліктерінде), 597 (бірінші және екінші бөліктерінде), 610, 611-баптарында көрсетілген бұзушылықтар жасалған кезде осы баптың екінші бөлігінде аталған уәкілетті лауазымды адам көлік құралын пайдалануға тыйым салу себептері жойылғанға дейін мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін алып қою арқылы көлік құралдарын пайдалануға тыйым салуға құқылы.
Көлік құралын уақытша сақтау үшін арнаулы алаңдарға, тұрақтарға немесе стационарлық көліктік бақылау бекетіне іргелес жатқан алаңдарға оны жеткізу (эвакуациялау) көлік құралы жүргізушісі тоқтау немесе тоқтап тұру қағидаларын бұзған және өздері сол жерде болмаған жағдайларда, сондай-ақ жүргізушілердің қайда екенін анықтау мүмкін болмаса, олар жолда қараусыз қалдырған көлік құралдарына қатысты да қолданылуы мүмкін.
2. Көлік құралын, кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені ұстап алуды, жеткізуді және пайдалануға тыйым салуды ішкі істер органдарының қызметкерлері, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзету және қорғау кезінде Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің әскери қызметшілері, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органдарының азаматтық қорғау саласындағы бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын қызметкерлері, әскери қызметшілері, ұлттық қауіпсіздік органдарының, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының көлік құралын басқаратын адам әкімшілік құқық бұзушылық жасаған кезде әскери полиция органдарының әскери қызметшілері, өз өкілеттіктері шегінде көліктік бақылау органдарының, орман және аңшылық шаруашылығы органдарының, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың, жануарлар дүниесін мемлекеттік қорғаудың (орман, балық, аңшылық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңнаманы бұзған кезде), ветеринария саласындағы, өсімдіктер карантині жөніндегі және өсімдіктерді қорғау саласындағы уәкілетті органның, мемлекеттік кіріс органдарының лауазымды адамдары өз өкілеттіктері шегінде жүргізеді.
Көлік құралын уақытша сақтау үшін арнайы алаңдарға немесе тұрақтарға жеткізуді (эвакуациялауды) жергілікті атқарушы органдар жүзеге асыруы мүмкін.
3. Көлік құралын, кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені ұстап алу, жеткізу және пайдалануға тыйым салу туралы белгіленген нысандағы акт жасалады және әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаға қоса тіркеледі.
4. Ұстап алынған көлік құралын, кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені сақтау жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша құрылатын және коммуналдық меншік болып табылатын арнаулы алаңдарда немесе тұрақтарда жүзеге асырылады.
Ескерту. 797-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 272-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.12.2015 № 432-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 166-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.10.2019 № 268-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2019 № 300-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2020 № 359-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.07.2022 № 137-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.10.2024 № 131-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.06.2026 № 307-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.798-бап. Заңды тұлғаға тиесілі аумақтарды, үй-жайларды, тауарларды, өзге де мүлікті, сондай-ақ тиістіқұжаттарды қарап-тексеру
1. Заңды тұлғаға тиесілі аумақтарды, үй-жайларды, тауарларды, өзге де мүлікті, сондай-ақ тиісті құжаттарды қарап-тексеруді осы Кодекстің 804-бабына сәйкес заңды тұлғалардың әкімшілік құқық бұзушылықтары туралы хаттамалар жасауға уәкілеттік берілген лауазымды адамдар жүргізеді.
2. Қарап-тексеру заңды тұлға өкілінің және екі куәгердің қатысуымен жүргізіледі.
3. Қарап-тексеруді жүргізу туралы хаттама жасалады. Хаттаманың көшірмесі өзіне қатысты іс бойынша іс жүргізіліп жатқан заңды тұлғаның өкіліне тапсырылады.
4. Заңды тұлғаға тиесілі аумақтарды, үй-жайларды, тауарларды, өзге де мүлікті, сондай-ақ тиісті құжаттарды қарап-тексеру хаттамасында оның жасалған күні мен орны, хаттама жасаған адамның лауазымы, тегі мен аты-жөні, тиісті заңды тұлға туралы, сондай-ақ оның заңды өкілінің не өзге де қызметкерінің жеке басы туралы мәліметтер, қарап-тексерілген аумақтар мен үй-жайлар, тауарлар мен басқа да заттардың түрлері, саны, өзге де сәйкестендіру белгілері, құжаттардың түрлері мен деректемелері туралы мәліметтер көрсетіледі.
5. Қарап-тексеру хаттамасында оны жүргізу барысында фото- және кинотүсірілімдері, бейнежазбалар, құжаттарды тіркеудің белгіленген өзге де тәсілдері қолданылғаны туралы жазба жасалады. Фото-, кинотүсірілімдерінің, бейнежазбалардың, заттай дәлелдемелерді тіркеудің белгіленген өзге де құралдары нәтижесінде алынған материалдар тиісті хаттамаға қоса беріледі.
6. Заңды тұлғаға тиесілі аумақтарды, үй-жайларды, тауарларды, өзге де мүлікті, сондай-ақ тиісті құжаттарды қарап-тексеру хаттамасына оны жасаған лауазымды адам, оның өкілі не кейінге қалдыруға болмайтын жағдайларда заңды тұлғаның қызметкері, сондай-ақ куәгерлер қол қояды. Аталған заңды тұлғаның өкілі немесе өзге де қызметкері хаттамаға қол қоюдан бас тартқан жағдайда, онда тиісті жазба жасалады.
799-бап. Заңды тұлғаға тиесілі құжаттар мен мүлікті алып қою
Әкімшілік құқық бұзушылық жасау құралы не нысанасы болған, заңды тұлғаға тиесілі, әкімшілік құқық бұзушылық жасалған жерде не заңды тұлғаға тиесілі аумақтарды, үй-жайларды, көлік құралдарын, тауарларды, өзге де мүлікті қарап-тексеруді жүргізу кезінде табылған құжаттарды, тауарларды, өзге де мүлікті, нәрселерді алып қоюды осы Кодекстің 804-бабында аталған лауазымды адамдар, сондай-ақ осы Кодекстің 235, 236, 237, 416-баптары бойынша әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттама жасауға құқығы бар уәкілетті лауазымды адамдар жүзеге асырады. Заңды тұлғаға тиесілі құжаттарды, тауарларды, өзге де мүлікті алып қоюды ресімдеу, сондай-ақ оларды сақтау осы Кодекстің 795-бабында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
800-бап. Заңды тұлғаға тиесілі тауарларға, көлік құралдарына және өзге де мүлікке тыйым салу
1. Заңды тұлғаға тиесілі, әкімшілік құқық бұзушылық жасау құралдары не нысанасы болған тауарларға, көлік құралдарына және өзге де мүлікке тыйым салу өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша, іс жүргізуді қамтамасыз етудің осы шарасы қолданылған заңды тұлғаның өкіліне оларға билік етуге (ал қажет болған жағдайларда пайдалануға да) тыйым салу туралы хабарлана отырып, көрсетілген тауарлардың, көлік құралдарының және өзге де мүліктің тізімдемесін білдіреді және егер осы тауарларды, көлік құралдарын және өзге де мүлікті алып қою мүмкін болмайтын және (немесе) олардың сақталуын алып қоюсыз қамтамасыз ету мүмкін болатын жағдайда қолданылады. Тыйым салынған тауарлар, көлік құралдары және өзге де мүлік тыйым салған лауазымды адам тағайындаған басқа тұлғаларға жауапкершілікпен сақтауға берілуі мүмкін.
2. Заңды тұлғаға тиесілі тауарларға, көлік құралдарына және өзге де мүлікке тыйым салуды тауар, көлік құралы және өзге де мүлік иесі мен екі куәгердің қатысуымен осы Кодекстің 787-бабында, 804-бабының бірінші бөлігінде аталған, осыған уәкілеттік берілген лауазымды адамдар жүзеге асырады.
Кейінге қалдыруға болмайтын жағдайларда, тауарларға, көлік құралдарына және өзге де мүлікке тыйым салу олардың иесінің қатысуынсыз жүзеге асырылуы мүмкін.
3. Қажет болған жағдайларда фото- және кинотүсірілім, бейнежазба қолданылады.
4. Заңды тұлғаға тиесілі тауарларға, көлік құралдарына және өзге де мүлікке тыйым салу туралы хаттама жасалады. Заңды тұлғаға тиесілі тауарларға, көлік құралдарына және өзге де мүлікке тыйым салу туралы хаттамада оның жасалған күні мен орны, хаттама жасаған адамның лауазымы, тегі мен аты-жөні, өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді қамтамасыз етудің осы шарасы қолданылған заңды тұлға туралы және иелігінде тыйым салынған тауарлар, көлік құралдары және өзге де мүлкі бар тұлға туралы мәліметтер, олардың тізімдемесі және сәйкестендіру белгілері көрсетіледі, сондай-ақ фото- және кинотүсірілімдері, бейнежазбалар қолдану туралы жазба жасалады. Фото- және кинотүсірілімдер, бейнежазбалар қолданылып, тыйым салуды жүзеге асыру кезінде алынған материалдар хаттамаға қоса беріледі.
5. Қажет болған жағдайларда тыйым салынған тауарлар, көлік құралдары және өзге де мүлік оралады және (немесе) оларға мөр басылады.
6. Заңды тұлғаға тиесілі тауарларға, көлік құралдарына және өзге де мүлікке тыйым салу туралы хаттаманың көшірмесі өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді қамтамасыз етудің осы шарасы қолданылған заңды тұлғаның өкіліне тапсырылады.
7. Заңды тұлғаға тиесілі, тыйым салынған тауарларды, көлік құралдарын және өзге де мүлікті өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді қамтамасыз етудің осы шарасы қолданылған заңды тұлғаның не тыйым салынған мүлікті сақтауды жүзеге асыратын тұлғаның иеліктен шығаруы немесе жасыруы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
801-бап. Қызметті немесе оның жекелеген түрлерін тоқтата тұру не оған тыйым салу
1. Әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін қызметті немесе оның жекелеген түрлерін тоқтата тұру не оған тыйым салу түріндегі әкімшілік жаза қолданылуы мүмкін, ол туралы хаттама жасауға осы Кодекстің 804-бабына сәйкес уәкілеттік берілген лауазымды адам қызметті немесе оның жекелеген түрлерін тоқтата тұруды не оған тыйым салуды жүзеге асырады. Қызметті немесе оның жекелеген түрлерін тоқтата тұруға не оған тыйым салуға үш тәуліктен аспайтын мерзімге жол беріледі. Көрсетілген мерзімде орган (лауазымды адам) әкімшілік құқық бұзушылық туралы материалдарды сотқа, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға уәкілеттік берілген органға (лауазымды адамға) жіберуге міндетті.
2. Қызметті немесе оның жекелеген түрлерін тоқтата тұру не оған тыйым салу туралы акт жасалады, онда осы шараны қолданудың негізі, оның жасалған күні мен орны, акт жасаған лауазымды адамның лауазымы, тегі мен аты-жөні, өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізіліп жатқан тұлға туралы мәліметтер, қызметіне уақытша тыйым салынған қызмет объектісі, қызметтің нақты тоқтатылған уақыты, тұлғаның түсініктемесі және істі дұрыс шешу үшін қажетті өзге де деректер көрсетіледі. Бұл ретте қызметті немесе оның жекелеген түрлерін тоқтата тұру не оған тыйым салу туралы акт іс бойынша шешім шығарылғанға дейін қолданылады.
3. Қызметті немесе оның жекелеген түрлерін тоқтата тұру не оларға тыйым салу туралы актіге оны жасаған лауазымды адам, қызметі уақытша тоқтатылған жеке тұлға немесе заңды тұлғаның өкілі қол қояды. Егер аталған тұлғалардың біреуі актіге қол қоймаған жағдайда, лауазымды адам бұл жөнінде актіде тиісті жазба жасайды.
4. Қызметті немесе оның жекелеген түрлерін тоқтата тұру не оларға тыйым салу туралы актінің көшірмесі қызметі уақытша тоқтатылған тұлғаға қолхатпен тапсырылады.
5. Қызметті немесе оның жекелеген түрлерін тоқтата тұру не оларға тыйым салу туралы актіні жасаған лауазымды адам пломбаларды салуды, үй-жайларға, тауарлар мен өзге де материалдық құндылықтар сақталатын орындарға, кассаларға мөр басуды жасайды, сондай-ақ актіде көрсетілген тұлғалардың қызметті уақытша тоқтатуға қажетті іс-шараларды орындау бойынша басқа да іс-шаралар қолданылады.
Ескерту. 801-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 30.12.2019 № 300-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.41-тарау. ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ІСТЕРДІ ҚОЗҒАУ
802-бап. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау үшін себептер мен негіз
1. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғауға:
1) осы баптың үшінші және бесінші бөліктерінің ережелерін ескере отырып, әкімшілік құқық бұзушылық жасау фактісін уәкілетті лауазымды адамның тікелей анықтауы;
2) құқық қорғау органдарынан, сондай-ақ басқа да мемлекеттік органдардан, жергілікті өзін-өзі басқару органдарынан түскен материалдар;
3) жеке және заңды тұлғалардың хабарлары немесе мәлімдемелері, сондай-ақ масс-медиадағы хабарлар;
4) әкімшілік құқық бұзушылықтың осы Кодекстің 31-бабына сәйкес автоматты режимде анықталуы немесе тіркелуі;
5) бақылау-өлшеу аппаратурасының және (немесе) радиотехникалық бақылау құралдарының көрсеткіштері себептер болып табылады.
2. Іс бойынша іс жүргізуді болғызбайтын, осы Кодекстің 741-бабында көзделген мән-жайлар болмаған кезде, әкімшілік құқық бұзушылық белгілерін көрсететін жеткілікті деректердің болуы әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау үшін негіз болып табылады.
3. Бақылау мен қадағалау субъектісіне қатысты осы баптың бірінші бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғауға мыналар негіз болып табылады:
1) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде белгіленген тәртіппен жүргізілген тексерудің немесе тергеп-тексерудің нәтижесі;
ЗҚАИ-ның ескертпесі!2) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 19.06.2026 № 318-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
2) табиғи монополиялар және қоғамдық маңызы бар нарықтар салаларында уәкілетті лауазымды адамның әкімшілік құқық бұзушылық жасау фактісінің тікелей анықталуы.
Осы бөліктің күші Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 129-бабының 4, 5, 6, 8, 11 және 12-тармақтарында, сондай-ақ 13-тармағының 3) тармақшасында көзделген салаларда бақылау мен қадағалау жүзеге асырылған кезде, сондай-ақ мемлекеттік статистика саласында мемлекеттік бақылау респонденттерге қатысты бармай жүзеге асырылған кезде әкімшілік құқық бұзушылық белгілері анықталған жағдайларға қолданылмайды.
3-1. Инвесторлар тізіліміне енгізілген инвесторларға қатысты осы баптың бірінші бөлігінің 1), 2) және 3) тармақшаларына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау туралы шешім прокурормен міндетті түрде келісілгеннен кейін қабылданады. Келісу тәртібін Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры айқындайды.
4. Осы Кодекстің 785-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді қамтамасыз ету шараларын қолдану туралы бірінші хаттама жасалған, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалған немесе прокурор әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау туралы қаулы шығарған, сондай-ақ судья (сот) сот талқылауы барысында процеске қатысушы тұлғаның тарапынан сотқа құрметтемеушілік білдіру фактісінің анықталғаны туралы жариялаған кезден бастап әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалған деп есептеледі.
Егер әкімшілік құқық бұзушылық осы Кодекстің 31-бабына сәйкес автоматты режимде анықталса немесе тіркелсе, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іc:
1) осы Кодекстің Ерекше бөлігінің баптарында осы Кодекстің 743-бабында көзделген тәртіппен ескерту түріндегі жазалар және (немесе) айыппұл көзделген бұзушылықтар бойынша ескерту немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама жіберілген;
2) әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалған немесе прокурор осы Кодекстің Ерекше бөлігінің баптарында ескертуден және (немесе) айыппұлдан басқа өзге де жазалар көзделген бұзушылықтар бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау туралы қаулы шығарған кезден бастап қозғалған деп есептеледі.
Істерді мемлекеттік кіріс органдары қарайтын әкімшілік құқық бұзушылықтар жасалған кезде әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс хабардар ету (хабарлау) тиісті түрде жеткізілген кезден бастап қозғалған деп есептеледі.
5. Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы және жылу энергетикасы саласындағы заңдарында белгіленген, "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-3, 6-4 және 6-5-баптарында және "Жылу энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13, 14 және 15-баптарында көзделген тәртіппен жүргізілген тексерудің нәтижесі, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 144-4-бабының 7-тармағында көзделген жағдайларда тергеп-тексерудің нәтижесі бақылау және қадағалау субъектісіне қатысты осы баптың бірінші бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғауға негіздер болып табылады.
Осы бөліктің күші Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 129-бабының 8-1-тармағын қоспағанда, 129-бабында көзделген салаларда бақылау мен қадағалау жүзеге асырылған кезде әкімшілік құқық бұзушылық белгілері анықталған жағдайларға қолданылмайды.
6. "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-2, 39-3 және 86-баптарында көзделген тәртіппен жүргізілген тексерудің нәтижесі және аварияларды тергеп-тексерудің нәтижесі бақылау және қадағалау субъектісіне қатысты осы баптың бірінші бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғауға негіз болады.
7. Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес жүргізілген, ерекше бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) қатысты жоспардан тыс тексеру мен тергеп-тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар, сондай-ақ бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудың, жоспарлы тексерудің және ерекше бақылау және қадағалау объектісіне бару арқылы мониторингтеудің нәтижелері бойынша анықталып, жойылмаған бұзушылықтар бақылау және қадағалау субъектісіне қатысты осы баптың бірінші бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғауға негіз болады.
Ескерту. 802-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 272-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.10.2015 № 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 419-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.06.2024 № 95-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 08.07.2024 № 122-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.10.2024 № 131-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.01.2025 № 155-VIII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); 17.11.2025 № 232-VIII (01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі); 09.01.2026 № 257-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.06.2026 № 318-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.803-бап. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама
1. Осы Кодекстің 807-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы оған уәкілеттік берілген лауазымды адам жазбаша нысанда жасайды. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманың жазбаша нысанымен бірге электрондық нысаны да пайдаланылуы мүмкін.
2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамада:
1) хаттама жасалған күні мен орны;
2) хаттаманы жасаған адамның лауазымы, тегі және аты-жөні;
3) өзіне қатысты іc қозғалған тұлға туралы мәліметтер (жеке тұлғалар үшін – тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), туған жылы, айы, күні, тұрғылықты жері, жеке басын куәландыратын құжаттың атауы мен деректемелері, сәйкестендіру нөмірі, жұмыс орны, телефонның, факстың, ұялы байланыстың абоненттік нөмірі және (немесе) электрондық мекенжайы (егер бұлар болса); заңды тұлғалар үшін – атауы, орналасқан жері, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) нөмірі және күні, сәйкестендіру нөмірі және банк деректемелері, телефонның, факстың, ұялы байланыстың абоненттік нөмірі және (немесе) электрондық мекенжайы (егер бұлар болса);
4) әкімшілік құқық бұзушылықтың жасалған орны, уақыты мен мәні;
5) осы Кодекстің 2-бөлімінің Ерекше бөлігінің осы құқық бұзушылық үшін әкімшілік жауаптылық көзделетін бабы; егер куәлар және жәбірленушілер болса, олардың тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), мекенжайлары;
6) өзіне қатысты іс қозғалған жеке тұлғаның не заңды тұлға өкілінің түсініктемесі; егер әкімшілік құқық бұзушылық анықталған немесе тіркелген кезде осындай құрал пайдаланылса, автоматты режимде жұмыс істейтін техникалық құралдың атауы, сериялық нөмірі, ал Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнамасына сәйкес өлшем құралдарына жатқызылған техникалық құралдар үшін метрологиялық салыстырып тексерудің нөмірі, күні және қолданылу мерзімі;
7) істі шешу үшін қажетті өзге де мәліметтер, оның ішінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы істің қаралатын уақыты мен орны көрсетіледі, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық жасау фактісін растайтын құжаттар қоса беріледі.
3. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалған кезде іс жүргізудің тілі анықталады. Өзіне қатысты іс қозғалған тұлғаға, сондай-ақ іс бойынша іс жүргізудің басқа да қатысушыларына олардың осы Кодексте көзделген құқықтары мен міндеттері түсіндіріліп, бұл жөнінде хаттамада белгі жасалады.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалған кезде қорғаушыға немесе өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізіліп жатқан кәмелетке толмаған адамның заңды өкіліне олардың істі соттылығы бойынша әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған аудандық және оған теңестірілген сотқа, ал тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ол болмаған кезде, аудандық (қалалық) сотқа беру туралы өтінішхатпен жүгіну құқығы түсіндіріледі.
4. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаға оны жасаған адам және осы бапта көзделген жағдайларды қоспағанда, өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізіліп жатқан тұлға (тұлғаның өкілі) қол қояды. Жәбірленушілер мен куәлар болған кезде, сондай-ақ куәгерлер қатысқан жағдайларда хаттамаға осы адамдар да қол қояды.
5. Өзіне қатысты іс қозғалған, тиісті түрде хабарланған адам болмаған немесе келмеген жағдайда, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаға, өзіне қатысты іс қозғалған тұлғаның болмауы немесе келмеуі туралы белгі қоя отырып, оны жасаған адам қол қояды.
6. Өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалған адам әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жөнінде хаттамаға қолхатпен қабылдаудан бас тартқан жағдайда, хаттамаға оны жасаған адам тиісті жазба жүргізеді.
7. Өзіне қатысты іс қозғалған жеке тұлғаға немесе заңды тұлғаның өкіліне әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен танысуға мүмкіндік берілуге тиіс. Аталған тұлғалар хаттаманың мазмұны бойынша түсініктемелер беруге және ескертулер жасауға, сондай-ақ оған қол қоюдан өзінің бас тарту уәждерін баяндауға құқылы, бұлар хаттамаға қоса беріледі. Осы адамдар әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаға қол қоюдан бас тартқан жағдайда хаттамаға тиісті жазба жүргізіледі. Өзіне қатысты іс қозғалған тұлғаның хаттамаға қол қою фактісі аталған тұлғаның хаттамамен танысқандығын куәландырады және әкімшілік құқық бұзушылықты жасауда өз кінәсін мойындау болып табылмайды.
8. Осы баптың тоғызыншы бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманың көшірмесі өзіне қатысты іс қозғалған жеке тұлғаға немесе заңды тұлғаның өкіліне, сондай-ақ жәбірленушіге ол жасалғаннан кейін қолхат алынып дереу табыс етіледі.
Хаттама электрондық нысанда жасалған кезде уәкілетті адам іс бойынша іс жүргізуге қатысушыларға оның "цифрлық үкімет" веб-порталында және (немесе) құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті органның ақпараттық сервисінде орналастырылғаны туралы хабарлайды. Өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізіліп жатқан тұлғаның (тұлға өкілінің) өтінуі бойынша хаттаманың көшірмесі қағаз жеткізгіште табыс ету не өзі көрсеткен пошталық немесе электрондық мекенжайға жіберу арқылы, сондай-ақ Әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізілімін жүргізу тәртібінде көзделген өзге тәсілмен беріледі.
9. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама осы Кодекстің 802-бабы бірінші бөлігінің 4) тармақшасында көзделген, сондай-ақ осы баптың бесінші бөлігінде көзделген негіздер бойынша өзіне қатысты іс қозғалған тұлға болмаған кезде жасалған жағдайларда, өзіне қатысты іс қозғалған тұлғаны хабардар ете отырып, ол жасалғаннан кейін екі тәулік ішінде тапсырыс хатпен пошта арқылы не электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі. Өзіне қатысты іс қозғалған тұлғаның хаттаманы алған кезден бастап үш тәулік ішінде оны қайтармау фактісі оған қол қоюдан бас тарту деп танылады, бұл жөнінде хаттама көшірмесінде тиісті жазба жасалады.
Ескерту. 803-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 272-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 31.10.2015 № 378-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2019 № 300-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.06.2020 № 351-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 09.01.2026 № 257-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.804-бап. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасауға құқығы бар лауазымды адамдар
1. Соттар қарайтын әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасауға мыналардың:
1) ішкі істер органдарының (73, 73-3, 80-1 (екінші, төртінші және бесінші бөліктері), 127, 127-2, 128, 130, 131, 133, 134, 147-1, 149, 150, 154, 156-1 (екінші және үшінші бөліктері), 160 (екінші бөлігі), 190 (екінші, үшінші және төртінші бөліктері), 200, 282 (үшінші және төртінші бөліктері), 381-1, 382 (екінші және үшінші бөліктері), 383 (үшінші және төртінші бөліктері), 395 (екінші бөлігі), 398, 416 (азаматтық және қызметтік қарулар мен олардың патрондарына, есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың, азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылған бұйымдардың айналымына байланысты химиялық өнімге қойылатын қауіпсіздік талаптарын бұзушылықтар бойынша), 423, 423-1, 427, 433 (екінші бөлігі), 434, 434-2, 435, 436, 438 (екінші және үшінші бөліктері), 440 (үшінші бөлігі), 440-1, 442 (үшінші бөлігі), 443 (екінші бөлігі), 443-1 (екінші бөлігі), 444 (бірінші бөлігі), 446, 448, 449 (екінші және үшінші бөліктері), 450 (екінші бөлігі), 453, 456-2 (үшінші, 3-1, төртінші, бесінші алтыншы және жетінші бөліктері), 461, 462, 463, 476, 477, 478, 479, 480 (екінші бөлігі), 481, 482, 483, 485 (екінші бөлігі), 488, 489 (екінші, үшінші және төртінші бөліктері), 490 (бірінші және үшінші бөліктері), 495 (екінші бөлігі), 496 (екінші және үшінші бөліктері), 506, 510 (төртінші бөлігі), 512 (екінші бөлігі), 513 (екінші бөлігі) 514 (екінші бөлігі), 517 (екінші, төртінші, бесінші, алтыншы және жетінші бөліктері), 590 (2-1, төртінші және 4-1-бөліктері), 596 (үшінші, 3-1 және 4-1-бөліктері), 598 (екінші бөлігі), 603 (бірінші және екінші бөліктері), 606 (екінші бөлігі), 607 (екінші және үшінші бөліктері), 608, 610, 611 (екінші және үшінші бөліктері), 612 (үшінші және 4-1-бөліктері), 613 (бірінші, үшінші, 3-1, төртінші, бесінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші бөліктері), 615 (төртінші бөлігі), 621 (үшінші бөлігі), 654 (590, 591, 592, 594, 595, 596, 597, 598, 599, 600, 601, 602, 603, 606, 607, 608, 610, 611, 612, 613-баптарда көзделген құқық бұзушылықтар бөлігінде), 662, 663, 665, 667, 669, 674, 675-баптар);
2) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның 416 (өрт және жарылу қаупі бөлігінде машиналар мен жабдыққа, химиялық өнімге қойылатын қауіпсіздік талаптарын бұзушылықтар бойынша), 433 (екінші бөлігі), 438 (екінші бөлігі), 462-баптар);
3) жекелеген жерлер комендатураларының (476, 478-баптар);
4) осы бөліктің 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген тұлғаларды қоспағанда, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери полициясы органдарының – әскери қызметшілер, жиынға шақырылған әскери міндеттілер және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының көлік құралдарын басқаратын адамдар жасаған, осы Кодекстің 73, 154, 434, 434-2, 436, 440 (үшінші бөлігі), 444 (бірінші бөлігі), 479, 482, 483, 488, 506, 590 (2-1, төртінші және 4-1- бөліктері), 596 (үшінші және 4-1 бөліктері), 598 (екінші бөлігі), 598 (екінші бөлігі), 603 (бірінші және екінші бөліктері), 606 (екінші бөлігі), 607 (екінші және үшінші бөліктері), 608, 610, 611 (екінші және үшінші бөліктері), 612 (үшінші және 4-1-бөліктері), 613 (бірінші, үшінші, 3-1, төртінші, бесінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші бөліктері), 615 (төртінші бөлігі), 621 (үшінші бөлігі), 652, 667, 676, 677, 680-баптарында көзделген құқық бұзушылықтар туралы, 681-бабы бойынша әскери бөлімдердің (мекемелердің) командирлеріне (бастықтарына) қатысты;
5) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери полициясы органдарының – арнаулы мемлекеттік органдардың көлік құралдарын басқаратын адамдар жасаған, осы Кодекстің 590 (2-1, төртінші және 4-1-бөліктері), 596 (үшінші және 4-1 бөліктері), 598 (екінші бөлігі), 603 (бірінші және екінші бөліктері), 606 (екінші бөлігі), 607 (екінші және үшінші бөліктері), 608, 610, 611 (екінші және үшінші бөліктері), 612 (үшінші және 4-1-бөліктері), 613 (бірінші, үшінші, 3-1, төртінші, бесінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші бөліктері), 615 (төртінші бөлігі), 621 (үшінші бөлігі)-баптарында көзделген, 434, 434-2, 652, 667, 676, 677, 680-баптары бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының әскери қызметшілері жасаған құқық бұзушылықтар туралы, сондай-ақ 506-бабы бойынша өзге де адамдарға қатысты, 681-бабы бойынша әскери бөлімдердің лауазымды адамдарына қатысты, 676, 677, 680-баптары бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері жасаған құқық бұзушылықтар туралы, 681-бабы бойынша ұлттық қауіпсіздік органдарының лауазымды адамдарына қатысты;
6) Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскери полициясы органдарының – әскери қызметшілер мен жиынға шақырылған әскери міндеттілер жасаған, осы Кодекстің 434-2, 506, 590 (төртінші бөлігі), 596 (үшінші және 4-1-бөліктері, 598 (екінші бөлігі), 603 (бірінші және екінші бөліктері), 606 (екінші бөлігі), 607 (екінші және үшінші бөліктері), 608, 610, 611 (екінші және үшінші бөліктері), 612 (үшінші және 4-1-бөліктері), 613 (бірінші, үшінші, 3-1, төртінші, бесінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші бөліктері), 615 (төртінші бөлігі), 621 (үшінші бөлігі), 652, 667, 676, 677, 680-баптарында көзделген құқық бұзушылықтар туралы, сондай-ақ 681-бабы бойынша әскери бөлімдердің командирлеріне қатысты;
7) су қорын қорғау және пайдалану саласындағы уәкілетті органның (360 (бірінші бөлігі), 462-баптар);
8) ветеринария саласындағы уәкілетті органның (415 (екінші бөлігі), 416 (ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалауға жататын тамақ өнімдеріне қойылатын қауіпсіздік талаптарын бұзушылықтар бойынша), 462, 463-баптар);
9) орман шаруашылығы, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану, өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті органдардың (160 (екінші бөлігі), 381-1 (екінші және үшінші бөліктері), 382 (екінші, үшінші бөліктері), 385 (екінші бөлігі), 389 (балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қоспағанда), 396 (екінші бөлігі), 398, 462, 463-баптар);
9-1) балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті органдардың (160 (екінші бөлігі), 382 (екінші және үшінші бөліктері), 383 (үшінші және төртінші бөліктері), 389 (балық ресурстары және басқа да су жануарлары бөлігінде), 392 (үшінші бөлігі), 395 (екінші бөлігі), 396 (екінші бөлігі), 398, 462, 463-баптар);
ЗҚАИ-ның ескертпесі!10) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 19.06.2026 № 318-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
10) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның (139 (екінші бөлігі), 327-2 (екінші бөлігі), 328 (үшінші және төртінші бөліктері), 331 (төртінші бөлігі), 344 (бірінші және 4-1-бөліктері), 416 (химиялық өнімге қойылатын қауіпсіздік талаптарын бұзушылықтар бойынша), 462-баптар);
ЗҚАИ-ның ескертпесі!11) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 19.06.2026 № 318-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
11) жер қойнауын зерттеу саласындағы мемлекеттік бақылау органдарының (416, 462-баптар);
12) мәдениет саласындағы уәкілетті органның (145-бап);
13) туристік қызмет саласындағы уәкілетті органның (462, 463, 465-баптар);
ЗҚАИ-ның ескертпесі!14) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 11.06.2026 № 307-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
14) ойын бизнесі саласындағы уәкілетті органның (214 (бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы, он жетінші, он сегізінші және он тоғызыншы бөліктері), 444 (бірінші бөлігі), 462-баптар);
ЗҚАИ-ның ескертпесі!14-1) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 11.06.2026 № 307-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
14-1) лотерея және лотерея қызметі саласындағы уәкілетті органның (214-бап (бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы, он жетінші, он сегізінші және он тоғызыншы бөліктері));
15) өсімдіктер карантині және оларды қорғау жөніндегі органдардың (400 (екінші бөлігі), 415 (екінші бөлігі) (пестицидтер айналымы саласындағы техникалық регламенттердің талаптарын бұзушылықтар бойынша), 416 (пестицидтер айналымы саласындағы техникалық регламенттердің талаптарын бұзушылықтар бойынша), 462-баптар);
16) тұқым шаруашылығы және астық нарығын реттеу саласындағы органдардың (462-бап);
ЗҚАИ-ның ескертпесі!17) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 19.06.2026 № 318-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
17) астананың, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органының (169-бап (екінші, жетінші, он үшінші бөліктері (биоотын өндірісі бөлігінде);
18) биоотын айналымы саласындағы уәкілетті органның (169-бап (оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші (биоотын айналымы бөлігінде), он төртінші бөліктері);
19) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкілетті органның (407 (екінші және үшінші бөліктері), 462, 463-баптар);
20) ауыл шаруашылығы саласындағы уәкілетті органның (416-бап (машиналар мен жабдыққа, химиялық өнімге қойылатын қауіпсіздік талаптарын бұзушылықтар бойынша);
21) мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органдарының (319, 462, 463-баптар);
22) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның (193 (екінші және үшінші бөліктері), 282 (үшінші және төртінші бөліктері), 416 (тағамдық өнімдерге, ойыншықтарға, химиялық өнімдерге қойылатын қауіпсіздік талаптарын бұзушылықтар бойынша), 425 (екінші бөлігі), 433 (екінші бөлігі), 462, 463, 476-баптар);
23) цифрландыру және байланыс саласындағы уәкілетті органның (134, 214 (бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы, он жетінші, он сегізінші және он тоғызыншы бөліктері) (бұл бұзушылықтарды цифрлық активтерді шығару, олардың сауда-саттығын ұйымдастыру, сондай-ақ цифрлық активтерді ақшаға, құндылықтарға және өзге де мүлікке айырбастау бойынша көрсетілетін қызметтерді ұсыну жөніндегі қызметті жүзеге асыратын тұлғалар жасаған кезде), 416 (байланыс құралдарына қойылатын қауіпсіздік талаптарын бұзушылықтар бойынша), 462, 463, 638 (екінші бөлігі)-баптар);
23-1) киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органның (462, 463-баптар);
24) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның (462, 563 (екінші бөлігі), 564 (бесінші бөлігі), 569 (бірінші, екінші және төртінші бөліктері)-баптар);
25) көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті органның (416 (машиналар мен жабдыққа, химиялық өнімге қойылатын қауіпсіздік талаптарын бұзушылықтар бойынша), 462, 463-баптар);
26) көліктік бақылау органдарының (462, 463, 613 (бірінші, үшінші, 3-1-бөліктері) -баптар);
27) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі органдарының (214 (бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы, он жетінші, он сегізінші және он тоғызыншы бөліктері) (бұл бұзушылықтарды аудиторлар, аудиторлық ұйымдар жасаған кезде), 245, 246, 247 (он бірінші бөлігі), 462-баптар);
27-1) қаржы мониторингі жөніндегі органдар (214 (он тоғызыншы бөлігі) (бұл бұзушылықтарды заң консультанттары, заң мәселелері жөніндегі тәуелсіз мамандар, лизинг беруші ретінде лизингтік қызметті лицензиясыз жүзеге асыратын, жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату мәмілелерін жүзеге асыру кезінде делдалдық қызметтер көрсететін, бағалы металдармен және асыл тастармен, олардан жасалған зергерлік бұйымдармен операцияларды жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар, бухгалтерлік есепке алу саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын бухгалтерлік ұйымдар мен кәсіби бухгалтерлер, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы және ұялы байланыс операторлары жасаған кезде), 462, 463 (бұл бұзушылықтарды заң консультанттары, заң мәселелері жөніндегі тәуелсіз мамандар, лизинг беруші ретінде лизингтік қызметті лицензиясыз жүзеге асыратын, жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату мәмілелерін жүзеге асыру кезінде делдалдық қызметтер көрсететін, бағалы металдармен және асыл тастармен, олардан жасалған зергерлік бұйымдармен операцияларды жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы және ұялы байланыс операторлары жасаған кезде)-баптар);
28) алып тасталды - ҚР 12.11.2015 № 393-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);29) алып тасталды – ҚР 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
30) сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат жөніндегі уәкілетті органның (154, 173, 439, 661, 679, 680, 681-баптар);
ЗҚАИ-ның ескертпесі!30-1) тармақша ҚР 12.06.2026 № 312-VIIІ Заңының 2-бабы 1-тармағының 1) тармақшасы қолданысқа енгізілгенге дейін осы редакциясы қолданыста болады – ҚР 12.06.2026 № 312-VIIІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
30-1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі уәкілетті органның (154, 173, 439, 658, 659, 660, 661, 662, 665, 667, 676, 677 және 678-баптар);
31) мемлекеттік кіріс органдарының (151 (екінші бөлігі), 154, 158, 174 (екінші бөлігі), 176-1, 246 (бесінші және алтыншы бөліктері), 251, 281 (төртінші, бесінші және алтыншы бөліктері), 282 (үшінші, төртінші, алтыншы, жетінші, он бірінші және он үшінші бөліктері), 283, 283-1 (бесінші және алтыншы бөліктері), 357, 462, 463, 489 (бесінші, алтыншы, жетінші және сегізінші бөліктері), 528 (1-1-бөлігі), 532 (екінші бөлігі), 543 (үшінші және төртінші бөліктері), 544, 545, 548 (екінші бөлігі), 549, 550, 551 (үшінші бөлігі), 552 (екінші бөлігі), 590 (төртінші бөлігі), 654-баптар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде жасалған, 425 (екінші бөлігі)-бапта көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша);
32) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның (416 (өрт және жарылыс қаупі бөлігінде машиналар мен жабдыққа, химиялық өнімге қойылатын қауіпсіздік талаптарын бұзушылықтар бойынша), 462-баптар);
33) әділет органдарының (158, 214 (бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы, он жетінші, он сегізінші және он тоғызыншы бөліктері), 462, 668, 668-1-баптар);
34) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лицензиарлар болып табылатын немесе екінші санаттағы рұқсаттарды беруге уәкілеттік берілген органдардың (319, 392 (үшінші бөлігі), 462, 463, 465, 621 (үшінші бөлігі)-баптар);
35) табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның (171 (бірінші және үшінші бөліктері (мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізудің шекті бағасын асыру бойынша), 462-баптар);
36) кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органның (175, 462, 465-баптар);
37) техникалық реттеу және өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы органдар мен олардың аумақтық органдарының (415 (екінші бөлігі), 462, 463-баптар);
38) мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі органдардың (462, 463-баптар);
39) индустриялық саясатты реттеу саласындағы уәкілетті органның (416-бап (машиналар мен жабдыққа, химиялық өнімге, ойыншықтарға қойылатын қауіпсіздік талаптарын бұзушылықтар бойынша));
40) сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органның (214 (бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы, он жетінші, он сегізінші және он тоғызыншы бөліктері), 462-баптар);
41) заңды тұлғаларды, азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның (462, 463-баптар);
42) көмірсутектер саласындағы уәкілетті органның (170 (оныншы және он екінші бөліктері), 171 (екінші және үшінші бөліктері (тауарлық немесе сұйытылған мұнай газын көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын асыру бойынша), 356 (он төртінші бөлігі), 462 (бірінші, екінші, үшінші және төртінші бөліктері), 463-баптар;);
ЗҚАИ-ның ескертпесі!42-1) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 19.06.2026 № 318-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
42-1) пайдалы қатты қазбалар саласындағы уәкілетті органның (462 (үшінші бөлігі)-бап;);
ЗҚАИ-ның ескертпесі!42-2) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 19.06.2026 № 318-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
42-2) уран өндіру саласындағы уәкілетті органның (462 (үшінші бөлігі)-бап;);
43) атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкілетті органның (416 (ядролық және радиациялық қауіпсіздік жөніндегі техникалық регламенттерде белгіленген, машиналар мен жабдыққа қойылатын қауіпсіздік талаптарын бұзушылықтар бойынша), 462, 463-баптар);
44) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің (382 (екінші және үшінші бөліктері), 383 (үшінші және төртінші бөліктері), 395 (екінші бөлігі), 396 (екінші бөлігі), 506, 510 (төртінші бөлігі), 512 (екінші бөлігі), 513 (екінші бөлігі), 514 (екінші бөлігі), 516, 517 (екінші, төртінші, алтыншы және жетінші бөліктері)-баптар);
45) ұлттық қауіпсіздік органдарының (453 (екінші және үшінші бөліктері) (мемлекеттік құпияларға байланысты құқық бұзушылықтар жасағаны үшін), 462, 477, 667);
ЗҚАИ-ның ескертпесі!46) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 10.06.2026 № 302-VIIІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
46) күзет іс-шараларын жүргізу кезінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің (149, 425 (екінші бөлігі), 436, 477, 479, 482, 488, 506, 606 (екінші бөлігі), 652 (бірінші, екінші, үшінші, төртінші және алтыншы бөліктері) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің әскери қызметшілері жасаған әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша), 667-баптар);
47) Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының және астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың ревизиялық комиссияларының (234-1 және 462-баптар);
48) мемлекеттік еңбек инспекциясы органдарының (462-бап);
49) білім беру саласындағы уәкілетті органның (127, 127-1, 127-2, 134, 409 (7-8-бөлігі), 462, 463-баптар);
49-1) ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органның (462 және 463-баптар);
50) астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының (134, 145, 156-1, 294 (бірінші және екінші бөліктері), 381-1, 382 (екінші және үшінші бөліктері), 383 (үшінші және төртінші бөліктері), 434-2, 451 (он жетінші бөлігі), 453, 456-3 (екінші бөлігі), 462, 463, 489-1, 490-баптар);
50-1) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті органның (489-1-бап);
51) монополияға қарсы органның (159 (бірінші, екінші, үшінші, 3-1 және төртінші бөліктері), 160 (екінші бөлігі)-баптар);
52) медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы мемлекеттік органның (80 (2-2-бөлігі), 81 (екінші бөлігі), 82 (екінші бөлігі), 127-1, 424 (үшінші және бесінші бөліктері), 424-1 (профилактиканың, диагностиканың, емдеудің және медициналық оңалтудың жаңа әдістері мен құралдарын қолдану тәртібін бұзу бойынша), 433 (екінші бөлігі), 462, 463-баптар);
53) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы органның (424-1 (клиникалық зерттеулер жүргізу тәртібін бұзу бойынша), 426 (екінші, үшінші және төртінші бөліктері), 462 және 463-баптар);
54) алып тасталды – ҚР 30.12.2019 № 300-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.55) діни қызмет саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның (490-бап (екінші, алтыншы және сегізінші бөліктері (бұл бұзушылықтарды орталық мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары жасаған кезде);
56) мемлекеттік сот орындаушыларының (665, 667, 669 (бірінші бөлігінде), 673-баптар);
57) сот төрағасы немесе сот отырысында төрағалық етуші уәкілеттік берген сот приставтарының және соттардың басқа да қызметкерлерінің (653, 654, 655, 656, 657, 658, 659, 660, 661, 662, 663, 664, 665, 666, 667, 673-баптар);
58) облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) әкімдері уәкілеттік берген лауазымды адамдарының (656-бап);
59) пошта байланысы саласындағы уәкілетті органның (214 (бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы, он жетінші, он сегізінші және он тоғызыншы бөліктері), 462-баптар);
60) мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (154, 173, 462 (үшінші және төртінші бөліктері), 465, 661, 681-баптар);
61) түзеу мекемелерінің немесе тергеу изоляторларының (481-бап);
62) масс-медиа саласындағы уәкілетті органның (134 (эротикалық мазмұндағы заттарды қоспағанда), 156-1 (бірінші және үшінші бөліктері), 451 (бірінші, екінші, үшінші, сегізінші және тоғызыншы бөліктері), 462, 463-баптар);
63) жердің пайдаланылуына және қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдардың (462-бап);
64) тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органның және оның аумақтық органдарының (193 (үшінші бөлігі), 462-баптар) уәкілеттік берілген лауазымды адамдарының құқығы бар;
65) Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органының (127, 127-1, 127-2, 130, 462-баптар);
66) Қазақстан Республикасының халықты әлеуметтік қорғау органдарының (127-1, 462-баптар);
67) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органның (462, 463-баптар);
68) экономикалық тергеп-тексеру қызметінің (658, 659, 660, 661, 662, 665, 667-баптар);
69) Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты аппаратының (653-1-бап);
70) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның (462-бап) уәкілеттік берілген лауазымды адамдарының құқығы бар.
2. Соттар қарайтын әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамаларды жасауға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің уәкілетті жұмыскерлерінің де құқығы бар (214 (бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы, он жетінші, он сегізінші және он тоғызыншы бөліктері) (қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаларға, төлем ұйымдарына қатысты), 462, 463-баптар).
2-1. Соттар қарайтын әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамаларды жасауға қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның уәкілетті жұмыскерлерінің де құқығы бар (214 (бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы, он жетінші, он сегізінші және он тоғызыншы бөліктері) (Ұлттық пошта операторына және қаржы ұйымдарына қатысты (қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаларды және банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларды, төлем ұйымдарын қоспағанда), 245, 462, 463-баптар).
3. Осы Кодекстің 685 – 735-1-баптарында көрсетілген органдардың құзырына жатқызылған әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша құқық бұзушылықтар туралы хаттамаларды жасауға осы органдардың оған уәкілеттік берілген лауазымды адамдарының құқығы бар. Бұдан басқа, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаларды жасауға:
1) көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті органның лауазымды адамдарының (230 (екінші бөлігі) (бұл бұзушылықтарды жолаушыларды тасымалдаушылар жасаған кезде), 582 (шағын көлемді кемені пайдаланумен және (немесе) басқарумен байланысты құқық бұзушылықтар туралы істерді қоспағанда), 621 (төртінші бөлігі), 622 (бірінші бөлігі), 623, 625 (автомобиль көлігінде және қалалық рельстік көлікте құқық бұзушылықтар жасағаны үшін)-баптар);
2) орман шаруашылығы, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану мен өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы уәкілетті органдардың мамандандырылған ұйымдарының лауазымды адамдарының (138, 142, 143, 337 (бірінші және екінші бөліктері), 339, 366, 367, 368, 369, 370, 371, 372, 373, 374, 375, 376, 377, 378, 379, 380, 380-1, 381, 382, 383, 385 (бірінші бөлігі), 394 (бірінші және екінші бөліктері), 395 (бірінші бөлігі), 396 (бірінші бөлігі)-баптар);
3) жануарлар дүниесін қорғау мәселелерімен айналысатын аңшылық және балық шаруашылығы қорықшыларының, директорларының (382, 383 (бірінші, екінші, үшінші және төртінші бөліктері)-баптар);
4) күзет іс-шараларын жүргізу кезінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің лауазымды адамдарының (297, 485, 504, 614, 675-баптар);
5) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері мен қызметшілеріне қатысты Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери полиция органдары лауазымды адамдарының (437, 440 (бірінші және екінші бөліктері), 441, 444 (екінші бөлігі) 484, 485-баптар);
6) Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлеріне, жұмыскерлері мен әскери қызметшілеріне қатысты Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери полиция органдары лауазымды адамдарының (437, 440 (бірінші және екінші бөліктері), 444 (екінші бөлігі)-баптар) құқығы бар.
Ескерту. 804-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 07.11.2014 № 248-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014 № 272-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 10.01.2015 № 275-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.04.2015 № 310-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.05.2015 № 312-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.08.2015 № 343-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.10.2015 № 366-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.10.2015 № 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 31.10.2015 № 378-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.11.2015 № 393-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 419-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.12.2015 № 429-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 18.11.2015 № 411-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 06.04.2016 № 484-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 09.04.2016 № 496-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.03.2016 № 479-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.04.2016 № 504-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.11.2015 № 424-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.04.2016 № 506-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) ; 07.04.2016 № 487-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) ; 26.07.2016 № 12-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін екі ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 22.12.2016 № 28-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.12.2015 № 432-V (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі); 09.04.2016 № 501-V (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.12.2016 № 34-VI (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі); 31.12.2016 № 41-VІ (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 10.05.2017 № 64-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2017 № 84-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 25.12.2017 № 122-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 11-баптан қараңыз); 26.12.2017 № 124-VI (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.12.2017 № 128-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2017 № 126-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.01.2018 № 134-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2018 № 173-VІ (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі); 05.10.2018 № 184-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.12.2018 № 210-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.12.2018 № 211-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 170-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 01.04.2019 № 240-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.04.2019 № 241-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.10.2019 № 268-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2019 № 262-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 26.12.2019 № 284-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.12.2019 № 289-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 290-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 292-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 27.12.2019 № 294-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2019 № 300-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 25.06.2020 № 346-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.06.2020 № 349-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2020 № 357-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2020 № 359-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 07.07.2020 № 361-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.05.2020 № 325-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 20.03.2021 № 21-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 403-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 05.01.2021 № 409-VI (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.12.2021 № 92-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 01.07.2022 № 132-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.07.2022 № 137-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) ); 05.11.2022 № 158-VII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 30.12.2022 № 180-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.01.2023 № 187-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.03.2023 № 208-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.07.2023 № 20-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.07.2023 № 24-VIII (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі); 15.04.2024 № 73-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.06.2024 № 95-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.07.2024 № 112-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.07.2024 № 114-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 08.07.2024 № 117-VIII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); 10.01.2025 № 155-VIII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 09.04.2025 № 181-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2025 № 247-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.06.2026 № 307-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі); 12.06.2026 № 312-VIIІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.805-бап. Прокурордың әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді қозғауы
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
1-бөлікке өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 11.06.2026 № 307-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Прокурор осы Кодекстің 74, 75, 76, 77, 78, 81, 82, 82-1, 93, 94, 95, 96, 97, 98, 99, 101, 102, 103, 104, 105, 106, 107, 108, 109, 110, 111, 112, 113, 114, 115, 116, 117, 118, 119, 120, 121, 122, 123, 124, 125, 126, 129, 130, 173, 214, 361, 362, 363, 439, 451, 453, 455, 456, 456-1, 456-2 (бірінші және екінші бөліктері), 457, 465, 490, 498, 507, 508, 653, 660, 664-1, 666, 675, 680-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы іс қозғау жөнінде қаулы шығарады.
2. Прокурор іс қозғау туралы және өзге де әкімшілік құқық бұзушылық туралы қаулы шығаруға құқылы.
3. Прокурордың әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді қозғау туралы қаулысында осы Кодекстің 803-бабында көзделген мәліметтер қамтылуға тиіс.
Ескерту. 805-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 272-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 19.05.2015 № 315-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.11.2015 № 404-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 25.06.2020 № 347-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.06.2020 № 351-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.07.2021 № 63-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.07.2023 № 20-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.06.2024 № 95-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.806-бап. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасау мерзімдері
1. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама әкімшілік құқық бұзушылық жасау фактісі анықталғаннан кейін дереу жасалады.
Осы Кодекстің 62-бабының 5-1-бөлігінде көзделген жағдайда әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада көрсетілген бұзушылық жойылмаса, әкімшілік жазаны қолдану мерзімдерін есептеу қайта басталғаннан кейін дереу толтырылады.
2. Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде белгіленген тәртіппен жүргізілетін тексеру барысында әкімшілік құқық бұзушылық анықталған кезде әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама тиісті тексеру аяқталғаннан кейін дереу жасалады.
3. Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде тыйым салынған монополистік қызметті, жосықсыз бәсекелестікті, сондай-ақ мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдардың, мемлекет нарық субъектілерінің қызметін реттеу функцияларын берген ұйымдардың бәсекелестікке қарсы әрекеттерін (әрекетсіздігін) жүзеге асыру кезінде әкімшілік құқық бұзушылық анықталған жағдайларда хаттама тергеп-тексеру нәтижелері бойынша тиісті шешім қабылданғаннан кейін дереу жасалады.
4. Салық салу не бюджет қаражатын пайдалану саласындағы, техникалық реттеу және өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталған жағдайларда, хаттама тиісті тексеру аяқталғаннан кейін дереу жасалады.
5. Осы Кодекстің 897-бабында айқындалған тәртіппен айыппұл төленбеген жағдайда, хаттама осы Кодекстің көрсетілген бабында белгіленген мерзім өткеннен соң бір тәулік ішінде жасалады.
6. Әкімшілік құқық бұзушылықтың мән-жайларын, өздеріне қатысты іс қозғалған жеке тұлғаның жеке басын немесе заңды тұлға туралы мәліметтерді және заңды тұлға өкілінің жеке басын қосымша анықтау талап етілетін жағдайларда, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама көрсетілген мән-жайлар анықталған күннен бастап үш тәулік ішінде, ал осы Кодекстің 210, 213 (төртінші, сегізінші және тоғызыншы бөліктерінде), 217, 218, 220, 222, 227 (бірінші, екінші, үшінші және бесінші бөліктерінде), 228 (бірінші және төртінші бөліктерінде), 239 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 243, 244, 251, 252, 464 (бірінші бөлігінде), 571, 572, 573, 575, 593 (бірінші бөлігінде)-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі материалдарды аумақтық филиалдарға беру кезінде құқық бұзушылық немесе оны жасаған тұлға анықталған кезден бастап он тәулік ішінде жасалады.
7. Сараптама жүргізу, маманның зерттеуі, прокурормен келісу талап етілетін жағдайда, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама сараптама және (немесе) маманның қорытындысы, прокурордың келісуі алынған кезден бастап екі тәулік ішінде жасалады.
8. Осы Кодекстің 139, 326 (үшінші бөлігі), 327-2 (екінші бөлігі), 328 (төртінші бөлігі), 331 (төртінші бөлігі), 337 (төртінші бөлігі), 344 (бірінші және екінші бөліктері)-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша экологиялық залал келтіру фактісін, жер қойнауына мемлекеттік меншік құқығын бұзушылық нәтижесінде келтірілген залал сомасының немесе Қазақстан Республикасының экология заңнамасының талаптарын бұзушылық нәтижесінде алынған экономикалық пайда сомасының мөлшерін анықтау талап етілетін жағдайларда әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама экологиялық залал келтіру фактісі, жер қойнауына мемлекеттік меншік құқығын бұзушылық нәтижесінде келтірілген залал сомасының не тиісінше Қазақстан Республикасының экология заңнамасының талаптарын бұзушылық нәтижесінде алынған экономикалық пайда сомасының мөлшері анықталған кезден бастап бір тәулік ішінде жасалады.
9. Осы баптың алтыншы бөлігінде көрсетілген талаптар жеке тұлғаның анықталмауына байланысты орындалуы мүмкін емес жағдайларда, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама осы бапта белгіленген мерзімдерде әкімшілік құқық бұзушылық жасау фактісі бойынша жасалады.
Ескерту. 806-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.10.2015 № 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.12.2016 № 34-VI (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі); 06.05.2017 № 63-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 168-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 02.01.2021 № 403-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 10.01.2025 № 155-VIII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); 19.06.2026 № 318-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.807-бап. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалмайтын жағдайлар
1. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама:
1) ескерту түрінде әкімшілік жаза қолдануға әкеп соғатын әкімшілік құқық бұзушылық жасалған жағдайларда, егер тұлға құқық бұзушылық жасау фактісін мойындаса;
2) егер әкімшілік құқық бұзушылық (әскери полиция органдарында тіркелген көлік құралын басқару кезінде жасалған құқық бұзушылықты қоспағанда) осы Кодекстің 31-бабына сәйкес автоматты режимде анықталса немесе тіркелсе және осы құқық бұзушылықтар бойынша осы Кодекстің Ерекше бөлігінде ескерту және (немесе) айыппұл түріндегі санкциялар, ескерту немесе айыппұл белгіленсе, мұндай жағдайларда ескерту немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама түрінде ресімделеді;
3) егер адам әкімшілік құқық бұзушылық жасау фактісін мойындаған және жазаның қолданылуымен келіскен, сондай-ақ осы Кодекстің 897-бабына сәйкес айыппұлды төлеген жағдайда, мемлекеттік кіріс органдары қарайтын істер бойынша әкімшілік құқық бұзушылықтар жасалған кезде;
ЗҚАИ-ның ескертпесі!4) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 11.06.2026 № 307-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
4) жеке тұлғалар бұзылған құқықтарын қалпына келтіру туралы арызбен жүгінген кезде осы Кодекстің 74, 75, 76, 78, 81, 82, 82-1, 83, 84, 86, 87, 88, 89, 90, 91, 92, 92-1, 93, 94, 95, 96, 97, 98, 99, 101, 102, 103, 104, 105, 106, 107, 108, 109, 110, 111, 112, 113, 114, 115, 116, 117, 118, 119, 120, 121, 122, 123, 124, 125, 126, 128, 130, 132, 456-1 және 456-2 (бірінші және екінші бөліктері)-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді сот құқық бұзушылық туралы хаттама жасамай қарайды;
5) егер әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізу прокурор қаулысымен қозғалса және судья (сот) тікелей соттың қарауы барысында осы Кодекстің 684-бабының үшінші бөлігінде көзделген жағдайларда сотты құрметтемеушілік фактісін анықтаған кезде жасалмайды.
2. Қаржы және сауда саласындағы құқық бұзушылықты қоспағанда, ескерту түріндегі жазаны оған уәкілеттік берілген лауазымды адам әкімшілік құқық бұзушылық жасалған жерде ресімдейді.
Әкімшілік құқық бұзушылық жасаған тұлға ескерту жасау туралы қаулының екінші данасына қол қою арқылы қолданылған жазаға өзінің келісімін растайды.
Ескерту. 807-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 272-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 19.05.2015 № 315-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.11.2015 № 404-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.11.2015 № 406-V (01.07.2017 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.07.2023 № 20-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 09.01.2026 № 257-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.808-бап. Хаттаманы (прокурордың қаулысын) істі қарау үшін жіберу
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама, ал осы Кодекстің 803-бабының тоғызыншы бөлігінде көзделген жағдайда хаттаманың көшірмесі (прокурордың қаулысы) жасалған кезінен бастап үш тәулік ішінде сотқа, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарауға уәкілеттік берілген органға (лауазымды адамға) қарау үшін жіберіледі.
Әкімшілік құқық бұзушылық жасаған тұлға анықталмаған жағдайда, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама әкімшілік құқық бұзушылық жасаған тұлға анықталғаннан кейін үш тәулік ішінде сотқа, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарауға уәкілеттік берілген органға (лауазымды адамға) жіберіледі.
Жасалғаны үшін жауаптылық әкімшілік қамаққа алуды, шетел азаматын немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге әкімшілік жолмен шығарып жіберуді қолдануға әкеп соғуы мүмкін әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама, ал осы Кодекстің 803-бабының тоғызыншы бөлігінде көзделген жағдайда хаттаманың көшірмесі (прокурордың қаулысы) жасалғанынан кейін судьяға дереу жіберіледі.
Осы Кодекстің 811-бабының үшінші бөлігінде көзделген жағдайда, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама (прокурордың қаулысы) осы Кодекстің 811-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім өткен күннен бастап үш тәулік ішінде сотқа, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарауға уәкілеттік берілген органға (лауазымды адамға) қарау үшін жіберіледі.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама (прокурордың қаулысы) судьяға, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарауға уәкілеттік берілген органға (лауазымды адамға) жазбаша түрде не электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберілуі мүмкін.
Ескерту. 808-бап жаңа редакцияда - ҚР 30.12.2019 № 300-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.809-бап. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді істі қарауға бергенге дейін тоқтату
Осы Кодекстің 741 және 742-баптарында көзделген мән-жайлардың ең болмағанда біреуі болған кезде, жүргізуінде іс жатқан лауазымды адам әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы қаулы шығарады.
42-тарау. ӘКIМШIЛIК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ІС БОЙЫНША
ҚЫСҚАРТЫЛҒАН ІС ЖҮРГІЗУ
810-бап. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қысқартылған іс жүргізудің негіздері
1. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша, оның ішінде 44-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацына сәйкес айыппұл түрінде әкімшілік жаза көзделген соттың ведомстволық бағыныстылығына жатқызылған, сондай-ақ оның жасалу фактісін мойындайтын және айыппұлды осы Кодекстің Ерекше бөлімінің бабындағы санкцияда көрсетілгеннен елу пайызы мөлшерінде төлеуге келіскен және ұсынылған дәлелдемелерге шағым жасамайтын, оны жасаған адам анықталған істер бойынша қысқартылған іс жүргізу жүзеге асырылады.
2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қысқартылған іс жүргізу:
1) ескерту жасауды қоспағанда, қолданылатын баптың немесе бап бөлігінің санкциясында өзге де жаза түрлері көзделген;
2) алып тасталды – ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.3) құқық бұзушылықты артықшылық берілген немесе иммунитеті бар адамдар жасаған;
4) олар бойынша істерді мемлекеттік кіріс органдары қарайтын әкімшілік құқық бұзушылықтар жасалған;
5) алып тасталды – ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.6) олар бойынша істерді Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган қарайтын әкімшілік құқық бұзушылықтар жасалған жағдайларда, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның уәкілетті жұмыскерлері осы Кодекстің 804-бабының екінші және 2-1-бөліктерінде көрсетілген баптар бойынша әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар жасаған;
7) әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасалған жағдайларда қолданылмайды.
Ескерту. 810-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 272-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.01.2019 № 217-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2019 № 262-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.811-бап. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қысқартылған іс жүргізу тәртібі
1. Әкімшілік құқық бұзушылық анықталған және оны жасаған тұлға белгілі болған кезде осы Кодекстің 804 немесе 805-баптарында аталған уәкілетті адам әкімшілік іс жүргізуді қозғайды, тұлғаға айыппұлды осы Кодекстің Ерекше бөлігі бабының санкциясында көрсетілген айыппұл сомасының елу пайызы мөлшерінде жеті тәулік ішінде төлеу құқығын түсіндіреді және қажет болған жағдайда белгіленген үлгідегі түбіртекті табыс етеді.
Егер әкімшілік құқық бұзушылық осы Кодекстің 31-бабына сәйкес автоматты режимде анықталса немесе тіркелсе, адамның ескерту немесе белгіленген үлгідегі түбіртекпен бірге айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама тиісінше жеткізілген кезден бастап жеті тәулік ішінде көрсетілген айыппұл сомасының елу пайызы мөлшерінде айыппұл төлеуге құқығы бар.
2. Айыппұлды көрсетілген айыппұл сомасының елу пайызы мөлшерінде жеті тәулік ішінде төлеген жағдайда іс мәні бойынша қаралды, шешім заңды күшіне енді, ал адам әкімшілік жауаптылыққа тартылды деп есептеледі.
Осы Кодекстің 47-тарауында көзделген жағдайларды қоспағанда, осы тараудың қағидалары бойынша қаралған іс қайта қаралуға жатпайды.
ҚР Конституциялық Сотының 28.04.2023 № 12 нормативтік қаулысымен осы кодекстің 811-бабының екінші бөлігі, 852-бабының бірінші бөлігі және 855-бабы үшінші бөлігінің 2) тармақшасы Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты берген түсіндірмеде Қазақстан Республикасы Конституциясының 13-бабының 1 және 2-тармақтарына және 14-бабының 1-тармағына сәйкес келеді деп танылсын: іс жүргізілуі қысқартылған іс жүргізу тәртібімен жүзеге асырылатын әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша шешім уәкілетті органның лауазымды адамының конклюденттік әрекеттерді жүзеге асыруы: құқық бұзушылық және өндіріп алу туралы хабарлау, деректерді ақпараттық жүйелерге енгізу, қысқартылған іс жүргізу негіздері мен тәртібін түсіндіру, белгіленген үлгідегі түбіртекті беру (қажет болған жағдайда) арқылы ресімделеді. Мұндай әрекеттер жалпы тәртіппен әкімшілік жауаптылыққа тартуға негіз болатын әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қорытынды акт шығаруға теңестіріледі. Әкімшілік құқық бұзушылық автоматты режимде жұмыс істейтін сертификатталған арнайы техникалық бақылау-өлшеу құралдарымен және аспаптармен тіркелген жағдайда, шешім нұсқама нысанында да болуы мүмкін; Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 852-бабының бірінші бөлігінде және 855-бабы үшінші бөлігінің 2) тармақшасында қысқартылған іс жүргізу тәртібімен конклюденттік нысанда қабылданатын шешім туралы ескертпенің болмауы осы іс жүргізу тәртібімен жауаптылыққа тартылған адамды істі жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау құқығынан айырмайды.3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген құқық пайдаланылмаған немесе тиісінше пайдаланылмаған жағдайда әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізу жалпы тәртіппен жүзеге асырылады.
4. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қысқартылған іс жүргізу тәртібі тиісінше қолданылмаған жағдайда, осы тараудың қағидалары бойынша қаралған істер қысқартылған іс жүргізуді қолдану туралы шешім қабылданған күннен бастап бір жыл ішінде прокурордың наразылығы бойынша жалпы тәртіппен қайта қаралуы мүмкін.
Ескерту. 811-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 272-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2019 № 300-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 09.01.2026 № 257-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.43-тарау. Уәкілетті органдардың (лауазымды адамдардың) әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауы
Ескерту. 43-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
812-бап. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралатын орын
1. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс оның жасалған жері бойынша, ал осы Кодексте көзделген жағдайларда әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарау ведомстволық бағыныстылығына жататын уәкілетті органның (лауазымды адамның) орналасқан жері бойынша қаралады. Өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізіліп жатқан тұлғаның өтінішхаты бойынша іс осы тұлғаның тұрғылықты жері немесе көлік құралдарының, кемелердің, оның ішінде шағын көлемді кемелердің есепке алыну жері бойынша бойынша қаралуы мүмкін.
2. Осы Кодекстің 333, 334, 571, 572, 590, 591, 592, 593, 594, 595, 596, 597, 598, 599, 600, 601, 602, 603, 606, 607, 608, 610, 611, 612, 613, 614, 615, 616, 617, 618, 619, 620, 621, 622, 623, 624-1, 625, 626, 627, 628, 630, 631 және 632-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер көлік құралдары, кемелер, оның ішінде шағын көлемді кемелер есепке алынған жер бойынша немесе өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізіліп жатқан тұлғаның тұрғылықты жері бойынша да қаралуы мүмкін.
3. Осы Кодекстің 378, 379, 382, 383, 440 және 481-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер олар жасалған жер бойынша немесе өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізіліп жатқан тұлғаның тұрғылықты жері бойынша қаралады.
4. Кәмелетке толмағандардың, олардың ата-анасының немесе оларды алмастыратын адамдардың әкімшілік құқық бұзушылықтары туралы істер өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізіліп жатқан адамның тұрғылықты жері бойынша қаралады.
Ескерту. 812-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 295-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2019 № 300-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.813-бап. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарауға әзірлеу
Орган (лауазымды адам) әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарауға дайындау кезінде:
1) аталған істі қарау өздерінің құзыретіне жата ма;
2) аталған істі лауазымды адамның қарау мүмкіндігін болғызбайтын мән-жайлар бар ма;
3) өтінішхаттар, оның ішінде кәмелетке толмаған адамның қатысуымен болған істер бойынша істі кәмелетке толмаған адамның тұрғылықты жеріндегі сотта қарау туралы өтінішхаттар және бас тартулар бар ма;
4) осы Кодекстің 744, 745, 746, 747 және 748-баптарында аталған тұлғаларға істің қаралатын орны мен уақыты туралы хабарланған ба деген мәселелерді анықтайды.
2. Алып тасталды – ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.Ескерту. 813-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 272-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
814-бап. Лауазымды адамның әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарау мүмкіндігін болғызбайтын мән-жайлар
Қарауына әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс берілген лауазымды адам, егер бұл адам:
1) жауаптылыққа тартылып отырған адамның немесе жәбірленушінің, олардың өкілдерінің, қорғаушының туысы болған;
2) істің шешілуіне жеке өзі, тікелей немесе жанама түрде мүдделі болған жағдайларда, аталған істі қарай алмайды.
Ескерту. 814-бап жаңа редакцияда - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.815-бап. Лауазымды адамның өздігінен бас тартуы және оған қарсылық білдіру
Ескерту. 815-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Осы Кодекстің 814-бабында көзделген мән-жайлар болған кезде лауазымды адам өздігінен бас тартатыны туралы мәлімдеуге міндетті.
2. Осы Кодекстің 814-бабында көзделген мән-жайлар болған кезде, өзіне қатысты іс бойынша іс жүргізіліп жатқан адам, жәбірленуші, жеке тұлғаның заңды өкілдері мен заңды тұлғаның өкілдері, қорғаушы, прокурор лауазымды адамға қарсылық білдіруін мәлімдеуге құқылы.
3. Өздігінен бас тарту, қарсылық білдіру туралы мәлімдемелер жоғары тұрған лауазымды адамға беріледі.
4. Жоғары тұрған лауазымды адам өздігінен бас тарту, қарсылық білдіру туралы мәлімдемені келіп түскен күннен бастап бір тәулік ішінде қарайды.
5. Өздігінен бас тарту, қарсылық білдіру туралы мәлімдемені қарау нәтижелері бойынша мәлімдемені қанағаттандыру туралы не оларды қанағаттандырудан бас тарту туралы ұйғарым шығарылады.
Ескерту. 815-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.816-бап. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарауға дайындау кезінде орган (лауазымды адам) қабылдайтын шешім
Ескерту. 816-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарауға дайындау кезінде орган (лауазымды адам) мынадай шешім қабылдайды:
1) істің қаралатын уақыты мен орнын тағайындау туралы;
2) іс бойынша адамдарды шақыру, қажетті қосымша материалдарды талап етіп алдыру, қажет болған жағдайда сараптама тағайындау туралы;
3) істі қарауды кейінге қалдыру туралы;
4) егер осы істі қарау өзінің құзыретіне жатпаса не судьяға, лауазымды адамға қарсылық білдіру туралы ұйғарым шығарылса, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы және істің басқа да материалдарын ведомстволық бағыныстылығы бойынша қарауға беру туралы;
5) осы Кодекстің 812-бабына сәйкес істі мәні бойынша қарауға беру туралы.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген шешімдер ұйғарым түрінде шығарылады.
3. Алып тасталды - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.4. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілеттік берілген орган (лауазымды адам) іс жүргізуде сол бір адамға қатысты қозғалған екі және одан көп істің барын анықтай отырып, бұл істерді бірге қарау үшін бір іс жүргізуге біріктіруге құқылы.
5. Осы Кодекстің 744-бабының төртінші бөлігінде, 746-бабының алтыншы бөлігінде және 754-бабының бесінші бөлігінде көзделген жағдайларда жауаптылыққа тартылып отырған адамның, оның өкілінің, куәнің дәлелсіз себептермен келмеуіне байланысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қайта қарауға әзірлеу кезінде істі қарайтын орган (лауазымды адам) аталған адамдарды күштеп әкелу туралы ұйғарым шығаруға құқылы.
Ескерту. 816-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 272-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.817-бап. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау мерзімдері
1. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді істі қарауға құқық берілген орган (лауазымды адам) әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы және істің басқа да материалдарын алған күннен бастап он бес тәулік ішінде қарайды.
Егер әкімшілік құқық бұзушылық осы Кодекстің 31-бабына сәйкес автоматты режимде анықталса немесе тіркелсе, қысқартылған іс жүргізу тәртібімен мәні бойынша қаралған істерді қоспағанда, іс ескерту немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама тиісінше жеткізілген кезден бастап он бес тәулік өткен соң қаралды деп есептеледі.
2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуге қатысушылардан өтінішхаттар келіп түскен жағдайда не істің мән-жайларын қосымша анықтау қажет болған кезде істі қарап жатқан орган (лауазымды адам) істің қаралатын мерзімін ұзартуы, бірақ бір айдан аспайтындай етіп ұзартуы мүмкін. Мерзімді ұзарту туралы уәжді ұйғарым шығарылады.
2-1. Қазақстан Республикасында немесе оның жекелеген жергілікті жерлерінде төтенше жағдай енгізілген кезде әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарау мерзімі төтенше жағдай тоқтатылғанға дейін тоқтатыла тұруы мүмкін.
3. Әкімшілік ұстап алуға ұшыраған адамға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс оны ұстап алған кезден бастап жиырма төрт сағаттан кешіктірмей қаралады.
4. Егер өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалған адам лауазымды адамның әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғауына негіз болатын тексеру нәтижелеріне және өзге де мән-жайларға шағым жасаса, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарап жатқан орган (лауазымды адам) әкімшілік құқық бұзушылық туралы істің қаралу мерзімін соттың тиісті шешімі шығарылғанға және заңды күшіне енгенге дейін немесе өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалған адамның шағымын қарайтын органның (лауазымды адамның) шешіміне шағым жасау мерзімі өткенге дейін ұзартады.
Ескерту. 817-бап жаңа редакцияда - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 09.01.2026 № 257-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.818-бап. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау тәртібі
1. Орган (лауазымды адам) әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарауға кіріскенде:
1) істі кім қарайтынын, қандай іс қаралуға жататынын, кім және осы Кодекстің қандай бабының негізінде жауаптылыққа тартылатынын хабарлайды;
2) әкімшілік жауаптылыққа тартылатын жеке тұлғаның немесе заңды тұлға өкілінің, сондай-ақ істі қарауға қатысатын өзге де тұлғалардың келгеніне көз жеткізеді;
3) іс бойынша іс жүргізуге қатысушылардың жеке басын анықтайды және жеке тұлғаның заңды өкілдерінің немесе заңды тұлға өкілдерінің, қорғаушының өкілеттіктерін тексереді;
4) іс бойынша іс жүргізуге қатысушылардың келмеу себептерін анықтайды және аталған адамдар болмағанда істі қарау туралы не істі қарауды кейінге қалдыру туралы шешім қабылдайды;
5) қажет болған жағдайларда істі қарау кезінде қатысуы міндетті болып табылатын адамды күштеп әкелу туралы ұйғарым шығарады, аудармашыны тағайындайды;
6) істі қарауға қатысатын адамдарға осы Кодексте көзделген олардың құқықтары мен міндеттерін, оның ішінде заңға сәйкес азаматтардың ақы төлемей білікті заң көмегін алу құқығын түсіндіреді;
7) іс жүргізу тілін айқындайды, мәлімдеме жасау, түсініктемелер мен айғақтар беру, өтінішхаттар мәлімдеу, шағымдар жасау, іс материалдарымен танысу, оны қарау кезінде ана тілінде немесе өзіне қатысты іс жүргізіліп жатқан адам өзі білетін басқа да тілде сөз сөйлеу, аудармашының көрсететін қызметтерін тегін пайдалану құқығын түсіндіреді;
8) мәлімделген бас тартуларды және өтінішхаттарды шешеді;
9) әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы, ал қажет болған кезде істің өзге де материалдарын жария етеді;
10) өзіне қатысты іс бойынша іс жүргізіліп жатқан адамның түсініктемелерін, іс жүргізуге қатысатын басқа да адамдардың айғақтарын, маманның түсіндірмесін және сарапшының қорытындысын тыңдайды, өзге де дәлелдемелерді зерттейді, ал істі қарауға прокурор қатысқан жағдайда оның қорытындысын тыңдайды;
11) мыналарға: егер істі қарайтын лауазымды адамға қарсылық білдіру істі мәні бойынша қарауға кедергі келтірсе, оның өздігінен бас тартуы немесе оған қарсылық білдіру туралы мәлімдеуіне; егер қорғаушының, уәкілетті өкілдің, сарапшының немесе аудармашының қарсылық білдіруі істі мәні бойынша қарауға кедергі келтірсе, олардың қарсылық білдіруіне; істі қарауға қатысатын адамдардың келу немесе іс бойынша қосымша материалдарды талап етіп алдыру қажеттігіне байланысты, сондай-ақ осы Кодекстің 51-бабының екінші бөлігінде көзделген жағдайларда істі қарауды кейінге қалдыру туралы ұйғарым шығарады. Қажет болған жағдайда орган (лауазымды адам) сараптама тағайындау туралы ұйғарым шығарады;
12) осы Кодекстің 816-бабында көзделген жағдайларда істі мәні бойынша қарауға беру туралы ұйғарым шығарады.
2. Алып тасталды - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.3. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғаған лауазымды адам немесе өкілдерінің әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер қозғауға құқығы бар мемлекеттік органның өкілі істі қарауға қатысқан жағдайда, олар құқық бұзушылықтың мәні бойынша түсініктемелерді және оны жасауда адамның кінәлілігінің дәлелдемелерін бірінші болып ұсынады.
4. Қажет болған жағдайларда осы Кодексте көзделген басқа да процестік әрекеттер жүзеге асырылады.
Ескерту. 818-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.06.2026 № 307-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.819-бап. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарау кезінде анықтауға жататын мән-жайлар
1. Орган (лауазымды адам) әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарау кезінде әкімшілік құқық бұзушылық жасалды ма, осы тұлға оны жасауға кінәлі ме, ол әкімшілік жауаптылыққа жатады ма, жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар бар ма, мүліктік залал келтірілген бе, осы Кодекстің 741 және 742-баптарында көзделген мән-жайларды, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама және осы Кодексте көзделген басқа да хаттамалар дұрыс жасалған ба, істің өзге де материалдары дұрыс ресімделген бе, іс бойынша іс жүргізуді болғызбайтын мән-жайлар, сондай-ақ тұлғаны әкімшілік жауаптылыққа тартпауға мүмкіндік беретін мән-жайлар бар ма, соны анықтауға, сондай-ақ істің дұрыс шешілуі үшін маңызы бар басқа да мән-жайларды анықтауға міндетті.
2. Орган (лауазымды адам) осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген мән-жайлардың анықталуын ескере отырып, өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалған тұлғаға салынған және осы Кодекстің 44-бабы бірінші бөлігінің бірінші абзацына сәйкес есептелетін әкімшілік айыппұл мөлшерін қысқартуға, бірақ айыппұлдың жалпы сомасының отыз пайызынан аспайтындай етіп қысқартуға құқылы.
Ескерту. 819-бап жаңа редакцияда - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.820-бап. Сот отырысының хаттамасы
Ескерту. 820-бап алып тасталды – ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
820-1-бап. Сот отырысын аудио-, бейнежазба құралдарымен түсіріп алу
Ескерту. 43-тарау 820-1-баппен толықтырылды - ҚР 31.10.2015 № 378-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); алып тасталды – ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
821-бап. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарау нәтижелері бойынша шешімдердің түрлері
1. Орган (лауазымды адам) әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарап, мынадай қаулылардың бірін шығарады:
1) әкімшілік жаза қолдану туралы;
2) іс бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы;
3) әкімшілік жазадан рақымшылық жасау актісі негізінде босату туралы.
1-1. Егер әкімшілік құқық бұзушылық осы Кодекстің 31-бабына сәйкес автоматты режимде анықталса немесе тіркелсе, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша шешім ескерту немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама түрінде ресімделеді, ол қысқартылған іс жүргізу тәртібімен мәні бойынша қаралған істерді қоспағанда, осы Кодекстің 817-бабына сәйкес қаралды деп есептеледі.
2. Орган (лауазымды адам) істі қарау нәтижесінде жасалған әрекетке заңдық бағаның қате екенін мойындай отырып, құқық бұзушылықтың саралануын заңның онша қатаң емес әкімшілік жазаны көздейтін бабына немесе бап бөлігіне өзгертуге міндетті.
3. Көлік құралы жүргізушісін жол жүрісі қағидаларын білуін тексеру үшін емтихан тапсыруға жіберген кезде жол жүрісі қағидаларын білуін тексеруге жіберу туралы қаулы шығарылады, оның көшірмесі емтихан тапсыруға жіберілген адамға беріледі.
3-1. Азаматтық және қызметтік қару иесін және (немесе) пайдаланушысын азаматтық және қызметтік қаруды қауіпсіз ұстау қағидаларын білуін тексеру үшін емтихан тапсыруға жіберу кезінде азаматтық және қызметтік қаруды қауіпсіз ұстау қағидаларын білуін тексеруге жіберу туралы қаулы шығарылады, оның көшірмесі емтихан тапсыруға жіберілетін адамға беріледі.
4. Алып тасталды – ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.5. Іс бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы қаулы:
1) осы Кодекстің 741-бабында көзделген іс бойынша іс жүргізуді болғызбайтын мән-жайлар болған;
2) осы Кодекстің 742-бабында көзделген әкімшілік жауаптылыққа тартпауға мүмкіндік беретін мән-жайлар болған;
3) осы Кодекстің 32-бабына сәйкес тұлғаны тәртіптік жауаптылыққа тарту туралы мәселені шешу үшін іс материалдары тиісті органдарға берілетін жағдайларда шығарылады.
Ескерту. 821-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 22.12.2016 № 28-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 18.03.2019 № 237-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 09.01.2026 № 257-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 01.07.2026 № 331-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.822-бап. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулы
1. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыда:
1) қаулы шығарған лауазымды адамның лауазымы, тегі, аты-жөні немесе мемлекеттік органның атауы;
2) істің қаралған күні мен орны;
3) өзіне қатысты іс қаралған тұлға туралы мәліметтер: жеке тұлғалар үшін – тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), туған жылы, айы, күні, тұрғылықты жері, жеке басын куәландыратын құжаттың атауы мен деректемелері, сәйкестендіру нөмірі, тұрғылықты жері бойынша тіркелгені туралы мәліметтер, жұмыс орны; заңды тұлғалар үшін – атауы, ұйымдық-құқықтық нысаны, орналасқан жері, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу нөмірі мен күні, сәйкестендіру нөмірі және банк деректемелері;
4) қаралып жатқан іс бойынша іс жүргізу тілі;
5) осы Кодекстің әкімшілік құқық бұзушылық үшін жауаптылық көзделетін бабы;
6) істі қарау кезінде анықталған мән-жайлар;
7) іс бойынша шешім;
8) қаулыға шағым жасаудың тәртібі мен мерзімдері;
9) айыппұлды ерікті түрде төлеу немесе әкімшілік жазаның өзге түрін орындау мерзімдері көрсетілуге тиіс.
2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулы заңды және негізделген болуға тиіс.
3. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыда жеке тұлғаның өзімен бірге алып жүрген, алынып қойылған заттары мен құжаттары туралы, заңды тұлғаға тиесілі алынып қойылған құжаттар мен мүлік туралы мәселелер шешілуге және көрсетілуге тиіс, бұл ретте:
1) әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың құралдары не нысанасы болған және әкімшілік жауаптылыққа тартылған жеке немесе заңды тұлғаға тиесілі заттар осы Кодекстің 2-бөлімінің Ерекше бөлігі нормаларының санкцияларында көзделген жағдайларда тәркіленеді не тиісті мекемелерге беріледі немесе жойылады; қалған жағдайларда тиесілілігі бойынша қайтарылады;
2) айналысына тыйым салынған заттар тиісті мекемелерге беріледі немесе жойылады;
3) құнды болып табылмайтын және пайдалануға келмейтін заттар жойылуға жатады, ал мүдделі тұлғалар өтінішхат берген жағдайларда оларға берілуі мүмкін;
4) заттай дәлелдемелер болып табылатын құжаттар істе оның бүкіл сақталу мерзімі ішінде қалады не мүдделі тұлғаларға беріледі.
4. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарау нәтижелері бойынша шығарылған қаулы жазбаша ресімделеді және осындай қаулы шығарған лауазымды адам оған қол қояды не осындай қаулы шығарған мемлекеттік органның (лауазымды адамның) электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырылған электрондық құжат нысанында ресімделеді.
5. Осы Кодекстің 744-бабының бірінші бөлігі, 883-бабының 3-1) тармақшасы тәртібімен енгізілген дереу қарау туралы өтінішхаттың негізінде қаралған іс бойынша сот қысқаша қаулы шығарады.
Қысқаша қаулы кіріспе, анықтау және қарар бөліктерінен тұрады.
Сот іс бойынша іс жүргізуге қатысушылардың жазбаша өтінішхаты бойынша не өз бастамасы бойынша кіріспе, сипаттау-уәждеу және қарар бөліктерінен тұратын қаулы дайындайды.
Ескерту. 822-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.822-1. Ескерту немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама және оны жіберу тәртібі
1. Ескерту немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамада мыналар көрсетілуге тиіс:
1) ескерту немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманы ресімдеген органның атауы, орналасқан жері;
2) өзіне қатысты ескерту немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама ресімделген адам туралы мәліметтер: жеке тұлғалар үшін – тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде), туған күні, тіркелген жері және басқа да қажетті дербес деректер; заңды тұлғалар үшін – атауы, ұйымдық-құқықтық нысаны, орналасқан жері;
3) егер құқық бұзушылық көлікте, көлік құралы пайдаланыла отырып, жол шаруашылығында жасалса, көлік құралы туралы мәліметтер: маркасы, моделі, мемлекеттік тіркеу нөмірі белгісі;
4) әкімшілік құқық бұзушылықтың күні, уақыты, орны, мәні, осы Кодекстің әкімшілік құқық бұзушылық үшін жауаптылықты көздейтін бабы;
5) осы Кодекстің 31-бабына сәйкес автоматты режимде анықталған немесе тіркелген көрсеткіштер;
6) автоматты режимде жұмыс істейтін техникалық құралдың атауы, сериялық нөмірі, ал Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнамасына сәйкес өлшем құралдарына жатқызылған техникалық құралдар үшін метрологиялық салыстырып тексерудің нөмірі, күні және қолданылу мерзімі;
7) ескерту түріндегі әкімшілік жаза немесе айыппұл мөлшері;
8) айыппұлды ерікті немесе қысқартылған іс жүргізу тәртібімен төлеу мерзімі;
9) нұсқамаға шағымдану тәртібі мен мерзімі;
10) электрондық цифрлық қолтаңба.
2. Жазбаша нысанмен қатар ескерту немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманың электрондық нысаны пайдаланылуы мүмкін.
3. Белгіленген үлгідегі түбіртегі бар ескерту немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама әкімшілік құқық бұзушылық анықталған немесе тіркелген күннен бастап он тәулік ішінде өзіне қатысты ресімделген адамға жіберіледі.
Осы Кодекстің 31-бабына сәйкес автоматты режимде анықталған немесе тіркелген, электрондық нысанда жасалған әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша белгіленген үлгідегі түбіртегі бар ескерту немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама Әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізілімінде автоматты режимде қалыптастырылған жағдайда уәкілетті органның электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырылуы мүмкін.
Ескерту. 43-тарау 822-1-тармақпен толықтырылды - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 03.10.2024 № 131-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 09.01.2026 № 257-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.823-бап. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыны жариялау және қаулының көшірмесін тапсыру
1. Осы Кодекстің 811-бабының екінші бөлігінде көзделген құқықты пайдаланбау немесе тиісінше пайдаланбау жағдайларын қоспағанда, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулы іс қаралып біткен соң дереу жарияланады.
Мұндай жағдайларда көлік құралының меншік иесі (иеленушісі) "цифрлық үкімет" веб-порталында және (немесе) құқықтық статистика және арнаулы есепке алу саласындағы қызметті өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын мемлекеттік органның ақпараттық сервисінде көрсеткен ұялы байланыстың абоненттік нөміріне осы Кодекстің Ерекше бөлігінің бабы санкциясында көрсетілген айыппұл сомасын аудару туралы мәтіндік хабар жіберіледі.
2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарау нәтижелері бойынша шығарылған қаулы 744, 745, 746, 747 және 748-баптарда көрсетілген тұлғаларға жарияланған күнінен бастап үш тәулік ішінде табыс етіледі және (немесе) жолданады.
3. Алып тасталды – ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.Ескерту. 823-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 272-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 11.07.2017 № 91-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
824-бап. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша ұйғарым
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша ұйғарымда айыппұлды өз еркімен төлеу мерзімдерін немесе әкімшілік жазаның өзге де түрін орындауды қоспағанда, осы Кодекстің 822-бабының бірінші бөлігінде көзделген мәліметтер көрсетілуге тиіс.
Ескерту. 824-бап жаңа редакцияда - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.825-бап. Жаңылыс, қате жазуларды және арифметикалық қателерді түзету
1. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулы шығарған орган (лауазымды адам) іс бойынша іс жүргізуге қатысушылардың, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыны орындайтын сот орындаушысының, органның (лауазымды адамның) арызы бойынша немесе өз бастамашылығымен: қаулыда жіберілген жаңылыс, қате жазуларды және арифметикалық қателерді қаулының мазмұнын өзгертпей түзетуге құқылы.
2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыға шағымды, прокурордың апелляциялық өтінішхатын, наразылығын қарау нәтижелері бойынша қабылданған қаулыдағы жаңылыс, қате жазуларды және арифметикалық қателерді түзету осы бапта белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
3. Жаңылыс, қате жазуларды және арифметикалық қателерді түзетулер туралы арызды қарау арыз түскен күннен бастап үш тәулік ішінде жүргізіледі.
4. Жаңылыс, қате жазуларды немесе арифметикалық қатені түзету ұйғарым түрінде жүргізіледі.
5. Ұйғарымның көшірмесі ол шығарылған күннен бастап үш тәулік ішінде іс бойынша іс жүргізуге қатысушыларға, қаулыны орындайтын сот орындаушысына, органға (лауазымды адамға), сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы жасаған органға (лауазымды адамға) жіберіледі.
Ескерту. 825-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 11.07.2017 № 91-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.1. Заңдылықты бұзу жағдайлары анықталған, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайлар белгіленген кезде орган (лауазымды адам) тиісті ұйымға және лауазымды адамдарға бұларды жою бойынша шаралар қолдану туралы ұсыну енгізеді.
Органның (лауазымды адамның) ұсынуына жоғары тұрған органға (лауазымды адамға) оны алған күннен бастап он тәулік ішінде шағым берілуі мүмкін. Ұсынуға шағымды қарау нәтижелері бойынша шығарылған жоғары тұрған органның шешіміне әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған аудандық және оған теңестірілген сотқа оны алған күннен бастап он тәулік ішінде шағым жасалуы мүмкін, оның шешімі шағымдалуға жатпайды. Органның (лауазымды адамның) шешімі ұйғарым түрінде шығарылады.
2. Ұйымдардың басшылары және басқа да лауазымды адамдар жекеше қаулыны алған күннен бастап бір ай ішінде қарауға және қолданған шаралар туралы ұсыну енгізген органға (лауазымды адамға) хабарлауға міндетті.
Ескерту. 826-бап жаңа редакцияда - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.06.2020 № 351-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.43-1-тарау. Жоғары тұрған органға (лауазымды адамға) әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша заңды күшіне енбеген қаулыларға, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамаларға шағым жасау, наразылық білдіру тәртібі
Ескерту. 43-1-тараумен толықтырылды - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
826-1-бап. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыға, ескерту немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамаға шағым жасау құқығы
Осы Кодекстің 744, 745, 746, 747, 748 және 753-баптарында көрсетілген тұлғалар жоғары тұрған органға (лауазымды адамға) әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыға, ескерту немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамаға – шағым жасауы, ал прокурорлар наразылық білдіруі мүмкін.
826-2-бап. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыға, ескерту немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамаға шағым жасау, наразылық білдіру тәртібі мен мерзімдері
1. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыға, ескерту немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамаға шағым, наразылық іс бойынша қаулы шығарған, нұсқама ресімдеген органға (лауазымды адамға) жіберіледі, ол шағым, наразылық келіп түскен күннен бастап үш тәулік ішінде оларды істің барлық материалдарымен бірге тиісті жоғары тұрған органға (лауазымды адамға) жіберуге міндетті.
Шағым, наразылық оларды қарауға уәкілетті жоғары тұрған органға (лаузымды адамға) тікелей берілуі мүмкін.
2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыға шағым, наразылық – қаулының көшірмесі табыс етілген күннен бастап он тәулік ішінде, ал осы Кодекстің 744, 745, 746, 747, 748 және 753-баптарында көрсетілген тұлғалар істі қарауға қатыспаған жағдайда, қаулыны алған күннен бастап беріледі.
Ескерту немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамаға шағым, наразылық осы Кодекстің 817-бабында көзделген мерзім өткен соң он тәулік ішінде берілуі мүмкін.
3. Салықтық тексеру нәтижелері бойынша анықталған, Қазақстан Республикасының Салық кодексінде белгіленген салықтық міндеттемені немесе Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру және міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы заңнамасында көзделген міндеттерді орындамауға немесе тиісінше орындамауға байланысты шығарылған әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыға шағым, наразылық қаулының көшірмесі табыс етілген немесе алынған күннен бастап отыз тәулік ішінде берілуі мүмкін.
4. Шағымның, наразылықтың осы бапта белгіленген мерзімде берілуі әкімшілік жаза қолдану туралы қаулының, ескерту немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманың орындалуын шағым, наразылық бойынша шешім шығарылғанға дейін тоқтата тұрады.
5. Жоғары тұрған органға (лауазымды адамға) берілетін шағымда мәліметтер қамтылуға және ол осы Кодекстің 833-бабында көзделген талаптарға сәйкес келуге тиіс.
Егер келтірілген шағым осы Кодекстің 833-бабының бірінші және екінші бөліктерінде көзделген талаптарға сәйкес келмесе, ол берілген деп есептеледі, бірақ толық ресімдеу үшін мерзімі көрсетіле отырып, қайтарылады. Егер көрсетілген мерзім ішінде шағым қайта жасалғаннан кейін органға (лауазымды адамға) ұсынылмаса, ол берілмеген деп есептеледі.
Ескерту. 826-2-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 20.04.2023 № 227-VII (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.826-3-бап. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыға, ескерту немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамаға шағымды, наразылықты қарау
1. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыға, ескерту немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамаға шағым, наразылық олар келіп түскен күннен бастап он тәулік ішінде қаралуға тиіс.
2. Жоғары тұрған орган (лауазымды адам) әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыға, ескерту немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамаға шағымды, наразылықты қарауға кіріскенде:
1) шағымды, наразылықты кім қарайтынын, қандай шағым, наразылық қаралуға жататынын; шағымды, наразылықты кім бергенін жариялайды; шағымды, наразылықты қарау оның құзыретіне жата ма, соны анықтайды; егер шағымды, наразылықты қарау оның құзыретіне жатпайтын болса, оларды барлық іс материалдарымен бірге ведомстволық бағыныстылығы бойынша жібереді;
2) өзіне қатысты іс бойынша қаулы шығарылған, нұсқама ресімделген тұлғаның немесе оның өкілінің, сондай-ақ шағымды, наразылықты қарауға қатысу үшін шақырылған тұлғалардың келгеніне көз жеткізеді;
3) іс жүргізуге қатысушылардың және олардың заңды өкілдерінің өкілеттіктерін тексереді;
4) іс бойынша іс жүргізуге қатысушылардың келмеу себептерін анықтайды және олар келмеген кезде шағымды, наразылықты қарау туралы не шағымды, наразылықты қарауды кейінге қалдыру туралы шешім қабылдайды;
5) шағымды, наразылықты қарауға қатысатын тұлғаларға құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді;
6) әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыға, ескерту немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамаға шағымды, наразылықты, ал қажет болғанда істің өзге де материалдарын жария етеді;
7) мәлімделген қарсылықтар мен өтінішхаттарды шешеді, шағымды, наразылықты толық, жан-жақты және объективті қарау үшін қажетті өзге де мән-жайларды анықтайды.
3. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыға, ескерту немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамаға шағымды, наразылықты қарау кезінде істе бар және қосымша ұсынылған материалдар бойынша шығарылған қаулының, нұсқаманың заңдылығы мен негізділігі тексеріледі. Жоғары тұрған орган (лауазымды адам) жаңа фактілерді анықтауға және жаңа дәлелдемелерді зерттеуге құқылы.
Орган (лауазымды адам) әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарау кезінде әкімшілік құқық бұзушылық жасалған ба, осы тұлға оны жасауға кінәлі ме, ол әкімшілік жауаптылыққа жата ма, жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар бар ма, мүліктік залал келтірілген бе, соны анықтауға, осы Кодекстің 741 және 742-баптарында көзделген мән-жайларды, сондай-ақ істі дұрыс шешу үшін маңызы бар басқа да мән-жайларды анықтауға міндетті.
4. Жоғары тұрған орган (лауазымды адам) іс бойынша қосымша материалдарды талап етіп алдыруға, сараптаманың тағайындалуына байланысты және шағымды, наразылықты толық, жан-жақты және объективті қарау үшін қажет болатын басқа жағдайларда шағымды, наразылықты қарауды кейінге қалдыруға құқылы.
5. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуге қатысушылардан өтінішхаттар келіп түскен не істің мән-жайларын қосымша анықтау қажеттігі болған жағдайда шағымды, наразылықты қарау мерзімін істі қарайтын жоғары тұрған орган (лауазымды адам) ұзартуы, бірақ он тәуліктен аспайтын мерзімге ұзартуы мүмкін. Орган (лауазымды адам) азаматтық, қылмыстық, әкімшілік сот ісін жүргізуде немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуде қаралып жатқан басқа істі шешкенге дейін шағымды, наразылықты қарау мүмкін болмаған кезде, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғауға негіз болған салықтық және (немесе) кедендік тексерулер нәтижелеріне жоғары тұрған органға шағым жасалған жағдайда не мемлекеттік органға іс үшін маңызы бар мәселелер бойынша сұрау салу жіберілген кезде оларды қарау мерзімін тоқтата тұруға міндетті. Мерзімді тоқтата тұру не ұзарту бойынша шешім ұйғарым түрінде шығарылады.
5-1. Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында немесе оның жекелеген жергілікті жерлерінде төтенше жағдай немесе соғыс жағдайы енгізілген кезде шағымды, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыға, ескерту немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамаға наразылықты қарау мерзімі төтенше жағдай немесе соғыс жағдайы тоқтатылғанға дейін тоқтатыла тұруы мүмкін.
6. Егер әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыға, ескерту немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамаға шағым, наразылық сотқа және жоғары тұрған органға (лауазымды адамға) бір уақытта келіп түссе, онда жоғары тұрған органға берілген шағым, наразылық сотқа жіберілуге тиіс.
Ескерту. 826-3-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 29.06.2020 № 351-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.826-4-бап. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыға, ескерту немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамаға шағым, наразылық бойынша шешім және оны жария ету
1. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыға, ескерту немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамаға шағымды, наразылықты қарап, жоғары тұрған орган (лауазымды адам) мынадай шешімдердің біреуін қабылдайды:
1)қаулыны, нұсқаманы өзгеріссіз, ал шағымды, наразылықты қанағаттандырусыз қалдыру туралы;
2)қаулыны өзгерту туралы;
3)қаулының, нұсқаманың күшін жою және істі тоқтату туралы;
4)қаулының, нұсқаманың күшін жою және іс бойынша жаңа қаулы шығару туралы.
2. Іс бойынша қаулыға, нұсқамаға шағым, наразылық бойынша шешім ол қабылданғаннан кейін дереу жария етіледі және осы Кодекстің 822-бабына сәйкес жазбаша не электрондық құжат нысанында ресімделген шағым, наразылық бойынша қаулы түрінде шығарылады.
3. Іс бойынша қаулыға, нұсқамаға шағым, наразылық бойынша қаулы ол шығарылғаннан кейін үш тәулікке дейінгі мерзімде өзіне қатысты іс бойынша қаулы шығарылған, нұсқама ресімделген тұлғаға немесе оның өкіліне, шағым берген жағдайда жәбірленушіге, сондай-ақ наразылық келтірген прокурорға табыс етіледі немесе жолданады.
4. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыға, ескерту немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамаға шағым, наразылық бойынша жоғары тұрған органның (лауазымды адамның) қаулысына қаулы табыс етілген немесе алынған күннен бастап он тәулік ішінде осы Кодекстің 44-1-тарауында көзделген тәртіппен сотқа шағым жасалуы, наразылық білдірілуі мүмкін.
826-5-бап. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулының күшін жою немесе өзгерту не ескерту немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманың күшін жою
Қаулының, нұсқаманың күшін жою және істі қысқарту туралы шешім осы Кодекстің 741 және 742-баптарында көзделген мән-жайлар болған кезде, сондай-ақ қаулы шығаруға, нұсқама ресімдеуге негіз болған мән-жайлар дәлелденбеген кезде қабылданады.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулының күшін жою немесе өзгерту не ескерту немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманың күшін жою осы Кодекстің 841, 842, 843, 844 және 845-баптарында көрсетілген негіздер бойынша да жүзеге асырылады.
44-тарау. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді жүзеге асыратын органның (лауазымды адамның) әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне шағым жасау
Ескерту. 44-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді жүзеге асыратын органның (лауазымды адамның) әрекеттерімен (әрекетсіздігімен) және (немесе) шешімімен құқықтары мен бостандықтары тікелей қозғалатын адам нақты деректерге және мән-жайларға сәйкес келмейтін мәліметтер көрсетілген жағдайда, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманың жасалуы, іс бойынша іс жүргізуді қамтамасыз ету шараларының қолданылуы, сараптама тағайындау және оны жүргізу тәртібі бойынша заңның бұзылуына, өзге де әрекеттерге (әрекетсіздікке) және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қараудың нәтижелері бойынша және әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыға шағым (наразылық) бойынша қабылданатын шешімдерді қоспағанда, шешімдердің қабылдануына жоғары тұрған органға (лауазымды адамға) және (немесе) сотқа шағыммен жүгінуге құқылы. Жоғары тұрған органға (лауазымды адамға) алдын ала жүгіну сотқа шағым беру және соттың оны қарауға қабылдауы және мәні бойынша шешуі үшін міндетті шарт болып табылмайды.
2. Шағымдар әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне шағым жасалатын органға (лауазымды адамға), сотқа беріледі, ол шағым келіп түскен күннен бастап үш тәулік ішінде оларды жоғары тұрған органға (лауазымды адамға), тиісті сотқа жіберуге міндетті.
Шағымдар, оларды қарауға уәкілеттік берілген жоғары тұрған органға (лауазымды адамға), сотқа тікелей берілуі мүмкін.
3. Шағымдар ауызша және жазбаша болуы мүмкін. Ауызша шағымдар хаттамаға енгізіледі, оған арыз беруші және шағымды қабылдаған лауазымды адам қол қояды. Тиісті лауазымды адамдардың қабылдауында адамдар баяндаған ауызша шағымдар жазбаша түрде берілген шағымдармен жалпы негіздерде шешіледі. Шағымға қосымша материалдар қоса берілуі мүмкін.
4. Іс бойынша іс жүргізіліп жатқан тілді білмейтін адамға шағымды өзінің ана тілінде немесе өзі білетін тілде беру құқығы қамтамасыз етіледі.
5. Шағым берген тұлға оны қайтарып алуға құқылы. Өзіне қатысты іс қозғалған тұлға, жәбірленуші, заңды өкілін қоспағанда, өзінің қорғаушысының, өкілінің шағымын қайтарып алуға құқылы. Өзіне қатысты іс қозғалған тұлғаның мүддесінде берілген шағым тек оның жазбаша келісімі арқылы ғана қайтарылуы мүмкін. Шағымды қайтарып алу оның қайта берілуіне кедергі келтірмейді.
6. Шағым беру шағым жасалып жатқан әрекеттің жүргізілуін және шағым жасалып жатқан шешімнің орындалуын тоқтата тұрмайды.
7. Әкімшілік іс бойынша іс жүргізуді жүзеге асыратын лауазымды адамның әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымды кері қайтарып алу туралы жазбаша арыз берілген жағдайда, судья шағымды қайтару туралы ұйғарым шығарады.
8. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша шешім қабылданған жағдайда, іс бойынша іс жүргізуді жүзеге асыратын лауазымды адамның әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне шағымдарды судья немесе орган (лауазымды адам) қараусыз қалдырады және шағымды қайтару туралы ұйғарым шығарады.
Ескерту. 827-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.06.2020 № 351-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.1. Адам өз құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуы туралы өзіне белгілі болған күннен бастап екі ай ішінде жоғары тұрған органға (лауазымды адамға) және (немесе) сотқа шағыммен жүгінуге құқылы.
2. Шағым беру мерзімін өткізіп алу шағымды қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылмайды. Мерзімді өткізіп алудың себептері шағымды мәні бойынша қарау кезінде анықталады және шағымды қанағаттандырудан бас тарту негіздерінің бірі болып табылуы мүмкін.
829-бап. Шағымды қарау тәртібі
1. Шағымды қарай отырып, судья немесе орган (лауазымды адам) онда жазылған дәлелдерді жан-жақты тексеруге, қажет болған кезде қосымша материалдарды талап етіп алдыруға, тиісті лауазымды адамдардан, жеке және заңды тұлғалардан шағым жасалып жатқан әрекеттерге (әрекетсіздікке) және шешімдерге қатысты түсіндірмелер алуға міндетті.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарау кезінде берілген шағым іс жүргізуінде іс жатқан басқа судьяға, органға (лауазымды адамға) олардың бірлесіп қарауы үшін беріледі, ол туралы ұйғарым шығарылады.
2. Шағым келіп түскен күннен бастап он тәулік ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау мерзімі қажет болған кезде он тәулікке дейін ұзартылуы мүмкін. Тиісінше хабардар етілген (хабарланған) адамның келмеуі шағымды қарауға кедергі болмайды.
Шағымды қанағаттандырудан бас тарту туралы қаулыға органның (лауазымды адамның) қаулысының көшірмесін алған кезден бастап он тәулік ішінде әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған аудандық және оған теңестірілген сотқа шағым жасалуға жатады, оның шешіміне – жоғары тұрған сотқа, ал соттың қаулысына жоғары тұрған сотқа шағым жасалуы мүмкін, олардың шешімі шағым жасалуға, наразылық білдіруге жатпайды.
Шағымды қанағаттандыру туралы қаулыға әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған аудандық және оған теңестірілген сотқа прокурордың апелляциялық өтінішхаты берілуі мүмкін, оның шешіміне – жоғары тұрған сотқа, ал сот қаулысына жоғары тұрған сотқа прокурордың апелляциялық өтінішхаты берілуі мүмкін.
2-1. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді жүзеге асыратын органның (лауазымды адамның) әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне жасалған шағымды қарау мерзімі іс бойынша одан әрі іс жүргізуге кедергі келтіретін еңсерілмейтін күштің әсер етуі жағдайларында тоқтатыла тұруы мүмкін.
3. Қаулы жеке тұлғаға немесе заңды тұлғаның өкіліне дереу табыс етіледі, ал бұл адамдар болмаған жағдайда, қаулы шығарылған күннен бастап үш тәулік ішінде оларға жолданады.
4. Шағымды қарайтын орган (лауазымды адам) немесе судья өз өкілеттіктері шегінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуге қатысушылардың, сондай-ақ өзге тұлғалардың бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерінің қалпына келтірілуіне дереу шаралар қолдануға міндетті.
Ескерту. 829-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.06.2020 № 351-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.44-1-тарау. Соттардың әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауы, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша қаулыларға, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамаларға, жоғары тұрған органның (лауазымды адамның) шағым, наразылық бойынша қаулыларына сотқа шағым жасау, наразылық білдіру
Ескерту. 44-1-тараумен толықтырылды - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
829-1-бап. Соттың әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарайтын орны
1. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жасалған жері бойынша қаралады. Өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізу жүргізіліп жатқан адамның өтінішхаты бойынша іс сол адамның тұрғылықты жері бойынша қаралуы мүмкін.
2. Осы Кодекстің 333, 334, 571, 572, 590, 591, 592, 593, 594, 595, 596, 597, 598, 599, 600, 601, 602, 603, 606, 607, 608, 610, 611, 612, 613, 614, 615, 616, 617, 618, 619, 620, 621, 622, 623, 624-1, 625, 626, 627, 628, 630, 631 және 632-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер көлік құралдарының, кемелердің, оның ішінде шағын көлемді кемелердің есепке алынған жері бойынша да немесе өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізу жүргізіліп жатқан адамның тұрғылықты жері бойынша қаралуы мүмкін.
3. Осы Кодекстің 378, 379, 382, 383, 440 және 481-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер жасалған жері бойынша немесе өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізу жүргізіліп жатқан адамның тұрғылықты жері бойынша қаралады.
Ескерту. 829-1-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 295-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2019 № 300-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.829-2-бап. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыға, ескерту немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамаға, жоғары тұрған органның (лауазымды адамның) шағым, наразылық бойынша қаулысына шағым жасау, наразылық білдіру құқығы
1. Осы Кодекстің 744, 745, 746, 747, 748 және 753-баптарында аталған адамдар әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыға, ескерту немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамаға, жоғары тұрған органның (лауазымды адамның) шағым, наразылық бойынша қаулысына шағым жасауы, ал прокурор наразылық білдіруі мүмкін.
2. Соттың әкімшілік жаза қолдану туралы қаулысына жоғары тұрған сотқа шағым, прокурордың апелляциялық өтінішхаты берілуі мүмкін.
3. Сотқа құрметтемеушілік білдіру фактісі туралы іс бойынша судья (сот) шығарған қаулыға осы Кодекстің 829-10-бабының төртінші бөлігінде көзделген тәртіппен жоғары тұрған сатыдағы сотқа шағым жасалуы, наразылық білдірілуі мүмкін.
4. Орган (лауазымды адам) шығарған әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыға, ескерту немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамаға органның (лауазымды адамның) орналасқан жері бойынша әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған аудандық және оған теңестірілген сотқа және кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сотқа шағым, прокурордың апелляциялық өтінішхаты берілуі мүмкін.
5. Осы Кодекстің 744, 745, 746, 747 және 748-баптарында аталған адамдардың жоғары тұрған органға (лауазымды адамға) алдын ала жүгінуі сотқа шағым беру және соттың оны қарауға және мәні бойынша шешуге қабылдауы үшін міндетті шарт болып табылмайды.
Ескерту. 829-2-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.06.2020 № 351-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.829-3-бап. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыға, ескерту немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамаға, жоғары тұрған органның (лауазымды адамның) шағым, наразылық бойынша қаулысына шағым жасау, наразылық білдіру тәртібі
1. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыға, ескерту немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамаға, жоғары тұрған органның (лауазымды адамның) шағым, наразылық бойынша қаулысына шағым, наразылық іс бойынша қаулы шығарған, нұсқама ресімдеген органға, лауазымды адамға жіберіледі, ол шағым, наразылық келіп түскен күннен бастап үш тәулік ішінде оларды істің барлық материалдарымен бірге тиісті сотқа жіберуге міндетті.
2. Осы Кодекстің 830-бабының екінші бөлігіне сәйкес сотқа құрметтемеушілік білдіру фактісі туралы іс бойынша қаулыға шағым жасалған, нарызылық білдірілген жағдайларда, сот қаулыға фактіні белгілеу бөлігінде сот отырысы хаттамасынан үзінді көшірмені қоса береді.
3. Шағым жасау, наразылық енгізу адамның тұрғылықты жері немесе тұрған жері бойынша тікелей оларды қарауға уәкілеттік берілген сотқа жүзеге асырылады
4. Әкімшілік қамаққа алу түріндегі жаза қолдану туралы судьяның қаулысына шағым, наразылық шағымды, наразылықты алған күні жоғары тұрған сотқа жіберілуге жатады.
5. Егер шағымды, наразылықты қарау әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыға, ескерту немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамаға, жоғары тұрған органның (лауазымды адамның) шағым, наразылық бойынша қаулысына шағым жасалған, наразылық білдірілген соттың құзыретіне жатпаса, шағым, наразылық ведомстволық бағыныстылығы бойынша жіберіледі.
6. Сотқа берілетін шағымда мәліметтер қамтылуға және ол осы Кодекстің 833-бабында көзделген талаптарға сәйкес келуге тиіс.
829-4-бап. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыға, ескерту немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамаға, жоғары тұрған органның (лауазымды адамның) шағым, наразылық бойынша қаулысына шағым жасау, наразылық білдіру мерзімдері
1. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыға, жоғары тұрған органның (лауазымды адамның) шағым, наразылық бойынша қаулысына шағым, наразылық – қаулының көшірмесі табыс етілген күннен бастап он тәулік ішінде, ал осы Кодекстің 744, 745, 746, 747, 748 және 753-баптарында көрсетілген тұлғалар істі қарауға қатыспаған жағдайда, қаулыны алған күннен бастап беріледі.
Ескерту немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамаға шағым, наразылық осы Кодекстің 817-бабында көзделген мерзім өткен соң он тәулік ішінде берілуі мүмкін.
2. Салықтық тексеру нәтижелері бойынша анықталған, Қазақстан Республикасының Салық кодексінде белгіленген салықтық міндеттемені немесе Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру және міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы заңнамасында көзделген міндеттерді орындамауға немесе тиісінше орындамауға байланысты шығарылған әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыға шағым, наразылық қаулының көшірмесі табыс етілген немесе алынған күннен бастап отыз тәулік ішінде берілуі мүмкін.
3. Шағымды, наразылықты беруге арналған мерзімді өткізіп алу шағымды, наразылықты қарауға қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылмайды. Шағым, наразылық қаралады, бұл ретте шағымды, наразылықты беру мерзімін өткізіп алу және олардың мәні шағымның, наразылықтың қаралуына қарамастан тексеріледі.
4. Осы бапта белгіленген мерзімде шағымды беру, наразылықты енгізу әкімшілік жаза қолдану туралы қаулының, ескерту немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманың орындалуын шағым, наразылық бойынша шешім шығарылғанға дейін тоқтата тұрады.
5. Сот әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралатын уақытта әкімшілік жаза қолдану туралы қаулының орындалуын тоқтата тұруға құқылы.
6. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулы, ескерту немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама, жоғары тұрған органның (лауазымды адамның) шағым, наразылық бойынша қаулысы заңды күшіне енген күннен бастап бір жыл ішінде әкімшілік жауаптылыққа тартылған адамның не өзіне қатысты әкімшілік іс жүргізу тоқтатылған адамның жағдайын нашарлататын жағына шағым берілуі, ал наразылық енгізілуі мүмкін.
Ескерту. 829-4-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 20.04.2023 № 227-VII (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.829-5-бап. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыға, ескерту немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамаға, жоғары тұрған органның (лауазымды адамның) шағым, наразылық бойынша қаулысына шағымды, наразылықты қарау мерзімдері
1. Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыға, ескерту немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамаға, шағым, наразылық бойынша жоғары тұрған органның (лауазымды адамның) қаулысына шағым, наразылық істі қарауға құқылы сот әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы, шағымды, наразылықты және істің басқа да материалдарын алған күннен бастап он бес тәулік ішінде қаралады.
2. Өзіне қатысты іс бойынша іс жүргізіліп жатқан тұлғадан және жәбірленушіден тиісті өтінішхаттар келіп түскен жағдайда әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс дереу қаралуы мүмкін. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуге қатысушылардан өтінішхаттар келіп түскен жағдайда не істің мән-жайларын қосымша анықтау қажет болған кезде сот істі, шағымды, наразылықты қарау мерзімін ұзартуы, бірақ он бес тәуліктен асырмай ұзартуы мүмкін.
3. Жасалуы әкімшілік қамаққа алуға, Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарып жіберуге алып келетін әкімшілік құқық бұзушылық, сондай-ақ төтенше жағдай режимін бұзғаны туралы іс – әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама мен істің басқа да материалдары алынған күні, ал әкімшілік ұстап алуға ұшыраған адамға қатысты оны ұстап алған кезден бастап жиырма төрт сағаттан кешіктірілмей қаралады.
Әкімшілік қамаққа алу туралы қаулыға шағым, наразылық, егер жауаптылыққа тартылған адам әкімшілік қамаққа алуды өтеп жатса, шағым немесе наразылық берілген кезден бастап бір тәулік ішінде қаралуға жатады.
4. Сот істі, шағымды, наразылықты қарау мерзімін азаматтық, қылмыстық, әкімшілік сот ісін жүргізуде немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуде қаралып жатқан басқа іс шешілгенге дейін оны қарауға мүмкіндік болмаған кезде, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғауға негіз болған салықтық және (немесе) кедендік тексеру нәтижелеріне жоғары тұрған органға шағым жасалған немесе өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалған тұлғаның шағымын қарайтын органның (лауазымды адамның) шешіміне шағым жасау мерзімі өтіп кеткен жағдайда, істі, шағымды, наразылықты қарау мерзімін тоқтата тұруға міндетті.
Істі, шағымды, наразылықты қарау мерзімі сараптаманың тағайындалуы, күштеп әкелу, сондай-ақ іс бойынша одан әрі іс жүргізуге уақытша кедергі келтіретін еңсерілмейтін күштің әсер етуі жағдайларында тоқтатыла тұруы мүмкін.
Ескерту. 829-5-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 30.12.2019 № 300-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.06.2020 № 351-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.829-6-бап. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыға, ескерту немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамаға, жоғары тұрған органның (лауазымды адамның) шағым, наразылық бойынша қаулысына шағымды, наразылықты қарауға дайындау
1. Сот әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі, шағымды, наразылықты қарауға дайындау кезінде мынадай мәселелерді анықтайды:
1) осы істі, шағымды, наразылықты қарау өзінің құзыретіне жата ма;
2) осы істі, шағымды, наразылықты соттың қарау мүмкіндігін болғызбайтын мән-жайлар бар ма;
3) әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама және осы Кодексте көзделген басқа да хаттамалар дұрыс жасалған ба, сондай-ақ істің өзге де материалдары дұрыс ресімделген бе;
4) іс бойынша іс жүргізуді болғызбайтын мән-жайлар, сондай-ақ адамды әкімшілік жауаптылыққа тартпауға мүмкіндік беретін мән-жайлар бар ма;
5) өтінішхаттар, оның ішінде кәмелетке толмаған адамның қатысуымен болған істер бойынша істі кәмелетке толмаған адамның тұрғылықты жеріндегі сотта қарау туралы өтінішхаттар және қарсылық білдіру бар ма;
6) өтінішхаттарды шешеді, қосымша материалдарды талап етіп алдырады, қатысуы істі, шағымды, наразылықты қарау үшін қажет деп танылған адамдарды шақыртады; қажет болған кезде сараптама тағайындайды;
7) осы Кодекстің 744, 745, 746, 747 және 748-баптарында аталған тұлғаларға істі, шағымды, наразылықты қарау орны мен уақыты туралы хабарланды ма.
2. Осы баптың бірінші бөлігі 1), 3) және 6) тармақшаларының талаптары осы Кодекстің 684-бабының үшінші бөлігіне сәйкес қаралған, сотқа құрметтемеушілік білдіру фактілері туралы істерге қолданылмайды.
829-7-бап. Соттың әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыға, ескерту немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамаға, жоғары тұрған органның (лауазымды адамның) шағым, наразылық бойынша қаулылсына шағымды, наразылықты қарау мүмкіндігін болғызбайтын мән-жайлар
Егер бұл адам:
1) жауаптылыққа тартылып отырған адамның немесе жәбірленушінің, олардың өкілдерінің, қорғаушының туысы болған;
2) істің шешілуіне жеке өзі, тікелей немесе жанама түрде мүдделі болған жағдайларда, сот істі, шағымды, наразылықты қарай алмайды.
829-8-бап. Судьяның өздігінен бас тартуы және оған қарсылық білдіру
1. Осы Кодекстің 829-7-бабында көзделген мән-жайлар болған кезде судья өздігінен бас тартатыны туралы мәлімдеуге міндетті.
2. Осы Кодекстің 829-7-бабында көзделген мән-жайлар болған кезде, өзіне қатысты іс бойынша іс жүргізіліп жатқан адам, жәбірленуші, жеке тұлғаның заңды өкілдері мен заңды тұлғаның өкілдері, қорғаушы, прокурор сотқа қарсылық білдіруін мәлімдеуге құқылы.
3. Өздігінен бас тарту, оған қарсылық білдіру туралы мәлімдеме тиісті соттың төрағасына беріледі.
4. Өздігінен бас тарту, оған қарсылық білдіру туралы мәлімдемені соттың төрағасы келіп түскен күннен бастап бір тәулік ішінде қарайды.
5. Өздігінен бас тарту, оған қарсылық білдіру туралы мәлімдемені қарау нәтижелері бойынша мәлімдемелерді қанағаттандыру туралы не оларды қанағаттандырудан бас тарту туралы ұйғарым шығарылады.
829-9-бап. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыға, ескерту немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамаға, жоғары тұрған органның (лауазымды адамның) шағым, наразылық бойынша қаулысына шағымды, наразылықты қарауға дайындау кезінде қабылданатын сот шешімі
1. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі, шағымды, наразылықты қарауға дайындау кезінде сот мынадай шешім қабылдайды:
1) істі, шағымды, наразылықты қарау уақыты мен орнын тағайындау туралы;
2) іс бойынша адамдарды шақыру, қажетті қосымша материалдарды талап етіп алдыру туралы, қажет болған жағдайда сараптама тағайындау туралы;
3) істі, шағымды, наразылықты қарауды кейінге қалдыру туралы;
4) істі, шағымды, наразылықты қарау мерзімдерін ұзарту, тоқтата тұру туралы;
5) егер осы істі, шағымды, наразылықты қарау өзінің құзыретіне жатпаса, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы және істің басқа да материалдарын, шағымды, наразылықты ведомстволық бағыныстылығы бойынша қарауға беру туралы;
6) осы Кодекстің 812-бабына сәйкес істі мәні бойынша қарауға беру туралы;
7) істі осы әкімшілік құқық бұзушылық үшін өзгеше түрде немесе мөлшерде жаза қолдануға құқылы соттың қарауына беру туралы, сондай-ақ осы Кодекстің 812-бабында көзделген жағдайларда істі көлік құралының (кеменің, оның ішінде шағын көлемді кеменің) есепке алынған жері бойынша қарауға беру туралы.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген шешімдер ұйғарым түрінде шығарылады және шағымдану мерзімі мен тәртібін қоспағанда, осы Кодекстің 822-бабының бірінші бөлігінде көзделген мәліметтерді қамтиды.
3. Сот іс жүргізуде нақ сол бір адамға қатысты қозғалған екі және одан көп істің барын анықтай отырып, бұл істерді бірге қарау үшін бір іс жүргізуге біріктіруге құқылы.
4. Осы Кодекстің 744-бабының төртінші бөлігінде, 746-бабының алтыншы бөлігінде және 754-бабының бесінші бөлігінде көзделген жағдайларда жауаптылыққа тартылып отырған адамның, оның өкілінің, куәнің дәлелсіз себептермен келмеуіне байланысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қайта қарауға дайындау кезінде сот аталған адамдарды күштеп әкелу туралы ұйғарым шығаруға құқылы.
829-10-бап. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыға, ескерту немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамаға, жоғары тұрған органның (лауазымды адамның) шағым, наразылық бойынша қаулысына шағымды, наразылықты қарау тәртібі
1. Сот істі, шағымды, наразылықты қарауға кіріскенде:
1) істі кім қарайтынын, қандай іс, шағым, наразылық қаралуға жататынын, кім және осы Кодекстің қандай бабының негізінде жауаптылыққа тартылатынын хабарлайды, іс жүргізу тілін айқындайды;
2) әкімшілік жауаптылыққа тартылатын адамның немесе оның өкілінің, сондай-ақ істі, шағымды, наразылықты қарауға қатысатын өзге де тұлғалардың келгеніне көз жеткізеді;
3) іс жүргізуге қатысушылардың жеке басын анықтайды және тұлғалардың заңды өкілдерінің, қорғаушының өкілеттіктерін тексереді;
4) іс жүргізуге қатысушылардың келмеу себептерін анықтайды және аталған адамдар болмағанда істі, шағымды, наразылықты қарау туралы не істі, шағымды, наразылықты қарауды кейінге қалдыру туралы шешім қабылдайды;
5) қажет болған жағдайларда істі, шағымды, наразылықты қарау кезінде қатысуы міндетті болып табылатын адамды күштеп әкелу туралы ұйғарым шығарады, аудармашыны тағайындайды;
6) істі қарауға қатысатын адамдарға осы Кодексте көзделген олардың құқықтары мен міндеттерін, оның ішінде заңға сәйкес азаматтардың ақы төлемей білікті заң көмегін алу құқығын түсіндіреді;
7) мәлімделген бас тартуларды және өтінішхаттарды шешеді;
8) әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы, шағымды, наразылықты, ал қажет болған кезде істің өзге де материалдарын жария етеді;
9) өзіне қатысты іс бойынша іс жүргізіліп жатқан адамның түсініктемелерін, іс жүргізуге қатысатын басқа да адамдардың айғақтарын, маманның түсіндірмесін және сарапшының қорытындысын тыңдайды, өзге де дәлелдемелерді зерттейді, ал істі, шағымды, наразылықты қарауға прокурор қатысқан жағдайда оның қорытындысын тыңдайды;
10) істі, шағымды, наразылықты қарауды кейінге қалдыру туралы ұйғарымды: егер судьяға қарсылық білдіру істі, шағымды, наразылықты мәні бойынша қарауға кедергі келтірсе, оның өздігінен бас тартуы немесе оған қарсылық білдіру туралы мәлімдеуіне; егер қорғаушының, уәкілетті өкілдің, сарапшының немесе аудармашының қарсылық білдіруі істі, шағымды, наразылықты мәні бойынша қарауға кедергі келтірсе, олардың қарсылық білдіруіне; істі, шағымды, наразылықты қарауға қатысатын адамдардың келу немесе іс, шағым, наразылық бойынша қосымша материалдарды талап етіп алдыру қажеттігіне байланысты, сондай-ақ осы Кодекстің 51-бабының екінші бөлігінде көзделген жағдайларда шығарады. Қажет болған жағдайда сот сараптама тағайындау туралы ұйғарым шығарады;
11) істі, шағымды, наразылықты қарау мерзімін ұзарту, тоқтата тұру туралы ұйғарым шығарады;
12) осы Кодекстің 829-9-бабында көзделген жағдайларда істі мәні бойынша қарауға беру туралы ұйғарым шығарады.
2. Істі, шағымды, наразылықты қарау кезінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғаудың, істе бар, қосымша ұсынылған материалдар бойынша шығарылған қаулылардың заңдылығы мен негізділігі тексеріледі, сондай-ақ осы Кодекстің 829-бабы бірінші бөлігінің екінші абзацына сәйкес берілген шағымның дәлелдемелері бойынша шешім қабылданады.
Сот істің, шағымның, наразылықтың дәлелдерімен және мән-жайларымен байланысты емес және істі толық көлемде тексереді, бұл ретте ол жаңа фактілерді анықтауға және жаңа дәлелдемелерді зерттеуге құқылы.
Сот істі, шағымды, наразылықты қарау кезінде осы Кодекстің 2-бөлімі Ерекше бөлігінің әкімшілік іс жүргізу қозғалған бабы немесе бабының бөлігі шегінде ғана іс-әрекеттің заңдық саралануын өзгерте алады. Әкімшілік жауаптылыққа тартылған адамның жағдайы жақсарған кезде ғана іс-әрекеттің саралануын өзгертуге жол беріледі.
3. Сот шақырылған адамдардың келмеуіне, іс бойынша қосымша материалдарды талап етіп алдыруына, сараптама тағайындауға байланысты және істі, шағымды, наразылықты толық, жан-жақты және әділ қарау үшін қажет болатын басқа да жағдайларда істі, шағымды, наразылықты қарауды кейінге қалдыруы мүмкін.
4. Сот тікелей сот талқылауы барысында процеске қатысып отырған адамның тарапынан сотқа құрметтемеушілік білдіру фактісін анықтай отырып, факт туралы жариялай отырып, осы баптың бірінші бөлігі 2), 4), 8) және 12) тармақшаларының талаптарын сақтамастан, кінәлі адамға осы Кодекстің 653-бабында көзделген әкімшілік жазаны қолдану туралы қаулы шығаруға құқылы.
5. Сот талқылауы барысында анықталған, процеске қатысып отырған адамның тарапынан сотқа құрметтемеушілік білдіру фактісі туралы істі судья (сот) осы фактіні анықтап және сот отырысының хаттамасында тіркей отырып, тікелей осы сот отырысында қарайды.
6. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғаған лауазымды адам немесе өкілдерінің әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер қозғауға, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыға, ескерту немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамаға шағымды, наразылықты қарауға құқығы бар мемлекеттік органның өкілі істі, шағымды, наразылықты қарауға қатысқан жағдайда, олар құқық бұзушылықтың мәні бойынша түсініктемелерді және оны жасауда адамның кінәлілігінің дәлелдемелерін бірінші болып ұсынады.
7. Қажет болған жағдайларда осы Кодексте көзделген басқа да процестік әрекеттер жүзеге асырылады.
Ескерту. 829-10-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.06.2026 № 307-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.829-11-бап. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыға, ескерту немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамаға, жоғары тұрған органның (лауазымды тұлғаның) шағым, наразылық бойынша қаулысына шағымды, наразылықты, қарау кезінде анықтауға жататын мән-жайлар
1. Сот істі, шағымды, наразылықты қарау кезінде әкімшілік құқық бұзушылық жасалды ма, осы тұлға оны жасауға кінәлі ме, ол әкімшілік жауаптылыққа жата ма, жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар бар ма, мүліктік залал келтірілген бе, осы Кодекстің 741 және 742-баптарында көзделген мән-жайларды, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама және осы Кодексте көзделген басқа да хаттамалар дұрыс жасалған ба, істің өзге де материалдары дұрыс ресімделген бе, іс бойынша іс жүргізуді болғызбайтын мән-жайлар, тұлғаны әкімшілік жауаптылыққа тартпауға мүмкіндік беретін мән-жайлар бар ма, соны анықтауға, сондай-ақ істің дұрыс шешілуі үшін маңызы бар басқа да мән-жайларды анықтауға міндетті.
2. Сот осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген мән-жайлар анықталғанын ескере отырып, өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалған адамға салынған және осы Кодекстің 44-бабы бірінші бөлігінің бірінші абзацына сәйкес есептелетін әкімшілік айыппұлдың мөлшерін қысқартуға, бірақ айыппұлдың жалпы сомасының отыз пайызынан асырмай қысқартуға құқылы.
829-12-бап. Сот отырысының хаттамасы
1. Соттың сот отырысында әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралған кезде хаттама жүргізіледі. Егер өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізіліп жатқан тұлға әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарау кезінде өз кінәсін толығымен мойындап, дәлелдемелерді зерттеудің қажеттілігі туралы мәлімдеме жасалмаса, хаттаманың жүргізілуі міндетті емес. Бұл ретте жоғары тұрған сатылардағы сот істі бірінші сатыдағы сот үшін көзделген қағидалар бойынша қарай отырып, істің дұрыс шешілуі үшін маңызы бар қосымша материалдарды, алынған сараптама қорытындыларын зерттеу, отырысқа шақыртылған адамдардан жауап алу қажет болған жағдайларда, сондай-ақ өз бастамашылығы бойынша немесе өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізіліп жатқан тұлғаның өтінішхаты бойынша сот отырысының хаттамасын жүргізеді.
2. Сот отырысының хаттамасында мыналар көрсетіледі:
1) отырыстың орны мен күні, оның басталу және аяқталу уақыты;
2) өзіне қатысты іс қаралып жатқан тұлға туралы мәліметтер: жеке тұлғалар үшін – тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде), туған күні, тұрғылықты жері, жеке басын куәландыратын құжаттың атауы мен деректемелері, сәйкестендіру нөмірі, тұрғылықты жері бойынша тіркелуі туралы мәліметтер жұмыс орны; заңды тұлғалар үшін – атауы, ұйымдық-құқықтық нысаны, орналасқан жері, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелу нөмірі мен күні, сәйкестендіру нөмірі және банк деректемелері;
3) қаралып жатқан іс бойынша іс жүргізу тілі;
4) әкімшілік құқық бұзушылық туралы қаралып жатқан істің оқиғасы;
5) судьяның, сот отырысы хатшысының лауазымы, тегі, аты-жөні;
6) істі қарауға қатысатын тұлғалардың келгендігі туралы, келмеген тұлғаларға белгіленген тәртіппен хабарланғаны туралы мәліметтер;
7) сот отырысының барысы;
8) қарсылық білдіру, өтінішхаттар және оларды қараудың нәтижелері;
9) әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуге қатысушыларға олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіру;
10) сот отырысына қатысушылар түсініктемелерінің, сұрақтары мен жауаптарының, сөйлеген сөздерінің мазмұны;
11) қаралған материалдар мен құжаттар;
12) сот отырысы барысында шығарылған ұйғарымдарға, қаулыларға, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша соттың шешіміне нұсқау, оған шағым жасау мерзімі мен тәртібін түсіндіру;
13) сот отырысының хаттамасымен таныстыру және оған ескертулер беру мерзімін түсіндіру;
14) істің, шағымның, наразылықтың қаралуын кейінге қалдыру немесе ұзарту туралы мәліметтер.
3. Хаттама іс қаралған күннен бастап бес тәуліктен кешіктірмей жасалады, оған судья және сот отырысының хатшысы қол қояды.
4. Судья өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізіліп жатқан тұлғаға, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуге басқа да қатысушыларға сот отырысының хаттамасымен танысу мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті.
5. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуге қатысушылар сот отырысының хаттамасын жасаудың толықтығы мен анықтығына қатысты өз ескертулерін оған қол қойылғаннан кейін бес тәулік ішінде ұсынуға құқылы.
6. Сот отырысының хаттамасына ескертулерді судья олар берілген күннен бастап бес тәулік ішінде қарайды.
7. Сот отырысының хаттамасына ескертулерді қабылдау немесе қабылдамау туралы судья уәжді қаулы шығарады. Қаулы және сот отырысының хаттамасына ескертулер сот отырысының хаттамасына қоса тігіледі.
Ескерту. 829-12-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.829-13-бап. Сот отырысын дыбыс-, бейнежазба құралдарымен тіркеп алу
1. Сот отырысының барысын тіркеп алу дыбыс-, бейнежазба құралдарының көмегімен жүзеге асырылады. Сот отырысын дыбыс-, бейнежазба құралдарымен тіркеп алуды сот отырысының хатшысы жүзеге асырады.
Жабдықтардың техникалық ақауы болған, жабдықтар болмаған немесе техникалық себептерге байланысты оны қолдану мүмкін болмаған жағдайларда сот отырысын дыбыс-, бейнежазба құралдарының көмегімен тіркеу жүзеге асырылмайды. Дыбыс-, бейнежазба құралдарын пайдаланудың мүмкін болмауы сот отырысын жалғастыруды жоққа шығармайды.
Дыбыс-, бейнежазба құралдарын пайдалану мүмкін болмаған жағдайда, сот отырысының хатшысы сот отырысының хаттамасында дыбыс-, бейнежазба құралдарын пайдаланбау себептерін міндетті түрде көрсете отырып, бұл туралы сотқа баяндайды.
2. Істі талқылауды дыбыс-, бейнежазба құралдарын пайдалана отырып, тіркеп алған жағдайда сот отырысының хатшысы жазбаша нысанда қысқаша хаттама жасайды.
Сот отырысының қысқаша хаттамасында мыналар көрсетіледі:
1) отырыстың орны мен күні, оның басталу және аяқталу уақыты;
2) іс қаралып жатқан тұлға туралы мәліметтер: жеке тұлғалар үшін – тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде), туған күні, тұрғылықты жері, жеке басын куәландыратын құжаттың атауы мен деректемелері, сәйкестендіру нөмірі, тұрғылықты жері бойынша тіркелуі туралы мәліметтер, жұмыс орны; заңды тұлғалар үшін – атауы, ұйымдық-құқықтық нысаны, орналасқан жері, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелу нөмірі мен күні, сәйкестендіру нөмірі мен банктік деректемелері;
3) судьяның, сот отырысы хатшысының лауазымдары, тектері, аты-жөндері;
4) соттың дыбыс-, бейнежазба құралдарын қолдануы туралы мәліметтер;
5) дыбыс-, бейнежазбаны қамтитын файлдың атауы;
6) істі қарауға қатысатын тұлғалардың келгендігі туралы, келмеген тұлғалардың белгіленген тәртіппен хабарланғаны туралы мәліметтер;
7) сот отырысы барысында шығарылған ұйғарымдарға, қаулыларға, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша сот шешіміне нұсқау, оған шағым жасау мерзімі мен тәртібін түсіндіру;
8) қаралған материалдар мен құжаттар;
9) дыбыс-, бейнежазбамен, сот отырысының хаттамасымен таныстыру және оларға ескертулер беру мерзімін түсіндіру.
Сот отырысын кейінге қалдыру немесе істі қарау мерзімдерін ұзарту туралы сот шешімі сот отырысының қысқаша хаттамасына енгізіледі.
Қысқаша хаттама іс қаралған күннен бастап үш тәуліктен кешіктірмей жасалады, оған судья және сот отырысының хатшысы қол қояды.
Дыбыс-, бейнежазбасы бар материалдық жеткізгіш пен сот отырысының қысқаша хаттамасы іс материалдарына қоса тіркеледі.
3. Судья хаттамаға қол қойылғаннан кейін үш тәулік ішінде өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізіліп жатқан тұлғаға, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша істің басқа да қатысушыларына сот отырысының дыбыс-, бейнежазбасымен, қысқаша хаттамасымен танысу және сот отырысының дыбыс-, бейнежазбасын, хаттамасын жасаудың толықтығы мен анықтығына қатысты өз ескертулерін беру мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті.
4. Сот отырысының дыбыс-, бейнежазбасы мен сот отырысының қысқаша хаттамасына ескертулерді судья осы Кодекстің 829-12-бабының алтыншы және жетінші бөліктерінде белгіленген тәртіппен қарайды.
5. Сот отырыстарының дыбыс-, бейнежазбасы сот талқылауы барысын дәл тіркеп алу үшін, сондай-ақ азаматтық, қылмыстық сот ісін жүргізуде, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуде не тәртіптік іс бойынша іс жүргізу шеңберінде сот ісін жүргізу мақсатында ғана пайдаланылады.
Сот отырысының барысын тіркеп алуды қамтамасыз ететін дыбыс-, бейнежазба құралдарын техникалық қолдану, дыбыс-, бейнежазбаны сақтау мен жою, сондай-ақ дыбыс-, бейнежазбаға қол жеткізу тәртібін осы Кодекстің талаптарын ескере отырып, соттардың қызметін ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын орган айқындайды.
Ескерту. 829-13-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.829-14-бап. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыға, ескерту немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамаға, жоғары тұрған органның (лауазымды адамның) шағым, наразылық бойынша қаулысына шағымды, наразылықты қарау нәтижелері бойынша қабылданатын шешімдер
1. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі, шағымды, наразылықты қарап, сот мынадай қаулылардың бірін шығарады:
1) әкімшілік жаза қолдану туралы;
2) іс бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы;
3) қаулыны, нұсқаманы – өзгеріссіз, ал шағымды, наразылықты қанағаттандырусыз қалдыру туралы;
4) қаулыны өзгерту туралы;
5) қаулының, нұсқаманың күшін жою және істі тоқтату туралы;
6) қаулының, нұсқаманың күшін жою және іс бойынша жаңа қаулы шығару туралы.
2. Осы бапта көзделген қаулы заңды және негізделген болуға тиіс.
Егер әкімшілік құқық бұзушылық үшін жаза қолдану туралы мәселені шешу кезінде судья бір мезгілде кінәлі адамның мүліктік залалды өтеуі туралы мәселені шешсе, онда қаулыда өндіріп алуға жататын залал мөлшері, оны өтеу мерзімі мен тәртібі көрсетіледі.
Шетел азаматын немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен шығарып жіберу туралы сот қаулысында шетел азаматының немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының аумағынан кетуі тиіс болатын мерзім көрсетіледі.
Шетел азаматын немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен шығарып жіберу туралы сот қаулысына осы Кодекстің 45-тарауында көзделген тәртіппен шағым жасалуы, сондай-ақ жоғары тұрған сот прокурордың апелляциялық өтінішхаты бойынша оны қайта қарауы мүмкін.
3. Қаулыда осы Кодекстің 822-бабында көзделген мәліметтер көрсетілуге, сондай-ақ мәселелер шешілуге тиіс.
4. Істі, шағымды, наразылықты қарау нәтижесінде жасалған әрекетке заңдық бағаның қате екенін мойындай отырып, сот құқық бұзушылықтың саралануын заңның онша қатаң емес әкімшілік жазаны көздейтін бабына өзгертуге міндетті.
5. Көлік құралының жүргізушісін жол жүрісі қағидаларын білуін тексеру үшін емтихан тапсыруға жіберген кезде жол жүрісі қағидаларын білуін тексеруге жіберу туралы қаулы шығарылады, оның көшірмесі емтихан тапсыруға жіберілген адамға беріледі.
6. Азаматтық және қызметтік қару иесін және (немесе) пайдаланушысын азаматтық және қызметтік қаруды қауіпсіз ұстау қағидаларын білуін тексеру үшін емтихан тапсыруға жіберу кезінде азаматтық және қызметтік қаруды қауіпсіз ұстау қағидаларын білуін тексеруге жіберу туралы қаулы шығарылады, оның көшірмесі емтихан тапсыруға жіберілетін адамға беріледі.
6-1. Қаулыда осы Кодекстің 54-бабының негіздерінде құқық бұзушының жүріс-тұрысына қойылатын ерекше талаптар белгіленуі мүмкін.
7. Іс бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы қаулы:
1) осы Кодекстің 741-бабында көзделген іс бойынша іс жүргізуді болғызбайтын мән-жайлар болған;
2) осы Кодекстің 742-бабында көзделген әкімшілік жауаптылыққа тартпауға мүмкіндік беретін мән-жайлар болған;
3) осы Кодекстің 32-бабына сәйкес тұлғаны тәртіптік жауаптылыққа тарту туралы мәселені шешу үшін іс материалдары тиісті органдарға берілетін жағдайларда шығарылады.
8. Істі, шағымды, наразылықты қарау нәтижелері бойынша шығарылған қаулы жазбаша ресімделеді және оған осындай қаулыны шығарған судья қол қояды не осындай қаулыны шығарған судьяның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында ресімделеді.
Ескерту. 829-14-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 18.03.2019 № 237-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2019 № 300-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.829-15-бап. Шағым, наразылық бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жөніндегі қаулының, жоғары тұрған органның шағым, наразылық бойынша қаулысының күшін жою немесе оны өзгерту не ескерту немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманың күшін жою
Қаулының, нұсқаманың, шағым, наразылық бойынша қаулының күшін жою және істі тоқтату туралы шешім осы Кодекстің 741 және 742-баптарында көзделген мән-жайлар болған кезде, сондай-ақ қаулыны шығаруда, нұсқаманы ресімдеуде негізге алынған мән-жайлар дәлелденбеген кезде қабылданады.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы қаулының, шағым, наразылық бойынша қаулының күшін жою немесе оны өзгерту не ескерту немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманың күшін жою осы Кодекстің 840, 841, 842, 843, 844 және 845-баптарында көрсетілген негіздер бойынша жүзеге асырылады.
829-16-бап. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарау нәтижелері бойынша, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыға, ескерту немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамаға, жоғары тұрған органның (лауазымды адамның) шағым, наразылық бойынша қаулысына шағым, наразылық жөніндегі қаулыны жария ету
1. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарау нәтижелері бойынша, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыға, ескерту немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамаға, жоғары тұрған органның (лауазымды адамның) шағым, наразылық бойынша қаулысына шағым, наразылық жөніндегі сот қаулысы ол шығарылғаннан кейін дереу жария етіледі.
1-1. Қаулы жария етілгеннен кейін судья оны қабылдаудың құқықтық салдарын, қаулыға шағым жасау тәртібі мен мерзімдерін түсіндіреді және сот отырысын жабық деп жариялайды.
2. Сот қаулысы ол шығарылғаннан кейін үш тәулікке дейінгі мерзімде – өзіне қатысты іс, шағым, наразылық бойынша қаулы шығарылған тұлғаға және шағымды өзі берген немесе оның өтінуі бойынша берілген жағдайда, жәбірленушіге, наразылық келтірген прокурорға табыс етіледі немесе жолданады.
Әкімшілік қамаққа алу туралы қаулы шығарылған жағдайда қаулының көшірмесі дереу прокурорға жіберіледі.
3. Әкімшілік қамаққа алу туралы іс бойынша қаулыға шағым, наразылық бойынша сот қаулысы қаулыны орындайтын органның (лауазымды адамның), сондай-ақ өзіне қатысты қаулы шығарылған тұлғаның назарына қаулы шығарылған күні жеткізіледі.
4. Атыс қаруын, сондай-ақ оқ-дәрілерді қызметтік міндеттерін орындауына байланысты сеніп берген немесе ұйым уақытша пайдалануға берген тұлғаға қатысты осы Кодекстің 484 және 485-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша қаулының көшірмесі тиісті ұйымға жіберіледі.
5. Сот қаулысына осы Кодекстің 45-тарауында көзделген тәртіппен жоғары тұрған сотқа шағым жасалуы, наразылық білдірілуі мүмкін.
Ескерту. 829-16-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 11.07.2022 № 137-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.829-17-бап. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша сот шығарған ұйғарым
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша ұйғарымда айыппұлды өз еркімен төлеу мерзімдерін немесе әкімшілік жазаны өзге түрде орындауды қоспағанда, осы Кодекстің 822-бабының бірінші бөлігінде көзделген мәліметтер көрсетілуге тиіс.
829-18-бап. Соттың жаңылыс, қатемен жазуларды және арифметикалық қателерді түзетуі
1. Қаулы шығарған сот іс бойынша іс жүргізуге қатысушылардың, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыны орындайтын сот орындаушысының, органның (лауазымды адамның) арызы бойынша немесе өз бастамашылығымен қаулыда жіберілген жаңылыс, қатемен жазуларды және арифметикалық қателерді қаулының мазмұнын өзгертпей түзетуге құқылы.
2. Жаңылыс, қатемен жазуларды және арифметикалық қателерді түзетулер туралы арызды қарау арыз келіп түскен күннен бастап үш тәулік ішінде жүргізіледі.
3. Жаңылыс, қатемен жазуларды немесе арифметикалық қатені түзету ұйғарым түрінде жүргізіледі.
4. Ұйғарымның көшірмесі шығарылған күнінен бастап үш тәулік ішінде іс бойынша іс жүргізуге қатысушыларға, қаулыны орындайтын сот орындаушысына, органға (лауазымды адамға), сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы жасаған органға (лауазымды адамға) жіберіледі.
1. Заңдылықты бұзу жағдайлары анықталған, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайлар белгіленген кезде сот жекеше қаулы шығарады және тиісті ұйымға және лауазымды адамдарға оларды жою жөнінде шаралар қолдану туралы ұсыну енгізеді.
Соттың жекеше қаулысына оны алған күннен бастап он тәулік ішінде шешімі шағым жасалуға, наразылық білдіруге жатпайтын жоғары тұрған сотқа шағым жасалуы мүмкін.
2. Ұйымдардың басшылары және басқа да лауазымды адамдар жекеше қаулыны алған күнінен бастап бір ай ішінде қарауға және қолданған шаралар туралы жекеше қаулы шығарған сотқа хабарлауға міндетті.
45-тарау. Заңды күшіне енбеген сот қаулыларын апелляциялық тәртіппен қайта қарау
Ескерту. 45-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
830-бап. Сот қаулысына шағым жасау, прокурордың апелляциялық өтінішхат келтіру құқығы
1. Соттың әкімшілік жаза қолдану туралы қаулысына осы Кодекстің 744, 745, 746, 747, 748 және 753-баптарында аталған тұлғалар шағым жасауы, сондай-ақ прокурордың апелляциялық өтінішхаты бойынша ол қайта қаралуы мүмкін.
2. Сот шығарған, сотқа құрметтемеушілік білдіру фактісі туралы іс бойынша қаулыға осы Кодекстің 829-10-бабының төртінші бөлігінде көзделген тәртіппен жоғары тұрған сатыдағы сотқа шағым берілуі, прокурордың апелляциялық өтінішхаты келтірілуі мүмкін.
Ескерту. 830-бап жаңа редакцияда - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 29.06.2020 № 351-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.831-бап. Сот қаулысына шағым жасау, прокурордың апелляциялық өтінішхаты бойынша қайта қарау тәртібі
Ескерту. 831-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Сот қаулысына шағым, прокурордың апелляциялық өтінішхаты қаулы шығарған сотқа жіберіледі, ол шағым, прокурордың апелляциялық өтінішхаты келіп түскен күннен бастап үш тәулік ішінде оларды істің барлық материалдарымен бірге жоғары тұрған сотқа жіберуге міндетті.
2. Осы Кодекстің 830-бабының екінші бөлігіне сәйкес сотқа құрметтемеушілік білдіру фактісі туралы іс бойынша қаулыға шағым жасалған, прокурор апелляциялық өтінішхат келтірген жағдайларда, сот қаулыға фактіні анықтау бөлігінде сот отырысы хаттамасынан үзінді көшірмені қоса береді.
3. Алып тасталды - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.4. Судьяның әкімшілік қамаққа алу түрінде жаза қолдану туралы қаулысына шағым, прокурордың апелляциялық өтінішхаты жоғары тұрған сотқа шағым, прокурордың апелляциялық өтінішхаты алынған күні жіберілуге жатады.
5. Алып тасталды - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.Ескерту. 831-бап жаңа редакцияда - ҚР 11.07.2017 № 91-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
832-бап. Сот қаулысына шағым жасау, прокурордың апелляциялық өтінішхат келтіру мерзімі
1. Сот қаулысына шағым, прокурордың апелляциялық өтінішхаты қаулы табыс етілген күннен бастап он тәулік ішінде, ал егер осы Кодекстің 744, 745, 746, 747, 748 және 753-баптарында аталған тұлғалар істі қарауға қатыспаса, оны алған күннен бастап берілуі мүмкін.
2. Әкімшілік жауаптылыққа тартылған адамның жағдайын жақсартуға алып келетін шағым беру, прокурордың апелляциялық өтінішхат келтіруі адам әкімшілік жазаға тартылған болып есептелетін мерзімдерде жүзеге асырылуы мүмкін. Істі дұрыс шешуге арналған мерзімдерді және олардың мәнін сот шағымның, прокурордың апелляциялық өтінішхатының мазмұнына қарамастан тексереді.
3. Әкімшілік жауаптылыққа тартылған адамның не өзіне қатысты әкімшілік іс жүргізу тоқтатылған адамның жағдайын нашарлататын шағым, прокурордың апелляциялық өтінішхаты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулы, ескерту немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама, жоғары тұрған органның (лауазымды адамның) шағым, наразылық бойынша қаулысы заңды күшіне енген күннен бастап бір жылдың ішінде берілуі мүмкін.
Ескерту. 832-бап жаңа редакцияда - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.833-бап. Шағымның, прокурордың апелляциялық өтінішхатының мазмұны
1. Жазбаша түрде не электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанында шағым беріледі, прокурордың апелляциялық өтінішхаты келтіріледі және онда мыналар көрсетілуге тиіс:
1) шағым, прокурордың апелляциялық өтінішхаты беріліп отырған соттың атауы;
2) шағым берушінің, апелляциялық өтінішхат келтірген прокурордың тегі, аты және әкесінің аты (болған кезде) (заңды тұлғаның дәл атауы), тұрақты тұрғылықты жері немесе тұрған жері (пошта мекенжайы);
3) қаулысына шағым беріліп, апелляциялық өтінішхат келтіріліп отырған соттың атауы;
4) шағым жасалып немесе прокурордың апелляциялық өтінішхаты бойынша қайта қаралып отырған сот қаулысының мазмұны, сондай-ақ шағым берген тұлға, апелляциялық өтінішхат келтірген прокурор сот қаулысы өздерінің құқықтарын және бостандықтарын бұзады деп есептейтін себептер;
5) шағым берген тұлғаның, апелляциялық өтінішхат келтірген прокурордың нақты тұжырымдалған өтінуі, талабы.
2. Шағымға, апелляциялық өтінішхатқа осы Кодекстің 744, 745, 746, 747 және 748-баптарында аталған тұлғалар, прокурор қол қояды. Заңды тұлғаның атынан берілетін шағымға оның өкілі немесе осыған уәкілеттік берілген басқа да тұлға қол қояды.
3. Егер басқа тұлғаның мүддесінде шағым берілсе, прокурордың апелляциялық өтінішхаты келтірілсе, оларда мүддесі үшін шағым беріліп, апелляциялық өтінішхат келтіріліп отырған адамның аты мен тегі, тұрақты тұрғылықты жері немесе тұрған жері (пошталық мекенжайы) көрсетілуі қажет. Шағымға өкілеттікті растайтын құжат қоса беріледі.
4. Шағым жасалып, қайта қаралып отырған сот қаулысының көшірмелерін, сондай-ақ шағымда, апелляциялық өтінішхатта келтірілген дәлелдерді негіздейтін өзге де құжаттарды қоса тіркей отырып, екі данада шағым беріледі, прокурордың апелляциялық өтінішхаты келтіріледі.
5. Егер берілген шағым, прокурордың келтірілген апелляциялық өтінішхаты осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген талаптарға сәйкес келмесе, олар берілді деп есептеледі, бірақ толық ресімдеу үшін мерзімі көрсетіле отырып, қайтарылады. Егер көрсетілген мерзім ішінде шағым, прокурордың апелляциялық өтінішхаты қайта жасалғаннан кейін сотқа берілмесе, олар берілмеген деп есептеледі.
Ескерту. 833-бап жаңа редакцияда - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.834-бап. Шағым берілуіне немесе прокурордың апелляциялық өтінішхат келтіруіне байланысты қаулының орындалуын тоқтата тұру
Ескерту. 834-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Шағымды белгіленген мерзімде беру әкімшілік жаза қолдану туралы қаулының орындалуын шағым қаралғанға дейін тоқтата тұрады.
2. Прокурордың әкімшілік жаза қолдану туралы қаулының орындалуын оның заңдылығын тексеру кезінде тоқтата тұруға, уәкілетті лауазымды адамдар мен органдарға (соттан басқа) қосымша тексеру жүргізу туралы жазбаша нұсқаулар беруге құқығы бар. Тексеру нәтижелері бойынша прокурор тиісті органға қаулының күшін жою немесе оны өзгерту туралы апелляциялық өтінішхат келтіреді немесе қаулының орындалуын тоқтата тұрудың күшін жояды.
3. Прокурордың апелляциялық өтінішхат келтіруі қаулының орындалуын олар қаралғанға дейін тоқтата тұрады.
4. Шетел азаматын немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен шығарып жіберу туралы сот қаулысы шағым немесе прокурордың апелляциялық өтінішхаты шетел азаматының немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының аумағынан кетуі тиіс болатын, сот көрсеткен мерзімге дейін келіп түскен жағдайда, шағым немесе прокурордың апелляциялық өтінішхаты қаралғанға дейін тоқтатыла тұрады.
Ескерту. 834-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 11.07.2017 № 91-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.835-бап. Сот қаулысына шағымды, прокурордың апелляциялық өтінішхатын қарау мерзімдері
Ескерту. 835-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Сот қаулысына шағым, прокурордың апелляциялық өтінішхаты олардың келіп түскен күнінен бастап он тәулік ішінде қаралуға жатады.
2. Әкімшілік қамаққа алу туралы қаулыға шағым, прокурордың апелляциялық өтінішхаты, егер жауаптылыққа тартылған адам әкімшілік қамаққа алуды өтеп жатса, олар берілген, келтірілген кезден бастап бір тәулік ішінде қарауға жатады.
3. Сараптаманың тағайындалуы және іс бойынша одан әрі іс жүргізуге кедергі келтіретін еңсерілмейтін күштің әсер етуі жағдайларында шағымды, прокурордың апелляциялық өтінішхатын қарау мерзімі тоқтатыла тұруы мүмкін.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуге қатысушылардан өтінішхаттар келіп түскен не істің мән-жайларын қосымша анықтау қажет болған жағдайларда, істі қарап жатқан сот шағымды, прокурордың апелляциялық өтінішхатын қарау мерзімін ұзартуы, бірақ он тәуліктен асырмай ұзартуы мүмкін. Сот шағымды, прокурордың апелляциялық өтінішхатын қарау мерзімін азаматтық, қылмыстық немесе әкімшілік сот ісін жүргізуде қаралатын басқа іс шешілгенге дейін оны қарау мүмкін болмаған кезде тоқтата тұруға міндетті. Мерзімді ұзарту және (немесе) тоқтата тұру туралы шешім уәжді ұйғарым түрінде шығарылады.
Ескерту. 835-бап жаңа редакцияда - ҚР 11.07.2017 № 91-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.06.2020 № 351-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.836-бап. Сот қаулысына шағымды, прокурордың апелляциялық өтінішхатын судьяның жеке-дара қарауы
1. Соттың қаулысына шағымды, прокурордың апелляциялық өтінішхатын жоғары тұрған соттың судьясы жеке-дара қарайды.
2. Осы Кодекстің 829-10-бабының төртінші бөлігінде көзделген тәртіппен судья (сот) шығарған сотқа құрметтемеушілік білдіру фактісі туралы іс бойынша сот қаулысына шағымды, прокурордың апелляциялық өтінішхатын жоғары тұрған соттың судьясы жеке-дара қарайды.
Ескерту. 836-бап жаңа редакцияда - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 29.06.2020 № 351-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.837-бап. Сот қаулысына шағымды, прокурордың апелляциялық өтінішхатын қарауға дайындау
Шағымды, прокурордың апелляциялық өтінішхатын қарауға дайындау кезінде сот өтінішхатты шешеді, қосымша материалдарды талап етіп алдырады, шағымды, прокурордың апелляциялық өтінішхатын қарау үшін қатысуы қажет деп танылған тұлғаларды шақырады, қажет болған кезде судья сараптама тағайындайды.
Ескерту. 837-бап жаңа редакцияда - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
838-бап. Сот қаулысына шағымды, прокурордың апелляциялық өтінішхатын қарау
1. Сот соттың қаулысына шағымды, прокурордың апелляциялық өтінішхатын қарауға кіріскенде:
1) шағымды, апелляциялық өтінішхатты кім қарайтынын; қандай шағым, апелляциялық өтінішхат қаралуға жататынын; шағымды кім бергенін, апелляциялық өтінішхатты кім келтіргенін жариялайды;
2) іс бойынша өзіне қатысты қаулы шығарылған жеке тұлғаның немесе заңды тұлға өкілінің, сондай-ақ шағымды, апелляциялық өтінішхатты қарауға қатысу үшін шақырылған адамдардың келгеніне көз жеткізеді;
3) іс жүргізуге қатысушылардың және олардың заңды өкілдерінің өкілеттіктерін тексереді;
4) іс бойынша іс жүргізуге қатысушылардың келмеу себептерін анықтайды және олар келмегенде шағымды, апелляциялық өтінішхатты қарау туралы не шағымды, апелляциялық өтінішхатты қарауды кейінге қалдыру туралы шешім қабылдайды;
5) шағымды, апелляциялық өтінішхатты қарауға қатысатын адамдарға олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді;
6) мәлімделген қарсылық білдірулер мен өтінішхаттарды шешеді;
7) соттың қаулысына шағымды, апелляциялық өтінішхатты, ал қажет болған кезде істің өзге де материалдарын жария етеді.
2. Соттың қаулысына шағымды, прокурордың апелляциялық өтінішхатын қарау кезінде істе бар және қосымша ұсынылған материалдар бойынша шығарылған қаулының заңдылығы мен негізділігі тексеріледі. Сот шағымның, прокурордың апелляциялық өтінішхатының дәлелдеріне байланысты емес және істі толық көлемде тексереді, бұл ретте ол жаңа фактілерді анықтауға және жаңа дәлелдемелерді зерттеуге құқылы.
3. Сот шақырылған адамдардың келмеуіне, іс бойынша қосымша материалдарды талап етіп алдыруға, сараптама тағайындауға байланысты және шағымды, прокурордың апелляциялық өтінішхатын толық, жан-жақты және объективті қарау үшін қажет болған басқа жағдайларда шағымның, апелляциялық өтінішхаттың қаралуын кейінге қалдыруға құқылы.
Ескерту. 838-бап жаңа редакцияда - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.839-бап. Сот қаулысына шағым, прокурордың апелляциялық өтінішхаты бойынша шешім
1. Сот қаулысына шағымды, прокурордың апелляциялық өтінішхатын қарап, сот мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
1) қаулыны – өзгеріссіз, ал шағымды, апелляциялық өтінішхатты қанағаттандырусыз қалдыру туралы;
2) қаулыны өзгерту туралы;
3) осы Кодекстің 741 және 742-баптарында көзделген мән-жайлар болған кезде, сондай-ақ қаулы шығарылғанда негізге алынған мән-жайлар дәлелденбеген кезде қаулының күшін жою және істі тоқтату туралы;
4) іс бойынша қаулының күшін жою және жаңа қаулы шығару туралы.
2. Сот қаулысына шағымды, прокурордың апелляциялық өтінішхатын қарау нәтижелері бойынша шешім қабылданғаннан кейін дереу жария етіледі және шағым, апелляциялық өтінішхат бойынша осы Кодекстің 822-бабына сәйкес ресімделген қаулы түрінде шығарылады.
3. Апелляциялық тәртіппен шығарылған сот қаулысына осы Кодекстің 46-тарауында көзделген тәртіппен шағым жасалуы, наразылық білдірілуі мүмкін.
Ескерту. 839-бап жаңа редакцияда - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.840-бап. Сот қаулысының күшін жою немесе оны өзгерту негіздері
Ескерту. 840-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Сот қаулысының күшін жоюға не оны өзгертуге және қаулы шығаруға мыналар:
1) судьяның сот қаулысында жазылған істің нақты мән-жайлары туралы түйіндерінің шағымды, прокурордың апелляциялық өтінішхатын қарау кезінде зерттелген дәлелдемелерге сәйкес келмеуі;
2) әкімшілік жауаптылық туралы заңның дұрыс қолданылмауы;
3) осы Кодекстің процестік нормаларының елеулі түрде бұзылуы;
4) қаулымен қолданылған әкімшілік жазаның жасалған құқық бұзушылық сипатына, кінәлінің жеке басына немесе заңды тұлғаның мүліктік жағдайына сәйкес келмеуі негіздер болып табылады.
Ескерту. 840-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 11.07.2017 № 91-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.841-бап. Судьяның сот қаулысында жазылған істің нақты мән-жайлары туралы түйіндерінің шағымды, прокурордың апелляциялық өтінішхатын қарау кезінде зерттелген дәлелдемелерге сәйкес келмеуі
1. Сот қаулысында жазылған істің нақты мән-жайлары туралы түйіндердің шағымды, прокурордың апелляциялық өтінішхатын қарау кезінде зерттелген дәлелдемелерге сәйкес келмейтінін анықтап, судья бұл қаулының күшін толық немесе ішінара жояды және шағымды, апелляциялық өтінішхатты қарау нәтижелеріне сәйкес жаңа қаулы шығарады.
2. Судья шағымды, прокурордың апелляциялық өтінішхатын қарау процесінде зерттелген дәлелдемелерді бағалай келіп, сот қаулысында анықталмаған немесе қаулы шығарған судья назарға алмаған фактілерді дәлелденді деп тануға құқылы.
Ескерту. 841-бап жаңа редакцияда - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.842-бап. Әкімшілік жауаптылық туралы заңды дұрыс қолданбау
1. Мыналар әкімшілік жауаптылық туралы заңды дұрыс қолданбау болып табылады:
1) осы Кодекстің 1-бөлімінің және 2-бөлімі Жалпы бөлігінің талаптарын бұзу;
2) осы Кодекстің 2-бөлімі Ерекше бөлігінің қолданылуға жататын бабынан немесе бабының бөлігінен басқасын қолдану;
3) осы Кодекстің 2-бөлімі Ерекше бөлігінің тиісті бабының санкциясында көзделгеннен анағұрлым қатаң әкімшілік жаза қолдану.
2. Шағымды, прокурордың апелляциялық өтінішхатын қарау нәтижесінде жасалған әрекетке берілген заңдық бағаны қате деп танып, судья құқық бұзушылықтың саралануын заңның онша қатаң емес әкімшілік жаза көзделген бабына өзгертуге құқылы.
3. Судья шағымды, прокурордың апелляциялық өтінішхатын қарау нәтижелері бойынша құқық бұзушылықтың саралануын заңның неғұрлым қатаң әкімшілік жаза көзделетін бабына өзгертуге немесе осы негіздер бойынша жәбірленушінің шағымы берілген немесе прокурордың апелляциялық өтінішхаты келтірілген жағдайда ғана неғұрлым қатаң әкімшілік жаза қолдануға құқылы.
Ескерту. 842-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 11.07.2017 № 91-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.843-бап. Осы Кодекстің процестік нормаларын елеулі түрде бұзу
1. Осы Кодекстің процестік нормаларын елеулі түрде бұзу деп іс бойынша іс жүргізу және оны қарау кезінде осы Кодекстің қағидаттарының және іске қатысатын тұлғалардың заңмен кепілдік берілген құқықтарынан айыру немесе оларға қысым жасау, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізу рәсімдерін сақтамау немесе істің мән-жайын жан-жақты, толық және объективті зерттеуге өзге жолмен кедергі келтіру арқылы заңды және негізделген қаулы шығаруға ықпал еткен немесе ықпал етуі мүмкін өзге де жалпы ережелерінің бұзылуы танылады.
2. Іс бойынша іс жүргізудің біржақтылығы немесе толық еместігі іс үшін маңызы болуы мүмкін, зерттеуден жол берілетін дәлелдемелерді қателесіп шығарып тастаудың немесе дәлелдемелерді зерттеуден негізсіз бас тартудың; міндетті түрде зерттелуге жататын дәлелдемелерді зерттемеудің нәтижесі болып табылса, қаулының күші жойылуға жатады.
3. Егер:
1) осы Кодекстің 741 және 742-баптарында көзделген негіздер болған кезде іс бойынша іс жүргізу тоқтатылмаған болса;
2) қаулыны әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға уәкілеттік берілмеген сот шығарса;
3) қорғаушының қатысуы заң бойынша міндетті болып табылғанда іс оның қатысуынсыз қаралса немесе өзіне қатысты іс бойынша іс жүргізіліп жатқан тұлғаның қорғаушы алу құқығы өзге де жолмен бұзылса;
4) өзіне қатысты іс бойынша іс жүргізіліп жатқан адамның ана тілін немесе өзі білетін тілді және аудармашы көрсететін қызметтерді пайдалану құқығы бұзылса;
5) өзіне қатысты іс бойынша іс жүргізіліп жатқан тұлғаға істің мән-жайлары туралы түсініктеме беру құқығы берілмесе;
6) қаулыға осы Кодекстің 822-бабының төртінші бөлігінде аталған тұлғалардың қайсыбіреуі қол қоймаса, кез келген жағдайда қаулының күші жойылуға жатады.
4. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарау кезінде осы баптың үшінші бөлігінің 1) тармақшасында көрсетілген процестік нормалардың бұзылуына жол берілгендігін анықтай отырып, судья іс бойынша қаулының күшін жояды және іс жүргізуді тоқтатады.
5. Егер әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарау кезінде процестік нормалардың қандай да бір өзгеше елеулі түрде бұзылуына жол берілсе, судья істі қарауды жүргізеді, бұл ретте жол берілген бұзушылықты жоюға шаралар қолданады, тиісінше сот, жоғары тұрған орган (лауазымды адам) қаулысының күшін жояды және істі қараудың нәтижелерін ескере отырып, жаңа қаулы шығарады.
Ескерту. 843-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.06.2020 № 351-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.844-бап. Қаулымен қолданылған әкімшілік жазаның жасалған құқық бұзушылық сипатына, кінәлінің жеке басына немесе заңды тұлғаның мүліктік қаржы жағдайына сәйкес келмеуі
1. Қаулымен қолданылған әкімшілік жазаның тым қатаңдығы салдарынан оны әділ емес, жасалған құқық бұзушылық сипатына, кінәлі адамның жеке басына немесе заңды тұлғаның мүліктік жағдайына сәйкес келмейді деп танып, судья әкімшілік жаза қолданудың жалпы қағидаларын басшылыққа ала отырып, жазаны жеңілдетеді.
2. Судья кінәлі тұлғаға әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыда айқындалғаннан неғұрлым қатаң жаза қолдануы мүмкін, бірақ оны шағым берілген немесе прокурордың апелляциялық өтінішхаты келтірілген жағдайда ғана қолданады.
Ескерту. 844-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 11.07.2017 № 91-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.845-бап. Іс бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы қаулының күшін жою немесе оны өзгерту
1. Судья іс бойынша іс жүргізуді тоқтатудың негізсіздігіне жәбірленушінің шағымы бойынша не прокурордың апелляциялық өтінішхаты бойынша ғана әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы шығара отырып, іс бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы қаулының күшін жоюы мүмкін.
2. Іс бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы қаулы өзіне қатысты іс бойынша іс жүргізу тоқтатылған тұлғаның шағымы бойынша тоқтатудың негіздері бөлігінде өзгертілуі мүмкін.
Ескерту. 845-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 11.07.2017 № 91-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.846-бап. Сот қаулысына шағым, прокурордың апелляциялық өтінішхаты бойынша қаулыны жария ету
1. Сот қаулысына шағым, прокурордың апелляциялық өтінішхаты бойынша қаулы шығарылғаннан кейін дереу жария етіледі.
2. Сот қаулысына шағым, прокурордың апелляциялық өтінішхаты бойынша қаулының көшірмесі ол шығарылғаннан кейін үш тәулікке дейінгі мерзімде іс бойынша өзіне қатысты қаулы шығарылған жеке тұлғаға немесе заңды тұлғаның өкіліне, шағымды өзі берген немесе оның өтінуі бойынша берілген жағдайда, жәбірленушіге, апелляциялық өтінішхат келтірген прокурорға табыс етіледі немесе жолданады.
3. Қамаққа алу туралы сот қаулысына шағым, прокурордың апелляциялық өтінішхаты бойынша қаулы – қаулыны орындайтын органның (лауазымды адамның), сондай-ақ өзіне қатысты шығарылған тұлғаның назарына қаулы шығарылған күні жеткізіледі.
Ескерту. 846-бап жаңа редакцияда - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.46-тарау. Заңды күшіне енген сот қаулыларын кассациялық тәртіппен қайта қарау
Ескерту. 46-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
847-бап. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша заңды күшіне енген қаулыларды және оларға шағымдарды, наразылықтарды қарау нәтижелерібойынша қаулыларды қайта қараудың кассациялық тәртібі
Ескерту. 847-бап алып тасталды - ҚР 31.10.2015 № 378-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
848-бап. Істерді талап етіп алдырудың және заңды күшіне енген сот актілеріне наразылық келтіру туралы өтінішхаттарды қараудың тәртібі мен себептері
1. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі кассациялық соттың төрағасы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры, оның орынбасарлары, облыстардың прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлар кассациялық тәртіппен тексеру үшін тиісті соттан талап етіп алдыруы мүмкін.
2. Осы Кодекстің 851-бабының төртінші бөлігінде аталған тұлғалардың өтінішхаттары, сол сияқты өз құзыреті шегінде кассациялық сот төрағасының, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бастамалары істерді талап етіп алдыруға себеп болып табылады.
3. Істі талап етіп алдыру туралы сұрау салуды сот ол сотқа келіп түскен күннен бастап жеті тәуліктен кешіктірмей орындайды. Сұрау салу жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында жіберілуі мүмкін.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс прокурордан талап етілген жағдайда, кассациялық сатыдағы соттың өтінішхаттың келіп түсуіне байланысты істі талап ету туралы сұрау салуы отыз тәулік ішінде орындалуға жатады.
4. Осы Кодекстің 851-бабының бесінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер кассациялық тәртіппен қайта қарауға жатпайды.
5. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша заңды күшіне енген қаулылар осы Кодекстің 851-бабының бесінші бөлігінде көзделген негіздер болған кезде кассациялық сот төрағасының ұсынуы бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының не оның орынбасарының наразалығы бойынша қайта қаралуы мүмкін.
6. Ұсыну, наразылық іспен бірге кассациялық сотқа жіберіледі.
Наразылықтың көшірмелерін прокурор іске қатысатын тұлғаларға жібереді.
7. Іс талап етіп алдырылған жағдайда, ұсыну енгізу немесе кассациялық наразылық келтіру туралы өтінішхат іс түскен күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде қарауға жатады.
8. Ұсынуды енгізу немесе наразылық келтіру туралы өтінішхат жазбаша түрде не электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанында беріледі және мыналарды:
1) өтінішхат жолданған лауазымды адамның атауын;
2) өтінішхат беретін тұлғаның атауын; оның тұрғылықты жерін немесе тұрған жерін және іс бойынша процестік жағдайды;
3) бірінші, апелляциялық сатыларда істі қараған соттарды және олар қабылдаған шешімдердің мазмұнын көрсетуді;
4) өтінішхат берілетін сот актісін көрсетуді;
5) мыналарды:
қаулыны орындау адамдардың өмірі, денсаулығы үшін не Қазақстан Республикасының экономикасы мен ұлттық қауіпсіздігі үшін қандай орны толмас ауыр зардаптарға алып келуі мүмкін екенін;
қаулы адамдардың белгісіз тобының қандай құқықтары мен заңды мүдделерін немесе өзге де жария мүдделерді бұзатынын;
қабылданған қаулы соттардың, уәкілетті органдардың (лауазымды адамдардың) құқық нормаларын түсіндіруі мен қолдануында бірізділікті қалайша бұзатынын көрсетуді;
6) өтінішхат беруші тұлғаның өтінуі неден тұратынын көрсетуді қамтуға тиіс.
9. Өтінішхат беретін тұлға немесе оның өкілі өтінішхатқа қол қоюға тиіс. Өкіл берген өтінішхатқа сенімхат немесе өкілдің өкілеттігін куәландыратын өзге де құжат қоса берілуге тиіс.
10. Өтінішхат осы баптың талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, оны берген тұлғаларға қайтаруға жатады.
11. Өтінішхат берген тұлға өтінішхат қаралғанға дейін кассациялық сатыдағы сотқа өтініш беру арқылы оны кері қайтарып алуға құқылы.
Ескерту. 848-бап жаңа редакцияда - ҚР 11.07.2017 № 91-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 20.03.2021 № 21-VII (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 10.01.2025 № 155-VIII (01.07.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.849-бап. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша қаулыларға және оларға шағымды, наразылықты қарау нәтижелері бойынша қаулыларға наразылық келтіру, шағым беру
Ескерту. 849-бап алып тасталды - ҚР 31.10.2015 № 378-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
850-бап. Әкімшілік жаза қолдану туралы қаулының орындалуын тоқтата тұру
Заңды күшіне енген қаулыларға наразылық келтіру осы қаулылардың орындалуын тоқтата тұрады.
Ескерту. 850-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 31.10.2015 № 378-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).851-бап. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша заңды күшіне енген қаулыларды қайта қараудың кассациялық тәртібі
1. Кассациялық сатыдағы сот кемінде үш судьяның алқалы құрамында кассациялық сот төрағасының ұсынуы, Қазақстан Республикасы Бас Прокуроры мен оның орынбасарларының, Бас әскери прокурордың, Бас көлік прокурорының наразылығы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша заңды күшіне енген сот қаулысының заңдылығын және негізділігін тексеруге құқылы.
2. Әкімшілік жауаптылыққа тартылған адамның не өзіне қатысты әкімшілік іс жүргізу тоқтатылған адамның жағдайын нашарлататын жағына қарай ұсыну, наразылық соттың қаулысы заңды күшіне енген күннен бастап бір жыл ішінде берілуі мүмкін.
3. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша қаулыларға, оларға шағым, наразылық бойынша соттың қаулыларына наразылық келтіру осы Кодекстің 833-бабында көрсетілген талаптарға сәйкес келуге тиіс.
4. Әкімшілік жауаптылыққа тартылған адамның, жәбірленушінің, олардың заңды өкілдерінің, қорғаушылардың, заңды тұлғалар өкілдерінің, сондай-ақ өздерінің орталық мемлекеттік, астананың, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары арқылы іс бойынша іс жүргізуді жүзеге асыратын уәкілетті органдардың (лауазымды адамдардың) ұсынуды енгізу және кассациялық наразылық келтіру туралы өтінішхат беруге құқығы бар.
Әкімшілік жауаптылыққа тартылған адамның жағдайын жақсартуға алып келетін, ұсынуды енгізу және кассациялық наразылық келтіру туралы өтінішхаттар әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулы күшіне енген күннен бастап екі жыл ішінде берілуі мүмкін.
5. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша қаулыларды кассациялық тәртіппен қайта қарауға:
1) қабылданған қаулыны орындау адамдардың өмірі, денсаулығы үшін не Қазақстан Республикасының экономикасы мен ұлттық қауіпсіздігі үшін орны толмас ауыр зардаптарға алып келуі мүмкін болатын;
2) қабылданған қаулы адамдардың белгісіз тобының құқықтары мен заңды мүдделерін немесе өзге де жария мүдделерді бұзатын;
3) қабылданған қаулы соттардың, уәкілетті органдардың (лауазымды адамдардың) құқық нормаларын түсіндіруі мен қолдануында бірізділікті бұзатын жағдайлар негіздер болып табылады.
6. Наразылық келтірген прокурор наразылық қаралғанға дейін кассациялық сатыдағы сотқа өтініш беру арқылы оны кері қайтарып алуға құқылы. Наразылықты кері қайтарып алу қайтадан наразылық келтіруге кедергі болмайды.
7. Кассациялық сатыдағы сотта іс ақылға қонымды мерзімде, бірақ сотқа келіп түскен күнінен бастап алты айдан аспайтын мерзімде қаралады.
Істі кассациялық тәртіппен қарау нәтижелері бойынша сот мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
1) қаулыны – өзгеріссіз, наразылықты қанағаттандырусыз қалдыру туралы;
2) қаулыны өзгерту туралы;
3) осы Кодекстің 741 және 742-баптарында көзделген мән-жайлар болған кезде, сондай-ақ қаулы шығаруға негіз болған мән-жайлар дәлелденбеген кезде қаулының күшін жою және істі тоқтату туралы;
4) іс бойынша қаулының күшін жою және жаңа қаулы шығару туралы.
8. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты әкімшілік құқық бұзушылық туралы қаулының күшін жойған және іс кассациялық сатыдағы сотқа жаңадан қарауға жіберілген жағдайларда, істі кассациялық сатыда қарау осы тараудың қағидалары бойынша жүзеге асырылады.
Ескерту. 851-бап жаңа редакцияда - ҚР 11.07.2017 № 91-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 30.12.2019 № 300-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 20.03.2021 № 21-VII (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 10.01.2025 № 155-VIII (01.07.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.46-1-тарау. Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотында қайта қарау
Ескерту. 46-1-тараумен толықтырылды – ҚР 10.01.2025 № 155-VIII (01.07.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
851-1-бап. Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша заңды күшіне енген сот қаулыларын Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қайта қарауының негіздері
1. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты, егер:
1) қабылданған қаулы соттардың, уәкілетті органдардың (лауазымды адамдардың) құқық нормаларын түсіндірудегі және қолдануындағы біркелкілікті бұзса;
2) қабылданған қаулы адамдардың белгісіз тобының құқықтары мен заңды мүдделерін немесе өзге де жария мүдделерді бұзса;
3) қабылданған қаулыны орындау адамдардың өмірі, денсаулығы үшін не Қазақстан Республикасының экономикасы мен ұлттық қауіпсіздігі үшін орны толмас ауыр салдарға алып келуі мүмкін болса, заңды күшіне енген сот актілері кассациялық сатыда қаралғаннан кейін Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты судьясының ұсынуы немесе Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының наразылығы бойынша оларды айрықша жағдайларда қайта қарауы мүмкін.
2. Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры заңды күшіне енген сот актілерін Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотында қайта қарау туралы наразылықты осы баптың бірінші бөлігінде көзделген негіздер бойынша өз бастамасымен де, осы Кодекстің 851-бабының төртінші бөлігінде аталған адамдардың өтінішхатымен де енгізуге құқылы.
851-2-бап. Қазақстан Республикасы Жоғарғы соты судьясының ұсынуын енгізу
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы осы Кодекстің 851-бабының төртінші бөлігінде аталған адамдардың заңды күшіне енген сот актілерін қайта қарау қажеттігі туралы өтінішхаты бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі зерделеу үшін талап етіп алдыра алады. Істі зерделеу нәтижелері бойынша осы Кодекстің 851-1-бабының бірінші бөлігінде көзделген негіздер болған кезде ұсыну енгізеді, онда мыналар көрсетіледі:
1) ұсынудың енгізілген күні мен орны;
2) дау айтылып отырған сот актілері көрсетіле отырып, ұсыну енгізілген іс;
3) ұсынуды енгізу уәждері мен дәлелдері.
Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізуге қатысушылар сот актісінің орындалуын тоқтата тұру туралы өтінішхат берген жағдайда судья бұл жөнінде ұсынуда көрсетеді.
851-3-бап. Әкімшілік жаза қолдану туралы қаулының орындалуын тоқтата тұру
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы, Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры әкімшілік құқық бұзушылық туралы қаулы қайта қаралғанға дейін оның орындалуын тоқтата тұруға құқылы.
851-4-бап. Заңды күшіне енген сот актілерін Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотында қайта қарау
1. Тараптар заңды күшіне енген сот актілерін қайта қарауды өткізу уақыты мен орны туралы хабардар етіледі.
2. Заңды күшіне енген сот актілерін Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қайта қарауы ақылға қонымды мерзімде жүзеге асырылады.
3. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының не оның тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының бағынысты прокурорларының қатысуы міндетті.
4. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты осы Кодекстің 851-1-бабының бірінші бөлігінде көзделген негіздер анықталған жағдайда мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
1) кассациялық сатыдағы сот қаулысын өзгеріссіз қалдырады;
2) апелляциялық сатыдағы қаулыны немесе бірінші сатыдағы сот қаулысын өзгеріссіз қалдырып немесе оның күшін жойып, кассациялық сатыдағы сот қаулысын өзгертеді;
3) бірінші сатыдағы сот қаулысын өзгертіп немесе өзгеріссіз қалдырып, кассациялық және апелляциялық сатылардағы соттар қаулысының күшін жояды;
4) кассациялық сатыдағы сот қаулысының күшін жояды және істі кассациялық сатыдағы сотқа жаңадан сот қарауына жібереді;
5) кассациялық сатыдағы сот қаулысының, сондай-ақ апелляциялық сатыдағы қаулы мен бірінші сатыдағы сот қаулысының күшін жояды және істі тоқтатады.
5. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қаулысы жария етілген күнінен бастап заңды күшіне енеді және түпкілікті болып табылады.
47-тарау. Заңды күшіне енген, іс жүргізілуі қысқартылған іс жүргізу тәртібімен жүзеге асырылған әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша шешімдерді, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша қаулыларды, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамаларды және оларға шағымдарды, прокурордың апелляциялық өтінішхаттарын, наразылықтарын қарау нәтижелері бойынша қаулыларды жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау
Ескерту. 47-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
852-бап. Қайта қарау негіздері
1. Іс жүргізілуі қысқартылған іс жүргізу тәртібімен жүзеге асырылған әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша шешімдер, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша қаулылар, ескерту немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамалар және шағымдарды, наразылықтарды қарау нәтижелері бойынша қаулылар жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қаралуы мүмкін.
ҚР Конституциялық Сотының 28.04.2023 № 12 нормативтік қаулысымен осы кодекстің 811-бабының екінші бөлігі, 852-бабының бірінші бөлігі және 855-бабы үшінші бөлігінің 2) тармақшасы Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты берген түсіндірмеде Қазақстан Республикасы Конституциясының 13-бабының 1 және 2-тармақтарына және 14-бабының 1-тармағына сәйкес келеді деп танылсын: іс жүргізілуі қысқартылған іс жүргізу тәртібімен жүзеге асырылатын әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша шешім уәкілетті органның лауазымды адамының конклюденттік әрекеттерді жүзеге асыруы: құқық бұзушылық және өндіріп алу туралы хабарлау, деректерді ақпараттық жүйелерге енгізу, қысқартылған іс жүргізу негіздері мен тәртібін түсіндіру, белгіленген үлгідегі түбіртекті беру (қажет болған жағдайда) арқылы ресімделеді. Мұндай әрекеттер жалпы тәртіппен әкімшілік жауаптылыққа тартуға негіз болатын әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қорытынды акт шығаруға теңестіріледі. Әкімшілік құқық бұзушылық автоматты режимде жұмыс істейтін сертификатталған арнайы техникалық бақылау-өлшеу құралдарымен және аспаптармен тіркелген жағдайда, шешім нұсқама нысанында да болуы мүмкін; Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 852-бабының бірінші бөлігінде және 855-бабы үшінші бөлігінің 2) тармақшасында қысқартылған іс жүргізу тәртібімен конклюденттік нысанда қабылданатын шешім туралы ескертпенің болмауы осы іс жүргізу тәртібімен жауаптылыққа тартылған адамды істі жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау құқығынан айырмайды.2. Іс жүргізілуі қысқартылған іс жүргізу тәртібімен жүзеге асырылған әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша шешімдерді, қаулыларды, нұсқамаларды жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау үшін мыналар:
1) құқық бұзушыға, жәбірленушіге белгілі болмаған және белгілі болуы мүмкін емес, іс үшін маңызды мән-жайлар;
2) соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленген, заңсыз не негізсіз қаулы шығаруға алып келген, куәнің көрінеу жалған айғақтары, сарапшының көрінеу жалған қорытындысы, көрінеу қате аударма, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманың не ескерту немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманың, құжаттардың не заттай дәлелдемелердің жалғандығы;
3) соттың заңды күшіне енген үкімімен анықталған, осы істі қарау кезінде жасалған, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізуге қатысушылардың, іске қатысатын басқа да тұлғалардың не олардың өкілдерінің қылмыстық әрекеттері немесе судъялардың, уәкілетті органдардың (лауазымды адамдардың) қылмыстық іс-әрекеттері;
4) осы қаулыны шығаруға негіз болған соттың шешімін, үкімін, ұйғарымын немесе қаулысын не өзге де мемлекеттік органның (лауазымды адамның) құқықтық актісінің күшін жою;
5) Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының осы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істе қолданылған заңды немесе өзге де нормативтік құқықтық актіні, оның жекелеген ережелерін Конституцияға сәйкес келмейді деп тануы негіздер болып саналады.
Ескерту. 852-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 11.07.2017 № 91-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.11.2022 № 158-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі); 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.06.2026 № 307-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.853-бап. Іс жүргізілуі қысқартылған іс жүргізу тәртібімен жүзеге асырылған әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша шешімдерді, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша қаулыларды, ескерту немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамаларды және оларға шағымдарды, наразылықтарды қарау нәтижелері бойынша қаулыларды жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарайтын соттар, уәкілетті органдар (лауазымды адамдар)
Заңды күшіне енген, іс жүргізілуі қысқартылған іс жүргізу тәртібімен жүзеге асырылған әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша шешімді, қаулыны, нұсқаманы жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша осы шешімді шығарған сот, уәкілетті орган (лауазымды адам) қайта қарайды.
Сот органның (лауазымды адамның) іс жүргізілуі қысқартылған іс жүргізу тәртібімен жүзеге асырылған әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша шешімін, қаулысын, нұсқамасын қайта қараған және оларды өзгеріссіз қалдырған жағдайларда, жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарауды осы шешімді шығарған сот жүзеге асырады.
Ескерту. 853-бап жаңа редакцияда – ҚР 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.1. Іс жүргізілуі қысқартылған іс жүргізу тәртібімен жүзеге асырылған әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша шешімді, қаулыны, ескерту немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманы жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы арызды әкімшілік жауаптылыққа тартылған тұлға, жәбірленуші немесе олардың заңды өкілдері немесе прокурор қаулы шығарған не нұсқаманы ресімдеген сотқа, органға (лауазымды адамға) береді.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде аталған тұлғалар іс жүргізілуі қысқартылған іс жүргізу тәртібімен жүзеге асырылған әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша шешімді, қаулыны, нұсқаманы жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы арызды қайта қарауға негіз болатын мән-жайлар анықталған күннен бастап үш ай ішінде бере алады.
Ескерту. 854-бап жаңа редакцияда - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.855-бап. Арыздың нысаны мен мазмұны
1. Іс жүргізілуі қысқартылған іс жүргізу тәртібімен жүзеге асырылған әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша шешімді, қаулыны, ескерту немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманы жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы арыз жазбаша нысанда беріледі. Арызға арыз беруші тұлға немесе оның уәкілетті өкілі қол қояды.
2. Жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы арызда:
1) арыз берілетін соттың, органның (лауазымды адамның) атауы;
2) арыз беруші тұлға туралы мәліметтер (жеке тұлғалар үшін – тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), телефонның, факстің, ұялы байланыстың абоненттік нөмірі және (немесе) электрондық мекенжайы (егер бұлар бар болса); заңды тұлғалар үшін – атауы, орналасқан жері, заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) нөмірі мен күні, телефонның, факстің, ұялы байланыстың абоненттік нөмірі және (немесе) электрондық мекенжайы (егер олар бар болса);
3) арыз иесі жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы өтінішхат берген актіні қабылдаған соттың, органның (лауазымды адамның) атауы; осы актінің қабылданған күні;
4) арыз берген тұлғаның талабы; осы Кодекстің 852-бабында көзделген және бұл мән-жайдың ашылғанын немесе анықталғанын растайтын құжаттарға сілтеме жасай отырып, арыз берушінің пікірі бойынша іс жүргізілуі қысқартылған іс жүргізу тәртібімен жүзеге асырылған әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша шешімді, қаулыны, ескерту немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманы жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы мәселені қоюға негіз болып табылатын жаңадан ашылған мән-жай;
5) қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетілуге тиіс.
3. Арызға:
1) жаңадан ашылған мән-жайларды растайтын құжаттардың көшірмелері;
2) арыз беруші қайта қарау туралы өтінішхат берген әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманың (ол болған кезде), қаулының, ескерту немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманың көшірмесі;
ҚР Конституциялық Сотының 28.04.2023 № 12 нормативтік қаулысымен осы кодекстің 811-бабының екінші бөлігі, 852-бабының бірінші бөлігі және 855-бабы үшінші бөлігінің 2) тармақшасы Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты берген түсіндірмеде Қазақстан Республикасы Конституциясының 13-бабының 1 және 2-тармақтарына және 14-бабының 1-тармағына сәйкес келеді деп танылсын: іс жүргізілуі қысқартылған іс жүргізу тәртібімен жүзеге асырылатын әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша шешім уәкілетті органның лауазымды адамының конклюденттік әрекеттерді жүзеге асыруы: құқық бұзушылық және өндіріп алу туралы хабарлау, деректерді ақпараттық жүйелерге енгізу, қысқартылған іс жүргізу негіздері мен тәртібін түсіндіру, белгіленген үлгідегі түбіртекті беру (қажет болған жағдайда) арқылы ресімделеді. Мұндай әрекеттер жалпы тәртіппен әкімшілік жауаптылыққа тартуға негіз болатын әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қорытынды акт шығаруға теңестіріледі. Әкімшілік құқық бұзушылық автоматты режимде жұмыс істейтін сертификатталған арнайы техникалық бақылау-өлшеу құралдарымен және аспаптармен тіркелген жағдайда, шешім нұсқама нысанында да болуы мүмкін; Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 852-бабының бірінші бөлігінде және 855-бабы үшінші бөлігінің 2) тармақшасында қысқартылған іс жүргізу тәртібімен конклюденттік нысанда қабылданатын шешім туралы ескертпенің болмауы осы іс жүргізу тәртібімен жауаптылыққа тартылған адамды істі жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау құқығынан айырмайды.3) іске қатысатын басқа тұлғаларға оларда жоқ арыздың және құжаттардың көшірмелері жіберілгенін растайтын құжат;
4) адамның арызға қол қою өкілеттіктерін растайтын сенімхат немесе өзге де құжат қоса берілуге тиіс.
Ескерту. 855-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 31.10.2015 № 378-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.856-бап. Арызды соттың, органның (лауазымды адамның) іс жүргізуіне қабылдау
1. Нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптарды сақтай отырып, іс жүргізілуі қысқартылған іс жүргізу тәртібімен жүзеге асырылған әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша шешімді, қаулыны, ескерту немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманы жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы берілген арыз тиісті соттың, органның (лауазымды адамның) іс жүргізуіне қабылданады.
2. Арызды іс жүргізуге қабылдау туралы мәселе ол түскен күннен бастап үш тәулік ішінде шешіледі.
3. Арызды іс жүргізуге қабылдау туралы ұйғарым шығарылады, онда арызды қарау бойынша отырыс өткізудің күні мен орны көрсетіледі.
4. Ұйғарымның көшірмелері іске қатысатын тұлғаларға жіберіледі.
Ескерту. 856-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.857-бап. Іс жүргізілуі қысқартылған іс жүргізу тәртібімен жүзеге асырылған әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша шешімді, қаулыны, ескерту немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманы жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы арызды қайтару
Ескерту. 857-баптың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Тиісті соттың судьясы, уәкілетті органның лауазымды адамы, егер арызды іс жүргізуге қабылдау туралы мәселені шешу кезінде:
1) арыз осы Кодекстің 855-бабында белгіленген қағидаларды бұза отырып берілгенін;
2) арыз белгіленген мерзім өткеннен кейін берілгенін және мерзімді қалпына келтіру туралы өтінішхаттың болмауын немесе арыз берудің өткізіп алынған мерзімін қалпына келтіруден бас тартылғанын;
3) арыздың нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптардың сақталмағанын анықтаса, арыз берушіге іс жүргізілуі қысқартылған іс жүргізу тәртібімен жүзеге асырылған әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша шешімді, қаулыны, ескерту немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманы жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы берген арызын қайтарып береді.
2. Арызды қайтару туралы ұйғарым шығарылады.
Ұйғарымның көшірмесі арызбен және оған қоса берілетін құжаттармен бірге оның шығарылған күнінен кейінгі келесі күннен кешіктірілмей арыз берушіге жіберіледі.
3. Арызды қайтару туралы ұйғарымға шағым жасалуы, прокурордың өтінішхаты немесе наразылығы бойынша қайта қаралуы мүмкін.
Ескерту. 857-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 11.07.2017 № 91-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.858-бап. Арыз беру үшін мерзімді есептеу
Арыз беру үшін мерзім:
1) осы Кодекстің 852-бабы екінші бөлігінің 1) тармақшасында көзделген жағдайларда – іс үшін едәуір маңызы бар мән-жайлар ашылған күннен бастап;
2) осы Кодекстің 852-бабы екінші бөлігінің 2) және 3) тармақшаларында көзделген жағдайларда – сот үкімінің заңды күшіне енген күнінен бастап;
3) осы Кодекстің 852-бабы екінші бөлігінің 4) тармақшасында көзделген жағдайларда – қайта қаралатын іс жүргізілуі қысқартылған іс жүргізу тәртібімен жүзеге асырылған әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша шешім, қаулы, ескерту немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама негізделген сот үкімі, шешімі, ұйғарымы, қаулысы немесе өзге де мемлекеттік органның (лауазымды адамның) құқықтық актісі заңды күшіне енген күнінен бастап;
4) осы Кодекстің 852-бабы екінші бөлігінің 5) тармақшасында көзделген жағдайларда – Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының осы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істе қолданылған заңды немесе өзге де нормативтік құқықтық актіні конституциялық емес деп тану туралы қаулыны қабылдау күнінен бастап есептеледі.
Ескерту. 858-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.11.2022 № 158-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі); 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.Іс жүргізілуі қысқартылған іс жүргізу тәртібімен жүзеге асырылған әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша шешімді, қаулыны, ескерту немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманы жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы арызды сот, орган (лауазымды адам) отырыста қарайды. Арыз беруші және іске қатысатын тұлғалар отырыстың уақыты мен орны туралы хабарландырылады, алайда олардың келмеуі арызды қарауға кедергі болып табылмайды.
Ескерту. 859-бап жаңа редакцияда - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.860-бап. Соттың, уәкілетті органның (лауазымды адамның) істі қайта қарау туралы қаулысы
1. Сот, орган (лауазымды адам) іс жүргізілуі қысқартылған іс жүргізу тәртібімен жүзеге асырылған әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша шешімді, қаулыны, ескерту немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманы жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы арызды қарап, арызды қанағаттандырады және іс жүргізілуі қысқартылған іс жүргізу тәртібімен жүзеге асырылған әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша шешімнің, қаулының, нұсқаманың күшін жояды не оларды қайта қараудан бас тартады.
2. Іс жүргізілуі қысқартылған іс жүргізу тәртібімен жүзеге асырылған әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша шешімнің, қаулының, нұсқаманың жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша күшін жою туралы және іс жүргізілуі қысқартылған іс жүргізу тәртібімен жүзеге асырылған әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша шешімді, қаулыны, нұсқаманы жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы арызды қанағаттандырудан бас тарту туралы соттардың, органдардың (лауазымды адамдардың) шешімдеріне белгіленген тәртіппен шағым жасалуы және наразылық білдірілуі мүмкін.
3. Іс жүргізілуі қысқартылған іс жүргізу тәртібімен жүзеге асырылған әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша шешімнің, қаулының, нұсқаманың күші жойылған жағдайда, сот, орган (лауазымды адам) істі осы Кодексте белгіленген қағидалар бойынша қарайды.
Ескерту. 860-бап жаңа редакцияда – ҚР 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 48-тарау. АҚТАУ. ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ІСТЕРДІ
ҚАРАУҒА УӘКІЛЕТТІК БЕРІЛГЕН ОРГАННЫҢ (ЛАУАЗЫМДЫ АДАМНЫҢ) ЗАҢСЫЗ ӘРЕКЕТТЕРІМЕН КЕЛТІРІЛГЕН ЗИЯНДЫ ӨТЕУ
861-бап. Әкімшілік жауаптылыққа тартылған тұлғаның кінәсіздігін тану арқылы ақтау
1. Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға уәкілеттік берілген судьяның, органның (лауазымды адамның) осы Кодекстің 741-бабы бірінші бөлігінің 1) – 7), 11) және 16) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша, өзіне қатысты істі тоқтату туралы қаулысы шығарылған тұлға кінәсіз деп есептеледі және оның Қазақстан Республикасының Конституциясында және заңдарында кепілдік берілген құқықтары мен бостандықтарына қандай да бір шектеулер қоюға болмайды.
2. Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға уәкілеттік берілген судья, орган (лауазымды адам) осы баптың бірінші бөлігінде аталған тұлғаны кінәсіз деп тану және әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға уәкілеттік берілген судьяның, органның (лауазымды адамның) заңсыз әрекеттері салдарынан бұзылған жеке басының мүліктік емес және мүліктік құқықтарын қалпына келтіру бойынша заңда көзделген барлық шараларды қолдануға міндетті.
Ескерту. 861-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 01.07.2026 № 331-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.862-бап. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілеттік берілген соттың, органның (лауазымды адамның) заңсыз әрекеттері салдарынан келтірілген зиянды өтеттіруге құқығы бар тұлғалар
1. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілеттік берілген судьяның, органның (лауазымды адамның) кінәсіна қарамастан, іс бойынша іс жүргізуді қамтамасыз ету шараларын заңсыз қолдану салдарынан тұлғаға келтірілген зиян республикалық бюджеттен толық көлемде өтеледі.
2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілеттік берілген судьяның, органның (лауазымды адамның) заңсыз әрекеттері салдарынан келтірілген зиянды өтеттіруге:
1) осы Кодекстің 745-бабының бірінші бөлігінде аталған тұлғалардың;
2) егер іс бойынша іс жүргізу әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді болғызбайтын мән-жайлардың болуына қарамастан басталса немесе олар анықталған кезден бастап тоқтатылмаса, іс бойынша іс жүргізу өздеріне қатысты басталмауға тиіс, ал басталғаны осы Кодекстің 741-бабы бірінші бөлігінің 1) – 7) және 11) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша тоқтатылуға жататын тұлғалардың құқығы бар.
3. Жеке тұлға қайтыс болған жағдайда зиянды өтеттіру құқығы белгіленген тәртіппен оның мұрагерлеріне өтеді.
4. Егер іс бойынша іс жүргізу процесінде тұлғаның ерікті түрде өзіне-өзі айып тағу жолымен шындықты анықтауға кедергі келтіргендігі және сөйтіп осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген салдардың басталуына ықпал еткені дәлелденсе, оған зиян өтелуге жатпайды.
5. Осы баптың қағидалары осы баптың екінші бөлігінің 2) тармақшасында көрсетілген мән-жайлар болмаған кезде, тұлғаға қолданылған әкімшілік жазаның және басқа да әкімшілік-құқықтық ықпал ету шараларының ескіру мерзімдерінің өтуіне, әкімшілік жауаптылықты жоятын немесе әкімшілік жазаны жеңілдететін заңның қабылдануына байланысты күші жойылған немесе өзгерген жағдайларға қолданылмайды.
Осы Кодекстің 862-бабында аталған тұлғалардың мүліктік зиянды толық көлемде өтеттіруге, моральдық зиян салдарын жойғызуға және барлық жоғалтқан немесе нұқсан келтірілген құқықтарын қалпына келтіруге құқығы бар.
864-бап. Зиянды өтеттіру құқығын тану
Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға уәкілеттік берілген судья немесе орган (лауазымды адам) тұлғаны толық немесе ішінара ақтау туралы шешім қабылдап, оның зиянды өтеттіру құқығын тануға міндетті. Iсті тоқтату туралы, өзге де заңсыз шешімдердің күшін жою немесе оларды өзгерту туралы қаулының көшірмесі мүдделі тұлғаға тапсырылады не поштамен жіберіледі. Бір мезгілде оған зиянды өтеу тәртібі түсіндірілген хабарлама жіберіледі. Залалды өтеттіру құқығы бар қайтыс болған адам мұрагерлерінің, туыстарының немесе асырауындағылардың тұрғылықты жері туралы мәліметтер болмаған кезде, олар әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға уәкілеттік берілген органға (лауазымды адамға) жүгінген күнінен бастап бес тәуліктен кешіктірілмей оларға хабарлама жіберіледі.
1. Осы Кодекстің 862-бабында аталған тұлғаларға келтірілген мүліктік зиян:
1) олар айырылған жалақының, зейнетақының, жәрдемақылардың, өзге де қаражаттар мен кірістердің;
2) судья қаулысының негізінде заңсыз тәркіленген мүліктің өтелуін қамтиды. Мүлікті қайтару мүмкін болмаған кезде оның құны қайтарылады;
3) істі шешуге уәкілеттік берілген органның (лауазымды адамның) заңсыз қаулысын орындау үшін өндіріп алынған айыппұлдардың; процестік шығындар мен заңсыз әрекеттерге байланысты тұлға төлеген өзге де сомалардың;
4) заң көмегі көрсетілгені үшін тұлға төлеген сомалардың;
5) әкімшілік жауаптылыққа заңсыз тарту салдарынан келтірілген өзге шығыстардың өтелуін қамтиды.
2. Осы Кодекстің 603-бабының бірінші бөлігінде аталған тұлғаларды әкімшілік қамаққа алуды орындау орындарында ұстауға жұмсалған сомаларды, іс бойынша іс жүргізуге байланысты процестік шығындарды, сол сияқты осы тұлғалардың әкімшілік қамаққа алуды орындау кезінде қандай да бір жұмыстарды орындағаны үшін жалақысын әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға уәкілеттік берілген органның (лауазымды адамның) заңсыз әрекеттері салдарынан келтірілген зиянның өтемін төлеуге жататын сомалардан шегеріп тастауға болмайды.
3. Осы Кодекстің 823-бабында көрсетілген құжаттардың көшірмесін зиянды өтеу тәртібі туралы хабарламамен бірге алған кезде, осы Кодекстің 862-бабының екінші және үшінші бөліктерінде аталған тұлғалар істі тоқтату, өзге де заңсыз шешімдердің күшін жою немесе оларды өзгерту туралы қаулы шығарған органға (лауазымды адамға) мүліктік зиянды өтеу туралы талаппен жүгінуге құқылы. Егер істі жоғары тұрған орган (лауазымды адам) немесе сот тоқтатса, зиянды өтеу туралы талап заңсыз қаулы шығарған органға (лауазымды адамға) жіберіледі. Егер судья қараған істі жоғары тұрған сот тоқтатса, зиянды өтеу туралы талап заңсыз қаулы шығарған судьяға жіберіледі. Кәмелетке толмаған адам ақталған жағдайда зиянды өтеу туралы талапты оның заңды өкілі мәлімдей алады.
4. Арыз түскен күннен бастап бір айдан кешіктірмей осы баптың екінші бөлігінде көрсетілген орган (лауазымды адам) қажет болған жағдайларда қаржы органдарынан және әлеуметтік қорғау органдарынан есеп-қисапты сұратып ала отырып, зиянның мөлшерін айқындайды, содан кейін инфляцияны ескере отырып, осы зиянды өтеуге төлем жүргізу туралы қаулы шығарады. Егер істі сот тоқтатса, көрсетілген әрекеттерді істі қараған судья жүргізеді.
5. Елтаңбалы мөрмен куәландырылған қаулының көшірмесі төлем жүргізуге міндетті органдарға беру үшін тұлғаға тапсырылады немесе жіберіледі. Төлем жасау тәртібі заңнамада айқындалады.
866-бап. Моральдық зиян салдарларын жою
1. Тұлғаны ақтау туралы шешім қабылдаған орган (лауазымды адам) келтірілген зиян үшін одан жазбаша нысанда ресми кешірім сұрауға міндетті.
2. Келтірілген моральдық зиян үшін ақшалай түрде өтемақы туралы талап қою азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен беріледі.
3. Егер тұлға әкімшілік жауаптылыққа заңсыз тартылса, ал бұл туралы мәліметтер баспасөзде жарияланып, радио, теледидар немесе өзге де бұқаралық ақпарат құралдары арқылы таратылған болса, онда осы тұлғаның талап етуі бойынша, ал ол қайтыс болған жағдайда – оның туыстарының немесе прокурордың талап етуі бойынша тиісті бұқаралық ақпарат құралдары бір ай ішінде бұл туралы қажетті хабар жасауға міндетті.
4. Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға уәкілеттік берілген орган (лауазымды адам) осы Кодекстің 862-бабында аталған тұлғалардың талап етуі бойынша өзінің заңсыз шешімдерінің күші жойылғаны туралы жазбаша хабарды он тәулік ішінде олардың жұмыс, оқу орнына, тұрғылықты жеріне жіберуге міндетті.
867-бап. Талаптар қою мерзімдері
1. Мүліктік зиянды өтеуге ақшалай төлем жүргізу туралы талаптарды осы Кодекстің 862-бабында аталған тұлғалар осындай төлемдер жүргізу туралы қаулыны алған кезден бастап бір жыл ішінде қоюы мүмкін.
2. Өзге де құқықтарды қалпына келтіру туралы талаптар құқықтарды қалпына келтіру тәртібі түсіндірілетін хабарлама алынған күннен бастап алты ай ішінде қойылуы мүмкін.
3. Осы мерзімдер дәлелді себептермен өткізіп алынған жағдайда, бұлар мүдделі тұлғалардың арызы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілеттік берілген органның (лауазымды адамның) қалпына келтіруіне жатады.
868-бап. Заңды тұлғаларға зиянды өтеу
Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға уәкілеттік берілген органның (лауазымды адамның) заңсыз әрекеттерімен заңды тұлғаларға келтірілген зиянды мемлекет толық көлемде және осы тарауда белгіленген мерзімдерде қалпына келтіруге тиіс.
869-бап. Құқықтарды талап қою тәртібімен қалпына келтіру
Егер ақтау немесе зиянды өтеу туралы талап қанағаттандырылмаса не тұлға қабылданған шешіммен келіспесе, ол азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен сотқа жүгінуге құқылы.
49-тарау. ӘКІМШІЛІК ЖАУАПТЫЛЫҚТАН АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ МЕН
ИММУНИТЕТТЕРІ БАР АДАМДАРДЫҢ ІСТЕРІ БОЙЫНША ІС ЖҮРГІЗУ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
870-бап. Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутатына қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізу шарттары мен тәртібі
Ескерту. 870-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді – ҚР 11.06.2026 № 307-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутатын өз өкілеттіктері мерзімі ішінде Қазақстан Республикасы Құрылтайының келісуінсіз күштеп әкелуге, сот тәртібімен қолданылатын әкімшілік жазалау шараларын қолдануға болмайды.
2. Депутатты сот тәртібімен әкімшілік жаза қолдануға әкеп соғатын әкімшілік жауаптылыққа тартуға, күштеп әкелуге келісім алу үшін Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Қазақстан Республикасының Құрылтайына ұсыну енгізеді. Ұсыну әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі сотқа жіберер алдында, сондай-ақ депутатты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілеттік берілген сотқа, органға (лауазымды адамға) мәжбүрлеп жеткізу қажеттігі туралы мәселені шешер алдында енгізіледі.
3. Қазақстан Республикасының Бас прокуроры енгізген ұсынуға Қазақстан Республикасы Құрылтайының шешімі "Қазақстан Республикасының Құрылтайы және оның депутаттарының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында белгіленген мерзімдерде шығарылады.
4. Егер Қазақстан Республикасының Құрылтайы депутатты сот тәртібімен әкімшілік жаза қолдануға әкеп соғатын әкімшілік жауаптылыққа тартуға келісім берсе, іс бойынша одан әрі іс жүргізу осы бапта көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, осы Кодексте белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
5. Егер Қазақстан Республикасының Құрылтайы күштеп әкелуге келісім берсе, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді қамтамасыз етудің бұл шарасын депутатқа қолдану туралы мәселе осы Кодексте белгіленген тәртіппен шешіледі.
6. Егер Қазақстан Республикасының Құрылтайы депутатты сот тәртібімен әкімшілік жаза қолдануға әкеп соғатын әкімшілік жауаптылыққа тартуға келісім бермеген жағдайда, іс бойынша іс жүргізу осы негізбен тоқтатылуға жатады.
7. Егер Қазақстан Республикасының Құрылтайы күштеп әкелуге келісім бермесе, депутатқа осы Кодексте белгіленген тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді қамтамасыз етудің өзге де шаралары қолданылады.
8. Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутатына қатысты сот тәртібімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қараудың заңдылығын қадағалауды Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры жүзеге асырады.
Ескерту. 870-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 11.06.2026 № 307-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.871-бап. Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидатқа, Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттығына кандидатқа қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізу шарттары мен тәртібі
Ескерту. 871-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді – ҚР 11.06.2026 № 307-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттығына кандидаттарды олар тіркелген күннен бастап және сайлау қорытындылары жарияланғанға дейін, сондай-ақ олар Президент, Құрылтай депутаты ретінде тіркелгенге дейін Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының келісуінсіз күштеп әкелуге, сот тәртібімен қолданылатын әкімшілік жазалау шараларын қолдануға болмайды.
2. Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттығына кандидатты әкімшілік жауаптылыққа тарту туралы ұсынуды Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі сотқа жіберер алдында енгізеді.
3. Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры енгізген ұсынуға Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының уәжді шешімі ол түскен күннен бастап он тәулік ішінде шығарылады.
4. Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының шешімін алғаннан кейін іс бойынша одан әрі іс жүргізу осы Кодекстің 813-бабында белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
Ескерту. 871-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 11.06.2026 № 307-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.872-бап. Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының Төрағасына немесе судьясына қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізу шарттары мен тәртібі
Ескерту. 872-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР 05.11.2022 № 158-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі); 11.06.2026 № 307-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
1. Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының Төрағасын немесе судьясын өз өкілеттігі мерзімі ішінде тиісінше Қазақстан Республикасы Президентінің не Қазақстан Республикасы Құрылтайының келісімінсіз күштеп әкелуге, сот тәртібімен қолданылатын әкімшілік жазалауға болмайды.
2. Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының Төрағасын сот тәртібімен әкімшілік жазалауға алып келетін әкімшілік жауаптылыққа тартуға, күштеп әкелуге келісім алу үшін Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Қазақстан Республикасының Президентіне ұсыну енгізеді.
Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясын сот тәртібімен әкімшілік жазалауға алып келетін әкімшілік жауаптылыққа тартуға, күштеп әкелуге келісім алу үшін Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Қазақстан Республикасының Құрылтайына ұсыну енгізеді.
Ұсыну әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі сотқа жіберер алдында, Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының Төрағасын немесе судьясын әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға уәкілеттік берілген сотқа, органдарға (лауазымды адамға) мәжбүрлеп жеткізу қажеттілігі туралы мәселені шешудің алдында енгізіледі.
3. Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Қазақстан Республикасы Президентінің не Қазақстан Республикасы Құрылтайының шешімін алғаннан кейін іс бойынша одан әрі іс жүргізу осы Кодекстің 813-бабында белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
4. Алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 272-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.Ескерту. 872-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 272-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 05.11.2022 № 158-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі); 11.06.2026 № 307-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
873-бап. Судьяға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізу шарттары мен тәртібі
1. Судьяны Республиканың Жоғары Сот Кеңесінің қорытындысына негізделген Қазақстан Республикасы Президентінің келісуінсіз не Қазақстан Республикасы Конституциясының 56-бабының 11) тармақшасында белгіленген жағдайда Қазақстан Республикасы Құрылтайының келісуінсіз күштеп әкелуге, сот тәртібімен қолданылатын әкімшілік жазалау шараларын қолдануға болмайды.
2. Судьяны сот тәртібімен әкімшілік жаза қолдануға әкеп соғатын әкімшілік жауаптылыққа тартуға, күштеп әкелуге келісім алу үшін Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Қазақстан Республикасының Президентіне, ал Конституцияның 56-бабының 11) тармақшасында көзделген жағдайда - Қазақстан Республикасының Құрылтайына ұсыну енгізеді. Ұсыну әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі сотқа жіберер алдында, судьяны әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға уәкілеттік берілген сотқа, органға (лауазымды адамға) мәжбүрлеп жеткізу қажеттігі туралы мәселені шешер алдында енгізіледі.
3. Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Құрылтайының шешімін алғаннан кейін іс бойынша одан әрі іс жүргізу осы Кодекстің 813-бабында белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
4. Судъяға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізумен аяқталған істі осы іс жүргізуді жүзеге асырған орган (лауазымды адам) осы Кодексте белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры арқылы сотқа береді.
Ескерту. 873-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 11.06.2026 № 307-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.874-бап. Қазақстан Республикасының Бас Прокурорына қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізу шарттары мен тәртібі
1. Қазақстан Республикасының Бас Прокурорын өз өкілеттіктері мерзімі ішінде Қазақстан Республикасы Президентінің келісуінсіз күштеп әкелуге, сот тәртібімен қолданылатын әкімшілік жазалау шараларын қолдануға болмайды.
2. Қазақстан Республикасының Бас Прокурорын сот тәртібімен әкімшілік жаза қолдануға әкеп соғатын әкімшілік жауаптылыққа тартуға, күштеп әкелуге келісім алу үшін Бас Прокурордың бірінші орынбасары Қазақстан Республикасының Президентіне ұсыну енгізеді. Ұсыну әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі сотқа жіберер алдында, Бас Прокурорды әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға уәкілеттік берілген сотқа, органға (лауазымды адамға) мәжбүрлеп жеткізу қажеттігі туралы мәселені шешер алдында енгізіледі.
3. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасары Қазақстан Республикасы Президентінің шешімін алғаннан кейін іс бойынша одан әрі іс жүргізу осы Кодекстің 819-бабында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
4. Алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 272-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.5. Қазақстан Республикасының Бас Прокурорына қатысты сот тәртібімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қараудың заңдылығын қадағалауды оның бірінші орынбасары жүзеге асырады.
6. Алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 272-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.Ескерту. 874-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 272-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 11.06.2026 № 307-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
874-1-бап. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілге қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізу шарттары мен тәртібі
1. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілге өз өкілеттігі мерзімі ішінде Қазақстан Республикасы Президентінің келісімінсіз күштеп әкелуді, сот тәртібімен қолданылатын әкімшілік жазалау шараларын қолдануға болмайды.
2. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілді сот тәртібімен әкімшілік жаза қолдануға алып келетін әкімшілік жауаптылыққа тартуға, күштеп әкелуге келісім алу үшін Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Қазақстан Республикасының Президентіне ұсыну енгізеді. Ұсыну әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі сотқа жіберер алдында, Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілді әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілеттік берілген сотқа, органға (лауазымды адамға) мәжбүрлеп жеткізу қажеттігі туралы мәселені шешер алдында енгізіледі.
3. Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Президенттің шешімін алғаннан кейін іс бойынша одан әрі іс жүргізу осы Кодекстің 819-бабында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
4. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілге қатысты сот тәртібімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қараудың заңдылығын қадағалауды Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры жүзеге асырады.
Ескерту. 874-1-баппен толықтырылды – ҚР 29.12.2021 № 92-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 05.11.2022 № 158-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.06.2026 № 307-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.875-бап. Судьяның Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутатына, Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының Төрағасына немесе судьясына, судьяға, Қазақстан Республикасының Бас Прокурорына, Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілге қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарауы
Ескерту. 875-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді – ҚР 29.12.2021 № 92-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.11.2022 № 158-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі); 11.06.2026 № 307-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
1. Iсті қарау әкімшілік жауаптылықтан артықшылықтары мен иммунитеттері бар адамдардың істері бойынша іс жүргізу ерекшеліктерімен жалпы қағидалар бойынша жүргізіледі.
2. Егер судья істі қарағанға дейін Қазақстан Республикасы Конституциясының 55-бабының 3-тармағында, 72-бабының 6-тармағында, 80-бабының 2-тармағында, 84-бабының 4-тармағында аталған мемлекеттік органдар күштеп әкелуге келісім беруден бас тартқан болса немесе мұндай келісім сұралмаса, судья осы Кодекстің тиісінше 870-бабының екінші бөлігінде, 874-1-бабының екінші бөлігінде көзделген тәртіппен күштеп әкелуге келісім беру туралы ұсыну жасап, Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутатына, Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының Төрағасына немесе судьясына, судьяға, Қазақстан Республикасының Бас Прокурорына, Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілге әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді қамтамасыз ету шарасы ретінде күштеп әкелуді қолдануға құқылы.
Ескерту. 875-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 29.12.2021 № 92-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.11.2022 № 158-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі); 11.06.2026 № 307-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.876-бап. Әкімшілік жауаптылықтан дипломатиялық иммунитеті бар адамдар
1. Қазақстан Республикасының заңнамасына және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес сот тәртібімен әкімшілік жауаптылықтан иммунитетті Қазақстан Республикасында мына адамдар пайдаланады:
1) шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктерінің басшылары, осы өкілдіктердің дипломатиялық персоналы мүшелері және егер олар өздерімен бірге тұрып жатса және Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмаса, олардың отбасы мүшелері;
2) егер осы қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелері Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмаса немесе Қазақстанда тұрақты тұрмаса, өзара түсіністік негізінде дипломатиялық өкілдіктердің қызмет көрсетуші персоналының қызметкерлері мен олардың өздерімен бірге тұратын отбасы мүшелері, егер Қазақстан Республикасының халықаралық шартында өзгеше көзделмесе, қызметтік міндеттерін орындау кезінде өздері жасаған іс-әрекеттерге қатысты консулдықтардың басшылары және басқа да консулдық лауазымды адамдары;
3) егер осы қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелері Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмаса немесе Қазақстанда тұрақты тұрмаса, өзара түсіністік негізінде дипломатиялық өкілдіктердің әкімшілік-техникалық персоналы қызметкерлері мен өздерімен бірге тұратын олардың отбасы мүшелері;
4) дипломатиялық курьерлер;
5) шет мемлекеттердің басшылары мен өкілдері, парламенттік және үкіметтік делегациялардың мүшелері және өзара түсіністік негізінде – Қазақстанға халықаралық келіссөздерге, халықаралық конференцияларға және жиналыстарға қатысу үшін немесе басқа да ресми тапсырмалармен келетін шет мемлекеттер делегацияларының қызметкерлері не осындай мақсаттармен Қазақстан Республикасы аумағы арқылы транзитпен өтетіндер және егер осы отбасы мүшелері Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмаса, аталған адамдармен ілесіп жүретін отбасы мүшелері;
6) халықаралық шарттар немесе жалпы танылған халықаралық әдет-ғұрыптар негізінде, Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан халықаралық ұйымдардағы шет мемлекеттер өкілдіктерінің басшылары, мүшелері және персоналы, осы ұйымдардың лауазымды адамдары;
7) Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен өтетін, үшінші елдегі шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктерінің басшылары, өкілдіктердің дипломатиялық персоналының мүшелері және аталған адамдармен ілесіп жүретін немесе оларға қосылу үшін немесе өз еліне қайту үшін бөлек бара жатқан олардың отбасы мүшелері;
8) Қазақстан Республикасының халықаралық шартына сәйкес өзге де тұлғалар.
2. Осы баптың бірінші бөлігінің 1), 4) – 7) тармақшаларында аталған адамдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шартына сәйкес өзге де тұлғалар, егер шет мемлекет әкімшілік жауаптылықтан иммунитет беруден айқын білдірген бас тартуды ұсынған жағдайда ғана, әкімшілік жауаптылыққа тартылуы мүмкін. Мұндай бас тарту туралы мәселе Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі арқылы дипломатиялық жолмен шешіледі. Аталған адамдарға иммунитет беруден тиісті шет мемлекеттің бас тартуы болмаған кезде оларға қатысты әкімшілік іс жүргізуді бастау мүмкін болмайды, ал басталғаны тоқтатылуға жатады.
3. Егер Қазақстан Республикасының халықаралық шартында өзгеше көзделмесе, осы баптың екінші бөлігінің қағидалары осы баптың бірінші бөлігінің 2) және 3) тармақшаларында аталған адамдарға қолданылмайды, бұған осы адамдардың жасаған құқық бұзушылығы өздерінің қызметтік міндеттерін орындауға байланысты болған және Қазақстан Республикасының мүдделеріне қарсы бағытталмаған жағдайлар қосылмайды.
877-бап. Дипломатиялық иммунитетті пайдаланатын адамдарды жете тексеру, әкімшілік ұстап алу және күштеп әкелу
1. Осы Кодекстің 876-бабы бірінші бөлігінің
1), 4) – 7) тармақшаларында санамаланған адамдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шартына сәйкес өзге де адамдар жеке басына қолсұғылмаушылықты пайдаланады. Олардың өздерімен бірге дипломатиялық иммунитетті пайдаланатын адамдардың мәртебесін растайтын құжаттары болған кезде, олардың әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін жеке басын жете тексеруге, оларды ұстап алуға немесе күштеп әкелуге болмайды. Олардың өздерімен алып жүрген заттарына да жете тексеру жүргізуге болмайды.
2. Егер шет мемлекет 876-баптың бірінші бөлігінің 1), 4) – 7) тармақшаларында көрсетілген адамдарға әкімшілік жауаптылықтан иммунитет беруден айқын білдірген бас тарту ұсынса, іс бойынша іс жүргізу жалпы тәртіппен жүзеге асырылады.
878-бап. Айғақтар беруден дипломатиялық иммунитет
1. Осы Кодекстің 876-бабы бірінші бөлігінің 1), 3) – 6) тармақшаларында санамаланған адамдардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шартына сәйкес өзге де адамдардың куә, жәбірленуші ретінде айғақтар бермеуіне болады, ал мұндай айғақтар беруге келіскен кезде әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарап жатқан судьяға, органға (лауазымды адамға) осы үшін келуге міндетті емес. Сұрақ қою үшін көрсетілген адамдарға тапсырылған шақыруда олардың келмегені үшін мәжбүрлеу шараларының қолданылу мүмкіндігі туралы ескерту қамтылмауға тиіс.
2. Егер осы адамдар әкімшілік іс жүргізу барысында жәбірленушілер, куәлар ретінде айғақтар беріп, ал істің қаралуына келмеген жағдайда, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарап жатқан судья, орган (лауазымды адам) олардың айғақтарын жария етеді.
3. Осы Кодекстің 876-бабы бірінші бөлігінің 2) тармақшасында аталған адамдар өздерінің қызметтік міндеттерін орындауға байланысты мәселелер бойынша айғақтардан басқа, куәлар және жәбірленушілер ретінде айғақтар беруден бас тарта алмайды. Консулдық лауазымды адамдар куә ретінде айғақтар беруден бас тартқан жағдайда, оларға әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қамтамасыз ету шараларын қолдануға болмайды.
4. Дипломатиялық иммунитетті пайдаланатын адамдар әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарап жатқан судьяға, органға (лауазымды адамға) өздерінің қызметтік міндеттерін орындауға қатысты хат-хабарды және басқа да құжаттарды ұсынуға міндетті емес.
879-бап. Үй-жайлардың және құжаттардың дипломатиялық иммунитеті
1. Дипломатиялық өкілдік басшысының резиденциясы, дипломатиялық өкілдік орналасқан үй-жайлар, дипломатиялық персонал мүшелері мен олардың отбасы мүшелерінің тұрғын үй-жайлары, олардағы мүлік және жүріп-тұру құралдары қол сұғылмайтын болып табылады. Осы үй-жайларға кіру, оларды қарап-тексеру, сондай-ақ жүріп-тұру құралдарын тексеріп қарау дипломатиялық өкілдік басшысының немесе оны алмастыратын адамның келісуімен ғана жүргізілуі мүмкін.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген иммунитет өзара түсіністік негізінде, егер осы қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелері Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмаса, дипломатиялық өкілдіктің қызмет көрсетуші персоналының қызметкерлері мен олардың өздерімен бірге тұрып жатқан отбасы мүшелері орналасқан тұрғын үй-жайларына қолданылады.
3. Консулдық орналасқан үй-жай және консулдық басшысының резиденциясы өзара келісім негізде қолсұғылмаушылықты пайдаланады. Осы үй-жайларға кіру, оларды қарап-тексеру тиісті шет мемлекеттің консулдығы немесе дипломатиялық өкілдігі басшысының өтінуі бойынша немесе келісуімен ғана орын алуы мүмкін.
4. Дипломатиялық өкілдіктердің және консулдықтардың мұрағаттары, ресми хат жазысуы және басқа да құжаттары қол сұғылмайтын болып табылады. Оларды дипломатиялық өкілдік, консулдық басшысының келісуінсіз қарап-тексеруге және алып қоюға болмайды. Дипломатиялық пошта ашылмауға және кідіртілмеуге тиіс.
5. Осы баптың бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде көрсетілген үй-жайларға кіруге, оларға қарап-тексеру жүргізуге, сондай-ақ осы баптың төртінші бөлігінде көрсетілген құжаттарды қарап-тексеруге және алуға дипломатиялық өкілдік немесе консулдық басшысының келісімін прокурор Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі арқылы сұратады.
6. Үй-жайларға кіруге, оларға қарап-тексеру жүргізуге, сондай-ақ осы баптың төртінші бөлігінде көрсетілген құжаттарды қарап-тексеруге және алуға дипломатиялық өкілдік немесе консулдық басшысының өтінуін немесе келісімін алған жағдайда, олар прокурордың және Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі өкілінің қатысуымен жүргізіледі.
50-тарау. ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ІСТЕР БОЙЫНША ІС
ЖҮРГІЗУДІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРАТЫН ОРГАНДАРДЫҢ ШЕТ МЕМЛЕКЕТТЕРДІҢ
ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ІСТЕР БОЙЫНША ҚҰЗЫРЕТТІ
МЕКЕМЕЛЕРІМЕН ЖӘНЕ ЛАУАЗЫМДЫ АДАМДАРЫМЕН ӨЗАРА ІС-ҚИМЫЛЫ
880-бап. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша құқықтық көмек көрсетудің жалпы шарттары
1. Қазақстан Республикасы құқықтық көмек туралы халықаралық шарт жасасқан шет мемлекеттердің соттарына, органдарына (лауазымды адамдарына) құқықтық көмек көрсету тәртібімен не өзара түсіністік негізінде осы Кодексте көзделген іс-қимылдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының басқа да заңдары мен халықаралық шарттарында көзделген өзге де іс-қимылдар жүргізілуі мүмкін.
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттың ережелері осы Кодекске қайшы келетін жағдайда, халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
3. Егер Қазақстан Республикасының халықаралық шартында өзгеше көзделмесе, құқықтық көмек көрсетуге байланысты шығыстарды өз мемлекетінің аумағында сұрау салынған мекеме көтереді.
881-бап. Ақпаратты және құжаттарды беру туралы сұрау салуларды және жекелеген процестік әрекеттерді жүргізу туралы тапсырмаларды жіберу
1. Ақпаратты және құжаттарды беру туралы сұрау салулар, жекелеген процестік әрекеттерді жүргізу туралы тапсырмалар Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда көзделген жағдайларда, соттар, органдар (лауазымды адамдар) арасында жіберілуі мүмкін.
2. Ақпаратты және құжаттарды беру туралы сұрау салуды, жекелеген процестік әрекеттерді жүргізу туралы тапсырманы қандай сотқа, органға жіберуді анықтау мүмкін болмаған жағдайларда, олар сұрау салынатын Тараптың орталық органына жіберіледі.
3. Ақпаратты және құжаттарды беру туралы сұрау салу, жекелеген процестік әрекеттерді жүргізу туралы тапсырма жазбаша нысанда органның бланкісінде ресімделеді және онда:
1) тиісті Тараптың сұрау салынатын органының атауы;
2) тиісті Тараптың сұрау салушы органының атауы;
3) қолданылатын заң мәтіні қоса беріліп, құқық бұзушылықтың және өзге де оған қатысты фактілердің егжей-тегжейлі сипаттамасы, тауарлардың құны туралы, залал мөлшері туралы деректер, сұрау салушы Тараптың заңнамасына сәйкес іс-әрекеттің заңдық саралануы;
4) өздеріне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізіліп жатқан тұлғалардың, куәлардың аты, әкесінің аты (ол болған кезде) және тегі, олардың тұрғылықты жері немесе болатын жері, азаматтығы, кәсібінің түрі, туған жері мен жылы, айы, күні, заңды тұлғалар үшін – олардың толық атауы және орналасқан жері (егер санамаланған мәліметтер туралы ақпарат бар болса);
5) құжатты тапсыру туралы тапсырмада алушының нақты мекенжайы мен тапсырылатын құжаттың атауы да көрсетілуге тиіс;
6) ұсынылуға не орындалуға жататын мәліметтер мен әрекеттер тізбесі (сауал жүргізу үшін қандай мән-жайлардың анықталуы әрі нақтылануы тиіс екендігін, сондай-ақ сауал жүргізілетін тұлғаға қойылатын сұрақтардың дәйектілігі мен тұжырымдамасын көрсету қажет) қамтылуға тиіс.
4. Ақпаратты және құжаттарды беру туралы сұрау салу, жекелеген процестік әрекеттерді жүргізу туралы тапсырма:
1) талап етілетін іс-шаралардың орындалу мерзімінің көрсетілуін;
2) сұрау салуда көрсетілген іс-шараларды белгіленген тәртіппен жүргізу туралы өтінішхатты;
3) сұрау салушы Тарап органдары өкілдерінің сұрау салуда көрсетілген іс-шаралардың орындалуы кезінде қатысуға, сондай-ақ егер бұл Тараптардың заңнамасына қайшы келмесе, олардың орындалуына қатысуға мүмкіндік беру туралы өтінішхатты;
4) сұрау салуды, тапсырманы орындауға байланысты өзге де өтінішхаттарды да қамтуы мүмкін.
5. Ақпаратты және құжаттарды беру туралы сұрау салуға, жекелеген процестік әрекеттерді жүргізу туралы тапсырмаға сұрау салушы органның басшысы немесе оның орынбасары қол қояды. Сұрау салуға, тапсырмаға сұрау салу, тапсырма мәтінінде сілтеме жасалған құжаттардың қолда бар көшірмелері, олардың тиісінше орындалуына қажетті өзге де құжаттардың көшірмелері қоса берілуге тиіс.
6. Тараптардың органдары процестік құжаттарды пошта арқылы басқа Тараптың аумағындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізуге қатысушыларға тікелей жөнелтуі мүмкін.
7. Қосымша мәліметтер алу, алдыңғы сұрау салуды немесе тапсырманы орындау шеңберінде алынған ақпаратты нақтылау қажет болған кезде, ақпараттар мен құжаттарды беру туралы сұрау салуды, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша жекелеген процестік әрекеттерді жүргізу туралы тапсырманы қайталап жіберуге жол беріледі.
882-бап. Ақпаратты және құжаттарды беру туралы сұрау салуларды және жекелеген процестік әрекеттерді жүргізу туралы тапсырмаларды орындау тәртібі
1. Сот, орган (лауазымды адам) өздеріне белгіленген тәртіппен берілген, шет мемлекеттердің тиісті мекемелері мен лауазымды адамдарының процестік әрекеттерді жүргізу туралы тапсырмаларын осы Кодекстің жалпы қағидалары бойынша орындайды.
2. Тапсырманы орындау кезінде, егер бұл Қазақстан Республикасының сол мемлекетпен халықаралық шартында көзделсе, шет мемлекеттің процестік нормалары қолданылуы мүмкін.
3. Халықаралық шартта көзделген жағдайларда тапсырманы орындау кезінде басқа мемлекеттің құзыретті мекемесінің өкілі қатыса алады.
4. Егер сұрау салуды (тапсырманы) орындау мүмкін болмаса, оны орындауға кедергі келтірген себептер көрсетіле отырып, алынған құжаттар тапсырма берген шетелдік мекемеге қайтарылады. Егер тапсырманың орындалуы Қазақстан Республикасының егемендігіне немесе қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін болса не заңнамасына қайшы келсе, ол қайтарылады.
5-БӨЛIМ. ӘКІМШІЛІК ЖАЗАЛАР ҚОЛДАНУ ТУРАЛЫ ҚАУЛЫЛАРДЫ ОРЫНДАУ
51-тарау. НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕР
883-бап. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулының, ескерту немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманың заңды күшіне енуі
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулы, ескерту немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама:
1) егер әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыға, ескерту немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамаға шағым берілмесе немесе наразылық білдірілмесе, оларға шағым беру үшін белгіленген мерзім өткеннен кейін;
2) шағым, наразылық бойынша қаулы, сондай-ақ осы Кодекстің 839-бабында көзделген жағдайда қаулы шығарылғаннан кейін дереу;
3) осы Кодекстің 811-бабы екінші бөлігінің бірінші абзацында көзделген жағдайда дереу;
3-1) осы Кодекстің 744 және 745-баптарында көзделген, өзіне қатысты іс бойынша іс жүргізіліп жатқан тұлғаның және жәбірленушінің жазбаша өтінішхаты бойынша дереу;
4) шетел азаматын немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен шығарып жіберу туралы қаулы жария етілгеннен кейін заңды күшіне енеді.
Ескерту. 883-бап жаңа редакцияда - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 30.12.2019 № 300-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.884-бап. Әкімшілік жаза қолдану туралы қаулының, ескерту немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманың міндеттілігі
Ескерту. 884-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы, ескерту немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама барлық мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, лауазымды адамдардың, жеке тұлғалардың және олардың бірлестіктерінің, заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті.
2. Әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы, ескерту немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама заңды күшіне енген кезінен бастап орындалуға жатады.
3. Арнайы құқықтан айыру және әкімшілік қамаққа алу түрінде әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы шығарылған кезінен бастап орындалуға жатады.
Ескерту. 884-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.885-бап. Әкімшілік жаза қолдану туралы қаулыны, ескерту немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманы орындауға енгізу
Әкімшілік жаза қолдану туралы қаулыны, ескерту немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманы орындауға енгізу қаулыны шығарған судьяға, органға (лауазымды адамға) немесе нұсқаманы ресімдеген органға жүктеледі. Қаулы оны орындатуға уәкілеттік берілген органға (лауазымды адамға) ол заңды күшіне енген күннен бастап бір тәулік ішінде жіберіледі. Арнайы құқықтан айыру түріндегі әкімшілік жазаны қолдану туралы қаулы шығарылғаннан кейін оны орындатуға уәкілеттік берілген органдарға дереу жіберіледі.
Ескерту. 885-бап жаңа редакцияда - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.886-бап. Әкімшілік жаза қолдану туралы қаулыны, ескерту немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманы орындауға келтіру
Ескерту. 886-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Әкімшілік жаза қолдану туралы қаулыны, ескерту немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманы уәкілетті органдар осы Кодексте белгіленген тәртіппен орындауға келтіреді.
2. Бір адамға қатысты бірнеше әкімшілік жазалар қолдану туралы қаулы, ескерту немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама шығарылған жағдайда, әрбір қаулы, нұсқама дербес орындауға келтіріледі.
3. Тұлғаның әкімшілік жазадан жалтаруы, бұл жазаны заңнамаға сәйкес мәжбүрлеу тәртібімен орындауға әкеп соғады.
Ескерту. 886-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.887-бап. Әкімшілік жаза қолдану туралы қаулыны, ескерту немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманы орындауға байланысты мәселелерді шешу
Ескерту. 887-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы шығарған органға (лауазымды адамға) немесе ескерту немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманы ресімдеген органға осы қаулыны, нұсқаманы орындауға байланысты мәселелерді шешу және оның орындалуын бақылау жүктеледі.
2. Рақымшылық жасау актісі қолданылған жағдайларды қоспағанда, әкімшілік жаза қолдану туралы қаулының, ескерту немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманың орындалуын кейінге қалдыру, мерзімін ұзарту, тоқтата тұру немесе тоқтату туралы, сондай-ақ кәмелетке толмаған адамға салынған айыппұлды оның ата-анасынан немесе оларды алмастыратын адамдардан өндіріп алу туралы мәселелерді қаулы шығарған, нұсқаманы ресімдеген судья, орган (лауазымды адам) тиісті мәселені шешу үшін негіз пайда болған күннен бастап үш күндік мерзімде қарайды.
3. Осы баптың екінші бөлігінде көрсетілген мәселелердің шешілуіне мүдделі тұлғаларға олардың қаралатын орны мен уақыты туралы хабарланады. Бұл ретте, мүдделі тұлғалардың дәлелсіз себептермен келмеуі тиісті мәселелерді шешу үшін кедергі болып табылмайды. Әкімшілік қамаққа алуды өтеуден жалтару туралы мәселені қарау кезінде әкімшілік қамаққа алынған адамның қатысуы міндетті болып табылады.
4. Осы баптың екінші бөлігінде көрсетілген мәселелер бойынша шешім қаулы түрінде қабылданады.
5. Қаулының көшірмесі өзіне қатысты қаулы шығарылған жеке тұлғаға немесе заңды тұлғаның өкіліне, сондай-ақ өзінің өтініші бойынша жәбірленушіге қолхатпен дереу тапсырылады. Аталған тұлғалар болмаған жағдайда қаулының көшірмесі ол шығарылған күннен бастап үш күн ішінде жіберіледі, бұл жөнінде істе тиісті жазба жүргізіледі.
Ескерту. 887-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 01.07.2026 № 331-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.888-бап. Әкімшілік жаза қолдану туралы қаулының, ескерту немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманың орындалуынкейінге қалдыру және мерзімін ұзарту
Ескерту немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманың, әкімшілік қамаққа алу, арнайы құқықтан айыру немесе айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолдану туралы қаулының заңда белгіленген мерзімдерде орындалуы мүмкін болмайтын мән-жайлар болған кезде, қаулы шығарған судья, орган (лауазымды адам) немесе нұсқаманы ресімдеген орган өзіне қатысты қаулы шығарылған, нұсқама ресімделген адамның арызы бойынша қаулының, нұсқаманың орындалуын бір айға дейінгі мерзімге кейінге қалдыра алады. Әкімшілік жауаптылыққа тартылған адамның материалдық жағдайын ескере отырып, қаулыны шығарған судья, орган (лауазымды адам) немесе нұсқаманы ресімдеген орган айыппұл төлеуді үш айға дейінгі мерзімге ұзартуы мүмкін.
Ескерту. 888-бап жаңа редакцияда - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 30.12.2019 № 300-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.889-бап. Әкімшілік жазаны орындаудан босату
Әкімшілік жаза қолдану туралы қаулыны шығарған судья, орган (лауазымды адам) немесе ескерту немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманы ресімдеген орган:
1) әкімшілік жауаптылықты белгілейтін заңның немесе оның жекелеген ережелерінің күші жойылған;
2) осы Кодекстің 8-бабының екінші бөлігінде көзделген;
3) әкімшілік жауаптылыққа тартылған адам қайтыс болған немесе заңда белгіленген тәртіппен ол қайтыс болған деп жарияланған;
4) осы Кодекстің 890-бабында белгіленген әкімшілік жаза қолдану туралы қаулыны, ескерту немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманы орындаудың ескіру мерзімі өткен;
5) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген жағдайларда қаулының, нұсқаманың орындалуын тоқтатады және әкімшілік жазадан босатады.
Ескерту. 889-бап жаңа редакцияда - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 10.06.2026 № 302-VIIІ (01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.889-1-бап. Цифрлық жүйені қолдана отырып, әкімшілік жазаны орындауды рақымшылық жасау актісіне байланысты тоқтату
1. Әкімшілік жазаны қолдану туралы қаулыны орындау тиісті әкімшілік құқық бұзушылықтарға қолданылатын рақымшылық жасау туралы актіде көзделген жағдайларда және тәртіппен тоқтатылуға тиіс.
2. Рақымшылық жасау туралы актінің қолданылу аясына жататын тұлғалардың тізілімі рақымшылық жасау актісінде айқындалған, цифрлық жүйедегі өлшемшарттар негізінде алгоритмдік шешім арқылы Әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізілімімен қалыптастырылуы мүмкін.
3. Рақымшылық жасау туралы актінің қолданылу аясына жататын тұлғалардың тізілімінде қалыптастырылған әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша рақымшылық жасау актісін қолдану туралы шешімді уәкілетті орган (лауазымды адам) цифрлық форматта қабылдайды және уәкілетті органның (лауазымды адамның) электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырылады.
Өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалған тұлға әкімшілік жазаны орындаудың тоқтатылғаны туралы осы Кодекстің 743-бабында көзделген тәртіппен хабардар етіледі.
Ескерту. 889-1-баппен толықтырылды – ҚР 01.07.2026 № 331-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.890-бап. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыны, ескерту немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманы орындаудың ескіруі
Ескерту. 890-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Егер әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулы, ескерту немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама – заңды күшіне енген күнінен бастап бір жыл ішінде, ал салық салу және Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасы саласындағы құқық бұзушылықтар үшін заңды күшіне енген күнінен бастап бес жыл ішінде орындалмаса, ол орындалуға жатпайды.
2. Осы Кодекстің 834-бабына сәйкес қаулының орындалуы тоқтатыла тұрған жағдайда, ескіру мерзімінің өтуі шағым, прокурордың апелляциялық өтінішхаты, наразылығы қаралғанға дейін тоқтатыла тұрады.
3. Егер әкімшілік жауаптылыққа тартылған тұлға оны орындаудан жалтарса, осы баптың бірінші бөлігінде көзделген ескіру мерзімінің өтуіне үзіліс жасалады. Бұл жағдайда ескіру мерзімінің өтуін есептеу осы тұлға табылған күннен бастап қайта жалғасады.
4. Осы Кодекстің 888-бабына сәйкес қаулыны орындау кейінге қалдырылған жағдайда, ескіру мерзімінің өтуі кейінге қалдыру мерзімі біткенге дейін тоқтатыла тұрады, ал қаулыны орындау ұзартылған кезде ескіру мерзімінің өтуі ұзарту мерзіміне ұзартылады.
Ескерту. 890-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.10.2015 № 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 11.07.2017 № 91-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.891-бап. Әкімшілік жаза қолдану туралы қаулыны орындау бойынша іс жүргізуді аяқтау
1. Жаза толық жүргізілген әкімшілік жаза қолдану туралы қаулыны жүргізілген жаза туралы белгі соғып, қаулыны орындаған орган қаулы шығарған судьяға, органға (лауазымды адамға) қайтарады.
2. Орындау жүргізілмеген немесе орындау толық жүргізілмеген әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда және тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылық туралы қаулыны шығарған, хаттама жасаған органға (лауазымды адамға) қайтарылады.
52-тарау. ӘКІМШІЛІК ЖАЗАЛАРДЫҢ ЖЕКЕЛЕГЕН ТҮРЛЕРІН ОРЫНДАУ ТӘРТІБІ
892-бап. Ескерту жасау түріндегі әкімшілік жаза қолдану туралы қаулыны орындау
Ескерту. 892-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Ескерту түріндегі әкімшілік жаза қолдану туралы қаулыны осы Кодекстің 823-бабына сәйкес қаулының көшірмесін тапсыру немесе жіберу жолымен қаулы шығарған судья, орган (лауазымды адам) орындайды.
Ескерту. 892-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.893-бап. Айыппұл салу туралы қаулыны, ескерту немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманы өз еркімен орындау
1. Айыппұлды әкімшілік жауаптылыққа тартылған тұлға айыппұл салу туралы қаулы, ескерту немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама заңды күшіне енген күннен бастап отыз тәуліктен кешіктірмей төлеуге тиіс.
Айыппұл осы Кодекстің 888-бабында көзделгендей кейінге қалдырылған жағдайда, әкімшілік жауаптылыққа тартылған тұлға оны кейінге қалдыру мерзімі өткен күннен бастап төлеуге тиіс.
2. Әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін салынған айыппұлды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік бюджетке жеке тұлға енгізеді немесе заңды тұлға аударады.
Ескерту. 893-бап жаңа редакцияда - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 30.12.2019 № 300-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.894-бап. Жеке тұлғаға, дара кәсіпкерге, жекеше нотариусқа, жеке сот орындаушысына және адвокатқа айыппұл салу туралы қаулыны, ескерту немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманы мәжбүрлеп орындату
Ескерту. 894-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Айыппұл салу туралы қаулыны немесе ескерту немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманы сот, уәкілетті орган (лауазымды адам) жауаптылыққа тартылған тұлғаның жалақысынан немесе өзге де кірістерінен айыппұл сомасын мәжбүрлеу тәртібімен ұстап қалу үшін ол жұмыс істейтін не сыйақы, зейнетақы, стипендия алатын ұйымның әкімшілігіне жібереді. Айыппұлды ұстап қалу алты айдан аспайтын мерзімде жүргізіледі. Айыппұлды өндіріп алу кезектілігі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде көзделген тәртіппен жүргізіледі.
2. Жауаптылыққа тартылған адам жұмыстан босатылған не оның жалақысынан немесе өзге де кірістерінен айыппұл өндіріп алу мүмкін болмаған жағдайларда, ұйымның әкімшілігі жұмыстан босатылған немесе өндіріп алуға мүмкіндік бермеуге әкеп соғатын оқиға басталған күннен бастап он күндік мерзімде, айыппұл салу туралы қаулыны, ескерту немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманы жауаптылыққа тартылған адамның жаңа жұмыс орнын (егер ол белгілі болса), өндіріп алуға мүмкіндік бермеген себептерді көрсетіп, сондай-ақ жүргізілген ұстап қалулар (егер мұндай жүргізілсе) туралы белгі соғып, қаулы шығарған сотқа, органға (лауазымды адамға) қайтарады.
3. Егер айыппұл салынған жеке тұлға жұмыс істемейтін болса немесе басқа да себептер бойынша айыппұлды жалақысынан немесе өзге де табыстарынан өндіріп алу мүмкін болмаса, қаулыны шығарған сот, уәкілетті орган айыппұл салу туралы қаулыны, ескерту немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен мәжбүрлеп орындату үшін сот орындаушысына жібереді.
4. Мемлекеттік кіріс органдары қарайтын әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша, сондай-ақ дара кәсіпкерлерге, жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына және адвокаттарға қатысты салық салу саласындағы өзге де әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша айыппұл салу туралы қаулыны Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік кіріс органдары орындайды.
Ескерту. 894-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 272-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.895-бап. Заңды тұлғаға айыппұл салу туралы қаулыны мәжбүрлеп орындату
1. Айыппұл салу туралы қаулыны сот, уәкілетті орган (лауазымды адам) Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында, Қазақстан Республикасының төлемдер және төлем жүйелері, атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен заңды тұлғаның банктік шотынан ақшаны оның келісімінсіз алып қою үшін сот орындаушысына жібереді.
Мемлекеттік кіріс органдары қарайтын әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша, сондай-ақ салық салу саласындағы өзге де әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша айыппұл салу туралы қаулыны Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік кіріс органдары орындайды.
2. Банк, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы немесе банк операцияларының өзге түрлерін жүзеге асыратын ұйым айыппұл сомасын белгіленген тәртіппен бюджетке аударуға міндетті.
3. Заңды тұлғаның шоттарында ақша болмаған жағдайда, сот орындаушысы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес борышкерге тиесілі басқа мүліктен өндіріп алуды қолданады.
Ескерту. 895-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 272-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 26.07.2016 № 12-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.896-бап. Айыппұл салу туралы қаулыны, ескерту немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманы мәжбүрлеп орындатуға жіберу тәртібі
Ескерту. 896-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Айыппұл салу туралы қаулы немесе ескерту немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен әділет органдарына, жеке сот орындаушыларының өңірлік палаталарына айыппұл салу туралы қаулыны немесе ескерту немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманы ерікті түрде орындау мерзімі өткеннен кейін он күн ішінде жіберіледі.
Айыппұл салу туралы қаулы немесе ескерту немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама судьяның, уәкілетті органның лауазымды адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында мәжбүрлеп орындатуға жіберілуі мүмкін.
Айыппұл салу туралы қаулы немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама әділет органдарына, жеке сот орындаушыларының өңірлік палаталарына жіберілген кезде оған айыппұл сомасының мемлекет кірісіне түспегені туралы мәліметтер қоса беріледі.
2. Осы Кодекстің талаптары бұзыла отырып, мәжбүрлеп орындатуға жіберілген айыппұл салу туралы қаулы, ескерту немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама әкімшілік жазаны қолданған мемлекеттік органға қайтарылуға жатады.
3. Айыппұл салу туралы қаулыны, ескерту немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманы әкімшілік жаза қолданған органға қайтару, олардың кемшіліктерін жоя отырып, мәжбүрлеп орындатуға қайта жіберу үшін кедергі болмайды.
Ескерту. 896-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.10.2015 № 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 18.07.2024 № 127-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.897-бап. Әкімшілік жазалардың жекелеген түрлерін орындау тәртібі
1. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік кіріс органы жіберген (табыс еткен), мемлекеттік кіріс органына келу туралы алынған хабарлама және (немесе) хабардар ету негізінде құқық бұзушылықты жасау фактісін мойындаған және айыппұлды төлеумен келіскен тұлға хабарлама немесе хабардар ету алынған (табыс етілген) күннен кейінгі күннен бастап он тәулік ішінде осы Кодекстің Ерекше бөлігі бабының санкциясында көрсетілген айыппұл сомасының елу пайызы мөлшерінде айыппұл төлейді.
1-1. Әкімшілік айыппұл мөлшерін қысқарту бөлігінде осы баптың бірінші бөлігінің ережесі осы Кодекстің 91 (жетінші және сегізінші бөліктерінде), 92 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 92-1 (екінші және үшінші бөліктерінде), 266, 275 (бірінші, екінші, 3-1 және бесінші бөліктерінде), 278 (екінші және үшінші бөліктерінде), 279 (бірінші бөлігінде), 280, 281 (үшінші, төртінші, бесінші және алтыншы бөліктерінде), 282 (үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, оныншы, он бірінші, он екінші және он үшінші бөліктерінде), 283, 460-1 (екінші және үшінші бөліктерінде), 537, 551-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтарға қолданылмайды.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген құжаттар олардың берілген күні, жаза қолданған лауазымды адамның лауазымы, тегі, аты-жөні туралы мәліметтерді, әкімшілік жауаптылыққа тартылған тұлға, осы Кодекстің осы құқық бұзушылық үшін жауаптылықты көздейтін бабы, әкімшілік құқық бұзушылықтың жасалу уақыты мен орны, әкімшілік айыппұл сомасы, айыппұлды төлеу үшін деректемелер туралы мәліметтерді де қамтиды.
3. Осы баптың бірінші бөлігінде белгіленген талаптар орындалмаған жағдайда, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізу осы Кодексте көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
Ескерту. 897-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 272-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 30.12.2019 № 300-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.898-бап. Айыппұл салу туралы қаулыны орындау бойынша іс жүргізуді аяқтау
Айыппұл толық өндіріп алынған айыппұл салу туралы қаулы орындалғаны туралы белгі соғылып, қаулы шығарған органға (лауазымды адамға) қайтарылады.
899-бап. Әкімшілік құқық бұзушылық жасау құралы не нысанасы болған нәрсені, сол сияқты әкімшілік құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған мүлікті тәркілеу туралы қаулыны орындау
1. Судьяның әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың құралы не нысанасы болған нәрсені, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған мүлікті, оның ішінде кірістерді (дивидендтерді), ақша мен бағалы қағаздарды тәркілеу туралы қаулысын заңнамада көзделген тәртіппен – сот орындаушысы, ал қаруды, оқ-дәрілерді, арнаулы жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнаулы техникалық құралдар мен ақпаратты қорғаудың криптографиялық құралдарын және есірткі заттарын тәркілеу туралы қаулысын ішкі істер органы орындайды.
2. Әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың құралы не нысанасы болған тәркіленген нәрсені өткізу немесе одан әрі пайдалану Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүргізіледі.
900-бап. Арнайы құқықтан айыру туралы қаулыны орындайтын органдар
1. Тракторларды, өздігінен жүретін машиналар мен техниканың басқа да түрлерін қоспағанда, көлік құралдарын басқару құқығынан айыру туралы судьяның қаулысын ішкі істер органдарының лауазымды адамдары орындайды.
2. Тракторды, өздігінен жүретін машинаны немесе техниканың басқа да түрлерін басқару құқығынан айыру туралы судьяның қаулысын өздігінен жүретін машиналар мен техниканың басқа да түрлерінің техникалық жай-күйіне мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыратын органдардың лауазымды адамдары орындайды.
3. Кемелерді, оның ішінде шағын көлемді кемелерді басқару құқығынан айыру туралы судьяның қаулысын кемелерді, оның ішінде шағын көлемді кемелерді пайдалану қағидаларының сақталуына мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыратын органдардың лауазымды адамдары орындайды.
4. Алып тасталды – ҚР 28.12.2017 № 128-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.5. Аң аулау құқығынан айыру туралы судьяның қаулысын аң аулау қағидаларының сақталуына мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыратын органдардың лауазымды адамдары орындайды.
6. Қаруды алып жүру және сақтау құқығынан айыру туралы соттың қаулысын ішкі істер органдарының лауазымды адамдары орындайды.
Ескерту. 900-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 28.12.2017 № 128-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.901-бап. Арнайы құқықтан айыру туралы қаулыны орындау тәртібі
1. Көлік құралдарын, кемелерді немесе техниканың өзге де түрлерін басқару құқығынан айыру туралы қаулыны орындау, егер жүргізуші, кеме жүргізушісі немесе тракторшы-машинист (тракторшы) көлік құралдарының, кемелердің (оның ішінде шағын көлемді кемелердің) және басқа да техниканың барлық түрлерін басқару құқығынан айырылған болса, тиісті жүргізуші куәлігін, кемелерді, оның ішінде шағын көлемді кемелерді басқару құқығына куәлікті немесе тракторшы-машинист (тракторшы) куәлігін алып қою арқылы жүргізіледі.
2. Егер жүргізуші, кеме жүргізушісі немесе тракторшы-машинист (тракторшы) көлік құралдарының, кемелердің, оның ішінде шағын көлемді кемелердің немесе өзге де техниканың барлық түрлерін басқару құқығынан айырылмаған болса, онда жүргізуші куәлігінде, шағын көлемді кемені басқару құқығына куәлікте немесе тракторшы-машинист (тракторшы) куәлігінде олардың көлік құралдарының, шағын көлемді кемелердің, өздігінен жүретін құрылғылардың қандай түрлерін басқару құқығынан айырылғаны туралы атап көрсетіледі.
3. Көлік құралдарын немесе кемені басқару құқығына куәлікті алып қою тәртібін уәкілетті орган белгілейді.
4. Көлік құралдарын, кемені басқару құқығынан не тракторды немесе өзге де өздігінен жүретін машинаны басқару құқығынан айырылған жүргізуші (кеме жүргізушісі) немесе тракторшы-машинист (тракторшы) жүргізуші куәлігін, кеме басқару құқығына куәлікті немесе тракторшы-машинист (тракторшы) куәлігін тапсырудан жалтарған жағдайда, ішкі істер органдары, кемелерді, оның ішінде шағын көлемді кемелерді пайдалану қағидаларының сақталуына мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыратын органдар, сондай-ақ өздігінен жүретін машиналар мен техниканың басқа да түрлерінің техникалық жай-күйіне мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыратын органдар белгіленген тәртіппен жүргізуші куәлігін, кеме басқару құқығына куәлікті немесе тракторшы-машинист (тракторшы) куәлігін алып қоюды жүргізеді.
5. Әкімшілік жазаның осы түрі қолданылған адамға арнайы құқығынан айыру мерзімі өткеннен кейін алып қойылған құжаттары белгіленген тәртіппен қайтарылады.
902-бап. Аң аулау құқығынан айыру туралы қаулыны орындау тәртібі
1. Аң аулау құқығынан айыру туралы қаулыны орындау аңшылық билетті алып қою арқылы жүргізіледі.
2. Аң аулау құқығынан айырылған тұлға аңшылық билетін тапсырудан жалтарған жағдайда, аңшылық билетті алып қоюды аң аулау қағидаларының сақталуына мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыратын органдар белгіленген тәртіппен жүргізеді.
903-бап. Радиоэлектрондық құралдарды немесе жоғары жиілікті құрылғыларды пайдалану құқығынан айыру туралы қаулыны орындау тәртібі
Ескерту. 903-бап алып тасталды – ҚР 28.12.2017 № 128-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
904-бап. Қаруды алып жүру және сақтау құқығынан айыру туралы қаулыны орындау тәртібі
Қаруды алып жүру және сақтау құқығынан айыру туралы қаулыны орындау ішкі істер органдарының тиісті куәлікті және қаруды заңнамада көзделген тәртіппен алып қоюы арқылы жүргізіледі.
905-бап. Рұқсаттан айыру не оның қолданылуын тоқтата тұру туралы қаулыны орындау
Жеке тұлғаны, дара кәсіпкерді немесе заңды тұлғаны рұқсаттан айыру не оның қолданылуын тоқтата тұру туралы қаулы осы Кодексте және рұқсаттар мен хабарламалар туралы заңнамада белгіленген тәртіппен орындалады.
906-бап. Рұқсаттан айыру не оның қолданылуын тоқтата тұру туралы қаулыны орындайтын органдар
Жеке тұлғаны, дара кәсіпкерді немесе заңды тұлғаны рұқсаттан айыру не оның қолданылуын тоқтата тұру туралы қаулыны рұқсат берген органдардың лауазымды адамдары орындайды.
907-бап. Рұқсаттан айыру не оның қолданылуын тоқтата тұру туралы қаулыны орындау тәртібі
1. Жеке тұлғаны, дара кәсіпкерді немесе заңды тұлғаны рұқсаттан айыру туралы қаулыны орындау рұқсатты алып қою және (немесе) рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік цифрлық тізілімінен рұқсатты алып тастау арқылы жүргізіледі.
2. Жеке тұлға, дара кәсіпкер немесе заңды тұлға рұқсатты тапсырудан жалтарған жағдайда, рұқсат берген орган – рұқсатты алып қою және рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік цифрлық тізілімінен рұқсатты алып тастау үшін заңнамада көзделген шараларды қолданады.
Ескерту. 907-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 09.01.2026 № 257-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.908-бап. Рұқсаттан айыру не оның қолданылуын тоқтата тұру мерзімдерін есептеу
1. Рұқсаттан айыру не оның қолданылуын тоқтата тұру мерзімі рұқсаттан айыру (қолданылуын тоқтата тұру) туралы қаулы заңды күшіне енген күннен бастап есептеледі.
2. Белгілі бір қызмет түріне рұқсаттан айыру мерзімі өткеннен кейін әкімшілік жазаның осы шарасы қолданылған тұлға лицензияны заңнамада белгіленген тәртіппен алады.
Рұқсаттың қолданылуын тоқтата тұру мерзімі өткеннен кейін әкімшілік жазаның осы шарасы қолданылған тұлғаға алынып қойылған рұқсат белгіленген тәртіппен қайтарылады.
3. Рұқсаттың қолданылуы әкімшілік жаза қолдану туралы қаулыда көрсетілген күннен бастап және сонда көрсетілген мерзімге тоқтатыла тұрады.
909-бап. Қызметті тоқтата тұру не оған тыйым салу туралы қаулыны орындау
1. Заңды тұлғаның немесе дара кәсіпкердің қызметін тоқтата тұру не оған тыйым салу түрінде әкімшілік жаза қолдану туралы қаулыны судья, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға уәкілеттік берілген орган (лауазымды адам) шығарады және шешім заңды күшіне енгеннен кейін заңды тұлға құрылтайшысының немесе дара кәсіпкердің дереу орындауына жатады.
2. Өміріне және денсаулығына келтірілген зиянды өтеу, алименттерді өндіріп алу бойынша, еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін тұлғалардың еңбегіне ақы мен өтемақы төлеу, әлеуметтік аударымдар, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша, айыппұлдарды төлеу бойынша төлемдерді қоспағанда, заңды тұлғаның және дара кәсіпкердің қызметі тоқтатыла тұрған кезеңде олардың банк шоттарындағы ақшаларын пайдалану құқығы тоқтатыла тұрады. Қоғамдық бірлестіктің қызметі тоқтатыла тұрған кезеңде оған масс-медианы пайдалануға, үгіт және насихат жүргізуге, бейбіт жиналыстарды және басқа да бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге, сайлауға қатысуға тыйым салынады. Егер қызметін тоқтата тұрудың белгіленген мерзімі ішінде қоғамдық бірлестік бұзушылықты жойса, онда қаулыда көрсетілген мерзім өткеннен кейін қоғамдық бірлестік өз қызметін қайта бастайды.
3. Заңды тұлғаның құрылтайшысы (басқарушы орган, лауазымды адам) немесе дара кәсіпкер қызметті тоқтата тұру не оған тыйым салу түріндегі судья, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға уәкілеттік берілген орган (лауазымды адам) қолданған әкімшілік жазаны өз еркімен орындамаған жағдайда, қаулыны уәкілетті орган атқарушылық іс жүргізу тәртібімен орындайды.
Ескерту. 909-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 30.12.2019 № 300-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 25.05.2020 № 334-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.06.2024 № 95-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.910-бап. Қызметті тоқтата тұру не оған тыйым салу туралы қаулыны орындау тәртібі
1. Уәкілетті лауазымды адам ұйымдардың, жекелеген өндірістердің жұмысын ішінара немесе толық тоқтата тұрады, ғимараттарды, құрылыстарды, жекелеген үй-жайларды, қоймаларды, электр желілерін, жылыту аспаптарын пайдалануға тыйым салады.
2. Заңды тұлғаларды тіркеуді жүзеге асыратын орган заңды тұлғаның қызметіне тыйым салу (тарату) туралы шешімді ала отырып, заңнамада көзделген қызметке тыйым салу (тарату) тәртібінің сақталуын тексереді және он тәулік ішінде заңды тұлға қызметінің тоқтатылғанын тіркейді, бұл жөнінде мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органға хабарланады.
910-1-бап. Рұқсаттың (оның жекелеген кіші түрінің) қолданысын тоқтата тұру туралы қаулыны, сондай-ақ қызметті немесе оның жекелеген түрлерін тоқтата тұру туралы қаулыны тоқтату
1. Жазаны тағайындау үшін негіз болған мән-жайлардың жойылғаны анықталған жағдайларда, тиісті жазаны қолданған судья, уәкілетті орган (лауазымды адам) рұқсаттың (оның жекелеген кіші түрінің) қолданысын тоқтата тұру туралы қаулыны, сондай-ақ осы Кодекстің 281 (үшінші бөлігінде), 282 (бесінші және он екінші бөліктерінде), 333 (екінші бөлігінде), 426 (екінші бөлігінде), 427 (бірінші бөлігінде), 444 (бесінші бөлігінде), 445 (бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, 6-1, жетінші, сегізінші, тоғызыншы , оныншы, 10-1 және 10-2-бөліктерінде)), 445-1 (бірінші, екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 462 (үшінші бөлігінде), 464 (бірінші бөлігінде), 484 (бірінші бөлігінде), 485 (бірінші бөлігінде), 485-1 (бірінші бөлігінде), 489-1 (екінші бөлігінде)-баптарында көзделген қызметті немесе оның жекелеген түрлерін тоқтата тұру туралы қаулыны орындауды әкімшілік жауаптылыққа тартылған тұлғаның немесе оның өкілінің (заңды өкілінің) өтінішхаты негізінде мерзімінен бұрын тоқтата алады.
2. Рұқсаттың (оның жекелеген кіші түрінің) қолданысын тоқтата тұру, сондай-ақ қызметті немесе оның жекелеген түрлерін тоқтата тұру түріндегі әкімшілік жаза қолданған сот, орган (лауазымды адам) өтінішхат келіп түскен күні екі тәулік ішінде осы Кодекстің 804-бабына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы жасауға уәкілеттік берілген лауазымды адамға бұзушылықтардың жойылғаны жөнінде қорытындыны беру туралы сауал жібереді.
3. Тиісті сауал келіп түскен кезде қорытынды дайындау мақсатында лауазымды адам осы баптың бірінші бөлігінде көзделген әкімшілік жаза қолдануға негіз болған мән-жайлардың жойылуын тексереді.
Қорытынды сауалды алған кезден бастап бес тәулік ішінде жазбаша нысанда беріледі.
Аталған қорытынды сот, орган (лауазымды адам) үшін міндетті болып табылмайды, бірақ қорытындымен келіспеушілік уәжді болуы тиіс.
4. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген әкімшілік жазаны қолданған сот, орган (лауазымды адам) өтінішхатты осы Кодекстің 44-тарауында көзделген тәртіппен өтінішхат келіп түскен күннен бастап он тәулік ішінде қарайды. Бұл ретте әкімшілік жауаптылыққа тартылған адам немесе оның өкілі (заңды өкілі) өтінішхатты қарауға қатысу үшін шақырылады, олар түсініктеме беруге және құжаттар ұсынуға құқылы.
5. Ұсынылған құжаттарды зерттегеннен кейін сот, орган (лауазымды адам) өтінішхатты қанағаттандыру немесе оны қанағаттандырудан бас тарту туралы қаулы шығарады.
6. Рұқсаттың (оның жекелеген кіші түрінің) қолданысын тоқтата тұру, сондай-ақ қызметті немесе оның жекелеген түрлерін тоқтата тұру түріндегі әкімшілік жазаны орындауды мерзімінен бұрын тоқтату туралы қаулыда осы Кодекстің 822-бабында көзделген мәліметтер, сондай-ақ рұқсаттың (оның жекелеген кіші түрінің) қолданысын қайта бастау не бұрын тоқтатыла тұрған қызметті қайта бастау күні көрсетіледі.
7. Рұқсаттың (оның жекелеген кіші түрінің) қолданысын тоқтата тұру, сондай-ақ қызметті немесе оның жекелеген түрін тоқтата тұру түріндегі әкімшілік жазаны орындауды мерзімінен бұрын тоқтату туралы өтінішхатты қанағаттандырудан бас тарту туралы қаулы шағым жасауға жатпайды.
Ескерту. 52-тарау 910-1-баппен толықтырылды - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР 30.12.2019 № 300-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 07.07.2020 № 361-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.07.2022 № 137-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 08.07.2024 № 117-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 17.12.2025 № 241-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2025 № 247-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.911-бап. Құрылысты мәжбүрлеп бұзу туралы қаулыны орындау
1. Заңсыз тұрғызылып жатқан немесе тұрғызылған құрылысты мәжбүрлеп бұзу туралы соттың қаулысын өзіне қатысты осы әкімшілік жаза шығарылған тұлға орындайды.
2. Заңсыз тұрғызылып жатқан немесе тұрғызылған құрылысты мәжбүрлеп бұзу түрінде сот қолданған әкімшілік жаза өз еркімен орындалмаған жағдайда, қаулыны уәкілетті орган атқарушылық іс жүргізу тәртібімен орындайды.
912-бап. Құрылысты мәжбүрлеп бұзу туралы қаулыны орындау бойынша шығыстар
Заңсыз тұрғызылып жатқан немесе тұрғызылған құрылысты мәжбүрлеп бұзып тастау құқық бұзушының есебінен жүзеге асырылады.
913-бап. Әкімшілік қамаққа алу туралы қаулыны орындау
1. Судьяның қамаққа алу туралы қаулысын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ішкі істер органдары және әскери полиция органдары орындайды.
2. Әкімшілік қамаққа алынған тұлғалар ішкі істер органдары айқындайтын орындарда күзетпен ұсталады. Әкімшілік қамаққа алу туралы қаулыны орындау кезінде қамаққа алынғандардың жеке басы жете тексеріледі.
Әскери қызметшілер әкімшілік қамаққа алуды гауптвахталарда өтейді.
3. Әкімшілік қамаққа алу жазасын өтеу Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген қағидалар бойынша жүргізіледі.
914-бап. Әкімшілік қамаққа алу жазасын өтеуден жалтару салдары
Егер әкімшілік қамаққа алынған тұлға әкімшілік қамаққа алу мерзімі өткенге дейін оны өтейтін орынды өз бетімен тастап кетсе, өтеген мерзімі судьяның қаулысымен әкімшілік қамаққа алу мерзіміне толық немесе ішінара есептелмеуі мүмкін. Бұл ретте судья әкімшілік қамаққа алуды өтеу мерзімінің басталуын жаңадан белгілейді.
914-1-бап. Қоғамдық жұмыстарға тарту туралы сот қаулысын орындау
1. Адамды қоғамдық жұмыстарға тарту туралы сот қаулысы заңды күшіне енгеннен кейін орындалуға жатады.
2. Қоғамдық жұмыстарға тарту туралы заңды күшіне енген сот қаулысын сот әкімшілік жауаптылыққа тартылған адамның тұрғылықты жеріндегі жергілікті атқарушы органға орындау үшін жібереді.
3. Қоғамдық жұмыстардың түрлерін және қоғамдық жұмыстар орындалуға тиіс ұйымдардың тізбесін жергілікті атқарушы органдар айқындайды.
4. Жергілікті атқарушы органдар:
1) сот қаулысы келіп түскен кезден бастап үш жұмыс күні ішінде құқық бұзушыны шақырып, оның жеке деректерін толтырады;
2) құқық бұзушыға қоғамдық жұмыстарды орындау тәртібі мен шарттарын түсіндіреді;
3) сот қаулысы келіп түскен кезден бастап үш жұмыс күні ішінде ішкі істер органдарына оның орындауға қабылданғаны туралы хабарлама жібереді;
4) сот қаулысы келіп түскен кезден бастап үш жұмыс күні ішінде ұйымға қоғамдық жұмыстарды орындау үшін адам жіберілетіні туралы хабарлама жібереді;
5) қоғамдық жұмыстарды орындау графигі мен кезеңділігін жасайды;
6) құқық бұзушының қоғамдық жұмыстарды орындаудан жалтару фактісі анықталған кезден бастап дереу ішкі істер органдарын хабардар етеді;
7) адамды қоғамдық жұмыстарға тарту туралы сот қаулысы орындалған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде сотқа хабарлама жібереді.
5. Ішкі істер органдары осы баптың төртінші бөлігінің 6) тармақшасында көрсетілген хабарлама келіп түскен кезден бастап үш жұмыс күні ішінде хабарламаны қарайды және осы Кодексте белгіленген тәртіппен шаралар қабылдайды.
6. Ұйым:
1) орындалған жұмыстардың актілерін жасайды, жұмыс істеген сағаттар табелін жүргізеді;
2) қоғамдық жұмыстардың орындалуы туралы есепті тоқсан сайын жергілікті атқарушы органдарға ұсынады.
7. Қоғамдық жұмыстар түрінде әкімшілік жаза қолданылған адам:
қоғамдық жұмыстарды орындаудың осы Кодексте белгіленген шарттары мен тәртібін сақтауға;
жергілікті атқарушы органдар ұйымдастыратын қоғамдық жұмыстарды орындауға;
тұрғылықты жерінің өзгергені туралы жергілікті атқарушы органдарды хабардар етуге міндетті.
8. Қоғамдық жұмыстардың ұзақтығына адамның қоғамдық жұмыстар орнына бару мен кері қайту уақыты кірмейді.
Ескерту. 914-1-баппен толықтырылды – ҚР 10.01.2025 № 155-VIII (01.09.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.915-бап. Мүліктік залалды өтеу бөлігінде қаулыны орындау
Осы Кодекстің 59-бабына сәйкес өндіріп алуға жататын мүліктік залалды өтеу бөлігінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулы заңнамада белгіленген тәртіппен орындалады.
916-бап. Шетел азаматтарын және азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасынан әкімшілік жолмен шығарып жіберу туралы қаулыны орындау
1. Шетел азаматтарын немесе азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасынан әкімшілік жолмен шығарып жіберу туралы қаулыны орындау Қазақстан Республикасынан шығарып жіберілетін адамға бақылау жасала отырып, өздігінен кетуі арқылы жүргізіледі.
Шетел азаматтарын немесе азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасынан әкімшілік жолмен шығарып жіберу туралы қаулыны орындау осы Кодекстің 834-бабының төртінші бөлігінде көзделген жағдайда тоқтатыла тұрады.
Шығарып жіберу бойынша шығыстарды шығарып жіберілетін заңсыз көшіп келушілер, көшіп келушіні Қазақстан Республикасына шақырған жеке немесе заңды тұлғалар көтереді. Аталған адамдардың шығарып жіберу бойынша шығыстарды жабуға қаражаты болмаған не жеткіліксіз болған жағдайларда, тиісті іс-шараларды қаржыландыру бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.
Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес, осы адамдарды жеткізген көлік ұйымы келу құқығынсыз келген адамдарды Қазақстан Республикасының аумағынан әкету үшін жауапты болып табылады.
2. Шығарып жіберу туралы сот шешімін орындамаған және шешімде көрсетілген мерзімде Қазақстан Республикасының аумағынан кетпеген адам заңнамада белгіленген тәртіппен шығарып жіберілуге жатады.
3. Егер шығарып жіберілетін адамды шет мемлекеттің өкіліне беру Қазақстан Республикасының аталған мемлекетпен шартында көзделмесе, шығарып жіберу Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі айқындайтын орында жүзеге асырылады.
4. Егер шығарып жіберу Қазақстан Республикасының аталған мемлекетпен шартында көзделсе, шетел азаматтарын немесе азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пунктінен шығарып жіберу туралы аумағына (аумағы арқылы) аталған адам шығарып жіберілетін шет мемлекеттің билігі хабардар етіледі.
5. Әкімшілік жолмен шығарып жіберу туралы қаулыны орындау екіжақты немесе біржақты акт түрінде ресімделеді.
Ескерту. 916-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.917-бап. Шетел азаматтарын және азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасынан әкімшілік жолмен шығарып жіберу туралы қаулыны орындауды жүзеге асыратын органдар
Шетел азаматтарын немесе азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасынан әкімшілік жолмен шығарып жіберу туралы қаулыны мыналар орындайды:
1) осы Кодекстің 510 (төртінші бөлігінде), 513 (екінші бөлігінде), 514 (екінші бөлігінде), 516 (екінші бөлігінде), 517 (екінші, төртінші, алтыншы, жетінші бөліктерінде)-баптарында көзделген құқық бұзушылықтар жасалған кезде – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі;
2) осы Кодекстің 109, 443-1 (екінші бөлігі), 449 (үшінші бөлігінде), 490 (үшінші, жетінші бөліктерінде), 495 (екінші бөлігінде), 496 (екінші және үшінші бөліктерінде), 510 (төртінші бөлігінде), 517 (екінші, төртінші, бесінші, алтыншы және жетінші бөліктерінде)-баптарында көзделген құқық бұзушылықтар жасалған кезде – ішкі істер органдары.
Ескерту. 917-бап жаңа редакцияда - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 31.12.2016 № 41-VІ (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.918-бап. Жол жүрісі қағидаларын білуді тексеру туралы қаулыны орындау
Жол жүрісі қағидаларын білуді тексеру туралы қаулыны заңнамада белгіленген тәртіппен ішкі істер органдары орындайды.
918-1-бап. Азаматтық және қызметтік қаруды қауіпсіз ұстау қағидаларын білуін тексеру туралы қаулыны орындау
Ескерту. 918-1-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді – ҚР 18.03.2019 № 237-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Азаматтық және қызметтік қаруды қауіпсіз ұстау қағидаларын білуін тексеру туралы қаулыны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ішкі істер органдары орындайды.
Ескерту. 52-тарау 918-1-баппен толықтырылды - ҚР 22.12.2016 № 28-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 18.03.2019 № 237-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.53-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
919-бап. Осы Кодексті қолдану тәртібі
1. Осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілеттік берілген сот, органдар (лауазымды адамдар) шығарған және орындалмаған әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулылар, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы заң әкімшілік құқық бұзушылық үшін жауаптылықты жеңілдететін немесе күшін жоятын не әкімшілік құқық бұзушылық жасаған тұлғаның жағдайын өзгеше жолмен жақсартатын жағдайда заңның кері күшін белгілейтін осы Кодекстің 5-бабына оларды сәйкес келтіру мақсатында қайта қаралуға жатады. Бұрын шығарылған қаулыларды қайта қарауды өзіне қатысты қаулы шығарылған тұлғаның арызы бойынша қаулы шығарған сот судьясы, органның лауазымды адамы жүргізеді.
2. 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін шығарылған сот актілеріне осы Кодексте белгіленген тәртіппен шағым жасалуы, наразылық келтірілуі мүмкін.
Ескерту. 919-бап жаңа редакцияда - ҚР 31.10.2015 № 378-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).919-1-бап. Осы Кодекстің бабының, сондай-ақ оның жекелеген нормаларының қолданысын тоқтата тұру
Ескерту. 919-1-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді – ҚР 06.02.2023 № 195-VII (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Осы Кодекстің 329-бабының қолданысы 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын.
Осы Кодекстің 443-1-бабы екінші бөлігінің қолданысы 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын.
Ескерту. 53-тарау 919-1-баппен толықтырылды - ҚР 08.04.2016 № 491-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 06.02.2023 № 195-VII (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 23.12.2023 № 50-VIII (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.920-бап. Осы Кодексті қолданысқа енгізу тәртібі
1. Осы Кодекс қолданысқа енгізілген күннен бастап:
2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; № 17, 79, 80, 82-құжаттар; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97, 115, 117-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 129, 130, 133, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1, 4, 5-құжаттар; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 9, 44-құжат; № 11, 58-құжат; № 13, 67-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112, 114-құжаттар; № 20-21, 119-құжат; № 22, 128, 130-құжаттар; № 24, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7, 9-құжаттар; № 2, 19, 25, 26, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 115, 116-құжаттар; № 14, 117-құжат; № 16, 128, 129-құжаттар; № 17, 136-құжат; № 19, 145-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 11, 13, 14, 16-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 26, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35, 36-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 12, 84, 85-құжаттар; № 13, 91-құжат; № 14, 92, 93, 94-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 10, 11, 13-құжаттар; № 4, 21-құжат; № 7, 36-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 54, 56-құжаттар; № 13, 62, 63, 64-құжаттар; № 14, 72, 74, 75-құжаттар; № 15, 77, 78, 79, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 1, 6, 9-құжаттар; № 2, 10, 11-құжаттар; № 3, 21-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44, 46, 49-құжаттар; 2014 жылғы 14 маусымда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңдарына қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2014 жылғы 10 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы Кодекс:
1) 2020 жылғы 1 шілдеден бастап енгізілетін 1-баптың 2-1-бөлігін;
1-1) мыналар:
мұнай өнімдерін өндірушілер үшін – 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап;
мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілер, импорттаушылар, мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізушілер, мұнай берушілер үшін:
астананың, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар қалалардың аумақтарында орналасқан жанармай құю станциялары үшін – 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап;
осы тармақшаның төртінші абзацында көрсетілмеген жанармай құю станциялары үшін – 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 281-баптың бесінші бөлігінің 4) және 8) тармақшаларын;
2) 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 282-баптың үшінші бөлігінің 6) тармақшасын қоспағанда, 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Ескерту. 920-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 272-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 09.04.2016 № 500-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2017 № 126-VI (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 30.12.2019 № 300-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен..
|
Қазақстан Республикасының Президенті |
Н. Назарбаев |
