Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 2025 жылғы 17 қарашадағы № 232-VIII ҚРЗ

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз.

      1-бап. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) 133-баптың бірінші және екінші бөліктерінің екінші абзацтары "шағын кәсіпкерлік субъектілеріне" деген сөздерден кейін ", коммерциялық емес ұйымдарға" деген сөздермен толықтырылсын;

      2) 193-баптың төртінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Қазақстан Республикасының аумағында тауарды бағасын теңгемен көрсетпей өткізу немесе құны көрсетілген бағадан асатын тауарды өткізу не Қазақстан Республикасының аумағында жария шарт талаптары бойынша тауарды өткізген кезде оның бағасын теңгемен көрсетпеу –";

      3) 199-бапта:

      тақырыптағы "жүйелерді сату," деген сөздер "жүйелерді, энергетикалық сусындарды сату," деген сөздермен ауыстырылсын;

      бірінші бөлікте:

      бірінші абзац "жүйелерді" деген сөзден кейін ", энергетикалық сусындарды" деген сөздермен толықтырылсын;

      екінші абзац "шағын кәсіпкерлік субъектілеріне" деген сөздерден кейін ", коммерциялық емес ұйымдарға" деген сөздермен толықтырылсын;

      екінші бөліктің екінші абзацы "шағын кәсіпкерлік субъектілеріне" деген сөздерден кейін ", коммерциялық емес ұйымдарға" деген сөздермен толықтырылсын;

      4) 284-баптың жетінші бөлігі мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "6-1) сәйкестендіру құралдарын;";

      5) 298-баптың үшінші бөлігінің бірінші абзацы "объектідегі" деген сөзден кейін ", қауіпті техникалық құрылғыдағы" деген сөздермен толықтырылсын;

      6) 299-баптың бірінші бөлігінде:

      3) тармақшадағы "мамандарын, жұмыскерлерін" деген сөздер "басшыларын, мамандарын және жұмыскерлерін" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) газ тұтыну және газ тарату жүйелерінің, сұйытылған мұнай газымен жабдықтау жүйелері объектілерінің жарамды жай-күйін қамтамасыз етпей, оларға техникалық қызмет көрсетуді жүргізу;";

      5) тармақшадағы "әзiрлеу түрінде жасалған бұзушылық –" деген сөздер "әзiрлеу;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) және 7) тармақшалармен толықтырылсын:

      "6) лифтілерді, эскалаторларды, траволаторларды, сондай-ақ мүгедектігі бар адамдарға арналған көтергіштерді монтаждауды, техникалық қызмет көрсетуді, техникалық диагностикалауды, техникалық куәландыруды және жөндеуді өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын бұза отырып жүргізу;

      7) қауіпті өндірістік объектілерде тау-кен құтқару, газдан құтқару, бұрқаққа қарсы жұмыстарды жүргізбеу, сол сияқты толық көлемде жүргізбеу түрінде жасалған бұзушылық –";

      7) 320-бапта:

      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Құрылыс салушының, уәкілетті компанияның, инжинирингтік компанияның осы баптың екінші және 2-1-бөліктерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы заңнамалық актісінің талаптарын, оның ішінде ашылуға жататын ақпараттың мазмұнына, сондай-ақ оны тарату тәртібіне қойылатын талаптарды бұзуы не құрылыс салушының, уәкілетті компанияның, инжинирингтік компанияның дәл емес, толық емес немесе анық емес ақпаратты таратуы –

      заңды тұлғаларға үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.";

      мынадай мазмұндағы 2-1, 2-2, он бірінші және он екінші бөліктермен толықтырылсын:

      "2-1. Қазақстан Республикасының тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы заңнамасына сәйкес үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсатты немесе Тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторының кепілдігін алмай жеке, заңды тұлғалардың және (немесе) қызметін бірлескен қызмет туралы шартқа сәйкес жүзеге асыратын тұлғалардың (жай серіктестік, консорциум) ақшасын тарту –

      шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жеті жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір мың, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      2-2. Үлескерлердің ақшасын тартуға тиісті рұқсатсыз немесе "Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген, тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуға кепілдік беру туралы шартсыз жеке, заңды тұлғалардың және (немесе) қызметін бірлескен қызмет туралы шартқа сәйкес жүзеге асыратын тұлғалардың (жай серіктестік, консорциум) ақшасын тартуға бағытталған, сондай-ақ тұрғын үйлердің (тұрғын ғимараттардың) бекітілген құрылыс жобасындағы сыныптамасына сәйкес келмейтін салынып жатқан көппәтерлі тұрғын үйлердің және (немесе) жеке тұрғын үй кешендерінің жарнамасын шығару, тарату және (немесе) орналастыру –

      жеке тұлғаларға – екі жүз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – бес жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жеті жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.";

      "11. Көппәтерлі тұрғын үй мүлкінің меншік иелері бірлестігі төрағасының, кондоминиум объектісін басқару субъектісінің инженерлік желілер мен жабдықтарды жылыту маусымына дайындау жөніндегі іс-шараларды өткізбеуі –

      елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      12. Осы баптың он бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет (әрекетсіздік) –

      бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.";

      8) 423-1-бапта:

      тақырып "жүйелерді" деген сөзден кейін ", энергетикалық сусындарды" деген сөздермен толықтырылсын;

      бірінші бөлікте:

      бірінші абзац "жүйелерді" деген сөзден кейін ", энергетикалық сусындарды" деген сөздермен толықтырылсын;

      екінші абзац "шағын кәсіпкерлік субъектілеріне" деген сөздерден кейін ", коммерциялық емес ұйымдарға" деген сөздермен толықтырылсын;

      екінші бөліктің екінші абзацы "шағын кәсіпкерлік субъектілеріне" деген сөздерден кейін ", коммерциялық емес ұйымдарға" деген сөздермен толықтырылсын;

      9) 464-бапта:

      тақырып "нормаларын" деген сөзден кейін "немесе рұқсат беру рәсімдерін" деген сөздермен толықтырылсын;

      бірінші бөлікте:

      бірінші абзацта:

      "нормаларын" деген сөзден кейін "немесе рұқсат беру рәсімдерін" деген сөздермен толықтырылсын;

      "лицензияланатын қызмет түрлеріне қойылатын біліктілік талаптарына" деген сөздер "рұқсат беру талаптарына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші абзац "лицензияның" деген сөзден кейін "не екінші санаттағы рұқсаттың" деген сөздермен толықтырылсын;

      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Өтініш берушінің лицензия немесе екінші санаттағы рұқсат алған кезде көрінеу анық емес ақпарат беруі, сол сияқты осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік), сондай-ақ әкімшілік жауаптылыққа алып келген, лицензияның немесе екінші санаттағы рұқсаттың қолданылуын тоқтата тұру мерзімі өткеннен кейін біліктілік немесе рұқсат беру талаптарын бұзушылықтарды жоймау –

      лицензиядан немесе екінші санаттағы рұқсаттан айыра отырып не онсыз, жеке тұлғаларға – қырық, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарына, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдарына үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.";

      10) 31-тарау мынадай мазмұндағы 641-1-баппен толықтырылсын:

"641-1-бап. Қазақстан Республикасының жасанды интеллект саласындағы заңнамасын бұзу

      1. Қазақстан Республикасының жасанды интеллект саласындағы заңнамасын:

      1) жасанды интеллект жүйелері меншік иелерінің немесе иегерлерінің пайдаланушыларды жаңылыстыруы мүмкін, жасанды интеллект жүйесі қызметінің синтетикалық нәтижелері туралы оларға хабар берілуін қамтамасыз етпеуі;

      2) жасанды интеллект жүйелері меншік иелерінің немесе иегерлерінің адамдардың денсаулығына немесе саламаттылығына теріс әсер етуге, тыйым салынған, жалған ақпарат жасауға немесе таратуға, адам құқықтарын кемсітушілікке немесе бұзуға және өзге де зиян келтіруге алып келген, қауіп-қатер дәрежесі жоғары жасанды интеллект жүйелері қауіп-қатерлерін басқаруды жүзеге асырмауы түрінде жасалған бұзушылық, егер бұл әрекетте (әрекетсіздікте) қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса –

      жеке тұлғаларға – он бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) –

      жасанды интеллект жүйесінің қызметін тоқтата тұрып немесе оған тыйым сала отырып, жеке тұлғаларға – отыз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жетпіс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.";

      11) мынадай мазмұндағы 692-3-баппен толықтырылсын:

"692-3-бап. Жасанды интеллект саласындағы уәкілетті орган

      1. Жасанды интеллект саласындағы уәкiлеттi орган осы Кодекстiң 641-1-бабында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.

      2. Жасанды интеллект саласындағы уәкілетті органның басшысы және оның орынбасарлары әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға құқылы.";

      12) 698-баптың екінші бөлігінің 1), 2) және 3) тармақшаларындағы "мемлекеттік қадағалау" деген сөздер "мемлекеттік бақылау және қадағалау" деген сөздермен ауыстырылсын;

      13) 729-бапта:

      бірінші бөлік:

      "75," деген цифрлардан кейін "79," деген цифрлармен толықтырылсын;

      "488-1-баптарында" деген сөздер "488-1, 637 (он төртінші және он бесінші бөліктерінде), 640, 641-баптарында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      үшінші бөліктегі "634-баптарында" деген сөздер "634, 637 (он төртінші және он бесінші бөліктерінде)-баптарында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      14) 743-баптың төртінші бөлігінің 4) тармақшасындағы "жіберген жағдайларда тиісінше жеткізілді деп танылады." деген сөздер "жіберген;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:

      "5) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері респондентке хабарламаны (хабархатты) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган мемлекеттік органдардың ақпараттық ресурстарынан немесе байланыс операторларынан алған электрондық мекенжайға немесе ұялы байланыстың абоненттік нөміріне электрондық тәсілмен жіберген жағдайларда тиісінше жеткізілді деп танылады.";

      15) 802-бап мынадай мазмұндағы алтыншы бөлікпен толықтырылсын:

      "6. "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-2, 39-3 және 86-баптарында көзделген тәртіппен жүргізілген тексерудің нәтижесі және аварияларды тергеп-тексерудің нәтижесі бақылау және қадағалау субъектісіне қатысты осы баптың бірінші бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғауға негіз болады.".

      2-бап. Осы Заң 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың 5), 6), 12) және 15) тармақшаларын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады