ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз.
1-бап. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) мынадай мазмұндағы 127-3-баппен толықтырылсын:
"127-3-бап. Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы заңнамасын бұзу
1. Білім беру ұйымдары және (немесе) баланың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының және (немесе) Қазақстан Республикасы атқарушы органдарының лауазымды адамдарының Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы заңнамасының талаптарын:
1) баланы жәбірлеу (буллинг) туралы ақпаратты қабылдау және (немесе) баланы жәбірлеу (буллинг) белгілерін анықтау жөніндегі әрекеттерді жүзеге асыру және (немесе) оларға ден қою тәртібін сақтамау;
2) зорлық-зомбылыққа және (немесе) қатыгездікпен қарауға және (немесе) жәбірлеуге (буллингке) ұшыраған және (немесе) зорлық-зомбылықтың куәсі болған кәмелетке толмағандарға көмек көрсетпеу;
3) қадағалаусыз және панасыз қалған балаларға және (немесе) арнаулы білім беру ұйымдарына жіберілетін балаларға және (немесе) әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға алып келген қатыгездікпен қарау салдарынан арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларға және (немесе) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарына жіберілетін жетім балаларға және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға тиісті құжаттар бермеу түрінде жасаған бұзуы –
отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Қазақстан Республикасы атқарушы органдарының лауазымды адамдарының Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы заңнамасының талаптарын:
1) жетім баланы (жетім балаларды) және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-бағуға жәрдемақы төлеу мерзімдерін және (немесе) мөлшерін және (немесе) оны тоқтату негіздерін бұзу;
2) неке-отбасы заңнамасының талаптарына сай келмейтін қорғаншыларды немесе қамқоршыларды және (немесе) баланы қабылдайтын ата-аналарды және (немесе) баланы қабылдайтын кәсіптік тәрбиешілерді және (немесе) патронат тәрбиешілерді тағайындау;
3) баланың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдарда балалардың болу мерзімдерін бұзу түрінде жасаған бұзуы –
отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
3. Білім беру ұйымдары басшыларының Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы заңнамасының талаптарын:
1) білім беру ұйымдарында психологиялық-педагогикалық қолдап отыру тәртібін сақтамау;
2) білім беру ұйымдарына дәлелсіз себептермен бармайтын кәмелетке толмағандарды есепке алудың болмауы;
3) баса назар аударуды талап ететін кәмелетке толмағандарға педагогикалық қолдап отыруды жүзеге асырмау түрінде жасаған бұзуы –
отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
4. Осы баптың бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –
алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
5. Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарында, қосымша білім беретін мектептен тыс ұйымдарда білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай-ақ мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу қағидаларын:
1) конкурстық құжаттаманың жобасына ескертулерді, конкурстық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау шеңберінде келіп түскен конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы сұрау салуларды қарамау не уақтылы қарамау, сол сияқты конкурстық құжаттаманың жобасына ескертулер және түсіндірулер туралы сұрау салулар болған кезде оны алдын ала талқылау хаттамасын, сондай-ақ конкурстық құжаттаманың мәтінін мемлекеттік сатып алудың веб-порталында орналастырмау не уақтылы орналастырмау;
2) конкурсқа қатысуға өтінімді жетіспейтін құжаттармен толықтыруға, конкурсқа қатысуға өтінімде ұсынылған құжаттарды ауыстыруға, конкурсқа қатысуға өтінімдерді біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келтіру мерзімі өткеннен кейін тиісінше ресімделмеген құжаттарды сәйкес келтіруге байланысты конкурстық комиссияның сұрау салуды жіберуі және өзге де әрекеттері;
3) көрсетілетін қызметтерді немесе тауарларды берушіні таңдау өлшемшарттарын қолданбау бөлігіндегі талаптарды бұзу, сол сияқты оларды дұрыс есептемеу;
4) әлеуетті өнім беруші немесе өнім беруші біліктілік талаптары бойынша анық емес ақпарат берген жағдайда, тапсырыс берушінің, сатып алуды ұйымдастырушының не сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының әлеуетті өнім берушіні немесе өнім берушіні сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап қоюмен сотқа жүгінбеуі немесе уақтылы жүгінбеуі;
5) білім алушылар мен тәрбиеленушілерді үздіксіз тамақтандыруды қамтамасыз ету үшін сатып алуды белгіленген мерзімнен асыра жүзеге асыру;
6) әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдерін уақтылы қарамау, сол сияқты алдын ала рұқсат беру хаттамасын және (немесе) қорытындылар хаттамасын уақтылы орналастырмау түрінде жасалған бұзушылық –
лауазымды адамдарға қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
6. Осы баптың бесінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –
лауазымды адамдарға сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескертпелер.
1. Осы бапта лауазымды адамдар деп – бірінші басшылар, ал олар болмаған жағдайда басшылардың міндеттерін атқару тиісті бұйрықтармен жүктелген, оларды алмастыратын орынбасарлары түсінілуі керек.
2. Осы баптың үшінші бөлігінің мақсаттары үшін лауазымды адамдар деп:
1) 1) және 4) тармақшаларда – сатып алуды ұйымдастырушының, сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының, тапсырыс берушінің бірінші басшылары немесе сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімдерін жүзеге асыруға жауапты, олардың міндеттерін атқаратын адамдар;
2) 2), 3) және 6) тармақшаларда – конкурстық комиссияның төрағасы мен мүшелері;
3) 5) тармақшада бірінші басшы не жүктелген өкілеттіктерге сәйкес шешім қабылдаған адам түсінілуі керек.";
2) 214-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"214-бап. Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын бұзу
1. Қаржы мониторингі субъектілерінің Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын мәліметтерді тіркеп-белгілеу, мәліметтер мен құжаттарды сақтау, құжаттарды қорғау бөлігінде бұзуы –
жеке тұлғаларға – отыз, лауазымды адамдарға, нотариустар мен адвокаттарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, коммерциялық емес ұйымдарға – жетпіс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз он, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдарына, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерлерінің филиалдарына екі жүз сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Қаржы мониторингі субъектілерінің "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 3 және 5-тармақтарында көзделген, қаржы мониторингіне жататын, ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен жасалатын операциялар туралы ақпаратты уақтылы бермеуі –
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – алпыс бес, лауазымды адамдарға, нотариустар мен адвокаттарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз сексен, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз тоқсан, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдарына, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерлерінің филиалдарына бес жүз жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
3. Қаржы мониторингі субъектілерінің "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 3 және 5-тармақтарында көзделген, қаржы мониторингіне жататын, ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен жасалатын операциялар туралы ақпаратты бермеуі, көрінеу анық емес ақпарат беруі –
жеке тұлғаларға – жетпіс бес, лауазымды адамдарға, нотариустар мен адвокаттарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, коммерциялық емес ұйымдарға – екі жүз он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдарына, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерлерінің филиалдарына алты жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
4. Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның сұрау салуы бойынша ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды уақтылы бермеуі –
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – қырық, лауазымды адамдарға, нотариустар мен адвокаттарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз сексен, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдарына, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерлерінің филиалдарына төрт жүз жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
5. Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның сұрау салуы бойынша ақпаратты бермеуі, анық емес ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды беруі –
жеке тұлғаларға – қырық бес, лауазымды адамдарға, нотариустар мен адвокаттарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдарына, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерлерінің филиалдарына төрт жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
6. Қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның сұрау салуы бойынша "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-3-бабының 5-тармағында көзделген мәліметтер мен құжаттарды уақтылы ұсынбау –
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – қырық, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
7. Қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның сұрау салуы бойынша "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-3-бабының 5-тармағында көзделген ақпаратты бермеу, анық емес мәліметтер мен құжаттарды ұсыну –
жеке тұлғаларға – қырық бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз сексен, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне төрт жүз жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
8. Қаржы мониторингі субъектілерінің клиенттерді (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін тиісінше тексеру жөніндегі шараларды қабылдамауы –
жеке тұлғаларға – қырық, лауазымды адамдарға, нотариустар мен адвокаттарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз сексен, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдарына, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерлерінің филиалдарына төрт жүз жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
9. Қаржы мониторингі субъектілерінің Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен жасалатын операцияларды тоқтатып қою жөніндегі шараларды қабылдау және (немесе) ақшамен және өзге мүлікпен жасалатын операцияларды тоқтатып қою жөніндегі шаралар туралы ақпаратты беру бөлігінде бұзуы –
жеке тұлғаларға – жетпіс бес, лауазымды адамдарға, нотариустар мен адвокаттарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз тоқсан бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдарына, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерлерінің филиалдарына алты жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
10. Қаржы мониторингі субъектілерінің клиентке іскерлік қатынастар орнатудан және ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен жасалатын операцияларды жүргізуден бас тарту және (немесе) іскерлік қатынастар орнатудан және ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен жасалатын операцияларды жүргізуден бас тартулар туралы ақпарат беру жөніндегі міндеттерді орындамауы –
жеке тұлғаларға – қырық, лауазымды адамдарға, нотариустар мен адвокаттарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз сексен, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдарына, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерлерінің филиалдарына төрт жүз жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
11. Қаржы мониторингі субъектілерінің ішкі бақылау қағидаларында бекітілген, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласында даярлау және оқыту бағдарламасын орындамауы –
жеке тұлғаларға – отыз, лауазымды адамдарға, нотариустар мен адвокаттарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, коммерциялық емес ұйымдарға – жетпіс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз он, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдарына, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерлерінің филиалдарына екі жүз сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
12. Қаржы мониторингі субъектілерінің "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 1-тармағында көзделген, қаржы мониторингіне жататын, ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен жасалатын операциялар туралы ақпаратты уақтылы бермеуі –
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – қырық, лауазымды адамдарға, нотариустар мен адвокаттарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз алпыс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдарына, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерлерінің филиалдарына төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
13. Қаржы мониторингі субъектілерінің "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 1-тармағында көзделген, қаржы мониторингіне жататын, ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен жасалатын операциялар туралы ақпаратты бермеуі, анық емес ақпаратты беруі –
жеке тұлғаларға – қырық бес, лауазымды адамдарға, нотариустар мен адвокаттарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдарына, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерлерінің филиалдарына төрт жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
14. Қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның шешімі бойынша қаржы мониторингі субъектілерінің клиенттер операцияларын тоқтата тұрмауы –
жеке тұлғаларға – жетпіс бес, лауазымды адамдарға, нотариустар мен адвокаттарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, коммерциялық емес ұйымдарға – екі жүз он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдарына, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерлерінің филиалдарына алты жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
15. Ішкі бақылау қағидаларының Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келмеуі –
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – бір жүз он, лауазымды адамдарға, нотариустар мен адвокаттарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз сексен, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдарына, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерлерінің филиалдарына жеті жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
16. Қаржы мониторингі субъектілерінің ішкі бақылау қағидаларын әзірлеу және қабылдау жөніндегі міндеттерді орындамауы –
жеке тұлғаларға – бір жүз жиырма, лауазымды адамдарға, нотариустар мен адвокаттарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз тоқсан бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз қырық бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдарына, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерлерінің филиалдарына жеті жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
17. Қаржы мониторингі субъектілерінің өз клиенттеріне және өзге де тұлғаларға қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға осындай клиенттер мен өзге де тұлғаларға қатысты қолданылатын, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі шаралар туралы ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды бергені немесе одан алғаны туралы хабарлауы –
жеке тұлғаларға – жетпіс бес, лауазымды адамдарға, нотариустар мен адвокаттарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, коммерциялық емес ұйымдарға – екі жүз он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдарына, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерлерінің филиалдарына алты жүз қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
18. Осы баптың бірінші, үшінші, бесінші, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он үшінші, он төртінші, он алтыншы және он жетінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) –
жеке тұлғаларға – бір жүз елу, лауазымды адамдарға, нотариустар мен адвокаттарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, коммерциялық емес ұйымдарға – екі жүз жиырма бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз жетпіс бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдарына, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерлерінің филиалдарына тоғыз жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
19. Осы баптың бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы және он жетінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде үш және одан көп рет жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) –
алты айға дейінгі мерзімге лицензияның немесе біліктілік аттестатының (куәлігінің) қолданысын тоқтата тұрып не одан айыра отырып немесе үш айға дейінгі мерзімге қызметті тоқтата тұрып не үш жылға дейінгі мерзімге қызметке немесе оның жекелеген түрлеріне тыйым салына отырып, жеке тұлғаларға – екі жүз, лауазымды адамдарға, нотариустар мен адвокаттарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, коммерциялық емес ұйымдарға – төрт жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – тоғыз жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдарына, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерлерінің филиалдарына бір мың сегіз жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.";
3) мынадай мазмұндағы 411-1 және 434-3-баптармен толықтырылсын:
"411-1-бап. Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау саласындағы заңнамасында белгіленген, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша азаматтық қорғау іс-шараларын орындамау
1. Мынадай:
1) халыққа және ұйымдарға азаматтық қорғау саласындағы шаралар туралы хабарламау;
2) мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ елді мекендерде өрт сөндіру пункттерін құруды қамтамасыз етпеу, оларды материалдық-техникалық жағынан жарақтандыруды ұйымдастырмау;
3) қауіпті өндірістік факторлар зиянды әсер еткен жағдайда оларды оқшаулау, адамдардың өмірін құтқару, олардың денсаулығын, құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, меншікті күзету, қоғамдық тәртіпті ұстап тұру жөніндегі іс-шараларды орындау бойынша қолда бар күштерді, құралдар және ресурстарды тарта отырып, қажетті көмек көрсетпеу;
4) азаматтық қорғауды басқарудың аумақтық кіші жүйесінің күштері мен құралдарын құруды және оларды ұдайы әзірлікте ұстап тұруды қамтамасыз етпеу;
5) азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың салдарын жою бойынша жергілікті бюджеттің атқарылуын бекітілген бюджеттік мақсаттарға сай қамтамасыз етпеу;
6) азаматтық қорғаныс мүлкінің көлемдерін айқындамау және оларды жинақтау, сақтау, жаңартып отыру және әзірлікте ұстап тұру бойынша қажетті шараларды қабылдамау;
7) игерілетін кен орындарының аудандарында және сейсмикалық қауіпті өңірлерде пайдаланудағы ғимараттар мен құрылысжайлардың беріктігі мен орнықтылығын арттыруды қамтамасыз етпеу;
8) техникалық құлақтандыру құралдарының орналастырылуын ұйымдастырмау;
9) аудандардың, облыстық және аудандық маңызы бар қалалардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың авариялық және шұғыл қызметтерінің, азаматтық қорғау қызметтерінің бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік "112" қызметімен ақпараттық өзара іс-қимыл жасауын жүзеге асырмауы;
10) жергілікті ауқымдағы төтенше жағдайларды және олардың салдарын жою жөніндегі іс-қимыл жоспарларын бекітпеу;
11) мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ елді мекендерде дала өрттерін, сондай-ақ өрттерді сөндіруді қамтамасыз етпеу;
12) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алуға және олардың салдарын жоюға жергілікті атқарушы органдардың төтенше резервінен қаражат бөлуді қамтамасыз етпеу;
13) төтенше жағдайларды болғызбау, адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтау, материалдық және мәдени құндылықтарды қорғау, сондай-ақ төтенше жағдайлар кезінде салдарларды жою және залалды азайту жөніндегі шараларды әзірлеу мен қабылдауды қамтамасыз етпеу;
14) төтенше жағдай аймағында зардап шеккендерді медициналық тұрғыдан қамтамасыз етуді, оның ішінде дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз етуді ұйымдастырмау;
15) әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қоюды және есептен шығаруды жүзеге асырмау;
16) орталық атқарушы органның азаматтық қорғаныс жоспарын әзірлеуді және бекітуді қамтамасыз етпеу;
17) ведомстволық бағынысты ұйымдарда өрттердің алдын алу жөніндегі іс-шараларды өткізбеу;
18) ведомстволық бағынысты ұйымдарда азаматтық қорғаныс мүлкінің қорларын құруды қамтамасыз етпеу және олардың сақталуына, жаңартылып отыруына және қолдануға әзірлікте ұсталып тұруына ішкі бақылауды жүзеге асырмау;
19) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның келісімі бойынша жаһандық және өңірлік ауқымдағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимыл жоспарларын әзірлеуді және бекітуді қамтамасыз етпеу;
20) қосалқы (қалалық, қала сыртындағы), көмекші және жылжымалы басқару пункттерін құруды қамтамасыз етпеу түрінде көрінген, Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау саласындағы заңнамасында белгіленген табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі азаматтық қорғау іс-шараларын орындамау –
лауазымды адамдарға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет (әрекетсіздік) –
лауазымды адамдарға бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, адамның денсаулығына жеңіл зиян немесе болмашы залал келтірген табиғи немесе техногендік сипаттағы төтенше жағдайдың туындауына алып келген әрекет (әрекетсіздік), қылмыстық құқық бұзушылық құрамы болмаған кезде –
лауазымды адамдарға бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескертпе. Осы бапқа қатысты екі жүз айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сома залалдың болмашы мөлшері деп танылады.";
"434-3 бап. Қазақстан Республикасының қоғамдық орындарда бет-әлпетті тануға кедергі келтіретін киім-кешекті киіп жүру туралы заңнамасының талаптарын бұзу
1. Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарын, қызметтік (лауазымдық, еңбек) міндеттерін орындау үшін, медициналық мақсаттарда, азаматтық қорғау үшін, ауа райы жағдайларында, сондай-ақ спорттық, спорттық-бұқаралық және мәдени-бұқаралық іс-шараларға тікелей қатысатын адамдарға қажет болатын жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының қоғамдық орындарда бет-әлпетті тануға кедергі келтіретін киім-кешекті киіп жүру туралы заңнамасының талаптарын бұзу –
ескерту жасауға алып келеді.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –
он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.";
4) 444-баптың екінші және үшінші бөліктерінде:
"сондай-ақ" деген сөз алып тасталсын;
"міндеттемелері бар адамдарды", "міндеттемелері бар адамдардың" деген сөздерден кейін тиісінше ", сондай-ақ бас бостандығын шектеу түріндегі жазаға сотталған немесе шартты түрде сотталған адамдарды", ", сондай-ақ бас бостандығын шектеу түріндегі жазаға сотталған немесе шартты түрде сотталған адамдардың" деген сөздермен толықтырылсын;
5) 445-бапта:
мынадай мазмұндағы 10-1 және 10-2-бөліктермен толықтырылсын:
"10-1. Букмекерлік кеңсенің немесе тотализатордың қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушының аппараттық-бағдарламалық кешендердің бірыңғай есепке алу жүйесімен интеграциялануын қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды орындамауы не бұрын жүзеге асырылған интеграцияланудан бас тартуы –
лицензияның қолданысын тоқтата тұрып, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
10-2. Букмекерлік кеңсенің немесе тотализатордың қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушының мөлшерлемелерді және ұтыстарды бірыңғай есепке алу жүйесінде есепке алмай, оларды қабылдауға және төлеуге тыйым салуды сақтамауы –
лицензияның қолданысын тоқтата тұрып, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.";
он бірінші бөліктің бірінші абзацындағы "және оныншы бөліктерінде" деген сөздер ", оныншы, 10-1 және 10-2-бөліктерінде" деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 456-2-бапта:
тақырыптағы "ақпарат" деген сөз "ақпаратты, құқыққа қайшы контентті" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 3-1-бөлікпен толықтырылсын:
"3-1. Құқыққа қайшы контентті орналастыру, тарату, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, –
жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.";
мынадай мазмұндағы жетінші бөлікпен толықтырылсын:
"7. Осы баптың 3-1-бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –
қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға алып келеді.";
7) 26-тарау мынадай мазмұндағы 456-3-баппен толықтырылсын:
"456-3-бап. Қазақстан Республикасының аумағында шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының және шетелдік журналистердің тиісті аккредиттеусіз кәсіби журналистік қызметпен айналысуы
1. Қазақстан Республикасының аумағында шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының және шетелдік журналистердің тиісті аккредиттеусіз кәсіби журналистік қызметпен айналысуы –
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – жиырма, заңды тұлғаларға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, қоғамдық тәртіптің бұзылуына жағдай туғызатын әрекетті жасау не оны төтенше жағдай немесе соғыс жағдайы, табиғи, техногендік, әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде не әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасау –
жеке тұлғаларға – қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға не Қазақстан Республикасының шегiнен әкімшілік жолмен шығарып жiберуге, заңды тұлғаларға бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.";
8) 478-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацындағы "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк қадағалау туралы заңнамасын" деген сөздер "әкiмшiлiк қадағалауды" деген сөздермен ауыстырылсын;
9) 479-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"479-бап. Құқық бұзушылық жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою жөнiнде қабылданған шаралар туралы хабарламау және (немесе) шаралар қабылдамау
1. Істi қараған органдардың (лауазымды адамдардың) ұсынулары бойынша ұйым басшысының және басқа да адамдардың қылмыстық немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою жөнiнде қабылданған шаралар туралы хабарламауы, сол сияқты шаралар қабылдамауы –
он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –
лауазымды адамдарға – жиырма, кәсіпкерлік субъектілеріне жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не қызметін тоқтата тұруға алып келеді.";
10) 480-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"480-бап. Әкімшілік қадағалауды бұзу";
11) 615-баптың ескертпесі "өзге де қатысушылар деп" деген сөздерден кейін "электр самокаттарды," деген сөздермен толықтырылсын;
12) мынадай мазмұндағы 619-2-баппен толықтырылсын:
"619-2-бап. Көлік құралдарын басқару құқығы жоқ не одан айырылған адамның электр самокатты жолдың жүру бөлігімен басқаруына жол беру
1. Электр самокаттарды жалға беру қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғаның немесе дара кәсіпкердің көлік құралын басқару құқығы жоқ не одан айырылған адамның электр самокатты жолдың жүру бөлігімен басқаруына жол беруі –
жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Жәбірленушінің денсаулығына жеңіл зиян келтіруге немесе көлік құралдарын, жүктерді, жол құрылысжайларын немесе өзге құрылысжайларды не өзге мүлікті бүлдіруге алып келген дәл сол әрекет –
қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.";
13) 637-бап мынадай мазмұндағы жиырмасыншы бөлікпен толықтырылсын:
"20. Ұялы байланыс операторының халықтың ұялы байланысының абоненттік құрылғыларына құмар ойындардың және (немесе) бәс тігудің жарнамасын қамтитын мәтіндік хабарлар жіберу бойынша қызметтерін көрсетуі –
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.";
14) 664-бап "Лауазымды адамның" деген сөздерден кейін ", жеке сот орындаушысының" деген сөздермен толықтырылсын;
15) мынадай мазмұндағы 668-2-баппен толықтырылсын:
"668-2-бап. Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі өңірлік уәкілетті органының заңды қызметіне кедергі келтіру
Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі өңірлік уәкілетті органының заңды қызметіне кәмелетке толмағандар ұсталатын білім беру, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау, мәдениет және спорт жүйелерінің мемлекеттік органдары мен ұйымдарына кедергісіз баруын қамтамасыз етпеуден көрінген кедергі келтіру –
он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.";
16) 684-бапта:
бірінші бөлікте:
"156-1," деген цифрлар алып тасталсын;
"214 (бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші және он үшінші бөліктерінде), 214-1," деген сөздер "214 (бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы, он жетінші, он сегізінші (бұл бұзушылықтарды заң консультанттары, заң мәселелері жөніндегі тәуелсіз мамандар, лизинг беруші ретінде лизингтік қызметті лицензиясыз жүзеге асыратын, жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату мәмілелерін жүзеге асыру кезінде делдалдық қызметтер көрсететін, бағалы металдармен және асыл тастармен, олардан жасалған зергерлік бұйымдармен операцияларды жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар, бухгалтерлік есепке алу саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын бухгалтерлік ұйымдар мен кәсіби бухгалтерлер, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы және ұялы байланыс операторлары жасаған жағдайларды қоспағанда) және он тоғызыншы бөліктерінде)," деген сөздермен ауыстырылсын;
"456-2," деген цифрлардан кейін "456-3 (екінші бөлігінде)," деген сөздермен толықтырылсын;
екінші бөліктің 2) тармақшасындағы "129," және "135," деген цифрлар алып тасталсын;
17) 685-бапта:
бірінші бөлік:
"434-1," деген цифрлардан кейін "434-3," деген цифрлармен толықтырылсын;
"619-1," деген цифрлардан кейін "619-2," деген цифрлармен толықтырылсын;
екінші бөлікте:
1) тармақшадағы "әкімшілік, көші-қон полициясы бөлімшелерінің, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті полиция қызметінің" деген сөздер "облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімшілік, көші-қон полициясы, қоғамдық қауіпсіздік бөлімшелерінің" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақшада:
"619-1," деген цифрлардан кейін "619-2," деген цифрлармен толықтырылсын;
"әкімшілік, көші-қон полициясы бөлімшелерінің, ауданның (қаланың, қаладағы ауданның) жергілікті полиция қызметінің" деген сөздер "ауданның (қаланың, қаладағы ауданның) әкімшілік, көші-қон полициясы, қоғамдық қауіпсіздік бөлімшелерінің" деген сөздермен ауыстырылсын;
4) тармақша:
"408," деген цифрлардан кейін "434-3," деген цифрлармен толықтырылсын;
"615 (бірінші, екінші және бесінші бөліктерінде)," деген сөздерден кейін "619-2," деген цифрлармен толықтырылсын;
18) 686-бапта:
бірінші бөлік 3) тармақшасындағы "саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды." деген сөздер "саласындағы;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
"4) осы Кодекстің 411-1-бабында көзделген табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарайды.";
мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:
"5. Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның атынан табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі азаматтық қорғау іс-шараларын орындамауға байланысты әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға мыналар құқылы:
1) осы Кодекстің 411-1-бабының бірінші бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың төтенше жағдайлардың алдын алу саласындағы мемлекеттік бақылау жөніндегі мемлекеттік инспекторы;
2) осы Кодекстің 411-1-бабының бірінші және екінші бөліктерінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша – Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлардың алдын алу саласындағы мемлекеттік бақылау жөніндегі мемлекеттік инспекторы, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың төтенше жағдайлардың алдын алу саласындағы мемлекеттік бақылау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы және оның орынбасары;
3) осы Кодекстің 411-1-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша – Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлардың алдын алу саласындағы мемлекеттік бақылау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы және оның орынбасары.";
19) 709-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"709-бап. Орман шаруашылығы, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану, өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті органдар
1. Орман шаруашылығы, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану, өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті органдар осы Кодекстің 138 (екінші бөлігінде), 142, 143 (балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қоспағанда), 337 (бірінші және екінші бөліктерінде), 339, 366, 367, 368, 369, 370, 371, 372, 373, 374, 375, 376, 377 (балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қоспағанда), 378 (балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қоспағанда), 379 (балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қоспағанда), 380, 380-1, 381, 382 (бірінші бөлігінде), 383 (бірінші, екінші және бесінші бөліктерінде), 384, 385 (бірінші бөлігінде), 386, 387, 388, 390 (балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қоспағанда), 394 (балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қоспағанда), 396 (бірінші бөлігінде) (балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қоспағанда), 407-1 (балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қоспағанда), 407-2 (балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қоспағанда), 464-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.
2. Орман шаруашылығы, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану, өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті органдардың атынан әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға мыналар құқылы:
1) осы Кодекстің 138 (екінші бөлігінде), 142, 143 (балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қоспағанда), 337 (бірінші және екінші бөліктерінде), 339, 366, 367, 368, 369, 370, 371, 372, 373, 374, 375, 376, 377 (балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қоспағанда), 378 (балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қоспағанда), 379 (балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қоспағанда), 380, 380-1, 381, 382 (бірінші бөлігінде), 383 (бірінші, екінші және бесінші бөліктерінде), 384, 385 (бірінші бөлігінде), 386, 387, 388, 390 (балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қоспағанда), 394 (балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қоспағанда), 396 (бірінші бөлігінде), 407-1 (су жануарларын қоспағанда), 407-2 (су жануарларын қоспағанда), 464-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін – Қазақстан Республикасының орман шаруашылығы, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану, өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкiлеттi органдары мен олардың аумақтық органдарының лауазымды адамдары;
2) осы Кодекстің 138 (екінші бөлігінде), 337 (бірінші және екінші бөліктерінде), 339, 366, 367, 368, 369, 370, 371, 372, 373, 374, 377 (балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қоспағанда), 379 (балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қоспағанда), 381, 382 (бірінші бөлігінде), 387, 388, 407-1 (балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қоспағанда), 407-2 (балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қоспағанда)-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін – орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелерінің басшылары, басшыларының орынбасарлары;
3) осы Кодекстің 138 (екінші бөлігінде), 337 (бірінші және екінші бөліктерінде), 339, 366, 367, 368, 369, 370, 371, 372, 373, 374, 377 (балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қоспағанда), 379 (балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қоспағанда), 381, 382 (бірінші бөлігінде), 387, 388, 407-1 (балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қоспағанда), 407-2 (балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қоспағанда)-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін – облыстық атқарушы органдардың орман шаруашылығы, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы құрылымдық бөлiмшелерiнiң лауазымды адамдары;
4) осы Кодекстің 138 (екінші бөлігінде), 143 (балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қоспағанда), 337 (бірінші және екінші бөліктерінде), 339, 366, 367 (үшінші бөлігінде), 368 (екінші бөлігінде), 369 (екінші бөлігінде), 370 (төртінші бөлігінде), 371, 372 (төртінші бөлігінде), 373 (екінші бөлігінде), 374 (екінші бөлігінде), 377 (екінші бөлігінде) (балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қоспағанда), 379 (балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қоспағанда), 380 (балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қоспағанда), 380-1 (балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қоспағанда), 381, 382 (бірінші бөлігінде), 384, 387, 388, 407-1 (балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қоспағанда), 407-2 (балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қоспағанда)-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін – мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған ерекше қорғалатын табиғи аумақтар күзет қызметтерінің басшылары, басшыларының орынбасарлары, бастықтары.";
20) мынадай мазмұндағы 709-1-баппен толықтырылсын:
"709-1-бап. Балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган
1. Балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 143 (балық ресурстары және басқа да су жануарлары бөлігінде), 377 (балық ресурстары және басқа да су жануарлары бөлігінде), 378 (балық ресурстары және басқа да су жануарлары бөлігінде), 379 (балық ресурстары және басқа да су жануарлары бөлігінде), 380 (балық ресурстары және басқа да су жануарлары бөлігінде), 380-1 (балық ресурстары және басқа да су жануарлары бөлігінде), 382 (бірінші бөлігінде), 383 (бірінші, екінші және бесінші бөліктерінде), 384, 390 (балық ресурстары және басқа да су жануарлары бөлігінде), 392 (бірінші бөлігінде), 394 (балық ресурстары және басқа да су жануарлары бөлігінде), 395 (бірінші бөлігінде), 396 (бірінші бөлігінде) (балық ресурстары және басқа да су жануарлары бөлігінде), 407-1 (балық ресурстары және су жануарлары бөлігінде), 407-2 (балық ресурстары және су жануарлары бөлігінде), 464-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.
2. Балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган ведомствосының және оның аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдары әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға құқылы.";
21) 722-2-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"722-2-бап. Қаржы мониторингі жөніндегі органдар
1. Қаржы мониторингі жөніндегі органдар осы Кодекстің 214 (бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы, он жетінші, он сегізінші бөліктерінде) (бұл бұзушылықтарды заң консультанттары, заң мәселелері жөніндегі тәуелсіз мамандар, лизинг беруші ретінде лизингтік қызметті лицензиясыз жүзеге асыратын, жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату мәмілелерін жүзеге асыру кезінде делдалдық қызметтер көрсететін, бағалы металдармен және асыл тастармен, олардан жасалған зергерлік бұйымдармен операцияларды жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар, бухгалтерлік есепке алу саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын бухгалтерлік ұйымдар мен кәсіби бухгалтерлер, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы және ұялы байланыс операторлары жасаған кезде), 214-1-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.
2. Қаржы мониторингі органдарының басшылары, олардың орынбасарлары және уәкілетті жұмыскерлері әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға құқылы.";
22) 729-баптың бірінші бөлігінде:
"455 (бірінші бөлігінде, екінші бөліктің 1), 2), 4), 6), 7), 8) және 9) тармақшаларында, үшінші және бесінші бөліктерінде)," деген сөздерден кейін "456-3 (бірінші бөлігінде)," деген сөздермен толықтырылсын;
"488-1-баптарында" деген сөздер "488-1, 505-баптарында" деген сөздермен ауыстырылсын;
23) 730-баптың бірінші бөлігіндегі "7-2," деген цифрлар алып тасталсын;
24) 730-1-бапта:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы осы Кодекстің 84, 127-3, 129, 135, 135-1, 409 (7-2-бөлігінде) және 668-2-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарайды.";
екінші бөліктегі "мен оның орынбасарлары" деген сөздер ", оның орынбасарлары мен уәкілетті жұмыскерлері" деген сөздермен ауыстырылсын;
25) 804-бапта:
бірінші бөлікте:
"129," деген цифрлар алып тасталсын;
"456-2 (үшінші, төртінші, бесінші және алтыншы бөліктері)," деген сөздер "456-2 (үшінші, 3-1, төртінші, бесінші алтыншы және жетінші бөліктері)," деген сөздермен ауыстырылсын;
9) тармақшадағы "383 (үшiншi және төртінші бөлiктерi), 385 (екiншi бөлiгi), 389, 392 (үшінші бөлігі), 395 (екiншi бөлiгi)," деген сөздер "385 (екінші бөлігі), 389 (балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қоспағанда)," деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:
"9-1) балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті органдардың (160 (екінші бөлігі), 382 (екінші және үшінші бөліктері), 383 (үшінші және төртінші бөліктері), 389 (балық ресурстары және басқа да су жануарлары бөлігінде), 392 (үшінші бөлігі), 395 (екінші бөлігі), 396 (екінші бөлігі), 398, 462, 463-баптар);";
14) тармақша "214" деген цифрлардан кейін "(бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы, он жетінші, он сегізінші және он тоғызыншы бөліктері)" деген сөздермен толықтырылсын;
14-1) тармақша "214-бап" деген сөздерден кейін "(бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы, он жетінші, он сегізінші және он тоғызыншы бөліктері)" деген сөздермен толықтырылсын;
23) тармақша "214" деген цифрлардан кейін "(бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы, он жетінші, он сегізінші және он тоғызыншы бөліктері)" деген сөздермен толықтырылсын;
27) тармақша "214" деген цифрлардан кейін "(бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы, он жетінші, он сегізінші және он тоғызыншы бөліктері)" деген сөздермен толықтырылсын;
27-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"27-1) қаржы мониторингі жөніндегі органдар (214 (он тоғызыншы бөлігі) (бұл бұзушылықтарды заң консультанттары, заң мәселелері жөніндегі тәуелсіз мамандар, лизинг беруші ретінде лизингтік қызметті лицензиясыз жүзеге асыратын, жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату мәмілелерін жүзеге асыру кезінде делдалдық қызметтер көрсететін, бағалы металдармен және асыл тастармен, олардан жасалған зергерлік бұйымдармен операцияларды жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар, бухгалтерлік есепке алу саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын бухгалтерлік ұйымдар мен кәсіби бухгалтерлер, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы және ұялы байланыс операторлары жасаған кезде), 462, 463 (бұл бұзушылықтарды заң консультанттары, заң мәселелері жөніндегі тәуелсіз мамандар, лизинг беруші ретінде лизингтік қызметті лицензиясыз жүзеге асыратын, жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату мәмілелерін жүзеге асыру кезінде делдалдық қызметтер көрсететін, бағалы металдармен және асыл тастармен, олардан жасалған зергерлік бұйымдармен операцияларды жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы және ұялы байланыс операторлары жасаған кезде)-баптар);";
33) тармақша "214" деген цифрлардан кейін "(бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы, он жетінші, он сегізінші және он тоғызыншы бөліктері)" деген сөздермен толықтырылсын;
40) тармақша "214" деген цифрлардан кейін "(бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы, он жетінші, он сегізінші және он тоғызыншы бөліктері)" деген сөздермен толықтырылсын;
50) тармақша:
"383 (үшінші және төртінші бөліктері)," деген сөздерден кейін "434-2," деген цифрлармен толықтырылсын;
"453," деген цифрлардан кейін "456-3 (екінші бөлігі)," деген сөздермен толықтырылсын;
59) тармақша "214" деген цифрлардан кейін "(бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы, он жетінші, он сегізінші және он тоғызыншы бөліктері)" деген сөздермен толықтырылсын;
65) тармақшадағы "135" деген цифрлар "130" деген цифрлармен ауыстырылсын;
екінші бөліктегі "214 (бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші және он екінші бөліктері" деген сөздер "214 (бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы, он жетінші, он сегізінші және он тоғызыншы бөліктері)" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-1-бөліктегі "214 (бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші және он екінші бөліктері" деген сөздер "214 (бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы, он жетінші, он сегізінші және он тоғызыншы бөліктері)" деген сөздермен ауыстырылсын;
26) 910-1-баптың бірінші бөлігіндегі "және оныншы бөліктерінде" деген сөздер ", оныншы, 10-1 және 10-2-бөліктерінде)" деген сөздермен ауыстырылсын.
2-бап. Осы Заң:
1) алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 17) тармақшасының бірінші, алтыншы және тоғызыншы абзацтарын, 19) және 20) тармақшаларын;
2) алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 11) және 12) тармақшаларын, 17) тармақшасының төртінші, сегізінші және он екінші абзацтарын;
3) 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 3) тармақшасының екінші – жиырма тоғызыншы абзацтарын, 4) және 18) тармақшаларын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ. ТОҚАЕВ |
