Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 2 сәуірдегі № 261-IV Заңы.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 173-баптан қараңыз
      Қолданушылар назарына!
      Қолданушыларға ыңғайлы болуы үшін ЗҚАИ мазмұнды жасады.

МАЗМҰНЫ

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Бүкіл мәтін бойынша "мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесі", "мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде", "мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесіндегі", "атқарушылық іс жүргізу жөніндегі автоматтандырылған ақпараттық жүйе", "мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесімен", "мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің" деген сөздер тиісінше "мемлекеттік автоматтандырылған цифрлық жүйесі", "мемлекеттік автоматтандырылған цифрлық жүйесінде", "мемлекеттік автоматтандырылған цифрлық жүйесіндегі", "атқарушылық іс жүргізудің автоматтандырылған цифрлық жүйесі", "мемлекеттік автоматтандырылған цифрлық жүйесімен", "мемлекеттік автоматтандырылған цифрлық жүйесінің" деген сөздермен ауыстыру көзделген – ҚР 09.01.2026 № 256-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша "заңнамалық актілермен", "заңнамалық актілерінде" деген сөздер тиісінше "заңдарда", "заңдарында" деген сөздермен ауыстырылды – ҚР 11.06.2026 № 306-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

1 БӨЛІМ. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1-тарау. НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕР

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

      Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) атқарушылық іс жүргізу – борышкерден атқарушылық санкциясын атқарушылық іс жүргізу бойынша өсімпұлдарды, шығыстарды, жеке сот орындаушысының қызмет ақысын өндіріп ала отырып, атқарушылық құжаттарды мәжбүрлеп орындатуға бағытталған шаралар;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      1-1) тармақша жаңа редакцияда көзделген – ҚР 09.01.2026 № 256-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      1-1) атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесі – атқарушылық іс жүргізуді есепке алуды электрондық нысанда жүзеге асыруға, сот орындаушысының процестік әрекеттерін автоматтандыруға, сондай-ақ атқарушылық іс жүргізу тараптарының атқарушылық іс жүргізу барысында деректер алуына арналған ақпараттық жүйе;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      1-2) тармақшамен толықтыру көзделген – ҚР 24.06.2026 № 325-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      2) Борышкерлердің бірыңғай тізілімі – атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкерлер туралы мәліметтерді қамтитын деректердің біріздендірілген электрондық банкі;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      3) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 09.01.2026 № 256-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      3) бірыңғай электрондық сауда-саттық алаңы – ақпараттық жүйе, дерекқордың, электрондық аукционға қатысушыларға бірыңғай жалпы қолжетімді қол жеткізу нүктесін ұсынатын, электрондық аукцион өткізу үшін қажетті ақпаратты енгізу, сақтау және өңдеу мүмкіндігін қамтамасыз ететін техникалық, бағдарламалық, телекоммуникациялық және басқа да құралдардың жиынтығы;

      3-1) Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасы (бұдан әрі – Республикалық палата) – жеке сот орындаушыларының қызметін үйлестіруді және олардың Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасын сақтауын жүзеге асыратын коммерциялық емес, кәсіптік ұйым;

      3-2) жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы – Республикалық палатаның өңірдегі филиалы;

      4) жеке сот орындаушысы – атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі қызметпен айналысу құқығына уәкілетті орган берген лицензия (бұдан әрі – жеке сот орындаушысының лицензиясы) негізінде, заңды тұлға құрмай атқарушылық құжаттарды орындау бойынша жеке практикамен айналысатын Қазақстан Республикасының азаматы;

      5) мемлекеттік сот орындаушысы – мемлекеттік қызметтегі және атқарушылық құжаттарды мәжбүрлеп орындатуға бағытталған шараларды қабылдау бойынша өзіне заңмен жүктелген функцияларды орындайтын лауазымды адам;

      5-1) оңайлатылған іс жүргізу – аумақтық орган атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асыратын атқарушылық құжаттардың автоматтандырылған орындалуы;

      5-2) оңайлатылған іс жүргізудегі қаулы – оңайлатылған іс жүргізу шеңберінде қабылданатын, аумақтық орган басшысының не оның орынбасарының электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырылған процестік шешім тіркелетін аумақтық органның процестік құжаты;

      6) сот орындаушысы – атқарушылық құжаттарды мәжбүрлеп орындатуға бағытталған шараларды қабылдау бойынша өздеріне заңмен жүктелген функцияларды орындайтын және осы Заңда көзделген алып қоюлар үшін тең құқықтары мен міндеттері бар мемлекеттік сот орындаушысы және жеке сот орындаушысы;

      7) сот орындаушысының қаулысы – атқарушылық іс жүргізу процесінде сот орындаушысы қабылдайтын іс жүргізу шешімі тіркелетін іс жүргізу құжаты;

      8) толық мәжбүрлеп орындату – атқарушылық құжат сот орындаушысының іс жүргізуінде болған кезеңде оны толық көлемде орындау;

      9) уәкілетті орган – атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды және осы саладағы қызметті мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

      9-1) істердің әлеуметтік маңызы бар санаты – алименттерді, жалақыны, зейнетақыларды, жәрдемақыларды өндіріп алу, өмір мен денсаулыққа келтірілген зиянды өтеу туралы атқарушылық құжаттар;

      10) электрондық аукцион – аукцион нысанындағы электрондық сауда-саттықтың тәсілі, онда тыйым салынған мүлік бірыңғай электрондық сауда-саттық алаңы пайдаланыла отырып, оларға барлық әлеуетті сатып алушылардың тең қол жеткізуі негізінде өткізіледі.

      Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - ҚР 15.01.2014 № 164-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.10.2015 № 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 12.11.2015 № 391-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 09.06.2021 № 49-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.06.2024 № 97-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      2-бап жаңа редакцияда көзделген – ҚР 24.06.2026 № 325-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

2-бап. Атқарушылық іс жүргізудің міндеттері

      Осы Заңға сәйкес азаматтық және әкімшілік істер бойынша сот шешімдерінің, ұйғарымдардың, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша нұсқамалар мен қаулылардың, мүліктік өндіріп алу бөлігінде қылмыстық істер бойынша үкімдер мен қаулылардың, сондай-ақ өзге де органдар қаулыларының негізінде берілетін атқарушылық құжаттарды мәжбүрлеп орындатуға бағытталған шараларды міндетті және уақтылы қолдану атқарушылық іс жүргізудің міндеттері болып табылады.

      Ескерту. 2-бап жаңа редакцияда - ҚР 29.06.2020 № 351-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

3-бап. Атқарушылық іс жүргізудің негізгі принциптері

      Атқарушылық іс жүргізу:

      1) заңдылық;

      2) атқарушылық іс-әрекеттерді жүргізу мен мәжбүрлеп орындату шараларын қолданудың уақтылы және айқын болуы;

      3) адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеу;

      4) борышкер мен оның отбасы мүшелерінің өмір сүруіне қажетті мүліктің ең аз мөлшеріне қол сұғылмаушылық;

      5) өндіріп алушы талаптарының көлемі мен мәжбүрлеп орындату шаралары арақатынасының салыстырмалылығы;

      6) өндіріп алынған сомалар кезектің барлық талаптарын толық қанағаттандыруға жеткіліксіз болған кезде оларды бір кезектегі өндіріп алушылар арасында бөлудің барабарлығы;

      7) атқарушылық құжатты мәжбүрлеп орындату жөніндегі шығыстарды борышкердің есебінен өтеу;

      8) сот орындаушысының іс жүргізу әрекеттері мен қаулыларына сотқа шағымдануға еркіндік принциптері бойынша жүзеге асырылады.

4-бап. Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасы

      Ескерту. 4-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 15.01.2014 № 164-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заңнан және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.

      2. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар осы Заңнан басым болады. Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттардың Қазақстан Республикасының аумағында қолданылу тәртібі мен талаптары Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.

      3. Осы Заңның екінші деңгейдегі банктерге, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына қатысты қолданылатын ережелері Қазақстан Республикасының аумағында ашылған Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарына, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымдарының филиалдарына қолданылады.

      Ескерту. 4-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 15.01.2014 № 164-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 399-VI (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 10.01.2025 № 156-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

5-бап. Халықаралық, шетелдік соттар мен төрелік соттардың шешімдерін орындау

      1. Қазақстан Республикасында халықаралық және шетелдік соттардың, сондай-ақ төрелік соттардың шешімдерін орындау тәртібі Қазақстан Республикасы ратификациялаған тиісті халықаралық шарттарда және осы Заңда айқындалады.

      2. Шетелдік сот шешімінің негізінде Қазақстан Республикасының соты берген атқарушылық парақ шешімнің заңды күшіне енген кезінен бастап үш жыл ішінде мәжбүрлеп орындатуға берілуі мүмкін.

6-бап. Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасының қолданылу тәртібі

      Ескерту. 6-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 15.01.2014 № 164-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Атқарушылық іс жүргізу атқарушылық әрекеттерді жасау кезінде қолданылып жүрген нормаларға сәйкес жүзеге асырылады.

      2. Бюджетке төленетін салық және өзге де міндетті төлемдердің берешегін, айыппұлдар төлеуді кешіктіргені үшін өсімпұлдарды және Қазақстан Республикасының салық заңнамасын бұзғаны үшін өзге де санкцияларды өндіріп алу жөніндегі атқарушылық іс жүргізу осы Заңда белгіленген тәртіппен және Қазақстан Республикасының салық және кеден заңнамасына сәйкес жүргізіледі.

      3. Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиян үшін белгіленген тәртіппен жауапты деп танылған таратылатын заңды тұлғаның мүлкі жоқ немесе жеткіліксіз болған жағдайда, осы зиянды өтеу жөніндегі тиісті мерзімдік төлемдерді капиталдандыру сомаларын мемлекеттен өндіріп алу жөніндегі атқарушылық іс жүргізу уәкілетті орган белгілеген қағидалар сақтала отырып, осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.

      3-1. Заңсыз соттау, қылмыстық жауаптылыққа заңсыз тарту, бұлтартпау шарасы ретінде қамауға, үйқамаққа алуды, ешқайда кетпеу туралы қолхат беруді заңсыз қолдану, қамаққа алу немесе түзеу жұмыстары түрінде әкімшілік жазаны заңсыз қолдану, психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымға немесе өзге де медициналық ұйымға заңсыз орналастыру, кейіннен сот тәртібімен заңсыз деп танылған жасырын тергеу әрекеттерін жүргізу салдарынан келтірілген зиянды өтеу бойынша сот актілерін мемлекеттік бюджет есебінен орындау бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.

      4. Шетел азаматтарына, азаматтығы жоқ адамдар мен шетелдік ұйымдарға қатысты соттың және өзге де органдардың актілерін орындау осы Заңға сәйкес жүргізіледі.

      5. Қазақстан Республикасының аумағында басқа мемлекеттердің атқарушылық құжаттары бойынша атқарушылық іс жүргізу, егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардан өзгеше жағдай туындамаса, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      Ескерту. 6-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 15.01.2014 № 164-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.07.2018 № 180-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 07.07.2020 № 361-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.06.2026 № 306-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

7-бап. Атқарушылық іс жүргізуді жүзеге асыратын тұлғалар

      1. Осы Заңның 9-бабында тізбеленген атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі мәжбүрлеп орындату шараларын қолдану сот орындаушыларына жүктеледі.

      2. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі мәжбүрлеп орындату шараларын қолдану ішкі істер органдары қызметкерлерінің, жеке сот орындаушылары көмекшілерінің және өзге де мемлекеттік органдардың жәрдемдесуімен жүзеге асырылады.

      3. Сот орындаушысының қызметтік іс-әрекетіне заңдарда тікелей уәкілеттік берілген тұлғалардан басқа, ешкім де араласуға құқылы емес. Сот орындаушысының қызметіне заңсыз араласу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.

      Ескерту. 7-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 15.01.2014 № 164-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.10.2015 № 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

8-бап. Атқарушылық іс жүргізу тілі

      Атқарушылық іс жүргізу және оны жүргізумен байланысты іс-қағаздарын жүргізу тілі сот шешімінің немесе орындауға жататын өзге де құжаттың тілі ескеріле отырып белгіленеді.

9-бап. Атқарушылық құжаттардың тізбесі

      1. Мыналар атқарушылық құжаттар болып табылады:

      1) сот актілерінің негізінде берілетін атқарушылық парақтар;

      1-1) "Астана" халықаралық қаржы орталығы сотының шешімдері негізінде берілетін атқару парақтары;

      2) Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу заңнамасына сәйкес берілетін сот бұйрықтары;

      3) Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық, шетелдік соттардың және төрелік соттардың шешімдерін мәжбүрлеп орындату туралы сот актілерінің негізінде берілетін атқарушылық парақтар;

      4) төреліктің шешімдерін мәжбүрлеп орындату туралы соттың ұйғарымы негізінде берілетін атқару парақтары;

      4-1) соттардың талап қоюды қамтамасыз ету немесе талап қоюды қамтамасыз етудің күшін жою туралы ұйғарымдары, сондай-ақ соттардың алдын ала қамтамасыз ету шаралары немесе алдын ала қамтамасыз ету шараларының күшін жою туралы ұйғарымдары;

      4-2) "Астана" халықаралық қаржы орталығы сотының талап қоюды қамтамасыз ету немесе талап қоюды қамтамасыз етудің күшін жою туралы бұйрықтары;

      5) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген жағдайларда әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша шығарылған сот қаулылары;

      6) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген жағдайларда әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті органның (лауазымды тұлғаның) қаулылары;

      6-1) жұмыс берушінің жалақы төлеуі туралы нұсқама;

      7) алып тасталды - ҚР 11.07.2017 № 91-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      8) атқару санкциясын өндіріп алу туралы сот орындаушысының қаулылары;

      9) сот орындаушысының атқарушылық іс-әрекеттер жасау кезінде келтірілген шығыстарды өтеу туралы қаулысы;

      10) жеке сот орындаушысының өзінің қызмет ақысының сомасын бекіту туралы қаулысы;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      11) тармақша жаңа редакцияда көзделген – ҚР 09.01.2026 № 256-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      11) әкімшілік жаза қолдануға уәкілеттік берілген орган (лауазымды адам) берген айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамалар;

      11-1) атқарушылық жазба;

      12) қылмыстық іс бойынша шығарылған мүлікке тыйым салу туралы сот қаулысы;

      13) жеке тұлғаның берешегін өндіріп алу туралы салықтық бұйрық.

      2. Атқарушылық құжат жоғалған жағдайда атқарушылық құжатты берген орган Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен беретін оның телнұсқасы өндіріп алу үшін негіз болып табылады.

      3. Ол бойынша атқарушылық іс жүргізу қозғалған атқарушылық құжат атқарушылық іс жүргізу материалдарында болады. Сот орындаушысы атқарушылық іс жүргізудің қозғалғаны туралы қаулыны аталған атқарушылық құжаттың көшірмесімен қоса орындау үшін жібереді.

      Ескерту. 9-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 15.01.2014 № 164-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.10.2015 № 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 31.10.2015 № 378-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 08.04.2016 № 489-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.07.2017 № 91-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 25.12.2017 № 122-VI (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 26.06.2020 № 349-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.07.2023 № 23-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

9-1-бап. Атқарушылық құжатты орындауға ұсыну

      Өндіріп алушы мемлекеттік сот орындаушысы орындауға тиісті қағаз жеткізгіштегі атқарушылық құжатты осы Заңның талаптарына сәйкес аумағы бойынша тиісті әділет органына ұсынады.

      Өндіріп алушы жеке сот орындаушысы орындауға тиісті қағаз жеткізгіштегі атқарушылық құжатты осы Заңның талаптарына сәйкес аумағы бойынша жеке сот орындаушыларының тиісті өңірлік палатасына ұсынады.

      Өндіріп алушы немесе оның өкілі өтінішті қағаз жеткізгіште не атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған цифрлық жүйесі арқылы береді.

      Электрондық атқарушылық құжатты шығарған орган оны атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған цифрлық жүйесі арқылы осы Заңның талаптарына сәйкес аумағы бойынша тиісті әділет органына не жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына жібереді.

      Ескерту. 9-1-баппен толықтырылды – ҚР 30.12.2025 № 246-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

10-бап. Сот орындаушысының қаулысы

      1. Осы Заңның 47-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, атқарушылық құжат орындауға берілген күннен бастап атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша сот орындаушысы қабылдайтын шешімдер қаулылармен ресімделеді.

      Сот орындаушысының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған қаулылар қағаз жеткізгіштегі қаулылармен тепе-тең мәнде болады.

      2. Сот орындаушысының қаулысында:

      1) аумақтық бөлімнің атауы және мекенжайы немесе жеке сот орындаушысы кеңсесінің мекенжайы;

      2) қаулының шығарылған күні;

      3) қаулыны шығарған адамның лауазымы, тегі және аты-жөні;

      4) қаулы шығарылатын атқарушылық іс жүргізудің атауы мен нөмірі көрсетілуге тиіс.

      Атқарушылық іс жүргізуді қозғаудан бас тарту туралы қаулыда атқарушылық құжаттың атауы мен нөмірі;

      5) қаулы шығарылатын мәселе;

      6) қабылданатын шешімнің заңдарға және өзге де нормативтік құқықтық актілерге сілтемесі бар негіздемесі;

      7) мәселенің мәні бойынша қабылданған шешімді көрсететін қаулының қарар жазылған бөлігі;

      8) қаулыға шағым жасау тәртібі көрсетіледі.

      3. Сот орындаушысы қаулыда өзі жіберіп алған жаңылыс жазуларды немесе көрінеу арифметикалық қателерді өз бастамасы бойынша немесе атқарушылық іс жүргізуге қатысушы адамдардың өтініші бойынша түзетуге құқылы. Аталған түзетулер бұрын шығарылған қаулыға өзгерістер енгізу туралы қаулымен енгізіледі.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      4-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 24.06.2026 № 325-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      4. Мемлекеттік сот орындаушысы қаулысының күшін жою аумақтық бөлім басшысының - аға сот орындаушысының тиісті қаулысымен жүргізіледі.

      Жеке сот орындаушысы қаулысының күшін жоюды оны шығарған жеке сот орындаушысы не іс жүргізуіне атқарушылық құжат берілген басқа жеке сот орындаушысы, оның ішінде сот актісінің немесе прокурордың наразылығының негізінде жүргізеді.

      5. Сот орындаушысының қаулысы шығарылған күнінен бастап күшіне енеді, міндетті түрде орындалуға тиіс және оған Қазақстан Республикасының әкімшілік сот ісін жүргізу туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа он жұмыс күні ішінде шағым жасалуы мүмкін.

      6. Сот орындаушылары қаулыларының үлгі нысандарын уәкілетті орган бекітеді.

      Ескерту. 10-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 15.01.2014 № 164-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.10.2015 № 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 26.06.2020 № 349-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.06.2020 № 351-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

1-1-тарау. Оңайлатылған іс жүргізу

      Ескерту. Заң 1-1-тараумен толықтырылды – ҚР 19.06.2024 № 97-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

10-1-бап. Оңайлатылған іс жүргізудің ерекшеліктері

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      1-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 24.06.2026 № 325-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      1. Оңайлатылған іс жүргізу шеңберінде осы Заңның 9-бабы 1-тармағының 5), 6), 11) және 13) тармақшаларында көзделген, жеке тұлғадан жиырма айлық есептік көрсеткішке дейінгі соманы өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттар қабылданады.

      2. Атқарушылық құжат оңайлатылған іс жүргізу шеңберінде осы Заңда көзделген мерзімде орындалмаған жағдайда, осы Заңның 138-бабының 1-тармағына сәйкес орындалады.

      3. Оңайлатылған іс жүргізу шеңберінде борышкер атқарушылық құжаттың талаптарын оңайлатылған тәртіппен орындаудан бас тартуға құқылы.

      Бас тартылған жағдайда атқарушылық құжат сот орындаушысына орындауға беріледі.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      4-тармақ жаңа редакцияда көзделген – ҚР 24.06.2026 № 325-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      4. Оңайлатылған іс жүргізу бойынша шығарылған қаулы сот орындаушысының қаулысымен тепе-тең мәнде болады.

      5. Оңайлатылған іс жүргізуді жүзеге асыру тәртібін уәкілетті орган айқындайды.

10-2-бап. Атқарушылық құжатты оңайлатылған іс жүргізуге қабылдау

      1. Электрондық нысанда келіп түскен атқарушылық құжаттың негізінде аумақтық орган осы Заңның 11-бабы 1-1-тармағының талаптарын сақтай отырып, атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы оңайлатылған іс жүргізуді дереу қозғайды, ол жөнінде қаулы шығарылады және борышкер тиісті түрде хабардар етіледі.

      2. Атқарушылық құжаттың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігі үшін атқарушылық құжатты берген орган жауапты болады.

10-3-бап. Оңайлатылған іс жүргізудегі мәжбүрлеп орындату шаралары

      Оңайлатылған іс жүргізу шеңберінде осы Заңның 32-бабы 2-тармағының 1-1) және 3) тармақшаларында және 36-бабында көзделген атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар қабылданады.

      Борышкердің банктердегі немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардағы ақшалай сомаларынан өндіріп алу атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде қалыптастырылған аумақтық органның инкассолық өкімі негізінде жүзеге асырылады.

10-4-бап. Оңайлатылған іс жүргізудегі атқарушылық құжаттарды орындау мерзімдері

      Оңайлатылған іс жүргізудегі атқарушылық құжатты орындау оңайлатылған іс жүргізу қозғалған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмей аяқталуға тиіс.

      Борышкердің оңайлатылған іс жүргізу шеңберінде атқарушылық құжаттың талаптарын орындамауы атқарушылық құжатты уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жеке сот орындаушысына беруге негіз болып табылады.

10-5-бап. Оңайлатылған іс жүргізуді тоқтатудың негіздері мен салдары

      1. Оңайлатылған іс жүргізу, егер:

      1) атқарушылық құжаттың талабы толық көлемде орындалса;

      2) тиісті органның атқарушылық құжатты беруге негіз болған шешімінің күші жойылса;

      3) борышкер уәкілетті органның (лауазымды адамның) шешімі негізінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен әкімшілік жауаптылықтан немесе қолданылған әкімшілік жазадан босатылса, тоқтатылады.

      2. Оңайлатылған іс жүргізу тоқтатылған жағдайларда аумақтық орган атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде дереу қаулы шығарады.

      3. Тоқтатылған оңайлатылған іс жүргізуді оңайлатылған тәртіппен қайта бастауға болмайды.

      4. Оңайлатылған іс жүргізуді тоқтатумен бір мезгілде оңайлатылған іс жүргізудегі атқарушылық құжаттың орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар автоматты түрде жойылады.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      5-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 09.01.2026 № 256-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      5. Оңайлатылған іс жүргізу тоқтатылған жағдайда, орындалмаған инкассолық өкімдер атқарушылық іс жүргізудің автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде автоматты түрде кері қайтарып алынады.

      Ескерту. 10-5-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 01.07.2026 № 330-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

10-6-бап. Атқарушылық құжатты оңайлатылған іс жүргізуден жеке сот орындаушысына берудің негіздері мен салдары

      1. Егер:

      1) осы Заңның 10-4-бабында көзделген мерзім өтсе;

      2) борышкер оңайлатылған іс жүргізудегі атқарушылық құжаттың талаптарын орындаудан бас тартса, атқарушылық құжат оңайлатылған іс жүргізуден жеке сот орындаушысына беріледі.

      2. Берілген оңайлатылған іс жүргізуді оңайлатылған тәртіппен қайта бастауға болмайды.

      3. Атқарушылық құжат оңайлатылған іс жүргізуден жеке сот орындаушысына берілген жағдайда, оңайлатылған іс жүргізудегі атқарушылық құжаттың орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі қабылданған шаралардың күші жойылуға жатпайды.

      4. Оңайлатылған іс жүргізу берілген жағдайда, шығарылған инкассолық өкімдер атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде автоматты түрде кері қайтарып алынады.

10-7-бап. Оңайлатылған іс жүргізудегі шешімге шағымдану

      Өндіріп алушы немесе борышкер оңайлатылған іс жүргізудегі қаулыға Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде белгіленген тәртіппен шағым жасай алады.

2-тарау. АТҚАРУШЫЛЫҚ IС ЖҮРГIЗУДЕГІ МЕРЗІМДЕР

11-бап. Атқарушылық құжаттарды орындауға беру мерзімдері

      1. Атқарушылық құжаттар мәжбүрлеп орындатуға мынадай мерзімдерде:

      1) сот актілері негізінде берілетін сот бұйрықтары мен атқарушылық парақтар, - үш жыл ішінде;

      1-1) "Астана" халықаралық қаржы орталығы сотының шешімдері негізінде берілетін атқару парақтары – үш жыл ішінде;

      2) төреліктің шешімдерін, халықаралық және шетелдік төреліктердің шешімдерін мәжбүрлеп орындату туралы соттың ұйғарымы негізінде берілетін атқару парақтары – үш жыл ішінде;

      3) соттардың әкімшілік құқық бұзушылық туралы іc бойынша шығарған қаулылары - егер заңда өзге мерзімдер белгіленбесе, бір жыл ішінде;

      4) әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға уәкілеттік берілген органның (лауазымды адамның) қаулылары, - бір жыл ішінде;

      4-1) "Астана" халықаралық қаржы орталығы сотының талап қоюды қамтамасыз ету туралы бұйрықтары – сот бұйрық шығарған күннен бастап бір жыл ішінде;

      5) алып тасталды - ҚР 11.07.2017 № 91-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      6) әкімшілік жаза қолдануға уәкілеттік берілген орган (лаузымды адам) берген айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамалар – бір жыл ішінде;

      6-1) атқарушылық жазбалар – үш жыл ішінде берілуі мүмкін.

      7) мемлекеттік сот орындаушысының атқарушылық санкцияны өндіріп алу туралы қаулылары – үш жыл ішінде;

      8) сот орындаушысының атқарушылық әрекеттер жасау кезінде келген шығыстарды өтеу туралы қаулылары – үш жыл ішінде;

      9) жеке сот орындаушысының өз қызметіне төленетін ақы сомаларын бекіту туралы қаулылары – үш жыл ішінде;

      10) соттың қылмыстық іс бойынша шығарылған мүлікке тыйым салу туралы қаулылары – бір жыл ішінде;

      11) қылмыстық теріс қылық және (немесе) қылмыс үшін айыппұл өндіріп алу туралы атқарушылық парақтар үкім заңды күшіне енгеннен кейін:

      қылмыстық теріс қылық үшін сотталған кезде бір жыл ішінде;

      онша ауыр емес қылмыс үшін сотталған кезде үш жыл ішінде;

      ауырлығы орташа қылмыс үшін сотталған кезде алты жыл ішінде;

      ауыр қылмыс үшін сотталған кезде он жыл ішінде;

      аса ауыр қылмыс үшін сотталған кезде он бес жыл ішінде орындауға ұсынылуы мүмкін;

      12) жұмыс берушінің жалақы төлеуі туралы нұсқама – үш жыл ішінде;

      13) жеке тұлғаның берешегін өндіріп алу туралы салық бұйрықтары үш жыл ішінде ұсынылуы мүмкін.

      1-1. Осы баптың 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген атқарушылық құжаттарды, дереу орындалуға тиіс, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 470-бабының үшінші бөлігіне немесе Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 241-бабы екінші бөлігінің екінші абзацына сәйкес шығарылған атқарушылық құжаттарды қоспағанда, атқарушылық құжаттар сот актісі заңды күшіне енгеннен кейін немесе өзге органдар мен уәкілетті тұлғалар осы құжаттарды шығарған, олардан үзінді көшірме берген не оларды берген кезден бастап бес жұмыс күнінен соң мәжбүрлеп орындатуға ұсынылуы мүмкін.

      2. Аталған мерзімдер:

      1) сот актілерінің негізінде берілген атқарушылық парақтарды мүлікті өндіріп алу бөлігінде орындау кезінде - сот актісі заңды күшіне енген не сот актісін орындаудың мерзімін кейінге қалдыру немесе ұзарту кезінде белгіленген мерзім аяқталғаннан кейінгі күннен бастап, ал сот актісі дереу орындалуға тиіс болған жағдайларда - шешім шығарылғаннан кейінгі келесі жұмыс күнінен кешіктірмей;

      2) төреліктің шешімдерін, халықаралық және шетелдік төреліктердің шешімдерін мәжбүрлеп орындату туралы соттың ұйғарымы негізінде берілген атқару парақтарын орындау кезінде – шешім күшіне енгеннен кейінгі күннен бастап;

      3) әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша шығарылған сот қаулыларын орындау кезінде, - қаулы шығарылған күннен бастап;

      4) әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті органның (лауазымды адамның) қаулысын орындау кезінде, - мәжбүрлеп орындату туралы шешім қабылданғаннан кейінгі күннен бастап;

      5) қалған барлық атқарушылық құжаттар бойынша - олар берілгеннен кейінгі күннен бастап есептеледі.

      3. Мерзімдік төлемдерді өндіріп алу туралы (алименттер өндіріп алу туралы, жарақат алумен немесе денсаулығын өзгедей зақымдаумен және басқадай келтірілген зиянды өтеу туралы істер бойынша) шешімдердің негізінде жазылған атқарушылық құжаттар төлем жасауға берілген барлық уақытта күшін жоймайды. Мұндай жағдайларда мерзім әрбір төлем үшін жеке есептеледі.

      Ескерту. 11-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 03.07.2013 № 125-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.01.2014 № 164-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.07.2014 № 236-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.10.2015 № 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 31.10.2015 № 378-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 08.04.2016 № 489-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.07.2017 № 91-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.06.2020 № 349-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.06.2026 № 325-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

12-бап. Атқарушылық құжатты беру кезіндегі мерзім үзілісі

      1. Атқарушылық құжатты орындауға беруге арналған мерзім:

      1) атқарушылық құжат орындауға берілгенде;

      2) борышкер атқарушылық құжатты ішінара орындағанда, сот орындаушысы бұл жөнінде атқарушылық құжатқа белгі қояды;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      3) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 01.07.2026 № 330-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      3) борышкерді іздестіру кезеңінде үзіледі.

      2. Үзілістен кейін мерзімнің өтуі қайтадан басталады, бұл ретте үзіліске дейінгі өткен уақыт жаңа мерзімге есептеледі.

      3. Үзілістен кейінгі жаңа мерзім атқарушылық құжат бойынша өндіріп алу толық немесе ішінара жүргізілмей, ол өндіріп алушыға қайтарылған күннен бастап есептеледі.

      Ескерту. 12-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 26.07.2016 № 12-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.06.2020 № 349-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

13-бап. Атқарушылық құжатты орындауға беру үшін өткізіп алынған мерзімді қалпына келтіру

      1. Атқарушылық құжатты орындауға беруге арналған мерзімді өткізіп алған өндіріп алушы сот актісін шығарған сотқа немесе оның орындалатын орны бойынша сотқа өтіп кеткен мерзімді қалпына келтіру туралы өтініш жасауға құқылы.

      2. Атқарушылық парағының, сот бұйрығының орындауға берілген мерзімін өткізіп алу себептерін сот дәлелді деп таныған жағдайда мерзім қалпына келтірілуі мүмкін.

3-тарау. АТҚАРУШЫЛЫҚ IС ЖҮРГIЗУГЕ ҚАТЫСУШЫЛАР

14-бап. Атқарушылық іс жүргізуге қатысушылардың құрамы

      Мыналар:

      1) атқарушылық іс жүргізудің тараптары (өндіріп алушы және борышкер);

      2) атқарушылық іс жүргізу тараптарының өкілдері;

      3) сот орындаушысы;

      4) атқарушылық құжатта қамтылған талаптарды орындауға жәрдемдесетін өзге де адамдар (оның ішінде ішкі істер органдарының және өзге де мемлекеттік органдардың қызметкерлері, сот приставы, жеке сот орындаушысының көмекшісі, аудармашы, куәгерлер, маман, сот орындаушысы тыйым салынған мүлікті күзетуге немесе сақтауға берген адам) атқарушылық іс жүргізуге қатысушылар болып танылады.

      Ескерту. 14-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 15.01.2014 № 164-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.10.2015 № 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

15-бап. Атқарушылық іс жүргізу тараптары

      1. Өндіріп алушы мен борышкер атқарушылық іс жүргізу тараптары болып табылады.

      2. Өз пайдасына немесе мүдделеріне атқарушылық құжат берілген жеке немесе заңды тұлға өндіріп алушы болып табылады.

      3. Атқарушылық құжатта көзделген талаптарды орындауға міндетті жеке немесе заңды тұлға борышкер болып табылады.

      4. Атқарушылық іс жүргізуге бірнеше өндіріп алушы немесе борышкер (бірге қатысушылар) қатыса алады. Олардың әрқайсысы атқарушылық іс жүргізуге дербес қатысады. Атқарушылық құжат бойынша борышкерге оның өзі ғана орындай алатын міндеттер (жеке міндеттер) жүктелген жағдайларды қоспағанда, бірге қатысушы атқарушылық іс жүргізуде өз мүдделерін қорғауды, басқа бірге қатысушыға оның келісімімен тапсыруы мүмкін.

16-бап. Атқарушылық іс жүргізу тараптарының құқықтары мен міндеттері

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      1-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 24.06.2026 № 325-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      1-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 01.07.2026 № 330-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      1. Атқарушылық іс жүргізу тараптары атқарушылық іс жүргізу материалдарымен, оның ішінде электрондық нысанда танысуға, олардан үзінді көшірмелер жасауға, көшірмелерін алуға, қосымша материалдар беруге, өтініш білдіруге, атқарушылық әрекеттер жасауға қатысуға, атқарушылық әрекеттер процесінде ауызша және жазбаша түсініктер беруге, атқарушылық іс жүргізу барысында туындайтын барлық мәселелер бойынша өз дәлелдері мен пікірлерін айтуға, атқарушылық іс жүргізуге қатысушы басқа адамдардың дәлелдері мен өтініштеріне қарсылық білдіруге, бас тартатынын мәлімдеуге, атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша сот орындаушысының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) немесе шешімдеріне шағым жасауға, бітімгершілік келісімді бекіту туралы өтінішпен сотқа жүгінуге құқылы.

      2. Атқарушылық іс жүргізу тараптары өздеріне берілген барлық құқықтарды адал пайдалануға, сондай-ақ осы Заңның талаптарын орындауға міндетті.

      Борышкер жұмыс орнының, тұрғылықты және орналасқан жерінің өзгергені, сондай-ақ жаңа табыс көздерінің және мүлкінің пайда болғаны туралы көрсетілген мән-жайлар туындаған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде сот орындаушысына жазбаша хабарлауға міндетті.

      Борышкер атқарушылық іс жүргізу аяқталғанға дейін айына бір рет, сондай-ақ шақырған жағдайларда сот орындаушысына келуге міндетті. Келмеуі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.

      Ескерту. 16-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 15.01.2014 № 164-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.10.2015 № 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

17-бап. Атқарушылық іс жүргізудегі құқықтық мирасқорлық

      1. Борышкер қатардан шыққан (жеке тұлға қайтыс болған, заңды тұлға қайта ұйымдастырылған, борыш ауысқан) жағдайда мемлекет кірісіне өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттар бойынша мемлекеттік сот орындаушысы, жеке сот орындаушысы шешім шығарған сотқа борышкерді оның құқықтық мирасқорына ауыстыру жөнінде ұйғарым шығару туралы ұсыныспен ұсыну жібереді. Ұсыну сот орындаушысына борышкердің құқықтық мирасқорлығы туралы белгілі болған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде жіберіледі. Құқықтық мирасқордың атқарушылық іс жүргізуге кіріскеніне дейін жасалған барлық іс-әрекет борышкер үшін қалай міндетті болса, ол үшін де сондай дәрежеде міндетті болады.

      2. Өзге жағдайлардың бәрінде құқықтық мирасқорлық Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес өндіріп алушының өтініші бойынша белгіленеді.

      Ескерту. 17-бап жаңа редакцияда - ҚР 15.01.2014 № 164-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 11.06.2026 № 306-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

18-бап. Атқарушылық іс жүргізуге тараптар өкілдерінің қатысуы

      1. Жеке тұлғалар атқарушылық іс жүргізуге дербес немесе өкілдері арқылы қатыса алады. Атқарушылық іс жүргізуге жеке тұлғаның өзінің қатысуы оны өз өкілі болуы құқығынан айырмайды. Егер атқарушылық құжат бойынша борышкерге оның өзі ғана орындай алатын міндеттер жүктелсе, онда борышкер оларды орындау кезінде өкілі арқылы әрекет етуге құқылы емес.

      2. Ұйымдардың атқарушылық іс жүргізуге қатысуы олардың өздеріне заңдармен, өзге де нормативтік құқықтық актілермен және құрылтай құжаттарымен берілген өкілеттіктер шегінде әрекет ететін органдары не аталған органдардың өкілдері арқылы жүзеге асырылады.

      Ұйым атынан өкілдік ететін адамдардың өздерінің лауазымдық жағдайлары мен өкілеттіктерін растайтын құжаттары болуға міндетті.

      3. Өкілдің өкілеттіктері Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес берілген және ресімделген сенімхатпен куәландырылады.

19-бап. Өкілдің өкілеттіктері

      1. Атқарушылық іс жүргізудегі өкіл өкілдік берушінің атынан сенімхат бойынша берілген өкілеттіктері шегінде атқарушылық іс жүргізумен байланысты барлық іс-әрекеттерді жасайды.

      2. Өкілдік берушінің беретін сенімхатында өкілдің мынадай іс-әрекеттер жасауға:

      1) атқарушылық құжатты ұсынуға және кері қайтарып алуға;

      2) өкілеттіктерін басқа тұлғаға беруге (қайта сенім білдіруге);

      3) сот орындаушысының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) немесе шешімдеріне шағым жасауға;

      4) берілген мүлікті (соның ішінде ақшаны) алуға;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      5) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 24.06.2026 № 325-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      5) бітімгершілік келісім жасасуға өкілеттіктері арнайы ескертілуге тиіс.

20-бап. Өкіл бола алмайтын тұлғалар

      1. Он сегіз жасқа толмаған немесе қорғаншылықта не қамқоршылықта тұратын адамдар атқарушылық іс жүргізуде өкіл бола алмайды.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      2-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 24.06.2026 № 325-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      2. Судьялар, прокурорлар, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, өкілді органдардың депутаттары, уәкілетті органның және оның аумақтық бөлімшелерінің, сот әкімшілігі саласындағы уәкілетті органның қызметкерлері, сондай-ақ олардың жақын туыстары, жұбайы (зайыбы), олардың тиісті ұйымдардың уәкілеттік берілген адамдары немесе заңды өкілдері ретінде атқарушылық іс жүргізуге қатысу жағдайларынан басқа, атқарушылық іс жүргізуде өкіл бола алмайды. Егер мүдделері өкілдік берушінің мүдделеріне қайшы келетін адамдарға осы іс бойынша заң көмегін көрсетіп жатса немесе бұрын көрсеткен болса, сондай-ақ егер ол сот орындаушысының жұбайы (зайыбы) немесе жақын туысы болып табылса, ол адам өкіл бола алмайды.

      Ескертпе. Ата-аналар, балалар, асырап алушылар, асырап алынғандар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек ағалы-інілер мен апалы-сіңлілер, аталар, әжелер, немерелер осы Заңда жақын туыстар деп танылады.

      Ескерту. 20-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 15.01.2014 № 164-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.06.2026 № 325-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

21-бап. Заңды өкілдер

      1. Атқарушылық іс жүргізуде кәмелетке толмаған адамдардың, сондай-ақ сот әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп таныған адамдардың құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін, өкілеттіктері тиісті құжаттармен расталатын заңды өкілдері қорғайды.

      Заңды өкілдер іс-әрекет жасау құқығына заңда көзделген шектеулері бар өкілдік берушіге тиесілі барлық іс-әрекеттерді өкілдік берушілердің атынан жасайды.

      2. Сот хабарсыз кетті деп таныған адам қатысатын атқарушылық іс жүргізуге оның өкілі ретінде, хабарсыз кеткеннің мүлкі басқаруға берілген, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен өкіл ретінде тағайындалған адамдар қатысады.

      3. Қайтыс болған немесе қайтыс болды деп белгіленген тәртіппен жарияланған адамның мирасқоры қатысуға тиісті атқарушылық іс жүргізу бойынша, егер мұраны әлі ешкім қабылдамаған болса, мирасқордың өкілі ретінде өсиетті орындаушы немесе мұраны сенімгерлікпен басқарушы қатысады.

      4. Заңды өкілдер атқарушылық іс жүргізуге қатысуды өздері өкіл ретінде таңдап алған басқа адамға тапсыруы мүмкін.

22-бап. Атқарушылық іс жүргізуге аудармашының қатысуы

      1. Атқарушылық іс жүргізуге қатысушылар атқарушылық әрекеттер жасау кезінде, егер олар атқарушылық іс жүргізілетін тілді білмесе, өз бастамасы бойынша немесе сот орындаушысының ұсынысы бойынша аудармашы шақыра алады. Кәмелетке толған, әрекетке қабілетті, іске мүдделі емес, атқарушылық әрекеттерді жүргізу үшін білуі қажетті тілді меңгерген кез келген тұлға аудармашы бола алады.

      2. Аудармашының өз еңбегі үшін сыйақы алуға құқығы бар. Оған төленген сыйақы атқарушылық әрекеттер жасау жөніндегі шығыстарға жатқызылады.

      3. Көрінеу дұрыс аударма жасамаған жағдайда аудармашы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады, бұл туралы оған сот орындаушысы ескертеді.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      23-бапқа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 24.06.2026 № 325-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

23-бап. Атқарушылық іс жүргізуге куәгерлердің қатысуы

      1. Атқарушылық әрекеттер кемінде екі куәгердің қатысуымен жасалуы мүмкін.

      2. Мынадай жағдайларда:

      1) өндіріп алушының немесе борышкердің талабы бойынша;

      2) үйге орналастыру және үйден шығару туралы шешімдерді, борышкердің мүлкін пайдалануға тыйым салуға, алып қоюға және беруге, оның тұрғын үйін, үй-жайлары мен қоймаларын ашуға, тексеру жүргізуге байланысты әрекеттерді орындау кезінде куәгерлердің қатысуы міндетті.

      Өзге жағдайларда куәгерлер сот орындаушысының бастамасы бойынша қатысуы мүмкін.

      3. Кәмелетке толған, іс-әрекетке қабілетті, атқарушылық әрекеттердің нәтижесіне мүдделі емес кез келген азаматтар куәгерлер ретінде шақырылуы мүмкін.

      4. Куәгерлер қатысатын атқарушылық әрекеттер басталар алдында сот орындаушысы куәгердің атқарушылық әрекеттерге қатысу тәртібін түсіндіреді.

      5. Куәгер өзінің қандай атқарушылық әрекеттер жүргізу үшін шақырылып отырғанын, олар қандай атқарушылық құжаттың негізінде жасалатынын білуге құқылы. Куәгер жүргізілген әрекеттер жөнінде ескертулер жасауға құқылы. Куәгердің ескертулері тиісті атқарушылық әрекет хаттамасына енгізілуге тиіс.

      6. Куәгер жүргізілуіне өзі қатысқан іс жүргізу кезіндегі атқарушылық әрекеттердің фактісін, мазмұны мен нәтижелерін куәландырады.

      7. Куәгердің куәгерлік міндеттерін атқаруына байланысты шығарған шығыстарына өтемақы алуға, сондай-ақ толық ала алмаған жалақысын өтетуге немесе уақытын жоғалтуына байланысты ақшалай өтемақы алуға құқығы бар.

      8. Куәгерлерге төленетін ақша сомасы атқарушылық әрекеттер жасау жөніндегі шығыстарға жатқызылады.

24-бап. Атқарушылық іс жүргізуге маманның қатысуы

      1. Атқарушылық әрекеттер жасау кезінде туындайтын, арнаулы білімді талап ететін мәселелерді түсіндіру үшін, сондай-ақ тыйым салынған мүлікті бағалауды жүргізу, сату, тасымалдау, сақтау үшін сот орындаушысы атқарушылық іс жүргізу тараптарының өтініші бойынша немесе өз бастамасы бойынша тиісті қаулысымен маманды тағайындай алады. Қажет болған жағдайда бірнеше маман тағайындалуы мүмкін.

      2. Қорытынды беру немесе қажетті әрекеттерді жүргізу үшін қажет арнаулы білімі бар, іске мүдделі емес адам маман ретінде тағайындалуы мүмкін.

      3. Мамандардың атқарушылық әрекеттер жасауға байланысты жүргізілетін жұмысты орындағаны үшін сыйақы алуға құқығы бар. Бұл сыйақы және мамандар тартуға жұмсалған басқа да шығындар атқарушылық әрекеттер жасау жөніндегі шығыстарға жатқызылады.

25-бап. Атқарушылық іс жүргізудегі прокурор

      1. Прокуратура мемлекет атынан атқарушылық іс жүргізудің заңдылығына жоғары қадағалауды жүзеге асырады, кез келген заң бұзушылықты анықтау мен жою жөнінде шаралар қабылдайды.

      2. Прокурор атқарушылық іс жүргізуді, оның ішінде атқарушылық іс жүргізу тараптарының шағымдары мен арыздары бойынша атқарушылық іс жүргізуді өз өкілеттіктері шегінде үш жұмыс күнінен аспайтын мерзімге талап етіп алдыруға және тексеруге құқылы.

      3. Сот орындаушысының әрекетіне (әрекетсіздігіне) және қаулысына прокурорлық қадағалау актісі енгізілуі мүмкін, ол заңда белгіленген мерзімде міндетті түрде қарауға жатады.

      4. Прокурор, егер сот орындаушысының атқарушылық іс жүргізу жөніндегі әрекеттері (әрекетсіздігі):

      1) адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарына, заңды тұлғалардың, қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне зиян келтіруі;

      2) мемлекеттік органдардың, халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін мекемелер мен кәсіпорындардың жұмыс істеуіне кедергі келтіруі мүмкін болса, атқарушылық құжатты сот орындаушысының іс жүргізуінен алып қоюға және оны осы Заңға сәйкес басқа сот орындаушысына беру үшін аумағы бойынша тиісті әділет органына не жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына беруге құқылы.

      5. Прокурор атқарушылық құжатты беру туралы қаулы шығарады, ол міндетті түрде орындалуға жатады.

      6. Прокурор жүктелген функциялар мен міндеттерді орындау мақсатында өз қаулысымен сот орындаушыларының заңға сәйкес келмейтін актілерінің күшін жоюға құқылы.

      Ескерту. 25-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.10.2015 № 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 26.06.2020 № 349-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.11.2022 № 157-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

26-бап. Сот орындаушыларының ішкі істер органдарымен өзара іс-қимылы

      Ішкі істер органдары өздеріне заңмен берілген өкілеттіктер шегінде атқарушылық іс жүргізу барысында сот орындаушысының өміріне немесе денсаулығына қатер төнген жағдайда сот орындаушыларына жәрдем көрсетеді, сондай-ақ атқарушылық іс-әрекеттер жасалатын орындарда құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге, борышкерді мәжбүрлеп әкелуді жүзеге асыруға тартылады.

      Ескерту. 26-бап жаңа редакцияда - ҚР 15.01.2014 № 164-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 21.01.2019 № 217-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

4-тарау. АТҚАРУШЫЛЫҚ IС ЖҮРГIЗУДЕГІ ХАБАРЛАМА ЖӘНЕ ШАҚЫРТУ

27-бап. Атқарушылық іс жүргізудегі хабархаттар мен шақырулар

      1. Атқарушылық іс жүргізуге қатысушылар атқарушылық әрекеттер және мәжбүрлеп орындату шаралары туралы хабархатпен хабарландырылады.

      Атқарушылық құжат дереу орындалуға жататын жағдайларда, сондай-ақ мүлікке тыйым салу және өзге де қамтамасыз ету шараларын қабылдау кезінде сот орындаушысы атқарушылық әрекеттер жасауға және атқарушылық іс жүргізуге қатысушыларды бұл туралы алдын ала хабардар етпей, мәжбүрлеп орындату шараларын қабылдауға құқылы.

      Сот орындаушысына не атқарушылық әрекеттер жасалатын жерге шақырулар шақыру қағазын жіберу арқылы жүзеге асырылады.

      Шақыру қағазында мыналар көрсетіледі:

      1) адам шақырылатын сот орындаушысының тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), оның мекенжайы;

      2) шақырылатын жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) не заңды тұлғаның атауы;

      3) келу орны мен уақытын көрсету;

      4) шақырудың негізі, адам шақырылатын атқарушылық іс жүргізудің нөмірі;

      5) атқарушылық құжатты орындау үшін қажетті онда бар құжаттарды ұсынуға адамға ұсыныс жасау;

      6) осы Заңның 16-бабында көзделген құқықтар мен міндеттерді көрсету;

      7) хабарланатын немесе шақырылатын адамның келмеуінің салдарын және оның келмеу себептерін хабарлау міндетін көрсету;

      8) шақыру қағазын немесе хабархатты, шақыруды жіберген адамның қолы.

      Шақыру қағазы шақырылатын тұлғаның сот орындаушысына не атқарушылық әрекеттер жасалатын орынға уақтылы келуі үшін жеткілікті мерзім болатындай есеппен жіберілуге тиіс.

      2. Хабархат немесе шақыру қағазы, егер атқарушылық іс жүргізуге қатысушы немесе оның өкілі өзге мекенжайды көрсетпесе, атқарушылық құжатта көрсетілген мекенжай бойынша, атқарушылық іс жүргізуге қатысушының жұмыс орны бойынша оларды алғаны туралы хабарламасы бар тапсырыс хатпен не өзге де байланыс құралдары арқылы жіберіледі не адресатқа қолы қойғызылып табыс етіледі.

      Заңды тұлғаға жолданған хабархат немесе шақыру қағазы оның орналасқан жерінің, филиалының немесе өкілдігінің орналасқан жерінің мекенжайы бойынша жіберіледі.

      Хабархат немесе шақыру қағазы заңды тұлға көрсеткен мекенжай бойынша жазбаша нысанда жіберілуі мүмкін. Шақыру қағазы немесе хабархат, егер тіпті заңды тұлға көрсетілген мекенжай бойынша болмаса да, заңды тұлғаға оның орналасқан жері бойынша жеткізілді деп есептеледі.

      Хабарланатын немесе шақырылатын адам уақытша болмаған жағдайда шақыру қағазы немесе хабархат онымен бірге тұратын кәмелетке толған жақын туыстарының біріне, жұбайына (зайыбына) табыс етіледі. Мұндай жағдайда шақыру қағазын немесе хабархатты қабылдаған адам шақыру қағазының немесе хабархаттың түбіртегіне өзінің тегін, атын, әкесінің атын (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), сондай-ақ адресатқа қандай қатысы барын көрсетеді.

      Көрсетілген жағдайларда шақыру қағазы не хабархат тиісті түрде жеткізілді деп есептеледі.

      3. Хабархат немесе шақыру қағазы ұялы байланыстың абоненттік нөмірі бойынша мәтіндік хабарлар немесе электрондық пошта, атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы, сондай-ақ хабархаттың немесе шақырудың тіркелуін қамтамасыз ететін өзге де байланыс құралдарын пайдаланып жіберілуі мүмкін.

      4. Атқарушылық іс жүргізу тарапына:

      1) гибридтік жөнелту арқылы не оны табыс ету туралы хабарламасы бар тапсырыс хатпен атқарушылық құжатта көрсетілген мекенжай бойынша, соңғы белгілі тұрғылықты жері немесе орналасқан жері бойынша;

      2) сот орындаушысына жеке өзі ұсынған ұялы байланыстың абоненттік нөмірі бойынша немесе жеткізілгенін растайтын есепті алған кезде атқарушылық іс жүргізу тарапына тіркелген ұялы байланыстың абоненттік құрылғысына;

      3) атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы немесе егер мұндай хабархаттың немесе шақырудың келіп түспегені не кешірек түскені дәлелденбесе, хабархаттың немесе шақырудың тіркелуін қамтамасыз ететін өзге де байланыс құралдары пайдаланыла отырып;

      4) атқарушылық іс жүргізу тарапы көрсеткен электрондық пошта мекенжайына;

      5) хабархаттың тіркелуін қамтамасыз ететін өзге де тыйым салынбаған тәсілдермен жіберілген хабархат, шақыру қағазы тарапты тиісті түрде хабарлау, шақыру болып табылады.

      Тарап осы тармақтың бірінші бөлігінің 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген электрондық байланыс құралдары арқылы жіберілген шақыру қағазы бойынша келмеген жағдайда, қайтадан шақыру қағазы шақырудың тіркелуін қамтамасыз ететін өзге де байланыс және жеткізу құралдары пайдаланыла отырып жіберіледі.

      5. Ұялы байланыстың абоненттік нөмірі немесе электрондық мекенжай бойынша жіберілетін хабарда мынадай мәліметтер қамтылуға тиіс:

      1) сот орындаушысының тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), оның мекенжайы;

      2) шақырылатын немесе хабарланатын адамның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) не заңды тұлғаның атауы;

      3) хабархаттың қысқаша мазмұны, келу орны мен уақытын көрсету;

      4) шақырудың негізі, адам шақырылатын атқарушылық іс жүргізудің нөмірі.

      Хабардың жіберілгенін растайтын құжат атқарушылық іс жүргізу материалдарына қоса тіркеледі.

      Атқарушылық іс жүргізу тараптары атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесіндегі жеке кабинет арқылы атқарушылық іс жүргізумен және оған қоса берілетін материалдармен танысуға құқылы.

      6. Адресат шақыру қағазын немесе хабархатты қабылдаудан бас тартқан кезде оларды табыс ететін адам шақыру қағазына немесе хабархатқа тиісті белгі жасайды, олар сот орындаушысына қайтарылады, сондай-ақ бұл туралы, оның ішінде аудио- және (немесе) бейнетіркеуді пайдаланып, акт жасауға құқылы.

      Адресаттың шақыру қағазын немесе хабархатты қабылдаудан бас тартуы атқарушылық әрекеттерді жасау үшін кедергі болып табылмайды және адам тиісті түрде хабарланды деп есептеледі.

      Ескерту. 27-бап жаңа редакцияда – ҚР 26.06.2020 № 349-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

28-бап. Шақыру қағазын, хабарды, сот орындаушысының хабарламалары мен процестік құжаттарын жеткізу және тапсыру

      Ескерту. 28-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 29.10.2015 № 376-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

      1. Шақыру қағазы, хабар, сот орындаушысының хабарламасы және (немесе) процестік құжаттары почта арқылы жеткізіледі немесе сот орындаушысы оларды жеткізуді тапсырған адам жеткізеді және аумақтық бөлімге немесе жеке сот орындаушысының кеңсесіне қайтарылуға тиісті, қолына тапсырылғаны туралы хабарландыруға қолы қойғызылып, адресаттың жеке өзіне тапсырылады. Егер шақыру қағазы, хабар, сот орындаушысының хабарламасы және (немесе) процестік құжаттары өзге байланыс түрімен жеткізілсе, онда оларды адресатқа жеткізу күні мен уақыты белгіленген тәсілмен тіркеледі. Ұйымға арналған шақыру қағазы, хабар, сот орындаушысының хабарламасы және (немесе) процестік құжаттары ұйымның қызметкеріне тапсырылады, ол тапсыру туралы хабарламада өзінің тегін, аты-жөнін, лауазымын, алған күні мен уақытын көрсете отырып, шақыру қағазын, хабарды, сот орындаушысының хабарламасын және (немесе) процестік құжаттарын алғаны жөнінде қол қояды.

      Егер ұйым (заңды тұлға) әрекет етпеген және (немесе) басқару органы аппаратының қызметкерлері орнында болмаған жағдайда, ұйымның (заңды тұлғаның) шақыру қағазы, хабары, сот орындаушысының хабарламасы және (немесе) процестік құжаттары тікелей бірінші басшыға немесе бірінші басшының міндетін уақытша атқарушы адамға тапсырылады. Олар болмаған кезде шақыру қағазы, хабар, сот орындаушысының хабарламасы және (немесе) процестік құжаттары бас бухгалтерге (бухгалтерге) тапсырылады. Заңды тұлғаның басқару органы болмаған кезде шақыру қағазы, хабар, сот орындаушысының хабарламасы және (немесе) процестік құжаттары заңды тұлға құрылтайшыларының біріне тапсырылады.

      2. Алып тасталды - ҚР 26.06.2020 № 349-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      3. Алып тасталды - ҚР 26.06.2020 № 349-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      4. Алып тасталды - ҚР 26.06.2020 № 349-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. 28-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 15.01.2014 № 164-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.10.2015 № 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 26.06.2020 № 349-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

29-бап. Атқарушылық іс жүргізу кезінде мекенжайдың ауысуы

      Атқарушылық іс жүргізу тараптары атқарушылық іс жүргізу кезінде өз мекенжайының ауысқаны туралы сот орындаушысына үш жұмыс күні ішінде жазбаша хабарлауға міндетті. Мұндай хабар болмаған кезде шақыру қағазы немесе хабарлама сот орындаушысына белгілі соңғы мекенжайға жіберіледі және егер адресат бұл мекенжай бойынша енді тұрмайтын немесе болмайтын жағдайда да жеткізілді деп есептеледі.

      Ескерту. 29-бап жаңа редакцияда - ҚР 15.01.2014 № 164-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

30-бап. Шақыру қағазын, хабарды, сот орындаушысының хабарламасы мен процестік құжаттарын қабылдаудан бас тартудың немесе оларды алуға келмеудің салдарлары

      Ескерту. 30-бап алып тасталды – ҚР 26.06.2020 № 349-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

5-тарау. МӘЖБҮРЛЕП ОРЫНДАТУ ШАРАЛАРЫ

31-бап. Мәжбүрлеп орындату шараларын қолдану негіздері

      Сот орындаушысы өзінің іс жүргізуіне қабылдаған атқарушылық құжат мәжбүрлеп орындату шараларын қолдану үшін негіз болып табылады.

      Ескерту. 31-бап жаңа редакцияда - ҚР 15.01.2014 № 164-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

32-бап. Атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар

      1. Сот орындаушысы атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдауға міндетті.

      2. Атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар мыналар болып табылады:

      1) борышкердің өзіндегі не өзге де жеке немесе заңды тұлғалардағы (банктерді және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарды, сондай-ақ сақтандыру ұйымдарын қоспағанда) ақшасы мен бағалы қағаздарын қоса алғанда, мүлкіне тыйым салу;

      1-1) борышкердің банктердегі, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардағы, сондай-ақ сақтандыру ұйымдарындағы ақшасы мен мүлкіне тыйым салу;

      2) борышкердің өзіндегі не өзге де жеке немесе заңды тұлғалардағы жылжымалы мүлкін алып қою;

      2-1) борышкердің өзіндегі не өзге де жеке немесе заңды тұлғалардағы жылжымайтын мүлкін алып қою;

      3) борышкерге белгілі бір іс-әрекеттер жасауға тыйым салу, оның ішінде заңды тұлға органдарына шешімдер қабылдауға тыйым салу, сол сияқты заңды тұлғаның жылжымалы және жылжымайтын мүлкін, мүліктік және мүліктік емес құқықтарын, бағалы қағаздарын және жарғылық капитал мен мүліктегі үлестерін иеліктен шығару жөнінде қабылданған шешімдердің қолданылуын тоқтата тұру;

      4) борышкердің оған меншік құқығы негізінде тиесілі мүлікті, оның ішінде ақшаны пайдалануына тыйым салу не оларды сот атқарушысы белгілеген шекте пайдалануға нұсқау беру;

      5) борышкер мүлкіне сүргі салу;

      6) құқық белгілейтін құжаттарды алып қою;

      7) басқа адамдардың борышкерге мүлік, оның ішінде ақша беруіне немесе оған қатысты өзге де іс-әрекеттерді орындауына тыйым салу.

      3. Қажет болған жағдайларда орындауды қамтамасыз етудің бірнеше түрі қолданылуы мүмкін.

      4. Қамтамасыз етудің бір түрін басқасымен ауыстыру туралы мәселені сот орындаушысы атқарушылық іс жүргізу тараптарының арызы бойынша немесе өз бастамасы бойынша қарайды. Қамтамасыз етудің бір түрін басқасымен ауыстыру туралы мәселені қарау бұрын белгіленген қамтамасыз ету шараларының қолданылуын тоқтата тұрмайды.

      5. Атқарушылық іс жүргізуді тоқтата тұру, кейінге қалдыру немесе мерзімін ұзарту атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету жөнінде бұрын белгіленген шаралардың күшін жоюға әкеп соқпайды.

      6. Сот орындаушысы осы баптың 2-тармағының 1-1), 2-1) және 6) тармақшалары бойынша атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды Қазақстан Республикасының азаматтық процестік заңнамасында белгіленген тәртіппен алынатын санкциямен қолданады.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген шараларды санкциялауды прокурор жүзеге асырады.

      Оңайлатылған іс жүргізу шеңберінде осы баптың 2-тармағының 1-1) тармақшасы бойынша атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қабылдау санкциясыз жүзеге асырылады.

      Ескерту. 32-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 15.01.2014 № 164-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.10.2015 № 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 168-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.01.2019 № 217-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 19.06.2024 № 97-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

33-бап. Борышкер болып табылатын жеке тұлғаның, заңды тұлға басшысының (оның міндетін атқарушының) Қазақстан Республикасынан шығуын уақытша шектеу және уақытша шектеуді тоқтата тұру

      Ескерту. 33-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР 29.10.2015 № 376-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

      1. Сот орындаушысы:

      1) атқарушылық құжаттың мерзімді төлемдерді өндіріп алу туралы талаптары үш айдан астам;

      2) республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген қырық еселенген айлық есептік көрсеткішке тең не одан асатын сомаға атқарушылық құжаттың талаптары орындалмаған жағдайда борышкер болып табылатын жеке тұлғаның, заңды тұлға басшысының (міндетін атқарушының) Қазақстан Республикасынан шығуын уақытша шектеу туралы қаулы шығаруға міндетті.

      Қазақстан Республикасынан шығуға уақытша шектеу борышкер болып табылатын жеке тұлға, заңды тұлға басшысы (міндетін атқарушы) уақытша шектеуді қолдану туралы тиісті түрде хабарланған күннен бастап бес жұмыс күні өткеннен кейін қойылады.

      Борышкер болып табылатын жеке тұлғаның, заңды тұлға басшысының (оның міндетін атқарушының) Қазақстан Республикасынан шығуын уақытша шектеу туралы сот орындаушысының қаулысы Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу заңнамасында белгіленген тәртіппен соттың санкциялауына жатады.

      2. Сот орындаушысының Қазақстан Республикасынан шығуды уақытша шектеу туралы қаулылары атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне орындау үшін жіберіледі.

      3. Борышкер болып табылатын жеке тұлғаның, заңды тұлға басшысының (оның міндетін атқарушының) Қазақстан Республикасынан шығуын уақытша шектеу Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде емдеу жүргізу қажет болған жағдайларда тоқтатыла тұруы мүмкін.

      Борышкер болып табылатын жеке тұлғаның, заңды тұлға басшысының (оның міндетін атқарушының) Қазақстан Республикасынан шығуын уақытша шектеуді тоқтата тұру мерзімі көрсетілген тоқтата тұру туралы сот орындаушысының қаулысын сот Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу заңнамасында белгіленген тәртіппен санкциялауға тиіс.

      4. Борышкер болып табылатын жеке тұлғаның, заңды тұлға басшысының (міндетін атқарушының) Қазақстан Республикасынан шығуына уақытша шектеуді алып тастау мынадай:

      1) осы Заңның 47-бабында көзделген негіздер бойынша атқарушылық іс жүргізу тоқтатылған;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      2) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 24.06.2026 № 325-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      2) мерзімдік өндіріп алулар туралы атқарушылық іс жүргізулер бойынша берешек болмаған;

      3) атқарушылық құжат соттың немесе құжатты берген басқа органның талап етуі бойынша орындалмай қайтарылған;

      4) мемлекет пайдасына өндіріп алуларды қоспағанда, өндіріп алушы өтініш берген;

      5) басшы заңды тұлғаның жалғыз құрылтайшысы (қатысушысы) болып табылатын жағдайларды қоспағанда, борышкер болып табылатын заңды тұлғаның басшысы ауысқан;

      6) сот орындаушысының атқарушылық іс жүргізуді қозғау туралы қаулысының күші жойылған жағдайларда бір жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

      5. Алып тасталды - ҚР 26.06.2020 № 349-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. 33-бап жаңа редакцияда - ҚР 15.01.2014 № 164-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.10.2015 № 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.06.2020 № 349-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

34-бап. Лицензияларды, рұқсаттарды және арнайы құқықтарды беру және олардың қолданылуы саласындағы уақытша шектеулер

      Ескерту. 34-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 15.01.2014 № 164-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Борышкер:

      1) жеке тұлғадан екі жүз елу айлық есептік көрсеткіштен астам соманы өндіріп алу туралы;

      2) заңды тұлғадан бір мың екі жүз елу айлық есептік көрсеткіштен астам соманы өндіріп алу туралы;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      3) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 01.07.2026 № 330-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      3) мүліктік емес сипаттағы атқарушылық құжатты дәлелсіз себептермен орындамаған жағдайда –

      сот орындаушысы осы Заңның 39-бабында көзделген орындау мерзімі өткеннен кейін, ал алименттер өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттар бойынша берешек жиналып қалған жағдайда борышкерге лицензиялар, рұқсаттар және арнайы құқықтар беруге уақытша тыйым салу туралы, сондай-ақ борышкерге бұрын берілген лицензиялардың, рұқсаттар мен арнайы құқықтардың қолданылуын тоқтата тұру туралы сотқа ұсыныс жібереді. Сот ұсынысты Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу заңнамасында белгіленген тәртіппен қарайды. Сот орындаушысының ұсынысын қарау нәтижелері бойынша шығарылған сот ұйғарымының көшірмелері борышкерге және орындау үшін тиісті уәкілетті органдарға жіберіледі.

      2. Сот орындаушысының осы бапқа сәйкес жіберілген ұсынысын қараудың нәтижелері бойынша шығарылған сот ұйғарымын борышкер мен барлық лицензиарлар және рұқсаттар беруге уәкілетті өзге де мемлекеттік органдар орындауға міндетті.

      3. Сот орындаушысы атқарушылық құжат талаптары орындалған немесе лицензияларды, рұқсаттар мен арнайы құқықтарды беру және олардың қолданылуы саласындағы уақытша шектеудің күшін жоюға негіздер туындаған күннен кейінгі күннен кешіктірмей осы шектеуді алып тастау туралы қаулы шығарады. Көрсетілген қаулының көшірмелері борышкерге, өндіріп алушыға және орындау үшін тиісті уәкілетті органдарға дереу жіберіледі.

      Ескерту. 34-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 15.01.2014 № 164-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

35-бап. Борышкердің өзінің мүліктік жағдайы туралы ақпарат беруі

      1. Борышкер сот орындаушысының талабы бойынша оған өзінде бар мүлік туралы ақпарат беруге, сондай-ақ табыс көздері туралы мәліметтерді хабарлауға міндетті.

      2. Берілетін ақпаратта борышкер өзіне тиесілі барлық мүліктік талаптардың негіздерін көрсетуге де міндетті.

      3. Осы бапта көрсетілген мәліметтерді ұсынудан бас тарту не көрінеу жалған мәліметтер ұсыну атқарушылық құжатты орындамау болып табылады.

      4. Осы бапта көрсетілген мәліметтерді ұсынудан бас тарту аудио- және (немесе) бейнетіркеу арқылы тіркелуі мүмкін.

      Ескерту. 35-бап жаңа редакцияда - ҚР 15.01.2014 № 164-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 29.10.2015 № 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

35-1-бап. Күштеп әкелу

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      1-тармақ жаңа редакцияда көзделген – ҚР 01.07.2026 № 330-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      1. Осы Заңның 67-бабы 1-тармағының 8) тармақшасында көзделген, сондай-ақ атқарушылық құжатты орындамағаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылған жағдайларда шақыру бойынша дәлелді себептерсіз келмеген кезде борышкер сот санкциялаған сот орындаушысының уәжді қаулысы бойынша күштеп әкелінуі мүмкін.

      2. Күштеп әкелуді сот орындаушысы ішкі істер органы қызметкерінің қатысуымен үш сағаттан аспайтын мерзімге және жұмыс күндері сағат тоғыздан он сегізге дейін ғана атқарушылық әрекеттер жасау орнына мәжбүрлеп апару арқылы жүзеге асырады.

      3. Шақыру туралы тиісінше хабарланған борышкердің келмеуінің дәлелді себептері деп: борышкердің келуіне мүмкіндік бермейтін ауруы, жақын туыстарының қайтыс болуы, дүлей зілзала, борышкердің тағайындалған мерзімге келуіне мүмкіндік бермейтін өзге де себептер танылады. Борышкер шақыру бойынша тағайындалған мерзімге келуіне кедергі келтіретін дәлелді себептердің болуы туралы өзін шақырған сот орындаушысын хабардар етуге міндетті.

      4. Күштеп әкелу туралы қаулыны сот орындаушысы борышкерге оны орындаудың алдында хабарлайды, бұл оның қаулыға қол қоюымен куәландырылады.

      Борышкер қол қоюдан бас тартқан жағдайда, бұл жөнінде қаулыға белгі қойылады.

      5. Кәмелетке толмағандар, жүкті әйелдер, сондай-ақ дәрігердің куәландыруы тиісті денсаулық жағдайы бойынша өзінің жатқан орнынан кете алмайтын немесе кетпеуге тиіс науқастар күштеп әкелуге жатпайды.

      Ескерту. 5-тарау 35-1-баппен толықтырылды - ҚР 21.01.2019 № 217-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

36-бап. Борышкерлердің бірыңғай тізілімі

      1. Уәкілетті орган атқарушылық құжаттарды мәжбүрлеп орындату жөніндегі міндеттерді жүзеге асыру үшін қажетті мақсаттарда Борышкерлердің бірыңғай тізілімін жүргізеді. Борышкерлер туралы мәліметтер уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында орналастырылады.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      1-тармақтың екінші бөлігі жаңа редакцияда көзделген – ҚР 24.06.2026 № 325-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      Борышкерлердің бірыңғай тізілімі атқарушылық іс жүргізу жөніндегі автоматтандырылған ақпараттық жүйе арқылы қалыптастырылады және жүргізіледі.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      1-тармақтың үшінші бөлігі жаңа редакцияда көзделген – ҚР 24.06.2026 № 325-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      Мерзімдік өндіріп алу туралы атқарушылық іс жүргізу бойынша үш айдан асатын берешегі жоқ, сондай-ақ талап қоюды қамтамасыз ету шараларын қолдану және тоқтату туралы атқарушылық құжаттары бойынша борышкерлер жөніндегі мәліметтерді қоспағанда,

      Борышкерлердің бірыңғай тізіліміне енгізу үшін мәліметтерді сот орындаушылары атқарушылық іс жүргізу қозғалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде жібереді.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      1-тармақты төртінші бөлікпен толықтыру көзделген – ҚР 24.06.2026 № 325-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      2. Көрсетілген мәліметтер:

      1) борышкердің тегін, атын, әкесінің атын (ол болған жағдайда) не борышкер ұйымның атауын;

      2) атқарушылық құжатты берген органды, берілген күнін және борышкердің орындалмаған міндетінің мазмұнын;

      3) көрсетілген мәліметтерді жіберетін сот орындаушысының тегін, атын, әкесінің атын (ол болған жағдайда) және аумақтық бөлімнің атауы мен мекенжайын немесе жеке сот орындаушысы кеңсесінің мекенжайын қамтиды.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      3-тармақ жаңа редакцияда көзделген – ҚР 24.06.2026 № 325-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      3. Борышкерлердің бірыңғай тізілімінен борышкерді алып тастау осы Заңның 47-бабында көзделген негіздер бойынша атқарушылық іс жүргізу тоқтатылғаннан кейін және мерзімдік өндіріп алу туралы атқарушылық іс жүргізу бойынша берешек болмаған кезде, сондай-ақ ол атқарушылық құжаттың талаптарын орындаған кезде осы Заңның 48-бабында көзделген негіздер бойынша атқарушылық іс жүргізу аяқталғаннан кейін жүргізіледі.

      Сот орындаушысы осы Заңның 48-бабында көзделген негіздер бойынша аяқталған атқарушылық іс жүргізу бойынша атқарушылық құжат талаптарының орындалғаны туралы мәліметтер алған кезде үш жұмыс күні ішінде уәкілетті органға борышкерді Борышкерлердің бірыңғай тізілімен алып тастау үшін тиісті ақпарат жібереді.

      Ескерту. 36-бап жаңа редакцияда - ҚР 15.01.2014 № 164-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.10.2015 № 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

2-БӨЛІМ. АТҚАРУШЫЛЫҚ ӘРЕКЕТТЕРДІ ЖАСАУ ТӘРТІБІ

6-тарау. АТҚАРУШЫЛЫҚ ІС ЖҮРГІЗУДІ ЖАСАУДЫҢ ЖАЛПЫ ШАРТТАРЫ

37-бап. Атқарушылық құжатты іс жүргізуге қабылдау

      1. Алып тасталды – ҚР 30.12.2025 № 246-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      2. Алып тасталды – ҚР 30.12.2025 № 246-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      3-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 24.06.2026 № 325-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      3. Атқарушылық құжатты өзіне сот, басқа орган (лауазымды адам) жіберген жағдайда мемлекеттік сот орындаушысы атқарушылық іс жүргізуді өндіріп алушының өтінішінсіз қозғайды.

      Жеке сот орындаушысы осы Заңның 162-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген тәртіппен атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған цифрлық жүйесі арқылы өзіне жіберілген атқарушылық құжаттың негізінде атқарушылық іс жүргізуді қозғайды.

      4. Сот орындаушысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келетін атқарушылық құжат өзіне келіп түскеннен кейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей атқарушылық іс жүргізуді қозғайды, ол туралы қаулы шығарады.

      Жеке сот орындаушысы атқарушылық іс жүргізуді қозғаған кезде өндіріп алушымен атқарушылық құжаттың орындалу шарттары туралы келісім (шарт) жасасады, өндіріп алушының осы Заңда көзделген құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді.

      Мемлекеттің кірісіне өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттар және істердің әлеуметтік маңызы бар санаттары бойынша атқарушылық іс жүргізуді жеке сот орындаушысы келісім (шарт) жасаспай қозғайды.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      4-тармақтың төртінші бөлігіне өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 24.06.2026 № 325-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      Сот орындаушысы атқарушылық іс жүргізуді қозғаумен бір мезгілде осы Заңда көзделген атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдайды, сондай-ақ атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы тексеру жолымен борышкерге қатысты өзге де атқарушылық іс жүргізудің бар-жоғын анықтайды, олар анықталған жағдайда өндіріп алушыға хабарлайды және осы Заңға сәйкес оның талаптарын қанағаттандырудың кезектілік тәртібін түсіндіреді.

      5. Атқарушылық іс жүргізу қозғалғаннан кейін борышкердің өндіріп алушы алдындағы міндеттерін кез келген орындауы сот орындаушысын міндетті түрде хабардар ете отырып жүргізілуге тиіс.

      Ескерту. 37-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 15.01.2014 № 164-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.10.2015 № 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.06.2020 № 349-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2025 № 246-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

38-бап. Атқарушылық іс жүргізуді қозғаудан бас тартудың негіздері, салдары және оның себептерін жою

      1. Сот орындаушысы өзіне атқарушылық құжат келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде, егер:

      1) атқарушылық құжат өндіріп алушының арызынсыз берілсе не атқарушылық іс жүргізу өндіріп алушының арызынсыз қозғалуға жататын жағдайларды қоспағанда, арызға өндіріп алушы немесе оның өкілі қол қоймаса;

      2) атқарушылық құжат атқарушылық әрекеттердің жасалған жері бойынша берілмесе;

      3) атқарушылық құжат орындауға ұсынылатын мерзім өтіп кетсе және сот оны қалпына келтірмесе;

      4) құжат атқарушылық құжат болып табылмаса не атқарушылық құжатқа қойылатын талаптарға сәйкес келмесе;

      5) атқарушылық құжат бұрын орындауға ұсынылған болса және атқарушылық іс жүргізу осы Заңның 47-бабының 1-тармағында көзделген негіздер бойынша тоқтатылған болса;

      6) сот актісі, атқарушылық құжат болып табылатын немесе соның негізінде, дереу орындалуға жататын атқарушылық құжаттарды қоспағанда, атқарушылық құжатты беретін органның (лауазымды адамның) актісі заңды күшіне енбесе;

      7) өндіріп алушы жеке сот орындаушысының өндіріп алушылардың пайдасына өндіріп алынған сомаларды сақтауға арналған ағымдағы шотына атқарушылық әрекеттерді жүзеге асыру үшін қажетті соманы енгізбеген болса;

      8) атқарушылық құжатқа заңды күшіне енгені туралы белгісі бар, судьяның қолымен және соттың мөрімен куәландырылған сот актісінің көшірмесі қоса берілмесе;

      9) уәкілетті органдар Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 896-бабында көзделген мәліметтер мен құжаттарды ұсынбаса;

      10) осы Заңның 11-бабының 1-1-тармағында белгіленген мерзім өтпесе;

      11) атқарушылық құжатты орындау мемлекеттік не жеке сот орындаушысының құзыретіне жатпаса;

      12) атқарушылық құжатты бергенге дейін өндіріп алушы немесе борышкер болып табылатын заңды тұлғаны тарату не қайта ұйымдастыру аяқталса не ол банкрот деп танылса;

      13) әкімшілік өндіріп алуды қолдану туралы қаулыны, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманы ерікті түрде орындау мерзімі өтпесе, атқарушылық іс жүргізуді қозғаудан бас тарту туралы қаулы шығарады.

      2. Атқарушылық іс жүргізуді қозғаудан бас тарту туралы сот орындаушысы қаулысының көшірмесі аталған қаулы шығарылған күннен кейінгі күннен кешіктірілмей, барлық түскен құжаттардың қосымшасымен өндіріп алушыға, сондай-ақ атқарушылық құжатты берген сотқа немесе органға (лауазымды адамға) жіберіледі.

      Қайтару туралы қаулыда атқарушылық құжатты қайтарудың негіздері көрсетілуге тиіс.

      3. Осы баптың 1-тармағының 1), 2), 3), 4), 6), 7), 8), 9), 10), 11) және 13) тармақшаларында көзделген мән-жайларды жою атқарушылық құжатты сот орындаушысына осы Заңда белгіленген тәртіппен қайта жіберуге (ұсынуға) кедергі келтірмейді.

      Осы баптың 1-тармағының 7) тармақшасында көзделген мән-жайларды жою үшін жеке сот орындаушысы өндіріп алушыға он күн мерзім белгілейді. Егер өндіріп алушы көрсетілген мерзімде ағымдағы шотқа қажетті соманы енгізбесе, онда атқарушылық құжат орындауға ұсынылмаған болып есептеледі және өндіріп алушыға қайтарылады.

      4. Сот орындаушысына кемшіліктері жойылғаннан кейін немесе белгіленген мерзімінен кешірек келіп түскен атқарушылық құжаттың қайтадан келіп түскен күні оның берілген күні болып есептеледі.

      5. Қайтару туралы қаулыда көрсетілген кемшіліктері жойылмай келіп түскен атқарушылық құжат орындалуға жатпайды және ол жіберген органға немесе адамға қайтарылады.

      Ескерту. 38-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 15.01.2014 № 164-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.07.2014 № 236-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 26.06.2020 № 349-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

39-бап. Атқарушылық құжаттарды орындау мерзімдері

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      1-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 24.06.2026 № 325-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      1. Мерзімді өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттарды қоспағанда, сондай-ақ заңдарда орындаудың өзгеше мерзімдері белгіленгеннен басқа жағдайларда, атқарушылық құжаттар бойынша сот орындаушыларының орындауы атқарушылық іс жүргізу қозғалған күннен бастап екі айдан аспайтындай мерзімде аяқталуға тиіс.

      2. Құрылыстарды бұзумен, технологиялық операцияларды жүргізумен байланысты атқарушылық құжаттар бойынша, сондай-ақ мамандарды тарта отырып мүлікті бағалауды, сараптама жүргізуді, борышкердің мүлкін сатуды, іздестіруді талап ететін мүліктік өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттар бойынша орындау төрт айдан аспайтындай мерзімде аяқталуға тиіс.

      3. Осы Заңда көзделмеген өзге де мерзімдер өндіріп алушы мен жеке сот орындаушысы арасында жазбаша нысанда көрсетілуі мүмкін, бұл ретте олар алты айдан аспайды.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      4-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 24.06.2026 № 325-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      4. Атқарушылық іс жүргізу мерзіміне мынадай:

      1) атқарушылық құжаттарды орындау осы Заңда көзделген негіздер бойынша тоқтатыла тұрған, кейінге қалдырылған не мерзімі ұзартылған;

      2) борышкерге тыйым салынған мүлікті дербес өткізу құқығы берілген уақыт кірмейді.

      Ескерту. 39-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 15.01.2014 № 164-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.06.2020 № 349-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 31.12.2021 № 100-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

40-бап. Орындауды кейінге қалдыру, мерзімін ұзарту, оның тәсілі мен тәртібін өзгерту, берілген сомаларды индекстеу

      Атқарушылық іс-әрекеттер жасауды қиындататын немесе мүмкін етпейтін мән-жайлар болған кезде өндіріп алушы немесе борышкер не сот орындаушысы істі қараған сот алдына немесе орындалатын жердегі сот алдына орындау тәсілі мен тәртібін өзгерту туралы мәселе қоюға құқылы.

      Орындауды кейінге қалдыру немесе мерзімін ұзарту туралы, сондай-ақ берілген сомаларды индекстеу туралы мәселені сот атқарушылық іс жүргізу тараптарының өтініші бойынша шешеді.

      Ескерту. 40-бап жаңа редакцияда - ҚР 15.01.2014 № 164-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

41-бап. Атқарушылық әрекеттерді кейінге қалдыру

      Ескерту. 41-бап алып тасталды - ҚР 15.01.2014 № 164-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

42-бап. Сот орындаушысының атқарушылық іс жүргізудітоқтата тұру міндеті

      Атқарушылық іс жүргізу:

      1) егер құқық қатынасы құқықтық мирасқорлыққа жол берсе, өндіріп алушы қайтыс болған, өндіріп алушыны хабарсыз кетті деп тану немесе қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі заңды күшіне енген;

      2) моральдық зиянды өтеу туралы талаптарды ескермегенде, борышкер алдында өміріне немесе денсаулығына зиян келтіргені үшін жауапты болатын азаматтарға төленетін төлемдерді қоспағанда, сот оңалту немесе банкроттық, сондай-ақ борышкер болып табылатын заңды тұлғаны мәжбүрлеп қайта ұйымдастыру туралы іс бойынша іс жүргізуді қозғаған немесе сот мәжбүрлеп тарату туралы шешім қабылдаған;

      2-1) сот "Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес төлем қабілеттілігін қалпына келтіру немесе сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану туралы іс бойынша іс жүргізуді қозғаған, сондай-ақ соттан тыс банкроттық рәсімі басталған;

      3) өндіріп алушыны немесе борышкерді әрекетке қабілетсіз, әрекет қабілеті шектеулі деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енген;

      4) алып тасталды - ҚР 15.01.2014 № 164-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      5) алып тасталды – ҚР 26.06.2020 № 349-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      6) сот немесе Қазақстан Республикасының заңнамасымен атқарушылық құжатты беруге негіз болған сот актісінің орындалуын тоқтата тұру құқығы берілген лауазымды адам қаулы шығарған, сондай-ақ сот орындалуын белгілі бір мерзімге кейінге қалдыруды, мерзімін ұзартуды ұсынған;

      6-1) халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататын азаматтар, сондай-ақ кәмелетке толмаған балалары бар және оларды тәрбиелеп отырған және (немесе) тұрғылықты жері бойынша тұрақты немесе уақытша тіркелген бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар тұратын отбасылар Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз тұрғынжайынан "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабының 3-1-тармағына сәйкес жылыту маусымы кезеңінде мәжбүрлеп шығарылған;

      7) сотқа атқарушылық құжат бойынша өндіріп алынатын мүлікті тізімдемеден шығару туралы талап қойылған;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      8) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 24.06.2026 № 325-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      8) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган қаржы нарығында қызметті жүзеге асыру лицензияларынан айыру немесе олардың қолданылуын тоқтата тұру туралы шешім қабылдаған;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      9) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 24.06.2026 № 325-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      9) сот банкті, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын мәжбүрлеп тарату туралы іс қозғаған;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      9-1) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 24.06.2026 № 325-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      9-1) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын лицензиядан айыру туралы шешім қабылдаған;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      10) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 24.06.2026 № 325-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      10) егер банкке реттеу режимін қолдану туралы шешімде өзгеше көзделмесе, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган банкке көрсетілген шешімді қабылдаған;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      10-1) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 24.06.2026 № 325-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      10-1) қаржылық орнықтылықты қалпына келтіру режиміндегі банкті басқару жөніндегі уақытша әкімшілік көрсетілген режим енгізілген күннен кейін берілген борыштарды банктен өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттардың орындалуын тоқтата тұру туралы өтінішпен жүгінген;

      11) алып тасталды - ҚР 22.04.2015 № 308-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      11-1) атқарушылық іс жүргізуді борышкердің қатысуынсыз жүзеге асыру мүмкін болмайтын жағдайда, ол бір айдан астам мерзімге уақытша болмаған (борышкер емдеу мекемесінде, қызметтік іссапарда, елді мекеннен тысқары, оның ішінде Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында мерзімді әскери қызмет өткеруіне байланысты тысқары жерде болған);

      11-2) өндіріп алушы атқарушылық іс-әрекеттерді жүзеге асыру үшін қажетті соманы өндіріп алушылардың пайдасына өндіріп алынған сомаларды сақтауға арналған ағымдағы шотқа жеке сот орындаушысы белгілеген мерзімге қарай енгізбеген;

      12) өндіріп алушы жазбаша өтініш жасаған;

      13) осындай құқық берілген сот, прокуратура немесе қылмыстық қудалау органдары атқарушылық іс жүргізуді талап еткен;

      14) егер прокурор сот орындаушысының борышкерге қатысты іздестіру жариялау туралы қаулысын санкциялаған жағдайда бір жұмыс күні ішінде тоқтатыла тұруға тиіс.

      Осы баптың бірінші бөлігінің 7) тармақшасында көзделген жағдайда оған қатысты тізімдемеден шығару (тыйым салудан босату) туралы талап қойылған мүлік бөлігінде ғана атқарушылық әрекеттер тоқтатыла тұрады.

      Осы баптың бірінші бөлігінің 12) тармақшасында көзделген жағдайда жарияланып қойылған сауда-саттықтарды жүргізу бөлігінде атқарушылық іс-әрекеттер, сондай-ақ инкассолық өкімдердің орындалуы тоқтатыла тұрмайды.

      Ескерту. 42-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.12.28 № 368-IV (алғашқы ресми жариялағанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.03.01 № 414-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.02.17 № 564-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.05 № 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 21.06.2013 № 106-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.01.2014 № 164-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014 № 270-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 22.04.2015 № 308-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2019 № 262-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 290-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.06.2020 № 349-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 399-VI (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 30.12.2022 № 179-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.06.2024 № 97-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.01.2026 № 259-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі); 12.06.2026 № 311-VIIІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

43-бап. Сот орындаушысының атқарушылық іс жүргізуді тоқтата тұру құқығы

      Ескерту. 43-бап алып тасталды - ҚР 15.01.2014 № 164-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

44-бап. Атқарушылық іс жүргізуді тоқтата тұру мерзімдері

      Атқарушылық іс жүргізу:

      1) осы Заңның 42-бабының 1), 2), 3) тармақшаларында көзделген жағдайларда – борышкердің немесе өндіріп алушының құқықтық мирасқоры айқындалғанға, әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі борышкерге немесе өндіріп алушыға қорғаншы немесе қамқоршы тағайындалғанға, заңды тұлғаны тарату туралы шешім белгіленген тәртіппен қабылданғанға немесе борышкерді банкрот деп тану туралы шешім қабылданғанға немесе оңалту жоспарын бекіту туралы ұйғарым шығарылғанға дейін;

      1-1) осы Заңның 42-бабы бірінші бөлігінің 2-1) тармақшасында көзделген жағдайларда – "Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес рәсімдерді қолдану туралы шешім қабылданғанға дейін;

      2) осы Заңның 42-бабының 7) тармақшасында көзделген жағдайларда – сот актісі заңды күшіне енгенге дейін;

      3) осы Заңның 42-бабының 6) тармақшасында көзделген жағдайда – қадағалау тәртібімен іс жүргізу аяқталғанға дейін немесе атқарушылық құжат беруге негіз болған сот актісінің орындалуын тоқтата тұрудың күшін жою туралы тиісті лауазымды адамның өкімі шыққанға, сондай-ақ сот орындалуын белгілі бір мерзімге кейінге қалдыруды, мерзімін ұзартуды ұсынғанға дейін;

      3-1) осы Заңның 42-бабының 6-1) тармақшасында көзделген жағдайда – Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз тұрғынжайы орналасқан жер бойынша жылыту маусымы аяқталғанға дейін;

      4) осы Заңның 42-бабы бірінші бөлігінің 10) тармақшасында көзделген жағдайда – банкті реттеу режимі тоқтатылғанға дейін;

      5) осы Заңның 42-бабы бірінші бөлігінің 10-1) тармақшасында көзделген жағдайда – егер банкті басқару жөніндегі уақытша әкімшіліктің өтінішінде өзгеше көрсетілмесе, қаржылық орнықтылықты қалпына келтіру режимі тоқтатылғанға дейін;

      6) осы Заңның 42-бабының 11-1) тармақшасында көзделген жағдайда – борышкер емдеу мекемесінен шыққанға, қызметтік іссапардан, елді мекенге, оның ішінде мерзімді әскери қызметтің аяқталуына байланысты Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі, басқа әскерлері мен әскери құралымдарындағы мерзімді әскери қызметтен қайтқанға дейін;

      7) осы Заңның 42-бабының 11–2) тармақшасында көзделген жағдайда – өндіріп алушы атқарушылық іс-әрекеттерді жүзеге асыру үшін қажетті соманы өндіріп алушылардың пайдасына өндіріп алынған сомаларды сақтауға арналған ағымдағы шотқа енгізгенге дейін;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      8) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 24.06.2026 № 325-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      8) осы Заңның 42-бабы бірінші бөлігінің 12) тармақшасында көзделген жағдайда – өндіріп алушыдан арыз келіп түскен күннен бастап күнтізбелік он күннен аспайтын мерзімге, ал тараптар медиация туралы шарт жасасқан кезде күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімге;

      9) осы Заңның 42-бабының 13) тармақшасында көзделген жағдайда – атқарушылық іс жүргізуді талап еткен орган оны қайтарғанға дейін;

      10) осы Заңның 42-бабының 14) тармақшасында көзделген жағдайда – борышкердің орналасқан жері белгілі болғанға немесе оның мүлкі анықталғанға дейін тоқтатыла тұрады.

      Ескерту. 44-бап жаңа редакцияда - ҚР 15.01.2014 № 164-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014 № 270-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 22.04.2015 № 308-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 290-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.06.2020 № 349-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 20.12.2021 № 84-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2022 № 179-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.01.2026 № 259-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      45-бапқа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 24.06.2026 № 325-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

45-бап. Борышкерге іздеу салу

      1. Борышкердің болатын жері белгісіз болған кезде сот орындаушысы ішкі істер органдары, экономикалық тергеу қызметі арқылы борышкерге іздеу салуды жариялау туралы қаулымен атқарушылық құжат орындалатын жердегі прокуратура органдарына жүгінуге міндетті. Борышкерге іздеу салу жарияланған және оның өндіріп алуды қолдануға болатын мүлкі болмаған кезде атқарушылық іс жүргізу тоқтатыла тұрады.

      Борышкердің орналасқан жері белгілі болған немесе оның мүлкі анықталған кезде атқарушылық іс жүргізу қайта басталады.

      2. Борышкерге іздеу салуды прокурордың санкциясымен Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ішкі істер органдары, экономикалық тергеу қызметі жүзеге асырады.

      3. Борышкерге іздеу салу жөніндегі шығыстар атқарушылық әрекеттер жасау жөніндегі шығыстарға жатады және борышкерден мемлекеттік бюджетке сот арқылы өндіріп алынуға тиіс.

      Борышкерге іздеу салу жөніндегі шығыстар іздеу салуды жүзеге асыратын органдардың өтініші негізінде айқындалады.

      Ескерту. 45-бап жаңа редакцияда - ҚР 07.11.2014 № 248-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 26.06.2020 № 349-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.06.2026 № 311-VIIІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

46-бап. Атқарушылық іс жүргізуді қайта жалғастыру

      Атқарушылық іс жүргізу өндіріп алушының арызы бойынша немесе сот орындаушысының бастамасы бойынша оның тоқтатыла тұруын туғызған мән-жайлар жойылғаннан кейін қайта жалғастырылады.

      Осы Заңның 44-бабының 8) тармақшасында көрсетілген тоқтата тұру мерзімдері өткен жағдайда, атқарушылық іс жүргізу қайта басталады.

      Ескерту. 46-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

47-бап. Атқарушылық іс жүргізуді тоқтатудың негіздері мен салдары

      1. Атқарушылық іс жүргізу, егер:

      1) өндіріп алушы өндіріп алудан бас тартса;

      1-1) берешекті қайта құрылымдау туралы келісімді бекіту туралы сот ұйғарымы заңды күшіне енсе;

      2) өндіріп алушы мен борышкер бітімгершілік келісімін жасасса және оны сот бекітсе;

      2-1) атқарушылық іс жүргізу тараптары медиация тәртібімен дауды реттеу туралы келісім жасасса;

      3) шешімде белгіленген талаптар немесе міндеттер өндіріп алушы немесе борышкер болып табылатын жеке тұлға қайтыс болғаннан кейін қайтыс болған адамның құқықтық мирасқорына ауыспайтын болса;

      4) борышкерді белгілі бір әрекеттерді жасауға міндеттейтін атқарушылық құжатты орындау мүмкіншілігі (белгілі бір әрекеттерді жасаудан тартыну) жоғалса;

      5) тиісті органның атқарушылық құжатты бергенде негізге алынған шешімінің күші жойылса;

      5-1) соттың сот арқылы банкроттық рәсімін аяқтау және банкроттың кредиторлар талаптарының тізіліміне енгізілген кредиторға қатысты сот арқылы банкроттық рәсімі барысында орындалмаған міндеттемелерін тоқтату туралы шешімі немесе соттың төлем қабілеттілікті қалпына келтіру жоспарын бекіту туралы ұйғарымы заңды күшіне енсе;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      5-2) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 01.07.2026 № 330-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      5-2) соттан тыс банкроттық рәсімі аяқталса және борышкер "Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 11) тармақшасында көрсетілген, олар туралы мәліметтер кредиттік бюролардың дерекқорында көрсетілген кредиторларға қатысты банкрот деп танылса;

      5-3) борышкер уәкілетті органның (лауазымды адамның) шешімі негізінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен әкімшілік жауаптылықтан немесе қолданылған әкімшілік жазалаудан босатылса;

      6) өндіріп алушы немесе борышкер болып табылатын заңды тұлғаны тарату аяқталса, құқықтық мирасқоры болмаған кезде не атқарушылық құжат борышкер болып табылатын заңды тұлғаның тарату комиссиясына орындау үшін жіберілсе, борышкерді банкрот деп тану туралы сот шешімі немесе оңалту жоспарын бекіту туралы сот ұйғарымы заңды күшіне енсе;

      7) атқарушылық құжаттың өндіріп алу немесе өзге де талабы толық көлемде орындалса;

      7-1) кәмелетке жасы келгеннен кейін алименттер өндіріп алу туралы атқарушылық іс жүргізу бойынша берешегі болмаса;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      7-2) тармақшамен толықтыру көзделген – ҚР 24.06.2026 № 325-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      8) заттарды өндіріп алушыға беру туралы атқарушылық құжатты орындау кезінде өндіріп алушы борышкерден алып қойылған заттарды алудан бас тартса;

      8-1) мүлікті тәркілеу туралы атқарушылық құжаттың орындалуы барысында борышкерде мүлкі, оның ішінде ақшасы, бағалы қағаздары немесе табысы болмаса, сот орындаушысы қабылдаған, оның мүлкін немесе табысын анықтау жөніндегі заңда көзделген шаралардың барлығы нәтижесіз болса;

      9) алып тасталды – ҚР 16.01.2026 № 259-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      10) ипотека "Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына сәйкес тоқтатылса, тоқтатылады.

      2. Атқарушылық іс жүргізу тоқтатылған жағдайларда сот орындаушысы бір тәуліктің ішінде бұл туралы қаулы шығарады. Тиісті белгісімен атқарушылық құжатты не оның көшірмесін сот орындаушысы сотқа немесе құжатты берген басқа органға жібереді.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      2-тармақтың екінші бөлігіне өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 24.06.2026 № 325-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      Атқарушылық іс жүргізудің тоқтатылуымен бір мезгілде мәжбүрлеп орындату шараларының күші жойылуға тиіс. Осы баптың 1-тармағының 1), 2), 2-1) және 7) тармақшаларының негізінде тоқтатылған, орындалғаннан кейін атқарушылық санкция, орындау бойынша шығыстар, өсімпұл және жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу сомасы өндіріп алынуға жататын атқарушылық құжаттар бойынша орындалуын қамтамасыз ету шараларының күші олар өндіріліп алынғаннан кейін ғана тоқтатылуға тиіс.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      2-тармақтың үшінші бөлігіне өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 09.01.2026 № 256-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      Борышкер төлемді "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі және атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесімен интеграцияланған төлем жүйелері арқылы жүзеге асырған жағдайда, атқарушылық іс жүргізуді тоқтату электрондық нысанда түзіледі және мәжбүрлеп орындату шаралары автоматты түрде тоқтатылады.

      Сот орындаушысының іс жүргізу тоқтатылған атқарушылық құжатты орындау жөніндегі әрекеттері заңсыз деп танылған жағдайларды қоспағанда, тоқтатылған атқарушылық іс жүргізуді қайта бастауға болмайды.

      Ескерту. 47-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 15.01.2014 № 164-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР 07.03.2014 № 177-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.10.2015 № 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 13.11.2015 № 399-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 290-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.06.2020 № 349-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 31.12.2021 № 100-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2022 № 179-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.06.2024 № 97-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.01.2026 № 259-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі); 11.06.2026 № 306-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі); 01.07.2026 № 330-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

48-бап. Атқарушылық құжаттарды өндіріп алушыға қайтару

      1. Өндіріп алу жүргізілмеген немесе толық көлемде жүргізілмеген атқарушылық құжат сот орындаушысының қаулысы бойынша мына жағдайларда:

      1) өндіріп алушының арызы бойынша;

      2) мүлкін тәркілеу туралы атқарушылық құжатты қоспағанда, егер борышкердің өндіріп алу қолданылуы мүмкін мүлкі, оның ішінде ақшасы, бағалы қағаздары немесе табыстары болмаса және сот орындаушысы оның мүлкін немесе табыстарын анықтау жөнінде қолданған, заңда көзделген барлық шаралар нәтиже бермесе;

      3) егер мүліктік емес сипаттағы атқарушылық құжат бойынша заңда көзделген орындау жөніндегі барлық шаралар нәтиже бермесе;

      4) егер өндіріп алушы атқарушылық құжатты орындау кезінде борышкердің сатылмаған мүлкін өзінде қалдырудан бас тартса;

      5) алып тасталды - ҚР 15.01.2014 № 164-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      6) егер өндіріп алушы жеке сот орындаушысының өндіріп алушылардың пайдасына өндіріп алынған сомаларды сақтауға арналған ағымдағы шотына орындау жөніндегі шығыстарды жабу үшін қажетті аванстық сомаларды енгізуден бас тартса;

      7) алып тасталды – ҚР 26.06.2020 № 349-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      7-1) осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, атқарушылық құжатты орындау кезінде борышкер қатардан шыққан (азамат қайтыс болған, заңды тұлға қайта ұйымдастырылған, борыш ауысқан) жағдайда, сот орындаушысы өндіріп алушыға құқықтық мирасқорды белгілеу және борышкерді ауыстыру туралы талаппен сотқа жүгіну құқығы туралы түсіндіре отырып, атқарушылық құжатты орындамай қайтарады;

      7-2) борышкер мүлкінің Қазақстан Республикасында болатын жағдайларды қоспағанда, егер атқарушылық құжатты орындау процесінде борышкердің Қазақстан Республикасынан тысқары жерге тұрақты тұруға кеткені анықталса;

      8) жеке сот орындаушысынан бас тартуға осы Заңның 54-бабының 1-тармағында көрсетілген негіздер болса, өндіріп алушыға қайтарылады.

      2. Атқарушылық құжатты өндіріп алушыға қайтару заңда белгіленген атқарудың ескіру мерзімі шегінде осы құжатты орындауға қайталап ұсынуға кедергі болып табылмайды.

      3. Өндіріп алу мемлекеттің пайдасына жүргізілетін атқарушылық құжаттар мынадай тәртіп сақтала отырып қайтарылады:

      1) сот жазып берген (шығарған) атқарушылық құжат талап-арызға бастамашы болған немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы толтырған мемлекеттік органға қайтарылады;

      2) әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарауға уәкілетті органның (лауазымды адамның) қаулысы тиісті уәкілетті органға (лауазымды адамға) қайтарылады;

      3) алып тасталды - ҚР 11.07.2017 № 91-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      4) қылмыстық істер бойынша мемлекет пайдасына өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттар сотқа қайтарылады.

      5) әкімшілік жаза қолдануға уәкілеттік берілген орган (лауазымды адам) берген айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама тиісті уәкілетті органға (лауазымды адамға) қайтарылады.

      4. Алып тасталды - ҚР 2012.04.27 № 15-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      5. Өндіріп алу толық көлемде жүргізілмеген, сондай-ақ сауда-саттық жарияланған атқарушылық құжат, егер өндіріп алушы орындалуы бойынша нақты келтірілген шығыстарды өтесе, өндіріп алушыға өтініші бойынша қайтарып алады.

      6. Мәжбүрлеп орындату шараларының:

      1) егер өндіріп алушы орындау бойынша іс жүзінде келтірілген шығыстарды өтесе және жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу жүргізілсе, осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      2) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 24.06.2026 № 325-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      2) атқарушылық құжатты мәжбүрлеп орындатуға берудің осы Заңның 11-бабында көзделген мерзімі өткен жағдайларда күші жойылуға жатады.

      Ескерту. 48-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.04.27 № 15-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.01.2014 № 164-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.10.2015 № 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 11.07.2017 № 91-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.06.2020 № 349-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

49-бап. Атқарушылық іс жүргізудің аяқталуы

      Атқарушылық іс жүргізу:

      1) осы Заңның 48-бабында аталған негіздер бойынша атқарушылық құжат қайтарылған;

      2) осы Заңның 47-бабында аталған негіздер бойынша атқарушылық іс жүргізу тоқтатылған;

      3) соттың немесе құжатты берген басқа органның талабы бойынша атқарушылық құжат орындалмай қайтарылған жағдайларда аяқталды деп есептеледі.

50-бап. Атқарушылық іс жүргізуді тоқтата тұру немесе тоқтату, атқарушылық құжатты өндіріп алушыға қайтару немесе оны банкроттықты басқарушыға, оңалтуды басқарушыға, борышкер-заңды тұлғаның тарату комиссиясына жіберу туралы мәселелердіқарау

      1. Атқарушылық іс жүргізуді тоқтата тұру, тоқтату, атқарушылық құжатты қайтару немесе оны банкроттықты басқарушыға, оңалтуды басқарушыға, борышкер-заңды тұлғаның тарату комиссиясына жіберу туралы мәселелерді сот орындаушысы қарайды.

      2. Сот орындаушысы атқарушылық іс жүргізуді тоқтата тұру, тоқтату, атқарушылық құжатты қайтару немесе оны банкроттықты басқарушыға, оңалтуды басқарушыға, борышкер-заңды тұлғаның тарату комиссиясына жіберу туралы қаулы шығарады, оны мемлекеттік сот орындаушылары үшін аумақтық бөлімнің басшысы-аға сот орындаушысы бекітуге тиіс.

      3. Сот орындаушысының атқарушылық іс жүргізуді тоқтата тұру, тоқтату, атқарушылық құжатты қайтару немесе оны банкроттықты басқарушыға, оңалтуды басқарушыға, борышкер-заңды тұлғаның тарату комиссиясына жіберу туралы қаулысына сотқа шағым жасалуы мүмкін.

      Ескерту. 50-бап жаңа редакцияда - ҚР 07.03.2014 N 177-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

51-бап. Орындалуға жататын атқарушылық құжатты түсіндіру

      Атқарушылық құжат немесе оны орындау тәртібі түсініксіз болған жағдайда, оны орындау үшін алған сот орындаушысы, сондай-ақ өндіріп алушы немесе борышкер атқарушылық құжатты беруге негіз болған шешімді немесе өзге актіні түсіндіру үшін сотқа немесе атқарушылық құжатты берген органға жүгінуге құқылы.

      Ескерту. 51-бап жаңа редакцияда - ҚР 15.01.2014 № 164-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

52-бап. Атқарушылық әрекеттер жасалатын жер

      1. Атқарушылық іс-әрекеттер ұсынылған жері бойынша жүзеге асырыла отырып, атқарушылық құжат борышкер жеке тұлғаның тіркелген жері бойынша не оның тұрақты тұратын жері бойынша не жұмыс орны бойынша, сондай-ақ оның мүлкінің тіркелген жері не орналасқан жері бойынша ұсынылады.

      Егер борышкер заңды тұлға болып табылса, онда атқарушылық іс-әрекеттер ұсынылған жері бойынша жүзеге асырыла отырып, атқарушылық құжат тіркелген жері не оның органының (құрылтайшысының) нақты орналасқан жері, сондай-ақ оның мүлкінің тіркелген не орналасқан жері бойынша ұсынылады.

      Атқарушылық іс-әрекеттер жасалған жерде сот орындаушысы аудио-, фото-, бейнетіркеуді пайдалана алады, алынған материал кейіннен атқарушылық іс жүргізуге тігіле отырып, бұл туралы іс жүргізу құжатында белгі жасалады.

      2. Борышкерді белгілі бір әрекеттер жасауға міндеттейтін атқарушылық құжаттарды орындауды осындай әрекеттер жасалатын жердегі сот орындаушысы жүргізеді.

      3. Жекелеген атқарушылық әрекеттерді жасау және (немесе) мемлекеттік сот орындаушысының өкілеттігі қолданылмайтын аумақта мәжбүрлеп орындатудың жекелеген шараларын қолдану қажет болған жағдайда, ол атқарушылық әрекеттерді жасау және (немесе) мәжбүрлеп орындату шараларын қолдануды тиісті мемлекеттік сот орындаушысына тапсыруға құқылы. Тапсырма осы Заңның 10-бабына сәйкес мемлекеттік сот орындаушысының қаулысымен ресімделеді және оны аумақтық бөлімнің басшысы – аға сот орындаушысы бекітеді.

      4. Егер атқарушылық іс жүргізуді орындау процесінде борышкердің атқарушылық құжат ұсынылған мекенжай бойынша жоқ болғаны, басқа әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында екені анықталса:

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      1) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 24.06.2026 № 325-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      1) мемлекеттік сот орындаушысы атқарушылық құжатты аумаққа жатқызылуына қарай басқа мемлекеттік сот орындаушысына борышкердің жаңа тұрғылықты жері немесе нақты тұратын жері бойынша, оның жаңа жұмыс орны, борышкер заңды тұлғаның жаңа орналасқан жері бойынша жіберу туралы қаулыны дереу шығарады, бұл жөнінде өндіріп алушыға хабарлайды.

      Атқарушылық құжат және атқарушылық іс жүргізу материалдары атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы жіберіледі, бұл ретте атқарушылық құжат және атқарушылық іс жүргізудің барлық материалдарының көшірмелері қаулы шығарылған кезден бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмей қағаз жеткізгіште жіберіледі.

      Атқарушылық құжаттың көшірмесі атқарушылық іс жүргізуде қалады.

      Электрондық нысанда келіп түскен атқарушылық құжат және атқарушылық іс жүргізу материалдары атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы ғана жіберіледі;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      2) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 24.06.2026 № 325-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      2) жеке сот орындаушысы үш жұмыс күні ішінде атқарушылық құжатты аумағы бойынша жеке сот орындаушыларының тиісті өңірлік палатасына жіберу туралы қаулы шығарады, бұл туралы өндіріп алушыға хабарлайды не онымен келісу бойынша борышкердің тіркелген жері бойынша оның жылжымайтын мүлкін және (немесе) оның орналасқан жері бойынша өзге де мүлікті өткізу үшін өзінің атқарушылық округінен тысқары жерге барып атқарушылық әрекеттер жасауға, сондай-ақ тиісті атқарушы округтің жеке сот орындаушысымен келісу бойынша оған белгілі бір атқарушылық әрекеттер жасауды тапсыруға құқылы.

      Тапсырма осы Заңның 10-бабына сәйкес жеке сот орындаушысының қаулысымен ресімделеді.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      4-1-тармақпен толықтыру көзделген – ҚР 24.06.2026 № 325-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      5. Атқарушылық құжатты осы бапта айқындалған тәртіппен аумағы бойынша жеке сот орындаушыларының тиісті өңірлік палатасына жіберген жеке сот орындаушысы пайдаланылмаған аванстық жарнаны өндіріп алушыға қайтаруға міндетті.

      Ескерту. 52-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 15.01.2014 № 164-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.06.2020 № 349-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

53-бап. Атқарушылық әрекеттер жасалатын уақыт

      1. Атқарушылық әрекеттер жұмыс күндерінде сағат алтыдан жиырма екі сағатқа дейін жасалады. Атқарушылық әрекеттерді осы шекте жасаудың нақты уақытын сот орындаушысы белгілейді. Атқарушылық іс жүргізу тараптары атқарушылық әрекеттер жасаудың өздеріне қолайлы уақытын ұсынуға құқылы.

      2. Демалыс және мереке күндерінде, сондай-ақ түнгі уақытта атқарушылық әрекеттерге, кейінге қалдыруға болмайтын немесе оларды борышкердің кінәсінен басқа күндерде және осы Заңда белгіленген уақытта жасау мүмкін болмаған жағдайларда ғана жол беріледі.

54-бап. Атқарушылық іс жүргізудегі бас тарту

      1. Егер сот орындаушысы, жеке сот орындаушысының көмекшісі, аудармашы, маман атқарушылық іс жүргізудің нәтижесіне жеке өзі, тікелей немесе жанама түрде мүдделі болса немесе өзге де мән-жайлар, атап айтқанда, тараптардың, олардың өкілдерінің бейтараптығына күмән туғызатын туыстық қатынастары орын алса, олар атқарушылық іс жүргізуге қатыса алмайды және одан бас тартуға тиіс.

      2. Бас тартуға мән-жайлар болған жағдайда, осы баптың 1-тармағында аталған адамдар бас тартатынын мәлімдеуге міндетті. Бас тарту атқарушылық әрекеттер жасау басталғанға дейін дәлелденіп, жазбаша түрде мәлімделуге тиіс. Егер бас тартуға негіз туындаса және ол жөнінде атқарушылық әрекеттер жасау басталып кеткеннен кейін белгілі болса, оған орындау процесінде жол беріледі.

      3. Мемлекеттік сот орындаушысынан бас тарту туралы мәселені аумақтық бөлім басшысы — аға сот орындаушысы шешеді, бұл жөнінде тиісті дәлелді қаулы шығарылады.

      Аудармашыдан немесе маманнан бас тарту туралы мәселені сот орындаушысы шешеді, бұл жөнінде аумақтық бөлім басшысы — аға сот орындаушысы бекітетін тиісті дәлелді қаулы шығарылады.

      Осы баптың 1-тармағында аталған негіздер болған жағдайда жеке сот орындаушысы атқарушылық құжатты өндіріп алушыға қайтарады, бұл туралы қаулы шығарады.

      4. Сот орындаушысынан бас тартуға қарсылық білдіру туралы қаулыға белгіленген тәртіппен сотқа шағым жасалуы және наразылық білдірілуі мүмкін. Шағым жасалу немесе наразылық білдіру атқарушылық әрекеттер жүргізуді тоқтата тұрмайды.

      Ескерту. 54-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 15.01.2014 № 164-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

7-тарау. БОРЫШКЕРДIҢ МҮЛКIНЕН ӨНДIРIП АЛУ

1-параграф. Негізгі қағидалар

55-бап. Борышкердің мүлкінен өндіріп алу тәртібі

      1. Борышкердің мүлкінен өндіріп алу мүлікті алып қоюды және (немесе) оны мәжбүрлеп сатуды не өндіріп алушыға беруді қамтиды.

      2. Атқарушылық құжаттар бойынша өндіріп алу, егер атқарушылық құжатта өзгеше тәртіп белгіленбесе, бірінші кезекте борышкердің ақша сомаларына, оның ішінде банктерде және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда тұрған ақша сомаларына да қолданылады.

      3. Борышкердің бухгалтерлік (кассалық) құжаттары бойынша көрсетілген қолма-қол ақша сомаларынан өндіріп алу олар ұсынылған соң борышкердің келісіміне қарамастан немесе олардың сақталу орнына қарамастан табылған соң дереу жүргізіледі.

      Борышкердің қолма-қол ақша сомалары, оның ішінде борышкер кассасының сейфінде сақтаулы және осы кассаның оқшауланған бөлмесінде немесе борышкердің өзге де бөлмелерінде сақтаулы ақша сомалары, егер олардың борышкерге тиесілі екендігі анық белгілі болса, табылғаннан кейін дереу алып қойылуға тиіс.

      4. Борышкерде берешекті өтеу үшін жеткілікті ақша сомасы болмаған кезде, өндіріп алу борышкерге тиесілі басқа мүлікке қолданылады. Сот орындаушысы өндіріп алушының немесе бір кезектегі өндіріп алушылардың және борышкердің жазбаша келісуімен мүлікті алдын ала бағалап, осы Заңның 68-бабына сәйкес, оны өткізбей, сол қалпында өндіріп алушыға немесе бір кезектегі өндіріп алушыларға беруге құқылы.

      Өндіріп алушы немесе бір кезектегі өндіріп алушылар борышкердің мүлкін заттай қабылдаған кезде, атқарушылық әрекеттер жасау жөніндегі шығыстар сомасын және жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу сомасын берілген мүліктің құнына мөлшерлес өтейді.

      Мүлікті заттай берген жағдайда, беруді жүзеге асыратын сот орындаушысы талап қоюды қамтамасыз ету мақсатында сот салған ауыртпалықтарды қоспағанда, осы мүлікке басқа сот орындаушылары салған ауыртпалықтардың күшін жояды.

      5. Орындау жөніндегі шығыстар және жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу жөніндегі шығыстар ескеріле отырып, атқарушылық құжатты орындау үшін қажетті мөлшерде және көлемде борышкер мүлкінен өндіріліп алынады. Борышкердің басқа мүлкі жеткіліксіз болған жағдайда, өндіріп алу борышкердің атқарушылық құжат бойынша құны өндіріп алу мөлшерінен асатын мүлкіне қолданылуы мүмкін. Мұндай жағдайларда мүлікті сатқаннан түскен сома, атқарушылық құжат бойынша өндіріп алынған сома мен орындау жөніндегі шығыстар, сондай-ақ жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу жөніндегі сомалар шегеріле отырып, борышкерге қайтарылады.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      6-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 24.06.2026 № 325-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      6. Борышкердің іздеу салуда болуы оның мүлкінен өндіріп алуға кедергі болып табылмайды.

      7. Атқарушылық құжатта көрсетілген белгілі бір заттарды өндіріп алушыға берген кезде сот орындаушысы бұл заттарды борышкерден алып қойып, оларды өндіріп алушыға өткізу актісін жасай отырып береді.

      8. Борышкердің тұрғынжайына, оның ішінде ондағы үлеске өндіріп алуды қолдану Қазақстан Республикасының азаматтық процестік заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Борышкердің банктердегі және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардағы, сақтандыру ұйымдарындағы ақшасына, сондай-ақ жалақысына және борышкердің кірістерінің өзге де түрлеріне өндіріп алуды қолдануды қоспағанда, борышкердің өзге мүлкіне, оның ішінде ортақ мүліктегі үлесіне өндіріп алуды қолдануды сот орындаушысы прокурор санкциясымен жүзеге асырады.

      Ескерту. 55-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 15.01.2014 № 164-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.10.2015 № 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.01.2019 № 217-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап үш ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.06.2020 № 349-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.01.2026 № 251-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

56-бап. Заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер мүлкінен өндіріп алу

      1. Борышкерде берешекті өтеу үшін жеткілікті ақша сомасы болмаған кезде, егер заңда бұл мүлікке қатысты шектеулер белгіленбесе және заңды тұлға құрылтайшыларының (қатысушыларының) мүліктік жауапкершілігі көзделсе, оған тиесілі кез келген басқа мүліктен, сондай-ақ заңды тұлға құрылтайшыларының (қатысушыларының) мүлкінен өндіріліп алынуы мүмкін.

      2. Егер орындау барысында борышкер-заңды тұлғаның немесе дара кәсіпкердің мүлкі берешекті өтеу үшін жеткіліксіз болатыны анықталса, ал Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында борышкерді дәрменсіз (банкрот) деп тануға жол берілсе, сот орындаушысы өндіріп алушыға бұл туралы хабарлауға міндетті.

      3. Белгіленген тәртіппен банкрот деп танылған борышкердің мүлкінен өндіріп алуды қолдану Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      4. Заңды тұлға қайта ұйымдастырылған жағдайда, өндіріп алуды мүлікке қолдану Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен борышкердің құқықтық мирасқоры айқындалғанға дейін тоқтатыла тұрады.

      Ескерту. 56-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 07.03.2014 № 177-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

57-бап. Кепілге салынған мүліктен өндіріп алу

      1. Борышкердің өзіне қойылған, кепілмен қамтамасыз етілмеген барлық талаптарды толық қанағаттандыруы үшін басқа да мүлкі жеткіліксіз болған жағдайда кепіл ұстаушының Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген құқықтары сақтала отырып, кепілге салынған мүліктен өндіріп алу жүргізілуі мүмкін.

      2. Борышкерде кепілге салынбаған мүлкі жеткіліксіз болған кезде борышкердің мүлкіне кепіл құқығы жоқ өндіріп алушылардың талаптарын қанағаттандыру үшін, қамтамасыз етілген облигациялар бойынша қамтамасыз ету болып табылатын мүлікті және ипотекалық тұрғын үй қарызы міндеттемесі бойынша қамтамасыз ету болып табылатын жылжымайтын мүлікті қоспағанда, кепілге салынған мүлікке өндіріп алу сот ұйғарымы негізінде талаптары кепіл ұстаушының талабынан басым болатын, кепіл ұстаушылар болып табылмайтын өндіріп алушылардың мүдделеріне қолданылуы мүмкін. Өндіріп алуды кепілге салынған мүлікке қолдану туралы сот ұйғарымы кепіл ұстаушыны, өндіріп алушыны және борышкерді сот отырысының уақыты мен орны туралы хабардар ете отырып, сот орындаушысының өтініші бойынша сот отырысында шығарылады. Мүлікті өткізу кепілге салынған мүлікті өткізу қағидалары бойынша жүзеге асырылады. Бұл жағдайда талаптар осы Заңның 110-112-баптарында белгіленген кезектілік тәртібімен өткізілген мүліктің құнынан қанағаттандырылады.

      Кепіл ұстаушы кепілге салынған мүлікті өзінде қалдыру туралы мәлімдеуге құқылы. Бұл жағдайда ол кепілге салынған мүліктің өтімді (бағалау құнының жетпіс пайызынан аспайтын) құны шегінде кепіл ұстаушының талаптары алдында артықшылығы бар өндіріп алушылардың талаптарын кепіл ұстаушының кепіл бойынша өзінің барлық талабын толық қанағаттандыру үшін қажетті мүлік құнынан асатын құн мөлшерінде қанағаттандыруға міндетті.

      3. Алып тасталды - ҚР 29.06.2020 № 352-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. 57-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 15.01.2014 № 164-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.06.2020 № 352-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

58-бап. Борышкердің басқа адамдардағы ақшалай сомалары мен басқа да мүлкінен өндіріп алу

      1. Борышкердің басқа адамдардағы ақшалай сомаларынан, сондай-ақ басқа мүлкінен өндіріп алу кезінде сот орындаушысы оларға тыйым салады және мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолданады.

      2. Борышкердің банктердегі немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардағы ақшалай сомаларынан өндіріп алуды атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы аумақтық орган немесе сот орындаушысы инкассолық өкім шығару арқылы жүзеге асырады. Инкассолық өкім қағаз жеткізгіште жіберілген кезде инкассолық өкімге атқарушылық құжаттардың жеке сот орындаушысының не аумақтық бөлімнің мөрімен расталған көшірмелері қоса беріледі. Атқарушылық құжат көшірмесінің анықтығы үшін жеке сот орындаушысы, аумақтық бөлімнің басшысы – аға сот орындаушысы жауапты болады.

      Мыналарға:

      1) мемлекеттік бюджеттен және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді есепке жатқызуға арналған банктік шоттардағы ақшаға және (немесе) электрондық ақшаның электрондық әмияндарындағы электрондық ақшаға;

      1-1) табиғи немесе техногендік сипаттағы төтенше жағдай салдарынан зардап шеккен жеке тұлғаларға материалдық залалдың өтелуін және мемлекеттік бюджеттен және (немесе) қайырымдылық ұйымдарынан қажетті көмектің берілуін есепке жатқызуға арналған банктік шоттардағы ақшаға;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      1-2) тармақшамен толықтыру көзделген – ҚР 24.06.2026 № 325-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      2) тұрғын үй төлемдерін, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін біржолғы зейнетақы төлемдерін, нысаналы активтерді, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім беру ақысын төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін нысаналы жинақ төлемдерін, тұрғын үй жағдайларын жақсартуға білім беру жинақтау салымынан төленетін жинақ төлемдерін немесе білім беру жинақтау сақтандыруы шарты бойынша сақтандыру төлемдерін есепке жатқызуға арналған банктік шоттардағы ақшаға;

      2-1) ұлттық даму институты мәртебесіне ие тұрғын үй құрылысы жинақ банкіндегі жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғынжай үшін ақы төлеу мақсатында төлемдер мен субсидияларды есепке жатқызуға арналған банктік шоттағы ақшаға;

      3) тұрғын үй төлемдерін, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану есебінен жинақталған тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы түріндегі, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім беру ақысын төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін нысаналы жинақ төлемдері түріндегі, тұрғын үй жағдайларын жақсартуға білім беру жинақтау салымынан төленетін жинақ төлемдері немесе білім беру жинақтау сақтандыруы шарты бойынша сақтандыру төлемдері түріндегі тұрғын үй құрылысы жинақ банктеріндегі банктік шоттардағы ақшаға;

      3-1) берілген банктік қарыздар бойынша кепіл нысанасы болып табылатын тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы түріндегі тұрғын үй құрылысы жинақ банктеріндегі банктік шоттардағы ақшаға;

      4) нотариус депозиті шарттарында енгізілген ақшаға;

      5) "Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасалған білім беру жинақтау салымы туралы шарт бойынша банктік шоттардағы ақшаға;

      6) банктік шоттардағы әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының активтеріне және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне бөлінетін трансферттерге;

      6-1) инвестициялық портфельді басқарушының орындалмаған міндеттемелері бойынша осы инвестициялық портфельді басқарушы клиенттерінің ақшасын есепке алуға арналған банктік шоттардағы ақшаға;

      6-2) номиналды ұстаушының функцияларын жүзеге асыратын тұлғаның орындалмаған міндеттемелері бойынша номиналды ұстаушының функцияларын жүзеге асыратын осы тұлға клиенттерінің ақшасын есепке алуға арналған банктік шоттардағы ақшаға;

      6-3) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің міндеттемелеріне кепілдік беру жүйесі шеңберінде туындаған, Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, акцияларының бақылау пакеті ұлттық басқарушы холдингке тиесілі жеке кәсіпкерлікті дамытудың арнайы қорының (бұдан әрі – жеке кәсіпкерлікті дамытудың арнайы қоры) екінші деңгейдегі банктер алдындағы міндеттемелері бойынша өндіріп алуды қолдану жағдайларын қоспағанда, кәсіпкерлікті дамытудың арнайы қоры қалыптастырған кепілдік қорының банктік шоттардағы активтеріне;

      7) Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы заңнамасына сәйкес инвестициялық шығындардың өтемақысын есепке жатқызуға арналған банктік шоттардағы ақшаға өндіріп алуды қолдануға жол берілмейді.

      Осы тармақшаның ережесі Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 742-бабының 2-тармағында көзделген кезектілікке сәйкес бірінші, екінші және үшінші кезектерге қатысты талаптар бойынша ақшаны алып қоюға қолданылмайды;

      8) клирингтік ұйымның (орталық контрагенттің) кепілдік немесе резервтік қорларына жарналар, маржалық жарналар, қор биржасының сауда жүйесінде ашық сауда-саттық әдісімен және (немесе) орталық контрагенттің қатысуымен жасалған мәмілелер бойынша міндеттемелердің орындалуын толық және (немесе) ішінара қамтамасыз ету болып табылатын қаржы құралдарына;

      9) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізу мақсатында жасалатын шарттар бойынша міндеттемелердің орындалмауы туралы істер бойынша сот шешімдерінің негізінде өндіріп алуларды қоспағанда, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жинақтар түрінде екінші деңгейдегі банктердегі банктік шоттардағы ақшаға;

      10) жеке сот орындаушысының өндіріп алушылардың пайдасына өндіріп алынған сомаларды сақтауға арналған ағымдағы шотындағы ақшаға;

      11) әлеуетті өнім берушілердің немесе өнім берушілердің "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік сатып алуға қатысу шеңберінде қамтамасыз ету шаралары ретінде ақша енгізуіне арналған мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың банктік шотындағы ақшаға;

      12) "Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сот арқылы банкроттық рәсімінде ақшаны есепке жатқызу үшін қаржы басқарушысының ағымдағы шотындағы ақшаға;

      12-1) банктердің орталық депозитарийдегі және (немесе) клирингтік ұйымдағы Қазақстан Республикасының аумағында төлем карточкалары пайдаланыла отырып жүзеге асырылған банкаралық төлемдер (немесе) ақша аударымдары бойынша есеп айырысулардың аяқталуын қамтамасыз етуге арналған ақшасына және (немесе) бағалы қағаздарына;

      13) Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 112-бабы 4-тармағының 1) тармақшасына сәйкес берілетін материалдық көмекті есепке жатқызуға арналған банктік шоттардағы ақшаға өндіріп алуды қолдануға жол берілмейді.

      3. Инкассолық өкім берілген банктік шотта ақша болмаған не жеткіліксіз болған кезде ақшаны өндіріп алу борышкердің теңгедегі не төлем жасалған күні Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласындағы қызметті реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органмен бірлесіп айқындаған тәртіппен белгіленетін валютаның нарықтық айырбастау бағамы қолданыла отырып, шетелдік валютадағы басқа банктік шотынан (шоттарынан) жүргізіледі. Осы тармақта көзделген жағдайларда инкассолық өкімді сақтау және орындау оның толық орындалуына не клиенттің таратылуына немесе клиенттің банктік шотында бір жылдан астам уақыт ақша болмауына байланысты банктің банктік шотты жабуына дейін борышкердің банктік шоттарына ақшаның түсуіне қарай Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен жүргізіледі.

      4. Атқарушылық құжат ішінара орындалған кезде сот орындаушысы атқарушылық құжатқа төленген сома туралы белгі қояды.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      5-тармақ жаңа редакцияда көзделген – ҚР 24.06.2026 № 325-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      5. Инкассолық өкім шығарған жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданысы тоқтатыла тұрған немесе тоқтатылған не одан айырылған кезде, атқарушылық іс жүргізу берілген жеке сот орындаушысы банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға төлем құжатын кері қайтарып алу туралы өкімді, атқарушылық құжатты өзінің іс жүргізуіне қабылдау туралы қаулыны жібереді және осымен бір мезгілде жаңа инкассолық өкім шығарады.

      Ескерту. 58-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 15.01.2014 № 164-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.07.2016 № 12-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.12.2017 № 114-VI (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 168-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2018 № 171-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.01.2019 № 217-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.12.2019 № 284-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.06.2020 № 349-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2020 № 397-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 399-VI (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 15.11.2021 № 72-VII (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі); 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2022 № 177-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2022 № 179-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.04.2023 № 223-VII (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі); 16.11.2023 № 40-VIII (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі); 16.05.2024 № 82-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.06.2024 № 97-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 22.11.2024 № 138-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.01.2025 № 153-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.03.2025 № 172-VIII (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі); 30.06.2025 № 204-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.06.2025 № 198-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.06.2025 № 205-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.01.2026 № 259-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

59-бап. Инкассолық өкімді кері қайтарып алу

      Аумақтық орган басшысының жазбаша келісімімен мемлекеттік сот орындаушысының, сондай-ақ жеке сот орындаушысының инкассолық өкімді кері қайтарып алуы:

      1) атқарушылық іс жүргізу осы Заңның 47-бабында көрсетілген негіздер бойынша тоқтатылған;

      2) соттың немесе құжатты берген басқа органның талабы бойынша атқарушылық құжат орындалмай қайтарылған;

      3) осы Заңның 48-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген жағдайды қоспағанда, атқарушылық құжат өндіріп алушыға қайтарылған жағдайларда;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      4) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 24.06.2026 № 325-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      4) өндіріп алушының инкассолық өкімді кері қайтарып алу туралы арызы бойынша жүргізіледі.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      5) тармақшамен толықтыру көзделген – ҚР 24.06.2026 № 325-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

60-бап. Ортақ мүліктегі үлестен өндіріп алу

      1. Борышкердің ортақ мүліктегі үлесінен өндіріп алу кезінде сот орындаушысы мүліктің меншік иелеріне хабарлауға және оларға борышкердің ортақ мүліктегі үлесін басымдықпен сатып алу құқығын ұсынуға міндетті. Үлестің құны маманның жазбаша қорытындысы негізінде хабарламада көрсетіледі.

      2. Тыйым салынған мүліктің қосалқы меншік иесі басымдықпен сатып алу құқығын іске асыра алатын мерзім Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде айқындалады және борышкердің мүлкіне тыйым салынғаны туралы қосалқы меншік иесіне хабарланған күннен бастап есептеледі.

      3. Қосалқы меншік иелеріне хабарлау олардың тұрғылықты (болатын) жерінің белгісіздігі, тұрғылықты жерінде болмауы және басқа да дәлелді себептер салдарынан мүмкін болмаса, ортақ мүліктегі үлесті сату мүлікті тізімдегеннен кейін отыз күн өткен соң жүргізілуі мүмкін.

      4. Борышкердің үлесінің мөлшері туралы құжаттар болмаған және (немесе) борышкердің ортақ мүліктегі үлесіне балама нақты мүлікті айқындау мүмкіндігі болмаған кезде ортақ мүлікті бөлу, сондай-ақ осы мүліктегі үлестерді айқындау және борышкердің үлесін бөліп шығару сот орындаушысының арызы не өндіріп алушының талап-арызы бойынша сот тәртібімен жүргізіледі.

      5. Ортақ мүліктегі борышкердің үлесін сату осы Заңда көзделген қағидалар бойынша жүргізіледі.

61-бап. Өндіріп алуды қолдануға болмайтын мүлік

      Борышкерге меншік құқығы негізінде тиесілі немесе оның ортақ меншіктегі үлесі болып табылатын, борышкерге және оның асырауындағы адамдарға қажетті мүліктің мына түрлеріне атқарушылық құжаттар бойынша өндіріп алуды қолдануға болмайды:

      1. Yй жасауының заттары, керек-жарақтар:

      1) аң терісінен тігілген және басқа да бағалы киім-кешектер (eгep ең төмен күнкөріс деңгейін қамтамасыз ету үшін оны алмастыра алатын өзге де киім-кешек бар болса), асхана сервиздерін, бағалы металдардан жасалған, сондай-ақ көркемдік құндылығы бар заттарды қоспағанда, пайдаланылып жүрген киім-кешек, аяқ киім, іш киім, төсек-орын жабдығы, ас үй және асхана керек-жарақтары;

      2) борышкерге және оның отбасы мүшелеріне ең аз мөлшерде қажетті жиhаз (әрбір адамға бір төсек пен бір орындықтан, отбасына бір үстел, бір шкаф және бір сандық);

      3) балаларға арналған барлық жабдықтар.

      2. Егер борышкердің негізгі кәсібі ауыл шаруашылығы болса, борышкер мен оның отбасы үшін жаңа астыққа дейін қажетті мөлшердегі тамақ өнімдері, шаруашылық құрылыстары және борышкер мен оның отбасының қажеттіліктерін қанағаттандыруға қажетті мөлшердегі үй малы, сондай-ақ малға арналған жем-шөп, ал басқа жағдайларда - тамақ өнімдері және жалпы сомасы республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан аспайтын мөлшердегі ақша.

      3. Тамақ даярлауға және отбасының тұрғын үй-жайын жылытуға арналған отын.

      4. Борышкер соттың үкімімен белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айырылған немесе ол құрал-сайманды қылмыс жасау үшін пайдаланған жағдайларды қоспағанда, борышкердің кәсіби қызметін жалғастыруына қажетті құрал-сайман (оның ішінде оқу құралдары мен кітаптар).

      5. Мүгедектігі бар адамдардың жүріп-тұруына арнайы арналған көлік құралдары, мүгедектігі бар адамдардың техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдары мен арнаулы жүріп-тұру құралдары.

      6. Борышкер марапатталған халықаралық, мемлекеттік және өзге де жүлделер.

      7. Клирингтік ұйымның (орталық контрагенттің) кепілдік немесе резервтік қорларына жарналар, маржалық жарналар, қор биржасының сауда жүйесінде ашық сауда-саттық әдісімен және (немесе) орталық контрагенттің қатысуымен жасалған мәмілелер бойынша міндеттемелерді орындалуын толық және (немесе) ішінара қамтамасыз ету болып табылатын мүлік.

      Сауда-саттық ұйымдастырушылардың сауда жүйелерінде ашық сауда-саттық әдісімен және (немесе) орталық контрагенттің қатысуымен жасалған репо операциялары бойынша нысана болып табылатын мүлікке осы репо операциялары жабылғаннан кейін ғана өндіріп алу қолданылуы мүмкін.

      Ескерту. 61-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.12.2015 № 433-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 02.07.2018 № 168-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.12.2018 № 203-VI Заңымен (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); 27.06.2022 № 129-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

2-параграф. Борышкердің мүлкіне тыйым салу

62-бап. Борышкердің мүлкіне тыйым салу

      1. Сот орындаушысы атқарушылық құжаттың орындалуын қамтамасыз ету мақсатында борышкердің мүлкіне, оның ішінде заңда көзделген жағдайларда прокурордың санкциясымен тыйым салуға міндетті. Бұл ретте сот орындаушысы атқарушылық құжаттың орындалуын қамтамасыз ету үшін өндіріліп алынатын сомаға мөлшерлес, борышкерге тиесілі бүкіл мүлікке бір мезгілде тыйым салуға құқылы.

      2. Борышкердің мүлкіне тыйым салу осы мүлікке иелік етуге тыйым салудан, сондай-ақ борышкердің банктердегі және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардағы ақша сомаларын пайдалануға және оларға иелік етуге тыйым салынғанын хабарлаудан тұрады, бұл жөнінде борышкердің мүлкіне тыйым салу туралы қаулы шығарылады.

      3. Борышкерге меншік, шаруашылық жүргізу және оралымды басқару құқығында тиесілі мүлікке, оның қайда және іс жүзінде кімнің пайдалануында екендігіне қарамастан (Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгіленген шектеулер ескеріле отырып), тыйым салынуы мүмкін.

      Мыналарға:

      1) мемлекеттік бюджеттен және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді есепке жатқызуға арналған банктік шоттардағы ақшаға және (немесе) электрондық ақшаның электрондық әмияндарындағы электрондық ақшаға;

      1-1) табиғи немесе техногендік сипаттағы төтенше жағдай салдарынан зардап шеккен жеке тұлғаларға материалдық залалдың өтелуін және мемлекеттік бюджеттен және (немесе) қайырымдылық ұйымдарынан қажетті көмектің берілуін есепке жатқызуға арналған банктік шоттардағы ақшаға;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      1-2) тармақшамен толықтыру көзделген – ҚР 24.06.2026 № 325-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      2) тұрғын үй төлемдерін, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін біржолғы зейнетақы төлемдерін, нысаналы активтерді, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім беру ақысын төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін нысаналы жинақ төлемдерін, тұрғын үй жағдайларын жақсартуға білім беру жинақтау салымынан төленетін жинақ төлемдерін немесе білім беру жинақтау сақтандыруы шарты бойынша сақтандыру төлемдерін есепке жатқызуға арналған банктік шоттардағы ақшаға;

      2-1) ұлттық даму институты мәртебесіне ие тұрғын үй құрылысы жинақ банкіндегі жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғынжайға ақы төлеу мақсатында төлемдер мен субсидияларды есепке жатқызуға арналған банктік шоттағы ақшаға;

      3) тұрғын үй төлемдерін, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану есебінен жинақталған тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы түріндегі, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім беру ақысын төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін нысаналы жинақ төлемдері түріндегі, тұрғын үй жағдайларын жақсартуға білім беру жинақтау салымынан төленетін жинақ төлемдері немесе білім беру жинақтау сақтандыруы шарты бойынша сақтандыру төлемдері түріндегі тұрғын үй құрылысы жинақ банктеріндегі банктік шоттардағы ақшаға;

      3-1) берілген банктік қарыздар бойынша кепіл нысанасы болып табылатын тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы түріндегі тұрғын үй құрылысы жинақ банктеріндегі банктік шоттардағы ақшаға;

      4) нотариус депозиті шарттарында енгізілген ақшаға;

      5) "Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасалған білім беру жинақтау салымы туралы шарт бойынша банктік шоттардағы ақшаға;

      6) әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының банктік шоттардағы активтеріне;

      7) уәкілетті мемлекеттік орган лицензиядан айырған және (немесе) мәжбүрлеп тарату (қызметін мәжбүрлеп тоқтату) процесінде тұрған банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының ақшасына;

      8) Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы заңнамасына сәйкес инвестициялық шығындардың өтемақысын есепке жатқызуға арналған банктік шоттардағы ақшаға тыйым салуды қолдануға жол берілмейді;

      Осы тармақшаның ережесі Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 742-бабының 2-тармағында көзделген кезектілікке сәйкес бірінші, екінші және үшінші кезектерге қатысты талаптар бойынша ақшаны алып қоюға қолданылмайды;

      8-1) инвестициялық портфельді басқарушының орындалмаған міндеттемелері бойынша осы инвестициялық портфельді басқарушы клиенттерінің ақшасын есепке алуға арналған банктік шоттардағы ақшаға;

      8-2) номиналды ұстаушының функцияларын жүзеге асыратын тұлғаның орындалмаған міндеттемелері бойынша номиналды ұстаушының функцияларын жүзеге асыратын осы тұлға клиенттерінің ақшасын есепке алуға арналған банктік шоттардағы ақшаға тыйым салуға жол берілмейді.

      9) клирингтік ұйымның (орталық контрагенттің) кепілдік немесе резервтік қорларына жарналар, маржалық жарналар, қор биржасының сауда жүйесінде ашық сауда-саттық әдісімен және (немесе) орталық контрагенттің қатысуымен жасалған мәмілелер бойынша міндеттемелердің орындалуын толық және (немесе) ішінара қамтамасыз ету болып табылатын қаржы құралдарына;

      10) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізу мақсатында жасалатын шарттар бойынша міндеттемелердің орындалмауы туралы істер бойынша сот шешімдерінің негізінде өндіріп алуларды қоспағанда, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жинақтар түрінде екінші деңгейдегі банктердегі банктік шоттардағы ақшаға;

      11) жеке сот орындаушысының өндіріп алушылардың пайдасына өндіріп алынған сомаларды сақтауға арналған ағымдағы шотындағы ақшаға;

      12) әлеуетті өнім берушілердің немесе өнім берушілердің "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік сатып алуға қатысу шеңберінде қамтамасыз ету шаралары ретінде ақша енгізуіне арналған мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың банктік шотындағы ақшаға;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      13) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 01.07.2026 № 330-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      13) өзіне қатысты "Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес рәсімді қолдану туралы іс қозғалған немесе рәсім қолданылған азаматтың банктік шоттарындағы ақшаға;

      14) "Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сот арқылы банкроттық рәсімінде ақшаны есепке жатқызу үшін қаржы басқарушысының ағымдағы шотындағы ақшаға;

      14-1) банктердің орталық депозитарийдегі және (немесе) клирингтік ұйымдағы Қазақстан Республикасының аумағында төлем карточкалары пайдаланыла отырып жүзеге асырылған банкаралық төлемдер (немесе) ақша аударымдары бойынша есеп айырысулардың аяқталуын қамтамасыз етуге арналған ақшасына және (немесе) бағалы қағаздарына;

      15) Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 112-бабы 4-тармағының 1) тармақшасына сәйкес берілетін материалдық көмекті есепке жатқызуға арналған банктік шоттардағы ақшаға тыйым салуды қолдануға жол берілмейді.

      Сауда-саттық ұйымдастырушылардың сауда жүйелерінде ашық сауда-саттық әдісімен және (немесе) орталық контрагенттің қатысуымен жасалған репо операциялары бойынша нысана болып табылатын мүлікке азаматтық сот ісін жүргізу барысында осы репо операциялары жабылғаннан кейін ғана тыйым салынуы мүмкін.

      Сот орындаушысының банктік шоттардың нөмірлері және оларда ақшаның бар-жоғы туралы ақпаратты, банктердегі, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардағы, сондай-ақ сақтандыру ұйымдарындағы мүліктің сипаты мен құны туралы мәліметтерді талап ету және оларға тыйым салу туралы прокурор санкциялаған қаулысында сол соманың шегінде тыйым салынатын ақша сомасы көрсетіледі.

      Сот орындаушысының прокурор санкциялаған қаулысы банктерге немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қағаз жеткізгіште немесе атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы электрондық нысанда жіберілуі мүмкін.

      4. Егер борышкер мүлкінің басқа тұлғаларда болуы олардың арасында жасалған шартқа байланысты болған жағдайда, басқа адамдардың шарттан туындайтын құқықтарын сақтау мүмкіндігі туралы және мүлікті алып қою туралы мәселені талап-арыз ісін жүргізу тәртібімен сот шешеді.

      5. Сот орындаушысының мүліктен өндіріп алу жөніндегі әрекеттерді жасауына кедергі келтіру, сот орындаушысының тыйым салынған мүлікке билік етуге немесе оны пайдалануға тыйым салуын бұзу, сондай-ақ тыйым салынған мүлікке қатысты өзге де заңсыз іс-әрекеттер Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.

      6. Борышкердің банктік шотындағы ақшасына атқарушылық санкцияны, орындау жөніндегі шығыстарды және жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеуді ескере отырып, атқарушылық құжатты орындау үшін қажетті сомада тыйым салынады.

      Егер инкассолық өкім негізінде ақшаны өндіріп алу толық көлемде жүргізілген жағдайда, инкассолық өкім орындалған атқарушылық іс жүргізу шеңберінде бұдан бұрын салынған тыйым алып тасталды деп есептеледі, ал тыйым салу туралы қаулы оның бастамашысына қайтарылуға тиіс.

      Ескерту. 62-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 15.01.2014 № 164-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.10.2015 № 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 26.07.2016 № 12-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.12.2017 № 114-VI (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 168-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2018 № 171-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.01.2019 № 217-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 26.12.2019 № 284-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.06.2020 № 349-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2020 № 397-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 399-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 15.11.2021 № 72-VII (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі); 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2022 № 177-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2022 № 179-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.11.2023 № 40-VIII (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі); 16.05.2024 № 82-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 22.11.2024 № 138-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.01.2025 № 153-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.03.2025 № 172-VIII (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі); 30.06.2025 № 204-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.06.2025 № 205-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.01.2026 № 259-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

63-бап. Мүлікке тыйым салу тәртібі

      1. Мүлікке тыйым салу кезінде сот орындаушысы оның борышкерге тиесілі екендігін және ондағы ауыртпалықты анықтайды. Мемлекеттік тіркеуге жатпайтын мүліктің кімге тиесілі екенін анықтау қиын болған және бұл мүлік борышкерге тиесілі деп жорамалдауға негіздер болған жағдайда, сот орындаушысы оның кімге тиесілі екендігі анықталғанға дейін мүлікке тыйым салуға құқылы.

      Егер мүлік борышкерге тиесілі болмаса, онда ол сот орындаушысына тыйым салынған мүліктің тиесілігін белгілейтін қажетті дәлелдемелерді ұсынуға міндетті.

      2. Сот орындаушысы мүліктің борышкерге тиесілі екеніне көз жеткізіп, мүлікті тізімдемеге енгізеді, өндіріп алудың мөлшеріне қарай бүкіл мүлікке немесе оның бір бөлігіне тыйым салуды қолданады және тыйым салуды қолдану туралы қаулыны мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын тиісті органдарға қағаз жеткізгіште немесе атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы электрондық нысанда жібереді.

      Бұл ретте жылжымайтын мүлікке қатысты тізімдеме жүргізілмейді.

      3. Сот орындаушысы кепілге салынған мүлікке тыйым салынғандығы туралы кепіл ұстаушыға хабарлайды.

      4. Талап қоюды қамтамасыз ету туралы ұйғарымды орындау кезінде сот орындаушысы талап қою талаптарына қарай бүкіл мүлікке немесе мәлімделген талаптың мөлшеріне сәйкес келетін оның бір бөлігіне тыйым салады.

      Ескерту. 63-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 15.01.2014 № 164-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 31.10.2015 № 378-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.06.2020 № 349-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

64-бап. Тыйым салынған мүлікті пайдалану тәртібін айқындау

      1. Қажет болған жағдайда сот орындаушысы тыйым салынған мүлікті алып қоюды жүргізуге немесе борышкердің тыйым салынған мүлікті пайдалану жөніндегі құқықтарын шектеуге құқылы. Шектеудің түрлерін, көлемдері мен мерзімдерін сот орындаушысы әрбір нақты жағдайда осы мүлікке тыйым салудың мақсаттарын, мүліктің ерекшеліктерін, оның меншік иесі немесе қожасы үшін маңызын, шаруашылық, тұрмыстық немесе өзгедей пайдаланылуын және басқа да факторларды ескере отырып айқындайды.

      2. Сот орындаушысының мүлікке билік етуге салған тыйымын бұзу немесе борышкердің тыйым салынған мүлкін пайдалану құқықтарын шектеуді сақтамау атқарушылық құжатта қамтылған талаптарды орындамағаны үшін осы Заңда көзделген салдарларға әкеп соғады.

      3. Вексельдерге, түбіртектерге, ұсынушының жинақ кітапшаларына, депозиттік және жинақ сертификаттарына, облигацияларға және борышкерге ақша сомасын төлеу міндеттемесі бар өзге де мүлікке тыйым салу кезінде сот орындаушысы алып қою туралы хаттаманы толтыра отырып, аталған мүлікті алып қояды.

65-бап. Бағалы қағаздарға тыйым салу

      1. Құжаттық бағалы қағаздарға тыйым салу олардың тұрған орны бойынша жүргізіледі. Құжатсыз бағалы қағаздарға тыйым салу осы қағаздар иелерінің құқықтарын есепке алу орны бойынша жүргізіледі.

      2. Сот орындаушысы бағалы қағаздарға тыйым салу туралы қаулы шығарады. Құжаттық бағалы қағаздарға тыйым салу туралы сот орындаушысы осы Заңның 67-бабында белгіленген тәртіппен хаттама да жасайды.

      3. Бағалы қағаздарға тыйым салу туралы қаулыда тыйым салынған бағалы қағаздардың жалпы саны, олардың түрі, сәйкестендіру нөмірі, осы бағалы қағаздардың эмитенті туралы мәліметтер, бағалы қағаздарды сәйкестендіруге, сондай-ақ олардың борышкерге тиесілілігін анықтауға мүмкіндік беретін басқа да деректер көрсетіледі.

      4. Борышкерге тиесілі бағалы қағаздарға тыйым салу борышкердің оларға билік етуіне (сатуға, өз міндеттемелерін немесе үшінші бір адамдардың міндеттемелерін қамтамасыз ету ретінде беруге, өзге де түрде ауыртпалық түсіруге) тыйым салуды білдіреді. Өзге де шектеулерді, оның ішінде борышкердің кіріс алуға құқықтарын және бағалы қағаздармен бекітілген басқа да құқықтарын шектеу кезінде сот орындаушысы белгіленген шектеулерді бағалы қағаздарға тыйым салу туралы қаулыда санамалап көрсетуге міндетті.

      5. Бағалы қағаздарға тыйым салу:

      1) эмитенттің (басқарушы компанияның) оларды өтеу, олар бойынша кірістерді төлеу, оларды өзге бағалы қағаздарға айырбастау, алмастыру немесе орналастырылған акциялардың санын ұлғайту есебінен жарияланған акциялардың санын ұлғайту жөніндегі әрекеттер жасауына, егер мұндай әрекеттер тыйым салынған бағалы қағаздарды шығару шарттарында (инвестициялық пай қорының қағидаларында) көзделсе және бағалы қағаздарға тыйым салу туралы қаулыда тыйым салынбаса, кедергі келтірмейді. Бағалы қағаздар бойынша кірістерді төлеуге байланысты әрекеттердің жасалуы туралы эмитент (басқарушы компания, басқарушы) сот орындаушысына дереу хабарлайды;

      2) бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамада және осы қор биржасының ішкі құжаттарында белгіленген шарттарда және тәртіппен есеп айырысу кезеңі ішінде мүлікке тыйым салу туралы соттың тиісті ұйғарымын алған кезге дейін қор биржасының сауда жүйесінде жасалған мәмілелер бойынша барлық міндеттемелерді орындауға (немесе барлық есеп айырысуларды, аударымдарды аяқтауға);

      3) орталық депозитарийдің айналыс мерзімі өткен және олар бойынша эмитент оларды өтеу жөніндегі міндеттемелерін орындамаған эмиссиялық бағалы қағаздарды ұстаушылардың жеке шоттарынан (қосалқы шоттарынан) есептен шығару бойынша және эмитенттің осы эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын ұстаушылардың осы жеке шоттарына (қосалқы шоттарына) есепке жатқызу бойынша операцияларды жасауына;

      4) "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-1-бабының талаптарына сәйкес бағалы қағаздардың қайталама нарығында қоғамның дауыс беретін акцияларының тоқсан бес және одан көп пайызын дербес немесе өзінің үлестес тұлғаларымен жиынтықта сатып алған тұлғаның акционерлік қоғамның дауыс беретін акцияларын сатып алуды жүргізуіне кедергі келтірмейді.

      Осы тармақшада көрсетілген тұлға акционерлік қоғамның тыйым салынған дауыс беретін акцияларына ақы төлеуге арналған ақшаны қоғамның дауыс беретін акцияларын сатқан акционердің орталық депозитарийде ашылған шотына есепке жазады.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) және 4) тармақшаларының талаптары орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде тіркелетін операцияларға қолданылады. Орталық депозитарий, бағалы қағаздар бойынша кірістерді төлеуге байланысты әрекеттерді қоспағанда, осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) және 4) тармақшаларында көрсетілген әрекеттерді жасау туралы сот орындаушысына олар жасалған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде хабарлайды.

      6. Осы баптың 5-тармағы бірінші бөлігінің 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген операциялар нәтижесінде алынған қаржы құралдары, ақша немесе талап ету құқықтары, егер бұл тыйым салуды қолдану мақсаттарына қайшы келмесе, тыйым салуды қолдану туралы қаулы бойынша тыйым салынған бағалы қағаздар сияқты нақ сол шарттармен тыйым салуда тұрған болып есептеледі. Сот орындаушысы бұрын шығарылған қаулыға қосымша ретінде осы Заңның 55-бабының 5-тармағына сәйкес айқындалатын берешектің мөлшерін ескере отырып, айырбастау, алмастыру, қаржы құралдарымен жасалған мәмілелерді орындау нәтижесінде алынған қаржы құралдарына (талап ету құқықтарына) тыйым салуды қолдану туралы қаулы шығаруға міндетті.

      6-1. Акционерлік қоғамдар қайта ұйымдастырылған кезде (бірігу, қосылу, бөліну, бөлініп шығу нысанында) қайта ұйымдастырылатын акционерлік қоғамдардың акцияларына тыйым салу қайта ұйымдастыру бойынша әрекеттер жасауға кедергі келтірмейді, сондай-ақ орталық депозитарийдің және (немесе) тыйым салынған акциялар бойынша құқықтарды есепке алуды жүзеге асыратын номиналды ұстаушылардың тиісті әрекеттер жасауына кедергі келтірмейді.

      Қайта ұйымдастырылатын акционерлік қоғамның (қайта ұйымдастырылатын акционерлік қоғамдардың) тыйым салудағы акцияларын алғаннан кейін өзіне қосу жүзеге асырылатын немесе акционерлік қоғамдарды қайта ұйымдастыру нәтижесінде жаңадан құрылған акционерлік қоғам бұл жөнінде сот орындаушысына дереу хабарлайды.

      Егер бұл тыйым салу мақсаттарына қайшы келмейтін болса, өзіне қосу жүзеге асырылатын немесе акционерлік қоғамдарды қайта ұйымдастыру нәтижесінде жаңадан құрылған акционерлік қоғамның қайта ұйымдастырылатын акционерлік қоғамның (қайта ұйымдастырылатын акционерлік қоғамдардың) акционерлері арасында орналастырылған акциялары тыйым салу туралы қаулы бойынша бұрын тыйым салынған акциялардың орнына қайта ұйымдастырылатын акционерлік қоғамның (қайта ұйымдастырылатын акционерлік қоғамдардың) акциялары сияқты дәл сондай талаптармен тыйым салуда деп есептеледі.

      Сот орындаушысы бұрын шығарылған қаулыға толықтыру ретінде осы Заңның 55-бабының 5-тармағына сәйкес айқындалатын берешекті ескере отырып, бұрын тыйым салынған акциялардың орнына орналастыру нәтижесінде алынған, өзіне қосу жүзеге асырылатын немесе акционерлік қоғамдарды қайта ұйымдастыру нәтижесінде жаңадан құрылған акционерлік қоғамның акцияларына тыйым салу туралы қаулы шығаруға міндетті.

      7. Егер атқарушылық құжатта борышкердің бағалы қағаздар бойынша кіріс алуға және (немесе) борышкерге тиесілі, тыйым салу қолданылған бағалы қағаздарды өтеу кезінде ақша сомасын алуға құқықтарын шектеу белгіленсе, онда осы бағалы қағаздар бойынша өтеу кезіндегі барлық кірістер және (немесе) ақша сомасы аумақтық органның қолма-қол ақшаны бақылау шотына немесе жеке сот орындаушысының деректемелері тиісті атқарушылық құжатта көрсетілген өндіріп алушылардың пайдасына өндіріп алынған сомаларды сақтауға арналған ағымдағы шотына есепке жатқызылуға жатады.

      8. Сот орындаушысы тыйым салынған құжаттық бағалы қағаздарды алып қояды және бағалы қағаздарға тыйым салу туралы хаттамаға қол қойғыза отырып, осы хаттаманың көшірмесін сақтаушыға сақтауға береді. Сот орындаушысы осы бағалы қағаздарды кастодианға сақтауға беру туралы шешім қабылдай алады.

      9. Номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығымен брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиядан номиналды ұстаушы айырылған не номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығымен брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияны ерікті түрде қайтару туралы номиналды ұстаушы шешім қабылдаған жағдайда, бағалы қағаздарды аударуды қоспағанда, тыйым салынған құжатсыз бағалы қағаздар алып қойылмайды және құқықтарды есепке алу үшін басқа номиналды ұстаушыға берілмейді.

      Номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығымен брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті және (немесе) кастодиандық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиядан номиналды ұстаушы айырылған не номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығымен брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті және (немесе) кастодиандық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияны өз еркімен қайтару туралы номиналды ұстаушы шешім қабылдаған жағдайда, тыйым салынған бағалы қағаздарды орталық депозитарийдің есепке алу жүйесіндегі ұстаушының жеке шотына (қосалқы шотына) аудару жүзеге асырылады.

      9-1. 2013.01.01 дейін қолданыста болды - ҚР 2011.12.28 № 524-IV Заңымен.

      10. Тыйым салынған бағалы қағаздарға құқықтарды есепке алуды жүзеге асыратын номиналды ұстаушының тиісті лицензиясының қолданылуы тоқтатыла тұрған не тоқтатылған жағдайда, номиналды ұстаушы ол туралы лицензиясының қолданылуы тоқтатыла тұрған не тоқтатылғандығы туралы хабарлама алған күннен кейінгі күннен кешіктірмей сот орындаушысына хабарлайды.

      11. Эмитент (басқарушы компания) тыйым салынған бағалы қағаздарға құқықтарды есепке алуды жүзеге асыратын номиналды ұстаушымен шартты бұзған жағдайда, номиналды ұстаушы ол туралы шарт бұзылған күннен кейінгі күннен кешіктірмей сот орындаушысына хабарлайды.

      12. Алып тасталды – ҚР 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      13. Тыйым салынған бағалы қағаздарды мүліктің және (немесе) мүліктік құқықтардың иесіне беру нысанында өтеген жағдайда сот орындаушысы мұндай мүлікті және (немесе) мүліктік құқықтарды осы Заңда белгіленген тәртіппен өндіріп алады.

      14. Сот орындаушысы бағалы қағаздарға тыйым салынғаны туралы қаулының көшірмелерін, оны шығарған (жасаған) күннен кейінгі күннен кешіктірмей, атқарушылық іс жүргізу тараптарына, сондай-ақ:

      1) бағалы қағаздарды берген адамға (эмиссиялық бағалы қағаздарды қоспағанда);

      2) тыйым салынған бағалы қағаздарға құқықтарды есепке алуды жүзеге асыратын орталық депозитарийге (номиналды ұстаушыға);

      3) егер бағалы қағаздарға тыйым салу осы бағалы қағаздарға бекітілген құқықтарды шектеуден тұратын болса, эмитентке (басқарушы компанияға) жібереді.

      15. Бағалы қағаздарға тыйым салу туралы қаулының көшірмесін алған күннен бастап, осы баптың 14-тармағында аталған адамдар:

      1) аталған қаулымен борышкердің шектелген құқықтарын іске асыруға бағытталған борышкердің талаптарын орындауға құқылы емес;

      2) осы баптың 5-тармағында көрсетілген операцияларды жасауды және мәмілелерді орындауды қоспағанда, сот орындаушысының қаулысында көрсетілген берешектің мөлшерін ескере отырып, орталық депозитарийдің немесе бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының шоттарында есепке алынатын немесе сонда болатын борышкердің қаржы құралдарымен операцияларын дереу тоқтата тұруға міндетті.

      16. Номиналды ұстаушының (бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының) клиенттеріне тиесілі қаржы құралдарын есепке алу жүзеге асырылатын, номиналды ұстаушының (бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының) банктік, жеке және өзге де шоттарына номиналды ұстаушының (бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының) міндеттемелері бойынша тыйым салына алмайды.

      Ескерту. 65-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.12.28 № 524-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); 19.03.2014 № 179-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 27.02.2017 № 49-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 166-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); 26.06.2020 № 349-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

66-бап. Борышкер мүлкінің тізімдемесі

      1. Сот орындаушысы өндіріп алушыға берілетін соманы, орындау жөніндегі шығыстарды және жеке сот орындаушысының қызметтеріне төлейтін шығыстарды өтеуге қажетті мөлшерде борышкер мүлкінің тізімдемесін жүргізеді. Осы Заңның 55-бабының 5-тармағында көзделген жағдайда, тізімделетін мүліктің құны атқарушылық құжат бойынша өндіріп алудың мөлшерінен асып түсуі мүмкін. Сот орындаушысының тізімдемеге түскен заттарға сүргі сала алады.

      2. Мүлікке тізімдеме жасау борышкердің және куәгерлердің қатысуымен жүргізілуге тиіс. Атқарушылық әрекеттер жасалатындығы туралы алдын ала хабардар етілген, борышкер болып табылатын жеке адам немесе заңды тұлғаның өкілі болмаған жағдайда, тізімдеме куәгерлердің қатысуымен жасалады.

      3. Мүліктер тізімдемесіне әр заттың атауы, оның ерекше белгілері (салмағы, метражы, тозу дәрежесі, бұйымның маркасы және өзге де өлшемдері), әр заттың жеке-жеке бағасы және барлық мүліктің құны енгізіледі.

      Тізімдемеге оны жасау кезінде қатысқан адамдар қол қояды.

      4. Сот орындаушысы тізімдемеге қатысушы маманның қорытындысы бойынша жылжымалы мүлікке тізімдеме жасамауға не маманның қорытындысы бойынша оны сату мүмкін болмаса немесе оны сатудан түскен сома орындау жөніндегі шығыстардан кем болатын болса, оны кейін тізімдемеден алып тастауға құқылы.

67-бап. Мүлікке тізімдеме жасау және тыйым салу хаттамасы

      1. Мүлікке тізімдеме жасау және тыйым салу хаттамасында:

      1) хаттама жасалған уақыт пен орны;

      2) хаттама жасаған сот орындаушысының, сондай-ақ хаттама жасалған кезде қатысқан адамдардың тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда);

      3) соттың немесе атқарушылық құжаты орындалатын басқа да органның атауы;

      4) өндіріп алушының және борышкердің тектері, аттары және әкелерінің аттары (олар болған жағдайда);

      5) мүлікке тізімдеме жасау жүргізілгені туралы сілтеме (тізімдемені кім жүргізді, тізімделген мүліктің жалпы құны);

      5-1) мүлік түрінің сипаты немесе мүліктің және оның сипаттамаларының тізбеленуі;

      6) егер заттарға сүргі салу жүргізілген болса, оған сілтеме;

      7) мүлік сақтауға берілген жеке адамның тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда), заңды тұлғаның атауы, егер мүлікті сақтау борышкердің өзіне жүктелмесе, мекенжайлары;

      8) борышкерге және басқа да адамдарға сот орындаушысының әрекеттеріне шағым жасау тәртібі мен мерзімінің түсіндірілгені, сондай-ақ борышкерге немесе мүлікті сақтаушыға олардың сақтауға берілген мүлікті сақтау жөніндегі міндеттері және оны талан-таражға салғаны, иеліктен шығарғаны немесе жасырғаны үшін жауапкершілігі жөнінде түсіндірілгені туралы белгі;

      9) өндіріп алушының, борышкердің, тізімдеме жасау кезінде қатысқан адамдардың ескертпелері мен арыздары және сот орындаушысының солар бойынша өкімдері көрсетілуге тиіс.

      2. Мүлікке тізімдеме жасау және тыйым салу хаттамасына сот орындаушысы және оны толтыру кезінде қатысқан адамдар қол қояды.

      Ескерту. 67-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 15.01.2014 № 164-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

3-параграф. Мүлікті бағалау және сақтау

68-бап. Борышкердің мүлкін бағалау

      1. Сот орындаушысы мүлікке тыйым салынған және борышкерге мүліктің тиесілі екені анықталған кезден бастап он жұмыс күні ішінде:

      бағалаушыны өз бетінше тағайындау;

      атқарушылық іс жүргізу тараптарының бірінің ұсынысы бойынша бағалаушыны тағайындау;

      атқарушылық іс жүргізу тараптарының біріне борышкердің мүлкін бағалауды жүргізу туралы тапсырма беруі арқылы бағалаушыны тағайындау туралы қаулы шығарады.

      Борышкердің тыйым салынған мүлкін бағалау жөніндегі көрсетілетін қызметтің ақысын төлеу атқарушылық іс жүргізу тараптарына жүктеледі және кейіннен борышкердің есебінен өтеледі.

      2. Бағалаушыны тағайындау туралы сот орындаушысы қаулысының көшірмелері атқарушылық іс жүргізу тараптарына оны шығарған күннен кейінгі күннен кешіктірілмей жіберіледі.

      3. Бағалаумен келіспейтін атқарушылық іс жүргізу тарапы "Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүргізілген бағалау бойынша қорытынды алу үшін сараптама кеңесіне өтініш жасай алады не бағалаумен танысқан күннен бастап он жұмыс күні ішінде оған Қазақстан Республикасының азаматтық процестік заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа шағым жасай алады. Сараптама кеңесінің теріс қорытындысы не соттың бағалау туралы есепті жарамсыз деп тануы сот орындаушысының жаңа бағалауды тағайындауына негіз болып табылады. Сараптама кеңесі теріс қорытынды берген жағдайда, тапсырыс беруші бағалау туралы есептің сараптамасы үшін жүргізген төлемді бағалау туралы есепті жасаған бағалаушы немесе бағалаушы еңбек шартын жасасқан заңды тұлға өтейді.

      4. Жаңа бағалау жүргізу бойынша көрсетілетін қызметтер үшін ақы төлеу шағым жасаушы тарапқа жүктеледі.

      5. Атқарушылық іс жүргізу тараптары мүліктің құны туралы жазбаша келісім жасасқан жағдайда, бағалаушы тыйым салынған мүлікті бағалауды жүргізбейді және бағалаушыны тағайындау туралы қаулы шығарылмайды.

      Ескерту. 68-бап жаңа редакцияда - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 21.01.2019 № 217-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.06.2020 № 351-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 17.12.2025 № 241-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 01.07.2026 № 330-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

69-бап. Мүлікті сақтау

      1. Сот орындаушысы сақтаушыдан сақтау қолхатын алу арқылы сақтау шарты негізінде тыйым салынған мүлікті сақтауға беруді жүзеге асырады.

      2. Тыйым салынған мүлікті сақтаудың тәртібі мен шарттары Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен және басқа да нормативтік құқықтық актілерімен айқындалады.

      3. Егер мүлікті пайдалану оның ерекшеліктері бойынша мүліктің жойылуына немесе оның құндылығының кемуіне әкеп соқпаса, сақтаушы бұл мүлікті сот орындаушысының рұқсатымен пайдалана алады.

      4. Борышкер немесе оның отбасының мүшесі сақтаушы болып табылмаса, ол сақтағаны үшін сыйақы алады.

      5. Мүлікті сақтау жөнінде жұмсалған қажетті шығыстар сақтаушыға осы мүлікті пайдаланудан іс жүзінде алынған пайда шегеріле отырып өтеледі.

      6. Мүлікті сақтауға байланысты жұмсалған шығындар атқарушылық әрекеттер жасау жөніндегі шығыстарға жатқызылады.

70-бап. Мүлікті сақтаушының жауапкершілігі

      Сақтауға берілген тыйым салынған мүлікті талан-таражға салған, иеліктен шығарған немесе жасырған жағдайда сақтаушы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.

71-бап. Борышкерден алып қойылған құндылықтарды сақтау

      1. Борышкерден ақшаны, бағалы қағаздарды, валюталық құндылықтарды, зергерлік және қымбат металдардан, асыл тастардан және інжуден жасалған басқа да бұйымдарды, сондай-ақ осындай бұйымдардың сынықтарын алып қойған кезде сот орындаушысы екі дана етіп алып қою актісін жасайды.

      2. Борышкерден алып қойылған бағалы қағаздарды, валюталық құндылықтарды, зергерлік және қымбат металдардан, асыл тастардан және інжуден жасалған басқа да бұйымдарды, сондай-ақ осындай бұйымдардың сынықтарын сот орындаушысы банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға шарт негізінде жүзеге асырылатын сақтауға өткізеді.

      3. Өндіріп алушыға берілген сомаларды және атқару жөніндегі шығыстарды өтеу үшін қажетті, борышкерден алынған ақша сомаларын сот орындаушысы жиырма төрт сағат ішінде аумақтық органның қолма-қол ақшаны бақылау шотына немесе жеке сот орындаушысының өндіріп алушылардың пайдасына өндіріп алынған сомаларды сақтауға арналған ағымдағы шотына енгізеді. Аумақтық органның қолма-қол ақшаны бақылау шотындағы немесе жеке сот орындаушысының ағымдағы шотындағы ақша сомаларын есепке алу, сақтау және беру тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасымен айқындалады.

      4. Борышкерден ақшаны алып қою кезінде борышкерге алып қою актісінен бөлек түбіртек беріледі, ал алып қойылған ақша аумақтық органның қолма-қол ақшаны бақылау шотына немесе жеке сот орындаушысының өндіріп алушылардың пайдасына өндіріп алынған сомаларды сақтауға арналған ағымдағы шотына енгізіледі.

      Ескерту. 71-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 26.06.2020 № 349-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

8-тарау. БОРЫШКЕРДІҢ МҮЛКIН ӨТКІЗУДІҢ ТӘРТІБІ
1-параграф. Өткізудің жалпы қағидалары

72-бап. Борышкердің мүлкін өткізу кезектілігі

      1. Жеке тұлғаның мүлкіне өндіріп алуды қолдану кезінде осы мүлікті өткізу мынадай кезектілікпен жүзеге асырылады:

      1) бірінші кезекте – бірінші кезектегі қажетті заттар болып табылмайтын мүлік, бағалы қағаздар, валюталық құндылықтар, бағалы металдар мен асыл тастар, зергерлік бұйымдар, декор және жайластыру заттары;

      2) екінші кезекте – көлік құралдары, жылжымайтын мүлік (тұрғынжайдан басқа);

      3) үшінші кезекте – тұрғынжай.

      2. Заңды тұлғаның мүлкіне өндіріп алуды қолданған кезде осы мүлікті өткізу мынадай кезектілікпен жүзеге асырылады:

      1) бірінші кезекте – тауарларды өндіруге, жұмыстарды орындауға немесе қызметтерді көрсетуге тікелей қатысы жоқ жылжымалы мүлік, оның ішінде дайын өнім (тауарлар), бағалы қағаздар, валюталық құндылықтар, бағалы металдар мен асыл тастар, зергерлік бұйымдар, декор және жайластыру заттары;

      2) екінші кезекте – тауарларды өндіруге, жұмыстарды орындауға немесе қызметтерді көрсетуге тікелей қатысы жоқ жылжымайтын мүлік;

      3) үшінші кезекте – тауарларды өндіруге, жұмыстарды орындауға немесе қызметтерді көрсетуге тікелей пайдаланылатын мүлік: өндірістік мақсаттағы жылжымайтын мүлік объектілері, шикізат, материалдар, станоктар, жабдықтар және басқа да негізгі құралдар.

      3. Осы баптың ережелері кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғаның мүлкін өткізу кезінде оның жеке мүлкі мен кәсіпкерлік қызметте пайдаланатын мүлкі бойынша да қолданылады.

      4. Өндіріп алуды қолданудың нысанасы – борышкер кепіл немесе міндеттемені қамтамасыз ету ретінде берген мүлік болған, не тыйым салынған мүлікті кезектілік тәртібімен өткізу атқарушылық құжат талаптарының толық орындалуына әкелмейтін немесе осы Заңда белгіленген орындау мерзімдерін ұлғайтатын жағдайда, мүлікті өткізу кезектілігі өзгертілуі мүмкін. Сот орындаушысы аталған мән-жайды борышкердің мүлкін өткізуге беру туралы қаулыда көрсетеді, оған Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.

      Ескерту. 72-бап жаңа редакцияда - ҚР 29.12.2014 № 269-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).

73-бап. Борышкердің жылжымайтын мүлкін кейіннен аукционда сату үшін оған құқықтарды тіркеу ерекшеліктері

      1. Меншік құқығы (шаруашылық жүргізу құқығы, оралымды басқару құқығы) жылжымайтын мүлікке және олармен жасалатын мәмілелерге құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген борышкердің жылжымайтын мүлкінен өндіріліп алынған жағдайда, сондай-ақ жылжымайтын объектінің кадастрлық және техникалық есепке алу (түгендеу) жөніндегі жұмыстары жүргізілмесе немесе аяқталмаса, сот орындаушысы борышкерге, тіркеуші органға аталған әрекеттерді жүргізуге және жылжымайтын мүлікке құқықтарды кадастрлық, техникалық есепке алу мен мемлекеттік тіркеу жөніндегі құжаттарды табыс ету міндеттерін жүктеу туралы ұсыныспен сотқа жүгінеді.

      2. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және олармен жасалатын мәмілелерді кадастрлық және техникалық есепке алу мен мемлекеттік тіркеу бойынша шығыстар атқарушылық әрекеттер жасау жөніндегі шығыстарға жатқызылады.

      Ескерту. 73-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.10.2015 № 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

74-бап. Тыйым салынған мүлікті өткізу

      1. Айналымнан заң бойынша алып қойылған мүліктен басқа, тыйым салынған мүлікті өткізуді тыйым салу негіздеріне және осы Заңның 77-бабының 3-тармағында көрсетілген мүлікті қоспағанда, мүлік түрлеріне қарамастан, сот орындаушысы электрондық аукцион нысанындағы сауда-саттықта атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің бірыңғай электрондық сауда алаңында не бірыңғай электрондық сауда алаңында жүргізеді, оны таңдауды Республикалық палата уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырады.

      2. Сот орындаушысы мүлікке тыйым салынғаннан және бағалау жүргізілгеннен кейін және мүлік өткізілгенге дейін бір мезгілде бағалау туралы есеппен таныстыра отырып, борышкерге оның жазбаша өтініші бойынша бір айдан аспайтын мерзімде тыйым салынған мүлікті жасалған күнінен бастап бір жылдан аспайтын уақыт өткен бағалау туралы есепте көрсетілген бағалау құнының жетпіс бес пайызынан төмен емес құны бойынша дербес өткізу құқығын береді.

      Борышкердің мүлікті өткізуге рұқсат алуы мүлікті өткізу жөніндегі рәсімдерді тоқтата тұруға негіз болып табылмайды.

      Тұрғынжайды дербес өткізу мерзімі үш айды құрайды, осы мерзім ішінде мүлік сауда-саттыққа шығарыла алмайды.

      Тыйым салынған мүлікті дербес өткізу құқығын борышкер бір атқарушылық іс жүргізу бойынша бір реттен асырмай пайдалана алады.

      Сатып алушы мен борышкер немесе сот орындаушысы арасындағы сатып алу-сату шартына қол қойылғаннан және сатып алушы мүліктің сатып алу құнының мөлшеріндегі ақшалай соманы аумақтық органның қолма-қол ақшаны бақылау шотына немесе жеке сот орындаушысының өндіріп алушылардың пайдасына өндіріп алынған сомаларды сақтауға арналған ағымдағы шотына енгізгеннен кейін, талап қоюды қамтамасыз ету мақсатында сот салған ауыртпалықтарды қоспағанда, басқа атқарушылық құжаттар шеңберінде салынған, өткізілген мүліктен ауыртпалықтардың күшін мүлікті өткізген не рұқсатымен өткізілген сот орындаушысы жояды.

      3. Егер тыйым салынған мүлікті өткізу туралы шешім қабылдау кезінде борышкердің банкроттығы туралы іс бойынша іс жүргізу қозғалатын болса, онда мүлікті өткізу аталған мәселе мәні бойынша қаралғанға дейін тоқтатыла тұрады.

      4. Тыйым салынған мүлікті өткізудің, оның ішінде электрондық аукцион нысанындағы сауда-саттықта өткізудің осы Заңмен реттелмеген мәселелері уәкілетті орган бекітетін қағидаларда айқындалады.

      Ескерту. 74-бап жаңа редакцияда - ҚР 29.12.2014 № 269-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР 29.10.2015 № 376-V (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.06.2020 № 349-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 31.12.2021 № 100-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

74-1-бап. Сот орындаушысының тыйым салынған мүлікті есепке алуы

      Сот орындаушысы атқарушылық іс жүргізу жөніндегі автоматтандырылған ақпараттық жүйе арқылы тыйым салынған мүліктің есепке алынуын қамтамасыз етеді.

      Ескерту. 8-тарау 74-1-баппен толықтырылды - ҚР 15.01.2014 № 164-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

75-бап. Мемлекетке берілетін мүлікті өткізу

      Мүлікті тәркілеу бөлігінде қылмыстық іс бойынша сот үкімі негізінде не мүлікті мемлекетке беру туралы шешім негізінде тыйым салынған мүлік мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен өткізіледі немесе пайдаланылады.

      Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекет кірісіне айналдырылған мүлік Қазақстан Республикасының заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы заңнамасына сәйкес құрылған Арнаулы мемлекеттік қорға не басқарушы компанияға беріледі.

      Ескерту. 75-бап жаңа редакцияда - ҚР 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 12.07.2023 № 23-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

76-бап. Құндылықтарды өткізу

      Борышкерге тиесілі бағалы қағаздар мен валюталық құндылықтар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өткізіледі.

      Ескерту. 76-бап жаңа редакцияда - ҚР 29.12.2014 № 269-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).

77-бап. Тыйым салынған мүлікті өткізу тәртібі

      1. Борышкердің мүлкін өткізуге беру туралы сот орындаушысы қаулы шығарады.

      2. Тез бұзылатын мүлікті тыйым салынғаннан кейін және тізімдеме жасалғаннан кейін атқарушылық іс жүргізу тараптарының білдірген еркіне қарамастан, сот орындаушысы комиссия шарты бойынша сауда қызметінің субъектілеріне дереу сатуға тапсырады.

      3. Егер маман тыйым салынған мүлік сату кезінде құнды болып табылмайды және өтімді емес деген қорытынды берсе, осы мүлік өткізуге берілмейді.

      4. Құрамы бойынша біртектес мүлікті өткізген кезде ол сот орындаушысының қаулысы бойынша бірыңғай лотпен сатылуы мүмкін.

      Ескерту. 77-бап жаңа редакцияда - ҚР 29.12.2014 № 269-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).

78-бап. Мүлікті комиссиялық сату ерекшеліктері

      Ескерту. 78-бап алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 269-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).

2-параграф. Аукцион өткізудің ерекшеліктері

79-бап. Алдағы электрондық аукцион туралы құлақтандыру

      Алдағы электрондық аукион туралы хабарландыру электрондық аукцион өткізілгенге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей, бірыңғай электрондық сауда алаңында жарияланады.

      Ескерту. 79-бап жаңа редакцияда - ҚР 29.12.2014 № 269-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).

80-бап. Электрондық аукцион өткізудің жалпы шарттары

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      1-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 24.06.2026 № 325-VIII (01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      1. Электрондық аукционға қатысуға ниет білдірген тұлғалар өтінім беруге және мүліктің бастапқы құнының бес пайызы мөлшеріндегі кепілдік жарнаны төлеуге міндетті.

      Электрондық аукцион жеңімпазының кепілдік жарнасы сатып алу бағасының есебіне жатқызылады. Электрондық аукционның қалған қатысушыларының кепілдік жарнасы электрондық аукцион аяқталғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде қайтарылады.

      2. Электрондық аукционға сатып алушылар ретінде:

      кепіл ұстаушы және оның жұмыскері, еншілес ұйымдар, сондай-ақ онымен шарт арқылы байланысқан, соған сәйкес заңды тұлға қабылдайтын шешімдерді айқындауға құқылы тұлғалар;

      егер оның жұмыскері немесе оның құрылтайшысы, қатысушысы, сондай-ақ заңды тұлғамен шарт арқылы байланысқан, соған сәйкес ол қабылдайтын шешімдерді айқындауға құқылы тұлғалар сауда-саттыққа екінші қатысушы болып табылса, заңды тұлға;

      егер оның жақын туысы, зайыбы (жұбайы) сауда-саттыққа екінші қатысушы болып табылса, жеке тұлға;

      сот орындаушылары және осы атқарушылық іс жүргізу бойынша шешім шығарған судьялар, тыйым салынған мүлікті бағалаған бағалаушы, сондай-ақ олардың жақын туыстары, зайыбы (жұбайы);

      борышкер қатыса алмайды.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      3-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 24.06.2026 № 325-VIII (01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      3. Электрондық аукцион борышкердің мүлкін өткізуге беру туралы қаулыда көрсетілген бағалау құнынан белгіленген қадаммен мүліктің құнын көтерумен басталады.

      Егер электрондық аукционға қатысушылардың бірде-бірі сауда-саттықтың алдын ала белгіленген қадамын қолдау арқылы мүліктің құнын арттырмаған жағдайларда, онда аукцион өтпеді деп танылады.

      Аукцион өткізілмеді деп танылған және өндіріп алушы мүлікті өзіне қалдырудан бас тартқан жағдайда, сот орындаушысы осы Заңда белгіленген қағидаларды сақтай отырып, бірінші аукцион өткізілген күннен бастап он жұмыс күні өткеннен кейін қайтадан аукцион тағайындайды. Бұл ретте өткізілетін мүліктің бастапқы бағасы қатысушылардың бірі мүлікті жарияланған бағамен сатып алуға келіскен кезге дейін белгіленген қадаммен төмендетіледі, ол елу пайыздан төмен болмауға, ал жылжымайтын мүлікке қатысты электрондық аукционға шығарылған мүліктің бағалау құнынан жетпіс бес пайызға төмен болмауға тиіс.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      4-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 24.06.2026 № 325-VIII (01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      4. Сатып алған мүліктің ақысын электрондық аукцион жеңімпазы электрондық аукцион қорытындылары бекітілгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде төлейді.

      Егер жеңімпаз белгіленген мерзімде сатып алынған мүліктің құнын төлемесе, оның кепілдік жарнасы қайтарылмайды.

      Қатысушылардың кепілдік жарнасы, егер қатысушының электрондық аукционға қатысуға құқығы болмаған жағдайда қайтарылмайды.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      5-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 24.06.2026 № 325-VIII (01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      5. Осы баптың 4-тармағының екінші және үшінші бөліктерінде көзделген жағдайларда, кепілдік жарна мемлекеттік сот орындаушысы өткізетін электрондық аукциондар бойынша мемлекет кірісінің, ал жеке сот орындаушысы өткізетін электрондық аукциондар бойынша жеке сот орындаушысы кірісінің есебіне жатқызылады.

      Ескерту. 80-бап жаңа редакцияда - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 31.12.2021 № 100-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

81-бап. Аукцион өткізудің тәртібі

      Ескерту. 81-бап алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 269-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).

82-бап. Аукцион нәтижелерін бекіту

      Ескерту. 82-бап алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 269-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).

83-бап. Аукцион нәтижелері бойынша меншік иесі құқығының борышкердің мүлкіне ауысуы

      Аукцион нәтижелері бойынша сатып алған мүліктің құнын төлегеннен кейін сот орындаушысы мен аукциондағы мүлікті сатып алушы арасында сатып алу-сату шарты жасалады.

      Аталған шарт сатып алушының алған мүлкіне оның меншік құқығын (меншік құқығының ауысуын) мемлекеттік органдарда тіркеу үшін негіз болып табылады.

      Ескерту. 83-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 15.01.2014 № 164-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

84-бап. Электрондық аукционды өткізілмеді деп жариялау

      Сот орындаушысы, егер:

      1) өтінімдер болмаса немесе бір ғана өтінім берілсе;

      2) сатып алушылардың ешқайсысы мүлік құнын өзгертудің белгіленген қадамын қолдамаса;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      2-1) тармақшамен толықтыру көзделген – ҚР 24.06.2026 № 325-VIII (01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      3) сатып алушы белгіленген мерзімде мүліктің толық сатып алу құнын төлемесе;

      4) онлайн режимде екеуден аз тіркелген қатысушылар қатысса, электрондық аукцион өткізілмеді деп жариялайды.

      Ескерту. 84-бап жаңа редакцияда - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 31.12.2021 № 100-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

85-бап. Электрондық аукционды өткізілмеді деп жариялаудың салдарлары

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      1-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 24.06.2026 № 325-VIII (01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      1. Электрондық аукцион өткізілмеді деп танылған кезде, өндіріп алушы электрондық аукцион өткізілмеді деп танылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде сот орындаушысына өтініш беру арқылы мүлікті бағалау құны бойынша өзіне қалдыруға құқылы. Өндіріп алушының мүлікті өзіне қалдыру туралы өтінішінің болмауы өндіріп алушының мүлікті қабылдаудан бас тартуы деп танылады.

      2. Өндіріп алушы мүлікті қабылдаудан бас тартқан кезде сот орындаушысы тиісті өтінімді бірыңғай электрондық сауда алаңында қайталап орналастыру арқылы электрондық аукцион рәсімін тағайындайды.

      3. Мүлік өндіріп алушыға берілген кезде, өндіріп алушы борышкердің қабылданатын мүлкінің құнынан атқарушылық әрекеттер жасау жөніндегі шығыстар сомасын және жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу сомасын мүліктің берілген құнына мөлшерлес өтейді. Бұл сома кейіннен борышкерден өндіріп алынуға жатады.

      4. Атқарушылық іс жүргізу шеңберінде тыйым салынған мүлікті электрондық аукцион өткізу арқылы өткізу рәсімі екі реттен артық өткізілмейді. Мүлік электрондық аукцион өткізу арқылы өткізілмеген және өндіріп алушы мүлікті өзіне қалдырудан бас тартқан жағдайда, мүлікке өндіріп алуды қолдану тоқтатылады және борышкердің өзге мүлкіне өндіріп алуды қолдану жөнінде одан әрі шаралар қолданылады. Бұл ретте мұндай мүліктен тыйым салу осы Заңның 47-бабында көзделген негіздер бойынша атқарушылық іс жүргізу тоқтатылғаннан кейін ғана алып тасталады.

      Ескерту. 85-бап жаңа редакцияда - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР 29.10.2015 № 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.06.2020 № 349-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

3-параграф. Дебиторлық берешектен өндіріп алудың ерекшеліктері және мүліктік құқықтар

86-бап. Дебиторлық берешектен өндіріп алу

      1. Дебиторлық берешектен өндіріп алу борышкердің осы Заңның 55-бабының 5-тармағына сәйкес айқындалатын берешек мөлшерінде, бірақ өндіріп алынатын күнгі дебиторлық берешек көлемінен аспайтындай және сол шарттармен дебиторлық берешекті алу құқығының өндіріп алушыға ауысуынан тұрады.

      2. Дебиторлық берешектен өндіріп алу:

      1) өндіріп алушының келісімі болған кезде - дебитордың дебиторлық берешекті аумақтық органның қолма-қол ақшаны бақылау шотына немесе жеке сот орындаушысының өндіріп алушылардың пайдасына өндіріп алынған сомаларды сақтауға арналған ағымдағы шотына енгізуі (аударуы) арқылы;

      2) өндіріп алушының келісімі болмаған немесе дебитор дебиторлық берешекті аумақтық органның қолма-қол ақшаны бақылау шотына немесе жеке сот орындаушысының өндіріп алушылардың пайдасына өндіріп алынған сомаларды сақтауға арналған ағымдағы шотына енгізбеген (аудармаған) кезде - дебиторлық берешекті сауда-саттық арқылы сату жолымен жүргізіледі.

      3. Дебиторлық берешектен:

      1) оны өндіріп алу үшін талап қою мерзімі өтіп кеткен;

      2) дебитор Қазақстан Республикасы құқықтық көмек туралы шарт жасаспаған шет мемлекетте тұратын;

      3) дебитор таратылу процесінде тұрған;

      4) дебитор заңды тұлға ретінде өз қызметін тоқтатқан және заңды тұлғалардың бірыңғай мемлекеттік тізілімінен шығарып тасталған;

      5) дебиторға қатысты банкроттық рәсімі енгізілген жағдайларда өндіріп алынбайды.

      4. Өндіріп алуды дебиторлық берешекке қолдану үшін сот орындаушысы өндіріп алуды дебиторлық берешекке қолдану туралы қаулы шығарады, онда дебитордың ақшаны аумақтық органның қолма-қол ақшаның бақылау шотына немесе жеке сот орындаушысының өндіріп алушылардың пайдасына өндіріп алынған сомаларды сақтауға арналған ағымдағы шотына енгізу (аудару) тәртібі көрсетіледі.

      Өндіріп алуды дебиторлық берешекке қолдану туралы қаулы дебиторға және атқарушылық іс жүргізу тараптарына жіберіледі.

      5. Сот орындаушысының қаулысы дебиторды қаулыда көрсетілген аумақтық органның қолма-қол ақшаның бақылау шотына немесе жеке сот орындаушысының өндіріп алушылардың пайдасына өндіріп алынған сомаларды сақтауға арналған ағымдағы шотына ақша енгізу (аудару) арқылы тиісті міндеттемені орындауға міндеттейді, сондай-ақ борышкерге дебиторлық берешектің туындауына негіз болған құқықтық қатынастарды өзгертуге тыйым салады.

      6. Дебитор дебиторлық берешектен өндіріп алу туралы сот орындаушысының қаулысын алған күннен бастап дебитордың тиісті міндеттемені орындауы қаулыда көрсетілген аумақтық органның қолма-қол ақшаны бақылау шотына немесе жеке сот орындаушысының өндіріп алушылардың пайдасына өндіріп алынған сомаларды сақтауға арналған ағымдағы шотына ақшаны енгізу (аудару) арқылы жүзеге асырылады. Дебитордың міндеттемені бұлай орындауы кредиторға тиісті орындау болып есептеледі. Дебитордың борышкерге қатысты құқықтары бұл ретте өзгермейді.

      7. Дебитор сот орындаушысына және борышкерге аумақтық органның қолма-қол ақшаны бақылау шотына немесе жеке сот орындаушысының өндіріп алушылардың пайдасына өндіріп алынған сомаларды сақтауға арналған ағымдағы шотына ақша енгізгені (аударғаны) туралы дереу хабарлауға міндетті.

      Ескерту. 86-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 15.01.2014 № 164-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.06.2020 № 349-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

87-бап. Заңды тұлғалардың және заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке адамдардың дебиторлық берешегін анықтау

      1. Заңды тұлғалардың және заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғалардың дебиторлық берешегін анықтау үшін сот орындаушысы борышкерден, борышкердің контрагенті болып табылатын заңды тұлғалардан және кәсіпкерлік қызметпен айналысатын тұлғалардан қажетті бухгалтерлік құжаттаманы талап етуге құқылы.

      2. Сот орындаушысы борышкердің дебиторлық берешегі туралы ақпарат алу үшін мемлекеттік кіріс органдарына өтініш жасауға құқылы.

      3. Борышкер, мемлекеттік кіріс органдары, занды тұлғалар және заңды тұлға құрмай, кәсіпкерлік қызметпен айналысатын тұлғалар қажетті құжаттар мен ақпаратты сот орындаушысына үш жұмыс күні ішінде беруге міндетті.

      4. Дебиторлық берешекті анықтауды маман жүргізуі мүмкін. Маманның қызметіне төленетін шығыстар атқарушылық құжатты орындау кезінде жұмсалатын шығыстарға қосылады.

      5. Осы Заңның 98-бабында көрсетілген сомаларды төлеу туралы талаптардан өндіріп алуға болмайды.

      Ескерту. 87-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 15.01.2014 № 164-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.11.2014 № 257-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 10-баптың 12) тармақшасынан қараңыз); 26.06.2020 № 349-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

88-бап. Ақшалай талаптарды өндіріп алу туралы қағидаларды алып тастау немесе шектеу туралы келісімдер

      1. Осы Заңның 87-бабында белгіленген қағидаларды борышкер мен өндіріп алушының арасындағы келісім бойынша алып тастауға немесе шектеуге болмайды.

      2. Ақшалай талаптан, тіпті егер атқарушылық іс жүргізудегі борышкер мен азаматтық-құқықтық міндеттемесіне байланысты оған ақшаны төлеуге міндетті адам (борышкердің дебиторы) арасында бұл талапқа тыйым салу немесе басқаға беруді шектеу туралы келісім болса да, өндіріп алынуы мүмкін.

      Аталған қағида атқарушылық іс жүргізудегі борышкерді шығын үшін өзінің контрагентінің алдындағы жауапкершіліктен босатпайды.

89-бап. Ақшалай талаптарға тыйым салу тәртібі

      1. Ақшалай талапқа тыйым салу кезінде сот орындаушысы борышкердің дебиторына және борышкерге тыйым салу туралы хабарлайды және борышкердің дебиторына борышкерге төлеуге, ал борышкерге – талапқа және оны қамтамасыз ететін кепілзатқа билік етуге, сондай-ақ осы Заңда өзгеше белгіленбесе, талаптар бойынша төлем қабылдауға тыйым салады.

      Сот орындаушысы жіберетін тыйым салу туралы қаулыны борышкер дебиторы алған кезден бастап, тыйым салынған болып танылады.

      2. Егер міндеттемені орындау үшін төлем үшінші бір адамға жүктелсе, онда тыйым салу туралы қаулы осы адамға да жіберіледі.

      Борышкер дебиторы сот орындаушысының тыйым салу және борышкерге төлеуге тыйым салу туралы қаулысын алған кезден бастап, тыйым салынған болып есептеледі.

90-бап. Ақшалай талапқа тыйым салу кезіндегі өндіріп алушы құқықтарының көлемі

      Сот орындаушысы өндіріп алушының және борышкердің келісімімен борышкердің дебиторын өндіріп алушының алдындағы міндеттемені атқарушылық құжатта көрсетілген сома шегінде орындауға міндеттеуге құқылы. Бұл ретте борышкердің көрсетілген шектегі борышкер дебиторы алдындағы құқықтары өндіріп алушыға ауысады.

91-бап. Дебитордың ақпарат беру жөніндегі міндеті

      1. Сот орындаушысы ақшалай талаптарға тыйым салынған кезде өндіріп алушының талап етуі бойынша немесе өзінің бастамасы бойынша қаулыда борышкердің дебиторына тыйым салынған талаптардың сипаты мен мазмұны туралы ақпарат беруді ұсына алады.

      Борышкердің дебиторы қаулыны алған кезден бастап үш күн ішінде сот орындаушысына жазбаша жауап беруге міндетті. Борышкердің дебиторының ақпарат беру жөніндегі шығыстарын борышкер өтейді.

      2. Борышкердің дебиторы ақпарат беруден бас тартуы, көрінеу дұрыс емес немесе толық емес ақпарат беруі салдарынан оған келтірілген шығын үшін өндіріп алушының алдында жауап береді. Тыйым салу немесе ақпаратты сұрату туралы қаулыда борышкер дебиторының жауапкершілікте болуы туралы ескертіледі.

      3. Сот орындаушысы борышкердің дебиторынан алынған ақпарат туралы өндіріп алушыға хабарлауға міндетті.

      4. Сот орындаушысы алынған ақпаратты ескере отырып, борышкердің дебиторына тыйым салынған талаптар бойынша төлем туралы қаулыны жібереді.

92-бап. Борышкердің борышкер - үшінші адам алдындағы өз міндеттемесін орындауын қамтамасыз етуі

      1. Егер борышкер дебиторының міндеттемені орындауы оған затты берумен байланысты болса, ал зат борышкерде болатын болса, онда соңғысы сот орындаушысы мен өндіріп алушының талап етуі бойынша оны борышкердің дебиторына өткізу үшін затты беруге міндетті.

      2. Егер борышкердің затты борышкер дебиторының міндеттемесін орындауына айырбасқа беру міндеті болуын растайтын сот шешімі болса не мұндай міндеттің болуын мүдделі тұлғалар дәлелдеген болса, өндіріп алушы борышкерден бұл затты алып қою туралы талаппен сотқа жүгінуге құқылы. Өндіріп алушының немесе уәкілетті адамның талаптарын қанағаттандыру туралы мәселені борышкердің қатысуымен сот шешеді.

9-тарау. БОРЫШКЕРДІҢ АҚШАСЫНАН ӨНДІРІП АЛУ

1-параграф. Борышкердің ақшасынан және өзге де табыс түрлерінен өндіріп алу

93-бап. Борышкердің жалақысынан және өзге де табыс түрлерінен өндіріп алу

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      1-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 24.06.2026 № 325-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      1. Борышкердің жалақысынан және өзге де табыс түрлерінен өндіріп алу мерзімдік төлемдерді өндіріп алу туралы атқарушылық құжатты орындау кезінде, бір жүз айлық есептік көрсеткіштен аспайтын соманы өндіріп алу кезінде, сондай-ақ борышкердің мүлкі болмаған немесе өндіріп алынатын соманы толық өтеу үшін мүлкі жеткіліксіз болған жағдайда басқа да өндіріп алу бойынша қолданылады.

      2. Борышкердің жалақысынан және өзге де табыс түрлерінен өндіріп алынған кезде сот орындаушысы осы Заңның талаптарын ескере отырып қаулы шығарады, онда берілген сома толық өндіріп алынғанға дейін ай сайын қандай мөлшерде ақша ұсталуға тиіс екендігі көрсетіледі және аумақтық бөлімнің не жеке сот орындаушысының мөрімен куәландырылған атқарушылық құжаттың көшірмесімен бірге оны орындау үшін борышкер еңбек қатынастарында тұрған жұмыс берушіге немесе борышкер одан кіріс алатын тұлғаға жібереді.

      3. Сот орындаушысы борышкердің жалақысынан және басқа да табыстарынан ақшаның дұрыс және уақтылы ұсталуына, сондай-ақ ұсталған соманың өндіріп алушыға уақытында жіберілуіне бақылау жасап отыруды жүзеге асыруға міндетті.

      4. Борышкер жұмыстан босатылған жағдайда онымен еңбек қатынастарында тұрған жұмыс беруші немесе борышкер одан кіріс алған тұлға бұл жөнінде сот орындаушысына үш күн мерзімде хабарлама жіберуге міндетті.

      Ескерту. 93-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 15.01.2014 № 164-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.06.2020 № 349-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

94-бап. Борышкердің жалақысынан және өзге де табыс түрлерінен ұстап қалу мөлшерін есептеу

      Ұстап қалу мөлшері борышкердің алуға тиесілі жалақы (табыс) сомасынан есептеледі.

95-бап. Борышкердің жалақысынан және өзге де табыс түрлерінен ұстап қалу мөлшері

      1. Бір немесе бірнеше, оның ішінде басқа сот орындаушыларының іс жүргізуіндегі атқарушылық құжат бойынша борышкердің жалақысына немесе өзге де кіріс түрлеріне өндіріп алу қолданылған кезде борышкер жалақысының немесе өзге де кірісінің кемінде елу пайызы сақталуға тиіс.

      Бұл ретте, алименттерді өндіріп алу және мертіккеннен немесе денсаулығы өзгеше зақымданғаннан, сондай-ақ асыраушының қайтыс болуынан келтірілген зиянды өтеу жағдайларын қоспағанда, борышкерде сақталатын сома республикалық бюджет туралы заңда жыл сайын тиісті қаржы жылына белгіленетін ең төмен күнкөріс деңгейінің мөлшерінен кем болмауға тиіс.

      Осы тармақтың күші бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеп жатқан адамдарға қолданылмайды.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      1-1-тармақпен толықтыру көзделген – ҚР 24.06.2026 № 325-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      2. Алып тасталды - ҚР 2012.04.27 № 15-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      3. Бір борышкерге қатысты жалақыны және өзге де кірістер түрлерін өндіріп алу туралы бірнеше қаулы болған жағдайда, атқарушылық құжаттар бойынша өндіріп алынған сомаларды пропорционалды бөлу осы Заңның 110112-баптарының талаптары сақтала отырып жүргізіледі.

      Ескерту. 95-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.04.27 № 15-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.07.2016 № 12-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.06.2020 № 349-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.07.2025 № 210-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

96-бап. Жазасын өтеп жүрген борышкердің жалақысынан өндіріп алу

      1. Түзеу жұмыстарын өтеп жүрген адамдардан атқарушылық құжаттар бойынша өндіріп алу соттың үкімі немесе қаулысы бойынша жүргізілген ұстап қалу сомасы есепке алынбай, жалақының толық сомасынан жүргізілуге тиіс.

      2. Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары (аурулары) бар, медициналық ұйымдарда динамикалық байқауда тұрған адамдардан өндіріп алу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізіледі.

      3. Сотталушы негізгі жаза түрінде тағайындалған айыппұл төлеуден қасақана жалтарса, сот орындаушысы үкім шығарған сотқа төленбеген айыппұл сомасын Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасына сәйкес басқа жазаға ауыстыру туралы ұсыныс жіберуге құқылы.

      Ескерту. 96-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 07.07.2020 № 361-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

97-бап. Міндетті әлеуметтік сақтандыру бойынша әлеуметтік төлемдерді өндіріп алуға жүгіну

      Еңбекке қабілеттілігінен айырылу, жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемдерге, сондай-ақ оқушылардың стипендияларына өндіріп алу төлем көзінен ұсталатын, алименттерді өндіріп алу және мертіккеннен немесе денсаулығы өзгеше зақымданғаннан, асыраушысының қайтыс болуынан келтірілген зиянды өтеу туралы сот шешімі бойынша ғана жүргізілуі мүмкін.

      Ескерту. 97-бап жаңа редакцияда – ҚР 20.04.2023 № 226-VII (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

98-бап. Өндіріп алуға болмайтын ақша сомасы

      Мыналардан:

      1) жарақат алудан немесе денсаулығын өзгедей зақымдаудан, сондай-ақ асыраушысының қайтыс болуы салдарынан келтірілген зиянды өтеу үшін борышкер алған сомалардан;

      2) асыраушысынан айрылуына байланысты балаларға берілетін жәрдемақы түрінде борышкер алатын сомалардан;

      3) мүгедектігі бар балаларға берілетін жәрдемақы түрінде борышкер алатын сомалардан;

      4) адамдарға қызметтік міндеттерін орындау кезеңінде мертіккен (жарақаттанған, зақымданған, контузия алған) кезде оларға төленетін және олардың қаза табуына (қайтыс болуына) байланысты отбасы мүшелеріне төленетін сақтандыру сомалары мен біржолғы жәрдемақылардан;

      4-1) мемлекеттік ислам арнайы қаржы компаниясының, өзі шығарған исламдық жалдау сертификаттары бойынша бөлінген активтерді жалға беруден және сатудан алған ақшасынан (осы исламдық жалдау сертификаттарынан туындайтын талаптар бойынша болатын реттерден басқа);

      5) бала тууға байланысты берілетін жәрдемақылардан, кәмелетке толмаған балаларды асырауға берілетін жәрдемақылардан, сондай-ақ зейнеткерлер мен бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға төленетін жәрдемақылардан;

      6) жарақат алудан не денсаулығын өзгедей зақымдаудан залал келтірілген жағдайларда жәбірленушілердің қосымша тағамына, санаторий-курорттық емдеу мен протездеуге және оларды күтіп-бағу жөніндегі шығыстарға төленетін сомалардан;

      7) зиянды немесе қысылтаяң жағдайлардағы жұмысқа төленетін өтемақылардан, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың зардаптарын жою кезінде экологиялық апаттан немесе радиациялық әсерден зардап шеккен азаматтарға төленетін ақша сомаларынан;

      8) төлем көзіне қарамастан, біржолғы сипаттағы материалдық көмектен;

      9) жерлеуге берілген жәрдемақыдан;

      10) арнайы мемлекеттік жәрдемақылардан;

      11) жүкті болуы мен бала тууына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты, баланы бір жарым жасқа толғанға дейін күтіп-бағуға байланысты табысын жоғалтқан жағдай бойынша төленетін әлеуметтік төлемдерден;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      12) тармақша жаңа редакцияда көзделген – ҚР 24.06.2026 № 325-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      12) кәмелетке толмаған балаларды асырауға арналған алименттерден;

      13) зейнетақы активтерінен;

      14) салымшының (алушының) борыштары бойынша зейнетақы жинақтарынан;

      14-1) тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін біржолғы зейнетақы төлемдерінен, нысаналы активтерден, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім беру ақысын төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін нысаналы жинақ төлемдерінен, тұрғын үй жағдайларын жақсартуға білім беру жинақтау салымынан төленетін жинақ төлемдерінен немесе білім беру жинақтау сақтандыруы шарты бойынша сақтандыру төлемдерінен;

      15) "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көп балалы аналарға берілетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақылардан;

      15-1) бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған баласы, оның ішінде кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) жалпы орта, техникалық және кәсіптік, жалпы орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында жалпы немесе кәсіптік білім беру бағдарламалары бойынша күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалары бар көпбалалы отбасыларға берілетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақылардан;

      16) атаулы әлеуметтік көмектен өндіріп алуға болмайды.

      17) әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының активтерінен және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне бөлінетін трансферттерден;

      17-1) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің міндеттемелеріне кепілдік беру жүйесі шеңберінде туындаған, жеке кәсіпкерлікті дамытудың арнайы қорының екінші деңгейдегі банктер алдындағы міндеттемелері бойынша өндіріп алуды қолдану жағдайларын қоспағанда, жеке кәсіпкерлікті дамытудың арнайы қоры қалыптастырған кепілдік қорының активтерінен;

      18) тұрғын үй төлемдерінен;

      18-1) тұрғын үй төлемдерін, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану есебінен жинақталған тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы түріндегі, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім беру ақысын төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін нысаналы жинақ төлемдері түріндегі, тұрғын үй жағдайларын жақсартуға білім беру жинақтау салымынан төленетін жинақ төлемдері немесе білім беру жинақтау сақтандыруы шарты бойынша сақтандыру төлемдері түріндегі тұрғын үй құрылысы жинақ банктеріндегі банктік шоттардағы ақшадан;

      18-2) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізу мақсатында жасалатын шарттар бойынша міндеттемелердің орындалмауы туралы істер бойынша сот шешімдерінің негізінде өндіріп алуларды қоспағанда, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жинақтар түрінде екінші деңгейдегі банктердегі банктік шоттардағы ақшадан;

      18-3) ұлттық даму институты мәртебесіне ие тұрғын үй құрылысы жинақ банкіндегі жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғынжайға ақы төлеу мақсатында төлемдер мен субсидияларды есепке жатқызуға арналған банктік шоттағы ақшадан;

      18-4) берілген банктік қарыздар бойынша кепіл нысанасы болып табылатын тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы түріндегі тұрғын үй құрылысы жинақ банктеріндегі банктік шоттардағы ақшадан;

      19) нотариус депозиті шарттарында енгізілген ақшадан;

      19-1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы заңнамасына сәйкес инвестициялық шығындардың өтемақысын есепке жатқызуға арналған банктік шоттардағы ақшадан;

      20) "Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасалған білім беру жинақтау салымы туралы шарт бойынша ашылған банктік шоттардағы ақшадан;

      21) клирингтік ұйымның (орталық контрагенттің) кепілдік немесе резервтік қорларына жарналар, маржалық жарналар, қор биржасының сауда жүйесінде ашық сауда-саттық әдісімен және (немесе) орталық контрагенттің қатысуымен жасалған мәмілелер бойынша міндеттемелердің орындалуын толық және (немесе) ішінара қамтамасыз ету болып табылатын ақшадан;

      22) жеке сот орындаушысының өндіріп алушылардың пайдасына өндіріп алынған сомаларды сақтауға арналған ағымдағы шотындағы ақшадан;

      23) әлеуетті өнім берушілердің немесе өнім берушілердің "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік сатып алуға қатысу шеңберінде қамтамасыз ету шаралары ретінде ақша енгізуіне арналған мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың банктік шотындағы ақшадан;

      24) инвестициялық портфельді басқарушының орындалмаған міндеттемелері бойынша осы инвестициялық портфельді басқарушы клиенттерінің ақшасын есепке алуға арналған банктік шоттардағы ақшадан;

      25) номиналды ұстаушының функцияларын жүзеге асыратын тұлғаның орындалмаған міндеттемелері бойынша номиналды ұстаушының функцияларын жүзеге асыратын осы тұлға клиенттерінің ақшасын есепке алуға арналған банктік шоттардағы ақшадан;

      26) өзіне қатысты "Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес рәсімді қолдану туралы іс қозғалған немесе рәсім қолданылған азаматтың банктік шоттарындағы ақшадан;

      27) "Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сот арқылы банкроттық рәсімінде ақшаны есепке жатқызу үшін қаржы басқарушысының ағымдағы шотындағы ақшадан;

      27-1) банктердің орталық депозитарийдегі және (немесе) клирингтік ұйымдағы Қазақстан Республикасының аумағында төлем карточкалары пайдаланыла отырып жүзеге асырылған банкаралық төлемдер (немесе) ақша аударымдары бойынша есеп айырысулардың аяқталуын қамтамасыз етуге арналған ақшасынан және (немесе) бағалы қағаздарынан;

      28) Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 112-бабы 4-тармағының 1) тармақшасына сәйкес берілетін материалдық көмекті есепке жатқызуға арналған банктік шоттардағы ақшадан өндіріп алуды қолдануға болмайды.

      Осы баптың бірінші бөлігі 19-1) тармақшасының ережесі Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 742-бабының 2-тармағында көзделген кезектілікке сәйкес бірінші, екінші және үшінші кезектерге жататын талаптар бойынша ақшаны алып қоюға қолданылмайды.

      Ескерту. 98-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.04.27 N 15-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 21.06.2013 N 106-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.10.2015 № 369-V (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 16.11.2015 № 406-V (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі); 26.07.2016 № 12-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.12.2017 № 114-VI (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 168-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2018 № 171-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.12.2019 № 287-VІ (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 26.12.2019 № 284-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.06.2020 № 349-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 399-VI (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 15.11.2021 № 72-VII (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі); 27.06.2022 № 129-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2022 № 177-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2022 № 179-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.04.2023 № 223-VII (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-б. қараңыз); 20.04.2023 № 226-VII (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі); 16.11.2023 № 40-VIII (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі); 16.05.2024 № 82-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 22.11.2024 № 138-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.01.2025 № 153-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.03.2025 № 172-VIII (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі); 26.06.2025 № 198-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.06.2025 № 204-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.01.2026 № 259-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

2-параграф. Алименттерді өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттарды орындау ерекшеліктері

99-бап. Борышкердің жалақысы болмаған жағдайда алимент өндіріп алу тәртібі

      1. Алимент төлемдерін жалақыдан немесе өзге де табыстардан үш ай бойы өндіріп алу мүмкін болмаған жағдайда сот орындаушысы берешекті айқындау туралы қаулы шығарады және осы Заңның 32-бабына сәйкес атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету шараларын қолданады және осы Заңның 61-бабына сәйкес өндіріп алуды қолдануға болмайтын мүлікті қоспағанда, борышкердің мүлкіне өндіріп алуды қолданады.

      Мүліктен өндіріп алу туралы сот орындаушысы қаулы шығарады.

      Алимент бойынша берешекті сот орындаушысы тоқсан сайын айқындайды.

      Сот орындаушысы берешек айқындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде қаулыны танысу үшін атқарушылық іс жүргізу тараптарына жібереді.

      1-1. Берешек өтелген кезде атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз етудің қолданылған шаралары тоқтатылуға жатады.

      2. Алименттер бойынша берешек мөлшерін сот орындаушысы өндіріп алу жүргізілмеген уақыт ішінде борышкер алатын нақты жалақыны (кірісті) негізге ала отырып, шешім орындалатын жерде белгілейді.

      3. Егер борышкер бұл кезеңде жұмыс іcтeмeген немесе оның жалақысын және өзге де кірісін растайтын құжаттар ұсынылмаған жағдайда, ай сайынғы төлемдер және (немесе) алимент бойынша берешек оны өндіріп алу кезінде Қазақстан Республикасындағы орташа айлық жалақы мөлшері негізге ала отырып айқындалады.

      Мүгедектігі бар адамдар болып табылатын борышкерлер үшін алименттер бойынша ай сайынғы төлемдер немесе берешек – олардың ай сайынғы жалақысынан және өзге де кірісінен, ал олар жұмыс істемейтін жағдайда, бюджет қаражатынан және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін ай сайынғы жәрдемақылардан және (немесе) әлеуметтік төлемдерден айқындалады.

      4. Борышкердің алимент бойынша берешегі оны төлеуден жалтару салдарынан құралған жағдайда берешек сомасына Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 171-бабының 1-тармағына сәйкес тұрақсыздық айыпақы есептеледі.

      Ескерту. 99-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 15.01.2014 № 164-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.06.2020 № 349-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.06.2022 № 129-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      100-бап жаңа редакцияда көзделген – ҚР 24.06.2026 № 325-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

100-бап. Борышкердің жұмыс орны мен табысы туралы мәліметтер

      Борышкермен еңбек қатынасында тұрған немесе ол табыс алатын адамдар сот орындаушысы тағайындаған мерзімде борышкердің жұмыс орны мен оның табыстары, атқарушылық құжатқа сәйкес ұстап қалу жүргізілгендігі және өндіріп алынған соманың өндіріп алушыға жіберілгендігі туралы, борышкердің ақша сомалары мен мүлкінен өндіріп алу жөнінде, сондай-ақ борышкердің жұмыстан босатылғаны туралы, егер өздеріне белгілі болса, оның жаңа жұмыс орны немесе тұратын жері туралы дәйекті мәліметтер беруге міндетті. Сот орындаушысының бұл талаптарын орындамау әкімшілік жауаптылыққа әкеп соғады.

      Ескерту. 100-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 15.01.2014 № 164-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

101-бап. Алимент төлемдері бойынша берешектіөндіріп алу тәртібі

      1. Барлық алимент төлемдері бойынша берешекті өндіріп алу алимент төлеушінің жалақысынан және басқа да табыстарынан жүргізіледі.

      2. Сот орындаушысының берешекті айқындау туралы қаулысына заңда белгіленген тәртіппен шағым жасалуы немесе наразылық білдірілуі мүмкін.

102-бап. Жалақыдан ұстап қалудың дұрыстығын бақылау

      Сот орындаушысы өндіріп алушының (заңды өкілінің) өтініші бойынша кез келген уақытта, бірақ көп дегенде тоқсанына бір рет борышкердің жалақысы мен басқа да табыстарынан ұстап қалудың және ұсталған сомаларды өндіріп алушыға жіберудің дұрыстығы мен уақтылы жүргізілуін бақылауды жүзеге асырады.

      Ескерту. 102-бап жаңа редакцияда - ҚР 15.01.2014 № 164-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      102-1-баппен толықтыру көзделген – ҚР 24.06.2026 № 325-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

103-бап. Борышкер шетелге тұрғылықты тұруға немесе жұмысқа және әскери қызметті өткеруге кеткен жағдайда алиментті өндіріп алу

      Борышкер шетелге тұрғылықты тұруға немесе жұмысқа және әскери қызметті өткеруге кеткен жағдайда алименттерді өндіріп алу тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасымен және халықаралық шарттармен айқындалады.

103-1-бап. Істердің әлеуметтік маңызы бар санаттарын орындау кезінде жеке сот орындаушыларының мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегін көрсету тәртібі

      Ескерту. 103-1-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді – ҚР 11.06.2026 № 306-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      1. Жеке сот орындаушылары істердің әлеуметтік маңызы бар санаттарын орындау кезінде жеке тұлғаларға мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегін көрсетеді.

      2. Жеке сот орындаушыларының мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегін көрсетуге қатысуын Республикалық палата қамтамасыз етеді.

      3. Аумақтық орган жыл сайын 15 желтоқсаннан кешіктірмей жеке сот орындаушыларымен мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегін көрсету туралы келісім жасайды.

      Уәкілетті орган Республикалық палатаның ұсынымдарын ескере отырып әзірлейтін және бекітетін келісім нысаны жеке сот орындаушыларының міндеттерін және атқарушылық округ шегінде әкімшілік-аумақтық бірлікте тұратын халықты заң қызметтерімен толық қамтамасыз ету жөніндегі шарттарды қамтуға тиіс.

      4. Жеке сот орындаушылары ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 5-нен кешіктірмей жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына өздері көрсеткен мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегі туралы есеп береді. Есеп нысанын уәкілетті орган Республикалық палатаның ұсынымдарын ескере отырып бекітеді.

      5. Жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы жыл сайын, 20 қаңтардан және 20 шілдеден кешіктірмей аумақтық органына жеке сот орындаушылары көрсеткен мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегі туралы жиынтық есепті Республикалық палатаның ұсынымдарын ескере отырып уәкілетті орган бекітетін нысан бойынша береді.

      6. Қажет болған жағдайда аумақтық органдар жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасынан жеке сот орындаушыларының істердің әлеуметтік маңызы бар санаттарын орындауы туралы қосымша ақпарат сұратып алуға құқылы.

      Ескерту. 9-тарау 103-1-баппен толықтырылды - ҚР 29.10.2015 № 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 11.06.2026 № 306-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

10-тарау. МҮЛІКТІК ЕМЕС СИПАТТАҒЫ АТҚАРУШЫЛЫҚ ҚҰЖАТТАРДЫ
ОРЫНДАУ

104-бап. Борышкерді белгілі бір әрекеттер жасауға немесе оларды жасаудан тартынуға міндеттейтін атқарушылық құжаттарды орындау тәртібі мен орындамаудың салдары

      1. Борышкерді тек өзі ғана жасай алатын әрекетті жасауға немесе оларды жасаудан тартынуға міндеттейтін атқарушылық құжатты орындау кезінде сот орындаушысы борышкерге мерзім белгілей отырып, осындай әрекет жасау туралы хабарлама немесе оларды жасаудан тартыну қажеттігі туралы хабарлама жібереді.

      2. Борышкер сот орындаушысының талаптарын белгіленген мерзімде орындамаған жағдайда сот орындаушысы борышкерден мемлекет кірісіне мерзімі өткен әрбір күн үшін жеке адамдардан екі айлық есептік көрсеткіш және заңды тұлғалардан он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде өсімпұл өндіріп алу туралы ұсыныспен сотқа жүгінеді.

      Өндіріп алынатын өсімпұлдың шекті мөлшерін жеке тұлғалар үшін үш жүз алпыс айлық есептік көрсеткіштен, заңды тұлғалар үшін тоғыз жүз айлық есептік көрсеткіштен асыруға болмайды.

      Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері үшін өндіріп алынатын өсімпұлдың мөлшері алты жүз айлық есептік көрсеткіштен, ал "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын борышкер үшін он бес айлық есептік көрсеткіштен аспауға тиіс.

      Осы тармақтың ережесі әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібімен шығарылған атқарушылық құжаттарды орындауға қолданылмайды.

      3. Борышкер сот орындаушысының талаптарын белгіленген мерзімде орындамаған жағдайда және егер борышкерді белгілі бір әрекеттерді жасауға міндеттейтін атқарушылық құжатты орындау үшін борышкердің қатысуы міндетті болмаса және бұл әрекеттерді өндіріп алушы жасай алатын болса, сот орындаушысы осы Заңмен өзіне берілген құқықтарға сәйкес өндіріп алушының атқарушылық құжатты орындауын ұйымдастырады.

      Ескерту. 104-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 26.06.2020 № 349-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.06.2020 № 351-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

105-бап. Жұмысқа қайта қабылдау туралы атқарушылық құжатты орындау тәртібі мен орындамаудың салдары

      1. Ұйымның басшысы (жұмыс беруші) жұмысқа қайта қабылдау туралы атқарушылық құжатты орындамаған жағдайда сот орындаушысы қызметкерге орташа жалақысын немесе қызметкерді жұмысқа қайта қабылдау туралы шешім шығарылған күннен бастап оны орындаған күнге дейінгі бүкіл уақыт үшін жалақысының айырмасын төлеу туралы, сондай-ақ ұйым басшысынан (жұмыс берушіден) мемлекет кірісіне мерзімі өткен әрбір күн үшін жеке адамдардан бес айлық есептік көрсеткіш және заңды тұлғалардан он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде өсімпұл өндіріп алу туралы қаулы шығару жөніндегі ұсыныспен сотқа жүгінеді.

      2. Жұмысқа қайта қабылдау туралы шешімнің орындалуы жұмыс беруші жұмыстан босату немесе ауыстыру туралы өзінің заңсыз актісінің күшін жою туралы акт шығарғаннан кейін жұмыстан заңсыз босатылған немесе ауыстырылған қызметкер бұрынғы міндеттерін атқаруға іс жүзінде кіріскен сәттен бастап аяқталған болып есептеледі.

106-бап. Борышкерді үйден шығару туралы атқарушылық құжатты орындау

      1. Сот шешімінсіз тұрғын үйден шығарып жіберуге жол берілмейді.

      Борышкерді тұрғынжайдан шығару туралы атқарушылық құжат сот орындаушысы белгілеген мерзімде орындалмаған жағдайда, тұрғынжайдан шығару – куәгерлердің, ішкі істер органдары қызметкерлерінің қатысуымен, ал кәмелетке толмаған балалары бар борышкерді, сондай-ақ оның қорғаншылығында немесе қамқоршылығында кәмелетке толмағандар бар борышкерді тұрғынжайдан шығарған жағдайда, қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган өкілінің қатысуымен мәжбүрлеп жүзеге асырылады.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      2-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 24.06.2026 № 325-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      2. Сот орындаушысы борышкерді үйден шығару уақыты туралы хабардар етеді. Үйден шығару уақыты туралы тиісінше хабардар етілген борышкердің болмауы атқарушылық құжатты орындауға кедергі болып табылмайды.

      Үйден шығару атқарушылық құжатта көрсетілген үй-жайды қоныс аударушыдан (аударушылардан), оның (олардың) мүліктерінен, үй жануарларынан босатудан және қоныс аударушының (аударушылардың) босатылған үй-жайды пайдалануына тыйым салудан тұрады.

      3. Үйден шығаруды жүргізу кезінде босатылатын үй-жайдан шығарылатын мүліктің тізімдемесі жасалады және қажет болған жағдайларда шыққан шығыс борышкерге жүктеліп, оны сақтау қамтамасыз етіледі. Борышкердің мүлкін сақтау екі айдан аспайтын мерзімде жүзеге асырылады, ол аяқталған соң аталған мүлік осы Заңда белгіленген тәртіппен сатылады.

      4. Борышкердің мүлкін сатудан түскен және атқару санкциясын орындау жөніндегі шығыстар өтелгеннен және жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төленгеннен кейін қалған ақша борышкерге қайтарылады. Борышкер талап етпеген ақша аумақтық органның қолма-қол ақшаны бақылау шотында немесе жеке сот орындаушысының өндіріп алушылардың пайдасына өндіріп алынған сомаларды сақтауға арналған ағымдағы шотында сақталады. Үш жыл өткеннен кейін аталған ақша республикалық бюджетке аударылады.

      5. Мүлік сатылмаған жағдайда ол куәгерлердің қатысуымен жойылуға жатады. Сот орындаушысы мүлікті жою туралы акт толтырып, оған өзі және куәгерлер қол қояды. Мемлекеттік сот орындаушысы жасаған актіні аумақтық орган басшысы бекітуге тиіс.

      Ескерту. 106-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 15.01.2014 № 164-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014 № 270-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.06.2020 № 349-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.06.2026 № 306-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

107-бап. Өндіріп алушыны қоныстандыру туралы атқарушылық құжатты орындау

      1. Сот орындаушысы өндіріп алушыны атқарушылық құжатта көрсетілген үй-жайға қоныстандыруды қамтамасыз етеді.

      Сот орындаушысы өндіріп алушыны және борышкерді қоныстандыру уақыты туралы ресми түрде хабардар етеді. Қоныстандыру уақыты туралы тиісінше хабардар етілген борышкердің болмауы атқарушылық құжаттың орындалуына кедергі болып табылмайды.

      2. Өндіріп алушыны қоныстандыру актімен ресімделеді және куәгерлердің қатысуымен жүргізіледі.

11-тарау. ӨНДIРIП АЛЫНҒАН АҚША СОМАЛАРЫН БӨЛУ

      Ескерту. 11-тараудың тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР 15.01.2014 № 164-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

108-бап. Өндіріп алынған ақша сомасын бөлу

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      1-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 24.06.2026 № 325-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      1. Мемлекеттік сот орындаушысы борышкерден өндіріп алған сомадан ең алдымен атқарушылық құжатты орындау процесінде борышкерге салынған айыппұлдар өтеледі, содан соң орындау жөніндегі шығыстар төленеді, қалған сома өндіріп алушылардың, оның ішінде әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде басқа сот орындаушыларындағы атқарушылық құжаттар бойынша талаптарын қанағаттандыруға түседі.

      Жеке сот орындаушысы борышкерден өндіріп алған сомадан ең алдымен атқарушылық құжатты орындау процесінде борышкерге салынған айыппұлдар бойынша сомалар өтеледі, содан соң жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу жөніндегі сомалар және орындау жөніндегі, оның ішінде осы Заңның 9-бабының 10) тармақшасында көзделген атқарушылық құжат бойынша шығыстар төленеді, қалған сома өндіріп алушылардың, оның ішінде өзінің әкімшілік-аумақтық бірлігі шегінде басқа сот орындаушыларындағы атқарушылық құжаттар бойынша талаптарын қанағаттандыруға түседі.

      Барлық талаптар қанағаттандырылғаннан кейін қалған сома борышкерге қайтарылады.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      2-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 24.06.2026 № 325-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      2. Борышкерден өндіріп алынған және өндіріп алушыларға берілуге тиіс сомаларды сот орындаушысы аумақтық органның қолма-қол ақшаны бақылау шотына немесе жеке сот орындаушысының өндіріп алушылардың пайдасына өндіріп алынған сомаларды сақтауға арналған ағымдағы шотына есептейді, содан кейін олар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен беріледі немесе аударылады.

      Ескерту. 108-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 15.01.2014 № 164-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.10.2015 № 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 26.06.2020 № 349-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

109-бап. Өндіріп алуға қосу

      Бір борышкерге қатысты қозғалған бірнеше атқарушылық іс жүргізуді, сондай-ақ ортақ өндіріп алу бойынша бірнеше борышкерге қатысты қозғалған атқарушылық іс жүргізуді сот орындаушысы өндіріп алуға қосуы мүмкін.

      Ескерту. 109-бап жаңа редакцияда - ҚР 15.01.2014 № 164-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      109-1-баппен толықтыру көзделген – ҚР 24.06.2026 № 325-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

110-бап. Өндіріп алушылардың талаптарын қанағаттандыру кезектілігі

      1. Атқарушылық құжаттар бойынша барлық талаптарды қанағаттандыру үшін борышкерден өндіріп алынған сома жеткіліксіз болған жағдайда бұл сома өндіріп алушылар арасында осы Заңда белгіленген кезектілік тәртібімен бөлінеді.

      2. Әрбір келесі кезектің талаптары алдыңғы кезектің талаптары толық өтелгеннен кейін қанағаттандырылады. Өндіріп алынған сома бір кезектің барлық талаптарын толық қанағаттандыруға жеткіліксіз болған жағдайда бұл талаптар әрбір өндіріп алушыға тиесілі сомаға барабар қанағаттандырылады.

111-бап. Бірінші кезекте өндіріп алу

      Бірінші кезекте алименттерді өндіріп алу бойынша талаптар; жарақат алудан немесе денсаулығын өзге де зақымдаудан, сондай-ақ асыраушысының қайтыс болуына байланысты келтірілген зиянды өтеу жөніндегі талаптар; қызметкерлердің еңбектегі құқық қатынастарынан туындайтын талаптары қанағаттандырылады.

112-бап. Келесі кезектегі өндіріп алу

      1. Екінші кезекте патенттер берілген шығармаларды, өнертабысты, пайдалы модельді, өнеркәсіптік үлгіні пайдаланғаны үшін авторларға тиесілі сыйақы төлеу туралы талаптар, азаматтардың қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылықпен өздерінің мүлкіне келтірілген залалды өтеу жөніндегі талаптары қанағаттандырылады.

      2. Үшінші кезекте сыйақыны (мүддені), орындау мерзімін өткізіп алудан келтірілген залалды өтеуді, тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды), кепілге қойылған мүлікті ұстау бойынша қажетті шығындарды, сондай-ақ өндіріп алу бойынша кепіл ұстаушының шығыстарын өтеуді қоса алғанда, кредиторлардың кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемелері бойынша талаптары қанағаттандырылады.

      3. Төртінші кезекте салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша талаптар, заңды тұлғалардың қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылықпен келтірілген залалды өтеу жөніндегі талаптары, сондай-ақ "Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес активтерді өндіріп алу туралы талаптар қанағаттандырылады.

      4. Бесінші кезекте қалған талаптардың бәрі қанағаттандырылады.

      Ескерту. 112-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2014 № 227-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 12.07.2023 № 23-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

12-тарау. АТҚАРУШЫЛЫҚ ӘРЕКЕТТЕР ЖАСАУ ЖӨНІНДЕГІ ШЫҒЫСТАР
ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ӨТЕУ ТӘРТІБІ

1-параграф. Жалпы ережелер

113-бап. Атқарушылық әрекеттер жасау жөніндегі шығыстар

      1. Атқарушылық әрекеттерді ұйымдастыру мен оларды жүргізуге жұмсалған бюджет қаражаттары, атқарушылық іс жүргізу тараптарының, жеке сот орындаушысының,, сот орындаушысы орындау процесіне тартқан өзге де адамдар мен ұйымдардың қаражаттары атқарушылық әрекеттер жасау жөніндегі шығыстар болып табылады.

      2. Атқарушылық әрекеттер жасау жөніндегі шығыстарға:

      1) борышкердің мүлкін анықтауға, қарауға, бағалауға;

      2) борышкер мүлкіне тізімдеме жасауды және тыйым салуды ұйымдастыру мен өткізуге, мұндай мүлікті тасымалдау мен сақтауға;

      3) тыйым салынған мүлікті өткізуді ұйымдастыруға;

      4) белгіленген тәртіппен атқарушылық әрекеттер жасауға тартылған аудармашыларға, мамандарға және басқа да адамдарға ақы төлеуге;

      5) өндіріп алынған сомаларды өндіріп алушыға почта арқылы аударуға (жіберуге);

      6) өндіріп алынған соманы қолма-қол ақшаны бақылау шотынан және жеке сот орындаушысының өндіріп алушылардың пайдасына өндіріп алынған сомаларды сақтауға арналған ағымдағы шотынан беруге байланысты банк шығыстарына;

      7) борышкерге іздеу салуға;

      8) өндіріп алушының аванстық жарнасына;

      9) атқарушылық әрекеттерді жасау кезінде сот орындаушысының қалалық, қала маңындағы және жергілікті қатынастағы (таксиден басқа) қоғамдық көліктің барлық түрлерінде жол жүруіне, оның ішінде жеке сот орындаушысының іссапар шығыстарын төлеуге;

      10) атқарушылық құжатты орындау процесіндегі басқа да қажетті әрекеттерге;

      11) сот орындаушысы орындау процесіне тартқан адамдардың өзге де сыйақыларына жұмсалған қаражаттар жатады.

      Ескерту. 113-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 26.06.2020 № 349-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

114-бап. Атқарушылық әрекеттер жасау жөніндегішығыстарды өтеу тәртібі

      1. Атқарушылық әрекеттер жасау жөніндегі шығыстар борышкерден осы шығын шеккен адамдардың немесе ұйымдардың пайдасына өндіріп алынады.

      2. Оның негізінде атқарушылық құжат берілген актінің күшін жоюға байланысты атқарушылық іс жүргізу тоқтатылған жағдайда атқарушылық әрекеттер жасау жөніндегі шығыстар республикалық бюджет қаражаты есебінен өтеледі.

      3. Өндіріп алушыға борышкерден алынған заттарды беру туралы атқарушылық құжатты орындау кезінде өндіріп алушының оларды алудан негізсіз бас тартуына байланысты атқару ісін тоқтатқан кезде, егер ол өзінің әрекетімен немесе әрекетсіздігімен орындауға кедергі жасаса, атқарушылық құжатты өндіріп алушыға қайтару кезінде атқарушылық әрекеттер жасау жөніндегі шығыстар өндіріп алушыдан өндіріп алынады.

      4. Атқарушылық әрекеттер жасау кезінде шығыстарды өндіріп алу және оларды шығын шеккен органға немесе адамға өтеу аумақтық бөлімнің басшысы - аға сот орындаушысы бекіткен мемлекеттік сот орындаушысының қаулысы немесе жеке сот орындаушысының қаулысы және шыққан шығындарды растайтын құжаттардың негізінде жүргізіледі.

      5. Борышкер атқарушылық әрекеттер жасау шығыстарын өндіріп алу туралы сот орындаушысының қаулысына дау айту туралы талап қоюмен әкімшілік сотқа жүгінуге құқылы.

      Борышкердің атқарушылық әрекеттер жасау шығыстарын өндіріп алуды кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу, олардың мөлшерін азайту немесе оларды өндіріп алудан босату туралы талап қоюмен сотқа жүгінуі азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен жүзеге асырылады.

      6. Атқарушылық іс жүргізу бойынша шығыстарды есептеу әдістемесін уәкілетті орган бекітеді.

      Ескерту. 114-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 15.01.2014 № 164-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.06.2026 № 325-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

115-бап. Өндіріп алушының шығыстарға аванс беруі

      Ескерту. 115-бап алып тасталды – ҚР 26.06.2020 № 349-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

2-параграф. Жеке сот орындаушылары үшін шығыстарды
айқындау және өтеу тәртібі

116-бап. Жеке сот орындаушысының атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі қызметін қаржыландыру

      1. Жеке сот орындаушысы өз қызметін дербес қаржыландырады.

      2. Жеке сот орындаушысы өз қызметі үшін төлем ретінде алған ақшадан кеңсені сатып алу (жалдау), оны күтіп-ұстау, жабдықтау, жөндеу және күзету бойынша, жұмыс орындарын ашу және қызметкерлерге жалақы төлеу, кеңсе жұмысы үшін қажетті жабдықтар сатып алу, азаматтық-құқықтық жауапкершілікті міндетті сақтандыру, салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу, кеңсе мұрағатының сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі шығыстарды, жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына жарналарды төлеу жөніндегі, жеке атқарушылық қызметті дамытудың нысаналы бағдарламаларына арналған міндетті төлемдерді төлейді, сондай-ақ өз қызметін ұйымдық-шаруашылық жағынан, көлікпен және техникалық қамтамасыз етуге байланысты басқа да шығыстарды өтейді. Қалған қаражат жеке сот орындаушысының иелігінде қалады және оның қалауы бойынша жұмсалады.

      3. Жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеуде оның қызметін өзін-өзі қаржыландыру қажеттігі ескерілуі тиіс.

      Ескерту. 116-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 269-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).

117-бап. Жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу

      Ескерту. 117-бап алып тасталды - ҚР 15.01.2014 № 164-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

117-1-бап. Алименттерді және жалақыны өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттар бойынша мәжбүрлеу шараларын қолдану шеңберінде жүзеге асырылатын жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу

      1. Жеке сот орындаушысының қызметіне бюджеттен ақы төлеу:

      1) мыналар:

      борышкерді іздестіруге байланысты үш және одан көп ай берешек болған;

      борышкердің тұрақты кірісінің, жұмыс орнының және өндіріп алуды қолдануға болатын мүлкі болмаған кезде алименттерді өндіріп алу туралы;

      2) өндіріп алуды қолдануға болатын ақша және мүлкі болмаған кезде жалақыны өндіріп алу туралы істердің әлеуметтік маңызы бар санаттары бойынша жүзеге асырылады.

      2. Жеке сот орындаушысының осы баптың 1-тармағында көзделген атқарушылық құжаттар бойынша мәжбүрлеу шараларын қолдануға байланысты қызметіне ақы төлеу мөлшерін уәкілетті орган белгілейді.

      3. Аумақтық органға ұсынылған атқарушылық әрекеттерді жасағаны және өндіріп алынған төлемдер туралы есеп жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу үшін негіз болып табылады.

      4. Жеке сот орындаушысының осы баптың 1-тармағында көзделген атқарушылық құжаттар бойынша мәжбүрлеу шараларын қолдануға байланысты қызметіне ақы төлеу тәртібін уәкілетті орган белгілейді.

      Ескерту. 12-тарау 117-1-баппен толықтырылды - ҚР 29.10.2015 № 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

118-бап. Жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу мөлшерін айқындау қағидалары

      1. Жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, атқарушылық іс жүргізу шеңберінде борышкердің қаражаты есебінен жүргізіледі және он мың айлық есептік көрсеткіштен аспайтын шекті мөлшерін белгілей отырып, істердің санаты мен өндіріп алу сомасына қарай үштен жиырма бес пайызға дейінгі мөлшерде белгіленеді.

      Баламен қарым-қатынас тәртібі туралы атқарушылық құжаттар бойынша жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу өндіріп алушыға және борышкерге бірдей үлестермен жүктеледі.

      Талап қоюды қамтамасыз ету туралы атқарушылық құжат бойынша жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу қамтамасыз ету шараларын қабылдау туралы өтінішхат берген тараптан өндіріп алынады.

      Талап қоюды қамтамасыз етудің күшін жою туралы атқарушылық құжат бойынша жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу қамтамасыз ету шараларын қабылдау туралы өтінішхат мәлімдеген және талап қоюдан бас тартылған тұлғадан өндіріп алынады. Талап қою қанағаттандырылған жағдайда талап қоюды қамтамасыз етудің күшін жою туралы атқарушылық құжат бойынша жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу өзіне қатысты қамтамасыз ету шаралары қабылданған тұлғадан өндіріп алынады.

      Мүліктік емес сипаттағы атқарушылық құжаттар бойынша жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу айлық есептік көрсеткіштермен белгіленеді.

      2. Жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу атқарушылық құжат толық немесе ішінара орындалған жағдайда ғана жүргізіледі. Егер мүліктік сипаттағы атқарушылық құжат ішінара орындалса, онда жеке сот орындаушысына оның қызмет ақысының өндіріп алынған сомаға немесе мүлік құнына пропорционалды бір бөлігі ғана төленеді.

      Жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу атқарушылық құжаттың борышкері оны мәжбүрлеп орындатуға бергенге дейін орындаған жағдайда өндіріп алынбайды.

      3. Жеке сот орындаушысы өзінің көрсеткен қызметтерінің ақысы үшін сомаларды осы бапта көзделген және уәкілетті орган белгілейтін мөлшерде ғана өндіріп алуға құқылы. Жеке сот орындаушысына өзінің қызмет ақысы сомаларының белгіленген мөлшерін өзгертуге тыйым салынады.

      4. Жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу мөлшерін уәкілетті орган бекітеді.

      5. Өндіріп алушы жеке және заңды тұлғалар үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жеңілдіктер осы тұлғаларға атқарушылық іс-әрекеттер жасалған кезде қолданылады.

      6. Осы Заңның 9-бабы 1-тармағының 9) және 10) тармақшаларында көзделген атқарушылық құжаттардың негізінде қозғалған атқарушылық іс жүргізулер бойынша, сондай-ақ 47-бабының 1-тармағының 5-3) тармақшасында көзделген жағдайда жеке сот орындаушысының қызметіне ақы алынбайды.

      ҚР Конституциялық Сотының 11.06.2026 № 86-НҚ нормативтік қаулысымен осы Заңының 118-бабы 1-тармағының екінші бөлігі ҚР Конституциясына сәйкес келмейді деп танылды.
      Ескерту. 118-бап жаңа редакцияда - ҚР 15.01.2014 № 164-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.10.2015 № 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 26.06.2020 № 349-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 01.07.2026 № 330-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

119-бап. Жеке сот орындаушысының шығыстарына аванс беру

      1. Атқарушылық іс жүргізу қозғалғанға дейін өндіріп алушы жеке сот орындаушысының нұсқауы бойынша өндіріп алушылардың пайдасына өндіріп алынған сомаларды сақтауға арналған ағымдағы шотқа атқарушылық әрекеттерді жүзеге асыру үшін қажетті соманы енгізуге міндетті. Атқарушылық іс жүргізу қозғалған кезде жеке сот орындаушысы өндіріп алушы үшін осы соманы енгізудің кешірек мерзімін тағайындай алады.

      Егер жеке сот орындаушысы атқарушылық іс жүргізуді қозғаған болса және атқарушылық әрекеттерді жүзеге асыру үшін қажетті соманы алдын ала енгізу үшін кешірек мерзімді белгілесе, онда оны белгіленген мерзімде енгізбеген жағдайда ол атқарушылық іс жүргізуді тоқтата тұруына болады.

      Егер атқарушылық іс жүргізу барысында өндіріп алушылардың пайдасына өндіріп алынған сомаларды сақтауға арналған ағымдағы шотқа енгізілген қаражат атқарушылық әрекеттерді одан әрі жүргізу үшін жеткіліксіз болып шықса, онда өндіріп алушы жеке сот орындаушысының нұсқауы бойынша көрсетілген ағымдағы шотқа қосымша соманы енгізуге міндетті.

      2. Атқарушылық әрекеттерді жүзеге асыру үшін қажетті аванстық соманы енгізуден мына өндіріп алушылар:

      1) іс бойынша адамға өзі ақысын төлемейтін білікті заң көмегі берілген немесе ол "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының кодексіне (Салық кодексі) сәйкес мемлекеттік баж төлеуден босатылған, сот шешімі негізінде берілген атқарушылық құжатты орындауға өкілдік берілген жеке адамдар;

      2) қылмыстық құқық бұзушылықпен келтірілген зиянды өтеу туралы талап қанағаттандырылған, қылмыстық сот ісін жүргізуде шығарылған шешім бойынша берілген атқарушылық құжатын орындау үшін ұсынған жеке тұлғалар;

      2-1) мемлекет пайдасына өндіріп алу бойынша мемлекеттік органдар;

      3) алименттерді өндіріп алу туралы сот актілері негізінде берілген атқарушылық құжаттар бойынша босатылады.

      3. Жеке сот орындаушысы атқарушылық әрекеттерді жүзеге асыру үшін алдын ала енгізілген соманы, егер ол борышкерден өндіріп алынған болса, өндіріп алушыға қайтарады.

      4. Осы бапта көзделген аванс беру шарттары осы Заңның 37-бабының 4-тармағына сәйкес жеке сот орындаушысы мен өндіріп алушы арасында жасалатын келісім (шарт) негізінде реттеледі.

      Аванстық жарнаның мөлшері он бес айлық есептік көрсеткіштен аспауға тиіс.

      Ескерту. 119-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 15.01.2014 № 164-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2014 № 227-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.06.2020 № 349-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.06.2026 № 306-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

120-бап. Жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу сомасын борышкерден өндіріп алу тәртібі

      1. Егер орындау барысында жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу жүргізілмесе, орындау жөніндегі шығыстар, өндіріп алушы енгізген аванстық жарналар өтелмесе, жеке сот орындаушысы осы Заңның 9-бабы 1-тармағының 9) және 10) тармақшаларында көрсетілген қаулыларды шығарып, оны борышкерге жібереді.

      Жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу сомаларын бекіту не атқарушылық әрекеттерді жасаған кезде жұмсалған шығыстарды өтеу туралы қаулыны, оның қызметін тоқтату жағдайларын қоспағанда, осы қаулыны шығарған жеке сот орындаушысы орындайды.

      2. Егер атқарушылық құжат ол мәжбүрлеп орындатуға ұсынылғаннан кейін орындалса, оны орындау борышкерді орындау жөніндегі нақты келтірілген шығыстарды төлеуден және жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеуден босатпайды.

      3. Борышкердің атқарушылық құжатты жеке сот орындаушысының қатысынсыз орындауы оны орындау жөніндегі нақты келтірілген шығыстарды төлеуден және жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеуден босатпайды.

      Ескерту. 120-бапқа өзгерісnth енгізілді - ҚР 15.01.2014 № 164-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.06.2020 № 349-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

121-бап. Жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу сомасын қайтару

      Жеке сот орындаушысының өндіріп алу немесе қызметіне ақы төлеу мөлшерін айқындау кезіндегі әрекеттерін сот заңсыз деп таныған жағдайда жеке сот орындаушысы сот актісі заңды күшіне енген күннен бастап он күн ішінде негізсіз алынған соманы өндіріп алынған немесе төлеген адамға қайтарады.

3-параграф. Аумақтық органның қолма-қол ақшаны бақылау шоты
және жеке сот орындаушысының ағымдағы шоты

122-бап. Аумақтық органның қолма-қол ақшаны бақылау шоты және жеке сот орындаушысының ағымдағы шоты

      1. Өндіріп алушылардың пайдасына өндіріп алынған сомаларды және мүдделі тұлғаларға арналған басқа да сомаларды, оның ішінде орындау бойынша шығыстарды өтеу жөніндегі аванстық сомаларды уақытша сақтау үшін:

      1) аумақтық орган бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті органда ақшаны ұлттық және шетелдік валюталарда уақытша орналастыратын қолма-қол ақшаны бақылау шоттарын ашады;

      2) жеке сот орындаушысының ұлттық және қажет болған кезде шетелдік валютадағы тиісті ағымдағы шоттары болуға тиіс.

      2. Қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы және өндіріп алушылардың пайдасына өндіріп алынған сомаларды сақтауға арналған ағымдағы шоттағы ақша аумақтық органның қаражаты және жеке сот орындаушысының кірісі болып табылмайды. Жеке сот орындаушысы қайтыс болған жағдайда, көрсетілген ағымдағы шоттағы ақша мұрагерлік массаға енгізілмейді.

      3. Жеке сот орындаушысы банкте немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымда мынадай ағымдағы шоттарды:

      1) өндіріп алушылардың пайдасына өндіріп алынған сомаларды сақтау үшін;

      2) өз қызметіне ақы төлеуді есепке алу, кеңсені күтіп-ұстау, кеңсе қызметкерлеріне жалақы төлеу және өндіріп алушылардың пайдасына өндіріп алынған сомаларды сақтауға арналған ағымдағы шот қамтымайтын басқа да операциялар бойынша есеп-қисаптарды жүргізу үшін ашады.

      Бұл ретте жеке сот орындаушысы банкте немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымда тиісті валютада, өндіріп алушылардың пайдасына өндіріп алынған сомаларды сақтауға арналған бір ғана ағымдағы шот ашады.

      Осы шот бойынша операциялар тек қана қолма-қол ақшасыз нысанда жүзеге асырылады.

      Ескерту. 122-бап жаңа редакцияда – ҚР 26.06.2020 № 349-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

123-бап. Қолма-қол ақшаны уақытша орналастыратын бақылау шоттарында және ағымдағы шотта сомаларды есепке алу

      1. Аумақтық орган қолма-қол ақшаны уақытша орналастыратын бақылау шоттарындағы ұлттық және шетелдік валютадағы сомаларды есепке алуды Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.

      2. Алып тасталды - ҚР 26.06.2020 № 349-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      3. Борышкерлерден өндіріп алынған талап етілмеген ақша және мүдделі тұлғаларға арналған, оның ішінде шығыстарды өтеу жөніндегі, аумақтық органның қолма-қол ақшаны бақылау шотында, жеке сот орындаушысының өндіріп алушылардың пайдасына өндіріп алынған сомаларды сақтауға арналған ағымдағы шотында сақталатын басқа да сомалар көрсетілген шоттарға аударылған кезден бастап бес жыл өткен соң аумақтық органның не жеке сот орындаушысының ұсынуы бойынша сот актісінің негізінде бюджетке аударылады.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      4-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 24.06.2026 № 325-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      4. Лицензиясының қолданысы тоқтатыла тұрған немесе тоқтатылған не лицензиясынан айырылған, сондай-ақ Республикалық палата мүшелігінен шығарылған жеке сот орындаушысының өндіріп алушылардың пайдасына өндіріп алынған сомаларды сақтауға арналған ағымдағы шоты бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және нысан бойынша уәкілетті органның өкімі негізінде жүзеге асырылады.

      5. Уәкілетті орган немесе оның аумақтық органдары осы баптың 4-тармағында көрсетілген өкімді екінші деңгейдегі банктерге немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қағаз жеткізгіште немесе атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы электрондық нысанда жібереді. Мұндай өкімді екінші деңгейдегі банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар міндетті түрде орындауға тиіс.

      Уәкілетті органның немесе оның аумақтық органдарының жеке сот орындаушысының өндіріп алушылардың пайдасына өндіріп алынған сомаларды уақытша сақтауға арналған ағымдағы шоты бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімінің күшін осы өкімді шығарған орган жояды.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      6-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 24.06.2026 № 325-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      6. Осы Заңға сәйкес атқарушылық іс жүргізу берілген жеке сот орындаушысы ақшаны лицензиясының қолданысы тоқтатыла тұрған немесе тоқтатылған не лицензиясынан айырылған жеке сот орындаушысының өндіріп алушылардың пайдасына өндіріп алынған сомаларды уақытша сақтауға арналған ағымдағы шотынан өзінің өндіріп алушылардың пайдасына өндіріп алынған сомаларды сақтауға арналған ағымдағы шотына аударуды жүзеге асыру үшін банкке не банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) уәкілетті органның жеке сот орындаушысының лицензиясының қолданысын тоқтата тұру немесе тоқтату не одан айыру туралы шешімі;

      2) жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының атқарушылық іс жүргізулерді басқа жеке сот орындаушысына беру туралы, жеке сот орындаушысының тегін, атын, әкесінің атын (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) және жеке сәйкестендіру нөмірін, сондай-ақ оның лицензиясының нөмірін қамтитын шешімі;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ресімделген және берілген төлем құжаты.

      Банк не банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым уәкілетті орган немесе оның аумақтық органы шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімді (ол болған кезде) кері қайтарып алғаннан кейін лицензиясының қолданысы тоқтатыла тұрған немесе тоқтатылған не лицензиясынан айырылған жеке сот орындаушысының өндіріп алушылардың пайдасына өндіріп алынған сомаларды сақтауға арналған ағымдағы шотынан атқарушылық іс жүргізу берілген жеке сот орындаушысының өндіріп алушылардың пайдасына өндіріп алынған сомаларды сақтауға арналған ағымдағы шотына ақша аударуды жүзеге асырады және ағымдағы шотты жабады.

      Ескерту. 123-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 15.01.2014 № 164-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.06.2020 № 349-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

13-тарау. Атқарушылық санкциясы. Қазақстан Республикасының
атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі
туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық

      Ескерту. 13-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 15.01.2014 № 164-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

124-бап. Атқарушылық санкциясы

      1. Мемлекеттік сот орындаушысы атқарушылық құжат толық орындалғаннан кейін борышкерге өндіріп алынған соманың немесе мүлік құнының он пайызы мөлшерінде немесе мүліктік емес сипаттағы атқарушылық құжаттар бойынша жеке адамдардан он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде және заңды тұлғалардан жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде мемлекет кірісіне атқарушылық санкциясын ерікті түрде төлеуді ұсынады.

      Борышкер бас тартқан жағдайда мемлекеттік сот орындаушысы борышкерден атқарушылық санкциясын өндіріп алу туралы шығарылған қаулы негізінде атқарушылық санкциясын өндіріп алады.

      Атқарушылық санкциясы, егер:

      1) борышкер атқарушылық құжат мәжбүрлеп орындатуға ұсынылғанға дейін толық көлемде атқарушылық құжатты орындаса;

      2) атқарушылық құжат бойынша өндірілген сомадан он пайызы мөлшерінде өндірілуге тиісті атқарушылық санкциясы бір айлық есептік көрсеткіштен аз болса;

      3) борышкер мемлекет болып табылса;

      4) борышкер уәкілетті органның (лауазымды адамның) шешімі негізінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен әкімшілік жауаптылықтан немесе қолданылған әкімшілік жазалаудан босатылса, өндірілмейді.

      2. Атқарушылық санкциясы республикалық бюджетке аударылады.

      3. Борышкер сот орындаушысының атқарушылық санкцияны өндіріп алу туралы қаулысына дау айту туралы талап қоюмен әкімшілік сотқа жүгінуге құқылы.

      Борышкердің атқарушылық санкцияны өндіріп алуды кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу, оның мөлшерін азайту немесе атқарушылық санкцияны өндіріп алудан босату туралы талап қоюмен сотқа жүгінуі азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен жүзеге асырылады.

      Ескерту. 124-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 15.01.2014 № 164-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.06.2026 № 325-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 01.07.2026 № 330-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

125-бап. Борышкердің атқарушылық құжаттарды орындамағаны үшін жауаптылығы және оның салдары

      Ескерту. 125-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 15.01.2014 № 164-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Борышкер атқарушылық құжатты орындамағаны үшін әкімшілік не қылмыстық жауапқа тартылуы мүмкін.

      2. Жауапқа тартылу борышкерді атқарушылық құжатта көзделген әрекеттерді орындау міндетінен босатпайды.

      3. Алып тасталды - ҚР 29.10.2015 № 376-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

      Ескерту. 125-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 15.01.2014 № 164-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.10.2015 № 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

3-БӨЛІМ. СОТ ОРЫНДАУШЫЛАРЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЫ
14-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ СОТ ОРЫНДАУШЫЛАРЫНЫҢ
ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘРТЕБЕСІНІҢ НЕГІЗДЕРІ

125-1-бап. Атқарушылық құжаттарды орындау жүйесі

      Атқарушылық құжаттарды орындау жүйесін мыналар құрайды:

      1) уәкілетті орган;

      2) уәкілетті органның аумақтық органдары мен олардың бөлімдері;

      3) Республикалық палата;

      4) жеке сот орындаушылары.

      Ескерту. 14-тарау 125-1-баппен толықтырылды - ҚР 29.12.2014 № 269-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).

126-бап. Сот орындаушысының атқарушылық әрекеттер жасау кезіндегі құқықтары мен міндеттері

      1. Сот орындаушысы заңда белгіленген тәртіппен:

      1) орындауға қатысты мәселелер бойынша қаулылар шығаруға;

      2) әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтыруға (жеке сот орындаушысын қоспағанда);

      3) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген коммерциялық, банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етуге қойылатын талаптарды сақтай отырып, атқарушылық әрекеттер жасау кезінде туындаған мәселелер бойынша қажетті ақпаратты, түсініктемелер мен анықтамаларды өтеусіз алуға құқылы. Бұл ретте жеке және заңды тұлғалар оларды дереу, ал арнайы құжаттарды өңдеуді, дайындауды талап ететін жағдайларда үш жұмыс күнінен кешіктірмей сот орындаушысына беруге міндетті;

      3-1) басқа сот орындаушыларында атқарушылық іс жүргізудің бар-жоғын анықтауға;

      4) атқарушылық әрекеттер жасағанда негізге алынатын атқарушылық құжаттар түсініксіз болған жағдайда түсінік алу үшін сотқа немесе атқарушылық құжатты берген басқа да органдарға жүгінуге;

      5) атқарушылық іс-әрекеттер жасау кезінде туындаған мәселелер бойынша, оның ішінде орындау тәсілі мен тәртібін өзгерту тұрғысынан сотқа ұсыныстар енгізуге;

      6) іс жүргізіліп жатқан атқарушылық құжаттар бойынша азаматтар мен лауазымды адамдарды шақыртуға;

      7) ұйымдарда атқарушылық құжаттардың орындалуын және олар бойынша құжаттаманың жүргізілуін тексеруге;

      8) нақты атқарушылық әрекеттер жасау мәселелері бойынша атқарушылық іс жүргізудің қатысушыларына және өзге де адамдарға тапсырмалар беруге;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      8-1) тармақшамен толықтыру көзделген – ҚР 24.06.2026 № 325-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      9) борышкерлер, сондай-ақ оларда борышкерге тиесілі мүліктің тұрғанын растайтын деректер болған жағдайда басқа адамдар орналасқан немесе соларға тиесілі үй-жайлар мен қоймаларға кіруге құқылы. Қажет болған жағдайда борышкердің қатысуынсыз үй-жайлар мен қоймаларды мәжбүрлеп ашуға, куәгерлердің қатысуымен тексерулер жүргізуге;

      10) атқарушылық құжаттарды орындауға байланысты мәселелер бойынша мемлекеттік органдар, ұйымдар басшыларының және басқа да лауазымды адамдарының қабылдауына дереу кіруге;

      11) борышкерлердің банктердегі ақшалары мен бағалы қағаздарына осы Заңда көзделген тәртіппен тыйым салуға;

      12) мүліктің кімге тиесілі екенін анықтағанға дейін осы Заңның 63-бабының 1-тармағында көзделген қағидаларды сақтай отырып оған уақытша тыйым салуға;

      13) тыйым салынған мүлікті алып қоюға, сақтау үшін беруге және өткізуге;

      14) алынған мүлікті сақтау үшін ұйымдардың үй-жайын, сол мүлікті тасу үшін өндіріп алушы мен борышкердің көлігін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен пайдалануға;

      15) қажет болған жағдайларда атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету үшін ішкі істер органдарының қызметкерлерін немесе бөлімшелерін тартуға;

      16) қылмыстық қудалау органына сот актілерін орындаудан қасақана жалтарған адамдарды қылмыстық жауапқа тарту туралы ұсыныс енгізуге;

      16-1) мәжбүрлеп үйден шығаруды, бұзуды ұйымдастырған жағдайда Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарына борышкер болып табылатын жеке тұлғаның азаматтық қаруды және оның патрондарын сатып алуына, сақтауына, сақтауы мен алып жүруіне рұқсатты тоқтата тұру туралы ұсыныс енгізуге;

      17) егер атқарушылық құжатты орындау процесінде осындай қажеттілік туындаса, басқа аумақтық органның және (немесе) бөлімнің не атқарушы округтің сот орындаушыларына жекелеген атқарушылық іс-әрекеттер жасауды тапсыруға;

      18) Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасында көзделген өзге де әрекеттерді жасауға құқылы.

      2. Сот орындаушысы:

      1) сот актілерін, оның ішінде талап-арызды қамтамасыз ету және бітімгершілік келісімін бекіту жөніндегі сот ұйғарымдарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда өзге де органдардың актілерін мәжбүрлеп орындатуға бағытталған шаралар қолдануға;

      2) өтініш жасаған күннен кейінгі үш жұмыс күнінен кешіктірмей тараптарға немесе олардың өкілдеріне атқарушылық іс жүргізу материалдарымен танысуға, олардан үзінділер жасауға, көшірмелер түсіруге мүмкіндік беруге;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      3) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 24.06.2026 № 325-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      3) бес жұмыс күні ішінде тараптардың атқарушылық іс жүргізуге байланысты арыздары мен өтінішхаттарын қарауға және олар бойынша қаулылар шығаруға, оларға шағым және наразылық білдіру мерзімдері мен тәртібін түсіндіруге, егер оның өзі атқарушылық іс жүргізудің нәтижесіне тікелей немесе жанама түрде мүдделі болса немесе оның әділдігіне күмән туғызатын өзге де мән-жайлар бар болса, істі қараудан бас тартуға;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      3-1) тармақша жаңа редакцияда көзделген – ҚР 24.06.2026 № 325-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      3-1) шығаруға, қоныстануға, бұзуға байланысты атқарушылық құжаттарды орындаған кезде, сондай-ақ мүлікті тізімдеуді және алып қоюды жүргізген кезде аудио-, фото-, бейнетіркеу жүргізуге міндетті.

      3-2) мәжбүрлеп үйден шығаруды, бұзуды ұйымдастырған жағдайда борышкер болып табылатын жеке тұлғаның азаматтық қаруды және оның патрондарын сатып алуына, сақтауына, сақтауы мен алып жүруіне рұқсатының бар-жоғы туралы ақпарат беру туралы Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарына жүгінуге;

      3-3) атқарушылық құжаттың талаптары орындалған немесе жеке тұлғаның азаматтық қаруды және оның патрондарын сатып алуына, сақтауына, сақтауы мен алып жүруіне рұқсаттың қолданылуын уақытша тоқтата тұрудың күшін жою үшін негіздер туындаған күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей осы шектеуді алып тастау туралы қаулы шығаруға міндетті. Көрсетілген қаулының көшірмелері дереу борышкерге және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарына жіберіледі;

      4) Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасында көзделген өзге де әрекеттер жасауға міндетті.

      3. Сот орындаушысы өз қызметінде жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерінің қысым жасалуына жол бермеуге міндетті.

      Ескерту. 126-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 15.01.2014 № 164-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.10.2015 № 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 26.06.2020 № 349-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 31.12.2021 № 100-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      127-бап жаңа редакцияда көзделген – ҚР 24.06.2026 № 325-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

127-бап. Сот орындаушысының шешіміне және әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасау

      Өндіріп алушы немесе борышкер сот орындаушысының атқарушылық құжатты орындау жөніндегі шешіміне және әрекетіне (әрекетсіздігіне) немесе осындай әрекеттер жасаудан бас тартуына сотқа шағым жасауы мүмкін. Шағым сотқа Қазақстан Республикасының әкімшілік сот ісін жүргізу туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен беріледі.

      Ескерту. 127-бап жаңа редакцияда - ҚР 29.06.2020 № 351-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

128-бап. Сот орындаушысының заңды талаптарын орындамағаны үшін жауаптылық

      1. Сот орындаушысының заңды талаптары барлық мемлекеттік органдар, жергілікті өзін өзі басқару органдары, азаматтар мен ұйымдар үшін міндетті және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында мүлтіксіз орындалуға тиіс.

      2. Сот орындаушысының заңды талаптарын орындамау, сондай-ақ сот орындаушысының атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі функцияларды жүзеге асыруына кедергі келтіру Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.

      Ескерту. 128-бап жаңа редакцияда - ҚР 15.01.2014 № 164-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

15-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК СОТ ОРЫНДАУШЫЛАРЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЫ

129-бап. Атқарушылық іс жүргізу органдарының жүйесі

      Ескерту. 129-бап алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 269-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).

130-бап. Мемлекеттік сот орындаушысын қызметке тағайындау тәртібі

      1. Мемлекеттік сот орындаушысы мемлекеттік қызметші болып табылады.

      2. Мемлекеттік сот орындаушысын Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен аумақтық органның басшысы қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

      3. Мемлекеттік сот орындаушыларының сандық құрамы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленеді.

131-бап. Мемлекеттік сот орындаушысына қойылатын талаптар

      1. Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын, жоғары заңгерлік білімі бар, Қазақстан Республикасының заңнамасында қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін, өзінің іскерлік және жеке басының қасиеттерімен, сондай-ақ денсаулық жағдайы бойынша өзіне жүктелген міндеттерді орындауға қабілетті адам мемлекеттік сот орындаушысы болып тағайындалуы мүмкін.

      2. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сай емес адам мемлекеттік сот орындаушысы бола алмайды.

      3. Мемлекеттік сот орындаушыларына сәйкестендіру карталары беріледі, олар үлгілерін уәкілетті орган бекітетін нысанды киіммен (погонсыз), жетонмен және эмблемамен қамтамасыз етіледі.

      4. Мемлекеттік сот орындаушыларын нысанды киіммен (погонсыз) қамтамасыз етудің заттай нормаларын бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша уәкілетті орган бекітеді.

      Ескерту. 131-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.12.28 № 368-IV (алғашқы ресми жариялағанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.01.06 № 379-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.01.2014 № 164-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.11.2019 № 273-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.01.2025 № 156-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

132-бап. Мемлекеттік сот орындаушысының жауаптылығы

      Мемлекеттік сот орындаушысының өзіне жүктелген міндеттерді және лауазымдық өкілеттіктерді орындамауы не тиісінше орындамауы заңдарда белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.

133-бап. Мемлекеттік сот орындаушысының қызметін бақылау

      Мемлекеттік сот орындаушысының қызметін бақылауды уәкілетті орган және оның аумақтық органдары жүзеге асырады.

134-бап. Аумақтық бөлімнің басшысы - аға сот орындаушысы

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 2010.12.28 № 368-IV (алғашқы ресми жариялағанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      Аумақтық бөлімнің басшысы - аға сот орындаушысы:

      1) өзі басқарып отырған аумақтық бөлімнің жұмысын ұйымдастырып, бақылайды және мемлекеттік сот орындаушыларына жүктелген міндеттердің орындалуына дербес жауапты болады;

      2) уәкілетті және аумақтық органдардың бұйрықтарының, әдістемелік ұсынымдарының, нұсқауларының және өкімдерінің орындалуын ұйымдастырады;

      3) сот орындаушыларының әрекеттеріне жеке және заңды тұлғалардың шағымдары мен арыздарын шешуді жүзеге асырады, оларды қабылдауды жүргізеді;

      4) аумақтық бөлімнің қызметі туралы статистикалық есептілік жасайды және іс жүргізу мен мұрағат жүргізу жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;

      5) осы Заңда көзделген атқарушылық әрекеттерді жасайды;

      6) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де әрекеттерді жасайды.

      Ескерту. 134-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.12.28 № 368-IV (алғашқы ресми жариялағанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

135-бап. Мемлекеттік сот орындаушыларының қызметін қамтамасыз ету

      Мемлекеттік сот орындаушыларының қызметін ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

136-бап. Мемлекеттік сот орындаушыларын әлеуметтік қорғау шаралары

      Ескерту. Тақырыпқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 269-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).

      Мемлекеттік сот орындаушылары қызметтік міндеттерін орындау кезінде қаза тапқан жағдайда қаза тапқандардың отбасылары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжай алуға құқылы.

      Ескерту. 136-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 269-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).

16-тарау. ЖЕКЕ СОТ ОРЫНДАУШЫЛАРЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЫ

137-бап. Атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі қызмет

      1. Алып тасталды - ҚР 29.10.2015 № 376-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

      2. Жеке сот орындаушыларының қызметі Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасына сәйкес атқарушылық және өзге де әрекеттерді жасау кезінде адам мен азаматтың, ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге тиіс.

      3. Жеке сот орындаушыларының қызметі кәсіпкерлік қызмет болып табылмайды.

      Ескерту. 137-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 15.01.2014 № 164-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.10.2015 № 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

138-бап. Жеке сот орындаушысы қызметінің негіздері

      1. Жеке сот орындаушысы орындауға:

      1) мемлекеттен өндіріп алу;

      2) дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы мемлекетке және олармен үлестес заңды тұлғаларға тиесілі заңды тұлғадан өндіріп алу;

      3) табиғи монополиялар субъектілерінен өндіріп алу;

      4) өндіріп алу мөлшері бір мың айлық есептік көрсеткіштен асатын соманы мемлекет пайдасына өндіріп алу;

      5) мүлікті тәркілеу не мүлікті мемлекетке беру туралы;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      6) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 01.07.2026 № 330-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      6) мемлекет мүддесіне жүргізілетін үйден шығару, үйге қоныстандыру, үйлерді бұзу, жер учаскелерін алып қою және басқа да істердің санаттары туралы атқарушылық құжаттарды қоспағанда, осы Заңда көзделген барлық атқарушылық құжаттарды қабылдайды.

      2. Алып тасталды - ҚР 29.10.2015 № 376-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

      3. Жеке сот орындаушыларының ерекше құзыретіне, осы баптың 1-тармағында көзделген атқарушылық құжаттарын қоспағанда, жеке және заңды тұлғалардың пайдасына өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттарды орындау жатады.

      4. Жеке сот орындаушысы атқарушылық іс-әрекеттерді өтеулі негізде жүргізеді. Жеке сот орындаушысы жасаған атқарушылық іс-әрекеттерге ақы төлеу осы Заңда белгіленген мөлшерлерге сәйкес жүзеге асырылады.

      5. Жеке сот орындаушыларына Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасының борышкерден атқарушылық санкциясын өндіріп алу бөлігіндегі ережелері қолданылмайды.

      Ескерту. 138-бап жаңа редакцияда - ҚР 15.01.2014 № 164-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 173-баптан қараңыз); өзгерістер енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.10.2015 № 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.06.2020 № 352-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тілінде өзгермейді – ҚР 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

139-бап. Атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі қызметке кепілдік

      1. Жеке сот орындаушысы өз қызметінде әділ әрі тәуелсіз және Қазақстан Республикасының Конституциясын, осы Заңды, Қазақстан Республикасындағы атқарушылық іс жүргізуді реттейтін басқа да заңдарды, сондай-ақ халықаралық шарттарды басшылыққа алады.

      2. Жеке сот орындаушысына, оның көмекшілеріне және тағылымдамадан өтушілерге атқарушылық әрекеттер жасауына байланысты, оның ішінде өкілеттіктерін тоқтатқаннан немесе жұмысынан шығарылғаннан кейін де, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, өздеріне белгілі болған мәліметтерді жариялауға, құжаттарды жария етуге тыйым салынады.

      Жасалған атқарушылық әрекеттер туралы мәліметтер (құжаттар) олардың атынан, тапсырмасы бойынша немесе осы әрекеттер соларға қатысты жасалған адамдарға ғана берілуі мүмкін.

      Жасалған атқарушылық әрекеттер туралы анықтамалар өздерінің іс жүргізуіндегі қылмыстық немесе азаматтық істерге байланысты сот, прокуратура, тергеу органдарының талап етуі бойынша беріледі.

      Ескерту. 139-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 26.06.2020 № 349-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

1-параграф. Жеке сот орындаушысының лицензиясы

      Ескерту. 1-параграфтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 15.01.2014 № 164-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

140-бап. Қазақстан Республикасындағы жеке сот орындаушысы

      1. Жоғары заңгерлік білімі бар, жеке сот орындаушысы лицензиясын алған және Республикалық палатаға кірген Қазақстан Республикасының азаматы жеке сот орындаушысы болып табылады.

      2. Мына адам:

      1) Қазақстан Республикасының заңында белгіленген тәртіппен әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған;

      2) заңда белгіленген тәртіппен жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы бар;

      3) Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының және 36-бабының негізінде қылмыстық жауаптылықтан босатылған, мұндай оқиғалар болғаннан кейін үш жыл ішінде;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      4) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 24.06.2026 № 325-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      4) теріс себептермен мемлекеттік, әскери қызметтен, прокуратура органдарынан, өзге де құқық қорғау органдарынан, Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарынан шығарылған адам шығарылған күннен бастап бір жыл ішінде;

      5) "Қазақстан Республикасының сот жүйесі және судьяларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 34-бабы 1-тармағының 11) және 11-1) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша судья лауазымынан босатылған адам босатылған күннен бастап бір жыл ішінде;

      6) жеке сот орындаушысының өкілеттіктерін бергенге дейін үш жыл ішінде әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жаза қолданылған;

      7) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтарының (ауруларының) себебі бойынша психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда есепте тұрған;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      8) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 24.06.2026 № 325-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      8) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 01.07.2026 № 330-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      8) осы Заңның 144-бабының 2-тармағында көзделген негіздер бойынша жеке сот орындаушысының лицензиясынан айырылған адам сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап үш жыл ішінде жеке сот орындаушысы бола алмайды.

      3. Алып тасталды – ҚР 15.01.2014 № 164-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      4. Жеке сот орындаушысының тағылымдамадан өту тәртібін уәкілетті орган айқындайды.

      5. Жеке сот орындаушысы өзінің лауазымдық міндеттерін өзінің атынан және өзінің жауаптылығымен атқарады. Жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу сомасына салық салу Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      Ескерту. 140-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.12.28 № 368-IV (алғашқы ресми жариялағанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.04.27 № 15-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.01.2014 № 164-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.10.2015 № 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 26.06.2020 № 349-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 07.07.2020 № 361-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.01.2025 № 156-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

141-бап. Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттау

      1. Тағылымдамадан өткен және жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдар Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасын білуге және практикалық дағдылардың тиісті деңгейін тексеруге кешенді компьютерлік тестілеу нысанында аттестаттаудан өтеді.

      Тағылымдамадан өткен және жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттаудың тәртібі мен шарттарын уәкілетті орган айқындайды.

      2. Егер жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер адам осы Заңда белгіленген талаптарға сәйкес келмесе, астананың, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың аумақтық әділет органдары аттестаттауға жіберуден бас тартады.

      Аттестаттауға жіберуден бас тарту туралы уәжді шешім өтініш келіп түскен күннен бастап он бес жұмыс күнінен кешіктірілмей жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер адамға жіберіледі.

      3. Аттестаттауға жіберуден бас тарту және (немесе) аттестаттамау туралы уәжді шешімге Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.

      4. Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттау айына бір реттен сиретпей өткізіледі.

      5. Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына аттестаттау туралы шешім шығарылған күнінен бастап үш жыл ішінде жарамды болады.

      Ескерту. 141-бап жаңа редакцияда – ҚР 17.12.2025 № 241-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 11.06.2026 № 306-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

141-1-бап. Аттестаттауды өткізу тәртібі мен шарттары

      Ескерту. 141-1-бап алып тасталды – ҚР 17.12.2025 № 241-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      141-2-баппен толықтыру көзделген – ҚР 24.06.2026 № 325-VIII (01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

142-бап. Жеке сот орындаушысы лицензиясы

      1. Жеке сот орындаушысының лицензиясы атқарушылық құжаттарды мәжбүрлеп орындату шараларын қолдану жөніндегі қызметпен айналысу құқығына берілген рұқсат болып табылады және оны уәкілетті орган тағылымдама мен аттестаттаудан өткеннен кейін береді. Уәкілетті орган Жеке сот орындаушылары лицензияларының мемлекеттік тізілімін жүргізеді.

      2. Жеке сот орындаушысы лицензиясын алуға қажетті құжаттардың тізбесі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен айқындалады. Жеке сот орындаушысының лицензиясын беру мерзімі мен тәртібі Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес белгіленеді.

      3. Жеке сот орындаушысы лицензиясын беру үшін алым алынады, оның мөлшері мен төлеу тәртібі "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес айқындалады.

      4. Жеке сот орындаушысы лицензиясы мерзімі шектелмей берілетін бас лицензия болып табылады және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында қолданылады.

      5. Мыналар аттестаттаудан және тағылымдамадан өтуден босатылады:

      1) Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Біліктілік комиссиясында біліктілік емтиханын тапсырған, сотта тағылымдамадан ойдағыдай өткен және облыстық немесе оған теңестірілген соттың жалпы отырысының оң пікірін алған адамдар;

      2) судьялар, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының сот жүйесі және судьяларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 34-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 9), 10) және 12) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша судья өкілеттігін тоқтатқан адамдар;

      3) прокурор немесе тергеуші лауазымында кемінде бес жыл жұмыс істеген адамдар;

      4) атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік органдарда кемінде екі жыл жұмыс істеген адамдар.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      6-тармақпен толықтыру көзделген – ҚР 24.06.2026 № 325-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      Ескерту. 142-бап жаңа редакцияда - ҚР 29.10.2015 № 376-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 26.06.2020 № 349-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

143-бап. Жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданысын тоқтата тұру

      1. Жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданысын тоқтата тұру уәкілетті органның шешімімен оның аумақтық органдарының, Республикалық палатаның немесе жеке сот орындаушыларының өңірлік палаталарының ұсынуы негізінде жүзеге асырылады.

      2. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жалпы негіздерден басқа, жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданысы мынадай жағдайда:

      1) жеке сот орындаушысына қатысты қылмыстық іс бойынша күдіктінің іс-әрекетін саралау туралы қаулы шығарылғанда;

      2) егер тоқтата тұру жөніндегі шараларды қабылдамау құқықтардың одан әрі бұзылуына алып келуі не атқарушылық іс жүргізу тараптарына немесе өзге де тұлғаларға нұқсан келтіруі мүмкін болса, жеке сот орындаушысы атқарушылық әрекеттер жасау кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғанда;

      3) атқарушылық құжатты қабылдаудан негізсіз бас тартқанда;

      4) осы Заңның 52-бабы 4-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайларды қоспағанда, жеке сот орындаушысы өзінің атқарушылық округінің аумағынан тыс жерлерде атқарушылық іс-әрекеттер жасағанда;

      5) осы Заңның 148-бабы 1-тармағының 9-1) тармақшасында белгіленген мерзімде оқудан (біліктілігін арттырудан) өтпегенде не одан өтуден бас тартқанда;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      6) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 24.06.2026 № 325-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      6) жеке сот орындаушысы осы Заңның 148-бабы 1-тармағының 4), 5-1) және 5-2) тармақшаларының және 2-тармағының талаптарын бірнеше рет бұзғанда алты айға дейінгі мерзімге тоқтатыла тұрады.

      7) алып тасталды – ҚР 26.06.2020 № 349-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      8) тармақшамен толықтыру көзделген – ҚР 24.06.2026 № 325-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      3. Уәкілетті органның жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы шешімінде жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданысын тоқтата тұрудың себептері мен мерзімдері көрсетілуге тиіс. Жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданысы жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы шешім қабылданған күннен бастап тоқтатыла тұрады. Тоқтата тұруға себеп болған мән-жайлар жойылған кезде, уәкілетті орган жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданысын жаңарту туралы шешім шығарады.

      4. Жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданысын тоқтата тұру уәкілетті органның жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы шешімі қабылданған кезден бастап жеке сот орындаушысы ретіндегі қызметке және атқарушылық іс-әрекеттер жасауға тыйым салуға әкеп соғады.

      5. Жеке сот орындаушысының өкілеттіктері Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаты немесе мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ақы төленетін, өз қызметін тұрақты немесе басқа жұмыстан босатылған негізде жүзеге асыратын мәслихат депутаты болып сайланған жағдайда оның өтініші бойынша тоқтатыла тұрады. Депутаттың өкілеттіктері тоқтатылғаннан кейін осы адам жеке сот орындаушысының өкілеттіктерін атқаруды қайта жалғастыра алады.

      6. Жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданысы тоқтатыла тұрған жағдайда, оның орындауындағы атқарушылық іс жүргізулер басқа жеке сот орындаушысына беру үшін жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына жіберіледі, бұл туралы атқарушылық іс жүргізу тараптары хабарландырылады.

      7. Жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданысын тоқтата тұру немесе жаңарту туралы шешім уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады. Қабылданған шешім туралы жеке сот орындаушысы және Республикалық палата хабардар етіледі.

      8. Жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданысын тоқтата тұру немесе жаңартудан бас тарту туралы шешімге сотқа шағым жасалуы мүмкін.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      8-тармақты екінші бөлікпен толықтыру көзделген – ҚР 24.06.2026 № 325-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      Ескерту. 143-бап жаңа редакцияда - ҚР 15.01.2014 № 164-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР 04.07.2014 № 233-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.10.2015 № 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 26.06.2020 № 349-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.06.2026 № 306-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

144-бап. Жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданылуын тоқтату және лицензиясынан айыру

      Ескерту. 144-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді – ҚР 26.06.2020 № 349-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жалпы негіздерден басқа, жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданысын тоқтату:

      1) Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылған;

      2) соттың айыптау үкімі заңды күшіне енген;

      3) соттың заңды күшіне енген шешімі бойынша әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі, қайтыс болған не хабарсыз кетті деп танылған;

      4) қайтыс болған;

      5) Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігі 3), 4), 9) 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан босатылған;

      6) медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы сот шешімі заңды күшіне енген жағдайларда уәкілетті органның шешімімен жүзеге асырылады.

      2. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жалпы негіздерден басқа, жеке сот орындаушысын лицензиясынан айыру:

      1) атқарушылық әрекеттер жасау кезінде, оның ішінде мемлекеттің, жеке және заңды тұлғалардың мүдделеріне нұқсан келтіріп, Қазақстан Республикасының заңнамасын бірнеше рет (қатарынан күнтізбелік алты ай ішінде екі және одан да көп рет) бұзған;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      2) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 24.06.2026 № 325-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      2) жеке сот орындаушысы өз қызметіне ақы төлеуді Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген мөлшерлерді (мөлшерлемелерді) асырып өндіріп алған;

      3) жеке сот орындаушысының лицензиясын беру үшін негіз болып табылған құжаттарда анық емес немесе қасақана бұрмаланған ақпарат берілген;

      4) бір ай ішінде осы Заңда белгіленген тәртіппен істердің әлеуметтік маңызы бар санаты бойынша атқарушылық құжаттарды мәжбүрлеп орындату шараларын қабылдамаған;

      5) жеке сот орындаушысының лицензиясын тоқтата тұру кезеңінде қызметті жүзеге асыру фактісі анықталған;

      6) оқытушылық, ғылыми, шығармашылық қызметті қоспағанда, ақысы төленетін өзге де қызмет түрлерімен айналысқан;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      7) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 24.06.2026 № 325-VIII (01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      7) осы Заңның 170-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген негіз бойынша Республикалық палата мүшелігінен шығарып жіберген жағдайларда уәкілетті органның талап қоюы бойынша сот тәртібімен жүзеге асырылады.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      8), 9) тармақшалармен толықтыру көзделген – ҚР 24.06.2026 № 325-VIII (01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      3. Жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданылуын тоқтату не лицензиясынан айыру туралы ұсынысты уәкілетті органға прокуратура, Республикалық палата не жеке сот орындаушыларының өңірлік палаталары немесе аумақтық орган енгізеді.

      4. Жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы лицензиясының қолданысы тоқтатылған не лицензиясынан айырылған жеке сот орындаушысының атқарушылық іс жүргізулерін, іс жүргізуін, архивін басқа жеке сот орындаушысына беру жөнінде, сондай-ақ жеке сот орындаушысының лицензиясын оны уәкілетті органға тапсыру үшін алып қою және жеке сот орындаушысының жеке мөрін, қызметтік куәлігін жою жөнінде шаралар қабылдауға міндетті.

      5. Егер жеке сот орындаушысына қатысты тәртіптік іс жүргізу қозғалған болса, онда атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі өкілеттіктері тәртіптік іс жүргізу тоқтатылғаннан кейін ғана оның өтініші бойынша тоқтатылуы мүмкін.

      6. Жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданылуын тоқтату не лицензиясынан айыру туралы уәкілетті органның шешіміне Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      6-тармақты екінші бөлікпен толықтыру көзделген – ҚР 24.06.2026 № 325-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      Ескерту. 144-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 15.01.2014 № 164-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 26.06.2020 № 349-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.06.2020 № 351-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 11.06.2026 № 306-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

145-бап. Жеке сот орындаушысы өкілеттіктерін беру

      Ескерту. 145-бап алып тасталды - ҚР 29.10.2015 № 376-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

146-бап. Жеке сот орындаушысының қызметін жүзеге асыруының ерекше шарттары

      1. Жеке сот орындаушысының кәсіби жауапкершілігін сақтандыру шарты болмаса, жеке сот орындаушысы өз қызметін жүзеге асыруға құқылы емес.

      2. Сақтанушының (сақтандырылған тұлғаның) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға байланысты үшінші тұлғаларға келтірілген зиянды өтеу міндетіне байланысты оның мүліктік мүддесі жеке сот орындаушысының кәсіби жауапкершілігін сақтандыру объектісі болып табылады.

      2-1. Жеке сот орындаушысының кәсіби жауапкершілігін сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сомасының мөлшері оның талаптарымен айқындалады және қызметін астананың, республикалық маңызы бар қаланың аумағында жүзеге асыратын жеке сот орындаушылары үшін – шарт жасалған күнге тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген кемінде бір мың еселенген, өзге де жеке сот орындаушылары үшін кемінде бес жүз еселенген айлық есептік көрсеткішті құрауға тиіс.

      2-2. Сақтандырылған тұлғаның атқарушылық құжаттарды орындау кезінде кәсіби қателер жіберуі салдарынан үшінші тұлғалардың мүліктік мүдделеріне келтірілген зиянды өтеу бойынша сақтанушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігінің басталу фактісі жеке сот орындаушысының кәсіби жауапкершілігін сақтандыру шарты бойынша сақтандыру жағдайы болып табылады.

      Осы баптың мақсаттары үшін:

      1) процестік құжаттарды дұрыс ресімдемеу;

      2) атқарушылық құжатты орындағаннан, жеке сот орындаушысының қызметіне және борышкерге зиян келтіруге алып келген орындау жөніндегі шығыстарға ақы төленгеннен кейін мәжбүрлеп орындату шараларын уақтылы жоймау;

      3) өзіне қатысты атқарушылық әрекеттер жүргізілетін тұлғаға зиян келтіруге алып келген жасалатын әрекеттердің салдары туралы оған хабар бермеу;

      4) сақтанушы (сақтандырылған тұлға) атқарушылық іс жүргізу тараптарынан алған құжаттарды жоғалту немесе бүлдіру;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      6) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 01.07.2026 № 330-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      5) қызметі нәтижесінде өзіне белгілі болған коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді заңсыз жария ету жеке сот орындаушысының кәсіби қателері деп түсініледі.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      6), 7) тармақшалармен толықтыру көзделген – ҚР 01.07.2026 № 330-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      Жеке сот орындаушысының кәсіби жауапкершілігін сақтандыру шартында сақтандырылған тұлға атқарушылық құжаттарды орындау барысында үшінші тұлғалардың мүліктік мүдделеріне зиян келтіруге алып келген өзге де әрекеттер (әрекетсіздік) айқындалуы мүмкін.

      3. Алып тасталды - ҚР 26.06.2020 № 349-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      4. Егер келтірілген зиянның мөлшері кәсіби жауапкершілікті сақтау шарты бойынша сақтандыру төлемінің мөлшерінен асатын болса, жеке сот орындаушысы оларға келтірілген зиянды жеке өзіне тиесілі мүлікпен, оның ішінде ақшамен қайтарады.

      5. Өтелуге тиіс зиян келтіру фактісі мүдделі тараптардың келісімімен белгіленеді, ал дау болған жағдайда оны сот белгілейді.

      6. Алып тасталды - ҚР 15.01.2014 № 164-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Ескерту. 146-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 15.01.2014 № 164-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.06.2020 № 349-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.06.2026 № 306-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

2-параграф. Жеке сот орындаушыларының құқықтары,
міндеттері мен жауапкершілігі

147-бап. Жеке сот орындаушысының құқықтары

      Жеке сот орындаушысы:

      1) осы Заңда көзделген атқарушылық әрекеттерді өзіне өтініш жасаған жеке және заңды тұлғалардың мүдделеріне сай жасауға;

      2) кез келген банкте банктік шоттар, оның ішінде валюталық шот ашуға, мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтары мен міндеттерінің болуына, кеңсе қызметкерлерін жалдауға және жұмыстан босатуға, түскен кірістерге билік етуге, сотта өз атынан сөйлеуге және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да әрекеттер жасауға;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, медициналық және әлеуметтік сақтандыру жүйелерінің қызметін пайдалануға;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      4) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 09.01.2026 № 256-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      4) мемлекеттік тіркеу органдарының және өзге де ұйымдардың электрондық деректер базасынан мәліметтер алуға;

      4-1) атқарушылық құжатта көрсетілген соманы толық өтеу арқылы оны өзінің іс жүргізуіне қабылдауға және борышкерден осы Заңның 118-бабына сәйкес оның қызметіне ақы төлеуді ескере отырып, оны өтеуді талап етуге;

      5) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген басқа да құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.

      Ескерту. 147-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 26.06.2020 № 349-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

148-бап. Жеке сот орындаушысының міндеттері

      1. Жеке сот орындаушысы:

      1) уәкілетті органда есептік тіркелгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде мемлекеттік кіріс органдарына тіркелу үшін өтініш жасауға;

      2) осы Заңның және Қазақстан Республикасының сот орындаушысының қызметін реттейтін басқа да нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес атқарушылық әрекеттер жасауға;

      3) өзінің кәсіби міндеттерін адал орындауға, жеке адамдардың жеке өмірінің мән-жайларына қатысты құпияны сақтауға, қызметінің нәтижесінде өзіне белгілі болған коммерциялық немесе өзге де заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді жария етуге жол бермеуге міндетті.

      Аталған міндет жеке сот орындаушысының өкілеттігін тоқтатқаннан кейін де күшінде қалады. Құпияны сақтау туралы талапты жеке сот орындаушысы кеңсесінің қызметкерлері мен аталған мәліметтерге қолжетімді басқа адамдар да сақтауға міндетті;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      4) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 09.01.2026 № 256-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      4) атқарушылық іс жүргізу жөніндегі мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйеде атқарушылық іс жүргізуді, атқарушылық іс-әрекеттерді уақтылы тіркеуді және мүлікті есепке алуды жүзеге асыруға, қаулыларды, актілерді, хаттамаларды және өзге де құжаттарды электрондық атқарушылық іс жүргізуге жүктеуге;

      5) Жеке сот орындаушыларының кәсіптік Ар-намыс кодексін сақтауға;

      5-1) уәкілетті органның аумақтық органдарына, Республикалық палатаға, жеке сот орындаушыларының өңірлік палаталарына қаралатын шағым шеңберінде сұратылатын ақпаратты, оның ішінде атқарушылық іс жүргізуді ұсынуға;

      5-2) тоқсан сайын міндетті мүшелік жарналарды төлеуге;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      5-3) тармақшамен толықтыру көзделген – ҚР 24.06.2026 № 325-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      6) алып тасталды - ҚР 29.10.2015 № 376-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

      7) заңмен көзделген жағдайларда жасалған атқарылған әрекеттер туралы мәліметтерді, құжаттардың өзге де көшірмелерін, қажет болған жағдайда – түсініктемелер, оның ішінде Жеке сот орындаушыларының кәсіптік Ар-намыс кодексінің талаптарын сақтамау мәселелері бойынша жеке түсініктемелер беруге;

      7-1) адвокаттың сұрау салуы бойынша қылмыстық, азаматтық, әкімшілік процесте және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуде қорғаушы немесе өкіл ретінде білікті заң көмегін көрсетуіне байланысты қажетті мәліметтерді беруге;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      7-2) тармақшамен толықтыру көзделген – ҚР 24.06.2026 № 325-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      8) негіздер болған кезде аумақтық органға (бөлімге) әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасау үшін материалдарды жіберуге;

      9) өзінің кәсіби біліктілігін үнемі арттырып отыруға;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      9-1) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 24.06.2026 № 325-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      9-1) өз қызметін жүзеге асыра бастағаннан бастап алты ай ішінде, кейіннен үш жылда бір рет атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша Республикалық палата бекітетін бағдарламаларға сәйкес кәсіптік, оның ішінде қашықтықтан оқудан өтіп тұруға;

      9-2) лицензияның қолданысы тоқтатыла тұрған немесе тоқтатылған не одан айырылған, сондай-ақ Республикалық палата мүшелігінен шығарылған не ұзақ уақыт (бір айдан астам) болмаған жағдайларда, атқарушылық іс жүргізулер мен архивті үш жұмыс күні ішінде жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына беруге;

      10) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген басқа да міндеттерді атқаруға міндетті.

      2. Жеке сот орындаушысы өз қызметі туралы:

      1) нысаны мен мерзімдерін уәкілетті орган бекітетін ақпаратты, жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына және уәкілетті органға және (немесе) оның аумақтық органына;

      2) нысаны мен мерзімдерін Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы бекітетін ақпаратты, құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органға береді.

      Ескерту. 148-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 15.01.2014 № 164-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.11.2014 № 257-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 10-баптың 12) тармақшасынан қараңыз); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.10.2015 № 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 26.06.2020 № 349-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.07.2025 № 210-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.06.2026 № 306-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

149-бап. Жеке сот орындаушысының қызметін шектеу

      Жеке сот орындаушысы оқытушылық, ғылыми, шығармашылық қызметті қоспағанда, ақылы қызметтің өзге де түрлерімен айналысуға құқылы емес.

      Ескерту. 149-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 11.06.2026 № 306-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

150-бап. Жеке сот орындаушысының жауапкершілігі

      1. Жеке сот орындаушысының өзіне жүктелген міндеттер мен лауазымдық өкілеттіктерді орындамауы не тиісінше орындамауы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.

      2. Жеке сот орындаушысы атқарушылық іс жүргізуге қатысушыларға және басқа да адамдарға Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін атқарушылық әрекеттерді жасау салдарынан келтірілген залалды өтеуге міндетті.

151-бап. Жеке сот орындаушысын кезекті аттестаттау

      Ескерту. 151-бап алып тасталды - ҚР 15.01.2014 № 164-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

3-параграф. Жеке сот орындаушысының қызметін ұйымдастыру

152-бап. Атқару округі

      1. Астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың аумағымен тұспа-тұс келетін, жеке сот орындаушысы қызмет ететін аумақ атқару округі болып табылады.

      2. Атқару округіндегі жеке сот орындаушыларын айқындауды қалаларға, облыс аудандарына, қала аудандарына әкімшілік-аумақтық бөлуге сәйкес жеке сот орындаушыларының тиісті өңірлік палатасы жүзеге асырады.

      Жеке сот орындаушысы атқару округінің бүкіл аумағында атқарушылық құжаттарды орындауды жүргізуге құқылы.

      3. Жеке сот орындаушысы атқарушылық әрекеттерді өзінің жұмыс орнынан тыс, атқару округінің шегінен тыс жерде жүзеге асырған кезде ол бұл жөнінде атқарушылық әрекеттерді жасаған жердегі жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасын хабардар етеді.

      4. Алып тасталды – ҚР 30.12.2025 № 246-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      Ескерту. 152-бап жаңа редакцияда - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 30.12.2025 № 246-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.06.2026 № 306-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      153-бап жаңа редакцияда көзделген – ҚР 24.06.2026 № 325-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

153-бап. Жеке сот орындаушысының кеңсесі, қызметтік үй-жайы

      1. Жеке сот орындаушысының кеңсесі жеке сот орындаушыларының қызметтер көрсетуін қамтамасыз ету мақсатында құрылатын мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы коммерциялық емес ұйым болып табылады.

      2. Жеке сот орындаушысының кеңсесін Республикалық палатаның мүшесі (мүшелері) құрады. Жеке сот орындаушысы бір ғана кеңсенің құрылтайшысы (тең құрылтайшысы) бола алады.

      3. Бір жеке сот орындаушысы құрған жеке сот орындаушысының кеңсесі өз қызметін жарғы негізінде жүзеге асырады.

      Бірнеше жеке сот орындаушысы жеке сот орындаушысының кеңсесін құрған кезде құрылтай шарты да құрылтай құжаты болуы мүмкін.

      Жеке сот орындаушысы кеңсесінің құрылтайшысы (құрылтайшылары) оны мемлекеттік тіркегеннен кейін он күн мерзімде бұл туралы Республикалық палатаны жазбаша хабардар етуге және оның қарамағына жеке сот орындаушысы кеңсесінің құрылтай құжаттарын ұсынуға міндетті.

      4. Жеке сот орындаушысы қызметтік үй-жайының орналасқан жеріне және жабдықталуына қойылатын талаптарды уәкілетті орган белгілейді.

      5. Жеке сот орындаушысы кеңсесінің атауы аумағында ол құрылған әкімшілік-аумақтық бірліктің атауын қамтуға тиіс.

      6. Жеке сот орындаушысы кеңсесін құруға мемлекеттік органдардың арнайы рұқсаты талап етілмейді.

      7. Қызметті дара жүзеге асыру үшін қызметтік үй-жай жеке сот орындаушысының жұмыс орны болып табылады.

      8. Қызметтік үй-жайдың орналасқан орны және жұмыс режимі туралы жеке сот орындаушысы Республикалық палатаға хабарлайды.

      Ескерту. 153-бап жаңа редакцияда - ҚР 29.10.2015 № 376-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

153-1-бап. Жеке сот орындаушысын уақытша алмастыру

      1. Жеке сот орындаушысын уақытша алмастыру атқарушылық іс жүргізулерді орындау үшін бір жеке сот орындаушысынан басқа жеке сот орындаушысына уақытша беруден тұрады.

      2. Жеке сот орындаушысын уақытша алмастыру негіздері: жеке сот орындаушысының осы Заңда көзделген міндеттерді орындауына уақытша кедергі келтіретін еңбек немесе оқу демалысы, науқастану, іссапар және өзге де мән-жайлар болуы мүмкін.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      3-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 24.06.2026 № 325-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      3. Жеке сот орындаушысын уақытша алмастыру атқарушылық іс жүргізу тараптарына міндетті түрде хабарлай отырып, Республикалық палата айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.

      Өндіріп алушы өзінің атқарушылық құжатын басқа жеке сот орындаушысына орындауға уақытша берумен келіспеген жағдайда, атқарушылық құжат және пайдаланылмаған аванстық жарна оның өтініші бойынша қайтарылуға жатады.

      4. Жеке сот орындаушысын уақытша алмастыру кезеңінде оны алмастыратын тұлға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз қызметіне ақы алуға құқылы.

      5. Берілген атқарушылық іс жүргізу бойынша жол берілген бұзушылықтар үшін оларға тікелей жол берген жеке сот орындаушысы жауапты болады.

      Ескерту. 16-тарау 153-1-баппен толықтырылды – ҚР 26.06.2020 № 349-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

154-бап. Жеке сот орындаушысының куәлігі, жеке мөрі, мөртабандары және бланкілері

      Жеке сот орындаушысының өзінің тегі, аты және әкесінің аты (ол болған кезде), жеке сот орындаушылары өңірлік палатасының, атқару округінің атауы, жеке сот орындаушысы лицензиясының нөмірі көрсетілген куәлігі, жеке мөрі, сондай-ақ мөртабандары мен жеке бланкілері болады. Куәлік пен жеке мөрдің үлгілерін уәкілетті орган бекітеді. Куәлік пен жеке мөрді дайындауды және беруді жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы ұйымдастырады.

      Ескерту. 154-бап жаңа редакцияда - ҚР 29.12.2014 № 269-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).

155-бап. Атқарушылық іс жүргізудегі іс жүргізу

      1. Жеке сот орындаушысының кеңсесіндегі іс жүргізуді жеке сот орындаушылары уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес жүргізеді.

      2. Жеке сот орындаушыларының іс қағаздарын жүргізу қағидаларының орындауын бақылауды жеке сот орындаушыларының өңірлік палаталарымен бірлесе отырып, уәкілетті органның аумақтық органдары жүзеге асырады.

      Ескерту. 155-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 269-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).

156-бап. Жеке сот орындаушысының көмекшілері мен тағылымдамашылары

      1. Жеке сот орындаушысы өзінің көмекшілері мен тағылымдамашыларының болуына құқылы.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      1-1-тармақ жаңа редакцияда көзделген – ҚР 24.06.2026 № 325-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      1-1. Қазақстан Республикасының заңында белгіленген тәртіппен әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған; сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған; бұрын мемлекеттік, әскери қызметтен, құқық қорғау органдарынан, соттардан және әділет органдарынан теріс себептермен босатылған; заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар адам жеке сот орындаушысының көмекшісі, тағылымдамашысы бола алмайды.

      2. Заңгерлік білімі және Республикалық палата бекітетін бағдарламалар бойынша кәсіптік, оның ішінде қашықтықтан оқудан өткені туралы сертификаты (куәлігі) бар Қазақстан Республикасының азаматы жеке сот орындаушысының көмекшісі бола алады.

      3. Жоғары заңгерлік білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары сот орындаушысының тағылымдамашылары бола алады. Тағылымдамашылар кемінде үш жыл сот орындаушысының жұмыс өтілі бар жеке сот орындаушыларында тағылымдамадан өтеді.

      4. Жеке сот орындаушылары тағылымдамашыларының тағылымдамадан өту тәртібі, мерзімдері мен шарттары Республикалық палатамен келісу бойынша уәкілетті орган бекітетін жеке сот орындаушысында тағылымдамадан өту тәртібі туралы қағидаларда айқындалады.

      5. Жеке сот орындаушысының тағылымдамашысы мен көмекшісінің құқықтары және міндеттері еңбек шартында айқындалады.

      6. Көмекші өз қызметін еңбек шарты негізінде жүзеге асырады.

      Ескерту. 156-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.12.28 № 368-IV (алғашқы ресми жариялағанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.01.2014 № 164-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.10.2015 № 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

156-1-бап. Жеке сот орындаушысы көмекшісінің құқықтары мен міндеттері

      1. Жеке сот орындаушысының көмекшісі жеке сот орындаушысының қабылданған процестік шешімі және оның тапсырмасы бойынша атқарушылық іс жүргізуді орындау шеңберінде:

      1) атқарушылық іс жүргізудің процестік және өзге де құжаттарының жобаларын, оның ішінде атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік ақпараттық жүйесінде әзірлеуге;

      2) атқарушылық іс жүргізу тараптарына шақыру қағаздарын, хабарламаларды және өзге де құжаттарды жеткізуге және тапсыруға;

      3) атқарушылық іс жүргізу тараптарын, үшінші тұлғаларды шақыруға және олармен жеке сот орындаушысының іс жүргізуіндегі атқарушылық құжаттарды орындау бойынша келіссөздер жүргізуге;

      4) борышкер орналасқан немесе оған, сондай-ақ басқа тұлғаларға тиесілі үй-жайда және сақтау қоймасында борышкерге тиесілі мүліктің бар екені туралы ақпарат болған кезде жеке сот орындаушысының қатысуымен оларға кіруге құқылы.

      2. Жеке сот орындаушысының көмекшісі өз қызметінде жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына жол бермеуге міндетті.

      Ескерту. 3-параграф 156-1-баппен толықтырылды - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР 29.10.2015 № 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 26.06.2020 № 349-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

4-параграф. Жеке сот орындаушысын алмастыру

      Ескерту. 4-параграф алып тасталды - ҚР 15.01.2014 № 164-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

5-параграф. Жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы.
Республикалық палата

      Ескерту. 5-параграф жаңа редакцияда - ҚР 29.12.2014 № 269-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).

161-бап. Жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы

      1. Астананың, әрбір облыстың және республикалық маңызы бар қаланың аумағында жеке сот орындаушыларының бір өңірлік палатасы құрылады.

      1-1. Жеке сот орындаушысының лицензиясы, атқарушылық құжаттарды орындау саласында кемінде екі жыл жұмыс өтілі бар Қазақстан Республикасының азаматы жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының басшысы бола алады.

      Жеке сот орындаушыларының өңірлік палатаның басшысын тағайындау және қызметтен босату тәртібі Республикалық палатаның жарғысында айқындалады.

      2. Жеке сот орындаушылары өңірлік палатасының қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасымен және филиал туралы ережемен реттеледі.

      Ескерту. 161-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 26.06.2020 № 349-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.06.2026 № 306-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

162-бап. Жеке сот орындаушылары өңірлік палатасының өкілеттіктері

      1. Жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы:

      1) алып тасталды - ҚР 29.10.2015 № 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      2) атқарушылық құжаттарды уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жеке сот орындаушылары арасында атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы бөлуді жүргізеді;

      2-1) өз құзыреті шегінде жеке сот орындаушыларының қызметін үйлестіруді және бақылауды жүзеге асырады;

      2-2) жеке сот орындаушыларының қызметі мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды;

      2-3) уәкілетті орган жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданысын тоқтата тұру немесе тоқтату не одан айыру туралы хабардар еткен кезден бастап үш жұмыс күні ішінде атқарушылық іс жүргізулерді, іс жүргізуді және архивті басқа жеке сот орындаушысына беру жөнінде шаралар қабылдайды;

      2-4) жеке сот орындаушыларының тәртіптік жауаптылығы мәселелерін қарайды;

      2-5) уәкілетті органның және оның аумақтық органдарының сұрау салуы бойынша жеке сот орындаушыларының қызметі туралы ақпарат береді;

      3) Республикалық палатаға жүктелген өкілеттіктерден туындайтын басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      2. Жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы Республикалық палатаға және уәкілетті органның аумақтық органына өз қызметі туралы ақпарат береді. Ақпарат берудің нысаны мен мерзімдерін уәкілетті орган бекітеді.

      Ескерту. 162-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.10.2015 № 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 26.06.2020 № 349-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

163-бап. Республикалық палата

      1. Республикалық палатаның қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасымен және жарғымен реттеледі.

      2. Республикалық палатаның жарғысын съезд қабылдайды.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      3-тармақты алып тастау көзделген – ҚР 24.06.2026 № 325-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      3. Республикалық палата Қазақстан Республикасы жеке сот орындаушыларының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандырудың ортақ шартын жасасады.

      4. Республикалық палатаның төрағасын лауазымға төралқа екі жыл мерзімге сайлайды. Бір адам қатарынан екі реттен артық Республикалық палатаның төрағасы болып сайлана алмайды.

      5. Республикалық палатаның төрағасы:

      1) Республикалық палатаның ағымдағы жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды, басқарма отырыстарына төрағалық етеді және төралқаның отырыстарына қатысады;

      2) Республикалық палата атынан сенімхатсыз әрекет етеді;

      3) Республикалық палатаның жарғысында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Ескерту. 163-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 26.06.2020 № 349-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

163-1-бап. Республикалық палатаның өкілеттіктері

      1. Республикалық палата:

      1) жеке сот орындаушылары өңірлік палаталарының қызметін үйлестіруді жүзеге асырады;

      2) мемлекеттік органдарда, қоғамдық бірлестіктерде, басқа да ұйымдарда жеке сот орындаушылары өңірлік палаталары мен жеке сот орындаушыларының мүдделерін білдіреді;

      3) жеке сот орындаушыларының өңірлік палаталары басшыларының қызметін бақылауды жүзеге асырады;

      3-1) жеке және заңды тұлғалардың жеке сот орындаушыларының, жеке сот орындаушыларының өңірлік палаталарының қызметі мәселелері бойынша өтініштерін қарайды;

      3-2) Республикалық палатаның мүшесіне қабылдау жүзеге асырылған кезде жеке сот орындаушыларын астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, аудандардың аумағына бөлуді және олардың санын айқындауды жүзеге асырады;

      3-3) жеке сот орындаушыларының тәртіптік теріс қылықтары туралы материалдарды қарайды және кінәлі адамдарға тәртіптік жаза қолданады;

      3-4) уәкілетті органға жеке сот орындаушысына қатысты осы Заңда көзделген негіздер бойынша жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданысын тоқтата тұру немесе тоқтату не лицензиядан айыру туралы ұсыну енгізеді;

      4) жеке атқарушылық қызметті ұйымдастыру мәселелері бойынша Сот орындаушылары мен қызметшілерінің халықаралық одағының, басқа да халықаралық және шетелдік ұйымдардың жұмысына қатысады;

      5) жеке атқарушылық қызметке байланысты атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша уәкілетті органның, басқа да мемлекеттік органдардың норма шығарушылық және сараптама қызметіне қатысады;

      6) жеке сот орындаушылары мен олардың көмекшілерін кәсіптік, оның ішінде қашықтықтан оқыту бойынша оқу орталықтары мен білім беру ұйымдарын айқындайды;

      6-1) жеке сот орындаушысы мен олардың көмекшілерін кәсіптік, оның ішінде қашықтықтан оқытуды жүргізу бағдарламасы мен мерзімдерін бекітеді және кәсіптік оқыту қорытындылары бойынша сертификат (куәлік) береді;

      6-2) жеке сот орындаушыларының және олардың көмекшілерінің кәсіптік оқытудан уақтылы өтуін бақылауды қамтамасыз етеді;

      6-3) жеке ұйғарымдарды, соттың қаулыларын, прокурордың, жеке сот орындаушыларына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын тұлғаның ұсынуларын қарайды;

      6-4) үш жұмыс күні ішінде уәкілетті органның сұрау салуы бойынша жеке сот орындаушыларының қызметі туралы ақпарат береді;

      6-5) Республикалық палатаның интернет-ресурсында лицензиясының қолданысы тоқтатыла тұрған немесе тоқтатылған не одан айырған жеке сот орындаушылары туралы ақпарат орналастырады;

      7) жеке сот орындаушысы лицензиясын алуға үміткер жеке тұлғаларды тағылымдамадан өткізу жөнінде әдістемелік көмек көрсетеді;

      8) өзінің лауазымдық міндеттерін орындауы кезінде өзі келтірген зиянды өтеу жөніндегі міндеттемелерді жеке сот орындаушысының орындауын қамтамасыз етеді;

      9) жеке практикамен айналысатын сот орындаушыларының әлеуметтік және кәсіптік құқықтарын қорғауды қамтамасыз етеді;

      10) жеке сот орындаушылары өңірлік палаталарының қызметін мерзімді тексеруді жүзеге асырады;

      11) Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасын қолдану практикасын қорытады және оны жетілдіру жөнінде ұсыныстар қалыптастырады;

      12) талдамалық және ғылыми жұмысты жүзеге асырады;

      13) Жеке сот орындаушыларының кәсіптік ар-намыс кодексін қабылдайды;

      14) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      2. Республикалық палата осы Заңда және өз жарғысында айқындалған, өзінің мақсаттары мен міндеттерін іске асыру үшін басқа да коммерциялық емес ұйымдар құруға құқылы.

      3. Республикалық палата уәкілетті органға тоқсан сайын жеке сот орындаушыларының атқарушылық құжаттарды орындауы жөнінде ақпарат береді.

      Ескерту. 163-1-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.10.2015 № 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 26.06.2020 № 349-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.06.2026 № 306-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

163-2-бап. Республикалық палатаның жарғысы

      Республикалық палатаның жарғысында:

      1) Республикалық палатаның атауы, қызметінің нысанасы мен мақсаттары;

      2) Республикалық палата мүшелерінің құқықтары мен міндеттері;

      3) мүшелікке қабылдау, мүшелікті тоқтата тұру және тоқтату тәртібі;

      4) мүшелік жарналарды төлеу тәртібі;

      5) Республикалық палатаның құрылымы, қалыптастыру тәртібі және оның органдарының құзыреті;

      6) мүліктің пайда болу көздері және оларға билік ету тәртібі;

      7) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де ережелер көзделуге тиіс.

      Ескерту. 16-тарау 163-2-баппен толықтырылды – ҚР 26.06.2020 № 349-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

163-3-бап. Республикалық палатаның басқарма төрағасы

      1. Республикалық палатаның басқарма төрағасы:

      1) Республикалық палатаның съезі, төралқасы және басқармасы шешімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді және бақылайды;

      2) Республикалық палатаның ағымдағы жұмысын ұйымдастырады және басқарады, басқарманың отырыстарына төрағалық етеді және Республикалық палата төралқасының отырыстарына қатысады;

      3) мемлекеттік билік және басқару органдарымен, сот органдарымен, үкіметтік емес ұйымдармен және халықаралық ұйымдармен қарым-қатынастарда Республикалық палатаның атынан сенімхатсыз өкілдік етеді;

      4) Республикалық палатаның жарғысында көзделген, Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      2-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 24.06.2026 № 325-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      2. Республикалық палатаның басқарма төрағасы лауазымды қатарынан екі мерзімнен артық атқара алмайды.

      Ескерту. 16-тарау 163-3-баппен толықтырылды – ҚР 26.06.2020 № 349-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

164-бап. Республикалық палатаның басқару органдары

      1. Съезд, төралқа, басқарма Республикалық палатаның басқару органдары болып табылады.

      2. Съезд Республикалық палатаның жоғары басқару органы болып табылады және жылына кемінде бір рет шақырылады. Кезектен тыс съезд Республикалық палата басқармасының шешімімен не Республиканың жұмыс істеп жүрген жеке сот орындаушыларының жалпы санының кемінде үштен екісінің талап етуі бойынша шақырылады.

      Съездің айрықша құзыретіне мыналар жатады:

      1) Жеке сот орындаушыларының жарғысын, кәсіби ар-намыс кодексін қабылдау, оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу;

      2) Республикалық палатаның төралқасының және тексеру комиссиясының мүшелерін сайлау, босату;

      3) мүшелік жарналардың мөлшерін бекіту.

      Республикалық палатаның жарғысында съездің құзыретіне жататын өзге де мәселелер көзделуі мүмкін.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      3-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 24.06.2026 № 325-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      3. Төралқа Республикалық палатаның өкілді органы болып табылады. Төралқаның құрамына жеке сот орындаушыларының әрбір өңірлік палатасынан екі жыл мерзімге сайланатын бір-бірден жеке сот орындаушысы, сондай-ақ өкілеттіктер мерзімін уәкілетті орган айқындайтын уәкілетті органның үш өкілі кіреді.

      Төралқа төрағасын төралқа өзінің мүшелері қатарынан екі жыл мерзімге сайлайды.

      Төралқа:

      1) Республикалық палатаның төрағасын лауазымға сайлайды және лауазымнан босатады;

      2) Республикалық палата қызметінің басым бағыттарын айқындайды;

      3) Республикалық палатаның жылдық бюджетін бекітеді;

      4) басқарманың қызметі туралы оның есебін тыңдайды;

      5) жарғыда көзделген өкілеттіктер шеңберінде өзге де қызметті жүзеге асырады.

      4. Басқарма Республикалық палатаның тұрақты жұмыс істейтін алқалы атқарушы органы болып табылады. Республикалық палатаның төрағасы басқарма төрағасы болып табылады.

      Басқарманың құрамын Республикалық палата төрағасының ұсынуы бойынша төралқа бекітеді.

      Басқарма:

      1) съезд пен төралқа шешімдерінің орындалуын ұйымдастырады;

      2) Республикалық палатаның қызметін дамыту бағдарламаларын әзірлейді;

      3) жарғыда көзделген шекте және тәртіппен Республикалық палатаның мүлкіне билік етеді.

      Республикалық палатаның жарғысында басқарманың құзыретіне жататын өзге де мәселелер көзделуі мүмкін.

      Ескерту. 164-бап жаңа редакцияда – ҚР 26.06.2020 № 349-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

165-бап. Республикалық палатаның қызметін қаржыландыру

      Республикалық палатаның қызметін қаржыландыру міндетті жарналар және Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған басқа да көздер есебінен жүзеге асырылады.

      Жарналарды төлеу тәртібі, олардың мөлшерлері және төлеу мерзімдері Республикалық палата жарғысында айқындалады.

6-параграф. Жеке сот орындаушыларының қызметін бақылау
және олардың тәртіптік жауаптылығы

166-бап. Жеке сот орындаушыларының атқарушылық әрекеттерді жасауын соттың бақылауы

      Атқарушылық әрекеттерді жасаудан бас тартуға немесе атқарушылық әрекеттерді дұрыс жасамауға сот тәртібімен шағым жасалады.

167-бап. Уәкілетті органның құзыреті

      Уәкілетті орган:

      1) өз құзыреті шегінде жеке сот орындаушыларының қызметін реттейді және бақылайды;

      1-1) жеке немесе заңды тұлғаның қаралып отырған өтініші шеңберінде жеке сот орындаушысынан қажетті ақпаратты талап етеді;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      2) тармақшаны алып тастау көзделген – ҚР 24.06.2026 № 325-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      2) жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу сомасының мөлшерлерін әзірлейді және оны бекіту үшін Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынады;

      3) алып тасталды - ҚР 29.10.2015 № 376-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

      4) алып тасталды - ҚР 29.10.2015 № 376-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      4-1) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 24.06.2026 № 325-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      4-1) уәкілетті органнан үш өкілді айқындайды;

      5) алып тасталды - ҚР 29.10.2015 № 376-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

      6) атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша әдістемелік, нұсқаулық және түсіндіру материалдарын әзірлейді;

      7) жеке сот орындаушыларының қызметін лицензиялауды жүзеге асырады;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      8) тармақша жаңа редакцияда көзделген – ҚР 24.06.2026 № 325-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      8) осы Заңның 143-бабының 2-тармағында, 144-бабының 1-тармағында көзделген негіздер бойынша жеке сот орындаушылары лицензияларының қолданылуын тоқтата тұру немесе тоқтату туралы шешім қабылдайды;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      9) тармақшаны алып тастау көзделген – ҚР 24.06.2026 № 325-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      9) осы Заңның 144-бабының 2-тармағында көзделген негіздер бойынша жеке сот орындаушыларын лицензиясынан айыру туралы сотқа қуыным береді;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      10) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 09.01.2026 № 256-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      10) мемлекеттік органдармен жеке сот орындаушыларын жария тізілімдерге және электрондық дерекқорға қосу туралы шарттар жасасады;

      10-1) тыйым салынған мүлікті өткізу қағидаларына сәйкес Бірыңғай электрондық сауда алаңы операторының қызметін бақылауды жүзеге асырады;

      11) мыналарды:

      жеке сот орындаушыларын есептік тіркеу тәртібін;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      11) тармақшаның үшінші абзацын алып тастау көзделген – ҚР 24.06.2026 № 325-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттау жөніндегі комиссия туралы ережені;

      жеке сот орындаушыларының қызметін бақылауды жүзеге асыру тәртібін;

      тағылымдамадан өткен және жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу тәртібін;

      жеке сот орындаушысының қызметтік үй-жайының орналасқан жеріне және жабдықталуына қойылатын талаптарды;

      жеке сот орындаушысында тағылымдамадан өту тәртібін;

      іс жүргізу қағидаларын;

      жеке сот орындаушысының алименттерді және жалақыны өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттарды орындауға байланысты қызметіне ақы төлеу қағидаларын;

      үйден шығару (қоныстандыру), бұзу, баламен қарым-қатынас жасау және баланың тұрғылықты жерін айқындау тәртібі туралы атқарушылық құжаттарды орындау бойынша уәкілетті органдармен өзара іс-қимыл жасау тәртібін;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      11) тармақшаның он бірінші абзацына өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 24.06.2026 № 325-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      оңайлатылған іс жүргізуді жүзеге асыру тәртібін әзірлейді және бекітеді;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      11) тармақшаны он екінші абзацпен толықтыру көзделген – ҚР 24.06.2026 № 325-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      11) тармақшаны он үшінші абзацпен толықтыру көзделген – ҚР 01.07.2026 № 330-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      11-1) осы Заңның 140-бабында көзделген, жеке сот орындаушысының атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі қызметпен айналысуына кедергі келтіретін шектеулерді анықтау нысанасына тексеру жүргізеді;

      11-2) лицензиясының қолданысы тоқтатыла тұрған немесе тоқтатылған не лицензиясынан айырылған жеке сот орындаушысының өндіріп алушылардың пайдасына өндіріп алынған сомаларды сақтауға арналған ағымдағы шоты бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұрады;

      11-3) жеке сот орындаушысының лицензиясы берілген тұлғалар туралы мәліметтерді олардың тегін, атын, әкесінің атын (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), лицензия берілген күнді және оның нөмірін көрсете отырып, өзінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етеді;

      12) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Ескерту. 167-бап жаңа редакцияда - ҚР 15.01.2014 № 164-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.10.2015 № 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 26.06.2020 № 349-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі ; 31.12.2021 № 100-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.06.2024 № 97-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

168-бап. Уәкілетті органның аумақтық органының жеке сот орындаушыларының қызметін бақылау жөніндегі құзыреті

      1. Уәкілетті органның аумақтық органы:

      1) жеке сот орындаушыларының осы Заңды сақтауын және өз міндеттерін тиісінше орындауын бақылауды ұйымдастырады;

      2) алып тасталды – ҚР 26.06.2020 № 349-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      2-1) уәкілетті органға жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданысын тоқтата тұру немесе тоқтату не одан айыру туралы ұсыну енгізеді;

      3) Жеке сот орындаушыларының Республикалық палатасының және өңірлік палаталарының тәртіптік комиссиясына тәртіптік іс жүргізуді қозғау туралы ұсыну енгізеді;

      4) жеке сот орындаушыларын есептік тіркеуді жүргізеді;

      5) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      6) жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына аттестаттауға жіберу туралы өтініштерді қарайды;

      7) алименттерді және жалақыны өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттарды орындау шеңберінде көрсетілетін, жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеуді қаржыландыруға бағытталатын, республикалық бюджеттен қаражат төлеуді жүргізеді;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      8) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 24.06.2026 № 325-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      8) лицензиясының қолданысы тоқтатыла тұрған немесе тоқтатылған не лицензиясынан айырылған жеке сот орындаушысының өндіріп алушылардың пайдасына өндіріп алынған сомаларды сақтауға арналған ағымдағы шоты бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкім шығарады.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      9) тармақшамен толықтыру көзделген – ҚР 24.06.2026 № 325-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      2. Уәкілетті органның аумақтық органы жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасымен бірлесе отырып:

      1) жеке сот орындаушыларына әдістемелік және практикалық көмек көрсетеді;

      2) жеке сот орындаушыларының жұмыс практикасын қорытады;

      3) осы Заңның 148-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес ақпарат жинауды жүзеге асырады;

      4) жеке және заңды тұлғалардың жеке сот орындаушылары қызметінің мәселелері бойынша өтініштерін қарайды;

      5) жеке сот орындаушылары жасайтын атқарушылық әрекеттердің заңдылығын және олардың іс қағаздарын жүргізу қағидаларын сақтауын бақылауды жүзеге асырады;

      6) алып тасталды - ҚР 29.10.2015 № 376-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

      3. Уәкілетті органның аумақтық органының өкілдері жеке сот орындаушылары өңірлік палатасының отырыстарына қатысуға құқылы.

      Ескерту. 168-бап жаңа редакцияда - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР 29.10.2015 № 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 26.06.2020 № 349-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

169-бап. Жеке сот орындаушысының қызметін бақылау

      1. Жеке сот орындаушысы жасайтын атқарушылық әрекеттердің заңдылығын және оның іс қағаздарын жүргізу қағидаларын сақтауын бақылауды уәкілетті орган, оның аумақтық органдары, Республикалық палата және жеке сот орындаушыларының өңірлік палаталары жүзеге асырады. Бақылауды жүзеге асыру тәртібін уәкілетті орган белгілейді.

      2. Жеке сот орындаушысының салық заңнамасын сақтауын бақылауды Қазақстан Республикасының мемлекеттік кіріс органдары жүзеге асырады.

      3. Уәкілетті органның, оның аумақтық органдарының, Республикалық палатаның және жеке сот орындаушылары өңірлік палатасының лауазымды адамдары жеке сот орындаушысының қызметін тексеру кезінде белгілі болған атқарушылық әрекеттерді жасау құпиясын сақтауға міндетті. Құпияны жария еткені және келтірілген залал үшін бұл адамдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      4-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 24.06.2026 № 325-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      4. Жеке сот орындаушысының жұмысын тексеру оның атқарушылық әрекеттерді жүзеге асыруды бастағанынан кейін алты ай өткен соң және бір жылдан кешіктірілмей жүргізіледі. Бұдан әрі жылына бір рет жоспарлы тексерулер жүргізіледі.

      Жеке сот орындаушысының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдар түскен жағдайда не оның өз міндеттерін адал атқармағандығын айғақтайтын басқа да ақпарат болған кезде уәкілетті органның аумақтық органы, жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы жеке сот орындаушысының қызметіне жоспардан тыс тексеру жүргізуі мүмкін.

      5. Жеке сот орындаушылары тексеру жүргізуге уәкілетті лауазымды адамдарға жеке және заңды тұлғалармен есеп айырысуларға қатысты мәліметтер мен құжаттарды, сондай-ақ тексеру жүргізу үшін қажетті өзге де ақпаратты сұрау салуда белгіленген мерзімде беруге міндетті, ол кемінде бес жұмыс күнін құрауға тиіс.

      6. Алып тасталды - ҚР 15.01.2014 № 164-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Ескерту. 169-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 15.01.2014 № 164-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 07.11.2014 № 248-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 26.06.2020 № 349-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

170-бап. Жеке сот орындаушыларының тәртіптік жауаптылығы

      1. Қазақстан Республикасы заңнамасының, Жеке сот орындаушыларының кәсіптік ар-намыс кодексінің және Республикалық палата жарғысының талаптарын бұзғаны үшін жеке сот орындаушысына тәртіптік жауаптылықтың мынадай түрлері қолданылады:

      1) ескерту;

      2) сөгіс;

      3) қатаң сөгіс;

      4) уәкілетті органға жеке сот орындаушысының лицензиясынан айыру туралы ұсыну бере отырып, Республикалық палата мүшелігінен шығару.

      2. Жеке сот орындаушысының Қазақстан Республикасы заңнамасының, Жеке сот орындаушылары кәсіптік Ар-намыс кодексінің және Республикалық палата жарғысының талаптарын бұзғанын көрсететін жеткілікті деректердің болуы тәртіптік іс жүргізуді қозғау үшін негіз болып табылады.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      3-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 24.06.2026 № 325-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      3. Тәртіптік жаза қолдану, оларды алу және шағым жасау тәртібі Республикалық палатаның жарғысында айқындалады.

      Жеке сот орындаушысының тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін бір ғана тәртіптік жаза қолданылуы мүмкін.

      4. Егер тәртіптік жаза қолданылған күннен бастап алты ай ішінде жеке сот орындаушысы жаңа тәртіптік жазаға тартылмаса, онда ол тәртіптік жазаға тартылмаған деп есептеледі.

      Ескерту. 170-бап жаңа редакцияда - ҚР 29.10.2015 № 376-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 26.06.2020 № 349-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

171-бап. Тәртіптік іс жүргізу

      Ескерту. 171-бап алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 269-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).

172-бап. Тәртіптік жазалар

      Ескерту. 172-бап алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 269-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).

172-1-бап. Республикалық палатадан шығару

      Жеке сот орындаушысын Республикалық палатадан шығаруды Республикалық палата басқармасы мынадай:

      1) жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданысы тоқтатылған не одан айырылған;

      2) жеке сот орындаушысы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын, Жеке сот орындаушыларының кәсіптік ар-намыс кодексін және Республикалық палата жарғысын өрескел не бірнеше рет бұзған;

      3) жеке сот орындаушысы жүктілігіне және босануға байланысты не бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты демалыста болған кезеңде мүшелік жарналарды төлеуден босатылған, сондай-ақ еңбекке уақытша қабілетсіздігі салдарынан атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі қызметті бір айдан астам жүзеге асырмаған жағдайларды қоспағанда, міндетті мүшелік жарналарды үнемі төлемеген;

      4) оқытушылық, ғылыми, шығармашылық қызметті қоспағанда, өзге де ақылы қызмет түрлерімен айналысқан;

      5) өз еркі бойынша;

      6) Республикалық палата жарғысында көзделген өзге де жағдайларда жүргізеді.

      Ескерту. 6-параграф 172-1-баппен толықтырылды - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 26.06.2020 № 349-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.06.2026 № 306-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

17-тарау. ӨТПЕЛІ ЖӘНЕ ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

173-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу

      Осы Заң, 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 138-баптың 3-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ескерту. 173-бап жаңа редакцияда - ҚР 15.01.2014 № 164-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

174-бап. Өтпелі ережелер

      1. Жеке сот орындаушыларының республикалық алқасы 2015 жылғы 1 наурызға дейін Республикалық палата болып қайта құрылу жолымен қайта ұйымдастырылуға тиіс. Жеке сот орындаушыларының өңірлік алқалары 2015 жылғы 1 шілдеге дейін таратылуға жатады.

      2. Республикалық палата құрылғанға дейін оның функцияларын Жеке сот орындаушыларының республикалық алқасымен бірлесе отырып уәкілетті орган жүзеге асырады.

      3. Осы Заңның 138-бабының 3-тармағы жаңадан келіп түскен атқарушылық құжаттарға қатысты қолданылады.

      4. Мемлекеттік сот орындаушыларының орындауындағы атқарушылық құжаттар бойынша осы Заңның талаптарына сәйкес оларды толық орындау және аяқтау жөнінде шаралар қолданылуға тиіс.

      Ескерту. 174-бап жаңа редакцияда - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 29.10.2015 № 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

175-бап. Қорытынды ережелер

      "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" 1998 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 13, 195-құжат; № 24, 436-құжат; 1999 ж., № 23, 922-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 6, 142-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 10, 49-құжат; № 11, 67-құжат; 2004 ж., № 24, 153-құжат; 2006 ж., № 11, 55-құжат; 2007 ж., № 4, 28-құжат; № 5-6, 40-құжат; № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 17, 81-құжат) күші жойылды деп танылсын.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. Назарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады