ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз.
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Жалпы бөлім):
1) 235-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
"5. Жеке, заңды тұлғаның және (немесе) қызметін бірлескен қызмет туралы шартқа сәйкес жүзеге асыратын тұлғаның (жай серіктестік, консорциум) салынып жатқан көппәтерлі тұрғын үйдегі немесе жеке тұрғын үйлер кешеніндегі пәтерге және (немесе) тұрғын емес үй-жайға немесе жеке тұрғын үйге, немесе тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласындағы олардың үлесіне меншік құқығын немесе өзге де заттай құқықтарын иемденуге байланысты қатынастар "Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледі.";
2) 380-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
"1-1. Жеке, заңды тұлғаның және (немесе) қызметін бірлескен қызмет туралы шартқа сәйкес жүзеге асыратын тұлғаның (жай серіктестік, консорциум) салынып жатқан көппәтерлі тұрғын үйдегі немесе жеке тұрғын үйлер кешеніндегі пәтерге және (немесе) тұрғын емес үй-жайға немесе жеке тұрғын үйге, немесе тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласындағы олардың үлесіне меншік құқығын немесе өзге де заттай құқықтарын иемденуге байланысты кез келген шарттарды "Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын сақтамай жасасуға тыйым салынады.";
3) 390-бап мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын:
1) "8. Жеке, заңды тұлғаның және (немесе) қызметін бірлескен қызмет туралы шартқа сәйкес жүзеге асыратын тұлғаның (жай серіктестік, консорциум) салынып жатқан көппәтерлі тұрғын үйдегі немесе жеке тұрғын үйлер кешеніндегі пәтерге және (немесе) тұрғын емес үй-жайға немесе жеке тұрғын үйге, немесе тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласындағы олардың үлесіне меншік құқығын немесе өзге де заттай құқықтарын иемденуге байланысты алдын ала шарттарды "Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын сақтамай жасасуға тыйым салынады.".
2. 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім):
1) 651-бап мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
"6. Жеке, заңды тұлғаның және (немесе) қызметін бірлескен қызмет туралы шартқа сәйкес жүзеге асыратын тұлғаның (жай серіктестік, консорциум) салынып жатқан көппәтерлі тұрғын үйдегі немесе жеке тұрғын үйлер кешеніндегі пәтерге және (немесе) тұрғын емес үй-жайға немесе жеке тұрғын үйге, немесе тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласындағы олардың үлесіне меншік құқығын немесе өзге де заттай құқықтарын иемденуді көздейтін мәміле "Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен құрылыс мердігерлігі шартына жатпайды.";
2) 740-баптың 1-тармағының үшінші бөлігінде:
2-1) тармақша "тұрғын үй төлемдерін" деген сөздерден кейін ", тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін біржолғы зейнетақы төлемдерін" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 2-4) тармақшамен толықтырылсын:
"2-4) берілген банктік қарыздар бойынша кепіл нысанасы болып табылатын тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы түріндегі тұрғын үй құрылысы жинақ банктеріндегі банктік шоттардағы ақшаға;";
3) 741-баптың екінші бөлігінде:
2-1) тармақша "тұрғын үй төлемдерін" деген сөздерден кейін ", тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін біржолғы зейнетақы төлемдерін" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 2-4) тармақшамен толықтырылсын:
"2-4) берілген банктік қарыздар бойынша кепіл нысанасы болып табылатын тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы түріндегі тұрғын үй құрылысы жинақ банктеріндегі банктік шоттардағы ақшаға;".
3. 2014 жылғы 3 шiлдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiне:
3-баптың 28) тармағы "; автомобиль жолдарында техникалық және авторлық қадағалауды жүзеге асыратын адамдар" деген сөздермен толықтырылсын.
4. 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексiне:
161-баптың жетінші бөлігінің екінші абзацындағы "тұрғын үй төлемдерін пайдалану есебінен жинақталған тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы түріндегі, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім беру ақысын төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін нысаналы жинақ төлемдері түріндегі, тұрғын үй жағдайларын жақсартуға білім беру жинақтау салымынан төленетін жинақ төлемдері немесе білім беру жинақтау сақтандыруы шарты бойынша сақтандыру төлемдері түріндегі тұрғын үй құрылысы жинақ банктеріндегі банктік шоттардағы ақшаға" деген сөздер "тұрғын үй төлемдерін, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану есебінен жинақталған тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы түріндегі, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім беру ақысын төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін нысаналы жинақ төлемдері түріндегі, тұрғын үй жағдайларын жақсартуға білім беру жинақтау салымынан төленетін жинақ төлемдері немесе білім беру жинақтау сақтандыруы шарты бойынша сақтандыру төлемдері түріндегі тұрғын үй құрылысы жинақ банктеріндегі банктік шоттардағы ақшаға, берілген банктік қарыздар бойынша кепіл нысанасы болып табылатын тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы түріндегі тұрғын үй құрылысы жинақ банктеріндегі банктік шоттардағы ақшаға" деген сөздермен ауыстырылсын.
5. 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне:
156-баптың бірінші бөлігі 1) тармақшасының екінші абзацындағы "тұрғын үй төлемдерін пайдалану есебінен жинақталған тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы түріндегі, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім беру ақысын төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін нысаналы жинақ төлемдері түріндегі, тұрғын үй жағдайларын жақсартуға білім беру жинақтау салымынан төленетін жинақ төлемдері немесе білім беру жинақтау сақтандыруы шарты бойынша сақтандыру төлемдері түріндегі тұрғын үй құрылысы жинақ банктеріндегі банктік шоттардағы ақшаға" деген сөздер "тұрғын үй төлемдерін, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану есебінен жинақталған тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы түріндегі, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім беру ақысын төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін нысаналы жинақ төлемдері түріндегі, тұрғын үй жағдайларын жақсартуға білім беру жинақтау салымынан төленетін жинақ төлемдері немесе білім беру жинақтау сақтандыруы шарты бойынша сақтандыру төлемдері түріндегі тұрғын үй құрылысы жинақ банктеріндегі банктік шоттардағы ақшаға, берілген банктік қарыздар бойынша кепіл нысанасы болып табылатын тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы түріндегі тұрғын үй құрылысы жинақ банктеріндегі банктік шоттардағы ақшаға" деген сөздермен ауыстырылсын.
6. 2023 жылғы 20 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне:
1) 12-баптың 5) тармақшасында:
жиырма үшінші абзац "тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді" деген сөздерден кейін ", мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді" деген сөздермен толықтырылсын;
жиырма төртінші абзацтағы "қызметтерді берушілерді" деген сөздер "қызметтерді, мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді берушілерді" деген сөздермен ауыстырылсын;
жиырма алтыншы абзац "тауарлардың және (немесе) көрсетілетін қызметтердің" деген сөздерден кейін ", мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтердің" деген сөздермен толықтырылсын;
2) 18-бап мынадай мазмұндағы 34-3) және 34-4) тармақшалармен толықтырылсын:
"34-3) мүгедектігі бар адамдар әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы сатып алатын тауарлардың және (немесе) көрсетілетін қызметтердің, мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтердің құнын өтеу ретінде ұсынылатын кепілдік берілген соманы айқындау әдістемесіне сәйкес жергілікті бюджет қаражатынан мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтердің құнын өтеу;
34-4) әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді ұйымдастыру;";
3) 19-бап мынадай мазмұндағы 20-2) тармақшамен толықтырылсын:
"20-2) әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді ұйымдастыру;";
4) 166-бапта:
1-тармақ "тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің" деген сөздерден кейін ", мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтердің" деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақ "тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді", "тауарларды және көрсетілетін қызметтерді" деген сөздерден кейін ", мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді" деген сөздермен толықтырылсын;
5) 167-бапта:
1-тармақ "тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді" деген сөздерден кейін ", мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді" деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақ "Тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді" деген сөздерден кейін ", мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді" деген сөздермен толықтырылсын;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Жергілікті атқарушы органдар:
1) мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы ұсынылатын тауарлардың және (немесе) көрсетілетін қызметтердің өнім беруші мәлімдеген сипаттамаларының мүгедектігі бар адамдарға ұсынылатын техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдардың, арнаулы жүріп-тұру құралдарының және көрсетілетін қызметтердің сыныптауышына сәйкестігін;
2) мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтердің автомобиль көлігі саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган айқындайтын тәртіппен талаптарға сәйкестігін мониторингтеуді жүзеге асырады.";
5-тармақ "тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді" деген сөздерден кейін ", мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді" деген сөздермен толықтырылсын;
бірінші бөлік 10) тармақшасындағы "құжаты бар өнім берушілер тіркеледі." деген сөздер "құжаты бар;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын:
"11) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінде тұрған және автомобиль көлігі саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган белгілеген талаптарға сәйкес келетін өнім берушілер тіркеледі.";
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
"Осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 2), 3), 8), 9) және 10) тармақшаларының талаптары мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерге қолданылмайды.";
7-тармақтың бірінші бөлігі 5) тармақшасындағы "шығарған жағдайларда шығарылады." деген сөздер "шығарған;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
"6) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінен шығарылған жағдайларда шығарылады.";
6) 168-бапта:
тақырып "тауарлармен және көрсетілетін қызметтермен" деген сөздерден кейін ", мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтермен" деген сөздермен толықтырылсын;
"Мүгедектігі бар адамдар" деген сөздер "Мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді қоспағанда, мүгедектігі бар адамдар" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөніндегі қызметтер көрсетуге тапсырыстарды мүгедектігі бар адамдарды автомобиль көлігімен тасымалдау жөніндегі қызметтерді көрсету қағидаларында көрсетілген, мүгедектік белгілеу мерзіміне әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы берілген дәрігерлік-консультациялық комиссияның жарамды қорытындылары бар мүгедектігі бар адамдар жүзеге асырады.";
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
"3-1. Осы баптың 1-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген мүгедектігі бар адамның әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы мүгедектігі бар адамдар сатып алатын тауарлардың және (немесе) көрсетілетін қызметтердің, мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтердің құнын өтеу ретінде ұсынылатын кепілдік берілген соманы айқындау әдістемесінің негізінде мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтер құнын өтетуге құқығы бар.
Мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтердің құнын өтеу ретінде ұсынылатын кепілдік берілген сома жергілікті атқарушы органдар айқындайтын мөлшерде жергілікті бюджет қаражаты есебінен төленеді.";
5-тармақтағы "Тауарлардың" деген сөз "Мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді қоспағанда, тауарлардың" деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 169-бапта:
тақырып "тауарлармен және көрсетілетін қызметтермен" деген сөздерден кейін ", мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтермен" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
"1-1) комиссияның қорытындысы негізінде тұрғылықты жері бойынша мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді берушілер болмаған;";
2) тармақша "тауарлармен және көрсетілетін қызметтермен" деген сөздерден кейін ", мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтермен" деген сөздермен толықтырылсын.
7. "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 34-бап мынадай мазмұндағы 5-6-тармақпен толықтырылсын:
"5-6. Банкке, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға салынып жатқан көппәтерлі тұрғын үйдегі немесе жеке тұрғын үйлер кешеніндегі пәтерді және (немесе) тұрғын емес үй-жайды немесе жеке тұрғын үйді, немесе тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласындағы олардың үлесін үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсатсыз немесе "Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу кепілдігін беру туралы шартсыз жеке, заңды тұлғаның және (немесе) қызметін бірлескен қызмет туралы шартқа сәйкес жүзеге асыратын тұлғаның (жай серіктестік, консорциум) ақшасын тарту есебінен сатып алуға ипотекалық қарыздар беруге тыйым салынады.";
2) 36-баптың 2-тармағының бірінші бөлігіндегі "тұрғын үй төлемдерін пайдалану есебінен жинақталған тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы түріндегі, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім беру ақысын төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін нысаналы жинақ төлемдері түріндегі, тұрғын үй жағдайларын жақсартуға білім беру жинақтау салымынан төленетін жинақ төлемдері немесе білім беру жинақтау сақтандыруы шарты бойынша сақтандыру төлемдері түріндегі тұрғын үй құрылысы жинақ банктеріндегі банктік шоттардағы ақшаны" деген сөздер "тұрғын үй төлемдерін, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану есебінен жинақталған тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы түріндегі, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім беру ақысын төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін нысаналы жинақ төлемдері түріндегі, тұрғын үй жағдайларын жақсартуға білім беру жинақтау салымынан төленетін жинақ төлемдері немесе білім беру жинақтау сақтандыруы шарты бойынша сақтандыру төлемдері түріндегі тұрғын үй құрылысы жинақ банктеріндегі банктік шоттардағы ақшаны, берілген банктік қарыздар бойынша кепіл нысанасы болып табылатын тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы түріндегі тұрғын үй құрылысы жинақ банктеріндегі банктік шоттардағы ақшаны" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 51-баптың 1-тармағының екінші бөлігінде:
2-1) тармақша "тұрғын үй төлемдерін" деген сөздерден кейін ", тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін біржолғы зейнетақы төлемдерін" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 2-3) тармақшамен толықтырылсын:
"2-3) берілген банктік қарыздар бойынша кепіл нысанасы болып табылатын тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы түріндегі тұрғын үй құрылысы жинақ банктеріндегі банктік шоттардағы ақшаға;".
8. "Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы" 1995 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 5-2-баптың 4-1-тармағы мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
"1-1) банктік қарыз операцияларын: "Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу кепілдігін беру туралы шартты алған салынып жатқан көппәтерлі тұрғын үйде немесе жеке тұрғын үйлер кешенінде осы қарызды қамтамасыз ету болып табылатын тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласындағы үлесті сатып алу үшін ақылылық, мерзімділік және қайтарымдылық шарттарымен қарыздар беруді жүзеге асыруға;";
2) 28-баптың 1-тармағы "мерзiмдi баспа басылымдарында" деген сөздерден кейін "және кепіл ұстаушының интернет-ресурсында" деген сөздермен толықтырылсын.
9. "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 10-2-бап мынадай мазмұндағы 10-37) және 10-38) тармақшалармен толықтырылсын:
"10-37) тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында ипотекалық тұрғын үй қарыздарын одан әрі беру үшін эмитент шығарған облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
10-38) тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында ипотекалық тұрғын үй қарыздарын одан әрі беру үшін эмитент шығарған облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауды жүзеге асырады;";
2) 52-баптың 7-тармағы алып тасталсын.
10. "Коммерциялық емес ұйымдар туралы" 2001 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
16-баптың 4-тармағы екінші бөлігінің 5) тармақшасы "көппәтерлі тұрғын үйдегі" деген сөздерден кейін "немесе жеке тұрғын үйлер кешеніндегі" деген сөздермен толықтырылсын.
11. "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 19-бап мынадай мазмұндағы 3-4) тармақшамен толықтырылсын:
"3-4) аумақты дамытудың өңіраралық схемаларын бекітеді;";
2) 43-баптың 3-тармағы алып тасталсын.
12. "Автомобиль жолдары туралы" 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-бап мынадай мазмұндағы 15-3) тармақшамен толықтырылсын:
"15-3) жол-құрылыс материалдары мен жаңа технологиялардың бірыңғай базасы – жол органының жол-құрылыс материалдары мен жаңа технологиялар жөніндегі ақпаратты қамтитын ақпараттық жүйесі;";
2) 12-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 42-1) және 42-2) тармақшалармен толықтырылсын:
"42-1) жол-құрылыс материалдары мен жаңа технологиялардың бірыңғай базасын қалыптастыру және жүргізу қағидаларын бекіту;
42-2) жол саласы жұмыскерлерінің біліктілігін міндетті арттыру тәртібін бекіту;";
3) 19-2-бап мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
"5-1. Автомобиль жолдарын жобалау жол-құрылыс материалдары мен жаңа технологиялардың бірыңғай базасы ескеріле отырып жүзеге асырылады.";
4) 19-3-бап мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
"4-1. Автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау және жөндеу жол-құрылыс материалдары мен жаңа технологиялардың бірыңғай базасы ескеріле отырып жүзеге асырылады.";
5) 19-5-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Жол-құрылыс материалдары жол-құрылыс материалдары мен жаңа технологиялардың бірыңғай базасы ескеріле отырып қолданылуға тиіс.".
13. "Автомобиль көлігі туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-бапта:
17-2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"17-2) инватакси – мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау жөніндегі қызметтер көрсетуге арналған такси;";
мынадай мазмұндағы 17-3) тармақшамен толықтырылсын:
"17-3) интеллектуалды көлік жүйесі – жол жүрісін және тасымалдау қызметін басқаруды, мониторингтеу мен бақылауды қамтамасыз ететін өзара байланысты автоматтандырылған жүйелердің, оның ішінде автоматты режимде жұмыс істейтін, автомобиль көлігі және жол жүрісі саласындағы құқық бұзушылықтарды тіркейтін сертификатталған арнаулы бақылау-өлшеу техникалық құралдарының, аспаптары мен жабдықтарының кешені;";
2) 7-баптың 4-тармағының екінші бөлігі "пайдалануға" деген сөзден кейін "(егер уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде инватаксидің бүйір есіктерінің санына қойылатын өзге де талаптар қамтылмаса)" деген сөздермен толықтырылсын;
3) 13-баптың 23) тармақшасы "көлігімен" деген сөзден кейін "(инватаксимен)" деген сөзбен толықтырылсын;
4) 26-баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 7) тармақшасындағы "арнаулы жүріп-тұру құралдарын пайдаланатын мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау үшін ыңғайластырылған кемінде бір таксиінің" деген сөздер "кемінде бір инватаксиінің" деген сөздермен ауыстырылсын.
14. "Жарнама туралы" 2003 жылғы 19 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 13-баптың 6-тармағында:
"бекітілген жобалау құжаттамасындағы" деген сөздер "бекітілген құрылыс жобасындағы" деген сөздермен ауыстырылсын;
"салынып жатқан немесе" деген сөздер алып тасталсын;
2) 14-баптың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"7) үлескерлердің ақшасын тартуға тиісті рұқсатсыз немесе "Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу кепілдігін беру туралы шартсыз жеке, заңды тұлғалардың және (немесе) қызметін бірлескен қызмет туралы шартқа сәйкес жүзеге асыратын тұлғалардың (жай серіктестік, консорциум) ақшасын тартуға бағытталған, сондай-ақ тұрғын үйлердің (тұрғын ғимараттардың) бекітілген құрылыс жобасындағы сыныптамасына сәйкес келмейтін салынып жатқан көппәтерлі тұрғын үйлерді және (немесе) жеке тұрғын үйлер кешендерін жарнамалауға тыйым салынады.".
15. "Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы" 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1-баптың 7) тармақшасы "астық қабылдау кәсіпорындары" деген сөздерден кейін ", тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласындағы құрылыс салушылар, қызметін Қазақстан Республикасының тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асыратын уәкілетті компаниялар" деген сөздермен толықтырылсын.
16. "Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы" 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 58-баптың 2-тармағының екінші бөлігінде:
3) тармақша "тұрғын үй төлемдерін" деген сөздерден кейін ", тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін біржолғы зейнетақы төлемдерін" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
"3-1) берілген банктік қарыздар бойынша кепіл нысанасы болып табылатын тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы түріндегі тұрғын үй құрылысы жинақ банктеріндегі банктік шоттардағы ақшаға;";
2) 62-баптың 3-тармағының екінші бөлігінде:
3) тармақша "тұрғын үй төлемдерін" деген сөздерден кейін ", тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін біржолғы зейнетақы төлемдерін" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
"3-1) берілген банктік қарыздар бойынша кепіл нысанасы болып табылатын тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы түріндегі тұрғын үй құрылысы жинақ банктеріндегі банктік шоттардағы ақшаға;";
3) 98-баптың бірінші бөлігінде:
18-1) тармақша "тұрғын үй төлемдерін" деген сөздерден кейін ", тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін біржолғы зейнетақы төлемдерін" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 18-4) тармақшамен толықтырылсын:
"18-4) берілген банктік қарыздар бойынша кепіл нысанасы болып табылатын тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы түріндегі тұрғын үй құрылысы жинақ банктеріндегі банктік шоттардағы ақшадан;".
17. "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
2-қосымшаның 347-3-жолының 2-бағаны "қадағалауды" деген сөзден кейін ", оның ішінде автомобиль жолдарында" деген сөздермен толықтырылсын.
18. "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1-баптың 4) тармақшасы "; автомобиль жолдарында техникалық және авторлық қадағалауды жүзеге асыратын адамдар" деген сөздермен толықтырылсын.
19. "Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы" 2016 жылғы 7 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) кіріспедегі "жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ақшасын тарту есебінен көппәтерлі тұрғын үйлердің" деген сөздер "үлескерлердің ақшасын тарту есебінен көппәтерлі тұрғын үйлердің немесе жеке тұрғын үйлер кешендерінің" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 1-бапта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"1) жеке тұрғын үйлер кешені – құрылысы жобалау-сметалық құжаттамада көзделген, мансард пен астыңғы қабатты есепке алғанда биіктігі үш қабаттан аспайтын, жеке-дара (отбасымен) тұруға арналған, саны кемінде елу болатын жеке тұрған ғимараттар;";
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
"1-1) кепілдік – Тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторының кепілдік беру жағдайы туындаған кезде көппәтерлі тұрғын үйдің және (немесе) жеке тұрғын үйлер кешенінің құрылысын аяқтауды ұйымдастыру және үлескерлерге тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттар бойынша көппәтерлі тұрғын үйдегі және (немесе) жеке тұрғын үйлер кешеніндегі үлестерін беру жөніндегі міндеттемесі;";
2) тармақша "көппәтерлі тұрғын үйдің" деген сөздерден кейін "және (немесе) жеке тұрғын үйлер кешенінің" деген сөздермен толықтырылсын;
4) тармақша "көппәтерлі тұрғын үй" деген сөздерден кейін "және (немесе) жеке тұрғын үйлер кешені" деген сөздермен толықтырылсын;
6) тармақша алып тасталсын;
7) тармақша "көппәтерлі тұрғын үйдің" деген сөздерден кейін "немесе жеке тұрғын үйлер кешенінің" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын;
"8-1) қарыз қаражаты – борыштық міндеттеме түрінде, оның ішінде ақылылық, мерзімділік және қайтарымдылық шарттарымен алынған қаражат;";
14) тармақша "көппәтерлі тұрғын үйдің" деген сөздерден кейін "немесе жеке тұрғын үйлер кешенінің" деген сөздермен толықтырылсын;
15) тармақша "көппәтерлі тұрғын үйдің" деген сөздерден кейін "және (немесе) жеке тұрғын үйлер кешенінің" деген сөздермен толықтырылсын;
"көппәтерлі тұрғын үйдің" деген сөздерден кейін "немесе жеке тұрғын үйлер кешенінің" деген сөздермен толықтырылсын;
"көппәтерлі тұрғын үйдегі" деген сөздерден кейін "немесе жеке тұрғын үйлер кешеніндегі" деген сөздермен толықтырылсын;
"көппәтерлі тұрғын үйдің" деген сөздерден кейін "немесе жеке тұрғын үйлер кешенінің" деген сөздермен толықтырылсын;
"көппәтерлі тұрғын үйдегі" деген сөздерден кейін "немесе жеке тұрғын үйлер кешеніндегі" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 18-2) тармақшамен толықтырылсын:
"18-2) үлес – салынған көппәтерлі тұрғын үйдің немесе жеке тұрғын үйлер кешенінің құрамына кіретін, тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шартқа сәйкес үлескерге берілетін көппәтерлі тұрғын үйдегі пәтер немесе тұрғын емес үй-жай немесе жеке тұрғын үйлер кешеніндегі жер учаскесі бар жеке тұрғын үй;";
19) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"19) үлескер – көппәтерлі тұрғын үйдегі немесе жеке тұрғын үйлер кешеніндегі үлесті алу мақсатында тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт жасасқан жеке тұлға (уақытша болатын шетелдіктерді қоспағанда), заңды тұлға немесе қызметін бірлескен қызмет туралы шартқа сәйкес жүзеге асыратын тұлға (жай серіктестік, консорциум);";
20) тармақша алып тасталсын;
3) 3-бапта:
"көппәтерлі тұрғын үйдің" деген сөздерден кейін "немесе жеке тұрғын үйлер кешенінің" деген сөздермен толықтырылсын;
"көппәтерлі тұрғын үйдегі пәтерлерді немесе тұрғын емес үй-жайларды" деген сөздер "көппәтерлі тұрғын үйдегі немесе жеке тұрғын үйлер кешеніндегі үлесті" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Осы Заңның ережелері Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының қарыз алуы кезінде туындайтын қатынастарға да қолданылады.";
2-тармақтың бірінші бөлігінде:
"Көппәтерлі тұрғын үйлерді" деген сөздерден кейін "немесе жеке тұрғын үйлер кешенін" деген сөздермен толықтырылсын;
"жеке және заңды тұлғалардың" деген сөздер "жеке, заңды тұлғалардың және (немесе) қызметін бірлескен қызмет туралы шартқа сәйкес жүзеге асыратын тұлғалардың (жай серіктестік, консорциум)" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақ "көппәтерлі тұрғын үйдегі" деген сөздерден кейін "немесе жеке тұрғын үйлер кешеніндегі" деген сөздермен толықтырылсын;
4-тармақтың 2) тармақшасындағы "инвестициялауға;" деген сөз "инвестициялауға байланысты қатынастарға қолданылмайды." деген сөздермен ауыстырылып, 3) және 4) тармақшалары алып тасталсын;
4) 5-бап мынадай мазмұндағы 11-3) тармақшамен толықтырылсын:
"11-3) "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын сақтау үшін екінші деңгейдегі банктерге тұрғын үй құрылысына үлестік қатысудың бірыңғай ақпараттық жүйесіне қолжетімділікті қамтамасыз етеді;";
5) 7-баптың 2-тармағында:
"Көппәтерлі тұрғын үйлердің" деген сөздерден кейін "немесе жеке тұрғын үйлер кешенінің" деген сөздермен толықтырылсын;
"жеке және заңды тұлғалардың" деген сөздер "жеке, заңды тұлғалардың және (немесе) қызметін бірлескен қызмет туралы шартқа сәйкес жүзеге асыратын тұлғалардың (жай серіктестік, консорциум)" деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 8-бапта:
бірінші абзацтағы "құрылыс салушы" деген сөздер "көппәтерлі тұрғын үйдің құрылыс салушысы" деген сөздермен ауыстырылсын;
"он сегіз" деген сөздер "он" деген сөзбен ауыстырылсын;
"тоғыз" деген сөз "бес" деген сөзбен ауыстырылсын;
"үш" деген сөз "екі" деген сөзбен ауыстырылсын;
2) тармақшадағы "өзінің" деген сөз "шамасы жиынтық активтердің он пайызынан кем болмайтын, өзінің" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақшадағы "қарыз" деген сөз "қарыз қаражатының" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
"1-1. Бірыңғай оператордың кепілдігін алу тәсілімен тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастыру бойынша қызметті жүзеге асыру үшін жеке тұрғын үйлер кешенінің құрылыс салушысы мынадай талаптарға сәйкес келуге:
1) республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы құрылыста жалпы алаңы кемінде он мың шаршы метр және өзге де әкімшілік-аумақтық бірліктердегі құрылыста кемінде бес мың шаршы метр көппәтерлі тұрғын үйлер және (немесе) жеке тұрғын үйлер кешені құрылысының объектілерін өткізу, оның ішінде тапсырыс беруші, мердігер (бас мердігер) ретінде жиынтығында кемінде екі жыл тәжірибесінің болуы;
2) шамасы жиынтық активтердің он пайызынан кем болмайтын, өзінің аудиторлық қорытындымен расталған қаржылық есептілігіне сәйкес соңғы екі қаржы жылында қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді міндеттемелерді шегергеннен кейін қалатын активтерінің болуы;
3) қарыз қаражатының және меншікті капиталының арақатынасы арқылы есептелген коэффициент шамасы жеке тұрғын үйлер кешенінің құрылысын салудың оны пайдалануға қабылдағанға дейінгі бүкіл мерзімі ішінде жетіден аспауы міндетті.";
2-тармақ "көппәтерлі тұрғын үй" деген сөздерден кейін "немесе жеке тұрғын үйлер кешені" деген сөздермен толықтырылсын;
1) тармақшадағы "жер учаскесі" деген сөздер "жер учаскесіне құқық белгілейтін құжат" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақша "көппәтерлі тұрғын үй" деген сөздерден кейін "немесе жеке тұрғын үйлер кешені" деген сөздермен толықтырылсын;
5) тармақша "көппәтерлі тұрғын үй" деген сөздерден кейін "немесе жеке тұрғын үйлер кешені" деген сөздермен толықтырылсын;
5-тармақ "көппәтерлі тұрғын үйдің" деген сөздерден кейін "немесе жеке тұрғын үйлер кешенінің" деген сөздермен толықтырылсын;
"құрылыс салушы Бірыңғай операторға" деген сөздер "құрылыс салушы және уәкілетті компания ақпараттық жүйелер арқылы Бірыңғай операторға" деген сөздермен ауыстырылсын;
"уәкілетті компания" деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын:
"8. Бірыңғай оператор Бірыңғай оператордың кепілдігін беру кезіндегі аяқталмаған құрылыс құны мен бағалау туралы есеппен расталған соңғы есепті күнге аяқталмаған құрылыс сомасы арасындағы айырмаға мөлшерлес кепілдік бойынша міндеттемелерді азайтуға жол береді.";
7) 9-бапта:
"құрылыс салушының", "тиіс" деген сөздер тиісінше "көппәтерлі тұрғын үй құрылыс салушысының", "міндетті" деген сөздермен ауыстырылсын;
"он сегіз" деген сөздер "он" деген сөзбен ауыстырылсын;
"тоғыз" деген сөз "бес" деген сөзбен ауыстырылсын;
"үш" деген сөз "екі" деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
"1-1. Екінші деңгейдегі банктің жобаға қатысуы тәсілімен тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастыру бойынша қызметті жүзеге асыру үшін жеке тұрғын үйлер кешені құрылыс салушысының республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы құрылыста жалпы алаңы кемінде он мың шаршы метр және өзге де әкімшілік-аумақтық бірліктердегі құрылыста кемінде бес мың шаршы метр көппәтерлі тұрғын үйлер және (немесе) жеке тұрғын үйлер кешені құрылысының объектілерін өткізу, оның ішінде тапсырыс беруші, мердігер (бас мердігер) ретінде жиынтығында кемінде екі жыл тәжірибесінің болуы міндетті.";
2-тармақ "көппәтерлі тұрғын үй", "Көппәтерлі тұрғын үй" деген сөздерден кейін "немесе жеке тұрғын үйлер кешені" деген сөздермен толықтырылсын;
1) тармақшадағы "жер учаскесі" деген сөздер "жер учаскесіне құқық белгілейтін құжат" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақша "көппәтерлі тұрғын үй" деген сөздерден кейін "немесе жеке тұрғын үйлер кешені" деген сөздермен толықтырылсын;
5 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Құрылыс салушы және уәкілетті компания осы бапта белгіленген талаптарға сәйкес келген кезде құрылыс салушы және (немесе) уәкілетті компания көппәтерлі тұрғын үйдің немесе жеке тұрғын үйлер кешенінің құрылысын аяқтау үшін жеткілікті сомаға құрылысты қаржыландыруға әзірлігі туралы екінші деңгейдегі банктің шешімін алу үшін екінші деңгейдегі банкке өтініш жасайды.
Екінші деңгейдегі банк пен уәкілетті компания арасында жасалған банктік қарыздың кредиттік шарты, ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысы бар, аяқталмаған құрылыс құнын шегергендегі көппәтерлі тұрғын үйдің немесе жеке тұрғын үйлер кешенінің құрылысы жобасының жобалау-сметалық құжаттамасында көзделген сомаға несие берешегінің болуы туралы анықтама көппәтерлі тұрғын үйдің немесе жеке тұрғын үйлер кешенінің құрылысын қаржыландыруға әзірлігі туралы екінші деңгейдегі банктің шешімін растау болып табылады.
Екінші деңгейдегі банк көппәтерлі тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үйлер кешенін қаржыландыруға әзір болған жағдайда уәкілетті компаниямен және инжинирингтік компаниямен үшжақты шарт жасасады, онда инжинирингтік компанияның осы Заңның 20-бабының 1-тармағында көрсетілген уәкілетті компанияның банктік шоттары бойынша жүргізілетін операциялар туралы ақпарат алуына уәкілетті компанияның келісімі көзделеді.";
"7. Үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат алынғаннан кейін ғана осы Заңның 20-бабында белгіленген талаптар ескеріле отырып, уәкілетті компанияның банктік шотынан үлескерлердің ақшасын пайдалануға жол беріледі.
Екінші деңгейдегі банк үлескерлердің ақшасын және құрылыс салушының және (немесе) уәкілетті компанияның қарыз қаражатын банктік шоттардан бір мезгілде пайдалану туралы шешім қабылдауға құқылы.";
11-тармақ "көппәтерлі тұрғын үйдегі" деген сөздерден кейін "немесе жеке тұрғын үйлер кешеніндегі" деген сөздермен толықтырылсын;
8) 10-бапта:
"бес" деген сөз "үш" деген сөзбен ауыстырылсын;
"алпыс" деген сөз "отыз алты" деген сөздермен ауыстырылсын;
"отыз" деген сөз "он сегіз" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтың 1) тармақшасындағы "жер учаскесі" деген сөздер "жер учаскесіне құқық белгілейтін құжат" деген сөздермен ауыстырылсын;
9) 11-бапта:
"жазбаша нысанда" деген сөздерден кейін "не электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландыру арқылы" деген сөздермен толықтырылсын;
"көппәтерлі тұрғын үйдің" деген сөздерден кейін "немесе жеке тұрғын үйлер кешенінің" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
"3. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шартта үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсаттың берілген күні мен нөмірі немесе кепілдік беру туралы жасалған шарттың күні мен нөмірі көрсетіледі.";
10) 12-бапта:
"бірыңғай ақпараттық жүйесі пайдаланыла отырып," деген сөздер "бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы" деген сөздермен ауыстырылсын;
"көппәтерлі тұрғын үйдің" деген сөздерден кейін "немесе жеке тұрғын үйлер кешенінің" деген сөздермен толықтырылсын;
"есепке алуға" деген сөздер "міндетті түрде есепке алынуға" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақ "қағидаларына сәйкес" деген сөздерден кейін ", тұрғын үй құрылысына үлестік қатысудың бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы" деген сөздермен толықтырылсын;
11) 13-бапта:
1-тармақтағы "есепке алуға" деген сөздер "міндетті түрде есепке алынуға" деген сөздермен ауыстырылсын;
"көппәтерлі тұрғын үйдің" деген сөздерден кейін "немесе жеке тұрғын үйлер кешенінің" деген сөздермен толықтырылсын;
"көппәтерлі тұрғын үйдегі" деген сөздерден кейін "немесе жеке тұрғын үйлер кешеніндегі" деген сөздермен толықтырылсын;
12) 14-бапта:
1-тармақ 3) тармақшасындағы "талап етуге құқылы." деген сөздер "талап етуге;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
"4) құрылыс салушыдан техникалық зерттеп-қарау нәтижелері бойынша сатып алынатын жалпы алаңның нақты азаюы нәтижесінде ақша төлеуді талап етуге құқылы.";
2-тармақтың 3) тармақшасы:
"көппәтерлі тұрғын үйді" деген сөздерден кейін "немесе жеке тұрғын үйлер кешенін" деген сөздермен толықтырылсын;
"көппәтерлі тұрғын үйдегі" деген сөздерден кейін "немесе жеке тұрғын үйлер кешеніндегі" деген сөздермен толықтырылсын;
13) 15-бапта:
2-тармақ "көппәтерлі тұрғын үйден" деген сөздерден кейін "немесе жеке тұрғын үйлер кешенінен" деген сөздермен толықтырылсын;
"көппәтерлі тұрғын үйдегі" деген сөздерден кейін "немесе жеке тұрғын үйлер кешеніндегі" деген сөздермен толықтырылсын;
"көппәтерлі тұрғын үй" деген сөздерден кейін "немесе жеке тұрғын үйлер кешені" деген сөздермен толықтырылсын;
4-тармақ "көппәтерлі тұрғын үй" деген сөздерден кейін "немесе жеке тұрғын үйлер кешені" деген сөздермен толықтырылсын;
5-тармақ "көппәтерлі тұрғын үйдегі", "Көппәтерлі тұрғын үйдегі" деген сөздерден кейін "немесе жеке тұрғын үйлер кешеніндегі" деген сөздермен толықтырылсын;
14) 16-бапта:
2-тармақтың бірінші абзацында:
"көппәтерлі тұрғын үйдің" деген сөздерден кейін "немесе жеке тұрғын үйлер кешенінің" деген сөздермен толықтырылсын;
5) тармақшадағы "заңнамасында", "көзделген" деген сөздер тиісінше "заңдарында", "белгіленген" деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақтың 2) тармақшасы "көппәтерлі тұрғын үйді" деген сөздерден кейін "немесе жеке тұрғын үйлер кешенін" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
"6. Уәкілетті компанияның көппәтерлі тұрғын үйдегі немесе жеке тұрғын үйлер кешеніндегі үлес ақысын үлескерлердің қолма-қол ақшасымен алуына тыйым салынады.";
15) 17-бапта:
тақырып "Көппәтерлі тұрғын үйдегі" деген сөздерден кейін "немесе жеке тұрғын үйлер кешеніндегі" деген сөздермен толықтырылсын;
1-тармақ "көппәтерлі тұрғын үйдегі" деген сөздерден кейін "немесе жеке тұрғын үйлер кешеніндегі" деген сөздермен толықтырылсын;
"көппәтерлі тұрғын үйдегі" деген сөздерден кейін "немесе жеке тұрғын үйлер кешеніндегі" деген сөздермен толықтырылсын;
"көппәтерлі тұрғын үйді" деген сөздерден кейін "немесе жеке тұрғын үйлер кешенін" деген сөздермен толықтырылсын;
"көппәтерлі тұрғын үйді" деген сөздерден кейін "немесе жеке тұрғын үйлер кешенін" деген сөздермен толықтырылсын;
"көппәтерлі тұрғын үйдегі" деген сөздерден кейін "немесе жеке тұрғын үйлер кешеніндегі" деген сөздермен толықтырылсын;
4-тармақ "көппәтерлі тұрғын үй" деген сөздерден кейін "немесе жеке тұрғын үйлер кешені" деген сөздермен толықтырылсын;
"көппәтерлі тұрғын үй" деген сөздерден кейін "немесе жеке тұрғын үйлер кешені" деген сөздермен толықтырылсын;
"көппәтерлі тұрғын үйдегі" деген сөздерден кейін "немесе жеке тұрғын үйлер кешеніндегі" деген сөздермен толықтырылсын;
16) 18-бапта:
3-тармақтағы "осы Заңның 9-бабының 1 және 3-тармақтарында және 10-бабының 1 және 3-тармақтарында" деген сөздер "осы Заңның 9-бабының 1, 1-1, 3 және 5-тармақтарында немесе 10-бабының 1 және 3-тармақтарында (тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастыру тәсіліне қарай)" деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақтағы "осы Заңның 9-бабының 1 және 3-тармақтарында және 10-бабының 1 және 3-тармақтарында" деген сөздер "осы Заңның 9-бабының 1, 1-1, 3 және 5-тармақтарында немесе 10-бабының 1 және 3-тармақтарында (тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастыру тәсіліне қарай)" деген сөздермен ауыстырылсын;
8-тармақ "көппәтерлі тұрғын үйді" деген сөздерден кейін "немесе жеке тұрғын үйлер кешенін" деген сөздермен толықтырылсын;
17) 19-бапта:
1-тармақ "Көппәтерлі тұрғын үйдің" деген сөздерден кейін "немесе жеке тұрғын үйлер кешенінің" деген сөздермен толықтырылсын;
екінші бөлікте:
1) тармақшада:
"кепілдіктері" деген сөз "шартсыз және кері қайтарып алынбайтын кепілдігі" деген сөздермен ауыстырылсын;
"жиырма бес" деген сөздер "елу" деген сөзбен ауыстырылсын;
2) тармақшада "он" деген сөз "жиырма" деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
"Мердігердің (бас мердігердің) пайдасына төленетін төлемдер мердігердің (бас мердігердің) пайдасына төленетін төлем мөлшеріне мердігерлік шарт құнының қатынасына пропорционалды аванс сомасының бір бөлігі шегеріле отырып төленуге жатады.";
4-тармақ "көппәтерлі тұрғын үйдің" деген сөздерден кейін "немесе жеке тұрғын үйлер кешенінің" деген сөздермен толықтырылсын;
7-тармақ "көппәтерлі тұрғын үй", "көппәтерлі тұрғын үйді" деген сөздерден кейін тиісінше "немесе жеке тұрғын үйлер кешені", "немесе жеке тұрғын үйлер кешенін" деген сөздермен толықтырылсын;
"көппәтерлі тұрғын үйдегі" деген сөздерден кейін "немесе жеке тұрғын үйлер кешеніндегі" деген сөздермен толықтырылсын;
"көппәтерлі тұрғын үйдің" деген сөздерден кейін "немесе жеке тұрғын үйлер кешенінің" деген сөздермен толықтырылсын;
11-тармақта:
бірінші сөйлемде:
"осы Заңның 9 және 10-баптарында көзделген көппәтерлі тұрғын үй" деген сөздер "көппәтерлі тұрғын үйдің немесе жеке тұрғын үйлер кешенінің" деген сөздермен ауыстырылсын;
"көппәтерлі тұрғын үйді" деген сөздерден кейін "немесе жеке тұрғын үйлер кешенін" деген сөздермен толықтырылсын;
екінші сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:
"Көппәтерлі тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үйлер кешенін пайдалануға қабылдау мерзімін құрылыс объектісінің жобалау-сметалық құжаттамасында көрсетілген мерзімнен бес айдан аспайтын мерзімге ауыстыруға жол беріледі.";
18) 20-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Көппәтерлі тұрғын үйдің немесе жеке тұрғын үйлер кешенінің құрылысына бағытталған ақшаның нысаналы пайдаланылуын қамтамасыз ету мақсатында уәкілетті компания екінші деңгейдегі бір банкте ғана ұлттық валютамен біреуден аспайтын ағымдағы шот ашуға міндетті.
Уәкілетті компания ұлттық валютамен ағымдағы шот ашылған екінші деңгейдегі банкте:
шетел валютасымен біреуден аспайтын ағымдағы шотты;
ұлттық валютамен біреуден аспайтын жинақ шотын ашуға құқылы.
Уәкілетті компания осы баптың 6-тармағының талаптарын одан әрі сақтаған жағдайда, уәкілетті компанияның осы тармақта көрсетілген шоттары арасында ақша аударымдарын жүзеге асыруға жол беріледі.
Бірыңғай оператордың кепілдігін алу тәсілімен тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастыру кезінде уәкілетті компания рейтингтік агенттіктердің бірі берген кредиттік рейтингі "B+"-тен төмен емес екінші деңгейдегі банкте шетел валютасымен ағымдағы шот ашуға міндетті. Бірнеше рейтингтік агенттіктің рейтингтері болған кезде ең азы қолданылады.";
"көппәтерлі тұрғын үйдегі" деген сөздерден кейін "немесе жеке тұрғын үйлер кешеніндегі" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші, үшінші және төртінші бөліктермен толықтырылсын:
"Құрылыс процесінде құны жобалау-сметалық құжаттамада белгіленгеннен жоғары құрылыс материалдарын сатып алу қажет болған жағдайда, уәкілетті компанияның жобалау-сметалық құжаттаманы түзетпей, қаражатты мынадай тәртіппен:
1) осы Заңның талаптарына сәйкес енгізілген меншікті ақшасын;
2) көппәтерлі тұрғын үйдегі немесе жеке тұрғын үйлер кешеніндегі, оның ішінде әрбір үлескерден түсетін түсімдер бөлінісіндегі үлестердің ақысын төлеуге алынған ақшаны;
3) көппәтерлі тұрғын үйдің немесе жеке тұрғын үйлер кешенінің құрылысын қаржыландыру мақсатында берілген қарыз қаражатын (бар болса) пайдалануына жол беріледі.
Осы Заңның талаптарына сәйкес енгізілген меншікті ақшасы болған жағдайда, уәкілетті компанияның үлескерлер ақшасын пайдалануына тыйым салынады.
Уәкілетті компания материалдардың құнын растау үшін уәкілетті компания мен құрылыс салушы бекіткен және авторлық және техникалық қадағалауды жүзеге асыратын инжинирингтік компаниялар келіскен құнның өзгерістері туралы тиісті құжаттаманы Бірыңғай операторға ұсынады.";
4-тармақ "көппәтерлі тұрғын үйдегі" деген сөздерден кейін "немесе жеке тұрғын үйлер кешеніндегі" деген сөздермен толықтырылсын;
2) тармақша "көппәтерлі тұрғын үйдегі" деген сөздерден кейін "немесе жеке тұрғын үйлер кешеніндегі" деген сөздермен толықтырылсын;
3) тармақша "көппәтерлі тұрғын үйдің" деген сөздерден кейін "немесе жеке тұрғын үйлер кешенінің" деген сөздермен толықтырылсын;
7-тармақ "көппәтерлі тұрғын үйдегі" деген сөздерден кейін "немесе жеке тұрғын үйлер кешеніндегі" деген сөздермен толықтырылсын;
2) тармақша "көппәтерлі тұрғын үйді" деген сөздерден кейін "немесе жеке тұрғын үйлер кешенін" деген сөздермен толықтырылсын;
3) тармақша "көппәтерлі тұрғын үйдің" деген сөздерден кейін "немесе жеке тұрғын үйлер кешенінің" деген сөздермен толықтырылсын;
9-тармақ "көппәтерлі тұрғын үйді" деген сөздерден кейін "немесе жеке тұрғын үйлер кешенін" деген сөздермен толықтырылсын;
11-тармақтағы "пайдалануға қабылданғанға дейін" деген сөздер "немесе жеке тұрғын үйлер кешені пайдалануға қабылданғанға дейін, ал Бірыңғай оператордың кепілдігі алынған және одан әрі кепілдік беру жағдайы туындаған жағдайда – көппәтерлі тұрғын үйдің немесе жеке тұрғын үйлер кешенінің құрылысы аяқталған соң Бірыңғай оператордың шығындары толық өтелгенге дейін" деген сөздермен ауыстырылсын;
19) 21-бапта:
тақырыптағы "және аттестатталған сарапшылар" деген сөздер алып тасталсын;
1-тармақ "аттестатталған сарапшылар" деген сөздерден кейін "және ақшаның нысаналы пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыратын мамандар" деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Инжинирингтік компания тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастыру тәсіліне қарамастан, жергілікті атқарушы органға, сондай-ақ Бірыңғай операторға немесе екінші деңгейдегі банкке (тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастыру тәсіліне қарай) көппәтерлі тұрғын үй немесе жеке тұрғын үйлер кешені құрылысының барысын мониторингтеу нәтижелері туралы есепті уәкілетті орган бекіткен нысанға сәйкес ақпараттық жүйелер арқылы ай сайын ұсынуға міндетті.";
4-тармақтағы "мен аттестатталған сарапшылар" деген сөздер ", аттестатталған сарапшылар және ақшаның нысаналы пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыратын мамандар" деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақтағы "мен аттестатталған сарапшылар" деген сөздер ", аттестатталған сарапшылар және ақшаның нысаналы пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыратын мамандар" деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) үлескерлерді қоспағанда, соңғы үш жыл ішінде құрылыс салушымен, уәкілетті компаниямен, Бірыңғай оператормен және тұрғын үй құрылысына үлестік қатысудың өзге де қатысушыларымен еңбек қатынастарында, қаржылық немесе өзге де тәуелді қатынастарда болуға тыйым салынады.";
20) 22-баптың 1-тармағында:
бірінші абзацтағы "жеке және заңды тұлғаларға" деген сөздер "жеке, заңды тұлғаларға және (немесе) қызметін бірлескен қызмет туралы шартқа сәйкес жүзеге асыратын тұлғаларға (жай серіктестік, консорциум)" деген сөздермен ауыстырылсын;
5) тармақша "көппәтерлі тұрғын үйлер" деген сөздерден кейін "немесе жеке тұрғын үйлер кешені" деген сөздермен толықтырылсын;
6) тармақша "көппәтерлі тұрғын үй" деген сөздерден кейін "немесе жеке тұрғын үйлер кешені" деген сөздермен толықтырылсын;
21) 23-баптың бірінші бөлігінің бірінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын:
"Пәтерлерді және (немесе) тұрғын емес үй-жайларды немесе жеке тұрғын үйлерді, немесе салынып жатқан көппәтерлі тұрғын үйдегі және (немесе) жеке тұрғын үйлер кешеніндегі олардың үлестерін сату туралы жарнаманы үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсаттың берілген күні мен нөмірін немесе кепілдік беру туралы жасалған шарттың күні мен нөмірін көрсете отырып қана таратуға және (немесе) орналастыруға жол беріледі.";
22) 24-баптың 1-тармағында:
бірінші бөлік "көппәтерлі тұрғын үйдің" деген сөздерден кейін "немесе жеке тұрғын үйлер кешенінің" деген сөздермен толықтырылсын;
екінші бөліктің үшінші абзацы "көппәтерлі тұрғын үйдегі" деген сөздерден кейін "немесе жеке тұрғын үйлер кешеніндегі" деген сөздермен толықтырылсын;
23) 25-баптың 2-тармағында:
2) тармақша:
"көппәтерлі тұрғын үйдің" деген сөздерден кейін "немесе жеке тұрғын үйлер кешенінің" деген сөздермен толықтырылсын;
"көппәтерлі тұрғын үйдегі" деген сөздерден кейін "немесе жеке тұрғын үйлер кешеніндегі" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 5-1) және 5-2) тармақшалармен толықтырылсын:
"5-1) құрылыс салушыға, уәкілетті компанияға, мердігерге (бас мердігерге) құрылыс материалдарын сатып алудың ақпараттық жүйесінде құрылыс материалдарын (олар бар болса) сатып алуды, сондай-ақ көппәтерлі тұрғын үй немесе жеке тұрғын үйлер кешенін салу үшін қажетті тауарлар мен жабдықты, оның ішінде арнайы экономикалық аймаққа қатысушылардың сатып алуын жүзеге асыруына мүмкіндік береді;
5-2) Қазақстан Республикасының тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы заңнамасы және оның қолданылу практикасы бойынша консультация беру үшін үлескерлерді қолдау орталығының жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;";
24) 26-бапта:
2) тармақша "көппәтерлі тұрғын үйдің" деген сөздерден кейін "немесе жеке тұрғын үйлер кешенінің" деген сөздермен толықтырылсын;
5) тармақша "көппәтерлі тұрғын үйдегі" деген сөздерден кейін "немесе жеке тұрғын үйлер кешеніндегі" деген сөздермен толықтырылсын;
7) тармақша "көппәтерлі тұрғын үй", "көппәтерлі тұрғын үйдің" деген сөздерден кейін тиісінше "немесе жеке тұрғын үйлер кешені", "немесе жеке тұрғын үйлер кешенінің" деген сөздермен толықтырылсын;
1) тармақша "көппәтерлі тұрғын үй" деген сөздерден кейін "немесе жеке тұрғын үйлер кешенінің" деген сөздермен толықтырылсын;
3) тармақша:
"Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес" деген сөздерден кейін ", осы Заңның 21-бабының 7-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келетін" деген сөздермен толықтырылсын;
", ал кепілдік беру туралы шарт жасасуға өтінім берілген кезде уәкілетті компания құрылысын бастаған (жүргізіп жатқан) объект бойынша уәкілетті компания мен инжинирингтік компания арасында жасалған шартқа үшжақты келісім жасауға" деген сөздермен толықтырылсын;
6) тармақша "көппәтерлі тұрғын үй" деген сөздерден кейін "немесе жеке тұрғын үйлер кешені" деген сөздермен толықтырылсын;
9) тармақша "көппәтерлі тұрғын үйдің" деген сөздерден кейін "немесе жеке тұрғын үйлер кешенінің" деген сөздермен толықтырылсын;
25) 29-баптың 1-тармағында:
бірінші абзац "көппәтерлі тұрғын үйлер" деген сөздерден кейін "немесе жеке тұрғын үйлер кешені" деген сөздермен толықтырылсын;
2) тармақша "көппәтерлі тұрғын үйлер" деген сөздерден кейін "немесе жеке тұрғын үйлер кешені" деген сөздермен толықтырылсын;
26) 30-бапта:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Кепілдік беру туралы шарттың қолданысы ішінде ведомстводан тыс кешенді сараптаманың нәтижелері бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары құнының он және одан көп пайызға ұлғаюына байланысты жобалау құны қымбаттаған кезде, сондай-ақ мыналарға:
1) құрылыс жобасының сыртқы инженерлік желілерді орнату құнына қымбаттауына;
2) жобалау-сметалық құжаттамада көзделген құрылыс материалдары мен жұмыстардың жалпы қымбаттауына байланысты жобалау құны қымбаттаған кезде кепілдік жарнаның сомасы қайта қаралуға жатады.";
мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
"4. Кепілдік беру туралы шарт мерзімінен бұрын бұзылған кезде Бірыңғай оператор есеп айырысу күні кепілдік беру туралы шарт бойынша кепілдіктің өтіп кетпеген қолданылу мерзіміне пропорционалды түрде есептелетін шамаға тең кепілдік жарнаның бір бөлігін уәкілетті компанияға қайтарады.
Бұл ретте кепілдік беру туралы шарт тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы барлық шарт бұзылғаннан кейін және тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша енгізілген ақша үлескерлерге қайтарылғаннан кейін ғана бұзылуы мүмкін.";
27) 31-бапта:
бірінші сөйлем:
"көппәтерлі тұрғын үйдің" деген сөздерден кейін "немесе жеке тұрғын үйлер кешенінің" деген сөздермен толықтырылсын;
"жүзеге асыру үшін" деген сөздерден кейін "Бірыңғай оператордың ақпараттық жүйесі арқылы" деген сөздермен толықтырылсын;
екінші сөйлем "көппәтерлі тұрғын үй" деген сөздерден кейін "немесе жеке тұрғын үйлер кешені" деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақ алып тасталсын;
28) 32-бапта:
1-тармақтың 1) тармақшасы "көппәтерлі тұрғын үй" деген сөздерден кейін "немесе жеке тұрғын үйлер кешені" деген сөздермен толықтырылсын;
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"4) құрылыс салушының, уәкілетті компанияның мүлкі мен міндеттемелеріне қатысты заңды күшіне енген сот шешімдерінің болуы;";
5) тармақша "көппәтерлі тұрғын үй" деген сөздерден кейін "немесе жеке тұрғын үйлер кешені" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 6), 7) және 8) тармақшалармен толықтырылсын:
"6) егер көппәтерлі тұрғын үйдің немесе жеке тұрғын үйлер кешенінің құрылысын жүзеге асыру кезінде құрылыс салушының, уәкілетті компанияның жобасы бойынша кепілдік беру туралы шарт жасасуға өтінім берілген күнге дейін соңғы үш жылда Бірыңғай оператор кепілдік беру жағдайын жариялаған болса;
7) кепілдік беру туралы шарт жасасу туралы шешім қабылдау Бірыңғай оператордың қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеуді, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген, бір қарыз алушыға (қарыз алушылар тобына) ең жоғары тәуекел коэффициентін бұзуына алып келуі мүмкін болса;
8) көппәтерлі тұрғын үй немесе жеке тұрғын үйлер кешені құрылысы жобасының бекітілген қала құрылысы жобаларына сәйкес келмеуі.";
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Өтінімді қарау мерзімі құрылыс салушы мен уәкілетті компания кепілдік беру туралы шарт жасасу туралы жүгінген күннен бастап жиырма жұмыс күнінен аспауға тиіс. Қаралатын өтінім бойынша ескертулер болған кезде Бірыңғай оператор ескертулерді жою үшін кемінде он жұмыс күні мерзімін бере отырып, тиісті құжаттарды пысықтауға жіберуге құқылы. Бұл ретте өтінімді қарау мерзімі құрылыс салушы және уәкілетті компания Бірыңғай оператордың ескертулерін іс жүзінде жойған, бірақ он жұмыс күнінен аспайтын мерзімге тоқтатыла тұрады.";
5-тармақтың екінші бөлігі "көппәтерлі тұрғын үй" деген сөздерден кейін "немесе жеке тұрғын үйлер кешені" деген сөздермен толықтырылсын;
29) 33-бапта:
тақырып "Көппәтерлі тұрғын үйдің" деген сөздерден кейін "немесе жеке тұрғын үйлер кешенінің" деген сөздермен толықтырылсын;
1-тармақ "Көппәтерлі тұрғын үй" деген сөздерден кейін "немесе жеке тұрғын үйлер кешені" деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақ "Көппәтерлі тұрғын үй" деген сөздерден кейін "немесе жеке тұрғын үйлер кешені" деген сөздермен толықтырылсын;
30) 35-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Кепілдік беру туралы шарт жасалғаннан кейін тараптардың аяқталмаған құрылыс объектісі бар жер учаскесін қайта кепілге қоюға және (немесе) кепілден босатуға байланысты қандай да бір әрекеттер жасауына жол берілмейді.";
2-тармақ мынадай мазмұндағы екінші және үшінші бөліктермен толықтырылсын:
"Уәкілетті компанияның дауыс беретін акцияларын (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) сенімгерлік басқарушы туралы мәліметтер бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдері жүйесінде орталық депозитарий ашқан олардың меншік иесінің дербес шоты бойынша көрсетілуге жатады.
Уәкілетті компанияның дауыс беретін акцияларын (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) сенімгерлік басқарушы туралы жазбаны енгізу жөніндегі операцияны Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен, уәкілетті компанияның дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) меншік иесінің дербес шотына сенімгерлік басқару туралы жазба енгізу туралы Бірыңғай оператордың бұйрығы және уәкілетті компанияның дауыс беретін акцияларын (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) сенімгерлік басқару шарты негізінде орталық депозитарий жүргізеді.";
4-тармақтағы "кейінге қалдыру шартымен дауыс беретін акцияларды" деген сөздер "уәкілетті компанияның дауыс беретін акцияларын" деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақтағы "кейінге қалдыру шартымен" деген сөздер "уәкілетті компанияның дауыс беретін акцияларын (жарғылық капиталға қатысу үлестерін)" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
"6. Кепілдік беру жағдайы басталған кезде және кепілдік беру туралы шарттың қолданысы аяқталғанға дейін:
уәкілетті компанияның мүлкіне ауыртпалық салуға және (немесе) оған өндіріп алуды қолдануға;
уәкілетті компанияның қызметі шеңберінде уәкілетті компанияның мүлкін немесе оның құнын үшінші тұлғаларға беруге;
уәкілетті компанияны мүлікпен белгілі бір әрекеттер жасауға міндеттеуге жол берілмейді.";
31) 37-бапта:
1-тармақтың 1) тармақшасы "көппәтерлі тұрғын үйдің" деген сөздерден кейін "немесе жеке тұрғын үйлер кешенінің" деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасы "көппәтерлі тұрғын үйдің" деген сөздерден кейін "немесе жеке тұрғын үйлер кешенінің" деген сөздермен толықтырылсын;
1) тармақшада:
бірінші сөйлем "көппәтерлі тұрғын үйді" деген сөздерден кейін "немесе жеке тұрғын үйлер кешенін" деген сөздермен толықтырылсын;
екінші сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:
"Көппәтерлі тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үйлер кешенін пайдалануға қабылдау мерзімін құрылыс объектісінің жобалау-сметалық құжаттамасында көрсетілген мерзімнен бес айдан аспайтын мерзімге ауыстыруға жол беріледі;";
3) тармақша "көппәтерлі тұрғын үй" деген сөздерден кейін "немесе жеке тұрғын үйлер кешені" деген сөздермен толықтырылсын;
4-тармақ "көппәтерлі тұрғын үйдің" деген сөздерден кейін "немесе жеке тұрғын үйлер кешенінің" деген сөздермен толықтырылсын;
32) 38-бапта:
бірінші абзац "оператор" деген сөзден кейін "кепілдік беру жағдайының басталуы туралы шешім қабылданғаннан кейін келесі жұмыс күнінен кешіктірмей" деген сөздермен толықтырылсын;
2) тармақша ", оны уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен Бірыңғай оператор таңдайды" деген сөздермен толықтырылсын;
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"5) уәкілетті компанияның меншікті қаражаты жеткіліксіз болған кезде Бірыңғай оператордың ішкі құжаттарына сәйкес уәкілетті компанияға ақылылық, мерзімділік және қайтарымдылық шарттарымен қаржыландыру беру арқылы Бірыңғай оператордың қаражаты есебінен көппәтерлі тұрғын үй немесе жеке тұрғын үйлер кешені құрылысының аяқталуын қаржыландырады;";
6) тармақшада:
"көппәтерлі тұрғын үй" деген сөздерден кейін "немесе жеке тұрғын үйлер кешені" деген сөздермен толықтырылсын;
"көппәтерлі тұрғын үйдегі" деген сөздерден кейін "немесе жеке тұрғын үйлер кешеніндегі" деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақ "Көппәтерлі тұрғын үйдің" деген сөздерден кейін "немесе жеке тұрғын үйлер кешенінің" деген сөздермен толықтырылсын;
4-тармақ "көппәтерлі тұрғын үй" деген сөздер "көппәтерлі тұрғын үйдің немесе жеке тұрғын үйлер кешенінің" деген сөздермен ауыстырылсын.
20. "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" 2016 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 25-бап мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:
"9-1. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттар бойынша салынып жатқан көппәтерлі тұрғын үйдегі немесе жеке тұрғын үйлер кешеніндегі үлесті сатып алу жөніндегі мәмілелер бойынша төлемдер қолма-қол ақшасыз тәртіппен, оның ішінде уәкілетті компанияның банктік шотына қолма-қол ақша енгізу арқылы Қазақстан Республикасының тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысудың бірыңғай ақпараттық жүйесін жүргізу қағидаларына сәйкес тұрғын үй құрылысына үлестік қатысудың бірыңғай ақпараттық жүйесінде уәкілетті компаниямен тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы тіркелген шарттың болуы тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттар бойынша салынып жатқан көппәтерлі тұрғын үйдегі немесе жеке тұрғын үйлер кешеніндегі үлесті сатып алу жөніндегі мәмілелер бойынша төлемдерді ақша жөнелтуші банктің жүзеге асыруы үшін негіз болып табылады.";
2) 27-бапта:
10-тармақтың үшінші бөлігінде:
"тұрғын үй төлемдерін", "банктердегі банктік шоттардағы ақшаға" деген сөздерден кейін тиісінше ", тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін біржолғы зейнетақы төлемдерін", "өндіріп алуды қолдануға жол берілмейді" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Тұрғын үй құрылысы жинақ банктеріндегі және екінші деңгейдегі банктердегі банктік шоттардағы ақша осы тармақшаға сәйкес, жеке дербес шоттар (субпозициялар) ашу арқылы бөлек есепке алынуға жатады;";
мынадай мазмұндағы 2-3) тармақшамен толықтырылсын:
"2-3) берілген банктік қарыздар бойынша кепіл нысанасы болып табылатын тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы түріндегі тұрғын үй құрылысы жинақ банктеріндегі банктік шоттардағы ақшаға;";
11-тармақтың екінші бөлігіндегі "тұрғын үй төлемдерін пайдалану есебінен жинақталған тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы түріндегі, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім беру ақысын төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін нысаналы жинақ төлемдері түріндегі, тұрғын үй жағдайларын жақсартуға білім беру жинақтау салымынан төленетін жинақ төлемдері немесе білім беру жинақтау сақтандыруы шарты бойынша сақтандыру төлемдері түріндегі тұрғын үй құрылысы жинақ банктеріндегі банктік шоттардағы ақшаға" деген сөздер "тұрғын үй төлемдерін, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану есебінен жинақталған тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы түріндегі, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім беру ақысын төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін нысаналы жинақ төлемдері түріндегі, тұрғын үй жағдайларын жақсартуға білім беру жинақтау салымынан төленетін жинақ төлемдері немесе білім беру жинақтау сақтандыруы шарты бойынша сақтандыру төлемдері түріндегі тұрғын үй құрылысы жинақ банктеріндегі банктік шоттардағы ақшаға, берілген банктік қарыздар бойынша кепіл нысанасы болып табылатын тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы түріндегі тұрғын үй құрылысы жинақ банктеріндегі банктік шоттардағы ақшаға" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 46-баптың 7-тармағының бірінші бөлігінде:
мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
"4-1) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша салынып жатқан көппәтерлі тұрғын үйдегі немесе жеке тұрғын үйлер кешеніндегі үлесті сатып алуға ақы төлеуді жүзеге асыру кезінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысудың бірыңғай ақпараттық жүйесінде уәкілетті компаниямен тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы тіркелген шарт болмаған жағдайда;";
5) тармақшадағы "тұрғын үй төлемдерін пайдалану есебінен жинақталған тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы түріндегі, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім беру ақысын төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін нысаналы жинақ төлемдері түріндегі, тұрғын үй жағдайларын жақсартуға білім беру жинақтау салымынан төленетін жинақ төлемдері немесе білім беру жинақтау сақтандыруы шарты бойынша сақтандыру төлемдері түріндегі тұрғын үй құрылысы жинақ банктеріндегі банктік шоттардағы ақшаны" деген сөздер "тұрғын үй төлемдерін, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану есебінен жинақталған тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы түріндегі, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім беру ақысын төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін нысаналы жинақ төлемдері түріндегі, тұрғын үй жағдайларын жақсартуға білім беру жинақтау салымынан төленетін жинақ төлемдері немесе білім беру жинақтау сақтандыруы шарты бойынша сақтандыру төлемдері түріндегі тұрғын үй құрылысы жинақ банктеріндегі банктік шоттардағы ақшаны, берілген банктік қарыздар бойынша кепіл нысанасы болып табылатын тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы түріндегі тұрғын үй құрылысы жинақ банктеріндегі банктік шоттардағы ақшаны" деген сөздермен ауыстырылсын.
2-бап.
1. Осы Заң:
1) алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 2-тармағының 2) және 3) тармақшаларын, 4 және 5-тармақтарын, 7-тармағының 2) және 3) тармақшаларын, 9-тармағының 1) тармақшасын, 11 және 16-тармақтарын, 20-тармағының 2) тармақшасын, 3) тармақшасының бірінші және төртінші абзацтарын;
2) алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 19-тармағының 4) тармақшасын, 20-тармағының 1) тармақшасын, 3) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2. Осы Заң жарияланған кезде жеке, заңды тұлғалардың және қызметін бірлескен қызмет туралы шартқа сәйкес жүзеге асыратын тұлғалардың (жай серіктестік, консорциум) ақшасын тарта отырып, көппәтерлі тұрғын үйлердің құрылысын жүзеге асыратын және үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсаты жоқ немесе тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу кепілдігін беру туралы шарт жасаспаған тұлғалар жеке, заңды тұлғалардың және қызметін бірлескен қызмет туралы шартқа сәйкес жүзеге асыратын тұлғалардың (жай серіктестік, консорциум) ақшасын тарту құқығынсыз көрсетілген объектілердің құрылысын жалғастыруға құқылы. Бұл ретте осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап алты ай ішінде көппәтерлі тұрғын үйдің қаңқасы тұрғызылған жағдайда, құрылыс салушы және уәкілетті компания "Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1-тармағында көзделген талаптарды сақтамай, үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат алуға құқылы.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ. ТОҚАЕВ |