Кейбір нормативтік құқықтық бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2019 жылғы 9 қаңтардағы № 3 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 16 қаңтарда № 18201 болып тіркелді.

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық бұйрықтардың тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Министр Д. Абаев

  Қазақстан Республикасы
Ақпарат және коммуникациялар
министрінің
2019 жылғы 9 қаңтардағы
№ 3 бұйрығымен
бекітілген

Өзгерістер енгізілетін кейбір нормативтік құқықтық бұйрықтардың тізбесі

      1. Күші жойылды – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 01.07.2026 № 370/НҚ (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      2. Күші жойылды - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 30.04.2026 № 226/НҚ (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. "Жылжымалы желінің абоненттік құрылғысы арқылы электрондық нысанда мемлекеттік және өзге де көрсетілетін қызметтерді алу үшін, ұялы байланыс операторы беретін абоненттің абоненттік нөмірін тіркеу және оны "электрондық үкіметтің" веб-порталының есептік жазбасына қосу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетті атқарушының 2016 жылғы 25 қаңтардағы № 58 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13195 болып тіркелген, 2016 жылғы 3 наурызда "Әділет" Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы электрондық нысанда мемлекеттік және өзге де көрсетілетін қызметтерді алу үшін, ұялы байланыс операторы беретін абоненттің абоненттік нөмірін тіркеу және оны "электрондық үкіметтің" веб-порталының есептік жазбасына қосу қағидаларын бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы электрондық нысанда мемлекеттік және өзге де көрсетілетін қызметтерді алу үшін, ұялы байланыс операторы беретін абоненттің абоненттік нөмірін тіркеу және оны "электрондық үкіметтің" веб-порталының есептік жазбасына қосу қағидалары бекітілсін.";

      жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жылжымалы желінің абоненттік құрылғысы арқылы электрондық нысанда мемлекеттік және өзге де көрсетілетін қызметтерді алу үшін, ұялы байланыс операторы беретін абоненттің абоненттік нөмірін тіркеу және оны "электрондық үкіметтің" веб-порталының есептік жазбасына қосу қағидаларында:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы электрондық нысанда мемлекеттік және өзге де көрсетілетін қызметтерді алу үшін, ұялы байланыс операторы беретін абоненттің абоненттік нөмірін тіркеу және оны "электрондық үкіметтің" веб-порталының есептік жазбасына қосу қағидалары";

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы электрондық нысанда мемлекеттік және өзге де көрсетілетін қызметтерді алу үшін, ұялы байланыс операторы беретін абоненттің абоненттік нөмірін тіркеу және оны "электрондық үкіметтің" веб-порталының есептік жазбасына қосу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Ақпараттандыру туралы" 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 60) тармақшасына сәйкес әзірленген және ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы электрондық нысанда мемлекеттік және өзге де көрсетілетін қызметтерді алу үшін абоненттің абоненттік нөмірін тіркеу және оны "электрондық үкіметтің" веб-порталының есептік жазбасына қосу тәртібін айқындайды.";

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар мен қысқартулар қолданылады:

      1) абоненттік нөмір - басқа абоненттік жабдықпен қосылу сол арқылы орнатылатын шартты жасасқан кезде абоненттің пайдалануына бөлінетін және желіде абонентті сәйкестендіруге мүмкіндік беретін нөмір;

      2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;

      3) бір реттік пароль - электрондық нысанда көрсетілетін қызметтерді алушы субъектілерді сәйкестендірудің бір сеансы үшін ғана жарамды пароль;

      4) ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы - абонент белгілеген ақпаратты беру немесе қабылдау үшін электр байланысы сигналдарын қалыптастыратын және ұялы байланыс операторының желісіне қосылатын, қызмет көрсетілетін аумақ шеңберінде тұрақты географиялық айқындалатын орналасқан орны жоқ, ұялы байланыс желілерінде жұмыс істейтін жеке пайдаланудағы байланыс құралы;

      5) "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі - портал) - нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, барлық шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік және өзге де қызметтерге қол жеткізудің бірыңғай терезесін білдіретін ақпараттық жүйе;

      6) "электрондық үкіметтің" веб-порталындағы пайдаланушының есептік жазбасы (бұдан әрі - пайдаланушының есептік жазбасы) - пайдаланушыны тану (сәйкестендіру) және "электрондық үкіметтің" веб-порталындағы пайдаланушы кабинетіндегі оның дербес деректері мен баптауларына қол жеткізу үшін қажетті, "электронды үкіметтің" веб-порталында сақталатын пайдаланушы туралы электрондық ақпараттық ресурстардың жиынтығы;

      7) "электрондық үкіметтің" мобильдік қосымшасы (бұдан әрі - мобильдік қосымша) - ұялы байланыстың абоненттік құрылғысында орнатылған, іске қосылған және ұялы байланыс пен Интернет арқылы электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге және өзге де қызметтерге қол жеткізуге болатын бағдарламалық өнім.";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы электрондық нысанда мемлекеттік және өзге де көрсетілетін қызметтерді алу үшін, ұялы байланыс операторы беретін абоненттің абоненттік нөмірін тіркеу және оны порталдың есептік жазбасына қосу тәртібі";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы электрондық нысанда мемлекеттік және өзге де көрсетілетін қызметтерді алу үшін, ұялы байланыс операторы беретін абоненттің абоненттік нөмірін тіркеу және оны порталдың есептік жазбасына қосу порталда, мобильдік қосымшада немесе Мемлекеттік корпорацияда жүзеге асырылады.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы электрондық нысанда мемлекеттік және өзге де көрсетілетін қызметтерді алу үшін, ұялы байланыс операторы беретін абоненттің абоненттік нөмірін тіркеу және оны порталдың есептік жазбасына қосу кезінде бас тарту абоненттің абоненттік нөмірінің тиесілігін растау үшін порталда құрылған және жіберілген қысқа мәтіндік хабарлама түріндегі абоненттік нөмірге абонент алған бір реттік парольді қате енгізген кезде сол мезетте жүзеге асырылады.

      Бас тартқан жағдайда, абоненттің абоненттік нөмірін одан әрі тіркеу және оны қосу абонент немесе Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері дұрыс енгізілмеген бір реттік парольді түзеткеннен кейін жүзеге асырылады.";

      қосымша осы Бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      4. Күші жойылды - ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің м.а. 27.08.2024 № 380-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Ақпарат және коммуникациялар
министрінің
2019 жылғы 9 қаңтардағы
№ 3 бұйрығына
1-қосымша

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 01.07.2026 № 370/НҚ (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Ақпарат және коммуникациялар
министрінің
2019 жылғы 9 қаңтардағы
№ 3 бұйрығына
2-қосымша

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 01.07.2026 № 370/НҚ (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Ақпарат және коммуникациялар
министрінің
2019 жылғы 9 қаңтардағы
№ 3 бұйрығына
3-қосымша
  Ұялы байланыстың абоненттік
құрылғысы арқылы электрондық
нысанда мемлекеттік және өзге
де көрсетілетін қызметтерді алу
үшін, ұялы байланыс операторы
беретін абоненттің абоненттік
нөмірін тіркеу және оны
"электрондық үкіметтің"
веб-порталының есептік
жазбасына қосу
қағидаларына
қосымша

Ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы электрондық нысанда мемлекеттік және өзге де көрсетілетін қызметтерді алу үшін, ұялы байланыс операторы беретін абоненттің абоненттік нөмірін тіркеуге және оны "электрондық үкіметтің" веб-порталының есептік жазбасына қосуға өтініш

Бірегей нөмірі



      Жеке тұлғаның сәйкестендіру деректері:

      Жеке сәйкестендіру нөмірі: __________________________________________________

      Тегі: ______________________________________________________________________

      Аты:______________________________________________________________________

      Әкесінің аты (бар болған жағдайда): ___________________________________________

      Электрондық поштаның мекенжайы: __________________________________________

      Телефоны: ________________________________________________________________

      Ұялы байланыстың абоненттік құрылғысын пайдалана отырып, абоненттік нөмірді "электрондық үкіметтің" веб-порталының есептік жазбасына қосу туралы келісіммен таныстым, қарсылығым жоқ.

      Заңнамада көзделген жағдайларда, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын және ақпараттық жүйелерде қамтылған мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

      Өтініш берушінің қолы ______________________________________________________

      Күні 20____ жылғы "___" ____________________________________________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады