Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2026 жылғы 15 қазандағы № 143 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 16 қазанда № 40182 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
А. Альназарова

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары
білім министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Еңбек және жоғары
білім министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Көлік министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Оқу-ағарту министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс
министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Сауда және интеграция министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Экология және табиғи
ресурстар министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2026 жылғы 15 қазандағы
№ 143 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес келмейтін өнімдердің тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 3 желтоқсандағы ҚР ДСМ-229/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21728 тіркелді) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес келмейтін өнімдердің тізілімін жүргізу қағидаларында:

      2-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган (бұдан әрі – мемлекеттік орган) – халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік саясатты, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерде және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген талаптардың сақталуын бақылау мен қадағалауды іске асыратын мемлекеттік орган;".

      2. "Санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 4 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-234/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21736 тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізу қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 50-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленген және жеке және заңды тұлғалардың санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізу тәртібін айқындайды.";

      17-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) аудиттелетін субъектінің қызметіне байланысты жеке тұлғалардың және қоғамдық бірлестіктердің өтініштері туралы мәліметтер кіреді.".

      3. "Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-275/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21822 тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларында:

      7-тармақтың алтыншы бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Нормалау қағидатын адамның сәулелену деңгейі тәуелді болатын барлық жеке және заңды тұлғалар қамтамасыз етеді және № ҚР ДСМ-71 бұйрықта белгіленген жеке тұлғалардың барлық сәулелену көздерінен сәулелену дозаларының жеке шектерінен асырмауды көздейді.";

      көрсетілген бұйрыққа 12-қосымшада:

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Жеке немесе заңды тұлғалар жыл сайын № 1-ДОЗ, № 2-ДОЗ нысандарын толтырады және аумақтық бөлімшелерге 15 қаңтардан кешіктірмей ұсынады, олар өз кезегінде алынған деректерді жинақтайды және жеке тұлғалардың жеке сәулелену дозаларының республикалық дерекқоры қалыптастырылатын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы" ШЖҚ РМК "Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы" филиалына (бұдан әрі – Филиал) 31 қаңтарға қарай ұсынады. Филиал алынған деректерді талдайды және оларды халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органға 25 ақпанға қарай ұсынады.".

      4. "Өндіріс және тұтыну қалдықтарын жинауға, пайдалануға, қолдануға, залалсыздандыруға, тасымалдауға, сақтауға және көмуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-331/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21934 тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Өндіріс және тұтыну қалдықтарын жинауға, пайдалануға, қолдануға, залалсыздандыруға, тасымалдауға, сақтауға және көмуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларында:

      2-тармақтың 31) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "31) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган – халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік саясатты, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерде және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген талаптардың сақталуын бақылау мен қадағалауды іске асыратын мемлекеттік орган.";

      32-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "32. Құрамында суда еритін уытты заттар бар қауіптіліктің 2 және 3-сыныбындағы қатты және паста тәрізді қалдықтарды көмуді Қазақстан Республикасы Құрылыс Кодексінің 24-бабының 63) тармақшасына сәйкес сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган бекіткен сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы мемлекеттік нормативтік құжаттардың (бұдан әрі – сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы мемлекеттік нормативтік құжаттар) талаптарына сәйкес түбі және бүйір қабырғалары оқшауланған қазаншұңқырларда жүзеге асырады.";

      44-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "44. Істен шыққан қалдық сақтау қоймасы аумағын кез келген мақсатта пайдалануға жол берілмейді. СҚА аумағында тұрғын үй, балалар объектілерін, әлеуметтік-мәдени және тұрмыстық қызмет көрсету объектілерін салуға, сондай-ақ демалу және спортпен айналысуға арналған орындарды орналастыруға жол берілмейді.";

      91-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "91. Тұрғын үй объектілерінің және орталықтандырылған сумен жабдықтау және (немесе) суды бұру жүйелеріне қосылған объектілердің аумағында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы мемлекеттік нормативтік құжаттарға сәйкес аулалық қондырғыларды, қазылған шұңқырларды салуға және қайта жабдықтауға жол беріледі.";

      139-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "139. Жобаланатын, салынып жатқан, пайдаланылатын ағызу станциялары осы Санитариялық қағидалардың және сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы мемлекеттік нормативтік құжаттардың талаптарын сақтайды.".

      5. "Тамақ өнімдерін өндіру жөніндегі объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі № ҚР ДСМ-36 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22673 тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Тамақ өнімдерін өндіру жөніндегі объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларында:

      3-тармақтың 12) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "12) ветеринариялық құжаттар – уәкілетті орган бекіткен тәртіппен мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне астананың, республикалық маңызы бар қаланың, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандардың мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлары беретін ветеринариялық сертификат, ветеринариялық-санитариялық қорытынды; жануарға, жануарлардан алынатын өнімге және шикізатқа жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдардың ветеринария саласындағы маманы, сондай-ақ жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімнің және шикізаттың ветеринариялық нормативтерге сәйкестігін айқындау жөнінде өндірістік бақылау бөлімшесінің ветеринариялық дәрігері беретін ветеринариялық анықтама;";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Объектілерді салуға жер учаскесін таңдау, жобалау, реконструкциялау, қайта жабдықтау, қайта бейіндеу, қайта жоспарлау, кеңейту, жөндеу және пайдалануға беру Қазақстан Республикасы Құрылыс Кодексінің 24-бабының 63) тармақшасына сәйкес сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган бекіткен сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы мемлекеттік нормативтік құжаттардың (бұдан әрі – сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы мемлекеттік нормативтік құжаттар) талаптарына сәйкес айқындалады, Кодекстің 46-бабына, Ереженің 15-тармағының 113) тармақшасына сәйкес бекітілетін санитариялық-эпидемиологиялық нормалау құжаттарына (бұдан әрі – нормалау құжаттары) және осы Санитариялық қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.";

      28-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "28. Объектілер сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы мемлекеттік нормативтік құжаттардың, салқын және ыстық судың үздіксіз берілуін қамтамасыз ететін нормалау құжаттарының талаптарына сәйкес келетін ыстық және салқын сумен жабдықтаудың, су бұрудың орталықтандырылған жүйелерімен қамтамасыз етіледі. Сумен жабдықтау, оның ішінде сумен жабдықтаудың айналым жүйелері және объектілердегі суды бұру тамақ өнімдерін өндірудің технологиялық процестеріне сәйкес көзделеді.

      Объектіге сумен жабдықтау жүйесін енгізу кезінде су сынамаларын алуға арналған құрылғы және ағызу үшін трап көзделеді.";

      40-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "40. Объектінің үй-жайларында өндірістің технологиялық талаптарына, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы мемлекеттік нормативтік құжаттарға және нормалау құжаттарына сәйкес табиғи және (немесе) жасанды жарықтандыру көзделеді.";

      61-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "61. Объектілерді пайдалану Кодекстің 19, 20, 24 және 46-баптарына, "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабына және осы Санитариялық қағидаларға сәйкес қамтамасыз етіледі.";

      63-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "63. Объектілердің барлық үй-жайлары, ғимараттары мен құрылысжайлары, жабдығы, жиһазы, ыдыс-аяғы, мүкәммалы және қаптамасы (ыдысы) таза, жарамды күйде ұсталады. Объектілердің ғимараттары мен құрылысжайларына ағымдық және күрделі жөндеу жүргізу өндірістік бақылау шеңберінде дайындаушы белгілейтін кезеңділікпен және тамақ өнімдерін өндірудің технологиялық процестерінің, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы мемлекеттік нормативтік құжаттардың және осы Санитариялық қағидалардың 2-тарауының талаптарына сәйкес өндірілетін тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып жүзеге асырылады.".

      6. "Парфюмерлік-косметикалық өнімдерді өндіруге, өткізуге және сақтауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 21 маусымдағы № ҚР ДСМ-53 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23184 тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Парфюмерлік-косметикалық өнімдерді өндіруге, өткізуге және сақтауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларында:

      3-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын;

      "3. ПКӨ өндіру бойынша объектілердің жер учаскесін таңдау, оларды жобалау, жаңасын салу және қолданыстағыларын реконструкциялау, қайта жабдықтау, қайта жобалау және кеңейту, ПКӨ өндіру бойынша объектілерді жөндеу және пайдалануға беру Ереженің 15-тармағының 113) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 43, 44, 44-1, 48-баптарына және Қазақстан Республикасы Құрылыс Кодексінің 24-бабының 63) тармақшасына сәйкес сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган бекіткен сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы мемлекеттік нормативтік құжаттардың (бұдан әрі – сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы мемлекеттік нормативтік құжаттар), 009/2011 КО ТР талаптарына сәйкес халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган бекіткен санитариялық қағидалар мен гигиеналық нормативтердің талаптары ескеріле отырып айқындалады.";

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. ПКӨ өндіру бойынша объектілердің ғимараттары сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы мемлекеттік нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес орталықтандырылған сумен жабдықтау, суды бұру, жылу, желдету және ауа баптау жүйелерімен қамтамасыз етіледі және жабдықталады.";

      20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "20. ПКӨ өндіру бойынша объектіде "Адамға әсер ететін физикалық факторлардың гигиеналық нормативтерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 16 ақпандағы № ҚР ДСМ-15 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26831 тіркелді) талаптарына және сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы мемлекеттік нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес табиғи және жасанды жарықтандыру көзделеді.";

      25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "25. ПКӨ өндіру объектілерінің қызметі Кодекстің 20, 36, 46-баптарына, "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабына сәйкес осы Санитариялық қағидалар сақталған кезде жүзеге асырылады.".

      7. "Өндірістік мақсаттағы ғимараттарға және құрылыстарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 3 тамыздағы № ҚР ДСМ-72 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23852 тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Өндірістік мақсаттағы ғимараттарға және құрылыстарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларында:

      4-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Объектілер Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңнамасы мен осы Санитариялық қағидалардың талаптарына сәйкес жобаланады.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Жаңа объектілерді тұрғызуды және (немесе) қолданыстағы объектілерді өзгертуді (кеңейтуді, жаңғыртуды, техникалық қайта жарақтандыруды, реконструкциялауды, реставрациялауды, күрделі жөндеуді) қоса алғанда, құрылысқа арналған жобалау-сметалық құжаттаманың құрамы Қазақстан Республикасы Құрылыс Кодексінің 24-бабының 63) тармақшасына сәйкес сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган бекіткен сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы мемлекеттік нормативтік құжаттардың (бұдан әрі – сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы мемлекеттік нормативтік құжаттар) талаптарына сәйкес айқындалады.";

      227-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "227. Сырқаттанушылықтың тұрақты өсуі кезінде Кодекстің 38 және 104-баптарына сәйкес шығарылған Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің немесе тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің (көліктегі) бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысымен коммуналдық мақсаттағы (кәсіпкерлік) объектілердің қызметіне шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізіледі және орындалуға жатады.".

      8. "Тамақ өнімдерінің көтерме және бөлшек сауда объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 4 тамыздағы № ҚР ДСМ-73 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23856 тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Тамақ өнімдерінің көтерме және бөлшек сауда объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларында:

      3-тармақта:

      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) өнеркәсіпте дайындалмаған (үйде дайындалған) тамақ өнімдері – жеке тұлғалар үй жағдайларында және (немесе) жеке қосалқы шаруашылықтарында немесе бау, бақша өсірумен, мал шаруашылығымен және өзге де қызмет түрлерімен айналысатын жеке тұлғалар алған тамақ өнімі;";

      екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы Санитариялық қағидаларда осы тарауда арнайы анықталмаған терминдер "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі (бұдан әрі – Кодекс), Кеден одағы комиссиясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 880 шешімімен бекітілген "Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының техникалық регламентінде (бұдан әрі – 021/2011 КО ТР) және тамақ өніміне қолданылатын техникалық регламенттерде, "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі – Заң), "Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 тіркелді) белгіленген мағыналарда пайдаланылады.".

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Объектіні салу үшін жер учаскесін таңдау, жаңасын жобалау, салу, қолданыстағы объектілерді реконструкциялау, қайта жабдықтау, қайта жоспарлау және кеңейту, жөндеу және пайдалануға беру Қазақстан Республикасы Құрылыс Кодексінің 24-бабының 63) тармақшасына сәйкес сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган бекіткен сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы мемлекеттік нормативтік құжаттардың (бұдан әрі – сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы мемлекеттік нормативтік құжаттар) талаптарына сәйкес айқындалады, Кодекстің 46-бабына, Ереженің 15-тармағының 113) тармақшасына сәйкес бекітілетін санитариялық қағидаларға, гигиеналық нормативтерге (бұдан әрі – нормалау құжаттары) және осы Санитариялық қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.";

      8-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Объектілер үй-жайларының жиынтығы, құрамы мен ауданы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы мемлекеттік нормативтік құжаттар мен осы Санитариялық қағидалардың талаптарына сәйкес объектілердің түрлерін, типтерін, санатын, мамандануын, қуатын, тамақ өнімдерінің ассортиментін, жұмыс істейтіндердің санын, сауда қызметін көрсетудің қалыптастырылатын жүйесін ескере отырып көзделеді.";

      9-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Объектілерді реконструкциялау, қайта жабдықтау, қайта бейіндеу, қайта жоспарлау және кеңейту кезінде тұрғын ғимараттарда орналасқан кіріктірілген, кіріктіріліп-жапсарлас және жапсарлас салынған объектілердің жоспарлау шешімдері объектілердің түріне, санатына, мамандануына және қуатына, олардың технологиясына сәйкес сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы мемлекеттік нормативтік құжаттармен және осы Санитариялық қағидалармен айқындалады.";

      12-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Заманауи форматтағы сауда объектілерінде (сауда-ойын-сауық орталықтарында, сауда орталықтарында және өзге де сауда объектілерінде) фуд-корттарды, фуд-кортқа келушілер мен олардың персоналына арналған санитариялық тораптарды орналастыру және жобалау қоғамдық ғимараттарға, қоғамдық тамақтану және сауда объектілеріне арналған сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы мемлекеттік нормативтік құжаттардың, "Қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 17 ақпандағы № ҚР ДСМ-16 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26866 тіркелді) және осы Санитариялық қағидалардың талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.";

      16-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Стационарлық объектілер нормалау құжаттарына және сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы мемлекеттік нормативтік құжаттарға сәйкес орталықтандырылған салқын және ыстық сумен жабдықтау, суды бұру жүйелерімен жабдықталады. Көліктік қаптамадағы тез бұзылмайтын тамақ өнімдерінің көтерме сақтау және көтерме өткізу объектілеріндегі қойма үй-жайларында олардың болмауына жол беріледі.";

      23-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Келушілерге арналған қоғамдық санитариялық тораптар (дәретханалар) объектілерде сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы мемлекеттік нормативтік құжаттардың және нормалау құжаттарының талаптарына сәйкес объектінің түрі мен санатын ескере отырып көзделеді. Қоғамдық санитариялық тораптардың (дәретханалардың) үй-жайларына кіретін орын тамақ өнімдерін босатуға және өткізуге арналған сауда сөрелерімен көрші орналастырылмайды. Қоғамдық санитариялық тораптарды (дәретханаларды) әр қабатқа орналастыруға жол беріледі.";

      24-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "24. Объектілерді табиғи және жасанды жарықтандыру сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы мемлекеттік нормативтік құжаттардың, жасанды және табиғи жарықтандыруға қойылатын нормалау құжаттарының талаптарына сәйкес белгіленеді.";

      27-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "27. Объектілердің үй-жайларында нормалау құжаттарының және сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы мемлекеттік нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес келетін жылумен жабдықтау, желдету және (немесе) ауаны баптау жүйелері көзделеді.";

      103-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "103. Объекті жұмыскерлерін санитариялық-тұрмыстық қамтамасыз ету сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы мемлекеттік нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес объектінің түріне, типіне, санатына, мамандануына және жұмыс істейтіндер санына сәйкес жүзеге асырылады.";

      көрсетілген Санитариялық қағидаларға 1-қосымшада:

      ескертпенің 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Заманауи форматтағы сауда объектілерінің (сауда-ойын-сауық орталықтарының, сауда орталықтары және өзге де сауда объектілерінің) құрамында орналасқан, сауда ауданы 50 және одан аз м2 болатын объектілер үй-жайларының жиынтығы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы мемлекеттік нормативтік құжаттарға және осы Санитариялық қағидаларға сәйкес көзделеді.".

      9. "Адамға әсер ететін физикалық факторлар көздерімен жұмыс істеу жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 6 тамыздағы № ҚР ДСМ-79 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23897 тіркелді) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Адамға әсер ететін физикалық факторлар көздерімен жұмыс істеу жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларында:

      25-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) санитариялық-эпидемиологиялық бақылау мен қадағалауды жүргізу кезінде;".

      10. "Көлік құралдарына және жолаушыларға қызмет көрсету жөніндегі объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 23 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-98 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24530 тіркелді) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Көлік құралдарына және жолаушыларға қызмет көрсету жөніндегі объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларында:

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Көлік объектілерін салу үшін жер учаскесін таңдау, жаңаларын жобалау кезінде Қазақстан Республикасы Құрылыс Кодексінің 1-бабы 44) тармақшасында және 84-бабының ережелерінде көрсетілген қоныстану аумақтарының және рекреациялық аймақтардың ық жағынан көзделеді.".

      11. "Алкоголь өнімдерін, алкогольсіз өнімдерді және ыдыстарға құйылған ауыз суды өндіру объектілеріне, алкоголь өнімдерін, алкогольсіз өнімдерді және ыдыстарға құйылған ауыз суды өндіру және сақтау шарттарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 23 қарашадағы № ҚР ДСМ-123 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25366 тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Алкоголь өнімдерін, алкогольсіз өнімдерді және ыдыстарға құйылған ауыз суды өндіру объектілеріне, алкоголь өнімдерін, алкогольсіз өнімдерді және ыдыстарға құйылған ауыз суды өндіру және сақтау шарттарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларында:

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Объектілерді салуға жер учаскесін таңдау, жаңаларын жобалау, салу, жұмыс істеп тұрған объектілерді реконструкциялау, қайта жабдықтау, қайта жоспарлау және кеңейту, объектілерді жөндеу, пайдалануға беру және қайта бейіндеу Қазақстан Республикасы Құрылыс Кодексінің 24-бабының 63) тармақшасына сәйкес сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган бекіткен сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы мемлекеттік нормативтік құжаттардың (бұдан әрі – сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы мемлекеттік нормативтік құжаттар) талаптарына сәйкес айқындалады, Кодекстің 46-бабына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі № ҚР ДСМ-36 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22673 тіркелді) бекітілген "Тамақ өнімдерін өндіру жөніндегі объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларына (бұдан әрі – № ҚР ДСМ-36 бұйрық), осы Санитариялық қағидаларға, Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттеріне және өнімдерге (тауарларға) арналған бірыңғай санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптарға (бұдан әрі – нормалау құжаттары) сәйкес жүзеге асырылады.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Объектілердің үй-жайларына, ғимараттары мен құрылысжайларына ағымдық және күрделі жөндеу жүргізу технологиялық процестердің, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы мемлекеттік нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес өндірістік бақылау шеңберінде шаруашылық жүргізуші субъект белгілейтін кезеңділікпен жүзеге асырылады.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Үй-жайлардағы жұмыс орындарындағы, жабдық жанындағы физикалық факторлардың рұқсат етілетін деңгейлері (микроклимат, жарықтандыру, шу, діріл, инфра- және ултрадыбыс, иондаушы және иондаушы емес сәулелену), жұмыс аймағының ауасындағы зиянды заттардың, елді мекендердің атмосфералық ауасында, қоршаған ортада (топырақта) ластаушы заттардың болуы Кодекстің 94-бабының 4-тармағына сәйкес бекітілетін Адамға әсер ететін физикалық факторларға және қалалық және ауылдық елді мекендердегі атмосфералық ауаға, радиациялық қауіпсіздікті, қоршаған ортаның (топырақтың) қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қойылатын гигиеналық нормативтерге және нормалау құжаттарына сәйкес қамтамасыз етіледі.";

      12-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Объектілер сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы мемлекеттік нормативтік құжаттардың, 021/2011 КО ТР техникалық регламентінің, № ҚР ДСМ-36 бұйрығының және нормалау құжаттарының талаптарына сәйкес, өнім өндірудің технологиялық процестеріне, шикізатты, тамақ өнімдерін, қосалқы материалдарды сақтау шарттарына сәйкес сумен жабдықтаумен, суды бұрумен, жылумен жабдықтаумен, жарықтандырумен, желдетумен және ауаны баптаумен қамтамасыз етіледі.".

      12. "Адамның өмір сүру ортасы мен денсаулығына әсер ету объектілері болып табылатын объектілердің санитариялық-қорғаныш аймақтарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 11 қаңтардағы № ҚР ДСМ-2 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26447 тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      "Адамның өмір сүру ортасы мен денсаулығына әсер ету объектілері болып табылатын объектілердің санитариялық-қорғаныш аймақтарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларында:

      29-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "29. Қауіптіліктің I және II сыныптарындағы жұмыс істеп тұрған объектілер, осы Санитариялық қағидаларға 1-қосымшаға енгізілмеген, оның ішінде елде және шет елдерде аналогтары жоқ, жаңа, жеткілікті зерделенбеген технологиялары бар объектілер үшін СҚА-ны тиісті аумақтар мен көліктегі (астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың) Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлері немесе олардың орынбасарлары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшелерінің лауазымды адамдары (бұдан әрі – халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын лауазымды адамдар) белгілейді.";

      30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "30. Қауіптіліктің I, II, III, IV және V сыныптарындағы қолданыстағы объектілер үшін СҚА мөлшерін өзгертуді тиісті аумақтардағы және көліктегі (астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың) Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлері немесе олардың орынбасарлары, сондай-ақ халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын лауазымды адамдар жүзеге асырады.";

      көрсетілген Санитариялық қағидаларға 1-қосымшада:

      10-бөлімнің 44-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "44. V сынып – СҚА 50 м:

      1) жемістер, көкөністер, картоп, тұқым, жидектер сақтау орындары мен қоймалары;

      2) материалдық қоймалар;

      3) құс шаруашылығы кәсіпорындарының инкубаториялары.".

      13. "Адамға әсер ететін физикалық факторлардың гигиеналық нормативтерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 16 ақпандағы № ҚР ДСМ-15 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26831 тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрыққа 2-қосымшада:

      1-кестеде:

      реттік нөмірі 3-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

3. Жиі алынатын нұсқаулармен және акустикалық сигналдармен орындалатын жұмыс, естуді тұрақты бақылауды талап ететін жұмыс, нұсқаулықпен нақты кесте бойынша операторлық жұмыс, диспетчерлік жұмыс:
диспетчерлік қызмет үй-жайларындағы, бақылау кабинеттеріндегі және үй-жайларындағы және телефон бойынша сөйлеу байланысы бар қашықтықтан басқару, машина жазу бюроларының, дәл құрастыру учаскелеріндегі, телефон станцияларындағы, мастерлер үй-жайларындағы, есептеу машиналарындағы ақпаратты өңдеу залдарындағы жұмыс орындары

96

83

74

68

63

60

57

55

54

65

      ";

      2-кестеде:

      реттік нөмірі 2-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

2. Диспетчерлік қызметтердің жұмыс үй-жайлары, бақылау және телефон арқылы сөйлеу байланысы бар қашықтықтан басқару кабиналары, дәл құрастыру учаскелері, телефон станциялары

-

96

83

74

68

63

60

57

55

54

65

75

      ".

      14. "Қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 17 ақпандағы № ҚР ДСМ-16 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26866 тіркелді) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларында:

      3-тармақтың 29) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "29) өнеркәсіпте дайындалмаған тамақ өнімдері – жеке тұлғалар үй жағдайларында және (немесе) жеке қосалқы шаруашылықтарында немесе бау, бақша өсірумен, мал шаруашылығымен және өзге де қызмет түрлерімен айналысатын жеке тұлғалар алған тамақ өнімі;".

      15. "Паразиттік аурулардың алдын алу жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 16 мамырдағы № ҚР ДСМ-44 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28086 тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Паразиттік аурулардың алдын алу жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларында:

      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Эхинококкозбен, альвеококкозбен ауыратын науқастарды және серопозитивті адамдарды серпінді бақылаумен қамту мониторингін астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органының маманы жүзеге асырады.";

      41-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "41. Астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарының басшылары безгекке қарсы препараттардың азайтылмайтын қорының болуын қамтамасыз етеді.";

      66-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "66. Аумақтық бөлімше және астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органы эндемиялық аумақта:";

      76-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "76. Астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарының басшылары лейшманиоздарға қарсы дәрілік заттардың азайтылмайтын қорының болуын қамтамасыз етеді.".

      16. "Әкімшілік және тұрғын ғимараттарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 16 маусымдағы № ҚР ДСМ-52 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28525 тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Әкімшілік және тұрғын ғимараттарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларында:

      3-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Әкімшілік және (немесе) тұрғын ғимараттарды (жатақханаларды) салу үшін жер учаскесін таңдау, жаңаларын жобалау, салу, қолданыстағыларын реконструкциялау, қайта жабдықтау, қайта жоспарлау және кеңейту, жөндеу және пайдалануға беру, күтіп-ұстау және пайдалану Ереженің 15-тармағының 113) тармақшасына сәйкес бекітілетін санитариялық қағидалардың және гигиеналық нормативтердің (бұдан әрі – нормалау құжаттары) талаптарына және Қазақстан Республикасы Құрылыс Кодексінің 24-бабының 63) тармақшасына сәйкес сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган бекіткен сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы мемлекеттік нормативтік құжаттардың (бұдан әрі – сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы мемлекеттік нормативтік құжаттар) талаптарына сәйкес айқындалады.";

      10-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Әкімшілік ғимараттардағы және (немесе) жатақханалардағы санитариялық тораптарға, оның ішінде халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарына арналған санитариялық тораптарға қойылатын талаптар сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы мемлекеттік нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес көзделеді.";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Әкімшілік және (немесе) тұрғын ғимараттардың (жатақханалардың) қолжетімділігі сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы мемлекеттік нормативтік құжаттардың талаптарын сақтау арқылы қамтамасыз етіледі.";

      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Жобалау кезінде балаларға арналған ойын алаңдары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 11 қаңтардағы № ҚР ДСМ-2 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26447 тіркелді) бекітілген "Адамның өмір сүру ортасы мен денсаулығына әсер ету объектілері болып табылатын объектілердің санитариялық-қорғаныш аймақтарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларының және сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы мемлекеттік нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес магистралды көшелерден, коммуналдық және өнеркәсіптік кәсіпорындардан, гараждардан алшақ жеке тұрған жер учаскелерінде орналастырылады. Ойын алаңдарының аумақтары арқылы қалалық (селолық) мақсаттағы инженерлік коммуникациялар (сумен жабдықтау, суды бұру, жылумен жабдықтау, электрмен жабдықтау, газбен жабдықтау) өткізілмейді.";

      45-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "45. Әкімшілік және (немесе) тұрғын ғимараттарда (жатақханаларда) желдету және ауаны баптау жүйелері көзделеді. Әкімшілік және (немесе) тұрғын ғимараттарда (жатақханаларда) желдету және ауаны баптау жүйелерін жобалау нормалау құжаттарының және сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы мемлекеттік нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.";

      47-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "47. Тұрғын ғимараттардың (жатақханалардың) үй-жайларында ауа алмасу жиілігі № ҚР ДСМ-15 бұйрығына және сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы мемлекеттік нормативтік құжаттарға сәйкес келеді."

      17. "Коммуналдық мақсаттағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 26 шiлдедегi № ҚР ДСМ-67 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28925 тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Коммуналдық мақсаттағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларында:

      23-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "1 жұлдызды – 2 жұлдызды санаттағы сыйымдылығы 30 орынға дейінгі қонақүйлер үшін Қазақстан Республикасы Құрылыс кодексінің 24-бабының 63) тармақшасына сәйкес сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган бекіткен сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы мемлекеттік нормативтік құжаттардың (бұдан әрі – сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы мемлекеттік нормативтік құжаттар) талаптарына сәйкес басқа кәсіпорындармен және мекемелермен біріктірілген кіреберістер мен коммуникациялар көзделеді.";

      25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "25. Қонақүй бөлмелерінде сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы мемлекеттік нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес санитариялық тораптар, гардеробтар көзделеді.";

      28-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "1 жұлдызды – 2 жұлдызды санаттағы қонақүйлердің және хостелдердің тұрғын қабаттарында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы мемлекеттік нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес тұрғын үй-жайлар шудан қорғалған жағдайда қоғамдық мақсаттағы үй-жайларды (барлар, кафелер, буфеттер, телевизиялық қонақ бөлмелері, іскерлік кездесу бөлмелері, балалар бөлмелері және осыған ұқсас қоғамдық мақсаттағы үй-жайлар) орналастыруға жол беріледі.".

      18. "Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын гигиеналық нормативтерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 2 тамыздағы № ҚР ДСМ-71 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29012 тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын гигиеналық нормативтерде:

      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Жылына 100 мЗв-ге дейін тиімді дозада және осы нормативтердің 10-тармағының 1) тармақшасында келтірілген екі еселік және одан кем мәндер эквиваленттік дозаларында жоспарланатын жоғары сәулелену халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның (астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың) аумақтық бөлімшесімен келісіледі, жылына 200 мЗв-ке дейін тиімді дозада және эквивалентті дозаның төрт еселік мәнінде сәулелену халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен келісіледі.";

      көрсетілген бұйрыққа 2-қосымшаның 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Жеке тұлғалардың сәулелену көздерін пайдалану, медициналық рентген-радиологиялық емшаралар жүргізу кезінде, сондай-ақ табиғи радиациялық және техногендік өзгертілген радиациялық аяға байланысты алған жеке сәулелену дозаларын бақылау және есепке алу Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 259 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10943 тіркелді) бекітілген Иондаушы сәулелендiру көздерiмен жұмыс iстеу, медициналық рентген-радиологиялық процедуралар жүргiзу кезiнде, сондай-ақ табиғи және техногендік радиациялық аяға байланысты азаматтар алған жеке сәуле мөлшерлерiн бақылау және eceпке алу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.".

      19. "Балалардың сауықтыру және санаторий объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 10 тамыздағы № ҚР ДСМ-78 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29092 тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Балалардың сауықтыру және санаторий объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларында:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Объектілердің құрылысына жер учаскесін таңдау, жобалау, жаңасын салу, жұмыс істеп тұрған объектілерді реконструкциялау, қайта жабдықтау, қайта жоспарлау және кеңейту, қайта бейіндеу және пайдалануға беру Қазақстан Республикасы Құрылыс Кодексінің 24-бабының 63) тармақшасына сәйкес сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган бекіткен сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы мемлекеттік нормативтік құжаттардың (бұдан әрі – сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы мемлекеттік нормативтік құжаттар) талаптарына сәйкес айқындалады, "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 46-бабына, Ереженің 15-тармағының 113) тармақшасына сәйкес бекітілетін санитариялық қағидаларға, гигиеналық нормативтерге (бұдан әрі – нормалау құжаттары) және осы Санитариялық қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Объектілерді жобалау, жұмыс істеп тұрғандарын реконструкциялау, қайта жабдықтау, қайта жоспарлау және кеңейту, қайта бейіндеу кезінде объектінің типіне, қуатына (сыйымдылығына), жұмыс режиміне, мамандануына, қызмет көрсетілетін халық контингенттерінің ерекшелігіне байланысты үй-жайлардың құрамы, жиынтығы, ауданы және олардың құрылғысы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы мемлекеттік нормативтік құжаттардың талаптарына, осы тараудың 7-13-тармақтарына және осы Санитариялық қағидалардың 3-тарауының талаптарына сәйкес айқындалады.

      Ғимараттар мен құрылыстарды БСО ретінде уақытша пайдалану (жалға алу) кезінде үй-жайлардың құрамы, жиынтығы, ауданы бойынша осы Санитариялық қағидалардың және сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы мемлекеттік нормативтік құжаттардың талаптары сақталады.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Санаторийлерде бальнеологиялық емшараларды (су емшаралары) жүргізу үшін сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы мемлекеттік нормативтік құжаттардың, "Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 11 тамыздағы № ҚР ДСМ-96/2020 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21080 тіркелді) және осы Санитариялық қағидалардың талаптарына сәйкес дербес бальнеотехникалық құрылғылары бар жеке үй-жайлар жабдықталады.

      Емшара кабинеттерінде әрбір кушетка (кресло) жеке кабиналарда орнатылады. Бір емшара кабинетіндегі кушеткалардың (креслолардың) саны сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы мемлекеттік нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес объектінің ерекшелігіне, оның жұмыс режиміне, емшаралардың мамандануына байланысты емшара кабинетінің ауданы және бір ауысымда бір кушеткада жүзеге асырылатын емшаралардың есепті саны ескеріле отырып айқындалады.";

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Объектілерде "Су көздеріне, шаруашылық-ауыз су мақсаты үшін су жинау орындарына, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға және суды мәдени-тұрмыстық пайдалану орындарына және су объектілерінің қауіпсіздігіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 20 ақпандағы № 26 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31934 тіркелді) (бұдан әрі - № 26 санитариялық қағидалар) сәйкес сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы мемлекеттік нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес келетін орталықтандырылған шаруашылық-ауыз су, ыстық сумен жабдықтау, суды бұру, жылумен жабдықтау көзделеді.";

      26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "26. Объектілерде сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы мемлекеттік нормативтік құжаттардың және нормалау құжаттарының талаптарына сәйкес табиғи және жасанды жарықтандыру көзделеді.";

      31-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "31. Объектілердің үй-жайларында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы мемлекеттік нормативтік құжаттардың және нормалау құжаттарының талаптарына сәйкес табиғи және механикалық желдету және (немесе) ауаны баптау жүйелері көзделеді.";

      35-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "35. Объектілердегі жөндеу сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы мемлекеттік нормативтік құжаттардың, нормалау құжаттарының талаптарына және осы Санитариялық қағидалардың 2 және 3-тарауларына сәйкес жүзеге асырылады.";

      115-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "115. Персоналды санитариялық-тұрмыстық қамтамасыз ету сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы мемлекеттік нормативтік құжаттардың, нормалау құжаттарының талаптарына сәйкес объектінің типіне, мамандануына және персонал санына сәйкес жүзеге асырылады.".

      20. "Патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 28 қазандағы № ҚР ДСМ-121 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30393 тіркелді) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрыққа қосымша осы Тізбеге қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      21. "Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында тергеп-тексерулер жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2024 жылғы 29 тамыздағы № 69 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № № 34998 тіркелді) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында тергеп-тексерулер жүргізу қағидаларында:

      44-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) эпидемиологиялық маусымда ауырған кезінен бастап диагноз қойылғанға дейінгі кезеңде науқастың Қазақстан Республикасының және астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, ауданның аумағындағы қозғалысы;".

      22. "Су объектілерін халықты ауызсумен қамтамасыз ету көздеріне жатқызу қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 30 шiлдедегi № 73 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № № 36542 тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Су объектілерін халықты ауызсумен қамтамасыз ету көздеріне жатқызу қағидаларында:

      2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) санитариялық қорғау аймағы (бұдан әрі – СҚА) – астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары белгілеген, ауызсумен жабдықтау, халықтың емдік, курорттық және өзге де сауықтыру қажеттіліктері үшін пайдаланылатын суды қорғау мақсатында олардың жай-күйін күзетудің және бақылаудың арнайы режимі сақталатын ауызсумен жабдықтау көздерінің (жерүсті немесе жерасты) айналасындағы аумақ;";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. СҚА жобасы, эпидемиологиялық мәні жоғары объектінің санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы негізінде астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары Қазақстан Республикасының Су кодексіне және осы Қағидаларға сәйкес су объектілерін халықты ауызсумен қамтамасыз ету көздеріне жатқызады.".

      Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесіне қосымша

      Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 28 қазандағы № ҚР ДСМ-121 бұйрығына қосымша

      Патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптары

р/с №

Біліктілік талаптары мыналардың болуын қамтиды

Біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар

Ескертпе

1

2

3

4

Патогендігі I және (немесе) II топтардағы патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптары

1

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы мемлекеттік нормативтік құжаттардың талаптарына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 11 тамыздағы № ҚР ДСМ -96/2020 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21080 тіркелді) "Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларының (бұдан әрі – № ҚР ДСМ-96/2020 бұйрығы)*, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 2 қарашадағы № ҚР ДСМ-125 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30388 болып тіркелді) Биологиялық қорғауды қамтамасыз ету қағидаларының (бұдан әрі – № ҚР ДСМ-125 бұйрығы) талаптарына сәйкес келетін меншік құқығындағы немесе (жылжымайтын объекті жағдайында құқықтық кадастрда мемлекеттік тіркелген) кемінде бір жыл мерзімге жалға алу шартының немесе жылжымайтын мүлікті өтеусіз пайдалану (несиенің) немесе мүлікті сенімгерлік басқару шартының немесе мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шартының негізінде үй-жайдың немесе ғимараттың немесе мобильді объектінің болуы

Осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер

Көрсетілетін қызметті беруші меншік құқығын растайтын құжаттар туралы мәліметтерді "Е – лицензиялау" мемлекеттік деректер қорымен (бұдан әрі – "Е – лицензиялау" МДҚ) интеграцияланған "Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры" цифрлық жүйесінен (бұдан әрі – ЖМБМК ЦЖ) алады.
Көрсетілетін қызметті беруші объектінің № ҚР ДСМ-96/2020 бұйрығына және № ҚР ДСМ-125 бұйрығына сәйкестігі туралы мәліметтерді санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының көшірмесін ұсынатын 2016 жылға дейін алынған санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Цифрлық үкіметінің цифрлық порталынан (бұдан әрі - Egov) (2016 жылдан бастап мәліметтер) алады

2

№ ҚР ДСМ-96/2020* бұйрығына, № ҚР ДСМ-125 бұйрығына сәйкес жұмыс істеп тұрған зертханалық жабдық пен жиһаз, сондай-ақ мүкәммал, көлік құралдары

Осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер


3

Жеке қорғаныш құралдары

Осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер


4

№ ҚР ДСМ-125 бұйрығына сәйкес зерттеулердің орындалатын номенклатурасына сәйкес зертханалардың жарақтандырылуы

Осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер


5

Таза және жұқпалы ағындардың қиылысуын болдырмауды көздейтін биологиялық материалдың ағынын сақтау

Осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер


6

Штатта "Денсаулық сақтау" даярлық бағыты бойынша жоғары білімі, "Зертханалық диагностика" немесе "Гигиена және эпидемиология" немесе "Мейіргер ісі" немесе "Емдеу ісі" немесе "Акушерлік іс" мамандықтары бойынша техникалық, кәсіптік, орта білімнен кейінгі медициналық білімі немесе "Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика" (биологиялық, химиялық, химиялық-биологиялық) немесе "Ветеринариялық медицина" немесе "Ветеринариялық санитария" даярлық бағыты бойынша жоғары білімі, "Ветеринария" мамандығы бойынша техникалық, кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімі және (немесе) ғылыми дәрежесі бар,– Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 13 ақпандағы № 34 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31902 тіркелді) Аккредиттеу органдарын, оның ішінде шетелдік аккредиттеу органдарын тану талаптары мен қағидаларына (бұдан әрі - Аккредиттеу органдарын тану талаптары мен қағидалары) сәйкес қалыптастырылатын, танылған аккредиттеу органдарының тізіліміне енгізілген аккредиттеу органдарында институционалдық аккредиттеуден өткен ұйым берген патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеу мәселелері бойынша сертификаттау курсы (қайта даярлау) туралы куәліктің және (немесе) біліктілікті арттыру туралы құжаттың (сертификат, куәлік) электрондық көшірмесі бар патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыратын маманның (мамандардың) болуы

Осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер

Жоғары немесе орта медициналық білім туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші 2015 жылға дейін аяқтаған адамдарды, сондай-ақ білім туралы құжаттың көшірмесін ұсынатын, Қазақстан Республикасының аумағы шегінен тыс аяқтаған адамдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғарғы білім министрлігінің цифрлық жүйесінен (2015 жылдан бастапқы мәліметтер) алады.
Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде білім алған мамандар Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 12 маусымдағы № 268 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32800 тіркелді) Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы құжаттарды тану қағидаларына және Қазақстан Республикасы Оқу ағарту министрінің 2023 жылғы 28 шілдедегі № 230 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33219 болып тіркелді) Қазақстан Республикасының аумағында танылатын орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы құжаттарды тану қағидаларына (бұдан әрі – Тану қағидалары) сәйкес басқа мемлекеттерде және халықаралық немесе шетелдік оқу орындарында (олардың филиалдарында) білім алғаны туралы туралы құжаттарды тану және (немесе) нострификациялау туралы құжатты ұсынады.
Сертификаттау курстарынан (қайта даярлаудан) өту, біліктілікті арттыру туралы мәліметтер Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 9 қарашадағы № ҚР ДСМ-132 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30486 болып тіркелді) Биологиялық қауіпсіздік саласындағы кадрларды кәсіптік даярлаудың, қайта даярлаудың және олардың біліктілігін арттырудың үлгілік бағдарламасына (2022 жылғы желтоқсаннан бастап), Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 25 қаңтардағы № 29 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31789 тіркелді) Биологиялық қауіпсіздік саласындағы кадрларды кәсіптік даярлаудың, қайта даярлаудың және олардың біліктілігін арттырудың үлгілік бағдарламаларына (бұдан әрі – ТжКБ) (2023 жылғы ақпаннан бастап) сәйкес ұсынылады

7

Штатта көмекші персоналдың болуы:
1) патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеу кезінде биологиялық қауіпсіздік жөніндегі жыл сайынғы нұсқамадан өткен жүргізушілер, санитарлар, жануарларды бекітетін жұмысшылар;
2) далалық жағдайларда биологиялық материалды іріктеу (жинау) және далалық жағдайларда дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау жөніндегі міндеттерді орындау кезінде Аккредиттеу органдарын тану талаптары мен қағидаларына сәйкес қалыптастырылатын, танылған аккредиттеу органдарының тізіліміне енгізілген аккредиттеу органдарында институционалдық аккредиттеуден өткен ұйым берген "Дезинфекциялау ісі", "Далалық қауіпсіздік" пәндерін қоса отырып, патогендігі I-II топтардағы патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеу кезіндегі биологиялық қауіпсіздік бойынша сертификаттау (қайта даярлау) курсы туралы куәліктің және/немесе денсаулық сақтау саласында дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау жөніндегі біліктілікті арттыру туралы құжаты (сертификат, куәлік) бар нұсқаушы-дезинфектордың болуы

Осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер

Сертификаттау курстарынан (қайта даярлаудан) өту, біліктілігін арттыру туралы мәліметтер ТжКБ-ге сәйкес ұсынылады

Патогендігі III және (немесе) IV топтардағы патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптары

1

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы мемлекеттік нормативтік құжаттардың талаптарына, № ҚР ДСМ -96/2020* бұйрығының, № ҚР ДСМ-125 бұйрығының талаптарына сәйкес келетін меншік құқығындағы немесе (жылжымайтын объекті жағдайында құқықтық кадастрда мемлекеттік тіркелген) кемінде бір жыл мерзімге жалға алу шартының немесе жылжымайтын мүлікті өтеусіз пайдалану (несиенің) немесе мүлікті сенімгерлік басқару шартының немесе мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шартының негізінде үй-жайдың немесе ғимараттың немесе мобильді объектінің болуы

Осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер

Көрсетілетін қызметті беруші меншік құқығын растайтын құжаттар туралы мәліметтерді "Е-Лицензиялау" МДҚ-мен интеграцияланған ЖМБМК ЦЖ-нен алады. Объектінің көрсетілген объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды белгілейтін санитариялық қағидаларға сәйкестігі туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші Egov-тан алады

2

№ ҚР ДСМ-96/2020* бұйрығына, № ҚР ДСМ-125 бұйрығына сәйкес жұмыс істеп тұрған зертханалық жабдықтар мен жиһаз, сондай-ақ мүкәммал, көлік құралдары

Осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер


3

Жеке қорғаныш құралдары

Осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер


4

№ ҚР ДСМ-125 бұйрығына сәйкес зерттеулердің орындалатын номенклатурасына сәйкес зертханалардың жарақтандырылуы

Осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер


5

Таза және жұқпалы ағындардың қиылысуын болдырмауды көздейтін биологиялық материалдың ағынын сақтау

Осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес нысан бойынша біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер


6

Штатта "Денсаулық сақтау" даярлық бағыты бойынша жоғары білімі, "Зертханалық диагностика" немесе "Гигиена және эпидемиология" немесе "Мейіргер ісі" немесе "Емдеу ісі" немесе "Акушерлік іс" мамандықтары бойынша техникалық, кәсіптік, орта білімнен кейінгі медициналық білімі немесе "Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика" (биологиялық, химиялық, химиялық-биологиялық) немесе "Ветеринариялық медицина" немесе "Ветеринариялық санитария" даярлық бағыты бойынша жоғары білімі, "Ветеринария" мамандығы бойынша техникалық, кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімі және (немесе) ғылыми дәрежесі бар, Аккредиттеу органдарын тану талаптары мен қағидаларына сәйкес қалыптастырылатын, танылған аккредиттеу органдарының тізіліміне енгізілген аккредиттеу органдарында институционалдық аккредиттеуден өткен ұйым берген (соңғы бес жылдағы) биологиялық қауіпсіздік саласындағы біліктілікті арттыру (сертификат, куәлік) туралы құжаты бар патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыратын маманның (мамандардың) болуы

Осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер

Жоғары немесе орта медициналық білім туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші 2015 жылға дейін аяқтаған адамдарды, сондай-ақ білім туралы құжаттың көшірмесін ұсынатын, Қазақстан Республикасының аумағы шегінен тыс аяқтаған адамдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғарғы білім министрлігінің цифрлық жүйесінен (мәліметтер 2015 жылдан бастап) алады.
Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде білім алған мамандар Тану қағидаларына сәйкес басқа мемлекеттерде және халықаралық немесе шетелдік оқу орындарында (олардың филиалдарында) білім алғаны туралы құжаттарды тану және (немесе) нострификациялау туралы құжатты ұсынады.
Сертификаттау курстарынан (қайта даярлаудан) өту, біліктілікті арттыру туралы мәліметтер ТжКБ-ға сәйкес ұсынылады

7

Штатта көмекші персоналдың, оның ішінде патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеу кезінде биологиялық қауіпсіздік бойынша жыл сайынғы нұсқамадан өткен санитарлардың болуы

Осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер


      * Ескертпе: денсаулық сақтау ұйымының микробиологиялық зертханалары үшін

      Патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптарына қосымша

      Зерттеулердің мәлімделген номенклатурасына байланысты патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестік туралы мәліметтер

      1. Зерттеулердің мәлімделген номенклатурасы және олармен жұмыс істеу жоспарланып отырған патогенді биологиялық агенттер _________________________________

      2. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы мемлекеттік нормативтік құжаттардың талаптарына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 11 тамыздағы № ҚР ДСМ -96/2020 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21080 болып тіркелген) "Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларының (бұдан әрі – № ҚР ДСМ-96/2020 бұйрығы)*, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 2 қарашадағы № ҚР ДСМ-125 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30388 тіркелді) Биологиялық қорғауды қамтамасыз ету қағидаларының (бұдан әрі – № ҚР ДСМ-125 бұйрығы) талаптарына сәйкес келетін меншік құқығындағы немесе (жылжымайтын объекті жағдайында құқықтық кадастрда мемлекеттік тіркелген) кемінде бір жыл мерзімге жалға алу шартының немесе жылжымайтын мүлікті өтеусіз пайдалану (несиенің) немесе мүлікті сенімгерлік басқару шартының немесе мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шартының негізінде үй-жайдың немесе ғимараттың немесе мобильді объектінің болуы:

      1) Кадастрлық нөмірі/ көлік құралын тіркеу туралы куәліктің нөмірі ________________

      2) Орналасқан жері _________________________________________________________

      3) Жалдау туралы шарттың нөмірі мен күні _____________________________________

      4) Жалға беруші ____________________________________________________________

      5) Жалға алудың аяқталу мерзімі ______________________________________________

      6) Үй-жайдың (ғимараттың) қабат бойынша жоспары _____________________________

      3. № ҚР ДСМ-96/2020* бұйрығына, № ҚР ДСМ-125 бұйрығына сәйкес жұмыс істеп тұрған зертханалық жабдықтар мен жиһаз, сондай-ақ мүкәммал, көлік құралдары.

      Зертханалық жабдықтардың, жиһаздың, мүкәммалдың, көлік құралдарының тізбесі:

      __________________________________________________________________________

      4. Жеке қорғаныш құралдары

      Түрі мен саны көрсетілген жеке қорғаныш құралдарының тізбесі: _________________

      5. № ҚР ДСМ-125 бұйрығына сәйкес зерттеулердің орындалатын номенклатурасына сәйкес зертханалардың жарақтандырылуы.

      Патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыруға арналған шығыс материалдарының тізімі _______________________________________________________

      6. Таза және жұқпалы ағындардың қиылысуын болдырмауды көздейтін биологиялық материалдың ағынын сақтау ______________________________________________________

      Материалдың қозғалыс (ағыны) схемасын көрсете отырып, үй-жайдың (ғимараттың) қабат немесе мобильді объектінің жоспары ___________________________________________

      _________________________________________________________________________

      7. Штатта патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыратын мамандардың болуы:

№

Аты, тегі, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

Лауазымы

Мамандығы және біліктілігі

Жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы дипломның нөмірі мен күні

Оқу орнының атауы

Дипломды нострификациялау туралы мәліметтер (Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде білім алғандар үшін)

Мамандығы бойынша еңбек өтілі

Патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеу мәселелері бойынша сертификаттау курсы (қайта даярлау) туралы куәліктің және (немесе) біліктілікті арттыру туралы құжаттың (сертификат, куәлік) нөмірі және берілген күні, оқытуды өткізген ұйымның атауы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

      8. Штатта көмекші персоналдың болуы:

№

Аты, тегі, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

Лауазымы

Патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеген кезде биологиялық қауіпсіздік бойынша жыл сайынғы нұсқамадан өткен күні (жүргізушілер және санитарлар бойынша толтырылады)

Денсаулық сақтау саласындағы дезинфекция, дезинсекция, дератизация мәселелері бойынша сертификаттау (қайта даярлау) курсы туралы куәліктің және/немесе біліктілікті арттыру туралы құжаттың (сертификат, куәлік) нөмірі мен берілген күні (далалық жағдайларда жұмыс істейтін нұсқаушы-дезинфекторлар бойынша толтырылады)

Патогендігі I-II топтардағы патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеу кезіндегі биологиялық қауіпсіздік бойынша сертификаттау (қайта даярлау) курсы туралы куәліктің және/немесе біліктілікті арттыру туралы құжаттың (сертификат, куәлік) нөмірі мен берілген күні (далалық жағдайларда жұмыс істейтін нұсқаушы-дезинфекторлар бойынша толтырылады)

1

2

3

4

5

6

      * Ескертпе: денсаулық сақтау ұйымының микробиологиялық зертханалары үшін.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады