Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әкімшілік әділет, норма шығару және заң көмегін ұйымдастыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 2025 жылғы 17 желтоқсандағы № 241-VIII ҚРЗ

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз.

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне:

      1) 187-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "187-бап. Қазақстан Республикасының туристік қызмет туралы заңнамасын бұзу

      1. Туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың туристерге туристік көрсетілетін қызметтер ұсыну қағидаларында көрсетілген, саяхаттың ерекшеліктері, саяхат жасаған кезде тап болуы мүмкін қауіптер туралы мәліметтерді ұсынбауы, уақтылы немесе толық ұсынбауы не туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған алдын алу шараларын жүзеге асырмауы –

      шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – он жеті, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) –

      лицензиядан айыра отырып, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      3. Туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың (туристік операторлық қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды қоспағанда) туристік қызмет көрсетуге арналған жазбаша шарт жасаспай туристік қызметтерді көрсетуі –

      шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – он жеті, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет (әрекетсіздік) –

      шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      5. Туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың (туристік операторлық қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды қоспағанда) мүдделі мемлекеттік органдарға және туристің отбасына саяхат кезінде туристердің төтенше жағдайларға ұшырағаны туралы ақпарат бермеуі немесе уақтылы бермеуі –

      шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      6. Осы баптың бесінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет (әрекетсіздік) –

      шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жетпіс бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.";

      2) 910-1-баптың бірінші бөлігіндегі "187 (бірінші және төртінші бөліктерінде)," деген сөздер алып тасталсын.

      2. 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне:

      1) 226-баптың 5-1-бөлігіндегі "28-1-баптарында" деген сөздер "27-2-баптарында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 228-бап алып тасталсын;

      3) 30-тарау алып тасталсын;

      4) 302-баптың бірінші бөлігінің 13) тармақшасы алып тасталсын;

      5) 44-тарау алып тасталсын;

      6) 465-баптың төртінші бөлігіндегі "жеке" деген сөз "кассациялық" деген сөзбен ауыстырылсын;

      7) 467-бапта:

      бірінші бөліктің 3) тармақшасындағы "туралы істер;" деген сөздер "туралы істер жатады." деген сөздермен ауыстырылып, 4) тармақшасы алып тасталсын;

      екінші бөліктің 6) тармақшасы алып тасталсын.

      3. 2020 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне:

      1) 3-баптың үшінші бөлігінің 4) тармақшасындағы "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппараттарының және соттары кеңселерінің" деген сөздер "сот әкімшілігі саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган мен оның облыстардағы, астанадағы және республикалық маңызы бар қалалардағы аумақтық бөлімшелері аппараттарының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 4-баптың бірінші бөлігінде:

      4) тармақшадағы "жеке-дара айқындалған тұлғалар тобының" деген сөздер "айқындалатын тұлғалардың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      12) тармақша алып тасталсын:

      16) тармақшадағы ", бейнежолданым" деген сөз алып тасталсын;

      37) тармақшада:

      "басқару органдарының," деген сөздерден кейін "мемлекеттік заңды тұлғалардың," деген сөздермен толықтырылсын;

      "мемлекет" деген сөз "жарғылық капиталына мемлекет" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 9-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жолданым дауды реттеудің сотқа дейінгі тәртібі сақталғаннан кейін берілуі мүмкін.";

      4) 17-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "17-бап. Әкімшілік рәсімдер мен әкімшілік сот ісін жүргізудің ақылға қонымды мерзімі

      1. Жекелеген процестік әрекеттерді жүргізуді қоса алғанда, әкімшілік сот ісін жүргізуде, сондай-ақ әкімшілік рәсімдерді жүргізу кезінде ақылға қонымды мерзім қолданылады.

      2. Ақылға қонымды мерзімді айқындау кезінде әкімшілік істің құқықтық және нақты күрделілігі, әкімшілік іске қатысушылардың құқықтарды пайдалану және міндеттерді орындау дәрежесінен көрінетін мінез-құлқы, әкімшілік органның, лауазымды адамның, соттың әкімшілік істі жедел қарау мақсатында жүзеге асыратын әрекеттерінің жеткіліктілігі мен тиімділігі сияқты мән-жайлар ескеріледі.

      3. Жолданымдарды, әкімшілік істердің жекелеген санаттарын қарау және шешу осы Кодексте белгіленген мерзімдерде жүзеге асырылады.";

      5) 20-баптың екінші бөлігінде:

      "басқару органы," деген сөздерден кейін "мемлекеттік заңды тұлғалар," деген сөздермен толықтырылсын;

      "мемлекет" деген сөз "жарғылық капиталына мемлекет" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6) 22-баптың екінші бөлігінің 7) тармақшасындағы "шағым жасау барысында" деген сөздер алып тасталсын;

      7) 28-баптың бірінші бөлігінде:

      4) тармақшадағы ", айғақтар беруге және" деген сөздер "беруге," деген сөзбен ауыстырылсын;

      6) тармақшадағы "айғақтар," деген сөз алып тасталсын;

      8) 35-баптың бірінші бөлігіндегі "адам не саңыраумен, мылқаумен, керең-мылқаумен қарым-қатынас жасау техникасын еркін" деген сөздер ", оның ішінде ымдау тілін және (немесе) Брайль әліпбиін" деген сөздермен ауыстырылсын;

      9) 62-баптың екінші бөлігіндегі "қабылданған кезден" деген сөздер "тіркелген күннен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      10) 63-баптың екінші бөлігінің 5) тармақшасы "не электрондық цифрлық қолтаңбасы" деген сөздермен толықтырылсын;

      11) 64-бапта:

      екінші бөлікте:

      "басқару органына," деген сөздерден кейін "мемлекеттік заңды тұлғаға," деген сөздермен толықтырылсын;

      "мемлекет" деген сөз "жарғылық капиталына мемлекет" деген сөздермен ауыстырылсын;

      үшінші бөліктің екінші абзацы "жолданым" деген сөзден кейін "жұмыс күні аяқталғаннан кейін немесе" деген сөздермен толықтырылсын;

      бесінші бөліктегі "немесе бейнежолданым" деген сөздер алып тасталсын;

      жетінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Әкімшілік орган, лауазымды адам жолданымды қайтару себептерін көрсете отырып, үш жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде:

      1) осы баптың алтыншы бөлігінде көзделген, әкімшілік орган, лауазымды адам белгілеген мерзім өткеннен кейін;

      2) егер:

      бұрын берілген жолданым сол бір әкімшілік органда қаралған не оны сол бір лауазымды адам қараған жағдайда, арыз иесі ол бойынша әкімшілік рәсім тоқтатылған, мәселенің мәні бойынша мазмұны бұрын қаралған жолданымға ұқсас жолданымды берсе, жолданым тіркелгеннен кейін қайтарады. Бұл ретте мұндай жолданым жаңа дәлелдерді немесе жаңадан ашылған мән-жайларды қамтымайды;

      жолданымда былапыт не балағат сөздер, оның ішінде әкімшілік органға, әкімшілік органның жұмыскерлеріне, лауазымды адамға қатысты болса, жолданым тіркелгеннен кейін қайтарады.";

      мынадай мазмұндағы 7-1 және 7-2-бөліктермен толықтырылсын:

      "7-1. Осы баптың жетінші бөлігінің күші ұжымдық жолданымдарға да қолданылады.

      7-2. Осы баптың жетінші бөлігінің күші дайындалып жатқан немесе жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы не мемлекеттік немесе қоғамдық қауіпсіздікке төнген қатер туралы мәліметтер жолданымдарда қамтылған, мемлекеттік органдарға құзыреттеріне сәйкес дереу одан әрі жолдануға жататын жағдайларға қолданылмайды.";

      сегізінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Жолданымды қайтару қайта жүгінуге кедергі келтірмейді. Осы баптың жетінші бөлігінің 2) тармақшасының екінші абзацында көзделген жолданым қайта берілген жағдайда, оны қайтарғаннан кейін мұндай жолданым оған жауап берілмей, бұрын қаралған әкімшілік істің материалдарына қоса тігіледі.";

      12) 67-бап мынадай мазмұндағы он бірінші бөлікпен толықтырылсын:

      "11. Әкімшілік орган, лауазымды адам қабылданған шешім туралы әкімшілік рәсімге қатысушыны ол қабылданған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде хабардар етуге міндетті.";

      13) 69-бапта:

      үшінші бөлікте:

      бірінші абзацта:

      "Мемлекеттiк" деген сөз "Жеке қабылдауларды, мемлекеттік" деген сөздермен ауыстырылып, "тәртібі" деген сөз алып тасталсын;

      "мемлекет" деген сөз "мемлекеттік заңды тұлғаларға, жарғылық капиталына мемлекет" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші абзац "жолданымдар" деген сөзден кейін ", "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес валюталық шарттарды есептік тіркеуді жүзеге асыру, шетелдік банктердегі шоттар және осындай шоттарды есептік тіркеу туралы хабардар ету мәселелері бойынша келіп түскен жолданымдар" деген сөздермен толықтырылсын;

      төртінші бөліктегі "Мемлекеттік органдардың" деген сөздер "Осы Кодекстің 87-бабының екінші бөлігінде көрсетілген субъектілердің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      14) 70-баптың бірінші бөлігінің 3) тармақшасы "адам" деген сөзден кейін "осы Кодекстің 64-бабы жетінші бөлігі 1) тармақшасының негізінде" деген сөздермен толықтырылсын;

      15) 73-бапта:

      бірінші бөліктің екінші абзацында:

      1) тармақша "қатысушыны" деген сөзден кейін "осы баптың үшінші бөлігіне сәйкес өтінішхат бойынша" деген сөздермен толықтырылсын;

      3) тармақша "арқылы" деген сөзден кейін "жазбаша немесе ауызша нысанда" деген сөздермен толықтырылсын;

      екінші бөлікте:

      3) тармақшадағы "үш күндік мерзімнен аз уақыт" деген сөздер "бес жұмыс күнінен аз мерзім" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7) тармақшадағы "берілмеген жағдайларға қолданылмайды." деген сөздер "берілмеген;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 8), 9) және 10) тармақшалармен толықтырылсын:

      "8) әкімшілік рәсімге қатысушыға қатысты шығарылған, белгілі бір мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу талап етілетін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы немесе әкімшілік рәсімге қатысушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнаулы құқығынан айырылуына негіз болған заңды күшіне енген сот актісі болған;

      9) әкімшілік орган, лауазымды адам жеке қабылдауға тіркеуден бас тарту туралы шешім қабылдаған;

      10) әкімшілік рәсім осы Кодекстің 88-бабының бірінші бөлігі негізінде тоқтатылған жағдайларда қолданылмайды.";

      үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Әкімшілік рәсімге қатысушы әкімшілік іс бойынша алдын ала шешімді алған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде оған қарсылық беруге немесе айтуға құқылы.

      Тыңдауды ауызша нысанда өткізу үшін әкімшілік рәсімге қатысушы алдын ала шешімді алған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде өтінішхат мәлімдеуге құқылы.

      Бұл ретте тыңдауды өткізудің нысаны, күні, уақыты мен орны туралы күні бұрын және тиісті түрде хабардар етілген әкімшілік рәсімге қатысушыдан жазбаша немесе ауызша қарсылықтардың болмауы қаралатын әкімшілік істің мәні бойынша шешім қабылдауға кедергі бола алмайды.

      Әкімшілік рәсімге қатысушы өз қарсылығын ауызша білдірген жағдайда әкімшілік орган, лауазымды адам тыңдау хаттамасын жүргізеді.

      Жазбаша нысанда тыңдау кезінде хаттама жүргізілмейді.";

      мынадай мазмұндағы ескертпемен толықтырылсын:

      "Ескертпе. Әкімшілік іс бойынша алдын ала шешімді әкімшілік рәсімге қатысушыға, кейіннен одан осы алдын ала шешімге жазбаша (қағаз және (немесе) цифрлық) нысанда қарсылық ала отырып, жіберу жазбаша нысанда тыңдау деп танылады.";

      16) 74-бапта:

      тақырыптағы, бірінші бөліктегі, екінші бөліктің бірінші абзацындағы және үшінші бөліктегі "Тыңдау", "тыңдау" деген сөздер тиісінше "Ауызша нысанда тыңдау", "ауызша нысанда тыңдау" деген сөздермен ауыстырылсын;

      төртінші бөлікте:

      "Тыңдау" деген сөз "Ауызша нысанда тыңдау" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "хатшы" деген сөзден кейін "ауызша нысанда тыңдау аяқталғаннан кейін екі жұмыс күнінен кешіктірмей" деген сөздермен толықтырылсын;

      бесінші бөліктегі "тыңдау" деген сөз "ауызша нысанда тыңдау" деген сөздермен ауыстырылсын;

      алтыншы бөлікте:

      бірінші абзацтағы "тыңдау" деген сөз "ауызша нысанда тыңдау" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші абзац мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын:

      "Барлық ескерту әкімшілік іске қоса тігіледі.";

      17) 75-баптың бірінші бөлігіндегі "іс қаралғаннан кейін" деген сөздер "істі қарау барысында да, одан кейін де" деген сөздермен ауыстырылсын;

      18) 76-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "76-бап. Жолданым негізінде қозғалған әкімшілік рәсімнің мерзімдері және оларды есептеу тәртібі

      1. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, жолданым негізінде қозғалған әкімшілік рәсімнің мерзімі жолданым тіркелген күннен бастап он бес жұмыс күнін құрайды.

      2. Жолданым негізінде қозғалған әкімшілік рәсім мерзімінің (күнмен не тәулікпен есептелетін) өтуі жолданым тіркелгеннен кейінгі не осы Кодекстің 65-бабында көзделген жағдайларда әрі қарай жолданған кезде ол уәкілетті әкімшілік органға, лауазымды адамға келіп түскеннен кейінгі келесі күні басталады.

      3. Жолданым негізінде қозғалған әкімшілік рәсімнің мерзімі әкімшілік орган басшысының, оның орынбасарының немесе аппараты басшысының уәжді шешімімен ақылға қонымды, бірақ әкімшілік істі дұрыс қарау үшін маңызы бар нақты мән-жайларды анықтау қажеттігіне орай мұндай шешім қабылданған күннен бастап екі айдан аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін, әкімшілік рәсімге қатысушы бұл туралы мерзім ұзартылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде хабардар етіледі.

      4. Шешім қабылдауға уәкілеттік берілген адам әкімшілік рәсім мерзімін негізсіз ұзартқаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тәртіптік және өзге де жауаптылықта болады.

      5. Егер әкімшілік рәсім мерзімінің соңғы күні жұмыс істемейтін күнге тура келсе, келесі жұмыс күні мерзім аяқталатын күн болып есептеледі.";

      19) 80-бапта:

      бірінші бөліктің 5) тармақшасы "немесе электрондық цифрлық қолтаңбасы" деген сөздермен толықтырылсын;

      екінші бөліктің 2) тармақшасы "ұқсас әкімшілік актілерді" деген сөздерден кейін "(бұл ретте ұқсас әкімшілік актілердің біріншісі негізделген болуға тиіс)" деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:

      "5. Әкімшілік актіде немесе оған қосымшада қарау үшін шағым берілуі мүмкін жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам немесе Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шағымдарды қарауға уәкілеттік берілген өзге де әкімшілік орган, лауазымды адам, осындай шағымды беруге болатын мерзім және осы актіге шағым жасау тәртібі міндетті түрде көрсетіледі.

      Жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам немесе Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шағымдарды қарауға уәкілеттік берілген өзге де әкімшілік орган, лауазымды адам болмаған жағдайда әкімшілік актіде немесе оған қосымшада осы актіге сотқа дау айту тәртібі мен мерзімі көрсетіледі.";

      20) 84-бапта:

      екінші бөліктегі "күші жойылуы мүмкін" деген сөздер "күшін оны қабылдаған әкімшілік орган, лауазымды адам немесе жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам не сот жоя алады" деген сөздермен ауыстырылсын;

      сегізінші бөліктегі "Заңсыз" деген сөз "Осы баптың алтыншы бөлігінің 1) және 4) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша заңсыз" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы тоғызыншы бөлікпен толықтырылсын:

      "9. Әкімшілік рәсімге қатысушы осы Кодекстің 66-бабында көзделген тәртіппен заңсыз қолайлы әкімшілік актінің күшін жою туралы хабардар етіледі.";

      21) 86-баптың бірінші бөлігіндегі "барлық мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, заңды тұлғалар, лауазымды адамдар, азаматтар" деген сөздер "әкімшілік органдар, лауазымды адамдар, жеке және заңды тұлғалар" деген сөздермен ауыстырылсын;

      22) 87-бапта:

      екінші бөлікте:

      "басқару органы," деген сөздерден кейін "мемлекеттік заңды тұлға," деген сөздермен толықтырылсын;

      "мемлекет" деген сөз "жарғылық капиталына мемлекет" деген сөздермен ауыстырылсын;

      үшінші бөлікте:

      "басқару органына," деген сөздерден кейін "мемлекеттік заңды тұлғаға," деген сөздермен толықтырылсын;

      "мемлекет" деген сөз "жарғылық капиталына мемлекет" деген сөздермен ауыстырылсын;

      23) 88-бапта:

      бірінші бөлік 3) тармақшасындағы "баяндалмаса, оңайлатылған әкімшілік рәсім тоқтатылуға жатады." деген сөздер "баяндалмаса;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:

      "4) арыз иесінен хабарды, ұсынысты, үн қосуды немесе сұрау салуды кері қайтарып алу қабылданса, оңайлатылған әкімшілік рәсім тоқтатылуға тиіс.";

      екінші бөлік мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:

      "Осы баптың бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көзделген мән-жай болған кезде оңайлатылған әкімшілік рәсімді тоқтату туралы шешімді субъектінің өзге уәкілетті тұлғасы қабылдай алады.";

      24) 89-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Хабарды, ұсынысты, үн қосуды, сұрау салуды қарайтын субъектілер және лауазымды адамдар арыз иесіне әкімшілік істі қараудың нәтижелері мен қабылданған шаралар туралы хабар береді. Бұл ретте, егер ұсыныста осы Кодекстің 90-2-бабының үшінші бөлігінде көрсетілген мәселелер қозғалса, мұндай ұсынысты қарайтын субъект оған жауап бермей назарға алуы мүмкін. Бұл ретте арыз иесі бұл туралы хабардар етілуге тиіс.";

      25) 90-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "90-бап. Жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау

      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қызметін қамтамасыз ететін мемлекеттік органды қоспағанда, мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының басшылары және олардың орынбасарлары жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін осы органның, лауазымды адамның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жеке қабылдауды жүргізуге міндетті.

      2. Жеке қабылдауды қамтамасыз ету мақсатында осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген органдардың қызметкерлері жолданымның мәнін нақтылау үшін осы Кодексте белгіленген тәртіппен қосымша ақпарат сұратуға құқылы.

      Бұл ретте осы әкімшілік әрекет жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды жүргізуді жоққа шығармайды.

      3. Жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау тиісті мемлекеттік органның, жергілікті өзін-өзі басқару органының басшысы бекітетін қабылдау кестесіне сәйкес айына бір реттен сиретпей, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.

      4. Егер жолданымды лауазымды адам қабылдау кезінде шеше алмаса, ол жазбаша нысанда баяндалады және онымен жазбаша жолданым ретінде жұмыс жүргізіледі.";

      26) 91-бапта:

      үшінші бөлік мынадай мазмұндағы ескертпемен толықтырылсын:

      "Ескертпе. Осы бөліктің екінші абзацының күші мемлекеттік органның, мемлекеттік заңды тұлғаның басқа мемлекеттік органның, мемлекеттік заңды тұлғаның шешіміне жасаған шағымына қолданылмайды.";

      мынадай мазмұндағы 4-1 және 4-2-бөліктермен толықтырылсын:

      "4-1. Осы баптың төртінші бөлігінің ережелері мемлекеттік органның, мемлекеттік заңды тұлғаның басқа мемлекеттік органның, мемлекеттік заңды тұлғаның шешіміне жасаған шағымына қолданылады.

      4-2. Мемлекеттік органның, мемлекеттік заңды тұлғаның басқа мемлекеттік органның, мемлекеттік заңды тұлғаның шешіміне жасаған шағымын қанағаттандырудан бас тартылған жағдайда арыз иесі мұндай бас тартуға осы бапта, Қазақстан Республикасы Үкіметінің регламентінде белгіленген тәртіппен шағым жасауға құқылы. Бұл ретте осы норма Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдарға қатысты берілген шағымға қолданылмайды.";

      алтыншы бөлік мынадай мазмұндағы ескертпемен толықтырылсын:

      "Ескертпе. Осы бөліктің күші мемлекеттік органның, мемлекеттік заңды тұлғаның басқа мемлекеттік органның, мемлекеттік заңды тұлғаның шешіміне жасаған шағымына қолданылмайды.";

      мынадай мазмұндағы ескертпемен толықтырылсын:

      "Ескертпе. Осы Кодекстің 3-бөлімінің 13, 14, 15-тарауларының мақсаттарында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалы әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) әкімшілік (сотқа дейінгі) тәртіппен шағым жасалуы мүмкін әкімшілік органға теңестіріледі.";

      27) 92-бапта:

      мынадай мазмұндағы 1-1-бөлікпен толықтырылсын:

      "1-1. Егер әкімшілік актіде немесе оған қосымшада әкімшілік актіге шағым жасаудың осы Кодекстің 80-бабының бесінші бөлігінде көрсетілген ықтимал құқықтық тәсілдері көзделмесе, мұндай әкімшілік актіге шағымды әкімшілік рәсімге қатысушыға әкімшілік актінің қабылданғаны туралы белгілі болған күннен бастап алты айдан кешіктірмей беруге болады.";

      екінші бөліктің бірінші абзацындағы "бірінші бөлігінде" деген сөздер "бірінші және 1-1-бөліктерінде" деген сөздермен ауыстырылсын;

      28) 93-баптың екінші бөлігінде:

      2) тармақша:

      "жеке сәйкестендіру нөмірі" деген сөздерден кейін "(ол болған кезде)" деген сөздермен толықтырылсын;

      "бизнес-сәйкестендіру нөмірі" деген сөздерден кейін "(ол болған кезде)" деген сөздермен толықтырылсын;

      4) тармақшадағы "дау айтылатын" деген сөздер "шағым жасалатын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      29) 95-баптың бірінші бөлігі 4) тармақшасындағы "болса, шағымды қараусыз қалдырады." деген сөздер "болса;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:

      "5) шағым жасалатын әкімшілік актіге, шағым жасалатын әкімшілік әрекетке (әрекетсіздікке) соттың қарауында жатқан әкімшілік талап қою берілгені анықталса, шағымды қараусыз қалдырады.";

      30) 96-бапта:

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Шағым беру мыналарды:";

      мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:

      "2. Қолданылатын жағдайларда әкімшілік актіде осы баптың бірінші бөлігінің 1) және 3) тармақшаларында көзделген ерекшеліктерге нұсқаулар, шағым беру актінің қолданылуын тоқтата тұрмайтынын куәландыратын оларды қолдану негіздемелері қамтылуға тиіс.";

      31) 98-баптың үшінші бөлігіндегі "дау айтылатын" деген сөздер "шағым жасалатын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      32) 99-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "99-бап. Шағымды қарау мерзімі

      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, шағымды қарау мерзімі шағым тіркелген күннен бастап жиырма жұмыс күнін құрайды.

      Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, шағымды қарау мерзімін ұзартуға жол берілмейді.";

      33) 101-баптың бірінші бөлігінің 3) тармақшасы:

      "жеке сәйкестендіру нөмірі" деген сөздерден кейін "(ол болған кезде)" деген сөздермен толықтырылсын;

      "бизнес-сәйкестендіру нөмірі" деген сөздерден кейін "(ол болған кезде)" деген сөздермен толықтырылсын;

      34) 107-бапта:

      бірінші бөліктің екінші абзацы "екінші және үшінші бөліктеріндегі" деген сөздерден кейін "және 25-тарауындағы" деген сөздермен толықтырылсын;

      алтыншы бөліктегі "жатпайтын" деген сөз "жататын" деген сөзбен ауыстырылсын;

      35) 113-баптың төртінші бөлігінің 4) тармақшасындағы "және адамның" деген сөздер "және жеке тұлғаның" деген сөздермен ауыстырылсын;

      36) 116-баптың екінші бөлігіндегі "және олардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген әкімшілік актіні қабылдау мақсаттарына сәйкестігін (мөлшерлестігін)" деген сөздер ", әкімшілік актінің немесе әрекеттің (әрекетсіздіктің) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мақсаттарға мөлшерлестігі мен сәйкестігін" деген сөздермен ауыстырылсын;

      37) 118-баптың үшінші бөлігінің 5) тармақшасындағы "заңдарына" деген сөз "заңнамасына" деген сөзбен ауыстырылсын;

      38) 119-баптың екінші бөлігіндегі "кез келген" деген сөздер алып тасталсын;

      39) 124-баптың екінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Сот осы Кодекстің 123-бабының 3) тармақшасында көзделген процестік мәжбүрлеу шарасын қолдану туралы ұйғарым шығарады.

      Ақшалай өндіріп алуды қолдану туралы ұйғарымға ол табыс етілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде жекеше шағым беруге жол беріледі.

      Осы ұйғарымға шағым жасалуы процестік мәжбүрлеу шараларының орындалуын жекеше шағым мәні бойынша қаралғанға дейін тоқтата тұрады.

      3. Таңдап алынған процестік мәжбүрлеу шарасы нәтижелер бермеген жағдайда процестік мәжбүрлеудің өзге шарасын қолдануға жол беріледі немесе олар қайталап қолданылуы мүмкін.

      Ақшалай өндіріп алу түріндегі процестік мәжбүрлеу шарасы осы Кодекстің 127-бабының тоғызыншы бөлігінде көзделген ерекшеліктермен қолданылады.";

      40) 127-бапта:

      екінші бөлік мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:

      "Ақшалай өндіріп алу қолданылған адам жазбаша келісім берген жағдайда сот ұйғарымның қарар бөлігін шығарады, ол оған дереу табыс етіледі.";

      алтыншы, жетінші, сегізінші және тоғызыншы бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Республикалық бюджет кірісіне өндіріп алынатын ақшалай өндіріп алуды төлеу ұйғарым заңды күшіне енгеннен кейін жүзеге асырылады.

      7. Ақшалай өндіріп алу қолданылған адам тиісті ұйғарым табыс етілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде ақшалай өндіріп алудың мөлшерін азайту, ұйғарымның орындалуын кейінге қалдыру, бөліп төлеу туралы өтінішхатпен сотқа жүгінуге құқылы.

      Өтінішхат сот отырысында арыз иесін шақырта отырып қаралады.

      Кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу туралы өтінішхатты қарау кезінде сот ақшалай өндіріп алу туралы ұйғарымның орындалуын екі айға дейінгі мерзімге кейінге қалдыруға немесе бөліп төлеуді беруге құқылы.

      8. Ақшалай өндіріп алудың мөлшерін азайту, ұйғарымның орындалуын кейінге қалдыру, бөліп төлеу туралы өтінішхатты сот өтінішхат сотқа келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде қарайды және шешеді.

      9. Сот актісі немесе осы баптың үшінші және төртінші бөліктерінде көрсетілген сот талабы орындалмаған кезде сот он айлық есептік көрсеткішке ұлғайтылған мөлшерде жаңа ақшалай өндіріп алуды қолдануға құқылы.";

      41) 129-баптың екінші бөлігі 4) тармақшасындағы "жауапкер көтереді." деген сөздер "жауапкер;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:

      "5) заңға тәуелді нормативтік құқықтық актінің (оның ережелерінің) заңдылығына дау айту туралы талап қою бойынша – дау айтылатын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіні қабылдаған уәкілетті орган, лауазымды адам көтереді.";

      42) 131-баптың бірінші бөлігінде:

      екінші абзацта орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      үшінші абзац мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:

      "5) заңға тәуелді нормативтік құқықтық актінің заңдылығына дау айту туралы талап қою.";

      43) мынадай мазмұндағы 135-1-баппен толықтырылсын:

      "135-1-бап. Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актінің (оның ережелерінің) заңдылығына дау айту туралы талап қою

      Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актінің (оның ережелерінің) заңдылығына дау айту туралы талап қою бойынша талап қоюшы заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіні заңға (Қазақстан Республикасының Конституциясынан басқа) толық немесе оның жекелеген бөлігінде қайшы келеді деп тануды талап ете алады.";

      44) 136-бапта:

      мынадай мазмұндағы 3-1-бөлікпен толықтырылсын:

      "3-1. Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актінің (оның ережелерінің) заңдылығына дау айту туралы талап қою осы актімен талап қоюшының Қазақстан Республикасының Конституциясында және Қазақстан Республикасының заңдарында кепілдік берілген құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерінің бұзылғаны және (немесе) ықтимал бұзылуы туралы өзіне белгілі болған күннен бастап үш ай ішінде сотқа беріледі.";

      бесінші бөліктегі ", бірақ ол қабылданған күннен бастап бір жылдан кешіктірмей" деген сөздер алып тасталсын;

      45) 138-баптың екінші бөлігінде:

      3) тармақшадағы "арызды" деген сөз "талап қоюды" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) тармақшадағы "арызға" деген сөз "талап қоюға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      46) 142-баптың бірінші бөлігінің екінші абзацындағы "және" деген сөз "және (немесе)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      47) 155-баптың екiншi бөлiгiндегі "осы өкілеттіктің" деген сөздер "әкімшілік органның, лауазымды адамның әкімшілік актіні қабылдау немесе әрекетті жасау жөніндегі осы өкілеттігінің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      48) мынадай мазмұндағы 159-1-баппен толықтырылсын:

      "159-1-бап. Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актінің (оның ережелерінің) заңдылығына дау айту туралы талап қою бойынша шешім

      1. Сот заңға тәуелді нормативтік құқықтық актінің (оның ережелерінің) заңдылығына дау айту туралы талап қоюды негізді деп тани отырып, талап қоюды қанағаттандыру туралы шешім шығарады. Шешімде дау айтылатын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актінің қандай заңдарға (Қазақстан Республикасының Конституциясынан басқа) және қай бөлігінде қайшы келетіні және заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіні толық немесе оның жекелеген бөлігінде акт қабылданған кезден бастап жарамсыз деп тану көрсетіледі.

      2. Соттың заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіні (оның ережелерін) заңсыз деп тану туралы шешімі немесе ол туралы хабар оны қабылдаған (шығарған) органның қаражаты есебінен бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға тиіс. Жариялау сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірілмей жүзеге асырылуға тиіс.";

      49) 162-бап "өзге де" деген сөздерден кейін "аккредиттелген" деген сөзбен толықтырылсын;

      50) мынадай мазмұндағы 26-1-тараумен толықтырылсын:

      "26-1-тарау. Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актінің (оның ережелерінің) заңдылығына дау айту туралы әкімшілік істер бойынша іс жүргізу

      167-1-бап. Талап қоюды беру

      1. Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актінің күші қолданылатын, қабылданған заңға тәуелді нормативтік құқықтық актімен (оның ережесімен) Қазақстан Республикасының Конституциясында және Қазақстан Республикасының заңдарында кепілдік берілген құқықтары мен заңды мүдделері бұзылады және (немесе) бұзылуы мүмкін деп есептейтін азамат немесе заңды тұлға заңға тәуелді нормативтік құқықтық актінің (оның ережелерінің) заңдылығына дау айту туралы талап қоюмен сотқа жүгінуге құқылы.

      Заңсыз заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіні қабылдаған уәкілетті орган немесе лауазымды адам не жоғары тұрған уәкілетті орган немесе лауазымды адам заңға сәйкес келмейтін заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіге наразылықты қабылдамаған жағдайда прокурор заңға тәуелді нормативтік құқықтық актінің (оның ережелерінің) заңдылығына дау айту туралы талап қоюмен сотқа жүгінеді.

      2. Талап қою осы Кодекстің 131-бабында көзделген талаптарға сәйкес келуге және дау айтылатын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіні (оның ережелерін) қабылдаған уәкілетті органның, лауазымды адамның атауы, ол қабылданған күн, осы заңға тәуелді нормативтік құқықтық актімен (оның ережелерімен) азаматтың немесе заңды тұлғаның қандай құқықтары, бостандықтары және заңмен қорғалатын мүдделері бұзылатыны және (немесе) бұзылуы мүмкін, дау айтылатын заңға тәуелді нормативтік құқықтық акт (оның ережелері) Қазақстан Республикасы заңдарының (Қазақстан Республикасы Конституциясынан басқа) қандай баптарына немесе ережелеріне қайшы келетіні туралы деректерді қосымша қамтуға тиіс.

      3. Талап қоюға дау айтылатын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актінің (оның ережелерінің) көшірмесі қоса тігіледі. Бұл ретте заңға тәуелді нормативтік құқықтық акт ресми жарияланған жағдайда талап қоюда оның жарияланған күні көрсетіледі.

      4. Прокурор наразылық білдірілген заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіні (оның ережелерін) сот қарағанға дейін заңсыз деп тану туралы сотқа жүгінген жағдайлардан басқа, сотқа талап қоюды беру заңға тәуелді нормативтік құқықтық актінің (оның ережелерінің) қолданысын тоқтата тұрмайды.

      167-2-бап. Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актінің (оның ережелерінің) заңдылығына дау айту туралы әкімшілік істі қарау

      1. Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актінің заңдылығына дау айту туралы талап қоюмен сотқа жүгінген азамат немесе заңды тұлға, прокурор сондай-ақ заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіні қабылдаған уәкілетті орган, лауазымды адам сот отырысының уақыты мен орны туралы хабардар етіледі.

      2. Сот әкімшілік істі бір ай мерзімде қарайды.

      3. Сот отырысында сот заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіні қабылдаған уәкілетті органның, лауазымды адамның құзыретінің болуын, бүкіл заңға тәуелді нормативтік құқықтық актінің (оның ережелерінің) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкестігін тексереді.

      4. Сотқа жүгінген адамның өз талабынан бас тартуы әкімшілік істі қарамау үшін негіз болып табылмайды. Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіні қабылдаған уәкілетті органның, лауазымды адамның талапты тануы сот үшін міндетті емес.

      167-3-бап. Соттың шешімі және оны орындау

      1. Сот талап қоюды негізсіз деп танып, оны қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім шығарады.

      2. Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіні толық немесе оның жекелеген ережелерін заңға (Қазақстан Республикасының Конституциясынан басқа) сәйкес келмейді және жарамсыз деп таныған сот шешімі осы заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіні қабылдаған уәкілетті орган немесе лауазымды адам үшін міндетті. Шешім дау айтылған заңға тәуелді нормативтік құқықтық актінің (оның ережелерінің) күші өздерінің құқықтары мен бостандықтарына, заңды мүдделеріне қолданылған айқындалмаған тұлғалар тобы үшін міндетті.

      3. Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актінің (оның ережелерінің) заңдылығына басқа азаматтар немесе заңды тұлғалар оның бұрын сот тәртібімен тексерілмеген бөлігінде ғана қайта дау айта алады.

      4. Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіні (оның ережелерін) заңсыз деп тану туралы сот шешімі осы Кодекстің 159-1-бабында белгіленген қағидаларды сақтай отырып қабылданады.";

      51) 169-бапта:

      екінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Заңды күшіне енген, оның ішінде татуласу, медиация немесе дауды партисипативтік рәсім тәртібінде реттеу тәртібімен аяқталған әкімшілік істер бойынша сот актілері әкімшілік процеске қатысушылардың кассациялық шағымдары, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының, оның орынбасарларының, Бас әскери прокурордың, Бас көлік прокурорының өз бастамасы бойынша да, әкімшілік процеске қатысушылардың осы Кодекстің 31-бабында көзделген әкімшілік істер бойынша берген өтінішхаттары бойынша да келтірілген наразылықтары бойынша апелляциялық сатыдағы сот актісі заңды күшіне енген күннен бастап алты ай iшiнде кассациялық тәртіппен қайта қаралуы мүмкін.";

      мынадай мазмұндағы 3-1 және жетінші бөліктермен толықтырылсын:

      "3-1. Жергілікті және басқа да соттардың заңды күшіне енген сот актілері оларға шағым жасаудың апелляциялық тәртібі сақталмаған жағдайда осы баптың жетінші бөлігінде көзделген негіздер болған кезде Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының өз бастамасы бойынша да, әкімшілік процеске қатысушылардың осы Кодекстің 31-бабында көзделген әкімшілік істер бойынша берген өтінішхаттары бойынша да келтірілген наразылығы бойынша кассациялық тәртіппен қайта қаралуы мүмкін.";

      "7. Осы баптың 3-1-бөлігінде көрсетілген заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға мыналар негіз болып табылады:

      1) қабылданған қаулыны орындау адамдардың өмірі, денсаулығы не Қазақстан Республикасының экономикасы мен ұлттық қауіпсіздігі үшін ауыр орны толмас салдарларға әкелуі мүмкін жағдайлар;

      2) қабылданған қаулы айқындалмаған тұлғалар тобының құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін немесе өзге де жария мүдделерді бұзатын жағдайлар;

      3) қабылданған қаулы соттардың құқық нормаларын түсіндірудегі және қолдануындағы біркелкілікті бұзатын жағдайлар.";

      52) 175-баптың 2-1-бөлігі алып тасталсын.

      4. "Нотариат туралы" 1997 жылғы 14 шiлдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 6-баптың 1-тармағының бірінші бөлігіндегі "әділет аттестаттау комиссиясында" деген сөздер алып тасталсын;

      2) 7-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "7-1-бап. Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттау

      1. Тағылымдамадан өткен және нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдар облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық әділет органдарына өтініш беру арқылы Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге және практикалық дағдылардың тиісті деңгейін тексеруге кешенді компьютерлік тестілеу нысанында аттестаттаудан өтеді.

      2. Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Біліктілік комиссиясында біліктілік емтихандарын тапсырған адамдар, тұрақты судьялар және өз міндеттерін атқару кезінде теріс қылықтар жасағаны және заңдылықты бұзғаны үшін судья лауазымынан босатылған судьяларды қоспағанда, тұрақты судья болып жұмыс істеген адамдар, сондай-ақ мемлекеттік нотариустар аттестаттаудан өтуден босатылады.

      Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензияның қолданысы тоқтатылған жағдайда үміткер нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия алуға қайта өтініш берген кезде аттестаттаудан өтуге міндетті.

      3. Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттаудың негізгі міндеті нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия алуға үміткерлерді сапалы іріктеуді қамтамасыз ету болып табылады.

      4. Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттауды және байқау түрінде аттестаттауды өткізудің тәртібі мен шарттарын Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі айқындайды.

      5. Егер нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адам осы Заңда белгіленген талаптарға сай келмесе, оны аттестаттауға жіберуден бас тартылады.

      Аттестаттауға жіберуден бас тартуға Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.

      6. Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адам өз таңдауы бойынша тестілеуден қазақ немесе орыс тілінде өтуге құқылы.

      7. Аттестаттау қорытындысы бойынша нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамды аттестаттау не аттестаттамау туралы уәжді шешім шығарылады.

      Аттестаттау не аттестаттамау туралы уәжді шешімге Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.

      8. Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына аттестаттау туралы шешім ол шығарылған уақыттан бастап үш жыл ішінде жарамды болады.

      9. Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттау тоқсанына бір реттен сиретпей өткізіледі.

      Қазақстан Республикасының заңнамасын білуін тексеру мақсатында нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдар байқау түрінде аттестаттаудан өтуге құқылы.";

      3) 7-2-бап алып тасталсын;

      4) 8-баптың 6-тармағы алып тасталсын.

      5. "Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы" 2001 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 15-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Шығу туризмі саласындағы туроператордың туристік қызмет көрсетуге арналған жазбаша шарт жасаспай, туристік қызметтерді көрсетуі лицензияның қолданысын тоқтата тұру үшін негіз болып табылады.";

      2) 17-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші, төртінші, бесінші және алтыншы бөліктермен толықтырылсын:

      "Келу туризмі мен ішкі туризм саласындағы туроператорлардың туристік қызмет көрсетуге арналған жазбаша шарт жасаспай, туристік қызметтерді көрсетуі лицензияның қолданысын тоқтата тұру үшін негіз болып табылады.

      Бір жыл ішінде қайталап жасалған, келу туризмі мен ішкі туризм саласындағы туроператорлардың туристік қызмет көрсетуге арналған жазбаша шарт жасаспай, туристік қызметтерді көрсетуі лицензиядан айыру үшін негіз болып табылады.

      Лицензияның қолданысын тоқтата тұру не лицензиядан айыру туралы шешімді уәкілетті орган қабылдайды.

      Лицензияның қолданысын тоқтата тұру мерзімі бір айды құрайды.";

      3) 26-баптың 5-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші, төртінші, бесінші және алтыншы бөліктермен толықтырылсын:

      "Туроператорлардың уәкілетті органға, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органға, мүдделі мемлекеттік органдарға және туристің отбасына саяхат кезінде туристердің төтенше жағдайға ұшырағаны туралы ақпаратты бермеуі немесе уақтылы бермеуі лицензияның қолданысын тоқтата тұру үшін негіз болып табылады.

      Бір жыл ішінде қайталап жасалған, туроператорлардың уәкілетті органға, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органға, мүдделі мемлекеттік органдарға және туристің отбасына саяхат кезінде туристердің төтенше жағдайға ұшырағаны туралы ақпаратты бермеуі немесе уақтылы бермеуі лицензиядан айыру үшін негіз болып табылады.

      Лицензияның қолданысын тоқтата тұру не лицензиядан айыру туралы шешімді уәкілетті орган қабылдайды.

      Лицензияның қолданысын тоқтата тұру мерзімі бір айды құрайды.".

      6. "Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы" 2005 жылғы 30 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      4-баптың 2-1 және 2-2-тармақтарындағы "Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын" деген сөздер "мемлекеттік органдардың норма шығару қызметін ғылыми қолдап отыруды жүзеге асыратын" деген сөздермен ауыстырылсын.

      7. "Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы" 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 68-баптың 3-тармағындағы "әкімшілік сот ісін жүргізу туралы" деген сөздер "азаматтық процестік" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 141-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "141-бап. Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттау

      1. Тағылымдамадан өткен және жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдар Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасын білуге және практикалық дағдылардың тиісті деңгейін тексеруге кешенді компьютерлік тестілеу нысанында аттестаттаудан өтеді.

      Тағылымдамадан өткен және жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттаудың тәртібі мен шарттарын уәкілетті орган айқындайды.

      2. Егер жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер адам осы Заңда белгіленген талаптарға сәйкес келмесе, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық әділет органдары аттестаттауға жіберуден бас тартады.

      Аттестаттауға жіберуден бас тарту туралы уәжді шешім өтініш келіп түскен күннен бастап он бес жұмыс күнінен кешіктірілмей жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер адамға жіберіледі.

      3. Аттестаттауға жіберуден бас тарту және (немесе) аттестаттамау туралы уәжді шешімге Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.

      4. Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттау айына бір реттен сиретпей өткізіледі.

      5. Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына аттестаттау туралы шешім шығарылған күнінен бастап үш жыл ішінде жарамды болады.";

      3) 141-1-бап алып тасталсын.

      8. "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      134-баптың 2-тармағының 7-3) тармақшасы "сараптаманы" деген сөзден кейін "және нормативтік құқықтық актілердің жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптаманы" деген сөздермен толықтырылсын.

      9. "Жол жүрісі туралы" 2014 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      88-бапта:

      14-тармақ төртінші абзацындағы "қорғалуын қамтамасыз етеді." деген сөздер "қорғалуын;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:

      "техникалық қарап тексеру операторына механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап тексерудің бірыңғай ақпараттық жүйесінің қызметін механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап тексерудің бірыңғай ақпараттық жүйесінің қызметтерін көрсетуге арналған шарт негізінде ұсынылуын қамтамасыз етеді.";

      мынадай мазмұндағы 15 және 16-тармақтармен толықтырылсын:

      "15. Механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап тексерудің бірыңғай ақпараттық жүйесінің операторы мыналардан:

      механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап тексерудің бірыңғай ақпараттық жүйесіне мәліметтерді ұсынбаудан;

      техникалық қарап тексеру орталығы орналасқан жердің өзгергені туралы хабардар етпеуден не уақтылы хабардар етпеуден;

      қызмет өңірінде міндетті техникалық қарап тексеруді өткізу кестесі туралы халыққа хабар бермеуден;

      көлік және коммуникациялар саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысанға сәйкес келмейтін техникалық қарап тексерудің диагностикалық картасын жасаудан және беруден көрінетін, осы Заңның талаптарын бұза отырып, көлік құралын техникалық қарап тексеруден өткізу фактісі анықталған кезде техникалық қарап тексеру операторына механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап тексерудің бірыңғай ақпараттық жүйесінің қызметтерін көрсетуіне жол бермейді.

      16. Осы баптың 15-тармағында көрсетілген талаптардың анықталған бұзушылықтарын жою кезінде техникалық қарап тексеру операторы механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап тексерудің бірыңғай ақпараттық жүйесінің операторына бұзушылықтарды жою фактісін дәлелдейтін материалдарды қоса бере отырып, анықталған бұзушылықтарды жою туралы ақпаратты береді.

      Механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап тексерудің бірыңғай ақпараттық жүйесінің операторы анықталған бұзушылықтардың жойылғанын растағаннан кейін осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген техникалық қарап тексеру операторына механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап тексерудің бірыңғай ақпараттық жүйесінің қызметтері көрсетіледі.".

      10. "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 6-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6-тарау. Норма шығару қызметін ғылыми сүйемелдеу";

      2) 30-бапта:

      тақырыптағы "сараптаманың міндеттері" деген сөздер "сараптама жүргізу" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 5, 6, 7, 8, 9 және 10-тармақтармен толықтырылсын:

      "5. Заң жобасы ғылыми құқықтық сараптаманың объектісі болып табылады, оған осы Заңда көзделген жағдайларда консультативтік құжат және оны іске асыру үшін қажетті заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобалары қоса берілуге тиіс.

      6. Қазақстан Республикасы Парламентінің және оның Палаталарының нормативтік қаулыларын, Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтарын, Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты мен Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулыларын, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының нормативтік құқықтық қаулыларын қоспағанда, нормативтік құқықтық актілердің жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама сыбайлас жемқорлық нормаларын анықтау, сондай-ақ оларды жоюға бағытталған ұсынымдарды әзірлеу мақсатында жүргізіледі.

      7. Ғылыми лингвистикалық сараптама заңнамалық актілердің жобалары бойынша қазақ және орыс тілдеріндегі мәтіндерінің теңтүпнұсқалығы бөлігінде жүргізіледі.

      8. Нормативтік құқықтық актілердің жобаларына ғылыми сараптаманы қаралатын жобаның мазмұнына қарай ғылыми мекемелер, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын уәкілетті ұйым, сарапшылар жүргізеді. Сараптаманы жүргізу бір немесе бірнеше сарапшыға (сараптама комиссиясына) тапсырылуы мүмкін.

      9. Жоба бойынша мамандықтары әртүрлі сарапшылардың кешенді сараптамасы немесе алуан түрлі дербес сараптамалар, ал қажет болғанда қайталама сараптама жүргізілуі мүмкін.

      10. Сарапшылар ретінде жобаны дайындауға тікелей қатыспаған ғалымдар мен мамандар тартылады, сондай-ақ басқа мемлекеттерден және халықаралық ұйымдардан мамандар тартылуы мүмкін.

      Ғылыми сараптама жүргізу үшін жоба шетелдік және халықаралық ұйымдарға жіберілуі мүмкін.";

      3) 31-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "31-бап. Мемлекеттік органдардың норма шығару қызметін ғылыми сүйемелдеу

      Мемлекеттік органдардың норма шығару қызметін ғылыми сүйемелдеуді Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын уәкілетті ұйым жүзеге асырады және мыналарды:

      1) заң жобалары бойынша ғылыми құқықтық сараптаманың жүргізілуін қамтамасыз етуді;

      2) нормативтік құқықтық актілердің жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптаманың жүргізілуін қамтамасыз етуді;

      3) заң жобалары бойынша қазақ және орыс тілдеріндегі мәтіндердің теңтүпнұсқалығы бөлігінде ғылыми лингвистикалық сараптама жүргізуді;

      4) ғылыми қорытындылар мен өзге де талдау материалдарын, оның ішінде заңнаманың тиімділігіне талдау жүргізу шеңберіндегі материалдарды дайындауды;

      5) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де қызметті қамтиды.";

      4) 32-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:

      "3. Мемлекеттік органдардың норма шығару қызметін ғылыми сүйемелдеуді жүзеге асыратын уәкілетті ұйым осы Заңның 30-бабының 1-тармағында белгіленген талаптарды ескере отырып, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары әзірлеген, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің заң шығару бастамасы тәртібімен әзірленген заң жобалары бойынша ғылыми құқықтық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми және ғылыми лингвистикалық сараптамалар жүргізуді қамтамасыз етеді.";

      5) 33, 33-1 және 33-2-баптар алып тасталсын.

      11. "Cот-сараптама қызметі туралы" 2017 жылғы 10 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 12-бапта:

      15) тармақшадағы "үшін емтихандарды қабылдау" деген сөздер алып тасталсын;

      16) тармақша алып тасталсын;

      17) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "17) сот сарапшысы біліктілігін беру;";

      19) тармақша алып тасталсын;

      2) 14-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:

      "5. Сот-сараптама қызметімен айналысуға арналған лицензияның қолданысын тоқтату және одан айыру сот сараптамасының белгілі бір түрін жүргізу құқығына біліктілік куәлігінің қолданысын тоқтатуға алып келеді.";

      3) 21 және 22-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

      "21-бап. Сот сарапшысы біліктілігін беру

      1. Сот сарапшысы біліктілігін беру Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге және практикалық дағдылардың тиісті деңгейін тексеруге кешенді компьютерлік тестілеу арқылы, оған сот сараптамасының белгілі бір түрін жүргізу құқығына сот сарапшысының біліктілік куәлігі беріле отырып жүзеге асырылады.

      2. Сот сараптамасы органына сот сарапшысы ретінде жұмысқа алғаш рет кіретін адамдарға және сот-сараптама қызметімен айналысуға арналған лицензияны алуға үміткер адамдарға (бұдан әрі – үміткерлер) сот сарапшысы біліктілігін беру тәртібі мен шарттарын Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі айқындайды.

      3. Егер үміткер осы Заңда белгіленген талаптарға сәйкес келмесе, сот сарапшысы біліктілігін беруге жіберуден бас тартылады.

      4. Сот сарапшысы біліктілігін беруге жіберуден немесе сот сараптамасының белгілі бір түрін жүргізу құқығына сот сарапшысының біліктілік куәлігін беруден бас тартуға Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.

      5. Сот сарапшысы біліктілігін беру айына бір реттен сиретпей жүргізіледі.

      6. Тестілеуден өтпеген үміткер ол өткізілген күннен бастап үш айдан кейін қайта тестілеуге жіберіледі.

      22-бап. Сот сарапшысын аттестаттау

      1. Сот-сараптама қызметін жиырма жылдан аса жүзеге асырып жүрген адамдарды қоспағанда, сот сараптамасы органдарының қызметкерлері болып табылатын сот сарапшылары, сондай-ақ лицензия негізінде сот-сараптама қызметімен айналысатын адамдар әрбір бес жыл сайын аттестаттаудан өтеді.

      2. Сот сарапшысы біліктілігінің жеткіліксіздігі туралы куәландыратын, сот сарапшысының біліктілік талаптарына сәйкес келмеу және (немесе) сот-сараптама қызметімен айналысу кезінде осы Заңның талаптарын бұзу фактілері анықталған кезде оны кезектен тыс аттестаттау өткізіледі.

      3. Сот сарапшысын аттестаттау тәртібі мен шарттарын Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі айқындайды.

      4. Аттестаттауға жіберуден бас тартуға және аттестаттамау туралы шешімге Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.

      5. Сот сарапшысын аттестаттау айына бір реттен сиретпей өткізіледі.

      6. Аттестаттаудан өтпеген сот сарапшысы аттестаттау өткізілген күннен бастап бір айдан кейін және үш айдан кешіктірілмей бір реттен асырмай қайта аттестаттауға жатады.

      7. Аттестаттаудан қайта өте алмаған сот сарапшысы аттестатталмаған болып табылады және сот сараптамасының белгілі бір түрін жүргізу құқығына біліктілік куәлігінен сот тәртібімен айырылады.";

      4) 28-баптың 2-тармағында:

      3) тармақшадағы "адамдардың біліктілік емтихандарын тапсыруы үшін оларды" деген сөздер "адамдарды" деген сөзбен ауыстырылсын;

      11) тармақша алып тасталсын.

      12. "Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы" 2018 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 1-баптың 3) тармақшасындағы "заңдарында" деген сөз "нормативтік құқықтық актілерінде" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 2-баптың 2-тармағындағы "осы Заңның нормаларына сәйкес және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып" деген сөздер "осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 33-баптың 3-тармағының 5) тармақшасындағы "қатысуға жiберiлген" деген сөздер "кіріскен" деген сөзбен ауыстырылсын;

      4) мынадай мазмұндағы 37-1-баппен толықтырылсын:

      "37-1-бап. Адвокаттардың мемлекеттік құпияларға рұқсат алуы мен қол жеткізуі

      1. Адвокаттық қызметті жүзеге асыру кезеңінде адвокаттар мемлекеттік құпияларға рұқсат алуды ресімдеу үшін өздері мүшесі болып табылатын адвокаттар алқасының орналасқан жеріндегі аумақтық әділет органына жүгінуге құқылы.

      2. Адвокаттардың мемлекеттік құпияларға рұқсат алу мен қол жеткізу тәртібі Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасында айқындалады.";

      5) 39-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "39-бап. Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттау

      1. Тағылымдамадан өткен және адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдар облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық әділет органдарына өтініш беру арқылы Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге және практикалық дағдылардың тиісті деңгейін тексеруге кешенді компьютерлік тестілеу нысанындағы аттестаттаудан өтеді.

      2. Мыналар:

      1) Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Біліктілік комиссиясында біліктілік емтиханын тапсырған, сотта тағылымдамадан ойдағыдай өткен және облыстық немесе оған теңестірілген соттың жалпы отырысының оң пікірін алған адамдар;

      2) "Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 34-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 9), 10) және 12) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша судья өкілеттіктерін тоқтатқан адамдар аттестаттаудан өтуден босатылады.

      3. Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудың негізгі міндеті адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияны алуға үміткерлерді сапалы іріктеуді қамтамасыз ету болып табылады.

      4. Тағылымдамадан өткен және адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттау мен байқау түрінде аттестаттаудың тәртібі мен шарттарын уәкілетті орган айқындайды.

      5. Егер адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адам осы Заңда белгіленген талаптарға сәйкес келмесе, аттестаттауға жіберуден бас тартылады.

      Аттестаттауға жіберуден бас тартуға Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.

      6. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың аумақтық әділет органы адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамның аттестаттаудан өту қорытындысы бойынша адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамды аттестаттау не аттестаттамау туралы уәжді шешім шығарады.

      Аттестаттау не аттестаттамау туралы уәжді шешімге Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.

      7. Адвокаттық қызметпен айналысуға аттестаттау туралы шешім шығарылған кезден бастап үш жыл ішінде жарамды болады.

      8. Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттау тоқсанына бір реттен сиретпей өткізіледі.

      Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдар Қазақстан Республикасының заңнамасын білуін тексеру мақсатында байқау түрінде аттестаттаудан өтуге құқылы.

      9. Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адам адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияның қолданысы тоқтатылған немесе одан айырылған жағдайда адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияны алуға қайта өтініш берген кезде аттестаттаудан өтуге міндетті.";

      6) 40-бап алып тасталсын;

      7) 43-баптың 3-тармағының 1) тармақшасы алып тасталсын;

      8) 44-баптың 4-тармағында:

      2) тармақша алып тасталсын;

      3) тармақшадағы "3) және 6) тармақшаларында" деген сөздер "6) тармақшасында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      9) 47-баптың 3-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Тараптар шартта қылмыстық іс және әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша заң көмегін қоспағанда, адвокаттар көрсететін заң көмегіне ақы төлеу мөлшері заң көмегін көрсету нәтижесіне байланысты болатын талапты көздеуге құқылы.";

      10) 60-бапта:

      1-тармақта:

      3) тармақшадағы "біліктілігінің" деген сөз "осы Заңның 55-бабы 2-тармағының 8) тармақшасына сәйкес адвокаттар алқасы өткізген аттестаттау нәтижелері бойынша белгіленген біліктілігінің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "3-1) адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияның қолданысы тоқтатыла тұрған осы Заңның 43-бабы 3-тармағының 3) тармақшасында көзделген мән-жайлар жойылмаған;";

      2-тармақтағы "және 3)" деген сөздер ", 3) және 3-1)" деген сөздермен ауыстырылсын.

      13. "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2025 жылғы 18 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      1-баптың 9-тармағы 1) тармақшасының он бірінші абзацындағы "мүлікке билік етуге қатысты" деген сөздер "осы Заңның 34-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 14), 15-1), 16) және 17) тармақшаларында белгіленген" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2-бап.

      1. Осы Заң, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 3-тармағы 2) тармақшасының үшінші және төртінші абзацтарын, 11) тармақшасының алтыншы абзацын және 52) тармақшасын, 6, 8, 10 және 13-тармақтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      2. Осы Заңның 1-бабының 3-тармағы 15) тармақшасының он жетінші және он сегізінші абзацтары Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексі қолданысқа енгізілген күннен бастап қолданысқа енгізіледі деп белгіленсін.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады