Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша "туристік ұйымдарының", "туристік ұйымдарды", "туристік ұйымдардың", "Туристік ұйымдардың", "туристік ұйымға", "Туристік ұйым", "туристік ұйым", "Туристік ұйымдар", "туристік ұйымдар", "туристік ұйымдары" деген сөздер тиісінше "туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларының", "туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды", "туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың", "Туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың", "туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғаға", "Туристік қызметті жүзеге асыратын тұлға", "туристік қызметті жүзеге асыратын тұлға", "Туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар", "туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар", "туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалары" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР 2008.07.05. № 59-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша "(гид-аудармашы)", "(гид-аудармашылардың)", "(гид-аудармашылар)", "(аудармашы гидті)", "(аудармашы гидтердің)", "(гид-аудармашымен)" деген сөздер алып тасталды – ҚР 30.04.2021 № 34-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша "экскурсоводтар", "экскурсовод", "экскурсоводтардың", "экскурсоводтың", "экскурсоводпен" деген сөздер тиісінше "экскурсия жүргізушілер", "экскурсия жүргізуші", "экскурсия жүргізушілердің", "экскурсия жүргізушінің", "экскурсия жүргізушімен" деген сөздермен ауыстырылды – ҚР 16.03.2026 № 270-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша "шетелдіктер", "Шетелдіктер" деген сөздер тиісінше "шетел азаматтары", "Шетел азаматтары" деген сөздермен ауыстырылды – ҚР 24.06.2026 № 326-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Осы Заң Қазақстан Республикасы экономикасы салаларының бірі ретінде туристік қызметтің құқықтық, экономикалық, әлеуметтік, ұйымдық негіздерін белгілейді.
1-тарау. НЕГIЗГI ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) алып тасталды – ҚР 30.04.2021 № 34-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.1-1) алып тасталды – ҚР 30.04.2021 № 34-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
2) гид – Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыратын, туристерге ақпараттық және (немесе) ұйымдастырушылық қызметтер көрсету үшін кәсіптік даярланған жеке тұлға;
2-1) алып тасталды – ҚР 30.04.2021 № 34-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.2-2) алып тасталды – ҚР 30.04.2021 № 34-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
2-3) алып тасталды – ҚР 30.04.2021 № 34-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
3) алып тасталды – ҚР 30.04.2021 № 34-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
3-1) келу туризмі саласындағы туристік операторлық қызмет – қызметтің осы түріне лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлғалардың туристік өнімді қалыптастыру, оны Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұрмайтын туристерге, оның ішінде туристік агенттер арқылы ұсыну және өткізу жөніндегі кәсіпкерлік қызметі;
3-2) сақтандыру сертификаты – сақтандырылушыға қатысты қолданыстағы сақтандыру арқылы қорғаудың бар екенін куәландыратын және сақтандыруға қабылданатын сақтандыру тәуекелдері бойынша сақтандыру өтемінің талаптары туралы ақпаратты қамтитын, жасалған сақтандыру шартын (сақтандыру полисін) растау үшін сақтандырушы ресімдеген құжат;
4) тур - белгіленген мерзімдер шеңберінде белгілі бір маршрут бойынша жасалатын саяхатты қамтитын туристік қызмет көрсетулер кешені;
5) туризм – туристің тұрақты тұрғылықты жерін ауыстыруға байланысты емес саяхатта уақытша болуы;
5-1) туризм инфрақұрылымы – туризм саласының жұмыс істеуіне және туристің қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған ұйымдар жиынтығы, өндірістік, әлеуметтік және рекреациялық мақсаттағы құрылысжайлар мен желілер кешені;
6) туризм нұсқаушысы – тиісті біліктілігі және туристік маршруттармен жүріп өту тәжірибесі бар, Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыратын кәсіптік даярланған жеке тұлға;
7) турист - уақытша болатын елге (жерге) жиырма төрт сағаттан бір жылға дейінгі кезеңге келетін және ақылы қызметпен айналыспай, сол елде (жерде) сауықтыру, танымдық, кәсіби-іскерлік, спорттық, діни және өзге де мақсаттарда кемінде бір рет түнейтін жеке тұлға;
7-1) алып тасталды – ҚР 16.03.2026 № 270-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;8) туристерді орналастыру орындары - мейманханалар, мотельдер, кемпингтер, туристік базалар, қонақжайлар, демалыс үйлері, пансионаттар және туристердің уақытша тұруы мен оларға қызмет көрсету үшін пайдаланылатын басқа да үй-жайлар мен ғимараттар болып табылатын туризм объектілері;
8-1) туристік агент (бұдан әрі – турагент) – турагенттік қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
9) туристік агенттік қызмет (бұдан әрі – турагенттік қызмет) – жеке немесе заңды тұлғалардың қосымша көрсетілетін қызметтерді қосу құқығынсыз туристік өнімді өткізуге арналған агенттік шарт негізінде Қазақстан Республикасының туристік операторы қалыптастырған туристік өнімді ұсыну және өткізу жөніндегі кәсіпкерлік қызметі, сондай-ақ туристерге туристік өнім болып табылмайтын қызметтер көрсету жөніндегі қызмет;
10) туристік ваучер - турдың құрамына кіретін қызметтерге туристің құқығын және олардың ақысы төленгенінің фактісін растайтын құжат;
11) алып тасталды – ҚР 30.04.2021 № 34-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.11-1) туристік код – шығу туризмі саласындағы туроператор туриске беретін, ұйымдастырылған шығу туризмі шеңберінде туроператордың міндеттемелеріне кепілдік беретін бірегей нөмір;
12) туристік қызмет - жеке немесе заңды тұлғалардың туристік қызмет көрсету жөніндегі кәсіпкерлік қызметі;
13) туристік көрсетілетін қызметтер – туристің саяхаты кезеңінде және осы саяхатқа байланысты ұсынылатын, оның қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қажетті көрсетілетін қызметтер (орналастыру, тасымалдау, тамақтандыру, экскурсиялар, туризм нұсқаушыларының, гидтердің көрсететін қызметтері) және туристік қызмет көрсету шартында көзделген, сапар мақсатына қарай көрсетілетін басқа да қызметтер, сондай-ақ мүгедектігі бар адамдар мен халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарын (инклюзивті туризмді) қоса алғанда, барлық туристер үшін туризм инфрақұрылымына тең (кедергісіз) қолжетімділікті қамтамасыз етуге бағытталған көрсетілетін қызметтер;
14) туристік қызмет көрсетуге арналған шарт - өтемді туристік қызмет көрсету бойынша туристік қызметті жүзеге асыратын тұлға мен туристің арасындағы келісім;
15) туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар - турагенттер, туроператорлар, туризм нұсқаушылары, сондай-ақ өз бетінше туристік қызмет көрсететін гидтер, экскурсия жүргізушілер;
16) алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;17) туристік маршрут – туристің қажеттіліктерін қанағаттандыруы үшін жүру жолы, оны туристік оператор әзірлейді және ол туристік ресурстарға, оның ішінде туризм объектілеріне баруы егжей-тегжейлі регламенттелген (пайдаланылатын көлік, тоқтайтын орындар, бару объектілері, түнейтін жерлер, шұғыл жағдайлардағы медициналық көмек және басқа да жағдайлар) осындай баруды қамтиды;
18) туристік маршруттар мен соқпақтардың мемлекеттік тізілімі - туристік маршруттар мен соқпақтарды есепке алу құжаты;
19) туристік операторлық қызмет (бұдан әрі – туроператорлық қызмет) – қызметтің осы түріне лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлғалардың шығу туризмі саласындағы туристік өнімді қалыптастыру, турагенттер арқылы ұсыну және өткізу және келу туризмі мен ішкі туризм саласындағы туристік өнімді қалыптастыру, туристерге, оның ішінде турагенттер арқылы ұсыну және өткізу жөніндегі кәсіпкерлік қызметі;
19-1) туристік оператор (бұдан әрі – туроператор) – туристік операторлық қызметті, ішкі туризм, келу немесе шығу туризмі саласындағы туристік операторлық қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
20) туристік өнім – саяхат кезінде туристің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жеткілікті барлық қажетті туристік көрсетілетін қызметтер кешені;
21) туристік өнімді ұсыну - туристік қызмет көрсетуге бағытталған шаралар (жарнама, мамандандырылған көрмелер мен жәрмеңкелерге қатысу, туристік өнімді өткізу жөніндегі туристік ақпарат орталықтарын ұйымдастыру, каталогтар, буклеттер шығару және тарату) кешені;
22) туристік ресурстар – шаруашылық айналымына тартылу дәрежесіне қарамастан, туристік қызметті жүзеге асыру және туристік көрсетілетін қызметтерді қалыптастыру үшін әлеуетті негіз болып табылатын табиғи жағдайлардың, тарихи-мәдени мұра объектілерінің, әлеуметтік-экономикалық, рекреациялық және өзге де факторлардың жиынтығы;
23) туристік нарық - туристік қызмет саласындағы тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) мен ақша айналысы;
24) туристік сала - негізгі қызмет саласы туристік қызмет көрсету, туристік өнім жасау, оларды ішкі және халықаралық нарықтарда ұсыну мен өткізу болып табылатын экономика саласы;
25) туристің төтенше жағдайға ұшырауы - туристің саяхаттан оралмауы, сондай-ақ туристің қаза болуына немесе оның денсаулығына зиян келтіруге әкеп соққан немесе әкеп соғуы мүмкін авария, зілзала немесе апат нәтижесінде туындаған, саяхат кезінде белгілі бір аумақта болған оқиға;
25-1) туроператор-әуе кемесімен жалданушы – Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жолаушыларды және багажды тасымалдау үшін бір немесе бірнеше рейстерге бір әуе кемесінің (немесе бірнеше әуе кемелерінің) бүкіл сыйымдылығын немесе сыйымдылығының бір бөлігін экипажымен қоса оның пайдалануына беру туралы әуемен тасымалдаушымен (әуе кемесін жалдаушымен) әуе кемесін жалдау (чартер) шартын жасасқан туроператор;
26) уәкілетті орган - туристік қызмет саласындағы мемлекеттік басқару функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
26-1) шығу туризмі саласындағы туроператорлық қызмет – қызметтің осы түріне лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлғалардың туристік өнімді қалыптастыру, оны турагенттер арқылы туристерге ұсыну және өткізу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бейрезиденті қалыптастырған туристік өнімді турагенттер арқылы туристерге ұсыну және өткізу жөніндегі кәсіпкерлік қызметі;
26-2) ішкі туризм саласындағы туроператорлық қызмет – қызметтің осы түріне лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлғалардың туристік өнімді қалыптастыру, оны Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын туристерге, оның ішінде турагенттер арқылы ұсыну және өткізу жөніндегі кәсіпкерлік қызметі;
27) экскурсант - уақытша болатын елдегі (жердегі) туристік ресурстарды танымдық мақсатта жиырма төрт сағаттан аспайтын уақытқа барып көретін жеке тұлға;
28) экскурсия - жеке тұлғаның уақытша болатын елдегі (жердегі) туристік ресурстарды танымдық мақсатта жиырма төрт сағаттан аспайтын уақытқа барып, көруі;
29) экскурсиялық қызмет - уақытша болатын елдегі (жердегі) туристік ресурстарға танымдық мақсатта келуді ұйымдастыру жөніндегі кәсіпкерлік қызмет, ол туристерді орналастыру (түнету) жөніндегі қызметті көздемейді және жиырма төрт сағаттан аспайтын мерзімді қамтиды;
30) экскурсия жүргізуші – Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыратын, туристерге уақытша болатын елдегі (жердегі) туристік көрікті жерлермен таныстыру жөнінде экскурсия жүргізу үшін кәсіптік даярланған жеке тұлға.
Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - ҚР 2008.07.05. № 59-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.07.15 № 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 16.11.2015 № 406-V (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі); 17.11.2015 № 407-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 22.12.2016 № 28-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 166-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); 30.04.2021 № 34-VII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 29.12.2022 № 174-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.03.2025 № 166-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.03.2026 № 270-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.2-бап. Қазақстан Республикасының туристік қызмет туралы заңдары
1. Қазақстан Республикасының туристік қызмет туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінен, осы Заңнан, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
2. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар осы Заңнан басым болады. Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттардың Қазақстан Республикасының аумағында қолданылу тәртібі мен талаптары Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.
Ескерту. 2-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 16.03.2026 № 270-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.3-бап. Туристік қызмет субъектілері мен туризм объектілері
Ескерту. 3-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді – ҚР 16.03.2026 № 270-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Туристік қызмет субъектілеріне мыналар жатады:
1) туроператорлар;
2) турагенттер;
3) гидтер, экскурсия жүргізушілер, туризм нұсқаушылары;
4) туристік қызмет саласындағы қоғамдық бірлестіктер;
5) ішкі туризм мен келу туризмін дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі құрған ұйым;
6) шетел азаматтары үшін туристік жарна операторлары.
2. Туризм объектілері – туристер уақытша тұру, орын ауыстыру, демалу, сауығу және мәдени демалыс үшін тікелей пайдаланатын арнайы құрылған немесе бейімделген объектілер.
Ескерту. 3-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 30.04.2021 № 34-VII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 16.03.2026 № 270-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.1. Туристік индустрия - туристерді орналастыру құралдарының, көліктің, қоғамдық тамақтандыру объектілерінің, ойын-сауық объектілері мен құралдарының, танымдық, сауықтыру, іскерлік, спорттық және өзге де мақсаттағы объектілердің, туристік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың, сондай-ақ экскурсиялық қызмет және гидтер қызметін көрсететін ұйымдардың жиынтығы.
2. Туристік индустриядағы қызмет көрсету түрлері:
1) турлар ұсыну жөніндегі қызмет көрсету;
2) уақытша тұратын орындар беру жөніндегі қызмет көрсету;
3) тамақтандыру жөніндегі қызмет көрсету;
4) ақпараттық, жарнамалық қызмет көрсету;
5) көлік қызметін көрсету;
5-1) көліктің барлық түрлеріне билеттерді және іс-шараларға баруға билеттерді беру бойынша (броньға қоюды, сатуды және жеткізуді қоса алғанда) көрсетілетін қызметтер;
6) көрсетілетін ойын-сауық қызметтері;
7) туристік қызмет көрсету шартында көзделген өзге де туристік көрсетілетін қызметтер.
Ескерту. 4-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 30.04.2021 № 34-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.03.2026 № 270-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.1. Танытым орталығы – туристік әлеует туралы ақпарат таратуға және туристік көрсетілетін қызметтер ұсынуға арналған ғимарат, құрылысжай не үй-жай болып табылатын туризм объектісі.
2. Танытым орталығын салуды, реконструкциялауды, жарақтандыруды, күтіп-ұстауды және пайдалануды кәсіпкерлік субъектісі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.
3. Танытым орталығы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес туристік ресурстар аумағында, туристік маршруттарда және өзге де туризм объектілерінде орналасады.
4. Танытым орталығы қызметінің тәртібі мен шарттарын, сондай-ақ оның қызметіне қойылатын талаптарды уәкілетті орган бекітеді.
Ескерту. 4-1-баппен толықтырылды – ҚР 16.03.2026 № 270-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.Қазақстан Республикасының туристік ресурстарын сыныптау мен бағалау, олардың қорғалу режимі, қоршаған ортаға түсетін ауыртпалықтың жол берілетін шегін ескере отырып пайдалану және Қазақстан Республикасының туристік ресурстары тұтастығының сақталу тәртібі, оларды қалпына келтіру жөніндегі шаралар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен айқындалады.
6-бап. Қазақстан Республикасындағы туризмді сыныптау
1. Қазақстан Республикасында туризм:
1) туризм түрлері бойынша;
2) салалық қағидат бойынша;
3) субъектілік қағидат бойынша;
4) объектілік қағидат бойынша сыныпталады.
2. Туризм түрлері халықаралық және ішкі туризмді қамтиды.
3. Халықаралық туризм мыналарды қамтиды:
1) Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұрмайтын адамдардың оның шегіндегі саяхаттары деп түсінілетін келу туризмі;
2) Қазақстан Республикасының азаматтары мен Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын адамдардың басқа елге саяхаттары деп түсінілетін шығу туризмі.
4. Қазақстан Республикасының азаматтары мен оның аумағында тұрақты тұратын адамдардың Қазақстан Республикасының шегіндегі саяхаттары ішкі туризм болып табылады.
5. Салалық қағидат бойынша туристік қызметтерді көрсетуге және туристік өнімге енгізілген нақты саладағы объектілермен және қызметпен танысуға деген туристік қажеттіліктерді қанағаттандыруға байланысты туризм бағыттары ажыратылады.
6. Субъектілік қағидат бойынша туристердің өздерінің мәртебесіне (жасына, кәсібіне және басқаларына) байланысты туризм бағыттары ажыратылады.
7. Объектілік қағидат бойынша туристердің туристік өнімге енгізілген нақты объектілерге және (немесе) оқиғаларға баруына байланысты туризм бағыттары ажыратылады.
Ескерту. 6-бап жаңа редакцияда – ҚР 30.04.2021 № 34-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 16.03.2026 № 270-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.7-бап. Туристік индустриядағы көрсетілетін қызметтер экспорты мен импорты
1. Қазақстан Республикасының аумағына келу туризмін ұйымдастырумен байланысты туристік қызмет көрсету туристік қызмет көрсету экспорты болып табылады.
2. Басқа елге шығуға байланысты туристік қызмет көрсету туристік қызмет көрсету импорты болып табылады.
7-1-бап. Шетел азаматтары үшін туристік жарна
1. Қалалар мен аудандардағы хостелдерді, қонақ жайларды, жалға берілетін тұрғын үйлерді қоспағанда, туристерді орналастыру орындарында болатын әрбір тәулік үшін туристерден алынатын төлем шетел азаматтары үшін туристік жарна болып табылады.
2. Осы баптың 1-тармағында көзделген туристерді орналастыру орындарын қоспағанда, туристерді орналастыру орындарын беретін тұлғалар шетел азаматтары үшін туристік жарна операторлары деп танылады.
Шетел азаматтары үшін туристік жарна операторлары шетел азаматтары үшін туристік жарнаны алуды және жергілікті бюджетке аударуды жүзеге асыруға міндетті.
Ескерту. 1-тарау 7-1-баппен толықтырылды – ҚР 30.04.2021 № 34-VII (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.7-2-бап. Қазақстан Республикасына келуге берілетін электрондық рұқсатты ресімдегені үшін төлемақыдан түсетін қаражатты нысаналы пайдалану
1. Қазақстан Республикасына келуге берілетін электрондық рұқсатты ресімдегені үшін төлемақы шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасына келуге берілетін электрондық рұқсатты ресімдеу кезінде жүзеге асыратын төлемақыны білдіреді.
2. Қазақстан Республикасына келуге берілетін электрондық рұқсатты ресімдегені үшін төлемақыдан түсетін қаражат ішкі және келу туризмін дамытуға арналған бөлігінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға арналған цифрлық платформаның операторына жіберіледі.
3. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген қаражат Қазақстан Республикасының туристік өнімін ішкі және сыртқы нарықтарда ілгерілетуді қоса алғанда, ішкі және келу туризмін дамытуға пайдаланылады.
4. Қазақстан Республикасына келуге берілетін электрондық рұқсатты ресімдегені үшін төлемақыдан түскен қаражаттың түсу, бөліну, мониторингі, есептілігі және пайдаланылу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
Ескерту. 1-тарау 7-2-баппен толықтырылды – ҚР 24.06.2026 № 326-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.2-тарау. ТУРИСТIК ҚЫЗМЕТТI МЕМЛЕКЕТТIК РЕТТЕУ
8-бап. Осы Заңның негізгі қағидаттары
Осы Заңның негізгі қағидаттары мыналар болып табылады:
1) туристік қызметке жәрдемдесу және оны дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау;
2) туристік қызметтің басым бағыттарын қолдау;
3) Қазақстан Республикасы туралы туризм үшін қолайлы ел деген түсінікті қалыптастыру;
4) туристер мен туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың және олардың бірлестіктерінің қауіпсіздігі, құқықтарын қорғау, сондай-ақ олардың заңды мүдделері мен мүлкін қорғау.
Ескерту. 8-бап жаңа редакцияда - ҚР 15.04.2025 № 183-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.9-бап. Осы Заңның негізгі мақсаттары мен міндеттері
1. Осы Заңның негізгі мақсаттары мыналар болып табылады:
1) азаматтардың туристік қызмет саласында демалу, еркін жүріп-тұру құқықтарын қамтамасыз ету;
2) қоршаған ортаны қорғау;
3) туристерге тәрбие, білім беруге және оларды сауықтыруға бағытталған қызмет үшін жағдайлар жасау;
4) саяхат жасау кезінде азаматтардың қажеттіліктерін қамтамасыз ететін, оның ішінде мүгедектігі бар адамдарды және халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарын (инклюзивті туризмді) қоса алғанда, барлық туристер үшін туризм инфрақұрылымына тең (кедергісіз) қолжетімділікті қамтамасыз етуге бағытталған туристік индустрияны дамыту;
5) туристік индустрияны дамыту есебінен жаңа жұмыс орындарын ашу, мемлекеттің және Қазақстан Республикасы азаматтарының кірістерін ұлғайту;
6) халықаралық туристік байланыстарды дамыту;
7) туризмді Қазақстан Республикасы экономикасының жоғары рентабельді саласы ретінде қалыптастыру;
8) туристік ресурстарды пайдаланған кезде Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүддесін ескеру, табиғи және тарихи-мәдени мұраларын қорғау;
9) туристік индустрияға инвестициялау үшін қолайлы жағдайлар жасау.
2. Осы Заңның негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
1) ішкі туризм мен келу туризмін қолдау және дамыту;
2) ішкі және халықаралық туризм қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін туристік қызметтің тиімді жүйесін құру;
3) балалар, жасөспірімдер, жастар, мүгедектігі бар адамдар мен халықтың аз қамтылған топтары арасында туристік және экскурсиялық жұмысты ұйымдастыру үшін жеңілдікті жағдайлар енгізу;
4) жаңа жұмыс орындарын ашуға және халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу;
5) туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың және олардың бірлестіктерінің халықаралық туристік бағдарламаларға қатысуы;
6) ішкі және әлемдік туристік нарықтарда туристік өнімді ілгерілету;
7) елдің туристік ресурстарын ұтымды және тиімді пайдалануды, есепке алу мен қорғауды қамтамасыз ету.
Ескерту. 9-бап жаңа редакцияда - ҚР 15.04.2025 № 183-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.10-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті
Қазақстан Республикасының Үкіметі туризмді дамыту саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді.
Ескерту. 10-бап жаңа редакцияда – ҚР 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.11-бап. Уәкілетті органның құзыреті
Уәкілетті орган:
1) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;2) туристік салаға инвестициялар тарту жөніндегі бірыңғай саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысады;
3) туристік қызмет, туризм және туристік индустрия саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады және іске асырады;
4) алып тасталды - ҚР 15.04.2025 № 183-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;5) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 № 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
6) туристік қызмет саласындағы салааралық және өңіраралық үйлестіруді, туристік қызметті жүзеге асыратын отандық, шетелдік және халықаралық туристік, қоғамдық және басқа да ұйымдармен және тұлғалармен өзара іс-қимыл жасауды жүзеге асырады;
7) соттарға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап-арыздар береді;
8) алып тасталды – ҚР 17.07.2025 № 213-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;9) алып тасталды - ҚР 15.07.2011 № 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
10) өз құзыреті шегінде туристік қызмет саласындағы халықаралық шарттарды әзірлейді, жасасады және орындайды, сондай-ақ халықаралық ұйымдарда және халықаралық іс-шараларда мемлекеттің туризм саласындағы мүдделерін білдіреді және олардың жұмысына қатысады;
10-1) өткізілген конкурс негізінде Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесі әкімшісінің функцияларын жүзеге асыратын заңды тұлғаны айқындайды;
10-2) Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесінің жұмыс істеу қағидаларын, шығу туризмі саласындағы қызметті жүзеге асыратын туроператорлар мен туроператор-әуе кемесімен жалданушылар үшін банктік кепілдікпен қамтамасыз етуге жататын ақша сомасын, Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризм саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесінің әкімшісі үшін арнаулы ашылған банктік шотқа (бұдан әрі – арнаулы шот) аударылуға жататын ақша сомасын бекітеді;
10-3) шетел азаматтары үшін туристік жарна төлеу қағидаларын бекітеді;
11) алып тасталды - ҚР 15.04.2025 № 183-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;12) алып тасталды - ҚР 15.04.2025 № 183-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
13) алып тасталды - ҚР 15.04.2025 № 183-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
14) алып тасталды - ҚР 15.04.2025 № 183-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
15) алып тасталды - ҚР 15.04.2025 № 183-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
16) алынып тасталды - ҚР 13.01.2014 № 159-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
17) алынып тасталды - ҚР 13.01.2014 № 159-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
18) алынып тасталды - ҚР 13.01.2014 № 159-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
19) алынып тасталды - ҚР 13.01.2014 № 159-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
20) алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
20-1) алып тасталды - ҚР 15.04.2025 № 183-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;20-2) туризм саласындағы мамандарды кәсіптік даярлауға, қайта даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға қойылатын жалпы талаптарды айқындайды;
20-3) туроператорлық қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекітеді;
20-4) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жергілікті өкілді органдар бекітетін туристерді тасымалдау жөніндегі туристік қызметтер көрсету қағидаларын қоспағанда, туристік қызметтер көрсету қағидаларын бекітеді;
20-5) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес турагенттік қызметтің, гид, экскурсия жүргізуші және туризм нұсқаушысы қызметінің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама берген адамдардың мемлекеттік электрондық тізілімдерін жүргізеді;
20-6) алып тасталды - ҚР 15.04.2025 № 183-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;20-7) республикалық бюджеттен қаржыландырылатын, туризм саласындағы білім беру ұйымдарында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастыруға қатысады;
20-8) республикалық бюджеттен қаржыландырылатын, туризм саласындағы білім беру ұйымдарында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын бөлуді және орналастыруды бекітеді;
20-9) басым туристік аумақтарды қалыптастыру, олардың жұмыс істеу және оларды басқару қағидаларын бекітеді;
20-10) алып тасталды - ҚР 15.04.2025 № 183-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;20-11) Қазақстан Республикасының аумағында кәмелетке толмаған жолаушыларды әуемен тасымалдау кезінде туристік өнімге қосылған билет құнын субсидиялау қағидаларын, сондай-ақ туристік өнімге қойылатын талаптарды бекітеді;
20-13) туризм инфрақұрылымын салу және жетілдіру жөніндегі қызметті үйлестіреді;
20-14) әрбір шетелдік турист үшін келу туризмі саласындағы туроператорлардың шығындарын субсидиялаудың қағидалары мен мөлшерін, субсидиялауға қойылатын талаптарды бекітеді;
20-15) танытым орталықтары мен туристерді орналастыру орындарын салу және реконструкциялау кезінде кәсіпкерлік субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидалары мен мөлшерін, сондай-ақ оларға қойылатын талаптарды бекітеді;
20-16) кәсіпкерлік субъектілерінің тау шаңғысы курорттарына арналған жабдықтар мен техника сатып алуға жұмсалған шығындарының бір бөлігін өтеу қағидалары мен мөлшерін, сондай-ақ тау шаңғысы курорттарына арналған жабдықтар мен техниканы сатып алуға жұмсалатын шығындардың бір бөлігі өтелуге тиіс осындай жабдықтар мен техника тізбесін бекітеді;
20-17) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ерекше мәртебеге ие облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарына күтіп-ұсталуы кезіндегі шығындардың бір бөлігі өтелетін санитариялық-гигиеналық тораптар тізбесін келіседі;
20-18) кәсіпкерлік субъектілерінің туристік ресурстардағы және оларға апаратын жолдардағы санитариялық-гигиеналық тораптарды күтіп-ұстауға жұмсалған шығындарының бір бөлігін субсидиялау қағидалары мен мөлшерін, сондай-ақ санитариялық-гигиеналық тораптарды күтіп-ұстауға жұмсалатын шығындар субсидиялануға тиіс осындай тораптарға қойылатын талаптарды бекітеді;
20-19) кәсіпкерлік субъектілерінің жол бойындағы сервис объектілерін салуға жұмсалған шығындарының бір бөлігін өтеу қағидалары мен мөлшерін, сондай-ақ осындай объектілердің тізбесін және оларға қойылатын талаптарды бекітеді;
20-20) туристік қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілерінің жүргізушінің орнын қоспағанда, сыйымдылығы сегізден астам отыратын орын болатын автомобиль көлік құралдарын сатып алуға жұмсалған шығындарының бір бөлігін өтеу қағидалары мен мөлшерін, сондай-ақ көлік құралдарын сатып алуға жұмсалатын шығындардың бір бөлігі өтелуге тиіс осындай көлік құралдарына қойылатын талаптарды бекітеді;
20-21) алып тасталды - ҚР 15.04.2025 № 183-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;20-22) алып тасталды – ҚР 17.07.2025 № 213-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
20-23) алып тасталды – ҚР 17.07.2025 № 213-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
20-24) алып тасталды - ҚР 15.04.2025 № 183-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
20-25) алып тасталды - ҚР 15.04.2025 № 183-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
20-26) осы Заңның мақсаттары мен міндеттеріне және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес туристік қызметті реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;
20-27) гидтердің, экскурсия жүргізушілердің және туризм нұсқаушыларының қызметі қағидаларын бекітеді;
21) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Ескерту. 11-бап жаңа редакцияда - ҚР 05.07.2008 № 59-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), өзгерістер енгізілді – ҚР 17.07.2009 № 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 19.03.2010 № 258-IV, 06.01.2011 № 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 05.07.2011 № 452-IV (13.10.2011 бастап қолданысқа енгізіледі), 15.07.2011 № 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі), 10.07.2012 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.01.2014 № 159-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 № 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 05.10.2018 № 184-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2020 № 356-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.04.2021 № 34-VII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.03.2025 № 166-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.04.2025 № 183-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 17.07.2025 № 213-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.03.2026 № 270-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.12-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының (әкімдіктерінің) құзыреті
Ескерту. 12-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 13.01.2014 № 159-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы:
1) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында туристік қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады және үйлестіруді жүзеге асырады;
2) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;3) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
4) алып тасталды - ҚР 05.07.2011 № 452-IV (13.10.2011 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
5) алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
6) туристік қызметтер көрсету нарығына талдау жасайды және тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында туризмнің дамуы туралы қажетті мәліметтерді уәкілетті органға табыс етеді;
7) облыстық (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) туристік ресурстарды қорғау жөніндегі шараларды әзірлейді және енгізеді;
8) Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ерекше мәртебеге ие облыстық маңызы бар қаланың аумағын қоспағанда, тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында туристік индустрия объектілерін жоспарлау және салу жөніндегі қызметті үйлестіреді;
9) балалар мен жастар лагерьлерінің, туристер бірлестіктерінің қызметіне жәрдем көрсетеді;
10) Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ерекше мәртебеге ие облыстық маңызы бар қаланың аумағында қызметін жүзеге асыратын субъектілерді қоспағанда, туристік қызмет субъектілеріне туристік қызметті ұйымдастыруға байланысты мәселелерде әдістемелік және консультациялық көмек көрсетеді;
11) Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ерекше мәртебеге ие облыстық маңызы бар қаланың аумағында жүзеге асырылатын кәсіпкерлікті қоспағанда, халықты жұмыспен қамтуды ұлғайту шарасы ретінде туристік қызмет саласындағы кәсіпкерлікті дамытады және қолдайды;
11-1) Қазақстан Республикасының туристік қызмет туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
12) туристік ақпаратты, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері мен туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпаратты береді;
13) туристік ақпарат орталығын құрады;
13-1) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес туроператорлық қызметті лицензиялауды жүзеге асырады;
13-2) Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ерекше мәртебеге ие облыстық маңызы бар қаланың аумағында қызметін жүзеге асыратын гидтерді, экскурсия жүргізушілерді және туризм нұсқаушыларын қоспағанда, гидтерді, экскурсия жүргізушілерді және туризм нұсқаушыларын кәсіптік даярлауды ұйымдастырады;
13-3) уәкілетті органмен келісу бойынша туристік саланы дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітеді;
13-4) туристік маршруттар мен соқпақтардың мемлекеттік тізілімін жүргізеді;
13-5) Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ерекше мәртебеге ие облыстық маңызы бар қаланың аумағын қоспағанда, тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында туризм инфрақұрылымын құрады, туристің қажеттіліктерін қанағаттандыра алатын туризм объектілерін салу мен дамыту бойынша шаралар қабылдайды;
13-6) туризмді дамытуда туристік қызмет субъектілері үшін жағдайлар жасайды;
13-7) туризм саласындағы бірлескен қызметті іске асыру шеңберінде тікелей шарт жасасу арқылы туристік ақпараттық орталықтарды қаржыландырады;
13-8) Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ерекше мәртебеге ие облыстық маңызы бар қаланың аумағында қызметін жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда, танытым орталықтары мен туристерді орналастыру орындарын салу, реконструкциялау кезіндегі кәсіпкерлік субъектілері шығындарының бір бөлігін өтейді;
13-9) Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ерекше мәртебеге ие облыстық маңызы бар қаланың санитариялық-гигиеналық тораптарының тізбесін қоспағанда, уәкілетті органмен келісу бойынша күтіп-ұсталуы кезіндегі шығындардың бір бөлігі өтелетін санитариялық-гигиеналық тораптардың тізбелерін бекітеді;
13-10) елді мекендерден тыс жердегі туристерді орналастыру орындарына дейін облыстық және аудандық маңызы бар кірме автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау жөніндегі шараларды жүзеге асырады;
13-11) Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ерекше мәртебеге ие облыстық маңызы бар қаланың аумағындағы жол бойындағы сервис объектілерін қоспағанда, кәсіпкерлік субъектілерінің жол бойындағы сервис объектілерін салу бойынша шығындарының бір бөлігін өтейді;
13-12) Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ерекше мәртебеге ие облыстық маңызы бар қаланың аумағындағы санитариялық-гигиеналық тораптарды қоспағанда, кәсіпкерлік субъектілерінің санитариялық-гигиеналық тораптарды күтіп-ұстауға арналған шығындарының бір бөлігін субсидиялайды;
13-13) Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ерекше мәртебеге ие облыстық маңызы бар қаланың аумағында туристік қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілері сатып алатын автомобиль көлігі құралдарын қоспағанда, туристік қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілеріне сыйымдылығы жүргізушінің орнын есепке алмағанда сегізден астам отыратын орны бар автомобиль көлік құралдарын сатып алу бойынша шығындардың бір бөлігін өтейді;
13-14) жер пайдалану құқығын не жеке меншік құқығын бермей, жануарлардың өріс аудару жолдары ескеріле отырып, республикалық және жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы туризм объектілеріне, сондай-ақ елді мекендерден тыс жердегі туризм объектілеріне және туристерді орналастыру орындарына дейін инженерлік инфрақұрылымды (жолдарды, көпірлерді, электр беру желілерін және басқа да коммуникацияларды) жобалауды, салуды және оларға қызмет көрсетуді ұйымдастырады;
13-15) әрбір шетелдік турист үшін келу туризмі саласындағы туроператорлардың шығындарын субсидиялайды;
13-16) тау шаңғысы курорттары үшін жабдықтар мен техника сатып алу бойынша кәсіпкерлік субъектілері шығындарының бір бөлігін өтейді;
13-17) кәсіпкерлік субъектісі шығындарының бір бөлігінің өтемін алған күннен бастап бес жыл ішінде танытым орталықтарының, туристерді орналастыру орындарының, тау шаңғысы курорттарына арналған жабдықтар мен техниканың, жол бойындағы сервис объектілерінің, жүргізушінің орнын қоспағанда, сыйымдылығы сегізден астам отыратын орын болатын автомобиль көлік құралдарының иеліктен шығарылмауына және нысаналы пайдаланылуына, сондай-ақ шығындардың бір бөлігін субсидиялауды алу кезеңінде санитариялық-гигиеналық тораптардың, оның ішінде Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ерекше мәртебеге ие облыстық маңызы бар қаланың аумағындағы туризм объектілерінің және сол аумақта қызметін жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілерінің жұмыс істеуіне мониторингті жүзеге асырады;
13-18) басым туристік аумақтар шекараларының шегін айқындайды;
13-19) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының шеңберінде әзірленетін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың даму жоспарларына ішкі туризм мен келу туризмін дамыту жөніндегі бағыттар мен іс-шаралардың енгізілуін қамтамасыз етеді;
14) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2. Ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы:
1) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында туристік қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады және үйлестіруді жүзеге асырады;
2) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында туризмді дамыту туралы ақпарат жинауды, талдауды жүзеге асырады және оны облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына береді;
3) аудандық туристік ресурстарды қорғау жөніндегі шараларды әзірлейді және енгізеді;
4) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында туристік индустрия объектілерін жоспарлау және салу жөніндегі қызметті үйлестіреді;
5) балалар мен жастар лагерьлерінің, туристер бірлестіктерінің қызметіне жәрдем көрсетеді;
6) туристік ақпаратты, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері және туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпарат береді;
6-1) аудандағы туристік маршруттар мен соқпақтардың тізілімін жүргізеді;
7) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Ескерту. 12-бап жаңа редакцияда - ҚР 05.07.2008 № 59-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), өзгерістер енгізілді – ҚР 05.07.2011 № 452-IV (13.10.2011 бастап қолданысқа енгізіледі), 15.07.2011 № 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.01.2014 № 159-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 № 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.12.2018 № 210-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.04.2021 № 34-VII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 03.03.2025 № 166-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.06.2025 № 198-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 17.07.2025 № 213-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.03.2026 № 270-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.13-бап. Туризм жөніндегі кеңес
1. Туризм жөніндегі кеңес уәкілетті орган жанындағы консультациялық-кеңесші орган ретінде құрылады.
2. Туризм жөніндегі кеңестің құрамына уәкілетті органның және мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері, сондай-ақ туристік қызмет саласындағы қауымдастықтар мен өзге де бірлестіктердің өкілдері кіреді.
3. Туризм жөніндегі кеңес:
1) Туризмді дамыту, экономиканың осы саласына инвестициялар тарту, Қазақстан Республикасына келудің қолайлы режимін қамтамасыз ету және туристердің шетелге шығуы үшін жағдайлар жасау, республиканың туристік имиджін қалыптастыру, туристік қызмет саласында мамандар даярлау мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлейді;
2) туристік қызмет көрсетуді тұтынушыларды қызмет көрсету сапасы туралы хабардар ету мақсатында өзі бекіткен тәртіп бойынша туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың рейтингін жүргізеді.
4. Алып тасталды – ҚР 05.07.2008 № 59-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.Ескерту. 13-бапқа өзгерту енгізілді – ҚР 2008.07.05. № 59-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
14-бап. Туристік ақпарат орталығы
1. Туристік ақпарат орталығы облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) әкімдігі құратын, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік пен оның туристік әлеуеті туралы ақпаратты қалыптастыру және тарату, туристік көрсетілетін қызметтерді халықаралық туристік нарықта және мемлекет ішінде ілгерілету үшін, сондай-ақ туристік қызмет саласында жаңа кәсіпкерлік субъектілерін дамытуға жағдай жасау және ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету мақсатында құрылатын ұйым болып табылады.
Туристік ақпарат орталығы туристік өнімді халықаралық туристік нарықта ілгерілету кезінде Қазақстан Республикасының Үкіметі ішкі туризм мен келу туризмін дамыту мақсатында құрған ұйыммен өзара іс-қимылды жүзеге асырады.
2. Туристік ақпарат орталықтары қызметінің тәртібі мен шарттарын уәкілетті орган бекітеді.
Ескерту. 14-бап жаңа редакцияда - ҚР-ның 2008.07.05. № 59-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); өзгеріс енгізілді – ҚР 05.07.2024 № 115-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.03.2026 № 270-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.3-тарау. ТУРИСТIК ҚЫЗМЕТТI ҰЙЫМДАСТЫРУ
14-1-бап. Басым туристік аумақтар
1. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ерекше мәртебеге ие облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы шегін айқындайтын туристік дамытудың ерекше әлеуеті бар аумақ басым туристік аумақ болып табылады.
2. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар басым туристік аумаққа қатысушылар болып табылады.
3. Басым туристік аумақ:
синергетикалық әсер есебінен аумақтың туристік нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру;
туристік қызмет субъектілері жұмысының тиімділігін арттыру;
туризмді дамытудың неғұрлым перспективалы нүктелерінде ресурстарды (материалдық, зияткерлік және басқаларын) шоғырландыру мақсатында құрылады.
4. Туристің қажеттіліктерін қанағаттандыра алатын туризм объектілерін басым туристік аумақтарда салу және олар бойынша инвестициялық преференциялар беру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Ескерту. 3-тарау 14-1-баппен толықтырылды – ҚР 30.04.2021 № 34-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 16.03.2026 № 270-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.14-2-бап. Инвестицияларды мемлекеттік қолдау
Басым туристік аумақта инвестициялық басым жобаны іске асыратын заңды тұлғалар үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес преференциялар беріледі.
Ескерту. 3-тарау 14-2-баппен толықтырылды – ҚР 30.04.2021 № 34-VII (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.14-3-бап. Ішкі туризм мен келу туризмін дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі құрған ұйымның өкілеттіктері
Ішкі туризм мен келу туризмін дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі құрған ұйымға мынадай өкілеттіктер беріледі:
1) келу туризмі мен ішкі туризмді дамытуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыруды жүзеге асырады;
2) Қазақстан Республикасын және оның туристік мүмкіндіктерін халықаралық және ішкі туристік нарықтарда, оның ішінде ұлттық туристік порталды пайдалану мен дамыту арқылы ілгерілетуді жүзеге асырады;
2-1) туристік өнімді халықаралық туристік нарықта ілгерілету бөлігінде туристік ақпарат орталықтарының қызметін үйлестіреді, халықаралық қызметті әдістемелік және ақпараттық қолдап отыруды қамтамасыз етеді;
3) ұлттық туристік брендтерді әзірлейді және халықаралық және ішкі туристік нарықтарда ілгерілетеді, бекітілген қағидаларға сәйкес олардың тізілімін қалыптастырады және жүргізеді;
4) туристік саладағы маркетингтік стратегияны әзірлейді, оның іске асырылу мониторингін үйлестіреді және жүргізеді;
5) туристік ресурстарды құруға және дамытуға қатысады;
6) Қазақстан Республикасының туристік әлеуетіне талдау жүргізеді;
7) Қазақстан Республикасының аумағында кәмелетке толмаған жолаушыларды әуемен тасымалдау кезінде туристік өнімге қосылған билет құнын субсидиялауды әкімшілендіреді.
Ескерту. 3-тарау 14-3-баппен толықтырылды – ҚР 30.04.2021 № 34-VII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); өзгеріс енгізілді – ҚР 16.03.2026 № 270-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.15-бап. Туристік қызметті жүзеге асырудың жалпы шарттары
1. Шығу туризмі саласындағы туроператор шығу туризмі саласындағы туроператорлық қызметті жүзеге асыру кезінде шетелге шығатын әрбір туриске қатысты туристі міндетті сақтандыру шартын жасасуға міндетті.
Шығу туризмі саласындағы туроператордың туристік қызмет көрсетуге арналған жазбаша шарт жасаспай, туристік қызметтерді көрсетуі лицензияның қолданысын тоқтата тұру үшін негіз болып табылады.
2. "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес:
шығу туризмі саласындағы туроператорлық қызмет лицензияланатын қызметтің кіші түрі болып табылады;
келу туризмі мен ішкі туризм саласындағы туроператорлық қызмет лицензияланатын қызметтің кіші түрі болып табылады;
турагенттік қызмет, сондай-ақ гидтердің, экскурсия жүргізушілердің және туризм нұсқаушыларының қызметі хабарлама жасау тәртібімен жүзеге асырылады.
Туроператорлық қызметке арналған лицензияның қолданысын тоқтата тұру немесе тоқтату, бұрын жасалған шарттардан туындайтын міндеттемелерді қоспағанда, туристік қызметтер көрсетуге тыйым салуға алып келеді.
Туроператорлық қызметке арналған лицензияның қолданысын тоқтата тұру, туроператорлық қызметке арналған лицензияның қолданысын тоқтату Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
Туроператор туристерге туристік өнімге кіретін барлық көрсетілетін қызметтерді дербес өзі немесе туроператор туристер алдындағы өз міндеттемелерінің бір бөлігін немесе барлығын орындауды жүктейтін үшінші тұлғаларды тарта отырып көрсетуді қамтамасыз етеді.
Шығу туризмі саласындағы туроператор туристік өнімді ұсынуды және өткізуді тек қана турагенттер арқылы жүзеге асырады. Турагент шығу туризмі саласындағы туроператор қалыптастырған туристік өнімді өткізу кезінде туристік ваучер беруге міндетті.
Қазақстан Республикасының бейрезиденті қалыптастырған туристік өнім шығу туризмі саласындағы туроператордың туристік өніміне енгізу арқылы ұсынылады және осы Заңға сәйкес өткізіледі.
3. Турагент туроператор қалыптастырған туристік өнімді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес туристерге ұсынады және өткізеді.
Турагенттің туристік өнімді ұсынуы және өткізуі туроператормен жазбаша нысанда жасалған туристік өнімді өткізуге арналған агенттік шарт негізінде жүзеге асырылады.
Туроператор мен турагент арасындағы туристік өнімді өткізуге арналған агенттік шартта мыналар қамтылуға тиіс:
туристік өнімді қалыптастырған туроператор туралы мәліметтер;
турагенттің туроператор атынан туристермен мәмілелер жасауға өкілеттіктері;
турист не туристік өнімге кіретін жекелеген туристік қызметтерді көрсететін үшінші тұлғалар талап қойған жағдайдағы туроператор мен турагенттің өзара іс-қимыл тәртібі;
туристік маршруттың сипаттамасы;
туристік өнім туралы анық ақпарат және туристік өнім туралы ақпарат бермегені немесе анық емес ақпарат бергені үшін тараптардың әрқайсысының турист алдындағы жауаптылығы.
Туроператор туристік қызмет көрсетуге арналған шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін (оның ішінде осы қызметтерді кімнің көрсетуге тиіс болғанына немесе кімнің көрсеткеніне қарамастан, туристерге туристік өнімге кіретін қызметтерді көрсетпегені немесе тиісінше көрсетпегені үшін) туристің алдында Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылықта болады.
4. Діни қажеттіліктерді қанағаттандыруға бағытталған туроператорлық қызмет уәкілетті органмен келісу бойынша діни қызмет саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.
Ескерту. 15-бап жаңа редакцияда – ҚР 30.04.2021 № 34-VII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); өзгеріс енгізілді – ҚР 17.12.2025 № 241-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.03.2026 № 270-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.15-1-бап. Туристерді орналастыру орындарының сыныптамасы
1. Туристерді орналастыру орындары туристер легін және барлық туризм түрлерінен түсетін кірістерді арттыруға жәрдемдесу мақсатында сыныпталуға тиіс.
2. Сыныптама жүргізу кезінде туристерді орналастыру орындарын сыныптау ережелерінің негізінде санаттардың біріне аттестаттауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін туристерді орналастыру орындарының сипаттамалары қаралады.
3. Туристерді орналастыру орындарын сыныптау ережелері негізгі мақсаттарды, ұйымдық құрылымды, ең төменгі талаптарды айқындайды және туристерді орналастыру орындарына санаттар беру тәртібін реттейді.
Ескерту. 15-1-баппен толықтырылды - ҚР-ның 2008.07.05. № 59-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.15-2-бап. Туристік өнімді қалыптастыру
1. Туристік өнімді қалыптастыру - туроператордың туристік өнімге кіретін жекелеген туристік қызметтер көрсететін үшінші тұлғалармен шарттарды жасасу және орындау жөніндегі қызметі.
2. Туроператор туристік өнімді өз қалауы бойынша туристік нарықтың конъюнктурасын негізге ала отырып немесе нақты тапсырыс бойынша қалыптастырады.
3. Туроператор кіретін қызметтер көрсетуге құқықты жекелеген туристік қызметтер көрсетуді ұсынатын тұлғалармен жасалатын шарттар негізінде алады.
Ескерту. 15-2-баппен толықтырылды – ҚР 2008.07.05. № 59-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.15-3-бап. Туризм саласындағы хабарламалар
1. Гидтің, экскурсия жүргізушінің, туризм нұсқаушысының, турагенттің қызметін жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес беріледі.
2. Турагенттік қызметті жүзеге асырудың басталғаны туралы хабарлама жіберетін өтініш берушілер уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша мәліметтерді қоса береді.
3. Гид, экскурсия жүргізуші, туризм нұсқаушысы ретінде қызметті жүзеге асырудың басталғаны туралы хабарламаны жіберетін өтініш берушілер хабарламаға уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша мәліметтерді және туризм саласында даярлықтан өткені туралы сертификатты қоса береді.
Ескерту. 3-тарау 15-3-баппен толықтырылды - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда – ҚР 30.04.2021 № 34-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.03.2026 № 270-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.16-бап. Туристік қызмет аясындағы стандарттау
Туристік қызмет аясындағы стандарттау Қазақстан Республикасының стандарттау саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Ескерту. 16-бап жаңа редакцияда - ҚР 05.10.2018 № 184-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).17-бап. Туристік қызмет көрсету шарты
1. Туристік қызметтер көрсету шарт негізінде жүзеге асырылады. Туристік қызмет көрсету шарты, гидпен және экскурсия жүргізушімен жасалатын шарттарды қоспағанда, жазбаша нысанда жасалады және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес болуға тиіс.
Туристік қызмет көрсету шартының елеулі талаптары уәкілетті орган бекіткен туристік қызмет көрсетуге арналған үлгілік шартта белгіленеді.
Келу туризмі мен ішкі туризм саласындағы туроператорлардың туристік қызмет көрсетуге арналған жазбаша шарт жасаспай, туристік қызметтерді көрсетуі лицензияның қолданысын тоқтата тұру үшін негіз болып табылады.
Бір жыл ішінде қайталап жасалған, келу туризмі мен ішкі туризм саласындағы туроператорлардың туристік қызмет көрсетуге арналған жазбаша шарт жасаспай, туристік қызметтерді көрсетуі лицензиядан айыру үшін негіз болып табылады.
Лицензияның қолданысын тоқтата тұру не лицензиядан айыру туралы шешімді уәкілетті орган қабылдайды.
Лицензияның қолданысын тоқтата тұру мерзімі бір айды құрайды.
2. Алып тасталды - ҚР 05.07.2008 № 59-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.3. Шартты жасасу кезінде басшылыққа алынған мән-жайдың елеулі түрде өзгеруіне байланысты тараптардың әрқайсысы шартты өзгертуді немесе бұзуды талап етуге құқылы.
4. Мән-жайлардың елеулі түрде өзгеруіне мыналар жатады:
1) саяхат жағдайларының нашарлауы, саяхат мерзімінің өзгеруі;
2) көлік тарифтерінің ойламаған жерден өсуі;
3) салықтар мен алымдардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің жаңа ставкаларын енгізу немесе олардың қолданыстағы ставкаларының артуы;
4) тараптардың келісімі бойынша белгіленетін өзге де негіздер.
5. Туристік қызметті жүзеге асыратын тұлға шартты орындамаған немесе тиісінше орындамаған ретте турист Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда және тәртіппен шартты бұзуға құқылы.
6. Туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғаға шартты орындаудан бас тарту туралы хабардар етілгенге дейін көрсетілген қызметтері үшін олардың іс жүзінде шығарған шығындарын төлеген жағдайда, саяхат басталғанға дейін шартты орындаудан бас тартуға құқылы.
7. Алып тасталды - ҚР 05.07.2008 № 59-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.8. Турдың құрамына кіретін туристік қызметтер көрсетілуін сатып алған жағдайда туристік ваучер туристің тиісті қызмет көрсетуді пайдалану құқығын растайтын құжат болып табылады.
9. Туристің кінәсінен туристік қызмет көрсету шартын орындау мүмкін болмайтын жағдай туындаған ретте, егер заң актілерінде немесе өтелмелі қызметтер көрсету шартында өзгеше көзделмесе, көрсетілген қызметтерге толық көлемде ақы төленуі тиіс.
10. Туристік қызмет көрсету шартын орындаудың мүмкін болмауы тараптардың бір де бірі жауап бермейтін мән-жайлар бойынша туындаған жағдайда, егер заң актілерінде немесе шартта өзгеше көзделмесе, турист туристік ұйымға іс жүзінде шығарған шығындарын өтейді.
11. Туристің кінәсінен болған жағдайды қоспағанда, туристік қызметті жүзеге асыратын тұлға тапсырыс берушіге шартты бұзудан келтірілген залалдарды толық өтеген жағдайда ғана шартты орындаудан бас тартуға құқылы.
12. Басқа елге келген жері бойынша не жүру барысындағы маршруты бойынша шарт талаптарына сәйкес келмеген жағдайда туристік қызметті жүзеге асыратын тұлға шарт талаптарының тиісінше орындалмағаны үшін жауапты болады.
Ескерту. 17-бапқа өзгерту енгізілді – ҚР 12.01.2007 № 222 (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі); 05.07.2008 № 59-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 17.12.2025 № 241-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.18-бап. Залалдар мен моральдық зиянды өтеу, туристік қызмет көрсету шартын өзгерту жағдайлары
1. Туристерге келтірілетін залалдар мен моральдық зиянды өтеу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүргізіледі.
2. Туристік ұйым саяхат жасау кезінде дүлей күштің ықпалы салдарынан туристке келтірілген залал үшін жауап бермейді.
3. Жолаушыларды көліктің кез келген түрімен тасымалдаған кезде туристік қызметті жүзеге асыратын тұлға туристке жөнелтілетін және баратын пункттер атаулары, жолаушылардың негізгі құқықтары мен міндеттері көрсетілген жеке немесе топтық (туристер тобына қызмет көрсету кезінде) тасымалдау құжатын (билетін) беруге міндетті.
4. Туристік қызметті жүзеге асыратын тұлға туристің төтенше жағдайға тап болғаны туралы туристің отбасын өз есебінен жазбаша түрде хабардар етуге міндетті.
5. Өлшеуге берілмеген жүкті тасымалдау, оның сақталу жауапкершілігі туристке жүктеледі. Егер туристік қызметті жүзеге асыратын тұлға билет, жүк квитанциясын немесе тасымалдауға қабылданған жүктің жөнелтпе құжатын берсе, бірақ олар дұрыс ресімделмеген болса немесе жоғалса, немесе оларды қандай да бір басқа себептермен ұсыну мүмкін болмаса, тасымалдау шарты күшінде қалады.
6. Туристік қызметті жүзеге асыратын тұлға шартпен көзделген мән-жайлар өзгерген жағдайда және шарттың талаптарын елеулі түрде өзгерту қажет болған жағдайда туристке жазбаша нысанда осындай өзгерістердің сипаты және ықтимал салдарлары туралы дереу хабарлауға міндетті.
Ескерту. 18-бапқа өзгерту енгізілді – ҚР 05.07.2008 № 59-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.19-бап. Туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар
1. Туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар өз филиалдары мен өкілдіктерін ашуға құқылы.
2. Туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы заңнамасына сәйкес тіркелген, туристік қызметті жүзеге асыратын басқа тұлғалардың атауларын пайдалана алмайды.
Ескерту. 19-бап жаңа редакцияда - ҚР 15.07.2011 № 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізлді - ҚР 02.04.2019 № 241-VI (01.07.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.20-бап. Туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың бірлестіктері
Туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар және туристік индустрияның өзге де тұлғалары өздерінің кәсіптік қызметін үйлестіру, сондай-ақ ортақ мүдделерді білдіру және қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен қауымдастықтар (одақтар) нысанында бірлестіктер құра алады.
Ескерту. 20-бапқа өзгерту енгізілді – ҚР 05.07.2008 № 59-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.21-бап. Туристердің бірлестіктері
Қазақстан Республикасының азаматтары туристердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, туризмді дамытуға жәрдемдесу мақсатында қоғамдық бірлестіктер құра алады.
22-бап. Туристік қызмет саласындағы мамандарды кәсіптік даярлау
1. Туризм саласындағы мамандарды кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды білім беру саласында тиісті лицензиялары бар білім беру ұйымдары жүзеге асырады.
2. Туристік қызмет саласындағы мамандарды қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
Ескерту. 22-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 20.12.2004 № 13 (01.01.2005 бастап қолданысқа енгiзiледi); 05.07.2008 № 59-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 16.03.2026 № 270-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.23-бап. Гид, туризм нұсқаушысы, экскурсия жүргізуші
Қазақстан Республикасының азаматы ғана гид, туризм нұсқаушысы, экскурсия жүргізуші бола алады.
4-тарау. ТУРИСТIҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МIНДЕТТЕРI, ТУРИСТIҢ ҚАУIПСIЗДIГIН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
Транзитті қоса алғанда, саяхатқа әзірленген, саяхат жасаған кезде туристің:
1) өзінің жеке басына немесе мүлкінің қауіпсіздігіне қол сұғылған жағдайда консулдық, дипломатиялық, өзге де мемлекеттік, сондай-ақ туристік өкілдіктерге өтінішпен жүгінуге;
2) уақытша болатын елге (жерге) бару, сондай-ақ уақытша болған елден (жерден) шығу және сонда болу ережелері туралы, уақытша болатын ел (жер) заңнамасының ерекшеліктері туралы, жергілікті халықтың әдет-ғұрпы туралы, діни салт, қасиетті орындар, табиғи, тарихи, мәдени ескерткіштер және туристерге көрсетілетін, ерекше қорғаудағы басқа да объектілер, қоршаған ортаның жай-күйі туралы қажетті және дұрыс ақпарат алуға;
3) еркін жүріп-тұруға, уақытша болатын елде (жерде) қабылданған шектеу шараларын ескере отырып, туристік ресурстарға еркін қол жеткізуге;
4) туристік қызметті жүзеге асыратын тұлға туристік қызмет көрсету шартын орындамаған жағдайда келтірілген залал мен моральдық зиянның Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен өтелуіне;
5) шұғыл медициналық жәрдем алуға;
6) шетелдік туристердің құқықтық көмек және көмектің өзге де түрін алуына Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдарының жәрдемдесуіне;
7) туристердің қолда бар байланыс құралдарына кедергісіз қол жеткізуіне құқығы бар.
Туристердің өзге құқықтары болатын елдің (жердің) заңдарымен айқындалады.
Ескерту. 24-бапқа өзгерту енгізілді – ҚР 05.07.2008 № 59-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.Саяхат жасаған кезде, транзитті қоса алғанда, турист:
1) уақытша болатын елдің (жердің) заңдарын сақтауға;
2) уақытша болатын елдегі (жердегі) қоршаған ортаны сақтауға, табиғи, тарихи және мәдени ескерткіштерге ұқыпты қарауға;
3) уақытша болатын елге (жерге) келу және онда болу, сондай-ақ уақытша болатын елден (жерден) кету ережелерін және транзиттік жүріп өтетін елдердегі ережелерді сақтауға;
4) саяхат кезінде жеке өзінің қауіпсіздігі ережелерін сақтауға міндетті.
Туристің өзге міндеттері болатын елдің (жердің) заңдарымен айқындалады.
26-бап. Туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету
1. Қазақстан Республикасының аумағында туристердің қауіпсіздігіне Қазақстан Республикасы кепілдік береді. Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасының турист-азаматтарына оның шегінен тыс жерлерде қорғау және оларға қамқорлық жасау кепілдігін береді.
2. Туристердің қауіпсіздігі деп туристердің жеке қауіпсіздігі, олардың мүлкінің сақталуы және саяхат кезінде қоршаған ортаға залал келтірмеуі, сондай-ақ туризмді заңсыз көші-қон мен үшінші елдерге транзит, азаматтарды сексуалдық, еңбек және өзге де мақсаттарда пайдалануға жол бермеуге бағытталған шаралар кешені түсініледі.
3. Уәкілетті орган туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды және туристерді уақытша болатын елдегі (жердегі) ықтимал қауіптер туралы хабардар етеді.
4. Туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туристерге саяхат басталудан үш күн бұрын жазбаша түрде уақытша болатын елге (жерге) бару, уақытша болған елден (жерден) шығу және сонда болу ережелері туралы, заңнамасы туралы, жергілікті халықтың салт-дәстүрлері туралы, діни әдет-ғұрпы, қасиетті орындар, табиғи, тарихи, мәдени ескерткіштер және туристерге көрсетілетін, ерекше қорғаудағы басқа да объектілер, қоршаған ортаның жай-күйі туралы, сондай-ақ саяхат жасаған кезде тап болуы мүмкін қауіптер туралы қажетті және дұрыс ақпаратты қамтитын саяхаттың ерекшеліктері туралы мәліметтер беруге және туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған алдын алу шараларын жүзеге асыруға міндетті.
5. Туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар уәкілетті орган мен азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органға, сондай-ақ туристің отбасына саяхат кезінде туристің төтенше жағдайға ұшырағаны туралы білген немесе білуге тиіс кезден бастап дереу хабарлауға міндетті.
Егер шетелдік туристер - Қазақстан Республикасының аумағында немесе Қазақстан Республикасының турист азаматтары Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде төтенше жағдайға ұшыраған болса, туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар дипломатиялық қызмет органдарына да хабарлауға міндетті.
Туроператорлардың уәкілетті органға, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органға, мүдделі мемлекеттік органдарға және туристің отбасына саяхат кезінде туристердің төтенше жағдайға ұшырағаны туралы ақпаратты бермеуі немесе уақтылы бермеуі лицензияның қолданысын тоқтата тұру үшін негіз болып табылады.
Бір жыл ішінде қайталап жасалған, туроператорлардың уәкілетті органға, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органға, мүдделі мемлекеттік органдарға және туристің отбасына саяхат кезінде туристердің төтенше жағдайға ұшырағаны туралы ақпаратты бермеуі немесе уақтылы бермеуі лицензиядан айыру үшін негіз болып табылады.
Лицензияның қолданысын тоқтата тұру не лицензиядан айыру туралы шешімді уәкілетті орган қабылдайды.
Лицензияның қолданысын тоқтата тұру мерзімі бір айды құрайды.
6. Өзі уақытша болатын елге (жерге) саяхат жасағысы келетін туристер халықаралық медицина талаптарына сәйкес профилактикадан өтуге міндетті.
7. Қазақстан Республикасының аумағында қасіретке душар болған туристерге қажетті көмекті Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген мамандандырылған қызметтер жүзеге асырады.
8. Уәкілетті орган мүдделі министрліктермен және басқа да атқарушы органдармен бірлесіп туристердің қорғалуы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ұйымдастырады.
9. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімдігі туристердің қорғалуы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ұйымдастырады.
Ескерту. 26-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 20.12.2004 № 13, (01.01.2005 бастап қолданысқа енгiзiледi), 05.07.2008 № 59-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.04.2014 № 189-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 17.12.2025 № 241-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.27-бап. Туристік қызметті жүзеге асыру кезінде сақтандыру
1. Турагент туристік өнімді өткізу кезінде:
шетелге шығатын турист туристі міндетті сақтандыру шартын жасасуға ниет білдірген сақтандыру ұйымының немесе Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымы филиалының атауын сұратуға;
шетелге шығатын туриске сақтандыру сертификатын және қажет болған кезде, сақтандыру полисін беруге міндетті.
2. Туристі міндетті сақтандыру шартында туристерге медициналық көмектің ақысын төлеу және уақытша болатын елде (жерде) тікелей сақтандыру жағдайы басталған кезде олардың шығыстарын өтеу көзделуге тиіс.
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының аумағына келетін туристерге өмірі мен денсаулығын сақтандыру туралы куәліктің болуы туралы талапты белгілеуге құқылы.
4. Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесі әкімшісінің қызметі осы Заңның 27-3-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган белгілеген мөлшерде аударылуға жататын ақша сомасынан ұсталатын комиссиялық алым есебінен қаржыландырылады.
Ескерту. 27-бап жаңа редакцияда – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 02.01.2021 № 399-VI (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.4-1-тарау. Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесі
Ескерту. Заң 4-1-тараумен толықтырылды - ҚР 17.11.2015 № 407-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесі Қазақстан Республикасының азаматтары, турагенттер, туроператорлар, туроператорлар-әуе кемесімен жалданушылармен, Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесінің әкімшісі және Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарын қорғауды қамтамасыз ететін уәкілетті орган арасындағы құқықтық қатынастар жиынтығын білдіреді.
Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесі Қазақстан Республикасы азаматтарының турагенттермен, туроператорлармен, туроператор-әуе кемесімен жалданушылармен, Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесінің әкімшісімен және уәкілетті органмен іскерлік сипаттағы сапарларға байланысты құқықтық қатынастарына қолданылмайды.
Ескерту. 27-1-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 30.04.2021 № 34-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.27-2-бап. Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесінің субъектілері
1. Мыналар:
1) шығу туризмі саласындағы қызметті жүзеге асыратын туроператорлар;
2) шығу туризмі саласындағы қызметті жүзеге асыратын туроператорлар-әуе кемесімен жалданушылар;
3) шығу туризмі саласындағы қызметті жүзеге асыратын турагенттер;
4) Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесінің әкімшісі Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесінің субъектілері болып табылады.
2. Уәкілетті орган айқындаған, жалғыз қызмет түрі Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесі әкімшісінің қызметін атқару болып табылатын заңды тұлға Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесінің әкімшісі болып табылады.
3. Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесі әкімшісінің кәсіпкерлік қызметті және өзге де қызмет түрлерін жүзеге асыруға, қарыздар алуға, үшінші тұлғалардың қарыздары бойынша кепілгер болуға, мүлікті кепілге беруге құқығы жоқ.
4. Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесі әкімшісінің қызметі осы Заңның 27-3-бабының 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген мөлшерде аударылуға жататын ақша сомасынан ұсталатын комиссиялық алым есебінен қаржыландырылады.
5. Туристер болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесінің пайда алушылары болып табылады.
6. Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесінің әкімшісі:
шығу туризмі шеңберінде Қазақстан Республикасының азаматтарына туристік код беру тетігін әкімшілендіруді;
Уәкілетті орган айқындаған кепілдік берудің сараланған сомасын қабылдауды жүзеге асырады.
7. Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесінің әкімшісі:
Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесінің жұмыс істеу қағидаларына сәйкес Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесінің субъектісі шығу туризмі саласындағы туроператорлық қызметтің түрін тоқтатқан жағдайда осы субъектінің кінәсінен Қазақстан Республикасының азаматтарын әкету фактілері болмаған кезде ол енгізген банк кепілдігін, сондай-ақ өткізген туристік өнімдер үшін аударылған қаражатты қайтаруды жүзеге асыруға;
банк кепілдігінің шекті сомасына қол жеткізілген кезде Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесінің субъектісі енгізген банк кепілдігін осы субъектіге қайтаруды жүзеге асыруға;
Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесі әкімшісінің қызметіне бөлінген комиссия сомасын қоспағанда, осы субъект жүйеге кірген кезден бастап үш жылдан кейін Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесінің субъектілері үшін аударымдарды келесі күнтізбелік жылға есепке жатқызу әдісінің қолданылуын қамтамасыз етуге міндетті.
Ескерту. 27-2-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 30.04.2021 № 34-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.07.2024 № 115-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.27-3-бап. Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесі субъектілерінің міндеттемелері
1. Шығу туризмі саласында қызметін жүзеге асыратын туроператорларға және туроператорлар-әуе кемесімен жалданушыларға мынадай міндеттемелер:
1) Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесі әкімшісіне шарттың түпнұсқасын не нотариат куәландырған көшірмесін ұсына отырып, Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесі әкімшісінің не Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесінің әкімшісі айқындаған үшінші тұлғаның пайдасына банк кепілдігімен қамтамасыз етілген ақшаны төлеуді көздейтін, Қазақстан Республикасының банк заңнамасына сәйкес екінші деңгейдегі банкпен банктік кепілдік шартын жасасу;
2) арнайы шотқа туроператор немесе туроператор-әуе кемесімен жалданушы қалыптастырған және турагент Қазақстан Республикасының азаматына өткізген әрбір туристік өнімнен уәкілетті орган бекіткен сомада ақшаны аудару жүктеледі.
2. Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесі субъектілерінің осы бапта санамаланған міндеттемелерді орындауын қамтамасыз ету Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесінің әкімшісіне және уәкілетті органға жүктеледі.
3. Осы бапта көзделген міндеттемелерді орындамайтын немесе тиісті түрде орындамайтын туроператордың немесе туроператор-әуе кемесімен жалданушының Қазақстан Республикасының азаматтарына шығу туризмі саласындағы туристік қызметтерді көрсеткені анықталған жағдайда, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы осындай мән-жай анықталған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шығу туризмі саласындағы туристік операторлық қызметке арналған лицензияның (лицензияға қосымшаның) қолданысын тоқтата тұруды жүзеге асыруға міндетті.
Ескерту. 27-3-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 30.04.2021 № 34-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.07.2024 № 115-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.27-4-бап. Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарын қорғау тетігі
1. Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтарын қорғау бойынша әрекеттерді жүзеге асыру туралы шешімді Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесінің әкімшісі уәкілетті органмен келісу бойынша мынадай жағдайларда:
1) Қазақстан Республикасы азаматының шығу туризмі саласындағы құқықтары бұзылған жағдайда, оның жазбаша немесе ауызша өтініші болғанда;
2) Қазақстан Республикасының шығу туризмі саласындағы туристік қызмет туралы заңнамасын бұзу фактілері бойынша мемлекеттік органдардың өтініші болғанда;
3) Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарын бұзу фактілері бойынша туристер бірлестігінің (бірлестіктерінің) жазбаша өтініші болғанда;
4) Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарын бұзу фактілері бойынша бұқаралық ақпарат құралдарының өтініші болғанда;
5) шығу туризмі саласында Қазақстан Республикасы азаматтарының өміріне және денсаулығына зиян келтіру қаупі туындаған өзге де жағдайларда қабылдайды.
2. Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесінің әкімшісі қабылданған шешім туралы туроператор немесе туроператор-әуе кемесімен жалданушы басшысын, туристер болған елдегі Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесін бір тәулік ішінде хабардар етеді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтарын бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабардар етеді.
3. Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарын қорғау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру тәртібі Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесінің жұмыс істеу қағидаларында айқындалады.
5-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
28-бап. Қазақстан Республикасының туристік қызмет туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының туристік қызмет туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.
Ескерту. 28-бап жаңа редакцияда – ҚР 05.07.2008 № 59-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.28-1-бап. Қазақстан Республикасының туристік қызмет туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылау
1. Қазақстан Республикасының туристік қызмет туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылау тексеру, бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.
2. Тексеру және бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.
Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
3. Бұзушылықтардың уақтылы жолын кесу және оларға жол бермеу, бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды өз бетінше жою құқығын бақылау субъектісіне беру және бақылау субъектісіне әкімшілік жүктемені төмендету бақылау объектісіне (субъектісіне) бармай профилактикалық бақылаудың мақсаттары болып табылады.
Бақылау объектісіне (субъектісіне) бармай профилактикалық бақылауды облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы ақпаратты талдау нысанында жүзеге асырады.
Мыналар талдау үшін ақпарат көздері болып табылады:
ресми статистикалық ақпарат;
мемлекеттік органдардың ақпараты;
дерекқорды қалыптастыру мен жүргізу жөніндегі ұйымның ақпараты;
ішкі туризм мен келу туризмін дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі құрған ұйымның ақпараты;
Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесі әкімшісінің ақпараты;
туристік қызмет субъектілерінен келіп түсетін ақпарат.
Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша бақылау субъектісінің әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) бұзушылықтар анықталған жағдайда облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы бұзушылықтар анықталған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде бұзушылықтарды жою туралы ұсынымды ресімдейді және жібереді.
Бұзушылықтарды жою туралы ұсыным бақылау субъектісінің жеке өзіне қолын қойғызып немесе жөнелту және алу фактілерін растайтын өзге де тәсілмен табыс етілуге тиіс.
Төменде санамаланған тәсілдердің бірімен жіберілген бұзушылықтарды жою туралы ұсыным мынадай жағдайларда:
1) қолма-қол – ұсынымда оны алғаны туралы белгі қойылған күннен бастап;
2) поштамен – хабарламасы бар тапсырысты хатпен;
3) электрондық тәсілмен – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының сұрау салуы кезінде хатта көрсетілген бақылау субъектісінің электрондық мекенжайына облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы жіберген күннен бастап табыс етілді деп есептеледі.
4. Бұзушылықтарды жою туралы ұсыным табыс етілген күнінен кейінгі күннен бастап он жұмыс күні ішінде орындалуға тиіс.
5. Бақылау субъектісі бұзушылықтарды жою туралы ұсынымда көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда, бұзушылықтарды жою туралы ұсыным табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны жіберген облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына қарсылық жіберуге құқылы.
6. Бұзушылықтарды жою туралы ұсынымды белгіленген мерзімде орындамау бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық тізіміне енгізу жолымен бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау тағайындауға алып келеді.
7. Бақылау субъектілеріне (объектілеріне) бармай профилактикалық бақылау жылына бір реттен жиілетпей жүргізіледі.
Ескерту. 28-1-бап жаңа редакцияда – ҚР 30.04.2021 № 34-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 17.07.2025 № 213-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.Осы Заң қолданысқа енгізілген кезде туристік қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар жеке және заңды тұлғалар осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап алты ай мерзім ішінде өз қызметін осы Заңға сәйкес келтіруге міндетті.
|
Қазақстан Республикасының Президенті |
