Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне орман шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің міндеттемелеріне кепілдік беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 2025 жылғы 26 маусымдағы № 198-VIII ҚРЗ

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз.

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне:

      1) 13-бап мынадай мазмұндағы 4-3) тармақшамен толықтырылсын:

      "4-3) астананың жергілікті атқарушы органының ұсынысы бойынша астананың орманды саябақ аймағының шекарасын белгілеу және өзгерту;";

      2) 26-бапта:

      1-тармақ "елді мекендер" деген сөздерден кейін ", астананың орманды саябақ аймағы" деген сөздермен толықтырылсын;

      2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:

      "астананың орманды саябақ аймағы;";

      3) 84-баптың 2-тармағының 4) тармақшасы "электр тарату желілері," деген сөздерден кейін "гидроэлектр станциялары," деген сөздермен толықтырылсын;

      4) 90-баптағы "жолдарды, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін," деген сөздер "стратегиялық су шаруашылығы құрылысжайлары мен гидротехникалық құрылысжайларды, сел ағындарынан, қар көшкіндерінен, көшкіндерден қорғайтын өзге де қорғаныш құрылысжайларын салумен және олардың жұмыс істеуімен және сейсмологиялық станциялар желілерін кеңейтумен, жолдарды, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін (орман қорының жерлерін қоспағанда)," деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) 122-бапта:

      2-тармақта:

      бесінші бөлікте:

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) ықтимал орналастырудың басқа жолдары болмаған кезде стратегиялық су шаруашылығы құрылысжайлары мен гидротехникалық құрылысжайларды, сел ағындарынан, қар көшкіндерінен, көшкіндерден қорғайтын өзге де қорғаныш құрылысжайларын салу және олардың жұмыс істеуі, сейсмологиялық станциялар желілерін кеңейту үшін және шаруашылық қызметтің шектеулі режимі белгіленген жер учаскелерін ғана;";

      3) тармақшадағы "осы" деген сөз "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 2-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6) және 7) тармақшаларында және 3-тармағының 1), 2), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген ерекше қорғалатын табиғи аумақтар орналасқан жер учаскелерін қоспағанда, осы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) тармақша алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:

      "5) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың шекарасында орналасқан және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құрылғанға және кеңейтілгенге дейін жұмыс істеген денсаулық сақтау және білім беру ұйымдары, қолданыстағы зираттар, кәріздік тазарту құрылысжайлары, электр беру желілері объектілерінің нысаналы мақсатын өзгертпей, оларды пайдалану үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша босалқы жерге ауыстыру жағдайларын қоспағанда, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерін ауыстыруға жол берілмейді.";

      алтыншы және жетінші бөліктердегі "төртінші" деген сөз "бесінші" деген сөзбен ауыстырылсын;

      3-тармақ мынадай мазмұндағы екінші, үшінші және төртінші бөліктермен толықтырылсын:

      "Шаруашылық қызметі шектеулі аймақтағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың учаскелері жеке және заңды тұлғаларға ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлері босалқы жерлерге ауыстырылмай, жануарлардың өріс аудару жолдары ескеріле отырып, туризм объектілеріне инженерлік инфрақұрылымды (жолдарды, көпірлерді, электр беру желілерін және басқа да коммуникацияларды) жобалау, салу және оларға қызмет көрсету үшін табиғат қорғау ұйымымен жасалған, туризм объектілеріне инженерлік инфрақұрылымды жобалау, салу және оларға қызмет көрсету үшін ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың учаскелерін ұзақ мерзімді пайдалануға беру туралы шарттың негізінде беріледі.

      Туризм объектілеріне инженерлік инфрақұрылымды (жолдарды, көпірлерді, электр беру желілерін және басқа да коммуникацияларды) жобалау, салу және оларға қызмет көрсету үшін ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың учаскелерін ұзақ мерзімді пайдалануға беру туралы шарт Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін үлгілік шарттың негізінде жасалады.

      Туризм объектілеріне инженерлік инфрақұрылымды (жолдарды, көпірлерді, электр беру желілерін және басқа да коммуникацияларды) жобалау, салу және оларға қызмет көрсету үшін ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың учаскелерін ұзақ мерзімді пайдалануға беру туралы шартта жүргізілетін жұмыстардың атауы, олардың орындалу мерзімдері мен талаптары, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі экологиялық талаптар, бүлінген жерлерді рекультивациялау жөніндегі іс-шаралар және оларды жүргізу мерзімдері көрсетіледі.";

      мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:

      "4. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлерінде азаматтық қорғау іс-шараларын қоспағанда, олардың нысаналы мақсатына сәйкес келмейтін кез келген қызметке тыйым салынады.

      Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлерінде құрылысжайлар салуды, қауіпті геологиялық процестерден инженерлік қорғауды көздейтін іс-шараларды жүргізу табиғат қорғау ұйымы және (немесе) мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар арасында жасалған, сейсмологиялық станциялар желілерін кеңейту, гидротехникалық құрылысжайларды және сел ағындарынан, қар көшкіндерінен, көшкіндерден қорғайтын өзге де қорғаныш құрылысжайларын салу үшін ерекше қорғалатын табиғи аумақтар учаскелерін ұзақ мерзімді пайдалануға беру туралы шарттың негізінде жүзеге асырылады.

      Сейсмологиялық станциялар желілерін кеңейту, гидротехникалық құрылысжайларды және сел ағындарынан, қар көшкіндерінен, көшкіндерден қорғайтын өзге де қорғаныш құрылысжайларын салу үшін ерекше қорғалатын табиғи аумақтар учаскелерін ұзақ мерзімді пайдалануға беру туралы шарт Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін үлгілік шарттың негізінде жасалады.

      Сейсмологиялық станциялар желілерін кеңейту, гидротехникалық құрылысжайларды және сел ағындарынан, қар көшкіндерінен, көшкіндерден қорғайтын өзге де қорғаныш құрылысжайларын салу үшін ерекше қорғалатын табиғи аумақтар учаскелерін ұзақ мерзімді пайдалануға беру туралы шартта жүргізілетін жұмыстардың атауы, олардың орындалу мерзімдері мен талаптары, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі экологиялық талаптар, бүлінген жерлерді рекультивациялау жөніндегі іс-шаралар және оларды жүргізу мерзімдері көрсетіледі.";

      6) 123-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың күзет аймағы белгіленгенге дейін ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың шекарасы бойынша екі километр болатын аумақта қала құрылысы жобаларын түзетуге, жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгертуге, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың және соларда орналасқан мемлекеттiк табиғи-қорық қоры объектiлерiнің экологиялық жүйелерінің жай-күйіне және қалпына келтірілуіне теріс әсерін тигізетін құрылыс салуға арналған бастапқы және рұқсат беру құжаттарын келісуге тыйым салынады.";

      7) 126-баптың 2-тармағындағы "санитариялық-қорғау жасыл аймағының" деген сөздер "орманды саябақ аймағының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      8) 138-бап мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерінің құрамына бұрын кірген, денсаулық сақтау және білім беру ұйымдарының, қолданыстағы зираттардың, кәріздік тазарту құрылысжайларының, электр беру желілерінің объектілері жұмыс істеп тұрған босалқы жерлерді басқа санаттағы жерлерге кейіннен ауыстыру кезінде жер учаскесінің нысаналы және іс жүзінде пайдаланылуына сәйкес келмейтін нысаналы мақсатын өзгертуге жол берілмейді.";

      9) 171-бапта:

      төртінші бөліктегі "төртінші, бесінші, алтыншы және жетінші" деген сөздер "бесінші, алтыншы, жетінші және сегізінші" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Осы Кодекстің 122-бабы 2-тармағының бесінші бөлігі 5) тармақшасының ережелері ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құрылғанға және кеңейтілгенге дейін жұмыс істеген денсаулық сақтау және білім беру ұйымдарының, қолданыстағы зираттардың, кәріздік тазарту құрылысжайларының, электр беру желілерінің объектілері орналасқан ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерін ауыстыру үшін қолданылады. Босалқы жерлерді кейіннен басқа санаттағы жерлерге ауыстыру кезінде жер учаскесінің нысаналы және іс жүзінде пайдаланылуына сәйкес келмейтін нысаналы мақсатын өзгертуге жол берілмейді.".

      2. 2003 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Орман кодексіне:

      1) 1-баптың 2-тармағындағы "Өсімдіктер" деген сөз "Жаңа орман екпелерін отырғызу мен тозған және бүлінген жерлерді қалпына келтіру арқылы парниктік газдарды сіңіруге бағытталған мемлекеттік орман қоры жерлерінде іске асырылатын көміртегі офсеттерін қоспағанда, өсімдіктер" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 2-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:

      "3. Егер Қазақстан Республикасының Экология кодексінде өзгеше көзделмесе, осы Кодекстің күші жаңа орман екпелерін отырғызу мен тозған және бүлінген жерлерді қалпына келтіру арқылы парниктік газдарды сіңіруге бағытталған, мемлекеттік орман қорының жерлерінде іске асырылатын көміртегі офсеттері бойынша қоғамдық қатынастарға қолданылады.";

      3) 3-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-бап. Қазақстан Республикасы орман заңнамасының мақсаттары, міндеттері мен қағидаттары

      1. Қазақстан Республикасы орман заңнамасының мақсаттары мыналар болып табылады:

      1) орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсіру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеуді қамтамасыз ету;

      2) ормандардың, мемлекеттiк табиғи-қорық қоры объектiлерiнiң, мәдени және табиғи мұраның биологиялық әралуандығын сақтау, оларды ұтымды пайдалану үшін құқықтық негіздер жасау.

      2. Қазақстан Республикасы орман заңнамасының міндеттері мыналар болып табылады:

      1) орман қорын күзету, қорғау және пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсіру жөніндегі қызметті мемлекеттік реттеу;

      2) орман қорын күзету, қорғау және пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсіру жөніндегі қызметті ғылыми тұрғыдан қамтамасыз ету;

      3) қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету;

      4) халықаралық ынтымақтастықты дамыту.

      3. Қазақстан Республикасы орман заңнамасының қағидаттары мыналар болып табылады:

      1) ормандардың климатты реттейтiн, орта түзетiн, егiс-топырақ қорғау, су қорғау және санитариялық-гигиеналық функцияларды орындайтын жалпымемлекеттiк мәнiн мойындау;

      2) ормандарды тұрақты дамыту (Қазақстан Республикасының орманды аумақтарын тұрақты ұлғайту);

      3) ормандарды көп мақсатқа пайдалану;

      4) орман ресурстарын ұтымды, үздiксiз, сарқылмайтындай етiп пайдалану;

      5) орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсіру саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау;

      6) орман пайдалануды реттеу функциялары мен басты мақсатта пайдалану үшін ағаш кесуді және алынған сүректі қайта өңдеуді жүзеге асыру функцияларының аражігін ажырату;

      7) Қазақстан Республикасының орман заңнамасын бұзудан келтiрiлген залалды өтеу;

      8) орман ресурстарын ақылы пайдалану;

      9) орман қорының жай-күйi туралы ақпараттың қолжетiмдiлiгi;

      10) халықтың және қоғамдық бiрлестiктердiң орман қорын күзетуге және қорғауға қатысуы.";

      4) 8-баптың 2-тармағы "бюджет қаражаты есебінен" деген сөздерден кейін ", парниктік газдарды сіңіруге бағытталған жобаларды іске асыру шеңберінде бюджеттен тыс қаражат есебінен" деген сөздермен толықтырылсын;

      5) мынадай мазмұндағы 9-1-баппен толықтырылсын:

      "9-1-бап. Мемлекеттік орман қоры жерлерінде көміртегі бірліктерін құқықтық иелену ерекшеліктері

      1. Мемлекеттік орман қорының аумағында парниктік газдарды сіңіруге бағытталған жобаларды бюджеттен тыс қаражат есебінен іске асырудан алынған көміртегі бірліктері қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен көміртегі офсетін мақұлдау және офсеттік бірліктерді беру қағидаларына сәйкес жобаны қаржыландырған жеке немесе заңды тұлғаларға тиесілі болады.

      2. Мемлекеттік орман қорының аумағында парниктік газдарды сіңіруге бағытталған жобаларды бюджеттен тыс қаражат есебінен іске асыру кезінде мемлекеттік орман қорының жер учаскелерінде отырғызылған орман екпелері мемлекеттің меншігінде болады.

      3. Мемлекеттік орман қорының аумағында парниктік газдарды сіңіруге бағытталған жобаларды бюджеттен тыс қаражат есебінен іске асыру мерзімін уәкілетті орган айқындайды.

      4. Мемлекеттік орман қорының аумағында парниктік газдарды сіңіруге бағытталған жобаларды бюджеттен тыс қаражат есебінен іске асыру мерзімі өткеннен кейін көміртегі бірліктеріне меншік құқығы мемлекетке өтеді.

      5. Мемлекеттік орман қоры аумағында парниктік газдарды сіңіруге бағытталған жобаларды бюджеттен тыс қаражат есебінен іске асыру Қазақстан Республикасының экология заңнамасының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.";

      6) 13-баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 8), 10), 11), 17), 18-3), 18-5), 18-6), 18-7), 18-8), 18-9), 18-10), 18-11), 18-14), 18-15), 18-16), 18-17), 18-18), 18-19), 18-21), 18-23), 18-24), 18-25), 18-26), 18-27), 18-28), 18-30), 18-36), 18-38), 18-39), 18-41), 18-44), 18-45), 18-46), 18-48), 18-51), 18-54) және 18-56) тармақшалары алып тасталсын;

      7) 15-баптың 6) тармақшасындағы "мемлекеттiк орман қоры аумағында өрттердi сөндiру үшiн жанар-жағар май материалдарының резервiн" деген сөздер "табиғи өрттердi сөндiру үшiн жанар-жағар май материалдарының резервiн, сондай-ақ мемлекеттiк орман қорының аумағында орман өрттерін сөндіру үшін әуе кемелерін тартқан жағдайда авиациялық отын резервін" деген сөздермен ауыстырылсын;

      8) 18-бап мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "8-1) уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік орман қорының аумағында парниктік газдарды сіңіруге бағытталған жобаларды бюджеттен тыс қаражат есебінен іске асыруға қатысады;";

      9) 51-баптың 1-1-тармағында:

      бірінші бөліктің 4) тармақшасы "теміржолдарды," деген сөзден кейін "белгіленген қуаты қоса алғанда 100 МВт-қа дейінгі гидроэлектр станцияларын," деген сөздермен толықтырылсын;

      екінші бөліктегі "3) және 4) тармақшаларында" деген сөздер "3), 4) және 7) тармақшаларында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      10) 112-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "1-1) мемлекеттік орман қорының аумағында парниктік газдарды сіңіруге бағытталған жобаларды бюджеттен тыс қаражат есебінен іске асыруға қатысу;";

      11) 117-1-бапта:

      2-тармақтағы "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық" деген сөздер "Ауылдық" деген сөзбен ауыстырылсын;

      3-тармақ "Орман шаруашылығының" деген сөздерден кейін "және осы Кодекстің 18-1-бабында көрсетілген кәсіпорындардың" деген сөздермен толықтырылсын.

      3. 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне:

      1) мынадай мазмұндағы 95-1-баппен толықтырылсын:

      "95-1-бап. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің міндеттемелеріне кепілдік беру жүйесі

      1. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің міндеттемелеріне кепілдік беру жүйесі арнайы қор іске асыратын жеке кәсіпкерлікті қаржылық қолдау құралы болып табылады.

      2. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің міндеттемелеріне кепілдік беру жүйесінің мақсаты екінші деңгейдегі банктерден кредиттер алу үшін кепілмен қамтамасыз ету жеткіліксіз болған кезде қаржыландырудың қажетті көлемінің қолжетімділігін қамтамасыз ету болып табылады.

      3. Арнайы қор, жеке кәсіпкерлік субъектілері, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктер, микроқаржы қызметін жүзеге асыратын ұйымдар және жеке кәсіпкерлік субъектілердің міндеттемелеріне кепілдік беру жүйесінің қатысушылары болып табылатын екінші деңгейдегі банктермен келісу бойынша ол бекіткен тәртіппен арнайы қорға қосылу шартын жасасу арқылы оған қосылған өзге де заңды тұлғалар жеке кәсіпкерлік субъектілерінің міндеттемелеріне кепілдік беру жүйесінің қатысушылары болып табылады.

      Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің міндеттемелеріне кепілдік беру жүйесіне қатысу жеке кәсіпкерлік субъектілеріне кредит беруді жүзеге асыратын екінші деңгейдегі банктер үшін міндетті болып табылады.

      4. Қызметін жеке кәсіпкерлік субъектілерінің міндеттемелеріне кепілдік беру жүйесі шеңберінде жүзеге асыру үшін арнайы қор кепілдік қорының қаражатын:

      1) екінші деңгейдегі банктердің жарналарының;

      2) микроқаржы қызметін жүзеге асыратын ұйымдардың, өзге де заңды тұлғалардың ерікті жарналарының;

      3) бюджет қаражатының;

      4) арнайы қордың ішкі құжаттарында және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен шығыстар мен аударымдар сомасына азайтылған кепілдік қорының қаражатын орналастырудан түсетін кірістің;

      5) арнайы қордың басқару органының шешімімен және Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртіппен шығыстар мен аударымдар сомасына азайтылған кепілдікті шығарғаны үшін жеке кәсіпкерлік субъектілері төлейтін комиссиялардың шегінде және есебінен қалыптастырады.

      Екінші деңгейдегі банктердің кепілдік қорына төлейтін жарналарының мөлшері мен есептеу тәртібін қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.

      Кепілдік қорының қаражатын орналастыру тәртібін арнайы қордың басқару органы айқындайды.

      5. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің міндеттемелеріне кепілдік беру жүйесі шеңберінде туындаған жеке кәсіпкерлік субъектілерінің міндеттемелері бойынша төлемдерді жүзеге асыру жағдайларын қоспағанда, жарналардан, комиссиялардан, кепілдік қорына бюджет қаражатының түсімдерінен, сондай-ақ кепілдік қорының қаражатын орналастыру нәтижесінде алынған кірістерден арнайы қордың акциялары бойынша дивидендтер есепке жазылмайды және төленбейді, сондай-ақ арнайы қордың міндеттемелерін өтеу жүзеге асырылмайды.

      6. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің міндеттемелері бойынша төлем жасау үшін кепілдік қорының қаражаты жеткіліксіз болған кезде айырма арнайы қордың меншікті капиталы және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де көздер есебінен жабылады.

      7. Арнайы қор кепілдік қорының қаражаты мен меншікті активтердің бөлек бухгалтерлік есебін жүргізуге міндетті.

      8. Арнайы қордың кепілдік беруі үшін жеке кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттік скорингін есептеу әдістемесін жеке кәсіпкерлік субъектілерінің міндеттемелеріне кепілдік беру жүйесіне қатысушылар болып табылатын екінші деңгейдегі банктермен келісу бойынша арнайы қор айқындайды.

      9. Арнайы қор беретін кепілдік Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде көзделмеген негіздер бойынша тоқтатылмайды.

      10. Кепілдік қорының қаражаты кепілдік қорын қалыптастырғанға дейін туындаған, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік субъектілерінің міндеттемелеріне кепілдік беру жүйесімен байланысты емес арнайы қор міндеттемелерін орындау үшін пайдаланылмайды.";

      2) 324-баптың 14-1-тармағындағы "2025 жылғы 1 шілдеге" деген сөздер "2026 жылғы 1 қаңтарға" деген сөздермен ауыстырылсын.

      4. 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне:

      1) 132-баптың 1-тармағының бірінші абзацындағы "іздестіру ұйымдарының" деген сөздер "іздестіру, мемлекеттік орман орналастыру және табиғат қорғау ұйымдарының, сондай-ақ орман мекемелерінің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) мынадай мазмұндағы 139-1-баппен толықтырылсын:

      "139-1-бап. Азаматтық қызметшілер қатарына жатпайтын, табиғат қорғау қызметі мен ормандарды қорғау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жұмыскерлердің еңбегін реттеу

      Азаматтық қызметшілер қатарына жатпайтын және табиғат қорғау қызметі мен ормандарды қорғау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жұмыскерлердің еңбегі Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген ерекшеліктерімен осы Кодексте реттеледі.

      Ауылдық жерде жұмыс істейтін, табиғат қорғау қызметі мен ормандарды қорғау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жұмыскерлерге, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, қызметтiң осы түрлерiмен қалалық жағдайда айналысатын жұмыскерлердің айлықақыларымен және мөлшерлемелерімен салыстырғанда кемiнде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелер белгiленедi.

      Ауылдық жерде жұмыс істейтін, орман шаруашылығы мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы азаматтық қызметшілер қатарына жатпайтын жұмыскерлер лауазымдарының тізбесін бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган, орман шаруашылығы мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті орган айқындайды.".

      5. 2025 жылғы 15 наурыздағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне:

      1) 31-баптың 1-тармағының 7) тармақшасы мынадай мазмұндағы он жетінші абзацпен толықтырылсын:

      "республикалық және жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы туризм объектілеріне, сондай-ақ елді мекендерден тыс жердегі туризм объектілеріне және туристерді орналастыру орындарына дейін инженерлік инфрақұрылымды (жолдарды, көпірлерді, электр беру желілерін және басқа да коммуникацияларды) жобалау, салу және оларға қызмет көрсету;";

      2) 32-баптың 1-тармағының 7) тармақшасы мынадай мазмұндағы он алтыншы абзацпен толықтырылсын:

      "республикалық және жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы туризм объектілеріне, сондай-ақ елді мекендерден тыс жердегі туризм объектілеріне және туристерді орналастыру орындарына дейін инженерлік инфрақұрылым объектілерін (жолдарды, көпірлерді, электр беру желілерін және басқа да коммуникацияларды) жобалау, салу және оларға қызмет көрсету;".

      6. "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы"1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 30-бап мынадай мазмұндағы 13-1-тармақпен толықтырылсын:

      "13-1. Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне кредит беруді жүзеге асыратын банктер үшін жеке кәсіпкерлік субъектілерінің міндеттемелеріне кепілдік беру жүйесіне қатысу міндетті болып табылады.";

      2) 35-бап мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:

      "7. Банк Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, акцияларының бақылау пакеті ұлттық басқарушы холдингке тиесілі кәсіпкерлікті дамытудың арнайы қорының кепілдігін банктік қарыз шарты бойынша қарыз алушының (жеке кәсіпкерлік субъектілерінің міндеттемелеріне кепілдік беру жүйесіне қатысушының) міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ету ретінде қабылдаған кезде мұндай кепілдіктің кепіл құнын банк берілетін кредиттің кепілдік берілетін сомасы бойынша айқындауға тиіс.".

      7. "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      27-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 7-7) және 19-3) тармақшалармен толықтырылсын:

      "7-7) жер пайдалану құқығын не жеке меншік құқығын бермей, жануарлардың өріс аудару жолдары ескеріле отырып, республикалық және жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы туризм объектілеріне, сондай-ақ елді мекендерден тыс жердегі туризм объектілеріне және туристерді орналастыру орындарына дейін инженерлік инфрақұрылымды (жолдарды, көпірлерді, электр беру желілерін және басқа да коммуникацияларды) жобалауды, салуды және оларға қызмет көрсетуді ұйымдастырады;";

      "19-3) орман ресурстары сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттар, аңшылық шаруашылығының мұқтаждары, жанама орман пайдалану үшін ұзақ мерзімді орман пайдалануға берілген өздерінің функционалдық қарамағындағы мемлекеттік орман қоры жерлерінде объектілер құрылысының эскиздік жобасын келіседі;".

      8. "Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы" 2001 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      12-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 13-14) тармақшамен толықтырылсын:

      "13-14) жер пайдалану құқығын не жеке меншік құқығын бермей, жануарлардың өріс аудару жолдары ескеріле отырып, республикалық және жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы туризм объектілеріне, сондай-ақ елді мекендерден тыс жердегі туризм объектілеріне және туристерді орналастыру орындарына дейін инженерлік инфрақұрылымды (жолдарды, көпірлерді, электр беру желілерін және басқа да коммуникацияларды) жобалауды, салуды және оларға қызмет көрсетуді ұйымдастырады;".

      9. "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      68-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы төртінші, бесінші және алтыншы бөліктермен толықтырылсын:

      "Жер пайдалану құқығы не жеке меншік құқығы берілмей, жануарлардың өріс аудару жолдары ескеріле отырып, республикалық және жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы туризм объектілеріне, сондай-ақ елді мекендерден тыс жердегі туризм объектілеріне және туристерді орналастыру орындарына дейін инженерлік инфрақұрылымды (жолдарды, көпірлерді, электр беру желілерін және басқа да коммуникацияларды) жобалауға, салуға және оларға қызмет көрсетуге табиғат қорғау ұйымымен жасалған, туризм объектілеріне инженерлік инфрақұрылымды жобалау, салу және оларға қызмет көрсету үшін ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың учаскелерін ұзақ мерзімді пайдалануға беру туралы шарттың негізінде жол беріледі.

      Туризм объектілеріне инженерлік инфрақұрылымды (жолдарды, көпірлерді, электр беру желілерін және басқа да коммуникацияларды) жобалау, салу және оларға қызмет көрсету үшін ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың учаскелерін ұзақ мерзімді пайдалануға беру туралы шарт Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін үлгілік шарттың негізінде жасалады.

      Туризм объектілеріне инженерлік инфрақұрылымды (жолдарды, көпірлерді, электр беру желілерін және басқа да коммуникацияларды) жобалау, салу және оларға қызмет көрсету үшін ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың учаскелерін ұзақ мерзімді пайдалануға беру туралы шартта жүргізілетін жұмыстардың атауы, олардың орындалу мерзімдері мен талаптары, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі экологиялық талаптар, бүлінген жерлерді рекультивациялау жөніндегі іс-шаралар және оларды жүргізу мерзімдері көрсетіледі.".

      10. "Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы" 2005 жылғы 7 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      2-баптың 1-тармағы "Заң" деген сөзден кейін "Қазақстан Республикасының мемлекеттік орман күзеті қызметкерлерін және табиғат қорғау ұйымдарының мемлекеттік инспекторларын қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын.

      11. "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) мынадай мазмұндағы 2-1-баппен толықтырылсын:

      "2-1-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мақсат және міндеттер

      1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мақсат мемлекеттік табиғи-қорық қорын және табиғи экологиялық жүйелерді сақтау болып табылады.

      2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы міндеттер мыналар болып табылады:

      1) ғылым мен экоағартушылықты дамыту үшін ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдалану;

      2) орнықты туризм мен экотуризмді дамыту;

      3) аумақтардың табиғи құндылығын ескере отырып, оларды аймақтарға бөлу.";

      2) 3-баптың 3) және 4) тармақшалары алып тасталсын;

      3) 8-баптың бірінші бөлігінде:

      3), 4), 4-1), 4-2), 4-3) және 4-4) тармақшалар алып тасталсын;

      5) тармақшадағы "ерекше" деген сөз "осы Заңның мақсатына және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, ерекше" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5-4) және 6) тармақшалар алып тасталсын;

      6-1) тармақша он үшінші абзацындағы "әзірлеу және бекіту" деген сөздер алып тасталып, мынадай мазмұндағы он бесінші абзацпен толықтырылсын:

      "осы Заңның 43-1-бабының 3-тармағында көзделген жағдайда, жергілікті халықтың мұқтаждары үшін рұқсат етілетін шөп шабу қағидаларын әзірлеу және бекіту;";

      9), 10), 11), 12), 13), 14), 16), 16-6), 18) және 18-1) тармақшалар алып тасталсын;

      4) 18-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың күзет аймағы белгіленгенге дейін ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың шекарасы бойынша екі километр болатын аумақта қала құрылысы жобаларын түзетуге, жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгертуге, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың және соларда орналасқан мемлекеттiк табиғи-қорық қоры объектiлерiнің экологиялық жүйелерінің жай-күйіне және қалпына келтірілуіне теріс әсерін тигізетін объектілер салуға арналған бастапқы және рұқсат беру құжаттарын келісуге тыйым салынады.";

      5) 23-бапта:

      2-тармақтың екінші бөлігінде:

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) ықтимал орналастырудың басқа жолдары болмаған кезде стратегиялық су шаруашылығы құрылысжайлары мен гидротехникалық құрылысжайларды, сел ағындарынан, қар көшкіндерінен, көшкіндерден қорғайтын өзге де қорғаныш құрылысжайларын салу және олардың жұмыс істеуі және сейсмологиялық станциялар желілерін кеңейту үшін және шаруашылық қызметтің шектеулі режимі белгіленген жер учаскелерін ғана;";

      4) тармақша алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын;

      "5) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар шекарасында орналасқан және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құрылғанға және кеңейтілгенге дейін жұмыс істеген, денсаулық сақтау және білім беру ұйымдары, қолданыстағы зираттар, кәріздік тазарту құрылысжайлары, электр беру желілері объектілерінің нысаналы мақсатын өзгертпей, оларды пайдалану үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша босалқы жерге ауыстыру жағдайларын қоспағанда, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерін ауыстыруға жол берілмейді.";

      мынадай мазмұндағы 2-3-тармақпен толықтырылсын:

      "2-3. Шаруашылық қызметі шектеулі аймақтағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың учаскелері жеке және заңды тұлғаларға ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлері босалқы жерлерге ауыстырылмай, жануарлардың өріс аудару жолдары ескеріле отырып, туризм объектілеріне инженерлік инфрақұрылымды (жолдарды, көпірлерді, электр беру желілерін және басқа да коммуникацияларды) жобалау, салу және оларға қызмет көрсету үшін табиғат қорғау ұйымымен жасалған, туризм объектілеріне инженерлік инфрақұрылымды жобалау, салу және оларға қызмет көрсету үшін ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың учаскелерін ұзақ мерзімді пайдалануға беру туралы шарттың негізінде беріледі.

      Туризм объектілеріне инженерлік инфрақұрылымды (жолдарды, көпірлерді, электр беру желілерін және басқа да коммуникацияларды) жобалау, салу және оларға қызмет көрсету үшін ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың учаскелерін ұзақ мерзімді пайдалануға беру туралы шарт Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін үлгілік шарттың негізінде жасалады.

      Туризм объектілеріне инженерлік инфрақұрылымды (жолдарды, көпірлерді, электр беру желілерін және басқа да коммуникацияларды) жобалау, салу және оларға қызмет көрсету үшін ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың учаскелерін ұзақ мерзімді пайдалануға беру туралы шартта жүргізілетін жұмыстардың атауы, олардың орындалу мерзімдері мен талаптары, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі экологиялық талаптар, бүлінген жерлерді рекультивациялау жөніндегі іс-шаралар және оларды жүргізу мерзімдері көрсетіледі.";

      3-тармақтағы "Ерекше" деген сөз "Азаматтық қорғау іс-шараларын қоспағанда, ерекше" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:

      "4. Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлерінде құрылысжайлар салуды, қауіпті геологиялық процестерден инженерлік қорғауды көздейтін іс-шараларды жүргізу табиғат қорғау ұйымымен және (немесе) мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдармен жасалған, сейсмологиялық станциялар желілерін кеңейту, гидротехникалық құрылысжайларды және сел ағындарынан, қар көшкіндерінен, көшкіндерден қорғайтын өзге де қорғаныш құрылысжайларын салу үшін ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың учаскелерін ұзақ мерзімді пайдалануға беру туралы шарттың негізінде жүзеге асырылады.

      Сейсмологиялық станциялар желілерін кеңейту, гидротехникалық құрылысжайларды және сел ағындарынан, қар көшкіндерінен, көшкіндерден қорғайтын өзге де қорғаныш құрылысжайларын салу үшін ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың учаскелерін ұзақ мерзімді пайдалануға беру туралы шарт Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін үлгілік шарттың негізінде жасалады.

      Сейсмологиялық станциялар желілерін кеңейту, гидротехникалық құрылысжайларды және сел ағындарынан, қар көшкіндерінен, көшкіндерден қорғайтын өзге де қорғаныш құрылысжайларын салу үшін ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың учаскелерін ұзақ мерзімді пайдалануға беру туралы шартта жүргізілетін жұмыстардың атауы, олардың орындалу мерзімдері мен талаптары, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі экологиялық талаптар, бүлінген жерлерді рекультивациялау жөніндегі іс-шаралар және оларды жүргізу мерзімдері көрсетіледі.";

      6) 25-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Осы тармақтың бірінші және екінші бөліктерінде көрсетілген паспорттар уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.";

      7) 43-1-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:

      "3. Алакөл мемлекеттік табиғи қорығының аумағында уәкілетті орган айқындаған тәртіппен арнайы бөлінген учаскелерде жергілікті халықтың мұқтаждары үшін шөп шабуға жол беріледі.";

      8) 69-бап мынадай мазмұндағы 1-3-тармақпен толықтырылсын:

      "1-3. Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және мемлекеттік табиғи қаумалдарда қоршаған ортаға зиян келтіруді болғызбау мақсатында мемлекеттік табиғи қаумалдардың аумақтарында орналасқан магистральдық құбыржолдарды реконструкциялау, күрделі жөндеу, жою жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыруға рұқсат етіледі.";

      9) 84-1-баптың 2-тармағындағы "табиғат қорғау функцияларын жүзеге асыратын табиғат қорғау мекемелерінің лауазымды адамдары мен мамандарына" деген сөздер "қызметін жүзеге асыратын табиғат қорғау мекемелерінің лауазымды адамдарына, мамандары мен жұмыскерлеріне" деген сөздермен ауыстырылсын;

      10) 84-2-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:

      "3. Осы Заңның 23-бабы 2-тармағының екінші бөлігі 5) тармақшасының ережелері ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құрылғанға және кеңейтілгенге дейін жұмыс істеген денсаулық сақтау және білім беру ұйымдарының, қолданыстағы зираттардың, кәріздік тазарту құрылысжайларының, электр беру желілерінің объектілері орналасқан ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлерін ауыстыру үшін қолданылады. Босалқы жерлерді басқа санаттағы жерлерге кейіннен ауыстыру кезінде жер учаскесінің нысаналы және іс жүзінде пайдаланылуына сәйкес келмейтін нысаналы мақсатын өзгертуге жол берілмейді.".

      12. "Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы" 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 8-баптың 3) тармақшасының жетінші абзацындағы "астананың санитариялық-қорғау жасыл аймағын" деген сөздер "астананың орманды саябақ аймағын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 9-бапта:

      43) тармақшадағы "астананың санитариялық-қорғау жасыл аймағын" деген сөздер "астананың орманды саябақ аймағын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      44) тармақшадағы "астананың санитариялық-қорғау жасыл аймағын" деген сөздер "астананың орманды саябақ аймағын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 12-2-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "12-2-бап. Астананың орманды саябақ аймағы режимінің ерекшеліктері

      1. Астананың орманды саябақ аймағы деп астана аумағы шегіндегі қорғау, сауықтыру функцияларына және рекреациялық функцияларға арналған және соларды орындайтын жерлер танылады.

      2. Астананың орманды саябақ аймағының шекараларын белгілеу және өзгерту туралы шешімді астананың жергілікті атқарушы органының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайды.

      3. Астананың орманды саябақ аймағының жерлерінде экологиялық жүйенің, өсімдіктердің, жануарлар мен басқа да организмдердің жай-күйіне және қалпына келтірілуіне теріс әсер ететін кез келген қызметті жүзеге асыруға, оның ішінде ауыл шаруашылығы жануарларын жаюға және айдауға, қоқысты жинап қоюға, топырақ қабатын бұзуға, аң аулауға, жануарларды заңсыз аулауға, алып қоюға және жансыздандыруға, олардың мекендеу ортасы мен жағдайларын бұзуға, табиғи келбетінің өзгеруіне немесе экологиялық жүйелер орнықтылығының бұзылуына алып келуі мүмкін өзге де қызметке тыйым салынады.".

      13. "Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы" 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 58-баптың 2-тармағының екінші бөлігі мынадай мазмұндағы 6-3) тармақшамен толықтырылсын:

      "6-3) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің міндеттемелеріне кепілдік беру жүйесі шеңберінде туындаған, Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, акцияларының бақылау пакеті ұлттық басқарушы холдингке тиесілі жеке кәсіпкерлікті дамытудың арнайы қорының (бұдан әрі – жеке кәсіпкерлікті дамытудың арнайы қоры) екінші деңгейдегі банктер алдындағы міндеттемелері бойынша өндіріп алуды қолдану жағдайларын қоспағанда, кәсіпкерлікті дамытудың арнайы қоры қалыптастырған кепілдік қорының банктік шоттардағы активтеріне;";

      2) 98-баптың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 17-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "17-1) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің міндеттемелеріне кепілдік беру жүйесі шеңберінде туындаған, жеке кәсіпкерлікті дамытудың арнайы қорының екінші деңгейдегі банктер алдындағы міндеттемелері бойынша өндіріп алуды қолдану жағдайларын қоспағанда, жеке кәсіпкерлікті дамытудың арнайы қоры қалыптастырған кепілдік қорының активтерінен;".

      14. "Магистральдық құбыр туралы" 2012 жылғы 22 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      4-баптың 4) тармақшасындағы "және оларды" деген сөздер ", оларды реконструкциялау, күрделі жөндеу және" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2-бап. Осы Заң:

      1) 2025 жылғы 30 маусымнан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 3-тармағының 2) тармақшасын;

      2) алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағының 6) және 8) тармақшаларын, 3-тармағының 1) тармақшасын, 6-тармағын, 11-тармағының 4) тармақшасын, 13-тармағын;

      3) 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларын, 5) тармақшасының төртінші және бесінші абзацтарын, 7) тармақшасын, 11-тармағы 5) тармақшасының үшінші және төртінші абзацтарын, 12-тармағын;

      4) 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 4 және 10-тармақтарын, 11-тармағының 9) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады