Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша "қызметкер еңбек (қызмет) мiндеттерiн атқарған кезде оның өмiрi мен денсаулығына зиян келтiргенi үшiн жұмыс берушiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн", "Қызметкер еңбек (қызмет) мiндеттерiн атқарған кезде оның өмiрi мен денсаулығына зиян келтiргенi үшiн жұмыс берушiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы Қазақстан Республикасының", "Қызметкер еңбек (қызмет) мiндеттерiн атқарған кезде оның өмiрi мен денсаулығына зиян келтiргенi үшiн жұмыс берушiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн", "жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгiн" және "Жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгiн" деген сөздер тиісінше "қызметкерді жазатайым оқиғалардан", "Қазақстан Республикасының қызметкерді жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру туралы", "Қызметкерді жазатайым оқиғалардан", "қызметкерді жазатайым оқиғалардан" және "Қызметкерді жазатайым оқиғалардан" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (2010.08.09 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша "ақпараттық жүйелерді", "ақпараттық жүйелерінен", "электрондық үкімет", "ақпараттық жүйеге", "ақпараттық жүйесi", "ақпараттық жүйелерінде" деген сөздер тиісінше "цифрлық жүйелерді", "цифрлық жүйелерінен", "цифрлық үкімет", "цифрлық жүйеге", "цифрлық жүйесi", "цифрлық жүйелерінде" деген сөздермен ауыстырылды – ҚР 24.06.2026 № 326-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Осы Заң қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру саласында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді және оны өткізудің құқықтық, экономикалық және ұйымдық негіздерін белгілейді.
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;
1-1) алдын алу шаралары – қауіпсіз еңбек жағдайларын жасауға және жақсартуға бағытталған алдын алу сипатындағы шаралар;
1-2) аннуитеттік сақтандыру шарты (бұдан әрі – аннуитет шарты) – сақтандырушы шартта белгіленген мерзім ішінде сақтандыру төлемін пайда алушының пайдасына мерзімді төлемдер түрінде жүзеге асыруға міндетті болатын сақтандыру шарты;
1-3) дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйым – дауыс беретін акцияларының жүз пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі, акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сақтандыру жөніндегі бірыңғай дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйым;
2) еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес еңбек қатынастары саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы;
2-1) зейнеткерлік алдындағы аннуитеттік сақтандыру шарты (бұдан әрі – зейнеткерлік алдындағы аннуитет шарты) – Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 195-1-бабының 1-тармағында көзделген жағдайлар туындаған кезде еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда істейтін жұмыскердің пайдасына жасалатын, сақтандырушы сақтандыру төлемін алушының пайдасына ай сайын сақтандыру төлемін жүзеге асыруға міндетті болатын сақтандыру шарты;
2-2) зейнеткерлік алдындағы аннуитет шарты бойынша сақтандыру төлемі – Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 195-1-бабының 1-тармағында көзделген жағдайлар басталған кезде еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда істейтін жұмыскерлерге төленетін сақтандыру төлемі;
3) кәсіптік еңбекке қабілеттілік – қызметкердің белгілі бір біліктіліктегі, көлемдегі және сападағы жұмысты атқару қабілеті;
4) кәсіптік еңбекке қабілеттіліктен айрылу дәрежесі – қызметкердің еңбек (қызметтік) міндеттерін атқару қабілетінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалатын төмендеу деңгейі;
5) кәсіптік тәуекел сыныбы – өндірістік жарақаттанудың және кәсіптік аурулардың экономикалық қызмет түрлері бойынша қалыптасқан деңгейі;
ЗҚАИ-ның ескертпесі!5-1) тармақшамен толықтыру көзделген – ҚР 16.01.2026 № 259-VIII (01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
6) қызметкерді жазатайым оқиғалардан сақтандыру – еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде өмірі мен денсаулығына зиян келтірілген қызметкердің мүліктік мүдделерін қорғау жөніндегі қарым-қатынас кешені;
7) пайда алушы – осы Заңға сәйкес сақтандыру төлемін алушы болып табылатын тұлға;
8) сақтандыру жағдайы – осы Заңның 16-1-бабында көзделген мән-жайлар кезінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 195-1-бабының 1-тармағында көзделген жағдайлар туындаған кезде қызметкер (қызметкерлер) еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік фактордың әсер етуі нәтижесінде ол (олар) ұшырайтын, соның салдарынан қызметкердің кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айрылу дәрежесін белгілеуге, кәсіптік ауруға не өлімге әкеп соғатын өндірістік жарақаттану, денсаулығының күрт нашарлауы немесе улану болатын еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кездегі жазатайым оқиға (жазатайым оқиға);
8-1) сақтандыру жөніндегі бірыңғай дерекқор (бұдан әрі – дерекқор) – сақтандырушы, сақтанушы, сақтандырылушы және пайда алушы туралы ақпарат жиынтығы (оның ішінде электрондық нысанда);
ЗҚАИ-ның ескертпесі!8-2) тармақшаны алып тастау көзделген – ҚР 16.01.2026 № 259-VIII (01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
8-2) сақтандыру омбудсманы – "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сақтандыру нарығына қатысушылар арасындағы келіспеушіліктерді реттеуді жүзеге асыратын, өз қызметінде тәуелсіз жеке тұлға;
9) сақтандыру сомасы – сақтандыру объектісі сақтандырылған және сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандырушы жауапкершілігінің шекті көлемін білдіретін ақша сомасы;
10) сақтандыру сыйлықақысы – сақтанушының сақтандырушыға, соңғысы пайда алушыға қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартында белгіленген мөлшерде сақтандыру төлемін жүргізуге міндеттемелер қабылдағаны үшін төлеуге міндетті ақша сомасы;
11) сақтандыру төлемі – сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандырушының пайда алушыға сақтандыру сомасының шегінде төлейтін ақша сомасы;
12) сақтандырушы – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының аумағында "өмірді сақтандыру" саласында аннуитеттік сақтандыру сыныбы бойынша және міндетті сақтандырудың осы түрі бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия алған заңды тұлға;
13) сақтанушы – қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартын жасасқан жұмыс беруші.
Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); өзгеріс енгізілді – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.12.2023 № 49-VIII (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.2-бап. Осы Заңмен реттелетін қатынастар
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
1-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 26.06.2025 № 198-VIII (01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Осы Заң мемлекеттік мекемелердің қызметкері еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан сақтандыруды реттемейді.
2. Жұмыс берушінің қызметкерді жазатайым оқиғалардан ерікті түрде сақтандыру шартын жасауы оны қызметкерді міндетті сақтандыру шартын жасасу міндетінен босатпайды.
Ескерту. 2-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (2010.08.09 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.3-бап. Қазақстан Республикасының қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінен, осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінентұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарда осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
3. Осы Заңның сақтандырушыға, оның ішінде сақтандыру ұйымына қатысты қолданылатын ережелері Қазақстан Республикасының аумағында ашылған Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымдарының филиалдарына қолданылады.
Ескерту. 3-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 02.01.2021 № 399-VI (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.4-бап. Қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау
1. Сақтандыру ұйымдарының қызметін мемлекеттік бақылау мен қадағалауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.
2. Сақтанушының осы Заңның талаптарын орындауын бақылауды уәкілетті орган жүзеге асырады.
Ескерту. 4-бапқа өзгерістер енгізлді - ҚР 2012.07.05 № 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2019 № 262-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.5-бап. Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру объектісі мен субъектілері
1. Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандырудың (бұдан әрі – қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру) объектісі оған кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айрылу дәрежесін белгілеуге не оның өліміне әкеп соғатын жазатайым оқиға нәтижесінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 195-1-бабының 1-тармағында көзделген жағдайлар туындаған кезде өмірі мен денсаулығына зиян келтірілген қызметкердің мүліктік мүддесі болып табылады.
2. Қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру субъектілері: сақтанушы, сақтандырушы және пайда алушы болып табылады.
Ескерту. 5-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (2010.08.09 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 27.04.2015 № 311-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.12.2023 № 49-VIII (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.6-бап. Қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндеттісақтандырудың мақсаты мен негізгі принциптері
1. Қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандырудың мақсаты еңбек (қызмет) міндеттерін атқарған кезде өмірі мен денсаулығына зиян келтірілген қызметкерлердің мүліктік мүдделерін қорғауды сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру арқылы қамтамасыз ету болып табылады.
2. Қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандырудың негізгі принциптері:
қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шарты бойынша тараптардың өз міндеттемелерін орындауын қамтамасыз ету;
жұмыс берушілердің еңбек қауіпсіздігін арттыруға экономикалық мүдделілігі болып табылады.
6-1-бап. Қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыруды жүзеге асырудың ерекшеліктері
Бәсекелестікті шектеуге немесе жоюға, қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шарттарын жасасу бойынша бір сақтандырушылардың басқаларының алдында негізсіз артықшылықтар беруіне немесе алуына, сақтанушылардың құқықтары мен заңды мүдделеріне нұқсан келтіруге бағытталған қызметке жол берілмейді.
Ескерту. Заң 6-1-баппен толықтырылды - ҚР 2007.05.07 № 244 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), жаңа редакцияда – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.6-2-бап. Ақпараттық өзара іс-қимыл жасау
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
6-2-баптың бірінші бөлігіне өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 16.01.2026 № 259-VIII (01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Сақтандыру жағдайының басталу фактісін растау және қызметкердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу мөлшерін айқындау үшін қажетті ақпаратқа ие уәкілетті орган, оның аумақтық бөлімшелері, прокуратура органдары, денсаулық сақтау ұйымдары, өзге де мемлекеттік органдар мен ұйымдар осы ақпаратты сақтандырушыға, сақтанушыға (пайда алушыға), сақтандыру омбудсманына олар өтініш жасаған кезде беруге міндетті.
Дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйым цифрлық жүйелерді интеграциялау арқылы жұмыскерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шарттары бойынша уәкілетті органмен өзара іс-қимылды және деректер алмасуды жүзеге асырады.
Ескерту. Заң 6-2-баппен толықтырылды – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 21.12.2023 № 49-VIII (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.7-бап. Жұмыс беруші міндетті сақтандыруға тиісті жауапкершілік
Ескерту. 7-бап алынып тасталды - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (2010.08.09 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
8-бап. Сақтанушының құқықтары мен міндеттері
1. Сақтанушының:
1) қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартын жасасу үшін сақтандырушыны таңдауға;
2) сақтандыру жағдайы басталған кезде уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің қызметкерді куәландыруы кезінде қатысуға;
3) өз құқықтары мен заңды мүдделерін, сондай-ақ пайда алушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін сот арқылы қорғауға;
4) сақтандырушыдан міндетті сақтандыру талаптарын, қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шарты бойынша құқықтары мен міндеттерін түсіндіруді талап етуге;
5) сақтандыру тәуекелін бағалау үшін тәуелсіз сарапшы тартуға;
ЗҚАИ-ның ескертпесі!5-1) тармақша жаңа редакцияда көзделген – ҚР 16.01.2026 № 259-VIII (01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
5-1) қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартынан туындайтын мәселелерді реттеу үшін осы Заңның 24-1-бабында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып сақтандырушыға не сақтандыру омбудсманына немесе сотқа жүгінуге;
ЗҚАИ-ның ескертпесі!6) тармақша жаңа редакцияда көзделген – ҚР 16.01.2026 № 259-VIII (01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
6) "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, өтінішті және қоса берілетін құжаттарды сақтандыру омбудсманына (тікелей сақтандыру омбудсманына, оның ішінде оның интернет-ресурсы арқылы не сақтандырушы арқылы, оның ішінде оның филиалы, өкілдігі, өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшесі, интернет-ресурсы арқылы) жіберуге;
7) уәкілетті орган айқындаған тәртіппен алдын алу шараларын және (немесе) оңалту шараларын жүргізуге жұмсалған шығындарды өтетуге құқығы бар.
2. Сақтанушы:
1) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган бекіткен, жұмыскерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандырудың үлгілік шартына сәйкес сақтандырушымен жұмыскерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартын жасасуға;
1-1) сақтанушы қызметін жүзеге асыруды бастаған айдан кейінгі айдың бірінші онкүндігі ішінде сақтандырушымен қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартын жасасуға;
1-2) шағын және орта кәсіпкерлік субъектісіне жататын сақтанушыны "цифрлық үкімет" веб-порталы арқылы мемлекеттік тіркеген жағдайда сақтандырушымен жұмыскерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартын электрондық нысанда жасасуға арналған өтінішті электронды түрде беруге;
2) сақтандыру сыйлықақысын қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартында белгіленген мөлшерде, тәртіппен мен мерзімде төлеуге және өзіндегі сақтандыру жөніндегі барлық құжаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сақталуын қамтамасыз етуге;
2-1) мен қызметкердің (қызметкерлердің) кәсіптік тәуекел сыныбы өзгерген кезден бастап он жұмыс күні ішінде бұл туралы сақтандырушыны хабардар етуге;
3) сақтандыру жағдайларының алдын алуға бағытталған іс-шараларды жүзеге асыруға;
4) жазатайым оқиғаның басталғаны туралы өзіне белгілі болғанда, бұл туралы дереу, бірақ үш жұмыс күнінен кешіктірмей сақтандырушыға хабарлауға;
5) уәкілетті орган мен сақтандырушы өкілдерінің міндетті түрде қатысуымен сақтандыру жағдайларының басталу мән-жайларын тексеруді қамтамасыз етуге;
6) сақтандыру жағдайының басталуын, сондай-ақ оның келтірген залалын дәлелдеуге;
7) пайда алушы бойынша сақтандыру төлемін есептеу, аннуитет шартын жасасу үшін қажетті құжаттар мен ақпаратты (оның ішінде ұялы байланыстың абоненттік нөмірін және (немесе) электрондық пошта мекенжайын) шартта белгіленген мерзімде сақтандырушыға беруге;
8) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес қызметкерлерді міндетті медициналық тексеруден уақтылы өткізуді қамтамасыз етуге;
9) қызметкерлердің сақтандыру жағдайы алдындағы еңбек жағдайлары туралы құжаттарды уәкілетті органға және денсаулық сақтау ұйымдарына ұсынуға;
10) қызметкерлерді еңбектің қауіпсіз әдістері мен тәсілдеріне өндірістен қол үздірмей оқытуға;
11) уәкілетті органның жазатайым оқиғалардың профилактикасы, олардың алдын алу мен тексеру мәселелері жөніндегі шешімін орындауға;
12) өзінің қайта ұйымдастырылуы және таратылуы туралы сақтандырушыға уақтылы хабарлауға;
13) сақтандыру жағдайынан келетін залалдарды азайтуға бағытталған шаралар қолдануға;
14) сақтандыру жағдайының басталуына жауапты тұлғаға талап қою құқығының сақтандырушығa ауысуын қамтамасыз eтугe;
15) осы Заңда көзделген жағдайларда, қызметкердің немесе қызметкердің қайтыс болуына байланысты зиянды өтетуге құқығы бар адамның пайдасына қызметкерді жазатайым оқиғадан міндетті сақтандыру шартында белгіленген сақтандыру сомасы шегінде аннуитет шартын жасасуға;
15-1) осы Заңның 23-1-бабына сәйкес еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда істейтін жұмыскердің пайдасына зейнеткерлік алдындағы аннуитет шартын жасасуға және еңбекті қорғау мен қауіпсіздік жөніндегі цифрлық жүйеге мәліметтерді енгізуге;
16) аннуитет шарты жасалған күннен бастап он жұмыс күні ішінде оның көшірмесін пайдасына аннуитет шарты жасалған пайда алушыға ұсынуға;
17) зейнеткерлік алдындағы аннуитет шарты жасалған күннен бастап он жұмыс күні ішінде оның көшірмесін пайдасына зейнеткерлік алдындағы аннуитет шарты жасалған пайда алушыға ұсынуға міндетті.
3. Қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартында сақтанушының Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне қайшы келмейтін басқа да құқықтары мен міндеттері көзделуі мүмкін.
Ескерту. 8-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2007.05.07 № 244 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.12.30 № 234-IV (2010.08.09 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 27.04.2015 № 311-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.02.2017 № 49-VI (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.12.2023 № 49-VIII (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі); 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.9-бап. Сақтандырушының құқықтары мен міндеттері
1. Сақтандырушының:
1) сақтандыру жағдайларын тексеруге қатысуға;
2) уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің қызметкерді куәландыруы кезінде қатысуға;
2-1) ақпаратты экономикалық қызмет түрлерін штаттық кестеге немесе сақтанушы беретін және (немесе) сақтандырушы сұрататын өзге де ақпаратқа сәйкес кәсіптік тәуекел сыныптарына жатқызудың сәйкестігі тұрғысынан тексеруге;
3) сақтандыру жағдайлары жөніндегі ақпаратты тексеруге және қажет болған кезде тиісті уәкілетті органдарға сұратулар жіберуге;
4) сақтандыру тәуекелін бағалау үшін сақтанушының объектілеріне тексеру жүргізуге;
5) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде, Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде және осы Заңда көзделген жағдайларда сақтандыру төлемін төлеуден бас тартуға;
6) сақтандыру жағдайларының алдын алу жөнінде ұсынымдар беруге;
7) сақтандыру тәуекелін бағалау үшін тәуелсіз сарапшы тартуға;
8) зиян келтірген тұлғаға кері талап қоюға құқығы бар.
2. Сақтандырушы:
1) алынып тасталды - ҚР 2007.05.07 № 244 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен;
2) сақтанушыны қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартының талаптарымен таныстыруға және оның қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартынан туындайтын құқықтары мен міндеттерін түсіндіруге;
3) сақтандыру жағдайы басталған кезде осы Заңға және қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартына сәйкес сақтандыру төлемдерін және жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеуді жүргізуге;
3-1) жұмыскерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтандырып қорғаудың қолданылу кезеңінде басталған сақтандыру жағдайы (сақтандыру жағдайы ретінде қаралатын оқиға) туралы хабардар етілген кезінде оны қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісіне сәйкес дереу тіркеуге және осы сақтандыру жағдайы (сақтандыру жағдайы ретінде қаралатын оқиға) жөніндегі мәліметті дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымға ұсынуға;
3-2) Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 195-1-бабының 1-тармағында көзделген жағдайлар туындаған кезде, жасалған зейнеткерлік алдындағы аннуитет шартына және осы Заңға сәйкес зейнеткерлік алдындағы аннуитет шарты бойынша сақтандыру төлемдерін ай сайын жүзеге асыруға;
4) өз қызметінің нәтижесінде сақтанушы және пайда алушы туралы алынған мәліметтердің құпиялылығын қамтамасыз етуге;
ЗҚАИ-ның ескертпесі!5) тармақша жаңа редакцияда көзделген – ҚР 16.01.2026 № 259-VIII (01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
5) сақтандыру төлемін төлеуден бас тарту туралы шешім қабылданған жағдайда, өтінішті және осы Заңның 20-бабының 2-тармағында көзделген барлық құжаттарды алған күннен бастап, жеті жұмыс күні ішінде пайда алушыға бас тарту себептерінің уәжді негіздемесін және сақтанушының (пайда алушының) Қазақстан Республикасы заңнамасының ерекшеліктерін ескере отырып, келіспеушіліктерді реттеу үшін сақтандыру омбудсманына жүгіну құқығы туралы хабарламаны жазбаша нысанда жіберуге;
5-1) сақтанушыдан (пайда алушыдан) өтінішті алған кезде бес жұмыс күні ішінде сақтанушының (пайда алушының) талаптарын қарауға және дауды одан әрі реттеу тәртібін көрсете отырып, жазбаша жауап беруге;
ЗҚАИ-ның ескертпесі!5-2) тармақша жаңа редакцияда көзделген – ҚР 16.01.2026 № 259-VIII (01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
5-2) сақтанушыдан (пайда алушыдан) сақтандыру омбудсманына жіберілетін өтінішті алған кезде осы өтінішті, сондай-ақ оған қоса берілетін құжаттарды сақтандыру омбудсманына алған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде қайта жіберуге;
6) сақтанушының сақтандыру жағдайы кезінде залалды азайту үшін шығарған шығыстарын өтеуге;
7) алынып тасталды - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (2010.08.09 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
8) алынып тасталды - ҚР 2007.05.07 № 244 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен;
9) осы Заңның 19-бабының 1-тармағында көзделген сақтандыру төлемдерін уақтылы жүзеге асырмаған кезде пайда алушыға аннуитет төлемі бойынша әрбір мерзімі өткен күн үшін төленбеген соманың 1,5 проценті мөлшерінде өсімпұл төлеуге;
10) сақтандыру шартының қолданылу мерзімі аяқталған күнге есептелген сақтандыру сыйлықақысының алты пайызынан аспайтын мөлшерде сақтанушыға алдын алу шараларын жүргізуге жұмсалған шығындарды өтеуге;
11) сақтандыру шартының қолданылу мерзімі аяқталған күнге есептелген сақтандыру сыйлықақысының алты пайызынан аспайтын мөлшерде сақтанушыға және (немесе) пайда алушыға оңалту шараларын жүргізуге жұмсалған шығындарды өтеуге;
12) республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің бір жүз еселенген мөлшерінен аспайтын мөлшерде пайда алушыға санаторийлік-курорттық емделуге жұмсалған шығыстарды өтеуге міндетті.
Аннуитет сыныбы бойынша "өмірді сақтандыру" саласында сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар сақтандырушы қызметкердің немесе осы Заңда көзделген жағдайларда қызметкердің қайтыс болуына байланысты зиянды өтетуге құқығы бар адамның пайдасына қызметкерді жазатайым оқиғадан міндетті сақтандыру шартында белгіленген сақтандыру сомасы шегінде аннуитет шартын жасасуға міндетті.
Аннуитеттік сақтандыру сыныбы бойынша "өмірді сақтандыру" саласында сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар сақтандырушы осы Заңның 23-1-бабына сәйкес зейнеткерлік алдындағы аннуитет шарты бойынша сақтандыру төлемдерін алуға құқығы бар жұмыскердің пайдасына зейнеткерлік алдындағы аннуитет шартын жасасуға міндетті.
Сақтандырушы аннуитет шарты жасалған күннен кейін жиырма жұмыс күні ішінде пайда алушыны (оның заңды өкілін) оның пайдасына жасалған аннуитет шарты туралы хабардар етуге міндетті.
3. Қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартында сақтандырушының Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне қайшы келмейтін басқа да құқықтары мен міндеттері көзделуі мүмкін.
Ескерту. 9-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2007.05.07 № 244 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.12.30 № 234-IV (2010.08.09 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.12.2020 № 386-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.12.2023 № 49-VIII (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.10-бап. Пайда алушының құқықтары
Пайда алушының:
1) осы Заңда және қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартында белгіленген тәртіппен және талаптармен сақтандыру төлемдерін алуға;
2) сақтанушы мен сақтандырушыдан қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру талаптары туралы ақпаратты, сондай-ақ оның пайдасына жасалған аннуитет және зейнеткерлік алдындағы аннуитет шарттарының көшірмелерін тегін алуға;
3) сақтандыру жағдайын тергеп-тексеру мәселелері бойынша шешімдерге уәкілетті органға, сотқа Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасауға;
4) уәкілетті органның аумақтық бөлімшелеріне медициналық-әлеуметтік сараптама мәселелері бойынша жүгінуге;
5) сақтандыру жағдайының басталғаны туралы сақтандырушыға хабарлауға;
6) сақтандыру жағдайын тексеруге қатысуға, оның ішінде қызметкерлер өкілдерінің не өзі сенім білдірген адамның қатысуымен қатысуға;
ЗҚАИ-ның ескертпесі!7) тармақша жаңа редакцияда көзделген – ҚР 16.01.2026 № 259-VIII (01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
7) қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартынан туындайтын мәселелерді реттеу үшін осы Заңның 24-1-бабында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып сақтандырушыға не сақтандыру омбудсманына, еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесіне, уәкілетті органға немесе сотқа жүгінуге;
ЗҚАИ-ның ескертпесі!8) тармақша жаңа редакцияда көзделген – ҚР 16.01.2026 № 259-VIII (01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
8) "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, өтінішті және қоса берілетін құжаттарды сақтандыру омбудсманына (тікелей сақтандыру омбудсманына, оның ішінде оның интернет-ресурсы арқылы не сақтандырушы арқылы, оның ішінде оның филиалы, өкілдігі, өзге де оқшауланған бөлімшесі, интернет-ресурсы арқылы) жіберуге;
9) осы Заңның 19-бабының 2-1-тармағына сәйкес республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің бір жүз еселенген мөлшерінен аспайтын мөлшерде оңалту шараларын жүргізуге жұмсалған шығындарды және санаторийлік-курорттық емделуге жұмсалған шығыстарды өтетуге құқығы бар.
Ескерту. 10-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.06.2020 № 351-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.12.2023 № 49-VIII (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі); 08.07.2024 № 116-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.11-бап. Қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шарты
1. Қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру осы Заңға және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес еңбек (қызмет) міндеттерін атқарған кезде өмірі мен денсаулығына зиян келтірілуі мүмкін қызметкердің пайдасына сақтанушы мен сақтандырушының арасында жасалатын шарттың негізінде жүзеге асырылады.
2. Жұмыскерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шарты аннуитеттік сақтандыру сыныбы және міндетті сақтандырудың осы түрі бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар сақтандырушымен ғана жасалады.
Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, сақтандырушы үшін мұндай шарт жасасу міндетті болып табылады.
3. Қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шарты жазбаша нысанда жасалады.
Сақтанушының өтініші қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартын жасасу үшін негіз болып табылады. Сақтандырушы өтінішке қосымша сақтанушы мәлімдеген экономикалық қызмет түрлерін кәсіптік тәуекел сыныптарына жатқызудың дұрыстығын тексеру үшін штаттық кестені немесе өзге де ақпаратты беруді талап етуге құқылы.
Сақтанушының осы Заңның 8-бабы 2-тармағының 1-2) тармақшасына сәйкес электронды түрде берген өтінішінде:
1) еңбекақының жылдық қорының болжанатын мөлшері және жұмыскерлердің жалпы саны;
2) экономикалық қызмет түрлерін кәсіптік тәуекел сыныптарына жатқызу тәртібіне сәйкес экономикалық қызмет түрі мен кәсіптік тәуекел сыныбы қамтылуға тиіс.
Электрондық өтініш беру жолымен жасалған қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартына сақтанушы мен сақтандырушының электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы қол қойылады.
Қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартының жазбаша нысанын сақтамау оның маңызсыздығына алып келеді.
Қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартында көрсетілуге тиісті талаптардың толық еместігі үшін жауапкершілікті сақтандырушы өз мойнына алады. Қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шарты бойынша оның жекелеген талаптарының толық еместігі салдарынан дау туындаған жағдайда, дау сақтанушының пайдасына шешіледі.
4. Сақтандыру шарты жоғалған жағдайда сақтандырушы сақтанушының жазбаша өтініші негізінде оған сақтандыру полисінің телнұсқасын беруге міндетті.
Сақтандыру шартының телнұсқасын ресімдеуге жұмсалған шығыстарды сақтанушы өтейді, бұл ретте өтелетін шығыстардың жалпы сомасы өтініш берген күнгі тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңымен белгіленген 0,1 айлық есептік көрсеткіштен аспауға тиіс.
5. Егер қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартын сақтанушының немесе пайда алушының жағдайын осы Заңда көзделгенмен салыстырғанда нашарлататын талаптармен жасалса, онда сақтандырушы сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтанушы мен пайда алушының алдындағы міндеттемені осы Заңда белгіленген талаптар бойынша өз мойнына алады.
6. Қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шарты:
1) сақтандырушының атауын, орналасқан жерін және банктік реквизиттерін;
2) сақтанушының (eгep ол жеке тұлға болса) фамилиясын, атын, әкесінің атын (ол болған кезде) және тұрғылықты жерін немесе (егер ол заңды тұлға болса) атауын, орналасқан жерін және банктік реквизиттерін;
3) сақтандыру объектісінің сілтемесін;
4) сақтандыру жағдайының сілтемесін;
5) сақтандыру сомасының мөлшерін, сақтандыру төлемін жүзеге асырудың тәртібі мен мерзімдерін;
6) сақтандыру сыйлықақысының мөлшерін, оны төлеудің тәртібі мен мерзімдерін қамтуға тиіс.
Сақтанушыдан өзгеше қызметті жүзеге асыратын филиал (филиалдар) сақтанушыда болған кезде сақтандыру сыйлықақысының мөлшері қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандырудың бір шарты шеңберінде ол (олар) жүзеге асыратын экономикалық қызметтің түріне сәйкес кәсіптік тәуекел сыныбы көрсетіле отырып, сақтанушы мен оның филиалы (филиалдары) бойынша жеке белгіленеді;
7) шарт тараптарының құқықтарын, міндеттері және жауапкершілігін;
8) шартқа өзгерістер енгізу мен оның мерзімін ұзарту жағдайлары мен тәртібін;
9) шарт жасалған күн мен оның қолданылу мерзімін;
10) сақтандыру шартының нөмірі мен сериясын қамтуға тиіс.
11) алып тасталды – ҚР 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.12) алып тасталды – ҚР 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Тараптардың келісімі бойынша шартқа өзге де талаптар енгізілуі мүмкін.
Ескерту. 11-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2007.05.07 № 244 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.12.30 № 234-IV (2010.08.09 бастап қолданысқа енгізіледі); 27.04.2015 № 311-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.02.2017 № 49-VI (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.12.2020 № 386-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.11.2021 № 75-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.12-бап. Қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндеттісақтандыру шартының қолданылуы
1. Қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартында белгіленген күннен бастап қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шарты күшіне енеді және тараптар үшін міндетті болады.
2. Қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шарты, осы баптың 3-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, ол күшіне енгізілген күннен бастап он екі ай мерзімге жасалады.
Қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шарты сақтандырудың бүкіл мерзімі ішінде қолданылады және алғашқы сақтандыру жағдайы басталғанда қолданылуын тоқтатпайды.
3. Жұмыс берушінің қызметі он екі айдан аз мерзімде жүзеге асырылған кезде шарт осы қызметті жүзеге асыру мерзіміне жасалады.
13-бап. Қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндеттісақтандыру шартының тоқтатылуы
1. Қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шарты:
1) шарттың қолданылу мерзімі аяқталған;
2) шарт мерзімінен бұрын тоқтатылған;
3) сақтандырушы сақтандыру шартында белгіленген жалпы сақтандыру сомасы мөлшеріндегі сақтандыру төлемін (сақтандыру төлемдерін) жүзеге асырған жағдайларда өз қолданылуын тоқтатады.
2. Қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартының тоқтатылуы сақтандырушыны қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартының қолданылу кезеңінде орын алған, кейіннен сақтандыру жағдайлары деп танылған жазатайым оқиғалар бойынша пайда алушыға сақтандыру төлемін жүзеге асыру жөніндегі міндеттерден босатпайды.
Зардап шеккен қызметкер қайтыс болған немесе оған кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесі белгіленген жағдайда, сақтандыру төлемін қолданылуы кезеңінде жазатайым оқиға орын алған қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартын жасасқан сақтандырушы жүзеге асырады.
Бұл ретте, мыналар:
жұмыста мертігу салдарынан қызметкер қайтыс болған немесе оған кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесі белгіленген кезде – жазатайым оқиға туралы актіде көрсетілген жазатайым оқиға күні;
кәсіптік ауруының анықталуы салдарынан қызметкерге кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесі белгіленген кезде – кәсіптік патология және сараптама саласында мамандандырылған медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымының қорытынды берген күні жазатайым оқиға күні болып табылады.
Ескерту. 13-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2007.05.07 № 244 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.12.30 № 234-IV(2010.08.09 бастап қолданысқа енгізіледі); 27.04.2015 № 311-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.14-бап. Қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндеттісақтандыру шартын мерзімінен бұрын тоқтату
Қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шарты Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгіленген жағдайларда мерзімінен бұрын тоқтатылады.
15-бап. Қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндеттісақтандыру шартының жарамсыздығы
Қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартын жарамсыз деп танудың негіздері және салдарлары Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес айқындалады.
1. Сақтандыру сомасы қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартымен айқындалады, бірақ ол жұмыс берушінің міндетті сақтандыру шартын жасасқан кездегі барлық қызметкерлердің еңбекақысының жылдық қорынан кем болмауға тиіс.
2. Сақтандыру сомасы осы Заңның 19-бабына сәйкес көзделген сақтандыру төлемі (сақтандыру төлемдері) және (немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстар, алдын алу шараларын және оңалту шараларын жүргізуге жұмсалған шығындар мөлшерінің сомасына азайтылады.
3. Сақтандыру сомасы қызметкерлер еңбекақысының жылдық қоры өзгерген жағдайда өзгеруі мүмкін.
Ескерту. 16-бап жаңа редакцияда - ҚР 2007.05.07 № 244 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), өзгерту енгізілді - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); 21.12.2023 № 49-VIII (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.16-1-бап. Сақтандыру жағдайы басталуының мән-жайлары
Қызметкерге кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айрылу дәрежесін белгілеуге не оның өліміне әкеп соққан жазатайым оқиға кезіндегі мән-жайлар Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 322-бабының 2-тармағында көзделген.
Ескерту. Заң 16-1-баппен толықтырылды - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (2010.08.09 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.17-бап. Сақтандыру сыйлықақысының мөлшерін айқындау және оны қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шарты бойынша төлеудің тәртібі
1. Қызметкерді жазатайым оқиғалардан сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысы осы баптың 2-тармағында белгіленген, сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сомасына көбейтілген сақтандыру тарифінің негізінде тараптардың келісімімен айқындалады.
Сақтандырушы жылдық еңбекке ақы төлеу қорын айқындаған кезде әрбір қызметкердің тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген жалақының он еселенген ең төмен мөлшерінен аспайтын, он екіге көбейтілген ай сайынғы кірісі қабылданады.
Егер сақтандыру шартының қолданылу мерзімі ішінде еңбекке ақы төлеу қоры және (немесе) жұмыскерлердің штат саны өзгерсе, онда тараптардың келісімі бойынша негізгі шарттың қолданылу кезеңіне қосымша келісім жасасу жолымен сақтандыру шартына (сақтандыру сомасы мен сақтандыру сыйлықақысының мөлшері бөлігінде) өзгерістер енгізіледі. Сақтандыру сыйлықақысы еңбекке ақы төлеу қорының өзгерген сомасы және негізгі шарт мерзімі аяқталғанға дейін қалған мерзім негізге алынып есептеледі. Сақтандыру тарифі сақтандыру шарты (негізгі шарт) жасалған тарифтен қалған сақтандыру кезеңіне пропорционалды есептеледі.
Сақтанушы қызметкерді жазатайым оқиғалардан сақтандыру шартын жасасу мақсатында осы Заңның 8-бабы 2-тармағының 1-2) тармақшасына сәйкес өтініш берген жағдайда, еңбекақының жылдық қоры сақтанушының өтінішінде көрсетілген деректерге негізделе отырып айқындалады.
2. Кәсіптік тәуекел сыныбына қарай экономикалық қызмет түрлері бойынша сараланған төмендегідей сақтандыру тарифтері белгіленсін:
Кәсіптік тәуекел сыныбы | Сақтандыру тарифі |
1 | 0,12 % |
2 | 0,29 % |
3 | 0,48 % |
4 | 0,49 % |
5 | 0,52 % |
6 | 0,53 % |
7 | 0,54 % |
8 | 0,65 % |
9 | 0,56 % |
10 | 0,88 % |
11 | 0,75 % |
12 | 0,76 % |
13 | 1,29 % |
14 | 1,55 % |
15 | 1,13 % |
16 | 1,17 % |
17 | 1,21 % |
18 | 2,43 % |
19 | 1,75 % |
20 | 2,05 % |
21 | 2,54 % |
22 | 2,96 % |
2-1. Егер осы баптың 1, 2-тармақтарына сәйкес есептелген сақтандыру сыйлықақысының мөлшері тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген жалақының ең төмен мөлшерінен аз болған жағдайда, онда қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысының мөлшері жалақының ең төмен мөлшерін құрайды. Бұл ретте, сақтандыру сомасы сақтандыру сыйлықақысы мөлшерінің ұлғаюына пропорционалды түрде ұлғайтылады.
3. Экономикалық қызмет түрлерін кәсіптік тәуекел сыныптарына жатқызу тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
Сақтанушы экономикалық қызметтің бірнеше түрін жүзеге асырған жағдайда, ол өзінің негізгі қызметі түріне сәйкес келетін кәсіптік тәуекел сыныбына жатқызылуға тиіс. Сақтанушы өндірістің жалпы көлемінде тең бөлінген экономикалық қызметтің бірнеше түрін жүзеге асырған жағдайда, ол кәсіптік тәуекелдің неғұрлым жоғары сыныбы сәйкес келетін экономикалық қызмет түріне жатқызылуға тиіс.
Сақтанушы қызметті персонал беру жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған шарт шеңберінде жіберуші тарап ретінде жүзеге асырған жағдайда, ол өзі жасасатын персонал беру жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған шарттарға сәйкес қабылдаушы тараптың кәсіптік тәуекел сыныбынан немесе қабылдаушы тараптың ең жоғары кәсіптік тәуекел сыныбынан төмен емес кәсіптік тәуекел сыныбы бар экономикалық қызмет түріне жатқызылуға тиіс.
Сақтанушыдан өзгеше қызметті жүзеге асыратын филиал (филиалдар) сақтанушыда болған жағдайда, ол өзінің кәсіптік тәуекел сыныбы сәйкес келетін экономикалық қызмет түріне жатқызылуға тиіс.
Бұл ретте, филиалда (филиалдарда) өзі (өздері) жүзеге асыратын экономикалық қызмет түрі туралы растауы болуға тиіс.
4. Сақтанушы сақтандыру сыйлықақысын қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартында көзделген тәртіппен және мерзімде біржолы немесе оның мерзімін ұзартып төлейді. Егер қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартында өзгеше көзделмесе, сақтанушы кезекті сақтандыру жарнасын уақтылы төлемегені үшін сақтандырушыға Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгіленген тәртіппен және мөлшерде тұрақсыздық айыбын төлеуге міндетті.
5. Қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартының қолданысы ішінде мен қызметкердің кәсіптік тәуекел сыныбы өзгерген жағдайда, сақтандыру сыйлықақысы қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартының қолданылу мерзімі өткенге дейін қалған мерзімге барабар қайта есептеледі.
Ескерту. 17-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2007.05.07 № 244 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 27.04.2015 № 311-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.02.2017 № 49-VI (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.12.2020 № 386-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.11.2021 № 75-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.17-1-бап. Сақтандыру сыйлықақысына түзету коэффициенті
Ескерту. 17-1-баптың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Егер сақтандыру жағдайы (сақтандыру жағдайлары) шарттың қолданылу кезеңінде сақтанушының кінәсінен болса, онда осы Заңның 17-бабына сәйкес есептелген сақтандыру сыйлықақысы түзету коэффициентіне көбейтіледі.
2. Түзету коэффициенті қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартын жасасқан күннің алдындағы соңғы үш жылдың ішінде зардап шеккен қызметкерлердің орташа жылдық саны мен қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартын жасасқан күні сақтанушы қызметкерлерінің тиісті жалпы саны негізінде айқындалады. Түзету коэффициенттерінің мәндері мынадай мөлшерлерде қолданылады:
Зардап шеккен қызметкерлердің орташа жылдық саны | Қызметкерлердің жалпы саны | |||||
100-ге дейін | 101-ден 500-ге дейін | 501-ден 1000-ға дейін | 1001-ден 10000-ға дейін | 10001-ден 20000-ға дейін | 20000-нан астам | |
2-ден 9-ға дейін | 3 | 2 | 1,75 | 1 | 1 | 1 |
10-нан 19-ға дейін | 3,4 | 3,2 | 3 | 2,5 | 1,25 | 1,1 |
20-дан 49-ға дейін | 3,8 | 3,3 | 3,2 | 2,75 | 2,4 | 1,25 |
50-ден 99-ға дейін | 4 | 3,5 | 3,3 | 3 | 3,1 | 1,5 |
100-ден 199-ға дейін | 3,6 | 3,5 | 3,4 | 3 | 2 | |
200-ден 299-ға дейін | 4 | 3,75 | 3,5 | 3,2 | 3 | |
300 және одан астам | 4 | 3,8 | 3,6 | 3,5 | ||
2-1. Жұмыскерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартын жасасу күнінің алдындағы соңғы үш жыл ішінде сақтандыру жағдайлары болмаған жағдайда сақтандырушы осы Заңның 17-бабына сәйкес айқындалған, жұмыскерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысының мөлшерін 10 пайыздан асырмай азайтуға құқылы.
3. Егер сақтанушыдан өзгеше қызметті жүзеге асыратын филиал (филиалдар) сақтанушыда болған жағдайда, онда түзету коэффициенті барлық зардап шеккен қызметкерлердің орташа жылдық санын және жұмыс беруші мен оның филиалы (филиалдары) қызметкерлерінің жалпы санын ескере отырып есептелінеді.
4. Зардап шеккен қызметкерлер санын есептеу үшін қызметкерге кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесін 30-дан 100 пайызды қоса алғанға дейін белгілеуге не оның қайтыс болуына әкеп соққан жазатайым оқиғалар саны есепке алынады.
5. Түзету коэффициентін қолдану тәртібі қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
Ескерту. Заң 17-1-баппен толықтырылды - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (2011.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР 27.04.2015 № 311-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2019 № 262-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 21.12.2023 № 49-VIII (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.18-бап. Келтірілген зиянның мөлшерін айқындау
1. Алынып тасталды - ҚР 2007.05.07 № 244 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
2. Қызметкердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиян қызметкердің уақытша еңбекке қабілетсіздігіне байланысты зиянды қоспағанда, оның қайтыс болуына немесе оған кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айрылу дәрежесін белгілеуге байланысты зиянның материалдық көрінісін қамтиды.
Қызметкердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянның мөлшері осы Заңға сәйкес тапсырылған құжаттардың негізінде айқындалады.
Ескерту. 18-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2007.05.07 № 244 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңдарымен.19-бап. Зиянның мөлшерін айқындау тәртібі. Қызметкердіжазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемдері
1. Қызметкердің қайтыс болуына немесе оған кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесін белгілеуге байланысты табысты (кірісті) жоғалтуға қатысты зиянның мөлшері Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің талаптарына сәйкес айқындалады.
Өзіне кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесін бестен жиырма тоғыз пайызды қоса алғанға дейін белгілеуге байланысты қызметкердің табысты (кірісті) жоғалтуына қатысты зиянды өтеуді сақтанушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.
Өзіне кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесін отыздан бір жүз пайызды қоса алғанға дейін белгілеуге байланысты қызметкердің табысты (кірісті) жоғалтуына қатысты зиянды өтеу ретінде қызметкерге тиесілі ай сайынғы сақтандыру төлемін сақтандырушы жүзеге асырады.
Өтеуге жататын жоғалтылған табысты (кірісті) есептеу үшін ескерілетін орташа айлық табыстың (кірістің) мөлшері қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартын жасасу күні тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төмен жалақының он еселенген мөлшерінен аспайды.
Сақтандыру төлемінің мөлшері еңбекке қабілеттілігінен айырылу жағдайы бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлем шегеріліп жүзеге асырылады.
Өзіне кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесін бір жылдан аспайтын мерзімге белгілеуге байланысты қызметкердің табысты (кірісті) жоғалтуына қатысты зиянды өтеу ретінде тиесілі сақтандыру төлемін сақтандырушы ай сайын аннуитет шарты негізінде жүзеге асырады. Бұл ретте, сақтандырушы бірінші сақтандыру төлемін осы Заңның 20-бабының 2-тармағында көзделген құжаттарды ұсынған кезден бастап жеті жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
Өзіне кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесін бір жыл және одан да көп мерзімге белгілеуге байланысты қызметкердің табысты (кірісті) жоғалтуына қатысты зиянды өтеу ретінде тиесілі сақтандыру төлемі осы Заңның 23-бабына сәйкес сақтанушымен жасалған аннуитет шартына сәйкес қызметкердің кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесін белгілеу не ұзарту (қайта куәландыру) мерзіміне тең, бірақ қызметкердің Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасында белгіленген зейнеткерлік жасқа жетуі мерзімінен аспайтын мерзім бойы қызметкердің пайдасына аннуитеттік төлемдер түрінде жүзеге асырылады.
Табысты (кірісті) жоғалтуға байланысты зиянды өтеу ретінде сақтандырушы жүзеге асыратын сақтандыру төлемдерінен міндетті зейнетақы жарналары ұсталады және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударылады.
Жазатайым оқиға болған кезде қызметкердің қайтыс болуына байланысты, сондай-ақ орын алған жазатайым оқиғаның салдарынан оның денсаулығының нашарлау себебі бойынша зиянды өтеу жөніндегі сақтандыру төлемі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес зиянды өтету құқығы бар тұлғалардың пайдасына аннуитеттік төлемдер түрінде Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгіленген мерзім бойы жүзеге асырылады.
Осы Заңда көзделген жағдайларда, пайда алушылар болып табылатын өзге де тұлғалардың сақтандыру төлемін алуға құқығы бар.
Аннуитет шарты бойынша аннуитеттік төлемдерді есептеу тәртібі қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
Өмірі мен денсаулығына келтірген зиян үшін белгіленген тәртіппен жауапты деп танылған заңды тұлға таратылған жағдайда, зардап шеккен қызметкермен не қызметкердің қайтыс болуына байланысты зиянды өтетуге Қазақстан Республикасының заңнамалық актісіне сәйкес құқығы бар адаммен осы Заңда көзделген тәртіппен аннуитет шарты жасалады.
2. Осы баптың 2-1-тармағына сәйкес бір санаторийлік-курорттық емделуге ақы төлеуге жұмсалған шығыстарды қоспағанда, жұмыскерге кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесі белгіленген жағдайда оның денсаулығының зақымдануынан туындаған қосымша шығыстарды өтеуді сақтандырушы осы шығыстарды шеккен жұмыскер не тұлға ұсынған, осы шығыстарды растайтын құжаттардың негізінде жүзеге асырады. Бұл ретте, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде ұсынылатын медициналық көмекке жұмсалатын шығыстар өтелуге жатпайды.
Денсаулықтың зақымдануынан туындаған қосымша шығыстарды өтеу жөніндегі сақтандыру төлемдерінің жиынтық мөлшері мынадай мөлшерлерден (республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштерде) аспауға тиіс:
1) кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесі отыздан елу тоғыз пайызды қоса алғанға дейін белгіленген кезде – 500;
2) кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесі алпыстан сексен тоғыз пайызды қоса алғанға дейін белгіленген кезде – 750;
3) кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесі тоқсаннан бір жүз пайызды қоса алғанға дейін белгіленген кезде – 1000.
Денсаулықтың зақымдануынан туындаған қосымша шығыстарды өтеу жөніндегі сақтандыру төлемдерін сақтандырушы осы шығыстарды шеккен қызметкер не тұлға осы шығыстарды растайтын құжаттарды ұсынған кезден бастап жеті жұмыс күні ішінде, осы тармақта белгіленген мөлшерлер шегінде жүзеге асырады.
Денсаулықтың зақымдануынан туындаған қосымша шығыстарды өтеу жөніндегі жиынтық сақтандыру төлемдерін сақтандырушы осы тармақтың екінші бөлігінде айқындалған мөлшерлер шегінде, кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айырылудың алғаш рет белгіленген тиісті дәрежесі бойынша жүзеге асырады.
2-1. Кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесі бастапқы белгіленгеннен кейін зардап шеккен жұмыскердің зардап шеккен жұмыскерді оңалтудың жеке бағдарламасына қарамастан бір санаторийлік-курорттық емделуге ақы төлеуге жұмсалған шығыстарды өтеттіріп алуға құқығы бар.
Жұмсалған шығыстарды өтеу осы шығыстарды растайтын құжаттардың негізінде, республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің бір жүз еселенген мөлшеріне дейінгі мөлшерде жүзеге асырылады.
2-2. Кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесі 2015 жылғы 10 мамырға дейін отыздан бір жүз пайызды қоса алғандағы мөлшерде бастапқы рет белгіленген және 2015 жылғы 10 мамырдан 2024 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңде куәландыру мерзімінсіз ұзартылған (қайта куәландырылған) жұмыскерлер жұмыскердің кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесін ұзарту (қайта куәландыру) мерзіміне тең мерзім ішінде сақтандыру төлемдерін алуға құқылы.
Осы тармақта көрсетілген сақтандыру төлемдері сақтанушы (пайда алушы) осы Заңның 20-бабының 2-тармағында көзделген құжаттарды ұсына отырып жүгінген күннен бастап тағайындалады.
3. Зардап шеккен қызметкер қайтыс болған жағдайда, оны жерлеуді жүзеге асырған тұлғаға сақтандырушы жерлеуге жұмсалған шығыстарды республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің бір жүз еселенген мөлшерінде өтейді.
4. Егер осы бапта көзделген сақтандыру төлемінің (сақтандыру төлемдерінің) және (немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстардың мөлшері жұмыскерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартында белгіленген сақтандыру сомасының мөлшерінен асып түскен жағдайда, айырма сақтандырушыға сақтанушының есебінен төленеді.
Егер сақтандыру төлемінің (сақтандыру төлемдерінің) және жерлеуге жұмсалған шығыстардың, оңалту шараларын жүргізуге, санаторийлік-курорттық емделуге жұмсалған шығындардың сомасын (сомаларын) ескере отырып, алдын алу шараларын жүргізуге жұмсалған шығындар жұмыскерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартында белгіленген сақтандыру сомасының мөлшерінен асып түскен жағдайда, алдын алу шараларын жүргізуге жұмсалған шығындар жүзеге асырылмайды.
5. Сақтандыру төлемін аударуға байланысты шығыстар сақтандырушының есебінен жүргізіледі.
6. Сақтанушыға алдын алу шараларын жүргізуге нақты жұмсаған шығындарын өтеуді сақтандырушы сақтандыру сыйлықақысы толық көлемде төленген жағдайда және сақтандыру шартының қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін ғана, уәкілетті орган айқындаған тәртіппен сақтандыру сыйлықақысының алты пайызынан аспайтын мөлшерде жүзеге асырады.
Ескерту. 19-бап жаңа редакцияда - ҚР 27.04.2015 № 311-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді – ҚР 30.06.2017 № 80-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.07.2019 № 262-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 20.04.2023 № 226-VII (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі); 21.12.2023 № 49-VIII (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.19-1-бап. Қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемдерін жүзеге асырудың ерекшеліктері
1. Сақтанушы "жалпы сақтандыру" саласындағы сақтандыру қызметін жүзеге асыратын сақтандырушымен қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартын жасасқан жағдайда, осы сақтандырушы мынадай:
1) қызметкердің кемінде бір жыл мерзімге кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айрылу дәрежесін белгілеуге байланысты оның жалақысынан (табысынан) айрылуына қатысты зиянды өтеу;
2) сақтандыру жағдайы басталған кезде қызметкердің денсаулығының зақымдануынан туындаған шығыстарды өтеу бойынша сақтандыру төлемдерін жүзеге асырады.
Қызметкерге бір жыл және одан да көп мерзімге кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айрылу дәрежесін белгілеуге байланысты оның жалақысынан (табысынан) айрылуына қатысты зиянды өтеу ретінде тиесілі, сондай-ақ қызметкердің қайтыс болуына байланысты сақтандыру аннуитет шартына сәйкес аннуитеттік сақтандыруды жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар сақтандыру ұйымы сақтандыру төлемін жүзеге асырады.
"Жалпы сақтандыру" саласындағы сақтандыру қызметін жүзеге асыратын сақтандырушы осы Заңның 20-бабының 2-тармағында көзделген құжаттарды алған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде аннуитеттік сақтандыруды жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар сақтандыру ұйымына осы Заңға сәйкес ақша аударуды жүзеге асырады.
2. Сақтанушы аннуитеттік сақтандыру сыныбы бойынша "өмірді сақтандыру" саласындағы сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар сақтандырушымен қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартын жасасқан жағдайда, сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандыру төлемдерін осы сақтандырушы осы Заңның 19-бабында көзделген тәртіппен жүзеге асырады.
Ескерту. Заң 19-1-баппен толықтырылды - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (2010.08.09 бастап қолданысқа енгізіледі және 2012.01.01 дейін қолданыста болады) Заңымен.20-бап. Сақтандыру төлемін жүзеге асырудың жалпы талаптары
1. Сақтандырушыға сақтандыру төлемі туралы талапты сақтанушы немесе пайда алушы болып табылатын өзге тұлға пайда алушының тұрғылықты жерін, байланыс телефондарын, банктік деректемелерін (қажет болғанда), сақтандыру төлемін - қолма-қол ақшамен не банктік шотқа аударым жасау арқылы алу тәртібін көрсетіп, сақтандыру төлемін жүзеге асыруға қажетті құжаттарды қоса тіркей отырып, жазбаша нысанда қояды.
2. Сақтандыру төлемі туралы өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:
1) кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесі белгіленген жағдайда:
сақтандыру шартының көшірмесі;
жазатайым оқиға туралы акт;
зардап шеккен қызметкердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айырылуды белгілеу туралы анықтамасының көшірмесі;
уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің қосымша көмек пен күтім түрлеріне мұқтаждық туралы анықтамасының көшірмесі;
емделуге кеткен нақты шығыстарды растайтын құжаттар (шот-фактура, кассалық чек және басқалар);
уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің еңбекке қабілеттілігінен айырылу жағдайы бойынша тағайындалған әлеуметтік төлем мөлшері не оны тағайындаудан бас тарту туралы анықтамасының көшірмесі;
кәсіптік патология және сараптама саласында мамандандырылған медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымы берген, кәсіптік аурудың бар-жоғын растайтын құжаттың көшірмесі;
жұмыс беруші куәландырған, зардап шеккен қызметкердің жұмыс істеген, бірақ он екі айдан аспайтын кезеңдегі жалақысының мөлшерін растайтын құжаттың көшірмесі;
2) қызметкер қайтыс болған жағдайда:
сақтандыру шартының көшірмесі;
жазатайым оқиға туралы акт;
қызметкердің қайтыс болуы туралы куәліктің көшірмесі немесе хабарлама;
қызметкер қайтыс болған жағдайда, пайда алушының зиянды өтетуге құқығын растайтын құжаттың нотариат куәландырған көшірмесі;
пайда алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
жұмыс беруші куәландырған, қайтыс болған қызметкердің жұмыс істеген, бірақ он екі айдан аспайтын кезеңдегі жалақысының мөлшерін растайтын құжаттың көшірмесі;
3) сақтандыру жағдайы басталған кезде залалды болғызбау немесе азайту мақсатында сақтанушының шеккен шығыстарын, олар болған жағдайда, растайтын құжаттар.
Сақтандырушының сақтанушыдан не пайда алушыдан қосымша басқа да құжаттарды талап етіп алдыруына жол берілмейді.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген құжаттарды өтініш беруші олар дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйым сақтандырушыға қолжетімділікті беретін мемлекеттік органдардың дерекқорларында және (немесе) цифрлық жүйелерінде электрондық нысанда болған (оларда көрсетілген мәліметтер болған) жағдайда бермейді.
Сақтандыру төлемінің мөлшерін есептеу мақсатында сақтандырушы зардап шеккен жұмыскердің немесе оның заңды өкілінің жазбаша нысандағы келісімі болған және Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасының талаптары сақталған кезде осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген құжаттарды (оларда көрсетілген мәліметтерді) және заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді мемлекеттік органдардың дерекқорынан және (немесе) цифрлық жүйелерінен электрондық нысанда алуға құқылы.
3. Құжаттарды қабылдаған сақтандырушы өтініш беруші табыс еткен құжаттардың толық тізбесін және олар қабылданған күнді көрсете отырып, екі данада анықтама жасауға міндетті.
Анықтаманың бір данасы өтініш берушіге беріледі, өтініш берушінің оны алғаны туралы белгісі бар екінші данасы сақтандырушыда қалады.
Сақтанушы немесе пайда алушы болып табылатын өзге тұлға осы баптың 2-тармағында көзделген барлық құжаттарды табыс етпеген жағдайда, сақтандырушы оларды үш жұмыс күні ішінде жетіспейтін құжаттар туралы жазбаша хабардар етуге міндетті.
4. Зардап шеккен қызметкер (ал ол қайтыс болған жағдайда қызметкердің қайтыс болуына байланысты Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес зиянды өтетуге құқығы бар тұлға), сондай-aқ келтірілген зиянды сақтандырушының осы Заңда белгіленген жауапкершілігі көлемінің шегінде пайда алушыға өтеген және сақтандыру төлеміне құқық алған сақтанушы немесе өзге тұлға пайда алушы болып табылады.
5. Алып тасталды - ҚР 27.04.2015 № 311-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
6. Сақтандырушы сақтандыру төлемін жүзеге асыру кезінде пайда алушыдан оның сақтандырушыға талап қою құқығын шектейтін шарттарды қабылдауын талап етуге құқылы емес.
Ескерту. 20-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (2010.08.09 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 27.04.2015 № 311-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 23.11.2015 № 415-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 14.07.2022 № 141-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 20.04.2023 № 226-VII (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.21-бап. Зиян келтірген тұлғаға кері талап қою құқығы
Ескерту. 21-бап алынып тасталды - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (2010.08.09 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
22-бап. Сақтандырушыны сақтандыру төлемін жүзеге асырудан босатудың негіздемесі
Сақтандырушы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде көзделген жағдайларда, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 186-бабының 3-тармағында көзделген жағдайлар басталған кезде сақтандыру төлемдерінен толық немесе ішінара бас тартуға құқылы.
Ескерту. 22-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (2010.08.09 бастап қолданысқа енгізіледі); 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.23-бап. Аннуитет шартын жасасу
1. Қызметкердің кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесі белгіленген не ұзартылған (қайта куәландырылған) не ол қайтыс болған жағдайда, жұмыс беруші осы Заңның 19-бабы 1-тармағының талаптарын ескере отырып, қызметкердің пайдасына не қызметкердің қайтыс болуына байланысты зиянды өтетуге Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес құқығы бар адамның пайдасына аннуитет шартын жұмыс беруші таңдаған, аннуитеттік сақтандыруды жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар сақтандыру ұйымымен жасасуға міндетті.
2. Аннуитет шарты осы Заңның 20-бабының 2-тармағында көзделген құжаттарды табыс еткен күннен бастап, бес жұмыс күнінен кешіктірілмей жасалады.
3. Аннуитет шарты зардап шеккен қызметкердің не қызметкердің қайтыс болуына байланысты зиянды өтетуге құқық алған тұлғалардың Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгілеген мөлшерде және мерзімдерде кіріс алуын қамтамасыз ететін шарттармен жасалады.
Қолданылуы кезеңінде сақтандыру жағдайы орын алған қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартын жасасқан сақтандырушымен аннуитет шарты жасалады.
4. Аннуитет шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысы пайда алушыға төленуге жатпайды.
5. Аннуитет шартына қойылатын талаптар және сақтандырушының жасалатын аннуитет шарттары бойынша істі жүргізуге арналған шығыстарының жол берілетін деңгейі қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен белгіленеді.
Ескерту. 23-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2007.05.07 № 244 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2012.07.05 № 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.04.2015 № 311-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2019 № 262-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.23-1-бап. Зейнеткерлік алдындағы аннуитет шартын жасасу
1. Жұмыскердің зейнеткерлік алдындағы аннуитет шарты бойынша сақтандыру төлемдерін алуға өтініші және Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 195-1-бабының 1-тармағында көзделген жағдайлар болған кезде сақтанушы қолданылу кезеңінде зейнеткерлік алдындағы аннуитет шарты бойынша сақтандыру төлемін жүзеге асыруға алып келетін оқиға басталған, жұмыскерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартын жасасқан сақтандырушымен пайда алушының пайдасына зейнеткерлік алдындағы аннуитет шартын жасасуға міндетті.
2. Зейнеткерлік алдындағы аннуитет шарты сақтанушы уәкілетті органның цифрлық жүйесі арқылы зейнеткерлік алдындағы аннуитет шарты бойынша сақтандыру төлемін жүзеге асыруға арналған хабарламаны ұсынған күннен бастап жеті жұмыс күнінен кешіктірілмей жасалады.
3. Зейнеткерлік алдындағы аннуитет шарты бойынша сақтандыру төлемдері жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шарты есебінен жүзеге асырылады, ол бойынша сақтандыру сыйлықақысы осы Заңның 17-бабының 2-тармағында көзделген сақтандыру тарифінің негізінде айқындалады.
4. Зейнеткерлік алдындағы аннуитет шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысын есептеу қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жүзеге асырылады.
5. Зейнеткерлік алдындағы аннуитет шартына қойылатын талаптарда және сақтандырушының жасалатын зейнеткерлік алдындағы аннуитет шарттары бойынша істі жүргізуге арналған шығыстарының жол берілетін деңгейін қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган айқындаған тәртіппен белгілейді.
Ескерту. 23-1-баппен толықтырылды – ҚР 21.12.2023 № 49-VIII (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.23-2-бап. Зейнеткерлік алдындағы аннуитет шарты бойынша сақтандыру төлемін жүзеге асыруды ұйымдастыру
1. Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 195-1-бабының 1-тармағында көзделген жағдайлар туындаған кезде жұмыскердің зейнеткерлік алдындағы аннуитет шарты бойынша сақтандыру төлемін алуға құқығы болады.
2. Зейнеткерлік алдындағы аннуитет шарты бойынша сақтандыру төлемі жүгінген күннен бастап жүзеге асырылады.
Өтініштің және қажетті құжаттардың тіркелген күні немесе "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес проактивті көрсетілетін қызмет арқылы зейнеткерлік алдындағы аннуитет шарты бойынша сақтандыру төлемін жүзеге асыруға келісім алынған күн зейнеткерлік алдындағы аннуитет шарты бойынша сақтандыру төлемін жүзеге асыруға жүгінген күн болып есептеледі.
3. Зейнеткерлік алдындағы аннуитет шарты бойынша сақтандыру төлемінің мөлшері ай сайын республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген бір ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасын құрайды.
Зейнеткерлік алдындағы аннуитет шарты бойынша сақтандыру төлемі республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейі шамасының өзгеруі ескеріле отырып жүзеге асырылады.
4. Зейнеткерлік алдындағы аннуитет шарты бойынша сақтандыру төлемі оны алушы Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 207-бабында белгіленген зейнеткерлік жасқа толғанға дейін жүзеге асырылады.
5. Зейнеткерлік алдындағы аннуитет шарты бойынша сақтандыру төлемін ұйымдастыру және жүзеге асыру Мемлекеттік корпорация арқылы жүргізіледі.
6. Зейнеткерлік алдындағы аннуитет шарты бойынша сақтандыру төлемін ұйымдастырғаны және жүзеге асырғаны үшін Мемлекеттік корпорацияның көрсететін қызметтеріне ақы төлеу уәкілетті органның қаражаты есебінен жүргізіледі.
7. Зейнеткерлік алдындағы аннуитет шарты бойынша сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру, тоқтата тұру, қайта бастау және тоқтату тәртібін уәкілетті органмен келісу бойынша қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.
Ескерту. 23-2-баппен толықтырылды – ҚР 21.12.2023 № 49-VIII (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 09.01.2026 № 254-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.24-бап. Қызметкерді еңбекке қабілеттілігінен айрылу дәрежесін анықтауға куәландырудың тәртібі
1. Қызметкердің (қызметкерлердің) еңбекке қабілеттілігінен бір күннен артық айрылуына әкеп соқтыратын әрбір жазатайым оқиға медициналық қорытындыға сәйкес, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жазатайым оқиға туралы актіменресімделеді.
2. Қызметкерді еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесін айқындауға куәландыруды уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі сақтанушының, сақтандырушының не қызметкердің өтініші бойынша немесе сот шешімі бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізеді. Денсаулық сақтау ұйымының қорытындысы және жазатайым оқиға туралы акт куәландыру үшін негіз болып табылады.
Қызметкерді жазатайым оқиға немесе кәсіптік ауру салдарынан еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесін айқындауға куәландыру, сондай-ақ қосымша көмек пен күтім түрлеріне мұқтаждықты айқындау Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасына сәйкес медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу арқылы жүзеге асырылады.
Кәсіптік аурулар тізбесін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
Ескерту. 24-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.09.2014 № 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 27.04.2015 № 311-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.06.2022 № 129-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 20.04.2023 № 226-VII (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.ЗҚАИ-ның ескертпесі!
24-1-бап жаңа редакцияда көзделген – ҚР 16.01.2026 № 259-VIII (01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
24-1-бап. Қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру жөніндегі дауларды реттеу ерекшеліктері
1. Жұмыскерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартынан туындайтын дау болған кезде сақтанушы (пайда алушы):
талаптарын көрсетіп және өзінің талаптарын растайтын құжаттарды қоса бере отырып, жазбаша өтінішін сақтандырушыға (оның ішінде сақтандырушының филиалы, өкілдігі, интернет-ресурстары арқылы) жіберуге не жұмыскерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартынан туындайтын дауларды "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып реттеу үшін өтінішті сақтандыру омбудсманына (тікелей сақтандыру омбудсманына, оның ішінде оның интернет-ресурсы арқылы не сақтандырушы арқылы, оның ішінде оның филиалы, өкілдігі, өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшесі, интернет-ресурсы арқылы) немесе сотқа жіберуге құқылы.
2. Сақтандырушы сақтанушыдан (пайда алушыдан) өтінішті алған кезде оны бес жұмыс күні ішінде қарайды және дауды одан әрі реттеу тәртібін көрсете отырып, жазбаша жауап береді.
3. Сақтанушы (пайда алушы) сақтандыру омбудсманына өтініш жасаған жағдайда, сақтандырушы сақтанушының (пайда алушының), сақтандыру омбудсманының сұрау салуы бойынша дауды қарауға және шешуге қатысты құжаттарды сұрау салу алынған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде ұсынуға міндетті.
Ескерту. Заң 24-1-баппен толықтырылды – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.Осы Заңды орындау бойынша қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру субъектілері арасында туындаған даулардың бәрі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешіледі.
26-бап. Қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндеттісақтандыру субъектілерінің мемлекеттік статистикалық есептілігі
Ескерту. 26-бап алынып тасталды - ҚР 2010.03.19 № 258-IV Заңымен.
27-бап. Қазақстан Республикасының қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы заңнамасын бұзуға кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
28-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
Осы Заң 2005 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Президентi |
