ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз.
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (ерекше бөлім):
740-баптың 1-тармағы үшінші бөлігінің 11) тармақшасындағы және 741-баптың екінші бөлігінің 5-4) тармақшасындағы "Қазақстан Республикасының аумағында төлем карточкаларын пайдалана отырып жүзеге асырылған банкаралық төлемдер және (немесе) ақша аударымдары бойынша" деген сөздер "ұлттық цифрлық қаржы инфрақұрылымының жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін операторы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі не Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі айқындаған операциялық, технологиялық және өзге де функцияларды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің заңды тұлғасы болатын төлем жүйелерінде" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне:
1) 112-1-баптың 4-тармағының екінші бөлігі "кредиттік бюролардың," деген сөздерден кейін "кредиттік рейтингтік агенттіктердің," деген сөздермен толықтырылсын;
2) 129-баптың 11-тармағы "төлем ұйымдарын," деген сөздерден кейін "кредиттік рейтингтік агенттіктерді," деген сөздермен толықтырылсын;
3) 139-бап 24) тармақшасындағы "саласында жүзеге асырылады." деген сөздер "саласында;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 25) тармақшамен толықтырылсын:
"25) кредиттік рейтингтік қызметке жүзеге асырылады.".
3. 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне:
156-баптың 1-тармағы 1) тармақшасының екінші бөлігіндегі "Қазақстан Республикасының аумағында төлем карточкаларын пайдалана отырып жүзеге асырылған банкаралық төлемдер және (немесе) ақша аударымдары бойынша" деген сөздер "ұлттық цифрлық қаржы инфрақұрылымының жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін операторы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі не Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі айқындаған операциялық, технологиялық және өзге де функцияларды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің заңды тұлғасы болатын төлем жүйелерінде" деген сөздермен ауыстырылсын.
4. 2025 жылғы 15 наурыздағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне:
1) бүкіл мәтін бойынша "ревизиялық комиссиялардың", "ревизиялық комиссиясына", "Ревизиялық комиссиялардың", "ревизиялық комиссияларына", "ревизиялық комиссиясы", "ревизиялық комиссиясының", "ревизиялық комиссияның" деген сөздер тиісінше "тексеру комиссияларының", "тексеру комиссиясына", "Тексеру комиссияларының", "тексеру комиссияларына", "тексеру комиссиясы", "тексеру комиссиясының", "тексеру комиссиясының" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 46-баптың 1-тармағының үшiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"осы Кодекстің 44-бабында көзделген бюджетті кейіннен бағалау шеңберінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жүргізілетін мемлекеттік органдардың даму жоспарларының және астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың даму жоспарларының мақсаттарына қол жеткізуді және бюджеттік бағдарламалар паспорттарында көзделген түпкілікті нәтижелерге қол жеткізуді бағалау;";
3) 75-бапта:
12-тармақтың екінші бөлігіндегі "мемлекеттік органдардың даму жоспарларының мақсаттарына қол жеткізу жөніндегі және бюджеттік бағдарламалар паспорттарының нәтижелеріне қол жеткізу жөніндегі мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау" деген сөздер "осы Кодекстің 44-бабында көзделген бюджетті кейіннен бағалау" деген сөздермен ауыстырылсын;
13-тармақтың бірінші абзацы "бюджеттік шолу" деген сөздерден кейін ", осы Кодекстің 44-бабында көзделген бюджетті кейіннен бағалау" деген сөздермен толықтырылсын;
4) 101-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші және төртінші бөліктермен толықтырылсын:
"Бюджеттің цифрлық теңге нысанындағы шығыстар бойынша атқарылуы Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тізбеге сәйкес жүзеге асырылады.
Цифрлық теңге пайдаланылатын бюджеттің атқарылу тәртібін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.";
5) 104-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Қазынашылық сүйемелдеу – қолма-қол ақшаны бақылау шоттары арқылы төлемдер жүргізу кезінде объектілерді салумен және реконструкциялаумен байланысты бюджеттік инвестициялық жобаларды, оның ішінде квазимемлекеттік сектор субъектілері іске асыратын инвестициялық жобаларды іске асырғанда аванс беруге бөлінген қаражаттың нысаналы пайдаланылуын осы Кодекстің 110-бабына сәйкес ағымдағы бақылауды жүзеге асыру жөніндегі қызмет.";
6) 106-баптың 3-тармағының 10) тармақшасындағы "мемлекеттік" деген сөз алып тасталсын;
7) 110-бапта:
бірінші бөлік "міндеттемелер бойынша" деген сөздерден кейін ", оның ішінде цифрлық теңге пайдаланылатын" деген сөздермен толықтырылсын;
екінші бөлік "төлемдері" деген сөзден кейін ", оның ішінде цифрлық теңге пайдаланылатын төлемдері" деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақтағы "пилоттық жобаны іске асыру (ендіру) жөніндегі квазимемлекеттік сектор субъектісінің," деген сөздер алып тасталсын;
бесінші бөліктегі "пилоттық жобаны іске асыру (ендіру) жөніндегі квазимемлекеттік сектор субъектісінің," деген сөздер алып тасталсын;
он бірінші бөліктің бірінші абзацындағы "мемлекеттік сатып алудың" деген сөздер "сатып алудың" деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 112-баптың 2-тармағында:
бірінші бөліктегі "мемлекеттік сатып алудың", "мемлекеттік сатып алу" деген сөздер тиісінше "сатып алудың", "сатып алу" деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөлікте:
"бас мердігер" деген сөздерден кейін "немесе квазимемлекеттік сектор субъектісі" деген сөздермен толықтырылсын;
"мемлекеттік сатып алудың" деген сөздер "сатып алудың" деген сөздермен ауыстырылсын;
9) 149-баптың 8-тармағының үшінші абзацындағы "іске асырылу" деген сөздер "толық бітіріп берілетін құрылыс және реконструкциялау жобаларын қоспағанда, іске асырылу" деген сөздермен ауыстырылсын.
5. 2026 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексіне:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Цифрлық даму индексі Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасымен келісу бойынша уәкілетті орган бекіткен цифрлық даму индексінің әдістемесі шеңберінде айқындалады.";
3-тармақ алып тасталсын.
6. "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 8-бапта:
мынадай мазмұндағы 6-1), 6-2) және 6-3) тармақшалармен толықтырылсын:
"6-1) ұйымдық-құқықтық нысанға, құрылтайшыларға (қатысушыларға) және бенефициарлық меншік иесіне қойылатын талаптарды, оның ішінде олардың жарғылық капиталға салымдарының шығу көздерін ашып көрсетуді, басшы қызметкерлерге қойылатын талаптарды, олардың мінсіз іскерлік беделіне, жарғылық капиталдың мөлшеріне және оны қалыптастыру тәртібіне, бірінші санаттағы төлем ұйымының қызметін реттейтін оның ішкі құжаттары мен регламенттеріне қойылатын талаптарды қоса алғанда, бірінші санаттағы төлем ұйымдарына қойылатын біліктілік талаптарын белгілейді;
6-2) бірінші санаттағы төлем ұйымдары үшін пруденциялық нормативтерді және сақталуы міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді, олардың шекті мәндерін және есептеу әдістемелерін бекітеді;
6-3) бірінші санаттағы төлем ұйымдары клиенттерінің банктік шоттардағы ақшасын пайдалану тәртібін, жағдайлары мен шарттарын айқындайды;";
20) тармақша мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
"бірінші санаттағы төлем ұйымының төлем қызметтерін көрсету және банк операцияларының жекелеген түрлерін (заңды тұлғалардың банктік шоттарын ашу және жүргізу, аударым операциялары: заңды тұлғалардың төлемдер және ақша аударымдары бойынша нұсқауларын орындау) жүзеге асыру жөніндегі қызметін жүзеге асыруға арналған;";
24) тармақша "заңды тұлғалардың" деген сөздерден кейін ", бірінші санаттағы төлем ұйымдарының" деген сөздермен толықтырылсын;
24-3) тармақша "қызметтерін берушілердің" деген сөздерден кейін "(бірінші санаттағы төлем ұйымдарын қоспағанда)" деген сөздермен толықтырылсын;
35) тармақшадағы "қызметін" деген сөз "бірінші санаттағы төлем ұйымдарына, қызметін" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 15-баптың 2-тармағында:
17) тармақшадағы "қызметін лицензиялау, сондай-ақ Қазақстан Ұлттық Банкінде төлем ұйымдарын" деген сөздер ", бірінші санаттағы төлем ұйымдарының қызметін лицензиялау, сондай-ақ Қазақстан Ұлттық Банкінде екінші санаттағы төлем ұйымдарын" деген сөздермен ауыстырылсын;
18) тармақшадағы "ақпараттық" деген сөз "цифрлық" деген сөзбен ауыстырылсын;
3) 20-4-баптың 2-тармағының 10) тармақшасындағы "автоматтандырылған ақпараттық" деген сөздер "цифрлық" деген сөзбен ауыстырылсын;
4) 70-баптың екінші және үшінші бөліктеріндегі "ақпараттық" деген сөз "цифрлық" деген сөзбен ауыстырылсын.
7. "Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы" 2000 жылғы 7 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
5-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
"2-1. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның лицензиясына сәйкес "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабында белгіленген исламдық банк операцияларының қағидаттарын сақтай отырып, "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабы 4-тармағының бірінші бөлігінің 1) тармақшасында, 2) тармақшасының бірінші және екінші абзацтарында, 3) және 7) тармақшаларында көзделген исламдық банк операцияларын жүзеге асыруға құқылы.".
8. "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 20-баптың 12-тармағының бірінші бөлігіндегі "киберқауіпсіздік" деген сөз "қаржы саласындағы ақпараттық қауіпсіздік, оның ішінде киберқауіпсіздік" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 43-баптың 25) тармақшасындағы "киберқауіпсіздігіне" деген сөз "қаржы саласындағы ақпараттық қауіпсіздігін, оның ішінде киберқауіпсіздігін қамтамасыз етуге" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 48-баптың 3-тармағында:
1) тармақша мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:
"кредиттік рейтингтік агенттіктерді;";
2) тармақша мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
"кредиттік рейтингтік агенттіктерді;";
4) 74-баптың 5-тармағында:
бірінші бөліктегі "ақпараттық-коммуникациялық" деген сөз "цифрлық" деген сөзбен ауыстырылсын;
үшінші бөліктегі "ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті" деген сөздер "цифрландыру және киберқауіпсіздікті" деген сөздермен ауыстырылсын.
9. "Қазақстанның Даму Банкі туралы" 2001 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:
6-баптың 1-тармағы "және қаржыландыруды" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген төлемге қабілетсіз банктерді реттеу рәсімдерін" деген сөздермен толықтырылсын.
10. "Кредиттiк серiктестiктер туралы" 2003 жылғы 28 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:
10-баптың 4-тармағының бірінші бөлігіндегі "айына" деген сөз "тоқсанына" деген сөзбен ауыстырылсын.
11. "Акционерлік қоғамдар туралы" 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 40-баптың 3-тармағындағы "ақпараттық-коммуникациялық" деген сөздер "цифрлық" деген сөзбен ауыстырылсын;
2) 41-баптың 2-тармағының екінші бөлігіндегі "электрондық" деген сөз "цифрлық" деген сөзбен ауыстырылсын;
3) 49-баптың 4-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасындағы "электрондық" деген сөз "цифрлық" деген сөзбен ауыстырылсын;
4) 80-баптың 1-тармағының бірінші бөлігіндегі "электрондық" деген сөз "цифрлық" деген сөзбен ауыстырылсын.
12. "Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы" 2003 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 19-баптың 1-тармағының бірінші бөлігіндегі "азаматтық-құқықтық жауапкершілігі сақтандырылған адамдардың кінәсінен сақтандыру жағдайларының болуына немесе болмауына қарай ("бонус-малус" жүйесі)" деген сөздер "сақтанушыға (сақтандырылушыға) "бонус-малус" жүйесі бойынша берілген сыныптарға қарай" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 25-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігіндегі "(қажет болған кезде), сақтандыру төлемiн жүзеге асыру үшін қажетті құжаттарды қоса бере отырып, сақтандыру төлемiн қолма-қол ақшамен не банктiк шотқа аудару арқылы алу тәртібін көрсете отырып," деген сөздер "көрсетіп, сақтандыру төлемiн жүзеге асыру үшін қажетті құжаттарды қоса бере отырып," деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Сақтандырушы пайда алушының банктік шотына аудару арқылы сақтандыру төлемiн жүзеге асырады. Сақтандыру төлемдерінің сомасын аударумен, есепке жатқызумен және төлеумен байланысты банктік көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу сақтандыру ұйымының меншікті қаражаты есебінен жүзеге асырылады.".
13. "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-бапта:
7-1) және 15-1) тармақшалардағы "ақпараттық" деген сөз "цифрлық" деген сөзбен ауыстырылсын;
49) тармақшадағы "банк кепілдігімен" деген сөздер "банктің және (немесе) бейрезидент банктің кепілдігімен" деген сөздермен ауыстырылсын;
51) тармақшадағы "электрондық" деген сөз "цифрлық" деген сөзбен ауыстырылсын;
56) тармақшадағы "электрондық" деген сөз "цифрлық" деген сөзбен ауыстырылсын;
2) 3-баптың 2-тармағының 6) тармақшасындағы "электрондық" деген сөз "цифрлық" деген сөзбен ауыстырылсын;
3) 11-баптың 4-тармағының 1) тармақшасындағы және 6-тармағының 1) тармақшасындағы "ақпараттық" деген сөз "цифрлық" деген сөзбен ауыстырылсын;
4) 12-бапта:
1-тармақтың 1) тармақшасындағы "ақпараттық" деген сөз "цифрлық" деген сөзбен ауыстырылсын;
1) тармақшадағы "ақпараттық" деген сөз "цифрлық" деген сөзбен ауыстырылсын;
2) тармақшадағы "электрондық түрдегі" деген сөздер "электрондық нысандағы" деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 15-бап мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
"3-1. Микроқаржы ұйымдарының облигациялар шығаруды жүзеге асыруы үшін қосымша шарттар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.";
6) 22-1-баптың 1-тармағында:
екінші бөлік "Бұл ретте" деген сөздерден кейін "борыштық бағалы қағаздарды шет мемлекеттің аумағында орналастыру эмитент үшін неғұрлым тиімді шарттарда және (немесе) Қазақстан Республикасының ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында және (немесе) "Астана" халықаралық қаржы орталығының қор биржасында оларға сұраныс болмаған кезде жүзеге асырылуы мүмкін жағдайларды қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
"Борыштық бағалы қағаздарды шет мемлекеттің аумағында орналастырудың эмитент үшін неғұрлым тиімді шарттарын айқындау және Қазақстан Республикасының ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында және (немесе) "Астана" халықаралық қаржы орталығының қор биржасында оларға сұраныстың болмауы өлшемшарттары уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.";
7) 43-баптың 3-тармағының бірінші бөлігі:
мынадай мазмұндағы 12-1) және 14-1) тармақшалармен толықтырылсын:
"12-1) клирингтік ұйымға (оның ішкі құжаттарында айқындалған көлемде);";
"14-1) жеке тұлғалар, оның ішінде дара кәсіпкерлер ретінде тіркеу есебінде тұрған және шағын кәсіпкерлік субъектісіне жататын жеке тұлғалар болып саналатын өтініш берушілердің осы Заңның 64-1-бабының 5-тармағында көзделген жағдайларда дауларды реттеу жөніндегі өзінің қарауында жатқан жолданымдары бойынша қаржы омбудсманына;";
8) 55-1-баптың 8-тармағының бірінші бөлігінде:
"ақпараттық" деген сөз "цифрлық" деген сөзбен ауыстырылсын;
"ақпараттық қауіпсіздік" деген сөздер "қаржы саласындағы ақпараттық қауіпсіздік, оның ішінде киберқауіпсіздік" деген сөздермен ауыстырылсын;
9) 58-баптың 3-1) тармақшасындағы "электрондық" деген сөз "цифрлық" деген сөзбен ауыстырылсын;
10) 59-бапта:
1-тармақтың 4-1) тармақшасындағы "ақпараттық-коммуникациялық" деген сөз "цифрлық" деген сөзбен ауыстырылсын;
3-тармақтың 3) тармақшасындағы "ұйымды қоспағанда, басқа нақтылы ұстаушыға өзiне нақтылы ұстауға берiлген бағалы қағаздарға қатысты нақтылы ұстау қызметiн көрсетуге құқығы жоқ." деген сөздер "ұйымды;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
"4) брокерлер мен дилерлер осы баптың 1-тармағында белгіленген функцияларды жүзеге асыратын шетелдік ұйымдарға номиналды ұстау қызметтерін көрсеткен кезде брокерлер мен дилерлерді қоспағанда, басқа номиналды ұстаушыға өзіне номиналды ұстауға берілген бағалы қағаздарға қатысты номиналды ұстау қызметін көрсетуге құқығы жоқ.";
11) 63-баптың 3-1-тармағындағы "ақпараттық" деген сөз "цифрлық" деген сөзбен ауыстырылсын;
12) 77-баптың 1-тармағында:
3) тармақшадағы "электрондық" деген сөз "цифрлық" деген сөзбен ауыстырылсын;
4) тармақшадағы "электрондық" деген сөз "цифрлық" деген сөзбен ауыстырылсын;
13) 77-1-бапта:
3-тармақтағы "қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша" деген сөздер алып тасталсын;
4-1-тармақтың екінші бөлігіндегі "қор биржасының сауда жүйесінде ашық сауда-саттық әдісімен және (немесе) орталық контрагенттің қатысуымен жасалған мәмілелер бойынша міндеттемелердің орындалуын толық және (немесе) ішінара қамтамасыз етудің" деген сөздер "мәмілелер бойынша міндеттемелердің орындалуын толық және (немесе) ішінара қамтамасыз етудің және клирингтік қатысушыларды өзге де қамтамасыз етудің" деген сөздермен ауыстырылсын;
"ашылған," деген сөзден кейін "резервтік қор қаражаты есебінен, сондай-ақ" деген сөздермен толықтырылсын;
"маржалық жарналар, қор биржасының сауда жүйесінде ашық сауда-саттық әдісімен және (немесе) орталық контрагенттің қатысуымен жасалған мәмілелер бойынша міндеттемелердің орындалуын толық және (немесе) ішінара қамтамасыз ету" деген сөздер "маржалық жарналар, мәмілелер бойынша міндеттемелердің орындалуын толық және (немесе) ішінара қамтамасыз ету және (немесе) клирингтік қатысушыларды өзге де қамтамасыз ету" деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақ "қаржы құралдарын" деген сөздерден кейін "және (немесе) өзге де активтерді" деген сөздермен толықтырылсын;
9-тармақтағы "кепілдік немесе резервтік қорларына" деген сөздер "кепілдік қорына" деген сөздермен ауыстырылсын;
14) 80-бапта:
7-тармақтың 1) және 2) тармақшаларындағы "ақпараттық" деген сөз "цифрлық" деген сөзбен ауыстырылсын;
9-1-тармақтағы "ақпараттық" деген сөз "цифрлық" деген сөзбен ауыстырылсын;
15) 81-баптың 2-тармағының 7-1) тармақшасындағы "электрондық" деген сөз "цифрлық" деген сөзбен ауыстырылсын;
16) 85-баптың 4-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Сауда-саттықты ұйымдастырушы өзінің сауда жүйесінде қаржы құралдарын айналысқа жіберу үшін оларға және (немесе) осындай қаржы құралдарының эмитенттеріне қойылатын талаптарды ішкі құжаттарымен белгілеген кезде қаржы құралында және (немесе) оның эмитентінде кредиттік рейтингтік агенттік берген рейтингтің болуын талаптардың бірі ретінде қосуға құқылы.";
17) 88-баптың бүкіл мәтіні бойынша "ақпараттық" деген сөз "цифрлық" деген сөзбен ауыстырылсын.
14. "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-бап мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:
"8-1) қаржы саласындағы ақпараттық қауіпсіздік – қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарында пайдаланылатын ақпараттың сыртқы және ішкі қатерлерден қорғалуының жай-күйі, онда ақпараттың құпиялылығы, тұтастығы мен қолжетімділігі қамтамасыз етіледі;";
2) 9-бапта:
4) тармақша "брокерлерінің филиалдары," деген сөздерден кейін ", кредиттік рейтингтік агенттіктер" деген сөздермен толықтырылсын;
9) тармақша "брокерлерінің филиалдарына" деген сөздерден кейін ", кредиттік рейтингтік агенттіктерге" деген сөздермен толықтырылсын;
12) тармақша "кредиттік бюролар," деген сөздерден кейін "кредиттік рейтингтік агенттіктер," деген сөздермен толықтырылсын;
"брокерлері филиалдарының" деген сөздерден кейін ", кредиттік рейтингтік агенттіктердің" деген сөздермен толықтырылсын;
"ақпараттық қауіпсіздігінің" деген сөздер "киберқауіпсіздігінің" деген сөзбен ауыстырылсын;
"ақпараттық жүйелердегі" деген сөздер "цифрлық жүйелердегі" деген сөздермен ауыстырылсын;
"ақпараттық қауіпсіздігінің" деген сөздер "қаржы саласындағы ақпараттық қауіпсіздігінің, оның ішінде киберқауіпсіздігінің" деген сөздермен ауыстырылсын;
20-1) тармақшадағы "ақпараттық қауіпсіздік талаптарын" деген сөздер "қаржы саласындағы ақпараттық қауіпсіздікті, оның ішінде киберқауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 20-3) тармақшамен толықтырылсын:
"20-3) қаржы ұйымдарының киберқауіпсіздіктің жай-күйін және қаржы саласындағы ақпараттық қауіпсіздіктің, оның ішінде киберқауіпсіздіктің оқыс оқиғаларына ден қоюды бағалау жөніндегі іс-шараларды жүргізуін ұйымдастырады және үйлестіреді;";
2-тармақтың 6) тармақшасындағы "ақпараттық" деген сөз "цифрлық" деген сөзбен ауыстырылсын;
4-тармақ "брокерлері филиалдарының" деген сөздерден кейін ", кредиттік рейтингтік агенттіктердің" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
"7. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен қаржы ұйымдары үшін кадрларды даярлауға, қайта даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға қатысады.";
3) 9-4-бапта:
2-тармақтың 3) тармақшасы екінші бөлігінің екінші абзацындағы "ақпараттық" деген сөз "цифрлық" деген сөзбен ауыстырылсын;
3-тармақтың екінші бөлігінде:
"ақпараттық" деген сөз "цифрлық" деген сөзбен ауыстырылсын;
"ақпараттық қауіпсіздікті" деген сөздер "қаржы саласындағы ақпараттық қауіпсіздікті, оның ішінде киберқауіпсіздікті" деген сөздермен ауыстырылсын;
11-тармақтың үшінші бөлігі алып тасталсын;
4) 9-5-бапта:
2-тармақ алып тасталсын;
2) тармақшаның үшінші абзацындағы "болуы мүмкін" деген сөздер "болады" деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
"Осы тармақтың екінші бөлігінің талабы:
1) өтініш беруші заңды тұлғаның орналастырылатын акцияларына банк акцияларымен және (немесе) Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шығарылған, базалық активі банктің дауыс беретін акциялары болып саналатын банктің туынды бағалы қағаздарымен, банктің ірі қатысушысының немесе банк холдингінің акцияларымен немесе капиталына қатысу үлестерімен ақы төлеу немесе өтініш беруші заңды тұлғаның капиталына осы акциялар және (немесе) туынды бағалы қағаздар түріндегі салымды енгізу;
2) өтініш беруші заңды тұлғаның банк акцияларын және (немесе) Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шығарылған, базалық активі банктің дауыс беретін акциялары болып саналатын банктің туынды бағалы қағаздарын, банктің ірі қатысушысының немесе банк холдингінің акцияларын немесе капиталына қатысу үлестерін басқа заңды тұлға акцияларының немесе капиталына қатысу үлестерінің орнына алу жағдайларына қолданылмайды.";
бірінші бөліктің 7) тармақшасы алып тасталсын;
екінші бөліктің екінші абзацындағы "электрондық үкімет" деген сөздер "цифрлық үкімет" деген сөздермен ауыстырылсын;
9-тармақтың 2) тармақшасындағы ", 6) және 7)" деген сөздер "және 6)" деген сөздермен ауыстырылсын;
10-тармақтың 4) тармақшасындағы ", 4) және 7)" деген сөздер "және 4)" деген сөздермен ауыстырылсын;
13-тармақтағы "4) және 7) тармақшаларында" деген сөздер "4) тармақшасында" деген сөздермен ауыстырылсын;
19-тармақтың алтыншы абзацында:
"банктің,", "банк холдингі," деген сөздер алып тасталсын;
орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
5) 9-6-бапта:
1-тармақтың екінші бөлігі және 2-тармақтың 5) тармақшасы алып тасталсын;
4-тармақтың бірінші бөлігіндегі "5)" деген цифр алып тасталсын;
бірінші бөліктегі "және рұқсат бергені үшін алымның төленгенін растайтын құжатты" деген сөздер алып тасталсын;
екінші бөлік алып тасталсын;
6) 12-баптың 9) тармақшасындағы "электрондық тізілімін" деген сөздер "цифрлық тізілімін" деген сөздермен ауыстырылсын;
7) мынадай мазмұндағы 12-4-баппен толықтырылсын:
"12-4-бап. Кредиттік рейтингтік қызметті мемлекеттік реттеу және қадағалау ерекшеліктері
Кредиттік рейтингтік қызметті мемлекеттік реттеу мен қадағалауды жүзеге асыру мақсатында уәкілетті орган:
1) Қазақстан Республикасында кредиттік рейтингтік қызметті жүзеге асыру қағидаларын, рейтинг беру жөніндегі әдіснамаларды бекіту мен қайта қарауды жүзеге асыратын бөлімшенің құрамына қойылатын талаптарды, сондай-ақ рейтингтік талдаушылардың білімі мен дағдыларына қойылатын талаптарды бекітеді;
2) кредиттік рейтингтік қызметті қадағалауды жүзеге асырады;
3) қазақстандық рейтингтік агенттіктің басшы қызметкерлеріне қойылатын талаптарды белгілейді;
4) халықаралық рейтингтік агенттіктерді және шетелдік рейтингтік агенттіктерді тану, танудан бас тарту және тануды кері қайтарып алу тәртібін айқындайды;
5) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.";
8) 13-5-баптың 2-тармағының екінші бөлігі мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
"5-1) банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушылары, банк, сақтандыру холдингтері болып саналатын (бірлесіп осылар болып саналатын) тұлғаларды айқындау;";
9) 13-6-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"13-6-бап. Қаржы ұйымдарының қаржы саласындағы ақпараттық қауіпсіздігін, оның ішінде киберқауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы өкілеттіктер
Қаржы ұйымдарының қаржы саласындағы ақпараттық қауіпсіздігін, оның ішінде киберқауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында уәкілетті орган тиісті бағыттар бойынша:
1) қаржы саласындағы ақпараттық қауіпсіздік, оның ішінде киберқауіпсіздік қатерлерінен қорғалу деңгейін бағалау тәртібін бекітеді;
2) осы Заңның 3-бабының 1 және 2-тармақтарында көзделген негізгі мақсат пен міндеттерге және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қаржы ұйымдарының қаржы саласындағы ақпараттық қауіпсіздікті, оның ішінде киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі қызметін реттеу саласындағы, қаржы ұйымдарының орындауы үшін міндетті нормативтік құқықтық актілерді қабылдайды. Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің тізбесі уәкілетті орган туралы ережеде айқындалады;
3) қаржы ұйымдарын қаржы саласындағы ақпараттық қауіпсіздік, оның ішінде киберқауіпсіздік тәуекелдеріне бейілділігі дәрежесі бойынша саралау тәртібін қоса алғанда, қаржы саласындағы ақпараттық қауіпсіздік, оның ішінде киберқауіпсіздік тәуекелдерін бағалау әдістемесін бекітеді;
4) қаржы саласындағы ақпараттық қауіпсіздікті, оның ішінде киберқауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты адамдардың біліктілігін арттыру жөніндегі талаптарды қоса алғанда, қаржы саласындағы ақпараттық қауіпсіздік, оның ішінде киберқауіпсіздік бөлімшелерінің басшылары мен жұмыскерлерінің құзыретіне қойылатын талаптарды бекітеді;
5) қаржы саласындағы ақпараттық қауіпсіздіктің, оның ішінде киберқауіпсіздіктің оқыс оқиғаларына ден қою қызметтеріне, қаржы саласындағы ақпараттық қауіпсіздіктің, оның ішінде киберқауіпсіздіктің оқыс оқиғаларына ішкі тергеп-тексеру жүргізуге қойылатын талаптарды бекітеді;
6) қаржы ұйымдарының киберқауіпсіздіктің жай-күйін және қаржы саласындағы ақпараттық қауіпсіздіктің, оның ішінде киберқауіпсіздіктің оқыс оқиғаларына ден қоюды бағалау жөніндегі іс-шараларды жүргізу тәртібін бекітеді;
7) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де функциялар мен өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Осы баптың талаптары Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің филиалдарына, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерлерінің филиалдарына қолданылады.";
10) 15-1-баптың 1-тармағының екінші бөлігінде:
"коллекторлық агенттіктердің," деген сөздерден кейін "кредиттік рейтингтік агенттіктердің," деген сөздермен толықтырылсын;
"коллекторлық қызмет," деген сөздерден кейін "кредиттік рейтингтік қызмет," деген сөздермен толықтырылсын;
11) 15-6-баптың 1-тармағының 5) тармақшасындағы "электрондық" деген сөз "цифрлық" деген сөзбен ауыстырылсын;
12) 15-18-баптың 4-тармағының екінші бөлігіндегі "ақпараттық қауіпсіздігін" деген сөздер "киберқауіпсіздігін" деген сөзбен ауыстырылсын.
15. "Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы" 2003 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
6-баптың бірінші бөлігінің 12-10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"12-10) орталық мемлекеттік және астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының жолданымдарды қарау жөніндегі қызметінің тиімділігін бағалауды жүргізеді;".
16. "Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы" 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-бапта:
13-4) және 16) тармақшалардағы "ақпараттық жүйелерде", "ақпараттық жүйелерге" деген сөздер тиісінше "цифрлық жүйелерде", "цифрлық жүйелерге" деген сөздермен ауыстырылсын;
16-3) тармақшадағы "ақпараттық жүйелер" деген сөздер "цифрлық жүйелер" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 3-баптың 5) тармақшасындағы "ақпараттық" деген сөз "цифрлық" деген сөзбен ауыстырылсын;
3) 5-баптың 6) тармақшасындағы "ақпараттық қауіпсіздікті" деген сөздер "қаржы саласындағы ақпараттық қауіпсіздікті, оның ішінде киберқауіпсіздікті" деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 8-баптың тақырыбындағы және бүкіл мәтіні бойынша "ақпараттық жүйелерді" деген сөздер "цифрлық жүйелерді" деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 10-баптың 4) тармақшасындағы "ақпараттық жүйелерді" деген сөздер "цифрлық жүйелерді" деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 17-баптың 1-тармағында:
10-1) тармақшадағы "ақпараттық қауіпсіздікті" деген сөздер "қаржы саласындағы ақпараттық қауіпсіздікті, оның ішінде киберқауіпсіздікті" деген сөздермен ауыстырылсын;
11) тармақшадағы "ақпараттық жүйелерді" деген сөздер "цифрлық жүйелерді" деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 19-бапта:
бірінші бөліктің 6) тармақшасындағы "ақпараттық жүйелерді" деген сөздер "цифрлық жүйелерді" деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші бөліктегі "ақпараттық қауіпсіздікті" деген сөздер "қаржы саласындағы ақпараттық қауіпсіздікті, оның ішінде киберқауіпсіздікті" деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақтағы "ақпараттық қауіпсіздікті" деген сөздер "қаржы саласындағы ақпараттық қауіпсіздікті, оның ішінде киберқауіпсіздікті" деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 27-бапта:
2-тармақтың 2), 10) және 11) тармақшаларындағы "ақпараттық қауіпсіздікті" деген сөздер "қаржы саласындағы ақпараттық қауіпсіздікті, оның ішінде киберқауіпсіздікті" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтың 2), 8) және 9) тармақшаларындағы "ақпараттық қауіпсіздікті" деген сөздер "қаржы саласындағы ақпараттық қауіпсіздікті, оның ішінде киберқауіпсіздікті" деген сөздермен ауыстырылсын.
17. "Инвестициялық және венчурлік қорлар туралы" 2004 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
20-баптың 1-тармағының 1) тармақшасындағы және 1-4-тармағының 1) тармақшасындағы "ақпараттық" деген сөз "цифрлық" деген сөзбен ауыстырылсын.
18. "Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы" 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-баптың 7) тармақшасында:
орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
"Микроқаржылық қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 3-1-тармағында көрсетілген кепілсіз микрокредиттер бермейтін, шаруашылық серіктестігі нысанында құрылған кредиттік серіктестіктерді жəне ломбардтарды, сондай-ақ шаруашылық серіктестігі нысанында құрылған микроқаржы ұйымдарын" деген сөздер "шаруашылық серіктестігі нысанында құрылған микроқаржы ұйымдарын, кредиттік серіктестіктерді жəне ломбардтарды" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 20-бапта:
6-тармақтың 3) тармақшасы "заңды тұлғалардың" деген сөздерден кейін ", бірінші санаттағы төлем ұйымдарының" деген сөздермен толықтырылсын;
7-тармақтағы "болып табылатын заңды тұлғаларды" деген сөздер "болып саналатын заңды тұлғаларды, бірінші санаттағы төлем ұйымдарын" деген сөздермен ауыстырылсын.¶
19. "Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы" 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:
58-баптың 2-тармағы екінші бөлігінің 12-1) тармақшасындағы, 62-баптың 3-тармағы екінші бөлігінің 14-1) тармақшасындағы және 98-баптың бірінші бөлігінің 27-1) тармақшасындағы "Қазақстан Республикасының аумағында төлем карточкалары пайдаланыла отырып жүзеге асырылған банкаралық төлемдер (немесе) ақша аударымдары бойынша" деген сөздер "ұлттық цифрлық қаржы инфрақұрылымының жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін операторы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі не Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі айқындаған операциялық, технологиялық және өзге де функцияларды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің заңды тұлғасы болатын төлем жүйелерінде" деген сөздермен ауыстырылсын.
20. "Микроқаржылық қызмет туралы" 2012 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 3-1-баптың 3-тармағының екінші бөлігі мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
"3-1) микрокредитті электрондық тәсілмен беру тәртібін;";
2) 3-2-баптың 1-тармағындағы "уәкілетті орган айқындайтын" деген сөздер "уәкілетті органның осы Заңның 3-1-бабы 3-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген нормативтік құқықтық актісінде белгіленген" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 5-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Банктік қарыздар, микрокредиттер және салымдар бойынша анық, жылдық, тиімді, салыстырмалы есептеудегі (нақты құндағы) сыйақы мөлшерлемелерін есептеу тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен бекітіледі.";
4) 6-бапта:
мынадай мазмұндағы 1-2-тармақпен толықтырылсын:
"1-2. Егер микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемені орындау жеке тұлғаның кепілімен және кепілдігімен (кепілгерлігімен) бір мезгілде қамтамасыз етілсе, онда қарыз алушы микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемені тиісінше орындаған жағдайда және кепілдік беруші (кепілгер) жеке тұлға кепілдікті (кепілгерлікті) тоқтату туралы талаппен жүгінген кезде бағалаушы айқындаған кепіл нысанасының (нысаналарының) нарықтық құны микроқаржы ұйымының кепіл саясатының талаптары ескеріле отырып, қарыз алушы міндеттемесінің орындалмаған бөлігінің сомасынан асып кеткен жағдайда, микроқаржы ұйымы кепілдік беруші (кепілгер) жеке тұлға жүгінген күннен бастап он жұмыс күні ішінде кепілдік (кепілгерлік) шартын бұзу жөніндегі мәселені қарауға міндетті.";
3-тармақ "0,5 пайызынан" деген сөздерден кейін ", мерзімін өткізіп алудың тоқсан күні өткен соң мерзімін өткізіп алған әрбір күн үшін мерзімі өткізіп алынған төлем сомасының 0,03 пайызынан" деген сөздермен толықтырылсын;
5) 7-баптың 3-тармағы 4) тармақшасының екінші бөлігі алып тасталсын;
6) 9-1-бапта:
5-тармақтың үшінші бөлігінде:
1) тармақшадағы "бас банктің күмәнді және үмітсіз активтеріне ие болатын банктің еншілес ұйымы" деген сөздер "стрестік активтерді басқару жөніндегі еншілес ұйымның" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақшаның екінші абзацындағы "бас банктің күмәнді және үмітсіз активтеріне ие болатын" деген сөздер "стрестік активтерді басқару жөніндегі" деген сөздермен ауыстырылсын;
төртінші бөліктегі "Бас банктің күмәнді және үмітсіз активтеріне ие болатын банктің еншілес ұйымдарына және микрокредит беру туралы шарттар бойынша құқықтар (талаптар) сенімгерлік басқаруға берілуі мүмкін сервистік компаниялар ретінде әрекет ететін коллекторлық агенттіктерге" деген сөздер "Микрокредит беру туралы шарттар бойынша құқықтар (талаптар) сенімгерлік басқаруға берілуі мүмкін сервистік компаниялар ретінде әрекет ететін коллекторлық агенттіктерге және стрестік активтерді басқару жөніндегі еншілес ұйымдарға" деген сөздермен ауыстырылсын;
10-тармақтың бірінші бөлігінің үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"қарыз алушы жеке тұлғаның уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген банктік қарыз шартының және микрокредит беру туралы шарттың талаптарына өзгерістер енгізу туралы жолданымын қарау тəртібінің сақталуын қамтамасыз етеді.";
7) 9-2-бапта:
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"Қарыз алушы жеке тұлғаның банктік қарыз шартының және микрокредит беру туралы шарттың талаптарына өзгерістер енгізу туралы жолданымын қарау тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады және:
1) қарыз алушы жеке тұлғаның банктік қарыз шартының және микрокредит беру туралы шарттың талаптарына өзгерістер енгізу туралы, сондай-ақ олар бойынша құқықтар (талаптар) коллекторлық агенттіктерге берілген банктік қарыз шарты және микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемені орындау талаптарын өзгерту туралы жолданымын қарау тәртібін;
2) қарыз алушы жеке тұлғаның банктік қарыз шартының және микрокредит беру туралы шарттың талаптарына өзгерістер енгізу туралы өтінішіне қоса берілетін құжаттардың тізбесін;
3) банктің және микроқаржы ұйымының жеке тұлғалардың банктік қарыздарын және микрокредиттерін қайта құрылымдау бойынша кредиттік шешімдер қабылдау жөніндегі ішкі тәртібіне қойылатын талаптарды;
4) мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшіге банктік қарыз, микрокредит бойынша сыйақыны есепке жазбай, мерзімді әскери қызметті өткеру мерзімін және ол аяқталғаннан кейін күнтізбелік алпыс күнді қамтитын кезеңге негізгі борыш пен сыйақы бойынша төлемді кейінге қалдыруды ұсыну тәртібін;
5) ұжымдық реттелуге тиіс берешек өлшемшарттарын, сондай-ақ берешекті ұжымдық реттеуді жүргізудің тәртібі мен шарттарын;
6) қарыз алушы жеке тұлғалардың банктік қарыз шартының және микрокредит беру туралы шарттың талаптарына өзгерістер енгізу туралы өтініштерін қарау нәтижелері туралы уәкілетті органға хабардар ету тәртібін қамтиды.";
мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
"Микроқаржы ұйымы осы Заңның 7-бабы 2-тармағының 9) тармақшасында көрсетілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісіне сәйкес қарыз алушы жеке тұлғалардың микрокредит беру туралы шарттың талаптарына өзгерістер енгізу туралы өтініштерін қарау нәтижелері туралы ақпарат береді.";
3-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Жеке тұлғалардың микрокредиттерін қайта құрылымдау бойынша кредиттік шешімдер қабылдау жөніндегі ішкі қағидаларға қойылатын талаптар уәкілетті органның осы баптың 2-тармағының үшінші бөлігінде көрсетілген нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.";
8) 14-баптың 5-тармағының екінші бөлігіндегі "9-тармағында" деген сөздер "7-тармағында" деген сөздермен ауыстырылсын;
9) 29-12-баптың 1-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Ықпал ету шаралары деп орындалуы міндетті жазбаша нұсқама мен санкция түріндегі шектеулі ықпал ету шарасы түсініледі.".
21. "Оңалту және банкроттық туралы" 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-баптың 4) тармақшасы алып тасталсын;
2) 7-баптың 3-тармағындағы "он жұмыс күні" деген сөздер "бір ай" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 10-баптың 4-тармағының 9) тармақшасы алып тасталсын;
4) 11-баптың 4-тармағы "мөлшерінде" деген сөзден кейін ", сондай-ақ банкроттықты басқарушының үш айдан аспайтын мерзімде төленбеген негізгі сыйақысы сомасында" деген сөздермен толықтырылсын;
5) 12-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігінің бірінші абзацы "берген" деген сөзден кейін "Қазақстан Республикасының азаматтары" деген сөздермен толықтырылсын;
екінші бөліктегі "тағайындала" деген сөз "тағайындалмайды, сондай-ақ оңалту рәсімі тоқтатылғаннан кейін банкроттық рәсімін қолдану кезінде сол кәсіпорынға банкроттықты басқарушы болып тағайындала" деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші бөліктегі "және 6)" деген сөздер ", 6) және 7)" деген сөздермен ауыстырылсын;
бірінші бөлік 4) тармақшасындағы "жіберілген жағдайларда, шеттетеді." деген сөздер "жіберілген;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
"5) әкімшінің хабарламасы әкімші қызметін жүзеге асыруға құқығы бар тұлғалар хабарламаларының тізілімінен алып тасталған жағдайларда шеттетеді.";
екінші бөлік "Осы тармақтың" деген сөздерден кейін "бірінші бөлігінің 1), 2), 3) және 4) тармақшаларының" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:
"7-1. Уәкілетті орган уақытша басқарушыны тағайындаған кезде уәкілетті орган оны өз өкілеттіктерін орындаудан мынадай:
1) әкімшіден белгілі бір борышкерге қатысты өтініш келіп түскен;
2) әкімшінің хабарламасы әкімші қызметін жүзеге асыруға құқығы бар тұлғалар хабарламаларының тізілімінен алып тасталған жағдайларда шеттетеді.";
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"2) осы баптың 5-тармағының бірінші бөлігіне сәйкес өкілеттіктерді орындаудан бас тартуды қоспағанда, әкімші өкілеттіктерін орындаудан дәлелді себепсіз қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде екі реттен артық бас тартқан жағдайларда алып тастайды.
Растайтын құжаты болған кезде әкімшінің еңбекке уақытша жарамсыздығы, сондай-ақ еңсерілмейтін күш мән-жайларының, яғни осы жағдайлардағы төтенше және еңсерілмейтін мән-жайлардың (дүлей құбылыстар, ұрыс қимылдары, төтенше жағдай және басқалар) салдарынан әкімші өкілеттіктерін орындаудың мүмкін еместігі дәлелді себеп деп танылады;";
11) тармақшадағы "таныған жағдайларда, алып тастайды." деген сөздер "таныған;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын:
"12) Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылған жағдайларда алып тастайды.";
6) 13-бапта:
4-тармақтағы "арнайы", "Арнайы" деген сөздер алып тасталсын;
"қаражат есебінен" деген сөздерден кейін "немесе меншікті қаражаты есебінен" деген сөздермен толықтырылсын;
"банкроттықты" деген сөз "оңалтуды немесе банкроттықты" деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 17-бапта:
1-тармақтағы "бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау" деген сөздер "уәкілетті орган белгілеген камералдық бақылау" деген сөздермен ауыстырылсын;
"және бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау" деген сөздер алып тасталсын;
орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
екінші бөлік алып тасталсын;
8) 18-бапта:
тақырыптағы және бүкіл мәтін бойынша "Бақылау субъектісіне бармай профилактикалық", "бақылау субъектісіне бармай профилактикалық" деген сөздер тиісінше "Камералдық", "камералдық" деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақ алып тасталсын;
9) 24-баптың 1-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Оңалтуды басқарушыны шеттету, сондай-ақ банкроттықты басқарушыны шеттету және банкроттықты басқарушыны бір мезгілде таңдау мәселесін қарау кезінде кредиторлар жиналысын ұйымдастыруды кредиторлар комитеті немесе осындай жиналысқа бастамашылық жасаған кредитор жүзеге асырады.";
10) 26-бапта:
4-тармақ мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:
"Кредиторлар жиналысы шешім қабылдаған кезде дауыс беру құқығы бар кредиторлардың талаптары толық көлемде қанағаттандырылған жағдайда осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген кредиторлар дауыс береді.";
5-тармақтың бесiншi бөлiгiндегі "олардың біреуі", "екіншісі", "үшіншісі", "беріледі" деген сөздер тиісінше "жиналысты ұйымдастырушы олардың біреуін", "екіншісін", "үшіншісін", "береді" деген сөздермен ауыстырылсын;
11) 28-баптың 1-тармағы "отырысы" деген сөзден кейін ", жиналысқа келу тәртібімен, сондай-ақ бейнеконференц-байланыс арқылы онлайн қатысатын кредиторларды қоса алғанда," деген сөздермен толықтырылсын;
12) 41-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 5-2) тармақшамен толықтырылсын:
"5-2) заңмен қорғалатын құпияны құрайтын деректер мен мәліметтерді жинауға және өңдеуге, оның ішінде үшінші тұлғаларға беруге келісімді;";
13) 42-баптың 2-тармағының 2) тармақшасындағы "өтініш берілген жылдың басындағы, сондай-ақ осы Заңда көзделген жағдайда, өтініш берілген жылдың алдындағы жылдың басындағы" деген сөздер "алдыңғы үш жылдағы" деген сөздермен ауыстырылсын;
14) 45-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Кредитор мен әкімші қызметін жүзеге асыруға құқығы бар адам арасында жасалған уақытша әкімшінің өкілеттіктерін жүзеге асыру туралы келісімнің көшірмесі кредитордың өтінішіне қоса беріледі.";
15) 71-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы 14-1) және 14-2) тармақшалармен толықтырылсын:
"14-1) Қазақстан Республикасының салық және кеден заңнамасына сәйкес борышкер атынан міндеттемелерді орындауға;
14-2) оңалту рәсімін тоқтату туралы сот ұйғарымы заңды күшіне енген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде құрылтай құжаттарын, мөрлерді (бар болса), мөртабандарды, есепке алу құжаттамасын, борышкерге тиесілі материалдық және өзге де құндылықтарды беруге;";
16) 72-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Кепілді кредитордың кепілмен қамтамасыз етілген бөлігінде мүліктік массада кепіл мүлкі болған кезде екінші кезекке енгізілетін талабын қоспағанда, кредитордың осы баптың 2-тармағында көрсетілген мерзімнен кешіктіріліп мәлімделген талабы кредиторлар талаптары тізілімінің алтыншы кезегіне енгізіледі. Мұндай кредиторлар бір ай мерзімде мәлімделген кредиторлар талаптары толық қанағаттандырылғанға дейін кредиторлар жиналысында дауыс беру құқығынан айырылады.";
17) 73-бапта:
1-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Табиғи монополиялар субъектілері болып саналатын не Қазақстан Республикасының экономикасы үшін маңызды стратегиялық мәні бар, азаматтардың өміріне, денсаулығына, ұлттық қауіпсіздікке немесе қоршаған ортаға әсер ете алатын ұйымдардың және дара кәсіпкерлердің оңалту жоспары – тиісті орталық атқарушы органмен, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің тиісті аумақтық органымен, қала құраушы заңды тұлғалардың оңалту жоспары – астананың, облыстың және республикалық маңызы бар қаланың тиісті жергілікті атқарушы органымен, ал шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың оңалту жоспары мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органмен немесе жергілікті атқарушы органмен келісіледі.";
2-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
"Салықтар мен кедендік төлемдер бойынша кредитор оңалту рәсіміне қатысушылардың бірі болса, оңалту жоспарында берешекті бекітілген график ішінде тең үлестермен өтеу көзделуге тиіс.";
8-тармақ алып тасталсын;
18) 77-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
"Борышкер орындалу мерзімі оңалту рәсімі кезеңінде басталған міндеттемелерді оңалту жоспарына сәйкес орындайды, ал оларды орындамаған және (немесе) тиісінше орындамаған жағдайларда борышкер Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жауапты болады.";
19) 82-бапта:
4-тармақ 3) тармақшасындағы "хабардар етілмеген кезде оңалту рәсімін тоқтату туралы өтінішпен сотқа жүгінуге құқылы." деген сөздер "хабардар етілмеген;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
"4) өтеу графигі үш айдан артық орындалмаған кезде оңалту рәсімін тоқтату туралы өтінішпен сотқа жүгінуге құқылы.";
мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
"6. Осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасында және 2, 3 және 4-тармақтарында көзделген негіздер бойынша оңалту рәсімін тоқтату туралы сотқа өтініш беру кезінде өтініш беруші адам өтініште борышкерді банкрот деп тану туралы талапты көрсетуге міндетті.";
20) 84-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) банкроттың пайдасына немесе мүддесі үшін берілген атқарушылық құжат бойынша іс жүргізудің атқаруда болуы және (немесе) өткізілмеген мүліктің болуы;";
21) 89-баптың 2-тармағында:
10) тармақшадағы "сату жоспарына сәйкес" деген сөздерден кейін "және (немесе) кредиторлар жиналысының шешімі бойынша тікелей сату әдісімен" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 17-1) және 24-2) тармақшалармен толықтырылсын:
"17-1) банкроттық рәсімін жүргізу мерзімі өткенге дейін жиырма жұмыс күні бұрын банкроттық рәсімін жүргізу мерзімін ұзарту туралы мәселені қарау бойынша кредиторлар жиналысын өткізуді ұйымдастыруға;";
"24-2) Қазақстан Республикасының салық және кеден заңнамасына сәйкес борышкер атынан міндеттемелерді орындауға;";
22) 90-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігіндегі "тағайындалған күнінен" деген сөздер "банкроттық туралы іс қозғау туралы ұйғарым шығарылған күннен" деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Кепілді кредитордың кепілмен қамтамасыз етілген бөлігінде мүліктік массада кепіл мүлкі болған кезде екінші кезекке енгізілетін талабын қоспағанда, кредитордың осы баптың 3-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімнен кешіктіріліп мәлімделген талабы кредиторлар талаптары тізілімінің алтыншы кезегіне енгізіледі. Мұндай кредиторлар бір ай мерзімде мәлімделген кредиторлар талаптары толық қанағаттандырылғанға дейін кредиторлар жиналысында дауыс беру құқығынан айырылады.";
23) 96-баптың 3-тармағындағы "әкімшілік немесе қылмыстық сот ісін жүргізу" деген сөздер "қылмыстық сот ісін жүргізу немесе әкімшілік іс жүргізу" деген сөздермен ауыстырылсын;
24) 99-баптың 1-тармағында:
екінші бөлік "оны ұйымдастырушыны" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ оны тікелей сату әдісімен өткізу тәртібін" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы үшінші және төртінші бөліктермен толықтырылсын:
"Борышкердің мүлкін сатудан түскен ақшаны есепке жатқызу үшін әкімші Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі айқындаған тәртіппен екінші деңгейдегі банкте (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымда) өз атына ағымдағы шот ашады, бұл ретте мемлекеттік кірістер органының осы шот бойынша ақша қозғалысы туралы сұрау салуы негізінде банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның банкке, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға мәліметтер беруіне келісім береді.
Борышкердің мүлкін сатудан түскен ақшаны есепке жатқызу үшін әкімшінің ағымдағы шотындағы ақша оның меншігі және (немесе) кірісі болмайды және оның мұрагерлігіне енгізілмейді.";
25) 100-баптың 1-тармағында:
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"Әкімшілік шығыстар әкімшінің негізгі сыйақысын, мүлікті қорғау және бақылау, мүлікті бағалау және өткізу, белгілі бір банкротқа қатысты банктік көрсетілетін қызметтер бойынша шығындарды қамтиды.";
мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:
"Банкротта мүлік болмаған жағдайда әкімшілік шығыстар республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен бес жалақыны құрайды.";
26) 104-1-баптың 4-тармағының бірінші бөлігі "әкімшілік шығыстарды" деген сөздерден кейін ", оның ішінде кепілге салынған мүлікті кепіл ұстаушыға берумен байланысты пайда болған, есептелген салық сомасын" деген сөздермен толықтырылсын;
27) 110-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі "банкроттықты басқарушы" деген сөздерден кейін "қорытынды есеп келісілген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей" деген сөздермен толықтырылсын;
28) 118-1-баптың 2-тармағының 3) тармақшасындағы "екі" деген сөз "бес" деген сөзбен ауыстырылсын.
22. "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 28-баптың 2-тармағының 4) тармақшасы тоғызыншы абзацтағы "акционерлік қоғам жүзеге асыратын қызметте" деген сөздер "акционерлік қоғам" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы оныншы және он бірінші абзацтармен толықтырылсын:
"қаржы құралдарынан басқа, өзге активтермен сауданы ұйымдастыру жөніндегі қызметті жүзеге асырған кезде Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өкілеттіктер шегінде қор биржасы;
қаржы құралдарынан басқа, өзге активтермен жасалатын мәмілелер жөніндегі клирингтік қызметті жүзеге асырған кезде Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өкілеттіктер шегінде қаржы құралдарымен жасалатын мәмілелер бойынша клирингтік қызметке арналған лицензиясы бар ұйым жүзеге асыратын қызметте;";
2) 1-қосымша мынадай мазмұндағы 61-1-жолмен толықтырылсын:
"
61-1. | Бірінші санаттағы төлем ұйымдарына төлем қызметтерін көрсету және банк операцияларының жекелеген түрлерін (заңды тұлғалардың банктік шоттарын ашу және жүргізу, аударым операциялары: заңды тұлғалардың төлемдер және ақша аударымдары бойынша нұсқауларын орындау) жүзеге асыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға берілетін лицензия |
Иеліктен шығарылмайтын; конкурс рəсімі қолданылмайды; лицензия беру кезінде осы Заңның 25-бабының 3-тармағы бірінші бөлігінің жəне 26-бабы 1, 2-тармақтарының күші қолданылмайды; |
| "; |
3) 2-қосымшаның 84-1-жолы мынадай редакцияда жазылсын:
"
84-1. | Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде есептік тіркеуден өткен екінші санаттағы төлем ұйымдарының тізіліміне енгізу | "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген, көрсетілетін төлем қызметтерін ұсынуға рұқсат (құқық) беру үшін екінші санаттағы төлем ұйымының есептік тіркеуден өткені туралы хабарлама |
| ". |
23. "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" 2015 жылғы 12 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) бүкіл мәтін бойынша "ревизиялық комиссиялардың", "ревизиялық комиссия", "ревизиялық комиссиялар", "Ревизиялық комиссия", "Ревизиялық комиссияның" деген сөздер тиісінше "тексеру комиссияларының", "тексеру комиссиясы", "тексеру комиссиялары", "Тексеру комиссиясы", "Тексеру комиссиясының" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 29-бапта:
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
"1-1. Жоғары аудиторлық палатаның ведомстволық бағынысты ұйымды тарта отырып, кейіннен бағалауы шеңберінде Жоғары аудиторлық палата айқындаған тәртіппен және мерзімдерде мемлекеттік органдардың даму жоспарларының және астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың даму жоспарларының мақсаттарына қол жеткізу және бюджеттік бағдарламалардың паспорттарында көзделген түпкілікті нәтижелерге қол жеткізу жөніндегі мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігі де бағаланады.";
3-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
"2-1) мемлекеттік органдардың даму жоспарларының және астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың даму жоспарларының мақсаттарына қол жеткізу және бюджеттік бағдарламалардың паспорттарында көзделген түпкілікті нәтижелерге қол жеткізу жөніндегі мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін;";
3) 35-бапта:
1-тармақтағы "басқару процестерін оңтайландыру" деген сөздер "процестерді автоматтандыру, сондай-ақ сыртқы мемлекеттік аудит органдары мен мемлекеттік аудит объектілері арасындағы цифрлық өзара іс-қимылды ендіру" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
"1-1. Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектілері құжаттарды, мәліметтерді, қарсылықтарды және Қазақстан Республикасының мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы заңнамасында көзделген өзге де ақпаратты ұсыну үшін бірыңғай дерекқорды пайдаланады.";
2-тармақтағы "өзге де ақпаратты" деген сөздер "өзге ақпаратты да" деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 37-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
"4. Сыртқы мемлекеттік аудит объектісінің басшысы мемлекеттік аудит объектісінің бірыңғай дерекқорда тіркелуін қамтамасыз етеді және оған қолжетімділігі бар, сондай-ақ бірыңғай дерекқорда орналастырылатын ақпараттың толықтығын, анықтығын және уақтылығын қамтамасыз ететін адамдарды айқындайды.
Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, сыртқы мемлекеттік аудит органдары өз құзыреті шеңберінде жіберген сұрау салулар, талаптар, аудиторлық есептер, нұсқамалар және өзге де құжаттар олардың бірыңғай дерекқор арқылы жеткізілгені расталған кезден бастап мемлекеттік аудит объектісіне жеткізілген болып есептеледі.".
24. "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" 2016 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-бапта:
мынадай мазмұндағы 15-1), 16-1) және 16-2) тармақшалармен толықтырылсын:
"15-1) бірінші санаттағы төлем ұйымы – жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің немесе акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің осы Заңға сәйкес төлем қызметтерін көрсету және "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабы 2-тармағының бірінші бөлігінің 1) тармақшасында (заңды тұлғалардың банктік шоттарын ашу және жүргізу) және 5) тармақшасында (аударым операциялары: заңды тұлғалардың төлемдер және ақша аударымдары бойынша нұсқауларын орындау) көзделген банк операцияларын жүзеге асыру жөніндегі лицензиясы (бұдан әрі – бірінші санаттағы төлем ұйымының қызметін жүзеге асыруға арналған лицензия) негізінде жүзеге асыратын заңды тұлға;";
"16-1) екінші санаттағы төлем ұйымдарының тізілімі (бұдан әрі – төлем ұйымдарының тізілімі) – есептік тіркеуден өткен екінші санаттағы төлем ұйымдарының бірыңғай тізбесі;
16-2) екінші санаттағы төлем ұйымы – жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, осы Заңға сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі есептік тіркеу негізінде төлем қызметтерін көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;";
17) және 19) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"17) есептік тіркеу – екінші санаттағы төлем ұйымын тіркеу нөмірін бере отырып, төлем ұйымдарының тізіліміне енгізу;";
"19) жиынтық төлем тапсырмасы – бір ақша жөнелтушіден бір банкте немесе бірінші санаттағы төлем ұйымында қызмет көрсетілетін бірнеше бенефициардың пайдасына не бір банкте немесе бірінші санаттағы төлем ұйымында қызмет көрсетілетін бірнеше ақша жөнелтушіден бір бенефициардың пайдасына төлемді және (немесе) ақша аударымын жүзеге асыру үшін пайдаланылатын төлем тапсырмасы;";
60) тармақша алып тасталсын;
61) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"61) төлем ұйымы – қызметін осы Заңға және "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асыратын заңды тұлға. Төлем ұйымдары бірінші санаттағы төлем ұйымдары және екінші санаттағы төлем ұйымдары болып бөлінеді;";
мынадай мазмұндағы 61-1) тармақшамен толықтырылсын:
"61-1) төлем ұйымының ірі қатысушысы – төлем ұйымының дауыс беретін акцияларының, жарғылық капиталға қатысу үлестерінің он немесе одан көп пайызын тікелей және (немесе) жанама түрде иеленетін және (немесе) пайдаланатын және (немесе) оған билік ететін жеке тұлға немесе заңды тұлға;";
2) 13-бапта:
1-тармақ "уәкілетті органның" деген сөздерден кейін "немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
"3-1) бірінші санаттағы төлем ұйымы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бірінші санаттағы төлем ұйымының қызметін жүзеге асыруға арналған лицензиясы болған кезде осы Заңның 12-бабы 1-тармағының 1), 3), 4), 5), 7), 8) және 9) тармақшаларында аталған көрсетілетін төлем қызметтерін ұсынады.
Бұл ретте бірінші санаттағы төлем ұйымында ашылған заңды тұлғалардың банктік шоттары бойынша осы Заңның 12-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында аталған төлем қызметтері көрсетіледі.
Бірінші санаттағы төлем ұйымдары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен және талаптарға сәйкес базалық активі ақша (стейблкоин) болып саналатын цифрлық қаржы активтерін шығаруды және олармен жасалатын операцияларға қызмет көрсетуді жүзеге асыруға құқылы;";
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"4) екінші санаттағы төлем ұйымы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде есептік тіркеудің тіркеу нөмірі болған кезде осы Заңның 12-бабы 1-тармағының 3), 7), 8) және 9) тармақшаларында аталған көрсетілетін төлем қызметтерін;";
төртінші бөліктегі "Төлем ұйымы" деген сөздер "Екінші санаттағы төлем ұйымы" деген сөздермен ауыстырылсын;
бесінші бөліктегі "төлем ұйымының" деген сөздер "екінші санаттағы төлем ұйымының" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 14-баптың 3-тармағының 3) тармақшасындағы "төлем ұйымын" деген сөздер "екінші санаттағы төлем ұйымын" деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 15-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
"4. Бірінші санаттағы төлем ұйымы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі берген лицензиясыз не екінші санаттағы төлем ұйымы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде есептік тіркеуден өтпей көрсеткен төлем қызметтері маңызсыз болып саналады.";
5) 15-1-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Төлем ұйымының жарғылық капиталының ең төмен мөлшерін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі айқындайды.
Төлем ұйымының жарғылық капиталының ең төмен мөлшері заңды тұлға бірінші санаттағы төлем ұйымының қызметін жүзеге асыруға арналған лицензия алу немесе екінші санаттағы төлем ұйымы есептік тіркеуден өту үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне жүгінгенге дейін белгіленеді.";
6) мынадай мазмұндағы 15-2, 15-3, 15-4 және 15-5-баптармен толықтырылсын:
"15-2-бап. Бірінші санаттағы төлем ұйымдары үшін белгіленетін пруденциялық нормативтер және сақталуы міндетті өзге де нормалар мен лимиттер
1. Пруденциялық нормативтердің құрамына мыналар кіреді:
1) бірінші санаттағы төлем ұйымының жарғылық және меншікті капиталының ең төмен мөлшерлері;
2) меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффиценттері;
3) левередж коэффициенті;
4) өтімділік коэффициенттері.
2. Бірінші санаттағы төлем ұйымдарына арналған пруденциялық нормативтерді және сақталуы міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді, олардың шекті мәндерін және есептеу әдістемелерін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекітеді.
15-3-бап. Бірінші санаттағы төлем ұйымының қызметін лицензиялау
1. Заңды тұлға Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі берген бірінші санаттағы төлем ұйымының қызметін жүзеге асыруға арналған лицензиясы болған кезде бірінші санаттағы төлем ұйымы ретінде төлем қызметтерін көрсетуге құқылы.
2. Бірінші санаттағы төлем ұйымының қызметін жүзеге асыруға арналған лицензияны алу (қайта ресімдеу) үшін заңды тұлға "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған құжаттардан басқа Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен құжаттарды ұсынады.
3. Бірінші санаттағы төлем ұйымының қызметін жүзеге асыруға арналған лицензияны бергені үшін алым алынады, оның мөлшері мен төлеу тәртібі Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалады.
4. Бірінші санаттағы төлем ұйымының қызметін жүзеге асыруға арналған лицензияны қайта ресімдеу "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда жүзеге асырылады.
Бірінші санаттағы төлем ұйымының қызметін жүзеге асыруға арналған лицензияны қайта ресімдеу туралы өтініш лицензияны қайта ресімдеуге негіз болған өзгерістер пайда болған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде беріледі.
5. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі осы Заңда көзделген құжаттар мен мәліметтерді заңды тұлға ұсынған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде бірінші санаттағы төлем ұйымының қызметін жүзеге асыруға арналған лицензияны береді не лицензия беруден уәжді бас тартуды береді.
6. Бірінші санаттағы төлем ұйымының қызметін жүзеге асыруға арналған лицензияның көшірмесі бірінші санаттағы төлем ұйымының интернет-ресурсында орналастырылуға тиіс.
15-4-бап. Бірінші санаттағы төлем ұйымының қызметін жүзеге асыруға арналған лицензияны беруден бас тарту негіздері
1. Бірінші санаттағы төлем ұйымының қызметін жүзеге асыруға арналған лицензияны беруден бас тарту мынадай негіздер бойынша жүргізіледі:
1) ұсынылған құжаттардың "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі, сондай-ақ осы құжаттарда көрсетілуге тиіс мәліметтерді толық және (немесе) анық ұсынбау;
2) осы Заңның 15-1, 15-2, 19 және 19-1-баптарында белгіленген талаптарды сақтамау және (немесе) оларға сәйкес келмеу;
3) бірінші санаттағы төлем ұйымының "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясында мемлекеттік тіркелген (қайта тіркелген) күнінен бастап бір жыл ішінде бірінші санаттағы төлем ұйымының қызметін жүзеге асыруға арналған лицензияны алу туралы өтінішпен жүгінбеуі;
4) өтініш берушінің бірінші санаттағы төлем ұйымының қызметін жүзеге асыруға арналған лицензияны алу үшін осы Заңның 15-5-бабы 2-тармағының 1), 2), 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша бұрын лицензиясынан айырылған бірінші санаттағы төлем ұйымының құжаттарын не осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6), 9) және 11) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша бұрын төлем ұйымдарының тізілімінен шығарылған екінші санаттағы төлем ұйымының құжаттарын ұсынуы.
2. Осы баптың 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша бірінші санаттағы төлем ұйымының қызметін жүзеге асыруға арналған лицензияны беруден бас тартуды алған жағдайда заңды тұлға сәйкессіздіктерді жойғаннан кейін, уәжді бас тартуды алған күннен кейін жиырма жұмыс күні ішінде лицензия алуға өтініш пен құжаттарды қайта ұсынуға құқылы.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген құқықтан бас тартқан, сондай-ақ осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген негіздер бойынша бас тартуды алған кезде заңды тұлға бас тартуды алған күннен кейін отыз жұмыс күні ішінде қайта тіркеу және атауында "төлем ұйымы" деген сөздер болған кезде атауын өзгерту рәсімін жүргізуге не қайта ұйымдастыру немесе тарату туралы шешім қабылдауға міндетті.
Заңды тұлға осы тармақтың бірінші және үшінші бөліктерінде көрсетілген әрекеттерді жүзеге асырмаған жағдайларда ол Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен мәжбүрлеп қайта ұйымдастырылуға не таратылуға жатады.
15-5-бап. Бірінші санаттағы төлем ұйымының қызметін жүзеге асыруға арналған лицензияның қолданысын тоқтата тұру, тоқтату не одан айыру үшін негіздер
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бірінші санаттағы төлем ұйымына бұрын қолданылған қадағалап ден қою шараларына қарамастан:
1) пруденциялық нормативтердің және (немесе) сақталуы міндетті өзге де нормалар мен лимиттердің бұзылуы;
2) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қадағалап ден қою шараларының орындалмауы;
3) бірінші санаттағы төлем ұйымының Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі тарапынан тексерудің жүргізілуіне кедергі келтіруі;
4) бірінші санаттағы төлем ұйымының қызметін жүзеге асыруға арналған лицензияны алу үшін ұсынылған құжаттарда анық емес мәліметтер мен ақпараттың анықталуы;
5) Қазақстан Республикасының төлемдер және төлем жүйелері туралы және (немесе) бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік және (немесе) валюталық реттеу және валюталық бақылау және (немесе) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы талаптарының жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан көп рет) бұзылуы;
6) тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесінің Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің талаптарына сәйкес келмеуі негіздері бойынша бірінші санаттағы төлем ұйымының қызметін жүзеге асыруға арналған лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы шешім қабылдауға құқылы.
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бірінші санаттағы төлем ұйымына бұрын қолданылған қадағалап ден қою шараларына қарамастан:
1) лицензияның қолданысын тоқтата тұру үшін негіз болған мән-жайлардың жойылмауы;
2) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қадағалап ден қою шараларының жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде екі және одан көп рет) орындалмауы;
3) төлем қызметтерінің қатарынан күнтізбелік алты ай бойы көрсетілмеуі;
4) осы Заңның 15-4-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген мән-жайлардың анықталуы;
5) осы Заңда көзделмеген қызмет түрлерін жүзеге асыруы;
6) бірінші санаттағы төлем ұйымын тарату туралы сот шешімінің заңды күшіне енуі;
7) бірінші санаттағы төлем ұйымының өз қызметін ерікті түрде тоқтату туралы шешім қабылдауы негіздері бойынша бірінші санаттағы төлем ұйымының қызметін жүзеге асыруға арналған лицензиядан айыру туралы шешім қабылдауға құқылы.
3. Бірінші санаттағы төлем ұйымының қызметін жүзеге асыруға арналған лицензияның қолданысын тоқтату "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген негіздер бойынша жүзеге асырылады.
"Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы 1-тармағының 5) тармақшасында көзделген жағдайда бірінші санаттағы төлем ұйымының қызметін жүзеге асыруға арналған лицензияның қолданысын тоқтатуға өтінішке бірінші санаттағы төлем ұйымының қызметін жүзеге асыру кезінде туындаған міндеттемелердің орындалуын растайтын құжаттар мен мәліметтер қоса беріледі.
4. Бірінші санаттағы төлем ұйымының қызметін жүзеге асыруға арналған лицензияның қолданысын тоқтата тұру немесе одан айыру туралы шешім қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.
Бірінші санаттағы төлем ұйымының қызметін жүзеге асыруға арналған лицензияның қолданысы осындай шешім бірінші санаттағы төлем ұйымының назарына жеткізілген күннен бастап тоқтатыла тұрды деп есептеледі.
Бірінші санаттағы төлем ұйымының қызметін жүзеге асыруға арналған лицензияның қолданысын тоқтата тұру немесе одан айыру туралы қабылданған шешім туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде жарияланады.
5. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бірінші санаттағы төлем ұйымының қызметін жүзеге асыруға арналған лицензияның қолданысын тоқтата тұру немесе одан айыру туралы шешіміне Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бірінші санаттағы төлем ұйымының қызметін жүзеге асыруға арналған лицензияның қолданысын тоқтата тұру немесе одан айыру туралы шешіміне шағым жасау осы шешімнің орындалуын тоқтата тұрмайды.
6. Лицензиясының қолданысы тоқтатыла тұрған бірінші санаттағы төлем ұйымы бұрын басталған төлем қызметтерін көрсету мен жасалған шарттар бойынша өзіне қабылдаған міндеттемелерді орындауға міндетті.
7. Лицензиясынан айырылған не лицензиясының қолданысы тоқтатыла тұрған бірінші санаттағы төлем ұйымы төлем қызметтерін көрсетуге құқылы емес.
8. Бірінші санаттағы төлем ұйымы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бірінші санаттағы төлем ұйымының қызметін жүзеге асыруға арналған лицензиядан айыру туралы шешім қабылдаған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде мемлекеттік қайта тіркеу және атауында "төлем ұйымы" деген сөздер болған кезде атауын өзгерту рәсімін жүргізуге не қайта ұйымдастыру немесе тарату туралы шешім қабылдауға міндетті.";
7) 16-бапта:
тақырып және 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"16-бап. Екінші санаттағы төлем ұйымын есептік тіркеу
1. Заңды тұлға Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде есептік тіркеудің тіркеу нөмірі болған кезде екінші санаттағы төлем ұйымы ретінде төлем қызметтерін көрсетуге құқылы.
Екінші санаттағы төлем ұйымдарын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде есептік тіркеу олардың қызметін реттеу мен бақылау мақсатында жүзеге асырылады және төлем ұйымының төлем қызметтерін көрсетуі кезінде міндетті шарт болып саналады.";
2-тармақтың бірінші абзацы және 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Заңды тұлға есептік тіркеуден өту үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне мыналарды ұсынады:
1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі айқындайтын нысан бойынша, оның ішінде атқарушы органның басшысы (мүшелері) туралы мәліметтерді (шетелдік білім беру ұйымдары берсе, дипломның (дипломдардың) және Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жұмыскердің еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмелерін қоса бере отырып) қамтитын өтініш;";
3, 4, 6, 7 және 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі заңды тұлғаның есептік тіркеуден өтуге арналған өтінішін осы баптың 2-тармағында көрсетілген құжаттардың толық тізбесін ұсынған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарайды.
4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі заңды тұлға есептік тіркеуден өткен кезде екінші санаттағы төлем ұйымының тіркеу нөмірін береді, төлем ұйымдарының тізілімінде жазба жасайды, екінші санаттағы төлем ұйымына осы баптың 3-тармағында белгіленген мерзімде есептік тіркеуден өткені туралы тіркеу нөмірін көрсете отырып, "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен хабарлама жібереді.
Есептік тіркеуден бас тартылған кезде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі заңды тұлғаға осы баптың 3-тармағында белгіленген мерзімде бас тарту себебін көрсете отырып, "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен есептік тіркеуден бас тарту туралы хабарлама жібереді.";
"6. Екінші санаттағы төлем ұйымы екінші санаттағы төлем ұйымы туралы ақпаратты ұсыну кезінде өзінің тіркеу нөмірін көрсетуге міндетті.
7. Екінші санаттағы төлем ұйымы есептік тіркеу жүргізуге негіз болған құжаттарға енгізілетін барлық өзгерістер мен толықтырулар туралы осы өзгерістер енгізілгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне хабарлайды.
8. Қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті орган жасайтын, Ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобының (ФАТФ) ұсынымдарын орындамайтын және (немесе) жеткілікті түрде орындамайтын мемлекеттердің (аумақтардың) тізбесіне енгізілген шет мемлекетте (аумақта) тіркелген заңды тұлға құрмайтын шетелдік құрылымдар екінші санаттағы төлем ұйымдарының жарғылық капиталына қатысу үлестерін тікелей немесе жанама түрде иелене және (немесе) пайдалана алмайды және (немесе) оларға билік ете алмайды.
Екінші санаттағы төлем ұйымының жарғылық капиталына қатысу үлестерін жанама түрде иелену не жарғылық капиталына қатысу үлестерін иелену (дауыс беру) екінші санаттағы төлем ұйымына қатысушы заңды тұлғаның шешімдерін басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу үлестерін (акцияларын) иелену (дауыс беру) арқылы айқындауға мүмкіндік береді.";
8) 17-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"17-бап. Екінші санаттағы төлем ұйымын есептік тіркеуден бас тарту негіздері
1. Екінші санаттағы төлем ұйымын есептік тіркеуден:
1) осы Заңның 16-бабының 2-тармағында көрсетілген құжаттарда көрсетілуге тиіс мәліметтер толық және (немесе) анық ұсынылмаған;
2) құжаттардың толық тізбесі ұсынылмаған немесе құжаттар осы Заңның және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінің талаптарына сәйкес келмеген;
3) екінші санаттағы төлем ұйымы атқарушы органының басшысы осы Заңның 19-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келмеген;
4) екінші санаттағы төлем ұйымы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясында мемлекеттік тіркелген (қайта тіркелген) күннен бастап бір жыл ішінде есептік тіркеуден өту туралы өтінішпен жүгінбеген;
5) екінші санаттағы төлем ұйымының құрылтайшысы (ірі қатысушысы) осы Заңның 19-1-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келмеген;
6) осы Заңның 15-5-бабы 2-тармағының 1), 2), 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша бұрын лицензиясынан айырылған немесе осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6), 9) және 11) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша төлем ұйымдарының тізілімінен шығарылған төлем ұйымының есептік тіркеу үшін құжаттары ұсынылған жағдайларда бас тартылады.
2. Есептік тіркеуден бас тартылған жағдайда, заңды тұлға екінші санаттағы төлем ұйымын есептік тіркеуден бас тартуға алып келген себептер жойылған кезде есептік тіркеуге қайта өтініш беруге немесе өзінің атауын өзгерту не қайта ұйымдастыру немесе тарату туралы шешім қабылдауға құқылы.
Екінші санаттағы төлем ұйымын есептік тіркеуден бас тартуға алып келген себептердің жойылмауы көрсетілген өтінішті қайта қараудан бас тартуға негіз болады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қайта берілген өтінішті он жұмыс күні ішінде қарайды.";
9) 18-бапта:
бірінші абзацтағы "Төлем ұйымы" деген сөздер "Екінші санаттағы төлем ұйымы" деген сөздермен ауыстырылсын;
1) тармақша ", уақтылы ұсынбаған не Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне мәліметтерді толық және (немесе) анық ұсынбаған" деген сөздермен толықтырылсын;
2) тармақшадағы "әсер ететін көрсетілетін төлем қызметтері туралы анық емес мәліметтерді не осы" деген сөздер "әсер ететін, осы" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
"3-1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің жазбаша нұсқамаларын жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш жəне одан көп рет) орындамаған;";
"Төлем ұйымына" деген сөздер "Екінші санаттағы төлем ұйымына" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Екінші санаттағы төлем ұйымы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің төлем ұйымдарының тізілімінен шығару туралы жазбаша хабарламасын алғаннан кейін көрсетілген хабарламаны алған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмейтін мерзімде өз міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз етуге міндетті.";
10) 19-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) бұрын төлем ұйымының атқарушы органының басшысы, құрылтайшысы немесе құрылтайшы заңды тұлғасының бірінші басшысы, осы Заңның 15-5-бабы 2-тармағының 1), 2), 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша лицензиясынан айырылғанға немесе осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6), 9) және 11) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша төлем ұйымдарының тізілімінен шығарылғанға дейін бес жылдан аспайтын кезеңде төлем ұйымының ірі қатысушысы не ірі қатысушы заңды тұлғасының бірінші басшысы болған не заңды күшіне енген сот актісінің негізінде таратылған немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен банкрот деп танылған төлем ұйымының ірі қатысушысы не ірі қатысушы заңды тұлғасының бірінші басшысы болған;";
11) 19-1-баптың 1-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) төлем ұйымының құрылтайшысы немесе құрылтайшы заңды тұлғасының бірінші басшысы, осы Заңның 15-5-бабы 2-тармағының 1), 2), 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша лицензиясынан айырылғанға немесе осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6), 9) және 11) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша төлем ұйымдарының тізілімінен шығарылғанға дейін бес жылдан аспайтын кезеңде төлем ұйымының ірі қатысушысы не ірі қатысушы заңды тұлғасының бірінші басшысы және (немесе) басқару органының басшысы, атқарушы органының басшысы болған не заңды күшіне енген сот актісінің негізінде таратылған немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен банкрот деп танылған төлем ұйымының ірі қатысушысы не ірі қатысушы заңды тұлғасының бірінші басшысы және (немесе) басқару органының басшысы, атқарушы органының басшысы болған;";
12) мынадай мазмұндағы 19-2, 19-3, 19-4 және 19-5-баптармен толықтырылсын:
"19-2-бап. Тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесі
1. Бірінші санаттағы төлем ұйымы тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастырады, онда:
1) басқару органының (бар болса), атқарушы органның, бөлімшелердің тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жөніндегі өкілеттіктері мен функционалдық міндеттері, олардың жауапкершілігі;
2) тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жөніндегі ішкі саясат пен рәсімдер;
3) төлем ұйымының органдарына тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жөніндегі есептілікті ұсынудың ішкі рәсімдері;
4) тәуекелдерді басқару жүйесінің тиімділігін бағалаудың ішкі өлшемшарттары қамтылуға тиіс.
Бірінші санаттағы төлем ұйымдары үшін тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру тәртібін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі айқындайды.
Бірінші санаттағы төлем ұйымының басқару органы бірінші санаттағы төлем ұйымында корпоративтік басқару жүйесін ендіру мен оның жұмыс істеу тиімділігін бақылайды және қамтамасыз етеді.
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесінің осы бапта белгіленген талаптарға сәйкестігін бағалауды жүзеге асырады.
3. Бірінші санаттағы төлем ұйымдары өздерінің қаржы-шаруашылық қызметін бақылауды жүзеге асыру үшін ішкі бақылау қызметін құра алады.
4. Ішкі бақылау қызметінің жұмыс тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасында, сондай-ақ бірінші санаттағы төлем ұйымдарының ішкі қызметін реттейтін қағидаларда, ережелерде және өзге құжаттарда айқындалады.
19-3-бап. Бірінші санаттағы төлем ұйымының қаржылық орнықтылығын қалпына келтіру жоспары
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бірінші санаттағы төлем ұйымына қаржылық орнықтылықты қалпына келтіру режимін қолданған жағдайда төлем ұйымының қаржылық орнықтылықты қалпына келтіру жоспары болуы міндетті.
Бірінші санаттағы төлем ұйымының қаржылық орнықтылығын қалпына келтіру жоспарында:
бірінші санаттағы төлем ұйымы, ірі қатысушылар қабылдайтын бірінші санаттағы төлем ұйымының қаржылық орнықтылығын қалпына келтіру жөніндегі шаралар, көрсетілген шараларды қаржыландыру көздері, оның ішінде қосымша капиталдандыру түріндегі қаржыландыру көздері және оларды іске асыру мерзімдері;
қаржылық орнықтылықты қалпына келтіру жөніндегі шараларды іске асыруға жауапты басшы қызметкерлерді бекіту көзделеді.
Қаржылық орнықтылықты қалпына келтіру жоспарын бірінші санаттағы төлем ұйымының басқару органы бекітеді және ол ірі қатысушылармен келісіледі.
Қаржылық орнықтылықты қалпына келтіру жоспары жаңартылып отыруға тиіс және бірінші санаттағы төлем ұйымы оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиімділігін бағалау үшін, сондай-ақ кез келген мынадай:
ірі қатысушылардың құрамы өзгерген;
бірінші санаттағы төлем ұйымының қаржылық орнықтылығына едәуір әсер етуі мүмкін және (немесе) басқа себептер бойынша қаржылық орнықтылықты қалпына келтіру жоспарына өзгерістер енгізу қажеттілігіне алып келетін, жүзеге асырылатын қызмет түрлері және (немесе) ауқымы өзгерген жағдайларда жылына кемінде бір рет жібереді.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бірінші санаттағы төлем ұйымының қаржылық орнықтылығын қалпына келтіру жоспарының тиімділігіне бағалау жүргізеді.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ескертулері және (немесе) ұсыныстары болған кезде бірінші санаттағы төлем ұйымы қаржылық орнықтылықты қалпына келтіру жоспарын пысықтауға міндетті.
Қаржылық орнықтылықты қалпына келтіру жоспарында бірінші санаттағы төлем ұйымының қаржылық орнықтылығын қалпына келтіру үшін мемлекеттік қаражатты пайдалану көзделмеуге тиіс және он екі айдан асатын іске асыру мерзімі көзделмейді.
Бірінші санаттағы төлем ұйымының қаржылық орнықтылығын қалпына келтіру жоспарының мазмұнына қойылатын талаптарды, оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ұсыну тәртібі мен мерзімдерін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі айқындайды.
19-4-бап. Бірінші санаттағы төлем ұйымы қызметінің қаржы саласындағы ақпараттық қауіпсіздігін, оның ішінде киберқауіпсіздігін және үздіксіздігін қамтамасыз ету
1. Бірінші санаттағы төлем ұйымы қызметінің қаржы саласындағы ақпараттық қауіпсіздігін, оның ішінде киберқауіпсіздігін және үздіксіздігін мынадай қағидаттар негізінде қамтамасыз етеді:
1) заңнаманы және міндетті стандарттарды сақтау қағидаты – бірінші санаттағы төлем ұйымының Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына және қаржы саласындағы ақпараттық қауіпсіздік және киберқауіпсіздік саласындағы міндетті стандарттарға сәйкестігі тұрғысынан киберқауіпсіздікке тұрақты тексерулер мен аудит жүргізуі;
2) басшылықтың тартылуы қағидаты – қызметтің қаржы саласындағы ақпараттық қауіпсіздігін, оның ішінде киберқауіпсіздігін және үздіксіздігін қамтамасыз етуге бірінші санаттағы төлем ұйымының атқарушы органы басшысының немесе мүшесінің қатысуы, олардың тарапынан бақылау және жауапкершілігі;
3) кешенділік қағидаты – бірінші санаттағы төлем ұйымының қаржы саласындағы ақпараттық қауіпсіздікті, оның ішінде киберқауіпсіздікті сыртқы және ішкі қатерлерді ескере отырып, ұйымдастырушылық, техникалық және кадрлық деңгейлерде іске асыруы;
4) шектеулі қолжетімділік қағидаты – бірінші санаттағы төлем ұйымының қаржы саласындағы ақпараттық қауіпсіздікке, оның ішінде киберқауіпсіздікке әрбір қатысушыға өзінің функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті және жеткілікті ақпарат пен ресурстарға ғана қолжетімділік беруі;
5) деректерді сақтауды барынша азайту қағидаты – бірінші санаттағы төлем ұйымының бірінші санаттағы төлем ұйымы жүзеге асыратын міндеттерді орындау үшін қажетті және жеткілікті ақпарат пен деректерді ғана сақтауы;
6) мониторингтеу қағидаты – бірінші санаттағы төлем ұйымының цифрлық инфрақұрылымындағы пайдаланушылардың әрекеттері мен оқиғаларды бірінші санаттағы төлем ұйымының тіркеп-белгілеуі және уақтылы талдауы;
7) хабардар болу қағидаты – бірінші санаттағы төлем ұйымының бірінші санаттағы төлем ұйымы қызметкерлерінің қаржы саласындағы ақпараттық қауіпсіздік және киберқауіпсіздік саласындағы кәсіби білімі мен дағдылар деңгейін жүйелі түрде арттыруы және тұрақты түрде тексеруі;
8) қорғауды жаңарту және тестілеу қағидаты – бірінші санаттағы төлем ұйымының бағдарламалық қамтылым мен операциялық жүйелерді уақтылы жаңартып отыруы, сондай-ақ бірінші санаттағы төлем ұйымының цифрлық инфрақұрылымында осалдықтардың бар-жоғына тұрақты түрде тексерулер мен ену тестерін бірінші санаттағы төлем ұйымының өткізуі;
9) үздіксіздік және қалпына келтіру қағидаты – бірінші санаттағы төлем ұйымының деректерді резервтеуі, бірінші санаттағы төлем ұйымының цифрлық инфрақұрылымын қалпына келтіруді жоспарлауы және тестілеуі.
2. Бірінші санаттағы төлем ұйымы қаржы саласындағы ақпараттық қауіпсіздікті, оның ішінде киберқауіпсіздікті басқару жүйесінің бар-жоғын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген талаптарға сәйкес қаржы саласындағы ақпараттық қауіпсіздікті, оның ішінде киберқауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді.
3. Бірінші санаттағы төлем ұйымы киберқауіпсіздікті басқару жүйесінің бар-жоғы туралы, сондай-ақ киберқауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын талаптардың сақталуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі цифрландыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша айқындаған тәртіппен және мерзімдерде Киберқауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығына ұсынады.
4. Бірінші санаттағы төлем ұйымы қаржы саласындағы ақпараттық қауіпсіздік, оның ішінде киберқауіпсіздік оқиғаларын мониторингтеуді, қаржы саласындағы ақпараттық қауіпсіздіктің, оның ішінде киберқауіпсіздіктің оқыс оқиғаларына нақты уақыт режимінде ден қоюды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі айқындаған тәртіппен қаржы саласындағы ақпараттық қауіпсіздіктің, оның ішінде киберқауіпсіздіктің оқыс оқиғаларын тергеп-тексеруді жүргізуді қамтамасыз етеді.
5. Бірінші санаттағы төлем ұйымы цифрлық инфрақұрылымдағы осалдықтар туралы, оның ішінде үшінші тараптардан алынған ақпаратты, сондай-ақ цифрлық жүйелердегі бұзушылықтар мен іркілістер туралы мәліметтерді қоса алғанда, қаржы саласындағы ақпараттық қауіпсіздіктің, оның ішінде киберқауіпсіздіктің оқиғалары мен оқыс оқиғалары туралы ақпаратты Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі айқындаған тәртіппен және мерзімдерде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ұсынады.
6. Бірінші санаттағы төлем ұйымы цифрлық инфрақұрылым объектілерінің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін деректерді өңдеудің резервтік орталығының және резервтік байланыс арналарының жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
7. Бірінші санаттағы төлем ұйымы клиенттерді бірінші санаттағы төлем ұйымының ішкі құжаттарында және (немесе) клиенттермен жасалған шарттарда белгіленген тәртіппен және мерзімдерде төлем операциялары мен өзге де операциялардың клиенттер үшін қолжетімділігіне әсер ететін, цифрлық инфрақұрылымда жүргізілетін жоспарланып отырған жұмыстар туралы хабардар етеді.
8. Бірінші санаттағы төлем ұйымы клиенттерге банк операциялары мен өзге де операцияларды үздіксіз ұсынудың кепілді деңгейін қамтамасыз етеді, ол бірінші санаттағы төлем ұйымының ішкі құжаттарында белгіленеді. Бірінші санаттағы төлем ұйымының көрсетілген ішкі құжаттары бірінші санаттағы төлем ұйымының интернет-ресурсында орналастырылуға тиіс.
9. Бірінші санаттағы төлем ұйымының цифрлық инфрақұрылымының үздіксіз жұмыс істеуіне қойылатын талаптарды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі айқындайды.
19-5-бап. Құжаттарды сақтау
Бірінші санаттағы төлем ұйымы есептілік жасау кезінде бухгалтерлік есепке алуда пайдаланылатын құжаттардың есепке алынуын және сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.
Сақтауға жататын негізгі құжаттардың тізбесі мен оларды сақтау мерзімдерін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі айқындайды.";
13) 20-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"20-бап. Төлем ұйымын қайта ұйымдастыру (біріктіру, қосу, бөлу, бөліп шығару, қайта құру)
1. Төлем ұйымдарын ерікті түрде қайта ұйымдастыру (қосу, біріктіру, бөлу, бөліп шығару, қайта құру) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің келісімімен төлем ұйымдары акционерлерінің (қатысушыларының) шешімі бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.
2. Бірінші санаттағы төлем ұйымдарын қайта ұйымдастыру Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
3. Екінші санаттағы төлем ұйымын ерікті түрде қайта ұйымдастыру туралы шешім қабылданған кезде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне келісуге мыналар ұсынылады:
1) төлем ұйымын ерікті түрде қайта ұйымдастыру туралы шешім;
2) төлем ұйымын ерікті түрде қайта ұйымдастырудың болжамды шарттарын, нысандарын, тәртібін және мерзімдерін сипаттайтын құжаттар;
3) қайта ұйымдастырылатын төлем ұйымдарының атқарушы органдарының басшылары қол қойған біріктіру (қосу) туралы шарт;
4) Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасына сәйкес аудиторлық есеп;
5) төлем ұйымын ерікті түрде қайта ұйымдастыру нәтижесінде құрылған қызметті жүзеге асыру қағидалары.
4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі осы баптың 2-тармағында көрсетілген, ұсынылған құжаттарды қарайды және олар ұсынылған күннен бастап он жұмыс күні ішінде қабылданған шешім туралы жазбаша түрдегі хабарлама жібереді.
5. Қайта ұйымдастырылатын екінші санаттағы төлем ұйымдары ерікті түрде қайта ұйымдастыруды жүргізуге Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің келісімін алған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде өзінің интернет-ресурсында тиісті хабарландыруды жариялау арқылы өздерінің барлық клиентіне және көрсетілетін төлем қызметтерін берушілерге жүргізілетін қайта ұйымдастыру туралы хабарлауға міндетті.
6. Ерікті түрде қайта ұйымдастыру нәтижесінде құрылған екінші санаттағы төлем ұйымын есептік тіркеу осы Заңның және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінің талаптарына сәйкес жүргізіледі.
7. Қайта ұйымдастырылған төлем ұйымдарының тізілімінен шығару ерікті түрде қайта ұйымдастырылған екінші санаттағы төлем ұйымы төлем ұйымдарының тізіліміне енгізілген күні бір мезгілде жүзеге асырылады.
8. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі:
1) төлем ұйымының ерікті түрде қайта ұйымдастыру нәтижесінде құрылған атқарушы органының басшысы осы Заңның 19-бабының талаптарына сай келмейтін;
2) төлем ұйымдарын ерікті түрде қайта ұйымдастыру көрсетілетін төлем қызметтері нарығына бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруға кедергі келтіретін, сондай-ақ көрсетілетін төлем қызметтерін алушылардың мүдделеріне зиян келтіретін жағдайларда, екінші санаттағы төлем ұйымдарын ерікті түрде қайта ұйымдастыруға келісім беруден бас тартады.";
14) 23-бапта:
бірінші абзац "нарығын" деген сөзден кейін "реттеу," деген сөзбен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 5-1), 5-2), 5-3), 5-4), 5-5) және 5-6) тармақшалармен толықтырылсын:
"5-1) бірінші санаттағы төлем ұйымдарының қызметін жүзеге асыруға арналған лицензияны береді (беруден бас тартады), қайта ресімдейді, тоқтата тұрады, тоқтатады немесе одан айырады;
5-2) бірінші санаттағы төлем ұйымдарының қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекітеді, оларда:
лицензия алу үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ұсынылатын құжаттардың тізбесін қоса алғанда, бірінші санаттағы төлем ұйымдарын лицензиялау тәртібі;
ұйымдық-құқықтық нысанға, құрылтайшыларға (қатысушыларға) және бенефициарлық меншік иесіне, оның ішінде олардың жарғылық капиталға салымдарының шығу көздерін ашып көрсетуге, басшы қызметкерге қойылатын талаптарды, олардың мінсіз іскерлік беделіне, жарғылық капиталдың мөлшеріне және оны қалыптастыру тәртібіне, бірінші санаттағы төлем ұйымының қызметін реттейтін оның ішкі құжаттары мен регламенттеріне қойылатын талаптарды қоса алғанда, бірінші санаттағы төлем ұйымдарына қойылатын біліктілік талаптары;
бірінші санаттағы төлем ұйымдары клиенттерінің банктік шоттардағы ақшасын пайдалану тәртібі, жағдайлары мен шарттары;
бірінші санаттағы төлем ұйымының сақталуға тиіс негізгі құжаттарының тізбесі мен оларды сақтау мерзімдері;
бірінші санаттағы төлем ұйымының қаржылық орнықтылығын қалпына келтіру жоспарының мазмұнына қойылатын талаптар, оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ұсыну тәртібі мен мерзімдері;
бірінші санаттағы төлем ұйымының цифрлық инфрақұрылымының жұмыс істеуіне және қаржы саласындағы ақпараттық қауіпсіздігін, оның ішінде киберқауіпсіздігін қамтамасыз етуге қойылатын талаптар;
бірінші санаттағы төлем ұйымы есептілігінің ұсынылу нысандарын, тізбесін, кезеңділігі мен мерзімдерін қоса алғанда, оны ұсыну тәртібі де айқындалады;
5-3) бірінші санаттағы төлем ұйымдары үшін пруденциялық нормативтерді және сақталуы міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді, олардың шекті мәндерін және есептеу әдістемелерін бекітеді;
5-4) бірінші санаттағы төлем ұйымдары үшін тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларын бекітеді;
5-5) өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қадағалап ден қою шараларын бірінші санаттағы төлем ұйымдарына қолдану қағидаларын бекітеді;
5-6) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мақсатында бірінші санаттағы төлем ұйымдары үшін ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптарды бекітеді;";
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"6) екінші санаттағы төлем ұйымдарын есептік тіркеуді жүзеге асырады;";
15) 25-баптың 12-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Бенефициардың пайдасына ақша аударуды банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым ақша аударымдары жүйелерін пайдалану арқылы ұлттық немесе шетел валютасымен жүзеге асыра алады.
Банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым бенефициардың пайдасына ақша аударуды жүзеге асыруды ақша аударымдары жүйесінің форматтары мен қағидаларына сәйкес қамтамасыз етуге тиіс.
Бірінші санаттағы төлем ұйымдары заңды тұлғалардың банктік шоттары бойынша Қазақстан Республикасынан және Қазақстан Республикасына төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген экспорт және (немесе) импорт бойынша ғана жүзеге асырады.";
16) 27-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Банктік шот клиент пен банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым арасында банктік шот шарты, корреспонденттік шот шарты және (немесе) банктік салым шарты жасалған кезде ашылады.
Ағымдағы немесе корреспонденттік шотты немесе банктік салымды ашу кезінде жасалатын шарт осы Заңның 13-бабының 4-тармағында көзделген төлем қызметін көрсету кезінде жасалатын шарт болып саналады. Клиентпен жасалатын өзге шарттарда төлем қызметтерін көрсетудің талаптарын белгілеуге жол беріледі.
Клиенттің банктік шот ашу туралы электрондық нысанда жіберген өтінішінің негізінде банктік шот шарты жасалғанға дейін банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның клиентке жеке сәйкестендіру кодын беруіне жол беріледі. Бұл ретте банктік шот клиент пен банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым арасында банктік шот шарты жасалғаннан кейін ашылды деп есептеледі. Клиент банктік шот шартын жасамаған жағдайда, банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен жеке сәйкестендіру кодын жояды.
Банктік шот ашу арқылы қашықтан іскерлік қатынастар орнату кезінде клиенттерді биометриялық аутентификациялау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Сәйкестендіру деректерімен алмасу орталығы арқылы жүзеге асырылады.";
10-тармақтың үшінші бөлігінің 13) тармақшасындағы және 11-тармақтың екінші бөлігіндегі "Қазақстан Республикасының аумағында төлем карточкаларын пайдалана отырып жүзеге асырылған банкаралық төлемдер жəне (немесе) ақша аударымдары бойынша" деген сөздер "ұлттық цифрлық қаржы инфрақұрылымының жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін операторы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі не Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі айқындаған операциялық, технологиялық және өзге де функцияларды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің заңды тұлғасы болатын төлем жүйелерінде" деген сөздермен ауыстырылсын;
17) 32-баптың 6-тармағының төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Осы тармақтың екінші және үшінші бөліктерінде көзделген талаптар қарыз алушы жеке тұлғаның немесе жеке тұлға қызметін жеке кәсіпкерлік түрінде жүзеге асыратын дара кәсіпкер ретінде тіркелген болса, дара кәсіпкердің жинақ шотындағы ақшаға қолданылмайды.";
18) 42-бапта:
2-тармақтағы "және Ұлттық пошта операторы" деген сөздер ", Ұлттық пошта операторы және бірінші санаттағы төлем ұйымдары" деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақтың үшінші бөлігіндегі "банкаралық ақша аударымдары жүйесінің операциялық орталығынан қолжетімді дереккөздерден алынған мәліметтер негізінде қашықтан сәйкестендіру" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Сәйкестендіру деректерімен алмасу орталығының көмегімен қашықтан сәйкестендіру" деген сөздермен ауыстырылсын;
19) 46-баптың 7-тармағы бірінші бөлігінің 5) тармақшасы "бірыңғай оператордың банктік шотындағы ақшаны," деген сөздерден кейін "ұлттық цифрлық қаржы инфрақұрылымының жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін операторы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі не Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі айқындаған операциялық, технологиялық және өзге де функцияларды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің заңды тұлғасы болатын төлем жүйелерінде есеп айырысулардың аяқталуын қамтамасыз етуге арналған орталық депозитарийдегі және (немесе) клирингтік ұйымдағы банктердің ақшасын және (немесе) бағалы қағаздарын," деген сөздермен толықтырылсын.
25. "Коллекторлық қызмет туралы" 2017 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 10-баптың 2-тармағындағы "электрондық нысанда" деген сөздер "цифрлық нысанда" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 15-баптың 1-тармағының 3-1) тармақшасындағы "коллекторлық агенттіктердің жеке тұлғалардың берешегін реттеуі мәселелері жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісіне" деген сөздер "уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген, банктік қарыз шартының және микрокредит беру туралы шарттың талаптарына өзгерістер енгізу туралы қарыз алушы жеке тұлғаның өтінішін қарау тәртібіне" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 18-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Уәкілетті орган осы Заңның 9-бабы 1-тармағы бірінші бөлігінің 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9) және 10) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша және тәртіппен коллекторлық агенттікті коллекторлық агенттіктер тізілімінен шығаруды санкциялар ретінде қолдануға құқылы.";
4) 19-3-баптың 1-тармағының 2) тармақшасында:
бесінші бөліктегі "ақпараттандыру объектілері" деген сөздер "цифрлық объектілер" деген сөздермен ауыстырылсын;
жетінші бөліктегі "ақпараттандыру объектілері" деген сөздер "цифрлық объектілер" деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 19-8-баптың 1-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Ықпал ету шаралары деп орындалуы міндетті жазбаша нұсқама мен санкция түріндегі шектеулі ықпал ету шарасы түсініледі.".
26. "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" 2018 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 6-баптың 1-тармағының 4) тармақшасындағы "өздеріне қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау жəне қадағалау жөніндегі уəкілетті орган берген" деген сөздер "банк операцияларын жүзеге асыруға арналған" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 13-баптың 5-тармағындағы "ақпараттық жүйесі", "ақпараттық жүйелерді пайдалану" деген сөздер тиісінше "цифрлық жүйесі", "цифрлық жүйе" деген сөздермен ауыстырылсын.
27. "Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы" 2023 жылғы 6 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 4-бапта:
1-тармақтың екінші бөлігінде:
1) тармақшаның жетінші абзацындағы және 2) тармақшаның сегізінші абзацындағы "ақпараттық қауіпсіздікке" деген сөздер "киберқауіпсіздікке" деген сөзбен ауыстырылсын;
бірінші және екінші абзацтардағы "цифрлық қаржы" деген сөздер "базалық активі ақша (стейблкоин) болып саналатын цифрлық қаржы" деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"базалық активі ақша (стейблкоин) болып саналатын цифрлық қаржы активтерінің эмитенттеріне және базалық активі ақша (стейблкоин) болып саналатын цифрлық қаржы активтерін шығару туралы шешімге қойылатын талаптар;";
төртінші абзацтағы "цифрлық қаржы" деген сөздер "базалық активі ақша (стейблкоин) болып саналатын цифрлық қаржы" деген сөздермен ауыстырылсын;
бесінші абзацтағы "цифрлық қаржы" деген сөздер "базалық активі ақша (стейблкоин) болып саналатын цифрлық қаржы" деген сөздермен ауыстырылсын;
алтыншы абзац "рұқсат етілген" деген сөздерден кейін ", базалық активі ақша (стейблкоин) болып саналатын" деген сөздермен толықтырылсын;
8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"8) цифрлық қаржы активтері платформасының операторына, цифрлық активтердің сауда платформасының операторына, цифрлық қаржы активтерінің базалық активтерін сақтау жөніндегі ұйымға және цифрлық қаржы активтерінің эмитентіне осы Заңның 5-бабының 1) тармақшасында көзделген шектеулі ықпал ету шараларын қолдану қағидалары;";
13) тармақша "қаржы ұйымдарына" деген сөздерден кейін "және резиденттеріне" деген сөздермен толықтырылсын;
14) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
"5-1) цифрлық қаржы активтерінің базалық активтерін сақтау жөніндегі ұйымға және цифрлық қаржы активтерінің эмитентіне осы Заңның 5-бабының 2) және 3) тармақшаларында көзделген шектеулі ықпал ету шараларын қолдану қағидаларын бекітеді;";
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"7) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірлесіп, цифрлық қаржы активінің базалық активін сақтау жөніндегі ұйымдардың Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне есептілікті ұсыну нысандарын, кезеңділігі мен мерзімдерін қоса алғанда, есептілікті ұсыну қағидаларын бекітеді;";
8) тармақша "активтері" деген сөзден кейін "(осы Заңның 5-бабының 1) тармақшасында көзделген цифрлық қаржы активтерін қоспағанда)" деген сөздермен толықтырылсын;
2) 6-бапта:
5-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші, бесінші және алтыншы бөліктермен толықтырылсын:
"Сауда платформасының операторы айналыстың барлық кезеңінде клиенттердің меншікті қаражаты мен цифрлық активтерінің бөлек сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.
Клиенттердің (цифрлық қаржы активтері эмитенттерінің) және цифрлық активтердің сауда платформасы операторының және (немесе) цифрлық қаржы активтері платформасы операторының қаражаты (ақшасы және цифрлық активтері) бөлек банктік шоттарда және цифрлық активтер әмияндарында сақталады.
Қызметін цифрлық активтер сауда платформасының операторымен қоса атқаратын цифрлық қаржы активтері платформасының операторы меншікті қаражаты мен клиенттер қаражатының бөлек банктік шоттарда, цифрлық активтер әмияндарында кәсіптік қызметтің әрбір түрі бойынша бөлек сақталуын қамтамасыз етеді.";
10-тармақтың 6) тармақшасындағы "ақпараттық қауіпсіздікке" деген сөздер "киберқауіпсіздікке" деген сөзбен ауыстырылсын;
3) 7-бапта:
8-тармақтың 1) тармақшасындағы "төлем ұйымын" деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 9-тармақпен толықтырылсын:
"9. Осы баптың 3 және 4-тармақтарының ережелері осы Заңның 5-бабының 1) тармақшасында көзделген цифрлық қаржы активтерінің базалық активтерін сақтау жөніндегі ұйымдарға және цифрлық қаржы активтерінің эмитенттеріне қолданылады.";
4) 12-2-баптың 4-тармағының 4) тармақшасындағы "ақпараттық қауіпсіздікке" деген сөздер "киберқауіпсіздікке" деген сөзбен ауыстырылсын.
28. "Мемлекеттік сатып алу туралы" 2024 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
16-баптың 3-тармағының 8) тармақшасындағы "халықаралық" деген сөз "кредиттік" деген сөзбен ауыстырылсын.
29. "Нысаналы капитал қорлары және эндаумент-қорлар (нысаналы капиталдар) туралы" 2025 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
27-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
"2-1. Осы баптың 2-тармағы эндаумент-қордың (нысаналы капиталдың) активтерін басқару үшін не бірнеше эндаумент-қордың активтерін (нысаналы капиталдарын) бірлесіп басқару үшін арнайы құрылатын (құрылған) инвестициялық қордың пайларына осы эндаумент-қордың (нысаналы капиталдың) инвестицияларына қолданылмайды.".
30. "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 2026 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) бүкіл мәтін бойынша "электрондық үкіметтің", "электрондық үкімет", "ақпараттық жүйе", "ақпараттық жүйелердегі", "ақпараттық жүйелерінің", "ақпараттық жүйесін", "ақпараттық жүйесінде", "ақпараттық жүйесі", "ақпараттандыру объектілері", "ақпараттандыру объектілерін" деген сөздер тиісінше "цифрлық үкіметтің", "цифрлық үкімет", "цифрлық жүйе", "цифрлық жүйелердегі", "цифрлық жүйелерінің", "цифрлық жүйесін", "цифрлық жүйесінде", "цифрлық жүйесі", "цифрлық объектілер", "цифрлық объектілерін" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 1-баптың 1) тармақшасы алып тасталсын;
3) 19-баптың 23-тармағы 2) тармақшасындағы "жүзеге асыруға арналған лицензияны береді." деген сөздер "жүзеге асыруға;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
"3) бірінші санаттағы төлем ұйымына төлем қызметтерін көрсету және осы Заңның 22-бабының 2-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасында (заңды тұлғалардың банктік шоттарын ашу және жүргізу) және 5) тармақшасында (аударым операциялары: заңды тұлғалардың төлемдер және ақша аударымдары бойынша нұсқауларын орындау) көзделген банк операцияларын жүзеге асыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияны береді.";
4) 22-баптың 8-тармағының үшінші бөлігі мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
"3) бірінші санаттағы төлем ұйымы төлем қызметтерін көрсетеді және осы баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасында (заңды тұлғалардың банктік шоттарын ашу және жүргізу) және 5) тармақшасында (аударым операциялары: заңды тұлғалардың төлемдер және ақша аударымдары бойынша нұсқауларын орындау) банк операцияларын жүзеге асырады.";
5) 23-бапта:
2-тармақтың бірінші бөлігі:
мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
"7-1) кредиттік рейтингтік агенттіктер;";
13) тармақшадағы "ақпараттық-коммуникациялық технологиялар" деген сөздер "цифрлық технологиялар" деген сөздермен ауыстырылсын;
14) тармақшадағы "ақпараттық қауіпсіздік" деген сөздер "киберқауіпсіздік" деген сөзбен ауыстырылсын;
7-тармақтың бірінші бөлігінің 8) тармақшасындағы "Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасының" деген сөздер "Қазақстан Республикасының цифрлық заңнамасының" деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 52-баптың 6-тармағының төртінші бөлігіндегі "ақпараттық қауіпсіздік" деген сөздер "киберқауіпсіздік" деген сөзбен ауыстырылсын;
7) 53-баптың 5-тармағының үшінші бөлігіндегі "Қарыздар" деген сөз "Банктік қарыздар, микрокредиттер" деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 54-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
"2-1. Егер банктік қарыз шарты бойынша міндеттемені орындау жеке тұлғаның кепілімен және кепілдігімен (кепілгерлігімен) бір мезгілде қамтамасыз етілсе, онда қарыз алушы банктік қарыз шарты бойынша міндеттемелерді тиісінше орындаған жағдайда және кепілдік беруші (кепілгер) жеке тұлға кепілдікті (кепілгерлікті) тоқтату туралы талаппен жүгінген кезде бағалаушы айқындаған кепіл нысанасының (нысаналарының) нарықтық құны банктің кепіл саясатының талаптары ескеріле отырып, қарыз алушы міндеттемелерінің орындалмаған бөлігінің сомасынан асып кеткен жағдайда, банк кепілдік беруші (кепілгер) жеке тұлға жүгінген күннен бастап он жұмыс күні ішінде кепілдік (кепілгерлік) шартын бұзу жөніндегі мәселені қарауға міндетті.";
9) 55-бапта:
бүкіл мәтін бойынша "ақпараттық-коммуникациялық" деген сөз "цифрлық" деген сөзбен ауыстырылсын;
тақырыптағы "ақпараттық қауіпсіздігі мен" деген сөздер "қаржы саласындағы ақпараттық қауіпсіздігін, оның ішінде киберқауіпсіздігін және" деген сөздермен ауыстырылсын;
бірінші абзацтағы "ақпараттық қауіпсіздігі мен" деген сөздер "қаржы саласындағы ақпараттық қауіпсіздігін, оның ішінде киберқауіпсіздігін және" деген сөздермен ауыстырылсын;
"ақпараттық қауіпсіздік" деген сөздер "қаржы саласындағы ақпараттық қауіпсіздік және киберқауіпсіздік" деген сөздермен ауыстырылсын;
"ақпараттық қауіпсіздікке" деген сөздер "киберқауіпсіздікке" деген сөзбен ауыстырылсын;
2), 3) және 4) тармақшалардағы "ақпараттық қауіпсіздігі мен", "ақпараттық қауіпсіздікті", "ақпараттық қауіпсіздікке" деген сөздер тиісінше "қаржы саласындағы ақпараттық қауіпсіздігін, оның ішінде киберқауіпсіздігін және", "қаржы саласындағы ақпараттық қауіпсіздікті, оның ішінде киберқауіпсіздікті", "қаржы саласындағы ақпараттық қауіпсіздікке, оның ішінде киберқауіпсіздікке" деген сөздермен ауыстырылсын;
7) тармақшадағы "ақпараттық қауіпсіздік" деген сөздер "қаржы саласындағы ақпараттық қауіпсіздік және киберқауіпсіздік" деген сөздермен ауыстырылсын;
"ақпараттық қауіпсіздікті" деген сөздер "қаржы саласындағы ақпараттық қауіпсіздікті, оның ішінде киберқауіпсіздікті" деген сөздермен ауыстырылсын;
"болуын қамтамасыз етеді, сондай-ақ уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген талаптарға сәйкес ақпараттық қауіпсіздікті сақтайды" деген сөздер "болуын, сондай-ақ уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген қаржы саласындағы ақпараттық қауіпсіздікті, оның ішінде киберқауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтағы "ақпараттық қауіпсіздікті", "ақпараттық қауіпсіздік саласындағы", "Ақпараттық қауіпсіздікті" деген сөздер тиісінше "киберқауіпсіздікті", "цифрландыру саласындағы", "Киберқауіпсіздікті" деген сөздермен ауыстырылсын;
4 және 5-тармақтардағы "ақпараттық қауіпсіздік", "ақпараттық қауіпсіздіктің" деген сөздер тиісінше "қаржы саласындағы ақпараттық қауіпсіздік, оның ішінде киберқауіпсіздік", "қаржы саласындағы ақпараттық қауіпсіздіктің, оның ішінде киберқауіпсіздіктің" деген сөздермен ауыстырылсын;
10) 61-бапта:
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"Қарыз алушы жеке тұлғаның банктік қарыз шартының және микрокредит беру туралы шарттың талаптарына өзгерістер енгізу туралы жолданымын қарау тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады және:
1) қарыз алушы жеке тұлғаның банктік қарыз шартының және микрокредит беру туралы шарттың талаптарына өзгерістер енгізу туралы, сондай-ақ олар бойынша құқықтар (талаптар) коллекторлық агенттіктерге берілген банктік қарыз шарты және микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемені орындау талаптарын өзгерту туралы жолданымын қарау тәртібін;
2) қарыз алушы жеке тұлғаның банктік қарыз шартының және микрокредит беру туралы шарттың талаптарына өзгерістер енгізу туралы өтінішіне қоса берілетін құжаттардың тізбесін;
3) банктің және микроқаржы ұйымының жеке тұлғалардың банктік қарыздарын және микрокредиттерін қайта құрылымдау бойынша кредиттік шешімдер қабылдау жөніндегі ішкі тәртібіне қойылатын талаптарды;
4) мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшіге банктік қарыз, микрокредит бойынша сыйақы есептемей, мерзімді әскери қызметті өткеру мерзімін және ол аяқталғаннан кейін күнтізбелік алпыс күнді қамтитын кезеңге негізгі борыш пен сыйақы бойынша төлемді кейінге қалдыруды ұсыну тәртібін;
5) ұжымдық реттеуге жататын берешек өлшемшарттарын, сондай-ақ берешекті ұжымдық реттеуді жүргізудің тәртібі мен шарттарын;
6) қарыз алушы жеке тұлғалардың банктік қарыз шартының және микрокредит беру туралы шарттың талаптарына өзгерістер енгізу туралы өтініштерін қарау нәтижелері туралы уәкілетті органға хабарлау тәртібін қамтиды.";
мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
"Банк Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің осы Заңның 75-бабының 1-тармағында көрсетілген нормативтік құқықтық актісіне сәйкес қарыз алушы жеке тұлғалардың банктік қарыз шартының талаптарына өзгерістер енгізу туралы өтініштерін қарау нәтижелері туралы ақпарат береді.";
3-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Жеке тұлғалардың қарыздарын қайта құрылымдау бойынша кредиттік шешімдер қабылдау жөніндегі банктің ішкі тәртібіне қойылатын талаптар уәкілетті органның осы баптың 2-тармағының үшінші бөлігінде көрсетілген нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.";
үшінші бөліктегі "қарыз алушының берешегін" деген сөздер "қарыз алушы жеке тұлғаның берешегін" деген сөздермен ауыстырылсын;
төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"Жеке тұлғаның немесе жеке тұлға қызметін жеке кәсіпкерлік түрінде жүзеге асыратын дара кәсіпкер ретінде тіркелген болса, дара кәсіпкердің ағымдағы шотында немесе жиынтығында бір банкте ашылған ағымдағы шоттарында сақталатын ақша сомасы төлем талабын орындау кезінде республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің екі еселенген мөлшерінен аз болмауға тиіс.";
мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:
"Осы тармақтың үшінші және төртінші бөліктерінде көзделген талаптар қарыз алушы жеке тұлғаның немесе жеке тұлға қызметін жеке кәсіпкерлік түрінде жүзеге асыратын дара кәсіпкер ретінде тіркелген болса, дара кәсіпкердің жинақ шотындағы ақшаға қолданылмайды.";
11) 62-баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 8) тармақшасындағы "Қазақстан Республикасының аумағында төлем карточкаларын пайдалана отырып жүзеге асырылған банкаралық төлемдер және (немесе) ақша аударымдары бойынша" деген сөздер "ұлттық цифрлық қаржы инфрақұрылымының жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін операторы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі не Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі айқындаған операциялық, технологиялық және өзге де функцияларды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің заңды тұлғасы болатын төлем жүйелерінде" деген сөздермен ауыстырылсын;
12) 63-баптың 11-тармағының бірінші бөлігінің үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"қарыз алушы жеке тұлғаның уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген банктік қарыз шартының және микрокредит беру туралы шарттың талаптарына өзгерістер енгізу туралы жолданымын қарау тәртібінің сақталуын қамтамасыз етеді.";
13) 69-бапта:
6-тармақтың бірінші бөлігінде:
екінші абзацтағы "Ақпараттандыру туралы" деген сөздер "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші абзацтағы "Ақпараттандыру туралы" деген сөздер "Киберқауіпсіздік туралы" деген сөздермен ауыстырылсын;
5) тармақшадағы "ақпараттық қауіпсіздігінің" деген сөздер "қаржы саласындағы ақпараттық қауіпсіздігінің, оның ішінде киберқауіпсіздігінің" деген сөздермен ауыстырылсын;
9-тармақтың 1) тармақшасындағы "Ақпараттық қауіпсіздікті" деген сөздер "Киберқауіпсіздікті" деген сөзбен ауыстырылсын;
14) 70-баптың 1-тармағы екінші бөлігінің 22) тармақшасындағы "Қазақстан Республикасының аумағында төлем карточкаларын пайдалана отырып жүзеге асырылған банкаралық төлемдер және (немесе) ақша аударымдары бойынша" деген сөздер "ұлттық цифрлық қаржы инфрақұрылымының жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін операторы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі не Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі айқындаған операциялық, технологиялық және өзге де функцияларды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің заңды тұлғасы болатын төлем жүйелерінде" деген сөздермен ауыстырылсын;
15) 75-баптың 5-тармағының бірінші бөлігіндегі "ақпараттық-коммуникациялық" деген сөз "цифрлық" деген сөзбен ауыстырылсын;
16) 78-баптың 7-тармағы "жүзеге асыратын заңды тұлғаларға" деген сөздерден кейін ", бірінші санаттағы төлем ұйымдарына" деген сөздермен толықтырылсын;
17) 82-баптың 9-тармағының бірінші бөлігінде:
"ақпараттық технологиялар" деген сөздер "цифрлық технологиялар" деген сөздермен ауыстырылсын;
"ақпараттық қауіпсіздік" деген сөздер "қаржы саласындағы ақпараттық қауіпсіздік, оның ішінде киберқауіпсіздік" деген сөздермен ауыстырылсын;
18) 83-бап мынадай мазмұндағы 11-тармақпен толықтырылсын:
"11. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бірінші санаттағы төлем ұйымы лицензиясының қолданысын тоқтата тұру не одан айыру туралы шешімді "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-5-бабында көзделген негіздер бойынша қабылдайды.";
19) 94-баптың 7-тармағы екінші бөлігінің 2) тармақшасындағы "электрондық нысанда" деген сөздер "цифрлық нысанда" деген сөздермен ауыстырылсын.
31. "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын реттеу мен дамыту, байланыс және банкроттық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2026 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
2-баптың 1-тармағында:
3) тармақша "жетпіс сегізінші" деген сөздерден кейін ", бір жүз отыз алтыншы" деген сөздермен толықтырылсын;
6) тармақшадағы "қырқыншы – екі жүз жиырмасыншы" деген сөздер "қырқыншы – жетпіс жетінші, жетпіс тоғызыншы – бір жүз отыз бесінші, бір жүз отыз жетінші – екі жүз жиырмасыншы" деген сөздермен ауыстырылсын.
2-бап.
1. Осы Заң:
1) алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 14-тармағы 4) тармақшасының он бесінші, он алтыншы және он жетінші абзацтарын;
2) 2026 жылғы 30 маусымнан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 31-тармағының үшінші абзацын;
3) 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 13-тармағы 7) тармақшасының төртінші абзацын, 20-тармағы 7) тармақшасының он бірінші және он екінші абзацтарын, 25-тармағы 4) тармақшасының үшінші абзацын, 30-тармағы 10) тармақшасының он бірінші және он екінші абзацтарын, 15) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2. Мыналар:
1) осы Заңның 1-бабының 13-тармағы 6) тармақшасының күші 2025 жылғы 31 тамыздан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады;
2) осы Заңның 1-бабының 14-тармағы 4) тармақшасының он бесінші, он алтыншы және он жетінші абзацтарының талаптары 2026 жылғы 19 наурыздан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады;
3) осы Заңның 1-бабының 14-тармағы 4) тармақшасының он бесінші, он алтыншы және он жетінші абзацтары қолданысқа енгізілген күні банктің дауыс беретін акцияларының жиынтығында он немесе одан көп пайызын, оның ішінде Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шығарылған, базалық активі банктің дауыс беретін акциялары болып саналатын туынды бағалы қағаздар арқылы жанама түрде иеленетін және (немесе) пайдаланатын және (немесе) оларға билік ететін, сондай-ақ уәкілетті органның алдын ала жазбаша келісімін алмай, банктің дауыс беретін акцияларының он немесе одан көп пайызымен банк қабылдайтын шешімдерге бақылау жасауға немесе жанама түрде ықпал етуге (дауыс беруге) мүмкіндігі бар тұлғалар осы Заңның 1-бабының 14-тармағы 4) тармақшасының он бесінші, он алтыншы және он жетінші абзацтары қолданысқа енгізілген күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде ірі қатысушы (банк холдингі) мәртебесін алуға тиісті өтініштер мен құжаттарды беру арқылы өз қызметін "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-5-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келтіруге не өздеріне жанама түрде тиесілі банк акцияларының санын "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабында белгіленген деңгейден төмен деңгейге дейін азайтуға міндетті;
4) осы Заңның 1-бабының 20-тармағы 4) тармақшасының және 30-тармағы 8) тармақшасының талаптары осы Заң қолданысқа енгізілгеннен кейін жасалған банктік қарыз шарттары мен микрокредит беру туралы шарттарды қамтамасыз ететін кепілдік (кепілгерлік) шарттарынан туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады;
5) осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап үш ай ішінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі төлем ұйымдарының тізіліміне осы Заң қолданысқа енгізілген күнге дейін енгізілген төлем ұйымдарына төлем ұйымдарының тізіліміне тиісті өзгерістер енгізе отырып, оларды екінші санаттағы төлем ұйымдарына жатқызу туралы хабарлама жібереді;
6) осы Заңның 1-бабының 20-тармағы 7) тармақшасының оныншы абзацы және 30-тармағы 10) тармақшасының оныншы абзацы 2027 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады деп белгіленсін.
|
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ. ТОҚАЕВ |
