ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз.
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім):
1) 740-баптың 1-тармағының үшінші бөлігі мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
"1-1) табиғи немесе техногендік сипаттағы төтенше жағдай салдарынан зардап шеккен жеке тұлғаларға материалдық залалдың өтемақысын және мемлекеттік бюджеттен және (немесе) қайырымдылық ұйымдарынан қажетті көмекті есепке жатқызуға арналған банктік шоттардағы ақшаға;";
2) 741-баптың екінші бөлігі мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
"1-1) табиғи немесе техногендік сипаттағы төтенше жағдай салдарынан зардап шеккен жеке тұлғаларға материалдық залалдың өтемақысын және мемлекеттік бюджеттен және (немесе) қайырымдылық ұйымдарынан қажетті көмекті есепке жатқызуға арналған банктік шоттардағы ақшаға;".
2. 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне:
161-баптың жетінші бөлігінің екінші абзацы "төлемдерді," деген сөзден кейін ", табиғи немесе техногендік сипаттағы төтенше жағдай салдарынан зардап шеккен жеке тұлғаларға материалдық залалдың өтелуін және мемлекеттік бюджеттен және (немесе) қайырымдылық ұйымдарынан қажетті көмектің берілуін," деген сөздермен толықтырылсын.
3. 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне:
156-баптың бірінші бөлігі 1) тармақшасының екінші абзацы "тұрғын үй төлемдеріне," деген сөздерден кейін "табиғи немесе техногендік сипаттағы төтенше жағдай салдарынан зардап шеккен жеке тұлғаларға материалдық залалдың өтемақысын және мемлекеттік бюджеттен және (немесе) қайырымдылық ұйымдарынан қажетті көмекті есепке жатқызуға арналған банктік шоттардағы ақшаға," деген сөздермен толықтырылсын.
4. 2023 жылғы 20 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне:
1) 57-бапта:
бірінші бөлікте:
бірінші абзацтағы "қаржылық есептілікті жасайды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне" деген сөздер алып тасталсын;
4) тармақшадағы "және бастапқы статистикалық деректерді бөлек-бөлек ұсынады" деген сөздер "бөлек-бөлек жасайды" деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөлікте:
"жасайды, сондай-ақ" деген сөздер алып тасталсын;
"қаржылық есептілікті және бастапқы статистикалық деректерді қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бөлек-бөлек ұсынады" деген сөздер "бөлек-бөлек жасайды" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
"1-1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры мен ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес қаржылық және өзге де есептілікті, сондай-ақ бастапқы статистикалық деректерді ұсынады.";
2) 63-бапта:
3-тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасы тоғызыншы абзацтағы "шетелдік заңды тұлғаларда еңбек өтілі жоқ;" деген сөздер "шетелдік заңды тұлғаларда;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы оныншы абзацпен толықтырылсын:
"және (немесе) ұлттық басқарушы холдингте немесе Қазақстанның Даму Банкінде немесе жеке кәсіпкерлікті дамытудың арнаулы қорында осы баптың 5-тармағының 3) тармақшасында көзделген лауазымдарда еңбек өтілі жоқ;";
4-тармақтың үшінші бөлігіндегі "және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдағы" деген сөздер алып тасталсын;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Осы баптың 4-тармағының бірінші бөлігі 1), 2), 3) және 4) тармақшаларының мақсаттары үшін басшы лауазым деп:
1) қаржы ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент – сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент – сақтандыру брокері филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент – банкі филиалының басшы қызметкері, екі және одан көп құрылымдық бөлімшесінің қызметін үйлестіруді және (немесе) бақылауды жүзеге асыратын басшысы, құрылымдық бөлімшесінің, сондай-ақ оқшауланған бөлімшесінің басшысы, басшысының орынбасары;
2) қаржылық көрсетілетін қызметтерді реттеу саласындағы және (немесе) қаржы ұйымдарының аудиторлық қызметі саласындағы реттеу және мемлекеттік бақылау саласындағы мемлекеттік органның бірінші басшысы және оның орынбасары, құрылымдық бөлімшесінің басшысы, басшысының орынбасары;
3) ұлттық басқарушы холдингтің, Қазақстан Даму Банкінің және жеке кәсіпкерлікті дамытудың арнаулы қорының басқару органының басшысы, атқарушы органының басшысы, сондай-ақ оның қаржылық мәселелерге және (немесе) еншілес қаржы ұйымдарының қызметіне жетекшілік ететін орынбасары;
4) құрылымдық бөлімшенің бірінші басшысы және оның орынбасары, сондай-ақ:
осы баптың 3-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасының екінші абзацында көрсетілген халықаралық қаржы ұйымдарындағы;
қаржы ұйымдарына аудит жүргізетін ұйымдардағы;
осы баптың 3-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасының сегізінші абзацында көрсетілген салада қызметті жүзеге асыратын ұйымдардағы;
осы баптың 3-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасының тоғызыншы абзацында көрсетілген шетелдік заңды тұлғалардағы оқшауланған бөлімшесінің басшысы немесе басшысының орынбасары лауазымы түсініледі.";
төртінші бөліктегі "Басқару органы басшысының міндеттерін атқаруды басқару органының мүшесіне немесе атқарушы орган басшысының міндеттерін атқаруды атқарушы органның мүшесіне" деген сөздер "Атқарушы орган басшысының міндеттерін атқаруды атқарушы органның мүшесіне, бас бухгалтердің міндеттерін атқаруды бас бухгалтердің орынбасарына" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:
"Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен келісілген кандидатураның болмауына байланысты атқарушы орган басшысының не бас бухгалтердің міндеттерін атқаруды осы тармақтың төртінші бөлігінде көрсетілген адамдарға қатарынан он екі ай ішінде жиынтығында күнтізбелік бір жүз сексен күннен артық мерзімге жүктеуге (уақытша жоқ адамды ауыстыруға) жол берілмейді.";
12-тармақтың бірінші бөлігіндегі "бес" деген сөз "он" деген сөзбен ауыстырылсын;
3) 223-баптың 3-тармағындағы "тәртібін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы қағидаларына сәйкес алушы дербес айқындайды" деген сөздер "тәртібі ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы қағидаларына сәйкес айқындалады" деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 224-баптың 2-тармағының екінші бөлігіндегі "кезеңділігін зейнетақы төлемдерін алушы дербес белгілейді" деген сөздер "кезеңділігі ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы қағидаларына сәйкес белгіленеді" деген сөздермен ауыстырылсын.
5. "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 2-баптың бірінші бөлігі "мемлекеттің ақша-кредит саясатын" деген сөздерден кейін "(бұдан әрі – ақша-кредит саясаты)" деген сөздермен толықтырылсын;
2) 4-бапта:
екінші бөлік алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
"Қазақстан Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өз құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша қабылдайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің тізбесі Қазақстан Ұлттық Банкі туралы ережеде айқындалады.";
3) 6-баптың бірінші бөлігіндегі "ұйымдарымен" деген сөз "республикалық мемлекеттік кәсіпорындарымен (бұдан әрі – Қазақстан Ұлттық Банкінің ұйымдары)" деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"2-тарау. Қазақстан Ұлттық Банкінің негізгі мақсаты, міндеттері, функциялары мен өкілеттіктері. Осы Заңның қағидаттары";
5) 7-баптың екінші бөлігінің 1) тармақшасындағы "мемлекеттің" деген сөз алып тасталсын;
6) мынадай мазмұндағы 7-1-баппен толықтырылсын:
"7-1-бап. Осы Заңның қағидаттары
Осы Заң Қазақстан Ұлттық Банкі қызметінің заңдылығы, Қазақстан Республикасының Президентіне бағыныстылығы және Қазақстан Республикасының заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен оған берілген өкілеттіктер шегінде тәуелсіздігі қағидаттарына негізделеді.";
7) 8-бапта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"1) ақша-кредит саясатын әзірлейді және жүргiзедi;";
мынадай мазмұндағы 3-1), 3-2), 8-2), 8-3) және 8-4) тармақшалармен толықтырылсын:
"3-1) Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының айналыстағы ақша белгілерінің дизайны (нысаны) өзгерген кезде оларды ауыстыру тәртібін айқындайды;
3-2) Қазақстан Ұлттық Банкінде жеке және заңды тұлғалармен кассалық операцияларды жүргізу тәртібін айқындайды;";
"8-2) екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент – банктері филиалдарының, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың үй-жайларын күзетуді және жайластыруды ұйымдастыру тәртібін айқындайды;
8-3) екінші деңгейдегі банктерде, Қазақстан Республикасының бейрезидент – банктерінің филиалдарында, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда автомобильмен инкассаторлық тасымалдауды ұйымдастыруды қоса алғанда, кассалық операцияларды және банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды инкассациялау жөніндегі операцияларды жүзеге асыру тәртібін айқындайды;
8-4) Қазақстан Республикасының өзге де уәкілетті мемлекеттік органдарымен бірлесіп, кәсіпкерлік субъектілерінің банктік шоттардан қолма-қол ақшаны алуын реттеуді жүзеге асырады;";
14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"14) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қарыздар береді;";
15) тармақша алып тасталсын;
16) және 17) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"16) статистикалық әдіснаманы әзірлейді, ақша-кредит статистикасы, қаржы нарығы статистикасы және сыртқы сектор статистикасы (төлем балансы, халықаралық инвестициялық позиция және сыртқы борыш) жөніндегі статистикалық ақпаратты қалыптастырады және таратады;
17) сыртқы сектор статистикасы жөніндегі статистикалық нысандарды әзірлейді, статистикалық жұмыстар жоспарына сәйкес ведомстволық статистикалық байқаулар жүргізеді, сондай-ақ өз құзыреті шегінде мемлекеттік статистика саласында бақылауды жүзеге асырады;";
18) тармақша алып тасталсын;
18-1) және 19) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"18-1) валюталық реттеу және валюталық бақылау, ақша-кредит статистикасы, қолма-қол ақша айналысы, төлемдер және төлем жүйелері, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын және Қазақстан Республикасының қаржы заңнамасы саласындағы реттеу, бақылау және қадағалау мәселелері бойынша әкімшілік деректерді (қаржылық және өзге де есептілікті) жинау мен өңдеуді жүзеге асырады және оларды ұсыну тәртібін айқындайды;
19) осы Заңға, "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасының өзге де заңдары мен Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне сәйкес құзыреті шегінде қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын, Қазақстан Республикасының бейрезидент – банктерінің филиалдарын, Қазақстан Республикасының бейрезидент – сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарын, Қазақстан Республикасының бейрезидент – сақтандыру брокерлерінің филиалдарын және өзге де тұлғаларды реттеуді, сондай-ақ қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын, Қазақстан Республикасының бейрезидент – банктерінің филиалдарын, Қазақстан Республикасының бейрезидент – сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарын, Қазақстан Республикасының бейрезидент – сақтандыру брокерлерінің филиалдарын және Қазақстан Республикасының қаржы заңнамасы саласындағы бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады;";
мынадай мазмұндағы 20-1) және 24-3) тармақшалармен толықтырылсын:
"20-1) төтенше жағдай енгізілген кезеңде Қазақстан Республикасының қаржы жүйесінің экономикалық қауіпсіздігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне сәйкес қаржы ұйымдарының, төлем жүйелері операторларының, төлем ұйымдарының төлем қызметтерін көрсетуінің ерекше тәртібі мен шарттарын енгізуді, оның ішінде олар қолданатын комиссияларды реттеуді көздейтін арнаулы реттеу режимін енгізуге құқылы;";
"24-3) банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар болып табылмайтын көрсетілетін төлем қызметтерін берушілердің, төлем жүйелері операторларының және төлем жүйелерінің операциялық орталықтарының Қазақстан Республикасының төлемдер және төлем жүйелері туралы заңнамасының талаптарын сақтауын бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады;";
26) тармақшадағы "Ұлттық Банкінің Басқармасы айқындайтын тізбеге және тәртіпке" деген сөздер "Ұлттық Банкі айқындайтын тәртіпке" деген сөздермен ауыстырылсын;
27) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 29-1) тармақшамен толықтырылсын:
"29-1) банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент – банктері филиалдарының металл шоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртібін айқындайды;";
30) тармақша алып тасталсын;
31) тармақшадағы "Қазақстан Ұлттық Банкі мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасында жасалатын және ресми баспа басылымдарда жарияланатын сенімгерлікпен" деген сөздер "Қазақстан Ұлттық Банкі мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасында жасалатын сенімгерлік" деген сөздермен ауыстырылсын;
32) және 32-2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"32) Қазақстан Ұлттық Банкі заңды тұлғалармен жасасатын сенімгерлік басқару туралы шарттардың негізінде заңды тұлғалардың активтерін сенімгерлік басқаруды жүзеге асырады;";
"32-2) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтеріне қатысты кастодиандық қызмет көрсету бойынша қызметтер көрсетеді;";
33) тармақша алып тасталсын;
34) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"34) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен қаржы ұйымдары үшін кадрлар даярлауға қатысады;";
35) тармақша "және оларды қолдану тәртібін айқындайды" деген сөздермен толықтырылсын;
38-1) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 38-3) және 38-4) тармақшалармен толықтырылсын:
"38-3) ақша-кредит саясаты, қаржылық тұрақтылық саласында және өз қызметімен байланысты басқа да бағыттарда зерттеулер жүргізеді;
38-4) осы Заңға және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент – банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент – сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент – сақтандыру брокерлері филиалдарының, Қазақстан Республикасының аумағындағы басқа да жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;";
8) 9-баптың екінші бөлігіндегі "Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген" деген сөздер "Ұлттық Банкі белгілеген" деген сөздермен ауыстырылсын;
9) 12-баптың үшінші бөлігіндегі "филиалдар, өкiлдiктер, ведомстволар мен ұйымдар" деген сөздер "Қазақстан Ұлттық Банкінің филиалдары, өкiлдiктері, ведомстволары мен ұйымдары" деген сөздермен ауыстырылсын;
10) 15-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"15-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы және оның өкiлеттiктерi
1. Басқарма Қазақстан Ұлттық Банкінің жоғары органы болып табылады.
2. Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы, оның ішінде уәкілетті мемлекеттік органдармен олардың құзыреттеріне сәйкес келісу бойынша не бірлесіп мынадай:
1) ақша-кредит саясатын әзірлеу және жүргізу;
2) банкноттар мен монеталарды сатуды, сатып алуды, айырбастауды, ауыстыруды, олардың төлемділігін айқындауды және айналыстан алып қоюды қоса алғанда, Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарының эмиссиясы, қолма-қол ақша айналысы, кассалық операцияларды және банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды инкассациялау жөніндегі операцияларды, банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды Қазақстан Республикасының аумағында тасымалдауды, сақтауды және инкассациялауды жүзеге асыру;
3) төлем жүйелерін ұйымдастыру және олардың жұмыс істеуі, төлем жүйелерін реттеу, көрсетілетін төлем қызметтері нарығын реттеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасында төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру;
4) валюталық реттеу және валюталық бақылау;
5) Қазақстан Республикасының ұлттық валютасының шетел валюталарына ресми бағамын белгілеу;
6) Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүзеге асыру;
7) құзыреті шегінде үй-жайларды күзетуді және жайластыруды ұйымдастыру;
8) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде белгіленген құзыреті шегінде шектеулі ықпал ету шаралары мен қадағалап ден қою шараларын қолдану;
9) шетел валютасындағы және бағалы металдардағы активтерді басқару, оның ішінде оларды сыртқы басқаруға беру;
10) бағалы металдардағы активтерді толықтыру үшін мемлекеттің тазартылған алтын сатып алуға басым құқығын іске асыру;
11) қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесу;
12) кәсіпкерлік субъектілерінің банктік шоттардан қолма-қол ақша алуы;
13) Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде белгіленген құзыреті шеңберінде сыртқы сектор статистикасы жөніндегі есептердің статистикалық нысандарын ұсыну;
14) Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде белгіленген құзыреті шеңберінде әкімшілік деректерді жинау (қаржылық және өзге де есептілікті ұсыну);
15) Қазақстан Ұлттық Банкінің ерекше реттеу режимін енгізуі және оның күшін жоюы, ерекше реттеу режимі шеңберінде цифрлық активтермен және (немесе) көрсетілетін төлем қызметтерімен байланысты қызметті жүзеге асыруы;
16) қаржы ұйымдарында, Қазақстан Республикасының бейрезидент – банктерінің филиалдарында, Қазақстан Республикасының бейрезидент – сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарында, Қазақстан Республикасының бейрезидент – сақтандыру брокерлерінің филиалдарында, Қазақстанның Даму Банкінде бухгалтерлік есепке алу және қаржылық есептілік жүйесін, оның ішінде шоттардың үлгілік жоспарларын, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарымен реттелмеген мәселелер бойынша қаржылық есептілік стандарттарын, оларға әдістемелік ұсынымдарды реттеу, сондай-ақ бухгалтерлік есепке алуды жүргізуді автоматтандыру;
17) өз қызметін тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғалардың және банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғалардың қызметін лицензиялау, сондай-ақ Қазақстан Ұлттық Банкінде төлем ұйымдарын есептік тіркеу;
18) банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент – банктері филиалдарының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың ақпараттық жүйелерінің қауіпсіздігіне және іркіліссіз жұмыс істеуіне қойылатын талаптарды белгілеу;
19) банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент – банктері филиалдарының металл шоттарды ашуы, жүргізуі және жабуы;
20) Қазақстан Республикасы банктерінің құжаттық аккредитивтермен операциялар жүргізуі;
21) Қазақстан Ұлттық Банкінің банктік қызмет көрсетуі;
22) Қазақстан Ұлттық Банкінің дилерлік және брокерлік қызметті жүзеге асыруы;
23) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін және заңды тұлғалардың активтерін сенімгерлік басқару, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін сыртқы басқарушыларды таңдау;
24) Қазақстан Ұлттық Банкінде жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған шетел валютасымен операцияларды жүзеге асыру;
25) Қазақстан Ұлттық Банкі мен оның ведомстволарының қызметшілерін лауазымға тағайындау және олармен жасалған еңбек шартын тоқтату;
26) Қазақстан Ұлттық Банкінің, оның ведомстволарының, оның құрылымына кіретін ұйымдардың және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы Қазақстан Ұлттық Банкіне тиесілі немесе оның сенімгерлік басқаруындағы заңды тұлғалардың, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуы;
27) банктік қарыздар мен микрокредиттер бойынша сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесінің шекті мөлшерлерін айқындау;
28) осы Заңға, Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасына және Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне сәйкес осы тармақта көзделмеген Қазақстан Ұлттық Банкінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша актілерді қабылдайды.
3. Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы:
1) монетарлық қызметке жататын қызметті айқындайды;
2) Қазақстан Ұлттық Банкінің жұмысы туралы жылдық есепті, Қазақстан Ұлттық Банкінің құрылымын, жалпы штат санын қарайды, мақұлдайды және Қазақстан Республикасының Президентіне бекітуге ұсынады;
3) Қазақстан Республикасының Президентімен келісілген Қазақстан Ұлттық Банкінің қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесін, сондай-ақ Қазақстан Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының қызметкерлеріне еңбекақы төлеу және әлеуметтік-тұрмыстық жағынан қамсыздандыру шарттарын бекітеді;
4) Қазақстан Ұлттық Банкінің бюджетін (шығыстар сметасын) бекітеді;
5) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның қызметін қаржыландыру туралы шешім қабылдайды;
6) ұйымдарды, оның ішінде Қазақстан Ұлттық Банкінің өзіне жүктелген функцияларды жүзеге асыруына ықпал ететін және (немесе) қаржы нарығы инфрақұрылымының бір бөлігі болып табылатын ұйымдарды құру және олардың қызметіне қатысу туралы, сондай-ақ олардың атауын өзгерту туралы, қайта ұйымдастыру және тарату туралы шешімдер қабылдайды;
7) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де функциялар мен өкілеттіктерді жүзеге асырады.";
11) 19-баптың төртінші бөлігіндегі "Ұлттық Банкінің Басқармасы мен Төрағасының құзырына енетiн мәселелер ғана қосылмайды (немесе оның орынбасарларының)" деген сөздер "Ұлттық Банкі Басқармасының, Ақша-кредит саясаты комитетінің және Төрағасының (немесе оның орынбасарларының) құзыретіне кіретiн мәселелер қосылмайды" деген сөздермен ауыстырылсын;
12) 25-баптағы "мемлекеттің" деген сөз алып тасталсын;
13) 29-баптың бірінші бөлігіндегі "Қазақстан Республикасының мемлекеттік ақша-кредит саясатын" деген сөздер "ақша-кредит саясатын" деген сөздермен ауыстырылсын;
14) 33-баптағы "сатуды Қазақстан Ұлттық Банкi жалпы ақша-кредит саясаты шеңберiнде жүзеге асырады" деген сөздер "сату Қазақстан Ұлттық Банкi айқындайтын тәртіппен жалпы ақша-кредит саясаты шеңберінде жүзеге асырылады" деген сөздермен ауыстырылсын;
15) 34-баптың бірінші бөлігіндегі "мөлшерлемесі Қазақстан Ұлттық Банкінің" деген сөздер "мөлшерлемесі" деген сөзбен ауыстырылсын;
16) 43-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"43-1-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің банкноттар мен монеталарды, оның ішінде арнаулы қаптамалардағы банкноттар мен монеталарды сатуы және сатып алуы
Қазақстан Ұлттық Банкінің банкноттар мен монеталарды, оның ішінде арнаулы қаптамадағы банкноттар мен монеталарды сатуы және сатып алуы Қазақстан Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.";
17) 46-бапта:
бірінші бөлік "операторы" деген сөзден кейін "Қазақстан Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісіне сәйкес" деген сөздермен толықтырылсын;
үшінші бөлік "монеталарды" деген сөзден кейін "олардың төлемділігі айқындалғаннан кейін" деген сөздермен толықтырылсын;
18) 51-2-баптың төртінші бөлігі мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
"1-1) екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент – банктері филиалдарының жүйелік тәуекелдерін төмендету үшін экономикалық шектеулер болып табылатын макропруденциялық нормативтер мен лимиттерді белгілейді;";
19) 51-4-бапта:
1-тармақ "режимі" деген сөзден кейін "цифрлық активтерге және (немесе)" деген сөздермен толықтырылсын;
бірінші бөлік "және (немесе)" деген сөздерден кейін "цифрлық активтерге және (немесе)" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Төлемдер және төлем жүйелері туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген көрсетілетін төлем қызметтерін берушілердің цифрлық активтеріне және (немесе) көрсетілетін төлем қызметтеріне байланысты қызметке қатысты ерекше реттеу режимін енгізу қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Ұлттық Банкі Басқармасының шешімімен жүзеге асырылады.";
20) 51-5-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Цифрлық активтерге және (немесе) көрсетілетін төлем қызметтеріне байланысты қызметті жүзеге асыру мақсатында "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1-тармағының 2), 3) және 5) тармақшаларында көзделген көрсетілетін төлем қызметтерін берушілер және (немесе) қаржы ұйымдары болып табылмайтын өзге де заңды тұлғалар ерекше реттеу режимінің қатысушылары (бұдан әрі – ерекше реттеу режимінің қатысушылары) бола алады.";
21) 52-1-баптың бірінші бөлігінің 6) тармақшасындағы "туынды" деген сөз "Қазақстан Ұлттық Банкі айқындайтын тәртіппен туынды" деген сөздермен ауыстырылсын;
22) 56-баптың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 7-1) және 7-2) тармақшалармен толықтырылсын:
"7-1) уәкілетті банктердің Қазақстан Республикасының ішкі валюта нарығындағы сұраныс пен ұсыныс көздері және есептерді ұсыну нысандары мен мерзімдерін қоса алғанда, сатып алынған шетел валютасын пайдалану мақсаттары жөнінде ақпарат беру тәртібін айқындайды;
7-2) Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыратын шетелдік қаржылық емес ұйымдар филиалдарының (өкілдіктерінің) есептерді ұсыну нысандары мен мерзімдерін қоса алғанда, ақпарат беру тәртібін, сондай-ақ шетелдік қаржылық емес ұйымдардың филиалдары (өкілдіктері) жүзеге асырған кезде есептерді ұсыну талап етілетін қызмет түрлерін айқындайды;";
23) 57-баптың он бірінші абзацындағы "Банкінің нормативтік құқықтық актілеріне" деген сөздер "Банкі айқындайтын тәртіпке" деген сөздермен ауыстырылсын;
24) 70-бапта:
тақырып және екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"70-бап. Ақпараттық өзара іс-қимыл жасау жөніндегі өкiлеттiктер";
"Қазақстан Ұлттық Банкi қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға оның қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі өкiлеттiктерін іске асыру үшін қажетті әкімшілік деректерді, оның ішінде қызметтік, коммерциялық, банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпарат пен мәліметтерді береді. Ақпаратты беру қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның Қазақстан Ұлттық Банкiнің ақпараттық жүйелеріне қол жеткізуін қамтамасыз ету арқылы да жүзеге асырылады.";
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
"Қазақстан Ұлттық Банкі мемлекеттік органдар мен қаржы ұйымдарына көрсетілетін қызметтерді беру үшін пайдаланылатын қаржы нарығы және қаржы ұйымдары жөніндегі ақпараттың толықтығы мен сапасын қамтамасыз ету мақсатында өзінің еншілес ұйымдарымен ақпарат алмасуды оларға тиесілі ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып жүзеге асырады.".
6. "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) мынадай мазмұндағы 1-1-баппен толықтырылсын:
"1-1-бап. Банк қызметі саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаттары, міндеттері мен қағидаттары
1. Банк қызметін жүзеге асырудың құқықтық негіздерін белгілеу, Қазақстан Республикасында тұрақты банк жүйесін құру мен ұстап тұру, Қазақстан Республикасы банк жүйесінің инфрақұрылымын қалыптастыру, депозиторлар мен кредиторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау банк қызметі саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаттары болып табылады.
2. Банк қызметі саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
1) Қазақстан Республикасында тұрақты банк секторын құру мен ұстап тұру және Қазақстан Республикасы банк секторының инфрақұрылымын қалыптастыру;
2) Қазақстан Республикасының банк секторын реттеу, банк қызметін бақылау және қадағалау;
3) депозиторлар мен кредиторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету.
3. Банк қызметі саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі қағидаттары мыналар болып табылады:
1) банктер мен Қазақстан Республикасының банк секторына өзге де қатысушылардың қызметін реттеудің ресурстары мен құралдарын тиімді пайдалану;
2) банктер мен Қазақстан Республикасының банк секторына өзге де қатысушылар қызметінің және қаржылық қадағалаудың ашықтығы;
3) банктер мен Қазақстан Республикасының банк секторына өзге де қатысушылардың жауапкершілігі.";
2) 2-баптың 13) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"13) мінсіз іскерлік бедел – адамның қаржы ұйымын мәжбүрлеп таратуға алып келген төлем қабілетсіздігіне не банкті төлемге қабілетсіз банктер санатына жатқызуға алып келген құқыққа қайшы әрекеттер (әрекетсіздік) жасау фактілерінің болмауын, алынбаған немесе жойылмаған сотталғандығының болмауын, оның ішінде қаржы ұйымының, банк және (немесе) сақтандыру холдингінің басшы қызметкері лауазымын атқару және қаржы ұйымының ірі қатысушысы (ірі акционері) болу құқығынан өмір бойына айыру түрінде қылмыстық жаза қолдану туралы заңды күшіне енген сот актісінің болмауын қоса алғанда, кәсіпқойлықты, адалдықты растайтын фактілердің болуы;";
3) 4-1-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
"4. Қазақстан Республикасының бейрезидент – банкі Қазақстан Республикасының аумағында әрекет ететін өз филиалының міндеттемелері бойынша жауаптылықта болады.";
4) 5-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісіне сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне қаржылық және өзге де есептілікті ұсынады.";
5) 5-1-баптың 2-тармағының төртінші бөлігі "үшін" деген сөзден кейін "осы Заңның 36-бабы 2-1-тармағының 3) тармақшасында белгіленген талаптарды ескере отырып," деген сөздермен толықтырылсын;
6) 8-бапта:
бірінші бөлікте:
1) тармақша мынадай мазмұндағы жиырма бірінші, жиырма екінші, жиырма үшінші, жиырма төртінші және жиырма бесінші абзацтармен толықтырылсын:
"электрондық сауда алаңында және (немесе) ақпараттық-жарнамалық сауда алаңында және (немесе) интернет-платформада тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ұсыну және өткізу жөніндегі, сондай-ақ өздеріне тиесілі алаңдар мен платформаларды жоғарыда көрсетілген мақсаттарда үшінші тұлғалардың пайдалануына беру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды (Қазақстан Республикасының резиденттері мен бейрезиденттерін);
ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы бағдарламалық қамтылымды, жабдықтар мен құрылғыларды және (немесе) биометриялық сәйкестендірумен жұмыс жөніндегі жүйелерді әзірлеуді, ендіру мен сүйемелдеуді жүзеге асыратын ұйымдарды (Қазақстан Республикасының резиденттері мен бейрезиденттерін);
ақпараттық қауіпсіздік және (немесе) алаяқтыққа қарсы іс-қимыл саласындағы бағдарламалық құралдарды әзірлеуді, сүйемелдеуді және ендіруді жүзеге асыратын ұйымдарды (Қазақстан Республикасының резиденттері мен бейрезиденттерін);
бұлтты есептеу технологияларын пайдалана отырып, бағдарламалық қамтылымды әзірлеуді және сүйемелдеуді жүзеге асыратын ұйымдарды (Қазақстан Республикасының резиденттері мен бейрезиденттерін);
технологиялық платформаға қатысушылар арасындағы ақпараттық, телекоммуникациялық және технологиялық өзара іс-қимылды қамтамасыз ету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды (Қазақстан Республикасының резиденттері мен бейрезиденттерін);";
2) тармақша он екінші абзацтағы "бейрезиденттерін) құру, сондай-ақ акцияларына немесе жарғылық капиталдарына қатысу үлестеріне ие болу жағдайларына қолданылмайды." деген сөздер "бейрезиденттерін);" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы және он жетінші абзацтармен толықтырылсын:
"электрондық сауда алаңында және (немесе) ақпараттық-жарнамалық сауда алаңында және (немесе) интернет-платформада тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ұсыну және өткізу жөніндегі, сондай-ақ өздеріне тиесілі алаңдар мен платформаларды жоғарыда көрсетілген мақсаттарда үшінші тұлғалардың пайдалануына беру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды (Қазақстан Республикасының резиденттері мен бейрезиденттерін);
ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы бағдарламалық қамтылымды, жабдықтар мен құрылғыларды және (немесе) биометриялық сәйкестендірумен жұмыс жөніндегі жүйелерді әзірлеуді, ендіруді және сүйемелдеуді жүзеге асыратын ұйымдарды (Қазақстан Республикасының резиденттері мен бейрезиденттерін);
ақпараттық қауіпсіздік және (немесе) алаяқтыққа қарсы іс-қимыл саласындағы бағдарламалық құралдарды әзірлеуді, сүйемелдеуді және ендіруді жүзеге асыратын ұйымдарды (Қазақстан Республикасының резиденттері мен бейрезиденттерін);
бұлтты есептеу технологияларын пайдалана отырып, бағдарламалық қамтылымды әзірлеуді және сүйемелдеуді жүзеге асыратын ұйымдарды (Қазақстан Республикасының резиденттері мен бейрезиденттерін);
технологиялық платформаға қатысушылар арасындағы ақпараттық, телекоммуникациялық және технологиялық өзара іс-қимылды қамтамасыз ету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды (Қазақстан Республикасының резиденттері мен бейрезиденттерін) құру, сондай-ақ олардың акцияларын немесе жарғылық капиталдарына қатысу үлестерін иемдену жағдайларына қолданылмайды.";
мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:
"Осы тармақтың бірінші бөлігі 1) тармақшасының жиырма бірінші, жиырма екінші, жиырма үшінші, жиырма төртінші және жиырма бесінші абзацтарында және 2) тармақшасының он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы және он жетінші абзацтарында көрсетілген ұйымдардың жарғылық капиталына банк немесе банк холдингі инвестициясының мөлшері, сондай-ақ осы ұйымдардың жарғылық капиталына банк немесе банк холдингі инвестицияларының жиынтық мөлшері уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген шектен аспауға тиіс.";
14-тармақтағы "осы Заңның 30-бабының 2-1-тармағында және 52-5-бабының 4-тармағында көзделген банк қызметіне жатпайтын кәсіпкерлік қызмет, сондай-ақ осы баптың 10-тармағының 2) тармақшасында көзделген" деген сөздер "осы баптың 9-тармағының 1), 2), 3), 4), 7), 8), 9), 9-1), 10), 12) және 15) тармақшаларында көзделген қызметті қоспағанда, осы Заңның 30-бабының 2-1-тармағында және 52-5-бабының 4-тармағында көзделген банк қызметіне жатпайтын кәсіпкерлік" деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 11-1-бапта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"1) еншілес ұйымның құрылтай құжаттары (Қазақстан Республикасының бейрезидент – заңды тұлғалары үшін);";
2) тармақшадағы ", сондай-ақ лицензияланатын қызмет түрін жүзеге асырған жағдайда – лицензияның көшірмесі" деген сөздер алып тасталсын;
6) тармақша алып тасталсын;
8) тармақшадағы ", 14) және 15)" деген сөздер "және 14)" деген сөздермен ауыстырылсын;
10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"10) банктің, банк холдингінің еншілес ұйымдарын құруға, банктердің, банк холдингтерінің заңды тұлғалардың акцияларына немесе жарғылық капиталдарына қатысу үлестеріне ие болуына қатысты осы Заңның 8 және 40-баптарында белгіленген талаптарды банктің, банк холдингінің сақтамауы;";
13-тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) банктің меншікті капиталының жеткіліктілік коэффициентінің бұзылуына алып келген, банк, банк холдингі, банктің еншілес ұйымы осы Заңның еншілес ұйымның қызметімен байланысты талаптарын сақтамаған не банктің және (немесе) банк холдингінің еншілес ұйымы, сондай-ақ капиталына банк және (немесе) банк холдингі қомақты қатысатын ұйым қызметінің осы Заңның 8-бабы 3-тармағының талаптарына сәйкес келмеуі анықталған жағдайларда, еншілес ұйымды құруға, оған ие болуға, ұйымның капиталына қомақты қатысуға рұқсатты кері қайтарып алады.";
15-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген рұқсатты бергені үшін алымның төленгенін растайтын құжат осы алым "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төленген жағдайда ұсынылмайды.";
8) 13-баптың 2-тармағы "дейін" деген сөзден кейін "не осы баптың 3 немесе 4-тармақтарында көзделген жағдайлардың бірі басталғанға дейін" деген сөздермен толықтырылсын;
9) 13-1-бапта:
1, 2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қазақстан Республикасының бейрезидент – банкі мынадай талаптар орындалған кезде Қазақстан Республикасының аумағында филиал ашуға рұқсат алу үшін уәкілетті органға жүгінуге құқылы:
1) Қазақстан Республикасының бейрезидент – банкінің жиынтық активтерінің сомасы он миллиард АҚШ долларына балама сомадан төмен болмауға тиіс;
2) Қазақстан Республикасының бейрезидент – банкі өзі резиденті болып табылатын мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болуға тиіс;
3) Қазақстан Республикасының бейрезидент – банкі резиденті болып табылатын мемлекет қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастырудың (жылыстатудың) және терроризмді қаржыландырудың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл саласындағы халықаралық ынтымақтастыққа қатысушы болып табылады, сондай-ақ ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобымен (ФАТФ) ынтымақтастықты жүзеге асырады;
4) Қазақстан Республикасының бейрезидент – банкі резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы берген Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының бейрезидент – банкінің филиал ашуына келісім (рұқсат) осындай мемлекеттің заңнамасы бойынша талап етілетін жағдайларда осындай келісімнің (рұқсаттың) болуы;
5) Қазақстан Республикасының бейрезидент – банкінде Қазақстан Республикасының бейрезидент – банкі резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы берген банктік және өзге де операцияларды жүргізуге арналған қолданыстағы лицензияның (қолданыстағы рұқсаттың) болуы;
6) Қазақстан Республикасының бейрезидент – банкінде тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленетін рейтингтік агенттіктердің бірінің талап етілетін ең төмен рейтингінің болуы;
7) Қазақстан Республикасының бейрезидент – банкінде Қазақстан Республикасының аумағында филиал ашуға рұқсат алуға өтініш берген күннің алдындағы соңғы он екі ай ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент – банкі резиденті болып табылатын мемлекеттің заңнамасында белгіленген меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициенттерін және өтімділік коэффициенттерін бұзудың болмауы.
2. Қазақстан Республикасының бейрезидент – банкінің филиалын ашуға рұқсат беру туралы өтініш уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген нысан бойынша мынадай құжаттармен және мәліметтермен қоса беріледі:
1) Қазақстан Республикасының бейрезидент – банкінің құрылтай құжаттарының нотариат куәландырған көшірмелері;
2) адамның өтініш беруге өкілеттігін растайтын құжаттардың және оған қоса берілетін құжаттардың көшірмелері;
3) лицензия (рұқсат) шеңберінде рұқсат етілген банктік және өзге де операциялардың тізбесі көрсетіліп, Қазақстан Республикасының бейрезидент – банкі резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы берген Қазақстан Республикасының бейрезидент – банкінің банктік және өзге де операцияларды жүргізуге арналған қолданыстағы лицензиясының (қолданыстағы рұқсатының) көшірмесі;
4) Қазақстан Республикасының бейрезидент – банкінің Қазақстан Республикасының аумағында филиал ашу туралы шешімінің көшірмесі, онда мынадай:
Қазақстан Республикасының бейрезидент – банкінің Қазақстан Республикасының аумағында оның филиалының қызметін жүзеге асыру процесінде туындайтын міндеттемелер бойынша жауапкершілікті қабылдауы туралы және осындай міндеттемелерді Қазақстан Республикасының бейрезидент – банкінің балансында есепке алу туралы;
осы Заңның 42-бабы 6-тармағының екінші бөлігіне сәйкес резерв ретінде қабылданатын Қазақстан Республикасының бейрезидент – банкі филиалы активтерінің мөлшерін бекіту туралы мәселелер бойынша шешімдер де қамтылады;
5) Қазақстан Республикасының бейрезидент – банкі резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы берген Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының бейрезидент – банкінің филиалын ашуға келісімнің (рұқсаттың) көшірмесі не Қазақстан Республикасының бейрезидент – банкі резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органынан осындай келісімнің (рұқсаттың) талап етілмейтіні туралы растаманың көшірмесі;
6) Қазақстан Республикасының бейрезидент – банкі акцияларының (жарғылық капиталына қатысу үлестерінің) он немесе одан көп пайызын тікелей немесе жанама иеленетін тұлғалар және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген Қазақстан Республикасының бейрезидент – банкіне қатысты бақылауды жүзеге асыратын тұлғалар туралы мәліметтер, сондай-ақ осы мәліметтерді растайтын құжаттардың көшірмелері;
7) Қазақстан Республикасының бейрезидент – банкінің аудиторлық есептермен расталған соңғы екі қаржы жылындағы жылдық қаржылық есептілігінің (Қазақстан Республикасының бейрезидент – банкінде еншілес ұйымдар болған жағдайда шоғырландырылған қаржылық есептіліктің) көшірмелері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бейрезидент – банкінің өтініш беру алдындағы соңғы аяқталған тоқсандағы қаржылық есептілігінің көшірмесі.
Ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап 1 маусымы аралығындағы кезеңде соңғы аяқталған қаржы жылындағы қаржылық есептілікті растайтын аудиторлық есеп болмаған жағдайда Қазақстан Республикасының бейрезидент – банкі өтініш беру алдындағы соңғы аяқталған қаржы жылы мен соңғы аяқталған тоқсандағы қаржылық есептіліктің (Қазақстан Республикасының бейрезидент – банкінде еншілес ұйымдар болған жағдайда шоғырландырылған қаржылық есептіліктің) көшірмелерін, сондай-ақ соңғы аяқталған қаржы жылының алдындағы екі жылдағы аудиторлық есептермен расталған жылдық қаржылық есептіліктің (Қазақстан Республикасының бейрезидент – банкінде еншілес ұйымдар болған жағдайда шоғырландырылған қаржылық есептіліктің) көшірмелерін ұсынады.
Осы тармақшада көрсетілген қаржылық есептілік осы қаржылық есептілік Қазақстан Республикасының бейрезидент – банкінің немесе шетелдік қор биржасының интернет-ресурсында қазақ, орыс немесе ағылшын тілінде орналастырылған және қолжетімді болған жағдайларда ұсынылмайды;
8) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген нысан бойынша Қазақстан Республикасының бейрезидент – банкінің басшы қызметкерлері туралы қысқаша деректер.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 6) тармақшасында көрсетілген мәліметтерді растайтын құжаттарды, сондай-ақ осы тармақтың бірінші бөлігінің 8) тармақшасында көзделген құжаттарды ұсыну туралы талаптар Қазақстан Республикасының бейрезидент – банкінде тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленетін рейтингтік агенттіктердің бірінің "А-" кредиттік рейтингінен төмен емес рейтингі болған кезде оған қолданылмайды.
Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының бейрезидент – банкінің филиалын ашуға рұқсат беру туралы шешім қабылдау үшін қажетті қосымша ақпаратты немесе құжаттарды сұратуға құқылы.
Қазақстан Республикасының бейрезидент – банкінің филиалын ашуға рұқсат беру туралы өтінішті өтініш беруші уәкілетті орган оны қарап жатқан кез келген сәтте кері қайтарып алуы мүмкін.
Қазақстан Республикасының бейрезидент – банкінің филиалын ашуға рұқсат беру тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
3. Қазақстан Республикасының бейрезидент – банкінің филиалын ашуға рұқсат беруден бас тарту мынадай негіздердің кез келгені бойынша жүргізіледі:
1) осы баптың 1-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келмеу;
2) рұқсат алу үшін берілген құжаттардағы мәліметтер мен ақпараттың анық еместігі;
3) Қазақстан Республикасының бейрезидент – банкі филиалы атауының осы Заңның 4-1-бабының 2-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
4) уәкілетті органның ұсынылған құжаттар бойынша ескертулерін ол белгілеген мерзімде жоймау;
5) Қазақстан Республикасының аумағында филиал ашатын Қазақстан Республикасының бейрезидент – банкінің басшы қызметкерлерінде мінсіз іскерлік беделінің болмауы.
Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының бейрезидент – банкін бас тарту негіздері туралы жазбаша хабардар етеді.";
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
"3-1. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының бейрезидент – банкінің филиалын ашуға рұқсат беруге негіз болған құжаттарда анық емес мәліметтер мен ақпарат анықталған жағдайда рұқсатты кері қайтарып алады.
Қазақстан Республикасының бейрезидент – банкінің филиалын ашуға рұқсатты кері қайтарып алу кезінде уәкілетті орган рұқсатты кері қайтарып алуға негіз болып табылатын факт анықталған күннен бастап екі ай ішінде бұрын берілген рұқсаттың күшін жою туралы шешім қабылдайды.";
4-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) Қазақстан Республикасының бейрезидент – банкі резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы берген Қазақстан Республикасының бейрезидент – банкінің банктік және өзге де операцияларды жүргізуге арналған лицензияның (рұқсаттың) қолданысы тоқтатыла тұрған немесе одан айырылған;";
5-тармақтың төртінші бөлігі "дейін" деген сөзден кейін "не осы баптың 3-1 немесе 4-тармақтарында көзделген жағдайлардың бірі басталғанға дейін" деген сөздермен толықтырылсын;
10) 14-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Банктің құрылтай шарты мен жарғысында "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мәліметтер мен ережелер міндетті түрде қамтылуға тиіс.";
3-тармақ алып тасталсын;
11) 16-баптың 6-тармағының үшінші бөлігі алып тасталсын;
12) 17-1-бапта:
1-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Банктің ірі қатысушысы немесе банк холдингі болып табылатын, банктің акцияларына тікелей иелік ететін және талап етілетін ең төмен рейтингі бар Қазақстан Республикасының басқа бейрезидент – заңды тұлғасының акцияларын (қатысу үлестерін) иелену (олармен дауыс беру) арқылы банктің орналастырылған акцияларының он немесе одан көп пайызын жанама иеленуді немесе банктің дауыс беретін акцияларының он немесе одан көп акцияларымен жанама дауыс беруді көздейтін Қазақстан Республикасының бейрезидент – заңды тұлғасы үшін осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген рейтингтің болуы талап етілмейді.";
1-1 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"1-1. Қазақстан Республикасының бейрезидент – қаржы ұйымы ғана мынадай талаптар орындалған жағдайда:
1) Қазақстан Республикасының бейрезидент – қаржы ұйымында өзі резиденті болып табылатын мемлекеттің заңнамасы бойынша қаржылық қызметті жүзеге асыруға арналған қолданыстағы лицензия (қолданыстағы рұқсат) осындай мемлекеттің заңнамасы бойынша талап етілетін жағдайларда, мұндай лицензия (осындай рұқсат) болса;
2) Қазақстан Республикасының бейрезидент – қаржы ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы берген Қазақстан Республикасының аумағында өз қызметін жүзеге асыратын банктің акцияларын иеленуге келісім (рұқсат) осындай мемлекеттің заңнамасы бойынша талап етілетін жағдайларда, мұндай келісім (рұқсат) болса;
3) Қазақстан Республикасының бейрезидент – қаржы ұйымында немесе оның бас ұйымында тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленетін рейтингтік агенттіктердің бірінің талап етілетін ең төмен рейтингі болса;
4) Қазақстан Республикасының бейрезидент – қаржы ұйымы өзі резиденті болып табылатын мемлекетте шоғырландырылған қадағалауға жатса, банктің орналастырылған акцияларының (артықшылықты және банк сатып алған акциялары шегеріле отырып) жиырма бес немесе одан көп пайызын тікелей иеленетін немесе банктің дауыс беретін акцияларының жиырма бес немесе одан көп пайызымен тікелей дауыс беру мүмкіндігі бар Қазақстан Республикасының бейрезидент – банк холдингі бола алады.";
"3. Банк холдингі немесе банктің ірі қатысушысы болуға ниет білдірген тұлға банк холдингі немесе банктің ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім алу үшін уәкілетті органға осы баптың 4, 4-1, 5, 6, 7 және 7-1-тармақтарында айқындалған құжаттар мен мәліметтерді қоса бере отырып, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген нысан бойынша банк холдингі немесе банктің ірі қатысушысы мәртебесін иелену туралы өтінішті ұсынуға міндетті.";
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
"3-1. Өтініш берушінің банктік шотындағы, өтініш беруші:
1) жеке тұлға үшін:
кәсіпкерлік, еңбек және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе шет мемлекеттің заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қызметтен түсетін кірістер ретінде;
сыйға тарту, мұра, ұтыстар түріндегі және (немесе) өтеусіз алынған мүлікті, мұра ретінде алынған мүлікті сатудан – банктің сатып алынатын акциялары құнының жиырма бес пайызынан аспайтын мөлшерде;
2) заңды тұлға үшін:
кәсіпкерлік және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе шет мемлекеттің заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қызметтен түсетін кірістер ретінде;
өтініш берушінің жарғылық капиталына салым түрінде алған ақша банк акцияларын сатып алу үшін пайдаланылатын қаражат көздері болып табылуы мүмкін.
Қаржы ұйымы болып табылатын заңды тұлға үшін банктің акцияларын сатып алу қаржы ұйымының меншікті капиталының жеткіліктілік коэффициенттерін, өтімділік коэффициенттерін немесе қаржы ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің заңнамасында белгіленген өзге де нормативтерді (лимиттерді) бұзуына алып келмейтін жағдайда, қаржы ұйымының активтері банктің акцияларын сатып алу үшін пайдаланылатын қаражат көздері болып табылуы мүмкін.";
4, 4-1, 5, 6, 6-1 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Банктің ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім алу үшін жеке тұлға мынадай құжаттарды және мәліметтерді:
1) банк акцияларын сатып алу шарттары мен тәртібін растайтын құжаттардың көшірмелерін;
2) банк акцияларын сатып алу үшін пайдаланылатын қаражат көздері (пайда болуы) туралы мәліметтерді, сондай-ақ осы мәліметтерді растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсынады.
Жеке тұлға сыйға тарту, өтеусіз алынған мүлікті сатудан түскен кіріс түрінде алынған қаражат есебінен банктің акцияларын сатып алған жағдайда, өтініш беруші сыйға тартушы және осы қаражаттың, мүліктің сыйға тартушыда пайда болу көздері туралы мәліметтерді де ұсынады;
3) өтініш беруші ірі қатысушысы болып табылатын заңды тұлғалар жөніндегі мәліметтерді уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген нысан бойынша ұсынады. Егер өтініш беруші Қазақстан Республикасының бейрезидент – заңды тұлғасының акционері (қатысушысы) болып табылса, өтініш берушінің Қазақстан Республикасының бейрезидент – заңды тұлғасында ірі қатысуын растайтын құжаттардың көшірмелері қосымша ұсынылады.
4) банктің қаржылық жағдайының ықтимал нашарлауы жағдайларында банкті қайта капиталдандыру жоспарын;
5) кірістер мен мүлік туралы мәліметтерді, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген нысан бойынша өтініш берушінің барлық міндеттемелері бойынша орын алған берешек туралы ақпаратты, ал Қазақстан Республикасының резидент – жеке тұлғасы банктің ірі қатысушысы мәртебесін иелену туралы өтінішті уәкілетті органға берген күннің алдындағы күнтізбелік отыз күн ішінде Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен ұсынылған, нотариат куәландырған немесе мемлекеттік кірістер органы растаған активтер мен міндеттемелер туралы декларацияның көшірмесі мен Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімде ұсынылған, кірістер және мүлік туралы декларацияның нотариат куәландырған немесе мемлекеттік кірістер органы растаған көшірмесін де ұсынады.
Активтер мен міндеттемелер туралы декларациядағы мәліметтер активтер мен міндеттемелер туралы декларация ұсынылатын айдың бірінші күніне көрсетіледі.
Көрсетілген мәліметтерге өтініш берушінің қаржылық жағдайын талдау үшін қажетті құжаттар, сондай-ақ өтініш берілген күннің алдындағы соңғы алты ай ішінде бағалаушы айқындаған мүліктің құнын растайтын құжаттар қоса беріледі;
6) білімі, еңбек қызметі, мінсіз іскерлік беделі туралы мәліметтерді қоса алғанда, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген нысан бойынша өтініш беруші туралы мәліметтерді ұсынады. Қазақстан Республикасының бейрезидент – жеке тұлғалары өздерінің мінсіз іскерлік беделін растау үшін өздері азаматы болып табылатын елдің және өздері тұрақты тұратын елдің, ал азаматтағы жоқ адамдар – өздері тұрақты тұратын елдің құзыретті мемлекеттік органы берген алынбаған немесе жойылмаған сотталғандығының жоқ екенін растайтын құжаттарды ұсынады (көрсетілген құжаттарды беру күні өтініш берілген күннің алдындағы алты айдан аспауға тиіс);
7) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, келісім берілгені үшін алым төленгенін растайтын құжаттың көшірмесін ұсынады.
4-1. Егер жеке немесе заңды тұлға уәкілетті органның алдын ала жазбаша келісімін алмай, сыйға тарту шарты, сенімгерлік басқару шарты негізінде немесе мұраны қабылдау нәтижесінде банктің, банк холдингінің ірі қатысушысы белгілеріне сәйкес келсе, ол осы баптың 16-тармағында белгіленген талапқа сәйкес тиісті мәртебені иелену туралы өтінішті ұсынған кезде мыналар:
1) банк акцияларына қатысты сыйға тарту, сенімгерлік басқару, мұрагерлік талаптары мен тәртібін растайтын құжаттардың көшірмелері;
2) осы баптың 4-тармағының 3), 4), 5), 6 және 7) тармақшаларында көзделген құжаттар мен мәліметтер;
3) егер өтініш беруші заңды тұлға болып табылса, осы баптың 5-тармағының 7) тармақшасында көзделген құжаттар;
4) егер өтініш беруші Қазақстан Республикасының бейрезидент – заңды тұлғасы болып табылса, осы баптың 6-тармағының 3) тармақшасында көзделген құжат;
5) растайтын құжаттардың көшірмелері қоса беріле отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бағалаушы айқындаған сыйға тарту шартының, сенімгерлік басқару шартының, мұрагерліктің нысанасы болып табылатын акциялардың құны туралы мәліметтер қосымша ұсынылады.
Сыйға тарту немесе мұрагерлік нәтижесінде банктің акцияларын меншікке алған өтініш беруші банктің, банк холдингінің ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім алу үшін нарықтық құны банктің бұрын алынған (сатып алынған) акцияларының құнын шегергенде өтініш берушіден банкті қайта капиталдандыру жоспарына сәйкес банктің қаржылық жағдайын қалпына келтіру үшін талап етілуі мүмкін қаржы салымдарының сомасынан кем болмауға тиіс мүліктің меншік иесі болып табылуға тиіс.
5. Банк холдингі немесе банктің ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім алу үшін Қазақстан Республикасының резидент – заңды тұлғасы мынадай құжаттар мен мәліметтерді:
1) өтініш берушінің тиісті органының банк акцияларын сатып алу туралы шешімінің көшірмесін (қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында шешім болмаған немесе уәкілетті органның оны "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы алуға мүмкіндігі болмаған жағдайда);
2) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген, өтініш берушінің акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) он немесе одан көп пайызына тікелей немесе жанама иелік ететін тұлғалар және өтініш берушіге қатысты бақылауды жүзеге асыратын тұлғалар туралы мәліметтерді, сондай-ақ осы мәліметтерді растайтын құжаттардың көшірмелерін;
3) өтініш берушінің үлестес тұлғаларының тізімін (қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында тізім болмаған немесе уәкілетті органның оны "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы алуға мүмкіндігі болмаған жағдайда);
4) осы баптың 4-тармағының 1), 3), 4) және 7) тармақшаларында көрсетілген құжаттар мен мәліметтерді;
5) білімі, еңбек қызметі, мінсіз іскерлік беделі туралы мәліметтерді қоса алғанда, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген нысан бойынша өтініш берушінің басшы қызметкерлері туралы қысқаша деректерді ұсынады.
Қазақстан Республикасының бейрезиденттері болып табылатын өтініш берушінің басшы қызметкерлері бойынша өтініш беруші уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген нысан бойынша олардың мінсіз іскерлік беделін растайтын мәліметтерді ұсынады;
6) аудиторлық есептермен расталған, өтініш берушінің соңғы екі қаржы жылындағы жылдық қаржылық есептілігінің (өтініш берушіде еншілес ұйымдар болған жағдайда шоғырландырылған қаржылық есептіліктің) көшірмелерін, сондай-ақ өтініш берушінің өтінішті беру алдындағы аяқталған соңғы тоқсандағы қаржылық есептілігінің көшірмесін ұсынады.
Ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап 1 маусымы аралығындағы кезеңде соңғы аяқталған қаржы жылындағы қаржылық есептілікті растайтын аудиторлық есеп болмаған жағдайда, өтініш беруші өтініш беру алдындағы соңғы аяқталған қаржы жылы мен соңғы аяқталған тоқсандағы қаржылық есептіліктің (өтініш берушіде еншілес ұйымдар болған жағдайда шоғырландырылған қаржылық есептіліктің) көшірмелерін, сондай-ақ соңғы аяқталған қаржы жылының алдындағы екі жылдағы аудиторлық есептермен расталған жылдық қаржылық есептіліктің (өтініш берушіде еншілес ұйымдар болған жағдайда шоғырландырылған қаржылық есептіліктің) көшірмелерін ұсынады.
Осы тармақшада көрсетілген қаржылық есептілік қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында осы қаржылық есептілік орналастырылған немесе уәкілетті органның оны "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы алу мүмкіндігі болған жағдайда ұсынылмайды;
7) адамның өтініш беруге өкілеттігін растайтын құжаттардың және оған қоса берілетін құжаттардың көшірмелерін ұсынады.
6. Қазақстан Республикасының бейрезидент – заңды тұлғасы банктің немесе банк холдингінің ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім алу үшін мынадай құжаттар мен мәліметтерді:
1) осы баптың 5-тармағында көрсетілген құжаттар мен мәліметтерді;
2) құрылтай құжаттарының нотариат куәландырған көшірмелерін;
3) өтініш беруші резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы берген Қазақстан Республикасының аумағында өз қызметін жүзеге асыратын банктің акцияларын иеленуге келісімнің (рұқсаттың) көшірмесін не өтініш беруші резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органынан осындай келісімнің (рұқсаттың) талап етілмейтіні туралы растаманың көшірмесін;
4) өтініш беруші резиденті болып табылатын мемлекеттің заңнамасы бойынша өтініш берушінің қаржылық қызметті жүзеге асыруына арналған лицензияның (рұқсаттың) көшірмесін не егер өтініш беруші Қазақстан Республикасының бейрезидент – қаржы ұйымы болып табылса, лицензияның (рұқсаттың) талап етілмейтіні туралы өтініш беруші резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы берген растаманың көшірмесін ұсынады.
6-1. Осы баптың 4-тармағы 3) тармақшасының өтініш берушінің Қазақстан Республикасының бейрезидент – заңды тұлғасына ірі қатысуын растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсыну бөлігіндегі және осы баптың 5-тармағы 2) тармақшасының өтініш берушінің акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) он немесе одан көп пайызын тікелей немесе жанама иеленетін тұлғалар және өтініш берушіге қатысты бақылауды жүзеге асыратын тұлғалар туралы мәліметтерді растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсыну бөлігіндегі талаптары мынадай талаптардың бірі орындалған кезде:
1) өтініш берушіде тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленетін рейтингтік агенттіктердің бірінің "А-" кредиттік рейтингінен төмен емес рейтингі болса;
2) өтініш беруші резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органының интернет-ресурсында өтініш беруші ірі қатысушысы болып табылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент – заңды тұлғалары туралы, өтініш берушінің ірі қатысушылары туралы, сондай-ақ өтініш берушіге қатысты бақылауды жүзеге асыратын тұлғалар туралы мәліметтер болса, Қазақстан Республикасының бейрезидент – заңды тұлғасы болып табылатын өтініш берушіге қолданылмайды.
Осы баптың 5-тармағы 5) тармақшасының мақсаттары үшін басқару органының басшысы, оның орынбасары және басқару органының мүшелері, атқарушы органның басшысы, оның орынбасары және атқарушы органның мүшелері, бас бухгалтер Қазақстан Республикасының бейрезидент – заңды тұлғасының (Қазақстан Республикасының бейрезидент – қаржы ұйымының) басшы қызметкерлері болып танылады.
Осы баптың 5-тармағының 6) тармақшасында көрсетілген қаржылық есептілік өтініш беруші Қазақстан Республикасының бейрезидент – қаржы ұйымы болып табылған және осы қаржылық есептілік Қазақстан Республикасының бейрезидент – қаржы ұйымының немесе шетелдік қор биржасының интернет-ресурсында қазақ, орыс немесе ағылшын тілінде орналастырылған және қолжетімді болған жағдайларда ұсынылмайды.
7. Банк холдингі мәртебесін иеленуге келісім алу үшін Қазақстан Республикасының бейрезидент – банкінде тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленетін рейтингтік агенттіктердің бірінің "А-" кредиттік рейтингінен төмен емес рейтингі болған кезде, ол осы баптың 4-тармағының 4) және 7) тармақшаларында, 5-тармағының 1), 2), 6) және 7) тармақшаларында және 6-тармағының 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген құжаттар мен мәліметтерді ұсынады.";
9-тармақтың бірінші бөлігінде:
екінші абзацтағы "тармақшалары талаптарының" деген сөздер "тармақшаларында белгіленген талаптардың" деген сөздермен ауыстырылсын;
алтыншы абзацтағы "банктің" деген сөз "осы Заңның 17-бабының 5-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, банктің" деген сөздермен ауыстырылсын;
тоғызыншы абзацтағы "Қазақстан Республикасының резиденті емес қаржы ұйымында шыққан елі заңнамасының шеңберінде қаржылық қызметті жүзеге асыру өкілеттігінің" деген сөздер "Қазақстан Республикасының бейрезидент – қаржы ұйымында өзі резиденті болып табылатын мемлекеттің заңнамасы бойынша қаржылық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензия (рұқсат) осындай мемлекеттің заңнамасы бойынша талап етілетін жағдайларда, мұндай лицензияның (осындай рұқсаттың)" деген сөздермен ауыстырылсын;
он төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"банк холдингі мәртебесін иеленуге ниет білдірген Қазақстан Республикасының бейрезидент – қаржы ұйымының осы баптың 1-1-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келмеуі;";
он бесінші абзац алып тасталсын;
он алтыншы абзацтағы "қаржы ұйымы" деген сөздер "Қазақстан Республикасының бейрезидент – қаржы ұйымы" деген сөздермен ауыстырылсын;
12-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын;
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"15. Уәкілетті орган банктің ірі қатысушысы немесе банк холдингі мәртебесін иеленуге келісімді:
1) келісім беруге негіз болған мәліметтердің анық еместігі;
2) өтініш беруші ірі қатысушы немесе банк холдингі мәртебесін иелену нәтижесінде Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасы талаптарының бұзылғаны анықталған жағдайларда кері қайтарып алуға құқылы.
Банктің ірі қатысушысы немесе банк холдингі мәртебесін иеленуге келісімді кері қайтарып алу кезінде уәкілетті орган келісімді кері қайтарып алуға негіз болып табылатын факт анықталған күннен бастап екі ай ішінде бұрын берілген келісімнің күшін жою туралы шешім қабылдайды.
Келісім кері қайтарылып алынған жағдайда, мұндай шара қолданылатын тұлға осындай келісім кері қайтарылып алынған күннен бастап алты ай ішінде банктің өзіне тиесілі акцияларының санын ірі қатысушы мәртебесін иеленуге уәкілетті органның рұқсатын алу талап етілмейтін деңгейге дейін азайтуға және растайтын құжаттарды уәкілетті органға ұсынуға міндетті.
Осы бапқа сәйкес берілген келісім кері қайтарып алынған тұлға банктің акцияларын үшінші тұлғаға сенімгерлік басқаруға беруге құқылы емес.
Уәкілетті орган өздеріне қатысты тиісті келісімді кері қайтарып алу туралы шешім қабылдаған тұлғалар осы тармақтың талаптарын орындамаған жағдайда, уәкілетті орган осы тұлғалардың уәкілетті органның талаптарын орындауы үшін сотқа жүгінуге құқылы.";
18-тармақтың екінші бөлігінде:
бірінші сөйлемдегі "уәкілетті органға растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса тіркеп, банк акцияларын сатып алу үшін пайдаланылатын қаражат көздері туралы ақпарат" деген сөздер "уәкілетті органға банктің акцияларын сатып алу үшін пайдаланылатын қаражаттың көздері туралы (пайда болуы туралы) мәліметтерді осы мәліметтерді растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса тіркеп" деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:
"Банктің ірі қатысушылары – жеке тұлғалар банктің акцияларын қосымша сатып алу үшін пайдалануы мүмкін қаражат көздері осы баптың 3-1-тармағында көрсетілген.";
13) 19-баптың 2 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Банк ашуға рұқсат беру туралы өтініш уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген нысан бойынша беріледі.
3. Банк ашуға рұқсат беру туралы өтінішке мынадай құжаттар мен мәліметтер:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ресімделген құрылтай жиналысы хаттамасының (жалғыз құрылтайшы шешімінің) көшірмесі;
2) банктің жарғылық капиталындағы қатысу үлесі он пайыздан аз болатын құрылтайшылар – жеке және заңды тұлғалар (уәкілетті орган айқындаған тізбе бойынша) туралы мәліметтер, оның ішінде құрылтайшы – заңды тұлғаның аудиторлық есептермен расталған соңғы екі қаржы жылындағы жылдық қаржылық есептілігінің (құрылтайшы – заңды тұлғада еншілес ұйымдар болған жағдайда шоғырландырылған қаржылық есептіліктің) көшірмелері, сондай-ақ өтініш беру күнінің алдындағы соңғы аяқталған тоқсандағы құрылтайшы – заңды тұлғаның қаржылық есептілігінің көшірмесі қоса берілуге тиіс.
Ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап 1 маусымы аралығындағы кезеңде соңғы аяқталған қаржы жылындағы қаржылық есептілікті растайтын аудиторлық есеп болмаған жағдайда, құрылтайшы – заңды тұлға өтініш беру күнінің алдындағы соңғы аяқталған қаржы жылындағы және соңғы аяқталған тоқсандағы қаржылық есептіліктің (құрылтайшы – заңды тұлғада еншілес ұйымдар болған жағдайда шоғырландырылған қаржылық есептіліктің) көшірмелерін, сондай-ақ соңғы аяқталған қаржы жылының алдындағы екі жылдағы аудиторлық есептермен расталған жылдық қаржылық есептіліктің (құрылтайшы – заңды тұлғада еншілес ұйымдар болған жағдайда шоғырландырылған қаржылық есептіліктің) көшірмелерін ұсынады.
Осы тармақшада көрсетілген қаржылық есептілік:
қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында осы қаржылық есептілік немесе уәкілетті органның оны "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы алуға мүмкіндігі болған кезде;
құрылтайшы – заңды тұлға Қазақстан Республикасының бейрезидент – қаржы ұйымы болып табылған және осы қаржылық есептілік Қазақстан Республикасының бейрезидент – қаржы ұйымының немесе шетелдік қор биржасының интернет-ресурсында қазақ, орыс немесе ағылшын тілінде орналастырылған және қолжетімді болған жағдайларда ұсынылмайды;
3) осы Заңның 11-1-бабында көзделген тәртіппен құжаттар мен мәліметтер;
4) осы Заңның 17-1-бабының 3-тармағында көрсетілген банк холдингі немесе банктің ірі қатысушысы мәртебесін иелену туралы өтінішті және осы Заңның 17-1-бабының 4-тармағының 1) тармақшасында, 5-тармағының 1) тармақшасында және 7-1-тармағында көрсетілген құжаттарды қоспағанда, өтініш берушінің банктің ірі қатысушысы немесе банк холдингі мәртебесін алуы қажет болған жағдайда, осы Заңның 17-1-бабында көзделген тәртіппен құжаттар мен мәліметтер;
5) құрылатын банктің акцияларын сатып алу (жарғылық капиталын төлеу) үшін жеке тұлға пайдаланатын қаражат көздерін (пайда болуын) растайтын құжаттардың көшірмелері қоса берілуге тиіс.
Құрылатын банктің акцияларын сатып алу (жарғылық капиталын төлеу) үшін жеке тұлға пайдалануы мүмкін қаражат көздері осы Заңның 17-1-бабының 3-1-тармағында көрсетілген;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ресімделген құрылтай шартының нотариат куәландырған көшірмесі;
7) адамның өтініш беруге өкілеттігін растайтын құжаттардың және оған қоса берілетін құжаттардың көшірмелері қоса берілуге тиіс.";
14) 20-бапта:
1-1-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
"Осы Заңның 13-1-бабы 2-тармағының 8) тармақшасының мақсаттары үшін басқару органының басшысы, оның орынбасары және басқару органының мүшелері, атқарушы органның басшысы, оның орынбасары және атқарушы органның мүшелері, бас бухгалтер Қазақстан Республикасының бейрезидент – банкінің басшы қызметкерлері болып танылады.";
5-тармақтың бірінші және төртінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Осы баптың 3-тармағының 2) тармақшасында көзделген талапқа сай келу үшін:
1) бас банктің атқарушы органының мүшесі болып табылатын банктің басқару органының басшысы немесе мүшесі, атқарушы органның басшысы, Қазақстан Республикасы бейрезидент – банкі филиалының басшысы лауазымдарына кандидаттар үшін – кемінде бес жыл, оның ішінде басшы лауазымында кемінде үш жыл;
2) банктің басқару органының басшысы лауазымына кандидаттар үшін – кемінде бес жыл, оның ішінде басшы лауазымында кемінде екі жыл;
3) банктің атқарушы органының мүшелері, банктің атқарушы органы басшысының орынбасары, Қазақстан Республикасы бейрезидент – банкінің филиалы басшысының орынбасары лауазымына кандидаттар үшін – кемінде үш жыл, оның ішінде басшы лауазымында кемінде екі жыл;
4) банктің басқару органының мүшесі лауазымына кандидаттар үшін – кемінде екі жыл;
5) банктің, Қазақстан Республикасы бейрезидент – банкі филиалының бас бухгалтері лауазымына кандидаттар үшін – кемінде үш жыл;
6) банктің, Қазақстан Республикасы бейрезидент – банкі филиалының бас бухгалтерінің орынбасары лауазымына кандидаттар үшін – кемінде екі жыл;
7) банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент – банкі филиалының құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіруді және (немесе) бақылауды жүзеге асыратын және банк операцияларын жүргізуге негіз болатын құжаттарға қол қою құқығына ие банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент – банкі филиалының өзге де басшылары лауазымдарына кандидаттар үшін – кемінде бір жыл еңбек өтілі болуы қажет.";
"Осы тармақта айқындалған еңбек өтіліне қаржы ұйымының бөлімшелеріндегі оның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, әкімшілік-шаруашылық қызметті жүзеге асыруға, ақпараттық технологияларды дамытуға (ақпараттық технологияларды және (немесе) ақпараттық қауіпсіздікті дамыту бөлімшесінің басшысын қоспағанда) байланысты жұмыс, өзара сақтандыру қоғамындағы жұмыс кірмейді.";
3-2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"3-2) ұлттық басқарушы холдингтің, Қазақстан Даму Банкінің, жеке кәсіпкерлікті дамытудың арнаулы қорының және ұлттық басқарушы холдингтің тікелей инвестициялар нарығын дамытуды жүзеге асыратын еншілес ұйымының басқару органы басшысының, атқарушы органы басшысының, сондай-ақ оның қаржылық мәселелерге және (немесе) еншілес қаржы ұйымдарының қызметіне жетекшілік ететін орынбасарының;";
мынадай мазмұндағы 3-3) тармақшамен толықтырылсын:
"3-3) мыналардың:
тізбесін уәкілетті орган белгілейтін халықаралық қаржы ұйымдарының;
қаржы ұйымдарына аудит жүргізетін ұйымдардың бірінші басшысының және оның орынбасарының, дербес құрылымдық бөлімшесі басшысының немесе басшысы орынбасарының;";
6-тармақтың он екінші бөлігіндегі "он үшінші" деген сөздер "он төртінші" деген сөздермен ауыстырылсын;
8-тармақтың бірінші бөлігінің 3) тармақшасындағы "сегізінші" деген сөз "тоғызыншы" деген сөзбен ауыстырылсын;
9-тармақтың алтыншы бөлігіндегі "сегізінші" деген сөз "тоғызыншы" деген сөзбен ауыстырылсын;
"банк холдингінің басшы қызметкерлері" деген сөздер "Қазақстан Республикасының резидент – банк холдингінің басшы қызметкерлері" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Осы Заңның 17-1-бабы 6-1-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген адамдар Қазақстан Республикасының бейрезидент – банк холдингінің басшы қызметкерлері болып танылады.";
15-тармақтың екінші абзацындағы "бірінің А" деген сөздер "бірінің "А-" деген сөздермен ауыстырылсын;
15) 21-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"21-бап. Қазақстан Республикасы бейрезиденттерінің қатысуымен банк құруға қойылатын қосымша талаптар
Банктің құрылтайшысы болып табылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент – заңды тұлғасы осы Заңның 19-бабында көрсетілген құжаттардан басқа, банк ашуға рұқсат беру туралы өтінішке өтініш беруші резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы берген, Қазақстан Республикасының аумағында өз қызметін жүзеге асыратын банктің акцияларын иеленуге келісімнің (рұқсаттың) көшірмесін не өтініш беруші резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органынан мұндай келісімнің (рұқсаттың) талап етілмейтіні туралы растаманың көшірмесін қоса беруге міндетті.
Микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыру шеңберінде құрылған банктің құрылтайшысы болып табылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент – заңды тұлғасы микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру туралы өтінішке өтініш беруші резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы берген, Қазақстан Республикасының аумағында өз қызметін жүзеге асыратын банктің акцияларын иеленуге келісімнің (рұқсаттың) көшірмесін не өтініш беруші резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органынан мұндай келісімнің (рұқсаттың) талап етілмейтіні туралы растаманың көшірмесін қоса беруге міндетті.".
16) 24-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Банк ашуға рұқсат беруден бас тарту мынадай негiздердің кез келгені бойынша жүргiзiледi:
1) банк атауының осы Заңның 15-бабы 2, 3 және 4-тармақтарының талаптарына сәйкес келмеуi;
2) банк құрылтайшыларының қаржылық жағдайының орнықсыздығы.
Қаржылық жағдайдың орнықсыздығы деп осы Заңның 17-1-бабының 10-тармағында белгіленген белгілердің болуы түсініледі;
3) құрылтайшы – жеке тұлғаның не құрылтайшы – заңды тұлғаның атқарушы органының не басқару органының бірінші басшысының:
жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығының болуы;
уәкілетті орган немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент – қаржы ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы банкті төлемге қабілетсіз банктер санатына жатқызу не оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент – қаржы ұйымын таратуға және (немесе) олардың қаржы нарығындағы қызметін жүзеге асыруын тоқтатуға алып келген, оларды лицензиядан айыру туралы шешім қабылдағанға дейін не Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент – қаржы ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент – қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы сот актісі заңды күшіне енгенге дейін бір жылдан аспайтын кезеңде қаржы ұйымының, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент – қаржы ұйымының басқару органының бірінші басшысы, атқарушы органының бірінші басшысы немесе оның орынбасары, бас бухгалтері, бас бухгалтерінің орынбасары лауазымын атқаруы. Көрсетілген талап уәкілетті орган немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент – қаржы ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы банкті төлемге қабілетсіз банктер санатына жатқызу не оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент – қаржы ұйымын таратуға және (немесе) олардың қаржы нарығында қызметін жүзеге асыруын тоқтатуға алып келген, оларды лицензиядан айыру туралы шешім қабылдағаннан кейін не Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент – қаржы ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент – қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы сот актісі заңды күшіне енгеннен кейін бес жыл ішінде қолданылады. Осы тармақшаның мақсаттары үшін қаржы ұйымы деп Қазақстан Республикасының бейрезидент – банкінің филиалы да, Қазақстан Республикасының бейрезидент – сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы да, Қазақстан Республикасының бейрезидент – сақтандыру брокерінің филиалы да түсініледі;
4) осы Заңның 17-1-бабы талаптарының сақталмауы;
5) осы Заңның 17-бабында белгiленген шектеулердiң сақталмауы;
6) уәкілетті органның банктің ірі қатысушысы, банк холдингі мәртебесін иеленуге келісім беруден бас тартуы;
7) банктің еншілес ұйымын құруға (иеленуге) рұқсат беруден бас тарту;
8) рұқсат алу үшін ұсынылған құжаттардағы мәліметтер мен ақпараттың анық еместігі.";
17) 26-баптың 2, 2-1 және 2-2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Уәкілетті органның банк (Қазақстан Республикасының бейрезидент – банкінің филиалын) ашуға рұқсаты берілген күннен бастап бір жыл ішінде өтініш беруші уәкілетті органға уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген нысан бойынша банк операциялары мен өзге де операцияларды жүргізуге лицензия алуға өтініш беруге тиіс.
Банк операциялары мен өзге де операцияларды жүргізуге лицензия алуға өтініш бергенге дейін өтініш беруші жоспарланып отырған банк операциялары мен өзге де операцияларды жүзеге асыруды бастауға байланысты барлық ұйымдастырушылық-техникалық іс-шараларды орындауға, оның ішінде:
уәкілетті органның және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес келетін үй-жайды, жабдықты және бухгалтерлік есепке алу мен бас бухгалтерлік кітапты жүргізуді автоматтандыру бойынша бағдарламалық қамтылымды дайындауға;
осы Заңның 31-бабының 1-тармағында көзделген операциялар жүргізудің жалпы шарттарын айқындайтын қағидаларды және өзге де ішкі қағидаларды бекітуге;
уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес банк қызметі мен өзге де қызметті жүзеге асыруға байланысты, оның ішінде тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру үшін қажетті ішкі құжаттарды бекітуге тиіс.
2-1. Қазақстан Республикасының резидент – заңды тұлғаларының банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуге арналған лицензияны алғаш рет алуы үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) өтініш, онда өтініш беруші жоспарланып отырған банк қызметі мен өзге де қызметті жүзеге асыруды бастауға байланысты барлық ұйымдастырушылық-техникалық іс-шараның орындалғанын растайды;
2) өтініш беруші жарғысының нотариат куәландырған көшірмесі;
3) "электрондық үкімет" төлем шлюзі арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжат;
4) осы Заңның 20-бабының талаптарына сәйкес банктің басшы қызметкерлері лауазымдарына ұсынылатын адамдарды келісу үшін көзделген құжаттар;
5) уәкілетті органның тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесіне қойылатын талаптарына сәйкес келетін өтініш берушінің таяу үш жылға арналған даму стратегиясының көшірмесі.
Өтініш берушінің даму стратегиясына өтініш берушінің ұйымдастырушылық құрылымы туралы, өтініш берушінің өтініш берілетін қаржы жылына арналған бюджеті туралы ақпарат, оның ішінде өтініш берушінің пруденциялық нормативтерді орындағаны туралы болжамды деректер, сондай-ақ, егер өтініш берушінің бас ұйымының банк холдингі мәртебесін иеленуі банк конгломератын құруға алып келсе, құрамына өтініш беруші кіретін банк конгломератының пруденциялық нормативтерінің болжамды есебі енгізіледі.
Егер өтініш қаржы жылы аяқталғанға дейін екі айдан аз уақыт бұрын берілсе, өтініш берушінің даму стратегиясына осы тармақшаның екінші бөлігінде көзделген өтініш берілетін жылдан кейінгі қаржы жылына арналған ақпарат қосымша енгізіледі;
6) қызметкерлердің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжаттарда көрсетілсе) көрсетілген штат кестесі;
7) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде ең төмен мөлшері белгіленген жарғылық капиталдың төленгенін растайтын құжаттардың көшірмелері;
8) адамның өтініш беруге өкілеттігін растайтын құжаттардың және оған қоса берілетін құжаттарды көшірмелері.
2-2. Қазақстан Республикасының бейрезидент – банкі филиалының банк операцияларын және өзге операцияларды жүргізуге арналған лицензияны алғаш рет алуы үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) осы баптың 2-1-тармағының 1), 3), 4), 5) және 8) тармақшаларында көзделген құжаттар;
2) Қазақстан Республикасының бейрезидент – банкінің басқару органы бекіткен филиал туралы ереженің көшірмесі;
3) Қазақстан Республикасының бейрезидент – банкінің Қазақстан Республикасының аумағында өзінің филиалының қызметін жүзеге асыру процесінде туындайтын міндеттемелер бойынша жауапкершілікті қабылдау туралы және мұндай міндеттемелерді Қазақстан Республикасының бейрезидент – банкінің балансында есепке алу туралы жазбаша міндеттемесі (растауы);
4) лицензияның (рұқсаттың) шеңберінде рұқсат етілген банк операцияларының және өзге де операциялардың тізбесі көрсетіліп, Қазақстан Республикасының бейрезидент – банкі резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы берген Қазақстан Республикасының бейрезидент – банкінің банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуге арналған қолданыстағы лицензиясының (қолданыстағы рұқсатының) көшірмесі – осы Заңның 13-1-бабының 2-тармағында көзделген Қазақстан Республикасының бейрезидент – банкінің филиалын ашуға рұқсат беру туралы өтініш берілгеннен кейін Қазақстан Республикасының бейрезидент – банкі жүзеге асыруға құқылы банк операцияларының және өзге де операциялардың тізбесі өзгерген немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент – банкі жаңа лицензия (жаңа рұқсат) алған жағдайда беріледі.";
18) 27-баптың 1-тармағында:
2-2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"2-2) Қазақстан Республикасының бейрезидент – банкінде Қазақстан Республикасының бейрезидент – банкі резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы берген, мәні бойынша Қазақстан Республикасының бейрезидент – банкі Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыруды жоспарлап отырған банк операцияларына және өзге де операцияларға ұқсас банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуге арналған қолданыстағы лицензиясы (қолданыстағы рұқсаты) болмаған;";
мынадай мазмұндағы 2-3), 2-4) және 4-1) тармақшалармен толықтырылсын:
"2-3) банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент – банкінің филиалын ашуға бұрын берілген рұқсаттың күші жойылған;
2-4) өтініш берушінің даму стратегиясы және (немесе) өзге де ұсынылған құжаттар уәкілетті органның тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесіне қойылатын талаптарына сәйкес келмеген және (немесе) мыналарды:
алғашқы үш қаржы (операциялық) жылы өткеннен кейін өтініш беруші қызметінің рентабельді болатынын;
өтініш берушінің және (немесе) құрамына өтініш беруші кіретін банк конгломератының пруденциялық нормативтерді орындайтынын;
өтініш берушіде оның қызметінің жоспарларына сәйкес келетін ұйымдастырушылық құрылымның бар екенін растайтын мәліметтер ұсынылмаған;";
"4-1) лицензия алу үшін ұсынылған құжаттардағы мәліметтер мен ақпарат анық емес болған;";
19) 30-баптың 2-1-тармағында:
бірінші бөліктегі "2-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 12), 13), 14), 15) және 16) тармақшаларында," деген сөздер "2-тармағында және" деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының бейрезидент – банкінің филиалы уәкілетті органның лицензиясы болған кезде Қазақстан Республикасының аумағында осы баптың 12-тармағында көрсетілген бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қызмет түрлерін жүзеге асыруға да құқылы.";
20) 31-баптың 2-тармағында:
бірінші бөлікте:
7) тармақшадағы "тәртібі;" деген сөз "тәртібі болуға тиіс." деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы екінші және үшінші бөліктермен толықтырылсын:
"Клиенттің жолданымын қарау мерзімі банкке, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға жолданым келіп түскен күннен бастап он бес жұмыс күнінен аспауға тиіс.
Жолданымды дұрыс қарау үшін маңызы бар нақты мән-жайларды анықтау қажеттілігіне байланысты жолданымды қарау мерзімі он бес жұмыс күніне ұзартылуы мүмкін, бұл туралы клиентке жолданымды қарау мерзімі ұзартылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде хабарланады;";
10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"10) клиенттермен жұмыс істеу тәртібі туралы ереже, оның ішінде мүгедектігі бар адамдарға және халықтың жүріп-тұруы шектеулі басқа да топтарына көрсетілетін қызметтерді ұсыну бойынша қаржы ұйымдары бөлімшелерінің қолжетімділігі жөніндегі ұлттық стандарттың талаптары ескеріле отырып, мүгедектігі бар адамдарға және халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарына көрсетілетін қызметтерді ұсыну тәртібін, сондай-ақ мүгедектігі бар адамдарға және сенім білдірілген адамның қатысуымен халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарына көрсетілетін қызметтерді ұсыну ерекшеліктерін қамтитын ереже;";
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"Операцияларды жүргізудің жалпы шарттарын айқындайтын қағидалар көрсетілетін банктік қызметтерді ұсыну, ақпаратты жария ету және банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалатын көрсетілетін банктік қызметтерді ұсыну процесінде туындайтын клиенттердің жолданымдарын қарау тәртібіне сәйкес келуге тиіс.";
21) 31-1-баптың екінші бөлігі "құжаттардың" деген сөзден кейін "және хабарламада көрсетілетін бекітілген қаржы өнімдері жөніндегі мәліметтердің" деген сөздермен толықтырылсын;
22) 33-баптың 3-тармағының бірінші бөлігіндегі "және 74-3-бабы 5-тармағының" деген сөздер ", 74-3-бабы 5-тармағының, 74-5-бабы 2, 3, 4, 5 және 6-тармақтарының" деген сөздермен ауыстырылсын;
23) 34-бапта:
3-2-тармақтың екінші бөлігіндегі "банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың" деген сөздер "кредиттік бюролардың" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 3-3-тармақпен толықтырылсын:
"3-3. Банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым банктік қарыз беру туралы шешім қабылдағанға дейін алған, мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшінің кредиттік есебінде оны мерзімді әскери қызметке шақыру туралы ақпарат болған кезде банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның осындай әскери қызметшілерге Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында мерзімді әскери қызмет өткеруі кезеңінде банктік қарыздар беруіне тыйым салынады.
Мерзімді әскери қызметке шақырылған әскери қызметшілер, сондай-ақ оларды қызметтен шығару туралы мәліметтер алмасу Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігімен келісу бойынша уәкілетті орган айқындаған тәртіппен мемлекеттік органдар мен кредиттік бюролардың ақпараттық жүйелерінің өзара іс-қимылын қамтамасыз ету арқылы жүзеге асырылады.
Осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген жағдайларда дербес деректерді жинау, өңдеу және пайдалану Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым банктік қарыз беру туралы шешім қабылдағанға дейін алған, мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшінің кредиттік есебінде оны мерзімді әскери қызметке шақыру туралы ақпарат болған кезде банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым осындай әскери қызметшіге банктік қарыз берген жағдайда, банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым мұндай банктік қарыз бойынша міндеттемелердің орындалуын талап етуге құқылы емес және мұндай банктік қарыз беру фактісі анықталған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей, осы баптың 5-2-тармағының тоғызыншы бөлігінде көзделген шараларды қабылдайды.";
5-1 және 5-2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"5-1. Жеке тұлға банктік қарыздар алудан ерікті түрде бас тартуын кредиттік бюрода, "электрондық үкімет" веб-порталы не банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның "электрондық үкімет" шлюзінде орналастырылған сервистермен интеграцияланған ақпараттандыру объектілері арқылы тегін белгілеуге не оны алып тастауға құқылы.
5-2. Банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым банктік қарыз беру туралы шешім қабылданғанға дейін алған жеке тұлғаның кредиттік есебінде оның банктік қарыз алудан ерікті түрде бас тартуын белгілегені туралы ақпарат болған кезде банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның оған банктік қарыздар беруіне тыйым салынады.
Банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның алу тәртібі және келісу қажет болатын тұтынушылық банктік қарыздың ең төмен мөлшері уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалатын, тіркелуге жататын мүлік кепілімен қамтамасыз етілмеген тұтынушылық банктік қарыздарды жеке тұлғаға жұбайының (зайыбының) келісімінсіз беруіне тыйым салынады.
Банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның бұрын алынған банктік қарыздар және (немесе) микрокредиттер туралы ақпарат кредиттік есебінде жоқ жеке тұлғамен мүлік кепілімен қамтамасыз етілмеген тұтынушылық банктік қарыз шартын банкте, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымда өзінің қатысуынсыз жасасуына тыйым салынады. Жасасу үшін жеке тұлғаның өзінің қатысуы қажет болатын тұтынушылық банктік қарыз шарты бойынша банктік қарыздың ең төмен мөлшері уәкілетті органның осы баптың 2-тармағында көрсетілген нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
Банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым уәкілетті органның осы баптың 2-тармағында көрсетілген нормативтік құқықтық актісінде көзделген жағдайларда және тәртіппен жеке тұлғамен мүлік кепілімен қамтамасыз етілмеген тұтынушылық банктік қарыз шартын осындай шарт жасасуға оның келісімін алғаннан кейін ғана жасасады. Көрсетілген шарт Интернет арқылы жасалған жағдайда, оны жасауға келісім кредиттік бюрода, "электрондық үкімет" веб-порталында не банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның "электрондық үкімет" шлюзінде орналастырылған сервистермен интеграцияланған ақпараттандыру объектілері арқылы ресімделеді.
Осы тармақтың үшінші бөлігінде көзделген талап банктік қарыз шартын жасасу, сондай-ақ тұтынушылық банктік қарыз сомасын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатушының (өнім берушінің) банктік шотына қарыз алушы (сатып алушы) алғанын растайтын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу мақсаттарына беру жағдайларына қолданылмайды.
Банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым Интернет арқылы жасалған, мөлшері уәкілетті органның осы баптың 2-тармағында көрсетілген нормативтік құқықтық актісінде айқындалған ең төмен мөлшерден асатын банктік қарыз шарты негізінде мүлік кепілімен қамтамасыз етілмеген тұтынушылық банктік қарыз бойынша қарыз алушыға ақша беруді мынадай талаптарды сақтай отырып:
1) шартқа қол қойылған не банктік қарыз сомасы ұлғайтылған кезден бастап жиырма төрт сағаттан кейін;
2) қарыз алушы осы бөліктің 1) тармақшасында көрсетілген мерзім өткеннен кейін уәкілетті органның осы баптың 2-тармағында көрсетілген нормативтік құқықтық актісінде көзделген талаптарға сәйкес ресімделген тұтынушылық банктік қарызды алуға келісім бергеннен кейін жүзеге асырады.
Қарыз алушыға мүлік кепілімен қамтамасыз етілмеген, сомасы қосу нәтижесінде уәкілетті органның осы баптың 2-тармағында көрсетілген нормативтік құқықтық актісінде айқындалған ең төмен мөлшерден асатын бірнеше тұтынушылық қарыз Интернет арқылы берілген жағдайда банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау рәсімдеріне сәйкес осы тармақтың алтыншы бөлігінің 1) тармақшасында көзделген талапты сақтайды.
Осы тармақтың бірінші, төртінші және алтыншы бөліктерінде көзделген талаптар тұтынушылық банктік қарыз сомасын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатушының (өнім берушінің) банктік шотына қарыз алушы (сатып алушы) алғанын растайтын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу мақсаттарына және (немесе) банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның сол банкте, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымда алынған банктік қарыз бойынша қарыз алушының берешегін өтеу мақсаттарына және (немесе) республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің бір жүз елу еселенген мөлшерінен аспайтын мөлшерде төлем картасы бойынша белгіленген кредиттік лимит шеңберінде беру жағдайларына қолданылмайды.
Банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген талаптарды сақтамай банктік қарыз берген жағдайда, банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым жеке тұлғадан мұндай банктік қарыз бойынша міндеттемелердің орындалуын талап етуге құқылы емес. Банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген талаптар сақталмай банктік қарыз беру фактісі анықталған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей мынадай шараларды қабылдайды:
клиенттің осындай банктік қарыз бойынша берешегін есептен шығару туралы шешім қабылдайды;
клиенттің осындай банктік қарыз бойынша берешегін өндіріп алуды және талап-арыз жұмысын тоқтатады;
осындай банктік қарыз бойынша ақпарат туралы жазбаларды жою арқылы клиенттің кредиттік бюролардағы кредиттік тарихына түзетулер енгізеді;
осындай банктік қарыз бойынша сыйақының және (немесе) тұрақсыздық айыбының бұрын ұсталған (төленген) сомаларын клиентке қайтаруды жүзеге асырады.
Осы тармақтың тоғызыншы бөлігінде көзделген шаралар банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым осы баптың 15-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген құқық қорғау органдарының процестік құжаттарын алған жағдайда, осы тармақтың бірінші, үшінші, төртінші, алтыншы және жетінші бөліктерінде көзделген талаптардың кез келгенін сақтамай банктік қарыз беру жағдайларына қолданылады.";
5-5-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген талаптарды сақтамай, Интернет арқылы жеке тұлғамен банктік қарыз шартын жасасқан жағдайда, банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым мұндай банктік қарыз бойынша міндеттемелердің орындалуын талап етуге құқылы емес және мұндай банктік қарыз беру фактісі анықталған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей осы баптың 5-2-тармағының оныншы бөлігінің талаптарын ескере отырып, тоғызыншы бөлігінде көзделген шараларды қабылдайды.";
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"15. Банк құпиясын құрайтын ақпаратқа құқыққа сыйымсыз қол жеткізілгені, оның құқыққа сыйымсыз өзгертілгені, үшінші тұлғалар тарапынан құқыққа сыйымсыз әрекеттердің не жеке тұлғалардың банктік қарыздарымен өзге де заңсыз (алаяқтық) әрекеттердің жүзеге асырылғаны анықталған кезден бастап банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым бір жұмыс күні ішінде бұл туралы клиентке және уәкілетті органға хабарлайды, екі жұмыс күні ішінде құқыққа сыйымсыз әрекеттерді жою үшін шаралар қабылдайды және он жұмыс күні ішінде мұндай әрекеттердің салдарын жою үшін шаралар қабылдайды.";
екінші бөліктің бірінші абзацы "тұлғаны" деген сөзден кейін "банктік қарызды алаяқтық тәсілмен ресімдеуге байланысты қылмыстық құқық бұзушылық бойынша" деген сөздермен толықтырылсын;
үшінші бөліктегі "клиенттің қатысуынсыз" деген сөздер "клиенттің сәйкестендіру құралдарын үшінші тұлғаның заңсыз алуы және пайдалануы салдарынан, оның ішінде банктің қызметтерін қашықтан көрсетудің бағдарламалық қамтылымын алыстан басқаруды пайдалану немесе банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның биометриялық сәйкестендіруді жүргізу тәртібін не уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген ішкі және сыртқы алаяқтық фактілерін анықтау, тіркеп-белгілеу және талдау жөніндегі талаптарды бұзуы арқылы банктік қарызды ресімдеу кезінде қылмыстық іс бойынша жәбірленуші деп танылған клиентке" деген сөздермен ауыстырылсын;
24) 36-бапта:
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
"1-1) қарызды өтеу графигінде белгіленген төлемнің кемінде елу пайызын ай сайынғы төлем мөлшерін азайту жағына қарай өзгертуге;";
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Қарыз алушы – жеке тұлғаның банктік қарыз шартының талаптарына өзгерістер енгізу туралы өтінішін қарау тәртібі, оған қоса берілетін құжаттардың тізбесі, сондай-ақ банктің (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның) уәкілетті органға өтінішті қарау нәтижелері туралы хабарлау тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.";
1-2-тармақ мынадай мазмұндағы екінші және үшінші бөліктермен толықтырылсын:
"Банк (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым):
1) "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын;
2) төтенше жағдай енгізуге негіз болған мән-жайлардың салдарынан зардап шеккен қарыз алушы – жеке тұлға банктік қарыз шартының талаптарына осы баптың 1-1-тармағының бірінші бөлігінің 1-1) тармақшасында және (немесе) 3) тармақшасында көзделген банктік қарыз шартының талаптарына өзгерістер енгізу туралы өтініш берген кезде банктік қарыз шарты бойынша комиссиялар мен өзге де төлемдерді төлеуді талап етпей, кемінде үш ай мерзімге банктік қарыз шартының талаптарына ұсынылған өзгерістермен келісу туралы шешім қабылдайды.
Осы тармақтың екінші бөлігінің 1) тармақшасында көрсетілген қарыз алушы – жеке тұлғамен жасалған банктік қарыз шартының талаптарына ұсынылған өзгерістермен келісу туралы шешім қарыз алушының қарыз алушы өтінішпен жүгінген айдың алдындағы екі ай үшін есептелген орташа айлық кірісі қарыз алушының қарыз алушы өтінішпен жүгінген не атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған айдың алдындағы он екі ай үшін есептелген орташа айлық кірісімен салыстырғанда отыз пайыздан астамға төмендеген жағдайда қабылданады.";
1-3-тармақтың бірінші бөлігіндегі "үшінші" деген сөз "бесінші" деген сөзбен ауыстырылсын;
2-тармақтың бірінші бөлігі "көзделген тұрғын үй төлемдерін," деген сөздерден кейін "табиғи немесе техногендік сипаттағы төтенше жағдай салдарынан зардап шеккен жеке тұлғаларға материалдық залалдың өтемін есепке жатқызуға және мемлекеттік бюджеттен және (немесе) қайырымдылық ұйымдарынан қажетті көмекті беруге арналған банктік шоттардағы ақшаны," деген сөздермен толықтырылсын;
25) 36-1-баптың 4-1-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасының екінші абзацы "және Қазақстанның Даму Банкін" деген сөздермен толықтырылсын;
26) 39-бапта:
5-тармақ "ұйымдар," деген сөз "ұйымдар қарыз алушы – заңды тұлғаның" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
"6-1. Банктер тарифтерді өзгертудің болжамды күніне дейін үш ай бұрын клиентті хабардар еткеннен кейін жеке тұлғалардың төлемдері мен аударымдары бойынша тарифтерді ұлғайту жағына қарай өзгертуге құқылы.";
27) 40-баптың 6-тармағында:
"уәкілетті органмен келісу бойынша" деген сөздер алып тасталсын;
"актісінде көзделген тәртіппен, мерзімдерде және нысандар бойынша" деген сөздер "актісіне сәйкес" деген сөздермен ауыстырылсын;
28) 40-1-баптың 7-тармағы бірінші бөлігінің 3) тармақшасындағы "және банк омбудсманының ішкі қағидаларының" деген сөздер алып тасталсын;
29) 40-2-баптың 1-тармағы 6) тармақшасындағы "тұрған адам банк омбудсманы ретінде сайлау үшін ұсынылмайды." деген сөздер "тұрған;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
"7) мемлекеттік тілді білмейтін адам банк омбудсманы ретінде сайлау үшін ұсынылмайды.";
30) 40-4-баптың 5-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Банк омбудсманы осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген талаптарды бұзған жағдайда, өкілдер кеңесі банк омбудсманының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы мәселені қарауға құқылы.";
31) 40-5-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі "критерийлерін қамтуға тиіс." деген сөздер "өлшемшарттарын;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
"6) қаржы өнімдерін әзірлеудің, мақұлдаудың және ендірудің ішкі рәсімдерін қамтуға тиіс.";
32) 41-баптың бірінші бөлігінің үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"осы Заңның 1-1-бабының 1 және 2-тармақтарында көзделген мақсаттар мен міндеттерге және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес банктердің қызметін реттеу саласында банктердің орындауы үшін міндетті нормативтік құқықтық актілерді қабылдау арқылы реттеудi жүзеге асырады. Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің тізбесі уәкілетті орган туралы ережеде айқындалады;";
33) 42-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігінің жетінші абзацындағы "лимиттері;" деген сөз "лимиттері енеді." деген сөздермен ауыстырылып, сегізінші және тоғызыншы абзацтары алып тасталсын;
1-1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Ислам банктері Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісіне сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне пруденциялық нормативтердің орындалғаны туралы есептілікті ұсынады.";
3-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Банктер, банк конгломераттары және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне пруденциялық нормативтердің орындалғаны туралы есептілікті ұсынады.";
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасының бейрезидент – банкі Қазақстан Республикасының бейрезидент – банкінің филиалы үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде ашылған корреспонденттік шотта орналастырған ақша және (немесе) тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленетін, Қазақстан Республикасының бейрезидент –банкінің филиалы Қазақстан Республикасының аумағында банктік және өзге де операцияларды жүргізуге лицензия алғаннан кейін сатып алатын қаржы құралдары Қазақстан Республикасының бейрезидент – банкі филиалының резерв ретінде қабылданатын активтері деп танылады.";
үшінші бөлік "ең төмен мөлшерін" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ Қазақстан Республикасының бейрезидент – банкі филиалының резерв ретінде қабылданатын активтері есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін және оларды сатып алу (өткізу) тәртібін" деген сөздермен толықтырылсын;
төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының бейрезидент – банктерінің филиалдары (оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент – ислам банктерінің филиалдары) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне пруденциялық нормативтердің орындалғаны туралы есептілікті ұсынады.";
34) мынадай мазмұндағы 42-1-баппен толықтырылсын:
"42-1-бап. Макропруденциялық нормативтер мен лимиттер
1. Банктер, Қазақстан Республикасының бейрезидент – банктерінің филиалдары міндетті түрде сақтауы үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілейтін макропруденциялық нормативтер мен лимиттердің құрамына мыналар кіреді:
1) контрциклдік капитал буфері;
2) секторлық контрциклдік капитал буфері;
3) қарыз алушының борыштық жүктемесінің коэффициенті;
4) қарыз алушының кірісіне борыш коэффициенті.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі банктер, Қазақстан Республикасының бейрезидент – банктерінің филиалдары сақтауға міндетті, халықаралық банк практикасында пайдаланылатын қосымша макропруденциялық нормативтер мен лимиттерді белгілеуге құқылы.
Макропруденциялық нормативтер мен лимиттер, олардың нормативтік мәндері және есептеу әдістемесі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
2. Уәкілетті орган банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент – банктері филиалдарының макропруденциялық нормативтер мен лимиттерді сақтауын бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады.
3. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының банк заңнамасына сәйкес банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент – банктері филиалдарының макропруденциялық нормативтер мен лимиттерді бұзғаны үшін банктерді және (немесе) банк холдингтерін не олардың лауазымды адамдарын және (немесе) банктердің ірі қатысушыларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бейрезидент – банктерінің филиалдарын жауаптылыққа тарту бойынша шаралар қабылдайды.
4. Банктер, Қазақстан Республикасының бейрезидент – банктерінің филиалдары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне макропруденциялық нормативтер мен лимиттердің орындалғаны туралы есептілікті ұсынады.";
35) 44-баптың 6-тармағындағы "Қазақстан Республикасы бейрезидент – банкі филиалының қызметіне тексеру жүргізген кезде уәкілетті орган осы Заңның 13-1-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген" деген сөздер "Уәкілетті орган Қазақстан Республикасы бейрезидент – банкі филиалының қызметіне тексеру жүргізген кезде уәкілетті орган мен Қазақстан Республикасының бейрезидент – банкі резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы арасындағы ақпарат алмасу туралы" деген сөздермен ауыстырылсын;
36) 48-баптың 1-тармағында:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"3) депозиттерді қабылдауға, жеке тұлғалардың банктік шоттарын ашуға және жүргізуге лицензиясы бар банкте (орналастырылған акцияларының елу пайыздан астамы мемлекетке және (немесе) ұлттық басқарушы холдингке тікелей немесе жанама тиесілі банктерді қоспағанда), тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленетін рейтингтік агенттіктердің бірінің талап етілетін ең төмен рейтингі бар бас банктің, банк холдингінің не банк холдингі бас ұйымының не ірі қатысушының – жеке тұлғаның болмауы;";
18) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"18) Қазақстан Республикасының бейрезидент – банкі резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы берген, Қазақстан Республикасының бейрезидент – банкінің Қазақстан Республикасының бейрезидент – банкінің филиалы Қазақстан Республикасының аумағанда жүзеге асыратын мәні бойынша банк операцияларына және өзге де операцияларға ұқсас банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуге арналған лицензиясының (рұқсаттың) қолданысын тоқтата тұруы не одан айыруы;";
мынадай мазмұндағы 18-1) және 18-2) тармақшалармен толықтырылсын:
"18-1) Қазақстан Республикасының бейрезидент – банкі резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы берген, Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының бейрезидент – банкі филиалын ашуға келісімді (рұқсатты) Қазақстан Республикасының бейрезидент – банкі резиденті болып табылатын мемлекеттің заңнамасы бойынша мұндай келісім (рұқсат) талап етілетін жағдайда кері қайтарып алуы немесе оның күшін жоюы;
18-2) лицензияны беруге негіз болған құжаттардағы мәліметтер мен ақпараттың анық еместігі;";
37) 50-баптың 4-тармағы екінші бөлігінің 17) тармақшасындағы "қудалау органдары" деген сөздер "қудалау, ұлттық қауіпсіздік органдары және құқық қорғау органдары" деген сөздермен ауыстырылсын;
38) 51-баптың 1-тармағының екінші бөлігі мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
"1-1) табиғи немесе техногендік сипаттағы төтенше жағдай салдарынан зардап шеккен жеке тұлғаларға материалдық залалдың өтелуін және мемлекеттік бюджеттен және (немесе) қайырымдылық ұйымдарынан қажетті көмектің берілуін есепке жатқызуға арналған банктік шоттардағы ақшаға;";
39) 52-17-баптың 4-тармағының екінші бөлігіндегі "14-бабының 3-тармағында және" деген сөздер алып тасталсын;
40) 54-баптың 1-тармағының бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Банктер Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне шоғырландырылған негіздегі қаржылық және өзге де есептілікті қоса алғанда, қаржылық және өзге де есептілікті ұсынады.
Қазақстан Республикасының бейрезидент – банктерінің филиалдары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне бухгалтерлік есепке алу деректері бойынша есептілікті және өзге де есептілікті ұсынады.";
41) 54-1-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Банктің ірі қатысушылары және банк холдингтері Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне қаржылық және өзге де есептілікті ұсынады.";
42) 61-6-баптың 4-тармағының екінші бөлігінде:
"13-1-бабы 2-тармағының 12) тармақшасына" деген сөздер "26-бабы 2-2-тармағының 3) тармақшасына" деген сөздермен ауыстырылсын;
"міндеттемеге" деген сөзден кейін "(растауға)" деген сөзбен толықтырылсын;
43) 74-5-бапта:
5-тармақтың он төртінші бөлігінде:
"міндеттемеге" деген сөзден кейін "(растауға)" деген сөзбен толықтырылсын;
"13-1-бабы 2-тармағының 12) тармақшасына" деген сөздер "26-бабы 2-2-тармағының 3) тармақшасына" деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақтың екінші бөлігіндегі "осы Заңның 13-1-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген" деген сөздер "уәкілетті орган мен Қазақстан Республикасының бейрезидент – банкі резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органының арасында ақпарат алмасу туралы" деген сөздермен ауыстырылсын.
7. "Жылжымайтын мүлiк ипотекасы туралы" 1995 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) мынадай мазмұндағы 2-1-баппен толықтырылсын:
"2-1-бап. Жылжымайтын мүлік ипотекасы және ипотекалық ұйымдардың қызметі саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаты, міндеттері мен қағидаттары
1. Ипотекалық ұйымдардың міндеттемелерін қамтамасыз ету және қызметін жүзеге асыру үшін жылжымайтын мүлік ипотекасын қолданудың құқықтық негіздерін белгілеу жылжымайтын мүлік ипотекасы және ипотекалық ұйымдардың қызметі саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаты болып табылады.
2. Ипотекалық ұйымдардың қызметі саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
1) ипотекалық ұйымдардың қызметін реттеу, ипотекалық ұйымдардың қызметін бақылау және қадағалау;
2) кепіл берушілердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау.
3. Ипотекалық ұйымдардың қызметі саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі қағидаттары мыналар болып табылады:
1) реттеу ресурстары мен құралдарын тиімді пайдалану;
2) ипотекалық ұйымдар қызметінің ашықтығы;
3) ипотекалық ұйымдардың жауапкершілігі.".
2) 5-2-бап мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
"7. Ипотекалық ұйымдар Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісіне сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне есептілікті ұсынады.";
3) 5-3-бапта:
2) тармақша алып тасталсын;
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"4) осы Заңның 2-1-бабының 1 және 2-тармақтарында көзделген мақсаты мен міндеттеріне және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ипотекалық ұйымдардың қызметін реттеу саласында ипотекалық ұйымдардың орындауы үшін міндетті нормативтік құқықтық актілерді қабылдайды. Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің тізбесі уәкілетті орган туралы ережеде айқындалады;";
1-1-тармақ алып тасталсын.
8. "Қазақстан Республикасындағы вексель айналысы туралы" 1997 жылғы 28 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) кіріспе мынадай мазмұндағы екінші, үшінші және төртінші бөліктермен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасында вексельдердің айналысына байланысты қоғамдық қатынастарды реттеу осы Заңның негізгі мақсаты болып табылады.
Осы Заңның негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
1) аударым вексельдеріне және жай коммерциялық вексельдерге қойылатын талаптарды белгілеу;
2) Қазақстан Республикасында вексельдер айналысының тәртібін айқындау;
3) қолма-қол ақшасыз төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру үшін вексельді қолдануды реттеу.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің вексель айналысы саласындағы қызметі:
1) заңдылық;
2) ашықтық;
3) заң алдында барлығының теңдігін қамтамасыз ету, вексельдік құқықтық қатынастар субъектілерінің құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу қағидаттарына негізделеді.";
2) 79-бап мынадай мазмұндағы екінші және үшінші бөліктермен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі осы Заңның мақсаты мен міндеттеріне және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес вексель айналысы саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өз құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша қабылдайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің тізбесі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ережеде айқындалады.".
9. "Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы" 1998 жылғы 22 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:
43-баптың 2-тармағының екінші бөлігі мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
"есепке алу саясатын қалыптастыру.".
10. "Қаржы лизингі туралы" 2000 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) мынадай мазмұндағы 1-1-баппен толықтырылсын:
"1-1-бап. Қаржы лизингі саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаттары, міндеті мен қағидаттары
1. Лизингтік қызметті жүзеге асырудың құқықтық негіздерін белгілеу, қаржы лизингі саласында тиісті бәсекелес орта құру, лизинг алушылардың және лизинг берушілердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды құқықтық қамтамасыз ету қаржы лизингі саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаттары болып табылады.
2. Лизингтік қызмет негізінде инвестициялар тарту үшін қолайлы жағдайлар жасау қаржы лизингі саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі міндеті болып табылады.
3. Қаржы лизингі саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі қағидаттары:
1) лизингтік қатынастар тараптарының тең құқықтылығы;
2) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, лизингтік қызметті жүзеге асыру еркіндігі болып табылады.";
2) 5-баптың 3-тармағындағы "табыстар" деген сөз "кірістер (оның ішінде Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес кіріс деп танылатын субсидиялар)" деген сөздермен ауыстырылсын.
11. "Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылыс жинақ ақшасы туралы" 2000 жылғы 7 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
5-баптың 1-тармағы 7) тармақшасындағы "жүргізу тұрғын үй құрылысы жинақ банктері қызметінің негізгі түрлері болып табылады." деген сөздер "жүргізу;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
"8) банктік қарыз операциялары: Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі шеңберінде ақылылық, мерзімділік және қайтарымдылық шарттарымен ақшалай нысанда кредиттер беру тұрғын үй құрылысы жинақ банктері қызметінің негізгі түрлері болып табылады.".
12. "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) мынадай мазмұндағы 1-1-баппен толықтырылсын:
"1-1-бап. Сақтандыру саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаттары
Сақтандыру нарығына кәсіби қатысушылардың қызметін жүзеге асырудың құқықтық негіздерін белгілеу, Қазақстан Республикасында тұрақты сақтандыру жүйесін құру және ұстап тұру, ұлттық сақтандыру нарығының инфрақұрылымын қалыптастыру, сақтанушылардың, сақтандырылушылардың және пайда алушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау сақтандыру саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаттары болып табылады.";
2) 3-бапта:
12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"12) мiнсiз iскерлiк бедел – адамның қаржы ұйымын мәжбүрлеп таратуға алып келген төлем қабілетсіздігіне не банкті төлемге қабілетсіз банктер санатына жатқызуға алып келген құқыққа қайшы әрекеттер (әрекетсіздік) жасауы фактілерінің болмауын, алынбаған немесе жойылмаған сотталғандығының болмауын, оның ішінде қаржы ұйымының, банк және (немесе) сақтандыру холдингінің басшы қызметкері лауазымын атқару және қаржы ұйымының ірі қатысушысы (ірі акционері) болу құқығынан өмір бойына айыру түрінде қылмыстық жаза қолдану туралы заңды күшіне енген сот актісінің болмауын қоса алғанда, кәсiпқойлықты, адалдықты растайтын фактiлердiң болуы;";
"тұлға" деген сөз "тұлға, Қазақстан Республикасының бейрезидент – банкінің филиалы" деген сөздермен ауыстырылсын;
орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
3) 11-баптың 2-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қызметін автоматтандыру үшін пайдаланылатын мамандандырылған бағдарламалық қамтылымды немесе қаржы ұйымдарының қызметінде пайдаланылатын өзге де бағдарламалық қамтылымды әзірлеуді, іске асыруды және қолдауды;";
4) 11-1-баптың 2-тармағында:
7) тармақша мынадай мазмұндағы екінші және үшінші бөліктермен толықтырылсын:
"Сақтанушының (сақтандырылушының), жәбірленушінің (пайда алушының) және оның өкілінің жолданымдарын қарау мерзімі жолданым сақтандыру ұйымына келіп түскен күннен бастап он бес жұмыс күнінен аспауға тиіс.
Жолданымды қарау мерзімі жолданымды дұрыс қарау үшін маңызы бар нақты мән-жайларды анықтау қажеттілігіне байланысты он бес жұмыс күніне ұзартылуы мүмкін, бұл туралы сақтанушыға (сақтандырылушыға), жәбірленушіге (пайда алушыға) және оның өкіліне жолданымды қарау мерзімі ұзартылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде хабарланады;";
мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
"7-1) мүгедектігі бар адамдарға және халықтың жүріп-тұруы шектеулі басқа да топтарына қызмет көрсету жөніндегі қаржы ұйымдары бөлімшелерінің қолжетімділігі саласындағы ұлттық стандарт талаптары ескеріле отырып, оның ішінде мүгедектігі бар адамдарға және халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарына қызмет көрсету тәртібі қамтылатын клиенттермен жұмыс істеу тәртібі туралы ережені;";
5) 16-баптың 2-тармағының 4) тармақшасындағы "мемлекеттік тіркеу нөмірі және" деген сөздер алып тасталсын;
6) 16-2-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"16-2-бап. Сақтандыру брокерінің құрылтайшыларына (қатысушыларына, акционерлеріне) қойылатын талаптар";
мынадай мазмұндағы 3 және 4-тармақтармен толықтырылсын:
"3. Терроризмді және экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне және (немесе) жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілген жеке және заңды тұлғалар "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен сақтандыру брокерінің құрылтайшылары (қатысушылары, акционерлері) бола алмайды.
4. Осы баптың 3-тармағында көрсетілген сақтандыру брокерінің қатысушысы (акционері) терроризм мен экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне және (немесе) жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілген жағдайда, уәкілетті орган осы қатысушыға (акционерге) оның сақтандыру брокерінің жарғылық капиталына (акцияларына) қатысу үлесін иеліктен шығару туралы талап жібереді.
Сақтандыру брокерінің қатысушысы (акционері) сақтандыру брокерінің жарғылық капиталына (акцияларына) оның қатысу үлесін иеліктен шығару туралы талапты алған күннен бастап алты ай ішінде оны орындауға және растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, бұл туралы уәкілетті органды хабардар етуге міндетті.";
7) 18-бап мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
"6-1. Екінші деңгейдегі банк және (немесе) микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйым пайда алушы болып табылатын және (немесе) жасалуы банктік қарыз және (немесе) микрокредит беру бойынша екінші деңгейдегі банктің және (немесе) микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның қаржы өнімінің талаптарынан туындайтын сақтандыру шартын, сондай-ақ банктік қарыз және (немесе) микрокредит алу кезінде жасалатын өзге де сақтандыру шартын жасасу бойынша делдалдық қызметтер көрсеткені үшін сақтандырушы сақтандыру агентіне төлейтін комиссиялық сыйақының мөлшері осы сақтандыру шарты бойынша төленуге жататын, есепке жазылған сақтандыру сыйлықақысы мөлшерінің он пайызынан аспайды.";
8) 23-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұлттық компания мәртебесіне ие сақтандыру ұйымын қоспағанда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына өз атауында кез келген тілде "ұлттық", "орталық", "бюджеттiк", "республикалық", "мемлекеттік" деген сөздердi толық немесе қысқартылған түрде пайдалануға тыйым салынады.";
9) 31-1-баптың екінші бөлігі "құжаттардың" деген сөзден кейін "және хабарламада көрсетілетін бекітілген қаржы өнімдері жөніндегі мәліметтердің" деген сөздермен толықтырылсын;
10) 34-бапта:
3-тармақтың 2) тармақшасы сегізінші абзацындағы "тұлғаларда осы бапта белгіленген еңбек өтілі жоқ" деген сөздер "тұлғаларда" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы тоғызыншы абзацпен толықтырылсын:
"және (немесе) ұлттық басқарушы холдингте немесе Қазақстанның Даму Банкінде немесе жеке кәсіпкерлікті дамытудың арнаулы қорында немесе Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігінде осы баптың 5-1-тармағының 3) тармақшасында көзделген лауазымдарда осы бапта белгіленген еңбек өтілі жоқ;";
5-тармақтың үшінші бөлігінде:
"дамыту" деген сөзден кейін "және (немесе) ақпараттық қауіпсіздік" деген сөздермен толықтырылсын;
"және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдағы" деген сөздер алып тасталсын;
орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
5-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5-1. Осы баптың 5-тармағы бірінші бөлігінің 1), 2), 3) және 4) тармақшаларының мақсаттары үшін басшы лауазым деп:
1) қаржы ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент – сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент – сақтандыру брокері филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент – банкі филиалының басшы қызметкері, екі және одан көп құрылымдық бөлімшесінің қызметін үйлестіруді және (немесе) бақылауды жүзеге асыратын басшысы, құрылымдық бөлімшесінің, сондай-ақ оқшауланған бөлімшесінің басшысы, басшысының орынбасары;
2) қаржылық көрсетілетін қызметтерді реттеу саласындағы және (немесе) қаржы ұйымдарының аудиторлық қызметі саласында реттеу және мемлекеттік бақылау саласындағы мемлекеттік органның бірінші басшысы және оның орынбасары, құрылымдық бөлімшесінің басшысы, басшысының орынбасары;
3) ұлттық басқарушы холдингтің, Қазақстанның Даму Банкінің, жеке кәсіпкерлікті дамытудың арнаулы қорының және Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігінің басқару органының басшысы, атқарушы органының басшысы, сондай-ақ оның қаржылық мәселелерге және (немесе) еншілес қаржы ұйымдарының қызметіне жетекшілік ететін орынбасары;
4) құрылымдық бөлімшенің бірінші басшысы және оның орынбасары, сондай-ақ:
осы баптың 3-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасының екінші абзацында көрсетілген халықаралық қаржы ұйымдарындағы;
қаржы ұйымдарына аудит жүргізетін ұйымдардағы;
осы баптың 3-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасының жетінші абзацында көрсетілген салада қызметті жүзеге асыратын ұйымдардағы;
осы баптың 3-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасының сегізінші абзацында көрсетілген шетелдік заңды тұлғалардағы оқшауланған бөлімшесінің басшысы немесе басшысы орынбасары лауазымы түсініледі.";
төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атқарушы органы басшысының міндеттерін атқару атқарушы органының мүшесіне, сақтандыру брокері, Қазақстан Республикасының бейрезидент – сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы, Қазақстан Республикасының бейрезидент – сақтандыру (қайта сақтандыру) брокерінің филиалы басшысының міндеттерін атқару басшының орынбасарына, бас бухгалтердің міндеттерін атқару бас бухгалтердің орынбасарына күнтізбелік алпыс күннен аспайтын мерзімге жүктелген жағдайларды қоспағанда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент – сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент – сақтандыру брокері филиалының басшы қызметкерінің міндеттерін уәкілетті органның басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімі жоқ адамның атқаруына (уақытша жоқ адамды ауыстыруына) тыйым салынады.";
мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:
"Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атқарушы органы басшысының, сақтандыру брокері, Қазақстан Республикасы бейрезидент – сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы, Қазақстан Республикасының бейрезидент – сақтандыру брокерінің филиалы басшысының не сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру брокері, Қазақстан Республикасының бейрезидент – сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы, Қазақстан Республикасының бейрезидент – сақтандыру брокерінің филиалы бас бухгалтерінің міндеттерін атқаруды уәкілетті органмен келісілген кандидатураның болмауына байланысты осы тармақтың төртінші бөлігінде көрсетілген адамдарға қатарынан он екі ай ішінде жиынтығында күнтізбелік бір жүз сексен күннен артық мерзімге жүктеуге (уақытша жоқ адамды ауыстыруға) жол берілмейді.";
11) 41-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"41-бап. Сақтандыру саласындағы мемлекеттiк реттеудiң негізгі мiндеттерi мен қағидаттары";
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
"1-1. Сақтандыру нарығына кәсіби және өзге де қатысушылардың қызметін мемлекеттік реттеу қағидаттары:
1) реттеу ресурстары мен құралдарын тиімді пайдалану;
2) сақтандыру нарығына кәсіби және өзге де қатысушылар қызметінің және қаржылық қадағалаудың ашықтығы;
3) сақтандыру нарығына кәсіби және өзге де қатысушылардың жауапкершілігі болып табылады.";
12) 43-бапта:
21) және 21-1) тармақшалар алып тасталсын;
27) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"27) осы Заңның 1-1-бабында және 41-бабының 1-тармағында көзделген мақсаттар мен міндеттерге және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сақтандыру саласындағы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары мен сақтандыру нарығына өзге де қатысушылардың орындауы үшін мiндеттi нормативтiк құқықтық актiлерді қабылдайды. Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің тізбесі уәкілетті орган туралы ережеде айқындалады;";
30) тармақшадағы ", сақтандыру ұйымдары таратылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымға және оның лауазымды адамдарына" деген сөздер алып тасталсын;
13) 46-бапта:
10-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары мен сақтандыру топтары Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актісіне сәйкес пруденциялық нормативтердің орындалуы туралы есептілікті ұсынады.";
10-1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актісіне сәйкес Ұлттық Банкке пруденциялық нормативтердің орындалуы туралы есептілікті ұсынады.";
12-тармақтың алтыншы және сегізінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының бейрезидент – сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актісіне сәйкес Ұлттық Банкке пруденциялық нормативтердің орындалуы туралы есептілікті ұсынады.";
"Қазақстан Республикасының бейрезидент – исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес Ұлттық Банкке пруденциялық нормативтердің орындалуы туралы есептілікті ұсынады.";
14) 48-бапта:
бірінші бөлікте:
1) тармақша алтыншы абзацындағы "заңды тұлғаларды. Бұл ретте," деген сөздер "заңды тұлғаларды сатып алу жағдайларына қолданылмайды. Бұл ретте," деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы жетінші және сегізінші абзацтармен толықтырылсын:
"қаржы ұйымдарының қызметінде, оның ішінде олардың қызметін автоматтандыру үшін пайдаланылатын бағдарламалық қамтылымды әзірлеуді, іске асыруды, қолдауды жүзеге асыратын ұйымдарды (Қазақстан Республикасының резиденттері мен бейрезиденттерін);
жасанды интеллект, блокчейн және басқа да инновациялық технологияларды пайдалана отырып, қаржылық қызметтер көрсету мүмкіндігін ұсыну бойынша қызметтер көрсететін ұйымдарды (Қазақстан Республикасының резиденттері мен бейрезиденттерін);";
2) тармақша үшінші абзацындағы "тұлғаларды құру, сондай-ақ акцияларды немесе жарғылық капиталдарға қатысу үлестерін сатып алу жағдайларына қолданылмайды." деген сөздер "тұлғаларды;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы төртінші және бесінші абзацтармен толықтырылсын:
"қаржы ұйымдарының қызметінде, оның ішінде олардың қызметін автоматтандыру үшін пайдаланылатын бағдарламалық қамтылым әзірлеуді, іске асыруды, қолдауды жүзеге асыратын ұйымдардың (Қазақстан Республикасының резиденттері мен бейрезиденттерін);
жасанды интеллект, блокчейн және басқа да инновациялық технологияларды пайдалана отырып, қаржылық қызметтер көрсету мүмкіндігін ұсыну бойынша қызметтер көрсететін ұйымдарды (Қазақстан Республикасының резиденттері мен бейрезиденттерін) құру, сондай-ақ акцияларды немесе жарғылық капиталдарға қатысу үлестерін сатып алу жағдайларына қолданылмайды.";
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасының жетінші және сегізінші абзацтарында және 2) тармақшасының төртінші және бесінші абзацтарында белгіленген ережелер уәкілетті орган мен шет мемлекеттің тиісті қадағалау органы арасында ақпарат алмасу туралы келісім болған кезде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және сақтандыру холдингтерінің Қазақстан Республикасының бейрезидент – ұйымдарын құру, сондай-ақ акцияларын немесе жарғылық капиталдарға қатысу үлестерін сатып алу жағдайларына қолданылады.";
5-тармақтың 5-1) тармақшасындағы "немесе" деген сөз ", Қазақстан Республикасының бейрезидент – банкінің филиалы," деген сөздермен ауыстырылсын;
15) 52-1-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі 5) тармақшасындағы "жүйесін қалыптастырады." деген сөздер "жүйесін;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
"6) қаржы өнімдерін әзірлеудің, мақұлдаудың және ендірудің ішкі рәсімдерін қалыптастырады.";
16) 53-1-баптың 1-тармағы "сақтандыру брокеріне," деген сөздерден кейін "сақтандыру брокерінің қатысушысына, акционеріне," деген сөздермен толықтырылсын;
17) 53-4-бапта:
бірінші абзац "ұйымдарға" деген сөзден кейін ", сақтандыру брокерінің қатысушыларына (акционерлеріне)" деген сөздермен толықтырылсын;
1) тармақша "Заңның" деген сөзден кейін "16-2-бабының 3-тармағында," деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
"1-1) сақтандыру брокерінің қатысушысынан (акционерінен) оның сақтандыру брокерінің жарғылық капиталына қатысу үлесін (акцияларын) иеліктен шығаруды талап етуге;";
18) 54-1-баптың 1-тармағының үшінші бөлігі алып тасталсын;
19) 67-бап мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
"7. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметі тоқтатылғаны тіркелгеннен кейін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясы ерікті түрде тарату процесінің аяқталғаны туралы уәкілетті органды он жұмыс күні ішінде хабардар етеді.";
20) 72-1-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы тоғызыншы бөлікпен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасының бейрезидент – сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы есептік тіркеуден шығарылғаннан кейін Қазақстан Республикасының бейрезидент – сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы уәкілетті органды Қазақстан Республикасының бейрезидент – сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін ерікті түрде тоқтату процесінің аяқталғаны туралы он жұмыс күні ішінде хабардар етеді.";
21) 74-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Шоғырландырылған негiздегі қаржылық және өзге де есептіліктi қоса алғанда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары мен сақтандыру брокерлерi Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес Ұлттық Банкке қаржылық және өзге де есептiлікті ұсынады.
Қазақстан Республикасының бейрезидент – сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалдары және Қазақстан Республикасының бейрезидент – сақтандыру брокерінің филиалдары Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес Ұлттық Банкке бухгалтерлік есепке алу деректері бойынша есептілікті және өзге де есептiлікті ұсынады.";
22) 74-1-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мен сақтандыру холдингтерінің ірі қатысушылары Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес Ұлттық Банкке қаржылық және өзге де есептілікті ұсынады.".
13. "Қазақстанның Даму Банкі туралы" 2001 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:
12-баптың 3-тармағында:
бірінші бөліктегі "тұлғаларға кредит берудің" деген сөздер "тұлғаларды қаржыландырудың" деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"Ұлттық басқарушы холдингтің тобына кіретін заңды тұлғаларды, жалғыз акционері (қатысушысы) Даму Банкі болып табылатын заңды тұлғаларды қаржыландырудың және олардың міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз етуді беру шарттарын айқындау және (немесе) өзгерту кезінде, сондай-ақ Даму Банкі көрсетілген және (немесе) үшінші тұлғалармен өзге де мәмілелер жасасқан кезде "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 40-бабында белгіленген талаптар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдар туралы заңнамасында белгіленген, ұлттық басқарушы холдингтің тобына кіретін заңды тұлғалармен, жалғыз акционері (қатысушысы) Даму Банкі болып табылатын заңды тұлғалармен мүдделілік болуына орай жасалатын мәмілелерді жүзеге асыру тәртібі мұндай тұлғаларға қолданылмайды.".
14. "Төтенше жағдай туралы" 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
15-баптың 2-тармағы:
"реттеу" деген сөзден кейін ", төлемдер және төлем жүйелері" деген сөздермен толықтырылсын;
"қадағалау," деген сөзден кейін "төлем қызметтерін реттеу және көрсету тәртібі," деген сөздермен толықтырылсын.
15. "Кредиттік серіктестіктер туралы" 2003 жылғы 28 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-тарау мынадай мазмұндағы 2-1-баппен толықтырылсын:
"2-1-бап. Кредиттiк серiктестiктер қызметі саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаттары, міндеттері мен қағидаттары
1. Кредиттік серіктестіктердің қызметін жүзеге асырудың құқықтық негіздерін белгілеу, қаржы нарығында адал бәсекелестікті қолдауға бағытталған кредиттік серіктестіктердің қызметі үшін тең құқықты жағдайлар жасау кредиттік серіктестіктердің қызметі саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаттары болып табылады.
2. Кредиттік серіктестіктердің қызметі саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
1) кредиттік серіктестіктер қызметінің стандарттарын белгілеу;
2) кредиттік серіктестіктерге қатысушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың тиісті деңгейін, кредиттік серіктестіктердің қызметі және олар көрсететін қаржылық қызметтер туралы ақпараттың толықтығын және тұтынушылар үшін қолжетімділігін қамтамасыз ету.
3. Кредиттiк серiктестiктердің қызметі саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі қағидаттары мыналар болып табылады:
1) реттеу ресурстары мен құралдарын тиімді пайдалану;
2) кредиттiк серiктестiктер қызметінің ашықтығы;
3) кредиттiк серiктестiктердің жауапкершілігі.";
2) 9-баптың 4-тармағындағы "жиналысқа барлық қатысушылардың үштен екi" деген сөздер "кредиттік серіктестікке қатысушылардың жалпы жиналысына қатысқан және ұсынылған қатысушылардың төрттен үшінің" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 10-баптың 2-тармағының екінші бөлігі мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
"есепке алу саясатын қалыптастыру.".
16. "Акционерлік қоғамдар туралы" 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) кіріспе алып тасталсын;
2) мынадай мазмұндағы 2-1-баппен толықтырылсын:
"2-1-бап. Акционерлік қоғамдардың қызметі саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаттары, міндеттері мен қағидаттары
1. Акционерлік қоғамдарды құрудың, олардың қызметінің, қайта ұйымдастырудың және таратудың құқықтық негіздерін белгілеу, акционерлердің құқықтары мен міндеттерін, сондай-ақ олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жөніндегі шараларды белгілеу акционерлік қоғамдардың қызметі саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаттары болып табылады.
2. Акционерлік қоғамдардың қызметі саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
1) акционерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың тиісті деңгейін қамтамасыз ету;
2) акционерлік қоғамдардың корпоративтік басқару қағидаттарын сақтауы.
3. Акционерлік қоғамдардың қызметі саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі қағидаттары мыналар болып табылады:
1) акционерлік қоғамдар қызметінің ашықтығы;
2) корпоративтік басқарудың орнықтылығы.".
17. "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы" 2003 жылғы 3 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) кіріспе алып тасталсын;
2) 2-тарау мынадай мазмұндағы 2-1-баппен толықтырылсын:
"2-1-бап. Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының қызметі саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаты, міндеттері мен қағидаттары
1. Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорын құрудың, оның қызметінің құқықтық негіздерін, сондай-ақ сақтандыру ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент – сақтандыру ұйымдары филиалдарының Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына қатысу талаптарын белгілеу Cақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының қызметі саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаты болып табылады.
2. Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының қызметі саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
1) сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесінің инфрақұрылымын қалыптастыру;
2) сақтанушылардың (сақтандырылушылардың және пайда алушылардың) құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың тиісті деңгейін қамтамасыз ету.
3. Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының қызметі саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі қағидаттары мыналар болып табылады:
1) Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына қатысушы –сақтандыру ұйымы мәжбүрлеп таратылған кезде сақтанушылардың (сақтандырылушылардың және пайда алушылардың) құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау;
2) көлік оқиғасы орнынан жасырынған және жәбірленушіге зиян келтіргені үшін жауапты адам анықталмаған жағдайда, көлік оқиғасы салдарынан өмірі мен денсаулығына өзге адам зиян келтірген адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету.";
3) 4-бапта:
1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) осы Заңның 2-1-бабының 1 және 2-тармақтарында көзделген мақсат пен міндеттерге және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қордың қызметін реттеу саласындағы Қор орындауы үшін міндетті нормативтік құқықтық актілерді қабылдайды. Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің тізбесі уәкілетті орган туралы ережеде айқындалады;";
1-1-тармақ алып тасталсын;
4) 4-1-бапта:
2-тармақтың бірінші бөлігі 3) тармақшасының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Адамның қаржы ұйымын мәжбүрлеп таратуға алып келген төлем қабілетсіздігіне не банкті төлемге қабілетсіз банктер санатына жатқызуға алып келген құқыққа қайшы әрекеттер (әрекетсіздік) жасауы фактілерінің болмауын, алынбаған немесе жойылмаған сотталғандығының болмауын, оның ішінде қаржы ұйымының, банк және (немесе) сақтандыру холдингінің басшы қызметкері лауазымын атқару және қаржы ұйымының ірі қатысушысы (ірі акционері) болу құқығынан өмір бойына айыру түрінде қылмыстық жаза қолдану туралы заңды күшіне енген сот актісінің болмауын қоса алғанда, кәсіпқойлықты, адалдықты растайтын фактілердің болуы мінсіз іскерлік бедел болып табылады.";
2-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2-1. Осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасының мақсаттары үшін басшы лауазым деп:
1) қаржы ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент – сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент – сақтандыру брокері филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент – банкі филиалының басшы қызметкері, құрылымдық бөлімшесінің (құрылымдық бөлімшелерінің) қызметін үйлестіруді және (немесе) бақылауды жүзеге асыратын басшысы, құрылымдық бөлімшесінің, сондай-ақ оқшауланған бөлімшесінің басшысы, басшысының орынбасары;
2) қаржылық көрсетілетін қызметтерді реттеу саласындағы және (немесе) қаржы ұйымдарының аудиторлық қызметі саласындағы реттеу және мемлекеттік бақылау саласындағы мемлекеттік органның бірінші басшысы және оның орынбасары, құрылымдық бөлімшесінің басшысы, басшысының орынбасары;
3) құрылымдық бөлімшенің бірінші басшысы және оның орынбасары, сондай-ақ:
осы баптың 2-тармағы бірінші бөлігі 2) тармақшасының екінші абзацында көрсетілген халықаралық қаржы ұйымдарындағы;
қаржы ұйымдарына аудит жүргізетін ұйымдардағы;
осы баптың 2-тармағы бірінші бөлігі 2) тармақшасының жетінші абзацында көрсетілген саладағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдардағы;
осы баптың 2-тармағы бірінші бөлігі 2) тармақшасының сегізінші абзацында көрсетілген шетелдік заңды тұлғалардағы оқшауланған бөлімшесінің басшысы немесе басшысының орынбасары лауазымдары түсініледі.";
он бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"Қордың атқарушы органы басшысының міндеттерін атқару атқарушы органының мүшесіне не Қордың бас бухгалтерінің міндеттерін атқару Қордың бас бухгалтерінің орынбасарына күнтізбелік алпыс күннен аспайтын мерзімге жүктелетін жағдайларды қоспағанда, басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) уәкілетті органның келісімі жоқ адамның Қордың басшы қызметкерінің міндеттерін атқаруына, уақытша жоқ басшы қызметкерді ауыстыруына тыйым салынады.";
мынадай мазмұндағы он екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Уәкілетті органмен келісілген кандидатураның болмауына байланысты осы тармақтың он бірінші бөлігінде көрсетілген адамдарға Қордың атқарушы органы басшысының не бас бухгалтерінің міндеттерін атқаруды қатарынан он екі ай ішінде жиынтығында күнтізбелік бір жүз сексен күннен артық мерзімге жүктеуге (уақытша жоқ адамды ауыстыруға) жол берілмейді.";
5) 7-баптың 2-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2-1. Осы Заңда Қорға міндетті қатысу көзделген сақтандырудың кепілдік берілетін түрлеріне (сыныптарына) мыналар жатады:
1) міндетті сақтандыру туралы талап, сақтандырудың түрлері мен ең төмен шарттары (оның ішінде сақтандыру объектісі, сақтандыру тәуекелдері және сақтандыру сомаларының ең төмен мөлшерлері) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленетін, ал сақтандырудың өзге де шарттары мен тәртібі тараптардың келісімінде айқындалатын сақтандыру (жүктелген сақтандыру) түрлерін қоспағанда, міндетті сақтандырудың барлық түрі;
2) "өмірді сақтандыру" саласындағы жинақтаушы сақтандырудың барлық түрі.";
6) 8-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
"2-1. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген функциялардан бөлек, Қор сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қызметін автоматтандыру, сақтандыру (қайта сақтандыру) саласындағы мамандарды оқытуды жүргізу мен олардың біліктілігін арттыру үшін пайдаланылатын мамандандырылған бағдарламалық қамтылымды әзірлеуді және беруді жүзеге асырады.";
7) 14-баптың 2-тармағындағы "санкциялар және" деген сөздер алып тасталсын;
8) 18-баптың 2-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне қаржылық және өзге де есептілікті ұсынуға;".
18. "Аудиторлық ұйымдардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы" 2003 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"4-бап. Аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандырудың негiзгi мақсаты, қағидаттары және міндеттері";
1-тармақтағы "мақсаты" деген сөз "негізгі мақсаты" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
"3. Аудиторлық ұйымдардың жауапкершілігін міндетті сақтандырудың негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
1) аудит жүргізу кезінде аудиттелетін субъектілерге келтірілген мүліктік зиянның өтелуін қамтамасыз ету;
2) аудит жүргізу кезінде аудиттелетін субъектілердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау.".
19. "Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы" 2003 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"4-бап. Тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандырудың негізгі мақсаты, қағидаттары мен міндеттері";
1-тармақтағы "мақсаты" деген сөз "негізгі мақсаты" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
"3. Тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандырудың негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
1) жолаушыларды тасымалдау кезінде олардың өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне келтірілген зиянның өтелуін қамтамасыз ету;
2) тасымалдау кезінде өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне зиян келтірілген жолаушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау.".
20. "Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы" 2003 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 4-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"4-бап. Көлiк құралдары иелерінiң жауапкершiлігін міндеттi сақтандырудың негiзгi мақсаты, қағидаттары мен міндеттері";
1-тармақтағы "мақсаты" деген сөз "негізгі мақсаты" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
"3. Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандырудың негiзгi міндеттері мыналар болып табылады:
1) жоғары қауіптілік көзі ретінде көлік құралын пайдалану салдарынан үшінші адамдардың өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне келтірілген зиянның өтелуін қамтамасыз ету;
2) жоғары қауіптілік көзі ретінде көлік құралын пайдалану салдарынан өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне зиян келтірілген адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерінің қорғалуын қамтамасыз ету.";
2) 9-баптың 2-тармағындағы "өтініш жасаған кезде" деген сөздер "жүгінген кезде және (немесе) электрондық ақпараттық ресурстар алмасу кезінде" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 19-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Көлік құралын тіркеу аумағы бойынша коэффициенттер мынадай мөлшерде белгіленеді:
Р/с № | Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың атауы | Көлік құралын тіркеу аумағы бойынша коэффициент мөлшері (астана, республикалық және облыстық маңызы бар қалалар үшін) |
1 | 2 | 3 |
1. | Алматы облысы | 1,78 |
2. | Түркістан облысы | 1,01 |
3. | Шығыс Қазақстан облысы | 1,96 |
4. | Қостанай облысы | 1,95 |
5. | Қарағанды облысы | 1,39 |
6. | Солтүстік Қазақстан облысы | 1,33 |
7. | Ақмола облысы | 1,32 |
8. | Павлодар облысы | 1,63 |
9. | Жамбыл облысы | 1,00 |
10. | Ақтөбе облысы | 1,35 |
11. | Батыс Қазақстан облысы | 1,17 |
12. | Қызылорда облысы | 1,09 |
13. | Атырау облысы | 2,69 |
14. | Маңғыстау облысы | 1,15 |
15. | Абай облысы | 1,96 |
16. | Ұлытау облысы | 1,39 |
17. | Жетісу облысы | 1,78 |
18. | Алматы | 2,96 |
19. | Астана | 2,2 |
20. | Шымкент | 1,01 |
". |
21. "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) кіріспе алып тасталсын;
2) 1-бапта:
48) тармақшадағы "эмиссиялық бағалы қағаздардың" деген сөздер "қаржы құралдарының" деген сөздермен ауыстырылсын;
49) тармақшадағы "пакеті ұлттық басқарушы холдингке тиесілі кәсіпкерлікті дамытудың арнаулы қорының" деген сөздер "пакеттері ұлттық басқарушы холдингке тиесілі кәсіпкерлікті дамытудың арнаулы қорының және (немесе) өзге де заңды тұлғаның және (немесе) ұлттық басқарушы холдингтің" деген сөздермен ауыстырылсын;
63) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"63) мінсіз іскерлік бедел – адамның қаржы ұйымын мәжбүрлеп таратуға алып келген төлем қабілетсіздігіне не банкті төлемге қабілетсіз банктер санатына жатқызуға алып келген құқыққа қайшы әрекеттер (әрекетсіздік) жасау фактілерінің, алынбаған немесе жойылмаған сотталғандығының болмауын, оның ішінде қаржы ұйымының, банк және (немесе) сақтандыру холдингінің басшы қызметкері лауазымын атқару және қаржы ұйымының ірі қатысушысы (ірі акционері) болу құқығынан өмір бойына айыру түрінде қылмыстық жаза қолдану туралы заңды күшіне енген сот актісінің болмауын қоса алғанда, кәсіпқойлықты, адалдықты растайтын фактілердің болуы;";
76) тармақшадағы "бағалы қағаздар рыногына кәсiби қатысушылар" деген сөздер "қаржы ұйымдары" деген сөздермен ауыстырылсын;
92-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"92-1) шетелдік есепке алу ұйымы – орталық депозитарийдің клиенті болып табылатын, шетелдік есепке алу ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің заңнамасына сәйкес уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде айқындалған талаптарды ескере отырып, осы Заңның 59-бабының 1-тармағында белгіленген номиналды ұстаушының функцияларына ұқсас функцияларды жүзеге асыратын шетелдік ұйым;";
мынадай мазмұндағы 92-2) тармақшамен толықтырылсын:
"92-2) шетелдік кәсіптік ұйым – уәкілетті орган бекіткен тізбеге кіретін, қаржы нарықтарында бірыңғай қағидаларды және (немесе) стандарттарды белгілейтін, заңды тұлға болып табылмайтын халықаралық ұйым, шетелдік заңды тұлға немесе шетелдік ұйым;";
3) мынадай мазмұндағы 2-1-баппен толықтырылсын:
"2-1-бап. Бағалы қағаздар нарығын және оның субъектілерін мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаты, міндеттері мен қағидаттары
1. Эмиссиялық бағалы қағаздарды және өзге де қаржы құралдарын шығарудың, орналастырудың, айналдыру мен өтеудің, бағалы қағаздар нарығы субъектiлерiн құру мен олардың қызметi ерекшелiктерiнің, бағалы қағаздар нарығының қауiпсiз, ашық және тиiмдi жұмыс iстеуiн, инвесторлардың және бағалы қағаздарды ұстаушылардың құқықтарын қорғауды, бағалы қағаздар нарығына қатысушылардың адал бәсекелестігін қамтамасыз ету мақсатында бағалы қағаздар нарығын реттеу, бақылау және қадағалау тәртiбiн айқындаудың құқықтық негіздерін құру бағалы қағаздар нарығын және оның субъектілерін мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаты болып табылады.
2. Бағалы қағаздар нарығын және оның субъектілерін мемлекеттік реттеудің негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
1) бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылар қызметінің стандарттарын белгілеу;
2) бағалы қағаздар нарығы инфрақұрылымын дамыту және оның тиімділігін арттыру;
3) қаржылық тұрақтылықты ұстап тұру мақсатында қадағалау ресурстарын тәуекелдерге неғұрлым бейім бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың қызметіне шоғырландыру;
4) бағалы қағаздар нарығында көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың тиісті деңгейін, тұтынушылар үшін бағалы қағаздар нарығы субъектілерінің қызметі туралы ақпараттың толықтығы мен қолжетімділігін, сондай-ақ халық үшін қаржылық сауаттылық пен қаржылық қолжетімділік деңгейін арттыруды қамтамасыз ету.
3. Бағалы қағаздар нарығын және оның субъектілерін мемлекеттік реттеудің негізгі қағидаттары мыналар болып табылады:
1) реттеу ресурстары мен құралдарын тиімді пайдалану;
2) бағалы қағаздар нарығы субъектілері қызметінің ашықтығы;
3) бағалы қағаздар нарығы субъектілерінің жауапкершілігі.";
4) 3-бапта:
2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) осы Заңның 2-1-бабының 1 және 2-тармақтарында көзделген мақсат пен міндеттерге және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағындағы бағалы қағаздар нарығы субъектілерінің, басқа да жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті бағалы қағаздар нарығын және оның субъектілерінің қызметін реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерді қабылдайды. Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің тізбесі уәкілетті орган туралы ережеде айқындалады;";
3-тармақ алып тасталсын;
5) 22-1-бапта:
", орналастыруға жоспарланатын жалпы көлемнің кемінде жиырма пайызы көлемінде шет мемлекеттің аумағындағыдай орналастыру шарттарымен иеленуге ұсынуға тиіс" деген сөздер "мынадай көлемде:
2026 жылғы 1 қаңтарға дейін – орналастыруға жоспарланатын жалпы көлемнің кемінде жиырма пайызы;
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап – орналастыруға жоспарланатын жалпы көлемнің кемінде отыз пайызы;
2028 жылғы 1 қаңтардан бастап – орналастыруға жоспарланатын жалпы көлемнің кемінде елу пайызы көлемінде шет мемлекеттің аумағындағыдай орналастыру шарттарымен иеленуге ұсынуға тиіс" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Бұл ретте орналастыруға жоспарланатын жалпы көлемнің кемінде жиырма пайызы Қазақстан Республикасының ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында және (немесе) "Астана" халықаралық қаржы орталығының қор биржасында орналастырылуға тиіс.";
6) 31-1-баптың екінші бөлігі "құжаттардың" деген сөзден кейін "және хабарламада көрсетілетін бекітілген қаржы өнімдері жөніндегі мәліметтердің" деген сөздермен толықтырылсын;
7) 36-баптың 1-тармағы "басқаға беру" деген сөздерден кейін "осы Заңның 38-1-бабында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып," деген сөздермен толықтырылсын;
8) 38-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі "растау" деген сөзден кейін "осы Заңның 38-1-бабында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып," деген сөздермен толықтырылсын;
9) мынадай мазмұндағы 38-1-баппен толықтырылсын:
"38-1-бап. Орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде ашылған шетелдік есепке алу ұйымының дербес шотындағы эмиссиялық бағалы қағаздарға құқықтарды есепке алудың және растаудың ерекшеліктері
1. Шетелдік есепке алу ұйымы клиенттерінің эмиссиялық бағалы қағаздарға құқықтарын есепке алу және олармен жасалатын мәмілелерді орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде атына дербес шот ашылған шетелдік есепке алу ұйымының есепке алу жүйесінде тіркеу шетелдік есепке алу ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде шетелдік есепке алу ұйымының дербес шотын ашу, жүргізу және жабу Қазақстан Республикасының заңдарына, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес, сондай-ақ осы Заңның 78-бабы 1-1-тармағының ережелері ескеріліп жүзеге асырылады.
2. Орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде ашылған шетелдік есепке алу ұйымының дербес шотындағы эмиссиялық бағалы қағаздарға клиенттердің құқықтарын растауды шетелдік есепке алу ұйымы осы шетелдік есепке алу ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.
3. Шетелдік есепке алу ұйымы орталық депозитарийдің сұратуы бойынша орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде ашылған шетелдік есепке алу ұйымының дербес шотындағы эмиссиялық бағалы қағаздарға құқығы бар тұлғалар туралы ақпаратты және осы шетелдік есепке алу ұйымының клиенттері беретін ақпарат негізінде орталық депозитарийдің қағидалар жинағында белгіленген жағдайларда, көлемде және мерзімдерде өзге де ақпаратты береді.";
10) 45-бап мынадай мазмұндағы 2-2-тармақпен толықтырылсын:
"2-2. Клиринг ұйымының брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыру ерекшеліктері уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.";
11) 49-баптың 2-тармағындағы ", уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгiлеген тәртiп пен мерзiмде" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісіне сәйкес" деген сөздермен ауыстырылсын;
12) 49-1-баптың бірінші бөлігі 5) тармақшасындағы "критерийлері қамтылуға тиіс." деген сөздер "өлшемшарттары;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
"6) қаржы өнімдерін әзірлеудің, мақұлдаудың және ендірудің ішкі рәсімдері қамтылуға тиіс.";
13) 52-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Лицензиаттар, орталық депозитарий мен бірыңғай оператор Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне есептілікті ұсынады.";
14) 54-бапта:
2-тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасы сегізінші абзацындағы "тұлғаларда осы бапта белгіленген еңбек өтілі жоқ;" деген сөздер "тұлғаларда;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы тоғызыншы абзацпен толықтырылсын:
"және (немесе) ұлттық басқарушы холдингте немесе Қазақстанның Даму Банкінде немесе жеке кәсіпкерлікті дамытудың арнаулы қорында осы баптың 4-1-тармағының 3) тармақшасында көзделген лауазымдарда осы бапта белгіленген еңбек өтілі жоқ;";
4-тармақтың үшінші бөлігінде:
"дамыту" деген сөзден кейін "және (немесе) ақпараттық қауіпсіздік" деген сөздермен толықтырылсын;
"және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдағы" деген сөздер алып тасталсын;
орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
4-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4-1. Осы баптың 4-тармағының бірінші бөлігі 1), 2), 3) және 4) тармақшаларының мақсаттары үшін басшы лауазым деп:
1) қаржы ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент – сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент – сақтандыру брокері филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент – банкі филиалының басшы қызметкері, екі және одан көп құрылымдық бөлімшесінің қызметін үйлестіруді және (немесе) бақылауды жүзеге асыратын басшысы, құрылымдық бөлімшесінің, сондай-ақ оқшауланған бөлімшесінің басшысы, басшысының орынбасары;
2) қаржылық көрсетілетін қызметтерді реттеу саласындағы және (немесе) қаржы ұйымдарының аудиторлық қызметі саласындағы реттеу және мемлекеттік бақылау саласындағы мемлекеттік органның бірінші басшысы және оның орынбасары, құрылымдық бөлімшесінің басшысы, басшысының орынбасары;
3) ұлттық басқарушы холдингтің, Қазақстанның Даму Банкінің, жеке кәсіпкерлікті дамытудың арнаулы қоры басқару органының басшысы, атқарушы органының басшысы, сондай-ақ оның қаржылық мәселелерге және (немесе) еншілес қаржы ұйымдарының қызметіне жетекшілік ететін орынбасары;
4) дербес құрылымдық бөлімшесінің бірінші басшысы мен оның орынбасары, сондай-ақ:
осы баптың 2-тармағы бірінші бөлігі 2) тармақшасының екінші абзацында көрсетілген халықаралық қаржы ұйымдарындағы;
қаржы ұйымдарына аудит жүргізетін ұйымдардағы;
осы баптың 2-тармағы бірінші бөлігі 2) тармақшасының жетінші абзацында көрсетілген салада қызметті жүзеге асыратын ұйымдардағы;
осы баптың 2-тармағы бірінші бөлігі 2) тармақшасының сегізінші абзацында көрсетілген шетелдік заңды тұлғалардағы оқшауланған бөлімшесінің басшысы немесе басшысының орынбасары лауазымы түсініледі.";
төртінші бөліктегі "Басқару органы басшысының міндеттерін атқаруды басқару органының мүшесіне немесе атқарушы орган басшысының міндеттерін атқаруды атқарушы органның мүшесіне" деген сөздер "Атқарушы орган басшысының міндеттерін атқаруды атқарушы органның мүшесіне, бас бухгалтердің міндеттерін атқаруды бас бухгалтердің орынбасарына" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:
"Уәкілетті органмен келісілген кандидатураның болмауына байланысты атқарушы орган басшысының не бас бухгалтердің міндеттерін атқаруды (уақытша жоқ адамды алмастыруды) осы тармақтың төртінші бөлігінде көрсетілген адамдарға қатарынан он екі ай ішінде жиынтығында күнтізбелік бір жүз сексен күннен артық мерзімге жүктеуге жол берілмейді.";
15) 59-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
"4. Шетелдік есепке алу ұйымы орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде ашылған дербес шоттағы эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша құқықтарды жүзеге асыруға байланысты әрекеттерді осы эмиссиялық бағалы қағаздарға құқығы бар адамдардан алынған жазбаша нұсқаулықтарға сәйкес сенімхатсыз жасауға құқылы.
Орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде ашылған шетелдік есепке алу ұйымының дербес шотындағы эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша дивидендтер мен сыйақыларды төлеу осы эмиссиялық бағалы қағаздарды ұстаушыларға шетелдік есепке алу ұйымы арқылы жүзеге асырылады.";
16) 72-4-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне қаржылық және өзге де есептілікті ұсынады.";
17) 73-бапта:
1-тармақ "банктер" деген сөзден кейін ", кастодиандық қызметке арналған лицензиясы болған кезде орталық депозитарий" деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақтың бірінші абзацындағы "Қазақстан" деген сөз "Орталық депозитарий немесе Қазақстан" деген сөздермен ауыстырылсын;
18) 80-бап мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
"3-1. Орталық депозитарий бағалы қағаздар нарығында кастодиандық қызметті осы Заңда, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде және орталық депозитарийдің қағидалар жинағында белгіленген шарттармен және тәртіппен жүзеге асырады.";
19) 92-бап мынадай мазмұндағы бірінші бөлікпен толықтырылсын:
"Кәсіптік ұйым коммерциялық емес ұйым түрінде құрылады.";
20) 93-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Кәсіптік ұйым өзінің жарғысына және ішкі құжаттарына сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асыруға:
1) уәкілетті органға нормативтік құқықтық актілердің жобалары, бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметті жүзеге асыру тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу бойынша ұсыныстар беруге;
2) мемлекеттік, қоғамдық, шетелдік және халықаралық ұйымдарда кәсіптік ұйым мүшелерінің мүдделерін білдіруге;
3) кәсіптік ұйым мүшелері арасындағы бағалы қағаздар нарығында туындайтын дауларды және мүшелер мен олардың клиенттері арасындағы дауларды қарауға;
4) оқу бағдарламаларын әзірлеуге және бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға ниетті адамдарды оқытуды жүргізуге;
5) кәсіптік ұйым мүшелерінің кәсіби қызметінің бірыңғай қағидалары мен стандарттарын белгілеуге, сондай-ақ кәсіптік ұйым мүшелерінің оларды сақтауын қамтамасыз етуге;
6) кәсіптік ұйым мүшелерінің рейтингтерін жасауға және жариялауға;
7) кәсіптік ұйым мүшелерінің қызметіне тексерулер жүргізуге;
8) уәкілетті органға кәсіптік ұйым мүшесінің лицензиясын тоқтата тұру және одан айыру туралы өтінішхат жіберуге;
9) өз мүшелерінің бағалы қағаздар нарығындағы қызметін бақылауды жүзеге асыруға және оның ішкі құжаттарында белгіленген ықпал ету шараларын Қазақстан Республикасының заңнамасын және кәсіптік ұйымның ішкі құжаттарын бұзуға жол берген кәсіптік ұйым мүшелеріне қолдануға құқылы.";
21) 94-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген кәсіптік ұйымның iшкi құжаттарын кәсіптік ұйым мүшелерiнiң жалпы жиналысы бекiтедi.";
22) 97-бапта:
2-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Осы тармақтың бірінші бөлігінің талаптары ішкі құжаттарында және жарғысында осы Заңның 93-бабы 1-тармағының 3), 5), 6), 7), 8) және 9) тармақшаларында көрсетілген функцияларды жүзеге асыру көзделген кәсіптік ұйымдарға қолданылады.";
3-тармақ "не оның сараптама қорытындысын сұратады" деген сөздермен толықтырылсын;
23) 100-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Осы тармақтың бірінші бөлігінің талаптары ішкі құжаттарында және жарғысында осы Заңның 93-бабы 1-тармағының 3), 7), 8) және 9) тармақшаларында көрсетілген функцияларды жүзеге асыру көзделген кәсіптік ұйымдарға қолданылады.".
22. "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 6-5-баптың екінші бөлігінде:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"2) осы Заңның 3-бабының 1 және 3-тармақтарында көзделген мақсаттар мен міндеттерге және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарының, сондай-ақ өзге де тұлғалардың қызметін реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерді қабылдайды. Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің тізбесі уәкілетті орган туралы ережеде айқындалады;";
7), 8) 13) және 17) тармақшалар алып тасталсын;
18-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"18-1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен және салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен бірлесіп, кәсіпкерлік субъектілерінің банктік шоттардан қолма-қол ақшаны алу қағидаларын бекітеді;";
2) 6-6-бапта:
бірінші бөліктегі "алты" деген сөз "жеті" деген сөзбен ауыстырылсын;
екінші бөліктегі "үш" деген сөз "төрт" деген сөзбен ауыстырылсын;
3) 9-баптың 1-тармағында:
3-5) тармақша алып тасталсын;
4) тармақшадағы "шығарады" деген сөз "қабылдайды" деген сөзбен ауыстырылсын;
5-1) және 15) тармақшалар алып тасталсын;
4) 10-баптың 7) тармақшасы алып тасталсын;
5) 11-баптың 9) тармақшасы алып тасталсын;
6) 13-6-баптың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
"1-1) осы Заңның 3-бабының 1 және 3-тармақтарында көзделген мақсаттар мен міндеттерге және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қаржы ұйымдарының ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі қызметін реттеу саласындағы қаржы ұйымдарының орындауы үшін міндетті нормативтік құқықтық актілерді қабылдайды. Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің тізбесі уәкілетті орган туралы ережеде айқындалады;";
7) 14-баптың үшінші бөлігі "ақпаратты" деген сөзден кейін ", оның ішінде электрондық түрде және (немесе) мемлекеттік органдардың ақпараттандыру объектілері арқылы" деген сөздермен толықтырылсын.
23. "Байланыс туралы" 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 2-бап мынадай мазмұндағы 51-1) тармақшамен толықтырылсын:
"51-1) санкцияланбаған трафик (фрод) – трафикті өткізуді және өзара есеп айырысу тәртібін қоса алғанда, телекоммуникация желілерін қосу және олардың өзара іс-қимылының белгіленген қағидаларын бұза отырып өткізілетін трафик, оның ішінде шақырушы абоненттің нөмірін ауыстыра отырып өткізілетін трафик;";
2) 4-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
"4. GSM-шлюздерді (сим-бокстарды) әкелуді, тіркеуді, өткізуді және қолдануды GSM-шлюздерді (сим-бокстарды) әкелу, тіркеу, өткізу және қолдану қағидаларына сәйкес байланыс саласында көрсетілетін қызметтерді ұсынуға арналған лицензиясы бар байланыс операторлары ғана жүзеге асырады.
GSM-шлюздердің (сим-бокстардың) артық мөлшері туындаған жағдайда байланыс операторлары оларды уәкілетті орган айқындаған тәртіппен қайта тіркеуі немесе байланыс саласында көрсетілетін қызметтерді ұсынуға арналған лицензиясы бар басқа байланыс операторларына өткізуі мүмкін.";
3) 8-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 19-24) тармақшамен толықтырылсын:
"19-24) кеден ісі саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша GSM-шлюздерді (сим-бокстарды) әкелу, тіркеу, өткізу және қолдану қағидаларын бекіту;";
4) 15-бап мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
"7. Байланыс операторларының ішкі антифрод-жүйелері болуға және олар санкцияланбаған трафикті (фродты) бұғаттауға міндетті.";
5) мынадай мазмұндағы 15-4-баппен толықтырылсын:
"15-4-бап. Ұялы байланыс операторларының Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің антифрод-орталығымен өзара іс-қимылы
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің антифрод-орталығы өз функцияларын орындау үшін абоненттің тегін, атын, әкесінің атын (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), жеке сәйкестендіру нөмірі мен оған ресімделген абоненттік нөмірлерді қоса алғанда, абонент туралы ақпарат алу үшін ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларының сәйкестендіру кодтарының дерекқорымен және (немесе) ұялы байланыс операторларының базаларымен интеграцияланады.
2. Ұялы байланыс операторлары алаяқтық белгілері бар қоңырау шалу жүзеге асырылған абоненттік нөмірді анықтаған кезде, сондай-ақ байланыс желілерінде алаяқтық әрекеттер анықталған кезде абоненттің тегін, атын, әкесінің атын (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), жеке сәйкестендіру нөмірі мен оған ресімделген абоненттік нөмірлерді қоса алғанда, абонент туралы ақпаратты бере отырып, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің антифрод-орталығын хабардар етуге міндетті.
Алаяқтық белгілері бар қоңырау шалу жүзеге асырылған абоненттік нөмірді, сондай-ақ байланыс желілерінде алаяқтық әрекеттерді анықтау тәртібі байланыс қызметтерін көрсету қағидаларында айқындалады.
3. Ұялы байланыс операторлары осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайларда, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің антифрод-орталығынан ақпарат алған кезде байланыс қызметтерін көрсету қағидаларында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде осы абоненттік нөмірге, оның ішінде GSM-шлюзге (сим-боксқа) байланыс қызметтерін көрсетуді тоқтата тұрады.";
6) 21-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
"Байланыс операторларына, телекоммуникация желілерінің иелеріне жергілікті телекоммуникациялар желісінде, қалааралық, халықаралық және ұялы байланыста санкцияланбаған трафикті (фродты) өткізуге тыйым салынады.";
7) 35-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші, үшінші, төртінші және бесінші бөліктермен толықтырылсын:
"Ұялы байланыс операторы абоненттің өтініші бойынша жеке, отбасылық және өзге де мақсаттарда пайдалануға жеткілікті, оннан аспайтын абоненттік нөмірді ресімдеуге міндетті.
Ұялы байланыс операторы абоненттік құрылғылардың, оның ішінде абоненттік нөмірлер қолданылатын машинааралық өзара іс-қимылдың абоненттік құрылғыларының сипаттамасы мен сәйкестендіру кодтарын көрсете отырып, ұялы байланыс операторына тиісті негіздемелер, қажеттілік дәлелдері берілген кезде байланыс қызметтерін көрсету қағидаларында айқындалатын тәртіппен абонентке оннан астам абоненттік нөмірді ресімдейді.
Сәйкестендірілетін адамның қазіргі бейнесін және адамның биометриялық деректердің эталондық базасынан алынған эталондық бейнесін салыстыру арқылы ұялы байланыс абонентін биометриялық сәйкестендіруді жүргізбей, онымен ұялы байланыс қызметтерін көрсету туралы шарт жасасуға тыйым салынады.
Дара кәсіпкерлер, заңды тұлғалар абоненттік нөмірді ресімдеген кезде олардың абоненттік нөмірлер пайдалануға берілетін жұмыскерлерінің абоненттік нөмірді ресімдеу туралы өтініш берілген кезден бастап он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде биометриялық сәйкестендіруден өтуі міндетті.".
24. "Қазақстан Республикасында кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы" 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-бапта:
13-1) және 13-2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"13-1) кредиттік тарих субъектісінің трансшекаралық алмасуға келісуі – кредиттік тарих субъектісін шет мемлекеттің заңнамасына немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сәйкестендіруді қамтамасыз ету қажеттілігін ескере отырып, жазбаша түрде немесе электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған электрондық құжат нысанында ресімделетін, осы кредиттік тарих субъектісінің шет мемлекеттің уәкілетті ұйымдарына өзі туралы ақпаратты беруге және (немесе) шет мемлекеттің уәкілетті ұйымдарынан өзі туралы ақпаратты алуға рұқсаты. Келісімге кредиттік тарих субъектісі өз қолымен немесе шет мемлекеттің заңнамасына немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз қолымен қойылған қолтаңбаға теңестірілген өзге де тәсілмен қол қоюға тиіс;
13-2) кредиттік тарих субъектісі туралы ақпарат (бұдан әрі – ақпарат) – кредиттік тарихтарды қалыптастыру және оларды пайдалану жүйесіне қатысушылар беретін, қажет болған кезде электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылатын, кредиттік тарихтар субъектілеріне қатысты электрондық нысандағы және қағаз жеткізгіштегі мәліметтер;";
мынадай мазмұндағы 13-3) және 13-4) тармақшалармен толықтырылсын:
"13-3) кредиттік тарих субъектісі туралы теріс ақпарат – заңды тұлға болып табылатын кредиттік тарих субъектісінің сот шешімімен таратылуы туралы немесе кредиттік тарих субъектісінің күнтізбелік тоқсан күннен асатын мерзімі өтіп кеткен берешегінің бар екендігі туралы немесе кредиттік тарих субъектісінің "Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес банкрот деп танылғаны туралы мәліметтерді қамтитын, кредиттік тарих субъектісі туралы кредиттік есептің қысқаша нысаны;
13-4) кредиттік тарихтарды мониторингтеу – кредиттік тарихтар дерекқорында, өзге де ақпараттық жүйелерде бар ақпарат пен мәліметтердің негізінде кредиттік бюролар жүзеге асыратын кредиттік тарих субъектісінің кредиттік тарихының өзгерістерін талдау, сондай-ақ кредиттік тарих субъектісіне және (немесе) кредиттік есептерді алушыларға анықталған өзгерістер туралы ақпарат беру;";
16-1) және 16-2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"16-1) кредиттік тарихты пайдаланушы – осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген ақпарат беруші, сондай-ақ шет мемлекеттің аумағында тіркелген, кредиттік қатынастарды ресімдеу және (немесе) ресімделген кредиттік қатынастарды мониторингтеу мақсатында трансшекаралық алмасу үшін кредиттік тарих субъектісінің келісімін алған заңды тұлға;
16-2) нақты уақыт режимі – әрекет дереу немесе бір сағаттан аспайтын мерзімде жүзеге асырылуға тиіс уақыт кезеңі;";
мынадай мазмұндағы 16-3), 16-4), 16-5), 16-6) және 17-1) тармақшалармен толықтырылсын:
"16-3) өтініш беруші – кредиттік бюро қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат және кредиттік бюроның кредиттік тарихтар дерекқорын, пайдаланылатын ақпараттық жүйелер мен үй-жайларды қорғау және олардың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі кредиттік бюроға қойылатын талаптарға сәйкестігі туралы актіні (бұдан әрі – рұқсат) алу мақсатында уәкілетті органға құжаттар ұсынған заңды тұлға;
16-4) проактивті режимдегі көрсетілетін қызметтер – кредиттік бюроның кредиттік тарих субъектілерін банктік қарыз және (немесе) микрокредит беру туралы, сондай-ақ осы Заңның 7-бабы 2-тармағының 7) тармақшасында көзделген жағдайларда хабардар ету бойынша көрсететін қызметтері;
16-5) трансшекаралық алмасу – тиісті халықаралық шарт және трансшекаралық алмасу туралы шарт негізінде шет мемлекеттің уәкілетті ұйымдарымен және кредиттік бюролармен кредиттік тарих субъектілеріне қатысты мәліметтер алмасу;
16-6) трансшекаралық алмасу туралы шарт – трансшекаралық алмасуды жүзеге асыру талаптарын, трансшекаралық алмасуды жүзеге асыру кезінде шет мемлекеттердің уәкілетті ұйымдары мен кредиттік бюролардың өзара іс-қимыл жасау тәртібі мен талаптарын айқындайтын шарт;";
"17-1) уәкілетті ұйым – шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес кредиттік тарихты жинауды, өңдеуді, сақтауды және кредиттік есептерді ұсынуды жүзеге асыратын заңды тұлға;";
2) мынадай мазмұндағы 2-1-баппен толықтырылсын:
"2-1-бап. Кредиттік бюролардың қызметі және кредиттік тарихты қалыптастыру саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаты, міндеттері мен қағидаттары
1. Кредиттік бюролар қызметінің және кредиттік тарихты қалыптастырудың құқықтық негіздерін белгілеу кредиттік бюролардың қызметі және кредиттік тарихты қалыптастыру саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаты болып табылады.
2. Кредиттік бюролардың қызметі және кредиттік тарихты қалыптастыру саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі міндеттері:
1) кредиттік тарихтар дерекқорындағы ақпараттың толықтығы мен анықтығын қамтамасыз ету;
2) кредиттік тарихтар дерекқорын қорғау және оның сақталуын қамтамасыз ету.
3. Кредиттік бюролардың қызметі және кредиттік тарихты қалыптастыру саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі қағидаттары:
1) реттеу ресурстары мен құралдарын тиімді пайдалану;
2) кредиттік бюролар қызметінің ашықтығы;
3) кредиттік бюролардың, ақпарат берушілердің жауапкершілігі.";
3) 4-баптың 2-тармағында:
1) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
"2-1) трансшекаралық алмасу туралы шарттың жобасын келісу;";
4) 5-бапта:
бірінші бөлікте:
бірінші абзацтағы "кредиттік бюролардың қызметi, кредиттік тарихтарды қалыптастыру және оларды пайдалану мәселелерi бойынша мынадай" деген сөздер алып тасталсын;
1) тармақшадағы "шарттары мен ең төмен талаптары туралы" деген сөздер "шарттары мен ең төмен талаптарын айқындайды" деген сөздермен ауыстырылсын;
1-1) тармақшадағы "тізбесі туралы" деген сөздер "тізбесін айқындайды" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақшадағы "тәртібі туралы" деген сөздер "тәртібін айқындайды" деген сөздермен ауыстырылсын;
3), 3-1) және 4) тармақшалардағы "шарттары мен тәртiбi туралы" деген сөздер "шарттары мен тәртiбiн айқындайды" деген сөздермен ауыстырылсын;
6) тармақшадағы "талаптар туралы нормативтік құқықтық актілерді қабылдайды" деген сөздер "талаптарды айқындайды" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
"7) осы Заңның 2-1-бабының 1 және 2-тармақтарында көзделген мақсат пен міндеттерге және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кредиттік бюролардың қызметін реттеу және кредиттік тарихты қалыптастыру саласындағы, кредиттік бюролардың орындауы үшін міндетті нормативтік құқықтық актілерді қабылдайды. Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің тізбесі уәкілетті орган туралы ережеде айқындалады.";
екінші бөлік алып тасталсын;
5) 7-бапта:
4) және 5) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"4) кредиттік тарих субъектілерінің кредиттік скорингін есептеу, кредиттік тарихтарды мониторингтеу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді ұсыну;
5) маркетингтік, статистикалық және талдамалық зерттеулер;";
8) тармақшадағы "қызметтер жатады." деген сөздер "қызметтер;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 9) және 10) тармақшалармен толықтырылсын:
"9) проактивті режимде қызметтер көрсету;
10) кредиттік бюроның интернет-ресурсында маркетингтік, статистикалық және талдамалық зерттеулерді жариялау жатады.";
мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
"4. Мемлекет қатысатын кредиттік бюро кредиттік тарих субъектілеріне қарыз және (немесе) микрокредит беру туралы, сондай-ақ осы Заңның 7-бабы 2-тармағының 7) тармақшасында көзделген жағдайларда және (немесе) бірыңғай сақтандыру дерекқоры субъектілеріне "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 79-бабы 6-тармағының 5) тармақшасында белгіленген жағдайларда хабарламаны 1414 бірыңғай нөмірімен қысқа мәтіндік хабар арқылы өтеусіз жіберуге құқылы.";
6) 7-1-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Кредиттік скорингті кредиттік бюро немесе осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1) және 1-1) тармақшаларында көрсетілген ақпарат берушілер дербес есептейді.
Кредиттік бюро кредиттік скорингті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес кредиттік бюро кредиттік скорингті есептеу туралы тиісті келісімдер жасасқан заңды тұлғалардың деректерін пайдалана отырып есептеуге құқылы.
Кредиттік бюро есептеген кредиттік скоринг туралы ақпаратты беру тәртібін кредиттік бюро дербес айқындайды.";
7) 17-баптың 1-тармағының 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"7) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісіне сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне есептілікті ұсынуға;";
8) 19-баптың 1-тармағы 2) тармақшасындағы "болуға құқылы." деген сөздер "болуға;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
"3) бұрын өзі берген ақпаратты кредиттік бюродан алуға құқылы.";
9) 20-баптың 1-тармағында:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"3) ақпарат беру туралы шарттардың негізінде өзге де тұлғалар, сондай-ақ уәкілетті органның кредиттік тарих субъектілерінің осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1), 1-1), 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген ақпарат берушілерге өздері туралы ақпаратты кредиттік бюроларға (мемлекет қатысатын кредиттік бюроны қоспағанда) беруге келісімін ресімдеу, кредиттік бюродан өзі туралы кредиттік есепті басқа тұлғаларға беруге келісімін ресімдеу тәртібі туралы нормативтік құқықтық актісіне сәйкес алынған кредиттік тарих субъектісінің келісімі негізінде Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын тұлғалар;";
5) тармақшадағы "уәкілетті орган кредиттік есептерді алушылар болып табылады." деген сөздер "уәкілетті орган;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
"6) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі кредиттік есептерді алушылар болып табылады.";
10) 22-баптың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"8) банктік қарыздар, микрокредиттер алудан ерікті түрде бас тартуын кредиттік бюрода, "электрондық үкімет" веб-порталы не банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның, "электрондық үкімет" шлюзінде орналастырылған сервистермен интеграцияланған микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның ақпараттандыру объектілері арқылы тегін белгілеуге не оны алып тастауға құқылы.";
11) 23-бап мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
"7. Заңды тұлғалар кредиттік бюромен жасалған шарт негізінде кредиттік есепке енгізілуі мүмкін кредиттік тарих субъектілері туралы мәліметтерді береді және (немесе) кредиттік бюродан дербес деректерді ашпай, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес талдамалық және (немесе) статистикалық ақпаратты алады.";
12) 26-бапта:
2-тармақтың 4) тармақшасындағы "растау мақсатында пайдалануы мүмкiн." деген сөздер "растау;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
"5) осы Заңның 20-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген кредиттік есептерді алушылар қызметті жүзеге асырған кезде тәуекелдерді бағалау мақсатында пайдалануы мүмкін.";
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Кредиттік бюролар ақпарат берушiлерден алған мәлiметтердi өздерінің маркетингтiк, талдамалық және статистикалық зерттеулердi жүзеге асыруы үшiн пайдалануға құқылы.";
мынадай мазмұндағы 5, 6, 7, 8, 9 және 10-тармақтармен толықтырылсын:
"5. Трансшекаралық алмасу шет мемлекеттердің уәкілетті ұйымдары мен кредиттік бюролардың өзара іс-қимылы арқылы олардың арасында жасалған, уәкілетті органмен келісілген трансшекаралық алмасу туралы шарттардың талаптарымен жүзеге асырылады.
6. Трансшекаралық алмасу туралы шартта трансшекаралық алмасуды жүзеге асырудың мынадай талаптары қамтылады:
1) ақпараттық өзара іс-қимыл қағидалары мен регламенттері;
2) ақпарат қалыптастырылатын және берілетін тіл;
3) электрондық құжаттар мен мәліметтердің форматтары мен құрылымдарының сипаттамасы;
4) сәйкестендіру деректерінің тізбесі (құрамы);
5) дауларды реттеу тәртібі, оның ішінде кредиттік тарих субъектісінің кредиттік тарихтардың құрамына кіретін мәліметтерді даулау тәртібі;
6) ақпарат берудің қаржылық шарттары;
7) ақпаратты қорғауды ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар;
8) трансшекаралық алмасуды жүзеге асыру үшін қажетті басқа да шарттар.
7. Трансшекаралық алмасу кредиттік тарих субъектісінің трансшекаралық алмасуға келісімі болған кезде жүзеге асырылады, келісім ұсынылған күнінен бастап алты ай ішінде жарамды болады.
Кредиттік тарих субъектісінің трансшекаралық алмасуға келісімі кредиттік тарих субъектісінің қарыз беру туралы шарт не кредиттік тарихты пайдаланушы мен кредиттік тарих субъектісі арасында өзге де мәміле жасасуға өтініші шеңберінде ресімделеді.
Егер осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім ішінде қарыз беру туралы шарт не кредиттік тарихты пайдаланушы мен кредиттік тарих субъектісі арасында өзге де мәміле жасалса, келісім шарттың не өзге де мәміленің қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін қолданылады.
8. Өздеріне қатысты трансшекаралық алмасу жүзеге асырылатын мәліметтер мен өзге де ақпаратта мыналар қамтылады:
1) кредиттік есепті ұсыну туралы сұрау салу;
2) кредиттік тарих субъектісінің трансшекаралық алмасуға келісімі;
3) кредиттік есеп;
4) кредиттік тарихтар құрамына кіретін мәліметтерді даулауға қатысты құжаттар.
9. Уәкілетті ұйымдар мен кредиттік тарихты пайдаланушы трансшекаралық алмасуды жүзеге асыру кезінде өздеріне қатысты трансшекаралық алмасу жүзеге асырылатын мәліметтер мен ақпаратты өңдеу, сақтау және беру кезінде олардың қорғалуын қамтамасыз етуге міндетті.
10. Кредиттік тарихты пайдаланушы трансшекаралық алмасу кезінде алынған ақпарат пен мәліметтерді тек қана кредиттік қатынастарды ресімдеу және (немесе) ресімделген кредиттік қатынастарды мониторингтеу мақсатында пайдалануы мүмкін.";
13) 28-баптың бірінші бөлігінің 2) тармақшасы "лицензияларының" деген сөзден кейін "немесе электрондық нысандағы лицензиялардың" деген сөздермен толықтырылсын;
14) 29-бапта:
1-тармақтың екінші бөлігі "уәкілетті органның" деген сөздерден кейін "және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің" деген сөздермен толықтырылсын;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Кредиттiк тарих субъектісi үшiн кредиттiк есепте осы субъектiнiң кредиттiк тарихы бойынша кредиттiк есептердi күнтізбелік бір жылдың ішінде ұсынудың барлық фактiлерi туралы, берiлген күнi, алушылардың атаулары мен деректемелерi көрсетілген ақпарат болуға тиiс.";
мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
"5-1. Кредиттік есепте кредиттік тарих субъектісінің – жеке тұлғаның осы Заңның 19-бабы 2-тармағы екінші бөлігінің екінші абзацында көрсетілген ақпаратты алған күннен кейін бір ай ішінде банктік қарыз шартын, микрокредит беру туралы шартты жасасуға өтініш бергені туралы ақпарат қамтылуға тиіс.".
25. "Инвестициялық және венчурлік қорлар туралы" 2004 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) кіріспе алып тасталсын;
2) мынадай мазмұндағы 3-1-баппен толықтырылсын:
"3-1-бап. Инвестициялық және венчурлік қорлардың қызметі саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаты, міндеттері мен қағидаттары
1. Акционерлік инвестициялық қорды құрудың, оның қызметінің, қайта ұйымдастырудың және таратудың, инвестициялық пай қорын құрудың, оның жұмыс істеуінің және жұмысын тоқтатудың және инвестициялық қорлардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөніндегі бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылар қызметінің құқықтық негіздерін, сондай-ақ венчурлік қорлардың құқықтық жағдайын және қызметін ұйымдастыруды белгілеу инвестициялық қорлардың қызметі саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаты болып табылады.
2. Инвестициялық және венчурлік қорлардың қызметі саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
1) бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың инвестициялық қорлардың активтерін инвестициялық басқару, оларды есепке алу және сақтау жөніндегі қызметінің стандарттарын, сондай-ақ венчурлік басқарушының қызметі туралы ережелерді белгілеу;
2) инвестициялық және венчурлік қорлардың тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
3) қадағалау ресурстарын бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың инвестициялық қорлардың жұмыс істеуін қамтамасыз етуге байланысты қызметіне шоғырландыру;
4) венчурлік қаржыландыру мақсатында жасалатын шарттардың ерекшеліктерін айқындау;
5) акционерлік инвестициялық қорлар акционерлерінің, инвестициялық пай қорларының пайларын ұстаушылардың, венчурлік қорлардың акционерлері мен қатысушыларының құқықтары мен заңды мүдделерін тиісті деңгейде қорғауды, инвестициялық және венчурлік қорлардың, инвестициялық қорлар активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың және венчурлік қорлар активтерін басқаруды жүзеге асыратын венчурлік басқарушылардың қызметі туралы ақпараттың толықтығын және тұтынушылар үшін қолжетімділігін қамтамасыз ету.
3. Инвестициялық және венчурлік қорлардың қызметі саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі қағидаттары:
1) реттеу ресурстары мен құралдарын тиімді пайдалану;
2) инвестициялық және венчурлік қорлардың, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың инвестициялық қорлардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөніндегі қызметінің және венчурлік қорлар активтерін басқару жөніндегі венчурлік басқарушылар қызметінің ашықтығы;
3) инвестициялық және венчурлік қорлардың тиімді жұмыс істеуі.".
26. "Жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы" 2006 жылғы 20 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) кіріспе алып тасталсын;
2) 1-баптың 4-1) тармақшасы ", Қазақстан Республикасының бейрезидент – банкінің филиалы" деген сөздермен толықтырылсын;
3) 1-тарау мынадай мазмұндағы 2-1 және 2-2-баптармен толықтырылсын:
"2-1-бап. Жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаттары, міндеттері мен қағидаттары
1. Қазақстан Республикасында жобалық қаржыландыру мен секьюритилендірудің құқықтық негіздері мен шарттарын анықтау, жобалық қаржыландыру мен секьюритилендіру кезінде талап ету құқықтарын басқаға беруді жүзеге асыру мен мүліктің құқықтық режимінің ерекшеліктерін, арнаулы қаржы компаниясының құқықтық жағдайын, сондай-ақ синдикатталған қаржыландырудың құқықтық негіздері мен шарттарын айқындау жобалық қаржыландыру мен секьюритилендiру саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаттары болып табылады.
2. Жобалық қаржыландыру мен секьюритилендiру саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі міндеттері:
1) арнаулы қаржы компанияларын құру, олардың қызметі, қайта ұйымдастыру және тарату тәртібін айқындау;
2) реттелуі уәкілетті органның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша арнаулы қаржы компанияларының қызметін мониторингтеу;
3) кредиторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың тиісті деңгейін қамтамасыз ету.
3. Жобалық қаржыландыру мен секьюритилендiру саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі қағидаттары:
1) арнаулы қаржы компаниялары қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету;
2) арнаулы қаржы компанияларының жауапкершілігі.
2-2-бап. Уәкілетті органның құзыреті
Уәкілетті орган осы Заңның 2-1-бабының 1 және 2-тармақтарында көзделген мақсаттар мен міндеттерге және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес арнаулы қаржы компанияларының қызметін реттеу саласындағы арнаулы қаржы компанияларының орындауы үшін міндетті нормативтік құқықтық актілерді қабылдайды. Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің тізбесі уәкілетті орган туралы ережеде айқындалады.".
27. "Өзара сақтандыру туралы" 2006 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) кіріспе алып тасталсын;
2) мынадай мазмұндағы 2-1-баппен толықтырылсын:
"2-1-бап. Қоғам қызметі саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаты, міндеті мен қағидаттары
1. Өзара сақтандыруды жүзеге асыру жөніндегі қоғам қызметінің құқықтық негіздерін анықтау қоғам қызметі саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаты болып табылады.
2. Сақтанушылардың, сақтандырылушылардың және пайда алушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау қоғам қызметі саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі міндеті болып табылады.
3. Қоғам қызметі саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі қағидаттары мыналар болып табылады:
1) қоғам мүшелерінің құқықтары мен міндеттерінің теңдігін қамтамасыз ету;
2) сақтанушылардың, сақтандырылушылардың және пайда алушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау.";
3) 5-бапта:
1) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
"6-1) осы Заңның 2-1-бабының 1 және 2-тармақтарында көзделген мақсат пен міндетке және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қоғамдардың қызметін реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерді қабылдайды. Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің тізбесі уәкілетті орган туралы ережеде айқындалады;".
28. "Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегі банктерiнде орналастырылған депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру туралы" 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
мынадай мазмұндағы 2-1-баппен толықтырылсын:
"2-1-бап. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым қызметі саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаты, міндеттері мен қағидаттары
1. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымды құрудың, оның қызметінің құқықтық негіздерін белгілеу, сондай-ақ депозиттерді қабылдауды, жеке тұлғалардың банктік шоттарын ашуды және жүргізуді жүзеге асыратын банктердің (Қазақстан Республикасының бейрезидент – банктері филиалдарының) депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысу талаптарын белгілеу депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның қызметі саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаты болып табылады.
2. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның қызметі саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
1) депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің инфрақұрылымын қалыптастыру;
2) қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесу;
3) қатысушы банк барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиясынан айырылған жағдайда кепілдік берілетін депозиттер депозиторларының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау.
3. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның қызметі саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі қағидаттары мыналар болып табылады:
1) реттеу ресурстары мен құралдарын тиімді пайдалану;
2) депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның жауапкершілігі.".
29. "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 58-баптың 2-тармағының екінші бөлігі мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
"1-1) табиғи немесе техногендік сипаттағы төтенше жағдай салдарынан зардап шеккен жеке тұлғаларға материалдық залалдың өтелуін және мемлекеттік бюджеттен және (немесе) қайырымдылық ұйымдарынан қажетті көмектің берілуін есепке жатқызуға арналған банктік шоттардағы ақшаға;";
2) 62-баптың 3-тармағының екінші бөлігі мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
"1-1) табиғи немесе техногендік сипаттағы төтенше жағдай салдарынан зардап шеккен жеке тұлғаларға материалдық залалдың өтелуін және мемлекеттік бюджеттен және (немесе) қайырымдылық ұйымдарынан қажетті көмектің берілуін есепке жатқызуға арналған банктік шоттардағы ақшаға;".
30. "Микроқаржылық қызмет туралы" 2012 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) мынадай мазмұндағы 2-1-баппен толықтырылсын:
"2-1-бап. Микроқаржылық қызмет саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаты, міндеттері мен қағидаттары
1. Микроқаржылық қызметті жүзеге асырудың құқықтық негіздерін белгілеу микроқаржылық қызмет саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаты болып табылады.
2. Микроқаржылық қызмет саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
1) микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін реттеу, қызмет стандарттарын белгілеу, микроқаржылық қызметті бақылау және қадағалау;
2) микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың көрсетілетін қызметтерін тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау.
3. Микроқаржылық қызмет саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі қағидаттары мыналар болып табылады:
1) реттеу ресурстары мен құралдарын тиімді пайдалану;
2) микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар қызметінің ашықтығы;
3) микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың жауапкершілігі.";
2) 3-бапта:
3-2 және 3-3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"3-2. Жеке тұлға микрокредиттер алудан ерікті түрде бас тартуын кредиттік бюрода не "электрондық үкімет" веб-порталы не "электрондық үкімет" шлюзінде орналастырылған сервистермен интеграцияланған микроқаржы ұйымының ақпараттандыру объектілері арқылы тегін белгілеуге не оны алып тастауға құқылы.
3-3. Микроқаржы ұйымы микрокредит беру туралы шешім қабылданғанға дейін алған жеке тұлғаның кредиттік есебінде оның микрокредиттер алудан ерікті түрде бас тартуын белгілегені туралы ақпарат болған кезде микроқаржы ұйымының оған микрокредиттер беруіне тыйым салынады.
Бұл тыйым ломбардтың микрокредит беруі жағдайларына қолданылмайды.
Микроқаржы ұйымының жеке тұлғаға жұбайының (зайыбының) келісімінсіз, тіркелуге жататын мүлік кепілімен қамтамасыз етілмеген тұтынушылық микрокредиттерді беруіне тыйым салынады, келісімді алу тәртібі және келісім қажет болатын тұтынушылық микрокредиттің ең төмен мөлшері уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
Микроқаржы ұйымының бұрын алынған микрокредиттер және (немесе) банктік қарыздар туралы ақпарат кредиттік есебінде жоқ жеке тұлғамен мүлік кепілімен қамтамасыз етілмеген тұтынушылық микрокредитті беру туралы шартты микроқаржы ұйымында өзінің қатысуынсыз жасасуына тыйым салынады. Жасасу үшін жеке тұлғаның өзінің қатысуы қажет болатын тұтынушылық микрокредит шарты бойынша микрокредиттің ең төмен мөлшері уәкілетті органның осы Заңның 4-бабының 3-тармағында көрсетілген нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
Уәкілетті органның осы Заңның 4-бабының 3-тармағында көрсетілген нормативтік құқықтық актісінде көзделген жағдайларда және тәртіппен микроқаржы ұйымы жеке тұлғамен мүлік кепілімен қамтамасыз етілмеген тұтынушылық микрокредитті беру туралы шартты осындай шарт жасасуға оның келісімін алғаннан кейін ғана жасасады. Көрсетілген шарт интернет арқылы жасалған жағдайда, оны жасауға келісім кредиттік бюрода, "электрондық үкімет" веб-порталында не "электрондық үкімет" шлюзінде орналастырылған сервистермен интеграцияланған микроқаржы ұйымының ақпараттандыру объектілері арқылы ресімделеді.
Осы тармақтың төртінші бөлігінде көзделген талап микрокредит беру туралы шарт жасасу, сондай-ақ тұтынушылық микрокредит сомасын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатушының (өнім берушінің) банктік шотына қарыз алушы (сатып алушы) алғанын растайтын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу мақсаттарына беру жағдайларына қолданылмайды.
Микроқаржы ұйымы интернет арқылы жасалған, мөлшері уәкілетті органның осы Заңның 4-бабының 3-тармағында көрсетілген нормативтік құқықтық актісінде айқындалған ең төмен мөлшерден асатын микрокредитті беру туралы шарттың негізінде, мүлік кепілімен қамтамасыз етілмеген тұтынушылық микрокредит бойынша қарыз алушыға ақша беруді мынадай талаптарды сақтай отырып:
1) шартқа қол қойылған не микрокредит сомасы ұлғайтылған кезден бастап жиырма төрт сағаттан кейін;
2) осы бөліктің 1) тармақшасында көрсетілген мерзім өткеннен кейін қарыз алушы уәкілетті органның осы Заңның 4-бабының 3-тармағында көрсетілген нормативтік құқықтық актісінде көзделген талаптарға сәйкес ресімделген тұтынушылық микрокредитті алуға келісім бергеннен кейін жүзеге асырады.
Қарыз алушыға мүлік кепілімен қамтамасыз етілмеген, сомасы қосу нәтижесінде уәкілетті органның осы Заңның 4-бабының 3-тармағында көрсетілген нормативтік құқықтық актісінде айқындалған ең төмен мөлшерден асатын бірнеше тұтынушылық микрокредит интернет арқылы берілген жағдайда, микроқаржы ұйымы уәкілетті органның осы баптың 3-1-тармағында көрсетілген нормативтік құқықтық актісінде белгіленген талаптарды ескере отырып, ішкі құжаттарға сәйкес осы тармақтың жетінші бөлігінің 1) тармақшасында көзделген талапты сақтайды.
Осы тармақтың бірінші, бесінші және жетінші бөліктерінде көзделген талаптар тұтынушылық микрокредит сомасын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатушының (өнім берушінің) банктік шотына қарыз алушы (сатып алушы) алғанын растайтын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу мақсаттарына және (немесе) кредитордың сол микроқаржы ұйымында алынған қарыз алушының микрокредиті бойынша берешекті өтеу мақсаттарына беру жағдайларына қолданылмайды.
Микроқаржы ұйымы осы тармақтың үшінші бөлігінде көзделген талапты сақтамай микрокредит берген жағдайда, микроқаржы ұйымы жеке тұлғадан мұндай микрокредит бойынша міндеттемелердің орындалуын талап етуге құқылы емес. Микроқаржы ұйымы осы тармақтың үшінші бөлігінде көзделген талаптар сақталмай микрокредит беру фактісі анықталған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей мынадай шараларды қабылдайды:
клиенттің осындай микрокредит бойынша берешегін есептен шығару туралы шешім қабылдайды;
клиенттің осындай микрокредит бойынша берешегін өндіріп алуды және талап-арыз жұмысын тоқтатады;
осындай микрокредит бойынша ақпарат туралы жазбаларды жою арқылы клиенттің кредиттік бюролардағы кредиттік тарихына түзетулер енгізеді;
осындай микрокредит бойынша сыйақының және (немесе) тұрақсыздық айыбының бұрын ұсталған (төленген) сомаларын клиентке қайтаруды жүзеге асырады.
Осы тармақтың оныншы бөлігінде көзделген шаралар, осы баптың 3-4-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген құқық қорғау органдарының процестік құжаттарын микроқаржы ұйымы алған жағдайда, осы тармақтың бірінші, төртінші, бесінші, жетінші және сегізінші бөліктерінде көзделген талаптардың кез келгені сақталмай микрокредит беру жағдайларына қолданылады.";
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"3-4. Микрокредит беру құпиясын құрайтын ақпаратқа құқыққа сыйымсыз қол жеткізілгені, оның құқыққа сыйымсыз өзгертілгені, үшінші тұлғалар тарапынан құқыққа сыйымсыз әрекеттердің не жеке тұлғалардың микрокредиттерімен өзге де заңсыз (алаяқтық) әрекеттердің жүзеге асырылғаны анықталған кезден бастап микроқаржы ұйымы бір жұмыс күні ішінде бұл туралы клиентке және уәкілетті органға хабарлайды, екі жұмыс күні ішінде құқыққа сыйымсыз әрекеттерді жою үшін шаралар қабылдайды және он жұмыс күні ішінде мұндай әрекеттердің салдарын жою үшін шаралар қабылдайды.";
екінші бөліктің бірінші абзацы "тұлғаны" деген сөзден кейін "микрокредитті алаяқтық тәсілмен ресімдеуге байланысты қылмыстық құқық бұзушылық бойынша" деген сөздермен толықтырылсын;
үшінші бөліктегі "қатысуынсыз" деген сөз "сәйкестендіру құралдарын үшінші тұлғаның заңсыз алуы және пайдалануы салдарынан, оның ішінде микроқаржы ұйымының қызметтерін қашықтан көрсетудің бағдарламалық қамтылымын алыстан басқаруды пайдалану немесе микроқаржы ұйымының биометриялық сәйкестендіруді жүргізу тәртібін не уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген ішкі және сыртқы алаяқтық фактілерін анықтау, тіркеп-белгілеу және талдау жөніндегі талаптарды бұзуы арқылы микрокредитті ресімдеу кезінде қылмыстық іс бойынша жәбірленуші деп танылған клиентке" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-5-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Микроқаржы ұйымы осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген талаптарды сақтамай, жеке тұлғамен интернет арқылы микрокредит беру туралы шарт жасасқан жағдайда, микроқаржы ұйымы мұндай микрокредит бойынша міндеттемелердің орындалуын талап етуге құқылы емес және мұндай микрокредит беру фактісі анықталған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей, оныншы бөлікте көзделген шараларды осы баптың 3-3-тармағы он бірінші бөлігінің талаптарын ескере отырып, қабылдайды.";
мынадай мазмұндағы 3-6-тармақпен толықтырылсын:
"3-6. Микроқаржы ұйымы микрокредит беру туралы шешім қабылдағанға дейін алған, мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілердің кредиттік есебінде оны мерзімді әскери қызметке шақыру туралы ақпарат болған кезде микроқаржы ұйымының осындай әскери қызметшілерге Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында мерзімді әскери қызметті өткеруі кезеңінде микрокредиттер беруіне тыйым салынады.
Мерзімді әскери қызметке шақырылған әскери қызметшілер, сондай-ақ оларды қызметтен шығару туралы мәліметтер алмасу Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігімен келісу бойынша уәкілетті орган айқындаған тәртіппен мемлекеттік органдар мен кредиттік бюролардың ақпараттық жүйелерінің өзара іс-қимылын қамтамасыз ету арқылы жүзеге асырылады.
Осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген жағдайларда, дербес деректерді жинау, өңдеу және пайдалану Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Микроқаржы ұйымы микрокредит беру туралы шешім қабылдағанға дейін алған, әскери қызметтегі әскери қызметшінің кредиттік есебінде оны мерзімді әскери қызметке шақыру туралы ақпарат болған кезде микроқаржы ұйымы осындай әскери қызметшіге микрокредит берген жағдайда микроқаржы ұйымы мұндай микрокредит бойынша міндеттемелердің орындалуын талап етуге құқылы емес және мұндай микрокредит беру фактісі анықталған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей осы баптың 3-3-тармағының оныншы бөлігінде көзделген шараларды қабылдайды.";
3) 5-баптың 2-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2-1. Микроқаржы ұйымы микрокредит беру туралы шарттарда, сондай-ақ микрокредиттер бойынша сыйақы шамалары туралы ақпаратты тарату, оның ішінде оны жариялау кезінде жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін көрсетуге міндетті.";
4) 7-бапта:
9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"9) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне қаржылық және өзге де есептілікті ұсынуға;";
мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:
"9-1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне пруденциялық нормативтердің және сақталуы міндетті өзге де нормалар мен лимиттердің орындалуы туралы есептілікті ұсынуға;";
11-2) тармақшаның екінші бөлігіндегі "микроқаржы ұйымдарының" деген сөздер "кредиттік бюролардың" деген сөздермен ауыстырылсын;
1-2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"1-2) микрокредит сомасын қайтару және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес микрокредит бойынша сыйақыны төлеу жөніндегі міндеттемені бұзғаны үшін сыйақыны және (немесе) тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) қоспағанда, кез келген төлемді белгілеуге және қарыз алушыдан (өтініш берушіден) алуға;";
мынадай мазмұндағы 1-3) тармақшамен толықтырылсын:
"1-3) кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты микрокредит бойынша сыйақыны және тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) қоспағанда, кез келген төлемді белгілеуге және қарыз алушыдан (өтініш берушіден) алуға;";
5) 9-2-бапта:
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
"1-1) ай сайынғы төлем мөлшерін микрокредитті өтеу графигінде белгіленген төлемнің кемінде елу пайызына азайту жағына қарай өзгертуге;";
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Қарыз алушы – жеке тұлғаның микрокредит беру туралы шарттың талаптарына, оған қоса берілетін құжаттардың тізбесіне өзгерістер енгізу туралы өтінішін қарау тәртібі, сондай-ақ микроқаржы ұйымының өтінішті қарау нәтижелері туралы уәкілетті органға хабарлау тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.";
3-тармақ мынадай мазмұндағы екінші және үшінші бөліктермен толықтырылсын:
"Микроқаржы ұйымы микрокредит беру туралы шарттың талаптарына ұсынылған өзгерістермен келісу туралы шешімді:
1) "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын;
2) төтенше жағдай енгізуге негіз болған мән-жайлардың салдарынан зардап шеккен қарыз алушы – жеке тұлға микрокредит беру туралы шарттың талаптарына осы баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 1-1) тармақшасында және (немесе) 2) тармақшасында көзделген өзгерістерді енгізу туралы өтініш берген кезде кемінде үш ай мерзімге қабылдайды.
Осы тармақтың екінші бөлігінің 1) тармақшасында көрсетілген қарыз алушы – жеке тұлғамен жасалған микрокредит беру туралы шарттың талаптарына ұсынылған өзгерістермен келісу туралы шешім қарыз алушы өтінішпен жүгінген айдың алдындағы екі айда есептелген қарыз алушының орташа айлық кірісі қарыз алушының өтінішпен жүгінген не атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған айдың алдындағы он екі айда есептелген қарыз алушының орташа айлық кірісімен салыстырғанда отыз пайыздан астамға төмендеген жағдайда қабылданады.";
4-тармақтың бірінші бөлігіндегі "үшінші" деген сөз "бесінші" деген сөзбен ауыстырылсын;
6) 17-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"17-бап. Микроқаржы ұйымы жүргізетін операцияларға қойылатын жалпы талаптар
1. Микроқаржы ұйымы микроқаржылық қызметті мынадай мәліметтерді қамтитын микрокредиттер беру қағидалары болған кезде жүзеге асырады:
1) микрокредит беруге өтініш беру тәртібі және оны қарау тәртібі;
2) микрокредит беру туралы шартты жасасу тәртібі;
3) микрокредиттiң шекті сомалары және оны беру мерзiмдерi;
4) берiлетiн микрокредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемелерінің шектi шамалары;
5) берiлген микрокредиттер бойынша сыйақы төлеу тәртiбi;
6) микроқаржы ұйымы қабылдайтын қамтамасыз етуге қойылатын талаптар;
7) берілетін микрокредиттер бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін есептеу қағидалары;
8) микрокредитті өтеу әдістері;
9) клиенттердің микрокредит беру процесінде туындайтын жолданымдарын қарау тәртібі.
Клиенттің жолданымын қарау мерзімі жолданым микроқаржы ұйымына келіп түскен күннен бастап он бес жұмыс күнінен аспауға тиіс.
Жолданымды дұрыс қарау үшін маңызы бар нақты мән-жайларды анықтау қажеттілігіне байланысты жолданымды қарау мерзімі он бес жұмыс күніне ұзартылуы мүмкін, бұл туралы клиентке жолданымды қарау мерзімі ұзартылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде хабарланады;
10) микроқаржы ұйымы мен оның клиентінің құқықтары мен міндеттері, олардың жауапкершілігі;
11) клиенттермен жұмыс істеу тәртібі туралы, оның ішінде мүгедектігі бар адамдарға және халықтың жүріп-тұруы шектеулі басқа да топтарына көрсетілетін қызметтерді ұсыну бойынша қаржы ұйымдары бөлімшелерінің қолжетімділігі жөніндегі ұлттық стандарттың талаптары ескеріле отырып, мүгедектігі бар адамдарға және халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарына көрсетілетін қызметтерді ұсыну тәртібін, сондай-ақ мүгедектігі бар адамдарға және халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарына сенім білдірілген адамның қатысуымен көрсетілетін қызметтерді ұсыну ерекшеліктерін қамтитын ереже;
12) Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтін өзге де шарттар, талаптар мен шектеулер.
2. Микрокредиттер беру қағидалары уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалатын, микроқаржы ұйымдарының микрокредиттер беру, ақпаратты жария ету және клиенттердің микрокредиттер беру процесінде туындайтын жолданымдарын қарау тәртібіне сәйкес келуге тиіс.";
7) 21-баптың 6-тармағының 6) тармақшасындағы "қудалау органдары" деген сөздер "қудалау, ұлттық қауіпсіздік органдары және құқық қорғау органдары" деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 24-бап мынадай мазмұндағы 2-1 және 2-2-тармақтармен толықтырылсын:
"2-1. Микроқаржы ұйымы микрокредит бойынша сыйақы шамалары туралы ақпаратты қамтитын жарнаманы тарату және (немесе) орналастыру кезінде жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін көрсетуге міндетті.
2-2. Микрокредит бойынша сыйақының шамалары туралы ақпаратты қамтитын жарнаманы тарату кезінде, оның ішінде оны жариялау кезінде жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі қаріптердің өлшемі мен ресімделу стилі бойынша басқа да сыйақы мөлшерлемелерімен бірдей нысандағы цифрлық мәнде көрсетіледі. Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін осы жарнамада өзге ақпаратты көрсеткен кезде пайдаланылатын қаріптен кіші қаріппен көрсетуге жол берілмейді.";
9) 25-3-баптың 2-тармағының 7) тармақшасы алып тасталсын;
10) 27-бапта:
тақырыптағы "және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің" деген сөздер алып тасталсын;
бірінші бөлік мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
"1-1) осы Заңның 2-1-бабының 1 және 2-тармақтарында көзделген мақсат пен міндеттерге және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың орындауы үшін міндетті микроқаржылық қызметті реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерді қабылдайды. Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің тізбесі уәкілетті орган туралы ережеде айқындалады;";
екінші бөлік алып тасталсын;
11) 29-1-баптың 7-тармағы бірінші бөлігінің 3) тармақшасындағы "және микроқаржы омбудсманының ішкі қағидаларының" деген сөздер алып тасталсын;
12) 29-2-баптың 1-тармағы 6) тармақшасындағы "байқауда тұрған адам микроқаржы омбудсманы ретінде сайлау үшін ұсынылмайды." деген сөздер "байқауда тұрған;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
"7) мемлекеттік тілді білмейтін адам микроқаржы омбудсманы ретінде сайлау үшін ұсынылмайды.";
13) 29-4-баптың 5-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Микроқаржы омбудсманы осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген талаптарды бұзған жағдайда, өкілдер кеңесі микроқаржы омбудсманының өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату туралы мәселені қарауға құқылы.";
14) 31-1-баптың екінші бөлігі "құжаттардың" деген сөзден кейін "және хабарламада көрсетілетін бекітілген қаржы өнімдері жөніндегі мәліметтердің" деген сөздермен толықтырылсын.
31. "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1-қосымшаның 53-жолының 3-бағаны мынадай мазмұндағы 37-тармақпен толықтырылсын:
"37. Тұрғын үй құрылыс жинақ банктерінің мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі шеңберінде ақылы, мерзімділік және қайтарымдылық шарттарымен ақшалай нысанда кредиттер беруі.";
2) 2-қосымшада:
"
87-12. | Қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығаруға және олардың айналысына рұқсат беру | Қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығаруға және олардың айналысына рұқсат | Иеліктен шығарылмайтын; қолданылу мерзімі – 3 жыл; рұқсат беру кезінде осы Заңның 25-бабы 3-тармағы бірінші бөлігінің және 26-бабы 1, 2-тармақтарының күші қолданылмайды |
87-13. | Қазақстан Республикасының аумағында импортталған өзіндік ерекшелігі бар тауарларды, сондай-ақ кепілдік міндеттемелер беріле отырып импортталған тауарларды үшінші тұлғаларға беруге рұқсат беру | Қазақстан Республикасының аумағында импортталған өзіндік ерекшелігі бар тауарларды, сондай-ақ кепілдік міндеттемелер беріле отырып импортталған тауарларды үшінші тұлғаларға беруге рұқсат | |
87-14. | Ұялы байланыстың виртуалды операторына рұқсат беру | Ұялы байланыстың виртуалды операторына рұқсат | |
87-14. | Заңды тұлғалардың түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинауы (дайындауы), сақтауы, қайта өңдеуі және өткізуі жөніндегі қызметті жүзеге асыруға рұқсат беру | Түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға рұқсат | Иеліктен шығарылмайтын |
" |
деген сөздер
"
87-13. | Қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығаруға және олардың айналысына рұқсат беру | Қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығаруға және олардың айналысына рұқсат | Иеліктен шығарылмайтын; қолданылу мерзімі – 3 жыл; рұқсат беру кезінде осы Заңның 25-бабы 3-тармағы бірінші бөлігінің және 26-бабы 1, 2-тармақтарының күші қолданылмайды |
87-14. | Қазақстан Республикасының аумағында импортталған өзіндік ерекшелігі бар тауарларды, сондай-ақ кепілдік міндеттемелер беріле отырып импортталған тауарларды үшінші тұлғаларға беруге рұқсат беру | Қазақстан Республикасының аумағында импортталған өзіндік ерекшелігі бар тауарларды, сондай-ақ кепілдік міндеттемелер беріле отырып импортталған тауарларды үшінші тұлғаларға беруге рұқсат | |
87-15. | Ұялы байланыстың виртуалды операторына рұқсат беру | Ұялы байланыстың виртуалды операторына рұқсат |
" |
деген сөздермен ауыстырылсын;
1-сынып мынадай мазмұндағы 87-18-жолмен толықтырылсын:
"
87-18. | Заңды тұлғалардың түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинауы (дайындауы), сақтауы, қайта өңдеуі және өткізуі жөніндегі қызметті жүзеге асыруға рұқсат беру | Түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға рұқсат | Иеліктен шығарылмайтын |
". |
32. "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 37-баптың 1-тармағының екінші бөлігіндегі ", "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Хабаршысы" деген сөздер алып тасталсын.
33. "Пошта туралы" 2016 жылғы 9 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:
23-баптың 3-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Ұлттық пошта операторы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісіне сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне қаржылық және өзге де есептілікті ұсынады.".
34. "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" 2016 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) кіріспе алып тасталсын;
1-баптың 7-3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"7-3) алаяқтық белгілері бар төлем транзакциялары бойынша деректер алмасу орталығы (Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің антифрод-орталығы) – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің осы Заңның 25-1-бабында көзделген тәртіппен алаяқтық белгілері бар төлем транзакцияларын және өзге де төлем транзакцияларын анықтауға және болғызбауға бағытталған шараларды үйлестіруді және қабылдауды жүзеге асыратын заңды тұлғасы (бұдан әрі – антифрод-орталық);";
3) 2-баптың 3-тармағындағы "талаптары" деген сөз "ережелері" деген сөзбен ауыстырылсын;
4) мынадай мазмұндағы 3-1-баппен толықтырылсын:
"3-1-бап. Осы Заңның мақсаты, міндеттері мен қағидаттары
1. Төлем жүйелерін ұйымдастыру және олардың жұмыс істеуі, төлем жүйелерін реттеу және оларды қадағалау (оверсайт), көрсетілетін төлем қызметтерінің нарығын реттеу, оларды бақылау мен қадағалау, сондай-ақ Қазақстан Республикасында төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру саласында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттеу осы Заңның мақсаты болып табылады.
2. Осы Заңның міндеттері:
1) көрсетілетін төлем қызметтерінің нарығын, көрсетілетін төлем қызметтерін берушілердің және төлем жүйелері операторларының төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыруға, төлем қызметтерін көрсетуге байланысты қызметін реттеу;
2) көрсетілетін төлем қызметтерінің нарығына қатысу үшін көрсетілетін төлем қызметтерін берушілердің, төлем жүйелері операторларының қызметіне, көрсетілетін төлем қызметтерінің нарығы субъектілерінің өзара іс-қимыл жасау және төлем қызметтерін көрсету тәртібіне қойылатын талаптарды әзірлеу және белгілеу;
3) өз құзыреті шегінде көрсетілетін төлем қызметтерін берушілердің, төлем жүйелері операторларының қызметін бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру;
4) мемлекеттің қаржы жүйесі мен экономикасының орнықтылығын қамтамасыз етуге, алаяқтықты, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруды (жылыстатуды) және терроризмді қаржыландыруды болғызбауға бағытталған ұйымдастырушылық және рәсімдік іс-шараларға жәрдемдесу.
3. Төлем жүйелерінің жұмыс істеуіне, көрсетілетін төлем қызметтерінің нарығын реттеуге, төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыруға байланысты қатынастарды реттеу мынадай:
1) заңдылық;
2) баршаның заң алдындағы теңдігін қамтамасыз ету, төлем нарығы субъектілерінің құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу және көрсетілетін төлем қызметтерін тұтынушылардың мүдделерін қорғау;
3) ұлттық төлем нарығының экономикалық қауіпсіздігі мен тәуелсіздігін қамтамасыз ету қағидаттарына негізделеді.";
5) 4-баптың 1 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі төлем жүйелерін ұйымдастыруды және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз етеді, төлем жүйелерін реттеуді және оларды қадағалауды (оверсайт), көрсетілетін төлем қызметтерінің нарығын реттеуді, оларды бақылау мен қадағалауды, сондай-ақ төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын реттеуді осы Заңға, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес жүзеге асырады.
Төлем жүйелері, көрсетілетін төлем қызметтерінің нарығы, төлемдер және (немесе) ақша аударымдары саласы қаржы нарығы мен қаржы ұйымдары және Қазақстан Республикасының қаржы заңнамасы саласының бір бөлігі болып табылады.";
"3. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Ұлттық Банкі өз құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша қабылдайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің тізбесі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ережеде айқындалады.";
6) 25-баптың 2-тармағының екінші бөлігі "ерекшеліктері" деген сөзден кейін ", электрондық банк қызметтерін көрсету және экономика секторларының кодтарын қолдану мен төлемдерді тағайындау тәртібі" деген сөздермен толықтырылсын;
7) 25-1-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
"4-1) қылмыстық қудалау, ұлттық қауіпсіздік органдары мен құқық қорғау органдарының ақпараты негізінде Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес заңсыз деп танылатын және (немесе) тыйым салынған өзге де төлем транзакцияларын анықтауға және болғызбауға жәрдемдеседі;";
1) тармақшадағы "өтініші" деген сөз "жолданымы" деген сөзбен ауыстырылсын;
"егер" деген сөзден кейін "ақша жөнелтуші және (немесе)" деген сөздермен толықтырылсын;
орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
"2-1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекітетін, алаяқтық белгілері бар төлем транзакциялары бойынша деректер алмасу орталығының (Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің антифрод-орталығы) қызметін ұйымдастыру қағидаларында:
1) антифрод-орталықтың қызметін жүзеге асыру және антифрод-орталықтың өз қызметіне қатысатын тұлғалармен өзара іс-қимыл жасау тәртібі;
2) антифрод-орталықтың алаяқтық белгілері бар төлем транзакциясын жүзеге асыру оқиғалары мен әрекеттері туралы дерекқорды қалыптастыру мен жүргізуді және антифрод-орталықтың қызметіне қатысатын адамдарға оған қолжетімділік беруді жүзеге асыру тәртібі;
3) алаяқтық белгілері бар төлем транзакцияларына байланысты тұлғалар туралы антифрод-орталықтың ақпаратын алған кезде қаржы ұйымдарының, төлем ұйымдарының нұсқауды орындаудан бас тарту және оны тоқтата тұру тәртібі мен мерзімдері;
4) алаяқтық белгілері бар төлем транзакцияларын жүзеге асырудың барлық оқиғалары және (немесе) әрекеттері туралы ақпаратты қаржы ұйымдарының, төлем ұйымдарының антифрод-орталыққа жіберу тәртібі, нысандары мен мерзімдері;
5) клиентті қаржы ұйымы, төлем ұйымы антифрод-орталықтың дерекқорына қосқан жағдайда қаржылық көрсетілетін қызметтердің немесе көрсетілетін төлем қызметтерінің шектеулі тізбесін беру тәртібі мен түрлері, сондай-ақ клиенттің қаржылық көрсетілетін қызметтердің немесе көрсетілетін төлем қызметтерінің шектеулі тізбесін алу үшін қаржы ұйымына, төлем ұйымына жүгіну тәртібі;
6) қылмыстық қудалау, ұлттық қауіпсіздік органдарының және құқық қорғау органдарының, қаржы ұйымдарының немесе төлем ұйымдарының Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес заңсыз деп танылатын және (немесе) тыйым салынған өзге де төлем транзакцияларын анықтау және болғызбау мақсатында өзара іс-қимыл жасау тәртібі;
7) қылмыстық қудалау органынан алынған, прокурор санкциялаған, транзакцияны алаяқтық деп тану туралы хабарламада көрсетілген клиентке ақшаны қайтару тәртібі айқындалады.";
бірінші бөлік алып тасталсын;
екінші бөліктегі "қудалау органдары" деген сөздер "қудалау, ұлттық қауіпсіздік органдары, құқық қорғау органдары" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
"3-1. Қаржы ұйымдары, төлем ұйымдары алаяқтық белгілері бар төлем транзакциясы анықталған кезде мынадай әрекеттерді жүзеге асырады:
1) банктік шот, электрондық әмиян бойынша нұсқауларды және (немесе) шығыс операцияларын орындауды тоқтата тұрады немесе төлем және (немесе) ақша аударымы сомасын бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімге бұғаттайды;
2) себептері мен негіздерін көрсете отырып, клиентпен жасалған шартта белгіленген тәртіппен клиентке клиенттің банктік шоты, электрондық әмияны бойынша нұсқауларды және (немесе) шығыс операцияларын орындауды тоқтата тұру немесе төлем және (немесе) ақша аударымы сомасын бұғаттау туралы ақпарат береді;
3) клиенттің банктік шоты, электрондық әмияны бойынша нұсқауларды және (немесе) шығыс операцияларын орындау тоқтатыла тұрған немесе төлем және (немесе) ақша аударымы сомасы бұғатталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде өз клиентінің операцияларына, оның ішінде клиенттен мән-жайларды анықтау және шешім қабылдау үшін қажетті қосымша ақпарат алу бойынша талдау жүргізеді;
4) клиент талдау жүргізу мерзімі ішінде сұратылған ақпаратты бермеген жағдайда, банктік шотты, электрондық әмиянды клиенттен түсінік алатын кезге дейін бұғаттайды;
5) егер талдау нәтижелері бойынша қаржы ұйымы, төлем ұйымы транзакцияны алаяқтық деп танымау туралы шешім қабылдаса, қаржы ұйымдары, төлем ұйымдары тоқтатыла тұрған төлемді және (немесе) ақша аударымын жүзеге асырады, егер Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген, осы төлемді және (немесе) ақша аударымын жүргізуге, клиенттің банктік шоты, электрондық әмияны бойынша шығыс операцияларын қайта бастауға немесе осы төлемнің және (немесе) ақша аударымының сомасынан бұғаттауды алып тастауға кедергі келтіретін өзге де негіздер болмаса, клиенттің банктік шоты, электрондық әмияны бойынша шығыс операцияларын қайта бастайды немесе төлем және (немесе) ақша аударымы сомасынан бұғаттауды алып тастайды;
6) клиенттің алаяқтық белгілері бар төлем транзакциясын жүзеге асыруға қатысуының негіздері немесе растауы болған кезде, клиентті алаяқтық белгілері бар төлем транзакциясын жүзеге асыру әрекеттері туралы базаға бір мезгілде енгізе отырып, антифрод-орталық арқылы қылмыстық қудалау органына кейіннен оның Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген іс-шараларды жүргізуі үшін хабарлама жібереді.
Банктік шот, электрондық әмиян бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру кезінде осы бапта белгіленген нормалар шеңберінде клиент Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің осы баптың 2-1-тармағында көрсетілген нормативтік құқықтық актісінің талаптарына сәйкес қаржылық көрсетілетін қызметтердің немесе көрсетілетін төлем қызметтерінің шектеулі тізбесін алу үшін қаржы ұйымына, төлем ұйымына жүгінуге құқылы.";
4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Қылмыстық қудалау органы антифрод-орталықтан хабар (ақпарат) алынған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қаржы немесе төлем ұйымына одан арғы іс-қимылдар туралы, оның ішінде тоқтатыла тұрған төлемді және (немесе) ақша аударымын жүзеге асыру және (немесе) клиенттің банктік шоты, электрондық әмияны бойынша шығыс операцияларын қайта бастау немесе төлем және (немесе) ақша аударымы сомасынан бұғаттауды алып тастау үшін негіздердің бар не жоқ екендігі туралы хабар береді.
Қаржы немесе төлем ұйымдары антифрод-орталық хабардар етілген күннен бастап үш жұмыс күні өткен соң қылмыстық қудалау органының одан арғы іс-қимылдар туралы шешімін алмаған жағдайда, егер Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген, төлемді және (немесе) ақша аударымын жүргізуге, клиенттің банктік шоты, электрондық әмияны бойынша шығыс операцияларын қайта бастауға немесе төлем және (немесе) ақша аударымы сомасынан бұғаттауды алып тастауға кедергі келтіретін өзге де негіздер болмаса, осы тоқтатыла тұрған төлемді және (немесе) ақша аударымын жүзеге асырады, клиенттің банктік шоты, электрондық әмияны бойынша шығыс операцияларын қайта бастайды немесе осы төлем және (немесе) ақша аударымы сомасынан бұғаттауды алып тастайды.
Қылмыстық қудалау, ұлттық қауіпсіздік органдары, құқық қорғау органдары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес заңсыз деп танылатын және (немесе) тыйым салынған өзге де төлем транзакцияларын анықтау және болғызбау мақсатында қаржы немесе төлем ұйымдарымен жедел өзара іс-қимыл жасау үшін антифрод-орталықты пайдалануға құқылы.
Қылмыстық қудалау, ұлттық қауіпсіздік органдарының, құқық қорғау органдарының және қаржы немесе төлем ұйымдарының Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес заңсыз деп танылатын және (немесе) тыйым салынған өзге де төлем транзакцияларын анықтау, жолын кесу және болғызбау мақсатында өзара іс-қимыл жасау тәртібі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің осы баптың 2-1-тармағында көрсетілген нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
5. Қаржы не төлем ұйымы клиентті антифрод-орталықтың дерекқорына енгізу кезінде клиентке қаржылық көрсетілетін қызметтердің және (немесе) көрсетілетін төлем қызметтерінің шектеулі тізбесін беруден бас тартады не береді.
Қаржылық көрсетілетін қызметтердің және (немесе) көрсетілетін төлем қызметтерінің шектеулі тізбесін беру тәртібі мен түрлері Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің осы баптың 2-1-тармағында көрсетілген нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.";
6 және 8-тармақтар "Банкінің" деген сөзден кейін "осы баптың 2-1-тармағында көрсетілген" деген сөздермен толықтырылсын;
9-тармақтағы "қудалау органдарына" деген сөздер "қудалау, ұлттық қауіпсіздік органдарына және құқық қорғау органдарына" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Банкінің" деген сөзден кейін "осы баптың 2-1-тармағында көрсетілген" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Антифрод-орталықтың өз функцияларын жүзеге асыру үшін қажетті өзге де дереқорларды қалыптастыруға және жүргізуге құқығы бар.";
"қудалау органдарымен" деген сөздер "қудалау, ұлттық қауіпсіздік органдарымен және құқық қорғау органдарымен" деген сөздермен ауыстырылсын;
"туралы мәліметтерді және клиентті және оның қатысуымен болатын төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын сәйкестендіру үшін қажетті басқа да мәліметтерді" деген сөздер ", Қазақстан Республикасының аумағында болу мәртебесі туралы мәліметтерді және клиентті және оның қатысуымен болатын төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын сәйкестендіру үшін қажетті басқа да мәліметтерді, оның ішінде ұлттық қауіпсіздік органдарының дерекқорынан алынған мәліметтерді" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 12-тармақпен толықтырылсын:
"12. Қаржы және төлем ұйымдарының осы бапқа сәйкес жүзеге асырылатын әрекеттері, оның ішінде клиенттің банк шоты, электрондық әмияны бойынша нұсқауларды және (немесе) шығыс операцияларын орындаудан бас тарту немесе оны тоқтата тұру, клиенттің банктік шотындағы немесе электрондық әмиянындағы ақша сомаларын бұғаттау, сондай-ақ банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді беру қаржы және төлем ұйымдарын Қазақстан Республикасының заңдарында, сондай-ақ азаматтық-құқықтық шартта көзделген жауаптылыққа тартуға негіздер болып табылмайды.";
8) 27-бапта:
3-тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасы "сақтандыру төлемдерін" деген сөздерден кейін ", табиғи немесе техногендік сипаттағы төтенше жағдай салдарынан материалдық залалдың өтелуін және мемлекеттік бюджеттен және (немесе) қайырымдылық ұйымдарынан қажетті көмектің берілуін" деген сөздермен толықтырылсын;
7-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
"Банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент – банктері филиалдарының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттік шоттары бойынша төлемдер мен ақша аударымдары лимитінің мөлшері Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.";
10-тармақтың үшінші бөлігі мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
"1-1) табиғи немесе техногендік сипаттағы төтенше жағдай салдарынан зардап шеккен жеке тұлғаларға материалдық залалдың өтелуін және мемлекеттік бюджеттен және (немесе) қайырымдылық ұйымдарынан қажетті көмектің берілуін есепке жатқызуға арналған банктік шоттардағы ақшаға;";
11-тармақтың екінші бөлігі "әлеуметтік төлемдерді," деген сөздерден кейін "табиғи немесе техногендік сипаттағы төтенше жағдай салдарынан зардап шеккен жеке тұлғаларға материалдық залалдың өтелуін және мемлекеттік бюджеттен және (немесе) қайырымдылық ұйымдарынан қажетті көмектің берілуін," деген сөздермен толықтырылсын;
9) 39-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
"1-1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі төлем карточкаларын шығару тәртібін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында оларды пайдалана отырып жүргізілетін операцияларға қызмет көрсету жөніндегі қызметке қойылатын талаптарды айқындайды.";
10) 42-баптың 8-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының аумағында электрондық ақша шығару, пайдалану және өтеу тәртібін, сондай-ақ электрондық ақша эмитенттеріне және электрондық ақша жүйелеріне қойылатын талаптарды айқындайды.";
11) 46-баптың 7-тармағы бірінші бөлігінің 5) тармақшасы "әлеуметтік төлемдерді," деген сөздерден кейін "табиғи немесе техногендік сипаттағы төтенше жағдай салдарынан зардап шеккен жеке тұлғаларға материалдық залалдың өтелуін және мемлекеттік бюджеттен және (немесе) қайырымдылық ұйымдарынан қажетті көмектің берілуін," деген сөздермен толықтырылсын;
12) 57-бапта:
1-тармақ 4) тармақшасындағы "көзделген жағдайларда жүзеге асырылады." деген сөздер "көзделген;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
"5) бенефициардың банкі қылмыстық қудалау органынан прокурор санкциялаған, транзакцияны алаяқтық деп тану және хабарламада көрсетілген клиентке осы Заңның 25-1-бабында көзделген тәртіппен бұғатталған ақша сомасын қайтару қажеттілігі туралы хабарламаны алған жағдайларда жүзеге асырылады.
Ақшаны қайтару тәртібі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.";
3-тармақ "бойынша ақшаны" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ осы Заңның 25-1-бабында көзделген тәртіппен бұғатталған ақшаны" деген сөздермен толықтырылсын;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Қате нұсқау немесе рұқсат етілмеген төлем және (немесе) ақша аударымы бойынша ақшаны, сондай-ақ осы Заңның 25-1-бабында көзделген тәртіппен бұғатталған ақшаны қайтаруды бенефициардың банкі төлемді және (немесе) ақша аударымын қате нұсқау немесе оған рұқсат етпеу фактісі анықталған күннен бастап немесе прокурор санкциялаған, қылмыстық қудалау органынан транзакцияны алаяқтық деп тану туралы хабарлама алынған күннен бастап келесі операциялық күннен кешіктірмей, бенефициардың банктік шотында бар ақша есебінен, оның ішінде, егер банктік шот бойынша банктік шоттағы ақшаға тыйым салу және (немесе) мүлікке билік етуге уақытша шектеу қою туралы актілер және (немесе) уәкілетті мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың банктік шот бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы шешімдері және (немесе) өкімдері және (немесе) белгіленбеген мерзімдерде орындалуға жататын орындалмаған нұсқаулар болған жағдайда жүзеге асырады.".
35. "Коллекторлық қызмет туралы" 2017 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-тарау мынадай мазмұндағы 2-1-баппен толықтырылсын:
"2-1-бап. Коллекторлық қызмет саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаты, міндеттері мен қағидаттары
1. Коллекторлық агенттіктер қызметінің құқықтық негіздерін белгілеу коллекторлық қызмет саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаты болып табылады.
2. Коллекторлық қызмет саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
1) коллекторлық агенттіктер қызметінің стандарттарын белгілеу;
2) коллекторлық агенттіктердің борышкермен және (немесе) оның өкілімен және (немесе) банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт шеңберіндегі міндеттемелерге байланысты үшінші тұлғамен өзара іс-қимыл жасау тәртібін белгілеу;
3) борышкерлердің және (немесе) олардың өкілдерінің және (немесе) банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт шеңберіндегі міндеттемелерге байланысты үшінші тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың тиісті деңгейін қамтамасыз ету.
3. Коллекторлық қызмет саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі қағидаттары мыналар болып табылады:
1) коллекторлық агенттіктер қызметінің ашықтығы;
2) коллекторлық агенттіктердің қызметін реттеу және бақылау стандарттарын, әдістерін арттыру;
3) коллекторлық агенттіктердің жауапкершілігі.".
2) 4-бапта:
2-тармақ "жағдайда" деген сөзден кейін "және қарыз алушы банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындау мерзімін өткізіп алуға жол берген кезде банктік қарыз шартында немесе микрокредит беру туралы шартта кредитордың коллекторлық агенттікті тартуға құқығы болған жағдайда" деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақтың бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Осы Заңда не берешекті өндіріп алу туралы шартта көзделген жағдайларда, сондай-ақ:
1) борышкер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен банкрот деп танылған;
2) борышкер қайтыс болған;
3) борышкер Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге кеткен;
4) коллекторлық агенттік коллекторлық агенттіктер тізілімінен шығарылған;
5) борышкер банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт бойынша кредитор алдындағы міндеттемесін орындаған;
6) осы Заңның 15-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайларда, борышкерге қатысты коллекторлық қызметті мерзімінен бұрын тоқтатуға жол беріледі.";
3) 5-баптың 2-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Жұмыс күндері сағат 8.00-ден 21.00-ге дейінгі кезеңдегі өзара іс-қимыл жасау жөніндегі талаптарды қоспағанда, осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) және 4) тармақшаларында көзделген талаптар коллекторлық агенттіктің осы Заңның 16-бабының 2-тармағында көзделген міндеттерді бұзатын борышкермен және (немесе) оның өкілімен өзара іс-қимыл жасауына қолданылмайды.";
4) 15-баптың 1-тармағында:
2) тармақша "жазбаша" деген сөзден кейін "немесе электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы" деген сөздермен толықтырылсын;
2-1) тармақша "органды" деген сөзден кейін "жазбаша немесе электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы" деген сөздермен толықтырылсын;
11) тармақшадағы "қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген мерзімдерде және тәртіппен, сондай-ақ нысанда" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісіне сәйкес" деген сөздермен ауыстырылсын;
13) тармақша "ішінде" деген сөзден кейін "жазбаша немесе электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы" деген сөздермен толықтырылсын;
5) 16-баптың 1-тармағының 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"6) берешектің бар немесе жоқ екендігі туралы анықтама алу үшін кредит бюросына, коллекторлық агенттікке және (немесе) кредиторға жүгінуге;";
6) 17-бапта:
тақырыптағы "және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің" деген сөздер алып тасталсын;
2-тармақ мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
"5-1) осы Заңның 2-1-бабының 1 және 2-тармақтарында көзделген мақсаттар мен міндеттерге және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес коллекторлық агенттіктердің орындауы үшін міндетті коллекторлық қызметті реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерді қабылдайды. Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің тізбесі уәкілетті орган туралы ережеде айқындалады;";
3-тармақ алып тасталсын.
36. "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" 2018 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 4-бапта:
тақырыптағы "мен міндеттері" деген сөздер ", міндеттері мен қағидаттары" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
"3. Валюталық реттеуді және валюталық бақылауды жүзеге асыру мынадай қағидаттарға негізделеді:
1) заңдылық;
2) резиденттер мен бейрезиденттер валюталық операцияларды жүргізген кезде олардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуы;
3) валюталық операциялар бойынша есепке алу мен есептіліктің толықтығы, анықтығы және уақтылылығы;
4) Қазақстан Республикасының ішкі валюта нарығы мен экономикасын қорғауды қамтамасыз ету;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген рәсімдер сақталған кезде валюталық операцияларды жүргізуде шектеулердің болмауы.";
2) 5-бапта:
3-тармақтың бірінші бөлігі "Заңға" деген сөзден кейін "және Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне" деген сөздермен толықтырылсын;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталық реттеу және валюталық бақылау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, оның ішінде валюталық операциялар бойынша есепке алу мен есептілік нысандарын, сондай-ақ оларды ұсыну тәртібі мен мерзімдерін өздерінің құзыретіне сәйкес уәкілетті мемлекеттік органдармен келісу бойынша не бірлесіп бекітеді.
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі өзінің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша қабылдайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің тізбесі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ережеде айқындалады.";
6-тармақ алып тасталсын;
3) 10-бапта:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекітетін Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидаларында Қазақстан Республикасының ішкі валюта нарығында қолма-қол ақшасыз шетел валютасын сатып алу және (немесе) сату тәртібі, Қазақстан Республикасының ішкі валюта нарығында шетел валютасын ұлттық валютаға сатып алу мақсаттарын және оның мәлімделген мақсаттарға пайдаланылуын растау бойынша резидент – заңды тұлғаларға (уәкілетті банктерді қоспағанда) қойылатын талаптар, сондай-ақ одан асып кеткен кезде осы талаптар қолданылатын сатып алу сомасы үшін шекті мән айқындалады.";
7-тармақ алып тасталсын.
37. "Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы" 2022 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-баптың 11) тармақшасының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"11) соттан тыс банкроттық рәсімі – жеке тұлғалардың банктік қарыз шарттары және микрокредит беру туралы шарттар бойынша екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент – банкі филиалдарының, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың немесе коллекторлық агенттіктердің алдындағы міндеттемелерді тоқтату мақсатында борышкерге қатысты соттан тыс тәртіппен жүзеге асырылатын рәсім.";
2) 5-баптың 1-тармағында:
2) тармақшаның бірінші абзацындағы "арызда көрсетілген" деген сөздер алып тасталсын;
3) тармақшаның үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Осы тармақшаның талаптары осы Заңның 1-бабы 11) тармақшасының екінші бөлігінде көзделген міндеттемелерге, сондай-ақ 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған банктік қарыз шартына және (немесе) микрокредит беру туралы шартқа қолданылмайды.";
3) 6-баптың 2-тармағы 5) тармақшасының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Осы тармақшада көрсетілген, берешекті реттеуді жүргізу және (немесе) өндіріп алу жөніндегі шараларды жүргізу туралы талаптар осы Заңның 1-бабы 11) тармақшасының екінші бөлігінде көрсетілген кредиторлар алдындағы міндеттемелерге, сондай-ақ 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған банктік қарыз шартына және (немесе) микрокредит беру туралы шартқа қолданылмайды.";
4) 8-баптың 1-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"5) әдейі банкроттық белгілерін көрсететін құжаттар болған кезде борышкерді Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа тарту үшін уәкілетті органға жүгінуге;";
5) 18-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігінде:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"1) борышкер уәкілетті органға соттан тыс банкроттық рәсімін тоқтату туралы арызды "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы, "электрондық үкімет" веб-порталы және (немесе) арнаулы мобильдік қосымша арқылы берсе;";
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
"1-1) борышкердің меншігіне өзінің кредиторлар алдындағы міндеттемелерін толық немесе отыз пайыздан асырып орындауына мүмкіндік беретін мүлік түссе немесе оның қаржылық және (немесе) мүліктік жағдайы өзгерсе;";
4) тармақшадағы "борышкердің" деген сөз "соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану туралы арыз берген күнге борышкердің" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
"4. Борышкер соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану туралы арызды осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 2) және 4) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша рәсім тоқтатылған күннен кейін алты ай өткен соң қайта беруге құқылы.";
6) 19-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші және үшінші бөліктермен толықтырылсын:
"Осы Заңның 1-бабының 11) тармақшасында көрсетілген, өздері туралы мәліметтер "Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған тәртіппен кредиттік бюроларға ұсынылмаған кредиторлар алдындағы міндеттемелер банкрот деп танылған қарыз алушыға қатысты тоқтатылуға жатады.
Осы тармақтың күші үшінші тұлғалардың міндеттемелері бойынша кепілдік етуші, кепілгер және (немесе) кепіл беруші болып табылатын борышкерлердің міндеттемелеріне қолданылмайды.";
7) 20-баптың 3-тармағында:
1) тармақшадағы "барлық" деген сөз "берешектің негізі мен сомасын растайтын құжаттардың көшірмелері қоса берілген барлық" деген сөздермен ауыстырылсын;
4) тармақшаның төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Осы тармақшада көзделген құжатты ұсыну мынадай жағдайларда, егер:
банктік қарыз шарты және (немесе) микрокредит беру туралы шарт 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған болса;
мерзімі өткен берешек пайда болған кезден бастап он екі ай өтсе, талап етілмейді.";
8) 23-бапта:
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
"1-1. Қаржы басқарушысы:
1) өзі тағайындалғаннан кейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей, мемлекеттік органдардан, жеке және заңды тұлғалардан банкрот, өзіне тиесілі (тиесілі болған) мүлік туралы ақпаратты және растайтын құжаттардың көшірмелерін талап етіп алдырады, олар сұрау салу берілген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде оған өтеусіз негізде берілуге тиіс;
2) өзі тағайындалғаннан кейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей, уәкілетті органнан банкроттың банктік шоттарының бар-жоғы және нөмірлері туралы ақпаратты сұратады, ол сұрау салу берілген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде оған өтеусіз негізде берілуге тиіс;
3) банкрот алдында берешегі бар тұлғалар анықталған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей, осы берешекті сот тәртібімен өндіріп алу туралы талаптар қояды;
4) осы Заңның 14-бабында көрсетілген мән-жайлар кезінде борышкер жасаған мәмілелерді анықтайды және мұндай мәміле анықталған күннен бастап екі айдан кешіктірілмейтін мерзімде оларды жарамсыз деп тану туралы не мүлікті сот тәртібімен, оның ішінде осындай мәмілені анықтаған кредитордың өтінішхаты бойынша қайтару туралы талаптар қояды;
5) сату жоспарына сәйкес банкроттың мүлкін сатуды жүзеге асырады;
6) кредиторлар талаптарының тізілімін жүргізеді;
7) борышкердің пайдасына ақша түскеннен кейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей, кредиторлармен есеп айырысуды жүзеге асырады, сондай-ақ кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру кезектілігіне сәйкес кредиторлармен есеп айырысуды жүргізеді;
8) уәкілетті органға банкроттық рәсімінің жүзеге асырылу барысы туралы ағымдағы және сұратылатын ақпаратты уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша, тәртіппен және мерзімдерде береді;
9) банкроттық рәсімінің жүзеге асырылу барысы, борышкердің қаржылық жағдайы туралы кредиторға оның жазбаша сұрау салуы негізінде, сұрау салу келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде хабарлайды;
10) банкрот пен оның кредиторларының мүдделерін қозғайтын сот актісі шығарылған жағдайда, оны алған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде осы сот актісіне шағым жасау туралы мәселені қарайды;
11) банкроттық рәсімін аяқтау туралы сот актісі заңды күшіне енгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде оның көшірмесін уәкілетті органға жібереді;
12) борышкерді банкрот деп тану туралы сот актісінің күші жойылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде борышкерге мүлікке, сондай-ақ материалдық және өзге де құндылықтарға құқық белгілейтін құжаттарды береді. Кепіл нысанасы болып табылатын мүлік болған жағдайда, мұндай мүлікке құқық белгілейтін құжаттар кепіл кредиторына берілуге жатады;
13) қаржы басқарушысы шеттетілген жағдайда, жаңадан тағайындалған қаржы басқарушысына ол тағайындалған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде банкроттың мүлкіне, банкротқа тиесілі материалдық және өзге де құндылықтарға құқық белгілейтін құжаттарды, сондай-ақ банкроттың банктік шоттарының бар-жоғы және нөмірлері, осы шоттардағы ақшаның қалдықтары мен қозғалысы туралы қолда бар ақпаратты береді;
14) осы Заңға сәйкес өзге де өкілеттіктерді орындайды.";
3-тармақтың бірінші бөлігіндегі "Егер осы Заңда өзгеше белгіленбесе," деген сөздер "Осы Заңның 44-бабының 2-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда," деген сөздермен ауыстырылсын;
9) 27-баптың 4-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Қаржы басқарушысы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша қалыптастырылған кредиторлар талаптарының тізілімін қазақ және орыс тілдерінде уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастыру үшін уәкілетті органға осы баптың 2-тармағында көрсетілген мерзім аяқталған күннен бастап он жұмыс күні ішінде жібереді.";
10) 34-баптың 2-тармағы "бойынша сот" деген сөздерден кейін "осы Заңның 6-бабы 2-тармағының ережелерін ескере отырып," деген сөздермен толықтырылсын;
11) 44-баптың 2-тармағында:
2) тармақшадағы "сыйақы төлеу" деген сөздер "уәкілетті органның сыйақы төлеуі" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Қаржы басқарушысына уәкілетті органның сыйақы төлеу тәртібін уәкілетті орган айқындайды.".
38. "Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы" 2023 жылғы 6 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 4-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
"3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-2-тарауында көзделген тәртіппен цифрлық активтерді Қазақстан Республикасының аумағында қаржы құралы, қаржы активі ретінде пайдаланған кезде немесе оларды қаржылық қызметтерді (төлем қызметтерін) көрсету шеңберінде пайдаланған кезде цифрлық активтерге байланысты қызметке қатысты ерекше реттеу режимін енгізеді.";
2) 11-баптың 5-тармағы "аумағын" деген сөзден кейін "және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ерекше реттеу режимін" деген сөздермен толықтырылсын.
2-бап.
1. Осы Заң:
1) алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 4-тармағының 2) тармақшасын, 6-тармағының 3), 6), 7) – 19) және 22) тармақшаларын, 33) тармақшасының жетінші – оныншы абзацтарын, 35), 36), 39), 42) және 43) тармақшаларын, 12-тармағы 2) тармақшасының төртінші, бесінші және алтыншы абзацтарын, 10) тармақшасын, 14) тармақшасының он екінші абзацын, 17-тармағы 4) тармақшасының төртінші – он жетінші абзацтарын, 21-тармағының 14) тармақшасын, 26-тармағының 2) тармақшасын, 30-тармағының 9) тармақшасын, 34-тармағының 3) тармақшасын;
2) алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 6-тармағының 25) тармақшасын, 9 және 13-тармақтарын, 15-тармағының 2) және 3) тармақшаларын, 21-тармағы 2) тармақшасының алтыншы – оныншы абзацтарын, 7), 8), 9), 15), 19) – 23) тармақшаларын, 22-тармағының 2) тармақшасын, 24-тармағы 1) тармақшасының екінші – алтыншы, сегізінші – он екінші, он төртінші – он алтыншы абзацтарын, 3) тармақшасының үшінші және төртінші абзацтарын, 12) тармақшасының алтыншы – жиырма алтыншы абзацтарын, 35-тармағы 2) тармақшасының үшінші – оныншы абзацтарын, 4) тармақшасының екінші, үшінші және бесінші абзацтарын, 5) тармақшасын;
3) алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік тоқсан күн өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 6-тармағы 23) тармақшасының он бесінші – он сегізінші абзацтарын, 30-тармағы 2) тармақшасының оныншы – он үшінші абзацтарын;
4) алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 23-тармағы 5) тармақшасының үшінші абзацын, 34-тармағы 7) тармақшасының қырық бесінші абзацын;
5) алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он екі ай өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 6-тармағы 20) тармақшасының алтыншы және жетінші абзацтарын, 12-тармағы 4) тармақшасының бесінші және алтыншы абзацтарын, 22-тармағының 7) тармақшасын, 30-тармағы 6) тармақшасының он алтыншы абзацын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2. Мыналар:
1) осы Заңның 1-бабының 6-тармағы 23) тармақшасының жиырма алтыншы және жиырма жетінші абзацтарының, 30-тармағы 2) тармақшасының жиырма алтыншы және жиырма жетінші абзацтарының күші 2024 жылғы 23 қазаннан бастап жасалған шарттардан туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады;
2) осы Заңның 1-бабының 6-тармағы 24) тармақшасының екінші – он екінші абзацтарының, 30-тармағы 5) тармақшасының күші бұрын жасалған шарттардан туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады;
3) осы Заңның 1-бабының 6-тармағы 26) тармақшасының екінші абзацының күші бұрын жасалған шарттардан туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады деп белгіленсін.
Қарыз алушы – жеке тұлғалардың кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес банктік қарыз шарттары бойынша осы Заңның 1-бабының 6-тармағы 26) тармақшасының екінші абзацы қолданысқа енгізілгенге дейін төленген тұрақсыздық айыбы немесе айыппұл санкцияларының өзге де түрлері қайта есептелуге жатпайды.
Қарыз алушы – жеке тұлғалардың кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес банктік қарыз шарттары бойынша осы Заңның 1-бабының 6-тармағы 26) тармақшасының екінші абзацы қолданысқа енгізілгенге дейін есепке жазылған және төленбеген тұрақсыздық айыбы немесе айыппұл санкцияларының өзге де түрлері қайта есептелуге жатады;
4) осы Заңның 1-бабының 30-тармағы 4) тармақшасының тоғызыншы және оныншы абзацтарының күші бұрын жасалған шарттардан туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады деп белгіленсін.
Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес, сыйақыны және микрокредит беру туралы шарт бойынша микрокредит сомасын қайтару және (немесе) сыйақы төлеу жөніндегі міндеттемелерді бұзғаны үшін тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) қоспағанда, осы Заңның 1-бабының 30-тармағы 4) тармақшасының тоғызыншы және оныншы абзацтары қолданысқа енгізілгенге дейін төленген төлемдер қайтарылуға жатпайды.
Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес, сыйақыны және микрокредит беру туралы шарт бойынша микрокредит сомасын қайтару және (немесе) сыйақы төлеу жөніндегі міндеттемелерді бұзғаны үшін тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) қоспағанда, осы Заңның 1-бабының 30-тармағы 4) тармақшасының тоғызыншы және оныншы абзацтары қолданысқа енгізілгенге дейін есепке жазылған және төленбеген төлемдер есептен шығарылуға жатады;
5) осы Заңның 1-бабының 6-тармағы 23) тармақшасының он үшінші, он бесінші, он алтыншы, он жетінші және он сегізінші абзацтарының және 30-тармағы 2) тармақшасының сегізінші, оныншы, он бірінші, он екінші және он үшінші абзацтарының күші банктік қарыздарды (микрокредиттерді), оның ішінде талаптарында ақшаны толық көлемде немесе бөліктермен беру көзделген бұрын жасалған шарт шеңберінде берілетін банктік қарыздарды (микрокредиттерді) беруге қолданылады деп белгіленсін.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ. ТОҚАЕВ |