Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне, Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 2026 жылғы 1 шiлдедегi № 331-VIII ҚРЗ

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз.

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне:

      467-баптың 1-1-бөлігіндегі "2027" деген цифрлар "2030" деген цифрлармен ауыстырылсын.

      2. 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне:

      1) 59-бапта:

      екінші бөліктің 7) тармағы "прокурорға" деген сөзден кейін "айыптау актісімен немесе" деген сөздермен толықтырылсын;

      төртінші бөліктің үшінші сөйлеміндегі "қылмыстық істі сотқа дейінгі" деген сөздер "қылмыстық істі айыптау актісімен немесе сотқа дейінгі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 60-баптың үшінші бөлігінің бірінші абзацы "сипатталған" деген сөзден кейін "айыптау актісін немесе" деген сөздермен толықтырылсын;

      3) 62-баптың бесінші бөлігінің бірінші абзацындағы "бекітеді; сотқа дейінгі" деген сөзден кейін "бекітеді; айыптау актісін немесе сотқа дейінгі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 63-баптың алтыншы бөлігінің үшінші сөйлемі "хаттамасымен," деген сөзден кейін "айыптау актісімен немесе" деген сөздермен толықтырылсын;

      5) 65-бапта:

      бірінші бөліктің 1) тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) прокурор айыптау актісін жасаған немесе бекіткен;";

      бесінші бөліктің 2) тармағы "жасаған" деген сөзден кейін "немесе" бекіткен" деген сөздермен толықтырылсын;

      6) 151-баптың он үшінші бөлігі "Прокурордың" деген сөзден кейін "айыптау актісімен немесе" деген сөздермен толықтырылсын;

      7) 152-баптың жетінші бөлігі "прокурордың" деген сөзден кейін "айыптау актісімен немесе" деген сөздермен толықтырылсын;

      8) 192-баптың екінші бөлігінің бірінші абзацы "істі тоқтату туралы қаулымен," деген сөздерден кейін "айыптау актісімен немесе" деген сөздермен толықтырылсын;

      9) 193-бапта:

      бірінші бөліктің 16) тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "16) осы Кодекстің 298-бабы бірінші бөлігінің талаптарын ескере отырып, айыптау актісін бекітеді немесе жасайды;";

      екінші бөліктің екінші абзацының 9) тармағы "жасау" деген сөзден кейін "немесе бекіту" деген сөздермен толықтырылсын;

      10) 195-баптың екінші бөлігі "хаттамасына," деген сөзден кейін "айыптау актісіне немесе" деген сөздермен толықтырылсын;

      11) 38-тараудың тақырыбындағы "Сотқа" деген сөз "Айыптау актісін немесе сотқа" деген сөздермен ауыстырылсын;

      12) 298-баптың тақырыбы мен бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "298-бап. Айыптау актісін немесе сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есепті жасау

      1. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам процеске қатысушыларды қылмыстық іс материалдарымен таныстырғаннан және олардың өтінішхаттарын шешкеннен кейін:

      1) ішкі істер органдарының және экономикалық тергеп-тексеру қызметінің тергеушілері тергейтін аса ауыр қылмыстар туралы, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 3-бабының 29) тармағында көзделген, оның ішінде басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істермен біріктірілген сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы істер бойынша, сондай-ақ осы Кодекстің 547, 548, 549, 550, 551 және 551-1-баптарында көзделген жағдайларда – сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есепті;

      2) өзге қылмыстар туралы істер бойынша – айыптау актісін жасайды.";

      13) мынадай мазмұндағы 299-1-баппен толықтырылсын:

      "299-1-бап. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамдар жасайтын айыптау актісінің мазмұны

      1. Айыптау актісі кіріспе, сипаттау-уәждеу және қарар бөліктерінен тұрады.

      2. Кіріспе бөлікте:

      1) айыптау актісі жасалған күн мен орын;

      2) айыптау актісін жасаған адамның лауазымы, тегі мен аты-жөні;

      3) күдіктінің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), туған күні, айы, жылы және туған жері көрсетіледі.

      3. Сипаттау-уәждеу бөлігінде:

      1) жасалған қылмыстық құқық бұзушылық оқиғасы, уақыты, орны, оның тәсілі, себебі, салдары, саралануы және өзге де мән-жайлар;

      2) жәбірленуші туралы, оған келтірілген зиянның сипаты мен мөлшері туралы мәліметтер;

      3) қылмыстық құқық бұзушылық жасау арқылы алынған мүлік туралы мәліметтер;

      4) күдіктінің жауаптылығын ауырлататын және жеңілдететін мән-жайлар;

      5) күдікті туралы мәліметтер (азаматтығы, отбасылық жағдайы, айналысатын кәсібі, білімі, тұрғылықты жері, сотталғандығының бар-жоғы), оны сипаттайтын өзге де деректер, оған қатысты таңдалған бұлтартпау шарасы;

      6) адамды айыптауға негіз болатын мән-жайларды растайтын дәлелдемелердің тізбесі;

      7) алкогольге, есірткіге немесе басқа да тәуелділіктен емдеуді қолданудың алғышарттары болып табылатын мән-жайлар туралы мәліметтер баяндалады.

      4. Айыптау актісінің қарар бөлігінде күдіктінің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), оған жасады деп айып тағылып отырған іс-әрекет сараланатын қылмыстық заңның нақты бабы, бабының бөлігі мен тармағы және сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның айыптау актісін бекіту туралы мәселені шешу үшін қылмыстық істі прокурорға жолдағаны және қылмыстық істі мәні бойынша қарау үшін сотқа жолдағаны туралы көрсетіледі.

      5. Айыптау актісіне оны жасаған адам қол қояды.

      6. Адам қылмыстық заңның әртүрлі баптарында, баптарының бөліктерінде немесе тармақтарында көзделген бірнеше қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп айыпталған кезде айыптау актісінде осы қылмыстық құқық бұзушылықтардың әрқайсысы жеке сараланып көрсетілуге тиіс.

      Бір қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп бірнеше адам айыпталған кезде айыптау актісінде қылмыстық құқық бұзушылықтың саралануы әрбір күдіктіге қатысты көрсетіледі.

      7. Айыптау актісіне осы Кодекстің 299-бабының үшінші бөлігінде көзделген құжаттар қоса беріледі.";

      14) 300-бапта:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "300-бап. Қылмыстық істі прокурорға жіберу";

      бірінші бөлік "Қылмыстық іс" деген сөздерден кейін "айыптау актісімен немесе" деген сөздермен толықтырылсын;

      15) 39-тараудың тақырыбындағы "Сотқа" деген сөз "Айыптау актісімен немесе сотқа" деген сөздермен ауыстырылсын;

      16) 301-бапта:

      тақырыптағы "Сотқа" деген сөз "Айыптау актісімен немесе сотқа" деген сөздермен ауыстырылсын;

      бірінші абзац "Прокурор" деген сөзден кейін "айыптау актісімен немесе" деген сөздермен толықтырылсын;

      17) 302-бапта:

      тақырыптағы "Сотқа" деген сөз "Айыптау актісімен немесе сотқа" деген сөздермен ауыстырылсын;

      бірінші бөлікте:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есеппен бірге келіп түскен істер бойынша айыптау актісін жасайды, ал айыптау актісімен бірге келіп түскен істер бойынша оны бекітеді;";

      мынадай мазмұндағы 2-1) тармақпен толықтырылсын:

      "2-1) сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам жасаған айыптау актісімен келіспеген кезде айыптау актісін қайта жасайды;";

      18) 314-бапта:

      үшінші бөліктің екінші абзацы алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы ескертпемен толықтырылсын:

      "Ескертпе. Осы бапта сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталған жер деп айыптау актісі, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есеп, айыптау хаттамасы, сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру хаттамасы, қылмыстық теріс қылық туралы хаттама жасалған жер, медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану үшін істі сотқа жіберу туралы қаулы шығарылған жер түсініледі.";

      19) 537-баптың үшінші бөлігіндегі "прокурор жасаған" деген сөздер "жасалған" деген сөзбен ауыстырылсын.

      3. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне:

      1) 61-бап мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:

      "Тұлға әкімшілік жаза қолдануды жоятын рақымшылық жасау актісі негізінде әкімшілік жазадан босатылған жағдайда тұлға әкімшілік жазаға тартылды деп есептелетін мерзім рақымшылық жасау актісі қолданылған күннен бастап есептеледі.";

      2) 63-баптың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:

      "Рақымшылық жасау актісі қолданылған кезде құқық бұзушының және жәбірленушінің (ол болған кезде) келісімі талап етілмейді.";

      3) 726-бапта:

      бірінші бөліктегі "519-баптарында" деген сөздер "519, 641 (аса маңызды цифрлық объектілерге қатысты)-баптарында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші бөлікте:

      "519-баптары" деген сөздер "519, 641 (аса маңызды цифрлық объектілерге қатысты)-баптары" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "департамент бастығы мен оның" деген сөздер "қызмет, департамент бастығы және олардың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 741-баптың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 16) тармақшамен толықтырылсын:

      "16) рақымшылық жасау актісінің болуы.";

      5) 821-баптың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:

      "3) әкімшілік жазадан рақымшылық жасау актісі негізінде босату туралы.";

      6) 861-баптың бірінші бөлігіндегі "және 11)" деген сөздер ", 11) және 16)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7) 887-баптың екінші бөлігіндегі "Әкімшілік жаза" деген сөздер "Рақымшылық жасау актісі қолданылған жағдайларды қоспағанда, әкімшілік жаза" деген сөздермен ауыстырылсын;

      8) мынадай мазмұндағы 889-1-баппен толықтырылсын:

      "889-1-бап. Цифрлық жүйені қолдана отырып, әкімшілік жазаны орындауды рақымшылық жасау актісіне байланысты тоқтату

      1. Әкімшілік жазаны қолдану туралы қаулыны орындау тиісті әкімшілік құқық бұзушылықтарға қолданылатын рақымшылық жасау туралы актіде көзделген жағдайларда және тәртіппен тоқтатылуға тиіс.

      2. Рақымшылық жасау туралы актінің қолданылу аясына жататын тұлғалардың тізілімі рақымшылық жасау актісінде айқындалған, цифрлық жүйедегі өлшемшарттар негізінде алгоритмдік шешім арқылы Әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізілімімен қалыптастырылуы мүмкін.

      3. Рақымшылық жасау туралы актінің қолданылу аясына жататын тұлғалардың тізілімінде қалыптастырылған әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша рақымшылық жасау актісін қолдану туралы шешімді уәкілетті орган (лауазымды адам) цифрлық форматта қабылдайды және уәкілетті органның (лауазымды адамның) электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырылады.

      Өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалған тұлға әкімшілік жазаны орындаудың тоқтатылғаны туралы осы Кодекстің 743-бабында көзделген тәртіппен хабардар етіледі.".

      2-бап. Осы Заң:

      1) 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 3-тармағының 3) тармақшасын;

      2) 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 2-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады