Ескерту. Мәтiнде "бөлiм" деген сөздiң алдындағы "I - VII" деген цифрлар тиiсiнше "1 - 7" деген цифрлармен ауыстырылды - ҚР 2004.12.21 № 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.
Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша "ақпараттық жүйелерді", "ақпараттық жүйелерде" деген сөздер тиісінше "цифрлық жүйелерді", "цифрлық жүйелерде" деген сөздермен ауыстырылды – ҚР 24.06.2026 № 326-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Осы Заң Қазақстан Республикасы аумағында жүзеге асырылатын жедел-іздестіру қызметінің мазмұнын айқындайды және оны жүргізу кезінде заңдылықты құқықтық кепілдіктері жүйесін баянды етеді.
1-бөлiм. Жалпы ережелер
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) адамдарға сауал қою - жедел-іздестіру қызметінің міндеттерін шешу үшін маңызы бар нақты ақпаратты осы ақпарат бар немесе болуы мүмкін сауал қойылған адамның сөздерінен жинау;
2) анықтамалар алу - қызығушылық туғызатын ақпарат бар немесе болуы мүмкін тиісті жеке немесе заңды тұлғаға ресми сауал жіберу жолымен жедел-іздестіру қызметінің міндеттерін шешу үшін маңызы бар нақты ақпарат алу;
3) арнаулы жедел-іздестіру іс-шарасы - заңмен қорғалатын адамның жеке өміріне араласпаушылықты, хат жазысу, телефонмен сөйлесу, телеграф хабарламалары мен почта жөнелтілімдері құпиясын, сондай-ақ тұрғын үйге қол сұқпаушылық құқығына тікелей қатысты жедел-іздестіру іс-шарасы;
4) арнаулы техникалық құралдар – жедел-іздестіру іс-шаралары мен жасырын тергеу әрекеттерін жүргізу барысында ақпаратты табу және оны құжаттау үшін арнаулы функциялары, бағдарламалық қамтамасыз етуі мен конструкциялық ерекшеліктері бар құрылғылар, аппаратура, құралдар, жабдық;
5) байқау - жедел-іздестіру қызметінің міндеттерін шешу үшін маңызы бар құбылыстарды, әрекеттерді, оқиғаларды, процестерді көру арқылы әрі өзгеше қабылдау және анықтау;
6) байланыс желілеріндегі жедел іздеу - байланыс желісі арқылы берілетін ақпаратта құқыққа қарсы әрекеттің белгілерін табу жөніндегі жасырын іс-әрекеттер;
7) компьютерлерден, серверлерден және ақпаратты жинауға, өңдеуге, жинақтауға және сақтауға арналған басқа құрылғылардан ақпаратты жасырын алу – компьютерлерден, серверлерден және ақпаратты жинауға, өңдеуге, жинақтауға және сақтауға арналған басқа құрылғылардан ақпаратты арнаулы техникалық құралдармен және (немесе) компьютерлік бағдарламалармен, қажет болған кезде жасырын кіру және (немесе) зерттеп-қарау арқылы жүргізілетін жасырын алу;
8) бақыланатын өнім беру - еркін өткізуге тыйым салынған не айналымы шектелген, сондай-ақ қылмыстық қол сұғу объектілері немесе құралдары болып табылатын нәрселердің, заттардың және өнімдердің берілуіне, сатып алынуына, сатылуына, орын ауыстыруына бақылау орнату жолымен қылмыстық әрекеттің белгілері туралы ақпарат алу тәсілі;
9) жеке адамды белгілері бойынша іздеу және ұқсастыру - іздеудегі адамды даралайтын статистикалық, динамикалық және геномдық белгілері бойынша, сондай-ақ сөзбен сипаттау портреті және адамды жеткілікті ықтимал дәрежеде тануға мүмкіндік беретін басқа да тәсілдер көмегімен табуға және сәйкестендіруге бағытталған ұйымдастырушылық және нысаналық-практикалық іс-әрекеттер жиынтығы;
10) енгізу - жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы органның қызметкерін не онымен бірге қызмет істеп жүрген құпия көмекшіні жедел-іздестіру қызметінің міндеттерін шешу үшін жедел қызмет мүдделі болып отырған объектінің төңірегіне жасырын енгізу;
11) жалпы жедел-іздестіру іс-шарасы - жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдардың осы қызметтің міндеттерін шешуге бағытталған, бірыңғай тактикалық, стратегиялық ой-ниетпен байланысқан іс-әрекеттерінің жиынтығы;
12) жедел есепке алу ісі - жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы орган жүргізетін оқшауландырылған іс жүргізу;
13) жасырын кіру және (немесе) орынды жасырын зерттеп-қарау – тұрғын, қызметтік, өндірістік үй-жайларға, ғимараттарға, құрылысжайларға, сақтау қоймаларына, көлік құралына немесе жергілікті жер учаскесіне, қажет болған кезде оларды зерттеп-қарай отырып, сондай-ақ жедел-іздестіру қызметінің өзге де міндеттерін шешу үшін жасырын кіру;
14) жедел сатып алу - ықтимал қылмыстық әрекет туралы ақпарат алу мақсатында, жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы органның хабардар болуымен және оның бақылауымен тексерілетін адамнан тұтыну немесе өткізу мақсатынсыз ақылы түрде заттар сатып алынатын жалған мәміле ахуалын орнату;
15) жедел-іздестіру қызметі – адам мен азаматтың өмірін, денсаулығын, құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, меншікті қорғау, қылмыстық қол сұғудан қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдар Қазақстан Республикасының Конституциясына, осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асыратын жария және жасырын жедел-іздестіру, ұйымдастыру және басқару іс-шараларының ғылыми негізделген жүйесі;
15-1) жедел-іздестіру қызметінің нәтижелері – осы Заңның 2-бабында тізбеленген міндеттерді шешу үшін алынған мәліметтер, құжаттар, заттар не материалдар;
16) құқыққа қарсы әрекеттердің іздерін табу, жасырын анықтау және алып қою, оларды алдын ала зерттеу - қылмыс іздері сақталған немесе қылмыс жасау құралы не қылмыстық әрекеттің нәтижесі болып табылған материалдық объектілерді анықтау және айналымнан немесе нақты адамның иелігінен алып қою және олардың өздеріне тән белгілері мен ерекшеліктерін заңда белгіленген нысандарда анықтау;
17) құпия көмекшілер - жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы органмен құпия негізде (оның ішінде келісімшарт бойынша) қызмет істеуге келісімін берген, сол сияқты осы органмен бұрын өзінің келісімі бойынша ынтымақтастықта болған, он сегіз жасқа толған, іс-әрекетке қабілетті жеке тұлғалар;
18) пошта жөнелтілімдері мен өзге жөнелтілімдерді жасырын бақылау – хаттарды, жеделхаттарды, радиограммаларды, бандерольдерді, жіберілімдерді және басқа да пошта-телеграф жөнелтілімдерін қарау және олардың мазмұнымен танысу жолымен іс үшін маңызы бар мәліметтерді алу;
19) адамды немесе орынды жасырын аудио- және (немесе) бейнебақылау – айтылған ақпаратты және өзге де ақпаратты, сондай-ақ нақты белгілі бір жерде болған адамның әрекеттерін және (немесе) оқиғаларды бейне-, аудиотехниканы не өзге де арнаулы ғылыми-техникалық құралдарды пайдаланып, олардың мазмұнын бір мезгілде материалдық жеткізгіште тіркей отырып, қажет болған кезде жасырын кіру және (немесе) зерттеп-қарау арқылы жүргізілетін жасырын бақылау;
20) абоненттер және (немесе) абоненттік құрылғылар арасындағы қосылулар туралы ақпаратты жасырын алу – абоненттер және (немесе) абоненттік құрылғылар (пайдалану құрал-жабдығы) арасындағы қосылудың күні, уақыты, ұзақтығы туралы мәліметтер алу;
21) электр (телекоммуникация) байланысының желілерін жасырын бақылау – телефон немесе дауыстық ақпарат беруге мүмкіндік беретін басқа құрылғылар арқылы берілетін дауыстық ақпаратты ғылыми-техникалық құралдарды және (немесе) компьютерлік бағдарламаларды пайдалана отырып, қажет болған кезде жасырын кіру және (немесе) зерттеп-қарау арқылы жүргізілетін жасырын тыңдау және (немесе) жазып алу;
Электр (телекоммуникация) байланысының желілері арқылы берілетін ақпаратты ұстап алу және алу – сым, радио, оптикалық және басқа да электромагниттік жүйелер арқылы берілетін белгілерді, сигналдарды, дауыстық ақпаратты, жазбаша мәтінді, кескіндерді, бейнекескіндерді, дыбыстарды және басқа да ақпаратты ұстап алу және алу;
22) үлгілерді алу - тірі адамның, мәйіттің, жануардың, заттың, нәрсенің ерекшеліктерін бейнелейтін, жедел-іздестіру қызметінің міндеттерін шешу үшін маңызы бар материалдық ақпарат жеткізгіштерді алып қою және анықтау;
23) штаттағы жасырын қызметкер – лауазымдық міндеттеріне жедел-іздестіру іс-шаралары мен жасырын тергеу әрекеттерін астыртын түрде жүргізу кіретін жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органның жұмыскері;
24) іздестіру - заңда көзделген жағдайларда тергеуден, анықтаудан немесе соттан жасырынған, қылмыстық жауаптылықтан, жазасын өтеуден немесе пробациялық бақылаудан жалтарып жүрген адамдардың, хабарсыз кеткен және өзге де адамдардың орналасқан жерін, сондай-ақ мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтері бар жоғалған құжаттар мен бұйымдарды анықтауға бағытталған ұйымдастырушылық, іс жүргізу және жедел-іздестіру іс-шараларының жүйесі.
Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.07.17 № 187-IV, өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.12.07 № 221-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); 04.07.2014 № 233-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) ; 28.12.2016 № 36-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін екі ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 18.04.2017 № 58-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.12.2017 № 118-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.2-бап. Жедел-іздестіру қызметінің міндеттері
Жедел-іздестіру қызметінің міндеттері:
1) адам мен азаматтың өмірін, денсаулығын, құқықтарын, бостандықтарын, заңды мүдделерін, меншікті құқыққа қарсы қол сұғушылықтардан қорғау;
2) қоғамның, мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және оның экономикалық әлеуеті мен қорғаныс қабілетін нығайтуға жәрдемдесу;
3) қылмыстарды анықтау, олардың алдын алу және жолын кесу;
3-1) қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамдарды, сондай-ақ қылмыстық іс үшін маңызы бар нәрселер мен құжаттарды анықтау;
4) анықтау, тергеу органдарынан және соттан жасырынып жүрген, қылмыстық жауаптылықтан, жазаны өтеуден немесе пробациялық бақылаудан жалтарып жүрген адамдарды, хабарсыз кеткен азаматтарды және заңмен көзделген жағдайларда өзге де адамдарды іздестіру жөніндегі шараларды жүзеге асыру, сондай-ақ табылған танылмаған мәйіттерді сәйкестендіру;
5) Қазақстан Республикасы Президентінің және басқа да күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
6) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзетуді қамтамасыз ету;
7) мемлекеттік құпияларды немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қорғауды қамтамасыз ету;
8) ұйымдарға коммерциялық құпияны қорғауда жәрдемдесу;
9) күзетпен ұстау немесе бас бостандығынан айыру орындарында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген режимді ұстап тұру;
10) күзетпен ұстау немесе бас бостандығынан айыру орындарындағы күдіктілердің, айыпталушылардың, сотталушылардың, сотталғандардың, персоналдың және өзге де адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
11) жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.
Ескерту. 2-бап жаңа редакцияда - ҚР 18.04.2017 № 58-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.3-бап. Жедел-іздестіру қызметінің қағидаттары
Жедел-іздестіру қызметі заңдылық, жеке адамның құқықтары мен бостандықтарын сақтау, қадір-қасиетін құрметтеу, азаматтардың заң алдындағы теңдігі қағидаттарына сәйкес, астыртын әрекет ету, жария және жария емес әдістерді ұштастыру, кәсіби әдеп негізінде жүзеге асырылады.
4-бап. Жедел-іздестіру қызметінің құқықтық негізі
1. Жедел-іздестіру қызметінің құқықтық негізін Қазақстан Республикасының Конституциясы, осы Заң және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілері құрайды.
1-1. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
2. Республика Бас Прокурорының келісімі бойынша жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдар өз құзыреті шегінде осы Заң негізінде жедел-іздестіру шараларын ұйымдастыру мен жүргізу тактикасын реттейтін нормативтік құқықтық актілер шығарады.
Ескерту. 4-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2002.08.09 N 346, 2009.07.17 N 187-IV Заңдарымен.5-бап. Жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыру кезінде жеке адамның құқықтары мен бостандықтарын сақтау
1. Осы Заңмен көзделмеген мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу үшін жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыруға, сондай-ақ оларды жүргізу барысында алынған хабарламаларды пайдалануға жол берілмейді.
2. Жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы органның іс-әрекеті жөнінде жоғары тұрған органға, не прокуратураға немесе сотқа шағым жасалуы мүмкін.
3. Қылмысты әзірледі немесе жасады деген кінәсі заңмен белгіленген тәртіпте дәлелденбеген адам жедел-іздестіру қызметін жүргізуші органнан мемлекеттік немесе басқа да заңмен қорғалатын құпияны жария етуге жол бермейтін шекте өзін тексеру үшін негіз болған және өзіне қатысы бар хабарламалардың сипаты туралы мағлұматтарды талап етуге құқылы.
Жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы органның арызданушыға қажетті мағлұматтарды беруден бас тартуы туралы шешімін негізсіз деп таныған ретте, сот өзінің дәлелді шешімімен, ал прокурор прокурорлық қадағалау тәртібімен аталған органды осы баптың 3-тармағында көзделген мағлұматтарды арызданушыға беруге міндеттей алады.
4. Шағымды толық және жан-жақты қарауды қамтамасыз ету мақсатында прокурордың талап етуі бойынша, құпия көмекшілердің және штаттағы жасырын қызметкерлердің жеке басы туралы мәліметтерді қоспағанда, барлық жедел-қызметтік құжаттар беріледі.
Судьяның талап етуі бойынша, жедел-іздестіру қызметін, нақты жедел-іздестіру іс-шараларын ұйымдастыру, ақпарат көздері және оны алу тәсілдері туралы мәліметтерді қоспағанда, жедел-іздестіру құжаттары беріледі.
5. Жедел-іздестіру қызметі нәтижесінде алынған, адамның жеке өміріне, ар-ожданы мен қадір-қасиетіне қатысты мәліметтер, егер оларда заңмен тыйым салынған іс-әрекеттер жасағаны туралы ақпарат болмаса, сақталуға жатпайды және жойылады.
Қылмыс жасады деген кінәсі заңда белгіленген тәртіппен дәлелденбеген, сондай-ақ өздеріне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілмеген адамдарға қатысты жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде алынған материалдар тиісті жедел есепке алу ісі тоқтатылған кезден бастап бір жыл сақталады, содан соң жойылады. Өздеріне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталмаған адамдардың телефон арқылы және өзге де сөйлесулерін тыңдау нәтижесінде алынған фонограммалар мен басқа да материалдар тиісті жедел есепке алу ісі тоқтатылған кезден бастап алты ай ішінде жойылады, ол жөнінде хаттама жасалады. Прокурордың санкциясы негізінде жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижелерін көрсететін материалдар жойылатын күннен үш ай бұрын ол жөнінде тиісті прокурор хабардар етіледі.
Барлау қызметі процесінде, сондай-ақ экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл саласында алынған жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижелерін сақтау мен жоюдың тәртібі және мерзімдері ведомстволық нормативтік құқықтық актілерде белгіленеді.
Ескерту. 5-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.07.17 N 187-IV, 2010.05.27 № 279-IV; 04.07.2014 № 233-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.11.2014 N 244-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 28.12.2016 № 36-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін екі ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.07.2018 № 180-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.2 бөлiм. Жедел iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдар, олардың мiндеттерi мен құқықтары
6-бап. Жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдар
1. Қазақстан Республикасы аумағында жедел-іздестіру қызметін:
1) ішкі істер органдары;
2) ұлттық қауіпсіздік органдары;
3) сыртқы барлау саласындағы уәкілетті орган;
4) Қорғаныс министрлігінің әскери барлау органдары;
5) алып тасталды – ҚР 12.06.2026 № 311-VIIІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;6) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі;
7) экономикалық тергеу қызметі жүзеге асырады.
2. Жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыру органдарының тізбесі заңмен ғана өзгертілуі немесе толықтырылуы мүмкін.
Ескерту. 6-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.01.18 N 547-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); өзгерістер енгізілді - ҚР 04.07.2014 N 233-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 07.11.2014 № 248-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 12.06.2026 № 311-VIIІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.7-бап. Жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдардың міндеттері
Жедел-іздестіру қызметінің осы Заңмен белгіленген міндеттерін орындау кезінде оны жүзеге асыруға уәкілдік берілген органдар;
а) жеке және заңды тұлғалардың заңмен қорғалатын құқықтарын, бостандықтары мен мүдделерін, меншікті, қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігін қорғау, оның экономикалық және қорғаныс әлуетін нығайту үшін өз құзыретіне сәйкес қажетті шараларды қолдануға;
б) жедел-іздестіру іс-шаралары мен жасырын тергеу әрекеттерін жүзеге асыру арқылы қылмыстарды анықтауды, олардың алдын алуды және жолын кесуді, олардың нәтижелерін қылмыстық процесте пайдалану үшін тіркеуді қамтамасыз етуге, тергеушінің өзі тергейтін қылмыстық істер бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу туралы жазбаша тапсырмаларын орындауға;
б-1) прокурордың жедел-іздестіру қызметінің заңдылығын қадағалауды жүзеге асыру барысында берген жазбаша нұсқауларын орындауға;
б-2) қылмыстық іс бойынша жасырынған сотталушыны және азаматтық іс бойынша жауапкерді, жазасын өтеуден немесе пробациялық бақылаудан жалтарып жүрген адамды іздестіру туралы сот актілерін, сондай-ақ сот орындаушыларының прокурор санкциялаған атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкерді іздестіру туралы қаулыларын орындауға;
в) қоғам мен мемлекет қауіпсіздігіне қатер төнгенін дәлелдейтін өздеріне белгілі болған жәйттер мен деректерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік өкімет пен басқару органдарына дер кезінде хабарлауға;
г) құқықтық көмек туралы шарттар (келісімдер) негізінде тиісті халықаралық құқық қорғау ұйымдары мен шет мемлекеттердің құқық қорғау органдарының тілектерін орындауға;
д) жедел-іздестіру іс-шаралары мен жасырын тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде, сондай-ақ жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары мен жасырын тергеу әрекеттерінің нәтижелерін көрсететін материалдарды қылмыстық процесте пайдалану үшін беру кезінде құпиялылықты қамтамасыз ету және ақпарат көздерінің құпиясын ашуға жол бермеу жөніндегі қажетті шараларды қолдануға міндетті.
Ескерту. 7-бапқа өзгерістер енгiзiлдi - ҚР 2001.03.16 N 163, 2009.07.17 N 187-IV; 04.07.2014 № 233-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 18.04.2017 № 58-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.06.2020 № 349-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.8-бап. Жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдардың құқықтары
Жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыруға уәкілеттік берілген органдардың:
1) өз құзыреті шегінде осы Заңның 11-бабында тізбеленген жедел-іздестіру іс-шараларын жария және жасырын, сондай-ақ сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінде айқындалған жасырын тергеу әрекеттерін жүргізуге;
2) жедел-іздестіру қызметінің міндеттерін шешуді қамтамасыз ететін жедел есепке алу мен цифрлық жүйелерді құруға және пайдалануға;
3) жедел-іздестіру іс-шаралары мен жасырын тергеу әрекеттері барысында жазбаша немесе ауызша шарт бойынша жеке және заңды тұлғалардың, әскери бөлімдердің тұрғын және тұрғын емес үй-жайларын, көлік құралдарын, сондай-ақ өзге де мүлкін, залал келтірілген жағдайда сол залалды, сондай-ақ шығыстарды иелеріне жедел-іздестіру қызметі мен жасырын тергеу әрекеттерін жүзеге асыратын органдардың есебінен өтей отырып пайдалануға;
4) астыртын ұйымдар құру мақсатында, жедел-іздестіру қызметі мен жасырын тергеу әрекеттерін жүзеге асыратын органдардың жұмыскерлерін, бөлімшелерінің, ұйымдарының, үй-жайлары мен көлік құралдарының ведомстволық тиесілігін, сондай-ақ құпия көмекшілердің жеке басын шифрлайтын құжаттарды пайдалануға;
4-1) жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдардың көлік құралдарын пайдалану қағидаларын әзірлеуге және бекітуге;
5) қажетті ғылыми-техникалық немесе өзге де арнайы білімі бар лауазымды адамдар мен мамандардың көмегін пайдалануға;
6) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген, коммерциялық, банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етуге қойылатын талаптарды сақтай отырып, басқа ұйымдардан жедел-іздестіру қызметінің міндеттерін шешу үшін маңызы бар ақпаратты өтеусіз алуға және пайдалануға;
7) Қазақстан Республикасының аумағында жедел-іздестіру қызметі мен жасырын тергеу әрекеттерін жүзеге асыруға құқығы бар басқа да органдардың күші мен қаражатын жекелеген іс-шаралар жүргізу үшін осы органдармен келісу бойынша тартуға;
8) осы Заңның 11-бабында көзделген жедел-іздестіру іс-шаралары мен жасырын тергеу әрекеттерін жүргізу мақсатында ғана тәуліктің кез келген уақытында ұйымдардың аумағына және үй-жайларына, ал, күзетуді әскери жарғыларға сәйкес әскери қызметшілер, сондай-ақ, құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдардың қызметшілері жүзеге асыратын әскери бөлімдер мен басқа да режимдік объектілердің аумағына – олардың басшыларымен не құрамында режимдік объектілері немесе әскери бөлімдері бар орталық мемлекеттік органдар басшыларымен келісу бойынша кедергісіз кіруге;
9) жедел-іздестіру іс-шаралары барысында анықталған қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы мәліметтерді оларды растайтын материалдарды қоса бере отырып, Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде тіркеуге және (немесе) тергелуі бойынша беруге құқығы бар.
Ескерту. 8-бап жаңа редакцияда - ҚР 04.07.2014 № 233-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2017 № 84-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.9-бап. Жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдар қызметкерлерінің жауапкершілігі
1. Жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде құқыққа қарсы әрекеттерге жол берген қызметкерлер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
2. Жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдар іс-әрекеттерімен келтірген залалды өздері Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен өтейді.
Ескерту. 9-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2009.07.17 N 187-IV Заңымен.3 бөлiм. Жедел-iздестiру шараларын жүргiзу
10-бап. Жедел-іздестіру шараларын жүргізу негіздері
1. Жедел-іздестіру шараларын жүргізу үшін:
а) сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдарының болуы;
б) жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдарға келіп түскен:
- әзірленіп жатқан, жасалып жатқан немесе жасалған құқық бұзушылық;
- жауап алу, тергеу және сот органдарынан жасырынып немесе қылмыстық жазадан жалтарып жүрген адамдар;
- азаматтардың хабарсыз кетуі және танылмаған мәйіттердің табылуы туралы ақпарат;
в) тергеушінің өзі тергейтін қылмыстық істер бойынша жазбаша тапсырмалары;
в-1) Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының, оның бірінші орынбасарының не орынбасарларының, облыстар прокурорларының және оларға теңестірілген прокурорлардың қаулылары, сондай-ақ прокурордың жедел-іздестіру қызметінің заңдылығын қадағалауды жүзеге асыру барысында берген жазбаша нұсқаулары;
в-2) қылмыстық іс бойынша сотталушыны және азаматтық іс бойынша жауапкерді, жазасын өтеуден немесе пробациялық бақылаудан жалтарып жүрген адамды іздестіру туралы сот актілері, сондай-ақ сот орындаушыларының прокурор санкциялаған атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкерді іздестіру туралы қаулылары;
г) құқықтық көмек туралы шартқа (келісімге) сәйкес халықаралық құқық қорғау ұйымдарының және шет мемлекеттердің құқық қорғау органдарының сауал салулары;
д) қоғам, мемлекет және оның экономикалық және қорғаныстық әлеуетін нығайту мүддесінде барлау ақпаратын алу қажеттігі;
е) өздеріне қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен уәкілетті мемлекеттік органдар жеке қауіпсіздікті қамтамасыз ету туралы қаулылар шығарған қорғалатын адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажеттігі негіздер болып табылады.
2. Жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдар өз құзыреті шегінде өзінің не өзге мемлекеттік органдардың бастамасы бойынша азаматтардың жеке басын сипаттайтын және шешімдер қабылдау үшін қажетті:
- жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдарға жұмысқа немесе қызметке қабылдау туралы;
- жеке және заңды тұлғалардың стратегиялық және күзетілетін объектілерді күзету және оларға қызмет көрсету жөніндегі, сондай-ақ күзетілетін адамдардың төңірегіндегі жұмыстарды істеуіне рұқсат беру туралы. Стратегиялық және күзетілетін объектілердің, сондай-ақ күзетілетін адамдардың тізбесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен айқындалады;
- жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері жөнінде;
- тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын авариялық немесе экологиялық қауіптілігі жоғары объектілер мен құрылыстарды пайдаланумен байланысты жұмыстарға рұқсат ету туралы;
- жедел-іздестіру қызметіне қатысуға рұқсат беру немесе оны жүзеге асыру нәтижесінде алынған материалдарды пайдалануға рұқсат беру туралы;
- күзет қызметімен айналысуға лицензиялар берілгені туралы деректер жинауға құқылы.
3. Көрсетілген негіздер түпкілікті болып табылады және тек заңмен ғана толықтырылуы немесе өзгертілуі мүмкін.
Ескерту. 10-бапқа өзгерістер енгiзiлдi - ҚР Президентiнiң 1995.12.25 N 2725 жарлығымен, 1996.07.15 N 31-І, 2001.03.16 N 163, 2001.07.16 N 244, 2002.07.10 N 338, 2002.08.09 N 346, 2004.07.09 N 592, 2007.01.12 N 222 (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2009.07.17 N 187-IV, 2010.05.27 № 279-IV; 04.07.2014 № 233-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.12.2016 № 36-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін екі ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 18.04.2017 № 58-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.06.2020 № 349-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.01.2023 № 188-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.11-бап. Жедел-іздестіру іс-шаралары
1. Жедел-іздестіру іс-шаралары жалпы және арнаулы болып бөлінеді.
2. Жалпы жедел-іздестіру іс-шаралары мыналар болып табылады:
1) адамдарға сауал қою;
2) азаматтармен жария және жасырын қатынастар орнату, оларды жедел-іздестіру қызметіне пайдалану;
3) енгізу;
4) қылмыстық іс-әрекетті имитациялайтын мінез-құлық таныту;
5) астыртын кәсіпорындар мен ұйымдар құру;
6) бақыланатын өнім беру;
7) заңмен қорғалатын жеке өмірге, тұрғын үйге қол сұғылмауын, өзінің және отбасының құпиясын, сондай-ақ жеке салымдары мен жинаған қаражатының, жазысқан хаттарының, телефон арқылы сөйлескен сөздерінің, почта, телеграф арқылы және басқа да жолдармен алысқан хабарларының құпиялылығын қозғамайтын мәліметтер алу үшін техникалық құралдарды қолдану;
8) анықтамалар алу;
9) үлгілерді алу;
10) жедел сатып алу;
11) іздеу-қызмет иттерін пайдалану;
12) жеке адамды белгілері бойынша іздеу және ұқсастыру;
13) ақпаратты заңсыз алып тастау қондырғыларын іздеу;
14) құқыққа қарсы әрекеттер іздерін табу, жасырын орнықтыру және алып қою, оларды алдын ала зерттеу;
15) қылмысты әзірлеуші, жасаушы немесе жасаған адамның ізіне түсу және оны ұстау;
16) ұстап алынған адамдардың жеке басын жете тексеруді, оларда болатын қылмыстық әрекетке қатысты болуы мүмкін заттар мен құжаттарды алып қоюды, сондай-ақ, тұрғын үй-жайларды, жұмыс орындары мен өзге де орындарды жете тексеруді, көлік құралдарын жете тексеруді куәгерлердің қатысуымен жүзеге асыру.
Терроризмге қарсы операцияны жүзеге асыру барысында жеке басты жете тексеру және жеке тұлғаның жанындағы заттарды жете тексеру, көлік құралдарын, оның ішінде техникалық құралдарды қолдана отырып жете тексеру куәгерлердің қатысуынсыз жүргізілуі мүмкін;
17) қарулы қылмыскерлерді қолға түсіру жөніндегі операцияларды жүргізу;
18) байқау.
Осы тармақта көзделген жалпы жедел-іздестіру іс-шараларын ұйымдастыру және оларды жүргізу тактикасы Қазақстан Республикасының Бас Прокурорымен келісу бойынша, жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдардың бірінші басшыларының нормативтік құқықтық актілерімен айқындалады.
3. Арнаулы жедел-іздестіру іс-шаралары мыналар болып табылады:
1) адамды немесе орынды жасырын аудио- және (немесе) бейнебақылау;
2) электр (телекоммуникация) байланысының желілері арқылы берілетін ақпаратты жасырын бақылау, ұстап алу және алу;
3) абоненттер және (немесе) абоненттік құрылғылар арасындағы қосылулар туралы ақпаратты жасырын алу;
4) компьютерлерден, серверлерден және ақпаратты жинауға, өңдеуге, жинақтауға және сақтауға арналған басқа құрылғылардан ақпаратты жасырын алу;
5) пошта жөнелтілімдері мен өзге жөнелтілімдерді жасырын бақылау;
6) жасырын кіру және (немесе) орынды жасырын зерттеп-қарау.
Осы тармақта көзделген арнаулы жедел-іздестіру іс-шараларын ұйымдастыру және оларды жүргізу тактикасы Қазақстан Республикасының Бас Прокурорымен келісу бойынша, жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдардың бірінші басшыларының нормативтік құқықтық актілерінде айқындалады.
4. Осы баптың 2-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9), 11), 12), 13), 14), 15), 16) және 17) тармақшаларында тізбеленген жедел-іздестіру іс-шаралары Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік заңнамасының ережелеріне сәйкес іздестіру шаралары ретінде жүзеге асырылуы мүмкін.
Ескерту. 11-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.07.17 N 187-IV, өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.12.07 N 221-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); 04.07.2014 № 233-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.07.2017 № 84-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.12.2017 № 118-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.07.2018 № 180-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.12-бап. Жедел-іздестіру шараларын жүргізу шарттары
1. Адамдардың азаматтығы, жынысы, ұлты, тұрғылықты жері, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайы, қандай қоғамдық бірлестіктерге жататындығы, дінге қатынасы мен саяси сенімі, егер заңмен өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының аумағында оларға қатысты жедел-іздестіру шараларын жүргізуге кедергі бола алмайды.
2. Жалпы және арнаулы жедел-іздестіру іс-шараларын жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы барлық органдар өздеріне жүктелген міндеттерге сәйкес жүргізеді.
Жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдар Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде жедел-іздестіру іс-шараларын қылмыстық-атқару жүйесінің уәкілетті органымен немесе оның аумақтық бөлімшелерімен өзара іс-қимыл жасаса отырып жүргізуге құқылы.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің жедел қамтамасыз ету объектілеріндегі және күзет іс-шараларын жүргізу аймағындағы жедел-іздестіру іс-шаралары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметімен келісу бойынша жүзеге асырылады.
3. Жедел-іздестіру шараларын жүргізуге құқығы бар қызметтердің, бөлімшелердің және қызметкерлер санаттарының тізбесін жедел-іздестіру қызметін жүргізуші органдардың басшылары белгілейді.
4. Арнаулы жедел-іздестіру іс-шаралары:
ЗҚАИ-ның ескертпесі!1) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 12.06.2026 № 311-VIIІ (01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1) ауыр және аса ауыр қылмыстарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 116 (бірінші бөлігі), 126 (бірінші және екінші бөліктері), 161 (бірінші бөлігі), 185 (бірінші және екінші бөліктері), 188 (екінші бөлігі), 188-1 (бірінші бөлігі), 189 (екінші бөлігі), 190 (екінші бөлігі), 194 (бірінші бөлігі), 195 (төртінші және бесінші бөліктері), 206 (2-1-бөлігі), 207 (екінші және 2-1-бөліктері), 208 (үшінші бөлігі), 210 (бірінші бөлігі), 211 (екінші бөлігі), 213 (үшінші бөлігі), 216 (бірінші және екінші бөліктері), 218 (бірінші және екінші бөліктері), 231 (бірінші бөлігі), 232 (бірінші бөлігі), 233-1 (үшінші бөлігі), 234 (екінші бөлігі), 245 (бірінші және екінші бөліктері), 272 (үшінші бөлігі), 283 (бірінші бөлігі), 286 (бірінші бөлігі), 287 (үшінші бөлігі), 288 (бірінші бөлігі), 307 (екінші бөлігі), 308 (бірінші бөлігі), 309 (бірінші бөлігі), 315 (бірінші бөлігі), 361 (үшінші бөлігі), 362 (бірінші бөлігі), 365 (екінші бөлігі), 366 (бірінші бөлігі), 367 (бірінші бөлігі), 394 (екінші бөлігі), 399 (екінші бөлігі), 422 (бірінші және екінші бөліктері)-баптарында көзделген ауырлығы орташа қылмыстарды және қылмыстық топ жасаған қылмыстарды анықтау, олардың алдын алу және жолын кесу мақсатында, егер тексерілетін адам үшінші тұлғаның телефонын немесе өзге сөйлесу құрылғысын пайдаланады деген мәліметтер болса немесе үшінші тұлға телефонды және басқа сөйлесу құрылғыларын пайдаланып, тексерілетін адам үшін ақпарат алады не тексерілетін адамнан басқа адамдарға беру үшін ақпарат алады деген мәліметтер болса, тексерілетін адамға не үшінші тұлғаға қатысты прокурордың санкциясымен ғана жүргізіледі және олардың мазмұнын материалдық жеткізгіште тіркеп қою;
2) тергеуден, анықтаудан, соттан жасырынып жүрген және Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 232-бабының төртінші бөлігінде көрсетілген қылмыстарды жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан жалтарып жүрген, сондай-ақ хабарсыз кеткен адамдарды іздестіру жөніндегі шараларды жүзеге асыру үшін прокурордың санкциясымен ғана жүргізіледі.
Осындай іс-шараларды жүргізуге санкцияны жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдардың қаулысы бойынша Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры, оның бірінші орынбасары не орынбасарлары, Бас әскери прокурор, облыстардың прокурорлары мен оларға теңестірілген прокурорлар береді.
Осы Заңның 6-бабында санамаланған барлық органдардың міндеттерді шешуі мүддесінде байланыс желісін пайдалануға байланысты арнаулы жедел-іздестіру іс-шараларын Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары техникалық жағынан жүзеге асырады, бұл үшін оларға қажетті күш пен қаражат бөлінеді.
Байланыс желісін пайдалануға байланысты арнаулы жедел-іздестіру іс-шараларының ұйымдастырылуы және жүргізілу тактикасы Қазақстан Республикасының Бас Прокурорымен келісу бойынша, жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдардың бірінші басшыларының бірлескен нормативтік құқықтық актісімен айқындалады.
Барлау ақпаратын алу, Қазақстан Республикасының әскери қауіпсіздігін және күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында сыртқы барлау саласындағы уәкілетті орган, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери барлау органдары және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі Қазақстан Республикасының аумағында байланыс қызметтері мен құралдарын ұсынатын жеке және заңды тұлғалардың стационарлық аппаратурасы мен байланыс желілеріне қосылуды болғызбайтын телекоммуникациялар желілерін пайдалана отырып, арнаулы жедел-іздестіру іс-шараларын жүзеге асыруға құқылы.
5. Тек қана Қазақстан Республикасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында барлау ақпаратын алу, сондай-ақ күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ақпарат алу үшін арнаулы жедел-іздестіру іс-шаралары Қазақстан Республикасының Бас Прокурорымен келісілген тәртіппен жүзеге асырылуы мүмкін.
6. Жекелеген адамдардың өміріне, денсаулығына, меншігіне қауіп төнген жағдайда олардың өтініші немесе жазбаша келісімі бойынша жедел-іздестіру қызметін жүргізуші орган басшысы бекіткен қаулы негізінде, 24 сағаттың ішінде міндетті түрде прокурорды хабардар ете отырып, қаулы шығарылған кезден бастап олардың телефондары немесе басқа да сөйлесу құрылғылары арқылы жүргізілетін сөйлесулерді тыңдауға және жазып алуға рұқсат етіледі.
7. Кейінге қалдыруға болмайтын және ауыр және аса ауыр қылмыстардың, сондай-ақ қылмыстық топ дайындайтын және жасайтын қылмыстардың жасалуына әкеп соғуы мүмкін жағдайларда, жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын тиісті орган басшыларының біреуінің уәжді қаулысы негізінде, прокурорды хабардар ете отырып және кейіннен, қаулы шығарылған кезден бастап жиырма төрт сағат ішінде санкция ала отырып, арнаулы жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге жол беріледі.
Белгіленген мерзімде прокурордың санкциясы алынбаған кезде арнаулы жедел-іздестіру іс-шарасы дереу тоқтатылуға жатады.
Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясына қатысты арнаулы жедел-іздестіру іс-шаралары Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының санкциясымен ғана жүргізілуі мүмкін.
Судьяға қатысты арнаулы жедел-іздестіру іс-шаралары Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының санкциясымен ғана жүргізілуі мүмкін.
8. Арнаулы жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге санкция алу кезінде прокурорға құпия көмекшілер мен штаттағы жасырын қызметкерлердің жеке басы туралы мәліметтердің құпиясын ашуға мүмкіндік бермейтін нысанда және мазмұнда оларды жүргізу үшін негіздеме материалдар табыс етіледі.
Арнаулы жедел-іздестіру іс-шарасының нәтижесі туралы оны жүргізуге санкция берген прокурор хабардар етіледі.
9. Жасырын жедел-іздестіру шараларын ұйымдастыру және оларды жүргізу тактикасы "Мемлекеттік құпиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңы негізінде Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін Құпияландыруға жататын мағлұматтар тізбесіне сәйкес қызметтік, әскери және мемлекеттік құпияны құрауы мүмкін.
Ескерту. 12-бапқа өзгерістер енгiзiлдi - ҚР Президентiнiң 1995.12.25 N 2725, заң күші бар Жарлықтарымен, ҚР 1996.07.15 N 31-І, 2001.03.16 N 163, 2001.07.16 N 244, 2002.02.19 N 295, 2002.07.10 N 338, 2002.08.09 N 346, 2004.07.09 N 592, 2004.12.29 N 25, 2005.07.08 N 67-ІІІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.07.17 N 187-IV, 2009.12.07 N 221-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2010.05.27 № 279-IV, 2011.11.29 N 502-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.01.18 N 547-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2013.01.08 N 63-V (алғашқы ресми жариялағанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 07.04.2014 N 185-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2014 N 233-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 03.11.2014 N 244-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 22.12.2016 № 28-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.12.2016 № 36-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін екі ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.12.2017 № 118-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 19.12.2020 № 384-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.11.2022 № 157-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі); 27.03.2023 № 216-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.07.2023 № 23-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.07.2025 № 210-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.13-бап. Жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдарға жәрдемдесу
1. Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының, ұйымдарының, әскер бөлімшелерінің, құрамаларының және қоғамдық бірлестіктерінің лауазымды адамдары мен басқа қызметкерлері осы Заңның 2-бабында көзделген міндеттерді шешуде жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдарға жәрдемдесуге міндетті және олардың көрсетілген органдарға өз құзыреті шегінде жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыруына кедергі жасауға құқығы жоқ.
2. Жекелеген азаматтар өз қалауы бойынша жедел-іздестіру қызметін жүргізу органдарымен қызмет жасау құпиялылығын сақтай отырып, өз келісімімен жедел-іздестіру шараларын әзірлеуге және жүргізуге (соның ішінде келісім-шарт бойынша) тартылуы мүмкін. Бұл адамдар жедел-іздестіру шараларын әзірлеу немесе жүргізу барысында өздеріне мәлім болған мағлұматтарды құпия ұстауға және аталған органдарға көрінеу жалған хабарлама бермеуге міндетті. Осындай мағлұматтарды жария еткені және көрнеу жалған хабарлама бергені үшін олар Қазақстан Республикасының заңымен белгіленген жауапқа тартылады.
3. Жедел-іздестіру қызметін жүргізуші органдар кәмелетке толған әрекет қабілеті бар адамдармен олардың азаматтығына, ұлтына, жынысына, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, біліміне, қандай қоғамдық бірлестіктерге жататынына, саяси және діни сеніміне қарамастан ынтымақтасу туралы келісім-шарт жасай алады. Келісім-шарттың түрі, оның қолданылу шарты мен мерзімі ведомстволық қалыптық құжаттармен белгіленеді.
Ескерту. 13-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2009.07.17 N 187-IV, 2009.12.07 N 221-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңдарымен.14-бап. Жедел-іздестіру қызметінің материалдарын пайдалану
1. Жедел-іздестіру қызметі процесінде алынған материалдар тергеу әрекеттерін әзірлеу мен жүзеге асыру және қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу, жолын кесу жөніндегі жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу үшін, сондай-ақ олар Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік заңнамасының дәлелдемелерді жинауды, зерттеуді және бағалауды регламенттейтін ережелеріне сәйкес тексерілген жағдайда қылмыстық істер бойынша дәлелдеу процесінде пайдаланылуы мүмкін.
Барлау қызметі барысында алынған, оларды пайдалану тәртібі ведомстволық нормативтік құқықтық актілерде белгіленетін нәтижелерді қоспағанда, жедел-іздестіру қызметінің материалдары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тексерілгеннен кейін осы Заңның 2-бабында көзделген басқа да міндеттерді орындау кезінде пайдаланылуы мүмкін.
2. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде алынған материалдар оларға Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу заңнамасында көзделген сипат берілгенге дейін не оларды қылмыстық процеске енгізуге мүмкіндік болмағанда жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін шектеуге, сондай-ақ судьяларға қатысты тәртіптік іс жүргізуге бастамашылық етуге негіз болып табылмайды.
3. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, жедел-іздестіру қызметін ұйымдастыру туралы, нақты жедел-іздестіру іс-шаралары туралы, мемлекеттік немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпарат көздері және оларды алу тәсілдері туралы мәліметтер, сондай-ақ адам мен азаматтың жеке өміріне, ар-ожданы мен қадір-қасиетіне қатысты мәліметтер жария етуге жатпайды.
4. Кәсіби міндеттерін орындау нәтижесінде жедел-іздестіру қызметі туралы өзіне белгілі болған мәліметтерді жария еткен адамдар Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен жауапты болады.
Ескерту. 14-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.07.17 N 187-IV; өзгерістер енгiзiлдi - ҚР 2009.12.07 N 221-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2010.05.27 № 279-IV; 03.07.2014 № 227-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.12.2016 № 36-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін екі ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.11.2024 № 136-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.14-1-бап. Жедел-іздестіру қызметін ақпараттық қамтамасыз ету және құжаттау
1. Осы Заңда көзделген міндеттерді шешу үшін жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдар жедел есепке алулар мен цифрлық жүйелерді құруы және пайдалануы, сондай-ақ жедел есепке алу істерін ашуы мүмкін.
2. Жедел есепке алулар мен цифрлық жүйелерде мәліметтер жинақтау, сондай-ақ жедел есепке алу істерін ашу осы Заңның 10-бабының 1-тармағында көзделген негіздер болған кезде, мәліметтерді жинау мен жүйеге келтіру, жедел-іздестіру қызметінің нәтижелерін тексеру және бағалау, сондай-ақ солардың негізінде жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдардың тиісті шешімдер қабылдауы мақсатында жүзеге асырылады.
3. Жедел есепке алулар мен цифрлық жүйелерді қалыптастырудың және пайдаланудың, сондай-ақ жедел есепке алуларды жүргізудің тәртібі жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдардың нормативтік құқықтық актілерімен айқындалады.
Ескерту. Заң 14-1-баппен толықтырылды - ҚР 2009.07.17 N 187-IV Заңымен.15-бап. Жедел-іздестіру қызметіндегі шектеулер
Жедел-іздестіру қызметін жүргізу кезінде:
- аса қажет және қорғаныс қажет болған жағдайда басқа реттерде азаматтардың өміріне, денсаулығы мен мүлкіне нақты қатер төндіретін іс-әрекеттер жасауға;
- қандай да бір саяси партияның, сондай-ақ қоғамдық және діни бірлестіктердің мүддесі үшін әрекет етуге;
- азаматтарды құқық бұзушылыққа итермелеуге және арандатуға;
- азаматтар мен лауазымды адамдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін шектейтін зорлық-зомбылық жасауға, қатер төндіруге, бопсалауға және өзге де заңсыз әрекеттер жасауға;
- жедел-іздестіру материалдарын бұрмалауға, сол сияқты көрінеу күмәнді не жалған мағлұматтарды пайдалануға;
- адамның және азаматтың жеке өміріне қол сұғылмауын, өзінің және отбасының құпиясын, ар-намысы мен қадір-қасиетін қозғайтын және жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу процесінде белгілі болған мәліметтерді, заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, азаматтардың келісімінсіз жариялауға тыйым салынады.
Ескерту. 15-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2009.12.07 N 221-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.16-бап. Жедел-іздестіру шараларын тоқтату негіздері
Жедел-іздестіру шаралары:
- жедел-іздестіру қызметін жүргізу арқылы шешу көзделген
міндеттер орындалған ретте;
- алға қойылған міндеттердің шешілуі объективті түрде мүмкін еместігін растайтын жағдайлар анықталған ретте;
- тексерілетін адамды Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген негіздер бойынша жауапқа тартуға болмайтын жағдайлар анықталған кезде;
- жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыру кезінде заңның, адам мен азаматтың құқықтары бұзылуы анықталған жағдайда жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы жоғары тұрған органның, прокурордың қаулысы не соттың шешімі бойынша тоқтатылады.
Жедел-іздестіру шаралары жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдардың қалыптық құжаттарында көзделген мерзімде Қазақстан Республикасы Бас прокурорының келісімімен жүзеге асырылады, тоқтатыла тұрады, тоқтатылады.
Ескерту. 16-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2009.07.17 N 187-IV Заңымен.4-бөлiм. Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдардың өзара iс-қимылы
17-бап. Қазақстан Республикасының жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдарының өзара іс-қимылы
Қазақстан Республикасының жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдары:
- өздерінің алдарында тұрған міндеттерді дербес, бір-бірімен өзара іс-қимыл жасап, мемлекеттік, қоғамдық және өзге ұйымдардың мүмкіндігін, сондай-ақ азаматтардың жәрдемін пайдалана отырып шешеді;
- осы органдардың құзыретіне қатысты қылмыстық әрекеттердің мәлім болған деректері туралы бірін-бірі хабардар етіп отыруды қамтамасыз етеді және өзара қажетті көмекті көрсетеді.
18-бап. Басқа мемлекеттердің органдарымен өзара іс-қимыл
1. Басқа мемлекеттердің жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыруға құқық берілген органдары Қазақстан Республикасы аумағында өзара іс-қимылды және жедел-іздестіру шараларын осы заңда және тиісті шарттар мен келісімдерде белгіленген тәртіп пен шекте жүргізеді.
2. Қазақстан Республикасының жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдары басқа мемлекеттердің аумақтарында өзара іс-қимылды және жедел-іздестіру шараларын осы Заңда, сондай-ақ тиісті шарттар мен келісімдер негізінде сол мемлекеттердің заңдарымен белгіленген тәртіп пен шекте жүргізеді.
19-бап. Жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдардың халықаралық құқық қорғау ұйымдарымен өзара іс-қимылы
Жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдардың халықаралық құқық қорғау ұйымдарымен өзара іс-қимылы құқықтық көмек туралы шарттарға (келісімдерге) сәйкес және осы Заңда белгіленген қалыптар шегінде жүзеге асырылады.
5 бөлiм. Жедел-iздестiру қызметiн қаржылай және материалдық-техникалық қамтамасыз ету
20-бап. Жедел-іздестіру қызметін қаржылай қамтамасыз ету
Жедел-іздестіру қызметін қаржыландыру жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдарды ұстауға ұлттық валюта түрінде де, шетел валютасы түрінде де бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Ескерту. 20-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 1996.07.15 N 31-І, 1998.12.22 N 327, 2004.12.21 N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңдарымен.21-бап. Жедел-іздестіру қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз ету
Жедел-іздестіру қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз ету бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Ескерту. 21-бап жаңа редакцияда - 2004.12.21 N 13 (01.01.2005 бастап күшіне енеді) Заңымен.6 бөлiм. Жедел-iздестiру қызметiнiң субъектiлерiн әлеуметтiк және құқықтық қорғау
22-бап. Жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдар қызметкерлерін әлеуметтік және құқықтық қорғау
1. Жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдар қызметкерлері қызметтік міндеттерін атқару кезінде өкімет өкілдері болып саналады және мемлекет қорғауында болады. Оларға өздері штатына кіретін министрліктер мен ведомстволар қызметкерлерінің құқықтық және әлеуметтік қорғау кепілдіктері қолданылады. Жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдар қызметкерлерінің жұмыс ерекшеліктері ескеріле отырып оларға қосымша жеңілдіктер берілуі мүмкін.
2. Жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдардың қызметкерлері өздерінің қызмет бабында заң талаптарын басшылыққа алады әрі саяси партиялардың және саяси мақсаттарды көздейтін бұқаралық қоғамдық қозғалыстардың шешімдеріне байланысты болмайды.
3. Жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы қызметкерлер мен органдардың заңды іс-қимылына заңмен тікелей уәкілдік берілген адамнан басқа ешкімнің араласуына құқығы жоқ. Заңнамаға қайшы келетін бұйрық немесе нұсқау алған кезде олар заңды басшылыққа алуға міндетті.
4. Жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдардың басшылары өз қызметкерлерінің, олардың отбасы мүшелерінің және жақын туыстарының жеке басының қауіпсіздігін, мүлкінің сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.
5. Жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдардың қызметкерлеріне қызмет міндеттерін лайықты орындау мақсатында арнаулы кәсіби даярлықтан өтуіне, біліктілігін көтеруге және медициналық қызмет көрсетілуі үшін қажетті жағдайлар жасалады.
Ескерту. 22-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2009.12.07 N 221-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.23-бап. Құпия көмекшілерді әлеуметтік және құқықтық қорғау
1. Құпия көмекшілер мемлекет қорғауында болады.
2. Жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдарға жәрдемдесуге келісім білдірген азаматтарға мемлекет осы Заңға, Қазақстан Республикасының басқа заңдарына және қалыптық құжаттарына сәйкес олардың құқықтарын қамтамасыз етуге және міндеттемелерді орындауға кепілдік береді.
3. Жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдарға жәрдемдесуіне байланысты азаматтардың өміріне, сондай-ақ олардың отбасы мен жақын туыстарының денсаулығына немесе мүлкіне, заңға қайшы қол сұғушылықтың анық қаупі төнген кезде, бұл органдар құқыққа қарсы әрекетті болдырмау, айыптыларды анықтап, оларды жауапқа тарту, сондай-ақ қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес оларды қорғау жөнінде арнаулы жұмыстар жүргізу үшін барлық қажетті шараларды қолдануға міндетті.
4. Құпия көмекшілердің жеке басы туралы мәліметтер мемлекеттік құпияларды құрайды.
5. Құпия көмекшілердің сыйақы алуға құқығы бар.
6. Жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдармен азаматтардың айналысатын қызметінің негізгі түрі ретінде ақылы негізде келісім-шарт бойынша ынтымақтасып қызмет істеу кезеңі олардың жалпы еңбек стажына кіреді. Олар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес және Үкіметі белгілеген тәртіппен зейнетақымен қамтамасыз етілуге, қаза болған ретте олардың отбасылары мен асырауындағы адамдар асыраушысынан айырылуына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алуға құқылы.
7. Құпия көмекші жедел-іздестіру шараларын жүргізуге қатысуына байланысты қаза болған жағдайда оның отбасына және асырауындағы адамдарға:
- ақылы негізде ынтымақтасып қызмет істеп, қаза болған адамның он жылдық ақшалай ақысы мөлшерінде;
- қаза болған адам өтеусіз негізде ынтымақтасып қызмет істеген кезде республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 1 411 еселенген мөлшерінде біржолғы жәрдемақы төленеді.
8. Құпия көмекші өзінің қатысуымен болған жедел-іздестіру шараларын жүргізген кезде мертіккен не денсаулығына өзге де зақым келген кезде оған:
- ақылы негізде ынтымақтасып қызмет істеген адамдар үшін бес жылдық ақшалай ақысы мөлшерінде;
- өтеусіз негізде ынтымақтасып қызмет істеген адамдар үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 706 еселенген мөлшерінде біржолғы жәрдемақы төленеді.
9. Жедел-іздестіру шараларын жүргізуге қатысуға байланысты қаза болуға, мертігуге не денсаулықтың өзгедей зақымдануына орай келтірілген залалдың орнын толтыру Қазақстан Республикасы Үкіметі белгілеген тәртіппен жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы органның қаржысы есебінен жүргізіледі.
Ескерту. 23-бапқа өзгерістер енгiзiлдi - ҚР 1996.07.15 N 31-І, 2009.04.07 N 149-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.07.17 N 187-IV, 2009.12.07 N 221-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); 26.12.2018 № 203-VI (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); 20.04.2023 № 226-VII (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.7 бөлiм. Жедел-iздестiру қызметiн бақылау және қадағалау
Жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдардың басшылары заңдылықтың сақталуына, осы қызметтің ұйымдастырылуына, тактикасына, әдістері мен құралдарына, сондай-ақ астыртын жүргізілуі мен құпиялылығын қамтамасыз ету жөніндегі шараларға бақылауды қамтамасыз етеді.
Жоғары тұрған ведомстволық органдар өздеріне бағынысты органдардың жедел-іздестіру қызметіне бақылау жасауды қамтамасыз етеді.
Ескерту. 24-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2009.07.17 N 187-IV Заңымен.24-1-бап. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнаулы техникалық құралдар саласындағы лицензиялау
1. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнаулы техникалық құралдар саласындағы қызмет Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен лицензиялануға тиіс.
2. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнаулы техникалық құралдар саласындағы лицензиаттар тізбесін, нысандары мен мерзімділігін лицензиар біліктілік талаптары шеңберінде айқындайтын есептерді, хабарламаларды лицензиарға ұсынады.
Ескерту. 24-1-баппен толықтырылды – ҚР 17.11.2025 № 231-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.25-бап. Жедел-іздестіру қызметін қадағалау
1. Жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыру кезіндегі заңдылықтың сақталуын қадағалауды Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры және оған бағынысты прокурорлар жүзеге асырады.
2. Жедел-іздестіру қызметін қадағалауды жүзеге асыру кезінде прокурор:
1) құпия көмекшілердің және штаттағы жасырын қызметкерлердің жеке басы туралы мәліметтерден басқа, жедел-іздестіру іс-шараларын ұйымдастыру мен жүргізу тактикасын регламенттейтін ведомстволық нормативтік құқықтық актілерді, жедел есепке алу істерін, жедел-іздестіру қызметінің барысы туралы материалдарды, құжаттарды және басқа да қажетті мәліметтерді алады;
1-1) жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу туралы қаулы шығарады;
1-2) жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу туралы жазбаша нұсқаулар береді;
2) арнаулы жедел-іздестіру іс-шараларын, оның ішінде байланыс желісінде жүзеге асырудың заңдылығын тексеруді жүргізеді;
2-1) прокурордың санкциясынсыз жүргізілген арнаулы жедел-іздестіру іс-шарасының заңдылығы туралы қаулы шығарады;
3) жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыру кезінде заңды, адам мен азамат құқықтарын бұзушылық анықталған жағдайда өз қаулысымен жедел-іздестіру шараларын тоқтатады;
3-1) жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдардың лауазымды адамдарының заңсыз шешімдерінің күшін жояды;
4) жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдардың лауазымды адамдарының іс-әрекеттері мен шешімдеріне шағымдар мен арыздарды қарайды;
5) Конституцияға, заңдар мен Республика Президентінің актілеріне қайшы келетін, жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдар шығаратын жедел-іздестіру шараларын ұйымдастыру мен жүргізу тактикасын регламенттейтін нормативтік құқықтық актілерге наразылық келтіреді;
6) жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде құқыққа қарсы әрекеттерге жол берген қызметкерлерге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуге, тәртіптік іс жүргізуге бастамашылық жасайды;
7) жедел-іздестіру қызметінің заңдылығын қадағалауды жүзеге асыру кезінде анықталған тәртіп бұзушылық фактілері бойынша прокурорлық қадағалаудың басқа да актілерін шығарады;
8) заңсыз ұсталған адамдарды өзінің дәлелді қаулысымен босатады не адамдарды ұстау туралы заңсыз қаулылардың күшін жояды;
9) қажет болған жағдайда жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдардың басшыларынан өздеріне бағынышты органдарда заң бұзушылықты жою мақсатында тексеру жүргізуді талап етеді;
10) Қазақстан Республикасының заңында белгіленген жағдайларда жедел-іздестіру шараларын жүргізуге санкция береді.
3. Бас Прокурор өз құзыреті шегінде, жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдардың орындауы үшін міндетті, жедел-іздестіру қызметі туралы Қазақстан Республикасы заңдары нормаларының қолданылу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілер қабылдайды.
4. Жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдар тарапынан заңдылықтың бұзылуын анықтау мақсатында прокурор арнаулы техникалық құралдарды пайдалана отырып, прокуратура органдарының мамандары мен өзге де мамандарды тартуға құқылы.
Ескерту. 25-бап жаңа редакцияда - ҚР 2002.08.09 N 346, өзгерту енгізілді - 2009.07.17 N 187-IV, 2009.12.07 N 221-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); 04.07.2014 № 233-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 05.11.2022 № 157-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.26-бап. Активтерді қайтару жөніндегі уәкілетті органмен өзара іс-қимыл
Жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдар жедел-іздестіру қызметі барысында өздері алатын, оның ішінде:
1) құпия көмекшілер мен штаттағы жасырын қызметкерлердің жеке басы туралы мәліметтерді;
2) жедел-іздестіру қызметін ұйымдастыру туралы, нақты жедел-іздестіру іс-шаралары туралы, ақпарат алу көздері мен тәсілдері туралы мәліметтерді;
3) егер заңда тыйым салынған әрекеттерді жасағаны туралы ақпарат болмаса, адамның жеке өміріне, ар-намысы мен қадір-қасиетіне қатысты мәліметтерді қоспағанда, мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді "Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес активтерді қайтару жөніндегі уәкілетті органға ұсынуға міндетті.
Ескерту. 26-баппен толықтырылды – ҚР 12.07.2023 № 23-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
|
Қазақстан Республикасының Президентi |
