ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз
"Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 15-19-бабының 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Банктік және микроқаржы активтерін сататын электрондық сауда алаңы операторының қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат беру шарттары мен қағидалары бекітілсін.
2. Банктерді талдау және стресс-тестілеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту Агенттігінің Төрағасы |
М. Абылкасымова |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
| Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту Агенттігінің Басқармасының 2024 жылғы 31 шілдедегі № 47 Қаулыға қосымша |
Банктік және микроқаржы активтерін сататын электрондық сауда алаңы операторының қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат беру шарттары мен қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Банктік және микроқаржы активтерін сататын электрондық сауда алаңы операторының қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат беру шарттары мен қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Мемлекеттік реттеу туралы заң) 15-19-бабының 5-тармағына, "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына, "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 12-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның – көрсетілетін қызметті берушінің (бұдан әрі – уәкілетті орган) банктік және микроқаржы активтерін сататын электрондық сауда алаңының операторы қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат беру шарттары мен тәртібін айқындайды.
Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпарат уәкілетті органның ресми интернет-ресурсына орналастырылады, тиісті нормативтік құқықтық акті әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде "цифрлық үкіметтің" цифрлық инфрақұрылымының операторына және Бірыңғай байланыс орталығына жіберіледі.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 31.03.2026 № 40 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.2. Қағидаларда пайдаланылатын ұғымдар Мемлекеттік реттеу туралы заңда, "Рұқсаттар және хабарламалар туралы", "Киберқауіпсіздік туралы" Қазақстан Республикасының заңдарында көрсетілген мағыналарда қолданылады.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 31.03.2026 № 40 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.2-1. Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі Қағидаларға 1-қосымшада келтірілген.
Ескерту. Қағидалар 2-1-тармақпен толықтырылды- ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 31.03.2026 № 40 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.2-тарау. Банктік және микроқаржы активтерін сататын электрондық сауда алаңы операторының қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат беру шарттары мен тәртібі
3. Банктік және микроқаржы активтерін сататын электрондық сауда алаңының операторы қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсатты (бұдан әрі – оператор қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат) алу үшін заңды тұлға – көрсетілетін қызметті алушы (бұдан әрі – өтініш беруші) уәкілетті органға Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша банктік және микроқаржы активтерін сататын электрондық сауда алаңы операторының қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат беру туралы өтінішті (бұдан әрі – өтініш) Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне сәйкес құжаттарды (бұдан әрі – құжаттар) қоса бере отырып ұсынады.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 31.03.2026 № 40 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.4. Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш оған қоса берілген құжаттармен бірге қағаз жеткізгіште тігілген түрде, беттері нөмірленіп, соңғы беті өтініш берушінің мөрімен (болған жағдайда) куәландырылып, электрондық түрде www.egov.kz "цифрлық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы ұсынылады.
Уәкілетті орган өшіріп тазартылған, қосып жазылған не сызылған сөздері және оларда айтылмаған өзге де түзетулері бар құжаттарды қарауға қабылдамайды.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 31.03.2026 № 40 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.5. Уәкілетті органның хат-хабарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті қызметкері өтініш, құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдауды, тіркеуді және оператордың қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат беруге жауапты бөлімшеге (бұдан әрі - жауапты бөлімше) орындауға жіберуді жүзеге асырады. Өтініш уәкілетті органның жұмыс уақыты аяқталғанға дейін екі сағат бұрын келіп түссе, онда мерзімі келесі жұмыс күнінен басталады. Өтініш жұмыс күні аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының Еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес демалыс және мереке күндері келіп түскен кезде өтініштерді қабылдау және тіркеу келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 02.10.2026 № 139 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.6. Жауапты бөлімшенің қызметкері құжаттар келіп түскеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Өтініш беруші ұсынған өтініште және (немесе) құжаттарда қателер немесе дәлсіздіктер анықталған, олар нысаны мен мазмұны бойынша талаптарға сәйкес келмеген, өтініш беруші Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайларда, уәкілетті орган өтінішті цифрлық күту парағы арқылы қабылдайды.
Осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген негіз бойынша өтініш беруші ұсынған құжаттар (оның ішінде түпнұсқалары) өтінішті және (немесе) құжаттарды портал арқылы беру жағдайларын қоспағанда, уәкілетті органның оларды сақтауға қабылдауынсыз өтініш берушіге қайтарылуға жатады.
Бұл ретте өтініш берушіге анықталған кемшіліктерді жою үшін ақылға қонымды мерзім белгіленеді, ол Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 5-тармағында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетудің жалпы мерзіміне енгізілмейді және одан аспауға тиіс.
Кемшіліктер жойылған жағдайда өтініш беруші бастапқы жүгінген күн мемлекеттік қызметті алуға өтінішті және (немесе) құжаттарды қабылдаған күн болып есептеледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің өтуі анықталған кемшіліктер жойылған сәттен бастап жаңартылады.
Анықталған кемшіліктер белгіленген мерзімде жойылмаған жағдайда уәкілетті орган өтініш пен құжаттарды қабылдаудан бас тартады.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 02.10.2026 № 139 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.7. Өтініш беруші ұсынған құжаттардың толықтығы фактісі анықталғаннан кейін немесе уәкілетті орган мемлекеттік қызмет көрсету процесін қалпына келтіру туралы шешім шығарғаннан кейін жауапты бөлімше 15 (он бес) жұмыс күні ішінде құжаттарды Мемлекеттік реттеу туралы заңға сәйкестігі тұрғысынан қарайды және өтініш беруші ұсынған құжаттарды Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша банктік және микроқаржы активтерін сататын электрондық сауда алаңының жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін электрондық сауда алаңының операторына қойылатын талаптарға өтініш берушінің сәйкестігі туралы актіні (бұдан әрі – сәйкестік туралы акт) алу үшін уәкілетті органның комиссиясына (бұдан әрі – Комиссия) жібереді.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 02.10.2026 № 139 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.8. Уәкілетті орган өтініш беруші берген өтініште және (немесе) құжаттарда қателер немесе дәлсіздіктер анықталған, олар нысаны мен мазмұны бойынша талаптарға сәйкес келмеген, Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда мемлекеттік қызмет көрсету процесін тоқтата тұруға міндетті.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін тоқтата тұру уәкілетті орган өтініш берушіге пошта, факсимильді байланыс, электрондық пошта, электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы және (немесе) портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету процесін тоқтата тұру туралы хабарлама жіберген күннен басталады. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің өтуі уәкілетті орган мемлекеттік қызмет көрсету процесін қайта бастау туралы шешім шығарған күннен бастап қайта басталады.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 02.10.2026 № 139 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.9. Қағидалардың 8-тармағының бірінші бөлігінде көзделген негіз бойынша мемлекеттік қызмет көрсету процесін тоқтата тұрған жағдайда, өтініш беруші ұсынған құжаттар (оның ішінде түпнұсқалары) өтінішті және (немесе) құжаттарды портал арқылы беру жағдайларын қоспағанда, уәкілетті органның оларды сақтауға қабылдауынсыз өтініш берушіге қайтарылуға жатады.
Құжаттарды қайта ұсынуды өтініш беруші тоқтата тұру мерзімі шегінде анықталған кемшіліктерді жойғаннан кейін жүзеге асырады.
Қағидалардың 8-тармағының бірінші бөлігінде көзделген жағдайда - анықталған кемшіліктер көрсетілетін қызметті беруші белгілеген ақылға қонымды мерзімде жойылғанға дейін мемлекеттік қызмет көрсету процесі тоқтатыла тұрады.
Осы тармақтың үшінші бөлігінде көзделген тоқтата тұру мерзімі Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 5-тармағында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетудің жалпы мерзімінен аспауға тиіс.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 02.10.2026 № 139 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.10. Уәкілетті орган өтініш берушінің өтінішхаты бойынша немесе өз бастамасы бойынша одан әрі қызмет көрсету процесіне уақытша кедергі келтіретін еңсерілмейтін күш әрекет еткен жағдайларда мемлекеттік қызмет көрсету процесін тоқтата тұруға құқылы. Мемлекеттік қызмет көрсетудің келешектегі процесіне уақытша кедергі келтіретін еңсерілмейтін күштің іс-қимылдары төтенше жағдай енгізу, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай қатері немесе туындауы деп түсініледі.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 02.10.2026 № 139 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.11. Комиссия 40 (қырық) жұмыс күні ішінде өтініш берушіні тексеруді, сәйкестік туралы актіні дайындауды және оған қол қоюды жүзеге асырады.
Сәйкестiк туралы актiнi Комиссия жасайды және тексерiлетiн өтiнiш берушiнiң өкiлiне қол қоюға жiбередi. Егер Комиссия мүшесі қабылданған шешіммен келіспесе және сәйкестік туралы актіге қол қоймаса, онда ол Комиссияға өзінің бас тарту себептері туралы ақпаратты жазбаша нысанда ұсынады, ол сәйкестік туралы актіге қоса беріледі.
Сәйкестік туралы акт Комиссия мүшелерінің үштен екісінің қолы болған кезде жасалған болып есептеледі.
5 (бес) жұмыс күні ішінде өтініш берушіден қол қойылған сәйкестік туралы актіні алмаған жағдайда, актіні алмау фактісі туралы тиісті белгі қойылады және Қағидалардың 12-тармағына сәйкес шешім қабылданады.
Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 02.10.2026 № 139 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.12. Комиссияның өтініш беруші ұсынған құжаттарды қарау нәтижелері бойынша жауапты бөлімше Комиссия сәйкестік туралы актіні ұсынғаннан кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде оператордың қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсаттың жобасын не оператордың қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат беруден бас тартуды дайындайды және уәкілетті органның уәкілетті тұлғасына қарауға жібереді. Уәкілетті органның уәкілетті тұлғасы оператор қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат жобасына не оператор қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат беруден бас тартуға қол қояды.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартқан кезде өтініш берушімен тыңдау жүргізілмейді.
Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 02.10.2026 № 139 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.13. Оператордың қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат жобасына қол қойылғаннан не уәкілетті органның уәкілетті тұлғасы оператордың қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат беруден бас тартқаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде жауапты бөлімшенің қызметкері өтініш берушіге порталдағы жеке кабинетке сәйкестік туралы актіні қоса бере отырып, оператордың қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсатты не оператордың қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат беруден бас тарту туралы хабарламаны жібереді.
Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 31.03.2026 № 40 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.14. Банктік және микроқаржы активтерін сататын электрондық сауда алаңы операторының қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша беріледі.
3-тарау. Уәкілетті органның және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
15. Оператордың қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат беру мәселелері бойынша уәкілетті органның және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасау жазбаша түрде жүргізіледі.
Оператордың қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат беру мәселелері бойынша шағымды қарауды уәкілетті органның жоғары тұрған лауазымды адамы жүргізеді.
Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып, оны уәкілетті органның кеңсесінде тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі мен күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
Уәкілетті органның атына келіп түскен оператор қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат беру мәселелері бойынша өтініш берушінің шағымы ол тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралады.
16. Шағымда:
1) шағымды қарайтын органның атауы;
2) өтініш берушінің толық атауы, пошталық мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, орналасқан орны;
3) уәкілетті органның толық атауы және (немесе) шешімі (әрекетсіздігі) дауланатын лауазымды адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);
4) шағым берген адам өзінің талаптары мен дәлелдерін негіздейтін мән-жайлар;
5) шағымның шығыс нөмірі мен берілген күні;
6) шағымға қоса берілетін құжаттар тізбесі көрсетіледі.
Шағымға өтініш беруші не оның өкілі болып табылатын тұлға қол қояды.
17. Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағымданғаннан кейін жол беріледі.
| Банктік және микроқаржы активтерін сататын электрондық сауда алаңы операторының қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат беру шарттары мен қағидаларына 1-қосымша |
Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 02.10.2026 № 139 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы | Банктік және микроқаржы активтері сатылатын электрондық сауда алаңының операторы қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат беру |
2 | Мемлекеттік қызметтің кіші түрінің (бар болса) атауы | Жоқ |
3 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі |
4 | Мемлекеттік қызметті жəне оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету тәсілдері | "Цифрлық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал); көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі. |
5 | Мемлекеттік қызметті жəне оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзімі |
Өтініш беруші құжаттарды берген күннен бастап 70 (жетпіс) жұмыс күні ішінде |
6 | Мемлекеттік қызметті жəне оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нысаны | Электрондық (ішінара цифрландырылған)/қағаз түрінде |
7 | Мемлекеттік қызметті жəне оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесі |
1) банктік және микроқаржы активтерін сататын электрондық сауда алаңы операторының қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат беру не оператор қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат беруден бас тарту туралы хабарлама; |
8 | Мемлекеттік қызметті жəне оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | тегін |
9 | Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектісінің жұмыс кестесі |
1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Мерекелер туралы заң) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбіден жұмаға дейін, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес; |
10 | Мемлекеттік қызметті жəне оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат түріндегі өтініш (мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну процесін автоматтандыру кезінде). |
11 | Мемлекеттік қызметті жəне оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер |
Уәкілетті орган оператор қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат беруден кез келген мынадай негіздер бойынша бас тартады: |
12 | Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтердің ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де талаптар |
Мемлекеттік қызмет көрсету орнының мекенжайы көрсетілетін қызметті берушінің ресми интернет-ресурсында орналастырылған. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинет", сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар. |
Банктік және микроқаржы активтерін сататын электрондық сауда алаңы операторының қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат беру туралы өтініш
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 31.03.2026 № 40 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
__________________________________________________________________
(өтініш беруші-заңды тұлғаның толық атауы)
банктік және микроқаржы активтерін сататын электрондық сауда алаңы
операторының қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат беруді сұрайды.
Өтініш беруші туралы мәліметтер:
1. Өтініш берушінің орналасқан жері (нақты мекенжайы)
___________________________________________________________________
__________________________________________________________________
(индекс, облыс, қала, аудан, көше, үй нөмірі, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, телефон
нөмірі, факс)
2. Өтініш берушінің бірінші басшысы және бас бухгалтері туралы мәліметтер
___________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), туған күні және жылы, байланыс
телефондарының нөмірлері, жеке сәйкестендіру нөмірі
3. Толық төлемді растайтын құжаттардың деректемелерін көрсете отырып, жарғылық
капитал мөлшері: төлем тапсырмалары, кіріс кассалық ордерлер (акционерлік
қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлғаларды қоспағанда)
___________________________________________________________________
__________________________________________________________________
4. Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нөмірі
және күні (акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлғалар
үшін)
___________________________________________________________________
Өтініш беруші өзінің "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу,
бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 15-18-бабының 4-
тармағында және 15-19-бабының 3-тармағында белгіленген талаптарға сәйкестігін
растайды.
________________________________________________________________
_______________________________________________________________
Банктік және микроқаржы активтерін сататын электрондық сауда алаңы
операторының ішкі қағидалары туралы ақпарат
____________________________________________________________________
___________________________________________________________________
(өтініш берушінің бірінші басшысының немесе уәкілетті органы шешімінің нөмірі,
күні және атауы)
Жіберілетін құжаттардың тізбесі, олардың әрқайсысы бойынша даналар мен парақтар
саны _________________________________________________________
_________________________________________________________
Өтініш беруші өтінішке қоса беріліп отырған құжаттардың (ақпараттың) дәйектілігін
толығымен растайды.
Банктік және микроқаржы активтерін сататын электрондық сауда алаңы
операторының қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат беру үшін қажетті дербес
деректерді жинау мен өңдеуге және цифрлық жүйелердегі заңмен қорғалатын
құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.
20___ жылғы "____" ___________
Өтініш беруші өтініш беруге уәкілеттік берген адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол
болған жағдайда), лауазымы
_____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
_________________________________________________________________ (қолы)
| Банктік және микроқаржы активтерін сататын электрондық сауда алаңы операторының қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат беру шарттары мен қағидаларына 3-қосымша |
Нысан
Банктік және микроқаржы активтерін сататын электрондық сауда алаңының жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін электрондық сауда алаңының операторына қойылатын талаптарға _____________________________________________________ (өтініш берушінің атауы) сәйкестігі туралы акт
_____________________ | 20__ жылғы "__" _________ |
жасалған күні | берілген күні |
Осы _____________________________________________________
(өтініш берушінің атауы)
банктік және микроқаржы активтерін сататын электрондық сауда алаңының жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін электрондық сауда алаңының операторына қойылатын талаптарға сәйкестігі туралы актіні дайындаған:
уәкілетті органның өкілдері:
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
Комиссияның жұмысына өтініш берушінің өкілдері қатысады:
__________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________.
Тексерілген объектілер мен комиссия зерделеген құжаттардың нақты сипаттамасы:
__________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________.
Өтініш беруші өкілдерінің түсініктемелерінің қысқаша мазмұны:
__________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________.
Комиссияның ______________________________________________________________
(өтініш берушінің атауы)
банктік және микроқаржы активтерін сататын электрондық сауда алаңының жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін операторға қойылатын талаптарға сәйкес келуін тексеру нәтижелері бойынша мыналар анықталды:
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________.
(қойылатын талаптарға сәйкестігі (сәйкессіздігі) және ұйымның ақпараттық қызметтер
нарығында қызмет етуін бастау (жалғастыру) үшін жеткіліктілігі (жеткіліксіздігі)
Өтініш беруші ____________________________________________________________
(өтініш берушінің атауы)
Осы сәйкестік актісіне мынадай техникалық құжаттаманы және комиссия актіне қоса берілген өзге құжаттарды ұсынды:
__________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________.
Комиссия мүшелері:
__________
__________________________________________________________________________
(лауазымы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
__________________________ келісілді (келісілмеді)
__________
__________________________________________________________________________
(лауазымы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
__________________________ келісілді (келісілмеді)
__________
__________________________________________________________________________
(лауазымы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
__________________________ келісілді (келісілмеді)
Комиссия жетекшісі:
__________________________________________________________________________
(қолы)
| Банктік және микроқаржы активтерін сататын электрондық сауда алаңы операторының қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат беру шарттары мен қағидаларына 4-қосымша |
нысан
(Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның бланкісінде басылады) Банктік және микроқаржы активтерін сататын электрондық сауда алаңы операторының қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат
Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 02.10.2026 № 139 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Нөмір ____________ | Берілген күні 20__ жылғы "____" |
________________________________________________________________
_______________________________________________________________
(өтініш берушінің толық атауы)
банктік және микроқаржы активтерін сататын электрондық сауда алаңы
операторының қызметін жүзеге асыру құқығына осы рұқсат берілді.
Төраға (Төрағаның орынбасары)
Мөр орны