ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Банктік және микроқаржы активтерін сататын электрондық сауда алаңы операторының қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат беру шарттары мен қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2024 жылғы 31 шiлдедегi № 47 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34857 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Банктік және микроқаржы активтерін сататын электрондық сауда алаңы операторының қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат беру шарттары мен қағидаларында:
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Банктік және микроқаржы активтерін сататын электрондық сауда алаңы операторының қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат беру шарттары мен қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Мемлекеттік реттеу туралы заң) 15-19-бабының 5-тармағына, "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына, "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 12-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның – көрсетілетін қызметті берушінің (бұдан әрі – уәкілетті орган) банктік және микроқаржы активтерін сататын электрондық сауда алаңының операторы қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат беру шарттары мен тәртібін айқындайды.
Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпарат уәкілетті органның ресми интернет-ресурсына орналастырылады, тиісті нормативтік құқықтық акті әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде "цифрлық үкіметтің" цифрлық инфрақұрылымының операторына және Бірыңғай байланыс орталығына жіберіледі.
2. Қағидаларда пайдаланылатын ұғымдар Мемлекеттік реттеу туралы заңда, "Рұқсаттар және хабарламалар туралы", "Киберқауіпсіздік туралы" Қазақстан Республикасының заңдарында көрсетілген мағыналарда қолданылады.";
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
"2-1. Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі Қағидаларға 1-қосымшада келтірілген.";
3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Банктік және микроқаржы активтерін сататын электрондық сауда алаңының операторы қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсатты (бұдан әрі – оператор қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат) алу үшін заңды тұлға – көрсетілетін қызметті алушы (бұдан әрі – өтініш беруші) уәкілетті органға Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша банктік және микроқаржы активтерін сататын электрондық сауда алаңы операторының қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат беру туралы өтінішті (бұдан әрі – өтініш) Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне сәйкес құжаттарды (бұдан әрі – құжаттар) қоса бере отырып ұсынады.
4. Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш оған қоса берілген құжаттармен бірге қағаз жеткізгіште тігілген түрде, беттері нөмірленіп, соңғы беті өтініш берушінің мөрімен (болған жағдайда) куәландырылып, электрондық түрде www.egov.kz "цифрлық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы ұсынылады.
Уәкілетті орган өшіріп тазартылған, қосып жазылған не сызылған сөздері және оларда айтылмаған өзге де түзетулері бар құжаттарды қарауға қабылдамайды.";
9, 10 және 11-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Комиссия 40 (қырық) жұмыс күні ішінде өтініш берушіні тексеруді, сәйкестік туралы актіні дайындауды және оған қол қоюды жүзеге асырады.
Комиссия сәйкестік туралы актіні жасайды және тексерілетін өтініш берушінің өкіліне қол қоюға жібереді. Егер Комиссия мүшесі қабылданған шешіммен келіспесе және сәйкестік туралы актіге қол қоймаса, онда ол Комиссияға өзінің бас тарту себептері туралы жазбаша нысанда ақпарат береді, ол сәйкестік туралы актіге қоса беріледі.
Сәйкестік туралы акт Комиссия мүшелерінің үштен екісінің қолы болған кезде жасалған болып есептеледі.
Қол қойылған сәйкестік туралы актіні өтініш берушіден 5 (бес) жұмыс күні ішінде алмаған жағдайда, актіні алмау фактісі туралы тиісті белгі қойылады және Қағидалардың 12-тармағына сәйкес шешім қабылданады.
10. Мемлекеттік реттеу туралы заңның 15-19-бабының 7-тармағында көзделген оператордың қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат беруден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде уәкілетті орган өтініш берушіге оператордың қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат беруден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ өтініш берушіге алдын ала шешім бойынша өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беру үшін тыңдау өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.
Тыңдау туралы хабарлама оператордың қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат беруден бас тарту туралы шешім қабылданғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау оператордың қызметін жүзеге асыру құқығын беруден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы хабарланған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
11. Оператордың қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат беруден бас тарту үшін негіздер болған кезде өтінішті қарау мерзімі уәкілетті орган басшысының немесе оның орынбасарының дәлелді шешімімен ақылға қонымды мерзімге, бірақ өтінішті дұрыс қарау үшін маңызы бар нақты мән-жайларды белгілеу қажеттілігіне байланысты 2 (екі) айдан аспайтын мерзімге ұзартылады, бұл туралы өтініш берушіге Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстің 76-бабының үшінші бөлігіне сәйкес мерзім ұзартылған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде хабарланады.";
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"13. Оператордың қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат жобасына қол қойылғаннан не уәкілетті органның уәкілетті тұлғасы оператордың қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат беруден бас тартқаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде жауапты бөлімшенің қызметкері өтініш берушіге порталдағы жеке кабинетке сәйкестік туралы актіні қоса бере отырып, оператордың қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсатты не оператордың қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат беруден бас тарту туралы хабарламаны жібереді.";
1-қосымша осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
2-қосымша осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Банктерді реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мына:
осы қаулының 1-тармағы бесінші абзацының қолданылуы тоқтатыла тұрған кезеңде бұл абзацтың мынадай редакцияда қолданылатынын:
"Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпарат уәкілетті органның ресми интернет-ресурсына орналастырылады, тиісті нормативтік құқықтық акті әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына және Бірыңғай байланыс орталығына жіберіледі.";
осы қаулының 1-тармағы алтыншы абзацының қолданылуы тоқтатыла тұрған кезеңде бұл абзацтың мынадай редакцияда қолданылатынын:
"2. Қағидаларда пайдаланылатын ұғымдар Мемлекеттік реттеу туралы заңда, "Рұқсаттар және хабарламалар туралы", "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының заңдарында көрсетілген мағыналарда қолданылады.";
осы қаулының 1-тармағы он бірінші абзацының қолданылуы тоқтатыла тұрған кезеңде бұл абзацтың мынадай редакцияда қолданылатынын:
"4. Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш оған қоса берілген құжаттармен бірге қағаз жеткізгіште тігілген түрде, беттері нөмірленіп, соңғы беті өтініш берушінің мөрімен (болған жағдайда) куәландырылып, электрондық түрде www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы ұсынылады.";
осы қаулыға 1-қосымшаның 2-тармағының қолданылуы тоқтатыла тұрған кезеңде бұл тармақтың мынадай редакцияда қолданылатынын:
"
2 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері | "Электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал); көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі |
";
осы қаулыға 1-қосымшаның 8-тармағы 2) тармақшасының қолданылуы тоқтатыла тұрған кезеңде бұл тармақшаның мынадай редакцияда қолданылатынын:
"2) қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында құрылтай құжаттары болмаған немесе уәкілетті органның оларды "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы алуы мүмкін болмаған жағдайда, олардың нотариат куәландырған электрондық көшірмелері.";
осы қаулыға 2-қосымшаның он бесінші абзацының қолданылуы тоқтатыла тұрған кезеңде бұл абзацтың мынадай редакцияда қолданылатынын белгілей отырып, олардың қолданылуы 2026 жылғы 12 шілдеге дейін тоқтатыла тұрсын:
"Банктік және микроқаржы активтерін сататын электрондық сауда алаңы операторының қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат беру үшін қажетті дербес деректерді жинау мен өңдеуге және ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.".
|
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту Агенттігінің Төрағасы |
М. Абылкасымова |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі
Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы | Банктік және микроқаржы активтері сатылатын электрондық сауда алаңының операторы қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат беру | |
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі |
2 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері | "Цифрлық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал); көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі. |
3 | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі | Өтініш беруші құжаттарды берген күннен бастап 70 (жетпіс) жұмыс күні ішінде |
4 | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны | Электрондық (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде |
5 | Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі |
1) банктік және микроқаржы активтерін сататын электрондық сауда алаңы операторының қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат беру не оператор қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат беруден бас тарту туралы хабарлама; |
6 | Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны өндіріп алу тәсілдері | тегін |
7 | Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпараттандыру объектілерінің жұмыс кестесі: |
1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Мерекелер туралы заң) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбіден жұмаға дейін, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес; |
8 | Банктік және микроқаржы активтерін сататын оператор қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат алуға қажетті құжаттардың тізбесі |
1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат түріндегі өтініш (мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну процесін автоматтандыру кезінде). |
9 | Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға негіздер |
Уәкілетті орган оператор қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат беруден кез келген мынадай негіздер бойынша бас тартады: |
10 | Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар |
Мемлекеттік қызмет көрсету орнының мекенжайы көрсетілетін қызметті берушінің ресми интернет-ресурсында орналастырылған. |
Банктік және микроқаржы активтерін сататын электрондық сауда алаңы операторының қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат беру туралы өтініш
__________________________________________________________________
(өтініш беруші-заңды тұлғаның толық атауы)
банктік және микроқаржы активтерін сататын электрондық сауда алаңы
операторының қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат беруді сұрайды.
Өтініш беруші туралы мәліметтер:
1. Өтініш берушінің орналасқан жері (нақты мекенжайы)
___________________________________________________________________
__________________________________________________________________
(индекс, облыс, қала, аудан, көше, үй нөмірі, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, телефон
нөмірі, факс)
2. Өтініш берушінің бірінші басшысы және бас бухгалтері туралы мәліметтер
___________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), туған күні және жылы, байланыс
телефондарының нөмірлері, жеке сәйкестендіру нөмірі
3. Толық төлемді растайтын құжаттардың деректемелерін көрсете отырып, жарғылық
капитал мөлшері: төлем тапсырмалары, кіріс кассалық ордерлер (акционерлік
қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлғаларды қоспағанда)
___________________________________________________________________
__________________________________________________________________
4. Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нөмірі
және күні (акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлғалар
үшін)
___________________________________________________________________
Өтініш беруші өзінің "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу,
бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 15-18-бабының 4-
тармағында және 15-19-бабының 3-тармағында белгіленген талаптарға сәйкестігін
растайды.
________________________________________________________________
_______________________________________________________________
Банктік және микроқаржы активтерін сататын электрондық сауда алаңы
операторының ішкі қағидалары туралы ақпарат
____________________________________________________________________
___________________________________________________________________
(өтініш берушінің бірінші басшысының немесе уәкілетті органы шешімінің нөмірі,
күні және атауы)
Жіберілетін құжаттардың тізбесі, олардың әрқайсысы бойынша даналар мен парақтар
саны _________________________________________________________
_________________________________________________________
Өтініш беруші өтінішке қоса беріліп отырған құжаттардың (ақпараттың) дәйектілігін
толығымен растайды.
Банктік және микроқаржы активтерін сататын электрондық сауда алаңы
операторының қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат беру үшін қажетті дербес
деректерді жинау мен өңдеуге және цифрлық жүйелердегі заңмен қорғалатын
құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.
20___ жылғы "____" ___________
Өтініш беруші өтініш беруге уәкілеттік берген адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол
болған жағдайда), лауазымы
_____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
_________________________________________________________________ (қолы)
