Банкті (банк холдингін) ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру не рұқсат беруден бас тарту, оның ішінде банкті банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым ретінде ерікті түрде қайта құру шарттары не банкті ислам банкіне айналдыруға рұқсат беру және рұқсат беруден бас тарту, банкті ерікті түрде таратуға рұқсат беру, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының қызметін ерікті түрде тоқтатуға рұқсат беру қағидалары, сондай-ақ жеке тұлғалардың депозиттерін қайтару, оларды басқа банкке немесе Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалына аудару тәртібін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2026 жылғы 3 сәуірдегі № 49 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 7 сәуірде № 38342 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз.

      "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Банктер туралы заң) 105-бабының 1-тармағы үшінші бөлігіне, 109-бабының 1-тармағы екінші бөлігіне, 117-бабының 1-тармағы үшінші бөлігіне, 129-бабының 2-тармағы үшінші бөлігіне, "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына, "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына, "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 12-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес қоса беріліп отырған Банкті (банк холдингін) ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру не рұқсат беруден бас тарту, оның ішінде банкті банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым ретінде ерікті түрде қайта құру шарттары не банкті ислам банкіне айналдыруға рұқсат беру және рұқсат беруден бас тарту, банкті ерікті түрде таратуға рұқсат беру, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының қызметін ерікті түрде тоқтатуға рұқсат беру қағидалары, сондай-ақ жеке тұлғалардың депозиттерін қайтару, оларды басқа банкке немесе Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің филиалына аудару тәртібі (бұдан әрі – Қағидалар) бекітілсін.

      2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы кейбір қаулыларының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы қаулысының құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Банктерді реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2) тармақшасында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мына:

      Қағидалардың 1-тармағы екінші бөлігінің қолданылуы тоқтатыла тұрған кезеңде бұл бөлік мынадай редакцияда қолданылатынын:

      "Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпарат уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында орналастырылады, "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына және Бірыңғай байланыс орталығына тиісті нормативтік құқықтық актіні бекіткен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жіберіледі.";

      Қағидалардың 3-тармағының қолданылуы тоқтатыла тұрған кезеңде бұл бөлік мынадай редакцияда қолданылатынын:

      "Банк (банк холдингі) (бұдан әрі - банк (банк холдингі) банкті (банк холдингін) ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат алу (бұдан әрі – ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат, мемлекеттік көрсетілетін қызмет) үшін Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша банкті (банк холдингін) ерікті түрде қайта ұйымдастыруды жүргізуге рұқсат алу туралы өтінішхатты немесе Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша банкті ислам банкіне айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру туралы өтінішті www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы уәкілетті органға жібереді.

      "Банкті (банк холдингін) ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қағидаларға 3-қосымшада келтірілген.

      Өтініш беруші өтінішхатты www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы "жеке кабинетке" жіберген кезде нәтижені алу күні мен уақыты көрсетіле отырып, мемлекеттік қызмет көрсетуге сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе автоматты түрде көрсетіледі.";

      Қағидалардың 6-тармағы екінші бөлігінің қолданылуы тоқтатыла тұрған кезеңде бұл бөлік мынадай редакцияда қолданылатынын:

      "Уәкілетті орган тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы Қазақстан Республикасының резиденті-заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы құжаттарда көрсетілген мәліметтерді алады.";

      Қағидалардың 9-тармағының қолданылуы тоқтатыла тұрған кезеңде бұл бөлік мынадай редакцияда қолданылатынын:

      "Мемлекеттік қызметтің көрсетілу сатысы туралы ақпарат мемлекеттік қызметтердің көрсетілуін мониторингтеу ақпараттық жүйесінде автоматты режимде жаңартылады.";

      Қағидалардың 14-тармағы екінші бөлігінің қолданылуы тоқтатыла тұрған кезеңде бұл бөлік мынадай редакцияда қолданылатынын:

      "Уәкілетті орган тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы Қазақстан Республикасының резиденті-заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы құжаттарда көрсетілген мәліметтерді алады.";

      Қағидалардың 16-тармағының қолданылуы тоқтатыла тұрған кезеңде бұл бөлік мынадай редакцияда қолданылатынын:

      "Мемлекеттің қызметті көрсету сатысы туралы ақпарат мемлекеттік қызметтердің көрсетілуін мониторингтеу ақпараттық жүйесінде автоматты режимде жаңартылады.";

      Қағидалардың 20-тармағы екінші бөлігінің қолданылуы тоқтатыла тұрған кезеңде бұл бөлік мынадай редакцияда қолданылатынын:

      "Уәкілетті орган "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының есептік тіркелгені туралы құжаттарда көрсетілген мәліметтерді алады.";

      Қағидалардың 22-тармағының қолданылуы тоқтатыла тұрған кезеңде бұл бөлік мынадай редакцияда қолданылатынын:

      "Мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы ақпарат мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесінде автоматты режимде жаңартылады.";

      Қағидаларға 1-қосымшаның оныншы абзацының қолданылуы тоқтатыла тұрған кезеңде бұл бөлік мынадай редакцияда қолданылатынын:

      "Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.";

      Қағидаларға 2-қосымшаның сегізінші абзацының қолданылуы тоқтатыла тұрған кезеңде бұл бөлік мынадай редакцияда қолданылатынын:

      "Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.";

      Қағидаларға 3-қосымшаның 2-тармағының қолданылуы тоқтатыла тұрған кезеңде бұл бөлік мынадай редакцияда қолданылатынын:

      "

2.

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері

"Электрондық үкімет" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал)

      ";

      Қағидаларға 4-қосымшаның жетінші абзацының қолданылуы тоқтатыла тұрған кезеңде бұл бөлік мынадай редакцияда қолданылатынын:

      "Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.";

      Қағидаларға 5-қосымшаның 2-тармағының қолданылуы тоқтатыла тұрған кезеңде бұл бөлік мынадай редакцияда қолданылатынын:

      "

2.

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері

"Электрондық үкімет" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы.

      ";

      Қағидаларға 6-қосымшаның оныншы абзацының қолданылуы тоқтатыла тұрған кезеңде бұл бөлік мынадай редакцияда қолданылатынын:

      "Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.".

      белгілей отырып, олардың қолданылуы 2026 жылғы 12 шілдеге дейін тоқтатыла тұрсын.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және дамыту
Агенттігінің Төрағасы
М. Абылкасымова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Жасанды интеллект және

      цифрлық даму министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту Агенттігінің
Басқармасының
2026 жылғы 3 сәуірдегі
№ 49 қаулысымен
бекітілді

Банкті (банк холдингін) ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру не рұқсат беруден бас тарту, оның ішінде банкті банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым ретінде ерікті түрде қайта құру шарттары не банкті ислам банкіне айналдыруға рұқсат беру және рұқсат беруден бас тарту, банкті ерікті түрде таратуға рұқсат беру, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының қызметін ерікті түрде тоқтатуға рұқсат беру қағидалары, сондай-ақ жеке тұлғалардың депозиттерін қайтару, оларды басқа банкке немесе Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалына аудару тәртібі

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Банкті (банк холдингін) ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру не рұқсат беруден бас тарту, оның ішінде банкті банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым ретінде ерікті түрде қайта құру шарттары не банкті ислам банкіне айналдыруға рұқсат беру және рұқсат беруден бас тарту, банкті ерікті түрде таратуға рұқсат беру, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының қызметін ерікті түрде тоқтатуға рұқсат беру қағидалары, сондай-ақ жеке тұлғалардың депозиттерін қайтару, оларды басқа банкке немесе Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалына аудару тәртібі (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңы (бұдан әрі – Банктер туралы заң) 105-бабының 1 және 2-тармақтарына, 109-бабының 1-тармағына, 117-бабының 1 және 2-тармақтарына, 129-бабының 2-тармағына, "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 9-бабының 1-тармағы 1) тармақшасына, "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң) 10-бабының 1) тармақшасына, "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Рұқсаттар туралы заң) 12-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган, көрсетілетін қызметті беруші) Банкті (банк холдингін) ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру не рұқсат беруден бас тарту, банкті банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым ретінде ерікті түрде қайта құру шарттары не банкті ислам банкіне айналдыруға рұқсат беру және рұқсат беруден бас тарту, банкті ерікті түрде таратуға рұқсат беру, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының қызметін ерікті түрде тоқтатуға рұқсат беру қағидаларын, сондай-ақ жеке тұлғалардың депозиттерін қайтару, оларды басқа банкке немесе Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің филиалына аудару тәртібін айқындайды.

      Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпарат уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында орналастырылады, тиісті нормативтік құқықтық акт бекітілген немесе өзгертілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде "цифрлық үкімет" цифрлық инфрақұрылымының операторына және Бірыңғай байланыс орталығына жіберіледі.

      2.  Мемлекетаралық банктерді ерікті түрде қайта ұйымдастыру және тарату ерекшеліктері аталған банктерді құру туралы халықаралық шарттармен (келісімдермен) және олардың құрылтай құжаттарымен айқындалады.

2-тарау. Банкті (банк холдингін) ерікті түрде қайта ұйымдастыруға, банкті ислам банкіне айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру тәртібі

      3. Банк (банк холдингі) (бұдан әрі - банк (банк холдингі) банкті (банк холдингін) ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат алу (бұдан әрі – ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат, мемлекеттік көрсетілетін қызмет) үшін Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша банкті (банк холдингін) ерікті түрде қайта ұйымдастыруды жүргізуге рұқсат алу туралы өтінішхатты немесе Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша банкті ислам банкіне айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру туралы өтінішті www.egov.kz "цифрлық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы уәкілетті органға жібереді.

      "Банкті (банк холдингін) ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қағидаларға 3-қосымшада келтірілген.

      Өтініш беруші өтінішхатты www.egov.kz "цифрлық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы "жеке кабинетке" жіберген кезде нәтижені алу күні мен уақыты көрсетіле отырып, мемлекеттік қызмет көрсетуге сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе автоматты түрде көрсетіледі.

      4. Уәкілетті органға ұсынылатын, Банктер туралы заңның 105-бабының 3-тармағында, 109-бабының 2-тармағында көрсетілген құжаттар банктің осындай құжаттарға қол қою құқығы бар лауазымды адамдарының қолдарымен куәландырылады.

      5. Хат-хабарларды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері банкті (банк холдингін) ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат алу туралы өтінішхат немесе банкті ислам банкіне айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру туралы өтініш келіп түскен күні оларды қабылдауды, тіркеуді және мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты бөлімшеге (бұдан әрі - жауапты бөлімше) орындауға жіберуді жүзеге асырады. Көрсетілетін қызметті алушының өтінішхаты жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері келіп түскен кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтінішхаттарды қабылдау келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      6. Жауапты бөлімшенің қызметкері банкті (банк холдингін) ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат алу туралы өтінішхат немесе ислам банкіне айналдыру нысанында банкті ерікті түрде қайта ұйымдастыруға өтініш тіркелген күннен бастап 15 (он бес) күнтізбелік күні ішінде ұсынылған құжаттардың толық болуын тексереді.

      Уәкілетті орган тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден "цифрлық үкімет" шлюзі арқылы Қазақстан Республикасының резиденті-заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы құжаттарда көрсетілген мәліметтерді алады.

      Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда жауапты бөлімше осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімде банкті (банк холдингін) ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат алу туралы өтінішхатты немесе банкті ислам банкіне айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру туралы өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды және портал арқылы "жеке кабинетке" жібереді.

      7. Ұсынылған құжаттардың толық болу фактісі анықталғаннан кейін жауапты бөлімше күнтізбелік 40 (қырық) күн ішінде құжаттарды Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келу тұрғысынан қарайды.

      Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған жағдайда уәкілетті орган көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігін беру үшін мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.

      Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылданғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы хабарламаны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды қарау, тыңдау нәтижелері бойынша жауапты бөлімше көрсетілетін қызметті беруші Басқармасының банкті (банк холдингін) ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру (беруден бас тарту туралы) туралы қаулысын дайындайды және көрсетілетін қызметті беруші Басқармасының қарауына жібереді. Көрсетілетін қызметті берушінің Басқармасы банкті ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру (беруден бас тарту) туралы шешім қабылдайды.

      Жауапты бөлімшенің қызметкері жауапты бөлімше көрсетілетін қызметті беруші Басқармасының қаулысын алғаннан кейін 4 (төрт) жұмыс күні ішінде (мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі шегінде) Басқарма қаулысының электрондық көшірмелерін қоса бере отырып, көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған электрондық құжат нысанында банкті (банк холдингін) ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру туралы хабарламаны не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жібереді.

      Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болған кезде өтінішхатты немесе өтінішті қарау мерзімі көрсетілетін қызметті беруші басшысының немесе оның орынбасарының дәлелді шешімімен ақылға қонымды мерзімге, бірақ өтінішхатты немесе өтінішті дұрыс қарау үшін маңызы бар нақты мән-жайларды анықтау қажеттілігіне байланысты 2 (екі) айдан аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін, бұл туралы Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ӘРПК) 76-бабының 3-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті алушыға мерзім ұзартылған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде хабарланады.

      8. Банкті (банк холдингін) ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат алу, банкті ислам банкіне айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат алу үшін ұсынылған құжаттарға ескертулер болған кезде уәкілетті орган банкке (банк холдингіне) осы ескертулерді көрсете отырып, пошта, факсимильді байланыс, электрондық пошта және (немесе) портал арқылы оларды жою мерзімін көрсете отырып хат жібереді.

      Банк (банк холдингі) ескертулерді жояды және пысықталған (түзетілген) құжаттарды уәкілетті орган жіберілген хатта белгіленген мерзімде ұсынады.

      Көрсетілетін қызметті алушы уәкілетті органның ұсынылған құжаттар бойынша ескертулерін ол белгілеген мерзімде жоймаған жағдайда, уәкілетті орган рұқсатты беруден бас тартады.

      9. Мемлекеттік қызметтің көрсетілу сатысы туралы ақпарат мемлекеттік қызметтердің көрсетілуін мониторингтеу цифрлық жүйесінде автоматты режимде жаңартылады.

3-тарау. Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға қайта құру жолымен банкті ерікті түрде қайта ұйымдастыру шарттары

      10. Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға қайта құру жолымен банк ерікті түрде қайта ұйымдастырылған жағдайда банк акционерлердің жалпы жиналысы оны ерікті түрде қайта ұйымдастыру туралы шешім қабылдағаннан кейін:

      1) Қағидалардың 6-тарауында көзделген тәртіппен жеке тұлғалардың депозиттерін тікелей төлем жасау жолымен қайтару не оларды депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылатын басқа банкке немесе Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің филиалына аудару, сондай-ақ заңды тұлғалардың депозиттерін тікелей төлем жасау жолымен оларды қайтару не басқа банкке немесе Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің филиалына аудару шараларын қабылдайды;

      2) банктің бұрын жасалған шарттары бойынша міндеттемелерді мерзімінен бұрын орындау не осы шарттарды бұзу шараларын жүзеге асырады.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген іс-шаралар жүргізілгеннен кейін қайта ұйымдастырылатын банк уәкілетті органға растайтын құжаттарды, оның ішінде жеке тұлғалардың депозиттерін міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылатын басқа банкке немесе Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің филиалына аудару туралы шартты және жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдау-өткізу актісін қоса бере отырып, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға қайта құру жолымен банкті ерікті түрде қайта ұйымдастыруды жүргізуге рұқсат алу туралы өтінішхатты ұсынады.

4-тарау. Банкті ерікті түрде таратуға рұқсат беру тәртібі

      11. Банк банкті ерікті түрде таратуға рұқсат алу (бұдан әрі – банкті ерікті түрде таратуға рұқсат, мемлекеттік көрсетілетін қызмет) үшін Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша банкті ерікті түрде таратуға рұқсат беру туралы өтінішхатты портал арқылы уәкілетті органға жібереді.

      "Банкті ерікті түрде таратуға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қағидаларға 5-қосымшада келтірілген.

      Көрсетілетін қызметті алушы өтінішті портал арқылы "жеке кабинетке" жіберген кезде нәтижені алу күні мен уақыты көрсетіле отырып, мемлекеттік қызметті көрсетуге сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе автоматты түрде көрсетіледі.

      12. Банкті ерікті түрде таратуға рұқсат беру туралы өтінішхат Қағидалардың 6-тарауында көзделген тәртіппен жеке тұлғалардың депозиттерін тікелей төлеу не оларды Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушылары болып табылатын басқа банкке немесе филиалына ауыстыру жолымен қайтаруды жүзеге асырғаннан кейін уәкілетті органға жіберіледі.

      13. Көрсетілетін қызметті берушінің хат-хабарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті қызметкері банкті ерікті түрде таратуға рұқсат беру туралы өтінішхат келіп түскен күні оны қабылдауды, тіркеуді және жауапты бөлімшеге орындауға жіберуді жүзеге асырады. Көрсетілетін қызметті алушының өтіншхаты жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері келіп түскен жағдайда өтінішхаттарды немесе өтінішті қабылдау келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      14. Жауапты бөлімшенің қызметкері банкті ерікті түрде таратуға рұқсат беру туралы өтінішхат тіркелген күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде ұсынылған құжаттардың толық болуын тексереді.

      Уәкілетті орган тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден "цифрлық үкімет" шлюзі арқылы Қазақстан Республикасының резиденті-заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы құжаттарда көрсетілген мәліметтерді алады.

      Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда жауапты бөлімше осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімде банкті ерікті түрде таратуға рұқсат беру туралы өтінішхатты одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды және портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жібереді.

      15. Ұсынылған құжаттардың толық болу фактісі анықталғаннан кейін жауапты бөлімше күнтізбелік 40 (қырық) күн ішінде құжаттарды Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келуі тұрғысынан қарайды.

      Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған жағдайда уәкілетті орган көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігін беру үшін мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.

      Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылданғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы хабарламаны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды қарау, тыңдау нәтижелері бойынша жауапты бөлімше көрсетілетін қызметті беруші Басқармасының банкті ерікті түрде таратуға рұқсат беру (беруден бас тарту туралы) туралы қаулысының жобасын дайындайды және көрсетілетін қызметті беруші Басқармасының қарауына жібереді. Көрсетілетін қызметті берушінің Басқармасы банкті ерікті түрде таратуға рұқсат беру (беруден бас тарту) туралы шешім қабылдайды.

      Жауапты бөлімшенің қызметкері жауапты бөлімше көрсетілетін қызметті беруші Басқармасының қаулысын алғаннан кейін күнтізбелік 4 (төрт) күн ішінде (мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі шегінде) Басқарма қаулысының және тиісті рұқсаттың (рұқсат беру туралы шешім қабылданған кезде) электрондық көшірмелерін қоса бере отырып, көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған электрондық құжат нысанында банкті ерікті түрде қайта таратуға рұқсат беру туралы хабарламаны не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жібереді.

      Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болған кезде өтінішхатты қарау мерзімі көрсетілетін қызметті беруші басшысының немесе оның орынбасарының дәлелді шешімімен ақылға қонымды мерзімге, бірақ өтінішті дұрыс қарау үшін маңызы бар нақты мән-жайларды анықтау қажеттілігіне байланысты 2 (екі) айдан аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін, бұл туралы ӘРПК-нің 76-бабының 3-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті алушыға мерзім ұзартылған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде хабарланады.

      16. Мемлекеттің қызметті көрсету сатысы туралы ақпарат мемлекеттік қызметтердің көрсетілуін мониторингтеу цифрлық жүйесінде автоматты режимде жаңартылады.

      17. Банк ерікті түрде таратуға рұқсат алған кезде банк операцияларын және өзге де операцияларды және бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыру құқығына бұрын берілген лицензияның түпнұсқасын уәкілетті органның осы шешімі күшіне енген күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде қайтарады (егер бұрын берілген лицензия қағаз түрінде ресімделсе).

5-тарау. Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының қызметін ерікті түрде тоқтатуға арналған рұқсатты беру тәртібі

      18. Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының қызметін ерікті түрде тоқтатуға (бұдан әрі – Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының қызметін ерікті түрде тоқтату, мемлекеттік көрсетілетін қызмет) рұқсат алу үшін Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының қызметін ерікті түрде тоқтатуға рұқсат беру туралы өтінішхатты портал арқылы уәкілетті органға жібереді.

      "Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының қызметін ерікті түрде тоқтатуға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет кіші түрін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі Қағидаларға 5-қосымшада келтірілген.

      Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы өтініш жіберген кезде "жеке кабинетте" нәтижені алу күні мен уақыты көрсетіле отырып, мемлекеттік қызмет көрсетуге сұрау салуды қабылдау туралы мәртебе автоматты түрде көрсетіледі.

      19. Көрсетілетін қызметті берушінің хат-хабарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті қызметкері Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының қызметін ерікті түрде тоқтатуға рұқсат беру туралы өтінішхат келіп түскен күні оны қабылдауды, тіркеуді және жауапты бөлімшеге орындауға жіберуді жүзеге асырады. Көрсетілетін қызметті алушының өтінішхаты Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері келіп түскен кезде өтінішхаттарды қабылдау келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      20. Жауапты бөлімшенің қызметкері Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының қызметін ерікті түрде тоқтатуға рұқсат беру туралы өтініш тіркелген күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Уәкілетті орган "цифрлық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының есептік тіркелгені туралы құжаттарда көрсетілген мәліметтерді алады.

      Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда жауапты бөлімше осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімде Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының қызметін ерікті түрде тоқтатуға рұқсат беру туралы өтінішхатты одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды және көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" портал арқылы жібереді.

      21. Ұсынылған құжаттардың толық болу фактісі анықталғаннан кейін жауапты бөлімше күнтізбелік 40 (қырық) күн ішінде құжаттарды Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды.

      Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде уәкілетті орган көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігін беру үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.

      Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылданғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы хабарламаны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды қарау, тыңдау нәтижелері бойынша жауапты бөлімше Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының қызметін ерікті түрде тоқтатуға рұқсат беру (беруден бас тарту туралы) туралы көрсетілетін қызметті беруші Басқармасы қаулысының жобасын дайындайды және көрсетілетін қызметті беруші Басқармасының қарауына жібереді. Көрсетілетін қызметті берушінің Басқармасы Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының қызметін ерікті түрде тоқтатуға рұқсат беру (беруден бас тарту) туралы шешім қабылдайды.

      Жауапты бөлімшенің қызметкері жауапты бөлімше көрсетілетін қызметті беруші Басқармасының қаулысын алғаннан кейін күнтізбелік 4 (төрт) күн ішінде (мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі шегінде) портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" Басқарма қаулысының электрондық көшірмелерін қоса бере отырып, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының қызметін ерікті түрде тоқтатуға рұқсат беру туралы хабарлама не көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап жібереді.

      Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болған кезде өтінішхатты қарау мерзімі көрсетілетін қызметті беруші басшысының немесе оның орынбасарының дәлелді шешімімен ақылға қонымды мерзімге, бірақ өтінішті дұрыс қарау үшін маңызы бар нақты мән-жайларды белгілеу қажеттілігіне байланысты 2 (екі) айдан аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін, ӘРПК-нің 76-бабының 3-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті алушы мерзім ұзартылған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде ол туралы хабардар етіледі.

      22. Мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы ақпарат мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің цифрлық жүйесінде автоматты режимде жаңартылады.

      23. Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының қызметін ерікті түрде тоқтатуға рұқсат беру туралы өтінішхат уәкілетті органға Қағидалардың 6-тарауында көзделген тәртіппен жеке тұлғалардың депозиттерін тікелей төлеу не оларды депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушылары болып табылатын басқа банкке немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалына аудару арқылы қайтару жүзеге асырылғаннан кейін жіберіледі.

      24. Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының қызметін ерікті түрде тоқтатуға рұқсат алған кезде Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы уәкілетті органның осы шешімі күшіне енген күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде банк операцияларын және өзге де операцияларды және бағалы қағаздар рыногында қызметті жүзеге асыру құқығына бұрын берілген лицензияның түпнұсқасын қайтарады (егер бұрын берілген лицензия қағаз түрінде ресімделсе).

6-тарау. Жеке тұлғалардың депозиттерін қайтару, оларды басқа банкке немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалына аудару тәртібі

      25. Банк акционерлерінің жалпы жиналысы оны ерікті түрде тарату туралы шешім немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің тиісті органының Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының қызметін ерікті түрде тоқтату туралы шешімі қабылданғаннан кейін банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы жеке тұлғалардың депозиттерін тікелей төлеу не оларды депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушылары болып табылатын басқа банкке немесе Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің филиалына аудару арқылы оларды қайтару жөнінде шаралар қабылдайды.

      Жеке тұлғалардың депозиттерін Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалына аудару Банктер туралы заңның 117-бабы 1-тармағының екінші бөлігінде және 129-бабы 1-тармағының екінші бөлігінде көзделген шарттар сақтала отырып жүзеге асырылады.

      26. Жеке тұлғалардың депозиттерін тікелей төлеу не оларды депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушылары болып табылатын басқа банкке немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалына аудару арқылы оларды қайтару жөніндегі дайындық іс-шаралары мыналарды қамтиды:

      1) жеке тұлғалардың депозиттері бойынша банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы міндеттемелерінің сомасын айқындау;

      2) жеке тұлғалардың депозиттерін алдағы уақытта қайтару не оларды депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушылары болып табылатын басқа банкке немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалына аудару туралы хабарландыруды кемінде 2 (екі) республикалық мерзімді баспасөз басылымдарында және банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде жариялау;

      3) жеке тұлғалардың депозиттерін алдағы уақытта қайтару не оларды депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушылары болып табылатын басқа банкке немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалына аудару туралы хабарландыруды банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының клиенттері банктің интернет-ресурсында және банк филиалдарының үй-жайларында көруге болатын жерде орналастыру.

      27. Жеке тұлғалардың депозиттерін қайтару не оларды депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушылары болып табылатын басқа банкке немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалына аудару туралы өтініштерді қабылдау банктің немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының таңдауы бойынша хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

      Жеке тұлғалардың депозиттерін қайтару депозитті қайтару туралы өтініш берілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жүзеге асырылады.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімде депозиторлардың жазбаша қарсылығының болмауы депозитордың депозитті аударуға келісімі ретінде қарастырылады.

      28. Банк немесе Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің филиалы Қағидалардың 27-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім өткен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей депозитті аудару жөнінде өтініш берген, сондай-ақ депозитін алуға өтініш жасамаған не депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушылары болып табылатын басқа банкке немесе Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің филиалына депозитін аудару жөнінде өтініш бермеген депозитор-жеке тұлғалардың тізімдерін, депозит сомасын, депозиторлардың депозит бойынша есептелген және алынған сыйақы сомаларын көрсете отырып қалыптастырады және банктерге немесе Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдарына жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдау жөнінде ұсыныс жібереді.

      Ұсыныста депозиттердің жалпы сомасы, оның ішінде депозиторлардың депозит бойынша есептелген және алынған сыйақы сомалары, сондай-ақ банктің филиалдары немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының қосымша үй-жайлары бойынша депозитор-жеке тұлғалардың жалпы саны көрсетіледі.

      Жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдауға ниет білдірген банктер немесе Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдары жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдау жөнінде ұсыныс жіберілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде банкке немесе Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің филиалына жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдауға ниет білдіргені жөнінде еркін нысанда жасалған өтінішін ұсынады.

      29. Банк немесе Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің филиалы ұсыныс жіберген күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күнінен кешіктірмей, жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдауға ниет білдіргені жөнінде өтініш берген банктер арасынан және мынадай талаптарға сай келетін банкті немесе Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің филиалын таңдайды:

      1) депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылады;

      2) уәкілетті органның депозиттер қабылдауға, жеке тұлғалардың банктік шоттарын ашуға және жүргізуге, кассалық операциялар жүргізуге қолданыстағы лицензиясы бар;

      3) соңғы күнтізбелік 3 (үш) ай ішінде пруденциялық нормативтерді, сондай-ақ жеке тұлғалардың қабылданатын депозиттері сомасын ескере отырып сақтайды;

      4) уәкілетті орган өтініш берген күні және құжаттарды қарау кезеңінде банкке, ірі қатысушыға (банк холдингіне) және (немесе) банктің басшы қызметкеріне, Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің филиалына және (немесе) Қазақстан Республикасы бейрезидент банкі филиалының басшы қызметкеріне қолданған Банктер туралы заңның 80-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында, 81-бабында көзделген қолданыстағы қадағалап ден қою шаралары және (немесе) "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының кодексінің 213-бабының төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы бөліктерінде, 227-бабының бірінші бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық үшін әкімшілік жазалары жоқ;

      5) филиалдары не ерікті түрде таратылатын банктің не қызметін ерікті түрде тоқтататын Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының депозиторларына қызмет көрсететін Қазақстан Республикасы бейрезидент банкі филиалының қосымша үй-жайлары бар.

      30. Депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушылары болып табылатын банкті немесе Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің филиалын таңдау туралы шешім уәкілетті органға қарауға жіберіледі.

      Уәкілетті орган құжаттар келіп түскен күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде жазбаша түрде банкке немесе Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің филиалына банктің немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының шешімін қарау нәтижелерін жібереді.

      Уәкілетті органның сұрау салуы бойынша банк немесе Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің филиалы жеке тұлғалардың депозиттерін аударуға қатысты ақпаратты ұсынады.

      31. Жеке тұлғалардың депозиттерін, сондай-ақ тиісті құжаттарды (шарттарды және басқа құжаттарды) аудару ерікті түрде таратылатын банк, ерікті түрде қызметі тоқтатылатын Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің филиалы және депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылатын басқа банк, Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің филиалы арасында жасалатын жеке тұлғалардың депозиттерін аудару туралы шарттың және 2 (екі) данада жасалған жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдау-өткізу актісінің негізінде банктің немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының шешімі уәкілетті орган қараған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

      32. Жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдау-өткізу актісін ресімдеу кезінде онда мынадай мәліметтер көрсетіледі:

      1) банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының жеке тұлғалардың депозиттері бойынша аудару күнінде міндеттемелерінің мөлшері;

      2) ерікті түрде таратылатын банктің филиалдары бойынша, ерікті түрде қызметі тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының қосымша үй-жайлары бойынша депозитор-жеке тұлғалардың тізімі, онда мынадай ақпарат қамтылады:

      депозитордың жеке сәйкестендіру коды (банктік шоттың нөмірі);

      депозитордың тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туған күні;

      депозитордың жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі және оны берген мемлекеттік орган туралы мәліметтер, берілген күні;

      жеке сәйкестендіру нөмірі;

      депозитордың заңды мекенжайы, тұрғылықты орны;

      банктік шот және (немесе) банк салымы шарты жасалған күні және нөмірі, шарттың қолданылу мерзімі;

      депозит бойынша сыйақы мөлшерлемелері;

      депозит сомасы, сондай-ақ депозит бойынша есептелген және депозитор алған сыйақы сомасы;

      3) берілетін істердің (құжаттардың) саны.

      33. Ерікті түрде таратылатын банк, ерікті түрде қызметі тоқтатылатын Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің филиалы жеке тұлғалардың депозиттерін аударуға байланысты барлық шығыстарға жауапты болады және жеке тұлғалардың депозиттерін аударған күнді қоса алғанда, депозиттер бойынша сыйақыны есептейді.

      34. Ерікті түрде таратылатын банк, ерікті түрде қызметі тоқтатылатын Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің филиалы жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдау-өткізу актісіне қол қойылған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның уәкілетті органына жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдау-өткізу актісінің және жеке тұлғалардың депозиттерін аудару туралы шарттың көшірмесін жібереді.

      35. Депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылатын, жеке тұлғалардың депозиттері аударылған банк немесе Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің филиалы бір ай мерзім ішінде депозиттері оған жіберілген жеке тұлғалардың банктік шот және (немесе) банк салымы шарттарын жасайды.

      36. Ерікті түрде таратылатын банк, ерікті түрде қызметі тоқтатылатын Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің филиалы жеке тұлғалардың депозиттерін аудару жөніндегі ақпаратты республикалық мерзімді баспасөз басылымдарында қазақ және орыс тілдерінде жариялайды.

7-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      37. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану жазбаша түрде жүргізіледі.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды көрсетілетін қызметті берушінің жоғары тұрған лауазымды адамы, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізеді.

      Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға алынатын жауаптың мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

      Портал арқылы өтініш берген жағдайда шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығының 8-800-080-7777 немесе 1414 телефоны арқылы алуға болады.

      Шағым портал арқылы жіберілген жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинеттен" шағым туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті берушінің шағымды өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралады.

      38. Шағымда:

      1) көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), пошталық мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің атауы және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);

      3) шағым беруші тұлға өзінің талаптары мен дәлелдемелерін негіздейтін мән-жайлар;

      4) шағымның шығыс нөмірі және берілген күні;

      5) шағымға қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетіледі.

      Шағымға көрсетілетін қызметті алушы не оның өкілі болып табылатын тұлға қол қояды.

      39. Егер өзгесі заңда көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.

  Банкті (банк холдингін) ерікті
түрде қайта ұйымдастыруға
рұқсат беру не рұқсат беруден
бас тарту, оның ішінде банкті
банк операцияларының
жекелеген түрлерін жүзеге
асыратын ұйым ретінде ерікті
түрде қайта құру шарттары не
банкті ислам банкіне
айналдыруға рұқсат беру және
рұқсат беруден бас тарту, банкті
ерікті түрде таратуға рұқсат
беру, Қазақстан
Республикасының бейрезидент-банкі филиалының қызметін
ерікті түрде тоқтатуға рұқсат
беру қағидалары, сондай-ақ
жеке тұлғалардың депозиттерін
қайтару, оларды басқа банкке
немесе Қазақстан Республикасы
бейрезидент-банкінің
филиалына аудару тәртібіне
1-қосымша

      Нысан

  "Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту агенттігі"
республикалық мемлекеттік
мекемесі (БСН 191240019852)

Банкті (банк холдингін) ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат алу туралы өтінішхат

      _______________________________________________________________

      (банктің (банк холдингінің) атауы) банк (банк холдингі) акционерлерінің

      (қатысушыларының)_____________________________________________

      ______________________________________________________________

      ______________________________________________________________

      (өткізу орны)

      ___ жылғы "___" ______ жалпы жиналысының № ___ шешіміне сәйкес,

      банкті (банк холдингін) (біріктіру, қосу, бөлу, бөліп шығару, қайта құру)

      _____________________________________________________________

      _____________________________________________________________

      (банкті (банк холдингін) ерікті қайта ұйымдастыру нәтижесінде құрылатын заңды

      тұлғалар атауы) _______________________________________________

      (қажеттінің астын сызу)

      ______________________________________________________________

      арқылы ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беруді сұрайды.

      Банк (банк холдингі) өтінішхатқа қоса берілген құжаттар мен мәліметтердің

      дәйектілігіне, сондай-ақ өтінішхатты қарауға байланысты сұратылатын қосымша

      ақпаратты және құжаттарды қаржы нарығы менқаржы ұйымдарын реттеу, бақылау

      және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға уақтылы берілуіне толық жауап береді.

      Цифрлық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді

      пайдалануға келісім беремін. Қоса берілетін құжаттар (жіберілетін құжаттардың

      атаулары бар тізбені, әрқайсысы бойынша даналары мен парақтарының санын

      көрсету):__________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      Банктің (банк холдингінің) акционерлері (қатысушылары) өтінішхатқа қол қоюға

      уәкілеттік берген адам (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), аталған

      өкілеттіктерді алуға негіз болып табылатын құжатқа сілтеме).

      _____________________ (қолы)

  Банкті (банк холдингін) ерікті
түрде қайта ұйымдастыруға
рұқсат беру не рұқсат беруден
бас тарту, оның ішінде банкті
банк операцияларының
жекелеген түрлерін жүзеге
асыратын ұйым ретінде ерікті
түрде қайта құру шарттары не
банкті ислам банкіне
айналдыруға рұқсат беру және
рұқсат беруден бас тарту, банкті
ерікті түрде таратуға рұқсат
беру, Қазақстан
Республикасының бейрезидент-банкі филиалының қызметін
ерікті түрде тоқтатуға рұқсат
беру қағидалары, сондай-ақ
жеке тұлғалардың депозиттерін
қайтару, оларды басқа банкке
немесе Қазақстан Республикасы
бейрезидент-банкінің
филиалына аудару тәртібіне
2-қосымша

      Нысан

  "Қазақстан Республикасының
  Қаржы нарығын реттеу және
  дамыту агенттігі"
  республикалық мемлекеттік мекемесі
  (БСН 191240019852)

Банкті ислам банкіне айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру туралы өтініш

      _______________________________________________________________

      (банктің атауы) банк акционерлерінің жалпы жиналасының

      ________________________________________________________________

      (өткізу орны) "____" ___________ жылғы_______________________ № ____

      шешіміне сәйкес банкті ____________________________________________

      (банкті ислам банкіне айналдыру нәтижесінде құрылатын ислам банкінің атауы)

      ислам банкіне айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беруді

      сұрайды. Банк өтінішке қоса берілетін құжаттар мен мәліметтердің дәйектілігін,

      сондай-ақ өтінішті қарауға байланысты сұратылатын қосымша ақпаратты және

      құжаттарды қаржы нарығы менқаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау

      жөніндегі уәкілетті органға уақтылы берілуін толық растайды. Цифрлық жүйелердегі

      заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

      Қоса берілетін құжаттар (жіберілетін құжаттардың атаулары бар тізбені, әрқайсысы

      бойынша даналары мен парақтарының санын көрсету):

      ___________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      Банктің акционерлері өтінішке қол қоюға уәкілеттік берген адам

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), аталған өкілеттіктерді алуға негіз

      болып табылатын құжатқа сілтеме). _______________________ (қолы)

  Банкті (банк холдингін) ерікті
түрде қайта ұйымдастыруға
рұқсат беру не рұқсат беруден
бас тарту, оның ішінде банкті
банк операцияларының
жекелеген түрлерін жүзеге
асыратын ұйым ретінде ерікті
түрде қайта құру шарттары не
банкті ислам банкіне
айналдыруға рұқсат беру және
рұқсат беруден бас тарту, банкті
ерікті түрде таратуға рұқсат
беру, Қазақстан
Республикасының бейрезидент-банкі филиалының қызметін
ерікті түрде тоқтатуға рұқсат
беру қағидалары, сондай-ақ
жеке тұлғалардың депозиттерін
қайтару, оларды басқа банкке
немесе Қазақстан Республикасы
бейрезидент-банкінің
филиалына аудару тәртібіне
3-қосымша

"Банкті (банк холдингін) ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы

Банкті (банк холдингін) ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрлерінің атауы

Банкті (банк холдингін) біріктіру, қосу, бөлу, бөліп шығару, қайта құру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру;
Банкті ислам банкіне айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру;

1.

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі

2.

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері

"Цифрлық үкімет" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал)

3.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

Порталға жүгінген күннен бастап 60 (алпыс) жұмыс күні ішінде.

4.

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған).

5.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі

Көрсетілетін қызметті берушінің Басқарма қаулысының көшірмелерін қоса бере отырып, банкті (банк холдингін) ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру туралы хабарлама не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Қызмет көрсету нәтижесінің нысаны: электрондық

6.

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан өндіріп алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны өндіріп алу тәсілдері

Тегін

7.

Жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті берушінің - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі - жұма аралығында сағат 9.00-ден18.30-ға дейін;
2) порталдың – жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты болатын техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін жіберу келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

8.

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Банкті (банк холдингін) біріктіру, қосу, бөлу, бөліп шығару, қайта құру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті алушының акционерлері (қатысушылары) өтінішхатқа қол қоюға уәкілеттік берген адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша банкті (банк холдингін) ерікті түрде қайта ұйымдастыруды жүргізуге рұқсат алу туралы өтінішхат;
2) көрсетілетін қызметті алушының жоғары органының оны ерікті түрде қайта ұйымдастыру туралы шешімінің өтінішхат беруге уәкілетті тұлға туралы ақпарат қамтылған электрондық көшірмесі. Біріктіру немесе қосу нысанында қайта ұйымдастыру жағдайында қайта құрылатын банктер акционерлерінің бірлескен жалпы жиналысы шешімінің электрондық көшірмесі де ұсынылады;
3) көрсетілетін қызметті алушыны ерікті түрде қайта ұйымдастыру жүргізген кезде депозиторлардың мүдделерін сақтауға бағытталған барлық жоспарланған іс-шараларды толыққанды сипаттай отырып, көрсетілетін қызметті алушыны ерікті түрде қайта ұйымдастырудың болжанған талаптарын, нысандарын, тәртібі мен мерзімдерін сипаттайтын құжаттардың электрондық көшірмелері;
4) көрсетілетін қызметті алушыны ерікті түрде қайта ұйымдастырғаннан кейінгі және (немесе) көрсетілетін қызметті алушыны ерікті түрде қайта ұйымдастыру нәтижесінде құрылған заңды тұлғалардың көрсетілетін қызметті алушының есеп айырысу балансын қоса алғанда, ерікті түрде қайта ұйымдастыру салдарының қаржылық болжамының электрондық көшірмесі;
5) қайта ұйымдастырылатын банктердің атқарушы органдарының бірінші басшылары қол қойған қосу туралы шарттың электрондық көшірмесі (қосу нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат алған жағдайда қоса беріледі);
6) жеке тұлғалардың депозиттерін аудару туралы шарттың және жеке тұлғалардың депозиттерін басқа банкке немесе Қазақстан Республикасы бейрезиденті-банкінің филиалына қабылдау-өткізу актісінің электрондық көшірмесі (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға қайта ұйымдастыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат алған жағдайда қоса беріледі).
Банкті ислам банкіне айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті алушының акционерлері өтінішке қол қоюға уәкілеттік берген адамның ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанында Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша банкті ислам банкіне айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру туралы өтініш;
2) банк акционерлері жалпы жиналысының банкті ислам банкіне айналдыру туралы шешім қабылданған жалпы жиналысының шешімі;
3) Банктер туралы заңның 110-бабының талаптарына сәйкес келетін банкті ислам банкіне айналдыру жөніндегі іс-шаралар жоспары;
4) уәкілетті органның тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесіне қойылатын талаптарына сәйкес келетін исламдық банк операцияларын дамытудың алдағы үш жылға арналған стратегиясының көшірмесі;
5) қаржылық орнықтылықты қалпына келтіру жоспары.

9.

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту негіздері

Банкті (банк холдингін) ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту негіздері:
1) қайта ұйымдастырылатын банктердің (банк холдингтерінің) жоғары органдарының тиісті шешімдерінің болмауы;
2) болжанған қайта ұйымдастыру нәтижесінде депозиторлар мүдделерінің бұзылуы;
3) болжанған қайта ұйымдастыру нәтижесінде пруденциялық нормативтердің және (немесе) уәкілетті орган белгілеген лимиттердің, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген маркропруденциялық нормативтердің және (немесе) лимиттердің бұзылуы;
4) болжанған қайта ұйымдастыру нәтижесінде Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасы талаптарының бұзылуы.
Банкті ислам банкіне айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту негіздері:
1) уәкілетті органның ұсынылған құжаттар бойынша ескертулерін ол белгілеген мерзімде жоймауы;
2) банкті ислам банкіне айналдыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының Банктер туралы заңның 110-бабында көзделген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) исламдық банк операцияларын дамыту стратегиясының уәкілетті органның тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесіне қойылатын талаптарына сәйкес келмеуі;
4) банкті ислам банкіне айналдыру салдарларының қаржылық болжамы банкті ислам банкіне айналдыру салдарынан банктің қаржылық жай-күйінің нашарлауын болжайды;
5) банктің және (немесе) банк конгломератының пруденциялық нормативтерді және (немесе) лимиттерді бұзуы және (немесе) банкте банкті ислам банкіне айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру туралы өтініш берілген күннің алдындағы қатарынан күнтізбелік үш ай ішінде "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының кодексі 213-бабының алтыншы және сегізінші бөліктерінде, 227-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық үшін әкімшілік жазаның болуы;
6) банкті ислам банкіне болжанған айналдыру нәтижесінде банк депозиторларының және банктің өзге де кредиторларының мүдделерінің бұзылуы.

10.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге талаптар

Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің ресми интернет-ресурсында орналастырылған.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы "жеке кабинеті" арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары көрсетілетін қызметті берушінің ресми интернет-ресурсында орналастырылған.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

  Банкті (банк холдингін) ерікті
түрде қайта ұйымдастыруға
рұқсат беру не рұқсат беруден
бас тарту, оның ішінде банкті
банк операцияларының
жекелеген түрлерін жүзеге
асыратын ұйым ретінде ерікті
түрде қайта құру шарттары не
банкті ислам банкіне
айналдыруға рұқсат беру және
рұқсат беруден бас тарту, банкті
ерікті түрде таратуға рұқсат
беру, Қазақстан
Республикасының бейрезидент-банкі филиалының қызметін
ерікті түрде тоқтатуға рұқсат
беру қағидалары, сондай-ақ
жеке тұлғалардың депозиттерін
қайтару, оларды басқа банкке
немесе Қазақстан Республикасы
бейрезидент-банкінің
филиалына аудару тәртібіне
4-қосымша

      Нысан

  "Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту агенттігі"
Республикалық мемлекеттік
мекемесі (БСН 191240019852)

Банкті ерікті түрде таратуға рұқсат беру туралы өтінішхат

      _______________________________________________________________

      (банктің атауы)

      банк акционерлерінің жалпы жиналысының ________ жылғы "____" _

      ________________________________________________________________

      №_____ шешіміне сәйкес ___________ (өткізу орны) банкті ерікті түрде таратуға

      рұқсат беруді сұрайды.

      Банк өзінің барлық кредиторларының талаптарын толық көлемде қанағаттандыруға

      міндеттенеді. Банк _________________________________________________

      (жеке тұлғалардың депозиттерін оларды тікелей төлеу немесе басқа депозиттерге

      міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысушы болып табылатын банкке немесе Қазақстан

      Республикасының бейрезидент банкінің филиалына аудару арқылы қайтару жөнінде

      қабылдаған шараларды сипаттау) жүзеге асырғанын растайды.

      Банк өтінішхатқа қоса берілетін құжаттар мен ақпараттың дәйектілігіне, сондай-ақ

      өтінішхатты қарауға байланысты сұратылатын қосымша ақпаратты және құжаттарды

      уәкілетті органға уақтылы берілуіне толық жауап береді.

      Цифрлық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді

      пайдалануға келісім беремін.

      Қоса берілетін құжаттар (жіберілетін құжаттардың атаулары бар тізбе, әрқайсысы

      бойынша даналары мен парақтарының санын көрсету):

      ___________________________________________________________________

      Банктің акционерлері өтінішхатқа қол қоюға уәкілеттік берген адам

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда),

      аталған өкілеттіктерді алуға негіз болып табылатын құжатқа сілтеме).

      _______________________

      (қолы)

  Банкті (банк холдингін) ерікті
түрде қайта ұйымдастыруға
рұқсат беру не рұқсат беруден
бас тарту, оның ішінде банкті
банк операцияларының
жекелеген түрлерін жүзеге
асыратын ұйым ретінде ерікті
түрде қайта құру шарттары не
банкті ислам банкіне
айналдыруға рұқсат беру және
рұқсат беруден бас тарту, банкті
ерікті түрде таратуға рұқсат
беру, Қазақстан
Республикасының бейрезидент-банкі филиалының қызметін
ерікті түрде тоқтатуға рұқсат
беру қағидалары, сондай-ақ
жеке тұлғалардың депозиттерін
қайтару, оларды басқа банкке
немесе Қазақстан Республикасы
бейрезидент-банкінің
филиалына аудару тәртібіне
5-қосымша

"Банкті ерікті түрде таратуға, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының қызметін ерікті түрде тоқтатуға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы

Банкті ерікті түрде таратуға, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының қызметін ерікті түрде тоқтатуға рұқсат беру

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрлерінің атауы

Банкті ерікті түрде таратуға рұқсат беру; Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының қызметін ерікті түрде тоқтатуға рұқсат беру.

1.

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – уәкілетті орган)

2.

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері

"Цифрлық үкімет" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы.

3.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

Порталға өтініш берген күннен бастап 2 (екі) ай ішінде.

4.

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған)

5.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Банкті ерікті түрде таратуға, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының қызметін ерікті түрде тоқтатуға рұқсат беру туралы хабарлама немесе көрсетілетін қызметті беруші Басқармасы қаулысының көшірмесін қоса бере отырып, мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжделген жауап.
Қызметті көрсету нәтижесінің нысаны: электрондық

6.

Көрсетілетін қызметті алушыдан мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде өндіріп алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны өндіру тәсілдері

Тегін

7.

Жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі - жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;
2) порталдың – жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты болатын техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін жіберу келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

8.

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Банкті ерікті түрде таратуға рұқсат алу үшін көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде:
1) банктің акционерлері өтінішхатқа қол қоюға уәкілеттік берген адамның электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша банкті ерікті түрде таратуға рұқсат беру туралы өтінішхат;
2) таратудың себептерін және өтінішхатты беруге уәкілетті тұлғаны міндетті түрде көрсете отырып, акционерлердің жалпы жиналысының банкті ерікті түрде тарату туралы шешімінің электрондық көшірмесі;
3) Банктер туралы заңның 117-бабының 1-тармағының екінші бөлігінің талаптарын сақтай отырып, жеке тұлғалардың депозиттерін аудару туралы шарттың және депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылатын басқа банкке немесе Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің филиалына жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдау-өткізу актісінің электрондық көшірмесі.
Көрсетілетін қызметті алушы жеке тұлғалардың депозиттерін оларды тікелей төлеу арқылы қайтарған жағдайда көрсетілген құжаттар ұсынылмайды. Көрсетілген жағдайда уәкілетті органға жеке тұлғалардың депозиттері бойынша ақшаның тікелей төленгенін растайтын электрондық құжат ұсынылады;
4) акционерлердің жалпы жиналысында бекітілген банктің өз қызметін тоқтату мерзімі мен дайындық кезеңдері (таратудың негізгі іс-шаралар жоспары) көрсетілген іс-шаралар тізбесінің электрондық көшірмесі;
5) өз міндеттемелері бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыру үшін банк қаражатының жеткіліктілігін куәландыратын, банктердің аудитін жүргізуге өкілетті тәуелсіз аудиторлық ұйым куәландырған соңғы есеп беру күніне жасалған баланстық есептің электрондық көшірмесі;
6) тәуелсіз бағалаушы жүргізген, банк активтерінің құнын бағалау жөніндегі есептің электрондық көшірмесі.
Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының қызметін ерікті түрде тоқтатуға рұқсат алу үшін көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде:
1) өтінішхатқа қол қоюға уәкілеттік берген адамның ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының қызметін ерікті түрде тоқтатуға рұқсат беру туралы өтінішхат;
2) қызметін тоқтатудың себептерін және өтінішхатты беруге уәкілетті тұлғаны міндетті түрде көрсете отырып, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының қызметін ерікті түрде тоқтату туралы Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің тиісті органының шешімінің электрондық көшірмесі;
3) Банктер туралы заңның 129-бабының 1-тармағының екінші бөлігінің талаптарын сақтай отырып, жеке тұлғалардың депозиттерін аудару туралы шарттың және депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылатын басқа банкке немесе Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің филиалына жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдау-өткізу актісінің электрондық көшірмесі.
Көрсетілетін қызметті алушы жеке тұлғалардың депозиттерін оларды тікелей төлеу арқылы қайтарған жағдайда көрсетілген құжаттар ұсынылмайды. Көрсетілген жағдайда уәкілетті органға жеке тұлғалардың депозиттері бойынша ақшаның тікелей төленгенін растайтын электрондық құжат ұсынылады;
4) Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің шешімімен бекітілген Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының өз қызметін тоқтату мерзімі мен дайындық кезеңдері (Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының қызметін тоқтатудың негізгі іс-шаралар жоспары) көрсетілген іс-шаралар тізбесінің электрондық көшірмесі;
5) Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының оның міндеттемелері бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыру үшін қаражатының жеткіліктілігін куәландыратын активтер мен міндеттемелер туралы, соңғы есепті күнгі жағдай бойынша жасалған, банктердің аудитін жүргізуге құқылы тәуелсіз аудиторлық ұйым растаған есептің электрондық көшірмесі;
6) Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің филиалы активтерінің құнын бағалау туралы, тәуелсіз бағалаушы жүргізген есептің электрондық көшірмесі.
Шет тілінде ұсынылған құжаттар қазақ және орыс тілдеріне аударылады және Қазақстан Республикасының нотариат туралы заңнамасына сәйкес нотариаттың куәландыруына жатады.

9.

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту негіздері

1) ұсынылған құжаттардың толық болмауы немесе тиісінше ресімделмеуі;
2) өз міндеттемелері бойынша есеп айырысу үшін Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің филиалы қаражатының жеткілікті болмауы;
3) жеке тұлғалардың депозиттерін тікелей төлем жасау арқылы қайтару не оларды депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысушылар болып табылатын басқа банкке немесе Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің филиалына аудару шараларын қабылдамауы.

10.

Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де талаптар

Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің ресми интернет-ресурсында орналастырылған.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы "жеке кабинеті" арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары көрсетілетін қызметті берушінің ресми интернет-ресурсында орналастырылған.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

  Банкті (банк холдингін) ерікті
түрде қайта ұйымдастыруға
рұқсат беру не рұқсат беруден
бас тарту, оның ішінде банкті
банк операцияларының
жекелеген түрлерін жүзеге
асыратын ұйым ретінде ерікті
түрде қайта құру шарттары не
банкті ислам банкіне
айналдыруға рұқсат беру және
рұқсат беруден бас тарту, банкті
ерікті түрде таратуға рұқсат
беру, Қазақстан
Республикасының бейрезидент-банкі филиалының қызметін
ерікті түрде тоқтатуға рұқсат
беру қағидалары, сондай-ақ
жеке тұлғалардың депозиттерін
қайтару, оларды басқа банкке
немесе Қазақстан Республикасы
бейрезидент-банкінің
филиалына аудару тәртібіне
6-қосымша

      Нысан

  "Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту агенттігі"
Республикалық мемлекеттік
мекемесі (БСН 191240019852)

Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының қызметін ерікті түрде тоқтатуға рұқсат беру туралы өтінішхат

      _______________________________________________________________

      (Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің атауы)

      Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының қызметін ерікті түрде

      тоқтату туралы _________ жылғы "____" ______№ ____ (өткізу орны) Қазақстан

      Республикасының бейрезидент банкінің тиісті органының шешіміне сәйкес, Қазақстан

      Республикасының бейрезидент банкі филиалының қызметін ерікті түрде тоқтатуға

      рұқсат беруді сұрайды.

      Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі жүзеге асырды.

      ___________________________________________________________________

      (жеке тұлғалардың депозиттерін оларды тікелей төлеу немесе басқа депозиттерге

      міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысушы болып табылатын банкке немесе Қазақстан

      Республикасының бейрезидент банкінің филиалына аудару арқылы қайтару жөнінде

      қабылдаған шараларды сипаттау)

      Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі өзінің барлық кредиторларының

      талаптарын толық көлемде қанағаттандыруға міндеттенеді.

      Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі өтінішхатқа қоса берілетін құжаттар

      мен ақпараттың дәйектілігіне, сондай-ақ өтінішхатты қарауға байланысты

      сұратылатын қосымша ақпаратты және құжаттарды уәкілетті органға уақтылы

      берілуіне толық жауап береді.

      Цифрлық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді

      пайдалануға келісім беремін.

      Қоса берілетін құжаттар (жіберілетін құжаттардың атаулары бар тізбе, әрқайсысы

      бойынша даналары мен парақтарының санын көрсету:

      ___________________________________________________________________

      Банктің акционерлері өтінішхатқа қол қоюға уәкілеттік берген адам (тегі, аты,

      әкесінің аты (бар болған жағдайда), аталған өкілеттіктерді алуға негіз болып

      табылатын құжатқа сілтеме).

      __________________

      (қолы)

  Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту Агенттігінің
Басқармасының
2026 жылғы 3 сәуірдегі № 49
қаулысына қосымша

Күші жойылды деп танылатын Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы кейбір қаулыларының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы қаулысының құрылымдық элементтерінің тізбесі

      1. "Банкті (банк холдингін) ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру не рұқсат беруден бас тарту, банкті ислам банкіне айналдыруға рұқсат беру және рұқсат беруден бас тарту, банктерді ерікті түрде таратуға рұқсат беру, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының қызметін ерікті түрде тоқтатуға рұқсат беру, сондай-ақ жеке тұлғалардың депозиттерін қайтару, оларды депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушылары болып табылатын басқа банкке немесе Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалына аудару қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 30 наурыздағы № 31 қаулысы (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2020 жылғы 31 наурызда № 20241 болып тіркелген).

      2. "Банкті (банк холдингін) ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру не рұқсат беруден бас тарту, банкті ислам банкіне айналдыруға рұқсат беру және рұқсат беруден бас тарту, банктерді ерікті түрде таратуға рұқсат беру, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының қызметін ерікті түрде тоқтатуға рұқсат беру, сондай-ақ жеке тұлғалардың депозиттерін қайтару, оларды депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушылары болып табылатын басқа банкке немесе Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалына аудару қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 30 наурыздағы № 31 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2021 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2021 жылғы 16 шілдедегі қаулысының 1-тармағы (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2021 жылғы 21 шілдеде № 23634 болып тіркелген).

      3. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау саласында мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2022 жылғы 14 ақпандағы № 3 қаулысының 4-тармағы (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2022 жылғы 22 ақпанда № 26888 болып тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады