"Тарифтерді қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2025 жылғы 14 сәуірдегі № 66-НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2026 жылғы 10 шiлдедегi № 210-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 26 шiлдеде № 39279 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. Қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Тарифтерді қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2025 жылғы 14 сәуірдегі № 66-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35975 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тарифтерді қалыптастыру қағидаларында:

      3-тармақтың 106) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "106) экономикалық ресурстар – өндірістік-шаруашылық қызметте пайдаланылатын, табиғи (шикізат, геофизикалық), еңбек (адам капиталы), күрделі (физикалық капитал – негізгі құралдар), айналым қаражаты (материалдар), цифрлық ресурстар, қаржы (ақша капиталы) ресурстары болып бөлінетін көздердің, құралдардың жиынтығы;";

      10-тармақтың 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "10) реттеліп көрсетілетін қызметтерді көрсететін субъектілер үшін тарифтік реттеудің ынталандырушы әдісі бойынша тарифті айқындау ерекшеліктерін көздейді.

      Реттеліп көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын субъектілерді тарифтік реттеудің ынталандырушы әдісін қолдана отырып тарифтерді қалыптастыру және бекіту осы Қағидалардың 2-тарауының 3-параграфына сәйкес жүзеге асырылады.";

      орыс тілінде 52, 53, 54, 55 және 56-тармақтарға өзгерістер енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      59, 60, 61 және 62-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "59. Реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тариф осы параграфтың 1-бөліміне сәйкес тарифті есептеу тәртібіне сәйкес есептеледі және судың 1 текше метрі үшін теңгемен өлшенеді.

      Бұл ретте тұтынушылар топтары бойынша есептік тарифтерді және (немесе) сараланған тарифтерді бекітуге жол беріледі.

      Егер реттеліп көрсетілетін қызметтер бірнеше облыстардың (аудандардың) аумағында көрсетілсе, онда қызмет бойынша тариф және тарифтік смета жалпы немесе объектілер және (немесе) учаскелер бойынша бөлек есептеледі.

      60. Экономикалық негізделген шығындар субъектінің және оның аумақтық филиалдарының (болған жағдайда) шығындарынан қалыптастырылады.

      Субъектінің құрамында екіден астам өндірістік аумақтық филиал болған жағдайда, жиынтық шығындар мына формула бойынша есептеледі:

      Zжалп = Zфил + Zорт,

      мұндағы:

      Zжалп – субъектінің жалпы экономикалық негізделген шығындары, теңге;

      Zфил – қызметтер көлеміне есептелген субъектінің аумақтық филиалдарының жиынтық экономикалық негізделген шығындары, теңге;

      Zорт – субъектінің орталық аппаратының шығыстары, теңге.

      61. Реттеліп көрсетілетін қызметтерге арналған тариф мынадай формула бойынша есептеледі:

     


      мұндағы:

      n – тарифтің қолданылу кезеңі (бір жылға немесе бүкіл кезеңге);

      Tn – 1 текше метр үшін тарифтің қолданылу кезеңіне реттеліп көрсетілетін қызметтерге арналған тариф, теңге;

      Zn – осы Қағидалардың талаптарын ескере отырып қабылданған тарифтің қолданылу кезеңіне арналған экономикалық негізделген шығындар, мың теңге;

      ДУПn – тарифтің қолданылу кезеңіне арналған салық салынғанға дейінгі рұқсат етілетін пайда деңгейі, мың теңге;

      Vn – тарифтің қолданылу кезеңінде көрсетілетін қызметтер көлемі, мың текше метр.

      62. Осы ынталандыру әдісі реттеліп көрсетілетін қызметтерді көрсететін субъектілерге қолданылады.";

      143 және 144-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "143. Субъект тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының цифрлық жүйесімен интеграцияланған электрондық сатып алудың цифрлық жүйесі арқылы жүзеге асырады.

      144. Бірінші реттеу кезеңінің бірінші жылындағы персоналдың еңбегіне ақы төлеуге арналған шығыстар субъект персоналының нормативтік саннан аспайтын нақты санына және өтінім берудің ресми статистикалық ақпарат бойынша бір жыл ішінде қалыптасқан, Заңның 5-бабы 1-тармағының 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген реттеліп көрсетілетін қызметтерді көрсететін табиғи монополиялар субъектілері үшін көзделген экономикалық қызмет түрлеріне сәйкес субъект қызмет көрсететін өңірдегі (астанадағы, облыстағы, республикалық маңызы бар қаладағы) орташа айлық номиналды жалақыны негізге ала отырып айқындалады.";

      орыс тілінде 155-тармаққа өзгерістер енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      187-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "187. Уәкілетті орган реттеліп көрсетілетін қызметтерді көрсететін субъектілер үшін сапа мен сенімділіктің мынадай көрсеткіштері:";

      орыс тілінде 199-тармаққа өзгерістер енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      орыс тілінде 213-тармаққа өзгерістер енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      орыс тілінде 216-тармаққа өзгерістер енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      орыс тілінде 250, 251, 252, 253, 254, 255 және 256-тармақтарға өзгерістер енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      261 және 262-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "261. Тұтынушылардың әрбір тобы үшін реттеліп көрсетілетін қызметтеріне арналған тариф түзету коэффициентіне түзетілген есептік тариф негізінде айқындалады (ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметтердің болжамды көлемі өзгерген кезде орташа алынған есептік тарифтің орташа түсімдік есептік тарифтен ауытқуы).

      262. Тұтынушылардың әрбір тобы үшін реттеліп көрсетілетін қызметтерге есептік тариф мына формула бойынша айқындалады:

      1) су берудің механикаландырылған тәсілі үшін:

      Тnмi есеп = Tn * Vнақты /Dнақты * (Dмiнақты/Vмiнақты),

      мұндағы:

      i – тұтынушылар тобы;

      Тnмi есеп – тарифтің қолданылу кезеңіне тұтынушылардың i-ші тобы үшін су берудің механикаландырылған тәсілі үшін есептік тариф, 1 текше метр үшін теңге;

      Dнақты – алдыңғы аяқталған күнтізбелік жыл үшін қызмет көрсетуден түскен нақты табыс, мың теңге;

      Vнақты – алдыңғы аяқталған күнтізбелік жыл үшін көрсетілген қызметтердің нақты көлемі, мың текше метр;

      DMiнақты – алдыңғы аяқталған күнтізбелік жыл үшін тұтынушылардың i-ші тобы үшін механикаландырылған су беруден түскен нақты кіріс, мың теңге;

      Vмiнақты – алдыңғы аяқталған күнтізбелік жылдағы тұтынушылардың i-ші тобы үшін механикаландырылған сумен жабдықтаудың нақты көлемі, мың текше метр;

      2) су берудің өздігінен ағатын тәсілі үшін:

      Tnсi есеп = Tn * Vнақты/Dнақты * (Dсiнақты/Vсiнақты),

      мұндағы:

      i – тұтынушылар тобы;

      Тnсi есеп – тарифтің қолданылу кезеңіне тұтынушылардың i-ші тобы үшін су берудің өздігінен ағатын тәсілі үшін есептік тариф, 1 текше метр үшін теңге;

      Dнақты – алдыңғы аяқталған күнтізбелік жыл үшін қызмет көрсетуден түскен нақты табыс, мың теңге;

      Vнақты – алдыңғы аяқталған күнтізбелік жыл үшін көрсетілген қызметтердің нақты көлемі, мың текше метр;

      Dсiнақты – алдыңғы аяқталған күнтізбелік жыл үшін тұтынушылардың i-ші тобы үшін өздігінен ағатын су беруден түсетін нақты табыс, мың теңге;

      Vсiнақты – алдыңғы аяқталған күнтізбелік жылдағы тұтынушылардың i-ші тобы  үшін ауырлық күшімен сумен жабдықтаудың нақты көлемі, мың текше метр";

      орыс тілінде 263-тармаққа өзгерістер енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      орыс тілінде 265-тармаққа өзгерістер енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      266-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "266. Тұтынушылардың бірінші тобының мынадай санаттары үшін реттеліп көрсетілетін қызметтерге арналған тариф формулалар бойынша айқындалады:

      Таштө1 = Т1;

      Таштө2 = 1,2*Т1 өңірдегі (астанадағы, облыстағы, республикалық маңызы бар қаладағы) су тұтынудың үлестік нормалары және (немесе) су тұтынудың орташа үлестік нормалары асып кеткен кезде);

      мұндағы:

      Т1 – осы Қағидалардың 265-тармағына сәйкес айқындалған бірінші топтың тарифі;

      Таштө1 – 1-кіші топқа арналған тариф;

      Таштө2 – 2-кіші топқа арналған тариф.

      Су тұтынудың үлестік нормаларынан немесе өңірдегі (астанадағы, облыстағы, республикалық маңызы бар қаладағы) су тұтынудың орташа үлестік нормасынан асып кету фактісі болған жағдайда, 1 айдағы есепке жазудың жалпы көлемін есептеу кезінде су тұтынудың үлестік нормалары немесе өңірдегі (астанадағы, облыстағы, республикалық маңызы бар қаладағы) су тұтынудың орташа үлестік нормасы шегінде тұтынылған көлемге 1-кіші топтың тарифі қолданылады, ал қалған көлемге 2-кіші топтың тарифі қолданылады.

      Су үнемдейтін технологиялар болмаған кезде реттеліп көрсетілетін қызметтерге арналған тариф формулалар бойынша айқындалады:

      Тст = 1,2*Т1,

      мұндағы:

      Тст – су үнемдейтін технологиялар болмаған кездегі тариф.";

      266-2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "266-2. Ауыл шаруашылығы дақылдарының коэффициенті формулалар бойынша анықталады:

      Кд= Өңір (астана, облыс, республикалық маңызы бар қала) орташа м³/га ≥ коэффициент = 1,2.

      мұндағы:

      Өңір (астана, облыс, республикалық маңызы бар қала) орташа – өңір (астана, облыс, республикалық маңызы бар қала) және ауыл шаруашылығы дақылдары бойынша су тұтынудың орташа үлестік нормасы;

      Кд – дақыл коэффициенті.

      Реттеліп көрсетілетін қызметтерді тұтынатын ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер нақты өңірдегі (астанадағы, облыстағы, республикалық маңызы бар қаладағы) үшін бекітілген су тұтынудың орташа үлестік нормасынан асып кеткен кезде ауыл шаруашылығы дақылдары үшін 1,2-ге тең арттыратын коэффициент қолданылатын болады.";

      311-тармақтың 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) іске асырылатын технологиялық және техникалық іс-шаралардың тізбесін көрсете отырып, оның ішінде субъектінің технологиялық процестерін басқарудың цифрлық жүйелерін енгізуді және (немесе) электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйелерін, технологиялық процесті басқарудың автоматтандырылған жүйелерін (болған кезде) енгізуді көрсете отырып, оның ішінде инвестициялық бағдарлама жобасының тиімділік есебін көздейтін осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысандар бойынша субъектінің инвестициялық бағдарламасы жобасының тиімділік көрсеткіштері;

      3) сатып алынатын негізгі құралдардың, құрылыс-монтаждау жұмыстарының құнын көрсете отырып, бағалар деңгейінің салыстырмалы талдауын, оның ішінде мұндай жұмыстарды жүргізу қажеттігін құжаттамалық техникалық растауды, жиынтық сметалық есептеулерді, әрбір объект бойынша объектілік, жергілікті және ресурстық сметаларды, бизнес-жоспарды, прайс-парақтарды, шарттар көшірмелерін, белгіленген қағидалармен (болған жағдайда) сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттаманы қоса бере отырып, инвестициялық бағдарламаны іске асыруға арналған инвестициялық шығындар туралы ақпарат.

      Инвестициялық бағдарламаны бекітуге арналған өтінішті қарау Қазақстан Республикасы Құрылыс кодексінің 98-бабының 4-тармағында көзделген жағдайларда астананың, республикалық маңызы бар қалалардың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарымен келісілген эскиздер (эскиздік жобалар) бойынша жобалау-сметалық құжаттамасыз жүзеге асырылады;";

      313-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) Субъектінің технологиялық процесті басқарудың цифрлық жүйелерін енгізу және (немесе) электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйелерін, технологиялық процесті басқарудың автоматтандырылған жүйелерін енгізу;";

      409-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "409. Реттеліп көрсетілетін қызметтердің әрбір түрі бойынша және тұтастай алғанда реттеліп көрсетілетін қызметтерге жатпайтын қызмет бойынша кірістердің, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтердің бөлек есебін жүргізу үшін реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынатын табиғи монополиялар субъектілеріне қолданылады.";

      орыс тілінде 426-тармаққа өзгерістер енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      орыс тілінде 428-тармаққа өзгерістер енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      430-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Егер сумен жабдықтау және (немесе) су бұру саласында көрсетілетін қызметтеріне тарифтің жоспарлы деңгейі қосылған құн салығынсыз бір текше метр үшін екі жүз теңгеден асып түссе, пайда мөлшерлемесі тарифті бекітуге өтінім беру күніне Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің базалық мөлшерлемесі деңгейінде қабылданады.";

      431-тармақтың 8-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8-1) статистика деректері бойынша өңірдегі (астанадағы, облыстағы, республикалық маңызы бар қаладағы) экономикалық қызмет түрлері бойынша бір жылда қалыптасқан қол жеткізілмеген жағдайда, республика бойынша экономикалық қызмет түрлері бойынша бір жұмыскердің орташа айлық номиналды жалақысының деңгейі Қазақстан Республикасы бойынша экономикалық қызмет түрлері бойынша тиісті деңгейге жеткенге дейін бекітілген тарифтік сметада жылына жиырма пайыздан аспайтын ұлғайту есебі қолданылады;";

      432-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бұл ретте, электр энергиясын бірыңғай сатып алушыдан электр энергиясын сатып алу-сату бағасының айырмасына байланысты алынған алдыңғы аяқталған кезең (жыл) үшін нақты шығыстар немесе кірістер туындаған жағдайда реттеліп көрсетілетін қызметтер бөлігінде уәкілетті орган осы Қағидалардың 431-тармағы негізінде тариф өзгерген кезде электр энергиясының теңгерімдеуші нарығы бойынша шығындарды қоспағанда, тірек гидротехникалық құрылысжайлар бойынша тарифтің шығыс бөлігін негізсіз алынған немесе алынбаған кіріс сомасына өзгертеді.";

      440-тармақтың алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "тиісті өңірдің (астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың) әлеуметтік-экономикалық жағдайын тұрақтандыру үшін;";

      453 және 454-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "453. Тарифтің шығын бөлігі өндірістік шығыстары тарифтің шығын бөлігінде былайша қамтылады:

      1) тарифтің шығыс бөлігіне енгізілетін материалдық шығыстар тиісті салада (салада) қолданылатын үлгілік нормалар мен нормативтер негізінде өндірілген өнім (қызметтер, тауарлар, жұмыстар) бірлігін шығаруға арналған шикізат, материалдар, отын, энергия (бұдан әрі – материалдық ресурстар) қажеттілігінің есептеулерінен аспайтын нақты көрсеткіштер негізге алына отырып айқындалады (олар болған кезде) және Заңның 23-бабында белгіленген тәртіппен тарифті бекітуге өтінім бергенге дейін жүргізілген сатып алудың нақты нәтижелері бойынша айқындалған материалдық ресурстардың бағалары.

      Тиісті салада (салада) қолданылатын үлгілік нормалар мен нормативтер негізінде жүргізілген техникалық шығындардың есептеулеріне сәйкес нормативтік техникалық шығындардың деңгейіне байланысты шығыстар.

      2) Қазақстан Республикасы әлеуметтік-экономикалық даму болжамының (инфляция) көрсеткіштерін ескере отырып немесе нақты санын негізге ала отырып, бірақ субъект персоналының нормативтік санынан аспайтын нақты санын, қолданыстағы тарифтерде қабылданған орташа айлық жалақыны негізге ала отырып немесе субъект персоналының нормативтік санынан аспайтын нақты санын және орташа айлық жалақысын негізге ала отырып, тарифті қалыптастыру кезінде өндірістік персоналдың еңбегіне ақы төлеуге арналған шығыстар субъект өтінім берудің алдындағы жылдың басынан бастап қалыптасқан бір жыл ішінде немесе төртінші тоқсандағы ресми статистикалық ақпарат бойынша қалыптасқан, Заңның 5-бабы 1-тармағының 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген реттеліп көрсетілетін қызметтерді көрсететін табиғи монополиялар субъектілері үшін көзделген экономикалық қызмет түрлеріне сәйкес қызметтер көрсететін өңірдегі (астанадағы, облыстағы, республикалық маңызы бар қаладағы) жалақы.

      Жаңа объектілер, қуаттар енгізілген және инвестициялық бағдарламада көзделген өзге де іс-шаралар іске асырылған жағдайда, тарифті қалыптастыру кезінде жаңа объектілерге өндірістік персоналдың еңбегіне ақы төлеуге арналған шығыстар өндірістік персоналдың нормативтік саны негізге алына отырып, айқындалады.

      Бұл ретте персонал санының, шикізаттың, материалдардың, отынның, энергияның қажеттілігін есептеу және техникалық ысыраптарды есептеу тиісті салада (аяда) қолданылатын үлгілік нормалар мен нормативтердің негізінде жүргізіледі.

      Субъект екі және одан да көп өңірлерде (астанада, облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда) реттелетін қызметтер көрсеткен және бірыңғай тариф бекітілген жағдайда, тарифті қалыптастыру кезінде өндірістік персоналдың еңбегіне ақы төлеуге арналған шығыстар нақты санына қарай, бірақ субъект персоналының нормативтік санынан аспайтын, қолданыстағыларда қабылданған орташа айлық жалақыға қарай тарифтің шығыс бөлігіне енгізіледі, Қазақстан Республикасы әлеуметтік-экономикалық даму болжамының (инфляция) көрсеткіштерін ескере отырып немесе субъект персоналының нақты санына қарай тарифтер Заңның 5-бабы 1-тармағының 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген реттеліп көрсетілетін қызметтерді көрсететін табиғи монополиялар субъектілері үшін көзделген экономикалық қызмет түрлеріне сәйкес реттеліп көрсетілетін өңірлерде (астанада, облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда) субъект персоналының нормативтік санынан және орташа айлық жалақының орташа өлшенген көрсеткішінінен аспайтын, тарифтерге өтінім берудің алдындағы бір жыл немесе төртінші тоқсандағы ресми статистикалық ақпарат бойынша және формула бойынша айқындалады:

     


      – Заңның 5-бабы 1-тармағының 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген реттеліп көрсетілетін қызметтерді көрсететін табиғи монополиялар субъектілері үшін көзделген экономикалық қызмет түрлері бойынша орташа айлық жалақының орташа өлшемді көрсеткіші;

     


      – өтінім берудің алдындағы бір жыл немесе жылдың басынан бастап қалыптасқан төртінші тоқсандағы ресми статистикалық ақпарат бойынша i-өңірдегі (астанадағы, облыстағы, республикалық маңызы бар қаладағы) Заңның 5-бабы 1-тармағының 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген реттеліп көрсетілетін қызметтерді көрсететін табиғи монополиялар субъектілері үшін көзделген экономикалық қызмет түрлері бойынша орташа айлық жалақы;

     


      – өтінім берудің алдындағы i-өңірдегі (астанадағы, облыстағы, республикалық маңызы бар қаладағы) бір жыл немесе жылдың басынан бастап қалыптасқан төртінші тоқсандағы субъектінің нақты іске қосылған саны.

      Қазақстан Республикасы әлеуметтік-экономикалық даму болжамының көрсеткіштерін ескере отырып, қолданыстағы тарифтерде қабылданған орташа айлық жалақыны негізге ала отырып айқындалған өндірістік персоналдың жалақысы субъект қалыптасқан, Заңның 5-бабы 1-тармағының 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген реттеліп көрсетілетін қызметтерді көрсететін табиғи монополиялар субъектілері үшін көзделген экономикалық қызмет түрлеріне сәйкес қызметтер көрсететін өңірдегі (астанада, облыста, республикалық маңызы бар қалада) өндірістік персоналдың орташа айлық жалақысынан асып кеткен кезде өтінім берудің алдындағы жылдың басынан бастап қалыптасқан бір жылдағы немесе төртінші тоқсандағы ресми статистикалық ақпарат бойынша және (немесе) осы Қағидаларда айқындалған орташа айлық жалақының орташа өлшенген көрсеткішінен жоғары, Қазақстан Республикасы әлеуметтік-экономикалық даму болжамының (инфляция) көрсеткіштерін ескере отырып, қолданыстағы тарифтерде қабылданған орташа айлық жалақыны негізге ала отырып айқындалатын өндірістік персоналдың жалақысы ескеріледі.

      Субъектінің қолданыстағы тарифтік сметасында экологиялық апат және радиациялық тәуекел аймақтарында тұрғаны үшін қосымша төлемдер болмаған жағдайда орташа айлық жалақыға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тиісті қосымша төлемдер қолданылады.

      3) негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің амортизациялық аударымдары;

      4) субъектiнiң негізгі құралдар құнының өсуіне алып келмейтін және бағыттайтын жөндеуге қаражаты мұндай жұмыстың қажеттілігі туралы растаушы құжаттардың негізінде тарифтің шығындық бөлігіне енгізіледі;

      5) реттеліп көрсетілетін қызметке тікелей жататын басқа өндірістік шығындар салалық ерекшелікті ескере отырып, растаушы құжаттардың негізінде тарифтің шығын бөлігіне енгізіледі.

      454. Кезең шығыстары тарифтің шығындық бөлігінде былайша есепке алынады:

      1) әкімшілік персоналдың еңбегіне ақы төлеуге арналған шығыстар субъект персоналының нақты санына, бірақ нормативтік санынан аспайтын және Қазақстан Республикасы әлеуметтік-экономикалық даму болжамының көрсеткіштерін (инфляция) ескере отырып, қолданыстағы тарифтерде қабылданған орташа айлық жалақыға немесе субъект персоналының нормативтік санынан аспайтын нақты санына және орташа айлық жалақысына қарай айқындалады өтінім берудің алдындағы жылдың басынан бастап қалыптасқан бір жылдағы немесе төртінші тоқсандағы ресми статистикалық ақпарат бойынша қалыптасқан, Заңның 5-бабы 1-тармағының 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген реттеліп көрсетілетін қызметтерді көрсететін табиғи монополиялар субъектілері үшін көзделген экономикалық қызмет түрлеріне сәйкес Субъект қызметтер көрсететін өңірдегі (астанадағы, облыстағы, республикалық маңызы бар қаладағы) төлемдер.

      Субъект екі және одан да көп өңірлерде (астанада, облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда) реттелетін қызметтер көрсеткен және бірыңғай тариф бекітілген жағдайда, тарифті қалыптастыру кезінде әкімшілік персоналдың еңбегіне ақы төлеуге арналған шығыстардың нақты санына, бірақ субъект персоналының нормативтік санынан аспайтын, қолданыстағыларда қабылданған орташа айлық жалақыға сүйене отырып тарифтің шығыс бөлігіне енгізіледі, Қазақстан Республикасы әлеуметтік-экономикалық даму болжамының (инфляция) көрсеткіштерін ескере отырып немесе нақты санына қарай тарифтер Заңның 5-бабы 1-тармағының 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген реттеліп көрсетілетін қызметтерді көрсететін табиғи монополиялар субъектілері үшін көзделген экономикалық қызмет түрлеріне сәйкес реттеліп көрсетілетін өңірлерде (астанада, облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда) субъект персоналының нормативтік санынан және орташа айлық жалақының орташа өлшенген көрсеткішінен аспайтын, тарифтерге өтінім берудің алдындағы жылдың басынан бастап қалыптасқан бір жыл немесе төртінші тоқсандағы ресми статистикалық ақпарат бойынша және формула бойынша айқындалады:

     


      – Заңның 5-бабы 1-тармағының 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген реттеліп көрсетілетін қызметтерді көрсететін табиғи монополиялар субъектілері үшін көзделген экономикалық қызмет түрлері бойынша орташа айлық жалақының орташа өлшенген көрсеткіші;

     


      – өтінім берудің алдындағы бір жылдағы немесе жылдың басынан бастап қалыптасқан төртінші тоқсандағы ресми статистикалық ақпарат бойынша І-өңірдегі (астанада, облыста, республикалық маңызы бар қалада), Заңның 5-бабы 1-тармағының 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген реттеліп көрсетілетін қызметтерді көрсететін табиғи монополиялар субъектілері үшін көзделген экономикалық қызмет түрлері бойынша орташа айлық жалақы;

     


      – өтінім берудің алдындағы i-өңірдегі (астанадағы, облыстағы, республикалық маңызы бар қаладағы) бір жыл немесе жылдың басынан қалыптасқан төртінші тоқсан үшін субъектінің нақты іске қосылған саны.

      Қазақстан Республикасы әлеуметтік-экономикалық даму болжамының көрсеткіштерін ескере отырып, қолданыстағы тарифтерде қабылданған орташа айлық жалақыны негізге ала отырып айқындалған әкімшілік персоналдың жалақысы субъект қалыптасқан, Заңның 5-бабы 1-тармағының 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген реттеліп көрсетілетін қызметтерді көрсететін табиғи монополиялар субъектілері үшін көзделген экономикалық қызмет түрлеріне сәйкес қызметтер көрсететін өңірдегі (астанада, облыста, республикалық маңызы бар қалада) әкімшілік персоналдың орташа айлық жалақысынан асып кеткен кезде бір жылдағы немесе жыл басынан бастап қалыптасқан төртінші тоқсандағы ресми статистикалық ақпарат бойынша, өтінім берудің алдындағы және (немесе) осы Қағидаларда айқындалған орташа айлық жалақының орташа өлшенген көрсеткішінен жоғары Қазақстан Республикасы әлеуметтік-экономикалық даму болжамының көрсеткіштерін ескере отырып, қолданыстағы тарифтерде қабылданған орташа айлық жалақыны негізге ала отырып айқындалатын әкімшілік персоналдың жалақысы (инфляция) ескеріледі;

      Субъектінің қолданыстағы тарифтік сметасында экологиялық апат және радиациялық тәуекел аймақтарында тұрғаны үшін қосымша төлемдер болмаған жағдайда орташа айлық жалақыға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тиісті қосымша төлемдер қолданылады.

      2) кезең шығыстарында ескерілетін міндетті сақтандыру түрлеріне, салықтарға, алымдар мен төлемдерге арналған шығыстар Қазақстан Республикасының қолданыстағы салық заңнамасы бойынша белгіленген мөлшерлемелерге сәйкес айқындалады:

      3) негізгі құралдардың және өндірістік емес сипаттағы материалдық емес активтердің амортизациялық аударымдары;

      4) өзге де әкімшілік шығыстар салалық ерекшеліктерді ескере отырып, растайтын құжаттардың негізінде тарифтің шығындық бөлігіне енгізіледі.

      Өзге де әкімшілік шығыстар консалтингтік, маркетингтік көрсетілетін қызметтердің және мердігерлік тәсілмен жүргізілетін жөндеу жұмыстарының шығыстарын және бөгде ұйымдар жүзеге асыратын салалық ерекшеліктерге байланысты басқа да көрсетілетін қызметтер, сондай-ақ іссапар шығыстарын және әкімшілік персоналдың байланысқа, мерзімдік баспасөзге, қызметтік автокөлікті ұстауға, ақпараттық, консультациялық көрсетілетін қызметтерге арналған шығыстарын қамтиды.

      Табиғатты қорғауға арналған шығыстар, табиғи ресурстарды пайдаланғаны үшін төлемақы өзге де шығыстарға қосылады және мөлшерлемелер мен алымдар мөлшерін ескере отырып айқындалады.

      Өндірістік қажеттілікке байланысты әкімшілік персоналдың біліктілігін арттыруға арналған шығыстар мұндай қажеттілікті растайтын құжаттарды ұсынған кезде кезең шығыстарында ескеріледі.

      Өндірістегі өнертапқыштыққа және өнертабыстыққа қызметке байланысты шығыстар реттеліп көрсетілетін қызметтердің шеңберінде экономикалық негізделген материалдар болған кезде кезең шығыстарына қосылады.

      5) инвестициялық бағдарламаны іске асыру үшін өз қаражатынан және жеңілдікті кредиттеуден тартылған сыйақылар мен негізгі борышты төлеуге арналған шығыстар тарифті есептеу кезінде ескеріледі.

      6) субъектінің инвестициялық жобасын іске асыру үшін қарыз қаражаттары үшін сыйақы төлеуге арналған шығыстар субъект банкпен жасалған шартты ұсынған кезде кезең шығыстарына (негізгі борышты және пайыздарды өтеу графигін қоса бере отырып) қосылады және былайша анықталады:

      инвестициялық жобаны іске асыру үшін ұлттық валютада алынған қарыз қаражаттары бойынша сыйақы төлеуге арналған шығыстар тарифті есептеу кезінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2,5 еселік базалық мөлшерлемесі қолданыла отырып есептелген сома шегінде ескеріледі.

      инвестициялық жобаны іске асыру үшін шетелдік валютада алынған қарыз қаражаттары бойынша сыйақы төлеуге арналған шығыстар тарифті есептеу кезінде Лондон банкаралық нарығының төрт еселік мөлшерлемесі қолданыла отырып есептелген сома шегінде ескеріледі.

      Шетелдік валютада алынған қарыз қаражаттары үшін сыйақы Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму болжамының негізгі көрсеткіштерінің және Қазақстан Республикасы республикалық бюджетінің болжамды көрсеткіштерінің негізінде шетелдік валютаға теңге бағамының болжамды өзгеруі ескеріле отырып, тарифтің шығындық бөлігінің кезең шығыстарында ескеріледі.

      Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің базалық мөлшерлемесі мен Лондон банкаралық нарығының мөлшерлемесі субъектінің тарифін және тарифтік сметаларын бекіту жөнінде шешім қабылданған күніне қолданылады.";

      466-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "466. Уәкілетті орган реттеліп көрсетілетін қызметтер бойынша бес жылдық кезеңге арналған тарифтердің болжамды индекстерін айқындайды.";

      орыс тілінде 472-тармаққа өзгерістер енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      1, 2, 3, 4 және 5-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2, 3, 4 және 5-қосымшаларға сәйкес орыс тілінде өзгерістер енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      1-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышы жаңа редакцияда жазылсын:

  "Тарифтерді қалыптастыру
  қағидаларына 1-қосымша";

      2-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышы жаңа редакцияда жазылсын:

  "Тарифтерді қалыптастыру
  қағидаларына 2-қосымша";

      3-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышы жаңа редакцияда жазылсын:

  "Тарифтерді қалыптастыру
  қағидаларына 3-қосымша";

      4-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышы жаңа редакцияда жазылсын:

  "Тарифтерді қалыптастыру
  қағидаларына 4-қосымша";

      5-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышы жаңа редакцияда жазылсын:

  "Тарифтерді қалыптастыру
  қағидаларына 5-қосымша";

      6-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышы жаңа редакцияда жазылсын:

  "Тарифтерді қалыптастыру
  қағидаларына 6-қосымша";

      7-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышы жаңа редакцияда жазылсын:

  "Тарифтерді қалыптастыру
  қағидаларына 7-қосымша";

      8-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышы жаңа редакцияда жазылсын:

  "Тарифтерді қалыптастыру
  қағидаларына 8-қосымша";

      9-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышы жаңа редакцияда жазылсын:

  "Тарифтерді қалыптастыру
  қағидаларына 9-қосымша";

      10-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышы жаңа редакцияда жазылсын:

  "Тарифтерді қалыптастыру
  қағидаларына 10-қосымша";

      11, 12, 13, 14, 15, 16 және 17-қосымшалар осы бұйрыққа 6, 7, 8, 9, 10, 11, және 12-қосымшаларға сәйкес орыс тілінде өзгерістер енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      11-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышы жаңа редакцияда жазылсын:

  "Тарифтерді қалыптастыру
  қағидаларына 11-қосымша";

      12-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышы жаңа редакцияда жазылсын:

  "Тарифтерді қалыптастыру
  қағидаларына 12-қосымша";

      13-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышы жаңа редакцияда жазылсын:

  "Тарифтерді қалыптастыру
  қағидаларына 13-қосымша";

      14-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышы жаңа редакцияда жазылсын:

  "Тарифтерді қалыптастыру
  қағидаларына 14-қосымша";

      15-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышы жаңа редакцияда жазылсын:

  "Тарифтерді қалыптастыру
  қағидаларына 15-қосымша";

      16-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышы жаңа редакцияда жазылсын:

  "Тарифтерді қалыптастыру
  қағидаларына 16-қосымша";

      17-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышы жаңа редакцияда жазылсын:

  "Тарифтерді қалыптастыру
  қағидаларына 17-қосымша";

      2. Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Тарифтік саясатты реттеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың төртінші, отызыншы, сексен үшінші, сексен жетінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы Су
ресурстары және ирригация министрі
Н. Нуржигитов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады