Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 28 наурыздағы № 262 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасында:
"Паспорт" деген 1-бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Паспорт
Атауы | Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы (бұдан әрі – Тұжырымдама) |
Әзірлеу үшін негіздеме |
1. "Қазақстан Республикасының 2029 жылға дейінгі ұлттық даму жоспарын бекіту және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 30 шілдедегі № 611 Жарлығы. |
Әзірлеуші мемлекеттік органның және бірлесіп орындаушы мемлекеттік органдардың атауы | Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі, Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі, Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі, Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі, Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі, Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі, жергілікті атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті (келісу бойынша), "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы (келісу бойынша), "Бәйтерек" ұлттық инвестициялық холдингі" акционерлік қоғамы (келісу бойынша), "Kazakh Tourism" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы (келісу бойынша), "Жасыл даму" акционерлік қоғамы (келісу бойынша) |
Іске асыру мерзімі | 2023 – 2029 жылдар |
";
"4. Туристік саланы дамытудың пайымы" деген бөлімде:
сегізінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Туристік нарықтағы бәсекелестікті арттыратын, сондай-ақ салада субъектілер арасындағы өзара іс-қимылды жеңілдететін цифрлық құралдар енгізілетін болады.";
"5. Туристік саланы дамытудың негізгі қағидаттары мен тәсілдері" деген бөлімде:
"5.2. Қолайлы жағдайлар жасау, сервис сапасын арттыру және цифрландыруды дамыту" деген кіші бөлімде:
бесінші, оныншы, он алтыншы және отыз үшінші абзацтар алып тасталсын.
"6. 2029 жылы нысаналы индикаторлар және күтілетін нәтижелер" деген бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Нысаналы индикаторлар және 2029 жылы күтілетін нәтижелер
Тұжырымдаманы іске асырудың тиімділігі мынадай нысаналы индикаторлармен өлшенетін болады:
1. Туризм саласындағы ЖҚҚ көлемінің 6,3 трлн теңгеге дейін өсуі.
2. Тұру және тамақтану қызметтеріндегі инвестициялардың өсуі 260 млрд теңгеге дейін.
3. Туризм саласында жұмыспен қамтудың 800 мың адамға дейін ұлғаюы.
Сондай-ақ Тұжырымдаманы іске асыру қорытындылары бойынша 2029 жылы мынадай нәтижелерге қол жеткізу күтілуде:
1. Ішкі туристер санын 11 млн адамға дейін ұлғайту.
2. Келуші туристер санын 4 млн адамға дейін ұлғайту.
3. Саяхат пен туризмді дамытудың жаһандық индексі бойынша ДЭФ рейтингінде 50-ші орын.";
Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспары осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |
| Қазақстан Республикасы | |
| Үкіметінің | |
| 2026 жылғы 13 шілдедегі | |
| № 613 қаулысына | |
| Қосымша Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың |
|
| 2023 – 2029 жылдарға | |
| арналған тұжырымдамасына | |
| қосымша |
Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспары
Р/с | Атауы | Аяқталу нысаны | Орындау мерзімі | Жауапты орындаушылар | Қаржыландыру көлемі | Қаржыландыру көзі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1-бағыт. Инженерлік-коммуникациялық және көлік инфрақұрылымын дамыту | ||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | Инфрақұрылымды дамытуды аса маңызды бағыт ретінде айқындай отырып, инженерлік және көліктік инфрақұрылыммен қамтамасыз етілуін бағалау мақсатында туристік дестинацияларға түгендеу жүргізу | инфрақұрылымдық жобалар тізбесі | жыл сайын | ЖАО, "Kazakh Tourism" ҰК" АҚ (келісу бойынша) | талап етілмейді | талап етілмейді |
2 | Қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ете отырып, ұлттық табиғи парктер мен қорықтар аумағындағы туристік маршруттарды жайластыру | абаттандыру жоспары | жыл сайын | ЭТРМ, ЖАО | көзделген қаражат шеңберінде | ЖИ, ЖБ |
3 | Инфрақұрылымдық жобалардың іске асырылуына мониторинг жүргізу | ұсынымдар | жыл сайын | ЖАО, "Kazakh Tourism" ҰК" АҚ (келісу бойынша) | талап етілмейді | талап етілмейді |
4 | Қазақстан Республикасының 50.1.9-2023 "Туристік соқпақтар. Жалпы талаптар" ұлттық стандартына сәйкес соқпақтарды жайластыру | есеп | 2028 жыл | ЖАО, ЭТРМ | көзделген қаражат шеңберінде | ЖБ |
5 | Туристік дестинацияларды байланыспен және Интернет желісіне қолжетімділікпен қамтамасыз ету мәселесін пысықтау | меморандум | 2028 жылғы IV тоқсан | ЖИЦДМ, ЖАО | көзделген қаражат шеңберінде | ЖБ |
6 | Курорттық аймақтардың ҚТҚ полигондарымен, сондай-ақ туристік жүктеменің нақты және болжамды жүктемесін ескере отырып, бөлек жинау, сұрыптау және қайта өңдеу инфрақұрылымымен қамтамасыз етілуіне талдау жүргізу | қорытынды | 2028 жылғы I тоқсан | ЖАО, ЭТРМ, "Жасыл даму" АҚ (келісу бойынша), "Kazakh Tourism" ҰК" АҚ (келісу бойынша) | талап етілмейді | талап етілмейді |
7 | Курорттық аймақтар аумақтарындағы жағажай аймақтарын жағажайларды абаттандыру стандартына сәйкес жайластыру | объектілерді пайдалануға қабылдау актісі | жыл сайын | ЖАО | көзделген қаражат шеңберінде | ЖБ |
8 | Туристік инфрақұрылымның дамығандығы деңгейі бойынша өңірлерді ұлттық рейтингтік бағалауды енгізу | әдістеме | 2027 жылғы IV тоқсан | ТСМ, "Kazakh Tourism" ҰК" АҚ (келісу бойынша) | талап етілмейді | талап етілмейді |
9 | Жайлы вагондары бар пойыздар санын арттыру мәселесін пысықтау | ТСМ-ға ұсыныс | жыл сайын | КМ | талап етілмейді | талап етілмейді |
10 | Туристер арасында сұранысқа ие авиамаршруттарда шетелдік лоукостерлердің үлесін арттыру мәселесін пысықтау | ТСМ-ға ұсыныс | жыл сайын | КМ | талап етілмейді | талап етілмейді |
11 | Қазақстан Республикасының шалғай орналасқан қалаларынан Ақтау қаласына авиарейстер санын арттыру мәселесін пысықтау | ТСМ-ға ұсыныс | жыл сайын | КМ | талап етілмейді | талап етілмейді |
2-бағыт. Туристік бизнес үшін қолайлы жағдайлар қалыптастыру және инвестицияларды тарту | ||||||
12 | Курорттық аймақтардың мәртебесін, шекараларын және арнайы жұмыс істеу режимін айқындай отырып, олардың қызметін құқықтық реттеуді енгізу | ҮА-ға ұсыныс | 2027 –2028 жылдар | ТСМ, ЖАО | талап етілмейді | талап етілмейді |
13 | Туризм саласындағы жобаларды "ҚДБ" АҚ және "Даму" қоры" АҚ желісі бойынша, сондай-ақ әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың құралдарын пайдалану арқылы жеңілдікті кредиттеу бағдарламасын іске асыру | туризм саласындағы инвестициялық жобалар тізбесі | жыл сайын | ЖАО, "Бәйтерек" ҰИХ" АҚ (келісу бойынша) | көзделген қаражат шеңберінде | РБ |
14 | Түркістан және Маңғыстау курорттық аймақтарында әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар желісі бойынша қолдау шараларын көздей отырып, сауда аймақтарын (аутлеттерді) іске қосу | объектіні пайдалануға қабылдау актісі | 2027 жыл | Маңғыстау және Түркістан облыстарының әкімдіктері, СИМ, ТСМ | көзделген қаражат шеңберінде | ЖБ |
15 | Инвесторларды тарта отырып, өңірлерде жыл сайын туристік объектілер салу (орналастыру орындары, тақырыптық парктер) | объектіні пайдалануға қабылдау актісі | жыл сайын | ЖАО, CІМ, ТСМ | бюджеттен тыс қаражат есебінен | ЖИ |
16 | Туризм саласындағы ірі инвестициялық жобаларды мониторингтеу | инвестициялық жобалар тізбесі | жыл сайын | СІМ, ЖАО, "Kazakh Tourism" ҰК" АҚ (келісу бойынша) | талап етілмейді | талап етілмейді |
17 | Уәкілетті органмен (ТСМ) міндетті түрде келісе отырып, туризмді дамыту жөніндегі бөлімдерді облыстарды дамыту жоспарларына енгізу | облыстардың даму жоспарлары | жыл сайын | ЖАО, ҰЭМ | талап етілмейді | талап етілмейді |
18 | Туристтердің шекараны кесіп өтуі және жеке көлік құралдарын (автомобильдер, мотоциклдер, автоүйлер, туристік автобустар) әкелу бойынша қолданыстағы рәсімдерге талдау жүргізу, ұлттық қауіпсіздік пен елдің фискалдық мүдделеріне нұқсан келтірмей, оларды оңайлату жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу | "жасыл дәліз" | 2027 жыл | "Kazakh Tourism" ҰК" АҚ (келісу бойынша), ІІМ, Қаржымині, КМ, ҰҚК (келісу бойынша) | талап етілмейді | талап етілмейді |
19 | Туристердің қажеттіліктерін ескере отырып, Қазақстан Республикасының шекарасындағы өткізу пункттерін жаңғырту | объектіні пайдалануға қабылдау актісі | жыл сайын | КМ, Қаржымині, ҰҚК (келісу бойынша) | көзделген қаражат шеңберінде | РБ |
20 | Азаматтардың өз бетінше демалуына арналған арнайы орындарды жабдықтау және жайластыру бойынша шаралар қабылдау | нысандар тізбесі | жыл сайын | ЖАО | көзделген қаражат шеңберінде | МБ |
21 | Мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру жөніндегі цифрлық платформаны әзірлеу және ендіру | цифрлық платформа | 2027 жыл | ТСМ, "Kazakh Tourism" ҰК" АҚ (келісу бойынша) | талап етілмейді | талап етілмейді |
22 | Қонақүй және мейрамхана бизнесінің жетекші әлемдік франшизаларын тарту мәселесін пысықтау | франшизалар тізбесі | 2026 –2028 жылдар | ЖАО, ТСМ | талап етілмейді | талап етілмейді |
23 | Туристердің статистикалық есебін жүргізуді жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу | СЖРА ҰСБ-ға ұсыныс | 2027 жыл | ТСМ, "Kazakh Tourism" ҰК" АҚ (келісу бойынша) | талап етілмейді | талап етілмейді |
24 | Туристік әлеуеті бар табиғи объектілерге абаттандыру жүргізу | объектілер тізілімі | 2026 –2029 жылдар | ЖАО | көзделген қаражат шеңберінде | ЖБ |
25 | Курорттық аймақтарда орналасқан елді мекендердің, сондай-ақ ұлттық парктердің бас жоспарларын әзірлеу және цифрландыру | бас жоспарлар | 2027 жыл | ЖАО, ЭТРМ, ЖИЦДМ | көзделген қаражат шеңберінде | ЖБ |
26 | Курорттық аймақтардағы теміржол станциялары мен автовокзалдар аумақтарын жайластыру мәселесін пысықтау | объектілер тізбесі | жыл сайын | ЖАО | көзделген қаражат шеңберінде | ЖБ |
3-бағыт. Визалық-көші қон режимін жетілдіру | ||||||
27 | Туристік лекті ынталандыру мақсатында Қазақстан Республикасына визасыз кіру режимі бар елдердің тізбесін кеңейту жөніндегі шараларды пысықтау | визасыз режимі бар елдердің тізбесі | 2028 жыл | СІМ, ҰҚК (келісу бойынша), ІІМ | талап етілмейді | талап етілмейді |
28 | Біріккен Араб Әмірліктерінің резиденттері үшін 30 күнге дейін болу мерзімімен визасыз режим енгізу | ұсынымдар | 2027 жыл | СІМ | талап етілмейді | талап етілмейді |
29 | Еңбекминіне тиісті өтінімдер беру арқылы өңірдің туризм саласына шетелдік жұмыс күшін тартуға квоталар бөлу мәселесін пысықтау | ТСМ-ға ұсыныс | 2027 жыл | ЖАО, Еңбекмині | талап етілмейді | талап етілмейді |
4-бағыт. Туристік өнімдерді дамыту | ||||||
30 | Туристік көрсетілетін қызметтердің сапасын ерікті бағалауды іске асыру (сапа белгісі) | "Сапа белгісі" сертификаттары | жыл сайын | "Kazakh Tourism" ҰК" АҚ (келісу бойынша) | көзделген қаражат шеңберінде | РБ |
31 | Туристерді орналастыру орындарын жіктеу жүйесін жетілдіру | ҮА-ға ұсыныс | 2028 жыл | ТСМ, "Kazakh Tourism" ҰК" АҚ (келісу бойынша) | талап етілмейді | талап етілмейді |
32 | Tax Free тетігінің барлық ірі қалаларда жұмыс істеуін тарату және тұрақты негізге көшіру | ТСМ-ға ұсыныс | 2029 жыл | Қаржымині | талап етілмейді | талап етілмейді |
33 | Туристік ресурстарға ұқыпты қарау мәдениетін және жауапты туризм қағидаттарын қалыптастыру және ілгерілету | талдамалық ақпарат | 2027 –2029 жылдар | ТСМ, "Kazakh Tourism" ҰК" АҚ (келісу бойынша), МАМ, ЭТРМ, ОМ | талап етілмейді | талап етілмейді |
34 | Агротуристік қызметті, қолөнерді және киіз үйлер шығаруды дамыту үшін гранттық қаржыландыруды ұсыну тетігін пысықтау | ТСМ-ға ұсыныс | 2028 –2029 жылдар | ЖАО, ТСМ, "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша) | талап етілмейді | талап етілмейді |
35 | Заңнамаға олжалық аң аулауды ұйымдастыру арқылы аңшылық туризмді дамытуды көздейтін өзгерістер мен толықтырулар енгізу | ҮА-ға ұсыныс | 2029 жыл | ЭТРМ, ТСМ | талап етілмейді | талап етілмейді |
36 | Туризмнің тауашалық түрлерін (аңшылық, агротуризм, медициналық және т.б.) дамыту бойынша шаралар қабылдау | шаралар топтамасы | 2027 –2028 жылдар | ТСМ, "Kazakh Tourism" ҰК" АҚ (келісу бойынша) | талап етілмейді | талап етілмейді |
37 | Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың басқарылатын рекреациялық сыйымдылығын есептеу әдістемесін әзірлеу | әдістеме | 2027 жыл | ЭТРМ | талап етілмейді | талап етілмейді |
38 | "Tourism Village" жобасы аясында туристік ауылдық елді мекендерді танымал ету | "Tourism Village" жобасын іске асыру | 2027 –2029 жылдар | "Kazakh Tourism" ҰК" АҚ (келісу бойынша), ЖАО | көзделген қаражат шегінде | РБ |
39 | Атты маршруттарды паспорттау, таңбалау, әзірлеу және олардың жолсілтемелерін жариялау | паспорттар | 2027 жыл | Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Ұлытау, Абай және Жетісу облыстарының әкімдіктері | көзделген қаражат шеңберінде | ЖБ |
40 | "Жанды сабақтар" жобасын іске асыруды қоса алғанда, балалар мен жасөспірімдер туризмін дамыту жөніндегі шараларды іске асыру | балалар мен жасөспірімдер туризмін дамыту жөніндегі шаралар | 2027 –2029 жылдар | ЖАО, ОМ, "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша) | көзделген қаражат шеңберінде | ЖБ |
41 | Туристік топтар құрамындағы гидтер, экскурсия жетекшілері және туризм нұсқаушылары үшін мемлекеттік туризм объектілері мен туристік ресурстарға тегін кіруді қамтамасыз ету | объектілер тізілімі | 2027 жыл | ТСМ, МАМ, ЭТРМ, ЖАО, "Kazakh Tourism" ҰК" АҚ (келісу бойынша) | талап етілмейді | талап етілмейді |
42 | Байланыс деректері ашық қолжетімділікте болатын қолөнершілер тізілімін жүргізу | тізілім | 2027 жыл | МАМ, ТСМ, ЖАО | талап етілмейді | талап етілмейді |
43 | Қолөнер өнімдерін көрсету және өткізу үшін жыл бойы жұмыс істейтін алаңдарды ұйымдастыру | қолөнершілер орталығы | 2028 –2029 жылдар | ЖАО, МАМ | көзделген қаражат шеңберінде | ЖБ |
44 | Халықаралық көрмелерге қатысу, халықаралық және ішкі нарықтарда B2B кездесулерін өткізу | туристік әлеуеттің таныстырылымы | жыл сайын | ТСМ, "Kazakh Tourism" ҰК" АҚ (келісу бойынша) | көзделген қаражат шеңберінде | РБ |
45 | MICE туризмінің елшілері етіп тағайындау үшін тұлғаларды айқындау | тізбе | 2027 –2029 жылдар | "Kazakh Tourism" ҰК" АҚ (келісу бойынша), ЖАО | көзделген қаражат шеңберінде | РБ |
46 | Қазақстан Республикасында халықаралық қауымдастықтар конгрестерін өткізу үшін кемінде 100 өтінім беру | тізбе | 2027 –2029 жылдар | "Kazakh Tourism" ҰК" АҚ (келісу бойынша), ЖАО | талап етілмейді | талап етілмейді |
47 | Халықаралық іс-шараларды ұйымдастырушылар үшін ақпараттық және техникалық турлар өткізу | ақпараттық турлар | 2027 –2029 жылдар |
"Kazakh Tourism" ҰК" АҚ (келісу бойынша), ТСМ, ЖАО | көзделген қаражат шеңберінде | РБ |
48 | Халықаралық MICE іс-шараларын өткізуге қолдау көрсетуді қамтамасыз ету | іс-шаралар | жыл сайын | "Kazakh Tourism" ҰК" АҚ (келісу бойынша), ЖАО | көзделген қаражат шеңберінде | РБ |
49 | Ұлттық гастрономиялық жолсілтемені (Gault&Millau) жасау | жолсілтеме | 2027 –2029 жылдар | ЖАО, ТСМ, "Kazakh Tourism" ҰК" АҚ (келісу бойынша) | көзделген қаражат шеңберінде | РБ |
50 | Мекеменің бас аспаздары мен командалары қатысатын халықаралық гастрономиялық көрмелерге қатысу | іс-шаралар | 2027 –2029 жылдар | ЖАО, "Kazakh Tourism" ҰК" АҚ (келісу бойынша) | көзделген қаражат шеңберінде | ЖБ |
51 | Ел бойынша бірыңғай туристік жолсілтемені әзірлеу | жолсілтеме | 2027 жыл | ТСМ, "Kazakh Tourism" ҰК" АҚ (келісу бойынша), ЖАО | талап етілмейді | талап етілмейді |
52 | Караванинг-тұрақтарды орнату мен жайластыруға арналған орындарды айқындау | караванинг-тұрақтар тізбесі | жыл сайын | ЖАО, "Kazakh Tourism" ҰК" АҚ (келісу бойынша) | көзделген қаражат шеңберінде | ЖБ |
53 | Балалар, жасөспірімдер мен жастар арасында туристік және экскурсиялық жұмысты дамыту және жетілдіру | ТСМ-ға ұсыныс | 2027 жыл | ОМ, МАМ, "Kazakh Tourism" ҰК" АҚ (келісу бойынша) | талап етілмейді | талап етілмейді |
54 | Агротуризм және экотуризм, оның ішінде қонақ жайларды басқарып жүргізу бойынша ауыл тұрғындарына арналған практикалық сабақтар өткізу | практикалық сабақтар | жыл сайын | "Kazakh Tourism" ҰК" АҚ (келісу бойынша), ЖАО | көзделген қаражат шеңберінде | ЖБ |
55 | Қалалар, курорттар және көрікті жерлер бойынша өлкетану экскурсияларына арналған мәтіндерді әзірлеу | жинақ | 2028 жыл | ЖАО, "Kazakh Tourism" ҰК" АҚ (келісу бойынша) | көзделген қаражат шеңберінде | ЖБ |
56 | Елдің зәкірлі іс-шараларының ұлттық оқиғалар күнтізбесін қалыптастыру | ұлттық оқиғалар күнтізбесі | жыл сайын | "Kazakh Tourism" ҰК" АҚ (келісу бойынша), ЖАО | талап етілмейді | талап етілмейді |
57 | Түгендеу жүргізе отырып, өңіраралық туристік маршруттарды дамыту жөніндегі әдістемені әзірлеу | әдістеме | 2027 жыл | ТСМ, "Kazakh Tourism" ҰК" АҚ (келісу бойынша), ЖАО | талап етілмейді | талап етілмейді |
5-бағыт. Маркетинг және ілгерілету | ||||||
58 | Қазақстанның бірыңғай туристік брендін халықаралық алаңдарда ілгерілету | іс-шаралар | жыл сайын | ТСМ, "Kazakh Tourism" ҰК" АҚ (келісу бойынша), ЖАО | көзделген қаражат шеңберінде | РБ |
59 | Шетелдік туристік операторлар, БАҚ өкілдері үшін ақпараттық турлар өткізу | ақпараттық турлар | жыл сайын | ТСМ, "Kazakh Tourism" ҰК" АҚ (келісу бойынша), ЖАО | көзделген қаражат шеңберінде | РБ |
60 | Қазақстан мен өңірлердің туризм бойынша халықаралық салалық іс-шараларға қатысуының бірыңғай күнтізбесін құру: халықаралық туристік көрмелерге қатысу (кіру туризмінің кемінде 1-3 туроператорын қамтамасыз ету), нысаналы нарықтардағы шығу туризмінің туроператорларын, медиаөкілдерін, блогерлерді және (немесе) пікір көшбасшыларын қолдау бойынша роудшоу, ақпараттық турлар өткізу | күнтізбе | 2027 –2029 жылдар | ТСМ, ЖАО, СІМ, "Kazakh Tourism" ҰК" АҚ (келісу бойынша) | көзделген қаражат шеңберінде | РБ |
61 | Қазақстанның онлайн-платформалар мен әлеуметтік желілерде қатысуын арттыру: OTA-мен бірлескен маркетингтік науқандар, нысаналы нарықтар туристерінің тілінде әлеуметтік желілерді жүргізу, іздеу жарнамасы, контент-маркетинг, жасанды интеллект құралдары | әлеуметтік желілердегі контент | 2027 –2029 жылдар | ТСМ, ЖАО, "Kazakh Tourism" ҰК" АҚ (келісу бойынша) | көзделген қаражат шеңберінде | РБ |
6-бағыт. Туризм саласын кадрлық қамтамасыз ету | ||||||
62 | Гидтер мен экскурсия жетекшілерін, оның ішінде балалар топтары үшін кәсіби даярлауды ұйымдастыру | гидтер мен экскурсия жетекшілерін даярлау | жыл сайын | ЖАО | көзделген қаражат шеңберінде | ЖБ |
63 | Туризм саласындағы, оның ішінде гидтердің қызметін цифрландыруға арналған цифрлық платформаны дамыту | цифрлық платформа | жыл сайын | ТСМ, "Kazakh Tourism" ҰК" АҚ (келісу бойынша) | көзделген қаражат шеңберінде | РБ |
64 | Туристік бизнес субъектілерін ESG тәсілдерімен орнықты практикаларға оқыту | оқыту іс-шараларын өткізу | жыл сайын | ЖАО, ЭТРМ, "Kazakh Tourism" ҰК" АҚ (келісу бойынша), "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша) | көзделген қаражат шеңберінде | ЖБ |
65 | Туристермен қарым-қатынас жасайтын сабақтас салалардың қызметкерлеріне (шекара қызметі, полиция, әуежайлар мен вокзалдар қызметкерлері, медициналық персонал, таксистер) арналған қысқа мерзімді тренингтер ұйымдастыру | тренингтер | жыл сайын | ЖАО, "Kazakh Tourism" ҰК" АҚ (келісу бойынша), ІІМ, КМ, ДСМ, ҰҚК (келісу бойынша) | көзделген қаражат шеңберінде | ЖБ |
66 | Мобильді оқу командаларын құру және кадрларды "skills on wheels" қағидаты бойынша оқыту | мобильді оқу командаларын қалыптастыру | жыл сайын | "Kazakh Tourism" ҰК" АҚ (келісу бойынша), ЖАО | көзделген қаражат шеңберінде | РБ |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
"Атамекен" ҰКП – "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы;
"Бәйтерек" ҰИХ" АҚ – "Бәйтерек" ұлттық инвестициялық холдингі" акционерлік қоғамы;
"Даму" қоры" АҚ – "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы;
ДСМ – Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі;
Еңбекмині – Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі;
ЖИЦДМ – Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі;
"Жасыл даму" АҚ – "Жасыл даму" акционерлік қоғамы;
ЖИ – жеке инвестициялар;
ЖАО – жергілікті атқарушы органдар;
ЖБ – жергілікті бюджет;
КМ – Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі;
"ҚДБ" АҚ – "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамы;
Қаржымині – Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі;
МАМ – Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі;
ОМ – Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі;
РБ – республикалық бюджет;
СИМ – Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі;
СЖРА ҰСБ – Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы;
СІМ – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі;
ТСМ – Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі;
ҰҚК – Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті;
ҰЭМ – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі
ҮА – Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппараты;
ІІМ – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі;
ЭТРМ – Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі;
"Kazakh Tourism" ҰК" АҚ – "Kazakh Tourism" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы.
