Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 99-бабының 2-6) және 2-7) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларының тізілімі;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларының тізілімін қалыптастыру, жүргізу және өзектілендіру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және қорғау департаменті заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне және алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсына орналастыру үшін жолдауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі |
С. Жұманғарин |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Көлік министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Су ресурстары және ирригация министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Туризм және спорт министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Экология және табиғи
ресурстар министрлігі
бұйрыққа 1-қосымша |
Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларының тізілімі
Р/с | Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шарасының атауы | Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шарасының сипаты | Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шарасын ұсыну тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық актінің атауы | Мемлекеттік қолдау шарасын алушылар | Жауапты мемлекеттік орган | Мемлекеттік қолдау операторы |
1. | Шағын, оның ішінде шағын кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері/микрокредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін портфельдік субсидиялау | Қаржылық | "Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 17 қыркүйектегі № 754 қаулысы | Шағын, оның ішінде шағын кәсіпкерлік субъектілері | ҚР ҰЭМ | "Даму" КДҚ" АҚ |
2. | Шағын, оның ішінде микро кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері/микрокредиттері бойынша ішінара кепілдік беру | Қаржылық | "Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 17 қыркүйектегі № 754 қаулысы | Шағын, оның ішінде шағын кәсіпкерлік субъектілері | ҚР ҰЭМ | "Даму" КДҚ" АҚ |
3. | Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау | Қаржылық | "Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 17 қыркүйектегі № 754 қаулысы | Жеке кәсіпкерлік субъектілері | ҚР ҰЭМ | "Даму" КДҚ" АҚ |
4. | Кәсіпкерлік субъектілерін ислам банктері қаржыландырған кезде тауарға үстеме бағаның бір бөлігін және ислам банктерінің табысын құрайтын жалдау төлемінің бір бөлігін субсидиялау | Қаржылық | "Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 17 қыркүйектегі № 754 қаулысы | Шағын, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері | ҚР ҰЭМ | "Даму" КДҚ" АҚ |
5. | Кәсіпкерлік субъектілері шығарған облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау | Қаржылық | "Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 17 қыркүйектегі № 754 қаулысы | Экономиканың басым секторларында жобаларды іске асыру үшін облигациялар шығаруды және орналастыруды жүзеге асыратын эмитенттер | ҚР ҰЭМ | "Даму" КДҚ" АҚ |
6. | Кредиттер/қаржы лизингі бойынша кепілдік беру | Қаржылық | "Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 17 қыркүйектегі № 754 қаулысы | Жеке кәсіпкерлік субъектілері | ҚР ҰЭМ | "Даму" КДҚ" АҚ |
7. | Жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар беру | Қаржылық | "Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 17 қыркүйектегі № 754 қаулысы | Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі | ҚР ҰЭМ | ЖАО |
8. | Инженерлік инфрақұрылымды жүргізу | Қаржылық | "Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 17 қыркүйектегі № 754 қаулысы | ШОК субъектілері | ҚР ҰЭМ | ЖАО |
9. | Кәсіпкерлік субъектілері шығарған облигациялар бойынша кепілдік беру | Қаржылық | "Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 17 қыркүйектегі № 754 қаулысы | Экономиканың басым секторларында жобаларды іске асыру үшін облигациялар шығаруды және орналастыруды жүзеге асыратын эмитенттер | ҚР ҰЭМ | "Даму" КДҚ" АҚ |
10. | Шағын бизнес субъектілерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған "Бәсекеге қабілеттілік" инвестициялық гранттарын ұсыну | Қаржылық | "Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 17 қыркүйектегі № 754 қаулысы | Инвестициялық грант алуға өтінім беру сәтінде кемінде 1 жыл дара кәсіпкер және (немесе) кәсіпкер ретінде тіркелген заңды тұлға болып табылатын шағын кәсіпкерлік субъектілері | ҚР ҰЭМ | ЖАО |
11. | Өңдеу өнеркәсібіндегі кәсіпкерлік субъектілерін ЕДБ арқылы қаржыландыру үшін "Қазақстанның даму банкі" АҚ және "Даму" КДҚ" АҚ банкаралық кредит беруі (3 транш) | Қаржылық |
"Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өңдеу өнеркәсібіндегі кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыруды қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 14 сәуірдегі № 354 қаулысы; "Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өңдеу өнеркәсібіндегі кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыруды қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 желтоқсандағы № 1276 қаулысы; | Өңдеу өнеркәсібінде жобаларды іске асыратын ШОК және ірі кәсіпкерлік субъектілері | ҚР ҰЭМ | "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ / "Даму" КДҚ" АҚ |
12. | Ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда шағын кредит беру ("Ауыл аманаты" жобасы) | Қаржылық | - |
Жұмыссыздар; | ҚР ҰЭМ | ӘКК |
13. | Акваөсіру өнімдерінің өнімділігі мен сапасын арттыруға, сондай-ақ асыл тұқымды балық шаруашылығын дамытуға субсидиялау | Қаржылық | "Акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 24 мамырдағы № 180 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28188 болып тіркелді) | Акваөсіру мен ниетпен (балық өсірумен) айналысатын жеке немесе заңды тұлға | ҚР АШМ | ЖАО |
14. | Инвестициялау кезінде балық шаруашылығы субъектісі шеккен шығындардың бір бөлігін өтеуді субсидиялау | Қаржылық | "Балық шаруашылығы субъектісі инвестициялық инвестицияларды жүзеге асыру кезінде шеккен шығыстарының бір бөлігін өтеуді субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 14 маусымдағы № 219 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28450 болып тіркелді) | Инвестициялар жасайтын балық шаруашылығы субъектісі | ҚР АШМ | ЖАО |
15. | Қайта өңдеу кәсіпорындарының ауыл шаруашылығы өнімін тереңдетіп өңдеу өнімдерін өндіру үшін сатып алуға жұмсаған шығындарын субсидиялау | Қаржылық | "Өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 26 қарашадағы № 3-2/615 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10087 тіркелді) | Ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу өнімдерін өндіру үшін сатып алуды жүзеге асыратын өңдеуші кәсіпорындар | ҚР АШМ | ЖАО |
16. | Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау | Қаржылық | "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 15 наурыздағы № 108 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18404 болып тіркелді) | Ауыл шаруашылығы өнімін өндірумен айналысатын жеке немесе заңды тұлға; генетикалық әлеуеті жоғары жануарларды өсімін молайтумен, оларды сақтаумен және өсірумен айналысатын жеке немесе заңды тұлға (асыл тұқымды мал шаруашылығы); асыл тұқымдық орталық, асыл тұқымды малдың тұқымы мен эмбриондарын өткізу жөніндегі дистрибьютерлік орталық, ауыл шаруашылығы малдарының аналық басын қолдан ұрықтандыру жөнінде қызметтер көрсететін ұрықтандыру технигі | ҚР АШМ | ЖАО |
17. | Ауыл шаруашылығы жануарларын, техникасы мен технологиялық жабдықтарын сатып алуға кредит беру, сондай-ақ лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау | Қаржылық | "Агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беру, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын, техникасы мен технологиялық жабдығын сатып алуға лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" ҚР Премьер-министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 26 қазандағы № 436 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17741 болып тіркелді) | Қаржы институтымен қарыз шартын жасасқан және осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес ауыл шаруашылығы өнімін өндіру және (немесе) қайта өңдеу саласындағы басым жобалар бойынша кредиттеуге және қаржы лизингіне арналған тауарлардың тізбесіне сәйкес қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға, жеке кәсіпкер (оның ішінде шаруа (фермер) қожалығы) | ҚР АШМ | ЖАО |
18. | Инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау | Қаржылық | "Инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы 2018 жылғы 23 шілдедегі № 317 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17320 болып тіркелді) | Инвестициялық салымдарды жүзеге асыратын және ауыл шаруашылығы өнімін өндірумен және (немесе) қайта өңдеумен айналысатын, қызметінің негізгі немесе қайталама түрі инвестициялық салымдарды жүзеге асыратын және ауыл шаруашылығы өнімін өндірумен және (немесе) қайта өңдеумен айналысатын кәсіпкерлік субъектісі үшін негізгі немесе қайталама Қызмет түрінің тізбесіне сәйкес Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы сыныптауышының бөлімдеріне жататын кәсіпкерлік субъектісі | ҚР АШМ | ЖАО |
19. | Агроөнеркәсіп кешеніндегі жобаларды несиелендіру | Қаржылық | "Агроөнеркәсіптік кешендегі жобаларды кредиттеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 31 тамыздағы № 322 бұйрығы (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33364 болып тіркелген) | Агроөнеркәсіп кешенінде жұмыс істейтін жеке және заңды тұлғалар | ҚР АШМ | ӘКК |
20. | Ауыл шаруашылығы өнімдерін форвардтық сатып алу бағдарламасы | Қаржылық | Оператордың ішкі нормативтік құжаттары | Ауыл шаруашылығы өнімін өндірумен, оның ішінде жай серіктестік/консорциум құру арқылы айналысатын жеке немесе заңды тұлға | ҚР АШМ | "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" ұлттық компаниясы |
21. | Басым дақылдар, оның ішінде көпжылдық екпелер өндірісін дамытуды субсидиялау | Қаржылық | "Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20209 болып тіркелді) | Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер немесе ауыл шаруашылығы кооперативтері | ҚР АШМ | ЖАО |
22. | Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау | Қаржылық | "Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20209 болып тіркелді) | Оригинаторлар, элиталық тұқым шаруашылықтары, тұқым шаруашылықтары, дистрибьюторлар, ауыл шаруашылығы өндірушілері немесе ауыл шаруашылығы кооперативтері | ҚР АШМ | ЖАО |
23. | Тыңайтқыштардың құнын субсидиялау (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) | Қаржылық | "Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20209 болып тіркелді) | Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер немесе ауыл шаруашылығы кооперативтері | ҚР АШМ | ЖАО |
24. | Саны зияндылықтың экономикалық шегінен жоғары зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерге және карантиндік объектілерге қарсы өңдеуді жүргізуге арналған пестицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) құнын субсидиялау | Қаржылық | "Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20209 болып тіркелді) | Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер немесе ауыл шаруашылығы кооперативтері | ҚР АШМ | ЖАО |
25. | Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің тексеру одақтарының ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ішкі аудитін жүргізуге арналған шығындарын субсидиялау | Қаржылық | "Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің тексеру одақтарының ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ішкі аудитін жүргізуге арналған шығындарын субсидиялау қағидаларын бекіту" туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 1-1/1069 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12677 болып тіркелді) | Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ревизиялық одағы | ҚР АШМ | ЖАО |
26. | Органикалық өнім өндірудің сәйкестігін растау кезінде жұмсалған шығыстардың бір бөлігін субсидиялау | Қаржылық | "Органикалық өнім өндірудің сәйкестігін растау кезінде жұмсалған шығыстардың бір бөлігін субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2024 жылғы 6 қарашадағы № 372 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35345 болып тіркелді) | Органикалық өнімдерін өндірушілер | ҚР АШМ | ЖАО |
27. | Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің кредиттеріне кепілдік беру және сақтандыру шеңберінде субсидиялау | Қаржылық | "Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарына кепілдік беру және сақтандыру шеңберінде субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 9-1/71 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12183 болып тіркелді) | Агроөнеркәсіптік кешенде қызметін жүзеге асыратын, кредитормен кредиттік шарт жасасқан жеке немесе заңды тұлға, сондай-ақ дара кәсіпкер (оның ішінде шаруа (фермер) қожалығы) | ҚР АШМ | "Даму" КДҚ" АҚ |
28. | Сақтандыру сыйлықақыларын субсидиялау | Қаржылық | "Сақтандыру сыйлықақыларын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 19 мамырдағы № 172 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20673 болып тіркелген) | Сақтандырушымен сақтандыру шартын жасасқан жеке немесе заңды тұлға, оның ішінде шаруа немесе фермер қожалығы | ҚР АШМ | "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ |
29. | Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуді қаржыландыруы | Қаржылық |
"Агроөнеркәсiптiк кешенді мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен қолдаудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 шілдедегі № 645 Қаулысы | АӨК субъектілері | ҚР АШМ | "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ |
30. | Облигациялар бойынша купондық сыйақыны субсидиялау | Қаржылық | "Облигациялар бойынша купондық сыйақыны субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 457 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19753 болып тіркелді) | Эмитент-эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды жүзеге асыратын тұлға | ҚР АШМ | ҚР АШМ |
31. | Қаржы институтының сыйақы мөлшерлемесін тікелей субсидиялау | Қаржылық | "Агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беру, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын, техникасы мен технологиялық жабдығын сатып алуға лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 26 қазандағы № 436 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17741 болып тіркелді) | қаржы институттары (көрсетілетін қызметті алушылар) – дауыс беретін акцияларының жүз пайызы тікелей немесе жанама түрде Ұлттық басқарушы холдингке тиесілі банк операцияларын жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар екінші деңгейдегі банктер, кредиттік ұйымдар | ҚР АШМ | ЖАО |
32. | "Өз жемім" бағдарламасы | Қаржылық | Оператордың ішкі нормативтік құжаттары | АӨК субъектілері | ҚР АШМ | "ҚазАгроҚаржы" АҚ |
33. | "Жеңілдікті лизинг" бағдарламасы қаржылық | Қаржылық | Оператордың ішкі нормативтік құжаттары | АӨК субъектілері | ҚР АШМ | "ҚазАгроҚаржы" АҚ |
34. | Ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда бизнес-жобаларға микрокредит беру | Қаржылық | "Кәсіпкерлік бастамаға жәрдемдесу жөніндегі шараларды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 272 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32956 болып тіркелді) |
Жұмыссыздар; | ҚР Еңбекмині | ЖАО |
35. | Жеңілдік шарттарымен жастарға микрокредиттер беру | Қаржылық | "Кәсіпкерлік бастамаға жәрдемдесу жөніндегі шараларды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 272 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32956 болып тіркелді) | Жеке кәсіпкер ретінде тіркелген жастар Қазақстан Республикасының Салық заңнамасына сәйкес салық органдарында жеке кәсіпкер ретінде тіркелу мерзімі микрокредит алу үшін сенім білдірілген өкілге (агентке) жүгінген кезде бес жылдан аз уақытты құрайды | ҚР Еңбекмині | ЖАО айқындайтын сенім білдірілген агент |
36. | Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға гранттар беру | Қаржылық | "Кәсіпкерлік бастамаға жәрдемдесу жөніндегі шараларды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 272 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32956 болып тіркелді) | Мемлекеттік тіркеу мерзімі жеке кәсіпкер ретінде 3 жылдан кем болатын жұмыссыз немесе жеке кәсіпкер ретінде грант беруге өтініш берілгенге дейін олар тіркелген жағдайда халықтың әлеуметтік осал топтары | ҚР Еңбекмині | Еңбек мобильділігі орталығы |
37. | Қазақстан Республикасының аумағында кәмелетке толмаған жолаушыларды әуеде тасымалдау кезінде туристік өнімге енгізілген билеттің құнын субсидиялау | Қаржылық | "Қазақстан Республикасының аумағында кәмелетке толмаған жолаушыларды әуеде тасымалдау кезінде туристік өнімге енгізілген билеттің құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 7 желтоқсандағы № 375 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25724 болып тіркелді) | Ішкі, кіру немесе шығу туризмі саласында туристік операторлық қызметті, туристік операторлық қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға | ҚР ТСМ | "Kazakh Tourism" ұлттық компаниясы" АҚ |
38. | Туристік қызмет объектілерін салу, реконструкциялау кезінде кәсіпкерлік субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу | Қаржылық | "Туристік қызмет объектілерін салу, реконструкциялау кезінде кәсіпкерлік субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 31 желтоқсандағы № 415 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26403 болып тіркелді) | Кәсіпкерлік субъектілері | ҚР ТСМ | ЖАО |
39. | Туристік қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілеріне жүргізушінің орнын қоспағанда, отыруға арналған сыйымдылығы сегіз орыннан асатын автомобиль көлік құралдарын сатып алу жөніндегі шығындардың бір бөлігін өтеу | Қаржылық | "Туристік қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілеріне сыйымдылығы жүргізушінің орнын қоспағанда, сегізден астам отыратын орны бар автомобиль көлік құралдарын сатып алу бойынша шығындардың бір бөлігін өтеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 30 желтоқсандағы № 412 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26380 болып тіркелді) | Кәсіпкерлік субъектілері | ҚР ТСМ | ЖАО |
40. | Кәсіпкерлік субъектілерінің жол бойындағы сервис объектілерін салу жөніндегі шығындарының бір бөлігін өтеу | Қаржылық | "Кәсіпкерлік субъектілерінің жол бойындағы сервис объектілерін салу бойынша шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 30 желтоқсандағы № 411 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26375 болып тіркелді) | Кәсіпкерлік субъектілері | ҚР ТСМ | ЖАО |
41. | Тау шаңғысы курорттары үшін жабдықтар мен техника сатып алу бойынша кәсіпкерлік субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу | Қаржылық | "Кәсіпкерлік субъектілерінің тау шаңғысы курорттарына арналған жабдықтар мен техника сатып алу бойынша шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 29 желтоқсандағы № 407 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26382 болып тіркелді) | Кәсіпкерлік субъектілері | ҚР ТСМ | ҚР ТСМ |
42. | Кәсіпкерлік субъектілерінің санитариялық-гигиеналық тораптарды ұстауға жұмсаған шығындарының бір бөлігін субсидиялау | Қаржылық | "Кәсіпкерлік субъектілерінің санитариялық-гигиеналық тораптарды ұстауға жұмсаған шығындарының бір бөлігін субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 10 желтоқсандағы № 382 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25801 болып тіркелді) | Кәсіпкерлік субъектілері | ҚР ТСМ | ЖАО |
43. | Әрбір шетелдік турист үшін келу туризмі саласындағы туроператорлардың шығындарын субсидиялау | Қаржылық | "Әрбір шетелдік турист үшін келу туризмі саласындағы туроператорлардың шығындарын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 15 желтоқсандағы № 387 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25912 болып тіркелді) | Ішкі, кіру немесе шығу туризмі саласында туристік операторлық қызметті, туристік операторлық қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға | ҚР ТСМ | ҚР ТСМ |
44. | Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау, сондай-ақ кредиттер бойынша жетіспейтін кепілді қамтамасыз етуге кепілдік беру | Қаржылық | "Ішкі сауда субъектілеріне жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларын көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2024 жылғы 21 маусымдағы № 262-НҚ бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34543 болып тіркелді) | Ішкі сауда субъектілері | ҚР СИМ | "Даму" КДҚ" АҚ |
45. | Қабылданған халықаралық міндеттемелер шеңберінде өңдеуші өнеркәсіптің отандық тауарлары мен көрсетілетін қызметтерін, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтерді, өңдеу өнеркәсібінің отандық тауарлары мен көрсетілетін қызметтерінің тізбесін, сондай-ақ оларды сыртқы нарықтарға жылжыту жөніндегі шығындар ішінара өтелетін ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтерді ілгерілету жөніндегі өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу | Қаржылық | "Қабылданған халықаралық міндеттемелер шеңберінде өңдеуші өнеркәсіптің отандық тауарлары мен көрсетілетін қызметтерін, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтерді сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларын, өңдеуші өнеркәсіптің отандық тауарлары мен көрсетілетін қызметтерінің, сондай-ақ оларды сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша шығындары ішінара өтелетін ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушы 2022 жылғы 1 тамыздағы № 314-НҚ бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28994 болып тіркелді) | Өңдеу өнеркәсібі тауарларының және көрсетілетін қызметтердің отандық өндірушілері | ҚР СИМ | "QazTrade" сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ |
46. | Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігі тарапынан сақтандырылуға жататын өңдеу өнеркәсібінің отандық жоғары технологиялық тауарлары мен көрсетілетін қызметтерін шетелдік сатып алушыларға екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстанның Даму Банкінің, лизингтік қызметті жүзеге асыратын өзге де заңды тұлғалардың берілетін кредиттер және жасалатын лизингтік мәмілелер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауы | Қаржылық | Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 2022 жылғы 30 қыркүйектегі "Қабылданған халықаралық міндеттемелерді ескере отырып, Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігі тарапынан сақтандырылуға жататын өңдеу өнеркәсібінің отандық жоғары технологиялық тауарлары мен көрсетілетін қызметтерін шетелдік сатып алушыларға екінші деңгейдегі банктер, Қазақстанның Даму Банкі, лизингтік қызметті жүзеге асыратын өзге де заңды тұлғалар беретін кредиттер және жасайтын лизингтік мәмілелер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларын, Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігі тарапынан сақтандырылуға жататын өңдеу өнеркәсібінің отандық жоғары технологиялық тауарлары мен көрсетілетін қызметтерін шетелдік сатып алушыларға екінші деңгейдегі банктер, Қазақстанның Даму Банкі, лизингтік қызметті жүзеге асыратын өзге де заңды тұлғалар беретін кредиттер және жасайтын лизингтік мәмілелер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау мақсаттары үшін өңдеу өнеркәсібінің отандық жоғары технологиялық тауарлары мен көрсетілетін қызметтерінің тізбесін бекіту туралы" № 389-НҚ бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29930 болып тіркелді) | Өңдеу өнеркәсібі тауарларының және көрсетілетін қызметтердің отандық өндірушілері | ҚР СИМ | "Даму" КДҚ" АҚ |
47. | Экспорттық сауданы қаржыландыру, экспорт алдындағы қаржыландыру, сақтандыру, қайта сақтандыру, шикізаттық емес экспортты ілгерілету жөніндегі мәмілелерге кепілдік беру және субсидиялау | Қаржылық |
"Өнеркәсіптік саясат туралы" Қазақстан Республикасының Заңы; "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы; | Өңдеу өнеркәсібі тауарларының және көрсетілетін қызметтердің отандық өндірушілері | ҚР СИМ | "Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігі" АҚ |
48. | Әмбебап байланыс қызметтерін ұсыну бойынша ауылдық байланыс операторларының шығындарын субсидиялау | Қаржылық | "Ауылдық елді мекендерде көрсетілетін, субсидияланатын байланыстың әмбебап көрсетілетін қызметтеріне бағалардың шекті деңгейін реттеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы 20 қазандағы № 215 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14530 болып тіркелді) | Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес байланыстың әмбебап қызметтерін көрсету жөніндегі міндет жүктелген байланыс қызметтерін көрсететін байланыс операторы | ҚР ЦДИАӨМ | Телекоммуникация комитеті |
49. | Технологияларды коммерцияландыруға инновациялық грант беру | Қаржылық | "Технологияларды коммерцияландыруға инновациялық гранттар беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 365/НҚ бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21367 болып тіркелді) | Инновациялық қызмет субъектісі | ҚР ЦДИАӨМ | "QazInnovations" инновацияларды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі" АҚ |
50. | Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды технологиялық дамытуға инновациялық грант беру | Қаржылық | "Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды технологиялық дамытуға инновациялық гранттар беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 370/НҚ бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21380 болып тіркелді) | Заңды тұлға | ҚР ЦДИАӨМ | "QazInnovations" инновацияларды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі" АҚ |
51. | Саланы технологиялық дамытуға инновациялық грант беру | Қаржылық | "Салаларды технологиялық дамытуға инновациялық гранттар беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 364/НҚ бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21361 болып тіркелді) | Инновациялық жобаларды іске асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғалардың және (немесе) жай серіктестіктердің тобы | ҚР ЦДИАӨМ | "QazInnovations" инновацияларды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі" АҚ |
52. | Өңдеу өнеркәсібі жобаларын қаржыландыру | Қаржылық | Оператордың ішкі нормативтік құжаттары | Өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері, жобаларды, оның ішінде халықаралық өндірістік кооперация саласындағы бірлескен іс-қимыл бағдарламасына енгізілген жобаларды лизингтік қаржыландыру, жаңа өндірістер құру және қолданыстағы өндірістерді жаңғырту жөніндегі жобалар | ҚР ӨҚМ | "ӨДҚ" АҚ |
53. | Тұрғын үй құрылысы мақсаттары үшін екінші деңгейдегі банктердің жеке кәсіпкерлік субъектілеріне беретін кредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау | Қаржылық | "Тұрғын үй құрылысы мақсаттары үшін екінші деңгейдегі банктердің жеке кәсіпкерлік субъектілеріне беретін кредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 31 қаңтардағы № 35 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14765 болып тіркелді) | Жеке кәсіпкерлік субъектілері (жеке құрылыс салушылар) | ҚР ӨҚМ | "Қазақстан тұрғын үй компаниясы" АҚ |
54. | Қызметкерлердің құзыретін арттыруға жұмсалған шығындарды өтеу | Қаржылық | "Өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерінің еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 1 маусымдағы № 308 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28320 болып тіркелді) | Өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері | ҚР ӨҚМ | "QazIndustry" қазақстандық индустрия және экспорт орталығы" АҚ |
55. | Цифрлық технологияларды енгізуге жұмсалған шығындарды өтеу | Қаржылық | "Өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерінің еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 1 маусымдағы № 308 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28320 болып тіркелді) | Өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері | ҚР ӨҚМ | "QazIndustry" қазақстандық индустрия және экспорт орталығы" АҚ |
56. | Отандық өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ішкі нарықта ілгеріту бойынша өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері ығындарының бір бөлігін өтеу | Қаржылық | "Отандық өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ішкі нарыққа ілгерілетуге бағытталған өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 15 маусымдағы № 342 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28504 болып тіркелді) | Өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері | ҚР ӨҚМ | "QazIndustry" қазақстандық индустрия және экспорт орталығы" АҚ |
57. | Технологиялық процестерді жетілдіруге жұмсалған шығындарды өтеу | Қаржылық | "Өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерінің еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 1 маусымдағы № 308 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28320 болып тіркелді) | Өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері | ҚР ӨҚМ | "QazIndustry" қазақстандық индустрия және экспорт орталығы" АҚ |
58. | Өндірісті ұйымдастырудың тиімділігін арттыруға жұмсалған шығындарды өтеу | Қаржылық | "Өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерінің еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 1 маусымдағы № 308 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28320 болып тіркелді) | Өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері | ҚР ӨҚМ | "QazIndustry" қазақстандық индустрия және экспорт орталығы" АҚ |
59. | Өнеркәсіптік гранттар беру | Қаржылық | "Өнеркәсіптік гранттар беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 12 шілдедегі № 403 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28797 болып тіркелді) | Өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері | ҚР ӨҚМ | "QazIndustry" қазақстандық индустрия және экспорт орталығы" АҚ |
60. | Экспорттық (экспорт алдындағы) операцияларды қаржыландыру | Қаржылық | Оператордың ішкі нормативтік құжаттары | Орта және ірі кәсіпкерлік субъектілері | ҚР ӨҚМ | "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ |
61. | Өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарын үлестік және мезониндік қаржыландыру | Қаржылық | Оператордың ішкі нормативтік құжаттары | Жеке кәсіпкерлік субъектілері | ҚР ӨҚМ | "Qazaqstan Investment Corporation" АҚ |
62. | Шағын өнеркәсіптік аймақтарды құру | Қаржылық | Оператордың ішкі нормативтік құжаттары | ӘКК | ҚР ӨҚМ | "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ |
63. | Инвестициялық жобаларды қаржыландыру (оның ішінде бірлесіп қаржыландыру, синдикатталған, мезониндік, жобалық қаржыландыру, банктік кепілдіктер, кепілгерліктер және үшінші тұлғалар үшін өзге де міндеттемелер беру) | Қаржылық | Оператордың ішкі нормативтік құжаттары | Орта және ірі кәсіпкерлік субъектілері | ҚР ӨҚМ, ҚР ТСМ | "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ |
64. | Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау | Қаржылық | "Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру жөніндегі көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 маусымдағы № 6-3/597 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12714 болып тіркелді) | Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер немесе ауыл шаруашылығы кооперативтері | ҚР СРИМ | ЖАО |
65. | Суарудың су үнемдейтін технологияларын енгізуге бағытталған инвестициялық салымдар кезінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушінің шеккен шығыстарының бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау | Қаржылық | "Инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 23 шілдедегі № 317 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17320 болып тіркелді) | Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер | ҚР СРИМ | ЖАО |
66. | Вагондар мен локомотивтерді сатып алуға кредит беру және қаржы лизингі кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау | Қаржылық | "Вагондар мен локомотивтерді сатып алуға кредит беру және қаржы лизингі кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 16 маусымдағы № 497 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14002 болып тіркелді) | Жеке кәсіпкерлік субъектілері | ҚР КТ | ҚР КМ, "ӨДҚ" АҚ, ЕБД |
67. | Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушының шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялау | Қаржылық | "Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушының шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы №166 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11540 болып тіркелді) | Жеке кәсіпкерлік субъектілері | ҚР КТ | ҚР КТ |
68. | Тұрақты авиатасымалдарды субсидиялау | Қаржылық | "Авиамаршруттарды субсидиялау қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1511 Қаулысы | Жеке кәсіпкерлік субъектілері | ҚР КТ | Азаматты авиация комитеті, ЖАО |
69. | Басымдығы бар халықаралық авиамаршруттар үшін авиациялық отынды субсидиялау | Қаржылық | "Басымдығы бар халықаралық авиамаршруттар үшін авиациялық отынды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 10 қыркүйектегі № 675 қаулысы | Жеке кәсіпкерлік субъектілері | ҚР КТ | "ҚазМунайГаз- Аэро" ЖШС |
70. | Жылына екі жүз мың жолаушыдан аз жолаушылар легімен операциялық шығындарды жабу үшін кірістердің жеткілікті деңгейін қамтамасыз етпейтін коммуналдық меншіктегі әуежайларды субсидиялау | Қаржылық | "Жылына екі жүз мың жолаушыдан аз жолаушылар легімен операциялық шығындарды жабу үшін кірістердің жеткілікті деңгейін қамтамасыз етпейтін коммуналдық меншіктегі әуежайларды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 31 наурыздағы № 202 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32218 болып тіркелді) | Жеке кәсіпкерлік субъектілері | ҚР КТ | ЖАО |
71. | Магистральдық теміржол желісін және теміржол көлігінің жылжымалы құрамын дамыту мақсатында шығарылған тасымалдаушының облигациялары бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау | Қаржылық | "Магистральдық теміржол желісін және теміржол көлігінің жылжымалы құрамын дамыту мақсатында шығарылған тасымалдаушы облигациялары бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 27 наурыздағы № 158 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20185 болып тіркелді) | Жеке кәсіпкерлік субъектілері | ҚР КТ | "Қазақстан темір жолы" ҰК |
72. | "Қазақстанда жасалған" бағдарламасы | Қаржылық | Оператордың ішкі нормативтік құжаттары | АӨК субъектілері | "Бәйтерек"ҰБХ" АҚ | "ҚазАгроҚаржы" АҚ |
73. | "АгроБизнес" кредит беру бағдарламасы | Қаржылық | Оператордың ішкі нормативтік құжаттары | АӨК субъектілері | "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ | "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ |
74. | "Іскер" кредит беру бағдарламасы | Қаржылық | Оператордың ішкі нормативтік құжаттары | АӨК субъектілері | "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ | "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ |
75. | "Нарықтық шарттардағы Лизинг" бағдарламасы | Қаржылық | Оператордың ішкі нормативтік құжаттары | АӨК субъектілері | "ҚазАгроҚаржы" АҚ | "ҚазАгроҚаржы" АҚ |
76. | "Жеңілдікті лизинг" бағдарламасы | Қаржылық | "Қоршаған ортаның жай-күйін жақсартуға бағытталған өңдеу саласындағы жобаларды одан әрі қаржыландыру үшін дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке және (немесе) ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұйымды өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторының қаржыландыруы қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 2 қыркүйектегі №604 қаулысы. | АӨК субъектілері | Өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелерінің операторы | "ҚазАгроҚаржы" АҚ |
77. | Автомобильдер мен арнайы техниканы жаңартуға/жаңғыртуға лизингтік қаржыландыру; ауыл шаруашылығы техникасы мен автобустар паркін жаңарту (жаңа қаржыландыру жоқ, револьверлік қаржыландыру) | Мүліктік | Оператордың ішкі нормативтік құжаттары | Өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері, мемлекеттік мекемелер, жергілікті, орталық және мемлекеттік атқарушы органдар, мекемелер, шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындар және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорындары, мемлекеттің жарғылық капиталға жүз пайыз қатысуымен, өкілеттіктерді жүзеге асыратын автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық оператор. | ҚР ӨҚМ | "ӨДҚ" АҚ |
78. | Жүк тасымалына қатысатын автокөлік құралдарының паркін жаңартуға лизингтік қаржыландыру. | Мүліктік | Оператордың ішкі нормативтік құжаттары | Өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері, мемлекеттік мекемелер, жергілікті, орталық және мемлекеттік атқарушы органдар, мекемелер, шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындар және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорындары, мемлекеттің жарғылық капиталға жүз пайыз қатысуымен, өкілеттіктерді жүзеге асыратын автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық оператор. | ҚР ӨҚМ | "ӨДҚ" АҚ |
79. | Ауыл шаруашылығы техникасын қоспағанда, автокөлік құралдарына, арнайы мақсаттағы автотехникаға лизингтік қаржыландыру | Мүліктік | Оператордың ішкі нормативтік құжаттары | Өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері, мемлекеттік мекемелер, жергілікті, орталық және мемлекеттік атқарушы органдар, мекемелер, шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындар және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорындары, мемлекеттің жарғылық капиталға жүз пайыз қатысуымен, өкілеттіктерді жүзеге асыратын автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық оператор. | ҚР ӨҚМ | "ӨДҚ" АҚ |
80. | "Кәсіпке бағыт" | Қаржылық емес | "Жеке кәсіпкерлік субъектілерін бірнеше салалық мемлекеттік органның құзыретіне жататын экономиканың әр түрлі салаларында ұсынылатын мемлекеттік қаржылай емес қолдау тәртібін, нысандарын және оларға қолдау көрсетуге қажетті басқа да шарттарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 5 тамыздағы № 626 қаулысы | Жеке кәсіпкерлік субъектілері және кәсіпкерлік бастамасы бар халық | ҚР ҰЭМ | "Атамекен" ҰКП |
81. | "Кәсіпкер әйел" | Қаржылық емес | "Жеке кәсіпкерлік субъектілерін бірнеше салалық мемлекеттік органның құзыретіне жататын экономиканың әр түрлі салаларында ұсынылатын мемлекеттік қаржылай емес қолдау тәртібін, нысандарын және оларға қолдау көрсетуге қажетті басқа да шарттарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 5 тамыздағы № 626 қаулысы | Жеке кәсіпкерлік субъектілері және кәсіпкерлік бастамасы бар халық | ҚР ҰЭМ | "Атамекен" ҰКП |
82. | "Бір ауыл – бір өнім" жобасы | Қаржылық емес | "Жеке кәсіпкерлік субъектілерін бірнеше салалық мемлекеттік органның құзыретіне жататын экономиканың әр түрлі салаларында ұсынылатын мемлекеттік қаржылай емес қолдау тәртібін, нысандарын және оларға қолдау көрсетуге қажетті басқа да шарттарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 5 тамыздағы № 626 қаулысы | Жергілікті және жергілікті ресурстардан өнім/тауар өндіретін жеке кәсіпкерлік субъектілері және кәсіпкерлік бастамасы бар халық | ҚР ҰЭМ | "Атамекен" ҰКП |
83. | Кәсіпкерлер мен кәсіпкерлік бастамасы бар халықты ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету | Қаржылық емес | "Жеке кәсіпкерлік субъектілерін бірнеше салалық мемлекеттік органның құзыретіне жататын экономиканың әр түрлі салаларында ұсынылатын мемлекеттік қаржылай емес қолдау тәртібін, нысандарын және оларға қолдау көрсетуге қажетті басқа да шарттарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 5 тамыздағы № 626 қаулысы | Жеке кәсіпкерлік субъектілері және кәсіпкерлік бастамасы бар халық | ҚР ҰЭМ | "Атамекен" ҰКП |
84. | Кәсіпкерлік қызметті жүргізуге сервистік қолдау көрсету | Қаржылық емес | "Жеке кәсіпкерлік субъектілерін бірнеше салалық мемлекеттік органның құзыретіне жататын экономиканың әр түрлі салаларында ұсынылатын мемлекеттік қаржылай емес қолдау тәртібін, нысандарын және оларға қолдау көрсетуге қажетті басқа да шарттарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 5 тамыздағы № 626 қаулысы | Жеке кәсіпкерлік субъектілері және кәсіпкерлік бастамасы бар халық | ҚР ҰЭМ | "Атамекен" ҰКП |
85. | Іскерлік байланыстар | Қаржылық емес | "Жеке кәсіпкерлік субъектілерін бірнеше салалық мемлекеттік органның құзыретіне жататын экономиканың әр түрлі салаларында ұсынылатын мемлекеттік қаржылай емес қолдау тәртібін, нысандарын және оларға қолдау көрсетуге қажетті басқа да шарттарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 5 тамыздағы № 626 қаулысы | Қабылдаушы тараптың салалық мүмкіндіктеріне сәйкес келетін және жылдық орташа табысы 10000 АЕК-тен кем емес ШОК субъектілерінің жоғары буын басшылары | ҚР ҰЭМ | "Атамекен" ҰКП |
86. | Сарапшылар қызметі | Қаржылық емес | "Жеке кәсіпкерлік субъектілерін бірнеше салалық мемлекеттік органның құзыретіне жататын экономиканың әр түрлі салаларында ұсынылатын мемлекеттік қаржылай емес қолдау тәртібін, нысандарын және оларға қолдау көрсетуге қажетті басқа да шарттарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 5 тамыздағы № 626 қаулысы | Жеке кәсіпкерлік субъектілері | ҚР ҰЭМ | "Атамекен" ҰКП |
87. | Қазақстан Республикасының шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі Еуропалық қайта құру және даму банкінің іскерлік консультациялық қызметтер бағдарламасы | Қаржылық емес | "Жеке кәсіпкерлік субъектілерін бірнеше салалық мемлекеттік органның құзыретіне жататын экономиканың әр түрлі салаларында ұсынылатын мемлекеттік қаржылай емес қолдау тәртібін, нысандарын және оларға қолдау көрсетуге қажетті басқа да шарттарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 5 тамыздағы № 626 қаулысы | Жеке кәсіпкерлік субъектілері | ҚР ҰЭМ | ЕҚДБ |
88. | Кәсіпкерлік негіздеріне оқыту | Қаржылық емес | "Кәсіпкерлік бастамаға жәрдемдесу жөніндегі шараларды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 272 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32956 болып тіркелді) | Халық | ҚР Еңбекмині | ҚР Еңбекмині |
89. | "Парыз" бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бойынша конкурс | Қаржылық емес | "Парыз" бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі конкурс туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 523 Жарлығы | Кәсіпкерліктің әлеуметтік субъектілері | ҚР Еңбекмині | "Business Protocol Solutions" ЖШС |
90. | Стартап-жобаларды дамытуға арналған акселерациялық және инкубациялық бағдарламалар | Қаржылық емес | "Астана Хаб" халықаралық технологиялық паркі қызметінің қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 26 қыркүйектегі № 415 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17437 болып тіркелді) | Жеке кәсіпкерлік субъектілері | ҚР ЦДИАӨМ | "Astana Hub" IT-стартаптардың халықаралық технопаркі |
91. | Сыртқы нарықтарға ілгерілету мақсатында өңдеу өнерскәсібі отандық кәсіпорындарының экспорттық әлеуетін диагностикалау (Экспорттық акселерация бағдарламасы) | Қаржылық емес |
Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 27 желтоқсандағы "Өнеркәсіптік саясат туралы" № 86-VII Заңы | Өңдеу өнеркәсібі тауарларының және көрсетілетін қызметтердің отандық өндірушілері | ҚР СИМ | "QazTrade" сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ |
92. | Сауда миссияларын ұйымдастыру және өткізу, көрме-жәрмеңке қызметін жүзеге асыру, отандық өндірушілердің тауар белгілерін шетелде ілгерілету және қазақстандық өндірушілердің шетелде ұлттық стендтерін ұйымдастыру | Қаржылық емес |
Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 27 желтоқсандағы "Өнеркәсіптік саясат туралы" № 86-VII Заңы | Өңдеу өнеркәсібі тауарларының және көрсетілетін қызметтердің отандық өндірушілері | ҚР СИМ | "QazTrade" сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ |
93. | Отандық өндірушілер және олардың тауарлары, көрсетілетін қызметтері туралы ақпаратты шетелде тұрақты негізде орналастыру арқылы әлеуетті шетелдік сатып алушылардың хабардар болуын арттыру | Қаржылық емес | Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 27 желтоқсандағы "Өнеркәсіптік саясат туралы" № 86-VII Заңы (43-бап) | Өңдеу өнеркәсібі тауарларының және көрсетілетін қызметтердің отандық өндірушілері | ҚР СИМ | "QazTrade" сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ |
94. | Өңдеу өнеркәсібінің отандық тауарлары мен көрсетілетін қызметтерінің экспортын дамыту және ілгерілету мәселелері бойынша ақпараттық және талдамалық қолдау көрсету | Қаржылық емес | Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 27 желтоқсандағы "Өнеркәсіптік саясат туралы" № 86-VII Заңы (43-бап) | Өңдеу өнеркәсібі тауарларының және көрсетілетін қызметтердің отандық өндірушілері | ҚР СИМ | "QazTrade" сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ |
95. | Қазақстан Республикасы Президентінің "Алтын сапа" сыйлығын алуға конкурс ұйымдастыру және өткізу | Қаржылық емес |
"Қазақстан Республикасының Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңы; | ЖК және Қазақстан Республикасының аумағында тауарлар өндірумен, қызметтер көрсетумен (қару-жарақ пен әскери техника өндірісін қоспағанда) айналысатын заңды тұлғалар | ҚР СИМ | "Атамекен" ҰКП |
96. | "Қазақстанның үздік тауары" көрме-конкурсын ұйымдастыру және өткізу | Қаржылық емес |
"Қазақстан Республикасының Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңы; |
ЖК немесе талаптарды қанағаттандыратын заңды тұлға: | ҚР СИМ | "Атамекен" ҰКП |
97. | Мемлекеттік заттай грант | Қаржылық | "Инвестициялық преференциялар беруге өтінімді қабылдау, тіркеу және қарау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 желтоқсандағы №1281 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12780 болып тіркелді) | Заңды тұлғалар | ҚР СІМ | "Kazakh Invest" ұлттық компаниясы" АҚ |
98. | Инвесторларды сервистік қолдау | Қаржылық емес | "Инвесторлар үшін "бір терезені" ұйымдастыру қағидаларын, сондай-ақ инвестициялар тарту кезінде өзара іс-қимыл жасау тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2023 жылғы 26 маусымдағы № 11-1-4/327 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32910 болып тіркелді) | Қазақстан Республикасында инвестицияларды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар | ҚР СІМ | "Kazakh Invest" ұлттық компаниясы" АҚ |
99. | АӨК субъектілерін ақпараттық-консультациялық қызметтермен қамтуды ұлғайту мақсатында ақпараттық-талдамалық интернет-портал мен Call-орталықты ілгерілету арқылы білім беру құралдарын дамыту | Қаржылық емес | "Мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен агроөнеркәсіптік кешенді қолдаудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 шілдедегі № 645 қаулысы | Ауыл шаруашылығы қызметін жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілері | ҚР АШМ | "Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы" КЕАҚ |
100. | Бейнероликтер, анимациялық фильмдер, ақпараттық-графикалық материалдар жасау арқылы АӨК бағыттары бойынша білім базасын құру, жаңарту және толықтыру (тәжірибені капиталдандыру) | Қаржылық емес | Оператордың ішкі нормативтік құжаттары | Ауыл шаруашылығы қызметін жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілері | ҚР АШМ | "Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы" КЕАҚ |
101. | АӨК субъектісінің проблемасы бойынша отандық және шетелдік консультанттардың консультациялар өткізуі | Қаржылық емес | "Мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен агроөнеркәсіптік кешенді қолдаудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 шілдедегі № 645 қаулысы | Ауыл шаруашылығы қызметін жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілері | ҚР АШМ | "Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы" КЕАҚ |
102. | Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту мәселелері бойынша отандық және шетелдік консультанттардың оқыту семинарларын өткізуі | Қаржылық емес | "Мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен агроөнеркәсіптік кешенді қолдаудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 шілдедегі № 645 қаулысы; "Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2021 – 2030 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 желтоқсандағы № 960 қаулысы. | Ауыл шаруашылығы қызметін жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілері | ҚР АШМ | "Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы" КЕАҚ |
103. | Отандық сарапшылардың өкілдерін тарта отырып, онлайн-форматта вебинарлар өткізу | Қаржылық емес | "Мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен агроөнеркәсіптік кешенді қолдаудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 шілдедегі № 645 қаулысы | АӨК субъектілері | ҚР АШМ | "Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы" КЕАҚ |
104. | Қазақстанның бәсекеге қабілетті медициналық туристік өнімдерінің тізбесін айқындай отырып, маркетингтік талдау жүргізу | Қаржылық емес | "Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 28 наурыздағы № 262 қаулысы | Жеке кәсіпкерлік субъектілері | ҚР ТСМ | "Kazakh Tourism" ұлттық компаниясы" АҚ және БҰҰДБ |
105. | Туризм индустриясындағы үздік тәжірибелер, туристік облыстардың сервис стандарттары туралы курорттық ұйымдардың басшыларына семинарлар өткізу | Қаржылық емес | Оператордың ішкі нормативтік құжаттары | Курорттық ұйымдардың басшылары | ҚР ТСМ | ЖАО |
106. | Қонақ үйлердің жанында оқу сыныптарын (орталықтарын) құру арқылы туристік кәсіптер бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды іске асыру бойынша өңірдің қонақ үй бизнесі өкілдерімен жұмыс | Қаржылық емес | Оператордың ішкі нормативтік құжаттары | Қонақ үй бизнесінің өкілдері | ҚР ТСМ | ЖАО |
107. | Тұрақты және экологиялық туризмді дамыту мәселелері бойынша ҮЗДІК-10 және ЕҚТА-да әкімдіктер мен бизнес үшін UNDP семинарлары мен тренингтерін өткізу | Қаржылық емес | "Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 28 наурыздағы № 262 қаулысы | Жеке кәсіпкерлік субъектілері | ҚР ТСМ | "Kazakh Tourism" ұлттық компаниясы" АҚ және БҰҰДБ |
108. | Кемпинг әкімшілерін, туристік көлікке қызмет көрсететін мамандарды (автоүйлер, тұрғын туристік тіркемелер) оқыту | Қаржылық емес | "Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 28 наурыздағы № 262 қаулысы | Кемпинг әкімшілері, туристік көлікке қызмет көрсететін мамандар | ҚР ТСМ | "Kazakh Tourism" ұлттық компаниясы" АҚ және БҰҰДБ |
109. | Жаңа білім мен дағдыларды үйрету мақсатында гидтерге, экскурсоводтарға, қонақ үй бизнесі қызметкерлеріне және т.б. арналған семинарлар мен шеберлік сыныптарын өткізу | Қаржылық емес | "Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 28 наурыздағы № 262 қаулысы | Гидтер, экскурсоводтар, қонақ үй бизнесінің қызметкерлері үшін | ҚР ТСМ | "Kazakh Tourism" ұлттық компаниясы" АҚ және БҰҰДБ |
110. | Шағын және орта кәсіпкерліктің топ-менеджментін оқыту | Қаржылық емес | "Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 28 наурыздағы № 262 қаулысы | ШОК топ-менеджменті | ҚР ТСМ | "Kazakh Tourism" ұлттық компаниясы" АҚ және БҰҰДБ |
111. | Туристік компаниялар мен орналастыру орындарының басшылары үшін туризм саласындағы біліктілікті арттыру бойынша тренингтер мен курстар түріндегі оқыту жүйесі | Қаржылық емес | "Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 28 наурыздағы № 262 қаулысы | Жеке кәсіпкерлік субъектілері | ҚР ТСМ | "Kazakh Tourism" ұлттық компаниясы" АҚ және БҰҰДБ |
112. | Онлайн ішкі туризм академиясы | Қаржылық емес | "Kazakh Tourism" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының 2022 – 2031 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 29 желтоқсандағы № 948 қаулысы | Жеке кәсіпкерлік субъектілері, туристерге қызмет көрсетуге мүдделі халық | ҚР ТСМ | "Kazakh Tourism" ұлттық компаниясы" АҚ |
113. | "Сапа белгісі" бағдарламасын ілгерілету шеңберінде туристік қызметтердің сапасын арттыру мақсатында оқыту сессияларын өткізу | Қаржылық емес | "Kazakh Tourism" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының 2022 – 2031 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 29 желтоқсандағы № 948 қаулысы |
Туроператорлар; | ҚР ТСМ | "Kazakh Tourism" ұлттық компаниясы" АҚ |
114. | Қонақ үйлердің қызметін ашу және жүргізу бойынша тренингтер | Қаржылық емес | "Kazakh Tourism" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының 2022 – 2031 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 29 желтоқсандағы № 948 қаулысы | Туризмді дамыту әлеуеті бар ауылдық жерлердегі бизнес субъектілері, ауыл тұрғындары | ҚР ТСМ | "Kazakh Tourism" ұлттық компаниясы" АҚ |
115. | Агротуризм бойынша кіріспе курстар | Қаржылық емес | "Kazakh Tourism" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының 2022 – 2031 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 29 желтоқсандағы № 948 қаулысы | Туризмді дамыту әлеуеті бар ауылдық жерлердегі бизнес субъектілері, ауыл тұрғындары | ҚР ТСМ | "Kazakh Tourism" ұлттық компаниясы" АҚ |
116. | Жасыл технологиялар мен жобалардың тізілімі | Қаржылық емес | Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі | Жеке және заңды тұлғалар, мемлекет, мемлекеттік органдар және лауазымды тұлғалар | ҚР ЭТРМ | "Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы" КЕАҚ |
117. | Қоршаған ортаны қорғау саласындағы біліктілікті арттыру бойынша оқыту семинарлары | Қаржылық емес | Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі | Жеке және заңды тұлғалар, мемлекет, мемлекеттік органдар және лауазымды тұлғалар | ҚР ЭТРМ | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК |
Ескертпе: аббревиатуралардың таратылып жазылуы:
АЕК – айлық есептік көрсеткіш; |
АҚ – акционерлік қоғам; |
"Атамекен" ҰКП– Қазақстан Республикасының "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы; |
АӨК – агроөнеркәсіптік кешен; |
ӘКК – Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар; |
"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ – "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамы; |
БҰҰДБ – Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы; |
"Даму" КДҚ" АҚ – "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы; |
ЕДБ – екінші деңгейдегі банк; |
ЕҚДБ – Еуропалық қайта құру және даму банкі; |
ЕҚТА – ерекше қорғалатын табиғи аумақтар; |
ЖАО – жергілікті атқарушы орган; |
ЖК – жеке кәсіпкер; |
ЖШС – жауапкершілігі шектеулі серіктестік; |
"Kazakh Tourism" ҰК" АҚ – "Kazakh Tourism" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы; |
КЕАҚ – коммерциялық емес акционерлік қоғам; |
ҚР АШМ – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі; |
ҚР Еңбекмині – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі; |
ҚР КМ – Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі; |
ҚР СИМ – Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі; |
ҚР СРИМ – Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі. |
ҚР СІМ – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі; |
ҚР ӨҚМ – Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі; |
ҚР ТСМ – Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі; |
ҚР ҰЭМ – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі; |
ҚР ЦДИАӨМ – Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі; |
ҚР ЭТРМ – Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі; |
"ӨДҚ" АҚ – "Өнеркәсіпті дамыту қоры" акционерлік қоғамы; |
ШЖҚ РМК – Шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын; |
ШОК – шағын және орта кәсіпкерлік; |
UNDP – United Nations Development Programme. |
бұйрыққа 2-қосымша |
Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шаралары тізілімін қалыптастыру, жүргізу және өзектілендіру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларының тізілімін қалыптастыру, жүргізу және өзектілендіру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 99-бабының 2-7) тармақшасына сәйкес әзірленді және жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларының тізілімін қалыптастыру, жүргізу және өзектілендіру тәртібін айқындайды.
2. Қағидаларда келесі ұғымдар қолданылады:
1) базалық өлшемшарттар – бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды айқындауға бағытталған еңбекақы төлеу қоры көлемінің өсуіне/азаюына жол бермеу және салық шегерімдері көлемін ұлғайтуға/төмендетуге жол бермеу түріндегі тиісті нормативтік құқықтық актілерде көзделген міндеттемелер;
2) "Бизнестің цифрлық картасы" – кәсіпкерлік субъектілері туралы мәліметтер негізінде "электрондық үкімет" ақпараттық-коммуникациялық платформасында іске асырылған ақпараттық-талдамалық модуль;
3) бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган – республикалық бюджеттің және өз құзыреті шегінде жергілікті бюджеттердің, Жәбірленушілерге өтемақы қорының, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің есебі негізінде бюджеттің атқарылуы, бухгалтерлік есепті, бюджеттік есепті және бюджеттік есептілікті жүргізу саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
4) жеке кәсіпкерлік субъектілері – кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын азаматтар, қандастар және мемлекеттік емес коммерциялық заңды тұлғалар;
5) жеке кәсіпкерлік субъектілерін және кәсіпкерлік бастамасы бар халықты мемлекеттік қолдау шарасы – Қазақстан Республикасында жеке кәсiпкерлiктi дамытуға және кәсiпкерлiк бастамаларды жүзеге асыру үшiн қолайлы құқықтық және экономикалық жағдайлар жасауға бағытталған мемлекеттiк ынталандыру құралы;
6) Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларының тізілімі (бұдан әрі – Тізілім) – Кодексте регламенттелген қаржылық, мүліктік, қаржылық емес қолдау құралдарының тізбесі;
7) кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган – жеке кәсіпкерлікті дамыту және қолдау саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы;
8) қарсы міндеттемелер – тиісті нормативтік құқықтық актілерде көзделген мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну кезінде кәсіпкерлік субъектісі мен мемлекеттің өзара қабылдайтын міндеттемелері;
9) мемлекеттік қолдау шараларын алушылар – жеке кәсіпкерлік субъектілері және кәсіпкерлік бастамасы бар халық;
10) мемлекеттік қолдау шараларының операторы (бұдан әрі – Оператор) – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген және (немесе) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша, сондай-ақ азаматтық-құқықтық қатынастар шеңберінде құрылған кәсіпкерлік саласында мемлекеттік қолдау шараларын іске асыратын заңды тұлға, филиал немесе өкілдік, бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын, өтеусіз және қайтарымсыз негізде субсидияларды нақты алушыларды қаржыландыруға уәкілетті агроөнеркәсіптік кешен мен ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу саласындағы жергілікті атқарушы органдар (әкімдіктер), "Агроөнеркәсіптік кешенді мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен қолдаудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 шілдедегі № 645 қаулысына сәйкес мамандандырылған ұйымдар;
11) салалық мемлекеттік органдар – тиісті мемлекеттік басқару саласында (аясында) басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органдар.
3. Тізілімді жүргізудің мақсаты жеке кәсіпкерлік субъектілерін және кәсіпкерлік бастамасы бар халықты қолданыстағы мемлекеттік қолдау шаралары туралы толық және шынайы ақпаратпен қамтамасыз ету болып табылады.
4. Тізілімді кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітеді және оның интернет-ресурсында және "Бизнестің цифрлық картасы" платформасында орналастырылады.
2-тарау. Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларының тізілімін қалыптастыру тәртібі
5. Тізілімді қалыптастыруды кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.
6. Тізілімде мынадай мәліметтер қамтылады:
1) жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шарасының атауы;
2) жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шарасының сипаты;
3) жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шарасын ұсыну тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық актінің атауы;
4) мемлекеттік қолдау шарасын алушылар;
5) жауапты мемлекеттік орган;
6) мемлекеттік қолдау операторы.
7. Салалық мемлекеттік органдар кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органға мыналарды ұсынады:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Тізілімге мемлекеттік қолдау шарасын енгізу/алып тастау туралы өтінім (бұдан әрі – Өтінім) және осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қолдау шаралары бойынша стандартталған паспорт (бұдан әрі – Стандартталған паспорт);
2) 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін бекітілген Тізілімге енгізілген қолданыстағы мемлекеттік қолдау шаралары бойынша стандартталған паспорт.
8. Салалық мемлекеттік орган осы Қағидаларға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес Өтінім мен Стандартталған паспортты мемлекеттік қолдау шараларының жеке кәсіпкерлікті қаржылық және мүліктік қолдау шараларының тізбесіне және Кодекстің 94 және 96-баптарында көзделген қаржылық емес қолдаудың ерекшеліктеріне сәйкестігін, сондай-ақ ұсынылатын мәліметтердің толықтығы мен дәйектілігін қамтамасыз ете отырып қалыптастырады.
Салалық мемлекеттік орган жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шарасын ұсыну тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық актіні әзірлеу және оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде оны бюджеттің атқарылуы жөніндегі уәкілетті органға келісуге жолдайды және мемлекеттік қолдаудың екі деңгейлі жүйесін енгізуді, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің өтінімдері туралы мәліметтерді бірінші деңгей жүйесіне беруді және бюджеттің атқарылуы жөніндегі уәкілетті орган айқындаған тіркеуші тарапынан дербес деректерді жинауға, өңдеуге, сақтауға, жүктеуге және пайдалануға жеке кәсіпкерлік субъектісінің келісімін алуды қамтамасыз етеді.
Осы Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген базалық өлшемшарттар мен қарсы міндеттемелер агроөнеркәсіптік кешен саласындағы тиісті нормативтік құқықтық актіде болмаған жағдайда аталған мәліметтерді ұсыну талап етілмейді.
Осы Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілмеген базалық өлшемшарттар немесе қарсы міндеттемелер болған жағдайда, бірақ агроөнеркәсіптік кешен саласындағы тиісті нормативтік құқықтық актіде көзделсе, мұндай мәліметтер Осы Қағидаларға 2-қосымшадағы "Басқа да мәліметтер" бағанында көрсетіледі.
9. Кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган салалық мемлекеттік органдардан алынған Өтінім мен Стандартталған паспортты мәліметтердің толықтығы мен шынайылығын тексеру үшін 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарайды.
10. Кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган Өтінім мен Стандартталған паспорттағы мәліметтердің толық еместігін анықтаған жағдайда салалық мемлекеттік органдар бұл құжаттарды ескертулер алынған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде пысықтайды.
11. Кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган салалық мемлекеттік органдардың ұсыныстары негізінде:
1) Тізілімді қалыптастырады, жүргізеді және жаңартады;
2) Тізілімге енгізілген мемлекеттік қолдау шаралары бойынша стандартталған паспортты "Бизнестің цифрлық картасы" платформасында орналастырады.
3-тарау. Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларының тізілімін жүргізу және өзектілендіру тәртібі
12. Салалық мемлекеттік органдар:
1) нормативтік құқықтық актілерде қамтылған, жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну тәртібін реттейтін мәліметтерге тұрақты түгендеу жүргізу арқылы Тізілімдегі мәліметтердің шынайылығы мен өзектілігін;
2) жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну тәртібін регламенттейтін нормативтік құқықтық актілерде қамтылған мәліметтер өзгерген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қолдау шараларын алып тастау/мемлекеттік қолдау шаралары бойынша мәліметтерді өзгерту туралы түзетілген Өтінімді және Стандартталған паспортты кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органға жолдауды қамтамасыз етеді.
13. Тізілімге өзгерістер және (немесе) толықтырулар мына:
1) реттеуші мемлекеттік органның және (немесе) оператордың функциялары мен құрылымының өзгеруі;
2) Президенттің және (немесе) Үкіметтің тапсырмаларын іске асыру қажеттілігі;
3) жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шарасын алып тастау жағдайында енгізілуі мүмкін.
Кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган жоғарыда көрсетілген жағдайларда Тізілімге өзгерістер және (немесе) толықтырулар дербес енгізеді және бұл туралы бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті органды хабардар етеді.
Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларының тізілімін қалыптастыру, жүргізу және өзектілендіру қағидаларына 1-қосымша |
нысан
Тізілімге мемлекеттік қолдау шарасын енгізу/алып тастау жөніндегі өтінім
№ | Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шарасының атауы | Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шарасының сипаты | Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шарасын ұсыну тәртібін регламенттейтін нормативтік құқықтық актінің атауы | Мемлекеттік қолдау шарасын алушылар | Жауапты мемлекеттік орган | Мемлекеттік қолдау операторы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларының тізілімін қалыптастыру, жүргізу және өзектілендіру қағидаларына 2-қосымша |
Нысан
Мемлекеттік қолдау шаралары бойынша стандартталған паспорт
Қолдау шарасының атауы | Мемлекеттік орган | Оператор | НҚА | Қолдау көрсету нысаны | Алушы | |||||||||
Қағаз түрінде | Электрондық нысанда | Кәсіпкерлік субъектісінің ұйымдық-құқықтық нысаны | Кәсіпкерлік түрі (әлеуметтік, әйелдер, жастар, отбасылық және т.б.) | Жынысы | Кәсіпкерлік субъектісінің санаты | Қағаз түрінде | Электрондық нысанда | ЭҚЖЖ коды | ЭҚЖЖ атауы | |||||
Қолдау көрсету жүйесі | Сілтеме |
кестенің жалғасы
Өтінімді қарау өлшемшарттары | Сұрау салуды қарау мерзімі | Нәтижені ұсыну тәсілі | Қолдау көлемі | Қаржыландыру көзі (ЕДБ, ЛК, МҚҰ, Оператор және т.б.) | Базалық өлшемшарттар | ||
Сомасы | Мерзімі | ЕҚТ көлемінің өсуіне/азаюына жол бермеу | салық шегерімдері көлемін ұлғайтуға/төмендетуге жол бермеу |
кестенің жалғасы
Қарсы міндеттемелер | |||||||||||||||||
ЕҚ | Сатып алынатын материалдардың мазмұны | Отандық тауарлар, жұмыстар және көрсетілетін қызметтерді сатып алу | Салықтар | Жұмыс орындары | Экспорт | Өнімді өткізу | Кіріс |
| |||||||||
Көлем | Мерзім | Көлем | Мерзім | Көлем | Мерзім | Көлем | Мерзім | Саны | Мерзім | Көлем | Мерзім | Көлем | Мерзім | Көлем | Мерзім |
кестенің жалғасы
Мониторинг | Шағымдану тәртібі | |||||||||||
Түрі | Мерзімі | Нәтиже | Шағым адресаты | Өтініш берушінің дәлелдерін растайтын құжаттар | Шағымды қабылдау туралы құжат | Шағымды қарау мерзімі | Жоғары тұрған органға шағымдану (атауы) | Жоғары тұрған органдағы қарау мерзімі | Шағым беру орны | Жоғары тұрған органға шағымды беру мерзімі | Шағымды беруден бас тарту негіздері | Сотқа шағымдану құқығын растау |
кестенің жалғасы
Сотқа дейінгі тәртіп | Қаржы қаражатын қайтару | ||||
Хабарлама | Талап арыз | Сот шешімі | Қаржы қаражатын қайтару тәсілі | Қайтаруды растайтын құжаттың атауы мен нысаны | Қаржы қаражатын қайтару мерзімі |
Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларының тізілімін қалыптастыру, жүргізу және өзектілендіру қағидаларына 3-қосымша |
Нысан
Нысан бойынша мемлекеттік қолдау шараларын алып тастауға/мемлекеттік қолдау шаралары бойынша мәліметтерді өзгертуге арналған өтінім
№ | Қолдау шарасының атауы | Тізілімнің құрылымдық элементінің нөмірі | Қолданыстағы редакция | Жаңа редакция | Түсіндірме (көрсетуімен) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |