Мемлекет басшысының 2025 жылғы 5 желтоқсанда "Алтын сапа" және "Парыз" сыйлықтарының лауреаттарын, сондай-ақ "Қазақстанның үздік тауары" конкурсының жеңімпаздарын марапаттау рәсімінде айтылған Шағын бизнесті қолдаудың бірыңғай бағдарламасын шұғыл қабылдау туралы тапсырмасын орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі 94-бабының 3-тармағына және 96-бабының 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналар:
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидалары;
2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне қаржылай емес қолдау шараларын ұсыну қағидалары;
3) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне инфрақұрылымдық қолдау көрсету қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |
| Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 30 желтоқсандағы № 1176 қаулысына 1-қосымша |
Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидалары
1-бөлім. Жалпы ережелер
1. Осы Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 94-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және шағын бизнес субъектілерінің жобалары бойынша субсидия беру тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидалар шеңберінде кредиттер/лизингтік мәмілелер бойынша сыйақы мөлшерлемесінің/тауарларға үстемеақының және жалдау төлемінің бір бөлігін субсидиялау түрінде қолдау көрсетіледі.
3. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) банк-төлем агенті – лизинг компаниясының қаржы агенттігімен келісілген және лизинг компаниясының жобалар бойынша субсидияларды аударуға және есептен шығаруға арналған арнайы шотын жүргізу жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын уәкілетті банкі;
2) бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган – бюджетті атқару, республикалық бюджеттің және өз құзыреті шегінде жергілікті бюджеттердің, бюджеттен тыс қорлардың атқарылуы бойынша бухгалтерлік есепке алуды, бюджеттік есепке алу мен бюджеттік есептілікті жүргізу саласында басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
3) жобаны іске асыру – кәсіпкер жүзеге асыратын және қаржы институтының шешімінде айқындалған мақсаттар мен шарттарға қол жеткізуге бағытталған іс-қимылдар мен іс-шаралар жиынтығы, оның ішінде шығатын тауардың бар-жоғы, қызметтер көрсету, лизинг нысанасын пайдалану; негізгі құралдарды сатып алуға және (немесе) салуға және (немесе) жаңғыртуға және (немесе) реконструкциялауға және (немесе) күрделі жөндеуге мақұлданған жобалар бойынша – қаржы институтының шешіміне сәйкес кәсіпкердің мәлімделген қызметті жүзеге асыруы және объектіні пайдалануға қабылдау актісінің болуы;
4) кәсіпкер – Кодекске сәйкес айқындалатын және жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік субъектісі мәртебесіне ие шағын және микрокәсіпкерлік субъектісі, оның ішінде "Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ауыл шаруашылығы кооперативтері болып табылатын заңды тұлғалар;
5) қаржы агенттігі – "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Қор);
6) қаржы агенттігінің уәкілетті органы – қызметін өзіне қаржы агенттігінің жарғысымен, қаржы агенттігінің кредиттік саясатымен берілген және қаржы агенттігінің ішкі құжаттарында бекітілген өкілеттіктер шеңберінде жүзеге асыратын, тұрақты жұмыс істейтін алқалы орган;
7) қаржы институты – екінші деңгейдегі банк/лизинг компаниясы/ислам банкі/ислам лизинг компаниясы;
8) кредитті/лизингтік мәмілені/қаржыландыруды (бұдан әрі – қаржы құралы) мақсатқа сай пайдалану – банктік қарыз шарты/қаржы лизингі шарты/қаржыландыру шарты/ислам лизингі шарты (бұдан әрі – шарт) бойынша алынған қаржы құралын кәсіпкердің осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келетін мақсаттарға пайдалануы (қаржы құралын мақсатқа сай пайдалану кәсіпкердің төлем жүргізгенін, активті/жұмыстарды/көрсетілетін қызметтерді толық көлемде алғанын және пайдаланғанын және (немесе) осы Қағидалардың талаптарына сәйкес басқа да мақсаттарға қол жеткізгенін растайтын тиісті құжаттар жиынтығымен расталады);
9) Қордың уәкілетті органы – қаржы агенттігінің тұрақты жұмыс істейтін, қаржы агенттігінің уәкілетті органының құзыреті мен өкілеттіктеріне жатқызылған мәселелер бойынша шешім қабылдауға құқығы бар алқалы органы;
10) өңірлік үйлестіруші – кәсіпкерлік саласындағы жергілікті атқарушы органның облыс (астана, республикалық маңызы бар қалалар) әкімі айқындайтын құрылымдық бөлімшесі;
11) субсидиялар – субсидиялау шарты негізінде кәсіпкерлерді субсидиялау шеңберінде қаржы институтына қаржы агенттігі төлейтін өтеусіз және қайтарымсыз негіздегі мерзімді төлемдер;
11-1) субсидиялау шарты – қаржы агенттігі, қаржы институты және кәсіпкер арасында жасалатын үш жақты жазбаша келісім, оның талаптары бойынша қаржы агенттігі қаржы агенттігінің уәкілетті органы бекітетін нысан бойынша қаржы институты берген кәсіпкердің қаржы құралы бойынша сыйақы мөлшерлемесін ішінара субсидиялайды;
12) уәкілетті орган – Кодекстің 85-бабының 3-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ереженің 13-тармағының 17) тармақшасына сәйкес кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган.
Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 18.08.2026 № 729 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.4. Субсидиялау жергілікті және (немесе) республикалық бюджеттердің қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Бұл ретте республикалық бюджет қаражаты былайша бөлінеді:
1) бюджет қаражатының 70 %-ы осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген облыстарды, Алматы және Астана қалаларын қоспағанда, Қазақстан Республикасының барлық өңірлерінде іске асырылатын жобаларды субсидиялауға жіберіледі;
2) бюджет қаражатының 30 %-ы Абай, Ұлытау, Жетісу, Солтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарының әлеуметтік-экономикалық ерекшеліктері мен стратегиялық даму міндеттері ескеріліп оларда іске асырылатын жобаларды субсидиялауға жұмсалады.
Ұлытау, Абай, Жетісу, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстарында субсидиялауға бөлінген қаражат толық игерілмеген жағдайда пайдаланылмаған қаражатты қаржы агенттігінің уәкілетті органмен келісу бойынша көрсетілген облыстар арасында не қажеттілік пен жобаларды іске асыруға әзірлікті ескере отырып, Қазақстан Республикасының өзге де облыстарына қайта бөлуіне жол беріледі.
Республикалық бюджет есебінен субсидиялау үшін көзделген қаражатты уәкілетті орган қаржы агенттігінің арнайы шотына аударуға жасалатын шарт негізінде қаржы агенттігіне аударады.
Өңірлік үйлестіруші жергілікті бюджет есебінен субсидиялау үшін көзделген қаражатты қаржы агенттігінің уәкілетті органы бекітетін субсидиялауға қаражат аударуға жасалатын шарт негізінде қаржы агенттігінің арнайы шотына аударады.
Қаржы институты қаржы агенттігіне субсидия сомаларын аудару үшін ағымдағы шот ашады.
Заңды тұлғалардың банктік шоттарын ашуға және жүргізуге құқығы жоқ қаржы институттары қаржы агенттігімен келісу бойынша қаржы институты субсидия аудару үшін ағымдағы шот ашатын банк-төлем агентін айқындайды.
Қаражатты қайта бөлу осы Қағидаларды тиімді іске асыруды қамтамасыз ету және бюджет қаражатының игерілмеуіне жол бермеу мақсатында ғана жүзеге асырылады.
Республикалық бюджеттен субсидиялауға қаражат жеткіліксіз болған кезде өңірлік үйлестіруші жергілікті бюджет қаражаты есебінен субсидиялау үшін қосымша қаражат бөлуді қамтамасыз етеді.
5. Қаржы агенттігі субсидия алған жобалар бойынша тиімділіктің жалпы кешенді жылдық талдамалық есебін (бұдан әрі – есеп) қалыптастыру мақсатында есепті жылдан кейінгі жылдың шілдесінен кешіктірмей есеп нәтижелерін уәкілетті органға жібереді.
6. Уәкілетті орган қаржы агенттігімен жасалатын тиісті шарт негізінде оған республикалық бюджет қаражаты есебінен осы Қағидалар шеңберінде қызметтер ұсынғанына ақы төлейді.
7. Қаржы құралдары ұлттық валютада (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес пайдаланылған жағдайда цифрлық теңгені қоса алғанда) беріледі.
Ескерту. 7-тармақта орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді – ҚР Үкіметінің 14.07.2026 № 615 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.2-тарау. Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау тәртібі
1-параграф. Субсидия беру шарттары
8. Осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес экономикалық қызметтің басым түрлерінің тізбесі бойынша, сондай-ақ "Атамекен" Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ішкі нормативтік құжаттарымен бекітілген экономика салаларына рейтинг беру әдістемесі бойынша жергілікті атқарушы органдар айқындаған экономикалық қызмет түрінде және уәкілетті органмен келісу бойынша өз жобаларын іске асыратын және (немесе) іске асыруды жоспарлайтын кәсіпкерлер жобаның іске асырылу орны мен кәсіпкердің тіркелген орнын ескергенде осы Қағидалардың 7, 55 және 56-тармақтарында көрсетілген талаптарды сақтауы шартымен субсидиялауға қатысушы болады.
Уәкілетті орган жергілікті атқарушы органдар айқындаған экономикалық қызмет түрлерінің тізбесін келісуді ол түскен күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде жүзеге асырады. Ескертулер болған жағдайда уәкілетті орган анықталған сәйкессіздіктерді көрсетіп, оны пысықтауға жібереді. Пысықталған тізбені келісу ол қайта түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Жергілікті атқарушы органдар айқындаған және уәкілетті органмен келісілген экономика секторларының тізбесін уәкілетті орган қаржы агенттігіне ресми құжат айналымы тәртібімен береді. Бұл ретте Қазақстан Республикасының өңірлері мен аудандарындағы экономика салаларының басым түрлерінің тізбесі секция, бөлім және топ деңгейінде экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішінің 6 (алты) кодынан аспайтын мөлшерде қалыптастырылады.
Уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылған әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізілген кәсіпкерлердің жобаларын субсидиялау жобаның іске асырылу орны мен кәсіпкердің тіркелген орны ескеріліп, әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімінде көрсетілген қызмет түрлеріне сәйкес салалық шектеулерсіз жүзеге асырылады.
"Ауыл аманаты" бағдарламасы және "Бір ауыл – бір өнім" жобасы шеңберінде іске асырылатын, сондай-ақ ауыл шаруашылығы кооперативтері іске асыратын жобалар басым бағыттарға жатады және субсидия алуға өтініш берген кезде бірінші кезекте (басымдықпен) қаралады.
Осы Қағидалар шеңберінде қолдау алған кәсіпкерлерге кепілдік қоры шеңберінде кепілдік беруге және олардың "Өнеркәсіпті дамыту қоры" акционерлік қоғамы басқармасының 2025 жылғы 29 қазандағы шешімімен бекітілген "Өңдеу өнеркәсібіндегі шағын және орта бизнес кәсіпорындарының өндірістік қуаттарын жаңғыртуды "Өнеркәсіпті дамыту қоры" акционерлік қоғамының шартты лизингілік қаржыландыруының шарттары" бағдарламасы шеңберінде қолдау алуына жол беріледі.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 18.08.2026 № 729 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.9. Субсидиялау инвестицияға және айналым қаражатын толықтыруға бағытталған тиімді жаңа жобаларды іске асыру үшін қаржы институты беретін жаңа қаржы құралдары бойынша жүзеге асырылады.
Инвестиция деп коммерциялық жылжымайтын мүлікті, жабдықты, техниканы, көлік құралдарын, биологиялық, материалдық активтермен материалдық емес активтерді қоса алғанда, негізгі құралдарды сатып алуға бағытталған шығындар, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметте пайдаланылатын объектілерді салуға, жаңғыртуға, реконструкциялауға және (немесе) күрделі жөндеуге бағытталған шығындар түсініледі. Сонымен қатар жоғарыда аталған негізгі құралдар мен активтердің құнына енгізілген қосылған құн салығы бойынша шығыстар да инвестицияға жатады.
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 27 тамыздағы № 327 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36717 болып тіркелген) бекітілген Қазақстандық тауар өндірушілердің тізілімін жүргізу қағидаларына сәйкес негізгі құралдарды, жабдықтарды, техниканы, көлік құралдарын, құрылыс материалдарын және өзге активтерді қазақстандық тауар өндірушілердің тізіліміне енгізілген қазақстандық тауар өндірушілердің шығаруы оларды инвестициялық жобаны іске асыру шеңберінде сатып алудың міндетті шарты болып табылады.
Қазақстандық тауар өндірушілердің тізілімінде инвестициялық жобаны іске асыру үшін қажетті тауарлар, жабдықтар, техника, құрылыс материалдары немесе өзге активтер болмаған жағдайда оларды өзге өндірушілерден сатып алуға жол беріледі.
Айналым қаражатын толықтыру деп қаржы құралын кәсіпкердің өзінің операциялық (ағымдағы) қызметін жаңартылатын/жаңартылмайтын негізде қамтамасыз етумен байланысты пайдалануы түсініледі және салықтық міндеттемелерді, зейнетақы аударымдары мен әлеуметтік аударымдарды, кедендік төлемдерді/алымдарды/баждарды төлеу бұған кірмейді.
Тиімді жаңа жобалар деп кәсіпкерлердің мынадай талаптарға сәйкес келетін жобалары түсініледі:
инвестициялық мақсаттарға:
қолдау алған жылдан кейінгі 2 (екі) қаржы жылының қорытындысы бойынша кредиттің әрбір 100 (жүз) миллион теңгесіне жаңа жұмыс орындарының, бірақ әрбір жоба бойынша кемінде бір жұмыс орнының құрылуы;
субсидиялау мерзімі аяқталғанға дейін бір қаржы жылының қорытындысы бойынша және жыл сайын кірістің жинақталған инфляция деңгейінен төмен емес деңгейде міндетті түрде ұлғаюы;
айналым қаражатын толықтыруға:
субсидиялау мерзімі аяқталғанға дейін бір қаржы жылының қорытындысы бойынша және жыл сайын кіріс пен еңбекақы төлеу қорының жинақталған инфляция деңгейінен төмен емес деңгейде міндетті түрде ұлғаюы.
Тиімділік көрсеткіштерін есептеу үшін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің/салық декларациясының деректері және (немесе) бюджетпен есеп айырысудың жай-күйі туралы дербес шоттан үзінді көшірме пайдаланылады.
Кірістің және еңбекақы төлеу қорының нақты өсу деңгейінің жинақталған инфляция деңгейінен тиісті есепті кезеңде 1 (бір) пайыздық тармақтан аспайтын төмен жағына ауытқуына жол беріледі.
Бұл ретте тиімділік көрсеткіштерін есептеген кезде субсидиялаудың қай күні басталғанына қарамастан, келесі қаржы жылының басталуы есептік күн болып табылады.
Бұл ретте жоғарыда көрсетілген көрсеткіштерді субсидиялау түрінде тікелей қолдау алған/алатын кәсіпкер растайды.
Тиімділік көрсеткіштері орындалмаған жағдайда жобаның іске асырылуын және қаржы құралының нысаналы мақсатын растау кезінде 1 (бір) қаржы жылынан аспайтын қосымша мерзім беруге жол беріледі.
Тиімділік көрсеткіштеріне уақтылы қол жеткізуге объективті кедергі келтіретін мән-жайлар, оның ішінде жабдықты жеткізуді және пайдалануға беруді кешіктіру, рұқсат құжаттарын алу, инженерлік инфрақұрылымға қосылу және кәсіпкерге тәуелді емес өзге де мән-жайлар қосымша мерзім беруге негіздер болады.
Қосымша мерзім беру кәсіпкерді белгіленген тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу жөніндегі міндеттен босатпайды.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 18.08.2026 № 729 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.10. Бұған дейін қаржы агенттігіне шарттың немесе төлем графигінің көшірмелері немесе шарт бойынша деректер қаржы агенттігінің автоматтандырылған сервисіне жіберілген күнге дейінгі 12 (он екі) ай ішінде қаржы институты берген жаңа қаржы құралдары да субсидияланады.
11. Субсидияланатын қаржы құралының сомасы субсидиялау жүзеге асырылатын, оның ішінде онымен үлестес тұлғалар/компаниялар бойынша қолданыстағы қаржы құралдарының бәрін есепке алғанда бір кәсіпкер үшін 200 (екі жүз) миллион теңгеден аспайды.
Бұл ретте қаржы институты мәміле периметріне кіретін және қаржы институтының уәкілетті органдарының материалдары мен шешімдерінде көрсетілген барлық заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерді есепке алуды қамтамасыз етеді.
200 (екі жүз) миллион теңге болатын жиынтық лимитті есептеу қарыз алушыға және қаржы институты айқындаған онымен үлестес тұлғаларға қатысты субсидиялау жүргізілетін қаржы құралдарының жиынтық көлемі негізге алынып жүзеге асырылады.
Негізгі борыш мерзімінен бұрын ішінара/толық өтелсе, осы Қағидаларда белгіленген сома шегінде жаңа қаржы құралдарын қайта алуға жол беріледі.
Ескерту. 11-тармақта орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді – ҚР Үкіметінің 14.07.2026 № 615 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.12. Субсидиялау номиналды сыйақы мөлшерлемесі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – ҚР ҰБ) белгілеген және 4 (төрт) пайыздық тармаққа ұлғайтылған базалық мөлшерлемеден аспайтын қаржы құралы бойынша жүзеге асырылады.
Субсидиялау мөлшері номиналды мөлшерлеменің 40 %-ын құрайды, номиналды мөлшерлемеден айырманы кәсіпкер төлейді, бұл ретте кәсіпкер үшін мөлшерлеме кемінде 12,6 %-ды құрайды. ҚР ҰБ белгілеген базалық мөлшерлеме 17 %-дан төмендеген жағдайда кәсіпкер төлейтін мөлшерлеме 12,6 % деп белгіленеді, ал айырмасын қаржы агенттігі субсидиялайды.
Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізілген кәсіпкерлердің жобаларын субсидиялау мөлшері қаржы құралы бойынша номиналды сыйақы мөлшерлемесінің 50 %-ын құрайды, бұл ретте сыйақы мөлшерлемесінің қалған бөлігін кәсіпкер төлейді.
Номиналды мөлшерлемені есептеген кезде ҚР ҰБ белгілеген және кәсіпкердің жобасы бойынша қаржы институты шешім шығарған сәтте қолданыста болған базалық мөлшерлеме ескеріледі.
Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 18.08.2026 № 729 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.13. Қаржы құралы бойынша субсидиялау мерзімі субсидиялау мерзімін ұзарту құқығынсыз 3 (үш) жылды құрайды.
14. Қаржы институты:
1) шарттардың кәсіпкер бастамасымен өзгеруіне байланысты болған;
2) кәсіпкердің қаржы құралы бойынша міндеттемелерді бұзуы себебінен алынатын;
3) тәуелсіз бағалау, сақтандыру жүргізуге, кепіл шартын тіркеуге және ауыртпалықты жоюға байланысты болған;
4) есеп айырысу-кассалық қызмет көрсету бойынша төлемдерді қоспағанда, осы Қағидалар шеңберінде субсидия берілетін қаржы құралдары бойынша қандай да бір комиссия, алым және (немесе) өзге де төлем (бұдан әрі – комиссия) алмайды.
Бұған дейін қаржы агенттігіне шарт көшірмесі жіберілген күнге дейінгі 12 (он екі) ай ішінде беріліп, ол бойынша қаржы институты субсидия басталғанға дейін осы Қағидалардың осы тармағында көзделмеген комиссияларды ұстап қалған қаржы құралы субсидияланған жағдайда қаржы институты субсидиялау басталған күннен бастап 3 (үш) ай ішінде кәсіпкерге ұстап қалынған комиссияларды өтейді.
15. Субсидиялау жүзеге асырылатын инвестициялық жобаларды іске асыру мерзімі субсидиялау басталған күннен бастап 18 (он сегіз) айдан аспауға тиіс.
Мынадай:
1) жобаның орындалуына әсерін тигізетін табиғи апат, соғыс, эпидемия сияқты форс-мажорлық мән-жайлар;
2) жоба іске асырыла басталған сәтте болжау мүмкін болмаған және бейімделу үшін қосымша уақытты талап ететін заңнамадағы елеулі өзгерістер;
3) жобаны іске асыру процесінде туындаған техникалық, экономикалық немесе өндірістік қиындықтардың субсидия алатын кәсіпкер тарапынан атүсті қарау немесе немқұрайлылық нәтижесі болмауы шартымен осы қиындықтарға байланысты күтпеген мән-жайлар орын алған жағдайларда осы Қағидаларда белгіленген мерзім өткеннен кейін 6 (алты) айдан аспайтын қосымша мерзім беруге жол беріледі.
Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 18.08.2026 № 729 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.2-параграф. Қаржы институтына арналған лимитті айқындау
Ескерту. 2-параграф алып тасталды - ҚР Үкіметінің 18.08.2026 № 729 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
3-параграф. Субсидия беру тәртібі
Ескерту. 3-параграф жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 18.08.2026 № 729 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
21. Кәсіпкер қаржы институтына қаржы құралын беру туралы өтініммен жүгінеді.
Қаржы институты жобаның қаржы-экономикалық тиімділігіне кешенді бағалау/сараптама жүргізеді.
Қаржы институты қолданыстағы қаржы құралы бойынша cубсидиялау сәтіне дейін кәсіпкердің шартта көзделген қаржы құралы шеңберінде (бар болса) айыппұлдар мен өсімпұлдарды уақтылы өтеу бойынша міндеттемелерді орындамағаны үшін оларды есептен шығарады.
22. Қаржы институты қаржы құралын беру туралы оң шешім қабылдаған жағдайда қаржы институты кәсіпкердің жобасын осы Қағидалардың талаптары мен шарттарына сәйкестігі тұрғысынан қарау үшін құжаттар топтамасын қаржы агенттігінің филиалдарына жібереді, оның ішінде:
1) Қордың уәкілетті органы бекіткен нысан бойынша кәсіпкердің өтінімі бойынша чек-парақ;
2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама, кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы хабарлама/заңды тұлғаның барлық тіркеу іс-әрекеттері туралы мәліметтерді ұсыну (мәліметтерді ақпараттық жүйелермен интеграциялау арқылы алуға техникалық мүмкіндік болмаған кезде ғана ұсынылады);
3) салықтық берешегі жоқ екені туралы анықтама (анықтама мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің ақпараттық жүйелерімен интеграциялау арқылы алуға техникалық мүмкіндік болмаған кезде ғана беріледі);
4) қаржы институтының оң шешімі (қаржы институты шешімінің хаттамасынан үзінді);
5) қаржы институтының техникалық-экономикалық негіздемесі/бизнес-жоспары/сараптамалық қорытындысы, сондай-ақ қаржы институтының тәуекелдер қорытындысы – бар болса;
6) Қордың уәкілетті органы бекіткен нысан бойынша өтініш-келісім;
7) Қордың уәкілетті органы бекіткен нысан бойынша салық құпиясы болып табылатын мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінен алуға келісім беруге өтініш;
8) кәсіпкер санаты туралы анықтама (мәліметтерді ақпараттық жүйелермен интеграциялау арқылы алуға техникалық мүмкіндік болмаған кезде ғана ұсынылады);
9) жобаның және кәсіпкердің осы Қағидалардың шарттарына сәйкестігін растайтын құжаттар. Ұсынылған құжаттардың жеткіліксіздігі анықталған кезде қаржы агенттігі сұратылатын құжаттардың тізбесін негіздей отырып, жобаның және (немесе) кәсіпкердің осы Қағидалардың талаптары мен шарттарына сәйкестігін растау үшін қажетті қосымша құжаттарды жазбаша сұратуды жүзеге асырады.
23. Кәсіпкердің жобасы және ұсынылған материалдар осы Қағидалардың шарттарына сәйкес келмеген және (немесе) құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған не белгіленген нысандарға сәйкес келмейтін құжаттар ұсынылған жағдайда қаржы агенттігі 1 (бір) жұмыс күні ішінде олар бойынша нақты кемшіліктерді көрсетіп, қаржы институтына ұсынылған құжаттарды пысықтау үшін қайтарады.
Кәсіпкер және ұсынылған материалдар осы Қағидалардың шарттарына сәйкес келген және (немесе) құжаттар топтамасы бойынша кемшіліктер болмаған жағдайда қаржы агенттігі құжаттар топтамасын алғаннан кейін төртінші жұмыс күні кәсіпкердің жобасын қаржы агенттігі уәкілетті органының отырысына шығарады.
24. Қаржы агенттігінің уәкілетті органы жобаны қарау нәтижелері бойынша мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
субсидия беру туралы;
субсидия беруден бас тарту туралы;
жобаны пысықтауға жіберу туралы.
Жоба субсидиялау шарттарына сәйкес келмеген жағдайда субсидия беруден бас тартуға жол беріледі.
Субсидия беруден бас тарту туралы шешімге кәсіпкер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік және (немесе) сот тәртібімен шағымдана алады.
25. Тиісті уәкілетті органнан/өңірлік үйлестірушіден субсидиялау үшін бюджеттен берілетін қаражат болмаған жағдайда қаржы агенттігі тиісті уәкілетті органнан/өңірлік үйлестірушіден қаражат алған сәтке дейін қаржы институтынан осы Қағидалардың 22-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдамайды.
Қаржы агенттігі ресми интернет-ресурста тиісті ақпарат орналастыру арқылы немесе қолжетімді өзге тәсілдермен бюджет қаражатының бары не жоғы туралы хабардар етеді.
26. Отырыс өткізу тәртібі, қаржы агенттігінің уәкілетті органы мүшелерінің саны қаржы агенттігінің уәкілетті органы бекітетін ішкі нормативтік құжаттарда айқындалады.
Қаржы агенттігінің уәкілетті органы жобаларды тиісті қаржы жылында субсидиялау үшін бюджет қаражаты болған жағдайда ғана қарайды.
27. Қаржы агенттігі кәсіпкердің жобасын құжаттар топтамасымен бірге ақпарат келіп түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарайды. Бұл ретте қаржы агенттігінің уәкілетті органы оң шешім қабылдаған жағдайда шешімде мыналар көрсетіледі:
кәсіпкерлердің инвестициялық мақсаттарға міндеттемесі:
қолдау алған жылдан кейінгі 2 (екі) қаржы жылының қорытындысы бойынша кредиттің әрбір 100 (жүз) миллион теңгесіне жаңа жұмыс орындарын, бірақ әрбір жоба бойынша кемінде бір жұмыс орнын құру;
бір қаржы жылының қорытындысы бойынша және субсидиялау мерзімі аяқталғанға дейін жыл сайынғы негізде кірісті жинақталған инфляция деңгейінен төмен емес деңгейде міндетті түрде ұлғайту;
кәсіпкерлердің айналым қаражатын толықтыруға міндеттемесі:
бір қаржы жылының қорытындысы бойынша және субсидиялау мерзімі аяқталғанға дейін жыл сайынғы негізде кіріс пен еңбекақы төлеу қорының жинақталған инфляция деңгейінен төмен емес деңгейде міндетті түрде ұлғайту.
Тиімділік көрсеткіштерін есептеу үшін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің/салық декларациясының деректері және (немесе) бюджетпен есеп айырысудың жай-күйі туралы дербес шоттан үзінді көшірмеге сәйкес деректер пайдаланылады. Бұл ретте тиімділік көрсеткіштерін есептеген кезде субсидиялау қай күні басталғанына қарамастан, келесі қаржы жылының басталуы есептік күн болып табылады.
28. Қаржы агенттігінің уәкілетті органы шешім қабылдағаннан кейін қаржы агенттігі 1 (бір) жұмыс күні ішінде хаттама ресімдеп, оған қол қояды және шешім оң/теріс болған жағдайда қаржы институтына және кәсіпкерге ілеспе хатпен хаттамадан үзінді көшірме жібереді.
Қаржы агенттігінің уәкілетті органы оң шешімінің қолданылу мерзімі қаржы агенттігінің уәкілетті органы шешім қабылдаған күннен бастап 6 (алты) айды құрайды.
29. Қаржы институты қаржы агенттігінен қаржы агенттігінің уәкілетті органының шешімін алғаннан кейін және субсидиялау туралы оң шешім болған кезде қаржы агенттігі, қаржы институты мен кәсіпкер арасында субсидиялау шарты жасалады, оған сәйкес қаржы агенттігі қаржы институтына субсидиялау шартына өтеу графигіне сәйкес сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін төлеуді жүзеге асырады.
30. Субсидиялау шартын:
1) қаржы институты:
қаржы агенттігінен хаттаманы/шешімді алған сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде;
2) қаржы агенттігі:
қаржы институтынан субсидиялау шартын алған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жасасады.
Субсидиялау шарты электрондық нысанда/қағаз жеткізгіште жасалады, бұл ретте субсидиялау шартының электрондық нысанына Қазақстан Республикасының цифрлық заңнамасына сәйкес электрондық цифрлық қолтаңба қойылады.
Егер қаржы институты осы тармақтың 1) тармақшасында белгіленген мерзімдерде субсидиялау шартын уақтылы жасаспаса, қаржы институты қаржы агенттігін ресми хатпен хабардар етіп, кідірту себептерін түсіндіреді.
31. Егер субсидиялау шартының талаптары қаржы агенттігінің уәкілетті органының шешіміне, осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмесе, қаржы агенттігі субсидиялау шартына қол қоймайды. Бұл ретте қаржы агенттігі қаржы институтын және кәсіпкерді 1 (бір) жұмыс күні ішінде бұл туралы хабардар етеді.
Қаржы институты ескертулерді жойған жағдайда қаржы агенттігі субсидиялау шартына қол қояды.
Субсидиялау шарты кәсіпкер, қаржы институты және қаржы агенттігі қол қойған күнінен бастап күшіне енеді. Бұл ретте субсидиялау мерзімінің басталуы субсидиялау шартында субсидиялау шартына қол қойылған күнге дейінгі күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспайтын мерзімге, бірақ ерте дегенде қаржы агенттігі шешім қабылдаған күннен белгіленеді.
Сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігін төлеу күнін кәсіпкер, қаржы институты дербес айқындайды. Егер қаржы құралы бойынша сыйақыны есептеу қаржы агенттігі қол қойған субсидиялау шартында көрсетілген субсидиялау мерзімі басталған күннен кейінгі күннен басталатын болса, субсидиялау кезеңінде субсидиялау мерзімі басталған бірінші күн енгізілмейді.
32. Субсидиялау шартына қол қойған кезде кәсіпкер өзіне қаржы құралын мақсатқа сай пайдалану бойынша және (немесе) жобаның осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігі тұрғысынан міндеттеме алады. Кәсіпкер осы міндеттемелерді орындамаса, субсидиялау тоқтатылады, кәсіпкер төленген субсидия сомасын қаржы агенттігіне өтейді.
33. Қаржы агенттігі субсидиялау шартына қол қойғаннан кейін субсидия төлейді. Жобалар бойынша субсидия тиісті өңірлік үйлестірушіден/уәкілетті органнан қаражат болған кезде төленеді.
Субсидиялау үшін жергілікті/республикалық бюджет қаражаты болмаған жағдайда қаржы институтынан субсидиялау шарты қабылданбайды, ал субсидияланатын және субсидияланбайтын бөліктердің төлемін кәсіпкер жүргізеді. Бюджет қаражаты түскен кезде қаржы агенттігі кәсіпкерге субсидияланатын бөлігін төлемдер графигіне сәйкес өтейді.
34. Субсидиялау үшін көзделген қаражатты аударуды қаржы агенттігі қаржы институтының/банк-төлем агентінің ағымдағы шотына қаржы институты берген шарттың төлем графигін ескере отырып ай сайын аванстық төлемдермен (айына бір рет/бірнеше рет) жүзеге асырады, бұл ретте алдыңғы кезеңдер үшін субсидиялардың өтелуі ескеріледі.
Қаржы агенттігі субсидиялау үшін көзделген қаражатты аударған кезде бір мезгілде қаражатты аудару туралы құжаттың көшірмелерін электрондық поштамен жіберу арқылы қаржы институтын хабардар етеді. Хабарламада қаржы институтының атауы, өңір, кәсіпкердің атауы, субсидия сомасы және төлем жүзеге асырылған кезең көрсетіледі.
Кәсіпкерлердің жобалары бойынша субсидиялау үшін көзделген қаражатты аударуды қаржы институтының/банк-төлем агентінің кредиттік рейтингі төмендеген және қаржылық жай-күйі нашарлауының өзге де белгілері болған кезде (бір немесе бірнеше жағдайдың басталуы), оның ішінде:
халықаралық рейтингтік агенттіктерден кредиттік рейтинг Standard&Poors рейтингінің шәкілі бойынша "В" деңгейінен төмендеген;
К4 коэффициентінің мәні 0,4 деңгейінен төмендеген;
қатарынан 2 (екі) ай бойы пруденциалдық нормативтер бұзылған кезде қаржы агенттігі кәсіпкердің қаржы құралы бойынша толық төлем (негізгі борыш, субсидияланатын және субсидияланбайтын бөлік) жасауы фактісі туралы қаржы институтының хабарламасы негізінде не шарттың төлем графиктерін негізге алып қысқа мерзімді кезеңге субсидияланатын бөлігі бойынша кәсіпкердің алдағы міндеттемелерін жабатын төлемдермен жүзеге асырады.
Қаржы институтының/банк-төлем агентінің жоғарыда көрсетілген көрсеткіштері түзелген жағдайда қаржы агенттігі субсидиялау үшін көзделген қаражатты аударуды шарттың төлем графиктерін ескере отырып аванстық төлемдермен (айына бір рет/бірнеше рет) жүзеге асырады.
35. Қаржы институты қаржы агенттігінің хабарламасы негізінде қаржы агенттігінің хабарламасында көрсетілген кәсіпкерлердің жобалары бойынша субсидия сомасын қаржы агенттігінің/банк-төлем агентінің ағымдағы шотынан есептен шығаруды жүзеге асырады.
Қаржы институты хабарламаға сәйкес келмейтін/қаржы агенттігінің қаражатты қаржы агенттігінің/банк-төлем агентінің ағымдағы шотынан аударғаны туралы хабарлама болмаған субсидияларды есептен шығарған жағдайда қаржы институты субсидияларды қаржы агенттігінің жазбаша хабарламасын алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде қаржы агенттігінің/банк-төлем агентінің ағымдағы шотына қайтаруды жүзеге асырады.
36. Қаржы институты субсидияларды субсидиялау шартына төлем графигі бойынша жоспарлы төлемнен аспайтын қалдық сомасы шегінде ішінара мерзімінен бұрын өтеуге сәйкес есептеліп өзгертілген өтеу графиктері бойынша өтейді.
37. Кәсіпкер қаржы институтына субсидияланбайтын бөлікті төлеуді субсидиялау шартына сәйкес өтеу графигі бойынша жүргізеді.
Кәсіпкердің қаржы құралы (негізгі борыш және субсидияланбайтын бөлік) бойынша төлемді толық төлеуді жүргізу фактісі бойынша қаржы институты қаржы агенттігінің ағымдағы шотынан кәсіпкердің қаржы құралы бойынша субсидияланатын бөлікті өтеу есебіне ақшаны есептен шығаруды:
1) кәсіпкер қаржы құралы бойынша жоспарлы төлемді өтеген күні қаржы агенттігінің шотында қаражат болған;
2) график бойынша өтеу күнінен кейін қаржы агенттігінен қаражат түскен кезде жүзеге асырады.
38. Қаржы институты кәсіпкер берешекті өтегенге дейін субсидияланатын бөлікті өтеу үшін қаражатты қаржы агенттігінің ағымдағы шотынан есептен шығармайды және бұл туралы қаржы агенттігін 5 (бес) жұмыс күні ішінде:
1) кәсіпкер төлемдерді төлеу бойынша екінші деңгейдегі банк/ислам банкі алдындағы міндеттемелерін қатарынан 3 (үш) ай бойы орындамаған;
2) кәсіпкер лизинг компаниясы/ислам лизинг компаниясы алдында лизингтік төлемдер енгізу жөніндегі міндеттемелерін қатарынан 2 (екі) және одан да көп рет орындамаған жағдайларда тиісті хатпен хабардар етеді.
39. Кәсіпкер қаржы құралы бойынша негізгі борышты ішінара мерзімінен бұрын өтеген жағдайда қаржы институты қаржы агенттігіне субсидиялау шартына төлемдерді өтеу графигі өзгертілген тиісті қосымша келісіммен қоса шартқа қосымша келісімнің көшірмесін не төлемдерді өтеудің өзгертілген графигімен және төленуге тиіс субсидия сомасы көрсетілген қаржы институтының цифрлық форматтағы (XLS немесе XLSX) хатын жібереді.
Кәсіпкер күнтізбелік бір ай ішінде қаржы құралы бойынша негізгі борышты бірнеше рет мерзімінен бұрын ішінара өтеген жағдайда қаржы агенттігіне төлемдерді өтеу графигі өзгертілген субсидиялау шартына тиісті қосымша келісіммен қоса осындай жағдайлар бойынша біріктірілген шартқа қосымша келісімнің көшірмесін не төлемдерді өтеудің өзгертілген графигімен және төленуге тиіс субсидия сомасы көрсетілген цифрлық форматтағы (XLS немесе XLSX) қаржы институтының хатын беруге жол беріледі.
Қаржы құралы бойынша негізгі борыш мерзімінен бұрын толық өтелген жағдайда қаржы институты 7 (жеті) жұмыс күні ішінде қаржы агенттігіне өзара есеп айырысуды салыстырып қарау актісін береді.
40. Мына жағдайларда субсидия төлеу тоқтатылады, ал субсидиялау шарты бұзылды деп танылады:
1) қаржы институтының алдында шарт бойынша қаржы құралы толық өтелгенде (кәсіпкердің қаржы институтына қаржы құралын толық өтеген күні субсидиялау тоқтатылған күн болып саналады);
2) субсидиялаудың тоқтатылғаны туралы қаржы агенттігі хабардар етілгенде;
3) кәсіпкердің бастамасы бойынша субсидиялау шарты бұзылғанда.
41. Егер қаржы институты қолданыстағы қаржы құралы шартының талаптарын (кредит сомасы және (немесе) номиналды мөлшерлемесі, жеңілдікті кезең, кәсіпкер атауының өзгеруі/борышты аудару) өзгертсе, қаржы институты қаржы агенттігіне кредиттер бойынша тиісті хабарлама жібереді, ол өз кезегінде 5 (бес) жұмыс күні ішінде толық құжаттар топтамасымен қоса қолданыстағы қаржыландыру талаптарына енгізілетін өзгерістер бойынша ақпаратты қаржы агенттігінің уәкілетті органының қарауына шығарады. Қарау нәтижелері бойынша қаржы агенттігінің уәкілетті органы қолданыстағы қаржыландыру талаптарына өзгеріс енгізудің мүмкіндігі/мүмкін еместігі туралы шешім қабылдайды, ол қаржы агенттігінің уәкілетті органы шешім қабылдаған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде хаттамамен ресімделеді. Бұл ретте қаржыландыру талаптарының жасалған өзгерістері хаттамада/шешімде анық көрсетіледі.
Қаржы агенттігінің уәкілетті органы шешім қабылдағаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде қаржы агенттігі қаржы институты мен кәсіпкерге хаттамадан үзінді көшірме жібереді.
42. Қаржы институты қолданыстағы шарт талаптарының өзге де өзгерістері туралы қаржы агенттігін тиісті хатпен хабардар етеді, ол өз кезегінде құжаттардың толық топтамасын алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қолданыстағы қаржыландыру талаптарының өзгерістері бойынша шешім қабылдайды және қаржыландыру талаптарының жасалған өзгерістерін хатпен келіседі немесе келісуден бас тартады. Бұл ретте қаржыландыру шарттарының жасалған өзгерістері (келісуден бас тарту) келісу хатында анық көрсетіледі.
4-параграф. Субсидиялауды тоқтата тұру, тоқтату және қайта бастау
43. Қаржы агенттігі кәсіпкерді субсидиялауды қаржы институтының қолдаухаттары (хабарламалары), сондай-ақ мониторинг нәтижелері негізінде тоқтатады/қайта бастайды.
44. Қаржы институты мынадай жағдайларды анықтаған кезден бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей және (немесе) қаржы агенттігінің мониторинг туралы есебі негізінде жіберілген қаржы институтының хабарламасы негізінде қаржы агенттігі кәсіпкерді субсидиялауды осы жағдайлардың кез келгені орын алған күннен бастап тоқтатып қояды:
1) субсидиялау жүзеге асырылатын қаржы құралының түгел/ішінара мақсатқа сай пайдаланылмауы, бұл ретте субсидиялау қаржы құралын мақсатқа сай пайдаланбау сомасына барабар тоқтатылады;
2) жобаның және (немесе) кәсіпкердің осы Қағидалардың шарттарына және (немесе) қаржы институтының шешіміне сәйкес келмеуі;
3) егер орындаудың мүмкін болмауы еңсерілмейтін күш мән-жайларының, яғни төтенше және осы жағдайлар кезінде алдын алуға болмайтын мән-жайлардың (дүлей құбылыстар, ұрыс қимылдары) салдарынан болған жағдайларды қоспағанда, кәсіпкердің шартқа/субсидиядау шартына төлем графигіне сәйкес қаржы институтының алдындағы төлемдерді төлеу жөніндегі міндеттемелерді қатарынан 3 (үш) ай бойы, сондай-ақ қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган өкімінің және (немесе) өзге құжатының және (немесе) актісінің негізінде орындамауы (бұдан әрі – ахуал);
4) ахуал әрекет еткен кезеңде туындаған жағдайларды қоспағанда, шартқа/субсидиядау шартына төлемдерді өтеу графигіне сәйкес қаржы институтының алдында лизингтік төлемдерді енгізу жөніндегі міндеттемелерді кәсіпкердің қатарынан 2 (екі) және одан да көп рет орындамауы;
5) кәсіпкердің шоттарындағы ақшаға тыйым салынуы (шоттағы ақшаның талап қою талаптарын толық көлемде қамтамасыз етуге жеткілікті болуы шартымен талап қоюды қамтамасыз ету жөніндегі шаралар ретінде шоттардағы ақшаға тыйым салуды қоспағанда) және (немесе) кәсіпкердің шоты бойынша шығыс операцияларының тоқтатып қойылуы;
6) Қазақстан Республикасының қаржы лизингі туралы заңнамасында көзделген жағдайларда борышкерден лизинг нысанасының талап етілуі;
7) инвестициялық мақсаттарға бағытталған жобалар бойынша: кредиттің әрбір 100 (жүз) миллион теңгесіне жаңа жұмыс орындарын, бірақ 2 (екі) қаржы жылы өткеннен кейін әрбір жоба бойынша кемінде бір жұмыс орнын құруды және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің/салық декларациясының деректері негізінде және (немесе) бюджетпен есеп айырысудың жай-күйі туралы дербес шоттан үзінді көшірмеге сәйкес кірістердің субсидиялау мерзімі аяқталғанға дейін жыл сайынғы негізде бір қаржы жылы өткеннен кейін жинақталған инфляция деңгейінен кем болмайтын деңгейде міндетті ұлғаюын (бұл ретте тиімділік көрсеткіштерін есептеу кезінде субсидиялаудың қай күні басталғанына қарамастан, келесі қаржы жылының басталуы есепті күн болып табылады) көздейтін тиімділік көрсеткіштерінің орындалмауы;
8) айналым қаражатын толықтыруға бағытталған жобалар бойынша: Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің/салық декларациясының деректері негізінде және (немесе) бюджетпен есеп айырысудың жай-күйі туралы дербес шоттан үзінді көшірмеге сәйкес кіріс пен еңбекақы төлеу қорының субсидиялау мерзімі аяқталғанға дейін жыл сайынғы негізде бір қаржы жылы өткеннен кейін жинақталған инфляция деңгейінен кем болмайтын деңгейде міндетті түрде ұлғаюын (бұл ретте тиімділік көрсеткіштерін есептеу кезінде субсидиялаудың басталу күніне қарамастан келесі қаржы жылының басталуы есепті күн болып табылады) көздейтін тиімділік көрсеткіштерінің орындалмауы;
9) субсидиялау жүзеге асырылатын инвестициялық жобаларды іске асыру мерзімінің бұзылуы;
10) жеке кәсіпкерлік субъектісі ретінде кәсіпкер қызметінің тоқтатып қойылуы/тоқтатылуы.
Ескерту. 44-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 14.07.2026 № 615 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 18.08.2026 № 729 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.45. Қаржы агенттігі осы Қағидалардың 44-тармағында көрсетілген фактілер анықталғаннан кейін 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде қаржы институтының хабардар етуі негізінде субсидиялауды тоқтатады/тоқтатуды кейінге қалдырады не қайта бастайды.
Бұл ретте қаржы агенттігінің хабарламасында субсидиялауды тоқтату/қайта бастау туралы негіз көрсетіледі.
46. Кәсіпкер қайтыс болған жағдайда қаржы институты кәсіпкердің қайтыс болғаны туралы мәлімет (ақпарат) алғаннан кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде қаржы агенттігіне тиісті хабарлама жібереді, ол 5 (бес) жұмыс күні ішінде мұрагердің (-лердің) мұрагерлік құқығы басталған кезге дейін субсидиялауды уақытша тоқтату жөніндегі ақпаратты қаржы агенттігінің уәкілетті органының қарауына шығарады. Мұрагердің (-лердің) мұрагерлік құқығы басталған жағдайда қаржы агенттігінің уәкілетті органының қарауына субсидиялауды қайта бастау туралы мәселе шығарылады.
Мұрагер (-лер) мұрадан бас тартқан, мұрагерлер болмаған жағдайда, мұрагердің міндеттемелерді қабылдауы мүмкін болмаған өзге де жағдайларда, сондай-ақ қаржы құралы мерзімінен бұрын толық өтелген кезде субсидиялау тоқтатылады.
47. Қаржы құралы түгел/ішінара мақсатқа сай пайдаланылмаған, жоба және (немесе) кәсіпкер осы Қағидалардың шарттарына сәйкес келмеген кезде қаржы агенттігі субсидиялауды тоқтатады, бұл ретте субсидиялау қаржы құралын мақсатқа сай пайдаланбау сомасына барабар тоқтатылады. Қаржы құралының мақсатқа сай пайдаланылуын растайтын қаржы құралының қалған бөлігі бойынша және кәсіпкер қаржы құралын мақсатқа сай пайдаланбау мөлшеріне барабар төленген субсидиялар сомасын қайтарған жағдайда субсидиялау төлем графигіне сәйкес жалғасады. Қаржы құралының түгелдей мақсатқа сай пайдаланылмағаны анықталған немесе жоба немесе кәсіпкер осы Қағидалардың шарттарына сәйкес келмеген жағдайларда субсидиялау оның мерзімі басталған күннен бастап тоқтатылады, төленген субсидия сомасы толық қайтарылады.
Қаржы агенттігіне қайтарылған субсидия сомалары одан әрі субсидия төлеу үшін пайдаланылады.
48. Кәсіпкер субсидиялауды тоқтатып қоюға негіз болған себептерді жойған жағдайда қаржы агенттігі 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаржы институтын субсидиялаудың қайта басталғаны туралы хабардар етеді.
49. Кәсіпкерді субсидиялау қайта басталған жағдайда қаржы агенттігі оған тоқтатып қойылған кезеңде төленбеген субсидияны төлейді, осы Қағидалардың 44-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген себептер бойынша субсидиялау тоқтатып қойылған жағдайда қаржы агенттігі субсидиялау қайта басталған кезде кәсіпкер мерзімін өткізіп алған күннен бастап төленуге тиіс субсидияны төлейді.
50. Кәсіпкерді субсидиялау тоқтатылған жағдайда қаржы агенттігі 5 (бес) жұмыс күні ішінде тиісті хатпен кәсіпкерге және қаржы институтына хабарлама жібереді, онда тоқтату себебін көрсетеді.
51. Осы Қағидалардың 46-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, қаржы агенттігі субсидиялауды тоқтату туралы жазбаша хабарлама берген қаржы құралдары қайта басталмайды.
52. Субсидиялау тоқтатылған жағдайда қаржы институты қолданыстағы қаржы құралы бойынша кәсіпкерге қаржы құралының бұрын қолданыста болған шарттарын (оның ішінде номиналды мөлшерлемені, комиссияларды және өзге де шарттарды) белгілейді. Бұл ретте қаржы агенттігі 10 (он) жұмыс күні ішінде қаржы институтына өзара есеп айырысуды салыстырып тексеру актісін тапсырады.
Егер қаржы агенттігі қаржы институтының атына өтелетін сома қамтылған өзара есеп айырысуды салыстырып тексеру актісін қол қоюға жіберген сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде қаржы институты қол қойылған өзара есеп айырысуды салыстырып тексеру актісін не дәлелді қарсылық бермесе, өзара есеп айырысуды салыстырып тексеру актісінде көрсетілген соманы қаржы институты мойындайды деп есептеледі және ол қаржы агенттігінің шотына қайтарылады.
53. Субсидиялауды қайта бастау қаржы агенттігінің субсидиялауды тоқтату туралы шешіміне дейін кәсіпкер осы Қағидалардың 44-тармағының 3), 4) және 5) тармақшалары бойынша бұзушылықтарды жойған жағдайда жүзеге асырылады.
Ескерту. 53-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 18.08.2026 № 729 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.3-тарау. Жобалардың іске асырылуын мониторингілеу
54. Осы Қағидалар шеңберінде кәсіпкерлер жобаларының іске асырылуын мониторингілеуді қаржы агенттігі кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітетін тәртіппен жүзеге асырады.
Қаржы агенттігінің функцияларына:
1) қаржы институты ұсынатын деректер мен құжаттар негізінде өзімен шарт/субсидиялау шарты жасалған кәсіпкердің қаржы құралын мақсатына сай пайдалануын мониторингілеу;
2) қаржы институты ұсынатын деректер негізінде кәсіпкердің төлем тәртібін мониторингілеу;
3) жобаның іске асырылуын (қаржы лизингі шарты бойынша лизинг нысанасын пайдалануды) мониторингілеу;
4) жобаның және (немесе) кәсіпкердің осы Қағидалардың шарттарына және (немесе) қаржы агенттігінің шешіміне сәйкестігін мониторингілеу жатады.
Ескерту. 54-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 18.08.2026 № 729 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.4-тарау. Жобаларға қойылатын талаптар
55. Субсидиялау:
1) моторлы көлік құралдарын және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дәрілік зат ретінде тіркелген, құрамында спирті бар медициналық мақсаттағы өнімдерді (бальзамдардан басқа) шығаруды көздейтін жобаларды қоспағанда, жобалары акцизделетін тауарларды/өнімдерді шығаруға бағытталған;
2) жобаны тау-кен өндіру өнеркәсібінде және карьерлерді игеруде іске асыруды жоспарлап отырған;
3) акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке, ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тиесілі;
4) меншік нысаны "Коммерциялық емес ұйымдар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес жеке меншік мекеме ретінде ресімделген;
5) кредит есебінен сатып алынған активті оны сатқан тұлғаға сатуды/сыйға тартуды/сенімгерлік басқаруға/жалға/өтеусіз пайдалануға беруді жүзеге асырған және (немесе) жүзеге асыруды жоспарлап отырған, оның ішінде кәсіпкердің кәсіпорнын осы тұлғаға қосу немесе осы тұлғамен біріктіру нысанында қайта ұйымдастыруды іске асыратын және (немесе) болашақта жоспарлайтын (жобаларды мониторингілеу барысында осы тармақшада көрсетілген жағдайлар анықталса, субсидиялау тоқтатылады және бұған дейін төленген субсидиялар қайтарылады);
6) жеке кәсіпкерлік субъектісі ретінде қызметін тоқтатқан немесе тоқтатып қойған (кәсіпкерлік субъектісі қызметінің мәртебесін тексеру eSalyk порталында жүзеге асырылады);
7) бірінші деңгейдегі жүйеде олар бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2026 жылғы 29 мамырдағы № 437 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 38840 болып тіркелген) бекітілген Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларына және оларды алушыларға мониторинг жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Мониторингтеу қағидалары) шеңберінде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын базалық талаптарға (бұдан әрі – базалық талаптар) сәйкессіздік айқындалған;
8) жылжымайтын мүлікпен операцияларды жүзеге асыруға бағытталған жобаларды іске асыратын (апартаменттерді, пәтерлерді, тұрғын үйлерді, жеке тұрғын үй құрылысы бойынша жер учаскелерін сатып алу/жалға алу/қосалқы жалдау) кәсіпкерлер бойынша жүзеге асырылмайды.
Ескерту. 55-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 18.08.2026 № 729 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.55-1. Қатысушы лизинг компанияларына қойылатын ең төмен талаптар, атап айтқанда:
1) қаржылық есептілікпен расталған соңғы есепті кезең күніндегі жағдай бойынша лизинг компаниясының меншікті капиталы 1 (бір) миллиард теңгеден төмен емес;
2) негізгі қызметтің өтінім беретін жылдың алдында кемінде 1 (бір) жыл жүзеге асырылуы.
Ескерту. 4-тарау 55-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 18.08.2026 № 729 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.56. Кәсіпкерлердің Кодекстің 24-бабының 4-тармағында көрсетілген қызмет түрлері бойынша іске асырылатын жобалары және осы Қағидалар шеңберінде:
1) мемлекеттік даму институттары, оның ішінде экономиканың түрлі салаларында мемлекеттік қолдау шараларын көрсететін ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, акцияларының бақылау пакеттері ұлттық басқарушы холдингке немесе ұлттық холдингке тиесілі акционерлік қоғамдар, сондай-ақ акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар кредитор болып табылатын;
2) бюджет қаражаты есебінен арзандатылған;
3) ұйымдардың үлестерін, акцияларын, сондай-ақ мүліктік кешен ретінде кәсіпорындарды сатып алуға бағытталған;
4) овердрафт түріндегі;
5) қайтарымды, қайталама немесе сублизинг бойынша;
6) ломбардтардың, микроқаржы, факторинг ұйымдарының және лизинг компанияларының қызметіне бағытталған;
7) мыналарды:
үлестес/байланысты тұлғаның құрылыс жөніндегі қызметті жүзеге асыруын растайтын құжат болған жағдайда жаңа және (немесе) бар объектілерді (ғимараттарды, құрылысжайларды және олардың кешендерін, коммуникацияларын) салуды (оның ішінде кеңейту, жаңғырту, техникалық жаңарту, реконструкциялау, реставрациялау, күрделі жөндеу);
Қазақстан Республикасының аумағында ресми дистрибьютор болып табылатын үлестес/байланысты тұлғалардан тауарлар, жұмыстар және көрсетілетін қызметтер сатып алуды;
тауарды, шикізатты және (немесе) материалдарды үлестес/байланысты тұлға өндірген жағдайда осындай тауарларды, шикізатты және (немесе) материалдарды үлестес/байланысты тұлғалардан сатып алуды қоспағанда, үлестес/байланысты тұлғалардан тауарларды, активтерді, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуға бағытталған;
8) салықтық міндеттемелерді, зейнетақы аударымдары мен әлеуметтік аударымдарды, кедендік төлемдер мен алымдарды, сондай-ақ кредиттерге/қаржы лизингіне/қаржыландыру шарттарына және өзге де мақсаттарға қызмет көрсету бойынша ағымдағы төлемдерді төлеу бойынша есеп айырысу жүргізуге бағытталған;
9) қаржы құралдары, бұған дейін қосымша жаңғыртусыз сатып алынатын жобаның 20 %-ынан аз субсидия алған, дайын және пайдалануға берілген/қолданыстағы жобаны сатып алуға бағытталған;
10) мемлекет меншігіндегі жер учаскесінде құрылыс салуды және үшінші тұлғалардың жалдауындағы жылжымайтын мүлік объектісіне жөндеу жұмыстарын/жаңғырту/реконструкциялау жүргізуді қоспағанда, кейіннен үшінші тұлғаларға ресімделетін мүлікті/активтерді сатып алуға, сондай-ақ үшінші тұлғаларға тиесілі жер учаскесінде объект салуды жүзеге асыруға бағытталған қаржы құралдары субсидияланбайды.
57. Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларын және оларды алушыларды мониторингтеуді Мониторингтеу қағидалары шеңберінде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган жүзеге асырады.
Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларының пайдаланылуы мен оларды алушыларды мониторингілеуді техникалық сүйемелдеуді бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын, жалғыз акционері мемлекет болып табылатын заңды тұлға (бұдан әрі – тіркеуші) жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың екі деңгейлі жүйесі шеңберінде жүзеге асырады, ол мынаны қамтиды:
1) бірінші деңгей – жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларын алушылар өтінімдерінің эталондық электрондық тізілімін қамтитын, екінші деңгейдегі жүйелермен интеграцияланған тіркеу жүйесі, онда түпкілікті форматтан кейінгі логикалық бақылау арқылы жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларын алушының базалық талаптарға сәйкестігі айқындалады;
2) екінші деңгей – жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларын алушылардан өтінімдерді қабылдау, оларды форматтық-логикалық бақылауды қолдана отырып өңдеу және өңделген өтінімдерді бірінші деңгейге беру жүзеге асырылатын салалық мемлекеттік немесе мемлекеттік емес цифрлық жүйелер.
Екінші деңгейдегі цифрлық жүйелер жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларын алушылардан заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ тіркеушінің дербес деректерді жинауына, өңдеуіне, сақтауына, жүктеп алуына және пайдалануына келісімін алуды қамтамасыз етеді.
Ескерту. 57-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 18.08.2026 № 729 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.58. Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларын ұсынуға өтінім беру екінші деңгейдегі цифрлық жүйе арқылы электрондық түрде жүзеге асырылады.
Екінші деңгейдегі цифрлық жүйе жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларын алушының базалық талаптарға сәйкестігін тексеру туралы бірінші деңгейдегі жүйеге сұрау салуды жібереді.
Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шарасын алушының өтінімі бірінші деңгейдегі жүйенің және жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларын алушының базалық талаптарға сәйкестігі туралы хабарламасын алған кезде екінші деңгейдегі цифрлық жүйеде одан әрі өңделеді.
Өтінімде көрсетілген мәліметтерді және өтінімді өңдеу мәртебесін екінші деңгейдегі цифрлық жүйе бірінші деңгейдегі жүйеге береді.
Ескерту. 58-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 18.08.2026 № 729 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.58-1. Бірінші деңгейдегі жүйеде кәсіпкердің базалық талаптарға сәйкессіздігі анықталған жағдайда қаржы агенттігі мемлекеттік қолдау шараларын беруден бас тартады.
Ескерту. 4-тарау 58-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 18.08.2026 № 729 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.| Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидаларына қосымша |
Экономикалық қызметтің басым түрлерінің тізбесі
Р/с № | Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішінің коды | Атауы |
1 | 2 | |
1 | 10 | Тамақ өнімдерінің өндірісі |
2 | 11.06 | Уыт өндірісі |
3 | 11.07 | Алкогольсіз сусындар, минералды сулар және шөлмекке құйылған басқа да сулар өндірісі |
4 | 13 | Текстиль бұйымдарының өндірісі |
5 | 14 | Киім өндірісі |
6 | 15 | Былғары және соған жататын өнім өндірісі |
7 | 16 | Жиһаздан басқа, ағаш және тоз бұйымдарының өндірісі; сабаннан және тоқуға арналған материалдардан жасалған бұйымдар өндірісі |
8 | 17 | Қағаз және қағаз өнімдерінің өндірісі |
9 | 20 | Химия өнеркәсібі өнімдерінің өндірісі |
10 | 21 | Негізгі фармацевтикалық өнімдер мен фармацевтикалық препараттар өндірісі |
11 | 22 | Резеңке және пластмасса бұйымдарының өндірісі |
12 | 23 | Өзге де бейметалл минералдық өнімдер өндірісі* |
13 | 24 | Металлургия өндірісі** |
14 | 25 | Машиналар мен жабдықтардан басқа, дайын металл бұйымдары өндірісі |
15 | 26 | Компьютерлер, электрондық және оптикалық жабдықтар өндірісі |
16 | 27 | Электр жабдықтары өндірісі |
17 | 31 | Жиһаз өндірісі |
18 | 32 | Өзге де дайын бұйымдар өндірісі |
* тауарлық бетон өндірісін қоспағанда (экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішінің (бұдан әрі – ЭҚЖЖ) коды "23.63");
** шойын, болат және ферроқорытпа өндірісін (ЭҚЖЖ коды "24.10"), ядролық отынды қайта өңдеуді (ЭҚЖЖ коды "24.46"), шойын құюды (ЭҚЖЖ коды "24.51"), болат құюды (ЭҚЖЖ коды "24.52") қоспағанда.
______________________
| Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 30 желтоқсандағы № 1176 қаулысына 2-қосымша |
Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне қаржылай емес қолдау шараларын ұсыну қағидалары
1. Осы Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне қаржылай емес қолдау шараларын ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 96-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді және шағын кәсіпкерлік субъектілеріне қаржылай емес қолдау шараларын көрсету тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) "Бір ауыл – бір өнім" (бұдан әрі – БАБӨ) жобасы – жергілікті шикізаттан шығарылатын өнімді әзірлеу мен ілгерілету қызметтерін көрсетуге бағытталған, кем дегенде бір бәсекеге қабілетті өнім шығару жолымен ауылды дамыту тұжырымдамасына негізделген жоба;
2) кәсіпкер – Кодекске сәйкес айқындалатын және жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік субъектісі мәртебесіне ие шағын және микрокәсіпкерлік субъектісі, оның ішінде "Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ауыл шаруашылығы кооперативтері болып табылатын заңды тұлғалар;
3) қаржы агенттігі – қаржылай емес қолдау шараларын іске асыруды жүзеге асыратын "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы;
4) қаржылай емес қолдау операторы – "Еуропа Қайта Құру және Даму Банкінің Қазақстан Республикасының шағын және орта кәсіпкерлігін қолдау жөніндегі іскерлік консультациялық қызметтер бағдарламасы" құрамдауышын қоспағанда, ұлттық жоба шеңберінде кәсіпкерлерді мемлекеттік қаржылай емес қолдауды жүзеге асыратын "Атамекен" Қазақстан Республикасының ұлттық кәсіпкерлер палатасы;
5) оқуды аяқтағаны туралы сертификат – оқудан өткенін растайтын құжат;
6) онлайн-оқыту – білім беру ортасына толық енуге және жұмыс процесінен қол үзбей біліктілігін арттыруға мүмкіндік беретін компьютердің немесе Интернетке қосылған басқа құрылғының көмегімен білім мен машық алу;
7) уәкілетті орган – Кодекстің 85-бабы 3-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ереженің 13-тармағы 17) тармақшасына сәйкес кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган.
3. Кәсіпкерлікті қолдаудың қаржылай емес шаралары шағын және микрокәсіпкерлік субъектілеріне, ауыл шаруашылығы кооперативтеріне, оның ішінде "Ауыл аманаты" бағдарламасына және БАБӨ-ге қатысушыларға қолдау көрсетуді көздейді әрі орнықты даму және кәсіпкерлік құзыреттерін арттыру үшін жағдай жасауға, сондай-ақ бизнесті жүргізуді жақсартуға ықпал ететін оқытуда қолдауға бағытталған.
4. Қаржылай емес қолдауды "Жеке кәсіпкерлік субъектілерін бірнеше салалық мемлекеттік органның құзыретіне жататын экономиканың әртүрлі салаларында ұсынылатын мемлекеттік қаржылай емес қолдау тәртібін, нысандарын және оларға қолдау көрсетуге қажетті басқа да шарттарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 5 тамыздағы № 626 қаулысымен бекітілген Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне экономиканың әртүрлі салаларында ұсынылатын мемлекеттік қаржылай емес қолдау көрсету үшін қажетті қағидаларда, қолдау нысандарында және басқа да шарттарда көзделген белгіленген тәртіпке сәйкес қаржылай емес қолдау операторы жүзеге асырады.
5. Қаржы агенттігі қаржылай емес қолдауды кәсіпкерлердің кәсіпкерлік құзыреттерін дамытуға бағытталған онлайн-оқыту түрінде көрсетеді. Кәсіпкерлер өтеусіз негізде оқытылады және кәсіпкердің оқудан өтуінің қарқындылығына байланысты екі аптаға дейін созылады.
6. Кәсіпкердің қаржы агенттігінің цифрлық жүйесінде тіркелуі онлайн-оқытуға қолжетімділік беруге негіз болады. Қаржы агенттігі бір рет немесе қаржы агенттігі белгілеген тәртіппен қайтадан оқу мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 18.08.2026 № 729 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.7. Онлайн-оқытудың білім беру бағдарламалары мен материалдарын қаржы агенттігі шағын кәсіпкерлік субъектілерінің өзекті сұранысын, сондай-ақ осы Қағидалардың мақсаттарын ескере отырып әзірлейді және өзектілендіреді.
8. Қаржы агенттігі онлайн-оқытудан өту процесінің мониторингін және көрсетілетін білім беру қызметтерінің сапасын бағалауды жүзеге асырады, сондай-ақ оқуды аяқтаған кәсіпкерлерді есепке алуды және олардың тізілімін жүргізеді.
9. Кәсіпкер қаржы агенттігі белгілеген талаптарды орындаса, оған онлайн-оқытудан өту қорытындысы бойынша оқуды аяқтағаны туралы сертификат беріледі. Сертификат нысанын, онлайн-оқытуды ұйымдастыру тәртібін және оны аяқтау өлшемшарттарын қаржы агенттігі бекітеді.
10. Онлайн-оқытуды қаржыландыру қаржы агенттігінің өз қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
11. Осы Қағидаларда көзделмеген өзара іс-қимыл тетіктері мен іске асыру процестері уәкілетті органның келісуі бойынша қаржылай емес қолдау операторының ішкі нормативтік құжаттарында айқындалады.
12. Шағын кәсіпкерлікті қолдауды үйлестіру әдіснама мен цифрлық сервистерге жауап беретін қаржылай емес қолдау операторын қоса алғанда, уәкілетті ұйымдар мен операторлардың өзара іс-қимылы арқылы жүзеге асырылады. Бейінді ұйымдар өз бағыттарында шараларды іске асырады, ал бірыңғай жүйе келісімділік пен кәсіпкерлердің қызметтерге ыңғайлы қол жеткізуін қамтамасыз етеді.
13. Онлайн-оқытуды іске асыру тетігі
Кәсіпкерлерді, оның ішінде "Ауыл аманаты" бағдарламасына және БАБӨ-ге қатысушыларды онлайн-оқыту Кодекске және осы Қағидаларға сәйкес кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шеңберінде іске асырылады.
Білім беру бағдарламасы қаржы агенті айқындайтын цифрлық білім беру платформаларын пайдалану арқылы онлайн-форматта жүргізіледі.
Оқу ұзақтығы білім беру модульдерінің салалық ерекшелігі мен мазмұнын ескере отырып түзетіледі.
Кодекстің 24-бабында және осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келетін кәсіпкерлер, оның ішінде "Ауыл аманаты" бағдарламасына және БАБӨ-ге қатысушылар онлайн-оқытуға қатысушы болады.
Білім беру материалдарына қолжетімділік қатысушыларға тәулік бойы пайдалану және оқудан өту мүмкіндігімен онлайн-платформадағы жеке кабинет арқылы беріледі.
Білім беру бағдарламасынан өту қорытындысы бойынша оқу материалын меңгеруін бағалауға бағытталған онлайн-тестілеу жүргізіледі.
Тестілеу қорытындысы бойынша ең төменгі өту балы 75 % құрайды.
Қорытынды тестілеуден өтпеген жағдайда қатысушы алдыңғы әрекет жасалған күннен бастап 1 (бір) ай ішінде, бірақ үш реттен асырмай қайта тестілеуге жіберіледі.
Үш әрекеттен кейін тестілеуден өтпей қалса, қатысушыға тиісті онлайн-оқытудан өткені туралы сертификат берілмейді, бұл ретте қаржы агенттігі онлайн-оқытудан қайта өтуге мүмкіндік береді.
Оқуды сәтті аяқтаған және қорытынды тестілеуден өткен қатысушыларға тиісті онлайн-оқытудан өткені туралы сертификат беріледі.
14. Осы Қағидаларда көзделген іс-шаралар консультация берудің және ақпараттық сүйемелдеудің шағын және моно- қалалардағы, аудан орталықтарындағы және ауылдардағы жергілікті жерлерде консультациялық қызметтер көрсетуді және мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіруді қамтамасыз ететін арнайы мобильді офистерді (шағын автобустарды) қолдануды көздейтін көшпелі нысандарын пайдалану арқылы да жүзеге асырылады.
14-1. Мобильді фронт-офистер (бұдан әрі – мобильді ФО) – шағын және моноқалалардың, аудан орталықтары мен ауылдық елді мекендердің шағын кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік бастамасы бар тұрғындарына кәсіпкерлік қызметті қолдау құралдары бойынша көшпелі ақпараттық және консультациялық қызметтер ұсынуға арналған қаржы агенттігінің арнайы жабдықталған автобустары.
Ескерту. Қағидалар 14-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 18.08.2026 № 729 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.14-2. Мобильді ФО құру мақсаттары:
1) шағын және моноқалаларда, аудан орталықтарында және ауылдық елді мекендерде кәсіпкерлікті және кәсіпкерлік қызметті қолдау құралдарын танымал ету;
2) шағын және моноқалаларда, аудан орталықтарында және ауылдық елді мекендерде кәсіпкерлік бастамасы бар тұрғындарды кәсіпкерлік қызмет ашуға ынталандыру.
Ескерту. Қағидалар 14-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 18.08.2026 № 729 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.14-3. Мобильді ФО функциялары:
1) шағын және моноқалалардың, аудан орталықтары мен ауылдық елді мекендердің шағын кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік бастамасы бар тұрғындарын кәсіпкерлік қызметті қолдау құралдары туралы хабардар ету;
2) кәсіпкерлік қызметті ашу және жүргізу бойынша ақпараттық және консультациялық қызметтер көрсету;
3) қаржы институттарымен жұмыс істеу шарттарын түсіндіру.
Ескерту. Қағидалар 14-3-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 18.08.2026 № 729 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.14-4. Мобильді ФО көрсетілген қызметтері шағын кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік бастамасы бар тұрғындарға өтеусіз негізде ұсынылады.
Ескерту. Қағидалар 14-4-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 18.08.2026 № 729 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.14-5. Мобильді ФО-ны сатып алуға, күтіп ұстауға және оның жұмыс істеуіне арналған шығыстарды қаржыландыру қаржы агенттігінің өз қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Ескерту. Қағидалар 14-5-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 18.08.2026 № 729 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.| Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 30 желтоқсандағы № 1176 қаулысына 3-қосымша |
Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне инфрақұрылымдық қолдау көрсету қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне инфрақұрылымдық қолдау көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 94-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді әрі өңірлік мамандануды ендіру және өңірлер мен бизнесті ортақ жауапкершілікке тарту мақсатында кәсіпкерлерді қолдауға арналған өндірістік, сервистік, туристік, цифрлық IT және өткізу инфрақұрылымы объектілерін құру, дамыту және пайдалану шарттарын, тәртібі мен тетігін айқындайды.
Осы Қағидаларда инфрақұрылым санаттары, кәсіпкерлерге қолжетімділік беру тәртібі, сондай-ақ инфрақұрылымдық объектілерді пайдалану тиімділігін мониторингілеу және бағалау рәсімдері белгіленген.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) "Атамекен" ҰКП – Қазақстан Республикасының "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы, коммерциялық емес ұйым, кәсіпкерлік субъектілерінің одағы;
2) "Ауыл аманаты" бағдарламасы – халық табысын арттыруға, негізінен ауыл шаруашылығы және тұтыну кооперативтерін (бұдан әрі – кооператив), ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуді қолдауға бағытталған жоба;
3) "Бір ауыл – бір өнім" жобасы (бұдан әрі – БАБӨ) – жергілікті шикізаттан шығарылатын өнімді әзірлеу мен ілгерілету қызметтерін көрсетуге бағытталған, кем дегенде бір бәсекеге қабілетті өнім шығару жолымен ауылды дамыту тұжырымдамасына негізделген жоба.
Өнімнің (тауардың) БАБӨ жобасына сәйкестігін айқындау мынадай өлшемшарттарға сәйкес жүзеге асырылады:
өнім (тауар) жергілікті/локальды шикізаттан өндірілуге тиіс;
өнімді (тауарды) дайындау кезінде күрделі емес құралдар мен тетіктер пайдаланылуға тиіс;
өнім (тауар) мүмкіндігінше сол аумақтың өңірлік ерекшелігін (өнімнің шығу тарихын) көрсетуге және қамтуға тиіс;
өнім (тауар) құрамында қауіпті немесе зиянды заттар болмауға, өнімді (тауарды) қауіпсіз тасымалдау үшін қажетті қаптама болуға тиіс, сондай-ақ өнім (тауар) сақтау мерзімі күнтізбелік 5 (бес) күннен аспайтын тез бұзылатын санатқа жатпауға тиіс;
4) бюджеттік инвестициялық жобаларды мониторингілеу – жаңа объектілерді құру (салу), қолда бар объектілерді реконструкциялау, сондай-ақ ақпараттандыру объектілерін құру және дамыту барысы туралы бюджет қаражаты бөлінген сәттен бастап пайдалануға берілген сәтке дейін ақпаратты тұрақты және жүйелі жинау мен талдау жөніндегі іс-шаралар жиынтығы;
5) бюджет процесі – мемлекеттік органдардың Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасымен регламенттелген бюджетті жоспарлау, қарау, бекіту, атқару, нақтылау және түзету, бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілікті жүргізу, бюджеттік есеп және бюджеттік есептілік, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау, бюджеттік мониторингілеу және нәтижелерді бағалау жөніндегі қызметі;
6) жеке кабинет – тізілімдегі пайдаланушының (кәсіпкер, уәкілетті орган, өңірлік үйлестіруші, өңірлік үйлестіру кеңесі, бюджеттік бағдарлама әкімшісі) дербес веб-парақшасы;
7) жеке шот – тізілімдегі өтінімдерді тіркеу және олармен операцияларды есепке алу мақсатында кәсіпкерді сәйкестендіруге мүмкіндік беретін жазбалардың жиынтығы;
8) жеке қаржыландыру жоспары – мемлекеттік мекеменің шығыстардың функционалдық және экономикалық сыныптамасына сәйкес міндеттемелер бойынша жеке жоспар, төлемдер бойынша жеке жоспар нысанында қалыптастырылатын негізгі құжаты;
9) жергiлiктi бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiсi – облыс (астана, республикалық маңызы бар қалалар) әкiмi айқындайтын, жергiлiктi атқарушы органның бюджеттiк бағдарламаларды жоспарлауға, негіздеуге, іске асыруға және нәтижелерге қол жеткізуге жауапты құрылымдық бөлiмшесi;
10) заманауи форматтағы сауда объектілері – арнаулы немесе аралас тауарлар ассортиментінің атауы (бірліктері) бір мыңнан басталатын және одан асатын, дәстүрлі қызмет көрсету әдісімен қатар өзіне-өзі қызмет көрсету әдісімен, сондай-ақ саудада қосымша қызметтер көрсете отырып жұмыс істейтін, төлем карталарын пайдаланып төлем жүргізуге арналған жабдығы (құрылғысы) бар, еңбек өнімділігі және сауда алаңының шаршы метріне қатысты сату өнімділігі жоғары, аумағының шекарасы шегінде автокөлік құралдарының тұрағына арналған алаңның болуы көзделген, стационарлық/стационарлық емес сауда объектілері;
11) инженерлік инфрақұрылым – халықтың тыныс-тіршілігіне, сондай-ақ өндірістің орнықты жұмыс істеуіне немесе тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің айналымына қалыпты жағдай жасайтын кәсіпорындардың (ұйымдардың), объектілердің (ғимараттар мен құрылысжайлардың), коммуникациялар мен инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету желілерінің жиынтығы;
12) кәсіпкер – Кодекске сәйкес айқындалатын және жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік субъектісі мәртебесіне ие шағын және микрокәсіпкерлік субъектісі, оның ішінде "Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ауыл шаруашылығы кооперативтері болып табылатын заңды тұлғалар;
13) көрсетілетін қызметтерді беруші – мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес өңірлік үйлестіруші айқындайтын, субсидиялаудың цифрлық жүйесіне қол жеткізуді және оны иеленуші ретінде сүйемелдеуді қамтамасыз ететін тұлға;
14) қаржылық-экономикалық негіздеме (бұдан әрі – ҚЭН) – заңды тұлғалардың жарғылық капиталына бюджет қаражатын салудың орындылығы, негізділігі туралы мәліметтер мен нәтижені бағалау қамтылған құжат;
15) мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi орган – тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiкте стратегиялық, экономикалық және бюджеттiк жоспарлау саласындағы функцияларды жүзеге асыратын, жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган;
16) мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган – стратегиялық және экономикалық жоспарлау, бюджет саясатын әзiрлеу және қалыптастыру, сондай-ақ өңiрлiк даму саласындағы мемлекеттiк саясатты қалыптастыру және іске асыру саласындағы басшылықты және салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
17) өңірлік үйлестіруші – кәсіпкерлік саласындағы жергілікті атқарушы органның облыс (астана, республикалық маңызы бар қалалар) әкімі айқындайтын құрылымдық бөлімшесі;
18) өңірлік үйлестіру кеңесі (бұдан әрі – ӨҮК) – облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдері құратын және басқаратын, қатысушылардың жалпы санының кемінде 50 %-ы бизнес-қоғамдастықтың өкілдерінен тұратын консультативтік-кеңесші орган;
19) өтінімдердің электрондық тізілімі (бұдан әрі – тізілім) – өтінімдер, сондай-ақ кәсіпкерлер туралы мәліметтердің жиынтығы және субсидиялаудың цифрлық жүйесінде көрсетілген өзге де мәліметтер;
20) субсидиялаудың цифрлық жүйесінің веб-порталы (бұдан әрі – веб-портал) – субсидиялаудың цифрлық жүйесіне қолжетімділік беретін, Интернет желісінде орналастырылған интернет-ресурс;
21) тікелей нәтиже – көзделген бюджет қаражаты шегінде орындалатын мемлекеттік функциялар, өкілеттіктер мен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер көлемінің сандық сипаттамасы, оларға қол жеткізу толығымен осы функцияларды, өкілеттіктерді жүзеге асыратын немесе қызметтер көрсететін ұйымның қызметіне байланысты;
22) түпкiлiктi нәтиже – бюджеттік бағдарламаның мемлекеттiк орган қызметiнiң тікелей нәтижелерiне қол жеткiзуге негізделген, стратегиялық жоспардың, аумақтарды дамыту бағдарламасының және (немесе) бюджеттiк бағдарламаның мақсатына қол жеткізуді санмен өлшейтін көрсеткіші;
23) шағын өнеркәсіптік аймақ – шағын өндірушілерге қызмет көрсетуге арналған бірыңғай кеңістік, ауыл шаруашылығы кооперативтерінен, шаруа және фермер қожалықтарынан, сондай-ақ жеке қосалқы шаруашылықтардан келетін ауыл шаруашылығы өнімдерін қабылдауға, өңдеуге, буып-түюге және сақтауға арналған ықшам, экономикалық қолжетімді өндірістік-логистикалық пункт (шағын өнеркәсіптік аймақ мал шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы және өнімді қайта өңдеу функционалдық бағыттары бойынша құрылады);
24) "цифрлық үкімет" веб-порталы – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, мемлекеттік қызметтер көрсетуге қатысатын мемлекеттік органдар мен өзге де субъектілер орналастыратын шоғырландырылған ақпаратқа, сондай-ақ электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік және өзге де көрсетілетін қызметтерге қол жеткізудің "бірыңғай терезесін" білдіретін цифрлық объект;
25) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және ондағы мәліметтердің өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиыны.
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 18.08.2026 № 729 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.3. Инфрақұрылымдық қолдауды дамыту жаңа өндірістерді іске қосуды, көрсетілетін қызметтерді дамытуды, қолданыстағы қызметті, оның ішінде шағын өнеркәсіптік аймақтардағы қызметті кеңейту мен жаңғыртуды қоса алғанда, кәсіпкерлердің жобаларын қолдауға арналған өндірістік, сервистік, логистикалық, туристік және өткізу инфрақұрылымы объектілерін құру мен дамытудан тұрады. Инфрақұрылымды құру кәсіпкерлер топтары үшін де, арнайы алаңдар, кластерлер мен өзге де инфрақұрылымдық аймақтар құрамында да жүзеге асырылады.
4. Инфрақұрылымдық қолдауды қаржыландыру жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
2-тарау. Инфрақұрылымдық қолдау көрсету тәртібі
1-параграф. Инфрақұрылымдық қолдау көрсету шарттары
5. Осы Қағидаларды іске асыру шеңберінде инфрақұрылымдық қолдау көрсету экономикалық қызметтің басым түрлеріне жататын кәсіпкерлер үшін жүзеге асырылады.
Басым түрлердің тізбесін кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша "Атамекен" ҰКП уәкілетті органы бекіткен экономика салаларына рейтинг беру тәртібін айқындайтын ішкі нормативтік құжатқа сәйкес бөлім, топ, сынып немесе кіші сынып деңгейінде ЭҚЖЖ санын 6-дан (алты) асырмай әрбір жеке жергілікті атқарушы орган өңірді дамыту басымдықтарын негізге ала отырып айқындайды.
"Ауыл аманаты" бағдарламасы және БАБӨ шеңберінде іске асырылатын жобалар, сондай-ақ ауыл шаруашылығы кооперативтері іске асыратын жобалар басым бағыттарға жатады және инфрақұрылымдық қолдау алуға өтінім берген кезде бірінші кезекте (басымдықпен) қаралады.
Инфрақұрылымдық қолдау алуға үміткер кәсіпкерлер үшін қарсы міндеттемелер "Атамекен" ҰКП ішкі нормативтік құжатында көзделген талаптар мен өлшемшарттарға сәйкес белгіленеді.
6. Жергілікті атқарушы органдар осы Қағидалар шеңберінде бөлінетін қаражатты кәсіпкерлердің жобаларын орналастыру, іске қосу және кеңейту үшін жағдай жасайтын базалық инженерлік, өндірістік және цифрлық IT инфрақұрылым объектілерін салуға және (немесе) реконструкциялауға жібере алады, оның ішінде:
инженерлік инфрақұрылым:
1) ұңғымаларды бұрғылауды қоса алғанда, су бұру және сумен жабдықтау жүйелері;
2) газдандыру объектілері;
3) су құбырлары, бу құбырлары және жылу желілері;
4) су құбырлары мен санитариялық құрылысжайлар (септиктер);
5) электр қосалқы станциялары және электр беру желілері;
6) бу-газ қондырғылары;
7) байланыс желілері, Интернет және телефондандыру;
8) теміржол тұйықтары мен кірме жолға жібере алады;
қызметтің басым түрлерін қолдауға бағытталған жалпы пайдаланымдағы өндірістік инфрақұрылым объектілері:
жалпы пайдаланымдағы өндірістік инфрақұрылым объектілеріне:
1) өндірістік шағын кластерлер;
2) жабдықты бірлесіп пайдалану орталықтары;
3) жалпы қол жетімді қолөнер және тігін шеберханалары;
4) азық-түлік шағын цехтары мен қайта өңдеу орталықтары;
5) өндірістік коворкингтер;
6) басқа да коммерциялық жылжымайтын мүлік және (немесе) жер учаскесі жатады;
жалпы пайдаланымдағы логистикалық инфрақұрылым объектілеріне:
1) логистикалық және қойма алаңдары;
2) өнімді сұрыптау, орау, буып-түю және таңбалау орталықтары;
3) шағын өнеркәсіптік аймақтар;
4) жергілікті өндірушілерге арналған тарату хабтары;
5) шағын кәсіпкерлік өнімдерін шоғырландыру нүктелері жатады;
кәсіпкерлерге арналған өткізу инфрақұрылымы объектілеріне:
1) кәсіпкерлердің өнімдерін заманауи форматтағы сауда объектілерінде орналастыру аймақтары (SME-corners);
2) жергілікті өндірушілердің шағын нарықтары;
3) жәрмеңке және көрме алаңдары;
4) кәсіпкерлердің өнімдерін көрсетуге арналған экспо-аймақтар мен павильондар;
5) көшпелі өткізу пункттері мен уақытша сауда павильондары жатады;
кәсіпкерлер үшін туристік инфрақұрылым объектілеріне:
1) кемп-сайттар мен керуен және автоүй тұрақтарына арналған аймақтар;
2) визит-орталықтары мен туристік-ақпараттық қызмет көрсету нүктелері;
3) туристік маршруттар бойындағы сервистік алаңдар (санитариялық тораптар, шатырлар, тамақтану нүктелері, зарядтау станциялары, демалыс аймақтары);
4) туристік аймақтардағы қолөнершілер мен жергілікті өндірушілерге арналған кеңістіктер;
5) шағын мұражайлар, этно-аймақтар және демонстрациялық орталықтар жатады.
Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар арқылы және мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігі арқылы инфрақұрылым объектілерін құруға және дамытуға қолдау көрсетуге жол беріледі.
Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар өкілеттіктері шегінде және осы Қағидаларға және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес объектілерді салу, реконструкциялау және жаңғырту, үй-жайлар мен жер учаскелерін пайдалануға беру, жеңілдікті жалға беруді қолдану, мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетіктеріне қатысу, жеке инвестицияларды тарту, бірлесіп инвестициялау, жабдықтарды сатып алу және беру, сондай-ақ кәсіпкерлердің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында инфрақұрылым объектілерін басқару және пайдалану арқылы жобаларды іске асыруды жүзеге асырады.
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігі жеке әріптестің инвестициялық және (немесе) операциялық шығынын әзірлік үшін төлем, капитал шығынының бір бөлігін өтеу нысанында не Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы заңнамасында белгіленген мемлекеттік қолдаудың өзге де нысандарында бюджет қаражаты есебінен өтеуді көздейді.
7. Кәсіпкерлерді қажетті инфрақұрылымдық қолдаумен қамтамасыз ету жергілікті атқарушы органдармен келісіп ұзарту мүмкіндігімен қызмет түріне байланысты 36 (отыз алты) айға дейінгі мерзімде жүзеге асырылады.
Ортақ пайдаланылатын инфрақұрылым объектілерін құру объектіні кемінде 3 (үш) кәсіпкерлік субъектісі пайдаланған жағдайда жүзеге асырылады.
8. Кәсіпкерлерді инфрақұрылыммен қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
9. Осы Қағидалар шеңберінде:
1) салық және әлеуметтік төлемдер бойынша бюджет алдында берешегі бар;
2) банкроттық, тарату немесе мәжбүрлеп өндіріп алу рәсіміндегі;
3) ұқсас қызмет түрі бар жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлермен үлестес;
4) Кодекстің 24-бабының 4-тармағында көрсетілген қызмет түрлері бойынша жобаларды іске асыратын кәсіпкерлерге инфрақұрылымдық қолдау көрсетілмейді.
10. Қызметін экономикалық қызметтің басым түрлері шеңберінде жүзеге асыратын кәсіпкерлерге – жергілікті өндірушілерге заманауи форматтағы сауда объектілеріндегі сауда алаңына және (немесе) сөре кеңістігіне қолжетімділік беріледі.
11. Сауда алаңын және (немесе) сөре кеңістігін беру кәсіпкердің өткізілетін өнімнің сапасы мен қауіпсіздігіне қойылатын талаптарды сақтауы шартымен ұзарту мүмкіндігімен кемінде 6 (алты) ай мерзімге жүзеге асырылады.
Сөре кеңістігінің құнын және жергілікті өндірушілерді орналастыру бойынша өзге де ілеспе шығыстарды төлеу инфрақұрылымдық қолдау шеңберінде бекітілген бюджеттік бағдарламалар шегінде жүзеге асырылады.
Егер заманауи форматтағы сауда объектісін салу кезінде инженерлік инфрақұрылымды объект аумағының шекарасына дейін жеткізу мемлекеттік қаражат есебінен жүзеге асырылған жағдайда, сауда объектісі шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін сауда алаңын және (немесе) сөре кеңістігін мынадай:
ауданы 1000 (бір мың) шаршы метрге дейінгі объектілер үшін жалпы сауда алаңының 5 %-ынан;
ауданы 1000-нан (бір мың) 3000 (үш мың) шаршы метрге дейінгі объектілер үшін жалпы сауда алаңының 3 %-ынан кем емес ең төменгі көлемде беруді қамтамасыз етеді.
Көрсетілген сауда алаңдары және (немесе) сөре кеңістіктері жергілікті өндірушілердің бірыңғай аймағы түрінде қалыптастырылады және азық-түлікті қайта өңдеу, қолөнер өндірістері, тоқыма және экономикалық қызметтің басым түрлеріне жататын өзге де өндірістік бағыттар өнімдерін қоса алғанда, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің өнімдерін орналастыруға арналған.
Бұл ретте инженерлік инфрақұрылымды жүргізу сауда объектісі аумағының шекарасына дейін ғана жүзеге асырылады.
12. Жалпы пайдаланылатын өндірістік инфрақұрылым объектілерін инженерлік қамтамасыз етуді қоса алғанда, қажетті инфрақұрылымды салу (реконструкциялау) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына, инженерлік желілер объектілерін салу, бюджеттік жоспарлау және пайдалану саласындағы нормативтерге сәйкес жүзеге асырылады.
13. Алдыңғы қаржы жылында тікелей нәтижелерге қол жеткізбеген және қарсы міндеттемелерді орындамаған шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін инфрақұрылыммен қамтамасыз ету қайтадан қаржыландырылмайды.
14. Өңірлік үйлестіру құрылымының жұмыс органы өңірлік үйлестіруші болып табылады.
15. Өңірлік үйлестіруші:
1) кәсіпкерлерді инфрақұрылымдық қолдау мүмкіндіктері туралы хабардар етуді;
2) инфрақұрылым объектілеріне қол жеткізу және пайдалану тәртібі бойынша консультация беруді;
3) кәсіпкерлер мен инфрақұрылымдық объектілердің операторлары арасындағы өзара іс-қимылды;
4) инфрақұрылым объектілерінің жұмыс істеу тиімділігін мониторингілеуді жүзеге асырады.
16. Өңірлік үйлестіруші мониторинг нәтижелері бойынша инфрақұрылымдық қолдауды дамыту, объектілер тізбесін кеңейту және оларды пайдалану тиімділігін арттыру жөнінде ұсыныстар дайындайды.
17. Жергілікті бюджеттік бағдарламаның әкімшісі жеке қаржыландыру жоспары бекітілгеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде оны веб-порталда орналастырады.
2-параграф. Кәсіпкерлердің жобалары бойынша инфрақұрылымдық қолдау алу үшін қатысушылардың өзара іс-қимылы
18. Кәсіпкер осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша инфрақұрылым беру туралы өтінішпен өңірлік үйлестірушіге жүгінеді, онда инфрақұрылым беру қажеттігінің негіздемесі қамтылып, мына құжаттар қоса беріледі:
1) бизнес-жоспар;
2) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 28 маусымдағы № 59 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік инвестициялық жобаларды жоспарлау және іске асыру, инвестициялық ұсынысты, техникалық-экономикалық және қаржылық-экономикалық негіздемелерді әзірлеу немесе түзету, қажетті сараптамалар жүргізу, бюджеттік кредиттеудің орындылығын айқындау, мемлекеттік инвестициялық жобалар портфелін қалыптастыру, сондай-ақ мемлекеттік инвестициялық жобалардың бекітілген (нақтыланған) параметрлерін түзету, іріктеу, іске асырылуын мониторингілеу және бағалау қағидаларына сәйкес техникалық-экономикалық негіздеме (бұдан әрі – ТЭН) әзірлеуді талап етпейтін жобаларды қоспағанда, жобаның ТЭН;
3) жоба бойынша жобалау-сметалық құжаттама.
19. Өңірлік үйлестіруші құжаттарды алғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде:
1) кәсіпкердің жобасын осы Қағидалардың шарттарына сәйкестігі тұрғысынан тексереді;
2) ӨҮК үшін кәсіпкерлердің жобалары бойынша ұсынымдар әзірлейді;
3) құжаттардың толық топтамасымен қоса кәсіпкерлер жобаларының тізімін ӨҮК қарауына енгізеді;
4) ӨҮК отырысы күн тәртібінің мәселесін қалыптастырады, өткізілетін күнін, уақытын және орнын айқындайды, ол туралы ӨҮК барлық мүшелерін хабардар етеді.
20. Құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық емес екенін анықтаған, сондай-ақ кәсіпкер және (немесе) ұсынылған материалдар, объектілер, жобаны қарау үшін қажетті деректер мен мәліметтер Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайларда өңiрлiк үйлестiрушi кәсiпкерге мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауаппен хабарлама жiбередi.
21. ӨҮК отырысы жобалардың қалыптасуына қарай өткізіледі. ӨҮК мүшелерінің саны кемінде 10 (он) адамды құрайды, оның кемінде 50 %-ы кәсіпкерлер қоғамдастығының өкілдері болады.
ӨҮК отырысы ӨҮК мүшелері санының кемінде үштен екісі (кворум) қатысқан кезде өткізіледі. Шешімді қатысушылардың жалпы санының кемінде үштен екісі қабылдайды.
22. ӨҮК өткізілетін отырыс шеңберінде мынадай іс-шараларды жүзеге асырады:
1) кәсіпкердің және ол іске асыратын жобалардың осы Қағидалардың өлшемшарттарына сәйкестігін тексереді;
2) ӨҮК мүшелері арасында кәсіпкердің жобасы мен қоса беріліп отырған құжаттарды, оның ішінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жобаларын іске асыру қорытындылары бойынша құрылатын тұрақты жұмыс орындары, бюджетке түсетін салық түсімдері, өнім өндіру көлемі туралы болжамды ақпаратты қарайды және талқылайды;
3) талқылау нәтижелері бойынша ӨҮК осы Қағидаларға сәйкестігі тұрғысынан инфрақұрылым беру мүмкіндігі (немесе мүмкін еместігі) туралы шешім қабылдайды.
23. ӨҮК шешімі оның отырысы өткізілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде тиісті хаттамамен ресімделеді.
24. Өңірлік үйлестіруші ӨҮК хаттамасы ресімделгеннен кейін кәсіпкерге ӨҮК шешімі туралы хабарлама жібереді. ӨҮК теріс шешім қабылдаған жағдайда өңірлік үйлестіруші кәсіпкерге уәжді жауап жолдайды.
25. Өңірлік үйлестіруші ӨҮК хаттамасы ресімделген кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде толық құжаттар топтамасымен қоса кәсіпкерлер жобаларының тізімін, ӨҮК хаттамасын қолдауды одан әрі іске асыру жөнінде шаралар қабылдау үшін жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшісіне жібереді.
26. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган мыналарды жүзеге асырады:
1) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік сұранымдарын олардың Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасына, әлеуметтік-экономикалық даму болжамына, қолданыстағы табиғи нормалар мен стратегиялық жоспарлардың жобаларына немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулардың жобаларына және бюджеттік бағдарламалардың жобаларына сәйкестігі тұрғысынан қарайды, бұл ретте бюджеттік сұранымдарды қарау кезінде әрбiр бюджеттік бағдарлама бойынша шығыстардың түрлерiн есептегенде басшылыққа алу үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында белгіленген тауарларға, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге арналған бағалардың дерекқоры да пайдаланылады.
Бюджеттік сұраным Қазақстан Республикасы бюджет заңнамасының оның жасалуы мен ұсынылуы жөніндегі талаптарына сәйкес келмеген кезде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган оны қарамай, бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне қайтарады;
2) материалдарды қарау нәтижелері бойынша бюджеттік сұранымдар мен бюджеттік бағдарламалардың жобалары бойынша қорытындылар қалыптастырып, оларды тиісті бюджет комиссиясының қарауына жібереді;
3) уәкілетті органды/жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерін бюджет комиссиясының шешімі туралы хабардар етеді.
27. Жергілікті атқарушы органның жергілікті бюджет туралы мәслихат шешімін іске асыру туралы қаулысы (аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің шешімі) мәслихат жергілікті бюджетті бекіткеннен кейін күнтізбелік 14 (он төрт) күн ішінде қабылданады.
3-тарау. Инфрақұрылымдық қолдау көрсетуді мониторингілеу
28. Осы Қағидалар шеңберінде инфрақұрылымдық қолдау көрсетуді мониторингілеуді уәкілетті орган/жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі жүзеге асырады.
29. Жобалардың іске асырылуын мониторингілеуде:
1) жұмыстардың нақты жай-күйін, объектілердің жұмыс істеуін және жүктелу көрсеткіштерін қоса алғанда, жалпыға ортақ пайдаланылатын инфрақұрылым объектілерін құру және пайдалану барысы туралы ақпарат жинау;
2) бюджеттік бағдарламалардың көрсеткіштері мен мақсаттарына сәйкес шағын кәсіпкерлікті инфрақұрылымдық қолдау жобаларын іске асыру шеңберінде қол жеткізілген тікелей және түпкілікті нәтижелер туралы есеп дайындау;
3) бюджеттік инвестициялық бағдарламалар шеңберінде жалпыға ортақ пайдаланылатын инфрақұрылым жобаларын іске асыруға бөлінген қаражатты игеру туралы мәлімет жинау көзделеді.
30. Инфрақұрылым объектілерін құру және пайдалану жөніндегі жобаларды іске асырудың нақты және жоспарлы көрсеткіштері туралы ақпаратты, сондай-ақ есепті қаржы жылындағы кәсіпкерлерді инфрақұрылымдық қолдауды дамытуға бағытталған бюджеттік бағдарламалар қаражатын игеру туралы мәліметтерді қамтитын есеп мониторинг қорытындысы болып табылады. Есеп қағаз және электрондық жеткізгіштерде ұсынылады.
Есептің PDF форматындағы сканерленген көшірмесін өңірлік үйлестіруші осындай есепті уәкілетті орган/жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісі қабылдаған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде субсидиялаудың цифрлық жүйесіне жүктейді.
Ескерту. 30-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 18.08.2026 № 729 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.31. Инфрақұрылымның берілуі бойынша жылдық мониторингіні мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган мемлекеттік және орыс тілдерінде дайындайды және жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылғы 10 (оныншы) сәуірден кешіктірмей астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың әкімдіктеріне береді.
Жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері есепті жылдан кейінгі жылдың 1 (бірінші) сәуіріне дейін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға жылдық мониторингіні ұсынады.
Жиынтық ақпаратта:
1) кәсіпкерлерге инфрақұрылым ұсыну туралы ақпарат;
2) аяқталған және қолданыстағы жобалар бойынша ақпарат;
3) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеті қаражатының және облыстық бюджеттен бөлінетін нысаналы даму трансферттері мен кредиттері есебінен қаржыландырылатын жобалардың тізбесі, қаржыландыру жоспарының сомалары, жобалардың нақты орындалуы, аяқталған жобалар саны, игерілмеген сомалар мен оның себептері туралы ақпарат қамтылады.
Ескерту. 31-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 14.07.2026 № 615 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.32. Өңірлік үйлестірушілер жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылғы 10 (оныншы) ақпаннан кешіктірмей мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға шағын кәсіпкерлік жобаларының іске асырылу мәртебесі туралы ақпарат береді (құрылған тұрақты және уақытша жұмыс орындары, салық аударымдары, өнім шығарылуы және еңбекақы төлеу қорының ұлғаюы туралы және қарсы міндеттемелер бойынша басқа да көрсеткіштерді).
33. Осы Қағидаларда көзделмеген өзара іс-қимыл тетіктері мен іске асыру процестері уәкілетті органның келісімі бойынша "Атамекен" ҰКП-ның ішкі нормативтік құжаттарында айқындалады.
34. Шағын кәсіпкерлікті қолдауды үйлестіру әдіснама мен цифрлық сервистерге жауап беретін "Атамекен" ҰКП қоса алғанда, уәкілетті ұйымдар мен операторлардың өзара іс-қимылы арқылы жүзеге асырылады. Бейінді ұйымдар өз бағыттарында шараларды іске асырады, ал бірыңғай жүйе келісімділік пен кәсіпкерлердің көрсетілетін қызметтерге ыңғайлы қол жеткізуін қамтамасыз етеді.
___________________
| Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне инфрақұрылымдық қолдау көрсету қағидаларына қосымша |
Нысан
Инфрақұрылымдық қолдау көрсетуге электрондық өтінім
Ескерту. Қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 14.07.2026 № 615 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
1. ______ облысында (астанада, республикалық маңызы бар қалада)
______________________________________________________________.
(заңды тұлғаның толық атауы, жеке кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)2. Инфрақұрылымды қамтамасыз ету бойынша конкурстық іріктеуге қатысу туралы ұсынылған материалдарды қарауды сұраймын.
3. Өтініш беруші туралы мәліметтер:
Заңды тұлға үшін:
атауы _________________________________________________________
БСН __________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) _________________________________
басшының ЖСН _______________________________________________
Мекенжайы ___________________________________________________
телефон (факс) нөмірі __________________________________________
Дара кәсіпкер үшін:
атауы ________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ________________________________
ЖСН ________________________________________________________
жеке басын куәландыратын құжат:
нөмірі ________________________________________________________
кім берді ______________________________________________________
берілген күні ___________________________________________________
мекенжайы ____________________________________________________
телефон (факс) нөмірі) __________________________________________
Дара кәсіпкер ретінде қызметтің басталғаны туралы хабарлама:
орналасқан жері _______________________________________________
хабарланған күні ______________________________________________ .
4. Кәсіпкердің екінші деңгейдегі банкте ағымдағы шотының бар-жоғы туралы мәліметтер:
Банк деректемелері: ____________________________________________
Банктің атауы: ________________________________________________
БСК ________________________________________________________
ЖСК ________________________________________________________
БСН ________________________________________________________
Кбе _________________________________________________________ .
5. Жоба туралы мәліметтер:
жобаның атауы _______________________________________________
жобаның қысқаша сипаттамасы _________________________________
жобаны іске асыру орны ______________________________________
қызметтің бейінді бағыты (*жоба облыс орталықтарында, Астана, Алматы, Шымкент және Семей қалаларында іске асырылған жағдайда толтырылады):
____________________________________________________________
қажетті инфрақұрылым түрі ___________________________________
инфрақұрылымды жүргізу немесе жақсарту қажеттігінің негіздемесі
_____________________________________________________________
құрылыстың құны, мың теңге ___________________________________
жобаның құны (инвестициялар), мың теңге ________________________
салық салу жүйесі: _____________________________________________
экономика саласын көрсет: _____________________________________
экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші (ЭҚЖЖ):
_____________________________________________________________ .
жалдамалы жұмыскерлер саны ________________________________
6. Жоба бойынша күтілетін экономикалық әсер:
Р/с № | Жылдар | Факт | Болжам | ||
ағымдағы жыл | 1-ші жыл | 1-ші жыл | 1-ші жыл | ||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1 | Құрылатын жұмыс орындарының саны, адам | ||||
2 | Салық түріндегі түсімдер сомасы, мың теңге | ||||
3 | Шығарылатын өнімнің көлемі, мың теңге | ||||
Басқа әсерлер | |||||
7. Берілген құжаттар туралы мәліметтер:
Р/с № | Құжаттың атауы | Электрондық файлдың атауы (pdf форматында) |
1 | 2 | 3 |
1 | Бизнес-жоспар | |
2 | Жобаның ТЭН | |
3 | Жоба бойынша жобалау-сметалық құжаттама | Жүктеу |
Мыналарға:
1) өңірлік үйлестірушінің алғаш талап етуі бойынша осы өтінімді қарау шеңберінде талап етілген банктік және коммерциялық құпияны қамтитын кез келген ақпарат пен құжаттарды беруге және ашуға;
2) өтінімде көрсетілген деректер өзгерген жағдайда өңірлік үйлестірушіні дереу хабардар етуге міндеттенемін.
Мен:
1) өңірлік үйлестіруші мен ӨҮК ұсынылған мәліметтерге тексеру жүргізілетінімен;
2) өңірлік үйлестіруші көрсетілген деректердің дұрыстығын тексеруге міндетті емес екенімен;
3) осы өтінімде қамтылған мәліметтер, сондай-ақ барлық талап етілген құжаттар жетіспейтін инженерлік инфрақұрылымды қаржыландыру үшін ғана ұсынылғанымен;
4) көрсетілген деректер мен ақпараттың анық еместігі анықталған жағдайда осы өтінім оны қараудың кез келген кезеңінде қабылданбайтынымен;
5) өңірлік үйлестіруші осы өтінімде көрсетілген мәліметтерді, ақпаратты және кәсіпкер ұсынған құжаттарды мүдделі үшінші тұлғаларға (ақпарат алу құқығы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген), сондай-ақ кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органға, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға, "Бәйтерек" ұлттық инвестициялық холдингі" акционерлік қоғамына, "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасына ұсынатынымен;
6) өңірлік үйлестірушінің осы өтінімді қабылдауы, сондай-ақ кәсіпкердің ықтимал шығыстары (қажетті құжаттарды ресімдеуге және т.б.) өңірлік үйлестірушінің қаржыландыруды беру немесе кәсіпкер шеккен шығындарды өтеу міндеттемелері болып табылмайтынымен келісемін.
Конкурс шарттарымен және инженерлік инфрақұрылымды жүргізу шарттарымен/талаптарымен таныстым.
Ұсынылған ақпараттың анықтығын растаймын, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес анық мәліметтер ұсынбағаным үшін жауаптылық туралы хабардармын және заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ дербес деректер мен өзге де ақпаратты жинауға, өңдеуге, сақтауға, жүктеп шығаруға және пайдалануға келісім беремін.
Өтініш беруші 20__ жылғы "___" _____ сағ. 00:00 қол қойып, жіберді:
ЭЦҚ деректері
ЭЦҚ қойылған күні мен уақыты
Өтінімді қабылдау туралы хабарлама:
Өңірлік үйлестіруші 20__ жылғы "___" __________ сағ. 00:00-де қабылдады:
ЭЦҚ деректері
ЭЦҚ қойылған күні мен уақыты
_______________________
