Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 94-бабының 2-тармағына, "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 49-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы жобаларға кредит беру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Қаржылық құралдар және микрокредит беру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі |
Е. Карашукеев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Стратегиалық жоспарлау және
реформалар агенттігінің
Ұлттық стратистика бюросы
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
| Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі 2023 жылғы 31 тамыздағы № 322 бұйрығымен бекітілген |
Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы жобаларға кредит беру қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы жобаларға кредит беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 94-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы "Мемлекеттік статистика туралы" Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 49-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және агроөнеркәсіптік кешен (бұдан әрі – АӨК) саласындағы жобаларына кредит беру тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) агроөнеркәсіптік кешен субъектілері (бұдан әрі – үміткер) – агроөнеркәсіптік кешенде қызметін жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар;
1-1) мал базары – ауыл шаруашылығы жануарларын сатып алу-сатуды ұйымдастыруға және жүзеге асыруға арналған, оларды күтіп-бағуға, қарап-тексеруге және ветеринариялық бақылауға қажетті жағдайларды қамтамасыз ететін мамандандырылған стационарлық алаң;
2) сенім білдірілген өкіл (агент) – тапсырма шарты негізінде кредитордың (сенімгердің) немесе бюджеттік бағдарлама әкімшісінің атынан және есебінен және оның нұсқауларына сәйкес бюджеттік кредит беруге байланысты белгілі бір тапсырмалар жасайтын тұлға.
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 01.10.2025 № 346 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2-тарау. Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы жобаларға кредит беру тәртібі
3. Кредиттер республикалық бюджет және/немесе жергілікті бюджет қаражатынан АӨК саласындағы жаңа жобаларды құру немесе қолданыстағы жобаларды кеңейту үшін үміткерлерге беріледі.
4. АӨК саласындағы жобаларды іске асыруға берілетін кредиттер сенім білдірілген өкіл (агент) арқылы беріледі.
5. Сенім білдірілген өкілді (агентті) ауыл шаруашылығы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы (бұдан әрі – жергілікті атқарушы орган) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес айқындайды.
6. АӨК саласындағы жобаларға кредит беру мақсатында кредитор, бюджеттік бағдарлама әкімшісі және қарыз алушы арасында жасалатын кредиттік шарт негізінде жергілікті атқарушы органға қайтарымдылық, қамтамасыз етілу, мерзімділік және ақылылық қағидаттарымен республикалық бюджеттен бюджеттік кредит мынадай шарттармен беріледі:
1) 1 (бір) процент жылдық сыйақы мөлшерлемесімен 10 (он) жылға;
2) бюджеттік кредиттің нысаналы мақсаты – АӨК саласындағы жаңа жобаларды құруға немесе қолданыстағыларды кеңейтуге бағытталған мынадай жобаларды іске асыру:
тауарлық сүт фермаларын (қуаты 400 бастан бастап 1500 басқа дейін);
етті бағыттағы құс фабрикаларын (жылына 5000 тонна құс етінен бастап);
етті мал шаруашылығы кәсіпорындарын (5000 бастан бастап);
бордақылау алаңдарын (5000 бастан бастап);
ет өңдеу кәсіпорындарын (қуаттылығы сағатына 8 шартты бастан басталатын);
сыйымдылығы 10000 ауыл шаруашылығы жануарлары басынан басталатын мал базарларын;
көкөніс сақтау қоймаларын (1000 тоннадан бастап);
жеміс сақтау қоймаларын (1000 тоннадан бастап);
өнеркәсіптік жылыжай шаруашылықтарын;
жүн мен теріні қоса алғанда, ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу, сондай-ақ құрамажем өндіру кәсіпорындарын;
өндірістік қуаттылығы жылына 25 тонна болатын аквашаруашылық объектілерін өсіру шаруашылықтарын;
құс шаруашылығындағы асыл тұқымдық репродукторларды;
қазіргі заманғы су үнемдеу технологияларын (шашыратып, тамшылатып суару) пайдалана отырып, суармалы егіншілікті (картоп пен көкөністер, азық өндірісі);
қой өсіру фермаларын (5000 бастан бастап);
ЗҚАИ-ның ескертпесі!2) тармақшаның он алтыншы абзацы 01.01.2026 дейін қолданылады - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 01.10.2025 № 346 бұйрығымен.
жүн мен теріні қоса алғанда, ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу, сондай-ақ құрамажем өндіру кәсіпорындары өткізу үшін пайдаланған қарыздарды қайта қаржыландыру;
3) 24 (жиырма төрт) айдан аспайтын мерзімге негізгі борышты өтеу бойынша жеңілдікті кезең;
4) бюджеттік кредитті игеру кезеңі 18 (он сегіз) айды құрайды және бюджеттік кредит жергілікті атқарушы органға аударылған сәттен бастап есептеледі.
Осы ережелердi iске асыру мақсатында бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi тиiстi бюджет бекiтiлгеннен кейiн кредитордың бюджеттiк кредит бойынша негiзгi шарттар мен қарыз алушылардың санаты туралы шешiмiнiң жобасын бекiтуге енгiзедi.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 01.10.2025 № 346 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.6-1. АӨК саласындағы жаңа жобаларды құру және (немесе) қолданыстағыларды кеңейтуге үміткерлерге жергілікті бюджет қаражаты есебінен бюджеттік кредит берілген жағдайда, жергілікті атқарушы органдар АӨК саласындағы жобаларға кредит берудің басым бағыттарын өңірлердің қажеттілігі мен орындылығына байланысты өз бетінше айқындайды.
Бұл ретте АӨК саласындағы жобаларды жергілікті бюджет қаражаты есебінен іске асырудың орындылығы осы Қағидалардың 13-тармағында көрсетілген өлшемшарттарға сәйкес айқындалады.
Жергілікті бюджеттен қаражат қайтарымдылық, мерзімділік және ақылылық қағидаттары негізінде бюджеттік кредит түрінде мынадай шарттармен беріледі:
1) жылдық 1 (бір) процент сыйақы мөлшерлемесімен 10 (он) жылға;
2) бюджеттік кредиттің нысаналы мақсаты – АӨК саласындағы жаңа жобаларды құруға немесе қолданыстағыларды кеңейтуге бағытталған АӨК саласындағы жобаларды іске асыру;
3) 24 (жиырма төрт) айдан аспайтын мерзімге негізгі борышты өтеу бойынша жеңілдікті кезең;
4) бюджеттік кредитті игеру кезеңі 18 (он сегіз) айды құрайды және бюджеттік кредит жергілікті атқарушы органға аударылған сәттен бастап есептеледі.
Осы ережелердi iске асыру мақсатында бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi тиiстi бюджет бекiтiлгеннен кейiн кредитордың жергілікті бюджет қаражаты есебінен бюджеттiк кредит бойынша негiзгi шарттар мен қарыз алушылардың санаты туралы шешiмiнiң жобасын бекiтуге енгiзедi.
Ескерту. Қағидалар 6-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 01.10.2025 № 346 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.7. Жергілікті атқарушы органдар бюджеттік кредит қаражатын Қазақстан Республикасының бюджет және азаматтық заңнамасына сәйкес сенім білдірілген өкілге (агентке) тапсырма шарты бойынша береді.
8. Жергілікті атқарушы орган сенім білдірілген өкіл (агент) арқылы үміткерлерге мерзімділік, ақылылық, қайтарымдылық, қамтамасыз етілу, нысаналы пайдалану қағидаттарын сақтай отырып, мынадай шарттармен кредиттер береді:
1) кредит мерзімі – 10 (он) жылға дейін;
2) бір жобаға арналған кредиттің ең жоғары сомасы – 5 (бес) миллиард теңгеден аспайды;
3) номиналды сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 2,5 (екі жарым) процент;
4) кредиттің нысаналы мақсаты – АӨК саласындағы жаңа жобаларды құруға немесе қолданыстағыларды кеңейтуге бағытталған мынадай жобаларды іске асыру:
тауарлық сүт фермаларын (қуаты 400 бастан бастап 1500 басқа дейін);
етті бағыттағы құс фабрикаларын (жылына 5000 тонна құс етінен бастап);
етті мал шаруашылығы кәсіпорындарын (5000 бастан бастап);
бордақылау алаңдарын (5000 бастан бастап);
ет өңдеу кәсіпорындарын (қуаттылығы сағатына 8 шартты бастан басталатын);
сыйымдылығы 10000 ауыл шаруашылығы жануарлары басынан басталатын мал базарларын;
көкөніс сақтау қоймаларын (1000 тоннадан бастап);
жеміс сақтау қоймаларын (1000 тоннадан бастап);
өнеркәсіптік жылыжай шаруашылықтарын;
жүн мен теріні қоса алғанда, ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу, сондай-ақ құрамажем өндіру кәсіпорындарын;
өндірістік қуаттылығы жылына 25 тонна болатын аквашаруашылық объектілерін өсіру жөніндегі шаруашылықтарын;
құс шаруашылығындағы асыл тұқымдық репродукторларды;
қазіргі заманғы су үнемдеу технологияларын (шашыратып, тамшылатып суару) пайдалана отырып, суармалы егіншілікті (картоп пен көкөністер, азық өндірісі);
қой өсіру фермаларын (5000 бастан басталатын);
ЗҚАИ-ның ескертпесі!4) тармақшаның он алтыншы абзацы 01.01.2026 дейін қолданылады - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 01.10.2025 № 346 бұйрығымен.
жүн мен теріні қоса алғанда, ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу, сондай-ақ құрамажем өндіру кәсіпорындары өткізу үшін пайдаланған қарыздарды қайта қаржыландыру;
5) кепілмен қамтамасыз етудің болуы;
6) негізгі қарызды өтеу бойынша жеңілдікті кезең 24 (жиырма төрт) айдан аспайды.
Өтінімдерді қабылдау тәсілдері, кредиттерді беру және қамтамасыз ету өлшемшарттары, үміткерлердің санаттары, қоса қаржыландыру мөлшері, сондай-ақ кредит алу үшін құжаттар тізбесі жергілікті атқарушы орган мен сенім білдірілген өкіл (агент) арасында жасалған тапсырма шартында көрсетіледі.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 01.10.2025 № 346 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.9. Өтініш берушілер құжаттарды қағаз жеткізгіште немесе электронды түрде сенім білдірген өкілге (агентке) береді.
10. Кредит алуға үміткер ұсынған құжаттардың мазмұны мен мәліметтерді сенім білдірілген өкілдің (агенттің) тексеру мерзімі барлық қажетті құжаттармен бірге өтініш тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнін құрайды.
Құжаттар мен олардағы мәліметтер кредит беру шарттарына сәйкес келмеген жағдайда, сенім білдірілген өкіл (агент) қайтару себептерін көрсете отырып, кредит алуға арналған құжаттар топтамасын қайтарады.
11. Сенім білдірілген өкіл (агент) өтініш тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде барлық қажетті құжаттармен бірге және олардың кредит беру шарттарына сәйкес келген кезде ұсынылған АӨК саласындағы жобаға бағалау жүргізеді.
АӨК саласындағы жобаны бағалағаннан кейін сенім білдірілген өкіл (агент) 3 (үш) жұмыс күні ішінде бағалау нәтижелерін қоса бере отырып, оң қорытындылар алған үміткерлердің құжаттарын АӨК саласындағы жобаларды іріктеу жөніндегі конкурстық комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) қарауына шығару үшін жергілікті атқарушы органға жібереді.
12. Сенім білдірілген өкіл (агент) үміткерлердің кредит бойынша шарттың міндеттемелерін бұзуы себебінен алынатын комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді қоспағанда, үміткерлердің кредитіне байланысты қандай да бір комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді алмайды, бұл ретте мұндай комиссиялардың, алымдардың және/немесе өзге де төлемдердің мөлшері кредиттік шартта белгіленеді.
Сенім білдірілген өкілге (агентке) тапсырма шартын орындағаны үшін сыйақы төлеуді жергілікті атқарушы орган жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырады.
Сенім білдірілген өкілдің (агенттің) тапсырмаларды орындағаны үшін сыйақы төлеу мөлшерін жергілікті атқарушы орган айқындайды және тапсырма шартында белгіленеді.
3-тарау. Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы жобаларды іріктеу өлшемшарттары
13. АӨК саласындағы жобаларды іріктеудің негізгі өлшемшарттары мыналар болып табылады:
1) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының импортын алмастыруды ескере отырып, салалық орындылығы;
2) өңір тұрғындарын сапалы және қолжетімді тамақ өнімдерімен қамтамасыз ету;
3) уақытша және тұрақты жұмыс орындарын құру;
4) үміткердің ауыл шаруашылығы өнімін өндіру және (немесе) өңдеу саласында кемінде 5 (бес) жыл жұмыс тәжірибесінің болуы не кәсіпорын басшысының ауыл шаруашылығы өнімін өндіру және (немесе) өңдеу саласында кемінде 5 (бес) жыл еңбек өтілінің болуы;
5) кредиттік есеппен расталған кредиттік және лизингтік міндеттемелер бойынша мерзімі өткен берешектің 90 (тоқсан) күннен артық болмауы;
6) үміткерде берік азықтық базаны қалыптастыру, ауыл шаруашылығы техникасы паркін материалдық-техникалық жарақтандыру үшін ауыл шаруашылығы алқаптарының қажетті алаңының болуы;
7) үміткерде салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша мерзімі өткен берешектің болмауы;
8) "Оңалту және банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес таратылу, банкроттық, оңалту рәсімдерінің, сондай-ақ қызметінің тоқтатылуының болмауы;
9) қарыз алушы тарапынан жобаның жалпы сомасының кемінде 10%-і мөлшерінде бюджеттік кредит қаражатына қатысы жоқ, тиісті құжаттармен расталған қоса қаржыландыруды қамтамасыз ету;
10) кредит сомасының кемінде 30%-і Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес ресімделген, меншік құқығы мен кепіл мүлкінің бағалау құнын растайтын құжаттары бар жылжымайтын мүлікпен қамтамасыз ету;
11) "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабына сәйкес жобаның оң сараптамасының болу (жобаға сараптама алу көзделген жобалар бойынша).
Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 01.10.2025 № 346 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.14. АӨК саласындағы жобаларды іріктеуге арналған комиссия жергілікті атқарушы органдардың, оның ішінде аудандық (қалалық) деңгейдегі ауыл және балық шаруашылығы мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың, оның ішінде аудандық (қалалық) деңгейдегі мәслихат депутаттарының, "Атамекен" өңірлік кәсіпкерлер палатасының, қоғамдық бірлестіктердің, ғылыми-білім беру мекемелерінің өкілдерінен, бизнес, өңірлік бұқаралық ақпарат өкілдерінен, салалық сарапшылардан құрамы кемінде 7 адам болып облыс, республикалық маңызы бар қалалар және астана әкімінің шешімімен құрылады.
Комиссия төрағасы мен төрағаның орынбасары Комиссия мүшелерінің арасынан Комиссия мүшелерінің көпшілік даусымен сайланады. Комиссия хатшысы Жұмыс органының қызметкерлері қатарынан айқындалады. Комиссия хатшысы оның мүшесі болып табылмайды.
Комиссия хатшысы Комиссия отырысын ұйымдастыруды жүзеге асырады, төрағамен келісу бойынша, отырыстың өткізілетін орнын, күнін және уақытын айқындайды, Комиссия мүшелеріне алдағы отырыс туралы хабарлайды, Комиссия мүшелеріне отырысты өткізу үшін қажетті материалдарды ұсынады.
Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 31.05.2024 № 184 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.15. Комиссия отырысы жергілікті уәкілетті органда сақтауға жататын аудио, бейнежазбалардың техникалық құралдарының көмегімен тіркеледі.
Жұмыстың ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін Комиссия отырысына байқаушылар шақырылады.
Байқаушылар ретінде Комиссия отырысына Қазақстан Республикасы азаматтарының және бұқаралық ақпарат құралдары, қоғамдық бірлестіктер, коммерциялық ұйымдар мен саяси партиялар өкілдерінің, барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының және басқа да мемлекеттік органдардың қатысуына жол беріледі.
Талқылау барысы мен Комиссия қабылдаған шешім еркін нысанда хаттама түрінде ресімделеді, оған конкурстық Комиссияның төрағасы мен мүшелері, сондай-ақ хаттамалауды жүзеге асыратын хатшы қол қояды.
Комиссия отырысы, егер оған оның мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса, заңды деп есептеледі.
Комиссия мүшесі, егер оның тікелей немесе жанама мүдделілігі болса отырысқа қатыспайды және қарсылық білдіреді (өздігінен бас тартуға).
Өздігінен бас тарту және қарсылық білдіру негізделеді және отырыс басталғанға дейін де, Комиссия отырысы барысында да мәлімделеді.
Комиссия мүшесінің өздігінен бас тартуы (қарсылық білдіруі) туралы шешімді Комиссия отырыстарға қатысатын мүшелерінің көпшілік даусымен жазбаша нысанда қабылдайды және Комиссия мүшесінің қатысуымен жария етіледі.
Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 01.10.2025 № 346 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.16. АӨК саласындағы жобамен іріктелген үміткер кредит беру үшін жергілікті атқарушы органмен және сенім білдірілген өкілмен (агентпен) қарыз шартына кепіл шартына қол қояды, кепіл шартын уәкілетті органда тіркегеннен кейін сенім білдірілген өкіл (агент) 5 (бес) жұмыс күні ішінде кредит сомасын оның ағымдағы шотына аударады.
17. Кредиттің нысаналы пайдаланылу мониторингін бақылауды жергілікті атқарушы орган сенім білдірілген өкіл (агент) арқылы қол қойылған қарыз шартының талаптарымен жүзеге асырады.
18. Сенім білдірілген өкіл (агент) ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 10 (оныншы) күніне дейінгі мерзімде жергілікті атқарушы органға осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша кредиттердің нысаналы пайдаланылуы туралы есеп береді.
Жергілікті атқарушы орган ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 15 (он бесінші) күніне дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігіне кредиттердің нысаналы пайдаланылуы туралы есепті осы Қағидалардың қосымшасына сәйкес нысан бойынша ұсынады
| Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы жобаларға кредит беру қағидаларына қосымша Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан |
Ұсынылады: облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың ауыл шаруашылығы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органына (бұдан әрі – жергілікті атқарушы орган), Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігіне
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан www.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған
Әкімшілік нысанның атауы: Кредиттердің нысаналы пайдаланылуы туралы есеп
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 01.10.2025 № 346 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі: № 3-КНПЕ нысан
Кезеңділік: ай сайын
Есепті кезең: 20 ____ жылғы ___________ айы
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын адамдар тобы: сенім білдірілген өкіл (агент), жергілікті атқарушы орган
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі:
сенім білдірілген өкіл (агент) жергілікті атқарушы органға ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күніне (оныншы) дейінгі мерзімде;
жергілікті атқарушы орган Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігіне ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-күніне (он бесінші) дейінгі мерзімде.
Бизнес-сәйкестендіру нөмірі
![]()
Жинау әдісі: электрондық түрде
Облыс | Әкімшілік аумақтық объектілердің жіктеуішіне сәйкес коды | Іске асыру орны (аудан) | Мекен-жайдың тіркелім коды | Жобаның атауы | Қарыз алушының атауы | Қарыз алушының жеке сәйкестендіру нөмірі/ бизнес-сәйкестендіру нөмірі | |
2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | |
кестенің жалғасы
Кредит беру күні | Кредит беру мерзімі, айлар | Республикалық бюджеттен және (немесе) жергілікті бюджеттен кредит сомасы (теңге) | Бюджеттік кредит қаражаты есебінен қаржыландыру | Жобаның бағыты | Жаңажобаны құруға/ қолданыстағыларды кеңейтуге бағытталған | Инвестордың қоса қаржыландыру сомасы (өз қаражаты) (теңге) | Қуаттылығы (жылына тонна, суару бойынша – алаңы гектармен) | ||
атауы (құрылыс- монтаждау жұмыстары, негізгі құралдар сатып алу) | сомасы, теңге | ||||||||
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | ||
кестенің жалғасы
Құрылған тұрақты жұмыс орындарының саны | Уақытша құрылған жұмыс орындарының саны | Жобаның мәртебесі (пайдалануға берілген/берілмеген) | |
19 | 20 | 21 | |
Атауы ______________________________________________________________
Мекенжайы _________________________________________________________
Телефоны ___________________________________________________________
Электрондық почта мекенжайы ________________________________________
Орындаушы _________________________________________________________
аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, электрондық цифрлық қолтаңбасы
Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам
____________________________________________________________________
аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, электрондық цифрлық қолтаңбасы
Ескерту: "Кредиттердің нысаналы пайдаланылуы туралы есеп" әкімшілік деректерін өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме осы нысанға қосымшада келтірілген.
| "Кредиттердің нысаналы пайдаланылуы туралы есеп" әкімшілік деректерін өтеусіз негізде жинауға арналған нысанға қосымша |
"Кредиттердің нысаналы пайдаланылуы туралы есеп" әкімшілік деректерін өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме (индекс: № 3-КНПЕ, кезеңділік: ай сайын)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы түсіндірме "Кредиттердің нысаналы пайдаланылуы туралы есеп" әкімшілік деректерін өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.
2. Нысанға орындаушы мен басшы не оның міндетін атқарушы адам тегі мен аты-жөнін көрсете отырып, қол қояды.
3. Нысан қазақ және орыс тілдерінде толтырылады.
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
4. Нысанның 1-бағанында реттік нөмірі көрсетіледі.
5. Нысанның 2-бағанында облыстың атауы көрсетіледі.
6. Нысанның 3-бағанында әкімшілік-аумақтық объектілердің жіктеуішіне сәйкес коды көрсетіледі.
7. Нысанның 4-бағанында іске асыру орны (аудан) көрсетіледі.
8. Нысанның 5-бағанында мекенжайдың тіркелім коды көрсетіледі.
9. Нысанның 6-бағанында жобаның атауы көрсетіледі.
10. Нысанның 7-бағанында қарыз алушының атауы көрсетіледі.
11. Нысанның 8-бағанында қарыз алушының жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.
12. Нысанның 9-бағанында жобаның жалпы құны (теңге) көрсетіледі.
13. Нысанның 10-бағанында кредит беру күні көрсетіледі.
14. Нысанның 11-бағанында кредит беру мерзімі (айлар) көрсетіледі.
15. Нысанның 12-бағанында республикалық бюджеттен және/немесе жергілікті бюджеттен берілетін кредит сомасы (теңге) көрсетіледі.
16. Нысанның 13-бағанында атауы (құрылыс-монтаждау жұмыстары, негізгі құралдарды сатып алу) және бюджеттік кредит қаражаты есебінен қаржыландыру сомасы көрсетіледі.
17. Нысанның 14-бағанында жобаның бағыты көрсетіледі.
18. Нысанның 15-бағанында жаңа жобаны құруға және (немесе) қолданыстағыны кеңейтуге бағытталған жоба көрсетіледі.
19. Нысанның 16-бағанында инвестордың қоса қаржыландыруға бағытталған сомасы (өз қаражаты) (теңге) көрсетіледі.
20. Нысанның 17-бағанында қуаттылығы (жылына тонна, суару бойынша – алаңы гектармен) көрсетіледі.
21. Нысанның 18-бағанында өндірілген дайын өнімнің көлемі (кезең үшін) көрсетіледі.
22. Нысанның 19-бағанында құрылған тұрақты жұмыс орындарының саны көрсетіледі.
23. Нысанның 20-бағанында уақытша құрылған жұмыс орындарының саны көрсетіледі.
24. Нысанның 21-бағанында жобаның мәртебесі (пайдалануға берілген/берілмеген) көрсетіледі.
