"Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы жобаларға кредит беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 31 тамыздағы № 322 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2025 жылғы 1 қазандағы № 346 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 3 қазанда № 37048 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы жобаларға кредит беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 31 тамыздағы № 322 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33364 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы жобаларға кредит беру қағидаларында:

      2-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "1-1) мал базары – ауыл шаруашылығы жануарларын сатып алу-сатуды ұйымдастыруға және жүзеге асыруға арналған, оларды күтіп-бағуға, қарап-тексеруге және ветеринариялық бақылауға қажетті жағдайларды қамтамасыз ететін мамандандырылған стационарлық алаң;";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. АӨК саласындағы жобаларға кредит беру мақсатында кредитор, бюджеттік бағдарлама әкімшісі және қарыз алушы арасында жасалатын кредиттік шарт негізінде жергілікті атқарушы органға қайтарымдылық, қамтамасыз етілу, мерзімділік және ақылылық қағидаттарымен республикалық бюджеттен бюджеттік кредит мынадай шарттармен беріледі:

      1) 1 (бір) процент жылдық сыйақы мөлшерлемесімен 10 (он) жылға;

      2) бюджеттік кредиттің нысаналы мақсаты – АӨК саласындағы жаңа жобаларды құруға немесе қолданыстағыларды кеңейтуге бағытталған мынадай жобаларды іске асыру:

      тауарлық сүт фермаларын (қуаты 400 бастан бастап 1500 басқа дейін);

      етті бағыттағы құс фабрикаларын (жылына 5000 тонна құс етінен бастап);

      етті мал шаруашылығы кәсіпорындарын (5000 бастан бастап);

      бордақылау алаңдарын (5000 бастан бастап);

      ет өңдеу кәсіпорындарын (қуаттылығы сағатына 8 шартты бастан басталатын);

      сыйымдылығы 10000 ауыл шаруашылығы жануарлары басынан басталатын мал базарларын;

      көкөніс сақтау қоймаларын (1000 тоннадан бастап);

      жеміс сақтау қоймаларын (1000 тоннадан бастап);

      өнеркәсіптік жылыжай шаруашылықтарын;

      жүн мен теріні қоса алғанда, ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу, сондай-ақ құрамажем өндіру кәсіпорындарын;

      өндірістік қуаттылығы жылына 25 тонна болатын аквашаруашылық объектілерін өсіру шаруашылықтарын;

      құс шаруашылығындағы асыл тұқымдық репродукторларды;

      қазіргі заманғы су үнемдеу технологияларын (шашыратып, тамшылатып суару) пайдалана отырып, суармалы егіншілікті (картоп пен көкөністер, азық өндірісі);

      қой өсіру фермаларын (5000 бастан бастап);

      жүн мен теріні қоса алғанда, ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу, сондай-ақ құрамажем өндіру кәсіпорындары өткізу үшін пайдаланған қарыздарды қайта қаржыландыру;

      3) 24 (жиырма төрт) айдан аспайтын мерзімге негізгі борышты өтеу бойынша жеңілдікті кезең;

      4) бюджеттік кредитті игеру кезеңі 18 (он сегіз) айды құрайды және бюджеттік кредит жергілікті атқарушы органға аударылған сәттен бастап есептеледі.

      Осы ережелердi iске асыру мақсатында бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi тиiстi бюджет бекiтiлгеннен кейiн кредитордың бюджеттiк кредит бойынша негiзгi шарттар мен қарыз алушылардың санаты туралы шешiмiнiң жобасын бекiтуге енгiзедi.";

      мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:

      "6-1. АӨК саласындағы жаңа жобаларды құру және (немесе) қолданыстағыларды кеңейтуге үміткерлерге жергілікті бюджет қаражаты есебінен бюджеттік кредит берілген жағдайда, жергілікті атқарушы органдар АӨК саласындағы жобаларға кредит берудің басым бағыттарын өңірлердің қажеттілігі мен орындылығына байланысты өз бетінше айқындайды.

      Бұл ретте АӨК саласындағы жобаларды жергілікті бюджет қаражаты есебінен іске асырудың орындылығы осы Қағидалардың 13-тармағында көрсетілген өлшемшарттарға сәйкес айқындалады.

      Жергілікті бюджеттен қаражат қайтарымдылық, мерзімділік және ақылылық қағидаттары негізінде бюджеттік кредит түрінде мынадай шарттармен беріледі:

      1) жылдық 1 (бір) процент сыйақы мөлшерлемесімен 10 (он) жылға;

      2) бюджеттік кредиттің нысаналы мақсаты – АӨК саласындағы жаңа жобаларды құруға немесе қолданыстағыларды кеңейтуге бағытталған АӨК саласындағы жобаларды іске асыру;

      3) 24 (жиырма төрт) айдан аспайтын мерзімге негізгі борышты өтеу бойынша жеңілдікті кезең;

      4) бюджеттік кредитті игеру кезеңі 18 (он сегіз) айды құрайды және бюджеттік кредит жергілікті атқарушы органға аударылған сәттен бастап есептеледі.

      Осы ережелердi iске асыру мақсатында бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi тиiстi бюджет бекiтiлгеннен кейiн кредитордың жергілікті бюджет қаражаты есебінен бюджеттiк кредит бойынша негiзгi шарттар мен қарыз алушылардың санаты туралы шешiмiнiң жобасын бекiтуге енгiзедi.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Жергілікті атқарушы орган сенім білдірілген өкіл (агент) арқылы үміткерлерге мерзімділік, ақылылық, қайтарымдылық, қамтамасыз етілу, нысаналы пайдалану қағидаттарын сақтай отырып, мынадай шарттармен кредиттер береді:

      1) кредит мерзімі – 10 (он) жылға дейін;

      2) бір жобаға арналған кредиттің ең жоғары сомасы – 5 (бес) миллиард теңгеден аспайды;

      3) номиналды сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 2,5 (екі жарым) процент;

      4) кредиттің нысаналы мақсаты – АӨК саласындағы жаңа жобаларды құруға немесе қолданыстағыларды кеңейтуге бағытталған мынадай жобаларды іске асыру:

      тауарлық сүт фермаларын (қуаты 400 бастан бастап 1500 басқа дейін);

      етті бағыттағы құс фабрикаларын (жылына 5000 тонна құс етінен бастап);

      етті мал шаруашылығы кәсіпорындарын (5000 бастан бастап);

      бордақылау алаңдарын (5000 бастан бастап);

      ет өңдеу кәсіпорындарын (қуаттылығы сағатына 8 шартты бастан басталатын);

      сыйымдылығы 10000 ауыл шаруашылығы жануарлары басынан басталатын мал базарларын;

      көкөніс сақтау қоймаларын (1000 тоннадан бастап);

      жеміс сақтау қоймаларын (1000 тоннадан бастап);

      өнеркәсіптік жылыжай шаруашылықтарын;

      жүн мен теріні қоса алғанда, ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу, сондай-ақ құрамажем өндіру кәсіпорындарын;

      өндірістік қуаттылығы жылына 25 тонна болатын аквашаруашылық объектілерін өсіру жөніндегі шаруашылықтарын;

      құс шаруашылығындағы асыл тұқымдық репродукторларды;

      қазіргі заманғы су үнемдеу технологияларын (шашыратып, тамшылатып суару) пайдалана отырып, суармалы егіншілікті (картоп пен көкөністер, азық өндірісі);

      қой өсіру фермаларын (5000 бастан басталатын);

      жүн мен теріні қоса алғанда, ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу, сондай-ақ құрамажем өндіру кәсіпорындары өткізу үшін пайдаланған қарыздарды қайта қаржыландыру;

      5) кепілмен қамтамасыз етудің болуы;

      6) негізгі қарызды өтеу бойынша жеңілдікті кезең 24 (жиырма төрт) айдан аспайды.

      Өтінімдерді қабылдау тәсілдері, кредиттерді беру және қамтамасыз ету өлшемшарттары, үміткерлердің санаттары, қоса қаржыландыру мөлшері, сондай-ақ кредит алу үшін құжаттар тізбесі жергілікті атқарушы орган мен сенім білдірілген өкіл (агент) арасында жасалған тапсырма шартында көрсетіледі.";

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. АӨК саласындағы жобаларды іріктеудің негізгі өлшемшарттары мыналар болып табылады:

      1) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының импортын алмастыруды ескере отырып, салалық орындылығы;

      2) өңір тұрғындарын сапалы және қолжетімді тамақ өнімдерімен қамтамасыз ету;

      3) уақытша және тұрақты жұмыс орындарын құру;

      4) үміткердің ауыл шаруашылығы өнімін өндіру және (немесе) өңдеу саласында кемінде 5 (бес) жыл жұмыс тәжірибесінің болуы не кәсіпорын басшысының ауыл шаруашылығы өнімін өндіру және (немесе) өңдеу саласында кемінде 5 (бес) жыл еңбек өтілінің болуы;

      5) кредиттік есеппен расталған кредиттік және лизингтік міндеттемелер бойынша мерзімі өткен берешектің 90 (тоқсан) күннен артық болмауы;

      6) үміткерде берік азықтық базаны қалыптастыру, ауыл шаруашылығы техникасы паркін материалдық-техникалық жарақтандыру үшін ауыл шаруашылығы алқаптарының қажетті алаңының болуы;

      7) үміткерде салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша мерзімі өткен берешектің болмауы;

      8) "Оңалту және банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес таратылу, банкроттық, оңалту рәсімдерінің, сондай-ақ қызметінің тоқтатылуының болмауы;

      9) қарыз алушы тарапынан жобаның жалпы сомасының кемінде 10%-і мөлшерінде бюджеттік кредит қаражатына қатысы жоқ, тиісті құжаттармен расталған қоса қаржыландыруды қамтамасыз ету;

      10) кредит сомасының кемінде 30%-і Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес ресімделген, меншік құқығы мен кепіл мүлкінің бағалау құнын растайтын құжаттары бар жылжымайтын мүлікпен қамтамасыз ету;

      11) "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабына сәйкес жобаның оң сараптамасының болу (жобаға сараптама алу көзделген жобалар бойынша).";

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Комиссия отырысы жергілікті уәкілетті органда сақтауға жататын аудио, бейнежазбалардың техникалық құралдарының көмегімен тіркеледі.

      Жұмыстың ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін Комиссия отырысына байқаушылар шақырылады.

      Байқаушылар ретінде Комиссия отырысына Қазақстан Республикасы азаматтарының және бұқаралық ақпарат құралдары, қоғамдық бірлестіктер, коммерциялық ұйымдар мен саяси партиялар өкілдерінің, барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының және басқа да мемлекеттік органдардың қатысуына жол беріледі.

      Талқылау барысы мен Комиссия қабылдаған шешім еркін нысанда хаттама түрінде ресімделеді, оған конкурстық Комиссияның төрағасы мен мүшелері, сондай-ақ хаттамалауды жүзеге асыратын хатшы қол қояды.

      Комиссия отырысы, егер оған оның мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса, заңды деп есептеледі.

      Комиссия мүшесі, егер оның тікелей немесе жанама мүдделілігі болса отырысқа қатыспайды және қарсылық білдіреді (өздігінен бас тартуға).

      Өздігінен бас тарту және қарсылық білдіру негізделеді және отырыс басталғанға дейін де, Комиссия отырысы барысында да мәлімделеді.

      Комиссия мүшесінің өздігінен бас тартуы (қарсылық білдіруі) туралы шешімді Комиссия отырыстарға қатысатын мүшелерінің көпшілік даусымен жазбаша нысанда қабылдайды және Комиссия мүшесінің қатысуымен жария етіледі.";

      көрсетілген Қағидаларға қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Қаржылық құралдар және микрокредит беру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және осы бұйрықтың 1-тармағының жиырма үшінші және елу алтыншы абзацтары 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады деп белгіленсін.

      Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
А. Сапаров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Бәсекелестікті қорғау және

      дамыту агенттігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Стратегиялық жоспарлау

      және реформалар агенттігі

      Ұлттық статистика бюросы

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
2025 жылғы 1 қазандағы
№ 346 бұйрығына қосымша
Агроөнеркәсіптік кешен
саласындағы жобаларға кредит
беру қағидаларына қосымша
Әкімшілік деректерді
жинауға арналған нысан

      Ұсынылады: облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың ауыл шаруашылығы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органына (бұдан әрі – жергілікті атқарушы орган), Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігіне

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан www.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған

Әкімшілік нысанның атауы: Кредиттердің нысаналы пайдаланылуы туралы есеп

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі: № 3-КНПЕ нысан

      Кезеңділік: ай сайын

      Есепті кезең: 20 ____ жылғы ___________ айы

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын адамдар тобы: сенім білдірілген өкіл (агент), жергілікті атқарушы орган

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі:

      сенім білдірілген өкіл (агент) жергілікті атқарушы органға ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күніне (оныншы) дейінгі мерзімде;

      жергілікті атқарушы орган Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігіне ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-күніне (он бесінші) дейінгі мерзімде.

      Бизнес-сәйкестендіру нөмірі


      Жинау әдісі: электрондық түрде

Р/с №

Облыс

Әкімшілік аумақтық объектілердің жіктеуішіне сәйкес коды

Іске асыру орны (аудан)

Мекен-жайдың тіркелім коды

Жобаның атауы

Қарыз алушының атауы

Қарыз алушының жеке сәйкестендіру нөмірі/ бизнес-сәйкестендіру нөмірі

1

2

3

4

5

6

7

8









      кестенің жалғасы

Жобаның жалпы құны (теңге)

Кредит беру күні

Кредит беру мерзімі, айлар

Республикалық бюджеттен және (немесе) жергілікті бюджеттен кредит сомасы (теңге)

Бюджеттік кредит қаражаты есебінен қаржыландыру

Жобаның бағыты

Жаңажобаны құруға/ қолданыстағыларды кеңейтуге бағытталған

Инвестордың қоса қаржыландыру сомасы (өз қаражаты) (теңге)

Қуаттылығы (жылына тонна, суару бойынша – алаңы гектармен)

атауы (құрылыс- монтаждау жұмыстары, негізгі құралдар сатып алу)

сомасы, теңге

9

10

11

12

13

14

15

16

17










      кестенің жалғасы

Өндірілген дайын өнімнің көлемі (кезең үшін)

Құрылған тұрақты жұмыс орындарының саны

Уақытша құрылған жұмыс орындарының саны

Жобаның мәртебесі (пайдалануға берілген/берілмеген)

18

19

20

21





      Атауы ______________________________________________________________

      Мекенжайы _________________________________________________________

      Телефоны ___________________________________________________________

      Электрондық почта мекенжайы ________________________________________

      Орындаушы _________________________________________________________

      аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, электрондық цифрлық қолтаңбасы

      Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам

      ____________________________________________________________________

      аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, электрондық цифрлық қолтаңбасы

      Ескерту: "Кредиттердің нысаналы пайдаланылуы туралы есеп" әкімшілік деректерін өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме осы нысанға қосымшада келтірілген.

  "Кредиттердің нысаналы
пайдаланылуы туралы есеп"
әкімшілік деректерін өтеусіз
негізде жинауға арналған
нысанға қосымша

"Кредиттердің нысаналы пайдаланылуы туралы есеп" әкімшілік деректерін өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме (индекс: № 3-КНПЕ, кезеңділік: ай сайын)

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірме "Кредиттердің нысаналы пайдаланылуы туралы есеп" әкімшілік деректерін өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.

      2. Нысанға орындаушы мен басшы не оның міндетін атқарушы адам тегі мен аты-жөнін көрсете отырып, қол қояды.

      3. Нысан қазақ және орыс тілдерінде толтырылады.

2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      4. Нысанның 1-бағанында реттік нөмірі көрсетіледі.

      5. Нысанның 2-бағанында облыстың атауы көрсетіледі.

      6. Нысанның 3-бағанында әкімшілік-аумақтық объектілердің жіктеуішіне сәйкес коды көрсетіледі.

      7. Нысанның 4-бағанында іске асыру орны (аудан) көрсетіледі.

      8. Нысанның 5-бағанында мекенжайдың тіркелім коды көрсетіледі.

      9. Нысанның 6-бағанында жобаның атауы көрсетіледі.

      10. Нысанның 7-бағанында қарыз алушының атауы көрсетіледі.

      11. Нысанның 8-бағанында қарыз алушының жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.

      12. Нысанның 9-бағанында жобаның жалпы құны (теңге) көрсетіледі.

      13. Нысанның 10-бағанында кредит беру күні көрсетіледі.

      14. Нысанның 11-бағанында кредит беру мерзімі (айлар) көрсетіледі.

      15. Нысанның 12-бағанында республикалық бюджеттен және/немесе жергілікті бюджеттен берілетін кредит сомасы (теңге) көрсетіледі.

      16. Нысанның 13-бағанында атауы (құрылыс-монтаждау жұмыстары, негізгі құралдарды сатып алу) және бюджеттік кредит қаражаты есебінен қаржыландыру сомасы көрсетіледі.

      17. Нысанның 14-бағанында жобаның бағыты көрсетіледі.

      18. Нысанның 15-бағанында жаңа жобаны құруға және (немесе) қолданыстағыны кеңейтуге бағытталған жоба көрсетіледі.

      19. Нысанның 16-бағанында инвестордың қоса қаржыландыруға бағытталған сомасы (өз қаражаты) (теңге) көрсетіледі.

      20. Нысанның 17-бағанында қуаттылығы (жылына тонна, суару бойынша – алаңы гектармен) көрсетіледі.

      21. Нысанның 18-бағанында өндірілген дайын өнімнің көлемі (кезең үшін) көрсетіледі.

      22. Нысанның 19-бағанында құрылған тұрақты жұмыс орындарының саны көрсетіледі.

      23. Нысанның 20-бағанында уақытша құрылған жұмыс орындарының саны көрсетіледі.

      24. Нысанның 21-бағанында жобаның мәртебесі (пайдалануға берілген/берілмеген) көрсетіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады