ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 01.01.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі
"Аквашаруашылық туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Аквашаруашылық саласындағы инвестициялық салымдар бойынша шығындардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау қағидалары бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) "Инвестициялық салымдар кезінде балық шаруашылығы субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 14 маусымдағы № 219 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28450 болып тіркелген);
2) "Инвестициялық салымдар кезінде балық шаруашылығы субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 14 маусымдағы № 219 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2023 жылғы 1 ақпандағы № 29 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31877 болып тіркелген).
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
|
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі |
А. Сапаров |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Бәсекелестікті қорғау және
дамыту агенттігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Жасанды интеллект
және цифрлық даму министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау
және реформалар агенттігі
Ұлттық статистика бюросы
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
| Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі 2025 жылғы 1 қарашадағы № 410 бұйрығымен бекітілген |
Аквашаруашылық саласында инвестициялық салымдар кезінде шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Аквашаруашылық саласында инвестициялық салымдар кезінде шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Аквашаруашылық туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң) 10-бабы 1) тармақшасына және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Мемлекеттік статистика туралы заң) 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді және аквашаруашылық саласында инвестициялық салымдар кезінде шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау тәртібін, сондай-ақ "Аквашаруашылық саласында инвестициялық салымдар кезінде шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібін айқандайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен айқындамалар пайдаланылады:
1) аквашаруашылық саласында қолданылатын жабдық (бұдан әрі – жабдық) – аквашаруашылық саласындағы жұмыстарды механикаландыруға, электрлендіруге және автоматтандыруға арналған, пайдаланылу ерекшелігіне байланысты технологиялық процестерді орындау кезінде тірек бетіне қатысты конструкцияның базалық және корпустық элементтерінің қозғалмауы тән техника;
2) аквашаруашылық саласында қолданылатын техника (бұдан әрі – техника) – жекелеген операцияларды немесе процестерді механикаландыру, электрлендіру және автоматтандыру жолымен аквашаруашылық саласындағы еңбек өнімділігін арттыруға арналған техникалық құралдардың кең түрі;
3) жаңа өндірістік қуаттарды құру – осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген жобалар паспорттарының тізбесіне сәйкес өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылысжайларды өндірістік желілермен және (немесе) қондырғылармен, сондай-ақ техникамен, машиналармен және жабдықпен жарақтандыру;
4) жеке шот – субсидиялауға өтінімдердің тіркеу және олар бойынша операцияларды есепке алу мақсатында тіркелген тұлғаны сәйкестендіруге мүмкіндік беретін тізілімде қамтылған жазбалар жиынтығы;
5) жоба паспорты – осы Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген инвестициялық субсидиялауға жататын жобалар паспорттарының тізбесіне сәйкес жаңа өндірістік қуаттарды құруға немесе жұмыс істеп тұрғандарын кеңейтуге (оның ішінде жаңғыртуға), техника, машиналар, жабдықтар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуға арналған инвестициялық салымдарды өтеудің тізбесі мен үлесі;
6) жұмыс істеп тұрған өндірістік қуаттарды кеңейту – осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген жобалар паспорттарының тізбесіне сәйкес жұмыс істеп тұрған объектіде қосымша өндірістік қуаттарды құруды, жұмыс істеп тұрған өндірістік қуаттарды жетіспейтін немесе қажетті жаңа, бұрын пайдаланылмаған жабдықпен, техникамен және машиналармен жарақтандыруды көздейтін іс-шаралар;
7) инвестициялық жоба (бұдан әрі – инвестициялық жоба) – жобалардың паспорттарына сәйкес жаңа қуаттарды құруға, өндірістік қуаттарды реконструкциялауға, кеңейтуге, техника, машиналар мен жабдықтар сатып алуға инвестициялық салымдарды көздейтін іс-шаралар кешені;
8) инвестициялық салымдар – жаңа өндірістік қуаттылықтарды құруға немесе жұмыс істеп тұрғандарын кеңейтуге бағытталған шығындар;
9) инвестициялық субсидиялау – аквашаруашылық саласындағы инвестициялық салымдар кезінде шығыстардың бір бөлігін өтеу;
10) инвестициялық субсидиялау шарты – жұмыс органы (көрсетілетін қызметті беруші) мен инвестор (көрсетілетін қызметті алушы) арасында жасалатын, субсидиялар аудару тәртібі мен шарттарын, мониторинг барысын, тараптардың жауапкершілігін және өзге де шарттарды көздейтін келісім;
11) инвесторы (бұдан әрі – инвестор (көрсетілетін қызметті алушы) – экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішінің (бұдан әрі – ЭҚЖЖ) кодтарына сәйкес аквашаруашылықты "теңізде балық өсіру", "тұщы суда балық өсіру", "балықты, шаян тәрізділерді және моллюскаларды өңдеу және консервілеу" "ауылшаруашылығы жануарларына арналған дайын азықтарды өндіру" сияқты негізгі немесе қосалқы қызмет түрімен дамытуды қамтамасыз ететін, инвестициялық салымдарды жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектісі;
12) машина – энергияны, материалдар мен ақпаратты түрлендіруге арналған, өзара байланысты, оның ішінде қозғала алатын компоненттерден тұратын техникалық құрылғы немесе құрылғылар жиынтығы;
13) өндірістік қуаттылық – өндіріс объектісінің уақыт бірлігі ішінде (сағат, тәулік, ай, жыл) заттай мәнде аквашаруашылық өнімінің барынша көп шығарылымы;
14) өтініш – инвесторлардың (көрсетілетін қызметті алушылардың) инвестициялық салымдар кезінде субсидиялар алуына арналған электрондық өтініш;
15) субсидиялау мәселелері жөніндегі жұмыс органы (бұдан әрі – жұмыс органы (көрсетілетін қызметті беруші) – облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың инвесторлардың (көрсетілетін қызметті алушылардың) өтініштерін қарастыруға және инвестициялық субсидияларды төлеу/бас тарту туралы шешім қабылдауға өкілетті жергілікті атқарушы органы;
16) агроөнеркәсіп кешеніндегі субсидиялаудың мемлекеттік ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – АӨК СМАЖ) – субсидия алуға арналған өтінішті тіркеу, сондай-ақ өтінішті субсидиялау шарттарына сәйкестігін автоматты түрде тексеру арқылы оны өңдеу мүмкіндігін беретін, субсидиялау процестерін орындау бойынша қызметтер көрсетуге арналған ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсетуші персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдастырылып ретке келтірілген жиынтығы;
17) субсидиялаудың мемлекеттік ақпараттық жүйесінің веб-порталы (бұдан әрі – веб-портал) – Интернет желісінде орналастырылған, АӨК СМАЖ-ға қолжетімділік беретін интернет-ресурс;
18) субсидиялауға арналған өтінімдердің электрондық тізілімі (бұдан әрі – тізілім) – аквашаруашылық саласындағы инвестициялық салымдар кезінде шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялауға арналған өтініштер туралы мәліметтер жиынтығы және АӨК СМАЖ-да көрсетілген өзге де мәліметтер;
19) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен құрылған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтінін растайтын электрондық цифрлық символдар жинағы;
20) арнайы шот – осы Қағидалардың шарттарына сәйкес инвестициялық субсидиялардың сомалары аударылатын қаржы институтының екінші деңгейдегі банктегі шоты;
21) қаржы институттары – екінші деңгейдегі банктер, банктік операцияларды жүзеге асыру құқығына тиісті лицензиясы бар микроқаржы ұйымдары, кредиттік ұйымдар, лизингтік компаниялар, кредиттік серіктестіктер, Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасына сәйкес айқындалған сенім білдірілген өкілдер (агенттер).
3. Аквашаруашылық саласындағы инвестициялық салымдар кезінде шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау тиісті қаржы жылына арналған жергілікті және (немесе) республикалық бюджеттерде көзделген қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылады.
Жобалардың паспорттары бойынша өтініштерді қабылдау үшін көзделген қаражат игерілмеген жағдайда, тиісті жылдың үшінші тоқсанынан бастап жұмыс органы (көрсетілетін қызметті беруші) аквашаруашылық саласындағы өңірлерді дамытудың басым бағыттары бойынша қаражатты тиімді бөлу үшін қаражатты жобалардың паспорттары арасында қайта бөлу туралы шешім қабылдайды.
4. Жыл сайын тиісті жылдың 1 ақпанына дейін жұмыс органы (көрсетілетін қызметті беруші) жұмыс тобын құрады.
Жұмыс тобының құрамына облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының (оның ішінде аудандық/қалалық) жергілікті атқарушы органдарының құрылыс, қала құрылысы және сәулет мәселелері жөніндегі мамандары (жаңа және (немесе) жұмыс істеп тұрған өндірістік қуаттарды құруды көздейтін жобалар паспорттары бойынша), аквашаруашылық саласындағы уәкілетті органның ведомстволық аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – уәкілетті орган), балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, көбейту және пайдалану саласындағы ғылыми ұйымдар, сондай-ақ "Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 25 шілдедегі № 335 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 33182 болып тіркелген) бекітілген тәртіппен ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері ретінде аккредиттелген заңды тұлғалар және (немесе) білім берудің дербес ұйымдары, республикалық балықшылар мен балық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктері қауымдастығы, сондай-ақ салалық қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері енгізіледі.
5. Инвестордың (көрсетілетін қызметті алушының) субсидияланатын объектісіне жұмыс тобы қатарынан жұмыс органы (көрсетілетін қызметті беруші) айқындайтын кемінде екі (2) маман жіберіледі.
Жұмыс тобы барлық жобалар паспорттары бойынша құжаттарды тексеруді, инвестордың (көрсетілетін қызметті алушының) объектісін, сатып алынған жабдықты (техника мен машиналарды) растайтын фото- және бейнематериалдарды міндетті түрде қоса бере отырып, жобалардың паспорттарында көзделген шарттарға сәйкестігін қарап-тексеруді жүзеге асырады, сондай-ақ орнатылған жабдықтың бар-жоғын, өндірістік қуаттардың жүктелуіне қол жеткізілуін тексереді.
Өндірістік қуаттардың жүктемесіне қол жеткізуді тексеру осы Қағидалардың 16-тармағында көрсетілген жобаның паспорты бойынша өнімді өткізу көлемі туралы шот-фактуралар негізінде жүзеге асырылады.
Қарап-тексеру инвестордың (көрсетілетін қызметті алушының) немесе оның сенім білдірген адамының қатысуымен жүзеге асырылады. Қарап-тексеру нәтижесі осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша инвестордың объектісін қарап-тексеру және өндірістік қуаттылықтардың жүктелуіне қол жеткізілгеніне куәлік ету актісімен (бұдан әрі – объектіні қарап-тексеру актісі) ресімделеді.
6. Жұмыс тобының құрамына кіретін адамдар еңбек демалысында, іссапарда, уақытша еңбекке жарамсыз болу кезеңінде, қызметтік міндеттерін орындаудан уақытта шеттетілуіне байланысты АӨК СМАЖ-ға қолжетімділік шектеулі болатын жағдайларды қоспағанда, көрсетілген адамдарда АӨК СМАЖ-ға үнемі қолжетімділік болады. АӨК СМАЖ-ға қолжетімділікке шектеу осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мамандар тобы мүшесіне субсидиялаудың мемлекеттік ақпараттық жүйесіне қолжетімділіктің шектелгені туралы хабарламамен расталады.
7. Инвестициялық субсидиялауға акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке, ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тиесілі ұйымдар жіберілмейді.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген талап инвестор (көрсетілетін қызметті алушы) осы Қағидалардың 2-параграфына сәйкес қаржы институтына аванстық төлеммен инвестициялық субсидияларды аудару тетігін қолдана отырып, техниканы, машиналар мен жабдықты лизингке сатып алған кезде оны субсидиялау жағдайларына қолданылмайды.
Мыналар субсидияланбайды:
1) бұрын субсидияланған және (немесе) өзара есеп айырысу есебіне сатып алынған (орындалған) техника, жабдық, жинақтауыштар, өндірістік желілер және (немесе) қондырғылар;
2) инвестор (көрсетілетін қызметті алушы) одан әрі қайта сату үшін сатып алған техника, жабдық, жиынтықтауыштар.
8. Субсидиялар мынадай инвесторларға (көрсетілетін қызметті алушыларға) берілмейді:
1) оларға қатысты тарату, оңалту немесе банкроттық рәсімдері басталған, сондай-ақ қызметі "Оңалту және банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Оңалту және банкроттық туралы заң) сәйкес тоқтатылған;
2) қарсы міндеттемелердің орындалмауына жол берген және осы Қағидалардың 40 және 44-тармақтарына сәйкес ақшаны қайтармаған;
3) құрылтайшылары (акционерлері) бұрын қарсы міндеттемелердің орындалмауына жол берген және осы Қағидалардың 40 және 44-тармақтарына сәйкес ақшаны қайтармаған инвесторлардың (көрсетілетін қызметті алушылардың) басшылары, құрылтайшылары (акционерлері) болып табылған басшылар.
Инвестор (көрсетілетін қызметті алушы) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен қарсы міндеттемелердің тиісінше орындалмауы еңсерілмейтін күштің салдарынан мүмкін болмағанын дәлелдеген жағдайда, осы тармақтың бірінші бөлігі 2) тармақшасының ережелері қолданылмайды.
2-тарау. Аквашаруашылық саласындағы инвестициялық салымдар бойынша шығындардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау тәртібі
1-параграф. Инвестициялық субсидиялаудың негізгі шарттары
9. Инвестициялық субсидиялау осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген жобалардың паспорттары бойынша жүзеге асырылады және инвестициялық жобаны іске асыру орны бойынша жүргізіледі.
"Аквашаруашылық саласында инвестициялық салымдар кезінде шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) осы Қағидаларға 6-қосымшада көрсетілген.
10. Инвестициялық субсидиялар субсидиялауға арналған электрондық өтініш берілген жылға дейін 3 (үш) жылдан асырмай пайдалануға енгізілген, осы Қағидаларға 2-қосымшаның № 1 "Қуаты сағатына кемінде 1 тонна болатын аквашаруашылық объектілеріне арналған азық өндіретін зауыт (цех) құру және (немесе) кеңейту" жобасы паспортында, № 3 "Қуаттылығы жылына 25 тоннадан басталатын балық өсіру бассейндерін пайдаланып және тұйықталған сумен жабдықтау қондырғысын қолдана отырып, аквашаруашылық объектілерін көбейтуге және (немесе) күтіп-ұстауға, өсіруге байланысты индустриялық шаруашылық қызметін жүзеге асыратын шаруашылықты құру және (немесе) кеңейту" жобасы паспортының 1, 1.1, 1.2, 1.3 және 1.4-жолдарында (бұдан әрі – №3 жоба паспорты), № 6 "Өндірістік қуаты тәулігіне 1 тоннадан басталатын балық өңдеу объектісін құру және (немесе) кеңейту" жобасы паспортының 1, 2 және 3-жолдарында көрсетілген өндірістік желілерді және (немесе) қондырғыларды қамтитын инвестициялық жобалар бойынша беріледі.
Субсидиялауға инвестициялық жоба пайдалануға берілген күнге дейін 3 (үш) жылдан асырмай шығарылған жаңа, бұрын пайдаланылмаған техника, машиналар және (немесе) жабдық жатады.
Егер жобаның паспорттары бойынша тек техниканы, машиналарды және (немесе) жабдықты сатып алу көзделсе, онда өтініш берілген жылға дейін 3 (үш) жылдан асырмай сатып алынған жаңа, бұрын пайдаланылмаған техника, машиналар және (немесе) жабдық субсидиялауға жатады.
Инвестор (көрсетілетін қызметті алушы) инвестициялық субсидиялауға арналған өтінішке инвестициялық жобаны пайдалануға беру актісін қоса береді, оның шеңберінде техника, машиналар және (немесе) жабдық сатып алу жүзеге асырылады.
Инвестициялық субсидиялар сомасын есептеу кезінде осы тармақтың шарттарына сәйкес келетін жаңа, бұрын пайдаланылмаған жабдықтың өндірістік қуаты қолданылады.
11. Өтініш осы Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген жобалардың паспорттарына, сондай-ақ осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келгенде, субсидиялау жүзеге асырылады.
12. Сатып алынған тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді электрондық шот-фактуралармен растау электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылады (қаржы лизингіне тауарларды сатып алуды қоспағанда).
13. Инвестор (көрсетілетін қызметті алушы) техниканы, машиналарды және (немесе) жабдықты электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесін пайдаланбайтын шетелдік өндірушіден тікелей сатып алған кезде, сатып алуға жұмсалған шығындар кедендік декларациямен (Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын тауарларға үшінші елдерден әкелінген тауарларға) немесе Қазақстан Республикасы Салық кодексінің (бұдан әрі – Салық кодексі) 530-бабына сәйкес салық органдарының белгiсi соғылған тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішпен (өтініштермен) (Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумақтарынан) расталады.
14. Инвестициялық субсидиялар жаңа өндірістік қуатттар пайдалануға берілгеннен, жұмыс істеп тұрғандары кеңейтілгеннен және (немесе) техника, машиналар және (немесе) жабдықтар сатып алынғаннан кейін төленеді. Инвестициялық жоба кезекті немесе іске қосу кешенін енгізу жолымен іске асырылған жағдайда, кезекті немесе іске қосу кешенін субсидиялау жүзеге асырылады.
15. Инвестициялық субсидияларды есептеу іс жүзінде салынған инвестициялар бойынша жүзеге асырылады. Шығындарды өтеу проценті (бұдан әрі – %) осы Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген жобалар паспорттарында көзделген өтеу үлесіне сәйкес белгіленеді.
16. Осы Қағидаларға 2-қосымшаның №3 жобасы паспортының 1, 1.1, 1.3 және 1.4-тармақтары бойынша субсидиялар төрт (4) траншпен төленеді:
1) объекті пайдалануға берілгеннен кейін инвестициялық субсидиялардың жалпы сомасының 30 (отыз) % мөлшерінде бірінші транш;
2) бизнес-жоспарда көзделген мерзімдерде өнім өндіру көлемдері жалпы өндірістік қуаттың кемінде 30 (отыз) % жеткеннен кейін инвестициялық субсидиялардың жалпы сомасының 20 (жиырма) % мөлшерінде екінші транш;
3) бизнес-жоспарда көзделген мерзімдерде өнім өндіру көлемдері жалпы өндірістік қуаттың кемінде 65 (алпыс бес) % жеткеннен кейін инвестициялық субсидиялардың жалпы сомасының 25 (жиырма бес) % мөлшерінде үшінші транш;
4) бизнес-жоспарда көзделген мерзімдерде өнім өндіру көлемдері жалпы өндірістік қуаттың кемінде 100 (жүз) % жеткеннен кейін инвестициялық субсидиялардың жалпы сомасының 25 (жиырма бес) % мөлшерінде төртінші транш.
Субсидиялар төлеу субсидиялауға арналған өтініш беру сәтінде жобаның қол жеткізілген өндірістік қуатына байланысты нақты өткізілген өнім негізінде кезең-кезеңмен жүзеге асырылады.
Өткізілген өнім электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі арқылы электрондық шот-фактуралармен және төлемді растайтын құжаттармен расталады.
Өтініш беру сәтінде инвестициялық жобада жалпы өндірістік қуаттылықтың Қағидалардың осы тармағының 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген өнім өндіру көлеміне қол жеткізілген жағдайда, субсидиялар бір траншпен төленеді.
17. Ағымдағы қаржы жылындағы өтініштер бойынша ағымдағы қаржы жылы жергілікті бюджеттен инвестициялық субсидияларды төлеуге қаражат болған кезде әкімшінің шешімімен Маңғыстау облысында №8 "Жылына 25 тоннаға дейін аквашаруашылық объектілерін өсіретін аквашаруашылық субъектілерін, сондай-ақ аквашаруашылықты дамытуды қамтамасыз ететін субъектілерді сумен қамтамасыз ету" жобасының паспорты (бұдан әрі – № 8 жоба паспорты) бойынша құдықтарды, ұңғымаларды бұрғылауға инвестициялық салымдардың өтеу үлесін 80 (сексен) %-ке дейін ұлғайтуға жол беріледі.
18. Өндірістік желілерге, техникаға, машиналар мен жабдыққа арналған инвестициялық субсидияның мөлшері мынадай формула бойынша айқындалады:
А = Б х В,
мұндағы:
А – инвестициялық субсидиялар сомасы;
Б – жобалардың паспорттарында көрсетілген нақты инвестициялық салымдардың сомасы немесе субсидияларды есептеу үшін ең жоғары рұқсат етілген құн (егер нақты инвестициялық салымдар субсидияларды есептеу үшін ең жоғары рұқсат етілген құннан асып кетсе);
В – жобалардың паспорттарында көрсетілген пайыздық мәндегі инвестициялық салымдарды өтеу үлесі.
19. Өлшем бірлігіне субсидиялауды көздейтін жобалардың паспорттары бойынша инвестициялық субсидиялардың мөлшері мынадай формула бойынша айқындалады:
А= (Б х В) х Г,
мұндағы:
А – инвестициялық субсидиялар сомасы (теңге);
Б – жобалардың паспорттарында көрсетілген нақты инвестициялық салымдардың сомасы немесе субсидияларды есептеу үшін ең жоғары рұқсат етілген құн (егер нақты инвестициялық салымдар субсидияларды есептеу үшін ең жоғары рұқсат етілген құннан асып кетсе);
В – жобалардың паспорттарында көрсетілген пайыздық мәндегі инвестициялық салымдарды өтеу үлесі;
Г – жобалардың паспорттарында көрсетілген өлшем бірлігі.
20. №3 жоба паспортының 1, 1.1, 1.3 және 1.4-жолдары бойынша инвестициялық субсидиялардың мөлшері мынадай формуламен айқындалады:
А = Б х В х Г,
мұндағы:
А – инвестициялық субсидиялар сомасы (теңге);
Б – инвестициялық жобаның құны (теңге);
В – жоба паспортында көрсетілген пайыздық мәндегі инвестициялық салымдарды өтеу үлесі;
Г – осы Қағидалардың 16-тармағында көзделген траншқа сәйкес пайыздық мәндегі өтеу үлесі.
Қосылған құн салығы (бұдан әрі – ҚҚС) бойынша тіркеу есебінде тұрған аквашаруашылық субъектілері үшін субсидиялар сомасын есептеу есепке жатқызылған ҚҚС сомасына азайтылған инвестициялық салымдар сомасына сүйене отырып жүргізіледі.
21. Инвестициялық субсидиялауға арналған өтінішті қабылдау инвестициялық жобаның іске асырылу орны бойынша осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тиісті жылдың 1 ақпанынан бастап 15 желтоқсанына (қоса алғанда) дейін жүзеге асырылады. Бұл ретте жұмыс органы (көрсетілетін қызметті беруші) ағымдағы қаржы (күнтізбелік) жылына арналған жергілікті және (немесе) республикалық бюджетте инвестициялық субсидиялауға көзделген бюджет қаражаты толық игерілген жағдайда, өтініштерді қабылдауды және қарауды тоқтатады.
Өтініштер келіп түскен күні мен уақытына сәйкес кезектілік бойынша қаралады.
22. Инвестор (көрсетілетін қызметті алушы) өз қаражатын пайдаланған жағдайда, инвестициялық субсидиялар сомасын жұмыс органы (көрсетілетін қызметті беруші) инвестордың (көрсетілетін қызметті алушының) есеп айырысу шотына аударады.
Техника, машиналар, жабдықтар және басқа да объектілер кредитке/лизингке сатып алынған кезде инвестициялық субсидиялар қаржы институтына инвестордың (көрсетілетін қызметті алушының) негізгі борышын өтеу есебіне аударылады. Бұл ретте, инвестициялық субсидиялар сомасы инвестордың (көрсетілетін қызметті алушының) негізгі борышы қалдығының сомасынан асқан жағдайда, негізгі борыш қалдығының сомасынан асатын айырма сомасы инвесторға (көрсетілетін қызметті алушыға) жіберіледі.
23. Субсидиялауға өтініш беру "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы электрондық түрде жүзеге асырылады және АӨК СМАЖ-ға тіркеледі.
"Электрондық үкіметтің" веб-порталы мен АӨК СМАЖ-дың ақпараттық өзара іс-қимылы "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабына сәйкес жүзеге асырылады.
Инвесторда (көрсетілетін қызметті алушыда) АӨК СМАЖ-да жеке шотының бар екендігі АӨК СМАЖ-дың "Заңды тұлғалар" немесе "Жеке тұлғалар" мемлекеттік дерекқорларымен ақпараттық өзара іс-қимылы нәтижесінде расталады.
24. Жұмыс органының (көрсетілетін қызметті берушінің) шешімін алу үшін инвестор (көрсетілетін қызметті алушы) "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша инвестордың (көрсетілетін қызметті алушының) ЭЦҚ-сы қойылған инвестициялық субсидиялауға арналған электрондық өтінішті береді, осы Қағидалардың 6-қосымшадағы Тізбенің 9-тармағына сәйкес оған қажетті құжаттар қоса беріледі.
Бұл ретте жұмыс органы (көрсетілетін қызметті беруші) өтініш тіркелген күннен кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде инвестициялық жобаның осы Қағидалардың шарттарына сәйкестігі/сәйкес еместігі туралы шешім қабылдайды.
Инвесторға (көрсетілетін қызметті алушыға) осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша инвестициялық жобаның сәйкестігі/сәйкес еместігі туралы жұмыс органының (көрсетілетін қызметті берушінің) шешімі туралы хабарлама және осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық құжат нысанында жұмыс органының (көрсетілетін қызметті берушінің) ЭЦҚ-сы қойылған жобаның паспорты бойынша инвестициялық субсидияларды төлеу/төлеуден бас тарту туралы жұмыс органының (көрсетілетін қызметті берушінің) шешімі туралы хабарлама жіберіледі
Хабарлама инвестор (көрсетілетін қызметті алушы) АӨК СМАЖ-да тіркелген кезде көрсеткен электрондық почтасының мекенжайына, сондай-ақ АӨК СМАЖ-дағы "жеке кабинетіне" жолданады.
Жұмыс органы (көрсетілетін қызметті беруші) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректердің енгізілуін қамтамасыз етеді.
25. Инвестордың (көрсетілетін қызметті алушының) техниканы және (немесе) машиналарды сатып алғанын растау АӨК СМАЖ-дың ауыл шаруашылығы техникасының мемлекеттік тізілімімен және (немесе) "Автомобиль" дерекқорымен ақпараттық өзара іс-қимылы арқылы жүзеге асырылады.
26. Инвестор (көрсетілетін қызметті алушы) өтініш тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде жұмыс органы (көрсетілетін қызметті беруші) ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, тиісті хабарламаға қол қою арқылы оның қабылданғанын растайды. Аталған хабарлама инвестордың (көрсетілетін қызметті алушының) жеке кабинетінде қолжетімді болады.
27. Өтінішке қоса берілген құжаттар толық болмаған не онда қамтылған қажетті мәліметтер толық болмаған жағдайда, жұмыс органы (көрсетілетін қызметті беруші) 1 (бір) жұмыс күні ішінде негіздерді егжей-тегжейлі сипаттай отырып, мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.
28. Өтінішті беру және тіркеу кезінде оны жұмыс органының (көрсетілетін қызметті берушінің) "жеке кабинетіне" немесе мамандар тобына келіп түседі.
Жұмыс органы (көрсетілетін қызметті беруші) инвестордан (көрсетілетін қызметті алушыдан) өтініш келіп түскен кезде 10 (он) жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 5-тармағына сәйкес жұмыс жүргізеді.
29. Мамандар тобының қарап-тексеру актісі негізінде немесе инвестициялық жобаның және (немесе) ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі анықталған кезде жұмыс органы (көрсетілетін қызметті беруші) АӨК СМАЖ-да инвестициялық субсидияларды төлеуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
30. Субсидия беруден бас тарту Тізбенің 11-тармағында көрсетілген негіздер бойынша жүзеге асырылады.
31. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға негіздер болған кезде, жұмыс органы (көрсетілетін қызметті беруші) мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей инвесторға (көрсетілетін қызметті алушыға) 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ инвесторға (көрсетілетін қызметті алушыға) алдын ала шешім бойынша өз ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдалым өткізу уақыты мен орны туралы хабарлама жібереді.
Тыңдау рәсімі Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 73-бабына сәйкес жүргізіледі.
Тыңдау қорытындылары бойынша инвесторға (көрсетілетін қызметті алушыға) 2 (екі) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жоба паспорты бойынша инвестициялық субсидияларды төлеу/төлеуден бас тарту туралы жұмыс органының (көрсетілетін қызметті берушінің) шешімі туралы хабарлама "жеке кабинетке" жіберіледі.
32. Жұмыс органы (көрсетілетін қызметті беруші) оң шешім қабылданған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде АӨК СМАЖ арқылы электрондық нысанда осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша инвестициялық субсидиялау шартын және осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сатып алынатын техниканы, машиналар мен жабдықты нысаналы пайдалану және иеліктен шығармау туралы келісімді қалыптастырады және қол қояды, олар инвесторға (көрсетілетін қызметті алушыға) қол қою үшін автоматты түрде жіберіледі.
Субсидия беру үшін қажетті мәліметтерді қамтитын АӨК СМАЖ-да іркіліс болған жағдайда, жұмыс органы (көрсетілетін қызметті беруші) туындаған жағдай туралы уәкілетті органды дереу хабардар етеді, ол оны жоюға кіріседі.
Бұл ретте туындаған іркілісті жою бойынша жұмыстар жүргізілгеннен кейін уәкілетті орган 3 (үш) жұмыс күні ішінде техникалық проблема туралы хаттама жасайды және оны АӨК СМАЖ-ға орналастырады.
33. Уәкілетті орган осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты тиісті нормативтік құқықтық акт әділет органдарында тіркелген күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторына, көрсетілетін қызметті берушіге және бірыңғай байланыс орталығына жібереді.
2-параграф. Тартылған қаражат есебінен инвестициялық салымдар бойынша инвестициялық субсидиялаудың жекелеген шарттары
34. Инвестор (көрсетілетін қызметті алушы) техниканы, машиналарды, жабдықты кредитке/лизингке жоспарлап сатып алған жағдайда, инвестициялық субсидияларды "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Банктер және банк қызметі туралы заңға) сәйкес қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның банк операцияларын жүргізуге лицензиясы бар қаржы институтына немесе микроқаржы қызметін жүзеге асыруға лицензиясы бар қаржы институтына (бұдан әрі – қаржы институттары) арнайы шотқа аванстық төлеммен аудару жүзеге асырылады.
35. Инвестициялық субсидияларды арнайы шотқа алу үшін инвестор (көрсетілетін қызметті алушы) арнайы шотқа аванстық төлеммен аудару тетігін қолдана отырып, осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша инвестициялық субсидиялауға арналған электрондық өтінішті береді және қосымша Банктер және банк қызметі туралы заңға сәйкес банк операцияларын жүргізуге қаржы институттары куәландырған қаржы институттары кредиттік комитетінің оң шешімінің көшірмесін қоса береді.
Жұмыс органы (көрсетілетін қызметті беруші) инвестордың (көрсетілетін қызметті алушының) өтінішін мақұлдаған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жұмыс органы (көрсетілетін қызметті беруші), қаржы және инвестор (көрсетілетін қызметті алушының) арасында осы Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның банк операцияларын жүргізуге лицензиясы бар қаржы институтының немесе микроқаржы қызметін жүзеге асыруға лицензиясы бар қаржы институтының арнайы шоттағы инвестициялық суисидияларды пайдаланбауы туралы үшжақты шарт және келісім (бұдан әрі – шарт және келісім) жасалады.
Бұл ретте қаржы институттары осы Қағидалардың 34 немесе 35-тармақтарында көрсетілген шарттар уақытында орындалғанға дейін арнайы шотқа алынған инвестициялық субсидиялар қаражатын пайдаланбайды.
36. Кредит беру арқылы инвестор (көрсетілетін қызметті алушы) қаржыландырылған жағдайда, қаржы институттары арнайы шотқа инвестициялық субсидиялар алынған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде инвесторға (көрсетілетін қызметті алушыға) кредит беруді жүзеге асырады және растайтын құжаттарды, кредиттік шарттың көшірмесін жұмыс органына (көрсетілетін қызметті берушіге) ұсынады.
Қаржы институттары үшжақты шартқа және келісімге қол қойылған күннен бастап күнтізбелік 360 (үш жүз алпыс) күннен аспайтын мерзімде жұмыс органына (көрсетілетін қызметті берушіге) сатып алушы мен жеткізуші арасындағы техниканы, машиналарды, жабдықты қабылдау-тапсыру актісінің, кредиттік шартқа қосымша келісімнің (бар болса) көшірмелерін және осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сатып алынатын техниканы, машиналарды және жабдықты мақсатты пайдалану және иеліктен шығармау туралы келісімді қоса бере отырып, инвесторға (көрсетілетін қызметті алушыға) техниканы, машиналар және (немесе) жабдықты жеткізудің аяқталғаны туралы жазбаша хабарламаны жібереді.
Бұл ретте қаржы институттары осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген талаптар орындалғанға дейін арнайы шоттағы қаражатты пайдалана алмайды.
Кредиттік шарт бойынша түпкілікті сома іс жүзінде субсидиялау шартында көрсетілгеннен кем болған инвесторлардың (көрсетілетін қызметті алушылардың) өтініштері бойынша жұмыс органы (көрсетілетін қызметті беруші) субсидияларды қайта есептеуді жүзеге асырады, айырма сомасын (арнайы шотқа артық аударылған қаражатты) анықтайды және 3 (үш) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қаржы институттарына жұмыс органының (көрсетілетін қызметті берушінің) есеп айырысу шотына айырма сомасын (арнайы шотқа артық аударылған қаражатты) қайтару қажеттілігі туралы хабарлама жібереді.
Қаржы институттары жұмыс органынан (көрсетілетін қызметті берушіден) хабарлама алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жұмыс органының (көрсетілетін қызметті берушінің) есеп айырысу шотына хабарламада көрсетілген мөлшердегі қаражатты қайтарады.
Кредиттік шарт бойынша түпкілікті сома субсидияларды есептеу үшін іс жүзінде рұқсат етілген ең жоғары құннан асатын инвесторлардың (көрсетілетін қызметті алушылардың) өтініштері бойынша субсидияларды қайта есептеу жүзеге асырылмайды.
37. Техниканы, машиналар және (немесе) жабдықтарды лизингке беру жолымен инвестор қаржыландырылған жағдайда, қаржы институттары жұмыс органының (көрсетілетін қызметті берушінің) оң шешімінің көшірмесін және арнайы шотқа қаражатты алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде егер инвестор (көрсетілетін қызметті алушы) мен қаржы институттары арасындағы шартта өзгеше көзделмесе, онда қаржы лизингі шартында көзделген қаражатты инвестордың (көрсетілетін қызметті алушының) шотына аударады және жұмыс органына (көрсетілетін қызметті берушіге) растайтын құжаттарды, сондай-ақ қаржы лизингі шартының көшірмесін ұсынады.
Қаржы институттары арнайы шотқа қаражат келіп түскен күннен бастап күнтізбелік 180 (жүз сексен) күннен аспайтын мерзімде жұмыс органына (көрсетілетін қызметті берушіге) лизинг нысанасын қабылдау-тапсыру актісін және лизинг нысанасының түпкілікті құнын айқындау жөніндегі лизинг шартына қосымша келісімді қоса бере отырып, инвесторға (көрсетілетін қызметті алушыға) техниканы, машиналарды және (немесе) жабдықты жеткізудің аяқталғаны туралы жазбаша хабарлама жолдайды.
Бұл ретте қаржы институттары осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген талаптар орындалғанға дейін арнайы шоттағы қаражатты пайдалана алмайды.
Лизинг нысанасының түпкілікті құны іс жүзінде субсидиялау шартында көрсетілгеннен кем болған инвесторлардың (көрсетілетін қызметті алушылардың) өтініштері бойынша жұмыс органы (көрсетілетін қызметті беруші) субсидияларды қайта есептеуді жүзеге асырады, айырма сомасын (арнайы шотқа артық аударылған қаражатты) анықтайды және 3 (үш) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қаржы институттарына жұмыс органының (көрсетілетін қызметті берушінің) есеп айырысу шотына айырма сомасын (арнайы шотқа артық аударылған қаражатты) қайтару қажеттілігі туралы хабарлама жібереді.
Қаржы институттары жұмыс органынан (көрсетілетін қызметті берушіден) хабарлама алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жұмыс органының (көрсетілетін қызметті берушінің) есеп шотына хабарламада көрсетілген мөлшердегі қаражатты қайтарады.
Лизинг нысанасының түпкілікті құны субсидияларды есептеуге арналған ең жоғары жол берілген құннан асатын инвесторлардың (көрсетілетін қызметті алушылардың) өтінімдері бойынша субсидияларды қайта есептеу жүзеге асырылмайды.
38. Қаржы институттары осы Қағидалардың 34-тармағында (инвесторды (көрсетілетін қызметті алушыны) кредит беру жолымен қаржыландырған кезде) немесе осы Қағидалардың 35-тармағында (инвесторды (көрсетілетін қызметті алушыны) техниканы, машиналары және (немесе) жабдықты лизингке беру жолымен қаржыландырған кезде) көзделген шарттарды орындамаған жағдайда, қаржы институттары 3 (үш) жұмыс күні ішінде жұмыс органы (көрсетілетін қызметті беруші) арнайы шотқа аударған қаражатты толық көлемде қайтарады. Бұл ретте ағымдағы қаржы жылы жүргізілген төлемдерді қайтару орындалмаған міндеттемелер сомасын ұлғайту және шығыстардың бюджеттік сыныптамасының тиісті кодтары бойынша кассалық шығыстарды азайту жолымен жұмыс органының (көрсетілетін қызметті берушінің) кассалық шығыстарын қалпына келтіре отырып, жүзеге асырылады. Өткен жылдардағы төлемдер қайтарылған жағдайда, қайтару сомасы төлемақы жүргізілген тиісті бюджеттің кірісіне есептеледі.
39. Арнайы шотқа аударылған қаражатты қаржы институттары жұмыс органының (көрсетілетін қызметті берушінің) инвесторға (көрсетілетін қызметті алушыға) инвестициялық субсидия беру туралы оң шешімінің негізінде инвестициялық жоба шеңберінде техниканы, машиналар мен жабдықты сатып алуға пайдаланылған кредит/лизинг бойынша инвестордың (көрсетілетін қызметті алушының) негізгі борышын өтеу есебіне аударады.
3-параграф. Қарсы міндеттемелер
40. Инвестициялық субсидиялау кезінде инвестор (көрсетілетін қызметті алушы) инвестициялық субсидиялар алғаннан кейін 5 жыл бойы аквашаруашылық саласындағы қызметті тоқтатпау бойынша қарсы міндеттерді қабылдайды.
41. Қарсы міндеттемелер инвестициялық субсидиялау шартында көзделеді.
42. Еңсерілмейтін күштің мән-жайлары басталған жағдайда, инвестор (көрсетілетін қызметті алушы) олар басталған сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде жұмыс органына (көрсетілетін қызметті берушіге) осындай мән-жайлар туралы хабарлайды. Инвестор (көрсетілетін қызметті алушы) АӨК СМАЖ-ға еңсерілмейтін күштің мән-жайларының басталу фактісін растайтын уәкілетті мемлекеттік органдардың құжатын (Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің "Қазгидромет" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны берген ауа райы жағдайлары туралы анықтаманы және (немесе) жергілікті атқарушы органның су объектісінің сарқылуы туралы шешімін және (немесе) жергілікті атқарушы органның карантиндік немесе шектеу іс-шараларын белгілеу туралы шешімін және (немесе) ветеринария саласындағы уәкілетті орган берген балықтардың ауруын анықтау туралы сараптама актісін (сынақ хаттамасын)) орналастырады.
4-параграф. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
43. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша жұмыс органының (көрсетілетін қызметті берушінің) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жұмыс органы (көрсетілетін қызметті беруші) басшысының, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.
Шағым ҚР ӘРПК 91-бабының 4-тармағына сәйкес келіп түскен жағдайда, жұмыс органы (көрсетілетін қызметті беруші) оны келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей шағымды қарайтын органға (жоғары тұрған әкімшілік органға және (немесе) лауазымды адамға) жібереді. Қолайлы акт қабылданған, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік іс-әрекет жасалған жағдайда, шағымды жұмыс органы (көрсетілетін қызметті беруші) шағымды қарайтын органға (жоғары тұрған әкімшілік органға және (немесе) лауазымды адамға) жібермейді.
44. Инвестордың (көрсетілетін қызметті алушының) шағымын Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес:
1) жұмыс органы (көрсетілетін қызметті беруші) – тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
2) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган – тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауға тиіс.
45. Жұмыс органының (көрсетілетін қызметті берушінің), мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес:
1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;
2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайларда 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.
Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда, шағымды қарау мерзімі ұзартылған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымды қарау өкілеттігі берілген лауазымды адам жазбаша нысанда (шағымды қағаз жеткізгіште берген кезде) немесе электрондық нысанда (шағымды электрондық түрде берген кезде) шағым берген инвесторға (көрсетілетін қызметті алушыға) ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімін ұзарту туралы хабарлайды.
46. Егер заңда өзгеше көзделмесе, ҚР ӘРПК 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.
| Аквашаруашылық саласында инвестициялық салымдар кезінде шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау қағидаларына |
|
| 1-қосымша |
Жобалар паспорттарының тізбесі
1 | Қуаты сағатына кемінде 1 тонна болатын аквашаруашылық объектілеріне арналған азық өндіретін зауыт (цех) құру және (немесе) кеңейту |
2 | Қуаты жылына 25 тоннадан басталатын балық өсіру тоғандарын және (немесе) балық өсіру бассейндерін пайдалана отырып, аквашаруашылық объектілерін көбейтуге және (немесе) күтіп-ұстауға, өсіруге байланысты тоған шаруашылық қызметін жүзеге асыратын шаруашылықты құру және (немесе) кеңейту |
3 | Қуаттылығы жылына 25 тоннадан басталатын балық өсіру бассейндерін пайдаланып және тұйықталған сумен жабдықтау қондырғысын қолдана отырып, аквашаруашылық объектілерін көбейтуге және (немесе) күтіп-ұстауға, өсіруге байланысты индустриялық шаруашылық қызметін жүзеге асыратын шаруашылықты құру және (немесе) кеңейту |
4 | Қуаттылығы жылына 50 тоннадан басталатын балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) өсіруге арналған учаскелердің акваториясында орналасқан арнайы құрылғыларда (тор қоршамаларда) жартылай ерікті бақыланатын жағдайларда балықты көбейтуге және (немесе) күтіп-бағуға, өсіруге байланысты тор қоршама шаруашылық қызметін құру және (немесе) кеңейту |
5 | Ауданы кемінде 50 гектар оқшауланған балық шаруашылығы су айдындарында балықты көбейтуге және (немесе) күтіп-бағуға, өсіруге байланысты көл-тауар шаруашылық қызметі үшін жабдықтар мен техника сатып алу |
6 | Өндірістік қуаты тәулігіне 1 тоннадан басталатын балық өңдеу объектісін құру және (немесе) кеңейту |
7 | Аквашаруашылық объектілерін ұрықтандыру, уылдырығын инкубациялау арқылы олардың құртшабақтарын алу, сондай-ақ қолдан жасалған жағдайларда аквашаруашылық объектілерінің құртшабақтарын өсіру мақсатында оларды көбейтуге және (немесе) күтіп-ұстауға, өсіруге байланысты өсімді молайту шаруашылық қызметін жүзеге асыратын, қуаттылығы жылына 1 миллион данадан басталатын тұқы/албырт тұқымдас балықтар немесе 25 миллион данадан басталатын бекіре тұқымдас балықтардың шабақтары болатын шаруашылықты құру және (немесе) кеңейту |
8 | Жылына 25 тоннадан басталатын аквашаруашылық объектілерін өсіретін аквашаруашылық субъектілерін, сондай-ақ аквашаруашылықты дамытуды қамтамасыз ететін субъектілерді сумен қамтамасыз ету |
| Аквашаруашылық саласында инвестициялық салымдар кезінде шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау қағидаларына 2-қосымша |
Субсидиялауға жататын жобалар паспорттарының тізбесі
| Аквашаруашылық саласында инвестициялық салымдар кезінде шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша |
|
| Субсидиялау қағидаларына 3-қосымша |
Нысан
Ұсынылады: облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органының аквашаруашылық саласындағы функцияларды іске асыратын құрылымдық бөлімшесіне
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан https://gosagro.kz/auth/login интернет-ресурсында орналастырылған
Әкімшілік нысанның атауы: Инвестициялық субсидиялауға арналған өтініш
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі: № АКВА010000 нысаны
Кезеңділігі: бір реттік
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын тұлғалар тобы: инвестор
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: тиісті жылдың 1 ақпанынан бастап
|
|
Жинау әдісі: электрондық түрде
1-кесте. Инвестор туралы мәліметтер:
2-кесте. Инвестициялық жоба туралы мәліметтер:
12 | Жобаның сипаттамасы | |
13 | Инвестиция сомасы (мың теңге) | |
14 | Жоба іске асырылатын қаражат көзі | |
15 | Субсидиялардың есептеу сомасы (мың теңге) | |
16 | Инвестициялық жобаны іске асыру мекенжайы | |
17 | Тиесілі субсидияларды алдын ала есептеу (мың теңге) | |
18 | Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес инвестициялық жоба объектісін пайдалануға қабылдау актісі (жаңа өндірістік қуаттарды құру немесе қолданыстағыларын кеңейту кезінде) | |
19 | Сатып алушы мен жеткізуші арасында жабдықты пайдалануға беру актісі (жабдықты сатып алу кезінде) | |
20 | Сатып алынған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша сатып алу-сату шарттары, шот-фактуралар, жаңа өндірістік қуаттарды құруға не жұмыс істеп тұрғандарын кеңейтуге арналған инвестициялық салымдарды растайтын, төлемді растайтын құжаттар | |
21 | Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жобалар сараптамасының оң қорытындысы бар жобалау-сметалық құжаттама (жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес субсидиялау көзделген жобалардың паспорттары бойынша) | |
22 | Балық өсіру техникасы мен технологиялық жабдықтарды қабылдау-беру актілері | |
23 | Растайтын құжаттар: бизнес-жоспар, дайын өнімді өткізудің электрондық шот-фактуралары (транш алуға өтініш берілген жағдайда) |
3-кесте. Қағидалардың 17-тармағына сәйкес өндірістік қуаттың жүктелуіне (процент) қол жеткізу туралы мәліметтер (транш алуға өтініш беру кезінде толтырылады)
Р/с | Өнім түрлерінің атауы | Өлшем бірлігі | Есептік тоқсанда өндірілген өнім, заттай мәнде, барлығы | Есептік тоқсан үшін құндық мәндегі өнім (тауарларды, көрсетілетін көрсетілетін қызметтерді) шығарылымы, мың теңге |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
кестенің жалғасы
Есептік тоқсанда өз мұқтаждарына (зауыт ішіндегі айналымға) пайдаланылған өнім | Есептік тоқсанда алыс-беріс шикізатынан өндірілген өнім | Есептік кезеңнің соңындағы дайын өнімнің заттай мәндегі қалдықтары | ||
заттай мәнде | құндық мәнде, мың теңге | заттай мәнде | құндық мәнде, мың теңге | |
6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға, жеке деректерді жинауға, өңдеуге, сақтауға, жүктеуге және пайдалануға, сондай-ақ көрсетілген мемлекеттік қызмет бойынша деректерді бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға беруге келісім беремін.
Осымен Қағидалардың 17-тармағына сәйкес қосымша қаражат бөлінген жағдайда, инвестициялық субсидия сумасын ұлғайтуға келісім беремін.
Қосымша: толтырылған жоба паспорты.
Инвестор 20__ жылғы сағат "__" _____қол қойып, жіберді.
Электрондық цифрлық қолтаңбадан (бұдан әрі – ЭЦҚ) алынған деректер.
ЭЦҚ-ға қол қою күні мен уақыты.
Өтінішті қабылдау туралы хабарлама:
Жұмыс органы 20__ жылғы "__" _____қол қойып, жіберді.
ЭЦҚ-дан алынған деректер.
ЭЦҚ-ға қол қою күні мен уақыты.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған "Инвестициялық субсидиялауға өтініш" нысанын толтыру бойынша түсіндірме (индекс: № АКВА010000, кезеңділігі: бір реттік)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы түсіндірме әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған "Инвестициялық субсидиялауға өтініш" нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.
2. Нысанды инвестор толтырады.
3. Нысанға басшы немесе оның міндетін атқарушы адам қол қояды.
4. Нысанды инвестор облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органының аквашаруашылық саласындағы функцияларды іске асыратын құрылымдық бөлімшесіне ұсынады.
5. Нысан қазақ және орыс тілдерінде толтырылады.
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
6. 1-кестенің 1-жолында заңды тұлғаның атауы көрсетіледі.
7. 1-кестенің 2-жолында заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - БСН) көрсетіледі.
8. 1-кестенің 3-жолында заңды тұлғаның басшының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі көрсетіледі.
9. 1-кестенің 4-жолында заңды тұлғаның заңды мекенжайы және байланыс телефон нөмірі көрсетіледі.
10. 1-кестенің 5-жолында заңды тұлғаның ЭҚЖЖ сыныбы бойынша (экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші бойынша коды) көрсетіледі.
11. 1-кестенің 6-жолында жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі көрсетіледі.
12. 1-кестенің 7-жолында жеке тұлғаның дара кәсіпкер туралы мәліметтер, оның ішінде бірлескен кәсіпкерлік нысанында – жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.
13. 1-кестенің 8-жолында жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттан мәліметтер көрсетіледі: құжаттың нөмірі, құжатты кім және қашан берген.
14. 1-кестенің 9-жолында жеке тұлғаның заңды мекенжайы және байланыс телефоны көрсетіледі.
15. 1-кестенің 10-жолында жеке тұлғаның ЭҚЖЖ сыныбы бойынша (экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші бойынша коды) көрсетіледі.
16. 1-кестенің 11-жолында дара кәсіпкердің орналасқан жері және дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы хабарламаның күні көрсетіледі.
17. 2-кестенің 12-жолында инвестициялық жобаның сипаттамасы, оның негізгі мақсаттары мен міндеттері көрсетіледі.
18. 2-кестенің 13-жолында іске асырылатын инвестициялық жобаға салынған инвестициялардың сомасы көрсетіледі.
19. 2-кестенің 14-жолында жоба іске асырылатын қаржы құралының (өз қаражаты, қарыз қаражаты) көзі көрсетіледі.
20. 2-кестенің 15-жолында инвестор үміттенген субсидиялардың есептік сомасы көрсетіледі.
21. 2-кестенің 16-жолында облысты, ауданды (қаланы), елді мекенді, көшені, ғимараттың (құрылыстың) нөмірін қоса алғанда, инвестициялық жобаны іске асыру мекенжайы көрсетіледі.
22. 2-кестенің 17-жолында тиесілі субсидиялардың алдын ала есебі көрсетіледі.
23. 2-кестенің 18-жолында инвестициялық жоба объектісін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес пайдалануға қабылдау актісі (жаңа өндірістік қуаттарды құру немесе қолданыстағыларын кеңейту кезінде) қоса беріледі.
24. 2-кестенің 19-жолында жабдықты қолданысқа енгізу фактісін растайтын (жабдықты сатып алған жағдайда) cатып алушы мен өнім беруші арасында жабдықты пайдалануға беру актісі қоса беріледі.
25. 2-кестенің 20-жолында сатып алу-сату шарттары, шот-фактуралар, орындалған жұмыстардың актілері және инвестициялық салымдардың фактісі мен көлемін куәландыратын өзге де растайтын құжаттар қоса беріледі.
26. 2-кестенің 21-жолында сараптаманың оң қорытындысы бар жобалау-сметалық құжаттама қоса беріледі (жоба паспортына сәйкес).
27. 2-кестенің 22-жолында балық өсіру техникасы мен технологиялық жабдықтарды қабылдау-беру актілері қоса беріледі.
28. 2-кестенің 23-жолында бизнес-жоспар, дайын өнімді өткізудің электрондық шот-фактуралары (транш алуға өтінім берілген жағдайда) сияқты растайтын құжаттар қоса беріледі.
29. 3-кестенің 1-бағанында реттік нөмірі көрсетіледі.
30. 3-кестенің 2-бағанында аквашаруашылық өнім түрлерінің атауы көрсетіледі.
31. 3-кестенің 3-бағанында жобалар қуатының өлшем бірлігі көрсетіледі.
32. 3-кестенің 4-бағанында есептік тоқсанда өндірілген өнім заттай түрде көрсетіледі,
33. 3-кестенің 5-бағанында есептік тоқсан құндық мәнде өнімң (тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің) шығарылымы, мың теңге көрсетіледі.
34. 3-кестенің 6-бағанында аквашаруашылық өнімінің есептік тоқсандағы өз қажеттіліктеріне пайдаланылғаны (зауыт ішіндегі айналым) заттай түрде көрсетіледі.
35. 3-кестенің 7-бағанында аквашаруашылық өнімінің есептік тоқсандағы өз қажеттіліктеріне пайдаланылғаны (зауыт ішіндегі айналым) құндық мәнде, мың теңгемен көрсетіледі.
36. 3-кестенің 8-бағанында есептік тоқсанда алыс-беріс шикізатынан өндірілген өнім заттай мәнде көрсетіледі.
37. 3-кестенің 9-бағанында есептік тоқсанда алыс-беріс шикізатынан өндірілген өнім құндық мәнде, мың теңгемен көрсетіледі.
38. 3-кестенің 10-бағанында есептік кезеңнің соңындағы дайын өнімнің қалдықтары заттай мәнде көрсетіледі.
| Аквашаруашылық саласында инвестициялық салымдар кезінде шеккен шығыстардың |
|
| Бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау қағидаларына 4-қосымша |
Нысан
Инвестордың объектісін қарап-тексеру және өндірістік қуаттылықтардың жүктелгендігіне қол жеткізуге куәландыру актісі 20__ жылғы "___" __________ № ___
Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атауы __________
____________________________________________________________________
Инвестордың атауы: __________________________________________________
Жоба паспортының атауы: _____________________________________________
Объектінің орналасқан жері: ___________________________________________
20_ жылғы _____ № _____________ негізінде құрылған мамандар тобының құрамы:
1. _________________________________
2. _________________________________
3. _________________________________.
объектіні қарап-тексеруі барысында мыналарды анықтады: _________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________.
Қарап-тексерудің тұжырымдары: _______________________________________
____________________________________________________________________
Қарап-тексеруді жүзеге асырған адамдардың қолтаңбалары:
1. ________________________________________ _____________________
(аты, әкесінің аты (бар болса), тегі) (қолы)
2. ________________________________________ _____________________
(аты, әкесінің аты (бар болса), тегі) (қолы)
3. ________________________________________ _____________________
(аты, әкесінің аты (бар болса), тегі) (қолы) Инвестор (инвестор өкілінің):
_______________________________________ _____________________
(аты, әкесінің аты (бар болса), тегі) (қолы)
(________ № ___ сенімхат)
| Аквашаруашылық саласында инвестициялық салымдар кезінде шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау қағидаларына 5-қосымша |
Нысан
Субсидиялаудың мемлекеттік ақпараттық жүйесінде мамандар тобы мүшесінің қолжетімділігін шектеу туралы хабарлама
____________ қаласы 20__ жылғы "___" _________
Мен, жұмыс органының басшысы__________________________________
____________________________________________________________________
(жұмыс органының атауы және басшының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
_____________________________________________________ құжаты негізінде
(демалысты ұсыну немесе іссапарға жіберу немесе жұмыстан босату туралы
бұйрық/уақытша еңбекке жарамсыздық парағы*) төмендегілер туралы осы
20__жылғы "___" _______ № ______ актіні жасадым:
Мамандар тобының мүшесі _______________________________________
(аты, әкесінің аты (бар болса), тегі) ___ дан ___ дейін кезеңге қол жеткізуге шектеу қойылады.
(күні мен уақыты)
Осы актінің мазмұнын жеке қолтаңбалармен растаймыз:
1. __________________________________________________________________
(инвестициялық субсидиялауды іске асыруға жауапты жұмыс органы жұмыскерінің
аты, әкесінің аты (бар болса), тегі) (күні мен уақыты, электрондық цифрлық
қолтаңбасы)
2. __________________________________________________________________
(мамандар тобы мүшесінің аты, әкесінің аты (бар болса), тегі) (күні мен уақыты,
электрондық цифрлық қолтаңбасы)
| Аквашаруашылық саласында | |
| инвестициялық салымдар кезінде шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау қағидаларына 6-қосымша |
Нысан
"Аквашаруашылық саласындағы инвестициялық салымдар кезінде шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
| Аквашаруашылық саласында инвестициялық салымдар кезінде шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау қағидаларына 7-қосымша |
Нысан
Жұмыс органының (көрсетілетін қызметті берушінің) инвестициялық жобаның сәйкестігі/сәйкес еместігі туралы шешімі туралы хабарлама
Құрметті _____________________________________________________
(заңды тұлғаның атауы немесе жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
Сізді __________________________________________________________
__________________________________________________________________
(жоба паспортының толық атауы)
жобасының паспорты бойынша "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы"
Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына "сәйкес облыстағы
уәкілетті орган бекітетін Аквашаруашылық саласындағы инвестициялық салымдар
кезіндегі шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау қағидаларының
талаптарына инвестициялық жобаның сәйкестігі/сәйкес еместігі туралы жұмыс
органының шешімі туралы хабардар етеміз.
Сұрақтар туындаған жағдайда ____________________________________
___________________________________________ жүгінуіңізді сұраймыз.
(жұмыс органы)
Орындаушы: _________________________________________ _________
(аты, әкесінің аты (бар болса), тегі) (қолы)
Байланыс телефондары: ________________________________________
| Аквашаруашылық саласында инвестициялық салымдар кезінде шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау қағидаларына 8-қосымша |
Нысан
Жұмыс органының (көрсетілетін қызметті берушінің) жобаның паспорты бойынша инвестициялық субсидияларды төлеу/төлеуден бас тарту туралы шешімі туралы хабарлама
Құрметті _______________________________________________________
(заңды тұлғаның атауы немесе жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
Сізді ___________________________________________________________
(жоба паспортының толық атауы)
жобасының паспорты бойынша жұмыс органының инвестициялық субсидияны
төлеу/төлеуден бас тарту туралы шешімі туралы хабардар етеміз.
Бас тарту себебі: ________________________________________________
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
Сұрақтар туындаған жағдайда _____________________________________
_______________________________________ жүгінуіңізді сұраймыз.
(жұмыс органы)
Орындаушы: ________________________________________ __________
(аты, әкесінің аты (бар болса), тегі) (қолы)
Байланыс телефондары: __________________________________________
| Аквашаруашылық саласында инвестициялық салымдар кезінде шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау қағидаларына 9-қосымша |
Форма
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ тыңдау жүргізу уақыты мен орны туралы хабарлама
Құрметті _______________________________________________________
Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабы 1-
тармағына сәйкес осы хабарламамен Сізге "Аквашаруашылық саласында
инвестициялық салымдар кезінде шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша
субсидиялау" мемлекеттік қызметін көрсетуден бас тартылғаны туралы хабарлаймыз,
өйткені:
____________________________________________________________________
(бас тарту себептерін санамалау)
Тыңдау осы хабарлама жіберілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен мерзімде
жүзеге асырылады, Сіз осы шешім бойынша өз ұстанымыңызды білдіре аласыз
(қажеттісін жазыңыз):
__________________________________________________________________
(тыңдау өткізу күн мен уақыты, тыңдау өткізу орны (тәсілі):
мекенжай бойынша ғимаратта/бейнеконференцбайланыс/өзге де коммуникация
құралдары арқылы)
Көрсетілетін қызметті беруші _____________________________________
(басшының электрондық цифрлық қолтаңбасы, аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
| Аквашаруашылық саласында инвестициялық салымдар кезінде шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау қағидаларына 10-қосымша |
Нысан
№ ____ инвестициялық субсидиялау шарты
____________ қаласы 20__ жылғы "___" _________
Бұдан әрі "Жұмыс органы" деп аталатын "________________" мемлекеттік
мекемесінің атынан "_____________________________" Мемлекеттік мекеме туралы
ереженің негізінде әрекет ететін басқарма басшысы (немесе бұйрық негізінде оны
алмастыратын адам) ________________ бір тараптан және бұдан әрі "Инвестор" деп
аталатын, ______________ атынан _____________________ негізінде әрекет ететін
_____________________, бірге Тараптар, ал жоғарыда көрсетілгендей жеке-жеке
Тарап деп аталып, төмендегілер туралы осы Инвестициялық субсидиялау шартын
(бұдан әрі – Шарт) жасасты.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Шартты жасасуға мыналар негіз болып табылады:
1) "Аквашаруашылық туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабы 2-тармағының 2) тармақшасы, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасы және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасы;
2) жұмыс органының 20 __ жылғы __________ № ___ шешімі.
2-тарау. Осы Шартта қолданылатын терминдер мен анықтамалар
2. Осы Шартта аквакультура саласындағы инвестициялық салымдар кезінде шығындардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау қағидаларында көрсетілген терминдер мен анықтамалар қолданылады.
3-тарау. Шарттың мәні
3 Осы Шарттың талаптары бойынша Жұмыс органы Инвестор шығыстарының бір бөлігін инвестициялық субсидиялауды мынадай шарттармен жүзеге асырады:
Жобаның паспорты (Субсидиялау қағидаларына сәйкес) | |
Инвестордың инвестициялық жоба бойынша инвестициялық салымдарының жалпы мөлшері | |
Инвестициялық субсидиялардың мөлшері | |
Жұмыс органы шешімінің нөмірі | |
Жұмыс органы шешімінің күні |
4. Инвестициялық субсидиялау тиісті қаржы жылына _______ облысының (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) бюджетінде көзделген қаражат есебінен және шегінде жүргізіледі.
5. Инвестор инвестициялық субсидиялар алғаннан кейін 5 жыл бойы аквашаруашылық саласындағы қызметті тоқтатпау бойынша өзіне қарсы міндеттемелер қабылдайды.
4-тарау. Инвесторға қаражат аудару тәртібі мен шарттары
6. Жұмыс органы ________ (_______) теңге мөлшеріндегі инвестициялық субсидия сомасын Инвестордың есеп шотына аударады.
7. Инвестициялық субсидиялау мерзімі осы Шарт күшіне енген сәттен бастап саналады.
8. Тараптар осы Шарт шеңберінде, егер төлем күні жұмыс емес күнге немесе мереке күніне сәйкес келсе, төлем олардан кейінгі жұмыс күні жүргізіледі деп келісті.
9. Инвестициялық субсидиялар Инвесторға Субсидиялау қағидаларын 2-қосымшада көрсетілген жобалар паспорттарына сәйкес төленеді.
10. Инвестициялық субсидиялар Инвестордың жаңа, бұрын қолданылмаған техниканы, машиналар мен жабдықтарды сатып алуға арналған инвестициялық салымдары бойынша төленеді.
11. Барлық операциялар ұлттық валюта - теңгемен жүргізіледі.
5-тарау. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
12. Инвестор:
техниканы, машина мен жабдықты Жұмыс органын алдын ала жазбаша хабардар ету шартымен маусымдық тоқтап тұрған жағдайда қызметтердің басқа түрлері үшін пайдалануға құқылы.
13. Инвестор:
1) Субсидиялау қағидаларының шарттарын уақтылы және толық көлемде орындауға;
2) Шарт бойынша өзінің міндеттемелерін уақтылы және толық көлемде орындауға;
3) осы Шарттың 5-тармағында көрсетілген қарсы міндеттемелерді уақтылы және толық көлемде орындауға;
4) осы Шартты орындауға байланысты құжаттар мен ақпаратты Жұмыс органының сұратуы бойынша уақтылы ұсынуға;
5) Жұмыс органына Инвестордың объектісін қарап-тексеру және өндірістік қуаттылықтардың жүктелгеніне көз жеткізу үшін рұқсат беруге;
6) өзіне қатысты жою, оңалту немесе банкроттық рәсім басталған жағдайда, сондай-ақ, егер Инвестордың қызметі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес уақытша тоқтатылған жағдайда, Жұмыс органын жазбаша түрде дереу хабардар етуге;
7) осы Шарттың талаптары мен оны іске асыру жөніндегі ақпаратты үшінші тұлғаларға Тараптардың алдын ала жазбаша келісімінсіз бермеуге және ашпауға;
8) Жұмыс органын осы Шарттың талаптарын орындауға әсер ететін барлық мән-жайлар туралы уақтылы хабардар етуге міндетті.
14. Жұмыс органы мыналарға құқылы:
1) Инвестордан инвестициялық жобаны және осы Шартты іске асыру барысы туралы барлық қажетті құжаттар мен ақпаратты сұрату;
2) құжаттарды тексеруді, инвестордың (көрсетілетін қызметті алушының) объектісін, сатып алынған жабдықтарды (техникалар мен машиналарды) жобалар паспорттарында көзделген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан қарап-тексеруді, растайтын фото- және бейнематериалдарды қоса тіркей отырып жүзеге асыру;
3) орнатылған жабдықтардың болуын, өндірістік қуаттардың жүктелу деңгейіне қол жеткізуді тексеру;
Өндірістік қуаттардың жүктелу деңгейіне қол жеткізуді тексеру жоба паспортына сәйкес жүзеге асырылады;
4) тексеруді инвестордың (көрсетілетін қызметті алушының) немесе оның уәкілетті өкілінің қатысуымен жүзеге асыру және оның нәтижесін инвестордың объектісін қарап-тексеру және объектіні қарап-тексеру актісіне сәйкес нысан бойынша өндірістік қуаттардың жүктелу деңгейіне қол жеткізуді куәландыру актісінің нысанына сәйкес актімен ресімдеу.
15. Жұмыс органы:
1) осы Шарттың 3-тармағында көрсетілген инвестициялық субсидиялауға көзделген қаражатты аударуға;
2) Субсидиялау қағидаларының 4-тарауына сәйкес агроөнеркәсіптік кешенді субсидиялаудың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарымен бірлесіп инвестициялық субсидиялаудың қарсы міндеттемелерінің орындалуына мониторинг жүргізуге міндетті.
6-тарау. Тараптардың жауапкершілігі
16. Осы Шарт бойынша Тараптар Шарттан және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінен туындайтын міндеттемелерді орындамауы және (немесе) тиісінше орындамауы үшін жауаптылықта болады.
7-тарау. Еңсерілмейтін күштің мән-жайлары
17. Егер Тараптардың осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындай алмауы еңсерілмейтін күштің мән-жайлары салдарынан болса, онда орындамағаны не тиісінше орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылады.
18. Еңсерілмейтін күштің мән-жайлары басталғанда осы Шарт бойынша міндеттемелерін орындай алмау мүмкіндігі туындаған Тарап ол басталған сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде екінші Тарапты осындай мән-жайлар туралы уақтылы хабардар етуі тиіс. Бұл ретте еңсерілмейтін күштің мән-жайларының сипаты, әрекет ету кезеңі, басталу фактісі уәкілетті мемлекеттік органдардың тиісті құжаттарымен расталуы тиіс.
19. Уақтылы хабарламаған жағдайда, Тарап екінші Тарапқа хабарламаудан немесе уақтылы хабарламаудан келтірілген зиянды өтеуге міндетті.
20. Еңсерілмейтін күштің мән-жайларының басталуы олардың әрекет ету кезеңіне осы Шарттың орындалу мерзімін ұлғайтуға алып келеді.
21. Егер осындай жағдайлар қатарынан үш ай бойы жалғасатын болса, онда кез келген Тарап осы Шарт бойынша міндеттемелерін одан әрі орындаудан бас тартуға құқылы.
8-тарау. Дауларды шешу
22. Тараптар тікелей келіссөздер процесінде Шарт бойынша олардың арасында туындаған немесе онымен байланысты барлық келіспеушіліктерді немесе дауларды шешу үшін барлық күш-жігерін жұмсаулары тиіс.
23. Егер мұндай келіссөздерден кейін Тараптар осы Шарт бойынша дауларды шеше алмаса, Тараптардың кез келгені бұл мәселенің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген сот тәртібімен шешілуін талап ете алады.
9-тарау. Шартты мерзімінен бұрын бұзу шарттары
24. Егер инвестор өз міндеттемелерін бұзса, оларды тиісінше орындамаса немесе жобаны одан әрі іске асыру мүмкіндігін негіздейтін қажетті құжаттарды ұсынбаса, Шарт мерзімінен бұрын бұзылуы мүмкін.
10-тарау. Хат-хабар алмасу
25. Осы Шарт шеңберінде Тараптардың бір-біріне жіберетін кез келген хат-хабарлары жазбаша түрде ұсынылады және тапсыру туралы белгісі бар хат-хабар Тараптар алған сәттен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде қаралады.
26. Хат-хабар тиісті түрде рәсімделген жағдайда (хат-хабар бланкіде ұсынылса немесе мөрмен (бар болса) куәландырылса, басшының қолы қойылса және тіркеу нөмірі, күні көрсетілсе), қолма қол табысталса, қатысушы Тараптың мекенжайына почта арқылы (хабарламасы бар тапсырыс хатпен) немесе курьерлік байланыс арқылы жеткізілсе, тиісті түрде ұсынылған немесе жіберілген болып саналады.
11-тарау. Құпиялылық
27. Осымен Тараптар осы Шарттың талаптарына қатысты ақпарат, банктік құпия, сондай-ақ қаржылық, коммерциялық және олар осы Шартты жасасу және орындау кезінде алған өзге де ақпарат құпия болып табылатынымен және осы Шартта, Субсидиялау қағидаларында және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, үшінші тұлғаларға жария етуге жатпайтынымен келіседі.
28. Тараптың құпия ақпаратты үшінші тұлғаларға беруі, жариялауы немесе оны өзге де жария етуі осы Шартта және Қазақстан Республикасының заңнамасында тікелей көзделген жағдайда ғана мүмкін болады.
29. Тараптар осы Шарттың болуы мен талаптарының құпиялылығын сақтау үшін барлық қажетті шараларды, оның ішінде құқықтық сипаттағы шараларды қабылдайды. Тараптардың лауазымды адамдары мен қызметкерлері осы Шартты іске асыру барысында алынған мәліметтерді жария етпейді не үшінші тұлғаларға бермейді.
30. Қандай да бір Тарап осы Шарттың талаптарын бұза отырып, құпия ақпаратты жария еткен не таратқан жағдайда, кінәлі Тарап осындай ақпаратты жария ету салдарынан екінші Тарапқа келтірілген зиянды өтей отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделгендей жауапкершілікте болады.
31. Инвестор осы Шартқа қол қоя отырып, Жұмыс органының бұқаралық ақпарат құралдарында Инвестор туралы мәліметтерді орналастыруына, сондай-ақ, осы Шарт аясында Инвестор туралы алынған кез келген мәліметті (оның ішінде банктік құпияны) Инвестордың алдын ала жазбаша келісімінсіз үшінші тұлғаларға жария етуіне келісім береді.
12-тарау. Мәлімдеулер, кепілдіктер және келісім берулер
32. Инвестор:
осы Шартта көрсетілген мәлімдеулер мен кепілдіктердің шынайы және шындыққа сәйкес келетінін растайды.
33. Инвестор:
1) Инвесторға оның бизнесіне, оның қаржылық жағдайына, активтері мен өзінің міндеттемелері бойынша жауап беру қабілетіне жағымсыз әсер етуі мүмкін қандай да болмасын мән-жайлардың мәлім емес екендігін мәлімдейтінін және оған кепілдік беретіндігін;
2) сондай-ақ Инвестор оның құзыреті осы Шартқа қол қоятын адамға осы Шартты жасасуға мүмкіндік беретінін растайды;
3) Инвестор осы Шартты жасасу сәтінде осы Шартты бұзуға себеп болатын, оны жарамсыз деп танитын негіздердің жоқтығын растайды;
4) Инвестор барлық ақпарат, сондай-ақ берілген (ұсынылған) барлық құжаттама дәл және шындыққа сай екенін мәлімдейді және кепілдік береді.
13-тарау. Қорытынды ережелер
34. Осы Шарттың ережелері өзгертілуі және (немесе) толықтырылуы тиіс. Тараптар үшін тек Тараптардың келісімімен жазбаша түрде жасалған және Тараптардың уәкілетті өкілдері қол қойған өзгерістер мен толықтырулар ғана жарамды және міндетті болып танылады.
35. Осы Шарт мемлекеттік және орыс тілдерінде Тараптардың әрқайсысы үшін бір-бір данадан 2 (екі) данада жасалды.
14-тарау. Шарттың қолданылу мерзімі
36. Осы Шарт қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және Тараптар өз міндеттемелерін толық көлемде орындағанға дейін қолданыста болады.
15-тарау. Тараптардың заңды мекенжайлары, банктік деректемелері және қолтаңбалары
| Аквашаруашылық саласында инвестициялық салымдар кезінде шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау қағидаларына 11-қосымша |
Нысан
Сатып алынатын техниканы, машиналарды және жабдықты мақсатты пайдалану және иеліктен шығармау туралы келісім №___
____________қаласы 20__ жылғы "___" _________
Бұдан әрі "Жұмыс органы" деп аталатын Қазақстан Республикасы
________________ облысының (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)
__________________________ басқармасы атынан __________№ _____________
негізінде әрекет ететін басшы (немесе оның ауыстыратын адам) бір жағынан және
бұдан әрі "Инвестор" деп аталатын_______________________________________
атынан _________________________негізінде әрекет ететін _____________________
екінші жағынан, бірге Тараптар, ал жеке-жеке Тарап деп не жоғарыда көрсетілгендей
аталатындар, осы Сатып алынатын техниканы, машиналар мен жабдықтарды
субсидиялау сәтінен бастап 5 (бес) жыл бойы нысаналы пайдалану және иеліктен
шығармау туралы келісімді (бұдан әрі – Келісім) төмендегілер туралы жасасты.
1-тарау. Келісімнің нысанасы мен мақсаты
1. Осымен Инвестор өзіне жабдықты, техниканы қатаң түрде нысаналы мақсаты бойынша пайдалану және иеліктен шығармау, сондай-ақ субсидияланған сәттен бастап 5 (бес) жыл бойы мақсатты пайдаланбағаны үшін жауапкершілікте болу міндеттемесін алады.
2-тарау. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
2. Инвестор:
1) Келісім бойынша өз міндеттемелерін уақтылы және толық көлемде орындауға;
2) Жұмыс органының сұранымы бойынша 5 (бес) жұмыс күні ішінде осы Келісімді орындауға байланысты құжаттар мен ақпаратты ұсынуға;
3) Инвестордың объектісін қарау үшін Жұмыс органына рұқсат беруге;
4) осы Келісімнің шарттары мен іске асырылуы туралы ақпаратты Тараптардың алдын ала жазбаша келісімінсіз үшінші тұлғаларға бермеуге және ашпауға;
5) Келісімнің 1-тармағында көрсетілген мерзім ішінде жабдық пен техниканы иеліктен шығармағанын растауға міндетті.
14. Жұмыс органы мыналарға құқылы:
1) Инвестордан инвестициялық жобаның және осы Келісімнің іске асырылу барысы туралы барлық қажетті құжаттар мен ақпаратты сұрату;
2) құжаттарды тексеруді, инвестордың (көрсетілетін қызметті алушының) объектісін, сатып алынған жабдықтарды (техникалар мен машиналарды) жобалар паспорттарында көзделген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан қарап-тексеруді, растайтын фото- және бейнематериалдарды қоса тіркей отырып жүзеге асыру;
3) орнатылған жабдықтардың болуын, өндірістік қуаттардың жүктелу деңгейіне қол жеткізуді тексеру;
Өндірістік қуаттардың жүктелу деңгейіне қол жеткізуді тексеру жоба паспортына сәйкес жүзеге асырылады;
4) инвестордың (көрсетілетін қызметті алушының) немесе оның уәкілетті өкілінің қатысуымен қарап-тексеруді жүзеге асыру және оның нәтижесін инвестордың объектісін қарап-тексеру және объектіні қарап-тексеру актісіне сәйкес нысан бойынша өндірістік қуаттардың жүктелу деңгейіне қол жеткізуді куәландыру актісінің нысанына сәйкес актімен ресімдеу;
5) қарсы міндеттемелердің расталуын талап ету.
3-тарау. Келісімнің қолданылу мерзімі
4. Осы Келісім Тараптардың қол қойған күнінен бастап күшіне енеді және 5 (бес) жыл бойы, ал орындалмаған міндеттемелер бөлігінде олар толық орындалғанға дейін қолданыста болады.
4-тарау. Еңсерілмейтін күштің мән-жайлары
5. Тараптар еңсерілмейтін күштің мән-жайлары салдарынан орындау мүмкін болмаған жағдайда, осы Келісім бойынша өз міндеттемелерін орындамағаны не тиісінше орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылады.
6. Еңсерілмейтін күштің мән-жайлары туындаған кезде осы Келісім бойынша өз міндеттемелерін орындау мүмкін болмаған Тарап олар туындаған сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде екінші Тарапты мұндай мән-жайлар туралы уақтылы хабардар етуі тиіс. Бұл ретте еңсерілмейтін күштің мән-жайларының сипаты, қолданылу кезеңі, туындау фактісі уәкілетті мемлекеттік органдардың тиісті құжаттарымен расталуы тиіс.
7. Уақтылы хабардар етпеген жағдайда, Тараптар екінші Тарапқа хабардар етпеуден немесе уақтылы хабардар етпеуден келтірілген зиянды өтеуге міндетті.
8. Еңсерілмейтін күштің мән-жайларының туындауы осы Келісімнің орындалу мерзімінің олардың әрекет ету кезеңіне ұлғайтылуына алып келеді.
9. Егер мұндай мән-жайлар қатарынан үш айдан астам жалғасатын болса, онда Тараптардың кез келгені осы Келісім бойынша міндеттемелерін одан әрі орындаудан бас тартуға құқылы.
5-тарау. Қорытынды ережелер
10. Хат-хабар бланкіде ұсынылса немесе мөрмен (бар болса) куәландырылса, қолма-қол табысталса, қатысушы Тараптың мекенжайына почтамен (хабарламасы бар тапсырыс хатпен) немесе курьерлік байланыс арқылы жеткізілсе, тиісті түрде ұсынылған немесе жіберілген болып саналады.
11. Егер осы Келісімде өзгеше көзделмесе, осы Келісімнің шарттарын, оның ішінде осы Келісімнің қолданылу мерзімін кез келген өзгерту, тоқтату Тараптардың уәкілетті өкілдері қол қоятын қосымша келісімдермен ресімделеді.
12. Осы Келісім бойынша Тараптар арасында туындайтын барлық келіспеушіліктер немесе даулар тікелей келіссөздер процесінде шешіледі. Егер осындай келіссөздерден кейін Тараптар осы Келісім бойынша дауды шеше алмаса, Тараптардың кез келгені бұл мәселені Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген сот тәртібімен шешуді талап ете алады.
13. Осы Келісіммен реттелмеген мәселелер 20___ жылғы _____________ №________ Инвестициялық субсидиялау шартымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.
14. Осы Келісім мемлекеттік және орыс тілдерінде, Тараптардың әрқайсысы үшін бір-бір данадан 2 (екі) данада жасалды.
6-тарау. Тараптардың мекенжайлары, банктік деректемелері және қолтаңбалары
| Аквашаруашылық саласында инвестициялық салымдар кезінде шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау қағидаларына 12-қосымша |
Нысан
Ұсынылады: облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органының аквашаруашылық саласындағы функцияларды іске асыратын құрылымдық бөлімшесіне
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан https://gosagro.kz/auth/login интернет-ресурсында орналастырылған
Әкімшілік нысанның атауы: Арнайы шотқа аванстық төлем тетігін қолдана отырып инвестициялық субсидиялауға арналған өтініш
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі: № АКВА020000 нысаны
Кезеңділігі: бір реттік
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын тұлғалар тобы: инвестор
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: тиісті жылдың 1 ақпанынан бастап
Жеке сәйкестендіру нөмірі / |
|
Жинау әдісі: электрондық түрде
1-кесте. Инвестор туралы мәліметтер:
2-кесте. Инвестициялық жоба туралы мәліметтер:
12 | Жобаның сипаттамасы | |
13 | Инвестиция сомасы | |
14 | Жоба жүзеге асырылатын қаржы қаражатының көзі | |
15 | Субсидиялардың есептік сомасы | |
16 | Инвестициялық жобаны іске асыру мекенжайы | |
17 | Тиесілі субсидияларды алдын ала есептеу | |
18 | Жаңа өндірістік қуаттарды құруға немесе жұмыс істеп тұрғандарын кеңейтуге арналған инвестициялық салымдар және оларды іске асыру мерзімдері туралы ақпарат, бизнес-жоспар, шарттар немесе коммерциялық ұсыныстар | |
19 | Инвестордың субсидиялар алу ниеті туралы қаржы институтын хабардар ету (жобаны тартылған қаражат (кредит/лизинг) есебінен іске асыру кезінде) | |
20 | Қаржы институтының кредиттік комитетінің оң шешімі |
Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға, жеке деректерді жинауға, өңдеуге, сақтауға, жүктеуге және пайдалануға, сондай-ақ көрсетілген мемлекеттік қызмет бойынша деректерді бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға беруге келісім беремін.
Қосымша: толтырылған жоба төлқұжаты және бизнес-жоспар
Инвестор 20__ жылғы "___"________ сағат ____-де қол қойып, жіберді:
Электрондық цифрлық қолтаңбадан (бұдан әрі – ЭЦҚ) алынған деректер
ЭЦҚ қою күні мен уақыты
Өтінішті қабылдау туралы хабарлама:
Жұмыс органы 20__ жылғы "___" ________ сағат ____-де қол қойып, жіберді:
ЭЦҚ деректері
ЭЦҚ қою күні мен уақыты
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған "Арнайы шотқа аванстық төлем тетігін қолдана отырып, инвестициялық субсидиялауға арналған өтініш" нысанын толтыру бойынша түсіндірме (индекс: № АКВА020000, кезеңділігі: біржолғы)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы түсіндірме әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған "Арнайы шотқа аванстық төлем тетігін қолдана отырып инвестициялық субсидиялауға арналған өтініш" нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.
2. Нысанды инвестор толтырады.
3. Нысанға басшы не оның міндетін атқарушы адам қол қояды.
4. Нысанды инвестор облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органының аквашаруашылық саласындағы функцияларды іске асыратын құрылымдық бөлімшесіне ұсынады.
5. Нысан қазақ және орыс тілдерінде толтырылады.
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
6. 1-кестенің 1-жолында заңды тұлғаның / филиалдың, өкілдіктің атауы көрсетіледі.
7. 1-кестенің 2-жолында бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - БСН) көрсетіледі.
8. 1-кестенің 3-жолында басшының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі көрсетіледі.
9. 1-кестенің 4-жолында инвестордың заңды мекенжайы және байланыс телефоны көрсетіледі.
10. 1-кестенің 5-жолында инвестордың ЭҚЖЖ (экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші бойынша коды) көрсетіледі.
11. 1-кестенің 6-жолында жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі көрсетіледі.
12. 1-кестенің 7-жолында дара кәсіпкер туралы мәліметтер, оның ішінде бірлескен кәсіпкерлік нысанында – жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.
13. 1-кестенің 8-жолында жеке басын куәландыратын құжаттан мәліметтер көрсетіледі: құжаттың нөмірі, құжатты кім және қашан берген.
14. 1-кестенің 9-жолында инвестордың заңды мекенжайы және байланыс телефоны көрсетіледі.
15. 1-кестенің 10-жолында инвестордың ЭҚЖЖ (экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші бойынша коды) көрсетіледі.
16. 1-кестенің 11-жолында дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы хабарламаның орналасқан жері мен күні көрсетіледі.
17. 2-кестенің 12-жолында инвестициялық жобаның сипаттамасы, оның негізгі мақсаттары мен міндеттері көрсетіледі.
18. 2-кестенің 13-жолында іске асырылатын инвестициялық жобаға салынған инвестициялар сомасы көрсетіледі.
19. 2-кестенің 14-жолында жоба іске асырылатын қаржы қаражатының көзі (өз қаражаты, қарыз қаражаты) көрсетіледі.
20. 2-кестенің 15-жолында инвестор үміттенетін субсидиялардың есептік сомасы көрсетіледі.
21. 2-кестенің 16-жолында облысты, ауданды (қаланы), елді мекенді, көшені, ғимараттың (құрылысжайдың) нөмірін қоса алғанда, инвестициялық жобаны іске асыру мекенжайы көрсетіледі.
22. 2-кестенің 17-жолында тиесілі субсидиялардың алдын ала есебі көрсетіледі.
23. 2-кестенің 18-жолында жаңа өндірістік қуаттарды құруға немесе жұмыс істеп тұрғандарын кеңейтуге арналған инвестициялық салымдар және оларды іске асыру мерзімдері туралы ақпарат көрсетіледі, бизнес-жоспар, шарттар немесе коммерциялық ұсыныстар қоса беріледі.
24. 2-кестенің 19-жолында қаржы институтының инвестордың субсидиялар алуға ниеті туралы хабарламасы (жобаны тартылған қаражат (кредит/лизинг) есебінен іске асыру кезінде) қоса беріледі.
25. 2-кестенің 20-жолында қаржы институтының кредиттік комитетінің оң шешімі қоса беріледі.
| Аквашаруашылық саласында инвестициялық салымдар кезінде шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау қағидаларына 13-қосымша |
Нысан
Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның банк операцияларын жүргізуге лицензиясы бар қаржы институтының немесе микроқаржы қызметін жүзеге асыруға лицензиясы бар қаржы институтының арнайы шоттағы инвестициялық субсидияларды пайдаланбауы туралы № __ шарт және келісім
___________ қаласы 20__ жылғы "____" _________
Бұдан әрі "Қаржы институты" деп аталатын ____________________, бір жағынан,
____________________________________________________________________
облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың (атауы)
______________________ мемлекеттік мекемесі атынан бұдан әрі "Жұмыс органы"
деп аталатын мемлекеттік мекеме туралы ереженің негізінде әрекет ететін басшы
(немесе бұйрық негізінде оны алмастыратын адам)
_______________________________________________________________,
екінші жағынан және бұдан әрі "Инвестор" деп аталатын, Жарғы негізінде әрекет
ететін _______________________________________________, үшінші жағынан
бірлесіп Тараптар, ал жеке-жеке Тарап деп аталып, қаржы институтының арнайы
шоттағы ақшаны пайдаланбауы туралы осы Шартты және Келісімді (бұдан әрі –
Шарт) төмендегілер туралы жасасты.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Шартты жасасуға мыналар негіз болып табылады:
1) "Аквашаруашылық туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабы 2-тармағының 2) тармақшасы, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасы және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасы;
2) жұмыс органының 20 __ жылғы __________ № ___ шешімі.
2-тарау. Терминдер мен анықтамалар
2. Осы Шартта Аквашаруашылық саласындағы инвестициялық салымдар кезінде шығындардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау қағидаларында көрсетілген терминдер мен анықтамалар қолданылады.
3-тарау. Шарттың мәні
3. Жұмыс органы Субсидиялау қағидаларында көрсетілген шарттарға сәйкес инвестициялық субсидиялар төлеу туралы шешім қабылдағанға дейін қаржы институты арнайы шоттағы қаражатты пайдаланбайды.
4. Арнайы шотқа инвестициялық субсидиялар алу үшін инвестор Субсидиялау қағидаларында көрсетілген құжаттармен бірге қаржы институты растаған қаржы институтының кредиттік комитетінің оң шешімінің көшірмесін, қаржы институтымен жасалған кредиттік шартты/лизинг шартын қосымша ұсынады.
4-тарау. Инвестициялық субсидияларды аудару тәртібі және шарттары
5. ______ (___________) теңге мөлшеріндегі инвестициялық субсидиялар сомасын Жұмыс органы қаржы институтының арнайы шотына аванстық төлеммен аударады.
6. Қаржы институтының арнайы шотының деректемелері: _____________
7. Барлық операциялар ұлттық валюта – теңгемен жүргізіледі.
5-тарау. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
8. Қаржы институты арнайы шотқа қаражат алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде кредиттік шартта (Инвестор мен Қаржы институты арасында жасалған) көзделген қаражатты егер қаржы институты мен инвестор арасында жасалған шартта өзгеше көзделмесе, жабдықты сатушының шотына аударады және жұмыс органына растайтын құжаттарды ұсынады.
9. Қаржы институты Субсидиялау қағидаларында көзделген талаптарды орындамаған жағдайда, қаржы институты 3 (үш) жұмыс күні ішінде жұмыс органы арнайы шотқа аванстық төлеммен аударған инвестициялық субсидиялар қаражатын толық көлемде қалпына келтіреді.
10. Бұл ретте, ағымдағы қаржы жылында жүргізілген төлемдерді қайтару орындалмаған міндеттемелер сомасын ұлғайту және шығыстардың бюджеттік сыныптамасының тиісті кодтары бойынша кассалық шығыстарды азайту жолымен жұмыс органының кассалық шығыстарын қалпына келтіре отырып, жүзеге асырылады. Өткен жылдардағы төлемдер қайтарылған жағдайда, қайтару сомасы төлемдер жүргізілген тиісті бюджеттің кірісіне есептеледі.
11. Арнайы шотқа аударылған қаражатты қаржы институты инвесторға инвестициялық субсидия беру туралы жұмыс органының оң шешімі негізінде инвестициялық жоба шеңберінде жабдықтар мен техниканы сатып алуға пайдаланылған кредит/лизинг бойынша инвестордың негізгі борышын өтеу есебіне аударады.
6-тарау. Тараптардың жауапкершілігі
12. Осы Шарт бойынша Тараптар осы Шартқа және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы Шарттан туындайтын міндеттемелерді орындамағаны және/немесе тиісінше орындамағаны үшін жауапты болады.
7-тарау. Шарттың қолданылу мерзімі
13. Осы Шарт оған қол қойылған сәттен бастап күшіне енеді және субсидиялау қағидаларына сәйкес тараптар өз міндеттемелерін толық көлемде уақтылы орындағанға дейін қолданылады.
8-тарау. Еңсерілмейтін күштің мән-жайлары
14. Егер орындаудың мүмкіндігі еңсерілмейтін күш мән-жайларының салдары болып табылса, Тараптар осы Шарт бойынша өз міндеттерін орындамағаны не тиісінше орындамағаны үшін жауаптылықтан босатылады.
15. Еңсерілмейтін күш мән-жайлары туындаған кезде осы Шарт бойынша оның міндеттемелерін орындау мүмкін еместігі туындаған Тарап басталған сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде екінші Тарапқа осындай мән-жайлар туралы хабарлайды. Бұл ретте еңсерілмейтін күш мән-жайларының сипаты, қолданылу кезеңі, басталу фактісі уәкілетті мемлекеттік органдардың тиісті құжаттарымен расталады.
16. Уақтылы хабарлама болмаған кезде Тарап екінші Тарапқа хабарламау немесе уақтылы хабарламау салдарынан келтірілген зиянды өтейді.
17. Еңсерілмейтін күш мән-жайларының басталуы осы Шартты орындау мерзімінің олардың қолданылу кезеңіне ұлғаюына әкеп соғады.
18. Егер мұндай мән-жайлар қатарынан 3 (үш) айдан астам уақытқа созылса, онда Тараптардың кез келгені осы Шарт бойынша міндеттемелерді одан әрі орындаудан бас тартуға құқылы.
9-тарау. Дауларды шешу
19. Тараптар тікелей келіссөздер процесінде олардың арасында Шарт бойынша немесе оған байланысты туындайтын барлық келіспеушіліктерді немесе дауларды шешуге бар күш-жігерін салуы тиіс.
20. Егер осындай келіссөздерден кейін Тараптар Шарт бойынша дауды шеше алмаса, Тараптардың кез келгені бұл мәселені Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген сот тәртібімен шешуді талап ете алады.
10-тарау. Хат алмасу
21. Осы Шарт шеңберінде Тараптар бір-біріне жіберетін кез келген хат-хабар жазбаша нысанда ұсынылады және Тараптар табыс етілгені туралы белгісі бар хат-хабарды алған сәттен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде қаралады.
22. Хат-хабар тиісті түрде рәсімделген жағдайда (хат-хабар бланкіде ұсынылса немесе мөрмен (бар болса) куәландырылса, басшының қолы қойылса және тіркеу нөмірі, күні көрсетілсе), қолма қол табысталса, қатысушы Тараптың мекенжайына почта арқылы (хабарламасы бар тапсырыс хатпен) немесе курьерлік байланыс арқылы жеткізілсе, тиісті түрде ұсынылған немесе жіберілген болып саналады.
11-тарау. Құпиялылық
23. Тараптар осы Шарттың талаптарына қатысты ақпараттың, банктік құпияның, сондай-ақ осы Шартты жасасу және орындау барысында алған қаржылық, коммерциялық және өзге де ақпараттың құпия болып табылатынымен және осы Шартта және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, үшінші тұлғаларға жария етуге жатпайтынымен келіседі.
24. Тараптың құпия ақпаратты үшінші тұлғаларға беруі, жариялауы немесе оны өзге де жария етуі осы Шартта және Қазақстан Республикасының заңнамасында тікелей көзделген жағдайларда мүмкін болады.
25. Тараптар осы Шарттың болуы мен талаптарының құпиялылығын сақтау үшін барлық қажетті шараларды, оның ішінде құқықтық сипаттағы шараларды қабылдайды. Тараптардың лауазымды адамдары мен қызметкерлеріне осы Шартты іске асыру барысында алынған мәліметтерді жария етуге не үшінші тұлғаларға беруге тыйым салынады.
26. Осы Шарттың талаптарын бұза отырып, Тараптардың кез келгені құпия ақпаратты жария еткен не таратқан жағдайда, кінәлі Тарап осындай ақпаратты жария ету салдарынан екінші Тарап шеккен ықтимал зиянды өтей отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауаптылықта болады.
27. Инвестор осы Шартқа қол қою арқылы жұмыс органына Инвестор туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында орналастыруға, сондай-ақ осы Шарт шеңберінде Инвестор туралы алынған кез келген мәліметтерді (оның ішінде банктік құпияны) Инвестордың алдын ала жазбаша келісімінсіз үшінші тұлғаларға жария етуге келісім береді.
12-тарау. Қорытынды ережелер
28. Осы Шарттың ережелері өзгертуге және/немесе толықтыруға жатады. Тараптардың келісуі бойынша жазбаша нысанда жасалған және Тараптардың уәкілетті өкілдері қол қойған өзгерістер мен толықтырулар ғана Тараптар үшін жарамды және міндетті деп танылады.
29. Осы Шарт мемлекеттік және орыс тілдерінде, Тараптардың әрқайсысы үшін бір бір данадан 3 (үш) данада жасалды.
