Қазақстанда шығарылған өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ішкі нарыққа ілгерілетуге бағытталған өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын көрсету қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2022 жылғы 15 маусымдағы № 342 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 16 маусымда № 28504 болып тіркелді.

      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 23.10.2025 № 448 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Өнеркәсіптік саясат туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 9-бабының 14) тармақшасына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 23.10.2025 № 448 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес Қазақстанда шығарылған өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ішкі нарыққа ілгерілетуге бағытталған өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын көрсету қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 23.10.2025 № 448 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрінің міндетін атқарушы
Е. Дауылбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Сауда және интеграция министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму
министрінің міндетін
атқарушының
2022 жылғы 15 маусымдағы
№ 342 бұйрығына 1-қосымша

Қазақстанда шығарылған өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ішкі нарыққа ілгерілетуге бағытталған өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын көрсету қағидалары

      Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 23.10.2025 № 448 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстанда шығарылған өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ішкі нарыққа ілгерілетуге бағытталған өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Өнеркәсіптік саясат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 14) тармақшасына әзірленген, қазақстанда шығарылған өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ішкі нарыққа ілгерілетуге бағытталған өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын көрсету тәртібін айқындайды.

      2. Қазақстанда шығарылған өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ішкі нарыққа ілгерілетуге бағытталған өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы тікелей не жанама түрде мемлекетке, ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға (әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияны, әскери және аэроғарыш мақсатындағы отандық тауар (өнім), қос мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлар (өнім) өндірушілерді, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы шарт шеңберінде құрылған кәсіпкерлерді қоспағанда) тиесілі өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері мемлекеттік ынталандыру шараларын пайдалана алмайды.

      3. Осы Қағидаларда қолданылатын негізгі ұғымдар:

      1) ақпараттық жүйе – ақпараттық өзара іс-қимыл арқылы белгілі бір технологиялық әрекеттерді іске асыратын және нақты функционалдық міндеттерді шешуге арналған ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсетуші персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдастырылып ретке келтірілген жиынтығы;

      2) елішілік құндылық – ішкі нарықта өндірілген тауарлардың және жүзеге асырылған жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің өндірілген тауардың, жүзеге асырылған жұмыстың немесе көрсетілетін қызметтің жалпы көлеміндегі пайыздық мөлшері;

      3) электрондық құжат нұсқасы – түпнұсқа құжаттың көрінісі мен ақпаратын (деректерін) толықтай қайталайтын, электронды-сандық пішіндегі құжат;

      4) зертханалық сынақтар – зерттелетін сынамаларға (үлгілерге) қатысты зертханаларда (орталықтарда) жүзеге асырылатын сынақтар, өлшемдер, талдаулар, тесттер, сараптамалар жүргізуді қамтитын операциялар кешені;

      5) көлік құралының типін мақұлдау – айналымға енгізілген көлік құралдарының бір типке жатқызылған Кеден одағының "Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентін қабылдау туралы" Еуразиялық экономикалық комиссияның 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 877 шешімімен бекітілген Кеден одағының "Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінде КО ТР 018/2011 (бұдан әрі – КО ТР 018/2011) талаптарына сәйкестігін куәландыратын құжат;

      6) қарсы міндеттемелер – өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну кезінде қабылданатын өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектісі мен мемлекеттің өзара міндеттемелері;

      7) материалдық тасымалдаушы – қолдан жасаудан қорғау элементтерін (құралдарын) қамтитын немесе қамтымайтын және сәйкестендіру құралдарын салуға, сақтауға және беруге арналған кез келген материалдардан жасалған бақылау (сәйкестендіру) белгісі немесе объект;

      8) оператор – Елішілік құндылықты дамыту саласындағы ұлттық даму институты;

      9) өтініш беруші – осы Қағидалар шеңберінде шығындардың бір бөлігін өтеуге өтінім берген өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектісі;

      10) өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері – өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды іске асыратын не өңдеу өнеркәсібінің қазақстанда шығарылған өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін ішкі және (немесе) сыртқы нарықтарға ілгерілету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғалар, жай серіктестіктер;

      11) өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – өнеркәсіп саласында басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте салааралық үйлестіруді және өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыруды іске асыруға қатысуды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      12) өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шаралары – "Өнеркәсіптік саясат туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылатын өңдеу өнеркәсібі мен өнеркәсіптік-инновациялық қызметті дамыту мақсатында мемлекетпен қолданылатын ынталандыру шаралары;

      13) сәйкестендіру құралы – штрих код түрінде ұсынылған немесе радиожиілік белгісіне жазылған немесе өзге де автоматты сәйкестендіру құралын (технологиясын) пайдалана отырып ұсынылған, машинамен оқылатын нысандағы символдардың бірегей қатары;

      14) сәйкестікті растау – техникалық реттеу объектісінің техникалық регламенттерде және (немесе) стандарттау бойынша құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкестігін құжаттамалық куәландыру (сәйкестік туралы декларация немесе сәйкестік сертификаты түрінде) нәтижесі болып табылатын рәсім;

      15) сертификаттау сынақтары – өнімнің қасиеттері сипаттамаларының ұлттық және (немесе) халықаралық нормативтік-техникалық құжаттарға сәйкестігін анықтау мақсатында жүргізілетін өнімді бақылау сынақтары;

      16) таңбалау – тауарға шартты белгілерді, әріптерді, сандарды, графикалық белгілерді немесе жазбаларды оны одан әрі сәйкестендіру, белгіленген талаптарды және тауарларды таңбалаудың ақпараттық жүйесінің ұлттық компонентінде болатын олар туралы дұрыс мәліметтерді (оның ішінде оларға түсірілген сәйкестендіру құралдары және (немесе) сәйкестендіру құралдары бар материалдық тасығыштар туралы мәліметтер) қадағалай отырып, оның қасиеттері мен сипаттамаларын көрсету мақсатында жазу;

      17) шасси типін мақұлдау – айналымға шығарылатын, бір түрге жатқызылған шассидің "Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының техникалық регламентін қабылдау туралы" Еуразиялық экономикалық комиссияның 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 877 шешімімен бекітілген "Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы" 018/2011 Кеден одағының техникалық регламентінің талаптарына сәйкестігін куәландыратын құжат;

      18) электрондық құжаттың түпнұсқасы – электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілтін пайдалана отырып жасалған, бастапқыда электрондық құжат форматында қалыптастырылған және қағаз түпнұсқасы жоқ электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған (қол қойылған) құжат.

      4. Қазақстанда шығарылған өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ішкі нарыққа ілгерілетуге бағытталған өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган айқындаған тіркеушінің дербес деректерді сақтауы, түсіруі және пайдалануы, өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерінің өтінімдері мен қарсы міндеттемелері туралы мәліметтерді бірінші деңгейдегі жүйеге бере отырып және өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектісінен жинауға, өңдеуге келісім ала отырып, екі деңгейлі жүйені енгізу жолымен операторды тарта отырып, жүзеге асырады.

      5. Уәкілетті орган тиісті қаржы жылына арналған төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес бюджеттік бағдарламаның әкімшісімен бекітілетін төлемдер кестесіне сәйкес осы Қағидалар шеңберінде қазақстанда шығарылған өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ішкі нарыққа ілгерілетуге бағытталған өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын көрсетуге көзделген қаражатты Оператордың ағымдағы шотына аударады.

      6. Оператор уәкілетті орган мен Оператордың арасында жасалған шарт негізінде қазақстанда шығарылған өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ішкі нарыққа ілгерілетуге бағытталған өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын көрсетуге бөлінген қаражатты басқару үшін Қазақстан Республикасының резиденті – екінші деңгейлі банкте ағымдағы шот ашады.

      Қазақстанда шығарылған өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ішкі нарыққа ілгерілету бойынша өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу тиісті қаржы жылына республикалық бюджетте көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады.

      Осы Қағидалар шеңберінде мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсынуды жүзеге асыру үшін тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетте көзделген ақшалай қаражат толық игерілген кезде ұлттық институт ағымдағы шотқа қаражат түскенге дейін өтінімдерді қабылдауды тоқтатады.

      Ұлттық институт осы Қағидалар шеңберінде мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсынуды немесе ағымдағы шотқа қаражат түсуін жүзеге асыру үшін тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетте көзделген ақша қаражаты толық игерілген күннен бастап бір жұмыс күні ішінде өзінің интернет-ресурсында өтінімдерді қабылдауды тоқтата тұру немесе қайта бастау туралы хабарлама орналастырады.

      7. Қаржы жылының соңындағы ағымдағы шоттағы қаражат қалдықтары уәкілетті органға және сәйкесінше мемлекеттік бюджетке қайтаруға жатпайды, қазақстанда шығарылған өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ішкі нарыққа ілгерілету бағытталған өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын көрсету үшін келесі қаржы жылы жұмсалады.

      8. Қазақстанда шығарылған өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ішкі нарыққа ілгерілету бойынша өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу мынадай шығын түрлері бойынша:

      1) Халықаралық сертификаттаудан өтуге байланысты және қазақстанда шығарылған өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және сапа менеджменті жүйелерінің техникалық регламенттерде және (немесе) "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағына рұқсат етілетін стандарттау бойынша құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкестігін растаған кезде жұмсалған шығындарға, оның ішінде:

      Қазақстанда шығарылған өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің сәйкестігін растауға байланысты бағалау жүргізуге;

      сынақ нәтижелерін сараптауды қоса алғанда, шығарылатын өнімге сертификаттық және зертханалық сынақтар жүргізуге;

      инспекциялық аудит және бақылау жүргізуге;

      сертификаттарды тіркеуге;

      сертификаттарды қайта ресімдеуге және ұзартуға.

      2) аяқ киім өнімін таңбалауға арналған бағдарламалық қамтамасыз етуді қоса алғанда, сәйкестендіру (таңбалау) құралдарын салуға арналған жабдықты сатып алуға байланысты шығындар:

      сәйкестендіру құралдарын сатып алуға;

      өнімді шығару кезеңінде сәйкестендіру құралдарын қолдану бойынша типографиялық қызметтер сатып алуға;

      бағдарламалық қамтуды қоса алғанда, сәйкестендіру құралдарын қолдануға арналған жабдықты немесе инженерлік материалдық тасымалдауышты сатып алу арқылы өндірісті қайта жарақтандыруға жүргізіледі.

      3) Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 30 мамырдағы № 306 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28264 болып тіркелген) Басым тауарлардың тізбесіне кіретін, жөнелту пунктінен Қазақстан Республикасының аумағындағы межелі пунктіне дейін теміржол көлігімен өңделген тауарларды тасымалдауға байланысты шығындар.

      9. Өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектісіне өтеуге ұсынылатын соманың 50%-ы мөлшерінде негізделген және құжатпен расталған шығындар өтеледі, бірақ:

      1) осы Қағидалардың 8-тармағының 1) тармақшасына сәйкес келтірілген шығындар бойынша өнеркәсіптік-инновациялық қызметтің бір субъектісіне өтінім берілген күнге дейін соңғы 24 (жиырма төрт) ай ішінде 15 000 (он бес мың) айлық есептік көрсеткіштен (бұдан әрі – АЕК).

      Бұл ретте өтеу сомасы өнеркәсіптік-инновациялық қызметті бір субъектісіне күнтізбелік жылы теңгемен 15 000 (он бес мың) АЕК-тен аспайды;

      2) осы Қағидалардың 8-тармағының 2) және 3) тармақшаларына сәйкес келтірілген шығындар бойынша өнеркәсіптік-инновациялық қызметтің бір субъектісіне өтінім берілген күнге дейін соңғы 24 (жиырма төрт) ай ішінде 10 000 (он мың) АЕК-тен аспайды.

      Бұл ретте өтеу сомасы өнеркәсіптік-инновациялық қызметті бір субъектісіне күнтізбелік жылы теңгемен 10 мың (он мың) АЕК-тен аспайды.

      10. Өтініш берушінің Оператордың өтеуге қабылдайтын шығындарының сомасы мынадай негізде айқындалады:

      1) Оператор өтінім түскен күнге дейін жиырма төрт айдан кеш емес олардың кем дегенде біреуі жүзеге асырылған төлем құжаттары болып саналады;

      2) сатып алынған жабдықтың жалпы сомасына (орындалған жұмыстардың) қабылдау-тапсыру растайтын бастапқы есепке алу құжаттары (қабылдау-тапсыру актісі, қорларды бір жаққа босатуға арналған жүкқұжат немесе тағы да басқа) немесе көрсетілген қызметтердің (орындалған жұмыстардың) жалпы сомасына акт (актілер).

      11. Өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерінің өтініштері қарауға қабылданады, олар:

      1) Қазақстанда шығарылған өңделген тауарлар, жұмыстар және көрсетілетін қызметтер өндірушілер болып табылатын;

      2) өтінім берген күні салықтар, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар, міндетті медициналық сақтандыруға жарналар мен аударымдар бойынша берешегі жоқ (Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес төлем мерзімі ұзартылған жағдайларды қоспағанда);

      3) өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектісін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясында тіркеген және/немесе хабарлаған күннен бастап Операторға өтінім келіп түскенге дейін кемінде күнтізбелік 1 (бір) жыл өткен;

      4) осы Қағидалардың 2-тармағында көзделген өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілеріне жатпайтын;

      5) Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 30 мамырдағы № 306 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28264 болып тіркелген) Басым тауарлардың тізбесіне кіретін өнім өндірісін жүзеге асыратын;

      6) шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын;

      7) өтінім берілген күнге дейін алдыңғы 3 (үш) жыл үшін салық аударымдарының жыл сайынғы ұлғаюын қамтамасыз еткен.

      Осы тармақшаның талабы қолданыстағы заңнамаға сәйкес салық төлеуден босатылған және/немесе тіркелген күнінен бастап Оператоға өтінім түскен күнге дейін күнтізбелік үш жылдан аз уақыт өткен өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілеріне қолданылмайды.

      12. Өтініш берушіге өтеуге:

      1) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес айқындалған салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген мемлекеттік қолдаудың өзге де шаралары шеңберінде республикалық және/немесе жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен қаржыландырылатын және/немесе қаржыландырылған іс-шаралар бойынша шығындар жатпайды.

      13. Шығындарды өтеу ұлттық валютада өндіріледі.

      Шетел валюталарында жұмсалған шығындарды қайта есептеу көрсетілген қызметтер (орындалған жұмыстар) үшін орындаушыға өтініш берушінің төлем жүргізген күніндегі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің валюта бағамдары бойынша жүзеге асырылады.

      14. Шығындардың бір бөлігінің өтеуді алуға үміткер өтініш беруші Операторға осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес "Қазақстанда шығарылған өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ішкі нарыққа ілгерілету бойынша өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу" мемлекеттік қызмет көрсетуге мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде көзделген құжаттар мен мәліметтердің тізбесін (бұдан әрі – Негізгі талаптардың тізбесі) ұсынады.

      15. Оператордың өтінім шеңберінде ұсынылған құжаттар топтамасын, сатып алынған жабдықтың және/немесе орындалған жұмыстардың/көрсетілетін қызметтердің болуын салыстыру үшін қажет болған жағдайда өтініш берушінің өндірістік объектісіне шығуды жүзеге асырады.

      16. Өтінім және оған қоса берілетін құжаттар мемлекеттік және/немесе орыс тілдерінде ресімделеді. Құжаттар шет тілінде ұсынылған кезінде, өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектісі олардың мемлекеттік немесе орыс тілдеріне аудармасын қамтамасыз етеді.

      17. Өтінімге қоса берілетін құжаттардың электрондық нұсқалары түпнұсқа құжаттардан түсті сканерленген түрде PDF (Portable Document Format) форматында электронды-сандық пішімде ұсынылады.

      Өтінімге қоса берілетін электрондық құжаттардың түпнұсқалары PDF (Portable Document Format) форматына түрлендірілген күйде ұсынылады.

      18. Өтінімде және оған қоса берілген құжаттарда тазартылып өшiрiлген, қосылып жазылған, сызылған сөздер және өзге келiсiлмеген түзетулердің болуына жол берілмейді.

      19. Өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектісінің қазақстанда шығарылған өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ішкі нарыққа ілгерілетуге бағытталған өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын көрсетуге арналған өтінімі және оған қоса берілетін Негізгі талаптар тізбесінде көзделген құжаттар электрондық нысанда беріледі және бірінші басшының немесе оның міндеттерін атқарушының (бірінші басшының міндеттерін орындау туралы растау құжаты болғанда) немесе жеке кәсіпкердің немесе немесе олар уәкілеттік берген тұлғаның (сенімхат болғанда) немесе жеке тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады.

      20. Ағымдағы шотта мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну үшін қажетті ақшалай қаражат жеткіліксіз болғанда, Оператор ағымдағы шотқа қаражат келіп түскенге дейін өтініш берушіге ақшалай қаражат аударуды тоқтатады.

      21. Қазақстанда шығарылған өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ішкі нарыққа ілгерілетуге бойынша шығындарын өтеу осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес Шығындарды өтеу туралы келісім (бұдан әрі – Шығындарды өтеу туралы келісім) жасалған күннен кейін шығындардың бір бөлігін өтеу сомасын өтініш берушінің банктік шоттарына немесе шығындарды өтеу шарттары мен мөлшеріне сәйкес өтініш берушінің Қазақстан Республикасының Ұлттық операторында ашылған шотына аудару арқылы 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылады, бұл ретте өтініш берушіге ақшалай қаражат аударғаны үшін Операторға сыйақы қарастырылмаған.

      22. Өтініш берушімен қол қойылған Шығындарды өтеу туралы келісім Операторға келіп түскен күн Шығындарды өтеу туралы келісімді жасау күні болып саналады.

      23. Өтініш беруші Шығындарды өтеу туралы келісімге қол қоюдан бас тартқанда, Операторға себептерді көрсете отырып тиісті жазбаша хабарлама жолдайды.

      24. Осы Қағидаларда көзделген өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу бойынша шаралардың тиімділігін анықтау мақсатында Оператор өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектісі шығындардың бір бөлігін өтеуді алғаннан кейін 2 (екі) жыл ішінде Шығындарды өтеу туралы келісімге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тоқсан сайынғы негізде өтініш берушімен ұсынылған ақпарат негізінде оларды іске асыруға мониторинг жүргізеді.

      25. Мониторинг:

      1) мемлекеттік ынталандыру шараларын іске асырудағы проблемаларды уақтылы анықтауды;

      2) мемлекеттік ынталандыру шараларын іске асырудың тиімділігін арттыру жөнінде ұсыныстар дайындауды;

      3) осы Қағидалар шеңберінде мемлекеттік ынталандыруды алған өтініш берушілер туралы ақпарат жиынтығын;

      4) Оператор өкілі ұсынылған мемлекеттік ынталандыру шаралары шеңберінде шығындары өтелген өтініш берушінің өндірістік объектісіне шығуын;

      5) ұсынылған мемлекеттік ынталандыру шаралары шеңберінде қарсы міндеттемелерді орындамау немесе уақтылы орындамау тәуекелдері анықталған кезде уақытында әрекет етуді қамтиды.

      26. Өтініш беруші Қағидалардың шеңберінде мемлекет салған 1 (бір) теңгеден кем дегенде 2 (екі) теңгеге кәсіпорын кірістерінің көлемін ұлғайту бойынша қарсы міндеттемелерді өзіне қабылдайды.

      27. Мемлекеттік ынталандыру шараларын іске асыру шеңберінде алынған ақшалай қаражатты қайтарғанда, қайтарылатын қаражат сомасы қарсы міндеттемелерді орындаудың қол жеткізілген деңгейін ескере отырып, ұсынылған мемлекеттік қаржыландыру көлеміне сәйкес.

      28. Мониторинг қорытындысы бойынша Оператор тоқсан сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 25 күнінен кешіктірмей уәкілетті органға осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік ынталандыру шараларын іске асыру туралы Оператор есебін ұсынады.

2-тарау. "Қазақстанда шығарылған өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ішкі нарықта жылжыту бойынша индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметін көрсету тәртібі.

      29. "Қазақстанда шығарылған өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ішкі нарықта жылжыту бойынша индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) "QazIndustry" қазақстандық индустрия және экспорт орталығы" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      30. Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілі, мерзімі, нысаны және нәтижесі Негізгі талаптардың тізбесінде баяндалған.

      31. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызмет көрсетушіге "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – Портал) және қызмет көрсетушінің ақпараттандыру нысаны www.qazindustry.gov.kz ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – АЖ) арқылы қызмет алушының жүгінуімен көрсетіледі.

      32. "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына (бұдан әрі – Заң) сәйкес көрсетілетін қызметті берушілер мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 14 маусымдағы № 452 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8555 болып тіркелген) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректер енгізу қағидаларында белгіленген тәртіппен енгізуді қамтамасыз етеді.

      33. Портал және АЖ арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектісінің қазақстанда шығарылған өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ішкі нарыққа ілгерілетуге бағытталған өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын көрсетуге арналған өтінім және Негізгі талаптардың тізбесінде көрсетілген құжаттарды ұсынады.

      Мемлекеттік қызмет көрсету үшін мәліметтерді қабылдау туралы мәртебе мемлекеттік қызмет нәтижесін алу күнін көрсетумен көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" көрсетіледі.

      34. Негізгі талаптардың тізбесінде көрсетілген өтінім мен құжаттарды қараудың және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін берудің жалпы мерзімі оларды көрсетілетін қызметті берушінің тіркеу сәтінен бастап 8 (сегіз) жұмыс күнін құрайды.

      35. Орындаушы өтінім тіркелген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді және ұсынылған құжаттардың толық болмау немесе мемлекеттік қызметті ұсыну үшін қажетті мәліметтердің болмау фактісі анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші өтініш берушінің жеке кабинетіне қызметті беруші басшысының немесе оны алмастыратын тұлғаның электронды цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған электрондық құжат нысанында портал арқылы одан әрі қарауға бас тартуды жолдайды.

      Көрсетілетін қызметті беруші өтінімді және оған қоса берілетін құжаттарды толық тексергеннен кейін 6 (алты) жұмыс күні ішінде олардың осы Қағидалардың белгіленген талаптарына сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады және мемлекеттік қызмет көрсетудің мүмкіндігі немесе мүмкін еместігі туралы шешім қабылдайды.

      36. Электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жолданатын және сонда сақталатын, көрсетілетін қызметті берушінің тарапынан қол қойылған, Шығындарды өтеу туралы келісімді қоса берумен, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шығындарды өтеу мүмкіндігі туралы хабарлама (бұдан әрі – шығындарды өтеу мүмкіндігі туралы хабарлама) немесе Негізгі талаптардың тізбесінің 9-тармағында көзделген жағдайларда және негіздемелер бойынша осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту (бұдан әрі – дәлелді бас тарту) мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі болып табылады.

      37. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздемелер анықталғанда, көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша позициясын білдіру мүмкіндігіне арналған тыңдау өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы көрсетілетін қызметті алушыға хабарлайды.

      Тыңдау туралы хабарлама Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      38. Тыңдау нәтижелері бойынша қызметті беруші осы Қағидалардың 36-тармағында көзделген мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін жібереді.

      39. Уәкілетті орган осы Қағидаларды өзгерткен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты өзектендіреді және бірыңғай байланыс орталығына жібереді.

  Қазақстанда шығарылған
өңделген тауарларды, жұмыстар
мен көрсетілетін қызметтерді
ішкі нарыққа ілгерілетуге
бағытталған өнеркәсіпті
мемлекеттік ынталандыру
шараларын көрсету
қағидаларына 1-қосымша

      нысан

  Оператор
  ___________________________
  (Оператордың атауы)
  ___________________________
  (өтініш берушінің атауы)

Қазақстанда шығарылған өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ішкі нарыққа ілгерілетуге бағытталған өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын көрсетуге арналған өтінім (өтініш беруші бланкіде толтырады (бар болса))

      1. Өтініш берушінің атауы (толық).

      2. Заңды мекенжайы немесе орналасқан жері (индекс, облыс, қала/аудан, елді мекен, көше, телефон) (болған жағдайда).

      3. Бірінші басшының немесе жеке кәсіпкердің деректері (тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), лауазымы, жұмыс немесе ұялы телефон нөмірі, электрондық мекенжайы).

      4. БСН (бизнес сәйкестендіру нөмірі)/ЖСН (жеке сәйкестендіру нөмірі).

      5. Өтініш берушінің нөмірі (болған жағдайда) және мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) күні.

      6. Қызметкерлер саны ______ адам, соның ішінде, Қазақстан Республикасының азаматтары ______ адам.

      7. Кадрлардағы елішілік құндылық үлесі ____ %.

      8. Көрсетілетін қызметтің негізгі түрі (Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішінің кодын көрсете отырып).

      9. Шығарылатын өнімнің атауы.

      10. Өтініш беруші мемлекеттік Бағдарламалар қатысушысы болып табыл(а)ды ма (иә деп жауап берсеңіз, мемлекеттік ынталандыру шарасын алған жылды көрсетіңіз, қандай Бағдарламалар шеңберінде және қандай мемлекеттік ынталандыру шараларын алдыңыз).

      11. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 15 маусымдағы № 342 бұйрығымен бекітілген Қазақстанда шығарылған өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ішкі нарыққа ілгерілетуге бағытталған өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын көрсету қағидалары шеңберінде (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28504 болып тіркелген) (бұдан әрі – Қағидалар) қандай шығын түрін пайдалану жоспарланған (қажеттісін белгілеңіз ☐):

      1) тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сертификаттауға байланысты шығындар:

      ☐ сертификаттаудан өтуге байланысты қазақстанда шығарылған өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің сәйкестігін растауға байланысты бағалау өткізуге;

      ☐ инспекциялық аудит және бақылау жүргізуге;

      ☐ сертификаттарды тіркеуге;

      ☐ сертификаттарды қайта ресімдеуге және ұзартуға;

      2) аяқ киім өнімдерін таңбалауға арналған бағдарламалық қамтуды, сәйкестендіру (таңбалау) құралдарын қолдануға арналған жабдықты сатып алуға байланысты шығындар:

      ☐ сәйкестендіру құралдарын сатып алуға (алуға);

      ☐ өнім шығару сатысында сәйкестендіру құралдарын қолдану бойынша типографиялық қызметтер сатып алуға;

      ☐ инженерлік бағдарламалық қамтуды қоса алғанда, сәйкестендіру құралдарын қолдануға арналған жабдықты немесе материалдық тасымалдауышты сатып алу арқылы өндірісті қайта жарақтандыруға.

      3) Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 30 мамырдағы № 306 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 28264 актілер) Басым тауарлардың тізбесіне кіретін, жөнелту пунктінен Қазақстан Республикасының (бұдан әрі – ҚР) аумағындағы межелі пунктіне дейін теміржол көлігімен өңделген тауарларды тасымалдауға байланысты шығындар;

      12. Өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектісімен жұмсалған шығындар*:

р/с №

Шығындардың атауы

Экономикалық қызмет түрі

Шығындар жүргізілген шарттың нөмірі және күні

Орындалған жұмыстар, көрсетілетін қызметтерді/жұмыстарды қабылдап алу актісінің нөмірі мен күні

Шот-фактураның/төлем шотының нөмірі мен күні

Қосылған құн салықсыз шығындар сомасы

экономикалық қызметтің жалпы жіктеуішінің коды

атауы

төлем валютасында

теңгемен

1









2









3









      * Кестелерді толтырған кезде жұмсалған шығындардың әр сомасын шот-фактураға

      сәйкес көрсету.

      Шығындардың бір бөлігін өтеуге мәлімделген жалпы сома:

      _______________________________________________________________ теңге.

      (сомасы сандармен және жазумен)

      13. Өтініш берушінің банктік деректемелері:

      Алушының банкі: ________________________________________________

      Шот нөмірі: _____________________________________________________

      БСК (банктік сәйкестендіру коды) __________________________________

      КБе (бенефициар коды) ___________________________________________

      14. Шығындарды өтеу ұлттық валютада жүргізіледі. Шетел валюталарында жұмсалған шығындарды қайта есептеу Қазақстанда шығарылған өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ызметтерді ішкі нарыққа ілгерілетуге бойынша орындалған жұмыстар/көрсетілетін қызметтер үшін төлем жүргізген күндегі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің валюта бағамдары бойынша жүзеге асырылады.

      15. Осы өтініммен өтініш беруші ұсынылған ақпараттың, ұсынылған құжаттардың, бастапқы деректердің, есептердің, негіздемелердің толықтығы мен түпнұсқалығын дұрыстығына кепілдік береді.

      Өтініш беруші сұрау салынатын мемлекеттік ынталандыру шарасы шеңберінде шеккен іс-шаралар бойынша шығындар Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де мемлекеттік ынталандыру шаралары шеңберінде республикалық және/немесе жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен қаржыландырылмағанын растайды.

      16. Өтініш беруші белгілі бір мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін қызметке немесе қызметтің жекелеген түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) жоқтығын, сондай-ақ оның негізінде өтініш беруші мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқығынан айырылған заңды күшіне енген сот шешімінің жоқтығын растайды.

      17. Өтініш беруші бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган айқындаған тіркеушінің дербес деректерді жинауға, өңдеуге, сақтауға, түсіруге және пайдалануға келісім береді.

      18. Мемлекеттік ынталандыру шараларын алуға өтінімді толтырған байланыс тұлғасы (тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), лауазымы, жұмыс/ұялы телефон нөмірі, электрондық мекенжайы): _________________.

      Осы Өтінімге мынадай құжаттар мен құжаттардың көшірмелерін қоса беремін:

      1) ____________________;

      2) ____________________;

      3) ____________________;

      4) ____________________;

      5) ____________________.

      Өтінімді толтыру күні _______________

      Өтініш берушінің бірінші басшысы (бірінші басшының міндеттерін атқаратын адам (бірінші басшының міндеттерін атқарғаны туралы растайтын құжат болған кезде)), жеке кәсіпкер немесе өтініш берушінің өкілі (сенімхат болған кезде)

      ______________ ___________ _____________________________________

      (лауазымы) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын

      құжатта көрсетілсе)

      Мөр орны (болған жағдайда).

  Қазақстанда шығарылған
өңделген тауарларды, жұмыстар
мен көрсетілетін қызметтерді
ішкі нарыққа ілгерілетуге
бағытталған өнеркәсіпті
мемлекеттік ынталандыру
шараларын көрсету
қағидаларына 2-қосымша

      нысан

  Кімге
  ___________________________
  (өнеркәсіптік-инновациялық
қызмет субъектісінің атауы,
индекс, мекенжайы, телефоны)

Хабарлама _______________________________________________ (Оператордың атауы)

      ____________________________________

      (өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектісінің атауы)

      Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022

      жылғы ____ № ____ бұйрығымен бекітілген Қазақстанда шығарылған өңделген

      тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ішкі нарыққа ілгерілетуге

      бағытталған өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын көрсету қағидалары

      (бұдан әрі – Қағидалар) шеңберінде ұсынған Қазақстанда шығарылған өңделген

      тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ішкі нарыққа ілгерілетуге

      бағытталған өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір

      бөлігін өтеу туралы ____ (өтінім күні) № ___ өтінімін Қағидалардың белгіленген

      талаптарына сәйкестігін қарап, Өтініш беруші мен көрсетілетін қызметтерді,

      жұмыстарды орындаушы (жұмыс/ көрсетілетін қызметті берушінің атауы) арасында

      жасалған Шартқа сәйкес жұмсалған шығындардың бір бөлігін Өтініш берушіге өтеу

      мүмкіндігі/мүмкін еместігі туралы шешім қабылдады.

      Ұсынылған құжаттар топтамасы сәйкес болмағанда:

      Қоса берілген өтінімді тексеру қорытындысы бойынша өтінім Қағидалардың

      белгіленген талаптарына төмендегі негіздемелер бойынша сәйкес келмейтіндігі

      анықталды:

      __________________________________________________________.

      Жоғарыда баяндалғандар негізінде __________ Шарт шеңберінде жұмсалған

      шығындарды өтеу Қағидалардың _____ тармағы _____ тармақшасының талаптарына

      сәйкес келмеуіне байланысты мүмкін емес.

      Ұсынылған құжаттар топтамасы сәйкес болғанда:

      Қоса берілген өтінімді тексеру қорытындысы бойынша өтінімнің Қағидалардың

      талаптарына сәйкестігі анықталды.

      Қағидалардың _____ тармағына сәйкес өнеркәсіптік-инновациялық қызмет

      субъектісіне өтінім берген күнге дейін _________ айдан ерте емес жұмсалған,

      негізделген және құжаттармен расталған шығындар жұмсалған шығындар сомасының

      ____% мөлшерінде өтеледі, сонымен қатар өтеу сомасы күнтізбелік жылда

      _______________ аспауы қажет.

      Қағидалардың _____ тармағы _____ тармақшасына сәйкес Оператормен өтеуге

      қабылданатын өтініш берушінің шығындар сомасы Операторға өтінім келіп түскен

      күнге дейінгі _________ айдан ерте емес қол қойылған көрсетілген қызметтердің

      (орындалған жұмыстардың) жалпы сомасына төлем құжаттары мен акті (актілер)

      негізінде анықталады.

      Өтеу сомасы ____________ (сома жазумен) теңге мөлшерінде негізделген

      шығындардан ________ % сүйене отырып, ____________ (сома жазумен) теңгені

      құрайды, бұл ретте, өтеу сомасы күнтізбелік жылда төмендегі кестеге сәйкес Өтініш

      берушімен жүргізілген және өтеуге жататын _________________ теңгеден аспауы қажет.

Өтініш беруші шығындарды өтеуге ұмтылған көрсетілген қызметтер/жұмыстар

Шығын сомасы, теңге

Өтеу көлемі

Өтеу сомасы, теңге

1

Шарт /келісім № және күні

_______ теңге

______%
______ теңгеден артық емес

_______ теңге

      Осыған байланысты, белгіленген талаптарға сәйкес ___Оператор_____

      2 (екі) данада, Оператормен қол қойылған Шығындарды өтеу туралы келісімді Өтініш

      беруші қол қою үшін жолдайды.

      Оператор қызметкерлерінің қолы қойылған Келісім данасын қайтаруды сұраймыз.

      Қосымша: Шығындарды өтеу туралы келісімнің 2 (екі) данасы _____ парақта.

      ___________________________ ________ ______________________

      (уәкілетті тұлғаның лауазымы) (қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты

      (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса)

  Қазақстанда шығарылған өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ішкі нарыққа ілгерілетуге бағытталған өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын көрсету қағидаларына
  3-қосымша

Шығындарды өтеу туралы келісім

_________ қаласы

20 ___жылғы "___" ___________

      Бұдан әрі Оператор деп аталатын, ______ негізінде әрекет ететін _________

      (Оператор атауы) бір тараптан және бұдан әрі "Өтініш беруші" деп аталатын______

      негізінде әрекет ететін _________________________________

      (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты) (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта

      көрсетілсе) екінші тараптан, бірлесіп Тараптар, ал жеке "Тарап" деп аталатындар,

      қазақстанда шығарылған өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін

      қызметтерді ішкі нарыққа ілгерілетуге бағытталған өнеркәсіпті мемлекеттік

      ынталандыру шараларын көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) негізінде

      төмендегілер туралы Шығындарды өтеу туралы осы келісімді (бұдан әрі - Келісім)

      жасасты:

      1. Келісім мәні

      1. Оператор Қағидалардың шеңберінде өтінімге сәйкес толық (немесе жартылай)

      көлемде ____________________________________________ (шығын түрі) сомасы

      ________ (сома жазумен) теңге шығындарды өтеу түрінде мемлекеттік ынталандыру

      шарасын ұсынуға, ал, Өтініші беруші Келісімге 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік

      ынталандыру шараларының қарсы міндеттемелерін орындауға міндеттенеді.

      2. Шығындарды өтеу шеңберінде өтініш беруші шетел валютасындағы шығындарды растайтын құжаттарды ұсынғанда, шығындарды өтеу сомасы көрсетілген қызметтер (орындалған жұмыстар) үшін орындаушыға өтініш берушінің төлем жүргізген күніндегі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің валюта бағамдарына сүйене отырып есептеледі.

      3. Ағымдағы шотта мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну үшін қажетті ақшалай қаражат жеткіліксіз болғанда, шығындарды өтеу Оператормен бюджеттік бағдарлама әкімгерінен қаражат келіп түскенге дейін тоқтатылады.

      2. Тараптардың міндеттемелері

      4. Оператор:

      1) Келісімнің орындалуына елеулі әсер етуі мүмкін Қағидаларды іске асыруға байланысты барлық өзгерістер туралы Өтініш берушіге хабарлау;

      2) осы Келісімге қол қойған күннен кейін екі жыл ішінде мемлекеттік ынталандыру шараларын іске асыруға мониторинг жүргізуге міндеттенеді.

      3) мемлекеттік ынталандыру шаралары шеңберінде қарсы міндеттемелерді орындамау немесе уақтылы орындамау тәуекелдері анықталған жағдайда, Келісімге қол қойылған күннен бастап алты айда бір рет кезеңділікпен осындай тәуекелдер туралы өтініш берушіні хабардар етуге міндетті.

      5. Өтініш беруші:

      1) мемлекеттік ынталандыру шараларын іске асыруға Оператордың мониторинг жүргізуі мақсатында өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті органға және Операторға Тараптармен осы Келісімді жасаған күнге дейін 2 (екі) жылғы және жасаған күннен кейін 2 (екі) жылғы деректерді қоса алғанда, Операторға мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органға әрі қарай жіберу үшін бастапқы статистикалық деректерді таратуға келісім ұсынуға; Операторға өтініш берушімен қол қойылған Шығындарды өтеу туралы келісім келіп түскен күн Шығындарды өтеу туралы келісім жасау күні болып саналады. Бастапқы статистикалық деректерді таратуға келісім нысаны осы Келісімге 2-қосымшада келтірілген;

      2) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның бастапқы статистикалық деректері негізінде мемлекеттік ынталандыру шараларын алу және/немесе іске асыруға мониторинг жүргізу мүмкін болмағанда, Оператордың жазбаша сұрауын алған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде мониторинг жүргізуге қажетті деректерді ұсынуға;

      3) Келісімге 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік ынталандыру шараларын алу шеңберінде қарсы міндеттемелерді орындауға;

      4) Оператордың жазбаша сұрауына сәйкес оны Оператордан алған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде мемлекеттік ынталандыру шарасы бойынша қарсы міндеттемелерді орындамағанда, мемлекеттік ынталандыру шарасын іске асыру барысы туралы ақпаратты ұсынуға;

      5) Келісім шарттарын бұзғанда, шығындарды өтеу түрінде мемлекеттік ынталандыру шарасы бойынша Оператормен берілген ақшалай қаражатты Оператордан тиісті хабарлама алған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде қайтаруды қамтамасыз етуге, бұл ретте, қайтарылатын қаражат сомасы Келісімге қосымшада көзделген қарсы міндеттемелерді орындаудың қол жеткізілген деңгейін ескере отырып, ұсынылған мемлекеттік қаржыландыру көлеміне сәйкес.

      6) мемлекеттік ынталандыру шарасын іске асыру шеңберінде ұсынылған ақпараттың, бастапқы деректердің, есептеулердің, негіздемелердің толықтығын, уақтылығы мен дұрыстығын қамтамасыз етуге;

      7) қаржылық, әкімшілік немесе шарттық сипаттағы және/немесе осы Келісім бойынша іс-шаралар орындаған кезде проблемалық мәселелер туындаған кезде проблемалық мәселелер/іс-шаралар туындаған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде Операторға жазбаша хабарлауға;

      8) көшпелі мониторинг жүргізу мақсатында Өтініш берушінің аумағына Оператор өкілдерінің (Оператордың хаты негізінде) кедергісіз өтуін қамтамасыз етуге;

      9) Келісімге байланысты барлық есептерді осы Келісімнің әрекет ету мерзімі аяқталған сәттен бастап кемінде 2 (екі) жыл сақтауға міндеттенеді.

      3. Тараптардың құқығы

      6. Оператор:

      1) мемлекеттік ынталандыру шарасы бойынша қарасы міндеттемелерді орындамағанда, сондай-ақ мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның бастапқы статистикалық деректері негізінде мемлекеттік ынталандыру шарасын алу және/немесе мониторинг жүргізу мүмкін болмағанда, іске асыруға мониторинг жүргізу үшін мемлекеттік ынталандыру шарасын іске асыру барысы туралы ақпаратты Өтініш берушіден сұратуға;

      2) осы Келісімнің шарттарын бұзғанда, осы Келісімді біржақты тәртіпте бұзуға және ұсынылған мемлекеттік ынталандыру шарасы бойынша ақшалай қаражатты қайтаруды талап етуге;

      3) көшпелі мониторинг жүргізу мақсатында Өтініш берушінің аумағына Оператор өкілдерінің (Оператордың хаты негізінде) кедергісіз өтуіне;

      7. Өтініш беруші осы Келісімнің шарттарына сәйкес қазақстанда шығарылған өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ішкі нарыққа ілгерілетуге бағытталған өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерінің шығындарының бір бөлігін өтеуді алуға құқылы.

      4. Тараптардың жауапкершілігі

      8. Оператор Қағидалар шеңберінде мемлекеттік ынталандыру ұсынуға арналған ақшалай қаражат шегінде мемлекеттік ынталандыру шараларын толық және уақтылы ұсыну үшін жауаптылықта болады.

      9. Өтініш беруші:

      1) мемлекеттік ынталандыру шараларын іске асыру шеңберінде ұсынылған ақпараттың, бастапқы деректердің, есептеулердің, негіздемелердің толықтығы, уақтылығы және дұрыстығы;

      2) Келісімге 1-қосымшада көрсетілген мемлекеттік ынталандыру шаралары бойынша қарсы міндеттемелер орындау;

      3) осы Келісімнің шарттарын бұзғанда, шығындарды өтеу түрінде мемлекеттік ынталандыру шеңберінде берілген ақшалай қаражатты қайтарудың уақтылығы үшін жауаптылықта болады.

      5. Құпиялылық

      10. Осы Келісімнің шарттарына қатысты ақпарат, банктік құпия, сондай-ақ, қаржылық, коммерциялық және осы Келісімді жасау және орындау барысында Тараптармен алынған өзге ақпарат құпия болып табылады және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген жағдайлардан басқа үшінші тұлғаларға жариялауға жатпайды.

      Құпия ақпаратқа жүргізілген өтеу сомасына қатысты ақпарат, Өтініш берушінің атауы және мемлекеттік ынталандыру шаралары жатпайды.

      11. Тараптар осы Келісімнің құпиялылығын сақтау үшін барлық қажетті шараларды, оның ішінде құқықтық сипаттағы шараларды қабылдайды. Тараптардың лауазымдық тұлғалары мен қызметкерлеріне осы Келісімді іске асыру барысында алған мәліметтерді жариялауға немесе үшінші тұлғаларға беруге рұқсат етілмейді.

      12. Тараптардың кез келгені осы Келісімнің талаптарын бұза отырып, құпия ақпаратты жариялаған немесе таратқанда, кінәлі Тарап осындай ақпаратты ашу нәтижесінде екінші Тарап шеккен ықтимал шығындарды өтеумен, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауаптылықта болады.

      6. Еңсерілмейтін күш мән-жайлары

      13. Тараптар еңсерілмейтін күш мән-жайларының туындауына байланысты міндеттемелерді орындаудан толық немесе ішінара босатылады. Тараптар осы жағдайлар кезiндегi төтенше және алдын алу мүмкін болмайтын мән-жайлардың (дүлей құбылыстар, әскери іс-қимылдар, төтенше жағдай) еңсерілмейтін күш мән-жайларына жатқызады.

      14. Еңсерілмейтін күш мән-жайлары туындаған кезде, тарап 3 (үш) жұмыс күні ішінде екінші тарапқа міндеттемелерді орындаудың мүмкін еместігі туралы хабарлауға міндетті. Осы шарттың қадағаланбауы тарапты жауапкершіліктен босататын негіз ретінде еңсерілмейтін күш мән-жайларына сілтеме жасау мүмкіндігінен айырады.

      15. Егер еңсерілмейтін күш мән-жайлары осы Келісімде көзделген мерзімде міндеттемені орындауға тікелей әсер етсе, егер тараптар өзгеше уағдаласпаса, бұл мерзім тиісінше осындай жайттардың әрекет ету уақытына кейінге қалдырылады.

      7. Даулы мәселелерді шешу

      16. Оператор мен Өтініш беруші тікелей келіссөздер процесінде Келісім бойынша немесе оған байланысты туындайтын барлық келіспеушіліктер мен дауларды шешу үшін барлық күштерін салулары тиіс.

      17. Егер келіссөздер нәтижесінде Оператор мен Өтініш беруші дауды шеше алмағанда, Тараптардың кез келгені Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының сотына қарауға жібереді.

      8. Қорытынды ережелер

      18. Осы Келісім Тараптар қол қойған күннен бастап күшіне енеді және қол қойылған күннен бастап 2 (екі) жыл ішінде немесе тараптардың міндеттемелерді толық орындауына дейін әрекет етеді (қайсысы бірінші туындауына байланысты).

      19. Алдағы уақытта осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын, осы Келісімге енгізілетін барлық өзгерістер мен толықтырулар жазбаша түрде ресімделген және барлық Тараптардың уәкілетті тұлғалары қол қойған кезде жарамды.

      20. Тараптар деректемелер (заңды мекенжайлары, шот нөмірлері) өзгергенде, бір біріне дереу хабарлайды.

      21. Осы Келісім әр Тарап үшін бір данадан заңды күші бірдей екі данада жасалды.

      9. Тараптардың мекенжайлары мен деректемелері

Оператор:
____________________________
(атауы)
____________________________
Мекенжай:
тел/факс:
БСН
ЖСК
БСК
____________________________
(бірінші басшының лауазымы)
____________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (егер ол
жеке басын куәландыратын
құжатта көрсетілген болса))
Мөр орны

Өтініш беруші
____________________________
____________________________
____________________________
Мекенжайы:
тел/факс:
БСН/ЖСН
ЖСК
БСК
____________________________
(бірінші басшының лауазымы)
____________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (егер ол
жеке басын куәландыратын
құжатта көрсетілген болса))
Мөр орны (болған жағдайда)

      Аббревиатуралардың толық жазылуы:

      БСН - бизнес сәйкестендіру нөмірі;

      ЖСН - жеке сәйкестендіру нөмірі;

      ЖСК - жеке сәйкестендіру коды;

      БСК - банктік сәйкестендіру коды.

  Шығындарды өтеу
  туралы келісімге
  1-қосымша
  Нысан

Шығындарды өтеу туралы келісім бойынша қарсы міндеттемелерді орындауға келісім (Өтініш берушінің бланкінде толтырылады)

      __________ ( Өтініш берушінің толық атауы) (БСН ________)__ қазақстанда

      шығарылған өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ішкі нарыққа ілгерілетуге бағытталған өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерін мемлекеттік ынталандыру шараларын алу шеңберінде Шығындарды өтеу туралы жасалған келісім негізінде осы қосымшада көрсетілген Келісімге қол қойғаннан кейін екі жыл ішінде міндеттемелерді орындауға келісім береді және міндеттенеді Қағидалардың шеңберінде мемлекет салған 1 (бір) теңгеден кәсіпорын кірістерінің көлемін кемінде 2 (екі) теңгеге ұлғайту.

      Мемлекеттік ынталандыру шараларын іске асыру шеңберінде алынған ақшалай қаражатты қайтарғанда, қайтарылатын қаражат сомасы қарсы міндеттемелерді орындаудың қол жеткізілген деңгейін ескере отырып, ұсынылған мемлекеттік қаржыландыру көлеміне сәйкес

      ___________________ ___________________________________________

      (басшының қолы) (басшының тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын

      куәландыратын құжатта көрсетілген болса))

      Мөр орны (болған жағдайда)

  Шығындарды өтеу
  туралы келісімге
  2-қосымша
  Нысан

Бастапқы статистикалық деректер таратуға келісім (Өтініш берушінің бланкінде толтырылады)

      ________ (Өтініш берушінің толық атауы) ____________ өнеркәсіпті мемлекеттік

      ынталандыру саласындағы уәкілетті органға (Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп

      және құрылыс министрлігі) және Операторға ("QazIndustry" Қазақстандық индустрия

      және экспорт орталығы" акционерлік қоғамы) мынадай нысандар бойынша бастапқы

      статистикалық деректерді ашуға келісім береді:

      1 – ПФ (статистикалық нысан коды 0051102) – Кәсіпорынның қаржылық-

      шаруашылық қызметі туралы есеп;

      1-Т (статистикалық нысан коды 1211101) – Еңбек бойынша есеп;

      2 – МП (статистикалық нысан коды 0031102) – (шағын кәсіпкерлік субъектілеріне

      арналған) – Шағын кәсіпорын қызметі туралы есеп;

      кезең үшін: 20__ жылғы ___ тоқсаннан 20__ жылғы ___ тоқсан аралығын қоса

      алғанда;

      көрсеткіштер бойынша:

      1-ПФ нысаны:

      "Негізгі және екінші қызмет түрлері бөлінісінде өндірілген өнім және көрсетілген

      қызметтер көлемі туралы ақпаратты көрсетіңіз, мың теңге"

      1-тарау бойынша

Жол коды

Көрсеткіштер атауы

Есепті тоқсанға арналған

А

Б

1

1

Өндірілген өнім, орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтер көлемі

 
Жүктеу

      "Негізгі және екінші қызмет түрлері бөлінісінде кәсіпорын шығындары туралы ақпаратты көрсетіңіз, мың теңге" 2-тарау бойынша

Жол коды

Көрсеткіштер атауы

Есепті тоқсанға арналған

А

Б

1

1

Материалдық шығындар


6.3

Жалдау ақысы


6.4

Басқа ұйымдармен орындалған өндірістік емес сипаттағы қызметтер


6.5

Басқа шығындар

 
Жүктеу

      "Негізгі және екінші қызмет түрлері бөлінісінде кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық қызметі нәтижелерін көрсетіңіз, мың теңге" 3-тарау бойынша

Жол коды

Көрсеткіштер атауы

Есепті тоқсанға арналған

А

Б

1

1

Сатылған өнім мен көрсетілген қызметтерден түскен табыс


2

Сатылған өнім мен көрсетілген қызметтердің өзіндік құны


3

Жалпы пайда

 
Жүктеу

      1-Т нысаны: "Қызметкерлер саны және жалақы қоры туралы деректерді көрсетіңіз" 2-тарау бойынша

Жол коды

Көрсеткіштер атауы

Есепті тоқсанға арналған

А

Б

1

1

Есепті кезеңдегі қызметкерлердің орташа тізімдік саны – барлығы, адам


1.1

оның ішінде, негізгі қызмет персоналы


2

Қызметкерлердің нақты саны (жалақы есептеу үшін қабылданатын), адам


2.1

оның ішінде, негізгі қызмет персоналы

 
Жүктеу

      2-МП нысаны:

      "Қызметкерлер санын көрсетіңіз, адам" 1-тарау бойынша

Жол коды

Көрсеткіштер атауы

Есепті тоқсанға арналған

А

Б

1

1

Есепті кезеңдегі қызметкерлердің орташа тізімдік саны


4

Жалпы қызметкерлер саны


5

Қызметкерлердің жалпы саны (орташа жалақыны есептеу үшін қабылданатын)

 
Жүктеу

      "Өндірілген өнім, орындалған жұмыстар және көрсетілген қызметтер көлемі, сатылған өнім мен көрсетілген қызметтен түскен табыс туралы ақпаратты көрсетіңіз, мың теңге" 2-тарау бойынша

Жол коды

Көрсеткіштер атауы

Есепті тоқсанға арналған

А

Б

1

1

Барлығы

 
Жүктеу

      "Кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижесін көрсетіңіз, мың теңге" 3-тарау бойынша

Жол коды

Көрсеткіштер атауы

Есепті тоқсанға арналған

А

Б

1

1

Өнімді сату мен қызмет көрсетуден түскен табыс


2

Сатылған өнім мен көрсетілген қызметтердің өзіндік құны


3

Жалпы пайда

 
Жүктеу

      "Кәсіпорын шығындары туралы ақпаратты көрсетіңіз, мың теңге" 4-тарау бойынша

Жол коды

Көрсеткіштер атауы

Есепті тоқсанға арналған

А

Б

1

1

Материалдық шығындар, барлығы


2

Басқа шығындар

 
Жүктеу

      Өтініш берушінің басшысы

      ___________ ______________________________________

      (қолы)

      (Тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген

      болса))

      Мөр орны

  Қазақстанда шығарылған өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ішкі нарыққа ілгерілетуге бағытталған өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын көрсету қағидаларына
  4-қосымша

      нысан

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде

      жинауға арналған нысан

      Ұсынылады: Уәкілетті органға

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан интернет – ресурста орналастырылған: Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің (https://www.gov.kz/memleket/entities/mps).

      Әкімшілік нысанның атауы: Қазақстанда шығарылған өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ішкі нарыққа ілгерілетуге бағытталған өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын іске асыру туралы Оператордың есебі.

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі (нысан атауының қысқаша әріптік-цифрлық көрінісі): П342

      Кезеңділік: тоқсан сайын

      Есепті кезең: _________ тоқсан _____жыл.

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын адамдар тобы: оператор

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: тоқсан сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 25 күнінен кешіктірмей электрондық тасымалдағышта (электрондық пошта және электрондық құжат айналымы жүйесі).

      ЖСН/БСН


      (деректерді жеке адамдар ұсынған жағдайда, сондай-ақ агрегатталған түрде толтырылмайды)

      Жинау әдісі (қағаз жеткізгіште, электронды түрде, телефон арқылы сауал салудың компьютерлендірілген жүйесі, қағаз жеткізгішті пайдалана отырып интервьюердің жеке сауал салуы кезінде, дербес есептеу құрылғысын пайдалана отырып, интервьюердің жеке салуы кезінде):

      *Әкімшілік дереккөздер қажет болған жағдайда нысанды мемлекеттік және орыс тілдерінде жеке әзірлейді.

      мың теңге

№ р/с

Кәсіпорын атауы

Қағидалар шеңбер інде шығын түрінің атауы

Өтінім келіп түскен күн

Мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну туралы шешім қабыл дау күні

Шығындар сомасы

Есепті күнге қаржыландырылған сома

Ағым дағы жағдайы

Өтініш берушінің жеке қатысуы

Мемле кеттік ынталандыру

1

2

3

4

5

6

7

8

9










      Атауы _________________________________________________________

      Мекенжайы ______________________ ______________________________

      Телефон _____________________________________________________

      Электрондық пошта мекенжайы/_________________________________

      Орындаушы

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы, телефон

      Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы

      Мөрдің орны (жеке кәсіпкерлер болып табылатын тұлғалардан қоспағанда)

  Әкімшілік деректерді
  жинауға арналған
  нысанға қосымша

      "Қазақстанда шығарылған өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ішкі нарыққа ілгерілетуге бағытталған өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын іске асыру туралы оператордың есебі"

      "Қазақстанда шығарылған өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ішкі нарыққа ілгерілетуге бағытталған өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын іске асыру туралы оператордың есебі" әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсініктеме (П342, тоқсан сайын).

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы түсініктеме (бұдан әрі – Түсініктеме) Қазақстанда шығарылған өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ішкі нарыққа ілгерілетуге бағытталған өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын іске асыру туралы оператордың есебі" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша бірыңғай тәртіпті айқындайды (бұдан әрі – Нысан).

      2. Нысан "Өнеркәсіптік саясат туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 9-бабының 14) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      3. Нысан ұсынылады: тоқсан сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 25 күнінен кешіктірмей электрондық тасымалдағышта (электрондық пошта және электрондық құжат айналымы жүйесі).

      4. Нысанға Оператор немесе есепке қол қоюға уәкілетті тұлғалар және жауапты тұлға қол қояды.

2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсініктеме

      1) "1" бағанда: "Реттік нөмір" толтырылады;

      2) "2" бағанда: "Кәсіпорынның атауы" толтырылады;

      3) "3" бағанда: "Қағидалар шеңберіндегі шығындар түрінің атауы" толтырылады;

      4) "4" бағанда: "Өтінімнің келіп түскен күні" толтырылады;

      5) "5" бағанда: "Мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну туралы шешім қабылданған күні" толтырылады;

      6) "6" бағанда: "Шығындар сомасы - өтініш берушінің өз қатысуы" толтырылады;

      7) "7" бағанда: "Шығындар сомасы - Мемлекеттік ынталандыру" толтырылады;

      8) "8" бағанда: "Есепті күнге қаржыландырылған сома" көрсетіледі;

      9) "9" бағанда: "Ағымдағы жай-күйі" көрсетіледі.

  Қазақстанда шығарылған өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ішкі нарыққа ілгерілетуге бағытталған өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын көрсету қағидаларына
  5-қосымша

      нысан

  Кімге
  ___________________________
  (өнеркәсіптік-инновациялық
қызмет субъектісінің атауы,
индекс, мекенжайы, телефоны)

Дәлелді бас тарту

      __________________________________________________________________

      (көрсетілетін қызметті беруші)

      Сіздің 20__ жылғы (күні) № (кіріс құжатының нөмірі) өтінішіңізді қарап, төмендегіні

      хабарлайды.

      (Бас тартуды негіздеу)

      _________________________________ ____________________

      (уәкілетті тұлғаның лауазымы) (қолы)

      (Тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген

      болса).

  Қазақстанда шығарылған өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ішкі нарыққа ілгерілетуге бағытталған өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын көрсету қағидаларына
  6-қосымша

"Қазақстанда шығарылған өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ішкі нарыққа ілгерілетуге бағытталған өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын көрсету" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

"QazIndustry" қазақстандық индустрия және экспорт орталығы" акционерлік қоғамы (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші).

2

Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері

1. "Электрондық үкіметтің" веб-порталы www.egov.kz.
2. Ақпараттық жүйе www.qazindustry.gov.kz.

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

8 (сегіз) жұмыс күні

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған)

5

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Шығындардың бір бөлігін өтеу туралы келісімді немесе мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағында көзделген негіздемелер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тартуды қоса берумен шығындардың бір бөлігін өтеу мүмкіндігі туралы электрондық құжат нысанында хабарлама

6

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін

7

Ақпараттандыру объектісінің жұмыс кестесі:
Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі:

Жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінім мен құжаттарды қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 8:30-дан 17:30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 12:30-дан 14:30-ға дейін, Кодекске сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз.

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Шығындардың бір бөлігін өтеуді алуға үміткер өтініш беруші Операторға төмендегі құжаттарды ұсынады:
1) өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектісінің осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстанда шығарылған өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ішкі нарыққа ілгерілетуге бағытталған өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын көрсетуге арналған өтінімі;
2) өтелетін кезеңде жарамды тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің қазақстанда шыққандығын растайтын құжаттардың электронды көшірмелері;
Қазақстандық тауар өндірушілер тізілімінен үзінді көшірме, "СТ-KZ" нысанды тауардың шығуы туралы сертификат, Сертификат /Еуразиялық экономикалық одағының сәйкестік туралы декларация, Индустриялық сертификат тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің қазақстанда шыққандығын растайтын электронды құжаттар болып табылады;
СТ-KZ сертификаты, индустриялық сертификат өз қолданысын 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін сақтайды;
3) шығындары оларды өтеу туралы өтінімге енгізілген шартқа қосымшалармен жұмыстарды/көрсетілетін қызметтерді орындау туралы шарттардың электронды көшірмелері;
4) төлем шоттарының (егер төлем құжаттарында көзделген болса), шот-фактуралардың және орындалған жұмыстар/көрсетілетін қызметтер актілерінің көшірмелері, сондай-ақ өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектісінің жұмыстарға/көрсетілетін қызметтерге төлем фактін растайтын банкпен куәландырылған төлем электронды құжаттары.
Егер Қазақстан Республикасының бейрезиденті орындаушы болғанда, орындалған жұмыстар, көрсетілетін қызметтер актілерінің және/немесе шот-фактуралары және/немесе инвойс көшірмелерінің орнына қызмет көрсету және осындай заңды тұлғаны тіркеу фактісін растайтын электронды құжаттар ұсынылады;
5) өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері тартқан шығын қорытындылары бойынша есеп, (өтініш берушімен бланкте толтырылады (болған жағдайда), төмендегі ақпаратты көрсете отырып ұсынылады:
өтініш берушінің экономиканың басым секторындағы қызметінің қысқаша сипаттамасы;
жұмсалған шығындардың қажеттілігі;
алынған жұмыстар және/немесе көрсетілетін қызметтерден өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектісінің қызметіне жұмсалған шығындарға дейінгі және одан кейінгі экономикалық әсері;
Шығын түріне байланысты төмендегі құжаттар қосымша ұсынылады:
1) Халықаралық сертификаттаудан өтуге байланысты және қазақстанда шығарылған өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және сапа менеджменті жүйелерінің техникалық регламенттерде және (немесе) "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағына рұқсат етілетін стандарттау бойынша құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкестігін растаған кезде жұмсалған шығындар бойынша:
тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және сапа менеджменті жүйелерінің техникалық регламенттерде және (немесе) ұйым стандарттарын немесе шарт (сертификаттар, рұқсаттар, тіркеу куәліктері, сынақ хаттамалары, көлік құралы типін мақұлдау көшірмелері, шасси типін мақұлдау) талаптарын қоса алғанда, стандарттау бойынша құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкестендіру рәсімдерінен өткендігін растайтын электронды құжаттардың көшірмелері;
2) аяқ киім өнімін таңбалауға арналған бағдарламалық қамтамасыз етуді қоса алғанда, сәйкестендіру (таңбалау) құралдарын салуға арналған жабдықты сатып алуға байланысты шығындар бойынша: сәйкестендіру құралдарын сатып алу бойынша, сондай-ақ өнім шығару сатысында сәйкестендіру құралдарын қолдану бойынша типографиялық қызметтер сатып алуға; сәйкестендіру құралдарын сатып алуды растайтын шарттың және (немесе) келісімнің электронды көшірмесі; сәйкестендіру құралдарын немесе материалдық тасымалдауышты, сондай-ақ, инженерлік бағдарламалық қамтуды қолдануға арналған жабдықты сатып алу арқылы өндірісті қайта жарақтандыруға: жеткізу және пайдалануға беру фактісін растайтын бағдарламалық қамту мен құжаттарды қоса алғанда, жабдық жеткізуге шарт және (немесе) келісім, оның ішінде лицензиялық келісім көшірмесі.
3) Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 30 мамырдағы № 306 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28264 болып тіркелген) Басым тауарлардың тізбесіне кіретін жөнелту пунктінен Қазақстан Республикасының (бұдан әрі – ҚР) аумағындағы межелі пунктіне дейін теміржол көлігімен өңделген тауарларды тасымалдауға байланысты шығындар бойынша:
тауарларды жеткізуге арналған шарттардың көшірмелері;
теміржол көлігі жүкқұжаты, сондай-ақ жөнелтуші қоса берген, теміржол көлігі жүкқұжатында көрсетілген құжаттар;
тасымалдау туралы шартқа орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің тізбесі (егер орындалған жұмыстар/көрсетілген қызметтер актісінде олар туралы толық ақпарат көрсетілмесе).
Көрсетілетін қызметті беруші ақпараттық жүйелерден алатын көрсетілетін қызметті алушы туралы мәліметтер:
1) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің "Кәсіпкерлік субъектісінің санаты туралы ақпарат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі арқылы электрондық лицензиялау порталы арқылы кәсіпкерлік субъектісінің санаты бойынша ақпарат.
2) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті ресми интернет-ресурсы арқылы салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу туралы ақпарат.

9

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген негіздемелер

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті келісімі туралы сұрау салуға берілген теріс жауап, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
5) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы бойынша;
6) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.

10

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктерін ескерумен өзге де талаптар

Мемлекеттік қызмет көрсету мекенжайлары интернет-ресурстарда орналастырылған:
1) Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі –www.gov.kz/memleket/entities/mps?lang=ru, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімі;
2) көрсетілетін қызметті беруші – www.qazindustry.gov.kz;
3) портал - www.egov.kz.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс орталығының телефоны: 1414, 8-800-080-7777.

  Бұйрыққа
2-қосымша

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің отандық өңделген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді ішкі нарықта ілгерілету бойынша шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 1164 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12652 болып тіркелген);

      2. "Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің отандық өңделген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді ішкі нарықта ілгерілету бойынша шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 1164 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 6 наурыздағы № 118 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20113 болып тіркелген).

      3. "Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің отандық өңделген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді ішкі нарықта ілгерілету бойынша шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 04 желтоқсандағы № 1164 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 09 қыркүйектегі № 485 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24311 болып тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады