БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстанда шығарылған өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ішкі нарыққа ілгерілетуге бағытталған өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 15 маусымдағы № 342 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28504 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 15 маусымдағы № 342 бұйрығымен бекітілген Қазақстанда шығарылған өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ішкі нарыққа ілгерілетуге бағытталған өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын көрсету қағидаларында:
3-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) цифрлық жүйе – ақпараттық өзара іс-қимыл арқылы белгілі бір технологиялық әрекеттерді іске асыратын және нақты функционалдық міндеттерді шешуге арналған цифрлық технологиялардың, қызмет көрсетуші персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдық-ретке келтірілген жиынтығы";
3-тармақтың 16) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"16) таңбалау – тауарға шартты белгілерді, әріптерді, сандарды, графикалық белгілерді немесе жазбаларды оны одан әрі сәйкестендіру, белгіленген талаптарды және тауарларды таңбалаудың цифрлық жүйесінің ұлттық компонентінде болатын олар туралы дұрыс мәліметтерді (оның ішінде оларға түсірілген сәйкестендіру құралдары және (немесе) сәйкестендіру құралдары бар материалдық тасығыштар туралы мәліметтер) қадағалай отырып, оның қасиеттері мен сипаттамаларын көрсету мақсатында жазу";
9 және 26-тармақтары орыс тіліндегі мәтінге өзгерістер енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
31 және 32-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"31. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызмет көрсетушіге "Цифрлық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – Портал) және қызмет көрсетушінің ақпараттандыру нысаны www.qazindustry.gov.kz цифрлық жүйесі (бұдан әрі – АЖ) арқылы қызмет алушының жүгінуімен көрсетіледі.
32. "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына (бұдан әрі – Заң) сәйкес көрсетілетін қызметті берушілер мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 14 маусымдағы № 452 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8555 болып тіркелген) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректер енгізу қағидаларында белгіленген тәртіппен енгізуді қамтамасыз етеді.";
Қазақстанда шығарылған өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ішкі нарыққа ілгерілетуге бағытталған өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын көрсету қағидаларына 1-қосымша орыс тіліндегі мәтінге өзгерістер енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
Қазақстанда шығарылған өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ішкі нарыққа ілгерілетуге бағытталған өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын көрсету қағидаларына 2-қосымша орыс тіліндегі мәтінге өзгерістер енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
Қазақстанда шығарылған өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ішкі нарыққа ілгерілетуге бағытталған өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын көрсету қағидаларына 3-қосымша орыс тіліндегі мәтінге өзгерістер енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
Қазақстанда шығарылған өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ішкі нарыққа ілгерілетуге бағытталған өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын көрсету қағидаларына 4-қосымша орыс тіліндегі мәтінге өзгерістер енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
Қазақстанда шығарылған өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ішкі нарыққа ілгерілетуге бағытталған өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын көрсету қағидаларына 6-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. "Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде қазақстандық тауар өндірушілерден тауарлар сатып алу және офтейк-келісімшарттар жасасу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 4 қыркүйектегі № 344 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36805 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 4 қыркүйектегі № 344 бұйрығымен бекітілген Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде қазақстандық тауар өндірушілерден тауарлар сатып алу және офтейк-келісімшарттар жасасу қағидаларында:
2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобадағы сатып алудың электрондық платформасы (бұдан әрі – электрондық платформа) – энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны іске асыру шеңберінде электрондық сатып алуды жүргізуді қамтамасыз ететін, тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу, "кілтке тапсыру" құрылыс туралы шарт жасасу, сондай-ақ энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны іске асыру шеңберінде жобаларды іріктеу және мониторингілеу үшін қолжетімділік нүктесін қамтамасыз ету бойынша электрондық қызметтерді ұсынатын цифрлық жүйе;";
2-тармақтың 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"10) қазақстандық тауар өндірушілердің тізілімі (бұдан әрі - тізілім) – қазақстандық тауар өндірушілер және олар өндіретін қазақстандық тауарлар туралы мәліметтерді қамтитын "цифрлық үкіметтің" цифрлық объектісі;";
Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде қазақстандық тауар өндірушілерден тауарлар сатып алу және офтейк-келісімшарттар жасасу қағидаларына 1-қосымша орыс тіліндегі мәтінге өзгерістер енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде қазақстандық тауар өндірушілерден тауарлар сатып алу және офтейк-келісімшарттар жасасу қағидаларына 2-қосымша орыс тіліндегі мәтінге өзгерістер енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.
3. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіптік елішілік құндылықты дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі |
Е. Нагаспаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Бәсекелестікті қорғау және
дамыту агенттігі
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Сыртқы істер министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрлігі
"Қазақстанда шығарылған өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ішкі нарыққа ілгерілетуге бағытталған өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын көрсету" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі | ||
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | "QazIndustry" қазақстандық индустрия және экспорт орталығы" акционерлік қоғамы (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші). |
2 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету тәсілдері |
1. "Цифрлық үкіметтің" веб-порталы www.egov.kz. |
3 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзімі | 8 (сегіз) жұмыс күні |
4 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нысаны | Электрондық (ішінара автоматтандырылған) |
5 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесі | Шығындардың бір бөлігін өтеу туралы келісімді немесе мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағында көзделген негіздемелер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тартуды қоса берумен шығындардың бір бөлігін өтеу мүмкіндігі туралы электрондық құжат нысанында хабарлама |
6 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Ақысы төленбейтiн |
7 | Көрсетілетін қызметті берушінің және цифрландыру объектілерінің жұмыс графигі |
1) Портал - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінім мен құжаттарды қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады). |
8 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
Шығындардың бір бөлігін өтеуді алуға үміткер өтініш беруші Операторға төмендегі құжаттарды ұсынады: |
9 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздері |
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау; |
10 | Мемлекеттік көрсетілетін қызмет, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктерін ескерумен өзге де талаптар |
Мемлекеттік қызмет көрсету мекенжайлары интернет-ресурстарда орналастырылған: |
