Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде қазақстандық тауар өндірушілерден тауарлар сатып алу және офтейк-келісімшарттар жасасу Қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 4 қыркүйектегі № 344 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 8 қыркүйекте № 36805 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңы 10-11-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде қазақстандық тауар өндірушілерден тауарлар сатып алу және офтейк-келісімшарттар жасасу Қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіптік инфрақұрылымды және елішілік құндылықты дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс министрі
Е. Нагаспаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Энергетика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Сыртқы істер министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс
министрінің
2025 жылғы 4 қыркүйектегі
№ 344 бұйрығына
қосымша

Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде қазақстандық тауар өндірушілерден тауарлар сатып алу және офтейк-келісімшарттар жасасу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде тауар өндірушілерден тауарларды сатып алу және офтейк-келісімшарттар жасасу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 10-12-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді және энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөнідегі ұлттық жоба шеңберінде қазақстандық тауар өндірушілерден тауарларды сатып алу және офтейк-келісімшарттар жасасу тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) әлеуетті өнім беруші – қазақстандық тауар өндірушілердің тізіліміне енгізілген, тауарды сатып алу туралы шарт жасасуға үміткер қазақстандық тауар өндіруші;

      2) біртекті тауарлар – бірдей емес, ұқсас сипаттамалары бар және бірдей функцияларды орындауға мүмкіндік беретін ұқсас компоненттерден тұратын тауарлар;

      3) энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобадағы сатып алудың электрондық платформасы (бұдан әрі – электрондық платформа) – энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны іске асыру шеңберінде электрондық сатып алуды жүргізуді қамтамасыз ететін, тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу, "кілтке тапсыру" құрылыс туралы шарт жасасу, сондай-ақ энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны іске асыру шеңберінде жобаларды іріктеу және мониторингілеу үшін қолжетімділік нүктесін қамтамасыз ету бойынша электрондық қызметтерді ұсынатын ақпараттық жүйе;

      4) өнім беруші – тауарларды сатып алу шартын жасасқан, қазақстандық тауар өндірушілердің тізіліміне енгізілген қазақстандық тауар өндіруші;

      5) техникалық оператор – энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаның тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы техникалық операторы ретінде Қазақстан Республикасының үкіметі айқындаған, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлға;

      6) консорциум – заңды тұлғалар белгілі бір ресурстарды біріктіретін және нақты шаруашылық міндеттерді шешу үшін күш-жігерді үйлестіретін бірлескен шаруашылық қызмет туралы шарт негізінде уақытша ерікті тең құқылы одақ (бірлестік);

      7) қазақстанда шығарылған тауар – Қазақстан Республикасында толық өндірілген немесе өндіріс шарттарына сәйкес қайта өңделген тауар, оны өндіру кезінде өндірістік және технологиялық операциялардың ең төменгі шегі орындалады, ол туралы мәліметтер тізілімде қамтылады;

      8) қазақстандық тауар өндіруші – Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын, қазақстандық тауар өндірушілердің тізіліміне енгізілген кәсіпкерлік субъектісі;

      9) тапсырыс беруші – осы Қағидаларға сәйкес тауарларды сатып алуды жүзеге асыратын "кілтпен" құрылыс жобасын іске асыратын мердігер және (немесе) консорциум;

      10) қазақстандық тауар өндірушілердің тізілімі (бұдан әрі - тізілім) – қазақстандық тауар өндірушілер және олар өндіретін қазақстандық тауарлар туралы мәліметтерді қамтитын "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының объектісі;

      11) құжаттың электрондық көшірмесі – түпнұсқа құжаттың түрі мен ақпаратын (деректерін) электрондық-цифрлық нысанда толық жаңғыртатын құжат.

      3. Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде қазақстандық тауар өндірушілерден тауарлар сатып алу және офтейк-келісімшарттар жасасу жобалау-сметалық құжаттамада қалыптастырылған тауарлар тізбесіне сәйкес электрондық платформа арқылы жүзеге асырылады.

      Бұл ретте жобалау-сметалық құжаттамада көзделген тауарлардың тізбесі жобаларды кешенді сараптаудың бірыңғай порталымен (epsd.kz) интеграциялау жолымен электрондық платформада автоматты түрде орналастырылады.

2-тарау. Қазақстандық тауар өндірушілерден тауарлар сатып алу және офтейк-келісімшарттар жасасу тәртібі

1-параграф. Өнім беруші ні тіркеу тәртібі

      4. Электрондық платформада тіркелу өтінімдерді беру функционалына қол жеткізу, тауарларды сатып алу рәсімдеріне қатысу және офтейк-келісімшарттар жасасу үшін міндетті шарт болып табылады.

      5. Әлеуетті өнім беруші тіркеу заңнамада белгіленген тәртіппен кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын заңды немесе жеке тұлғаға берілген электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып, пайдаланушының жеке кабинетін құру арқылы электрондық платформада жүзеге асырылады.

      6. Тіркелгеннен кейін әлеуетті өнім беруші мынадай мәліметтерді міндетті түрде көрсете отырып, электрондық тіркеу нысанын толтырады:

      1) байланыс деректері (телефон, электрондық пошта мекенжайы);

      2) басшы және/немесе байланысушы тұлға туралы мәліметтер.

      Бұл ретте, электрондық платформада тіркеу әлеуетті өнім беруші жоғарыда көрсетілген мәліметтерді ұсынбаған және/немесе толық ұсынбаған, сондай-ақ әлеуетті өнім беруші банкроттық, тарату процесінде болған, немесе мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінде енгізілген жағдайда жүргізілмейді.

      7. Тізілімде көрсетілген әлеуетті өнім беруші туралы ақпарат электрондық платформаға автоматты түрде беріледі.

      8. Тіркелгеннен кейін әлеуетті өнім беруші электрондық платформаға қол жеткізе алады:

      энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту ұлттық жобасы шеңберінде тауарларға қажеттіліктер туралы ақпаратты қарау;

      тапсырыс берушілер үшін тауарларды жеткізудің техникалық сипаттамасы, жоспарланған көлемі мен мерзімі туралы ақпаратты қарау;

      тауарларды сатып алуға тапсырысқа қатысу мүмкіндігі;

      келіссөздерге қатысу және офтейк-келісімшарттар жасасу.

      9. Әлеуетті өнім беруші ұсынылған ақпараттың дұрыстығы үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.

      10. Әлеуетті өнім берушілер, өнім берушілер мен тапсырыс берушілер үшін электрондық платформаны пайдалану өтеусіз болып табылады.

      11. Тапсырыс беруші мен әлеуетті өнім берушілер электрондық платформада орналастыратын ақпарат жалпыға қолжетімді болып табылады.

      Электрондық платформа әкімшісі тапсырысты қарау режимінде өнім берушілер мен тапсырыс берушілерге, өнеркәсіпті, электр энергетикасын мемлекеттік ынталандыру, бәсекелестікті қорғау және дамыту саласындағы уәкілетті органдарға, техникалық операторға, "Qazindustry" қазақстандық индустрия және экспорт орталығы", "Kazakh Invest" Ұлттық компаниясы" және "Самрук-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамдарына тауарларды сатып алу қорытындыларының хаттамаларына қол жеткізуді қамтамасыз етеді.

2-параграф. Қазақстандық тауар өндірушілерден тауарларды сатып алу тәртібі

      12. Тапсырыс берушілердің тауарларды электрондық платформа арқылы сатып алуы мынадай мәліметтерді қамтитын тапсырыс негізінде жүзеге асырылады:

      1) сатып алынатын тауардың толық сипаттамасы және техникалық сипаттамалары;

      2) сатып алынатын тауардың саны және бөлінген сома көрсетіле отырып;

      3) тауарды жеткізу орны және жеткізу шарты;

      4) тауарды жеткізу мерзімдері, бұл мерзім әлеуетті өнім берушімен тапсырыс беруші шартқа қол қойған күннен бастап күнтізбелік 60 (алпыс) күннен ерте болмауы тиіс.

      Бұл ретте, әлеуетті өнім беруші тапсырыс берушімен келісу арқылы тауарды мерзімінен бұрын жеткізе алады.

      13. Электрондық платформа арқылы тауарларды сатып алу мынадай ретпен жүзеге асырылады:

      1) тапсырыс беруші жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес сатып алуға жоспарланатын тауарлардың бір немесе бірнеше түрін таңдайды және осындай тауарларды сатып алуға тапсырысты ресімдейді. Ресімделген тапсырысқа тапсырыс берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылады.

      Бұл ретте, тапсырыс беруші біртектілік белгісі бойынша біртекті емес тауарларды жеке тапсырыстарға бөледі, ал бір тапсырысқа тек біртекті тауарларды біріктіреді;

      2) электрондық платформа тапсырыс берушіге өзекті баға ұсыныстарын ұсыну үшін таңдалған тауарларды сатып алуға тапсырысты әлеуетті өнім берушілердің жеке кабинетіне жібереді.

      Әлеуетті өнім берушілерді тізілімге енгізу кезінде әлеуетті өнім берушілер және тауарларды сатып алу кезінде тапсырыс берушілер көрсеткен тауарлардың кодтарына сәйкес электрондық платформа айқындайды;

      3) әлеуетті өнім беруші хабарламаны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде пайдаланушының жеке кабинетінде өндірістік қуаттылықтарды, сондай-ақ сервистік сүйемелдеуді (кепілдік міндеттемелерін, сервистік және сатудан кейінгі қызмет көрсету шарттарын) негізге ала отырып, тауарды жеткізудің техникалық сипаттамалары мен фотосуретін, мерзімдері мен көлемін көрсете отырып, өзекті баға ұсыныстарын орналастырады.

      4) электрондық платформа әлеуетті өнім берушілер және олардың өзекті бағалары, техникалық сипаттамалары, тапсырыс беруші таңдаған тауарлар бойынша жеткізу көлемі мен мерзімдері туралы ақпаратты автоматты түрде қалыптастырады;

      Электрондық платформа әлеуетті өнім берушінің баға ұсыныстарынан бас тартады:

      егер ұсынылған баға тапсырыс беруші тауарды сатып алуға бөлген сомадан асып кетсе;

      егер әлеуетті өнім беруші көрсеткен жеткізу мерзімі тауарды жоспарлы сатып алу шеңберінде тапсырыс беруші белгілеген жеткізу шекті мерзімінен асып кетсе.

      Өзге негіздер бойынша баға ұсыныстарын қабылдамауға жол берілмейді.

      5) электрондық платформа тауарлардың және оларды өндірушілердің тізбесін, бағасын, техникалық сипаттамаларын, жеткізу көлемі мен мерзімдерін көрсете отырып, қалыптастырылған ақпаратты тапсырыс берушіге автоматты түрде жібереді;

      6) тапсырыс беруші әлеуетті өнім берушілер туралы қалыптастырылған ақпараттан 5 (бес) жұмыс күні ішінде тауардың құнын, оның техникалық сипаттамаларын, жеткізу көлемі мен мерзімдерін негізге ала отырып, әлеуетті өнім берушіні таңдайды және тапсырысты әлеуетті өнім берушіге растауға жібереді.

      Бұл ретте, егер тапсырысты алған әлеуетті өнім берушінің тапсырыста көрсетілген барлық көлемді жеткізу мүмкіндігі болмаса, тапсырыс беруші көлемнің қалған бөлігіне электрондық платформа қалыптастырған қазақстандық тауар өндірушілер арасынан олардың бағасын, техникалық сипаттамаларын, жеткізу көлемі мен мерзімдерін ескере отырып, өзге де әлеуетті өнім берушіні таңдайды;

      Тауарды сатып алуға қатысатын әлеуетті өнім берушілер сатып алынатын тауарға қажеттілік көлемін және тапсырыс берушіге тауарды сатып алуға бөлінген сомадан асып кеткен жағдайда, тапсырыс беруші осы Қағидалардың нормаларын қолданбай, тауардың жабылмаған көлемін сатып алуды жүзеге асырады;

      7) тапсырысты алған әлеуетті өнім беруші 2 (екі) жұмыс күні ішінде тапсырыс берушіге электрондық платформада жіберілетін тапсырысты растау немесе одан бас тарту туралы шешім қабылдайды;

      Әлеуетті өнім берушінің тапсырысты растауы оның техникалық сипаттамаға, жеткізу көлемі мен мерзіміне сәйкес тауарды жеткізуді жүзеге асыруға келісімін білдіру нысаны болып табылады және тапсырыс беруші бөлген сома шегінде.

      8) әлеуетті өнім беруші тапсырысты растаған немесе одан бас тартқан жағдайда электрондық платформада осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қорытындылар хаттамасы қалыптастырылады, ол электрондық платформада жарияланады.

      9) тапсырыс беруші мен әлеуетті өнім беруші тапсырыс расталған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде тауарды сатып алу шартын жасасады;

      10) тапсырыстан бас тартылған немесе расталмаған жағдайда тапсырысты алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде тапсырыс беруші электрондық платформа қалыптастырған қазақстандық тауар өндірушілер арасынан өзге әлеуетті өнім берушіні таңдау туралы шешім қабылдайды.

      14. Тапсырыс беруші өнім берушімен шартқа қол қойылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде өнім берушінің шикізат пен жинақтауыштарды сатып алуы үшін шарт сомасының 30% (отыз) мөлшерінде аванстық төлемді жүзеге асырады.

      15. Электрондық платформа арқылы тауарларды сатып алу:

      әлеуетті өнім берушілердің тапсырысты растамауы;

      себебін көрсете отырып, әлеуетті өнім берушілердің тапсырыстан бас тартуы;

      сатып алынатын тауарлар бойынша әлеуетті өнім берушілердің болмауы.

      16. Электрондық платформа арқылы тауарды сатып алу өтпеді деп танылған жағдайда, тапсырыс беруші тауарды осы Қағидалардың нормаларын қолданбай сатып алады.

      17. Тапсырыс беруші электрондық платформаның жеке кабинетінде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтпеді деп танылған сатып алынатын тауарлар бойынша ақпаратты толтырады, ол электрондық платформада автоматты түрде орналастырылады.

      18. Тапсырыс беруші тауарды сатып алуға жасалған әрбір шарт бойынша осы шарттың орындалуы туралы есепті электрондық платформада тауардың немесе оның партиясының барлық көлемі жеткізілген күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей орналастырады.

      Шартты мерзімінен бұрын бұзған кезде тапсырыс беруші бұзудың күнін, негіздерін және тауардың нақты сатып алынған көлемін көрсетеді.

      19. Тауарды сатып алу шартының орындалуы туралы есеп жалпыға қолжетімді болып табылады және мынадай мәліметтерді қамтиды: өнім берушінің атауы, шарттың нөмірі мен күні, шарттың қолданылу мерзімі, орындаудың нақты мерзімдері мен көлемі (сандық және құндық мәнде), елішілік құндылық үлесі, сондай-ақ растайтын құжаттар (қабылдау-беру актісі, шот-фактура, жүкқұжат, төлем тапсырма және т. б.).

      20. Тапсырыс беруші шарттың орындалуы туралы есепті электрондық платформада орналастырудың дұрыстығына, толықтығына және уақтылығына жауапты болады.

3-параграф. Офтейк-келісімшарттар жасасу тәртібі

      21. Сатып алынатын тауар бойынша қазақстандық тауар өндіруші болмаған жағдайда, электрондық платформа офтейк-келісімшарттар жасасу үшін тауарлардың тізбесін (бұдан әрі – тізбе) қалыптастырады және оны электрондық платформада орналастырады.

      22. Қазақстандық тауар өндіруші немесе инвестор электрондық платформа арқылы тізбеден тауарды таңдайды және сатып алынатын тауарлар бойынша жобаны іске асырудың бизнес-жоспарын/техникалық-экономикалық негіздемесін, жоспар-кестесін қоса бере отырып, таңдалған тауар бойынша офтейк-келісімшарт жасасу үшін тапсырыс берушіге өтінім жібереді.

      23. Тапсырыс беруші өтінім келіп түскен күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде тауардың техникалық сипаттамаларына, мерзімдеріне, көлеміне және құнына сәйкестігін қарайды.

      24. Өтінімді қарау нәтижелері бойынша тапсырыс беруші мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:

      1) оң шешім – өндіріске жоспарланған тауар белгіленген техникалық сипаттамаларға, мерзімдерге, тауардың көлемі мен құнына сәйкес келген жағдайда;

      2) теріс шешім – өндіріске жоспарланған тауардың техникалық сипаттамаларына, жеткізу мерзімдеріне сәйкес келмеген, өндіріс көлемі жеткіліксіз болған жағдайда не егер өндіріске жоспарланған тауардың мәлімделген құны тапсырыс беруші оны сатып алуға бөлген шекті сомадан асып кеткен жағдайда.

      25. Оң шешім қабылданған жағдайда тапсырыс беруші осы Қағидалардың 23-тармағында көзделген мерзім ішінде техникалық операторды және қазақстандық тауар өндірушіні немесе инвесторды офтейк-келісімшарт жасасуға әзірлігі туралы хабардар етеді

      26. Теріс шешім болған жағдайда Тапсырыс беруші техникалық операторға және қазақстандық тауар өндірушіге немесе инвесторға офтейк-келісімшарт жасасудан бас тарту туралы хабарлама жібереді.

      Бұл ретте, қазақстандық тауар өндіруші немесе инвестор офтейк-келісімшарт жасасудан бас тартуға негіз болған ескертулерді жоя отырып, қайта өтінім береді.

      27. Тапсырыс берушінің өтінімді қайта қарауы өтінім келіп түскен күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

      28. Оң шешім қабылданған жағдайда тапсырыс беруші мен қазақстандық тауар өндіруші немесе инвестор оң шешім қабылданған күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде екі жақты офтейк-келісімшарт жасасады.

      Бірнеше тапсырыс берушінің тауарларды сатып алу қажеттілігі кезінде, егер қазақстандық тауар өндіруші немесе инвестор тапсырыс берушілердің техникалық сипаттамаларына, мерзімдері мен құнына сәйкес келетін бірнеше тапсырыс берушінің қажеттілігін жабатын көлемде тауар өндіруге ниет білдірген жағдайда, тапсырыс берушілер, техникалық оператор және қазақстандық тауар өндіруші немесе инвестор арасында көпжақты офтейк-келісімшарт жасалады.

      29. Офтейк-келісімшарттар жасасуға қойылатын үлгілік талаптар Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 8 маусымдағы № 325 бұйрығымен бекітілген өнеркәсіпті дамытуға бағытталған шарттарды жоспарлау және жасасу, сондай-ақ олардың орындалуына мониторинг жүргізу қағидаларында көзделген. (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 168786 болып тіркелген).

      30. Офтейк-келісімшарттар жасасу кезінде электрондық платформада офтейк-келісімшарт жасалған қазақстандық тауар өндірушіден немесе инвестордан тауарды сатып алу көлемі мен мерзімі резервке қойылады.

      Бұл ретте, бір тауар бойынша тапсырыс берушінің жабылмаған қажеттілігі шегінде және өнім өндіруді немесе шығаруды ұйымдастыру басталғанға дейін мерзімдер шегінде қазақстандық тауар өндірушілермен немесе инвесторлармен бірнеше офтейк-келісімшарттар жасасуға жол беріледі.

      31. Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны іске асыру шеңберінде қазақстандық тауар өндірушілердің өнімдерін қолдану және жаңа өндірістерді оқшаулау және жұмыс істеп тұрғандарын кеңейту мәселелеріне мониторинг пен үйлестіруді техникалық оператор жүзеге асырады.

  Энергетикалық және
коммуналдық секторларды
жаңғырту жөніндегі ұлттық
жоба шеңберінде қазақстандық
тауар ондірушілерден тауарлар
сатып алу және офтейк-келісімшарттар жасасу
қағидаларына
1-қосымша

Электрондық платформа арқылы қазақстандық өндірушілерден тауарларды сатып алу қорытындыларының хаттамасы

      Жалпы мәліметтер:

Сатып алынатын тауар туралы мәлімет


Қаржы жылы


ТЭК-дағы тауардың атауы


ЭП тапсырыс нөтірі


Тапсырысты рәсімдеу күні мен уақыты


Тапсырысты растау күні мен уақыты


      Тапсырыс беруші туралы мәліметтер:

      Тапсырыс берушінің қазақ тілінде атауы _________________

      Тапсырыс берушінің орыс тілінде атауы ___________________

      БСН

      Әлеуетті өнім берушілер ұсыныстарының тізімі:

Әлеуетті өнім берушінің атауы, БСН/ЖСН

Тауардың атауы

АГСК-3 коды

Әлеуетті өнім берушінің сомасы, теңгеде

ЭП ұсынысты берген күні мен уақыты

Өнім беруші нің баға ұсынысынан бас тарту себебі

1

2

3

4

5

6

7








      1. №___ жоспардың тармағы бойынша жеңімпаз болып белгіленсін:

      (БСН/ЖСН жеңімпаздыңәлеуеттіөнім берушісінің атауы).

      2. Тапсырыс беруші (тапсырыс берушінің атауы) осы қағидалардың белгіленген мерзімдерде (БСН/ЖСН жеңімпаздың әлеуетті өнім берушісінің атауы) тауарларды сатып алу туралы шарт жасасын.

      Немесе: "Электрондық платформада тауарларды сатып алу (сатып алынатын тауардың атауы) мыналарға байланысты өтпеді деп танылсын _________________":

      (осы қағидалардың мынадай шарттарының бірін көрсетіңіз:

      "_____________________".

      Аббревиатураларды декодтау:

      БСН – бизнес сәйкестендіру нөмірі;

      ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;

      ЭП – электрондық платформа.

  Энергетикалық және
коммуналдық секторларды
жаңғырту жөніндегі ұлттық
жоба шеңберінде қазақстандық
тауар ондірушілерден тауарлар
сатып алу және офтейк-келісімшарттар жасасу
қағидаларына
2-қосымша

      Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде шетелдік өндірушілерден тауарларды сатып алу жөніндегі есеп нысандары

Тауардың атауы

СЭҚ ТН коды

ТЖКБНА коды

Шыққан елі

Шарт бойынша көлемі

Шарт сомасы, мың теңге

Өнім беруші

1

2

3

4

5

6

7

8









      Кестенің жалғасы

Өнім беруші нің БСН/ЖСН (бар болса)

Сатып алу-сату шартының №

Шетелдік тауардың шығу тегін растайтфн өзге де құжаттар (сертификат, инвойс және т.б.)

Жеткізудің нақты көлемі
(теңге)

Жеткізу күні

Актінің № мен күні

ҚТӨ тауарды сатып алу мүмкінеместігінің негіздемесі

9

10

11

12

13

14

15








      Аббревиатураларды декодтау:

      БСН – бизнес сәйкестендіру нөмірі;

      ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;

      СЭҚ ТН – сыртқы-экономикалық қызмет тауарлар номенклатурасы;

      ТЖКБНА – тауарлар, жұмыстар және көрсетілген қызметтердің бірыңғай номенклатуралық анықтамалы;

      ҚТӨ – қазақстандық тауар өндіруші.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады