БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстанда шығарылатын өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ішкі нарыққа ілгерілетуге бағытталған өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 15 маусымдағы № 342 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28504 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстанда шығарылған өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ішкі нарыққа ілгерілетуге бағытталған өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын көрсету қағидаларында:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Оператор уәкілетті орган мен Оператордың арасында жасалған шарт негізінде қазақстанда шығарылған өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ішкі нарыққа ілгерілетуге бағытталған өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын көрсетуге бөлінген қаражатты басқару үшін Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес шот ашады.
Қазақстанда шығарылған өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ішкі нарыққа ілгерілету бойынша өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу тиісті қаржы жылына республикалық бюджетте көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады.
Осы Қағидалар шеңберінде мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсынуды жүзеге асыру үшін тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетте көзделген ақшалай қаражат толық игерілген кезде Оператор ағымдағы шотқа қаражат түскенге дейін өтінімдерді қабылдауды тоқтатады.
Оператор осы Қағидалар шеңберінде мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсынуды немесе ағымдағы шотқа қаражат түсуін жүзеге асыру үшін тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетте көзделген ақша қаражаты толық игерілген күннен бастап бір жұмыс күні ішінде өзінің интернет-ресурсында өтінімдерді қабылдауды тоқтата тұру немесе қайта бастау туралы хабарлама орналастырады.";
7-тармақ алып тасталсын;
35-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"35. Өтініш тіркелген күннен кейінгі 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығы тексеріледі және негізгі талаптар тізбесінде көзделген құжаттар топтамасының толық ұсынылмағаны және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттардың бар екені анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу процесін тоқтата тұрады.
Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету процесін тоқтата тұру туралы хабарлама жібереді.
Құжаттарды қайта ұсынуды көрсетілетін қызметті алушы анықталған кемшіліктерді жойғаннан кейін мемлекеттік қызметті көрсету процесін тоқтата тұру мерзімі шегінде жүзеге асырады.
Бұл ретте көрсетілетін қызметті алушыға анықталған кемшіліктерді жою үшін ақылға қонымды мерзім белгіленеді, ол негізгі талаптар тізбесінің 3-тармағында белгіленген мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету мерзіміне қосылмайды және одан аспауға тиіс.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету мерзімінің өтуі анықталған кемшіліктер жойылған сәттен бастап қайта басталады.
Анықталған кемшіліктер белгіленген мерзімде жойылмаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтініш пен құжаттарды қабылдаудан бас тартады.
Көрсетілетін қызметті беруші өтініш пен оған қоса берілген құжаттардың толықтығын тексергеннен кейін 6 (алты) жұмыс күні ішінде олардың осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкестігін тексереді және мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету мүмкіндігі немесе мүмкін еместігі туралы шешім қабылдайды";
37, 38-тармақтар алып тасталсын;
Қазақстанда шығарылған өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ішкі нарыққа ілгерілетуге бағытталған өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын көрсету қағидаларына 6-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Елішілік құндылықты дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі |
Е. Нагаспаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция министрлігі
КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
"Қазақстанда шығарылған өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ішкі нарыққа ілгерілетуге бағытталған өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын көрсету" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі | ||
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | "QazIndustry" қазақстандық индустрия және экспорт орталығы" акционерлік қоғамы (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші). |
2 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету тәсілдері |
1. "Цифрлық үкіметтің" веб-порталы www.egov.kz. |
3 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзімі | 8 (сегіз) жұмыс күні |
4 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нысаны | Электрондық (ішінара автоматтандырылған) |
5 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесі | Шығындардың бір бөлігін өтеу туралы келісімді немесе мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағында көзделген негіздемелер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тартуды қоса берумен шығындардың бір бөлігін өтеу мүмкіндігі туралы электрондық құжат нысанында хабарлама |
6 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Ақысы төленбейтiн |
7 | Көрсетілетін қызметті берушінің және цифрландыру объектілерінің жұмыс графигі |
1) Портал - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінім мен құжаттарды қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады). |
8 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
Шығындардың бір бөлігін өтеуді алуға үміткер өтініш беруші Операторға төмендегі құжаттарды ұсынады: |
9 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздері |
1) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі; |
10 | Мемлекеттік көрсетілетін қызмет, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктерін ескерумен өзге де талаптар |
Мемлекеттік қызмет көрсету мекенжайлары интернет-ресурстарда орналастырылған: |