Органикалық өнім өндірудің сәйкестігін растау кезінде жұмсалған шығыстардың бір бөлігін субсидиялау қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2024 жылғы 6 қарашадағы № 372 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 8 қарашада № 35345 болып тіркелді.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі.

      "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 41) тармақшасына және "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына, "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 30.06.2026 № 265 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Органикалық өнім өндірудің сәйкестігін растау кезінде жұмсалған шығыстардың бір бөлігін субсидиялау қағидалары бекітілсін.

      2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір бұйрықтарының және кейбір бұйрықтарының құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Аграрлық азық-түлік нарықтары және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
А. Сапаров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Бәсекелестікті қорғау

      және дамыту агенттігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Сауда және интеграция министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі

      министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
2024 жылғы 6 қарашадағы
№ 372 бұйрығына
1-қосымша

Органикалық өнім өндірудің сәйкестігін растау кезінде жұмсалған шығыстардың бір бөлігін субсидиялау қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Органикалық өнім өндірудің сәйкестігін растау кезінде жұмсалған шығыстардың бір бөлігін субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 41) тармақшасына, "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және органикалық өнім өндірудің сәйкестігін растау кезінде жұмсалған шығыстардың бір бөлігін субсидиялау тәртібін, сондай-ақ "Органикалық өнім өндірудің сәйкестігін растау кезінде жұмсалған шығыстардың бір бөлігін субсидиялау" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 30.06.2026 № 265 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) органикалық өнім – ауыл шаруашылығы өнімі, жабайы өсетін өсімдіктерден алынатын өнім, ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің тұқымдары, ашытқы мен саңырауқұлақтар, оларды қайта өңдеу өнімдері, оның ішінде "Органикалық өнім өндірісі және айналымы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының және ұлттық стандарттардың талаптарына сай келетін тамақ өнімі. Аңшылық және балық аулау шаруашылығы өнімдері органикалық өнім болып табылмайды;

      2) органикалық өнім өндіру – нәтижесі Қазақстан Республикасының органикалық өнім өндірісі және айналымы саласындағы заңнамасы мен ұлттық стандарттарға сәйкес органикалық өнім жасау (дайындау) болып табылатын қызмет. Органикалық өнім өндіру процесі солармен байланысты өлшеп-орау, буып-түю, таңбалау, сақтау, тасымалдау процестерін және басқа процестерді қамтиды;

      3) органикалық өнім өндіруші – органикалық өнім өндіруді жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға, органикалық өнім өндірушілер бірлестігі (жай серіктестік);

      4) сәйкестік сертификаты – техникалық реттеу объектілерінің техникалық регламенттерде және (немесе) стандарттау жөніндегі құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкестігін куәландыратын құжат;

      5) сәйкестiктi растау жөнiндегi орган – сәйкестiктi растау жөнiндегi қызметті жүзеге асыру үшiн белгiленген тәртiппен аккредиттелген заңды тұлға;

      6) субсидиялаудың мемлекеттік цифрлық жүйесі (бұдан әрі – СМЦЖ) – субсидиялау процестерін орындау бойынша қызметтер көрсетуге арналған, цифрлық технологиялардың, қызмет көрсетуші персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдастырылып реттелген жиынтығы;

      7) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілті мен электрондық цифрлық қолтаңба құралдарын пайдалана отырып жасалған, электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын цифрлық жазба (цифрлық деректер жиынтығы);

      8) "цифрлық үкіметтің" веб-порталы – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, мемлекеттік қызметтер көрсетуге қатысатын мемлекеттік органдар мен өзге де субъектілер орналастыратын шоғырландырылған ақпаратқа, сондай-ақ электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік және өзге де көрсетілетін қызметтерге қол жеткізудің "бірыңғай терезесін" білдіретін цифрлық объект.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 30.06.2026 № 265 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органы (бұдан әрі – ЖАО) органикалық өнім өндірудің сәйкестігін растау кезінде жұмсалған шығыстардың бір бөлігін субсидиялау бойынша жеке айлық қаржыландыру жоспары (бұдан әрі – Қаржыландыру жоспары) бекітілгеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде оны ЖАО-ның ресми интернет-ресурсында және СМЦЖ-да орналастырады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 30.06.2026 № 265 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты ЖАО-ға (көрсетілетін қызметті берушіге) жібереді.

      Министрлік пен ЖАО (көрсетілетін қызметті беруші) осы Қағидалар бекітілген немесе өзгертілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы ақпаратты өзектендіреді және Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 30.06.2026 № 265 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Органикалық өнім өндірудің сәйкестігін растау кезінде жұмсалған шығыстардың бір бөлігін субсидиялау тәртібі

1-параграф. Субсидиялар мөлшері және алушылар

      5. Субсидиялар органикалық өнім өндірушілерге төленеді.

      6. Жергілікті бюджеттен төленетін субсидия мөлшері органикалық өнім өндірісінің сәйкестік сертификатының құнынан органикалық өнім өндіруші шығыстарының 50 (елу) пайызын құрайды.

      7. Органикалық өнім өндірісінің 1 (бір) сәйкестік сертификатын алу кезінде жұмсалған шығыстар бойынша өтеу лимиті ағымдағы қаржы жылында 400 (төрт жүз) айлық есептік көрсеткіштен аспайды.

      8. Шығыстардың бір бөлігін өтеу Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында жүргізіледі. Шетел валюталарында жұмсалған шығыстарды қайта есептеу көрсетілген қызметтер үшін төлемді аудару күніндегі Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің валюта бағамдары бойынша жүзеге асырылады.

2- параграф. Субсидиялар алу шарттары

      9. Субсидиялар тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджетте көзделген қаражат есебінен және шегінде мынадай шарттар сақталған кезде төленеді:

      1) органикалық өнім өндірушінің (көрсетілетін қызметті алушының) "цифрлық үкіметтің" веб-порталы арқылы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидиялауға арналған өтініш беруі;

      2) органикалық өнім өндірушінің (көрсетілетін қызметті алушының) ЭЦҚ-сын пайдалана отырып, берілген өтінімді СМЦЖ-да тіркеу;

      3) органикалық өнім өндірушіде (көрсетілетін қызметті алушыда) деректері СМЦЖ-дың "Заңды тұлғалар" немесе "Жеке тұлғалар" мемлекеттік дерекқорларымен ақпараттық өзара іс-қимылы нәтижесінде расталған СМЦЖ-да дербес шотының болуы;

      4) субсидиялауға арналған өтінім беру күнінің алдындағы 12 (он екі) айдан ерте емес мерзімде сәйкестікті растау жөніндегі орган берген органикалық өнім өндірісінің сәйкестік сертификатының электрондық көшірмесін ұсыну;

      5) органикалық өнім өндірушінің электрондық шот-фактураларды қабылдау және өңдеу жөніндегі цифрлық жүйеден (бұдан әрі – ЭШФ ЦЖ) көрсетілетін қызметтерді сатып алуын растау (органикалық өнім өндірісінің сәйкестігін сертификаттау туралы жеткізушінің тиісті электрондық шот-фактураларының болуы);

      6) органикалық өнім өндірушіде СМЦЖ-дың жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының цифрлық жүйесімен ақпараттық өзара іс-қимылы нәтижесінде расталған тиісті алаңның жер пайдалану және (немесе) жеке меншік құқығындағы елді мекен шегінің шегіндегі ауыл шаруашылығы мақсатындағы немесе ауыл шаруашылығында пайдаланылатын жер учаскелерінің болуы;

      ауыл шаруашылығы дақылдарын жабық топырақта өңдеу кезінде органикалық өнім өндірушіде СМЦЖ-дың жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының цифрлық жүйесімен ақпараттық өзара іс-қимылы нәтижесінде расталған тиісті алаңның жер пайдалану және (немесе) жеке меншік құқығында ауыл шаруашылығы мақсатындағы немесе өзге де санаттағы жер учаскелерінің болуы.

      9-тармақтың 6) тармақшасында көрсетілген шарттар тамақ өнеркәсібі ұйымдарына қолданылмайды.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 30.06.2026 № 265 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3- параграф. Субсидияларды төлеу тәртібі

      10. Өтінімдерді қабылдау жер учаскесінің орналасқан жері бойынша тиісті жылдың 1 ақпанынан 1 желтоқсанына дейін жүзеге асырылады.

      "Органикалық өнім өндірудің сәйкестігін растау кезінде жұмсалған шығыстардың бір бөлігін субсидиялау" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) осы Қағидаларға 2-қосымшада жазылған.

      11. Органикалық өнімді өндіруші өтінім беру үшін ЭЦҚ көмегімен СМЦЖ-да тіркелуі қажет.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 30.06.2026 № 265 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12. Жеке кабинетте тіркелу үшін органикалық өнім өндіруші мынадай мәліметтерді көрсетеді:

      1) жеке тұлғалар (дара кәсіпкерлер) үшін: жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН), аты және әкесінің аты (бар болса), тегі;

      2) бірлескен кәсіпкерлік нысанындағы заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер үшін: бизнес-сәйкестендіру нөмірі, толық атауы; брінші басшының аты және әкесінің аты (бар болса), тегі және ЖСН;

      3) байланыс деректері (почта мекенжайы, телефоны, электрондық почтасының мекенжайы);

      4) екінші деңгейдегі банктегі ағымдағы шотының деректемелері.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген деректер өзгерген кезде органикалық өнім өндіруші 1 (бір) жұмыс күні ішінде жеке кабинетке енгізілген деректерді өзгертеді.

      13. Органикалық өнімді өндіруші жеке кабинетте өтінімді қалыптастыруды және тіркеуді мынадай тәртіппен жүргізеді:

      1) осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген мәліметтерді енгізе отырып өтінім қалыптастырады, сондай-ақ органикалық өнім өндірудің сәйкестік сертификатының электрондық көшірмесін сканерлейді және тіркейді;

      2) өтінімді ЭЦҚ-мен қол қою арқылы СМЦЖ-да тіркейді және өтінім ЖАО-ның (көрсетілетін қызметті берушінің) СМЦЖ-дағы жеке кабинетінде қолжетімді болады.

      "Цифрлық үкіметтің" веб-порталында көрсетілген ЖАО-ның (көрсетілетін қызметті берушінің) электрондық мекенжайына субсидиялар алуға арналған өтінімнің қарауға келіп түскені туралы электрондық хабарлама жіберіледі.

      Ескерту. 13-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 30.06.2026 № 265 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      14. ЖАО (көрсетілетін қызметті беруші) өтінім тіркелген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде тиісті хабарламаны ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, қол қою арқылы оның қабылданғанын растайды. Бұл ретте өтінімнің қабылданғанын растау туралы хабарлама электрондық құжат нысанында СМЦЖ-дағы органикалық өнім өндірушінің жеке кабинетіне жолданады.

      Органикалық өнім өндіруші "Органикалық өнім өндірісінің сәйкестігін растау кезінде жұмсалған шығыстардың бір бөлігін субсидиялау" мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайларда ЖАО (көрсетілетін қызметті беруші) өтінішті қабылдаудан бас тартады.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 30.06.2026 № 265 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      15. Егер ЖАО (көрсетілетін қызметті беруші) төлем шоттарын қалыптастырған сәтке дейін органикалық өнім өндіруші тіркелген өтінімдегі деректердің сәйкессіздігінн анықтаған жағдайда, органикалық өнім өндірушінің қайтарып алу себебін көрсете отырып, өтінімді кері қайтарып алуға мүмкіндігі бар.

      Бұл ретте, төлем шоттарын қалыптастырғаннан кейін деректердің сәйкессіздігі анықталған жағдайда субсидияларды төлеу сәтіне дейін ЖАО (көрсетілетін қызметті беруші) қайтару себебін (уәжді бас тарту) көрсете отырып, өтінімді қайтарады.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 30.06.2026 № 265 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      16. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болмаған кезде ЖАО (көрсетілетін қызметті беруші) Қаржыландыру жоспарына сәйкес өтінімнің қабылданғаны расталғаннан кейін 8 (сегіз) жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 14-тармағына сәйкес СМЦЖ-да "Қазынашылық-Клиент" цифрлық жүйесіне жүктелетін субсидиялар төлеуге арналған шоттарды қалыптастырады және осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидияларды аудару туралы хабарламаны электрондық құжат нысанында органикалық өнім өндірушінің СМЦЖ-дағы жеке кабинетіне жолдайды.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 30.06.2026 № 265 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      17. Субсидиялар көлемі тиісті айға арналған Қаржыландыру жоспарында көзделген бюджет қаражатының көлемінен асатын өтінімдер бойынша субсидиялар төлеу кезектілік тәртібімен өтінім берілген сәттен бастап келесі айда жүзеге асырылады.

      18. Тиісті қаржы жылына жергілікті бюджетте көзделген бюджет қаражаты толық игерілген жағдайда, ЖАО (көрсетілетін қызметті беруші) қабылдаған өтінімдер резервке (күту парағына) келіп түседі.

      Ағымдағы қаржы жылында қосымша бюджет қаражатын бөлу кезінде субсидиялар төлеу резервке (күту парағы) келіп түскен өтінімдер бойынша жүзеге асырылады. Ағымдағы қаржы жылында қосымша қаражат болмаған жағдайда резервке (күту парағына келіп) түскен өтінімдер бойынша субсидиялар келесі қаржы жылында төленеді.

      Өтінімнің резервте (күту парағында) болу кезеңі мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне енгізілмейді.

      Өтінімдерді қарау және субсидиялар төлеу, оның ішінде резервке (күту парағына) келіп түскен өтінімдер бойынша субсидияларды төлеу өтінімдерді тіркеу күні мен уақытына сәйкес кезектілік тәртібімен жүзеге асырылады. Кейінгі өтінім алдыңғы өтінім қаралғаннан кейін қаралады.

      Ескерту. 18-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 30.06.2026 № 265 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      18-1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету мерзімін тоқтата тұру көрсетілетін қызметті алушыға ЖАО-ның (көрсетілетін қызметті берушінің) мемлекеттік қызмет көрсету процесін тоқтата тұру жөніндегі шешімі туралы хабарлама жіберілген күннен басталады. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің өтуі ЖАО (көрсетілетін қызметті беруші) мемлекеттік қызмет көрсету процесін қайта бастау туралы шешім шығарған күннен бастап қайта басталады.

      Ескерту. 18-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 30.06.2026 № 265 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      18-2. ЖАО (көрсетілетін қызметті беруші) мемлекеттік қызмет көрсету процесін мынадай:

      1) егер көрсетілетін қызметті алушылардың тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктерді алу құқықтарында құқықтық мирасқорлыққа жол берілсе, азамат қайтыс болған (оның ішінде қайтыс болды деп жарияланған) немесе заңды тұлға қайта ұйымдастырылған, таратылған;

      2) азамат Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен әрекетке қабілетсіз және (немесе) әрекет қабілеті шектеулі деп танылған;

      3) мемлекеттік органдар қарайтын не сот тәртібімен қаралатын мәселелер шешілгенге дейін мемлекеттік қызмет көрсету мүмкін болмаған жағдайларда тоқтата тұрады.

      Ескерту. 18-2-тармақпен толықтырылды – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 30.06.2026 № 265 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      18-3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесі:

      1) осы Қағидалардың 18-2-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген жағдайларда – қайтыс болған адамның құқықтық мирасқоры айқындалғанға немесе әрекетке қабілетсіз адамға қорғаншы тағайындалғанға дейін;

      2) осы Қағидалардың 18-2-тармағының 3) тармақшасында көзделген жағдайларда – мемлекеттік орган ұстанымды айқындағанға дейін немесе сот актісі заңды күшіне енгенге дейін тоқтатыла тұрады.

      Ескерту. 18-3-тармақпен толықтырылды – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 30.06.2026 № 265 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      18-4. ЖАО (көрсетілетін қызметті беруші) көрсетілетін қызметті алушының өтінішхаты бойынша немесе өз бастамасы бойынша мемлекеттік қызмет көрсету процесін мынадай:

      1) қызмет көрсетудің одан арғы процесіне уақытша кедергі келтіретін еңсерілмейтін күш әсер еткен жағдайда тоқтата тұрады. Мемлекеттік қызмет көрсетудің одан арғы процесіне уақытша кедергі келтіретін еңсерілмейтін күштің әсер етуі деп төтенше жағдайды енгізу, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай қатері немесе оның туындауы түсініледі;

      2) көрсетілетін қызметті алушы заңды өкілдерінің көрсетілетін қызметті алу жағдайларын қоспағанда, оның мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінен асатын мерзімде қызметтік іссапарда, медициналық ұйымда стационарлық емделуде болған жағдайда тоқтата тұрады.

      Ескерту. 18-4-тармақпен толықтырылды – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 30.06.2026 № 265 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      19. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер болған кезде ЖАО (көрсетілетін қызметті беруші) органикалық өнім өндірушіні мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ органикалық өнім өндірушіге ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдалым өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы алдын ала шешім бойынша хабардар етеді.

      Тыңдалым туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдалымды көрсетілетін қызметті беруші хабарланған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізеді.

      Тыңдалым рәсімі Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 73-бабына сәйкес жүргізіледі.

      ЖАО (көрсетілетін қызметті беруші) органикалық өнімді өндірушінің тыңдалымға ұсынған құжаттарын қарау нәтижелері бойынша осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидияларды аудару туралы хабарламаны не осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тартуды ресімдейді және оның жеке тұлғаға СМЦЖ-дағы органикалық өнім өндірушінің жеке кабинетіне жіберілуін қамтамасыз етеді.

      Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 30.06.2026 № 265 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      20. Субсидиялар беруден бас тарту Тізбенің 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша жүзеге асырылады.

      21. ЖАО (көрсетілетін қызметті беруші) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес субсидиялар алу сатысы туралы деректерді мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

      Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 30.06.2026 № 265 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      22. Субсидиялар беруге қажетті мәліметтері бар СМЦЖ-да ақау туындаған жағдайда, ЖАО туындаған жағдай туралы Министрлікті дереу хабардар етеді, ал Министрлік оны жоюға кіріседі.

      Бұл ретте, туындаған ақауды жою жөніндегі жұмыстар жүргізілгеннен кейін Министрлік 3 (үш) жұмыс күні ішінде техникалық проблема туралы хаттама жасайды және оны СМЦЖ-да орналастырады.

      Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 30.06.2026 № 265 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      23. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша ЖАО-ның (көрсетілетін қызметті көрсетушінің) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым ЖАО (көрсетілетін қызметті беруші) басшысының атына, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.

      Қазақстан Республикасы ӘРПК 91-бабының 4-тармағына сәйкес шағым келіп түскен жағдайда, ЖАО (көрсетілетін қызметті беруші) оны келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей шағымды қарайтын органға (жоғары тұрған әкімшілік органға және (немесе) лауазымды тұлғаға) жібереді. Егер шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын қолайлы акт қабылданған, әкімшілік әрекет жасалған жағдайда, ЖАО (көрсетілетін қызметті беруші) шағымды шағымды қарайтын органға (жоғары тұрған әкімшілік органға және (немесе) лауазымды тұлғаға) жібермейді.

      Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 30.06.2026 № 265 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      24. Органикалық өнім өндірушінің шағымын Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес:

      ЖАО (көрсетілетін қызметті беруші) тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;

      мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауға тиіс.

      Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 30.06.2026 № 265 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      25. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 25-бабы 4-тармағына сәйкес ЖАО (көрсетілетін қызметті беруші), мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган шағымды қарау мерзімін мынадай жағдайларда 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартады:

      1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру жүргізу не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу қажет болғанда;

      2) қосымша ақпарат алу қажет болғанда.

      Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда шағымды қарау өкілеттігі берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) шағым берген органикалық өнімді өндірушіге ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімін ұзарту туралы хабарлайды.

      Ескерту. 25-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 30.06.2026 № 265 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      26. Егер заңда өзгеше көзделмесе ҚР ӘРПК 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.

  Органикалық өнім өндірудің
сәйкестігін растау кезінде
жұмсалған шығыстардың
бір бөлігін субсидиялау
қағидаларына
1-қосымша
  Әкімшілік деректерді
жинауға арналған нысан

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 30.06.2026 № 265 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Ұсынылады: облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың органикалық өнім саласындағы функцияларды іске асыратын жергілікті атқарушы органының құрылымдық бөлімшесіне

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан https://gosagro.kz/auth/login интернет-ресурсында орналастырылған

      Әкімшілік нысанның атауы: Органикалық өнімді өндіру бойынша сәйкестік сертификатын растауға субсидия алуға арналған өтінім

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі: № 1-ОРГ

      Кезеңділігі: бір рет

      Есепті кезең: тоқсан сайын

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын тұлғалар тобы: органикалық өнім өндіретін субъектілер

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі:

ЖСН/БСН


 

      Жинау әдісі: электрондық түрде

      1-кесте. Органикалық өнім өндіретінсубъекті туралы мәліметтер

1

Органикалық өнім өндіретін субъектінің атауы


2

Басшының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі


3

Органикалық өнім өндіретінсубъекті туралы мәліметтер: дара кәсіпкерлер үшін, оның ішінде бірлескен кәсіпкерлік нысанында – жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН) / заңды тұлға үшін – БСН


4

Банктік деректемелер


5

Байланыс телефондары


6

Органикалық өнім өндіретін субъектінің орналасқан жері


7

ЭҚЖЖ жіктеуішіне сәйкес сыныптың төрт таңбалы коды (экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші бойынша код)


      2-кесте. Жер учаскесіне құжаттардың болуы туралы мәліметтер

Р/с №

Жер учаскесінің меншік иесінің немесе жер пайдаланушының атауы

Орналасқан жері (облыс, аудан, қала (кент, елді мекен))

Мекенжайы

Кадастрлық нөмірі

Жалпы алаңы, гектар

1

2

3

4

5

6







      3-кесте. Ауыл шаруашылығы өнімін және тереңдете өңдеу өнімдерін өндіру, дайындау, сақтау, тасымалдау, өңдеу және өткізу жөніндегі объектіге құжаттардың болуы туралы мәліметтер:

Р/с №

Объекті меншік иесінің атауы

Акт нөмірі (берілген нөмірі мен күні, кім берген)

Орналасқан жері (облыс, аудан, қала (кент, елді мекен))

Мекенжайы

Кадастрлық нөмірі

Нысаналы мақсаты

1

2

3

4

5

6

7








      4-кесте. Сәйкестікті растау жөніндегі орган қол қойған көрсетілген қызметтер актісі туралы мәліметтер:

Р/с №

Сәйкестікті растау жөніндегі органның атауы

Актінің нөмірі мен күні

Көрсетілген қызметтер актісі жасалған шарттың нөмірі мен күні

Көрсетілген қызметтердің түрі (атауы)

Көрсетілген қызметтердің жалпы құны, теңге

1

2

3

4

5

6







      5-кесте. Сәйкестік сертификаты үшін төлемдер бойынша шот-фактуралар туралы мәліметтер:

Р/с №

Шот-фактура нөмірі

Шот-фактура күні

Көрсетілген қызметтердің түрі (атауы)

Көрсетілген қызметтердің жалпы құны, теңге

Сатып алушының ЖСН/БСН және атауы

1

2

3

4

5

6







      6-кесте. Берілген сәйкестік сертификаты туралы мәліметтер:

Р/с №

Сәйкестік сертификатын берген сәйкестікті растау жөніндегі органның атауы

Сертификаттың (сертификаттардың) нөмірі мен күні

Сертификаттың (сертификаттардың) қолданылу мерзімі

1

2

3

4





      Өтініш беруші 20 жылғы "_"________сағат ____ қол қойып, жіберді

      Электрондық цифрлық қолтаңбадан (бұдан әрі – ЭЦҚ) алынған деректер

      ЭЦҚ-ның қойылған күні мен уақыты

      Өтінімнің қабылданғаны туралы хабарлама:

      Өтінім 20 жылғы "_" ________ сағат ____ қарауға қабылданды

      ЭЦҚ-дан алынған деректер

      ЭЦҚ-ның қойылған күні мен уақыты

  Әкімшілік деректерді өтеусіз
негізде
жинауға арналған "Органикалық
өнім өндірудің сәйкестігін
растау
кезінде жұмсалған
шығыстардың
бір бөлігін субсидиялау
қағидалары"
нысанына қосымша

Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған "Органикалық өнімді өндіру бойынша сәйкестік сертификатын растауға субсидия алуға арналған өтініш" нысанын толтыру жөніндегі түсіндірме (индексі: № 1-ОРГ, кезеңділігі: бір рет) 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірме әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған "Органикалық өнімді өндіру бойынша сәйкестік сертификатын растауға субсидия алуға арналған өтініш" нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.

      2. Нысанды субъект толтырады.

      3. Нысанға басшы немесе оның міндетін атқарушы адам қол қояды.

      4. Нысанды органикалық өнімді өндіретін субъектілер облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың органикалық өнім өндірісі мен айналымы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органының құрылымдық бөлімшесіне ұсынады.

      5. Нысан қазақ және орыс тілдерінде толтырылады.

2-тарау. Нысанды толтыру жөніндегі түсіндірме

      6. 1-кестенің 1-жолында органикалық өнімді өндіретін субъектінің атауы көрсетіледі.

      7. 1-кестенің 2-жолында басшының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі көрсетіледі.

      8. 1-кестенің 3-жолында органикалық өнімді өндіретін субъекті туралы мәліметтер көрсетіледі: дара кәсіпкерлер үшін, оның ішінде бірлескен кәсіпкерлік нысанында – жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН) / заңды тұлға үшін – БСН.

      9. 1-кестенің 4-жолында банктік деректемелер көрсетіледі.

      10. 1-кестенің 5-жолында байланыс телефондары көрсетіледі.

      11. 1-кестенің 6-жолында органикалық өнімді өндіретін субъектінің орналасқан жері көрсетіледі.

      12. 1-кестенің 7-жолында ЭҚЖЖ жіктеуішіне сәйкес сыныптың төрт таңбалы коды (экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші бойынша код) көрсетіледі.

      13. 2-кестенің 1-бағанында реттік нөмір көрсетіледі.

      14. 2-кестенің 2-бағанында жер учаскенің меншік иесінің немесе жер пайдаланушының атауы көрсетіледі.

      15. 2-кестенің 3-бағанында орналасқан жері (ҚР ҰҚ11-2025 Әкімшілік-аумақтық объектілердің ұлттық жіктеушісіне сәйкес) көрсетіледі.

      16. 2-кестенің 4-бағанында жер учаскенің мекенжайы көрсетіледі.

      17. 2-кестенің 5-бағанында жер учаскенің кадастрлық нөмірі көрсетіледі.

      18. 2-кестенің 6-бағанында жер учаскенің жалпы алаңы, гектармен көрсетіледі.

      19. 3-кестенің 1-бағанында реттік нөмір көрсетіледі.

      20. 3-кестенің 2-бағанында ауыл шаруашылығы өнімін және тереңдете өңдеу өнімдерін өндіру, дайындау, сақтау, тасымалдау, өңдеу және өткізу объектісі меншік иесінің атауы көрсетіледі.

      21. 3-кестенің 3-бағанында ауыл шаруашылығы өнімін және тереңдете өңдеу өнімдерін өндіру, дайындау, сақтау, тасымалдау, өңдеу және өткізу объектісінің акт нөмірі (берілген нөмірі мен күні, кім бергені) көрсетіледі.

      22. 3-кестенің 4-бағанында ауыл шаруашылығы өнімін және тереңдете өңдеу өнімдерін өндіру, дайындау, сақтау, тасымалдау, өңдеу және өткізу объектісінің орналасқан жері (ҚР ҰҚ11-2025 Әкімшілік-аумақтық объектілердің ұлттық жіктеушісіне сәйкес) көрсетіледі.

      23. 3-кестенің 5-бағанында ауыл шаруашылығы өнімін және тереңдете өңдеу өнімдерін өндіру, дайындау, сақтау, тасымалдау, өңдеу және өткізу объектісінің мекенжайы көрсетіледі.

      24. 3-кестенің 6-бағанында ауыл шаруашылығы өнімін және тереңдете өңдеу өнімдерін өндіру, дайындау, сақтау, тасымалдау, өңдеу және өткізу объектісінің кадастрлық нөмірі көрсетіледі.

      25. 3-кестенің 7-бағанында ауыл шаруашылығы өнімін және тереңдете өңдеу өнімдерін өндіру, дайындау, сақтау, тасымалдау, өңдеу және өткізу объектісінің нысаналы мақсаты көрсетіледі.

      26. 4-кестенің 1-бағанында реттік нөмір көрсетіледі.

      27. 4-кестенің 2-бағанында сәйкестікті растау жөніндегі органның атауы көрсетіледі.

      28. 4-кестенің 3-бағанында сәйкестікті растау жөніндегі орган қол қойған көрсетілген қызметтер актісінің нөмірі мен күні көрсетіледі.

      29. 4-кестенің 4-бағанында көрсетілген қызметтер актісі жасалған шарттың нөмірі мен күні көрсетіледі.

      30. 4-кестенің 5-бағанында көрсетілген қызметтердің түрі (атауы) көрсетіледі.

      31. 4-кестенің 6-бағанында көрсетілген қызметтердің жалпы құны, теңгемен көрсетіледі.

      32. 5-кестенің 1-бағанында реттік нөмір көрсетіледі.

      33. 5-кестенің 2-бағанында сәйкестік сертификаты үшін төлемдер бойынша шот-фактура нөмірі көрсетіледі.

      34. 5-кестенің 3-бағанында сәйкестік сертификаты үшін төлемдер бойынша шот-фактура күні көрсетіледі.

      35. 5-кестенің 4-бағанында сәйкестік сертификаты үшін төлемдер бойынша көрсетілген қызметтердің түрі (атауы) көрсетіледі.

      36. 5-кестенің 5-бағанында көрсетілген қызметтердің жалпы құны, теңгемен көрсетіледі.

      37. 5-кестенің 6-бағанында сатып алушының ЖСН/БСН-і және атауы көрсетіледі.

      38. 6-кестенің 1-бағанында реттік нөмір көрсетіледі.

      39. 6-кестенің 2-бағанында сәйкестік сертификатын берген сәйкестікті растау жөніндегі органның атауы көрсетіледі.

      40. 6-кестенің 3-бағанында берілген сәйкестік сертификатының (сертификаттарының) нөмірі мен күні көрсетіледі.

      41. 6-кестенің 4-бағанында берілген сәйкестік сертификатының (сертификаттарының) қолданылу мерзімі көрсетіледі.

  Органикалық өнім өндірудің
сәйкестігін растау кезінде
жұмсалған шығыстардың
бір бөлігін субсидиялау
қағидаларына
2-қосымша

"Органикалық өнім өндірудің сәйкестігін растау кезінде жұмсалған шығыстардың бір бөлігін субсидиялау" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 30.06.2026 № 265 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1

Мемлекеттік қызметтің атауы

Органикалық өнім өндірудің сәйкестігін растау кезінде жұмсалған шығыстардың бір бөлігін субсидиялау

2

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші)

3

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері

"Субсидиялаудың мемлекеттік цифрлық жүйесі" цифрлық объекті

4

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

10 (он) жұмыс күні

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық (ішінара цифрландырылған)

6

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Субсидияларды аудару туралы хабархат не мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту

7

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін

8

Көрсетілетін қызметті берушінің және цифрлық объектісінің жұмыс графигі

2) Субсидиялаудың мемлекеттік цифрлық жүйесі – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінімдерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады);
2) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін

9

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

1) органикалық өнім өндірушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 41) тармақшасына сәйкес агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган бекітетін Органикалық өнім өндірудің сәйкестігін растау кезінде жұмсалған шығыстардың бір бөлігін субсидиялау қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидиялауға арналған өтінім;
2) органикалық өнімді растауға арналған сәйкестік сертификатының электрондық көшірмесі.
Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы, дара кәсіпкерді тіркеу туралы не дара кәсіпкер ретінде қызметін басталғаны туралы, жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "цифрлық үкіметтің" сыртқы шлюзі арқылы тиісті ақпараттық жүйелерден алады.

10

Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігінің анықталуы;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған деректер мен мәліметтердің Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге ұсынылатын келісімнің болмауы.

11

Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтердің ерекшеліктерін ескере отырып, қойылатын өзге де талаптар

Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) тиісті көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында;
2) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің www.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары порталда көрсетілген. Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 77 77.

     

  Органикалық өнім өндірудің
сәйкестігін растау кезінде
жұмсалған шығыстардың
бір бөлігін субсидиялау
қағидаларына 3-қосымша
Нысан

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы хабарлама

      Органикалық өнім өндірушінің атауы_______________________________

      (заңды тұлғаның атауы немесе жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      Органикалық өнім өндірудің сәйкестігін растау кезінде жұмсалған шығыстардың бір

      бөлігін субсидиялауға құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы хабарлаймыз

      Бас тарту себебі:______________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      Жергілікті атқарушы органының (облыстардың, республикалық маңызы бар

      қалалардың, астананың) басшысы

      ____________________________________________________________________

      (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      20__ жылғы "__" ________ сағат _________ қол қойып, жіберді:

      ____________________________________________________________________

      (электрондық цифрлық қолтаңба)

  Органикалық өнім өндірудің
сәйкестігін растау кезінде
жұмсалған шығыстардың
бір бөлігін субсидиялау
қағидаларына 4-қосымша
Нысан

Субсидияларды аудару туралы хабархат

      Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 30.06.2026 № 265 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Құрметті________________________________________________________ (заңды тұлғаның атауы немесе жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      Сіздің 20___ жылғы "__" _________ №__________ өтініміңіз бойынша "Органикалық өнім өндірудің сәйкестігін растау кезінде жұмсалған шығыстардың бір бөлігін субсидиялау" мемлекеттік қызметі көрсетілді және Сіздің №__________ есептік шотыңызға 20___ жылғы "__" __________ төлем шотымен _________ теңге мөлшерінде субсидия сомасы аударылды.

      20___ жылғы "__" __________ сағат _______ қол қойылды және жіберілді __________________________________________________________________ (электрондық цифрлық қолтаңба)

  Органикалық өнім өндірудің
сәйкестігін растау кезінде
жұмсалған
шығыстардың бір бөлігін
субсидиялау қағидаларына
5-қосымша
Нысан

Мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту

      Ескерту. 5-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 30.06.2026 № 265 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      20___ жылғы "___" __________ № _____

      Органикалық өнім өндіретін субъектінің атауы _____________________________________________________________________ (жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі,/заңды тұлғаның атауы)

      Өтініш берілген күні: 20___ жылғы "___" _____________. Сіздің 20___ жылғы "___" ___________ № _____ өтінішіңіз бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден мынадай себеппен бас тартылды: ______________________________________________________________________

      ______________________________________________________________________

      ______________________________________________________________________ 20 ___жылғы "_" ____________ сағат _____ қол қойылды және жіберілді. _____________________________________________________________________ (электрондық цифрлық қолтаңба)


  Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
2024 жылғы 6 қарашадағы
№ 372 бұйрығына
2-қосымша

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының және кейбір бұйрықтарының құрылымдық элементтерінің тізбесі

      1. "Ауыл шаруашылығы өнімін өндіруді басқару жүйелерін дамытуды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 15 желтоқсандағы № 5-2/671 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10198 болып тіркелген).

      2. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 26 қазандағы № 18-03/947 бұйрығымен бекітілген өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрықтарының тізбесінің 3-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12314 болып тіркелген).

      3. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 2 мамырдағы № 190 бұйрығының 1-тармағының 1) тармақшасы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15960 болып тіркелген).

      4. "Ауыл шаруашылығы өнімін өндіруді басқару жүйелерін дамытуды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 15 желтоқсандағы № 5-2/671 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2021 жылғы 15 маусымдағы № 185 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23099 болып тіркелген).

      5. "Ауыл шаруашылығы өнімін өндіруді басқару жүйелерін дамытуды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 15 желтоқсандағы № 5-2/671 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2022 жылғы 10 қазандағы № 319 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30295 болып тіркелген).

      6. "Ауыл шаруашылығы өнімін өндіруді басқару жүйелерін дамытуды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 15 желтоқсандағы № 5-2/671 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2024 жылғы 29 ақпандағы № 81 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34108 болып тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады