ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Органикалық өнім өндірудің сәйкестігін растау кезінде жұмсалған шығыстардың бір бөлігін субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2024 жылғы 6 қарашадағы № 372 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35345 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 41) тармақшасына және "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына, "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Органикалық өнім өндірудің сәйкестігін растау кезінде жұмсалған шығыстардың бір бөлігін субсидиялау қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Органикалық өнім өндірудің сәйкестігін растау кезінде жұмсалған шығыстардың бір бөлігін субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 41) тармақшасына, "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және органикалық өнім өндірудің сәйкестігін растау кезінде жұмсалған шығыстардың бір бөлігін субсидиялау тәртібін, сондай-ақ "Органикалық өнім өндірудің сәйкестігін растау кезінде жұмсалған шығыстардың бір бөлігін субсидиялау" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібін айқындайды."
6 және 7) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"6) субсидиялаудың мемлекеттік цифрлық жүйесі (бұдан әрі – СМЦЖ) – субсидиялау процестерін орындау бойынша қызметтер көрсетуге арналған, цифрлық технологиялардың, қызмет көрсетуші персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдастырылып реттелген жиынтығы;
7) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілті мен электрондық цифрлық қолтаңба құралдарын пайдалана отырып жасалған, электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын цифрлық жазба (цифрлық деректер жиынтығы);";
мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
"8) "цифрлық үкіметтің" веб-порталы – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, мемлекеттік қызметтер көрсетуге қатысатын мемлекеттік органдар мен өзге де субъектілер орналастыратын шоғырландырылған ақпаратқа, сондай-ақ электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік және өзге де көрсетілетін қызметтерге қол жеткізудің "бірыңғай терезесін" білдіретін цифрлық объект.";
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органы (бұдан әрі – ЖАО) органикалық өнім өндірудің сәйкестігін растау кезінде жұмсалған шығыстардың бір бөлігін субсидиялау бойынша жеке айлық қаржыландыру жоспары (бұдан әрі – Қаржыландыру жоспары) бекітілгеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде оны ЖАО-ның ресми интернет-ресурсында және СМЦЖ-да орналастырады.";
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты ЖАО-ға (көрсетілетін қызметті берушіге) жібереді.
Министрлік пен ЖАО (көрсетілетін қызметті беруші) осы Қағидалар бекітілген немесе өзгертілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы ақпаратты өзектендіреді және Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.";
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Субсидиялар тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджетте көзделген қаражат есебінен және шегінде мынадай шарттар сақталған кезде төленеді:
1) органикалық өнім өндірушінің (көрсетілетін қызметті алушының) "цифрлық үкіметтің" веб-порталы арқылы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидиялауға арналған өтініш беруі;
2) органикалық өнім өндірушінің (көрсетілетін қызметті алушының) ЭЦҚ-сын пайдалана отырып, берілген өтінімді СМЦЖ-да тіркеу;
3) органикалық өнім өндірушіде (көрсетілетін қызметті алушыда) деректері СМЦЖ-дың "Заңды тұлғалар" немесе "Жеке тұлғалар" мемлекеттік дерекқорларымен ақпараттық өзара іс-қимылы нәтижесінде расталған СМЦЖ-да дербес шотының болуы;
4) субсидиялауға арналған өтінім беру күнінің алдындағы 12 (он екі) айдан ерте емес мерзімде сәйкестікті растау жөніндегі орган берген органикалық өнім өндірісінің сәйкестік сертификатының электрондық көшірмесін ұсыну;
5) органикалық өнім өндірушінің электрондық шот-фактураларды қабылдау және өңдеу жөніндегі цифрлық жүйеден (бұдан әрі – ЭШФ ЦЖ) көрсетілетін қызметтерді сатып алуын растау (органикалық өнім өндірісінің сәйкестігін сертификаттау туралы жеткізушінің тиісті электрондық шот-фактураларының болуы);
6) органикалық өнім өндірушіде СМЦЖ-дың жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының цифрлық жүйесімен ақпараттық өзара іс-қимылы нәтижесінде расталған тиісті алаңның жер пайдалану және (немесе) жеке меншік құқығындағы елді мекен шегінің шегіндегі ауыл шаруашылығы мақсатындағы немесе ауыл шаруашылығында пайдаланылатын жер учаскелерінің болуы;
ауыл шаруашылығы дақылдарын жабық топырақта өңдеу кезінде органикалық өнім өндірушіде СМЦЖ-дың жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының цифрлық жүйесімен ақпараттық өзара іс-қимылы нәтижесінде расталған тиісті алаңның жер пайдалану және (немесе) жеке меншік құқығында ауыл шаруашылығы мақсатындағы немесе өзге де санаттағы жер учаскелерінің болуы.
9-тармақтың 6) тармақшасында көрсетілген шарттар тамақ өнеркәсібі ұйымдарына қолданылмайды.";
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Органикалық өнімді өндіруші өтінім беру үшін ЭЦҚ көмегімен СМЦЖ-да тіркелуі қажет.";
13-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) өтінімді ЭЦҚ-мен қол қою арқылы СМЦЖ-да тіркейді және өтінім ЖАО-ның (көрсетілетін қызметті берушінің) СМЦЖ-дағы жеке кабинетінде қолжетімді болады.
"Цифрлық үкіметтің" веб-порталында көрсетілген ЖАО-ның (көрсетілетін қызметті берушінің) электрондық мекенжайына субсидиялар алуға арналған өтінімнің қарауға келіп түскені туралы электрондық хабарлама жіберіледі.";
14, 15 және 16-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"14. ЖАО (көрсетілетін қызметті беруші) өтінім тіркелген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде тиісті хабарламаны ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, қол қою арқылы оның қабылданғанын растайды. Бұл ретте өтінімнің қабылданғанын растау туралы хабарлама электрондық құжат нысанында СМЦЖ-дағы органикалық өнім өндірушінің жеке кабинетіне жолданады.
Органикалық өнім өндіруші "Органикалық өнім өндірісінің сәйкестігін растау кезінде жұмсалған шығыстардың бір бөлігін субсидиялау" мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайларда ЖАО (көрсетілетін қызметті беруші) өтінішті қабылдаудан бас тартады.
15. Егер ЖАО (көрсетілетін қызметті беруші) төлем шоттарын қалыптастырған сәтке дейін органикалық өнім өндіруші тіркелген өтінімдегі деректердің сәйкессіздігінн анықтаған жағдайда, органикалық өнім өндірушінің қайтарып алу себебін көрсете отырып, өтінімді кері қайтарып алуға мүмкіндігі бар.
Бұл ретте, төлем шоттарын қалыптастырғаннан кейін деректердің сәйкессіздігі анықталған жағдайда субсидияларды төлеу сәтіне дейін ЖАО (көрсетілетін қызметті беруші) қайтару себебін (уәжді бас тарту) көрсете отырып, өтінімді қайтарады.
16. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болмаған кезде ЖАО (көрсетілетін қызметті беруші) Қаржыландыру жоспарына сәйкес өтінімнің қабылданғаны расталғаннан кейін 8 (сегіз) жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 14-тармағына сәйкес СМЦЖ-да "Қазынашылық-Клиент" цифрлық жүйесіне жүктелетін субсидиялар төлеуге арналған шоттарды қалыптастырады және осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидияларды аудару туралы хабарламаны электрондық құжат нысанында органикалық өнім өндірушінің СМЦЖ-дағы жеке кабинетіне жолдайды.";
18-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"18. Тиісті қаржы жылына жергілікті бюджетте көзделген бюджет қаражаты толық игерілген жағдайда, ЖАО (көрсетілетін қызметті беруші) қабылдаған өтінімдер резервке (күту парағына) келіп түседі.";
мынадай мазмұндағы 18-1, 18-2, 18-3 және 18-4-тармақтармен толықтырылсын:
"18-1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету мерзімін тоқтата тұру көрсетілетін қызметті алушыға ЖАО-ның (көрсетілетін қызметті берушінің) мемлекеттік қызмет көрсету процесін тоқтата тұру жөніндегі шешімі туралы хабарлама жіберілген күннен басталады. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің өтуі ЖАО (көрсетілетін қызметті беруші) мемлекеттік қызмет көрсету процесін қайта бастау туралы шешім шығарған күннен бастап қайта басталады.
18-2. ЖАО (көрсетілетін қызметті беруші) мемлекеттік қызмет көрсету процесін мынадай:
1) егер көрсетілетін қызметті алушылардың тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктерді алу құқықтарында құқықтық мирасқорлыққа жол берілсе, азамат қайтыс болған (оның ішінде қайтыс болды деп жарияланған) немесе заңды тұлға қайта ұйымдастырылған, таратылған;
2) азамат Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен әрекетке қабілетсіз және (немесе) әрекет қабілеті шектеулі деп танылған;
3) мемлекеттік органдар қарайтын не сот тәртібімен қаралатын мәселелер шешілгенге дейін мемлекеттік қызмет көрсету мүмкін болмаған жағдайларда тоқтата тұрады.
18-3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесі:
1) осы Қағидалардың 18-2-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген жағдайларда – қайтыс болған адамның құқықтық мирасқоры айқындалғанға немесе әрекетке қабілетсіз адамға қорғаншы тағайындалғанға дейін;
2) осы Қағидалардың 18-2-тармағының 3) тармақшасында көзделген жағдайларда – мемлекеттік орган ұстанымды айқындағанға дейін немесе сот актісі заңды күшіне енгенге дейін тоқтатыла тұрады.
18-4. ЖАО (көрсетілетін қызметті беруші) көрсетілетін қызметті алушының өтінішхаты бойынша немесе өз бастамасы бойынша мемлекеттік қызмет көрсету процесін мынадай:
1) қызмет көрсетудің одан арғы процесіне уақытша кедергі келтіретін еңсерілмейтін күш әсер еткен жағдайда тоқтата тұрады. Мемлекеттік қызмет көрсетудің одан арғы процесіне уақытша кедергі келтіретін еңсерілмейтін күштің әсер етуі деп төтенше жағдайды енгізу, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай қатері немесе оның туындауы түсініледі;
2) көрсетілетін қызметті алушы заңды өкілдерінің көрсетілетін қызметті алу жағдайларын қоспағанда, оның мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінен асатын мерзімде қызметтік іссапарда, медициналық ұйымда стационарлық емделуде болған жағдайда тоқтата тұрады.";
19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"19. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер болған кезде ЖАО (көрсетілетін қызметті беруші) органикалық өнім өндірушіні мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ органикалық өнім өндірушіге ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдалым өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы алдын ала шешім бойынша хабардар етеді.
Тыңдалым туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдалымды көрсетілетін қызметті беруші хабарланған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізеді.
Тыңдалым рәсімі Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 73-бабына сәйкес жүргізіледі.
ЖАО (көрсетілетін қызметті беруші) органикалық өнімді өндірушінің тыңдалымға ұсынған құжаттарын қарау нәтижелері бойынша осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидияларды аудару туралы хабарламаны не осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тартуды ресімдейді және оның жеке тұлғаға СМЦЖ-дағы органикалық өнім өндірушінің жеке кабинетіне жіберілуін қамтамасыз етеді.";
21, 22, 23 және 24-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"21. ЖАО (көрсетілетін қызметті беруші) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес субсидиялар алу сатысы туралы деректерді мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.
22. Субсидиялар беруге қажетті мәліметтері бар СМЦЖ-да ақау туындаған жағдайда, ЖАО туындаған жағдай туралы Министрлікті дереу хабардар етеді, ал Министрлік оны жоюға кіріседі.
Бұл ретте, туындаған ақауды жою жөніндегі жұмыстар жүргізілгеннен кейін Министрлік 3 (үш) жұмыс күні ішінде техникалық проблема туралы хаттама жасайды және оны СМЦЖ-да орналастырады.
23. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша ЖАО-ның (көрсетілетін қызметті көрсетушінің) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым ЖАО (көрсетілетін қызметті беруші) басшысының атына, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.
Қазақстан Республикасы ӘРПК 91-бабының 4-тармағына сәйкес шағым келіп түскен жағдайда, ЖАО (көрсетілетін қызметті беруші) оны келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей шағымды қарайтын органға (жоғары тұрған әкімшілік органға және (немесе) лауазымды тұлғаға) жібереді. Егер шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын қолайлы акт қабылданған, әкімшілік әрекет жасалған жағдайда, ЖАО (көрсетілетін қызметті беруші) шағымды шағымды қарайтын органға (жоғары тұрған әкімшілік органға және (немесе) лауазымды тұлғаға) жібермейді.";
24-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
24. Органикалық өнім өндірушінің шағымын Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес:
ЖАО (көрсетілетін қызметті беруші) тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауға тиіс.
25-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"25. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 25-бабы 4-тармағына сәйкес ЖАО (көрсетілетін қызметті беруші), мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган шағымды қарау мерзімін мынадай жағдайларда 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартады:
1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру жүргізу не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу қажет болғанда;
2) қосымша ақпарат алу қажет болғанда.";
Қағидаларға 1, 2, 4 және 5-қосымшалар осы бұйрыққа Қағидаларға 1,2,3 және 4-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Аграрлық азық-түлік нарықтары және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілетін бұйрықтың 1-тармағының екінші және бесінші абзацтарын қоспағанда, 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі |
А. Сапаров |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі
министрлігі
Ұсынылады: облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың органикалық өнім саласындағы функцияларды іске асыратын жергілікті атқарушы органының құрылымдық бөлімшесіне
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан https://gosagro.kz/auth/login интернет-ресурсында орналастырылған
Әкімшілік нысанның атауы: Органикалық өнімді өндіру бойынша сәйкестік сертификатын растауға субсидия алуға арналған өтінім
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі: № 1-ОРГ
Кезеңділігі: бір рет
Есепті кезең: тоқсан сайын
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын тұлғалар тобы: органикалық өнім өндіретін субъектілер
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі:
ЖСН/БСН |
|
Жинау әдісі: электрондық түрде
1-кесте. Органикалық өнім өндіретінсубъекті туралы мәліметтер
1 | Органикалық өнім өндіретін субъектінің атауы | |
2 | Басшының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі | |
3 | Органикалық өнім өндіретінсубъекті туралы мәліметтер: дара кәсіпкерлер үшін, оның ішінде бірлескен кәсіпкерлік нысанында – жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН) / заңды тұлға үшін – БСН | |
4 | Банктік деректемелер | |
5 | Байланыс телефондары | |
6 | Органикалық өнім өндіретін субъектінің орналасқан жері | |
7 | ЭҚЖЖ жіктеуішіне сәйкес сыныптың төрт таңбалы коды (экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші бойынша код) |
2-кесте. Жер учаскесіне құжаттардың болуы туралы мәліметтер
Р/с № | Жер учаскесінің меншік иесінің немесе жер пайдаланушының атауы | Орналасқан жері (облыс, аудан, қала (кент, елді мекен)) | Мекенжайы | Кадастрлық нөмірі | Жалпы алаңы, гектар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
3-кесте. Ауыл шаруашылығы өнімін және тереңдете өңдеу өнімдерін өндіру, дайындау, сақтау, тасымалдау, өңдеу және өткізу жөніндегі объектіге құжаттардың болуы туралы мәліметтер:
Р/с № | Объекті меншік иесінің атауы | Акт нөмірі (берілген нөмірі мен күні, кім берген) | Орналасқан жері (облыс, аудан, қала (кент, елді мекен)) | Мекенжайы | Кадастрлық нөмірі | Нысаналы мақсаты |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
4-кесте. Сәйкестікті растау жөніндегі орган қол қойған көрсетілген қызметтер актісі туралы мәліметтер:
Р/с № | Сәйкестікті растау жөніндегі органның атауы | Актінің нөмірі мен күні | Көрсетілген қызметтер актісі жасалған шарттың нөмірі мен күні | Көрсетілген қызметтердің түрі (атауы) | Көрсетілген қызметтердің жалпы құны, теңге |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
5-кесте. Сәйкестік сертификаты үшін төлемдер бойынша шот-фактуралар туралы мәліметтер:
Р/с № | Шот-фактура нөмірі | Шот-фактура күні | Көрсетілген қызметтердің түрі (атауы) | Көрсетілген қызметтердің жалпы құны, теңге | Сатып алушының ЖСН/БСН және атауы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
6-кесте. Берілген сәйкестік сертификаты туралы мәліметтер:
Р/с № | Сәйкестік сертификатын берген сәйкестікті растау жөніндегі органның атауы | Сертификаттың (сертификаттардың) нөмірі мен күні | Сертификаттың (сертификаттардың) қолданылу мерзімі |
1 | 2 | 3 | 4 |
Өтініш беруші 20 жылғы "_"________сағат ____ қол қойып, жіберді
Электрондық цифрлық қолтаңбадан (бұдан әрі – ЭЦҚ) алынған деректер
ЭЦҚ-ның қойылған күні мен уақыты
Өтінімнің қабылданғаны туралы хабарлама:
Өтінім 20 жылғы "_" ________ сағат ____ қарауға қабылданды
ЭЦҚ-дан алынған деректер
ЭЦҚ-ның қойылған күні мен уақыты
| Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған "Органикалық өнім өндірудің сәйкестігін растау кезінде жұмсалған шығыстардың бір бөлігін субсидиялау қағидалары" нысанына қосымша |
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған "Органикалық өнімді өндіру бойынша сәйкестік сертификатын растауға субсидия алуға арналған өтініш" нысанын толтыру жөніндегі түсіндірме (индексі: № 1-ОРГ, кезеңділігі: бір рет)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы түсіндірме әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған "Органикалық өнімді өндіру бойынша сәйкестік сертификатын растауға субсидия алуға арналған өтініш" нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.
2. Нысанды субъект толтырады.
3. Нысанға басшы немесе оның міндетін атқарушы адам қол қояды.
4. Нысанды органикалық өнімді өндіретін субъектілер облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың органикалық өнім өндірісі мен айналымы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органының құрылымдық бөлімшесіне ұсынады.
5. Нысан қазақ және орыс тілдерінде толтырылады.
2-тарау. Нысанды толтыру жөніндегі түсіндірме
6. 1-кестенің 1-жолында органикалық өнімді өндіретін субъектінің атауы көрсетіледі.
7. 1-кестенің 2-жолында басшының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі көрсетіледі.
8. 1-кестенің 3-жолында органикалық өнімді өндіретін субъекті туралы мәліметтер көрсетіледі: дара кәсіпкерлер үшін, оның ішінде бірлескен кәсіпкерлік нысанында – жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН) / заңды тұлға үшін – БСН.
9. 1-кестенің 4-жолында банктік деректемелер көрсетіледі.
10. 1-кестенің 5-жолында байланыс телефондары көрсетіледі.
11. 1-кестенің 6-жолында органикалық өнімді өндіретін субъектінің орналасқан жері көрсетіледі.
12. 1-кестенің 7-жолында ЭҚЖЖ жіктеуішіне сәйкес сыныптың төрт таңбалы коды (экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші бойынша код) көрсетіледі.
13. 2-кестенің 1-бағанында реттік нөмір көрсетіледі.
14. 2-кестенің 2-бағанында жер учаскенің меншік иесінің немесе жер пайдаланушының атауы көрсетіледі.
15. 2-кестенің 3-бағанында орналасқан жері (ҚР ҰҚ11-2025 Әкімшілік-аумақтық объектілердің ұлттық жіктеушісіне сәйкес) көрсетіледі.
16. 2-кестенің 4-бағанында жер учаскенің мекенжайы көрсетіледі.
17. 2-кестенің 5-бағанында жер учаскенің кадастрлық нөмірі көрсетіледі.
18. 2-кестенің 6-бағанында жер учаскенің жалпы алаңы, гектармен көрсетіледі.
19. 3-кестенің 1-бағанында реттік нөмір көрсетіледі.
20. 3-кестенің 2-бағанында ауыл шаруашылығы өнімін және тереңдете өңдеу өнімдерін өндіру, дайындау, сақтау, тасымалдау, өңдеу және өткізу объектісі меншік иесінің атауы көрсетіледі.
21. 3-кестенің 3-бағанында ауыл шаруашылығы өнімін және тереңдете өңдеу өнімдерін өндіру, дайындау, сақтау, тасымалдау, өңдеу және өткізу объектісінің акт нөмірі (берілген нөмірі мен күні, кім бергені) көрсетіледі.
22. 3-кестенің 4-бағанында ауыл шаруашылығы өнімін және тереңдете өңдеу өнімдерін өндіру, дайындау, сақтау, тасымалдау, өңдеу және өткізу объектісінің орналасқан жері (ҚР ҰҚ11-2025 Әкімшілік-аумақтық объектілердің ұлттық жіктеушісіне сәйкес) көрсетіледі.
23. 3-кестенің 5-бағанында ауыл шаруашылығы өнімін және тереңдете өңдеу өнімдерін өндіру, дайындау, сақтау, тасымалдау, өңдеу және өткізу объектісінің мекенжайы көрсетіледі.
24. 3-кестенің 6-бағанында ауыл шаруашылығы өнімін және тереңдете өңдеу өнімдерін өндіру, дайындау, сақтау, тасымалдау, өңдеу және өткізу объектісінің кадастрлық нөмірі көрсетіледі.
25. 3-кестенің 7-бағанында ауыл шаруашылығы өнімін және тереңдете өңдеу өнімдерін өндіру, дайындау, сақтау, тасымалдау, өңдеу және өткізу объектісінің нысаналы мақсаты көрсетіледі.
26. 4-кестенің 1-бағанында реттік нөмір көрсетіледі.
27. 4-кестенің 2-бағанында сәйкестікті растау жөніндегі органның атауы көрсетіледі.
28. 4-кестенің 3-бағанында сәйкестікті растау жөніндегі орган қол қойған көрсетілген қызметтер актісінің нөмірі мен күні көрсетіледі.
29. 4-кестенің 4-бағанында көрсетілген қызметтер актісі жасалған шарттың нөмірі мен күні көрсетіледі.
30. 4-кестенің 5-бағанында көрсетілген қызметтердің түрі (атауы) көрсетіледі.
31. 4-кестенің 6-бағанында көрсетілген қызметтердің жалпы құны, теңгемен көрсетіледі.
32. 5-кестенің 1-бағанында реттік нөмір көрсетіледі.
33. 5-кестенің 2-бағанында сәйкестік сертификаты үшін төлемдер бойынша шот-фактура нөмірі көрсетіледі.
34. 5-кестенің 3-бағанында сәйкестік сертификаты үшін төлемдер бойынша шот-фактура күні көрсетіледі.
35. 5-кестенің 4-бағанында сәйкестік сертификаты үшін төлемдер бойынша көрсетілген қызметтердің түрі (атауы) көрсетіледі.
36. 5-кестенің 5-бағанында көрсетілген қызметтердің жалпы құны, теңгемен көрсетіледі.
37. 5-кестенің 6-бағанында сатып алушының ЖСН/БСН-і және атауы көрсетіледі.
38. 6-кестенің 1-бағанында реттік нөмір көрсетіледі.
39. 6-кестенің 2-бағанында сәйкестік сертификатын берген сәйкестікті растау жөніндегі органның атауы көрсетіледі.
40. 6-кестенің 3-бағанында берілген сәйкестік сертификатының (сертификаттарының) нөмірі мен күні көрсетіледі.
41. 6-кестенің 4-бағанында берілген сәйкестік сертификатының (сертификаттарының) қолданылу мерзімі көрсетіледі.
"Органикалық өнім өндірудің сәйкестігін растау кезінде жұмсалған шығыстардың бір бөлігін субсидиялау" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі
1 | Мемлекеттік қызметтің атауы | Органикалық өнім өндірудің сәйкестігін растау кезінде жұмсалған шығыстардың бір бөлігін субсидиялау |
2 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) |
3 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері | "Субсидиялаудың мемлекеттік цифрлық жүйесі" цифрлық объекті |
4 | Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі | 10 (он) жұмыс күні |
5 | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны | Электрондық (ішінара цифрландырылған) |
6 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі | Субсидияларды аудару туралы хабархат не мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту |
7 | Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Тегін |
8 | Көрсетілетін қызметті берушінің және цифрлық объектісінің жұмыс графигі |
2) Субсидиялаудың мемлекеттік цифрлық жүйесі – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінімдерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады); |
9 | Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
1) органикалық өнім өндірушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 41) тармақшасына сәйкес агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган бекітетін Органикалық өнім өндірудің сәйкестігін растау кезінде жұмсалған шығыстардың бір бөлігін субсидиялау қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидиялауға арналған өтінім; |
10 | Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігінің анықталуы; |
11 | Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтердің ерекшеліктерін ескере отырып, қойылатын өзге де талаптар |
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары: |
Субсидияларды аудару туралы хабархат
Құрметті________________________________________________________ (заңды тұлғаның атауы немесе жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
Сіздің 20___ жылғы "__" _________ №__________ өтініміңіз бойынша "Органикалық өнім өндірудің сәйкестігін растау кезінде жұмсалған шығыстардың бір бөлігін субсидиялау" мемлекеттік қызметі көрсетілді және Сіздің №__________ есептік шотыңызға 20___ жылғы "__" __________ төлем шотымен _________ теңге мөлшерінде субсидия сомасы аударылды.
20___ жылғы "__" __________ сағат _______ қол қойылды және жіберілді __________________________________________________________________ (электрондық цифрлық қолтаңба)
Мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту
20___ жылғы "___" __________ № _____
Органикалық өнім өндіретін субъектінің атауы _____________________________________________________________________ (жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі,/заңды тұлғаның атауы)
Өтініш берілген күні: 20___ жылғы "___" _____________. Сіздің 20___ жылғы "___" ___________ № _____ өтінішіңіз бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден мынадай себеппен бас тартылды: ______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________ 20 ___жылғы "_" ____________ сағат _____ қол қойылды және жіберілді. _____________________________________________________________________ (электрондық цифрлық қолтаңба)
