"Жеке сот орындаушыларының қызметін бақылауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 1 ақпандағы № 171 бұйрығына өзгерістер енгізу және ""Жеке сот орындаушыларының қызметін бақылауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 1 ақпандағы № 171 бұйрығының кейбір құрылымдық элементтерінің әрекеттерін тоқтата тұру туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2026 жылғы 10 сәуірдегі № 339 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2026 жылғы 11 тамыздағы № 781 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 12 тамызда № 39569 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 5-т. қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жеке сот орындаушыларының қызметін бақылауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 1 ақпандағы № 171 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16376 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      Кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 167-бабының 11) тармақшасына және 169-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жеке сот орындаушыларының қызметін бақылауды жүзеге асыру қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Жеке сот орындаушыларының қызметін бақылауды жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 167-бабының 11) тармақшасына және 169-бабына сәйкес әзірленді және жеке сот орындаушыларының қызметіне бақылау жүргізу тәртібін анықтайды.";

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы Қағидаларда қолданылатын негізгі ұғымдар:

      атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесі - атқарушылық іс жүргізуді есепке алуды электрондық нысанда жүзеге асыруға, сот орындаушысының процестік әрекеттерін автоматтандыруға, сондай-ақ атқарушылық іс жүргізу тараптарының атқарушылық іс жүргізу барысында деректер алуына арналған атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған цифрлық жүйесі (бұдан әрі – цифрлық жүйе)

      аумақтық орган – астананың, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың, қалалардың, аудандардың әділет бөлімшелері;

      жоспарлы бақылау – жеке сот орындаушыларын жоспарлы бақылаудың бекітілген кестесіне сәйкес жүргізілетін жеке сот орындаушысының қызметін атқарушылық іс жүргізу материалдарын тексеру;

      жоспардан тыс бақылау – жеке сот орындаушысының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдар түскен кезде не оның өз міндеттерін адал атқармағандығын айқындайтын басқа да ақпарат болған кезде жеке сот орындаушысының қызметін, атқарушылық іс жүргізу материалдарын тексеру;

      уәкілетті орган – атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды және осы саладағы қызметті мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган.";

      3-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-1. Жеке сот орындаушыларының қызметіне бақылау ақпараттық жүйе арқылы және атқарушылық іс жүргізу материалдарымен жүзеге асырылады."

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Жеке сот орындаушысының қызметіне бақылауды тағайындау туралы бұйрықтың көшірмелері, жеке сот орындаушысын бақылау нәтижелері туралы ұсыну не қорытынды және басқа құжаттар жеке сот орындаушысына тапсырылады немесе оған цифрлық жүйе арқылы, хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы немесе жеткізілгендігін тіркеуді қамтамасыз ететін басқа байланыс құралдарын қолданумен жеткізіледі.";

      8 және 9-тармақтарын мынадай редакцияда жазылсын:

      Жоспарлы бақылау жеке сот орындаушысына атқарушылық әрекеттерді жүзеге асыруды бастағаннан кейін алты айдан ерте емес және біржылдан кешіктірілмей жүргізіледі. Әрі қарай жоспарлы тексерулер үш жылда бір рет өткізіледі.

      9. Аумақтық әділет органы жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасымен бірлесіп цифрлық жүйе арқылы осы кезеңнің алдындағы жылдың 31 желтоқсанынан кешіктірмей кезекті үш жылдық кезеңге жеке сот орындаушыларын жоспарлы бақылау кестесін (бұдан әрі – Кесте) қалыптастырады және бекітеді.

      Кестеде оларға қатысты жоспарлы бақылау жүргізілетін жеке сот орындаушыларын көрсете отырып, оны жылдар мен тоқсандар бойынша жүргізу мерзімдері қамтылады.

      Аумақтық әділет органы уәкілетті органға жеке сот орындаушыларын бекітілген кестесін ол бекітілген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей цифрлық жүйе арқылы жолдайды.

      Қажет болған кезде кестеге өзгерістер жылына бір реттен асырмай, тиісті жылдың 15 шілдесінен кешіктірмей енгізіледі.

      Кестеге өзге мерзімдерде өзгерістер мен толықтырулар енгізуге жол берілмейді.

      Кестеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде мынадай мәліметтер ескеріледі:

      1) жеке сот орындаушыларының кесте бекітілгеннен не оған алдыңғы өзгерістер мен толықтырулар енгізілгеннен кейін есептік тіркелуі туралы;

      2) жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданысын жаңарту туралы;

      3) атқарушылық округтің өзгерісі туралы;

      4) жоспарлы бақылау жүргізу кезеңін айқындауға әсер ететін өзге де мән-жайлар туралы.

      Уәкілетті органға өзгерістер мен толықтырулар енгізілген кесте олар бекітілген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмей жолданады.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Кестеге әділет органдарында есептік тіркелген күнінен бастап алты айдан аса уақыт қызметін жүзеге асырған барлық жеке сот орындаушылары, сондай-ақ уәкілетті органның шешімімен кестені қалыптастыру күніне лицензиясының қолданысы тоқтатыла тұрған жеке сот орындаушылары енгізілуі тиіс.

      Лицензиясының қолданысы тоқтатыла тұрған жеке сот орындаушыларына қатысты жоспарлы бақылау лицензиясының қолданысы жаңартылғаннан кейін олар алты айдан аса уақыт қызметін жүзеге асырған жағдайда жүргізіледі.";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Жеке сот орындаушыларын жоспарлы бақылауды аумақтық әділет органының бір немесе бірнеше қызметкері жүргізеді.

      Уәкілетті орган басшылығының тапсырмасы бойынша қажет болған жағдайларда жоспарлы бақылау жүргізуге уәкілетті органның бір немесе бірнеше қызметкері тартылады.

      Жоспарлы бақылау жүргізуге тағайындалған қызметкердің одан әрі қатысуын болғызбайтын мән-жайлар туындаған жағдайда, жоспарлы бақылауды тағайындау туралы бұйрыққа осы қызметкерді құрамнан шығару не оны басқа қызметкермен ауыстыру бөлігінде өзгерістер енгізіледі.

      Егер жоспарлы бақылауды тағайындалған қызметкерлердің кемінде біреуі жалғастыратын болса, қызметкерді басқа қызметкермен ауыстырмай құрамнан шығаруға жол беріледі.

      Жоспарлы бақылауды жүргізетін адамдар құрамының өзгеруі жоспарлы бақылау жүргізу мерзімін өзгертуге және бұрын жүргізілген бақылау әрекеттерін қайта жүргізуге негіз болып табылмайды.";

      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Тиісті әділет органының уәкілетті тұлғасының бұйрығымен жоспардан тыс бақылау жүргізу үшін аумақтық органның бір немесе бірнеше қызметкері, қажет болған жағдайда уәкілетті органның бір немесе бірнеше қызметкерлерінің қатысуымен тағайындалады.

      Республикалық немесе өңірлік жеке сот орындаушылары палатасының уәкілетті тұлғасының бұйрығымен жоспардан тыс бақылау жүргізу үшін жеке сот орындаушылары палатасының бір немесе бірнеше қызметкері тағайындалады.

      Жоспардан тыс бақылау жүргізуге тағайындалған қызметкердің одан әрі қатысуын болғызбайтын мән-жайлар туындаған жағдайда, жоспардан тыс бақылауды тағайындау туралы бұйрыққа осы қызметкерді құрамнан шығару не оны тиісті әділет органның немесе палатаның басқа қызметкерімен ауыстыру бөлігінде өзгерістер енгізіледі.

      Егер жоспардан тыс бақылауды тағайындалған қызметкерлердің кемінде біреуі жалғастыратын болса, қызметкерді басқа қызметкермен ауыстырмай құрамнан шығаруға жол беріледі.

      Жоспардан тыс бақылауды жүргізетін адамдар құрамының өзгеруі жоспардан тыс бақылау жүргізу мерзімін өзгертуге және бұрын жүргізілген бақылау әрекеттерін қайта жүргізуге негіз болып табылмайды.";

      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Жеке сот орындаушыларына бақылау жүргізу аяқталғаннан кейін жеке сот орындаушысына жүргізілген бақылау нәтижелері туралы қорытынды (бұдан әрі – қорытынды) жасалады және бақылау жүргізген тұлға(-лар) қол қояды. Қорытындыға осы Қағидалардың 21-тармағында көрсетілген құжаттар қоса беріледі.

      Қорытынды кіріспе, сипаттау-уәждеу және қорытынды бөлімдерден тұрады.

      Қорытындының кіріспе бөлімінде бақылау түрі, бақылауды жүзеге асырған тұлға(-лардың) тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) және бақылауға жататын жеке сот орындаушысы туралы мәліметтер, бақылау жүргізу мерзімдері, жеке сот орындаушысына бақылау жүргізуді тағайындау туралы бұйрықтың нөмірі мен күні көрсетіледі.

      Қорытындының сипаттау-уәждеу бөлімінде жеке сот орындаушысының қызметі және атқарушылық іс жүргізу туралы мәліметтер, оның ішінде атқарушылық әрекеттер хронологиялық тәртіппен көрсетіледі.

      Қорытынды бөлімінде Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтардың бар немесе жоқ екендігі туралы тұжырымдар көрсетіледі.

      Бұзушылықтар болмаған жағдайда, бұл факт қорытындыда көрсетіледі.";

      20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "20. Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтар анықталған кезде:

      1) аумақтық орган жеке сот орындаушысына және жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына не Республикалық палатаға анықталған заңдылықты бұзушылықтырды жою туралы ұсынуды (бұдан әрі – Ұсыну) қорытындымен бірге енгізеді.

      Ұсыну онда көрсетілген заңдылықты бұзушылықтарды жою жөнінде шаралар қабылдана отырып, аумақтық орган белгілеген, бірақ оны алған күнінен бастап он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қаралуы тиіс.

      Ұсынуды қарау нәтижелері және қабылданған шаралар туралы жеке сот орындаушысы аумақтық органға берілген мерзім аяқталған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде заңдылықты бұзушылықтардың жойылғанын растайтын құжаттарды қоса бере отырып, хабарлайды;

      2) Республикалық палата не жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы қорытынды бөлігінде жоспардан тыс бақылау барысында анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі ұсынымдарды баяндайды.

      Қорытынды онда көрсетілген заңдылық бұзушылықтарды жою жөнінде шаралар қабылдана отырып, бес жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.

      Қорытындыны қарау нәтижелері және онда көрсетілген бұзушылықтардың жойылғаны туралы ақпаратты жеке сот орындаушысы қорытындыда берілген мерзім аяқталған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Республикалық палатаға не аумақтылығы бойынша өңірлік палатаға ұсынады.

      Егер анықталған бұзушылықтар жойылуға жатпаса, жеке сот орындаушысына оларды жою үшін мерзім берілмейді, бұл туралы ұсынуда немесе қорытындыда көрсетіледі.";

      20-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "20-1. Бақылау жүргізген тұлғалар осы Қағидалардың 20-тармағында көрсетілген ақпаратты алғаннан кейін, бес жұмыс күні ішінде бұзушылықтарды жоюдың дұрыстығын цифрлық жүйе арқылы да, атқарушылық іс жүргізу материалдары бойынша да салыстырады.";

      21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. Қорытындыға мынадай құжаттар қоса беріледі:

      1) жеке сот орындаушысының әрекетіне (әрекетсіздігіне) не оның өз міндеттерін адал атқармағандығын айқындайтын басқа да ақпарат болған кезде шағымдардың көшірмесі;

      2) жеке сот орындаушысының кызметіне жоспарлы немесе жоспардан тыс бақылауды жүргізу туралы бұйрықтың көшірмесі;

      3) жеке сот орындаушысының түсініктемесінің көшірмесі (бар болса) немесе түсініктеме беруден бас тарту туралы актінің көшірмесі;

      4) атқарушылық іс жүргізу материалдарының көшірмесі (бар болса) немесе оны ұсынудан бас тарту туралы актінің көшірмесі;

      5) жеке сот орындаушысының оның қызметіне жоспарлы немесе жоспардан тыс бақылау жүргізу туралы бұйрықпен және жеке сот орындаушысының қызметіне жүргізілген бақылау нәтижелері туралы қорытындымен танысқанын растайтын құжаттардың көшірмесі.

      Ұсыну енгізілген кезде барлық құжаттарымен бірге қорытындының көшірмесі қоса беріледі.";

      22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "22. Республикалық палата не жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы Қазақстан Республикасы заңнамасы талаптарының бұзылғаны туралы тұжырымдарды қамтитын қорытындыны осы Қағидалардың 20-1-тармағында көзделген салыстыру аяқталған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей аумақтылығы бойынша Республикалық палатаның немесе жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының тәртіптік комиссиясының қарауына жолдайды.

      Аумақтық орган осы Қағидалардың 20-1-тармағында көзделген мерзім өткеннен кейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей, жеке сот орындаушысы ұсынуды қарамай қалдырғанда не онда көрсетілген бұзушылықтарды жоюға қатысты шаралар қабылдамағанда, сол сияқты ұсынуға берілетін жауапты уақтылы ұсынбағанда, Заңның 143-бабына сәйкес уәкілетті органға жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы ұсыныс енгізеді.

      Заңның 143, 144-баптарында көзделген өзге де негіздер болған кезде аумақтық орган, Республикалық палата не жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы уәкілетті органға жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданысын тоқтата тұру немесе тоқтату не лицензиясынан айыру туралы ұсыныс енгізеді.

      Жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданысын тоқтата тұру немесе тоқтату не лицензиясынан айыру туралы ұсынысқа осы Қағидалардың 21-тармағында көзделген құжаттар қоса беріледі.";

      көрсетілген Қағидаларға 1-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. ""Жеке сот орындаушыларының қызметін бақылауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 1 ақпандағы № 171 бұйрығының кейбір құрылымдық элементтерінің әрекеттерін тоқтата тұру туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2026 жылғы 10 сәуірдегі № 339 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 38433 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Мәжбүрлеп орындату комитеті:

      1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық 2026 жылғы 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Қазақстан Республикасы
Әділет министрі
Е. Сарсембаев

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрі
2026 жылғы 11 тамыздағы
№ 781 бұйрығына қосымша
  Жеке сот орындаушыларының
қызметін бақылауды жүзеге
асыру қағидаларына
1-қосымша

Жеке сот орындаушыларын жоспарлы бақылау кестесі

      ____________________________________________________________

      (өңір) 20__ – 20__ жылдарға арналған

Жеке сот орындаушысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

Аумақтық әділет органында есептік тіркелген күні

Алдыңғы жоспарлы бақылаудың аяқталған күні

Жоспарлы бақылау жүргізілетін жыл және тоқсан

Кестеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу не жоспарлы бақылауды жүргізбеу туралы мәліметтер (күні және негізі)

1

2

3

4

5

6


























Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады