БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің "Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде тұрғын үй қатынастары мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы жобаларды жоспарлау, іріктеу, келісу, жобалау, салу және (немесе) пайдалану процесін мониторингтеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 12 тамыздағы № 297 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36606 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде тұрғын үй қатынастары мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы жобаларды жоспарлау, іріктеу, келісу, жобалау, салу және (немесе) пайдалану процесін мониторингтеу қағидаларында:
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. 2026 жылы іске асыру жоспарланған жобалар бойынша өтінімдер 2026 жылғы 1 қыркүйектен кешіктірілмей беріледі.";
19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"19. Қағидалардың 14 және 16 тармақтарына сәйкес өтінімді қарау оны жұмысқа қабылдаған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.";
мынадай мазмұндағы 23-1-тармақпен толықтырылсын:
"23-1. Жоба Ұлттық жоба шеңберінде іске асырылуға жататын жобалар тізбесіне енгізілгеннен кейін материалдарды жіберу және оларды тиісті қаржы институттарының және (немесе) қаржы операторының еншілес ұйымдарының қарауы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 4 қыркүйектегі № 88 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36799 болып тіркелген) Қарыз бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін қаржыландыру және (немесе) субсидиялау тетігін айқындау үшін табиғи монополиялар субъектілерінің өтінімдерін қарау қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады";
35 және 36-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"35. Қаржы институты материалдарды қарайды және Қағидалардың 32-тармағына сәйкес қаржы операторы айқындаған қаржыландыру тетігі шеңберінде қаржыландырудың шарттарын айқындайды және табиғи монополия субъектісін қарау қорытындылары туралы хабардар етеді.
36. Жобалық-сметалық құжаттамаға техникалық-технологиялық шешімдер сараптамасының және ведомстводан тыс кешенді сараптаманың, сондай-ақ қаржыландыру шарттарының оң қорытындыларын алғаннан кейін, тарифтік реттеуші Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 19 қарашадағы № 90 бұйрығымен бекітілген Тарифтерді қалыптастыру қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19617 болып тіркелген) сәйкес тарифті бекітеді.".
Көрсетілген Қағидаларға 2-қосымша осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын ұй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі |
Е. Нагаспаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
Инвестициялық жобаның кешенді баллдық бағалауы
№ | Көрсеткіштің атауы | Бағалау | Баллдар | Ақпарат көзі |
1-кесте - Реконструкциялау жобалары бойынша | ||||
1.1 | Жалпы инфрақұрылымның (жабдықтың/желінің) тозуы | 65% -дан жоғары | 10 | Техникалық тексеру туралы есеп, техникалық аудит немесе жабдықтар мен желілердің тозу дәрежесіне байланысты ТМС-ны тәуекел топтары бойынша жіктеу туралы анықтама |
55% -дан 65% -ға дейін | 5 | |||
55% -ға дейін | 0 | |||
1.2 | Реконструкциялауға жататын учаскедегі жабдықтың/желілерінің тозуы | 76% -дан жоғары | 20 | Техникалық тексеру туралы есеп, техникалық аудит, ақау актісі |
51% -дан 75% -ға дейін | 10 | |||
50%-ға дейін | 0 | |||
1.3 | Нақты пайдалану мерзімі | 26 жылдан астам | 10 | Объектілердің (жабдықтардың) паспорты, ТМС анықтамасы |
16 жылдан 25 жылға дейін | 5 | |||
15 жылға дейін | 0 | |||
1.4 | Реконструкция жүргізілетін учаскеде технологиялық бұзушылықтардың болуы | Соңғы жылда коммуналдық қызметтердің өшуіне әкелген 10-нан астам апат немесе технологиялық ақау, не соңғы жылы пайдаланудың жалпы уақытының кемінде 80%-ы ішінде технологиялық режимі тұрақты бұзылған жабдықтарды және (немесе) желілерді пайдалану | 20 | Апаттық жағдайларды тіркеу журналының көшірмесі, техникалық тексеру туралы есеп, техникалық аудит және (немесе) реконструкция жүргізілетін учаскедегі технологиялық бұзушылықтар туралы есептілік |
Соңғы жылда коммуналдық қызметтердің өшуіне әкелген кемінде 10 апат немесе технологиялық ақау, не соңғы жылы пайдаланудың жалпы уақытының кемінде 50%-ы ішінде технологиялық режимінің кезеңдік бұзылулары бар жабдықтарды және (немесе) желілерді пайдалану | 10 | |||
Соңғы жылда коммуналдық қызметтерді өшіруге әкеп соқтырған апаттар немесе технологиялық бұзушылықтар жоқ | 0 | |||
1.5 | Абоненттік база | Әлеуметтік объектілердің және үздіксіз циклді өндіріс объектілерінің болуы | 10 | Абоненттік база туралы анықтама |
Жобада абоненттік базаны кеңейту көзделген | 5 | |||
Жобада абоненттік базаны кеңейту көзделмеген | 0 | |||
1.6 | Қаржылық және энергетикалық шығындарды оңтайландыруға әкелетін реконструкциялау кезінде технологияларды, жабдықтарды қолдану | Жобада көзделген | 10 | Негізгі техникалық және технологиялық сипаттамалар туралы анықтама |
Жобада көзделмеген | 0 | |||
1.7 | Автоматтандырылған басқару жүйелерінің автоматтандыру және цифрландыру, аспаптандыру жобасында болуы | Жобада бағдарламалық-аппараттық кешеннің болуы (ақпараттық-өлшеуіш жүйе (АӨЖ), технологиялық процесті автоматтандырылған басқару жүйесі (ТПАБЖ), электр энергиясын коммерциялық басқарудың автоматтандырылған жүйесі (ЭКБАЖ), геоақпараттық жүйе (ГАЖ), аспаптандыру құралдары (есептеу өлшеу құралдары) | 10 | Өндірістік процестерді автоматтандыру бойынша ағымдағы жағдай туралы анықтама, паспорт, өнеркәсіптік пайдалануға енгізу актісі |
Жобада бағдарламалық-аппараттық кешен элементтерінің бірінің болуы | 5 | |||
Жобада көзделмеген | 0 | |||
1.8 | Су және энергетика ресурстарының шығындарын азайту және шығыстарын оңтайландыру | Жобада көзделген | 10 | Алдын ала есептеу |
Жобада көзделмеген | 0 | |||
2-кесте - Құрылыс жобалары бойынша | ||||
2.1 | Жалпы инфрақұрылымның (жабдықтың/желінің) тозуы | 65% -дан жоғары | 10 | Техникалық тексеру туралы есеп, техникалық аудит немесе жабдықтар мен желілердің тозу дәрежесіне байланысты тәуекел топтары бойынша ТМС жіктеу туралы анықтама |
55% -дан 65% -ға дейін | 5 | |||
55%-ға дейін | 0 | |||
2.2 | Абоненттік база | Әлеуметтік объектілердің және үздіксіз циклді өндіріс объектілерінің болуы | 20 | Абоненттік база туралы анықтама |
Жобада абоненттік базаны кеңейту көзделген | 10 | |||
Жобада абоненттік базаны кеңейту көзделмеген | 0 | |||
2.3 | Құрылыс кезінде қазіргі заманғы технологияларды, жабдықтарды қолдану | Жобада көзделген | 10 | Негізгі техникалық және технологиялық сипаттамалар туралы анықтама |
Жобада көзделмеген | 0 | |||
2.4 | Автоматтандырылған басқару жүйелерінің автоматтандыру және цифрландыру, аспаптандыру жобасында болуы | Жобада бағдарламалық-аппараттық кешеннің болуы (ақпараттық-өлшеуіш жүйе (АӨЖ), технологиялық процесті автоматтандырылған басқару жүйесі (ТПАБЖ), электр энергиясын коммерциялық басқарудың автоматтандырылған жүйесі (ЭКБАЖ), геоақпараттық жүйе (ГАЖ), аспаптандыру құралдары (есептеу өлшеу құралдары) | 20 | Өндірістік процестерді автоматтандыру бойынша ағымдағы жағдай туралы анықтама, төлқұжат, өнеркәсіптік пайдалануға енгізу актісі |
Жобада бағдарламалық-аппараттық кешен элементтерінің бірінің болуы | 10 | |||
Жобада көзделмеген | 0 | |||
2.5 | Коммуналдық қызметтерге қажеттілікті қамтамасыз ету | Жоба аумақтық жоспарлау құжаттарында көзделген | 15 | Қала құрылысы құжаттамасы |
Жоба көзделмеген | 0 | |||
2.6 | Халықты және (немесе) әлеуметтік маңызды объектілерді сапалы коммуналдық қызметтермен қамтамасыз ету үшін қуаттардың жеткіліксіздігі | Жобаны іске асыру болмаған жағдайда халықты және (немесе) әлеуметтік маңызды объектілерді сапалы коммуналдық қызметтермен қамтамасыз етпеу негіздемесінің болуы | 15 | Инженерлік инфрақұрылымды дамыту схемалары, жүктемелерді есептеу және (немесе) қала құрылысы құжаттамасы |
Тәуекел жоқ | 0 | |||
3-кесте - Аспаптау, автоматтандыру және цифрландыру жобалары бойынша | ||||
3.1 | Жалпы инфрақұрылымның (жабдықтың/желінің) тозуы | 65% -дан жоғары | 20 | Техникалық тексеру туралы есеп, техникалық аудит |
55% -дан 65% -ға дейін | 10 | |||
55%-ға дейін | 0 | |||
3.2 | Жобада автоматтандырылған басқару жүйелерін автоматтандыру және цифрландыру жүйелерінің болуы | Жобада бағдарламалық-аппараттық кешеннің болуы (ақпараттық-өлшеуіш жүйе (АӨЖ), технологиялық процесті автоматтандырылған басқару жүйесі (ТПАБЖ), электр энергиясын коммерциялық басқарудың автоматтандырылған жүйесі (ЭКБАЖ), геоақпараттық жүйе (ГАЖ), аспаптандыру құралдары (есептеу өлшеу құралдары) | 20 | Өндірістік процестерді автоматтандыру бойынша ағымдағы жағдай туралы анықтама, төлқұжат, өнеркәсіптік пайдалануға енгізу актісі |
Жобада бағдарламалық-аппараттық кешен элементтерінің бірінің болуы | 10 | |||
Жобада көзделмеген | 0 | |||
3.3 | Өндірістік және коммерциялық есепке алуды жүргізуді ескере отырып, жүйелердегі аспаптандыру | Технологиялық процесті басқарудың автоматтандырылған жүйесінің болуы | 30 | Деректерді қашықтан беру арқылы ПУ орнату бойынша ағымдағы жағдай туралы анықтама |
Деректерді қашықтықтан беру арқылы есепке алумен аспаптардың жобада болуы (қажет болған жағдайда) | 20 | |||
Жобада көзделмеген | 0 | |||
3.4 | Су және энергетика ресурстарының шығындарын азайту және шығыстарын оңтайландыру | Жобада көзделген | 10 | Алдын ала есептеу |
Жобада көзделмеген | 0 | |||
3.5 | Деректерді орталықтандыру, диспетчерлеу және ықпалдастыру | Жобада бірыңғай басқару жүйесіне деректерді орталықтандыру, диспетчерлеу және ықпалдастыру көзделген | 20 | Жүйенің мақсатты сәулеті туралы анықтама, техникалық сипаттама |
Жобада диспетчерлеудің және (немесе) деректерді ықпалдастырудың жекелеген элементтері көзделген | 10 | |||
Жобада көзделмеген | 0 | |||