Энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту және салу жобалары бойынша қарыз бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін қаржыландыру және (немесе) субсидиялау тетігін айқындау үшін табиғи монополиялар субъектілерінің өтінімдерін қарау қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 4 қыркүйектегі № 88 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 5 қыркүйекте № 36799 болып тіркелді

      "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 33-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту, салу жобалары бойынша қарыз бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін қаржыландыру және (немесе) субсидиялау тетігін айқындау үшін табиғи монополиялар субъектілерінің өтінімдерін қарау қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Ұлттық экономика министрі
С. Жумангарин

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Өнеркәсіп және құрылыс

      министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Энергетика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары –
Ұлттық экономика министрі
2025 жылғы 4 қыркүйектегі
№ 88 Бұйрығымен
бекітілген

Энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту және салу жобалары бойынша қарыз бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін қаржыландыру және (немесе) субсидиялау тетігін айқындау үшін табиғи монополиялар субъектілерінің өтінімдерін қарау қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту, салу жобалары бойынша қарыз бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін қаржыландыру және (немесе) субсидиялау тетігін айқындау үшін табиғи монополиялар субъектілерінің өтінімдерін қарау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 33-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасында Энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту, салу жобалары бойынша қарыз бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін қаржыландыру және (немесе) субсидиялау тетігін айқындау үшін табиғи монополиялар субъектілерінің өтінімдерін қарау тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

      1) қаржы операторы – "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамы;

      2) техникалық оператор – энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаның тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы техникалық операторы ретінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлға;

      3) тарифтік реттеуші – табиғи монополияларды реттеу саласындағы уәкілетті орган;

      4) энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны сатып алудың электрондық платформасы (бұдан әрі – электрондық платформа) – энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны іске асыру шеңберінде электрондық сатып алуды жүргізуді қамтамасыз ететін, тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін қолжетімділік нүктесін қамтамасыз ету, "кілтпен" құрылыс туралы шарт жасасу, сондай-ақ энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны іске асыру шеңберінде жобаларды іріктеу және мониторингілеу жөнінде электрондық қызметтер көрсететін ақпараттық жүйе;

      5) қарыз – екінші деңгейдегі банктерден, халықаралық қаржы ұйымдарынан, "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамынан тартылған қаражат есебінен немесе жергілікті атқарушы органдар мемлекеттік бағалы қағаздарды (облигацияларды) орналастыру арқылы қарыз алушыға мерзімділік, төлем және өтеу шарттарында берілетін қаражат;

      6) табиғи монополия субъектісі – тұтынушыларға реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынатын дара кәсіпкер немесе заңды тұлға;

      7) қаржы институттары – жобаларды қаржыландыруға қатысуға әлеуетті мүдделі екінші деңгейдегі банк және (немесе) халықаралық қаржы ұйымы;

      8) қаржы операторының еншілес ұйымдары – "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамы, "Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы" акционерлік қоғамы, "Отбасы тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" акционерлік қоғамы, "Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі" акционерлік қоғамы, "Qazaqstan Investment Corporation" акционерлік қоғамы, "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры, "Аграрлық несие корпорациясы" акционерлік қоғамы;

      9) жоба – энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны іске асыру шеңберінде энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту және салу жобасы;

      10) өтінім – энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны іске асыру шеңберінде энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғыртуға және салуға қатысатын жобалар бойынша табиғи монополиялар субъектісінің және жергілікті атқарушы органдардың алдын ала өтінімі;

      11) тиісті саладағы уәкілетті мемлекеттік орган – тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган және/немесе жылу энергетикасы саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган және электр энергетикасы саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган.

2-тарау. Энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту және салу жобалары бойынша қарыз бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін қаржыландыру және (немесе) субсидиялау тетігін айқындау үшін табиғи монополиялар субъектілерінің өтінімдерін қарау тәртібі

      3. Қаржы оператор осы Қағидаларға сәйкес Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы жобаларды жоспарлау, іріктеу, келісу, жобалау, салу және (немесе) пайдалану процесін мониторингілеу қағидаларына (бұдан әрі – Жобаларды жоспарлау, іріктеу, келісу, жобалау процестерін мониторингтеу қағидалары) сәйкес өтінімдерді олардың дұрыс толтырылуын және қоса берілген құжаттардың толықтығын тексеру үшін қарайды, аталған қағидалар Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 12 тамыздағы № 297 бұйрығымен бекітілген, (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36606 болып тіркелген).

      4. Қаржы операторының өтінімді қарауы техникалық оператордың өтінімді электрондық платформада келісуін алғаннан кейін, сондай-ақ энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны іске асыру шеңберінде Жобаларды жоспарлау, іріктеу, келісу, жобалау процестерін мониторингтеу қағидаларына сәйкес тарифтік реттеуіштің тарифтің алдын ала деңгейін айқындау және қорытынды алғаннан кейін жүзеге асырылады.

      5. Егер өтінім беру сәтінде электрондық платформа пайдалануға енгізілмеген не уақытша жұмыс істемеген жағдайда, растайтын құжаттармен қоса өтінім беру бизнесті қолдаудың бірыңғай порталы (https://bgov.kz) арқылы жүзеге асырылады.

      6. Қаржы операторының өтінімді қарауы 7 (жеті) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

      Қаржы операторына құжаттар тізбесі бар тиісті өтініш келіп түскен жұмыс күні табиғи монополиялар субъектілерінің өтінім берген күні болып есептеледі.

      7. Қаржы операторы осы Қағидалардың 8-10-тармақтарына сәйкес белгіленген техникалық, қаржылық және заңдық өлшемшарттар негізінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 25 желтоқсандағы № 1102 қаулысымен бекітілген "Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту" ұлттық жобасына (бұдан әрі – Ұлттық жоба) сәйкес қаржыландыру тетігін айқындайды.

      8. Тиісті аумақта халық санының тұрақты өсуінің болуы қаржыландыру тетігін айқындау үшін қаржы операторының өтінімді қарауының техникалық өлшемі болып табылады.

      9. Өтінімді қаржылық тұрақтылық пен төлем қабілеттілігі тұрғысынан қарау үшін қаржылық өлшемшарттар:

      1) банкроттық белгілерінің болмауы;

      2) мемлекеттік бюджет немесе кредиторлар алдында мерзімі өткен міндеттемелердің болмауы;

      3) ағымдағы міндеттемелерге қызмет көрсетуге арналған ақшалай қаражаттың болуы;

      4) қаржылық көрсеткіштердің теріс динамикасының болуы;

      5) осы Ереженің 7-тармағында көзделген құрал үшін тиісті жергілікті атқарушы органның сыйақы және негізгі борыш сомасын жергілікті бюджет есебінен толық жабу немесе жобаның қаржылық моделінде көрсетілген тариф есебінен облигациялық қарыз және негізгі борыш бойынша сыйақы ставкасының кемінде 10%-ын жабу туралы міндеттемесінің болуы;

      6) тікелей кредит беру құралы үшін жобаның қаржылық моделінде көрсетілген тариф есебінен қарыз және негізгі борыш бойынша сыйақы ставкасының кемінде 10%-ын жабу.

      10. Заңды өлшемшарттар:

      1) Қазақстан Республикасының аумағында табиғи монополиялар субъектісінің заңды тұлғасын тіркеу;

      2) банкроттық бойынша, сондай-ақ нәтижесінде құны мүлікке тыйым салуды қоса алғанда, қоғам активтерінің баланстық құнының жалпы мөлшерінің 25 (жиырма бес) және одан да көп пайызын құрайтын мүлікті иеліктен шығару мүмкіндігі бар мәселелер бойынша сот талқылауының болмауы.

      11. Жоба осы Қағидалардың 8, 9 және 10 тармақтарында белгіленген критерийлерге сәйкес келмеген кезде жоба қажетті түзетулер ұсынымдарының тізбесі бар электрондық платформа арқылы пысықтауға қайтарылады.

      Табиғи монополиялар субъектісі тиісті түзетулер енгізгеннен кейін жобаны қарау мерзімі оны электрондық платформа арқылы қайта жіберген күннен басталады.

      12. Түзету мүмкіндігі болмаған жағдайда, қаржы операторы уәкілетті органның тарифтік реттеуішпен, жергілікті атқарушы органмен және табиғи монополиялар субъектісімен бірлесіп, жобаның қаржылық көрсеткіштерін жақсарту (сауықтыру) жөніндегі ұсынымдарды қоса алғанда, қаржыландырудың өзге де нарықтық емес көздерін айқындау үшін қайта қарау туралы хабарлама жібереді.

      13. Қарау мерзімі қаржы операторының еншілес ұйымдарынан және қаржы институттарынан электрондық платформа немесе өзара іс-қимылдың өзге де тәсілі арқылы жобаны қаржыландырудың мүдделілігі және/немесе мүмкіндігі туралы алдын ала позицияны алу қажет болған жағдайда үзіледі.

      Қаржы операторы табиғи монополия субъектісінің өтінімі қоса берілген құжаттармен келіп түскен сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде және егер бұл қаржыландырудың нақты тетігін айқындау үшін қажет болған жағдайда, олардың алдын ала позицияларын алу үшін қаржы институттарына хат жібереді. Қаржы институттары қаржы операторының хаты келіп түскен сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде жобаны қаржыландырудың әлеуетті мүмкіндігі туралы өздерінің алдын ала позицияларын ұсынуы тиіс.

      14. Қаржы операторы өтінімді алдын ала қарау кезінде бір мезгілде қаржы операторының еншілес ұйымына, екінші деңгейдегі банктерге және халықаралық қаржы институттарына ішкі нормативтік құжаттарға және/немесе нормативтік құқықтық актілерге сәйкес қаржыландырудың болжамды тетігі туралы:

      1) тікелей қаржыландыру тетігі жағдайында "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамы, екінші деңгейдегі банктер және халықаралық қаржы институттары тарапынан жобаны индикативтік қарау;

      2) жергілікті атқарушы органның борыштық лимитін тексеру "Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы" акционерлік қоғамы тарапынан мемлекеттік бағалы қағаздар шығару арқылы қаржыландыру тетігі жағдайында жүзеге асырылады.

      15. Жергілікті атқарушы органдар борышының лимиттері жобаны қаржыландыруға мүмкіндік бермеген жағдайда, қаржы операторы табиғи монополия субъектісіне уәкілетті органның, тарифтік реттеушінің және жергілікті атқарушы органның электрондық платформасы арқылы хабардар ете отырып, қаржыландырудың өзге де нарықтық емес тетіктерін немесе қаржыландырудың өзге де нарықтық емес көздерін айқындау туралы ұсыным береді.

      16. Жаңа құрылыс жобасымен бір жыл ішінде келіп түскен табиғи монополиялар субъектісінің қайталама өтінімін қаржы операторы құжаттарға жаңа өтінім түскенге дейін өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілмеген жағдайда қарамайды.

      17. Жобаларының құны 3 (үш) миллиард теңгеден кем болатын, мемлекеттік қатысу үлесі жоқ табиғи монополиялар субъектілерінің өтінімдері осы Қағидалардың 8, 9 және 10 тармақтарында белгіленген критерийлерге сәйкес келген кезде екінші деңгейдегі банктер тарапынан қаржыландыру мүмкіндігін айқындау үшін автоматты түрде қаржы операторы жанындағы жобалау офисінің қарауына жіберіледі.

      18. Жобаны одан әрі іске асыру қарыз бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін қаржыландыру және (немесе) субсидиялау тетігіне байланысты айқындалады.

      Қаржы операторы қаржыландыру тетігін айқындау қорытындылары бойынша шешім қабылдаған кезде қаржы операторы жоба бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялауды қолданудың әлеуетті мүмкіндігі мен шарттарын да көрсетеді.

      19. Қаржы операторының еншілес ұйымының, екінші деңгейдегі банктің немесе халықаралық қаржы институтының тиісті құжаттар топтамасын қарау нәтижелері бойынша Ұлттық жобаның шарттарына сәйкес таңдап алынған қаржыландыру тетігіне қарай қаржы операторына және табиғи монополия субъектісіне хабарлама жіберіледі.

      20. Қаржы операторы табиғи монополиялар субъектілері ұсынған ұсынылған құжаттар пакетін қарау негізінде Ұлттық жобада көзделгенге сәйкес табиғи монополия субъектісіне және жергілікті атқарушы органға таңдап алынған қаржыландыру тетігі туралы хабарлама жібереді.

      Жазбаша қорытынды оған қол қойылған сәттен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірілмей электрондық платформада орналастырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады