БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оны Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі |
С. Жумангарин |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Көлік министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс
министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Су ресурстары және ирригация
министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрлігі
| Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі 2026 жылғы 30 сәуірдегі № 43 Бұйрықпен бекітілген |
Өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі
1. "Тарифтерді қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 19 қарашадағы № 90 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19617 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тарифтерді қалыптастыру қағидаларында:
1-тараудың 1-параграфының 2-бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:
"2-бөлім. Өтінімдерді ұсыну және қабылдау";
15-тармақтың 13) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"13) қарыз ресурстарын қаржыландыру және өтеу шарттары туралы растайтын құжаттар (кредиттік шарт және (немесе) қарыз туралы келісім және (немесе) борыштық бағалы қағаздар шығарылымының проспектісі (кредиторлардан оларға негізгі борышты және пайыздарды өтеу кестесі қоса беріле отырып)";
2-тараудың 2-параграфының 2-бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:
"2-бөлім. Магистральдық құбыржолдары арқылы су беру жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифті есептеу ерекшеліктері";
208-36-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) сатып алынатын негізгі құралдардың, баға деңгейін салыстырмалы талдауды қоса бере отырып, құрылыс-монтаждау жұмыстарының құнын көрсетумен, инвестициялық бағдарламаны іске асыруға арналған инвестициялық шығындар туралы ақпарат, оның ішінде осындай жұмыстарды, жиынтық сметалық есептерді, объектілік, жергілікті және ресурстық сметаларды әрбір объект бойынша жеке-жеке жүргізу қажеттілігін құжаттамалық техникалық растау, бизнес-жоспар, прайс-парақтар, шарттардың көшірмелері, сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттама немесе сараптамадан өткен техникалық экономикалық негіздеме (болған жағдайда);";
341-тармақтың 3) және 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"3) бағалар деңгейін салыстырмалы талдауды, оның ішінде әрбір объект бойынша мұндай жұмыстарды жүргізудің қажеттілігін құжаттамалық техникалық растауды, жиынтық сметалық есеп-қисаптарды, объектілік, жергілікті және ресурстық сметаларды қоса бере отырып, сатып алынатын негізгі құралдардың, құрылыс-монтаждау жұмыстарының құны көрсетілген инвестициялық бағдарламаны іске асыруға инвестициялық шығындар туралы ақпарат, бизнес-жоспар, прайс-парақтар, шарттардың көшірмелері, сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттама немесе техникалық экономикалық негіздеме (болған жағдайда).
Инвестициялық бағдарламаны бекітуге арналған өтінішті қарау "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 60-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларда республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарымен келісілген эскиздер (эскиздік жобалар) бойынша жобалық (жобалау-сметалық) құжаттамасынсыз жүзеге асырылады;
4) кредит шарты және (немесе) қарыз туралы келісім және (немесе) қарыздық бағалы қағаздарды шығару проспектісі (негізгі борыш пен кредитордан оларға пайыздарды өтеу кестесін қоса бере отырып);"; .
363-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) инвестициялық бағдарламаға өзгерістер енгізуді негіздейтін материалдар (бизнес-жоспар, прайс-парақтар, шарттардың көшірмелері, орындалған жұмыстардың актілерінің көшірмелері, сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттама немесе техникалық экономикалық негіздеме (болған жағдайда) қоса берілген өзгерістер ескерілген инвестициялық бағдарламаның жобасы;";
6-1-тарау мынадай редакцияда жазылсын:
"6-1-тарау. Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны іске асыру шеңберінде бекітілген тарифтік сметаны және бекітілген инвестициялық бағдарламаны өзгерту
1-параграф. Тарифтік сметаны және инвестициялық бағдарламаны бекіту туралы (бекітілгенді өзгерту туралы) өтінішті алдын ала келісу
374-1. Субъект тарифтік сметаны және инвестициялық бағдарламаны бекіту туралы (бекітілгенді өзгерту туралы) өтінішпен бір мезгілде уәкілетті органның ведомствосына жүгінеді.
Өтініш бір мезгілде уәкілетті орган ведомствосының, тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы техникалық оператордың және қаржы операторының мекенжайларына ұсынылады, жалпы қарау мерзімі – 17 (он жеті) жұмыс күні.
374-2. Уәкілетті органның ведомствосының атына келісімді алу үшін берілген өтінішпен жүгінген кезде субъект:
1) тарифтік сметаның жобасы;
2) инвестициялық бағдарламаның жобасы;
3) тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы техникалық оператордың келісуі туралы қорытынды.
Өтініш берген кезде субъект өзгерістерді ескере отырып, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес 7-1 және 12-1-нысандар бойынша тарифтік сметаның және инвестициялық бағдарламаның жобаларын уәкілетті органның ведомствосына ұсынады.
374-3. Уәкілетті органның ведомствосының атына субъект ұсынған тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы техникалық оператордың келісімі берілгеннен кейін Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 12 тамыздағы № 297 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемелкеттік тіркеу тізілімінде № 36606 болып тіркелген) Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде тұрғын үй қатынастары мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы жобаларды жоспарлау, іріктеу, келісу, жобалау, салу және (немесе) пайдалану процесін мониторингтеу қағидаларын, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 12 тамыздағы № 78 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36613 болып тіркелген) Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде іске асырылатын жобалар бойынша табиғи монополиялар субъектілері алатын қарыздар, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар шығаратын мемлекеттік бағалы қағаздар бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидалары және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 4 қыркүйектегі № 88 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36799 болып тіркелген) Энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту және салу жобалары бойынша қарыз бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін қаржыландыру және (немесе) субсидиялау тетігін айқындау үшін табиғи монополиялар субъектілерінің өтінімдерін қарау қағидаларына сәйкес, өтініш келіп түскен сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қаралады.
Уәкілетті органның ведомствосы өтінішті алған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 374-2-тармағында көзделген материалдардың толықтығын тексереді және субъектке өтінішті қарауға қабылдау немесе ұсынылған материалдардың толық болмауына байланысты оны қабылдаудан бас тарту туралы хабарлама жібереді.
Тарифтік смета жобасын және инвестициялық бағдарламаны қарау кезінде уәкілетті органның ведомствосы олардың тариф мөлшеріне ықтимал әсерін бағалауды жүзеге асырады.
Қарау қорытындысы бойынша мыналарды қамтитын алдын ала келісу беріледі:
қаржыландыру жоспарлары бойынша ұсыныстар;
шығындардың экономикалық негізділігін қамтамасыз ету жөніндегі ұсыныстар;
ұсынылатын қызметтердің сапасы мен сенімділігін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар;
инвестицияларды пайдалану тиімділігін арттыру және олардың тұтынушылар үшін тарифке әсерін азайту бойынша ұсыныстар.
Қарау қорытындылары жаңғыртуды сатып алудың электрондық платформасында көрсетіледі.
2-параграф. Тарифтік сметаны және инвестициялық бағдарламаны бекіту туралы (бекітілгенді өзгерту туралы) өтінішті қарау
374-4. Уәкілетті органның ведомствосына тарифтік сметаны және инвестициялық бағдарламаны бекіту (бекіту туралы) туралы өтініш берген кезде субъект уәкілетті органның ведомствосына ұсынады:
1) тарифтік сметаның жобасы;
2) инвестициялық бағдарламаның жобасы;
3) қаржы операторының қорытындысы, оның ішінде банк берген қаржыландыру шарттары бар индикатив;
4) жобалау-сметалық құжаттамамен қоса бере отырып, тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы техникалық оператордың қорытындысы.
374-5. Бекітілген инвестициялық бағдарламаны өзгертуге өтініш бір мезгілде уәкілетті органның ведомствосына және тиісті салада басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органға және (немесе) жергілікті атқарушы органға ұсынылады.
374-6. Бекітілген инвестициялық бағдарламаны өзгертуге арналған өтінішті оны ұсынған күннен бастап қарау мерзімдері:
уәкілетті органның ведомствосы – 40 (қырық) жұмыс күнінен аспайды;
тиісті салада басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган және (немесе) жергілікті атқарушы орган – 20 (жиырма) жұмыс күнінен аспайды.
Бұл ретте уәкілетті органның ведомствосының және тиісті салада басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органның және (немесе) жергілікті атқарушы органның қарау мерзімі ұзартылмайды.
374-7. Инвестициялық бағдарламаны бекітуге немесе өзгертуге өтініш алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде уәкілетті органның ведомствосы субъектіні және тиісті салаларда басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органды және (немесе) жергілікті атқарушы органды оны қарауға қабылдағаны не осы Қағидалардың 374-6-тармағында көзделген құжаттардың толық емес пакетін субъекті инвестициялық бағдарламаны бекітуге арналған өтінішті беру кезінде оны қараудан бас тартқаны туралы жазбаша хабардар етеді.
374-8. Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту ұлттық жобасы шеңберінде іске асырылатын инвестициялық бағдарлама жобасын қарау нәтижелері бойынша:
тиісті салаларда басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган және (немесе) жергілікті атқарушы орган бекітілген инвестициялық бағдарламаны өзгертуге өтініш берілген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органның ведомствосына субъектінің инвестициялық бағдарламасының іс-шараларын қабылдаудың орындылығы немесе орынсыздығы туралы қорытынды жолдайды;
уәкілетті органның ведомствосы шешім қабылданғанға дейін жеті жұмыс күнінен кешіктірмей инвестициялық бағдарламаны қоса бере отырып, инвестициялық бағдарламаны бекіту туралы шешімнің қол қойылған жобасын тиісті салаларда басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органға және (немесе) жергілікті атқарушы органға жолдайды;
инвестициялық бағдарламаны бекіту туралы шешімнің қол қойылған жобасы ұсынылған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде тиісті салаларда басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган және (немесе) жергілікті атқарушы орган инвестициялық бағдарламаны бекіту туралы қол қойылған шешімді уәкілетті органның ведомствосына не инвестициялық бағдарламаны бекіту туралы шешімнің қол қойылған жобасына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу қажеттігі туралы дәлелді қорытындының қосымшасымен жолдайды;
тиісті салаларда басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган және (немесе) жергілікті атқарушы орган осы тармақта көзделген мерзімдерде инвестициялық бағдарламаның іс-шараларын немесе инвестициялық бағдарламаны бекіту туралы қол қойылған шешім жобасын қабылдаудың орындылығы немесе орынсыздығы туралы қорытынды ұсынбаған жағдайда, "әдепкі бойынша келісілген" үшін негіз болып табылады.
374-9. Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту бойынша ұлттық жоба шеңберінде тартылған қарыздар бойынша сыйақылар мен негізгі борышты төлеу жөніндегі субъектінің шығыстары негізгі құралдардың қалдық құнымен және пайданың жол берілетін деңгейімен шектелмейді.";
631-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"5) субъектінің инвестициялық жобасын іске асыру үшін қарыз қаражаты үшін сыйақы төлеуге арналған шығыстар субъект жасасқан кредиттік шартты және (немесе) қарыз туралы келісімді және (немесе) борыштық бағалы қағаздар шығару проспектісін ұсынған кезде кезең шығыстарына қосылады (негізгі борышты және кредитордың оларға проценттерін өтеу кестесін қоса бере отырып және мынадай түрде айқындалады:
инвестициялық жобаны іске асыру үшін ұлттық валютада алынған қарыз қаражаттары бойынша сыйақы төлеуге арналған шығыстар тарифті есептеу кезінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2,5 еселік базалық мөлшерлемесі қолданыла отырып есептелген сома шегінде ескеріледі.
инвестициялық жобаны іске асыру үшін шетелдік валютада алынған қарыз қаражаттары бойынша сыйақы төлеуге арналған шығыстар тарифті есептеу кезінде Лондон банкаралық нарығының төрт еселік мөлшерлемесі қолданыла отырып есептелген сома шегінде ескеріледі.
Шетелдік валютада алынған қарыз қаражаттары үшін сыйақы Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму болжамының негізгі көрсеткіштерінің және Қазақстан Республикасы республикалық бюджетінің болжамды көрсеткіштерінің негізінде шетелдік валютаға теңге бағамының болжамды өзгеруі ескеріле отырып, тарифтің шығындық бөлігінің кезең шығыстарында ескеріледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің базалық мөлшерлемесі мен Лондон банкаралық нарығының мөлшерлемесі субъектінің тарифін және тарифтік сметаларын бекіту жөнінде шешім қабылданған күніне қолданылады.";
Тарифтерді қалыптастыру қағидаларының 1-қосымшада:
орыс тіліндегі мәтінде 7-1 және 12-1 нысандарымен толықтырылады, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.
2. "Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде іске асырылатын жобалар бойынша табиғи монополиялар субъектілері алатын қарыздар, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар шығаратын мемлекеттік бағалы қағаздар бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 12 тамыздағы № 78 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36613 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде іске асырылатын жобалар бойынша табиғи монополиялар субъектілері алатын қарыздар, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар шығаратын мемлекеттік бағалы қағаздар бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларында:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. ЕДБ және (немесе) ХҚҰ және (немесе) "ҚДБ" АҚ субсидиялау туралы шешім қабылданған күні қолданыста болатын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесінің деңгейінен 4 (төрт) пайыздан (өзгермелі сыйақы мөлшерлемесі үшін) аспайтын сыйақы мөлшерлемесі немесе мөлшерлеме деңгейі бойынша қарыздар береді TONIA (үш айлық және алты айлық Tenge Over Night Index Average) субсидиялау туралы шешім қабылданған күні қолданыстағы 4 (төрт) пайыздан астам (өзгермелі сыйақы мөлшерлемесі үшін) (белгіленген сыйақы мөлшерлемесі үшін).";
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Субсидиялау республикалық бюджеттен осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес ЕДБ және (немесе) ХҚҰ және (немесе) "ҚДБ" АҚ, қарыз алушы мен қаржы агенті арасында ұлттық жоба шеңберінде іске асырылатын жобалар бойынша табиғи монополиялар субъектілері алатын қарыздар бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялаудың үлгілік шартына (бұдан әрі – Қарыздарды субсидиялау шарты) сәйкес жүзеге асырылады.
Қарыздар бойынша субсидиялау шарты ХҚҰ ішкі қағидалары мен құжаттарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерін ескере отырып, МҚҰ-мен жасалады.";
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"13. ЕДБ және (немесе) ХҚҰ және (немесе) "ҚДБ" АҚ қарыздар бойынша субсидиялау шартын жасасуға байланысты, төмендегілерді есптемегенде, қандай да бір комиссиялар, алымдар және (немесе) өзге де төлемдер алмайды:
1) қарыз алушы бастамашылық жасайтын қарыздар бойынша кредит беру, кредиттік шарт, субсидиялау шарты талаптарының өзгеруіне байланысты жағдайлар;
2) қарыз алушының кредиттік шарт, қарыздар бойынша субсидиялау шарты бойынша міндеттемелерді бұзу себебі бойынша алынатын комиссиялар, алымдар және (немесе) өзге де төлемдер;
3) қарыз алушыға есеп айырысу-кассалық қызмет көрсету бойынша төлемдер;
4) тәуелсіз бағалауды, сақтандыруды жүргізуге, кепіл шартын тіркеуге және ауыртпалықтарды алуға байланысты.
Мемлекеттік қолдау шаралары шеңберінде сыйақы мөлшерлемесі арзандатылған энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғыртуға және (немесе) салуға қарыз алушы бұрын алған қарыздар (кредиттер) субсидиялауға жатпайды.
ХҚҰ қарыз алуды ұйымдастырғаны үшін комиссияны қоса алғанда, қарызды беруге және оған қызмет көрсетуге байланысты өзге де комиссияларды, алымдарды және (немесе) төлемдерді алуы мүмкін.";
15 және 16-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"15. ЕДБ және (немесе) ХҚҰ және (немесе) "ҚДБ" АҚ ішкі құжаттарына сәйкес жобаның қаржылық-экономикалық тиімділігіне бағалау жүргізеді. ЕДБ және (немесе) ХҚҰ және (немесе) "ҚДБ" АҚ оң бағалау берген шешім қабылданған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде Қарыз алушыға жобаны кредиттеуге әзірлігі және қарыз (кредит)бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау туралы Қаржы агентінің шешімін ұсыну қажеттілігі туралы жазбаша жауап береді.
ХҚҰ қарыз алушыға кредитті іріктеудің алдын ала шарттары орындалғаннан кейін және қарыз (кредит) бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау туралы қаржы агентінің шешімін ұсыну қажеттілігінен кейін ХҚҰ-ның ішкі қағидалары мен мерзімдеріне сәйкес жобаны кредиттеуге дайындығы туралы жазбаша жауап береді.
16. Қарыз алушы субсидияны алу үшін осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес Қаржы агентінің электрондық құжат айналым жүйесіне интеграцияланатын ақпараттық жүйе арқылы субсидия алуға электрондық өтініш – сауалнама (бұдан әрі – электрондық өтініш) береді, оған осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес құжаттар тізбесі қоса беріледі.
Өтпелі кезең кезеңінде және процестер толық автоматтандырылғанға дейін қағаз нысанда тиісті құжаттар топтамасын қоса бере отырып, субсидия алуға өтініш-сауалнама беруге жол беріледі.";
20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"20. Қаржы агенті электрондық өтінішті қарау қорытындылары бойынша қарыз алушыға ақпараттық жүйе арқылы шешім қабылданған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде электрондық цифрлық қолтаңбамен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында қабылданған шешім туралы хабарлама – хат жібереді.
Бір мезгілде қаржы агенті ЕДБ және (немесе) "ҚДБ" АҚ қабылдаған шешімі туралы хабарлама-хатты ақпараттық жүйе және ХҚҰ арқылы ХҚҰ электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы жібереді. Қаржы агентінің шешімі қабылданған күннен бастап 6 (алты) ай бойы қолданылады.";
26, 27 және 28-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"26. Қаржы агенті төмендегі жағдайлар сәйкес келмегенде қарыздарды субсидиялау шартына қол қоюдан бас тартады:
1) қарыздарды субсидиялау шарты талаптары Қаржы агенті шешіміне, ұлттық жоба мен осы Қағида талаптарына;
2) қарыздарды субсидиялау шартының Үлгі қарызды субсидиялау шартына;
3) банктік қарыз шартын/қарыз шартын ұлттық жоба осы Қағида талаптарына.
Қаржы агенті қарыздар бойынша субсидиялау шартының талаптары осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеген кезде ХҚҰ-мен қарыздар бойынша субсидиялау шартына қол қоюдан бас тартады.
Көрсетілген сәйкессіздіктердің болуы туралы қаржы агенті жазбаша нысанда осы Қағиданың 22-тармағының 2) тармақшасында көзделген мерзімнен кешіктірмей ескертулерді жою үшін ЕДБ және (немесе) ХҚҰ және (немесе) "ҚДБ" АҚ-ға хабарлайды.
ЕДБ және (немесе) ХҚҰ және (немесе) "ҚДБ" АҚ ескертулерді жойған кезде Қаржы агенті қарыздар бойынша субсидиялау шартына қол қояды.
27. Кредит бойынша негізгі қарыз пен сыйақыны өтеу аннуитеттік немесе сараланған төлемдермен немесе есептелген қарызды (кредитті) өтеудің өзге әдістерімен ЕДБ және (немесе) ХҚҰ және (немесе) "ҚДБ" АҚ ішкі ережелері бойынша төлем кестесіне сәйкес жүзеге асырылады. Егер өтеу күні жұмыс емес күнге келетін болса, онда төлем жұмыс істемейтін күннен кейінгі бірінші жұмыс күні жүргізіледі.
28. Қаржы агенті субсидияны қарыздарды субсидиялау шартына қол қойылғаннан кейін төлемдер кестесіне сәйкес төлейді.
ЕДБ және (немесе) қарыз алушы (ХҚҰ қарызы болған жағдайда) және (немесе) "ҚДБ" АҚ қарыз бойынша сыйақыны өтеу мақсатында субсидиялар қаражатын аудару үшін ЕДБ-де тиісті ағымдағы шоттар ашуды жүзеге асырады.
Уәкілетті орган ұлттық жоба шеңберінде табиғи монополиялар субъектілерінің қарыздары бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға қаражат бөлу туралы республикалық бюджет комиссиясының шешімі туралы Қаржы операторын және қаржы агентін хабардар етеді.
ЕДБ және (немесе) ХҚҰ және (немесе) "ҚДБ" АҚ кейіннен субсидия қаражатын аудару үшін Қаржы агентіне ағымдағы шот ашуды жүзеге асырады.";
33-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"33.Қарыз алушылардың қарыздары (кредиттері) бойынша сыйақы мөлшерлемесін өтеуге арналған субсидияны қаржы агенті ай сайын ЕДБ-дегі ағымдағы шотқа қарыз алушылардың төлем кестесін ескере отырып, аванстық төлемдермен аударуды жүзеге асырады.
Бұл ретте қаржы агенті ЕДБ және (немесе) ХҚҰ және қарыз алушы (ХҚҰ қарыз алған жағдайда) және (немесе) "ҚДБ" АҚ-ға қарыз алушыны, өңірді, субсидия сомасын және төлем жүргізілген кезеңді көрсете отырып, қаражатты аудару туралы өкімнің көшірмелерін жібереді.";
36, 37 және 38-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"36. ЕДБ және (немесе) қарыз алушы (ХҚҰ қарыз алған жағдайда) және (немесе) "ҚДБ" АҚ қарыз алушы негізгі қарыз бойынша берешек болмаған кезде және қарыз (кредит) бойынша субсидияланбайтын сыйақы мөлшерлемесін толық өтеген жағдайда, қаржы агентінен алынған өкімге сәйкес әрбір қарыз (кредит) бойынша қаржы агентінің ағымдағы шотынан субсидияларды есептен шығаруды жүзеге асырады.
37. Қарыз алушы негізгі қарызды ішінара не толық мерзімінен бұрын өтеген кезде ЕДБ және (немесе) ХҚҰ және (немесе) "ҚДБ" АҚ бұл туралы қарыз алушы қаржы агентіне 7 (жеті) жұмыс күні ішінде хабарлайды, кейіннен төлемдер кестесі өзгертілген қарыздар бойынша субсидиялау шартына қосымша келісім және банктік қарыз шартына қосымша келісімнің көшірмесі ұсынылады (қосымша келісім жасасу кезінде – банктік қарыз шартына қосымша келісімге қол қойылған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей).
38. Төмендегі жағдайларда ЕДБ және (немесе) қарыз алушы (ХҚҰ қарыз алған жағдайда) және (немесе) "ҚДБ" АҚ қарыз алушы негізгі қарыз сомасының берешегін және қарыз (кредит) бойынша субсидияланбайтын сыйақы мөлшерлемесін өтегенге дейін қаржы агентінің ағымдағы шотынан субсидиялар есептен шығарылмайды:
1) қарыз алушы төлемдер кестесіне сәйкес міндеттемелерді 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде орындамаған;
2) қарыз алушы төлем кестесіне сәйкес қатарынан 3 (үш) ай ішінде міндеттемелерді орындамаған;
3) қарыз алушының міндеттемелерін қайта құрылымдау жөніндегі рәсімді жүргізу.
Көрсетілген жағдайлар бойынша ЕДБ және (немесе) ХҚҰ және (немесе) "ҚДБ" АҚ анықталған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде қаржы агентін хабардар етеді.
ХҚҰ қаржы агентін өзінің ішкі мерзімдері мен ережелеріне сәйкес хабардар етуді жүзеге асырады.";
43-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"43. Қаржы агенті қарыз алушыны субсидиялауды тоқтатады келесі жағдайларда:
1) субсидиялау жүзеге асырылатын қарызды (кредитті) мақсатсыз пайдалану;
2) жобаның және (немесе) қарыз алушының ұлттық жобаның шарттарына және осы Қағидаға және (немесе) анықталған бұзушылықтар 3 (үш) ай ішінде жойылмаған жағдайда қаржы агентінің шешіміне сәйкес келмеуі;
3) қарыз алушы төлем кестесіне сәйкес ЕДБ және (немесе) ХҚҰ және (немесе) "ҚДБ" АҚ алдында ай сайынғы төлемдерді төлеу жөніндегі міндеттемелерді қатарынан 3 (үш) ай ішінде орындамаған;
4) қарыз алушының банктік шотындағы ақшаны қамауға алу шара ретінде шоттардағы ақшаға тыйым салуды қоспағанда талап қоюды қамтамасыз ету бойынша, талап қою талаптарын толық көлемде қамтамасыз ететін шотта ақша жеткілікті болған жағдайда) және (немесе) қарыз алушының міндеттемелерін қайта құрылымдау жөніндегі келісілген рәсім шеңберінде қаралатын берешектің салдарынан қамауға алуды немесе тоқтата тұруды қоспағанда, 3 (үш) айдан астам мерзімге қарыз алушының шоты бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұрған жағдайда.";
45-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"45. Қаржы агенті қаржы операторының субсидиялауды тоқтата тұру туралы шешімін алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде ТМС-ға, Қаржы және Техникалық операторға тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында Тариф реттеушісіне, Жергілікті атқарушы органға және тиісті саланың уәкілетті органына, сондай-ақ ЕДБ және (немесе) ХҚҰ (ХҚҰ электрондық құжат айналым жүйесі арқылы) субсидиялауды тоқтата тұру себептерін көрсете отырып, хабарлама-хат жолдайды.";
48-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"48. Қаржы агенті қаржы операторының тиісті шешімін алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде субсидиялауды қайта бастау туралы хабарлама-хатты тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық саласындағы ТМС-ге, Қаржы және Техникалық операторларға, Тариф реттеушіге, сондай-ақ ЕДБ және (немесе) ХҚҰ (ХҚҰ электрондық құжат айналым жүйесі арқылы) және (немесе) "ҚДБ" АҚ-ға және жергілікті атқарушы органы мен тиісті саланың уәкілетті органына ақпараттық жүйе арқылы, субсидиялауды қайта бастау себептерін көрсете отырып, жібереді.";
52 және 53-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"52. Қарызды (кредитті) субсидиялауды тоқтату туралы шешім қабылдаған кезде Қаржы агенті Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасы мен Шарт талаптарына сәйкес, қарыз алушыны, ЕДБ және (немесе) ХҚҰ (ХҚҰ электрондық құжат айналым жүйесі арқылы) және (немесе) "ҚДБ" АҚ, сондай-ақ тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында ТМС, қаржы және техникалық операторларды, тариф реттеушісін, жергілікті атқарушы орган және тиісті саланың уәкілетті органын ақпараттық жүйе арқылы субсидиялауды тоқтату себептерін көрсете отырып, хабардар етеді.
Қарызды (кредитті) мақсатсыз пайдаланған кезде субсидиялау кредиттік қаражатты мақсатсыз пайдалану сомасына барабар тоқтатылады.
Қарызды (кредитті) толық мақсатсыз пайдалану немесе жоба және (немесе) қарыз алушы осы Қағиданың талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, субсидия ретінде төленген сома қарыз алушы толық қайтарумен тоқтатылады.
53. Қаржы агенті жүзеге асырады:
1) ЕДБ және (немесе) ХҚҰ және (немесе) "ҚДБ" АҚ және (немесе) қарыз алушыға ұсынатын деректер негізінде қарыз алушының төлем тәртібінің ай сайынғы мониторингі;
2) алынған және төленген субсидияны тұрақты есепке алу;
3) ЕДБ және (немесе) қарыз алушы (ХҚҰ қарыз алған жағдайда) және (немесе) "ҚДБ" АҚ ұсынған ақпарат негізінде қарыз алушының қарызды (кредитті) мақсатты пайдалануы мониторингі.";
57-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"57. Қаржы агенті тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында ЕДБ-ден және (немесе) ХҚҰ-дан және (немесе) "ҚДБ" АҚ-дан және Техникалық оператордан, сондай-ақ қажет болған жағдайда Қарыз алушыдан Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қолжетімділігі шектеулі мәліметтерді қоса алғанда, мониторинг нысанасына қатысты қажетті құжаттар мен ақпаратты сұратуға құқылы. Бұл ретте ЕДБ және (немесе) қарыз алушы және (немесе) "ҚДБ" АҚ, тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы Техникалық оператор өз құзыреті шегінде сұратылған ақпаратты ұсынуға тиіс.
ХҚҰ халықаралық шарттармен берілген өз артықшылықтары мен иммунитеттері шегінде қаржы агентінің мониторинг үшін қажетті ақпаратты алуын жеңілдету үшін мақсатында кредитті субсидиялау шартына сәйкес ынтымақтастықты жүзеге асырады.";
82-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"82. Ұлттық жобаны іске асыру мақсатында ішкі нарықта айналыс үшін эмитент шығаратын мемлекеттік бағалы қағаздар бойынша сыйақы төлеу жылына 2 (екі) рет жүзеге асырылады.";
84-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"84. Облигациялар бойынша субсидиялау мынадай шарттарда жүзеге асырылады:
1) облигациялар шығару есебінен тартылған қаражатты мақсатты пайдалану – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 30 мамырдағы № 271 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36181 болып тіркелген) Облыс, республикалық маңызы бар қала, астананың жергілікті атқарушы органдарының ішкі нарықта айналысқа арналған бағалы қағаздарды шығару қағидасына сәйкес және (немесе) Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмасы бойынша";
2) жергілікті атқарушы орган қарызының белгіленген лимитін сақтай отырып, шығарылымның белгілі бір жалпы көлемі шеңберінде облигациялардың бірнеше шығарылымын жүзеге асыру;
3) облигацияның айналыс мерзімі – 5 (бес) жылдан аспайды, 7 (жеті) жылдан аспайды, 10 (он) жылдан аспайды және 15 (он бес) жылдан аспайды;
Бұл ретте айналыс мерзімі 10 (он) және 15 (он бес) жыл болатын облигациялық қаржыландыру көлемі қаржыландырудың жалпы сомасының 25%-нан аспауға тиіс. Соманың қалған бөлігі айналыс мерзімі орта мерзімді бағалы қағаздар санатына сәйкес келетін облигациялар шығару арқылы тартылуы мүмкін.
4) облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесі – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте айқындалады;
5) купондық сыйақының өзгермелі мөлшерлемесін белгілеуге жол беріледі.";
көрсетілген қағидалармен бекітілген энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде іске асырылатын жобалар бойынша табиғи монополиялар субъектілерінен алынған қарыздар бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялаудың үлгілік шартында:
3. "Энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту, салу жобалары бойынша қарыз бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін қаржыландыру және (немесе) субсидиялау тетігін айқындау үшін табиғи монополиялар субъектілерінің өтінімдерін қарау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 4 қыркүйектегі № 88 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36799 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту, салу жобалары бойынша қарыз бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін қаржыландыру және (немесе) субсидиялау тетігін айқындау үшін табиғи монополиялар субъектілерінің өтінімдерін қарау қағидаларында:
8-тармақ алып тасталсын;
9 және 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Өтінімді рентабельділік және қаржылық орнықтылық көрсеткіштерін айқындау бөлігінде қарау үшін қаржылық өлшемшарттар мыналар болып табылады:
1) банк шоттарында тыйым салулардың болмауын, Қазақстан Республикасынан шығуға белгіленген шектеулердің болмауын, сондай-ақ төлем қабілетсіздігі туралы куәландыратын өзге де шектеу шараларын қоса алғанда, бірақ олармен шектелмей, банкроттық белгілерінің болмауы;
2) мемлекеттік бюджет немесе кредиторлар алдында мерзімі өткен міндеттемелердің болуы/болмауы;
3) операциялық ақша ағынының көрсеткіштері нөлден жоғары немесе оған тең; компанияның тиімділігі – компанияның негізгі қызметін жүзеге асырудың тиімділігін сипаттайтын көрсеткіштер (мысалы, EBITDA, операциялық пайда (EBIT), операциялық қызметтен түскен ақша қаражаты және өзге де көрсеткіштер), олардың тізбесі толық болып табылмайды және Компания қызметінің ерекшелігін ескере отырып толықтырылуы мүмкін;
4) ұсынылған деректер негізінде тиісті шешім қабылдай отырып, оң және теріс өзгерістерді қоса алғанда, қаржы көрсеткіштерінің динамикасын талдау.
10. Заңды өлшемшарттар Қазақстан Республикасының аумағында табиғи монополиялар субъектісінің заңды тұлғасын тіркеу болып табылады.".