Кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің 2026 жылғы 5 тамыздағы № 124 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 6 тамызда № 39523 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оны Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Ұлттық экономика министрі
С. Жумангарин

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары –
Ұлттық экономика министрі
2026 жылғы 5 тамыздағы
№ 124 Бұйрығымен
бекітілген

Өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі

      1. "Энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың электр энергиясына тарифтерді жеке тұлғалардың оны тұтыну көлеміне қарай саралау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2009 жылғы 20 ақпандағы № 57-НҚ бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5602 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың электр энергиясына тарифтерді жеке тұлғалардың оны тұтыну көлеміне қарай саралау қағидаларында:

      16-тармақта орыс тіліндегі мәтінге өзгерістер енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.

      2. "Қоғамдық маңызы бар нарықтарда баға белгілеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 1 ақпандағы № 36 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14778 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қоғамдық маңызы бар нарықтарда баға белгілеу қағидаларында:

      2-тармақта:

      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) жария тыңдаулар – Қазақстан Республикасы Құрылтайының, мәслихаттардың депутаттарын, мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, бұқаралық ақпарат құралдарының, қоғамдық бірлестіктердің өкілдерін, тәуелсіз сарапшыларды, тұтынушыларды және өзге де мүдделі тұлғаларды шақыра отырып, қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің тауарларына (жұмыстарына, көрсетілген қызметтеріне) баға жобасын талқылау рәсімі;";

      13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "13) өтпелі ереже – қабылданған энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың функцияларын энергия беруші ұйымдарға беру жөніндегі қабылданған Қазақстан Республикасы заңының шеңберінде Қазақстан Республикасының электр энергетикалық кешенінің қауіпсіз, сенімді және тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында бағаларды реттеуге арналған біржолғы шара;";

      3-тармақтың бесінші және алтыншы бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Субъект астана және бір не одан да көп облыстардың, астананың және республикалық маңызы бар қалалардың, екі және одан да көп облыстардың республикалық маңызы бар қалалардың аумағындағы қызметтер көрсеткен, сондай-ақ қалалардың ішкі рейстерде әуежайлар қызметтерін көрсеткен жағдайда бағаға сараптама жүргізу үшін ақпарат не алдағы уақытта тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) бағаларының шекті бағадан жоғары көтерілуі және олардың көтерілу себептері туралы ақпарат уәкілетті органның ведомствосына ұсынылады.

      Субъект астананың немесе бір облыстың немесе республикалық маңызы бар қаланың аумағында қызметтер көрсеткен жағдайда бағаға сараптама жүргізу үшін ақпарат не алдағы уақытта тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) бағаларының шекті бағадан жоғары көтерілуі және олардың көтерілу себептері туралы ақпарат Субъектінің тіркелген жері бойынша тиісті аумақтық бөлімшеге ұсынылады.";

      21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. Уәкілетті органның ведомствосы немесе оның аумақтық бөлімшесі жария тыңдаулар өткізу күніне дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей жария тыңдаулар өткізу туралы хабарландыруды уәкілетті орган ведомствосының интернет-ресурсында орналастырады және аптасына кемінде бір рет шығарылатын және:

      Субъект қызметтерді астананың немесе бір облыстың немесе республикалық маңызы бар қаланың аумағында көрсеткен, сондай-ақ облыстық маңызы бар қалалардың аумағында ішкі рейстерде әуежайлар қызметтерін көрсеткен жағдайда тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында;

      Субъект қызметтерді астана және бір не одан да көп облыстардың, астананың және республикалық маңызы бар қалалардың, екі және одан да көп облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың аумағында, сондай-ақ республикалық маңызы бар қалалардың, астананың аумағында ішкі рейстерде әуежайлар қызметтерін көрсеткен жағдайда Қазақстан Республикасының барлық аумағында таратылатын баспасөз басылымында жариялайды,";

      Жария тыңдаулар бағаларды келісу немесе бағаларды көтеру туралы шешім қабылданғанға дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей өткізіледі.

      31-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) еңбек заңнамасына сәйкес еңбекақы төлеу жүйесінде көзделген еңбек жағдайлары үшін қосымша ақылар мен үстемеақылар төлеуді қоса алғанда, персоналға еңбекақы төлеуге арналған шығыстар ескеріледі, бұл ретте еңбекақы төлеуге арналған шығыстарды айқындау кезінде нормативтік саннан (болған кезде) аспайтын персоналдың (әкімшілік-басқарушылық және өндірістік) нақты саны және Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму болжамының көрсеткіштерін (инфляция) немесе субъект персоналының нақты саны, бірақ нормативтік санынан аспайтын және ақпарат берудің алдындағы жылдағы статистика деректері бойынша қалыптасқан экономикалық қызмет түрлеріне сәйкес субъект қызмет көрсететін өңірдегі (астанада, облыста республикалық маңызы бар қалада) орташа айлық жалақы есепке алынады.

      Қағидаларға 2, 6, 7, 8, 9, 10, 12-1, 12-2, 13, 14, 15, 16, 17, 17-1, 17-2 және 18-қосымшаларда орыс тіліндегі мәтінге өзгерістер енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.

      3. "Реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынудың үлгілік шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 24 маусымдағы № 58 бұйрығы бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18889 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынудың үлгілік шарттарында:

      Жылу энергиясын беру және/немесе тарату жөнiндегі қызметтердi көрсетуге арналған үлгі шартта:

      1-тармақтың оныншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "жылу энергиясының нақты көлемі – коммерциялық есепке алу аспаптарының көрсеткіштері негізінде немесе олар болмаған кезде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы бекіткен коммуналдық қызметтерді тұтыну нормалары бойынша айқындалған Өнім беруші Тұтынушыға берген жылу энергиясының көлемі.";

      Жылу энергиясын өткізу бойынша қызметтер көрсетуге арналған үлгілік шартта:

      30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "30. Егер Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде, басқа да Қазақстан Республикасының заңдарында және осы Шартта өзгеше көзделмесе, тараптардың келісімі бойынша Шартты бұзуға болады.";

      31-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде, басқа да Қазақстан Республикасының заңдарымен немесе осы Шартта көзделген өзге де жағдайларда қолданылады.";

      36-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "36. Егер Тараптардың Қазақстан Республикасының заңдарында немесе келісімінде өзгеше белгіленбесе, тараптар шарт бұзылған кезге дейін міндеттеме бойынша өздері орындаған нәрсені қайтаруды талап етуге құқылы емес.";

      38-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "38. Шартты орындаудан біржақты бас тартуға (шарттан бас тартуға) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде, өзге де Қазақстан Республикасының заңдарында немесе тараптардың келісімінде көзделген жағдайларда жол беріледі.";

      43-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "43. Өнім беруші жеткізген және Тұтынушы алған жылу энергиясының мөлшері есепке алу аспаптарының көрсеткіштері бойынша айқындалады. Тұрмыстық тұтынушыларда есепке алу аспаптары болмаған кезде, төлем мөлшері реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтерді есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімдіктері бекіткен нормалар бойынша айқындалады және Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасына сәйкес бекітеді.".

      4. "Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 13 тамыздағы № 73 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19242 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларында:

      3-тармақтың 13) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "13) құзыретті орган – энергетика, теміржол көлігі, газды өндіру, тасымалдау (тасу), сақтау және көтерме саудада өткізу, сондай-ақ тауарлық және сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізу және тұтыну, су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган не астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы;";

      4-тармақтың екінші және үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Тіркелімнің республикалық бөліміне астана және бір не одан да көп облыстардың, астананың және республикалық маңызы бар қаланың, екі және одан да көп облыстардың республикалық маңызы бар қалалардың аумағында реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынатын табиғи монополиялар субъектілері енгізіледі.

      Тіркелімнің жергілікті бөлімдеріне астана және бір не одан да көп облыстардың, астананың және республикалық маңызы бар қаланың, екі және одан да көп облыстардың республикалық маңызы бар қалалардың аумағында реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынатын табиғи монополиялар субъектілері енгізіледі.";

      8-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Тіркелімнің тиісті бөліміне енгізілген табиғи монополия субъектісі, оның тіркелген жері басқа астанаға, басқа республикалық маңызы бар қалаға немесе астанаға өзгерген жағдайда, осындай өзгеріс болған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей бұрынғы тіркелген жері бойынша Тіркелімнен шығару туралы өтініш береді. Бұл ретте табиғи монополия субъектісі Тіркелімнен шығарылған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей жаңа тіркеу орны бойынша Тіркелімге енгізу туралы өтініш береді.";

      15-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін табиғи монополиялар салаларындағы коммуналдық көрсетілетін қызметтерді тұтыну нормаларын талқылау кезінде олар бекітілгенге дейін бір ай бұрын астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдары жария тыңдаулар өткізеді.";

      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Жобаны талқылау бойынша жария тыңдаулар Қазақстан Республикасы Құрылтайының, мәслихаттар депутаттары, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, мемлекеттік органдардың, табиғи монополия субъектісінің, бұқаралық ақпарат құралдарының, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, тәуелсіз сарапшылар, тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғалар шақырыла отырып, өткізіледі.";

      152-тармақта:

      4) және 9) тармақшалардағы орыс тіліндегі мәтінге өзгерістер енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.

      217-тармақта орыс тіліндегі мәтінге өзгерістер енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.

      250-тармақта орыс тіліндегі мәтінге өзгерістер енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.

      318-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "318. Табиғи монополия субъектісі ұсынылған Кестені астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органына жібереді.";

      377-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "377. Табиғи монополия субъектісі жыл сайын, есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 мамырынан кешіктірмей, уәкілетті орган ведомствосына немесе оның аумақтық органына, өзге мемлекеттік органға не астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органына бір мезгілде реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапасы мен сенімділігі көрсеткіштерінің сақталуы туралы есепті осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес 6-нысан бойынша ұсынады.";

      386-тармақ 2) тармақшасының үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарынан;";

      400-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Есепке табиғи монополия субъектісі осы Қағидалардың 403 және 404-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, өзге мемлекеттік органның не астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының есеппен келісу туралы хатының көшірмесін қоса бере отырып, көрсеткіштер бөлінісінде есепті кезеңдегі көрсеткіштердің нақты мәндерінің олардың нысаналы мәндеріне сәйкес келмеу себептері (болған жағдайда) туралы түсіндірме жазбаны қоса береді.";

      401-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) осы Қағидалардың 402, 403 және 404-тармақтарына сәйкес реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапасы мен сенімділігі көрсеткіштерін сақтау туралы жылдық есепті қалыптастыру және оны өзге мемлекеттік не астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органымен келісу;";

      402-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "402. Сумен жабдықтау және (немесе) су бұру, жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және (немесе) онымен жабдықтау салаларында табиғи монополия субъектісі (жылу электр орталықтарындағы технологиялық бұзушылықтар саны бойынша көрсеткішті қоспағанда) есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 наурызынан кешіктірмей, есепті астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органына ұсынады.

      Астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы табиғи монополия субъектісі ұсынған реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапа және сенімділік көрсеткіштерінің сақталуы туралы есепті олар ұсынылған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімде қарайды.

      Егер реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапасы мен сенімділігі көрсеткіштерін сақтау туралы есепті қарау кезінде қосымша ақпарат қажет болған жағдайда, астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы оны табиғи монополия субъектісінен жазбаша түрде сұратады, бұл ретте есепті қарау мерзімі сұратылған ақпаратты ұсыну мерзіміне тоқтатыла тұрады.";

      406-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарынан;";

      417-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "417. Уәкілетті органның ведомствосы немесе оның аумақтық органы жеке және заңды тұлғалардан, оның ішінде мемлекеттік органдардан, жергілікті өзін-өзі басқару органдарынан, сондай-ақ олардың лауазымды адамдарынан, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етуге қойылатын талаптарды сақтай отырып, өз өкілеттіктерін жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты өз құзыреті шегінде сұратады және алады.";

      2-қосымшаның 1-нысанында орыс тіліндегі мәтінге өзгерістер енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.

      3-қосымшаның 1, 3 және 4-нысанында орыс тіліндегі мәтінге өзгерістер енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.

      5-қосымшаның 1-нысанында орыс тіліндегі мәтінге өзгерістер енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.

      6-қосымшаның 5, 8, 9 және 10-нысанындағы орыс тіліндегі мәтінге өзгерістер енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.

      7-қосымшаның 6 және 7-нысандарында орыс тіліндегі мәтінге өзгерістер енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.

      5. "Энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу қызметіне лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 5 маусымдағы № 47 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20843 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу қызметіне лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларында:

      3-тармақтың 3) және 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) көрсетілетін қызметті алушы – орталық мемлекеттік органдарды, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерін, астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарын, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерін қоспағанда, жеке және заңды тұлғалар;

      4) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсететін орталық мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері, астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалар;";

      6. "Кәсіпкерлік субъектілерінің белгіленген қуаты 200 кВт-қа дейінгі электр қондырғыларын энергия беруші ұйымдардың электр желілеріне технологиялық қосуға арналған шығындарды айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 6 қаңтардағы № 4 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22057 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кәсіпкерлік субъектілерінің белгіленген қуаты 200 кВт-қа дейінгі электр қондырғыларын энергия беруші ұйымдардың электр желілеріне технологиялық қосуға арналған шығындарды айқындау қағидаларында:

      9-тармақта орыс тіліндегі мәтінге өзгерістер енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.

      21-қосымшада орыс тіліндегі мәтінге өзгерістер енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.

      7. "Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде іске асырылатын жобалар бойынша табиғи монополиялар субъектілері алатын қарыздар, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар шығаратын мемлекеттік бағалы қағаздар бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 12 тамыздағы № 78 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36613 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде іске асырылатын жобалар бойынша табиғи монополиялар субъектілері алатын қарыздар, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар шығаратын мемлекеттік бағалы қағаздар бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларында:

      2-тармақта:

      11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "11) қарыз беруші – ұлттық жобаны іске асыру шеңберінде мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруды жүзеге асыратын және қарыз алушыға қарыз беретін астананың, облыстың республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы";

      15) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "15) облигациялар шығару бұйрығы – Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 140-бабының 5-тармағына сәйкес астана, облыс республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының бағалы қағаздар шығару талаптарын, көлемін және нысаналы мақсатын айқындайтын құжат;";

      25) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "25) эмитент – астананың, облыстың республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органы;";

      11-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      2) тармақшада орыс тіліндегі мәтінге өзгерістер енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.

      62-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "62. Ұлттық жобаны орындау шеңберінде қарыз берушінің мемлекеттік бағалы қағаздарын қаржы агенті арқылы сатып алу механизмі Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 30 мамырдағы № 271 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36181 тіркелген) Астана, облыс, республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының ішкі нарықта айналысқа жіберу үшін бағалы қағаздарды шығару қағидасына сәйкес жүзеге асырылады.";

      84-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) облигациялар шығару есебінен тартылған қаражатты мақсатты пайдалану – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 30 мамырдағы № 271 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36181 болып тіркелген) Астана, облыс, республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарының ішкі нарықта айналысқа арналған бағалы қағаздарды шығару қағидасына сәйкес және (немесе) Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмасы бойынша;";

      2-қосымшада орыс тіліндегі мәтінге өзгерістер енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.

      6-қосымшада орыс тіліндегі мәтінге өзгерістер енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.

      Облигациялық қаржыландыру шеңберінде қарыз шартында:

      1-тараудың 4-тармағындағы орыс тіліндегі мәтінге өзгерістер енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.

      Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде іске асырылатын жобалар бойынша жергілікті атқарушы органдар шығаратын мемлекеттік бағалы қағаздар бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялаудың үлгі шартында:

      1-тараудың 7-тармағындағы орыс тіліндегі мәтінге өзгерістер енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.

      9-қосымшада орыс тіліндегі мәтінге өзгерістер енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.

      10-қосымшада орыс тіліндегі мәтінге өзгерістер енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.

      8. "Энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту және салу жобалары бойынша қарыз бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін қаржыландыру және (немесе) субсидиялау тетігін айқындау үшін табиғи монополиялар субъектілерінің өтінімдерін қарау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер - Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 4 қыркүйектегі № 88 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36799 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту және салу жобалары бойынша қарыз бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін қаржыландыру және (немесе) субсидиялау тетігін айқындау үшін табиғи монополиялар субъектілерінің өтінімдерін қарау қағидаларында:

      17-тармақта орыс тіліндегі мәтінге өзгерістер енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады