Кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің 2026 жылғы 2 маусымдағы № 64 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 3 маусымда № 38896 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі (бұдан әрі - Тізбе) бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және алғашқы ресми жариялағанынан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың төртінші және бесінші абзацтарын, 2-тармақтың оныншы, он бірінші,он екінші, он үшінші, он төртінші,он бесінші, он алтыншы, он жетінші, он сегізінші,он тоғызыншы абзацтарын, 3-тармақтың үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші, он тоғызыншы, жиырмасыншы, жиырма бірінші абзацтарын, тізбенің 4 және 5-тармақтарын қоспағанда, 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Ұлттық экономика министрі
С. Жумангарин

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Өнеркәсіп және құрылыс

      министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Су ресурстары және ирригация

      министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Энергетика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары –
Ұлттық экономика министрі
2026 жылғы 2 маусымдағы
№ 64 Бұйрықпен
бекітілген

Өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбе

      1. "Энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу, магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнiмдерi құбырларын пайдалану қызметі үшін біліктілік талаптары мен оларға сәйкестiкті растайтын құжаттар тiзбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 29 қаңтардағы № 60 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10598 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу, магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнiмдерi құбырларын пайдалану қызметі үшін біліктілік талаптары мен оларға сәйкестiкті растайтын құжаттар тiзбесінде:

      "Энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу қызметі үшін" деген 1-бөлімде:

      4) реттік нөмірінің жолы мынадай редакцияда жазылсын:

      "

4)

меншiк құқығында немесе өзге де заңды негiздерде тұтынушылармен жұмыс iстеуге және абоненттiк қызметтердi орналастыруға арналған ғимараттар немесе үй-жайлардың болуы

құқық белгiлейтiн құжаттар, оны пайдалануға, оның ішінде жалға алу, қосымша жалға алу шарты бойынша алғанын куәландыратын көшірме

меншiк құқығында ғимараттар немесе үй-жайлардың болуы туралы ақпаратты лицензиар "Жылжымайтын мүлікті тіркеу" мемлекеттік деректер қорының цифрлық жүйесі арқылы алады

  ";

      6) реттік нөмірінің жолы мынадай редакцияда жазылсын:

      "

6)

электр энергиясын, оның ішінде коммуналдық меншіктегі және бір мезгілде қызметін "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 1-тармағының 3), 4) және 14) тармақшаларына сәйкес жүзеге асыратын, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жүз пайызы мемлекетке тиесілі, олар үшін электр энергиясына тікелей қосылған он екі мың тұтынушының болуы жеткілікті болып табылатын заңды тұлғаларды қоспағанда, оның ішінде үйге ортақ желілер арқылы қосылған кемінде отыз мың электр энергиясын тұтынушылардың болуы

электр энергиясын кемінде отыз мың тікелей қосылған тұтынушылардың, оның ішінде жалпы үй желілері арқылы бар екенін растайтын құжаттардың көшірмелері:
1) тұтынушының тегі, аты және әкесінің аты көрсетілген тұрмыстық тұтынушылар тізілімі, абоненттік нөмірі;
2) тұрмыстық емес тұтынушылар тізілімі (оның ішінде мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын заңды тұлғалар бойынша) – заңды тұлғаның атауы, электрмен жабдықтау шартының нөмірі

көрсетілген құжаттардың түпнұсқаларының болуы Электр энергетикасы саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 51-бабының 2-тармағына сәйкес нәтижелері бойынша өтініш берушінің біліктілік талаптарына сәйкестігі немесе сәйкес остігі туралы қорытынды жасалатын өтініш берушіге бару және (немесе) шақыру арқылы рұқсат беру бақылауын жүргізу жолымен белгіленеді

  ".

      2. "Реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынудың үлгілік шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 24 маусымдағы № 58 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18889 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сумен жабдықтау және су бұру қызметтерін ұсынудың үлгілік шартта:

      11-тармақ мынадай мазмұндағы редакцияда жазылсын:

      "Тұтынушының өндірістік ағынды суларын Өнім берушінің су бұру жүйелеріне қабылдау Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 15 қазандағы № 436 бұйрығымен бекітілген Елді мекендердің орталықтандырылған су бұру жүйелеріне сарқынды суларды қабылдау қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 37153 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырады.";

      18-тармақ мынадай мазмұндағы редакцияда жазылсын:

      "18. Тұтынушының суды есепке алу аспабының техникалық және метрологиялық сипаттамалары су тұтынудың нақты көлеміне сәйкес келуі тиіс.

      Өнім беруші Қазақстан Республикасы Өндірістік және құрылыс министрінің 2025 жылғы 8 тамыздағы № 295 бұйрығымен бекітілген Сумен жабдықтау және су бұру жүйелеріндегі суды есептеу аспаптарын таңдау, монтаждау және пайдалану қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 36616 болып тіркелген) сәйкес есепке алу құралдарын пайдалануға жіберуді жүзеге асырады.".

      27-тармақтың 8) тармақшасы мынадай мазмұндағы редакцияда жазылсын:

      "8) Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 15 қазандағы № 436 бұйрығымен бекітілген Елді мекендердің орталықтандырылған су бұру жүйелеріне сарқынды суларды қабылдау қағидаларында (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 37153 болып тіркелген) көзделген жағдайларда ағынды суларды оқшау тазартуды қамтамасыз ету.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мұнай тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді ұсынуға арналған үлгілік шартта:

      8-тармақтың 4) тармақшасы мынадай мазмұндағы редакцияда жазылсын:

      "4) мұнайға арналған толық кедендік декларацияның көшірмесін олар ресімделген күннен бастап күнтізбелік 5 (бес) күн ішінде ұсынуға міндетті.

      Салық органдарының цифрлық жүйелерінде мұнайды іс жүзінде әкету туралы кеден органдарының хабарламасы бар электрондық құжат түріндегі мұнайға толық кедендік декларация мұнай экспортын растайтын құжат болып табылады. Мұнайға арналған кедендік декларация электрондық құжат түрінде болған кезде мұнайға арналған толық кедендік декларацияны ұсыну талап етілмейді. Бұл ретте, Тұтынушы Өнім берушіні осы тармақшада көрсетілген мерзімде салық органдарының цифрлық жүйелерінде мұнайды іс жүзінде әкету туралы кеден органдарының хабарламасының болуы туралы хабардар етеді.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Магистральдық темiржол желiсiнiң қызметтерiн көрсетуге арналған үлгiлік шартта:

      "17. Магистральдық теміржол желісінің қызметтерін көрсету үшін түпкілікті есеп айырысу магистральдық теміржол желісінің қызметтері көрсетілген айдан кейінгі айдың 15 күнінен кешіктірмей магистральдық теміржол желісінің көрсетілген қызметтерінің нақты көлемі үшін жасалған екіжақты актінің, сондай-ақ оператор ұсынған "Электрондық шот-фактуралар" цифрлық жүйесі арқылы Оператор жазып берген электрондық шот-фактураның негізінде жүргізіледі.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Электр энергиясын өндірудің-тұтыну теңгерімін ұйымдастыру жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған үлгілік шартта:

      5-тармақтың 6) тармақшасы мынадай мазмұндағы редакцияда жазылсын:

      "6) нарықтар субъектілерінің цифрлық жүйелерінің меншікті интеграциясын құруды қамтиды.";

      3. "Энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу қызметіне лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 5 маусымдағы № 47 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20843 болып тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу қызметіне лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларында:

      3-тармақта:

      2) тармақша мынадай мазмұндағы редакцияда жазылсын:

      "2) Бiрыңғай байланыс орталығы – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған, көрсетiлетiн қызметтi алушыларға мемлекеттiк және өзге де қызметтер көрсету мәселелерi бойынша ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік органдарға – ақпараттық-коммуникациялық қызметтер көрсету мәселелері бойынша ақпарат беру жөнiндегi цифрлық қызмет функцияларын орындайтын заңды тұлға;";

      7) тармақша мынадай мазмұндағы редакцияда жазылсын:

      "7) мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің цифрлық жүйесі – мемлекеттік, оның ішінде "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілетін қызметтерді көрсету процесін автоматтандыруға және мониторингтеуге арналған цифрлық жүйе";

      10) тармақша мынадай мазмұндағы редакцияда жазылсын:

      "10) "Цифрлық үкіметтің" веб-порталы – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, мемлекеттік қызметтер көрсетуге қатысатын мемлекеттік органдар мен өзге де субъектілер орналастыратын шоғырландырылған ақпаратқа, сондай-ақ электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік және өзге де көрсетілетін қызметтерге қол жеткізудің "бірыңғай терезесін" білдіретін цифрлық объект.";

      4-тармақ мынадай мазмұндағы редакцияда жазылсын:

      "4. Көрсетілетін қызметті алушы лицензияны алу немесе қайта ресімдеу үшін көрсетілетін қызметті берушіге "цифрлық үкіметтің" веб-порталы арқылы жүгінеді www.egov.kz (бұдан әрі – портал) және осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес "Энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу қызметіне лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағына сәйкес құжаттарды ұсынады";

      8-тармақтың екінші бөлігі мынадай мазмұндағы редакцияда жазылсын:

      Осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) және 4) тармақшаларының күші дара кәсіпкер-лицензиаттың заңды мекенжайының өзгеруі "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес елді мекендер атауының, көше аттарының өзгеруіне байланысты болған жағдайларға қолданылмайды. Лицензиаттар мен лицензия объектісі мекенжайларының бұлай өзгеруі мемлекеттік цифрлық жүйелерді интеграциялау арқылы жүзеге асырылады";

      11-тармақтың екінші бөлігі мынадай мазмұндағы редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті беруші "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 13) тармақшасына сәйкес Бірыңғай байланыс орталығына және өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді жүзеге асыратын "цифрлық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторына жолдайды.";

      11-2- тармақ мынадай мазмұндағы редакцияда жазылсын:

      "11-2. Электр энергетикасы саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесінің көрсетілетін қызметті алушының электр энергиясын, оның ішінде жалпы үй желілері арқылы тікелей қосылған кемінде отыз мың тікелей қосылған тұтынушылардың, коммуналдық меншіктегі және бір мезгілде қызметін "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 1-тармағының 3), 4) және 14) тармақшаларына сәйкес жүзеге асыратын, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жүз пайызы мемлекетке тиесілі, олар үшін электр энергиясына тікелей қосылған он екі мың тұтынушының болуы жеткілікті болып табылатын заңды тұлғаларды қоспағанда, оның ішінде үйге ортақ желілер арқылы болуы туралы талаптарға сәйкестігі тұрғысынан келісімін алу үшін көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы көрсетілетін қызметті алушының лицензия алуға арналған құжаттары тіркелген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде электр энергетикасы саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесіне "Энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу қызметіне лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағының 5) және 6) тармақшаларында көзделген сұрау салуды және құжаттарды жібереді.

      Рұқсат беру органының сұрау салуы негізінде электр энергетикасы саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 51-бабының 2-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушіге өтініш берушінің біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сәйкестігі немесе сәйкестігі туралы қорытынды ұсына отырып, көрсетілетін қызметті алушыға бару және (немесе) шақыру тәртібімен рұқсат беру бақылауын жүргізу арқылы 5 жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының өтінімін және ұсынылған құжаттарын қарайды.";

      "2) ақпараты мемлекеттік цифрлық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпарат қамтылған құжаттар көшірмелерінің ұсынылмауы немесе тиісінше ресімделмеуі;";

      1, 2, 4, 5 және 6-қосымшалар осы тізбеге сәйкес 1, 2, 3, 4 және 5-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын.

      4. "Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде іске асырылатын жобалар бойынша табиғи монополиялар субъектілері алатын қарыздар, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар шығаратын мемлекеттік бағалы қағаздар бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 12 тамыздағы № 78 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36613 болып тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде іске асырылатын жобалар бойынша табиғи монополиялар субъектілері алатын қарыздар, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар шығаратын мемлекеттік бағалы қағаздар бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларында:

      2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай мазмұндағы редакцияда жазылсын:

      "1) цифрлық жүйе – энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны сатып алудың электрондық платформасы.";

      16-тармақ мынадай мазмұндағы редакцияда жазылсын:

      "16. Қарыз алушы субсидияны алу үшін осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес Қаржы агентінің электрондық құжатайналым жүйесіне интеграцияланатын цифрлық жүйе арқылы субсидия алуға электрондық өтініш – сауалнама (бұдан әрі-электрондық өтініш) береді, оған осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес құжаттар тізбесі қоса беріледі.";

      19 - 20 тармақтар мынадай мазмұндағы редакцияда жазылсын:

      "19. Қарыз алушы ұсынған құжаттар толық болмаған жағдайда Қаржы агенті электрондық өтінішті қараудан, цифрлық жүйе арқылы хабарлама жіберіп, бас тартады.

      20. Қаржы агенті электрондық өтінішті қарау қорытындылары бойынша қарыз алушыға цифрлық жүйе арқылы шешім қабылданған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде электрондық цифрлық қолтаңбамен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында қабылданған шешім туралы хабарлама – хат жібереді. Бір мезгілде қаржы агенті ЕДБ және (немесе) ХҚҰ және (немесе) "ҚДБ" АҚ қабылдаған шешімі туралы хабарлама-хат жолдайды. Қаржы агентінің шешімі қабылданған күннен бастап 6 (алты) ай бойы қолданыста болады.";

      45-тармақ мынадай мазмұндағы редакцияда жазылсын:

      "45. Қаржы агенті қаржы операторының субсидиялауды тоқтата тұру туралы шешімін алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде ТМС-ға, Қаржы және Техникалық операторға, Тариф реттеушісіне, Жергілікті атқарушы органға және тиісті саланың уәкілетті органына, сондай-ақ ЕДБ және (немесе) ХҚҰ және (немесе) "ҚДБ" АҚ-ға цифрлық жүйе арқылы субсидиялауды тоқтата тұру себептерін көрсете отырып, хабарлама-хат жолдайды.";

      48-тармақ мынадай мазмұндағы редакцияда жазылсын:

      "48. Қаржы агенті қаржы операторының тиісті шешімін алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде субсидиялауды қайта бастау туралы хабарлама-хатты Қаржы және Техникалық операторларға, Тариф реттеушіге, ТМС-ге, сондай-ақ ЕДБ және (немесе) ХҚҰ және (немесе) "ҚДБ" АҚ -ға және жергілікті атқарушы органы мен тиісті саланың уәкілетті органына цифрлық жүйе арқылы, субсидиялауды қайта бастау себептерін көрсете отырып, жібереді.";

      52-тармақ мынадай мазмұндағы редакцияда жазылсын:

      "52. Қарызды (кредитті) субсидиялауды тоқтату туралы шешім қабылдаған кезде Қаржы агенті Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасы мен Шарт талаптарына сәйкес, қарыз алушыны, ЕДБ және (немесе) ХҚҰ және (немесе) "ҚДБ" АҚ, сондай-ақ ТМС, қаржы және техникалық операторларды, тариф реттеушісін, жергілікті атқарушы орган және тиісті саланың уәкілетті органын цифрлық жүйе арқылы субсидиялауды тоқтату себептерін көрсете отырып, қарыздарды субсидиялау шартын біржақты тәртіпте бұзады.";

      68-тармақ мынадай мазмұндағы редакцияда жазылсын:

      "68. Қаржы агенті мен Қарыз беруші ай сайынғы негізде қарыз алушыдан қаражаттың игерілуі, құрылыс барысы және өзге де ақпарат туралы мәліметтерді алуды, сондай-ақ олардың Техникалық оператордың цифрлық жүйесінде көрсетілуін қамтамасыз етеді.".

      5. "Энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту және салу жобалары бойынша қарыз бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін қаржыландыру және (немесе) субсидиялау тетігін айқындау үшін табиғи монополиялар субъектілерінің өтінімдерін қарау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 4 қыркүйектегі № 88 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36799 болып тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту және салу жобалары бойынша қарыз бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін қаржыландыру және (немесе) субсидиялау тетігін айқындау үшін табиғи монополиялар субъектілерінің өтінімдерін қарау қағидаларында:

      2-тармақтың 4) тармақшасы мынадай мазмұндағы редакцияда жазылсын:

      "4) энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны сатып алудың электрондық платформасы (бұдан әрі – электрондық платформа) – энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны іске асыру шеңберінде электрондық сатып алуды жүргізуді қамтамасыз ететін, тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін қолжетімділік нүктесін қамтамасыз ету, "кілтпен" құрылыс туралы шарт жасасу, сондай-ақ энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны іске асыру шеңберінде жобаларды іріктеу және мониторингілеу жөнінде электрондық қызметтер көрсететін цифрлық жүйе;".

  Өзгерістер енгізілетін кейбір
бұйрықтардың
тізбесіне 1-қосымша
"Энергиямен жабдықтау
мақсатында электр энергиясын
сатып алу қызметіне лицензия
беру" мемлекеттік қызметін
көрсету қағидаларына
1-қосымша

Заңды тұлғаның энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу қызметіне лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған өтiнiші

      _______________________________________________________________________

      (лицензиардың толық атауы)

      _________________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның (оның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы, орналасқан жері, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда – шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің бизнес- сәйкестендіру нөмірі) ___________________________________________________________ (қызмет түрінің және (немесе) қызметтің кіші түрінің (түрлерінің) толық атауы көрсетiлсiн) жүзеге асыруға лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беруіңізді өтінемін.

      Заңд тұлғаның мекенжайы _____________________________________________ (пошталық индексі, елі (шетелдік заңды тұлға үшін), облыс, қала, аудан, елді мекен, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жай) нөмірі)

      Электрондық пошта _____________________________________________.

      Телефон нөмірлері ______________________________________________.

      Факс __________________________________________________________.

      Банктік шот __________________________________________________.

      (шот нөмірі, банктiң атауы және орналасқан жерi)

      Қызметті немесе іс-қимылдарды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің мекенжайы _____________________________________________________ (пошталық индекс, облыс, қала, аудан, елді мекен, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жай) нөмірі).

      Тұтынушылармен жұмысты қамтамасыз ететін қызмет – абоненттік қызметтерді, учаскелерді құру туралы бұйрықтың болуы туралы ақпарат:

      1) қызметті құру туралы бұйрықтың нөмірі__________________________;

      2) бұйрыққа қол қойылған күн_____________________________________;

      3) жауапты адамның аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда), тегi __________

      Кемiнде 10 000 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айналым қаражатының болуы туралы ақпарат:

      1) банктің атауы ________________________________________________;

      2) шот нөмірі ___________________________________________________;

      3) айналым қаражатының көлемі (сомасы) __________________________;

      "Цифрлық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, лицензия беру үшін бюджетке лицензиялық алым төлеу туралы мәліметтер:

      түбіртектің нөмірі мен күні ___________________________________.

      Бұл ретте, көрсетілетін қызметті алушы "Энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу, магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнiмдерi құбырларын пайдалану қызметі үшін біліктілік талаптары мен оларға сәйкестiкті растайтын құжаттар тiзбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 29 қаңтардағы № 60 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10598 болып тіркелген) белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келеді.

      Осымен:

      өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны;

      қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатыны;

      өтініш берушінің лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде цифрлық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін беретіні расталады.

      Осымен, өзім ұсынған (толтырған) ақпараттың анық болуы үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болатынымды растаймын.

      Басшы __________________________________________________________

      (электрондық цифрлық қолтаңба) (аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда), тегi)

      Толтырған күні: 20__ жылғы "__" __________

  Өзгерістер енгізілетін
кейбір бұйрықтардың
тізбесіне 2- қосымша
"Энергиямен жабдықтау
мақсатында электр энергиясын
сатып алу қызметіне лицензия
беру" мемлекеттік қызметін
көрсету қағидаларына
2-қосымша

Жеке тұлғаның энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу қызметіне лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған өтiнiші

      ___________________________________________________________

      (лицензиардың толық атауы)

      _____________________________________________________________

      (жеке тұлғаның аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда), тегi, жеке сәйкестендіру нөмірі)

      ___________________________________________________________

      (қызмет түрінің және (немесе) қызметтің кіші түрінің (түрлерінің) толық атауы көрсетiлсiн) жүзеге асыруға лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беруiңiздi өтінемін.

      Жеке тұлғаның тұрғылықты мекенжайы _____________________________ (пошталық индексі, облыс, қала, аудан, елді мекен, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жай) нөмірі)

      Электрондық пошта _____________________________________________.

      Телефон нөмірлері ______________________________________________.

      Факс __________________________________________________________.

      Банктік шот ____________________________________________________.

      (шот нөмірі, банктiң атауы және орналасқан жерi)

      Қызметті немесе іс-қимылдарды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің мекенжайы ______________________________________________ (пошталық индекс, облыс, қала, аудан, елді мекен, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жай) нөмірі).

      Тұтынушылармен жұмысты қамтамасыз ететін қызмет – абоненттік қызметтерді, учаскелерді құру туралы бұйрықтың болуы туралы ақпарат:

      1) қызметті құру туралы бұйрықтың нөмірі__________________________;

      2) бұйрыққа қол қойылған күн_____________________________________;

      3) жауапты адамның аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда), тегi __________

      Кемiнде 10 000 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айналым қаражатының болуы туралы ақпарат:

      1) банктің атауы ________________________________________________;

      2) шот нөмірі ___________________________________________________;

      3) айналым қаражатының көлемі (сомасы) __________________________;

      "Цифрлық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, лицензия беру үшін бюджетке лицензиялық алым төлеу туралы мәліметтер:

      түбіртектің нөмірі мен күні ___________________________________.

      Бұл ретте, көрсетілетін қызметті алушы "Энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу, магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнiмдерi құбырларын пайдалану қызметі үшін біліктілік талаптары мен оларға сәйкестiкті растайтын құжаттар тiзбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 29 қаңтардағы № 60 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10598 болып тіркелген) белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келеді.

      Осымен:

      өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны;

      қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатыны;

      өтініш берушінің лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде цифрлық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін беретіні расталады.

      Осымен, өзім ұсынған (толтырған) ақпараттың анық болуы үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болатынымды растаймын.

      Басшы _________________________________________________________

      (электрондық цифрлық қолтаңба) (аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда), тегi)

      Толтырған күні: 20__ жылғы "__" __________

  Өзгерістер енгізілетін
кейбір бұйрықтардың
тізбесіне 3-қосымша
"Энергиямен жабдықтау
мақсатында электр энергиясын
сатып алу қызметіне лицензия
беру" мемлекеттік қызметін
көрсету қағидаларына
4-қосымша

Заңды тұлғаның энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу қызметіне лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге арналған өтiнiші

      _______________________________________________________________

      (лицензиардың толық атауы)

      _______________________________________________________________

      (заңды тұлғаның (оның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы, орналасқан жері, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда – шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі)

      _______________________________________________________________ (лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның (лардың) нөмірі (лері), берілген күні, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны (ларды) берген лицензиардың атауы) берілген 20____ жылғы "____" _____________ № ____________ лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны (тиістінің астын сызыңыз) мына негіз (дер) бойынша (тиісті ұяшықта Х қойыңыз) қайта ресімдеуді сұраймын: _______________________________________________________________ (қызметтің түрі және (немесе) қызметтің кіші түрінің толық атауы)

      1) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 34-бабында айқындалған тәртіпке сәйкес заңды тұлға-лицензиаттың:

      бірігу ________________________________________________________.

      қайта құрылу ___________________________________________________.

      қосылу ________________________________________________________.

      бөлініп шығу ___________________________________________________.

      бөліну жолымен (тиісті торкөзде Х көрсетіңіз) қайта ұйымдастырылуы;

      2) заңды тұлға-лицензиат атауының _______________________болып өзгеруі;

      3) заңды тұлға-лицензиаттың орналасқан жерінің ______________болып өзгеруі;

      4) егер лицензияны иеліктен шығару Заңға 1-қосымшада______________ көзделген жағдайларда, лицензиаттың "объектілерге берілетін рұқсаттар" класы бойынша берілген лицензияны үшінші тұлғалардың пайдасына объектімен бірге иеліктен шығаруы;

      5) "объектілерге берілетін рұқсаттар" класы бойынша берілген лицензия үшін немесе лицензияға қосымшалар үшін объектілерді көрсете отырып, объект нақты көшірілмей оның орналасқан жерінің мекенжайының __________________________ болып өзгеруі;

      6) Қазақстан Республикасының заңдарында қайта ресімдеу туралы

      _____________________________________________________ талаптың болуы;

      7) қызмет түрі атауының _______________________________болып өзгеруі;

      8) қызметтің кіші түрі атауының ________________________болып өзгеруі.

      Заңды тұлғаның мекенжайы ______________________________________;

      (ел – шетелдік заңды тұлға үшін, пошталық индексі, облыс, қала, аудан, елді мекен, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жай) нөмірі).

      Электрондық пошта ______________________________________________;

      Телефондар _____________________________________________________;

      Факс ___________________________________________________________;

      Банктік шот_____________________________________________________;

      (шот нөмірі, банктiң атауы және орналасқан жерi)

      Қызметті немесе іс-қимылдарды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің мекенжайы _______________________________________________ (пошталық индексі, облыс, қала, аудан, елді мекен, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жай) нөмірі)"Цифрлық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеу үшін бюджетке лицензиялық алым төлеу туралы мәліметтер:

      1) түбіртектің нөмірі мен күні ____________________________________.

      Осымен:

      өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны;

      қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатыны;

      өтініш беруші лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде цифрлық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін беретіні расталады;

      Басшы_________________________________________________________ (электрондық цифрлық қолтаңба) (аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда), тегi)

      Толтырған күні: 20__ жылғы "__"________________

  Өзгерістер енгізілетін
кейбір бұйрықтардың
тізбесіне қосымша
"Энергиямен жабдықтау
мақсатында электр энергиясын
сатып алу қызметіне лицензия
беру" мемлекеттік қызметін
көрсету қағидаларына
5-қосымша

Жеке тұлғаның энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу қызметіне лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге арналған өтiнiші

      _______________________________________________________________

      (лицензиардың толық атауы)

      _______________________________________________________________

      (жеке тұлғаның аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда) тегi, жеке сәйкестендіру нөмірі)

      _______________________________________________________________

      (қызмет түрiнің және (немесе) қызметтің кіші түрінің (лерінің) толық атауы)

      _____________________________________________________ жүзеге асыруға берілген

      _______________________________________________________________

      (лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның (лардың) нөмірі (лері), берілген күні, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны (ларды) берген лицензиардың атауы) 20____ жылғы "___" _____________ № ____________ лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны (тиістінің астын сызыңыз) мына негіз (дер) бойынша (тиісті ұяшықта Х көрсетіңіз) қайта ресімдеуді сұраймын:

      1) жеке тұлға-лицензиаттың атының, әкесінің атының (болған жағдайда) тегінің

      _________________________________________________ болып өзгеруі;

      2) дара кәсіпкер-лицензиаттың қайта тіркелуі, оның атауының болып өзгеруі;

      3) дара кәсіпкер-лицензиаттың қайта тіркелуі, оның заңды мекенжайының

      _________________________________________________________болып өзгеруі;

      4) егер лицензияны иеліктен шығару "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына 1-қосымшада көзделген жағдайларда __________________________________________ лицензиаттың "объектілерге берілетін рұқсаттар" класы бойынша берілген лицензияны үшінші тұлғалардың пайдасына объектімен бірге иеліктен шығаруы

      5) "объектілерге берілетін рұқсаттар" класы бойынша берілген лицензия үшін немесе лицензияға қосымшалар үшін объектілерді көрсете отырып, объект нақты көшірілмей оның орналасқан жерінің мекенжайының _______________________________________________________ болып өзгеруі;

      6) Қазақстан Республикасының заңдарында қайта ресімдеу туралы талаптың болуы

      ____________________________________________________;

      7) қызмет түрі атауының өзгеруі ___________________________________;

      8) қызметтің кіші түрі атауының өзгеруі.

      Жеке тұлғаның тұрғылықты жерінің мекенжайы______________________

      (пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат нөмірі)

      Электрондық пошта _____________________________________________.

      Телефондар _____________________________________________________.

      Факс _____________________________________________________.

      Банктік шот ____________________________________________________.

      (шот нөмірі, банктiң атауы және орналасқан жерi)

      Қызметті немесе іс-қимылдарды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің мекенжайы _______________________________________________

      (пошталық индексі, облыс, қала, аудан, елді мекен, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жай) нөмірі) "Цифрлық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеу үшін бюджетке лицензиялық алым төлеу туралы мәліметтер:

      1) түбіртектің нөмірі мен күні _____________________________________.

      Осымен:

      өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны;

      қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатыны;

      өтініш беруші лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде цифрлық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін беретіні расталады;

      Басшы_________________________________________________________

      (электрондық цифрлық қолтаңба) (аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда), тегi)

      Толтырған күні: 20__ жылғы "__"________________

  Өзгерістер енгізілетін
кейбір бұйрықтардың
тізбесіне қосымша
"Энергиямен жабдықтау
мақсатында электр энергиясын
сатып алу қызметіне лицензия
беру" мемлекеттік қызметін
көрсету қағидаларына
6-қосымша

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет атауы "Энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу қызметіне лицензия беру"
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің атауы:
1. Лицензия беру
2. Лицензияны қайта ресімдеу

1

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары)

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті (бұдан әрі - Комитет), Комитеттің аумақтық органдары.

2

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

Өтініштер мен құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру "цифрлық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады:
1. Лицензия беру;
2. Лицензияны қайта ресімдеу.

3

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары)

Лицензияны беру кезінде – 10 (он) жұмыс күні; лицензияны қайта ресімдеу кезінде – 3 (үш) жұмыс күні

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Барлық кіші түрлері бойынша электрондық (ішінара автоматтандырылған)

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу қызметіне лицензия, қайта ресімделген лицензия не электрондық нысандағы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.

6

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақылы негізде көрсетіледі. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алым алынады, ол "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне
(Салық кодексі) сәйкес:
1) лицензияны беру үшін – 10 айлық есептік көрсеткішті (бұдан әрі – АЕК);
2) лицензияны қайта ресімдеу үшін – лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 10% құрайды. Лицензиялық алымды төлеу қолма-қол ақшамен және қолма-қол ақшасыз нысанда екінші деңгейдегі банктер және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға электрондық сұрау салу портал арқылы берілген кезде төлем "цифрлық үкімет" төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) немесе екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырылады

7

Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 13:00-ден 14:30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін;
2) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес келесі жұмыс күні жүзеге асырылады)

8

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Лицензияны алу үшін:
1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшін заңды тұлғаның өтініші; көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшін жеке тұлғаның өтініші;
2) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес абоненттік қызметтер, учаскелер-тұтынушылармен жұмысты қамтамасыз ететін қызметті (персоналды) құру туралы бұйрықтың болуы туралы мәліметтер нысаны;
3) айналым қаражатының болуы туралы банктен кемінде 10 000 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде анықтама;
4) құқық белгілейтін құжаттар не оны пайдалануға алғанын куәландыратын құжаттың көшірмесі, оның ішінде тұтынушылармен жұмыс істеуге және абоненттік қызметтерді орналастыруға арналған ғимаратқа немесе үй-жайға жалдау, қосымша жалдау шарты бойынша (цифрлық жүйелерден алынатын мәліметтерді қоспағанда);
5) "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабының 3-тармағына сәйкес электр энергиясын берудің бірыңғай технологиялық процесіне қатысатын кернеудің кемінде төрт сыныбының (кернеудің әрбір сыныбы бойынша электр желілерінің кемінде бір бірлігінің) электр желілеріне құқық белгілейтін құжаттарының көшірмелері, сондай-ақ "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабының 3-тармағына сәйкес ұлттық электр желісін пайдалануды жүзеге асыратын оператор;
6) электр энергиясын кемінде отыз мың тікелей қосылған тұтынушылардың, оның ішінде жалпы үй желілері арқылы бар екенін растайтын құжаттардың көшірмелері:
- тұтынушының тегі, аты және әкесінің аты көрсетілген тұрмыстық тұтынушылар тізілімі, абоненттік нөмірі;
- тұрмыстық емес тұтынушылар тізілімі (оның ішінде мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын заңды тұлғалар бойынша) – заңды тұлғаның атауы, электрмен жабдықтау шартының нөмірі. лицензияны қайта ресімдеу үшін:
көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін заңды тұлғаның өтініші;
көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін жеке тұлғаның өтініші;
Ұсынылған құжаттар мен мәліметтердің дұрыстығын көрсетілетін қызметті алушы қамтамасыз етеді.
Жеке басын куәландыратын, жылжымайтын мүлікке меншік құқығын растайтын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), осы қызметпен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымды төлеу туралы, лицензия туралы құжаттар туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден "Цифрлық үкімет" шлюзі арқылы алады

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

Лицензияны алу үшін:
1) жеке немесе заңды тұлғалардың осы санаты үшiн қызмет түрімен айналысуға Қазақстан Республикасының заңдарымен тыйым салынуы;
2) лицензиялық алымның енгізілмеуі;
3) өтініш берушінің Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 29 қаңтардағы № 60 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10598 болып тіркелген) бекітілген энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу, магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнiмдерi құбырларын пайдалану қызметі үшін біліктілік талаптары мен оларға сәйкестiкті растайтын құжаттар тiзбесіне (бұдан әрі – біліктілік талаптары) сәйкес келмеуі;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты лицензиялауға жататын қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру немесе тыйым салу туралы соттың заңды күшiне енген шешімінің (үкiмiнің) болуы;
5) сот орындаушысының ұсынуы негізінде соттың өтініш беруші-борышкерге лицензия беруге уақытша тыйым салуы;
6) өтініш берушінің лицензия алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық емес екенінің анықталуы;
лицензияны қайта ресімдеу үшін:
1) лицензиялық алымның енгізілмеуі;
2) ақпараты мемлекеттік цифрлық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпарат қамтылған құжаттар көшірмелерінің ұсынылмауы немесе тиісінше ресімделмеуі;
3) ұсынылуы Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де құжаттардың ұсынылмауы немесе тиісінше ресімделмеуі;
4) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тексеріс жағдайында өтініш берушінің біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі

10

Мемлекеттік қызметті көрсетудің, оның ішінде электронды нысанда көрсетудің ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары көрсетілетін қызметті берушінің www. economy. gov. kz интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде көрсетілген. Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8-800-080-7777


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады