"Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 152-4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау немесе азаматтығын қалпына келтіру кезінде мемлекеттік тілді қарапайым деңгейде, Қазақстан Республикасы Конституциясының негіздерін, сондай-ақ Қазақстан тарихын білу көлемін айқындау бойынша тестілеуді өткізу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі |
С. Нурбек |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Сыртқы істер министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі
| Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі 2026 жылғы 12 қаңтардағы № 9 бұйрығымен бекітілген |
Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау немесе азаматтығын қалпына келтіру кезінде мемлекеттік тілді қарапайым деңгейде, Қазақстан Республикасы Конституциясының негіздерін, сондай-ақ Қазақстан тарихын білу көлемін айқындау бойынша тестілеуді өткізу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау немесе азаматтығын қалпына келтіру кезінде мемлекеттік тілді қарапайым деңгейде, Қазақстан Республикасы Конституциясының негіздерін, сондай-ақ Қазақстан тарихын білу көлемін айқындау бойынша тестілеуді өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 152-4) тармақшасына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау немесе азаматтығын қалпына келтіру кезінде мемлекеттік тілді қарапайым деңгейде, Қазақстан Республикасы Конституциясының негіздерін, сондай-ақ Қазақстан тарихын білу көлемін (бұдан әрі – білу көлемі) айқындау бойынша тестілеуді өткізу тәртібін айқындайды.
2. Қазақстан Республикасының азаматтығына үміткер (бұдан әрі – тестіленуші) білу көлемін айқындау мақсатында тестілеуден өтеді.
3. Қағидалар кәмелетке толмағандарға, әрекетке қабілетсіз адамдарға, Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі бар не Қазақстан Республикасының Президенті белгілейтін тізбе бойынша кәсіптерге ие және талаптарға сай келетін адамдарға, этникалық қазақтарға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар негізінде жеңілдетілген тәртіппен Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға құқығы бар адамдарға қолданылмайды.
4. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) апелляция – осы Қағидаларға сәйкес тестіленушінің өтініші бойынша жүзеге асырылатын тестіленушілердің білімін бағалау нәтижелерін қайта қарау рәсімі;
2) биометриялық деректерді тексеру жүйесі – тұлғаны сәйкестендіру рәсімін жүзеге асыратын автоматтандырылған жүйе;
3) отырғызу парағы – тестіленушілерді аудиториядағы орындар бойынша бөлу парағы;
4) тестілеу – Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау немесе азаматтығын қалпына келтіру кезінде мемлекеттік тілді қарапайым деңгейде, Қазақстан Республикасы Конституциясының негіздерін, сондай-ақ Қазақстан тарихы бойынша білімін бағалау мақсатында өткізілетін рәсім;
5) тестілеу әкімшісі – тестілеу өткізу пунктінде тәртіп сақтауға бақылау жасауды жүзеге асыратын жауапты тұлға;
6) шекті балл – білу көлемімен ("Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау немесе азаматтығын қалпына келтіру кезінде мемлекеттік тілді қарапайым деңгейде, Қазақстан Республикасы Конституциясының негіздерін, сондай-ақ Қазақстан тарихын білу көлемін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 8 қазандағы № 479 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35233 болып тіркелген) белгіленген тестілеудің әр блогы бойынша балдардың минималды жиынтығы;
7) электрондық сертификат – тестілеу кезінде шекті балды еңсергенін ресми растайтын тестіленушінің бірегей деректері бар және Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі "Ұлттық тестілеу орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ҰТО) сайтында жарияланатын электрондық құжат.
5. Тестілеу келесі блоктардан тұрады:
1) тілдік білімді бағалау жүйесінің қарапайым деңгейі бойынша қазақ тілін білуін айқындауға арналған тест (қазақ тілінде);
2) Қазақстан Республикасы Конституциясының негіздері бойынша тест (қазақ немесе орыс тілінде);
3) Қазақстан тарихы бойынша тест (қазақ немесе орыс тілінде).
6. Тест тапсырмаларының жалпы саны – 100 (жүз), оның ішінде:
1) қазақ тілі бойынша – 30 (отыз), оның ішінде: тыңдалым бөлігі бойынша – 15 (он бес), оқылым бөлігі бойынша – 15 (он бес);
2) Қазақстан Республикасы Конституциясының негіздері бойынша – 40 (қырық);
3) Қазақстан тарихы бойынша – 30 (отыз).
7. Тестілеуде ұсынылған төрт жауаптың ішінен бір дұрыс жауап таңдалатын тест тапсырмалары қолданылады. Дұрыс жауап бір балмен бағаланады.
8. Тестілеуге берілетін жалпы уақыт 2 (екі) сағат 10 (он) минутты құрайды.
Барлық топтағы мүгедектігі бар адамдарға қосымша 30 (отыз) минут беріледі.
9. Шекті балл кемінде 50 (елу) балды құрайды, оның ішінде блоктар бойынша:
1) қазақ тілі бойынша – кемінде 15 (он бес) балл;
2) Қазақстан Республикасы Конституциясының негіздері бойынша – кемінде 20 (жиырма) балл;
3) Қазақстан тарихы бойынша – кемінде 15 (он бес) балл.
10. Тестілеу күнтізбелік жылдың ақпан және тамыз айларында жылына 2 рет өткізіледі. Тестілеуді өткізу мерзімдері мен пунктін ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
11. Тестіленуші тестілеуге кіргізу кезінде келесі құжаттардың түпнұсқаларының бірін ұсынады:
1) азаматтығы жоқ адамның куәлігі немесе шетелдік паспорт;
2) шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхаты.
12. Тестілеу қорытындысы бойынша осы Қағидалардың 9-тармағында айқындалған шекті балды еңсерген шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қазақ тілінде электрондық сертификат беріледі. Шекті балды еңсермеген кезде электрондық сертификат берілмейді. Электрондық сертификат тестілеу аяқталғаннан кейін тестіленушінің жеке кабинетінде қолжетімді (апелляцияға өтініш берген тестіленушілерді есепке алмағанда) болады.
13. Электрондық сертификат ҰТО-ның сайтына (https://certificate.testcenter.kz) тестіленушінің жеке сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі – ЖСН) және жеке кодын енгізу арқылы расталады.
14. Электрондық сертификаттың жарамдылық мерзімі берілген күнінен бастап 2 (екі) жылды құрайды.
2-тарау. Тестілеу өткізу рәсімі мен тәртібі
15. Тестілеуге өтініштерді қабылдау ҰТО-ның ақпараттық жүйесі арқылы келесі мерзімдерде:
1) күнтізбелік жылғы 3 – 10 ақпан аралығында;
2) күнтізбелік жылғы 10 – 20 тамыз аралығында жүзеге асырылады.
16. Тестілеуге қатысуға өтініштер қабылдау және тестілеу өткізу кезеңдері туралы ақпарат ҰТО-ның www.testcenter.kz сайтында жарияланады. Тестілеуге қатысу үшін тестіленуші ҰТО-ның www.app.testcenter.kz сайты арқылы тіркеліп, онда тестіленушінің жеке кабинеті ашылады. Әрі қарай тестіленуші осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тестілеуге қатысу үшін тестілеу параметрлерін толтырып, төлем жасау әдісін таңдайды. Барлық кезеңдерден сәтті өткеннен кейін "Өтініш қабылданды" деген хабарлама шығады.
Тестіленуші тестілеуге қатысудан бас тартқан жағдайда, өзінің жеке кабинетіндегі өтінішін деректер базасы жабылғанға дейін жоюы қажет. Деректер базасы осы Қағидалардың 15-тармағында көрсетілген өтініш қабылдаудың соңғы күні жабылады.
Қаржы қаражатын қайтару тестілеу аяқталған сәттен бастап бір ай ішінде келесі құжаттарды:
1) өтінішті;
2) төлем түбіртегін;
3) жеке куәліктің көшірмесін;
4) банк төлем картасының (алдыңғы жағы) көшірмесін;
5) Қазақстан Республикасы екінші деңгейлі банкінің реквизиттерін көрсете отырып, 20 таңбалы есепшотын ұсынған кезде жүзеге асырылады.
Тестілеу үшін төлем деректер базасы жабылғаннан кейін қайтарылмайды.
17. Өтініш берген, бірақ белгіленген күні тестілеуге қатыспаған тестіленушіге тестілеуді өткізу кезеңінде (лек пен аудиторияда орын болған кезде) келесі күндердің бірінде қатысу немесе ақша қаражатын қайтару мүмкіндігі келесі дәлелді себептер бойынша ұсынылады:
1) денсаулық жағдайы бойынша "Еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама жүргізу, сондай-ақ еңбекке уақытша жарамсыздық парағын немесе анықтамасын беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 18 қарашадағы № ҚР ДСМ-198/2020 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21660 болып тіркелген) нысан бойынша еңбекке уақытша жарамсыздық парағы және (немесе) медициналық анықтама және (немесе) Қазақстан Республикасының электрондық үкімет порталынан үзінді болған кезде;
2) Тізімі "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 1-бабының 13) тармақшасында белгіленген жұбайының (зайыбының) немесе жақын туысының қайтыс болғанын растайтын құжаттар болған кезде;
3) мәдениет және спорт саласындағы республикалық және халықаралық олимпиадаларға, спорттық жарыстарға, сондай-ақ республикалық және халықаралық конкурстар мен фестивальдерге қатысуды немесе қатысқанын растайтын іссапар бұйрығы болған кезде;
4) төтенше жағдайлар кезінде.
18. Мүмкіндігі шектеулі (мүгедектігі бар) тестіленушілерге жеке көмекшілердің қатысуына рұқсат беру үшін тестілеуге өтініш берген кезде мүгедектікті растайтын құжаттың қазақ немесе орыс тілдеріндегі нотариалды куәландырылған аудармасын, сондай-ақ жеке көмекшінің құжаттарын (жеке басын куәландыратын құжаттар, білімін растайтын құжаттар (ол болған жағдайда), ЖСН) қоса ұсыну қажет. Қазақ филологиясы, Қазақстан тарихы және құқықтану саласы мамандарының жеке көмекші болуына жол берілмейді. Тестілеуге берілген өтініште көрсетілмеген жеке көмекшілер аудиторияға жіберілмейді.
19. Тестілеуге кіргізу кезінде тестілеу әкімшісі ғимаратқа және аудиторияға оқу-әдістемелік әдебиеттердің, сөздіктің, тест тапсырмаларының мазмұнын ашатын мәліметтер мен жазбалар бар ақпаратты тасымалдаушының, әртүрлі форматтағы қағаздың, фото және бейне аппараттың, ақпараттарды тасымалдау функциясымен жабдықталған кез келген мобильді байланыс құралдарының (мобильді телефондар, планшеттер, ноутбуктер, плейерлер, модемдер (мобильді роутерлер), радио-электронды байланыстың кез келген түрлерінің (Wi-Fi, Bluetooth, Dect, смарт сағат, смарт көзілдірік, диктофон, сымды және сымсыз құлаққаптар, микро құлаққап) кіргізілуіне және қолданылуына жол бермеу шараларын жүзеге асырады.
Металл іздегішпен тексеру кезінде осы тармақта көрсетілген тыйым салынған заттар анықталған кезде тестілеу әкімшісі осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тестілеу өткізу пунктінің ғимаратына кіреберісте қолдануға тыйым салынған заттың табылуы және тестіленушінің ғимараттан шығарылуы туралы актісін жасап, нәтижесінде тестіленуші ағымдағы кезеңдегі тестілеуден шеттетіледі.
20. Тестілеуге кіргізу кезінде немесе тестілеу кезінде бөгде адам анықталған кезде тестілеу әкімшісі осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тестілеуге кіргізу кезінде немесе тестілеу кезінде бөгде адамның анықталуы туралы актісін жасайды.
Тестілеу өткізу кезінде анықталған бөгде адам аудиториядан шығарылады, тестіленуші осы тестілеуді аяқтамайды, аяқтаған жағдайда нәтижелері жойылады.
21. Тестілеуді өткізу кезінде "Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы есепке алу мен есеп құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 20 тамыздағы № ҚР ДСM-84 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24082 болып тіркелген) 38-қосымшасына сәйкес бейнебақылау және ұтқыр, радиоэлектронды байланыс сигналдарын басатын құрылғылар пайдаланылады.
22. Тестілеу әкімшісі тестіленушілерді аудиторияға (компьютерлік сынып) бір-бірден кіргізеді. Жеке басы сәйкестендірілгеннен кейін тестіленуші отырғызу парағында көрсетілген нөмірге сәйкес орынға отырады және осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша отырғызу парағына қол қояды.
23. Тестілеудің алдында тестілеу әкімшісі тестіленушілерге тестілеу қағидалары бойынша қазақ тілінде, қажет болған кезде орыс тілінде нұсқаулық өткізеді.
24. Тестілеуді бастау үшін тестіленуші:
1) тестілеу жүйесіне кіру үшін ЖСН енгізу және компьютерде орнатылған фронтальды камера арқылы биометриялық деректерді тексеру жүйесінің көмегімен авторизациялаудан өтуі;
2) тестіленуші деректерінің дұрыстығын растауы;
3) тестілеу кезінде тәртіп сақтау және тестілеу бағдарламасының интерфейсінде тестілеуді өткізу қағидаларымен танысуы және растауы;
4) "Кіру" батырмасын басқаннан кейін тестілеу тапсыруға кірісуі қажет.
Тестіленуші тестілеу жүйесіне әрбір кіру және шығу кезінде, сондай-ақ тестілеу аяқталғаннан кейін компьютерде орнатылған фронтальды камера арқылы биометриялық деректерді тексеру жүйесімен авторизациялаудан өтеді.
Тестілеудің аяқталғанын тестіленуші "Тестілеуді аяқтау" батырмасын басу арқылы растайды.
Тестіленуші техникалық себептерге байланысты апелляцияға өтінішін тестілеу барысында тестілеу бағдарламасының интерфейсінде орналасқан "Техникалық себептер бойынша апелляция беру" батырмасын басу арқылы береді.
Тестілеу аяқталғаннан кейін тестіленушінің дербес компьютерінің экранына оның жауаптарының нұсқалары көрсетілген талдау картасы, әрбір сұрақ және блоктар бойынша жиналған балл саны, сондай-ақ тестілеудің жалпы балы шығарылады. Тестіленушіге тестілеу нәтижелерімен және тест нәтижелерін талдау картасымен танысу үшін 10 минут уақыт беріледі.
Одан әрі компьютер экранында "Тапсырма мазмұны бойынша апелляцияға өтініш беру" және "Апелляцияға өтініш бермей аяқтау" функциялары ұсынылады. Тестіленуші көрсетілген екі функцияның біреуін таңдамаған жағдайда 10 минуттан кейін тестілеу бағдарламасы автоматты түрде жабылады. Егер "Тапсырма мазмұны бойынша апелляцияға өтініш беру" батырмасы таңдалса, апелляцияға өтініш беру үшін мәзір ашылады.
Тестіленуші тест тапсырмаларының мазмұны бойынша апелляцияға өтінішті 30 (отыз) минут ішінде береді. Тестіленуші апелляцияға өтініш беруді аяқтағаннан кейін "Апелляцияны аяқтау" батырмасын басады.
Әрі қарай экранда апелляцияға өтініш берілген тест тапсырмаларының талдау картасы көрсетіледі.
"Апелляцияға өтініш бермей аяқтау" функциясын таңдаған кезде тестіленуші аудиториядан шығады.
Тест тапсырмаларының жауаптарын бағалау осы Қағидалардың 7-тармағына сәйкес жүргізіледі.
Тестілеу кезеңінде тестілеуден қайта өтуге жол берілмейді.
25. Тестілеу өткізу пунктінде электр қуаты, су жабдықтау немесе интернет ажыратылған кезде тестіленуші тестілеудің қайта басталуын 45 (қырық бес) минут күтеді. Тестілеуді жалғастыру мүмкін болмаған кезде тестілеу әкімшісі ҰТО-ның келісімі бойынша осы Қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тестілеу процесін тоқтату және басқа күнге/лекке ауыстыру актісін жасай отырып, тестілеу процесін тоқтатады және басқа күнге ауыстырады. Тестілеу нәтижелері өңделмейді және жойылуға жатады.
26. Тестілеу кезінде техникалық ақау орын алған кезде тестіленуші ол жөнінде тестілеу әкімшісіне хабарлауы тиіс.
Тестілеу әкімшісі осы Қағидалардың 7-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тестілеу өткізу кезінде орын алған техникалық ақауды анықтау туралы актісін жасайды.
Жабдықтың техникалық ақаулығы кезінде тестіленушінің тестілеу жүйесіндегі тіркеу файлы тексеріледі және уақыт жоғалту жағдайында жоғалған уақыт қосымша қосылады.
Техникалық ақау жойылғаннан кейін тестіленуші тестілеуді жалғастырады.
27. Тестіленуші аудиториядан шыққан кезде және аудиторияға қайта кірген кезде металл іздегішпен тексеру жүзеге асырылады.
28. Тестілеу өткізу кезінде тестіленушіге:
1) аудиториядан (компьютерлік сыныптан) тестілеу әкімшісінің рұқсатынсыз шығуға;
2) төтенше және/немесе тестіленушінің денсаулығына байланысты жағдайларды қоспағанда, тестілеудің соңғы сағатында аудиториядан (компьютерлік сыныптан) шығуға;
3) сөйлесуге, бір орыннан екінші орынға ауысуға;
4) аудиторияға (компьютерлік сыныпқа) осы Қағидалардың 19-тармағында көрсетілген тыйым салынған заттарды алып кіруіне және/немесе қолдануына;
5) тестілеу алдында немесе тестілеу кезінде шулауға;
6) құжаттармен және тестіленушіге жұмыс үшін берілген парақпен алмасуға;
7) тестілеу тапсырмаларының мазмұнын талқылауға және жария етуге;
8) тестілеу үшін қолданылатын техниканың және қауіпсіздік жүйесінің бүлінуіне алып келетін әрекеттер жасауға;
9) тестілеу жүйесіне араласу әрекетіне жол берілмейді.
Тестіленуші Қағидалардың осы тармағының жоғарыда көрсетілген тармақшаларын бұзған кезде тестілеу әкімшісі осы Қағидалардың 8-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау немесе азаматтығын қалпына келтіру кезінде мемлекеттік тілді қарапайым деңгейде, Қазақстан Республикасы Конституциясының негіздерін, сондай-ақ Қазақстан тарихын білу көлемін айқындау бойынша тестілеуді өткізу қағидаларын бұзғаны үшін тестіленушіні аудиториядан шығару туралы актісін жасайды. Тестіленуші аудиториядан шығарылады және осы тестілеуді аяқтамайды, аяқтаған жағдайда нәтижелері жойылады.
3-тарау. Апелляцияға өтініш беру және оны қарау тәртібі
29. Тест тапсырмаларын бағалау кезінде бірыңғай критерийлердің сақталуын қамтамасыз ету және даулы мәселелерді шешу мақсатында апелляциялық комиссия құрылады.
30. Апелляциялық комиссияның төрағасы мен мүшелері ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органның бұйрығымен бекітіледі.
31. Апелляциялық комиссия әр блок бойынша кемінде екі адамнан тұрады. Апелляциялық комиссия мүшелерінің кандидатуралары облыстық, қалалық білім басқармалары, мемлекеттік тілді оқыту орталықтары, жоғары оқу орындары ұсынған тәжірибелі мұғалімдер, оқытушылар және басқа да білім беру ұйымдарының қызметкерлері арасынан құрылады.
Апелляциялық комиссия тестіленушілерден тест тапсырмаларының мазмұны мен техникалық себебіне қатысты түскен өтініштерді қабылдайды және оны қарастырады.
32. Апелляциялық комиссия апелляцияны 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарап, шешім шығарады.
Апелляция нәтижелері тестіленушінің www.app.testcenter.kz сайтындағы жеке кабинетінде қолжетімді.
Техникалық себептер бойынша апелляция тест тапсырмалары шарттарының бөлігі (мәтін, схемалар, суреттер, кестелер) болмай, нәтижесінде дұрыс жауапты айқындау мүмкін болмағанда қарастырылады.
Тест тапсырмаларының мазмұнына қатысты апелляция келесі себептер бойынша қабылданады:
1) дұрыс жауап дұрыс жауаптар кодымен сәйкес келмейді;
2) дұрыс жауап жоқ;
3) бір дұрыс жауап таңдалатын тест тапсырмаларында бірден артық дұрыс жауап бар (дұрыс жауаптардың барлық нұсқаларын көрсету);
4) тест тапсырмасы қате құрастырылған.
Апелляцияға берілген өтініште баяндалған нақты фактілер қарастырылуға жатады. Тест тапсырмаларын қайта қарау үшін мазмұны бойынша өтініш берген кезде тестіленуші дәлелді негіздеме (толық түсініктеме) көрсетеді. Дәлелді негіздеме (толық түсініктеме, тапсырмаларды қадамдық шешу) көрсетілмеген өтініш қарауға жатпайды.
33. Апелляциялық комиссия ұсыныстардың негізділігін қарастырып, шешім шығарады. Апелляциялық комиссияның шешімін апелляциялық комиссияның төрағасы мен блок (блоктар) бойынша мүшелері қабылдайды.
Шешіммен келіспеген жағдайда тестіленуші Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 22-бабының 2-тармағының 5) тармақшасына сәйкес әкімшілік актіге, әкімшілік әрекетке (әрекетсіздікке) шағымдануға құқылы.
34. Апелляциялық комиссияның шешімі апелляциялық комиссияның төрағасы және блок (блоктар) бойынша мүшелері қол қойған, осы Қағиданың 9-қосымшасына сәйкес нысан бойынша хаттамамен ресімделеді. Апелляциялық комиссияның хаттамалары ҰТО-да бір жыл ішінде сақталады.

ЭЛЕКТРОНДЫҚ СЕРТИФИКАТ
Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау немесе азаматтығын қалпына келтіру кезінде мемлекеттік тілді қарапайым деңгейде, Қазақстан Республикасы Конституциясының негіздерін, сондай-ақ Қазақстан тарихын білу көлемін айқындауға бағытталған тестілеу нәтижесі
Жеке сәйкестендіру нөмірі:
__________ Тапсырған күні: ________
Тестіленушінің жеке коды:
_____________________________________________________________
(тестіленушінің қолы және тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Тапсыру тілі:________
№ | Блок | Жинаған балдары |
1 | Тілдік білімді бағалау жүйесінің қарапайым деңгейі бойынша қазақ тілін білуін айқындауға арналған тест | |
2 | Қазақстан Республикасы Конституциясының негіздері бойынша тест | |
3 | Қазақстан тарихы бойынша тест | |
Барлығы: | ||
мүмкін болған ____ балдан | ||
Тестілеу нәтижесінің жарамдылық мерзімі________________ дейін | ||
Тұлғаны куәландыратын құжат болған жағдайда күші бар. | ||
Тестілеуге қатысу үшін өтініш
Жеке мәліметтер: |
Жеке сәйкестендіру нөмірі: |
Тегі: |
Аты: |
Әкесінің аты (ол болған жағдайда): |
Электронды пошта: |
Азаматтығы: |
Ұлты: |
Жынысы: |
Туған жылы, айы, күні: |
Байланыс телефоны: |
Қазақстан Республикасы Конституциясының негіздері және Қазақстан тарихы бойынша тестілеу тілін таңдау: |
Тестілеу өтетін қаланы таңдау: |
Тестілеу өткізу пунктін таңдау: |
Тестілеу күні мен уақытын таңдау: |
Мүгедектігінің болуы/болмауы туралы деректер: |
Мүгедектік туралы анықтаманы тіркеу: |
Көмекшінің мәліметтерін енгізу: |
Көмекшінің білімі туралы құжаттарды тіркеу: |
Төлем әдісі: |
Ескерту:
Тестіленуші тестілеуге өтініш беру кезінде Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау немесе азаматтығын қалпына келтіру кезінде мемлекеттік тілді қарапайым деңгейде, Қазақстан Республикасы Конституциясының негіздерін, сондай-ақ Қазақстан тарихын білу көлемін айқындау бойынша тестілеуді өткізу қағидаларымен танысқандығын растайды.
Тестілеу өткізу пунктінің ғимаратына кіреберісте қолдануға
тыйым салынған заттың табылуы және тестіленушінің
ғимараттан шығарылуы туралы акті
_________________________________________________________
(тестілеу өткізу пунктінің коды мен атауы)
Күні "_____"_________ 20 ____ жыл
Уақыты "_______" сағат "____" минут
Тестіленушіден
_________________________________________________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) және жеке сәйкестендіру нөмірі)
ғимаратқа кіреберісте металл іздегіш құрал арқылы тестілеу кезінде қолдануға тыйым
салынған зат табылды
________________________________________________________________
(табылған заттың атауы, маркасы, саны)
Осы фактіні ескере отырып, тестіленушіні тестілеу өткізілетін ғимараттан
шығару туралы шешім қабылданды.
________________________________________________________________
(тестілеу әкімшілері тобы жетекшісінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған
жағдайда) және қолы)
________________________________________________________________
(тестілеу әкімшісінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) және қолы)
Актімен таныстым
_____________________________________________________________________
(тестіленушінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) және қолы)
Тестілеуге кіргізу кезінде немесе тестілеу өткізу кезінде
бөгде адамның анықталуы туралы акті
_______________________________________________________________
(тестілеу өткізу пунктінің коды мен атауы)
Күні "_____"_________ 20 ____ жыл
Уақыты "_______" сағат "____" минут
Тестіленуші _________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) және жеке сәйкестендіру нөмірі) орнына
тестілеу тапсыру үшін тестілеу өткізу пункті ғимаратына кіруге әрекет жасағаны немесе
тестілеу тапсыру үшін аудиторияға
азамат (-ша) ____________________________________________________кіргені
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) және жеке сәйкестендіру нөмірі)
анықталды.
Осы фактіні ескере отырып, бөгде адамды тестілеу өткізілетін ғимараттан
немесе № ______ аудиториядан шығару және тестілеу нәтижесінің күшін жою туралы
шешім қабылданды.
_______________________________________________________________
(тестілеу әкімшілерінің тобы жетекшісінің қолы және тегі, аты, әкесінің аты (ол
болған жағдайда)
_______________________________________________________________
(тестілеу әкімшісінің қолы және тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Актімен таныстым
_____________________________________________________________________
(бөгде адамның қолы және тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Отырғызу парағы
______________________________________________________________
(тестілеу өткізу пунктінің коды мен атауы)
Күні "_____"__________ 20 ____ жыл
Тестілеуге кіргізу уақыты: Тестілеу басталды: ____ сағат ____ минут
Тестілеудің басталу уақыты: Тестілеу аяқталды: ____ сағат _____ минут
Реттік нөмірі | Жеке сәйкестендіру нөмірі | Тестіленушінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) | Тестілеу бағдарламасына кіру логині (қажет болған жағдайда) | Тестілеу бағдарламасына кіру паролі (қажет болған жағдайда) | Аудитория нөмірі | Орын нөмірі | Тестіленушінің қолы | Ескерту |
"Ескерту" бағанында тестіленушінің келмеуі, денсаулығына немесе басқа да объективті себептерге байланысты тестілеуді аяқтамауы, аудиториядан шығарылуы, сондай-ақ тестіленушінің аудиторияда орын ауыстыруына байланысты мәліметтер көрсетіледі.
Тестіленушілерді отырғызу парағы бойынша отырғызуға, тестілеу материалдарына қатысты ақпаратты жарияламауға жауаптымын.
______________________________________________________________
(тестілеу әкімшісінің (аудитория бойынша жауапты) қолы және тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Отырғызу парағын жүктеу күні мен уақыты:____________________________
Тестілеу процесін тоқтату және басқа күнге/лекке ауыстыру акті
____________________________________________________________ (тестілеу өткізу пунктінің коды мен атауы)
Күні "_____" ________ 20 ____ жыл
Уақыты "_______" сағат "____" минут
Тестілеу өткізу пунктінде ______________________________________
_________________________________________________________________
фактісі анықталды. Соған байланысты тестілеу процесін тоқтату және басқа
күнге/лекке ауыстыру туралы шешім қабылданды.
Тестілеу өткізу пунктінің коды | Тестілеу өткізу пунктінің атауы |
Тестілеуді тоқтату |
Тестілеуді тоқтату |
_______________________________________________________________
(тестілеу әкімшілері тобы жетекшісінің қолы және тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
_______________________________________________________________
(тестілеу әкімшісінің қолы және тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Тестілеу өткізу кезінде орын алған техникалық ақауды анықтау туралы акті
____________________________________________________________
(тестілеу өткізу пунктінің коды мен атауы)
Күні "_____"__________ 20 ____ жыл
Уақыты "_______" сағат "____" минут
Тестілеу өткізу пунктіндегі тестілеу кезінде техникалық ақау орын алды.
№ | Тестіленушінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) | Жеке сәйкестендіру нөмірі | Аудитория нөмірі | Орын нөмірі | Техникалық ақау орын алған уақыт | Техникалық ақаудың себебі |
Осы фактіні ескере отырып, тестілеу әкімшісі Ұлттық тестілеу
орталығынан тиісті шешім қабылдауды сұрайды.
______________________________________________________________
(тестілеу әкімшілерінің тобы жетекшісінің қолы және тегі, аты, әкесінің аты
(ол болған жағдайда)
______________________________________________________________
(тестілеу әкімшісінің қолы және тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау немесе
азаматтығын қалпына келтіру кезінде мемлекеттік тілді қарапайым
деңгейде, Қазақстан Республикасы Конституциясының негіздерін,
сондай-ақ Қазақстан тарихын білу көлемін айқындау бойынша
тестілеуді өткізу қағидаларын бұзғаны үшін
тестіленушіні аудиториядан шығару туралы акті
____________________________________________________________________
(тестілеу өткізу пунктінің коды мен атауы)
Күні "____" _________20 _____жыл
Уақыты: "____" сағат " _______" минут
Осы актіні әкімші ___________________________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
тестіленуші _______________________________________________ қатысты
(Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) және жеке сәйкестендіру нөмірі)
Қағидалардың 28-тармағында қарастырылған бір/бірнеше тармақшаларды сақтамау
деректерінің анықталуы бойынша жасады
____________________________________________________________________
(табылған заттың атауы, маркасы, саны, тестілеу жүйесіне араласу фактісі
және/немесе бұзушылықтар)
Осы фактіні ескере отырып, тестіленушіні аудиториядан шығару және тестілеу
нәтижесінің күшін жою туралы шешім қабылданды.
______________________________________________________________
(тестілеу әкімшілерінің тобы жетекшісінің қолы және тегі, аты, әкесінің аты
(ол болған жағдайда)
______________________________________________________________
(тестілеу әкімшісінің қолы және тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Актімен таныстым _________________________________________________________
(тестіленушінің қолы және тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Тест тапсырмаларын бағалау кезінде бірыңғай критерийлердің сақталуын қамтамасыз ету және даулы мәселелерді шешу жөніндегі апелляциялық комиссия отырысының хаттамасы
№ | Күні/уақыты | Тапсырма нөмірі | Пән | Тест тапсырмасының нысаны |
Апелляцияға берілу себебі: ____________________________________________
Апелляция негіздемесі: _______________________________________________
Тест тапсырмасының №: | Тест тапсырмасы: | ||
Жауаптары | Тетіленушінің жауабы | Дұрыс жауап коды | |
А) | |||
В) | |||
С) | |||
D) | |||
Тексеру нәтижесі, түпнұсқаға сілтеме: ___________________________________
Комиссия шешімі: ____________________________________________________
Апелляциялық комиссия төрағасы |
__________________________ |
Комиссия мүшесі |
__________________________ |