ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 01.07.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау немесе азаматтығын қалпына келтіру кезінде мемлекеттік тілді қарапайым деңгейде, Қазақстан Республикасы Конституциясының негіздерін, сондай-ақ Қазақстан тарихын білу көлемін айқындау бойынша тестілеуді өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2026 жылғы 12 қаңтардағы № 9 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 37844 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау немесе азаматтығын қалпына келтіру кезінде мемлекеттік тілді қарапайым деңгейде, Қазақстан Республикасы Конституциясының негіздерін, сондай-ақ Қазақстан тарихын білу көлемін айқындау бойынша тестілеуді өткізу қағидаларында:
11-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) шетел азаматының Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхаты.";
көрсетілген Қағидаларға 4-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
|
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің міндетін атқарушы |
Г. Кобенова |
Тестілеуге кіргізу кезінде немесе тестілеу өткізу кезінде бөгде адамның анықталуы туралы акті _________________________________________ (тестілеу өткізу пунктінің коды мен атауы)
Күні "_____" _________ 20 ____ жыл
Уақыты "_______" сағат "____" минут
Тестіленуші ____________________ (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) және жеке сәйкестендіру нөмірі) орнына тестілеу тапсыру үшін тестілеу өткізу пункті ғимаратына кіруге әрекет жасағаны немесе тестілеу тапсыру үшін аудиторияға Қазақстан Республикасының азаматы (шетел азаматы) _________________________________________________________________________________кіргені (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) және жеке сәйкестендіру нөмірі) анықталды.
Осы фактіні ескере отырып, бөгде адамды тестілеу өткізілетін ғимараттан немесе № ______ аудиториядан шығару және тестілеу нәтижесінің күшін жою туралы шешім қабылданды.
________________________________________
(тестілеу әкімшілерінің тобы жетекшісінің қолы және тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
________________________________________
(тестілеу әкімшісінің қолы және тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Актімен таныстым ______________________
(бөгде адамның қолы және тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
