ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.
"Аквашаруашылық туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 6-тармағының 3) тармақшасына және 16-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Аквашаруашылық саласында балық өсіру-биологиялық негiздемені әзірлеу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы |
А. Бердалин |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ғылым және жоғары білім
министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Су ресурстары және ирригация
министрлігі
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы 2025 жылғы 16 қыркүйектегі № 298 бұйрығымен бекітілген |
Аквашаруашылық саласында балық өсіру-биологиялық негіздемені әзірлеу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Аквашаруашылық саласында балық өсіру-биологиялық негіздемені әзірлеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Аквашаруашылық туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 14-бабы 6-тармағының 3) тармақшасына және 16-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес әзірленді және аквашаруашылық саласында балық өсіру-биологиялық негіздемені әзірлеу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) аквашаруашылық – аквашаруашылық объектілерін көбейтуге және (немесе) күтіп-ұстауға, өсіруге байланысты қызмет;
2) аквашаруашылық объектілері – аквашаруашылық субъектілері көбейтетін және (немесе) күтіп-ұстайтын, өсіретін балықтар, су моллюскалары және шаян тәрізділер;
3) аквашаруашылық саласындағы балық өсіру-биологиялық негіздеме (бұдан әрі – биологиялық негіздеме) – зерттеулер мен ғылыми деректер, балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің, балық өсіру тоғандарының, балық өсіру бассейндерінің ағымдағы жай-күйі мен әлеуетін бағалау, сондай-ақ аквашаруашылық объектілерін көбейтуге және (немесе) күтіп-ұстауға, өсіруге байланысты технологияларды қолдану нәтижесінде әзірленген ғылыми негізделген ұсынымдар кешені;
4) аквашаруашылық саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – аквашаруашылық саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
5) аквашаруашылық субъектілері – аквашаруашылық объектілерін көбейтуге және (немесе) күтіп-ұстауға, өсіруге байланысты қызметті жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғалар;
6) балық өсіру бассейні – аквашаруашылық объектілерін көбейтуге және (немесе) күтіп-ұстауға, өсіруге арналған, жерге батырып орнатылмаған сыйымдылық және (немесе) конструкция;
7) балық өсіру тоғаны – аквашаруашылық объектілерін көбейтуге және (немесе) күтіп-ұстауға, өсіруге арналған жасанды түрдегі технологиялық су айдыны, оған су шаруашылығы және (немесе) гидротехникалық құрылысжайлар немесе өзге де құрылғылар арқылы су толтырылады.
3. Биологиялық негіздеме мынадай мақсаттарда әзірленеді:
1) аквашаруашылықты немесе тауарлық балық өсіруді жүргізу;
2) аквашаруашылықты жүзеге асыру үшін оңтайлы жағдайлар мен параметрлерді айқындау;
3) аквашаруашылық объектілерін күтіп-ұстау және өсіру технологияларын қолдану үшін балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің, балық өсіру тоғандарының, балық өсіру бассейндерінің ағымдағы жай-күйі мен әлеуетін бағалау.
2-тарау. Аквашаруашылық саласында балық өсіру-биологиялық негіздемені әзірлеу тәртібі
4. Биологиялық негіздемені ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері ретінде аккредиттелген заңды тұлғалар және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дербес білім беру ұйымдары (бұдан әрі – ғылыми ұйым) ғылыми зерттеулер негізінде әзірлейді.
Биологиялық негіздемені әзірлеу Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес аквашаруашылық субъектісі мен ғылыми ұйым арасында жасалатын шарт негізінде жүзеге асырылады.
5. Аквашаруашылық саласындағы балық өсіру-биологиялық негіздеме:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес бойынша көзделген құрылымға сәйкес көл-тауар шаруашылық қызметі;
2) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес бойынша көзделген құрылымға сәйкес тор қоршама шаруашылық қызметі;
3) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес бойынша көзделген құрылымға сәйкес тоған және өсімді молайту шаруашылық қызметі;
4) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес бойынша көзделген құрылымға сәйкес индустриялық шаруашылық қызметі үшін әзірленеді.
6. Биологиялық негіздеме 5 (бес) жыл мерзімге жасалады.
7. Аквашаруашылық субъектісі әзірлеген биологиялық негіздеме бекітіп берілген балық шаруашылығы су айдынының және (немесе) учаскенің және (немесе) жеке меншік құқығында не Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де заңды негіздерде жер учаскенің және (немесе) жылжымайтын мүліктің орналасқан жері бойынша уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесіне келісуге ұсынылады.
Биологиялық негіздемені қарау мерзімі ол тіркелген күнінен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күнді құрайды.
Қарау нәтижелері бойынша уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі биологиялық негіздемені келісу туралы не биологиялық негіздемені келісуден бас тарту туралы шешім қабылдайды және аквашаруашылық субъектісіне тиісті хабарлама жібереді. Биологиялық негіздемені келісуден бас тарту туралы шешім қабылданған жағдайда құжат аквашаруашылық субъектісіне қайтарылады.
8. Биологиялық негіздемені келісуден бас тарту мынадай негіздер бойынша жүзеге асырылады:
1) биологиялық негіздемеде қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;
2) аквашаруашылық субъектісінің және (немесе) биологиялық негіздемеде қамтылған ұсынылған деректердің (мәліметтердің) осы Қағидаларда және Қазақстан Республикасының аквашаруашылық және жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.
Аквашаруашылық саласында балық өсіру-биологиялық негіздемені әзірлеу қағидаларына 1-қосымша |
Көл-тауар шаруашылық қызметін жүргізу үшін аквашарушылық саласындағы балық өсіру-биологиялық негіздеменің құрылымы
1. Аквашаруашылық саласындағы балық өсіру-биологиялық негіздеменің (бұдан әрі – биологиялық негіздеме) титул парағы құжаттың, тапсырыс берушінің және әзірлеушінің толық атауын қамтиды.
2. 1-тарау. Мынадай ақпаратты қамтитын жалпы мәліметтер:
1) жобаның қысқаша сипаттамасы;
2) биологиялық негіздемені әзірлеу негіздері.
3. 2-тарау. Мынадай ақпаратты қамтитын балық шаруашылығы су айдынының және (немесе) учаскесінің жалпы сипаттамасы:
1) балық шаруашылығы су айдынының және (немесе) учаскесінің географиялық жағдайы, су пайдалану үшін негіз;
2) өңірдің физикалық-географиялық сипаттамасы: климат, топырақ және өсімдіктер;
3) балық шаруашылығы су айдынының және (немесе) учаскесінің морфометриялық деректері: жағалау сызығының жай-күйі, ауданы, ең үлкен және басым ұзындығы, ені мен тереңдігі, түбінің сипаты;
4) гидротехникалық құрылысжайлардың болуы, олардың жай-күйі, балық қорғау құрылғыларының болуы, су айдынының схемасы мен гидротехникалық және балық қорғау құрылысжайларының жоспарын, сондай-ақ балық шаруашылығы су айдынына және (немесе) учаскесіне іргелес жатқан егістіктерді қоса бере отырып, суды толық немесе ішінара ағызу мүмкіндігі;
5) су айдынының гидрологиялық режимі: жалпы деңгейлік режим, су алмасу, су көлемі, деңгейдің іске қосылуы (су айдынындағы су деңгейінің буланудан және суарудан өзгеруі туралы ақпаратпен), көктемгі тасқын сулардың өту ерекшеліктері;
6) гидрологиялық режимді жақсартуға арналған ұсыныстар (қажет болған жағдайда).
4. 3-тарау. Мынадай ақпаратты қамтитын балық шаруашылығы су айдынының және (немесе) учаскесінің гидрохимиялық сипаттамасы:
1) метеорологиялық көрсеткіштерді өлшеу нәтижелері: судың температурасы, мөлдірлігі, лайлануы;
2) төмендегі кестеге сәйкес судың химиялық құрамының көрсеткіштері:
Сынама алу нүктесінің атауы | Көрсеткіштің атауы | Сынама алу және зертханалық талдаулар жүргізу әдістемесі* | Өлшем бірлігі | Шекті рұқсат етілген концентрация** | Нақты концентрация | Шекті рұқсат етілген концентрациялардан асып кетудің болуы, еселігі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Хлоридтер | ||||||
Гидрокарбонаттар | ||||||
Сульфаттар | ||||||
Кальций | ||||||
Магний | ||||||
Темір | ||||||
Калий | ||||||
Натрий | ||||||
Аммоний азоты | ||||||
Нитриттер | ||||||
Нитраттар | ||||||
Фосфаттар | ||||||
Сутегі көрсеткіші (рН) | ||||||
Мұнай өнімдері (қажет болған жағдайда) | ||||||
Еріген оттегі | ||||||
Жалпы минералдану | ||||||
Жалпы қаттылық |
* сынақ жүргізген зертхананы аккредиттеу саласына сәйкес сынама алу және талдау әдістемесі;
** "Жерүсті су объектілеріндегі және (немесе) олардың учаскелеріндегі су сапасын сыныптаудың бірыңғай жүйесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2025 жылғы 4 маусымдағы № 111-НҚ бұйрығына сәйкес сапа сыныптары бойынша су сапасы стандарттарының сандық мәніне сәйкес шекті жол берілетін концентрация;
3) өсірілген балық түріне концентрацияның артуының әсерін бағалау және химиялық көрсеткіштер бойынша балық шаруашылығы су айдынының және (немесе) учаскесінің жарамдылығы туралы қорытынды;
4) экологиялық жағдайды жақсарту жөніндегі ұсынымдар (қажет болған жағдайда).
5. 4-тарау. Мынадай ақпаратты қамтитын азық-жем базасының жай-күйін талдау:
1) табиғи азық-жем базаның түрлік құрамы: фитопланктон, зоопланктон, бентос;
2) азық-жем организмдердің саны мен биомассасын, азық-жем организмдердің ұшырасымдылығының жиілігін, тағамдық құндылығын бағалауды, маусымдар бойынша салыстырмалы динамиканы қоса алғанда, балық шаруашылығы су айдынының және (немесе) учаскесінің өнімділігін бағалау;
3) азық-жем базасының жарамдылығын талдау;
4) балықтардың қоректенуін, азық-жем базасының жалпы жай-күйін, қалдық биомассаны жекелеген компоненттер бойынша бағалау;
5) қосымша (жасанды) азықтандыру тетігі: азық-жем типі, өндіруші, құрамы, азықтандыру әдісі, азықтандыру кезеңділігі.
6. 5-тарау. Мынадай ақпаратты қамтитын балық шаруашылығы мелиорациясы:
1) мелиорациялық іс-шаралар жоспары, жүргізілетін мелиорация түрінің сипаттамасы: механикалық мелиорация, биологиялық мелиорация, техникалық мелиорация;
2) мелиорацияны жүргізудің кезеңділігі мен шарттары.
7. 6-тарау. Мынадай ақпаратты қамтитын кәсіпшілік ихтиофаунаның құрамын талдау:
1) ихтиофаунаның түрлік құрамы туралы: латын, қазақ және орыс тілдерінде атауын, санын, бағалы, сирек немесе қорғалатын түрлердің болуын, жыртқыш немесе бәсекелес түрлердің болуын көрсете отырып, жалпы ақпаратты;
2) популяция құрылымын, ұзындық-жастық құрамын, балық шаруашылығы су айдыны және (немесе) учаскесі бойынша кеңістікте бөлінуін;
3) өсірілген балық түрлеріне әсері, оның ішінде ықтимал қауіпті түрлердің (жыртқыштардың) болуы, жабайы ихтиофаунадан болатын аурулар мен паразиттік инфекциялардың қаупі, жоспарланған түрлермен азық-жем бәсекелестігін;
4) ихтиофаунаны реттеу жөніндегі ұсынымдарды (қажет болған жағдайда ихтиофаунаны ішінара немесе толық ауыстыру).
8. 7-тарау. Мынадай ақпаратты қамтитын тауарлық балық өсіру:
1) өсіруге ұсынылатын балық түрлері;
2) балық түрлерін таңдаудың биологиялық негіздеме;
3) балық шаруашылығы су айдынының және (немесе) учаскесінің репродуктивті әлеуетін есептеу;
4) құртшабақтардың санын көрсете отырып, оларды суға жіберу жоспары;
5) жоспарланған аулау болжамы;
6) балық аурулары және олардың профилактикасы туралы мәліметтер;
7) балық шаруашылығы су айдынын және (немесе) учаскесін пайдалану әдісін және белгіленген балық түрлерін өсірудің қабылданатын әдісін таңдау және негіздеу;
8) балық шаруашылығы су айдынының және (немесе) учаскесінің жобалық қуатын есептеу.
9. 8-тарау. Мынадай ақпаратты қамтитын қорытынды ережелер:
1) форс-мажорлық ахуал сипаттамасы;
2) балық шаруашылығы су айдынында және (немесе) учаскесінде көл-тауар шаруашылығы қызметін жүргізудің орындылығы мен жол берілуі туралы қорытынды.
Аквашаруашылық саласында балық өсіру-биологиялық негіздемені әзірлеу қағидаларына 2-қосымша |
Тор қоршама шаруашылық қызметін жүргізу үшін аквашарушылық саласындағы балық өсіру-биологиялық негіздеменің құрылымы
1. Аквашаруашылық саласындағы балық өсіру-биологиялық негіздеменің (бұдан әрі – биологиялық негіздеме) титул парағы құжаттың, тапсырыс берушінің және әзірлеушінің толық атауын қамтиды.
2. 1-тарау. Мынадай ақпаратты қамтитын жалпы мәліметтер:
1) жобаның қысқаша сипаттамасы;
2) биологиялық негіздемені әзірлеу негіздері.
3. 2-тарау. Мынадай ақпаратты қамтитын балық шаруашылығы су айдынының және (немесе) учаскесінің жалпы сипаттамасы:
1) балық шаруашылығы су айдынының және (немесе) учаскесінің географиялық жағдайы, су пайдалану үшін негіз;
2) өңірдің физикалық-географиялық сипаттамасы: климат, топырақ және өсімдіктер;
3) балық шаруашылығы су айдынының және (немесе) учаскесінің морфометриялық деректері: жағалау сызығының жай-күйі, ауданы, ең үлкен және басым ұзындығы, ені мен тереңдігі, түбінің сипаты;
4) су айдынының гидрологиялық режимі: жалпы деңгейлік режим, су алмасу, су көлемі, деңгейдің іске қосылуы (су айдынындағы су деңгейінің буланудан және суарудан өзгеруі туралы ақпаратпен), көктемгі тасқын сулардың өту ерекшеліктері.
4. 3-тарау. Мынадай ақпаратты қамтитын балық шаруашылығы су айдынының және (немесе) учаскесінің гидрохимиялық сипаттамасы:
1) метеорологиялық көрсеткіштерді өлшеу нәтижелері: судың температурасы, мөлдірлігі, лайлануы;
2) төмендегі кестеге сәйкес судың химиялық құрамының көрсеткіштері:
Сынама алу нүктесінің атауы | Көрсеткіштің атауы | Сынама алу және зертханалық талдаулар жүргізу әдістемесі* | Өлшем бірлігі | Шекті рұқсат етілген концентрация** | Нақты концентрация | Шекті рұқсат етілген концентрациялардан асып кетудің болуы, еселігі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Хлоридтер | ||||||
Гидрокарбонаттар | ||||||
Сульфаттар | ||||||
Кальций | ||||||
Магний | ||||||
Темір | ||||||
Калий | ||||||
Натрий | ||||||
Аммоний азоты | ||||||
Нитриттер | ||||||
Нитраттар | ||||||
Фосфаттар | ||||||
Сутегі көрсеткіш і (рН) | ||||||
Мұнай өнімдері (қажет болған жағдайда) | ||||||
Еріген оттегі | ||||||
Жалпы минералдану | ||||||
Жалпы қаттылық |
* сынақ жүргізген зертхананы аккредиттеу саласына сәйкес сынама алу және талдау әдістемесі;
** "Жерүсті су объектілеріндегі және (немесе) олардың учаскелеріндегі су сапасын сыныптаудың бірыңғай жүйесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2025 жылғы 4 маусымдағы № 111-НҚ бұйрығына сәйкес сапа сыныптары бойынша су сапасы стандарттарының сандық мәніне сәйкес шекті жол берілетін концентрация;
3) өсірілген балық түріне концентрацияның артуының әсерін бағалау және химиялық көрсеткіштер бойынша балық шаруашылығы су айдынының және (немесе) учаскесінің жарамдылығы туралы қорытынды;
4) экологиялық жағдайды жақсарту жөніндегі ұсынымдар, қажет болған жағдайда.
5. 4-тарау. Мынадай ақпаратты қамтитын азық-жем базасының жай-күйін талдау:
1) табиғи азық-жем базасының түрлік құрамы: фитопланктон, зоопланктон, бентос;
2) азық-жем организмдердің саны мен биомассасын, азық-жем организмдердің ұшырасымдылығының жиілігін, тағамдық құндылығын бағалауды, маусымдар бойынша салыстырмалы динамиканы қоса алғанда, балық шаруашылығы су айдынының және (немесе) учаскесінің өнімділігін бағалау;
3) азық-жем базасының жарамдылығын талдау;
4) азық-жем компоненттері бойынша балықтардың қоректенуін, азық-жем базасының жалпы жай-күйін, қалдық биомассаны бағалау;
5) қосымша (жасанды) азықтандыру механизмі: азық-жем типі, өндіруші, құрамы, азықтандыру әдісі, азықтандыру кезеңділігі.
6. 5-тарау. Мынадай ақпаратты қамтитын балық шаруашылығы мелиорациясы:
1) мелиорациялық іс-шаралар жоспары, жүргізілетін мелиорация түрінің сипаттамасы: механикалық мелиорация, биологиялық мелиорация, техникалық мелиорация;
2) мелиорацияны жүргізудің кезеңділігі мен шарттары.
7. 6-тарау. Мынадай ақпаратты қамтитын кәсіпшілік ихтиофаунаның құрамын талдау:
1) ихтиофаунаның түрлік құрамы туралы: латын, қазақ және орыс тілдерінде атауын, санын, бағалы, сирек немесе қорғалатын түрлердің болуын, жыртқыш немесе бәсекелес түрлердің болуын көрсете отырып, жалпы ақпаратты;
2) популяция құрылымын, ұзындық-жастық құрамын, балық шаруашылығы су айдыны және (немесе) учаскесі бойынша кеңістікте бөлінуін;
3) өсірілген балық түрлеріне әсері, оның ішінде ықтимал қауіпті түрлердің (жыртқыштардың) болуы, жабайы ихтиофаунадан болатын аурулар мен паразиттік инфекциялардың қаупі, жоспарланған түрлермен азық-жем бәсекелестігі.
8. 7-тарау. Мынадай ақпаратты қамтитын тор қоршама шаруашылық қызметін жүргізу технологиясы:
1) тор қоршаманың типін, тор қоршаманың санын сипаттау;
2) конструкция сипаттамасы: өлшемі, пішіні, тереңдігі, көлемі, материал;
3) су айдынында және (немесе) тор қоршамалар учаскесінде орналастырудың ұсынылатын схемасы, тор қоршамалар арасындағы қашықтық;
4) өсірілетін балықтарға байланысты тор қоршаманың сапасы мен ұяшық өлшемі бойынша ұсынымдар;
5) жыртқыштардан және биологиялық ластанудан қорғау бойынша ұсынымдар;
6) тор қоршамаларды күту және оларға қызмет көрсету бойынша ұсынымдар: азық-жем қалдықтарын жою, тор қоршамаларды тазалау.
9. 8-тарау. Мынадай ақпаратты қамтитын тауарлық балық өсіру:
1) тор қоршамаларда тауарлық балық өсіру технологиясы: өсірілетін түрдің атауы, жас тобы, өсіру мерзімі;
2) өсірілетін балық түрін таңдаудың биологиялық негіздемесі;
3) өсіру жоспары: саны, отырғызу тығыздығы, күтіп-ұстау мерзімі;
4) шығу кезінде жоспарланған өнім;
5) балық басын толықтыратын аналық басының құрамын талдау, меншікті өсімін молайтудың ықтимал қуатын есептеу;
6) аурулардың профилактикасы және карантин жөніндегі іс-шаралар;
7) шаруашылықтың жобалық қуатын есептеу.
10. 9-тарау. Мынадай ақпаратты қамтитын қорытынды бөлігі:
1) форс-мажорлық ахуал сипаттамасы;
2) су айдынында және (немесе) учаскеде тор қоршама шаруашылық қызметін жүргізудің орындылығы мен жол берілуі туралы жалпыланған қорытынды.
Аквашаруашылық саласында балық өсіру-биологиялық негіздемені әзірлеу қағидаларына 3-қосымша |
Тоған және өсімді молайту шаруашылық қызметін жүргізуге арналған аквашарушылық саласындағы балық өсіру-биологиялық негіздеменің құрылымы
1. Аквашаруашылық саласындағы балық өсіру-биологиялық негіздеменің (бұдан әрі – биологиялық негіздеме) титул парағы құжаттың, тапсырыс берушінің және әзірлеушінің толық атауын қамтиды.
2. 1-тарау. Мынадай ақпаратты қамтитын жалпы мәліметтер:
1) жобаның қысқаша сипаттамасы;
2) биологиялық негіздемені әзірлеу негіздері.
3. 2 тарау. Мынадай ақпаратты қамтитын балық өсіретін тоғандарда және (немесе) бассейндерде объектілерді тауарлық өсіру:
1) өсірілетін аквашаруашылық объектісінің сипаттамасы;
2) аквашаруашылық объектісін өсіру әдісі;
3) өсіру жоспары: саны, отырғызу тығыздығы, күтіп-ұстау мерзімі;
4) шығу кезінде жоспарланған өнім;
5) балық басын толықтыратын аналық басының құрамын талдау, меншікті өсімін молайтудың ықтимал қуатын есептеу;
6) аурулардың профилактикасы және карантин жөніндегі іс-шаралар.
4. 3-тарау. Мынадай ақпаратты қамтитын азықтандыру технологиясы:
1) азықтандыру тетігі: азық-жем типі, өндіруші, құрамы, азықтандыру әдісі, азықтандыру кезеңділігі;
2) қоректік заттарға деген қажеттілік.
5. 4-тарау. Мынадай ақпаратты қамтитын тоғанның және (немесе) балық өсіретін бассейннің жалпы сипаттамасы:
1) балық өсіретін тоғанның және (немесе) балық өсіретін бассейннің орналасқан жері (аудан, облыс, координаттар);
2) өңірдің физикалық-географиялық сипаттамасы: климат, топырақ және өсімдіктер;
3) морфометриялық деректер: балық өсіретін тоған түбінің ауданы, ұзындығы, ені мен тереңдігі, сипаты;
4) балық өсіретін тоғанның және (немесе) балық өсіретін бассейннің орналасу картасы-схемасы;
5) су алмасу режимі және температуралық жағдайлар;
6) шаруашылықтың өндірістік қуатын есептеу.
6. 5-тарау. Мынадай ақпаратты қамтитын балық өсіретін тоғанның және (немесе) бассейннің және сумен жабдықтау көзінің гидрохимиялық сипаттамасы:
1) сумен жабдықтау көзінің сипаттамасы;
2) метеорологиялық көрсеткіштерді өлшеу нәтижелері: судың температурасы, мөлдірлігі, лайлануы;
3) төмендегі кестеге сәйкес судың химиялық құрамының көрсеткіштері:
Сынама алу нүктесінің атауы | Көрсеткіштің атауы | Сынама алу және зертханалық талдаулар жүргізу әдістемесі* | Өлшем бірлігі | Шекті рұқсат етілген концентрация** | Нақты концентрация | Шекті рұқсат етілген концентрациялардан асып кетудің болуы, еселігі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Хлоридтер | ||||||
Гидрокарбонаттар | ||||||
Сульфаттар | ||||||
Кальций | ||||||
Магний | ||||||
Темір | ||||||
Калий | ||||||
Натрий | ||||||
Аммоний азоты | ||||||
Нитриттер | ||||||
Нитраттар | ||||||
Фосфаттар | ||||||
Сутегі көрсеткіші (рН) | ||||||
Мұнай өнімдері (қажет болған жағдайда) | ||||||
Еріген оттегі | ||||||
Жалпы минералдану | ||||||
Жалпы қаттылық |
* сынақ жүргізген зертхананы аккредиттеу саласына сәйкес сынама алу және талдау әдістемесі;
** "Жерүсті су объектілеріндегі және (немесе) олардың учаскелеріндегі су сапасын сыныптаудың бірыңғай жүйесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2025 жылғы 4 маусымдағы № 111-НҚ бұйрығына сәйкес сапа сыныптары бойынша су сапасы стандарттарының сандық мәніне сәйкес шекті жол берілетін концентрация;
4) аквашаруашылық объектілеріне концентрацияның асып кетуінің әсерін бағалау;
5) экологиялық жағдайды жақсарту жөніндегі ұсынымдар (қажет болған жағдайда).
7. 6-тарау. Мынадай ақпаратты қамтитын балық шаруашылығы мелиорациясы:
1) мелиорациялық іс-шаралар жоспары, жүргізілетін мелиорация түрінің сипаттамасы: механикалық мелиорация, биологиялық мелиорация, техникалық мелиорация;
2) мелиорацияны жүргізудің кезеңділігі мен шарттары.
8. 7-тарау. Мынадай ақпаратты қамтитын қорытынды бөлігі:
1) форс-мажорлық ахуал сипаттамасы;
2) осы балық өсіретін тоғандарда және (немесе) бассейндерде аквашаруашылық тоған және (немесе) өсімді молайту шаруашылық қызметін жүргізудің орындылығы мен жол берілуі туралы жалпыланған қорытынды.
Аквашаруашылық саласында балық өсіру-биологиялық негіздемені әзірлеу қағидаларына 4-қосымша |
Индустриялық шаруашылық қызметін жүргізу үшін аквашарушылық саласындағы балық өсіру-биологиялық негіздеменің құрылымы
1. Аквашаруашылық саласындағы балық өсіру-биологиялық негіздеменің (бұдан әрі – биологиялық негіздеме) титул парағы құжаттың, тапсырыс берушінің және әзірлеушінің толық атауын қамтиды.
2. 1-тарау. Мынадай ақпаратты қамтитын жалпы мәліметтер:
1) жобаның қысқаша сипаттамасы;
2) биологиялық негіздемені әзірлеу негіздері.
3. 2-тарау. Мынадай ақпаратты қамтитын тұйықталған сумен жабдықтау қондырғысының жалпы сипаттамасы:
1) тұйықталған сумен жабдықтау қондырғысының (бұдан әрі – ТСЖҚ) орналасқан жері (аудан, облыс, координаттар);
2) ТСЖҚ сипаттамасы: бассейндер саны және олардың көлемі, дайындау материалдары;
3) ТСЖҚ-ның орналасу картасы-схемасы.
4. 3-тарау. Мынадай ақпаратты қамтитын индустриялық шаруашылық қызметті жүргізу:
1) ТСЖҚ-да аквашаруашылық объектісінің өсірілетін түрінің сипаттамасы: өсірілетін түрдің атауы, жас тобы, өсіру мерзімі;
2) аквашаруашылық объектісін өсірудің ұсынылатын әдісі;
3) өсіру жоспары: саны, отырғызу тығыздығы, күтіп-ұстау мерзімі;
4) шығу кезінде жоспарланған өнім;
5) балық басын толықытыратыр аналық басының құрамын талдау, меншікті өсімін молайтудың ықтимал қуатын есептеу;
6) су алмасу режимі және температуралық жағдайлар;
7) аурулар профилактикасы және карантин жөніндегі іс-шаралар.
5. 4-тарау. Мынадай ақпаратты қамтитын азықтандыру технологиясы:
1) азықтандыру тетігі: азық-жем типі, өндіруші, құрамы, азықтандыру әдісі, азықтандыру кезеңділігі;
2) қоректік заттарға деген қажеттілік.
6. 5-тарау. Мынадай ақпаратты қамтитын гидрохимиялық сипаттама:
1) сумен жабдықтау көзінің сипаттамасы;
2) метеорологиялық көрсеткіштерді өлшеу нәтижелері: судың температурасы, мөлдірлігі, лайлануы;
3) төмендегі кестеге сәйкес судың химиялық құрамының көрсеткіштері:
Сынама алу нүктесінің атауы | Көрсеткіштің атауы | Сынама алу және зертханалық талдаулар жүргізу әдістемесі* | Өлшем бірлігі | Шекті рұқсат етілген концентрация** | Нақты концентрация | Шекті рұқсат етілген концентрациялардан асып кетудің болуы, еселігі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Хлоридтер | ||||||
Гидрокарбонаттар | ||||||
Сульфаттар | ||||||
Кальций | ||||||
Магний | ||||||
Темір | ||||||
Калий | ||||||
Натрий | ||||||
Аммоний азоты | ||||||
Нитриттер | ||||||
Нитраттар | ||||||
Фосфаттар | ||||||
Сутегі көрсеткіші (рН) | ||||||
Мұнай өнімдері (қажет болған жағдайда) | ||||||
Еріген оттегі | ||||||
Жалпы минералдану | ||||||
Жалпы қаттылық |
* сынақ жүргізген зертхананы аккредиттеу саласына сәйкес сынама алу және талдау әдістемесі;
** Жерүсті су объектілеріндегі және (немесе) олардың учаскелеріндегі су сапасын сыныптаудың бірыңғай жүйесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2025 жылғы 4 маусымдағы № 111-НҚ бұйрығына сәйкес сапа сыныптары бойынша су сапасы стандарттарының сандық мәніне сәйкес шекті жол берілетін концентрация;
4) аквашаруашылық объектілеріне концентрацияның асып кетуінің әсерін бағалау;
5) экологиялық жағдайды жақсарту жөніндегі ұсынымдар (қажет болған жағдайда).
7. 6-тарау. Мынадай ақпаратты қамтитын өндірістік қуаттылықты бағалау:
1) өндірістік-техникалық базаның сипаттамасы;
2) сүзу жүйесінің сипаттамасы;
3) шаруашылықтың өндірістік қуатын есептеу.
8. 7-тарау. Мынадай ақпаратты қамтитын қорытынды бөлігі:
1) ТСЖҚ технологиялық циклі және технологиялық процестері бойынша ұсынымдар;
2) индустриялық шаруашылық қызметті жүргізу жөніндегі ұсынымдар.