Басымды ауыл шаруашылығы машиналары мен жабдықтарының тізбесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 2024 жылғы 16 ақпандағы № 62 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 20 ақпанда № 34016 болып тіркелді.

      "Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің кейбір мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 864 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 224) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Басымды ауыл шаруашылығы машиналары мен жабдықтарының тізбесін қалыптастыру қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитеті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс
министрінің міндетін атқарушы
А. Бейспеков

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ауыл шаруашылығы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі

  Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс
министрінің міндетін
атқарушысының
2024 жылғы 16 ақпандағы
№ 62 Бұйрыққа
қосымша

Басымды ауыл шаруашылығы машиналары мен жабдықтарының тізбесін қалыптастыру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Басымды ауыл шаруашылығы машиналары мен жабдықтарының тізбесін қалыптастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің кейбір мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 864 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасың Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 224) тармақшасына сәйкес әзірленді және басымды ауыл шаруашылығы машиналары мен жабдықтарының тізбесін қалыптастыру тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) ауыл шаруашылығы жабдықтары (бұдан әрі – жабдық) – ауыл шаруашылығы жұмыстарын механикаландыруға, электрлендіруге және автоматтандыруға арналған техника, оны пайдаланылу ерекшелігіне байланысты технологиялық процестерді орындау кезінде тірек бетіне қатысты құрылымның негізгі және корпустық элементтерінің қозғалмайтындығымен сипатталады;

      2) ауыл шаруашылығы машинасы (бұдан әрі – машина) – технологиялық процестерді орындау кезінде тірек бетіне қатысты базалық және корпустық элементтердің қозғалғыштығымен сипатталатын ауыл шаруашылығы жұмыстарын механикаландыруға арналған (егіншілікте және мал шаруашылығында) өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасы, тіркемелі және аспалы құралдар;

      3) Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен ауыл шаруашылығы техникасын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім (бұдан әрі – келісім) –Қазақстан Республикасымен ратификацияланған Қазақстан Республикасының және халықаралық шарттардың азаматтық заңнамасына сәйкес өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган мен ауыл шаруашылығы техникасын өндіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы арасында жасалатын азаматтық-құқықтық шарт;

      3-1) Қазақстандық тауар өндірушілер тізілімі (бұдан әрі – Тізілім) – қазақстандық тауар өндірушілер мен Қазақстанда шығарылатын, олар өндіретін тауарлар туралы мәліметтерді қамтитын "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының объектісі;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      4) тармақшаны алып тастау көзделген – ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 27.08.2025 № 330 (01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4) "СТ-KZ" нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификат – тауарды шығарған ел, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетелдік тауардың мәртебесі туралы куәландыратын құжат;

      5) өтініш беруші – өндірілетін ауыл шаруашылығы машинасы мен жабдығын Басымды ауыл шаруашылығы машиналары мен жабдықтарының тізбесіне (бұдан әрі – Тізбе) енгізуге ниетті тұлға;

      6) Тізілімнен үзінді – қазақстандық тауар өндірушінің тізілімде болуын растайтын құжат, оның ішінде электрондық құжат, онда қазақстандық тауар өндіруші, ол өндіретін тауар туралы және ол туралы мәліметтерді және елішілік құндылық үлесін көрсете отырып мәліметтер болады.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 27.08.2025 № 330 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Тізбеге:

      1) қолданыстағы келісім болған жағдайда, тракторлардың, астық жинайтын комбайндардың және сүрлем жинайтын комбайндардың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының кодтарын қоспағанда, тракторлардың, астық жинайтын комбайндардың және сүрлем жинайтын комбайндардың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының кодтары бойынша ауыл шаруашылығы машиналары мен жабдықтары, сондай-ақ ауыл шаруашылығы машиналары мен жабдықтары;

      2) қолданыстағы келісім болмаған жағдайда, тракторлардың, астық жинайтын комбайндардың және сүрлем жинайтын комбайндардың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының кодтарын қоспағанда, ауыл шаруашылығы машиналары мен жабдықтары үшін тауардағы елішілік құндылық үлесі кемінде 30 % болатын сериялық өндірістің "СТ-KZ" нысанындағы тауардың шығу тегі туралы қолданыстағы сертификаттың немесе Тізілімнен үзінді көшірменің болуы. "СТ-KZ" нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификат өзінің қолданысын 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін сақтайды.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 05.06.2025 № 200 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 27.08.2025 № 330 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Тізбені Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитеті (бұдан әрі – Комитет) қалыптастырады және "Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің кейбір мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 864 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі туралы Ереженің 15-тармағының 225) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің бұйрығымен бекітіледі.

      Тізбеде қолданыстағы келісімнің және (немесе) сериялық өндірістегі "СТ-KZ" нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификаттың және (немесе) Тізілімнен үзінді көшірменің болуы туралы мәліметтер қамтылады. "СТ-KZ" нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификат өзінің қолданысын 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін сақтайды.

      Тізбе келесі жылға ағымдағы жылдың 1 желтоқсанынан кешіктірілмей және тиісті жылға 1 шілдеден кешіктірілмей өзектендіріледі.

      Өтініш беруші және (немесе) оның уәкілетті өкілі басым ауыл шаруашылығы машиналары мен жабдықтарын өткізу кезінде сатып алушыға қолданыстағы келісімнің және "СТ-KZ" нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификаттардың және (немесе) Тізілімнен үзінді көшірменің болуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етеді. "СТ-KZ" нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификат өзінің қолданысын 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін сақтайды.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 27.08.2025 № 330 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Басымды ауыл шаруашылығы машиналары мен жабдықтарының тізбесін қалыптастыру тәртібі

      5. Өтінім беруші өндірілетін ауыл шаруашылығы машинасын және (немесе) жабдығын Тізбеге енгізу үшін қағаз және (немесе) электрондық нысанда өтінімді ағымдағы жылдың 1 қазанынан 1 қарашасына дейін келесі жылға және тиісті жылдың 1 мамырынан 1 маусымына дейін Комитетке қосымшамен бірге береді:

      1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік және орыс тілдеріндегі өндірілетін ауыл шаруашылығы машиналарымен және жабдықтарының тізбесін;

      2) осы Қағидалардың 3-тармағының 1)-тармақшасында белгіленген жағдайда, қолданыстағы келісім;

      3) осы Қағидалардың 3-тармағының 2)-тармақшасында белгіленген жағдайда, тауардағы елішілік құндылық үлесі кемінде 30% болатын сериялық өндірістегі "СТ-KZ" нысанындағы тауардың шығу тегі туралы қолданыстағы сертификат және (немесе) Тізілімнен үзінді көшірме. "СТ-KZ" нысанындағы тауардың шығу тегі туралы Сертификат өзінің қолданысын 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін сақтайды.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 27.08.2025 № 330 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Комитет осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген құжаттарды алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын және олардағы мәліметтердің дұрыстығын тексереді.

      7. Өтініш беруші құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) олардағы анық емес мәліметтерді көрсеткен жағдайда, Комитет осы Қағидалардың 6-тармағында белгіленген мерзім ішінде қайтару себептерін көрсете отырып, оған қоса берілген құжаттармен бірге өтінімді қайтарады.

      Өтініш беруші анықталған ескертулер жойылғаннан кейін осы Қағидалардың 5-тармағында көзделген құжаттарды қайта жібереді.

      8. Өтініш беруші құжаттардың толық топтамасын ұсынған және оларда қамтылған анық мәліметтерді көрсеткен жағдайда, Комитет 10 (он) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарды қарайды және Тізбеге енгізу немесе енгізуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      9. Осы Қағидалардың 3-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келмеуі Тізбеге енгізуден бас тарту үшін негіз болып табылады.

      10. Тізбеге енгізуден бас тарту туралы шешім қабылдаған кезде Комитет өтініш берушіге өзінің алдын ала шешімі туралы, сондай-ақ өтініш берушіге алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізудің уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.

      Тыңдау туралы хабарлама заңды тұлғаның өтінішін қарау мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабарлама берілген күннен бастап 2 жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Тыңдау нәтижелері бойынша Комитет Тізбеге енгізу немесе енгізуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      Комитеттiң Тiзiмге енгiзуден бас тарту туралы шешiмiмен келiспеген жағдайда сотқа жүгiнуге Қазақстан Республикасы Әкiмшiлiк iс жүргiзу кодексiнiң 91-бабында көзделген сотқа дейiнгi рәсiмге шағым жасалғаннан кейiн жол берiледi.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 05.06.2025 № 200 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Басым ауыл шаруашылығы
машиналары мен
жабдықтарының тізбесін
қалыптастыру қағидаларына
1-қосымша

Басымды ауыл шаруашылығы машиналары мен жабдықтарының тізбесі

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 27.08.2025 № 330 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Басымды ауыл шаруашылығы машиналары мен жабдықтарының атауы

Басымды ауыл шаруашылығы машиналары мен жабдықтарының техникалық сипаттамалары

СЭҚ ТН коды

Қолданыстағы өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімнің және (немесе) "СТ-KZ" нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификат және (немесе) Тізілімнен үзінді көшірме мәліметтері






      Ескертпе: "СТ-KZ" нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификат өзінің қолданысын 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін сақтайды.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады