ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі (бұдан әрі - Тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Өнеркәсіп комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін Тізбенің 3-тармағының алтыншы абзацын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі |
Е. Нагаспаев |
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 27 тамыздағы № 330 бұйрығымен бекітілген |
Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізімі
1. "Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен ауыл шаруашылығы техникасын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімді жасасу қағидалары мен шарттарын, сондай-ақ оны өзгерту және бұзу үшін негіздер мен оның үлгілік нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 27 мамырдағы № 293 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28261 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен ауыл шаруашылығы техникасын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімді жасасу қағидалары мен шарттарын, сондай-ақ оны өзгерту және бұзу үшін негіздердің:
11-тармақтың 3)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) келісімдер жасалған ауыл шаруашылығы техникасының ұқсас үлгілерін өндірушілер өндіретін ауыл шаруашылығы техникасының ұқсас үлгілеріне Қазақстан Республикасының сексен пайыз қажеттілігін жаппаған жағдайларды қоспағанда, жоспар-кесте жобасында мәлімделген ауыл шаруашылығы техникасының ұқсас үлгілері бойынша жасалған келісімдердің болуы.
Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы техникасының ұқсас үлгілерінде өндірілетін қажеттілігін жабуды уәкілетті орган уәкілетті органның ведомстволық бағынысты ұйымына сұрау салу жолымен айқындайды.";
2-қосымша осы Тізбеге 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісіміне үлгілік нысанда:
3-тармақтың 5)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"5) есепті жылдан кейінгі әрбір күнтізбелік жылдың 1 сәуіріне дейін уәкілетті орган ішкі құжатпен бекітілген мынадай құжаттарды ұсынуға:
келісім кезеңдерін іске асырудың жоспар-кестесінің орындалуы туралы мәліметтер,
модельдердің саны мен атауын көрсете отырып, шығарылған Ауыл шаруашылығы техникасының саны туралы есебі бар шығару көлемі туралы мәліметтер (кәсіпорынның паспорты),
қазақстандық тауар өндірушілер тізілімінен үзінді көшірме немесе ішкі айналым үшін тауардың шығу тегі туралы сертификат пен сараптама актісінің көшірмесі. "СТ-KZ" нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификат және ішкі айналым үшін тауардың шыққан жері туралы сараптама актісі өзінің қолданысын 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін сақтайды.".
2. "Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімді жасасу қағидалары мен шарттарын, сондай-ақ оны өзгерту және бұзу үшін негіздемелерді және үлгілік нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 30 мамырдағы № 303 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28283 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
22 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"22. Шекті баллдар өндіруші есепті кезең ішінде келесі шарттарды орындаған кезде есептеледі:
1) жеңіл автомобильдер мен автобустар үшін:
2025 және одан кейінгі жылдары ЕАЭО СЭҚ ТН тиісті коды бойынша өндірілетін көлік құралдарының жалпы санының кемінде отыз пайызын дәнекерлеу және бояу жөніндегі технологиялық операцияларды қолдана отырып өндірісті жүзеге асыру;
2026 жылдан бастап ЕАЭО СЭҚ ТН тиісті коды бойынша өндірілетін көлік құралдарының жалпы санының кемінде қырық пайызын дәнекерлеу және бояу жөніндегі технологиялық операцияларды қолдана отырып өндірісті жүзеге асыру немесе көлік құралдарына компоненттерді өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасасқан Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы өндіретін көлік құралына компоненттерді қолданылуымен дәнекерлеу және бояу жөніндегі технологиялық операцияларды қолдана отырып көлік құралдарының кемінде үш моделін өндіруді жүзеге асыру;
2027 жылдан бастап ЕАЭО СЭҚ ТН тиісті коды бойынша өндірілетін көлік құралдарының жалпы санының кемінде елу пайызын дәнекерлеу және бояу жөніндегі технологиялық операцияларды қолдана отырып өндірісті жүзеге асыру немесе көлік құралдарына компоненттерді өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасасқан Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы өндіретін көлік құралына компоненттерді қолданылуымен дәнекерлеу және бояу жөніндегі технологиялық операцияларды қолдана отырып көлік құралдарының кемінде төрт моделін өндіруді жүзеге асыру;
2) N1 және N2 санаттағы көлік құралдарына жататын ершікті тартқыштары, арнайы мақсаттағы көлік құралдары, жүк автомобильдері үшін:
с 2025 және одан кейінгі жылдары ЕАЭО СЭҚ ТН тиісті коды бойынша өндірілетін көлік құралдарының жалпы санының кемінде жиырма бес пайызын дәнекерлеу және бояу жөніндегі технологиялық операцияларды қолдана отырып өндірісті жүзеге асыру;
2026 жылдан бастап ЕАЭО СЭҚ ТН тиісті коды бойынша өндірілетін көлік құралдарының жалпы санының кемінде отыз пайызын дәнекерлеу және бояу жөніндегі технологиялық операцияларды қолдана отырып өндірісті жүзеге асыру немесе дәнекерлеу және бояу жөніндегі технологиялық операцияларды қолдана отырып көлік құралдарының кемінде үш моделін өндіруді жүзеге асыру не өндірілетін көлік құралдарына көлік құралына кемінде үш компонентті қолдану, көлік құралдарына компоненттерді өнеркәсіптік жинау туралы келісім жасасқан Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы өндіретін;
2027 жылдан бастап ЕАЭО СЭҚ ТН тиісті коды бойынша өндірілетін көлік құралдарының жалпы санының кемінде отыз бес пайызын дәнекерлеу және бояу жөніндегі технологиялық операцияларды қолдана отырып өндірісті жүзеге асыру немесе дәнекерлеу және бояу жөніндегі технологиялық операцияларды қолдана отырып көлік құралдарының кемінде төрт моделін өндіруді жүзеге асыру не өндірілетін көлік құралдарына көлік құралына кемінде төрт компонентті қолдану көлік құралдарына компоненттерді өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасасқан Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы өндіретін.
3) N3 санаттағы көлік құралдарына жататын ершікті тартқыштар, арнайы мақсаттағы көлік құралдары, жүк автомобильдері үшін дәнекерлеу және бояу жөніндегі технологиялық операцияларды қолдана отырып, көлік құралдары өндірісінің көлемі:
2025 жылы кемінде жиырма бес пайыз;
2026 жылы кемінде отыз пайыз;
2027 жылы және одан кейінгі жылдары ЕАЭО СЭҚ ТН тиісті коды бойынша өндірілген көлік құралдарының жалпы санының кемінде отыз бес пайызы.
Осы тармақты қолдану мақсатында 1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейінгі күнтізбелік жыл есепті кезең болып табылады. Жаңадан жасалған Келісім үшін бірінші есепті жыл болып ол күшіне енген сәттен басталып сол жылдың 31 желтоқсаны аралығында есептеледі.";
2 және 3 қосымша осы Тізбеге 2 және 3 қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісіміне үлгілік нысанда:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
" Өндіруші:
1) мынадай шарттар орындау жолымен есепті кезең ішінде көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыруды қамтамасыз ету:
жеңіл автомобильдер мен автобустар үшін:
2025 және одан кейінгі жылдары ЕАЭО СЭҚ ТН тиісті коды бойынша өндірілетін көлік құралдарының жалпы санының кемінде отыз пайызын дәнекерлеу және бояу жөніндегі технологиялық операцияларды қолдана отырып өндірісті жүзеге асыру;
2026 жылдан бастап ЕАЭО СЭҚ ТН тиісті коды бойынша өндірілетін көлік құралдарының жалпы санының кемінде қырық пайызын дәнекерлеу және бояу жөніндегі технологиялық операцияларды қолдана отырып өндірісті жүзеге асыру немесе көлік құралдарына компоненттерді өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасасқан Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы өндіретін көлік құралына компоненттерді қолданылуымен дәнекерлеу және бояу жөніндегі технологиялық операцияларды қолдана отырып көлік құралдарының кемінде үш моделін өндіруді жүзеге асыру;
2027 жылдан бастап ЕАЭО СЭҚ ТН тиісті коды бойынша өндірілетін көлік құралдарының жалпы санының кемінде елу пайызын дәнекерлеу және бояу жөніндегі технологиялық операцияларды қолдана отырып өндірісті жүзеге асыру немесе көлік құралдарына компоненттерді өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасасқан Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы өндіретін көлік құралына компоненттерді қолданылуымен дәнекерлеу және бояу жөніндегі технологиялық операцияларды қолдана отырып көлік құралдарының кемінде төрт моделін өндіруді жүзеге асыру;
N1 және N2 санаттағы көлік құралдарына жататын ершікті тартқыштары, арнайы мақсаттағы көлік құралдары, жүк автомобильдері үшін:
2025 және одан кейінгі жылдары ЕАЭО СЭҚ ТН тиісті коды бойынша өндірілетін көлік құралдарының жалпы санының кемінде жиырма бес пайызын дәнекерлеу және бояу жөніндегі технологиялық операцияларды қолдана отырып өндірісті жүзеге асыру;
2026 жылдан бастап ЕАЭО СЭҚ ТН тиісті коды бойынша өндірілетін көлік құралдарының жалпы санының кемінде отыз пайызын дәнекерлеу және бояу жөніндегі технологиялық операцияларды қолдана отырып өндірісті жүзеге асыру немесе дәнекерлеу және бояу жөніндегі технологиялық операцияларды қолдана отырып көлік құралдарының кемінде үш моделін өндіруді жүзеге асыру не өндірілетін көлік құралдарына көлік құралына кемінде үш компонентті қолдану, көлік құралдарына компоненттерді өнеркәсіптік жинау туралы келісім жасасқан Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы өндіретін;
2027 жылдан бастап ЕАЭО СЭҚ ТН тиісті коды бойынша өндірілетін көлік құралдарының жалпы санының кемінде отыз бес пайызын дәнекерлеу және бояу жөніндегі технологиялық операцияларды қолдана отырып өндірісті жүзеге асыру немесе дәнекерлеу және бояу жөніндегі технологиялық операцияларды қолдана отырып көлік құралдарының кемінде төрт моделін өндіруді жүзеге асыру не өндірілетін көлік құралдарына көлік құралына кемінде төрт компонентті қолдану көлік құралдарына компоненттерді өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасасқан Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы өндіретін.
N3 санаттағы көлік құралдарына жататын ершікті тартқыштар, арнайы мақсаттағы көлік құралдары, жүк автомобильдері үшін дәнекерлеу және бояу жөніндегі технологиялық операцияларды қолдана отырып, көлік құралдары өндірісінің көлемі:
2025 жылы кемінде жиырма бес пайыз;
2026 жылы кемінде отыз пайыз;
2027 жылы және одан кейінгі жылдары ЕАЭО СЭҚ ТН тиісті коды бойынша өндірілген көлік құралдарының жалпы санының кемінде отыз бес пайызы;
2) оқшаулауды бағалаудың балдық жүйесінің талаптарын Қосымшаға сәйкес орындауға;
3) келісім жасасқаннан кейін әрбір келесі бес жылда оқшаулауды бағалаудың балдық жүйесінің шекті мәніне қол жеткізуге;
4) уәкілетті органның сұрауы бойынша ол қабылдаған міндеттемелерді орындау жөніндегі барлық қажетті құжаттарды ұсынуға, сондай-ақ комиссияның көшпелі тексеруі кезінде өндірістік қуаттарды және (немесе) жүзеге асырылатын технологиялық операцияларды көрсетуге;
5) анықталған бұзушылықтар жойылған кезде Уәкілетті органға үш ай мерзім ішінде растайтын құжаттарды ұсына отырып, оларды жою туралы хабарлама жіберуге;
6) есепті айдан кейінгі әрбір айдың 10-күніне дейін уәкілетті органға маркаларын, модельдерін және құнын көрсете отырып, шығарылған көлік құралдарының саны туралы есеппен шығару көлемі туралы мәліметтерді ұсынуға (кәсіпорынның паспорты);
7) есепті жылдан кейінгі әрбір күнтізбелік жылдың 1 сәуіріне дейін уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынуға:
оқшаулауды бағалаудың балдық жүйесіне сәйкес есептеу жүргізілген көлік құралы моделінің (модификация) атауын көрсете отырып, келісім кезеңдерін іске асырудың жоспар-кестесінің орындалуы туралы мәліметтер;
саны, маркасы, модельдері көрсетілген шығарылған көлік құралдарының саны туралы есебі бар шығару көлемі туралы мәліметтер (кәсіпорынның паспорты);
қазақстандық тауар өндірушілер тізілімінен үзінді көшірме немесе дәнекерлеу және бояу жөніндегі технологиялық операциялармен жүргізілген көлік құралдарының үлгілері бойынша ішкі айналысқа арналған тауардың шығу тегі туралы сертификаттың және (немесе) сараптама актісінің көшірмесі. "СТ-KZ" нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификат және ішкі айналым үшін тауардың шыққан жері туралы сараптама актісі өзінің қолданысын 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін сақтайды.
8) әр бес жыл сайын есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 наурызына дейін уәкілетті органға оқшаулауды бағалаудың балдық жүйесіне сәйкес ЕАЭО СЭҚ ТН тиісті коды бойынша көлік құралының шығарылғанын растайтын құжаттарды ұсынуға;
9) қоқыс тасығыш көліктер мен өрт сөндіру автомобильдерін өндіру кезінде өндіруші мынадай шарттардың біреуінің орындалуын қамтамасыз етуге:
9,1) қоқыс шығару жабдығы мен өрт қондырмасы бойынша көлік құралдарына компоненттерді өнеркәсіптік құрастыру туралы жасалған келісімнің болуы және шығарылатын компоненттерді міндетті түрде өндірісте пайдалануға;
9,2) қоқыс шығару жабдығы мен өрт қондырмасы бойынша көлік құралдарына компоненттерді өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасасқан Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы шығарған жабдықты немесе өрт қондырмасын пайдалануға;
9,3) қоқыс тасығыш көліктер мен өрт сөндіру автомобильдерін өндіру кезінде мынадай технологиялық операцияларды орындауға:
металдан жасалған дайындамаларды пішу және ию, шанақты (бункерлерді, контейнерлерді, цистерналарды (ыдыстарды) немесе арнайы мақсаттағы қондырмаларды) құрастыру, дәнекерлеу, бояуға;
жақтауларды құрастыру, дәнекерлеуге (конструкцияда бар болса);
шанақты (бункерлерді, контейнерлерді) немесе цистерналарды (ыдыстарды) немесе жалпы (арнайы) мақсаттағы қондырмаларды және аспалы жабдықты монтаждауға;
басқару органдарын монтаждауға;
электр жабдығы жүйесін, пневможабдықтар жүйесін (конструкцияда бар болса), гидрожабдықтар жүйесін (конструкцияда бар болса) монтаждауға;
9,4) мынадай технологиялық операцияларды орындауға:
шыны талшықты және арматуралық материалды пішу, металдан ипотека жасау, жеке панельдер жасауға;
шыны талшықтан жасалған шанақ панельдерін құрастыру (желімдеу), шанақты (бункерді, контейнерді, цистернаны (ыдысты) немесе арнайы мақсаттағы қондырманы) бояуға;
шанақты (бункерді, контейнерді) немесе цистернаны (ыдысты) немесе жалпы (арнайы) мақсаттағы қондырманы және аспалы жабдықты монтаждау;
басқару органдарын монтаждауға;
электр жабдықтары жүйесін, пневматикалық жабдықтар жүйесін (конструкцияда болған кезде), гидрожабдықтар жүйесін (конструкцияда болған кезде)монтаждауға;
10) өндірушінің келісім талаптарын орындамауына немесе тиісінше орындамауына байланысты келісімді бұзған кезде келісім жасалған күннен бастап Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының (бұдан әрі – СЭҚ ТН) тиісті коды бойынша берілген жеңілдіктерді өтеуге міндеттенеді.".
3. "Басымды ауыл шаруашылығы машиналары мен жабдықтарының тізбесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 16 ақпандағы № 62 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34016 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Басымды ауыл шаруашылығы машиналары мен жабдықтарының тізбесін қалыптастыру қағидаларында:
мынадай мазмұндағы 3-1)-тармақшамен толықтырылсын:
"3-1) Қазақстандық тауар өндірушілер тізілімі (бұдан әрі – Тізілім) – қазақстандық тауар өндірушілер мен Қазақстанда шығарылатын, олар өндіретін тауарлар туралы мәліметтерді қамтитын "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының объектісі;";
4)-тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 6)-тармақшамен толықтырылсын:
"6) Тізілімнен үзінді – қазақстандық тауар өндірушінің тізілімде болуын растайтын құжат, оның ішінде электрондық құжат, онда қазақстандық тауар өндіруші, ол өндіретін тауар туралы және ол туралы мәліметтерді және елішілік құндылық үлесін көрсете отырып мәліметтер болады.";
3-тармақтың 2)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) қолданыстағы келісім болмаған жағдайда, тракторлардың, астық жинайтын комбайндардың және сүрлем жинайтын комбайндардың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының кодтарын қоспағанда, ауыл шаруашылығы машиналары мен жабдықтары үшін тауардағы елішілік құндылық үлесі кемінде 30 % болатын сериялық өндірістің "СТ-KZ" нысанындағы тауардың шығу тегі туралы қолданыстағы сертификаттың немесе Тізілімнен үзінді көшірменің болуы. "СТ-KZ" нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификат өзінің қолданысын 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін сақтайды.";
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Тізбені Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитеті (бұдан әрі – Комитет) қалыптастырады және "Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің кейбір мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 864 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі туралы Ереженің 15-тармағының 225) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің бұйрығымен бекітіледі.
Тізбеде қолданыстағы келісімнің және (немесе) сериялық өндірістегі "СТ-KZ" нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификаттың және (немесе) Тізілімнен үзінді көшірменің болуы туралы мәліметтер қамтылады. "СТ-KZ" нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификат өзінің қолданысын 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін сақтайды.
Тізбе келесі жылға ағымдағы жылдың 1 желтоқсанынан кешіктірілмей және тиісті жылға 1 шілдеден кешіктірілмей өзектендіріледі.
Өтініш беруші және (немесе) оның уәкілетті өкілі басым ауыл шаруашылығы машиналары мен жабдықтарын өткізу кезінде сатып алушыға қолданыстағы келісімнің және "СТ-KZ" нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификаттардың және (немесе) Тізілімнен үзінді көшірменің болуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етеді. "СТ-KZ" нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификат өзінің қолданысын 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін сақтайды.";
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Өтінім беруші өндірілетін ауыл шаруашылығы машинасын және (немесе) жабдығын Тізбеге енгізу үшін қағаз және (немесе) электрондық нысанда өтінімді ағымдағы жылдың 1 қазанынан 1 қарашасына дейін келесі жылға және тиісті жылдың 1 мамырынан 1 маусымына дейін Комитетке қосымшамен бірге береді:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік және орыс тілдеріндегі өндірілетін ауыл шаруашылығы машиналарымен және жабдықтарының тізбесін;
2) осы Қағидалардың 3-тармағының 1)-тармақшасында белгіленген жағдайда, қолданыстағы келісім;
3) осы Қағидалардың 3-тармағының 2)-тармақшасында белгіленген жағдайда, тауардағы елішілік құндылық үлесі кемінде 30% болатын сериялық өндірістегі "СТ-KZ" нысанындағы тауардың шығу тегі туралы қолданыстағы сертификат және (немесе) Тізілімнен үзінді көшірме. "СТ-KZ" нысанындағы тауардың шығу тегі туралы Сертификат өзінің қолданысын 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін сақтайды.";
1-қосымша осы Тізбеге 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Кәсіпорын туралы мәліметтер
1. Өндірісте пайдаланылатын технологиялық жабдықтардың тізбесі:
№ | Технологиялық жабдықтың атауы | Саны, бірлік | Жасалатын операция түрі |
1 | 2 | 3 | 4 |
2. Қазақстандық тауар өндірушілер тізілімінен үзінді көшірмені немесе ішкі айналым үшін тауардың шығу тегі туралы сертификат пен сараптама актісінің көшірмесін ұсыну. "СТ-KZ" нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификат және ішкі айналым үшін тауардың шыққан жері туралы сараптама актісі өзінің қолданысын 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін сақтайды.
Жеңіл автомобильдер өндіруге қатысты оқшаулауды бағалаудың баллдық жүйесі
№ | Қазақстан Республикасында өндірістік құрастыру үшін талаптар тізбесі | Балдар |
1 | Заңды тұлғалар үшін жеңіл автомобильдерін өндіруге қатысты оқшаулауды бағалаудың балдық жүйесінің бастапқы талаптары орындау | 3000 |
2 | Негізгі құралдарға кемінде 2 млн. АЕК қосымша инвестициялар | 500 |
3 | Көлік құралының бір моделінің шанағын (қара шанақ массасының 50%-дан кем емес) қалыптау | 500 |
4 | Көлік құралының қосымша моделінің шанағын (қара шанақ массасының 50%-дан кем емес) қалыптау | 500 |
5 | Көлік құралының қосымша моделінің шанағын дәнекерлеу | 1000 |
6 | Көлік құралының қосымша моделінің шанағын бояу | 1000 |
7 | Қазақстан Республикасының аумағында өндірілетін көлік құралына бұйымдар мен компоненттерді қолдану*: | |
Қозғалтқыш | 500 | |
АБҚ (берілісті ауыстыру қорабы) | 500 | |
Вариатор | 500 | |
АКБ (аккумулятор батареясы) | 500 | |
Дөңгелек дискілер | 500 | |
Шина | 500 | |
Бампер | 500 | |
Есік тұтқалары | 250 | |
Сыртқы айнаның қапшығы | 250 | |
Орындықтар | 200 | |
Шығару жүйесі | 100 | |
Диагностика және қашықтықтан басқару жүйелері | 100 | |
Шынылар | 200 | |
Сымдардың бумасы | 500 | |
Салонға арналған резеңке кілемшелер | 100 | |
Едендерді қаптау бөлшектері | 100 | |
Жылу, желдеткіш және ауа баптау жүйелерінің модулдері | 100 | |
Техникалық сұйықтықтар: | ||
Мотор майы | 50 | |
АБҚ майы | 20 | |
Тежегіш сұйықтығы | 20 | |
Салқындатқыш сұйықтық | 20 | |
Жуу сұйықтығы | 10 | |
Сүзгілер | 200 | |
Радиатор | 100 | |
Түтіктер мен құбыршектер | 50 | |
Мойынтіректер | 50 | |
Қауіпсіздік белдіктері | 50 | |
Қауіпсіздік жастықтары | 200 | |
Сыртқы жарықтандыру аспаптары | 100 | |
Сөндіргіш және газ шығаратын түтік | 50 | |
Тежегіш жүйесі | 100 | |
Қозғалтқышты басқарудың электрондық блогы | 200 | |
Бұғаттауға қарсы жүйені және автомобильді серпінді тұрақтандырудың электрондық жүйесін басқару блоктары, гидроблок (модулятор) | 200 | |
Трансмиссияны басқарудың электрондық блогы | 200 | |
Шанақ электроникасың электронды басқару блогы | 200 | |
Аспаптар комбинациясын басқару блогы | 200 | |
Жақтау | 100 | |
Кергіш | 100 | |
Рөл жүйесі | 200 | |
Рөл дөңгелегі | 50 | |
Айналар | 50 | |
Ақпараттық-ойын-сауық жүйесінің аспаптары, мультимедиялық жүйе | 100 | |
Лак-бояу материалдары | 100 | |
Аспа немесе пневмоаспа | 100 | |
Отын багы (электромобильдерден басқа) | 100 | |
Көпірдің білігі | 500 | |
Жетекші көпірдің басты берілісі (редуктор) | 500 | |
ЭВАК немесе ГЛОНАСС түріндегі шұғыл шақыру жүйесінің блогы | 100 |
Ершікті тартқыштар, арнайы мақсаттағы көлік құралдарын, автобустар мен жүк автомобильдерін өндіруге қатысты оқшаулауды бағалаудың балдық жүйесі
№ | Қазақстан Республикасында өндірістік құрастыру үшін талаптар тізбесі | Балдар |
1 | заңды тұлғалар үшін ершікті тартқыштар, автобустар, арнайы мақсаттағы көлік құралдар және жүк автомобильдерін өндіруге қатысты оқшаулауды бағалаудың балдық жүйесінің бастапқы талаптары орындау | 3000 |
2 | Негізгі қаражаттарға кемінде 100 мың АЕК қосымша инвестициялар | 500 |
3 | Көлік құралының қосымша моделінің (3 модельден артық емес) шанағын/кабинасын қалыптау | 500 |
4 | Көлік құралының қосымша моделінің шанағын/кабинасын дәнекерлеу | 500 |
5 | Көлік құралының қосымша моделінің шанағын/кабинасын бояу | 500 |
6 | Қазақстан Республикасының аумағында өндірілетін көлік құралына бұйымдар мен құрамдастарды қолдану*: | |
Қозғалтқыш | 500 | |
АБҚ (ауыспалы беріліс қорабы) | 500 | |
Вариатор | 500 | |
АКБ (аккумулятор батареясы) | 500 | |
Дискілер | 500 | |
Шиналар | 500 | |
Бамперлер | 500 | |
Есік тұтқалары | 250 | |
Сыртқы айнаның қапшығы | 250 | |
Орындықтар | 200 | |
Шығару жүйесі | 100 | |
Диагностика және қашықтықтан басқару жүйелері | 100 | |
Шынылар | 200 | |
Сымдардың бумасы | 500 | |
Салонға арналған резеңке кілемшелер | 100 | |
Едендерді қаптау бөлшектері | 100 | |
Жылу, желдеткіш және ауа баптау жүйелерінің модулдері | 100 | |
Техникалық сұйықтықтар: | ||
Мотор майы | 50 | |
АБҚ майы | 20 | |
Тежегіш сұйықтығы | 20 | |
Салқындатқыш | 20 | |
Жуу сұйықтығы | 10 | |
Сүзгілер | 200 | |
Радиатор | 100 | |
Түтіктер мен құбыршектер | 50 | |
Мойынтіректер | 50 | |
Қауіпсіздік белдіктері | 50 | |
Қауіпсіздік жастықтары | 200 | |
Сыртқы жарықтандыру аспаптары | 100 | |
Сөндіргіш және газ шығаратын түтік | 50 | |
Тежегіш жүйесі | 100 | |
Қозғалтқышты басқарудың электрондық блогы | 200 | |
Бұғаттауға қарсы жүйені және автомобильді серпінді тұрақтандырудың электрондық жүйесін басқару блоктары, гидроблок (модулятор) | 200 | |
Трансмиссияны басқарудың электрондық блогы | 200 | |
Шанақ электроникасың электронды басқару блогы | 200 | |
Аспаптар комбинациясын басқару блогы | 200 | |
Жақтау | 100 | |
Кергіш | 100 | |
Рөл жүйесі | 200 | |
Рөл дөңгелегі | 50 | |
Айналар | 50 | |
Ақпараттық-ойын-сауық жүйесінің аспаптары, мультимедиялық жүйе | 100 | |
Лак-бояу материалдары | 100 | |
Аспа немесе пневмоаспа | 200 | |
Отын багы (электромобильдерден басқа) | 50 | |
Көпір білігі | 500 | |
Жетекші көпірдің басты берілісі (редуктор) | 500 | |
ЭВАК немесе ГЛОНАСС түріндегі шұғыл шақыру жүйесінің блогы | 100 | |
Жалпы және (немесе) арнайы мақсаттағы қондырма: | ||
Автокран | 100 | |
Рефрижератор | 100 | |
Цистерна | 500 | |
Борттық платформа | 75 | |
Өрт сөндіру автомобилі | 500 | |
Қоқыс тасушы | 500 | |
Реанимобиль | 100 | |
Медициналық автокөлік | 100 | |
Тұтқындарды тасымалдауға арналған автомобиль | 100 | |
Эвакуатор | 100 | |
Демонстранттарды таратуға арналған автомобиль | 100 | |
Коммуналдық-жол техникасы | 100 | |
Өнеркәсіптік тауар фургоны | 100 | |
Изотермиялық фургон | 100 | |
Самосвал | 100 | |
Арнайы мақсаттағы басқа қондырмалар | 100 | |
Жалпы мақсаттағы басқа қондырмалар | 100 |
Тізбеге 4-қосымша Басым ауыл шаруашылығы машиналары мен жабдықтарының тізбесін қалыптастыру қағидаларына 1-қосымша |
Басымды ауыл шаруашылығы машиналары мен жабдықтарының тізбесі
№ | Басымды ауыл шаруашылығы машиналары мен жабдықтарының атауы | Басымды ауыл шаруашылығы машиналары мен жабдықтарының техникалық сипаттамалары | СЭҚ ТН коды | Қолданыстағы өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімнің және (немесе) "СТ-KZ" нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификат және (немесе) Тізілімнен үзінді көшірме мәліметтері |
Ескертпе: "СТ-KZ" нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификат өзінің қолданысын 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін сақтайды.