"Басымды ауыл шаруашылығы машиналары мен жабдықтарының тізбесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 2024 жылғы 16 ақпандағы № 62 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 2025 жылғы 5 маусымдағы № 200 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 10 маусымда № 36228 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Басымды ауыл шаруашылығы машиналары мен жабдықтарының тізбесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 2024 жылғы 16 ақпандағы № 62 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34016 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Басымды ауыл шаруашылығы машиналары мен жабдықтарының тізбесін қалыптастыру қағидаларында:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Тізбеге:

      1) қолданыстағы келісім болған жағдайда, тракторлардың, астық жинайтын комбайндардың және сүрлем жинайтын комбайндардың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының кодтарын қоспағанда, тракторлардың, астық жинайтын комбайндардың және сүрлем жинайтын комбайндардың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының кодтары бойынша ауыл шаруашылығы машиналары мен жабдықтары, сондай-ақ ауыл шаруашылығы машиналары мен жабдықтары;

      2) қолданыстағы келісім болмаған жағдайда, тракторлардың, астық жинайтын комбайндардың және сүрлем жинайтын комбайндардың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының кодтарын қоспағанда, ауыл шаруашылығы машиналары мен жабдықтары үшін тауардағы елішілік құндылық үлесі кемінде 30 % болатын сериялық өндірістің "СТ-KZ" нысанындағы тауардың шығу тегі туралы қолданыстағы сертификаттың болуы;

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Тізбені Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитеті (бұдан әрі – Комитет) қалыптастырады және "Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің кейбір мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 864 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі туралы Ереженің 15-тармағының 225) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің бұйрығымен бекітіледі.

      Тізбеде "СТ-KZ" нысанындағы қолданыстағы келісімнің және (немесе) тауардың шығу тегі туралы сертификаттың болуы туралы мәліметтер қамтылады және ағымдағы жылдың 1 желтоқсанынан кешіктірмей келесі жылға және 1 шілдеден кешіктірмей тиісті жылға өзектендіріледі.

      Өтініш беруші және (немесе) оның уәкілетті өкілі басым ауыл шаруашылығы машиналары мен жабдықтарын өткізу кезінде сатып алушыға қолданыстағы келісімнің және "СТ-KZ" нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификаттардың болуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етеді";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Өтінім беруші өндірілетін ауыл шаруашылығы машинасын және (немесе) жабдығын Тізбеге енгізу үшін өтінімді ағымдағы жылдың 1 қарашасынан кешіктірмей келесі жылға және 1 шілдеден кешіктірмей тиісті жылға қағаз және (немесе) электрондық нысанда Комитетке қосымшасымен бірге береді:

      1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік және орыс тілдеріндегі өндірілетін ауыл шаруашылығы машиналарымен және жабдықтарының тізбесін;

      2) осы Қағидалардың 3-тармағының 1) тармақшасында белгіленген жағдайда, қолданыстағы келісім;

      3) осы Қағидалардың 3-тармағының 2) тармақшасында белгіленген жағдайда тауардағы елішілік құндылық үлесі кемінде 30% болатын сериялық өндірістің "СТ-KZ" нысанындағы тауардың шығу тегі туралы қолданыстағы сертификат;

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Тізбеге енгізуден бас тарту туралы шешім қабылдаған кезде Комитет өтініш берушіге өзінің алдын ала шешімі туралы, сондай-ақ өтініш берушіге алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізудің уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.

      Тыңдау туралы хабарлама заңды тұлғаның өтінішін қарау мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабарлама берілген күннен бастап 2 жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Тыңдау нәтижелері бойынша Комитет Тізбеге енгізу немесе енгізуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      Комитеттiң Тiзiмге енгiзуден бас тарту туралы шешiмiмен келiспеген жағдайда сотқа жүгiнуге Қазақстан Республикасы Әкiмшiлiк iс жүргiзу кодексiнiң 91-бабында көзделген сотқа дейiнгi рәсiмге шағым жасалғаннан кейiн жол берiледi.".

      2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитеті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс
министрінің міндетін атқарушы
О. Сапарбеков

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ауыл шаруашылығы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады