Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 05.01.2025 № 1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Әлеуметтік және экономикалық жобаларды іріктеу және өлшемшарттарын айқындау қағидалары бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 05.01.2025 № 1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Инвестициялық саясат департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оны Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі |
А. Куантыров |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі 2023 жылғы 20 қыркүйектегі № 165 Бұйрығымен бекітілген |
Әлеуметтік және экономикалық жобаларды іріктеу және өлшемшарттарын айқындау қағидалары
Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 05.01.2025 № 1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Әлеуметтік және экономикалық жобаларды іріктеу және өлшемшарттарын айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 32-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және арнаулы мемлекеттік қор қаражаты есебінен қаржыландыру үшін әлеуметтік және экономикалық жобаларды (бұдан әрі – жобалар) іріктеу және өлшемшарттарын айқындау тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) Арнаулы мемлекеттік қор (бұдан әрі – Қор) – Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртіппен Қазақстан Республикасының әлеуметтік, экономикалық жобаларын, сондай-ақ заңсыз иемденілген активтерді қайтару жөніндегі уәкілетті органның шығыстарын қаржыландыру мақсатында ақшаның түсімдерін есепке жатқызу мен оларды жұмсау үшін Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес мемлекеттік қазынашылықта ашылған қолма-қол ақшаны бақылау шоты;
2) әлеуметтік жобалар – денсаулық сақтау, білім беру, халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтарын, мүгедек адамдарды, жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды, ауыл жастарын, жұмыссыздарды, моноқалалар, ауылдық елді мекендер тұрғындарының мұқтаждықтары үшін коммуналдық және әлеуметтік-мәдени инфрақұрылым объектілерін қолдау саласындағы жобалар және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын өзге де жобалар;
3) экономикалық жобалар – экономика салаларын дамытуға, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешуге қажетті өндірістерді құруға (жаңғыртуға) бағытталған жобалар.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 09.07.2025 № 65 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2-тарау. Әлеуметтік және экономикалық жобалардың өлшемшарттарын айқындау тәртібі
3. Жобаларды әзірлеуді орталық мемлекеттік органдар/жергілікті атқарушы органдар осы Қағидаларда айқындалған өлшемшарттарға сәйкес келген кезде жүзеге асырады.
4. Жобалар бойынша өлшемшарттарды айқындау Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 4-бабында айқындалған бюджеттік жүйе қағидаттарының негізінде жүзеге асырылады.
5. Жобаларды айқындау өлшемшарттары:
1) жобалардың мемлекеттік органдардың немесе облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың даму жоспарларын, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің даму және (немесе) іс-шаралар жоспарларын, сондай-ақ дербес білім беру ұйымдарын дамытудың ұзақ мерзімді стратегияларын қоса алғанда, Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына сәйкестігі;
2) жобалардың Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму болжамына сәйкес бюджеттік инвестициялық саясаттың басым бағыттарының біріне сәйкестігі (экономиканы әртараптандыру және инфрақұрылымдық-инновациялық даму, әлеуметтік саланы жаңғырту);
3) Қазақстан Республикасы Президентінің немесе Премьер-Министрінің тікелей тапсырмасы бойынша арнайы экономикалық аймақтар аумағында инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым жүргізу жөніндегі жобаларды қоспағанда, объектілерді салу немесе реконструкциялау жөніндегі жобалардың техникалық жағынан күрделі емес және (немесе) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 165 бұйрығымен бекітілген Ғимараттар мен құрылыстарды техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілерге жатқызудың жалпы тәртібін айқындау қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10666 болып тіркелген) сәйкестігі;
4) жобалардың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 20 сәуірдегі № 29, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 23 сәуірдегі № 164, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 25 сәуірдегі № ҚР ДСМ-50, Индустрия және инфрақұрылым министрінің 2019 жылғы 23 сәуірдегі № 243, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2019 жылғы 22 сәуірдегі № 113 және Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 25 сәуірдегі № 56/НҚ (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18592 болып тіркелген) бірлескен бұйрығымен бекітілген Елді мекендерге арналған өңірлік стандарттар жүйесіне сәйкестігі.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 09.07.2025 № 65 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.5-1. Жұртшылық жобаға бастама жасаған және (немесе) оны бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде жариялаған жағдайда мемлекеттік органдар осы Қағидаларға сәйкес Қор қаражаты есебінен оны іске асыру мүмкіндігін қарау үшін көтерілетін мәселені тиісті ведомстволық комиссияға шығаруды қамтамасыз етеді.
Ескерту. Қағидалар 5-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 05.01.2025 № 1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.5-2. Осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген өлшемшарттарға жобалар сәйкес келген кезде Қор каражатын оларды қоса қаржыландыруға жолдауға жол беріледі.
Ескерту. Қағидалар 5-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 05.01.2025 № 1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.6. Қор қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 30 қарашадағы № 962 қаулысымен бекітілген "Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту" пилоттық ұлттық жобасы (бұдан әрі – Ұлттық жоба) шеңберінде көпбейінді аудандық орталық ауруханаларға күрделі жөндеу жүргізу жөніндегі шығыстарды қоспағанда, мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектордың ағымдағы бюджеттік бағдарламаларына жататын шығыстар, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдарға, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне, қаржылық даму институттарына, екінші деңгейдегі банктерге және микроқаржы ұйымдарына бюджеттік кредиттер қаржыландырылмайды.
Әлеуметтік және экономикалық жобалар тізбесін (бұдан әрі – Тізбе) жобаға енгізу үшін Ұлттық жоба шеңберінде көпбейінді орталық аудандық ауруханаларға күрделі жөндеу жүргізу жөніндегі жобаларды айқындау және Республикалық бюджет комиссиясының қарауына шығару Кодекстің 148-бабының 4-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 09.07.2025 № 65 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3-тарау. Әлеуметтік және экономикалық жобаларды іріктеу тәртібі
7. Бюджеттік инвестицияларды іріктеу және іске асыру тәртібі Кодекстің 148 және 149-баптарына сәйкес жүзеге асырылады.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 09.07.2025 № 65 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.8. Бюджеттік инвестициялар бойынша қажетті құжаттаманы әзірлеуді мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушы 2025 жылғы 27 маусымдағы № 59 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік инвестициялық жобаларды жоспарлау және іске асыру, инвестициялық ұсынысты, техникалық-экономикалық және қаржылық-экономикалық негіздемелерді әзірлеу немесе түзету, қажетті сараптамалар жүргізу, бюджеттік кредиттеудің орындылығын айқындау, мемлекеттік инвестициялық жобалар портфелін қалыптастыру, сондай-ақ мемлекеттік инвестициялық жобалардың бекітілген (нақтыланған) параметрлерін түзету, іріктеу, іске асырылуын мониторингтеу және бағалау қағидаларына (бұдан әрі – № 59 Қағидалар) сәйкес жүзеге асырады.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 09.07.2025 № 65 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.9. Мемлекеттік органдар инвестициялық ұсыныстарды және (немесе) қаржы-экономикалық негіздемелерді қалыптастырады және бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті органға немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға мемлекеттік жоспарлау ақпараттық жүйесінің "Мемлекеттік инвестициялық жобалар" модулі арқылы ұсынады.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 09.07.2025 № 65 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.10. Бюджеттік саясат жөніндегі орталық уәкілетті орган немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган инвестициялық ұсыныстарды және (немесе) қаржы-экономикалық негіздемелерді қарайды және олар бойынша экономикалық қорытындыларды мемлекеттік органдарға № 59 Қағидаларда айқындалған тәртіппен және мерзімдерде жібереді.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 09.07.2025 № 65 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.11. Экономикалық сараптама жүргізу кезінде бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті орган немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган мемлекеттік органдардың инвестициялық ұсыныстарын экономикалық орындылығы, мемлекеттік органдардың немесе облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың даму жоспарларын, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің даму жоспарларын және (немесе) іс-шараларын, сондай-ақ дербес білім беру ұйымдарын дамытудың ұзақмерзімді стратегияларын қоса алғанда, Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында белгіленген экономика салаларының (аяларының) даму басымдықтары жобаларының мақсаттарына сәйкестігі тұрғысынан, сондай-ақ жобаның осы Қағидаларда айқындалған өлшемшарттарға сәйкестігі тұрғысынан қарайды.
Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 09.07.2025 № 65 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.12. Инвестициялық ұсыныстарға және (немесе) қаржы-экономикалық негіздемелерге оң экономикалық қорытындылардың негізінде мемлекеттік органдар Қор қаражаты есебінен қаржыландыру мәселесін қарау үшін Республикалық бюджет комиссиясына (бұдан әрі – Комиссия) құжаттар топтамасын қалыптастырады.
13. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган мемлекеттік органдардың жобаларын растайтын құжаттардың болуы және осы Қағидаларда айқындалған өлшемшарттарға сәйкестігі тұрғысынан қарайды.
14. Жобаларды қарауды және Комиссияның қарауына шығаруды Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 29 қыркүйектегі № 1033 бұйрығымен бекітілген Арнаулы мемлекеттік қор қаражатын пайдалану және мониторингтеу қағидаларында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33486 болып тіркелген) көзделген тәртіпте орталық мемлекеттік органдар (бұдан әрі – ОМО) құжаттарды ұсынған кезде бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган жүзеге асырады.
Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 09.07.2025 № 65 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.15. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган ОМО қолдаухаты негізінде Қор қаражаты шегінде Тізбе қалыптастырады.
Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 09.07.2025 № 65 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.16. Комиссия ОМО өтінішхаттарының осы Қағидалардың және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын Қор қаражатын пайдалану мен мониторингтеу тәртібінің талаптарына сәйкестігін қарайды.
17. Комиссия мақұлданған жағдайда Тізбе 5 жұмыс күні ішінде тиісті ОМО-лар мен Қазынашылық комитетіне жіберіледі және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында орналастыруға тиіс.
18. Жобаларды қаржыландыруды бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган жүзеге асырады. Қор қаражаты шектеулі болған жағдайда әлеуметтік жобаларға басымдық беріледі.