БҰЙЫРАМЫН:
1. "Әлеуметтік және экономикалық жобаларды іріктеу және өлшемшарттарын айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 20 қыркүйектегі № 165 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33441 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әлеуметтік және экономикалық жобаларды іріктеу және өлшемшарттарын айқындау қағидаларында:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Қор қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 30 қарашадағы № 962 қаулысымен бекітілген "Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту" пилоттық ұлттық жобасы (бұдан әрі – Ұлттық жоба) шеңберінде көпбейінді орталық аудандық ауруханаларға күрделі жөндеу жөніндегі жобаларды, Қазақстан Республикасы Президенті жариялаған Жұмысшы мамандықтар жылы аясында техникалық және кәсіби білім беру студенттерін қолдау және дамыту мақсатында инфрақұрылым объектісін сатып алу (төлеп алу) бойынша шығыстарды қоспағанда, мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектордың ағымдағы бюджеттік бағдарламаларына жататын шығыстар, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдарға, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне, қаржылық даму институттарына, екінші деңгейдегі банктерге және микроқаржы ұйымдарына бюджеттік кредиттер қаржыландырылмайды.
Әлеуметтік және экономикалық жобалар тізбесін (бұдан әрі – Тізбе) жобаға енгізу үшін Ұлттық жоба шеңберінде көпбейінді орталық аудандық ауруханаларға күрделі жөндеу жүргізу жөніндегі, Қазақстан Республикасы Президенті жариялаған Жұмысшы мамандықтар жылы аясында техникалық және кәсіби білім беру студенттерін қолдау және дамыту мақсатында инфрақұрылым объектісін сатып алу (төлеп алу) жөніндегі жобаларды айқындау және Республикалық бюджет комиссиясының қарауына шығару Кодекстің 148-бабының 4-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.".
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Экономика салаларын дамыту және инвестициялық жобаларды мониторингтеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуді және алғашқы ресми жарияланғанан күнінен кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі |
С. Жумангарин |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
