ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 01.07.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі
Қазақстан Республикасы Құрылыс кодексі 24-бабының 38) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес құрылыс обьектілерінің техникалық күрделілігін айқындау қағидалары;
2) Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Өнеркəсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері жөніндегі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
|
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушы |
Р. Исакулов |
| Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушы 2026 жылғы 10 сәуірдегі № 161 Бұйрығына 1-қосымша |
Құрылыс объектілерінің техникалық күрделілігін айқындау қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Құрылыс объектілерінің техникалық күрделілігін айқындау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасы Құрылыс кодексінің 24-бабының 38) тармақшасына сәйкес әзірленді.
2. Құрылыс объектісінің техникалық күрделілігі оның мемлекеттік және (немесе) мемлекетаралық (халықаралық) нормативтік құжаттарда белгіленетін негіздер мен конструкциялардың сенімділігі мен беріктігіне қойылатын техникалық талаптар дәрежесі бойынша құрылыс объектісінің жауапкершілік деңгейіне қарай белгіленеді,, құрылыс объектісінің функционалдық мақсатына, оның көтергіш және қоршау конструкцияларының ерекшеліктеріне, қабаттардың (конструктивтік қабаттардың) санына, сейсмикалық қауіптілігіне немесе құрылыс орнының (ауданының) өзге де ерекше геологиялық, гидрогеологиялық, геотехникалық жағдайларына қарай олар:
жауапкершіліктің бірінші деңгейі – жоғары;
жауапкершіліктің екінші деңгейі – қалыпты;
жауапкершіліктің үшінші деңгейі – төмендетілген болып бөлінеді.
2-тарау. Құрылыс объектілерінің техникалық күрделілігін айқындау тәртібі
3. Құрылыс объектілерін салуға белгіленген жауапкершілік деңгейін Тапсырыс беруші айқындайды және құрылыс объектілерінің техникалық күрделілігін ескере отырып, жобалау процесінде жобалау ұйымы растайды.
Бірінші (жоғарылатылған), екінші (қалыпты) және үшінші (төмендетілген) жауапкершілік деңгейіне жататын көлік және инженерлік инфрақұрылымның желілік құрылыстарын қоса алғанда, құрылыс объектілерінің тізбесі осы Қағидалардың 2-тарауында келтірілген.
Жауапкершіліктің белгіленген деңгейі объектінің техникалық сипаттамасы ретінде құрылыс жобасының бастапқы материалдарында (жалпы түсіндірме жазбада және құрылыс жобасының тиісті бөлімдерінде) көрсетіледі.
Жаңа ғимараттар мен құрылыстар кешенін салуды немесе қолданыстағы ғимаратты немесе құрылысты өзгертуді (кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру, реконструкциялау, күрделі жөндеу) көздейтін құрылыс жобаларын әзірлеу кезінде жауапкершілік деңгейі жауапкершіліктің неғұрлым жоғары деңгейі бар ғимарат (құрылыс) бойынша белгіленеді. Инженерлік желілер мен коммуникациялар үшін жауапкершілік деңгейі олар арналған ғимарат (имарат) бойынша анықталады.
1-параграф. Бірінші (жоғары) жауапкершілік деңгейіндегі құрылыс объектілерінің (кешендерінің) техникалық күрделілігін айқындау
4. Жауапкершіліктің бірінші (жоғарылатылған) деңгейі құрылыс объектісінің функционалдық мақсатын, конструкциялық ерекшеліктерін және апатты салдардың әлеуетті ауқымын және ауыр, экономикалық, әлеуметтік немесе экологиялық салдарларға әкеп соғатын төтенше жағдайларды, сондай-ақ жобалаудың стандартты нормалары жоқ ғимараттар мен құрылыстардың бірегейлігін ескере отырып, жобалау сатысында айқындалады, бұл арнайы техникалық шарттарды әзірлеу қажеттілігіне әкеп соғады.
5. Бірінші (жоғары) жауапкершілік деңгейіңдегі құрылыс объектілеріне мыналар жатады:
1) өнеркәсіп объектілері, өндірістік ғимараттар және құрылыстар:
осы Қағидаларда көрсетілмеген, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 70 және 71-баптарында белгіленген белгілері бар және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 353 бұйрығымен бекітілген Қауіпті өндірістік объектілерді сәйкестендіру қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10310 болып тіркелген) сәйкес осындай объектілер ретінде сәйкестендірілетін қауіпті өндірістік объектілер;
атом энергиясын пайдалану объектілері (оның ішінде ядролық қондырғыларды, ядролық материалдарды және радиоактивті заттарды, қалдықтарды сақтау пункттері);
қуаттылығы 150 Мега Ватт және одан жоғары жылу энергетикасының ғимараттары мен құрылыстары;
домна пештерінің орталық тораптары, биіктігі 100 метр және одан астам түтін мұржалары;
аралығы 100 метр және одан астам, биіктігі 50 метр және одан биік және (немесе) жүк көтергіштігі 32 тонна және одан астам крандары бар өндірістік ғимараттар мен құрылыстар.
2) тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы объектілер:
арнайы жасанды микроклимат құрылғыларын талап ететін және (немесе) арнайы күзет немесе террорға қарсы іс-шараларды талап ететін әкімшілік республикалық басқару органдарының ғимараттары, республикалық маңызы бар мұражайлардың, мемлекеттік мұрағаттардың ғимараттары, ұлттық және мәдени құндылықтарды сақтау қоймалары және қалалар мен елді мекендердің тіршілігін қамтамасыз етуге байланысты объектілер;
геологиялық жағдай қалыпты аудандар үшін биіктігі 25 қабаттан және одан жоғары (үстіңгі техникалық қабатты қоспағанда) тұрғын үй және көпфункционалды ғимараттар;
қарапайым геологиялық жағдайлары бар аудандар үшін биіктігі 25 қабат және одан жоғары (үстіңгі техникалық қабатты қоспағанда) әкімшілік-тұрмыстық ғимараттар мен құрылыстар;
құрылыс салған кезде арнайы техникалық шешімдерді және іс-шараларды талап ететін, сейсмикалық белсенділігі жоғары (7 және одан астам балл) аудандар үшін немесе өзге де ерекше геологиялық (гидрогеологиялық және геотехникалық) жағдайдағы биіктігі 12 қабаттан асатын (үстіңгі техникалық қабатты қоспағанда) тұрғын үй және көпфункционалды ғимараттар;
сейсмикалық белсенділігі жоғары (7 және одан көп балл) немесе құрылыс кезінде арнайы жобалық шешімдер мен іс-шараларды талап ететін өзге де ерекше геологиялық (гидрогеологиялық және геотехникалық) жағдайлары бар аудандардағы биіктігі 12 қабаттан жоғары (жоғарғы техникалық қабатты есептемегенде) әкімшілік-тұрмыстық ғимараттар мен құрылыстар;
ауысымда 480-нен артық адам қабылдайтын стационары жоқ денсаулық сақтау объектілері;
травматологиялық және хирургиялық бөлімдері, сондай-ақ 50-ден астам төсек орынға арналған стационарлары бар аурухана ғимараттары;
спорттық-ойын-сауық, мәдени-ойын-сауық және ғибадат үйлері немесе оларда бір мезгілде 500-ден астам адам болатын (сыйымдылығы) ашық ғимараттар;
бір мезгілде (сыйымдылығы) 1 200-ден астам адам бара алатын сауда-ойын-сауық объектілері;
200 және одан да көп жұмыс орны бар тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындарының ғимараттары;
сейсмикалық белсенділігі жоғары (7 және одан астам балл) аудандар үшін өрт сөндіру депосы кешендері;
сыйымдылығы кемінде 1 500 оқушыдан астам жалпы білім беру мектептерінің (гимназиялар, лицейлер) ғимараттары;
құрылыс жобасында мынадай сипаттамалардың бірі көзделген конструктивтік шешімдері және (немесе) конструкциялары бар бірегей құрылыс объектілері:
тұрғын үй және көп функционалды объектілерді қоспағанда, биіктігі 50 метрден астам;
өндірістік объектілерді қоспағанда, 50 метрден астам аралықтар;
консольдің 15 метрден артық болуы;
жерасты бөлігін жердің жоспарлы белгісінен төмен 10 метрден астам немесе жерасты қабаттарының саны екеуден артық тереңдету;
оларға қатысты физикалық және геометриялық желілік емес қасиеттері ескеріле отырып, стандартты емес есептеу әдістері қолданылатын немесе жобалауға және құрылыс салуға арналған арнайы техникалық шарттар әзірлеу талап етілетін конструкциялар мен конструкциялық жүйелердің болуы;
қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің объектілері, оның ішінде тергеу изоляторлары, түзеу колониялары, түрмелер, инфрақұрылым объектілерімен (медициналық қызмет көрсету объектілері, өндірістік кешендер және басқа да объектілер).
3) өзге құрылыстар:
сыйымдылығы 10 000 текше метр және одан астам мұнай, мұнай өнімдері, сұйытылған газ резервуарлары;
I және II класты гидротехникалық құрылыстар;
жобалау саласындағы мемлекеттік нормативтік құжаттарға сәйкес белгіленетін I, II және ІІІа санаттағы мұнай, мұнай өнімдері мен газдың жерасты қоймалары;
қысымы 1,2 Мега Паскальдан жоғары газ тарату жүйелерінің объектілері;
магистральдық мұнай құбырлары және I және II класты мұнай өнімдері құбырлары;
топтық су тартқыштарды, шартты (ішкі) диаметрі 500 миллиметр және одан жоғары канализациялық коллекторлар және олардағы құрылыстар, су құбыры және канализациялық тазарту құрылыстары (СТҚ және КТҚ), өнімділігі тәулігіне 10 000 тәулігіне текше метр және одан астам сорғы станциялары мен су тарту құрылыстарын қоса алғанда, магистральдық сумен жабдықтау желілері ;
диаметрі 500 миллиметр және одан жоғары жылумен жабдықтаудың магистральдық және тарату (орамішілік) желілері және ондағы құрылыстар;
телевизиялық мұнаралар және биіктігі 100 метр және одан жоғары антенна-діңгекті байланыс құрылыстары;
кернеуі 220 кило Вольттан асатын электр беру желілері және электр желісі шаруашылығының өзге де объектілері;
I санатты автомобиль жолдары және олардағы құрылыстар;
шекара қызметі бөлімшелерін (бөлімшелерді, заставаларды, комендатураларды) орналастыру объектілері;
елді мекендер шегіндегі магистральдық жүрдек қозғалыс жолдары, жалпықалалық маңызы бар магистральдық үздiксіз қозғалыс көшелері және олардағы құрылыстар;
бірыңғай кешен ретінде салынатын магистральдық теміржолдар;
барлық санаттардағы жолдарда ұзындығы 100 метр және одан астам көпір құрылыстары;
теміржол және автомобиль жолдары тоннельдері;
метрополитендер;
әуежайлар, ұшу-қону жолақтары және өзге де авиациялық инфрақұрылым объектілері;
спорт және серуендеу кемелеріне қызмет көрсетуге арналған мамандандырылған порттарды қоспағанда, өзен және теңіз порттары;
олардың қауіпсіздігін және инженерлік-техникалық нығайтылуын қамтамасыз ету жөніндегі объектілерді қоса алғанда, ғарыштық инфрақұрылым объектілері;
азаматтық қорғаныс объектілері;
көлемі жылына 100 мың және одан астам тонна қатты тұрмыстық қалдықтар полигондары;
қауіптілігі I, II және III класты уытты өнеркәсіп қалдықтарын залалсыздандыру және көму жөніндегі полигондар;
сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы уәкілетті орган әзірлейтін үлгілік жобалар (жобалау).
2-параграф. Жауапкершіліктің екінші (қалыпты) деңгейіндегі құрылыс объектілерінің (кешендерінің) техникалық күрделілігін айқындау
6. Жауапкершіліктің екінші (қалыпты) деңгейі функционалдық мақсатын, конструктивтік ерекшеліктерін және апатты салдарының әлеуетті ауқымын, қалыпты экономикалық, әлеуметтік немесе экологиялық салдарларға әкеп соғатын төтенше жағдайды ескере отырып, жобалау сатысында айқындалады, сондай-ақ тұрғын үй, қоғамдық, өндірістік және ауыл шаруашылығы ғимараттары мен құрылыстарын қоса алғанда, жаппай құрылыс объектілеріне беріледі.
7. Жауапкершілігі екінші (қалыпты) деңгейдегі құрылыс объектілеріне мыналар жатады:
1) өнеркәсіп объектілері, өндірістік ғимараттар және құрылыстар:
қуаты 150 Мега Ватт дейінгі жылу-энергетика ғимараттары мен құрылыстары;
металлургиялық шахта пештерінің орталық тораптары, биіктігі 100 метрге дейінгі сору құбырлары;
өндірістік-шаруашылық құрылыстарды (биіктігі 2 қабаттан асатын және ауданы 2000 шаршы метрден асатын қоймалар және тауарлар мен материалдарды, сондай-ақ өзге де арнайы жобалық шешімдер мен іс-шараларды сақтау үшін ерекше жағдайларды талап ететін қоймалар) өрт, жарылыс, газ, химиялық агрессивті бойынша қауіпті емес, жалпы аралығы 12 метрден (қоса алғанда) 100 метрге дейін және (немесе) биіктігі 12 метрден (қоса алғанда) 50 метрге дейін және (немесе) жүк көтергіштігі 5 тоннадан (қоса алғанда) 32 тоннаға дейінгі крандары бар улы және улы заттарды қоса алғанда, өнеркәсіп салаларының өндірістік объектілері;
дәнді дақылдардың үлкен көлемін қабылдауға, тазартуға, кептіруге және ұзақ сақтауға арналған сүрлем үлгісіндегі көп функционалды кешен (элеватор);
сақтау көлемі 500 тонна (қоса алғанда) астам астық қоймалары;
сүт, ет өнімдерін өндіру бойынша мал басының саны 1500-ден (қоса алғанда) астам мал шаруашылығы кешендері мен фермалар, асыл тұқымды мал өсіру шаруашылықтары, бордақылау алаңдары, сондай-ақ мал басының саны 10000-нан астам (қоса алғанда) шошқа шаруашылығы);
құс шаруашылығы фермалары және жылына 6 млн. бастан (жылына миллион бастан) асатын кешендер (қоса алғанда);
алаңы 10 000 шаршы метрден астам жылыжай кешендері (қоса алғанда);
көлемі сағатына 5 тоннадан астам құрама жем заводтары мен цехтар (қоса алғанда);
ауысымда 10 тоннадан астам мал соятын және сою өнімдерін бастапқы қайта өңдейтін кәсіпорын объектілері (қоса алғанда);
мал қорымдары (биотермиялық шұңқырлар), сондай-ақ сібір жарасынан өлген жануарлардың өлекселерін көму орындары;
өндірістік қуатына байланысты бір ауысымда 10 тоннадан астам сүт қабылдау және дайындау пункттері (қоса алғанда);
қуаты кемінде 100 МегаВатт (қоса алғанда) кернеуі 35 килоВольтқа дейінгі электр желілері бар күн электр станцияларын қоспағанда, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері (қоса алғанда).
2) тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы объектілер:
геологиялық жағдайлары қалыпты аудандар үшін 6 қабаттан 25 қабатқа дейінгі (жоғарғы техникалық қабатты есепке алмағанда) тұрғын және көпфункционалды ғимараттар;
қарапайым геологиялық жағдайлары бар аудандар үшін биіктігі 3-тен 25 қабатқа дейінгі әкімшілік-тұрмыстық ғимараттар мен құрылыстар (жоғарғы техникалық қабатты есептемегенде);
сейсмикалық белсенділігі жоғары (7 және одан астам балл) немесе құрылыс салған кезде арнайы техникалық шешімдерді және іс-шараларды талап ететін өзге де геологиялық (гидрогеологиялық және геотехникалық) жағдайлары ерекше аудандардағы биіктігі 6 қабаттан 12 қабатқа дейінгі (үстіңгі техникалық қабатты қоспағанда) тұрғын үй және көпфункционалды ғимараттар;
сейсмикалық белсенділігі жоғары (7 және одан астам балл) немесе құрылыс кезінде арнайы жобалық шешімдерді және іс-шараларды талап ететін өзге де геологиялық (гидрогеологиялық және геотехникалық) жағдайлары ерекше аудандардағы биіктігі 12 қабатқа дейінгі (қоса алғанда) (үстіңгі техникалық қабатты қоспағанда) әкімшілік-тұрмыстық ғимараттар мен құрылыстар;
ауысымына 50-ден 480-ге дейін адам (қоса алғанда) қабылдайтын стационары жоқ денсаулық сақтау объектілері;
сыйымдылығы 50 орыннан асатын қонақ үй кешендері (мотельдер, туристік базалар);
мектепке дейінгі балалар мекемелерінің ғимараттары;
травматологиялық және хирургиялық бөлімдері бар ауруханалардың ғимараттары, сондай-ақ 50 және одан кем төсек орынға арналған стационарлар;
бір мезгілде (сыйымдылығы) 150-ден 500-ге дейін адам (қоса алғанда) бара алатын спорттық-ойын-сауық, мәдени-ойын-сауық және жабық діни ғимараттары немесе ашық құрылыстар;
бір мезгілде (сыйымдылығы) 800-ден 1200-ге дейін адам (қоса алғанда) бара алатын сауда-ойын-сауық объектілері;
50-ден 200-ге дейін жұмыс орны бар тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындарының ғимараттары;
геологиялық жағдайлары қалыпты аудандар үшін өрт сөндіру депосы кешендері;
сыйымдылығы 50 баладан асатын мектеп-интернаттарының жатын корпустарының, балаларға арналған демалу лагерлерінің ғимараттары;
сыйымдылығы 600 оқушыдан (қоса алғанда) 1 500 оқушыға дейінгі (қоса алғанда) жалпы білім беру мектептерінің (гимназиялар, лицейлер) ғимараттары;
сыйымдылығы 600 оқушыдан асатын (қоса алғанда) жоғары және орта арнаулы оқу орындарының ғимараттары, сондай-ақ оқу зертханалары мен шеберханалары бар көрсетілген ғимараттар;
бір мезгілде 10 бірліктен астам көлік құралдарына қызмет көрсететін автосервис пункттері (шеберханалар), сондай-ақ жер үстіндегі биіктігі 5 қабаттан асатын, жер астындағы биіктігі 2 қабаттан асатын жерүсті немесе жерасты гараж-тұрақтар;
вахталық кенттердің 3 жерүсті қабатынан асатын (қоса алғанда) тұрғын ғимараттары мен әлеуметтік-мәдени-тұрмыстық объектілер.
3) өзге құрылыстар:
автомобильге жанармай құю станциясы;
автомобильге газ құю станциясы;
сыйымдылығы 10 000 текше метр дейінгі мұнай, мұнай өнімдері, сұйытылған газ резервуарлары;
III және IV класты гидротехникалық құрылыстар;
жобалау саласындағы мемлекеттік нормативтік құжаттарға сәйкес белгіленетін ІІІб және ІІІв санаттағы мұнай, мұнай өнімдері мен газдың жерасты қоймалары;
қысымы 1,2 Мега Паскальға дейінгі (қоса алғанда) өндірістік мақсаттағы газ тарату жүйелерінің объектілері;
қысымы 0,3 Мега Паскальдан 1,2 Мега Паскальға дейінгі (қоса алғанда) тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы газ тарату жүйелерінің объектілері;
III және IV класты магистральдық мұнай құбырлары және мұнай өнімдері құбырлары;
шартты (ішкі) диаметрі 500 миллиметрге дейінгі топтық су тартқыштарды, су бұру және кәріз коллекторларын және олардағы құрылыстарды, су құбыры және кәріз тазарту құрылыстарын (СТҚ және КТҚ), өнімділігі тәулігіне 500-ден 10 000 текше метрге дейінгі сорғы станциялары мен су жинағыштарды қоса алғанда, сумен жабдықтаудың магистральдық желілері;
траншеясыз әдіспен орындау кезінде шартты (ішкі) диаметрі 500 мм (миллиметр) және жоғары топтық су құбырлары мен кәріз коллекторлары;
шартты (ішкі) диаметрі 350 миллиметрден бастап 500 миллиметрге дейінгі (қоса алғанда) магистральдық және жылумен жабдықтау тарату (орамішілік) желілері және олардағы құрылыстар;
жұмыс қысымы 1 Мега Паскаль және одан жоғары, шартты (ішкі) диаметрі 300 миллиметрден жоғары сыртқы сумен жабдықтау желілері және олардағы құрылыстар, оның ішінде тарату (орамішілік, көшелік) алаңішілік сумен жабдықтау желілері, орамішілік су бұру желілері, үйішілік сумен жабдықтау және су бұру желілері, тұрғындар саны 500 адамнан жоғары (қоса алғанда) жекелеген тұрғын үй кешендеріне арналған су бұру жүйелерінің тазарту құрылыстары;
магистральдық байланыс желілерінің желілік-кабельдік құрылыстары, биіктігі 100 метрге дейінгі телевизиялық мұнаралары;
биіктігі 45 метрден бастап 100 метрге дейінгі антенналық-мачталық байланыс құрылыстары;
кернеуі 35-тен бастап 220 кило Вольтқа дейінгі (қоса алғанда) электр беру желілері және өзге де электр-желілік шаруашылық объектілері;
II, III санаттарындағы автомобиль жолдары және олардағы құрылыстар;
автомобильдік өткізу пункттері;
барлық санаттағы жолдарда ұзындығы 100 метрден кем емес көпір құрылыстары;
осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілмеген қалалар мен ауылдық елді мекендердің көшелері мен жолдары, өнеркәсіптік кәсіпорындардың ішкі және сыртқы автомобиль жолдары және ондағы құрылыстар (көпір құрылыстарын қоспағанда);
жекелеген жобалар бойынша іске асырылатын магистральдық теміржол желілерінің объектілері, сондай-ақ кіреберіс және станциялық жолдар;
көлемі жылына 100 мың тоннаға дейінгі қатты тұрмыстық қалдықтар полигондары;
қауіптілігі IV класты уытты өнеркәсіптік қалдықтарды залалсыздандыру және көму полигондары;
конструктивті шешімдері бар абаттандырудың жеке жобасын әзірлеу кезінде (қабырғаның негізін "топырақта орнату кезінде қолданылатын) рекреациялық мақсаттағы жер учаскесінің аумағы (сквер, саябақ, жағалау аймағы).
3-параграф. Үшінші (төмендетілген) жауапкершілік деңгейіндегі құрылыс объектілерінің (кешендерінің) техникалық күрделілігін айқындау
8. Жауапкершіліктің үшінші (төмендетілген) деңгейі функционалдық мақсатын, конструктивтік ерекшеліктердің болмауын ескере отырып, жобалау сатысында айқындалады және биік емес қабаттағы, сондай-ақ маусымдық немесе қосалқы мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстарға беріледі.
9. Жауапкершілігі үшінші (төмендетілген) деңгейдегі құрылыс объектілеріне мыналар жатады:
1) өнеркәсіп объектілері, өндірістік ғимараттар және құрылыстар:
өндірістік-шаруашылық құрылыстарды, (биіктігі 2 қабаттан кем (қоса алғанда) және ауданы 2000 шаршы метрден кем қоймалар (қоса алғанда) тауарлар мен материалдарды, сондай-ақ өзге де арнайы жобалау шешімдері мен іс-шараларын сақтау үшін ерекше жағдайларды талап ететін) өрт, жарылыс, газ, химиялық агрессивтілік бойынша қауіпті емес, жалпы аралығы 12 метрден кем және (немесе) биіктігі 12 метрден кем және (немесе) жүк көтергіштігі 5 тоннадан кем крандары бар улы және улы заттарды қоса алғанда өнеркәсіп салаларының өндірістік объектілері;
сақтау көлемі 500 тоннадан кем астық қоймалары
сүт, ет өнімдерін өндіру бойынша мал шаруашылығы кешендері мал басының саны 1500 басқа дейінгі мал шаруашылығы фермалары, асыл тұқымды мал өсіру шаруашылықтары, бордақылау алаңдары, сондай-ақ мал басының саны 10000-ға дейінгі шошқа шаруашылығы;
жылына 6 миллион бас санына дейінгі құс шаруашылығы фермалары мен кешендері;
алаңы 10 000 шаршы метрге дейінгі жылыжай кешендері;
көлемі сағатына 5 тоннаға дейін құрама жем зауыттары мен цехтары;
ауысымда 10 тоннаға дейін мал соятын және сою өнімдерін бастапқы қайта өңдейтін кәсіпорын объектілері;
өндірістік қуатына байланысты ауысымда 10 тоннаға дейін сүт қабылдау және дайындау пункттері;
балық шаруашылығын (акваөсіруді) жүргізуге арналған балық шаруашылығы технологиялық су айдындары (балық өсіру тоғаны, балық өсіру бассейні);
жайылымдарды суландыру жүйесі;
кернеуі 35 кило Вольтқа (қоса алғанда) дейінгі электр желілері бар қуаты 100 Мега Ватт (қоса алғанда) кем күн энергиясын пайдалану бойынша объектілері.
2) тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы объектілер:
геологиялық (гидрогеологиялық және геотехникалық) және сейсмикалық жағдайларға қарамастан биіктігі жер бетіндегі 5 қабаттан (қоса алғанда) аспайтын (жоғарғы техникалық қабатты есепке алмағанда) тұрғын үйлер;
қарапайым геологиялық жағдайлары бар аудандар үшін биіктігі 2 қабаттан аспайтын (жоғарғы техникалық қабатты есептемегенде) әкімшілік-тұрмыстық ғимараттар мен құрылыстар;
ауысымына 50 келушіге дейін (қоса алғанда) стационарлары жоқ денсаулық сақтау объектілері;
сыйымдылығы 50 орынға дейінгі қоса алғанда қонақ үй кешендері (мотельдер, туристік базалар);
оқу зертханалары мен шеберханалары жоқ, сыйымдылығы 600 кем оқитын орыннан жоғары және орта арнаулы оқу орындарының ғимараттары;
бір мезгілде (сыйымдылығы) 150-ге дейін адам (қоса алғанда) бара алатын спорттық-ойын-сауық, мәдени-ойын-сауық және жабық діни ғимараттары немесе ашық құрылыстар;
бір мезгілде (сыйымдылығы) 800-ге дейін адам (қоса алғанда) бара алатын сауда-ойын-сауық объектілері;
50-ге дейін (қоса алғанда) жұмыс орны бар тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындарының ғимараттары;
сыйымдылығы 50 балаға дейін (қоса алғанда) мектеп-интернаттарының, балалар демалыс лагерьлерінің демалу корпустарының ғимараттары;
сыйымдылығы 600 оқушыдан кем емес жалпы білім беру мектептерінің (гимназиялар, лицейлер) ғимараттары;
бір мезгілде 10 бірліктен аспайтын (қоса алғанда) көлік құралдарына қызмет көрсететін автосервис пункттері (шеберханалар), сондай-ақ жер үстіндегі биіктігі 5 қабаттан аспайтын (қоса алғанда), жер астындағы биіктігі 2 қабаттан аспайтын (қоса алғанда) жерүсті немесе жерасты гараждар-тұрақтары;
вахталық кенттердің 3 жерүсті қабатынан аспайтын тұрғын ғимараттары мен әлеуметтік-мәдени-тұрмыстық объектілер;
жалпы ауданы 20 шаршы метрден асатын дара кәсіпкерлік объектілерін орналастыру үшін жеке тұрған бір қабатты ғимараттар (құрылыстар) салуды.
3) өзге құрылыстар:
0,3 Мега Паскальға дейінгі (қоса алғанда) қысыммен тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы газ тарату жүйелерінің объектілері;
өнімділігі тәулігіне 500 текше метрге дейінгі (қоса алғанда) сорғы станциялары мен су жинағыштар;
траншеясыз тәсілмен орындалған кездегі шартты (ішкі) диаметрі 500 миллиметрге дейінгі топтық су таратқыштар мен кәріз коллекторлары;
шаруашылық-тұрмыстық және техникалық сумен жабдықтау үшін су жинау ұңғымалары мен олардағы құрылыстарды жайластыру;
шартты (ішкі) диаметрі 350 миллиметрге дейінгі сыртқы жылумен жабдықтау желілері және олардағы құрылыстар;
жұмыс қысымы 1 Мега Паскальдан кем, шартты (ішкі) диаметрі 300 миллиметрге дейін (қоса алғанда) сыртқы сумен жабдықтау желілері және олардағы құрылыстар, оның ішінде тарату (орамішілік, көшелік) алаңішілік сумен жабдықтау желілері, орамішілік су бұру желілері, үйішілік сумен жабдықтау және су бұру желілері, тұрғындар саны 500 адамнан кем жекелеген тұрғын үй кешендеріне арналған су бұру жүйелерінің тазарту құрылыстары;
биіктігі 45 метрге дейінгі (қоса алғанда) антенналық-діңгекті байланыс құрылыстары;
кернеуі 35 кило Вольтқа дейін (қоса алғанда) электр беру желілері мен өзге де электр желілік шаруашылық объектілері;
кәсіпкерлік субъектілері үшін белгіленген қуаты 200 Киловаттан асатын электрмен жабдықтау желілері;
байланыс желісінің аймақтық және жергілікті желілерінің желілік-кабельдік құрылыстары;
IV және V санаттағы автомобиль жолдары және олардағы құрылыстар;
елді мекендердің құрылыс салу аумағын,:
аумақты инженерлік дайындауды;
электрмен жабдықтау және сыртқы электрмен жарықтандыруды;
жергілікті сумен жабдықтау (оның ішінде суару желілерін) және су бұру жүйелерін;
шағын сәулеттік нысандарды және сәндік-көркемдік құрылыс элементтерін;
өтпе жолдар мен жаяу жүргіншілер жолдарының жол төсемдерін;
балалардың ойын алаңдары мен аттракциондарды;
тұрақ құрылыстары мен су құрылыстарын қоса алғанда, абаттандыру және көгалдандыру.
екі қабаттан жоғары емес жеке тұрғын үйлер;
жеке үй жанындағы учаскелер аумағында, сондай-ақ бағбандық және бау-бақша серіктестіктерінің (қоғамдарының) учаскелерінде шаруашылық-тұрмыстық құрылыстар;
алаңішілік байланыс желілері;
қолданыстағы инженерлік желілерді өзгертусіз үй жанындағы және саяжай учаскелерінің аумағы;
контейнерлік, блоктық және модульдік орындаудағы мобильдік кешендер, сондай-ақ құрастырмалы- бөлшектелетін конструкциялардан тұрғызылатын сауда, қоғамдық тамақтану және тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындарына арналған бір қабатты ғимараттар (құрылыстар);
өрт, жарылыс, газ, химиялық агрессивті, улы және улы заттар бойынша қауіпті емес уақытша, маусымдық немесе қосалқы мақсаттағы ғимараттар немесе құрылыстар (қоймалар мен қоймалар (аралығы 6 метрге дейін, биіктігі 7 метрге дейін және алаңы 2000 шаршы метрге дейін қоса алғанда), тауарлар мен материалдарды сақтау үшін ерекше жағдайларды талап етеді, жылыжайлар, парниктер, павильондар, байланыс, жарықтандыру, қоршаулар және ұқсас құрылыстар;
маусымдық жұмыстар мен шалғайдағы мал шаруашылығы үшін тұрғын және (немесе) шаруашылық-тұрмыстық үй-жайлардың уақытша құрылыстары;
автомашиналар саны елу бірліктен аспайтын ашық үлгідегі автотұрақтар, сондай-ақ екі автомашинадан аспайтын бокстары бар гараждар;
олардың жағдайын, салыну тереңдігінің (биіктігінің) белгілерін, құбырлардың диаметрін өзгертуді талап етпейтін күрделі жөндеу жобасын әзірлеу кезінде желілік инженерлік желілер мен ондағы құрылыстар;
ашық спорт алаңдары, тротуарлар, ғимараттар (құрылыстар) маңында тас төсеніштер төсеу;
технологиялық ресурс таусылған және кәсіпорынды (цехты) реконструкциялауды немесе қайта бейіндеуді талап етпейтін технологиялық немесе инженерлік жабдық бірліктері;
электр коррозиясынан қорғау жобасын әзірлеу кезіндегі инженерлік желілер;
жалпы ауданы 20 шаршы метрге дейінгі жеке кәсіпкерлік объектілерін орналастыру үшін жеке тұрған бір қабатты ғимараттар (құрылыстар);
тіреу конструкцияларының, инженерлік жүйелер мен коммуникациялардың қандай да бір өзгерістерімен байланысты емес, сәулет-эстетикалық, өртке қарсы, жарылысқа қарсы және санитарлық қасиеттерін нашарлатпайтын, пайдалану кезінде қоршаған ортаға зиянды әсер етпейтін қосымша жер учаскесін бөлуді (аумақты кесуді) талап етпейтін, оларды реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау, қайта бейіндеу) кезінде тұрғын үйлердегі (тұрғын ғимараттардағы) жеке тұрғын және тұрғын емес үй-жайлар,
қолданыстағы ғимараттарда жүзеге асырылатын және тіреу конструкцияларын өзгертуді талап етпейтін (талап етпейтін) қайта жоспарлау (қайта жабдықтау) кезіндегі өндірістік емес мақсаттағы жекелеген үй-жайлар;
кәсіпкерлік субъектілері үшін белгіленген қуаты 200 Киловаттқа дейінгі электрмен жабдықтау желілері;
аула үлгісіндегі тұрғын үйлерді сумен жабдықтау және су бұру желілері;
жеке тұрғын үйлердің алаңішілік желілері және тұрмыстық мақсаттағы үйішілік газбен жабдықтау жүйелерін монтаждау;
конструктивті шешімдерсіз абаттандырудың жеке жобасын әзірлеу кезінде объект маңындағы аумақ (нақты объектінің аумағындағы жер учаскесі).
конструктивті шешімдерсіз абаттандырудың жеке жобасын әзірлеу кезіндегі объект маңындағы аумақ (нақты объектінің аумағындағы жер учаскесі).
| Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушы 2026 жылғы 10 сәуірдегі № 161 Бұйрығына 2-қосымша |
Күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі
1. "Ғимараттар мен құрылыстарды техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілерге жатқызудың жалпы тәртібін айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 165 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10666 болып тіркелген);
2. "Ғимараттар мен құрылыстарды техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілерге жатқызудың жалпы тәртібін айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 165 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республиксы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 3 қарашадағы № 685 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12344 болып тіркелген);
3. "Ғимараттар мен құрылыстарды техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілерге жатқызудың жалпы тәртібін айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 165 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 28 шілдедегі № 335 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14199 болып тіркелген);
4. "Ғимараттар мен құрылыстарды техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілерге жатқызудың жалпы тәртібін айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 165 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 517 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14627 болып тіркелген);
5. "Ғимараттар мен құрылыстарды техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілерге жатқызудың жалпы тәртібін айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы №165 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 25 шілдедегі № 546 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19150 болып тіркелген);
6. "Ғимараттар мен құрылыстарды техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілерге жатқызудың жалпы тәртібін айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы №165 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 29 маусымдағы № 377 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20930 болып тіркелген)
7. "Ғимараттар мен құрылыстарды техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілерге жатқызудың жалпы тәртібін айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 165 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 21 қыркүйектегі № 490 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21258 болып тіркелген)
8. "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 23 сәуірдегі № 189 бұйрығы, 1-тармағының 2) тармақшасы (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22623 болып тіркелген);
9. "Ғимараттар мен құрылыстарды техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілерге жатқызудың жалпы тәртібін айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы №165 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 16 қарашадағы №633 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30653 болып тіркелген);
10 "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 31 қаңтардағы № 61 бұйрығымен бекітілген өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтар тізбесінің 1-тармағы (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31827 болып тіркелген).