Ескерту. Күші жойылды - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 15.05.2026 № 240 (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-миниcтріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі |
М. Карабаев |
| Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 31 қаңтардағы № 61 Бұйрыққа қосымша |
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. Күші жойылды - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 10.04.2026 № 161 (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
2. "Жаңа ғимараттар мен құрылыстарды, олардың кешендерін салуға, сондай-ақ қолданыстағы ғимараттар мен құрылыстарды өзгертуге (реконструкциялауға, кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға және күрделі жөндеуге) арналған техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 1 сәуірдегі № 299 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10722 болып тіркелген):
25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"25. Ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу барысында сарапшылар:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тапсырыс берушілерден және жобаның әзірлеушілерінен қажетті материалдарды және ақпаратты сұратады және алады;
2) осы Қағидалардың 38-тармағында көзделген тәртіппен оларды жою мақсатында қолданыстағы заңнаманың және нормативтік-техникалық құжаттардың тармақтарына, баптарына сілтеме жасай отырып, негізделген және дәлелді ескертулер береді.";
27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"27. Ведомстводан тыс кешенді сараптаманың теріс қорытындысы жобаның жобалау және құрылыс, қоршаған ортаны қорғау саласындағы бастапқы құжаттарда (материалдарда, деректерде) белгіленген талаптарға, шарттарға немесе шектеулерге және мемлекеттік (мемлекетаралық) нормативтерге, санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға және гигиеналық нормативтерге, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау саласындағы нормативтік-әдістемелік құжаттарға сәйкессіздігі анықталған және жойылмаған жағдайларда жасалады және тапсырыс берушіге жіберіледі.
Бұл жағдайларда сараптама жүргізуге арналған шарттың қолданылуы тоқтатылады.";
38-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"38. Ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу барысында сарапшылар тапсырыс берушіге:
сараптаманың ұзақтығы 45 (қырық бес) жұмыс күнінен аспаған кезде шарт күшіне енген және ескертулер берілген күннен бастап тапсырыс беруші 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде оларды жойған күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күнінен;
сараптаманың ұзақтығы 30 (отыз) жұмыс күнінен аспаған кезде шарт күшіне енген және ескертулер берілген күннен бастап Тапсырыс беруші 5 (бес) жұмыс күннен аспайтын мерзімде оларды жойған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күнінен;
сараптаманың ұзақтығы 10 (он) жұмыс күнінен аспаған кезде шарт күшіне енген және ескертулер берілген күннен бастап Тапсырыс беруші 1 (бір) жұмыс күннен аспайтын мерзімде оларды жойған күннен бастап 4 (төрт) жұмыс күнінен;
сараптаманың ұзақтығы 60 (алпыс) жұмыс күннен аспаған кезде шарт күшіне енген және ескертулер берілген күннен бастап тапсырыс беруші 14 (он төрт) жұмыс күннен аспайтын мерзімде оларды жойған күннен бастап 26 (жиырма алты) жұмыс күнінен кешіктірмей қолданыстағы заңнаманың және нормативтік-техникалық құжаттардың тармақтарына, баптарына сілтеме жасай отырып, сарапшылардың негізделген және дәлелді ескертулер береді, олар шекті қарау кезінде тапсырыс берушілерге беріледі.
Сарапшылардың дәлелді ескертулері белгіленген мерзімде жойылмаған жағдайларда, теріс жиынтық қорытынды жасалады.";
69-14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"69-14. Ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу барысында сарапшылар сараптамалық сүйемелдеу режимінде тапсырыс берушіге:
сараптаманың ұзақтығы 45 (қырық бес) жұмыс күнінен аспаған кезде шарт күшіне енген және ескертулер берілген күннен бастап Тапсырыс беруші 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде оларды жойған күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күнінен;
сараптаманың ұзақтығы 30 (отыз) жұмыс күнінен аспаған кезде шарт күшіне енген және ескертулер берілген күннен бастап Тапсырыс беруші 5 (бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде оларды жойған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күнінен;
сараптаманың ұзақтығы 20 (жиырма) жұмыс күнінен аспаған кезде шарт күшіне енген және ескертулер берілген күннен бастап Тапсырыс беруші 3 (үш) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде оларды жойған күннен бастап 9 (тоғыз) жұмыс күнінен;
сараптаманың ұзақтығы 10 (он) жұмыс күнінен аспаған кезде шарт күшіне енген және ескертулер берілген күннен бастап Тапсырыс беруші 1 (бір) жұмыс күннен аспайтын мерзімде 4 (төрт) жұмыс күнінен кешіктірмей қолданыстағы заңнаманың және нормативтік-техникалық құжаттардың тармақтарына, баптарына сілтеме жасай отырып, сарапшылардың негізделген және дәлелді ескертулер береді, олар шекті қарау кезінде тапсырыс берушілерге беріледі.
Сарапшылардың дәлелді ескертулері белгіленген мерзімде жойылмаған жағдайларда, теріс жиынтық қорытынды жасалады.".
3. Күші жойылды - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 10.04.2026 № 162 (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
